АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы

                                                                     Мазмұны

 

Кіріспе

 

І тарау.

1.1. Геронтология ғылымы туралы түсінік.

1.2. Қартаң адамдардың проблемалары.

1.3. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде.

 

ІІ тарау.

2.1. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.

2.2. Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы

 және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі.

2.3. Егде жастағы психофизиологиясының өзгеруі.

 

ІІІ тарау.

3.1. Эксперименталдық топтағы сынақтан өтуші тұлғалардың себептік-қажеттік

сферасының өзгешеліктері

3.2. Экспериментелдық топтардағы  сынақтан өтушілердің эмоционалдық

шеңберінің ерекшеліктері.

3.3. Егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанда халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде  былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік  сақтандыру ақыр аяғында бұл  кейіннен  әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті  жағдай туғызады».

Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан  Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған  қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген.

Қарттарды   әлеуметтік қорғау шараларының бірі жасқа қарттық келіп немесе жоғалған  қарекетін өзіне-өзі қызмет ету жалпы қызметтің әртүріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған  медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық  іс-шаралар кешенін тұратын, сондай-ақ  қарттардың  толыққанды  өмір сүруіне  мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады.   

Соңғы он жылдықта адам өмірінің ұзақтығының артуына байланысты бұл проблемаға назар көбірек аударылды.

Егде кезде  белсенді өмір сүруді сақтау қажеттілігі қазіргі замандағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселесі. Берілген контексте (еңбек қызметінің жоқтауы дағдыны қатынас шеңберінің жарылуы және тағы басқа). Жаңа сыртқы шарттарға бейімделу, ойдың мүмкіншіліктерінің төмендеуі жоғары бағаланушылық холнинг – механизмдер (механизмдер жағдайымен) және тағы басқа сияқты  сұрақтар қарастырылады. (М.Д.Александрова, Л.И.Анциферова, Л.В.Кирасимов, С.Г.Максимов, М.Н.Сачук, Н.П.Петрова және тағы басқа).

Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды. Б.Г.Аканеьев жетекшілігінде ғалымдар егде адамдардың психоэволюциясына зерттеу жүргізген. Осы зерттеу нәтижелері даму динамикасын бақылауға мүмкіндік берді, яғни жеке жалпы физиологиялық, психмоторлық және психологиялық функцияларынң  жоғарлауы, бір қалыпты болуы және төмендеуін  көруге мүмкіндік алды.

Жоғарды аталған топтың бір белгісі – денсаулық жас өткен сайын адамның денсаулығы төмендейтіндігі белгілі. Әсіресе, қалаларда өмір сүруші егде адамдардың организмінң әсер етеді. Осы жаста оның алдыңғы өмірінің өмір салтының нәтижесі көрінеді. Балалық шақтан бастап, матеиалдық жағдайы сияқты  жағдайлар оның денсаулығыынң  нәтижесін береді. Егде адамдардың денсаулығы туралы айтқанда, олардың ауруы және мүгедектігі ғана емес, толыққанда, гармониялық және адамгершілік тұрғысынан да қараау керек. Егде адамдардың денсаулығы еңбек және қоғмадық қызметке қабілеттілігінен ғана емес, сондай-ақ еңбек ету қаюілетін және қоғмадық белснеділігін сақтауынан да көрінеді. В.П.Казначеев және М.Г.Субботин атап өткендей, адам организмі қартайғанда тек қана жайлылықты ғана емес, сондай-ақ белгілі бір жайсыздықты, барлық функцияларынң қысымға ұшырауы мен жаттықтыруын да сезінуі керек.

Зейнеткерлікке  шығуына байланысты  егде адамдар көбіне жұмысынан айырылады, ал жұмыс оның өмірінің мәні болуы мүмкін. Содан егде адам қарт шағында психикалық тұрғыдан қарусызданады. Оның өмір салтының бірден өзгеруі  психикалық денсаулығының өзгеруіне, өмір салтының ауысуына әкеледі. Мұның өзі оған үлкен сілкініс тудыруы мүмкін.

Жас ерешелігі құрамының оның басқа сапасы жақтарынан сипатталдуы үшін осы кезеңде мір сүріп жатқан түрлі ұрпақтар жиынтығы қарастыру кеерк. Осы ұрпақтардың әрқайсысы белгігі бір әлеуметтік санаға ие. Олар былай құралады: біріншіден: өткен өмір қорытындысы, сол ұрпақтың жеке өмір тәжірибесінің сомасы; екіншіден, осы ұрпақ қоғам өмірінде қанадй нақты тарихи оқиғаларды бастан кешіргеніне байланысты.

Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы сананың азаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айырысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның сана-сезімінеде әртүрлі қалыптасады. Өкінішке орай,  отандық геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, ал олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі  аз зерттелген.

Кең тараған түсінік бойынша, — деп атап өтеді И.С.Кон, — геде адамдар өздерінің әлеуметтік және жеке иденттілігіне назар аудара бермейді.  Әрине, өмірге деген көзқарас жас өскен сайын өһзгеріп отырады. Геде жастағы адамдар өз жеке пікірлерін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерін жастарға қарағнада шешілуі қиын деп ойлайды. Тағдырға пассив түрде бағынады. Сондай-ақ мұны ақылдылықтың пайба болуы, гармонияға талпыныс, табиғат пен адамның гармониялық бірлігі деп есептеуге болады. Сонымен қатар, шарашау күштің сарқылуы, субъективті уақыт перспективасының  қысқаруы да көрініс табады. Көп жағдайда егде адамдар өздерін орта жастағы адамдардан төмен санамайды. Өзін төмен санау жолы болмайтындар мен ыңғайсыз әлеуметтік жағдайға тап болғнадарға тән.

Бұл дипламдық жұмыстың мақсаты — егде жастағы адамдардың қоғмдағы алатын орнының маңыздылығын анықтау. Яғни, бұл тақырыптың  маңыздылығын дәлелдеп, сол пролеманың объектісін, затын таптық. Ал мақсаттың өзі төмендегі міндеттердің орындалуын, қадағалауын, талап етеді.

1 міндет: Егде адамдарға түсініктеме беру және оның тарихын анықтау. Яғни біз бұл міндет арқылы егде адамдар деген кімдер, оларға қай жас аралықтар жатады және бүкіл әлемдік атақты зерттеушілер ұсынған тарихын білеміз. Сол әлемдік зерттеушілер егде жастағылардың жас шамасын әр қалай жорамалдайды және олардың әрқайсысына маңызды түсініктеме береді.

2 міндет  Егде жастағы адамдарға сыртқы ортаның әсері. Мұнда егде жастағы кісілер бос уақытысында қандай жұмыстар атқарады, қандай мәдени орталықтарға барады және жалпы сыртқы ортадағы болып жатқан барлық құбылыстарды қалай қабылдайтындығын айтуға болады.

3 міндет ҚР-ғы егде жастағы адамдардың жағдайы. Бұл үшінші міндеттің орындалу барысында көптеген егде жастағы адамдарға сұрақ-сауал қою арқылы олардың жеке ойларын білдік және сонымен қатар статистика көрсеткіштерін көре отырып, республикадағы егде адамдардың сандық дәрежесін білдік.

4 міндет: Шетелдегі егде жастағы адамдармен салыстыру. Шетелдерде егде жастағы адамдарға арналған ұйымдар өте көп. Мәселен олар- «Америка зейнеткерлер қоғамы», Ұлыбританиядағы «Зейнеткерлердің ұлттық одағы», Германиядағы –«Аға ұрпақтың федералды конгрессі», Канададағы «Жасы үлкендер қоғамы», Австралиядағы «Егде адамдардың істері бойынша кеңестер», Жапониядағы «Егде адамдар клубынын ұлттық федерациясы» сияқтылар жатады. Бұл ұйымдар арқылы біз шет елдегі егде жастағылардың сандық көрсеткішін, оларға қандай жеңілдіктер берілетінін білдік және де оларға жеке кәсіпкерлікпен айналысуға, жоғарғы оқу орындарында әрбір үшінші университет қарт адамдар үшін арнайы оқу курстары мен бағдарламаларын түзіп, мүмкіндік бергені туралы айтылған.

5 міндет:  Методикалық ұсыныс беру.

Біздің ҚР-ғы егде адамдарға шет елдердегі тәжірибелерді, ұсынған жоспарларын пайдалана отырып көмек көрсету. 

Зерттеу нысаны – қарт адам тұлғасының ерекшеліктері және олардың әлеуметтік ортасы.

Зерттеу заты – қарт адамдарың әлеуметтенуі мен бос уақытын өткізудегі шетел тәжірибесінде зерттелуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Геронтология ғылымы туралы түсінік.

 

Бүкіл әлемде қарт азаматтардың саны айрықша өсуде, ал қарттық және қартаю мәселесі өзекті мәселе болып отыр.Адамның қартаюының өзіне назар аудартуының жоғарылауына қарамастан көптеген сұрақтар осы уақытқа дейін өңделмеген.Қазіргі уақытқа дейін қартаю ұғымының дәл анықтамасы жоқ. Homosapins деген адам түрінің латынша атауына саналы деген сөзден басқа қартаюшы не, қарттық адамның мінездік белгісі деген сөздерді де білдіреді.

Қартаю кезеңі «кеш естиярлық», «қарттық жас» деген анықтамалар кездеседі. «Демографиялық-энциклопедиялық» сөздікте 1985 ж. мынадай анықтамалар келтіріледі.

Қартаю бұл  — адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және әртүрлі экологиялық манипулияциялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық және әлеуметтік ұғым.

Қазіргі кезде жоғары дамыған елдерде адамдардың қартаю кезеңі созылып, өмірлері ұзарып, ол отыз жылдай уақытты алатын болды. Алайда, педагогика, психология ғылымында бұл кезең адам өмірінің 311 бөлімінің алғашқы кезеңіне қарағанда аз зерттелген. Сонда да соңғы 20 жылдықта психологтар қарт адамдардың мінезінің психологиялық болмысы туралы маңызды материалдар жасады.

С.И.Ожегованың сөздігінде «егде» — «қартая бастаған», «қарттық» — «организм әлсізденетін, кемелдеген кезеңнен кейінгі өмір» және «қарт» — «қартаюға жеткен». Мұндай анықтамалар мынадай ойға әкеледі, біздің елімізде анық бейнеленген, біз адам қартайғанда қандай болатынын және қарт кісілердің тобына 60-та 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және осы арқылы психологиялық, педагогикалық өзін жақсы сезінетінін бұзу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Жалпы алғанда қартая бастағанда ренолитруктивтегі деструктивтік процесстерін меңгеруге байланысты динамикалық өмір сүруді түсінеді, ал қартаю – осы өзгерулердің жетістігі. Бұл өзгерулер биологиялық деңгейде мына жағдайда өтеді организм өзгере бастағанда, өлім жақындағанда; социологиялық деңгейде – адам зейнетақыға шығып статус өзгергенде; психологиялық деңгейде – адам болып жатқан өзгерістерді байқап және оған үйрене бастайды.

Қарттық нормасының физиологиясы мен медицинадағы ортақ мағынасы адамның организмнің, оның мүшелері мен функцияларының бірдейлік қоршаған орта шартында  оптимальды өмір қызметін қамтамасыз етуші. Организмнің структуралық және функционалдық нормасы – оның жалпы  денсаулықты қамтамасыз ететін тұрақты-резистенттілігі, жұмысқа қабілеттілігі, адаптацияға қабілеттілгі және ұзақ өмір сүруді белсенді сақтауы.

Қарттық жас – қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі.

Қазіргі кезде  қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық стурктура  өзгерісі есебінен реактивті клеткалдардың   біртіндеп өзгеруі деп қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлықпен организмнің есейгендегі өзгеруі.

Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық эволюцияның бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.

Қартаюдың себебіне ең көп ескі анық ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің еңбегінде жазылған Аристотельдің ойынша қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілген жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысып, сол арқылы  биожас есебінің негізін салды. Бірінші бөлім – жастық, екінші бөлім – кемелдену, үшінші – қартаю.

Қартаю мәселесі ерте заманда адам өмірінде маңызды орынға ие болды. Қартаюдың алғашқы   анықтамалары мен оның  себептері  антикалық дәуірге жатады. Ұлы көне грек  дәрігері  Гиппократ (б.д.д.Ү-ІҮғ.ғ) қарттықты – табиғи жылудың азаюы және ағзаның  кебуінің  нәтижесі деп санаған.

Сол кезеңде өмір сүрген философ Платон, қаратаюға әсіресе  орта жастағы өмір сүру салты әсер етеді деп көрсеткен.

Қартаю өз даму жылдарында мына сала мамандары бойынша: дәрігерлерден және физиологтардан, философтардан және биологтардан, психологтардан, социологтардан, тарихшылар және құқықтанушылардан өзіне жаңа білімдер жинады.

Қартаю мәселелері  туралы Цицирон, Аристотель, Роджерс, Бэкон, Ж.А.Кондорсе  өз еңбектерінде жазған. Мәңгілік жастық, ұзақ жасау және мәңгі жасау туралы мифтер мен аңыздар адамзат дамуының барлық кезеңінде пайда болып қолдау тауып отырды.

Адам қартаюының  нормалы процесін оның негізгі көрінулері мен факторларын, мінез-құлыққа әсер  етуін, үлгілері мен қарттық өзгерістерінің күшейе  түскендігін зерттейтін ғылым – геронтологияның басын әдетте ағылышын философы Бэкон есімімен байланыстырады. Бэкон қартаю процесін жүйелі зерттей отырып,  қартаюдың себептерін ашуға мүмкіндік береді және ол қартаю процесіне жағымсыз әдеттер әсер етеді, — деп санаған.

Ресейде  қартаюдың белсенді ұзартуына байланысты алғашқы еңбектер ХҮІІІ ғасырда пайда болған. Мәселен, орыс дәрігеріИ.Фишердің «Қартаю, оның деңгейлерімен аурулары туралы» атты кітабын айтуға болады.

Ғылыми геронтологияның негізін  салушы И.И.Мечников болып табылады. Геронтологияның, қазіргі ұғымы ХХ ғасырдың  ортасында қалыптасты. Геронтологияның тапсырмаларының бірі – орта әсеріне, өмір салтына, еңбегіне, әлеуметтік қатынастарына және өзара  қарым-қатынасына байланысты қартаюдың ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Қазіргі кезде геронтологияны қарт адамдар ауруын зерттейтін медицина облысы, әлеуметтік геронтология, яғни оның өмір салтымен, ұзақтығын зерттейтін геронтология бөлімі бөліп қарайды.

Жас ерекшелік психологиясы мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау қартаю ұғымының анықтамасы «мәңгі мәселе»  қатарына қосты. Қазір қартаюды қалай түсіну, оның алғашқы белгілері қандай, қартаю жасы дегеніміз не? Және оның шекаралары қандай? деген  сұрақтарға пікір-таластар жүргізілуде. Анықтамаға қиындық тудыратын қартаю – ұзақ, жастық процесс және оның орта жас пен аралығында шекара болмайды. Жалпы алғанда қартаю – жеке процесс, кей адамдарда ол ерте басталады, ал кейбіреулерінде кеш басталады.

Қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдерінде және әртүрлі мәдениеттерінде қартаю мынадай жолмен анықталады: Пифагор – 60 жас, Қытай ғалымдары – 70 жас, ХХ ғасырдағы ағылшын физиологтары – 50 жастан жоғары, неміс физиологі М.Рубнер – 50 жас қарттық, 70 жасты қадірлі қарттық деп санаған.

Ю.Б.Гварнавский бүкіл қарттық кезеңді жеке топтарға бөлуді ұсынады: егде жас – 50-65; қарттық жас — 65-тен жоғары.

Ғылымда жас ерекшелік кезеңнің келесідей сызбасы қабылданған:

  • егде жас еркектер үшін 60-74 әйелдер үшін 55-74 жас.
  • қарттық кезең, әйелдер мен еркектер үшін 75-90 жас.
  • ұзақ жасаушылар әйелдер мен еркектер үшін 90- жас және одан әрі жоғары жас.

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасты  мемлекет жасайды. Зейнеткерлік жасты анықтауда хронологиялық жас кезеңі, яғни өмір сүрген жылдардың санын есепке алмайды, бірақ жұмыс атқарған жылардарына қарай анықтайды.

Функциялық жас кезең – жас ерекшелік динамикасының физиологиялық функциясында көрініс береді, генетикалық компонентінен, өмір салтымен жүре пайда болған ауруларымен, стресстік жағдайларымен, физикалық-психикалық және интеллектуальды белсенділікпен анықталады.

Психологиялық кезең – көрсеткіштер тобы. Психиканың жас ерекшелік өлшемдерімен сипатталады.

Биологиялық кезең – жастық структура және ағза функциясының деңгейлерінің көрсеткіші.

Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық инвоинернің бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.

Қартаюдың себебіне ең көп ескі және оның ғылыми  түсініктеме, ол Аристотельдің «De juventute te  senectute» еңбегінде жазылған. Арситотельдің  ойынша, қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін,  «туылғаннан бастап берілетін жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндірілді. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін  кезеңдерге бөлуге тырысады, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Біріші бөлім – juventus (жастық),  virilitas (кемелдену), senium (қартаю), Гиппократтың «De diaeta» шығармасында «табиғи ыстықтықты» жоғалту туралы ой бар.

Гиппократ пен Аристотельдің ойлары қартаю кезіндегі жылдың бөлімді жас кездегі жылу бөлінуге қарағанда баяу өтеді дегенге негізделген.

Гален одан ары барады. Оның ойынша қартаю тәннің ылғалдығын азайтуын табатын «табиғи ыстықтан» анықталады. Гален қарт  адамдары қалпының көлемі азаяды, нәтижелерінде өмірді ұстап тұратын негізгі жылу кетеді. Бұл ой ХҮІІІ ғасырға дейін үстемділік құрды. Дірігер А де Лауренсон қартаю шырын мен «табиғи ыстықтың» үздіксіз 4 соғысты көрсетеді деп жазды. «Майшам майды қалай керек етсе тән де ылғалды солай керек етеді. Ылғалдық тән тамақтанғанда ғана қалпына келеді, бірақ бұл қалпына келу  әрқашан толық болмайды,біздің тәніміздің органикалық заттары тамақпен сұйық болады. Организм құрғақ және салқын болады және соңында өмір өшеді. ХҮІІІ ғасырда «табиғи ыстық» деген ескі термин  «өмірлік күш (энергиямен)»» алмастырылды. Ағылшын дәрігері Э.Дарвин атақты биологтың ағасы «өмірлік түршігудің жүдеуіне әкелетін витамитикалық болжам жасады», бұл жерде қартаю клеткалардың ауыстырылмайтындай болуын құрауы ретінде растайды. Орта ғасырларда өмірді жеті кезеңге бөлген.

ХХ ғасырда «өмірлік күш» спецификалық жоғалту теориясы қалды. Одан кейін бір болжам екіншісімен алмасып отырды. Қартаюдың себептері былайша қарастырылды. Ситоплазмадағы алмасушы  процестердің баяу төмендеуі (Рубнер), қандай да бір өмірлік ферментті таусылды. (ОТТО НОЧИЛИ) белгілі бір химиялық заттарды жоғалту (леп), организмнің интокациясы организмнің және потологиялық фагосцитоез (Мечников), организмнің  химиялық  құрамының сұйықтығының  өзгеруі (Каррель), Регенероцияға қабілеттінің әлсіреуі (Минот, РобертРессле) және тағы басқа.

Қартаюдың себебін анықтауға қанша  ұмтылғанына қарамастан, оны күнге дейін ұзақ жасау проблемасын шешетін түзу теориялық жоқ. Келесі бөлімдерде қартаюдың себебінің қазіргі заманға ұсыныстары сипатталады.

 

1.2. Қартаң адамдардың проблемалары.

 

 Соңғы дамыған онжылдықта дамыған елдерде бақыланып келе жатқан тенденциялардың бірі – тұрғылықты жердегі қартаң адамдардың санының абсолютті өсуі.

Тұрғылықты жердің жалпы санында балалар мен жастар санының үлесі азайып, қартаң кісілердің санының үлесі өсу процесі айнымай жүріп жатыр.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, 1950 жылы әлемде 200млн. шамасында 60 және одан жоғары жастағы адамдар болса, 1975 жылға дейін олардың саны 550 млн-ға өскен. Болжам бойынша, 2025 жылы 60-тан жоғары жастағылар саны 1 млрд. 100млн. адамға 5 есе өседі, ол кезде планета тұрғындарының саны 3 есе өседі.

Тұрғындардың қартаюының басты себебі – туылудың азаюы, медицина прогресінің арқасында жасы үлкен адамдар топтарының өмір сүруінің жалғасуының көбеюі, тұрғындардың өмір деңгейінің көтерілуі. Экономикалық бірігіп қызмет істейтін және дамушы елдерде орташа  есеппен ерлердің өмір сүру ұзақтығы 30 жыл ішінде 6 жылға, әйелдерде – 6,5 жылға өскен. Ал ресейде соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығының төмендегені байқалады.

Қартаң адамдардың әлеуметтік-демографиялық категориясымен, олардың проблемаларының анализін әлеуметтік жұмыс теоретиктері мен практиктері әртүрлі көзқарас арқылы анықтайды – хронологиялық, социологиялық, биологиялық, психологиялық, функционалдық және тағы басқа. Қартаң адамдардың жиынтығы айтарлықтай ерекшеліктері мен сипатталады, онда 60-тан 100 жасқа дейінгі адамдар жатады геронтологтар тұрғындардың осы бөлігін «жастар» және «қарттар» (немесе «тереңдер») кәрілер деп бөлуді ұсынады, осыған ұқсас Францияда «үшінші», «төртінші» жас деген түсініктер бар. «Үшіншіден», «төртіншіден» шекараға өту жасы 75-80 жаста шекара сыртын жеңіп шыққаны болып есептеледі. «Жас» кәрілер «қарт» кәрілерге қарғанда басқа проблемалар сезімді мүмкін, «қарт» кәрілерге қарағанда – мысалы, еңбекпен айналысу, жанұяда басты болу, үй міндеттерінің бөлінуі және тағы басқа.

Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының классификациясына сай қартаң адамдарға 60-тан 77 жасқа дейінгілер, қарттарға 75- тен 89 жастағылар, ұзақ өмір сүрушілерге 90 жастағы және одан үлкен жастағылар жатады.

БҰҰ және халықаралық еңбек организация құжаттарына сәйкес қартаң кісілердің 60 жастағы және одан да үлкендер. Дәл осы берілгендер, ереже бойынша, көптеген дамыған елдерде зейнетке шығу жасы  65 жас болса, тәжірибе жетекші болады (Ресейде зейнетке шығу жасы әйелдермен ерлерге 60 және 55 жас).

Қартаң адамдарға- дені сауға жататындар,мықты қарттар, ауру ауыртпалығы түскен әртүрлі әлеуметтік қабаттардан шыққан және әртүрлі білім деңгейін квалификация және әртүрлі қызығушылықтар игерген адамдар жатады. Олардың көбі қартайғанда зейнетақы ала отырып жұмыс істемейді.

Бүкіл әлемде қартаң адамдар арасында ерлерге қарағанда әйелдер әлде қайда көп. Бүкілресейлік тұрғындардың 1989 жыл санағы бойынша 60-64 жас арасындағы 1000 әйелге 633 ерден келген, 35-69 жастағы әйелдерге 455 ер, ал 80 және одан үлкен жастағыларға 236 ер сәйкес келген. Он жыл өткен соң бұл тенденция өзгермеген.

Сонымен, үлкен жастағы топтарға әйелдер саны көп. Мұндай үлкен айырмашылық ерлердің ерте  қайтыс болатынымен, әйелдердің ұзақ уақыт өмір сүретіндігімен түсіндіріледі. Ресейде, екінші дүниежүзілік соғыстан зардап шеккен, бұл диаспоранының соншалықты үлкен   өлшемге жеткен әскери  өлімдер, сондай-ақ ерлердің табиғи емес себептермен өту деңгейлерінің  жоғарғылығы зерттелінуде.

Қартаң адамдардың өмірлерінің әлеуметтік шарттары ең алдымен олардың денсаулық жағдайымен анықталады. Денсаулық жағдайының көрсеткіштері сапасында өзіндік бағалу кеңінен қолданылады. Қартаю  процесі жеке топтар мен индивидтерде бірдей бола бермейді. Өзіндік бағалаулары қатты ерекшеленеді.

Денсаулықтың жағдайымен тағы бір көрсеткіші – белсенді өмір қызметтілігі қартаң адамдарда хронологиялық аурулар күшінде төмендейді, естудің, көрудің нашарлауы, ортопедикалық проблемалар бар болады.

Қартаң адамдардың ауру деңгейі , жастарға қарағанда 6 есе жоғары.

Ресейде бір қартаң адамға 2-ден 4 ауруға дейін келеді, ал қартаң адамдарда емдеу, жастарды емдеуге қарағанда 1,5 – 1,7 есе жоғары. Жасерекшелік қажеттіліктері кәрілерге ұзақ  уақыт қарағандағы шығынды көбейтеді, бұл фактіге ерекше назар аудару керек.

Денсаулықпен таласа алатын жалғыз проблема – материалдық жағдай. Қартаң адамдар өздерінің материалдық жағдайларымен, инфекция деңгейіне, медициналық көмектің жоғары тұратынына қиналады. 1998 жылы әлеуметтік-экономикалық кризис нәтижесінде  зейнетақыны көбейту мәселесі өзекті болды. Симокованың мәліметтері бойынша зейнеткерлердің әрбір бесінші жанұясы киім мен аяқ киім алуға келгенде қиындық сезіледі екен. Дәл осы топтарға ашты-тоқты өмір сүрушілер  жатады. Көптеген қартаң адамдар материалдық түсініктерімен жұмыс істеуді жалғастырады. Өткізілген әлеуметтік зерттеуге сәйкес,  зейнектерлердің 60%-ы  жұмыс істегісі келеді екен. Қартаң адамдардың  үй жағдайында тұратындардың және қарттар үйінде айтарлықтай әртүрлілік байқалады.

Кейбір бағалаулар бойынша қарттар үйінде тұратындардың 56%-ының психикасында хронологиялық  тежелулер болса, 16%-ы  психикалық аурулардан  зардап шегеді. Үй жағдайында өмір сүретіндердің  5-6%-ы қартайғандағы ақыл әлсіздігімен  ауырады, стационарлық мекемелерде  олардың үлесі әлде қайда жоғары. Сонымен бірге, қартаң адамдарға арналған интернат үйлерінде психиатр, психолог, әлеуметтік педагог әлеуметтік жұмыспен тегін қызмет көрсетеді.

Қазіргі қартаю туралы теориялар қартаң адамдармен әлеуметтік жұмыс организациясында маңызды рөл атқарады, не тәжірибені, информацияны  және бақылау нәтижелерін  түсіндіріп береді және аздап қорытады, болашақты көруге мүмкіндік береді. Олар әлеуметтік жұмысшыға ең алдымен өзінің бақылауын реттеуге ұйымдастыру үшін қажет. Сол немесе  басқа теорияны таңдау маман  жинайтын информцияның, сондай-ақ клиентпен интервью ұйымдасытратын әдістердің көлемі мен сипатын анықтайды. Теория маманға «дистанцияны сақтауға» ситуацияны әділ бағалауға,  клиенттің дискомфорттылық  психологиялық себебі, сондай-ақ проблеманы шешудің табиғи жолы. Әдейі таңдап алынған теория — әлеуметтік жұмысшы өзінің иллюзиясының, сенімі-нанымының және сипаттамасының  тұтқынына  түспейтінің кепілі.

Сол немесе басқа теорияны қолдана отырып немесе бірнеше теориетикалық құрылымдарды синтездей отырып, әлеуметтік көмек қызметшісінің мақсатқа бағыттай өзіне берілген миссияны  орындай бастайды – индивидтің, жанұяның, организация топтарының   әлеуметтік функциялауын  тұрақтандырады және түзетеді. Айтпақшы, дәл осы бағыттылығымен әлеуметтік жұмыс достық қатысу немесе туысқандық араласу ерекшеленеді.

Қартаң адамдармен әлеуметтік жұмыс босату, белсенділік, аздық, субькультура, жасерекшелік стратификациясы және тағы басқа теорияларды қолдануда қарастырады.

Босату теориясына сәйкес адамдар өздерімен жастаулардан бөлшектенеді, сонымен бірге, қартаң адамдардың  әлеуметтік рөлдерден босату процесі жүреді – рол деп отырғанымыз, еңбек қызметіне байланысты, сондай-ақ жетекші және жауапты рөлдер. Бұл босату және бөлшектену процесі қартаюшы адамдар жататын әлеуметтік ситуациямен шартты. Оны сондай-ақ, қартаң адамдардағы өзінің мүмкіндіктерінің шектелуіне және жылжып келе жатқан қашып келісуіне дайындығы деп санауға болады.

Әлеуметтік аспектіге, бөлшектену ч теориясына сәйкес олардың атқаратын қызметі қандай да бір кезде олардан жастау, еңбекке продуктивті қабілеттену адамдарға ауысу керек болғандықтан бөлшектену процесімен қашып құтыла алмайды.

Қазаргі кәрілермен әлеуметтік жұмыс БҰҰ 15 жыл бұрын 2001 жылға дейін есептеп жасаған кәрілер әрекетінің жоспарлауымен сәйкес келуі керек. Бұған алғы сөзге әлемнің барлық елдері сапасы оның ұзақтығымен  кем емес  маңызды, қартаюшы адамдар жемісті дені сау, өміріне қанағат әкелетін және қоғамның органикалық бөлігі болып саналатын   өздерінің  отбасыларында тұрғаны дұрыс. Берліген құжаттан шыға отырып барлық ел үкіметтеріне қартаң адамдарға әлеуметтік қолдау облысында келесі шараларды жасау ұсынылады:

  • қарттарға қатысты ұлттық саясатты жасап, сол арқылы заман арасындағы байланысты нығайту;
  • қайрымдылық организацияларын мадақтау;
  • қартаң адамдарды экономикалық күйзелістен қорғау;
  • қарттарға арналған арнайландырған мекемелерді өмір санасы қамтамасыз ету;
  • қартаң адамды оның тұрғылықты жерінен – отбасында не басқа елде екенін тәуелді толығымен қамтамасыз ету.

Ресейде қазіргі уақытта авторлары ойластырғанның теоретикалық тазалғын аз ойлайтын федералды әлеуметтік проблемалар қабылданған. Өкінішке орай, көптеген әлеуметтік бағдарламаларға декларативтілік, жүйесіздік, ішкі қайшылықтар тән. Сонымен, федералды  бағдарламалар жобаларында «жасы үлкен заман» мына құжатта Ресей тарихында алғаш рет «Қартаң адамдардың  проблемасын саналы деңгейде шешуді» ұсынатынын оқимыз. Бірақ, қартаң адамдар  — әртүрлі әлеуметтік көмектің объектісі емес, шешімі қабылдаушы субъект; қартаң адамдардың көп бөлігі  жалпы әлеуметтік проблемалар сияқты шешілмейтіндер разрядына жатады және әр келесі заманға солай ауысады.

Қартаң адамдардың құрамын зерттеуге әлемде интернат үйлерінде үлкен назар аударылуда. Бұған Отандық зерттеушілердің зерттеулерінің еңбегі арналған. АҚШ-та 70 жылдары «Омбудсмандық ұзақ мерзімді қамқорлық программалары»  жұмыс істейді. Тәжірибе БҰҰ-ның  құрылымының «қартаюшыларға өз отбасыларында өмір сүруге мүмкіндік беруінің» өзектіленген қуаттайды, өйткені қартаң адамдар интернат-үйлерінде қиын ситуацияға түседі. Қоршаған орта жағдайының  тез ауысуы, екінші жағынан ұжымдық өмірге ауысу, қойылған тәртіпке бағыну, тәуелсіздігін жоғалтамын деген қорқынышы. Бұл нервті-психикалық жағдайдың тұрақсыздануын тереңдетеді, көңіл-күйдің түсуіне себеп болады, өз іс-әрекеттерінде денсаулық жағдайын керісінше көрсетеді. Бірдей халат киіп алған, өз бұрыштарынан айырылған қарттар толық деперсонализацияны басынан кешіреді. Интернат  үйінде тұратын қарттар негізінен оларға дұрыс қойылмайтынан тамақтануына, олардың құқықтарының бұзылуына шағымданады.

Қартаң адамдармен әлеуметтік жұмыстың басым бағыты – орта организациясы, оларды игеруге сол арқылы, қартаң адамда үнемі осы ортамен өзара іс-әрекет жолдарының болуы. Таңдау еркіндігі  қорқынышсыздық, еңбегі күнге сенімділік, өзінің және басқаның өміріне жауапкершілік сезімін оятады.

Қартаюшы адамдар үшін қала орталықтарындағы жаяу жүретін зоналар қоршаған ортаның тамаша жаратылысына сәтті мысал – адамдар  таңдалған маршуртты жаяу жүріп өту үшін ғана емес, сондай-ақ олар жаяу жүріс зонасында қоршаған ортаны басқаша қабылдайды. Жаяу жүріс өзіне ұқсайтын адамдарды бақылау мүмкіндігін беріп қана қоймай, өзінің зейінін ғимараттың архитектурасына аударады, қала орталықтарының атмосферасын оның жалпы атмосферасымен салыстырады.

Ресей қалаларында отыратын орындар өте аз. (Әңгіме ресторан және кафе жайында емес). Бұл тек уақыт өткізу емес немесе демалыс емес – бұл бір уақытта қарт  адамдар үшін «қозғалыс әдісі» және автономиялық позициясының демонстрациясы, қаланың тынығу бұрыштарында ғана болмауы керек.

Кейбіреулер адамдары көп көшелер мен алаңдардан қашады, бірақ кейбіреулері үшін бір жерге асығып бара жатқан адамдардың ортасында болу олардың өмірді сезінуін күшейтеді, қосымша эмоционалды заряд береді.

Қаланың тағы бір ынталандырушы элементтері кіші архитектура, ағаштар, жылға және өзендер «достық сезімін тудырады» қауіпсіздік сезімін нығайтады. Әрине, қарт адамдардың мекендейтін жерлері қалалы жерлерге ұқсамайды.

Порадоке біз қарттарға қанша көп көмектесуге тырыссақ, олардың  эффективті,  профиссионалды  көмек алу мүмкіндігі  соншалықты аздығында, өйткені қарт адамға көмектесу жауапкершілігін өзгеше алу, оның тағдырын қолдан алу екен. Эгоцентризмнің бұл фомасы профессионалды көзқарас бойынша мүмкін емес. Қартаң адам әлеуметтік көмек клиенті болып тұрса да – шешім қабылдаушы субъект.

Мұндай тапсырмалардың шешімінде өзіне-өзі көмектесу тобы маңызды рол атқарады. Әлеуметтік қажеттенушілердің өз бетімен бірігу Ресейде бұрыннан бар.

«Адамдардың өзара көмекке  бейімділігінің  шығу тегінің  алшақтығы сонша, оның бастауы адамның эволюциялық түбірімен  өріліп,  тарихтың құбылмалы кезеңдеріне қарамастан қазіргі уақытқа дейін сақтаған» — деп жазды П.Кропаткин. Өзара көмек тобы – бұл белгілі  бір жерге бауыр басқан, мүшелерінің проблемалары ортақ (бір-біріне айта отыратын қажеттіліктерді) бір-біріне көмектесетін кіші топ. Мұндай топтар бір-біріне жақын тұратын 5-7 адамнан тұрады. Мұндай топтар кейде  спонтанды пайда болады, бірақ көбіне оларды оның болашақ  белсенді мүшесі немесе оларға  тұрмыстық көмек көрсететін әлеуметтік жұмысшы ұйымдастырады. Топтың әр қатысушысы өзінің ресурстарының  дамыта және өзектелендіре отырып көмекті қабылдап қана қоймай, оны жасайды, өмірдің бұрынғы нормаларын толығымен жоққа шығару емес, позитивті өмірге дағдылануға ақырындап үйрету.

Өзара көмек топтарының пайда болу себептері:

  • өзіндік реализация және жеке тұлғаның дамуы;
  • кризисті ситуация немесе қайғы;
  • әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, денсаулық жағдайы, мүгедек болуы;
  • аздаған және тағы басқа топтар жататындығы.

Бір қарағанда, өзара көмек терапевті топтарға тән сияқты. Бірақ, толығырақ алғанда оның қызметі азырақ болады, өзара көмек топтары үшін басқа жақтан кәсіби жұмысшының басқарғаны емес, өзін-өзі басқарғаны, өзара көмекке тән.

Сонымен, адам көмектің формасын іздейді, өйткені мемлекеттің көмек тіпті өз уақытында емес, эффективті емес; сонымен қатар, «Тоқ ашқа түсіндіре аламайды» дегендей. Өзін-өзі көмек топтарында иерархиялық структура жоқ, оның  мүшелеріне  олар тастағысы келгенде тастап кетуіне болатын топ өміріне максималды қатысу  қамтамасыз етіледі.

 Алайда, өзіне-өзі көмек топтары барлық қимылдықтар үшін понопция емес  және олардың көмегімен проблемаларының  барлығы   шешілмейді. Дания мамандарының ойынша, мұндай топтар «антипрофессионалды», өзінің мүшелеріне балдақ береді де, олардың  көмегі жеткілксіз шамадан тыс авторитарлы, топтар да құрылымдық туралы келісім шарт жоқ және тағы басқа.

Ресейдегі мұндай топтардың тәжірибесінің аздығы сонша, әзірге  экспертиза мүмкін емес. Алайда, З.А.Янковның  айтуынша, өзара көмек топтары, өзін-өзі басқару органдарында істейтін әлеуметтік жұмысшылар қолдауын керек етеді.

Осы арқылы, автор қартаң адамдар толық өмірге құқылы деген қорытындығы келеді. Және бұл олар егер өздеріне қатысты мәселені шешуде қатысатын болса ғана мүмкін.

 

1.3. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде

 

Ұзақ жасаудың әлеуметтік-медициналық аспектілері. 1995 жылы мемлекетті думада «Ресей Федерациясында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ресей Федерациясында тұрғындарға қызмет көрсету негізі туралы» заң қабылдады.

Құжаттармен бірге «Қартаң адамдар мен мүгедектерге қызмет көрсету туралы» федералды заң қабылданды.

Аталған заңдар қарт азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік (соның ішінде медициналық) қызмет көрсетуге мамандандырылған органдар үшін құқылы база болып табылады. Солай бола тұра, Ресей заң қабылдаушы құрылымдарының түсінігінше ең жоғары деңгейде «Қартаң не қарт азамат», «Мүгедекпен қатар тұрады. Әлеуметтік жағдайда  осындай ресми құрылым екі тіпті басқаша тұрғын топтары». «Қартайған азаматтар» тіпті формальді түрде мүгедектермен тең болмайды (барлық қарттар мүгедек емес; барлық мүгедектер кәрі емес; бұл екі категория азаматтарының  қоғамдағы жағдайы да, әлеуметтік маңызы да тіпті және тіпті басқаша). Осыдан келіп бұл заңдардың болуы көптеген ыңғайсыздықтар әкеледі.

Ұзақ жасаушылардың (қартаюшы, қартаң, қарт) әлеуметтік-медициналық  проблемалары ең алдымен, өте — әлеуметтік және өте медициналық болып бөлінеді. Бірақ, бұл нәрсе бойынша бөлу емес, форма бойынша бөлу. Екі проблема да цивилизация мен мәдениет басталып келе жатқанда пайда болды.

Қоғамның қартаюға қатынасының негізгі екі дәстүрі бар. Біріншісі, 30 мың жылдай есептеледі – автор оны Көне Египеттің дәстүрі деп атайды. Қартаю «басқа адамдардың ішінде ең сыйлысы», «қартаң адам құдайларға жақын жалғыз адам», «қарттық – бақытты және бүлкіші шақ» және тағы басқа.

Екінші дәстүрлі 3 мың жылдан есепетеледі – автор оны Спартандық дәстүр деп атайды. Спартада «Кәрі болғанша, үйсіз  ит болғаным жақсы» дейтін болған. Күшсіз (пайдасыз)  қарттарды Спартада жардан лақтырып жіберетін болған, спартандық қарттар өмірдің бұлай аяқталуын табиғи құбылыс деп есептеген.

Осы күнге дейін әртүрлі елдерде қартайған азаматтардан көне египеттік не спартандық моделін көруге болады. Қарттық құбылыс ретінде нені ұсынады? Ең алдымен қартаң адам көптеген хронологиялық ауруларған (орташа 9-13) тұтылады. Олар адам қартая бастағанда пайда болады, 20-30 жаста ауыра бастағанда пайда болады. Патологоанатомдар олардың аурулары чиператониялық ауру болса да, жүректің линиялық не жара аурулары болса да, өздерінің ауруларынан өлмейді (олардың көбі 40-50 жастарында өледі). Көрнекті орыс патологоанотомы И.В. Довыдский барлық хронологиялық аурулардан қартаю белгілерін  көруді ұсынады. Бірақ, бұл қарттарға ерекше әдістемесі керек етер еді. Алайда, қартаң хроникамен  ауыратын  адамдар поликлиникада  кезекке тұруын жалғасытыруда және әрбірі екінші-үшінші орын олардың  бос емес. Көбінесе, әсіресе ақша бөлмесі ауруды  я асырауға, я оның дәрісіне жетпейтін қазіргі Ресейде дәрігерлер оларға «спартандықтарша» қарайды (медиперсональ айлығы біздің елде басқа баяу дамушы елдерге қарағанда төмен).

Қартайған адамның ерекше жағдайы, оның «құдайларға жақындылығымен» тұрады. Қартаң  адамның маңызды жағы, оның біртіндеп өлімге жақындап қалған өлім туралы уайым болатынын  дәлелдеді. Бұл адаммен бірге туатын психологиялық  қорғанышының жасына сай образбен өзгеруі және өз өлімі туралы ес кіретін бағдарламалармен  түсіндіріледі. Психологиялық қорғаныш адамға және жазылмайтын аурумен  аурушыға  өлімнен қашып құтыла алмайтындығы туралы ойларды жеңуге көмектеседі. Автор, әрине, «өлім турады ойлар» психологиялық, патологияның (психотикалық депрессиялар, суицидальды құрылымдар, сандырақ және тағы басқа) симптомы болып табылғанша қатысты.

Ұзақ жасау және психикалық денсаулық әр ұзақ жасаушы (сирек жағдай болмаса) соматикалық хронологиялық аурумен қатар аурады (жүрек түтікшелері, асқазан-ішектік, геникологиялық, урологиялық, тірек-қимыл аппараты ауруларымен және тағы басқа). Егер орталық жүйке жүйесімен байланысты ауруларды былай қойсақта, бұның өзі көптеген қартайған адамдарды «шекарадағы» ауруға  жатқызуға жеткілікті. Осыдан келіп, олар психиатрдың не психтерапевтің   бақылауын не емдеу коррекциясын керек етеді. Психожұмыстың психотерапия – бұл қартаң алдамды өлімге моральды тұрғыда дайындау, бұл жас әзірге психиатрия бөлігі.  Өйткені, тіпті бір-ақ хроникалық аурудың өзі (ол қай кезде пайда болатынын маңызды емес) неврозға ұқсас ауруларға және мінездің ауру деформациясына, тіпті психопатияға дейін әкеледі. Қарттықтың бұл құбылыстарын арнайы бөлім геронтология зерттейді.

Геронтология  мен генетика арасында анық шекараны жасау қиын болғанымен, гериантрия (қарттық кезеңдерінде психикалық ауруларымен айналысатын) проблемалары маңызды орын алады.

Әр қартаң адам оңай өмір сүрмейді. (60 жасқа келіп, ешқандай қайғы, ешқандай стресс сезінбеген адамды елестету қиын). Алайда, ерекше ауыр жағдайда глобальды  әлеуметтік патаклияциалардың бүкіл қатарын басынан кешірген Ресей қартаң адамдары. Адам үшін ең жаманы — өзінің ішкі құндылықтарын, бағыттарын жоғалтудың күйін басынан кешіру. Қартаң адамдар құндылықтарын қайта бағыттауға, яғни капиталистік әлемнің құндылықтарын қабылдай алмайды. Осы арқылы олар өздерінің арттарынан  социопаттардың  үлкен армиясын ұсынады. Қартаң адамның мінез-құлқы қартаю күшіне деформацияланады. Бұл деформациядан соң айтарлықтай қиын процесс болады.Әлеуметтік жұмысшылар  біраз уақытқа дейін тұқымқуалаушылық  арқылы берілген  шешуінің  жақтарын сақтайды. Жас ұлғайған сайын мінездің кәсіби деформациясы пайда болады, басқаша айтқанда, мінездің белгілі жақтарының  акцентуациясы  күмәнданғыштық,  аушланшақтық,  жараланғыштық, қобалжушылық, толқушылық, өкпелегіштік, эмоционалды мобилділік, мінегіштік, долылық, жүдеушілік, тұйықтық, өзінің және айналасындағылардың іс-әрекетін әділетсіз бағалау,  стереотипті  қайталанатын  «жаралайтын  ситуацияларда»  ақыл-ой қабілеттерінің  реактивті  регресі және тағы сол сияқты.

Ал егер қартаң адамға өзінің жақын туыстарын, әсіресе жақын немесе балаларын  жерлеуге тура келген болса, оның психикасы мен мінезі «қалыпты» бола қоймас. Қартайғанда жалғыз қалу проблемсы, сөзсіз  ерекше орын алады. Жалғыз адамдардың психикасының  өзгеруі ешқандай синдромды  сыйымсыз, өйткені өзінің әр жағдайында ол бірігей және комфортты. Сонда да жалғызбасты қарттардың жағдайын «клиникалық», «геронтологиялық» әлеуметтік норма деп айтуға болмайды.

Бұл жерде тағы да қартайған азаматтардың өзінің  әлеуметтік-медициналық ерекшеліктері күйінде  ерекше қатар бөлінетін екі категориясын көрсетуге болады. Біріншіден, бұл қартайған мүгедектер (жас кезінде немесе кемелденген кезеңде мүгедек болып, сонда да жасында жақсы бейімделіп; отбасы бала-шағасы, жұмысы және тағы басқасы бар). Екіншіден, бұл қартайған шағында мүгедек болғандар. Қартаң адамдардың психикасы кәсіби шаблондарға жатпайтын әртүрлі характерологиялық жынысымен, аффективті-эмоционалды ерекшеліктерімен өзіндік болып табылады. Бұл жерде индивидуалды әдістеме керек.

Ұзақ жасаушы және оның жанұясы. Ұзақ жасаушылардың отбасындағы қатынасы қалай құрылатынын түсіну үшін, екі негізгі сәтті қабылдау керек, біреуі – микро-әлеуметтік; екіншісі – индивидуальды-психологиялық не дәл сол медициналық. Бірінші фактор: ұзақ жасаушы жанұя мүшелерінің назарында , яғни оның ядросы («қатты» немесе «жұмсақ» — бұл енді басқа сұрақ), «статусы» (яғни, оның жанұясынан және оның мінез құлқынан тәуелсіз) күшінде. Екінші фактор: ұзақ жасаушы үшін «туған» өте кең ұғым.

Автор Л.Н.Толстой қартайғанда айтқан сөзін есіне түсіреді: «Мен үшін нақты адам жоқ. Адам тіпті жоқ сияқты. Әрқайсысы  мен кей берліген типке ортақ жақтары бойынша өзіме жақын және туысқан адамдар типі деп қабылдаймын. Сондықтан мен үшін бөтен не жақын, таныс, алыс, жақын және тағы басқа жоқ». Адамдардың «туыс типтері» деп қабылдай отырып, қартаң адам олармен қатынасты (жылдар бойы жасалынған стереотипті қатынасты) оңай құрады, оларға бейімделеді, оларды өздерінің  эмоционолды есіне туыс ретінде қосады. Сондықтан да қартаң адамдар әсіресе ұзақ жасаушылар  басқа адамдармен олар үшін бір-бірлеп олардың типологиялық статусына жоғары эмоционалды қатынасты жасағысы келмейді. Бұл проблеманың басқа да жақтары бар: белгілі жасқа дейін өмір сүрген соң, қартаң адамдар үшін туыстар бөтен бола бастайды, өйткені бірінші жоспарға дәл сол қартаң адам бағытталып отыратын «маңызды ортақ» типологиялық жақтар шығады. Жоғары да автор мынаны айтады, егер ұзақ жасаушы жанұяда өмір сүрсе, ол әдетте оның ядросы болып табылады. Бұл жанұяның барлық «тогы» мен  «күші» ағылатын орталық (ұзақ жасаушы қандай психикалық және физикалық жағдайда болатынын қарамастан). Міне,  сондықтан да, ұзақ жасаушы қайтыс болғанда жанұясы жетім болып қалады және айналасындағылардың бәрі жетім болған сияқты. Жанұяның «ядросы» бола отырып, ұзақ жасаушы оның моральды климатының: оның тіл табысуы мен табыспаушылығының бастауы болып табылады.

Зерттеулер көрсеткіші бойынша ұзақ жасаушы тұратын үйде, я олар үйлесімді (үйдің тарлығы, қаражат қиындығына, жанұя мүшелерінің ауруына, олардың жас ерекшеліктерінің әртүрлі болуын немесе жынысына жән тағы басқа объективті факторларға қарамастан), я болмаса, керісінше бұл «себебі» көп болғандықтан, бірақ негізгі себеп ұзақ жасаушының бар екендігін болып табылатындықтан, бұл жанұяларда «нағыз тозақ».

Заттардың мұндай жағдайын әлеуметтік-экономикалық (материалдық) немесе әлеуметтік-психологиялық (ұзақ жасаушының жақсы немесе жаман мінез-құлығы) факторларымен түсіндіруге болмайды. Себептері одан да терең. Л.Н.Толстой жазғандай және әлеуметтік-геронтологиялық зерттеулер қолданған ұзақ жасаушының психикасындағы өзгерістерді тек медицина ғана объективті интерпретациялай алар еді.

Ұзақ жасаушы және оның отбасы – жалпы біздің қоғамда және әлеуметтік медицина бөлігіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бұл проблема қоғамдық та, халықтың әлеуметтік қорғанышын  нығайтатын үкіметтік шаралармен де, тағы медициналық жолмен тіпті шешілмейтін сияқты. Біздің елімізде пайда болған ұзақ жасаушыларға арналған хоспистер біріншіден, жақсы идеялары үшін қаншама ақша талап ететіндіктен, екіншіден, батысқа қарағанда басқа концепция болғандықтан, әзірге толық  көмексіздікті демонстрациялауда. Италия мен Испаниядан басқа Европалық елдерде қалыптасқан. Бұл дәстүр АҚШ пен Францияда да бар. Ресейде  ата-ана  өз баласының біреуімен тұратын болғандай, яғни отбасылардың біреуімен тұратынындай, Израйльде бөлек тұарды. «Өз үйім» — орыс пен Европалық үшін екі бөлек ұғым: Европалық үшін – бұл, оның бала-шағасы туылған үй, орыс үшін (Италиялық пен Испаниялық сияқты) – бұл, оның өзі туылған үй. Европалық үшін хоспис – оның ата-анасының жақсы (жақсы ақша төлейтін) жағдайға көшуі. Орыстар үшін хоспис қарттар үйінен де жаман, өйткені, бұл табыт алдындағы аралық этап. Қайта құру кезінде біздің елде денсаулық және қойылымдық, өздеріне қартаң адамдарға қарау қызметінің бір бөлігін  алатын фондтар пайда бола бастады. Зерттеу барысында автордан, қартаң азаматтар топтарының психикалық ерекшеліктеріне ғана емес, сондай-ақ өмірлері өткен және өтетін олардың  әлеуметтік-экономиканың (тұрмыстық, материалдық) жағдайларына тәуелді екендігі байқалады.

Август Вейман (Германия) «Қартаю механизм эволюциясының ескі өз бетімен өмір сүруші организмін тазалаудың бір жолы процесінде жасанды, яғни зақымдалған генетикалық материалы бар дербес организмді өмірлендіреді». Бірақ, екінші жағынан қартаю керек емес, себебі егер консулсия болмағанда дені сау дербес организмдер көп болар еді және бұл тиімді. Медицинаның  барлық сәттіліктері өмір ұзарту рамкасын жасартуда, бірақ оның максиальды жалғасуы бұрынша қалуда.

ІІ тарау. 1. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.

Тұрғындардың демографиялық қартаюы жылдам  өсіп келеді. Егде жастағы адамдардың әлеуметтік мәселесін шешу олардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, темпераментін, мінез-құлқын жинақтауын, осы жастағы адамдардың жеке қасиеттерін барынша назар аудара зерттеу қажеттілігін анықтайды.

Тұрғындардың осы категориясынң көптеген әлеуметтік мәселелерін түрлі ғылымдарың зерттеу нысаны болып табылады. Бұл мәселені іртүрлі тарихи кеезңде философтар мен педагогтер, әлеуметтанушылар мен саяси қайраткерлер өз заманында қозғап отырды.

Егде жастарғылардың ең белснеді қорғаушысы Рим саяси қайраткері және философы Марк Тулий Цицирон (106 – 43 б.э.д.) болды, ол «Үлкен катон немесе қартық туралы» 44 жылы диалог  жазды. Цицирон адам үшін өмірдің бүкіл қоғам үшін аса құнды деп қарттық жасты шебер қорғай білді жәнемадақтады. Цицирон тіліменайтқанда, ақылды адам үшін өмірдің осы кезеңі ең бағалысы болып саналады, өйткені  осы кеезңде адам ақыл ойын эмоция мен құндылыққа жеңілдірмейді. Сондай-ақ, қарт адам өмірлік тәжірибе сияқты байлыққа ие болады.

Марк Цициронның қорытындысы бойынша, адам үлкен биіктіктерді мінез күші мен сауатты ойды меңгере отырып, ақыл-ай арқылы игереді. Оның пікірінше, осы жағынан алғанда қарттар жастардан басым түседі.

Тарихшы-философтар егде жаста жастық шаққа қарағанда аса құнды, асыл текті кезең деп санады,  осы себепке  байланысты қарттық әлсіздікті тәкаппарлықпен көтере білу керек деп білді.

Сонымен қарттар  өздерін қоғам үшін пайдалы деп есептеуді атап өтті, адам өмірі бірқатар мынадай факторларға бағаланады және анықталады деді: саяси, экономикалық және мәдени даму, материалдық өзара қатынас, жергілікті және ұлттық дәстүрлер.

Белгілі бір тарихи дәуірлерде қарттық өлім алдындағы өткел ретінде  қабылданды, өлімнің  жақындай  бастауы оны өзінен алыстату тілегін тудырды. А.Шопенгауэрдің «Жас ерекшелігі  туралы» философиялық этюдінде осы туралы қызықты ой қортындылары орын алған. Миф  қаһармандары мінездерімен  өмір кезеңдерін салыстыра отырып, Шопенгауэр әр кезеңге өз  есімін қояды. Алғашқы онжылдықта Меркурий  билік етеді: адам өмір бойлап жеңіл және жылдам жүреді. Бұл білім алу,  ойын, дүниемен танысу жылдары. Өмірдің  20 жасында махаббат құдайы Венераға бағынады. 30 жасқа қарай күшке, ерлікке ие Марс өмірді ауыстырады. Адам 40 жасында пайдалыққабағынады, Цецера патшалығы күшіне сенеді, 50 жасында адам биліктен ләззат алады, ол тәжірибе  мен білімге бай болады. 60 жасында өмірдің Сатурн кезеңі басталады. Құнарлық оты сөнеді, жан тұрақты қалыпқа көшеді. Егер кейбір тін кемшіліктері бомаса, адам тыныштық пен бақытты қарттықты бағалайды. Сондай-ақ,  басқаша бір көзқарас табар. Мәселен, Шекспир қарттықты қуанышсыз кезең  деп біледі. Оның ойынша қарттық әлсіздік, тісі жоқтық, көзің нашар көруі, нашар естуі,  балалыққа берілуі, алжуы, бір сөзбен айтқанда үмітсіздік  деп бағалайды. Гете, Л.ТОлстой қарттықты өмірден толық сусындаған, ерік күшіне ие, ақыл-ой қабілетін ие деп сүреттейді. Ақындар жырлаған көптген көркем шығармаларда қарттық күш-қуатты ретінде сүреттеледі. Егер адам осы кезеңде күш-қуатты бола білсе, әрине, қарттық қуаныш сыйлайды деп түсінеді.

Қарттық, әрине, бірден келіп бастамайды, бұл – ұзақ процесс. Қарттықты орта жастан бөліп тұратын әмбебеп шекараны анықтау қиын. Жеке адамдар мен жеке топтардың қартаюы бір уақтта жүремйді: біреулердеол ертебасталса, біреулерде кеш басталады. Сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы соңғы жылдары жас кезеңдеріне деген көзқарасы өзгеруді.

Көп жағдайларда, бұрын немесе қазірде зерттеушілер қарттықтың  хронолоиялық қалпына, белгілі бір өмір кезеңіндегі әлеуметтік және экономикалық статусымен байланыстырады. Түрлі жас ерешкелігі классификацяларын әртүрлі ғалымдар көзқарасымен салыстыру арқылы Б.Ц.Урланис осы кезеңдер шекараны былай суреттейді. Мәселен, ХІХ ғасырдағы француз физиологы және гигиенисті П.Флуранс қарттықтың  екі кезеңін бөліп көретеді: алғашқы (70-85) және  екінші (85-тен кейінгі). Неміс  физиологы М.Ребнер қарттықтың  басталуын 50 жасдеп белшіледі, оның пікірінше, 70 жас «құрметті қарттық» деп аталады. Өткен ғасырдағы ағылшын дәрігері және статисті У.Фар былай жеп жорамалдады: 40-60 жас – интеллектілік жас, еңбекті бағалау кезеңі; 80-100 жас – соңғы  кезең әрі құрметті қарттық. Сонымен, Фар қарттықтың басталуын 60 жас деп есептеді. ХІХ  ғасырдың ІІ жартысындағы орыс  статисті  және демографы А.Раслевский  45-60 жаста «гүлденген» қарттық деп атады, ал 60-75 жаста «солған» жас дедеі, 75-100 және модан жоғары ұзақ жасдеп белгіледі.

Белгілі кеңес геронтологы академик Э.Ф.Френкель 70 жаста қарттықтың басталуы деп атады. Басқа бір кеңес геронтологы академик А.В.Нагорның қарттықты белгілейтін нақты бір жасты атаудан бас тартты. ОЛ қарттық 60-70 жастан басталады деді.

1962 жылы Ленинградта өткен қарттық пен қартаю кезеңдерінің  класификациясыжәне номенклатурасы бойынша симпозиумде егде  жастағыларды мынадай кезеңдерге бөлді: 60-74 жастағылар – егде, 75-89 жастағылар – қарттар, 90 және одан жоғарылар – ұзақ өмір сүрушілер. Қазіргі уақытта Бүкіл жүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының шешімі бойынша қарт жас – 75 жас болып саналады, ал 60-75 жастағылар – егделер. Белгілі бір тарихи  жағдайдағы тұрғындардың  сапасының жүйелі шамасы болып оның жас құрылымы қызмет ете алады. Адамдардың ең табиғи қасиет — өмір сүру ұзақтығы, олардың әлеуметтік қасиеттері және байланыстарымен бірлікте болады.

Жас ерешкелгі құрамның оның басқа сапасыжақтарынан сипаттауы үшін осы кезеңдеөмір сүріп жатқан түрлі ұрпақтар жиынтығын қарастыру керек. Осы ұрпақтардың әрқайсысы белгілі бір әлеуметтік санаға ие. Олар былай құралады:  біріншіден, өткен  өмір қорытындысы, сол ұрпақтың жеке өмір тәжірибесінің  сомасы; екіншіден, осы ұрпақ қоғам өмірінде қандай нақты тарихи оқиғаларды бастан кешіргеніне байланысты.

Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы санаының сазаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айрысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның геронтологияда  психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, ал олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі аз зерттелген.

Жас өскен сайын адам өзін-өзі бағалуы да өзгеріп оытрады. Егде адамдар өзінің  сырқты бейнесіне аз назар аударады, бірақ ішкі және тән қалпына, өзін-өзі сезінуіне жете мән береді. Олар өздерінің  зейін қабілетін жастарға  қарағнада дұрыс бағалай  біледі. Егде адам басқлардың қылығына дұрыс баға береді. Кейбір егде адамдар басқа біреулердің адамгершіліктін тыс қылықтарына жауапкершілік мінез танытады. Кейбір егде адамдар кең дүниетанымға ие бола отырып, жасы келген сайын жұмсаы бола бастайды. Олар өздері бұрын өмір үсрген жағдайдан басқаша өмір сүру принципіне жол береді. Әсіресе,  өздерінің немерелеріне  жасыга байланысты өзіне деген жалпы сенім де азая түседі, мұның өзі психо-физиологиялық (жадының, дене күшінің, сыртқы диапазоонының тарылуы) өзгерістермен  байланысты болады. Бұл адамдардың жеке ерекшеліктерімен қзымет саласына да байланысты. Егде адамдар олардың қоғамдағы өмір жолын кезеңдестіру және соған байланысты жас ерекшелігі стереотиптерін есепке алады. Алайда,  өздерін көбі «кәріміз» деп есептемейді, көпшілігі өздерін «орта жастағылармыз» деп есептейді. Өздерін кәрі деп санау көбінесе ауру адамдарда я болмасы соңғы жылдары жағдайы нашарлаған адамдарда кездеседі.

Барлық жалпы алғанда егде адамдар қоғамдық санада қабылданған кәрілік стереотипін мойындайды. Адамның өзіндік «мені» қарттықтың стереотпті образының жағымсыз қасиеттерін ендірмейді. Егде адамдардың  уақытша перспективасы өзгеріп отырады. Егде адамдар өзінің жеке, ішкі мәселелрімен қалып қоймайды. Әлем тағдыры оларды жастарға қарағнада көбірек ойландырады. Өткенге көз салу аса қарт адамдарға тән, басқалары болашақ туралы әңгімелейді және ойлайды. Жас ұлғаюына байланысты уақытша перспектива да қысқара түседі.

Балалар санасы сияқты  егде адмдарда да жақын болашақ алыс болашаққа үстем орын алады. Жеке өмір перспективаларыда қысқара түседі. Егде адамдар менжастардың уақыт образын  салыстыру, біржағынан алғнада өмірдің тез өтуін көрсетсе, екінші жағынан алғанда, түрлі уақиғалардың  аз болуымен сипатталады. Көп жағдайда олар өткен өмірлерін еске алады.

Балалар санасы сияқты егде адамдарда да жақын болашақ алыс болашаққа үстем орына алады. Жеке өмір персективалары да қысқара түседеі. Егде адамдар мен жастарыдың уақыт образын  салыстыру, бір жағынан алғнада  өмірдің  тез өтуін  көрсетсе, екінші жағынан алғнада, түрлі  уақиғалардыңаз болуымен сипатталады. Көп жағдайда олар өткен өмірлерін еске алады.

Алғашықлар үлкен оптимизмге, болшаққа сенімді. Көп жағдайда егде адамдар  өмірдің осы кезеңін  қайраткерлікті кезең деп біледі. Олар өмірге сеніммен қарсы, көбіне тығыз уақиға ортасында жүргенді қалайды. Қоғамға, қоршаған ортаға пайдалы болғысы келеді.

В.В.Вересаев жасөспірім шағында қартаюдан қатты қорқатын, кейінен мұнығң бәрі бекер екендігін, тәжірибе арқылы жиналған ақылдылық оның орнын  толтырғандығын жаздыү Жасөспірім шағындағы қорқынышымды еске аламын, жан-дүниемді аса бөтен қиналыс билеп алған, тәнімді қорқыныш асыр салады, өзімді-өзім түсінбеймін, өмір ағысына қосылып кетудің  өзі қиын…, ал қазір жанымынң қақпағы ашылғандай, оны жаралау оңай емес.  Қолымда сенмді компас бардай. Рухани көздерім ашылғандай, жанымды өмірге деген нақтылық, сүйіспеншілік билейді.

Адамның қартаюы жанымды (мәселен, үлкен білім жинақтау, жоғары біліктілікке ие болу) және жағымсыз (денсаулық пен күштің нашарлауы, ойлаудың стереотиптілігі) қасиеттерге ие. Өмірде осы екң қасиетте орын алады. Адам өмірінің  соңғы кезеңіне орын  алған өзгерістер ең алдымен, психолитикалық,  жеке мінез-құлық,, қызмет құрылымына байланысты болады. Қазіргі кезде егде адамдар өз алдын жеке қауымды  құрайды. Оның құрамына қоғманың түрлі әлеуметтік таптарындағы кілдер  енеді. Алайда, зейнеткерлікке, еңбек қызметінен  болса да, олар белгілі бір әлеуметтік құрылымна тиісті болудан қалады. әрбір егде адам өзінің  жеке қасиет дағдысы мен қажеттілігіне ие индивидиум. Егде  жастағы адамдар мәдени білім деңгейі, өмір  салты, интеллектілік қабілет, психо-физиологиялық конституциясы,  өмір және кәсіби  дәрежесін ерекшеленеді. Олар қарымқатынастың, мінез-құлықтың, эмоциялық қасиеттерге ие.

Жас ерекшелігі, денсаулық, өмір салты тұрғысынан алып қарағанда, егде жастағы адамдарды жеке қоғамдық топқа бөлуге болады.

Әлеуметтік әдебиеттерде жас ерекшеліктері елеулі белгіге ие, әлеуметтік жүйеде жас ерекшеліктері кезеңдері бір ізділік маңызға ие. Әлеуметтік жүйеде олардың функциялары ауысып отырады. Л. А. Гардон, Э. В. Клонов сияқты ғалымдар жас ерекшелігі кезеңдерін өмірлік цикл деп атайды. Әрбір кезең ерекше дәуір ретінде, өмір циклының сатысы ретінде қарастырылады. Өмір жолының сатысы деп аталатын атауда қолданылады. Жас ерекшелігі адамның психологиялық дамуы ғана емес, оның биологиялық жетілуі, түрлі толықтырулармен қамтылуы ретінде де қарастырылады. Өйткені, белгілі бір жас кезеңдері үшін адам қызметінің түрлері және белсенділіктің дәрежелері тән болады.

«Биологиялық жас ерекшелік,- деп жазады И. С. Кон,- организм қасиеттері оның жүйелерімен қатынаста болады. Әлеуметтік жас ерекшелігі қоғамдық қатынастар жүйесінде индивидттік жағдаймен бірлікте болады. Психологиялық жас ерекшелігі оның ақыл-ойымен, қызметі қатынаста болады ». Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды.

О.И.Даниленко атап өткнедей, бұл жағдайда  күрделі мір жағдайларын игеру қабеті адамның  жан саулығының шамасы болып табылады.  Адам ішкі дүниесі мен өмір сүріп отырған орта арасында келісім  табуы керек.

Егде жастағы адамдардың өмір салтына таладу жасау кезінде, оның денсаулық жағдайын бағалау мәнін ескере отырып, Т.В.Карсаевская «денсаулық»  ұғымының  нақтыландыра түседі. Ол денсаулықты еңбекке қабілеттілігі мен қоғмадық белснеділігін сақтап қалу деп атайды.

Егде адамның денсаулығы оның күш-қуаты, оның психологиялық және адамгершілік жағдайымен өлшенеді, осы арқылы егде адам қоғамға пайдалы қызмет атқара алады.

Қазіргі геронтология «адамның табиғи физиологиялық қартаюын, қартаю жайының ұлғаюы менбелсенді ұзақ өмір сүруін» танып отыр.

Егде адамдардың тиімді өмір алты индивидтің биологиялық мүмкіндіктерін барынша қолдану тәсілі,мезгілсіз қартаюы тосқауыл қою. Егде адамдардың күнделікті  жүріс-тұрысы материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және құндылық бағдарынан еңбекті демалысты ұйымдаструы, әлеуметтік ортмане өзара қарым-қатынасуы – мұның  бәрі оның  жеке өмір салтын анықтайды. Егде адам үшін өмір салты – бұл оның  ақыл-ой қызметі, эмоциясы мен жүріс-тұрысы, еңбегі мен демалысы, тамақтануы және табиғат пен қарым-қатынасы. И.М.Мечников пікірі бойынша, өмір гармониясы «ортобиозға» тыныштық, психикалық  сілкіністіңболмауынан болып жатқан  оқиғалардан шеттеуі,  айналға сезімсіз түрде қарамауы мен қол жеткізілмейді.

 

ІІ тарау. 2. Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі

Қартаюшы адамдардың зейнеткерлікке шығу қиын кезең болып табылады, мұның өзі олардың өмір салтының түпкілікті өзгеруіне әкеледі.  Жалпы уақыт бюджетінің  қайта құру процессі өтеді. Еңбек қызметін тастай отырып, егде адамдар бос уақыты сияқты байлыққа ие болады. Осыған байланысты егде адамдардың  бос уақытын үнемді өткізуі өзекті мәселеге айналды.

Бос уақыт мазмұнына түрлі анқытамалар беруге болады. Біздің көзқарасымыз бойынша, В.И.Пименованың классификациясы нақты болып табылады. Бос уақыт қызметінің  үш тобын атап көрсетеді: бірінші – қоғмадық пайдалы қызмет, осының негізінде рухани құндылықтар жасалады. Оған қоғмадық жұмыс, өнертапқыштық,  көркем шығармашылық түрлері оқу жатады; екінші топ – рухани  құндылықтардан тұтыну, кітап, газет, журнал оқу, теледидер көру, театр, кинотеатрға бару; үшінші топ – түрлі демалыстар, яғни дене тәрбиесі, спорт, туризм сияқты, белсенді түрі мен пассив демалыс түрі.

Г.А.Евреева бос уақыты пайдаланудың  негізгі үш деңгейін атап көрсетті: біріншісі – қабілетті дамыту мен шығармашылық мүмкндіктерін жасаушы әрекеттер; екіншісі – рухани және тән қажеттеліктерін қанағаттандырушы әрекеттер; үшінші – шығрамашылық және  әлеуметтік потенцияны арттыру, және деструктивті (антимәдени) әрекеттер.

Бос уақытты егде адамдар қызметін ұйымдастыру жүйесі олардың қажеттіліктері, мүдделерімен,  мәдени мақсаттары  және идеялары арқылы анықталады. Бір қажеттілкті қанағаттандыру басқа бір қажеттілікті тудырады. Мұның өзі демалыстүрін байыта түседі.

Э.В.Соколов  демалыс құрылымын «қабат» немесе бір-бірімен ерекшеленетін деңгей түрінде  елестеді. Мұнда бір деңгей екіншісінен нақты қызмет мазмұны, ақыл-ой дәрежесі, эмоциясы, рухани белсенділігі арқылы ерекшеленеді. Э.В.Соколов  демалыс құрылымында келесі деңгейлерді қарастырады: бірінші саты – демалыс ол шаршауды басады. Мұндай демалыс алыс мақсатқа мөлшерленбейді, ол өте пассив.  Пассив демалдыс шексіз түрде  жалғаса аламайды. Ол анағұрлым дамыған   демалыс деңгейіне көтеріледі, оны көңіл көтеру деседе болады. Көңіл көтеру  өзін-өзі жеңіл сезіну қажеттілігінен туындайды. Көңіл көтеру формасы ойын деп те аталады. Демалыстың бұдан да жоғары деңгейін ағарту деп атайды. Ол өзінен үлкен деңгейін шығармашылыққа өтуді талап етеді. Шығармашылық — қызметтің ең еркін түрі. Демалыс, көңіл көтеру, ағартудан  өзіндік бағасы арқылы ерекшеленеді.

Егде адамдардың босуақытын өткізуі туралы түрлі пікірлер бар. Кейбір авторлар (Н.Н.Сагун, Г.Н.Москалес) тұлғаның қартаюы объективті жағдайлармен өмір салтындағы өзгерістер әсерінен егде адамдар кейбір қасиеттерін жоғалатып, оның жаңасына ие болып отырады деп есептеледі. Ал басқалары (Н.Н.Щербакова) егде адамдарға өмір бойы қалыптасқан сенім сақтап қалуға ұмтылу тән деп біледі.

Басқаларға қарағанда біздің еліміздің қарттары екі-үш есе босуақытқа ие. Ірі қалаларда қарттар көп бос уақытқа ие болады. Орта есеппен алғанда әр аптада 30-50 сағатты иемденеді. Сөйтіп олар зейнеткерлікке шыққан кезде демалысын қалай өткізу керектігін дұрыс болжай алады. Цицерон «Қарттық туралы» былай деп жазады: егер ол (жан) әрекеттен білімнен қорек алса, онда демалыстан артық ешнәрсе жоқ.

Демалысты дұрыс өткізуге қаржы тапшылығы кедергі болса, онда ол олардың өмір  салтына әсер етуі мүмкін.

Өз өмір салты бірыңғай, қозғаыссыз, пассив өтетін егде адамдарға демалысқа онша құлшыныс тудырмайды. Егде адамдардың аз бөлігі ғана өз демалысын таныстары, достары, бұрынғы әріптестері, туыстарымен қарым-қатынас жасау, түрлі мәдени нәрселерге (спектакель, музей, лекция)  сондай-ақ түрлі әуесқойлықпен шығылданады.

Сөйтіп, олар кенеттен бос уақыттың пайда болуын, оған бейімделуін және оны дұрыс өткізуді ұйымдастыра алады.  Егде адамдар босуақытын өткізуге сенімсіздік танытса, олардың бойында депрессия болып және өзін-өзі дұрыс сезінбейді.

Егде адамдардың бос уақытты қалай өткізуі мәдени білім деңгейіне де байланысты болады. В.В.Никитенко жүргізген демократиялық талдау мынаны көрсетті: басқа жас ерекшелігі топтарына  қарағанда егде адамдардың білім дәрежесі елеулі түрде төмен екендігін көрсетті. Бірақ, зейнеткерлікке шыққан адамдардың білім деңгейі бірте-бірте тұрақты түрде жоғарлайтындығын атап өтуі қажет.

1980 – 88жылдары  жүргізілген зерттеулер мұны дәлелдей түседі. Зерттеулер мәдени-ағартушылық шақта  демалыс түрлеріне   шығынды аз жұмсайды, әсіресе ер зейнеткерлер. Кинода, театрда тіптен болмайтындар 44,5%-ды құрайды.

Бұл еңбек етуші ер адамдарың пайызынан 3,5 есе артық екендігін көрсетеді. Сауал жүргізу нәтижесі мынаны көрсетті.

Егде адамдардың қызығушылығына талдау жасау олардың клуб мекемелеріне жай келе алу мүмкіндігін көрсетті.

Алайда, тәжірибе эксперименттік жұмыстың бірінші кезеңінде егде адамдар барлық қызмет түрінен үйде ғана айналысатындығын дәлеледеді. Олардың          3,6%-ы ғана  достарымен клубта кездеседі, 3,7%-ы бау-бақша шаруашылығы клубында ұшырасады. Бос уақытын кіммен бірге өткізеді деген мәселе бойынша мынадай мәліметтер алынды: отбасы мүшелерімен — 62%, жалғыз өзі – 34,9%, туыстарымен – 31,1%, әріптестерімен бірге — 31%, жастық шақтағы достарымен – 29,2%, көршілеріменен – 26,2%. Егде адамдар кейде бірнеше нұсқаны да айтатын. Қай жастағы адамдар мен бос уақытын өткізеді?  Деген мәселе бойынша мынандай мәліметтер алынды: 27,6% — орта жастағы адамдармен; 25,6% — құрдастарымен; 19,4% — достарымен; 8% — жасөспірімдермен.

Зерттеуде егде жастағы адамдар ұнататын қызмет түрлері айқындалды: «Сізге келесі қызмет түрлері қаншалықты дәрежеде маңызды?» — деген сауал қойылды.

Соның нәтижесінде маңызды қызмет түрлері бұл отбасында болу, немерелерді тәрбиелеу, одан кейінгі орында теледидар көру, радио тыңдау, өз білімін жетілдіру, қоғмадық қызмет, театр, кинотеатрға бару.  Сөйтіп,отбасы қарым-қатынасымен кейінгі орынға бұқаралық ақпарат құралдары екендігі айқындалды. Коллекция жинау, көркемөнерпаздылықпен шұғылдану, әдебиет және өнермен айналысу маңызды немесе маңызы аз деп танылды.

Анкета жүргізу барысында, демалыстың білімге жас ерекшелігіне жиналысына тәуелді екенідігі анықталды.

Бастауыш білімге ие егде жастағы адамдар демалудың пассив формаларын қалайды, яғни теледидар көру, радио тыңдау, отбасында болу, үй шаруашылығымен айналысуды ұнатады. «Сіз клубта немен айналысқандығын қалар едіңіз?» — деген сауалға респонденттер былай деп жауап берді: жай ғана демалу – 3,02%; теледидар көру – 2,01%; таныстарымен кездесу – 7,4%.

Толық емес орта білімге ие егде адамдар  демалудың пассив формаларымен бірге өнер және әдебиетті сүюші клубын, «денсалық», декаративті қолданбалы шығармашылық клубын атады. Олар мәдени-ағарту қызметтеріне қатысуды қалайды: құрдастарымен қарым-қатынас жасау – 3,09%; пайда болу тәжірибиесін үйрету – 1,4%; қызықты ортаны іздеу – 2,7%; сүйікті ісімен айналысу — 2,2%.

Орта білімге ие егде адамдар демалыс ісінде демалыс ісінде өте белсенді  болып келеді. Олар дене тәрбиесі, өз білімін жетілдіру қызмет түрлерін қалайды. Олар да мәдени-ағарту жұмысына, яғни өздеріне пайдалы болу, өз тәжірибесі мен білімін тарату, сүйікті ісімен айналысу, құрдастарыменқ қарым-қатынас жасау сияқты түрлері де іске асады. Бұл адамдар  еңбек және соғыс ардагерлері кеңесіне, қиын балалармен жұмыс істеуге көмек көрсете алады.

Орта арнайы білімге ие адамдардың жағдайы тіптен басқаша. ОЛар достары ортасында болуы, дене тәрбиесімен айналысу, қоғамдық жұмыспен шығылдану және өз білімін жетілдірумен айналысуды қалайды.

Жоғары білімді егде адамдар бірінші орына мынадай қызмет түрлерін қояды: өз білімін жетілдіру, қоғамдық жұмыс.Мәдени-ағарту жұммысында мынадай нақты көмек ұсынады – лекция оқу, сұхбат жасау, хабар жіберу, кеңес беру. ОЛар жастармен, жасөспірімдермен, балалармен жұмыс жүргізуге дайын. Түрлі әдеби музыкалық кештер ұйымдастыруда қалайды. Егде жастағы адамдардың демалыстиптерін анықтауда бос уақытта немен айналысуын, олардың өмір салтын көрсететіндігін ескеріледі.

Кейбір әлеуметтік күштер (В.А.Грушин) былай деп атап көрсетті: егде адамдардың отбасы міндетін бірнеше ұлғайту және сақтап қалу қажет. Егде адамдардың үй шарушалығын жүргізе отырып, олар өз денсаулығын, демалысын шағым етеді.В.А.Грушин  түрлі жасерекшеліктерді топтар арасында бос уақыт үшін күрес өту деп есептейді. Әлеуметтанушылар олардың отбасындағы мынадай міндеттерін атап өтеді: немерлеріне қарап, оларды тәрбиелей отырып, жас жұбайларға көмек көрсету, үй шаруашылығыменотбасы бюджетін жүргізу, жас жұбайлардың қоғамдық, өндірістік жұмыстарына белснеді араласыуныа мүмкіндік беру, дау-жанжалдың алдын алу.  Сонымен қатар, В.Д.Шапиронның зерттеу мәліметтері бойынша егде адамдар отбасында жеке мақсатты, мазмұнды және пайдалы жұмысты сақталуын қамтиды.

Мәселені теориялық жағынан зерттеу түрлі сауалдар жүргізу, бақылау, көркейту және тағы басқа әлеуметтік педагогикалық әдістер көмегімен жеке өзіндік зерттеу жүргізу іске асырылып оған 675 респондент қамтылды. Сауалнама жүргізудің мақсаты егде адамдардың демалысын ұйымдастыру мәселесінің кейбір жақтарын анықтау болып табылады. Атап айтқанда, бос уақытты бағдарлаушы туралы, осы уақыт көлеміне деген көзқарас, әлеуметтік күнделік ретінде демалысты бағалау,  объективті және субъективті мүмкіндіктерге баға беру. Егде жастағы адамдарға мынадай сауалдар қойылды: «Сіздің сүйікті шаруаңыз қандай?», «Бос уақытты кіммен бірге өткізесіз?», «Бос уақытыңызда үйде отырасыз ба, әлде клуб, не болмаса белгілі бір мәдени мекемесінде боласыз ба?».

Егде адамдардың ұжымдық дамалу формаларын зерттеу оның өте аз жағдайда орын алатындығын көрсетті. Олардың 3,3% ғана түрлі үйірмелер мен секцияларға, мәдени-ағарту қызметіне қатысады. Мүлдем демалыстың кең тараған түрі-өзге елдермен  қарым-қатынас жасау, қонақ күту және қонаққа бару-78% ; кинотеатрға бару- 68,9%; түрлі қатысымдарға бару-4,9%.

Л.Д. Гордон, Э.В.Клопов «Человек после работы. Социальные проблемы быта мвнерабочего времени» атты монографиясында егде адамдардың достарымен көшеде жиі кездесетіндігін атап көрсетеді. Бұл әрекет ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қарттық кезеңде достықтың ролі ұлғая түседі. Жақын туыстарынан айырылған егде адамдарда достарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі өрши түседі. Егер зейнеткерлікке  шыққан адам демалысты қалай өткізуді ұйымдастырмаса, отбасында оны дұрыс қолданбаса, онда адамның қызығу шеңбері  тарыла түседі.

Егде адамдардың рухани құндылық қажеттілігіне әсер ететін маңызды факторларының бірі зейнеткерлікке шығу алдында тиісті қажеттіліктердің қалыптасуы болып табылады.

Сөйтіп, зейнеткерлікке шыққан соң демалыс уақытының елеулі түрде ұлғаюы салдарынан оны пайдалану сапасы төмен деңгейде қалуда. Бос уақытта белсенді түрде өткізу факторлары арасында демалу біліктілігінің өте төмен деңгейде екендігі атап өткен жөн. Егде адамдар немерелері жағдайын өз мойнына алады, осы арқылы эмойиялық қажеттілікті қанағантандырады. Олар зейнеткерлікке шыққанға дейін атқармаған ісін осы арқылы, яғни өскелең ұрпақ тәрбиесі арқылы атқарады. Мұның өзі көп күш пен уақытты қажет етеді.

Демалыстың ең дамыған түрі –кітап оқу. Әсіресе әйел адамдар ерлерге қарағанда (газетті есепке алғанда) кітапты көп оқиды. Ерлер газетті көп оқиды, теледидар алдыңда 2 сағаттан көп  отырады.

Еркін қарым-қатынас жасауға, талпынудың күшеюі еңбек етудің азаюымен ғана байланысты ғана емес, қарттықтың әлеуметтік психологиялық табиғатына да тиісті. Рухани қажеттілік пен байланысты уақытты шағымдау мәселелер болып табылады, көркем әдебиет, газет оқу.

Газет оқу кітап оқуға қарағанда көбірек орын олады. Өйткені егде адамдар күнделікті қоғамдық-саяси оқиғалармен қызығып отырады.

Демалыс сипатына егде адамдардың бұрыңғы әлеуметтік жағдайында әсер етеді. Зейнеткерлікке шыққан әйел және ер жұмысшыларда бос уақытты өткізудің нашар демалған формалары мен пассив демалыс көбірек орын алады. Зейнеткерлікке шыққан бұрынғы қызметкерлерде дене еңбегімен айналысу және қоғамдық пайдасы қызметпен шұғылдану орын алады. Ең белсенді демалушылар ер қызметкерлер, одан кейінгі орында әйел қызметкерлер, соңғы орында әйел жұмысшылар.

Қызметкерлердің мұндай жоғарғы  көрсеткіштерге ие болуы бірқатар фактілерімен  түсіндіріледі; жоғарғы білім, материалдық жақсы қамтамасыз етілуі, немерелерімен бірге тұрмауы. Аталған факторлар кинотеатр, театр, концерт, мұражай, көрме, лекцияларға қатысуға мүмкіндік береді.

Ер жұмысшылар көбіне домино, карта ойнаумен  бос уақытын өткізеді.

Әлеуметтік және экономикалық дамуы түрлі деңгейдегі елдерде тұрғындардың қартаюы бірдей болып келмейді. Бір елдегі тұрғындардың территориялық және этникалық белгілері, өмір деңгейі, әлеуметтік және кәсіби статусы бойынша да қартаюы әр түрлі болып келеді. Батыс елдеріндегі егде адамдардың сана-сезімінің өсуіне егде адамдарды біріктіретін жалпы ұлттық және жергілікті қоғамдық ұйымдардың құрылуы себеп болуда. Мәселен, олар –Америка зейнеткерлері қоғамы, оның құрамында түрлі мәліметтер бойынша 9-15 млн. адам бар; зейнеткерлердің ұлттық одағы (Ұлыбритания); Аға ұрпақтың федералды конгрессі (ГФР); Жасы үлкендер қоғамы (Канада); Егде адамдар істері бойынша кеңестер (Австралия); Егде адамдар клубының Ұлттық федерациясы (Жапония) т.б.

Бұл ұйымдар ауқымғы  мәселелерді қарастырады. Өз мүшелерін әлеуметтік сақтандыру, оларға тиісті құқықтар мен жеңілдіктер туралы ақпаратты қамту, егде адамдар демалысын ұйымдастыру және мүдделерін мемлекеттік деңгейде шешу, саяси, әлеуметтік және мәдени акцияларға қатысуға жеңілдік көрсету.

«Таймс»газетінің хабарлауынша егде адамдар АҚШ –та санасуға мәжбүр ететін сала күшке айналуда. Олар түрлі саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене қатысуда.

Белгігі американ ғалымы Р.Батлердің айтуынша; «Батыста жүріп жатқан,Ақ шешта төңкеріс» жеке зерттеуді қажет ететін нысан болуда. Бұл феномен нң алдымен өткір әлеуметтік-мәдени мәселе ретінде зерттелуде.

Америкае мамандары К.Манич, Э.Пикеортс, Дж. Мачано егде адамдарға арнадған бес өзекті бағдарлманы көрсетеді: кәсіби-техникалық оқу. Мұнда машинада жазу, бухкгалтерлік іс уақытша еңбек етуде қажет болады. Мәдени қызметте бүкіл өмір мазмұны байытылыдаы. Бұған өнер және көркем қолөнер  қызметтері енеді. Философия, психология және жаратылысы – математика ғылымдарымен айналысу аз таралған. Денсаулыққа байланысты біліммен қарулану қартаю кезінде иенің қажет екендігін көрсетеді. Отбасы  білімін беру ең алдымен өзгерген әлеуметтік және отбасы жағдайларына бейімделуді қажет етеді.

Батыс елдерінде төмен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзіне-өзі немесе біріне-бірі көмек беру топтары пайда болды. Кәсіби қызметкерлер басқаратын дәстүрлі әлеуметтік қызметтен мұның ерекшелігі – егде адамдардың өз бетінше ұйым құруы. Олардың мақсаты қиын жағдайда бір-біріне түрлі дәрежеде көмек көрсету. АҚШ, Канада және бірқатар Батыс елдерінде мұндай ұйымдар    әсіресе, пансионаттарда, қонақ үйлерде, жатақханаларда бірге өмір сүріп жатқан, қарттар арасында әрекет етеді.

Соңғы жылдарда жоғарғы оқу орындарында егде адамдардың көптеп талаптануы орын алады. Мұндай егде адамдар зейнеткерлік кезеңде білім алады. Олар мансабын жоғралатуды мақсат тұтпайды. Олар өз өмірлерін рухани байытқысы келеді, мұның өзі құнды қызмет болып табылады.

 Қартаюшылардың білім жүйесі қызметіне қажеттілігінің  арызынабайланысты көптеген елдердің оқу орындарында жаңа «оқушылар» контингенті қалыптасуда. Мәселен, АҚШ-та әрбір үшінші университет қарт адамдар үшін арнайы оқу курстары мен бағдарламаларын түзген. Кейбір мәліметтер бойынша 80 жылдың басында колледждерде 1,6 миллионнан астам қарттар білім алған.

Әртүрлі типологияларды қарастырғанда, бұл классификациялаудың шынайы өмірі «таза күйінде» психологиялық типтері сирек кездесетінін еске алған жөн. Типология бағдарға нақтылы жұмысқа арналған базаға қызмет етеді.

А.Толстой қартайғанда жеке тұлғаның өзгерісі болады және бір адамда сирек кездесетін жан-жақты сана жинағымен ерекшеленді. Сондықтан, қартаюдың әртүрлі типолоиясын қарастыру қажеттілігі пайда болады.

И.Кон өзінің классификациясына мінез-құлық қызметіне тәуелді қартаю типтерін келтіреді.

1-тип – белсенді шығармашылық қартаю.

2-тип — әлуметтік-психологиялық бейімделу.

3-тип – жанұядағы басты қосымша күшті табу.

4-тип – олар үшін өмірдің маңызы денсаулығы болып табылады.

Ал біздің елімізде, Ардагерлер үйі Шымкент қаласына орналасқан санаториялық типтегі емдеу мекемесі болып табылады. Ол негізгі үш блоктан — әкімшілікжәне 2 төсектік  бөлмелері бар. 5 қабаттағы ғимараттардың, тұрмыстық-медициналық қызмет көрсету бөлмелері орналасқан, емдеу блогы мен 200 орындық, асханадан тұрады. Ардагерлер үйі Оңтүстік Қазақстан Облысының әкімшілігінің 1997 жылдың 12 мамырдағы №113 бұйрығымен ашылды. Өз аты айығып тұрғандай мұнда соғыс мүгедектері мен ардагерлері және соған теңестірілгендер, кеңес одағының  батырлары, халық қаһармандары, еңбек ерлері, ардақты аналар, «Алтын алқа»,  «Күміс алқа» белгісін алған қысқа күнде ең қабылдап демалады.

Бір мезгілде200 адам қабылдауға есептелген. Ол негізінен «Шымкент қорғасын зауыты» АҚ  профилокториялық базасында ашылған.

Ардагерлер үйі бірнеше рет орталық және облыстықардагерлер кеңесінің, облыстық еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау департаменті, республикалық «Отан» партиясының, облыстық кәсіподақ кеңесінің құрмет громаталарымен және дипломмен марапатталу.

Ардагерлер үйіне 1997 жылдан бері Н. Есмағамбетова басшылық етіп келеді.Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау тұрмыстық, медициналық қызметкөрсету әлеуметтік еңбек арқылы бейімдеу және тұрақты тұру үшін қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі Шымкент қаласындағы Лермонтов көшесіне орналасқан. 300 орынға арналған, екі орындықтұрғын жайы, бау-бақшасы, медициналық мәдени-көпшілік бөлмелері, тігін шеберханасы, 5026 кітап қоры бар кітапханасы, жаздық бастырмасы, асханасы, көрермен залы, кір жуу машинасы, жылыту қазандығы бар.

Қазіргі таңда интернатта 255 қарт тұрады. Олардың алаңсыз тұруына барлық жағдайлар жасалған. 4 мезгіл тамақ беріледі. 100 адам еңбек теропиясымен айналысады. «Шебер қолдар»  үйірмесі ашылған, спорт жарыстары, ән-би байқаулары, жазушылармен, ақындармен, суретшілермен кездесулер өткізіліп тұрады. Әулиелі рындар мен тарихи жерлерге  саяхаттар ұйымдастырады.

Интернатқарттары арасында сурет салатын, ән шығарып,өлең жазатын,  қолынан өнері тамған қолөнершілері мен әншілер бар. Өлеңдердің еңбектері Бұқаралық Ақпарат Құралдарында, көрмелерде, жарық көріп, насихаттап отырады. Өзінің хор тобы да бар.

Жақсы күтім мен медициналық қызметті ұйымдастыру, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен  емдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру  үшін  интернат-үйінде тұратындар бөлімшелер мен бөлімдерге денсаулық жағдайына, жасына, жынысына, кәсібіне, жеке мүшелеріне қарап орналасқан.                                                                                                                                                                                                                    

  ІІ тарау. 3. Егде жастағы психофизиологиясының өзгеруі.

Психологияда өмірдің кеш кезеңінің анықтамасы жоқ.

Ереже бойынша ғалымдар барлық психологиялық және медициналық жағдайы бірдей емес, егде кезең тобына 60-тан 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық  бейімделуді және осы арқылы психологиялық өзін жақсы сезінуді бұзу маңызды проблемалардың бірі болып табылады.

Қартаю процесінде байқылайтын психикалық өзгеріс орталық нерв  жүйесіндегі инновация процесімен байланысты.

Қартаюдың  басталуының  жан-жақты  және жалпы  белгісі болып реакция беру уақытының айтарлықтай  ұлғаюы болып табылады. Бұл манадан  көрінеді: күштің азаюында және өмір сүргіштіктің  негізгі  процесінің  қозғалысында, сенсорлық  функцияның көбін жаулап алғандықтан моторикада да, жаңа қабылдауда, есте адамдардың  барлық мінез-құлқында,  өзгермелі  жағдайда бейімделуінен психологиялық өзгерістредің  себептері (Биррен).

Қартаюдың  алғашқы кезі (сыртқы) – бұл хроникалық  аурулармен ауланбайтын орташа процесс. Қартаюдың  екінші кезі (ішкі) – қартаю мидың  функцияларына әсер ететін денсаулықтың патологиялық нашарлауы мен және әртүрлі хроникалық аурауларымен байланысты.

Бұл процестің екеуіне де өмір стилі стресстер моральды-этикалық принциптер әсер етеді.

Қартаю кезіндегі күштің өзгеруі мен психикалық  процестердің  қозғалысы нашар  индивидуальды  мінездің  психикалық қызметінің  өзгеруі негізінде қартаюға гетерохрондық сияқты естің интеллекттің, өмірлік тәжірибенің индивидуальды сананың, тұлғалық сапаның бұзылуы жатады. Бұл жеке мехнизм  компенсациясы мен жасерекшелік өзгерістерін  бейімделудің формалдануына әкеледі.

Қарттық жас – қартаю процесі ашық көрінетін,  онтогенездің  аяқталу кезеңі.

Қазіргі кезде қартаюдың  әртүрлі  анықтамалары бар. Авторлардың  кейбіреулері  қартаюды  клеткалық заттың  физико-химиялық  құрылым өзгерісі  есебінен  реактивті  клеткалардың  біртіндеп  әлсіреуі деп қарайды. Басқаларының ойынша, қартаю ішкі және сыртқы  ортадан  қорғанудың мінез-құлықтың  физиологиялық,  биохимиялық  төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды  өмір сүруінің және қорғанудың  төмендеуіне  әкелетін мінез-құлық пен организмнің  есейген сайын өзгеруі.

Қартаю – бұзушы процесс. Ол организмнің адаптациялық  мүмкіндіктерінің  азаюына  әкеледі. Қартаюшы  организмның  адаптациясының  төмендеуінің  себебі барлық  функциялдардың  жүйесінің  әлсіреу – нервтік, эндокриндік, иммундық, тыныс алушы, ас қорытушы және тағы басқа.

Қартаю процесі организмге  аталған  жасерекшелік өзгерістерге әкелетін, генетикалық проблемаланған  процесс. Геронтогенез  кезеңінде  біртіндеп организмдерінің  әсіресе, ішкі тітіркендіргіш  процесі әлсірейді. Ең көп сақталғаны тамақ рефлексімен салыстырғанда қорғану шартты рефлекс екен. Қартаю кезеңінде барлық өзгерістердің индивидуальды мінез-құлық болады.

Жеке  тұлға ретінде  қартайған адамның  мінезінің  қиын және қарама-қайшы болуы биологиялық  құрылымы  және жаңа білімнің  сандық және сапалық өзгерістерімен байланысты. Организм  жаңа шарттарға бейімделді, оның  өмір  сүру қызметін, қартаюын деструктивті (бұзушы, қарама-қайшы)  көріністерін  өткізуге мүмкіндік беруін сақтайтын  организмның  әртүрлі  жүйелері  белсене түседі.

 Қартаю — өте қиын процесс. Оның пайда болуы организм қатарының  барлық деңгейін де бақыланады.

 Ең бірінші, жалпы организмның  бұл деңгейін біз адамдармен қарым-қатынаста визуальды байқаймыз. Қартайғанда адамдардың  шашы сиреп, терісі  әжімделіп және серпілгіштігін жоғалтады, бойы кішірейіп, көру мен есту  нашарлап, дауысы «отырып», қорлыққа болады да, жоғары мидан бөлінгіш жоғалтады, төс клеткаларының  формалары өзгереді.

Психологияда мінез де,  құлық та – ал бұның  бәрі  организмге  жататындықтан  нәтижесіз қарым-қатынаста бақыланатын өзінің  өзгерістері пайда болады. Қызығушылық  біркелкі және уақыт пен ақыл-ой не дене еңбегіне көп күш жұмсалуымен байланысты болады.

Сараңдық, тәуелділік, сыйымдылық, өмір сүруге қабілетсіздік сияқты  кемшіліктер жас кезінде де болып, бірақ алдындағылар оған шыдамды болған болса, енді ол  үлкейіп оған ортасы шыдамсыз болып келеді.

Егде кісінің зейіні өзінің санасы мен  уайымынан қысқарады да, және сол арқылы басқаларды қызықтырғысы келеді.

Еңбектен кейінгі кезеңдегі бейімделудің факторы ретіндегі егде адамдардың тұлғалық (жекелей) ерекшеліктері

Егде жастағы бейімделудің ерекшеліктері

Бейімделу дәрежесін зерттеу үшін К.Роджерс және Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделуді диагностикалау әдістемесі қолданылды.

Бейімделудің интегралдық көрсеткішін талдау негізінде сынақтан өтушілердің 3 эксперименталды топтары белгіленді:

  1. Бейімделуі жоғары деңгейдегі зейнеткерлер – А тобы.

Бейімделу көрсеткішінің шамасы 66-дан 72 баллға дейін (М=67).

  1. Бейімделуі орта деңгейдегі зейнеткерлер – В тобы.

Бейімделу көрсеткішінің шамасы 49-дан 65 баллға дейін (М=56,6).

  1. Бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлер – С тобы.

Бейімделу көрсеткішінің шамасы 38-ден 48 баллға дейін (М=541,3).

Эксперименталдық топтар арасындағы бейімделу деңгейіндегі айырмашылықтардың шамасы стьюденттің t-критерийі арқылы тексеріледі. P≤0,01 кезінде А және В, В және С, А және С топтары арасындағы айырмашылықтар статистик елеулі болып келеді. Сонымен, егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңдегі бейімделудің әртүрлі дәрежесімен сипатталады деген тұжырым жасау мүмкін.

Егде адамдардың көпшілігіне бейімделудің  орта дәрежесі тән (65%). Бейімделуі жоғары дәрежедегі  зейнеткерлер 19%, ал бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлердің тобы 16%-ды құрайды.

Еңбектен кейінгі кезеңде бейімделуі әр түрлі дәрежедегі егде адамдардың тұлғалық  (жекелей) ерекшеліктері.

Сынақтан өтуші эксперименталдық топтардық өзіндік сана – сезімінің ерекшеліктері.

А тобы (бейімделудің жоғары деңгейі.

«Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелер берілген топтағы сынақтан өтушілердің көпшілігі өзіндік қабылдаудың жоғары және орта  деңгейіне ие екендігін көрсетті (33%). А тобының сынақтан өтушілерінде «Өзіндік қабылдау» шкаласы бойынша төмен көрсеткіштер анықталған жоқ.

Сонымен бейімделуді жоғары деңгейдегі егде адамдар өздерінің қиын жағдайларды жеңу қабілеті  мен өздерінің сыртқы көрінісін жоғары бағалайды және өздерін қызықты тұлға ретінде санайды.

Жыныстық айырмашылықтарды зерттеу кезінде мынадай жәйттер анықталды: бейімделуі жоғары деңгейдегі әйелдер еңбектен кейінгі кезеңде өздеріндегі өзіндік қабылдаудың жоғары және орта деңгейдегі бірдей дәрежеде анықтаған (50% және 50%).

Адамның өзін — өзі көру туралы түсінігін қанық зерттеу үшін «Тұлғалық дифференция» әдістемесі қолданылды. ТД арқылы алынған мәліметтерді интерпретациялау 3 фактор бойынша жүргізілді:

— Бағалау (Б1)

— Күш (К)

— Белсенділік (Б2) .

Стандарттық нормаға сәйкес әрбір фактор бойынша 5 деңгей шығады:

— Өте төмен (7-13 балл)

— Төмен (14-20 балл)

— Орта (21-34 балл)

— Жоғары (35-41 балл)

— Өте жоғары (42-49 балл).

Барлық факторлар бойынша бірде – бір топта өте төмен шамалар анықталған жоқ, сондықтан нәтижелерді интерпретациялау кезінде бұл категория зерттелмеді.

Нәтижелер бағалау факторы бойынша өзін құрметтеу деңгейі туралы, күш факторы бойынша тұлғаның жігерлік жақтарының дамуы және белсенділік факторы бойынша тұлғаның экстравертирлендігі туралы куәлік береді.

А тобындағы нәтижелерді талдау кезінде (бейімделудің жоғары деңгейінде) бірде – бір фактор бойынша (бағалау, күш, белсенділік) төмен шамалар  анықталған жоқ және де олар «Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған  мәліметтермен  корригацияланады.

Факторлар  бойынша нәтижелерді талдау келесі  ерекшеліктерді анықтады: берілген топтағы сынақтан    өтушілердің көпшілігінде күш факторы бойынша өзін бағалаудың тиімді деңгейі табылған (58% — орта шамалар , 17% — жоғары) . Сонымен бірге өте жоғары шамалар да кездеседі (25%).

Бұл жағдай еңбектен кейінгі кезеңде бейімделудің жоғары деңгейіне ие егде адамдар өздеріне сенімді және тәуелсіз екенін, қиын кезеңдерде өз күштеріне жүгінетіндерін көрсетеді.

А тобында бағалау факторы бойынша сынақтан өтушілердің үлкен бөлігінің шамалары тиімді деңгейге жатқызылады (жоғары шамалар – 50%, орта — 25%). Сонымен бірге өте жоғары шамалар да кездеседі (25 %), яғни сынақтан өтушілер өздерін тұлға ретінде қабылдайды, әлеуметтік – қалаулы және оң сипаттамалары тасымалдаушы ретінде түсінеді.

Белсенділік факторы бойынша орта (42%) және жоғары (35%)  шамалардың көп саны бар. Өте жоғары шамалар сынақтан өтушілердің 28% да кездеседі. Алынған нәтижелер бейімделу деңгейі жоғары егде адамдардың жоғары белсенділігін және ашықтығын көрсетеді. Фишердің Q – критериі арқылы  статистикалық өңдеуді  жүргізу  кезінде (шамалар деңгейі 0,05) күш және бағалау факторлары бойынша  елеулі айырмашылықтар анықталды. Эксперименталдық  А тобындағы  сынақтан өтушілерде күш факторы бойынша  орта шамалар, ал бағалау факторы бойынша жоғары шамалар көбірек. Осыған негіздеме жасай отырып, бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдар өздерінің әлеуметтік – қалаулы сипаттамаларын, өздерін тұлға ретінде  өздерінің жігерлік қасиеттеріне қарағанда биік бағалайды деген тұжырым жасау мүмкін. Демек, бейімделуі жоғары деңгейдегі  адамдар еңбектен  кейінгі  кезеңде  өздерінің  әрекеттерінің  нәтижесі  деп және оларды басқара аламыз деп есептейді. Сонымен, олар сол  оқиғалар үшін  және жалпы өмірдің  барысы үшін жауапкершілік-айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан елеулі емес.

 

Өзіндік  бағалудың  әртүрлі деңгейлердегі В тобының сынақтан өтушілерінің көрсеткіштері (факторлар бойынша, %)

Деңгейі

Факторлар

Төмен

Орта

Жоғары

Өте жоғары

Күш

5

75

17

2,5

Бағалау

2,5

62,5

10

25

Белсенділік

7,5

60

22,5

10

 

Факторлар бойынша нәтижелерді талдау күш факторы бойынша В тобындағы сынақтан өтушілерде өзіндік бағалаудың тиімді деңгейі бар  екендігін көрсетті (75%- орта, 17%-жоғары). Сонымен бірге, шамалардың төмен (5%) және өте жоғары деңгейлері де (2,5%) кездесіп тұрады.

Бағалу факторы бойынша өзіндік бағалаудың адекваттық деңгейі басым (62,5%-шамалардың орта деңгейі, 10% — шамалардың жоғары деңгейі). Сынақтан өтушілердегі төменгі көрсеткіш 2,5%-ды құрайды. Өте жоғары көрсеткіштер 25%-ға сәйкес келеді.

Белсенділік факторы бойынша тиімді шамалардың мөлшері мынадай: орта — 60%, жоғары – 22,5%, төменгі – 7,5%, ал өте жоғары шамалар — 10%.

 Q – критерийі арқылы  (P≤0,01) статистикалық өңдеу кезінде шамалардың «өте жоғары» деңгейде күш және бағалау факторлары бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды.

В тобындағы сынақтан өтушілер өздерінің әлеуметтік  қасиеттерін асыра жоғары бағалау тенденциясына ие.

С тобы (бейімделуі төмен деңгейлері)

«Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелер  берілген топтағы сынақтан өтушілердің  көпшілігінде  өзіндік қабылдаудың төмен деңгейі (70%) бар екендігін  көрсетеді. Сынақтан өтушілердің бір бөлігінде  өзіндік қабылдаудың орта деңгейі (30%) болады да, ал сол  шкаласы бойынша жоғары шамалар анықталмаған.

Сонымен, бейімделуі  төмен деңгейлердегі  егде адамдар өздерінің сыртқы көрінісін  күрт түрде бағалайды және өздерін ешбір салада ашыла алмаған деп есептейді.

Өзіндің қабылдаудың әртүрлі деңгейлеріндегі С тобының сынақтан өтушілерінің көрсеткіштері (факторлар бойынша, %)

Деңгейі

Факторлар

Төмен

Орта

Жоғары

Өте жоғары

Күш

60

40

0

0

Бағалау

10

80

10

0

Белсенділік

20

80

0

0

 

С тобының нәтижелерін  талдау кезінде бірде-бір  фактор бойынша өте жоғары шамалар анықталған жоқ және бұл жағдай «Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған  мәліметтерге коррекцияланады. Жоғары шамалар тек бағалау факторы бойынша (10%) кездеседі.

Күш факторы бойынша сынақтан өтушілердің көпшілігінде төмен шамалар (60%) болып, орта шамалар да (40%) кездесіп тұрады.  Бағалау жеке белсенділік факторлары бойынша орта шамалардың саны барынша (80%) көбірек. Бағалау факторы бойынша төмен шамалар сынақтан өтушілердің 10% да, белсенділік факторы бойынша 20 % да кездеседі.

Сонымен, С тобындағы сынақтан өтушілерде өзіндік бағалаудың орта төмен шамалары басымырақ. Әсіресе бұл топтағы сынақтан өтушілер өздерінің жігерлік қасиеттерін төмен бағалайды.

Сонымен, төмендегідей тұжырым жасау мүмкін: еңбектен кейінгі кезеңде бейімделуі төмен деңгейдегі егде адамдарға өзіндік бағалаудың төменгі және орта деңгейлері тән. Олар жиі өздерін сынайды, мінез – құлықтарына және жетістіктерінің деңгейіне қанағаттанбайды. Бұл топтағы ерлер өздеріндегі сенімді және қиындықтарды жеңу қабілеттерін төмен бағалайды, ал әйелдер өздерін жалпы тұлға ретінде төмен бағалап жүреді.

Бұл топтың адамдары өз өміріндегі оқиғалардың көпшілігін кездейсоқтық немесе басқа адамдардың әрекеттерінің нәтижесі деп біледі.

Сынақтан өтушілердің топтары бойынша өзіндік сана – сезімінің көрсеткіштерін салыстырмалы түрде талдау  елеулі ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді:

  1. А тобындағы сынақтан өтушілер (бейімделуі жоғары деңгейдегі) В тобындағылар (5 %) және С тобындағылармен (0%) салыстырғанда өзіндік қабылдаудың жоғары деңгейімен (67%) сипатталады.

          В тобына (5%) және А тобына (0%) қарағанда С тобында төмен шамалардың саны көп (70%).

  1. Күш факторы бойынша ) Тұлғалық дифференциялдың өте жоғары (25%) және жоғарғы (17%) шамалары А тобындағы сынақтан өтушілерде жиірек кездеседі, ал С тобындағыларда 0 % тең.

          С тобындағы оларда А тобындағыларға қарағанда (0%) төмен шамалар көп (60%).

          Бағалау сипаты бойынша С тобындағыларға қарағанда (10%) А тобында жоғары шамалар (50%) жиі болады.

          А тобымен салыстырғанда (6%) С тобында бағалау факторы бойынша төмен шамалар жиірек (10%) кездеседі, ал орта шамалар да А тобымен салыстырғанда (25 %, Q*=2,72; Р≤0,01) жиі (80%) болады.

          Белсенділік факторы бойынша А тобында өте жоғары (25%) және жоғары (33%) шамалар көбірек, ал С тобында жоқ (%).

         А тобына қарағанда (6%) С тобында төмен шамалар басым (20%). С тобының сынақтан өтушілері интерналдықтық жоғары деңгейімен (50%) сынақталады.

          С тобындағыларда интерналдықтың төмен деңгейі жиі кездеседі (60%), ал А тобындағыларда  0% ды және В тобындағыларда 7,5% ды құрайды (Q*=3,44; Р≤0,01).

          Сонымен, А тобындағылар жалпы алғанда тұлғаның орнығу үшін әлдеқайда тиімді өзіндік бағалауға ие және өмірге деген  сенімдірек, саналырақ қатынаспен сипатталады.

 

ІІІ тарау. 1. Эксперименталдық топтағы сынақтан өтуші тұлғалардың себептік-қажеттік сферасының өзгешеліктері

Себептік – қажеттік сфераны зерттеу үшін аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі қолданылуы (қосымша материалды қараңыз).

Нәтижелерді талдау келесі категориялар бойынша өткізіледі:

  1. Болашақ туралы сөйлеу (1, 2, 9, 13).
  2. Өткен уақыт туралы сөйлеу (3, 4).
  3. Зейнеткерлікке шығу туралы сөйлеу (6, 7).
  4. Туысқандарға байланысты сөйлеу (8).

Кәрілікке қатынас көрсетілген сөйлеу.

А тобы (бейімделуі жоғары деңгейлердегі) – қосымшаны қараңыз

  1. Болашақ туралы сөйлеулердегі жауаптарда сынақтан өтушілер тарапынан жетістіктерді  күту — 29%, («Машина жүргізуді үйренемін»), қоғам проблемаларына  қызығушылық — 21% («Егер елдегі жағдай жақсы болса, мен қуанамын»), алдыңғы өмір деңгейін сақтап қалуға үміт — 21%, («Алдыңғыдай белсенді болуға үміттенемін»), туысқандар туралы ойлау — 13% («Болашақтағы менің өмірім – ол менің балаларымның өмірі») жиі кездеседі.
  2. А тобындағылар өздерінің өткен өмірін бағалай отырып, өмірге қарай отырып, ойлағандарына жеткендігін — 54%. («Өткен өмірге қарай отырып, оның бекер өтпегендігі  туралы ойлаймын», «Неге ұмтылған болсам, сол іске асық»), өз жоспарларымның жартылай орындалғандығын — 21% («Жақсы отбасы құрдым, бірақ балаларға аз уақыт бөлдім») атап көрсетеді.

А тобындағы егде адамдардың 17% өздерінң өткен кездегі мақсаттарының және  ұмтылыстарының  қате болғандықтарын («Мәні жоқ нәрсеге ұмытылған  екенмін»)  мойындайды.

  1. Зейнеткерлікке шығуға тиісті егде адамдардың пікірлерін талдау олардың 25%-ның  қобалжығанын, ал 21%-ның  қуанғандығын көрсетеді.

Сұхбат  арқылы алынған  қосымша  мәліметтер А тобындағы сынақтан өтушілер үшін мүдделердің әртүрлілігі сипатты екенін белгілейді.

Олардың ішінде кітап оқу 83%, серуендеу 75%, спорт 25%,  әңгімелесу 33%, достар және туыстармен осы топтағы егде адамдарға зейнеткерлікке  шығуды   сабырлы  қабылдауға көмектеседі деп ойлауға мүмкіндік береді.

  1. Туыстармен қатынастарға  байланысты  сөздерінде  сынақтан  өтушілердің 75%-ы жақындарынан  қолдау күтеді («Мен туыстарымның әрқашан  қасымда болуын қалаймын»).

«Басқаларды қабылдау»  шкаласы  арқылы алынған  нәтижелерді  талдау кезінде  А  тобындағылардың 58%-ы басқаларды екендігі  анықталды, демек  қабылдауға ұмтылыс  пен аффилиацияға  үлкен үміт  бар. Оларға  басқа  адамдар  жалпы  алғанда  ұнайды, олармен арақатынастары жала  және достық деңгейде. Сұхбат арқылы алынған мәліметтер осы топтағы зейнектерлердің 67%-ның  араласудан  толық қанағаттанғандығын, 25%-ның қанағаттанғандығын, бірақ қазір  алдыңғыдан кем  араласып  тұруына (қатынас шеңбері тарылған) және                8%-ның   араласуға уақыты жетпейтіндігін  көрсетеді.

Сонымен қатар,  қатынас  шеңберінің  таралуына  қарамастан  бейімделуі жоғары  деңгейдегі  егде  адамдар  басқа  адамдармен  арақатынастарына  қанағаттанады.

  1. Кәрілікке өз  анықтамаларына  бере отырып,  сынақтан  өтушілердің          33%-ы кәрілік – жақындар туралы қамқорлық деп мәлімдейді («Мен үшін кәрілік – бұл өз өмірімді  бағалау мүмкіндігі»).
  2. Өмірдің ең үздік  кезеңдері деп А тобының 42%-ы оқу жылдарын, 33%-ы қазіргі  уақытты,  ал 25%-ы  жасөспірімдік  шақты белгілейді. Жалпы  алғанда  бұл егде  жастағылар  үшін тән жағдай.

В тобы (бейімделуі орта  деңгейлері)

  1. Болшақ туралы айтқан кездегі сынақтан өтушілердің  жауаптарында жиі  тұрмыстық  проблемалар — 20% («Мен үйді  жөндеуден өткізбекшімін»), алдыңғы  өмір  деңгейін  сақтап  қалуға  үміт — 19% («Мен бұдан кейін де осылай өмір сүрсем қуанамын»), денсаулық туралы ойлар — 14% («Мен денсаулығымның  жақсы болуын қалаймын, бұл өмірдегі  ең басты жағдай»), туыстар туралы ойлар — 10% кездеседі. Егде  адамдардың  9%-ы болашаққа  үмітпен қарайды («Мен кейінгі өмірдің  қазіргіден  жақсы болуын күтемін»).
  2. В тобындағылар өздерінің өткен өмірін бағалай  отырып келесі  мәліметтерді келтіреді: өздерінің  мақсатттарын  жартылай іске асырғандар — 38%, өздерінің  ұмтылыстары мен мақсаттарының  қателегін  мойындағандар — 35%, ойларын іске асырғандар — 15%.
  3. Зейнеткерлікке шығу туралы сөздерді талдау, бұл жағдайға сынақтан  өтушілердің  65%-ы жайбырақат  қарағандығын, 25%-ы қайғырғандығын және  10%-ы  қуанғандығын көрсетті.

Сұхбат  арқылы  алынған  мәліметтер В тобындағылар әртүрлі қызығушылықтардың  тән екендігін  анықтады (оқу, радио, теледидар, кино, балық аулау, достарымен кездесу, үй жануарлары және тағы басқа). Бұл жағдай  зейнеткерлікке  шығуға  деген жайбырақат  қатынас үшін маңызды болып табылады.

  1. Туысқандармен қатынастарға  байланысты пікірлерінде  сынақтан  өткізушілердің  57%-ы жақын  адамдарына қамқорлық көрсеткісі келеді, ал 25%-ы  жақындарынан  қолдауды  күтеді. Кейбір  жауаптарда жалғыз қалу  қорқынышы көрініп тұрады — 25%-ы («Егер  менің  туыстарым  менімен  бірге  тұрса және мені  ұмытпаса мен өте қуанышты болар едім»).

«Басқаларды қабылдау» шкаласы арқылы алынған  нәтижелерді  талдау  кезінде  В тобындағылардың 78%-ы  басқаларды  қабылдаудың  орта  деңгейіне  ие  екендігін анықтанды. Сынақтан  өтушілердің  10%-ы  басқаларды қабылдаудың  жоғарғы  деңгейі,  ал 12%-ы төмен  деңгейі белгіленеді. Демек,  бейімделуі  орта  деңгейдегі  адамдар үшін  басқаларды  қабылдауға  деген  ұмтылыс  сипатты.

Сұхбат  барысында егде  адамдардың  73%-ы  қазіргі  уақытта  кем  араласатынына  өкініш  білдерген,  бірақ  жалпы  араласуға  қанағаттанады. Олардың 15%-ы басқа  адамдармен ара қатынастарына көңілдері толады, ал          12%-ы сол қатынас жетіспейді деп есептейді.

  1. Кәрілікке деген көзқарас орын алған пікірлерде В тобындағылардың  27,5%-ы  кәрілікті  жақындары туралы қамқорлық, 17,5%-ы  сырқаттар деп санайды. Сынақтан  өтушілердің  20%-ның   жауаптарында  өлімнен  қорқыныш бар, ал 25%-ы  кәрілікті  жұмыстан  демалу деп есептейді.

Бейімделуі орта  деңгейдегі  егде  адамдар өз  өмірлерінің  жақсы кезеңі ретінде  балалық  шақты (30%), оқу  жылдары (30%), жастық шақты (27,5%) және қазіргі уақытты (12,5%) атап көрсетеді.

С тобы бейімделуі төмен деңгейлер

  1. Болашақ туралы айтылған жауаптарда өзгерулерді күтпеу — 30% («Болашақта менің  өмірім өзгермейді»)  қиыншылықтарды күту 22,5% («Болашақта менің өмірім қиындай түседі»),  тұрмыстық проблемалар – 17,5% жиі кездеседі. Денсаулық туралы ойлар 15% сынақтан  өтушілердің  жауаптарында   орын алған. «Жетістіктерді күту»  категориясы  бейімделуі  төмен  деңгейдегі  сынақтан  өтушілердің  жауаптарында кездеспейді.
  2. Өткен өмірлерін бағалай  отырып  С тобындағылардың  40%-ы қолдана  келген  жұмыстарын  істемегендігі  туралы айтады. («Өз өміріме  қарай  отырып, мен оны жақсырақ және  көңілдірек өткізуіме боларын ойлаймын»). Олардың  30%-ы  жетістіктерге  қарағанда  сәтсіздіктердің көп болғанын («Өткен өмірге  қарай олтырып, көп  сәтсіздіктердің болғанын ойлаймын»), 15%-ы  өздерінің өткен  уақыттағы  мақсаттары мен  ұмтылыстарының  қате  болғандығын, 10% ойларын жартылай іске  асырғандығын атап көрсетеді. Тек 5% ғана   өздерінің  мақсаттарына  жеткендіктері туралы жазады.
  3. Зейнеткерлікке шығуға қатысты пікірлерді талдау кезінде  егде  адамдардың  60%-ы бұл жағдайды  ауыр  өткізгендігін 30%-ы   жайбырақат  өткізгендігін  және 10%-ы  қуанғандығын көрсетеді. Сұхбат  кезінде С тобындағы  сынақтан өтушілер  үшін пассивтік  қызығушылықтар (теледидер көру, тоқу,            оқу )сипатты  екендігі анықталады, ал көбісі  өздерінің  сүйікті  жұмысы  жоқ екендігін атаған. Демек,  қызығушылықтың  болмауы зейнеткерлікке  шығу  процессін  қиындатады, өйткені  еңбектің орны компенсацияланбайды.
  4. Туыстар мен қатынасқа байланысты пікірлерінде сынақтан  өтушілердің 50%-ы жақындарынан  қолдау күтеді, ал 30%-ы жалғыз қалудан қорқады. Жауаптарың 20%-ы  туысқандарға  қамқорлық көрсете біледі.
  5. «Басқаларды қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелерді талдау кезінде С тобындағылардың 60%-ы басқаларды қабылдаудың төмен деңгейіне  ал 40%-ы орта деңгейіне ие екендігі анықталды, яғни бұл  топтағы адамдар басқалармен қызу қатынас жасамайды және өздерін  қоршаған адамдарға  достық сезімдері  бола бермейді. Сұхбат  нәтижелерін  талдау бейімделуі  төмен  деңгейлердегі  адамдардың  70%-ы қоршаған адамдармен  қатынастарына  көңілдері  толмағандығын көрсетеді, немесе 30%-ы  қанағаттанғандығын, бірақ қатынас шеңберінің  таралғандығын  белгілейді. Кәрілікке  өздерінің  анықтамаларын бере отырып, С тобының  адамдарының  40%-ы кәрілікті  ауыр жүк, 20%-ы  өлімнен қорқыныш, 30%-ы сырқаттар деп  есептейді. Бейімделуі төмен деңгейлердегі егде адамдар өмірінің  жақсы кезеңі ретінде балалық шақты (40%), жастық шақты (40%) және тек 10% ғана қазіргі уақытты есептейді.

Себептік-қажеттілік шеңберіндегі  ерекшеліктерін салыстырмалы  талдау  елеулі  өзгешеліктерді  анықтауға мүмкіндік береді.

  1. А тобындағылардың болашақ туралы  пікірлерінде  жетістіктерді күту жиі кездеседі (29%), В тобындағыларда ол көрсеткіш (9%), ал С тобындағыларда 0%. В тобында  жауаптардың 20%-ы тұрмыстық  проблемаларға  байланысты, ал А тобында 4% болады.
  2. Өткен өмір туралы пікірлерде А тобындағылардың 54%-ы  өз ойларын іске асырғандығын  көрсетеді. В тобында бұл көрсеткіш 15%. Ал С тобында 5%. С тобындағылар А тобы (0%) және В тобындағылармен (6%)  салыстырғанда  сәтсіздіктердің  жетістіктерден  басым болғандығын атап көрсетеді. Сонымен бірге олар (46%) В тобындағыларға қарағанда (1%) қолынан  келген  жұмыстарды  жасай  алмағандықтары туралы жиі  жазады. В тобындағылардың 38%-ы өз ойларын жартылай іске  асырғандықтарын атап көрсетеді, ал С тобындағылардың сол көрсеткіші (10%).
  3. Зейнеткерлікке шығуға  байланысты пікірлерде  С тобындағылардың 60%, А тобындағылардың 25%, В тобындағылардың 25% қобалжығандарын атайды.
  4. Туыстарға қатынасты баяндалған А тобының 75%, С тобының 20% жақындарына  қамқорлық жасауды ойлаған.

       С тобындағы егде адамдар (30%) А тобындағыларға (0%) қарағанда жалғыз қалудан жиі қорқады.

  1. Кәрілікті тұжырым  жасау  ретінде А тобының 17%, В тобының 2,5% қабылдаған. С тобындағылрадың бұл көрсеткіші 0%. А тобының 25% кәрілікті  өмірдің  бір кезеңі, ал 17% еңбектен демалу деп есептейді. С тобындағылардың бұл көрсеткіштері 0%-ға тең.
  2. С тобының 40%-ы кәрілікті ауыр жүк деп біледі, ал А тобында бұл көрсеткіш 0%, В тобында 10% болады.

        Жақындарға қамқорлық ретінде кәрілікті  анықтау С тобында сирек (10%) болады, ал А тобында және В тобында орта болады.

  1. «Басқаларды қабылдау» шкаласы бойынша елеулі айырмашылықтар анықталады. А тобындағылар жиірік (58%) басқаларда қабылдаудың жоғары деңгейіне ие, ал С тобында (0%) және В тобында (10%). А тобындағы көрсеткіш ????15бет

Басқаларды  қабылдаудың төмен деңгейі С тобындағылардың 60%-на тән. В тобында 12,5%, А тобында 0%.

Сонымен, бейімделуі жоғары деңгейдегі  егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңде болашаққа сенімділеу қарайды, өткенді оң бағалайды және басқаларды қабылдаудың жоғары деңгейіне ие.

 

ІІІ тарау. 2. Экспериментелдық топтардағы  сынақтан өтушілердің эмоционалдық  шеңберінің ерекшеліктері

А тобы  (бейімделудің жоғары деңгейіндегілер)

«Эмоционалдық комфорт» шкаласы арқылы эмоционалдық шеңберді зерттеу кезінде бұл топтағы  сынақтан  өтушілердің 58%-ы жоғары және 42%-ы орта эмоционалдық комфорт деңгейлері анықталды. Демек,  А тобындағы адамдар  сабырлы, байсалды және оптимист. Қорқыныштарды  зерттеу  кезінде сынақтан өтушілердің 42%-ын туыстар  проблемасы толғандырғандығы  белгіленді («Мен өмірде  балалардың бір нәрсесі  ойдағыдай болмай қалды ма деп қорқамын?»). Сынақтан  өтушілердің  25%-ы үлгермеушілік  қорқынышымен, 17%-ы қоғамдық проблемаларды  ойлаумен сипатталады («Мен  нәтижесінде  ауа-райы өзгере ме деп қорқамын?») Теріс эмоцияларды келтіруіші  факторлар зерттеу кезінде қалау мен болмыс  арасындағы сәйкес келместік (33%), туысқандардың проблемалары (25%), өткен өмірді  ойлау (17%) атап көрсетілген. Сонымен бірге басқа да себептер кездеседі — 17% («Ауа райы бұзылған кезде менің көңіл-күйім де төмендейді»). Сұхбат арқылы зейнеткерлікке шығу процесіне эмоционалдық  көзқарасты  зерттеу  барысында бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдардың  зейнеткерлікке  шыққан соң өмір тәрізді де көптеген оң өзгерсітерді көруі анықталған. Олардың  ішінде туыстармен жиі араласу, достармен жиі болу, көп оқу, демалу, денсаулықты қадағалу және тағы басқа мүмкіндіктері аталды.

В тобы (бейімделудің орта деңгейіндегілер)

«Эмоционалдық  комфорт» шкаласы арқылы эмоционалдық шеңберді  зерттеу кезінде  сынақтан өтуішілердің 75%-да  эмоционалдық комфорттық орта деңгейі  анықталған. Сонымен бірге, 10%-да жоғары және 15%-да төменгі деңгейлер кездеседі.

Қорқыныштарды зерттеу кезінде сынақтан  өтушілердің 45%-ы  туысқандар проблемасы, 17,5%-ы денсаулық проблемасы, 12,5%-ы қоғам проблемалары толғандырғандығы анықталған. Сынақтан өтушілердің 10%-ы артық жүк болу қорқынышы кездеседі. В тобындағы сынақтан өтушілердің 30%-да туыстар проблемасы  теріс эмоцияларды, ал 25%-ы өткен өмірдің  естеліктері теріс эмоцияларды келтіреді («Мен жалғыз қалғанда көңіл-күйім төмендейді»). В тобындағылар  зейнеткерлікке  шығуына байланысты әрі оң, әрі теріс  эмоцияларды  материалдық  қиыншылықтардың пайда болу, араласу шеңберінің  тарылу және жалғыздық сезімінің пайда болу мүмкіндіктеріне байланысты.

С тобы (бейімделудің төменгі деңгейіндегілер)

«Эмоционалдық комфорт»  шкаласы бойынша  нәтижелерді  талдау  сынақтан  өтушілердің 70%-да  осы шкала  бойынша төмен  көрсеткіштерге  ие екендігі  белгіленді. Сынақтан өтушілердің 30%-ның  эмоционалық комфорт  деңгейі  орта болып шықты. Бұл нәтижелер  сынақтан  өтушілердің  қобалжып  жүргендерін  және қоршаған  ортаға  немқұрайлы   қарайтынын  көрсетеді. Қорқыныштарды зерттеу  кезінде  бұл топтағы егде  адамдардың  артықша жүк  болудан (30%), жалғыз қалудан (30%) және  денсаулық  проблемаларынан (20%) қорқатындығы  анықталған. С тобындағылардың  30%-да  өткенді  еске алу, 20% қалаумен  болмыстың  сәйкес келмеуі, 20%-да   туысқандардың  проблемалары, 20%-да сырқаттар теріс  эмоцияларды  келтіреді.  С тобының егде  адамдары  негізінен зейнеткерлікке  шығу  нәтижесінде  теріс  эмоцияларға  тап болады. Бұл эмоциялар  жалғыздық сезіміне,  қоғамға  қажетсіздік  сезіміне  және  отбасындағы   абыройдың  төмендеуіне  байланысты. Топтар  бойынша  эмоционалдық  шеңбер  көрсеткіштерін  салыстырмалы талдау  елеулі айырмашылықтарды  анықтауға мүмкіндік берді.

  1. А тобындағылардың 58%-на эмоционалдық комфорттың жоғары деңгейі тән, ал С тобындағы көрсеткіш 0% және В тобындағы көрсеткіш 10%. Эмоциоландық комфорттың  төмен деңгейі. С тобындағылардың 70%-ы  кездеседі. Ол көрсеткіш В тобында 15%, ал А тобында 0%.
  2. А тобында бір нәрсені істеп үлгермеу қорқынышы жиі кездеседі (25%), В тобында 7,5%. А тобындағылардың 42%-ы жақын адамдар туралы ойлау С тобына қарағанда (10%) жиі кездеседі.

Артықша жүк болу қорқынышы С тобындағылардың 30%-да кездеседі. В тобында бұл көрсеткіш, 10%, ал А тобының 17% және В тобында 12,5%, бұл проблемалар қызықтырады. Туыстар үшін қайғыру В тобының 45%-да кездеседі, ал  С тобындағы бұл көрсеткіш 10%.

  1. Теріс эмоциялар жалғыздық сезімі арқылы болған кезде С тобының 10%-ын қамтиды, ал А тобында 0%. Қалаумен болмыстың сәйкес келмеуіне байланысты теріс эмоциялар В тобындағылардың 12,5%-ы, ал С тобындағылардың 33%-ы кездеседі. Сонымен, бейімделуі  жоғары деңгейдегі  егде адамдарға эмоционалдық комфорттың  жоғары деңгейі тән, ал бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлерде ол салыстырмалы түрде төмен.

Тұжырымдар

Сонымен, біздің зерттеулер нәтижелері бойынша келесі  тұжырымдарды жасау мүмкін:

І. Егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңде бейімделудің әртүрлі дәрежесімен сипатталады. Тұлғалық ерекшеліктер (өзіндік сана-сезім ерекшеліктері, себептік-қажеттік және эмоционалдық шеңберлер ерекшеліктері)  бейімделу процессінің нәтижелегінің  факторы ретінде шығады.

ІІ. Бейімделуі  жоғары деңгейі  адамдар еңбектен кейінгі  кезеңде  өзіндік  бағалаудың  тиімді  деңгейіне (орта және қалаулық сипаттамаларын жоғары бағалайды). Олар өздерінің  өмірі үшін өздерін жауапты санауға бейім.

Бейімделуі төмен деңгейдегі егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңде өзіндік бағалаудың  төмен  және орта деңгейлерімен сипатталады, көбінесе олар өздеріне көңілі толмайды. Бұл адамдарда бақылаудың  экстериалдық локусы басым болады.

ІІІ. Бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңде өткен  уақытта  жетістікке  жеткендерін  бағалай алады. Олардың қызығушылықтары  әртүрлі  болады. Олар басқаларды қаыблдауын  жоғары деңгейіне  ие және өздерінің  ара қатынастарына қанағаттанады.

Бейімделуі төмен деңгейдегі  зейнеткерлер еңбектен кейінгі кезеңде болашақтың проблемалар мен  қиыншылықтарды күтеді немесе еш нәрсені күтпейді. Олар өткенді бағалай отырып қолдан келгенді  жасай алмағандығын атап көрсетеді. Бұл топ үшін пассивтік  мүдделер немесе сүйікті  жұмыстың  болмауы тән. Олар туыстарымен қатынас жасаған кезде оларды қолдау күтеді және жалғыздықтан қорқады.  Олардың қатынас жасауға көңілдері толмайды.

ІҮ. Бейімділуі жоғары деңгейдегі егде адамдар эмоционалдық комфорттың  жоғары деңгейіне  ие, яғни  олар  байсалды, сабырлы және оптимист. Оларды  туыстардың  және  қоғамның проблемалары  толғандырады. Бұл топтағы зейнеткерлердің  негізгі  қорқынышы өз жоспарларын іске асыра алмауда немесе  үлгермеуде жатыр.

Зейнеткерлікке  шығу  процесіне  деген  эмоционалдық  көзқарас оларда  байсалды болады, себебі  олар зейнеткерлікке  шыққан  соң өмірдегі  көптеген  оң  өзгерістерді көре алады. Бейімделуі  төмен  деңгейдегі  зейнеткерлер еңбектен кейінгі  кезеңде  эмоционалдық  комфорттың  төмен  деңгейінде  қалып қояды, яғни олар  үрейленеді,  қобалжиды немесе қоршаған ортаға  немқұрайлы сезімде болады. Олар бәрінен де артықша жүк болудан,  жалғыздықтан және  денсаулық проблемаларынан сескенеді.

Ү. Зейнеткерлікке шығу  алдындағы  және  зейнеткерлік жастағы егде адамдарды психологиялық қолдаушы арнайы  ұйым қажет, сонымен бірге  бейімделу  кезінде  қиыншылықтарға тап  болған зейнеткерлерге  психологиялық  жәрдем  көрсету  керек. Психологтың  жұмысы бейімделу  факторы болған тұлғалық ерекшеліктеріне сүйенуі мүмкін.

Адам  өмірінің  еңбектен  кейінгі  кезеңдегі  бейімділіксіз  профилактика  жасау бойынша жұмыстар.

Зерттеу  нәтижелері  бейімделуі төмен  деңгейдегі  егде  адамдардың тобымен  психологиялық  жұмыс жүргізу  қажеттілігін  көрсетті. Жұмыс бейімсіздік  профилактика жасауға  бағытталуы керек. Зейнеткерлікке  шыққан соң егде адамдарда  жаңа  құндылықтарды,  рольдерді, дағыдыларды игеру қажеттілігі пайда болады. Өмір тәрізді  өзгерген  және  қызметтің  еңбектік формасы тоқталған кезде олар қоршаған ортамен байланыстарын,  жарамдылықтарын және  өмірге  деген  қызығушылықтарын  мүмкіндік  барынша  ұзақ қолдап отыруы қажет.

Профилактикалық  жұмыс екі кезеңде  ұйымдастырылуы мүмкін:

І. Зейнеткерлікке шығуға дайындық.

ІІ. Еңбектен кейінгі кезеңде егде адамдармен жұмыс істеу. Әрбір кезеңде өзінің  мақсаттары мен оларды іске асыру тәсілдері болады.

І кезең

Дайындық кезеңі  зейнеткерлікке  шығудан алдын басталады.

Мақсат. Егде адамдардың зейнеткерлікке  шығу үшін оларды залалсыз және физикалық-психологиялық денсаулығын сақтаған  хәлда сол кезеңге  өтуі мынада жатыр: адам бастапқы кезде өмір тәрізі мен  статусының  өзгеру процесін  ойдан  өткізеді, яғни ол  шынайы  сол  уақытқа  дейін  стресстік  жағдайлар мен бейімделуге  дайын  тұруы қажет, соған үлгеруі керек.

Әлеуметтік-психологиялық жұмыстың негізгі формалары:

  1. Әлеуметтік-психологиялық ағартушылық:

Жұмыстың бұл формасы арнайы  әдебиеттер бойынша  жалпы  оқытуды  ойластырады. Бұл әдебиеттерде егде  жастың  ерекшеліктері туралы, негізгі  қиыншылықтар  туралы ақпарат  беріледі, себебі  зейнеткерлікке  шыққан адам осы проблемаларға тап болуы мүмкін.

 Бұл форма барынша ыңғайлы, бірақ жеке жандасудың  мүмкіндігі болмаған соң оның тиімділігі төмендейді.

  1. Кеңес беру.

Зейнеткерлікке  шығуға  дайындаудың  әртүрлі  мәселелері бойынша жекелей кеңес берулерді  ұйымдастыру қажет. Бұл әдістің негізгі жетістігі болып жекелей жандасу мен материалды берудің  ауызша  формасы болып табылады.

Кеңес беру процесінде  егде адамдарды  зейнеткерліктегі  өмір тәрізімен  таныстыруға мүмкіндік пайда болады, сонымен бірге ол зейнектерлікке бейімдеу процесін  қиындататын әртүрлі әлеуметтік-психологиялық проблемаларды шешуге жәрдем береді.

  1. Топтық жұмыс.

Арнайы жасалған  ережелер бойынша дайындық  топтарын құру керек. Топтарды жасақтау мен іріктеу  зейнеткерлікке шығуға теріс  көзқарастағы егде адамдардың есебінен  өткізілуі мүмкін.

Дайындық топтарын комплектация жасау принциптері:

  • Өндірістік, яғни фирмалар мен мекемелерде зейнеткерлікке шығуға дайындыққа жүргізу. Бұл принцип ұйымды іс-шарамен қамтамасыз етеді және топ мүшелерінің бір-бірімен  танысуына байланысты алғашқы кезеңді жеңілдетеді. Бірақ,  бұл принциптің де әлсіз жақтары бар, өйткені егде адамдарға қатынас шеңберін кеңейтуге және жаңа әлеуметтік  байланыстарды орнатуға мүмкіндік беріледі.
  • Территориалдық принцип (тұрғылықты жерді есепке алған жағдайда).

Бұл принциптің үстемдігі оның жақын арада тұратын адамдарға үздіксіз байланыста болуына мүмкіндік жаратады.

Дайындық топтарын жасақтау  аталған принциптердің  кез келгені бойынша  жүргізілуі мүмкін.

Топтардың  ерекшеліктеріне қарай жұмыс бағдарламаларының мазмұны  әртүрлі болуы мүмкін. Бұларға коммуникативтік  тренинг,  өзіне  сенімділік беру, креативтік және  сенотивтік  тренингтері жатады.

Жұмысытң  бұл формасы болашақ зейнеткерлердің ұжымға интеграциялауына жағдай жасайды, ал ол бейімделу процесіне оң ықпал етеді.

ІІ кезең

Еңбектен кейінгі  кезеңде егде адамдармен  жұмыс істеу.

Мақсаты: Еңбектен  кейінгі  кезеңде  зейнеткерлердің  бейімделуі үшін  әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасау.

І. Жұмыстың негізгі бағыттары:

  1. Бейімделуі нашар егде адамдармен зейнеткерлік кезінде жұмыс істеу.
  2. Егде адамдардың туыстарымен жұмыс істеу.

Бейімделуі жоқ егде адамдармен арақатынас процесі жеке және топтық формаларда ұйымдастырылуы мүмкін. Бағдарлама жасау кезінде егде адамдардың жеке ерекшеліктерін есепке алу қажет, өйткені сол жағдай зейнеткерлікке  шыққан соң сәтті бейімделуді қамтамасыз етеді.

 Осы ерекшеліктерді талдау негізінде жұмыстың келесі  блоктарын көрсету мүмкін:

  • Сәйкес өзіндік  бағалауды  қалыптастыру бойынша жұмыс, өйткені  бейімделуі  төмен  деңгейдегі  адамдар өздерінің  өмірлеріндегі  оқиғаларды басқа  адамдардың әрекеттерінің немесе  кездейсоқ жағдайлардың  нәтижелері деп  есептейді. Осы егде  адамдар өз өмірлеріндегі  оқиғалар үшін жауапкершілікті  сезінгені  жөн және  олар көп нәрсе  өздеріне  байланысты екенін түсінуі керек.

Бұл деңгейде, топтық жұмыс жасау тиімдірек.

  • Жұмыссыз зейнеткерлердің  әлеуметтік бейімділігін  арттыру  бойынша  жұмыс, өйткені  еңбектік  қызмет аяқтасымен кейбір егде адамдарда қоғамға  керексіздік сезімі пайда болып, кейінгі  өмірдің  келешегі жоқтығы сезімі дами түседі. Демалыс және бос уақыт шеңберінде  айналысуды тиімді бейімдеу  мен дұрыс таңдау  зейнеткерлік  кезеңіне  әлеуметтік  бейімделудің  елеулі  оң  факторы  болып табылады.

Зейнеткерлікке  шыққан соң  адамдарда  көп бос уақыт пайда болады және бұл оң әсер беруі мүмкін. Бос уақытты  құқықты  өткізу  егде адамға қанағаттанды сезімін береді, сондықтан  тұлғаның  әлеуметтік  белсенділігін  жан-жақты ашу үшін нақты мүмкіндіктерді ұсыну  қажет, ал олар тиімді  өмір тәрізінің алғышарттары  ретінде шығады. Уақыт өткізудің  пассив түрі егде адамның психологиялық  денсаулығына  теріс әсер береді және ерте қартаюға себеп болады. Сондықтан мынадай қажеттіліктер шығады:

  1. Қоғамдық ойда зейнеткерлік кезеңді өмірдің белсенді кезеңі ретінде пікір қалыптастыру керек.
  2. Егде адамдардың қызығушылықтары мен жекелей қабілеттеріне сәйкес әрі тиімді  ірі елеулі  айналысуларды олар үшін жан-жақты іздестіру керек.

Егде адам өзінің ішкі қызығушылықтарын сәйкес қызмет түрін  таңдауға  мүмкіндік  алуы өте маңызды. Бұл жерде қызығушылықтар бойынша әртүрлі үйірмелер мен курстарды ұйымдастыру қажет.

Клубтық  жұмыстарды ұйымдастыру егде адамдардың өзара  қатынасу  процесін  жолға қоюға  жәрдем  береді. Бейімделуі  төмен  деңгейдегі  егде  адамдарда басқа  адамдармен  қатынас жасауында  проблемалары болады.

 Олар  қатынастарға   қанағаттанбайды және  оларды  бақылу  шеңберінен  өздерін  тыс  деп санайды.

 Бірақ,  соған  қарамастан  олар  жақындарынан  қолдау және  қамқорлық  күтеді. Олардың  басқаларды  қабылдау  деңгейі төмен  болғаны үшін, олар  басқаларды теріс  тәрізде  қабылдайды. Басқалармен  салыстырғанда  олар  өздеріндегі  пессимизмге  жол береді және әлеуметтік  жағынан  өздерін  бағаламайды, ал бұл жағдай оларға  басқалармен  қатынас жасауына  кедергі  жасайды.

Сұхбат  кезінде  олар  сұхбаттасқа  қызығушылық білдере  бермейді, сондықтан  олар теріс  сезінуді  қалыптастырды жағдай  жасаудың маңызы зор.

Сонымен,  бейімделуі  жоқ егде адамдармен  психологиялық  жұмыс белсенді әлеуметтік рольді  орындауға қоршаған адамдармен қатынас жасауға,  оң өзіндік  бағалауды және психологиялық байсалдылықты  қолдауға  бағытталуы керек.

  1. Егде адамдардың  туыстарымен  жұмыс жасау.

Бұл жұмыс консультативтік  формада  ұйымдастырылуы  мүмкін. Егде адамдардың  туыстарына мына  жайттерді  түсіндіру  қажет: әлеуметтік  қолдау егде адамдарға  өздерін  құзырлы  сезінуге  көсектеседі,  оң  сезімдер  берілген  соң  егде  адамдар  өздерін  басқалардың  құрметейтінін,  бағалайтынын және  қамқорлық  жасайтынын  сезіне алады.

Бұл егде  жастағы  бейімделуге  жағдай  жасайтын  басты  фактор болып табылады.

Сонымен,  егде  жастағы  бейімділікті  профилактика  жасау бойынша  жұмыстары өз ішіне  психологиялық  денсаулықты  нығайтуға,  проблемаларға  барынша  тиімді  қатынас жасауға  бағытталған психологтар мен әлеуметтік педагогтар тарапынан  жүргізілетін  сабақтарды  енгізу  қажет, өйткені  аталған  проблемалар егде жаста пайда болуымен сипатталады.

 

ІІІ тарау. 3.Егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі

Кәрілік (қартаю) мәселесі ХХ ғасырдың, әсіресе, соңғы оонжылдықтардың жаңа әлеуметтік  феномені болып отыр. Кәрілік жеке дамудың ұзақ та маңызды кезеңі болып, әрі макроқұрылымды деңгейдің әлеуметтік  процесстеріндегі өзгерістер бағытының индикаторы, ғасырлар шенінде әлеуметтік саясаттың негізін тұжырымдап береді.

Егер 1990 жылдары Батыс елдерінде халықтың 18 % зейнеткурелік жаста болса, бұл көрсеткіш 2030 жылы 30%-ға көбеюі мүмкін. 1939 жылы Ресейде егде жастағы адамдар 4%-ды құрса, 1996 жылы 12%-ға жеткен.

Біріккен ұлттар ұйымының  сараптамасына ден қойсақ, егде жастағы адамдар  165 мемлекетте 4 % болса, ол  мемлекет – жас  мемелекет деп есептелінеді екен, ал 7%-ды құрса кәрі деп есептелеінеді екен.

Дамыған елдерде 65 жастан жоғары жастағы бір тұрғынға 4-5 еңбек ететін келеді. Осындай жағдайдан кейін 1991 жылы БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты ұйымның қағидаларын қабылдап 1992 жылы кезегіндегі кәрілік мәселесіне байланысты үлкен мақсаттар айдарымен он жылдық стратегиясын белгілейді.

Ал 1999 жылды Халықаралық қарттар жылы деп аталады.

Қазіргі кездегі қарттық туралы әлеуметтік ғылымының дамуының негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады:

  1. Қартаюды биологиялық және писхологиялық процесс ретінде меңгеру (игеру);
  2. Егде жастағылармен әлеуметтік орнын және әлеуметтік-экономикалық статус мәселесін сипаттайтын институтционалды қатынас;
  3. Әр халықтың өзіне тән кәрілік туарлы әр қилы тарихи мәдени сараптамасы.

Қазіргі қоғамдағы қартаюдың  салдарын үш топқа бөліп қарауға болады. Бііріншіден, бұл төмендегідей жағдайлармен сипатталатын әрі демографиялық және макроэкономикалық салдар:

  • туылу көрсеткіші;
  • өмір сүру ұзақтығы, әсіресе оның ең жоғарғы шегі, әрі егде жасқа жетуге талпынушылар саны;
  • зейнеткер қарттар өмірінің тиесілі сапасы стандартын қамтамасыз етудің ұжымдық жауапкрешілікке қатынасы;

Екіншіден, әлеуметтік қарым-қатынас аумағында айтарлықтай өзгерістер болады:

  • жанұялық-туысқандық қарым-қатынас құрылымында;
  • әртүрлі ұрпақтардың бір-бірін қолдау жүйесінде;
  • потенциалды еңбекпен айналысушылық құрылымында;

Үшіншіден, еңбек нарығында демографиялық құрылым өзгерісі байқалады:

  • еңбеккерлерді егде жаста қайта біліктіліктен өткізу қажеттілігі туындайды;
  • егде жастағы зейнеткерлер мен жұмыс берушілер арасында еңбек іс-әрекетіне байланысты қатынастар өзгереді, яғни зейнетке шығу мәселесі;
  • әйелдер мен ерлер арасындағы еңбекпен шұғылданушылық пропорциясы өзгереді, себебі егде жастағы әйелдер саны ерлерден айтарлықтай көп.

 Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың техналогиясы.

 Әлеуметтік қызмет мекемесінің жүйесі

Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер Қазақстан  Республикасының Конституциясы бекіткен, сондай-ақ құрамына басқа заң қабылдаушы актілер кіретін республика конституциясы  бекіткен әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның әлеуметтік статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құндылық ориентирлерінің трансформациясына, өмір салты мен қарым-қатынасына әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық жаңа шарттарға бейімделудің қиындығына байланысты өзгеруі айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді туындатады.

Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір мәселе болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының , сондай-ақ еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады.

Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек  пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп отыр.

Әлеуметтік реабилитация әлеуметтік-экономикалық, медициналық, юристік, кәсіби және басқа шараларға әкеледі. Олар қажетті шарттарды қамтамасыз етуге және осы  топтардың қоғамда толыққанды өмірге келуіне бағытталады.

Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың құрамды элементі – заң қабылдаушы үкімет бекіткен  әлеуметтік кепілдеме есебімен, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай немесе табиғи формада қамтамасыз ету. Оған ереже бойынша, зейнетақы мен жәрдемақыға периодты және бір мезгілде  қосымша төлем осы категорияларға дифференцияланған, адресті әлеуметтік қолдау көрсету  мақсатындағы қызмет табиғи сома, жағымсыз әлеуметтік – экономикалық  шарттарға әкелетін критикалық  өмірлік жағдайлардың жойылуы немесе бейтараптылығы кіреді.

Сонымен, әлеуметтік қамтамасыз ету дәстүрлі формасын жеткізу: ақшалай төлем (зейнетақы, жәрдемақы); табиғи қамтамасыз ету; қызмет пен жеңілдік, қызмет көрсетудің  стационарлы және стационарлы емес түрі — әлеуметтік көмектің шұғыл формасында еңбекке қабілетсіздерге, Қазақстанның мұқтаж азаматтарына беріледі.

Қарт адамдарға  әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету құрамына зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы; ротездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге  көмек көрсету.

Әлеуметтік қамтамасыз етуді мемлекеттік  органдар, кәсіпорындар, жеке адамдар еңбек етушілер есебінен жасайды. Соңғы жағдайда фондтан төлеу еңбек салымы немесе стажы арқылы емес, төлем көлемі арқылы анықталады. Мұндай тәжірибе батыс елдерінде кең таралған.

    1995 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінде біздің елімізде  қарт адамдар мен мүгедектерге арналған 959 стационарлы мекеме, 700-ден аса әлеуметтік  қызмет орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 900 бөлім, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер қатары (психолого-педагогикалық, шұғыл психологиялық көмек және тағы басқа) болды.

Әлеуметтік қызметтің ең кең дамыған жерлері  Тараз қаласында  барлығы  140 қарт адам бар. Олардың 28 адамы қазақтар.

Тараз қаласында № 1 ардагерлер мен мүгедектерге арналған үйі бар.

Алматы қалалық қарттар мен мүгедектер интернат үйі     бар. Оның ашылғанына 37 жыл, 120 қарт бар.

Автор  жұмыстың мазмұны әлеуметтік қызмет орталығын (қарт жастағы және мүгедек азаматтар үшін) қарастыруды ұсынады.Оған бірнеше  бөлімдер кіреді.Күндізгі бөлімде (кемінде 30 зейнеткер мен мүгедектерге есептелген) тамақтану, медициналық және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылады.Қосымша  шаруашылықта немесе шеберханада шамаға шақ еңбек қызметіне қатыстыру қарастырылған.

Уақытша болу бөлімі (кемінде 15 адамға есептелген) емдеу-сауықтыру және реабилитациялық шараларды, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді, тәулік тамақпен қамтамасыз ету шартын жүзеге асырады.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде (ол қалада 120 адамға, ауылды жерде 60 адамға  қызмет көрсетеді) үнемі немесе уақытша (6 айға дейін) зейнеткерлер мен  мүгедектерге, басқаның көмегіне мұқтаж адамдарға (ақылы немесе ақысыз түрде) үйде әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсетеді.

Үйде әлеуметтік көрсетудің негізгі тапсырмасы  еңбекке қабілетсіз азаматтарды, үйде қызмет көрсетуге мұқтаждарды табу болып табылады.

Әлеуметтік көмек  орталығының шұғыл қызметі қызметтің кең тізімін  қарастырады. Тегін астың тамаққа немесе азық-түлік  жиынына мұқтаждарды қамтамасыз ету; киіммен, аяқ киіммен және бірінші қажеттілікпен қамтамасыз ету, әр түрлі материалды көмек көрсету; уақытша баспана алуға көмектесу; шұғыл психологиялық көмек, соның  ішінде «сенім телефоны» арқылы: өз компенсациясында юристік көмек көрсету; региондық және басқа ерекшеліктермен шартты көмектің басқа түрлерін және формаларын көрсету.

Қарт адамдарды адресті қорғау Қазақстанда айтарлықтай дағдарысты жағдайда. Ол біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі.

Біздің еліміздегі әлеуметтік  зерттеулер қарттарға жағымды жағдайды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: зейнетақының көтерілуі, зейнеттік қамтамасыз етудің жоғары деңгейге жетуі, оларға үйде қызмет көрсетуді  дамыту қарттарға арналған үйлердің көбеюі және өмір сүру жағдайының жақсаруы.

Қазіргі мемлекетте әлеуметтік қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі зейнеткерлік қамтамасыз етудің жоғарлауы болып табылады.

Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет етушіге баса назар аудару керек. Бұл жерде, өзіне қызмет ету қабілетін   жоғарлатқандықтан арнайы жайлы аяқ киіммен, киіммен, қарт адамдарға көшедегі қозғалыстарды  жеңілдететін, үй шаруасын жүргізетін, кейбір гигиеналық процедураларды орындайтын әртүрлі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Бұл мәселені шешу үшін, архитектуралар, дизайнерлер, гереонтологтар баяғыда-ақ осыған сәйкес тұрмыстық техника жасап шығаратын перспектива бағыттарын анықтаған.

Бұл ұсыныстар мыналардың туындауына әкеледі.

  • тамақ дайындауда операцияларды бағдарламалайтын автоматтандырылған асханалық комплекстер.
  • Төсек тартып жатып қалған ауруларға қарауда көптеген тететіктер жүйесі және оларға санитарлы-гигиеналық көмек көрсету.
  • Қарттардың жасерекшелік спецификасы тіркелген бастаманың тазалайтын арнайы жинақ және механизмдер, сондай-ақ қарт адамдарға тұрмыстық іс-әрекеттің қауіпсіздігін жоғарлататын және оларға жайлы тиетін қарапайым, бірақ өте керекті құрылымдар.
  • Қарт адамдарға ванна қабылдауға арналған тұтқалық және тірегіш тұтқа жүйесі.
  • Аяқ киімді киетін арнайы тіреулер.
  • Табалдарықтың орнына жалпақ пондустар қою.

Ұсыныстар жақсы, алайда біздің елімізде олар қанағаттанарлықсыз жағдайда жүзеге асады.

Біздің елемізде 1986 жылдан бастап, құрамына үйде әлеуметтік көмек көрсетумен қатар, тіпті жаңа бөлімдер күндіз келіп кететін бөлімдер кіретін зейнеткелерге қызмет  көресету орталығы деп аталатын орталықтар ашыла бастады.

Мұндай бөлімдерді ұйымдастырудың мақсаты – жанұясымен бірге тұратын немесе жалғызбасты қарттардың қолыбос кездеріне арналған өзіндік орталықтар жасау. Мұндай бөлімдерге адамдар таңертең келіп, кешке үйлеріне қайтады деп қарастырылған: олар күні бойы жайлы ортада болуға, қарым-қатынас жасауға, уақытты мағыналы өткізуге, әртүрлі мәдени іс-шараларға қатысуға,  бір мезгіл тамақ және керек болған жағдайда дәрігерге дейінгі медициналық көмек алуына мүмкіндік алады.

Мұндай бөлім қызметтерінің негізгі тапсырмасы қарт адамдарға жалғыздықты өткеруіне, тұйық өмір сүру салтына, жаңа мағыналардың пайда болуына, белсенді өмір сүруінің қалыптасуына көмектесу болып табылады.

Басында мұндай орталықтар қарттарға арналған интернат-үйлерінде пайда болды, өйткені бұл мекемелердің келушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жабдығы бар, бөлімге сәйкес алаңы бар.

Бөлім күніне  25-50 адамға есептеген. Алғашында бөлімде уақыт өткізу уақыты шектелмеген еді. Тамаққа төлейтін ақша зейнетақы байланысты әртүрлі болды.

Алғашқы орталықтар  ашылған кезде олардың келіп кету уақыты белгіленбеді. Бірақ, бұл мекемелердің тәжірибесі оларды зейнет жасындағылары арасында әйгілі етті, бөлімге күндіз келіп кеткісі келетіндер көбейді. Орталықтың қызмет көрсету зонасында тұратын және бөлімге келіп кетуге арыз беріп тіркелген  зейнеткелердің санына қарап, көптеген  территорияларда жыл бойына барлық қолдаушылар орталықта 2 немесе одан да көп рет болу үшін, бір топ жиналатын мерзім есептелді.

Бөлімге өзіне қызмет ету және белсенді қозғалу қабілеті сақталған, олардың жанұялық жағдайларынан  тәуелсіз зейнеткерлер мен мүгедектер жеке арызы мен бөлімге қабылдауға болады деген медициналық мекеменің анықтамасы негізінде қабылданады.

Бөлімде дәрігерге дейінгі медициналық көмекке, клуб жұмысына, кітапханға, шеберханаға және тағы басқа кабинеттер берілген.

Осындай  жолмен, Ресейде еңбекке  қабілетсіз азаматтар көмек қызметін жасау мен дамытуда, әлеуметтік жұмыс бойынша жаңа кадрлар келіп одан әрі дами түседі деген болжам жасауға негіз бар.

Клинетпен әңгімелесеу

Алғашқы әңгімлесу мақсаты клиенттің әлеуметтік көмек алуға деген құқығын анықтау. Мұнда  көп нәрсе әңгіменің сапасына байланысты. Клиенпен әңгіме коммуникация (қарым-қатынас) немесе өзара әрекеттесу ретінде дәл анықталады. Бұл өнер  және ғылым. Қызметтің осы түрлі енді бастаған жұмысшылар білімді, адамның мінез-құлқын, мінез-құлқының түрткісінің белгілі және құпия себептерін түсінуге қабілетті болу керек. Бұндай білім жұмыстың тиімділігі мен адамдарға шыдамды болуды қамтамасыз етеді.

Адамның қандай көмекті іздеп отырғанын зер салып тыңдау және бақылау арқылы объективті фактілер мен субъективті сезімдерді жеке тұлға аралық қатынасқа айналдыра алады.

Әңгіме жүргізудегі негізгі дағдыларға негізгі 10 қағида жатады. Басында клиенке әңгіменің жалғасатыны туралы  хабар беру; әңгімені клиент жағдайда түсінгеннен кейін бастау; еркін атмосфераны құру үшін тілектес болуға тырысу; жағдайға клиенттің көзімен қарау; адамды сол күйінде қабылдамай, пікір айтудың қауіптілгін сезіну; әлеуметтік қарым-қатынастың дағдыларын дамыту; мысалы, қарым-қатынасқа көмектесу үшін жалына, басына «ия» не «жоқ» деп жауап беруге болатын сұрақтардан қашу; клиенттің орнына  сөйлемеу, оның орнына ойламау; қатты асықпау, әбігерленбеу және  клиенттің паузасы мен үндемей отыруына үйрену (бұл көбіне клиенттің күш салып ойланып отыратын уақыты).

Әр әңгімлесу қандай да бір негізгі мәселені белгілейді, мысалы, клиенттің қаражат жағдайын, оның ауруларын, ренжуін, өзіндік қарым-қатынасын және тағы басқа. Әр әңгіменің оның сызбасы болуы керек, басы, ортасы, аяғы. Әрбір келесі әңгіме – кездесу алдыңғы әңгіменің құрамын тіреу етіп алу керек, сонымен қатар жазбаша немесе видиозапись қолданылуы керек.

Әңгімелесу процесінде қайта-қайта қиындықты айнала беруі немес оны теріске шығаруы жұмысшының қандай да бір шешім табуна көмектеседі. Клиенттің үндемей қалуы мен оның әңгімесінің бір-біріне сәйкес келмеуіне назар аудару керек. Мысалы, зорлыққа тап болған адам басқаның бұған араласқанын қаламайды. Бұл күтпеген өзгерістер немесе клиенттің бір идеяны екіншісімен ойша байланыстыруы, сондықтан бұлардың екеуі де  ешнәрсені білдірмейді.

Әлеуметтік жұмысшының әңгіме-интервьюі күнделікті әңгімелерден мынадй қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың әңгімесінің белгілі мақсатқа жетуге бағытталған тақырыбы болады, әңгіменің уақытша шеңбері анық болады. Өзара қатынастың жағымды және жағымсыз жақтары болады. Соңғы аспектіні толығырақ  қарастырайық. Әлеуметтік  жұмысшы мен клиенттің алғашқы кездесулерінің таза информациялық қызметтен басқа кем дегенде 3 мақсаты бар: клиенпен емдеу әдістеме қатысты одақ құруға ұмтылу; әлеуметтік жұмысшы клиенттің онымен  сезімдерін түсінуге ұмтылады;  клиенттің ситуацияны жеңетініне сендіру жұмыстың әдістері мен формаларын демонстрациялайды. Егер бұл факторларда назарға ілмесе, ситуацияны басқару мүмкін емес. Әсіресе, егер клиент тарапынан негативті реакция бақыланса.

Кейде  әлеуметтік жұмысшылар тұйық, өздеріне қандай көмек керегін айтудың орнына ол туралы сөз қозғамау үшін бәрін істейтін клиенттер кездесетініне қиналады. Бұның себептерінің бірі, бейтаныс адаммен кездесу ұялу сезімін, үлкен үміттің, сәтсіздік сезімін, өзін тәуелді сезінуін туындатады. Әлеуметтік жұмысшы клиент не өзі туралы сырластық, ұялтатын немесе қорқытатын фактілер көрсетпеуі керек себебі, бұл клиенттің негативті реакциясын туындатады.

Практиктер көбіне олардың көмектерін қолданғанда бірінші әңгімеден кейін кездесуге келмейтіндеріне қиналады. Зерттеулер көмекке жүгінгендердің 50%-ы, екінші кездесуге  қайта келмейтінін көрсетті. Алғашқы әңгіме жағымды нәтиже берсе де, екінші кездесуге келмеуінің көптеген басқа да  себептері бар. Мысалы, біреулер үшін алғашқы әңгіме жеткілікті, біреулер тек аса қажет болған жағдайда ғана барғанды қалайды және тағы басқа.

Сәтті әңгімелер әңгімелесудің мазмұнына ғана  тәуелді емес, егер интервью  клиенттің сезімін түсінетін, оның қиындыққа байланысты  ойын және әлеуметтік жұмысшы  клиенттің субъективті сезімдерін қабылдап және оны  жұмыста пайдалануын түсінетініне  де тәуелді. Егер жұмысшы қарым-қатынастың  түсініксіздікке  әкелетін тосқауылды жоюға тырысса интервью  сәтті деп саналады.

Егер клиенттің физикалық кемшіліктері, ақыл – ой, есту, сөйлеу бұзылыстары болса, онда қарым-қатынастың альтернативті  әдістері қажет болуы мүмкін. Тіпті тәжірибелі жұмысшылардың өзі кейде жағдайды алдын ала болжайды  немесе клиенттің не айтқысы келгенін  өзі ойлайды Клиентке максимальды еркін сөйлеуге мүмкіндік берген жөн, өйткені  адамға өз тарихын  өзі айтуға  мүмкіндік берсе, ол өз мәселесінің шешімін тез табады. Клиентпен стереотипті қатынасу қиындық тудырады. Клиентті белгілі бір класқа  жатады деп  қарамау керек, өйткені, бұл ол туралы  ойдың қалыптасуына және асығыс шешімдер  жасауға әкеледі, адамдар олар туралы асығыс шешім жасауға болмайтын өте қиын, сезімтал және динамикаға жақын болады.

«Жақсы» сұрақтар қою. Сұрақ қою тұлға  аралық қатынастың  дағдысы ретінде  өзекті.

Біздің тапсырмамыз қай әдіс қашан  тиімді және қашан кедергі болатынын анықтау. Осылай, әлеуметтік жұмысшы сұрақты күмәнді немесе  кінәлаушы  мәнерде, немқұрайлы немесе  жылы шырайлы  тонмен қойса, клиенттің қорқынышты  немесе сенімсіздікті  сезінуіне  әкеледі.Сөйлесушінің сөздеріне қарағанда, тон мен мәнер маңыздырақ.

Сұрақты көп қою, тергеу сияқты болып көрінсе, сұрақты тым аз қою маңызды сәттердің  көрінуіне кедергі жасауға әкелуі мүмкін.

Тәжірибесіз адамдар егер клиент әңгіменің неге қатысты екенін байқап  қойса  «байқау» сұрақтарын қоюдан қашады.

Одан басқа кедергі «неге» деп басталатын сұрақтардың көп қойылуы болып табылады, бұл клиент өз қылығын түсіндіруі керек дегенді білдіреді, сөйтіп оның қорғану позициясын алуына әкеледі. Сұрақты «не» сөзімен бастаған дұрыс, өйткені  екі жақтыңда әңгімесіне пайдалы  информация беруі мүмкін, мысалы, кәрі әйелден неге үйден шығуға қорқасыз деп сұраудың орнына, егер ол үйден шықса не жағдай болуы мүмкін деп сұрау.

Сұрақты қолдана білу – бұл әлеуметтік жұмыста аз зерттелген. Бірақ, ол өте маңызды, өйткені, бұл тек информация  жиыны ғана емес, өзгеру процесінің бастауының бір жолы.

Сұрақтардың респортерлық  типі кейде, егер корреспонтенттің алдында  оппоненттің  дәлелдері   өзгеріске әкелу үшін әдейі  жүріп жатса сәтті болуы мүмкін. Өзгерісті  соңғы мақсат деп түсінетін  сұрақты қолданудың жолдары – оларды мынадай жолмен құрастыру: «Мүмкін, бұл дұрыс емес шығар, бірақ…», «Мен онша түсінбедім…», бұлардың барлығы  клиенттің  әдеттегі мінез-құлық сызбасынан шегініп, жаңа мүмкіндіктерді қарастыруын стимуляциялайды. Нотация оқу немесе алдын ала  кеңес беруді қаламайды және олар тәжірибелі  көмекші болып табылмайды. Ыңғайсыз  жағдайлар  болған кезде оған назар аударуды кергі жоқ, бұдан  клиент негізгі мәселені жеңген кезде немес ол қысылудан арылған кезде қайта оралуға болады.

«Жақсы» сұрақ қоюдың басқа типі «айналма сұрақ». Ол отбасының терапияда  қолданады және қатысушылардың әртүрлі позициясын көрсетеді, отбасының басқа екі мүшесінінің  өзара қатынасын үшінші жақтың қалай көретіні туралы жаңа информация береді.

Мынау сияқты гипотетикалық сұрақтар «Егер былай болғанда, қалай болар еді…?» ситуацияны одан әрі анықтай түседі, бұлар мәселені шешудің жолын ұсынарда қолданады.

Жақсы әлеуметтік жұмысшының мынадай 6 сапасы болады:

  1. Симпатия немесе түсіну — әлемге басқа біреудің көзімен қарауда;
  2. Сыйлау, клиенттің мәселесін ол оны өзі шеше алады деген сенімділік тудыру үшін қабылдау;
  3. Консультациялап отырған адам мәселені максималды түсінуі үшін, оның нақтылығы, айқындылығы;
  4. Өзін-өзі білуі және басқаларға өзін танытуға көмектесу;
  5. Шынайылық, өзін клиентпен қарым-қатынаста табиғи ұстау;
  6. Нағыз сол сәтте болып жатқан нәрсеге байланыстылық.

Енді бастаған әлеуметтік  жұмысшылар қиындық тудыратын қарым-қатынаста қиындықтарға ұшырауы, әңгімені  жалғастыру үшін қандай дағдыны қолдануды білмеуі.

Осыдан келіп, әлеуметтік жұмысшыларға мынадай ұсыныстар беруге болады.

  • адам мінез-құлқын айқын және құпия себептерін білу және түсінуі керек;
  • тұлғааралық қатынастың дағдысы болуы керек;
  • сұрақ қоя білуі керек;
  • түсініксіздікке әкелетін қатынас бөгеттерін жоюға тырысу.

Сөйтіп, берілген бөлімді меңгеріп, әлеуметтік жұмысшылар тыңдай, байқай және қабылдай білуі керек. Тәжірибелі кеңесші болу үшін түсінгіш және қамқоршы болу жеткіліксіз, тәжірибеде көптеген жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білуі керек.

Қорытынды

Халық даналығын «Қарттық – қуаныш емес» дейді.  Афоризмнің  тұжырымдылығы оны  жәбірлегіш  етеді не ол болмыстың  көпқырлылығымен  барлық қиындылғымен түсінбейді. Бұл пікір болғандықтан оған қарама-қарсы болуы мүмкін. Қарттық адамдардың ойынша тек өзінің  мүмкіндіктері мен резервтерін біртіндер азайтатын жас.

Қартайғандағы өмір оңай емес шығар. Бірақ ол адамдардың  уақытқа пассивті демалу кезеңі сияқты қарайтыныдай  стеротипті  көзқарасарынан  арылыу керек. Бұл – үнемі белсенділікке  шақыратын өз тұлғасын және психикалық дамуындағы  жауапкершілкке  сезім,  ұмытуға болмайтын  өмір стилі  өмірдегі  құндылықтар  мен  қуаныштарды табу  болып анықталған кезеңде  таусылмайды, өзінің  айналасындағылардан  және  өзімен  құндылықтармен  саналы үнемі көріп отыру  керек.

Қартаю  құлдырау процесі болмау керек. Қарттық кезеңнің  шеберлігі  әр минуттан  өмірлік  құндылықтарды тауып отырылуында.

Қарт адамдардың  жастарда жоқ бір санасы бар бұл: өмір даналығы, білім құндылығы. Дәл осы даналық жер бетіндегі  өмір сүруші адамға ұзақ уақыт серік бола алады, қоғамның  дамуында күшті стимул мен фактор болып табуы мүмкін.

Ғылым адам өмірін адамдардың бір-біріне деген  қызығушылығын теория, категория, түсінік және басқа да ғылым адамдары  меңгерген құралдар мен ойлау тәсілдерін  ұйымдастыра отырып анализдеуге тырысуда.

Қарт адамдар әлеуметтік  қолдауды  керек етеді. Ол өздерін  комплектентті  сезінуге мүмкіндік береді, «өздерін анықтау бақылаудағы» мұқтаждығын  мойындап және  олардың  өмірін  альтернативті жас іздеу керек.

Әлеуметтік қолдау өмірдегі соңына бейімделу мен әрекеттесетін маңызды фактор.

Егде адамдар өзіндік жеке әлеуметтік қауым болып табылады. Оның ерекшелігі тұрғындардың қартаюы қоғамның урбанизациялануы, демократиялануы, әлеуметтік-мәдени қызмет аясының  дамуы зейнетақымен зейнеткерлердің санының көбеюі, ересек балаларымен, қарт ата-аналардың бөлек тұруы арқылы күшейе түседі. Қоғамдық егде адамдардың рөлі олардың тарихи тәжірибе мен мәдени  дәстүрлерді ұстанушы, жеткізуші ретінде анықталады. Нақты бір әлеуметтік-мәдени ұрпақтардың әлеуметтік  өмірбаянына байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие. Барлық кезеңдерде, дәуірлерде және барлық қоғмадарда жеке тұлғаның өмір қызметінде жасерекшелігі терең із қалдырады. Егде  адамдардың жалпы ерекшелігі олардың ақыл-ойы,  әдеттері, мінезі мен әлеуметтік бағдарының қалыптасуы көне дәуірлерден бастап қазіргі күнге дейін философиялық және психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде кең талқылынып келеді.

Біздің еліміздегі қарт адамдардың өмір салты мен демалысын зерттеу, оларға мемлекетпен қоғамдық ұйымдардың назар аударылыуы жеткілкті дәрежеде емес. Қарттардың тәжірибесі мен күш қуаты толық дәрежеде пайдалынбайды. Зейнеткерлікке шыққан соң олардың қоғамдық өмірге белсене араласуға мүмкіндігі төмендейді.

Қарт адамдар зейнеткерлікке шығу психологиялық жағынан даяр бомайды. Бос уақыттарын дұрыс пайдаланбайды. Тұрмыс жағдайы төмен болған соң қарттар көп уақытын үй шаруасына арнайды. Рухани мүдделерге онша мән бере бермейді. Қарт адамдармен мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуге талдау жасау, оның толық жоспарланбағандығын, қарттардың мүддесін ескерумен, олардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарау  сипаттарын көрсетеді.

Қарт адамдардың  демалысын ұйымдаструдың нәтижелі  формаларын теориялық   әдістемелік жақтан әзірлеу  олардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін түсінуді және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді.

Біздің бақылуымыз бойынша, демалыс белсенділігі  сипаты мен деңгейі мына факорлаға байланысты болып келеді: 1)Денсаулығы мен психологиялық белсенділігі жағдайы; 2) әлеуметтік жағдайы (жалғызіліктілігі, балаларымен бірге тұруы); 3) бұрынғы жұмыс тәжірибесімен қоғмадық белснеділігі  адамдар мен және ұйыммен бұрынғы қоғамдық байланысын сақтауы; 4) материалды қамтылуы мен табыс мөлшері; 5) мәдениеті мен білім деңгейі; 6) мінез-құлық ерекшеліктері.

Қарт адамдармен әлеуметік жұмыс жүргізудегі шетел тәжірибесі мұндай әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетумен бос уақытты дұрыс ұйымдаструдың нәтижелілігін көрсетеді, яғни көпфункциялы орталықтар ашылып, оған мемелекет және түрлі қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар, қайырымдылық ұйымдары көмек көрсетуі керек. Қарт адамдардың әлеуметтік қызметтерін белснеді қалыпқа көшіруді оны білім жүйесіне  ендіруді қажет етеді. Бұлай ету жаңа білім мен дағдыны игеру олардың өмір ағымынан қалып қоймауын, ең алдымен мәдени, рухани баюын қарастырады.

Қосымша   мәліметтер:

2006-2008 жылдарға арналған қарттарды әлеуметтендіру және бос уақытын өткізу туралы бағдарламасы (облыстық)

Іс-шаралар атауы

Орындалу

мерзімі

Жұмса-латын

шығын-дар (теңге)

Қаржы-

ландыру

көздері

Жауапты

орындау

шылар

1.

Әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғаның нақты есебін жүргізуді қамтамасыз ету

Тұрақты

 

 

Аудан, қала әкімдері, ОҚО еңбек және әлеуметтік халықты қорғау департаменті

2.

Облыс, аудандар мен қалалар әкімдері аппараттарының қызмектерлері, аз қамтамасыз етілген азаматтарға шефтік көмек көрсетуін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жалғасытру

2006-2008ж.ж.

 

Аудан,

қала бюджеттері

Облыс әкімінің аппараты, ОҚО еңбек және әлеуметтік халықты қорғау департаменті, аудан, қала әкімдері

3.

Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы және Созақ аудандарындағы емдік қасиеті  бар көздерді пайдалану жөнінде ұсыныстарын дайындау және оларды қарау.

2006 жылдың

жартыжыл-

дығы

 

 

ОҚО денсаулық сақтау басқармасы, ОҚО еңбек және әлеуметтік халықты қорғау департаменті.

4.

Ардагерлер мен қарттар үйлерінің базасында соғыс мүгедектері мен соғысқа қатынасқандарды және соған теңестірілгендерді, «1941-1945ж.ж. ерен еңбегі үшін» медалімен  және ордендерімен марапатталған тыл еңбекерлерін, Ардақты аналарды, Кеңес Одағының Батыры мен Социолоистік Еңбек Ерлерін және басқа да Республика мен облысқа еңбегі сіңген тұлғаларды зейнеткерлік жастағы мүгедектерді және ақталған зейнеткерлерді жыл бойы сауықтыруды қамтамасыз етілсін

2006-2008ж.ж.

2006ж.-

4005,000

2006-2009ж.ж.

бекітілген

бюджеттің

ішінде

Облыстық бюджеттің қаражат есебінен

ОҚО қаржы, еңбек және әлеуметтік халықты қорғау департаменті.

5.

Облыстық драма театрында соғыс және қарттар мен еңбек ардагерлерін құрметтеуге арнап «Шынайы көңілден» атты жаңа жылдық мерекелік кешен өткізуді ұйымдастыру

Жыл сайын желтоқсанда

Бекітілген бюджеттің есебінен

Облыстық бюджеттің қаражат есебінен

ОҚО мәдениет және жастары ісі жөніндегі басқармасы, облыстық Ардагерлер Қарттар Кеңесі

6.

Кітапханаларда, клубтық мекемелерде, мұражайларда, орта және жоғары оқу орындарында, мектептерде кітап көрмелерінің  дөңгелек столда кездесулерді, «Ұзақ жасау белснеділік», «Қарттарды құрметтеу – жастардың парызы», «Аға ұрпақты лайықты – қарсы алайық» атты  тақырыптарда әңгімелер өткізуді ұйымдастару

Тұрақты

Бекітілген бюджеттің есебінен

Тиімді бюджеттің есебінен

ОҚО мәдениет және жастары ісі жөніндегі басқармасы, аудандар,қала  әкімдері

7.

80 жастан асқандарға, І топтағы мүгедектерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақыларды дер кезінде үйді-үйіне апарып беруді қамтамасыз ету

Тұрақты

 

 

Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалы, халықтың бөлімінің облыстық филиалы (келісімдер бойынша)

8.

80 жастан  асқан жалғызілікті қарт азаматтардың зейнетақыларына ай сайын қосымша ақы төлеуді ұйымдастыру

2006-2008ж.ж.

2006-6,7

2007-7,1

2008-7,4

Тиісті

бюджет-

тердің қаражат-

тары

есебінен

ОҚО қаржы, еңбек және әлеуметтік халықты қорғау департаменті.

9.

«Қарттар күні» мен «Мүгедектер күні» мерекелерін өткізу дәстүрлерін жалғасытру. Моральдық және материалдық жағынан қолдау көрету мақсатында қарттарды және мүгедектерді қабылдау, олардың үйіне бару және басқа да қайырымдылық акцияларын жүзеге асыру

Тұрақты

Бекітілген бюджеттің есебінен

Тиісті

бюджет-

тердің қаражат-

тары

есебінен

Облыстық әкімінің аппараты, ОҚО еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті, Ардагерлер мен қарттар мүгедектердің қоғамдық ұйымдары

10.

Ақталған қартаң азаматтарға әлеуметтік жағынан бейімделуге ықпал ету. Үйі жоқ адамдардың Шымкент қаласындағы әлеуметтік – оңалту орталығының жұмыс істеуіне қаражат қарастыру

2006-2008ж.ж.

Бекітілген бюджеттің есебінен

Тиісті

бюджет-

тердің қаражат-

тары

есебінен

Шымкент қаласының әкімі

11.

Жасы келген тұлғаларды санатория-курорттарда емдеу және дене шынықтыру-сауықтыру жүйелерінің қазргі заманға сай қалыптастыруы жөнінде іс-шаралар өткізу. Аудандар мен қалаларда геронтологиялық көмек көрсету кабинеттерін ұйымдастыру

2006-2008ж.ж.

 

 

Облыстық денсаулық сақтау басқарамасы, спорт және дене тәрбиесі департаменті

12.

Мүгедектер мен аз қамтылған қартаң азаматтарға тегін тамақ ұйымдастыру үшін аудандар мен қалаларда қайырымдылық асхана қорларын ашу

 

 

Демеуші-лердің қаражат-

ынан

Аудан, қала әкімдері

13.

Еңбек және соғыс ардагерлерінің және аз қамтылған зейнеткердің облыстық және жергілікті мерзімдік басылымдарға тегін жазылуын қамтамасыз ету

2006-2008ж.ж.

 

Тиісті

бюджет-

тердің қаражат-

тары

есебінен

Қаржы мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері

 

Іс-шаралардың қаржыландырудың болжамды сомасы:

2006ж-

Есепті сомалар:

2006-349,9 млн. тенге

2007-307,7 млн. тенге

2008-320,4 млн. тенге

Барлығы: 978, млн.тенге

  Ұсынылып отырған іс – шаралар қарттарға қатысты қарым – қатынаста стратегияны белгілеуге, аға ұрпақ өкілдерінің қорғалуы мен сенімдіктерін күшейтуге, аға ұрпақ арасында өткізіліп  жүрген  қазіргі заманғы саясатты  іске асыруға бағытталған қолданыстағы құқықтық нормаларды жұмылдыруға бейімделген.

Егде жастағы қарттарды өмір сүру жағдайын жақсартуға, көрсетілетін көмектің атаулылғына бейімделген шаралар жоспарланған.

Қарттардың денсаулығын жақсартуға, оларға алдын-ала емдік көмек көрсетуді қамтамасыз етуге, бағытталған шаралар анықталған.

Аға ұрпақ өкілдерінің әлеуметтік  қорғалуын ұйымдастыру әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мүмкіндіктерді кеңейту жөніндегі тәжірибелік шаралар берілген.

Қарт кісілерге әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету мәселелерін шешуге түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарды, демеушілерді тарту жоспарланған.

Аз қамтамасыз етілген зейнеткерлерді, мүгедектерді, жалғызбасты қарттарды шефтік көмекке алу тәжірибелік жаңарту көзделген.

 

 

 

Қарт адамдардың эмоционалдық шеңберінің ерекшеліктері

Кесте 1

Қарттықтан қорқу

Топ

Деңгейі

А

В

С

1.

Қоғамның мәселелері

17

12,5

0

2.

Туысқандар мәселесі

42

45

10

3.

Кәрілік – ауыр жүк

0

10

30

4.

Қарттық — жалғыздық

8

7,5

30

5.

Денсаулық мәселесі

8

17,5

20

6.

Үлгермеушілік қорқынышы

25

7,5

10

 

Кесте 2

Теріс эмоционалды көрсететін факторлар

Топ

Деңгейі

А

В

С

1.

Туысқандардың мәселесі

25

30

20

2.

Өткен өмірді еске түсіру

17

25

30

3.

Қалау мен болмыстың сәйкес келмеуі

33

12,5

20

4.

Денсаулық

8

12,5

20

5.

Жалғыздық

0

17,5

10

6.

Тағы басқалар

17

2,5

0

 

 

 

 

 

Себеп критерийлерінің негізі

Топ

Деңгейі

А

В

С

1.

Болашақ туралы сөйлеу

—         өткен өмірден күту;

—         денсаулық туралы ойлар;

—         туысқандар туралы ойлау;

—         тұрмыстық мәселелер;

—         жетістіктерді күту;

—         қиындықтары күту;

—         қоғам мәселелеріне қызығушылық;

—         отсудтсвие күту;

—         алдағы өмір деңгейін сақтап қалуға үміт.

 

8

4

13

4

29

0

21

0

21

 

9

14

10

20

9

4

6

8

19

 

5

15

5

17,5

0

22,5

2,5

30

25

2.

Өткен уақыт туралы (сөйлеу):

—         істеуге болады, бірақ істемеймін;

—         ойлағандарына жеткендігін;

—         өз жоспарларының жартылай орындалғандығы;

—         өткен кездегі мақсаттары мен ұмтылыстарының қате болғандығы;

—         жетістіктерге қарағанда сәтсіздіктердің көп болуы.

 

8

54

 

21

 

17

 

0

 

1

15

 

38

 

35

 

6

 

40

5

 

10

 

15

 

30

3.

Зейнеткерлікке шығу туралы (сөйлеу):

—         қобалжу;

—         байсалды қарау (жайбарақат);

—         қуану жағдайы.

 

25

54

21

 

25

85

10

 

60

30

10

4.

Туысқандарға байланысты қарым-қатынас:

—         жалғыз қалу қорқынышы;

—         жақындарына көмектесуді ойлау;

—         жақындарынан қолдау күту.

 

0

75

25

 

25

50

25

 

30

20

50

5.

Кәрілікке көрсетілген қатынас:

—         кәрілік – бұл сырқат;

—         кәрілік – бұл жұмыстан дем алу;

—         өмірдің бір кезеңі;

—         кәрілік – ауыр жүк;

—         кәрілік – жақындар туралы қамқорлық;

—         тәртібінің қорытындысы;

—         өлімнен қорқу.

 

 

 

 

6.

Өмірдің қызық кезеңдері:

—         балалық;

—         жастық;

—         оқу жылдары;

—         нағыз кезеңі.

 

0

25

42

33

 

30

27,5

30

25

 

40

40

10

10