АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Әлеуметтанудағы әлеуметтік жұмыскерді зерттеу

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

IБӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТАНУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ.

  • Әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің негізгі бағыттары.

1.2. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сипаттамасы.

 

II – БӨЛІМ.  ӘР ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС.

2.1. Әлеуметтік жұмыстың әр ғылым салаларымен байланысы

2.2. Әлеуметтік жұмыс қызметкерлерінің қоғамдағы орны.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

        Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, өзіндік экономикалық бет-бағдар жасады. Сонымен бірге біздің тек қана экономикалық формациямыз өзгеріп қана қойған жоқ, әрі қоғамымыз бүтіндей өзгерді. Жаңа ғасырға аяқ басқан жас мемлекетіміз құрылымында, жас қоғамдық құбылыстар мен жаңа мамандықтар қалыптаса бастады. Соның бірі – Әлеуметтік жұмыс мамандығы. Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы қоғамдық қажеттілік болса, және оның мамандық ретінде қалыптасуының бірнеше себептері бар. Соларға өз бетімше қысқаша тоқталып өтсем:

          Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясында, әсіресе, 1995-жылғы 30-тамызда қабылданған »,…Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады…1 » – деп, әлеуметтік саясат жүргізе бастауы, жаңа пәннің қалыптасуына әсер етті.

             Екіншіден, Кеңестік жүйеде өмір сүрген мемлекетіміз Егемендік алғаннан кейін, әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік проблемаларға кездесе берді. Соның бірі түсініктірек болуы үшін “кедейлік” ұғымын алсақ. КСРО-кезеңінде бұл терминмен тікелей ұшыраспағанбыз, өйткені Кеңес елдерінде сол ұғымды ресми мойындаған емес, ал шын мәнінде бұл өзекті мәселе қоғамымызда белең алып бара жатқан соң оны ресми мойындап, нақты зерттеулер, онымен күресу жолдары қарастырылуы өте қажет болды.

           Үшіншіден, Қазақстан халқының қоғамы, әлеуметтік топтары өтпелі кезеңге дейін де, өтпелі кезеңде де, өтпелі кезеңнен кейін де Әлеуметтік – экономикалық қиындықтар әсерінен Әлеуметтік қорғаныш қабатынан айрыла бастады. Қоғамымыздағы түрлі әлеуметтік топтар мүддесін қорғайтын мамандар қажеттілігі күнделікті тұрмыстағы ең өзекті мемлекеттік мәселе болуы.

            Төртіншіден, қоғамдық келеңсіздіктердің күрделі мәселелерін зерттейтін, реттейтін мемлекеттік әлеуметтік институт қажеттілігі.

            Бесіншіден, Тәуелсіздік алғаннан соңғы жылдары,әлемнің дамыған елдерінің модельдерін зерттеу барысында, кез-келген дамыған мемлекеттің өзіндік бекітілген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің берік екенін көрсетті, сонымен бірге Қазақстанға да әлеуметтік ориентация ( бағдар ) болды.

            Алтыншыдан, Республика халқының демографиялық хал-ахуалының нашарлауы нақты зерттеу мен оның алдын-алу ( профилактикасын ) шараларын жүргізуге қажет, демографиялық топтар денсаулығын зерттеу, жақсарту жұмыстарын жүргізу үшін демографиялық ілімдер, әлеуметтік топтар мен олардың психологиялық стимул, мотивацияларын жақсарту үшін – практикада, әлеуметтік жұмыскерлерге сұраныстың артуы.

            Жетіншіден, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді толықтай бір арнаға келтіру нәтижесінде ресми түрде тұрақтанған әлеуметтік жұмыс мамандығы қоғамның әр саласымен байланысты болып, қоғамымыздың бүтіндігін құрады.

             Сегізіншіден, бұрыннан бері қалыптасқан,жинақталған теориялық ілімдер негізінде, әлеуметтік саланы қолданбалы деңгейге жеткізу, себебі әлеуметтік жұмыс өзінің ауқымына байланысты теориялық және қолданбалы деңгейде қызмет атқарды және осы екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты болса, Әлеуметтік жұмыскер осы теория саласын практикада ұштастыратын реттеушілік гуманистік функцияларын атқарды. Қоғамымыздағы көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге өз үлесін қосатын мамандық өте қажет-ақ.

       Тоғызыншыдан, 70-жылдан астам уақыт бойы Кеңеңстік жүйеде өмір сүрген біздің мемлекет жоспарлы экономикадан, нарықтық экономикаға өту кезеңінде көптеген деформацияға ұшырады. Соның бастыларының бірі әлеуметтік және еңбек салаларындағы қатынастардың тепе теңдігінің бұзылуы мен жұмыссыздық проблемаларының өзектіленуі. Бұл жерде мемлекеттік түзету мен әлеуметтік сала маманының реттеушілік функциялары қана әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қалыпқа түсуіне, әлеуметтік сфера ахуалының жақсаруыны және қоғамды стратегиялық маңызы бар реформаларын жүзеге асыруына көмек береді.

         Мемлекеттің арнайы реттеушілік функцияларының анализінің үрдісі кезінде “хұқық”, мораль әлеуметтік сала мамандарының орны ерекше    

Яғни, әлеуметтік жұмыскерге деген талап өзінен-өзі туындады емес-пе?

         Мәселенің бәрін өзектілігіне қарай тізбектей берсек,әлеуметтік жұмыскерлер-ге  деген талап, сұраныс қоғамымзда үлкен орынға ие.

         Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы себептері әрине өте көп, бірақ мен соның негізгі деген тоғыз түрін өз бетімше түсіндіруге тырыстым. Біздің мамандығымыз жас мамандық болған себептен, әрі қоғамның әрқилы салалары-мен күрделі байланысты болғандығынан өте әмбебап (универсалды) мамандар-ды даярлауды өзіне міндеттейді. Әлеуметтік сала аясындағы күнделікті өміріміз керемет деп айтпағанымызбен, әлеуметтік жұмыс саласының мамандарының үл-кен күш салуы арқасында бірте-бірте қалыпқа түседі деген игі сеніммен бола шаққа қарай аяқ басудамыз.

         Әлеуметтік жұмыс мамандығының, Тәуелсіз мемлекетіміздегі жас, болашақ түлектері ретінде, қоғаммен тікелей байланыстағы пәніміздің ғылыми-материалдық базасының жоқтығына қарай, бірақ күнделікті әлеуметтік-қоғамдық проблемалардың өзектілене беруіне қарай, көптеген қиындыққа жолығудамыз, оны өзіміз шынымен-ақ сезіне бастадық. Әрине, жаңа пән аумағында алғашқы түлектер ондай келеңсіздіктерге жолығуы да шартты,  себебі Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс жөнінде бітіру жұмысын жазуға алғаш қалам тартқандардың біріміз.

 Енді, әлеуметтік жұмыс қандай пән?, маңыздылығын, зерттелу деңгейін, мақсат – міндеттерімен таныстырып өтуге тырысайын.

Әлеуметтік жұмыс – әр кезде, тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік саясатына сәйкес көрсетілетін, өзіндік әлеуметтік көмектер тәртібінің моделі, әрі қоғамдық құбылыс. Бұл түсініктеме кең көлемде бәрін қамтымағанмен, көп нәрсенің мәнін ашатын анықтама. Ал, қысқа ғана нұсқасында әлеуметтік жұмыс қоғамның өсуінің, дамуының тұрақтылығы болып табылатын, адам құқығы мен тұлғаның әлеуметтік қорғалуын талап ететін, қоғамдық қажетті саяси іскерлік түрі.

Әлеуметтік жұмысты, былайынша, халықтың әлеуметтік, мәдени әрі материалдық жағдайын қамсыздандыру мақсатында істелінетін мемлекеттік әрі мемлекеттік емес арнайы іс — шаралар формасы деп те түсіндіруге болады.

Әлеуметтік жұмыс мамандығы әр түрлі форма мен атаулар алуы арқылы әр түрлі тарихи кезеңдер мен мәдениеттерде бұрыннан белгілі. Әлеуметтік жұмыс туралы алғы мәліметтер біздің заманымызға дейінгі 1750 – жылға сәйкес келеді.2

Бұл кезде ежелгі Вавилонда әділеттік кодтары – азаматтық акттері, адамзаттың бір – біріне деген, жақынына деген махаббатына, кедейлерге деген қамқорлыққа шақыру пайда болған. Көне Грецияда әлеуметтік жұмыс, “Филонтропия” (грекшеден аударғанда: “адамзатқа қатысты махаббатын білдіру”) ретінде таныс болды. Римде “халықтық дәстүр” негізінде белгілі болған.

Әлеуметтік жұмыс басында қоғамдық құбылыс ретінде пайда болып кейіннен әлеуметтік институт дәрежесіне көтеріліп беки түскен.

Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік бағдарлық теориясымен модельдерінің қалыптасуына Классикалық позитивизм әсер еткен( Огюст Конт, Герберт Спенсер . т .б).3

Біз әлеуметтік жұмысты зерттемес бұрын, алдыменен, Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясат мәселесіне тоқталып өтуіміз керек. Бұл үшін біз алдыменен Макс Вебермен, Эмиль Дюркгейммен, басқа да ірі ғалымдармен берілген Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясат идеяларымен танысайық.

Мысалға, Әлеуметтік институт — Әлеуметтік феномен. Біз қоғам құрған бетімізде сол феноменді бірге өмірге әкелеміз.Ал одан біздің алысқа кете алмауымыз біздің сол институтпен бірге біртұтас құрамада екенімізді көрсетеді, яғни бұл біртұтас құбылыс екен – деп кезінде  Эмиль Дюркгейм өзінің әлеуметтік идеяларында айтып өткен, егер осы Институт жақсы болса, қоғамымыз сау ал егер ауру болса – қоғам ауру, ретсіздікке яғни аномеяға тап болады деген. Бұл біртұтастық принципі, ал әлеуметтік саясат осы біртұтастықтың бір элементі.

Әлеуметтік саясат туралы ойлар, идеялар XX – ғасырдың ортасысынан бастап, әлеуметтік әділідік, әлеуметтік мемлекет анализін қарастырғаннан басталады. Бұл салаға өз еңбегін қосқандар: Дж. Лус, Дж. Роус, Дж. Гроссман. тағы. басқ.

Осыменен, әлеуметтік жұмыс қоғамдық феномен ретінде пайда болып, ғылым болып бекігенін білеміз. Ғылым ретінде пайда болып кәсіби әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау XIX – ғасырда  Амстредамда, кейіннен Берлин, Лонданда жүзеге аса бастауы, әлеуметтік жұмыстың кәсіби деңгейге  өтуінің, әлеуметтік диагноздан және әлеуметтік жұмыскерлердің басшылыққа алатын құралымен, әдістер таңдауының бәрі тек жалпы моральдық критерий емес, ғылыми негізделген кәсібилік бағыт екенін дәлелдеді.4 Әлеуметтік көмек адаммен бірге қоршаған ортаның өзгеруіне әкелетін шаралар, комбинациялар жүйесі ретінде қарастырыла бастады. XIX – ғасыр ширегінде, әлеуметтік жұмыскермен, басты тезис: адамның әлеуметтік ауруларын емдеу үшін алдыменен адам бойында қоршаған ортаға бейімделу мен оның тұлға болуындағы рессурстарын күшейтіп, бәрінен бұрын отбасын қарастыру керек екені айқындала түсті.

Әлемдік практикадағы қазіргі бағыт: әлеуметтік жұмыс әлеуметтік өзгерістерге әкелетін, соған бағытталған іскерлік түрі екені алғы түсінік болып отыр. Бұл позиция бойынша әлеуметтік жұмыс, қоғамдағы конфликттер мен катаклизмдерді тежеуші мықты күш болып, оны реттеуге келгенде мемлекет пен қоғамға қарағанда көп күш жұмсай алатыны белгілі болып отыр. Бұл тұстан алсақ, қазіргі Қазақстанда әлеуметтік жұмыс, қоғам біртұтастығын сақтауда мемлекеттік саясат ұстанғанымен де, ұлттық қауіпсіздікті күшейтіп, мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауына да көп көмегін тигізуде.

Қазіргі Қазақстан әлеуметтік жұмысының алдында тұрған қоғам мен адам өмірінің әлеуметтік мәселелеріндегі басты проблемалық жағдайларының маңыздылары төмендегідей қарастырылады:

 

  • Әлеуметтік және психологиялық конфликттер, кризистік(тоқыраулар), стресстік жағдаяттар;
  • Эмоциональды және психологиялық проблемалар;
  • Қажеттілік және кедейшілік;
  • Маскүнемдік және Нашақорлық;
  • Зорлық — зомбылық, күш көрсету, шектеу (дискриминация);
  • Қылмыс пен құқық бұзушылық;
  • Жұмыссыздық пен кәсіби бейімделу;
  • Мүгедектер мен жалғызбасты кәрілер;
  • Жалғызбастылық;
  • Тұрғын үй проблемалары;
  • Бағып алу, Тастандылық, Асырап алушылық;
  • Ата – аналарының балаларына қатысты қатігездігі. т.б

Әрине, тек қана біздің қоғам аурулары (аномеясы) тек осыменен шектеледі деген сөз емес, бұнымен қатар саяси, экономикалық проблемаларда аз емес. Көрсетілген тізімде әлеуметтік критерийдегі мәселелер.

Әлеуметтік жұмыс, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетумен шектелмейді. Сонымен қатар ол, әлеуметтік бақылаудың ең нәзік құралдарын жүзеге асырады. Кез – келген әлеуметтік жұмыскердің бақылау мен қамқор арасындағы диллемасы, кез – келген әлеуметтік көмек көрсетуде бақылау элементтерінің болуы, әлеуметтік жұмыс функцияларыда осыдан құралады. Бірақ бұл диллема әлеуметтік жұмыскер бәрінен кімнің мүддесін  бірінші болып қорғайды? Мемлекеттің бе? Жұмыс берушінің бе? Әлде клиенттің бе?

Әрине кәсіби деңгейі, бағдары бойынша әлеуметтік жұмыскер алдыменен,  клиенттің, одан кейін барып қоғамның – ұйымдардың , мемлекеттің мүддесін қорғауы шарт.

     Осындай приоритеттер жүйесін өмірдің өзі үйретеді. Әдетте сол өмір үшін күресте әлеуметтік жұмыскер көбіне өзінің мүдделестерімен ұйымдар қолдауына ие болады.

Бүгінгі таңда “әлеуметтік жұмыс” мамандығы әр алуан мынадай мамандықтар түрін өзіне біріктіреді: Әлеуметтік педагог, Әлеуметтік психолог, Этнолог, Әлеуметтік юрист, Эколог, Валеолог, Әлеуметтік аниматор, Геронтолог, тар шеңбердегі арнайы әлеуметтік мамандар (босқындармен жұмыс атқарушылар, мүгедектер, “қатер тобымен”, Медициналық әлеуметтік жұмыскер. т. б), немесе арнайы жастық тобымен жұмыс атқарушылар(балаларменен,кәрілермен әлеуметтік жұмыс. т.б), әйтпесе арнайы мекемелерде (мектептегі әлеуметтік жұмыскер, әскери ортадағы әлеуметтік жұмыскер, экстремальды жағдайлардағы әлеуметтік жұмыскер, әлеуметтік жұмыс ұйымдары, т.б) 5

Кәсіби іскерлік ретінде әлеуметтік жұмыс 3 – саланы қамтиды:

  • Әлеуметтік терапия: жекелей тұлғалық әрі отбасылық деңгейіндегі индивидтің роблемаларын шешу, әлеуметтік бейімделу мен реабилитация(ақтау), конфликттік жағдайларды шешу ісінде оның қоршаған ортасы;
  • Топпен әлеуметтік жұмыс; топтар мынаған жіктеледі: жасы бойынша (балалар, қарттар, жастар, т. б), қызығушылығы мен жынысы бойынша (конфессиалық, жалғызбастылар қоғамы, жалғызбасты аналар, жалғызбасты әкелер, бұрынғы нашақорлар мен алкоголиктер, т. б). Әлеуметтік жұмыскерлер көбіне ассоциалды және қылмыстық группировкалармен де жұмыс атқарады: (балалар мен жасөспірімдер қылмысы, қаңғыбастар, ұйымдасқан қылмыстық жезөкшелік, нашақорлық, ассоциалды бағытталған жасөспірімдер тобы .т.б).
  • Тұрғылықты мекен жайы және қауымдастықтармен әлеуметтік жұмыс: Ол әлеуметтік көмек көрсетулер жүйесін кеңейтуге бағытталған, жергілікті бөлімдерге бөлініп әлеуметтік көмекпен қамсыздандыруды қарастырсады, қауымдастық байланыстарды бекітуге, адамдардың әлеуметтік–психологиялық климатының жақсаруына, топтық көмек көрсету шаралары.т.б. 6

 

Міне осы функциялардың бәрін қатар атқарған әлеуметтік жұмыскер — әмбебап сала маманы болып шығады.

Әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты – жақсы әл – ауқат жөніндегі қамқорлық, тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілетін ашу, отбасы қамы, қоғамның қалыпты әлеуметтік функцияларының орындалуын қадағалау.7

Әлеуметтік жұмыстың іскерлігі аясындағы басты мақсаты клиенттің өмірлік маңызы бар проблемаларын шешуге көмек көрсету.8

Әлеуметтік жұмыстағы орталық фигура клиент, ал мақсаты — әлеуметтік жұмыскерлер қатысатындай проблемалардан әр клиент өмірін сақтандыру мен одан қорғау шаралары.9

Әр оқулықта әр түрлі сипаттамалар берілгенімен, бәрінің де көрсеткені әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты, – мемлекет мақсатының айқын бөлігі ол – әлеуметтік жұмыстың қандай жолмен болсын, қиын жағдайға душар болған индивидттер мәселесін гуманизм заңдылықтарымен шешу, алдын-алу, кез-келген адамды сол шаралары арқылы бір-біріне деген сенімдерін нығайту, көмек беріп, күнделікті өмірдегі әлеуметтік проблемаларды дұрыс шешуге бағыт беру жолдарын қарастыру. Әрине бұл берілген анықтама да абстракциялық  аспектте болуы   ықтимал, өйткені басқа мамандықтардай емес, әлеуметтік жұмыс мамандығының жұмыс аясы өте үлкен екені бізге мәлім. Адам өміріндегі маңызды, жауапты шешімдер шығарып, дұрыс жолмен бағыт-бағдар беру әр әлеуметтік жұмыскердің адамдық кәсіби борышы.

 

             Әлеуметтік жұмыстағы мақсатқа жету жолдары:

 

  • Клиентпен танысу, жағдаяттың диагностикасы; (бұл жерде “клиент” рөлінде, қоғам, әлеуметтік топ, немесе жекелеген адамда болуы мүмкін ).

 

  • Проблемалардың, қажеттіліктердің дифференцияциясын анықтау, мүмкіндіктерді айқындау;

 

  • Мәселенің шешілу жолдарымен, оның жүзеге асуын қадағалау шарттарының функциясы;

 

  • Бақылау мен қамқорлық;

 

   Әлеуметтік жұмыскердің арнайы функциялары мен құндылықтары мыналар болуы шарт:

 

–– Жақындарына мейірбандылық көрсету, мәселені бірге түсінушілік, ниет білдірушілік, ізгілік;

 

–– Проблемаларды шеше білу жолдарына қатысу;

 

 

–– Клиенттің ішкі күшіне сену, жағдайдың позитивті өзгеруіне деген сенімнің болуы;

 

–– Көмек пен жақсылықтар жасау ниетінің болуы;

 

 

–– әлеуметтік білімдер жиынтығын жинақтау;

 

–– Тәжірибе алу;

 

 

–– Әлеуметтік шығармашылық; т.б…

 

             Әлеуметтік жұмыс құрылымы:

Әлеуметке жаңаша көзқараспен қарауы арқылы қоғамға деген көзқарасын жаңарту. Ежелден бері адам бойында қалыптасқан ізгі ниет, жақсылық қасиеттерінің гуманизм принциптері екенін білген әлеуметтік жұмыскер өзінің гуманизмін іс-әрекеттері арқылы өзгеге білдіре білуі қажет. Сол гуманизм заңдылықтарын өз бойында жаңғыртуы арқылы, жаңа заман, жаңа кезеңге сәйкес, жаңаландыру. Қоғамның әлеуметтік кеселден арылуы үшін қажет болар бар игі іс-әрекеттерін аянбай шығара білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IБӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТАНУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ.

 

  • Әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің негізгі бағыттары.

 

 Әлеуматтану ғылымы таза қоғамдық-гуманитарлық пән. Ерекшелігі де сол қоғамның негативті немесе позитивті, яғни қалыпты жағдайлардағы феномендерінің әрқилылығын зерттейді, анализ жасайды, гипотеза айтады. XX-ғасырдан бастап Әлеуметтану қоғамдық құбылыстарды теориялық зерттеуден, практикалық немесе тікелей шешу жолдарын зерттеуге көп көңіл бөле бастағаны белгілі болды. Әсіресе 2-ші дүниежүзілік соғысынан кейін Әлеуметтану ғылымы аясында –– Әлеуметтік жұмыс деген іскерліктер ілімі пайда бола бастады. Бұл қоғам талаптарынан туындаған еді. Өйткені, Әлеуметтану қоғам түрін, типін зерттеп, негативті әсерлерін анықтағанымен, нақты  соны емдеуге келгенде шегіншектей берді.Әлеуметтік жұмыста бұл құбылысты Әлеуметтік ингибиция деп атайды. (“inhibition”– ағылшын тілінен аударғанда тежелу, басылу, қысым көру  ). Қоғамның бір негативті әсеріне екінші бір негативті әсері келіп жабыса беруі әлеуметтанушылардың жолына кедергі келтірді. Әлеуметтанушы әр саламен байланысы бар – әмбебап болуы шарт болды. Сонда барып – Әлеуметтік жұмыс мамандығы нағыз көзге көріне бастады. Бұрынғы гуманист, филантроптар енді ресми түрде – Әлеуметтік жұмыскер мәртебесіне ие болды. Былайынша алғанда Әлеуметтану екі қанатқа жарылды немесе қоғамды шар ретінде алсақ Әлеуметтану мен әлеуметтік жұмыс, сол шарды қоршаған екі қорғаныш қабаты болды. Қоғам кеселін анықтау, түрін, типін теориялық- ғылыми зерттеу бірінші (ішкі) қабаты Әлеуметтану болды, ал солардағы нақты практикалық іс-әрекеттер жүйесінің жүзеге асуы процессін екінші (сыртқы) қабат – Әлеуметтік жұмыс атқарды. Бұл жерде Әлеуметтануды бірінші (ішкі) қабатқа қоюымда екі мақсат бар:

біріншісі: Әлеуметтік жұмыс Әлеуметтану ғылымы аясында пайда болып дамуында болса,

екіншісі:  екі қабаттың ортасында тұрған “шар – қоғамнан” бөлінген әсерлерге, алғаш болып Әлеуметтану танып зерттеп, реттеу шараларын ғылыми негіздегеннен кейін барып қана, бірінші қабаттан шыққан әсерлерге екінші қабат реакциясын я болмаса өзіндік іс- әрекеттерін білдіреді.

Әлеуметтану мен Әлеуметтік жұмысты біріктіретін тағы бір ортақ аспект: ол екі ғылымның да қоғамнан қандай болсын өзгеріс күтуі. Ал қоғамның өзгерісі негативті немесе позитивті болуы, содан кейінгі тезистегі мәселе.

Енді Әлеуметтік жұмысты зерттеудегі басты методологияларға тоқталып өтсемдеп едім.

Біздің қоғамымыз үшін Әлеуметтік жұмыс жаңа құбылыс болғандықтан көп жағдайда Әлеуметтік жұмыс классификациясы, мәндік сипаттамалары, зерттеу методологиялары көптеген ғалымдар үшінде пікірталас тудыруда.

Әдіс ––– ғылыми мәнінде– философиялық– ғылыми білімдер жүйесінің пайда болуы мен құрылу тәсілдері, сонымен қатар шындықты теориялық практикалық қолданып, ие болу үшін қолданылатын операциялар мен тәсілдер жиынтығы.10 Өзінің генетикалық тамыры бойынша әдіс, адамды шындықтың (действительность) заңдылықтары мен қасиеттерін білуі арқылы практикалық іскерлікке тәрбиелейді.

Әдістің дамуы мен диффинициясы нәтижесінде, ол туралы таным мен ойланулар әдістен – әдістемеге (методология) әкеледі.

Әдістеме (методология) –– шындықтың практикалық және теоретикалық құрылысы мен ұйымдастырылуы заңдылықтарымен шарттарын зерттеу жүйесі.

Методологиялық ілімдер жүйесінде – алынған білімдерді практикалық шындыққа икемдеу мен жүзеге асырылу шаралары қарастырылады. Методологиялық анализ зерттеленіп отырған объект жөнінде түрлі мағлұматтар алуға көмектеседі, әрі объектке ықпал ету мен процедуралық шарттарын нақты белгілеп береді.

Дәл қазіргі кезеңде Методология тарапынан Әлеуметтік жұмыс 3 – түрлі көзқараспен анықталады:

 

  • Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде;

 

  • Әлеуметтік жұмыс –– практикалық іскерлік түрі ретінде;

 

  • Әлеуметтік жұмыс –– оқыту пәні ретінде;

 

Анық бір нәрсе ол, осы 3 — көзқарастың да әрқайсысында Әлеуметтік жұмыс әрқилылығынан қарастырылып,әр түрлі сапалы сипатқа ие де, зерттелінуімен жүзеге асуында әр түрлі әдістер мен бағыттардың қолдануын талап етеді. Егерде Әлеуметтік жұмыс ғылым ретіндегі басты мақсаты –– Әлеуметтік шындықты тану болса, практикалық іскерлік түрі ретінде –– осы Әлеуметтік шындықтың түзілуін қарстырады. 3 – сатысы –– Әлеуметтік жұмыстың оқыту пәні ретінде пайда болу кезеңінен бастап, нақты ғылым болып беку жолдарын тереңнен қарастырады.

 

Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде. Ғылым саласы ретінде методологиялық анализі – ғылым пәні мен объектінің бөлектелуін, жалпы заңдылықтары мен түсінік – категориялдық аппаратының анықтамасын, зерттеудің ұйымдастырылуы шарттары мен әдістерін талап етеді.Ғылымның пәні мен объекті зерттелуші құбылыстар шекарасын, нақты ғылымның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Нақты зерттелініп отырған  ғылым объектісі, сол ғылымның зерттеуге бағытталған шындық жағы түсіндіріледі. Сонымен қатар, бірде-бір ғылым әлі дейін өзінің объектісін әртүрлі себептері қырынан толығымен суреттей алмайды. Осыған байланысты, нақты ғылым өзінің қызығушылықтар сферасын шектеуге мүдделі болып отыр. Кез-келген ғылым өзінің объектісін тануға келгенде, тек, сол ғылымды тудырған дәстүрді зерттеумен, соның түсінік аппаратын, соның тілін, зерттеуді тудырған зерттеулер мен  анализдер жүйесін, ондағы басымдық көрсетіп отырған фрагменттерді тануымен шектеледі. Сол себепті де ғылым объектісі мен пәнін зерттелінетін объект қырларына қарай бөлектеп, екшелейді. Қазіргі кезде бәрі қабылдаған кез —    келген ғылым пәнін түсіну дегеніміз –– сол ғылымдарды өмір сүріп отырған объективті құбылыстар таңдауы мен нәтижелерін анықталған көзқараспен қарау ғана дейміз. Ғылымның пәнінің анықтамасы, білім аясында жеткен жетістіктерге тікелей байланысты, әлеуметтік практиканың дамуы .т.б..

Егер де объект ғылымнан тәуелсіз өмір сүрсе, ғылым пәні ғылыммен бірге қалыптасып, оның жүйесіндегі категориялар  тәртібін белгілейді. Осылайша, ғылым пәні мен объектінің танымы Әлеуметтік жұмыстың пәні мен теориясының қалыптасуына әсер етті. Әлеуметтік жұмыстың теориясына әлеуметтік бағыттардың түрліше бөлінуі тән. Әлеуметтік жұмыстың жеке ғылым ретіндегі пәні, қоғамдағы әлеуметтік үрдістердің даму бағытының сипаттары мен заңдылықтары екені қазіргі кезеңдегі Әлеуметтік жұмысты танушыларға белгілі болып отырған жайт.

 

Ғылыми білімдер аясындағы Әлеуметтік жұмыс әдістері.

Әлеуметтік жұмыстағы объективті ғылыми таныммен зерттеу объектісінің түзілуі жөніндегі түсініктерді зерттеуде қолданылатын әдістер басқа ғылымдарды зерттеуге қолданылатын әдістермен ұқсас.

Ғылымда білім алу тәсілдеріне деген қарым- қатынас өте қатал түрдегі сипатқа ие. Олардың бәрі қатаң түрде қысылған, өйткені ол алынған мәліметтер ғылыми негізделіп, объективтілігін анықтауға оң әсерін тигізеді, ғылымда әдіссіз білім өмір сүрмейді:  егер зерттелінетін құбылыс туралы ғылыми әдіс болмаса, онда ол туралы ғылыми білімдер де жоқ.

Қазіргі кездегі ғылыми әдістер жүйесі, қоршаған әлемдегі білімдер жүйесі тәрізді көп әрі көпқырлы. Осыған байланысты түрлі себептерге бағынатын көптеген әдістер жіктемесе пайда болды, әрі олар мына жіктемеге бағынады: қоғам –– қауымдастық деңгейі, қолданыс аясы (ауқымы), іскерлік мәні мен мазмұны сипаттамасы .т.б.

 

Бұл жағынан 3- ке бөлеміз:

  • Жалпыламалық;
  • Жалпығылымдық;
  • Арнайы ерекшелетін ғылыми әдістер жүйесі;

 

Бір қыры жағынан философия  Әлеуметтік жұмыстың негізгі методологиялық негізі болып табылады, өйткен себебі адам алдында тұрған көптеген проблемаларды түсінудегі негізгі заңдылықтар мен бағыттарды анықтайды. Философия жалпы табиғат заңдылықтарының қағидалары туралы ғылым, адамның саяси – әлеуметтік қырларын кеңінен ашады, танымдық құндылықтарды қарастырады, адам өмірінің бар қырын, деңгейін, қорғалу дәрежесін көрсетеді.

Ал осы іскерліктің бәрін Әлеуметтік жұмыскер өзінің басты міндеті санайды, өйткені оның жұмысының бәрі адаммен байланысты, адамға қатысты.12

  • Жалпыламалық (немесе философиялық ) әдіс, іскерліктің әр түріндегі субъекттің дүниетанымы әрі методологиялық бағыттарының бірлігі ретінде түсіндіріледі. Таным тарихында жалпыламалық әдістің екі түрі белгілі:

–––  диалектикалық  және

––– метафизикалық әдістер.

Бұл жалпыфилософиялық әдістер. Метафизикалық әдіс – XIX- ғасырдың ортасынан бастап диалектикалық әдіспенен шектеле бастады. Материалистік диалектика әдістері, үрдістер мен құбылыстардың, жағдаяттардың бәрі дерлік зерттеушінің санасында, танымында  Әлеуметтік шындықтың объективті диалектикасы ретінде негізделеді, дәл қазіргі кездегі қолданылатын жалпыфилософиялық әдіс. Сонымен бірге,  кез – келген жағдай, үрдіс өзінің құрылып түзілуімен, дамуы түрінде зерттеліп қарастырылады, ал бұл дегеніміз факторларды жинау мен талқылауда субъективтілікті шеттеді де, біржақтылыққа әкеледі.

  • Жалпығылымдық әдістер –– іскерліктің бар саласында қолданылады, соның ішінде Әлеуметтік жұмыста да. Олар кең көлемді пәнаралық қолданысқа да ие. Жалпығылымдық әдістер жіктемесі ғылыми таным деңгейімен тығыз байланысты.

Ғылыми деңгей екі деңгейден тұрады:

  • эмпирикалық және
  • теориялық.

 

Эмпирикалық деңгей шынайы өмір сүріп отырған сезімдік қабылданатын объекттерді тікелей зерттеумен суреттеледі. Бұл деңгейде зерттелінетін объект туралы ақпараттардың жинақталу үрдісі жүреді, бақылау жүргізу арқылы табиғи құбылыстардың әрқилылығы анықталып, әртүрлі  өлшемдер белгіленіп, эксперименттер жүргізіледі. Осы жерде алынған мәліметтер, ақпараттар алғаш рет жіктелініп, кесте, графиктер жасалынады.

Ғылымда жалпығылымдық эмпирикалық әдістердің екі түрі белгілі:

 1) Бақылау және   2) Эксперименттер.

 

Бақылау. Адам өміріндегі іскерліктерін қоршаған орта аумағында, көріп бақылау тәсілдерімен шынайы болмысында суреттейді. Кең көлемді ауқымда алсақ кез-келген эмпирикалық әдіс бақыланылатын объект спецификасымен өзгерістерін білу үшін бақылау элементтерін өз бойына бойына сіңіреді. Бірақ жалпы ғылым дәстүрінде, бақылау мен өзіндік бақылауды біріктіретін ерекше әдіс бар, ол – Интроспекция деп аталады. Әлеуметтік жұмыста бақылау деп – зерттелініп отырған Индивид немесе әлеуметтік жүйе өзінің көрсеткен мінез-құлқы мен ерекше белгілерінің білініп, белгілену әдісін айтады.

 

Эксперимент. Ғылыми танымның жетекші әдісі, әлеуметтік, психологиялық зерттеулердің де нақты құбылыстарды зерттеп анықтауға, себеп-салдарлық бағылыңқылықтарды ерекшелеуді, тәжірибелік негізде басым орын алуға бағытталған басты әдіс. Эксперименттің бақылаудан басты ерекшелігі, ғалымды зерттелініп отырған жағдаятқа белсенді араластырып, оны тікелей басқаруына мүмкіндік береді.

Ғылыми танымдағы теоретикалық деңгейді, рационалды таным дәрежесінде жүзеге асады. Берілген деңгейде зерттелінетін объект немесе құбылыстарға тән ерекшеліктер, заңдылықтар, маңызды жақтары, нәтижелік гипотезалары кеңінен қарастырылады.

Жалпығылымдық теоретикалық әдістерді төмендегіше жіктеуге болады: (Зайнышев .2002 классификациясы негізінде)13

 

 

  • Ғылыми абстракция әдісі, зерттелініп отырған объект немесе құбылыстың ішкі жағы қарастырылып, ғылыми анықтамалар беріледі;
  • Анализ және синтез әдісі. Зерттелінген объекттің анализі жасалынып, құраушы бөліктері анықталып, олар жеке-жеке зерттеледі. Синтез нәтижесінде әлеуметтік үрдіс туралы біртұтас картина құрастырылады;
  • Индукция мен Дедукция әдісі. Индукция көмегі жекелеген факттерді зерттеуден жалпы деңгейлер мен нәтижелерге өтуді қамтамассыз етеді. Дедукция жалпы нәтижелерден жекелеген нәтижелерге әкеледі.
  • Әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасындағы ерекше мен жалпының бірлігі. Әлеуметтік жұмыстың технологиясы кең көлемде  әлеуметтік даму үрдісінің әлеуметтік теорияларын қарастырады, әдіспенен көпқырлы тәсілдерді біріктіреді.
  • Тарихи әдіс. Тарихи зерттеулер тек қана тарихи кезең контекстінде, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің пайда болуы мен дамуын, әлеуметтік заңдылықтардың туындауын анықтамайды, сонымен қатар ондағы әлеуметтік үрдістердің өзгерістерінің күшін, проблемаларының құрамын, кезектілігін, приоритеттерін анықтап береді.
  • Қарапайымнан күрделіге өту әдісі. Әлеуметтік үрдістер қарапайым және күрделі әлеуметтік құбылыстардан тұрады. Әлеуметтік даму барысында, қарапайым қатынастар жоғалмайды, күрделі жүйенің элементтеріне айналады. Күрделі әлеуметтік құбылыстар, қарапайымдарға сүйеніп, (абстакциялар, консепциялар, т.б) ғылыми таным аспекттісінде кеңірек әрі нақтырақ анықтама алуға көмектеседі. Сол себепті, қарапайым әлеуметтік құбылыстардан күрделісіне көшу, ойлаудағы абстрактіліктен нақтыға көшу қимылына әкеледі.
  • Сандық және сапалық анализ бірлігі – әлеуметтік қатынастағы таным әдісі. Әлеуметтік теориялар, әлеуметтік құбылыстардың тек сапалық жағын суреттеумен шектелмейді. Осы мақсатта олар сандық өзара байланысты қарастырады, сол арқылы танылған әлеуметтік құбылыстар сапалықтан сандыққа айналып, өлшемдер шамасымен де түсіндіріледі. Мысалға, әлеуметтік үрдістердің өлшемін, темп, пропорция, әлеуметтік даму көрсеткіштері көрсете білуі мүмкін.
  • Бұлармен бірге статистикалық әдістер, статистикалық анализдер математикалық процедураларда, эмпирикалық әдістерді орналыстыра білуімен нақты есептеу, жиналған ақпарлардың шындығын тексеруге көмектеседі.

 

  • Арнайы ерекшеленетін ғылыми әдістер – бұл белгілі бір ғылымға ғана тән арнайы білім саласындағы таным тәсілдері. Бұндай тәсілдер, мысалы, Әлеуметтануда – Социометрия әдісі, математикада – коррелациялық анализ т.б. Бұл әдістер сәйкестендірілген трансформациядан кейін, әлеуметтік жұмыстағы проблемаларды шешу жолы мен профилактикасында қолданылады.

Әлеуметтік жұмыс пәнаралық ғылым саласы ретінде кейінірек пайда болғандығынан, көптеген нақты ғылым салалары негізінде туындағандығынан (медицина, биология .т.б ), сонымен қатар, әлеуметтік – гуманитарлы бағыттағы ғылым салаларына да тікелей қатысы болғандықтан, әр ғылым саласының түрлі технологияларымен әдістерін қолданады, алдыменен өз пәніне қарай бейімдеуі де шартты нәрсе. Осындай жеке әдістерге мысал ретінде: Интервью, Анкеталау, Контент-анализ, Эксперттік әдістер (эксперттердің бағалау әдісі ), фокус – тобы әдісі, тесттілеу, іскерлік өнімдерінің анализін тағы да басқа көптеген әдістермен технологияларды жатқызамыз.

 

            Әлеуметтік жұмыс –– практикалық іскерлік түрі ретінде.

Практикалық іскерлік деңгейінде әлеуметтік жұмыс жіктемесі әлі күнге дейін нақты белгіленіп бір жүйеге келтірілген тәртібі жоқ, ал ол үрдіс барысы күнделікті әлеуметтік жұмыс практикасында жүзеге асуда, бірте-бірте қалыпқа келуде. Кәсіби іскерлік жіктемесінің әдістерін белгілеу – әлеуметтік жұмысты ғылыми ұйымдастырудағы басты компоненттердің бірі. Бірақ, әдістер анализі мен суреттемелері, мазмұндық дифференциациясы арнайы әдебиеттерде әлі күнге дейін жаңадан құрылуда. Егер әлеуметтік жұмыстың анализі – гуманитарлы таным методологиясының дайындалған ғылыми жүйесіне сүйенсе, әлеуметтік жұмыскерлердің практикалық іскерлігінің методологиялық тәуекелі құрамдас негізінде басқа бағыттарды талап етеді.

Кез-келген ғылыми ұйымдасқан теория мен практиканың әдістері үшін –– методологиялық анализ маңызды рөл атқарады. Ал методологиялық анализге ғылыми теория мен практика орны ерекше. Ғылымда, кәсіби іскерліктің мақсаты танымға жету мен оны жүзеге асыра білу. Әлеуметтік жұмыста да, дәл осы кәсіби мақсат пен оған жету жолдары, әдіс-тәсілдері, әлеуметтік жұмыстың өзіндік мамандық мәртебесіне ие болуында  айрықша орын алады.

Ғылымда алдыға қойған мақсатқа жету жолдары – іскерлік әдісі аталады. Адамзат қазіргі кезге дейін өз тарихында көптеген іскерлік әдістерін жинақтаған. Бірақ тапсырмалар мен проблемалардың күрделенуі осы әдістердің үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Айтылғандардың бәрі дерлік әлуеметтік жұмысқа тікелей қатысты.

Орыс әдебиетінде кәсіби іскерлік әдістерін суреттеу мен оны жіктеу төмендегідей болып келеді:14 (П.Д.Павленок, 1997)

  1. Әлеуметтік әдістер көмегінсіз, алғашқы әлеуметтік бағдар, практикалық әлеуметтік жұмыс практикасының анализі де мүмкін емес, осы әдістер, тәжірибелері жалпы алғанда, әлеуметтік жұмыстың тиімділігіне өз үлесін тигізеді.
  2. Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық әдістері:
    • Сананың қалыптасу әдістері;
    • Іскерлік образының қалыптасу әдістері;
    • Жазалау мен қолдау әдістері;
    • Тұлғаны ұжымдық іскерлікке қосу әдістері;
    • Бірте – бірте күшейетін іскерлікке қосылу әдістері;
    • Педагогикалық коррекция әдістері;

 

  1. Психологиялық әдістері:
  • Психодинамика әдістері;

 

  • Психологиялық консультация әдістері;
  • Психологиялық таңдау әдістері;
  • Әлеуметтік–психологиялық тренинг және аутотренинг;
  • Мінез–құлықты коррекциялау әдісі, түрткілер, қарым-қатынасқа түсу, өзіне-өзі баға бере білу. т.б.

 

Әрине, осы жіктемелерден әлеуметтік жұмыстың өзіндік іскерлігінен айрылған, тек әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық практикалардың әртүрлі аспекттерінде жүзіп жүрген өте жас мамандық екенін көреміз.

Әрине, бұл біздің Қазақстандық әлеуметтік жұмыстың да жаңадан ғылыми негізделіп келе жатқан мамандық екенін мойындауымыз керек. Бұл мәселе төңірегінде әлеуметтік жұмыс жөнінде үлкен ғалымдар өзіндік теорияларын, концепцияларын түсіндіруге тырысып жүр.

Кейінірек, Ресейлік әдебиеттерде (И.Г.Зайнышев. “Технология социальной работы” 2002-год.) әлеуметтік жұмыс практикасында 3-түрлі әдістер тобын бөліп қарау ұсынылып жүр: (бұл әдістер әлеуметтік қолдау мен көмек көрсету практикасында қолданылады):

 

Әлеуметтік – экономикалық әдістер;

Реттеу – ұйымдастырушылық әдістер;

Психолого – Педагогикалық әдістер; 15

 

Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік – экономикалық әдістеріне – әлеуметтік жұмыскердің, клиентке жұмсаған барлық материалдық, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік қызығушылықтары мен ұсынымдары кіреді. Бұл топқа табиғи және ақшалай көмек, жеңілдіктер жүйесінің тобы, біруақытта белгіленген көмек ақшалары, патронаждық, тұрмыстық қамсыздандыру, моральды марапаттаулары т. б. жатады.

Реттеу–ұйымдастырушылық –– әлеуметтік қызметтің құрылымдары, әлеуметтік жұмысты басқару, ұйымдастыру, нормативті-хұқықтық актілер, құқық бекітетін өкілеттілік, міндеттер, әлеуметтік ұйымдар мен қызметтердің әртүрлі буындары тарапынан жүзеге асатын әдістер жүйесі кіреді. Бұл топтың негізгі әдістері: Регламенттеу, қалыпқа келтіру (нормирование) және Инструкциялау.

 

Регламенттеу – әлеуметтік органдардың ұйымдастырылуы кезіндегі жауапкершілік, өкілеттілік бөлу тәсілдері. т. б.

 

Қалыпқа келтіру (Нормирование) – белгіленген тәртіптер жүйесі әлеуметтік жұмыскерге, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра білуге бағыт-бағдар береді.

 

Инструкциялау – клиенттер тарапынан болатын негативті әсерлерден дұрыс шыға білу жолдары. Әлеуметтік жұмыскердің жұмыс тәртібін түсіндіру. т. б.

 

Психолого–педагогикалық әдістер – клиентке оның мінез-құлқы мен ішкі табиғатына әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық реттеу механизмі арқылы жанама әсер ететін әдістер жүйесі. Бұл топтағы негізгі әдіс – үгіттеу, сендіру. Әртүрлі формада жүзеге асады: Әлеуметтік зерттеулер, кеңес беру, аргументация, (рекомендация) әлеуметтік-психолық-диагноз, психологиялық коррекция, асихологиялық-консультация, психотерапия, психопрофилактика, ақпаратпен таныстыру, оқыту әдістері мен тәрбилеу, әлеуметтік терапия .т. б. Бұлардың ішіндегі ең кәсіби сипатқа ие әдіс – әлеуметтік терапия.

 

Әлеуметтік терапия – жекелеген адамдар немесе топтың сезімдерін, қарым-қатынасындағы импульстерді реттеуге мақсатты бағытталған жүйелік әдістер тобы. Әлеуметтік терапия мақсаты – түзету, коррекция, дизфункцияларды болдырмау, қалыпты дамуды қамтамассыз ету, т. б.

 

Батыстық әлеуметтік жұмыс дәстүрінде сәл басқаша әдістер, үлгілері бар. АҚШ пен батыс Еуропада, әлуеметтік жұмыс, басқа пәндер негізінде жинақталған әлеуметтік (универсалды) әмбебаптық практикалық іскерлік түрі саналады. Олардың жүйесінде әлеуметтік жұмыс идеялары теория болып бекітілмес бұрын, алдыменен әлеуметтік жұмыскермен практикада қалай функцияланады, тиімділігі қандай, соны басты есепке алады. Бұл классикалық емес, академиялық теориялар – “бір объект туралы” деп аталынады. Бұл теориялар “кәсіби іскерлік теориялары” немесе “объектпен жұмыс теориялары” деп те аталынады.

Сәйкесінше, әлеуметтік жұмыс әдістері басқаша қарастырылады. Олардың негізінде әлеуметтік жұмыста қолданылатын тәсілдер жүйесіне, әлеуметтік жұмыскер берілген проблемаларды шешу үшін қандай айла қолданады? Бұл көзқарастар бойынша әлеуметтік жұмыскер Индивидпен, топпен немесе қауымдастықтармен жұмыс атқарғанда жұмыс жүйесін қалай ұйымдастырады? Міне, осының бәрі келіп  әлеуметтік жұмыс методологиясына әкелетіні заңды құбылыс.

Іс-әрекеттердің әлеуметтік-психологиялық механизмдеріне, негізгі себепреінің сипаттарына қарай, әлеуметтік жұмыскердің партнері кім (клиентпен): Индивид, шағын топ немесе әлеуметтік қауымдастық па? Байланыстылық дәрежесіне қарай шетелдік әлеуметтік жұмыс дәстүрі мынадай тәртіпте жіктеледі:

 

  1. Жекелей (индивидуалды) әлеуметтік жұмыс;
  2. Топтық әлеуметтік жұмыс;
  3. Қауымдастықтармен әлеуметтік жұмыс;

Жекелей (Индивидуалды) әлеуметтік жұмыс – индивидттер-ге немесе отбасыларға психологиялық, тұлғаралық, әлеуметтік және экономикалық проблемаларына байланысты келеңсіздіктерін тікелей араласу арқылы шешуге көмек беретін әлеуметтік жұмыс әдістерінің жүйесі.

Топтық әлеуметтік жұмыс – шағын топтардағы өмір сүріп отырған немесе болуы мүмкін проблемаларға олардың мүшелерімен біріге отырып, психо-әлеуметтік әсер етуді талап ететін, әлеуметтік жұмыстың мақсатты әдістері.

Қауымдастықтармен әлеуметтік жұмыс – әлеуметтік проблемаларды шешуде индивидттер, топтар немесе ұйымдар мақсатты бағытталған әлеуметтік жұмыс бағыты мен әдісі.

Әрине, осының бәрін ескерсек, шетелдерде әлеуметтік жұмыс мамандығы бұрыннан қалыптасқанын білеміз. Ал әлеуметтік жұмыстың методологиясындағы әлеуметтік жұмыс оқыту пәні ретіндегі әдістері, әлеуметтік жұмыстың басқа пәндермен ортақ байланысты аспектілерін, пән болып қалыптасқаннан бергі заңдылықтары мен қағидаларын, ерекшеліктерін, зерттеу әдістерін көрсетеді.

Әлеуметтік жұмыс Қазақстанда пән болып соңғы 10-жылдық ішінде қалыптаса бастады, әрі ғылыми әдістері мен теориясында, практикасында шетелдер тәжірибесіне, көбіне Ресей елінің тәжірибелеріне сүйенеді.

1.2. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сипаттамасы.

 

Әлеуметтік жұмыс ғылымы аясына өте кең көлемдегі кәсіби сипаттамалар қажет. Басты себептерінің бірі ол – әлеуметтік жұмыс басқа ғылымдармен күрделі байланысты. Өте үлкен шеберлікті талап етеді. Кәсіби іскерлік сипаттамалары әлеуметтік жұмыскерге әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің басқаруынан бастап, әлеуметтік министрлік заңдары мен жарғыларын білуге, әлеуметтану мен экономика элементтерін, қолданбалы психология әдістерін әсіресе, “клиентпен” жұмыс істей білу шарттарын  үйренуді міндеттейді. Кез-келген ғылымда “профессионализм” идеясы болады. Ол идея қарапайым теориялық ілімнің өмірге қажетті қолданбалы ғылымға айналуын көздеп қана қоймай, сол ғылым мамандарының шеберлік деңгейін қарапайымнан күрделіге, яғни жай білімдермен қаруланған маманды ғана емес, сол білімдерді адамзат мүддесіне пайдалы қолдана білетін мамандар даярлап шығуға тырысады. Адамдардың өмірлік маңызы бар проблемаларын шешуге көмектесу үшін кәсіби іскерлік көрсете білу — әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшелігі.Адамдар проблемаларының анализі мен шешу жолдарымен байланысты дәстүрлі іскерлік салаларынан (әлеуметтану, психология, педагогика, юриспреденция . т. б. ) әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі оның өзіндік интегралдық сипатымен айрықшаланады. Кей жағдайда әлеуметтік жұмыскер әлеуметтанушы да, психологта, педагогта, юристе бола алады. Ол мысалға клиенттің жекелей проблемаларын шешу мен диагностика істегенде психологиялық әдістер мен әлеуметтік терапия тәсілдерін қолдана алады. Әлеуметтану әдістеріне ол отбасының әлеуметтік тарихы мен қауымдастықтарды зерттегенде сүйенеді. Клиент мінез-құлқына бағыттық әсер ету кезінде педагогика тәсілдерін қолдана алады. Өз клиентін заңдық сұрақтар жөнінде жауаптарымен хабарландырғанда әлеуметтік жұмыскер юрист рөліне кіреді.

Әлеуметтік жұмыскер көп жағдайда әмбебаптылық көрсетсе де, оның әмбебаптылығының нақты шекаралары бар. Мысалға, клиенттің өмірлік мәні бар проблемаларын шешкенде ол тек әлеуметтік жұмысқа қана тән спецификаны қолданады. Сөйткені мен де ол психологты да, юристі де, педагогты да, әлеуметтанушыны да ауыстыра алмайды, өйткені олардың барлығы да әлеуметтік жұмыскерді ауыстыра алмайды. Осы жерде әлеуметтік жұмыстың кәсібилік деңгейі әрі ерекшелігі – көп ғылымдар шекарасында тұрғанын атап өту керек. Көп ғылымдармен байланысты болса да әлеуметтік жұмыс сол ғылымдар әдістеріне тек өзіне ғана тән ерекшелікпен өзіне икемдей алады. Кәсіби деңгейі “көрші” ғылымдар территориясын “оккупациялау” мен өзіне икемдеуге бағытталған.

Тағы бір әлеуметтік жұмыскердің айқын ерекшелігі психолог адамның – психикасын зерттесе, әлеуметтанушы – оның әлеуметтік қарым-қатынасына көбірек бағытталады, ал медик – адам физиологиясы мен психикалық денсаулығын қарастырса, заңгер – құқықтық мінез-құлқын оқиды, яғни бәрі дерлік өздерінің қырымен адамды түсіндіруге тырысса, әлеуметтік жұмыс, адамды оның барлық қырларымен мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде, бүтін индивид ерекшелігін толығымен қамтиды. Былайда айтуға болады, егер адамға бірінші жағдайларда абстракциялық бағытпен жақындаса, екіншісінде – нақтылық пен мұқияттылық негізгі орында болады. Психолог пен әлеуметтанушының негізгі құндылық бағдары: кәсіби құндылықтар адамға құндылық ретіндегі іскерлік болса, әлеуметтік жұмыскер іскерлігі керісінше: адамнан – жоғарғы құндылыққа – кәсіби құндылықтарға жету болып табылады. Осындай сапалық ерекшеліктер әлеуметтік жұмысты біруақытта басқа ғылымдармен жақындатса, кей жағдайларда олардан жеке дара ғылым ретінде алшақтата береді. Бұл дегенің әлеуметтік жұмыс басқа ғылымдармен күрделі байланысты болғанымен, өзіндік сипаты бар дербес ғылым екенін дәлелдейді.

Әлеуметтік жұмыскердің негізгі міндеттері мен кәсіби сипаты төмендегідей жіктеледі:

  • ­­­­­­­­­­­­­­­­­Индивидттер мен топтарға көмек көрсету;
  • Оларға экологиялық және рухани сипатта жайсыз әсер ететін әлеуметтік проблемаларын нақты анықтап соларға қорғаныш қабатын түзе білу;
  • Адамдарға қиын жағдайдан шығуға:

     қолдаушылық көрсету, реабилитация арқылы немесе коррекция                    қорғаушылық арқылы көмек беру;

  • Билік көмегіне сүйеніп, қорғансыздарды заңды жолмен қорғау;
  • Әрбір клиентті өзіндік мүмкіндіктерін қолдану арқылы өзін-өзі әлеуметтік қорғауға жағдай жасау немесе соған үйрету;
  • Барлық құралдар мен мүмкіншіліктерді қолдану арқылы әлеуметтік көмекті қажет ететіндерге қорғаныш болу . т. б.

 

Міне, осындай кең көлемді шешілуге тиісті сұрақтар жүйесі әлеуметтік жұмыскерді кәсіби деңгейге жету үшін өте үлкен диапозондағы білімдермен ілімдерді оқып біліп оны практикада қолдана білуге міндетті екенін білдіреді.

Әлеуметтік жұмыскер профессионалдық деңгейге жету үшін алдымен өзіндік этикалық стандартты меңгеру шарт. Әлеуметтік жұмыскердің негізгі этикалық стандартына төмендегілерді жатқызуға болады:

 

  1. Әлеуметтік жұмыскер өтіркпен, алдаушылық, қулық сұмдықпен байланысты істерге қатыспауы керек;

 

  1. Әлеуметтік жұмыскер өзінің іс-әрекеттерін жеке тұлға және әлеуметтік жұмыскер ретінде нақты белгілеп алуы қажет;

 

  1. Әлеуметтік жұмыскер өзінің кәсіби білімімен практикалық тәжірибесін шебер ұштастыра білуі керек;

 

  1. Әлеуметтік жұмыскер үшін қызмет борышы бәрінен жоғары тұруы шарт;

 

  1. Әлеуметтік жұмыскер бір адамға немесе адамдар тобына қатысты істелінетін гуманды емес дискриминациялық іс-әрекеттерді болдырмауға, бар күш жігерін салуы тиіс;
  2. Әлеуметтік жұмыскер кәсіби қарым-қатынасын жеке басының мақсатына, пайдасына жету үшін жұмсамауы керек;

 

  1. Ғылыми немесе зерттеулік жұмыстарымен шұғылданып жүрген әлеуметтік жұмыскер, зерттеуіне қатысып отырған адамдарға зерттеу анализін алдын-ала болжапайтуы керек те, оларды өз еркімен қатысқаннан кейін зерттеу нәтижелерін қажет болған жағдайда құпиялылығын сақтауды қадағалап, зерттеуінің адамдарға зиянсыз болуын қатаң ескеруі керек.

 

  1. Түрлі жағдайларды талдайтын әлеуметтік жұмыскер кәсіби мақсатта, өзі тектес кәсібі бір мамандармен ғана жағдайды талқылауға құқығы бар. Маңызы мен құпиялылығы бар жағдайлар өз маңызын жоймауы, құпиялылығы жария болмауы шарт;

 

  1. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған ақпарлар құпия сақталынылады.

 

Әлеуметтік жұмыскерлердің клиент алдындағы этикасы төмендегідей болуы керек:

 

  1. Клиент мүддесі бірінші орында болуы керек.

 

  1. Әлеуметтік жұмыскер клиентпен өзін лояльды, профессионалды ілімдерін қолдануы арқылы қайырымды ұстауы керек.

 

  1. Ешуақытта клиентпен қарым-қатынасын жеке басының пайдасына құрмауы керек.

 

  1. Ешуақытта нәсілдік бөлуге, жастық, жыныстық дискриминацияларға жол бермеу керек. Мәртебесіне, жеке басының Конституциялық құқығының бұзылуына жол бермеу. Ұлттық – саяси, отбасылық дәрежесіне нұқсан келтірмеу басты этикалық шарттардың бірі.

 

  1. Әлеуметтік жұмыскер өз клиентін әлеуметтік қызмет бойынша болуы мүмкін қатермен хабарландыруы тиіс. Егер клиентке пайдасы тиеді деп тапса, басқа сала мамандарымен де ақылдасуға болады.

 

  1. Әлеуметтік жұмыскер клиентпен жұмысын маңызды себептермен ғана үзе  алады, әрі ол клиентке жайлы болуы үшін, бар шаралар жүйесін қарастыруы керек.

 

  1. Әлеуметтік жұмыскер клиент проблемасын шешуде оның өзіндік пікірімен санасуы керек, клиентке өзін анықтауға мүмкіндік беруі тиіс.

 

  1. Әлеуметтік жұмыскер клиенттің азаматтық немесе юридикалық құқығы бойынша, іске клиент атынан түсуге болмайды.

 

  1. Әлеуметтік жұмыскерге осы әлеуметтік жұмыс этикаларын қатаң түрде сақтау міндетті саналады, әрі оны бұзуға ешқайсысының да құқығы жоқ.
  2. Профессионализмге жету үшін әрбір әлеуметтік жұмыскер өзінің қажетті теориялық, практикалық ілімдерімен қатар осындай қажетті білімдер, іс-шаралар жүйесін өз бойына сіңіруі шартты болып табылады.

 

Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сапасы.

Алдыңғы қамтылған мәліметтермен бірге әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сапасы мына төмендегі жіктемелермен де анықталады:

  • Әлеуметтік жұмыскер әлеуметтік жұмыс миссиясын, мақсаттылығын ұстанып, әлеуметтік проблемаларды шешуге әлеуметтік жұмыс әдістерін барынша икемді қолдануы керек.
  • Әлеуметтік жұмыскер мамандықтың мақсаттылығы мен мәртебесін қорғауы тиіс.
  • Әлеуметтік жұмыскер әлеуметтік жұмысқа қатысты мәселелерді үнемі бақылап, өз ойын білдіре алуы керек.
  • Әлеуметтік жұмыскер өз “әріптесімен” зерттеулер нәтижесімен, практикалық тәжірибесімен бөлісуі шарт. Әлеуметтік жұмыс мамандығының дамуына өз үлесін қосуы керек.

Әлеуметтік жұмыскердің жеке басының сапасы қандай болуы керек? 16

Әлеуметтік жұмыскердің білімін, қоғаммен араласу деңгейін есепке ала отырып, оның жеке басының сапасын да көрсете білу керек. Жеке ерекшеліктері: кеңпейілділік, қамқорлық, адалдық,біреудің қайғысына ортақтаса білушілік, шыдамдылық, адамдық адамгершілік,адамдармен араласа білу, шынайылық. Қоғаммен араласуы кезінде қойылатын шарты: басқаларға назар аудара білу, өзгені тыңдай білу,адамдарға сыйласымды қарым-қатынас жасау. Жұмысына қатысты талаптар: адалдық, жауапкершілік, өзіне-өзі талап қоя білу, берілген істі аяғына дейін атқара білу.

Әлеуметтік жұмыскерді клиенттен алыстатын ерекшеліктер: шыдамсыздық, менмендік, қатігездік, қулық, ашуланшақтық, – бұл жеке басының ерекшеліктері. Ал қоғаммен араласуы кезіндегі негативті ерекшеліктері: жасы үлкендерге құрмет көрсете алмау, жауыздық, көргенсіздік, анайылық, өзгені сыйлай алмау. Жұмысына қатысты ерекшеліктері: өз клиенттеріне деген немқұрайдылық, жұмысының нәтижесіне деген писсимистік, әрдайымғы асығыстық, ағаттықты көп жіберу, жауапсыздық, еріншектік, жеңіл ойлылық, алаяқтық, т. б. жаман қасиеттер.

Әлеуметтік жұмыскер алдыменен кәсіби деңгейге жетпес бұрын өзін адам ретіндегі жақсы-жаман қасиеттерін айыра білуі керек. Содан кейін барып қана кәсіби сипаттамалар жүйесін өз бойына жинақтайды. Қоғам ауруын, келеңсіздіктерін, негативті әсерлерін жоймас бұрын, өз басының, жеке сапаларының негативті әсерлерін жеңгеннен кейін барып қана, өз жұмысына бел шешіп кірісу – әлеуметтік жұмыскердің ешуақытта естен шығармас қасиетті қағидасы әрі борышы болып саналады.

Және де әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сипаттамасы жөнінде тоқталып өтсем.

1994-жылы, июльде Коломбо қаласында (Шри-Ланка) Әлеуметтік жұмыскерлердің Халықаралық Федерациясы:

“Әлеуметтік жұмыс этикасы: тәртіптер мен стандарттар” атты құжатты қабылдады.17

Құжат екі бөлімнен тұрады: “Әлеуметтік жұмыстағы Этикалық тәртіптер Халықаралық Декларциясы”  және  “Әлеуметтік жұмыскерлердің Халықаралық Этикалық стандарттары”.18

Саяси, діни және басқа да түрлі себептермен бұл құжат көптеген жылдар бойы қабылданбай келген. Бұл ұйымға кіретін мемлекеттердің құрылымы, басқару түрлері әртүрлі.

Құжаттың бірінші бөлімінде негізінен мына ережелер жүйесі қарастырылады:

“…. Әр адам өз бетінше ерекше, және әр адам өзіне адамгершілік тұрғысынан назармен қарауды талап ете алады. ”

Бұл құжат бойынша әлеуметтік жұмыскер, адамдарды бір-біріне қарсы күштеуге, қорлауға жібермес үшін, сол арақатынасты реттеп отырушы гуманист болуы керек. Әлеуметтік жұмыскер адамдар арасында болып отыратын конфликттерді минимум деңгейіне жеткізуге мүделлі. Әр адамның өз бетінше ерекше екенін ескере отырып, оларға қамқормен қарау, қолынан келетін көмегін аямауға, кәсіби деңгейінің іскерлігін сол мақсатқа жұмсауды әрбір әлеуметтік жұмыскер өз жауапкершілігіне алуы басты шарттардың бірі.

Әрбір әлеуметтік жұмыскер өз клиентіне, кез-келген адамға өз тарапынан құрметпен қарауды, олардың этикалық – моралдық құқын бұзбас үшін солардың мүддесін бірінші орынға қоюды өзіне міндеттейді.

Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби бағыты осылайша – психологиялық деңгейде – әлеуметтік фасилитация деп аталады. Өйткені ол қоғаммен, көпшілікпен жұмыс атқаратынын біз білеміз. Фасилитация функциясы адам мен адамдар тобының проблемаларын жеңілдетуге, реттеуге бағытталған немесе негізделген. Фасилитация дегеніміз – ағылшынша  “ facіlіtate – жеңілдету, көмектесу, жағдай жасау ” – дегенді білдіреді. Фасилитация – адамдардың өзара әлеуметтік байланысын түзетуге, нығайтуға, олардың өзара белсенділігінің артуына жағдай жасайды. Ал, осы фасилитацияның бұзылуы әлеуметтік ингибицияға әкеледі. Ингибиция дегеніміз – ағылшынша –“ іnhіbіtіon – тежелу, басылу, субъект белсенділігінің тежелуі ” – дегенді білдіреді. Әлеуметтік ингибицияны тежеу, әлеуметтік фасилитацияны күшейту арқылы – адамдарды әлеуметтік жұмыскерлерге тәуелділігін жою  – әлеуметтік жұмыскердің профессионализмін көрсетеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сипаты, бұл – әлеуметтік жұмыскердің профессиограммасы.

 

   Әлеуметтік жұмыскердің іскерлік профессиограммасы.

Профессиограмма дегеніміз – кез-келген мамандықтың өз маманынан талап ететін, сол мамандыққа маманның тұлғалық іс-әрекетін бейімдейтін, мүмкіндіктер мен шеберлік дәрежедегі талпыныстар жиынтығы. Профессиограмма көбіне мамандықтың психологиялық функцияларын анықтайды. Ал сол психологиялық функциялар маманның – іскерлік дәрежесін шеберлік деңгейіне жеткізуді өзіне мақсат етеді. Әлеуметтік жұмыскер өз професиограммасын жақсы меңгеруі шарт. Өйткені әлеуметтік жұмыскер төмендегідей түрлі қиын мәселелер кешенін шешуге ұмтылады:

 

  • Клиенттердің қоғамға бейімделуі, олардың өз проблемаларын шешудегі өмірлік бағытын белсенді дамыту;

 

  • Әлсіз әлеуметтік топтардың тығырықтан шығуына жағдай жасау;

 

  • Әлеуметтік және жеке басының проблемаларының диагностикасы;

 

  • Әлеуметтік профилактика;

 

  • Көмекті қажет ететіндерге әлеуметтік көмек беру мен әлеуметтік қамсыздандыру;

 

  • Консультациялау ( әлеуметтік кеңес беру );

 

  • Әлеуметтік реабилитация мен терапия;

 

  • Әлеуметтік бақылау мен қадағалау;

 

  • Әлеуметтік проектілеу ( жобалау );

 

  • Клиентпен түрлі ұйымдар арасында делдалдық рөл ойнай білу іскерлігі;

 

  • Әлеуметтік жұмыс мамандығы аясындағы инновациялық іскерліктер. т. б.

 

Әлеуметтік жұмыскер өз клиенттерінің өзіе-өзі дамытуға, мүмкіндіктерін көрсете білуге жағдай жасайды. Бұл үшін әлеуметтік жұмыс негізделген тікелей жүзеге асады, бұл дегеніңіз, реттеу, бағалау, сонымен қатар жағдайды бақылап түзетіп отыру функцияларын тікелей  жүзеге асырып отыру. Бұл жерде алдымен екі факторды анықтап алған жөн: біріншісі – негізделген, екіншісі – негізделмеген деңгей.

Негізделмеген деңгейі – әлеуметтік жұмыс маманының клиентпен тікелей байланысын қарапайым қарым-қатынас ретінде көрсетсе,

Негізделген деңгейі – олардың ара қатынасын қоғам шеңберінде түсіну, проблемалардың шешілу жолын – әлеуметтік проблемалардың шешілу жолы деп түсінуді талап етеді.

Осылардың бәрін қорыта келгенде, әлеуметтік жұмыскердің көпқырлы іскерлігінің шеберлік ( кәсіптік ) деңгейін келесідей функцияларға бөлеміз:

  • Коммуникативтік;

 

  • Психологиялық;

 

  • Ұйымдастырушылық;

 

  • Педагогикалық;

 

Коммуникативтік функция – араласудың бар түрін кәсібилендіреді. Әлеуметтік жұмыскер клиентпен байланыс орнатуға жауап береді, өзара байланыстың оптималды стратегияларының таңдауын, ақпармен клиенттің дәл уақытта хабардар болуын, жалпы ақпарды дәл іріктеп даярлап клиентке жеткізу. Ол өзі араласу түрін, моделін жасап, соны бақылайды. Коммуникативтік функцияның жүзеге асуы, түрлі жағдайда, түрлі адамдармен тіл табыса білуді талап етеді. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыскер, жұмыс уақытынан бос кезінде, жұмыс мақсатын көздемей, клиентпен араласа білуі де осы коммуникативтік функция  шеңберіне кіреді. Сол себепті де коммуникативтік функция диапозоны кең шеңберді қамтиды. Және де оәлеуметтік жұмыскер үшін өте маңызды нәрсенің бірі ол, клиентпен коммуникативтік тіл табыса білу іскерлігі. Бір жағынан ол араласу кезеңінде қарым-қатынасты басқарып, басымдық рөлді өзі ойнаса, екінші жағынан оның өзі диалогтық мақсатталып, клиентпен субъект – субъективтік қарым-қатынаста болады. Бұл жерде, қарым-қатынасты реттеу мен оны басқара білу әлеуметтік жұмыскердің профессионализмі мен табиғи қабілетіне байланысты. Әлеуметтік жұмыскердің бар жұмысының бәрі де негізінен осы коммуникативтік функциямен тікелей байланысты, әрі бұл функция әлеуметтік жұмыста маңызы бар, айрықша орынға ие. Гуманистік ілімдер аясында қоғамға позитивті қызмет көрсету кезінде пайда болған әлеуметтік іскерлік феномені, әлеуметтік жұмыс мамандығы үшін, сол сала маманының жұмыс нәтижелерін өз пайдасына шешу үшін, бірден-бір септігі тиер іскерлік түрі бұл – әлеуметтік жұмыстың коммуникативтік функциясы.

 

Педагогикалық функция – консультант немесе эксперт ретінде де өз жұмысын атқаратын маман үшін тәлім-тәрбиелік аспектте маңызы бар.Ол өз клиенттерін – әлеуметтік ілімдер жүйесінде мінез-құлқын реттеуге, өмірлік мәні бар жағдайлардан шығу жолын қарастыруға үйретеді, саяси-құқықтық саналарын ояту үшін әртүрлі нормативтік-құқықтық акттілермен таныстырады, бір-біріне көмек көрсете білуге тәрбиелейді. Көптеген клиенттер әлеуметтік жұмыскерлерді арнайы қызмет мекемелерінің өкілі ғана деп қабылдамайды, сонымен бірге өздерінің көмекшісі, қйын әлеуметтік жағдайлардан шығудың дұрыс жолдарын нұсқаушы кеңесші, ақылшы деп қабылдайды. Бұл да болсын әлеуметтік жұмыскерге өз тарапынан білікті нағыз профессионал болуды талап етеді.

 

Ұйымдастырушылық функциясы – әр түрлі аймақтарда, жергілікті жерлерде, тұрғылықты мекен-жайлар бойынша әлеуметтік қызмет мекемелерін құрып, соларды басқаруға негізделеді. Әлеуметтік жұмыскер әр жерлердегі адамдардың қызығушылықтарымен олардың бос уақыттарын қалай тиімді өткізуге болады? осындай шаралар жүйесін ұйымдастыру үшін бірігіп жұмыс істеуге түрлі мекемелермен мемлекеттік және қоғамдық олардың өкілдерін бірлесуге шақырады. Бұл іскерлік түрі әлеуметтік проблемаларды жеңуге және оның алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыскер халықтың маргиналдық топтарының өкілдерімен тікелей және жоспарланған көмектер көрсетеді.

Жоспарланған көмек көрсету, адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарлату мақсатында істелінген проекттер (жобалар) мен жоспарларға негізделеді. Қысқаша түсінік беруге тырыссақ, әлеуметтік проблемаларды жекелеуге, алдын-алуға, адамдар өмірін барынша жақсартуға өз үлесін қосатын әлеуметтік жұмыскер тарапынан істелінетін – әлеуметтік ұйымдастырушылық функциясы.

 

Психологиялық функция – әлеуметтік жұмыскермен қйын әлеуметтік ситуацияда қалған адамға, адам бойындағы креативтік күштерін белсенділендіруге ұмтылып, психотерапевтік, прогностикалық, диагностикалық іс-әрекетін көрсетуі кезінде қолданылады. Әлеуметтік жұмыстың диагностикалық негізі, тұлға бойындағы әр түрлі деформациялар мен оны әлеуметтік дезадаптацияға әкелетін теріс мінез-құлықтың пайда болуы мен тұрақтауына негіз болатын қайнар көздерді анықтауды міндет етеді. Прогностикалық деңгейде қоғамның қалыптағы мүшелерінің нормаға сай функцияларының жұмысын одан ары жалғастыруы мақсатында бар жақсы жағдайларды жасау қарастырылады. Әлеуметтік – психологиялық қиындықтардың алдын-алу мен жеңе білу шешімдері жүйелі түрде зерттеледі. Психотерапевтік деңгейде – клиенттің әлеуметтік оптимизімімен, өмірлік тәжірибелерін төмендететін негативті әсерлерді, қоршаған ортаның кері әсерін әлеуметтік жұмыскер қалайша оңтайлы пайдалануға бейімдейді? Ол қандай әдістер мен тәсілдер? Бұл тәсілдер әлеуметтік жұмыскермен қолданылғанымен де оны клиент қалай қабылдайды? Және бұл деңгейдегі бірден-бір көзделінілетін мақсат ол – әлеуметтік жұмыскер бар күш-жігерін, адамдық гуманизімін жұмсап, кәсіби шеберлігін барынша қолданып, клиент бойындағы өзіндік әлеуметтік белсенділігін оятып қана қоймай соны қалыпты жағдайға дейін күшейту болып табылады.

Бұл көрсетілген категориялардың өзі бір деңгейде әрбір әлеуметтік жұмыскердің бойында болғанда қана біз ол – маманды – кәсіби деңгейдегі әлеуметтік жұмыскер дейміз.

Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сипатттамасы дегеніміз – бойындағы бар жинақтаған ілімдерін, гуманистік аспекттегі өзіндік игі істерін, кәсіби сипатына негіздеп, қйын әлеуметтік жағдайларды және қйын әлеуметтік жағдайда қалған адамдар, топтар, қауымдастықтар мәселелерін позитивті шешу жолдарын іздестіретін кәсіби іскерліктер жйынтығын өз бойынан көрсете алатын нағыз маман адамның сапаларын айтамыз.

Әрине, тағы бір ескерер жайт, ол әлеуметтік жұмыскер кәсіби деңгейге жетуі үшін ең алдыменен өзінің адамгершілігін жоғары ұстауы тиіс.

Әлеуметтік жұмыскер кәсіби деңгейге жету үшін, менің ойымша екі сапалық қасиеттерді өз бойына жинақтауы керек.

Біріншісі – ол әлеуметтік жұмыскердің, әрбір адамның табиғатынан берілетін адамгершілік, гуманизм әдептерінің болуы, бұл – әлеуметтік жұмыскердің табиғи сапасы.

Екіншісі – ол өмір тәжірибесі мен ғылым-білім жинауы кезіндегі алған нағыз мамандық кәсіби сапасы.

Әлеуметтік жұмыскердің нағыз профессионал маман дәрежесіне жету үшін осы екі компонент маңызды рөл ойнайды.

Әлеуметтік өмірмен нағыз қоғам өмірі үшін әрине қажеттілігі жөнінен әлеуметтік жұмыскердің табиғи сапасы алдыңғы функцияны атқарады. Өйткені әлеуметтік жұмыскер табиғатынан гуманист, филонтроптық мақсаттағы нағыз қоғам мен адамзат жақсылығы үшін жанын аямай еңбек ететіндей альтруист болуы да шартты нәрсе.

Ал, жиынтықтаған әлеуметтік жұмыс жөніндегі білімдері оның табиғи сапасын күшейтеді, әрі шынайы жақсылықтар жасауға ресми түрде бейімдейді де қоғам өмірін жақсартуға септігі тиер бірден-бір анық бейне, ол – әлеуметтік жұмыскердің кәсіби портретін сомдайды.

Әлеуметтік жұмыскердің осы кәсіптер аясындағы таза бейнесінің қаншалықты қиын екенін біз осы іскерліктер салаларында терең ұғынып сезіне алатынымызды да білдік.

Әлеуметтік жұмыскер таза профессионалдық деңгейде алып қарастырсақ та, гуманистік – адамгершілік тұрғысынан да, іскерліктер аясындағы маман ретінде де алып қарастырсақ та мейлі қоғамдық, яки болмаса басқа да ғылым мен  мамандықтар түрі бойынша ешқандай сала маманымен алмастырылмақ емес.

Және де кәсіби – профессионалдық деңгейге жету, әрбір әлеуметтік жұмыскер үшін борыш болып саналады. Әлеуметтік жұмыс мамандығы  саласында ізденген әрбір ізденуші, әрбір әлеуметтік жұмыскер, әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сипаттамасын оқып білуі де бұл қоғамдық ғылым үшін өте маңызды болып қала бермек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II – БӨЛІМ.  ӘР ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС.

 

2.1. Әлеуметтік жұмыстың әр ғылым салаларымен байланысы.

 

Әлеуметтік жұмыстың әр ғылым саласымен байланысын зерттемес бұрын, әлеуметтік жұмыстың қаншалықты кең көлемді екенін тұспалдап алсақ. Қоғаммен байланысты ғылым болғандықтан барлық дерлік ғылымдар саласымен тікелей байланысты. Әлеуметтік жұмыскер, клиент пайдасы үшін, әрі жағдай талап етсе, юристте, психологта, педагогта және тағы басқа көптеген сала маманы бола алады. Яғни клиент өміріне байланысты ғылым салаларынан керекті білімдерді жинақтап алады. Ал клиент – адам. Ал ғылымдардың бірлігі адамзат, адам баласы игілігі үшін адаммен істелініп, зерттелінетін игіліктер жиынтығы. Мысалға психология адам психологиясының түрлерін типтерін зерттесе, адам мен араласу формаларын жіктесе, әлеуметтік жұмыс үшін маңызы сол мінез-құлық араласу типтерінің жалпы ережелерімен, клиентпен қарым-қатынасқа түсу үшін психология ғылымының жалпы ережелерін білу міндетті.

Тағы бір мысал келтірсек, құқықтану ғылымы – құқықтар мен заңдарды, нормативтік актілерді зерттеп, ережелерге келтірсе, әлеуметтік жұмыскер өз клиентінің мүддесін қорғау үшін, заң жүзінде клиент құқығын дәлелдеп қорғай алуы үшін, шынайы заңға сүйеніп кеңестер мен нақты бағыт-бағдар беру үшін, әлеуметтік жұмыскерге құқықтану ғылымымен де тікелей байланыс орнатуы міндетті саналады.

Қай ғылым саласын алсаңыз да, әлеуметтік жұмыс назарынан тыс қалатын ешбір ғылым жоқ.

Осындай нақты өмір мысалдарымен әлеуметтік жұмыстың басқа ғылымдармен байланысын қарастырып өтсем, әрине бұл жерде әлеуметтік жұмыскердің әмбебап бола білуін ескеруіміз керек.

Әлеуметтік жұмыстың басқа ғылымдармен байланысын зерттеу алдында әр ғылыммен байланысқалы тұрған әлеуметтік жұмыс мамандығының өзіне қысқаша анықтама бере кетсем.

Әлеуметтік жұмыс дегеніміз – заң жүзінде белгіленген құқықтарды өзекті түрде жүзеге асыратын әлеуметтік механизм болып табылатын, сонымен қатар қйын өмірлік жағдайлардағы отбасыларға, топтарға немесе жекелеген адамдарға көмектесу және олардың мәселелерін ( проблемаларын ) шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік рессурстардың негізін тауып, соған бағыт алуға көмек беретін іскерлік түрі.

 

 Әлеуметтік жұмыстың Әлеуметтану ғылымымен байланысы.

 

Әлеуметтану – қоғамды, қоғам тәртібін және ой-пікірін, ерекше топтарын зерттеумен айналысатын ғылым. Оларға: отбасы, балалар, ер адам, әйел адам, қарт адамдар, топтар, қылмыстық топтар іс-әрекеттері . т. б. кіреді.

Әлеуметтану ғылымы, әлеуметтік қызметкерге мәселелерді икемді шешуге, түрлі қоғамдық әлеуметтік феномендерді жете зерттеп түсінуге, түрлі әлеуметтік процесстерді емдеуге қажетті технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Мысалға, әлеуметтік сферадағы маманның негізгі бағдары, ол кез-келген адаммен дұрыс қарым-қатынас жасай білу, проблемалар қаншалықты қйын болса да соны шеше білу, және адамдарды өздеріне тарта білуі және сол адамның әлеуметтік проблемалары, проблемалы құпияларын сол адамның өзі өз еркімен әлеуметтік жұмыскерге аша білуі керек, яғни бұл алдыменен кез-келген адам бойында өзіне сенім ояту, сендіре білуі керек. Дәл осындай функциясы арқылы сол адамды әлеуметтік қауіпсіздікпен қамтамассыз етуі, клиентті соған сендіре білу арқылы, қоғамның жалпы әлеуметтік қорғаныш қабатын түзу.

Ақпарларды, мәліметтерді жинақтап, зерттегеннен кейін, әлеуметтік жұмыскер келесі жоспарды құрастырады:

  • Бұл мәселеге қатысты Социялогия ғылымында қандай технологиялар қарастырылған?
  • Әлеуметтанудан дербес таза әлеуметтік жұмыс тарихи осы типтес проблемаларды қалай шешеді?
  • Социология мен әлеуметтік жұмыс мамандығын біріктіретін ірі компонент – ол қоғам. Ал кез-келген адамдар, қауымдастықтар, топтар сол қоғамды құраушы элементтер, ендеше сол элементтердің әлеуметтік ауруы – қоғам ауруы болып табылады. т. б.

Әлеуметтану ғылымы әлеуметтік жұмысқа қарағанда ерте қалыптасқандықтан, әрі әлеуметтік жұмыс әлеуметтану ілімдері аясында пайда болғандықтан да, Социология білімі, әсіресе тәжірибесі әлеуметтік жұмыс мамандығынан гөрі дәлірек, бірақ ол әлеуметтік жұмысты алмастыра алмайды.

Социология ғылымы – әлеуметтік саладағы таным, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін негізгі ғылым болып табылады.

Әлеуметтік жұмыскер – практик, теорияларды әлеуметтік өмірде жүзеге асырушы, қоғам өмірін зерттеу туралы ілімнің қолданбалы әдістері арқылы Социум проблемаларын шешуді тікелей өзі жүргізетін маман.

Әлеуметтанушы – қоғамның ағымы мен тынысын, күнделікті тұрмысын зерттеп, қоғам ауруларының алдын-алу, болдырмау, әлеуметтік аурулар туындағанда не себепті туындады? Қайсы орта әсер етті деген сұрақтарға зерттеулер жүргізіп, идеялар мен ғылыми болжамдар ( гипотезалар ) түзетін теоретик маман. Яғни әлеуметтанушы көбіне теоретик рөлін ойнаса,  әлеуметтік жұмыскер практик маман ретінде қазіргі біздің қоғамымызда белгілі болып отыр. Қазіргі Қазақстан қоғамы үшін екі мамандық мамандарының да орыны ерекше. Әрі өтпелі кезеңдермен басқа да жаңа қоғамның құрылымындағы негативті әсерлерді жеңе білуде әлеуметтанушы мен әлеуметтік жұмыскер бірлесе жұмыс атқаруы шартты нәрсе.

 

 

 Әлеуметтік жұмыстың Философия ғылымымен байланысы.

 

Жалпы ғылымдар туралы ежелгі Александриялық деректерде, бүкіл ғылымдардың түп негізі болып Философия мен Математика табылады делінген. Бүкіл ғылым атасы болып табылатын философия ғылымының орны әлеуметтік жұмыс үшін де айрықша. Философия мен әлеуметтік жұмыс байланыстары өте тығыз әрі күрделі. Екі ғылымда адамзат баласын өзінің негізгі құндылығы ретінде қарастырады. Әрі адамзат ақыл-ойының даму сатылары, ерекше сапалары философия білімінде жіктелінсе, сол ақыл-ойға сүйеніп әлеуметтік күрделі мәселелерді шеше білу әлеуметтік жұмыс мамандығының борышы мен негізгі міндеті.

Философия мен әлеуметтік жұмыс байланысы бұл өзінің алдына жеке мәселелерді қояды: ол адамның өмірі туралы, оның жас сатылары туралы түсініктер: балалық шақ, бозбалалық, жастық шақ, ересек, кәрілік шақ, т. б.  Адамның жасы әр түрлі формаларда болады: биологиялық, хронологиялық, психологиялық, әлеуметтік. Индивидтің өмірлік циклы, өмір жолы, адамның тағдыры позициясының қалыптасуымен тікелей байланысты. Философия мен әлеуметтік жұмыста жас ұғымы жекелік статус ұғымымен толтырылады.

Әлеуметтік жұмыстың философиясы жаңа өмір бейнесі ретінде көрінеді, әлеуметтік — мәдени қозғалыс адамға деген көзқарастың жаңа типі ретінде қарастырылады. Өркениеттің терең психикалық дағдарысқа философиялық рефлексияда жауап бере білу, адам психикасына әсерімен түсіндіріліп, адам мәселесі негізгі динамика болып табылады.

Әлеуметтік жұмыстың академиялық теориясының сыртқы тенденциясында философиялық терапияның негізгі принциптері де білінеді. Мысалға: әлемнің өзі таза классикалық рационализм, ғылыми білім бәрі де адам ақыл-ойынан туындағандықтан адам мүддесі ең алдыңғы қатардағы мәселелер бастамасы болуы тиіс.

Философия адам болмысы, пайда болуы, гуманистік принциптерімен басталатын ілім болса, әлеуметтік жұмыс сол адам өмірінің күнделікті тұрмыс тіршілігі, өмірдің жақсы болуын тұрақты қамтамассыз етуді мақсат тұтатын ғылым.

Және де қазіргі заманғы тарихтан жаңа әлемге көзқарас принциптерін алу әлеуметтік жұмыс философиясының түсінігі. Адамдар өміріндегі әлеуметтік – мәдени психологиялық өзгерістер, отбасының көмек қажет ететін туыстарына көмек көрсете білуі б т. б.  игілік философиялары да әлеуметтік жұмыстың философиясының игіліктері болып табылады. Сонымен қатар, әлем өмірін таза философиялық классикалық функциянализм пластинкасынан көру, полярлы және сызықтық көріністердің (ориентациясынан ) бағытынан шығу, қозғалмалы ақыл-көңіл-күйді  тыңдауға талпыныс, адамның дайындалуы мен қиналуы тәрізді жағымсыз әсерді болдырмау, адамның әлеуметтік және рухани көмек проблемаларына акцент жасау, урбанизнің радикалды гуманизм элементіне айналуы, көршілік мәдениет жаһандану (глобализация ) үрдісінің күрделі және жекелік кризисінің алдын-алудағы капитулацияға  ( жеңіліске ) қарсылық, осы тәріздес мәселелер тобы екі ғылым мақсаттарының ең айқын әрі ең ұқсас жақтары. Өйткені айналып келгенде екі ғылымның да (әрине басқа ғылымдардың да ) негізгі эпицентрі – адам, адам өміріне ғылым тұрғысынан қарап, оның өмірлік мәселелерін шеше білу жолдарын қарастыру.

 Әлеуметтік жұмыстың Психология ғылымымен байланысы.

 

Психология да әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты пән. Әлеуметтік жұмыскердің, әлеуметтік қызметтердің жұмысы және оларды ұйымдастыра білудің дұрыс тәсілдері және әрбір әлеуметтік жұмыскердің өз кәсіби парыздарын орындау үшін де белгілі бір психологиялық сауаттылық сатысы керек.

Жоғарғы психологиялық білімнің қажеттілігі осыларға байланысты: біріншіден әлеуметтік жұмыскер психологтармен, психотерапевтермен тіл табыса білуі қажет, екіншіден әлеуметтік жұмыскер ол әлеуметтік проблемамен психологиялық және психиатрлық проблеманы ажырата білуі керек. Соған байланысты клиентті белгілі бір маманға қарай бағыттауы тиіс. Үшіншіден көмекті қажет ететін адамға біріншілік әлеуметтік көмекті көрсете білу. Төртіншіден психологиялық проблемамен ұшырасқан адаммен жиі араласып, әлеуметтік жұмыскер олармен дұрыс психологиялық қарым-қатынас орната білуі басты мәселенің өзектісі.

Әлеуметтік жұмыс практикасында орталық орындардың бірін клиентпен жекелік ( индивидуалды ) жұмыс алып отыр. Әлеуметтік жұмыскер адамдардың қате іс-әрекеттерімен жиі кездеседі, әрі бар жұмысының құрылымы да былайынша алғанда осы мәселе төңірегінде болады. Әлеуметтік жұмыскер өздерінің физиологиялық қалпына байланысты, қоғам топтарының көп өкілдерінен нұқсан келіп отырғандықтан өз проблемаларын шеше алмайтын адамдармен де жиі кездеседі. Оларға  бар гуманизммен қарау әлеуметтік жұмыс пәнінің негізгі алға қойған мақсаты, әрі олардың қалпына келуі мүмкін функцияларын қалпына келтіру бұл пәннің басты мәселесі.Көбінде оларда психика сферасында түрлі: агрессия, депрессия, аутизм, және , т. б. жағымсыз тенденциялар байқалады. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыста  өзінің шешімдерін дұрыс қабылдауды білмейтін немесе қабылдай алмайтын адамдар әлеуметтік көмекті қажет етеді. Әлеуметтік жұмыстың объектісі болып, рухани өзгеріс қалпында тұрған адамдар табылады.

Психология ғылымы мен әлеуметтік жұмыс ғылымының да назар аударар ортақ тұсы адамдар психологиясымен, психикасын зерттеп ұғыну, адамдар арасындағы және олардың айналасындағылармен қарым-қатынас түзуін бақылау қажет болғанда түзетіп отыру функциясы.

Психология мен әлеуметтік жұмыстың байланысы олардың екеуі де практикалық ғылым екенінен де айқын білінеді. Олардың екеуінің де әсер ету объектісі бірдей ол – адам. Сонымен қатар адам тек қана әлеуметтік қатынастардың объектісі емес, сонымен бірге субъектісі де болып табылады. Сол кезде әр түрлі өмірлік стратегиялар қалыптасады. Ғылым салаларында, индивид әлеуметтік іс-әрекеттің объектісі болып, қоғамдық және жекелік позицияларға ие. Ол психологияның өзінің өмірлік стратегияларының детерминизациясына байланысынан да көрінеді.

Әлеуметтік іс-әрекеттің субъектісі болып жеке тұлға шынайы (активтілік ) белсенділік көрсетуі мүмкін.

Қорытынды ретінде психология адам психикасын зерттейді, типологияларға бөліп қарастырады. Ал, әлеуметтік жұмыс әрбір жұмысын адаммен жүргізгендіктен, адам психикасынан хабары болуы үшін де психология тәрізді ғылыммен өзара тығыз, біртұтас біріге жұмыс істейді.

 Әлеуметтік жұмыстың Экология ғылымымен байланысы.

 

Әлеуметтік жұмыстың экологиямен байланысының қос фокусировкасы бар: адамға да, қошаған ортаға да қатысты болғандығы, әрі одан да кең мағынасыда адам және табиғат. Оның экологиялық мәнін көрсетеді. Ол адам мен табиғаттың арасындағы қатынастың моделін айқындауға көмектеседі. Ол үшін тек қана социологиялық, психологиялық, философиялық емес, сонымен қатар, географиялық, биологиялық білім қажет. Соңғысы адам организмінің қалай жұмыс істейтінін, генетикалық қабылдауға және іс-әрекетке әсерін түсіндіреді.

Экология – табиғат анамыз туралы білім саласы, ал адам сол табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат бар жерде – адам бар, адам бар жерде – табиғатта бар. Бұл бір-бірінен ажырамас екі ұғым. Барша ғылым – адамзатқа тәуелді болса, ал адам табиғатқа тәуелді. Жалпы алғанда әлеуметтік жұмыс көбіне адам психологиясының, психикасының өзгеруі табиғат құбылыстарымен бірге өзгеріп отырады. Адам  ішінде балығы бар аквариум тәрізді нәрсе деп алсақ өзгеріс динамикасын тез түсінуге болады. Егер аквариум іші таза, үнемі суы жаңарып отыратын балансты болса, ішіндегі балықта қалыпты өмір сүреді, тіршілігін атқарады, егер бәрі керісінше болса дезфункция болатыны айтпаса да белгілі нәрсе. Әрине, адамды мен аквариум ішіндегі балдық деуден аулақпын, бұл түсінікті болуы үшін берген мысалым. Табиғат, қоршаған орта мәселесін дұрыс шешпей, ең алдыменен біз басқа, мейлі әлеуметтік, мәселелерді дұрыс шеше алмаймыз деген ойымның жұрнағын түсіндірмекші болғаным еді. 

Республикамыздағы экологиялық апат аймақтарында әлеуметтік ахуал қиындай беруі осы мәселені өзектендіре түседі. Жалпы алғанда бұл мәселе бір адам немесе жекелеген топтар мәселесі емес, бүкіл адамзат үшін маңызды мәселе. Экологияның бұзылуы себебінен адамдар түрлі аурулар мен патологияларға ұшырауы жан түршігерлік көріністерге әкеледі. Әлеуметтік проблемалар шоғыры ұлғаяа түседі. Міне осының бәрін оңтайлы шеше білу әлеуметтік жұмыстың да, экология ғылымының да, бүкіл ғылымның алдына қойылған үлкен жауапкершілік іс. Бүкіл қоршаған әлеуметтік стерстен құтылу үшін табиғатқа серуенге шығу бізге қандай керемет әсер берсе, қоршаған орта табиғатты аялап қорғай білу де дәл сондай жағымды әсер қалдыруы керек екенін ешуақытта ұмытпауымыз тиіс.

Міне экологияның әлеуметтік ғылымдар салдасында да, басқа ғылымдар саласында да әруақыттағы маңызды рөлі туралы негізгі ілімдермен қарулану әлеуметтік жұмыс маманы мен қатар басқа сала ғылымдарының да  білуі шартты нәрсе.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыскер адамзат проблемаларымен айналысқандықтан, адамзат – табиғаттың бір бөлшегі болса, экология аясындағы проблемалар бұл – адамдар проблемасы, ал адамдар проблемасының коррекциялау жолдарын қарастыратын маман – әлеуметтік жұмыс маманы болып табылады.

 Әлеуметтік жұмыстың Конфликтология ғылымымен байланысы.

 

Әлеуметтік жұмысты қарастырғанда конфликтологиядағы, әсіресе, әлеуметтік конфликтерге соқпай өту мүмкін емес. Себебі, әлеуметтік жұмыс кәсіби іскерлік түрі және әлеуметтік институт ретінде өзінің теориялық мықты базасынсыз, өзіндік әлеуметтік теорияларынсыз, ғылымдық гуманитарлы немесе нақты консептуалды материалынсыз өмір сүре алмайды. Берілген іскерліктің интегративті күші ретінде әлеуметтік жұмыс әр түрлі теориялар парадигмасына сүйенеді. Қазіргі әдебиеттерде әлеуметтік жұмыс концепциясының, әрі іскерлік мәні мен мазмұнын түсінуде мысалға, орыстың әлеуметтік жұмыс саласындағы маманы Л.Г. Гуслякова  әлеуметтік жұмыстың төрт парадигмасын көрсетеді: » радикалды – гуманистік «,  «радикалды – құрылымдық «, » интерпретативті «, және » функционалистік «.

Қазіргі әдебиеттегі бағыттар әлеуметтік жұмысты клиенттің әлеуметтік, экономикалық және психологиялық мәселелерін шешуге бағытталады. Факт жүзінде әлеуметтік жұмыс – түрлі конфликтерді шешуге, әлеуметтік, топтық , тұлғалық жүйедегі қарама-қайшылықтар мен » істен шығу » функцияларын қалпына келтіруге тырысатын іскерлік түрі.

Бұл тұрғыдан қарама-қайшылық, әсіресе конфликт, әлеуметтік жұмыста қолданылатын, тез арада оптимизациясын талап ететін негативті – деструктивті әсер.

Конфликттің осындай түсініктері әлеуметтік жұмыста әлеуметтік жұмыс мәнін конфликттік парадигмада көре білумен анықталады.

Әлеуметтік жұмыста конфликт төмендегідей бірнеше деңгейде түсіндірілуі мүмкін:

  1. Конфликт фундаментальдік әлеуметтік теория ретінде әлеуметтік жұмыскер іскерлігіне методологиялық база болады, рефлекцияға бағытталған нүкте, қоғамдағы конфликт орнын, әлеуметтік өзара іс-әрекет ету нәтижесі деп түсінуге болады. Бұл әлеуметік қарым-қатынасқа түсудегі өзара негативті әсерді нақтырақ ұғуға көмектеседі.
  2. Конфликт, ортаңғы деңгей теориясы ретінде – әлеуметтік жұмыскерге шынайы әлеуметтік қарама-қайшылықтары мен конфликтердің анализіне осы немесе басқаша конфликттер теориясын ыңғайлы қолдануға бағыт береді.
  3. Конфликт, профилактиканың ( алдын-алудың ) көптеген технологиялары ретінде, конфликтті реттеу мен басқарудағы диагностика әдістері түрінде де түсіндіріледі.

Әлеуметтік жұмыскердің мәселелі әлеуметтік конфликтті түсінудегі бірінші қадамы, конфликтті әсерлесудегі алғашқы қадамы, конфликт түсінігімен анықтамасы болуы керек. Бұны істеу оңай емес, қарама-қайшылық пен конфликтті интерпретациялайтын көптеген теориялар бар. Көбіне конфликт екі формада болуы мүмкін: Біріншісі; – қызығушылықтары мен көзқарастары қақтығысып қалған топтар оданда әрі құрылымдар арасында кездесетін, екіншісі, – адамдар бір-бірімен белсенді күреске түскенде яғни, конфликт ұғымына субъекттер арасындағы қақтығыс жағдайын жатқызамыз.

Әлеуметтік жұмыскер конфликтті нақты анықтап, зерттегеннен кейін өз жұмысын жүйелі ары қарай жүргізе береді.

Әлеуметтік жұмыскер қақтығыстарда екі бағытты ұстануы мүмкін: клиенттің конфликтті жағдайға араласқанда, оны сәтті жеңе білуіне нақты жағдайлар жасай білнтін тұлға ретінде; Субъекттер арасындағы конфликтті жағдай оптимизацияларын ұсынатын дәлел ретінде;

Екі жағдайда да әлеуметтік жұмыскер – өзіндік байланыс түрінде, – қоғамның клиентке қатысты көзқарасын қалыпқа келтіруші дәлел ретіндегі өзіндік спецификасы бар гуманист – компрамисті маман болып қалады. Және бір ескерер жайт, әлеуметтік жұмыскердің кәсіби іскерлігі конфликт қоршауында екі жағдаймен күрделенеді. Біріншіден, конфликт әруақытта объективті емес, сол себепті оны  алдын-ала болжау мүмкін емес. Конфликттің туындауы мен спецификасы оған қатысатын субъекттер ерекшеліктерімен түрліше айқындалуы мүмкін. 

Екіншіден, екі немесе оданда көп субъекттер қатысатын конфликтті жағдаятта әлеуметтік жұмыскерге әлеуметтік конфликтке өзі де кірісіп кетпес үшін, өз басын сақтай білуі мен рөлдерді дұрыс бөле білу функциясы әлеуметтік жұмыскер іскерлігін едәуір қиындатады. Бұл екі ситуацияда қолданылатын іскерлік, өз эмоционалдық ұстамдылығын ұстана білу конфликті жағдайдың оң шешілуіне өз әсерін тигізеді.

Осы тәріздес әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік конфликтпен арақатынастарын дұрыс ажырата білу ілімдерін терең білуі қажет. Сол себепті де мен әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік конфликтологиямен байланысын қарастыра кеткенді жөн көрген едім.

Әлеуметтік жұмыс пән ретінде де, кәсіби іскерлік түрі ретінде де қоғамдық философия, психология, экология және әлеуметтік конфликтологиямен тығыз байланысты болатынын мен қысқаша түсіндіре алдым деп ойлаймын. Әрине әлеуметтік жұмыс басқа ғылым салаларымен де тығыз байланысты екенін білгенімізбен де әлеуметтік жұмыстың өте тығыз байланысты деген осы ілімдер жүйесімен байланысын сәлде болсын кеңірек қарастыруға тырыстым.

Әр ғылым саласымен байланысында да әлеуметтік жұмыскер өз рөлін айқын білуі, әрі ғылымдар ішінде шатысып кетпеуі, әрбір әлеуметтік жұмыскердің өзіндік кәсіби шеберлігі болып қала бермек.

 

2.2. Әлеуметтік жұмыс қызметкерлерінің қоғамдағы орны.

 

Қазақстан қоғамы жаңаша сипатқа ие бола бастады. Қоғамның структурасы жаңарды. Экологиялық – әлеуметтік бағдар өзгерді. Бұрынғы жоспарлы экономикалық формациядан – нарықтық экономикалық формацияға ауыстық.

Әрине, бұл қоғамдық тенденция тек позитивті әсерімен ерекшеленбейді, әсіресе өтпелі кезең экономикасы Республикамыздың әлеуметтік ахуалын кәдімгідей тұралатып тастады. Жұмыссыздық, кедйшілік және көптеген жағымсыз әлеумпеттік проблемалар өзектілене түсті. Осынау күрделі мәселелерді шешуде әлеуметтік жұмыс мамандығы айрықша рөл ойнайды.

Жас мемлектіміздегі жас мамандық әлеуметтік жұмыстың жас мамандары алдында көптеген күрделі мәселелерді шешу мен  олардың алдын-алу профилактикасы тұр.

Қазақстан әлеуметтік жұмысы енді қалыптасып келе жатқан білім саласы. Өзінің кемшіліктері мен артықшылықтары да бар, ол туралы келесі беттерде сөз болады. Қоғам өмірін реттеу мәселесін қарастыратын білімдер саласы өте үлкен болғанымен, оның ең маңыздысы, әрі әлі эмперикалық жүзеге асыру функциясы мен көзге түсетіні де осы әлеуметтік жұмыс мамандығы. Енді қоғам өмірінің шиеленісін қалыпқа түсіру мақсатында әлеуметтік институттар: әлеуметтік жұмыскерлерді даялай бастады.

Қоғамымыз көп салалы әрі өрнегі өте күрделі болғанымен, әр мамандықтың иелерінің қоғамда өз орыны, өз мәртебесі болады, әрі ол актуалды мәселелерді шешумен көрінсе, іскерліктің білінуі нақты іс шараларды жүзеге асыуымен анықталады. Оған тағы бір себеп, сол қоғамның өзінің де сұраныстарына байланысты. Біздің қоғам алдындағы тағы бір сәйкессіздік информация, сол сұраныс пен ұсыныстардың үйлеспеуі. Мысалға Қазақстан қоғамында белгілі бір салаға мамандар көп шоғырланса, керісінше, кей салада мамандар зәрулігі білініп тұрады. Және біздің кадрлар даярлауымыздың бір кемшілігі қажет мамандықтар мамандарының жетіспеушілігі, кей сала кадрларының даярлану көлемі өте аз, ол әсіресе техникалық кәсіптер аясында да білінуде де, қажетті болса да мамандар саны өте көп мамандықтар кадрларының көптігі, әсіресе гуманитарлық мамандықтар мамандарын мысалға келтіруге болады. Егер де мамандар көп болғанымен, нәтижесі аз болса, кері пропорция мамандық престижі төмендейді. Ал мамандар аз болғанымен, қоғам сұранысы сол мамандарға зәру болса бұл сәйкессіздігінің өзі қоғамның әлеуметтік ауруларын күшейтеді.

Әлеуметтік жұмыс мамандығына да заман талабына сай, қоғам сұранысы өте жоғары, бірақ, әлеуметтік жұмыскерлер саны аз болуы, біздің қоғамымыздың әлеуметтік қорғаныс сферасының әлсіздігін әрі қорғансыздығын көрсетеді.

Қай кезде болмасын әлеуметтік жұмыскерлер орны айрықшы болған, өйткені ол мамандық қоғаммен тікелей араласып, негативті әсерлерді жеңіп, қоғам өмірін жақсартуға терін төксе, қоғам дегеніміздің өзі – шынайы өмір.

Осылай абстракциялық ойлаумен – ақ әлеуметтік қызметкерлер функциясының маңызды екенін сезе аламыз. Ал оның мәртебесі істелінетін жұмысының шеңберінің кеңдігімен, атқарылатын еңбегінің нәтижесімен тікелей анықталады.

Ал егер солай болса, әлеуметтік қызметкер қоғамда арнайы реттеушілік функцияға ие, әлеуметтік – өмірлік проблемалардың шешілу жолдарын, мәселені болдырмау алдын-алу шараларын ұйымдастыруы арқылы қоғамда алар орны мен мәртебесінің биік тұрғанын айқындайды.

Бірақ өкінішке орай қазіргі қоғамымызда әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қызметкерлердің кедейшілік пен әлеуметтік жайсыздықтармен дұрыс күресе алмауы, күресу жолдарын қарастырып, шешу шараларын жүргізгенмен еш дұрыс нәтижеге жете алмауы,  мамандық престижін төмендетіп, әлеуметтік қызметкерлерге леген кері көзқарасты тудырады.19          

Солай дегенімізбен де қазіргі кезде әркім өзінің өмірі мен мүмкіндіктерін көптеген әлеуметтік қызмет мекемелері мен олардың әлеуметтік қызметкерлерінің көмегінсіз елестете алмайды. Міне осыдан, қанша жас болса да әлеуметтік жұмыстың өзіне әлі де жүз жылы толмаса да – әлеуметтік қызметкерлер топтарының санының ұлғаюы, әлеуметтік жұмыстың қажет болса жыл сайын жаңарып отыратын функцияларымен олардың көмегіне деген қоғам сұранысының өсуі – мамандық қажеттілігі мен маңызын ашады. Бұдан келіп әлеуметтік қызметкерлер престижі мен мәртебесінің өсе беретініне көзіміз әбден жетеді.

Қоғамның өзін күнделікті өміріміз деп алсақ, жалпы өмірдің өзі жамандық пен жақсылық, әлсіздік пен әлділік, арамдық пен әділдіктен тұратындығын мен ғылымның да, діни көзқарастардың мойындайтынын да білемін. Ендеше осы негізгі екі күшті негативті және позитивті күштер деп қарастырып өтсем.

» Өмір – қоғам » – негативті әрі позитивті күштердің таласы, бірде кері күштер көп көрінсе, кейде жағымды күштер асып түсіп жатады. Ал қоғам өмірі, негізінде осы екі күштің өзара тең дәрежедегі байланысты күйінде тұрса, ол қалыпты болады яғни адамдар өмірінің кәдімгі бейнесі шығады. Ал егер негативті күштер басымдық көрсетсе әрбір адам өмірі көп жағдайда қиындап күрделене түседі, міне осы кезде адамзат пен қоғам өмірін қалыпты жағдайға түсіру, қиын жағдайда қалғандарға өз көмегін тигізетін арнайы адамдар тобы керек. Бұлар мамандар – бұлар әлеуметтік жұмыскерлер. Міне әлеуметтік жұмыскердің басты функциясы қоғамның жайсыздықтарын шешу мен әрбір тығырықта қалған адамға көмек бере білу. Менің әлеуметтік жұмыскерлерді бұлайша философиялық аспектте көруіме, кей ғылымдардың » әлеуметтік жұмыс дегеніміз – діни қайырымдылықтың жоғарғы қоғамдық қазіргі заманғы варианты » – деген пікірлері әсер еткен. Бірақ ғылым көбіне  негізгі екі түрлі позициядан тұрса, бірі сол пікірмен келіссе, екіншісі келіспейді, яғни бұл ғылым заңдылығы, кей ғылымдар бұл пікірді теріске шығарады. Әрине, екі түрлі пікірді құрметтегенімізбен де, шындығында діни қайырымдылық пен әлеуметтік жұмысты бұл жердегі біріктіретін мақсат ол – альтруистік әрі гуманистік мақсаттардың қойылуы. Басқалай негізгі параметрлері  бойынша – міндеті, әдістері мен құрылымында, орындаушы жұмыскерлерді даярлау мүдделеріндегі айырмашылықтар шынымен-ақ түрліше болып екіге жарылады.

Ғылымның қай қарасақ та, қоғам өмірінің реттеу функцияларына араласып, адамзат өмірінің жақсаруы мен оның мүдделері үшін күресетін әлеуметтік жұмыскерлердің позитивті белсенділіктерін, қоғам құрылымындағы басқа ешбір мамандықтар мен функциялар, қоғам қызметінің түрлері алмастыра алмақ емес. Өйткені, басқа ғылым салалары өз бетінше, ал әлеуметтік жұмыс өз бетінше – айрықша функцияларға ие екенін әруақытта ескеруіміз керек.

Әлеуметтік жұмыскердің қоғамдағы мәртебесін анықтап, орнының мығымдануына жекелей – психологиялық белгілерінің қалыптасуы да, мамандық талаптарына сәйкес келетін кәсіби сипатының жетілуі де, әсіресе клиенттермен байланыс орната білу, клиенттер мүддесін қорғау, әртүрлі мамандық өкілдерімен тіл табыса білу, кей жағдайда ресми және бейресми лидер рөлін ойнай алуы да ерекше әсер береді.

Негізінен алғанда әлеуметтік жұмыс гуманитарлық және демократиялық принциптер базасында пайда болып, барлық адамзаттың адамдық құқығын, құрметтеуге,  құндылықтарын дәріптеуге, теңдікті құрметтеуге негізделіп құрылған. Ал әлеуметтік жұмыс практикасы адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға, адам потенциалының дамуына жағдай жасауға тұрақталады.

Адам құқығы мен әлеуметтік әділдік принциптері әлеуметтік жұмыстың пайда болуының айғағы мен себебі бола алады. Зардап шеккен азаматтармен ынтықмақтасуы арқылы әлеуметтік жұмыс өзінің алдына кедейшілікті жұмсарту мен әлсіз әлеуметтік топтарды қосылудан қорғу арқылы оларды әлеуметтік өмірге қалыпты бейімдеуді мақсат етеді.

Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс  Қазақстанда кәсіби – іскерліктің спецификалық түрі болып қалыптасуды, әрі қоғамымыздың сұранысы сәлде болсын реттеле бастады. Бүгінде жоғарға оқу орындары, соның ішінде біздің Университетімізде кадрлар даялауда, және біз осы Университеттің әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша алғашқы түлектері болмақпыз.

Бұл қоғам келеңсіздіктерін реттеуге бағытталған, халыққа әлеуметтік қызмет көрсетілуінің сапасын жоғарлату мақсатында жүргізіліп отырған мемлекеттік стратегияның бір компоненті. Қоғамымыз үшін маңызды орын алатын біздің мәртебелі мамандығымызға деген сұраныс-ақ әлеуметтік жұмыскерлердің қоғамда ерекше орынға ие екенін көрсетеді.

Қоғам құрылымындағы деформацияларды реттейтін әлеуметтік жұмыскерлердің әлемдік кәсіби этикалық кодексі – біздің негізгі бағдарымыз бен сүйенетін құжатымыз болмақ. Қазақстандық әлеуметтік жұмыста, осы кодекске сүйене отырып алдына төмендегідей мәселелерді мақсат етіп алды: ( практикалық есептерінің бағамы ):

  • Қызмет түрлерін қолданатын әрбір азаматтың мүдделері мен

Құқықтарын қорғау;

  • Қызмет түрін қолданушылар сеніміне кіру;
  • Қызмет түрлерінің қолданушыларының тәуелсіздіктеріне мүмкіндік беру;
  • Олардың құқықтарын құрметтеу, олардың мінез-құлықтарының өзіне де қоршаған ортаға да залалы тимейтініні де кепілдеме болу;
  • Әлеуметтік қызмет көрсетулер халық арасында сенімге ие болуы керек;
  • Жұмыс сапасына жауап беру; Өз білімдерінің дәрежесін үнемі көтеріп отыруға мүдделі .т. б.

        Осының бәрін ескере отырып нақты шаралардың қоғамдағы орнын, ұйымдастырушылық істерімен де айналыса алатын көп салалы маман ретінде де анықтап береді.

Әлеуметтік жұмыскер қоғам ауруларын емдеудің прототивті шешу жолдары жоқ болса да жаңаша шешу әдістерін таба алуы тиіс. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби парадоксы ол – әр уақытта игі істерді атқаруы тиіс, бірақ оны қалай қамтамассыз етеді ол содан кейінгі мәселе. Адам өміріне араласуы арқылы ол бір жағынан елеулі өзгерістерді қамтамассыз етеді, екіншіден сол клиенттің өзінсіз де сәтті өмір сүруіне жағдай жасайды. Қоғамдағы әлеуметтік жұмыскерлердің орны осындай проблемалар жүйесін қалай тиімді шеше алады соған байланысты анықталады. Осы мәселелер жиынтығын шешу үшін әлеуметтік жұмыскер көптеген профессионалды рөлдерді ойнайды, атап көрсетсек мыналар:

Клиентті анықтағыш –– бұл әлеуметтік жұмыскер, кризистік ситуациядағы адамдарды, топтарды, соларға жайсыз тиіп отырған қоршаған орта жағдайларын анықтайды;

Делдал ( Буфер ) –– бұл әлеуметтік  жұмыскер, екі адам арасындағы немесе жеке адам мен топ арасындағы немесе топ пен топ арасында болып, араларындағы конфликттік ситуацияны шешуге мүдделі болып клиенттермен бірге жұмыс атқарады.

Бағалаушы –– әлеуметтік жұмыскер, адамдар, топтар, қауымдастықтар проблемаларын бағалайды, дұрыс жауап қабылдауға көмектеседі;

Мобилизатор –– әлеуметтік жұмыскер, адамдар немесе топтар проблемасын шешуді іске асыратын адамдарды таңдап, шешілу жолдарын ұйымдастырады. Мобилизация индивидуалды түрде жүзеге асуы мүмкін;

Ұстаз –– әлеуметтік жұмыскер, ақпар беруші немесе әлеуметтік білімдер таратушы, өз тарапынан адамдар мен топтар мінездері мен стереотиптерін зерттеп, соған өзгеріс ендіріп, адамдардың өз ақылымен шешім қабылдау қасиетін дамытуды жүзеге асырады;

Консультант –– әлеуметтік жұмыскер, басқа агенттер мен жұмыскерлер мен жұмыс істеп, олардың клиенттермен дұрыс жұмыс істей білуі мен проблемаларын оң шешуге септігін тигізетін кеңес беруші;

Бұл барлық профессионалды рөлдер негізделіп қалған емес, әрбір жаңа жағдайларда өзгеріп отырады. Олардың іскерлігінің сәтті жүзеге асуы үшін алдын-ала іскерліктің негізгі құндылықтары мен мәнін дұрыс түсіне білу керек. Орыс оқымысты-ғалымдарының айтуынша іскерлікті дұрыс меңгеру үшін, үрдістің ақыр аяғында не болады, бәрі не үшін істеледі деген сұрақтар жауаптарын анық білу керек. Сол себепті мынаны естен еш шығармау керек:

  • Әлеуметтік жұмыс –– жақсылықтардың төмендеген ахуалын көтеруге байланысты қолданылатын, көмектесуші мамандыққа жатады.
  • Әлеуметтік жұмыс –– бұл ғылым мен өнердің қолданылу үрдісінде, рессурстардың қайта туындалу немесе сол үрдіс нәтижесінде пайда болған құймасы.
  • Әлеуметтік жұмыскер –– жаңа шынайылықты қалыптастырады, сол себепті ол өз кезегінде өз іс-әрекеттеріне жауап беретін әлеуметтік экспериментатор. Қате іс-әрекеттерді байқаған тұстарда, корректировка істеу, ол тарапынан түзету әлеуметтік жұмыс үшін маңызы ерекше зор іскерлік.
  • Әлеуметтік жұмыскер –– әрқашанда оның іскерлігі нақты әлеуметтік ортада қалыптасқанын, ол мәселелер жүйелік сипатқа ие екенін ұмытпауы керек.

Мемлекеттің, қоғамның және клиенттің көзқарастары көп жағдайда қарама-қайшы келуі мүмкін. Сондай ситуацияларда әлеуметтік жұмыскер ең алдыменен – клиенттің, содан кейін – қоғамның, содан кейін – мемлекеттің мүддесін қорғауы, профессионалдық іскерлік көзқарасы бойынша бұлжымас шарты екенін де ескеру керек. Ал, әлеуметтік жұмыскер жұмысының сәтті болуы үшін барлық қоғамдық келіссөзге барады, бұл әлеуметтік ситуациядан шыға білу – әлеуметтік жұмыскерге қоғамдағы компромисстік реттеуші орынын береді. Қоғамымыздың әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері әлеуметтік жұмыс мамандығына қоғамдағы орнын айқындауы үшін нақты мақсаттар мен міндеттер қояды. Қоғам өміріндегі әлеуметтік жұмыстың мәртебесі де соған қарап анықталады. Соның ескере келе Қоғамдағы әлеуметтік жұмыстың мақсаты –– тұлғаның әлеуметтік, психологиялық және физикалық жайлылығына жету болып табылады.

Әлеуметтік жұмыстың көмектер жүйесінің моделі екі ұйымдастырушылық типінен тұрады:

Біріншіден, Индивидтің қоршаған ортасының өзгеруінен,

Екіншіден,  клиенттің өзіне, онымен қалыптасқан әріптестік қарым-қатынастар мен фасилитация тәсілі көмегі арқылы әсер ету.

Фасилитация –– көмек түрі, тұлғаға өзі шеше алмайтын қиындық пен апатия туындағанда қиындығын жеңілдетуге, шешу жолдарын қарастыруға негізделеді.

Әлеуметтік жұмыскер – әлеуметтік аурумен жұмыс істейді. Әлеуметтік жұмыскердің негізгі тапсырмасы –– халықтың бейімделе алмаған топтарының бейімделуі мен қалыпқа түсуіне көмек беру.

Әлеуметтік жұмыскердің негізгі жұмыс атқаратын клиенттері, көбіне халықтың мына топтары болуы мүмкін:

  • Жұмыссыздар;
  • Көп ауырғандық салдарынан қоғамға бейімделу қабілетінен айырылған адамдар тобы, және олардың туыстары;
  • Пенитенциарлық мекемелерде болуы себебінен қоғамға бейімделу қабілетінен айрылғандар;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар;
  • Посттравмалық стресс қатерінен зардап шегуші жандар мен олардың жақындары;
  • Балалар үйінде тәрбиеленген немесе жабық тәрбие беру мекемелеріндегі балалар, сонымен қатар, ассоциальды немесе антиәлеуметтік отбасынан шыққан балалар;
  • Деструктивтік культтерде болуы себебінен дезадаптацияланған жандар;
  • Зейнеткерлер;
  • Теріс-мінез-құлық білінген балалар мен жасөспірімдер; ( наша, алкаголь өнімдерін қолданушы, суицидтік қателерге барған «қауіп топтарындағылар», делинквентті кері әсерлі мінез-құлқы мен әрекеті білінгендер )

Әлеуметтік жұмыстың негізгі принципі клиентке нақты көмек көрсетумен қатар, оған иждивендік бағыттан шығып өз проблемасын өзі шеше білуге үйрету.

Әлеуметтік жұмыскердің клиентпен өзара қарым-қатынасқа түсіуінің үш функциясын атап көрсетуге болады:

  • Тәрбиелік ( мінез-құлқын тәрбиелей білу мен моделдей білу әдістеріне үйрету );
  • Клиентпен топ атынан адвокат бола білу функциясы;
  • Фасилитативтік;

Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс мамандығы аясында Менеджмент ілімдерінің де араласа жүретінін ескерсек, басқарушылық функциялары да шығады: мақсат белгілеу, жағдаят анализі, проектілеу, жоспарлау, моделдеу мен құрастыру, шешім қабылдау,  ұйыммен шешім қабылдаудың атқарылуы, коммуникация, нәтижелерді бақылау мен бағалау, рефлекция мен коррекция .т. б.

Әрине біз белгілі бір қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуде басқс да мамандықтардың өз орыны бар екенін білеміз, бірақ қоғам өмірінде тәрбиелік, қоғам ауруларымен күресетін, әлеуметтік жағдайдың тұрақтылануына өз еңбегін қосатын, клиенттер мүддесін қорғайтын адвокат рөліне, мобилизатор, ұстаз түзетуші, қоғам ахуалының жағдайын бағалайтын әлеуметтік жұмыс маманы – әлеуметтік жұмыскердің қоғамдағы маңызды әрі басқа ешбір сала маманы толығымен алмастыра алмайтынына өзіндік «мәртебесі» мен «орыны» бар екеніне көз жеткізуге тырыстық.

Ал әлеуметтік жағдайдың тұрақтыланып, қалыпқа түсуі мен әлеуметтік жұмыс іскерлігінің нағыз кәсіби сипатқа жетуі әрбір әлеуметтік жұмыскердің әрдайымғы естен шығармас борышы екенін әрбір Қазақстандық әлеуметтік жұмыскер жадында ұстаса нағыз әлеуметтік позитивті жетістіктерге біздің қоғамымыздың да жетеріне сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Әлемдік деңгейдегі тәжірибемен  қарастырсақ, ешбір елде, ешбір мемлекетте әлеуметтік жұмыскерлер көмегінсіз, ешқандай әлеуметтік бағыттағы бағдарламалар дамуы да, әлеуметтік мемлекеттің саясаты да дұрыс жүзеге аспайды. Бұл сала аясындағы мамандар түрлі заңдық акттілер қабылдағанда, даярлағанда эксперттер есебінде жұмыс атқарады, билікті жергілікті органнан бастап қоғамдық ұйымдарға дейін әлеуметтік жұмыскерлер ойымен санасады.

Әлеуметтік жұмыскердің пән болып қалыптасуы ол қоғамдық феномен. Бұл феноменнің туындауына қоғамның нақты әлеуметтік, тұрмыстық, саяси, т. б. қажеттіліктері оңтайлы әсер етті. Егемендік жариялаған Қазақстан Республикасы да, сонымен қатар бұрынғы посткеңестік мемлекеттер де көптеген әлеуметтік проблемаларға тап болды. Ал сол проблемалар жиынтығын позитивті шешуге, әрі қоғамдағы әлеуметтік іскерлік қызметтерінің жүзеге асуына тікелей қатысушы. Әлеуметтік жұмыскер статусы анықталып, жеке мамандық болып бекіді. Соған қатысты Қазақстанда, » Қазақстандық әлеуметтік жұмыс мектебі » құрылып, әлеуметтік жұмыс саласының мамандарын даярлай бастады. Әсіресе, әлеуметтік мемлекеттерде әлеуметтік жұмыскер негізгі маман саналады. Қазақстан Республикасы да әлеуметтік мемлекет орнатқаннан кейін, әлеуметтік жұмыскер мәртебесі де біздің мемлектте көтеріле түсері хақ. Ал, әлеуметтік жұмыстың тиімділігінің өзі мемлекеттің әлеуметтік құрылымына байланысты болса, біздің қоғамымыздың дамуы да әлеуметтік проблемалар жиынтығын шешкенде дұрыс бағытпен өсері анық. Әлеуметтік саясат –– ең бірінші кезекте, халықтың тұрмысының жақсаруымен өмір сүрудің жоғарғы деңгейіне жетуді көздеуі керек, сонымен қатар солардың талпыныстарын әлеуметтік өрлеуге жетелеу. Дәл осындай саясат – әлеуметтік мемлекеттің айқын белгісі.

Тағы да кеңірек тоқталсақ Қазақстан Еуро Азиялық мемлекет ретінде, Конституцияға сәйкес әлеуметтік нарықтық экономикалық формацияны таңдайды.

Әлеуметтік – нарықтық формация – еркін, экономикалық тиімді және әділ құрылымдағы әлеуметтік саланы таңдайды. Оның негізгі мақсаттары:

          Әлеуметтік инфроқұрылымның аяларының дамуы, әлеуметтік қорғаныс жүйелерінің қалыпқа келуі. Біздегі әлеуметтік жұмыстың дамуындағы негізгі проблемалар ( мәселелер ):20

  • Әлеуметтік жұмыстың тиімділігін көтеруге, және мекен-жайға көмек көрсетуші әлеуметтік жұмыстың жүйесін қазіргі заманға бейімдеу;
  • Тұрмысы төмен отбасыларға тұрмыстық көмек көрсете білу механизмін жаңаландыру;
  • Тұрмысы төмен зейнеткерлер мен халықтың басқа әлсіз топтарына төленетін төлемақыны жалғастыру, арнайы қалалық және ауылдық жәрдемақылар; Бұл саладағы Батыс елдері, АҚШ пен Ресей тәжірибелері бізге маңызды әрі пайдалы болар еді.
  • Әлеуметтік жұмыстың – әлеуметтік институт болып институциялануының өзі өзекті мәселе. Әрбір әлеуметтік институт іскерлігінің өзіндік бағытымен, нақты функцияларымен анықталады. Ал әлеуметтік институт ретінде құрылған әлеуметтік жұмыс әрбір маманға нақты функциялар мен рөлдерді бөліп береді.
  • Әлеуметтік жұмыс заңдылықтары мен мемлекеттік әлеуметтік  саясаттың, байланысының, халықтың қоғамдағы әлеуметтік жұмыс мәнін толыққанды түсіне алмауы, т. б.

Әлеуметтік жұмыс маманданған іскерліктің бір түрі, әлеуметтік жұмыс теориялары, объекттің зерттелуіне байланысты. Бұған және де әлеуметтік жұмыстың мынандай кешенді әлеуметтік байланыстары қатысты:

Әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік ақтау (ребилитация), әлеуметтік коррекция, әлеуметтік бейімделу (адаптация), әлеуметтік қорғау;

Әлеуметтік жұмыс, қиын өмірлік жағдайларда қалған адамдар мен топтарға өзіндік өмірлік күші мен потенциалының белсенділігі арқылы өмірлік қиын мәселелерді шешуге көмектеседі.

Әлеуметтік жұмыскер бүкіл әлемде көбінде, бәрінен гөрі қатерге жақын, қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қиын жағдайда қалған, ең әлсіз саналған клиенттер мен клиенттер тобына көмек ұсынады. Кедейшілік тұрғысынан алғанда, бәрінен гөрі әлеуметтік әлсіздер тобы болып мыналар саналады:21

  • Оқымайтын әрі жұмыс істемейтін жастар;
  • Балалар және көпбалалы отбасылар;
  • Ұзақ мерзімді жұмыссыздар;
  • Жалғызбасты жасы ұлғайған адамдар;
  • Мүмкіндігі шектеулі жандар;
  • Маргиналды топтар – тұрғылықты мекен-жайы жоқтар, пенитицарлы жүйе мекемелерінен босап шыққандар, босқындар;
  • Ауылдық мигранттар;

Әлеуметтік жұмыс дифференцияциясы, стратификационды – психологиялық белгілерге негізделген, себебі бұл белгілер балалар мен ересектердің, жастар мен кәрілердің, аурулар мен саулардың, физиологиялық және ақыл-ой еңбегі қызметкерлерінің, мәдени, білімі барлар мен сауатсыздардың, тәжірибелі және тәжірибесіз қызметкер ерекшеліктерін ескереді.

Қоршаған орта контекстіндегі, әлеуметтік – реабилитациялық жұмыстың негізгі түрлері:21 Отбасы ішілік қарым-қатынастардың оптимизациясы.

  1. Үй шаруашылығы ортасындағы қосымша ресурстардың мобилизациясы.
  2. Қолдау жүйелерін дамыту.
  3. Клиентті басқа ортаға тарту.
  4. Жергілікті ұйымдар мен мекемелердің назарын адамдар мұқтаждықтарына аудару.
  5. Клиент құқығын қорғау. т. б.

Міне осы бағыттардың бәрі дерлік бүкіл әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандарға ортақ мәселе.

Алдыңғы мәліметтерден біз әлеуметтік жұмыс мынадай деңгейлерде жұмыс атқаратынын білдік:22 Индивид, отбасылық, топтық, адамдар қауымдастығы; Территориялық және өндірістік белгілері бойынша проблемаларының ұқсастықтары бойынша немесе бүкіл қоғам деңгейінде. Бірақ, көмек көрсету барысында, әлеуметтік жұмыскер, оны көмегі неге бағытталғаны, өзінің іскерлігі барысында, ол не нәрсені көздейді, мақсаты не? Және идеалды жұмыс нәтижесінде қандай үрдістерге жететінін алдын-ала жоспарлап білгені абзал. Дәл осы сұрақтар жүйесі әлі күнге дейін көптеген ғалымдардың дискуссиясына, көптеген күрделі ақыл-ойлық абстракцияларға әкелуде.

Әлеуметтік жұмыстың әлсіз топтармен жұмыс атқаруы кезінде көптеген нақты іс-әрекеттік жетістіктерді даярлауды, ғылыми зерттеулердің тереңденіп зерттелуі, әлеуметтік көмектер жүйесін қалыптастыру, жаңа көмек механизімдерін қарастыру, әдістемелер, процедуралық іс-әрекеттер жиынтығы мен жүйесін іздестіре білу керек.

Әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырылуы кезінде мына негізгі принциптер, іскерлік тұрғысындағы, біртұтас кәсіби бағыттар ескерілуі тиіс:

  • Екі жүйелік, – бүкіл қоғам өмірімен адам өміріндегі берілген мәселелерді қоршаған орта контекстінде түсіну, өмірлік жағдаяттың негізгі түрткі элементтерін анықтау, осылар нәтижесінде әлеуметтік – функционалдық бағыттар мен іс-әрекеттердің негізгі жиынтықтық анықтамасын беру;
  • Ынтымақтастық – әлеуметтік көмек беру мен ұйымдастырушылық өзара іс-әрекет негізінде мемлекеттің, бүкіл қоғамның барлық салалары мен ұйымдары және мекемелерімен сабақтас өзара байланыстың жүйеленуі;
  • Құрамашылық стимулаця – клиенттер бойында иждивендік мінез-құлық қалыптастыратын, әлеуметтік қызмет көсетулердің бар түрінен бас тарту. Және де әрбір әлеуметтік жұмыс саласының маманы осы нақты принциптер жүйесін әруақытта есте сақтауы керек.

Әлеуметтік жұмыс құндылықтары – Халықаралық кәсіби этика кодекстерінде көрсетілетінін мен бітіру жұмысының алдыңғы бөлімдерінде айтып көрсеткенмін. Осы әлемдік этика кодекстерін зерттеу негізінде біз, әлеуметтік жұмыскердің практикалық іскерліктерінің құндылықтарымен байланыстырамыз:

  • Қызмет тұтынушылардың қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау;
  • Қызмет тұтынушылар сенімін оята білу;
  • Қызмет тұтынушылар тәуелсіздігіне оңтайлы жағдай жасау;
  • Олардың құқығын құрметтеу мен қатар оларға, олардың мінез-құлықтары өздерімен, оларды қоршаған ортаға залалсыз екеніне кепілдеме беру;
  • Әлеуметтік қызмет көрсетулер халықтың сенімін оятуы керек;
  • Жұмысының сапасына жауап беру, өзінің білімдерінің деңгейін үнемі көтеріп отыруға міндетті; т. б.

Қазіргі заман қоғамының тұрақты дамуына қауіп төндіріп отырған факторларды әрбір әлеуметтік жұмыскер білуге міндетті болса, сол факторлар жүйесі мынадай болып келеді:

  • Инфроқұрылымға түсетін жүктеме коэфицентінің мөлшерінің ұлғаюы,;
  • Қылмыстың өсуі;
  • Панасыздар мәселесінің күрделінелуі;
  • Мигранттар арасындағы жоспарланбаған отбасылардың өсуі;
  • Тастанды балалардың көбеюі;
  • Қалалардағы толық емес жабық жұмысбастылық, – яғни әлеуметтік жұмыс мамандығының клиенттерінің өсуі – кедейлер, қоғамның әлсіз топтарының туындауы;
  • Қарттар;
  • Қазіргі қоғамдағы теріс мінез-құлықтылар. т. б.

Осы өзекті мәселелер шоғырын шешу жолдары әлеуметтік жұмысты белсенділендіру, жергілікті тұрғындар мәселесін жергілікті әлеуметтік жұмыс ұйымдары мен мекемелерінің масштабында талқылап, позитивті шешімдерін тауып, оңтайлы ықпал ету жолдары болып отыр.

Өтпелі кезеңдегі мемлекеттер алдындағы, соның ішінде Қазақстан алдындағы тұрған мәселелер: тек әлеуметтік көмек пен қызмет көрсетуге бөлінетін жалпы қаржы көлемін ұлғайту қана емес, сонымен қатар өткірленіп көрініп отырған кедейшілік мәселелерімен күресудің тиімділігін көтеру болып табылады.

Қазақстан жағдайында, әлеуметтік – мәдени үрдістерді мемлекеттік реттеу басым болып қоғамның өзін-өзі басқаруы төмен деңгейінде тұрғанында, бірінші кезекте әлеуметтік жұмыстың араласқан ұйымдарының типтеріне беру дұрыс болар еді. Сонда да ұйымдардың импульсі болып, мемлекеттік билік құрылымдары немесе олардың белсенді іс-әрекеттері табылар еді. Қоғамдық инициативаларды таратушылар, кедейлер, маргиналдар тобы туралы түсініктері болмай, бұл сала аясында өз сезімдері мен білімдер өресіне қарай жүйелі жұмыс атқара алмаушы еді. Әрине, сонымен қатар, қоғамымыздың тұрақты дамуы әлеуметтік келеңсіз мәселелер тобымен күресетін әлеуметтік жұмыскер іскерлігімен ғана байланысты емес, әр адамның тағдырын тайғақтатпай дұрыс жолға салуы өз қолында, әлеуметтік мәселесін жақсарту оның өзіндік » экономикалық қажеттіліктерін » тиімді таба білуінде.

Әлеуметтік жұмыскер, адамдарға, заңгер – кеңесші, ақылшы немесе » жай қарапайым гуманист » болуы арқылы, тек қана олардың өмірлік маңызы бар қиын мәселелерін шешудің жолдарын қарастырып, тығырықтан дұрыс шыға білуді олардың өздеріне береді.

Әлеуметтік жұмыс, клиенттің проблемаларын шешкенде тек олардың өздерін қана қосуды емес, бұл іске олардың отбасыларын, достарын, топтарын, түрлі ұйымдарды, мысалға мынадай: полиция, мекемелер, мектеп, жұмыс орындары сияқты бірлестіктерді араластыра отырып, бірігіп шешуді ұсынатын әлеуметтік ғылым саласы.

Біз оқыған көптеген оқулықтар, әлеуметтік жұмыстың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей әлеуметтік жұмыскерлер –– балалармен немесе ересектермен жұмысқа маманданады. Сол сияқты әлеуметтік жұмыскерлердің ересектерге көмектесетін әлеуметтік қызметтері төмендегідей:

  • Ақыл-ойының дамуы артта қалған адамдар мен жұмыс істеу;
  • Қоғамдық бақылау мен қадағалауды іске қоса отырып қылмыскерлермен жұмыс атқару, және оларға өзінің » жаман карьерасын » қайта бастамас ұшін пайдалы жұмыс түрлерін іздестіру;
  • ВИЧ – СПИДпен ауыратындар мен қарттарға көмек көрсету;
  • Тұрғылықты халықтың тұрмыс әлеуметтік әл-ахуалының көтерілуіне өз үлесін қосу. т. б.

Балалар мен жастарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет көрсетулері:

  • Отбасын сақтау;
  • Балаларды қабылдау мекемелерімен оларды басқа отбасылармен патрондыққа беру;
  • Балалар үйлерімен жұмыс;
  • Мектеп қабырғасында проблемасы бар, заңмен конфликттік қарым-қатынастағылар;
  • Денсаулығының нашарлығына байланысты көптеген проблемалармен ұшырасып жүрген жастарға, олардың проблемаларын шешуге, жақсы өмір сүруімен олардың өмірлік оптимистік стимулдарын оятуға жағдай жасау;
  • Мемлекеттік жастар саясатының шынымен-ақ жастарға көмек көрсетуін қадағалау функциялары.

Қазіргі Қазақстан қоғамында әлеуметтік жұмыскерлер орны нақты айқындалып келе жатыр дегенімізбен, менің өзімнің субъективті ойым бойынша халықтың көп бөлігі әлі кезге дейін әлеуметтік жұмыс қандай пән, әлеуметтік жұмыскерлердің нақты көрсететін қызметтері қандай? Сол туралы толық түсініп болмады. Бұған әрине жас мамандық әлеуметтік жұмыс кінәлі болмағанымен, әлеуметтік жұмысты халықтың, қоғамның бар топтарымен таныстыру әлеуметтік жұмысты кәсіби деңгейге жеткізу әрбір әлеуметтік жұмыскердің кәсіби борышы деп есептеймін.

Бұл кәсіби борышты атқару үшін алдыменен:

  • Әлеуметтік жұмыскер өз мамандығын толығымен дұрыс меңгеруі керек;
  • Әлеуметтік жұмыс мамандығы пән болып бекігеннен кейін, өзінің нақты ғылыми – материалдық базасын қалыптастыруы керек. Оқулықтар даярлау, әдістемелер ұсыну әрбір әлеуметтік жұмыс саласының мамандары, болашақ әлеуметтік жұмыскер біздер үшін де міндетті – парыз болмақ;
  • Адам өмірімен жұмыс істейтін болғандықтан, әлеуметтік жұмыскердің, өз қоғамы алдында, өзінің кәсіби функцияларын терең түсініп өз мамандығын мойындап өзіне және қоғамына кәсіби өз жолымен атқаруға ант беруі, әрбір әлеуметтік жұмыскерге деген қызмет тұтынушылардың сенімін оятары анық;
  • » Қазақстан Әлеуметтік жұмыскерлер Ассоциясы » әлеуметтік жұмысты қоғамға өз функцияларымен айқындалған дербес мамандық екенін танытуы үшін Бұқаралық Ақпарат Құралдарын тиімді пайдаланып, » әлеуметтік жұмыс » мамандығы бойынша икемді жобалар даярласа, әлеуметтік сала қызметкерлеріне бұл оңтайлы әсер етер еді, әрі халықтың әлеуметтік жұмыс мамандығы туралы толық мағлұмат алуына ықпал жасайды.

Әлеуметтік саладағы осы типтес сауалдарға дұрыс жауап бере білсек, қоғамымыздың әлсіз топтарына, Әлеуметтік қорғаныш қабатын түзіп, шынайы әлеуметтік қызмет пен көмек көрсете білсек жас мемлекетіміздің тұрақты дамуына, әрі мемлекеттік қауіпсіздігін сақтауына жағдай жасаймыз.

Бәрін қорыта айтсақ, басқа да әлеуметтік институттар тәрізді, әлеуметтік жұмыста –– мемлекет пен қоғамымыздың алдында мынадай маңызды мақсаттарды атқарады: Социумның сақталынуы мен тұрақтылануы, өмір сүріп отырған әлеуметтік – қоғамдық қарым-қатынастарды қолдау мен үйлесімділендіру мақсаты, – қоғам тұрақтылығы мен  дамуы мемлекеттік қауіпсіздікке кепілдеме беру!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер  тізімі:

 

  1. I. Нормативтік-құықтық акттілер:

 

1 – Қазақстан Республикасы Конституциясы,  I- бөлім, Жалпы ережелер, 1-бап; 

 

  1. Кітаптар бойынша:

 

2 – Тетерский. С. В. “Введение в социальную работу”, Москва: Академический проект.2003-жыл, 17-бет.

 

3 – Л. Т. Кожамкулова. «Социальная работа города: Принципы и направления» Алматы «Қазақ Университеті» 2003-жыл, 17-бет.

 

4 – Тетерский. С. В. ”Введение в социальную работу”, Москва:

Академический проект.2003-жыл,19-бет.

 

5 – Тетерский. С. В. “Введение в социальную работу”, Москва: Академический проект.2003-жыл, 21-22 – беттер.

 

6 – Курбатов. В. И. “Социальная работа”,  Ростов – на – Дону:

Феникс. 2004-жыл, 10-бет.

 

7 – Тетерский. С. В. “Введение в социальную работу”, Москва: Академический проект.2003-жыл, 23-бет.

 

8 – Курбатов. В. И. “Социальная работа”, Ростов – на – Дону:                        Феникс. 2004-жыл, 24-бет.

 

10 – А.А. Козлов. » Социальная работа «, Москва: 2005-жыл, 128-бет.

 

11 – А.А. Козлов. » Социальная работа «, Москва: 2005-жыл, 129-бет.

 

12 – Курбатов. В. И. “Социальная работа”,  Ростов – на – Дону:

Феникс. 2004-жыл, 78- бет.

 

13 – А.А. Козлов. » Социальная работа «, Москва: 2005-жыл, 135-бет.

 

14 – А.А. Козлов. » Социальная работа «, Москва: 2005-жыл, 136-бет.

 

15 – Курбатов. В. И. “Социальная работа”,  Ростов – на – Дону:                   Феникс. 2004-жыл, 20-бет.

 

 

16 – Тетерский. С. В. ”Введение в социальную работу”, Москва:

Академический проект.2003-жыл, 32-бет.

 

17 – Тетерский. С. В. ”Введение в социальную работу”, Москва:

Академический проект.2003-жыл, сол жерде, 32-бет.

 

18 – Л. Т. Кожамкулова. «Социальная работа города: Принципы и направления» Алматы «Қазақ Университеті» 2003-жыл,  8-бет.

 

19 – Л. Т. Кожамкулова. «Социальная работа города: Принципы и направления» Алматы «Қазақ Университеті» 2003-жыл,  232-бет.

 

20 – Л. Т. Кожамкулова. «Социальная работа города: Принципы и направления» Алматы «Қазақ Университеті» 2003-жыл, 112-бет.

 

21 – Л. Т. Кожамкулова. «Социальная работа города: Принципы и направления» Алматы «Қазақ Университеті» 2003-жыл,  сол жерде, 112-бет.

 

22 – Курбатов. В. И. “Социальная работа”,  Ростов – на – Дону:

Феникс. 2004-жыл, 35-бет.

 

 

III. Электронды желілер бойынша:

 

9 – www. http: /Room.shtl./.rambler.ru.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Нормативтік-құықтық акттілер:

 

1 – Қазақстан Республикасы Конституциясы,  1995-жыл.

2 – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы:           » Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» 2005-жыл, 19-ақпан, » Казахстанская правда » газеті. 

 

  1. Кітаптар бойынша:

 

3 – Е.И. Холостова. » Технология социальной работы «, Москва » Инфра-М » 2001-жыл.

4 – Л. Т. Кожамкулова. «Социальная работа города: Принципы и направления» Алматы «Қазақ Университеті» 2003-жыл.

5 – С. В.Тетерский.  ”Введение в социальную работу”, Москва:

Академический проект.2003-жыл.

6 – Е. И. Холостова “Теория социальной работы”, Москва » Юрист » 1998-жыл.

7 – Курбатов. В. И. “Социальная работа”,  Ростов – на – Дону:

Феникс. 2004-жыл.

8 – Т. С. Пантелеева. Г. А. Червякова. » Экономические основы социальной работы «, Москва » Гуманист «, 1999-жыл.

9 – П. Д. Павленок. » Основы социальной работы «, Москва » Инфра-М «, 2001-жыл.

10 – А.А. Козлов. » Социальная работа «, Москва: 2005-жыл.

11 – Г. П. Медведева. » Этика социальной работы «, Москва » Гуманист «, 1999-жыл.

12 – Д. Майерс. » Социальная психология «, Санкт-Петербург  » Питер «, 1997-жыл.

13 – И. Г. Зайнышев.  » Теория и методика социальной работы «, Москва «Союз», 1994-жыл.

14 – А. М. Панов. » Социальное обслуживание населения социальная работа за рубежом «, Москва, 1994-жыл.

15 – Е. И. Холостова. » Словарь – справочник по социальной работе «, Москва   » Юрист «, 1997-жыл.

16 – Э. Г. Тучкова. » Право социального обеспечения «, Москва » Юрист «, 1995-жыл.

17 – Г. М. Андреева. » Социальная психология «, Москва » Аспект Пресс «, 1999-жыл.

 

 

18 – Ж. Н. Сарсенова. » Әлеуметтік жұмыс «, студенттерге арналған оқу құралы, Алматы, 2004-жыл.

19 – З. Ж. Жаназарова. » Социальная работа с семьей «, учебное пособие для студентов, Алматы » Қазақ Университеті «, 2003-жыл.

20 – П. Д. Павленок. » Введение в профессию «Социальная работа» «, Курс лекции, Москва » Инфра-М «, 1998-жыл.

21 – И. В. Гейц. » Обязательное пенсионное и социальное страхование «, » Дело и сервис «, 2003-жыл.

22 – С. Ю. Янов. » Обязательное социальное страхование «, » Инфра-М «, 2005-жыл.

23 – Л. В. Топчий. » Кадровое обеспечение социальных служб: состояние и перспективы развития «, Москва, 1997-жыл.

24 – Н. Б. Шмелева » Стоновление и развитие социального работника как профессионала «, Москва, 1997-жыл.

25 – С. Ю. Янов. » Социальное страхование и внебюджетные фонды «, » Инфра-М «, 2005-жыл.

26 – И. А. Зимней. » Социальная работа «, Москва, 1994-жыл.

27 – Е. Р. Ярская – Смирнова, Э. К. Наберушкина. » Социальная работа с инвалидами «, Санкт-Петербург, » Питер «, 2005-жыл.

28 – Л. Г. Гуслякова. » Теория социальной работы «, Москва, » Юристъ «, 1999-жыл.

29 – М. В. Фирсов. » История социальной работы в Росии «, Москва, 2005-жыл.

30 – С. И. Григорьев. » Теория и методология социальной работы «, Москва, 1994-жыл.