АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Димаштың осыдан 12 жыл бұрынғы сұхбаты (видео)[:]

[:kz]

Адамның кім болары бала кезден-ақ белгілі болатыны рас. Қайсы өнерге, салаға икемі болса, соған бағыттап, дұрыс бағыт-бағдар беру — ата-ана міндетінің бірі болса керек.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына бүгінде күллі жер шарына танымал болған дүлдүліміз Димаш Құдайбергеннің осыдан 12 жыл бұрын «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасына берген сұхбатының YouTube желісіндегі нұсқасын ұсынады.

Сұхбат берген кезде ол небәрі 13 жаста  екен. Видеодан бүгінгі Димаштың кеше де  бекер бала болмағанын байқауға болады. «Болар баланың белін бу» деген қазақ. Димаштың бүгінгі жетістігі әуелі Алланың, сосын ата-анасы мен өзінің ерен еңбегінің арқасы.

Күллі әлемге қазақты танытқан Димаш Құдайбергеннің қайда жүрсе де тек қазақ тілінде сөйлейтінінің өзі — жүрегі де, қаны да қазақ деп соғатынының белгісі.

 

 

«Қамшы» сілтейді

[:]