[:kz]
Димаш Құдайбергеннің 76 жастағы ирландық табынушысы Джун Лазар сүйікті әншісі үшін есімін өзгерткен. Енді ол есіміне «маш» жұрнағын жалғап, өзін Джун-маш Лазар деп таныстырады деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Зейнеткер Димаштың Мәскеуде өткен концертіне барып, әртістің ата-анасымен танысқан. Концерттен кейін Джун-маш сүйікті әншісінің туған жері Ақтөбе қаласын көріп қайтуға бел буған.
Мұнда оған Димаш оқыған мектеп пен, музыкалық колледж, сондай-ақ әншінің туған қаласының көрнекі жерлері көрсетілді
«Алғаш рет Димаш Құдайбергенді YouTube арнасынан естідім. Ол мені өзімен бірге шақырғандай болды. Димаштың тағдыры ерекше екенін сездім. Ол әлемді өзгерте алатын тұлға. Оның алдында үлкен міндет тұр. Онымен танысқаннан кейін Қазақстанды жақсы көретінін түсіндім. Ол қазақ дәстүрлерін, балаларды қатты жақсы көреді», – деді Джун-маш Лазар.
Оның сөзінше, бес жыл бұрын Қазақстанда болған екен. Бірақ Ақтөбеге алғаш келіп отыр. Мұнда оған көптен бері армандаған қазақ камзолы сыйға тартылды.
«Бұл сыйлыққа қатты қуанып тұрмын. Алғысым шексіз. Үйіме оралғаннан кейін міндетті түрде қазақ көйлегі сияқты ұзын жең көйлек тіккіземін. Қазақтан сондай қонақжай. Ирландықтармен ортақ тұстары көп екен. Мемлекеттеріңіз өте ұнайды. Қазақ мәджениетімен жақынырақ танысқым келеді», – деді Джун.
Осы жылдың жаз айларында Джун-маш Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларын көріп қайтпақшы.
[:]