ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
Әлеуметтану
Алматы — 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………..3
|
|||
І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1860 – 1880 Ж. РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚҚА ӘСЕРІ……………………………………………………………………………………5 |
|||
1.1 Қазақстандағы 1860 – 1880 ж. капитализм реформаның енуі және дамуы…………………………………………………………………………………………………………..5 |
|||
1.2 Капитализмге өтудің қиыншылықтары………………………………………………….11
|
|||
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ПРИНЦИПТЕРІ……………………………………………………………………….. |
16 |
||
2.1
2.2
2.3 |
Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмсының барысы………………………………………………………………………………. Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау………………………………………………………………………………… Халықтың әлеуметтік — әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі…………………………………………………………………………………
|
|
|
16 |
|||
20
27 |
|||
ІІІ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ…………….
|
34 |
||
3.1
3.2 |
Әлеуметтік жұмысты жеттілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы………………………………………………………………………………. |
34 |
|
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру…………………………………………………. |
|
||
|
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
|
||
|
|
|
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
КІРІСПЕ
Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға – 20 %, «адам капиталына» 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет.
Әлемдегі тәжірибе дәлелдегендей, көптеген елдерде әлеуметтік қызметкерлердің есебінсіз әлеуметтік дамудың бағдарламасы да, мемелекеттің әлеуметтік саясаты да іске асуы мүмкін емес. Бұл саладағы мамандар, заңнамалық актілерді дайындауда, жергілікті билік орындары мен қоғамдық ұйымдардың шешім қабыдауында сарапшы қызметін атқарады.
Тәжірибе көрсеткендей (әсіресе бізде), адамдар көбіне көп не өздері, не отбасы мүшелері, не достары, не көршілері, не игі ниетті шенеуніктерде шеше алмайтын мәселелермен жиі ұшырасады. Бұл үшін ерекше мамандық иелері әлуметтік жұмыскерлер қажет.
Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға өтуді бастады. Бұл — үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу, бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды талап етеді.
Әлемнің көптеген елдерінде ғасырдың басында-ақ әлеуметтік жұмыс дербес мамандық ретінде қарқынды дамып, бұл салада кәсіби мамандар бітімі қалыптса бастаған уақытта, Қазақстанда тоталитаризм жағдайында көптеген онжылдықтар бойы кеңес, адамның теңдессіз қамқорлықта екендігі мәлімделіп келді, сондықтан халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін құрудың мәні жоқ деп есептелді.
Еліміздегі мұндай жүйенің қалыптасу процесі 90 жылдың бас кезінен жүрді.
Біріншіден, жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас, күрделі әлеуметтік жағдай адамды, отбасын, жалпы мемлекет халықтарын әлеуметтік қорғаудың қарқынды өзгеруіндегі нарықтық әлеуметтік жағдайына бағытталған жүйесін талап етеді;
Екіншіден, экономикалық және әлеуметтік жағынан едәуір сәтті (Европа елдері, Скандинавия, АҚШ, Канада) мемлекеттер тәжірибесі кез келген, тіпті ең бай қоғамда да әлеуметтік ауыртпалықтар: мүгедектік, қайыршылық, аурулар, маскүнемдік пен нашақорлық және т.б. өмір сүретіндігін сендіре дәлелдейді. Оларды әлеуметтік жұмыс жүйесінсіз және әлеуметтік жұмыс кадрларынсыз игеру мүмкін емес.
Үшіншіден, әлеуметтік қызмет жүйесі сонымен қатар көмекке мұқтаждар мен заңдар, мемлекет аппараттары арасын байланыстырушы буын қызметін де атқарады.
Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі.
Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.
Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін алғышарттар жасады. Жаңа жағдайларда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Алайда әлі де орын алып отырған кедейлік, жұмыссыздық, халықтың қартаң тартқан қатарының көбеюі, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми сектордың көбеюі әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдете түсуді талап етеді.
І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1860 – 1880 Ж. РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚҚА ӘСЕРІ |
1.1 Қазақстандағы капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
|
1861 жылы Россияда крепостниктік правоның жойылуы елде капитализмнің даму процесін жеделдетті. Қазақстанның шикізат көзі және өнеркәсіп товарларын өткізетін рынок ретінде ролі күшейді.
1867-1868 жылдары Қазақстанда әкімшілік басқару жұмыстарына байлынысты реформалар жүргізілді. Қазақстанның территориясы облыстарға бөлініп, олар үш генерал-губернаторлаққа бағынды. Жетісу және Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығының,Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал-губренаторлығының Ақмола және Семей облыстары Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына кірді.Облыстар уездерге,уездер болыстарға,болыстар әкімшілік ауылдарға бөлінді. Реформа сот құрлысына өзгерістер енгізді. Уездік соттар жалпы Ресей сот заңдарының негізін басшылыққа алып, билер соты сот жүйесінің төменгі органдары ретінде ғана сақталды. Салық салу күшейе түсті.Түтін салығы 3, кейін 4 сомға өсті. Отырықшы халық харадж бөлігі, яғни жиналған өнімнің 1\10 бөлігі және танаптық, яғни жерден заттай емес, ақшалай алынатын салық төлейтін болды. Көшпелілер мен егіншілер бұданда басқа көптеген алым-салықтар мен борыш, міндеткерліктер өтеді. Қазақ жерлері Россия мемлекетінің меншігі деп жарияланды, сонымен қатар феодал-шонжарлардың жер пайдаланудағы айрықша хұқы сақталды. 60 жылдары қабылданған реформалар мен 1886 және 1891 жылдары әкімшілік және сот құрлысы ісіне енгізілген өзгерістер орталық және феодалдық езгінгі күшейте түсуге бағытталған еді. Реформалар орталық үкімет органдары мен феодал-байлар топтарының позициясын нығайтып, жер мәселесін одан әрі шиеленістірді. Бұқара халық наразылығы 1869-1870 жылдары Орал, Торғай облыстары мен Маңғыстауда отаршылдыққа қарсы көтеріліс бастады. Көтерілісті патша іскері қаталдықпен басып жанышты.
Патша үкіметінің ұлтшыл-отарлық саясатын қарамастан Қазақстанда жүзеге асқан реформалар өлкенің жалпы россиялық экономика деңгейіне көтерілуіне жағдайлар жасады, капиталистік қатынастардың ену процесін шапшаңдатты. Қазақстанға шыт, шұға, жібек, былғары, металл бұйымдары әкелінді, ал Қазақстаннан Россия рыногына миллиондаған мал айдалды, мал өнімдері, астық (мысалы, Семейден жыл сайын 1 млн пұт ұн) тасылды. Малшаруашылығы мен егін шаруашылығы өнімдерінің құны артып, натуралды шаруашылық ыдырай бастады. Сауданың жаңа түрі – жәрмеңкелік сауда пайда болды. Ірі жәрмеңкелердің жылдық товар айналымы 1 млн сомға жетті. Қырдағы аудандарда тасымалды сауда түрі дамыды. Өсімқорлық тарады. 1870 – 1890 жылдары саудада несиеге берудің капиталистік түрлері пайда болды. Банктер құрылды. Мейлінше баяу болса да қазақтың сауда буржуазиясы қалыптаса бастады. Саудамен байлар мен көпестер айналыса бастады. Орал, Верный, Семей, Петропавл, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Көкшетау т.б. қалалар өсіп жетілді. Россияға қосылу барысында 30-дан астам қала мен 400 поселке пайда болды. Сауда — өнеркәсіп орталықтары ретінде қалалардың ролі артты. Қала халқының саны қоныс аударушылар есебінен өсті. Қазақтар негізінен оңтүстік қалаларда тұрды. Қалаларда ауыл шаруашылық өнімін өңдейтін ұсақ өнеркәсіп орындары басым болды: тамақ (май айыратын, сыра, арақ-шарап жасайтын, ұн тартатын т.б.), тері илейтін, механикалық шеберханалар пайда болды. Кен өндіретін шағын кәсіпшіліктер саны өсті. Тек Ақмола облысының Қарқаралы уезінде 249 рудник болды. Қарағандыда көмір шахталары, Риддерде рудниктер салына бастады. Тұз өнеркәсібі, Каспийдің балық кәсіпшілігі капиталистік сипат ала бастады. 1874 – 1876 жылдары Орынбор темір жолы салынды. 90 жылдары Сібір темір жол магистралінің Ақмола облысы арқылы өтетін бір бөлігі іске қосылды. Темір жол салу товар айналымының артуына, Орталық Россиямен байланыстың күшеюіне, транзит сауда көлемінің өсуіне ықпал етті. Патриархалдық томаға-тұйықтықтың күйреуі, натуралды шаруашылықтың ыдырауы, товар-ақша қатынастарының таралуы, сауда мен астыққа деген қажеттіліктің өсуі отырықшылықа және егіншілікке көшуді тездетті. 1889 жылы Жетісуда егінші қазақтар шамамен 10 млн пұт астық өндірді. Ақтөбе және Қостанай уездерінде 9 млн пұт астық жиналды. 90 жылдары отырықшылыққа көшу жаңа қоныстанушылар үшін жер бөліп беруге байланысты жеделдей түсті. Әскери-қазақтың отаршылдығы Россия мен Украина шаруаларын жаппай қонстандырумен алмастырылды.
Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуінің маңызды жемісі патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырау процесінің жеделдеуі, тапқа жіктелу және ауылдағы таптық күрестің өсуі болды. Жерден және малдан айырылған қазақ кедейлері ауылдан мүлдем қол үзбесе де кәсіп іздеп қалаларға кетті. ХІХ аяғы шенінде жұмысшы табы, оның ішінде Россия жұмысшы табының бір бөлігі ретінде ұлттық жұмысшы табы қалыптаса бастады. Әсіресе, кен және тұз өнеркәсібінде істейтін жұмысшылардың саны өсті. 1855 жылы мұнда 1353 жұмысшы болса, 1900 жылы 11225-ке жетті. Өлкенің өнекәсіп орталықтарында орыс, қазақтар бірлесіп еңбек етті. Алғашқы жұмысшы қозғалыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде басталды. 1849 жылы Көкшетау округының Маринка алтын кендерінде, 1887 және 1891 жылдары Өскемен алтын кендерінде, 1898 жылы Зырян мыс рудниктерінде ереуілдер болды.
Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі тарихындағы өте өзекті мәселе — өлке өндірісінде капиталистік қатынастардың қалыптасуы қалай жүргенін, жергілікті халық бұл қызметке қандай деңгейде қатыстырылғанын зерттеп, зерделеу болатын. Әрине, капиталист қайтарым бермейтін кәсіпорынға, кенішке, жалдау жолымен қызметке қатыстырылатын жұмысшыға қайырымдылықпен қаржы жұмсамайды. Керісінше, қанауды күшейту, жалдамалы жұмыс қолының терін сығып алу арқылы капиталды қорландырады. Бұл тұжырымымызды дәлелдейтін деректер Қазақстан тарихы бойынша да жетерлік. Жұмысшылар нормадағы сегіз сағатпен емес, кәсіпорын иелерінің белгілеген мерзімі бойынша еңбек еткен. Мәселен, 1886 жылы Семей облысында алтын іздейтін кен орындарында жиырма жұмысшы тәүлігіне 5000 пұт құмды жуып шығаруға міндетті болды. Тапсырма орындалмаған жағдайда жұмыс уақыты ұзартыла берген. Сол себепті жұмысшылар кей күндері 16-18 сағатқа дейін еңбек еткен. Жұмыстың ауыр жағдайына қарамастан дәрігерлік көмекте берілмеген. Тіптен аталмыш облыстағы 26 кен орындарының бірде-бірінде медициналық қызмет өз алдына, дәрігерде болмаған. Жұмысшылардың көпшілігі безгек , шиқан, өкпе ауруларымен науқастанған. Тұрған жерлеріде жайсыз-ды. Мәселен, Қарағанды көмір кенішінің жұмысшылары былай деп жазды:«Бізге пәтерлерді жылқылар тұратын атқоралардан берді. Оның төбесі топырақпен жабылғандықтан,сәл-пәл жаңбыр жауса балшық су төбемізден сорғалайды». Ал жеркепе үйлерде жайғасқандардың жағдайы бұдан бетер төмен болған. Өйткені, бұл үйлердің іші балшыққа батып жататын. Жататын бөлмелер мен дәлізде 1-1,5 аршын малдың қиы жатушы еді. Міне, осындай жерлерде жұмыс іздеп келген қазақтар 18 жыл бойы тұрды, — деп түйеді ойын ғұлама тарихшы Ермұхан Бекмаханов.
Капиталистік қанау киліктірген ауыр еңбек жағдайына шыдамай, жасалған келісім-шарттың орындалмауына наразылық ретінде 141-і қызметке кірісуден бас тартқан. Осындай адам төзгісіз еңбек жағдайлары Атбасар, акционерлік қоғамына қарайтын Спасск заводында, Қарағанды көмір кенішінде, Успенск, Покровск, Маринск, Надеждинск және Қарсақбай кеніштерінде қалыптасқан. Ауыр жағдайды қайсар еңбекпен жеңген алғашқы қазақ жұмысшыларының өмір жолы осылай басталады.
Ресей экономикасына тартылу қазақ ауылындағы әлеуметтік жағдайды да түбірінен өзгертті. Жер мен малды өз қолдарына алып үлгерген «жаңа» сипаттағы байлар мен қатар мүлдем қайыршыланған, көшерге көлігі, егістік жері жоқ қу тақыр кедейлер қатары көбейді. Олар енді көшпелі өмірді тастап, отырықшылыққа өтті, егіншілікпен айналысты.
Қазақтар арасында жатақтар атанды. Жатақтар үш топқа жіктелді: отырықшылыққы өткен кедейлер, ауқатты шаруалар, астық алыпсатарлығымен айналысқан саудагерлер. Жалпы жатақтар қауымы прогрессивті қызметімен көпшілік қолдауын тапты , астық өндіруді арттырды. Астықты аймақ Торғай облысы қазақтарының қарамағындағы
дәнді дақылдар танабының көлемі 1875 жылғы 17 мың десятинадан 1902 жвлв 216 мың десятинаға дейін жеткен. Мұндай оң өзгерістер ешқандай қысымшылықпен емес , таза экономикалық, яғни халықтың азық-түліктік қажетін қамтамасыз ету мүддесінен туындаған батыл қадамдар болатын. Сол тәрізді Сыр бойындағы 8827 отбасы он мыңдай десятинаға табы, бидай, сұлы сеуіп, бабаларының бұрынғы дәстүрін жалғастырған. Тек Қазалы оязының өзінде 200-дей отбасы астық өндірумен айналысып, Сырдария суын тиімді пайдалану үшін 200-дей кіші-гірім канал қазады. Сол арқылы арықтық тәсілмен дәнді дақылдар егісін әлсін-әлі суарады. Әр сушыға күніне жиырма тиыннан төленеді.Ақырғы түсімнің мол болуы үшін тырбанып жұмыс істеулері арқасында 1893 жылғы астық бастыру барысында 604 миллион пұт күріш дәні, 6 миллион бидай, төрт миллион пұттай тары өнімі алынды. Масақты дақылдардың әрі гектарының орташа түсімі ояз бойынша орташа есеппен 54 центнерден айналады. Мұндай қызметпен айналысқан Шу, Талас өзендері аңғарындағы жатақтар дәнді дақылдардың әр десятинасынан 41 пұттан астық алған. Ал Семей облысындағы 84 диқан белді бекем буып, қызметке қызу кіркседі, 1898 жылы біржарым мың десятинаға дән сеуіп әжептәуір астық алған. Егінші қазақтардың пайымдауына жүгінсек, егер себілген әр қапшық тұқым дәнінен 25 қапшық астық жиналса өнімнің жоғары болғаны. Ең төмені 5-7 қапшық. Астық бастыру үшін бау-бау масақты қырманға жаяды да жылқымен көбіне өгізбен айдайды. Бастырылған дәнді сыйымдылығы 4-5 пұттық қаптарға салып жинап алады. Қазақтардың астық өндірісін арттырудағы жемісті жұмысы ескеріліп «Сібір қазақтары туралы Ережеге» сәйкес егіншілікпен шұғылданушы шаруаларға құрал-саймандармен көмек берілді. Қазақ жатақтарына Брянск зауыты шығарған қос тісті соқалар жеткізіледі. Кейіннен Гена, Сакка соқалары әкелінді. ХХ ғасыр бойында Орал облысында 5637 соқа астық өндірісіне қолданылған. Енді қайсыбір диқандар егістік танабының көлемін ірі шаруашылықтар деңгейіне дейін көтереді. Бір десятина жерге 5 пұт астық, 1 пұт тары, 8 пұт сұлы себіледі. Егін орағына үй іші түгел қатысқан, ал кейде 12 бауға немесе тәулігіне 40 тиынға жұмысшы жалдаған. Сондықтан ауқатты жатақтар арасында 200 десятинаға дейін егіс салғандары жиі кездеседі. Атап айтсақ, ауа-райы құбылмалы, егіс салуға қажет табиғи ылғалды мөлшері айтарлықтай аз, қуаңшылық жиі қайталанатын Ақтөбе оязы жерінде Сапа Әкімниязов дейтін азамат көріп басып, өз қолымен егістікке су шығаруға қажетті шығырды жасап, жем өзенінің жағасындағы шағын алқапқа дән себеді, баптауын келістіру арқылы айналымнан 40-50 центнерден астық алады. Сол 1898 жылдың өзінде Ақтөбе оязы егіншілері байырғы тұрғындардың 94,4 пайызын құрайды, әрқайсысы 6,2 десятинаға дейінгі танапқа тұқым себеді. Оязда өндірілген 1 млн 483 мың пұт астықтың басымын тары құраған. Оның орташа түсімі әрбір жатаққа шаққанда жетпіс пұттан, ал ояз бойынша шамамен алғанда 67 пұттан келген. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Ендеше, оларды жәй жатақ демей, неге нағыз астық өндірушілер атамасқа.
Орталық Қазақстанның құнарлы қойнауы Қарқаралы оязында 1901-1904 жылдар аралығында мыңнан астам адам диқаншылықпен айналысып, дәнді дақылдардан бидай, малазықтық сұлы сепкен. Соның ішінде азық-түліктік мәні зор бидайды өндіру мәселесіне тереңірек тоқталсақ: осы жылдарда 3055 гектарға аталмыш дақыл тұқымы себіліп, жатақ мүшелерінің жанқиярлықпен еңбек етулеріне орай әр гектардан орта есеппен 20 центнерге дейін астық алынған. Халықаралық маңызға ие болған Қоянды жәрмеңкесінде астыққа сұраныстың өсуі, өнім шығымыеың артуы бұл өңірде ауыл шаруашылығы машиналарының кең қолдануына себепші болған. Бұндай оң өзгерістер халықтың отырықшылық кәсіпке көптеп тартылуына орай өміршең бола бастаған. Астық өндірісінде кәсіпкерлікпен қызмет атқарған жатақтар саны күрт көбейеді. Сөз болып отырған Қарқаралы оязы қарайтын Семей облысындағы жатақтар құрамында жүз мыңдай адам еселеп тер төгіп, жанкештілікпен еңбек еткен. Жоғарыда айтылған Ақтөбе оязындағы жұмыстың жайын жалғастырсақ, жатақтардың базарға шығарып астық сатудан келтірген ақшалай табысы мал шаруашылығы саласынан түсетін таза пайданың тең жартысынан асқан.
Астық сатудан келтірілген қаражатқа дәнді дақылдар егісінің көлемін кеңейтуге қажет соқа, дән бастырғыш сатып алған диқандар аз болмапты. Бұндай тұжырымды Астрахань губерниясындағы Бөкей ордасының Қараөзен, Сарыөзен аралығындағы су құнарлы алқапқа дәнді дақылдар сеуіп, оның әр десятинасынан ортаесеппен алпыс пұттан астық жинаған диқандар тәжірибесі дәлелдейді. Олардың үлгілі ісін көрген көршілес ауыл адамдары Балықты судының көктемгі жайылмасына дәнді дақылдар сеуіп, өздерінің күнделікті ішпек-жемегіне жетерлік өнім жинаған. Таловка елді мекені маңындағы тұрғындарда талпыныс жасап, 120 десятинаға дән себеді, одан жинаған өнімдерін алыс-жақын жерлердегі елді мекендерге шығарып сатады. Сөйтіп, астық өнімі жөніндегі алыс-берісте 1868 жылы құрылып, Каспий мен Арал теңіздері аралығындағы кең аумақты алып жатқан Орал облысы жатақтарының жұмыс ауқымы артып, ХІХ ғасырдың ақырына әр ұжым мүшелерінің тоғыз десятинаға дейін егіс салуға қолдары жеткен. Танап көлемін кеңейтіп қоймай, енді егіннің түсімін айтарлықтай арттыруға жол ашқан. Бұның нақты дәлелі ретінде тек 1913 жылдың дәнді дақылдар егінін жинау қорытындысында 5,4 миллион пұттан асырып дән бастырып, алынған өнімнің 75 пайызын базарға шығару арқылы мол қаражат келтіргенін айтар едік. Ғалым-агроном М. М. Якубцинердің көп жылдар бойы жүргізген зерттеулеріне жүгінсек, Орал облысынан шетке шығарып сатылған астықтың басымын бағалы қатты бидай құраған. Қостанай оязы да егін шаруашылығы жақсы дамыған аймаққа жатты: 1909 жылы жалпы есепке алынған 18010 шаруашылықтың 15951-і егіншілікпен айналысып, олардың тұқым себетін танабы 10744 десятинаға жеткен.
Ал Ақмола облысы ұндық сапасы жоғары сортты бидай өсіруден сол кездің өзінде алыс-жақын аймаққа белгілі бола бастапты. Сондықтан Сібір теміржолы арқылы 1890-1901 жылдарда 429 мың пұт астық тасып әкетілсе, 1906-1909 жылдарда 4806 мың пұттан асқан.
Дәнді дақылдардың әр десятинасынан алынған орташа өнім Оңтүстік Қазақстан аймағында да артып, 1909 жылы оязында — 56; Қазалыда – 54; Әулиеатада – 48; Перовскийде – 41 пұттан айналған. Келтірілген мәліметтер су көздерін көп пайдалану астық өндірісін арттыруға жол ашқанын көрсетеді.
Қазақстан мен Ресейдің экономикалық байланыстарынан өсуі капиталистік қатынастарға өту кезеңінде кең қанат жайды. Өйткені, капитализм – техникалық прогресс көзі. Осыған орай кәсіпқорлықтың дамуы түрлі формада жүргізілді. Әсіресе қала мен ауыл арасындағы нарықтық байланыстың өрістеуінен капиталистік қатынастарының енгізіле бастауын көруге болады. Алғашқыда алыс-беріс алмастыру формасында жүргізілді. Орыс саудагерлері өз тауарларын қазақ даласының мал-мүлкіне айырбастаудан бастады. Ресеймен іргелес Орал, Торғай облысының тұрғындары малдарын айырбасқа салу үшін Орынбор, Орск қалаларына айдап барды.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында Қазақстанның Моңғолиямен, қытайлық Жоңғариямен жүргізген сауда-саттық Семей, Өскемен, Зайсан арқылы атқарылды. Бұл жерлермен ресейлік сауда керуендерінің жүріп өтуі көшпенді керейлердің шәй, ешкі түбіті тәрізді тау-аралармен тиімді алыс-беріс жасауларына жағдай туғызды.
Қазақстан халқы Маңғыстау арқылы Хиуа хандығымен, Сырдария облысы арқылы Орта Азиялық хандықтар тығыз сауда қатынасын орнатты. Азиялық тауарлар Орындор губерниясына да аз әкелінген жоқ. Тек 1898 жылдың өзінде Троицкінің жәрменкесіне 35600 сомның кілемі, 58700 сомның шампаны, 56 мың сомның көрпесі, 67600 сомның жібегі, 506 мың сомның жүзімі, тағы басқа азық-түлік түрлері әкелінді. Соның арқасында Қазақстанның ішкі рыногы қалыптасты. Мұндай алыс-беріс сауда негізінде алыпсатарлық артты. Ауыл-аймақты аралау арқылы жүргізілген алыс-беріс саудасы мал баққан шаруалар үшін тиімсіз болды. Тіптен алыпсатарлар ұсақ тауар өндірушілерді қайыршылыққа ұрындырған жайттар да кездеті. Өйткені, алыпсатарлар алған тауарларын басқа жерлерге жоғары бағамен сатып, мол пайда келтірді. Жергілікті халық өз өнімдерінің құнын дұрыс қоя алмауы, алыпсатарларға қол болды. Соның нәтижесінде далалық аймақта ұсақ және ірі саудагерлердің қолына шоғырланған капитал қанау есебінен жинақталды.
Сауда-саттықтың екінші бір ошағы ретінде жәрменкелердің ролі артты. Оның орталығы Ақмола облысындағы Атбасар, Контантинск, Таинчинск қалашықтары болды. Бұл жәрмеңкелердің 1900 жылғы ақша айналымы 18,5 млн сом құрады. Жәрмеңкелік сауда ақша құндылығын арттырды. 1867 жылы енгізілген үй басы салынғын қазақтар өз тауарлары аомастыру арқылы төледі. Оның мөлшері 1,5 сом күміс аұшамен белгіленді.
Далалық аймақтағы сауданың ірі орталықтары Омбы, Петропавл қалалары болып қалыптасты. Бұл қалаларда сауда-саттықтың үлкен көтерме қоймалары болды, шетелдік фирмалардың базалары барды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 120 мың сомдық капиталдан құралатын қарыз кассалары ұйымдастырылды. Оның Ішкі ордадағы сомасы 1854 жылы 10 мың теңге құрады.
Қазақстан экономикасына капиталистік қатынастар енуінің келесі бір факторы – банктердің ашылуы еді. Мемлекеттік банктің бөлімшелері 1876 жылы Оралда, 1881 жылы Петропавлда, 1887 жылы Семейде, 1895 жылы Омбыда ашылған. Капиталистік сауда банкінің бөлімшелері Қазақстанның жеті қаласында өз қызметін бастады.
Банк және қарыз мекемелерінің ашылуы Қазақстанда ақша айналымының өсуіне көмектесті. Ел экономикасына сауда капиталының кіруі, ақша қатынастарының дамуы жергілікті рыноктың қалыптасуына түрткі болды. ХХ ғасыр басында өлкемізде мұндай рыноктардың кең жүйесі қалыптасты. Алайда ұлттық рынок құрылмады. Қазақстанның әртүрлі аймақтары арасында экономикалық байланыстар болмады. Жоғарыда көрсетілген сауда, ақша қатанастарының кең желісі Қазақстанның Ресейдегі капиталистік рынокқа кіруіне ықпал етті. Бұл, сайып келгенде, қазақтың патриархалдық шаруашылығының күйреуіне, рулық тұрмыс тіршілігінің құлдырауына киліктірді.
Дамудың капиталистік сатысына өтуге орай Ресейде өндірістің жаңа салалары пайда болып, ескілер жаңара түсті. Фабрикалар заводтар мен заводар саны 1886 жылғы 2,5-3 мыңнан ХХ ғасыр басында тоғыз мыңға жетті. Аталмыш мерзімде өнекәсіп өнімі 8 есе өсті. Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстанның Ресеймен қарым қатынасы барынша кеңейді, сауда-сатығы, ақша айналымы күрт көтерілді, ауылдың шаруашылық байланыстары өсті. Алайда капиталистік ел экономикасына енгізілу еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын ауырлатты. Қалтасын капиталға толтыруға құныққан өнеркәсіп иелері еңбек уақытын 14 сағатқа дейін созды, жұмысшылырға жартымсыз жалақы төледі. Ауыр езгімен жаншылған жұмысшылар ереуілге шықты. 1900 – 1903 жылдары Ресейде 125 – 175 мыңға дейін жұмысшы ереуілі тіркелді, 670 шаруа қозғалысы бас көтерді. Қазақстанда бірінші болып Екібастұз көмір өндірушілері 1900 жылдың шілдесінде бас көтеріп, ереуіл қозғалысына қатысқан 83 адам еңбекақыны көтеруді, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етті.
Рессей капитализмнің кеңейе дамуы, оның ұлттық шет аймақтарға жылжуы, шикізаттардың аса бай көздерін пайдалану, өткізу рыноктарының кеңеюі банк флиалдары кредит мекемелерінің тармақталған буындарын құрумен қабаттаса жүрді.
Қазақстанның кредит жүйесі Ресей империясы қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде Мемлекеттік банктың бөлімшелерінен, коммерциялық банктердің филиалдарынан, қаланың орташа капиталистік топтарының банктерінен, сондай-ақ, кредиттік кооперациялар мен майда несиелердің басқа да мекемелерінен құралады. Мемлекеттік банктың Қазақстан территориясындағы бөлімдері ең алдымен өленің сауда-өнеркәсіптік орталықтарында: Оралда, Петропавлда, Семейде, Омскіде, Верныйда ашылды. Сібір сауда банкінің 57 филиалының Қазақстан аудандарында жетеуі, яғни 12,3 пайызы жұмыс істеді. Өлке территориясындағы филиалдарының саны жөнінен екінші орынды сауда айналымын несиелендіруге көп қаржы салған Орыс сауда өнеркәсіптік банкі алды. Оның бөлімдері Петропавлда, Верныйда, Қостанайда, Оралда, Павлодарда ашылды. Қазақстан облыстары арасында кредиттік мекемелер саны жөнінен бірінші орында Ақмола облысы тұрды. Петербургтың аса ірі комерциялық банкі арасынан 1879 жылы құрылған Сібір сауда банкінің Қазақстан аймағындағы филиалдары неғұрлым көп болды.
1.2 Капитализмге өтудің қиыншылықтары
Капиталистік қатынастардың дамуы сауданың өркен жаюына Айтарлықтай ықпал жасады. Ресейдің сауда капиталы өлкенің ең шалғай аудандарына өтіп жатты, мұның өзі мал өсіретін жергілікті шаруашылықтарды Ресейдің, Орта Азияның, Батыс Еуропаның рыноктарымен бұрынғыдан да тығыз байланыстыра түсті. Саудаға түсетін товар негізінен мал болды. Әр жазда Сарысу уезі арқылы Ресей орталығына Ақмола, Қарқаралы және Сарысу уездерінен 60 мыңға дейін мүйізді ірі қара мал, және 200 мыңға дейін қой айдап әкелінді. Сыртқа шығарылатын астықьың көлемі үстемелеп артты. Орал, Орынбор, Семей қалалары астықпен сауда жасаудың ірі орталықтарына айналды.
ХІХ ғасырдың 80-жылдарында тек Семейде ғана 380 мың пұтқа дейін бидай және 500 мың пұтқа дейін бидай ұны, Павлодарда – 200 мың пұтқа дейін астық жинақталды. Астық сатумен қанатас аудандарға астық шығарудың пайдалылығын ескеріп, жергілікті капиталистер өз қаржыларын дәл осы ұн тарту өнеркәсібіне салды. ХХ ғасырдвң басында бұл салаға капиталдың ең көп шоғырландырылуына қол жетті.
ХІХ екінші жартысы мен ХХ ғасырдаң басында жергілікті көпестер сауда-саттықтың жаңа-жәрмеңкелік формасын қолдана бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емс, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біртіндеп ыдырай бастады.
Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.
Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп тауарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар көзі ретінде капиталистік Ресейге барынша тәуелді болып шықты.
70-80 жылдары Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан рыноктарына Ресейден мата көп келетін болды. Фабрикаларда өндірілетін арзан мақта-мата бірқатар шығыс елдерінің майдагерлік бұйымдарын шапшаң ығыстырды. Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар көтеріңкі бағамен сатылды. Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейге мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу шапшаң өсті. Көптеген мал мен шикізат Сеиейдің, Петропавлдвң,Оалдың, Орынбордың қасапханаларында, былғары, тоң май, тері илеу, сабын қайнату зауыттарында өңделіп, қырға тон, аяқкиім ретінде қайтып оралып отырды.
Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді жәнешаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады.
Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін жәрмеңкелік сауданы енгізді.Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкеде жәрменкелер ірі сауданың қолайлы түрі еді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды.
Қазақстанда сауда капиталының пәрменді түрде енуімен өлкеде сауданың тұрақты формалары: дүкендер, көтерме сауда қоймалары көбейді. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында Қазақстанда өсімқорлық сауда жаппай тараған кез еді. Момын қазақ шаруалары өсімқор капиталға түгелдей кіріптар болды, өсімқорлар көшпелі қазақ халқына аямай тұсау салды. Сонымен бірге,өлкеде тауар айналымы өскен сайын өсімқорлықпен қатар, банктер мен басқа да кредит мекемелері беретін қарыздардың капиталистік формалары орын ала бастады. Ресей мен Орта Азиа арасында ұлғая түскен сауда, сондай-ақ ішкі рыноктың өсуі,өлкеде сауда буржуазиасы әлеуметтік тобын қалыптастырды. Қазақстанда да сауда капиталының шонжарлары өсіп шықты. Мысалы,саудагер Деевтердің, Путиловтардың, Оглотковтың, Хрупиннің Орынборда, Тройцкде, Орскіде және басқа қалаларда астық және өнеркәсіп тауарларын сататын ондаған дүкендері қызмет етті.
Қазақстанда капиталсттік түрдегі сауда-саттықтың күшеюі жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына улкен әсерін тигізді. Осы кезде, Қазақстанда 30-дан астам қалалар мен 400 қазақ-орыс поселкалары пайда болды. Қазақстан қалалары халқының қалыптасуы мен өсуі Ресейдегі капиталистік қатынастардың дамуымен тығыз байланысты еді. Қалаларда әскери абамдар, құрметті азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары тұрды. Қала халқының көпшілігі кедейленген шаруалар мен майда кәсіпорындардың жұмысшылары болатын.
ХІХ ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржылығы әкеле бастады. Оған өлкеде қолайлы жағдайлар болды: жермен шикізат арзан еді, жұмысшылардвң жалақысы төмен, басы артық күші мол.
Кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңызды саласы бола бастады. 1896 жылы бір ғана Қарқаралы уезінде 70-ке жуық шағын мыс, 170-күміс-қорғасын, 3 темір, т.б. рудниктері жұмыс істеді. Осындай кен қоры Баянауыл және Петропавл уездерінде де пайдалана бастаған болатын. ХІХ ғасырдың аяғында Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауында балық аулау кәсіпшіліктері капиталистік кәсіпорындарға айналды. Шымкент пен Түркістанда негізінен мақта тазалайтын бірнеше зауыт істеп тұрды. Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде, Орал обылысы Басқұншақ кәсіпшілігінде тұз кен орындары ашылды.
ХІХ ғасырдың 70-жылдары ішкі Ресейден Қазақстанға Темір жол тартыла бастады. 1874-1876 жылдары Орынбор темір жолы салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен жалғастарды. 1880-1890 жылдарында Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Ташкентке дейін темір жол салу ісі қолға алынды. Ғасырдың аяғына қарай темір жол, су және почта-телеграф қатынасы Қазақстан Мәскеумен, Петербургпен, Орталық Ресеймен, Сібірдің, Алтайдың және Орта Азияның басқа да қаларымен тікелей жалғастырды. Қатынас құралдарының дамуы халықтың өзара байланысын тездетіп, тауар айналымының дамуына кең жол ашты.
Сонымен, капиталистік қатынастардың қазақ даласына енуі өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлінісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді.
Жұмысшы табының қалыптасу қарқыны мен оның санының өсуі Қазақстан қалаларында біркелкі болған жоқ. Өлкенің кен өнеркәсібі дамыған аудандарда жұмысшылар саны көп болғанымен Ресейге қарағанда едәуір аз еді.
Қазақстанның өндіріс орнындағы жұмысшы табы көп ұлтты болған еді. Өйткені, олар Қазақстанға Қоныстануға келген түрлі ұлттардың шаруа-жұмыскерлерінен, патша чиновниктері алып келген маман жұмыскерлерден және жергілікті кедейленген шаруалардан құралғанды. Жұмысшылардың, әсіресе, қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр, еңбек ақысы да төмен болды.
Орыс жұмыскерлері Қазақстан кәсіпорындарындағы басқа ұлттардың өкілдерінің, әсіресе қазақ жұмысшыларының өздерінің ерік құқықтарын қорғау жолындағы күреске шығуына ықпал жасады. Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулер 80-90 жылдары кеңінен өрістеді.
ХХ ғасырдың басында капиталистік қатынастардың қазақ даласында дамуы күшейе түсті. Өлкеде өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісі одан әрі дамып, жұмысшы табы қалыптасты.
Патша өкіметінің аграрлық саясаты салдарынан орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы жаппай сипат алды. Сөйтіп, қазақ еңбекшілерінің жерлерін басып алу кеңінен жүргізілді. Қазақ шаруаларын тонауды патша өкіметі “қоныстанушы”, “жер қоры” деп аталатын желеумен іске асырды. Бұл қорды жасау үшін жергілікті халықтың жайлы қоныстарн тартып алып отырды. Шаруалардың Ресейден Қазақстанға Шұбыруы бұрынғыдан да артты. Түркістан генерал-губернаторының толық емес дерегі бойынша ХХ ғасыр басына дейін бір ғана Жетісу облысына мың отбасы келіп қоныстанса, 1905 жылы олардың саны 28 мыңға жеткен. Мұндай жағдай қазақстанның басқа өлкелерінде де байқалды. Қазақстанның Ресейге түгелдей басыбайлы болып қосылуы, өндірістік кәсіпорындардың дамуы, сауда жүйесінің кеңеюі, қалалардың қалыптасуына барынша ықпалын тигізді.
ХХ ғасырда Қазақстандағы қала тұрғындарының саны едәуір өсті. Мәселен, Семей қаласында 1903 жылы 27 334 адам тұрса 1909-10 жылдары 31 382, 1914 жылы 35 мыңңа жеткен. Бұл кезде қалалар болып саналған Оралда 47,5 мың, Петропавл мен Верныйда 43,2 мыңнан адам тұрған. Қала тұрғындарының саны негізінен Ресейден көшіп келген қоныс аударушылар есебінен өсті. Құрамына қарай олар қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және қазақтардың дәулетті бөлігі және жай еңбекшілерге бөлінді.
Қазақстанға капитализмның енуі мұнда тауар-ақша айналымының ұлғаюы патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырауына, қазақ ауылында капиталистік қатынастардың дамуына жағдай жасады. Өнеркәсіптің жаңа салаларын өмірге әкелді, еңбектің қоғамдық бөлінісінің өсуіне және жалдамалы жұмысшылардың пайда болуына үлкен ықпал етті. Натуралдық шаруашылықтың ыдырауы қазақ шаруаларының кедейленген топтарын “қосымша табыс іздеуге” мәжбүр етті. Өндірістік кәсіпорындарында жұмыс істеу олар үшін ақша тауып күн көрудің көзіне айналды. Қазақстан жұмысшы табы ңегізінен 1860-1890 жылдары жүргізілген реформалардан кейін пайда бола бастады. Бірақ бұл процестің қарқыны мен жұмысшы санының өсуі әр облыста бірдей болмады. Жұмысшылар тау-кен өнеркәсібі дамыған аудандарда 1855 жылы 1,5 мыңға жуық болса, 1890 жылы 11 мыңға жетті. Жалпы ХХ ғасырдың басында Қазақстанның кәсіпорындарында 15 мыңға жуық жұмысшы істеді. 1917 жылы олардың саны 65 мыңға жетті. ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басына қарай Ресейде капиталистік даму импералистік сатыға көтерілді. Бірақ Ресейде имперализм елдің экономикасы мен саяси құрлысында феодалдық-крепостниктік қалдықтардың сақталуы жағдайында дамыды.
Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі мен дамуы оңайға соқпады, яғни тауар-ақша айналымының, несиелік жүиенің орнығуы, жұмысшы табының қалыптасуы барлығы көптеген қиыншылықтар мен зардаптар көрумен бірге қалыптасты. Бұл Қазақстанның экономикасына, мал шаруашылығына, егіншілігіне, тұрмыс – тіршілігіне көптеген өзгерістер енгізді. Өлкеде үлкен және кіші көптеген жәрмеңкелер ашылды. Көп шаруалардың жағдайы жақсарса, енді біреулердің жағдай мүлдем төмендеп кетті. Ресейден келген алыпсатарлсардың айтқанына көне берген қазақ шаруалары өздерінің көптеген мал-мүлкін арзан ақшаға сатып жіберді.
Менің ойымша, капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі процессінде көптеген қиыншылықтар көріп, сауда жайында сауат алып, бір пайдасымен бір зияны болды.
Пайдаларын айтар болсақ: өлкенің тұрмыс тіршілігі өзгеріп, тек мал мен егін шаруашылығы мен айналысатын қазақ сауданы да, алыс-берісті де үйреніп жағдайлары жақсара бастады. Яғни, халықтың көзі ашылып, банктер мен қарыз орындары ашылды. Мұндай банктер Қазақстанның көптеген облыстарында қанат жайды. Әртүрлі рыноктар мен өнеркәсіптер жұмыс істей бастады.
Ал зиян жағына келер болсақ, ол кезде шаруалардың жағдайы күрт төмендеп күн көріс жағынан қиыншылықтар туды. Көптеген кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың жалақысы төмен, жұмыс сағаты ұзақ болды. Сондықтан, елде көп жерлерде көтеріліс пен ереуілдер болып, өнекәсіп орындарында жұмыс істейтін адамдар жұмыс уақытын қысқартуды, жалақыны көбейтуді талап етті. Осының арқасында кей өнеркәсіптерде жұмыскерлер жалақысы көбейді. “Кемшіліксіз адам болмас”,- дегендей әр нәрсенің пайдасы болса, оның зиян жақтары да болады.
ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ПРИНЦИПТЕРІ
2.1 Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмысының барсы
Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі (білім, еңбек, бос уақыт және т.б.) үшін және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың спецификалық (өзгеше) проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.
Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау «деңгейін» анықтау табылады.
Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын аудару керек: мектепте оқуын жалғастырып жатқан жасөспірімдер еңбегі және орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.
15-29 жас аралығындағы азаматтардың жалпы саны – 3 787 700 адам, немесе жалпы халық санының 25,7% -ын құрайды.
1-кесте. 2006-ші жылмен 2009-ші жылдар халық құрылымындағы жастардың үлесі,% (15-29)
Жылдар |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
Халықтың жалпы саны,%-бен |
100% |
100% |
100% |
100% |
Жастар үлесі |
24,7 |
25,0 |
25,4 |
25,7 |
*Агафанов А.Н, Менлибаев К.Н. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие.-Караганда: Издаетльство КарГУ, 2008г.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген кестеден халық құрылымында жастар санының ұлғайғаны көрінеді. Дегенмен, жастар санының өсуі регрессивті сипатты процестер есебінен болып отыр.
2- Кесте. Жастық топ бойынша жас халықтар саны (мың адам)
|
2006ж |
2007ж |
2008ж |
2009ж |
2009ж-2006ж %-бен |
15-29 |
1431,4 |
1418,0 |
1418,7 |
1374,3 |
96,01 |
20-24 |
1288,2 |
1307,6 |
1293,6 |
1251,0 |
97,11 |
25-29 |
1153,9 |
1150,4 |
1152,7 |
1162,4 |
100,73 |
Жоғарыда көрсетілген 2-Кесте бойынша 15-19 жас аралығындағы қазақстандықтардың жалпы саны 5642,4 адам. «Орта» (20-24) жас тобы 5140,4 адамды құрайды. Бұл топтағы жас халықтар саны 15-19 жас аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда 502 адамға кем.
25-29 жас аралығындағы топтар 4619,4 жас қыздар мен ұлдарды құрайды. Ең төмен көрсеткіш осы топтағы жас халықтар санынан байқалады. Яғни, 20-24 жас тобы аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда-521 адамға кем, ал 15-19 жас тобы аралығындағы халықпен салыстырғанда – 1023 адамға кем екенін көре аламыз.
Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді.
1994 жыл 2009 жыл
1-сурет Жастардың білім деңгейі, %
Республика экономикасында 1205,8 мың жастар жұмыспен қамтылған, немесе олар жалпы халықтың 28%-ын құрайды. Сонымен бірге 15-24 жас аралығындағы жастардың үлесі – 50,5% және 25-29 жас аралығындағы жастардың үлесі – 49,5%. Жұмыспен қамтылған жоғарғы және аяқталмаған жоғарғы білімі бар жастар үлесі- 17,1% -ды құрайды, орта мамандар – 27,1%-ды және жалпы орта білімді жас азаматтар – 44,3% -ды құрайды. Ауыл, орман және балық шаруашылық секторларында 356,8 мың жастар жұмыспен қамтылған (жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 29,6%-ын құрайды), өнеркәсіпте және құрылыста – 189,5 мың (15,7%), ал қызмет көрсету саласында – 659,1 мың (54,7%) жастар жұмыспен қамтылған.
Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер — әлеуметтік қамсыздандыру, білім, жұмыспен қамту қызметі және әскери салаларда жұмыспен қамтылған
3-Кесте. Халықтың жас ерекшелігі мен саны
пайызбен
|
Халықтың орташа республикалық санының пайыздық көрсеткіші |
||||
2000ж |
2006ж |
2007ж |
2008ж |
2009ж |
|
Барлық халық |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Соның ішінде жас еркшілігі бойынша,жыл: 1 жасқа дейін |
1,6 |
1,5 |
1,5 |
1,4 |
1,4 |
1-4 |
7,3 |
1,5 |
6,5 |
6,1 |
5,8 |
5-9 |
10,6 |
6,9 |
10,0 |
9,7 |
9,3 |
10-14 |
10,3 |
10,5 |
10,7 |
10,8 |
10,7 |
15-19 |
9,2 |
9,3 |
9,4 |
9,6 |
9,8 |
20-24 |
8,4 |
8,5 |
8,6 |
8,7 |
8,8 |
25-29 |
7,4 |
7,6 |
7,7 |
7,8 |
7,9 |
30-34 |
7,7 |
7,4 |
7,2 |
7,1 |
7,1 |
35-39 |
8,0 |
8,1 |
8,0 |
7,9 |
7,6 |
40-44 |
6,5 |
6,7 |
6,9 |
7,1 |
7,4 |
45-49 |
5,4 |
5,6 |
5,7 |
5,8 |
6,0 |
50-54 |
2,8 |
3,0 |
3,5 |
4,1 |
4,7 |
55-59 |
4,8 |
4,4 |
3,7 |
3,1 |
2,6 |
60-64 |
3,1 |
3,4 |
3,8 |
4,1 |
4,2 |
65-69 |
2,9 |
2,7 |
2,4 |
2,2 |
2,2 |
70-тен жоғары |
4,0 |
4,0 |
4,4 |
4,5 |
4,5 |
2009 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі халық саны 1,5%-ға, 1-4 жас аралығындағы халық саны 3,4%-ға, 5-9 жас аралығындағы халық саны 1,3%-ға, 30-34 жас аралығындағы халық саны 0,6%-ға, 35-39 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 55-59 жас аралығындағы халық саны 2,2%-ға, 65-69 жас аралығындағы халық саны 0,7% -ға кеміді.
Ал, 10-14 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 15-19 жас аралығындағы халық саны 0,6%-ға, 20-24 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 40-44 жас аралығындағы халық саны 1,1%-ға, 45-49 жас аралығындағы халық саны 1,6%-ға, 50-54 жас аралығындағы халық саны 2,1%-ға, 60-64 жас аралығындағы халық саны 1,1%-ға және 70 жастан жоғары жастағы халық саны 0,5%-ға 2009 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ұлғайған. Және де осы кестеден көріп отырғандай халықтар арасындағы ең үлкен өсім 10-14 жас аралығында байқалады.
Қазір Қазақстан Республикасы аумағында 3527000 отбасы тұрады. Еліміздегі қазіргі жағдай отбасы жағдайын шиеленістірді. Көптеген отбастарында әлеуметтік қызметтерді іске асыру шарты – репродуктивті, экзизтенциалды мәндегі және балаларды алғашқы әлеуметтендіру күрт төмендеді. Алаңдатушылықтың басқа бір себебі аборт процентінің жоғары болуы. Аборттан кейінгі өлім – ана өлімінің жоғарғы коэффициентіне қатысты негізгі себептердің бірі.
Тек орыс әйелдері емес, сондай-ақ қазақ әйелдері арасында да жас айырмашылығына байланысты бала туу деңгейінің нақты төмендеуі байқалады. 2008 ж. мәліметтері бойынша қазақ әйелдерінің бала туу жасының мөлшері нақты алғанда, 35 жасқа дейін ақталады: бала туудың 90,9% 35 жасқа дейінгі аналар. Орыс әйелдерінің бала туу жасының мөлшері негізінен, 30 жасқа таман аяқталады. (барлық туудың 84,1% 30 жасқа дейінгі).
Қазіргі кезде қазақстандық әйелдері көпшілік жағдайда, бір екі бала туумен ғана шектеледі, сондықтан халық санын көбейту үшін отбасы жалпы санының жартысынан көбі үш және одан да көп балалы болуы керек. Тек қаланың емес, сондай-ақ ауылдық жердегі әйелдер де баланы аз туатын болды. Бала тууды саналы түрде шектеу, негізінен бала туу барынша қабілетті жастағы әйелдерде байқалады. Осыған байланысты әйелдер мен балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау аса өзекті проблема болып қалады.
2006 жылы неке саны 145686, ал ажырасу саны 41567 болса, 2009 жылы неке саны 96048, ажырасулар 35460, яғни халықтың неке-6,4, ажырасу-2,4 болған. Яғни, 4 жыл ішінде неке саны қысқарған, егер жылдармен салыстырсақ, онда ажырасудар саны қарқынды өсуде.
Некеге тұрушылар санының қысқаруы байқалады. 2000 жылы халықтың 1000 адамына 6,4 неке, 2007 жылы 9,8 неке қиылған, яғни осы мерзім ішінде некелік 1,7 есе кеміген.
Әрине, әлеуметтік қызметкер жеке отбасы мен оның мүшелерінің барлық мәселесін шешпейді, ол әлеуметтік топқа туындаған қиыншылықтарды өз бетінше жеке білуге көмектесу мақсатында, иек ынталандырып немесе оңтайландырады. Бұл жағдайда отбасы мәселелерін шешуде отбасы мүшелерінің шын мүдделілігі, сол сияқты әлеуметтік қызметкер ықпал етуге қабілетті өз бетінше шешім қабылдауға дайындығы орасан зор роль атқарады.
Қазақстанда Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:
- психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеумеметтік, заңдық көмекті жүзеге асыру және кәмілетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;
- өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек;
- жас отбасыларына әлеуметтік көмек;
- еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
- мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;
- құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;
- жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.
Мелекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында жастардың әлеуметтік құқықтары:
- заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін медициналық қызмет көрсетілуіне;
- мемлекеттік оқу орындарында тегін жалпы орта білім және бастауыш кәсіптік білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін жоғары және орта кәсіптік білім алуға;
- жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;
- құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелері, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және т.с.с. оңалту жөніндегі қызмет көрсетулерді тұтынуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға әлеуметтік құқықтары бар.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрибиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады.
2.2 Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау
Еліміздегі мүгектер мен мүмкіндігі шектелген адамдар мемлекет тарапынан арнайы көмекті қажет етеді, себебі олардың физикалық, психикалық, интеллектуалдық мүмкіндіктері олардың қоғамда дұрыс өмір сүруіне кедергі жасайды. Осы мәселелерге байланысты Қазақстанда мүгедектерді оңалту мәселесі қолға алынды.
Қазақстанда 388,7 мың мүгедектердің барлық категориялары, соның ішінде 211 мыңы әйелдер, 49,1 мыңы 16 жасқа дейінгі балалар, 58,8 мың бала күнінен мүгедектерді құрайды. Соңғы жылдары мүгедектердің санының өсуі тенденциясы байқалады, алғашқы мүгедектік төмендеген. Бұл ерте мүгедек реабилитациялау төменгі деңгейде екенін көрсетеді.
Сонымен бірге бірінші рет мүгедек көрсеткіш ішінде еңбекке қабілетті жастағы мүгедектер үлесі тұрақты түрде өсіп келеді. 2007 жылы бұл сан 86 %-ды құрады, 1999 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға өскен (4-ші кестеде көрсетілген).
4-кесте Бірінші рет мүгедектік көрсеткіштері (жылдың басына)
|
1999ж |
2000ж |
2006ж |
2007ж |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Бірінші рет мүгедек болып танылғандардың жалпы саны, мың адам |
55,1 |
49,7 |
46,1 |
40,8 |
1000 адамға шаққандағы мүгедектер саны |
3,5 |
3,3 |
3,1 |
2,8 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5
|
Алғашқы мүгедектік топтар бойынша, мың адам — І топ мүгедектер саны — ІІ топ мүгедектер саны -ІІІ топ мүгедектер саны |
5,9 33,1 16,1 |
4,9 27,5 17,3 |
4,8 25,3 16,0 |
4,6 23,8 12,4 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Алғашқы мүгедектік жынысы боынша бөлу, мың адам — әйелдер — ерлер |
22,5 32,6 |
20,5 29,1 |
18,9 27,2 |
— — |
Алғашқы мүгедектікті тұрғылықты жеріне байланысты бөлу, мың адам — қалалық жер — ауылдық жер |
32,1 23,1 |
28,5 21,1 |
26,1 19,9 |
— — |
Мүгедектердің еңбекке қабілеттігіне байланысты саны, мың адам |
44,7 |
41,6 |
39,6 |
35,14 |
Жұмыс істеуші мүгедектердің саны, мың адам |
14,7 |
10,9 |
8,9 |
8,7 |
Алғашқы мүгедектер үлесіндегі еңбекке жарамды жастағы мүгедектердің саны, %-бен |
81,1 |
83,7 |
85,9 |
86,0 |
*Көздері: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі, ҚР әлеуметтік қорғау мен еңбек министрлігі
Берілген сандар мүгедектер санының ары қарай өсуі халықтың дені сау өсімінің әлеуметтік қауіпті төмендеуге, елдің еңбек ресурстарының өсуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Мүгедектің еңбекке жарамды халық ішінде дамуы әлеуметтік-экономикалық, медициналық-демографиялық және экологиялық факторлар өсуіне әсер етеді, еңбекті қорғаудың томен деңгейі, сонымен бірге медициналық қызметтің жоғары құны мен төмен сапасы өз үлесін тигізуде.
2-сурет Мүгедектіктің негізгі себебтері
Мүгедектің негізгі себептері – 18,6 %-ы қанайналым органдарының ауруына байланысты, екінші жаман сапалы пайда болулар – 14,1%, үшіншіден психикалық шалдығулар 12,1%, төртінші әртүрлі жарақаттар – 11,9%-ды құрайды, мамандық жарақаттары мен еңбек салдарынан сырқауға ұшырау мүгедектіктің ел бойынша 1,3%-себебі болып табылады.
5-кесте Алғашқы мүгедектік себебтерінің динамикасы (жыл басына)
Мүгедектік себебтер |
2007ж. |
2008ж. |
2009ж. |
Жалпы ауру-сырқаулар |
46417 |
41560 |
38118 |
Еңбектегі жарақаттану |
656 |
516 |
479 |
Профессионалды сырқау |
163 |
111 |
111 |
Жастайынан мүгедектік |
6424 |
6518 |
5524 |
Қазақстандағы мүгедектердің жылдамдығы 13%-ын 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар құрайды. Республикада қазіргі 49,1 мың мүгедек-балалар тұрады, олар 16 жасқа дейінгілер және 58,8 мыңы жастайынан мүгедектер.
Мүгедектіктіктіңбалалардың арасында күрт өсуі елдегі экологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты, яғни өндірістік қоқыстардың ана мен бала денсаулығына әсері, сонымен бірге медициналық қанағаттарлықсыз бақылау болып отыр.
6-кесте Мүгедектерге берілетін мемелекеттік жәрдемақылардың көлемі,теңге
Мүгедектер категориясы |
І-топ |
ІІ-топ |
ІІІ-топ |
1 |
2 |
3 |
4 |
— Жалпы сырқаттан, еңбек және профессионалдық жарақаттан болған мүгедектік — Әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарындағылардың төтенше жағдайдан қызметін атқаруғу байланысты мүгедек болғандар |
7АЕК 7210
|
4,5АЕК 4635 |
3АЕК 3090 |
— Жастайынан мүгедектер |
7АЕК 7210 |
5АЕК 5150 |
4АЕК 4120 |
— Жедел әскери қызмет өтушілер ішінен мұгедектер, жаралану, контузия, жарақаттану, сырқаттану әсерінен болғандар — Ядролық объектілерде қауіп-қатерге, авария, жағдайында қатерді жою кезінде мүгедек болған тұлғалар — Төтенше экологиялық жағдайларда, соның ішінде радиациалық әсер, ядролық жарылыс сынақтар кезінде мүгедек болғандар
|
9АЕК 9270
|
6,5АЕК 6695 |
5АЕК 5150 |
— әскери қызметкерлер ішінен мүгедектер жаралану, контузия, сырқат алу әсерінен мүгедек болу және ішкі істер органдарында қызмет бабында мүгедек болғандар |
16АЕК 16480 |
10,5АЕК 10815 |
7АЕК 7210 |
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар |
4АЕК 4120 |
4АЕК 4120 |
4АЕК 4120 |
Мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек мүгедектер жергілікті өкілеттіліктер мен атқарушы органдардан жергілікті бюджет есебінен қосымша алуы мүмкін:
- мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тұтынушылар бағасын индексі өсуіне сәйкес;
- жалғыз басты мүгедектерге басқа біреудің көмегін қажет ететіндерге қосымшалар;
- демалыс емделу органдарда емделуге жеңілдіктер.
Мүгедектердің 8%-ы ғана жұмыс істейтіндер екенін ескерсек (6-кесте) қалған жұмысқа қабілетсіздер мен жұмыссыздар қазіргі күнгі жеткілікті түрде ауыр жағдайда екен.
|
Барлығы |
І-топ |
ІІ-топ |
ІІІ-топ |
Бірінші рет мүгедек болып танылғандар,адам |
4820 |
4581 |
23842 |
12397 |
Алғашқы мүгедектігі жұмыс істейтіндер үлесі % |
21,2 |
14,5 |
21,3 |
23,7 |
Қайта мүгедек болып танылғандар |
130771 |
6552 |
76860 |
47359 |
Қайта мүгедек болып танылғандар ішінде жұмыс істейтіндер үлесі % |
3,7 |
06 |
09 |
8,6 |
Жалпы мүгедектер санындағы жұмыс істейтіндер үлесі % |
7,9 |
6,3 |
5,8 |
11,7 |
Қазақстандағы мүгедектер тап болатын проблемалардың ішінде, келесі негізгі топтарға бөлуге болады:
- жұмыспен қамтылудағы қиындықтар, мүгедектерді қамту сферасындағы дискриминациялау;
- білім алудағы шектеулер және әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандырудағы шектеулер;
- мүгедектерді реабилитациялауда денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын төмендегі мен жеткіліксіз көлемі;
- мүгедектерді тұрғын үйлерге қол жеткізе алмады;
- елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысудың әлсіздігі.
Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау. Мүгедектерді мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2005 жылы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», ҚР 1999 жылдың 5 сәуірдегі № 365-1 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі, асыраушысынан айырылу және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», 2007 жылдың 11 тамызындағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық және педагогикалық түзету және әлеуметтік қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 29 желтоқсан № 1758 «Мүгедектерді 2007-2005 жылдарға оңалту бағдарламасы» Қаулысымен және басқа нормативтік актілермен өткізілуде.
Мүгедектерге мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек жәрдемақылар, протез-ортопедиалық заттар және аяқ-киіммен қамтамасыз ету, арнайы шрифтпен басылған баспалармен, дыбысты үлкейтетін аппаратуралар және синтезаторлармен, техникалық компенсаторлар және басқа да реабилитациялау құралдарын қамту, интернаттық мекемелерде бағу түрінде беріледі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті бюджет құралдары ішінде қосымша мүгедектерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру, соның ішінде мемлекеттік жәрдемақыға қосымша төлеу, жалғыз басты мүгедектерге күтім көрсетуге мемлекет тарапынан қосымшалар, санатория-курорттық елдерге жеңілдік беру.
Елде мүгедектерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуде 72 үй -интернаттары жұмыс істейді, онда 16,5 мың жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз мүгедектер тұрады, соның ішінде 2,9 мың мүгедек балалар (7-кесте).
7-кесте Мүгедектерге арналған интернат-үйлері (жыл соңына)
|
2006ж |
2007ж |
2008ж |
2009ж |
||
Интернат үйлеріндегі орындардың жалпы саны, мың |
16,7 |
16,5 |
16,5 |
17,0 |
||
Қарттар және ересек мүгедектерге арналған интернат үйлері |
||||||
Интернат үйлерінің саны |
51 |
52 |
53 |
56 |
||
Орындар саны, мың |
13,5 |
13,4 |
13,4 |
13,9 |
||
Тұрып жатқандар саны, мың адам |
11,8 |
12,2 |
12,9 |
13,6 |
||
Мүгедек балаларға арналған интернат үйлері |
||||||
Интернат үйлерінің саны |
17 |
17 |
17 |
17 |
||
Орын сандыры, мың |
3,2 |
3,1 |
3,1 |
3,1 |
||
Тұрып жатқандар саны, мың адам |
2,9 |
2,7 |
2,7 |
2,9 |
||
*Көздер: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі, ҚР әлеуметтік қорғау мен еңбек министрлігі
Мүгедек балалар, отбасында тұратын жалпы білім беру мектептерінде оқуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан, психологиялық-медициналық консультация қарттар мен 3160 үйде оқытылады жалғыз басты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін үйде әлеуметтік көрсетудің 327 бөлімшесі жұмыс жасайды, 32,7 мыңға қызмет көрсетіледі, олардың 7 мыңнан астамы мүгедектер.
Мемлекеттік тапсырысты орындау шегінде жыл сайын республикалық бюджеттен мүгедектермен ардагерлерді сауықтыруға құралдар бөлінеді. Сауықтырулар бойынша қызметтерді Алматы қаласындағы «Ардагерлер» республикалық пансианаты, Павлодар облысындағы «Мойылды» санаториясы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» және Бурабай курорттық зонасында орналасқан «Жеке-Батыр» қызмет көрсетеді. Мүгедектерді реабилитациялаудың кешенді құру үшін қоғамның жан-жақты интеграциялауы мүмкіндігін жасау үшін Қазақстан Республика үкіметінің 2006 жылы 29 желтоқсандағы № 1758 «Мүгедектерді 2007-2005 жылдардағы оңалту бағдарламасы» бекітілді. Бағдарлама мүгедектерді реабилитациялау жүйесін құруға бағдарланған, өмір сүру жағдайына қарамастан мүгедектік деңгейін төмендету жағдайын қамтамасыз ету.
Балалар мүгедектігінің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық-педагогикалық түзетуді әлеуметтік қолдау туралы» Заңы бекітілді. Заң әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзетудің формалары мен әдісін анықтайды. Ауытқулары бар балаларды айқындау, медициналық, арнайы білімі және әлеуметтік қызмет көрсету, реабилитациялық орталықтар ашу, түзету кабинеттерін ашу, тәрбиелеу, оқыту, еңбек сыйақыларымен байланысты проблемаларды шешу, мүмкіндігі шектеулі балаларды профессорларды дайындау, мүгедектіктің алдын алу болып табылады.
2010 жылға дейін елдің дамудың стратегиялық жоспарында дамуында авытқулары бар балаларды орта кепілдендірілген білім беру конституциялық қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты қойылған. Арнайы білім беру органдарының дамуымен қатар, ондай балаларға елде қарапайым мектептерде оқыту тәжірибесі қолданылатын болды, оқушылар ішінде үйренісіп кетуге жағдайлар жасалады, слнымен бірге балаларды яғни қарап және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқтарға дистанциондық оқыту енгізілмек.
Мүгедектерді қолдау жөніндегі мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі (МЕҰ). Қазақстанда барлық халық ішінде ең әлсізге жататын МЕҰ қорғауындағы мүгедектер. 200 МЕҰ-дың 90-ға жуығы мүгедектермен тікелей жұмыс істеуге біріккен (60%), жанама мәліметтер бойынша осы жұмыстарды үздіксіз жүргізуді: Бірақ қаржыландыру қызметтегі көлемі, мүгедектерге МЕҰ арқылы көрсетеді, және оны бағалау қиынға соғады.
Мүгедектерге МЕҰ құрудың заңды базасы Қазақстан Республикасының «мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы заңымен жүзеге асырады, 48-бап бойынша «мүгедектердің құқығын қорғау, мүддесін ескеру, өзара қолдау көрсетуді атқарушылар қөоғамдық бірігулер құруға құқығы бар, соның ішінде әртүрлі Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген әртүрлі қорлар.
Сонымен республикада республикалық мүгедектер қоғамдарымен олардың облыстық бөлімшелері, Қазақстандық соқырлар қоғамы, Ести алмайтындардың Қазақстандық қоғамы республикалық мүгедек әйелдерді қорғау «Бибі-Ана» қоғамы, әлеуметтік адаптациялау және профессорлады еңбектік балалар мен ауытқулары бар жасөспірімдерді реабилитациялау. Центр-Сатр, «Кеңес», «Лига», «Ақбота», яғни мүгедектермен психофизакалық дамуында ауытқулары бар балаларды қорғау, мүгедек балалар ата-аналардың аассосиайиясы, «Қазақстан мүгедектері» мен мемлекеттік емес ұйымдар заңды тұлғалардың бірігуі тағы басқа жатады.
Көпшілік мүгедектерді біріктіруші мекемелер өздерінің жеке меншік мекемелерін аша отырып, мүгедектерді жұмыс орнымен қамтуға тырысады. Мысалы: соқырлар қауымдастығында бірнеше көп жүйелі мекемелкр бар. Көзі көрмейтін мүгедектер, түймелер, металл үлгілерін, қыстырғыштыр, қақпақтар, тығындар, тігін үлгілерін, қолғаптар және тағы басқа заттар жасап шығарады. Құлағы естімейтіндер қауымдастығында талдарды өңдейтін мекемелері бар, олар жиһаз шығарады. Психофизикалық дамуы бұзылған мүгедектер мен балаларды қорғайтын «Ақ-бота» лигасы өзінің қорғауындағыларды бау-бақшамен қамтыған.
Мекемедегі мүгедектердің жалақысы жоғары емес, бар болғаны 7-8 мың теңге. Кей кездері жалақы мүлдем төленбейді, орнына гуманитарлық көмек беріледі – киім, азық-түлік. Мүгедектер мекемелері жиі рентабельдік емес болып тұрады. заңнамада мынадай норма тұрақтанған. кәсіпорындарда салықты төмендету льготын тек қана 50%-дан жоғары мүгедектер жұмыс істейтін мекемелер алады. Бірақ тәжірибеде көрсеткендей, егерде мекемеде 35%-ға жуық мүгедектер жұмыс істейтін болса, ол мекеме рентабельді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мүгедектерді біріктіруші 200-ден астам ұйымдар бар. Олардың өзара келіспеушілігі қазірше өте төмен, бірақ мүгедектердің нақты құқығын сол қалпында қалдыру және қорғау тенденциясы қалыптасуда. Мүгедектердің жағдайымен айналысатын көпшілік мекемелер білім алу жөніндегі конституциялық құқығын қорғауға, мүгедек балаларымен орта және жоғары білім алуға тырысады. Мүгедек әйелдер қоғамы «Бибі-Ана» және мүгедек балалар ата-аналар ассосиациясы (АРДИ) көп эффективті болып табылады. Осылайша «Бибі-Ана» заң бойынша тұрақтанған льготты жеңіп, 200-ден астам мүгедек балалардың жоғары оқуға түсуіне көмектесті. Мүгедек балалардың ата-аналар ассосиациасы (АРДИ) күнделікті мүгедек балалармен емдеу және оқыту сабағын жүргізуде (5 пен 20 жас аралығында).
Еңбек қабілетінен айырылған жағдайда қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру және әлеуметтік сақтандыру проблемасының шешімін табу үшін «Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» әзірленді. Еңбек қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау келесі құрылымды енгізуді көздейді. Бірінші деңгей – бюджеттің есебінен азаматтарға бірдей жәрдемақылар беру (әлеуметтік қауіптердің түрлеріне қарай).
Екінші деңгей – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен ресми сектордың қызметтеріне зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін қосымша төлемдер жасау немесе сақтандыру төлемдері үшін негіздер болған жағдайлардың тоқтатылуы. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін төлемнің мөлшері белгілі бір уақыт аралығындағы орташа жалақының, аударымдардың ұзақтығы мен еңбек қабілетін жоғалтудың дәрежесіне немесе асырауындағы жандардың санына қарай орын басу коэффициентіне сүйене отырып есептеледі.
Еңбектегі міндеттерін орындау кезінде жазатайым немесе кәсіптік сырқаттың нәтижесінде еңбек қабілетін немесе асыраушысын жоғалтқан жағдайда сақтандыру ұйымдарынан төленетін төлемдер түріндегі қосымша әлеуметтік қорғау қарастырылады (үшінші деңгей).
2.3 Халықтың әлеуметтік — әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі
Қазақстан Республикасының «Күнкөріс минимумы туралы» Заңында «кедейшілік шегі» ғымына анықтама беріледі, ол халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет табыстың шегі ретінде түсіндіріледі. Осы «кедейшілік шегі» аз қамтамасыздандырығандарға (табысы аздарға) мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін көрсетудің критерийі болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді. «Кедейшілік шегін анықтау тәртібі туралы
Үкімет Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 2000-2006 жылдарда республика бойынша «кедейшілік шегін» күнкөріс минимумының 38 % деңгейінде белгіледі. 2007 жылдан ол күнкөріс минимумының 40 %-ын құрады.
2009 жылы 1,137 миллионға жуық қазақстандықтар Қазақатан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алды. МЕмлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алғандардың тең жарымынан астамы — 18 жасқа дейінгі балалар 56,4%; жұмыссыз азаматтар – 18,3 % және ақы төленетін жалдамалы жұмыскерлер – 6,9 % (3-сурет).
3-сурет Атаулы әлеуметтік көмекті алушылары, %
«Қазақстан Республикасында зейнеткерлік қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес 1999 жылдың 1 қантарынан бастап, бұрын асыраушысынан айырылуға, жасына (қажетті стаждары жоқ), мүгедектігіне (1,2,3 топтағы мүгедектер, бала жастан мүгедектер) байланысты әлеуметтік зейнетақылар алуға құқылы адамдар, мемлекеттік жәрдемақылар жүйесіне ауыстырылдығ яғни олар зейнетақылар емес, ал мемлекеттік жәрдемақылар ала бастады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектердің жалпы саны, асыраушысынан айрылған және жасына қарай (бір адамға шаққанда), халықты әлеуметтік қорғау және еңбек органдарында тіркеуге тіркелгендер 2009 жылдың басына 786,4 мың адамды құраған. Жәрдемақының орташа мөлшері мүгедектігіне байланысты – 4178 тенге, асыраушысынан айрылуына байланысты – 3142 тенге, жасына қарай – 2616 тенгені құрайды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 3647 теңгені құрайды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,5%-ды құраған (8-кесте).
8-кесте. Алушылардың саны және жасына қарай, мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері
|
Барлығы, адам |
оның ішінде |
|||||
жасына қарай |
жәрдемақы- ның орташа мөлшері, тенге |
мүгедек-тігіне байланысты |
жәрдемақы-ның орташа мөлшері, тенге |
асыраушы-сынан айрылуына байланысты |
жәрдемақы-ның орташа мөлшері, тенге |
||
Қазақстан Республикасы |
786426 |
15470 |
2616 |
391311 |
4178 |
379645 |
3142 |
Ақмола облысы |
41055 |
526 |
2616 |
19501 |
4086 |
2128 |
3181 |
Ақтөбе облысы |
36074 |
701 |
2616 |
14265 |
4179 |
21108 |
3047 |
Алматы облысы |
87776 |
2703 |
2616 |
44962 |
4109 |
40111 |
3055 |
Атырау облысы |
28674 |
392 |
2616 |
11601 |
4181 |
16681 |
3036 |
Шығыс-Қазақстан облысы |
79636 |
1489 |
2616 |
41483 |
4362 |
36664 |
3204 |
Жамбыл облысы |
52758 |
1280 |
2616 |
24891 |
4220 |
26587 |
3067 |
Батыс-Қазақстан облысы |
35336 |
383 |
2616 |
17898 |
4038 |
17055 |
3107 |
Қарағанды облысы |
72894 |
488 |
2616 |
37499 |
4211 |
34907 |
3188 |
Қостанай облысы |
40411 |
927 |
2616 |
17819 |
3971 |
21665 |
3170 |
Қызылорда облысы |
40116 |
761 |
2616 |
19725 |
4151 |
19630 |
3016 |
Маңғыстау облысы |
18322 |
430 |
2616 |
8349 |
4383 |
9543 |
3198 |
Павлодар облысы |
36740 |
422 |
2616 |
19124 |
4180 |
17194 |
3263 |
Солтүстік-Қазақстан обл. |
41480 |
887 |
2616 |
23033 |
4093 |
17560 |
3223 |
Оңтүстік-Қазақстан обл. |
117410 |
3487 |
2616 |
58386 |
4019 |
55537 |
2909 |
Астана қаласы |
13274 |
212 |
2616 |
6913 |
4457 |
6149 |
3675 |
Алматы қаласы |
44470 |
382 |
2616 |
25862 |
4536 |
18226 |
3830 |
Қазақстанда қазіргі уақытта қолданылып жүрген әлеуметтік қамсыздандыру жүесі мемлекеттің басым қатысуымен сипаталады. зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушысынан айрылған адамдарды және халықтың өзге де санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
Бүгінде әлеуметтік қамсыздандырумен 3,5 млн. артық адам (немесе барлық халықтың 23,6%) қамтылған.
2009 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар (жоспар) 1999 жылмен салыстырғанда бір жарым еседен астамға көбейді.
Бұл халықтың табысының едәуір көбеюіне мүмкіндік берді, оны мынадай индикаторлардың өсуінен көруге болады. 1999 жыл мен 2009 жыл аралығында
- жалақының ең төменгі мөлшері 2,5 есеге (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін);
- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 1,9 есеге (3000 теңгеден 5800 теңгеге дейін);
- орташа жалақы – шамамен 2 есеге (11864 теңгеден 26048 теңгеге дейін;
- зейнетақының орташа мөлшері – 2 есеге (4104 теңгеден 8529 теңгеге дейін);
- ең төмен күнкөріс деңгейі – 1,5 есеге (3394 теңгеден 5394 теңгеге дейін);
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері – 1,3 есеге (3441 теңгеден 4670 теңгеге дейін) өсті.
Маңызды әлеуметтік игіліктердің жалпыға бірдей қол жетімділігін және қоғамдық жағынан қолайлы сапасын қамтамасыз ету мақсатында реформалау барысында мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар: ең төмен күнкөріс деңгейі, жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері, еңбек жағдайларының стандарттары мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік қызметтерді ұсыну нормативтері және тағы басқа белгіленді және қазіргі уақытта пайдаланылып жүр.
Алайда қазіргі қолданылып жүрген мемлекеттік әлеуметтік стандарттар өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларды көрсетпейтін болды және олардың арасында қажетті жүйелі өзара байланыс жоқ. Әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтерінің және олардың еңбекке ақы төлеудің жүйесімен өзара байланысының жоқтығынан жұмыс істейтін адамдар мен әлеуметтік төлемдер алатын адамдар табысының арасындағы тиісті байланыстар жоғалып кеткен. Осыған байланысты мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру жөніндегі жұмыс басталып та кетті.
Әлеуметтік қамсыздандыруда зейнетақы жүйесі ерекше орын алады. Елде реформалау нәтижесінде аралас зейнетақы жүйесі құрылды.
Бір жарым миллионнан астам зейнеткерлер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамсыздандырылады. Жыл сайын зейнетақыны арттыру жүргізіледі және соңғы жылдары зейнетақы төлемдерінің нақты өсімі тұтыну бағалары индексінің өсімінен озып кетті.
2008 жылы индекстеуден басқа зейнетақыларды саралап арттыру жүзеге асырылады. Бірінші маусымнан бастап 1055,0 мың адамның зейнетақысы көбейтілді, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны үш есе қысқарды, ал 450 мыңнан астам адам ең жоғары зейнетақы ала бастады. Нәтижесінде 2009 жылдың 4 қаңтарында зейнетақының ең төменгі мөлшері 5800 теңгені, ал зейнетақының орташа мөлшері 8335 теңгені құрады.
Алайда осыншама оң өзгерістер бола тұрса да зейнетақыларды саралап көбейту проблемалардың бәрін шешпеді. Ең бастысы-зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі салыстымалы түрде алсақ, әлі де төмен күйінде қалып отыр.
Ынтымақты зейнетақы жүйесімен қатар 1998 жылдан бастап қатысушылар арсында ынтымақсыз жинақтау қағидатына негізделген қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілуде және дамып келеді. Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың 6,5 млн. теңге жеке жинақтаушы шоттарымен (жинақтаушы зейнетақы қорларының деректері бойынша) сипатталады. Зейнетақылық қызметтер рыногында Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен 15 мемлекеттік емес зейнетақы қоры бар. Жұмыс істегелі бері оларда 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақтары, соның ішінде 115,7 млрд. теңге есептелген инвестициялық кіріс жинақталды.
Сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесінде де бірқатар проблемелер баршылық: жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтерімен халық әлі де жеткілікті қамтылмай отыр, зейнетақы жарнамалары бойынша кемалым азая түскенімен, ол әлі де жоғары күйінде қалуда, зейнетақы жинақтарын инвестициялау тиімділігі де ойдағыдай емес.
400 мыңнан астам мүгедекті мемлекет әлеуметтік қамсыздандыруға алып отыр. Бұл ретте әрбір үшінші мүгедек еңбекке жарамды жаста, мүгедек балалар 40 мыңнан асады, олардың көпшілігінің кемістігі туа біткен. Алғаш рет мүгедектікке ұшырау деңгейі азайғанымен, әлі де жоғары күйінде қалып отыр.
1998 жылдың бірінші қаңтарына дейін қолданылып келген зейнетақы заңдарына сәйкес жалпы ауруы салдарынан мүгедектігіне байланысты зейнетақы жалақысы ескеріле отырып, мүгедектік басталған уақыттағы еңбек өтілі болғанда; еңбек жарақатынан немесе кәсіби ауруына байланысты зейнетақы – еңбек өтіліне қарамастан, бірақ жалақысы ескеріле отырып тағайындалатын еді.
1998 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері еселенген айлық есептік көрсеткішке (одан әрі-АЕК ) сәйкес белгіленеді, ал олардың өсуі оны индекстеу есебінен жүргізіледі.
Жалпы аурудан мүгедектігі бойынша жәрдемақының мөлшері 2009 жылы: І топтағы мүгедектер үшін 7720 теңгені; ІІ топтағы мүгедектер үшін 3309 теңгені құрайды.
Президенттің тапсырмасына сәйкес 2005 жылы жәрдемақылардың едәуір арттырылуы жүргізіледі: І топтағы мүгедектерге -3АЕК (2895 теңгеге); ІІ топтағы мүгедектерге -2,5 АЕК-ке (2412,5 теңгеге); ІІІ топтағы мүгедектерге -2 АЕК-ке (1930 теңгеге ); 16 жасқа дейінгі мүгедектерге 3 АЕК-ке (2895 теңгеге). Нәтижесінде 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін немесе 50%-ға арттырылады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 15 АЕК дейін арттырылады және 30 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.
Алайда, мүгедектер үшін күнкөрістің жалғыз көзі болып табылатын жәрдемақыларды арттыруды ескергеннің өзінде мардымсыз. Бұл проблема міндетті әлеуметтік сақтандыруға көшу кезінде де мүгедектігі бойынша жәрдемақы алып жүргендер үшін де, биресми секторда жұмыс істеп жүргендер үшін де сақталып қалады.
ХЕҰ, ТАСИС, ЮСАИД ұсынымдарына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және мүгедектерді оңалту жүйесін жақсарту мақсатында облыстар мен Алматы және Астана қалалары әкімдіктері жанындағы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді.
Алайда, әлеуметтік жетіспеушілікті жеңу үшін қазіргі қолданылып жүрген шаралар мүгедектерге олардың жоғалтқан тіршілік ету функцияларының орнын толтыра алмайды. Мүгедектіктің алдын алуға жеткілікті көңіл бөлінбейді, мүгедектерді оңалту көрсеткіштері де төмен күйінде қалып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта МӘС қызметін нығайту, бірыңғай оңалту технологиясын жасау жөнінде бағдарламалар әзірленді және жұмыс басталды, оны іске асыру мүгедектердің қоғам өміріне басқа азаматтармен теңдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға жәрдемдеседі.
Халықтың өзге санаттары да: асыраушысынан айрылған адамдар, жаппай саяси қуғын-сүргіндер, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандары, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; Чернобыль АЭС-ындағы аварияның зардаптарын жоюға қатысушылар және басқалар да әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған.
Оларға әлеуметтік осалдықты жеңуіне мүмкіндік бермейтін әлеуметтік
қамсыздандырудың негізгі проблемасы халықтың осы топтарының әлеуметтік
жәрдемақылар деңгейінің төмендігі болып табылады.
Бұл жағдайда мемлекет кедейлікті азайту үшін аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек пен қолдау көрсетеді. Елде әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесін реформалау барысында барлық адамдар үшін патернализмнен аз қамтылғандарға атаулы қамқорлық жасауға ауысу жүзеге асырылады. 2007 жылы елде жан басына шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен де төмен (кедейлік шегі күнкөріс деңгейіне қарай анықталады және қазіргі уақытта оның мөлшерінің 40% құрайды) отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК ) көрсетудің әмбебап жүйесі енгізілді. Аз қамтылған азаматтар-АӘК алушылардың есебін жүргізу ретке келтірілді, және АӘК автоматтандырылған тағайындау жүйесін және аз қамтылған отбасылар бойынша бөлінген дерекқор жасалды.
«Мемлекеттік атаулар әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру нәтижесінде жан басына шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен де төмен аз қамтылған азаматтардың саны азайды (2007 жылдың басындағы 10,2%-дан 2009 жылдың 1 қаңтарында 6,6%-ға (немесе 859,8 мың адам).
Кедейлік, жұмыссыздық және АӘК көрсету проблемаларының жүйелік байланысы бекітілді. АӘК алушылардың басым бөлігі балалар (2008 жылы олардың үлесі 60,3% немесе 518,6 мың адамды құрады). АӘК алушы басқалардың арасында балаларға күтім жасаумен айналысатындар, жұмыссыздар, мүгедектер, зейнеткерлер, өз бетімен жұмыспен қамтылғандар, жұмыс істейтіндер бар.
Аз қамтылған азаматтардың әрбір санатына қатысты тиісті шаралар: баяу-материалдық көмек; белсенді-жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кедей халықтың еңбекке қабілетті бөлігін рынок талаптарына бейімдеу қолданылады.
Аз қамтылған азаматтар құрамында балалардың үлесі басым екендігін ескерсек, аналар мен балаларды қолдау шаралары ерекше маңызға ие болады. Бұл үшін 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап бала туғанда отбасының табысына қарамастан республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 15 АӘК мөлшерінде
біржолғы жәрдемақы төлеу енгізілді. Қосымша балалар жәрдемақыларын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленуде.
Соңғы жылдары еңбек рыногының жағдайы жұмыспен қамтудыңөсіп, жұмыссыздық деңгейінің тиісінше азайып келе жатқанымен сипатталады. Республика экономикасында 2009 жылғы қаңтарда 6862,8 мың адам еңбек қызметімен қамтылды, оның ішінде жалданып істеушілердің саны 4219,8 мың адамды құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан астамы ірі және орта кәсіпорындарда істейді.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 1999 жыл мен 2008 жылдар аралығындағы кезеңде жұмыссыздық 4,7% азайды және ағымдағы жылдың басында 8,8%-ды құрады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар тіркеген жұмыссыздар саны азайып келеді. Мәселен, 2009 жылғы 1 қаңтарда 2007 жылмен салыстырғанда ресми жұмыссыздық 25%астамға азайды. Жұмыссыздар құрылымында әрбір екінші адам әйел, әрбір үшіншісі 15-39 жастағылар. Жұмыспен қамту проблемасы біржақты өнеркәсібі бар қалалар мен күйзеліске ұшыраған ауылдық аймақтарда әсіресе өткір.
Республикадағы еңбек рыногы жағдайының млниторингін жасау үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне деген нақты ұсыныс пен сұранысты көрсететін деректер базасы жасалды. Қазіргі күні ұсыныстың сапасы мен кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың оңтайлы жұмысқа қабілетінің төмендігі себебінен жұмыс күші жергілікті еңбек рыноктарында тапшы бола тұрса да оған Қазақстанда жеткілікті сұраныс бар екенін талдау көрсетіп отыр. Жұмыспен қамту орындарының ай сайынғы банкі 15-17 мың бірлікті құрайды. Алайда кәсіби белгісі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмейтіндігінен бір бос жұмыс орнына айына орташа 9-10 жұмыссыз үміттенеді.
ІІІ – ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Әлеуметтік жұмысты жетілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы
Шет елдегі әлеуметтік жұмыс туралы жазғанда әдетте батыс еуропа елдері АҚШ пен Канада жайлы болады. Дегенмен, әр елде әлеуметтік жұмыс, түрлі формалары мен, әртүрлі ұсыныстарымен, тиімділіктерімен ерекшеленіп жүргізіледі.
Мысалы, Америка құрама Штатында халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің айрықшалылығы оның бөлшектенуінде. Бұл әртүрлі әлеуметтік бағдарламалардың түрлі деңгейлерінің саны жүзеге асуынан байқалады: федералды, шататтық, жергілікті. Осы жүйенің артықшылығы, адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін елдің әрбір аймағында толық және оперативті жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің 2 негізгі формасы болып табылады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық әртүрлі қаржылану көздерінде. Сақтандыру қорлары жұмысшылар салықтарының есебінен (жалақыдан пайыздық үлеспен), кәсіпкерлерден (жалақы төленетін қордан пайыздық үлеспен), және еркін мамандардан, дәрігерлер, діни қызметкерлер және т.б. (табыстың 14% -нан жоғары) мемлекеттік, штаттық және жергілікті билік органдарының қаржы бөлу қорларының есебінен.
1935 жылы АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру Заңы бойынша сақтандырудың екі түрі қабылданды – қартаюы бойынша зейнетақы және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы кейбір кедей категорияларға (ең бірінші кезекте мүгедектер және жетімдер) көмек көрсету шаралар кейін біртіндеп – асыраушысынан айырылуы бойынша бойынша зейнетақы, жұмыссыздық бойынша, жәрдемақылар (өндірістік жарақаттармен байланыссыз), 65 жастан жоғары адамдарға медициналық сақтандырулар қабылданды. Көрсетілген заңның күші жеке меншік секторларының қызметшілеріне де қатысты. Темір жолшылар, федералды азаматтық қызметкерлер үшін әлеуметтік сақтандырудың ерекше жүйесі қалыптасқан. Сонымен қоса, ауылшаруашылық жұмысшылары, шағын кәсіпкерлер және тағы басқа еңбек етуші категориялар мемлекеттік сақтандырумен қамтылмаған.
Штат деңгейінде жалпы федералдық бағдарламадан басқа өндірістік жарақат немесе кәсіби ауру жағдайларына байланысты сақтандыру түрлері бар. Компенсация (өндірістік жарақат бойынша, қайтыс болу және т.б.) жалақының 2/3 бөлігін құрайды, және ол (компенсация) жеке сақтандыру компенсацияларымен төленеді.
Кедейлерге көмек көрсетуге келетін болсақ, ол елде ХХ ғ. 60-шы жылдарында таралды, және де ол кепілденген табыспен қамсыздандыруға азық-түліктік, тұрмыстық және медициналық көмекке мұқтаж балалы отбасыларға және толық емес отбасыларға (отбасы басшысы әйел немесе жұмыссыз адам) қолдау көрсетуге бағытталған.
АҚШ- тағы мемлекетпен кепілденген табыс «кедейшілік шегіне» сәйкес. Ол жүйелі түрде инфляция деңгейі есебінен реттеліп отырады және де штаттардың бюджет қорларының есебінен ұлғая алады.
Азық-түлік көмегінің басты жолы мұқтаж адамдарға азық-түлік талондарын берумен жүзеге асырылады. Оларды «Кедейшілік шегі» табысының 125% -нан аспайтын табыс көзі бар адамдармен отбасылар алады. Талондар оларға тегін немесе төмен бағамен беріледі. Азық-тұлік көмегінің басқада түрлері – мектеп шығындары, 1 жасқа дейінгі баласы бар аналарға көмек және т.б.
АҚШ-та тұрмыстық субсидиялар (жәрдем ақша) төмен табысты отбасыларға беріледі, оның көлемі отбасына шаққанда жылына орта шамамен 2000 долларды құрайды.
Елдегі мемлекеттік сақтандыру жүйесі жеке сақтандыру жүйелерімен толықтырылады, оның екі түрі бар – жұмыс орны бойынша ұжымдық және индивидуалдық.
Елдің көптеген жұмыскерлері үшін маңызды мәні бар. Жеке зейнетақымен қамсыздандыру жүйесімен 40 миллионға жуық жұмысшылар мен қызметкерлер, кәсіподақтар, ұйымдаспаған жұмыскерлер мен қызметкерлер жарналарынан жиналады. Жеке зейнетақының мемлекеттіктен айырмашылығы, ол жұмысшыларға бір фирмада үздіксіз 10 жылдық стажы бар жұмыскерлерге төленеді, ал мемлекеттік зейнетақы – жұмыс орнына байланысты емес.
АҚШ-та сонымен қатар қосымша төлемдер (демалысқа төлеу, жұмыссыздық бойынша қосымша жәрдем ақылар, білімін жалғастыру үшін және заң қызметтері үшін субсидиялар) кеңінен таралған.
АҚШ-та басқа елдермен ортақ сонымен қатар жеке әр түрлі халық категорияларымен әлеуметтік жұмыстың тәсілдері және түрлерін атап кетуге болады.
Қамсыздандырудың белгілі бір үлесін елдің жергілікті органдарында алады. Шефтік көмек берілуі, еріктілер үшін жұмыс және т.б. Басқа елдердегі сияқты АҚШ-та да үйде қарттарға көмек көрсету түрі тәжірибелену үстінде. Соңғы жылдары интернат үйлерінде, күндізгі ауруханалар, кезеңдік емдеу курстары сияқты жаңа қызмет көрсету түрлері жиі тәжірибеленуде.
Ерекше көңіл қарттар мен мүгедектерді тұрмыспен-баспанамен қамсыздандыруға бөлінуде. Американдық ғалымдар зерттемелері көрсеткендей, 30 млн. халықтың 1/4 –бөлігі 65 және одан жоғары жастағы халықтар әлсіз.Үйге түскі ас әкелу, жуындыру, шаш қысқарту, киімдерін ауыстыру, жуу, көлік қызметтері, гимнастика, пәтер жөндеу, мәдени шаралар ұйымдастыру және т.б. Қарттарға көмек көрсету түрлері тәжірибеленуде. Сонымен қоса мүгедектер үшін бейімделу, дайындығы (түрлі техникалық және басқада заттарды қолдануды үйрету, пәтердің арнайы қондырғыларын қолдануды үйрету, транспорттық қызметтер және т.б.) қарастырылған.
Басқа мемлекеттердегі сияқты, АҚШ-та да қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бар. Осылайша, ХХ-шы жүзжылдықтың, 80-ші жылдарының бас кезінде үкімет зерттеулері көрсеткендей, әрбір үшінші қарттар үйін қажетті қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сай болмай шықты. Мұның себептерінің бірі: көптеген қарттар үйі жеке иеліктерде орналасқан. Сондықтан мемлекет олардың қажеттіліктерін лицензиялау мен инспекциялауға (тексеруге) мәжбүр.
Американдық зерттеушілер көрсеткендей, тағы бір мәселе – қарт американдықтар (халықтың 12%) денсаулығына барлық ұлттық шығынның үштен бірі кететіндігі. Ал 30 миллионнан астам жасырақ азаматтардың денсаулық қамсыздандырулары жоқ. Сондықтан аға буын өкілдері не кететін шығынды (ол шын мәнінде қажет) тағы да көбейтуге талпыныс ұрпақтар арасындағы тартысты тереңдетуі мүмкін, ал бұған жол беруге болмайды.
Елде балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыста қызықтар аз емес. Әлеуметтік көмектің арнайы мекемелері балаларға (аз қамтамасыз етілген жанұяларға тегін) мынадай қызметтер көрсетеді: ата-аналарды кәсіби оқытуға арнайы топтар ұйымдастыру, жұмысқа тұруға көмек көрсету; күндізгі және кешкі уақытта жұмыс істейтін ата-аналардың балаларына қарауды қамтамасыз ету; қалалық денсаулық орталықтарында, тұрмыс құрмаған аналарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру; зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды қорғау қызметін құру және инспекциялау, асырап алушы жанұямен жұмыс, баланың жаңа жанұяға бейімделуін бақылау; балалардың білім алуларына әлеуметтік көмек көрсету ата-аналарына үй шаруашылығын жүргізуге көмек көрсету қызметтерін дамыту және т.б. Мұндай қызметтер белгілі ақыға басқа жанұяларға да көрсетіледі. Төтенше жағдайларда қызмет орындары жанұя табысының деңгейіне қарамай, балаларға қамқорлық жасауды міндетіне алады. Балалар әлеуметтік қызметі міндетіне жетім балаларды асырап алу мәселелері де кіреді.
Әлеуметтік қызмет ақылы кемдерге психиатриялық ауруханалар мен интернат үйлерімен қатар, мамандандырылған стационарлық пен диспансерлік (емханаларда) және де амбулаториялық көмек көрсетеді.. Әсіресе, кәмелетке толмағандар мен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.
АҚШ-та, басқа жа батыс мемлекеттеріндегідей, үйлері жоқ және үйлерінен қашып кеткен балалармен мынадай жұмыс жүргізіледі: баспаналар (жетімхана) мен жатақханалар қызмет жасайды; жеке және топта кеңес беру жұмыстары жүргізіледі, баланы жанұяға қайтару мақсатында ата-аналармен сұхбат жасау; балалармен қайта табысқан жанұяларға көмек көрсетіледі, және т.б. Сондай-ақ, жас қашқындарға тегін қызмет көрсететін, сенім телефондары» жұмыс жасайды.
Кәмелетке толмаған заң бұзушылар мен «тәуекелшілер тобы» жасөспірімдерімен әлеуметтік жұмыс бірқатар бағдарламалар негізінде құрылады: полицияның базалық бағдарламасы (олар, негізінен, кәмелетке толмағандарды тарту мақсатында полициялық атлетикалық клубтары қызметін қарастырады); кәмелетке толмағандар істері соттарының базалық бағдарламасы (олар, ең бастысы, меңзелгендерді ақтауды көздейді); мектептердің базалық бағдарламасы. Соңғысы екі топқа бөлінеді: қалыпты және қиын, сотталған жасөспірімдерге бағдарламалары.
1967 жылы құрылған жастардың әлеуметтік қызмет бюросы делдал қызметін атқарады және қызмет көрсету ұйымдары жұмыстарын кәмелетке толмағандар сұраныстарына сәйкес келетіндігін білу мақсатында бақылау жасайды. Мұндай кейбір бюролар (мысалы, Калифорнияда және басқа штаттарда) өздері қызмет көрсетеді.
АҚШ-та түзету мекемелерінің екі категориясы бар: жабық бостандықтан айыру орны және жабық тәрбие мекемелері. Жасөспірім шартты түрде сотталған кезеңінде оған тәлімгер тағайындалады.Қамауға алу орындарында да әлеуметтік жұмыс жүргізіледі.
Егер толық емес жанұямен әлеуметтік жұмысты алсақ, онда мемлекеттегі «әріптессіз ата-аналар» ұйымына біріккен қолдау топтары мен өзара көмек топтарының кеңінен дамуын адамды біріктіреді, олардың көбі- (65%) қоғамның орта қабатындағы ажырасқан әйелдер. Әлеуметтік-аймақтық қоғамдастық деңгейіндегі қолдау топтары 12-15 адамнан тұрады. Көрсетілген топтар жұмыстарының басты бағыты – педагогикалық тәжірибе алмасу, демалыс күндері мен демалыстарды өткізуге көмек көрсету, түрлі мәселелерді шешуде заңгерлік көмекті ұйымдастыру және т.б.
Америка қоғамының маңызды мәселелерінің бірі мемлекеттік нәсілдік пен аз ұлттықты (этникалық азшылық) әлеуметтік қорғау болып қала бермек. Бұған әлеуметтік өмірдің төмендегі сатысында тұрғандар жатады, олар, негізінен алғанда, қара нәсілді американдықтар, латиноамерикандық және азиаттық американдықтар. Халықаралық конференцияда (ГАСБУ, ақпен 1993ж.) көрсетілгендей тәуелсіздікті жариялаған уақыттан бері экономикалық өмірдің «бағаналы жолынан» жүйелі кемсіту (дискриминация) мен бөлектеу, әсіресе, негрлерді бөлектеу мен кемсіту бар. Көпшілік қаранәсілділердің өмір сүру жағдайы ерлер, сонымен қатар сәбилер мен балалар арасында өлімнің көбеюіне алып кепледі. ХХ –шы жүзжылдықтың 90-шы жылдарына қарай, осы топ тұрғындарындағы жалғыз басты аналар жанұясының үлесі анағұрлым өсті – 1960ж. 22% -дан 1990 ж. 44%-ға дейін. Әрине, ақ нәсілділер арасында жалғыз басты аналар саны да өсті, бірақ олар негізінен ажырасу салдарының нәтижесі болды. Ал қара нәсілді аналардың балаларын жалғыз тәрбиелеуінің себебі, көбіне, олардың некесіз тууларымен байланысты боды.
Нәсілдік, ұлттық және религиялық азшылықтарда кеңінен таралған кедейлік және жұмыссыздық өте жағымсыз жағымен отбасы құрылымына осы топтардағы балалар жағдайына әсер етуде. Отбасының бұзылуы, жұмыссыздық әсерінен алған стресс, маскүнемдік, психикалық ауру, өзін-өзі өлтіру, қашқындық, жасөспірімдер жүктілігі, жезөкшелік және т.б. сияқты теріс көріністерге түрткі болды.
Ұлттық азшылықпен тәжірибелік жұмыс «қос тәсіл» тұжырымына негізделуі оның мәні, бір жағынан, ірі қоғам құрылымына сәйкес құндылықтарды, көзқарастар мен мінез-құлық ерекшеліктерін саналы, ал екінші жағынан, оларды клиенттің жақын отбасылық және қоғамдық ортасына қатысты аналогиялық мінезімен салыстыру.
АҚШ-тағы ұлттық топтармен әлеуметтік жұмыс тәжірибесі, біріншіден, жалпы әлеуметтік жұмысқа тән құндылықтардан, екіншіден, ұлттық шындылықты түсінуден, үшіншіден, кәсіби тұрғыдан жақындаудан, төртіншіден, тәжірибеден құралады. Басқаша айтқанда, бұл тұжырымдар ұлттық шынайылықтарға деген әлеуметтік жұмыстың негізі мен әдістерін үйренудің қажеттілігін білдіреді.
Америка Құрама Штатында мемелекеттік қолдау халықтың ең кедей топтарына арналған бағдарлама деңгейінде іске асырылады, сондықтан бұл елде мемлекеттік емес құрылымдарда қайырымдылық бастапқы деңгейде көптеп дамыған.
Көптеген қазіргі зерттеушілер үшін әлеуметтік жұмыстың мәнісін айқындауда АҚШ әлеуметтік қызметкерлерінің ұлттық ассоциациясы берген анықтамасына жақын: әлеуметтік жұмыс – жеке адамға, топқа немесе қауымға берілетін көмек немесе олардың әлеуметтік қызмет етуге қабілеттілігін қайта өркендету және осы мақсаттарға жетуге жақсы қоғамдық шарттарды құруға бағытталған кәсіби қызмет.
Америка Құрама Штатында әлеуметтік жұмысты, халықтың өнегелілігінің әлеуметтік негізіне қызмет ететін мамандықпен байланыстырады. Әлеуметтік жұмыс саласы үнемі жылдан-жылға кеңіп келеді, дегенмен, бүгінде АҚШ әлеуметтік жұмыскерлер қызметі көптеген салаларды қамтиды. Олар- мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, мектептер, денсаулық күту орталықтары, бала мен отбасын қорғау агенттіктері, психологиялық денсаулық орталықтары, бизнес және өндіріс реттеу орталықтары мен жеке іс-тәжірибе. Әлеуметтік қызметкерлер – ұлтына, әлеуметтік-экономикалық деңгейіне және нәсіліне қарамай балаларды және одан үлкен жастағы адамдарға қызмет көрсетеді.
АҚШ– тағы түрлі әлеуметтік жұмыс тәжірибесі көптеген қызмет түрлерін қамтиды.
АҚШ- тағы әлеуметтік жұмыстың түрлі нұсқадағы тәжірибесі оны қолдануда түрліше көрініс табатын қызметтің көптеген түрлерін қамтиды. Әлеуметтік жұмыстың түрлі нұсқалылығы мен кешенділігі көптеген анықтамасы бар деп топшылауға болады.
Кез келген әлеуметтік қызмет негізінде келесі төрт тұжырымдық облысты қамтитын құрамдық элементтер тұрады: мамандықтың мақсаты және арнаулары; құндылықтар жүйесі, тәжірибелік бағыттың этикасы мен философиясы; тәжірибелік бағыттар этикасын білу; жұмысқа қолданылатын әдістер мен тәсілдер.
АҚШ- тағы әлеуметтік қызметкерлер Ұлттық Ассоциациясы, мысалы, олар әрбір адамның өмірінің жақсаруы үшін адамдар, жеке тұлғалар және қоғам арасындағы өзара пайдалы өзара әрекетті қалыптастыру немесе көмектесу мақсатында қызметкерлердің тағайындалғанын бақылайды. Әлеуметтік қызметкер қоршаған ортадағы жағдайға сәйкес әрекет ете отырып, әрбір тұлғаның ұмтылысы мен қорларының, мүмкіндіктерінің іске асуына барынша себепші болуы тиіс және халықтың жалпыадамдық қызметтерін олардың бақытсыздықтарын немесе қиындықтарын жеңілдету мақсатында көмектесуі қажет. Клиент жеке адам, отбасы, топ, қоғам немесе ұйым болуы мүмкін.
Келтірілген анықтамадан шығатыны, кәсіби қызмет өзіне жеке адамдардың, топтардың немесе ұжымдардың функционалды өмір сүруі үшін олардың қабілеттіліктеріне дем беруге көмектесу мен әрбір адамның өмір сүру сапасын оның әлеуметтік және жеке (физикалық) ортамен байланысын қалпына келтіру жолы арқылы жақсарту көмектерін кірістіреді. Әлеуметтік жұмыстың ажырағысыз сипаты- әрбіреудің өзінің іске асыру жағдайымен анықталатын әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету.
Барлық қоғамда қазіргі кейбір әлеуметтік ілімдерден белгілі болғандай, адамдар мүмкіндігінше өздерінің және өздерін қоршаған ортаның әлеуметтік тұрмысының жақсаруына жәрдем беруге тиіс, бұл барлық социумға пайдасын тигізеді. Жеке тұлға мен оны қоршаған орта арсындағы өзара қарым-қатынас жеке бастың мәртебесін, даралығын бекітуі тиіс. Адамдар иманды және әділетті болуы қажет
Қорыта айтқанда, әлеуметтік жұмыскерлердің қызметі мынадай:
— дамдарға жеке бас мәселелерін шешу қабілеті мен олардың компоненттілігін кеңейтуге көмектесу;
— адамдарға өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесу;
— адамдардың қайымдылығын ынталандыру;
— жекелеген адамдар мен олардың қоршаған ортамен өзара байланысына жәрдем беру;
— ұйымдар, әлеуметтік, экономикалық, саяси институттар мен қоғам мүшелерінің өзара әсеріне ықпал ету;
— әлеуметтік саясат пен қоршаған ортаны қорғау саясатына ықпал ету.
Бұл қызметтерді жүзеге асыру үшін, әлеуметтік жұмыскер көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайды; оған клиенттердің әлеуметтік қалыптасуына жағдай жасауына көмектесетін білім мен тәжірибелік жігер керек.
АҚШ- та кәсіби әлеуметтік жұмысқа студенттік немесе аспиранттық жоғарғы білім деңгейінде оқытылады. Студенттік деңгейдегі оқу жоспарының мақсаты студентті келесі деңгейге өтуге мамандық алуға дайындау. Студенттердің агенттіктер мен ұйымдарда жаттығуға, тәжірибелі мамандардың бақылауында болуға мүмкіндіктері бар. Кез келген пән бойынша негізгі студенттік дайындық аяқталған соң, студенттер мамандықтары бойынша аспиранттық білім мақсаты- адамды ерікті практик, тәжірибелі маман етіп шығаруға дайындау. Аспиранттық білім әдетте екі жылға созылады. Бірінші жыл мамандық тәжірибесі мен теориясын тереңдетіп оқытуға арналады. Екінші жыл әдіс бойынша мамандандыру мен олардың тәжірибе жүзінде апробациялау (ресми рұқсат) үшін қолданылады.
Кейбір кәсіпкерлер ары қарай мамандануды таңдайды. Әлеуметтік жұмыс бойынша докторлық диплом дайындауға мүмкіндік бар. Докторлық бағдарламалар үшін ресми стандарттар жоқ. Докторлық оқыту кәсіби тәжірибелі адамды зерттеу қызметі үшін мол мүмкіндіктер бере отырып, ары қарай мамандандыруға және басқа колледждер мен университеттерде оқуға дайындайды.
АҚШ- та әлеуметтік жұмыскер мамандығына тәжірибелік әдістердің көптеген теориялары бар. Түрлі теориялар мен әдістердің артықшылықтары, қатыстылық еңбектері ұзақ уақыт бойы академиялық форумдарда айтыс туғызып келді. Әлеуметтік жұмыскерлер мектептері өз бағыттарын немесе мамандандыруын өзгерте алғанымен, олардың барлығы жоғарыда айтылған негізгі элементтерді оқу жоспарынң алты саласында да сақтауға тиіс. Әлеуметтік жұмыс мектептеріндегі білім сапасының жақсаруын Әлеуметтік Жұмысқа Оқыту Кеңесі (ӘЖОК) қадағалайды. Бұл ұйым өзіндік теориялар немесе әдістерді ұсынбайды. Дегенмен, ӘЖОҚ әлеуметтік жұмыс мектептері ұсынған оқу жоспарлары мен курстарды , оларда барлық қажетті элементтердің қатысқанын, мектептегі оқыту ӘЖОҚ қабылдаған стандартқа, содай-ақ жоғарғы кәсіпкерлікке сәйкестіктеріне көз жеткізу үшін, жиі-жиі тексеріп отырады.
Оқу жоспары негізін алты саладағы — әлеуметтік ортадағы адамның іс-әрекеті, әлеуметтік саясат, мамандық теориясы мен тәжірибесі, зерттеу, құндылық пен этика, тәжірибелік ол- білім мен тренинг құрауға тиіс.
Сонымен қатар АҚШ-та табысы төмен отбастарына тұрмыстық жәрдемақы беріледі, олардың мөлшері жылына отбасына орташа алғанда 2000 доллар. Қосымша төлемдер (демалыс, сырқаттану қағаздарының төлемдері), жұмыссыздық жөнінде қосымша жәрдемақылар барынша көп таралған. Қазіргі уақытта мемлекет балалардың жоғарғы мектепте оқуын жалғастыруға жәрдемақыны өте көп береді. АҚШ-та федералды деңгейде қорлар мен қызметтер құрылуда. Бұлар қарттығы бойынша зейнетақы, медициналық қызмет, мұқтаж адамдарды азық-түлікпен, арзан үймен қамтамасыз ету және т.б. Отбасындағы қарттарға, мүгедектерге тұрғын-үй-тұрмыстық қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.
АҚШ-та жарымжанды отбасылармен әлеуметтік жұмыс жүргізумен айналысатын, «Серіксіз ата-аналар» ұйымына біріккен өз-өзіне көмек көрсететін топтар мен қолдау топтары кең дамыған. 1960 жылы осындай отбастары 22% болса, 1990 жылы 44% болды.
АҚШ-ғы отбасымен жүргізілетін практикалық жұмыс отбасындағы ұқсас сипаттамаларды салыстырғанда, қоғамдағы тәртіп ерекшеліктерін, көзқарастарын, мәнділіктерді үйретуге жасалатын тұжырымдамаға негізделмейді.
Қазіргі уақытта АҚШ-та үлкен жоспарлы мемлекеттік «Отбасына қайту» бағдарламасы өте белсенді. Түрде насихатталып отыр. Мұның мәні мынада: мүнда отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін профессионалдар, социологтар, отбасы жөніндегі кеңесшілер өз қызметін белсенді көрсетеді.
АҚШ-ғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар туралы айтылғандар осы жоғары дамыған елде әлеуметтік өмір және қорғалу дәрежесі туралы белгілі бір ұғым жасауға мүмкіндік береді.
Көп жылғы тартыстан соң, Америка Құрама Штаттары мамандары (кәсіпкерлері) әлеуметтік жұмыс бар, ол жай ғана модификация емес деген тұжырымға келді. Бұл да солардың ішіндегі мамандық. Тек осы мамандық қана жеке тұлға мен оның әлеуметтік ортасының жақсы өмір сүруін қамтамасыз ететіні анық.
3.2 Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қолдау мен қызмет көрсету іс-әрекеті ретінде ғана қарастырылмайды. Қоғамдағы әлеуметтік қайта құрулар оның әрбір мүшесінің мүддесіне, белгілі себептермен өзінің өмір сүруіне қажетті жағдай қамтамасыз ете алмайтындарға, бағытталған мемлекеттік және мемлекеттік емес құрыламдар күшінің жиынтығы. Бұл мәселе бойынша Қазақстан өз тәуелсіздігін алған жылдары оның экономикасында 21 миллиардтан астам доллар шетелдік инвестиция тартылды. Бұл қаржы еліміздің әрбір тұрғынына шаққанда 1,5 мың доллардан келеді. Сарапшылардың бағасы бойынша, Қазақстан экономикасына 80% инвестиция Орталық Азиядан түсті. Әлемдік банк Қазақстанды инвестиция таратылатын әлемнің 20 елінің қатарына кіргізді. Бүгінгі күні біздің халықаралық қарыздарымызды ұлғайтып, Қазақстан таза несие беруші еліне айналды.
Біздің экономикамыздың негізгі сипаттамасына тез дамып отырған жекеменшік секторы жатады. Бүгінгі күні жеке меншік өнімнің 75% шығарғарып отыр. 1000-нан астам жеке меншік өндіріс орындары тіркелеген, оның 1700-ге жуығы ірі өндіріс орындары. Оған қоса елімізде 348 мың субъект шағын кәсіпқойлықпен айналысады. Шағын бизнес саласында жұмыс істеушілердің жалпы санына шаққанда 40%-ға жеткізу міндетін қойып отырмыз.
Әлеуметтік жұмыста жеке меншік сектордың іс-әрекетін жақсарту мақсатында:
— әлеуметтік жауапкершілікті нақты болу үшін және орталық пен жергілікті үкімет органдарымен келісім-шарт жасауда қоғамдық тыңдаулар өткізу;
— ынталандыру мүмкіндіктерін талдау және жұмыс орындарын берушілерді ынталандыру үшін ұсыныс жасау, адамдарды жұмысқа қабылдау мен жұмыссыздарды оқыту;
— халықтың аз қорғалған топтарына әлеуметтік көмек мақсатында жеке меншік секторын қатыстыру жүйесін дамыту.
Соңғы жылдары Қазақстан ТМД елдері арасында жалақының орта деңгейі жағынан алда келеді. Қазіргі кезеңде Қазақстанда өндірісті жаңартуды іске асыру, сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдау саясаты басталды. Спорт, физкультура, денсаулық сақтау, білім, отандық ғылымды дамытуға мемлекеттік қамқорлық кең етек алды. 1000 астам мәдени объектілер ашылды немесе қайта қалпына келтірілді. Әлеуметтік бағдарламалардың бірі мектептерді компьютерлендіру табысты орындалды. «Халық денсаулығы» атты бағдарламасы елдегі емдеу мекемелерінің вакциналармен қамтамасыз етіп, мәселені шешті. 1990 жылдарда бүгінгі күндері жаңа мектептер мен емханалар салынып жатыр. Бұның барлығы Қазақстанның 2030 жылға арналған бағдарламасының жемісі. Бұл бағдарлама «2030 стратегиясы» деп аталып. 1997 жылдың аяғында жасалды, бұдан біз жаңару ісінің керектігін, тұрақтылығын сезінудеміз. «2030 стратегиясы» біздің қоғамымыздың жағдайына әділ баға беріп, дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен жолдары белгіленді.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық функциясы — әлеуметтік қорғау жүйесі субъектілерінің іс-әрекеті.
Қазақстан мүше болған халықаралық еңбек ұйымы, әлеуметтік қорғауды жүйе кешенді шара ретінде анықталады.
Онда:
— тұрғылықты ынталандыру, ақылы еңбек қызметіне бейімделу;
— әлеуметтік сақтандырудың механизмінің негізгі әлеуметтік қауіпті пайда болу жағдайында кіріс бөлігін өтеу мен алдын алу;
— әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары емес, халықтың әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек мезанизмдеріне мүмкіндік беру;
— медициналық көмек және білім беру сияқты негізгі құқықтармен қызметтерге қол жеткізу.
Өтпелі кезеңнің алғашқы кезеңінде үкімет әлеуметтік қорғау жөніндегі ағымдағы мәселелермен: бюджет жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы, инфляция, экономикалық сектордың бейресми бөлігінің ұлғаюымен айналысуына мәжбүр болды. Нәтижесінде әлеуметтік сала фрагментациялы сипат алды. Әлеуметтік қорғау жүйесі жүргізілген қайта құруларға қарамастан , қазіргі уақытта заң жүйесінің жетіспеушілігі, ынталандырудың төменгі деңгейі сияқты қиындықтарға кездесті. Соңғы жылдары экономикадағы игілікті өзгерістер және әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруға өтуді қамтамасыз етудің шаралары.
Осыған орай халықты әлеуметтік қорғауды Қазақстанның бүгіні мен болашағының басты мүмкіндіктерін ескере отырып жаңа тұжырымдама жасалды. Бұл тұжырымдама көлемінде азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметінде білім және медициналық көмек көрсету қарастырылмаған, олар басқа бағдарламалық құжаттарда белгіленген. Әлеуметтік қорғаудың басты реттеуші мен қаржы көзі мемлекет болып табылады. Азаматтардың кейбір топтарына заңға сәйкес әлеуметтік көмек мемлекет қаржысынан беріледі.
Қолданылып жүрген негізгі әлеуметтік қорғау жүйесі және оның тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтындар:
— әлеуметтік саланы реттеуші заң;
— әділеттіліктің жетіспеуі және ынталандырудың төмендегі;
— айқындықтың жетіспеушілігі.
Іске асыру үшін ұсынылып отырған әлеуметтік қорғау жүйесі болу керек:
Әділетті әлеуметтік қорғау құқығын іске асыру потенциалды алушыларға жеңіл болу керек. Жалпы барлық еңбекке жарамды азаматтар өзінің және отбасының тұрмыс тіршілігі үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс.
Пәрменді жәрдемақы атаулы болуы тиіс, яғни кімнің жәрдемақы алуға құқы және оған мұқтаж адамның құқы бар.
Тиімді жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелінуді, яғни жақсы басқарылып, оған аз шығын жұмсалып, айқын болу керек. Қол жеткізу мүмкіндігі, яғни белгілі мерзімде халықты неғұрлым толық қамту.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін әлеуметтік қауіп-қатер негізінде қорғаудың төменгі элементтерін қоса отырып ұйымдастыру:
— барлық азаматтарға бюджет қаржысы есебінен мемлекеттік төлемдер әлеуметтік қауіп-қатерге байланысты бірдей деңгейде төлеу;
— жұмыскерлер мен жұмыс берушілер есебінен бірінші кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыру;
— жинақтаушы зейнетақы жүйесі;
— бюджет есебінен азаматтардың белгілі категорияларын қолдау үшін арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен арнайы көмектер.
Бұған қоса, азаматтардың ерікті сақтандыруын іске асыру көтермеленеді. Мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесінің бірден-бір басты бағыты – бала мен аналарды кең көлемді әлеуметтік қорғау.
Демографиялық процестер мен бала тәрбиесін қолдау әлеуметтік қорғауда проблема ретінде қарастырылады. Кәмелетке толмаған балалар тәрбиелеп отырған отбасылары мен бала туылғанда оларды қолдау мақсатында бір жолғы төлем енгізіледі.
Мүгедектер проблемасына байланысты оларға мемлекет тарапынан көмек көрсету мемлекеттік сатандарттар енгізуді қамтамасыз ету. Бұл ұсыныстар 2007-2005 жылдар аралығында мүгедектерді сауықтыруға арналған бағдарламада көрініс табады. Арнаулы әлеуметтік көмектер тек қана өте аз қорғалған халықтың бөлігіне көрсетіледі. Мысалы, 2000 жылдың басында кедейлерге ақшалай көмек: Хорватияда, Македонияда, Өзбекстанда, Албанияда, Венгрия мен Эстонияда әлеуметтк көмек мұқтаждығын тексеру негізінде, Болгария мен Қазақстанда түрлі әлеуметтік көмек бағдарламасында мұқтаждығын тексеру қарастырылмаған. Қазақстанда, Македонияда, Өзбекстанда, Хорватияда балаларға көмек оның мұқтаждығын тексеруге негізделген.
Осыған қоса, біздің елімізде белгілі топтардағы – соғыс ардагерлері, мүгедектер және көп балалы аналарға қосымша қарауға арнайы бағдарламалар жаслуда. Арнайы мемлекеттік әлеуметтік көмек азаматтарға ақшалай және заттай, әрі ақылы қоғамдық жұмыстар түрінде көрсетіледі. Арнайы әлеуметтік көмектің тиімділігі кейбір елде елде бірдей емес. Қазақстанда, сол сияқты Ресейде әлеуметтік көмек аймақтық үкімет органдарының қалауына қарай шешіледі. Заттай әлеуметтік көмек тек жұмысқа жарамсыз азаматтарға – балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге беріледі. Сонымен қатар дәстүрлі көмектерге қоса мысалы: қарттар мен мүгедектер интернат үйлерін қамтамасыз ету, тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтарға үйлер, әлеуметтік қонақ үйлер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға еліміздің алдында тұрған міндет әлеуметтік қорғау бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту емес, кедейлікпен күресудің тиімділігін арттыру. Қазақстандағы әлеуметтік қорғаудың жаңа саясатын іске асырудың негізгі принципі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін мемлекеттік реттеу. Осыған орай, әлеуметтік жұмыс орталығына мына міндеттерді шешуі тиіс:
- Әлеуметтік аз қорғалған отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мезанизмін жетілдіру.
- Әлеуметтік көмек көрсету моноторингі мен әлеуметтік көмек көрсетуші адамдар есебінің жүйесін жетілдіру,
- Аз қорғалған зейнеткерлер және басқа топтарға арнайы жәрдемақы төлеуді жалғастыру.
- Қарттардың демалыс үйлеріне жолдамалар алуына қосымша қаржы көздерін іздеу, мүгедектер үшін арнайы арбалар, суды пайдалануды есептеу жеке приборларын орнату, қалалық қоғамдық транспортты пайдалануға жеңілдіктер жасау.
- Әлеуметтік мекемелер жүйесін дамыту.
Қайырымдылық шараларының жүйесін мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық қорларын қатыстыру арқылы әрі қарй дамыту. Еңбекте қарастырылған барлық мәселелер социологтарды, сол сияқты әлеуметтік қызметкерлер ісінің кең өрісі көп күш жұмсауды талап етеді.
Әлеуметтік жұмыс проблемаласы, оның негізгі бағыттарын көп аспекті қиын процестері көрсетеді, сондықтан бұл жұмыстың барлық қырын қамту мүмкін емес.
Ұсынылатын әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсарту әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеу, ұсынылатын қызметтер
тізбесін кеңейту мен олардың жетімділігін қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылатын болады.
Осыған байланысты:
5 жасқа дейінгі балалар үшін мектепке дейінгі жастағы балалар тәрбиешілерін жалдау жөніндегі агенттіктер желісін құру мен дамыту;
үйде әлеуметтік көмек желілерін, оңалту орталықтары мен мүгедек балалар мен кемтар балалар үшін әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсете отырып, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерін дамыту;
зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспірімдер үшін жетімханалар ашу, кейіннен осы балаларды балалар үйлеріне немесе арнаулы интернат үйлеріне орналастыру;
мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік және медициналық қызметтер ұсынатын оңалту мекемелері желісін дамыту;
өмірде қиын жағдайға душар болған адамдар үшін әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталықтарын құру және дамыту.
Мүгедектер үшін ұсынылатын өтемдік техникалық құралдар сапасын жақсартуға протездік-ортопедиялық бұйымдарды шығарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу, сатып алынатын сурдо-тифло құралдардың сапасын арттыру, аймақтарда мүгедектерге сервистік қызмет көрсетудің инфрақұрылымын одан әрі дамыту есебінен қол жеткізілетін болады.
Әлеуметтік қызметтер көрсетуге қол жетімділік:
- әлеуметтік қызметтерді көрсетуге мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін жетілдіру;
- орта кәсіптік білімі бар мүгедектерге МӘС-тің қорытындысына сәйкес оқуға қарсылық балмайтын жоғары және орта оқу орындарына түсу үшін квоталар бөлу негізінде қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың желісін құру мен дамыту үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын болды.
Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мынандай шараларды көздейді:
- Балалы отбасыларына бала туылғанда берілетін бір жолғы төлемге қосымша:
— бір жылға дейін баланы күту жөніндегі жәрдемақы енгізілетін болады. Жәрдемақы мөлшері 4 балаға дейін өсіп отыратын шкалада болады және отбасының кірісіне қарамастан төленеді;
— аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейін балалар жәрдемақысы енгізіледі.
2) Мүгедектерге
Мүгедектерге сурдо-тифлотехника және протездік-ортопедиялық бұйымдар сатып алу шығындарын өтеуге кезең-кезеңімен көшу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
3) Аз қамтылған отбасыларына:
— АӘК ұсынудың өлшемдері жетілдірілетін;
— әлеуметтік көмектің әр алуан түрін алуға үміткер адамдар үшін жиынтық табысты есептеудің бірыңғай әдістемесі әзірленетін (тұрғын үй көмегі, АӘК, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы);
— тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіруді ескере отырып, тұрғын үй көмегін ұсынуды оңтайландыру жүргізілетін болады.
4) Халықтың өзге әлеуметтік осал топтарына:
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері арттырылатын болады.
—
ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздегі әлеуметтік жұмыстың әрбір саласы халықты қолдау мен көмек көрсету барысындағы нақты мәселелер шешілуде, әлеуметтік жұмыстың нормативтік-құқықтық базасы құрылып, әлеуметтік жұмыстың кәсіби іс-әрекеті ретіндегі функциялық міндеттері орындалуда. Дегенмен, әлеуметтік қызметкерлер тек қана әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыру әрекетімен ғана айналысып қоймай, адамды кедейшіліктен, мұқтаждықтан, әділетсіздіктен, маргиналдықтан құтқаруғадағы мүмкіндіктерінің шектелгендігін игерудегі, өз бетімен шешім қабылдауға, қиыншылықтағы қысылған жағдайда жол таба білуге, оны жеңе білуге, қабілеттерін жақсартуға көмек көрсетудегі белсенділіктері ескеріліп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе деген ойдамыз. Сол қоғамдық өмірдегі саяси-идеологиялық саясатқа араласа отырып, халықтың мұң-мұқтажы шенеуніктердің құлағына жеткізеді деген үміттеміз. Ата дәстүрін жалғастырушы, әлеуметтік мұқтаждың жоқтаушысы бар маман — әлеуметтік қызметкерлерді жан-жақты біліммен қаруландырсақ, көп нәрсені ұтатынымызды уақыт көрсетер.
Жалпы әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірбиесін оқып-үйренуге бірқатар әдістерді пайдалану ұсынылады. Олардың арасынан жалпы (тарихи, жүйелік талдау, салыстыру және т.б.) сыртында әдістерді бөліп алуға болады.
Осындай тарихи әдіс қайырымдылықтың қалыптасу және даму үдерісі елдерде қалай жүргізілген, әлеуметтік жұмыс кәсібі қалай пайда болып, дамығанын салыстыра отырып оны өз елімізде дамытуға мүмкіндік береді. Ал салыстыру әдісі салыстыру объектілерін бөліп алуға, соның ішінде қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, елдерді бөліп қарауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік жұмыстарды салыстыру шаруашылық жүргізудің нарықтық немесе жоспарлы нысандарын игеру есебінен іске асырылуы мүмкін. Осы жағдайда тегін білім беру, медициналық қызмет көрсету, демалыс және т.б. қамтамасыз ету үшін қолданылатын, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуде қоғамдық тұтыну қорлары барынша маңызды орын алатын қазіргі қолданыстағы және бұрынғы тәжірбиелер ерекше маңызды. Жүйелі әдіс әлеуметтік жұмыстардың объект, субъект, мазмұн, құрал, басқару, әлеуметтік жұмыстардың қызметі мен мақсаты сияқты элементтерін өзіне қоса отырып, тұтас жүйе ретінде әлеуметтік жұмысты тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді. Осы жағдайда жалпы жекелеген елдердің әлеуметтік қорғалу жүйесі және олардың жекелеген маңызды компоненттері ретінде салыстырмалы талдау қажет.
Әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибесін оқып-үйренудің жоғарыда аталған жалпы әдістерімен қатар міндетті түрде жиынтық және әр қайсысы бөлек түрінде жеке әдістері (байқау, құжаттарыды талдау және т.б.) пайдаланылады.
Сонымен қатар, елімізде балалары бар отбастарымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар соның ішінде: балаларға әлеуметтік көмек көрсететін арнайы мекемелер төмендегі қызметтерді (аз қамтылған отбастарына тегін) ұсыну жолдарын дамыту, ата-аналар үшін кәсіби оқудың әлеуметтік топтарын ұйымдастыру, еңбекке орналастыру жөнінде көмекпен қамтамасыз ету; күндіз және кешкі уақытта жұмыс істейтін ата-ана балаларының күтімін қамтамасызх ету; қалалық денсаулық сақтау орталықтары жанынан күйеуге шықпаған аналар үшін қызметтерін құру, ата-анасы тарапынан зорлыққа ұшыраған балаларды қорғау қызметін құру және қолдау, бала асырап алған отбастарымен жұмыс, баланың жаңа отбасына бейімделуін бақылау. Балалардың әлеуметтік қызметі міндетіне жетім балаларды асырап алу мәселесін қолға алу және т.б.
Қазақстанда табысы төмен отбасыларының саны ұдайы өсіп отыр, осылардың өзіне асыраушысы жұмысынан айрылған, ұзаққа созылған ақысыз демалыстағы, жұмыссыздығы жөнінде жәрдемақы алу құқын жоғалтқан отбастары қосылып отыр. Әлеуметтік қызметкердің пайда болған жағдайдағы міндеті – белгілі өмір сүру деңгейін сақтау және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына көмек көрсету. Бұл үшін кедей және өте кедей адамдардың қорғалмаған топтарын және «кім кедей» екенін анықтау қажет.
Республикада нарықтық өзгерістерге байланысты жұмыссыздар армиясы едәуір өсіп, ертеңгі күнге деген сенім төмендеуде және т.б. Бұл мемлекеттен мемлекет және жалпы қоғам деңгейінде белсенді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Демек, әлеуметтік саясат арқылы әлеуметтік араласудың қандай да бір түрі «болуы тиіс» осының нәтижесінде әлеуметтік және қоғамдық жұмыстардың жаңа заңдары мен жаңа түрлері болуы тиіс.
Сонымен қоса, тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жалпы ұлттық қорлардың санын және сапасын жоғарылату. Еліміздің түпкіріндегі алыс ауылдарда, шалғайдағы шаруашылықтарда күнкөріс жайы төмендеген шарасыздықтан шаршаған жандар бар. Солардың бірқатарына қайырымдылық қолын созу. Осы мақсатта, қайырымдылық қорлар қызметін кеңейту.
Осы жоғарыда көрсетілген мәселелерді іске асыру үшін ерекше маман иелері әлеуметтік қызметкерлерді дайындау мақсатында, презентация, дөңгелек столдар, конференциялар өткізу және де жоғарғы оқу орындарында сәйкес кафедралар ашу және т.б.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы: 2006 ж. 9 сәуірдегі №481 қаулысымен бекітілген.
- Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы»: 2009ж. 4-шілдедегі №581-ІІ ҚРЗ.
- Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы». //Егемен Қазақстан, 2006 жылғы 10 тамыз
- Қазақстан Республикасының Заңы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы». //Егемен Қазақстан, 2007 жылғы 23 шілде
- Қазақстан Республикасының Заңы «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» // Егемен Қазақстан, 2005 жылғы 26 сәуір
- Кожамкулова Л.Т., Демеуова М.Е. Әлеуметтік жұмыстағы қайырымдылық рөлі. – Алматы: Қазақ университеті, 2008ж.
- Сарсенова Ж.Н. Әлеуметтік жұмыс: Оқу құралы – Алматы, 2009ж.
- Жаназарова З.Ж. Социальная работа с семьей: Учебное пособие для студентов гуманитарных факультетов высших учебных заведений. – Алматы: Қазақ университеті, 2008г.
- Кожамкулова Л.Т. Социальная работа города: принципы и направления – Алматы: Қазақ университеті, 2008г.
- Абдираимова Г.С. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие – Алматы: Қазақ университеті: 2008ж.
- Мүгедектерді оңалтудың 2007-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: 2008ж. 15 қаңтардағы №20 қаулысымен бекітілген.
- Жанұя бюджеттеріндегі әлеуметтіліктілікті қоғамдық тұрғыда қолдау – Қаржы-қаражат – 2009.-№2.
- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жәрдемақылар – Заң газеті – 2005-14 қаңтар.
- Жәрдемақылар мен жеңілдіктер — /Астана хабары – 2005- 4қыркүйек.
- Қазақстандағы әлеуметтік жағдай туралы: Түркістан: 2008-24 сәуір.
- Основы социальной работы: Москва-2008г. Учебное пособие: под редакций И.В. Мартынова.
- Агафанов А.Н., Менлибаев К.Н. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие – Караганда: Издательство КарГу, 2008г.
- П.Ф. Павленок. Теория история и методика социальной работы. Москва; 2008г.
- Тетерский С. В. Введение в социальную работу. Учебное издание – Москва 2008г.
- Блинков Ю.А., Ткаченко В.С., Клушина Н.Г. Медико-социальная экспертиза лиц с ограниченными возможностями / Серия «Учебники, учебные пособие»- 2007г.
- Мельников В.П., Холостова Е.И. История социальной работы. Учебное пособие. 2-е изд. – М.: Издательско – книготорговый центр «Маркетинг»; 2007г.