[:kz]
Светлана Айтбаева ұлы Димаштың Қытайға кетуі жайлы ақпаратқа пікір білдірді. Хайп үшін сөзді бұрмалап жіберетіндерге аң-таң болып отырған ол шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz Экспресс-К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта Димаш Пекинде. Алайда анасының айтуынша, ол онда тек жұмыспен барған. Түбегейлі көшетін ниеті жоқ.
«Адамдардың өтірік айту қабілетіне таңғаламын. Біреулер хайп үшін жасайды. Ол ешқайда да көшпейді. Қазақстанда қалады. Әдеттегідей гәстрөлдетіп, елдерді аралайды. Ресейге, АҚШ-қа қалай барып келсе, Қытайға да солай. Жақында Отанына қайта оралады», — деді Димаштың анасы.
Светлана Айтбаева Димаш Америкаға аттанар кезде де ақпараттың жалған таралғанын айтып өтті.
«Америкада тұру немесе ол елдің азаматтығын алу Димаштың жоспарында жоқ. Гәстрөлге барады, арасында білім алады. Оның барлығы жұмыспен. Біз жолға шығарда шығарып салуға адамдар келді. Бізді мәңгіге кетіп барады деп жылады. Ыңғайсыз болды», — деп еске алды Светлана Айтбаева.
Димаш Қытайда бірнеше ай болуды жоспарлап отыр. Фанаттарын сағынған әнші Аспан асты елінде бірнеше концерт бермек.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген 2 жылдан кейін Қытайға қайта оралғанын жазған еді.
[:]