АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Әлеуметтік жұмыс саласында қолданылатын болжау әдістері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ: ……………………………………………………………………………………    

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

1.1. Болжам жасаудың негізгі қағидалары ……………………………………..

1.2. Болжамның категориялары ………………………………………………….. 

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА БОЛЖАУДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

2.1. Болжамды классификациялаудың көрсеткіштері……………………..

2.2. Әлеуметтік жұмыста болжаудың ерешеліктері………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………..

СІЛТЕМЕЛЕР……………………………………………………………………………….

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

         Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс” қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздыру жолында  түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.

         Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.

         Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай дедйді: “Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.

         Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды  міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу.

         Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерін әртүрлі тұрғыдан қарастыру, оны ғылыми түрде дәлелдеу біздің осы жұмысымыздың алына қойған мақсаты болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерінің типологиясынын жасауда жұмыстың басты мақсатына енеді. Ауқымы кең, жан-жақты проблема болғандықтан оны оны әлеуметтанудың бір саласы деп қабылдауға болады.

         Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін  салды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зеттеу объектісі, пәні, оған тән заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және пәнаралық ретінде сипаттайды.

         Бітіру жұмысының мақсаты — әлеуметтік жұмыс саласында қолданылатын болжау әдістерінің жіктелуін көрсету.

         Бітіру жұмысының міндеттері – болжау  ұғымына қатысты толық ақпараттар жинақтау, Қазақстан Республикасының заңдары, бағдарлама, болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған ғалымдар еңбектерін қарастыру.

         Жұмыстың зерттеу пәні — әлеуметтік жұмыстағы болжау әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін көрсету.

         Тақырыптың зертелу деңгейі – Қазіргі өтпелі  экономикалық жағдайда дамуды келесі сатысына өту барысында еліміздегі ерекшеліктерді ескере отырып, шетелдік тәжірибелерді пайдалану керектігін мамандар көптеп айтып жүр. Ақпараттандыру ғасырында бұл жетістіктерге қол жеткізу қиындық тудырмайды. Осыған орай бітіру жұмысында шетелдік ғалымдардың да  көзқарастары беріледі. Ресей ғалымы И.В.Романенко өз еңбегінде әлеуметтік және экономикалық болжаудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Сонымен қатар болжау әдістерінің жіктелуін ғылыми тұрғыда қарастырған. АҚШ ғалымдары Майкл Мескон, Майкл Альберт болжау әдістерін басқару стилінің тәсілі ретінде қарастырған.

         Бітіру жұмысының екінші тарауында болжамның түрлері, жіктелуі көрсеткіштері қарастырылған. 

         Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және жеті кестеден тұрады. Жұмыстың  көлемі 49 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

 

1.1. Болжам жасаудың негізгі қағидалары

  

      Болжау негіздері. Негізгі ұғымдар.

Прогностиканың негізгі немесе базисті ұғымдары мыналар (келесілер) болып табылады.

  • Болжам нұсқасы – болжау объектісін болуы мүмкін болжамдар тобы құрайтын, болжамдардың бірі.
  • Болжау әдісі – болжам жасауға бағытталған, болжау объектісін зерттеу тәсілі.
  • Болжау әдістемесі – нақты объектілердің болжамдарын өңдеу әдістері мен ережелер жиынтығы.
  • Болжау объектісі – болжау субъектісінің іс-әрекеті бағытталған процесстер, құбылыстар және оқиғалар. Объектінің табиғатына қарай әлеуметтік ғылыми-техникалық экономикалық- экологиялық және басқа объектілерді бөлуге болады: Болжау субъектісінің оған әсер ету мүмкіндігіне байланысты басқарылатын және басқарылмайтын объектілер.
  • Болжам тұтынушысы – ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе болжамның нәтижелерін қолданушы жеке тұлға, ол кейбір жағдайларда болжамға деген тапсырманы беруші. Кейде тұтынушы тапсырыс беруші болуы мүмкін.
  • Болжаудың амалы (тәсілі) – болжам жасау процесінде нақты нәтиже алуға бағытталған бір немесе бірнеше матеметикалық, логикалық және басқа операциялар мысалы: а) Сарапшылардың баға беруінің орташа өлшенген мәнін есептеу: б) Сарапшының біліктілігін анықтау в) Қозғалыс ретін теңестіру және т.б.
  • Болжамдық үлгі – болжау объектісінің үлгісі оны зерттеу болашақта және оларды іске асыру мерзімдері мен жолдарында объектінің жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Кесте түріндегі болжамдық үлгі «болжау объектісінің кесте — үлгісі» немесе «кесте үлгі» деп аталады.
  • Болжамдық қабат, астар (фон) – болжам тапсырмасын шешу үшін маңызды болжау объетісіне қатысты сыртқы жағдайлар (факторлар) жиынтығы.
  • Болжау жүйесі – болжау әдістерінің және оларды жүзеге асыру жолдарының жүйесі, ол болжаудың негізгі принциптерімен сәйкес қызмет етуші.

10)Іске асыру құралдары – Сарапшы топтары, ұйымдастыру іс-шаралары техникалық құралдар және т.б. табылады. Болжау жүйелері автоматталған және автоматталмаған болуы және басқарудың түрлі деңгейлерде өңделуі мүмкін.

11)Болжау субъектілері – осы болжамды жасаушы ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе жеке тұлға.

12)Болжау кезеңі — өзінің міндеттері әдістері мен нәтижелерін сипаттайтын болжамдарды жасау процесінің бөлігі. Кезеңдерге бөлу, болжау субъектілерін жүйелі сипатының құрылу ерекшелігімен болжам фонының деректерін жинау, іздеу және нормативті үлгілерін құру, болжам верификациясымен байланысты. Болжауға қатысты операциялардың алдында болжамдық бағдар ерекше орын алады.

 

Болжау принциптері.

     Болжамдарды жасауда келесі талаптарды ұстану маңызды болып табылады. 1) Нұсқаулық – жұмысшы гипотезаның ерекшелігінен мақсатты қоюдан (нормативті болжауда) және болжамды қабат (фон) нұсқаулардан шыға отырып, болжамның бірнеше нұсқасын жасау.

2) Верифицируемость – үздіксіздік – болжау объектісі туралы жаңа деректер түскенінде қажеттілік бойынша болжамдарды түзеуді қажет ететін болжау принципі. 3) Рентабельділік – болжамды қолданудан экономикалық әсердің, болжамды жасауға деген шығыннан көбеюі, жоғарылауы. 4) Жүйелілік – болжанушы көрсеткіштердің барлығының сонымен бірге болжам өлшемдерінің өзара байланысы. 5) Келісу (келіскендік) – түрлі табиғаты бар нормативті және іздеу болжамдарының келісуін талап ететін болжау принципі.

 

Болжамдардың түрлері және мақсаты.

 

         Болжам түрлерін түрлі жіктеу белгілері бойынша топтастыру 1-ші кестеде берілген.                                                     

 

    1-ші кесте.

 

Болжамдар түрлері.

 

Жіктеу белгісі

Болжам түрі

Түсіндірме (болжам мақсаты, оның мазмұны)

1

2

3

4

1

Болжамның мазмұны

Іздеулік

Болжамның мазмұны мынаны анықтау болып табылады:

-болашақта болжау объектілерінің жағдайлары.

Нормативті

-мүмкін жағдайлардың жолдары мен мерзімдері (берілгеннің қабылдануы ретінде)

Кешенді

Іздеулік және нормативті болжамдардың элементтерінен тұратын, болжам.

2

Бейнеленуші қасиеттердің сипаты

Сандық

Мыналарға негізделген болжам:

-Сандық көрсеткіштерге;

Сапалы

-Сапалық көрсеткіштерге;

Жүйелі

-болжау объектілерін жүйелі көрсету;

3

Нәтиже көрінісінің дискреттілігі

Интервалды

Нәтижесі мынадай түрде көрсетілген болжам:

-болжамды іске асыру үшін берілген берілген болжау объектілерінің сипатының сенімдік интервал түрінде.

Нүктелік

Сенімдік интервал көрсетпей болжау объектісін сипаттаудың жалғыз мәні түрінде;

4

Бекіту кезеңі

Оперативті(қауырт)

Болжау объектілері үшін бекіту кезеңі бар, прогноз:

— 1 айға дейін.

Қысқа мерзімді

— 1 айдан 1 жылға дейін.

Орта мерзімді

— 1жылдан 5 жылға дейін.

Ұзақ мерзімді

— 5 жылдан 15 жылға дейін.

Алыс, ұзақ мерзімді

— 15 жылдан ары қарай.

5

Болжанушылардың сипатының саны

Бір өлшемді

Болжам мыналардан тұрады:

-болжау объектісінің бір сапалы немесе сандық сипаты.

Көп өлшемді

-болжау объектісінің бірнеше сапалы немесе сандық сипаты.

6

Мемлекет ареалы, аймағы (мемлекеттердің)

Локалды

Мыналарға қатысты болжам:

-осы берілген мемлекеттің аймағының бөлігіне.

Аймақтық

Осы мемлекеттің аймағына.

Аймақаралық

— осы мемлекеттің бірнеше аймақтарына.

Жалпы мемлекеттік

 -жалпы мемлекетке

Мемлекетаралық

Бірнеше мемлкеттерге

Ғаламдық

Жалпы жерге және адамзатқа

7

Халық шаруашылығының құрылымы.

Салалық

Мыналарға қатысты болжам:

-қандайда бір салаға

Салааралық

— бірнеше салаларға

Территориалды-өндірістік

-территориалды- өндірістік құрылымдарға.

 

Болжамдардың өлшемдері.

 

    Болжамдардың негізгі өлшемдері мыналар болып табылады.

1) Болжамның сенімділігі – берілген сенімділік интервал үшін болжам жасау мүмкіндігін бағалау. 2) Болжам қателігінің қайнар көзі – болжам қателігінің болуына себепші, фактор. 3) Болжамның негізділігі, дәлелдігі — әдістер мен бастапқы ақпараттың объектке, мақсаттарға және болжам міндеттеріне сәйкес болу деңгейі. 4) Болжам қателігі – апостериорлы (латын тілінде а posteriory «кейінгі, жолын қуушы», a priory «алдыңғыға» қарағанда) болжамның объекттің шын жағдайынан немесе оны іске асыру жолдары мен мерзімдерінен ауытқу көлемі. 5) Болжамды негіздеу кезеңі – уақыт аралығы, оның негізінде ретроспекция құрылады. 6) Бекіту кезеңі – осы шақтан болашаққа  жасалатын болжамның уақыт аралығы.7) Болжамдық көкжиек – болжамды бекітудің максималды ықтимал кезеңі.8) Болжамның дәлдігі – Болжамның сенімдік интервалын оны іске асырудың берілген ықтималдылығы үшін бағалау.[2]

 

         Болжау кезеңдері.

         Болжау процесі жалпы түрде 8 кезеңнен тұрады.

  • Болжамның алдындағы бағдар – болжамға және оған кіретіндерге деген тапсырманы орындаудан алдыңғы, шаруалар жиынтығы: а) объектті анықтау; б) болжаудың мақсаттары мен міндеттері; в) негіздеу кезеңі және г) болжамды бекіту кезеңі. 2) Болжамға деген тапсырманы, яғни болжамның мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын және оны өңдеудің тәртібін белгілейтін құжатты жасау.3) Болжамдық ретроспекция – болжау объектісінің және болжамдық қабаттың (фон) даму тарихын олардың жүйелі сипатын алу мақсатында зерттеу. 4) Болжамдық диагноз – болжау объектісінің және болжамдық қабаттың (фонның) жүйелі сипатын олардың даму тенденцияларын білу, көрсету мақсатында зерттеу.5) Болжамдық проспекция – болжамды диагноз нәтижелері бойынша болжамды жасау. 6) Болжам верификациясы – болжамның сенімділігін және дәлдігін бағалау немесе оның негізділігін тексеру. 7) Болжамды түзету – болжамды, оның верификациясы және қосымша деректер негізінде нақтылау, айқындау. 8) Болжамдар синтезі – жүйелі болжамды жасау, өңдеу.

 

 

 

Болжау объектісі.

     Болжау объектісінің сипаттамалары.

 

         Болжау объектісінің қандай-да бір қасиетінің сапалы немесе сандық бейнесі болып табылатын болжау объектісінің сипаттамаларын жасау процесінде мынадай ұғымдар қолданылады. 1)Болжау объектісінің ауыспалысының базистік мәні – болжам негізі мен бекіту кезеңдерін бөліп жатқан диагноз кезеңіндегі болжау объектісінің ауыспалысының мәні. 2)Бас, негізгі (генеральный) анықтау кестесі – болжау объектісінің өлшенген сипаттамаларының иерархиялық (сатылық) жүйесі, ол оның сапалы суреттеуін жалпыланған сандық бағалауға айналдырады.3) Динамикалық қатар – болжау объектісінің ауыспалысының бұрынғы және болшақ мәндерінің уақытша жүйелілігі. 4)Болжау объектісінің мәнді ауыспалысы (яғни мұндай ауыспалы объектті, болжау міндетімен сай суреттеу үшін маңызды болып табылады) оның ішінде: а) эндогенді (оның өзіндік қасиеттерін бейнелейді) және б) экзогенді (сыртқы ауыспалылардың кейбір жиынтығының әсерінен пайда болады). 5)Болжау объектісінің өлшемдері – болжау объектісінің сандық сипаттамалары, ол тұрақты немесе тұрақты деп болжамды негіздеу және бекіту кезеңдерінде саналады. 6)Динамикалық қатардың жүйелі (ұдайы) құраушысы – динамикалық қатармен берілген, оның дамуның негізгі тенденциясын бейнелейтін ауыспалының бұрынғы және болашақ мәндерінің бір қалыпты өзгеруші жүйелілігі. 7)Болжау объектісінің күрделілігі – болжау объектісінің элементтерінің, қасиеттерінің, қатынастарының түрлілігін анықтайтын сипаттама. 8)Динамикалық қатардың кездейсоқ құраушысы, құрамы- динамикалық қатардың құра ушысы, оған деген кездейсоқ ықпалдардың және өлшем қатыліктерінің әсерін бейнелейді. 9) Болжау объектісінің құралымы – болжау объектісінің элементтерінің ішкі ұйымдасу және байланыс тәсілі.

          Болжау объектісі туралы бастапқы ақпарат және оны дисконттаудың заңдылығы. Болжау объектісі туралы бастапқы ақпарат болуы мүмкін: 1) фактографиялық (болжам тапсырмасын шешу үшін қажетті нақты мәліметтерден тұратын қайнар көзден алынған, мысалы бухгалтерлік есеп мәліметтері және т.б.), озық ақпаратты қосқанда (қоғамдық практикадағы жаңалықтарды іске асырудан озық тұратын ғылыми-техникалық ақпарат; оған жататындар – жаңалық ашуға және ашылуларға, авторлық куәліктерге, патенттерге және т.б. тапсырыс); 2) сараптық (сараптық бағалаудан тұрады).

         Болжау объектісі туралы мәліметтер жиынтығы болжаудың мақсаттары мен әдістерімен сәйкес жүйеге ұйымдастырылғын, болжаудың ақпаратты кеңістігін құрайды, оның сапасы екі көрсеткіштер арқылы сипатталады:

1.бастапқы ақпараттың толықтығы (сенімді бастапқы ақпаратпен болжам міндеттерін қамтамасыз ету деңгейі), сонымен қатар болжау объектісінің ауыспалысының ақпараттылығы.

          Болжау объектілерінің ауыспалысының мәнін өлшеу сәттерінің өткен шаққа кетуіне қарай, өткен мәндердің ақпараттылығы азаяды, яғни болжау объектісі туралы ақпаратты дисконттаудың заңдылығы бар.

         Болжау объектісін, оның көкжиегін және фонын талдау.

         Болжау объектісін талдау келесі принциптерден құрылады: 1) ерекшелік, өзгешелік (болжау объектісінің ерекшелігінің талдау процесін есептегенде), 2) ұтымдылық, оңтайлылық (болжау объектісінің сипаттамаларының өлшеу шәкілін (шкала), өлшемділіктің болжамға деген тапсырмаға сәйкес рационалды қолдану), 3) талдаудың үздіксіздігі (болжам жасаудың барлық кезеңдерінде талдауға бейім зерттеулерді өткізу).

          Болжау объектісінің талдауын, талдау субъектісі іске асырады – ұйым, зерттеу тобы, маман. Болжамға деген тапсырмаға сәйкес талдауға мыналар жатады: 1) болжау объектісінің құрылымы (болжау объектісінің элементтерінің құрамы және өзара байланысы); 2) болжау объектісінің динамикасы (оның дамуының сипаттамаларын көрсету және бағалау); 3) болжамдық үлгінің адекваттылығы (болжау объектісінің болжамдық үлгісінің сенімділік пен дәлдігіне сай келу деңгейі).

           Болжамға деген тапсырманы жасау процесінде іске асырылатын болжау объектісінің талдауы – бұл болжам алдындағы талдау, ал бекіту кезеңінен кейінгі талдау, оның процесінде болжау объектісінің болжамды мәндерін оның нақты ахуалымен үйлестіру, салыстыру жүргізіледі,-бұл болжамнан кейінгі талдау.

          Болжау объектісін талдаумен қатар, мыналар іске асырылады: 1) болжау объектісінің болжамдары көкжиегін талдау (болжамның берілген сенімділігі және дәлдігі үшін болжам объектісінің бекіту кезеңінің шекті мәндерін анықтау); 2) болжау объектісінің болжамды фонының талдауы (болжау объектісінің дамуына және болжамды жасау шарттарына ықпал етуші сыртқы объектілер мен әсерлер жиынтығының талдауы).

 

         

 

Болжау аппараты

 

         Болжаудың фактографиялық әдістері.

         Болжаудың фактографиялық әдісі – бұл фактографиялық ақпаратқа негізделген әдіс. Әлеуметтік және экономикалық болжауда қолданылатын негізгі фактографиялық әдістер, осы әдістердің қысқаша сипаттамалары 2-кестеде келтірілген.

 

2-кесте.

 

Болжаудың фактографиялық әдістері.

 

Әдіс

Әдістің қысқаша сипаттамасы

1

2

3

1

Авторегрессионды

Талдауға және динамикалық қатардың мәндерінің корреляциясын олардың арасындағы уақытша интервалды қолдануға негізделген стационарлы кездейсоқ процестерінің болжау әдісі.

2

Үйлесімді таразылар

Үйлесімді таразылар көмегімен осы сызықтың нүктелерін аппроксимилденген сызық кесінділерін өлшеу.

3

Аргументтерді топтық есептеу

Бастапқы динамикалық қатардың бөлшектік аппроксимациясының болжаушы қызметінің түрлері немесе өлшемдері.

4

Интерполяциялар (болжамдық)

Болжау объектісінің дамуының шарттарын және шектеулерін есепке алу арқылы іске асатын аппроксимирлі қызметті таңдау болатын, математикалық интерполяциясы.

5

Тарихи аналогия

Болжау объектісінің аналогиясы оның дамыған табиғаты бойынша онымен бірдей объектіні орнату және қолдану.

6

Математикалық аналогия

Табиғаты әртүрлі объектілердің даму процесінің математикалық сипатының аналогиясын орнату.

7

Озық ақпарат

Ғылыми-техникалық ақпараттың қасиеттерін қолдану қоғамдық практикадағы ғылыми-техникалық жетістіктерін іске асырудан озық болу.

8

Патентті

Өнер табуды (жаңалықты) және ашылуларды бағалау (қабылданған критерийлер жүйесі бойынша) және олардың динамикасын зерттеу.

9

Икемді құрылым қызметі бойынша болжаулар

Экстрополяциялық қызметті қолдану, оның түрі мен өлшемдері көптеген ықтимал қызметтердің бастапқы динамикалық қатарын ретроспективті талдау процесінде таңдалады.

10

Жарияланымдық

Болжау объектісі туралы жарияланымдарды бағалау және оларды жариялаудың қозғалысын зерттеу.

11

Регрессионды

Ауыспалы – аргументтер мен болжанушы ауыспалы-қызметтің жиынтығы арасында тұрақты статистикалық байланыстарды талдау және қолдану.

12

Санақтық

Болжау объектісінің сипаттамаларының және олардың санақтық өзара байланыстарының динамикалық қатарларын құру және талдау.

13

Факторлы

Факторлы санақтық талдау аппаратын немесе оның түрлерін қолдану динамикасында объект туралы ақпараттардың көпөлшемді аумақтарды өлшеу.

14

Марков шынжырлары

Болжау объектісінің бір жағдайдан басқаға өту ықтималдығын талдау және қолдану.

15

Дәйектемелік-көрсеткішті

Болжау объектісі туралы жарияланым авторларын дәйектеу динамикасын бағалау және талдау.

16

Экспоненциалды жұмсарту, жұқалау(сглаживание).

Таразылардың және оның коэфиценттерінің экспоненциалды азаюын қолдану арқылы экстраполяциялық қызметті құру.

17

Экстраполяциялар

Апроксимиляциялық қызметті таңдау болжау объектісінің даму шарттары мен шектеулерін есепке ала отырып математикалық экстраполяцияда іске асады.

 

 

 

 

Болжаудың сараптық әдістері.

 

         Сарапшы – болжау объектісіне қатысты бағалауды қалыптастыру үшін тартылатын білікті маман. Сарапшы топ – белгілі бір ереже бойынша қалыптасқан сарапшылар ұжымы. Болжамның міндетіне қатысты айтылатын сарапшының немесе сарапшы топтың пайымы, пікірі сараптық бағалау деп аталады; бірінші жағдайда «жеке сараптық (болжамдық) бағалау», ал екіншіде «ұжымдық сараптық (болжамдық) бағалау» термині қолданылады. Сарапшы кәсіптік білім, интиуция және тәжірибе негізінде болжау объектісіне қатысты сенімді, нақты бағалаулар жасау қабілеті оның құзырлылығын сипаттайды. Соңғысы құзырлылық көрсеткіші деп аталатын сандық өлшемі бар. Сарапшы тобына қатысты да әділ: сараптау тобының құзырлылығы – бұл сарапшының тұтас пікіріне пара-пар болжау объектісіне қатысты сенімді, нақты бағалаулар жасау қабілеті; сараптау тобының құзырлылығының сандық өлшемі топқа енетін жеке сарапшылардың құзырлылық көрсеткіштерін жалпылау негізінде анықталады.

         Болжаудың сараптық әдісі – сараптау ақпаратына негізделген болжау әдісі. «Сараптау әдісін теоретикалық аспектіде қолданудың құқыққа сай екендігі әдістемелік дұрыс алынған сараптық пайымдаулар ғылымда қабылданған екі критерийлер кез-келген жаңа білімнің сенімділігін қанағаттандыру арқылы дәлелденеді».[3] 3-кестеде әлеуметтік-экономикалық болжамдарды жасау кезінде қолданылатын негізгі сараптау әдістерінің атаулары және қысқаша сипаттамалары берілген.

 

3-кесте

Болжаудың сараптау әдістері.

 

Әдіс

Әдістің қысқаша сипаттамасы

1

2

3

1

Дельфилық

Бірнеше турда сарапшыларға тәуелсіз, жасырын сұрақ қою арқылы сараптау тобының келісілген бағалауын анықтау, ол сарапшыларға алдыңғы турдың нәтижелерін хабарлау қарастырылады.

2

Жеке сараптау бағалауы

Ақпарат көзі ретінде бір сарапшының бағалауын қолдану.

3

Интервью

«сұрақ-жауап» сызбасы бойынша сарапшымен болжам жасаушының әңгімесі негізделген сараптық бағалаудың әдісі.

4

Идеялардың ұжымдық бірлесуі

Белгілі бір ережелермен бекітілген нақты проблеманы бірлесіп шешу жолымен сарапшылардың шығармашылық іс-әрекетін ынталандыруға негізделген:

1)Идеяларды бағалауға тыйым салу;

2)Бір баяндаудың уақытын шектеу;

3)Алдыңғы идеяны дамытушы сарапшының баяндауының басымдығы;

4)Одан кейінгі кезеңдегі идеяларды бағалау;

5)Барлық идеяларды жүйелеу. Идеяларды ұжымдық бірлесу әдісі негізінде идеялардың басқарылатын бірлесу деструктивті салыстырылған бағалау, ынталандырылған бақылау және  т.б. әдістер.

5

Ұжымдық сараптау бағасы

Топқа енетін сарапшылар шығарған тәуелсіз жеке бағалауларды өңдеу арқылы сарапшы тобының жалпыланған  бағалауын айқындау.

6

Матрицалық

Жеке аспектілердің байланыстарының сараптау бағаларының матрицалық түсіндіру.

7

Морфологиялық матрица

Морфологиялық әдісті қолданатын болжаудың матрицалық әдісі.

8

Морфологиялық

Болжау объектісінің құрылымын айқындау және оның элементтерінің түрлі мәндерін, осы мәндердің кейінгі үйлесімді нұсқаларын таңдау мен бағалау.

9

Болжамды сценарий құру

Фонның түрлі болжамдарында болжау объектілерінің жағдайының жүйелілігін орнату.

10

Эфристикалық болжам

Болжам үлгісінің эвристикалық амалдарымен логикалық талдауды қолдану арқылы сараптау бағалауларын іздеу ағашын құру және кесу.

11

Сараптау комиссиялары

Объекттің жеке аспектілері бойынша болжамдарды сарапшы тобының бағалауына сай жасалған бүтін құжатқа біріктіру.

 

 

Верификация әдістері.

         Верификация, верифицируемдік принципінен шығатынындай – бұл болжамдардың сенімдікті, дәлдікті және негіздеуді тексеру.

 

4-кесте.

Болжамдар верификациясының әдістері.

 

Верификация

Оның қысқаша сипаттамасы

1

2

3

1

Инверсті

Бұл мына жол арқылы болжамды верификациялау:

-болжамдық ретроспекция кезеңіндегі болжамдық үлгінің адекваттылығын тексеру.

2

Консеквентті

-алдын ала болжамдардан болжамды аналитикалық немесе логикалық шығару.

3

Жанама

-басқа жасаушылар алған болжамдармен салыстыру.

4

Қарсыласпен

-болжам бойынша қарсыластың сыни ескертулерін жоққа шығару.

5

Қайта сұрау

— сарапшыларды сұрастыруды қолдану.

6

Тіке, тура

— оны басқа әдіспен қайта жасау.

7

Қателіктерлі есепке ала отырып

— болжамның ұдайы қателерінің көздерін табу және шығару.

8

Сарапшымен

-Біліктілігі жоғары сарапшының бағалауларымен салыстыру.

 

 

Әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық сценариін жасау.

 

         Макроэкономикалық сценарий жасаудың блок-сызбасы.

 

          Әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамын жасау объектісінің дамуының макроэкономикалық сценариін құруды қарастырады. Сценарий болжаудың барлық кезеңдерінде жасалады және жалпы түрде 5-кестеде көрсетілген прцедуралар блогын қосқанда.

 

5-кесте

 

Макроэкономикалық сценарийді жасаудың блок-сызбасы.

 

Болжау кезеңдері

Макроэкономикалық сценарий жасаумен байланысты процедуралар.

1

2

3

1

Болжам алдындағы бағдар

Теоретикалық және әдістемелік алғышарттарды таңдау (пікірталассыз), сонымен бірге жұмысшы гипотезасын таңдау.

2

Болжамға деген тапсырманы жасау

3

Болжамдық ретроспекция

Жүйеленген суреттеуді құрастыру.

4

Болжамдық диагноз

Математикалық аппаратты таңдау,  даму заңдылықтарын шығару.

5

Болжамдық проспекция

Сценарийдің сандық сипаттамаларын алу, қорытындыларды қиыстыру.

6

Болжам верификациясы

Қорытындылардың дәлдігін тексеру.

7

Болжамды түзеу

 

Сценариді жасау, қиыстыру

Верификациялық синтез негізінде

8

Болжамдар синтезі

 

 

Болжамдарды жасауда қолданатын бастапқы көрсеткіштер.

Әлеуметтік көрсеткіштер.

Адам дамуының көрсеткіші.

 

         Негізгі әлеуметтік индикатор – адам  дамуының көрсеткіші (АДК) болып табылады – білім деңгейінің, кірістердің және өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштерінің орташа арифметикалығын білдіретін өмір деңгейінің жалпылаушы көрсеткіші. АДК-ның жоғарғы көрсеткіштері бар (Ресей, Қытай және Үндістаннан басқа) әлемнің бірнеше елдері берілген, максималды мыналар болып табылады: а) АДК=0,960 (Канада); б) Өмір ұзақтығының күтілетін индексі =0,91 (Жапония); в) Халықтың білім деңгейінің көрсеткіші = 0,99 (Канада); г) Шын ВВП-ның адам санына деген индексі = 0,99 (Австрия, Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Канада, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Жапония)[4].

         Адам дамуының көрсеткішін қалыптастырушы көрсеткіштер.

         Өмір ұзақтығының көрсеткіші. Негізгі көрсеткіштері;

 1) Халықтың үй жағдайлары: а) халықтың үймен орташа қамтылуы (жалпы алаңның м тұрғынға); б) Үй сапасы (Мысалы, елдімекендерді су құбырымен қамту деңгейі); в) Үй алуға есепте тұрған отбасы санының таза салмағы оның ішінде жыл аяғындағы отбасы саны (пайызбен алғанда);

 2) денсаулық қорғау: а) дәрігерлер және орташа медициналық персонал саны; б) халыққа амбулаториялық жәрдем беруші дәрігерлік мекемелер саны және осы мекемелердің қуаты; в) әйелдерге ақыл-кеңес беру орталықтарының және балалар емханаларының саны; г) аурухана мекемелерінің  саны; д) аурухана орындарының, төсектерінің саны; е) төсек — орнының қорын мамандандыру (терапевттік, онкологиялық және т.с.с. аурулар); ж) өндірістегі зақым деңгейі; з) еңбекті қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға қатысты іс-шараларға деген шығындар; и) кезеңдік медициналық бақылаудағы тұлғалар саны; к) диспансерлік бақылауда тұрған адамдар саны; л) уақытша жұмысқа қабілетсіз (жеке себептерге байланысты); м) халықтың ауру деңгейі: ішімдікке әуестік, нашақорлық, қатерлі ісіктер; н) туризм мен демалысты дамыту (санаторийлер, демалыс пен туризм мекемелерінің, жазғы сауықтыру лагерлерінің, адамдарға арналған қонақүйлер саны; жолаушыларды туристік және саяхаттық таныстыру сызығында тасымалдау; спорттық құрылыстар саны және сұлбасы);

 3) халықтың азық-түлікті қолдану және тамақтың құндылығы;

 4) қоғамдағы қылмыс жағдайы.

 Халықтың білім деңгейінің көрсеткіші. Негізгі көрсеткіштер:

1) мектепке дейінгі мекемелер саны;

2) балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту;

3) мектепке дейінгі балалар саны;

4)мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды орынмен қамтамасыз ету;

5) білім беру мекемелерінің саны: а)кешкі орта білім беретін мектептер; в)кәсіби – техникалық оқу орындары; г)мемлекеттік орташа арнайы оқу орындары; д)мемлекеттік жоғарғы оқу орындары; е)басқа білім беру мекемелері;

6) білім бері мекемелерінде оқитындар саны;

7) білім беру мекемелеріне абсолютті мәнмен; 10000 халық қабылдау;

8) мамандар шығару (абсолютті мән; 10000 халық).

         Шын ВВП деңгейінің халық санына деген көрсеткіші. Негізгі көрсеткіш – шын ВВП-ның көлемі.

Болжамның кең тараған эксперттік әдістері.

Коллективтік зерттеу әдістері – эксперттердің қойылған мәселені талқылаудың нәтижесіне ортақ, жалпы көзқарасын білдіреді. Бұл әдістерге келесілерді топтастыруға болады:

  • Жиналыс – ашық талқылау әдісі. (комиссия әдісі)
  • “Миға шабуылдау әдісі” немесе “миғаәсер ету әдісі”.
  • “Сот әдісі”.
  • Дельфи әдісі.

 

  • Комиссия әдісі – қаралып жатқан мәселе төңірегінде бірегей пікірді қалыптастыру мақсатында жалпы талқылау (дискуссия) жүргізу. Бұл әдістің қолданылуының мысалы ретінде – негізгі тауар нарығында әрдайым жүйелі түрде жүргізіліп отыратын коньюктуралық жиналысты атап өтуге болады. Қаралып жатқан мәселе анық және қысқа қалыптастырылған болуы қажет. Мысалы әлемдік бағаларды қысқа мерзімді (коньюктуралық) болжамдауда эксперттер үшін келесі мәселелер туындауы мүмкін: а) халықаралық тауарлық келісім қорытындысы бойынша немесе экономиканы мемлекеттік реттеу нәтижесінде, белгілі бір тауарға әлемдік бағаның кенеттен өсуінін күтуге болады ма?, б) қазіргі таңда коньюктура максимум (немесе минимум) деңгейде деп айтуға болады ма немесе келешекте керісінше жағдайды күтуге болады ма?, в) белгілі бір дәстүрлі емес сатып алушының әлемдік нарыққа енуі зерттеліп жатқан тауарларға әсері бар ма, болса қандай? – деген сұрақтар туындайды.[5]

         Коммисиялық әдісті қолдану – бұл қарастырылып отырған мәселеге коллективтік пікірді қалыптастырады, жеке эксперттердің субъективтілігі мен қайта алдын алуды болдырмайды.

         Бірақ “комиссиялық әдіс” белгілі кемшіліктерге ие, бұл әдісте беделді эксперттердің пікірі қабылданады да, қалған тұлғалардың пікірі жасырын қалып, беделді эксперттердің пікірі қабылданады. Әдетте мұндай жағдай екі-үш “мықты” тұлғалар арасында болады да, қалған эксперттердің пікірі қалып қояды. Ал кейде керісінше, алдын-ала айтылған көпшіліктің пікірінен аса алмай, эксперт көпшілік пікіріне қосылуға мәжбүр болады., ал өз пікірі жасырн қалады.

         Комиссиялық әдістің кемшіліктерін жоюдың бір түрі – миға шабуыл жасау (миға әсер ету әдісі б. т. ойдық генерациялық коллективті әдіс және қойылған бағаға топтық қарау әдісі деп аталады). Бұл әдістің ерекшелігі  мәселені қарағанда айтылған пікірге ешқандай сын немесе баға айтылмайды. Миға шабуыл жасау әдісі негізгі екі мәселені шешу болып табылады: Олар 1) жаңа ойды генераторлау, және ұсынылған идеяға анализ жасау мен бағалау. Осыған сәйкесінше екі түрлі топ пайда болады: генераторлар тобы мен аналитиктер тобы. Ойдың генераторлар тобы 5-15 адамнан немесе одан да көп адамнан тұрады. Бұл топтың құрамындағы адамдар талқылайтын мәселенің  мамандары болуы міндетті емес, олар қойылған тапсырманы түсінсе болғаны. Топтың мүшелері мәселені шешуде және жеке немесе топтық қызығушылығы болиауы керек.

         Миға шабуыл жасау әдісін қолданып жиналыс жүргізерде гипотезаға негізделінеді. Сәйкесінше, мұндай жиналыс жасау келесідегідей жүргізіледі: барлық қатысушының көңілін тек анық табылып отырған мәселеге аудару, сонымен қатар кез-келген, егер оның практикалық құндылығы күдікті идеяларға да мән беру керек, жалған идея айтпау керек. Мұндай шарттар қатысушылардың талқылау жасауына еркіндік береді. “Миға шабуыл жасау” жағдайы экспертиза қатысушыларының шығмаршылық ойлау қабілетін дамытып, осыған орай жаңа идеялардың туындауына алып келеді.

         “Миға шабуыл жасауда” жүргізуші басқарып, еркін шығармашының еркін ойды айтуды және сын болжауын қадағалайды. Сеанс жүргізушінің алғы сөзімен ашылып, ол таралатын мәселемен таныстырып және оның шешілу қажеттілігін айта отырып, жиналыс ережесін еске түсіруі қажет. (Ол бұл ережені көрінетін жерге іліп қоюы қажет). Жүргізуші содан кейін ойды ортаға салуды ұсынып, өзі бір- екі ой айтады.  Жүргізуші айтылған ойлар тобын жүйелеп, жиналыстың дұрыс жүргізілуін қадағалап отырады. Егер жиналыстың жиналыстың мүшелері шамадан көп болса, екі топқа бөледі.

         Миға шабуыл жасау әдісі қазіргі кезде шешім қабылдау мен оған талдау жасауда кеңінен қолданылады. Бұл ұйымда эксперт жасағанда зерттеушілердің алдында кездесетіндігімен байланысты. Бұл әдістің жетістікті болуы басқарушыға байланысты. Ол барлық ережелердің орындалуын қадағала, дискуссияны жетілдіруі қажет. Мұндай тұлғаны табу өте қиынға соғады.

         Сот әдісі – бұл эксперттер коллективтері жұмысының сотпроцесі ережелерімен сәйкес жүргізілуі. Бұл әдісті қолданғанда екі түрлі көзқарасты эксперт топтарының болғанында өте тиімді болады. “Ісі қаралушы “ болып талданатын мәселе табылады. Бұл мәселенің дұрыс шешілуіне қызығушылық танытқан адамдар тобы сот пен сот мүшесі ролін атқарады. Эксперттер тобының көзқарасына қарсы шыққан көшбасшылар прокурор мен қорғау орнында болады. Күәгерлер ролін әр түрлі фактілер, әдебиет көөздері, эксперимент нәтижелері мен эксперттер атқарады. “Қорғау” өзінің идеясын қорғаса, “прокурор” оны сынап, кінәләйді. Содан кейін сәйкесінше бұл екі жақ орындарын ауыстыруы мүмкін. Ал “сот” талқылау жүргізіп және ақырғы шешім қабылдайды.

         Дельфи әдісі — өз ойын ежелгі грек қаласы Дельфи мен оның ақылгөйлерінің болашақты болжау ерекшелігімен байланыстырылады. Ең алғаш рет бұл әдіс әскери ғылыми-техникалық болашақтағы болжау мақсатында РЭНД Корпорейшн зерттеу ұйымының ғалымдары О.Хеммер, Н.Дольки және Т. Гордон қолдады. Дельфи әдісі топтық көзқарасты қалыптастыруға ретімен жүретін процедуралар. Бұл әдіске тән қасиеттер: 1) арнайы анкета арқылы алынған жауаптың анонимділігі. 2) реттелінетін қайта байланыс, экспертизаның ұйымдастырушысымен бірнеше турлы сауалнама. 3) топтық есеп  статистикалық әдістің көмегімен алынады. Бірнеше турлы сауалнама жүргізуде, жеке тұлғалардың пікірін эксперттің пікіріне жақындату мүмкіндігі болады. Мысалы, эксперттер басқа эксперттердің анонимді жауабымен таныстыру арқылы, оның шешім қабылдауына әсе етуге болады.

         Дельфи әдісінің негізінде келесідегідей мәселелер қамтылуы қажет: 1) анкетада қойылған сұрақтарға сандармен жауап беру мүмкіндігі, 2) баға беруде эксперттер жеткілікті деңгейде ақпаратпен қамтылған болуы керек, 3) әр сұрақтың жауабы экспертпен негізделген болуы керек.

         Дельфи әдісі бойынша эксперттердің жұмысы келесі алгоритм бойынша құрылуы керек: 1) тапсырманы қалыптастыру; 2) әр эксперттің пікірінің ашылуы; 3) бар пікірді ашу; 4) жеке талқыланған пікірді ашу; 5) эксперттер арасында келіспеушілік пікірлердің қалыптасуы; 6) пікірлердің келіспеушілік себептерін анықтау; 7) эксперизаға қатысушыәрбір экспертке экспертиза қорытындысы мен пікірлердің қайта реттелінген нәтижесімен таныстыру; 8) әр эксперттің алғашқы пікірінің талдауымен таныстыру, оның өзгеруі немесе сол күйінде қалуы; 9) қалыптасқан пікірді ашу. 

         Әдетте екі-үш раунд жүргізу жалпы ортақ пікірді қалыптастыруға жеткілікті саналады.

   

                     Әлеуметтік болжам — әлеуметтік теорияға көзқарас, онда бірқатар тарихи тенденциялардың ықтимал жүзеге асуын нобайлап белгілеу әрекеттері жасалады. Мұның классикалық мысалы Даниель Беллдің “The coming of Post Industrial Society” (1973) атты еңбегі, онда  “A Venture in Social Forecasting” деген тақырыпша бар. Белл өзінің  батыл ойларын жекелеген әлеуметтік іс жағдайы жөнінде болжам айту ережелеріне белгілі бір пошым беру әрекеттерінен бөліп қарайды. Ал әлеуметтік болжам тек ықтималдықты нобайлауға тырысады және ол “заңдылық және оқиғалардың қайталап көрінуі” бар жерде ғана немесе бағыты “статистикалық уақыт серия шеңберінде анықталуы мүмкін” тенденциялар бар жерде немесе “олар тарихи тенденциялар ретінде тұжырымдала алатын жерде”, “оқиғаларға ықпал ететін адамдар тарапынан парасаттылықтың жоғары дәрежесін топшылауға болатын жерде” мүмкін болады. Бұл шарттарға ілуде бір ғана қол жететіндіктен, деп мойындайды Белл, әлеуметтік болжамдар көбінесе жасалатын қысымды дәлелдей түсумен шектеледі, оның шеңберінде белгілі бір шешімдердің нәтижелерін болжау емес, кейбір саяси шешімдерді ғана тиімді қабылдауға болады. [6]

 

 

Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы.

 

     Әлеуметтік жұмыс біздің еліміз үшін салыстырмалы түрде ғылыми-тәжірибелік іс-әрекеттің жаңа аймағы болып табылады және де оның көптеген аспектілері теориялық жағдайда әлі де болса “даулы” мәселе күйінде қалуда. Сондықтан да әлеуметтік жұмытың әдістерін анықтау, оның классификациясы және мазмұнды сипаты үнемі ғалымдар мен практиктердің талқылау пәні болып табылуы кездейсоқ емес.

      Жалпы ғылыми мағынада әдіс – философиялық және ғылыми білім жүйесінің негізделуі мен құрылу тәсілі, сонымен қатар болмыс, шындықты меңгерудің теориялық және тәжірибелік операциялары мен амалдардың жиынтығы. өзінің генетикалық тамырымен әдіс адамның практикалық қызметінен туындайды, оның тәсілдері шындықтың зыңдарына тиесілі болуы керек. Таным барысында ойлау әдісінің дамуы мен дифференциясы әдіс туралы ілімге — әдіснамаға алып келді. Әдіснама – теориялық және тәжірибелік іс-әрекетті құру мен ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі, сонымен қатар, осы жүйе жайлы ілім.

      Әдіснамалық ғылымның негізінде практикалық іс-әрекетті жүзеге асырудың және білім алудың тәсілі ретінде көрінетін әдіс туралы ілім жатыр. Әдіснамалық талдау объект туралы білім алу қалайша мүмкін, объект туралы қорытындылардың негізділігі мен білімнің дұрыстығын қандай әдістер қамтамасыз етеді, объектінің табиғатына білім алудың қанай поцедуралары адекватты дегн сұрақтарға принципиалды жауаптар беруге негізделген.[7]

       Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмысты әдіснама тұрғысынан үш көзқарас

тұрғысында қарастыруға болады:

 

  1. Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде;
  2. Әлеуметтік жұмыс практикалық іс-әрекет түрі ретінде;
  3. Әлеуметтік жұмыс оқу пәні ретінде;

 

        Әрине, әлеуметтік жұмыс әр аспектіде әртүрлі сапада көрінеді және әртүрлі әдістер мен көзқарастар, бағыт- бағдарларды қолдануды талап етеді. Егер әлеуметтік жұмыстың ғылми пән ретіндегі басты мақсаты — әлеуметтік шындықты тану болса, онда ол практикалық іс-әрекет ретінде осы ақиқаттың түрленуімен байланысты.

 

1.2. Болжамның категориялары

  

     Ғылымдағы әдіснамалық талдау ғылымның объектісі мен пәнін белгілеуді, түсінік категорияларының аппаратын және жалпы заңдылықтарды, зерттеуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін анықтауды көрсетеді. Ғылымның объектісі мен пәні зерттелінетін құбылыстардың шекарасын, нақты ғылымның басқа ғылымдардың жүйесіндегі орнын анықтайды. Қандай да бір ғылымның объектісі деп зерттеуіне беріліп отырған ғылым бағытталған ақиқаттың ( табиғи және әлеуметтік ) бір жағы үғындырылады. Сонымен қатар ешқандай ғылым саласы өзінің объектісін түрлі себептерге байланысты толығымен сипаттай алмайды. Осыған орай, көптеген нақты ғылымдар өзінің қарастыратын сферасын шектеуге мәжбүр. Кез — келген ғылым объектіге ол қалыптасқан дәстүрге қатысты бағыт — бағдарында шектеулі. Сондықтан ғылымның объектісінен пәнді ажыратады. Ғылымда зерттеу объектісі қай қырынан көрсетілген, соған орай, сол ғылымның пәні объектісінен ажыратылады. Ортақ қабылданған пікір бойынша, әрбір ғылымның пәні — ол, таңдамалы түрде алынған объективті қүбылыстың бір салада зерттелінуі.

Ғылымнын пәнін анықтау -сол ғылымның білім аймағында жеткен дәрежесіне және әлеуметтік практикасының дамуымен байланысты. Егер обьект ғылымға тэуелсіз пайда болса, ал пән сол ғылыммен бірге қалыптасып, сол ғылымның категориялар жүйесінде тіркелінеді.

Осыған сэйкес, ғылымның объектісі мен пэнінің таңдалуы элеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмүнына әсерін тигізеді. Әлеуметтік жүмыстың теориясы үшін оның нақты айқындалуына ықпалын тигізетін бағыттардың әртүрлілігі тэн болып табылады.

В «Словаре-справочнике по социальной работе» ( 2000г ) отмечается:…Объектом исследования социальной работы является процесс связей,взаимодействий способов и средств регуляции поведения социальных групп и личностей в обществе. Предметом социальной работы как самостоятельной науки являются закономерности, обусловливающие характер и направленность развития социальных процессов в обществе.

«Основы социальной работы» ( 1999г ) [8] деген еңбекте көрсетілгендей: «Әлеуметтік жұмыстың объектісі — басқа адамның көмегіне мұқтаж адамдар, қарттар, зейнеткерлер, мүгедектер, ауыр сырқаттар, балалар, ауыр өмірлік жағдайға түскен адамдар, теріс жолға түскен жасөспірімдер және т.б. .».

Әлеуметтік жүмыстың объектісі мен пәні, бір жағынан, практикалық әлеуметтік жүмыстың бағыттарымен негізделген, екінші жағынан, әлеуметтік жүмыстың теориясы мен практикасының мазмүны мен шекарасына әсерін тигізеді. Объект пен пән тұрғысынан алынған түрлі құрылымдарға қарамастан бұлар бір — біріне үқсас. Қазіргі жағдайда әлеуметтік жұмыс көмекке аса мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек шегінен шығып, адам туралы теориялық білімді игеріп, сол адамның әлеуметтік жағдайын түзеуге тырысады.

  1. Ғылыми білім аясындагы әлеуметтік жұмыстың әдістері

Әлеуметтік жұмыста объектіні тану үшін қолданылатын объективті ғылыми білімнің қалыптастыру әдісі басқа ғылымдарда қолданылатын тәріздес.

Ғылымда білім алу жолдарына қатаң қатынас бар. Олардың жеткілікті қатал регламенттері бар. Алынған білім объективті ғылыми талаптарын қанағаттандыру үшін, ғылымда әдістен тыс білім болмайды : егер қүбылысты зерттейтін ғылымда эдіс болмаса, ол туралы ғылыми білімнің де болмағаны.

Қазіргі кездегі ғылыми әдістер жүйесінің көп түрлілігі, қоршаған элемді зерттейтін білімдер жүйесІнің көптігіне байланысты болып отыр. Осыған сәйкес классификацияның негізіне алынған әдістер зерттеудің қасиетіне байланысты таңдалады. Олар: қолдану ортасы, қызметтің мазмүны мен мінезі т.с.с. Әлеуметтік жұмыста әдістердің орны мен рөлі маңызды орын алады, классификация бірлестік деңгейі әлеуметтік жүмыс теориясы мен практикасының түріне байланысты. Осының негізінде әдістер жалпы ( философиялық ) әдіс, жалпы ғылыми жэне арнайы ғылыми әдістер деп бөліп қарастырылады.

  1. .Жалпылама немесе философиялық әдіс ~ субъектінің түрлі қызмет түрлерінде дүниетанымдық және әдістемелік бағыттарының бірыңғайлылығымен түсіндіріледі. Жалпылама әдістердің тарихи танымда екі түрі бар: диалектикалық және метафизикалық. Бүл жалпы философиялық әдістер. 19 ғасырда метафизикалық әдіс диалектикалық әдіспен ығыстырыла бастайды. Сонымен қатар әрбір құбылыс пен оқиғалар өзінің құрылуы мен дамуына байланысты зерттелінеді.
  2. Жалпы гылыми әдіс қызметтің көп саласында қолданылады. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыста да. Олар барынша кең тәртіп аралық спектрде қолданылады. Жалпы ғылыми әдістердің классификациясы ғылыми таным деңгейімен тығыз байланысты.

Ғылыми таным екі деңгейде: эмпирикалық жэне теориялық деп ажыратылады. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейі шын мәнінде бар, сезілетін проблемаларды зерттеумен ерекшеленеді. Осы деңгейде түрлі бақылаулар мен эксперименттер арқасында объект туралы ақпарат жинақталады. Барлық қабылданған ақпараттарды кесте, графика, сызба түрінде жүйелейді. Ғылымда жалпы ғылыми негізгі екі эмпирикалық әдістерді айқындау қабыданған : бақылау жэне эксперимент.

 

Бақылау.

Ғылыми таным ақиқатты бейнелеудің тәсілі ретінде адам іс — әрекеттінің аясы мен табиғат қүбылыстарының ерекшеліктерін қабылдау қарастырады. Кең мағынада айтар болсақ, әрбір эмпирикалық зерттеудің кез — келген әдісі объектінің өзгешелігі мен өзгерістерін қарастыру мақсатымен оны бақылаудың   элементтерін   құрайды.   Алайда,   ғылымда   мынадай   дәстүр

қалыптасқан : ол басқа әдістерден ерекше әдіс, ол өзін — өзі бақылау мен бақылауды біріктіреді. Әлеуметтік жүмыста бақылау түсінігіне, индивидтің жеке ерекшеліктерінің зерттелуі және олардың көрінуі жатады.

Эксперимент — ғылыми танымның басты әдісі. Сонымен қатар элеуметтік жэне психологиялық зерттеулердің себеп — салдарлық тэуелділіктерін анықтауда жэне зерттеуді жүргізуге қолайлы жағдайдың орнатылуы. Бақылауға қарағанда эксперимент шындықты танудың белсенді жолы. Оның ерекшелігі зерттеуші кез — келген уақытта зерттеуге араласа алады. Егер пассивті бақылау мынадай сұрақтарға жауап ала алса «қалай?»,    «қандай жағдайда?» ал экспериментте «неге осылай болып жатыр?» деген сұраққа жауап аласыз.

Ғылыми зерттеудің теориялық деңгейінде логикалық таным іске қосылады. Бұл деңгей зерттеу құбылысының терең заңдылықтарын ашуға көмек береді.

Ғылыми абстракция әдісі таным процесінде сыртқы құбылыстардың дерексізденуін және процестің терең маңызын анықтайды. Осы әдіс негізінде танымныц екі сатысы бар:

  • зерттеу нақты анализ бен эмпирикалық материалды алудан басталады.
    Мұнда жалпы ғылыми түсініктерді, анықтамаларды бөліп көрсетеді.
  • танылған құбылыстардың негізінде жаңа қүбылысты түсіндіру жолы
    шығады. Бүл абстракциядан нақтыға шығудың жолы.

 

Анализ бен синтез әдісі.

Талдау арқылы зерттелініп отырған қүбылыс, процесс құрамдас бөліктерге бөлініп, эрқайсысы жеке дара зерттелінеді. Анализ нэтижесін жалпылай қарастырып, синтез арқылы әлеуметтік процесс туралы бірыңғай ғылыми портрет жасайды.

Индукция мен дедукция әдісі.

Индукцияның көмегімен дара фактор зерттеуден жалпы қорытындыларға ауысу қамтамасыз етіледі. Дедукция арқылы жалпы қорытындыдан жекеге ауысады.

Әлеуметтік жүмыстың технологиясы кеңінен алғанда өзіне элеуметтік даму процесінің теориясын, эдістердің бірыңғайлылығы мен эдістемелердің көптігін көрсетеді.

 

  Тарихи әдіс.

    Тарихи зерттеулер пайда болу мен қалыптасудың тарихи уақыт контекстіндегі элеуметтік заңдылықтарын көрсетіп қана қоймай, процесте эрекет етіп отырған элеуметтік күштер мен проблемаларды анықтау болып табылады.

    Қарапайымнан күрделіге өту әдісі.

    Әлеуметтік процестер күрделі жэне қарапайым әлеуметтік кұбылыстардың жиынтығынан тұрады. Әлеуметтік дамуда қарапайым құбылыстар жоғалмайды, олар күрделі жүйенің элементтеріне айналады. Күрделі элеуметтік құбылыстар ғылыми таным аспектісінен негіз алып, одан да айқын анықтама алады. Осыған орай қарапайым элеуметтік процестен күрделі процеске айналу, ойлаудың абстрактылыдан нақтыға көшу.

     Сандық және сапалық  анализ бірлігі.

Бұл әлеуметтік қатынасты тану эдісі болып табылады. Әлеуметтік теориялар әлеуметтік процестердің сапалық жағын ғана анықтаумен шектелмейді. Олар сандык байланыстарды да зерттейді және танылған әлеуметтік қүбылыстар сапалы түрде анықталған түрде көрініс табады. Мысылы, процестер құрылымының өлшемі элеуметтік дамудың көрсеткіштерін көрсетеді.

Жалпы ғылыми әдістерге статистикалық әдісті жатқызуға болады. Математикалық есептеулермен алынған ақпараттың дұрыстығына көз жеткізуге болады.

Жеке арнайы гылыми әдістер — шынайы өмірдің жеке облыстарының өзгерулерін танудың спецификалық жолы, нақты білім жүйесіне қатысты болады. Мысылы, әлеуметтануда — социаметрия әдісі, математикада -коррелляциялық анализ т.с.с. Осы әдістер сәйкестендіріліп әлеуметтік жұмыс проблемаларын шешуге қолданылады.

М.Г.Зайнышевтың айтуы бойынша, отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс практикасында ғылыми зерттеудің тәсілдеріне жеке әдістердің қолданылмағанын айтады. Кейбір авторлар бір ғана іс-әрекеттің жүйесін әдіс деп атайды, басқалары техникасы, кейбіреулері-әдістеме, кейде әдіснама деп атайды [9].

Танымал әлеуметтанушы В.А.Ядов бұл терминдердің мәнін былай ашады : әдіс — мәліметтерді талдаудың негізгі жолы; техника — әдісті қолдану барысындағы арнайы тиімді пайдаланудың тәсілі; әдістеме -техникалық тәсілдердің қолдануы және олардың ретімен жүруі; процедура-барлық операциялардың реттілігі, зерттеуді ұйымдастырудың жэне жүргізудің жалпы жүйесі. Мысалы, қоғамдық пікірді әлеуметтанушы зерттеу барысында мәлімет жинау әдісі ретінде анкетаны қолданады. Түрлі себептерге байланысты сұрақтардың бір бөлігін ашық түрде,бір бөлігін жабық түрде құрастырады. Осы екі тәсіл анкеталық сұраудың техникасын құрайды. Сұрақ парағы яғни алғашқы мәлімет жинау құралы, респондентке берілетін ережелер бұл жағдайда әдістемені құрайды.

Ғылыми зерттеулер көмегімен практик-мамандар олар қолданған әдістер өз нәтижесін беруде ме, қойылған мақсаттарына жетуде ме, соны анықтай   алады.   Зерттеулер   әлеуметтік   жұмыскердің   өзімен   де және социологтармен де жүргізіледі. Бірақ та әлеуметтік жұмыскерлер зерттеуді өз күштерімен жүргізуді тиімді деп мойындауда. Зерттеу практикалық араласудың қандай типі қай жағдайда нәтижелі болады.

Әлеуметтік жұмыс пәнаралық білімнің облысында пайда болып дамуда,
жаратылыстану ( медицина, биология т.с.с. ) әлеуметтік-гуманитарлық
бағыттағы ( әлеуметтану, психология, антропология ) әрқайсысында жеке
әдістер қолданылады. Олардың мақсаттарына байланысты әдістер мен
техникалар          қолданылады.          Жеке          әдістердің мысалына

интервъю, анкета, контент-анализ, эксперттік әдістер, тестілеу, фокус— групп әдісі және осы әдістердің өнімділігін зерттеу жатады.

 

   Әлеуметтік жүмыстың   практикалық қызмет ретіндегі әдістері

Әлеуметтік жұмыстың әдістерінің классификациясы практикалық іс -әрекет тұрғысынан қарағанда күрделі және аз зерттелген проблема. Кәсіби іс — әрекет эдістерінің классификациясы — әлеуметтік жұмыстың ғылыми үйымдастырудың маңызды компоненті. Алайда әдістерді талдау мен сипаттау, олардың мазмұнды дифференциациясы арнайы әдебиеттерде тек қалыптасу деңгейінде. Егер әлеуметтік жүмыстың анализі білімнің ғылыми жүйесі ретінде гуманитарлы танымның әдіснамасына сүйенетін болса, онда әлеуметтік жұмыскерлердің іс — эрекетінің тәжірбиесінің әдіснамалық негізделуі басқа бағыттар мен жағдайларды қажет етеді.

Кез — келген ғылыми ұйымдастырылған теориялар мен тэжірбиесіндегі әдіснамалық талдауда негізгілердің бірі болып табылады. Ғылымда әрқашан кәсіби қызметте қойылған мақсаттар мен соған жету әдістерін айқындап алған жөн. Егер әлеуметтік жұмыста қолданылатын әдістер мен құрамдас пәндерде қолданылатын әдістер ұқсас болса, онда қызмет әдістері мүлде басқа сапалық типте болады. Дәл кәсіби мақсаттар мен оларға жету жолдарының өзі әлеуметтік жүмысқа дербес мамандық статусын береді.

Ғылымда қызмет әдісі осы әдісті іске асыру жолы ретінде қарастырыльш, қойылған мақсатқа жеткізеді. Адамзатпен түрлі қызмет эдістері жиналған. Бірақ та үздіксіз тапсырмалардың күрделенуі жаңа түрлерінің пайда болуы, оларды шешу әдістерін жаңартуға соғады. Бұл пікір элеуметтік жүмысқа тікелей байланысты.

 

 

Жалпы ғылымда әлеуметтік жұмыстың келесі әдістері қалыптасқан :

  1. Социологиялық әдістер  алғашқы  ақпарат рөлін  орындайды.  Онсыз практикалық әлеуметтік жүмыста анализ жасау мүмкін емес.
  2. 2. Әлеуметтік жүмыстың педагогикалық әдісі:
  • Сананың қалыптасу әдісі;
  • Іс-эрекеттің қалыптасу әдісі;
  • Қолдау мен сегу әдісі;
  • Түлғаның үжымдық қызметке ену әдісі;
  • Уақыт өте киындайтын қызметке бейімделу әдісі;
  • Педагогикалық түзету әдісі;
  1. Психологиялық әдістері
  • Психодиагностика әдісі;
  • Психологиялық кеңес әдісі;
  • Психологиялық таңдау ;
  • Әлеуметтік -психологиялық тренинг, аутотренинг ;
  • Жүріс —тұрысты түзеу эдісі, мотивация, қарым -қатынас, өзін -өзі
    бағалау ;

 

Осы классификацияда элеуметтік жұмыс түрлі аспектілерде психологиялық, педагогикалық практикаға сіңісіп кеткенін байқаймыз.

Әлеуметтік жұмыстың әдістерін классификациялауда түрлі пікірталастар жүріп, кейінірек элеуметтік жүмыстың эдістерінің үш тобын бөліп көрсету ұйғарылды.

Әлеуметтік жүмыстың практикасында қолданылатын әлеуметтік көмек беру әдістері топтастырылды :

  1. Әлеуметтік — экономикалыц ;
  2. Әкімгиілік — үйымдастыругиылыц;
  3. Псыхо — педагогикалыц ;

Әлеуметтік—экопомикалыц әдістерге әлеуметтік жұмыстағы көрсетілетін барлық көмек көрсетудің жолдары жатады. Олар клиентке элеуметтік жүмыс тарапынан рухани — материалдық, ұлттық, отбасы жэне басқа да әлеуметтік қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Бұл топқа табиғи жэне ақшалай көмек, жеңілдіктер тағайындау, жэрдемақы, потранаж, тұрмыстық қызмет, рухани көмек беру жатады.

 

Ұйымдастырушылық реттеу әдістері.

Бүл әдістің негізінде әлеуметтік қызметтің ұйымдастырушылық, басқарушылық регламентті, нормативті-қүқықтық актілер құқықтар мен міндеттерді бекітеді. Әлеуметтік басқарушы мекемелердің міндеттерін айқындайды. Реттеу әдісі эпизодты тапсырмаларды шешуде жедел түрде шешім табуға көмектеседі. Осы топтың негізгі әдістері: регламенттеу, нормаландыру, инструкциялық.

Регламенттеу — ұйымдастырылған әсер ету жолы, ұйымдастыру жағдайларына кіріспе жасау, әлеуметтік қызмет басқармаларының орындайтын міндеттерін, бұйрықтарын, типтік жағдайлары мен қызметтік ережелерін бекітеді.

Нормаландыру — жоғарғы жэне төменгі шектерде қалыпты ережелерді бекіту. Бұл ережелер әлеуметтік жұмыскердің қызметінде бағыт-бағдар қызметін атқарады. Оларға: клиентке қызмет көрсету нормативтері, қызмет көрсетудің уақыт нормативі т.с.с.

Инструкциялық – ұйымдастырушылық әсер етудің ең бір жеңіл түрі болып табылады. Маңыздылығы бойынша тапсырмаларды түсіндіру, мүмкіндіктерді, қиыншылықтар мен клиенттің іс -әрекетінің нәтижелеріне нұсқау беру және басқа да проблемалардың алдын алу шараларын жүргізу болып табылады ( ақпараттандыру, кеңес беру ).

 

 

Психо – педагогикалық  әдістер.

      Клиентке түрлі әлеуметтік — психологиялық жэне педагогикалық реттеу әдістері арқылы клиенттің әлеуметтік жай — күйін, іс-әректтерінің өзгеруіне әсер ету болып табылады. Бұл топтағы басты әдіс — сендірудің түрлі формаларын анықтау, кеңес беру, аргуметтермен дәледеу, ұсыныс жасау, ықпалды мысалдар келтіре білу, әлеуметтік зерттеулер негізінде әлеуметтік — психологиялық диагноз жасай білу, психологиялық түзету, психологиялық кеңес беру, психопрофилактика, ақпараттандыру, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін қолдана білу, әлеуметтік терапия т.с.с. Осылардың ішіндегі ең бір нәтижелі әдіс бұл әлеуметтік терапия болып табылады.

 

Әлеуметтік терапия — бұл жүйеленген және де топқа, жеке адамға бағытталған көмек арқылы адамның импульсі мен қарым-қатынасын ретке келтіру әдісі болып табылады.

Әлеуметтік терагшяның қызметтері:

  1. Түзетушілік
  2. Мінез — құлықты түзету
  3. Дисфункцияны ескерту
  4. Қолайлы дамумен қамтамасыз ету
  5. Тұлғаның танылуы

Әлеуметтік    терапия     контекстінде     идивидуалды    жэне    топтық жүмыстар формалары көрсетіледі :

  1. Отбасы терапиясы
  2. Еңбек терапиясы
  3. Социодрама және психодрамат.б.

Психологиялық жұмыстың көп түрлерінде мына формаларды атайды :

  1. Бихевиористік көзқарас
  2. Гешталът терапия

З. Когнитивті терапия

  1. Проблемалық багытталган көзқарас
  2. Психо- әлеуметтік көзқарас

Әлеуметтік талдау процесі әлеуметтік жүмыстың батыстық моделінде кездеседі. Әлеуметтік жұмыстың түрлі анықтамаларын келтіре отырып, біз әлеуметтік жұмыстың АҚШ және Европада практикалық қызмет түрі және де басқа ғылымдардың теориясын жүзеге асырушы қызмет екенін білеміз. Әлеуметтік жүмыстың теориясы ғылыми пән ретінде қарастырылмайды. Яғни ғылыми білімді таза алуға бағытталған.

Әлеуметтік жұмыстың теориялық құрылымдары сол істің әлеуметтік жүмыскерге көмек беріп нәтижеге жетуімен бағаланады.

Бұл классикалық академиялық теория «түрлі объектілер ортасында». Бұл кәсіби қызмет теориясы «объектімен жүмыс».

Сәйкесінше, әлеуметтік жүмыс әдісінің проблемасы да мүлдем басқаша қарастырылады. Онын негізіне әлеуметтік жұмысқа байланысты «әдіс» түсінігі мынадай сұрақтың жауабын қамту керек : әлеуметтік қызметкер мақсаттың бастапқы кезеңінен бастап оған жету жолында оң жетістіктерге қалай қол жеткізе алады? Осы көзқарас тұрғысымен қарағанда, әлеуметтік жүмыстағы эдіс элеуметтік жүмыскер индивидпен, топпен, басқа да үлкен қауымдастықтармен калай және қандай мақсатта өзара әрекеттестік жүйесін ұйымдастырумен анықталады. Осы өзара әркеттестіктің сипаты жэне оның негізінде жатқан әлеуметтік — психологиялық механизмдер әлеуметтік жұмыскердің клиенті индивид, кіші топ немесе адамдар қауымдастығы болуына байланысты айтарлықтай өзгешеленеді. Осының негізінде шетелдегі әлеуметтік жұмыс сипатына тән дәстүрлі бөлімдер құрылған.

 Әлеуметтік жұмыс көптеген шет мемлекеттерде функционалды мамандандырылған қызмет түрінде басталған. Бірақ 1940-1950 жылдары психологиялык және социологиялық теорияның қарқынды даму әсерінен әлеуметтік жұмыскерлердің эдістемелік мамандандарылуы біржолата қалыптасты (индивидуалды, топтык әлеуметтік жұмыс және қауымдастықпен жұмыс ). Үш дәстүрлі әдістерді жақтаушылардың әрқайсысылары өз теорияларына сәйкес көмек көрсетудің өзіндік тәсілдері мен кәсіби шеберліктерін байланыстыруға мүмкіндік алды: «индивидуалды» жұмыскерлер тұлға және сананың әртүрлі теорияларына сүйенді; «топтық» — адамдардың өзара әрекеттестігін әлеуметтік -психологиялык түсуіне иек артты; ал қауымдастықты ұйымдастыру сферасындағы мамандар әлеуметтік концепцияларға сүйенді. Нәтижесінде қайсыбір әдістемелік бағдарланудың өкілдері өзара сәйкестенуі қиын түсініктер мен категорияларды қолдана отырып, өздерінің іс — әрекетін координаттың түрлі жүйелерінде ұғына бастады. Әрине, осы үш әдісті бір -бірінен ажырату әлеуметтік жұмыскердің не істейтінімен емес, олар әрекеттесетін адамдар санымен байланысты. Басқаша айтқанда, іс -әрекетті емес, жұмыс түрін немесе қызмет бағытын сипаттайды. Осындай бөліну іс әрекет бағыты мен мазмұнын толық ашпай, әлеуметтік жұмыскердің клиенттің проблемасының маңызын есепке алмай және соған сай шешімнің технологиясына өзара әрекеттестігін ерікті түрде шектейтіндігі үшін кәсіби бірлестік тарапынан осы уақытқа дейін сынға ұшырап келеді. Бірак интегративті моделді ізденіс тенденциясының жақындауына қарамастан, элеуметтік жүмыстың индивидуалды әлеуметтік жүмыс, топпен әлеуметтік жүмыс жэне бірлестіктермен (қауыммен) әлеуметтік жұмыс деп бөлінуі қазіргі кезге дейін сақталуда.

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА БОЛЖАУДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

2.1. Болжамды классификациялаудың көрсеткіштері

Индивидуалды әлеуметтік жұмыс.

Индивидуалды элеуметтік жұмысқа байланысты бағыттар өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың принциптері мен негізгі жағдайлардың реті бойынша айрықшаланады. Психоаналитикалыц багыт әлеуметтік жұмыскерден клиенггің интрапсихикалық динамикасының анализін жэне ішкі тұлғалық копфликтілерді шешуде көмек көрсетуді талап етеді. Психо -әлеуметтік багыт « тұлға — әлеуметтік ортада » тәрізді кешенді проблемалы жағдаятты жан — жақты зерттеуге және әлеуметтік диагноздың әлеуметтік жұмыскердіц көмек көрсетудегі тиімді әрекетінің шартыретінде қойылуына табап тірейді. Функционалды багыттың өкілдері алдыңғы көзқарасқа қарсы шыға отырып, тұлғаға да, жағдаятқа да байланысты жан -жақты диагностика мүмкін емес деп есептейді. Сондықтан әлеуметтік жұмыскер клиентке озінің сауалын элеуметтік жұмыскер нақты әлеуметтік қызмет немесе агенттіктің өкілі ретінде орындайтын функциялармен ара қатынасын белгілеу үшін көмектесу керек. Проблеманың шешілуіне негізделген бағыт өзінің басты назарын клиенттің интеллектуалды күш жігерін оның проблсмалы жағдайына байланысты нығайтуға жэне оны өмірдің күрделі жағдаяттарынан өз бетінше жол табуға үйретуге аударады. Бихевиористік багыт өздерінің теориялық бағдарларына сэйкес өз назарын клиент мінез — қүлығының дезадаптивті моделдеріне жэне олардың коррекциясына тұрақтандырады. Жоғарыда аталған бағыттар іс — эрекет принциптерінің сыртқы өзгешелігі, сонымен қатар диагностикалық жэне эдістемелік процедураларды қолдануда өзара бірін — бірі жоққа шығарушы болып табылмайды.

 

Бастапқы    теориялық    постулаттарына   тэуелсіз    олардың    барлығы элеуметтік жүмыскер мен клиенттің өзара эрекеттестігінде :

  • алғашқы коммуникацияның    орнатылуын    (    эмоционалды    жэне
    интеллектуалды байланыс );
  • проблемалы жағдаятты зерттеу мен талдауды ;
  • бірлескен жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтауды ;

4)      индивидтің әлеуметтік қоршаумен жэне / немесе өз — өзімен өзара
қарым — қатынасының түр өзгертуін ;

5)    бірлескен   жұмыстың   нәтижесі   мен   дамуының   бағасын   шамалап
ұйғарады.

Бұл бағыттар көмектің алуан түрлеріне бағытталған , мэселен , жоғары мамандандырылғац психо — педагогикалық көмек талап ететін жерлерде жүзеге асырылады . Психосоциалды және « проблемалы бағыттанған » бағыттардың диағностикалық тереңдетілген жүмыстары олардың маңыздылығын айқындай түседі. 

 

 Топпен әлеуметтік жұмыс топтың іс — әрекетінің басымды мақсаттарына байланысты ұйымдастырылады.

Топ азаматтық жэне құқықтық мақсаттардың кең контекстегі жалпы мәнді жетістігіне бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда әлеуметтік жүмыскер топтың сыртқы байланыстарының координаторы жэне үйымдастырушысы ғана болып табылады.

Топтың мақсаты оның мүшелерінің интенсивті және рефлексивті қарым -қатынас әсерінен жеке тәжірбиелері мен өзіндік сана аясының кеңеюі болуы мүмкін. Бұл жерде топ « қарым-қатынастың лабораториясы» ретінде көрінеді және әлеуметтік жұмыскердің іс-әрекеті топтық дискуссия немесе тренингті жүргізуші мен ұйымдастырушы ретінде тобішілік өзара әрекеттестікте тұйықталып қалады. Ақырында, топ индивидтерді ұқсас кызығушылықтары мен ұмтылыстары бар адамдармен мәнді қатынасқа енгізудің шынайы тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар осы жағдайда әлеуметтік маңызды мақсатқа жетудің құралы жэне индивидуалды  өзіндік даму мен өзгерудің стимулы болып та көрінеді (топпен жұмыстың кешенді моделі). Әлеуметтік жұмыскер топтың сыртқы   белсенділігі    жағдайында   да   және    оның   мүшелерінің   өзара әрекеттестігінде де делдал рөлінде болады.

      Осылайша, топпен әлеуметтік жүмыс :

  • топтық іс — әрекет тэжірбиесі мен ортақ маңызды мақсатқа жетуде
    топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділіктерін ұйымдастыру ;
  • интенсивті және рефлексивті қарым -қатынаста өзіндік сана мен
    индивидуалды тәжірбиенің аясының кеңеюі;
  • топтың продуктивті,шығармашыл жэне дамушы іс -әрекетке ендеуі
    есебінен жүзеге асырылады.

Бірлестіктегі   әлеуметтік   жұмыс   әлеуметтік   жұмыскерлердің   іс   —  әрекетке қатысуы арқылы ұйымдастырылады:

  • адамдардың жергілікті, географиялық шектеулі бірлестігінің
    дамуы бойынша кейбір ортақ маңызды мәселелермен салыстырғанда
    жеке және топты қ қатынастарды координациялау мен ынталандыру
    арқылы ;
  • әлеуметтік жоспарлау , әр түрлі мекемелердің әлеуметтік білім беру
    мәселесі бойынша әрекеттердің стратегияларын жасау және денсаулық

сақтау мен қорғау бойынша ;

  • түрғындардың осал топтарының негізгі азаматтық қүқықтарының жүзе
    ге асуына кедергі келтіретін қолданыстағы заң шығарушы жэне
    ұйымдастырушы тәжірбиенің өзгеруіне бағытталған қоғамдық
    компаниялар мен көпшілік әлеуметтік акцияларды үйымдастыру
    бойынша;

 

Әлеуметтік жұмыстың әдістерін анықтауға байланысты тағы бір бағыт әлеуметтік жұмыстың теориясының негізін салушылардың бірі Мэри Ричмонд идеяларына негізделеді. Ол әлеуметтік жұмыскердің өзінің тұлғасын индивидпе-і немесе топпен өзара қарым-қатынаста жауапты және саналы түрде қолдануы әлеуметтік жүмыстың басты әдісі болуы керек деп есептеді. Осы өзара әрекеттестіктің нәтижесінде әлеуметтік жұмыскер әрекеттестігіне ықпал жасайды әрі жеңілдетеді. Әлеуметтік жұмыстың эдісі клиенттің бағасын және әрекеттің сәйкес жоспарын жасауды, жүйелік бақылауды меңзейді. Бұл анықтаманың негізінде көмек керсетудің тура және тура емес әдістері бөлінеді.

Тура әдістер — бұл индивидтерге, отбасыларға, топтарға бетпе-бет әрекеттестікте «осында және енді» тікелей проблемаларын шешудегі көмектің түрлері. Тура емес әдістер — бұл клиенттің тұлгасы мен жағдайына емес, сырткы әлеуметтік шарттардың өзгеруіне багытталган ұзақ мерзімді мақсаттармен іс-әрекет. Тура әдістер, қағида бойынша, индивидуалды топтық әлеуметтік жұмыста қолданылады және психологиялық теориялар саласынан хабардарлықты талап етеді. Тура емес әдістерді бірлестіктсрді ұйымдастырумен айналысатын жұмыскерлер қолданады, сонымен қатар, олар әдетте   әр түрлі қоғамдық топтардың    іс-әрекетінің   координациясы,   үкіметтік   немесе   қоғамдық   органдар   үшін жасалатын іс -әрекеттердің жоспары мен баяндамасы түрінде байқалады.

Соңғы жылдары әлеуметтік жұмыстың тәжірбиесінде кең түрде қолданылатын және табиғи жағдайда қалыптасқан әлеуметтік көмек көрсетудің екі әдісінің төңірегінде оның практикалық интеграциясына байланысты тенденция бой көрсете бастады. Олардың орыс және қазақ тілдеріне аудармасы әзірге тұрақталған жоқ, сондықтан алуан түрлі болып айтылуы мүмкін : индивидуалды менеджмент ( сазе тапа^етепі: ) , немесе пайдаланушының жүргізуі, жағдайды басқару және қолдау көрсету желілерін құру.

Индивидуалды менеджмент индивид деңгейінде қызмет көрсету мен көмекті координациялау жэне ұйымдастыру стратегиясы ретінде қарастырылады. Жағдайды басқару процесі жоспарланған мақсаттарға әлеуметтік жұмыстың басты міндеттерін шешу, дәлірек айтқанда, алдын ала жоспарланған килігу мен анализді, мәліметтерді жинау жолымен жетуге негізделген. Соңғы жылдары барлық дерлік индивидуалды әлеуметтік жұмыскерлерді индивидуалды менеджерлер  деп атау тенденциясы пайда болды. Бұл осы әдістің жеке әлеуметтік көмек сферасында кеңінен танылуын байқатады ( СоиізһесІ В., 1991 ). Индивидуалды менеджерлер адамдарға өздеріне қажетті және тілектеріне сәйкес көмек пен қолдауға қол жеткізуге жэрдемдеседі. Аталған жағдайдағы пациенттің таңдауы бойынша көмекті қарапайым ресми мекеме ғана емес, кез-келген агенттік немесе ұйым, компетентті кәсіпқой да көрсете алады .

Индивидуалды менеджменттің моделдері өзінің идеологиясы, іс -әрекетінің түрлері мен бағыттары бойынша айтарлықтай өзгешеленеді. Олар клиенттің тілек — сүрауыпа жэне жалпы проблемаға көбірек бағытталып, үсынылатын қызмет көрсету бағдарламасын басқаруда клиентке үлкен немесе кіші рөл беруі мүмкін. Индивидуалды менеджмент бағдарламасының кейбір нұсқалары тек қызмет көрсетуді координациялайды, ал басқалары -дағдарысты килігуді, реабилитацияны жэне емдеуді қарастырады .

Әзірге индивидуалды менеджменттің әдісін сипаттайтын ортақ қабылданған көзқарас жоқ. Алайда әлеуметтік жұмыскердің негізгі функциясына қатысты оның мамандар арасында жүзеге асырылуында толық келісімге қол жеткізілді. Бұл функциялар: проблеманы (жағдайды) табуда, қызмет көрсету пакеттерін анықтауда; проблеманың шешілуіне бағытталған процедуралардың коордиыациясы; процесс мониторингі; ұсынылатын қызмет көрсетудің тиімділігінің бағасы; килігу мақсаттарына сәйкес ұсынылатын қызмет көрсету пакеттерінің қажеттілігі жағдайындағы түзетулерді орындайды.

Индивидуалды  менеджмент процесінде әлеуметтік жұмыскер келесі міндеттерді шешеді:

  • проблеманы табу және клиентпен байланысты орнату ;
  • клиенттіц өтініштерін орындау ;
  • бірлескен әрекеттерді жоспарлау ;

 

4)    клиенттің    әлеуметтік   ресурстармен    байланысын    орнату    жэне
координациялау ;

  • қызмет көрсетуді орындау мониторингі;
  • клиент мүддесін крргау ;

Пайдаланушы жетектеуші маман оның атынан қызмет көрсету бойынша жоспарды орындайтын мекемелермен келіссөз жүргізеді. Қажеттілікке қарай ол басқа мамандармен консультация ұйымдастырады. Пайдаланушының істі жүргізудің мұндай моделінде мамандар жеткілікті үлкен жүктемені атқаруға тиіс болады.

Әлеуметтік қолдау желілерін ұйымдастыру.

Бұл әдіс белгілі бір айтарлықтай деңгейде әлеуметтік жүмыс әдіснамасының дамуына әжептәуір үлес қосқан жүйелер теорияларының ықпалымен туындаған. Әлеуметтік жүйелер теорияларының тұрғысынан қарағанда желі «қарастырылған адамдардың әлеуметтік мақсаттарын интерпретациялау үшін, осы өзара байланыстарды біртұтас ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін адитивті қасиеттер тән адамдар арасындағы өзара байланыстардың белгілі бір жиыны » ( Міісһеіі, 1969 ) .

Анағұрлым түсінікті терминдерде желіні спецификалық мағынасы бар нүктелер арасындагы байланыстардың үлгісі немесе жүйесі ретінде сипаттау керек.

Әлеуметтік желілерде нүктелер, бүл :

  • адамдар
  • адамдар кездесетін жерлер
  • адамдар орындайтын әрекеттер

Байланыстар адамдар бір — бірімен кездесу, оларды қызықтыратын жерлерге бару немесе бірлескен ортақ әрекетке қатысу үшін қабылдайтын арласуларды көрсетеді, Осылайша, әлеуметтік желі клиенттің мінез — қүлқын және өмірін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және әлеуметтік көмек көрсету мақсаты үшін ресми емес қолдау жүйесін қолданудың инструментін ұсынатындықтан, әлеуметтік жұмыстың тәжірбиесі үшін маңызды мәнге ие.

Табиғи әлеумегттік желілерді формалды әлеуметтік көмекті қолдау және толықтыру үшін тиімді колдануға болады. Бұл процестегі негізгі техника -бұл әлеуметтік жұмыскерлердің клиенттің айналасын немесе оның анағұрлым кең социумындағы «орталық фигураларды» анықтау мен жинау. Бұл адамдар моралды қолдауды оған мұқтаждарға көрсетуге мүмкіндік беретін жеткілікті психикалық және эмоцианалды ресурстарға ие болуы керек. «Орталық фигура» мәселен, клиентке өзінің уақыты мен көңілінің бір бөлігін бөле алу мүмкіндігі бар клиенттің көршісі немесе жақын арадағы дүкеннің сатушысы бола алады. «Орталық фигуралар» әлеуметтік жұмыскерге клиенттің қатынастарының желісін тереңірек түсінуге көмек бере алады және осы процесс арқылы оның әлеуметтік байланыстарының кеңеюі мен әлеуметтік көмек сферасын ауқымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыскердің негізгі рөлі — «орталық фигуралардың» күштерін және олардың өз эмоционалды немесе физикалық ресурстарын әлсіретіп алуы мүмкін қаупінің алдын алып, клиенттермен әріптестікке талпыныстарына қолдау көрсетіп отыру.  

       Мәселенің мәнін аша отырып, түсінік ақпаратын ажырытып алу қажет. әлеуметтік болжау процесі өз бойына институционалдық жобалауды, болашақтағы даму мен оның салдарынан болатын ықпалды бағалауды жинақтаған.

       Әлеуметтік жұмыстағы болжау – жоспарлау алдында жүргізіліп, жағдай барысында баға беруді, орындау нәтижесін, жоспарау мен шешім қабылдауға илікпейтіннің барлығын қамтып отыруы қажет. Ол кез-келген уақыт аралығын қамтуы мүмкін. Болжам, жоспар және бағдарлама келешек жайлы ақпаратар тасқынын реттеу әдістері арқылы ажыратылады. Алайда, өтпелі экономика жағдайында әлеуметтік жұмыстың болжау әдістері әлі толық зерттелмеген.

        Болжамның типологиясы әлеуметтік болжаудың мақсатына, міндетіне, нысанына, әдіс-тәсіліне, мәселесіне, сипатына, бекітілген кезеңіне, әлеуметтік жұмысты болжау әдістерін ұйымдастыру әдісіне құрылуы мүмкін. Бұл процесс, біздің ойымызша, екі болжамнан: нысандардың жай-күйін, әлеуметтік болжам негізі: болжаудан және себеп-салдарлық байланыстарды болжаудан құралады. Болжау сипаты және басты мақсатына тәуелді қосалқы міндеттер сатысын айқындау маңызды. Оны қай бағыт бойынша құру керек: мемлекеттік институттар құрылымына сәйкес көлбеу бағытпен бе, салалар бойынша тікелей тәуелді ме дегн сауалдардан тұратын бағдарламалық-мақсаттық қырынан қарастыру болып табылады. Басқаруды нақтылау сипаты критерийі бойынша болжамдардың мынадай қосалқы типтері бөліп көрсетіледі: ізденісті және нормативтік болжамдар.

         Әлеуеттік ізденістік болжам – болашақтағы әлеуметтік жұмыс субъектісінің мүмкін болатын жай-күйін анықтау. Мұндай болжам “ бар тенденциялардың сақталу жағдайында әлеуметтік жұмыстың ыққтимал ісі қандай болады?” – дегн сауалына жауап береді.Әлеуметтік жұмыстағы нормативтік болжам – мақсат тұрғысында қабылданатын құбылыс ретіндегі әлеуметтік жұмыс субъектісінің мүмкін болатын жай-күйіне жетудің мерзімі мен жолдарын анықтау. Мұндай болжам: “іштей және сырттай орнықты әлеуметтік қызмет субъектісін қалыптастыру қандай жолдармен жүзеге асырылуы қажет?” – деген сауалға жауап береді.

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Болжам жасаудың негізгі салалары мен олардың арасындағы байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Алдын алу кезеңі – болжам есептелген уақыт аралығы бойынша өндірістік (ағымдағы), қысқа – орта – ұзақ мерзімдік және алыс болашақтағы мерзімдік (өзге ұзақ мерзімдік) болжамдар ажыратылады.

          Болжамдардың уақыттық градациясы түр-типтеріне, мақсат, міндеттеріне қатысты шама болып табылады және сол болжамның сипаты мен мақсатына тәуелді болады.

          Әлеуметтік жұмыс объектісін болжау құралы. Әлеуметтік жұмыс объектісін болжамдау негізінде болашақ туралы ақпараттың өзара әсер етуші үш көзі жатыр:

  • Әлеуметтік жұмыс объектісінің болашақтағы болжанатын жай-күйінің даму болашағына тәжірибе негізінде баға беру.
  • Өткендегі және қазіргі даму заңдылығы жеткілікті дәрежеде белгілі тенденциялардың болашақтағы шартты жалғасы (экстрополяциясы).
  • Әлеуметтік жұмыс объектісінің болашақтағы жай күйінің моделі.

          Осыған сәйкес әлеуметтік жұмыс объектісін болжауды әзірлеу тәсілінің үш түрі болады:

  • Анкеталау (сұхбаттасу, сауалдама жүргізу) – болжамдық сипаттағы субъективтік баға берулерді реттеу, негіздеу мақсатында сараптаушылардың халыққа сұрақ беруі.
  • Экстрополирлеу және интерполирлеу (әлеуметтік жұмыс субъектісі жай күйінің белгілі бір екі тұсы арасындағы аралық мәнді анықтау) – болжанатын әлеуметтік жұмыс объектісі көрсеткіштерінің динамикалық қатарын өткендегі болжамдарды негіздеу кезеңінің өн бойында құру және болашақтағы болжамдардың алдын алу (болжамдық әзірлеудің ретроспекциясы мен проспекциясы).
  • Модельдеу – болжанатын әлеуметтік жұмыс объектісін ықтимал немесе қалаулы өзгерістерін есепке ала отырып ауқымдар мен өзгерістер бағыты туралы қолда бар тура немесе жанама мәліметтер бойынша болжамның алдын алу кезеңіне арнап ізденістік немесе нормативтік моделдерді құру.

           Модельдер түрі: теңдеулер жүйесі, сценарийлер, имитациялар, графалар, матрицалар, көрсеткіштер топтамасы.

 

     

 2.2. Әлеуметтік жұмыста болжаудың ерешеліктері

 

       Бейресми әдістер. Ауызша таралатын ақпарат. Жазбаша және ауызша ақпараттар көзі қосалқы тәсіл ретінде белгілі бір болжам мен мақсат нәтижесін өңдеуде, әрине, басшылыққа алынады. Талдау барысында ауызша әдістер жиынтығы, ауызша ақпарат айрықша жиі сыртқы ортада қолданылады. Мұнда радио және телебағдарлама тұтынушылар, жеткізушілер, бәсекелестер сауда кеңестерінде, кәсиби мекемелерде (бұларға “Ротари”, болмаса “Киванис” клубтарын жатқызуға болады) заңгер, бухгалтер, қаржылық тексеруші,кеңесшілерден алынған ақпараттардың жеткізілуі бақыланады.

       Мұндай ауызша таралатын ақпарат сыртқы қоршаған ортадағы мекемелерге қызығушылық танытатын негізгі факторларға қатты әсер етеді. Ол ашық түрде болғандықтан, оны алу оңай және одан толық ақпарат алу мүмкіндігі бар. Бірақ кейде мәліметтер ішінде дәлдігі жетіспейтін әрі ескірген, ырықсыз көмескіленген мәліметтер де кездеседі. Егер мұндай жағдай орын алғанда, яғни басшылық мекеме мақстын қалыптауда санасыз ақпаратты пайдаланса, мәселелер саны едәуір көлемді болуы мүмкін. Әрине, зиянды. Мәселен, 1980 жылы Москвада өтетін олимпиялық ойындар қарсаңында мекеме мыңдаған атаулы өкім шығарды. Ең жас саналған ауызша таралған мәліметтер ақпараттар АҚШ-тың ойынға қатысатыны туралы ақпар берген. Алайда соңғы минуттарда президент Картер СССР-да болатын сапарынан бас тартып жоспарын өзгерткен. Содан компания милиондаған шығын жұмсалған өнімдерді тұтынушысына жол тартпай, щығынға қалған.

       Жазбаша ақпарат. Жазбаша ақпараттар көзі ақпараттық бюлетендер, кәсіби журналдар, жылдық есептер болып есептеледі және бір жазбаша ақпарат көзі, яки бәсекелес есепте 10К. Бұл ерекше жылдық есеп құнды қағаздар, барлық ашық акционерлік компаниялар комиссиясының қатысуынан құралады. Кітапханалар мен барлық колледж, университеттерде 10К есебі қолданылады. Тағы да қайталаймыз: бұл ақпараттың да ардап шегетін фактолары ауызша тарайтын ақпаратқа тән белгілер. Нақтырақ айтқанда, бұл ақпарат жаңа, өнімді әрі терең болмауы мүмкін.

       Жапондық “Хитачи” және “Митцубиси” әлемдегі электрондық өкілі, компьютер және оның жабықтарын даярлаушы фирма. Оның 18 рет құпия түрде жүргізген сұмдық әрекеттері негізінде “Ай Би Эм” фирмасының құпияларын ұрлағаны үшін өкілдері тұтқындалған.

       Тұтқындалғандар “Ай Би Эм” фирмасының жаңа заман талабына сай компьютерлік технологиясын, техникалық жабдықтармен жасырын түрде ФБР (агенті) тыңшысына жеткізу үстінде айыпталған.

       Тыңшылық (шпионаж) – бұл корпорациялық бірлестіктердегі алғашқы жаңалық емес. Бұл кейде бәсекелестердің мәліметтерін жинауда табысты тәсіл болып саналады. Және бұл мекеме мақсат – жоспарын қайта қалыптауда пайдаға асады. Біз бұл жерде құнды мәліметтер, сондай-ақ сіздің интеллектуалдық қабілетіңізге қатысты құжаттарды қорғау жөнінде естеріңізге саламыз. Мақсаттылық осы.[10]

         Болжаудағы сандық әдістер. Сандық әдістерді болжамдау барысында қлдануға болады. Ол тек іс-әрекет өткен уақытта анықталған тенденция (негізгі ой) менінде болып, болашақта да жалғасын апса және статистикалық мсенімді тенденция негізінде көрінген әрі тәуелділік жағдайында. Сондай-ақ жетекші сандық модельдерді қалай қолдану керектігін міндетті түрде білуі керек, өйткені тиімді шешімдерден шыққан нәтиженің пайдасы қалып құрауға кеткен шығындардың орнын басу керек.

         Уақытша қатар сараптамасы. Анализдің бұл түрі негізінен болжамға негізделген. Өткен іс-әрекет тәжірибесі болашақ істің бағасына ықпалы бар. Бұл сараптау образдардың көрінуі және өткен тенденциялардың болашаққа жалғасуын білдіреді. Оны таблица болмаса графикалар көмегімен координаттық жүйе нүктесімен жүре отырып көруге болады. Яғни бұл өткен мен келешектің үндестігі , жалғасы.

         Аталмыш сараптама өнім, қызмет, қажеттіліктер бағасы, болжамдар құрылымының өтімділігі, маусымдық комбинация (тербеліс) мінездемелуінің болмаса кадр қажеттілігіне сұраныс туындағанда жиі қолданылады. Мысал үшін, “Бюргер Кинг” атты ресторан директоры колбрлік гамбургерге сұраныс тапсыру үшін, ол өзіні шешімін керек. Өткен жылы гамбургер Қайырымдылық күніне орай ноябрь айында 10% төмендеді деп сараптама шешімі дәлелдеуі мүмкін. Болмаса жалпы соңғы төрт жылда оның ресторанында сатылым көрсеткіші 19% -дық жылдамдықты жылына қосып отыруы.

         өткен мен болашақтың үндестігі болжамның дәлдігін ұсынады. Егер де бәрімізге белгілі өзгерістер, маңызды ауытқулар болса, маусымдық қатар сараптамаларының маңызы болмайды. Мысалы “Бюргер Кинг” ресторанының директоры “Макдональдс” фирмасы октябрьдің соңғы күндері ресторанының жанынан ресторанын ашса, ол ноябрьге гамбургерге ойланбастан сұраныс бере алар ма еді. Бәсекелесі жоқ болса да аймақтық телефон компаниясы болашақта “Иелбу пейдж” анықтама телефонындағы рекламасына қаншалықты ұсыныс болып, стабильділік деңгейінің қай шамада болатынын болжау үшін осы анализді қолданады. Сондай-ақ осы әдісті “Ралф Лорек” фирмасы да жұмыс істемеске: Ерлер көйлегінің жаңа түрлерін болжамдап, талғамы жыл сайын өзгеріп отыратын тұтынушылар талабынан шықпасқа. Өйткені қашанда сәнді киімдердің бәсекелестері дәлірек айтқанда, жоғары.

         Себепті қалыптау. Себепті қалыптау – бүгінгі таңдағы атифметикалық әрі ұжымдық жоғын көздейтін болжамдаудың негізгі сандық әдісі. Ол көбіне ситуациялық жағдайларда қолданылады. Жеке кірістердің деңгейі, демографиялық ауытқулар, кепілдік актілеріндегі басым процент көрсеткіштері, мәселен жаңа жалғызбасты үйлерге сұраныс белгілері.

         Себепті қалыптау бұл ситуациялық жағдайларда нендей процестердің жүріп жатқандығын болжамдау, яғни статистикалық мәліметтерге тәуелді зерттеу жлымен қарастырылып отырған факторлар мен басқа да ауытқуларды бақылау.

         Статистика тілінде бұл коррелляция (өзара байланыстылық) деп аталады. Корелляция тығыз болған сайын болжам жарамдылығы арта түседі, яки жоғарылайды. Толық корялляция (1000) ситуация жағдайында болса, өткен тәуелділік қашан да шын болады. Егерде түрлі-түсті теледидарға деген сұраныс 10%-ға түсіп, ұлттық азық түлік жалпы 4%-ға төмендесе , мұндай жағдайда “Форнинг Гласс” фирмасының Каузалдық моделін өзінің телевизиялық түсініктеріне пайдаланып отырғанын сеніммен айтуға болады.

         Каузальдық (себепті) қалыптаудағы ең күрделі тип – экономикалық модель. Әсіресе бұл экономикадағы (динамика) қозғалыс шкаласын болжауда аса қиындық тудырады. Бұл болжаммен Пенсильвак университетінің орталық Уортовская моделі айналысады. Мықты компьютерлер арқылы шешілген бұл модель өзінен мыңдаған теңестірулер ұсынады. Модельдер бағасының бағалығы сонша, тіпті ірі компаниялардың өздері өздерінің жеке даярлаған модельдерін пайдаланбай, осы зерттеу шешімдеріне жүгінеді. Сондықтан оның құндылығы да осында. Алайда осындай қиын, күрделілігіне қарамастан , каузалдық модельдер тек дұрыс шешімдер бере бермейді. Ол анық түрде федералдық әкімшіліктің өзіінің әртүрлі әрекеттерінің экономиканы зерттеп – тануға қабілетсіздігін куәләндырады.

   Болжаудың сапалық әдстері.

Ақпараттардың жеткіліксіздігі, жетекші мүмкін қиын әдісті түсінбейді, мүмкін сандық әдіс шектен тыс қымбатқа түссе, басшылықтың болжаудың сапалық түріне жүгінуі ақиқат. Бұл уақытта болашақты болжау эксперттер көмегімен жүзеге асырылады. Сапалық болжам жасаудың көп таралған төрт түрлі әдісі бар: 1) қазылар пікірі, 2) өткермешінің жиынтық пікірлері, 3) тұтынушыны күту әдісі, 4) эксперт бағаларының әдісі.

  Қазылар пікірі (Мнение жюри). Бұл әдіс болжамы ремвантты сферадағы эксперттердің ынталы пікірлерінен тұрады. Мәселен, жаңа модельді компьютердің рентабельділігін (пайдалылығын) арттыру мақсатында “Контрол Лейта” фирмасы өз менеджерлерін ең басты-басты ақпараттармен қамтамасыз етіп, маркетингтер мен қаржыгерлердің өнімінің қалай өтімді болуы жөнінде пікір, көзқарастарын сұрап отырады. Бұл процесте басты менеджер болып, фирмада нәтижені сол жүзеге асыруға ықпал етеді. Бейресми әдістің бұл түрі “ми әрекеті” (мозговой штурм) деп аталады. Қатысушы бұл уақытта ең алдымен үлкен идеяларды қалай сіңіріп меңгеру керектігін ойлайды және соған тырысады. Процесс аяқталғаннан кейін ғана идеялардың қалай жүзеге асқандығы бағалауда көрінеді. Бұл көп уақыт алуы мүмкін, алайда пайдалы нәтиже береді, әсіресе мекеменің жаңа идеялар мен альтернативті баламаларына зәру кезінде. Бұл осы мерзімде аса қажетті маңызды да.

  Өтемшінің жиынтық пікірі. Тәжірибелі сауда агенттері негізінде болашақ сұраныстың шамасын жақсы біледі. Оолар тұтынушылармен жақын таныс болғандықтан, өткен әрекеттердің барлығына есептеп, сапалық модельді құрауда ненің тиімділігін жоспарлайды. Одан басқа жақсы сауда агенті анықталған мерзімді кесіндіде нарықты “сезініп”, іс сапалық мөдельдердің маңыздылығында екнін көрсетеді.

  Тұтынушыларды күту моделі. Өзінің аты көрсетіп тұрғандай тұтынушыларды күту болжамы болып табылады. Өйткені мекеменің клиенттермен жүргізген сұрақ-жауап (опрос) барысында ешнәрсе айқын болмай, шешім тек нәтиже арқылы көрінеді. Олардан болашаққа деген қажеттіліктерін бағалау сұралады, әрине, жаңа талап бойынша. Осы жолмен жиналған барлық мәліметтерді жинақтап, модератор өз тәжірибесі бойынша жөндеулер де енгізіп, жиынтық қажеттілік есебін шығарады.

  Эксперттік бағалар әдісі. Бұл – коллективті пікірдің формальды варианты. Әдіс алғаш рет “Рэнд Корпорейшн” фирмасының әскепилерге қызығушылық тудырған оқиғаны ьолжауында қолданылды. Эксперттік баға әдісі эксперттердің келісімге келу тәртібіне негізделеді. Әртүрлі, алайда өзара байланыс әрекетіндегі облыстардан жиналған эксперттер қарастырғалы отырған мәселе төңірегінде сұрақтар толтырады. Әр эксперт содан соң өзге эксперттерден жиынтық жауаптарын алады. Жиынтық жауаптар жинастырылып, шешуші болжам жасалады. Сонымен қатар олар ол туралы өз пікірін білдіреді.

     Сараптауға (анализ) арналған ситуация.   

  “Метро Стадиума” сынды басшы операцияларымен Кэти Макрэ мерекеге қатысу ықтималдылығына тоқталып, шешім қабылдаған. Кэти, мәселен, киоскілер ашып, қақпашылар мен дүкеншілерін жұмысқа шақыратынын ай тып жауап берген.

  Ол жиі салтанатты кеш өткізуші спорт командаларының, ойын-сауық топтарының жетекшілерімен телефон арқылы хабарласып, олардан бағасын беруді өтінген. Жыл өткен соң субьективті түрде болжамнан көңілі қатты қалады. Оның негізгі басты себебі – адамдардан баға алу үшін өте көп мөлшерде уақыт жұмсалған. Ол ылғи да бағаны көтеріп отырған нәтижесінде стадионда шектен тыс жұмысшы көбейіп, шығынға қалған.

  Содан кейін Кэти болжаудың тиімді тәсілдерін үйренуге көшкен. Оның тоқталған шешімі бойынша, ол әдіс екі түрлі төмендегідей белгі-мінездермен болуы керек:

  • әдіс тез әрі жағдайға тәуелсіз қарапайым болжамдармен шешім шығарарлықтай;
  • салтанатты кешке тәулік уақыты қалғанда ақпараттарды толығымен пайдалана алу мүмкіндігі бар. Кэти ескі оқулығын қарап отырып, өз мақсатына каузалдық (себепті) модель сай келетінін байқап, таң қалған. Ол математикалық кесінділерге тәуелді түрде:

 

A=Cº сº + сº Хº + с² х² + …+сª хª,

 

 

А- қатысу болжамы, барлық х- құбылмалы; қатысуға тәуелді, ьарлық с- констант (тұрақты шама), өткен жағдайларды анықтайтын статистикалық мәлімет әдістері. Егер де каузалдылық өзгерістерді (барлық х) қабылдаса нақты жағдайда модель болжам есебі үшін (А) пайдаланады.

         Кэти мынаны түсінді : әр түрлі кешке сай келуі үшін әр түрлі типті модельді пайдалану керек. Ол өз жұмысын бейсболдық матчтан бастауды жөн санайды. Алғашқы этапта каузалдылық құбылыстардың барлығын моделіне енгізу үшін теңестірген. Бұл зерттеу негізінде ойынға 24 сағат қалғандағы билеттер саны айқын болатын болған.

 

 

 Болжамды әзірлеудің маңызды операцияларының логикалық реттелгісі келесі кезеңдерге келіп тіреледі:

  • Болжам арасындағы бағдар. Болжам жасау тапсырмаларын анықтау: сипаты, ауқымы, объектісі. Негіздеу мен алдын алу кезеңдері. Мақсат пен міндеттерді тұжырымдау, жұмыс гипотезасының тпроблемаларын, құрылымды зерттеулер ұйымдастыру әдістерін айқындау.
  • Болжанатын әлеуметтік жұмыс объектісінің бастапқы (базалық) моделін жүйелі анализ тәсілімен құру.
  • Жоғарыда аталған әдістермен болжамдық аяны жинақтау.
  • Болашақтағы болжамдық иодельдердің негізі – динамикалық қатарын экстрополяция әдісімен құру.
  • Ең аз, ең көп жіне едәуір ықтимал мәнін нақтылай отырып профильдік және аялық көрсеткіштерін іздестіру әдісі арқылы болжанатын әлеуметтік жұмыс объектісінің гипотетикалық (алдын-ала) моделін құру.
  • Болжанатын әлеуметтік жұмыс объектісінің гипотетикалық нормативтік модельдердің сериясын құруды алдын-ала айқындалған тапсырылған бейнелік нормалар, идеалдар, мақсаттар бойынша абсолюттік (яғни болжамдық ая шеңберімен шектелген) және (яғни сол шеңберден шықпайтын) оптимумды нақтылай отырып нормативтік анализ әдісімен жүргізу.
  • Болжамның сенімділігі мен дәлдігін, сондай-ақ негізділігін (верификациясын) бағалау гипотетикалық модельдерді нақтылауды әдетте сарапшыларға сауал беру әдісімен жүргізіледі.
  • Ізденістік және нормативтік модельдерді шеңдестіру негізінде басқару саласындағы шешімдерге арналған ұсыныстарды әзірлеп шығару. Ұсыныстарды нақтылай түсу үшін сарапшыларға қосымша сауалнама жасалуы мүмкін. Осыған орай ықтималдықтан кейінгі болжамдық модельдердің – оларды ары қарай нақтылай түсу үшін әзірленген ұсыныстарды жүзеге асырудың ықтимал салдары ескерілетін сценарийлердің құрылуы мүмкін.
  • Болжамдар мен ұсыныстардың сараптамалық талқысы (сараптамасы), талқыны ескере отырып оларды жетілдіре түсу.
  • Болжамдық аяның жаңа мәліметтері бар әлдеқашан әзірленген болжам материалдарын шендестіру негізіндегі қайталама алдын ала болжам бағдары және зерттеулердің жаңа циклы.[11]

 

       «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

 

Жобада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

!.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы жобасының атауы

Қазақстан     Республикасыныц    2005-2007 жылдарға   арналған   халықты   жұмыспен

қамту бағдарламасын бекіту туралы

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан   Республикасының  Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

3.

Жобаны кабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген        Қазақстан        Республикасы Үкіметінің 2003-2006  жылдарға арналған бағдарламасын   іске   асыру   жөніндегі   Іс-шаралар жоспарының 6.3.1-тармағы

4.

Жоба қабылданған жагдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық жэне /немесе қүқықтық салдар

Жұмыспен   тиімді    қамтуды    қамтамасыз ету, жұмыссыздык деңгейін азайту

5.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шыгыстары

Жергілікті бюджеттерден каржыландыру (облыстардың, Астана және Алматы қалалары Әкімдерінің есептері бойынша): 2005 жылы — 3 882,9 млн. теңге

2006 жылы — 4 269,1 млн. теңге

2007 жылы — 4 497,5 млн. теңге

6.

Нақты мақсаттары және жоба қабылданған жағдайда күтілетін нәтижелердің мерзімі, енгізілетін ұсыныстардың тиімділігі

902,1  мың жаңа жұмыс орындарын құру, 403,17 мың  жұмыссызды  жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, 338,69 мың адам  үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру,  70,64 мың адамды  кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу және 2007 жылдың аяғына қарай жүмыссыздық деңгейін 7,2%-ға   төмендету   есебінен еңбек рыногіндегі шиеленісті бәсеңдету

7.

Жобада көрсетілген мәселелер құзіретіне жататын мемлекеттік орган мәселелер құзіретіне жататын мемлекеттік орган басшысы визасының болмауы себептері

 

 

 

 немммәселел

Барлық визалар бар

8.

Жобада құралған мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық кесімдерінің бұрын қабылданғаны және әзірлеушінің оларды қалай орындағаны туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1991 жылғы 4-маусымдағы № 348; 1994 жылғы 15-шілдедегі № 1800; 1995 жылғы 13 маусымдағы №820; 1996 жылғы 12-сәуірдегі №432; 1997 жылғы 11-сәуірдегі №539 шешімдер;.

9

Кейіннен заңнаманы жобаға сәйкестікке келтірудің қажеттігі

Қажеттігі жоқ

10

Өзге  мәліметтер 

Жоқ

11

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімінің Үкіметтің заңжобалау жұмыстары жоспарына өзгеістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі негіздемесі

Жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қорыта келе әрбір ғылымның пәнін анықтау – сол ғылымның білім аймағында жеткен дәрежесіне және әлеуметтік практикасының дамуымен байланысты жүзеге асырылады. Егер объект ғылымға тәуелсіз пайда болса, ал пән сол ғылыммен бірге қалыптасып, сол ғылымның категориялар жүесінде тіркелінеді.

         Осыған сайкес, ғылымнын объектісі мен панінін тандаулы әлеуметтік жумыстың теориясы мен панінің таңдаулы әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмұнына әсерін тигізеді.  Әлеуметтік жұмыстың теориясы үшін оның нақты айқындалуына ықпалын  тигізетін бағыттардың әртүрлілігі тән болып табылады.

          Әлеуметтік жұмыстың объектісі мен пәні, бір жағынан, практикалық  әлеуметтік жұмыстың бағыттарымен негізделген, екінші жағынан, әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмұны мен шекарасына әсерін қарамастан бұлар бір-біріне ұқсас. Қазіргі жағдайда әлеуметтік жұмыс көмекке аса мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек шегінен шығып, Адам туралы теориялық білімді игеріп, сол адамның әлеуметтік жағдайын түзеуге тырысады.

         Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыстың маңыздылығы артуда. Әлеуметтік жұмысты болжаудың әлеуметтік ортада әлеуметтік көмек көрсетудің алдағы жағдайда қалай өрбуіне көп ықпалы бар. Әлеуметтік жұмыстың кез-келген объектісі (қарттар, мүмкіншілігі шектеулі адам, жетім балалар, т.б.) жағдайының болашақта жай-күйін алдын ала анықтауға әлеуметтік болжамның ықпалының әсері әлеуметтік көмек көрсетуді жеңілдетеді.

         Болжау субъективті факторларға әсер етеді. Кейбір мынадай ұғымдар бар “синоптик-пессимистер” Әлеуметтік болжауға өзінің ішкі көңіл-күйінің өзгеруіне байланысты айтады. Келесі бір категория – “ангажирлік синоптиктер”, яғни қиын жағдайларды болжап айтып береді. Қоғамдағы әлеумет райын тиімді, керекті етіп жасайды. Ол бұқаралық танымның айлалы әрекетінің әдіс-тәсілдерінен тұрады. Олардың көпшілігі өзінің шындыққа жанасатын ұсынысымен қоғамдық пікірді қалыптастыруға тырысады. Кез-келген болжамдық баға істің шындыққа жанасатынындай болуы керек.    

         Әлеуметтік өлшемдер – бұл болашақ туралы айту емес, не “астрологиялық әлеуметтану” емес, олардың мақсаты — өмірде бар әлеуметтік-саяси болмыстар жиынтығына ғылыми негізделген диагноз жасау.

         Басқарушы еш бақылау жасай алмайтын, болашақ жағдайына қатысты көптеген өтілімдер бар. Көптеген жоспарлар операцияларына бұл өтілімдер қажет. Басқарушы неғұрлым болашаққа ішкі және сыртқы жағдайларды айта алатын болса, солғұрлым жоспар құруына үлкен жағдай туғызады.

         Сонымен болжау — өткен тәжірибеде жиналған ағымдағы өтілімдердің болашақ есебінен және оның анықталған мақсатына қолданылатын әдісі. Болжау саналы жасалса, жоспарлау негізіне қолданылатын болашақтың бейнесінің нәтижесін көруге болады.

         Бүгінгі таңда болжау – бөлімдерімен мамандандырылған аймақ , болжаумен айналысатын организациялар кездеседі. Мысал ретінде Геллап институтын алуға болады.Ол түрлі саяси және әлеуметтік процесстердің нәтижесін болжауда талдау және жинақ ақпаратына мамандандыру. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында айтып өткендей: “Уақытты тізгіндеп тұра алмаспыз. Бірақ заман талабына сай, алдымызға мақсат қоюға болады. менің жоспарым қарапайым, және ол армандарға қолымыз жетер күнде алыс емес! Бұл – қарттарға қамқорлық пен жақсы тұрмыс, жастарға жұмыс жарқын болашақ, баршағызға – денсаулық пен білім, әр үйге – тыныштық пен бақыт. 2012 жылы ТМД-ның бір де бір елінде тұрмыс деңгейі Қазақстандағыдай бола алмайды. Біз Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетеміз.” Ол үшін еліміз болашаққа айқын бағдар жасаса, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз әліде арта түсері сөзсіз.

          Абайдың “ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға” дегендей әрбір істе, әрбір “қадамыңда” дұрыс әдіс-тәсіл қолданғанда дұрыс нәтижеге шұғыл және уақытымен қол жеткізуге болады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   СІЛТЕМЕЛЕР

 

  1. И.В. Романенко / Социальное и экономическое прогназирование. Санк-Петербург. 2000. стр23.
  2. И.В. Романенко / Социальное и экономическое прогназирование. Санк-Петербург. 2000. стр37.
  3. Экономическая энциклопедия. стр556.
  4. Вопросы статистики. 1999 № 2 стр.28.
  5. Тарасеевич В.М. / стр.108

 

  1. Әлеуметтік оксфорд сөздігі.редакциалаған Гордон Маршал. 542б.

 

  1. Козлов А.А., Иванов Т.Б. Практикум социального работника. М.,2004.
  2. Основы социальной работы   / Под ред. П. Д. Павленка. М.:
           Инфра — М , 2001. стр258.
  1. Технология социальной работы. / Под редакцией Зайнышева. М.: 2002
  2. Основы Менеджмента / Майкл Мексон, Майкл Альберт, Франклин Хедоури.стр269.
  3. И.В. Романенко / Социальное и экономическое прогназирование. Санк-Петербург. 2000. стр50.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

Оқулықтар:

  1. Агафонов А. Н. Социальная работа : введение в специальность.
    Караганды, 2004.
  1. Козлов А. А., Иванов Т. Б. Практикум социального работника.
    М ., 2000.
  2. Лифинцев Д.В. Современные       модели       организации
         взаимодействия в процессе социальной работы . Автореф. дис…
         канд.соц. паук . М., 1996 .
  3. Основы социальной работы   / Под ред. П. Д. Павленка. М.:
         Инфра — М , 2001 .
  4. Психология социальной работы / Под ред. М. А. Гулиной .
         СПб.:Питер,2002.
  5. Социальная работа: Введение     в     профессиональную
         дечтельность / Под общ. ред. Козлова А . А . М., 2005 .
  6. Социальная работа / Под общ. ред. В . И. Курбатова . Ростов

     н/ Д., 2003 .

  1. Социальная работа : теория и практика /    Отв. ред. Е. И.
         Холостова , А. С. Сорвина . М.: Инфра — М , 2003 .
  2. Справочное пособие по социальной работе . М.: Юрист , 1997 .

 

  1. Теория и методология социальной работы / Под ред. С. И.

  Григоревна. М.: Наука, 1994 .

  1. Теория социальной работы / Под ред. Е. И. Холостовой . М., Юрист

 

  1. Қ.Р. тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция материалдары, Ал-2001 А.Б.Айтбембетова 

13. Социальное и экономическое прогназирование. / И.В.Романенко Санк-               Петербург.2000

  1. Филатова Е.В. / Теория социальной работы. Кемерово: Кемеровский государственный Университет,2002.

 

 

     Мерзімді басылымдар:

 

  1. Егемен Қазақстан // Болжаудың көрсеткіштік сипаттамасы. Ақпаров.М.Н. наурыз 2001ж
  2. Казахстанская правда // Субъективный фактор — прогназирование. апрель 2003 №28

 

 

 

Сөздіктер:

 

  1. Словарь — справочник по социальной работе /Под ред. Е. И.
    Холостовой . М, 2000 .
  2. Әлеуметтену. Оксфорд сөздігі – Алматы, 2002.

 

  1. Социологиялық сөздік / Жалпы редакциясын басқарған  К.Ү.Биекенов  —            Алматы, Қазақ  университеті 

 

  1. Энциклопедический социологический словарь. Общ.ред. Ран Осипова Г.В.1995

 

  1. Социологический словарь. под редакцией С.А. Ерофеева. М. “Экономика” 2004.