АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Динара Құлыбаеваның қоры коронавируспен күреске 4,5 миллиард теңге бөледі [:]

[:kz]

Нalyk қайырымдылық қорының құрылтайшысы Динара Құлыбаева Қазақстандағы коронавирусқа қарсы күреске 4,5 миллиард теңге бөледі.

«Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Заман жаһандық сын-қатерлерге тап болған қиын уақытта біз күш-жігерімізді біріктіруге дайын екенімізді дәлелдеуіміз керек.

Halyk қайырымдылық қоры Елбасының коронавирус салдарын жою жөніндегі арнайы республикалық қор құру жөніндегі бастамасын қолдайды.

Қордың камқоршылық кеңесі коронавирус індетінің салдарларымен күресуге 4,5 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Біз барлық қиындықты жеңеміз деген сенімдемін. Қазіргі таңда шын қолдауға мұқтаж адамдарға бірге көмектесеміз.

Қиындықтарға қарамастан, Наурыз мейрамы әр үйге және әр отбасыға бейбітшілік, тыныштық пен амандық әкелсін!», — делінген хабарламада.

kaz.tengrinews.kz/

[:]