АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Автомабильдердің электротехникалық және электрондық жабдықтары -курсы мазмұны және әдістемесі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………7

  1. 1. “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына оқыту мазмұнының кейбір

 мәселелері………………………………………………………………………………………………….9

1.1. Студенттердің “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына қызығушылығын қалыптастыру ерекшеліктері……………………………………………………………………….9

1.2. Мамандық бойынша студенттерді оқытудің интегративтік функциялары…………………………………………………………………………………………….13

  1. “Кәсіптiк бiлiм” мамандығын меңгеру тәсілдері мен әдістемесі………………19

2.1. Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру……………19

2.2. “Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары” курсын оқыту практикумы………………………………………………………………………..21

  1. Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтарын оқыту мазмұны мен оқыту ерекшеліктері…………………………………………………………….30

3.1. “Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары” курсының мазмұны …………………………………………………………………………………..30

3.2. Автомобильдің электрлік жабдықтары әдістемесінің  ерекшеліктері……35

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………..44

ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………………………………………46

ҚОСЫМША………………………………………………………………………………………49

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Педагогикалық жоғары оку орындарында болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын жақсартудың маңыздылығы, алдыңғы шарттары: біріншіден оқылатын                курстардың мазмұнды оқыту, мектеп

бағдарламаларының талаптарына тығыз байланысты оқытылуы болып табылады; екіншіден, жоғары оқу орындарында қабылданған білім берудің негізгі мемлекеттік стандарттарында оның теориялық және әдістемелік принциптері ретінде оқытудың мазмұны сандық және сапалық жағымен бағалап, жоғарыдағы талаптың орындалу шартына айналуы керек.

Соңғы айтылған мәселе негізінен жоғары оқу орындарына арналған оқу жоспарларында қарастырылатын пәндердің өзара салмақ үлестерін анықтауға септігін тигізері анық.

050120-“Кәсіптiк бiлiм” оқу жоспарларында педагогикалық-психологиялық пәндер мен жалпытехникалық пәндер және мамандық цикліндегі пәндердiң ара салмағы сандық жағынан өзара алшақтығы байқалады. Оның үстіне соңғы пәндердің көлемінің көптігіне байланысты мамандықты меңгеруші студенттер арасында «Педагогтік» кәсіпке қарағанда «Кәсіптiк бiлiм педагогi» мамандығына деген «қызығушылық» қалыптасқан. Оқыту процесіндегі осындай педагогика-психологиялық қарама-қайшылықгар:

— 050120-“Кәсіптiк бiлiм” мамандықтары бойынша негізгі жоғары білім беру стандарттары мазмұнын қайта қарау;

  • оқу жоспарының мазмұнын қайта қарау;
  • оқыту процесінде оқытудың интегративтік функцияларын арттыруды т.б. талап етеді.

Жоғарыда айтылған мәселелер негізінде орындалатын дипломдық жұмыстардың талаптарына сәйкес зерттеу жұмысының бағытын, мамандық бойынша өте маңызды болып саналатын арнайы курс «АВТОМАБИЛЬДЕРДІҢ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ» -КУРСЫ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ тақырыбы таңдалынып алынды.

Жұмыстың мақсаты: аталған курс мазмұны мен оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздерін анықтау.

Жұмыстың нысаны:  050120-   “Кәсіптiк бiлiм”  профилі бойынша мамандыққа дайындау процесі.

Жұмыстың пәні: мамандық бағытындағы курс мазмұны, курсты оқытудың педагогикалық шарттары.

Жұмыстың ғылыми болжамы: “Кәсіптiк бiлiм” профиліндегі мазмүны бойынша оқыту мазмұны меңгерілетін мамандық талаптарына сай келеді, егерде:

  • меңгерілетін мамандыққа қызығушылық артса;
  • болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдері тиянақты кәсіби дайындықтармен қамтамасыз етілсе.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Мамандыққа бағытталған курс мазмұнын жасау.
  2. Меңгерілетін мамандыққа студенттердің ынталығын қалыптастыру негіздерін анықтау.
  3. Оқытудағы дифференциалдық оқытудың интегративтік функцияларын анықтау.
  4. Студенттердің мамандық бойынша /курс негізінде/ іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін анықтау.

 

  1. 1. “КӘсіптiк бiлiм” МАМАНДЫҒЫНА ОҚЫТУ МАЗМҰНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

1.1. Студенттердің “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына қызығушылығын қалыптастыру ерекшеліктері.

 

Педагогикалық мамандар дайындау проблемасы соңғы кездерде оқытуды басқаруды ыңғайластыру кезеңдеріне байланысты бүгінгі күннің еңбір ақуалды мәселелерінің бірі болып отыр.

Жалпы дипломдық зерттеу жұмысы осы мәселе төңірегінде негізінен болашақ оқытушылардың осы сала мамандықтарына ынталығы, қызығушылығының кейбір ерекшеліктеріне бағытталды.

Біздің мақсатымыз: біріншіден, студенттерде «оқытушы» оған деген ынта, қызығушылық тудыруда күрделі обьект ретіндегі мамандық екенін анықтау;

Екіншіден, студенттер арасында мамандыққа қызығушылықгы қалыптастырудың жүзеге асырылуы негіздерін анықтау.

Мұнда біз «Оқытушылықтың» күрделілігін оларды дайындауда үш негіз бар екенін анықтадық.

Бірінші. Оқытушы мамандығы динамикалық, үнемі дамып отыратын обьект болғандықтан олар сатыланған құрылым және кәсіби іс-әрекеттері көп факторлы, уақытқа тәуелді білім, біліктілік пен дағдылар меңгеру, осылардың негізінде өндірістік қатынастарға тиіс тәжірибе меңгеру.

Мұндай құрылым мамандыққа деген студенттердің ынтасын қалыптастыру логикасының ылғашқы этапы деуге болады.

Екінші. Студенттердің меңгеріп жатқан мамандығы жалпы «Еңбек» шеңберінде салыстырмалы обьект болып қалыптасады. Осыған байланысты «Инженер-педагог» деген салаға көбірек бейімделеді.

Үшінші. Негізінен екінші фактордың негізінде қалыптасады деуге болады, мұнда белгілі салада еңбек ету, немесе сол сала үшін мамандар дайындау бағытында еңбек етуде адам өзін белгілі бір кәсіп ішіндегі мамандықты толық меңгеруге тиісті квалификацияға ие болуға ұмтылады.

Жоғарыда анықгалған факторлар негізінде біздің ойымызша мұғалімнің ең маңызды ерекшелігінде жалпы білім деңгейі сипат алуы тиіс. Жоғары оқу орындары үшін мамандыққа дайындау процестер, құбылыстар, заңдар мен зандылықтардың ғылыми негізінде құрылуы тиіс. Тек осы бағытта ғана мамандыққа деген ынталылық /қызығушылық/ арттыра алады.

«Кәсіптiк бiлiм» профилінде біз бағытқа үстанған осы жай, мамандыққа қызығушылық қалыптастырудың бірнеше деңгейде өтетінін анықтайды.

Дипломдық жұмыс білім және мәдениет мамандықтарының оқу-әдістемелік бірлесітігінің ұйымдастыруымен құрастырылған “Кәсіптiк бiлiм” профилі бойынша жасалған бағдарламалар проектілерін талқылау кезеңдерінен басталады.

Дегенмен, зерттеу «оқытушы» мамандықтары бойынша қарастырылғандықтан, осы мамандыққа байланысты негізінен бес проблемаға назар аудардық және оны еңбек, кәсіптiк бiлiм мамандықтарынан басқа гуманитарлық мамандықгар бойынша да жүргізуді лайық деп таптық.

Сұралған студенттер үшін мамандыққа байланысты ең маңызды деген педагогикалық проблемаларды атауды ұсындық.

Интервью барысында:

  1. «Еңбекке», » Кәсіптiк бiлiмге»;
  2. Оқыту процесін жетілдіру мәселелеріне;
  3. Қазіргі заман оқытушысының орны мен роліне назар аударуларына көңіл бөлдік.

Алынған нәтижелер төмендегілерді анықтады.

  1. Қазіргі өмір талабына сәйкес жалпы, кәсіби білім беру мектептерінде «Еңбек»,

» Кәсіптiк бiлiм » белгілі бір кәсіп иесі болуға бағыттауы қажет. /50,98 / %.

  1. Сұраққа алынған кейбір студенттер мұғалімдік мамандық проблемаларына назар аудармайды. /27,45/%.

Сұрақ негізінде оку практикасына бармаған курс студенттері-мен жүргізілді.

Мұндай жағдайда оқу-тәрбие процестерінің сапасы жөнінде әңгіме қозғау артық та болатынына көзіміз жетті.

Дегенмен, оқу процесінің сапасын арттыру мәселесі:

Біріншіден, мамандық алу сипатында ынталығының барлығы /жалпы кәсіпке емес жеке мамандық иесіне деген/;

Екіншіден, таңдап алынған мамандық мұғалімдік кәсіптің бір жағы ретінде болатындығына тиісті студенттердің оку процесіне деген пікірлері топтастырылды.

Осы ұстанған бағыт бойынша оқытушылық кәсіп проблемасына көзқарас екі тарауға бөлінді:

Біріншісі. Қазіргі кезеңдегі оқытушы кәсібі проблемасы қызықтыратындар- 27,4%

Екіншісі. Оқу процесінің сапасын жетілдіруге байланысты кәсіпке ынталандыру-47,05 %.

Жоғарыдағы зерттеу негіздеріне сүйене отырып, төмендегі пікір талассыз екені анықталады деуге болады, яғни, оқытушылық кәсіпке ынталандыру оқыту процесі деңгейінде жүзеге асырыла алады. Сол себепті де, оқытушылық кәсіпке тарту, кәсіптің мазмұнын белгілі бір обьект ретінде үнемі динамикалық түрде дамытып оқытуды қажет ететінін аңғартты.

Оның ішінде оқытушылық мамандықтарды меңгерудегі оның ғылыми негіздерінің маңызына -47,05 % оқушылар көңіл бөліп отыр. Бұл өмір талабы және соңғы кездердегі өндірістік қатынастардың едәуір диспропорцияға ұшырауының салдары деуге болады.

Жұмысымыздың барысында біздерді қызықтырған және бір мәселе болды. Бұл, кәсіпке, оның ішінде меңгеріп жатқан мамандыққа ал одан таңдап алынған бағыттарды есепке ала отырып кәсіпке деген оқушылардың қызығушылығын зерттеу картинасы тіптен әртүрлі екенін аңғардық.

Біз бағытқа ұсынған » Кәсіптiк бiлiм » проблемасы басқа мамандықтары үшін маңызын түсінушіліктері әртүрлі болып шықты. » Кәсіптiк бiлiм » мамандықтары бойынша оқитындар бұл мамандық проблемасы:

—   91,3 % назар аударса.

тарихшылар-44,7 %

—  филологтар-34,1 % ғана көңіл бөлді.

Ал, жалпы оқытушы кәсібінің проблемасына:

  1. филологтар -61,0 %
  2. тарихшылар — 55,3 %
  3. «Еңбек», «Кәсіптiк бiлiм» мамандықтары оқушылары —
    8,7 % ғана көңіл бөлді.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп тұрғандай, оларға талдау жасағанымызда, оқыту сапасының ғылыми деңгейін жетілдіру проблемалары филологтар үшін жоқ деуге болса, «Еңбек», » Кәсіптiк бiлiм » мамандық студенттері мұндай мәселеге тіпті көзқарастарының өзі тиянақты емес екендігіне көзіміз жетті.

Соңғы мәселе, » Кәсіптiк бiлiм » мамандықтары бойынша педагогика, психология мамандықтары алдында оқыту мазмұнының, оқу процесін жетілдіру мәселелеріне деген күрделі сұрақтарды алға тартады.

 

1.2. Мамандық бойынша студентерді оқытудың интегративтік функциялары.

 

Жоғарыда студенттердің оқытушылық кәсіпке, оның ішінде таңдап алынған мамандыққа ынтасы мен қызығушылығының негізгі ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізе келіп, бұл мәселенің күрделілігі негізінен оқыту мазмұнын, оқыту процесін үнемі динамикалық обьект ретінде қабылдауымызды талап ететін және сапасының ғылыми жүйеленгенде ғана оқытушылық кәсібі қоғамда жоғары деңгейде көрінетіне көз жеткіздік.

Дегенмен, » Кәсіптiк бiлiм » мамандықтарының таңдап алынған бағыттары бойынша білім берудің ерекшеліктері оқыту процесінде дифференциалдап оқытуға алып келеді.

Әрине, оқытудың мұндай тәсілі өте қолайлы деуге болар еді, егер де, оқу жоспары, оқыту мазмұны, оларға бөлінген /стандарт бойынша/ сағат көлемі көтере алғанда.

Мысалы: алдын ала қасиеттері берілген металл алу мақсатында оған әртүрлі компоненттерді балқыту процесінде араластыру арқылы алуына болады. Яғни, алынған зат — «қорытпа» тек қана өзінің «шектік» сипаттағы белгісінен басқа жаңа қасиеттерге ие болған болар еді. Мінеки, осы мысалдағыдай педагогика саласындағы «металлургиядада» жағдай осылай болып жатуы тиіс. Осы бағытта әртүрлі ғылыми педагогикалық, психологиялық зерттеулер, ұсыныстар жасалынды. Оның үстіне соңғы кездерде студенттер үшін информация каналдары өте көптеп саналады /радио, баспа, теледидар т.б./.

Осындай ақпараттар ағыны студенттер үшін ғылым «қоспасына» айналуы үшін арнайы педагогикалық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Бұл жерде оқыту мазмұнының ғылыми негізі пәнаралық байланыста болуы тиіс екенінде дау жоқ. Дегенмен, әрбір мамандықтың арнайы бағыттары курстарын меңгеруде дифференциялдық оқыту алғы шепке шыққан болар еді. Бұл кезде пәнаралық байланыс тағы басқа проблемалар үшін әр түрлі ғылыми-педагогикалық бағыттар ұсталынуы қажет.

Оқу процесінде мұндай бағыт ұстану студенттер әрбір пәндерді-ғылыми танымдық кешен ретінде оқып үйренуі тиіс.

Ал, бұл сайып келгенде әрбір жеке пәндердің өзін меңгеруге белгілі бір білім жүйесін қалыптастыруға білімнің интеграциялануын /жинақ болуын/ талап етеді.

Интеграция- латын тілінде бүтін, жаңғырту, тыңнан жасау, бүтіндікті толықтыру деген мағынада айтылады.

Осы тұрғыдан қарағанда шын мәнінде «әртүрлі пәндер» бойынша студенттерде ұдайы олардан келетін ақпараттардың жинақталуы, өңделуі білімнің интеграциялануына алып келеді. Бірақ, жоғары оқу орындарындағы жеке пәндердің мақсаты мен мазмұны жағынан дифференцияланған, біз ұсынып отырған оқытудың интеграциялық функциясына қайшы келетіні белгілі. Бірақ, олардың өзара табиғат заңдары негізінде бірігуі білімнің ғылыми тұтастығын береді.

Сондықтанда жоғары оқу орындарында оқу процесінің интеграциялық қызметі оқытушыларға сенімді және ыңғайлы. Осындай ақпараттар ағыны студенттер үшін ғылым «қоспасына» айналуы үшін арнайы педагогикалық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Бұл жерде оқыту мазмұнының ғылыми негізі пәнаралық байланыста болуы тиіс екенінде дау жоқ. Дегенмен, әрбір мамандықтың арнайы бағыттары курстарын меңгеруде дифференциялдық оқыту алғы шепке шыққан болар еді. Бұл кезде пәнаралық байланыс тағы басқа проблемалар үшін әр түрлі ғылыми-педагогикалық бағыттар ұсталынуы қажет.

Бір бағыттылыққа негізделген құралдарды беру және білімнің интеграциялануын басқару құралдарын анықтау болып табылады.

Кез-келген оқыту процесі информациялық өзара қарама-қатынас негізінде құрылады. Оны графикалық түрде төмендегіше беруге болады.

Сурет 1.  Ақпаратты  қабылдау   схемасы

 

Жоғарыдағы ақпараттың тасымалдау графигіне төмендегідей мысал келтіруге болады. Телеграф жүйесі арқылы текст жіберу: хабар -әріп не басқа түрге айналдыру -электрлік сигналға айналдыру-сигналдары радио байланыс, не электрлік жүйе арқылы адресатқа жеткізу — кодпен алынған хабарды түсінікті тілге айналдыру-адресатқа жеткізу.

Осы схема бойынша білімді ТАРАТУ аяқталады.

«Кірістегі хабар» мен «Шығыстағы хабардың» сәйкес келе беру ықтималдығы жоғары деуге болмайды. Себебі, мұнда қосымша «шуыл» әсер етері анық. Сол себепті ақпараттың қисайуы бәрімізге белгілі.

Мұндай жағдайдың «оқытушы-студент» ақпараттың жүйе ретінде педагогикада болатынына күмән жоқ. Сол себепті біздерде үлгермеушілік әлі де көп.

Оқыту процесіндегі интеграциялық құбылыс стихиялық түрде немесе басқарулы формада өтеді.

Стихиялық формасы көбінесе студенттердің технологиялық есеп шығару т.т. кезеңдерінде өтеді.

Басқарулы интеграциялық оқыту барысында дидактикалық құрал ретінде пәнаралық байланыстар қызмет етеді.

Курс мазмұнына байланысты оларды біз келесі принципте түздік.

Сурет 2. Оқу материалдарындағы ұғымдардың ішкі байланысы

Мұнда тексте негізгі делінген сұрақтарды бөліп алып /кернеу, ток өткізгіштік, электромагниттік өріс т.с.с. олардың хабарлану реті анықталғаннан кейін сол нөмірі арқылы суреттегідей етіп ортасына жазамыз. Оның сыртына қарастырылып жатқан сұраққа барлық болып табылатын оқу-элементтерінің нөмірін көрсетеміз.

Ал пән аралық негізде осындай схеманы төмендегіше жазуға болады.

Сурет 3. Пән аралық байланыстар

 

Жоғарыдағы оқытудың интеграциялық функциясы сайып келгенде оқу материалдарының структура-логикалық құрылымын түзуге септігін тигізеді. Бірақ оку материалдарында жетелеуші идея болатын оқу элементтері анықталуы тиіс. Бұл үшін аталған курс физика, электротехника, радиоэлектротехника пәндеріне негізделген болғандықтан және барлық оқыту обьектілері құрал-саймандар, электрлік, электрондық схемалараы пайдаланылуы себепті оку элементтерінің өзара мағыналық қатынастарын анықгау қажет болды. Ол үшін тексттер арасындағы оқу элементтерінің логикалық байланысы түзідді. Олар логикалық структура графтар және матрицалық формаға негізделеді. Мысалы

 

 

Сурет 4. Тұйық контурлар графы

Сурет 5.   Тұйық контурларды үзу матрицасы

Ойлауды математикалық логика түрінде басқару, дөңгелектердің цифрларды оқу элементтер деп қабылдасақ, ал олардың бағыты қажеттілікті түсіндіреді. Мұндағы оқу элементтердің қайсысында байланыс сызықтары көп болса, сол элемент маңызды деп саналады. Графтардағы тұйық
контурлар жолдардың тұйықталуы деп қабылданды. Сондықтан оны ашу қажет. Бұл педагогикада материалдардың   қайталануы   делінеді.    Сол   себепті   оған матрицалық талдау жасалынды.

Сурет 6.   Ашық  матрица

Керексіз алынып   тасталынды.

 

  1. 2. «КӘСІПТІК БІЛІМ» МАМАНДЫҒЫН МЕҢГЕРУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

 

2.1. Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру.

 

Бірінші тарауда көрсетілгендей жоғары оқу орынының кәсіби дайындықтарын жақсартудың бірден-бір жолы мектеп бағдарламасының талаптарына сай оқыту процесі жүргізілуі тиіс делінген еді. Ол біріншіден, болашақ «кәсіптік білім» мұғалімдерін тиянақты кәсіби дайындықтармен қамтамасыз етсе, екіншіден педагогикалық жоғары оқу орындарын бітірушілердің мектептегі оқу процесіне тікелей араласуына мүмкін туғызады.

Көптеген психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша студенттердің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби бағдарлары олардың оку жоспарларындағы пәндерді оқып үйрену мезгілінде алынған кәсіби білімдерді, іскерліктерді, дағдылары жоне педагогикалық іс-әрекетке қызығушылық, онымен шұғылданушылық, келешек кәсібіне тиімді көзқарас тұрғысынан оқылған материалдар арқылы қалыптасады.

Сондықтан мектеп «кәсіптік білім» мұғалімі меңгеруге тиісті іскерліктер мен дағдылардың көлемін анықгауда «электротехникалық және электрондық жабдықтарды» оқыту процесінде мектеп оқушыларына қалыптастыратын іскерліктер мен дағдыларды айқындаудан бастау қажет.

Бағдарламада оқушылар: электротехника негіздерін; автоматика және электроника негіздерін; материалтану; монтаж, жинақгау, жөндеу технологиясы; электрлік схемалар мен сызбалар /графиктерді меңгеру/; электр инструменттерін пайдалану т.б. меңгеруі тиіс.

Сонымен қатар электроника негіздерін меңгере отырып автомобильдік электрондық жабдықтардың структуралық блоктың схемаларын, олардың қандай электрондық қондырғылардан тұратынын, атқаратын қызметі мен ақауларын анықтау іскерліктері мен дағдылары қалыптасуы тиіс. Оның үстіне студенттер жоғары оқу орнында оқу мезгілінде мектепте жұмыс істей алуларына көмектесетін, аталған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдістерін үйренулері қажет. Сондықтан, «кәсіптік білім» мамандығы бойынша мұғалім дайындау барысында оқылатын курс мазмұнына қызықтыруға қажетті әдістерге көңіл аударуымыз қажет.

Сондықтан да оқыту процесі мектеп бағдарламасы және жоғарғы оқу орнының бағдарламасы болсын, оқытылатын кәсіп негізінде сол өндірістің негізгі салаларында орын алатын жұмысшының өндірістік-техникалық жұмыс шарттары есепке алынуы керек. Мұндай жағдай тек студентттердің өзіндік       жұмыстары негізінде ұйымдастырылған практикалық жұмыстар ретінде орын алуы тиіс.

Орындалатын практикалық жұмыстарға қойылатын және бір талап, ондағы әрбір меңгерілетін іс-әрекет студент немесе оқушы тарапынан саналы түрде меңгерілуі тиіс. Ол үшін әрбір іс-орекет барысында студент «неге», «не үшін», «не себепті», «қандай мақсатта» деген сұрақтар барысында өзінің әрбір іс-әрекеттік тексере алатын болуы тиіс.

«Автомобильдердің электроникалық және электрондық жабдықтары» пәні бойынша бағдарламада /қосымша N1/ негізінен практикалық жұмыстар есепке алынбаған. Дегенмен, бағдарлама мазмұнына назар аударатын болсақ «Автомобильді» оқытудың жалпы курсында оқытылатын кейбір мәселелерді қайталайтыны көрініп тұр.

Бірақ оған қосымша электр жабдықтарында болатын ақауларды анықтау мәселеріне көңіл аударылған.. Оқулықтарда мұндай сұрақтар кездеседі де, бірақ  ақаулардың себеп салдарына назар аударылады. Бұл студенттердің іскерлік немесе дағдыларын төсеуге септігін тигізе алмайды.

Бағдарлама бойынша талдау жасағанымызда I тақырып бойынша:

  1. Аккумулятор батареяларының негізгі ақаулары, оларды тексеру;
  2. Генераторларда болатын ақаулар. Оларды жою тәсілдері.
  3. Кернеу реттегіштері релелерінде кездесетін ақаулар.
  4. Электр желісінің ақаулары.

2-тақырып бойынша: 1. Қозғалтқыштарды жүргізу жүйесінің негізгі ақаулары.

3-тақырып бойынша: 1. Оталдыру жүйелерінің жүмыс сипаттамалары.

4-тақырып бойынша: 1. Бақылау-өлшеу приборларының негізгі ақаулары.

5-тақырып бойынша:

  1. Жарық беру және жарықпен сигналдау жүйесінің негізгі

ақаулары.

6-7 тақырыптар автомобильдердегі қосымша электрондық приборларға арналған.

Бағдарламаны талдау барысында және оны оқып меңгеруде студенттер назарын жоғарыда көрсетілген бағдарламалық «белгілеріне» байланысты практикалық жұмыстар мазмұнын түзуге және жоғарыда көрсетілген іскерлік пен дағдының саналы меңгерілуі принциптерін ескере отырып түздік.

 

2.2. «Автомобильдердің элехтротехникалық және электрондық жабдықтары» курсын оқыту практикумы.

 

Оқыту әдістемелері жүйесінің дидактикалық аспектілеріне назар    аударсақ,    оқыту    әдістемесін    классифихациялауда /жіктеуде/   педагог-ғалымдар   әлі   күнге   кейбір   мәселелер жөнінде ортақ пікірге келмеген деуге болады.

Мысалы: Еңбекке оқыту әдістемесі болсын әдістемелерді
жіктеуде окушылардың білімді қайдан және қалай алуына
байланысты жіктелуі.   Осыған байланысты білім алу белгілеріне тиісті топтарға бөледі.

Осындай піхірлердің ішінде бізді қызықтыратыны прахтикалық сабақтар /құбылыстарды байқау, жаттығулар, есептер шығару, еңбек тапсырмаларын орындау/.

Өзіндік жұмыстар бақылау, лабораториялық өндірістік-тәжірибелер, есептер шығару, еңбек тапсырмаларын талқылау, оқулықпен жұмыс істеу т.б.

Осы тұрғыда дидактиктер мен әдіскерлер оқыту әдістемелерін жинақылау мақсатында бір пікірге келе отырып оқыту әдістерін 3-топқа біріктіргені байқалады. Сөздік, көрнекілік және практикалық.

Дегенмен,    сөз    және образ    таныс    құралдары    болып қалатындықтан, сөз не образ практикасыз іске асырылмайды. Сондықтан  практика  әр  кез  алдыңғылардың  бір  элементі іспетті қызмет атқарады. Сол себепті де, жоғарыда аталған оқыту әдістері оқушының танымдық қабілетінің сипаты бола алмайды.    Осы   тұрғыдан   қарағанда   өзіндік   жұмыстар оқытудың әдісі емес, ұйымдастыру формасы деуге болады.

Тағы да бір назар аударатын мәселенің бірі: Оқыту
процесінде тематикалық практикумдер болуы тиіс, дегенмен
оны дидактикада практикалық жұмыстардың анықтамасы
ретінде береді. Осындай өзара терминологиялық шатасулар
немесе бір-біріне синонимдік еніп кетулер әлі де болса оқыту
процесінде кейбір мәселердің анықталуын қажет-ақ ететіні
көрініп тұр. Осы себепті де оқулықтарда студенттердің
танымдық қабілетіне негізделген тақырыптың өзіндік оқыту
формалары енбей қалған. Бұған әрине оқулық көлемі
шектеулі болғандығы себеп болған шығар, дегенмен
танымдық қабілеттің тұтастығын есепке алсақ әрбір
оқытылатын пәндер бойынша тақырыптық практикумдар
есепке алынуы керек-ақ. Зерттеу барысындағы мағлұматтарға
сүйене              отырып             төмендегі              «Автомобильдердің

электротехникалық және электрондық жабдықтары» курсы бойынша ұйымдастырылатын практикумдар мазмұнын ұсынамыз.

Орындалатын жұмыс электротехникалық, электрондық жабдықтардың жалпы құрылысын, оларды бөлшектеу, жинақтау, ақауларын анықтау және жою мақсаттарын түгел қамтыған.

 

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: Айнымалы ток генераторы.

Жұмыстың мақсаты: Үш фазалы синхронды генераторлардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері жөнінде алған теориялық білімдерін қалыптастыру.

Генераторды бөлшектеп, жинақтау Барысында олардың детальдарындағы және электрлік ақауларды анықтау, жою тәсілдерін меңгеру.

Жұмыстың мазмұны: Генераторды бөлшектеу және жинақтау, детальдардың күйін анықтау. Жұмысты жүргізу методикасы.

  1. 1250-П генераторын бөлшектейміз. Егер бұдан басқа генераторлар болса олардың өзара айырмашылығын анықтаңыз.
  2. Щетка ұстағыш болттарын 10 артқы қақпақ 8-ден бүрап
    босатыңыз және щетка ұстағыш 10 мен щетканы 9 алыңыз.
  3. 12 қалпақты және 19 подшипникті алу үшін қапсырма
    шпилкаларды босатыңыз.
  4. Статорды босату үшін ротор валындағы 3 гайканы
    босатыңыз.
  5. Артқы қакпақты 8 орамдардың клеммаларын ажырату
    мақсатында фазалық ұштарын босатыңыз.
  6. Статорды алу үшін 19 подшипникті босатыңыз.
  7. Генератор шкивін 23
  8. Шығару үшін гайканы босатыңыз 21 шпонканы алыңыз.
    22 втулканы алыңыз.
  9. Подшипникті 2 босату үшін қакпақгағы 1 төрт винтті
    босатыңыз.
  10. 10. Болшектелген генератор деталдарын 1 кестеде толтырыңыз.

1-кесте

Бөлшектердің аттары

Қызметі

Материалы

Ақаулары /жарамды, жарамсыз/

 

 

 

 

 

  1. Электрлік ақауларды анықтаңыз.

2-кесте

Ақаулар

Ақаулар анықталуы

Себептері

ішкі үзілу

 

 

орамдар аралық

 

 

тұйықталу

 

 

массаға тұйықталу

 

 

щеткалар желінген

 

 

щеткалар жарылған

 

 

серіппе нашар

 

 

диодтар істен шыққан

 

 

 

  • Анықталған электрлік    ақауларды    жоқ   әдістерін
    жазыңыз.
  1. Генераторды қайта    жинақтау    кезеңдерін    жазып
    шығыңыз.
  2. Жинақталғыш генератордың жұмысын тексеріңіз.

 

Бақылау сұрақтары.

  1. Қандай тізбекте    генераторды    олардың    детальдарына
    бөлшектейді?
  2. Негізгі пайдалынатын материалдарды атаңыз және себепті
    тек сол материалдар пайдаланылатына көңіл бөліңіз.
  3. Қандай ақауларды анықтаңыз?
  4. Электрлік ақауларды атаңыз, оның салдарын түсіндіріңіз.

 

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыстың тақырыбы: Статерлер.

Жұмыстың мақсаты: Статердің құрылысы және жұмыс істеу принциптері       бойынша       теориялық  білімдерді толықтыру және тереңдету.

Жұмыстың мақсаты: СТ 350 статерін бөлшектеп, оның жұмысшы күйін, ақауларын анықтау. Жұмыстың орындалу әдістемесі.

  1. Статердің электрлік   тізбектерін   қадағалау   мақсатында
    қорғағышты 24 оның астарымен 23 шешіп алыңыз.
  2. Статерді бөлшектеуге    мүмкіндік   беретін   щетканы   27
    ажыратыңыз.
  3. Якорді 5 оның қалпақшасынан 9 қаңқасынан 4 ажырату
    мақсатында шпилканы 17 серіппелі 9 ажырату
    шайбасымен 16 ажыратыңыз.
  4. Статер калпақшасын 9 ажырату мақсатында рычагты 10
    ажыратып алыңыз.
  5. Статер орамдарын ажыратып   қосқышты   бөлшектеу   21
    үшін     оның     клеммаларындағы    жалғанған     сымдарды
    ажыратыңыз.
  6. Тарту релесінің    жұмысын,    құрылысын    қарап    шығу
    мақсатында оны ажыратыңыз.
  7. I. Статер деталдарының құрылысын, күйін, материалдарын анықтаңыз және оларды кестеге толтырыңыз.

 

1-кесте

статер бөлшегі

материалы

қызметі

ақаулары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Электрлік ақауларды анықтаңыз.

2-кесте

N

Ақаулар

Ақаулар анықталды /+,-/

Себептер

1

Күйіп кету

 

 

2

Коллектордың               беткі қабатының желінуі

 

 

3

Коллектор пластиналарының түйықталуы

 

 

4

Орам аралық тұйықталу

 

 

5

Коллектор  ұштарының ажырауы

 

 

6

Коллектордың ластануы

 

 

7

Щетка желінуі

 

 

8

Серіппе босаған

 

 

 

Анықталған электрлік ақауларды жою әдістерін жазыңыз.

  • Статерді қайта    жинақтау    кезеңдерін    жазып шығыңыз.
  1. Жинақталған статердің жұмысын тексеріңіз.

 

Бақылау сұрақтар

1    Тарту релесінде қандай ақаулар болуы тиіс.

  1. Не себепті статерлердің орамдары генератор орамдарына
    қарағанда көлденең үлкен болады?
  2. Тарту релесін қалай жинақтайды?

 

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҮМЫС

Жұмыстың тақырыбы: Реле реттегіш.

Жұмыстың мақсаты: Реле-реттегішінің жұмыс істеу

принциптері бойынша теориялық білімді қалыптастыру және тереңдету.

Жұмыстың мазмұны: Реле-реттегішті бөлшектеп оның жұмысшы күйін, ақауларын анықтау.

Жұмыстың орындалу әдістемесі.

  1. Орамдар, түйіспелер күйін бақылау үшін реле-реттегіштің
    қақпағын ашыңыз.
  2. Түйіспелер электрлік  доға   әсерінен   беттік  қабатының
    кертілуін бақылау үшін оларды ажыратып көріңіз.
  3. Реле корпустарына жеке орналасқан қондырғыларды бөлшектеп алып қараңыз.

1-кесте

Деталь аттары

Маркіленуі

Қызметі

Ақаулары

 

 

 

 

 

  1. Электрлік ақауларды анықтаңыз.

Ақаулар

Ақаулар анықталды

Себептері

Сымдардың үзілуі қысқа түйықгалуы түйіспелердің бүлінуі түйіспелер аралық саңылауы

 

 

 

  1. Кернеу реттегішін тексеру схемасын түзіңіз.
  2. Анықталған электрлік ақауларды жою әдістерін жазыңыз.
  3. Реле-реттегішті қайта жинақгаңыз.
  • Жинақгалған реле-реттегіш жүмысын тексеріңіз.

 

 

Бақылау сұрақтары.

  1. Түйіспелердің майланып қалуы қандай қиыншылықтарға алып келеді ?
  2. Генератордың төменгі айналыс жиілігіндегі ток жүру
    схемасын көрсетіңіз.
  3. Қоздыру орамдары қандай іске қосылады?
  4. Қысқа түйықталу кезіндегі ток жүрісін көрсетіңіз.
  5. Климаттық өзгерістерге сәйкес  реле-реттегіштің
    жұмысында өзгерістер жасау талап етіле ме?

 

Сабақ барысында бағдарлық жүйеге негізделген оқушылардың іс-әрекетінің өз бетінше ұйымдастырылуын қадағалауға мүмкіншілік болды.

Оқушылармен тәжірибе жасау себебіміз, тобында студенттер саны аз, сонымен қатар біз ұсынған әдістемені олармен өткізу мүмкіндігі, уақыттың тарлығына және курстың бірінші рет өтілуіне байланысты болды. Сондықтанда осындай бағытта мемлекеттік практика кезінде «Автомобильдердің жалпы құрылысын», оның ішінде «электрлік жүйелерге жалпы шолу» жүргізуде осындай бағыт ұстанып оны тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндік болды. Ол үшін екі сынып алынды. Бірінде жалпы оқулық схемасында, екіншісінде біз ұстанған бағыт жүзеге асырылды.

Өз бетінше    жүмыс    істей    алу   дәрежесін    анықтау мақсатында қайта сұрау коэффициентін ендірді -Ккс

Кт — тәжірибелік сынып оқушыларының коэффициенті. Кб — бақылау сыныбы оқушыларының коэффициенті.

Практикумдарды орындау барысында оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері барысында мүғалімге қанша рет көмек сұрауға мәжбүр екендігін, оның мөлшерін анықтауын төменде «стартерді» оқып үйренуге арналған практикумы барысында окушылардың қайта сұрау дәрежесін ұсынамыз.

Оқушыларды мұғалімнен көмек сұрау дәрежесі.

 

 

 

I  кесте

N

Жұмыстың аты

Ке

Кт

К

1

Генератор

1,17

3,23

2,76

2

Стартер

2,52

6,45

2,55

 

Кестеден көрініп тұрғандай бақылау сыныбының оқушылары, тәжірибелік сынып оқушыларына қарағанда 2 есе көбірек көмек сүрайды. /2,52 деген 25 оқушының 11-нен басқасы көмек сұрады, ал 6,45 ол 4 оқушы көмек сұрады деген сөз.

 

ІІІ. АВТОМОБИЛЬДІ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫН ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ МЕН ОНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

3.1. «Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары» курсының мазмұны.

 

Автомобильдегі ақаулардың үлкен белгілі техникалық қызметтің уақытында көрсетілмегендігінен және сапасыздығынан болады. Бұл, соңғы кезде автомобильдің электрлік жабдықтарының приборлары мен аппараттарында электрондық техниканың қолданылуының айтарлықтай артуына байланысты. Түйіспелі-транзисторлы және оталдырудан озу бұрышы электронды реттелетін түйіспесіз оталдырудан озу бұрышы электронды реттелетін түйіспесіз оталдыру жүйесі кең таралып отыр. Электрониканы реттегіш, бақылағыш және өлшегіш аппараттарға ендіру, көлемі үлкен, барлық уақытта дәл бола бермейтін және жұмысы сенімсіз приборларды ығыстырып шығарады. Электрондық жүйелер тек отын шығынын кеміту үшін ғана емес, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында да қолданылады. Олар бұрылысты көрсетіп шамдардың өшіп жануы, артқы терезе мен фарларды тазалағыштарға сұйық берілуін, тазалағыш щеткалардың қозғалысын басқаруын, жарықтандыру приборларын ақауларын және автомобильде пайдаланылатын сұйықтардың қысымы мен деңгейін төмендеуін көрсетеді. Борт жүйесіндегі кернеуді реттейді, қозғалтқыш оталғаннан кейін стартерді өшіреді және қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда оның қайтадан қосылып кетуін болдырмайды, май қысымы авариялық деңгейге дейін төмендегендік мәнінен артқанда қозғалтқыштың жұмысын тоқтатады.

«Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары» пәннің мақсаты арнаулы пәннің болашақ окушыларына арнайы кәсіптің және білім беру мектептері үшін дайындау.

Пән міндеттері автомобильдерде қолданылатын электротехникалық және электрондық жүйелердің жүмыс істеу принциптері мен арналуы туралы материалдарды студенттерге ұғынықты формада жеткізу, принципті сүлбелердің және тораптардың ерекшеліктерін және пайдаланудың негізгі ережелерін, мүмкін болатын ақауларды және оларды жою жолдарын түсіндіру. Сондықтан, бағдарламада автокөлік құралдарының электротехникалық және электронды жабдықтарын пайдалануды, олардың құрлысындағы ерекшеліктерді толық көлемде оқыту, сонымен бірге ақауларды болдырмау жөндеу ережелерімен, бұл жүйелер мен приборлардың қазіргі уақыттағы негізгі даму бағыттарымен таныстыру қарастырылған.

 

ШАМАМЕН  АЛЫНҒАН  ТАҚЫРЫПТЫҚ  ЖОСПАР

N

Тақырыбы

Сағат саны

 

 

Барлығы

олардан

 

 

 

лек.

лаб.

прак.

 

Кіріспе

2

2

 

 

1

Автомобильдің       электрмен

6

2

8

 

жабдықталу жүйесі

 

 

 

 

2

Қозғалтқышты       электрмен

6

2

4

 

жабдықталу

 

 

 

 

3

Оталдыру жүйесі

10

2

4

4

Бақылау-өлшеу аппараттары

6

2

4

5

Жарықтандыру               және

6

2

4

 

сигналдау жүйесі

 

 

 

 

6

Қосымша

6

2

4

 

электротехникалық        және

 

 

 

 

 

электрондық жабдықтар

 

 

 

 

7

Автомобильдің

3

3

 

электротехникалық        және

 

 

 

 

 

электрондық     жабдықтарын

 

 

 

 

 

диагностикалау приборлары

 

 

 

 

 

Барлығы:

45

17

12

16

 

ПӘННІҢ МАЗМҮНЫ

Кіріспе

Электротехника және электроникалық автомобиль өндірісіндегі, электротехникалық электрондық өндіріс саласындағы ролі. Карбюраторлы қозғалтқыштардағы оталдыру жүйесінде электротехниканы пайдалану мәселелері, тиімділігі.

Автомобильдердің қосымша электрондық жабдықтарының ролі мен маңызы.

  1. I. Автомобильдің электрмен жабдықтау жүйесі.

Стартерлік аккуммулятор батареялары. Аккумулятордың құрлысы, жұмыс істеу принциптері және сипаттамалары. Электролит. Аккумулятордағы химиялық процестер. Аккумулятор батареяларының негізгі ақаулары. Аккуммулятор батареяларын тексеру, техникалық күйін қажетті деңгейде ұстап тұру және сақтау тәсілдері. Аккумулятор батереяларын зарядтауға арналған приборлар.

Генераторлар. Генераторлардың типтері, кұрылысы және сипаттамалары. Генераторларда болатын ақаулар және олардың жою тәсілдері. Генераторды жүктемге қосып тексеруге арналған стендтер. Автомобиль генераторының жұмысын бақылаушы приборлар.

Кернеу реттегіштер. Кернеуді реттегіш реленің қызметі. Кернеуді реттегіш түйіспелі және транзисторлы релелердің типтері мен құрылысы. Реттегіш түйіспелі және транзисторлы релелердің типтері мен құрылысы. Реттегіш релелердегі кездесетін ақаулар. Генераторлардың және реттегіш релелердін; техникалық күйін тексеруге арналған стендтер. Электрмен жабдықтау жүйесіндегі негізгі ақаулар.

Автомобиль   электр   жабдықгарының   бағыттағы   электр желісі. Электр желісінің ақаулары.

  1. Қозғалтқышты жүргізу жүйесі.

Стартерлердің және олардың сипаттамалары. Автомобиль қозғалтқышын жүргізуге арналған электрлік тізбектер. Қозғалтқышты жүргізу жүйесінің аппараттары. Үлкен қуатты дизельді автомобильдердің қозғалтқышын жүргізуді жеңілдетуге арналған құрылғылар.

Қозғалтқыштарды жүргізу жүйесінің негізгі ақаулары. Стартердің техникалық күйін тексеруге арналған стендтер.

  1. Оталдыру жүйесі.

Түйіспелі оталдыру жүйесіндегі аппараттардың құрылысы және жұмыс істеу принципі.

Түйіспелі-транзисторлы және түйіспесіз-транзисторлы оталдыру жүйелері. Оталдыру жүйелерінің жүмыс сипаттамалары. Оталдыру жүйесінің негізгі ақаулары.

  1. Бақылау-өлшеу аппараттары. Электрлік бақылау-өлшеу және ақпарат приборлары. Жүйесінің жұмысшы күйден ауытқуы туралы сигнал беруші приборлар. Бақылау-өлшеу приборларының негізгі ақаулары. және олардың техникалық күйін тексеру.
  2. Жарықтандару және жарықпен сигналдау жүйесі. Жарық беру және   жарықпен   сигналдау   приборлары. Жарық   беру  және    жарықпен    сигналдау   жүйесіндегі коммутациялық аппараттар.

Жарық  беру және  жарықпен сигналдау жүйесімен аппараттарының негізгі ақаулары және тізбектің техникалық күйін тексеру.

  1. Қосымша электроникалық және электрондық жабдықтар.

Дыбыспен сигналдау приборлары. Автомобильдің қосымша жабдықтарында қолданылатын электр қозғалтқыштары. Терезе тазалағыш, салонды жылыту мен төмендету жүйесі.

Еріксіз   бос   жүріс   экономайзерімен   ауаны   сатылай өндіру және газдың улылығын төмендету жүйесі. Ұрлыққа    қарсы    және    күзеттік    сигналдау    жүйелерінің электрондық приборлары. Орталық құлып.

Автомобильге радиоқабылдағыш, телефон, теледидар орнату ерекшеліктері. Радиоқабылдаудағы және телебағдарламалар қабылдау деңгейін төмендетуге арналған құрылғылар.

  1. Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтарын диагностикалау приборлары.

Автомобильдердің электрлік жабдықтарын диагностикалауға арналған құралдар.

Автомобиль қозғалтқыштарын электрондық талдағыштар. Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары зерделенетін оқу кабинетінің жабдықтары.

Ұсынылатын лабораториялық жұмыстар.

  1. Электрмен жабдықтау жүйесі.
  2. Түйіспелі оталдыру жүйесі
  3. Түйіспелі-транзистормен және түйіспесіз-транзисторлы оталдыру жүйесі.
  4. Электрлік жүргізу      жүйесі      және      бақылау-өлшеу жабдықтары.
  5. Жарықтандыру, жарықпен  сигналдау және  электрондық
    жабдықтар жүйесі.
  6. Электрқондырғыштар және бақылау-өлшеу жабдықгары.

 

Практикалық жұмыстар.

  1. Айнымалы ток генераторы.
  2. Стартер.
  3. Реле-реттегіш.
  4. Күзет электроникасы.

 

3.2.   Автомобильдің     электрлік     жабдықтарын     оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.

Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары жөніндегі білім негізінен студенттердің физика, математика және басқада жаратылыстану ғылымдары пәндеріне негізделеді.

Сондықтан да, курсты оқыту процесі оқу барысында меңгерілетін білімнің қолданбалы маңызына тірелетін болса, басқа жағынан ғылым негіздерін тереңдетіп толықтырады.

  1. Электроқондырғыларындағы өтіп жататын процестер тікелей бақылауға мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да студенттерді оқыту барысында көбінесе құбылысты ойша модельдеуге үйрету қажет болады. Мұнда оқыту да дидактикалық құралдар ретінде оқу-демонстрациялау модельдері қызмет атқарады. Құбылыстардың бір-біріне тәуелділігінің графиктері меңгерілуі тиіс. Мұндай экспериментальды тексеру әр кез студенттерді оқыған ғылыми теорияларының жұмыс істейтінін тексеріп отыруы тиіс.
  2. Автомобиль электр қондырғылары облысындағы іс-әрекеттің тағы бір ерекшелігі, электр қондырғыларындағы ақауларды анықтау, оны жою, реттеу және кейбір жағдайларда теңестіру /контурлар арқылы осцилографтарды пайдалану т.т./ Сол себепті электр қондырғыларындағы схемалардың түзілуі және онда өтетін процестердің себеп салдарын білу қажет болады. Ал мұндай жағдайды меңгеру тек қана физикалық құбылыстардың өзара әсерінің сандық жағын білуден тұрады. Мұндай түсінік арнайы теориялық не практикалық жаттығулар нәтижесінде орын алады.
  3. Автомобильдердің электротехникалық жабдықтарын оқып үйрену бойынша жүргізілген сабақтар тек автомобиль ғана емес электротехникалық не электрондық өңдіріс саласы бойынша да білім, біліктіліктерді қамти алуы керек.

Сонымен қатар, жалпы өндірісті ұйымдастыру, оның экономикасы, жұмысшылар құрамы, олардың іс-әрекеттері жайлы мағлұмат беру тиіс.

  1. Еңбек қауіпсіздігі, электротехникалық өңдіріс саласының және электроника саласының негізгі қауіпсіздіктерін ескере отырып жасалынуы тиіс.

Автомобильдің электрмен жабдықталу жүйесі.

  1. Автомобильдің электрмен жабдықгалу жүйесі тарауын оқыту барысында бірінші кезекте аккумулятор батареяларына көңіл бөлінеді.     Мұнда         көбінесе    студенттер    назары электролиз құбылысына ғана ауады.  Мұнда тотығу-орнығу процесі іске асады, осының нәтижесінде заряд-разряд жүзеге асады.   Электролиз   процесінің  жүруін  төмендегі  формула арқылы жүретінін түсіндіру керек.

Құрылысы жайлы түсінік оның негізінен маркілеуі арқылы берілген жөн,  мысалы: 6-СТ-78-ЭМСЗ 6-батареялар саны СТ-стартерлік

78-сыйымдылығы, яғни 78-Ампер-сағат. ЭМС-корпусы эбониттен және стекловойлектен 3-құрғақ зарядталған.

Мұнда маркілеу студенттердің электроникадан радиолампалардың маркіленуі сәйкес жасалынады.

Аккумулятор         батареяларын      қарастыруда: электрқозғаушы   күші,   ішкі  кедергі,   кернеу,   сыйымдылық т.с.с. ұғымдар тереңдетіледі.

  1. Генератор қондырғыларын оқып үйренуде негізінен электромагниттік индукция құбылысына негізделуі тиіс.
  2. Біздің ұғымызша      аздаған      қиыншылық     кернеу
    реттегіштерін оқып үйрену барысында туындайды. Өйткені,
    мұнда,  жартылай  өткізгішті  приборлар  /диод,   транзистор,
    стабилитрон/      жөнінде      мәліметтерді      қайталау      тиіс.
    Генераторлар реле реттегіштерді окулықта берілгендей жеке
    оқылмауы   тиіс   деп   білеміз,   сол   себепті   олардың   әрбір
    бөлшектеріне назар аударылуы керек.
  3. Іштен жану двигательдері негізінен от алдыру жүйесінің
    жұмысына негізделеді, яғни сығылу -жану-шығу процестері
    арқылы түсіндіріледі. Ал бұл процесс негізінен иінді валдың
    белгілі желісін жиілік пен айналуына сәйкес жүреді. Бірақ
    мұндай жиілікті стартер атқаратынына  назар  аудару қажет.
    Сол себепті біріншіден электр машиналары жөнінде, олардың
    принциптері жөнінде мәлімет беру керек, яғни бұл процесс

Күрделіленген машина ретінде жүргізілуі керек, мұндай процесс механикалық ЕМ энергия       біржақты өтетін болса, онда мұндай машина

генератор делініп, керісінше қозғалтқыш /стартер/ делінеді.

 

  1. От алдыру жүйесіндегі негізгі мәселені «доғалық разряд» процесінде аудару қажет. «Доғалық» процесс негізінде өте үлкен кернеу арқылы пайда болатыны ескеру қажет. Мұндай процесс кезінде студенттер алдында 12 немесе 24 в. ток көзінен мұншалық кернеу қайдан алынады деген сұрақ пайда болады. Сол себепті олардың бойына мұндай жоғары кернеуді тек трансформатор ғана бере алатыны еске түседі. Ал бірақта электротехникада трансформатор тек айнымалы кернеулерді ғана бір кернеуден екінші кернеуге өзгертуші статикалық аппарат қана делінген және оның жұмыс істеу процесі электромагниттік индукция заңына негізделген делінген. Сондықтан бұл процесс былай түсіндірілуі тиіс. 12 вольттық электр кернеуі аккумулятордан үзгіш бөлгішке /прерыватель/ беріледі және от алдыру катушкасына қосылады. От алдыру катушкасының ішінде бірінші және екінші орамдар орналастырылады. Екінші орам бірнеше мыңдаған жіңішке сымнан оралады, оның ортасына өзекшесі бар бірінші орам орналасады. Тек бірінші орамға беріледі. Валдың айналысы басталуымен үзгіш контактілері қозғалысқа келеді де бірінші орамдағы ток үзіледі. Мысалы: 78 Ампер ток күші үзілген мезетте, өте жылдамдыққа қарай ұмтылады. Осының әсерінен

 

жылдам өзгеретін магнит ағыны пайда болады жөне ол оған көп орамдарды қиып өтеді. Катушканың К коэффициентіне байланысты онда үлкен кернеу /20-30 кв/ , осының әсерінен «ұшқын» пайда болады. Сондықтан да үзгіштің үзіп не қосып тұрған моменттеріндегі токтың-шамасы өзгеріске үшырап тұрады және бұл электромагниттік құбылыс негізінде айнымалы ток сияқты процестерді береді, яғни мұндай процестің классикалық күйін келесі 1-схема арқылы беруге болады.

 

Сурет 7.  Түйіспелі тарату  жүйесі

  1. Түйіспелі транзисторлық жүйені оқытуда, ол қондырғылардың классикалық қондырғылардан ерекшеліктері айтылуы тиіс. Мұндай жүйенің енгізілуі жалпы автомобильдердегі электротехникалық және электрондық жабдықтардың прогрессивтік тәсілі екеніне назар аудара отырып, негізінен олардың жүмысына байланысты Холл датчиктерінің жұмыс істеу принциптеріне, фотодиодтарды басқару және коммутациялану принциптерін түсіндіру қажет. Өйткені, жоғары жиілікгің айналысы бар двигательдерде екінші реттік жоғары алу үшін бірінші орамдағы ток шамасының жоғары болуы талап етіледі. Дегенмен, ток шамасы 3,5 А -дің өзінде түйіспелер арасында ұшқын пайда бола бастайды, ол бұл өз кезегінде түйіспелердің қызмет уақытын азайтады және оталдыру жүйесінің жұмысын төмендетеді. Мінеки  классикалық жүйенің осы кемшілігі түйіспелі транзисторлық жүйе арқылы жойылады. Өйткені, түйіспелер арқылы өтетін аз ғана ток транзистордың басқаруы арқылы ғана өте алады. Таратқышқа

Сурет 8    Транзисторлы басқару жүйесі

Мұнда негізгі жұмысты коммутатор құрылғысы аткарады. Көптеген автомобильдерде ТК 102 СЭ-107 қосымша жүктемемен жұмыс істейтін коммунатор қолданылады. Мұнда негізгі рольді германийден жасалған ГТ 701А транзистор атқарады. Бүл транзистор эмиттерлі коллекторлы ауысуы от алдыру катушкасына жалғанады. Эмиттерлі-коллекторлы жалғанған схемаларының жалпы базалы /ОБ/, жалпы эмиттерлік /ОЭ/ жалпы коллекторлы /ОК/ схемалармен салыстырғанда радиоэлектрондық схемалардағы    күшейту    коэффициенттерінің    өте   жоғары болатыны электроника пәнінен белгілі.

Мұндай схемада транзистордың базасы импульстік трансформатор арқылы үзгіш контактілеріне жалғанады. Сол себепті база жалпы эмиттермен салыстырғанда кіріс коэффициенті жоғары күшейткіш ролінде қызмет атқарады. Транзистор В3 ажыратып-қосқышы арқылы, егерде қосулы күйде тұрғанда үзгіштің контактілеріне байланысты күйге енеді.

 

Схема-3

 

9 сурет  . Транзистордың жалғану схемасы

Түйіспелі-транзисторлы оталдыру жүйесі. Егерде түйіспелер ажыратулы болса, транзистор жабық күйде болады, өйткені транзистор базасы мен эмиттердің потенциалы бірдей болып қалады, транзистор базасы мен эмиттердің потенциалы бірдей болып қалады, транзистордың кедергісі бірнеше Ом-ға теңеседі. Сол себепті катушканы бірінші орамындағы ток өте әлсіз болады.

Егер түйіспелер жабылатын болса ток: аккумулятор батареясының /+/-нен     амперметрге       оталдыру кілтінің түйіспелеріне       қосымша резистор арқылы     катушканың бірінші орамына      комутатордың резисторына  үзгіш түйіспелеріне     автомобиль корпусы арқылы       /-/ клема арқылы жүреді.

Осының нәтижесінде К жүктемеде кернеу түсуі пайда болады. Ол өз кезегінде базаның кернеуін эмиттермен салыстырғанда кемітеді. Соның нәтижесінде транзистор ашылады, транзистор кедергісі өте аз болғандықган тек өзінің максимал мәніне жете алады. Түйіспелер ажырауы себепті, бұл тек жылдам төмендеуге мәжбүр болады. Шамамен ЗА дейін. Бұл кезде бірінші орамда ток жойылады, соның салдарынан магнит ағыны болады. Бұл ЭҚК эмиттер-база схемасында кері бағытта жүреді, яғни база потенциалы эмиттердің потенциалынан жоғары келеді. Транзистор жабылады.

Импульстің трансформатор транзистордың жылдам жабылып тұруына әсерін тигізеді. Сол себепті транзисторды қайта қосылуы іске асып отырады. Транзистор жабылған күйде схеманың бірінші орамында үзіледі, екіншіде 17-ЗОКВ жететін ЭҚК тудырады.

Жалпы иінді біліктің төменгі жиілігінде, катушканың бірінші орамында пайда болған өзінді ЭҚК -ң шамасы 100 болғандықтан эмиттер коллектор тізбегінде тесілу пайда болуы ықтимал.

Сол себепті параллель Д2/Д817В/ стабилитрон жалғанып қойылады. Мұндағы Д1Д2  диодтары стабилитрон арқылы өтетін токты кеңейтуге қызмет атқарады. Мұнда жартылай түзету болғандықтан ток шамасы екі есеге дейін кемиді.

 

  1. Оталдыру жүйелерінің    электрлік   тізбектеріндегі кернеу көбінесе біз қарастырған

жүйеде   иінді   біліктің   айналасына   тәуелді   болып   келеді.

Шындығында солайда, сондықтан да мұндай кернеуді ретеу әсіресе транзисторлық жүйелер үшін өте қажет ақ өйткені генератор ұштарындағы кернеу    өрнегі арқылы белгіленеді.

Мұндағы:

Иг-генератор кернеуі

Ег-генератор электр қорғаушы күші

с-тұрақты коэффицент

п-якордың айналыс жиілігі

ф—генератордың магнит ағыны

 

Олай болса, генератор кернеуін тұрақтандыру үшін кері және пропорционал күйде магнит ағымын өзгертуге тура келеді. Магнит ағының шамасы  қоздыру тогына тәуелді болғаны себепті оны жиі-жиі үзіп немесе қосымша кедергілерді үздік-үздік жалғап отыруға тура келеді. Мұндай жағдайдың тиімсіз екені себепті. Соңғы кездерде вибрациялық және жартылай өткізгішті кернеу реттегіштері пайдалынады.

 

Схема-4 /қосымша/

 

Вибрациялық кернеу  реттегіші ОВ қыздыру орамдарына қосымша кедергі жалғау арқылы жүзеге асырылады. 4 түйіспе қосылған жағдайда қосымша резистор қысқа түйықталады. Реттегіш ОО орамдары генератор кернеуіне толық жалғанады. 2 серіппе якорьды жоғары қарай жылжытады. Сол себепті түйіспелер қосылып түрады. Бұл кезде ОВ қоздыру орамдары түйіспелер арқалы якорь және ярмо -I арқылы қосымша резисторды айналып өтеді. Айналыс жиілігі артқан сайын қоздыру тогы артуы себепті ОО орамдағы ток артып, өзекшені магниттейді, осы себепті түйіспелер ажырайды. Қосымша кедергі іске қосылады. Осының салдарынан ұштарындағы кернеу күрт төмендейді. Дегенмен, мұндай жүйенің өзінің кемшілігі жоқ емес, ол пружинаның уақыт өтуіне байланысты «әлсіреуі» немесе қосымша кедергінің шамасының өзгеруіне күйіп кетуі т.т. Өйткені, өтіп жатақан электрлік процестің күйін график түрінде көз алдымызға келтіретін болсақ ұдайы орташа кернеу шамасы анық болуы тиіс. Мұндай болу мүмкіншілігі тізбектердегі   кернеу  түсулеріне,   Кирхгоф   заңдарына байланысты, әркез орындала бермейді.

Түйіспелердің жабылу және қосылу кезіндегі уақыттар әртүрлі. Сол себепті де жартылай өткізгішті кернеу реттегіштері орын алған.

  1. Мұндай схемада жұмыс істейтін реттегіштер
    генератордың қоздыру тогы транзистордың эмиттер-
    коллекторлы тізбегі арқылы реттелініп отырады. Мұндай
    реттегіштер сонымен қатар түйіспесіз ретінде орындалады.
    Түйіспесіз реттегіш Т1 транзисторындағы кернеу түйіспе
    қызметін атқарады. Оны басқару жүктемелермен Д1
    стабилитроны арқылы басқарылады. схема-5 /қосымша/

Мұнда реттелінетін кернеу I резисторында аз болған кезде параллель қосылған Д1 стабилитронының тесілу кернеуінен аз болады. Сол себепті стабилитрон ток өткізбейді, сондықтан Т1 транзисторының базасындағы кернеу 0 тең болып қалады. Т1 жабық, мұндай күй реттегіштің ажыратылып тұрған күйіне сәйкес келеді де, Т2 ашылады. Жалпы схеманың жұмыс істеу принципі мультивибраторлар негізінен импульстік кернеулер беруге, күту режимінде жұмыс істей алатындықтан оларды кілт ретінде, немесе басқа берілген сигналдарды басқаруды қолданылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің дайындықтарын жақсарту:

біріншіден — оқытылатын пәндер мазмұнын оқыту мектеп бағдарламасы талаптарына байланысты оқытылуы тиіс;

екіншіден — білім берудің негізгі мемлекеттік стандартарында оның теориялық және әдістемелік принциптері ретінде оқыту мазмұны сандық және сапалық жағынан бағаланып жоғарыдағы талаптың орындалу шартына айналуы керек.

Осы тұрғыдан дипломдық жұмыста мамандыққа бағытталған курс мазмұны құрылып оны оқыту әдістемесі психологиялық, педагогикалық тұрғыдан оқытудың интегративті функцияларын арттыратын талаптар шешімін тапты.

  1. Аталмыш курсты оқытпас бұрын студенттер арасында «Мамандық» жөнінде қызығушылық қалыптастыру мәселелері қолға алынды. Бұл үшін студенттерден мамандыққа байланысты бес-педагогикалық проблемаларды атау ұсынылды. Сонымен қатар мамандыққа, оқытушының роліне назар аудару ескерілді.

«Кәсіптік білім» белгілі бір мамандық иесі болуға бағытталса — 51% жуық; олардың өзі бұл мамандық бойынша қандай проблемалар бар екендігіне — 27,45% ғана көңіл аударды. Бұл деген сөз жоғарыдағы маман иелері бір кәсіпшілікпен айналысатын кәсіпкер тұрғысында қаралатынын байқатты. Яғни мамандық (педагог) иесі емес, кәсіп иесін дайындалып жатыр деген мағынаны түсіндірді.

Оның үстіне «Өздерінің кәсіби проблемалары қызықтыратындар» — 27,45% ғана құраса, ол осы мамандыққа оқыту процесінде қалай қызықтыруға болады дегенге — оқыту сапасын жетілдіру қажет деп жауап береді (47,05).

Осы педагогикалық, психологиялық зерттеу мәсслелері арнайы курстардың шектен тыс дифференцациялануы, оларды оқытуда белгілі әдістемелік бағыттың болмауы, әр түрлі семестрлерде жоспарлануы т.т. оқыту процесінде бірқатар проблемалар туғызып отырды. Пәндерді байланыста оқыту барысында студенттерде қосымша информациялық «шу» тудырары анықтады.

  1. Осы мәселені шешу мақсатында пән аралық байланыстардың біз анықтаған (14 — 17 бет) формасы тиімді деп қабылдадық жэне бұл принцип математикалық талдаулар негізінде оқыту материалдарының структура-логикалық құрылымын беретіні анықталды ( 17 бет). Дипломдық жұмыстың көлемінің аздығына байланысты біз бұл мәселелерді мысал ретінде көрсетіп қана қойдық.
  2. Жоғарыдағы анықталған мәселелер оқытуда белгілі тиімді әдістемелік бағытты ұстануды талап етті.

Дегенмен әдіскерлер арасында, методикалық классификация жасауда ортақ пікірлердің жоқтығы да байқалды. Солардың бірі студенттердің өзіндік жұмысы.

Бұл жұмыс әдебиеттерде практикалық жұмыстар қүрамына еніп кеткен. Дегенмен практика сөзбен образдық таным қүралдарын жүзеге асыру үшін қызмет атқаратындықтан ол оқушының танымдық қабілетінің сипаты бола өлшейтындығы анықталды. Осы тұрғыдан студенттердің өзіндік жұмыстары деп оқытудың ұйымдастыру формасы ретінде «Оқыту практикумдары» енгізіледі. Бұл жұмыстар студенттердің іскерліктері мен дағдыларын төселдіру мақсатында жасалынды. Яғни, әрбір іс-әрекет «не себепті», «не үшін» деген сұрақтарға жауап беру мақсатында құрастырылды. Мұндай жұмыстар тиімділігі өз бетінше жүмыс істеу қабілеттілігі коэффициенттімен анықталды (32 бет).

  1. Курс бойынша оқыту мазмұны жасалынып оқу процесінде ендіріледі. Теориялық білімдер беруде курсты меңгерудің кейбір ерекшеліктеріне белгіленді жэне ол мәселелерді меңгеру оқыту процесінде, «ойлау қабілетін ұйымдастыратын оқыту модельдері» ұсынылды. Соның мысалы ретінде оталдыру жүйесінің демонстрациялық моделі оқу процесіне дидактикалық құрал ретінде енгізіледі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Концепция трудового     обучения     и     воспитания     в     средней
    общеобразователъной    школы    Республики    Казахстан.    //Учителъ
    Казахстана, 1993. 18 февраля.
  2. Батышев С.Я. Производственная педагогика. М., Машиностроение,
  3. Бесполъко В.П., Ерецкий М.И. Методика обучения автоделу в средней
    школе. М, Просвещение, 1982.
  4. Брагинский М.В. Методика  преподавания  предмета  «Механизация
    садово-паркового хозяйства». Л., ВО «Агропромиздат», 1988.
  5. Гулейчик А.И., Калошии  А.И.   Методика  проведения  занятий   по
    подготовке    машинно-тракторных     агрегатов     к    работе.     М.,
    Агропромиздат, 1986.
  6. Дидактика производственного обучеиия. Под ред. О.Ф.Федоровой. М.,
    В.Ш.,1973.
  7. Дюртеева О.Я. Организация проведения лабораторно-практических
    занятий по разделу «Сельскохозяйственные машины». Л., ВНИИПТО,
  8. Жаров М.С. Методика проведения лабораторно-практических занятий
    по предмету «Тракторы и автомобили». М., 1981.
  9. Жаров М.С. Методика курса «Трактор». М., 1988.
  10. Жиделев М.А. Методы производственного обучения. М.,1988.
  11. Иванов В.И. Из опыта проведения лабораторно-практических занятий
    по предмету     «Сельскохозяйственные     машины».     Сб.     ВНИИ
    профтехобразования. Вып.1. Л.,1967.
  12. Казакевич В.М., Поляков В.А., Ставровский А.Е.  Основы методики
    трудового обучения. М.,1983.
  13. Китаев И.Г., Чичков В.А. Технический труд в сельской школе. М., НИИ
    ТОПОАПНСССР, 1972.
  14. Рубенштейн С.Л. Основы общей психологии. М. 1940г.

 

  1. 15. Гурьянов Е.В. Психофизиологические основы навыков человека. М., 1940г.
  2. 16. Богословский В.В. Вопросы психологии. М., Просвещение 1981г.
  3. 17. Басов М.Я. Избранные психологические произведения М., Педагогика, 1975 г.
  4. 18. Стеблев Н.М. Методика обучения устройству автомобиля, М.С. Просвещение, 1977г.
  5. 3ахаров Н.Н„Симоненков .Д. Профессиональная ориентация школьников, М., Просвещение,1989г.
  6. Рувинский Л.И., Кан-Калик В.А. Введение в специальность. М., Просвещение, 1988г.
  7. Кожина О.А. Испоьзование инструкционных карт в про общественно -полезного труда. Школа и производство № 4 1983г.
  8. Коменскийй Я.А. Великая дидактика. Изб.пед.соч. М.учпедгиз, 1955г.
  9. Корольский В.В., Симоненко В.Д. Общественно -полезный производительный труд учащихся, М., Просвещение 1990г.
  10. Краевский Б.В. Проблемы научного обоснования обучения. М., 1977г.
  11. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. М., Педагогика, 1977г.
  12. Беллабуна Электроника на автомобиле. М.,Транспорт, 1979г.
  13. Калисский В.С., Манзон А.И. Автомобиль.Учебник водителя 3 класса . Алма-Ата Кайнар, 1970г.
  14. Гольдин М.И. Электрооборудование автомобилей. М., Транспорт, 1983 г.
  15. Брюханов А.Б. Электронное устройство автомобилей. М., Транспорт 1988г.
  16. 30. Вопросы психологии обучения труду в классе. Сборник под редакцией Смирнова А.А., М., 1968г.
  17. Макаренко А.С. Некоторые выводы из моего педагогического опыта, сочинения том.5.
  18. Рубинштейн С.Л. О мышлении и путях его исследования. М., Изд.АПН РСФСР 1958г.
  19. 33. Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека. Киев, 1975г.
  20. Методика трудового обучения общетехнических дисциплин под редакцией Тхоржевского Д.А., М., Просвещение, 1982г.

35.Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. М.,1973г.

  1. 36. Организация и оборудование учебно-производственной базы в межшкольных учебно-производственных комбинатах; пособие для преподователей, М.Просвещение, 1982г.
  2. 37. Вопросы психологии обучения труду в школе, сборник под редакцией А.А.Смирнова, М. 1968г.
  3. Сухомлинский В.А. О воспитании, М.1971 г.
  4. Дидактика средней школы. Некоторые проблемы современной дидактики под редакцией Скаткина М.М., М., Просвещение, 1982г.
  5. Сознание философский словарь под ред. Розенталя М.М. М., Политиздат, 1972г.
  6. Качнев В.И. Обучение конструирования на уроках труда.
  7. Воспитание.философский словарь под редакциией Розенталя.М.М.
  8. Гнатюк М.П. Нет предела совершенства. Книга для учителей.
  9. Ушинский К.Д. Материалы к 3 тому педагогический антропологии, М., 1950г., томЮ.
  10. Крупская Н.К. Педсочинения в 6-ти томах, М., Педагогика, 1978г.
  11. Проект концепции содержания образования общеобразовательной

школы Республики Казахстан, Учитель Казахстан 8.04.93.

  1. Илыш Е. Необходимость вопроса, Правда 1981г. 21 декабря.
  2. За рулем №10 1992г., электроника на службе у водителя.
  3. Радио №7 1992г . Еще раз об электронике на автомобиле.
  4. За рулем № 12 1992г. Бесконтактные системы зажигания.
  5. 51. За рулем № 9 1992г. Электрозажигание-два пути к решению.
  6. За рулем № 5 1992г. По сводкам статистики.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

Сурет. Аккумулятор батареясының деңгейін (а) және   тығыздығын (б) тексеру.

 

Сурет

Сурет. Автомобильдің электрді пайдалану жүйесі