Мазмұны
Реферат ……………………………………………………………………………………………..
Кіріспе ……………………………………………………………………………………………….
- Кәсіптік лицейінің оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама
1.1 № 16 кәсіптік лицейі туралы жалпы мәліметтер
1.2 № 16 кәсіптік лицейінің материалдық-техникалық базасы
1.3 Кәсіптік лицейдің оқу-өндірістік жұмысын талдау
- Методикалық тарау
2.1 Қазіргі заманғы оқытудың педагогикалық технологиялары………………. |
2.1 Педагогикалық технологияның жалпы сипаттамасы………………………. |
2.2 Жобалап оқыту технологиясын қолдануды талдау………………………….. |
2.3. Пәнді оқыту кезіндегі оқытушының рөлі……………………………………….. |
2.4. «Ауылшаруашылығы машиналары» пәні бойынша білім, біліктілік және дағды жүйелерінің қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні………….. |
2.5 «Ауылшаруашылығы машиналары » пәнінен оқу процесін талдау………
2.6.«Ауылшаруашылығы машиналары» пәнінен оқу бағдарламасын талдау.
2.7. «Ауылшаруашылығы машиналары» пәнін оқыту кезінде оқытушының алатын рөлі……………………………………………………………………..
2.8. Маманда пән бойынша білім, білік және дағды жүйелерінің қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні……………………………..
2.9. Берілген кәсіп бойынша тақырыптық оқу процесінде алатын орны мен мазмұны……………………………………………………………………………………..
2.10 «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру……………………………….
2.11 «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру………………………………..
2.12 Құрылымдық-логикалық талқылау…………………………………..
2.13 Перспективалы-тақырыптық жоспар………………………
2.14 Сабақ жоспарын жасау әдістемесі…………………………………………..
2.15 Лабораториялық-практикалық сабақтардың әдістемесін жасау….
2.16 Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау……………..
2.17 Оқушылардың жұмыс орнындағы жұмыс кестесін жасау…………….
- Еңбек қорғау тарауы
3.1.Тракторларды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары………………………
3.2.Ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеген кездегі
қауіпсіздік шаралары……………………………………………………………………………………
3.3. Өртке қарсы шаралар………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………………………..
Қорытындылар ……………………………………………………………………………………..
Реферат
Адилов М.К. Кәсіптік лицей жағдайында «Ауылшаруашылық машиналар» пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану– Дипломдық жұмыс, Алматы, Қаз ҰАУ, 2012, -бет.
Кіріспе бөлімінде кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы деп қарастырылған.
Бірінші тарауда № 16 кәсіптік мектептің оқу өндірістік сипаттамасы, кәсіптік мектеп жүйесіндегі оқу орындары жөніндегі жалпы мәліметтер оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама жазылған. Кәсіптік мектептің педагогикалық каддрлар сипаттамасы, оқудың сапа көрсеткіші жоғарылағаны, лицейдің материалдық-техникалық базасы, түрлі технологиялармен жұмыс жасап, дамуына жағдай жасалғаны, тәрбие әдістері және жаңа оқыту технологиялары сабақ үрдісінде тиімді пайдалануда, мұғалімдердің құрамы сапалы, оқу орнымен оқушылардың қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатыны баяндалған.
Екінші тарауда оқу үрдісіндегі «Ауылшаруашылық машиналар» пәніне интерактивті технлогияны қолдану мәселелері қарастырылған, сабақ жоспары, перспективалық тақырыптық жоспар, пәнаралық байланыс кестесі техникалық нұсқау картасына толық талдау жасалып, үлгілері келтірілген. жазылған.
Үшінші тарауда еңбек қорғау бойынша Ауылшаруашылық машиналар пәнін жүргізудегі техникалық қауіпсіздік шаралары баяндалған.
Пайдаланған әдебиеттер; Қорытынды
-сурет; 5 –кесте; 17 — әдебиет
Кіріспе
Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз.
«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.
Н.Назарбаев: Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. «Қазақстан халқына 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауынан».
Ендігі міндет — әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандар даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды.
Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің ауыл шаруашылығында азық-түлік өнімінің жылдық өсу деңгейі жоғары қарқынмен өсті. 2002-2007 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 557 млрд. теңгеден 1050 млрд. теңгеге дейін өсті.
2007 жылы дәнді дақыл өнімдерін жинау рекордтық деңгейге, яғни 20,1 млн.тоннаға жетті. Мұндай өнім еліміздің ішкі тұтыну мөлшерін жаңа өнім алғанға дейін қамтамасыз етеді және өнімді сыртқа шығару мүмкіндігін 10,0 млн. тоннаға жеткізе алады.
Өнімдердің басқа да түрлерін, атап айтқанда, май өнімдерін – 459,4 мың тоннаға, көкөністі – 2196,4 мың тоннаға, картопты – 2414,8 мың тоннаға, мақта өнімдерін 438,7 мың тоннаға көтеруге қол жеткізілді.
Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайды. Соңғы 7 жылда 26,5 мың ауылшаруашылық техникаларының негізгі түрлері, оның ішінде, алыс және жақын мемлекеттердің жоғары өнімді, қуатты техникалары сатып алынды, осының нәтижесінде 2002 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылығының қуаттылық көрсеткіші 19,5% артуға мүмкіндік туғызады.
Осыған қарамастан, ауылшаруашылығын жабдықтандыру төмен деңгейде, ауылшаруашылық техникаларын пайдалану мөлшері – 13-14 жыл. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша кредиттік қорды тұтыну жылына шамамен 1 млрд. АҚШ долларымен бағаланады.
2006 жылдан бастап ИСО мен ХАССП халықаралық менеджменті мен сапа жүйесін қолданатын кәсіпорындары шығындарының 50% субсидиялауға арналған бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Аталған жүйені 100-ден аса кәсіпорындары енгізді.
Көлік инфрақұрылымын өркентеуге арналған үлкен жұмыстар жүргізілуде. Каспий теңізі арқылы астықты экспортқа шығарудың альтернативті бағыты анықталды. Мұның өзі отандық астықтың Кавказдың арғы бетіндегі мемлекеттер нарығына шығарып, тасымалдау тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді.
Мемлекет басшысы ауылдың әлеуметтік саласына, оның өркендеуіне баса назар аударған және аудара береді. 2007 жылы оның өркендеуіне 107,2 млрд. Теңге жұмсалуы соның белгісі. Елді мекендердегі ауызсу тапшылығын шешу мақсатында Ислам Даму Банкі және Азия Даму Банкімен несие алу жұмыстары іске асырылуда.
Еліміздің азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі бекем қолға алынған. Бүгінгі таңда халықтың тұтынатын тағамдары мен азық-түлік өнімдері толықтай отандық өнімдермен қамтамасыз етілуде.
Аграрлық ғылым мен білім берілген болатын. Бұл аралықта оң өзгерістер болып жатты. Аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі 2001 жылдан бері 4,2 есе ұлғайтылса, ал ғылымға бөлінген бюджеттік шығын 2,5 есеге өсті.
Дегенмен, аграрлық ғылымда жедел шешуді қажет ететін мәселелер де баршылық. Жүргізіліп жатқан зерттеулердің инновациялық деңгейінің төменділігін, ғылыми-зерттеулердің өндіріс мұқтаждығына сәйкестендірілмеуін, инновацияны коммерциялауға бағытталған механизмдердің жоқтығын атап кеткен жөн. Әлемдік қауымдастықтың елімізді нарықтық мемлекет деп мойындауына қарамастан, қазіргі күнге дейін ғылыми өнім нарығы жоқ. Аграрлық ғылымның дамуына тәжірибелік базаның жұтаңдығы, ғалымдардың өздерінің тәжірибелері мен сынақтарын өткізетін арнайы зертханалар мен шағын технопарктер желісінің жоқтығы да кері әсер тигізуде.
Жағдайды өзгерту мақсатында Президенттің Жолдауында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, экономиканың аграрлық саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру, аграрлық ғылыми мекемелер жұмысын басқару және қаржыландыру істерін үйлестіру, ғалымдарды жалақысын көтеріп, өзінің ғылыми идеяларын таратуға, зерттеулерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға ынталандыру мәселелері жан-жақты ойластырылуы қажет. Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау жұмыстары да жетілдіруді қажет етеді.
Біздің еліміздің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бүкіл қазақстандықтардың да, жеке тұлғалардың да материалдық және рухани өміріне шешуші әсер етеді, білім инфрақұрылымын жасауды тапсырды. Ерекше айтатын жәйт: Президенттің әр Жолдауында білім беру саласына басты назар аударылады. Егер алдыңғы Жолдауларда күрделі міндеттер жоғары білім беру жүйесінің алдына қойылса, соңғы Жолдауда негізгі назарды Елбасы мектепке дейінгі тәрбиелеу ісіне көңіл аударды,
дәл осы мектепке дейінгі жаста тұлғаның негізгі адамгершілік қасиеттері қалыптасатынын атап өтті. Үздіксіз білім беру ісінде «Балабақша – мектеп – жоғары оқу орны» жүйесінің алғашқы және соңғы элементтері өте маңызды болып табылатыны белгілі.
Білім беру үздіксіздігі қамтамасыз етілу үшін білім беру жүйесін құрғанда тұлғаның субъективті мұқтаждығы ескеріліп, мәдени құндылықтарды саналы түрде меңгеруге жағдай жасалу керек.
Адам баласы бүкіл өмір бойына пайдаланылатын математикадан жағрапияға дейінгі базалық білімнің негізі ең алдымен мектепте қалатыны баршаға аян. Қазақстан халқы санының өсуі көптеген аймақтық қиындықтарды туындатуда, солардың бірі – мектептердің жетіспеушілігі. Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы білім беру саласының сұранысына, республикада мектеп құрылысының өріс алуына сөзсіз ықпал етеді. Биыл 68 мың орынды 88 мектеп салынады, ал 2009-2010 жылдары 69 мың орынды 102 мектеп салынатын болады.
Жолдауда әсіресе кәсіптік техникалық білім беру ісіне ерекше көңіл бөліну керектігі баса айтылды. Өндірістегі инновациялық жобалар жоғары технорлогиясыз және кәсіптік бағытта білім алмаған мамандарсыз жүзеге аспайды.
Қазіргі күні 830 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 558 700 адам оқып жатыр.Сондай-ақ 175 жоғары кәсіптік оқу орындары ашылмақ. Қазақстанның 30 ауданында бірде-бір кәсіптік мектеп жоқ. Қазақстан 50 елдің қатарына кіреміз десек, кәсіптік-техникалық мектептер мен жоғары оқу орындары ашылу керек.
Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз. «техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады.
Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде 50 техникалық және кәсіптік білім беру нысандарын, соның ішінде 46 кәсіптік лицей, 4 техникалық қызмет көрсету мамандарын даярлау және қайта мамандандыру өңіраралық орталықтарын салу жоспарланған. Ал жаңғыртудың стратегиялық басымдықтары еліміздегі білім беру жүйесін дамытудың 2020 жылға дейінгі ұзақмерзімді жоспары бойынша әрі қарай дамытылатын болады.
- I. №16 кәсіптік лицейдің оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама
1.1 №16 кәсіптік лицей туралы жалпы мәліметтер
1967 жылы Сырдария өзенінің бойында Қызылқұм өңірінде Шардара жасанды қоймасымен электр стансасы іске қосылып, Шардара ауданы құрылды. Шардара қаласы облыс орталығынан 240 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданда 67 мыңнан астам түрлі ұлт өкілдері тұрады.
Қазақстан Республикасы ҚР білім және ғылым министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы Білім департаменті №16 кәсіптік лицейінің қазіргі мекен жайы: Шардара қаласы, Пирогов көшесі н/ж.
Оқу орны 1973 жылы Шардара өңірінде және II-ші кезектегі Қызылқұм массивін игеру жұмыстары басталған жылы ауылшаруашылығы мен гидромелиоративтік құрылыс мамандарының мұқтаждығынан №110 орта кәсіптік техникалық училищесі ашылды. 600 орындық оқу орнына алғашқы жылы 524 төмендегі мамандықтар бойынша қабылданды:
- кең көлемді тракторшы – машинист;
- су мамандары;
- эксковаторшы, грейдерші, бульдозерші;
- жылжымалы краншылар тобы.
1973 – 2010 жыл аралығында 10058 оқушы бітіріп шықты. Оның ішінде 142 оқушы оқуды үздік дипломмен аяқтады.
Оқу корпусының ішінде 200 орындық акт залы, 30 орындық спорт залы, 200 орындық асхана, 620 орындық жатақхана, 300 орындық шеберхана салынған.
Оқу орны статусының өзгеруі:
- 1973 – 1984 жылдар — №110 ОКТУ
(орта кәсіптік технологиялық училище);
- 1984 – 1996 жылдар аралығында — № 33 КТУ
(кәсіптік техникалық училище);
- 1996 – 2002 жылдар аралығында — № 16 КТМ
(кәсіптік техникалық мектеп мектеп);
- 2002 – 2004 жылдар аралығында — №16 КМ
(кәсіптік мектеп);
- 2004 жылғы 20 ақпаннан бері — №16 КЛ
( кәсіптік лицей МКҚК).
Аталған оқу орнында дайындалған мамандықтар 1973 және 2008 оқу жылдары аралығында төмендегі мамандықтар салалары бойынша мамандардар дайындайды
- Кең көлемді тракторист – машинист
- Су мамандары
- Эксковаторшы, грейдерші, бульдозерші
- Жылжымалы краншылар
- Газ электр дәнекерлеушілері
- Сатушы
- Аспаз – кулинар
- Жол құрылысын салушы
- Бухгалтер
- Тігінші
- ЭЕМ операторы
- Үй жай бикесі
- Фермерлер
Сонымен қатар қазіргі нарықтық экономика талаптарына сәйкес және жергіліңкті кәсіпорындарға қажетті жұмысшы кадрларды дайындау мақсатында материалдық – техникалық базаны жаңалау, толықтыру, қайта жабдықтау жұмыстары үлкен серпіліспен жүргізілуде.
Қазіргі таңда әмбебаб – токарь, кең профильді құрылысшы шебері, автомеханик, ауылшаруашылығы өндірісінің фермері, газбен, электрмен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша 497 бала оқып, дәріс алуда. Білімгерлердің көпшілігі негізінен ауыл жастары және де жетім, жанұялары аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылар.
Кәсіптік лицейде 2000 жылдан әдістемелік-педагогикалық кабинет, 2002 жылдан педагогикалық-психологиялық кабинеттер жұмыс атқарады.
Бұл жерде оқытудың жаңа технологияларын насихаттау, оқушы, оқытушы, ата-аналар арасында тығыз байланыс орнатудың тәрбие және психология салалары бойынша жұмыстар жүйелі жолға қойылған.
Сонымен қатар жаңашыл оқытушылар мен өндірістік шеберлерінің озық тәжірибелерін зерттеп, жинақтап тарату іске асырылуда.
Лицейде оқу-тәрбие және өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін нормативтік және заң актілері, құжаттары сондай-ақ оқу тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған әдістемелік нұсқаулар топтамасы жинақталған.
Заман талабына сай оқу орны бүгінгі таңда төмендегідей мамандықтар бойынша оқытылады.
- Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Жүргізуші. Автокөлік жүргізу салалары.
- Кең профильді құрылыс шебері. Тас, кірпіш қалаушы.
- Тамақтану мекемелер маманы. Аспаз.
- Жиһаз жасау және столяр өндірісінің шебері. Жиһаз жинақтаушы.
- Электронды есептеу және есептеу машиналарының операторы.
- Ауылшаруашылық электр құралдарын жөндеуші электромонтер.
- Әмбебаб тігінші. Тігінші.
- Ауылшаруашылық өндіріс шебері (фермер). Автомобиль жүргізушісі.
- Газэлектродәнекерлеуші.
- Әмбебаб жонғыш
Жұмысшыларды тәрбиелеп, білім нәрін сеуіп келе жатқан №16 кәсіптік лицейіне биылғы жылы 38 жыл толып отыр. 38 жыл тарихы бар кәсіптік лицейді әр кезеңде жоғарғы білімді халық қалаулылары басқарған.
Олар:
- Әбділәзімов Жамбыл 1973-1981 жылдар аралығында;
- Адамбеков Асанбек Адамбекұлы 1981-1986 жылдар аралығында;
- Әбубәкіров Ақмұрат Құлымбетұлы 1986-1988 жылдар аралығында;
- Ыбыраев Әзімхан Ыбырайұлы 1988-1994 жылдар аралығында;
- Бейсенбев Әлен Мажитұлы 1994-1998 жылдар аралығында;
- Момынов Махмуд Момынұлы 1998 -2002 жылдар аралығында.
2002 жылдан бастап қазіргі таңда дейін №16 кәсіптік лицейді Талдибин Зәкірхан Раманқұлұлы басқарады. Кәсіптік лицей директоры
Ы. Алтынсарин атындағы медалімен, «Қазақстан Республикасы Коннституциясының 10 жылдығы» медалімен марапатталды. 2003 жылға дейін облыстық маслихаттың, 2004 жылдан бері аудандық маслихаттың депудаты.
Жоғары аталған басшылар жалпы кәсіптік лицейдің алдыңғы қатарлы оқу орнына айналуына зор үлестерін қосты.
№16 кәсіптік мектеп аудандағы жастарға орта біліммен қатар бастауыш кәсіптік білім беретін бірден-бір оқу орны.
1.2 №16 кәсіптік лицейдің материалдық – техникалық базасы
1973 – 2006 жылдар аралығында 6 шеберхана, 4 жұмыс зертханасы, 1 қызмет көрсету сервисы қызмет атқарды. 2003 – 2004 оқу жылвнда лицей ұжымының күшімен әмбебаб жонғыш мамандығы бойынша теориялық класс және 3 токарь станогы, 4 фрезер станогы орналастырылып, жұмысқа қосылды. 2004-2005 оқу жылында «Ауылшаруашылық электр құралдарын жөндеуші электромонтер» мамандығы бойынша жаңадан шеберхана іске қосылды.
Екі мамандық бойынша жұмыс беругі мекеме және жеке кәсіпорын, шаруақожалықтарының сұраныс талаптарына, оқу бағдарламасының стандартын ескере отырып жасақталды.
1.1- кестесі
Лицейдің жалпы материалдық базасы
1. |
Оқу корпусы |
600 орындық
|
2. |
Шеберхана |
300 орындық
|
3. |
Акт залы |
200 орындық
|
4. |
Спорт залы |
300 орындық
|
5. |
Асхана |
200 орындық
|
6. |
Жатақхана |
1200 орындық
|
7. |
Кітапхана |
30 орындық
|
8. |
Мектеп мұражай аумағы |
8,25 гектар
|
9. |
Мектеп меншігінде суармалы жер |
20гектар
|
Теориялық дайындық үшін оқу – материалдық база
1.1- кестесі
Арнайы пәндер кабинеттері
1. |
Тракторлар және автомобиль |
4
|
2. |
Ауылшаруашылық машиналары |
3
|
3. |
Жол жүру ережелері |
1
|
4. |
Бухгалтер |
1
|
5. |
Аспазшы – кулинар |
1
|
6. |
Тігін пәндер |
1
|
7. |
Техника қауіпсіздігі |
1
|
8. |
Техникалық қызмет көрсету |
1
|
9. |
Әмбебаб жонғыш |
1
|
10. |
Электромонтер |
1
|
11. |
Ағаш ұстасы |
1
|
1.3-кестесі
Жалпы білім беретін оқу кабинеттері
1. |
Қазақ тілі және әдебиеті |
2
|
2. |
Орыс тілі және әдебиеті |
2
|
3. |
Математика |
1
|
4. |
Физика |
1
|
5. |
Химия |
1
|
6. |
Информатика |
2
|
7. |
Шет тілі |
1
|
8. |
Тарих |
1
|
9. |
Алғашқы әскери дайындық |
1
|
10. |
Нарықтық экономика |
1
|
1.4-кестесі
Практикалық зертханалық сабақ үшін оқу – материалдық база
1. |
Тракторлар және автомобильдер зертханасы |
1
|
2. |
Ауылшаруашылығы зертханасы |
1
|
3. |
Дәнекерлеу шеберханасы |
2
|
4. |
Металл кесу станогы |
1
|
5. |
Тігін шеберханасы |
2
|
6. |
Құрылыс шеберханасы |
2
|
7. |
Автодром |
1
|
8. |
Техникалық күтім пункті |
1
|
9. |
Престеу құрылысы |
1
|
10. |
Дәнекерлеу трансформаторы |
6
|
11. |
Трактор |
3
|
12. |
Aылшаруашылық машиналары |
1
|
13. |
Жүк автомобильдері |
3
|
14. |
Слесарь жөндеуші зертханасы |
1
|
15. |
Токарь жонушы |
7
|
16. |
Электромонтер зертханасы |
1
|
17. |
Жеңіл автомобиль |
4
|
Зертхана – практикалық және өндірістік сабақтарда оқушылар, өндірістік оқыту шеберлерінің көмегімен тұтыну бұйымдарын шығарады:
Дәнекерлеу цехында: қысқыш, балға, қайшы, клүштер, қазық, шеге суырғыш, терезе торы, темір есік, темір қақпа, темір пеш, сәкі т.б,
Тігін цехында: ұлттық киімдер, халаттар, жұмсақ ойыншықтар, машина орындықтарының қаптамасы, әйелдер киімдері, көрпе жастық қап, тоқыма бұйымдары т.б.
Ағаш өндеу цехында: есік – терезе, столдар, орындықтар, оқу парталары, ағаштан жасалған тұтыну бұйымдары, құрылысқа керекті заттар (плинтустар, рейка, көрнекті рейкалар, брустар), сұраныс бойынша гарнитурлар т.б., және сервистік жұмыстар, жеңіл автомобильдерді сырлау, электр желісін жүргізу, тұрғын ұй салу тапсырыс бойынша
1.5-кестесі
Жоғарыда көрсетілдген зертханалар мен цехтарда төмендегі қондырғылар орналасқа
1. |
Токар станогы |
6 дана
|
2. |
Фрезерлік станогы |
2 дана
|
3. |
Электормен дәнекерлеу аппараттары |
8 дана
|
4. |
Газбен дәнекерлеу аппараттары |
4 дана
|
5. |
Гидравликалық балға |
1 дана
|
6. |
Гидравликалық прес |
1 дана
|
7. |
Темір кесетін станогы |
4 дана
|
8. |
Ағаш фрезер станогы |
1 дана
|
9. |
Ағаш токр станогы |
1 дана
|
10. |
Рейсмус |
1 дана
|
11. |
Ленталы станок |
1 дана
|
12. |
Тігін машинасы «Чайка» |
6 дана
|
13. |
Тігін машинасы «Зингер» |
4 дана
|
14. |
Өндірістік тігін машинасы |
6 дана
|
15. |
Тоқыма (оберлок) машинасы |
1 дана
|
16. |
Ағаш, темір өндеу аппараттары |
2 дана
|
17. |
Слесорлық іс бұйымдары |
20 дана
|
18. |
Компьютерлік класс III — IV |
12 дана
|
19. |
Автотренажер |
1 дана
|
Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының, мекемелердің сұранысын қанағаттандыру, заман талабына сай мамандарды дайындау мақсатында лицей әкімшілгінің басшылығымен жаңа арнайы пән кабинеттері мен зертханалары ашылды.
Арнайы пән кабинеттер
- Әмбебаб жонғыш
- Құрылыс шебері
- Ауылшаруашылық құралдарын жөндеуші электромонтер
- Техникалық қызмет көрсету
- Техника қауіпсіздігі
- медициналық пункт
Зертханалар
- Эмбебаб жонғыш
- Ағаш ұстасы
- Электромонтер
- Тігін цехы
- Техникалық қызмет көрсету сервис
Зертхана, шеберхана, цехтарда өндірістік оқыту шеберлерінің ұйымдастыруымен оқушылардың өндірістік жабдықтары, халық тұтынатын заттарды шығарып, тапсырыстар қабылдауда.
Кәсіптік лицейде материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жылма-жыл оқу өндіріс шығармашылығымен ақылы қызмет көрсету жұмысы бойынша қаржы табу көлемі артып келеді.
1.3 Кәсіптік лицейдің оқу — өндірістік жұмысына талдау
1.6-кестесі
№16 кәсіптік лицейдің басқару жүйесін іске асырушылар
1. |
Директор |
Талдибин З.Р.
|
2. |
Директордың ОӨЖЖ орынбасары |
Жораев Назарбай
|
3. |
Директордың ОІЖЖ орынбасары |
Тұрманова Кулия
|
4. |
Директордың ТЖЖ орынбасары |
Шертаева Гүлжанат
|
Сонымен қатар лицей қабырғасында:
Аға шебер – Момынов Абдірахман
Психолог – Касимова Дариға
Кітапхана меңгерушісі – Тұрханова Назақат
Кітапханашы – Мамбетова Назифа
АӘД ұйымдастырушысы — Сатбаев Қылышбай
қызмет атқарады.
Жалпы барлық оқытушылар саны 25, өндірістік оқыту шеберлерінің саны 35. Ұстаздар қауымының арасында осы оқу орнында 20 – 35 жылдан бүгінгі күнге дейін үздіксіз қызмет істеп жүргендер бар. Бұл мамандар қазіргі нарықтық экономика талаптарына сай білікті жұмысшы кадрларды даярлауда.
Пән мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлері өз кабинеттері мен шеберханаларын стандартқа сай жабдықтаған. Кәсіптік лицейде 6 шеберхана, 4 жұмыс зертханасы, 1 қызмет көрсету сервисі, 13 жалпы білімдік, 13 арнайы және техникалық пәндер кабинеттері жұмыс атқарады.
Жоспарға сәйкес лицей ішілік көптеген тәрбие жұмыстары, өндірістік оқыту жұмыстары, сабақтан тыс үйірме жұмыстары өткізіледі.
№16 кәсіптік лицей ұжымы облыстық, аудандық, қоғамдық іс – шараларға белсене араласады. Аудан көлемінде жастар тәрбиесіне арналған түрлі пікір – сайыстар тікелей лицей ұжымының ұйымдастыруымен және қатысуымен өткізілді.
Аудандық сайысында лицейдің жас мамандар тобы Бас жүлдені, аудандық турнирде №16 КЛ командасы 1 орынды иеленді.
Орынбаева Сауле облыстық «Өнерлі ұстаз» фестивалінде Бас жүлдені, Мүталиева Бибігуль «Жыл тігіншісі» байқауында Бас жүлдені, Ерманов Бақытжан «Жылдың Таңдаулы өндірістік шебері» байқауында Бас жүлдені, закикаева Роза «Аспазшы 2010» байқауында 1 орынды, облыстық «Өмірге жолдама» атты жастардың кәсіби акциясының аясында өткізілген байқаулар бойынша кәсіптік лицей 1 орынды, «Жамбыл жыры – бабалар үні» айдарымен өткен оқушылардың облыстық өнер фестивалінде 1 орынды, кәсіптік мектеп оқушыларының облыстық I спартакиадасында команда II орынды, облыстық «Өнерлі ұстаз» фестивалінде Мұратов Аман I орынды жеңіп алды.
Кәсіптік лицей Облыстық білім департаменті ұйымдастырған «Білім ұясы: жылдың таңдаулы кәсіптік лицейі» байқауында Бас жүлдені жеңіп алып, Республикалық байқауға жолдама алды. Астана қаласында өткізілген Республикалық «Білім ұясы» байқауында жүлделі орынды иеленді.
Бұл жеңістер қажылы еңбек, шағармашыл ізденіс, ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында келіп отыр. Бұл тұста «Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады», — деген қағида еріксіз ойға оала береді.
- Методикалық тарау
2.1 Қазіргі заманғы оқытудың педагогикалық технологиялары
2.1.1 Педагогикалық технологияның жалпы сипаттамасы
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология- кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек». Қазіргі педагогикалық технологиялар бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде:
1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру,
2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру,
3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.).
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару қиын.
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні — оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).
Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.
Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.
Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.).
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады.
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.
Қашықтан оқу технологиясы –бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.
2.1.2 Жобалап оқыту технологиясын қолдануды талдау
Жобалау әдісі ХХ — ғасырдың технологиясына кіріп басқа елдерде бұрыннан қолданылса да, біздің елде тек соңғы жылдарда ғана қолданылуда.
Технологиялардың ішінде жобалау әдісі арқылы оқыту – оқушылардың қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Жобаны ғалымдар пәндік-мазмұндық белгілеріне қарай, үйлестіру сипатына қарай, әрекет түріне қарай, жобаға қатысатын адамдар санына қарай, жобаның жүру мерзіміне қарай бірнеше түрлерге бөледі. Пәндік-мазмұндық белгілеріне қарай шағын жобалар және пәнаралық жобалар деп, үйлестіру сипатына қарай ашық және жабық деп, әрекет түріне қарай ізденушілік жоба, шығармашылық жоба, ақпараттық жоба, рөлдік ойындар түріндегі жобалар, тәжірибеге арналған жобалар деп бөлінеді. Атап айтқанда, бір жобаның аясында студенттер ізденушілік те, шығармашылық та, ақпараттық та жұмыстар жүргізеді.
Жоба әдісін қолдануда студенттер өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттерін артырады. Жоба әдісінің басты мақсаты – тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін маңызды тапсырмаларды орындау барысында студенттің өздігінен білім алуына жағдай жасау.
Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе студенттер жұптасып, немесе үш-үштен бірігіп, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты.
Жоба жасауда мультимедиялық бағдарламаны қолдану әдісінің көп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі сөйлеу түрлерін жаттықтыру және оларды әр түрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге, лингвистикалық құбылыстарын қалыптастыруға, коммуникативті жағдайларды құруға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен қатар қатысушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізулеріне мүмкіндік береді.
Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда студенттер интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды, мәліметтерді іріктеп алады. Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы студенттер көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маңдайша жазулары, жарнамалар, кестелер, диаграммалар жатады.
Сөйлеу барысында студенттер әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.
Оқу – жобамен жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі бөліктердің бірі. Жобаға керекті мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Жұмыс кезінде студент анықтамалармен, энциклопедиялық сөздікпен жұмыс істейді.
Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында студенттер шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді.
Жобалау әдісіне тән жетістіктерге мыналарды жатқызуға болады:
— жобалау әдісі студенттерді оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді;
— студентті білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді;
— жобамен жұмыс істеу барысында студенттің тілдік дайындығы қалыптасады;
— жобалау әдісі студенттің белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі. Сонымен бірге оларды жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту»
Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.
Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
- тәжірибелік құндылықтары болуы;
- студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы ;
- онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы;
- оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
- өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
- студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
- кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы;
- студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.
Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда)
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология.
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобалардың түрлері: Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады:
- Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған және т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған, шығармашылық);
- Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық жоба;
- Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау);
- байланыстың сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін.
- жобаға қатысушылардың саны, жобаның ұзақтығы.
Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері (сипаттаудың мүмкін нұсқалары)
Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады: іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды.
- Іздеу кезеңі.
— Мәселені іздеу және талдау.
— Жоба тақырыбын таңдау.
— Кезеңдер бойынша жобалау іс-әрекетін жоспарлау.
— Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.
- Конструкторлық кезеңі.
— Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.
— Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу.
— Дайындау технологиясын таңдау.
— Экономикалық баға беру.
— Экологиялық сараптама жасау.
— Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру.
- Технологиялық кезең.
— Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау.
— Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.
— Сапаға ағымдық бақылау жасау.
— Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу.
Қорытынды кезең.
— Жобаның орындалуының сапалық бағасы.
— Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау.
— Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау).
Жобалар әдісін қолдану қиыншылықтары мен шекаралары.
Жобалар әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады (мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу; белгілі бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың әсері мәселесі, әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, т.б. ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру). Жобалар әдісінің кең таралуын тежейтін басты мәселе – жобалық тапсырмаларды білім стандарттарының талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады. Жобалық тапсырмаларды студенттер орындағанда стандартты білімін, икемін, дағдысын (нақтырақ айтқанда – олардың қажеттілігі туындайтындай) қолданатындай етіп құру тәжірибе жүзінде мүмкін емес.
2.1.3 Пәнді оқыту кезіндегі оқытушының рөлі
Мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет. Сонда «мектеп те, мұғалім де – бала үшін» қызмет етпек. Ең бастысы, мұғалім өзінің өмірімен, білімімен, зерделілігімен, сауаттылығымен, яғни барлық ісімен үлгі болатын тұлғаға айналу қажет. Білім беру ісінде ұстаз – басты әрі шешуші тұлға. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
Мұғалім еңбек қызметінің барысында өзісінің нағыз шебері болып табылады. Оның үстіне мұғалім кейде өз қызметінің бастысын, өзекті жолын тез тауып алады, оған өзінің күш жігерін жұмылдырады, бұл бағытта жетік береді, үлкен табыстарға жетеді. Оқытушы оқушыларға білім ғана беріп қоймай, сонымен бірге тәрбие процессінің мазмұны болатын, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның рухани, адамгершілік, эстетикалық, еңбектік, әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады. Мұғалім балаларға қажетті білімдерді қамтамасыз етіп, олардың ойлау белсенділігін оята алатын, жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады.
Мұғалім мамандығы — жауапкершілігі мол, игілікті мамандықтың бірі. Әрине ол материалдық игіліктерді өндіретін өндіріс орындарында істемейді, технологиялық өндірісті жетілдіру ісіне де тікелей қатынаспайды. Бірақ мұғалім өндіргіш күштердің дамуына және халықтық материалдық игілігінің дамып өсуіне әсер етеді.
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара қарым-қатынас жасау әрекеті. Мұғалім жұмысының табысты болуы оның балалармен өзара дұрыс қарым-қатынас орната білуіне байланысты. Яғни, бұл қарым-қатынасты орнату үшін мұғалім әрбір оқушыны жеке дара зерттеп, бақылауы тиіс. Оқыту оқушы мен оқытушы арасындағы белсендi байланыс нәтижесінде бiлiмдер және бiлiктер қалыптасады.
Мұғалім қызметінің табысы болуы оның өз қызметінің пәнін жете түсінуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.
Мұғалімдер оқу әрекетін оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіру табиғатын терең білуі тиіс. Оқу әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу әрекетін қалыптастыру барысында тұлғалық қасиеттер- мақсаттылық, ұйымшылдық, жауапкершілік, табандылық т.б қалыптасады.
Кәсіптік мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: «Жеке тұлғаның қалыптасуы- үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл- ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,- деп атап көрсетіп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды.
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу- мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өз бетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды.
Педагогикалық-психологиялық сипаттама — ол ең алдымен оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын, ынтасын қалыптастырады және оны байқау болып табылады. Оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан байқау оқушылардың психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі.
Оқушылардың педагогикалық-психикалық ерекшеліктеріне, ынта-талаптарына, мақсат мүдделеріне, бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді. Оқушылардың психикалық-педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың педагогикалық тексерулерінің педагогикалық кеңес мәжілісінің әдістемелік кеңес хаттамаларымен танысу оқытушыға оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен ақыл-ой іс-әрекеттерімен ерекшеліктеріне, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі деңгейі мен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.
Оқушының «Автомобиль құрылысы» пәніне деген қызығушылығы – оны табысты да түбегейлі игерудің негізгі шарты. Егер оқушы пәнге, оның көтерген мәселелеріне қызықса, онда оны игеру барысындағы қиындықтарды жеңіп, рухани және эстетикалық әсер алады, ғылымға құрмет сезімі қалыптасады, пәнді бар жан дүниесімен түсініп, қол жеткен табысқа қанағаттанады.
Демек, оқушы материалды түсініп, қабылдаса болашағына оның қажеттілігін айқын сезінсе, сонымен бірге оқытушы өз пәнінің артықшылығын айқын дәлелдей білсе, оқу үрдісі табысты болатыны сөзсіз.
Кәсіби оқу орындарындығы оқушылардың басым бөлігінің танымдық қызығушылығы білімді практикада пайдалануға бағытталған, жалпы білім пәндерін оқудың, олар үшін құндылығы алдарынан ашылатын принциптер мен заңдармен емес, білімнің практикалық іс-әрекетті жоғары тиімділікпен атқаруға көмектесіп, өздерінің мамандықтарының біліктілігін арттыруға жол ашатындығын байқайды. Бұл оқушылардың таным деген қызығушылығына күш жұмсай отырып еркін назар аударуды игеруіне, іс-әрекетке берілуіне ынталықтары қалыптасып, қолға алынған іс-әрекеттерден айырылып қалмауға тырысады. Кәсіптік оқу орындарындағы, оқушылардың барлық себептік қажеттілік салаларының маңызы мен күші дәл осындай көрінісін табады.
Ұстаздың білімдарлығы, абырой – беделі оның шәкірттерінен көрінеді. «Шәкірттің» жақсы болмағы ұстазынан деп тегін айтпаған. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Әлемдік ой алыптары, кейбір ғұламалар ұстаз алдынан өткен, олар өздерінің ұстаздарына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет қалдырған. Ұстаз мәртебесінің қаншалықты биік әрі қасиетті екенін осыдан – ақ көруге болады.
Мұғалімнің алдындағы басты міндет – оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу. Ұстаз бүгінге емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмас үшін, өзін- өзі жан- жақты дамыту үшін саяси- идеялық дәрежесін, ғылыми теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе- күн жетілдіріп отыруға талаптануы қажет. Мұғалім өзінің білімімен, ақыл- парасатымен, яғни бүкіл болмысы мен қоғамның болашақ азаматын дайындауы қажет.
Мұғалім – жасөспірімдерді іскерлікпен ұйымдастырып, «басқарушы», мамандығын жетік меңгерген білімпаз «шебер оқытушы», жүрек жан жылуымен оқушы жан дүниесін нұрландырып, тәлімдеп үйретуші – «рухани сәулеткер», болашаққа жөн сілтер ең жақын ақылшы – «екінші ата — анасы», көмектесіп жетектеуші, кеңес беріп ескертуші, демеп ынталандырушы, үлгі – өнегесімен тәрбиелеуші – «нәзік психолог», ізденімпаз – жаңашыл, жасампаз – еңбеккер қасиеттері бойына дарыған ең басты асыл тұлға.
Мұғалім оқушылар алдында үлкен бір асқар таудай көрінуге тиіс, оқушылардың үнемі үлгі-өнеге бастауын алып отыратындай кісі болуы қажет. Тәрбиеленушілер арасында өзін-өзі ұстау манерасы, өзін-өзі басқаруы, сыртқы және сөйлеу мәдениетіндегі ережелерді қатал ұстануы керек. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Бүгінгі ұстаз күнделікті іс- әрекетте өзін оқушымен тең ұстап, оған: қатыгездіктен гөрі мейірімділікпен, «ұстаздық» тұлғадан гөрі құрбылық деңгейде, айғаймен емес, әзілмен, қателіктерін мойындатуға емес, түсініп, бөлісуге тырысатын болса, ата- ана, қоғам, қала берсе мемлекет үлкен сенім артып, үмітпен күтіп отырған ұстаз еңбегі жемісті боларына сенеміз,
Сабақ — оқыту процесінің негізгі түрі, сондықтан пән иесінің сабақ барысында кәсіптік оқыту материалын нақты пайдалануы, оқушыларды өз мамандықтарын жақсы игеруіне үйретеді. Сабақ кәсіптік бағытта жүру үшін, мұғалім түсіндіретін оқу материалының бағдарламамен байланыстығын, сонымен бірге оқу материалының орнықты әрі мағыналы әсер етуін қадағалауды. Әлеуметтік және ғылыми техникалық сабақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі түрі болып саналады. Ғылыми және идеялық жоғары деңгейде өтілген әрбір сабақ оқушыларға белгілі бір білім негіздерін беріп, ойлау қабілеті мен шығармашылық іс-әрекетін арттыруы. Тақырыпты оқып үйренуде жинақталған білімдерді көрсететін оқу диафильмдері мен кинофильмдерден үзінділерді, теледидар мендиапозиттерді көруі, оқушылардың болашақ мамандар клубының жұмысына қатысуы, бірлестіктердегі озаттар тәжірибесін көрмесіне экскурсия жасау, өндіріс озаттармен кездесулер, тақырыптық кештер, ғылым мен техниканың жетістіктерін, еңбек табыстарын насихаттайтын альбом, плакат, стендтер безендіру болып табылады. Егер мұғалім оқушыларға еңбек үйрету барысында оларға ғылыми заңдылықтарды қолдана білуді іс жүзіне асыруға мүмкіндік беруші еді. Пәнаралық байланыстарды оқушылар конструкторлық-техникалық элементтерді, материялдарды пайдалана білуді, механикалық технологияны, еңбек мәдениеті мен өндірістік эстетиканы арттыруды, сонымен бірге еңбек ету барысында олардың басқа пәндермен де білімдері тереңдейді.
Мұғалімнің сабақты жақсы, әрі мәнді өткізу мақсаты — оқушылардың политехникалық және экономикалық ой-өрісін кеңейту, ауыл шаруашылығының мұқтажына байланысты мамандықты саналы түрде игеруге көмек көрсетуі болып табылады. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық, дидактикалық жүйеге келеді, сөйтіп мұғалімнің оқушыға нәтижесінде оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестіріп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса, екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады.
Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажет етуіне қарай құралады, оқыту мақсаты, мазмұны, міндеттері, заңдары мен принціптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды.
«Автомобиль құрылысы» пәнін жүргізудегі мұғалімнің рөлі — ол әр оқушының санасына әсер ете алуы, пайда болған педагогикалық ситуацияларды шешіп, оқушылардың теориялық білімін жетілдіріп, оның іс жүзінде қиындықсыз орындалып, жақсы маман болып шығуына үлкен үлесін тигізеді.
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік:»Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек».
Трактор және автомобиль пәнін оқыту барысында мұғалімнің атқаратын қызметі:
- трактор және автомобиль пәнін жетік білуі;
- сабақ өткізу әдістемесін, тәсілдерін толық меңгеруі;
- технологияны сабақ ерекшелігіне сәйкестендіріп, таңдап алуы;
- таңдалған технологияға сай сабақ мазмұынын құрастыруы;
- көрнекілік, дидактикалық жабдықтарды дұрыс таңдап, тиімді пайдалана алу;
- оқушылардың талдалып жас және жеке ерекшеліктерін ажырата білуі;
- күнделікті бір сарынмен емес,әр түрлі әдістермен түрлендіріп отыруы;
- оқушылардың танымдарын жетілдіретін, шығармашылық жұмыстарын дамытуға бағытталған, өз беттерінше ізденіп, білім жетілдіруге мотивация беретін тапсырмалар құрастыра білуі тиіс.
Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекеттің нәтижесін болжай алуына байланысты.
2.1.4 «Ауылшаруашылық машиналар» пәні бойынша білім, біліктілік және дағды жүйелерінің қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі-мектеп қабырғасында берілетін білімнің, оқытушылардың кәсіптік білім деңгейлерінің сапасымен тікелей байланысты екенін көрсетті. Бұл , еліміздің тағдыры және ұлтымыздың болашағы мұғалімнің қолында дегеніміз. Жалпы алғанда, оқу- оқушының өзіндік қызметі, қызметтің осы түрі арқылы оқушы білім алады, білік және дағдылар жүйесімен қаруланады. Оқу жас ұрпақтың бойына ес, зейін, қиял, логикалық ойлау және тағы сол сияқты қасиеттерді тәрбиелейді, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіреді, жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқытудың міндеті жас ұрпақтың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оны өмірге баулу, өндірістегі еңбекке дайындау, қоғамға пайда келтіретіндей практикалық іс-әрекетке үйрету, сондай-ақ оның жан-жақты дамыған жеке бас тұлғасын дамыту болып табылады.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының кепілі. Ол үшін, мұғаләм оқушының оқу материалының меңгеру дәрежесін, сапасы мен кқлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудыңмаңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Сондықтан, кәсіби оқытуда білім, білік, және дағдылық қасиеттерді жеке тұлға бойына сіңіріп, оны қадағалау, дамыту мәселесі басты орынға ие.
Қандай пән болмасын оны оқыту барысында арнайы теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен қатар белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.
Білім мазмұны- бұл тиісіті орында жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Кез-келген шындықты бейнелеу білім болмайды.Ал адам өзін-өзі өмірдегі іс-әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі –әлемге қатынас тәсілдерінің мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын нақты іс-әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс-әрекет мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді.
Біліктілік- еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пйдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді.
Дағды- кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады. Сондай-ақ, оқушылардың маман болып қалыптасуына қимыл, ойлау және сезім дағдыларының алатын орны зор.
Білімді, іскерлікті, дағдыны бағалау мен тексеру оқу процесінің өте маңызды және қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Мұғалімге оқушылардың жаңа материалды қалай меңгергенін, олардың қажеттілігін білу жаңа тақырыпқа дер кезінде көшу үшін өте маңызды.
Түрлі жағдайларға байланысты тапсырудың неше түрлері болады:
- Ағымдық: Оқушылардың сабақтағы күнделікті оқу тәрбие жұмыстары.
- Тақырыптық: Оқу бағдарламасындағы белгіленген тақырыпта нені оқу жүйесінің материялын меңгеру.
- Периодтық: Материалдың мазмұнына байланысты.
- Қорытынды: Пәннің бүкіл шарттарын меңгеру.
Оқушылардың белгілі бір білім дәрежесі бағалануы тиіс. Бұлардың ең маңыздыларын көрейік.
- Оқушы ғылым негіздерін үйрене отырып, фактілерді, құбылыстарды білуге және оларға дұрыс, ғылыми түсіндіріп бере алатындай күйде болуға тиіс.
- Оқушы ғылыми ағымдарды, заңдарды, ережелерді игеруге, жаңа фактілерді түсіндіргенде, түрлі мәселелер мен практикалық міндеттерді шешкенде бұларды пайдалана білуге тиіс.
- Өзінің жауаптарында оқушы жеткілікті айқындылықты, ойының дәлдігін өз көзқарастарын нақтап, оларды қорғай білуі тиіс.
- Оқушы білімінің практикалық маңыздылығы болуы тиіс.
- Оқушылардың ауызша және жазбаша деген талаптары сақталу керек.
Ауызша жауаптар толық, логикалық дәлелденген болуға тиіс. Жазба жұмыстар мұғалімнің нұсқауларымен дәл сақталып, мұқият толтыруға тиіс.
2.2 «Ауылшаруашылығы машиналары » пәнінен оқу процесін талдау
Білім беру ісін реформалауда егемендігіміздің болашағы жас жеткіншектерді тәрбиелеп, білім беруде кәсіптік мектептің алатын орны зор. Сондықтан, кәсіптік мектеп қызметін дұрыс атқаруы үшін өзіміз бағыт бағдарын мемлекеттік құжаттарға сәйкестендіре бағдарлап отыруға тиіспіз. Олай болса оқу орнының жоспар арқылы өз жұмысын алдын-ала белгілеп, ретті жүргізуінің маңызы жоғары.
Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі міндеттері мыналар:
- кәсіптік білімді міндет пен сапаға жеткізуді нормативті құжаттардың жүйесін жасау;
- білімдік қызмет көрсетушілерді,ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерді біліктілік сатысына сәйкес кәсіптік білімнің мазмұндық параметрлері жайында толық және дәл ақпаратпен қамтамасыз ету;
- жұмысшылар мен мамандардың кәсіби дайындығы мен соңғы нәтижелеріне тиімді талаптар қою;
- орындаушының көрсететін білімдік қызметінің сапалық көрсеткішін құптау.
Оқу жұмысын жоспарлы түрде жүргізудің негізгі кәсіптік мектептегі барлық күшті ұжымды және жеке адамдардың еңбегін уақыт жағынан белгілі жүйеге келтіре отырып, бір мақсатты жұмыс істеуге жұмылдыру үшін қажет. Ол кәсіптік мектептердің басты орындарының және мемлекет нұсқауларын дер кезінде орындауға да қолайлы. Ол жеке звенолардың өзара бірлесе жұмыс істеуінің және олардың әрқайсысының іс-әрекетінің мазмұнын, қызметін, өзара байланысын анықтап, айқындай түсуге негізделе отырып, барлық тиісті оқу жұмыстарының мазмұнын қамтып, оның алдында тұрған міндеттерді іске асыруға негізделеді.
Жоспардың тиімділігі өткен уақытта атқарылған жұмыстардың жетістіктерімен кемшіліктерін саралап, атқарылған істерге дұрыс баға беріп, қандай іске көзін аудару қажеттігін анықтап, дәл бағыт беруге де байланысты. Сонымен бірге оқу-тәрбие жұмысының тоқсандық қорытындыларына, олардың саны мен сапасына, емтихан кезіндегі оқушылардың білім көлеміне, іскерлігі мен дағдысына, методикалық бірлестіктердің материялын зерттеуге, педагогикалық кеңестің, өндірістік мәжілістің, сондай-ақ оқу жылының қорытындыларына, оның саны мен сапасына терең талдау жасау барысында алдағы міндеттер белгіленеді.
Теориялық оқытуды жоспарлайтын негізгі құжаттарының бірі – перспективалы тақырыптық жоспар.
Оқытушы пәннің тақырыбының оқу жоспарын бағдарламаға сүйеніп перспективалы тақырыптық жоспар құрады. Перспективалы жоспарды алдын-ала құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды. Перспективалы жоспарды оқу материалы сабаққа радиальды бөлініп отырып, келесі сұрақтарды қарастыру керек:
- оқыту жұмысының ұйымдастыру формасы;
- сабақ барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысы;
- пәнаралық байланысты іске асыру;
- тәрбиелік жұмыспен байланыс;
- көрнекі оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды және техникалық оқу құралдарын пайдалану жолдары;
- оқушыларға үй тапсырмасын беру;
- тақырып бойынша оқу және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану және т.б.
Жоспардың компоненттерін мұғалім өзі анықтайды. Жоспардың компаненттері оқу пәніне, тақырыптың мазмұнына, кәсіптік мектептің оқу материалдық базасына , оқушылардың білу деңгейіне байланысты жасалады.
Перспективалық жоспарлау—мемлекеттің бағыт-бағдарын, халыққа білім беру министрлігі мен оның жергілікті оргондарының, әр шаруашылық региондарының экономикалық-әлеуметтік дамуының бүгінгі және ілгері мерзімді бағдарламаларына үйлестіре жасалады. Перспективалық талап тиімді болу үшін оның болашақ көзге анық—айқын елестете білу керек.
Перспективалық жоспар мектеп орналасқан жердің болашағын есепке ала отырып жасалады. Ол сол жердің саласындағы, оның экономикалық, мәдени әлеуметтік қажеттілігін есепке алады. Оларға маман әзірлеуге ат салысады. Олай болса барлық оқу-тәрбие жұмысын күрделендіруге тырысады, жауапкершілігін арттырады. Жоспар істелетін жұмыстың кестесі ғана емес оқу орнын басқарудың жолы, кәсіптік мектеп ұжымының жұмысына жасалған жан-жақты талдау, іргелі істелетін жұмыстардың оптимистік бағыты, педагогикалық білімнің болашағын оның айқындау арқылы қоғамға пайдасы, алған білімін бүгінгі және болашақ мақсаттарға сай қолдана отырып өзгеге де, өзіне де пайдалы адамдар тәрбиелеп шығарудың ілгерілетілген іс-әрәкеті.
Жылдық-жоспар кәсіптік лицей бір мақсатқа дұрыс бағыттап, педагогикалық ұжымның, кәсіптік мектептердің басқада қосалқы қызметін тиімді үйлестіріп, іске жұмылдыру үшін жылдық жоспар жасалады. Оған кәсіптік мектеп директорының, оның орынбасарының, оқу-тәрбиеге байланысты барлық звенолардың жұмысына басшылық жасау мәселесі қамтылады.
Оқу жоспары – оқытудың көлемі мен мазмұны көрсететін ресми құжат. Мұнда оқылатын пәндер іріктеліп алынып, тізімдері жасалады. Сонан кейін оны оқу жылдары бойынша іріктейді. Бөліп іріктеген соң олардың көмегімен, өмірден алатын орнына қарай сағат белгіленеді. Ол сағаттар оқу жылына, тоқсандарға, айларға, апталарға, бөлінеді.
Ал, біз қарастырып отырған пәніміздің оқу жоспары, бұл пән арнайы пән болғандықтан өзіндік ерекшеліетері бар. Арнайы пәндерге бөлінген нақты сағат саны және олардың жарты жылдықтарға бөлінуі оқу- материалының көлемін және күнделігін анықтауға мүмкіндік береді. Пәннің маңыздылығын сол пәннің бақылау түрінен сынақ жұмысы немесе емтиханнан байқауға болады.
Жалпы оқу жоспары – кәсіптер мен мамандықтардың біліктілік дәрежелеріне, оқытудың базалық мерзіміне лайық оқу циклдері мен пәндерінің тізімі мен көлемінің республикалық деңгейін белгілейтін және аймақтық білім басқару орындарының білім мекемелерінің күнделікті жұмыстың оқу-бағдарламалық құжаттарын жасаудағы дербестік дәрежесін анықтайтын құжат.
Күнделікті жұмыстық жоспар – жалпы оқу жоспары негізінде аймақтағы сала, мамандықтар ерекшеліктері ескеріліп, ондағы және оқу үрдісінің күнтізбелік құрылымы мен кезеңдерін нақтылы жасайтын оқу жоспары.
2.3 «Ауылшаруашылығы машиналары» пәнінен оқу бағдарламасын талдау
Оқу бағдарламасы нақты пән бойынша оқыту мазмұнын түбегейлі ашатын құжат.
Оқу пәнінің бағдарламасы — кәсіби –техникалық мектептерде оқыту мазмұнын анықтайтын негізгі оқу бағдарламалық құжаттардың бірі. Ол оқу пәні бойынша білімдердің, білік пен іскерліктің және дағдылардың көмегін, практикалық және лабораториялық сабақтардың өтілу реттерін, сыныптар бойынша бөлінуін, пәндердің мазмұнын анықтайтын құжат.
Бағдарламалар әр пәндер бойынша құралады, олар шығармашылықпен орындалуы тиіс.
Оқу бағдарламаларында қоғамның білім беру немесе ақыл-ой тәрбие жөніндегі нақты міндеттер мен мақсаттар көрсетіледі. Жалпы оқу орындарының бағдарламалары оқудың идеялығын, жүйелілігін, ғылымилығын оқушының мүмкіндіктері сәйкес келеді.
Барлық оқу пәндері жөніндегі бағдарламалар мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
— бағдарламалардың мазмұны ғылыми және әдістемелік жағынан ұстамды болуы, ғылыми мәліметтерді бұрмалаудан тыс болып, ғылымның ақиқаттылығына және тексерілген қорытындыларына сәйкес болуы тиіс;
— бағдарламалардың материялдары теорияда алған білімі оның практикамен байланысты болуы тиіс;
— жалпы пәндер қоғамның және мәдениеттің жеке салаларынан мәліметтер берілетіндей тарихи материялдарды қамтуы тиіс;
— оқу бағдарламаларының материялдарын бөлгенде оқушылардың оқитын материялдар мазмұны жағынан ғана емес, көлемі бойынша қалыпты, күштеріне сәйкес болуы керек;
— жеке пәндердің бағдарламалары өз ішінде байланысты болуымен қатар, пәнаралық байланыс принціпінде құрылуы тиіс;
— Қазақстан Республикасының тілдер заңды жүзеге асыру әрбір пәннің бағдарламасының оқу материялымен байланысты болуы керек.
Оқу бағдарламасы — бұл техника, технология және ғылым жетістіктерінің мазмұнының дидактикалы өрісі.
2.4 «Ауылшаруашылығы машиналары» пәнін оқыту кезінде оқытушының алатын рөлі.
Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі.
Мұғалім – жалпы білім беретін оқу орындарында және кәсіби білім беру оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.
Қоғам мұғалімге балаларды сеніп тапсырып, оларға ықылас жасап тәрбиелейді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп тапсырады. Мұндай орасон зор сенім мұғалімдерге қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктейді.
Сабақа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ.
Кәсіптік мектеп оқу үрдісінде арнайы пәндерді өткізуді жоспарлау барысында жылдық тақырыптық жоспар түзіледі. Ол мұғалім бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізіг ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдалынатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижделерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Тақырыптың жоспарды құрастыру бөлімінде, тақырыптарды дұрыс орналастыру мен пәнаралық байланыстыруын ашып көрсету керек. Күнтізбелік сеткалық кестені құрастырғанда оқу жоспарына сүйенеді курстағы апталық оқу сабақтарының саның анықтау: тақырыптың қандай курста оқытылатындығын анықтау; пәннің тақырыптың жоспарына сәйкес, тақырыптың сызба бейнесін көрсету болып табылады.
Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімділік міндеттері ғана емес, сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуіне де белгілейді.
Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескертуге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыптарын жасап болғаннан кейін, іле-шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады.
Жеке сабақтардың жоспары — әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізілетіндігімен анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар – тиімді өткен сабақ болып есептеледі.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:
1.Оқу бағдарламасының берілген тараулары бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.
2.Сабақтың тақырыбы.
3.Сабақтың мақсаты.
4.Сабақтың құрылымы.
5.Сабақтың мазмұны.
6.Оқыту әдіс-тәсілдері.
7.Сабақ құралдары.
8.Үй тапсырмасы.
- Қорытынды, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі – оның төртінші және бесінші кезеңі болып табылады.
Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оны қалған буындары мен мазмұны ашып көрсетіледі. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.
Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады.
Мұғалім еңбек қызметінің барысында өз ісінің нағыз шебері болып табылады. Оның үстіне мұғалім кейде өз қызметінің бастысын, өзекті жолын тез тауып алады, оған өзінің күш жігерін жұмылдырады, бұл бағытта жетік береді, үлкен табыстарға жетеді. Мұғалім балаларға қажетті білімдерді қамтамасыз етіп, олардың ойлау белсенділігін оята алатын, жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады.
Мұғалім қызметінің табысы болуы оның өз қызметінің пәнін жете түсінуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.
Мұғалім өз қызметін бастамас бұрын белгілі бір бағдарлама жасап алады, ол оқушының жеке басын, оның білім жүйесін, көзқарасын, ынта ықыласын жобалап алғандай болады. Осы бағдарламаға сәйкес ол өз жұмысының бағытын анықтайды түрлері мен әдістерін таңдап алады.
Мұғалімнің жұмысы табысты болуы оның балалармен өзара дұрыс қарым-қатынас орната білуіне байланысты. Яғни бұл қарымқатынасты орнату үшін мұғалім әрбір оқушыны жеке дара зерттеп, бақылауы тиіс. Оны зерттеу барысында мұғалім топ оқушыларының әр қайсысына мінездеме жасайды. әрине әрбір оқушыға мінездеме құру оңай жұмыстардың бірі емес.
Бірақ бұл құрастырылған мінездеме оқушының өзар дұрыс қарым-қатынаста болуына, тәрбиелік жұмыстарды жиілетуіне әсерін тигізеді.
Мұғалім тәрбиелеу жұмыстарында оқушылардың мінезі мен қылығындағы өзгерістерге жауап аудара отырып, өз тарапына оларға жеке мінездеме құрастырады.
Педагогикалық-психологиялық сипаттама — ол ең алдымен оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығуын, ынтасын қалыптастырады және оны байқау болып табылады. Оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан байқау оқушылардың психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі.
Оқушылардың педагогикалық-психикалық ерекшеліктеріне, ынта-талаптарына, мақсат мүдделеріне, бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді. Оқушылардың психикалық-педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың педагогикалық тексерулерінің педагогикалық кеңес мәжілісінің әдістемелік кеңес хаттамаларымен танысу оқытушыға оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен оқыл-ой іс-әрекеттерімен ерекшеліктеріне, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі деңгейі мен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.
Педагогикалық-психологиялық сипаттама яғни байқау деп — оқушылардың оқуға қатынасын, дербестігін, еңбекқорлығын, ынталығын, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілігін, яғни әр оқушының жеке тұлғасының басты қасиеттерін айтамыз.
Ал, №2 кәсіптік мектеп оқушылар тобын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан айтатын болсақ, олар: оқуға деген қатынастары ұқыпты, көбісінің жауапкершілігі мол, мұғалімнің әр айтқан тапсырмасын дер кезінде орындайтын, өмірге деген көз қарастары кең Қазақстанның болашағына өз үлесін міндетті түрде қосатын, ауылшаруашылығын өз біліктілігімен, білімдерімен көрсетіп дамытатын, келешектерінен зор үміт күттіретін жастар деп ойлаймын.
Сабақ — оқыту процесінің негізгі түрі, сондықтан пән иесінің сабақ барысында кәсіптік оқыту материалын нақты пайдалануы, оқушыларды өз мамандықтарын жақсы игеруіне үйретеді. Сабақ кәсіптік бағытта жүру үшін, мұғалім түсіндіретін оқу материалының бағдарламамен байланыстығын, сонымен бірге оқу материалының орнықты әрі мағыналы әсер етуін қадағалауды. Әлеуметтік және ғылыми техникалық сабақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі түрі болып саналады. Ғылыми және идеялық жоғары деңгейде өтілген әрбір сабақ оқушыларға белгілі бір білім негіздерін беріп, ойлау қабілеті мен шығармашылық іс-әрекетін арттыруы. Тақырыпты оқып үйренуде жинақталған білімдерді көрсететін оқу диафильмдері мен кинофильмдерден үзінділерді, теледидар мен диапозиттерді көруі, оқушылардың болашақ мамандар клубының жұмысына қатысуы, бірлестіктердегі озаттар тәжірибесін көрмесіне экскурсия жасау, өндіріс озаттармен кездесулер, тақырыптық кештер, ғылым мен техниканың жетістіктерін, еңбек табыстарын насихаттайтын альбом, плокат, стендтер безендіру болып табылады. Егер мұғалім оқушыларға еңбек үйрету барысында оларға ғылыми заңдылықтарды қолдана білуді іс жүзіне асыруға мүмкіндік беруші еді. Пәнаралық байланыстарды оқушылар конструкторлық-техникалық элементтерді, материялдарды пайдалана білуді, механикалық технологияны, еңбек мәдениеті мен өндірістік әстетиканы аңғаруды, сонымен бірге еңбек ету барысында олардың басқа пәндермен де білімдері тереңдейді.
Мұғалімнің сабақты жақсы, әрі мәнді өткізу мақсаты — оқушылардың политехникалық және экономикалық ой-өрісін кеңейту, ауыл шаруашылығының мұқтажына байланысты мамандықты саналы түрде игеруге көмек көрсетуі болып табылады. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық, дидактикалық жүйеге келеді, сөйтіп мұғалімнің оқушыға нәтижесінде оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестіріп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса, екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады.
Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранысқа қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажет етуіне қарай құралады, оқыту мақсаты, мазмұны, міндеттері, заңдары мен принціптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды.
Ал, мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз — тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың оқу материялымен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары — оны қабылдауы, түсінуі болып табылады. Сабақтың осындай алдын-ала талдамай неғұрлым тиянақты жасалмаса, сабақ жүргізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте соғұрлым аз болады. Сабақтың сапасы мен нәтижесі болу үшін, көбінесе мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателіктерін дұрыс талдап алуына байланысты.
Мұғалімнің сабақ жүргізудегі рөлі — ол әр оқушының санасына әсер ете алуы, пайда болған педагогикалық ситуацияларды шешіп, оқушылардың теориялық білімін жетілдіріп, оның іс жүзінде қиындықсыз орындалып, жақсы маман болып шығуына үлкен үлесін тигізеді
2.5 Маманда пән бойынша білім, білік және дағды жүйелерінің қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні
Білімді, іскерлікті, дағдыны бағалау мен тексеру оқу процесінің өте маңызды және қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Мұғалімге оқушылардың жаңа материялды қалай меңгергенін, олардың қажеттілігін білу жаңа тақырыпқа дөп кезінде көшу үшін өте маңызды.
Түрлі жағдайларға байланысты тапсырудың неше түрлері болады:
- Ағымдық: Оқушылардың сабақтағы күнделікті оқу тәрбие жұмыстары.
- Тақырыптық: Оқу бағдарламасындағы белгіленген тақырыпта нені оқу жүйесінің материялын меңгеру.
- Периодтық: Материялдың мазмұнына байланысты.
- Қорытынды: Пәннің бүкіл шарттарын меңгеру.
Оқушылардың белгілі бір білім дәрежесі бағалануы тиіс. Бұлардың ең маңыздыларын көрейік.
- Оқушы ғылым негіздерін үйрене отырып, фактілерді, құбылыстарды білуге және оларға дұрыс, ғылыми иә түсіндіріп бере алатындай күйде болуға тиіс.
- Оқушы ғылыми ағымдарды, заңдарды, ережелерді игеруге, жаңа фактілерді түсіндіргенде, түрлі мәселелер мен практикалық міндеттерді шешкенде бұларды пайдалана білуге тиіс.
- Өзінің жауаптарында оқушы жеткілікті айқындылықты, ойының дәлдігін өз көзқарастарын нақтап, оларды қорғай білуі тиіс.
- Оқушы білімінің практикалық маңыздылығы болуы тиіс.
- Оқушылардың ауызша және жазбаша деген талаптары сақталу керек.
Ауызша жауаптар толық, логикалық дәлелденген болуға тиіс. Жазба жұмыстар мұғалімнің нұсқауларымен дәл сақталып, мұқият толтыруға тиіс.
2.6 Берілген кәсіп бойынша тақырыптық оқу процесінде алатын орны мен мазмұны
Арнайы пәндерді оқыту білімді, білікті маман жұмысшыларды
дайындауда маңызы зор. Оқу процесінде мақсаты, мазмұны, формасы және оқыту әдістемесіне қарай, білім беру пәндерімен салыстырғанда олардың жүйелік спецификалық ерекшелігі бар. Кәсіптік-техникалық пәндердің мақсаты белгілі бір саланың өндірістік процесінің негізінде жатқан принципті ашып көрсету, жабдықтардың негізгі теориясы мен құрылысын, материалдық-техникалық базасының қолайлысын, білікті маман жұмысшыларды дайындату бағытын тереңдету болып табылады. Арнайы пәндерді оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың механизмдер, машина, аппараттар, приборлар және өндірістегі жұмыстардың ұйымдастырылуы мен оның технологиясы, еңбекті ұйымдастыру, белгіленген нақты кәсіп бойынша қолданылатын материалдар туралы ұғымды қалыптастыру.
Астық өндіруді үнемі көбейтіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, соғұрлым мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтық әл-ауқаты шапшаң көтеріледі.
Астық шаруашылығындағы ең жауапты кезең оны жинап алу. Жинауды уақытында және жылдам жүргізсе, онда өнімді түгелдей жинап алуға мүмкіндік болады. Кеш қалған жағдайда көп ысырап болуы сөзсіз. Ал ұның өзі ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің сол астықты өсіруге жұмсалған орасан көп күшімен жабдықтарының текке кеткендігі деген сөз.
Қолбағайдың маңыздылығы мынада. Комбайн егіндік жерді жинауға келгенде двигателі толық айналып жұмыс істеп тұрады. Жинау процесін бірінші болып комбайн жаткасы кіріседі. Қолбағайдың планкалары минутына 30-40 айналыс жасайды. Оның айналысы комбайнның үдемелі жылдамдығына байланысты орнатылады.
Жұлдызша тікелей комбайнмен жинау негізінде пайдаланылады; егер комбайн жаткасында жинауыш тіркелген болса, онда жұлдызшаны шкивпен ауыстырады және вариатор мен жинауыштың айналу жиілігін реттейді.
Қолбағай билігінің қалпын тік және көлденең бағыттарда шалғыға сәйкес реттеу үшін блокировкаға механизм қолданылады.
Өте төмен түсірілген қолбағайда мынадай саңылаулар болуға тиіс. :
Планка мен қырқу аппараты арасында 10-25 мм, жатка шиегі мен планка арасындағы саңылау 15мм-ден кем емес болуы тиіс.
Қалбағай планкасы мен қарқу аппаратының параллель келуін блдырмау қажет.
Блокировкаланған механизм мен қолбағай білігінің көлденең жылжуы оның тік бағытта жылжуына байланысты автоматты түрде іске асады.
Егер жинайтын егіс аласа болып, жаткада көшірмелеуін қолбағай болмаса, онда қолбағай планкаларына резиналанған белдік тілкемдерін жапсырып, планкаларды қырқу аппаратына жақындатып орнату керек, бұл тілкемделген ұсатылған сабақтарды шалғыдан шнекке жақсы жеткізеді.
2.7 «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру
Оқу жоспары мен оқу бағдарламалары жүйелілігінің тақырыптарды үйренудің кестелік түсіндірілуі күнтізбелік-сеткалық кесте болып табылады. Күнтізбелі-сеткалы графикті жасау алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірибе. Күнтізбелі-сеткалы график күнтізбелік мерзімді, лабораториялық-практикалық сабақтармен және басқа тақырыптар мен байланысты анықтауға мүмкіндік туғызады. Күнтізбелі-сеткалы график сабақтардың тақырып бойынша күнтізбелік мерзімді сабақтардың формуласын (саны және сабақтардың ұзақтығын, олардың алмасуын) анықтауға, теориялық және лабораториялық-практикалық сабақтардың (пәнаралық байланыс) аралығындағы байланысты анықтауға болады.
Оқушыларға оқу информациясын жеткізу үшін алдымен оқытушы сол материалдың мазмұнын анықтап терең білу керек. Бұл дайындық жұмысы алдын-ала, яғни, оқу материалын оқып үйренуге дейін жасалады.
Оған мынадай элементтер кіреді:
- бар материалдарды теріп, оқып, жүйелендіру;
- оқу және көрнекі құралдарды даярлау және пәнаралық байланыстарды анықтау.
КСК-ні құрастырғанда оқу жоспарына сүйенеді: Оқу жоспары дегеніміз – оқу орындарында оқытылатын оқу пәнінің құрылымын, оның оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін мемлекеттік құжат.
КСК кесте түрінде құрылады. Кестенің сол жақ бөлігінде пәндердің реті көрсетіледі, жоғарғы бөлігінде курсқа, жартыжылдыққа, аптаға бөлінген уақыт беріледі. Әр пән аптаға сәйкес, қарама-қарсы жағында сағаттар саны көрсетіледі.
Күнтізбелі-сеткалы кестені құрастыру жүйесі:
- курстағы апталық оқу сабақтарының санын анықтайды;
- тақырыпты қай курста оқитындығын анықтайды;
- оқу жоспары бойынша аптадағы оқу сағаттарын анықтайды;
- пәннің тақырып жоспарына сәйкес, тақырыптық графикалық бейнесін көрсетеді;
- техникалық және практикалық оқу байланысты көрсетеді;
Күнтізбелі-сеткалы кестенің мүмкіндіктері;
- тақырып бойынша күнтізбелік сабақ мерзімін анықтау, яғни қай тақырып, қай уақытта, қай күні, мерзімі мен өткізілетіні нақты белгіленеді;
2.1-кестесі
» Ауыл шаруашылық машиналары » пәні бойынша күнтізбелік-сеткалық кесте
Сабақтардың оқу тәртібі мен түрлері |
Оқу аптасының номері |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
32 |
33 |
34 |
35 |
36 |
37 |
38 |
39 |
40 |
41 |
||||||
Теория- лық сабақтар |
Апта лық сағат саны |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
— |
— |
2
|
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2
|
2 |
2
|
2
|
2
|
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
||||
Оқи тын тақы рып номе рі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
Лабора тория лық практи калық сабақтар |
Апта лық сағат саны |
— |
— |
— |
— |
— |
—
|
— |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
— |
— |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3
|
3
|
—
|
—
|
—
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6 |
6 |
6 |
||||
Оқи тын тақы рып номе рі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
теориялық және лабораториялық-практикалық сабақ арасындағы байланысты анықтайды. Яғни, теориялық және лабораториялық-
- практикалық сабақтарды бекіткен кезде оқытушы оқушыларға тақырып материалын тереңірек оқытады.
- сабақ формуласын анықтайды;
- лабораториялықпрактикалық сабақтарға бөлінген сағаттары бойынша циклдарды анықтайды;
2.8 Құрылымдық-логикалық талқылау
Құрылымдық-логикалық талқылау дегеніміз – оқу элементтерін және олардың дәрежелерін, байланыстарын, қарым-қатынастарын анықтау. Оқу материалының логикалық құрамында байланыстар мен ұсыныстар өздігінен болмайды, олар оқу элементтерінің арасындағы қатынастарды анықтайды.
Сондықтан құрылым-логикалық талқылауды сол түсініктерді анықтаудан бастаймыз. Ол үшін оқу элементінің алгоритмінбілу, яғни бұл тақырыптық оқу материалының құрылым-логикалық сұлбасын түсіруінің бірінші кезеңі.
Әрбір оқу пәні білімінің бір тобы немесе топтардың бірлігі болып келеді.
Техникалық білімдердің тобына арналған алгоритм:
- Түсінік (ұғым), объектінің қызметі.
- Объектінің жұмыс істеу негізіне жататын құбылысы, заңдылық қасиеті, жұмыс істеу принципі.
- Объектінің құрылымы, құрылысының топтасуы.
- Құрылым ерекшелігі.
- Объектінің жұмыс істеу көрсеткіштері, белгілері, техникалық сипаттамасы.
- Объектіні күту.
Әрбір блоктың мазмұны, саны және сапасы жағынан әр түрлі және оқыту мазмұнына бағынышты болады, бірақ блоктарға кіретін сұрақтарды кез келген оқып үйренетін объектілерге ұсынылған жүйелілікпен ғана атау керек.
Оқу элементтерін таңдау оқу материалы мазмұнының құрылым-логикалық сұлбасын жасаудың екінші кезеңі болып табылады.
Түсініктерді қалыптастырудың деңгейін анықтау үшінші кезең болып саналады. Түсініктің маңызы, демек оны игеру және қызықтау мақсаты мен деңгейі осыған тиісті төрт деңгейде, яғни, «танысу – еске түсіру – іскерлік – трансформация» бойынша атқарылуы мүмкін. Оқу материалын талдау төртінші кезеңі болып есептелінеді.
. 2.2-кестесі
Ауыл шаруашылық машиналар» пәні бойынша құрылымдық-логикалық талдау
I |
|
II |
|
III |
|
IV |
|
V |
|
VI |
Анықтап алынған оқу элементтерінің белгілі бір блокта орналастырады.
Сызбаны құрастыру ережелері:
- Әрбір сызбаның шыңына тек қана бір түсінікті орналастыру қажет.
- Шыңдарды қосатын қабырғалар бір-бірімен қиылыспауы қажет.
- Бағынушылық қатынасы түсініктер арасында сызбаның қабырғасында бағытталған стрелкамен көрсетіледі.
- Бір мағыналы, бағынышты түсініктер кіретін сызбаның шыңдарын бір сызықта орналастыру қажет. Бағыныштыларын бір сапқа төмен түсіреді.
2.9. Перспективалы-тақырыптық жоспар
Сабақты ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс.
Оқытушы оқу пәнінің тақырыбының оқу жоспарымен бағдарламасына сүйеніп, перспективалы- тақырыптық жоспар құрастырады. ПТЖ алдын-ала құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды. Ал сабақ жүйесіне тақырып бойынша оқу процесінің мынадай негізгі элементтері: жаңа білімді хабарлау мен білімді бекіту, жүйелендіру және қорытындылау, бақылау кіреді. ПТЖ-ң құрылымын үш компонетке бөлуге болады.
1) тақырыптық оқу материалын сабақтарға бөлу (1,2,3,4. графалар)
2) әрбір сабақтың әдістемесі (5,6,7,8,9 графалар; 3 оқу-тәрбие процесін жабдықтармен қамтамасыз ету ПТЖ-ң тақырыптың мазмұнын логикалық байланыстырады.
ПТЖ жоспарда оқу материалы сабаққа рационалды бөліне отырып, келесі сұрақтарды қарастыру керек.
- Оқыту жұмысын ұйымдастыру формасы;
- Сабақ барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысы;
- Пәнаралық байланысты іске асыру;
- Тәрбиелік жұмыспен байланыс.
- өндірістік оқытумен байланыс;
- көрнекті оқу-құралдарын пайдалану жолдары;
- оқушыларға үй тапсырмасын беру;
- тақырып бойынша оқу және әдімстемелік әдебиеттерді пайдалану т.б.
Мұғалім ПТЖ компонттерін өзі жасайды. Жоспардың компоненттері оқу пәніне, тақырыптың мазмұнына, кәсіптік мектептің оқу-материалдық базасына, оқушының білім деңгейіне байланысты жасайды. ПТЖ әдістемелік комиссияда қаралып, бекітіледі.
2.3-кестесі
«Ауыл шаруашылық машиналары » пәні бойынша теориялық сабақтардан перспективалы-тақырыптық жоспар
Оқу мерзімі
Оқу аптасының нөмірі |
Сабақ нөмірі |
Сабақта оқылатын тақырып материалының қысқаша мазмұны |
Сабақ сипаттамасы |
Пәнаралық байланыс |
Оқушылар дың өзіндік жұмысы |
Үй тапсыр масы |
Сабақтың материалдық техникалық жабдықтары |
|||
Ұзақтығы сағ. |
Оқытудың тәрбиелік мақсаты |
Сабақтың типі, әдісі |
Жалпы білім беру цикл пәндерімен |
Кәсіптік техникалқы цикл пәндерімен |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Тақырып № 7.4. «Егістікті себу алдында өңдеуге арналған машиналар» |
||||||||||
11 |
1/7.4. |
Егістікті себу алдында өңдеуге арналған машиналар туралы түсінік, жұмыс істеу негізіне жол-н құбылысы, заңдылығы |
1 |
Егістікті себу алдында өңдеуге арналған машиналар туралы түсінікті оқыту |
Жаңа сабақ |
Физика Биология география |
Машина бөлшектері Машина жөндеу |
Конспект жазу |
«АШМ» оқулығы Карпенко Халанский 8-тарау |
Плакаттар
|
12 |
2,3/7.4. |
Егістікті себу алдында өңдеуге арналған машиналар құрылымы және құрылымдық топтары |
2 |
Егістікті себу алдында өңдеуге арналған машиналардың түрлерімен танысу |
Аралас сабақ |
Физика Биология география |
Машина пайдалану машина бөлшектері |
Конспект жазу |
Карпенко Халанский «АШМ» оқулығы 8-тарау |
Тоқ Плакаттар
|
12 |
4/7.4. |
Егістікті себу алдында өңдеуге арналған машиналар құрылым ерекшеліктері, жұмыс істеу көрсеткіштері, белгілері, техникалық сипаттамасы |
1 |
Егістікті себу алдында өңдеуге арналған машиналар техникалық ерекшеліктерін оқу |
Қорытынды сабақ |
Физика Биология география |
Машина жөндеу, Машина пайдалану |
Конспект жазу |
«АШМ» оқулығы Карпенко Халанский 8-тарау |
Макеттер |
- Сабақ жоспарын жасау әдістемесі
Сабақ жоспары перспективалы-тақырыптық жоспарға сүйене отырып, оқулықтар мен оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына құрастырылады. Сабақ жоспары – бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы. Жасалған жоспар бойынша мұғалім: сабақ тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және әдебиеттерді пайдалана отырып, өз білімін тексереді. Сабақ жоспарында сабақтың оқу-тәрбие мақсатымен тақырыбы көрсетіледі. Негізгі оқу элементтері мен құрылымы, уақыты, сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы, оқытушының жұмыс мазмұны қарастырылады.
Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең алдымен сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды.
Сабаққа дайындалу үшін өткен сабақты талдау қажет, ол үшін мына мәселелерді еске алған жөн: тақырып бойынша мазмұнын оқушылар қалай тереді, сабақта қолданылған оқыту әдістемелерінің тиімділігі, сабақтың
дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі, сол туралы мәлімет беру.
2.10 АШМ пәні бойынша № 2.3./8.4 тақырыбының сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы Астық жинау комбайнының молотилкасы
Сабақтың мақсаты Молотилканың түрлерімен танысу.
Сабақтың түрі аралас
Сабақтың көрнекілік плакаттар, макеттер, тоқ
жабдықталуы
Сабақтың уақыты 2
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру бөлімі. 2-3 минут (аудиторияның дайындығы, техникалық оқу құралдары, жабдықтарды дайындау, журнал бойынша оқушыларды тексеру)
- Өткен сабақтың тақырыбы бойынша сұрау. (3-5 мин)
- Астық жинау комбайнының туралы не білесіз?
- Молотилканың жұмыс ерекшеліктері дегеніміз не?
- Молотилканың конструкциясы
- Жаңа тақырыпқа арналған сұрақтарды жазу. (4-5 мин)
Тақырыптың сұрақтары
- Астық жинау комбайны молотилкасының құрылымы.
- Астық жинау комбайны молотилкасының жұмыс істеу принциптері (9-10мин)
- Молотилканың комбайн жұмысына әсері (9-10 мин)
Екінші сағаты
- Молотилкаға жалпы түсінік беру (9-11 мин)
- Плакаттар көрсету (8-11 мин)
- Өзіндік жұмыс «Нива» комбайнының сұлбасын сызу (7-8 мин)
- Жеке сұрау (6-8 мин)
- Молотилканың түрлерін айту.
- Молотилканың қызметі қандай?
- Планкалы қолбағайдың қызметі қандай?
- Сабақты қорытындылау (оқушылардың білімдерін тексеру, бағалау, жіберген қателіктерін түсіндіру) (2-4 мин)
- Үй тапсырмасы ( Л.Н. Карпенко «АШМ» оқулығы бойынша, 255-264 б) (2-3 мин)
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдістемелік жағынан қарастыратын күрделі кешенді сала. Пәнаралық байланыс жалпы білім беру кәсіби-техникалық цикл және өндірістік оқыту пәндері арасында органикалық үйлесімді қалыптастыруға мүмкнідік береді. Сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыруға зор әсер етеді.
Пәнаралық байланыс дегеніміз жалпы ғылымдар жүйесінің дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаның өзара шартты байланыстары.
Педагогика ғылымында пәнаралық байланыстарды белгілі педагогтар Ушинский, Я.А.Коменский, Пестолоцийтерең зерттеген.
Пәнаралық байланыстың негізгілері:
- Оқу пәндері арасындағы байланыстың болуы.
- Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие білім беру жүйелелерінің барлық салаларына кешенді жүйе жасайды.
- ПАБ педагогикалық еңбектің ғылыми негізінің ұйымдастырылуына жатады.
- Маман даярлауда білім мазмұнының барлық құрылым бөліктерінің байланысын талап етеді.
2.11 Лабораториялық-практикалық сабақтардың әдістемесін жасау
Кәсіптік мектептердің лабораториялық-практикалық сабақтары арнайы құрал-саймандармен жабдықталған оқу кабинеттері мен либерсалаларында өткізіледі. Мұғалім алдын-ала сабақтарды және әрбір жұмыс орнын қажетті жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, жұмыстың белсенді әдістерін ұйымдастыруын көздейді.
Өндірістік оқыту шебері мен мұғалім оқу кабинетінде, өндірісте жүргізілетін жүргізілетін лабораториялық-практикалық сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін төмендегідей құжаттарды жасауы қажет.
- сабақ жоспары;
- оқушылар жұмыс орындарының алмасу кестесі;
- технологиялық-нұсқау карталары және басқа да дидактикалық жабдықтар.
Оқу шаруашылығында жүргізілетін лабораториялық-практикалық сабақтарды оқу жылына тұтастай жоспарлау оқытушының оқушылармен жұмысын жеңілдетеді.
Осы сабақтардың тапсырмаларын оқушылар дұрыс меңгеруі үшін, машина-трактор агрегаттарының жұмыстарымен оқу мерзіміндегі жұмыстарының сәйкес келуін ескере отырып, оқушылар звеноларының алмасу кестесін ұйымдастырады.
2.12 Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау
Кіріспелік нұсқау – лабораториялық-практикалық сабақта цикл
тапсырмалары бойынша бірінші сабағында 25-30 минут уақыт алады. Ал кейінгі сабақтарда 5-10 минут.
Кіріспелік нұсқау құрылымы:
- Оқушылардың цикл бойынша тақырыптардың мақсатын, тапсырма ережелерін таныстыру.
- Әрбір жұмыс орнындағы бөлшектеу, жинау, реттеу жұмыстары бойынша технологиялық нұсқау картасының орындалуын түсіндіру.
- Барлық жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
- Сабаққа қажетті плаккаттар, сұлбалар, құрал-жабдықтар пайдалану әдістемелік үйрету.
- Звеноларды алмасу кестесімен жұмыс орындарымен таныстыру.
- Жұмыс орнын тазалап, жинап реттеудің құрал-саймандар тапсырудың тәртібін жабады.
- Оқушылардың сұрақтары болса, жауап беріп, түсінбегенін түсіндіру.
2.13 Оқушылардың жұмыс орнындағы жұмыс кестесін жасау
ЛПС-тарды жүргізу үшін оқытушы теориялық және лабораториялық практикалық сабақ бағдарламасын және олардың өзара байланысын таңдауы керек.
Тапсырмалардың көлемін және мазмұнын дәл анықтап ЛПС-тардың белгілі бір бөлімінің өткізілуін дұрыс жоспарлау қажет. ЛПС-тардың бағдарламасымен толық таныса отырып, оқытушы әрбір тапсырманың мақсатын алдын-ала міндетті анықтап, теориялық және ЛПС оқытылатын (тапсырмалармен байланысты анықтауы, теориялық және ЛПС) машиналардың маркаларын анықтау тапсырмаларын орындауға қажетті жабдықтардың, аспабтардың, құралдардың материалдық санын санау керек. Оқытушы жұмыс орындарының саныны әрбір тапсырма бойынша белгілі кәсіптік мектеп жағдайын есепке ала отырып, әрбір жұмыс орнында 2-3 оқушыдан артық істемейтіндей етіпұйымдастыру қажет.
Оқу шеберханасының жабдықталуы 3 бөлімге бөлінеді:
- оқушының жұмыс орны.
- Шебердің жұмыс орны
- Жалпы пайдалану құрал-саймандары.
Оқушының жұмыс орны оқу бағдарламасының талаптарына сай кәсіптік оқытуға қажетті жабдықтармен, аспаптармен приборлармен жабдықталады.
Оқушы жұмыс орны қамтамасыз ететін жабдықтардан басқа оқу шеберханасы жалпы пайдалану жабдықтарымен де бейімделеді.
Тұрақты жұмыс орындарында бірдей жұмыс түрлерінде оқушылардың фронтальді оқытуды ұйымдастыру мүмкіншілігі жоқ немесе қолайсыз жағдайларда бөлек бригадалар немесе оқушылар звеноларының лайықты жұмыс түрінде не жұмыс орындары бойынша алмасу. Осындай алмасуға жоспарланатын құжат ол – кесте.
2.4-кестесі
№2.3/ 7.4 сабақтың кесте жоспары «Ауылшаруашылық машиналар» пәні бойынша
Рет нө мірі |
Сабақтың құрылымдық элементтері |
Сабақтың бірінші сағаты |
үзіліс |
Сабақтың екінші сағаты |
|
||||||||||||||||
0-5 мин |
5-10мин |
10-15мин |
15-20мин |
20-25мин |
25-30миг |
35-40мин |
35-40мин |
40-45мин |
0-5 мин |
5-10мин |
10-15мин |
15-20мин |
20-25мин |
25-30миг |
35-40мин |
35-40мин |
40-45мин |
||||
1 |
Ұйымдастыру бөлімі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Сұрақ қою (фронтальды, жүгірте) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Тақырып қарастырылатын сұрақтарды жазу |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Оқытушының түсіндіруі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
Көрнекі құралдарды пайдалану |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
Фильм фрагментін көрсету |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Өзіндік жұмыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
Сұрақ қою (жеке) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
Үйге тапсырма беру |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
Сабақ қорытындысын шығару |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақ кезеңдері І – ұйымдастыру ІІ – жаңа білімдерді меңгеру ІІІ – жаңа білімдерді бекіту ІҮ — қорытынды |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
Кестелердің құрастырылуы әр түрлі.
- Топтағы барлық оқушылардың алмасуын алдын-ала қарастырған кестелер.
- Топтың бөлігі оқушылардың алмасуын ескерту кестелері.
2.5-кестесі
«Ауылшаруашылық машиналар» пәні бойынша ІІ цикл (тапсырма)
Тақырып нөмірі |
Тапсырма мазмұны |
Жұмыс орнының нөмірі |
Оқу күндері |
||||
5 |
Жатка корпусы |
1 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
9 |
7 |
5 |
3 |
|||
Иілгіш корпусы |
2 |
2 |
10 |
8 |
6 |
4 |
|
6 |
Валдық жатка |
3 |
3 |
1 |
9 |
7 |
5 |
Жинауыш |
4 |
4 |
2 |
10 |
8 |
6 |
|
7 |
Соломотряс |
5 |
5 |
3 |
1 |
9 |
7 |
Дән тазалау |
6 |
6 |
4 |
2 |
10 |
8 |
|
8 |
Комбайн қалбағайы |
7 |
7 |
5 |
3 |
1 |
9 |
Кесу аппараты |
8 |
8 |
6 |
4 |
2 |
10 |
|
|
МТА |
9 |
9 |
7 |
5 |
3 |
1 |
10 |
10 |
8 |
6 |
4 |
2 |
- Еңбек қорғау тарауы
3.1.Тракторларды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары.
Дала қосында бірінші жәрдем құралдары бар аптечка, қол жуғыш, сабын, орамал, ауыз суы құйылған жабық кеспек қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулар, плакаттар, сақтандыру табличкалары болуы қажет.
Тракторларда, өзі жүретін шассилерде және өзі жүретін комбайндарда жұмыс істеу жасы 18-ге жеткен, осы машиналарды басқару провасының тиісті куәліктері бар және қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау алған адамдарға рұқсат етіледі. Қауіпсіздік техникасын бұзған механизаторлар жұмыстан босатылады және қосымша нұсқаудан кейін оған қайта шығуына рұқсат етіледі. Тракторларда сырқат және мас адамдардың жұмыс істеуіне үзілді-кесілді тыйым салынады. Тек түзу машиналарда жұмыс істеу рұқсат етіледі.
Шестернялы, шынжырлы берілістер, кардан және айналатын басқа да біліктер қорғаныш құндақтарымен жабылуы тиіс.
Трактористер қалалардың, елді мекендердің көшелері, жолдар, төселген жолдар және басқа да жол құрылыстары бойынша транспорт жүрісінің қолданылып жүрген ережелеріне бағынады.
Уақыт өткен сайын жүргізушінің киіміне мұнай өнімдері сіңе береді және де ашық отты пайдаланғанда оның оңай тұтанып кетуі мүмкін, сондықтан оны мезгіл-мезгіл жуып, кептіру қажет. Киім ыңғайлы және машина-трактор агрегатының айналып тұрғанын тетіктеріне оңай түсіп кетуі мімкін желбіреп жүретін бөлектері болмау керек.
Двигательді жүргізер алдында тракторист оған мұнай өнімдері мен су құйылғанын тексереді,трактор кабинасын, май құятын инвентарьды, аспаптарды тәртіпке келтіреді. Берілістерді өзгерту қорабының және гидравликалық жүйенің бөлгіш рычактарын бейтарап жағдайға қояды; қуат сұрыптау білігі мен жетекші шкивті ажыратады.
Тракторға май құйғанда бактағы отынның мөлшерін өлшемді ленейканы пайдаланып анықтайды.
Бұл мақсат үшін ашық от қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады:ол жарылысқа және жазатайым оқиғаға апарып соқтырады. Ыстық радиатордың қақпағын ашқан кезде қол мен бетті күйіктен сақтандыру үшін қолғап киіп,радиатордың жел жағында қол созым жерде тұру керек. Радиатордағы ыстық су мен картердегі ыстық майды абайлап ағызған абзал.
Уақытша және жылжымалы май құятын пунктке трактормен ық жақтан келу керек. Қоректендіру немесе от алдыру жүйесінің ақауы бар двигательді май құятын пункттің аймағында от алдыруға тыйым салынады. Жұмыстан немесе май құйғаннан кейін тракторды май құятын пункттің маңында қалдыруға тыйым салынады.
Орнынан қозғалғанда және тоқтаған кезде трокторист жұмысшы-тіркеушілерді сақтандыратын шартты сигнал беруге, ал қозғалуды тек жауап сигнал алғаннан кейін бастауға міндетті. Әрқашан қозғалардан бұрын трактор мен машиналардың астында, сондай-ақ олардың арасында адам жоқ екеніне, ал шынжыр табандар мен қанаттарда бөгде заттар жоқ екеніне; болжаған жолдың бос екеніне көз жеткізу керек. Орнынан құлқытпай, жайлап қозғалады.
Трактор жүріп бара жатқанда (жұмыс істегенде) машиналардан түсуге және оған отыруға, трактордан агрегет тіркемесіне немесе одан қайта өтуге; агрегетты майлауға, оны реттеуге және техникалық күтім жасаудың басқа операцияларын жүргізуге тыйым салынады. Двигатель істеп тұрғанда агрегаттың құрамына енетін трактор мен машиналардың астында жұмыс жүргізуге, желдеткіштің ременьдерін кигізуге немесе алуға,с ондай-ақ олардың керілуін реттеуге тыйым салынады.
Тік беткейлерде трактордың көлденең жүруі үлкен қауіп, өйткені ол аударылып кетуі мүмкін. Жол берілетін еңіс шегі сақталғанда ғана трактор тауға шығуы және одан түсуі мүмкін. Өрден бірінші немесе екінші беріліспен, двигатель шамалы жиілікпен айналғанда тіркес муфтасын қоспай түсу рұқсат етіледі, мұның өзінде трактор кез-келген сәтте тежелуге әзір болуға тиіс. Тауға көтерілер алдында трактор тоқтаусыз өрге шыға алатындай берілісті (ең төменгілердің бірін) қосу керек.Тауға қарай көтерілгенде трактордың мүмкіндігінше тоқтатпау (тіркес муфтасын қосу және берілістерді ауыстырып қосу) керек, өйткені оның кері кетуі мүмкін.
Егер тауға көтерілген кезде двигатель сөніп, трактор артқа қарай жүре бастаса, дереу тежеуішті басып,отын беруді толық ажырату қажет,олай істемесе двигатель кері қарай жүріп кетуі мүмкін. Таудан тіркемелі машиналармен түскенде олардың жүрісін мұқият қадағалайды, өйткені олар шетке шығып, трактомен соқтығысуы оларды шынжыр табан немесе доңғалақ қармауы мүмкін. Машинаның сынуына жол бермеу үшін уақытылы тежеп,тракторды тоқтатады. Тік таудан төмен түскенде тіркемелі машинаны да тежеп отыру керек. Егер тежеуіштер болмаса, бір (немесе екі) доңғалақты рамаға байлайды. Төмен түскенде двигательді тежеуіш ретінде пайдаланып қозғалу жылдамдығын (трактордың екпіні мен сырғанауын) төмендетуге болады, бұл үшін тік беткеймен түскенде тіркес муфтасы мен төменгі берілістердің бірі қосылып тұрған жағдайда отын беруді толық тоқтатады.
Бір мезгілде бірнеше трактор бір бағытпен жүргенде олардың аралығы горизонталь жолда кемінде 30 м, ал өрге көтерілгенде немесе құлдилағанда кемінде 50 м болуын қадағалау қажет.
Тракторды транспорт жұмыстарына пайдаланғанда тіркемелерде адам тасымалдауға тыйым салынады. Реттелетін табаны бар доңғалақты тракторлардың аударылып кетуіне жол бермеу үшін доңғалақтарды 1400 мм кем болмайтын табанға орнатады. Тайғанақ және мұз қатқан жолдармен жүргенде, лайсаңда, тұманда, су кедергілерінен өткен кезде ерекше сақ болған абзал. Мұндайда төменгі берілістермен жүріп, кілт тежемеу керек; қырындап ауытқығанда тіркес муфтасын ажыратпай тракторды сырғанап бара жатқан жаққа қарай бағыттау керек,тұманда фаралар жағулы болады.
Темір жолдан жүріп өтуге арналған орындарда ғана ең төменгі беріліспен және семафор жабық болғанда өтуге болады. Өткелде тоқтауға және берілістерді ауыстыруға тыйым салынады. Темір жол өткеліне жақындағанда жүріс жылдамдығын баяулатып, рельске 10 м жақындағанда тоқтату керек; машинадан түсіп жол бос екеніне көз жеткізген абзал.
3.2 Ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеген кездегіқауіпсіздік шаралары
Ауыл шаруашылық машиналарына қызмет көрсетіп механизаторлар жарақаттан және басқа жазатайым оқиғалардан өз қауіпсіздігін және айналасындағылардың қауіпсіздігін көздейтін ережелерді орындауға тиіс.
Жұмыс басталар алдында агрегат мұқият байқалады, сақтандырғыш құндақтардың бар екені және олардың бекітілуі, орнатылуының дұрыстығы, трактор мен ауыл шаруашылық машиналарының куәлігі тексеріледі.
Техникалық күтім жасағанда және машиналарды тексергенде тексерушілер орнықты тұруға, ал машиналар, егер олар тіреулерде тұрса, берік бекітілуге тиіс.
Егер механизмдерде конструкциямен көзделген сақтандырғыш құндақтар болмаса (немесе дұрыс орнатылмаса), агрегат механизмдері берік бекітілмесе немесе нашар реттелсе, ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеуге тыйым салынады. Двигательді тек троктаристке қағидалық нұсқауларға сәйкес жүргізу рұқсат етіледі.
Ауыл шаруашылық машиналарына техникалық күтім жасаудың барлық түрлері олар жерге түсірілгенде, двигатель тоқтатылып, трактордың жылдамдықтары ажыратылғанда ғана жүргізілуге тиіс.
Машина трактордан ажыратылғанда ғана жұмыс органдарын ауыстыру рұқсат етіледі.
Өткір аспаптарды тальдаро немесе үшкір детальдарды әпергенде әпергенде алушы оларды моқал жағынан алу үшін әперуші өткір бөлігінен ұстауға тиіс.
Тіркемелі немесе аспалы машиналарға трактор баяу жүріспен және жұлқынбай келуі керек, мұның өзінде тіркеуші қауіпсіз жағдайда болуға тиіс.
Трактор мен машинаның қосқыш детальдары берік болуға тиіс.
Машинаны басқаруды бөгде адамдарға беруге сондай-ақ жұмыс кезінде тракторда немесе машиналарда болуына, техникалық күтім жасауға, механизмдерді майлауға немесе реттеуге трактор мен машинаның ақауларын жөндеуге тыйым салынады.
Агрегат жүріп бара жатқанда бір машинадан екіншісіне өтуге; берілістер қосулы болғанда және бірінші берілістен жоғары жылдамдықпен еңіске қарай жүруге, агрегатты елеусіз беткейлерге көлденең жүргізуге; өткелдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей темір жолдан, тас және дала жолдарынан өтуге; түнгі уақытта жарығында ақауы бар агрегаттарда жұмыс істеуге және олармен жүруге тыйым салынады. Бір мезгілде бірнеше агрегат жүріп өткенде олардың арасындағы интервал 24 м кем болмауға тиіс. Агрегат өткелде тоқтауға мәжбүр болса,оның тоқтаған орнын күздіз қызыл жалаушалармен , түнде қызыл лампалармен қоршайды.
Стационарда істегенде барлық жетек ременьдерімен шкивтер сақтандырғыш қалқандармен және торлармен қоршауға тиіс. Ременьдерді істеп тұрған агрегатқа кигізуге және одан сыпырып алуға тыйым салынады.
Стационарлы двигательдерді сигнал бойынша ғана жүргізіп, тоқтатуға болады.
Топырақ өңдейтін, егетін және отырғызатын машиналарда істегенде жұмыс органдарын топырақ пен өсімдік қалдықтарынан бұрылыс жолақтарында тазартады. Егер плугтардың корпустары мен культиватор табандарына өсімдік қалдықтары азын-аулақ тығылып қалса,агрегат жүріп бара жатқанда оларды арнаулы қырғыш-тазалағыштармен тазартуға болады,ал қатты тығылса агрегатты дереу тоқтату қажет.Себу агрегаты жүргенде тұқым себушілер аяқ басқыш тақтада тұруға тиіс.
Себу және отырғызу агрегаты жүргенде мыналарға тыйым салынады: тұқым жәшіктерінде отыруға, сеялканың немесе отырғызғыштың рамасында тұқым жәшіктерінің алдында болуға;сеялкада немесе оның тракторға, тіркемесінде отыруға; агрегаттың алдында, трактор мен сеялканың арасында, сондай-ақ маркердің алдында тұруға.
Жұмыс істеген кезде тұқым және тыңайтқыш жәшіктерінің қақпағын ашуға болмайды, сондықтан оларды жауып, ілгектермен бекітеді. Егер жәшіктерді ашу қажет болса, оларды сақтандырғыштарға (бекіткіштерге) қояды.Беріліс механизмдері сақтандырғыш қалқандармен жабулы болады.
Агрегат жүргенде мыналарға тыйым салынады: сеялкалардың механизмдерін реттеуге; гайкалар мен болттарды тартуға; үйкелетін бөлшектерді майлауға; себуші аппараттарды метелл шыбықтармен тазартуға;аударыстыру құралы қосулы болғанда сусымалы емес тұқымын құюға, шүмектерді қолмен тазартуға.
Себуші аппараттар қақалып, тұқым себу тоқтағанда агрегатты дереу тоқтатып, ақауларды жояды.
Құрама сеялкамен тек қана дәнді дақылдар сепкенде шөп тұқымы, сондай-ақ тыңайтқыш жәшіктерінің аударыстыру құралдары ажыратылады.
Агрегат кілт бұрылыстарға жақындағанда оның жылдамдығын баяулату керек.
Тұқым себушілер өз орындарына тұрып, тұтас агрегат жұмысқа әзір болғанда аға тұқым себушінің белгісімен себу агрегатын жұмысқа қосуға болады.
Бір учаскеден екінші учаскеге ауысқанда сеялкалардың жүріс жылдамдығы секундына 1.25 м (сағатына 4.5 км) болуға тиіс, мұның өзінде қосылу рычагтарын сыммен байлап қояды, ал қырғыларды тістерін төмен қаратып рамаға сыммен бекітеді. Қырғылардың сақиналарын шүмек көтергіштің ашасына кигізуге тыйым салынады.
15 Егер себу агрегатында арнаулы сигнализация болмаса, қажетті жағдайдаға тұқым себуші ысқырықпен белгі беруге тиіс.
Вагонның аяғындағы бұрылыстың алдында, сондай-ақ бір учаскеден екінші учаскеге ауысқанда маркерлерді көтеріп,оларды көтерілген күйінде берік бекіту, шүмектер мен сіңіргіш құралдарды көтеру керек.
Маркерлерді транспорттық жағдайға қойғанда шаппа тістерді вертикаль жағдайдан горизонталь жағдайға ауыстырады.
3.3 Өртке қарсы шаралар
Мұнай өнімдері-ауыр және жеңіл сұйық отын, жағылатын майлар-уытты, олар адамның организміне түскенде уландыруы мүмкін. Егер мұнай өнімдері теріге тисе, тітіркендіріп күйдіруі мүмкін.
Мұнай өнімдерімен уландырудан құтылу үшін арнаулы киім және аяқкиім киіп істеу керек. Тракторларға майды жабық әдіспен құйған жөн. Ауызбен жанармайды соруға және қоректендіру жүйесінің жекелеген агрегаттарын және двигательдердің майын үрлеп тазартуға тыйым салынады. Мұнай өнімдерін ақаусыз ыдыспен тасымалдап, арнаулы жайларда сақтату керек.
Мұнай өнімдерінің буы шоғырлануы мүмкін,жайларда жұмыс істегенде жеке-дара қорғаныш құралдарын (противогаз және басқалар) пайдалану қажет. Мұндай жайларды мұқият желдету керек.
Жарылыстан немесе өрттен құтылу үшін мыналарға тыйым салынады: бензин немесе лигроин құйылған бөлшектердің тығынын металл заттармен соғып ашуға, мұндайда ұшқын пайда болуы мүмкін; тракторға май құйғанда немесе отын бактарын байқағанда ашық отты пайдалануға немесе темекі тартуға; тракторларға май құятын және олар тұратын орынның маңында от жағуға және темекі тартуға; жұмыстан кейін немесе май құйғаннан кейін тракторды май құятын пункттің маңайында қалдыруға; май құятын пунктке трактор мен машинаның шығару трубасын тұрған жағымен келуге.
Бактар мен бүкіл отын жүйесін байқағанда оларда жағармайдың бар-жоғына қарамастан тек электр жарығын пайдаланған жөн.
Өнімді жинап, бастырғанда тракторларды сенімді істейтін ұшқын ұстағыштармен жадықтап,олардың дұрыс істейтінін жүйелі түрде бақылау керек.
Мұнай өнімдері тұтанғанда жалынды өрт сөндіргішпен сөндіру, сондай-ақ оған топырақ, құм тастау, киіз немесе басқа тығыз материал жабу керек, жанып жатқан мұнай өнімдеріне су құюдың пайдасыз екені былай тұрсын, ол қауіпті де, өйткені су оларды шашыратып, өрт алаңын ұлғайта түседі. Алайда жалынды сумен ұшырып түсіруге және өртене бастаған двигательді немесе тракторды сөндіруге болады.
Қорытынды
- № 16 кәсіптік мектептің оқу -өндірістік жағдайына талдау жасалып, оқу базасы, кәсіптік мектептің педагогикалық ұжымының сандық-сапалық сипаттамалары берілді.
- Интерактивті оқыту технологиясын оқу процессіне қолдану мәселелері қарастырылған және оны ұйымдастыру жұмыстарына сараптама беріліп, оқу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында төмендегідей оқу-әдістемелік құжаттар жасалынып, ұсынылды:
— күнтізбелік – сеткалық кесте;
— құрылымдық — логикалық талқылау;
— перспективалы – тақырыптық жоспар;
— сабақ жоспары;
— пән аралық байланыс әдістемесі;
— оқушылардың жұмыс орындарындағы алмасу кестесі;
— технологиялық нұсқау картасы;
- Үшінші тарауда ауыл шаруашылық өндірісінде тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарының жұмыс істеу кезіндегі еңбек қорғау, өртке қарсы шаралары белгіленіп, тәртіп сақтау ережелеюрі көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Алшынбай М.Р. «Ауыл шарушылығы машиналырының теориясы» (оқулық)-Алматы: ҚазМемАгру 1999-203 бет.
- Алшынбай М.Р., Әлиев Б.А. «Ауыл шаруашылығы машиналары» -Алматы Қайнар 1979-224 бет.
- Васильевская А.Н., Маркелова В.А. Проблемы оптимизаций процесса теоретического обучения в СПТУ. М., Высшая школа, 1980.
- Гришина Л.Я., Левина Г.Г. К медодике отбора содержание обучения по техническим причинам.Содержание и медодика психолог-педагогической подготовки инженеров-педагогов. Свердловск, 1990 г.с.111-119.
- Жақсыбаев Ү.Ж., Усманов А.А. «Топырақ өңдеуді механикаландыру» (Анықтамалық құрал). Алматы: Қайнар 1986-214 бет
- Зотов Ю.Б. Организация современного урока, М., Просвещение, 1984,с.142
- Қоныспай Қ. «Агроинженердің орысша-қазақша сөз қоры» Алматы: «Агроуниверситет» баспасы, 1997 ж-141 бет
- Қоныспай Қ., Қозыбай А. «Ауыл шаруашылығында машина пайдаланудың анықтамалық деректері» (оқу құрал) Алматы: ҚазМАУ. 1996-160 бет
- Махмутов М.И., Шакирзинов А.З. Учебный процесс с использованием межпредметных связей в СПТУ. М., В.школа, 1985.
10.Мухин А.А. «Машина трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы» (оқу құралы)- Алматы: Қайнар. 1988-320 бет.
- «Сельскохозяйственная техника» Католог. 1и 2 т М; 1982 г
- Скакун В.А. Преподавание общетехнических и специальных предметов в училищах профтехобразования. М., Высшая школа, 1987.
- Силайчев П.А. Основы диагностики методической подготовленности инженеров-педагогов (Содержание и методика психолого-педагогической подготовки инженеров-педагогов). Свердловск, 1990, с. 102-111.
- Система машин для комплексной механизаций растениводства Казахской ССР на 1995-2000 г.г Алматы 2000-162 стр
- Иофинов С.А., Бабенко Э.П., Зуев Ю.А. «Справочник по эксплутаций Машино-тракторного парка»-М Агропромиздат 1985-304 бет
- Тұрғынбаев С.Г. «Диұан серігі»- Алматы: Қайнар, 1989-304 бет
- Фортуна В.И., Миронюк С.К. «Технология механизированных сельскохозяйственных работ»- М Агропромиздат 1986-304 бет
- Фортуна В.И. «Эксплутация машино-тракторного парка» -М: Колос 1986 г