АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Димаш пен Тасмағамбетов коронавирус жұқтырған Лев Лещенкомен бір кеште болды[:]

[:kz]

Әлеуметтік желілерде танымал ресейлік композитор Игорь Крутойдың қарындасының мерейтойындағы видеолар тарап, елдің қызу талқысына түсті. Бейнежазбаларға қарап, аталмыш кеште Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов, отандық әнші Димаш Құдайберген және жақында ғана коронавирус жұқтырғаны анықталған Лев Лещенко да бой көрсеткенін аңғаруға болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Видеолар интернет кеңістігіне тез тарап кеткен. Бейнежазбаларда Игорь Крутой қарындасының мерейтойына орайластырылған кештің сәттері көрініс тапты.

Ал танымал ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак өзінің Telegram-каналында аталмыш мерекелік жиында коронавирус жұқтырып алған Лев Лещенконың болғанын хабарлады. Қауіпті инфекция өнер иесінен бірер күн бұрын ғана анықталған еді.

Собчак қауіпті індетке тап болған әртіс өзге жұлдызды әріптестеріне де жұқтырып жіберуі әбден мүмкін екенін болжады. Алла Крутаяның туған күніне Газманов, Леонтьев және Басков сынды ресейлік шоу-бизнес өкілдері құттықтап барған.

Крутой әулетінің қуанышында қазақстандық танымал тұлғалардың да болғаны анықталды. Димаш Құдайберген мен Иманғали Тасмағамбетов белгілі композитордың қарындасына ақ тілегін білдіріп қайтқан. Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі тіпті туған күн иесіне гүл шоқтарын тарту еткен.

Mash Telegram-каналының хабарлауынша, Лев Лещенко әлі де Коммунарканың жансақтау бөлімінде жатыр. Алайда, ресейлік әншінің жағдайы әлдеқайда жақсара түскен. Бүгін гимнастика істеген өнер иесі, ертең қарапайым палатаға көшірілмек. Ол жерде әртіс әйелімен бірге емін жалғастырады.

Ауруханаға өкпенің қабынуы диагнозымен түскен Лещенконың жағдайы кейін нашарлап кеткен. Ауыр жағдайда жатқан әйгілі әншіні жансақтау бөліміне ауыстырды. Ол жерде оған интенсивті терапия жасалынды.

Айта кетейік, бұған дейін әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго да коронавирус жұқтырған болатын.

 

 
 

[:]