АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо-биологиялық ерекшелігі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

Баққожа Жарқын Мейржанұлы

 

«Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо-биологиялық ерекшелігі»

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

 

5В080400 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

Технология және биоресурстар факультетi

 

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

 

 

                              ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

«Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо-биологиялық ерекшелігі»

 

 

                                                                                  Беттер саны _____

Сызбалар мен көрнектi                        материалдар саны____                                                                                      

 

Орындаған : Баққожа Жарқын Мейржанұлы

 

 

2018 ж. «____» _____________ қорғауға жiберiлдi

 

 

 

Кафедра меңгерушiсi,                      __________  Лукбанов В.М.

 

Жетекшiсi:                                        __________   Альпейсов Ш.А.

 

Сарапшы                                            __________               ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

Технология және биоресурстар факультетi

 

Мамандығы 5В080400 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

 

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

 

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент: Баққожа Жарқын Мейржанұлы

 

Жұмыс тақырыбы: «Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо-биологиялық ерекшелігі»

 

 

Университет бойынша 2018  ж «_____»___________ № _____бұйрығымен бекiтiлген

Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж  «_____» ______________

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

  1. Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты
  2. Іле өзені мөңке балығының биологиялық сипаты
  3. Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері

 

Ұсынылатын негізгі әдебиет

 

  1. Инновационные подходы в управлении рыбным хозяйством Казахстана. Окончательный проект отчета 25 июль, 2004г. 50 стр.

Рыбохозяйственные исследования РК история и современное состояние. Ред. Коллегия Ш.А. Альпеисов. Алматы: Бастау, 2005г.

  1. Биологические основы функционирования водных экосистем главных рыбохозяйственных водоемов Казахстана и рекомендации по рациональному использованию их ресурсов. Раздел: Балхаш-Илийский бассейн, подраздел :Капчагайское водохранилеще:отчет о НИР (заключительный). //КАЗНИИРХ Алматы, 1995, 45 стр.
  2. Гидрологические и водохозяйственные аспекты Или -Балхашской проблемы, Под редакцией проф. А.А.Соколова, Л. Гидрометеоиздат, 1989г, 65 стр.
  3. 4. Бәйімбетов Ә.А Темірхан.С.Р Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы. Алматы, 1999ж, 200 бет
  4. Бәйімбетов Ә. А. Ихтиологияның негіздері 1 бөлім Алматы, 2005ж. 180 бет.
  5. 6. Олжабекова К. Б., Есжанов Б. Е. Омыртқалылар зоологиясы 2 том. Алматы – 2007 ж. 368 бет.
  6. Моисеев П.А. и др. Ихтиология и рыболовство. М., 1975г.285 стр
  7. Баклашова Т.А. Ихтиология. М., 1980г. 250 стр
  8. Жизнь животных. 4. М., 1983 г.

 

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Әдебиетке шолу

Альпейсов Ш.А.

Қазан, 2017 ж

 

Материалды зерттеу әдістері

Альпейсов Ш.А.

Қараша, 2017 ж

 

Негізгі бөлім

Альпейсов Ш.А.

Желтоқсан, 2017 ж

 

 

 

Кафедра меңгерушісі         ________________________           Лукбанов В.М.

 

Дипломдық жұмыс  жетекшісі      __________________           Альпейсов Ш.А.

 

Тапсырманы орындауға                                                                                                             қабылдадым, студент            _______________________          Баққожа Ж.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жобаны орындау

ГРАФИГІ

Рет саны

Тараулар және  қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1

Кіріспе

Қазан, 2017 ж

Орындалды

2

Әдебиетке шолу

Қазан, 2017 ж

Орындалды

3

Зерттеу әдістері мен материалдары

Қараша, 2017 ж

Орындалды

4

Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтына сипаттама

Қараша, 2017 ж

Орындалды

5

Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты

Қараша, 2017 ж

Орындалды

6

Іле өзені мөңке балығының биологиялық сипаты

Қараша, 2017 ж

Орындалды

7

Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері

Қаңтар, 2018 ж

Орындалды

8

Қорытынды

Ақпан, 2018 ж

Орындалды

9

Пайдаланған әдебиеттер

Наурыз, 2018 ж

Орындалды

 

 

Кафедра меңгерушісі         ________________________           Лукбанов В.М.

 

Дипломдық жұмыс  жетекшісі      __________________           Альпейсов Ш.А.

 

Тапсырманы орындауға                                                                                                             қабылдадым, студент            _______________________         Баққожа Ж.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

7

 

АНЫҚТАМАЛАР

8

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

10

 

КІРІСПЕ

11

1.

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

13

1.1

Қапшағай су қоймасының физико — географиялық сипаттамасы

13

1.2

Мөңке балығының систематикалық орыны және биологиялық сипаттамасы

17

2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

30

2.1

Зерттеу материалы және әдістері

30

2.2

Жиналынған матеиралдарды өңдеуге қолданылған әдістемелер

30

2.3

Балықтарды биологиялық талдау әдісі

31

2.4

Жыныстық жетілуі кезеңдерін анықтау әдісі

33

3

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР

38

3.1

Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтына сипаттама

38

3.2

Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты

44

3.3

Іле өзені мөңке балығының биологиялық сипаты

48

3.4

Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері

50

 

ҚОРЫТЫНДЫ

52

 

ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР

53

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

54

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

ГОСТ 7.1 – 2003. «Библиографическая запись. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления».

ГОСТ 7.32 – 2001. «Отчет о научно – исследовательской работе. Структура и правила оформления»

ГОСТ 50 380 -92 Рыбы и рыбопродукты. Термины и определения

ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.

ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица. Размерные категории

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

 Осы диплом жұмысында қолданған терминдердің төмендегідей анықтамалары бар:

 Ювинальді – жыныстық жағынан жетілмеген дарақтар;

 Литофильдер – уылдырығын тасқа шашатын балықтар;

Фитофильдер – уылдырығын су өсімдіктеріне шашатын балықтар;

 Пелагофильдер – уылдырығын су қабатына шашатын балықтар;

 Кәсіптік қор – балық шаруашылығы Ережесімен бекітілген немесе өлшемдері кәсіптік  болып саналатын балықтар популяциясының бөлігін айтамыз;

Кәсіптік аулау – белгіленген бір уақыт кезеңінде қолданылатын аулау құралдарының жалпы саны;

Толысу – балықтар популяциясының өсуі, яғни кіші жастағы топтардың өсу нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы.

Уылдырық шашу – балықтардың қоректену немесе қыстау аймағынан уылдырық шашатын жерге көшуі.

Шабақ – барлық денесі қабыршақпен қапталған, сыртқы пішін бойынша балыққа ұқсас.

Популяция —  белгілі бір аймақта мекендейтін,  белгілі аймақта  уылдырық шашып, қыстайтын, бір түрге жататын түрлі балық топтарын белгілейтин термин.

Фитопланктон – су қабатының төменгі сатысындағы бір клеткалы балдырлар мен бактериялар.

Мутация —  организмдердің кенеттен өзгеріске ұшырауы.

Фультон —  толық салмағы бойынша қондылық коэффициенті.

Кларк —  іш құрлыссыз салмағы бойынша коэффициент қондылығы.

Планктон —  су қабатын мекен ететін гидробинттар.

Дернәсіл —  аралас қорекке көшу уақытына қабыршақтың тастамасы салынғанға дейінгі уақыт.

Ихтиология  —  балықтар жайындағы ілім.

Бентофак —  бентоспен қоректенетін организм.

Биологиялық мелиорация – ихтиофаунадағы түрлік құрамының жоғарлауы үшін жүргізілетін шаралар; маңызссыз балықтарды аулау; кәсіптік  және бағалы балықтардың тіршілік жағдайына  қолайлы орта туғызу; жыртқыш және өсімдікқоректі балықтарды суқоймаға жерсіндіру.

Аккилиматизация —  белгілі бір түрмен олардын ұрпақтарын  жаңа бір ортаға жерсіндіру.

Кәсіптік қарқындылық – бір аудан көлеміне шаққандағы кәсіптік жағдайдың тиімділігі.

Кәсіптік жағдай – белгілі бір уақыт ішіндегі қолданылған аулау құралдары ның жалпы саны. 

 

Бір бірліктегі аулау күші – кәсіптік улов, приходящийся на единицу промыслового усилия.

Толықтыру – жас балықтардың келуі есебінен популяцияның кәсіптік бөлігінің артуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

м — метр

мм – миллиметр

см – сантиметр

кг —  килограмм

г —  грамм

т – тонна

км2 – 1 километр квадрат

км 3 – 1 километр куб

м/с – метр секунд

ж. – жыл

% — пайыз

♀- аналық

♂- аталық

Q —  балықтардың толық салмағы;

q —  балықтардың   іш құрлыссыз салмағы;

L – балықтардың толық ұзындығы;

l –  құйрық қанатсыз ұзындығы;

min —  минимум;

mak – максимум;

Juv —  ювинал;

т.б —   тағы басқа;

т.с.с  — тағы сол сияқты;

стад – стадиясы;

корек —  ішіндегі қорек мөлшері;

АИТ – абсолютты индивидуальді тұқымдылық;

         СЭС – Су электр станциясы;

l орт. орташа ұзындығы

БС — беткі су

МШЖ – мөлшерлік шектік жинақталуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыбтың өзектілігі. Күміс мөңке балығы  Garassius  auratus  Қазақстан су айдындарында таралған балықтар түрінің бірі болып, басқа түрлерімен салыстырғанда ең қолайсыз ортаға шыдамды, маниторингтік түр талабына сәйкес дене өлшемі жеткілікті және судың экожүйесінде улы заттардың әсерін бағалауға арналған перспективті объект болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық ерекшеліктерін және морфометриялық көрсеткіштерін зерттеу. Менің «Мөңке балығының морфо — биологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың мақсатына сай зерттеу жұмыстарын атқару үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

Қапшағай су қоймасындағы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық талдау жүргізу арқылы ерекшеліктерін зерттеу және басқа бағалы кәсіптік балықтарға бәсекелестік маңызына тоқталу, әдебиетке шолу.

Адамзат балықты басқа объектілермен бірге ерте заманнан бері маңызды тамақтық зат есебінде пайдаланып келеді. Балықтардың табиғаттағы маңызы ерекше себебі, жер жүзіндегі 43 мыңдай омыртқалылардың 50 % шамасын құрайтын балықтар. Планетамыздың 2/3 бөлігін алып жатқан судағы өсімдіктер мен басқа организмдер жинаған энергия қорын өңдеуде балықтардың орны бөлек. Қоректік спекторының әртүрлілігінен барлық қоректік тізбектерге әсер етеді. Балықтар судағы және құрлықтағы көптеген жануарлардың қоректік қоры.

Балық еті белоктардың тез қорытылатын 16-21%-нан тұрады, ол биологиялық құндылығы бойынша жылықанды жануарлар етінен бірқатар артық болып табылады. Негізгі қоректік заттардың құрамы алмастырылмайтын амин қышқылдарының, минералдық заттардың және қанықпаған май қышқылдарының болуымен және жеңіл қорытылуы мен жақсы сіңірілуіне байланысты, балық етін диеталық тағамға жатқызуға болады.

Балықтардың жекелеген түрлеріне қарай майдың құрамы түрлі болады. Ең азы шортанда – 0,5,-1%, ең көбі жылан балықта – 32 %. Тұқы балығында өсірілу жағдайына байланысты 2 жастығында орташа 9-11%.

Витаминдердің құрамы бойынша, С витаминінен басқасынан балық жемістер мен көкеністерден асып түседі. Осылайша, тұқы етінде А витамині (каротин) лимонға қарағанда 2 есе, В1 – витамині 3,5 есе, В2 – витамині 6,5 есе және 15 есе РР витамині артық.

Балықтардың маңыздылығы тек оның тағамдық құндылықтарымен ғана шектеліп қоймайды. Балық өнеркәсібі 600 мың тоннадай балық ұнын шығарады, ол көптеген ауыл шаруашылық жануарларының рационында алмастырылмайтын компонент б.т. Балықтардың және ауыл шаруашылық жануарларының рационындағы компонентердің бірі балық ұнын, желім өндіретін тағы басқа жағынан маңызды балықтардың бірі мөңке болып табылады.

Күміс мөңке Қапшағай су қоймасына жерсіндірілген. Мөңке балығы өте ұзақ өмір сүретін балық, ол тез су айдындарына  бейімделген және ұзақ уақыт сусыз өмір сүре алады. Осындай жағдайда мөңке балығы суққа шыдамды. Суық кезде суда мұз болып қатып, бірақ күн қалай жыли бастағанда оның мұзы ерігенде қайтадан тіріледі.

Дипломдық жұмыстың базасы Алматы облысы Қапшағай су қоймасы және Іле өзені болып табылады.

                                 1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Қапшағай су қоймасының физико – географиялық сипаттамасы

 

Қапшағай суқоймасы Қазақстан суқоймаларының ішінде балық шаруашылығы жағынан ірі су қоймалардың бірі болып табылады. Суқойма Іле жазығының батыс бөлігінде орналасқан. Қапшағай суқоймасының негізгі саласы болып Іле өзені табылады, сонымен қатар оны Шелек, Қаскелең, Кіші Алматы, Көтентай, Саз – Талғар, Есік, Қараөзек, Қарасу, Лавар, Терең – Қара, Ақтоған және Шеңгелді секілді кіші өзендер толықтырады. Ілі өзенінің су жинағыш ауданы 130 км2 асады. Іле өзені өзінің бастауларын Теріскей-Алатау тауларынан алады. Қапшағай суқоймасы Іле өзенінің орта ағысында, Алматы облысының территориясында салынған [36,37].

Қапшағай суқоймасын толтыру жұмыстары 1970 жылдары басталған. Жобалық сипаттамалары: ауданы 1850 км2, көлемі 28,14 км3, ұзындығы 180 км, ені 22 км, орташа тереңдігі 15,2 м, ең терең жері – 45 м.

 Суқойманы салудағы мақсат – су жүйесінің көп жылдық реттелуі. Негізінен энергетикаға және балық шаруашылығын дамыту үшін, жерлерді суғару мақсатында пайдаланылады. Қапшағай суқоймасының деңгейі негізінен Іле өзенінен келер судың мөлшерімен және ГЭС – тен  судың тасталуымен тікелей байланысты. Қапшағай суқоймасының оң жақ жағалауы өзіне тән айтарлықтай терең және күшті желді құбылыстармен сипатталады.

Қапшағай суқоймасының сол жақ жағалауы тегісті және таязды болып келеді. Бұл суқойма деңгейiнiң өзгеру кезіндегі  жағалау сызығының құбылмалдылығын көрсетеді. Сол жағалаудағы судың лайлы болуыда осыған байланысты [37,38,39].

Суқойманың жоғарғы бөлігі жағалау сызығымен соғатын қатты желдермен сипатталады. Бұл жерлерде жыл бойына желді күндер көп болады. Сондықтанда қысты күндері бұл аймақтарда мұз басуы тұрақсыз болып келеді. Бұл жерлерде термоклин құбылысының болмауыда осы қатты желдердің арқасында су қабатында үлкен толқын туғызып судың тез араласуында  болып отыр. Іле өзенінің әсері құярлық аймағынан алыстаған сайын,  су желiсiнде тұнба бөлшектерімен жетіліп отырады. Жалпы суқойманың жоғарғы бөлігіне судың жоғары лайлылығы және салыстырмалы түрде таязды тереңдіктер тән болып табылады [44].

Суқойманың гидрологиялық режимінің кәсіптік балық қорына,  басқа гидробионттардың қалыптасуына маңызы зор және олардың өмірлерінің барлық кезеңдеріне әсерін тигізеді. Ол суқойманың қоректік қорымен, балық қорыменен, балықтың  өрістеу, қоректену, тіршілік ету ортасымен тығыз байланысты.

Су деңгейіне байланысты көктемгі (күзгі) өрістеуі, балық қорын көбейтудің ең тиімді фактордың бірі болып табылады.

Балықтардың көктемдік өрістеуі мұз ерігеннен кейін бірден басталады.

Уылдырық шашуға өрістеуді кәсіптік балықтардың ішінде бірінші болып торта бастайды, суқойманың сол жақ жағалауындағы таяз суларда, сондай-ақ, суқойманың құярлығында көптеп жинақталады. Су температурасы 8-9 °С — қа көтерілгеннен бастап уылдырық шашуы басталады.

Суқойманың таяз суларына және өзен сағаларына уылдырық шашуға тортадан кейін көксерке өрістейді. Оның уылдырық шашуы сәуір айының басы мен ортасында жүреді. Бақылаудағы аулауда сәуір айының үшінші декадасында көксерке тегістей уылдырық шашып  болды.

Сәуір айының ортасынан бастап тыранның уылдырық шашуы басталады, көп бөлігі суқойманың жағалауына шашады, ал аз бөлігі Іле өзенімен көтеріле отырып жағалаудағы көлшіктерде шашады. Алдыңғы түрлерден ерекшелігі тыран уылдырықты бөліп шашатын түрлерге тән шашу кезеңі 1,5 айға созылады. Сәуір айының үшінші декадасының басында-ақ уылдырықтың алғашқы үлесін шашқан ірі балықтар кездеседі, жалпы тыран балығының көпшілігі уылдырықты мамыр айында шашады. Сонымен қатар, бақылаудағы аулауда маусым айының бірінші декадасында уылдырығын шашпаған кейбір балықтар да кездеседі.

Көрсетілген түрлерден ерекше, өсімдікпен қоректенетін балықтар – дөңмаңдай мен ақ амур уылдырығын су қабатында, уылдырығының дамуы жүретін су ағысына шашады. Осы жылы дөңмаңдайдың уылдырық шашуға өрістеуі сәуір айының алғашқы декадасында басталды, өрістеудің қарқындылығы арта бастады да мамырдың соңына қарай өз шегіне жетті, содан кейін қарқындылығы ақырындап төмендей түсті. 

Ақ амурдың алғашқы уылдырық шашуы сәуір айының соңы – мамыр айының басында жүреді. Уылдырық шашуға қарқындылығы мамыр айының екінші-үшінші декадасында жүреді. Маусым айының алғашқы декадасында амурдың уылдырық шашу қарқындылығы төмендеп, уылдырықты аналықтар аз кездесті.

Іле өзенінде және оның басты тарамдарында, яғни, уылдырық шашатын құярлықтары мен өзеннің көлшіктерінде дөңмаңдаймен бірге жайынның да өрістеуі басталады. Бастапқыда жынысқа жетілген, салмағы 3,5 – 4,0 және 5 — 6 кг болатын ұсақ және орташа көлемдегі балықтар өрістей бастайды. Өрістеу қарқынды бола бастаған мамыр айының басы мен ортасында орташа көлемдегі балықтар (12-15 кг), сосын одан да ірі, салмағы 40-50 және сирек 80 кг балықтар  өрістейді. Уылдырық шашушы және шашып жатқан аналықтар мамыр айының ортасында байқалды, ал мамыр айының соңына қарай жайынның уылдырық шашуы толықтай аяқталады.

Биылғы жылы сазанның уылдырық шашуға өрістеуі сәуір айының үшінші декадасында басталды. Уылдырық шашушы үйірде әртүрлі жастағы балықтар және салмақтары  8-9 кг ға  жететін ірі балықтар да кездеседі. Өрістеудің шарықтау шегі мамыр айының ортасында болды, ал айдың аяғында уылдырық шашуы толықтай аяқталды. Бұл уақытта сазанның басым бөлігі уылдырық шашып болды.

Сазан мен жайынның көбеюіне Іле өзенінің құярлықтары мен көлшіктерінің маңызы зор. Сәуір айының аяғы мен мамыр айында суқойма суының деңгейі көтеріліп, жағалаудағы таяз суларда шөптесін, жұмсақ су өсімдіктері көктеп шығып үлгіреді. Бұл ауданда осындай алаңдардың аудандары биылғы жылғы жобалау бойынша 8-10 мың гектарға жетеді. Бұл аудандарда осы айтылған балық түрлерінің уылдырық шашуы қарқынды өтті. Алдыңғы жылдардағыдай балықтардың уылдырық  шашуға өрістеуіне суқойманың және  Іле өзенінің гидрологиялық режимінің маңызы зор болды.

Суқойманың төменгі жағы басқа желді режиммен сипатталады. Бұл жерде жел әр-түрлі бағытта соғады. Жыл бойына желді күндер саны аз. Қыстың суық күндері суда жақсы мұз қабаты болуы мүмкін. Жазда және қыста әр мезгілдің өзіне тән термоклині болады. Су мөлдірлігі бұл аймақтарда жоғарғыға қарағанда әлде – қайда жоғары болып келеді. Суқойманың төменгі бөлігінде макрозообентостың дамуы өте қарқынды.

Айтылған суқойманың ерекшеліктеріне байланысты су аймақтарында сынама алу станциялары белгіленген.

Соленный көлі ауданындағы станциялар Іле өзені және суқойманың құярлық аймағына жақын болғандықтан солардан туындайтын гидрологиялық жағдаймен сипатталады. Суқойманың бұл аймағы таязды сулы және күшті желдер судың лайлы болуына әкеп соғады. Сонымен қатар бұл аудандарда Іле өзеніне уылдырық шашу алды өрістеу үшін балықтар жиналады.

9 насосты станциясы судың лайлылығы мен күшті желдері бойынша Соленный көліне ұқсас болып келеді, бірақ терң жерлерімен өзен ағысының әсерімен ерекшеленеді.

«Қарашеңгел» шаруашылығындағы станция алдыңғылардан судың мөлдірлігімен және желдің аз әсерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар Соленный көліне қарағанда бұл жерде тереңдіктер жоғары болып келеді. Есік өзеніннің сағасындағы станция «Қарашеңгел» шаруашылығындағы станцияданда тереңірек болып сипатталады. Оған қоса бұл жерде балықтардың өрістеуге жиналуы байқалмайды.

Қаскелең шығанағында орналасқан станция Қаскелең өзенінің әсерінен гидрологиялық жағынан басқалаға қарағанда ерекшеленеді. Сонымен қатар суқойманың бұл аймағы өзге іргелес жатқан аймақтарға ұқсамайтын жағалау сызығының айтарлықтай ойдым-ойдым болып сипатталады. Оң жақ жағалауда орналасқан ІІМ демалу аймағындағы станция суқойманың ең терең аудандарында орын тепкен (тереңдігі 35-40 м дейін).

Шеңгелді аралындағы станцияда суқойманың терең (30 м дейін) аудандарында ораналасқан. Бірақ бұл аудандарда оң жақ жағалауларға тән емес жағалық сызықтары ойдым-ойдым болып келеді.

5 насосты аймақта орналасқан станция оң жақ жағалалуларға тән су тереңдігімен (су тереңдігі 22 м дейін), судың жоғары мөлдірлігімен және толқынды желдермен  сипатталады [36,37,38,39,40].

Зерттеулер кезінде тереңдіктер 34,0-4,6 м болды, су тұнықтығы 300-400 см. Көктемгі кезеңде ауа температурасына байланысты су температурасының жылынуы 13,4-20,0 ºС құрады. Су ортасының реакциясы әлсіз сілтілі, сутегі көрсеткішінің шамасы (рН) 8,54-8,70. Газ режимі 2010-2011 жж. деректеріне қарағанда бірқалыпты және тиімді. Көміртегінің қостотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері 8,97-11,80 мгО2/дм3 аралығында болды. Органикалық заттардың мөлшері жоғары емес, перманганатты тотығу 2,7 мгО/дм3 құрады.

Биогенді элементтердің мөлшері фитопланктон мен жоғары су өсімдіктерінің дамуына жеткілікті деңгейде. Жыларалық тұрғыда 2011 ж. қарағанда минералды еріген фосфордың жоғарылағаны байқалады [44,45].

Техникалық қасиеттері бойынша су ұстамды-кермекті су классына жатады, жалпы кермектілігі 4,0 мг-экв/дм3. Еріген тұздардың қосындысы бойынша І кәсіптік ауданының суы тұщы, минералдануы 310 мг/дм3. Аймақтық таралуы бірқалыпты. Су гидрокарбонатты классқа, кальций тобына, ІІ типке жатады. Жыларалық минералдануы тұздылықтың 2011 ж. қарағанда біршама төмендеуімен сипатталады [46].

ІІ кәсіптік аудан Қапшағай суқоймасының сол жақ жағалауы акваториясында орналасқан, бұл аудан суының гидрофизикалық және гидрохимиялық көрсеткіштері І кәсіптік ауданының осы көрсеткіштеріне толық сәйкес келеді. Аудан терең сулы, тереңдіктері 9-23 м аралығында болды, су тұнықтығы жоғары – 160-300 см. Су ортасының температурасы көктемгі кезеңде 16,0-20,3 0С. Су реакциясы әлсіз сілтілі, сутегі көрсеткішінің шамасы (рН) 8,43-8,65 аралығында болды.

Газ режимі қанағаттанарлық. Көміртегінің қос тотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері көпжылдық кезеңде 8,6-10,2 мгО2/дм3 аралығында ауытқиды.

Биогенді элементтердің және органикалық заттардың мөлшері төмен деңгейде. Перманганатты тотығу 3,7 мгО/дм3 шамасында.

Жалпы кермектілік 3,9-4,0 мг-экв/дм3, осының салдарынан су ұстамды-кермекті классына жатады. Еріген тұздардың косындысы бойынша су тұщы болып саналады, минералдануы 292-320 мг/дм3, құрамы гидрокарбонатты-кальцийлі.

 Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауында Ыстық, Қараөзек және Қаскелең өзендерінің құяр жерінде орналасқан, осыған байланысты бұл жердің терңдіктері минималды – 1,5-2м-ден максималды – 18-20м аралығында ауытқиды. Тереңдіктеріне байланысты су тұнықтығы 60-600 см аралығында болды. Суы саяз аймақтарда су температурасы біршама жоғары болды – 18-20 0С, суы терең аймақтарда бұл көрсеткіш 13,3-15,3 0С көрсетті. Су ортасы реакциясы әлсіз сілтілі – 8,50-8,60 аралығынды болды.

Газ режимі қанағаттанарлық. Көміртегінің қос тотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері көпжылдық деректер бойынша көктемгі кезеңде 8,7-10,3 мгО/дм3, бұл 100 % қалыпты қанығуға сай.

ІІІ кәсіптік аудан биогентті элементтер бойынша едәуір жоғары шамада: аммоний және нитратты азот 1,3-1,4 есе, минералды еріген фосфор 2,8 есе, бұл биогенді элементтердің келіп құятын өзен суларымен бірге келуімен түсіндіріледі. Органикалық заттардың мөлшері төмен деңгейде, перманганатты тотығудың шамасы 3,5 мгО/дм3 құрады [46].

Техникалық қасиеттері бойынша су ұстамды-кермекті су классына жатады, жалпы кермектілігі 4,0 мг-экв/дм3. Еріген тұздардың қосындысы бойынша суы тұщы, минералдануы 300-321 мг/дм3. Аймақтық таралуы бірқалыпты. Су гидрокарбонатты классқа, кальций тобына жатады.

Суқойманың сол жақ жағалауында, келіп құятын өзендердің акваторияларын қоса санағанда, орналасқан. Басқа кәсіптік аудандармен салыстырғанда ІV кәсіптік ауданы көктемгі кезеңде тереңдіктердің төмен көрсеткіштерімен 1,8-3,0 м, су тұнықтығының төмен көрсеткіштерімен 60-170 см ерекшеленеді. №2 бекеттің ерекшелігі тереңдігі 12 м және судың тұнықтығы 450 см. Зерттеу кезеңінде су температурасы 16,3-20,80С аралығында болды. Су ортасының реакциясы әлсіз сілтілі; сутегі көрсеткішінің шамасы 8,36-8,60.

Газ режимі қанағаттанарлық. Көміртегінің қос тотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері 2017-2011 жж. мәліметтеріне сәйкес 9,1-10,2 мгО2/дм3 аралығында ауытқиды [47].

Биогенді элементтердің мөлшері шектеулі-рауалы шоғырлану (ШРШ) деңгейінен аспайды, Кәсіптік аудан акваториясы бойнша таралуы біркелкі емес. Аммоний және нитратты азоттың жоғары мөлшері 3,5-3,8 есе, минералды еріген фосфордың мөлшері 2,5 есе асқан мөлшері Қарашеңгел №8 бекетте тіркелген. Бұл элементтердің минималды мөлшерлері №1, 2 бекеттерде тіркелген. 2011 ж. орташа мәндер бойынша нитратты азот пен фосфордың мөлшерлері ұлғайған.

Органикалық заттардың мөлшері төмен деңгейде, перманганатты тотығудың шамасы 4,8 мгО/дм3, бұл көрсеткіш басқа аудандарға қарағанда 1,3-2,1 есе жоғары.

Су кермектілігі мен минералдануы бойынша ІV кәсіптік ауданы суқойманың басқа акваторияларына ұқсас, 4,1 мг-экв/дм3 және 289-300 мг/дм3 сәйкес.

 

1.2 Мөңке балығының систематикалық орны

 

Тип  Chordata: Хордалылар

Тип тармағы:  Craniata — бас қаңқалылар

Бөлім:   Vertebrata —  омыртқалылар

Класс үсті:  Gnatostomata — жақтылар

Класс: Pisces — Балықтар

Класс тармағы  Osteichthyes — сүйекті балықтар

Класс асты: Teleostomi — нағыз сүйекті балықтар

Отряд: Cypriniformes — тұқытәрізділер

Туыс:  Cyprinidae — тұқылар     

         Түрі:  Carassius auratus gibelio — күміс мөңке, Carassius auratus auratus — алтын мөңке [4,5, 6].

Биологиялық сипаттамасы. Мөңке балықтар- тұқы тұқымдасына жататын балық түрі. Арқа жүзбе қанаты ұзын, бірқатарлы тіс, қалың арқалы ұзын женелі, бүйірінен сығылған. Қабыршағы ірі және сипалағанда тегіс. Мекендеу орынына байланысты баяу түрленеді. Алтын мөңкенің дене ұзындығы 50 см  және салмағы 3 кг жоғары. Күміс мөңкенің дене ұзындығы 40 см және салмағы 2 кг дейін болады. Бұл балықтың қоректену жағдайына және мекендеу орынына байланысты.  Алтын мөңкенің жыныстың жетілуі 3-4 жасында. Көктемде және жаздың басында уылдырығын өсімдікке шашады. Мөңке балықтар өсімдіктермен майда омыртқасыздармен зоопланктонмен, зообентоспен және детритпен қоретенеді. Бұл балық Лена бассейніне дейін Орталық  Европада таралған.

Түрлердің ерекшелік белгілері: алтын мөңкенің қабыршағы сары түсті,  ал күміс мөңкенің күміс қоңыр түсті, ал алтын мөңкенің бүйір жағында қабыршағы 33. Күміс мөңкенің  қабыршағы өте ірі, бүйір жағында 31 қабыршақ; жас алтын мөңке балықтың денесінде  құйрықты жүзбе қанаттың алдында қара дақ болады. Оның жасы өскен сайын  дағы жоғалады.

Күміс мөңке балықсүйекті балықтарға жатады (тұқы тәрізділер тұқымдасы).  Күміс мөңке балық кәдімгі мөңке балықтарынан желбезек санымен бүйірі және іш пердесі  күміс түстілігімен өзгешеленеді. Күміс мөңке балығы Дунай, Днепр өзендерінде Сахалин көлінде, Қытай және Корея су айдындарында кездеседі.  Ареалды екі мөңке балықтың түрімен табиғи тарату және күміс мөңке балық қиынға түседі. Мөңке балықтары жақын арадан адаммен кең мендестіріледі. Күміс мөңке балығы Солтүстік Америкаға, Батыс Европаға, Тайланд, Индияға апарылған. Жуырдан ол Ресейде Камшатка көлінің кәсіптік балық шаруашылығы болады. Осы шектікте таралу облысында екі түрі кездеседі —  типті Қытай күміс мөңке және Амур бассейнінде, Арал теңіз және Европа бассейнінде мекендейтіндер. Ол кәдімгі алтын мөңке балықтарынан бірнешеге тез 45 см ұзындық және 1 кг нан астам сомаққа жетеді. Қорегі зоопланктон және фитопланктон. Мөңке балығының ұрғашыларының жыныстық жетілуі 3-4 жылда өсімі 160-400 мың уылдырық  күміс мөңке балықтарында ерекше жыныстық қатынастығымен көрсетіледі. Аналықтарға қарағанда аталықтары кішірек болады. Кейбір су айдындарында  да ғана ұрғашылар және еркектер бірдей өлшемде болады. Популяцияда жиі кездестіреміз,  мұндай еркектер болмайды.  Мұндай бір жынысты популяцияда ұрғашылар басқа балық түрлерінің еркектерміне көбейеді. Оның тұқымында тек ұрғашылар пайда болады. Бұл ерекше жетілу тәсілімен жүреді. Онда жұрытқа клеткасына енген  сперма ұрықтандырмайды, оны тек алда жұмыртқа клеткасына жетілуіне стимулдейді. Бірақ бұл патогенез емес, ұрықтанбаған ұрық жетілмейді және өледі. Көбеюдің бұл тәсілі гипогенез болады. Ол ұрғашылардың туылуы деген мағынаны білдіреді. Күміс мөңке балығының еркектерінің спермаларның қасиетін қарастырудан көрсетті. Қашан еркектері  аз ғана топ құрас, онда  олардың уылдырықты ұрықтандыруға қабілетті шекті; одан бөтен еркектердің рольін атқарады. Екі жынысты популяциядағы аталықтар ұрықтандыру қабілетіне шекті ешқандай белгілер көрсетпейді. Сыртқы жағдайдың әсерінен бір шынысты популяция өзгеруі мүмкін және оларда еркектердің белгілі мөлшері пайда болады. Мұндай жағдайда популяция өсу темпін баяулатуды еркектер санының өсуімен және пайда болуды реттейді. Алтын  балық күміс мөңке балықтан Қытайда 1000 жыл бұрын алынған. Ол 16 ғасырда Жапонияға әкелінген. Қытайда және Жапонияда ұзақ селекция кезінде олардың бірнеше түрлері алынған. 1611 жылы алтын балықтар Партугалияға, 17 ғасырдың соңында Ресейге, 1728 жылы Англияға жеткізілген. Қазіргі уақытты алтын балықтар ең көп таралған аквариумды балық болып табылады. Ұзақ селекция келесі гибридизацияның нәтижесінде  Қытайда, Кореяда , Жапонияда  оның бірнеше түрін шығарды. Үй жағдайында олар өзінің жыртқыштың қозғалыс қасиетін жоғалтып, көп тұқымды қысқа және жалпақ болған. Оның желбезек формасы және ұзындығы өзгерген. Кейбір тұқымдарда арқа желбезегі болмайды. Ал кейбіреуінде көзінің орналасуы өлшемі өзгерген, оның әртүрлі түрлері алынған – қызыл, қар, күміс және  т.б. Қазіргі  уақытта алтын балықтың бір жарылуынан тұқымын ажыратады. Бұлар камета, банин, шубинкен бояуы әртүрлі болуы мүмкін. Камета өте ұзын желбезекті құйрығымен өзгешеленеді. Кейбір балықтарда сондай-ақ төс және іш  желбезектері ұзарған [7,8,9].

Қытайда кеудесі күміс түсті және ашық қызыл немесе сары құйрықты жүзбе қанатпен бағалайды. Вакин екі еселенген құйрықты жүзбеқанаты  қысқа балық. Шубуникн бірнеше қысқарған дене және екі еселенген жүзбе қанаты, түссіз  қабыршақ және ала түсті (көк, қара, сары, ақ) болы келеді.

Вуале құйрықты өте ұзындығымен, түссіздігімен  еке еселенген құйрықты жүзбе қанат кейде екі еселенген және арқа жүзбе қанатымен ерекшеленеді. Вуале құйрығының құрылысымен керекті талаптар көрсетіледі: онда қысқа, дөнесті дене, қысқа бас, денесінің өлшемімен және әр түрлі жүзбеқанаттардың арасындағы нақты қатынас болуы керек. Диакинур  — көбелек тәрізді құйрықты жүзбе қанатқа ие. Телескоптар әр түрлі формадағы ашық көзбен  және өлшенумен (5 см дейін), ерекшеленеді. Мәскеуде жақын арада қара жібекті телескоптар пайдаланады. Алтын балықтардың барлық тұқымын бассейінде шығарған.  Алтын балықтар 1 жыл жасында жынысты жетілген болып табылады. Олар көбінесе көктемде көбееді. Еректердің желбезек қақпағында ақ адырлардан «інжу төгілісі» сияқты түріндегісі пайда болады. Алтын балықтар 35-40 жылға дейін ұзақ өмір сүреді.

Балық аулауда мөңке балықтың екі түрі – алтын және күміс мөңке балығы бар. Алтын мөңке балығы, бұл мөңке балығы қарапайым, осы су айдындарында бұрынан мекендеушісі. Мекендеу жағдайына байланысты ол экологиялық форманы, оған қоса кіші су айдындарында мекендейтін. Мөңке балықтар  тығыз қоныстанған, ергежейлі  болады. Осы формалардың біреуін күміс мөңке балық деп атайды. Күміс мөңке балық өзіне қарапайым күміс мөңке балығы және Қытай күміс мөңке балығын түршесін біріктіреді. Бұл  Оңтүстік Шығыс Азияның су айдындарында таралған. Европа су айдындарында қарапайым күміс мөңке балықтардың интенсивті таралуы 20 ғасырдың 2-ші жартысына жатады. Олардың арасында мөңке балықтардың екі түрін денесінің формасымен ажыратады.қарапайым мөңке балық биік, бүірі қатты сығылған, дөңгелектеу, қарапайым мөңке балықа қарағанда, қарапайым күміс мөңке балықтың үлкен дәрежесі жануармен, өсімдік ағзаларымен, жоғарығы өсімдіктермен коректенеді. Оған қоса қарапайым күміс мөңке балықтарда  соңғы аузы, салыстырмалы түрде ішегі ұзын. Екі түрдің де денесінің бояу түсімен ажыратылады. Қарапайым мөңке балықтың арқасы қызыл-қоңыр, бүйірі  қара, іш пердесі сары түсті. Арқа және құйрықты жүзбе қанаттары қоңыр және құйрық асты қызыл түсті.  Жастарында құйрықты жүзбе қанатарында  қара дақ болады. Қарапайым күміс мөңке балықтың үстінгі денесінде жасыл қоңырлау, бүйірі алтын, іш пердесі күміс. Қарапайым күміс мөңке балықтың бір жынысты —  ұрғашының екі формасы бар, онда уылдырықты  ұрықтандыру жүрмейді. Ол спермамен  жұмыртқа клеткасын  тек белсенді етіп, бірақ оның жетілуіне еркек хромосомалары қатыспайды. Ал екі жынысты көбеюі кәдімгі жолмен өтеді. Топта жиі ұрғашылар ерекектерден көп болуын қаралады. Оның мөлшері 5-90 % дейін. Егер популяцияда ерекектер 15 пайыз, онда сондай мөлшерде екі жынысты  ұрғашылар  құрайды. Ал қалған  70 пайызын бір жынысты формадағы ұрғашылар құрайды. Жекенің екі түрі де  оның сыртқы түрімен сәйкес келгенімен өзінің хромосома санымен  қатты ажыратылып, сондықтан екі жынысты ұрғашылар бір жыныстыға және керісінше өзгере алмайды. Жағдайы нашарлағанда  белгілі мөлшерде ерекектер пайда болады. Мұндай Днепрде 1-2 жылдан кейін, днепрдің ағымын реттеудің нәтижесінде гидроэлектростанцияны салуды, қарапйым күміс мөңке балықтардың бір жыныстысынан екі жынысты түзілді. Онда ерекектердің  санын 46 пайыз құрайды. Оның ең басты себебі, балықтарды тағаммен  қамтылуы, көбінесе оның өзгеруіне су айдындарының ластануының әсері болып таыбалды. Мөңке балықтарында көбею уақытының ұзақтығы  1,5- нан  3-4 айға дейін, мамырдан шілдеге дейін. Бұл ұрғашының бір уақытсыз жетілуі және үлесті уылдырық шашуымен көрсетіледі.  Мүкіс өскен формадағы ұрғашылар уылдырықтың екі үлесін, тез өсетін ұрғашылар үш үлесін шашады. Уылдырық үлесін салу арасындағы  интервал ай шамасын құрайды, бірақ жақсы жағдайға қарай, ол 10-15 тәулікке дейін қысқаруы мүмкін.  Қарапайым күміс мөңке балықтың бір жынысты түрі  бір уақытта  басқа балық түрінен  көбейеді. Олар тұқымен және басқа балықтың еркектерімен  уылдырық шашады. Еркектердің мөлшері жетіспегенде ұрғашылардың салған уылдырығы өлуі мүмкін. Қарапайым күміс мөңке  балық жайылма дарағына жатады. Оны қабыршақты индекс көрсеткішімен анықтайды. Егер бұл қатынас бірліктен жоғары құраса, онда берілген дарақ тез өсетін формаға жатады.  Мөңке балықтар 45 см денесінің  ұзындығында  және 3 кг массаға жетеді, оны көбінесе майдалау түрінде  аулайды. Қарапайым күміс мөңке балықтар үлкен көл, өзенде және ағынды су айдындарында кездеседі.  Қолайсыз жағдайда су айдындарының кебілуінде, қатуында көбінесе мөңке балықтар лайға кіреді, онда барлық уақытта қозғалмайды және қоректенбейді. Жаңбыр және мұз ерігенде  өзіне орнықты орын тауып,  белсенді өмірін жүргізеді. Мөңке балықтар лайға кіріп,  ол қатпайды, сондықтан судың төмен температурасында  олар коректенуді тоқтатады.  Олар су айдынында  аз оттегі  болған кезде лайға кіреді. Мөңке балықтар  аздаған тереңдікте ерте көктемде   қаба бастайды. Жақсы қабуы уылдырық шашуға  дейін байқалады.

Күміс мөнке балығының таралуы. Күміс мөңке Солтүстік Қазақстанның көлдерінде жиі кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысындағы 32 көлде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, оның 30 — нда  күміс мөңке балығы мекендейтінін көрсетті. Қостанай облысында тексерілген 18 көлде күміс  мөңке барлығында дерлік табылған. Орталық Қазақстанның су айдынында күміс мөңке көп таралған.  Ақмола  облысында тексерілген 21 көлде, оның ішінде 9- нда алтын мөңке, 6 -да күміс мөңке балықтарының негізгісі болған. Қарағанды және Жезқазған облыстарының су айдындарындағы бассейнде, көлде және Сарысу, Кенгер өзендерінде мекендейді, бірақ су қоймасында табылмаған. Балхаш-Алакөл бассейнінде күміс мөңке балық салыстырмалы түрде жақын арада жерсіндірілген. 1946 жылы Алтай аймағынан Қаратал ауданына әкелінген және 1950 жылы осы өзенде Үштөбе кентіне түсті.

Н.П.Серов Қараталда 1954 жылы мөңке, балықтың  пайда болғанын көрсетті. 1959 жылы кейін бассейнде мөңке балықтың популяциясы жыл сайын Алматының тоған шаруашылығын балықпен толықтырылады. Қапшағайдың суқоймасында оның саны ұдайы өсуде.

Батыс Қазақстанда күміс мөңке балығы  Қамыс- Самар,  Күшім, Орал көлінде кездеседі. Осында көлдің төменгі ағысынында Күшім өзенінде тек күміс мөңке балығы, ал Ақтөбе обылысында Шалқар көлінде алтын мөңке балығы мекендейді. Ырғыз- Торғай бассейнінді көлінде оның екі түрі кездеседі. Бірақ оның біреуінде күміс мөңке балығы, ал  басқасында (Кіші Жаланғаш, Су-жарған) алтын мөңке балығы мекендейді.

Оңтүстік қазақстанның су айдынында күміс мөңке балықтың кездесуі, бірден оның минералданумен бірге көлдің суымен қамтылуына сәйкестігімен байланысты.

Сипаттамасы. D ІІІ – IV,  15-19 A- II-III, 5-7  1.1 28-34  омыртқа  — 26-33. Ішпердесі қара. Дененің ұзындығына қарай тұмсығының ұзындығы —  6,43-8,83% тең; көздің диаметрі  — 4,09-5,90, сыртқы бөлігі —  10,63-14,50; басының ұзындығы – 18,30-30,96; басының биіктігі – 19,40-28,60; дененің ең жоғарғы биіктігі – 35,76-59,20; ең кішісі – 12,0-17,0; антедорсальды арақашықтық – 44,61-60,24; постдорсальды – 18,04-23,98; негізгі ұзындығы D-32,07-37,85; D биіктігі – 13,97-16,86;  P ұзындығы  — 14,0-19,53;  V ұзындығы  — 17,40-24,44; Р — V  арақашықтығы 16,22-27,0; V- A арақашықтығы 23,80-33,56;

П.А Дрягин (1933 жыл), күміс мөңке балықтардың  белгілер қатарының өзгеруі, алтын мөңке балықтың өлшемінің ауытқуы шегінде жатқанын көрсетеді. В.И Медведев (1976 жыл) әр түрлі жағдайына қарай мөңке балықтардың жоғарғы дәрежеде морфологиялық өзгеруін көрсетеді. Мұндай аналогиялық байланыс Қостанай облысындағы көлінде мөңке балықтардан бақыланды. Жалпылай келгенде, жақсы жағдайда мұндай белгілері, дененің ең үлкен биіктігі постодорсальды арақашықтық  D негізгі, 9- көлінде ең көп болған  мөңке балықтарды P-V  және V-A  қатарының арақашықтығы ал қолайсыз жағдайда (Бурли көлі) алтын және күміс балықтарда аз болады. Көздің диаметрі және басының ұзындығының кері  тәуелділігі көрсетті: қолайсыз жағдайда үлкен, жақсы жағдайда кіші болады. Орты жағдайына қарай морфологиялық өзгеруі түрдің биологиялық икемділігі, сондай-ақ су айдынында гибридті популяцияның жиналуын нұсқайды. Әр түрлі ландшафты-  климатты зонада орналасқан. Солтүстік және Оңтүстік су айдынындағы популяциялардың үлкен айырмашылығы жоқ. Морфологиялық белгілердің вариабелділігі экологияылық жағдайларға, сондай-ақ күміс және алтын мөңке балықтардың тығыздық кезеңіне байланысты.

Көбеюі. Күміс мөңке гиногенетикалық жолмен көбейетін аздаған жануарлар тобына жатады. Уылдырықтың ұрықтанау өзінің немесе басқа түрлердің спермаларымен жүргізіледі, бірақ спермамен енгізілген аталық геном жұмыртқа клетканың плазмасында инактивацияланды, эмбрионның хромосомы саны редуцияға ұшырамай сақталады, жұмыртқаның пісіп жетілуі редукциялық бөліну нәтижесінде.   Күміс мөңке балықтардың табиғи аналықтарынң уылдырығы, жиі алтын мөңе балықтың сүтімен шатысады.  Күміс мөңке балығының популяциясы сондай жағдайда бір жынысты болып келеді. Кейбір су айдындарында екі жынысты мөңке балықтар кездеседі, онда уылдырық шашуда еркектер өзінің түрімен қатысады.

Қазақстанның су айдындарында популяцияның екі түрі кездеседі- біржынысты және екі жынысты. Біржынысты формадағы мөңке балықтар Ырғыз және Торғай көлдерінде, Балхаш бассейінінде табылған. Екі жынысты формадағы мөңке балықтар  тартылған кепкен көлдерде кездеседі. Жағдай нашарлаған сайын салыстырмалы түде аталықтары өседі. Қостанай облысында Жақсы-жаркөл көлінде екі жылда аталықтарынң саны, 2,0-ден 7,76%  дейін өсті. Балхаш көлінде алтын мөңке балығы жойылуға жеті. Екі – үш жылда мөңке балықтарда  аталықтар сандары 15-20 % — ға жетті. Жақсы аналықтарды гермофродиті спермалы ұрғашылармен жасанды шатыстыруда олар оң нәтиже береді. Табиғи су айдындарында күміс мөңке балығының популяциясы бір жынысты формада көрсетілген. Екі жынысты формалы аталықты табуда, оны сирек кездестіреміз; бір жынысты формалы аталықтар морфологиялық айырмашылығы жоқ эроторициттердің ауданының белгілі өзгешелігімен —  қанның цитометриялық анализинде пайдалануы мүмкін. Екі жынысты формаға қарағанда бір жынысты формалы мөңке балықтарының эритроциттерінің ауданы үлкен болады. Экспериментте бұл көрсеткіштердің қатынасы 1,39 құрайды. Қостанай обылысында зерттелген Сары көлде мөңке балықтарының эритроциттерінің  ауданының шеткі мәнінің қатынасы 1,47 құрайды. Еркектердің белгісіз мөлшерде екі жынысты фораның жиналуын көретті. Бір жынысты формалы ұрғашыларды  жалпы мөлшері Бощакөл  көлінде 1974 нұсқа, 31 –ден тек  сол жұмыртқа, ал 24 –де оң  жұмыртқа өседі. Екі жынысты формалы ұрғашылардың 1893 -ң  ішінде оң жағында  тек  тоғыз уылдырық, ал 19 — да – сол жағында, жалпы 1,4 % . әр түрлі климатты зонада күміс мөңке балығының жыныстық жетілуінің өсуі: Қапшағай су қоймасында, Орал және Солтүстік қазақстан көлінде 3-4 жылда жыныстық жетілуінің басталуы белгіленген. Бірақ Ырғыз-торғай бассейінді көлдерінде 3-ші жылда  біргелкі аналықтар  жетіледі [10,11,12].

Солтүстік және Орталық Қазақстанның су айдындарында  күміс  мөңке балығының уылдырық шашуы мамыр айының ортасында немесе соңында, 14-ден 25 С –қа дейінгі температурада; ал Оңтүстік су айдындарында сәуір айының соңында немесе мамыр айының басында 9,5-22 С  температурада басталады. Уылдырық шашу шілде, тамыз айларында аяқталады. Уылдырық шашудың созылуы уылдырық шашудың үлесімен түсіндіріледі. Уылдырықтың ақырындап жетілетін үлесі 7-10  күндік аралықта кейінге қалады. Гистологиялық және визуалдық анализдермен анықталған порцияның саны салған жұмыртқадан артық болады толқынмен жағаға келген аналықтардың «ағыстылығын» анықтағанда. Шашылмаған уылдырықтар порциясы резорбцияға ұшырайды. Гистологиялық  және визуалды анализдермен тіркелген үлесінің мөлшері, толқынның әсерімен жағадағы  ағатын аналықтармен анықталатын, салған санын резопцияға ұшырайды. Уылдырық шашу  түрінде мөңке балықтар, ұрғашы уылдырықтың бір үлесін салу жағдайы ескеріледі. Бозшакөл көлінде күміс мөңке балқтың аралас популяциясында бір жынысты формалы ұрғашылар —  үш  үлесті ұрғашы, екі жынысты формалы ұрғашылар – бір үлес салады.

Уылдырық шашу тәңертеңгісін ерте 5-6 сағатта өтеді. Уылдырық өсімдіктердің түбіне жағалау өсімдіктеріне салады. Өте төменгі оттегімен қаныққан  және температураның бірден ауытқу жағдайында таяз судағы шөптер және балдырларды уылдырықтар ұрықтанады. Балықтың өсу темпіне  байланысты күміс мөңке балығының ұрықтануы кең ауытқиды. Қамыр-Самар көліне бірінші дамитын ұрғашылардың абсолютті ұрықтануы 46 мың, Жақсы- Алакөл көліндегі ұрғашыларда – 71035 уылдырыққа тең

Орал облысының Орал  өзенінде екі ұрғашылардың ұрықтануы орташа есеппен 48 мың уылдырыққа тең. Аналық безінің жоғарғы коэффиценті уылдырық шашудың басталуының алдында олардың жетілуі жоғары периодымен көрсетіледі. Су –жарған көлінде кұміс мөңке балықтардың аналық безінің жоғарғы коэффиценті уылдырық шашудың алдында 15,9 %  уылдырықтың  екінші үлесін салар алдында 12,5 %, үшінші рет салар алдында 11,5 %, уылдырық шашудың соңында 1,0 % құрады. Сары Ала көлінде күміс мөңке балықтың аралас популяциясында уылдырық шашу типінде жоғары үлесті уылдырықтар 7,40 %, уылдырықтың бірінші үлесін салғаннан кейін жетілудің жоғарғы коэффицентін құрайды.    

Өсуі және  жасы. Қорғалжын көлінде 33,5 см, 1,3 кг 13+ жасында Торғай көлінде 37,0 см, 19 кг  12+  жасында, Сарысу өзенінде 29,3 см, 1,0 кг 9 жастан жоғары, Солтүстік Қазақстан көлінде 38,0 см, 2,0 кг 10 жастан жоғары, Жалағаш көлінде 3,2 кг, Балхаш көлінде 34,0 см, 7+ жасында 2,1 кг.

Жағдайға байланысты әр түрлі жылдамдықпен күміс мөңке балығы өседі.  Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарының  кейбір көлдерінде  күміс мөңке балығының массалық жетілуінің жасында (4 жас) ораша массамен  100г  жетпейді. Осы жаста Ырғыз – Торғай мөңке балықтарының массасы 600 г жоғары болады. Жыныстық жетілуінің басталуының жасында массаның орташа мәні – 387 г.

Қоректенуі және қоңдылығы. Көктемгі – жазғы уақыттағы кейбір популицияда қоректенудің негізін зоопланктон құрайды. Ол  Су -Жарған мөңке балықтарында көктемгіде 3–нен екі ай, ал Қарғанкөл, Құмкөл, Ащыкөл, Жаркөл көлдерінде, ал Талы және Жақсы Жаркөл көлдерінде үшеуі өсетін топты мөңке балықтар басым болады. Балықтың жасына сезонына және су айдынындағы белгілі экологиялық жағдайға байланысты коретену негізі қарастырылады. Жақсы-Алакөл  көлінде жас кезінен мөңке балықтар планктонды коретенеді. Бұл популяциядағы жасы бойынша өте үлкен бентофаш. Қорғалжын көлінде үш мезгіл аралығында 1956 жылы тексеруде  күміс мөңке балығы бентос ағзасымен хиронамитпен, 1968 жылы жаздан ол  планктонофакпен  қоректенеді. Сасықкөл көлінде 1965 жылы   күміс мөңке балығы  балдырмен, ал сегіз жылдан соң  зооплактонмен қоректенуі тіркелді. Осындай интервалда  Жарлыкөл көлінде мөңке балығының коретенуі өзгерді. 40 жағдайда 23 күміс мөңке балығы бентофак, 17-сі планктонофак болды. Күміс мөңке балығының  тағамында септикалық ағзалардан әртүрлі жануарлар, инелік, қоңыз, гамморус, острохот, нематот, өрмекші, кене, қандала, ұлулар, сүлік кездеседі. Төрт жастан үлкен жасында дұрыс өсетіндер қоңыз, ал ақырын өсетіндері рак тәрізділеді  доминанттайды. Бащакөл көлінде бірінші жылдары бұларда өсімдік детрит басым болады. Дұрыс өсірушілерде херономит имаго қоңызы және балдырлар, ақырындап өсетіндер рак  тәрізді және қоңыздар жатады. Күміс мөңке балығының  күйлілігі, коэффиценті кеңшектікте ауытқиды. Жалпылай салыстырғанда популяциямен Торғай облысының Қыр- Шүмекті көлінде 2,6 –ден бастап мөңке балықтар Ақтөбе облысының Жалағаш көлінде 5,05 дейін кейбір көлдерде мөңке балықтарда балықтың жасына қарай  күйлілік  коэффиценті  ұлғаюымен қарастырылады. Кларк бойынша есептелген күйлілік екі жыныста да жақын, ал Қапшағай суқоймасында 1977-1978 жылдарында орташа қоңдылығы Г.М. Дукровц  мәліметі бойынша құрылады.

аналық

аталық

Фультон

2,9-3,09

2,7-2,36

Кларк

2,42-2,35

2,4-2,24

 

Балхаш-Алакөлдің күміс мөңке балығы қоңдылығы жыл бойынша келесі үлгіде өзгерді:

жылдар

Дейінгі

Орташа

1971

2,43-3,64

3,10

1975

2,06-3,78

3,06

1979

1,87 – 3,78

2,68

1983

2,30-6,74

3,05

Күміс мөңке балығының ішегін толтыру индексі кең шектікте ауытқиды: 0,64 тең 397,2 %-ға дейін Зооплактон және хирономитпен коректенетін балықтардың оның жоғарғы мәні, ал шегінде өсімдік детриті доминантталатын балықа аз болады [11, 13,14].        

Толтыру индексінің мөлшерінің мезгілді өзгеруі белгіленген. Қорғалжын көліндегі негізінде херономитпен қоректенетін мөңке балықтар көктемнен күзге қарай бұл белгілер 14,0, 35,5 және 113,2  % құрады

Шаруашылық мәні және саналуы. Ақмола облысында 20 жыл ішінде мөңке балықтырының меншікті салмағы 60 %-ке ауытқыды. Егер 50 жыл ортасында Солтүстік қазақстанның ағынсыз көлдердің кәсіптік балық тағамдары 100 кг /га  ауытқыды. Су қоймасындағы мөңке балықтары  жағымсыз жағдайды таппайды. Су қоймасын бірінші жылы қалыптастыруда, қашан таяз су ауданына құйылса, олар шамаланған саны  болып келеді. Көбею және мөлшердің төмендеу жағдайының бұзылу нәтижесінде    аулаған кезде  мөңке балығының мөлшері 0-ге түседі. Зайсан көлінде  1945-1950 жылдары жылына 320-400 тонна мөңке балық, ал 70 жылдың басында  322-399 тонна ауланды, 90-ші жылдары мөңке балықтарды аулауда жылына   санағанда 5 тоннаға дейін төмендеді.

Бұқтырма суқоймасын сумен толтырғанда мөңке балығын аулауы өсті. 40 ж басы мен 60 жылдардың аяғында жоғары мөлшерге жетіп, бірақ содан қайтадан төмендеп және 1974 жылы Зайсан балық комбинатында біріңғай жойылды. Тек қана 1982 жылы 2 тонна мөңке балығының ауланғанын көрсетті. Мөңке балықтары-Қошқаркөл көлінде Алакөл жүйесіндегі көлде  шамалы мөлшерде ауланады. 1981 жылдары 65 тоннадан жоғары  ауланғаны  1 кг –га  мөлшерлі  балықтармен  бұл көлдің балық тағамдарымен анықтайды. Алакөл жүйесіндегі көлде күміс мөңке балықтарын қоныстыруда 1973 жылы бұқтырма суқоймасынан 4,1 мың өнімділігін қоныстандырған Талдықорған қаласындағы Тентек қант зауытының тоғанына жас  күміс мөңке балығы жіберілген, ол судың  тоғымен  Қаратал өзеніне және содан Сары-Есекке құйылуында енеді. Соңғы 10-15 жылдары  мөңке балықтарды  су айдындарында  балық тағамдарын көлдік-тауарлық шаруашылықты, балық кәсібінің режимінде  эксплуатацияны жоғарлату мақсатында  әкелінеді. Украина, Ресей, Беларусия балық шаруашылығында күміс мөңке балықтарының жетістіктері 50 жыл, Қостанай облысының Бозщакөл көлінен Алматы  облысының  күміс мөңке балығының шаруашылығына тасып әкелі негізі болып табылады. 10 жылдан кейін  бақыланбаған өндірістік жағдайда күміс мөңке балығы арам балық болды.  Тоғанды популяциясы  жылдам жетілуінен және ақырын өсуімен  сипаттайды.  Жаңа «Ареал» шаруашылығын  енгізгенде мөңке балықтар кеңейді. Тұқы және өсімдікті улы балықты шаруашылығынан әкелінді. Немқұрайлық балық шаруашылығында  тұқыммен бірге кейбір көлге және суқоймасына, мысалы Сары-Оба және Балықтыкөл Ақмола облысы, Жамбыл облысындағы  Билікөл жүйесіне, Шымкент облысында.  Бұғын суқоймасына қоныстандырылған Қапшағай суқоймасын жоспарламай  мөңке балықпен толтыру жыл сайын Алматы және Қапшағайда  уылдырық шашудың өсуі шаруашылығы болып табылады. Олардың белгілі бөлігі жыртқыш балықтардың тағамы болып, шамалы мөлшері суқоймасында күміс мөңке балығының екі жынысты  популяциясын қалыптастырады [15].

Мөңке балықтардың түрлері. Мөңке балығын екі түрге бөледі: алтын мөке және күміс мөқке балығы. Алтын мөңке балығы – денесі ұзын, жанынан аздап сығылған және жуан иықты болып келеді. Оны тісі бір текті, қабыршағы ірі, сипағанда тегіс. Денесі сары қызылдан ашық  сары түске дейінгі бояу. Мөңке балығының іш пердесі арқасынан және жанынан ашық түсті болады.

Алтын мөңке балығы 1 кг жоғары салмаққа сирек жетеді. Кейбір тоғандарда немесе жемдігі жетіспегенде ергежейлі түрдегі мөңке балықтар 15 см ұзындықпен 100г дейін салмақпен кездеседі. Бұл ресейдің Европалық және Азият бөлігінде  кең таралған. 14С төмен емес температурадағы суда  топтық, үлесті уылдырық шашу басталады.

Күміс мөңке балығы — алтынан ұзын денесімен, кедірлі бұдырлы қабыршағымен сондай-ақ күмістілігімен, оның іш пердесі қара түсті  ал арқасы іш пердеден қаралай, желбезегі сары түстілігімен өзгешеленеді. Күміс мөңке балығы алтын мөңке балығынан аздап кішірек, бірақ оның есебі өте тез. Ең ірі нұсқұасы 40 см ұзындығымен 4 кг дейін салмаққа жетеді. Алтын мөңке балығына қарағанда  күміс мөңке балығының тіршілік ареалы  аздап кеңірек, ал  қиыр шығысқа дейінгі терреторияны алады. Мөңке балық – Сахалин аралының көлінде және  Тынық мұхитының бассейінді өзендеріндегі қарапайым балық.  Күміс мөңке балығы спортты және өндірісті балық аулаудың объектісі болып табылады. Бұл популяцияның арасында гипогенез таралған, бұл форма ағзалардың көбеюі онда сперматозоит жұмыртқа клеткасына еніп, оның жетілуін стмульдеп, бірақ оның ядросы жұмыртқа ядросымен құйылмайды және ұрықтың келесі жетілуіне қатыспайды. (жалған ұрықтандыру) Кейде гипогенетикалық популяціиядағы уылдырық басқа балықтың спермасымен ұрықтанады және гибридті форма түзілуі мүмкін. Гипогенез  ұрғашы жынысын, біреуін алуң үшін пайдаланады.

Мөңке балықтарының мекендейтін орыны. Мөңке балықтар жабық су айдындарында, үлкен емес көлде, тоғанда, сумен толтырылған шұңқырда мекендегенді ұнатады. Алтын мөңке балығынан күміс мөңке балығының  өзгешелігі ағынды суды мекендеуді ұсынады.  Мөңке балықтарының ең сүйікті орыны бұл көлдің тынық жері немесе шамалы тереңдікті көл болып табылады. Балық  аулау жетістікті болу үшін, су айдынының түбінде жаппай балдырлар жағына  көз жеткізіңіз. Бұл үшін аулайтын учаскінің жағдайын білу үшін мықты бұтақша алу жеткілікті. Оның түбіне жіберіп және қалған өсімдіктермен оның балық аулаудың сапалы зонасын анықтайды. Мөңке балық  су түбіндегі лайлы балдырларды ұнатады. Сондай-ақ құрт майда жәндіктермен коректенеді.

Тіршілік ететін әрекетін сипаттау. Мөңке балығы өте ұзақ өмір сүретін балық, ол тез су айдындарына  бейімделген және ұзақ уақыт сусыз өмір сүре алады. Осындай жағдайда мөңке балығы  суққа шыдамды. Суық кезде суда мұз болып қатып, бірақ  күн қалай жыли бастағанда оның мұзы ерігенде қайтадан тіріледі. Қанша су жеткілікті қыздырылса, мөңке балығы жағалауда  болады. Бұл мамыр айының екінші жартысында судың температурасы 75 С жеткенде жүреді. Итмұрын  гүлдеген уақытында мөңке балық мөңке балыққа су лилиясы 3-4 м  тереңдікте өсетіндер ұсынылады. Мөңке балығы роголисникті ұнатпайды өйткені оның жапырағында танин құралады, ал майда жәндіктерді шошытады ол балық үшін қорек болып табылады.

Қапшағай су қоймасында мөңке балықтарды аулау.  Мөңке балықтарды көктемнен күзге дейін жазда бұлтты біріқ жылы ауа-райында аулайды. Оның еліктіргіші құрт болып келеді. Қамырдан қара нанның жұмсағынан жасалған домалақ тәрізділерді пайдалануға болады. Мөңке балығы сазан сияқты тұрақсыз емес, бірақ қармақ жемін сенімді  алады.

Мөңке балығы тоғанда және көлде де мекендей береді. Ол ең жаман суға да көне береді. әрдайым шөпте болады және сирек одан таза жерге шығады. Мөңке балықты аулайтын қармақ оңайы қажет. 1,5 кг дейінгі мықтылықпен шашты N9 дан N12 дейінгі қармақ мөңке балықты аулауға арналған орынды шөптер арасындағы тереңдік шамасында  таңдайды.

Таңертенгі уақыттарды оны түбінен күндіз ыстық ауа-райында бетінен жақын жерден аулайды. Кешкісін 4-5 сағаттан алыну басталып және қас қарайған кезге дейін ауланады.

Балхаш көліндегі металлургиялық ластану жағдай барысындағы мөңке балығының морологиялық көрсеткіштері 

Күміс мөңкенің морфологиялық көрсеткіштерінің өзгеруі және биологиялық ерекшеліктері зерттелген, ол сынаппен ластанған Балхаш көлінде мекендейді. Ересек жастағы балықтың  варибелдгі  және өсу  темпінің  төмендеуімен  белгіленеді, бұл метталлургиялық ластану реакциясына  бейімделгенін көрсетеді. Мөңке балықтарында  қоланың мутагенді әсері  венодивиянттардың әртүрлі формасынмен белгілейді. Балхаш металлургия зауытының өндірістік ағынды  судың улануына  және сақтауна арналған көл болып табылады.  Су  айдынына түсетін, ағынды судың құрамында әр түрлі ластағыштар оған қоса мұнай өнімдері ауыр металдардың тұздары, хлор сульфат, қола қосылыстарынан құралады.

Күміс мөңке балығы  Garassius  auratus  Қазақстан су айдарында тарлаған балықтар түрінің  бірі болып, басқа түрлерімен салыстырғанда  ең қолайсыз ортаға  мықты, маниторингтік түрінің    талабына сәйкес дене өлшемі жеткілікті және судың экожүйесінде  таксикалық заттардың әсерін бағалауға арналған перспективті объект болып табылады.  Балхаш техникалық көлдегі ихтофаунаны зерттеу  2001 жылы тамыздың 1-ші жартысында Куперникус – 2

№ 1 СА-СТ-2000 – 10029 проектісімен, «Балхаштағы металлургия  ластануды зерттеу мысалында өнеркәсіптік ортада ауыр металдармен ластану қаупін төмендетудің тиімді эфективті тәсілдерін жетілдіру бағдарламасы бойынша жүргізілді. Су айдынында күміс мөңке балығынан басқа  мекендейді.  Барлық балық түрінде бұлшық ет тканінде  мыстың құрамынының жоғары екені тексерілді. Осындай мақсатқа байланысты, қазіргі жұмыста Балхаш көлінің металлургия ластағышымен байланысты күміс мөңке балықтардың морфологиялық белгілердің және биологиялық көрсеткіштердің өзгеруі зерттеу кезінде  табылды. Зерттеу үшін күміс мөңке балықты аулап, тоңазытып және Алматы қаласына әкеледі. Ихтиологиялық зерттеуді жалпы қабылданған тәсілдермен зертханада жүргізілді. Балықтың морфологиялық белгілері мынадай: L- құйрығымен толық алғанда дене ұзындығы;  Q-іш құрылысымен дененің массасы; H- үлкен дене биіктігі; h-аздаған дене биіктігі; ic-бастың ұзындығы; hc- бастың биіктігі; ir-тұмсығының ұзындығы; po- бастың сыртқы бөлігі; іo- маңдайының  кеңдігі; aD —  антедорсальды ара қашықтық; pD- постдорсальды ара қашықтық; pI- құйрығының ұзындығы; PV- пентовентарльды ара қашықтық;  aV —  антевентральды ара қашықтық; аА-  антианальды ара қашықтық; ID- арқа жүзбе қанатының ұзындығы; hD- арқа жүзбе қанатының біктігі;   IA- анальды жүзбе қанатының ұзындығы ; hA-  анальды жүзбе қанатының биіктігі; IP-  кеуде жүзбе қанатының ұзындығы; Iv- іш перде жүзбе қанатының ұзындығы;  D-  арқа жүзбе қанатының тармақты саулесінің саны;  Dr- бірінші желбезек доғасының мөлшері; ІІ- бүйір линиясында қабыршақтың саны; жасын қабыршақ арқылы анықтаған. Салыстыру үшін Алматы және Қапшағай суқоймасының күміс мөңке балықтың екі жынысыты популяциядан материалдар пайдаланаған. Гиногенетикалық – Ботақар көлі болып табылады. Күміс мөңке балығының популяциясы  бір жынысты  және екі жынысты нормалар көрсетілген балыққа  орта жағдайының әсерін анықтау үшін  күміс мөңке балықтың популяцияның типін анықтау керек. Біржынысты популяция салыстырмалы түрде  төменгі өзгеру белгілері болып келеді [16,17,18].

Мөңке балықтардың пластикалық және  миристикалық белгілердің жалпы өзгергіштігін салыстыра отырып, токсикалық ортада бейімделгіш реакция түрінің ерекшелігімен байланысты, біржынысты популяциясына  жақын  болған, ластанған су айдындарынан тааңдауда вариабелділікті  төмендетуді белгілеу мүмкін.

Балхаш су айдынында  күміс мөңке балық  келесі биологиялық көрсеткіштьері бар:  ұзындығы 18,9-23,5 см, массасы- 246гр. Жасы (31) 4-тен  (51) 6- жасқа дейін; ұрғашылармен еркектерінің қатынасы 1:5; Бірінші жылдары мөңке балықтың өсуі ортамен 4см жетеді. Ал оның жасы өскен сайын  өсуі төмендейді [19,20].

Балықтың бұлшық етінде  1,0-ден 0,85 мг/кг  мыстың құрауын төмендеуін қарауда, жасы ұлғайған сайын дарағы тіріледі. өзінің тканіне ауыр металдарды аз жинайды. Ал қоршаған ортада  қоланың тұрақты қатысуымен адаптацияланады. Бұл адаптация  балықтың 1-2  жынысты популяциядан Балхаш  көлінде мөңке балықтардың планктонды коректенуі болып табылады. Мөңке балықтарға токсикалық әсерді бағалауды фенодевианды қарастырып, ол негізінен генетикалық мутацияның нәтижесінде пайда болады. Аранайы бейімдегіш реакцияның нәтижесінде пластикалық белгілермен күміс мөңке балықтың орташа өзгергіштігі екі жынысты популяцияға қарағанда төмен жасына қарай балықта оның өсуі және вариабелділік темпі төментеп,  ол мыспен  ластануының реакциясына  бейімделгені болып табылады.

Мөңке балықтарды көктемнен күзге дейін аулайды. Желсіз майда жаңбыр, ал күзде  шуақты күн қолайлы. Батпақты су айдындарда мөңке балықтарды жүзетін еліктіргішпен аулайды. Еліктіргіш есебінде: құрт, қызыл көң пайдаланады. Сондай-ақ шар тәрізді қамыр, қарананның жұмсағы пайдалану мүмкін.

Мөңке балықтың аулауға арналған қармақ оңай. Оң ай шашты 1,5 кг мықтылықпен  қармағы №9 – дан  №12 дейін. Қалқығышы үйрек. Мөңке балықты аулаудың орнын шөптер арасындағы тереңдікте таңдайды. Мөңке балықтардың қабуы тұрақсыз. Әр түрлі күнде  ол әр түрлі еліктегішті қабады.

Мөңке балықтардың мекендеу орыны. Мөңке балық өте ұзақ өмір сүретін балық., ол су айдындарының  кебуіне және ұзақ уақыт сусыз өмір сүруге бейімделген. Ол қашан су толтырғанға дейін лайдың астында болады.  Мөңке балықтар жабық су айдындарында  көлде  сумен толтырылған шұңқырда мекендегенді ұнатады. Мөңке балық құрт майда жәндіктермен қоректенеді. Осындай жағдаймен мөңке балық суыққа шыдап, мұз болып жылу түскенде мұз еріп, қайтадан тіріледі. Қашан сужеткілікті қыздырылғанда мөңке балығы жағалауға шығады. Бұл мамыр айның екінші жартысында судың температурасы 15 С жеткенде жүреді. Маусым айында мөңке балық уылдырық шашады. Мөңке балыққа өсімдіктерден 3-4 м тереңдікте өсетін су лалагүлі ұсынылады. Мөңке балық ағынды су мен қыздырылған су айдынында мекендейді.  өте шыдамды және суда оттегінің құрауын талап етпейді. Сондықтан ол батпақты су айдынында өмір сүреді, ол жазда қыздырылып және қысқа қатады [16,17,18, 21,22].

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

       2.1 Зерттеу материалы және әдістері

 

Зерттеу материалы Қапшағай су қоймасы тұқы тұқымдасы, мөңке туысы, мөңке балығы болып табылды. Біз дипломдық жұмысты орындауға байланысты зерттеу жүргізу үшін 2017 жылы маусым айында Іле өзенінен 30 мөңке балығын, сонымен қатар Қапшағай су қоймасынан 23 мөңке балығын шілде айында ауладық. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес биологиялық және морфологиялық анализдер жүргізіп таладу мақсатында Іле және Қапшағай су қоймасынан мөңке балықтарының барлығы 53 дарасы ауладық.

Аулау құралы № 30 және № 16 тор көзді аулар.

 

2.2 Жиналынған материалдарды өңдеуге қолданылған әдістемелер

 

        Балықтарға морфобиологиялық анализді А.Ф. Сидрова [23], В.П. Митрофанов [24], И.Ф.Правдин [25], схемасы бойынша жүргіздік. Балықтардың жасын Н.И.Чугунова [26] жеткеші құралына сәйкес қабыршақ пен омыртқасы арқылы анықтадық.

Алынған мәліметтерді статистикалық Г.Ф. Лакиннің [27] жетекші құралы көмегімен Excel компьютерлік программасын қолдану арқылы өңдедік.

Морфометриялық көрсеткіштерін өлшеу штангенциркуль арқылы жүзеге асырылады.

L – денесінің  толық ұзындығы;

l – денесінің құйрық қалақшасыз ұзындығы;

aD – антедорсальді арақашықтығы;

pD – постдорсальді арақашықтығы;

Lca – А қанатының соңынан құйрық қанатының басталған жеріне дейінгі арақашықтығы;

aP – антепектеральді арақашықтық;

aV – антевентеральді арақашықтық;

aA – антенальді арақашықтығы;

lc – басының ұзындығы;

ao – тұмсығының ұзындығы;

o – көзінің диаметрі;

ap – көзінің артынан желбезек қақпағының соңына дейінгі арақашықтық;

lmx – жоғарғы жағының ұзындығы;

lmd – төменгі жағының ұзындығы;

io – екі  көзінің арақашықтығы;

hCs – көзінің алдынан басының биіктігі;

hZa – көзінің артынан басының биіктігі;

H –  денесінің ең биік жері;

h – денесінің ең аласа жері;

ID – арқа қанатының зындығы;

hD – арқа қанатының биіктігі;

IA – аналь қанатының ұзындығы;

hA – аналь қанатының биіктігі;

IP – кеуде қанатының ұзындығы;

IV –құрсақ қанатының ұзындығы;

lcs – үстіңгі құйрық қалақшасының ұзындығы;

Lcm – құйрық қалақшасының ортасы;

lci – астыңғы құйрық қалақшасының ұзындығы;

II – бүйір сызығының қабыршақтары саны;

над –бүйір сызығының үстіңгі қабыршақтары саны;

под – бүйір сызығының астыңғы қабыршақтары саны;

IIca – құйрық қалақшаларының басталатын жеріндегі қабыршақтар саны;

D – арқа қанатының сәулелері саны;

A – аналь қанатының сәулелері саны;

P –кеуде қанатының сәулелері саны;

V – құрсақ қанатының сәулелері саны;

Spbr – l – ші желбезек доғасының өсінділері;

Vert –омыртқасының саны;

Q –денесінің толық салмағы;

q – денесінің іш құрлысынсыз салмағы;

пол – жынысы;

стад – стадиясы;

қорек – ішегіндегі қорек мөлшері;

АИП – уылдырығының саны; [25,26]

Морфоанализ көрсеткіштерінің жіктелуі. Морфологиялық белгілері бірнеше топқа бөлініп қарастырылады:

  1. Қозғалуына байланысты белгілері
  2. Қоректенуіне байланысты белгілері
  3. Көбеюіне байланысты белгілері
  4. Тыныс алуына байланысты белгілері

Қозғалысына байланысты белгілері: L; l; aD; pD; lcd; aP; av; aA; lc; Vert; A; P; V; lmx; lmd; ll; llca; H; h; lA; hA; lP; IV;LCs; Lcm; Lci;

Қоректенуіне байланысты белгілері : Q; q; Sp; br;ao;

Көбеюіне байланысты белгілері: жынысы; стадиясы;  АИП;

Тыныс алуына байланысты белгілері: Ic; hCs; hZa;Sp;br;

Қоңдылық коэффициентін анықтау формуласы:

Фультон бойынша: F = Q x 100% / l3;

Кларк бойынша: Cl = q x 100% / l3

 

3.3 Балықтардың биологиялық талдау әдісі

 

Балықтардың  биологиялық талдауына келесідей өлшемдер кіреді:

  1. Балықтың толық салмағы, г (Q)
  2. Балықтың ішкі құрылысынсыз салмағы, г (q)
  3. Балықтың толық ұзындығы (L- тұқыларды өлшеу сызбанұсқасында аb сызығы)- жалпы немесе абсалютті ұзындығы
  4. Құйрық қанатынсыз ұзындығы (l- сызбанұсқада аb сызығы)

Кейде балықтардың кеңейтілген биоанализі жүргізіледі, бұл жағдайда сонымен қатар, дененің ең биік жері, дененің ең аласа жері, басының ұзындығы, бас сызығы.

Биологиялық анализді сонымен қатар, систематикалық жүргізгенде қажетті мезеттердің біріне материалды жасына байланысты анықтау да болып табылады.

Балықтардың жасын анықтау барлық балықтар үшін маңызды. Ол үшін қабыршақ жамылғысы бар балықтардың желбезек қақпағын және омыртқаларын алады. Балықтың жасын желбезек қақпағы бойынша, омыртқасы, отолиті, арқа және кеуде қанаттарының қатты бірінші сәулелері бойынша анықтайды – осының барлығы қабыршақ кітапшсына салынып, этикеткіленеді.

Қабыршақ барлық балық түрлерінің денесінің ортасынан арқа қанаты мен алдыңғы бөлігінен алған жөн. Егер арқа қанаты бірнеше болса, онда қабыршақты біріншісінің астынан, басына жақын жерден алады. Қабыршақты бүйір сызығынан жоғары, бірақ одан алыс емес жерден алу керек. Егер балықтың үйір сызығы жоқ болса, онда қабыршақты бүйірінің ортасынан арқа қанатының асытынан алады.

Сүйекті балықтардың жасын қабыршағы арқылы анықтау жеңіл (егер бар болса). Қабыршағын денесінен ажыратады, оны тазалайды және нашатрт спиртінің төменгі ертіндісінде жуады. Одан кейін балықтың жасына сай келетін жылдық сақинасын санайды.

Егар балық қабыршақсыз болса немесе жылдық сақиналарын ажырату қиын болса, жасын сүйектері бойынша айқындайды. Мысалы, бекірелерде, жайындарда және көксеркелерде — кеуде қанатының қатты сәулесінің шлифтары бойынша анықтайды. Бұл үшін кесетін құрал көмегімен жұқа пластинка тәрізді көлденең кесінді жасайды, одан оптикалық аспап көмегімен жылдық сақиналарын көруге болады. Жақсы көріну үшін шлиф сақинасын ксилолға, бензолға, толулға салады.  

Жылдық сақианалары арқылы тек жастарын ғана емес, сол сияқты әртүрлі кезеңдегі өсу жылдамдығын анықтауға болады. Бұл үшін қабыршақтың проектор көмегімен үлейктілген суретін қағазға салып алады. Балықтардың денесі ұзындығы анықтайды. Қабыршақтардың ұзындығы балықтар денесінің ұлғаюына пропорционал жүретіні белгілі.  Сондықтан, центрден әр бір жылдық сақинаға дейінгі аралықты өлшеу арқылы тіршілігінің әрбір кезеңіндегі өсу жылдамдығы туралы мәлімет алуға болады.

Егар ұсталынған мөңкенің ұзындығы 300 мм тең болса, қабыршақ радиусінің ұлғаюы — 20мм. Соңғы вегетациясындағы балық денесінің ұлғаюын (Х) келесі формула бойынша табуға болады:

 
   

Rn-1-соңғы сақина алдындағы жылдық сақинадан қабыршақтың шетіне дейінгі аралық, мм;

Rn- қабыршақтың центрінен шетіне дейінгі аралық, мм;;

L –Балықтың ұзындығы, мм.

Қабыршақты балықтардың өлшемдері мен салмағын алғаннан кейін ғана алады. Оны алдымен балықтың денесінен шырыш пен басқа балықтардың жабысып қалғанқабыршақтарын алып тастау керек. Әр блықтан 10-20 қабыршақтан алу керек, одан кейін зерттегенде ең жақсы 5-8 қабыршағын алады.

Қабыршақты «қабыршақ кітапшасына» салады («қабыршақ кітапшасы» деп 12 беттік дәптердің жартысынан жасайды, жиегіне жақын жерде бетті бүгеді). «Қабыршақ кітпшасына» мәлімет қарындашпен жазылады: қабыршақ алынған балықтың түрі, №, Q, q, l, жынысы, гонадаларының жетілу кезеңі, күні жазылған.

Омыртқаларын, әдетте ең ірілерінен басына жақын жерден алады. Ол үшін қайшымен немесе пышақпен қабырғаларын бөліп омыртқаларын шығарады. Басқа ұлпалар мен сүйектерден тазартып, егер балық ірі болса, пакетиктерге салып ары қарай Бинокуляр арқылы жасы анықталады.

Балық қоңдылығын анықтау. Балық қондылық дәрежесін анықтау үшін Фультон коэффициенті кеңінен қолданылады, ол мына формуламен есептелінеді:

                                  У= Q х 100/ l3

Мұндағы, У – қондылық коэффициенті

                  Q  – балық салмағы, г

          l – балықтың тұмсығынан бастап, қабыршақты жабынына дейін, см

Балық қоңдылығын анықтау үшін балықтың жалпы салмағы барлық ішкі құрылысымен бірге. Бұл әдісте балықтың жеген қорегі мен жыныстық жетілген өнімдері бұл формуланың мәнін бұзады.

Балық қоңдылығын анықтау үшін кеудесінің ұзындығын есепке алу керек, өйткені балықтың осы қоңдылықтың негізгі көрсеткіші.

Біршама нақты қоңдылық коэффициент көрсеткіші Кларк бойынша есептелінеді. Бұнда былықтың салмағын ішкі құрылысынсыз анықтайды. В.Г.Никольский осы екі әдістіде қолдануды ұсынады. Бірақ бұл әдістер балық қоңдылығын салыстырмалы түрде ғана есептеуге мүмкіндік береді.

Балық шаруашылық практикасында, әсіресе тұқымдылықтарының қоңдылығын, балықтың ұзындығы мен ең үлкен биіктігінің қатынасын алып есептейді. Егер қатынасы үлкен болса, соғұрлым балық қоңды. Бұл әдісте тиімсіз. Мысалы, дене ұзындығы жоғары балық қоңдылығы төмен болуы мүмкін.

 

3.4 Жыныстық жетілуі кезеңдерін анықтау әдісі

 

Балықтардың жетілу коэффициентің анықтау. Аталықтар мен аналықтардың гонадаларының жетілу коэффициентін анықтау үшін, (сонымен қатар порционды уылдырық шашатындары да) барлық жетілу кезеңдері, бес пен алтыншы кезеңдерден басқасы аптекалық немесе басқада нақты таразыда  өлшенеді. Гонадалардың барлық салмағы журналға жазылады. Материалдарды лабораториялық өңдегенде жетілу коэффициенті келесі формуламен өлшенеді: 

                          К= qх100/ Q

Мұндағы К – ізделінетін жетілу коэффициенті

q – гонадалардың салмағы, г, Q – балықтың салмағы, г.

Жетілу коэффициентінің мәні туралы және балықтарда жыныс өнімдерінің жетілуі туралы Н.В.Никольский (1974), И.Ф.Правдин (1966) және т.б. қараңыз.

Өнімділікке арналған материалдарды жинау.

Өнімділік  түрлік белгі, оның өлшемі онтоенезде және қоршаған жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан өімділікті ихтиологиялық көрсеткіш ретінде қарастырады.

Бір уақытта уылдырық шашатын аналықтардың өнімілігін анықтау үшін материал жинағанда келесідей жұмыстар жасайды:

  1. Әр аналық биологиялық талдауга алынады
  2. Алтыншы жетілу сатысында екі гонада да аптекалық (немесе басқа нақты) таразыда өлшенеді. 1000 грамнан асатын жұмыртқа бездері 1 г дәлдікке дейін, 500-1000 г – 0,5г дәлдікке дейін, 500 грамнан азы  0,1г дәлдікке дейін өлшенеді.
  3. Гонаданың ортаңғы бөлігінен 0,5-1 г навеска алынады (егер уыдырық ірі болса, 10-20 грамға дейін алынады), дәлдігі 0,001 г, этикетка жазылады суқойманың атауы, бақылау күні, журнал бойынша особьтың номері, оның ұзындығы, сосын навесканы тикеткамен бірге дәкеге орап, фиксациялушы ерітіндіге орналастырады. Фиксциялаушы ерітіндіге формалинның 4% изотоникалық ерітіндісі алынады (100мл формальдегед, 900 мл су және 7грамм ас тұзы).

Егер ары қарай әрбір уылдырықтың диаметрін өлшеу керек болса, навесканы пеницилиннің немесе басқа үлкендеу флакондарға салып (бірақ уылдырық қысылмай бос жатуы керек). Лабораториялық жағдайда әр навесткаға уылдырықтың санын бүкіл гонадаға салмағымен бірге санау керек. Порционды уылдырық шашатын балықтардың пробасын жинау барлық уылдырық шашу кезеңіне созылуы керек, бұл әр порциядағы уылдырықтың санын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Балықтың ішін жарғанда гонадаларының жынысын және жетілу сатысын, асқазанының толуын және майлылығын анықтайды. Соңғысын баллмен есептейді: 0 – ішегінде майы жоқ, I — майы өте аз, II – аз, III – орташа мөлшерде, IV – көп, V – ішегі қалың майға оранған.

Жыныс бездерінің сыртқы түрі жыныс клеткаларының даму процесінде айтарлықтай өзгереді. Олардың жетілу сатысын жеке анықтау үшін жетілу шкалалары жасалған, оларды пайдаланып жыныс өнімдерінің жетілу дәрежесін анықтауға болады.

Аталықтары мен аналықтары үшін жыныс бездерінің алты жетілу шкаласын бөледі, олар оогенез бен сперматогенез процестерінің барлық периодтарын қамтиды.

Аталықтары мен аналықтарының жетілу кезеңін дұрыс анықтаудан ихтиологиялық зерттеудің объективті бағасы тәуелді болады. Әдетте жыныс бездері I даму сатысындағы дараларды анықтау қиынға түседі, ондай жағдайда журналда juveniles (juv) деп жазады да, гонадаларды гистологиялық зерттеулер үшін фиксациялайды.

Аналық гонадаларының даму сатылары : I стадия. Жыныс бездері жіңішке мөлдір тәж түрінде, кейде сары немесе алқызыл түсті. Жыныс клеткалары жай көзге көрінбейді. Көптеген балықтардың жыныс бездерін сырттай анықтау қиынға түседі. Алабұғалардың аналықтарында аталықтарына қарама — қайшы жыныс безі жұп емес. Сигтер мен албырттардың жыныс бездерінің бас бөлімі айтарлықтай жалпайған, ал аталықтарында жоқ. Жыныс клеткалары оогониялармен және жас ооциттермен келтірілген. Жай көзге олар көрінбейді. I стадия тек жыныстық жетілмеген дараларға тән.

II стадия. Жұмыртқа бездерінің өлшемі үлкейген, бірақ олар әлі мөлдір және түссіз (тек кейбір майшабақтардың жұмыртқа бездері қантамырлардың қалың торына байланысты қызыл түсті болады). Жұмыртқа безінің бойымен ірі қан тамыры өтеді, ол бүйірлерге бұтақтанады. Жұмыртқа безін лупадан қарағанда жеке уылдырықтарды көруге болады. Олар мөлдір және түссіз. Осы стадияда жұмыртқа бездерінде жиі майдың көп мөлшері болады (әсіресе бекіретәрізділерде). Ол  I стадияда пайда болып келесі стадияларда бірт — бірте жоғалады.

III стадия. III стадияның барысында түрлі балықтарда жұмыртқа бездері сырттай аздап өзгере бастайды. Барлық сүйекті балықтар үшін осы стадияның басталу белгісіне – жұмыртқа бездерінің өлшемдерінің үлкеюі жатады, яғни олар дене қуысының белгілі мөлшерін алып тұрады. Қоректік және трофикалық заттардың әсерінен уылдырықтары мөлдір емес ашық сарыдан ашық қызғылтқа дейін өзгереді. Жұмыртқа бездерінің де түсі өзгереді. Бекіретәрізділерде, цитоплазманың беткі қабатында бурыл-қара пигментті гранулалардың жиналуына байланысты уылдырықтары күңгірт түске ие болады.

IV стадия. Жұмыртқа бездері бене қуысының көп мөлшерін алады. Оның түсі түрлі балықтарда әртүрлі – жиі сары, түрлі реңді немесе қызғылт, бекіретәрізділерде жұмыртқа бездерінің түсі сұр немесе қара. Уылдырықтары әр балыққа тән соңғы өлшеміне жеткен.

V стадия. IV стадиядан V стадияға өткенде уылдырықтары мөлдірлене бастайды. Балықты басынан көтергенде немесе құрсағынан ақырын басқанда олар аналь тесігінен аға бастайды. Бір балықтарда фолликулдарының жарылуы мен уылдырықтарының жұмыртқа безіне шығуы бір уақытта, яғни синхронды түрде жүреді, ал біреулерінде – созылмалы сипатта болады (бірнеше сағат немесе күн). Аналығы ақпалы кезеңге өткенде фолликулдардың қабығы жарылғанда жұмыртқа пластинкаларының жиегінде орналасқан ооциттер жұмыртқа безінің қуысына түседі, ал жұмыртқа бездері тұйық емес албырттар мен бекірелерде ооциттер дене қуысына түседі, фолликулдары жұмыртқа безінде қалады.

VI стадия. Жұмыртқа бездері үлкен емес өлшемді, борпылдақ, қызыл түсті. Жұмыртқа бездерінің қызыл түсі фолликулдарының жарылуы кезінде аздап қан ағуына байланысты. VI пісіп жетілу сатысындағы жұмыртқа бездерінің ерекше белгісіне гистологиялық препараттарда жарылған фолликулдардың болуы жатады. Жыныс клеткаларының құрамы бойынша бір балықтардың жұмыртқа бездері II даму сатысын, басқаларында III – даму сатысының басын көрсетеді. Сондықтан жарылған фолликулалар сіңірілгеннен кейін, жаңа цикл басталғанда жұмыртқа бездері II даму сатысына немесе бірден III – даму сатысына өтеді.

Аталықтарының даму сатылары. Аталық бездерінің даму сатысы анықталғанда сырттай аталық бездерінің өлшемі, олардың денеге байланысты салмағы (жетілу коэффициенті), түсі және мөлдірлігі, тығыздығы (қолмен) және аталық жолдарының жағдайы ескеріледі. Бұнда кескенде шәует (сперма) бөліне ме, лезвие ақ затпен былғана ма, кесілген жер үшкір болып қала ма, әлде аға бастай ма соны ескеру керек.

I стадия. Бұл сатыда аталық бездері анатомиялық әлі толық жетілмеген. Гонадалар өте жұқа мөлдір тәж түрінде. Жынысы әлі анықталмайды. Көптеген балықтардың қан тамырлары әлсіз дамыған, гонадалары түссіз, сары немесе сұр түсті. Кейбір балықтарда (алабұғаларда) қан тамырлары жақсы дамыған және гонадалары әлсіз алқызыл түсті. Алабұғалардың аталықтарында аталық бездері жұп (аналық жұмыртқа безі тақ).

Жыныс клеткаларынан аталық бездерінде тек жеке ірі сперматогонилер болады. Осы кезеңдегі ірі клеткалардың көп мөлшері бездің мөлдірлігін анықтайды. Бұндай аталық бездері тек жыныстық жетілмеген дараларға тән.

II стадия. Аталық клеткалары көбею нәтижесінде аталық бездерінің өлшемі үлкейеді. Олар мөлдірлігін жоғалтады. Гонадалары домалақтанған тәж немесе жұқа лента түрінде, жиі сұр түсті немесе әлсіз алқызыл түсті болады. Кейбір түрлерде, мысалы өткінші майшабақтарда және албырттарда қан тамырлары күшті дамитындықтан аталық бездері алқызылдан қызыл түске дейін өзгереді.

III стадия. Бұл кезеңде сперматогенездің барлық кезеңдері қарқынды өте бастайды — өсі, жетілу және түзілу. Осы кезеңнің аяғына қарай пісіп жетілген сперматозоидтардың тобы пайда болады.

Аталық бездері қатты үлкейген. Осы кезеңнің басында оның түсі алқызыл-сұр түсті, соңында – сары-ақ түсті болады. Аталық жолдары аталық клеткаларына толады, аталық жолдары жіңішке болады, сондықтан аталық бездері қолмен ұстағанда тығыз болады. Гонадаларды лезвиямен кескенде жиектері ақпайды, үшкір болып қалады. Бритваның лезвиесі стадияның басында таза болса, оның аяғында жетілген сперматозоидтардың бірінші тобы пайда бола бастауына байланысты, ол ақ бөлінулермен былғануы мүмкін, бірақ айтарлықтай емес.

IV стадия. Аталық бездері ірі. Аталық бездерінің жолдарында цисталардан шыққан тек жетілген сперматозоидтар, және жыныс клеткаларының қосымша қорын құраушы және келесі маусымда сперматогенездің қайталануы үшін ірі сперматогонилер болады.Өте кішкентай клеткалар түрінде сперматозоидтардың көп мөлшері түзілетіндіктен, аталық бездері ақ-сүт түсті болады. Гонадаларды кескенде бритваның лезвиясы ақ массамен былғанады, кесіндіде сперманың тамшысы пайда болады, жиегі дөңгелектенеді. Егер балықтың құрсағын басса, қаймақ сияқты сперманың тамшысы шығады. 

V стадия. Жыныс өнімдерінің ағындылығымен сипатталып, балықты сырттай қарағанда оңай анықталады. Егер балықтың құрсағына басса немесе оның денесін исе, жыныс тесігінен шәует ағады, ол сүт немесе қаймақ тәрізді болады.

Аталық бездері ақ-сүт түсті, ұстағанда жұмсақ болады. Жыныс өнімдері аққан сайын аталық бездерінің көлемі бірте-бірте кішірейеді.

VI стадия. Аталық бездері жіңішке әлсіз тәж түрінде. Қан тамырлары кеңейген, сондықтан аталық бездері алқызыл немесе бурыл түсті. Егер оларды кессе немесе балықтың құрсағын басса сары сұйықтықтың аз мөлшері пайда болады. VI стадиядан кейін аталық бездерінде сперматогонилердің көбеюі қайтадан басталады, яғни сперматогенездің жаңа толқыны пайда болады да, аталық бездері I стадиядан өтіп II стадияға көшеді

Әр балықтың жынысы және оның гонадаларының жетілу сатысы морфометриялық өлшеу немесе биологиялық анализ журналына, сонымен қабыршақ кітапшасына және этикеткаға жазылады. Жазылуы қысқаша, жалпы қабылданған белгілермен жүргізіледі.

Мысалы, егер өлшенетін балық аналық екені, оның гонадаларының жетілу сатысы екінші екені белгілі болса, онда — ♀II, осы стадияның аталықтары үшін —  ♂ II деп жазылады. Сәйкесінше, аналықтарының барлық жетілу сатылары: ♀I , ♀II, ♀III, ♀ IV, ♀ V, ♀ VI, аталықтары үшін ♂I, ♂ II, ♂ III және т.с.с. деп жазылады. Егер гонаданың жетілу сатысын анықтау қиынға түсіп қандай екені белгісіз болса, онда былай деп жазуға болады: ♀I-II , ♀II-III, ♂I-II, ♂ II -III және т.с.с [23, 24, 25,26,27].

           3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР

 

   3.1 Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтына сипаттама

 

ҚазБШҒЗИ міндеті – Қазақстан республикасының балық ресурстарын сақтау және молайта түсу, оларды пайдаланудың жаңа мүмкіншіліктерін ашу.

Мақсаты – ҚазБШҒЗИ стратегиясы мен миссиясын іске асыру арқылы балық шаруашылығы және су биоценоздарының экологиясы саласындағы халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу институты болуға ұмтылады.

ҚазБШҒЗИ-ның 2020 жылға дейінгі стратегиясы халықаралық стандарттарға сай, ҒЗЖ алынған нәтижелерді балық шаруашылығы практикасына қолдану, тұрақты қаржылық жағдай, ҒЗЖ мемлекеттік және жеке тапсырыстармен де қамтылған ғылыми өнімді алудың жүйесін құру.

Институт тарихы.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында ішкі суқоймаларының саны бойынша Ресейден кейін 2-ші орынды иемденеді, 8 балық шаруашылықтық бассейні бар. ХХ ғасырдың бірінші төртжылдығында республика ихтиофаунасында 100 түр мен түршелер есептелінген. Кейіннен, 1930 жылдары ол есеп үлкен масштабты жерсіндіружұмыстарының әсерінен өзгерді. Қазіргі уақытта ихтиофаунада 150-ге жуық түр кездеседі, олардың кейбіреуі өндірістік бағалы түрлерге жатса, кейбіреулері – әр бассейннің эндемик түрлері болып табылады. Балқаш алабұғасы, арал албырты, арал қаязыгенофондтың сирек кездесетін бірегей түрлеріне жатады. Каспий теңізінің ихтиофаунасы бірегей – әлемдік генофондының резерваты және бекіре балықтарының қоры болып табылады.

Институттың тарихы 1929 жылдан Бүкілодақтық балық шаруашылығы және окенография ғылыми-зерттеу институтының Арал қаласындағы ғылыми балықшаруашылықтық станциясынан басталады. 1933 жылы осы станцияның филиалы Балқаш қаласында ашылды, кейіннен 1934 жылы Бүкілодақтық балық щаруашылығы және окенография ғылыми-зерттеу институтының жеке станциясы болды. 1938 жылы Бүкілодақтық балық шаруашылығы және окенография ғылыми-зерттеу институты жүйесінен Бүкілодақтық көл және өзен балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құрамына енгізілді.

1957 жылы Арал және Балқаш қалаларындағы Бүкілодақтық көл және өзен балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан ҚазКСР ҒА зоология институтына берілді (Бүкілодақтық көл және өзен балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты №92 29.08.1957 ж. Министрлер кеңесінің 22.10.1957 ж. №749 тапсырысы, ҚазКСР ҒА 10.11.1957 ж. №474 және 481 бұйрығы, 14.11.1957 ж. №149 Зоология институтының бұйрығы), сонымен қатар 1950 жылдардың ортасында Өскемен қаласында ихтиологиялық бөлімшесі болған.

1959 жылы су және балық ресурстарының бай болуына байланысты Қазақстанда республикалық Ғылым академиясының жүйесіне жеке ихтиология институтын және балық шаруашылығы институтын құу туралы шешім қабылданды. 1959 жылы ҚазССР және ОК КП 20.08.1958 ж. №725 және Ғылым академиясының 19.03.1959 ж. №417 бұйрығы бойынша Зоология институтының құрамынан ҚазССР ҒА ихтиология институты және балық шаруашылығы институты бөлініп шықты, орталығы Гурьев қаласында орналасты (қазіргі Атырау), және оған Алтай, Арал, Балқаш бөлімшелері және Жезказған ихтиологиялық опорлы пункті кіреді.

1963 жылы 02.07.1962 ж. №523 СССР министрлер кеңесінің қаулысы бойынша, ҚазССР 29.04.1963 ж. №619 бұйрығына сәйкес ССР ҒА ихтиология және балық шаруашылығы институты СССР министрлер кеңесі балық шаруашылығы бойынша мемлекеттік комитеттің құрамына берілді (15.12.1962ж акт берілу), кейін Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу инситуты құрылды. Осы жылы мемлекеттік комитеттің №150 02.04.1962 ж. Бұйрығы бойынша институт Гурьев қаласынан (қазіргі Атырау) Балқаш қаласына ауыстырылды. СССР министрлер кеңесінің жанынан мемлекеттік комитеттің ашылуына байланысты институт СССР балық шаруашылығы министрлігінің құрамына енгізілді. ҚазБШҒЗИ-ның бекіре өсіру лабораториясы Гурьев қаласында қалғандықтан, ол Орал-Каспий Орталық БШҒЗИ құрамына кіргізілді, кейіннен 1988 ж. КаспБШҒЗИ (Астрахань қ.) құрамына кірді.

1976 жылы СССР Балық шаруашылығы министрлігінің №98 17.02.1967 ж. Бұйрығына байланысты ҚазБШҒЗИ Қазақ ССР-ның балық шаруашылығы министрлігінің құрамына берілді. Осы дәрежеде институт оның бас бөлімшесінің 1987 жылы Балқаш қаласынан Алматы қаласына ауысқанына дейін болды, бұл шара жаңа басқару жүйесі мен біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету үшін болды. Кейіннен болған көпшілік атаулар мен құрылымдарының өзгеруі оңтайлы шешімдерді іздеу мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты болды.

1987 жылы ҚазБШҒЗИ негізінде, Қапшағай эксперименттік балық өсіру шаруашылығы, Алма-ата және Өскемен тоған шаруашылықтарынан ҚазССР ГосАроПроме жанынан Қазақ ғылыми-өндірістік балық шаруашылықтық орталығы Қазрыбхоз мемлекеттік-кооперативті бірлестігі құрылды.

1989-1991 жылдар аралығында Қазақ ғылыми-өндірістік балық аруашылығы орталығынан тоған шаруашылықтары мен балық шаруашылықтары шығарылып, 1991 жылдың желтоқсанынан ҚазБШҒЗИ жеке ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде жұмыс істей бастады.

1992 жылдың қаңтарынан (ҚР атқарушы министрлік палатасының №15 09.01.1992 ж) ҚазБШҒЗИ 4 бөлімшесімен – Алтай, Арал, Балқаш және Солтүстік Қазақстан және Павлодар бөлімшелерімен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының құрамына берілді.

1992 жылы Орталық ғылыми-зерттеу балық шаруашылығы орталығының Жайық-Каспий бөлімшесінің қаржыландырылуы аяқталды. Оның орнына ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитеті жүйесіне кіретін «Жайықты қорғау» кіші ғылыми мекемесі құрылды. Кейіннен оны Жайық-Каспий балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты деп өзгертті.

1994 жылы Жайық-Каспий балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ҚазБШҒЗИ Атырау бөлімшесіне ауыстырылды.

1995 жылы институттың Солтүстік Қазақстан бөлімшесі құрылды.

1996 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аграрлық зерттеу академиялық орталығының құрамына енгізілді.

1999 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен ҚазБШҒЗИ РМКК «ҚазБШҒЗИ» болып, ал оның бөлімшелері филиал болып өзгертілді.

2002 жылы ҚР үкіметінің №1148 РМКК «ҚазБШҒЗИ» 29 қазанынан ҚР білім және ғылым министрлігінен ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыстырылды, кейін Республикалық мемлекеттік кәсіпорын (РМК), «Ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы орталығы» (БШ ҒӨО) филиалдарымен енгізілді.

2006 жылы «БШ ҒӨО» РМК «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамында қайта ұйымдастырылды.

2010 жылы «ҚазБШҒЗИ» ЖШС Балқаш филиалында АӨК саласындағы «Балқаш» білім тарату орталығы құрылды.

2013 жылы Солтүстік филиалы Көкшетау қаласынан Астана қаласына Қостанай, Петропавловск және Қарағанды бөлімшелерін сақтай отырып көшірілді.

2015 жылы «ҚазБШҒЗИ» ЖШС Коммерциялық емес акционерлік қоғам «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығынын» құрамына берілді.

Сурет 1 — «ҚазБШҒЗИ» — да орындалған негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары.

 

   ҚазБШҒЗИ 50 жылдан бері үнемі Қазақстан су айдындарының экологиялық жүйесі мен биоресурстарына тұрақты мониторинг жасап, балық қорын ұдайы өсіріп, оны тиімді пайдалану үшін биологиялық негіздеме беріп, балық аулау тәртібі мен ережесіне ұсыныстар жасап, жыл сайын ауланатын балық көлеміне болжам беруде. Жыл сайын БШҒЗИ беретін ғылыми-негіздемелік мәліметтер негізінде Қазақстан су айдындарында ауланатын балық мөлшерін анықтайтын Үкімет қаулысы шығады. Су айдындарының экожүйесіне антропогенді әсер ету салдарынан туындайтын гидрологиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық, гидрохимиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша көпжылдық мәліметтер банкі жасалған. ҚазБШҒЗИ ғалымдары гидроқұрылымдарды салу кезінде балық қорына келтірілетін зиянды анықтайтын балық аруашылығының стратегиясын жасап, оны кейін компенсациялау үшін қажет бірқатар балық өсіру-мелиоративті іс-шараларды қарастырған, өндіріспен бірге көл-тауарлы балығын өсіру жұмыстары жүргізілген. Қазақстан Республикасының Барлық тұзды су айдындарындағы құнды биологиялық организм – артемия шаяны мен оның циста қабықтарының қоры анықталып бағаланды. Индустриалды балық өсіру енгізілген: энергетикалық және жылу станцияларының жылы суларын пайдалану негізінде балықты өсіру және көбейту технологиялары жасалған. Жаңа генетикалық әдістерді химиялық мутагенез бен радиациялық гиногенезді) пайдалану арқылы жоғары өнімді тұқы және ақ дөңмаңдай тұқымдары шығарылды. Балық өсіруші ғалымдар мен балық өсіру шаруашылықтарын орнықтырудың басты схемасы мен өсіру биотехнологиясы және Қазақстанның нақты аймақтарына сай нормативті негіздемелер жасалды. Поликультурада арзан аралас жемді пайдалану арқылы өсірудің ресурс үнемдеу технологиясы жасалған. Тоғандар мен уылдырық шаштырып өсіретін шаруашылықтарда балық ауруларын емдеу мен оның алдын алуы бойынша зерттеу жұмысары жасалып, нәтижесінде машиналар мен балық аулаудағы ауыр механизациялық процестерді әлдеқайда оңайлататын жеңіл әрі тиімді жаңа тәсілдермен балық аулау құралдары ұсынылған. Өндіріске отандық жемдік ұн жасауға арналған көлденең вакуумды қазандар мен майшабақты консервілейтін прогрестік технология енгізілді. Өндіріске түрлі құнсыз балықтардан балық консервілерін, шұжық, салқын ыспен ысталған өнімдерді және балық қабыршағынан желімдерді жасаудың әртүрлі әдістері мен бірқатар технологиялары ұсынылған. Экономикалық зерттеулер балық өндірісіндегі ұйымдардың шаруашылық іс-әрекеттеріне сипаттама жасай отырып, олардың экономикалық тиімділікті арттыру мен еңбекті ұйымдастыру жағдайларын жақсартуды негізгі мақсат етіп отыр.

2001 жылдан бері трансшекаралық су алаптарындағы су биоресурстарын бағалау үшін кешенді жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізілуде. ҚазБШҒЗИ Каспий төңірегіндегі мемлекеттерді өзге де ғылыми ұйымдармен бірге Каспий төңірегіндегі балық қорын зерттеуге негізделген мемлекетаралық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу нәтижелері жалпы аулауға болатын мөлшерді анықтау кезінде, бекіре балығымен басқа да кәсіптік мәні бар балықтардың аулану мөлшерін анықтауда мемлекетаралық су биоресурстар Комиссиясының жұмысы барысында квота бөлу кезінде пайдаланылады. Бұрынғы жасалып келе жатқан зерттеу жұмыстары мен Каспий аймағындағы мемлекеттердің ғылыми-зерттеу ұйымдарымен біріге отырып жасаған зерттеулері негізге алынып, бекіре балық түрлерінің санын анықтау әдістемесі жасалды және Каспий теңізінің биоресрстарын сақтап, тұрақты пайдалануға негізделген рационалды бағдарлама жасалды.

Қазіргі уақытта ҒЗЖ келесі бюджетті бағдарламалар бойынша жүргізілуде.

— «Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық маңызы бар суқоймаларының гидробионттары мен басқа су ресурстарын сақтау және қалпына келтіру бойынша балық шаруашылығы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы бойынша келесі жобалар орындалады:

  1. Каспий итбалығының популяциясына қауіп төндіретін факторларды кешенді бағалау мен сандық динамикасын зерттеу.
  2. Жайық өзенінің беіре балықтарының табиғи және жасанды көбеюін бағалау.
  3. Қазақстан су айдындарында балық қорын сақтау үшін қолданыстағы балық қорғайтын құрылғының тиімділігін бағалау және оларды жаңарту мен жаңа балық қорғайтын құрылғыларды енгізу.
  4. Су айдынының балық шаруашылық мүмкіндігін арттыру мен балық шаруашылық мелиорацияларды жүргізу үшін ҚР балық шаруашылық су айдындарының қазіргі кездегі гидроэкологиялық жағдайын бағалау.
  5. Тұрақты балық аулауды қамтамасыз ету және қорды ұқыпты басқару стратегиясын жасау үшін Қазақстандағы басты кәсіптік балық аулайтын суқоймалардың балық қорының жағдайын бағалау.

— «Қазақстан Республикасында тауарлы балық өсірудің тиімді технологияларын ұйымдастыру» келесі 5 жоба бойынша:

  1. Бағалы балық түрлерін өсірудің экономикалық нәтижелі технологияларын жасау және оны Қазақстанның балық өсіру кәсіпорындарына енгізу.
  2. Белгіленген қоректерге отандық рецептураны өңдеу және енгізу.
  3. Негізгі балық өсіру шаруашылықтарында өсірілген бағалы балық түрлеріне ихтиопатологиялық және микробиологиялық баға беру.
  4. Берілген аквакультура нысандарын генетикалық бағалау және генетикалық қорды толтыру.
  5. Бағалы балық түрлерін өсірудің әлеуметтік және экономикалық нәтижелі технологияларын бағалау.

 — «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру», келесі жобалар бойынша:

  1. Пробиотикалық әсері бар препараттарды отандық жемдердің құрамына енгізе отырып бақтақ балығын өсіру жағдайын жақсарту және балық өнімділігін арттыру үшін биотехникалық амалдарды жасау және енгізу.

2.Қазақстанның тұзды көлдерінің бағалы биоресурсы Artemia шаянының популяциясының генетикалық дифференциациясы.

3.Жайық-Каспий алабындағы бекіретектес балық түрлерінің биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалу және олардың популяциясын қалпына келтіру мақсатында табиғи және қолдан өсірілген балықтардың генетикалық мониторингі.

4.Омыртқасыз гидробионттар Қазақстан суқоймаларының аймақтық экологиялық биоиндикаторы.

— «АӨК салаларын нормативті-әдістемелік қамтамасыз ету»;

-«Инновациялық тәжірибені тарату және жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу»

Бюджеттік емес келісім шарттар бойынша үлкен көлемдегі келесідей бағыттағы жұмыстар орындалады:

— Белгіленген суқоймаларға балық шаруашылығын басқару жөнде ғылыми қолдау көрсету;

— Балық шаруашылығын басқару үшін балық шаруашылықтық суқоймаларды паспортизациялау және перспективті суқоймаларды анықтау (тауарлы балық өсіру, балық аулау, артемия аулау);

— Әр түрлі типтегі балық өсіру фермаларын құру үшін биологиялық негіздеме жасау;

— Акклиматизация және балықтандыру үшін биологиялық негіздеме жасау;

— Шаруашылықтық қызметтердің балық шаруашылығына тигізетін зиянына биологиялық негіздеме жасау, және оның деңгейін төмендетуге рекомендациялар;

— Аквакультураның жаңа объектілерін тауарлы өсіру және жасанды өсіру үшін, және басқа да көптеген қолданбалы ҒЗЖ әдістемелер мен техникалық нұсқаулықтар әзірлеу.

 Институттың ғылыми-өндірістік қызметінің бағыты

Стратегиялық бағыты:

  1. Бәсекеге қабілетті нәтижелерді алу.
  2. Ұйымның инфрақұрылымын жетілдіру.
  3. Ғылым, білім және өндірістің интеграциясы.
  4. Ғылыми зерттемелерді енгізу.
  5. Фиксалдық саясатты жетілдіру.
  6. Теңдестірілген кадрлық құрылым.

 

 

3.2 Қапшағай су қоймасындағы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты

 

Қапшағай су қоймасы мөңке балығының 23 дарасы ауланып зерттеу жүргізілді. Биологиялық және морфометриялық талдауда 36 белгісі бойынша пластикалық меристикалық жүргізілді. Зерттеуге алынған балықтар негізінен 3 +,4, және 6 + жастағы балықтар құрады. 23 дара мөңке балығына биологиялық және морфометриялық талдау жүргізілді, талдауы көрсеткіштері 1 кестеде көрсетілген.

 

1 — кесте Қапшағай су қоймасы мөңке балығына биологиялық өлшемдері, 2017ж

L,см

L,мм

Q,гр

q, гр

Fulton

Clark

жыныс

стадия

жасы

1

22

180

243

229

4,16

3,92

3

3

2

25,1

210,1

326

306

3,51

3,29

4

  3

3

23,6

200,3

251

240

3,12

2,98

4

5

4

28

230

365

315

2,99

2,58

4

5

5

31

250

425

380

2,72

2,43

VI-II

6

6

25

200,9

265

251

3,26

3,09

3

6

7

23,3

190

250

239

3,64

3,48

3

3

8

25,3

200,5

320

293

3,97

3,63

3

5

9

27,8

220,7

340

329

3,16

3,06

4

3

10

26,4

200,3

260

250

3,23

3,11

3

4

11

25

200,2

305

260

3,80

3,24

3

5

12

23,6

200,1

265

230

3,30

2,87

VI-II

4

13

22,3

180,2

195

174

3,33

2,97

4

5

14

22,5

180,3

185

165

3,15

2,81

3

3

15

22,5

190

210

186

3,06

2,71

3

5

16

31

250,4

405

387

2,57

2,46

3

4

17

22,1

180,4

180

168

3,06

2,86

4

3

18

26,3

190,2

235

205

3,41

2,97

4

4

19

24

200,3

275

250

3,42

3,11

3

4

20

22,5

190

205

185

2,98

2,69

3

4

21

25,9

200,5

270

255

3,34

3,16

3

4

22

27,2

220

350

338

3,28

3,17

3

5

23

22,5

170,8

150

137

3,01

2,74

3

3

 

Биологиялық талдау барысында 23 балықтың ұзындығы, салмағы, Фультон және Кларк бойынша қоңдылығы, жасы, жынысы анықталды. 

        Сонымен қатар биологиялық талдау барысында максимальді, минимальді және орташа  көрсеткіштері анықталды, 2 кестеде көрсетілген.

 

 2- кесте Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық көрсеткіштері талдауы

 

 

L,мм

L,мм

Q,гр

q, гр

Fulton

Clark

min

220

170,8

150

137

2,57

2,43

max

310

250,4

425

387

4,167

3,92

M

250  

201,57  

272,83

250,96

3,29

3,02

m

  209  

14,94  

57,01

52,56

0,27

0,27

станд.қате.

 2,66  

 20,92  

72,40

68,38

0,37

0,36

дисперсия

  7,08  

437,65  

5 241,70

4 675,95

0,13

0,13

 

Қапшағай су қоймасы мөңке балықтарына жүргізілген биологиялық талдау нәтижесінде ауланған балықтардың максимальді ұзындығы 31 см, ал минимальді ұзындығы 22 см, орташасы – 25 см болды. Максимальді кәсіптік ұзындығы 250 мм, минимальді 170 мм, орташасы 201,57. Максимальді толық салмағы 425 г, минимальді 150 г, орташасы 222,83 г. болса, ал іш құрлысынсыз максимальді дене салмағы 387 г., минммальді дене салмағы 137г-ды, орташасы 250 г-ды құрады. Фультон бойынша максимальді қоңдылығы 4,2 ал минимальді 2,6-ны көрсетсе, Кларк бойынша максимальді коэффициенті 3,9, минимальді 2,4-ті көрсетті. Балықтардың 20 дарасы аналықтар, 3 дарасы аталық болды. Жыныстық жетілуі стадиясы бойынша басым көпшілігі 3 ші және 4-ші жетілу сатысында, екеуі 6-шы жетілу сатысында.

Қапшағай су қоймасы мөңке балығына жүргізілген морфометриялық өлшемдер көрсеткіші 3 кестеде көрсетілген.

 

3-кесте  Қапшағай су қоймасы мөңке балығының пластикалық  көрсеткіштері

 

Қапшағай су қоймасы 15.07.2017 ж.

 

aD

pD

aA

aV

aP

P-V

V-A

lca

lc

min

46,4

14,6

70,8

43,2

24,6

19,6

26,6

14,6

16,9

max

60,0

22,3

90,6

51,0

31,6

27,2

36,7

26,5

31,1

M

51,63

18,42

76,21

46,20

27,20

22,54

30,88

17,68

27,51

m

2,92

1,41

2,94

1,49

1,33

1,75

2,06

1,87

1,67

станд.откл.

3,605

1,874

4,253

1,965

1,761

2,194

2,567

2,654

2,718

дисперсия

12,995

3,513

18,088

3,862

3,101

4,815

6,591

7,041

7,385

 

ao

o

op

hc

io

H

h

HTT

hTT

min

6,0

4,0

10,8

15,0

11,4

16,9

24,0

15,4

10,9

max

10,5

6,7

16,3

23,7

17,2

47,8

36,8

21,1

15,7

M

7,74

4,94

13,45

19,75

14,29

42,44

30,37

17,85

13,04

m

0,88

0,41

1,10

2,02

1,26

3,79

3,13

1,15

1,19

станд.откл.

1,193

0,590

1,423

2,482

1,556

6,244

3,678

1,459

1,444

дисперсия

1,424

0,348

2,026

6,161

2,420

38,987

13,526

2,130

2,085

 

lD

hD

lA

hA

lP

lV

lCs

lCm

lCi

min

33,9

14,2

8,4

12,8

16,3

13,5

22,7

10,6

20,6

max

45,6

27,0

13,6

19,0

22,0

22,7

31,8

16,8

32,5

M

40,78

19,51

11,29

16,05

18,57

20,08

28,00

13,43

27,31

m

2,04

1,94

1,10

1,35

1,27

1,48

2,18

1,22

2,25

станд.қате.

2,771

2,651

1,410

1,631

1,526

2,081

2,670

1,654

2,796

дисперсия

7,676

7,027

1,989

2,660

2,329

4,329

7,129

2,735

7,817

 

Дене тұрқынан алғандағы пайыздық антедорсальды аралық: минимальды – 46,7 мм, максимальное — 60,0 мм, орташасы- 51,63 мм. Постдорсальды арақашықтықтың минимальді мәні -14,6 мм, максимальды -22,3 мм.  Антеанальды аралығы: минимальлды – 70,8 мм, максимальды – 90,6 мм, орташасы – 76,21 мм. Минимальды антевентральды аралық – 43,2 мм, максимальды 51,0 мм, орташасы – 46,20 мм. Антепектеральді арақашықтық: минимальды — 24,6мм, максмальды- 31,6 мм, орташасы 27,20мм. Кеуде және құрсақ қанаты негізі аралығы минимальді мәні 19,6 мм, максимальді- 27,2 мм, орташасы 22,54мм. Құрсақ қанаты негізімен аналқанаты негізі аралығы минимальді көрсеткіші -26,6мм, максимальді -36,7 мм, орташасы -30,88мм. Құйрық қанаты ұзындығы: минимальді- 14,6 ммм, максимальді- 26,5мм, орташасы-17,68 мм. Минимальды басы ұзындығы – 16,9 мм, максимальды – 31,1 мм, орташасы – 27,51 мм. Тұмсығының ұзындығы минимальды -6,0мм, максимальды- 10,5 мм, орташасы – 7,74мм. Көзі диаметрі минимальды мәні – 4,0 мм, максимальды – 6,7 мм, орташасы- 4,94 мм. Көзінің артынан желбезек қақпағының соңына дейінгі аралық минимальды- 10,8 мм, максимальді -16,3 мм, орташасы- 13,45мм. Басының биіктігі минимальді мәні – 15,0мм, максимальды- 23,7мм, орташасы- 19,75мм. Маңдайы ені минимальды -11,4 мм, максимальды 17,2мм, орташасы 14,29мм. Денесі биіктігінің максимальді көрсеткіші -47,8 мм, ал минимальды көрсеткіші- 16,9 мм болса, орташасы 42,44мм. Денсінің минимальды биіктігінің максимальды мәні 36,8мм, минимальді мәні – 24,0мм. Денесінің максимальді ені мәні- 21,1ммм, минимальды мәні- 15,4мм, орташасы – 17,85 мм. Денесінің минимальді ені максимальды көрсеткіші – 15,7мм, минимальды мәні 10,9мм. Арқа қанаты өсі ұзындығы минимальды- 33,9ммм, максимальды- 45,6ммм, орташасы – 40,78мм. Арқа қанаты биіктігі минимальді мәні- 14,2мм, максимальды мәні- 27,0мм, орташасы — 19,51мм. Аналь қантаы өсі ұзындығы: минимальды – 8,4мм, максимальды- 13,6мм, орташасы – 11,29мм. Аналь қанаты биіктігі минимальды мәні-12,8мм, максимальді биіктігі- 19,0 мм, орташасы -16,05 мм. Кеуде қанаты ұзындығы минимальді мәні 16,3мм, максимальді ұзындығы -22,0мм, орташасы – 18,57мм. Құрсақ қанатының минимальді ұзындығы -13,5мм, максимальді-22,7мм, орташасы- 20,08мм. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасының минимальді ұзындығы -22,7мм, максимальді ұзындығы – 31,8 мм, орташасы- 28,00 мм. Құйрық қанаты қалақшасының ортаңғы бөлігінің минимальді ұзындығы-10,6мм, максимальді- 16,8мм, орташасы -13,43 мм. Құйрық қанаты астыңғы қалақшасының минимальді ұзындығы- 20,6 мм, максимальді- 32,5 мм, орташасы 27,31мм-ді көрсетті.

Морфометриялық өлшемдер барысында сандық белгілері көрсеткіштері алынды (кесте 4).

 

  4-кесте  Қапшағай су қоймасы мөңке балығының сандық көрсеткіштері

Қапшағай су қоймасы 15.07.2017 ж.

 

D қатт

D

сәул

А

қатт

А

сәул

Р

сол

Р

оң

V қатт

V

сәул

Vert

min

1

16

1

6

14

14

1

7

24

max

1

20

1

7

18

18

1

9

30

M

1

17,95

1,00

6,09

16,39

16,39

1,00

7,96

26,57

m

0

0,79

0,00

0,17

0,95

0,95

0,00

0,25

1,41

станд.откл.

0

1,00

0,00

0,29

1,16

1,16

0,00

0,47

1,75

дисперсия

0

1,00

0,00

0,09

1,34

1,34

0,00

0,23

3,08

 

4 кестеге сәйкес арқа қанатындағы қатты талшықты сәулелері бір-бірден, арақа қанатының сәулелері минимальді -16, максимальді -20. Аналь қанаты сәулелері минимальді саны -6, максимальді-7. Кеуде қанаты сәулері саны: минимальді 14, максиамльді 18 болды, ал оның оң және сол сәулелері саны бірдей.  Құрсақ қанаты сәулелері саны: минимальді-7, максимальді -8. Омыртқа саны минимальді-24, максимальді-30.

Сонымен қатар Қапшағай су қоймасы мөңке балығы жастық динамикасы анықталды (сурет 9). 

            2-сурет Қапшағай су қоймасы мөңке балығының жастық қатары динамикасы

 

Жастық динамикасы қатарына берілген 9 суретке сәйкес 3+ жастағылары 178-ден 190 мм-ді, ал 4+ жастағылар 190-дан 227 мм-ге дейін, 5+ жастағылар 143-тен 181 мм, 5+ жастағы 190-нан-254мм дейін, 6+ жастағылар 205-тен 250 мм-ді құрады.

 

3.3 Іле өзені  мөңке балығының биологиялық сипаты

 

Салыстырмалы материал ретінде Іле өзенінен мөңке балығынң 30 дарасы ауланып биологиялық талдау жүргізілді. Зерттеуге алынған балықтарды негізінен 2+, 3 +, 4+, 5 + және 6+ жастағы балықтар құрады. Оның 9 аналық, ал 21 аталық балықтар болды, биологиялық талдау барысында сламақтары мен ұзындықтары өлшеніп, сонымен қатар жасы жыныстық жетілуі стадиясы, және жынысы анықталды. Фультон және Кларк бойынша қоңдылықтары анықталды.

Зерттелінген балықтардың биологиялық көрсеткіштері Іле өзені бойынша 5 кестеде берілген.

 

5-кесте  Іле өзені мөңке балығының биологиялық көрсеткіштері

Іле өзенінің мөңке балығы

L, мм

l, мм

Q, гр

q, гр

Fulton

Clark

жасы

стадия

жыныс

1

310

270

635

592

3,22

3,00

2

5

2

165

148

126

120

3,88

3,70

2

3

3

144

125

74

69

3,78

3,53

5

3

4

145

125

73

54

3,73

2,76

2

4

5

140

118

75

57

4,56

3,46

2

3

6

155

135

94

76

3,82

3,08

2

4

7

144

124

69

54

3,61

2,83

2

4

8

165

147

115

98

3,62

3,08

2

4

9

180

165

140

128

3,11

2,84

2

no

 

10

235

195

332

278

4,47

3,74

3

4

11

150

135

106

92

4,30

3,73

3

3

12

175

149

154

126

4,65

3,80

2

4

13

130

115

69

60

4,53

3,94

2

3

14

200

181

216

184

3,64

3,10

2

4

15

155

136

87

72

3,45

2,86

3

4

16

130

117

67

60

4,18

3,74

2

4

17

155

120

79

70

4,57

4,05

3

4

18

173

148

152

132

4,68

4,07

3

4

19

175

150

129

114

3,82

3,37

3

4

20

165

143

126

106

4,30

3,62

3

4

21

150

120

95

88

5,49

5,09

4

3

22

140

118

74

65

4,50

3,95

3

4

23

145

120

82

72

4,74

4,16

4

4

24

155

130

109

92

4,96

4,18

4

4

25

157

133

110

99

4,67

4,20

4

3

26

145

120

80

68

4,62

3,93

4

3

27

144

118

82

67

4,99

4,07

4

3

28

146

115

85

70

5,58

4,60

4

4

29

144

119

80

68

4,74

4,03

5

4

30

146

122

73

54

4,02

2,97

6

4

 

Мөңке балығының 23 дарасының салмағы, ұзындығы, жасы, жынысы, қоңдылығы анықталды. Ішкі құрлысы зерттелініп бауырында, жүрегінде, бүйрегінде потологиялық өзгешеліктер болмағандығы байқалды. Бауры қызғылт түсті, жиегі тегіс, майланбаған, жүрегі біртегіс, гонадалары симметриялы.

Сонымен қатар биологиялық талдау барысында максимальді, минимальді және орташа  көрсеткіштері анықталды, 6 кестеде көрсетілген.

 

  6-кесте Іле мөңке балығының биологиялық көрсеткіштері талдауы

Белгілері

L, мм

l, мм

Q, гр

q, гр

Fulton

Clark

min

130

115

67

54

3,116

2,764

max

310

270

635

592

5,588

5,092

M

162,1

138,7

126,26

109,5

4,279

3,654

m

21,47

20,60

58,28

53,20

0,51

0,46

станд.откл.

35,08

31,66

110,09

102,07

0,62

0,57

дисперсия

1 230,58

1 002,22

12 119,03

10 419,09

0,38

0,33

 

Биологиялық талдау нәтижесінде Іле өзенен ауланған мөңке балығының максимальді ұзындығы 310 мм, ал минимальді ұзындығы 130 мм, орташасы – 162,1 мм болды. Максимальді кәсіптік ұзындығы 270 мм, минимальді 115мм, орташасы 138,7.  Максимальді толық салмағы 635 г, минимальді 67 г, орташасы 126,2 г. болса, ал іш құрлысынсыз максимальді дене салмағы 592 г., минммальді дене салмағы 54г-ды, орташасы 109,5 г құрады. Фультон бойынша максимальді қоңдылығы 5,5, ал минимальді 3,1-ді көрсетсе, Кларк бойынша максимальді коэффициенті 5,09, минимальді 2,7-ні көрсетті. Жыныстық жетілуі стадиясы бойынша басым көпшілігі 4 жетілу сатысында, біреуі 5-ші, ал қалғаны 2 және 3 жетілу сатысында.

Сонымен қатар Іле өзені мөңке балығы жастық динамикасы анықталды (сурет 10).

            3-сурет.  Іле мөңке балығының жастық қатары динамикасы

10 — суретке сәйкес 2+ жастағылары 115-тен 120 мм-ді, ал 3+ жастағылар 120-дан 147 мм-ге дейін, 4+ жастағылар 143-тен 181 мм, 5+ жастағы 195мм, 6+ жастағы 270 мм-ді құрады.

 

3.4 Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері

 

Қапшағай су қоймасы және Іле мөңке балықтарын биологиялық көрсеткіштері бойынша салыстырғанда алынған нәтиже кесте 7 берілді.

 

7-кесте Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері 

 

Белгілері

Қапшағай су қоймасы 15.07.2017ж.

Іле өзені 13.06.2017 ж.

min-max

M±m

min-max

M±m

L,мм

22 — 31

2,09±20,0

130 — 310

21,47±162,1

l,мм

170,8 — 250,4

14,9±201,5

115 — 270

20,60±138,7

Q

150 — 425

57,01±272,8

67 — 635

58,28±126,26

q

137 — 387

52,5±250,9

54 — 592

53,20±109,5

Fulton

2,579 — 4,166

0,27±3,29

3,166 — 5,588

0,51±4,279

Clark

2,432 — 3,926

0,27±3,02

2,764 — 5,092

0,46±3,654

 

7-Кестеге  сәйкес су көзде балықтарын салыстыру барысында ұзындығы мен салмағы арасында аса айтарлықтай айырмашылық болмады. Іле өзені мөңке балығының Фультон (5,6) және Кларк (5,1) бойынша қоңдылық коээфициенті мәліметтері көрсеткіші Қапшағай су қоймасына (3,2, 3,0) қарағанда жоғары болды. Бұл негізінен су көзі қоректік базасына және экологиялық жағдайына, кездесу тығызыдығына байланысты болады.

Биологиялық анализ барысында бұл балықтардың ішкі құрылысында бауыры, бүйрегі, жүрегінде патологиялық ерекшеліктер байқалмады. Биологиялық зерттеу барысында 3+ жасында жыныстық жетілетіні айқындалды.

 

 

 ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Зерттеу жұмыстары барысында Іле және Қапшағай су қоймасынан мөңке балықтарының барлығы 53 дарасы ауланып биологиялық және морфометриялық талдау жүргізілді.

  1. Қапшағай су қоймасы мөңке балығының 23 дарасына биологиялық талдау және морфометриялық 36 белгісі бойынша өлшем жүргізілді. Зерттеуге алынған балықтар негізінен 3 +,4, және 6 + жастағы балықтар құрады.

Қапшағай су қоймасы мөңке балықтарына жүргізілген биологиялық талдау нәтижесінде ауланған балықтардың максимальді ұзындығы 31 см, ал минимальді ұзындығы 22 см, орташасы – 25 см болды. Максимальді кәсіптік ұзындығы 250 мм, минимальді 170 мм, орташасы 201,57. Максимальді толық салмағы 425 г, минимальді 150 г, орташасы 222,83 г. болса, ал іш құрлысынсыз максимальді дене салмағы 387 г., минимальді дене салмағы 137г-ды, орташасы 250 г-ды құрады. Фультон бойынша максимальді қоңдылығы 4,2 ал минимальді 2,6-ны көрсетсе, Кларк бойынша максимальді коэффициенті 3,9, минимальді 2,4-ті көрсетті. Балықтардың 20 дарасы аналықтар, 3 дарасы аталық болды. Жыныстық жетілуі стадиясы бойынша басым көпшілігі 3 ші және 4-ші жетілу сатысында, екеуі 6-шы жетілу сатысында.

Жастық динамикасы қатары нәтижесі 3+ жастағылары 178-ден 190 мм-ді, ал 4+ жастағылар 190-дан 227 мм-ге дейін, 5+ жастағылар 143-тен 181 мм, 5+ жастағы 190-нан-254мм дейін, 6+ жастағылар 205-тен 250 мм-ді құрады.

  1. Салыстырмалы материал ретінде Іле өзенінен мөңке балығынң 30 дарасы ауланып биологиялық талдау жүргізілді. Зерттеуге алынған балықтарды негізінен 2+, 3 +, 4+, 5 + және 6+ жастағы балықтар құрады. Оның 9 аналық, ал 21 аталық балықтар болды

Биологиялық талдау нәтижесінде Іле өзенен ауланған мөңке балығының максимальді ұзындығы 310 мм, ал минимальді ұзындығы 130 мм, орташасы – 162,1 мм болды. Максимальді кәсіптік ұзындығы 270 мм, минимальді 115мм, орташасы 138,7.  Максимальді толық салмағы 635 г, минимальді 67 г, орташасы 126,2 г. болса, ал іш құрлысынсыз максимальді дене салмағы 592 г., минммальді дене салмағы 54г-ды, орташасы 109,5 г құрады. Фультон бойынша максимальді қоңдылығы 5,5, ал минимальді 3,1-ді көрсетсе, Кларк бойынша максимальді коэффициенті 5,09, минимальді 2,7-ні көрсетті. Жыныстық жетілуі стадиясы бойынша басым көпшілігі 4 жетілу сатысында, біреуі 5-ші, ал қалғаны 2 және 3 жетілу сатысында.

4.Қорта келгенде алынған су көзде балықтарын салыстыру барысында ұзындығы мен салмағы арасында аса айтарлықтай айырмашылық болмады. Іле өзені мөңке балығының Фультон (5,6) және Кларк (5,1) бойынша қоңдылық коээфициенті мәліметтері көрсеткіші Қапшағай су қоймасына (3,2, 3,0) қарағанда жоғары болды. Бұл негізінен су көзі қоректік базасына және экологиялық жағдайына, кездесу тығызыдығына байланысты болады.

Биологиялық анализ барысында бұл балықтардың ішкі құрылысында бауыры, бүйрегі, жүрегінде патологиялық ерекшеліктер байқалмады.

 ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫС

 

  1. Біздің елімізде балық қорегіне арналған құрама жемді жасау күрделі мәселердің бірі. Оның негізгі компоненті балық еті ұны болып табылады. Мөңке балығының жалпы су көздері бойынша дамуы жоғары болғандықтан құрам жемнің негізгі компоненті ретінде алып құрама жем даярлауға болады.
  2. Сол сияқты ауыл шаруашылығының басқа мал, құстары қорегі құрамы ретінде пайдалануға ұсынылады.
  3. Қазіргі кезде аса бағалы балық болмағанмен халықтың оны тамақ ретінде тұтынуы да жоғары, ол оның көлемінің ұлғайуымен және арзан, аулау, кездесу жиілігімен байланысты, бұл да халық санының артуына байланысты арзан белок көзімен қаматамасыз етудің бір жолы.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Инновационные подходы в управлении рыбным хозяйством Казахстана. Окончательный проект отчета 25 июль, 2004г. 50 стр.

Рыбохозяйственные исследования РК история и современное состояние. Ред. Коллегия Ш.А. Альпеисов. Алматы: Бастау, 2005г.

  1. Биологические основы функционирования водных экосистем главных рыбохозяйственных водоемов Казахстана и рекомендации по рациональному использованию их ресурсов. Раздел: Балхаш-Илийский бассейн, подраздел :Капчагайское водохранилеще:отчет о НИР (заключительный). //КАЗНИИРХ Алматы, 1995, 45 стр.
  2. Гидрологические и водохозяйственные аспекты Или -Балхашской проблемы, Под редакцией проф. А.А.Соколова, Л. Гидрометеоиздат, 1989г, 65 стр.
  3. 4. Бәйімбетов Ә.А Темірхан.С.Р Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы. Алматы, 1999ж, 200 бет
  4. Бәйімбетов Ә. А. Ихтиологияның негіздері 1 бөлім Алматы, 2005ж. 180 бет.
  5. 6. Олжабекова К. Б., Есжанов Б. Е. Омыртқалылар зоологиясы 2 том. Алматы – 2007 ж. 368 бет.
  6. Моисеев П.А. и др. Ихтиология и рыболовство. М., 1975г.285 стр
  7. Баклашова Т.А. Ихтиология. М., 1980г. 250 стр
  8. Жизнь животных. 4. М., 1983 г.
  9. Берг Л.С. Рыбы пресных вод СССР и сопредельных стран. ч.1-3.М-Л., 1948-1949, 280 стр.
  10. 11. Рыбы Казахстана.т.3. Алма-Ата,1986-1992. стр. 212-220
  11. Никольский Г.В. Экология рыб. М., 1963,1974г, 420 стр.
  12. Моисеев П.А. и др. Ихтиология. М., 1981г. 290 стр.
  13. Строганов Н.С. Экологическая физиология рыб. М., 1962г. 305 стр.
  14. Козлов В.И., Абрамович А.С. Справочник рыбовода. — М: Просвещение, 1980.-Стр.158- 164.
  15. Григорьева Э.Н. Влияние антропогенных факторов на состояние водной экосистемы озера Балхаш //Проблемы сохранения озера Балхаш и рационального использования сырьевых ресурсов. Балхаш, 1992г.
  16. Горюнова А.И. Применение цитометрического анализа крови при изучении внутривидовой дифференциации у серебряного карася Carassius auratus gibelio (Bloch) // Вопросы ихтиологии. Т.14. Вып. 5(88). 1974. Стр.912-917.
  17. Скакун В.А., Горюнова А.И. Изменчивость морфологических признаков серебряного карася в различных водоемах Казахстана // Экологическая обусловленность фенотипа рыб и структура их популяций: Сб. науч. трудов. Свердловск: УрО АН СССР, 1989. Стр.19-27.
  18. 19. Горюнова А.И., Скакун В.А. К биологической характеристике карасей (Carassius) с различным цветом перитонеальной выстилки в периодически высыхающих водоемах Казахстана Стр.33-49.
  19. 20. Васильева Е.Д., Васильев В.П. К проблеме происхождения и таксономического статуса трипло-идной формы серебряного карася Carassius auratus (Cyprinidae) // Вопр. ихтиологии. 2000. Т.40. №5. Стр.581-592.
  20. Гудков П.К. Данные по биологии серебряного карася Carassius auratus (Bloch) (CYPRINIDAE) дельты Волги. // Вопросы ихт. 1985. Т.25. Вып.3. Стр.517-520.
  21. Абраменко М.И., Кравченко О.В., Великоиваненко А.Е. Генетическая структура популяций в диплоидно-триплоидном комплексе серебряного карася Carassius auratus gibelio в бассейне нижнего Дона // Вопр. ихтиоло. 1997. Т.37. №1. Стр.62-71.
  22. Сидорова А.Ф. и др. Методические указания по учебно-производственной практике для студентов 3 курса, специализирующихся по гидробиологии и ихтиологии. Алма-Ата, КазГУ. 1983г. 100 стр.
  23. 24. Митрофанов В.П. Экологические основы морфологического анализа рыб. Алма-Ата, 1977г, 380 стр.

25 Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб преимущественно пресноводных. — М., 1966. — 376 стр.

  1. 26. Чугунова Н.И. Руководство по методике определения возраста и роста рыб., М.,1959. –164стр.
  2. Лакин Г.Ф. Биометрия. -М.: Высшая школа, 1990. 352 стр.