ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Кәсіптік оқыту және Дизайн» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Кәсіптік білім мамандығына окыту мазмүнының кейбір мәселелері және кешке арналган көйлек тігу технологиясы
Топ : ПО 28-1
Курс: 4
Дипломды жазған : Махамбетова Л
Диплом жетекшісі: Карибаева А
Тараз, 2012
Аннотация
Дипломдық жумысынын мақсаты – сән элементтерін қолдану негізінде жас қыздарға арналған киім жинағын өңдеу технологиясы және оқыту әдістемесі. Кіріспе, кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны , кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары, кәсіптік оқыту әдістемесі және жұмыстан жалпы қорытындысынан тұрады.
Аннотация
Целью данного дипломной работы является разработка современной коллекций платья. Пояснительная записка состоит из введения, проектно-композиционной, конструкторской, технологической, экономической частей и раздела охран труда, выводов по дипломному проектированию. Пояснительная записка состоит из страниц, таблиц, рисунков.
Annotation
The aim of the given art project “Silently conguer our adminers”. “I made the collection of an evening dress of fashion for young lady, I use the fashion elements”. The explanatory notes include introduction, composition, constructional, technical, economical, ecology parts and of ecolagy. The explanatory notes consists of pages, tables, pictures. The graphical part include pages
Мазмұны
|
Кіріспе……………………………………………………………………………………… |
|
|
|
|
1 |
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ……………………………………………….. |
|
1.1 |
Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны ……………………………………. |
|
1.2 |
Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары…………………….. |
|
1.3 |
Кәсіптік оқыту әдістемесі…………………………………………………………….. |
|
|
|
|
2 |
Жобаланатын объектіні таңдау және негіздеу……….. |
|
2.1 |
Шығармашылық ізденістерді талдау…………………………………………….. |
|
2.2 |
Жобаланатын объектіге қойылатын талаптар………………………………… |
|
2.3 |
Объект үлгілерінің модификациясын жасау………………………………….. |
|
2.4 |
Материалдарды негіздеу және таңдау…………………………………………… |
|
2.4.1 |
Материалдардың сипаттамасы……………………………………………………… |
|
2.4.2 |
Конфекциондық карта………………………………………………………………….. |
|
|
|
|
3 |
Өңдеу әдісі мен құралдарды таңдау……………………………. |
|
3.1 |
Өңдеу тәртібі……………………………………………………………………………….. |
|
3.2 |
Құралдардың сипаттамасы және таңдау……………………………………….. |
|
|
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………….. |
|
|
|
|
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………. |
|
|
|
|
|
|
|
Кіріспе
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді… Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында – орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды, қамтамасыз ететін өнер, еңбекке баулу сияқты білім беру салалары арқылы жүзеге асыру қажет деп анық айтылған[1,2].
Ұлт мәдениетінің оның қолданбалы өнері арқылы жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой- пікірлердің қалыптасуында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, т. б. еңбектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан.
Бұл зерттеулердің біз үшін халықтық құндылығы сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушыларды еңбеке баулуда және оны жүзеге асыруда, ұлттық тәрбие беруде, мектеп оқушыларының ой- қиялын дамытуда, ұлттық талғамын қалыптастыруда жетекші құрал және зерттеу мәселемізге тірек бола алатындығында.
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінде ұрпақ тәрбиесіндегі халықтың құнды ой- пікірлеріне талдау беріледі, қалыптасқан дәстүрлері мазмұндалады және ондағы адамгершілік, эстетикалық ұлттық тәрбие берудің әдіс- тәсілдері баяндалып, олардың қазіргі жағдайдағы тағылымдық мәні сараланып сипатталады. Әйтсе де, қазақтың сәндік — қолданбалы өнер туындыларын мектептерде бала еңбегінде пайдалануға байланысты іргелі зерттеулер аз. еңбектерінде көрсеткенін атауға болады. Алайда, мектеп жағдайында технология сабақтарында сәндік- қолданбалы өнерді оқытып үйрету арқылы оқушыларды еңбекке баулу оларға ұлттық тәрбие беру мәселесі әлі күнге дейін өз дәрежесінде көрініс таппағандығын, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға және оқу-тәрбие жұмысына жасағанда талдау бұл мәселеге аса назар аударылмағандығын дәлелдеп, осы уақытқа дейін оның оқу-тәрбие үрдісінде әлеуеті жеткілікті ескерілмей келгендігін көрсетеді.
Бұның бәрі біз көтеріп отырған сыныптың еңбекке баулу, бейнелеу өнері, технология сияқты сабақтарда оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді оқытып, үйрету арқылы ұлттық тәрбие беру, еңбекке баулуды жүзеге асыру жан-жақты шешімі әлі де болса табылмаған мәселе екендігін айғақтайды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазіргі нарықтық қатынастарға көшуге байланысты қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулуға барынша дамытуға деген қоғам қажеттілігі мен педагогикалық теорияда қазіргі жағдайдағы мектеп практикасында шешімін табуы арқасында қарама-қайшылық айқын көрінеді. Сәндік — қолданбалы өнердің педагогикалық ғылымда оқушы тұлғасын қалыптастыру мен ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерінің әліде жан-жақты толық зерттелуі қажеттілігімен пайда болған қайшылық негізінде сынып оқушыларына еңбекке баулу, бейнелеу өнері, технология т.б сабақтарда сәндік- қолданбалы өнерді оқыта отырып оқушыларға ұлттық тәрбие беру жұмысын диплом жұмысымның негізгі мәселесі екендігін туғызды. Бұл мәселенің қоғамдағы әлеуметтік маңыздылығы мен мектеп бағдарламасына қосатын үлесін айқындау мен осы мәселелердің ғылыми-теориялық тұрғыдан шешімін табу менің дипломдық зерттеу жұмысымның тақырыбын «Оқушыларға технология сабағында сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру»-деп алуыма негіз болды. Оқушыларға еңбекке баулу, бейнелеу өнері, т.б. сабақтарда сәндік сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық дәстүрде ою-өрнектерді қолдана отырып сабақ беру күрделі үрдіс болғандықтан, оны білім берудің барлық сатысында салыстыра талдамай, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты мәселемізді кіші, орта буын аралығындағы сыныптар үшін бөліп қарастыруды жөн көрдім.
Диплом жұмысының мақсаты. Оқушыларға сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мәселерді ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны. Орта буын сынып оқушыларына технология сабағында сәндік-қолданбалы өнерді қолдана ағаш бұйымдарын жасау технологиясы және окыту әдістемесі отырып сабақ беру үрдісінде ұлттық тәлім-тәрбие беруді пайдалану.
Зерттеу пәні — орта буын оқушыларын технология сабақтарында оқушыларға сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы Егер, мектептерде этнопедагогика принципіне негізделген сәндік-қолданбалы өнер арқылы орта буын оқушыларын еңбекке баулуды жүзеге асыра берудің педогикалық мәні ашылып, оқу -тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктері мен шарттары айқындалса; еңбеке баулу, технология пәндерінің оқыту ерекшеліктеріне сәйкес сабақта оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамытуда сәндік қолданбалы өнерді оқытудың әдістемесі, оқушылардың іс- әрекеттері сәндік қолданбалы өнерді –меңгеруге бағытталса оның ішінде ою-өрнектердің элементтерін әрбір сабақта қолданса, онда оқушыларға технология сабағында оқушыларды еңбекке баулуды жүзеге асыру, ұлттық дәстүрде тәрбие беру тиімді болады және ой- өрісі, танымы, шығармашылық қабілеті, білімі, біліктілігі, дағдысы, ізгілік қасиеттері, еңбекқорлығы, төзімділік қалыптасады деп есептеймін
Зерттеудің міндеттері. Оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді оқыту арқылы түрлі салт-дәстүр мен тарихи мұраларды, ою-өрнектерді сабақта қолданудың аясы ашылып теориялық негізін, педагогикалық мүмкіндіктері мен шарттарын ашу;
-«оқу, білім- тәрбие» жүйесіндегі еңбекке баулу сәндік-қолданбалы өнер арқылы өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқушыларды технология сабағында жүзеге асырудың педагогикалық мазмұнын айқындау;
-Орта буын сыныптардың сабағында сәндік- қолданбалы өнерді оқыту арқылы оқушыларды еңбеке балудың үлгісін жасау, оқытудың әдістемелік жүйесін ұсыну және негіздеу; сынып оқушыларына сәндік қолданбалы өнер арқылы технология сабағында ұлттық дәстүр арқылы тәрбие беруді жүзеге асыру жолдарын анықтау, зерттеу нәтижесіне негізделген оқушыларға ұлттық дәстүр арқылы тәрбие беруді, еңбекке тәрбиелеуді жетілдіруге ықпал ететін ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын дайындау.
Дипломдық жұмысының әдістамалық-теориялық негіздері Сынып оқушыларына сәндік қолданбалы өнер арқылы еңбекке тәрбиелеу, дүниеге, қоғам жөніндегі түсініктерін ұлғайтады ой- өрісін, рухани талғамы мен танымын қалыптастырып, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейді. Сынып оқушыларына технология сабағында сәндік қолданбалы өнер арқылы еңбеке баулуды жүзеге асыру жолдарын анықтау, ұлттық талғамын қалыптастыру, оқушылардың елжандылығын халықтық мұра құндылықтарын бағалауы мен тани білу қабілетін арттыруға, еңбекқорлығын арттыруға, шеберлігін шыңдай түсуге әсер етеді.
Дипломдық жұмысының практикалык базасы. Тараз қаласы № 46 орта мектебі.
Зерттеу әдістері;Жетістіктері мен озық тәжірбилерді, әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау, мектеп бағдарламасындағы әдістемелік кітапшаларға тоқталу; оқушылардың көркем –шығармашылық жұмыстарын, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін оның ішінде ою-өрнектерді қолдану аясы және халық шеберлерінің шығармашылық жұмыстарын талдау; озық педагогикалық тәжірбиелерді зерделеу ; педагогикалық тәжірибе жүргізу; оқу- тәрбие үрдісін бақылау; арнайы ұйымдастырылған іс-тәжірбие жұмысы бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау; алған нәтижиелерді көрсету
Зерттеулердің ғылыми жаңашылдығы:
— оқушыларға технология сабағында сәндік қолданбалы өнерді оқыту арқылы ұлттық тәрбие берудің теориялық және практикалық жолдары мен тәрбие берудің теориялық және практикалық негізгі көздері ашылып, педагогикалық мүмкіндіктері мен іске асыру шарттары айқындалды:
— оқу тәрбие жүйесіндегі «ұлттық тәрбие» ұғымының мәні ашылып технология сабақтарында оқушыларға сәндік- қолданбалы өнерді оқыту, үйрету арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру түсінігі анықталып, бекітілді; оқушыларға технология сабағында сәндік қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің үлгісі ұсынылды және тәжірбиеге енгізілді.Практикалық зерттеудің маңыздылығы: әрбір оқу-әдістемелік құралдарға шолу жасалынды.
-«Халық мұрасындағы сәндік- қолданбалы өнерді оқыту мен үйретудің әдіс-тәсілдері » -оқу әдістемелік құрал пайдаланылды:
-« Халықтың дәстүрлі сәндік қолданбалы өнерлері –ұлттық дәстүрде тәрбие құралы»- оқу- әдістемелік құралы қолданылылды:
— « Қазақ халқының ұлттық бұйымдары мен олардың ұлттық нақышта жасалуы т.б. еңбекке баулу, технология сабақтарының оқыту әдістемесі» күнтізбелік жоспарға енгізу бірлестіктің отырысында талқыланылды:
Сынып сабақтарында оқушыларға сәндік — қолданбалы өнерді оқыту арқылы ұлттық тәрбие беру, оларды өнерге үйрете отырып, тәрбие беру ұғымының мәні ашылып, әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды және нақтыланды. Сынып оқушыларының сәндік -қолданбалы өнерге деген оның ішінде ою-өрнектерді бұйымда қолдануды, қызығушылығының деңгейіне ықпал ететін факторлар талданды. Оқушыларды көркемдік білімі мен ұлттық талғам деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері анықталып, тәжірбиелер әзірлеу және тексеру жүргізілді, жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін бір жүйеге келтіру, жинақтаумен қорытындылау, әдістемелік жұмыстар жүргізу, жалпы білім беретін мектеп жұмысының нақты жағдайында олардың дәлелділігін тексеру жүргізілді, қортындыланды.
Зерттеу зерттеудің практикалық маңыздылығы; Қазақ этнопедагогикасының жетістіктері мен озық тәжірбилерді, әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау, мектеп бағдарламасындағы әдістемелік кітапшаларға тоқталу; оқушылардың көркем –шығармашылық жұмыстарын, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін оның ішінде ою-өрнектерді қолдану аясы және халық шеберлерінің шығармашылық жұмыстарын талдау; озық педагогикалық тәжірбиелерді зерделеу ; педагогикалық тәжірибе жүргізу; оқу- тәрбие үрдісін бақылау; арнайы ұйымдастырылған іс-тәжірбие жұмысы бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау; алған нәтижиелерді көрсету.
Дипломдық жұмыстың құрлымы мен көлемі
Кіріспеде дипломдык мақсаты мен міндетін көрсете отырып, дипломға қойылатын жалпы талаптарды, қойылған мақсаттарды шешу жолдарын атап көрсету қажет. Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны, Берілетін мағлумат жоба тақырыбымен тығыз байланысты болуы қажет. Кіріспе 3 беттен тұрады.
- КӘСІПТІП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны
Қазіргі кездегі ғылыми еңбектерде қазіргі білім мен тәрбие берудің даму өрісіне қойылатын негізгі талаптар үш түрлі бағытта қарастырылады:
1.Еркін тұлғаны тәрбиелеу:
2.Рухани тұлғаны тәрбиелеу:
3.Ізгі, адамгершілігі мол, тұлғаны тәрбиелеу. Бұл еңбектерде жеке тұлғаны рухани ізгілікке, ұлттық дәстүрге тәрбиелеп, жетілдіру мәселелерін «дәстүр сабақтастығы», «біртұтастық», «жүйелік», ұғымдарына сай қарастыру қарастырылған.
Мысалы: өнердің төрт түрлі қызметін атап көрсетейік:
1.Танымдық
- Бағалаушылық
- Жасампаздық
- Шығармашылық.
Білім беруді жүйелеу және жеке тұлға үшін білімнің маңызы, құндылығы мен кәсіби қажеттілігін жүйелеу мәселелеріне талдамалар жасау арқылы адам санасы, оның қабілеті, материалдық әлемнің жүйелі, мағыналы, құндылығы мен кәсіби құрылымынан тұратынын дәлелденген.
Технология сәндік — қолданбалы өнерді оқыту арқылы ұлттық дәстүрде оқыту, тәрбие беру – кең ұғым. Сондықтан, осы еңбектерді басшылыққа ала отырып, жас өспірімдердің оқуымен тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін қайта қарайтын, халықтық сәндік- қолданбалы өнерін ұлттық дәстүрде оқытып, оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің орнын айқындайтын уақыт. Сынып оқушыларына халқымыздың сәндік- қолданбалы өнерін технология сабағы арқылы оқытуды жүзеге асыру, ұлттық дәстүрде оқыту мен тәрбие берудің мәселелері, әдіс-тәсілдері қарастырылды[3,4].
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» — деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтқандай, оқушыларға халықтық этнопедагогика негізінде халқымыздың сәндік- қолданбалы өнерлері арқылы оқыту мен тәрбие беруде технология сабақтарындағы біліммен ұлттық тәрбиені үндестіре білсек қана қазіргі заманғы ғылым мен техниканың озық идеяларын ала отырып, ұлттық дәстүрдегі сананың, ізгіліктері, қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты дамыған білімді тұлға тәрбиелей аламыз. Өсіп келе жатқан жас буындар үшін басты міндет – ол елдегі кәсіптік білім беру жүйесн дұрыс жолға қою болып табылады. Білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті жалпы кәсіптік білім бере аламыз. Тек нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғары білікті дәрежеде дайындалған кәсібимамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын толықтырып, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады.
Қоғам нарықтық қатынастарға көшіп, адамдардың қалыпты жағдайдағы іс-әрекетін ұзақ жылдар бойы реттеп келген бұрынғы өмірлік мұраттары мен құндылықтар өзін өзгерткен шақта өмір адамдарды мейлінше түрде саналы таңдау жолына салып, жаңаша бейімдеу проблемасын алға тартады.
Қазіргі кезде Қазақстанның байлығын материалдық , еңбек және финанс ресурстарын тиімді пайдалану саясаты жүйелі жүргізіліп , шетел инвесторларымен сауда қатынастарын барынша нығайтып, оны үнемді, әрі ұқыпты пайдалану жолдарын іздестіруде. Еңбек және ресурстар үнемінің проблемалары ең алдымен техникалық мұқтаждықтан туады. Өндіріске үнемі құрал-жабдықтары, механизмдерді және жаңа проблемаларды жасап енгізу, прогрессивті технологияны көтеру.
Бүгінгі таңда оқушыларға үнем мен ұқыптылық , оның нәтижесі экономикалық білім беру өте қажет.Оған себеп мектеп жасындағы оқушы да мектепке, ата-анаға масыл болмауға тиіс. Еңбек пәні атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлерін және жаңа технологияны қолдана отырып, үйретіп білуге үйретеді.
Көп ұлтты Қазақстан үшін қазақ халқының аса құнды сәндік, көремдік мұралары талантты шеберлер қолынан шыққан көркем-өнер шығармасы ғана емес, сонымен қатар халық өнерін одан әрі қарай зерделеп, өнерді оқып үйренуге қажетті материал ретінде қазіргі заманғы, қоғам талабына сай дамыту үшін «технология» сабағын кеңінен пайдалана отырып, мұғалім мен оқушылардың білімі мен біліктілігін арттыра түседі деген ойдамын[5,6].
Кәсіптік оқытудың оқу материалдық базасына қойылатын педагогикалық талаптар:
- Оқушылардың білімге қабілеттігін тексеру және оны дамытуға жәрдемдесе білуі керек;
- Мамандық көлемінде әдістемелік және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізе білуі керек;
- Дидактикалық материалдардың тақырыпқа сай нақты іріктелуі;
- Көлемі дидактикалық талапқа лайықты болуы;
- Эстетикалық талапқа сай болуы;
- Негізгі белгілермен басты мағлұматты айқын, нақты, түсіндірілуі;
- Материалдағы көрсетілген объект барлық оқушыларға жан-жағынан жақсы көрінетін етіп орналастырырлуы;
- Дидактикалық материал сабақтың тиісті кезеңінде ғана пайдаланылуы;
- Оқушылар зейінінің басты мәселеден ұсақ-түйекке аударалып кетпеуі;
- Көрсету мұғалімнің түсіндірілуімен, әңгімелесуімен ұштастырылуы тиіс;
- Техникалар мен өндірістік технологияларының қауіпсіздік шараларын қарастырып, еркін шешім қабылдай білу керек;
- Жабдықтарды жөндеуге қолданылатын техникалық және конструкциялық материалдарды білуі керек;
Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында: «Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа технологиялардың енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, өмірде 2-3 мамандықты меңгеру қажеттігі туындайды»,-деген мәселе қойылған. Бұл мәселені шешуде “Технология “(еңбекке баулу) атты жаңа бағдарламаны меңгеруге оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруге мүмкіндік беретіні; олардың интелектуалдық, тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік-экономиялық жаңдайларда бейімделуін қамтамасыз ететіні белгіленген. Мақсатқа жету үшін педагогикалық іс-әрекеттер еңбектің арнайы экономикалық және экологиялық аспектілер, ақпараттық және жоғарғы технологиялармен танысуға жеткілікті көңіл аударылса, оңдағы жұмыстардың саналы орындалуы мен өзіндік білім алу жағын қалыптастыруды дайындауға халықтық, аймақ, отбасы дәстүрлеріне жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта жаңғыртып және сақтауға бағытталса ғана мүмкін болатыны көрсетілген[7,8].
Ұлтымыздың мәдениетін сақтау, оны келер ұрпаққа жаңа көз қараспен жетілдіріп білім беру ісі басты құралы болып саналады. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды дамуы білім беруге қойылған талаптарды түгелдей өзгертуде.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты оқушылардың білімін, біліктілігін дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық білім мен тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсінді азаматын, бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Ұлттық мәдениеттің негізі болып табылатын этнопедагогикалық білім берумен ұлттық дәстүрде білім мен тәрбие берудің басты құралдардың бірі халқымыздың сәндік қолданбалы өнерін оқушыларға оқыта отырып үйрету екендігі белгілі. Халымыздың сәндік қолданбалы өнері ата бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі.
Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді. Осы кезге дейінгі зерттеулердің кезеңінде ұрпақ тәрбиесінің маңызын, мәнін, ерешеліктерін жан- жақты дәлелденген. Дей тұрғанымен, оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді оқыту арқылы технология сабақтарында ұлттық дәстүрде оқыту мен тәрбие беру, ұлттық талғамын қалыптастыру мәселесі әлі де болса ғылыми тұрғыда қарастырылмаған. Бұл жерде, этнопедагогиканың озық үлгілерімен оқушыларға халықтық сәндік қолданбалы өнерін оқыту, үйрету арқылы ұлттық дәстүрде тәрбие беруді жүзеге асыруда – еңбекке баулу, технология сабақтарының орны ерекше. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер туындылары мейлі, ол мұражайларға, мейлі көрмеде тұрсын күнделікті тұрмыс қажетін өтеп жатсын, оны халқымыздың өткен тарихымен, мәдени құнды мұрасымен, салт –дәстүрімен жалғастыратын дәнекер күш деп қарауымыз керек. Себебі, онда ұлттық дәстүрдегі тәрбиені жүзеге асырудың амал –жолдары, талғамы, талап –тілектері, үлгі- өнегелері, әдіс –тәсілдері орын алған.
Оқушылардың ұлттық талғамының қалыптасуы белгілі бір ортада көптеген факторлардың өзара әсерімен білім мен тәрбиелеудің негізінде дамиды. Біздің түсінігімізше, халықтық сәндік — қолданбалы өнерді оқытудың әдістемесі арқылы оқушыларды еңбекке баулуды жүзеге асыру, ұлттық дәстүдегі білім мен тәрбие, этнопедагогикалық білімнің құрамдас бөлігі болғандықтан оны іске асырудың түрлі мүмкіндіктері мол екендігі анықталды[9,10].
Қазіргі жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде, жалпы азаматтық, рухани құндылықтармен жоғарғы адамгершілік, ұлттық талғамын қалыптастыру сияқты қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысында ық жан – жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әртүрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың сәнді-к қолданбалы өнерлерін үйрету арқылы әрбір сабақта үйрете отырып, оқушыларды ұлттық талғамын қалыптастыру мәселесінің маңыздылығымен көкейкестілігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан білім беру жүйесін реформалау саясаты ең біріншіден; еңбек, пәні, технология кәсіптік білім сияқты өмір талабына қажетті, қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден – оқу үрдісіндегі білім беру мен ұлттық дәстүрде тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, қабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау, еңбекке баулуды жүзеге асыру, ұлттық талғамын қалыптастыру болып отыр. Бұдан ұлттық дәстүрде білім мен тәрбие мәселесіне бұрын соңғы көңіл бөлінбеген ой туындамасы керек. Десекте, қазіргі қоғамның ғылыми, практика талабына, білім беру, тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыру қажеттіліне сай, оқу – тәрбие үрдісінде жергілікті жердің экономикалық, экологиялық және этномәдени ерешекліктерін ескере отырып, технология сабағында оқушыларға сәндік-қолданбалы өнерді оқыту арқылы ұлттық талғамын қалыптастыру мәселелерін қарастыру қажет.
Жалпы білім беретін мектептерде аталған мәселені шешу, мақсат-міндеті жүзеге асыру, яғни оқушыларды арнайы кәсіби негізде еңбекке баулу мұғаліміне жүктелетіні белгілі. Педагогикалық бағытта білім беру мазмұнына оқушыларды осы заманғы өндіріс негіздерінің ғылыми принцптерімен және прогрессшіл тенденцияларымен таныстыру; оқушыларды осы кезеңдегі индустриалдық өндірістің негізін құратын автоматтаңдырылған және информатика механизмдерімен жұмыс істеу дағдыларымен қаруландыру, компьютерлік білім беру жататыны мазмұндалады. Ол педагогика ғылымының соңғы кездегі жетістіктерді тәрбиелеу мен білім берудегі көптеген идеялардың, оның ішінде арнайы білім берудің мәнін нақтылауға мүмкіндік беретіндігін айта келе, бүгінгі күні оқушыларды еңбекке баулу білім беру процесінің оқушылардан одан әрі қарай әр түрлі салаларда жемісті әрекет етуге мүмкіндік беретіндей қабілеттердің дамудың негізін қалайтын жетекші функцияларының бірі ретінде қарастырады[11,12].
Адамның бойындағы бұл қасиеттер тобын өзгермелі жағдайларда белсенді әрекет етуге бейімделген және ол үшін қажетті тәрбиелік құрал мен қуатқа ие болған тұлғаның моделі ретінде қарастыруға болады. Ал, жалпы білім беретін әрбір пән ұлтымыздың халық шаруашылығының қажеттілігі талабымен оқу материалының арнайы сипатын ашуға бағыттайды.. 5-ші сыныптан бастап барлық технология пәнінде оның ішінде оқушыларды қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне оқушыларды баулуға қатынастыруға, қазіргі заманғы өндірістің негізгі типті құралдарымен жұмыс жасау дағдыларын игертуге бағыттайды. Білім беру жүйесінің басты міндеті оқушыларға ұлттық тәрбие беру және жалпы адамзаттың құндылықтар, ұлттық талғамды қалыптастыру, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім мен тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Орта буын сыныптарда технология пәнінен білім беру, мектеп өміріндегі жаңартулар мазмұны қай тұрғыда жүру керек деген сұрақтардың жауабы технология пәнінің әдістемесін жетілдіру, технология пәні мұғалімінің оқыту процесінде дидактиканың принциптері мен заңдылықтарын басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап алып көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану арқылы мектеп оқушылары білімімен біліктілігін жоғары нәтижеге жеткізу[13,14].
Қазіргі уақытта орта буын сынып мұғалімі технология пәнін оқыту кезінде оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырып қазіргі заманғы педагогикалық озық технологияларды меңгерту арқылы білім берудің ұлттық моделін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті шығармашыл, тәрбиелі тұлға қалыптастыру мақсаты тұр.
Орта буындардың технология сабақтарында көрнекі құралдарды тиімді пайдалану оқушыларды бұрынғыдай мұғалімнің өз талабына ғана тәуелді ете оқытудан бас тартқызып, мектеп оқушыларының қабілеті, сұранысына, қызығушылығына қарай ынтымақтастықпен жұмыс істеуі жолындағы ілгерілеу екендігін пайымдаған әдіскер ұстаздар оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалануда баса назар аударуда.
Осыған орай, еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне, қоғамдық әл-ауқатын арттыруға қажетті нәрселерді жасауға қатысуы тиіс, Бұл орайда қоғам дамуының әр кезеңдегі тиімді тәжірибеден үйреніп, оны дамыта беру керек, айтқанымыздай, оқу мен тәрбие егіз бұл істе ең басты мәселені даралай көрсету, оқытуды дербестендіру мен ұжымдық үлестіру, сондай-ақ ұстаз бен шәкірт арасындағы жүйелі байланысты одан әрі нығайту, өткізіп отырған сабақтың әрбір минутын үнемді және тиімді пайдалану, қажетті көрнекі құралды орнымен қолдану
- оқыту әдістерін үйретудің негізгі әдістері болып саналатынын әрқашан есте ұстаған жөн. Осы қағиданы терең меңгерген ұстаздың әрқашан шәкірт алдында беделі өсе түсетіні заңдылық[14,15].
Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог Ы.Алтынсарин: «Қазақ табиғатынан ақын-жанды, дарынды халық, осы халыққа жетпей жүрген екі нәрсе бар; ол біріншіден, олардың білімнің кенжелігі, екіншіден — еңбек етуге баулуын және еңбек тәрбиесінің жетіспеуі» — деген екен. Одан әрі пікірін жалғастырьш, «Қазақ халқы азбаған халық, оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білімі мен пайдалы өнерді халықтың еңбекке деген түрлі өнерлерін үйрену керек, деген болатын.»
Алтынсарин балаларды оқыту жөне тәрбиелеу ісінде мұғалімдердің ролін көтере отырып, олар балаларды еңбекке баулып, еңбек тәрбиесін адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра отырып жүргізу қажеттігін сан рет атап көрсетті.
Осы мерзімге дейін оқушыларды еңбекке баулуда біршама білімдік-тәрбиелік жұмыстар болғанымен, оқу жоспары, бағдарламалары, оқу құралдары қазіргі Қазақстанның білім дәрежесіне, оның дүние жүзі елдерінің білім беру деңгейіне дамуына толың сай келмейді. Сондықтан да мектепте оқытылатын еңбекке баулу оның ішінде технология пәніне үлкен міндеттер қойылуда. Оқушыларды еңбекке баулуға дайындаудың мазмұны мен әдістерінің жетілдірілуінің мазмұндық сипатының өзгерісі болып төмендегілер белгіленеді;
- педагогикалық білімді жетілдіру оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету;
- оқу шеберханаларында және ауыл шарушылық учаскелерінде жұмысты мектептегі іс-әрекетпен сабақтастықта өту сабақтың тиімділігін едәуір арттыру;
- әрбір оқу сағаттарын тиімді пайдалану;
- оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды жақсарту;
- мектептен, сыныптан тыс сабақтарын кеңейту мен тереңдету;
- оқушылардың шығармашылық қызығушылығын тудыруға қабілетті үйірме, факультативтік жұмыстарды кеңінен пайдалану;
- кітаппен жұмыс істеуіне, практикада және т.б. өзіндік жұмыс жасауына көңіл бөлу;
- еңбекке баулуға, білім берудің әртүрлі аспектілеріне жұмыстар жүргізу;
- оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін белсендіруші, шығармашылық ойлауын дамытудағы әдістер ұсыну (проблемалы және бағдарлы оқыту),
Оқушыларды еңбекке баулуға оқытуда қолөнерге халықтық педагогикада тәрбие құралы ретінде, әрі өндірістік білім беру құралы ретінде қарстырылғанына көз жеткізілді [15].
Ол, біріншіден: шикі заттарды өңдеу және олардан қол бұйымдарын дайындаудағы еңбек процесі;
екіншіден: технологиялық тұрғыдағы қол еңбегі құралдармен аса шеберлікпен орындалатын іс- әрекет;
үшіншіден: шығармашылық сиппаттағы көркем бұйымдарды дайындаудағы өнер
Жалпы материалдарды өңдеу, олардан бұйымдар дайындау” халықтық білім” негізінде жүзеге асырылғандығы белгілі. Халық білім-табиғат және әлеуметтік процестер мен құбылыстарды эмпирикалық бақылау жолымен жинақталған дәстүрде бекітілген, сонымен қатар күнделікті практикалық іс -әрекетте пайдалалынатын кешен.
Оқушыларға технология сабағын өту арқылы оларды қолөнерге баулуда арнайы бағыттылықты түзуші оқу материалдарына: графика және бейнелеу сауаттылығы, еңбекті ұйымдастыру мен жоспарлау, техника (құрал-жабдықтар және т.б.), технология және іс-әрекет барысында болатын экологиялық қасиет мағлұматтары (жұмысты орындаудағы әдістер мен тәсілдер: көркем өңдеу түрлері- әшекейлеу, әрлеу), материалдар жөніндегі негізгі мағлұматтар, экономикалық білім элементтері, бақылау және өзіндік бақылау жатады. Сондай-ақ, қолөнердің түрлеріне байланысты олардың даму тарихы, ою-өрнектермен мәнерлеу түрлері, композиция және түстер негізі, бұйымды көркемдеп өңдеудің техникасы, өндіріс жөніндегі мағлұматтар берілуі қажет. Практикалық іс-әрекеттер: графикалық, бейнелеу жұмыстарын орындауды, өлшемдерді анықтауды, еңбек объектісін таңдау мен іс-әрекетті жоспарлауды, технологиялық процестерді еңбекті қорғау талаптарына және үнемділік қағидасына сәйкес орындауды, өзіндік бақылауды және бұйым сапасын бақылау реттілгі қамтуы тиіс. Оқушыларды еңбекке баулуға оқыта отырып қолөнерге баулудағы теориялық мағлұматтар мен практикалық іс-әрекеттер бағдарлама мазмұнында қамтылып қоймай, сондай-ақ, оқу процесінде осындай тәртіппен ашылуы керек. Жеке адам еңбексіз дамымайды, ол біртіндеп кері кетеді, азады. Еңбек арқылы адамның дене, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі[13,15].
Еркін еңбек процесінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігі қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды, шығармашылық еңбек процесінде оқушы өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе, соғырлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты толыса түседі. Дұрыс жолға қойылған тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіптік бағдар мектеп оқушыларының қоғамдық, пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және интеллектуалдық жағынан қалыптастырудың, шығармашылық дамытудың таптырмас құралы. Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғам үрдісінде болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұраты екені баршаға аян. Жас ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау мен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл қасиеттері салт-дәстүрден бастау алатыны белгілі. Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік мәдени мұрасы бар.
Қазіргі кезде мектепте оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:
біріншіден, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамына құрметпен қарау; екіншіден, оқушыларды халықшаруашылығындағы салалардың еңбек түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің процесінде олардың еңбек дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;
үшіншіден; оқушыларды белгілі бір мамандықты таңдауға даярлау;
Объективтік фактор — қоғамның материалдық — техникалық базасын жөне жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Осының негізінде әдет, адамгершілік нормаларын бекітеді.
Субъективті фактор — адамның, еңбектің маңызына терең түсінуі және ішкі сезімінің өмірімен өзінің борышын орындауы.
Оқушыларды еңбек етуге әрекеттендіру — бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілік тәрбиенің жоғары деңгейі, еңбек процесінде құштарлық, еңбек етуге әзірлік.
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды төменгі сыныптан, ал отбасында балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып, еңбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігінде сенімін қалыптастыру.
Сонымен, оқыту жөне тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды еңбекке психикалық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.Технология пәнінің сабақтарында оқушылардың ұжымдық еңбек дағдыларының қалыптасуының маңызы өте зор. Ұжымдық еңбекте балалардық қабілеттілігі, дарындылығы толық ашыла бастайды, ұжымдық өмірде адамгершілік әдеттері, дағдылары қалыптасады, Еңбекте достық, жолдастық өзара көмек және жауапкершілік нығаяды, әркімнің жұмыстары ұжымдық өмір нормалары тұрғысынан бағаланады. Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: сыныпта оқушыларды ңжұмысты сапалы және тиімді істеуге, уақытты ұтымды пайдалануға, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға кұндылықпен қарауға баулу. Еңбек мәдениетіне жариялылық, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуын түсіндіре білу, алдағы жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдай білуге және істерді сауатты ұқыпты жасау жатады. Міне, осындай мақсатқа багытталып жүргізілетін жұмыс сынып оқушыларының ынтасының қабілетінің, шығармашылық ой-өрісінің дамуына мүмкіншілік жасайды, еңбектің тәрбиелік құндылығы артады. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және оның жүйесі ашылады[10-16].
1.2 Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары
Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері. Кәсіби оқыту әдістері. Әдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы[6,8].
Оқыту әдістері деп оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы бір ізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер-педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.
Дидактикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс-әрекет қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн.
Іс-әрекет – бұл қарапайым ағымды мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі.
Оқытудың жалпы педагогикалық принциптеріне қоса кәсіптік мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі мен табысқа жетуі инженер-педагог қызметкерлерінің кәсіби оқыту принциптерін сақтай білуі мен тек оларға тән мына ерекшеліктер де бар.
Жалпы білім беретін және жалпы техникалық пәндері кәсіби бағыттау принципі. Бұл принцип бойынша кәсіп саоасына бағытталған жалпы техникалық және арнайы пәндер циклы өзара байланыста оқытылады, олардың мақсаты білім алушылармен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан оқытушылардың жасайтын кәсіптік оқыту бағдарламаларының мазмұны біңр мақсатты көздейді.
Оқу материалдарын игеруде технологиялық бірізділік принциптері. Бұл «Өндірістік оқыту» және «Арнайы технология» пәндеріне ғана тән. Ол оқушыларға өндірістік операцияларды бірізділікпен үйрете отырып, ол үлгілерді өндірісте қолдана білуге машықтандыруы тиіс.
Оқу үрдісі кезінде кәсби қызметті модельдеу принципі. Кәсіби қызметті оқу үрдісінде модельдеу деп белгілі бір кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру үшін тиісті оқыту әдістері мен түрлерін таңдап алу арқылы оқытуды айтады.
Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар кіреді:
- жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу;
- жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу;
- тиісті міндеттерді орындау үшін жалпы кәсіптік, жалпы технологиялық және арнайы білім, білік дағдыларын жете меңгеру.
Кәсіби жұмылдыру принципі. Бұл принцип білім алушылардың кәсіпті, жаңа техникалық құралды, технологиялық процесті, жаңа мамандықты игеруде, біліктілігін көтеруде білім мазмұны мен оқу үрдісін оқушылардың өздігінен үйрендіре жұмылдыру. Өндірістің даму болашағын түсіну, бағытын білу,практикалық мәселелерді пайымдап шеше білу, ой-өрісінің кеңдігі, шығармашылық қабілетін сол іске жұмылдыра білуіне байланысты. Принцип мақсаты тек кәсіби дағдыларды игеру емес, оны инновациялық түрде дамытып, техника, технологияның ұйымдастыру тәсілдерін тиімді жетілдіруінде болып отыр[14,15].
Кәсіби оқытудың модульдік принципі. Модульдік оқытудың мәні, оқушылардың жеке оқу бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше өңдеп, әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, көздеген мақсатына жету. Бағдарлама вариативті (таңдаулы) түрді беріліп, әлеуметтік сұранысқа орай модуль мазмұны жаңартылып отырады. Модуль деп оның принципін іске асыру оқушының барлық іс-қимыл әрекетін біртұтас етіп, кәсіби деңгейін дамыта оқытатын дәрежеге бағыттап, жеткізуді қамтамасыз етеді.
Осы айтылған оқыту принциптерін жүйелі түрде сақтап, әске асырған инженер-педагог өз қызметінде шәкірттерне дидактикалық, тәрбиелік және дамыта оқыту арқылы кәсіптік білім бере алады.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі мен жалпы білім беретін мектептегі өз тәжірибеңізге сүйене отырып, мына сұрақтарға жауап беріңіз:
- Кәсіби оқытудың политехникалық принципі бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінде қолданыла ма?
- Модульдеп оқыту принципі практикада қалай іске асырылуға болады? Егер сіз оқу орнының директоры болсаңыз, өз педагогтеріңізге арнаулы пәндерді оқытуда модульдеу принципін қолдануға кеңес берер ме едіңіз?
- Кәсіби оқытуда экономикалық тиімділікке ұқсас принцип бар ма?
- Педагогикалық процесті компьютерлендіру принципі, кәсіби оқыту принципін сипаттай ма?
Оқыту әдістері деп оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы бір ізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер-педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.
Дидактикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс-әрекет қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн.
Іс-әрекет – бұл қарапайым ағымды мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі.
Инженерлік психологияда іс-әрекеттің мына түрлері бар:
- пәндік-практикалық;
- пәндік-ойлау;
- практикалық белгілеу;
- ойлау белгілері арқылы.
Пәндік-практикалық іс — әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте орналасуына, өзгеруіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кәсіпте бұл сипат басты мәңге ие.
Практикалық белгілеу іс-әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер әрекетіне негізделген (түрлі есептерді шешу, кесте, сұлба бойынша мәліметтерді іздестіру, жинақтау т.б.)
Ойлау белгілері іс-әрекеті белгілер мен таңбалар жүйесін ойда сақтау қызметін алға қояды (жадта ұстау, логикалық және есептеу операцияларын есте сақтау, ой жүгірту т.б.).
Оқыту үрдісін қамтамасыз ету оқыту әдістері мен оқу түрлері арқылы жүзеге асырылады. Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың жиынтығын оқыту әдістері деп жалпылама айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты әр сабақтың белгілі бір міндеттер белгілеп, соған лайық қимыл-әрекет түрлерін қалыптастырамыз. Осыдан соң, оқу мен оқыту тәсілдерінің әрбір іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің кешенді жүйесі пайда болады. Оны мына кесетедн көреміз:
Сурет 1. Оқыту әдістері
Оқытудың теориялық және өндірістік әдістерінің арасында белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік-техникалық пәндер циклі бойынша теориялық сабақ барысында мәліметтерді барлық оқушыларға бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ топтарға, топшаларға, қажет болған жағдайда, жекелей жүргізіледі. (Мысалы: автокөлік құралдарын жүргізуге үйретіп, балқыту, дәнекерлеу жұмыстары мен бөлшектерді жинау, құрастыру т.б.)
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа бөлінеді:
- Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы.
- Іздену (шығармашылық) арқылы.
Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен игереді.
Іздену әдісі оқушыларды бірізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады.
Ақпарат көздері арқылы оқыту әдістерін түрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар:
- Сөйлеу әрекеті арқылы:
— әңгімелеу;
— түсіндіру;
— лекция;
— сұхбаттасу;
— оқулық мәтінімен жұмыс;
— дыбыс жазу таспаларын пайдалану;
— нұсқау беру.
- Көрнекілік:
— демонстрациялау;
— оқушының өзіндік бақылауы.
- Практикалық:
— жаттығу;
— өндірістік-техникалық есептерді шешу;
— зертханалық-сарамандық жұмыстар.
Кәсіптік оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның жіктелуінде де көптеген пікірлер бар. Сол әдістердің жіктелуінің бірі-осы жоғарыда айтылғандай әдіс: оқушылардың танымдық іс әрекеті бойынша жектелуі.
Осыған мысал ретінде Ресей ғалымдары И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткиндердің ұсынысы бойынша кәсіптік оқытудың мына әдістері, төменгі кестеде көрсетілген.Оның негізінде оқушылардың іс-әрекетінің тиімділігі алынып отыр[18-20].
Кесте 1-Іс-әрекеттің тиімділігіне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі.
№ |
Әдістің атауы |
Оның түрлері |
1 |
Көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру әдісі |
-әңгіме -лекция -түсіндіру -нұсқау беру -көрсету |
2 |
Репродуктивтік (еске түсіру) әдісі |
-жаттығу -тапсырма -лекция -демонстрациялау -бағыт беру |
3 |
Проблемалық әдіс |
-әңгімелесу -проблемалық жағдай -ойын -көз жеткізу -жалпыламалау |
4 |
Өз бетінше іздену әдісі |
-диспут -өзіндік жұмыс -сарамандық жұмыс -зерханалық жұмыс -жарысу |
5 |
Іздену әдісі |
-ізденуді модельдеу -жобалау -ақауларды іздену -жаңа фактілерді жинау |
1.3 Кәсіптік оқыту әдістемесі
Кәсіптік оқытуда оқушылардың білімі мен ептіліктерін есепке алу негізінен екі қызметті атқарады. Біріншіден – бұл кәсіптік оқытудың ағымдағы, мерзімді және қорытынды нәтижелерін есепке алуға бағытталған ұйымдастыру-педагогикалық іс-шаралар жүйесі. Есепке алу жүйесі шаралар нәтижесі бойынша белгіленген нәтижелерді мұндай нәтижелерге сынақ, емтихан т.б. кіреді. Ол арқылы оқушылардың өндірістік практиканы атқарғаны жөнінде қорытынды жасалады. Ал өндірістік оқыту шебері өзі атқарған жұмыстары мен бүкіл оқу орны бойынша жүргізілген іс-шараларға есеп береді. Бұл жұмыстарды арнайы ресми құжаттарда рәсімдеп, тіркеп, нормативті құжат ретінде есепке алады. Сонымен қатар есеп беру – бұл міндетті түрде оқу процесінің ажырамас бір құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл оны екінші қызметі — өндірістік оқыту шебері әрбір нормативті құжатты рәсімдеуді, әзірлеуді, өзі басшылыққа алатын нұсқаулар мен ережелерді жақсы білуі тиіс, онымен практиканың түрлі кезеңінде пайдалана алуы қажет. Бұдан басқа өндірістік оқыту шебері оқушылардың практикалық қызметінің педагогикалық мәнін, оның жетістіктерін бағалап, оны жүзеге асыру әдістерін есепке алып, кәсіптік оқыту сапасы нәтижелерінің тиімділік факторларын ескереді, сөйтіп оқушылардың кәсіби шеберлігін қалыптастырудың маңзды кезеңін табысты аяқтауы керек.
Кәсіптік оқытуда оқушылардың білімі мен ептіліктерін еспеке алуда мынадай талаптар мен міндеттер қойылады.
Бұл үшін кәсіптік оқытуды есепке алу процесінің маңызды кезеңдерін, құрамдас бөліктерін біліп алуымыз қажет.
-Әр оқушы жеке есеп жүргізуі керек: жұмыс әрекетін не өнім көлемін салыстыру, қайта санау, сапасын анықтау, қорытынды шығару.
-Бақылау жасау, яғни әр бір оқушының белгілі бір іс-әрекетін, жұмысшының білімі, біліктілігі және дағдысына сәйкестігін анықтау, еңбек нәтижесінің нормативті талаптарға, ережелерге, бағдарламаларға жауап беруін қадағалау.
-Іс-нәтижесін бағалау – іс-нәтижесін, оның дұрысорындалғанын, сапалылығын және оқу-өндірістік жұмыс қорытындысын шығару.
Оқушылардың білімі мен ептіліктерін олардың сабаққа қатынасуы кезінде есепке алу. Оқу шеберханасында өткізілген практика кезінде оқушылардың сабаққа қатынасуын есепке алуы күн сайын кәсіптік оқытуға арналған журналда белгіленеді, ал өндірісте не кәсіпорында өткізілген өндірістік оқыту практикасында күн сайын цехтың не учаскенің есепке алу табелінде белгіленеді. Мұнда да оқушылардың пратикаға қатысуының жалпы пайызын есептеп шығаруға болады. Ол үшін белгілі бір мерзімді алып, жалпы оқушылар саны мен мерзімін алып, жіберілген сабақ сандары арқылы былай анықтаймыз.
Сабаққа қатысу %-ы=Σ Тн/Тж. 100%
Мұнда Σ Тн – сабаққа нақты қатысқан оқушы – сағат санының жалпы көлемі, ал Σ Тж – оқу жоспары бойынша бөлінген оқушы – сағаттың жалпы көлемі. Сол сияқты оқушылардың жіберген сағат көлемін де есептеуге болады. Жіберілген сағат % пайызы =Σ Тжб/ Σ Тбс.
Мұндағы Σ Тж/б – жіберілген сағаттардың жалпы көлемі, ал Σ Тб/с – сол мерзім ішінде оқытуға бөлінген жалпы сағат көлемі.
Білімнің игерілгендігін есепке алу әдістері.
Бұл бөлімде есепке дпу материалдарының қаншалықты игерілгендігін бақылау, өндірістік оқыту процесін ағымдық бақылау және өндірістік тапсырмаларды қалай орындағанын тексеру арқылы білеміз. Осы әдістердің өзара айырмашылықтары мен ерекшелігі бар, біз оларды шатастырмай,ажырата алуымыз керек.
Ол үшін осы әдістерге жалпы сипаттама беріп, олардың өзара байланысын да анықтауымыз қерек. Оқу — өндірістік жұмыстардың орындалу мерзімі мен мазмұнын атқарылатын технологиялық процестердің күрделілік сипатын тексеру – оқу процесінің міндетті дербес орындалу бөлігіне кіреді. Ағымдық байқау жұмысы оқу процесінің дербес бөлігі емес, оқытудың кез –келген мерзімінде атқарылған жұмысты байқауға арналған. Шебер объективті мәліметтер негізінде белгілі бір мерзім аралығындағы жұмыс процесінің дайындығы мен оның атқарылуын байқайды.Оқушы мұнда бірнеше жұмысты қатар атқарады, жұмыстың нұсқауға, нормативті құжаттарға сай орындалыуын, технологиялық процестер тәсілінің бірізділікпен атқарылуын, тиісті құрал-жабдықтарды, бақылау өлшеу аспаптарын пайдалана білу қабілеттілігін көрсете алуы тиіс. Мұнда соңынан баға не белгі қойылмайды. Шебер өз ескертулерін айтуы мүмкін. Сонда да тексеру мен ағымдық байқау оқушы білімі, біліктілігі және дағдысын анықтауда бірін-бірі толықтырып тұратын әдіс. Жас шеберлер мұндағы әрбір қимылды, құрал жабдықтар мен аспаптар қызыметін дұрыс пайдаланғанын жиі бақылап, қорытынды жасағанда өз пікірін тұжырымдап айта білуі керек[18-20].
Ауызша сұрау – пән бойынша теориялық оқытуда кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бұл өндірістік оқытуда көп пайдаланыла бермейді, тек алғашқы және ағымдағы нұсқауларды қалай игергенін білу мақсатында қолданылады. Кейде шебер барлық оқушылардың өндірістік еңбек процестерін байқауға мүмкіндігі болмайды, ондай жағдайда соңынан уақыт тауып, жеке-дара ауызша баяндау арқылы кейбір элементтерін білуге көмектеседі. Бұл теорияны практикада пайдалану жағдайында тиімді.
Оқушылардың сабақ үлгерімі мен әртібін бағалау.
1.Оқушыларға «операциялық кезеңде» баға оның әрбір бөліктеріне емес бүкіл опперацияны атқарғаны үшін қойылуы керек.
2.Оқу шеберханасындағы кшенді жұмыстарға әрбір оқу-өндірістік іс-әрекеттерге, әрбір өнім партиясына сөйтіп, бүкіл тақырыпты игергенде баға шығарылады.
3.Өндірісте өтізілген пратика кезінде баға сол тақырыпқа не бағдарлама бөлігіне байланысты қойылады. Ол таралған нақты бір цехта не учаскедегі оқыту шебері, бірақ ол үйретуші – тәлімгер пікірін, ескертпесін есепке алу қажет. Ол оқушының практика кезіндегі күнделігіне қойылады. Бағалау критерийлері мен көрсеткіштері оқушылар конспектілерінде белгіленеді. Белгілі бір опперацияны атқарғанда мынаған назар аудару керек:
*опперацияның жеке бөліктерін не оны түгелдей атқаруға қолданылған тәсілдер мен әдістердің дұрыстығы.
*оқу-өндірістік жұмыстардың сапасына жататын талаптарды орындау;
* жұмыс орнын және еңбекті дұрыс ұйымдастыруы, еңбек қауіпсіздігі нормалар мен ережелерінің сақтай білуі;
Кешенді жұмыстарды атқару сипаттары:
- Жұмыс сапасы – техникалық талаптаға сай болуы қажет.
- Еңбек өнімділігінің орындалуы;
- Жұмысты өз бетінше істей алуы;
- Еңбек тәсілдері мен ережелерінің дұрыс орындалуы;
- Жұмыс орнында және еңбекті ұйымдастырудың қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің сақталуы;
Әрі қарай оқушылар алған білімдері негізінде нақты істерді белгілі бір уақыт аралығында істеп жаттығады, икемділік дағдыларын қалыптастырады. Олар істі алдымен бөліктерге бөліп, реті мен соңынан түгелдей кешенді түрде атқаруға машықтануы қажет. Осылардың бәріне қойған баға жарияланып, конспекті дәптерлеріне ескерту мен қоса белгіленеді.
«Технология» пәні оқушыларды өздігінше еңбек етуге, жұмыс істеуге даярлайтындықтан, оның бұрынғы еңбекке баулу жүйесінен айырмашылығы сол, ол баланың жеке тұлғалық, талғампаздық, шығармашылық дамуын қалыптастыруы тиіс. Пәнді игеру барысында оқушы белгілі бір политехнологиялық білімдерді меңгеріп қана қоймай, сол алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу үшін ізденуі қажет. Мәселен, оқушылар материалдың, интеллектуалдың мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аталған пән бойынша алған білімдерін үйде, мектепте, өндірісте, демалу кезінде, бизнес саласында қолдана алуы тиіс. Пәннің принциптерін жүзеге асыру үшін оқушыларды сабақтың өтілуімен оған даярлық процесінің жаңа тәртіптеріне бағдарлау қажет. Оқушылар тұжырымдаманы орындауға қажетті ақпаратты іздеп табуы, қойылған міндеттердің шешімін табуға арналған идеяларды ұсынуы, жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру, орындау, технологиялық шешімдер мен технологияларды жасау, оның аралық және соңғы нәтижелерін бағалау, өз қызметін, іс-әрекетін жөнге түсіру, жасалған бұйыдарды өткізу үшін оңтайлы шарттарды айқындауы керек. Осы айтылғандардың бәрі жеткіншектердің кәсіптік бағдарды сезінуге, еңбекті бағалануына, бірге атқаратын жұмысқа дағдылануына, жауапкершілікті сезінуіне, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін, ұлттық талғамын қалыптастыруына, тәлім-тәрбиеге септігін тигізеді. Еңбекке баулу арқылы өмір сүруге қажетті алғашқы білімдерді және үй шаруашылығын, отбасы экономикасын жүргізуге қатысып іскерліктерді, адамның табиғатпен, қоғаммен өзара қатынасындағы негізгі салаларды қоса алғанда, баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына бағытталған.
Кәсіптік оқыту пәні сабағында оқушыларға сәндік-қолданбалы өнерді үйрету арқылы ұлттық талғамын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
Мұғалім технологиядан сабақ беру әдістемесінің сындарлы элементтерін мақсатты түрде үйлестірген жөн. Әрбір элементтің дидактикалық мәнімен технологияның негізділігін ойластырып отыру қажет. Сабақ барысында мұғаліммен оқушылардың қызметі алуан түрлі. Бұның мәнісі мынада: әрбір нақты жағдайда оқытудың білім беру, тәрбиелік және дамытушылы мақсаттарыа жету үшін әр түрлі жұмыс әдістері қолданылады.
Технология мұғалімдерінің жұмыс сараптамасында оқытудың түсіндіру-безендіру және репродукциялау (суреттерді көшіру) әдістері өте жиі кездеседі.
Түсіндіру –безендіру әдістері. Мұғалім түсіндіру безендіру әдістерін дайын ақпараттарды хабарлағанда қолданады. Оқушылар сол ақпараттарды абылдайды, ой елегінен өткізеді де есінде сақтап қалады.
Түсіндіру –безендіру әдістеріне әңгіме, түсініктеме, оқулықтар мен басқа көрнекі дүниелерді көрсету, нұсқау карталары мен жұмыс жатады. Бұл әдісті жүзеге асыру үшін мұғалімнің жанды сөзіне, оқу кітаптары мен көрнекі құралдарға ақпараттарды шоғырландырып беру мүкіндігі қосылды, сондай –ақ тігін және тоқыма кәсіпорындары мен қызымет көрсету салаларындағы жұмысшылар атқаратын еңбек тәсілдерінің орындалу барысы кино арқылы көрсетуге болады. Компьютерлерде Конструкцияның есептеулерін жүргіжуге, әр түрлі бұйымдардың үлгілерін жасауға, модельдерді, жұмыстың әр түрлі озық жолдры мен тәсілдерін көрсетуге мүмкіндік толды.
Репродукциялау әдістері: Бұл әдіс негізінен оқушылардың дағдылануы мен шеберлікке үйреніп, меңгеруінде қолданылады. Мұндай әдістерге жаттығу, лабараториялық жұмыстар, нұсқамалар жатады.
Іздестіру-зерттеу әдісі.
Бұл әдіске технология пәнінің жаңа тарауы-шығармашылық жоба жатады. Ол оқушыларға дербес, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өзінің күш жігерін байқауға, алдына міндеттер қойып оны тануға мүмкіндік береді. Тақырыпты өздерінің қалауына қарай таңдайды.
Оқу шеберханаларында өтетін сабақтада сәндік-қолданбалы өнердің негізгі міндеттерін шешуге және оның мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Технология сабағында оушылар теориалық материалды зерттеп қана қоймай, сонымен бірге практикалық жұмыстарды да орындайды. Ал бұл қосымша уақытты қажет етеді. Сондықтан 90 минут ішінде қосарланған сабақтар өтеді. Технологияның білм саласына төмендегідей талаптар қойылады.
Дидактикалық мақсат. Сабақ мақсатының айқындылығына оның ұйымдастырылуы да мазмұн көлемі, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдырын таңдау да байланысты. Сабақ барысында бірнеше дидактикалық мәліметтердің біреуі басым келіп, ол бүкіл сабақтың барысын ықпал етуі де мүмкін. (
Мысалы, тігін бұйымдарын модельдеуге арналған сабақтардың басты міндеті оқушылардың шығармашылық және конструкциялық қабілетін дамытуға, олардың модельдерді жасауға өз бетінше шешім қабылдауға қолайлы жағдайлар жасау. Оқытушы сабақ өткізген кезде, ол басты және қосалқы мақсаттарды айқындайды және сабақ барысында оған жету үшін барлық күш жігерін жұмсайды. Тәрбие берудің мақсаты еңбекке сүйіспешілік пен қарау, еңбек адамдрын құрметтеу, адамдардың еңбек нәтижелерін сыймастық пен үнемді жұмсау, аспаптарға, құрал мен басқа да оқу заттарына ұқыпты қарау болып табылады, ұлттық талғамды, көпшілік ортасындағы мінез-құлық мәдениеттік тәрбиелеу. Сондай-ақ сабақтарда жұмыстың кәсіптік бағдарын анықтауды, адамдардың еңбек қызметінің алуан түрлерімен, олардың өндірстің жалпы жүйесіндегі рөлімен танысуын жүзеге асыру. Мақсат оқушыларды материалды салысуға талдау жасауға, қорытуға, сөйтіп оны тәжірибеде қолдануға үйрету. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыларға шығармашылық жобалар беріледі. Соның нәтижесінде олар материалдың ерекшелігі мен айырмашылығын жүйелілігін айыра білу қабілетін дамытады.
Әңгіме бойынша оқыту әдістерін оқушылар 15-20 минут ішінде түсіндіруді белсене қабылдауға мүмкіндік беретінін ескере отырып, мұғалім оу материалының бір бөлігін әңгіме үлгісінде жеткізеді, балаларға фактілерді белгілі бір жүйемен хабарлайды. Бұл әдісті, мысалы, оқушыларды азіргі тұрмыс қызметімен яғни спаздың цехтардың, химиялық жолмен киім тазалау және қызмет саласындағы ғылыми жетістіктер мен, жаңа жабдытар мен т.б. таныстыру керек болған жағдайда пайдаланады. Оқушыларға таныс емес терминдерді, атауларды тақтаға жазып көрсетеді. Әңгімені белсенді қабылдау үшін оқушыларға әңгіме барысында да одан кейінде сұрақтар беріледі. Әңгіме материалды баяндау арқылы түсіндіру талап етілген сабақтарда пайдалану қолайлы әрі тиімді, сабақтарда қолданылатын әңгіме көрнекі құралдарды көрсету мен жалғасқанда ғана өз мақсатына жетеді.
Түсіндіру бойынша оқыту әдісі.
Түсіндіруді көбінесе практикалық жұмысты ұйымдастыру алдында қабылдайды. Түсіндіру әртүрлі көрнекі құралдарды, көрсету арқылы жалғасады. Жаңа материалды түсіндіргенде, оны бағдарламаға сәйкес, оның ғылыми негізделген және дәйекті баяндау керек екенін есте сақтау қажет.
Бастапқыда тұтас бұйым немесе нысана жайында деректер беріп, содан кейін оның құрамдас бөлшектері туралы айту, яғни жалпыдан жалқыға ауысқн дұрыс. Мысалы мұғалім әр түрлі үлгілерді, олардың конструкциялық және техналогиялық айырмашылықтарын түсіндіріп, көрсетуі, плакат немесе сурет бойынша басқа үлгідегі бөлшектерін көрсетуі, ерекшеліктерін түсіндіруін қажет. Процестің мәнін ашып, өнімнің санасын өңдеу операцияларының ойдағыдай орындалуына байланыстырылғанын көрсете отырып, неғұрлым терең қорытынды шығару қажет. Бұл әдісті қолдану тиімділігі көп жағдайда материалды зерттеп, баяндаудың әсерлігіне байланысты болмақ. Өйткені әсерлі сөз оқушылардың жаңа материалды зерттеп, түсіну ықыласын тудырады.
Жаңа білімді орнықтыруға мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, көңіл күйі, жұмыстың барлық түрін терминалогиялық жағынан дұрыс түсіндіру ерекше рол атқарады.
Лабараториялық тәжірибелер
Оқытудың бұл әдісі мектеп оқушыларын сәндік-қолданбалы өнердің түрлері мата түрлерімен таныстырғанда үлкен рөл атқарады. Лабараториялық-сарамандық жұмыстар оқушылар жасына қарай жасалады, ұйымдастыру кезінде оқушылар қызметін жандандыру аясында бірден олардың оқу мақсатын, ақырғы нәтижелерін айқынду керек.
Нұсқау беру. Сабақ берудің тиімді әдістерінің бірі-нұсқау беру, яғни сарамдық жұмысты орындау үшін негізгі техникалық біліммен таныстыру, оны орындаудың тәртібі мен тәсілдерін көрсету. Нұсқау беру нәтижесінде оқушыларға тақырыптар, жұмыстың мақсаты мен тәсілдері түсінікті болуға тиіс, мұғалім нұсқау беру барысында оқушыларға оны орындауда, кететін қалыпты қателіктер, еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы, өз іс-қимылдарын қай жерде, қашан және нені бақылау керектігі жайында әңгімелейді. Мұғалім оқушылардан бұл іс әрекеттерді және тәсілдерді қайталауды сұрайды, оларды неғұрлым тиімді орындау үшін нұсқаулар береді, қателіктерді талдайды.
Жұмыс барысында кіріспе, ағымдағы нұсқау беру деп бөлінеді.
Кіріспе нұсқау беру. Кіріспе нұсқау берудің көлемі мен мазмұны оқушылар танысу тиісті материалдың тың болуына, еңбек тапсырмасын орындаудың қызметыне байланысты. Мұғалім тақырыпты сарамандық жұмыстың мақсатын хабарлайды, жаңа материалды талдайды, одан кейін жұмыстың ретімен, әрбір еңбек операциясының орындың қажетті тәсілдері мен, қолданылатын аспаптар мен және басқа құрал-жабдықтар ментаныстырады. Егер еңбек тапсырмасын оқушылар бірнеше сабақ бойына орындайтын болса, онда сарамандық жұмыс басталатын алғашқы сабақта нұсқау беру жалпы сипатта болады. Онда барлық еңбек операцияларыг орындау тәсілдерін жан-жақты айтудың қажеті жоқ. Өйткені балалар бәрібір оны келесі сабақтарға, дейін есінде ұстай алмайды. Мұғалім бұл жағдайда кіріспе нұсқау беруге оқушыларды тақырыппен, жұмыстың мақсатымен таныстырады, бұйымды дайындаудың ретін белгілейді, сол сабақта орындалуға тиісті операциялардың тәсілдерін жіктеп, түсіндіріп береді. Егер оқушыларға жұмыстың тәслдері белгісіз болса, оларда белгілі бір еңбек қозғалыстары мен тәсілдері белгісіз болса, оларда белгілі бір еңбек қозғалыстары мен тәсілдерді жетілдіру үшін тиісті білім, шеберлік және дағдылар жоқ болған жағдайда, онда нұсқау беру толық болуға тиіс.
Ағымдағы нұсқау беру
Ағымдағы нұсқау беру оқушылардың жеке жұмыс барысында жүзеге асырады. Мұғалім олардың жұмысын қадағалап, аралап шығу процесінде қажетті нұсқаулар береді. Мұғалім аралауды жоспарлау мүмкін немесе әр оқушының жұмысын бақылайды. Аралап шығу, мақсатты кешенді болады. Ал кешенді аралап шығу тәсілдердің орындалу дұрыстығын ғана емес, сонымен бірге техналогиялық рептілігін, операцияны рындаудың сапасын, өз еңбегін жоспарлай білуі және өзін-өзі бақылауды өзара бақылауды т.б. жүзеге асырылуын қадағалауды да жүргізеді.
Ағымды нұсқау беру процесінде мұғалім оқушылардың қателерін тауып түзейді және алдағы жұмыста оған жол бермеуді түсіндіреді, тәсілдерді қалай дұрыс орындауды корсетеді, оқушылардың бәрінен бұрын қандай еңбек әрекетін қайталауды сұрайды. Мысалы, егер оқушылар сабақта өңдеумен, жалғау мен шұғылданса, ол кіріспе нұсқау беруде алдымен өңдеу жайында көрсетіп, айту керек, екінші кезеңде, ағымдығы нұсқау беру прцесінде көрсеткен дұрыс.Қорытынды нұсқау беру.
Сарамандық жұмысты аяқтау нәтижесін де мұғалім жұмыс қортындысын шығару мақсаты мен ақырғы нұсқау беруді өткізеді. Мұғалім сынып алдында үздік жұмыстарды көрсетіп, олардың жақсы жағымен кемшіліктеріне жан-жақты тоқталады, оқушылар жұмысында қалыпты кемшіліктерді және олардың сөздерін таңдайды, орындалған жұмыстың нәтижелерін хабарлайды. Техналогия сабақтарында нұсқау берудің ауызша түрлері мен қатар, жазбаша нұсқау да пайдаланылады. Мұнда оқушыларға нұсқау карта таратылып беріледі де, онда еңбек операциясын өткізудің реті олардың тәсілдері, қажетті аспаптар мен материалдар көрсетіледі. Жазбаша нұсқау берудің практикалық жұмыс процесінде бір сабақта балалар екі немесе күрделі операцияларын жасаған кезде қолданған тиімді. Мұндай жағдайда ауызша нұсқаудан гөрі кейде балаларға нұсқау карталары таратылады да мұғалімнің ауызша әңгімесін жазбаша түрде еске түсірді. Нұсқау карталар бір оқушыға немесе бір топқа беріледі. Ақырында нұсқау беру жазбаша графиктік болуы да мүмкін. Мұнда еңбек операцияларын айыру мен қатар, оны өткізудің реттігі график пен жүргізіледі. Жазбаша- графиктік нұсқау беру еңбек операциясы өте күрделі болғанда пайдаланылады. Ол оны орындау реттілігн меңгеруді жеңілдетеді.
Оқушылардың жұмыс процесіндегі әсерленгіш, еліктегіш процесі есте болғаны жөн, дер кезінде көмекке келмесе, олардың іске деген сенімін арттыра алмаса, жұмысқа деген ықыласы да төмендеп қалады. Мұғалім үнемі оқушыларды «енді жақсы үйрендің, бұдан да жақсы істеуге тырыс», «қайталап көрші жақсырақ үйренесің», « қарай ғой, мен қайтіп істедім сеніңкі де дәл осылай болады», т.б. сөздерді айтқан жөн. Мұнда эстетика элементтеріне байланыста еңбек тапсырмалары да аз рөл атқарады. Ол оқушылардың әсерленуіне, біліктілігі мен дағдылауына тез ықпал етеді, бұдан да жақсы жұмыс істеуге итермелейді, балалардың еңбекке деген қызығушылығын туғызып туғызып, еңбекке дағдылануына жағдай жасайды.
Нұсқау берудің толықтығы оқушылардың өмірлік тәжірибесі мен бастауыш сыныптарда оқуы негізінде алған біліміне, сондай-ақ сарамандық тапсырманың ұзақтығына байланысты. Нұсқау бергенде балалардың жеке ерекшеліктерін, олардың құптаушылығын ескеріп отыру керек.
Технология сабақтарының тағы бір маңызды ерекшеліктері графиктік көрмені құралдарды-машиналар мен механизмдерді, бұйымдардың сөз боларын, үлгілері мен бөлшектерінің суреттерін көрсету.
Жаттығулар. Технология сабақтарын жоспалай келе мұғалім мүмкіндігінше оқушыларды көбірек жаттықтыруға тырысады. Жаттығу қатаң жүйелікті талап етеді, әрбір жаңа дағдылану бұрын жинақталған біліммен үйрету жүйесіне қосылуы тиіс. Жаттығу оқушылардың бастапқы еңбек тәсілдері мен қимылдарын меңгеру дағдылануды қалыптастыру, еңбек қызметі мен өзін-өзі бақылауды жоспарлау, жұмыс орнын ұйымдастыру, аспап құралдарды жабдықтарды пайдалану кезінде қолданылады. Жаттығулардың көмегімен біліктілік пен дағдылану біртіндеп жинақталады, қалыптасқанна кейін олар берік орнығады.
Білімді біліктілік пен дағдыларды тексеру мен бағалау.
Тексерудің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының зерттелген материалды меңгеруінің сапасын анықтау және оқу туралы олардың жауапкершілігін арттыру.
Оқу жұмысының нәтижелерін есептеу мен бағалау балалардың зерттелген, өткен материалды меңгеруінің сапасын анықтау және оқу туралы өздеріне тапсырылған тапсырмаларды уақытында әрі тырыса орындауға, білімдерін, біліктілігімен және дағдыларын жетілдіруге деген ынта жігерін оятады, атап айтқанда тексеру оқушыларды қызметке ынталандырады, білім алудағы олқылықтарын көрсетеді, оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын анықтауға жағдай жасайды.
Білімді, біліктілік пен дағдылануды есепке алу, тексеру бағалау мен және бес болды жүйе бойынша баға қою мен аяқталады. Бағалаудың нақтылығы сондық және сапалық көрсеткіштерге негізделеді. Соның арқасында мектеп оқушыларының еңбегінің нәтижелерін құрауға мүмкіндік туады. Сапалық және сандық көрсеткіштер балалардың мектеп шеберханасындағы қызметін бағалауға қойылған жалпы талаптарға сүйенеді.
Қойылатын талаптар.
1.Жұмысты өңдеудің дәлдігі мен сапасы.
- Оқушылардың білімі.
- Еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығы.
- Уақыт нормасы.
- Жұмыс орнын ұйымдастыру. Санитарлық-гигиеналық талаптар, техника қауіпсіздігі ережелері.
«5» бағасы барлық аталған талаптар сақталғанда қойылады, «4» бағасы бір немесе екі шартты бұзғанда, «3» бағасы үш шарт бұзғанда, ал «2» бағасы қойылған ақауды жөндеу мүмкін болмаған жағдайда қойылады.
Техналогия сабақтарында оқушылар сәндік-қолданбалы өнерді оқыту арқылы теориалық материалды зерттеп қана қоймай, қосымша уақыт жұмсауды талап ететін сарамандық жұмыстарды да орындайды. Сондықтан 90 минут ішінде қосарланған сабақтар өткізіледі. Енді сол сабақтардың бірнеше үлгі жоспарларын ұсынамын[26].
Сабақтың тақырыбы. Матадан жасалған құрастырмалы өрнек, құрастырмалы өрнекті қолдану
Сабақтың мақсаты. Матадан жасалған құрастырмалы өрнекті орындаудың техникалық шарттаырмен және дағдыларымен таныстыру.
Сабақтың міндеті. Құрастырмалы өрнектің түрлері және оның орындалу технологиясы, матадапн жасалған құрастырмалы өрнекті қолдану.
Сабақтың тәрбиелік мәні. Оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке жасалатын бұйымға ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу.
Дамыту. Инешаншымдардың көмегімен құрастырмалы өрнекті жасау дағдысын қалыптастыру. Өрнек үшін матамен жіптерді тандай білуге үйрету, ұлттық талғамын, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдар және дидактикалық материалдар.
- Инешаншымдар мен тігім түрлері, олардың графикалық бейнесін көрсетілген кесте.
- Құрастырмалы өрнекте қолданылатын тігістерді орындау әдістерін графикалық бейнелеу: «алға инеге, артқа инеге, ілгекті тігіс, сабақты тігіс, тамбур тігіс, алқа, барқыт, лапша, гүлді шеңбер» өрнектерін киімге және тұрмыста қолдану кестелері. Маталардың үлгілері, жіп үлгілері, мулине, жібек мата, мақта мата, люрекс.
- Құрастырмалы өрнекпен және аталған тігістер мен безендірілген бұйымдардың суреттері.
- Құрал – жабдықтар: дәптер, қалам, күнделік, мата жиынтығы, салфетка, (30х40) жіптер, мулине, жібек мата, мақта мата, люрекс, ине жиынтығы, түйреуіштер, оймақ, кергіштер, қайшылар, сызғыш, қарындаш, тігінші боры, альбам немесе альбом парақтары.
Тақырыптың практикалық мәні. Құрастырмалы өрнек сәндік – қолданбалы өнердің кең тараған түрі. Құрастырмалы өрнекпен сәндік функцияны, мысалы қабырға панносының алуан түрлерімен еркін компазициясы емес, сонымен қатар улитар функцияны да сөмкелер зат жапқыштар, жастықтар мен қабырға еден кілемдерінде жасайды. Әртүрлі сюжеттерге сондай — ақ жеке бұйымдарға тақырыптық компазициялар жасауға болады.
Пәнаралық байланыстар. Бейнелеу (құрастырмалы өрнек суреттері), тарих, геометрия, табиғаттану, орыс тілі.
Сөздік жұмыс. Құрастырмалы өрнек, гүлді шеңбер, суық, жылы хроматикалық түрлер, қарсылас түстер, ашық түс.
Тігістер. «алға ине», сабақты, тамбурлы, инешашымдар айқыш тәріздес.
Сабақтың барысы.
- Ұйымдастыру. Сабаққа дайындықты тексеріп, қатыспағандарды белгілейді.
- Үйге берілген тапсырманы тексеру, өткен материалдарды қайталау.
- Жаңа тақырыппен таныстыру. Сабақтың мақсаты мен және міндеттерімен таныстырылады.. инешаншымдармен тігіннің көмегі арқылы заттың өрнегін жасауға үйретеді. Құрастырмалы өрнек түрлерімен таныстырылады, өрнекке арналған мата мен жіптермен гүлдік үйлесіміне сәйкес дұрыс тандай білуге үйретеді. Практикалық жұмыста заттың құрастырмалы өрнегін жасайды.
Тұрмыстық заттар киімдер қолайлы әрі іске ыңғайлы ғана болып қалмай эстетикалық көркемдік талғамға да тәрбиелеу керек. Сәндік – қолданбалы өнер бұған толығымен көмектеседі. Оқушыларға мынандай сұрақ қлоюға болады. Сәндік – қолданбалы өнердің қандай түрлерінің көмегімен тұрмыс заттармен, киімдерін безендіреді. (макраме, кестелер, маржан үлгі, тоқу, иіріп тоқу, батик, және т.б.) бұл оқушылар үшін проблемалақ сұрақ.
Құрастырмалы өрнек түсінігі. Аппликация (латынның жақын қою деген сөзінен шыққан) дегеніміз – құрастырмалы өрнекті матаға немесе материалды әртүсті бөлік қағаздарға желімдеу, тігу арқылы көркем бейне жасау, яғни осындай әдіспен жасалған бейне өрнек.
Әр отбасында драфтан, шұғадан, жүннен жасалған үлкендермен балалардың пайдаланбайтын киімдерін қайда қою керектігі туралы проблеманың туындауы сөзсіз. Ал бұйымдарды пайдаланудың мүмкіндігі санаулы әрі қызықты түрлі – түсті жақсы сақталған әатүрлі қиылған материалдардан ірі ашық композицияларды шағын сәндік бұйымдар жасауға болады, жұмсақ және иілгіш құрақтар құрастырмалы өрнекке бедерлі тіпті көлемді пішім береді.
Қолға түскен құрақтардың көлемімен сапасына байланысты әр түрлі суреттер салуға өрнек немесе геометриялық, еркін, жинақы элементтер жасп, жұқа бояу жүгіртіп, белгілі бір бейнелер жасауға болады.
Құрастырмалы өрнек әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі сюжетті тақырыптық компазициялар құрауға да болады. Стильдері бірыңғай, түрлі – түсті бояуға малынған, қабырға кілемдері немесе диван жастықтары демалыс бұрышышн әдімілеп тұрса, төсек жапқыш және біркелкі матадан жасалған перделердегі өрнекті жиектер жатын бөлмеге сән беріп тұрады.
Өз қолымен құрастырып жасалаған алғашқы заттарға құптап алаған соң, оны жасаған шебер тағы да бір нәрсені қолға алғысы келеді. Құрақпен жұмыс істеу мен құрастырмалы өрнек жасаудың сәндік – қолданбалы өнердің басқа көптеген түрінен айырмашылығы ешқандай ерекше құралдарды қажет етпейді. Оған қолмен тігудің дағдылары жеткілікті[18-20].
4.Кіріспе нұсқау. Жаңа материалды оқып үйрену үшін.
Құрастырмалы өрнек түрлері.
Құрастырмалы өрнек үлгілерін суреттерін көрсету. Оқушылар дәптер мен жұмыс және сөздік жұмыс.
Құрастырмалы өрнек пайдаланылған материалға байланысты мынадай топтарға бөлінеді.
- матадан жасалған құрастырмалы өрнек (өңдеу матасы ретінде атлас, жібек, барқыт, парча пайдалануға болады);
- былғарыдан жасалынған құрастырмалы өрнек (табиғи былғарыныда, пайдалануға болады);
- қағаздан, фольгадан жасалаған құрастырмалы өрнек;
- үйреншікті емес материалдардан аралас құрастырмалы өрнек (жіптер, өсімдік және т.б.);
Матадан құрастырмалы өрнектер жасалуына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- геометриялық және өсімдік тәрізді және құрастыру өрнектер;
- ішкі құрастырмалы өрнек;
- жай беткі жағындағы құрастырмалы;
- көлемді құрастырмалы өрнек.
- Жаңа материалды сұрақтар арқыл пысықтау.
1 Құрастырмалы өрнектің қандай түрлерін үйрендіңдер?
- Қосу құрастырмалы өрнегі көлемді құрастырмалы өрнегімен қалай ерекшеленеді?
- Мына суреттерде құрастырмалы өрнектің қандай түрлері бейнеленген? Жұмыс қорытындысын шығарады.
- Практикалық жұмыс. Матадан құрастырмалы өрнектер жасайды.
Жеке жұмыста – «алма, алмұрт, қазақ ою — өрнегі» құрастырмалы өрнектерін, ал ұжымдық жұмыста- «аквариум, гүлді алаң» құратсырмалы өрнектерін жасайды.
Ағымдағы нұсқау. Қима үлгілердің ауыстырылуын, мата қиықтарының дұрыстығын, сондай – ақ мата тігістерінің дұрыстығын текеру. Өзін — өзі және бірін – бірі бақылау.
- Жұмыс қорытындысын шығару. Баға қояды. Үй тапсырмасын береді, кабинетті жинастырады.
Орта буындардағы сыныптардың технология пәні бойынша өтілетін сәндік қолданбалы өнер бөліміне сабақтар өткізу жоспарланған Ол сағаттар 4- сыныпта 21 сағаттан, 5– сыныпта – 26 сағаттан, 6- сыныпта -26, 7-сыныпта-28 сағат бөлінген. Сыныптарда оқушылар қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен танысып, ол жұмыстарды дайындау тәсілдері туралы кеңірек мағлұматтар алады. Оқушылар тұтыну бұйымдарымен т. б. тұрмыстық тұтыну бұйымдары туралы, зергерлік бұйымдардың түрлерімен оө-өрнектерді бедерлеп салу өнерімен таныстырылады. Олардың ою- өрнектерін бастырмалап орындау, қағаздан дайындалған кішігірім үлгілерін дайындап, әшекейлеу жұмыстары жоспарланған. Бұл жұмыстармен бірге ағаштан дайындалған үй жиһаздары сандық, жүкаяқ, кебеже сияқты бұйымдармен бірге ұлттық ою- өрнектерді қию оларды бастырмалап орындау тәсілімен танысады ал, келесі сыныпта ою-өрнектердің күрделі түрлерімен танысып оны оюды үлгісімен орындалған композициялық жұмыс түрлерімен танысады және оны іске практика жүзінде іске асырады. Бұйым бетіне ою үлгілерін дайындау тәсілдерімен, қамшы өру, шексіздікке ұластыра ою үлгілерін орналастыру жолымен, құс қанаты ою элементтерінен ою — өрнек құрастыру тәсілдерін үйренеді. Жұмсақ сымнан ою- өрнек құрастыру тәсілі үйретіледі, және шексіздікке ұластырылған ою үлгілері мен қию жолдарымен үйретіле отырып оны жүзеге асырады яғни бұйымда көрсете біледі.
Практикалық жұмыстарда сыныпттарда ең қарапайым жұмыс түрлерінен дайындалатын тапсырмалар бірте – бірте күрделіненіп, оларды дайындау жолдары үйретіледі. Тапсырмаларды дұрыс орындап шығу үшін, оқушылар сабақты қызықты, түсінікті етіп сабаққа ынтасын арттыру үшін, ойын ретінде күйтабақ, күй таспаларды қолдану арқылы бала эмоциясын көтеру қарастырылған жөн.
Мүмкін болған жағдайда жұмыс барысында қолөнер туындыларының түрлерін, үлгісін қолдарына ұстай отырып, күн ілгері болжау арқылы баланың қиялын кеңейтіп отыру керек. Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің барлығы ою — өрнектермен байланысты болып келеді. Ою — өрнексіз орындалған қолөнер бұйымдарының онша әсем, көрнекті болмайтыны белгілі. Сол себептен оқушылар қазақ халқының ою — өрнектерінің түпкі төркіні қошқар мүйіз болса, кейін келе бұл оюдың өрбуі, үйлесімділігі, орналасуы мән мағынасы туралы мағлұматтар берілуі тиіс. Сабақтар барысында оқушылыр композиция, колорит, ырғақ, симметрия деген сөз мағынасын айыра білу үшін түсініктемелер беріліп отырылады.
Оқушылардың жан-жақты, үйлесімді дамуында технология сабағы маңызды орын алады. Технология сабағында оқушылар саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетін меңгереді, өз еңбектерінің нәтижесін көре білуге, оған қуануға, еңбек адамдарын қүрметтеуге үйренеді, әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігі тәрбиеленеді.
Бағдарлама бойынша қазақ мектептерінің орта буын сыныптарына арналған, сәндік-қолданбалы өнерге бейімдейтін еңбекке үйрету жақтары ең алдымен мына түрлерді қамтыған: қағазбен жұмыс, сазбалшық немесе ермексазбен жүмыс, табиғи материалдармен жұмыс, ағаш, темір материалдарымен жұмыс. Дегенмен, бұл еңбекке үйрету түрлерінің әрқайсысында қазақ халқының тұрмыста қолданатын бұйымдары мен оларды ою-өрнектермен қалай әшекейлейтінін біліп, оларды технология сабақтарында жасайтын бұйымдарға қолдану көзделіп отыр. Сонымен катар, казақ халқының сәндік-қолданбалы өнерлері мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамыту мақсатында балаларды жастайынан өз ұлтына деген сүйіспеншілікке баулып, оны құрметтеуге, еңбекке баулуды жүзеге асыруға тәрбиелеуге бағыттауы керек. Еңбекке үйрету барысында оқушылар ептілікке, бұйымдарды тез және сапалы жасауға дағдыланады.
Еңбек пәні бірінші сынып оқушыларына өте пайдалы, бұйым жасау барысында саусақтарын ширатып, бұлшық еттерін қатайтады, олардың білімдері тереңдеп, шығармашылық қабілеттері артады. Сондыктан казір мектепте өткізілетін технология пәніне жете назар аударылуда.Осыған орай, оқушылардың жас ерекшеліктерін мұғалім жақсы білулері керек. Олардың мынадай ерекшеліктері бар:
Мысалы төменгі сыныптарда баланың мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен жұмыс істеу мүмкіншілігі төмен; бала тез шаршайды, қабылдау қабілеттілігі тұрақсыз, біркелкі емес; — баланың кеңістікті елестету және ойда қалдыру қабілеттілігі нашар дамыған; баланың саусақ бұлшық еттері қатпаған, қимыл-әрекеттері белсенді емес. Оқушылардың аталған ерекшеліктері еңбекке баулу, технология сабақтарында жиі ескерілсе, сабақ сапасының жоғары болуына күмән жоқ. Сол үшін сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталып, ол көрнекі-кұралдармен жабдықталып, күрделі жерлеріне мұғалім оқушыларға дер кезінде жекелей көмек беріп отырса, оқушы жақсы түсінеді де, сапалы бұйымдар жасауды үйренеді. Сәндік-қолданбалы өнерге баулуда оқушыны еңбек процесімен таныстырып, өнер құралдарымен жұмыс істеуге үйрете отырып, білімі мен шеберлігін, тәлім-тәрбиесін сабақта жеке сабақтан тыс уақытта қалыптастырады. Оқушылардың білімділігі мен тәрбиесі тұрғысынан аткаратын қызметін сараптасақ:
- оқушының политехникалық ой-өрісін дамытып, ынта-ықыласын нығайту және мамандыкты сапалы түрде таңдап алуға даярлау;
- қоғам өміріндегі еңбектің,-өнердің рөлін түсіндіру, өнер адамдарына құрмет көрсете білу;
- өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабілеттілік пен шеберлік, коғам пайдасына шын ниетпен, шығармашылықпен жұмыс істеу тілегі, қоғамдық пайдалы өнімді еңбек етуге даярлау;
- еңбек мәдениеті мен оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру непздерін үйрету, қауіпсіздік ережелерін білу, сақтау дағдыларын жетілдіру;
-сәндік- қолданбалы өнер бойынша оқушы бейімі мен кабілетіне сәйкес және қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып мамандық таңдау.Оқушылар, негізінен, түрлі өнер түрлеріне, бастырмалы бұйымдар жасауға, ши тоқуға, ойма нақышты әдіспен бұйымдар жасауға үйренеді. Сәндік-қолданбалы өнер аркылы оқушыларға тәрбие беру:
— өз ауылындағы, жергілікті жердегі өз туыстары мен жақындарының өмірі туралы ұғымдары мен мүдделерін ұжым қажеттіліктері ұштастыру ниетімен тәрбиелеу; көрнекі құрал ретінде пайдаланатын өздері жасаған бұйымдарға, көрме экспонаттары мен мектеп мүліктеріне аялы көзқарастарын қалыптастыру;
-сынып ұжымына, мектеп, отбасы өмірі мен өз еңбегіне, жеке тұрмыс
салтындағы әсемдікті сезінуге және өзі соны жасауға ұмтылдыру;
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген сәндік-қолданбалы қолөнердің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш керуеніне ілестіре отыру арқылы бүгінгі мен болашақ ұрпақтың қамын қамдау өмір талабы. Біздер осы талаптарды қолдай отырып, сәндік- қолданбалы өнерді оқушыларға үйретіп, дамытуды сол арқылы тәлім-тәрбие беруді мақсат етеміз. Технология сабақтарын халық педагогикасымен байланыстырмай жүргізу мүмкін емес. Өйткені қазақ халқы баланы еңбексүйгіш, өнерлі етіп тәрбиелеген. Бала дүниеге келісімен уакыт елегінен өтіп, тұжырымдалған ‘қағидалар мақал-мәтелдер, өнегелі шешендік сөздер, жүмбақтар мен ырым, тыйымдарды, құлақтарына құйып, жаттатып отырған.
Сабақты оқыта отырып еңбекке тәрбиелеу мұғалімнің негізгі мақсаты. Қол еңбегі сабақтарын талап деңгейде өткізу үшін баланы еңбекке, өнерге, кәсіпке, тазалыққа, өнерге байланысты мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай таңдап, күнделікті сабақта қайталап отырудың еш артықшылығы жоқ. Сонда әр сабақ окушылардың кызығушылығы мен қабілетін жетілдіруге, тәлім-бәрбие беруде асыл казынамызды кастерлеуге, сәндік-қолданбалы өнерді жалғастыруға, биік адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, тәрбиелейді.
Осыған орай бірнеше өткізілген сабақ жоспарларын ұсынып отырмыз.
Сабақтың тақырыбы: « Ою-өрнек және оның түрлері »
Мақсаты: халық мұрасы ою-өрнектің негізгі түрлерімен таныстыру. Ойлау қабілетін дамыту, әсемдікке баулу, аталу мәнісін, шығу тарихын, тұрмыста қолдану мәнін түсіндіру. Ісмерлікке, шеберлікке, еңбексүйгіштікке баулу және тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнек түрлерімен жасалған буклет. Ою-өрнекпен сәнделген тұрмыстық бұйымдар. Бір оюды бірнеше нұсқада орналастырған сызба. Ою-өрнек түрлері жазылған плакат, магнит таспасы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Әдісі: баяндау, түсіндіру,-практикалық жүмыс.
Сабақ барысы: 1 .Ұйымдастыру кезеңі. І.Жаңа сабақ мазмұны. З.Оқушылардың білімін бекіту. а) қандай ою-өрнек аттарын білесіңдер?
ә)ою -өрнек туралы қандай әдебиеттер оқыдыңдар? б) Оқушылардың білімін пысықтау, үйге тапсырма беру.
Жаңа сабақтың мазмұны. « Ою » сөзінің мағынасы. Шығу тарихы туралы мағлұмат. Ою-өрнектің қолданылуы, басты белгілеріне қарай бөлінуі, ерекшеліктері
Ою-өрнек топтары: көкөніс өрнек, зооморфтык өрнек, космонологиялық өрнек, геометриялық өрнек. Осы өрнектің бір-екеуіне мұғалім тоқталады.
Мұғалім: « Ою-өрнек туралы қандай аңызды естідіңдер? »
- « Сыңар бибі » өрнегінің шығу тарихы туралы аңыз.
- Жақсы, тағы кандай аңыз бар?
- Халық аңызы.
Жалпы мәлімет берілген соң, тақтаға бірнеше ою-өрнек түрлері салынған плакат ілінеді.
- Балалар, енді тақтадағы ою қандай топқа жатады, соны ойланып
жауап беріңдер. - Балалар қос өркеш, қошқар мүйіз, балдақ, жіліншік т.б. ою түрлерін
атайды, себебін өз білімдерімен түсіндіреді.
Мұғалім: Қазақтың ою-өрнегін салып, қиып үйренбей сәндік-қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызды «Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызбайды» -деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді. Енді ою-өрнек, шеберлік, өнер туралы макал-мәтелдер айтайық.
«Дүрыс ойылған оюды бұруға келмейді», «Ойсыздан ой шықпайды» «үлгісі көптің өнері көп, өрнегі көптің ермегі көп» т.б.
-Балалар, ою-өрнек тек эстетикалық мұра ғана емес, сонымен бірге ол
халықтың тарихы, таным түсінігі, өмір салты, түйсік-тағылымы туралы мағлұмат та береді. Әрбір жануар мен затты бейнелейтін оюдың қасиеттеріне карай такырыптык мағынасы, композициясы, сондай-ақ соған арналған философиялық мәні де байқалады. Енді композиция деген не, соған тоқталайық. Композиция дегеніміз — өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Мысалы, көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.
Симметрия дегеніміз — ою-өрнектің екі жағының тең болуы, мысалы кітаптың екі бетіндей.
Колорит дегеніміз — ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Мысалы, қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы. Ритм ою-өрнекте бір элементінің қайталанып келуі. Оқушыларға қағазға салынған дайын ою сызбалары таратылады, оған симметрия осьтерін енгізіп, көлденеңінен, тігінен түзулерді жүргізу жолдары көрсетіледі. Мұнан кейін конвертке салынған, алдын ала дайындалып көрсетілген ою түрлері таратылып, оны қайта құрастыру тапсырылады. Оюдың не екенін, не үшін қолданатынын оқушыларға сұрак бере отырып, жаңа тақырыпты қайталаймыз. Сабақ үстінде ойған оюларынан тақтаға сырмақ құрастырады, қағазды үш бүктеп ою тәсілін үйренуді жалғастырамыз.
— Көрдіңдер ме, балалар, біз оюларды ритммен, композиция құра отырып орналастырып едік, әдемі көркем сырмақ шықты. Сонымен, бүгінгі сабақты қорытындылайтын болсақ, ою ойып үйрену өз алдына үлкен өнер. Қолдарың босаған сәтте ою ойып жаттықсаңдар, ойлау қабілеттерің жетіліп, киял мен елестету қабілеттерің шыңдалады. Ою туралы білімдеріңді әрқашан тереңдетіп, нағыз шебердің қолынан шыққан өнерді бағалауға ұмтылыңдар.
Сабақтың тақырыбы. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу ерекшелігі (пластилинмен жұмыс)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу арқылы бедерлеп ою, өрнектеу әдісін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың икемділігін, іскерлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды еңбекке баулу және эстетиалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: сарамандық сабақ.
Сабақты оқыту әдісі: әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.
Сабақтың барысы
1.ұйымдастыру кезеңі:
а) сабаққа қатысуын бақылау; ә) сабаққа дайындығын тексеру.
2.Өткен материалды қайталау.
3.Жаңа сабақ.
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі, секілді жұмсақ ағаш қажет. Мұндай материалдың бетіне өте нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою -дегеніміз бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезііндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнекті оюдың бірнеше тісілі бар. Соның бірі-геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет салу арқылы жасалады. Екінші тәсіл-өрнекті жұқалай тіліп салу. Бұл өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп, өрнекті жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюды бірнеше әдістермен беріледі;
-біріншіден, өрнектің сыртқы жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс беріледі;
-екіншіден, өрнектің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасына да ойықшалап бедер беріледі;
-үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеу, бедерді өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.
Өрнекті тақтай бетіне көшіру әдісін қарастыру.
1.Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі;
2.Өрнекті тақтайдың ортасынан бастап салу әдісі;
3.Тақтайдың бетіне өрнекті тізбектей салу әдісі.
Геометриялық үш қырлы ойық өрнекті орындау технологиясы:
1.Тең бүйірлі үшбұрыштан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою:
2.шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою;
3.Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою.
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі, келсап, аяқ-табақ, саптаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.
-Бұйымның негізін талаптрға сай тазалау;
-Бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау, үлгісін жасау;
Өрнектерді кесу;
-бұйымдарды бояу, оған әр беру;
-боялған бұйымды тазалау, лактау.
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол «жүйелеу», «үйлестіру»ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және щығармашылық арқау. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдей білу үшін композициялық пішінь арқылы жаттығып көреміз.Мысалы, «үтір», «үшбұрыш», және «сыңар қанат, сынық мүйіз» түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз, іске сәт.
Сабақтың тақырыбы: Сақина жасау ( зергерлік бұйым)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сақина туралы түсінік бере отырып ұлттық өнерге деген түсінігін кеңейту, онда қолданылатын ою-өрнектердің түрлерімен танысу және оны қолдана білуге баули отырып эстетикалық талғамын қалыптастыру, еңбекке баулу.
- Сақинаны қағаздан дайындау жолын оқушыларға үйрету. (үлгі ретінде)
Сабақтың көрнекілігі: Зергерлік бұйымдардың суреттері, сақина үлгісі.
Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабаққа қажетті материалдар: сызба қағазы, жылтыр қағаздар.
Сабақтың құрал – жабдықтары: қайшы, сызғыш, қалам.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар әкелген құрал- саймандарын тексеріп жаңа сабаққа көңілдерін аудару.
- Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
Қазақ халқының әдеп- ғұрып, салт- дәстүрлері бойынша, ертеден келе жатқан әйелдер саусағына киетін қолөнер бұйымының бірі сақина туралы әңгімелеп түсіндіру.Сақинаның материалы, сақина дайындалатын шеберлердің еңбегі туралы әңгімелеп беру қажет етіледі. Сақина тағудың өзіндік ерекшеліктері туралы әңгімелеп беру. Мұғалім, мүнкін болса мектеп маңында орналасқан зергерлік шеберханаға топсеруен ұйымдастыруына болады.
Мұндай жағдайда зергершілер өнерінің қыр сырымен оқушылыар ой жүгіртіп тереңірек түсініктер алуға мүнкіндік алады. Мұғалім, алдын ала өзі дайындап келген сақинаны жасауды оқушыларға жүйелі түрде үйретеді. Қағаздан сақина жасаудың реттігі:
- Өлшем бойынша қағазды қиып алу.
- Қиып алынған қағазды сақина пішініне келтіріп айналдырып бүктеу.
- Сақина ұшын бекіту
- Сақинаның сырт жағын жылтыр қағазбен орап әшекейлеу.
Қорытынды сұрақтар:
- Сақинаны кімдер киеді?
- Сақинаны қалай жасайды?
- Қағаздан сақинаны қалай жасауға болады?
Сабақтың тақырыбы: Жиектік ою -өрнектер Сабақтың мақсаты: — сынып оқулығындағы жиектік өрнек үлгілерін қиып үйрену. 2. Жиектік ою — өрнектердің қолданылатын жерлері туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, жаттығу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Жиектік ою -өрнектердің плакаттағы суреттері, қаттама суретттері. Жиектік ою -өрнектердің қиып алынған үлгілері.
Сабаққа қажетті материалдар: түрлі- түсті қағазы, жылтыр қағаздар.
Сабақтың құрал – жабдықтары: қайшы, сызғыш, қалам.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар әкелген құрал- саймандарын тексеріп жаңа сабаққа көңілдерін аудару.
- Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
Сабақтың мазмұны: Оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты жиектік ою — өрнектердің аттары, қолдану мақсаттары және қию тәсілдерін көрнекі құралды пайдалану арқылы түсіндіріп береді. Мұғалім, оқушыларға жиектік ою -өрнектерді текеметте, кілемде, алашада, сырмақта жиі қолданылатындығын әңгімелеп, оқушылар жиектік ою — өрнектерді дәптерлеріне салу арқылы қиып үйренеді. Жалпы жиектік ою — өрнектер, өрнек араларын бөліп, өрнектердің шекаралық белгі ретінде қолданылатындығын көрнекілік құралдар арқылы түсіндіріледі. Мысалы: жиектік өрнектер текеметтің, кілемнің жиегінде негізгі оюлардың арасын, шеттерін бөліп тұрса, киім үлгілерінде киімнің жаға- жеңі, киім етектерінде көп қолданылады. Оларға түзу сызық, шаршы, үшбұрыш, сынық сызықтар ирек сызықтар жататын оқулықта көрсетілген. Жиектік өрнектер ирек су, теңіз толқыны, қошқар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, төрт құлақ өрнектері төсеніштік бұйымдарда жиі кездеседі.
Қорытынды сұрақтар:
- Жиектік өрнектердің қандай түрлерімен таныстық?
- Жиектік өрнектер қандай бұйымдарда кездеседі?
- Бұл өрнектер не үшін қолданылады?
Сабақтың тақырыбы. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу арқылы бедерлеп ою әдісін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың икемділігін, іскерлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға еңбек және эстетиалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі:сарамандық сабақ.
Сабақты оқыту әдісі: әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.
Сабақтың барысы
1.ұйымдастыру кезеңі:
а) сабаққа қатысуын бақылау; ә) сабаққа дайындығын тексеру.
2.Өткен материалды қайталау.
3.Жаңа сабақ.
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі, секілді жұмсақ ағаш қажет. Мұндай материалдың бетіне өте нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою -дегеніміз бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезііндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнекті оюдың бірнеше тісілі бар. Соның бірі-геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Екінші тәсіл-өрнекті жұқалай тіліп салу. Бұл өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп, өрнекті жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюды бірнеше әдістермен беріледі;
-біріншіден, өрнектің сыртқы жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс беріледі;
-екіншіден, өрнектің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасына да ойықшалап бедер беріледі;
-үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеу, бедерді өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.
Өрнекті тақтай бетіне көшіру әдісін қарастыру.
1.Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі;
2.Өрнекті тақтайдың ортасынан бастап салу әдісі;
3.Тақтайдың бетіне өрнекті тізбектей салу әдісі.
Геометриялық үш қырлы ойық өрнекті орындау технологиясы:
1.Тең бүйірлі үшбұрыштан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою:
2.шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою;
3.Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою.
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі, келсап, аяқ-табақ, саптаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.
-Бұйымның негізін талаптрға сай тазалау;
-Бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау, үлгісін жасау;
Өрнектерді кесу;
-бұйымдарды бояу, оған әр беру;
-боялған бұйымды тазалау, лактау.
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол «жүйелеу», «үйлестіру»ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және щығармашылық арқау.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдей білу үшін композициялық пішінь арқылы жаттығып көреміз.Мысалы, «үтір», «үшбұрыш», және «сыңар қанат, сынық мүйіз» түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз, іске сәт.
Сабақтың тақырыбы: Ши тоқу өнері.
Сабақтың мақсаты: а) ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу;
ә) Ғасырлар бойы дамып келе жатқан ши тоқуды үйрену;
б) Оқушылардың тақырып төңірегіндегі ой қозғай білуге, еңбекке деген шығармашылық қабілетін дамыту.
Өткен сабақта ши тоқу өнері туралы әңгімелегенбіз. Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі шиді жүнмен орап, оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнердің барлық түрлері сияқты ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы..
Ертеде ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу науқан сияқты, ауыл адамдарының бәріне ортақ жұмыс болған. Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып, орталарына соятын қойын, қымызын дайындап, домбыраларын алып, ұйымдасқан түрде кірісетін. Қазаөтың «Ши тарту биі», «Ши шымылдық» дейтін ұлттық ойындары содан қалған.
Сұрақ. Шиді қай кезде тартуға болады?.
Тоқылатын ши мал аяағы баспаған жерден, әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді күз айында таңертең, кешке немесе жаңбырдан кейін шық кетпей тарту керек.
Сұрақ. Ши бұйымдарын жалпы көрінісіне қарай қандай шилерге бөлінеді?
Үш түрге бөлінеді: ақ ши, ораулы ши, шым ши.
а) Ақ ши оралмай құр өзі тоқылады. Қолданылуы: ақ ши киіз басуға, өреге, құрт жаюға, мал сойғанда еттің астына төсеуге арналады.
ә)Ораулы ши тоқу кезінде оралған ши мен ақ шиді топтап 20-30 шиді алма кезек өн бойында тұтас емес аралатып тоқыған шиді орама ши дейді.
- Жобаланатын объектіні таңдау және негіздеу
2.1 Шығармашылық ізденістерді талдау
Қазақ халқының сәндік- қолданбалы өнеріндегі ең халыққа ең көп тараған өнердің бірі ол ою-өрнектер. Ою-өрнектердің ең бір көп кездесетіні ол ұлттық киімдер. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары өте көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қыпшақтымақ т.б. түрлері. Шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық тұлғаларға ұқсас өрнектердің атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға қараған. Мысалы, геометриялық тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтыр, дөңгелек және бұрышты сызықтар т.б қайдан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрлыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулер өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап қиялдауынан туған деді [6,8]. азақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол ою-өрнектердің 200 шамалы түрлерімен жұртшылықты кеңірек таныс. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күні кейбір облыстарда «қошқар мүйіз» оюы бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен. «Ырғақ», «сағат бау», «түйе табан», «жүргенше», «қаз табан» деп аталатын әдемі өрнектер кейбір облыс шеберлерінің орындауында бастапқы әдемі формасынан айырылып қалған.Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттың оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан жаңа, интернационалдық ою-өрнектер, яғни Октябрь (қазан) төңкерісінен кейінгі халықтар достығының нәтижесін де ғана сіңісіп, қазақтың ою-өрнегін байыта түскендігі белгілі. Ертеде қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: 1-ден мал өсіру, аңшылықты, 2-ден жер-су көшіп қону көріністерін, 3-ден күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақ халқының этнографиялық әдет-ғұрпының кейбір элементтері де ою, сызу, бедерлеу, өрнектерінің де белгілі орын алғандығы байқалады. Мысалы, бұрынғы ру таңбалары, малдардың ен-таңбалары, діңи сенімдер негізіндегі ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдау және тағы басқалар.Жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.ондықтан біз қазақ өрнектері малшылық, көші-қон, жорықшылық заманындағы тұрмысты, айналасындағы табиғатты, аңшылықты, геометриялық түсініктердің сырт тұрпатын байқаудан туған ұғым негізінде
Мамандар көбінесе дамыған деген болжам бар.заттың сырт формасына дәлдеп, суреттің неғұрлым сол затқа аумай ұқсап тұру жағына көбірек назар аударса, ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойлаған затының не сюжетінің сыр-сипатына өзінше танып, оның дәлме-дәлдігінен гөрі көркем, әшекейлі болу жағына баса назар аударады[24,25].
Ескі заманға өз әдетін, шаруашылық ғұрпын, этнографиясын білген адамға мұндай өрнектердің заттың ұғымын және олардың неліктен бұлай аталатындығын пайымдау қиын емес. Мысалы өте көне заманның айбалталарын алайық. Айбалтадағы екі мүйіз тек әдемілік үшін ғана жасалған өрнек. Ал балта жүзінің өзі де жартылай ай бейнесін меңзеп тұр. Айта кетерлік бір жай осы сияқты мүйіздеп әшекейлеу арқылы жасалатын өрнектер қазақтан басқа елдерде де көп кездесе береді. Қырғыз, өзбек, армян, әзербайжан, түркімен, украин, молдовандарда және тағы басқа да елдерде кездеседі. Әрине, әр елдің салттық ұғымдарына, дәстүрлеріне байланысты олар әр алуан болып келеді. Демек, халықтар арасында бірінен бірі үлгі алу, өнеге ауысу ертеден-ақ жақсы дәстүр болған. Ал шырмауық, шытырман, гүл, жапырақ және геометриялық фигуралармен тектес өрнектер барлық халықтарға ортақ және мүйіз өрнегіне қарағанда бұлар бір ізге әжептәуір түскен. Енді осы ою-өрнектердің көп қолданылатына, халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түріне тоқталайық.
«Айбалта» — ай сияқты құдіретті балта деген ұғымнан туған. Мұндай өрнек көбінесе ат-тұрмандарда, батырлардың қару-жарақтарында, кестелі киімдерде, архитектуралық өрнектерде, әр түрлі мәнерлерде кездеседі. Бұл өрнек көп халықтарға ортақ , әсіресе олардың зергерлік, ұсталық ағаш оюларында кездесетін түрлері көп. «Аламыш, жаша» өрнектері жарыса жасалған көп түсті жолақтардан құралады.Кейде сол жолақтардың ішінде геометриялық фигуралар тектес не «мүйіз» өрнектерінің желімі түрлерінен құралған түрлі түсті өрнектер болады. «Аламыш» өрнегі шахмат тақтасының сызығы сияқты жарыса салынған қысқа-қысқа, кейде көлемді ұзын сызықтардан түзіледі. Мұндай өрнектер ши орауында, терме бауларда, кілем-алашаларда, сүйек өрнектерінде көбірек кездеседі. Ондай өрнектерді кейбір жерлерде «ендірме» деп те атайды[9,10].
«Иректер», «Ирек», «ирек су» өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардың ұштасуы арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа келеді. Кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп, төртбұрыштар мен «сағат бау», «саты» тәріздес өрнектер жүйесін түзейді. Қазақ шеберлерінде қол істерінде киімдердің шет-шетінде, жағасында тақия жиегінде, «су» өрнектерінің ішінде, сақина-білезіктерде, шидің, сырмақтың шеттерінде, кебеже, жүкалқ, табандардың ернеулерінде, әдіп тігістерінде көбірек кездеседі.
«Мүйіз» өрнектері. Бұрын-соңды зерттеуші ғалымдардың барлығы бұл өрнектің негізі қойдың, арқардың,бұғының,сиырдың мүйіздерін мегдеуден шыққан деп түйеді. «Мүйіз» өрнегі өте ескі өрнек және ол көбінесе мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі не жартылай көшпелі елдердің қолөнерінде негізгі мәнер ретінде жиі кездеседі. Халықтың ою-өрнегі де үнемі өзгеріп, дамып отырады. Демек, қошқардың екі мүйізін межелеп бейнелеген жеке нобай оюлар бірте-бірте малдың немесе аңның төбесін, құлағын, тұмсығын қоса елестетерлік. Бұғы мен маралдың мүйізі тәрізді көп тармақты көрініске айналды, яғни шеберлер өздерінің білетін оюларының әр түрлі бейнелерін бір үлгіге құрып, ой-өрісін кеңейте отырып, тұтас бір композиция жасайды. Сөйтіп мүйіз кейіптес өрнектердің барлығын қосып «мүйіз оюы» деп атайды. «Мүйіз» өрнектерінің түрлері мен атаулары өте көп. Мүйіз тектес өрнектер кейде өте ұқсас, ұсақ, кейде өте ірі болып келеді.
Мүйіз сындас өрнектердің мәнерлеріне қарай, қазақ арасында ғасырлар бойы қалыптасқан «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «аймүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз»,«қырық мүйіз», «марал мүйіз», «өркен мүйіз», « сыңар өкше», «сырға», «төртқұлақ», «түйе мойын», «шиыршық» дегендер сияқты байырғы түрлері мен атаулары бар[4,5].
«Қошқар мүйіз». Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын далбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
«Арқар мүйіз». Бұл «қошқар мүйізге» жақын бейнелес ою. Бірақ одан айырмашалығы «арқармүйіз» өте шиыршықтанып келеді. Кейде тармағы да көбейе түседі.
«Қырық мүйіз» бірімен-бірі қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. «Қырық мүйіз» оюы кейде дөңгелек немесе квадрат ішінде, бұтақты ағаш тәрізді болып көсілебейнеленеді, ол көбінесе түскиіз, тон, кежім сияқты заттардың кестесінде, сырмақ, текеметтерде, архитектурада молырақ кездеседі.
«Қос мүйіз». Қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейтін, кейде «ырғақ» кейде «ілмек» деп аталатын оюларды қосмүйіз дейді.
«Сыңар мүйіз». Көбінесе жоғарыда айтылған «қошқармүйіз», «қосмүйіз» деп аталатын өрнектердің тек бір жақ сыңарын ғана келтіріп оюлайды. Бірақ оюшының шебер композициясы бұл мүйіздің сыңар екенін мүлдем байқатпай тұрады.
«Сынық мүйіз». Қазақтың «мүйіз» оюы әдетте тікбұрыш жасамай ылғи дөңгелекке иіріліп тұрады.Кейде оюшының ұласымды жаңа композиция жасауымен байланысты не төрткүл, не үшкүл, не шебер ішіндегі мүйіздер морт сынып иіліп келеді. Көбінесе сынық жасап барып қайта тармақталған оюлар күрделене түседі. Мұндай оюлар ши орауға, терме бауға, алашаға қолданылады.
«Түйе мойын» — түйенің мойны сияқты кіріліп тұратын мүйіз ою. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен тұтас келеді де «түйемойын» өрнегі сол топтан оза, өз алдына оқшауланып, өзге денеден озып тұратын түйенің мойнын, басын еске түсіреді. Кейде ожаудың сабын, есіктің тұтқасын т.б заттарды мүйізден жасағанда да осы өрнек бейнелес етіп жасайды.
«Қосалқы» — қазақ оюларының ішінде көп тарағандарының бірі. Ол кейде алқа, сырға, жүзіктің көзі сияқты заттарда, қосарлана келіп, жүрек бейнесіндегі алқаны бейнелейді.
«Құсқанат». Бұл мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес өрнектер. Өрнектердің түстері мен бояулары. Өрнек — әшекейлерді бояудың түсіне қарай орналастырудың зор мәні бар. Әрбір бояу түсі белгілі бір тәртіппен кездесіп, кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы өрнекті болса да күңгірт, солғын түске айналдырады. Ою-өрнектерді әр түрлі бояулармен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографикалық тарихымен де байланысты символдық мәні де болған.
Қазақтың өрнек өнерінің тақырыптары да сан алуан. Өрнектердің негізгі элементтері космогониялық, зооморфтық тақырыптардан, өсімдік және геометриялық пішіндерден тұрады. Әсіресе көбірек кездесетіндер: айшық гүл, жұлдыз гүл, күншығар. Зооморфтың стильге тығыз байланысты элементтер – қошқар мүйіз. Осы тақырыпты стилизациялау нәтижесінен иірім, шыршық үлгілері шыққан.
Қазақша қайсыбір түстердің символдық мәні бар, көк түс-аспанның символы, қызыл түс-оттың символы, күн көзінің, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы-мұнның, қара түс-жердің, жасыл түс-жастықтың, көктемнің символдары. Затты осы түстердің бірімен болғанда оған белгілі мән беріледі. Демек, бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдің ұлттың өзіне тән талғамы мен танымы болған, сонымен бірге қазақ өрнектерінде түстерінің орналасуының өзіндік тәртібі бар. Мысалы, кестелі ұлт киімдерінде қара барқыт, көк плюш негізгі түс (фон) ретінде көп пайдалынған. Сары, қызыл жіптер негізгі түстер үшін ұнамды деп есептелген. Ал қара түспен әшекейлеу сирегірек кездеседі олар тек сырмаққа, аяққапқа, сандыққапқа басқа оюлар мен күміске жүргізілген ағаш бетінде қарып салу сияқты және аза тұту кезінде ғана ұшырайтын заттарда болады.
Ұлттық өрнектерінің халықтық мәнері (кейбір көрнекті оюлар болмаса) көптеген оюлар мен кестелердегі бояу түстерінің бір-бірінен өте ашық, бадырайып тұрғанын жаратпайды. Көп түсті өрнектер мен тігілген кестелерде, құрақтарда, ши орау түрлерінде олардың көрнекі жерін бір рет ашық түспен береді де, одан әрі бірте-бірте ашыла бастайтындай етіп бояу райын біркелкі ыңғайлы түстермен өрбітіп отырады. Мысалы, бір өңкей шахмат, төртбұрышынан құралып, иық-иық болып өрби түсетін «омыртқа» өрнегін алып қаралық. Онда көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай түрленеді. Сонда ортада – қара, ақ, қызыл, жасыл, сары, көк түс келеді, біз бұл арада ұлт өрнегінде түстерді орналастырудың тек көне мәнеріне ғана тоқтадық. Ал бүгінгі таңдағы ою-өрнектердегі түстерді орналастыру мәселесі де өз алдына сөз боларлық жөн. Қолөнерде пайдаланатын бояулардың негізінен үш түрі бар.
Біріншісі – осы заманға химиялық әдістермен өндіретін алуан түсті порошок (ұнтақ), не сұйық бояулар. Бұларды кез-келген шаруашылық дүкендерінен табуға болады.
Екіншісі – табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан, әр түрлі минералдар мен өсімдік жемістерінен, малдың қаны мен бауырларынан алынады.
Үшіншісі – шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әр түрлі қоспа қосып пайдаланады.
Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім, өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатқан. Қына, «томар бояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған. Бұларды бір-бірімен қоспалау арқылы түсті бояулар жасаған. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.Осы аталғандарды еңбекке баулу сабағында оқушылардың санасына біртіндей отырып түсіндіру біздің басты міндетіміз.Қазақстан территериясының жер бедері де бұл территорияның ең алғаш жайлаған тайпалар да мыңдаған жылдар ішінде неше түрлі өзгерістерге ұшырады. Табиғаты көркейіп, жер қойнауының қазба байлықтары молыға түсті. Адамдар малшылықты дария, теңізге, қыран бүркітке теңеді. Осыдан келіп халықтың ауызәдебиетінің нұсқауларының асқан үлгілері туындайды. Халықтың жақындықты, достықты, дәріптегенде оны түйенің екі өркешіне, биенің сауырына егіздің сыңарына балауы сол ескі замандарда қалыптасқан түйсіктің жемісі сияқты. Осындай ұзақ та күрделі дамудың нәтижесінде қоғамдық еңбектің түрлі салалары пайда болды. Тұрпайы еңбектен бара-бара халықтың қолөнерлері туындады. Адамға құрал жабдық, ішер ас, киер киім қандай қажет болса, оны ұқсата білу икемді де ұнасымды ету, әдемелеп әшекейлеу, келістіріп пайдалануда сондай қажет болды.Халық шеберлері байлыққа байлық қосып, молшылық жасаумен қатар, сол баршылықты байыпты етуге, тұрмыстық жиһаз мүліктерімізді сәндендіре түсуге үлес қосты. Қолөнердің әсем туындылары еңбек адамдарына рухани озық болатын, эстетикалық талғамын қанағаттандыратын, сұлу да әдемі, тиімді де ұласымды ұлттық киімдер мен жасау –жабдықтарды жасады.
Халық шеберлерінің жасаған таңғажайып ою- өрнектері, алтын, күміс, әшекейлі заттарды республикамыздың қалалары мен ауылдарында кезінен насихатталып келеді. Қазіргі жас қолөнершілеріміз өздерінің ою-өрнектерінде жаңа түр, жаңа ұнасым тауып олардың идеялық мазмұндарын байыта түсуде.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев, Послание Президента страны народу Казахстана, Казахстанская правда, № 219-220, 11.11. 1997г.2
2.Положения Государственной программы развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 г.
3.Закон об образовании Республики Казахстан, 1997 г.
4.Кальней В.А., Капралова В.С., Поляков В.А. Основы методики трудового и профессионального обучения. М., Просвещение, 1987.- 191 с.
5.Поляков В.А., Ставровский А.Е. Общая методика трудового обучения в старших классах. 1987.-191 с.
6.Методика трудового обучения с практикумом. /Под ред. Д.А.Тхоржевского. М.Просвещение. 1987.- 448 с.
7.Мельникова Л.В., Осипова Л.Ф., Фридман Т.Б. Методика трудового обучения. М.: Просвещение. 1987.- 221 с.
8.Программы средней общеобразовательной школы. Трудовое обучение: 5-11 классы. Алматы, Рауан. 1995.- 158 с.
9.Устемиров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының, студенттеріне және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған оқулық. – Алматы: «РАДиАЛ» баспасы, 2006- 240бет.
10.Методические разработки уроков. /Под ред. И.Н.Федоровой. М. Просвещение, 1991-186 с.
11.Васильченко Е.В., Лабзина А.Я. Методическое пособие по обслуживающему труду. Пособие для учителя. М.: Просвещение. 1993 – 159 с.
12.Мельникова Л.В., Осипова Л.Ф., Фридман Т.Б. Методика трудового обучения: Обслуживающий труд. -. М.: Просвещение. 1989.- 254 с.
13.Моран А. История декоративно- прикладного искусства.-М.: Искусство,1982.
14.Матвеева Т.А. Мозайка и резьба по дереву:Учеб.для сред.ПТУ.- 3-е изд.-М.:Высш.шк.,1985.-95с.
15.Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство:Альбом. -Алма-Ата:Өнер. Т.2.-1987.-288с.
16.Дараган М. В. Основы школьного декоративно-оформительского искусства:Учебно-методическое пособие.-М.:Просвещение,1983.-95с.
17.Бардина Р. А. Изделия народных художественных промыслов и сувениры.(Товароведение и организация торговли.):Учебное пособие.- 2- е изд.,перераб.и доп.-М.:Высшая школа,1977.-312с.
18.Барадулин В.А. Основы художественного ремесла. – М.: Просвещение, 1979.
19.Волков И.П. Приобщение школьников к творчеству. – М.: Просвещение, 1989.
20.Хворостов А.С. Декоративно-прикладное искусство в школе. – М.: Просвещение, 1981.