АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: «Алимжанов Т.С.» ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

КЕАҚ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Технология және биоресурстар факультеті

 

 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: «Алимжанов Т.С.» ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері

 

 

                                                                   Беттер саны –    бет

                                                                                    Сызбалар мен көрнекі

                                                    материалдар саны –     кесте  

                                                                                    Қосымшалар –   сурет

 

                      Орындаған         Альмухамедов Асет Ахмедович

 

 

2018 ж.          қорғауға жіберілді

 

 

 

Кафедра меңгерушісі,

а.ш.ғ.д.,профессор                   _________________  Сәмбетбаев Ә.Ә.                                  

 

Жетекшісі,                                        

а.ш.ғ.к., профессор                   ________________     Бұралхиев Б.А.              

 

 

Норма бақылау,                               ______________                                                                                              

 

Сарапшы   

                                               ________________                                                                        

 

 

 

Алматы – 2018 ж

КЕАҚ Қазақ ұлттық аграрлық университеті

 

Технология және биоресурстар  факультеті

мамандығы 5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

 

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

Студент  Альмухамедов Асет Ахмедович

 

Жұмыс тақырыбы:   «Алимжанов Т.С.» ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері

 

 

Университет бойынша 2018 ж      №              бұйрығымен бекітілген

 

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 ж 15 мамыр

 

 

Жұмыстың бастапқы деректері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Алимжанов Т.С.» асылтұқымды ірі қара мал шаруашылығында голштинофриз тұқымды сиырларының сүт өнімділік көрсеткіштерін зерттеуге арналды.   

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын негізгі мәселелер:

«Алимжанов Т.С.» асыл тұқымды шаруашылығына жалпы сипаттама; Шаруашылықтағы сиырларды азықтандыру жүйесі; Асылдандыру жұмысының көрсеткіштері; Сиырлардың бұзаулауына әсер етуші факторлар; Сүт өнімділігінің сипаттамасы; Тұмса сиырлардың желін түрлері мен сүт беру екпінділігі; Сиырлардың ұдайы өндірістік қабілеті;  Бұзауларды бағып-күту және азықтандыру жүйесі; Бұзаулардың өсіп жетілуі;  Бұзауларды өсіруде суық тәсілін қолдану.

 

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда): кестелер, суреттер;

 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Төреханов А.Ә., Найманов Д.Қ., Жазылбеков Н.Ә. Триумф «Т». 2006 ж. Ірі қара шаруашылығы;
  2. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Төреханов А.Ә., Жазылбеков Н.Ә. Ірі қара шаруашылығы, сүт және ет өндіру технологиясы. Алматы-2005 ж.
  3. Ысқақбаев Б.Б. Сиырды қолда өсіру. «Қайнар» Алматы 1987.
  4. Ысқақбаев Б.Б. Ірі қара шаруашылығы. «Қайнар» Алматы 1996.
  5. Даленов Ш. Д. «Селекционно -генетические методы технологические примеры повышения молочнюй продуктивности коров молочных пород Казахстана» Автореферат дисс доктор с\х наук, Алматы 198І.
  6. Кәрімов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.Қ. Ірі қарамал шаруашылығы. Қостанай 1996 б.-34-35.

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі,

а.ш.ғ.д.,профессор                   _________________  Сәмбетбаев Ә.Ә.                                  

 

 

Жетекшісі,                                        

а.ш.ғ.к., профессор                   ________________     Бұралхиев Б.А.              

 

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент               _______________       Альмухамедов А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

ГРАФИГІ

 

 

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

 

Ескертулер

1

Кіріспе

қаңтар

 

2

Әдебиетке шолу

ақпан-наурыз

 

3

Негізгі бөлім

 сәуір-мамыр

 

4

Қортынды

мамыр

 

5

Экономикалық тиімділік

мамыр

 

6

Шаруашылыққа ұысыныс

мамыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі,

а.ш.ғ.д.,профессор                   _________________  Сәмбетбаев Ә.Ә.                                  

 

 

Жетекшісі,                                        

а.ш.ғ.к., профессор                   ________________     Бұралхиев Б.А.               

 

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент               _______________       Альмухамедов А.А.

               МАЗМҰНЫ

 

 

 

бет

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР   

6

 

АНЫҚТАМАЛАР

7

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

8

 

КІРІСПЕ

9

1

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ                                                                                       

10

1.1

Сүт және сүт өнімдері

10

1.2

Сүт өнімділігіне әсер ететін жағдайлар 

12

1.3

Қараала типті ірі қара тұқымдарына жалпы сипаттамасы

16

2

ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ

22

2.1

Зерттеу материалдары мен әдістемелері

22

2.2

«Алимжанов Т.С.» асыл тұқымды шаруашылығының жалпы сипаттама

22

2.3

Шаруашылықтағы сиырларды азықтандыру жүйесі

26

3

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

28

3.1

Асылдандыру жұмысының көрсеткіштері

28

3.2

Сиырлардың бұзаулауына әсер етуші факторлар 

30

3.3

Шаруашылықтағы сиырлардың сүт өнімділігінің сипаттамасы 

32

3.4

Тұмса сиырлардың желін түрлері мен сүт беру екпінділігі

34

3.5

Сиырлардың ұдайы өндірістік қабілеті

36

3.6

Бұзауларды бағып-күту және азықтандыру жүйесі

38

3.7

Бұзаулардың өсіп жетілуі  

41

3.8

Шаруашылықтың экономикалық тиімділігі

44

4

ҚОРЫТЫНДЫ

46

5

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫС

48

6

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

49

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

Осы дипломдық жұмыста төмендегі стандарттар қолданылды:

 

ГОСТ 7.32-2001-Мемлекетаралық стандарт. Кітапханалық және басылымдық бағдар беру бойынша стандарттар жүйесі. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жазылған диссертациялардың құрылымы және қалыптастыру  ережелері.

ГОСТ 1770-74. Бюретки, колбы и др. Стеклянные меры вместимости.

ГОСТ 6709-72 Вода дистиллированная.

МемСТ 5867-90 Сүт және сүт өнiмдерi. Майды анықтау әдiстерi.

МемСТ 3626-73 Сүт және сүт өнiмдерi. Құрғақ пен ылғалды  затты анықтау әдiстерi.

ГОСТ 3622-68 Молоко и молочные продукты. Отбор проб и подготовка их к анализу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

Осы дипломдық жұмыста төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылды:

Сүт өнімділігі — сиырдың сауын кезіндегі беретін сүтінің сандық және сапалық көрсеткіші.

Сауын маусымы (лактация) – сиыр бұзаулағаннан суалу мерзіміне дейінгі аралық.

Тұмса сиыр — бірінші рет бұзаулаған жас сиыр.

Сақа сиыр – үшінші рет және одан жоғары бұзаулаған сиырлар

Экстерьер — сырт пішіні.

Рацион — берілетін азықтың түрі мен көлемі.

Сүт беру екпінділігі-  1 минут уақытында берілетін сүттің көлемі.

Сервис кезеңі – сиырдың бұзаулағаннан ұрықтанғанға дейінгі аралық.

Суалу мерзімі – сауын маусымы аяқталғаннан бұзаулау уақытындағы аралық

Уыз еметін шақ – бұзау туылғаннан 10 күн уыз ішетін күн

Сүт еметін кезең – бұзау уыз еметін кезеңнен кейін 2-3 ай сүт ішетін уақыт 

Экстерьер — сырт пішіні.

Рацион — берілетін азықтың түрі мен көлемі.

Ен салу – малдың тегін, туған уақытын есепке дәл алу үшін қолданатын әдістер (сырға салу, құлақты қиып ен салу, суық тәсіл, суықпен қару, мүйізді күйдіріп нөмірлеу).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

Дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылды:

 

%

пайыз

кг

килограмм

г

грамм

Х

орташа мән

mх

орташаның қатесi

Cv, %

варияция коэффицентi

n

мал басы саны

см

сантиметр

тн

тг

мг

ЖШҚ

ЖШС

цн

АҚ АӨК        

тонна

тенге

миллиграмм

жеке шаруа қожалығы

жауапкершілігі шектеулі серіктес

центнер

акционерлік қоғам

агроөнеркәсіптік кешен

кг/мин

килограмм минутына

СҚМҚ

СХПК

Сүттiң құрғақ майсыздандырылған қалдығы

Сельскохозяйственный производственный кооператив

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Отанымыздың азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қарамал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99%-ын құрайды, ал ірі қара еті 40-45%-ға дейінгі деңгейде. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.

          Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара малы шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдерде көбеюде.

          Ал кейінгі жылдарда ірі қара мал тұқымдарының асылдануын ерекше көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл-тұқымды ірі қара малы шығуда, ал осы асыл тұқымды ірі қара  малдары экономикалық табиғи аймақтарға жақсы бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы болып табылады. Себебі селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының негізгі және электронды есептеу техникасының әсері өте зор болып жатыр.

          Жалпы қазіргі уақытта мал шаруашылығына аса көңіл бөлініп, іштей мамандандыру арқылы, әрі осы саланың интенсивті жолға көшуіне байланысты ерекше дамуда.

          2017 жылға дейін әрбір шаруашылықта сауын сиырларының сүтін 800-ден 1000 кг-ға дейін көтеру көзделініп отыр, ол үшін: мал азығын молайту және селекциялық асылдандыру жұмыстарын жақсарту қажет, ал ірі қарадан алынатын ет өнімін, әр басқа есептегенде 40-50%-ға көбейту межеленуде.

          Соңғы жылдары шет елдерден әкелінген голштинофриз тұқымды ірі қарасын жергілікті ірі қара малымен будандастырудың нәтижесінде көптеген сиыр табындары жақсарылуда. Қараала типті ірі қара малын голштиндеу жоспары бойынша голштинофриз тұқымымен будандастырылған малдардың санын 2017 жылға дейін 70%-ға көбейту белгіленіп тұр. Осы жұмыстың арқасында кейбір асыл тұқымды мал зауыттарында сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алу жоспарлануда, ал бордақыланатын малдардың тәулік қосатын салмағы 1000-1500 гр-ға жетуі тиіс.

          Қазақстан республикасында 20 сүтті және сүтті-етті, 8 етті бағыттағы ірі қара тұқымдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қаралардың көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру мен гибридизациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымды типтері шығарылуда.

          Республикамыздың 2391 шаруашылығында ірі қара мал өсіреді, соның 250 ірі мамандандырылған ет шаруашылығымен айналысады, ал 270 шаруашылық мамандандырылған сүт өндіру шаруашылығымен шұғылданады. Жалпы республикада ірі қара мал саны 6 млн-нан асты.

 Ірі қара мал шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау әдістерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып табылады.

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

    

1.1. Сүт және сүт өнімдері

 

Сүт – адамның денсаулығына пайдасы мол тағамдардың ішіндегі ең құнарлы, әрі таңдаулы түрі болып саналады. Оның құрамында 100-ден аса: витаминдер, қант, минералдық тұздар, гормондар және т.б. түрлі элементтер бар. Бұл қажетті заттар адам организмінде тез қорытылады. Мұның бір ерекшелігі – сол элеметтердің барлығы адам организмі үшін өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағмдар, шипалы сусындар жасауға болады. Демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.        

Сиыр сүтінің тамақтылығы және дәмі өте жоғары, әрі кең пайдаланылады. Өңделген сүттен түрліше сүт тағамдарын жасауға болады. Сүттен тағамның ең қасиетті түрлерін: май, құрт, ірімшік және т.б. тағамдарын жасайды. Орташа есеппен сиыр сүтінің құрамында 12,5-12,7% құрғақ зат болса, оның ішінде: 3,6-3,8% май, 3,2-3,3% ақуыз, 4,8% сүт қанты және 1% минералдық заттар болады. Сонымен қатар жалпы сүт құрамында 200-ге таяу, адамның қоректігіне қажетті заттар кездеседі. Сүт құрамында 20-дан астам витаминдер, 30-ға таяу ферменттер бар, 20-ға таяу макроэлементтер және 10 шақты микроэлементтер бар. Ал сүт майының құрамына 150-ден астам май қышқылы, ал сүттің ақуызында 20 шақты аминқышқылдары бар. Сүт майы адам организмінде 95%-ға дейін сіңсе, ақуыз – 98%-ға дейін, сүт қанты – 98%-ға дейін сіңеді. Жоғарыдағы мәліметтер бойынша сүттің тағамдылығы өте жоғары болып саналады, әрі диетикалық қасиеті бар. Сүт түзуіне өсімдік белогінің маңызы зор. Сүтті сиыр әрбір 40 кг мал азығынан 2-2,4 кг белок бөлсе, ал етті малдарды бордақылаған кезде тек қана 400 гр ғана белок бөледі.

Малды бордақылау кезінде 17% рационның энергиясы пайдаланылса, сүт өнімі үшін 5%-дай рацион энергиясы пайдаланылады. Сондықтан сүт өнімі халық шаруашылығы үшін өте ұтымды.

Сүт өнімін көбейту, адам организміне қажет белоктің көбеюіне тікелей әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, сүттен май, айран, ірімшік және т.б. тағамдар дайындауға болады. Сүт өнімінің көбеюі және оның құрамы ірі қараның тұқымына, шығу тегіне және әр малдың өсу ерекшелігіне, жасына және физиологиялық жағдайына, азықтануына және бағып күтуіне, бұзаулау мезгіліне және т.б. әрекеттерге байланысты. Кейінгі уақыттағы деректерге байланысты сүт құрамындағы сүт майы көптеген өзгерістерге ұшыраса, сүт ақуызы мен сүт қанты және минералдық заттары шамалы ғана өзгереді [1].

          Қай малдың болса да сүтінің құрамы бірдей бола бермейді. Ол тұқымына, организміне, жасына, жыл мезгілдеріне, жем-шөбіне және т.б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Олардың ішіндегі бастылары мыналар: мал тұқымының жеке ерекшеліктері, жыл мезгілдері, күту және жемдеу тәртібі, сиырды сауу мерзімдері мен тәсілдері және т.б. Сүттің сапалық көрсеткіштері, одан алынатын өнімдердің (май, қаймақ, ірімшік, айран, құрт және т.б.) қасиеттері де әртүрлі болады. Мысалы, А.С.Всякихтың [2] ұйғарымы бойынша кей жағдайларда сүттен алынған өнімдер жұмсақ, сұйық, сақтауға төзімсіз болады да, ал тау жайылымында немесе құнарлы жем беріліп, ұқыпты күтімде болған мал сүтінің құрылымы жақсы болып, одан алынған өнімдер де сапалы болады.

          Сүт өнімдерін арттырудың резервтері көп. Атап айтқанда, сүт өнімдерін молайту үшін ең алдымен сауын малының тұқымын асылдандырып, санын көбейту керек. Сонымен бірге мал өнімділігін молайту үшін жем-шөп қорын көбейтіп, мал күтімін жақсарту, мұндағы еңбек жүйелерін механикаландыру, бір сөзбен айтқанда, бұл саланы жан-жақты интенсивтендіру қажет.

          Сүт шаруашылығының негізі, халықтың өскелең тілектерін сүт өнімдерімен қамтамасыз етудің қайнар көзі – ірі қара мал. Атап айтқанда, сауын сиырлар болып табылады. Халықтың мақалы бар: «Сиыр жүрген жерде сүт жүреді, сүт жүрген жерде құт жүреді», — дейді [3].                  

          Сүт өнімдерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, Кильвайн Г. [4] қаймағы алынбаған және қаймақсыз сүт, айран және басқалары сияқты өнімдер алыс жерлерге тасымалдауға шыдамайды. Сондықтан сүт шаруашылықтарының көпшілігі сүт өңдейтін өнеркәсіпте, тұтынушыларға, қалалар мен ірі өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасқан. Өндіріс жүйелерінің ерекшеліктері осыны талап етеді. Дегенмен әлі де болса кейбір экономикалық аудандарда бұл принцип түгелдей сақталмай отыр. Әлбетте, бұл жағдай өндірісі тиімділігін кемітіп, өнімнің өзіндік құнын арттыруда, сапасын төмендетуде, деп талқылайды.

          Қазіргі кезде сүт шаруашылықтары респбуликамыздың барлық аймақтарында бар. Бірақ, жер, су, жемшөп және басқа да табиғи жағдайларға байланысты бұл саланың мамандану және шоғырлану дәрежесі әртүрлі. Сүт пен ет, ет пен сүт өндірісіне бейімделген малдың 60%-ға жуығы далалық және жартылай далалық өңірлерге орналасқан. Ал, ірі қараның 19%-ы (негізінен етті бағыты) шөлейт жерлерде өсірілуде.

          Сауын малын орналастырудың басты шартының бірі – сүт көлемі көп, сапасы жоғары, өзіндік құны төмен болу керек. Яғни, сүт шаруашылығы жан-жақғынан тиімді болу керек.

          Қазіргі кезде Қазақстан республикасында сауын малының саны да, әр сиырдан алынатын сүт мөлшері де жеткіліксіз. Сондықтан дайындалған сүт жан басына шаққанда ғылыми негізделген нормадан төмен болып отырғаны көрініп тұр.

          Өнімнің сапасы сол өнімдерді алатын шикі зат – сүтке, мал тұқымына, сауу мерзіміне, жемшөпке, жыл мезгіліне және т.б. жағдайларға байланысты. Республикамыздың көптеген лабораторияларының зерттеген материалдарына қарағанда, сүт сапасы көбінесе жыл мезгілдері мен жайылымға қарай өзгеріп отырады.

          Сүт сапасы тек қана сүттің химиялық құрамына ғана емес, сонымен бірге оны сауу тәсіліне де байланысты. Мысалы, қолмен сауғанда 1 мг сүтте орта есеппен 21 мың бактерия болады, ал машинамен сауғанда сүтте (ыдыстарды күту тәртібіне байланысты) 6,7-10,0 мыңға жуық бактерия болады. Демек, сүт машинамен сауылса, құралдар таза сақталса, онда сүт сапасы жоғары болады. Ыдыстар таза сақталмаса, күтіп-бағу таза болмаса, ондай сүтте бактериялар көп болып, өнім сапасы төмендеп кетеді.

          Сонымен бірге сүт сапасы оны сақтауға, тасуға және сатуға да байланысты. Кейбір кездері зауыттарға лас сүт түсіп отырады. Мұның өзі сауғанда сауыншы тазалығы, санитарлық жағдай сақталмағандықтан болады. Қышқылдығы мол сүт өткізу – шаруашылықтар үшін зиян. Зауыттарға қышқылдығы мол, механикалық және бактериялық жағынан лас, температурасы жоғары сүт өткізген шаруашылықтырдаң алатын табысы да аз болады. Негізгі баға үстеме тек сапа көрсеткіштері жоғары сүтке ғана төленеді. Сапасы төмен сүттің бағасы арзандатылып, ал кей жағдайларда өнім жарамсыз да болып қалады [5].                  .

          Республикамыздың көптеген шаруашылықтарында сүттің сапасыздығы оның бағасын арзандатып алады немесе салмағын азайтады.

Сүт өнеркәсібінің жоспарлау мен ынталандырудың жаңа жүйесіне көшуі жағдайында өнісінің сапа проблемасының мәні мен мазмұны да өзгереді. Оның себебі қазіргі кезде өндіріс коллективтері және жеке адамдар да өнім сапасы мәселесіне ерекше мән бере бастады. Өйткені тұтынушлар тілегіне сай жоғары сапалы өнімдер қоймада, дүкендерде көп жаппай, тез сатылып кетеді. Сондай-ақ сапалы өнімдерге тілек те көп. Сөйтіп сатып өткізу жоспары да, пайда жоспары да түгел орындалады. Мұның өзінен пайда көп болса, материалдық сыйлық көбейіп, әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары жақсаратын болғандықтан, қызметкерлердің ынталығы да артады [6].                               

Өнімнің сапасын жақасарту – материалды, еңбекті және қаржыны үнемдеу деген сөз. Бұл жағдай өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік тудырады. Осы айтылғандардың бәрі сүт өнеркәсібіне тән. Демек, жоғары сапалы сүт консервілерінен, ірімшіктен, сары майдан, шикі қаймақтан алынбаған сүт өнімдерінен қосымша пайда түсетін болады.

          Сүт мөлшерін көбейтудің тағы да бір тиімді жолы — әрбір сиырдың сүттілігін арттыру. Бұл үшін малды бағып-күту мен азықтандыру жұмысын кең көлемеде жүргізу қажет. Мұнда малдың өнімділігін арттыру шешуші рөл атқарады.

 

1.2  Сүт өнімділігіне  әсер ететін жағдайлар

 

Сүттілікке бірнеше жағдайлар әсер етеді, олар: тұқымы, тұқымдылығы, азығы, күтіп-бағылуы, жасы, суалу мерзімі, сервис кезеңі, ауа райы, жыл мезгілі, бірінші рет қашырылу жасы мен тірі салмағы және т.б.

Тұмса сиырлардың бірінші бұзаулау жасының олардың сүт өнімділіктеріне тигізетін әсерлерін бұрынғы кеңес өкіметі аумағында да, шет елдерде де арнайы эксперименттер жасау арқылы, сонымен қатар алдыңғы қатарлы шаруашылықтар тәжірибесін талдау арқылы да зерттеген.  Д. Н. Пак, И. С. Новикова және А. В. Шаталовтардың [7] жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарында 27 айлығына дейін бұзаулаған алатау тұқымды сиырлардан 5718 кг сүт сауылған, ол бірінші рет  30 айлығынан бұзаулаған сиырлардың осындай көрсеткіштерінен 632 кг артық.

Дмитриев Н.Г. [8]  өз зерттеуінде төменгі деңгейде азықтандырылып өсіріліп 24айлықтарында бұзаулаған сиырлардың сүт өнімділіктері қалыпты деңгейде азықтандырылған сиырлардың сүттіліктерінен кем болғандығын көрсеткен.

Әлемнің көптеген елдерінде сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығы сиырлардың сүт өнімділігін жоғарылату бір мезгілде сиырлардың мал басы санын қысқартумен қатар дамуда.  Мал шаруашылығы жоғары деңгейде дамыған көптеген елдерде (Голландия, Швеция, Дания және т.б.) сиырлардың жылдық сүттілігі 7000 кг-нан асып жығылады, ал Израильде бұл көрсеткіш 11000 кг-нан жоғары. АҚШ та сиырлардың сүттілігі 9000 кг-нан жоғары.  Сиырлардың сүт өнімділіктерін арттырудың негізгі шарттарының арасында, азықтандыру жағдайларын жақсартумен қатар ұрықтандыру кезеңінде аса құнды тұқымдық бұқаларды пайдалану да тұр [9].

Сиырдың сауын маусымындағы сүттілігінің көлемі сервис-кезеңінің ұзақтығына байланысты болады. Келесі буаздық неғұрлым ерте басталса, сауын маусымы соғұрлым қысқа болады да жетіліп келе жатқан төлдің сүт секрециясына тежеуіш әсері айқындала түседі. Алайда, жақсы күтіп бағу, азықтандыру жағдайында буаздық сүттілікті айтарлықтай төмендетпейді. Интенсивті сүтті ірі қарамал шаруашылығы жағдайында сиырларды бұзаулағаннан кейінгі бірінші күйге келген уақытында және екінші күйге келген уақытынан кешеуілтпей ұрықтандыру ұсынылады. Себебі, ұрықтандыруды  80-90 күннен кешеуілдету көпшілік жағдайда қысырлыққа әкеліп соқтырады. Сонымен қатар,  жыл сайын кешеуілдетіп ұрықтандыру салдарынан сиырлардың ғұмырлық бұзаулаулары мен жалпы сауылатын сүт көлемі кеми түседі. Сервис-кезеңнің ұзақтығының қысқаруы – шаруашылықтардағы төл түсімін ғана көбейтіп қоймай, сонымен қатар сиырлардың сүттілігін де арттыра түседі [10, 11, 12, 13, 14]. 

Қазіргі,  ауыл шаруашылығы малдарын жеделдете жетілдіруді талап ететін заманауй мақсаттар аясында селекционер асылдандыру жұмыстарын  тек жеке малдар мен олардың туыстас топтарымен ғана шектеп қоймауы керек.  Зауыттық табындардың генетикалық параметрлерін бағалау тұқымның келешекте жетілдірілуін негіздей отырып жоспарлауға мүмкіндік береді. Ұзақ жылдар бойы мақсатты сұрыптаулар жүргізу де сондай ақ табынның кейбір параметрлерінің өзгеруіне едәуір әсерін тигізуі мүмкін. Бірінші реттік құжаттардың сенімділігі мен сүт өнімділігін бақылаудың дәлдігі, әсіресе сауылған сүт көлемі мен оның құрамындағы май мен белоктың мөлшері − объективті баға берудің ең қажет шарттары болып табылады [15, 16]. 

Қазіргі уақытта ірі қара мал шаруашылығының негізгі мәселесінің бірі генетикалық ресурстарды неғұрлым толығырақ пайдалану. Себебі, мал шаруашылығының бұл саласының өнімділік көрсеткіштерін жоғарылату мәні тұқымға жүктеледі. Өнімділіктің кем дегенде 25% деңгейі генетикалық шарттастырылғандығы анықталған. Сүтті ірі қара шаруашылығының келешекте дамуы машинамен саууға бейімдетілген, жоғары сүт өнімділік көрсеткіштерін көрсету мүмкіншілігі бар, жақсы асыл тұқымдық қасиеттері бар малдарды өсіруді талап етеді. [17, 18, 19]

        Соңғы жылдары Германияда өсірілетін ірі қара тұқымдарының көпшілігінің бірінші бұзаулау жасы  отыз айдан жоғары жасты құрайды [20].

        М.А. Кинеевтің [21] мәліметінде қырдың қызыл тұқымының тайыншаларын өсірудің интенсивтілігін арттырғанда, 25-27 айлықтарында бұзаулаған сиырлардың сүттіліктері 3433-6449 кг құрап 33-35 айлықтарында бірінші бұзаулаған сиырлардың осындай көрсеткіштерінен анағұрлым жоғары болғандығы атап өтіледі.

Жануарларды өндірістік жағдайда пайдаланғанда оларға белгілі бір талаптар қойылады. Селекционерлердің алдына өнімділігі жоғары, конституциялары берік, экстерьерлік кемшіліктері жоқ мал шығару мақсаты қойылады. Торлы еденде ұстауға жарамды болуды қамтамасыз ететін сирақтарының мықтылығына, жоғары көбейгіштік қабілетіне, сүт сауудың дамыған технологиялық жабдықтарына жарамдылығына, ауруларға төтеп бергіштігіне, қорада үлкен топтармен ұстау үшін жоғарғы жүйке жүйесінің күшті-ұстамды типтеріне, азықты өнімділігімен өтеуіне аса көңіл аударылады [22, 23].

Бұл мәселелерді жүзеге асыру тек қана  тұқымды дұрыс таңдай білу мен жануарлардың жаңа, өнімділігі жоғары тұқымішілік және зауыттық типтерін, аналық ұялары мен аталық іздерін шығаруды азықтандыру және күтіп бағу жағдайларын әр уақытта жақсартып отыру арқылы бағалау, сұрыптау мен мақсатты түрде жұп таңдау жұмыстарын жүргізген кезде орындалады.[24].

Ірі қара мал шаруашылығының тәжірибелері тұқымды жетілдіру мен қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына шыдамды жаңа жоғары өнімді тұқым шығару үшін әлемдік гендік қорларды пайдалану керектігін көрсетті. Бұл жағдай өз қатарынан мамандардың жер бетіндегі барлық континенттерінде өсірілетін ірі қараның тұқымдары туралы білімі болуын талап етеді. Қарқынды технология тек қана күтіп бағу және азықтандыру жағдайларының жануарлардың селекциялық әлеуеті мен белгілі бір технологияға бейімделгіштігіне сәйкес болған жағдайда тиімді болады [25, 26].

Машинамен саууға сиырларды  желіндерінің экстерьерлік ерекшеліктерін, сүт беру екпіндерін, толық сауылғыштығын және сауын аппаратына деген әсерін ескере отырып сұрыптайды. Сиырлардың машинамен саууға жарамдылығын сипаттайтын көп белгілер (желін формасы мен көлемі, сүт беру екпіні, желін индекстері) сүт өнімділігімен оң байланыста болады. Сондықтан да сиырларды машинамен саууға жарамдылығы бойынша сұрыптау, ұнамды формадағы желіндердің қалыптасуына себін тигізеді [27, 28].

Қараала, қырдың қызылы, кострома, алатау тұқымдарына жүргізілген көптеген зерттеулер желіндері тегене тәрізді формалы сиырлардың сүттіліктері дөңгелек және ешкі желіні тәріздес сиырлардың сүттілігінен едәуір жоғары екендігін көрсетеді  [29, 30]. 

Желіндері тегене тәріздес жануарлар желін бөліктерінің тепе-тең дамуымен және сүт беру екпіндерінің жоғары болуларымен сипатталады [31].

Сиырларға селекцияны машинамен саууға жарамдылығы бойынша жүргізген жағдайларда, отандық сүтті бағыттағы тұқымдардың көрсеткіштері өндірістік кешен құру үшін қойылатын барлық талаптарға сай келеді [32].

Қарқынды технологияларды ауыл шаруашылығындағы барлық өндірістерге енгізу, өндірілетін өніммен қатар оның және шикізаттың сапасын да жақсартуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл мәселеге қол жеткізу малдардың өнімділігіне әсер ететін барлық сыртқы орта мен генетикалық факторларын ескерген жағдайда мүмкін болады. Бұл өз кезегінде негізін қойылатын талаптарға сай малдарды сұрыптау мен өсіру құрайтын мақсатты түрде негізделген селекциялық бағдарлама құруды талап етеді  [33].

Ш.Д.Дәленов, Ж.К.Кәрімов, Б.Ысқақбаев, М. Әбдірайымов, Ж.Сүленов, А.Бекхожин, Ә.Әлентаев, Л.Бөпебаева, А.Төреханов, Д.Айтмұхаметов, С.Сатығұл, Пшембаев К., Қ.Исабеков, Онгарбаев Т.А., Мырзақұлов С.М., Бекбосынов Қ.Р.,  Л.И. Назаренко, Е.А. Чиндалиев, Н.С. Бодуновская, Н.Н. Ан, Юсупов А.К. өз зерттеулері нәтижелерінде  сүттің құрамы да, оның мөлшері де көптеген жағдайларға байланысты, ал олардың ішіндегі ең маңыздылары: тұқымқуалаушылық, азықтандыру, күту жағдайлары, бұзаулаған маусымы, сауын маусымы, сауын және суалу маусымының ұзақтығы және тағы басқа генетикалық немесе паратиптік факторлар деген тұжырымдар жасайды [34, 35, 36, 37, 38, 39].

    Сүтті ірі қараны асылдандыру барысында ертеректе тек сүттің көлемі мен майлылығын ғана ескертетін еді. Бірақ қазіргі технологиялар дамыған уақыттың талаптарына сай сиырлардың өнімділігін жан-жақты  бағалауға бұл жеткіліксіз. Осыған байланысты, қазіргі уақытта сүтті сиырлардың селекциясында оның бағдарламаларына байланысты дәстүрлі белгілердің қатарына сүт құрамындағы белок пен лактозаның мөлшері, құрғақ заттың, СҚМҚ, май мен белоктың көлемі секілді белгілер қосылды.

Сүттің құрамы сүт өнімділігінің көлеміне қарағанда тұқымқуалаушылыққа көбінесе тәуелді келеді. Сүттің сапасын жақсарту оны әртүрлі сүт өнімдеріне өңдеу үшін қолдану тұрғысынан алып қарағанда өте маңызды болып табылады [40].

Бірінші және екінші бұзаулаған сиырлардан сақа сиырлармен салыстырғанда сүт 15-30 пайызға кем шығады. Алтыншы, жетінші және одан да көп бұзаулаған сиырлардың да сүттілігі азая түседі [41].

Алғаш ұрықтандыру жасы сиырлардың келешектегі сүттілігіне әсерін тигізеді. Себебі ерте ұрықтандырылған құнажын өспей қалады да, оның сүттілігі де төмен болады. Сондықтан уақыты келген құнажынның салмағын да ескерген жөн [42].

Сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арасында өзара байланыс бар екендігін көптеген ғалымдар өз зерттеулері барысында тұжырымдаған [43, 44, 45]. 

    Сервис-кезеңінің ұзақтылығы жөніндегі ойлар мен мәселелер зоотехникалық әдебиеттерде кеңінен қозғалады, соның өзінде  осы уақытқа дейін бұл мәселе бойынша  зоотехникалық ғылымда бір тоқтамға келген шешім жоқ.

Л.К. Эрнст пен А.А. Малитистің [46] айтулары бойынша сервис кезеңінің әсерін біркелкі бағалауға оның ұзақтығының өнімділіктің екі көрсеткішіне, атап айтқанда сауын маусымындағы өнімділік пен уақыт бірлігіндегі өнімділікке кері әсерін тигізетіндігі тоқтауыл қойып тұрады.

Ерте ұрықтандыру барысында (30 күнге дейін) ұрықтанудың төменгі деңгейі, эмбрионалдық кезеңдегі өлімнің, жыныс жолдарының сырқаттануының жоғары болуы,  қанда аглютининдердің пайда болуының және де қайта-қайта күйттеуге алып келетін ауытқушылықтардың пайда болады. Соның салдарынан сервис кезеңі қысқарудың орнына керісінше ұзара түседі [47].   

 

  • Қара ала типті ірі қара тұқымдарына  жалпы сипаттама

Қара ала ірі қара мал тұқымы. ТМД-да аса сүтті тұқымға жатады, әр аймақта жергілікті сиырларды голланды қара ала тұқымының бұқаларымен шағылыстыру арқылы шығарылған.

Жеке ірі қара мал тұқымы болып 1959 ж. бекітілген. Осы тұқымның малы  Орталық Ресейде, Жайықта және Сібір аймақтарында шоғырланған. Украинаның Львов және Хмельницкий облыстарында тараған. Қазіргі уақытта Киев, Харьков  және т.б. Украинаның облыстарының шаруашылықтарында шоғырлануда. Кейінгі уақытта Белоруссия жерінде да тарауда.

Қара ала ірі қарасы сүтті тұқымға жататындықтан сүттілігі өте жоғары, дене бітімі мықты, сырттан қарағанда әдемі, түсі — қара ала. Сиырларының орташа тірілей салмағы 550-650 кг, бұқаларының салмағы 850-950 кг. Кейбір бұқалары 1100 кг-ға дейін жетеді, ұша шығымы — 50-55%. Бұзауларының туғандағы тірілей салмағы үлкен (32-40 кг). Төлдерінің өсіп дамуы жақсы, орташа тәулік салмағы  800-1000 г дейін өседі, 15-16 айлық тайыншалары 420-480 кг-ға жетеді. Асыл тұқымды мал зауыттарында сиырларының орташа сүттілігі 5500-6700 кг болса, майлылығы 3,8-4,0%, ал сүтінің ақуызы — 3,15-3,40% аралығында.

Аса сүтті сиырлары Ленинград облысы “Петров” асыл тұқымды мал зауытында шоғырланған. Бұл шаруашылықта 2006 жылы орташа әрбір 1100 сиырдан 6861 кг-нан сүт сауылса, оның майлылығы 3,92%-ға жеткен.

Бұл тұқымның Волга ЕГП-339 атты сиырынан 305 күн ішінде 17517 кг сүт сауып, оның майлылығы 4,2% жеткен, ал осы шаруашылықтың Россиянка атты сиырынан 19162 кг сүт сауылған.

Ысқақбаев Б.Б. [48]  қара ала ірі қара малы одағымыздың қандай аймағында болмасын жақсы жерсінеді, қазіргі уақытта Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қазақстан және т.б. республикаларда да шоғырланғандығын мәлімдеді.

 

 

Сурет 1.  Қара ала тұқымы

 

Голланд тұқымы. Дәленов Ш.Д. және т.б.  [49]  әлемде ең көп тараған ірі қара тұқымы голланд тұқымы екендігін мәлімдеген. Ол 30-дан астам елде өсіріледі. Саны жағынан қай тұқыммен салыстырғанда да көп.

Голландия жерінен бастау алған бұл тұқымның шығуына елдің географиялық ыңғайлы орналасуы, теңізге шыға алатындығы, сауда жасауға оңайлығы және ірімшік пен сары майға деген сұраныстың артуы әсер етті. Сондай-ақ ауа райының жұмсақтығы, жауын-шашынның көп болуы, қыс маусымының қысқалығы, теңіз жағалауындағы көк майса жайылым да жағдай жасады.

Голландияда қара ала, қызыл ала және «гронинген» — деп, аталатын үш түрлі ірі қара тұқымдары өсіріледі. Солардың арасында ең сүттісі қара ала тұқым өте көп тараған.

Голланд тұқымы Англияда, Францияда, ТМД-да, Жапонияда, АҚШ-та, Канадада және т.б. елдерде ол «фриз» немесе «голштино-фриз» — деп, аталады.

Кезінде, көп уақытқа дейін голланд сиырының сүтін ғана дамытып, оның денсаулығына, сүтінің майлылығына көп көңіл бөлінбеді. Соның салдарынан XIX ғасырдың бірінші жартысында бұл тұқым сүтінің майлылығы төмендеп, дене бітімі босаңсып, мал туберкулезге шалдыға бастады. Осыдан кейін мал тұқымына асылдандыру жұмысын қайта қарау керек болды.

Қазіргі кездегі голланд тұқымы малының сырт пішіні, дене бітімі, сүттілігі, сүтінің сапасы өткен ғасырдың бірінші жартысында өсірілген малдан мүлде өзгеше. Малдың тұрқы қысқалау, жұмыр, бұлшық еттері жақсы дамыған. Сиырдың дене өлшемдері: шоқтығының биіктігі 133 – 137 см, сауырынан биіктігі – 132 – 135 см, кеудесінің салыңқылығы (тереңдігі) 72 – 74 см, кеудесінің кеңдігі – 45 – 47 см, денесінің қиғаш ұзындығы 156 – 158 см.

Сиырларының орташа салмағы 550-560 кг, бұқаларынікі – 800-1000 кг, орташа сүті 5200 кг, майлылығы 4,1%, ақуызы 3,32-3,55%, бұзауларының туылғандағы самағы 36-42 кг. Бұл тұқым тез өсіп дамиды және еттілік қасиеті жақсы. Бордақылағаннан кейінгі ұша шығымы 55-60%-ға жетеді. Осындай тұқымның асылдығына байланысты голланд ірі қарамалының тұқымын көптеген мемлекеттерге жерсіндіруге әкеле бастаған.

 

 

Сурет 2.  Голланд тұқымы

 

Бұл тұқым Ресейде жергілікті холмогор, тагил, украинаның ақбас және бестужев ірі қара малының тұқымдарын шығаруға көп әсерін тигізді. Голланд ірі қара тұқымы әулиеата және бушуев, қара ала ірі қара тұқымдарын шығаруда көп рөл атқарады.

Кейінгі уақыттарда голланд және АҚШ-тың голштин ірі қара малының тұқымдары отанымыздың шаруашылықтарына әліде әкелінуде. Әкелінген бұл тұқымның төлдері РСФСР, Украин, Белорус, Литва республикаларының шаруашылықтарында шоғырланған. Бұл шаруашылықтардағы сиырлардың сүтінің өнімі өте жоғары, орташа сүттілігі 4000 кг-нан 5500 кг-ға дейін, ал майлылығы 4,0-4,2%.

Голштин ірі қарасының тұқымы. Кильвайн Г. [50]  мәліметі бойынша  бұл тұқым АҚШ пен Канада да голландияның қара ала тұқымы арқылы шыққан. Алғашқы уақытта шығарушы фермерлер жаңа тұқымның сүттілігіне және өсіп-жетілуіне көп көңіл бөлген. 1871 жылы АҚШ-та голштин ірі қара малының өсіру қоғамы құрылған.

Голштин сиырларының орташа тірілей салмақтары 670 кг-нан 700 кг-ға дейін, бұқаларынікі – 960 кг-нан 1250 кг-ға дейін. Еркек бұзауларының туылғандағы тірілей салмағы 44-47 кг, ұрғашыларінікі – 38-42 кг. Голштин малының сыртқы бітімі сүтті бағыттағы тұқымдарға ұқсайды. Сиырларының шоқтығының биіктігі орташа 144 см, бұқаларынікі – 158-160 см.

 

 

Сурет 3.  Голштин тұқымы

 

Ғалымдардың мәліметі бойынша голштин сиырының желіні астау немесе тегене тәрізді, әрі желіні өте аумақты соған байланысты тәулігіне 2 рет қана саууға болады, ал сүттілігі жоғары сиырларды 3-4 сауады. Сауу жылдамдығы минутына 2,37 кг.

Бұл тұқымның дене бітімі мықты, түсі қара ала, тұқымда түсі қызыл ала тұқымы да кездеседі. Қазіргі уақытта голштин малының қызыл ала тұқымы да шыққан.

Солтүстігі жағынан голштин тұқымы дүние жүзінде бірінші орында. АҚШ ғалымдарының дерегі бойынша 1981 жылы голштин тұқымының сақа сиырларынан орташа – 7418 кг сүт сауылса, ал сүтінің майлылығы – 3,61% болған, ал басқа тұқымдарының өнімділгі: сәйкесінше айршир сиырларынан – 5519 кг және 3,89%, гернзей сиырларынан – 4991 кг және 4,59%, джерсейден – 4784 кг және 4,83%, швиц сиырларынан 6142 кг және 3,69%, шортгорн сиырларынан 5193 кг және 3,61%. АҚШ-тың көптеген асыл тұқымды шаруашылықтарында әр сиырдан 9000 кг-нан астам сүт саууда.

Әулиеата асыл тұқымды ірі қарасы. Искакбаев Б.Б. [51] айтуы бойынша  әулиеата тұқымы Қазақстаның оңтүстігінде және Қырғызстанның Талас өлкесінде өсіріліп шығарылған. Оны өсіріп шығаруға голландия мен қазақ (қырғыз) ірі қаралары қатынасты. Дене тұлғасы бойынша голландия ірі қарасына ұқсайды.

 

 

Сурет 4.  Әулиеата тұқымы

 

Түсі қара ала және қара болып келеді. Кейінгі 35-40 жылдың ішінде, асылдандыру жұмысының нәтижелі болуының арқасында іріленеді, дене тұлғасы кеңейеді. Қазіргі дене өлшемдері қара ала тұқымды ірі қаралардан онша кем емес. Тұрқы озыңқы, бөксесі жақсы дамыған. Желіннің үлкендігі орташа, пішіні жағынан әртүрлі.

Асыл тұқымды шаруашылықтардағы орташа сүт өнімділігі сауу маусымы үш және одан да көп, ірі қараларынікі 2800-3500 кг-ға дейін, ал сүттерінің майлылығы 3,8-4,0%. Үлкен ірі қараларының орташа тірілей салмақтары 550 кг-ға жетеді.

Бұқаларының тірілей орташа салмақтары 780-850 кг. Бордақыланған пішпелерінің және өгізшелерінің еттілігі жақсы, жоғары, ет шығымы 49-55%-ға дейін.

Бұл ірі қара тұқымы жергілікті жағдайда Қазақстанның оңтүстік облыстарында жақсы дамыған. Қан тамырларының зиянды ауруларына өте төзімді және ол ауруларға көп шалдықпайды. Сондықтан бұл тұқым Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы ең негізгі сүтті бағыттағы ірі қара малы болып табылады.

Бұл тұқымның ең жақсысы Атас 490, Веселый 1047, Борьки 9041 және Абрикос бұқаларының аталық ізі тараған. Ірі қара сүтінің майлылығын арттыру жағынан Атлас 490 линиясының бұқалары үлкен әсер еткен. Олардың ұрпақтары да өте жақсы өсті.

Бұл тұқымды асылдандырудың негізі мақсаты – сүттілігін, сүтінің майлылығын көбейту және дене бітімінің мықтылығын арттыру.

          Қорыта айтатын болсақ сүт өндіру мәселесі бойынша сүтті бағыттағы қара ала типті тұқымдар дүние жүзіне тараған деп, айтуға болады. Себебі бұл тұқымдар жерсінуі бойынша жақсы дамыған. Соның ішінде голштинофриз тұқымы ерекше орын алады. Қара ала типті тұқымдарды голштиндеу жоспары бойынша қазіргі күнде өте жаксы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бірі біздің «Алимжанов Т.С.» асыл тұқымды шаруашылығы. Сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығының Республикалық Палатасының ұсынысы бойынша голштиофриз тұқымының ұрығымен сиырларды қашырып ұрпақтан-ұрпаққа сүт өнімділігін көбейу жоспарға қойылған.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ

 

2.1.  Зерттеу материалдары мен әдістемелері

 

        Малдардың өнімділік қасиеттерін зерттеу жұмыстары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Алимжанов Т.С.» асыл тұқымды  шаруашылығының сүт тауарлы фермасында 2017 жылдың есебі бойынша жүргізілді. 

Қойылған мақсатқа байланысты зерттеу жұмысында келесі көрсеткіштер зерттелді:

  • Тұқымға сипаттама беретін негізгі көрсеткіштер – мал саны, тұқымдылығы, класы шаруашылықтың асылдандыру жұмысы есебі бойынша алынды;
  • Сиырлардың тұқымдылығы, класы — асыл тұқымдық 2-сүт формалы карточкалары, бонитировкалау ведомосттары арқылы анықталды
  • Сүт өнімділіктері — айына бiр рет бақылау сауымын өткізу арқылы, сүттерiнiң майлылығы (МемСТ 5867-90), СҚМҚ (МемСТ 3625-84), тығыздығы (“Лактан 1-4” сүт анализаторы арқылы) (МемСТ 3626-73 )
  • Сырт пішіні мен дене бітімі – көзбен бағалау, дене өлшемдерiн өлшеуiш таяқ, таспі, циркуль арқылы;
  • Желiн формалары — көзбен бағалау арқылы, сүт беру екпiнi – сауын аппараты арқылы;
  • Төлдердiң өсiмталдығы жалпы қабылданған әдістемелер және зоотехникалық есеп журналдары арқылы;
  • Тірі салмағы – бұзаулардың туылған кезінде, әр сайынғы салмағын өлшеу арқылы, сиырларды – бонитировкадан алдын таразымен өлшеу арқылы;
  • Сүттің химиялық құрамын зерттеу үшін кезең бойынша кем дегенде бұзаулағанына 20 күн болған және суалуға 2 апта қалған сиырлардан алынған.
  • Барлық есептер Н.А.Плохинский (1980) және Е.А.Меркурьевтің (1970) биометриялық өңдеумен өңделді.

 

 

2.2. «Алимжанов Т.С.» асыл тұқымды шаруашылығының жалпы сипаттамасы  

 

          Келешекке даму бағытымен келе жатқан шаруашылықтардың бірі, ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Алимжанов Т.С.» асыл тұқымды шарушылығы.

          Шаруашылықтың азық базасын дайындау үшін 422,4 га жері бар. Ол жерде сүрлем мен жем дайындау үшін жүгері егеді, жоңышқа және т.б. ауыл шаруашылығының өсімдіктерімен шұғылданады.

Шаруашылықтың негізгі бағыты сүт өндіру және диқаншылық.         Фермада «Елочка» жүйесіндегі бір сауын залы жұмыс істейді. Екі мұздатқыш (2,5 тоннадан) цистернасы және бордақылау алаңы бар. Күнделікті сүтті ЖШС «Danon-Berkut» фирмасына өткізеді.

          Әрқайсысының көлемі 10 000 тоннадан келетін сүрлем дайындайтын 5 бетондалған сүрлем ойшығы және жалпы көлемі 800 тоннадан келетін ірі азыққа  арналған 6 дана орын бар.

           Малдарға моноазықты тарату ресей және поляк миксерлерімен жүргізіледі.

          Әр базада 1000 бастан сиыр және бұзауды бос ұстауға болатын 5 база бар.

Қиды шығару жүйесі – сумен жуып-шайып шығару әдісі қолданылады.

Шаруашылықта жалпы 55 жұмысшы еңбек етеді. Барлығына айлық еңбекақысы уақытында беріледі.    

 

 

Сурет 5 –  «Алимжанов Т.С.» асыл тұқымды шаруашылығығының базасы

 

         Климаты ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудалық ауытқуының жоғарылығымен ерекшеленеді. Қаңтар айының орташа температурасы – 7,4 0С – дан -11,3 0С дейінгі аралықта. Жаздың ең ыстық кезеңі – шілде айы. Шілденің орташа температурасы +28,3 0С. Ауа райының ең жоғарғы абсолютті температурасы +42 0С. Жауын-шашынның жылдық жиыны 500-600 мм аралығында. Қыс кезінде қар қабаты 105-114 күндей сақталады. Қыстың ең қалың қар қабатының биіктігі 30 см. Қаңтар-ақпан айларындағы қар қабатының қалыңдығы 17-24 см құрайды, наурыз айының аяғында қар еріп бітеді. Жер бетінің қату қалыңдығының ең жоғарғы мәні — 33 см, ең жоғарғы қату — 80 см, ең азы – 10 см. Топырақ қабаты – ақшыл қоңыр. Құрамында 1,3-3,6% гумус бар. Горизонттық жерден көріну биіктігі 30-60 см. Топырағы орташа сазды, құрамында 30-45% саз бар.

Мен тәжірибелік-зерттеу жұмысымды осы өзім жұмыс істейтін сүтті тауарлы фермада жүргіздім. Бірінші кестеде көрсетілгендей фермада жалпы 643 бас ірі қара малы бар. Соның ішінде 411 бас сиыр. Пайыз есебінде айтатын болсақ сиыр 64 пайыз, құнажын 16 пайыз, 12-18 айлық тайыншалар 11, 6-12 айлық тайыншалар 9 пайыз. Бұл талабқа сай құрылған табын құрылымы. Аналық бас негізінен 55-60 пайыз құрау керек. 

 

Кесте 1

Сүтті тауарлы фермасындағы табын құрылымы мен мал басы

 

Топ

Саны

бас

%

Барлығы

643

100

соның ішінде:

 

 

бұқа

сиырлар

411

64

құнажындар

104

16

12-18 айлық тайыншалар

70

11

6-12 айлық бұзаулар

58

9

 

Шаруашылықтың табиғи-климаттық және топырақ-мелиоративтік жағдайлары ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп, тұрақты мол өнім алуға, тұрақты азық базасын құруға және өнімділікті жоғарылатуға ыңғайлы. 

Сиырларды табиғат жағдайларына байланысты жыл бойы ашық алаңдарда  бос ұстайды. Азықты күніне бір рет монокорм жасап береді, құрамында: ірі азықтан — жоңышқа пішені, ылғалды азықтан — сүрлем, пішендеме, жемнен – арпа, бидай ұнтағы, күнбағыс сығындысы және пиво зауытының қалдығы (барда) бар. Жазғы кезеңде көк азықтан жоңышқа қосылады.

      Шаруашылықтағы бөлімшелердің барлығы технологиялық жобалау нормаларына, гигиеналық және ветеринариялы – санитарлық талаптарға сай келеді. Сауыншылардың, малшылардың тазалық сақтау қабілеттері өте жоғарғы дәрежеде. Осыған байланысты өндіріліп жатқан өнімнің жоғары дәрежеде екендігін айтып, бұзаулардың аман-сау болып, өлім-жітім жоқ деуге де болады.   

Шаруашылықта голштинофриз асыл тұқымды сиырлары болғасын, тәулігіне талабына сай үш рет сауылады. Ай сайын бақылау сауыны жүргізіліп, онда сиырлардың сүттілігі, сүттерінің сапасы, құрамы (майлылығы, жалпы белогы, тығыздығы, қышқылдығы және т.б.) анықталады.

          Бөлімшелердің (бұзаулау, сүтейту, сауын, суалу, бұзауларды жеке үйшіктерде 2 ай ұстау, тобымен ұстау, қары немесе жарамсыз сиырлар мен бұқашықтарды бордақылау) әрқайсысы технологиялық жобалау нормаларына, гигиеналық және ветеринар-санитарлық талаптарға сай келеді.

          Табиғат жағдайына байланысты сиырларды алаңда бос ұстайды. Суды автосуаттардан ішеді.

          «Алимжанов Т.С.» асылтұқымды шаруашылығында азықтандыру бір қалыпты жүйеге енген, бұны 2-ші кесте дәлелдейді. Азық құрамына ірі азықтан жоңышқа пішені, балауса азықтан – пішендеме, сүрлем; жемнен – арпа мен кебек,  қосылады. Жазғы кезеңде көк азықпен азықтандырады. Тұз қалауынша беріледі.

          Бұл азық жүйесі шаруашылықта қыс мезгілінде беріледі. Рациондағы пішен құрғақ азықтың мәселесін көтереді. Қыс мезгілі суық болғасын рациондағы азық мөлшері жоғарылау келеді. Негізінен сүт мөлшері мен құрамының көрсеткіштері жаз және күз мезгілінде жоғары болады. 

 

 

Сурет 6 – Фермадағы голштин тұқымды сауын сиырларды күтіп-бағу алаңы

 

2.3. Шаруашылықтағы сиырларды азықтандыру жүйесі

 

          Сиыр жақсы өсіп-жетіліп, одан мол өнім алу үшін оның дұрыс азықтандырылуы басты шарт. Ол үшін сиыр ағзасына қандай қоректік заттар қаншалықты мөлшерде қажет екендігін білу керек. Себебі бұл қажетті қоректік заттар малдың жасына, өнімділік бағытына, тұқымына байланысты. Сауын сиырларға, буаз сиырларға, сақа және тұмса сиырларға берілетін азық мөлшері, азық түрлері мен оның қоректілігі түрліше болады. Сондықтан әрбір сиыр оның өзіне өлшеніп жасалған мөлшердегі азықпен азықтандырылады.

          Сиырды нормамен азықтандыру дегеніміз, оның сүттілігіне, сүтінің майлылығына, қоңдылығына, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, қашан және неше рет бұзаулағандығына, және басқа жағдайларына қарай азықтандыру болып табылады.    

 

Кесте 2

Сиырлардың қысқы және жазғы кезеңдегі азық құрамы (рацион)

 

 

Азықтар

Тәулік мөлшері,кг

Рацион құрамы

АӨБ кг

С.П. г.

Кальций г.

Фосфор г.

Каротин мг.

Қысқы кезең

Жоңышқа пішені

 

1,4

 

0,7

139

15,1

3,4

63,0

Пішендеме

8

2,8

568

87,2

8

320

Сүрлем

15

3,0

210

21

6

300

Бидай ұнтағы

2,0

1,5

194

4

19,2

5,2

Арпа

1,4

1,6

119

2,8

5,4

0,4

Күнбағыс сығындысы

2,2

2,3

712,8

12,9

28,3

4,4

Барда

10

1,1

210

2

6

Барлығы

 

13,0

2152,8

145,0

76,3

693,0

Жазғы кезең

Көк жоңышқа

 

25

 

5,5

 

1250

 

112,5

 

17,5

 

1100

Жоңышқа пішені

 

1,4

 

0,7

139

15,1

3,4

63,0

Сүрлем

5

1,0

70

7,0

2,0

100

Бидай ұнтағы

2,0

1,5

194

4

19,2

5,2

  • кесте жалғасы

 

Арпа

1,4

1,6

119

2,8

5,4

0,4

Күнбағыс сығындысы

2,0

2,1

648,0

11,8

25,8

4,0

Барда

10

1,1

210

2

6

Барлығы

 

13,5

2630

155,2

79,3

1272,6

 

 

Екінші кестеде көрсетілгендей сауын сиырлардың тәуліктік азық мөлшері қысқы кезеңде: жоңышқа пішені – 1,4 кг, пішендеме – 8 кг, сүрлем – 15 кг, жем – 5,6 кг, барда 10 кг беріледі екен. 1 кг сүтке жалпы жем 300-350 гр тура келіп тұр. Бұл көрсеткіш орта есеппен алғанда 10-20 кг аралығында сүт беретін сиырларға арналған.

Жазғы кезеңде сиырларға көк азық (жоңышқа) қосылады, тәулігіне 25 кг,  жоңышқа пішені 1,4 кг, сүрлем 5 кг, жалпы жем 5,4 кг және барда 10 кг. Тәулігіне 13 – 13,5 азық өлшем бірілігі жұмсалды.     

 

 

 

Сурет 7 – Малға моноазық дайындайтын миксер

 

 

  1. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

       3.1. Асылдандыру жұмысының көрсеткіштері

 

Ірі өндірістік шаруашылықтарды, фермаларда сүттің молаюы асылдандыру жұмысының жақсаруына байланысты, әрі сүт және ет өндіру кешендерінде асылдандыру жұмысының бағыты да өзгеруде. Асылдандыру жұмысының негізі жеке бір аймақта бір жоспар бойынша төл алу, оны өсіру, бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау болып табылады.

Сүтті ірі қара шаруашылығында сүтті сиырлардың төмендегідей көрсеткіштерінің параметріне қарайды. Сүтті сақа сиырлардың тірілей салмағы орташа 550-650 кг, 305 күндегі сүті 8000-8500 кг, ал майы 208-300 кг, ақуызы 280-300 кг жетуі керек. Сонымен қатар желіндерінің алдыңғы екі бөлімінен кем дегенде 40%-ға дейін сүт алу қажет, ал сүт сауу уақыты 5-6 минуттай, жылына әр сиырдан бұзау алу.    

Соңғы жылдары шаруашылықта асылдандыру жұмысы негізге алынған. Үшінші кестеде көрсетілгендей ірі қарадан 3 бас сиыр ғана буданға жатады, ал қалғандарының барлығы (408 бас) таза қанды тұқымға жатады. Класы бойынша айтатын болсақ сауынды сиырлардан элита-рекорд класында – 274 бас (67,1%), элита класында – 118 бас (28,9%) және 1 класында – 16 бас (3,9%) сиыр бар.  

 

 

Сурет 8 – сауын сиырларына қосымша сыра қалдығы берілуде 

 

                  
 
 
  Кесте 3  — Ірі қараның тұқымдылығы мен класқа бөлінуі

 

 

Мал тобы

Бонитировкадан өткен малдар саны, бас

соның ішінде

тұқымдылығы бойынша, бас

класс бойынша, бас

таза қанды және 4 будан

будан

элита-рекорд

элита

І класс

ІІ класс

А

1

2

3

4

5

6

7

Жалпы ірі қара мал, соның ішінде:

643

643

3

315

233

69

23

бұқалар

сиырлар

411

408

3

274

118

16

18 айдан жоғары

104

104

25

60

13

6

12-18 айлық тайыншалар

70

70

14

36

14

6

6-12 айлық бұзаулар

58

58

2

19

26

11

 

               

      

 

  • Сиырлардың бұзаулауына әсер етуші факторлар
          Бұзаулайтын сиырдың  қорасы өте таза болу керек. Олардың тұрған жері құрғақ, таза, төсеніші қалың болғаны жөн. Қыс айларында күніне 2-3 сағатқа сыртқа шарбаққа шығаралуы тиіс, ал жазғы күндері қораға жақын жайылымға 4-5 сағатқа шығаруға болады. Бұзаулаудан 14 күн бұрын ірі қаралар қораға әкелінеді. Мұнда жеке-жеке байланып, тұратын жері кең болғаны дұрыс. Ірі қаралардың сүзіспеуіне, бір-бірімен қысылспауына, талып жығылмауына қатты назар салу керек. Ірі қаралардың үстін күнде қасығышпен немесе алған сабанмен тазалап тұрады.

                Бұзаулайтын қораны әбден тазалап, дезинфекциялап даярлап қояды. Ірі қара бұзаулар алдынан қораның ішін әбден тазалап, бөлменің қабырғасын, еденін, оттықты және ірі қараның бөксесін, сарпайын тиісті дезинфекциялаушы дәрі қосқан сумен жуады. Қораға қалың төсеніш төсейді.

          Ірі қара бұзаулайтын қорада күні-түні бақылаушы адам болады. Ірі қара бұзаулаудан бұрын бұзауды қабылдап алатын күтуші қолын сабындап жуып, алдына таза алжапқыш байлайды, жаялықты даярлар тұрады.

Бұзауы дұрыс келсе ірі қара көп кешікпей, көп қиналмай-ақ туады, онша жәрдем қажет емес. Егер бұзау теріс келсе немесе толғақ көпке созылса, мал дәрігерлік қызметкерлердің көмегі керек болады. Сондықтан ірі қараның сиыры бұзаулағанда мұндай қызметкердің болғаны жақсы. Туған бұзауды жұмсақ сабаннің үстіне жайылған таза жаялыққа түсіріп алады. Туысымен бұзаудың танауын, аузын, құлағын таза сүлгімен шаранадан тазартып, тыныс алдырады. Таза шүберекпен немесе бір қысым сабанмен үсті-басын сүртеді. Ірі қараның ешқандай жұқпалы ауруы болмаса, онда енесіне үсті-басын жалатуға береді.

Егер туған бұзаудың кіндігі өздігінен үзіліп кетпесе, онда стерильденген жіппен алдымен байлап алып, кіндікті 10-12 см жерден қайшымен қиып жібереді. Кіндігінің ұшын стақандағы йод тұнбасына немесе марганец, калий қышқылды ерітіндісіне батырады. Бұдан кейін бұзауды профилакториядағы, астына қалың төсеніш төселген таза, жеке клеткаға орналастырады.

Профилакторийда бұзау кем дегенде 10-15 күндей болуы керек.

         Ірі қара бұзаулағаннан кейін, оның астын тазартады. Ірі қараға аздап тұз араласқан жарты шелек жылы су береді. Ірі қара бұзаулағаннан кейін бір сағаттың ішінде есін жинайды, одан соң ірі қараны сауады немесе бұзауын емізуге береді. Мұнда ең бірінші рет бұзау таза және жылы уыз ішуге тиісті.

Бұзау тұратын профилакторийдің іші әрі таза, әрі жылы болуы керек. Өйткені, жаңа туған бұзау әр түрлі кеселге ұшырағыш келеді. Профилакторийдің температурасы үнемі 6-8 градуста болғаны жөн.

 Шаруашылықтағы сиырлардың бұзаулау бойынша таралуына келетін болсақ, тұмса сиырлардың саны 228 бас, екінші тұма 58 бас, үшінші тұма 44 бас, төртінші-бесінші тұма 54 бас, алтыншы-жетінші тұма 19 бас, сегізінші-тоғызыншы тұма 5 бас, оныншы және одан жоғары сиырлар саны 3 бас болды.

 

 

 

 

 

 

        

Кесте 4
Сиырлардың бұзаулауы бойынша таралуы

 

 

 

Көрсеткіштер

Сиырлардың саны, бас

бұзаулау бойынша

Құнажынның бұзаулағандағы жасы,күн

1

2

3

4-5

6-7

8-9

10 және одан жоғары

А

1

 

4

5

6

7

8

9

10

Жалпы, бас

411

228

58

44

54

19

5

3

875

%

100

55,6

14,1

10,7

13,1

4,6

1,2

0,7

х

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайыз есебінде алатын болсақ ең жоғарғы көрсеткіш бірінші (55,6%), екінші (14,1%), төртінші-бесінші (13,1%) және үшінші сауын (10,7%) маусымының сиырлары көп екен. 

 

3.3. Сүт өнімділігінің сипаттамасы

 

Сиыр сүтінің тамақтылығы, дәмі өте жоғары, әрі кең пайдаланылады, одан бірнеше түрлі сүт тағмдарын жасауға болады. Сүттен тағамның ең қасиетті түрлерін: май, ірімшік, құрт, қаймақ және т.б. тағамдарын жасайды. Орташа есеппен сиыр сүтінің құрамында 12-12,5% құрғақ зат, оның ішінде 3,8% май, 3,3% ақуыз, 4,8% сүт қанты және 1% минералды заттар болады.  Сонымен қатар жалпы сүт құрамында 200-ге таяу, адамның қоректігіне қажет, зат кездеседі, әрі бұл қажетті заттар адам организмінде тез қорытылады. Сүт құрамында 20-дан астам витаминдер, 30-ға таяу ферменттер бар, 20-ға таяу макроэлементтер және 10 шақты микроэлементтер бар. Ал сүт майының құрамына 150-ден астам май қышқылы, ал сүттің ақуызында 20 шақты аминқышқылы бар. Сүт майы адам организмінде 95%-ға дейін сіңсе, ақуыз – 98%-ға дейін, сүт қанты – 98%-ға дейін сіңеді. Жоғарыдағы мәліметтер бойынша сүттің тағамдылығы өте жоғары, әрі диетикалық қасиеті бар. Сүттің түзілуіне өсімдік белогінің маңызы зор. Сүтті сиыр әрбір 40 кг мал азығынан 2-2,4 кг белок бөлсе, ал етті малдарды бордақыланған мезгілде тек қана 400 грамм ғана белок бөледі.

 

 

Сурет  9 —  ЖШС «Danon-Berkut» фирмасының сүт таситын көлігі

 

 

 

 

 

 

        

 

Кесте 5

305 күндік сауын маусымындағы сиырлардың сүт өнімділігі мен тірі салмағы 

 

 

 

Мал тобы

Сауын маусымы

Жалпы мал  басы

Сүттілігі, кг

Сүт майы

Тірі салмағы

%

кг

А

В

1

2

3

4

5

Жалпы табын бойынша

Барлығы

308

4933,6

3,83

188,9

543.4

1 сауын маусымы

125

4338,4

3,91

169,6

531.4

3 және одан жоғары

125

5211,9

3,87

201,7

568.9

таза қанды және 4 буын

Барлығы

308

4933,6

3,83

188,9

543.4

1 сауын маусымы

125

4338,4

3,91

169,6

531.4

3 және одан жоғары

125

5211,9

3,87

201,7

568.9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаруашылық 2017 жылдың есебі бойынша әр сиырдан орта есеппен 4933,6 кг сүт, майлылығы 3,83%, кг мөлшерінде майлылығы 188,9 кг болған. Сауын маусымы бойынша алатын болсақ, бірінші сауын майсымындағы сиырлардың сүттілігі 4338,4 кг, майлылығы 3,91%, кг мөлшерінде 169,6 кг, үшінші және одан жоғары сауын маусымындағы сиырлардың сүттілігі 5211,9 кг, майлылығы 3,87%, кг мөлшерінде 201,7 кг болды. Бұл жоғары көрсеткіш деп ойлаймын. Тірі салмағы бойынша орташа салмақ 543,4 кг, бірінші сауын маусымындағы сиырлардың тірі салмағы 543,4 кг, ал  үшінші және одан жоғары сауын маусымындағы сиырлардың тірі салмағы 568,9 кг болды.      

 

3.4. Тұмса сиырлардың желін түрлері мен сүт беру екпінділігі

 

Сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығын өндірістік    жолға ауыстыруға байланысты қазіргі кезде оларды машинамен саууға бейімділігін анықтау ерекше орын алады.

          Желіннің басты көрсеткіштерінің бірі – түрі. Оның машинамен саууға бейімділігін анықтау үшін ғана емес, сүттілігін анықтау да негізгі белгілерінің бірі.

Сиырдың желінін бағалағанда оның түріне (формасына), көлеміне және құрамына, дамуына, емшектерінің орналасуына, әрі сүт тамырларының бүлінуіне қарайды. Желіннің түрі әртүрлі болып келеді, сиырдың жасы ұлғайған сайын желіннің түрі де өзгеріп тұрады.

Желінді астау (шара), тегене, дөңгелек, шошақ (ешкі желін) деп төрт түрге бөледі. Ең тәуірі сүт бездері жақсы жетілген астау, немесе тегенеге ұқсағаны, яғни үлкен, әр бөлігі тең, кең де тең орналасқан цилиндрлі емшегі бар желін.

Дөңгелек желіннің денеге бітіскен жерлерінің көлемі, астау немесе тегене тәріздестерге қарағанда аздау. Сондықтан олардың арасында салбыраңқы, сиырдың жүріс-тұрысына ыңғайсыз түрлері жиі кездеседі.

Желіні жұмсақ, әрі жұқа болса, онда ол сиырдың аса сүттілігін көрсетеді. Астау және тегене тәріздес сиыр желіндері сауар алдында өте көлемді, ал сауып болғаннан кейін көлемі өте кішірейеді, олда оның аса сүтті екенін көрсетеді. Сүт құдықшасы сүт веналарымен жалғасып жатады, қолмен ұстағанда оны жақсы байқауға болады. Желіннің артқы және алдыңғы бөлімдері біркелкі дамығаны жөн, ол әсіресе машинамен сауу үшін өте қолайлы, әрі сүттің желіннен және емшектен шығуына қолайлы. Ал егерде желіннің 4-бөлімі тең дамымаса, әр бөлімнен әртүрлі сүт алынады, әсіресе желіннің алдыңғы бөлімдері тез сауылып, артқыларынан әлі де болса сүт бөлініп жатады. Осы жағдай сиыр үшін өте қолайсыз, себебі алдыңғы желін бөлімдерін маститке шалдықтыруы мүмкін.

Сиыр желінінің гистологиялық құрылысына қарай оның сүттілігін білуге болады. Сүт желінінің қалыптасуына сиырдың тұқымы, жасы, сауу маусымы, буаздығы, азықтануы, бағып-күтуі көп әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Кесте 6

Тұмса сиырлардың желін түрлері мен сүт беру екпінділігі 

 

 

Сиырлардың саны, бас

Астау, тегене және дөңгелек желінді сиырлар, бас

Сүт беру екпінділігі, мин/кг

барлығы

Тәуліктік сүт, кг

Орташа сүт беру екпінділігі, мин/кг

0,99 дейін

1,0-1,39

1,4-1,69

1,7-1,99

2,0 және одан жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

125

120

14,1

1,43

12

86

27

 

 

 

 

 

 

 

          Сүтті сиырлардың сүт бездері тканы 70-80%-ға дейін жетеді. Сиырлардың желінінің салмағы мен беретін сүтінің арасында тікелей байланыс бар. Мысалы, сауын сиырдан сауу мезгілінде 1000 кг нан 2000 кг дейін сүт сауылса, желінінің салмағы оның тірілей салмағының 0,5%-ы ғана болады. Сиырдың желіні 4 бөлімнен тұрады: екеуі алдыңғы, екеуі артқы. Желінді жұқа терісі қаптап жатады, ал тері жүні сирек, әрі жұмсақ. Желінді арт жағынан қарағанда, әйнек сияқты жалтырап тұрады. Ал гистологиялық зерттеулерге қарасақ, сиыр желіні көптеген бөлімдерден тұрады, оны альвеолдар деп түсінеміз. Осы альвеолдарда сүт түзіледі де, алдымен жіңішке, сосын кең арнаға түсіп, кейін сүт және емшек цистернасына түседі. Цистерна дегеніміз өзінше бір резервуар, онда сүт жиналады. Емшектің сфинктері болып, оны дөңгелек сияқты ет қоршаған, ал сол дөңгелек еттің маңызы зор, біріншіден сүттің өзінен-өзі бөлінуіне кедергі жасаса, екіншіден емшекке бактериялардың кіруіне кедергі жасайды. Сиыр желінінің көлемі, өзінің тұқымдық қасиетіне байланысты көлемі әртүрлі болады. Кейбір сиырдың желініне 30 кг-нан артық сүт сияды. Сиыр желіні қан, лимфа тамырларымен және нерв жүйелерінің жұмысымен қамтамасыз етілген. Желін құрамы желін сүт бездері мен дәнекер тканьдарынан тұрады. Сүт без тканы көптеген эпитемиалдық клеткалар мен клетка аралық заттардан тұрады. Дәнекер тканы жұмсақ, клетка аралық заттардан тұрады. Сүт безі және дәнекер тканьдарынан басқа желін құрамында май тканы да бар. Қашқанға дейінгі қашарларда және суалған сиырлардың желінінің құрамында май тканы көбірек. Сиырдың буаздық мезгілінің көбеюіне байланысты желіннің май және дәнекер тканьдары азайып, сүт без тканьдары көбейеді. Сиыр желінін ең бірінші рет зерттеген ғалым, ол академик Е.Ф.Лискун болды.

Алтыншы кестеде көрсетілгендей тұмса сиырлардың желіндері негізінен астау, тегене және дөңгелек тәрізді екендігі байқалды. Орташа тәуліктік сүт 14,1 кг, орташа сүт беру екпінділгі минутына 1,43 кг болды.

 

 

3.5. Сиырлардың ұдайы өндірістік қабілеттері

 

Ірі қара мал санын көбейту және оның сапасын жақсарту ауыл шаруашылығындағы ең бір күрделі іс. Ол үшін әрбір шаруашылықта сиырлар мен қашарларды уақытында қашырып, әр аналық малдан жылына бұзау алу қажет.

Ірі қара малының басқа ауыл шаруашылық малдарына қарағанда көптеген айырмашылықтары бар. Оған жыныс органдарының жетілуі, буаздығы, шаруашылықта пайдалану мерзімі және т.б. себептер жатады.

Жыныс органдарының жетілуіне ірі қара малының өсіп-жетілуі, бағып күтуі және төл өсіру ерекшеліктері себеп болады. Етті бағыттағы ірі қара малының сүтті бағыттағы ірі қара малына қарағанда, жыныс органдары 2-3 ай ерте жетіледі екен. Сонымен қатар ірі қараның жыныс органдарының жетілуіне төлді дұрыс  өсірудің де әсері бар, тағы ауа райының да әсерін

 

 

 

 

Кесте 7

Сиырлар мен тайыншаларды ұрықтандыру, бас

 

Малдар

Барлығы, бас

оның ішінде ұрықтандырылғаны

Тайыншалардың тірі салмағы, кг

Тайыншалардың ұрықтандырылған жасы, ай

Ұрықтандырылмай қалғаны, бас

барлығы

  қолмен

бұқамен

18 айға дейін

18-24

24 айдан жоғары

барлығы

Бұзаулағанына 3 ай болған  

18-24 ай

24 айдан жоғары

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Сиырлар  

346

235

235

111

35

Тайыншалар

90

62

62

360

28

32

2

28

 

 

 

 

Кесте 8

Сиырларды өнімділікте қолдану

 

Сервис кезеңі

Суалу кезеңі

барлығы, бас

орташа, күн

90 күннен аса, бас

барлығы, бас

орташа, күн

51-70 күн, бас

71 күннен аса, бас

1

2

3

4

5

6

7

411

96

114

411

65

325

14

 

 

ұмытпауымыз керек.

Оңтүстік аймақтарда өсірілетін малдардың жыныс ограндары, солтүстік аймақтарда өсірілетін малдарға қарағанда тезірек жетіледі.   

Еркек бұзаулардың жыныс органдары 7-8 айлығында, ал ұрғашы бұзаулардікі 6-9 ай аралығында жетіледі, бірақ бұл уақыттарда оларды қашыруға болмайды. Себебі олардың келешекте өсіп-жетілуіне керісінше әсер етеді. Өсу жүйесі тоқтап қалады. Сондықтан 6 айлығынан бастап еркек бұзауларды ұрғашы бұзаулардан бөлек ұстайды немесе бөлек жайылымда бағады.

Сонымен бірінші рет тайыншаларда 17-18 айлығында, ал тана бұқаларды 14-16 айлығында қашыру науқанына пайдалануға болады. Әрине тайыншалар мен тана бұқалардың тірілей салмағы тұқым стандартының көрсеткіштерінен кем болмауы қажет.

Аналық малдардың құшуына, оның күйлеуі көп әсер етеді. Сиырлар мен қашарлар күйлеген уақытында, оның жыныс органдарынан сұйық зат шығады. Сиырлардың күйлеуі бұзаулағаннан кейін 21-28 күннен кейін басталып, әрбір 19-21 күннен кейін қайталанып тұрады. Аналық малдардың жыныс органдарынан сұйық заты күйлеуінен 10-15 сағат бұрын басталып, 30 сағатқа дейін созылады, Сиырларды тәулігіне 2 рет қашырған жөн. Малды қашыру өте жауапты жұмыс, сондықтан оны мезгілінде азықтандыру, бағып-күту негізгі міндет.

Негізінен сиырлар бұзаулағаннан кейін 2 ай уақытында қашырған жөн, орташа сиырдың буаздығы 285 күнге созылса, сауын мерзімі 270 күннен 305 күнге дейін созылады. Сиыр қысыр қалмау үшін оны мезгілді уақытында буаздығын анықтап тұрады. Оны қандағы және сүттегі прогестерон арқылы анықтауға да болады.

Жетінші кестеде көрсетілгендей 346 сиырдың барлығы қолмен ұрықтандырылған, түрлі себептермен 3 айға дейін қашырылмай қалған сиыр саны 35 бас. Тайыншалардың ішінде 18 айға дейін 24 бас, 18-24 айда 32 бас, 24 айдан жоғары 2 бас қашырылған. Тайыншалардың қашырудағы орташа тірі салмақтары 360 кг болды. Қашырылмай қалған саны 28 бас.

Сиырлардың сервис кезеңінің орташа күні 96 күн, 90 күннен аса 114 бас сиыр болды. Суалу кезеңінің орташа күні 65 күн, 51-70 күн аралығында 325 бас, 71 күннен аса 14 бас сиыр болды.

Жалпы айтқанда шаруашылықтың жағдайы жаман емес. Мамандардың еңбегінің арқасында көрсеткіштер орташа дәрежеде болып отыр. Азықтандыру базасы, оның сапасы жақсы, нормалы азықтандыру алдыңғы жүйеге қойылған. Бұдан былай тағы да шаралар қолданып, өнімділікті жоғылата аламыз деп ойлаймын. 

 

  • Бұзауларды бағып-күту және азықтандыру жүйесі

 

Мал тұқымын асылдандыру, олардың өнімділігін жылдан-жылға арттыру және малдың сырт пішіні мен дене бітімінің мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған бұзауларға, ата-тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, ерекше шаруашылыққа арзанға түсетін азықты көп жегізіп үйрету болып табылады. Төл сапалы азықпен толық қамтамасыз етілсе, олардың тұқым қуалаушылық заңдылықтары да айқындалады.

 

 

Сурет 10 – 6 айлыққа дейінгі бұзауларды ірі азықпен азықтандыру

 

Мал — төлмен көбейеді. Сондықтан мал шаруашылығының озаттары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылықтарында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организмінде зат алмасуы күшейіп, әрі ас қорыту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы сүттің көп болуына әсерін тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады.

Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру әдісін қолданады. Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында бұзауларды 6-8 айға дейін енелерімен бірге бағып, әрі қосымша азық беріп өсіреді. Мұның өзі екі бағыттағы шаруашылықтардың бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетіп отыр.

 

 

Кесте 9
Бұзау азықтандырудың тәуліктік мөлшері

 

Айы мен күні

Тәулігіне берілетін азықтың мөлшері (кг)

Айы

Онкүндік

Сүт

жем

балауса

пішен

Минералды заттар

Таза сүт

Көк сүт

Құрама жем

құрама қоспа

Тамыр

түйнек

картоп

Сүрлем

Жоңышқа

сабан

Тұз

Бор

 

1

1

4,5

2

6

3

7,5

0,1-0,3

0,1-0,2

0,1

5

5

 

2

1

7,5

0,4

0,3

 

0,3

10

10

2

6

0,5

0,4

0,1

0,5

10

10

3

4,5

0,5

0,5

0,2

0,7

10

10

 

3

1

3,0

0,8

1

0,7

0,3

0,8

10

15

 

 

 

1

1,4

1

0,5

1

10

15

 

 

 

1

1,6

1

0,7

1,2

10

15

4

 

 

 

1

1,5

1

1

1,5

15

15

5

 

 

 

1

1,2

1

2

2,5

15

15

6

 

 

 

1

1

1

3

3,5

20

20

7

 

 

 

1

1

1

6

4

1

25

20

8

 

 

 

1

3

 

4

1

25

20

9

 

 

 

1

5

4

1

 

25

20

10-12

 

 

 

1

5

4

2

30

20

13-15

 

 

 

1

5

5

2

 

40

30

16-18

 

 

 

1

8

5

2

 

45

35

барлығы

420

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ірі қарада «теліп өсіру» — деген, бар. Ол бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп өсіреді. Бұған себеп жаңа туған бұзаудың енесінің өліп қалуы. Бұл әдіс етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында қолданылады.

Ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму үшін, оларға қолайлы орта жағдай болуы керек. Оның бастысы – малды дұрыс азықтандыру және дұрыс күтіп-бағу.

Малдың организмі мен сыртқы ортада тығыз байланыс бар. Сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас организм де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыстар болады. Әсіресе жас малдың өсіп-дамуына және өнімділігінің қалыптасуына тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру да көп әсер етеді. Мал дұрыс азықтандырылмаса, сапасы төмен болса немесе мал азығы жетіспесе, оның тұқым қуалаушылық қасиеті білінбей қалуы сөзсіз. Азықтандырудың бірінші әдісін қолданып, оның өнімділік қасиетін де өзгертуге болады. Сондықтан төл өсіру ірі қара табынан өнімді көп алудың негізгі бір жолы болып табылады.

Шаруашылықта бұзауларға 60-70 күн таза 360-420 л  дейін сүт беріледі. 3-ші он күндіктен бастап алдына құрама жем, пішен, сүрлем, тамыр-түйнектілер, тұз, бор және т.б. азықтар қойылады. Сөйтіп тірі салмағы өскен сайын азық мөлшерін де көбейтіп қосып отырады. Бұзауларға бұл азық мөлшерін беру себебі 18 айлығында 350 кг-нан жоғары тірілей салмаққа жету үшін.    

 

  3.7. Бұзаулардың өсіп жетілуі

 

Малдың өнімділік және тұқымдылық қасиетінің қалыптасуына дұрыс азықтандырумен қатар олардың эмбрионалдық (бұзаулағанға дейін) және постэмбрионалдық (бұзаулағаннан кейінгі) өсіп даму заңдылығына байланысты. Төлдің эмбрионалдық даму уақытын үш кезеңге: ұрықтық, эмбрионға дейінгі және эмбриондық деп бөледі. Ұрықтың кезеңі 34 күнге созылады, мұнда тканьдар дамып, дене мүшелері түзеле бастайды. Ұрықтық даму кезеңінде ұрық тез дамиды, оның салмағы 600 есе өседі. Эмбрионға дейінгі кезеңде тканьдар мен дене мүшелері одан әрі дамып өсе бастайды. Бұл кезеңнің аяқталуы эмбрионның пайда болуымен бітеді. Эмбрион өзінің анатомиялық құрылысы бойынша жаңа туған бұзауларға ұқсас. Эмбрионның даму кезеңінде оның салмағы 8-15 г болады, ал даму уақыты (эмбрионға дейінгі) 26 күнге созылады. Жалпы төлдің эмбриондық кезеңінің уақыты 61 күннен бұзау туылғанға дейін созылады. Бұл уақыт ішінде организм қалыптасып өсе бастайды, әрі дененің абсолюттік салмағы да өседі. Эмбриондық кезеңінің аяғында, оның салмағы 25-40 кг-ға жетеді. Әсіресе, бұзау туылуына екі ай қалғанға дейін эмбрион өте күшті дамиды, әрі тәулігіне 300-400 г салмақ қосады. Эмбрионның салмағы 5 айлағында 2-4 кг, ал 7 айлығында 12-16 кг және туардан бұрын 9,5 айлығында 25-40 кг-ға жетеді. Әрине, эмбрионның салмағы ірі қараның тұқымына байланысты. Сонымен бұзаудың туылуына 2-2,5 ай қалғанда эмбрионның салмағы 12 кг – нан 26 кг-ға дейін өседі.

Ірі қара малының постэмбрионалдық (бұзау туғаннан кейінгі) өсіп, даму уақытын 5 кезеңге бөледі: уыз-сүтті, сүтті, қарқынды өсу және жыныстық жетілу, өнімділігінің қалыптасуы және өнімді мол беру және кәрілік кезеңі.

Шаруашылықтардағы малды жылдан жылға жетілдіру, малдың сүттілігін арттыру, салмағын жоғарылату және оның тез жетілгіш қасиетін көтере түсу, сондай-ақ малдың сыртқы пішінін, дене бітімін тағы да басқа көрсеткіштерін жақсарта түсу үшін алдымен бұзауды дұрыс күтіп-бағып, өсіруі қажет.

Ең алдымен, сүтті сиырлардан дені сау жақсы өскен бұзау алуды ойластырады. Одан әрі туылғаннан сақа сиырға айналып қалыптасқанға дейінгі оның азықты көп пайдалана алатын қабілетін баулу, дененің жақсы өсуіне әсер ететін тұқым қуалаушылық қасиетін дамыта түсу қажет.

Сүтті мен сүтті-етті, және етті бағыттағы сиырлардың бұзаулары әртүрлі тәсілмен өсіріледі. Сүтті және сүтті-етті бағыттағы тұқымның ұрғашы тайыншаларын балауса, сүрлем, пішен, пішендемені көп беріп, ал жемді аз-аздан беріп өсіреді. Себебі осындай азықтармен азықтандырса ұрғашы тайыншалардан зат алмасу жүйесі жоғары, ас қорыту және тыныс алу органдары жақсы дамыған мал болып өседі.

          Бұзаудың уыз еметін шағы 8-10 күнге созылады. Уызды алғашқыда еміздікті ыдыспен емізеді. Одан кейін 3-5 күн ішінде күніне 3-4 рет, 1,5-2 л уыз емізеді. Жасында уызға барынша тойған бұзау жақсы өседі деген бұзаушылардың тұжырымы бар.

Уызда 25-30% құрғақ қалдық, тез қорытылып, денеге тез сіңетін 20% ақуыз, сүттегіден 2 есе көп минералды заттар және витаминдер бар. Сондай-ақ ақуызды фракцияларының бірі иммунды денелі глобулиннің болуы бұзаудың түрлі аурулардан қорғана алатын қасиетін асыра түседі. Уыздың қышқылдығы — 50%. Таза уызда кейбір патогенді микрофлоралар сол сәтте жоғалып, бұзауға залалын тигізе алмайды.

Уыз бұзаудың ас қорыту органдарына әсер етіп, ішін жүргізеді де, ішіндегі тоңғақтан босауына себебін тигізеді. Бұзауды іш ауруларынан сақтау үшін сиырды сапалы азықпен азықтандыру қажет. Сондықтан жаңа туған сиырларға сапалы пішен, кебек, сұлы жармасын, ал 7-8 күн өткен соң аз-аздап азықтық қызылша береді (5-7 кг).

Бұзау туылғаннан кейін 2-ші күні бұзаудың салмағын анықтап, ат қойылады, құлағына ен салып (сырға тағып), бұзау өсіру кітабына тіркеледі. Бұзаушылардың көп жылдық тәжірибесіне қарағанда, бұзау шығынының 75% алғашқы 15-20 күнде болады. Шығынның басты себебі – іш ауруы, өкпенің қабынуы, күтімнің жоқтығы және лас уыз емуі. Сол үшін бұзауға аса көңіл бөлу қажет.  

Бұзау өсірудің бұл кезеңінде екі түрлі, яғни, сүтті қолдан емізу және теліп өсіру тәсілі қолданылады. Қолдан емізіп өсіргенде профилакторий кезеңінен соң бұзауларға құрама сүт береді (14-15 күн). Жоспарланған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 10

Бұзаулардың жасына қарай саны мен тірі салмақтарының көрсеткіштері

 

 

Малдар

Жасына қарай тірі салмақтары, ай

6

12

18

барлығы, бас

соның ішінде 1 клас стандартына сәйкес келетіні

кг

барлығы, бас

соның ішінде 1 клас стандартына сәйкес келетіні

кг

барлығы, бас

соның ішінде 1 клас стандартына сәйкес келетіні

кг

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Тайыншалар

58

47

147

70

64

264

104

98

350

 

 

 

 

 

 

 

 

тәуліктік қосымша салмағына қарай бұзауды азықтандыру кестесі жасалынады. Тұқыммал шаруашылықтарында бұзауға 3-4 жеті таза сүт беріп, содан соң бірте-бірте көк сүтке ауыстырады. 2-3 айдан соң толық көк сүтке ауыстырып, 4-5 айына дейін береді. Бұзау өсірудің осы кезеңінде 200-250 кг таза сүт, 400-500 кг көк сүт жұмсалады. Асыл тұқымды бұқашықтарға 300-400 кг таза сүт, 500-800 кг көк сүт береді. Ал аса сүтті сиырлардың бұзауларына таза сүт, көк сүт және тағы да басқа күшті азықтарды 7-8 айына дейін және көп мөлшерде беруге тура келеді. Ол үшін бұзауды жеке азықтандыру кестесі жасалынады. Мұндағы мақсат — бұзауларды интенсивті өсіріп, табынға барынша ерте қосу.

Бұзауды 20-25 күннен кейін жемге үйретеді. Алғашында әрқайсысына 50 г, ал сүт ему кезеңінің соңында 0,6-1,5 кг дейін жеткізеді. Жемнің ішіндегі жұғымдысы – сұлы жармасы, бидай кебегі және құрама жжем болады.

Сүтті және сүтт-етті бағыттағы тұқым бұзауларын әуелден-ақ балауса, пішен, сүрлем, пішендемені көп жеуге, ал жемді аз пайдалануға үйретеді. Алғашында бұзаудың түйіліп, қақалып қалмауы үшін жемді суға араластырып, бөктіріп береміз.

Тоғызыншы кестеде көрсетілгендей бұзаулардың 6 айлығындағы тірі салмағы 147 кг,  12 айлығында 264 кг, 18 айлығында 350 кг жетті. Бұл деген сөз тайыншаларды қашыра беруге болады және өте жақсы көрсеткіш екендігі көрініп тұр.

 

         3.8 Шаруашылықтың экономикалық тиімділігі

 

Қазіргі күнде сүт тағамы азық-түлік  нарығының  құрамдас  бөлігі  ретінде, экономикалық  жүйе қандай болса да, күнделікті сұранысқа ие және кез-келген  мемлекет  рыногында тұрақты орын алады. Қазақстан бұрын осы бір аса  бағалы  тағамдық өнімді  өте  көп  өндіру, көп тұтынумен  ерекшеленетін. Өкінішке орай  соңғы  жылдары ірі қара малының саны, сүт өндіру  деңгейі, тұтыну деңгейінде  құлдырап барады.

Қазақстанда сүт рыногы жүйесіз, дұрыс қалыптасқан. Сүт өнімдерінің  рынокта толып тұрғандай болып көрінуі оларға  деген сұраныс пен  ұсыныстың тепе-теңдігі  болып табылмайды. Соңғы бес жылда халықтың сатып алу каухары күрт төмендеп кетті, тіпті шет елдерден әкелінген сүт өнімдерін ескергеннің өзінде халықтың басына сүт тұтыну деңгейі 1,2 есеге дейін төмендеп, медициналық тұтыну мөлшерінен 56%- ға ғана болып отыр.

Еңбектің өнімділігін жоғарылату үшін техникалық базаны қолдана алатын жұмысшылардың еңбегі мен өнім алу жүйесін дұрыс ұйымдастыра алатын, ғылыми тәжірибесі көп білікті мамандар қажет.

Сүттің өзіндік құнын түсіру үшін ең алдымен оған кететін азықтың мөлшерін азайту керек. Қандайда болмасын өндірісте алға қойылатын, ең бірінші мақсат – ол пайда. Өнімге кеткен шығын неғұрлым көп болса, өнімнің бағасы соғұрлым жоғары болуы тиіс.

 

Кесте 11

«Алимжанов Т.С.» шаруа қожалығының эконмикалық тиімділігі, тг

 

 

Көрсеткіштер

2017 ж

1

Өнімді сатудан түскен табыс

153015

2

Сатылған өнімнің өзіндік құны

130854

3

Жалпы пайда

22161

4

Өзге табыстар

29248

5

Өзге шығындар

43468

6

Кезең бойынша түйінді пайда

7941

 

Шаруашылық 1 кг сүтті 135 тг сатты. 2017 жылдың нәтижесі бойынша «Алимжанов Т.С.» шаруа қожалығының жалпы табысы 7 941 мың тенге құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Алимжанов Т.С.» асыл тұқымды шаруашылығының сүтті тауарлы фермада жалпы 643 бас ірі қара малы бар. Соның ішінде 411 бас сиыр. Пайыз есебінде айтатын болсақ сиыр 64 пайыз, құнажын 16 пайыз, 12-18 айлық тайыншалар 11, 6-12 айлық тайыншалар 9 пайыз. Бұл талабқа сай құрылған табын құрылымы.

 

  1. Шаруашылықтағы ірі қарадан 3 бас сиыр ғана буданға жатады, ал қалғандарының барлығы (408 бас) таза қанды тұқымға жатады. Класы бойынша айтатын болсақ сауынды сиырлардан элита-рекорд класында – 274 бас (67,1%), элита класында – 118 бас (28,9%) және 1 класында – 16 бас (3,9%) сиыр бар. Шаруашылықта асылдандыру жұмысы қарқынды жолмен жүріп жатыр деп айтуға болады.

 

  1. Шаруашылықтағы сиырлардың бұзаулау бойынша таралуында тұмса сиырлардың саны 228 бас, екінші тұма 58 бас, үшінші тұма 44 бас, төртінші-бесінші тұма 54 бас, алтыншы-жетінші тұма 19 бас, сегізінші-тоғызыншы тұма 5 бас, оныншы және одан жоғары сиырлар саны 3 бас болды. Пайыз есебінде алатын болсақ ең жоғарғы көрсеткіш бірінші (55,6%), екінші (14,1%), төртінші-бесінші (13,1%) және үшінші сауын (10,7%) маусымының сиырлары көп екен.

 

  1. Шаруашылық 2017 жылдың есебі бойынша әр сиырдан орта есеппен 4933,6 кг сүт, майлылығы 3,83%, кг мөлшерінде майлылығы 188,9 кг болған. Сауын маусымы бойынша алатын болсақ, бірінші сауын майсымындағы сиырлардың сүттілігі 4338,4 кг, майлылығы 3,91%, кг мөлшерінде 169,6 кг, үшінші және одан жоғары сауын маусымындағы сиырлардың сүттілігі 5211,9 кг, майлылығы 3,87%, кг мөлшерінде 201,7 кг болды. Бұл жоғары көрсеткіш деп ойлаймын. Тірі салмағы бойынша орташа салмақ 543,4 кг, бірінші сауын маусымындағы сиырлардың тірі салмағы 543,4 кг, ал үшінші және одан жоғары сауын маусымындағы сиырлардың тірі салмағы 568,9 кг болды.  

 

  1. Голштинофриз тұқымды тұмса сиырлардың желіндері негізінен астау, тегене және дөңгелек тәрізді екендігі байқалды. Орташа тәуліктік сүт 14,1 кг, орташа сүт беру екпінділгі минутына 1,43 кг болды.

 

  1. Шаруашылықта 346 сиырдың барлығы қолмен ұрықтандырылған, түрлі себептермен 3 айға дейін қашырылмай қалған сиыр саны 35 бас. Тайыншалардың ішінде 18 айға дейін 24 бас, 18-24 айда 32 бас, 24 айдан жоғары 2 бас қашырылған. Тайыншалардың қашырудағы орташа тірі салмақтары 360 кг болды. Қашырылмай қалған саны 28 бас.

 

  1. Сиырлардың сервис кезеңінің орташа күні 96 күн, 90 күннен аса 114 бас сиыр болды. Суалу кезеңінің орташа күні 65 күн, 51-70 күн аралығында 325 бас, 71 күннен аса 14 бас сиыр болды.

 

  1. Шаруашылықта бұзауларға 70 күн таза 420 л сүт беріледі. 3-ші он күндіктен бастап құрама жем, пішен, сүрлем, тамыр-түйнектілер, тұз, бор және т.б. азықтар беріледі. Сөйтіп тірі салмағы өскен сайын азық мөлшерін де көбейтіп қосып отырады. Бұзауларға бұл азық мөлшерін беру себебі 18 айлығында 350 кг тірідей салмаққа жету мақсатында болды.

 

  1. Шаруашылық 1 кг сүтті 135 тг сатты. 2017 жылдың нәтижесі бойынша «Алимжанов Т.С.» шаруа қожалығының жалпы табысы 7 941 мың тенге құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ШАРУАШЫЛЫҚҚА ҰСЫНЫС

 

 

         Зерттеген жұмыстарыма байланысты шаруашылығыма келесі ұсыныс айтамын:

 

  1. Шаруашылықта сиырларды серуендету алаңы жоқ. Сол себептен жер алып, серуендету алаңын құру керек. Бұл сиырлардың сүттілігін жоғарылатудың бір жағдайы. 
  2. Базаның ішіне, ашық алаңға сиырларды массаж жасайтын аспабтар қою керек.
  3. Жауын-шашын кезінде сиырлардың азық жеуіне ыңғайлы болу үшін ашық алаңдағы ақырдың үстін жабу керек.

 

 

 

 

 

  1. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Төреханов А.Ә., Найманов Д.Қ., Жазылбеков Н.Ә. Триумф «Т». 2006 ж. Ірі қара шаруашылығы 145-147 бет.
  2. Всяких А.С. Производство молока на промышленной основе. М.,1984. стр. 65-66.
  3. Ысқақбаев Б.Б. Сиырды қолда өсіру. «Қайнар» Алматы 1987. 13 бет.
  4. Кильвайн Г. Руководство по молочному делу и гигиена молока. М.,1980 стр.131-132.
  5. Кученов П.В. Молоко и молочные продукты. М., 1985 стр 203.
  6. Богданова Е.А. Производство цельно молочных продуктов. М., 1982. стр. 85-87.
  7. 7. Д. Н. Пак., И. С. Новиков, А. В. Шаталов. Использование алатауского скота для улучшения симментальской породы. Информационный листок № 22-80. серия 33. Животноводство и ветеринария, 1980.
  8. 8. Дмитриев Н.Г. Использование алатауского скота для скрещивания. Животноводство, 1975, ғ6, с.16-21.
  9. 9. Жуков Ю.Г. Результаты скрещивания холмогорского скота с айрширским в условиях Новгородской области. Разведение и использование айрширского скота в РСФСР, 1977, вып 3, с. 100-107.
  10. 10. Казаков В.Н., Чеботарев В.Т. Продуктивность симментал-айрширов. Степные просторы, 1980, №2, с.35-37.
  11. 11. Ковбасюк И., Лымар Ф.М. Использование айрширов в скрешивании с симменталами. Молочное и мясное скотоводство, 1981, №6, с.26-27.
  12. 12. Всяких А.С., Ахматов Б.П. Использование айрширской породы для скрещивания с местным скотом. В кн.: «Импортный скот в СССР», 1976, с.250-278.
  13. 13. Всяких А.С., Ахматов Б.П. Айрширская порода. В кн.: «Импортный скот в СССР», М., «Колос»1976, с.250-278.
  14. 14. Всяких А.С., Дунаев Л.И. Эффективность разведения айрширского скота в хозяйствах Московской области. В кн.: «Разведение и использование айрширского скота в РСФСР». Л., 1976, вып 4, с. 32-40.
  15. Ружевский А.Б., Рубан Ю.Д., Бердник И.П. Породы крупного рогатого скота Москва, Колос, 1980, 34 с.
  16. Искакбаев Б.Б., Галимзянова Р.Ж. Характеристика коров аулиеатинской породы по пригодности к машинному доению. Совершенствование существующих и выведение новых пород с.-х. животных в Казахстане // Алма-Ата, 1985, С. 73-81.
  17. Алимжанов Б.О., Алимжанова Л.В. Продуктивные качества и биологические особенности скота молочных пород Северного Казахстана Акмола, «Жана-Арка», 1992, 67 с.
  18. Кәрімов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.Қ. Ірі қарамал шаруашылығы. Қостанай 1996 б.-34-35.
  19. Алимжанов Б.О. Совершенствование черно-пестрого скота в Северном Казахстане Целиноград, Целиноградский СХИ, 1992, 33 с.
  20. 20. Эрнст Л.К., Григорьев Ю.Н. Повышение эффективности селекции в молочном скотоводстве // Ж. «Зоотехния», 1988, №4,  С. 19-21.
  21. Кинеев М.А., Мелдебеков А.М. Актуальные вопросы развития молочного скотоводства в Казахстане. // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. 1999, № 7, С. 79-86.
  22. Эрнст Л.К., Калашников А.П., Дмитриев Н.Г., Арзуманян Е.А., Бич А.И. Черно-пестрая порода – золотой фонд молочного скотоводства страны // Ж. «Зоотехния», 1990, № 2, С.2-6
  23. Дмитриев Н.Г., Бич А.И., Старостина Х.И., Сакса Е.И. Создание новой черно-пестрой породы скота // «Селекция молочного скота и промышленные технологии» /Сб. научн. трудов ВАСХНИЛ, Москва, Агропромиздат, 1990, С. 22-29.
  24. Всяких А.С., Заксенберг И.М., Козлова З.А. Оценка продуктивности коров черно-пестрой и айрширской пород //Животноводство 1973, №2, С. 51 –55.
  25. Аксенникова А.Д. Порода и продуктивность //Общество знаний КазССР Алматы, 1975, 21 с.
  26. 26. Зубриянов В.Ф., Колокольцев Ю.К. Создание новых интенсивных типов и пород молочного скота в Казахстане. // Алма-Ата, «Кайнар», 1987, 67 с.
  27. Прохоренко Н.Н., Логинов Ж.Г. Межпородное скрещивание в молочном скотоводстве Москва, Россельхозиздат, 1986, 191 с.
  28. Арзуманян Е.А. Интенсификация производства молока и породы скота // Интенсификация сельского хозяйства в Нечерноземной зоне РСФСР Москва, 1976,  423 с.
  29. Барабанщиков Н.В. Влияние зоотехнических факторов на состав, свойства молока коров и качество сыра. Автореф. дис. докт. Москва, 1971, 37 с.
  30. Барабанщиков Н.В. Качество молока и молочных продуктов Москва, Колос, 1980, 255 с.
  31. Девяткина Г.С. Оценка и отбор коров по стрессоустойчивости на молочном комплексе. Автореф. дис. канд. Москва, 1987, 24 с.
  32. Алимжанов Б.О., Алимжанова Л.В. Продуктивные качества и биологические особенности скота молочных пород Северного Казахстана Акмола, «Жана-Арка», 1992, 67 с.
  33. Кәрімов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.Қ. Ірі қарамал шаруашылығы. Қостанай 1996 б.-34-35.
  34. Даленов Ш. Д. О развитии племенного животноводства Казахстана. Материалы международной конференции посвященной 75 летию КазНАУ Алматы. 2004 г.
  35. Кәрімов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.Қ. Ірі қарамал шаруашылығы. Қостанай 1996 б.-34-35.
  36. Ружевский А.Б., Рубан Ю.Д., Бердник И.П. Породы крупного рогатого скота Москва, Колос, 1980,  34 с.
  37. Абдраимов М.Т. Технология производства молока при разных формах хозяйствования. // Материалы Международной научно-практической конференции, Алматы, 2001, С.42-43.
  38. 38. Суленов Ж. Улучшение состава и свойств молока Москва, Колос, 1983, 128 с.
  39. 39. А.Бекхожин. Совершенствование племенных и продуктивных качеств скота. Алматы
  40. Мирзакулов С.М. Жыл мезгілінің сүт өнімділігі мен құрамына әсері // Профессор М.Ә.Ермековтың 100 жылдығына арналған ветеринария және мал шаруашылығы мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары (26-27 қазан 2006 ж., Алматы қ.). 169-171 б.
  41. Ысқақбаев Б.Б. Ірі қара шаруашылығы. «Қайнар» Алматы 1996. 86 бет.
  42. Искакбаев Б.Б., Галимзянова Р.Ж. Характеристика коров аулиеатинской породы по пригодности к машинному доению. Совершенствование существующих и выведение новых пород с.-х. животных в Казахстане // Алма-Ата, 1985, С. 73-81.
  43. Алимжанов Б.О. Совершенствование черно-пестрого скота в Северном Казахстане Целиноград, Целиноградский СХИ, 1992, 33 с.
  44. 44. Эрнст Л.К., Григорьев Ю.Н. Повышение эффективности селекции в молочном скотоводстве // Ж. «Зоотехния», 1988, №4,  С. 19-21.
  45. Всяких А.С. Селекционная работа в условиях индустриальной технологии производства молока // Животноводство 1976,  № 6,  С.17-23.
  46. Эрнст Л.К., Бегучев А.Н., Левантин Д.И. Скотоводство Москва, Колос, 1977,  528 с.
  47. Гришина Н.В. Совершенствование айрширского скота по экстерьерно-констииуциональным и производственным типам : Автореф. Дис. Канд. с.-х. наук. Л. –Пушкин, 1991. 18 б.
  48. Искакбаев Б.Б. Методы совершенствования породных и продуктивных качеств аулиеатинского скота и создания жирномолочных гибридов на основе скрещивания его с зебу // Организация селекционно-племенной работы с алатауской, аулиеатинской и казахской белоголовой породами крупного рогатого скота в Казахстане // Алма-Ата, 1985, С. 91-96.
  49. Ш.Д.Дәленов, Ж.К.Каримов, М.Т.Жомартов, » Скотовотство технология праизвотство молоко и гавядины». Алматы — 2001г. Республиканский издательский кабинет казахской Акдеми образованя им. И.Алтынарина. 91 бет.
  50. Кильвайн Г. Руководство по молочному делу и гигиена молока. М.,1980 стр.131.
  51. Искакбаев Б.Б., Галимзянов Р.Ж., Характеристика аулеатинской пароды по пригодности к машинному доенко. Совершенствование сушетвуещих и вы видение новых пород с-х жывотных в Казахстане. Алма-ата, 1985 г.