АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

  1. I. Діни ұғымдардың теориялықметодологиялық негіздері.

1.1.Дін және дін социологиясының өзара байланысы

1.2.Қоғам құрылымындағы діннің әлеуметтік функциялары

 

II.Қазақстандағы діни процестердің әлеуметтік өмірге әсері.

2.1.Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер

2.2.Дін және қоғам ара қатынасындағы әлеуметтік аспектілер

2.3.Қазақстандағы діни процестерге динамикалық талдау.

(Алматы қаласы бойынша)

 

Қорытынды

Сілтемелер

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тәуелсіздік жылдары азамат­тық қоғамның және  нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады.Егемендік енгелі елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып,ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып,бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты.Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екені өмір шындығы.Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі,өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті,халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс береді.Сондықтан да кейінгі кездердегі қалыптасқан еліміздегі діни ахуалдарға социологиялық тұрғыдан қарау бүгінгі қоғам дамуының талассыз қажеттілігі.Дін социологиясы ілімдері соңғы жылдары ғана жандана,негізделе бастағанын ескерген жөн.Дін социологиясы,діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді,адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын қарастырады..Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды.Сондықтан дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда.Бұл орайда,осы бітіру жұмысында қамтылған еліміздегі діни ахуалдардың динамикалық даму процестері жайлы алынған нәтижелер мен қорытындылар,қоғамымыздың діни саласын реттеуге өз үлесін қосады деген сенімдеміз.  

Тақырыптың өзектілігі:Бүкіл адамзат баласының тарихын сұрыптап қарасақ,өткен тарихта ешқандай қоғам дінсіз болмаған.Қоғамда діни сана үнемі болып келеді.Дін мен қоғам бір –бірінен ажырамайтын феномендер. Дін қоғамдық құбылыс,ал қоғам мемлекеттің субстанциясы.Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет деп жариялады.Яғни,дін мемлекеттен бөлек.Бірақ дін қоғамнан тыс бола алмайды.Дін –қоғам мәселесі. Қазірде, Қазақстан әлемде соғыссыз,қантөгіссіз бейбіт өмірмен ішкі саяси тұрақтылықты сақтап отырған бірден –бір мемлекет.Қазақстан жағдайында этносаралық,дінаралық татулық,әрине көп елдерге үлгі.Бұл еліміздегі тәуелсіздік жылдары қалыптасқан қалыпты жағдай.Дегенмен де елімізде діндер мен діни ағымдарға қатысты мәселелер жоқ деп айтуға да болмайды. Турасын айтқанда соңғы кездері діни бірлестіктер мен дәстүрлі емес діндердің қоғамда кең етек жаюы маңызды мәселеге айналып отыр.Бұл бағытта мәселелер бар және оларды дер кезінде зерттеп,біліп соған орай шаралар,тіптен мемлекеттік шаралар жасалуы керек.Олай болмағанда, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін құбылыстар саяси — әлеуметтік үрдіске айналып кету қаупі бар.Осы негізде Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау жасау,ішкі діни –конфессия аралық қатынастарды қадағалау ғылыми тұрғыда да проблемаға айналуда.Яғни қазіргі таңда діннің,діни сенімдердің әлеуметтік өмірдегі орынын,жалпы социум ға тигізер ықпалымен есептесу,жеке индивид үшін,әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттар үшін діни сенім қаншалықты маңызға ие екенін анықтау бүгінгі көпконфессиялы Қазақстан қоғамы үшін өзекті мәселе болып отыр.Бүгінде әлемді үрейлендіріп отырған діни экстремизм,діни терроризмнің өршуі кез –келген қоғам үшін,зайырлы қоғам үшін де,діннің мәнін,діннің құрылымын,діннің әлеуметке ықпалын мойындап,есептесуді талап етуде.Осы негізде нақты мағлұматтар алып,қажетті шешімдер қабылдау үшін социологиялық зерттеулердің, статистикалық мәліметтердің мемлекет үшін,қоғам үшін маңызы зор болмақ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:Қазақстан қоғамындағы діни ахуал,конфессия аралық қатынастар мәселесі социологиялық тұрғыда өте аз зерттелген тақырыптардың бірі.Дегенмен де осы зерттеу жұмысын жазу барысында санаулы ғылыми еңбектермен осы тақырыптағы сараптамалық кітаптардың көмегіне жүгіндік.Қазақстан қоғамындағы діни қатынастар жайлы негізі,Я.Ф.Трофимовтің«Религии в Казахстане»атты кітабында баяндалған.Осы кітаптың негізін құраған«Взаимоотнашение религии в современном обществе Казахстане»деген ғылыми еңбегінде автор Қазақстан қоғамындағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер жайлы біраз мәліметтер беріп,діннің қоғамдағы әлеуметтік аспектілеріне тоқталып өтеді.Сондай –ақ Қазақстан қоғамындағы конфессияаралық қатынастар жайлы Е.А.Щелковоның «Особенности этноконфессиональных отнашений в Казахстане»атты Ғылыми диссертациялық еңбегінде де баяндалады.Автор бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан қоғамындағы діни бірлестіктер мен азаматтардың арасындағы өзара қарым –қатынас пен бір –біріне ықпал ету ерекшеліктері жайлы мәселе көтереді.Бұларға қоса М.Ж. Қанафинаның «Қазақстандағы этно –конфессия аралық қатынастар»атты кандидаттық диссертациясын да атап өтуге болады.Автор бұл ғылыми зерттеуінде Қазақстан қоғамындағы діншілдік пен діни институттардың сандық және сапалық өзгерістерін анықтайды.Сонымен бірге Философия және саясаттану институтының ғалымдарының Нысанбаевтың жетекшілігімен зерттелген «Қазіргі Қазақстандағы саясат пен мәдениеттегі діннің орыны»атты ғылыми еңбекте де,Қазақстан қоғамындағы діни процестер,діни қарым –қатынас,мемлекет өміріндегі діннің орыны жайлы көп мағлұматтар береді.Бұларға қоса М.Бұлұтай«Дін және ұлт»кітабы мен Амангелді Айталының«Ұлт тану»кітабында Қазақстан қоғамындағы діни қатынастар жайлы,діннің ықпалы жайлы мәселелер көтеріледі.Сондай –ақ «Саясат»журналының 2000 жылғы №4,5 сандарында жарық көрген,Мақанов Ж.Қ.және Кәкенов Ж.К-ның«Дін:Конфессияаралық қатынастар» атты ғылыми сараптамалық–зерттеу  мақалаларында Қазақстан қоғамындағы діни процесстерге социологиялық талдау жасаған.Қазіргі қоғамдағы діни ахуалға нақты қорытынды жасап,керекті ұсыныстар айтылған.Бұларға қоса«Егеменді Қазақстан»газетінде 2006 жылдың 21 қазанында жарық көрген Ғ.Есімнің«Дін Өркениеті»атты мақаласында,«Жас Қазақ» газетінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы Әбдірәшит Бәкірұлының «Дінді апиынға айналдырмайық»атты мақаласында да қазақ қоғамындағы діни ахуалды өте ауқымды түрде қозғап,дәлелді –дәйекті ойларды қозғайды. Сондай –ақ Алматы әкімшілігінің Ішкі Саясат Департаментінің арнайы тапсырысымен орындалған социологиялық зерттеулердің қорытындысы баяндалатын «Діни бірлестіктердің Алматы қаласының әлеуметтік өміріне әсері»атты талдау кітапшасында діни бірлестіктер мен діннің социумге әсерін, өмірлік маңызы жайлы кең түрде мәліметтер берілген.Дегенмен де қазіргі кездегі әлемдік діни ахуалдың шиеленісіп,діннің ықпалы арта бастаған заманда қоғам үшін әркезде де діни қатынастарды басты назарға алып,ғылыми зерттеу жұмыстарын күн тәртібінен түсірмеу,діни процесстердің динамикалық қозғалысын әркез назарда ұстау бүгінгі қоғам талабы екені даусыз.                

 Бітіру жұмысының мақсаты: Дін –қоғам ішіндегі рухани күш.Қай қоғамды болсын діндердің айрықша орыны бар.Қазақстан өзін зайырлы мемлекет деп жариялағанымен де,қоғамдағы діннің орынын жоққа шығара алмаймыз.Осы негізде бұл зерттеу жұмысының өзіндік мақсаттарын атап айтуымыз керек.Кез –келген социологиялық зерттеуде оның не үшін жүргізіліп жатқанын және соңғы нәтижені алу,яғни зерттеу мақсатын анықтау өте маңызды. Дәл қойылған мақсат жаңа білімдерге жетелейді.«Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау» тақырыбындағы зерттеу жұмысының негізгі мақсаттары деп төмендегілерді атауға болады:

  • Қоғам мүшелерінің діни сауаттылық деңгейлерін,конфессиялардың көп түрлілігінен хабардарлығын анықтау.
  • Әрбір тұлғаның діни –сенім жолын таңдаудағы ұлттық идентификацияның алар орынын анықтау.
  • Қоғамдағы діни бірлестіктер тарапынан туындайтын діни  қатынастардың мемлекеттік билікке ықпал ету мүмкіндігін анықтау.
  • Діни –наным –сенімнің қоғам өміріндегі,тұлға өміріндегі маңызды шешімдер қабылдаудағы әсерін анықтау,қоғамның діншілдік деңгейіне баға беру.

Зерттеудің негізгі мақсаты берілген объектіде әлеуметтік ұйымдастыру деңгейін көтеру арқылы жаңа білім алу,болмыс пен тұрмыс,қоғамдық қатынас жағдайларын жақсарту.

Зерттеу жұмысының міндеті:Кез –келген зерттеудің міндетін анықтау оның мақсатына сәйкес жасалады.Міндетті анықтау –орын алған проблеманың шешу жолдарын жүзеге асыруға қажетті құрал.Бұл зерттеу жұмысының міндеттері қатарына мыналарды жатқызамыз:

  • Әлеуметтік өмірге,жалпы социумге діннің,діни қатынастардың айтарлықтай маңызы бар екенін дәлелдеу,қажетті ұсыныстар айту.
  • Осы зерттеу қорытындысы арқылы қоғам мүшелеріне,тиісті билік орындарына қандай да бір шешім қабылдауларына қажетті алғышарттар беру.
  • Көп конфессиялы қоғамдарда болуы ықтимал дінаралық қайшылықтардың орын алу қаупін анықтау,оны шешу жолдарын ұсыну.
  • Еліміздегі діни саланы реттеуге қажетті заңдық –нормативтік құжаттардың қаншалықты жеткіліктігіне мән беру,жалпы елдегі діни ахуалға қатысты көптеген ақпараттар алу.

Осы аталған міндеттер діни ахуалға қатысты анықталған проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс.Әсіресе,бұл біздің көпұлтты,көпконфессиялы Қазақстан қоғамы үшін кезек күттірмейтін мәселе.  

  Бітіру жұмысының объектісі:Бұл зертеу жұмысының объектісі болып, негізінен еліміздегі дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер,түрлі діни бірлестіктер,нақты бір атауға ие діни секталар,діни ұйымдар мен қоғамдағы әлеуметтік өмір алынады.

  Бітіру жұмысының пәні:Кез –келген зерттеу жұмысының пәні болып анықталған проблеманың орталық мәселесін қамтитын оның сипаттамалары мен қасиеттері болып табылады.Яғни бұл зерттеу жұмысының объектісі –діндер,діни бірлестіктер болғанда,пәні –осы діни ұйымдардың құрылымы,бағыттары,мүдделері болып табылады.Сондай–ақ қоғамдағы жеке тұлғалардың,әлеуметтік топтардың, діни бірлестіктер мен діндарлармен арадағы қалыптасатын діни қарым –қатынастарын да зертеу пәні ретінде басты назарға аламыз.Жалпы алғанда аталған жұмыстың зерттеу пәні ретінде –діни наным –сенімнің қоғам өміріндегі ықпалды әрекет ету мүмкіндігін қарастырамыз.

 Тақырыптың ғылыми жаңалығы:Бітіру жұмысын жазу барысында дәстүрлі діндермен қатар жаңадан пайда бола бастаған дәстүрлі емес діндердің де қоғамымызға дендеп еніп келе жатқандығын байқадық.Сондай –ақ қоғамымыздағы азаматтардың көпшілігі діни сауаттылықтың қажеттілігін жеткілікті дәрежеде ұғынбайды,сұралғандардың көпшілігі діни сферадағы заңнамалық құжаттардан бейхабар. Зерттеу жұмысын талдап,қорытынды шығара келе,Қ.Р. –да мемлекеттік тұрғыда  діннің мәртебесі оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси,рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған.Осындай белгі­сіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа үрдістерге бай­ланысты анық та айқын аңғары­луда.Осыған орай,көпшілік эксперттер мен дін адамдарының ортақ келісімдеріне сай,еліміздегі оқу процестеріне«Дінтану»оқу пәнін тек ЖОО да ғана емес, колледж, лицей, мектептердің оқу бағдарламаларына енгізу мәселесін қолға алу қажеттілігі анықталды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          I.Діни ұғымдардың теориялық — методологиялық негіздері.

 

  1.1.Дін және дін социологиясының өзара байланысы.

 

Дін дегеніміз не?Ол қашан,неге пайда болды?Адам өмірінде ол қалай пайда болды?Оның тіпті пайда болмай қалуы мүмкін бе еді?Адам дінсіз өмір сүре ала ма?Осы сияқты дінге байланысты көптеген сауалдар ежелден-ақ адамдарды ойландырып,айтыс-таластар туғызды.Бұл сұрақтарға әр түрлі тарихи дәуірдің ойшылдары әр қилы жауап береді.«Дін»деген сөздің өзі латынның «байланыстыру»,«қосу» деген етістігінен алынған. Аталмыш құбылыстың аты да діннің мазмұнына сәйкес келеді, яғни дін адамдарды бір сенімге біріктіреді.Дін адамдары өз сенімдерін көзге көрінбей өздерін құдаймен байланыстырып тұрады деп сенеді.Дін ілімі және оған жақын объективті идиалистік пайымдаулар діни феноменді мәңгілікпен,құдайдың өзі берген мәңгілік нәрсе деген тезистер негізінде түсіндірді.Екеуі де дінді дүниедегі тылсым күштен шығарады.Оны теология Құдай деп атаса,идеалистік философия трансценттік,«абсалюттік ой» деп атайды.Олардың пікірінше киелі мен кездесуге адамдар абсалюттен келіп қосылуға барынша ұмтылады.Сондықтан,діннің мәні мен болмысы туралы мәселе Құдайдың мәні мен болмысына,ал діннің негізі Құдайдың негізіне айналады. [1.] Діннің пайда болуы туралы мәселенің,оның табиғатын түсінуде үлкен маңызы бар.Бұл тақырып төңірегінде осы күнге дейін айтыс-таластар тоқтамай келеді.Бізге белгілі болғандай,барлық мамандықтардағы дін иелері діннің табиғи пайда болуы туралы мәселені жоққа шығарып,әуел бастан-ақ оны құдай берген деген пікірге саяды.Осы пікірді бірқатар ғылымдар да қуаттайды.Олар қандай ғылымдар?

Антропология — ол адамның жан-жануарлар дүниесінен бөлініп шығуын,оның қалыптасу процессіндегі еңбек қызметінің ықпалымен адамдық болмысының қалыптасуын зерттейді. Ол ежелгі адамдардың материалдық, мәдени мұраларының қалдықтарын, еңбек құралдарын, мүрделерді зерттеп, осылардың негізінде алғашқы қауым адамдарының тұрмыс –тіршіліктерінде  де, діни сенімдерінде де, өзгеріс болады деп қорытынды жасайды.Тілдің түрлерін(ауызша немесе жазбаша)зерттейтін лингвистикаға да әр түрлі тарихи дәуірлердің ерекшеліктері,адамдардың өмірі мен тұрмысы өз таңбаларын қалдырған.Мысалы,фольклористика ауызша шығармашылықтың аңыздары мен басқа да ежелгі мұраларын зерттейді;Этнография –кейбір тарихи себептермен дамуы жағынан адамзат эволюциясының алғашқы сатыларында қалып қойған әртүрлі халықтардың тұмысын,өмір салтын,діни сенімдерін зерттейді.

Бүгінгі ғылым алғашқы қауымдағы діни түсініктердің ара жігін ашуға мүмкіндік беретін мол материал жинақтады.Олардың жалпы түлеріне тоқталып өтсек:Фетишизм кейбір  табиғи заттарға және оның құбылыстарына табыну.Магия-белгілі бір манипуляциялардың барысында (мінәжат ету,болжау,әдет-ғұрып көмегімен)табиғи заттар мен құбылыстарға, қоғамдық өмірдің барысында,кейбір тылсым күшке сену арқылы әсер ету. Тотемизм –белгілі бір жан –жануарларды,өсімдіктерді нақты адам ұжымдарының(қауым,тайпа) арғы бабаларының шыққан тегі ретінде қабылдап,соларға сену.Шаманизм –кейбір адамдардың (сиқыршы,шаман) аруақтармен қарым-қатнас жасау мүмкіндігі бар екеніне сену,адамдардың ауруды жазу,жақсы аңшылықты қамтамасыз ету,жауын жаудыруды қамтамасыз етеді деп сену.Табиатқа табыну—әртүрлі жан-жануарлар мен өсімдіктердің,аспан денелерінің – күн, ай,жұлдыздар рухтарына сену. Ата-баба рухтарына сенуқайтыс болған ата-бабалардың рухтарына сиыну,олар туыстарын желеп –жебеп жүреді немесе оларға жәбір жасайды дегенге сену.Диқаншылыққа,мал өсіруге табыну –егіншілік  пен мал өсірудің жеке сала ретіндегі қалыптасуынан туындайды.Бұл жерде мал иелерімен,дән иелерінің табынуы.Анимизм –айналадағы  заттардың тіршілік ететініне,табиғаттан тыс елестердің –жандармен рухтардың әрекеттеріне сену.

Осы кішкене тізбеден-ақ алғашқы қоғамдық құрылыстың өзінде діни сенімдердің әр қилы және түрлі мәнде болғанын байқаймыз.Солай бола тұрса да оларға ортақ нәрсе –айналадағы нақты дүниенің үстінен тылсым күштің үстемдік ететініне сену.      Еліміздегі дін социологиясы ілімдері соңғы жылдары ғана жандана, негізделе бастағанын ескерген жөн. Бұл туралы пікірлерімізді баяндамас бұрын, алдымен дін социологиясының зерттеу тақырыбы және дамуы хақында айталық. Қысқаша айтқанда адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатнастарын зерттейді.Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды. Соңғы ғасырларда Батыс қоғамдарында діннің нормативті күші шектелген сайын, діни феномендердің зерттелуі таза теология мәселесінен гөрі социология, саясаттану,антропология,құқық,психология сияқты эмпирикалық ілімдердің зерттеу нысанына айналған.Сондықтан дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда.Дін социологиясы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі бір әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді. [2.] Мәселен,белгілі бір діннің яки сектаның мүшелері өздерінің діни нанымдары негізінде белгілі бір әлеуметтік іс –амалдарды жүзеге асырып жатса,бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді. Адамдардың діннен туындайтын әлеуметтік  қатынастарында — дін анықтаған«киелі және киеліден тыс»ұғымдар,ұстанымдар һәм мәмілелердің айтарлықтай маңызды әсері бар.Осы мәліметтер негізінде дін социологиясы мына ғылым салаларымен тығыз байланыста болады:этно -социология, әлеуметтік философия, құқық, дін психологиясы, теология, әлеуметтік антропология,діндер тарихы және феноменологиясы.Енді дін социологиясының зерттеу әдістері туралы айтайық.Эмпирикалық,яғни тәжіиірбеге сүйенген ілім ретінде дін социологиясы нақтылы зертеулер мен тәжірибелерді жүзеге асырады.Жоғарыда аталған ғылым салалары тарапынан ғылыми материалдар негізінде діннің әлеуметтік сыр-сипаттары жөнінде тұжырымдар жасалады.Діннің қоғам өміріндегі маңызды орны мен ықпалын анықтаудағы ең тиімді әдіс адамдармен сұхбат жүргізу (тікелей кездесу әдісі)және діни топтармен секталардың, маргиналды діни ағымдардың ритуалдары мен жиналыстарына қатысу және тәжірибе жинақтау(эмпирикалық әдіс).Бұған қоса діни мәтіндер мен баспасөздерде келтірілген діни ақпараттарды сұрыптау,талдау,герменетивкалық сараптау пайдалы әдістерге жатады.Жиналған материалдар сапалы һәм саналы сарапқа салынбайынша ғылыми нәтижелер шығаруға болмайды.Діни іс-әрекеттер екі формада жүзеге асырылуы мүмкін: біріншіден,кейбір адамдардың яки тұтастай қоғамның белгілі бір уақыттарда белгілі іс-әрекеттерді жүзеге асыруы.Мұндай жағдайда діни өмірді ұйымдастырушы діни ұйымның болуы шарт емес.Екіншіден,діни іс-әрекеттерді белгілі ұйымдардың ұйымдастыруы(діни институттар)және олардың  мән –мағнасын белгілеуі.Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып, қалай түсіндірілгенімен,әлеуметтану қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай тұра алмайды. Жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру нысандарының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердін, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді.Бұл дінді психология, филиософия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.Дін әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады.Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең көп тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді:Мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын,қайталанып отыратындарын,ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге әлеуметтану олар соншалықты әртүрлі болғанымен,барлық діндерге тән қандайда бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық,мысалы, мұсылман және христиан  діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүниелік болып бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар. Әлеуметтанушылар мен басқалар арасында да діннің шіркеу,құдай,діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік байқалса,бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен келіспеушіліктер байқалады.Діндер түрлі қоғамдарда немесе әртүрлі тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отырды ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ.Әлеуметтану беретін немесе беруге мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек.Өйткені дін әлеуметтік аспектімен –қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен,сондай-ақ дінді зерттеудегі әлеуметтанушылық әдістер шеңберімен шектелген  сұрақтар тұйықталмайды.Дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік,экономикалық және мәдени процестерге байланысты.Бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798-1857ж.ж.) жасады.Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды.Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа О.Конт«тарихтың үш сатысы жайлы заңында»жауап берді.Бірінші саты –діни немесе«теологиялық жағдай»,онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар,субъективтік негізсіздіктер үстемдік етеді. Екіншісі–философиялық «метафизикалық жағдай»,онда абстракция,дөрекі шынайылық ретінде қабылданады. Үшіншісі –позитивті, онда ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі.Осы үш«сана жағдайының»әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды.Дін және позитивті білім,ғылым арасындағы жанжалдың міндетті түрде болатындығын мойындай отырып, сонымен бірге оның дами түсуі діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне алып келеді дей отырып,Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін болжады.

К.Маркс(1818-1883ж.ж.)дінді қоғаммен өзара байланыстыра қарастырды,бірақ оның түсінігінде ол екі дербес өмір сүретін шаманың өзара әрекеттесуі болған жоқ. Маркс,шын мәнінде алғаш рет дін өзінің табиғатымен әлеуметтік феномен болатынын көрсетті.Ол қоғамдық байланыстар,қатынастар жүйесіне енгізілген және оның түп-тамыры әлеуметтік құрылымдарда.Діннің түсіндірмесін содан іздеу керек.Жаратылыстан тыс,қасиет туралы көзқарастар осындай негізде пайда болады:дін аспан есебінен емес,жер есебінен өмір сүреді.

 Дінді әлеуметтік феномен ретінде түсіну оны қоғам өмірінде әбден шынайы функциялар орындайды,белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырады деп  түсінуді білдіреді.Маркс осылайша дінді  зерттеудегі функцианалдық әдістің негізін қалап кетті.Маркстің пікірі бойынша, дін –идеология,ол оның ең ежелгі, тарихи алғашқы нысаны.Оның әлеуметтік қызметі – идеологиялық қызмет:ол оны ақтайды немесе сонысымен қолда бар тәртіптерді заңдастырады немесе оларды сынайды,оларға өмір сүру құқығын беруден бас тартады.Ол қоғамдық дамудың тежеушісі ретінде қызмет атқара отырып, әлеуметтік конформизмді сіңіруі мүмкін немесе әлеуметтік наразылықты ынталандыруы мүмкін.К.Маркстің діннің шарасыз өлуі немесе оның  жеңіске  жеткен  жұмысшылар тарапынан жойылуы жайлы айтарлықтай қатаң түрдегі қорытындысы осыдан шығады.Көріп отырғанымыздай, олай болған жоқ,және болып та жатқан жоқ,оған қоса О.Конт айтқандай,олардың діннің дәл сол әлеуметтік қызметтерін иелену арқылы діни идеологияның басқа жүйелермен ауыстырылуы болып жатыр.

Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында еуропалық қоғамда діннің жағдайы айтарлықтай өзгере бастады.Мұндай фактор ретінде діннің жағымды рөлі жайында әлеуметтік қатынастарды,өрлеу,тұрақтылық пен тәртіпті жете түсінуге әрекет жасаған ғалымдар айта бастады.Француз ойшылы Эмиль Дюркгеймнің (1858-1917ж.ж.)көзқарасы  тұрғысынан,дін қоғамның ынтымақтастығы мен оның тұтастығы үшін маңызды әлеуметтік қажеттілікке жауап береді.Діннің шығу көзі –қоғамның өзі.Ол дінді қасиетті немесе қарапайымнан бөлінген тыйым салынған заттарға қатысты сенімдер мен нанымдардың тұтас жүйесі ретінде анықтайды.Олар артынан ерушілердің барлығын«шіркеу»деп аталатын моральдық қауымдастыққа біріктіреді.Ол әлеуметтік сезімді оятады,ұжымдық көзқарастарды  қалыптастырады.Дінде адамдарға тән жай заттарды құдай деп тану  қасиеті  жүзеге асады,оларға қасиетті мән беріледі,соның арқасында олар қоғамды тұтас ортаға топтастыру қызметін атқара алатын болады.Олар салт-жоралық әрекеттердің, құрметтеудің,ізгілік көрсетудің ерекше объектісіне айналады.Олар сол әлеуметтік топтың нышаны ретінде қасиетті,оларда өмір және оның құрамына кіретін адамдар әл-ауқатының жақсаруы іске асырылады.Әлеуметтік өмір өзінің табиғатынан ұжымдық болып келеді.Осылайша дін басқалардан өзінің қасиетті объектіге бағыттылығымен ерекшеленетін айрықша әлеуметтік әрекет болады.Бірақ сенімнің қасиетті объектісін құрметтеу –ол шындығында өз әлеуметін құрметтеу,оның мықтылығы –топтың ұйымдасып өмір сүруі жалғасуының кепілі,бұл оның әрбіреуінің және барлығының үстінен талассыз билігін мойындау.Сонымен діннің шығу көзі –адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік тәсілі.Э.Дюркгейм шындығында әлеуметтік және діниді теңдестіре отырып,дінге кеңейтілген түсіндірме береді.Ол діннің рөлі мен әсерін нақтылы тарихи тұрғыдан бағалау талаптарын қояды.Әлеуметтіктің дінимен бірлігінің ажырау өзгерісі болып  жатыр,мұнда саяси,экономикалық және ғылыми қызметтер діни қызметтерден біртіндеп босанады,және ол бірте-бірте айқын көрінген зайырлы сипатқа ие болады.Сонымен, қоғам өмірінің бүкіл саласының діннің әсерінен құтылуының үздіксіз процесі бар екендігі мойындалады.Солай бола тұра,Э.Дюркгеймнің пайымдауындағы бір нәрсе –бұл процестің дамуы діншілдіктің аяқталуын білдірмейді.Оның ойынша,дін К.Маркске қарағанда,мәңгі өмір сүреді.Қоғамның бірлігі мен жеке даралығын айқындаушы ұжымдық сезімдер мен идеяларды үнемі тірілтіп,нығайту қажеттілігін бастан кешірмеген қоғам өмір сүруі мүмкін емес.Ол бұл процестің нәтижесінде діннің және құдайдың орнына «адамгершілік діннің»келетініне сенді.

Дюркгейммен қатар,неміс ғалымы М.Вебер (1864-1920ж.ж.)дін әлеуметтануының негізін салушы болып саналады.Ол әлеуметтануды әлеуметтікке айналатын әлеуметтік мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырды.М.Вебер дінді зерттеуде әлеуметтанушылық ыңғайдың ерекшелігін қалыптастырады.М.Вебер тұрғысынан әлеуметтанушы теолог пен философқа қарағанда,діннің шығу көзі жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық«мәніне»мән бермей,оның өмір сүру жағдайын қарастыруды немесе проблеманы сену объектісінің шынайылығымен,құдай болмысы т.б.мәселелерді шешумен алмастыру керек.Басқаша айтқанда,дін әлеуметтанушы үшін тек адамдардың әлеуметтік мінез-құлқы дәлелденуінің ерекше түрі ретінде ғана қызық болады. Сонымен,М.Вебер бойынша,әлеуметтану діннің шынайылығы мен жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселені қозғамай,көзқарастардың діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге әсерін анықтаумен шектелуі керек.Дін әлеуметтануының  пәніне мұндай баға беру –діннің әлеуметтік қызметін Вебер бойынша түсіндіруге негізделеді.М.Вебер дінді мәдени жүйенің белгілерін сәйкестендіретін әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырды,яғни білім саласын,нышандарды және жеке адаммен қоғамның құндылықтарын анықтайды және сонымен бірге ол өзінше әлеуметтік институт ретінде қызмет атқарады. М.Вебер дінді құндылықтардың бастапқы негізі ретінде көрсетеді және осы тұрғыда ол әлеуметтік әрекетке мән берудің ең маңызды амалдарының бірі болып табылады,оның мағынасы мен мақсаттарын анықтайды. [4.] Осыдан келіп діни нұсқаулардың негізінде адам өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі өз тарапынан өмірлік маңызды немесе маңызды емес болып жіктелінеді.Дүниеге діни түсіндірме беру –ондағы бағыт ұстануды және мінез-құлықты реттеу құралы болып табылады.Дін дүниенің белгілі бір бейнесін суреттейді және сонымен қатар құндылықтар мен нормалардың жүйесін ұсынады және соларға сәйкес бір әрекеттерге тиым салынады,екіншілерге рұқсат беріледі.Сонысымен ол адам мінез-құлқының моральдық нормаларын құрады.

  Діни әлеуметтанудың негізін қалаушылардың қатарына Б.Малиновский де(1884-1942ж.ж.)жатқызылуы тиіс.Дінтанушылар Дж.Фрэзер және оның соңынан Л.Леви-Брюльдің есептеуінше адамның дамуының ертеректегі сатысында оның санасы прологиялық сипатта болды және сиқырлық (магия) хабарсыздық пен надандыққа негізделеді,одан көмек сұраған адамның талпынысын сәтсіздікке ұшыратады.Сиқырлық пен діннің айырмашылығын көрсете отырып Б.Малиновский дін адамның әлеуметтік табиғатына негізделеді, ол сиқырлықты өлімге ұшыратып оның орынын басады деп санады.Ол адамдар шындығында да олардың  әрекеті өзіне бағынышты болған жерлерде -өзінің бау — бақшасында,балық аулауда кәдімгідей ұтымды ойлайтынын көрсеттіДінге және мәдениетке,жалпы фукционалдық көзқарасқа сәйкес, өркениеттің әрбір түрінде әрбір әдет-ғұрып,идея,сенім-нанымдар бірқатар өмірлік қызмет атқарады.Оның ішінде ең басысы –қоғамдық тәртіптіліктің тұрақтылығын сақтау. Малиновскиймен келісер болсақ,сиқырдың қызметі адамға бағынбайтын үмітсіз жағдайды,үрей –қорқынышты жеңуге үміттенуге көмектесіп,қиыншылықтардан өте білуінен тұрады.Функционализм тұрғысынан дін сол сияқты рөл атқарады:ол Дюркгеймдегі секілді қоғамның бірігу факторы болып табылады.

Жоғарыда келтірілген дін әлеуметтануының негізін салғандардың еңбектері оның кейінгі барлық дамуын,зерттеудің негізгі бағыттарын, проблематикасын,әдіснамасын анықтады.Он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында дін әлеуметтануы жеке пән ретінде қалыптасты.Әлеуметтану дінді–қоғамға қатынасында қарастырды,оның қоғамдық өмірді ұйымдастырумен байланысы тұрғысынан талдайды.Бұл байланыс  екі  жақты болады.Қоғамның дінге әсер етуі қалай бағаланып,түсіндірілмесін, әлеуметтану мұндай әсер ету фактісін мойындамай тұра алмайды.Діннің әлеуметтік тәртіптің құрылуындағы,оны ұстап тұруы мен өзгерісіндегі,тұлғаның іс-әрекетінің қалыптасуындағы рөліне баға беру мен түсіндіру әртүрлі болуы мүмкін,алайда діннің қоғамда қызмет етуі әлеуметтану тұрғысынан талдаудың басты пәнін құрайды.   

  2.1.Қоғам құрылымындағы діннің әлеуметтік функциялары.

   Дін қоғамда әлеуметтік организм  өмірінің  бір  көрінісі  ретінде  өмір сүреді.Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді.Дін –одан оқшаулана  алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі,ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен.Солай бола тұра,қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды.Діннің атқарып отырған қызметтерін, егер мәселе дамыған қоғам жайында болса,олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек,ал егер дамушы қоғамда болса,орта ғасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес,сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.

Мұндай көзқарас былай деп ұйғарады:біріншіден,діннің қызметі кез-келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі фактілермен ара қатынасы белгіленуі керек.«Қоғам» ұғымы қатаң әлеуметтанушылық мағынада топ мүшелері мен топтар арасындағы көп бейнелі әлеуметтік қатынастардың  етене араласып  кеткендігін білдіреді.Бұл қатынастардың күрделілігі дін мен мәдениеттің әрекеттесуінен көрінеді.Егер Вебермен келісе отырып,қоғамды жеке адамдардың әлеуметтік әрекеті ретінде қарастыратын болсақ,онда дін олардың әрекетінің аумағы мен өнімі ретінде елестетіледі.Жеке адам әрекетті бастама ретінде көреді,әрекеттілік оның тарапынан келіп шығады. Мәдениет болса,мәжбүрлі түрде әрекет етушіні реттеу нормалары ретінде өмір саласының қалыптасып қалған амалдарын белгілейді,ол жеке адамға сырттан берілгендей болады.Осы тұрғыда дін әрекеті және әлеуметтік феномен болады. Яғни,қоғамның өмірлік әрекетінің туындысы,одан кейін адамға сырттан берілген және міндетті түрдегі қарсы тұратын секілді.Дін бұл тұрғыда мәдениет  түсінігімен  ара қатынасын белгілейді.Жоғарыда айтылғандардың негізінде«дін және қоғам»мәселесі көбінесе«дін мен мәдениеттің»бір бөлігі болып табылады.

Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны,оның қызмет етуі олардың құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді.Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді,біріншіден,қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір нысандарын заңдастыру факторы ретінде,екіншіден, қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт.Бұл діни белсенділіктің негізінде діннің басты қызметтерінің  қатарына  жататын –мағыналық пайымдау қызметі жатады,ол Вебер,Дюркгейм және басқа да қазіргі заманғы діни әлеуметтанушылардың түсінігінде діннің негізгі қызметі болып табылады.Дін –адам өмірін саналы қылатын нәрсе,ол оны ең маңызды құрамдас бөлігі «мағынасымен»қамтамасыз етеді.Бұл діннің дүниенің (ғарыштың,универсумның)бейнесін беруінің арқасында болады, онда әділетсіздік, қайғы-қасірет көру,өлім,«менің өмірімді» қайғылы сәтсіздікке алып келеді деген сияқты.Егер қайғыру және өлім мағынаға ие болса, егер адам оның мәні неде екенін білсе,онда қайғыруды жеңе отырып,адамда өмір сүруге деген жігер пайда болады.Адамның не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады.Адам егер ешнәрсесі жоқ бостықты сезініп,өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған кезде ол әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып,өзін-өзі жоғалтқан қалыпқа түседі.Сол сияқты, егер адам, оның кездейсоқ жолы болып өзінің бақытты жеребе үшін еңбегі сіңгенін сезбесе, онда өмір мағынасыз болады.Осы жағдайда да өмір мағнасыз болады,өйткені барлық іс соқыр кездейсоқтықтан басталады, ешнәрсе сенімді емес.

Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан оның құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып,өздерінің кім екендігін түсінуге көмектеседі.Діннің осы біріктіруші және адамның өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі қоғамдарда ерекше күшті әрекет етті.Мысалы,американдық дінтанушы — әлеуметтанушылар плюралистік американдық қоғамда бірде-бір дәстүрлі діндер бұл мақсатты орындай алмай отырғанын айтады.Әлеуметтің сипатымен бірге өзгеруінен дінде өзінің қызметімен өзгеруде.Сондықтан діннің біріктіруші қызметі қазіргі қоғамда ең бір маңызды  болып сақталуда,бірақ ол өзінің іске асыру амалдары мен нысандарын өзгертуде.Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, тұрақтандырушы функциясын атқарады және адамның моральдық міндеттерді орындауы үшін алғышарттар жасайды.Дінді бұлай түсіну Р.Беллдің анықтамасында көрініс береді.Ол анықтама бойынша, дін тұтас әлемді қабылдау үшін символикалық жүйені және жеке адам мен әлемнің ортақ тұтастығы ретінде байланысын қамтамасыз етеді,ол жерде өмір және әрекет белгілі бір соңғы мағынасына ие болады.Қазіргі заманғы көрнекті әлеуметтанушы П.Бергердің сөзімен айтсақ,діни нышандар мен түсініктер белгілі бір мағына бере отырып, әлеуметтік тәртіппен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына кепілдік беріп,қандай да бір қасиетті шымылдықты көзге елестетеді.

Қоғамның  тұрақтылығы  төрт деңгейдегі  қызметтердің орындалуымен: бейімдеуді,мақсатты бағыт ұстануды,қоғаммен бірігуді және мінез-құлықтың институтциоланған мәдени үлгілерін орындаумен қолдауды қамтамасыз етумен орнығады.Бейімделу –ол қоғамның өмір сүру ортасына,ең әуелі табиғи ортаға үйренуі;бұл міндетті қоғам ішіндегі экономикалық шағын жүйе шешеді.Мақсатты бағыт ұстану –ол жерде жеке адамның қоғам үшін қиратушы,өзінің жалпы мақсаттарымен бәсекелесуші жағдайларды жете түсінбеуін қамтамасыз ету;қоғамдық жүйе ішінде бұл қызметті орындауға отбасыда қатысқанымен,оның негізінен саяси шағын жүйе орындайды. Ықпалдасу –ол бір-бірінен тәуелсіз белсенді тұлғалар арасындағы келісімді қамтамасыз ететін әрекет ету құрылымын жасау арқылы жанжалдар мен шашыраңқылық қаупін болдырмауды білдіреді. Функциялар институтционалды түрде жіктелетін дамыған қоғам шеңберінде бұл қызметті әлеуметтік рөлдердің нормативтік анықтамаларын белгілей отырып,құқықтық шағын жүйе қамтамасыз етеді

Сайып келгенде,егер де оның мүшелерінің әрекеті белгілі бір деңгейде шектелмесе,егер де олардың әрекеті өз бетінше және шексіз өзгеріп отыратын болса,ешқандай жүйе өмір сүре алмайды.Жүріс-тұрыстың белгілі бір заңдастырылған түрлерін сақтап және орындап отыру керек.Парсонс бұл проблема құндылықтардың әлеуметтік емес мәдени жүйесіне қатысты екендігіне назар аудартты.Бұл мінез-құлықтың мәдени үлгілерін қолдану міндетін Парсонс  діннің мәдениетті таратушы қызметі саласына жатқызады,өйткені ол саясатқа немесе құқыққа қарағанда адам мінез-құлқын оның нақтылы мақсаттар мен жағдайларға қатысты жекеліктің, партикулярлықтың шеңберінен шығатын нәрселердің ара қатынасын белгілеу арқылы реттейді.Қандай да бір нормалардың дұрысына немесе бұрыстығына сілтеме жасау жеткіліксіз.Діннің міндеті –қандай да бір норманы заңдастыру емес, нормативтік тәртіптің өзін қабылдау.Тиісінше сөз мінез-құлықты саяси құқықтық немесе экономикалық реттеуге қарағанда діннің тереңірек жайында айтылып отыр. [4.] Ең алдымен,ойдан шығармайтын нәрсе –дінді функционалдық тұрғыдан түсіну –жеткіліксіз түрде негізделген алғышарт негізінде құрылады:функционализм мықты қоғамдық ынтымақтастық пен тұрақтылық тек рухани-мәдени факторлар,идеялар, құндылықтар, мағыналар, нышандар жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін дегенге сүйенеді. Дін бұл тұжырымдамада жан-жақты фактор ретінде қызмет етеді.Өйткені қоғам алдын ала діни шектеулерсіз басқаша қызмет ете алмайтын қандай да бір мәдени –рухани тұтастық ретінде түсіндіріледі.Функционализм әділетсіз, біржақты болып қалады.Ол мысалы,адамға табиғатынан тән және тарихи дамыған қажеттіліктер,белгілі бір мүдделерді қанағаттандыру және оны келістіру негізінде,яғни сол әлеуметтік-мәдени жүйенің механизмі арқылы қоғамның нығайып, бірігуі мен тұрақтылығы мүмкіндігін елемейді.Бұған тағы эмпирикалық мәліметтер қоғамның –моральдық жағдайына діннің әсері бүгінгі күнде айтарлықтай әлсіз екенін куәландыратынын қосқан абзал. Шамасы қоғамның бірігуін бірқатар факторлар қамтамасыз етеді (немесе қамтамасыз етуге ықыласты).Бұл тарихи өзгермелі жағдай.Мысалы әлеуметтанушылар қазіргі дамыған демократиялық қоғамда ықпалдасудың белгілі бір деңгейін көп мөлшерде заңдар қамтамасыз ететінін,жалпылама құндылықтардың(адам құқығын)таратушы рөлін көп мөлшерде құқықтық институттар өз қолына алуда екенін айтуда.Бұл қоғамның секуляризациялануының бір көрінісі.Тағы бір проблема дін қоғамдық ықпалдасудың факторы ретінде ғана болмай,сонымен қатар кері ықпалдану қызметін атқаруымен байланысты болып отыр.Жалпы нысанында дін тіпті кері қызметті болуы мүмкін екенін айтуға болады,мысалы,экономика саласында еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін,техникаларын енгізуге кедергі бола отыра,қоғамның экономикалық тоқырауын күшейтуі мүмкін.Яғни,діннің қандай түрі болмасын атқаратын қызметтері қоғам үшін жағымды да,жағымсыз да мәнге ие болуы мүмкін.

Дін ықпалдасу мен тұрақтылық  әкелуші емес,қиратушы,жанжал әкелуші фактор ретінде әрекет етуі мүмкін екендігін айғақтайтын фактілер жанжалдар теориясы шеңберінде қарастырылды.Проблеманы таптық күрес аспектісі арқылы шешкен К.Маркстің пікірінше,дін тарихи қажеттілік,оны таптық күрес арқылы төңкерістік қайта құруды талап етіп отырғанда,ол әлеуметтік ықпалдасудың факторы ретінде қызмет етуші және билеп-төстеуші таптарға қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруына көмектесетіндіктен,жағымсыз рөл атқарады дейді.Дін өмір сүруші қоғамдық құрылымды ақтайды,онымен татуластырады.Сыни көзқарасты оятудың орнына,мойындауды миына құяды.Ал бұл нәрсе түбінде қоғамды жанжалға алып келеді.Қоғам жанжалдармен,күш көрсетумен,түрлі топтар арасындағы билік үшін күрестермен сипатталады.Діни топтар бір–біріне араз топтардың мүдделері қарама-қарсы тұратын, соқтығысатын жүйенің бір тетігі.Діни айырмашылықтар тамыры терең жанжалдарды сырттай безендіру ретінде қарастырылады.Бұған мысал ретінде христиан елдеріндегі еврейлерді қудалауды келтіруге болады,оның түбінде экономикалық фактор жатты, Ирландиядағы протестанттар мен католиктер арасындағы дау-дамай, ортодокстармен «дін бұзарлар»арасындағы күрес және басқалар. Этникалық және топтық айырмашылықтар діни айырмашылықтармен шиеленісіп кеткен уақытта жанжалдар айрықша өткір сипат алады.Діни жанжалдар сыртқы көрінісінде этникалық немесе таптық негізде қақтығысуды бүркемелеуі мүмкін. Дін дінаралық жанжалдармен қатар,оның сауатты қоғамда өмір сүруімен байланысты жанжалдарды да тудырады.Дін жолын ұстанушылық діни ережелерді сақтаумен заң арасындағы жанжалға алып келуі мүмкін. Мұндай бейнедегі мысалдарды діни мінез-құлықтың ортақ ережеге бағынатынын көрсету үшін жанжал теориясының жақтастары ұсынып отыр:кез-келген мінез-құлық өзімшілдік мүдделерді басшылыққа алады.

   Сонымен әлеуметтік жанжал және әлеуметтік ықпалдасу бір үлгінің екі жағы ретінде көрінеді және бір-бірімен байланысты тұрғыда қарастырылуы керек.Мұндай үрдіс айрықша айқындылығымен,былайша айтқанда,ислам аймағында орын алуда,бұл жерде ол экстремизм және қарулы қақтығыс сипатына ие болуда.Жанжалдар тек діни топтар арасында ғана болмайды, сонымен бірге олардың ішінде де болады.Топ ішіндегі әлеуметтік мінез-құлықтар көбіне жеке адамдардың өзімшілдік мүдделерін қанағаттандыруға ұмтылуының нәтижесі болып табылады және билік, артықшылық,мәртебе үшін күрес барысында жанжалдар туындайды. Мысалы,діни топтардың көпшілігінде (ортодоксальді иудаизмге қатысты, православиеде,католик шіркеуінде, протестанттық конгрегациялардың көпшілігінде, исламда солай)ер адамға басым рөл беріледі, әйел адам дін қызметкері бола алмайды.Қазіргі заманғы қоғамда діни өмір консерватор — дәстүршілер мен модернистер,діни жаңару мен ренесанстардың жақтастары арасындағы жанжалдармен көрініс береді.Әдетте,олардың арасындағы күрес таза теологиялық пікірталас шеңберінен шығып кетеді және дін басыларының әлеуметтік саяси бағыт ұстануының біртекті еместігін көрсетеді.

   Дін ішіндегі жанжалдар көбінесе қоғамдағы өзгерістердің де көзі болып келді, оған әулиелік діндер мысал бола алады.Көне өсиетте әулиелер,құдай әлеуметтік теңдікті көреді,оны құдай жасап берді,ал адамдар оны бұзды деп жария еткен.Әулиелер үлкен әділеттік үшін қоғамды өзгерістерге шақырды және төмен кедей таптардың мүдделерін қорғаушы ретінде алға шықты.Осыған орай дін әлеуметтануы харизмалық жетекшілердің рөлі туралы мәселеге ерекше назар аударады. Вебер харизмадан әлеуметтік тұрақтылықтың іргелі қарсы әсерін және өзгерістердің маңызды бастамасын көрді.Дін қоғам тұрақтылығының факторы ретінде ғана емес(бұл жерде функционалистер оның негізгі қызметін жиі көреді), сонымен қатар,әлеуметтік өзгерістердің қайнар көзі болып қызмет етеді. Мысалы,Вебер протестанттық реформацияның шешуші рөлін«капитализм рухын»жасауда кальвинизмнің ерекшеліктеріне негіздеді және нәтижесінде Еуропа тарихында жаңа дәуір мен индустриалдық өркениеттің дамуының басталуын білдірген орасан зор тарихи алға басушылықты дәлелдеді.Басқаша түрдегі мысалдар да келтіруге болады.Алайда діни тұрақтылық көбінесе бүкіл қоғам үшін сөзсіз үлкен игілік бола отырып,радикалды саяси қозғалыстарға өзін балама ретінде көрсетті,ал белгілі бір жағдайда функционалды түрде қоғам үшін пайдалы болатын тұрақтылықты қиратуға бағытталған қозғалысқа қосылуы мүмкін.АҚШ-тағы Мартин Лютер Кинг бастаған негрлердің азаматтық құқық үшін күш көрсетусіз түрде болған қарсылығы апартейдке қарсы болған діни қозғалыспен байланысты болды.Егер діни идеологияда барлық адамдар құдай алдында тең деп айтқанымен де,әлеуметтік, ұлттық теңсіздік құқығын шектеушілік болатын болса,онда жапа шегуші топ өкілдері үшін құдай алдында адамдардың бәрі тең дегені жайындағы діни оқылымдар теңдік үшін,бостандық үшін күрестің рухани себепкері ретінде қызмет етуі мүмкін.Сонымен,егер функционалды теория діннің тұрақтылықты ұстап тұратын фактор ретіндегі рөліне назарын шоғырландыратын болса, жанжалдар теориясы оның өзгерістердің шығатын көзі ретіндегі рөліне назарын шоғырландырады.Жанжалдар теориясы өз назарын қарама-қарсылықпен күреске шоғырландыра отырып,оларсыз қоғам өмір сүруге қауқарсыз деп, ынтымақтастық пен кооперацияны түсіндіруде айтарлықтай қиыншылыққа тап болады.Діннің қоғамдағы рөлі тек функционалдыққа немесе тек дисфункционалдыққа келіп тірелуі мүмкін еместігі анық.Діннің кері ықпалдасудың,қиратудың, жанжалдың факторы ретінде көрініп жататын жағдайлары оны әлеуметтік патология қатарына қосу үшін негіз болмауы керек.Діннің жіктелуі мен теңсіздікке көзқарасын біз бірқатар жағдайларда, шындығында,әлеуметтік бөлінудің діни заңдастыруы бар екендігінен көреміз.Бұған мысал ретінде көбінесе Үндістандағы касталық жүйе келтіріледі.Онымен бірге дін құлдықпен нәсілшілдікті тікелей ақтап алу үшін пайдаланылғандығы белгілі.Алайда дін әлеуметтік теңсіздіктің түрлі көріністерін қатаң түрде айыптап,сөккені жайында да мысалдар келтіруге болады.Діни сенімнің түрлі әлеуметтік жағдайлармен қатынастарды ақтап алатыны,нақты бишаралықтың да,оған қарсы наразылықтың да көрінісі ретінде қызмет ету мүмкіндігі айқын (Маркстің сөзімен айтқанда).Бұл діннің әлеуметтік негізі бар екендігін және оның қызметтерінің әлеуметтік айқындалғанын тағы да дәлелдейді.

Діннің саясатқа қатынасы түрлі аспектілерде зерттелген.Мемлекеттің пайда болуы мәселесі ерте кезеңдерде діни тұрғыдан қарастырылды.Алайда деректі тарихқа жүгінер болсақ,ол жерде дін мен саясат архаикалық мәдениет заманынан бері екі дербес сала ретінде көрінеді.Онымен қоса,саяси билікті заңдастыру қажеттілігі туындайды,бұл қызмет белгілі бір қатынастарда саяси элитамен бәсекелестікке түсе алатын ерекше топтың,діни кәсіпқойлармен дінбасыларының қолына шоғырланды.Алайда мемлекеттік ұйымдасқан қоғамдардың көбінде саяси элитаға діни жағынан шынайы қауіп тудыру өте сирек болды.Сонда да дін басыларының саяси кеудемсоқтықтарының белгілі бір жағдайларда күшейе түсуі(былайша айтқанда, құтқарушы діндерде олардың нақтылы тарихи күштердің әрекет ететін саласынан тыс жататын бұл әлемдік емес мақсаттары құдай патшалығы деген ұстанымдарымен) әбден мүмкін. Осындай негізде өзін шіркеуге саяси жақындығы бар зайырлы биліктен жоғары қоятын теократиялық мұрат түріндегі баламаның қалыптасуы мүмкін.Әсіресе Исламда азап шегу мен қарама-қайшылықтарда рухани және зайырлы биліктің тең ұстанымдарының қалыптасуы жүреді,ол жерде о бастан діни шектеулер қасаң қағидашылық түрінде бекітілген. [5.].

Қазіргі қоғамда діни және саяси институттардың өзара қатынасы келесі екі аспектіде қарастырылады.Біріншісі –діннің сол қоғамның құндылықтарын негіздеумен қолдау қызметін орындауымен байланысты.Бұл құндылықтар заңға және билікке қатысты көзқарасқа әсер ете отырып,саяси әрекетке(қарсы шығу немесе қолдау)тартылған.Екіншісі –діннің саясатпен,қандай да бір әлеуметтік топтардың ықпалының күшеюіне байланысты мүдделерін білдіруші институт ретінде қатыстығын анықтау.Діни ұйымдар,институтционалды діни ұйымдарды қоса алғанда,белсенді идеологиялық әрекет арқылы саясатқа араласады, адамдардың ақыл-ойы үшін идеологиялық шайқастарға қатысады.Діни топтар қалай болғанда да түрлі нысандарда және түрлі дәрежеде қоғамның саяси өміріне қатысады.Бұл қатысу діни идеологиямен немесе оның қызмет етуінің объективті жағдайларымен анықталады.Қатысу саяси енжарлықтан, араласпаушылықтан халықтың белгілі бір бөлігінің биліктен жатсынғанын білдіретін бұл топтардың қатыстырылмауынан көрінуі мүмкін.Қазіргі тарихи кезеңнің ерекшелігі этикалық өлшемдермен санасатын саясатқа қажеттілік болып табылады.Моральдық міндеттемелерге тәуелді болмайтын саясат ядролық ғасырда өте қауіпті.Осыған байланысты діннің саясатқа саяси күштердің күресінде төреші рөлін орындаушы этникалық фактор ретінде әсер етуі ұлғая түседі.

Діннің экономикамен де ерекше байланыстары бар.Вебердің шаруашылықтың капиталистік жүйесінің пайда болуында протестантизмнің рөлі туралы зерттеуі дінмен экономика арасындағы әрекеттесуге көңіл бөлуді күшейте түсті.Бұл бағыттағы жұмысты Р.Белла жалғастырды.Ол жапон дінінің белгілі бір белгілері елдің жылдам экономикалық дамуында маңызды рөл атқарғанын көрсетуге ұмтылыс жасады.ол жапондық самурайлардың Діни — этикалық жүйесінде протестанттық этиканың баламасы бар екенін көрсетті. Олар Р.Белланың болжауынша,Жапонияда капитализмнің дамуына жол ашты. Вебер ұсынған бағытпен қатар экономика саласында сиқыршылық әрекеттердің рөлін де зерттеу жүргізіліп жатыр,этнологтар бұл әрекеттер қажетті түрде тиімді және қоршаған әлемге бейімделуді қамтамасыз ете алушы бола алатынын көрсетті.

Жалпы діннің басқа әлеуметтік институттармен қатынасы проблемасының бүкіл жиынтығы діннің әлеуметтік-мәдени өзгерістердегі рөлі деген басты мәселелермен байланысты.Бұл мәселе діннің рөлі қоғамда болып жатқан өзгерістердің қозғаушы күші –моторы болып табыла ма деген мәселе жөнінде.Қазіргі уақытта бұл проблеманың тәжірибелік жоспары «үшінші әлем» елдерін жаңарту процесінде пайда болатын өте өткір қарама-қайшылықтар мен қиыншылықтарға байланысты аса мол.Мысалы,христиандықтың бірте-бірте дамуының қазіргі фазасын көбінесе«сектанттық»деп атайды.Оны діни плюрализм және дінді жекешелендіру деп сипаттауда.Қазіргі дін әлеуметтануында діннің қоғамға әсер етуінің екі тұтас процесі және діннің әлеуметтік факторлардың әсерімен өзгеруі,қоғамның тарихи даму барысында өзгеруі ретінде дін эвалюциасының тұжырымдамасы жасалуда.Дін әлеуметтануы діннің дамушы құбылыс ретіндегі талдануына көңіл бөле отырып,ислам дінінің зайырлы мәдениетпен және дінсізденген қоғаммен әрекеттесуіне,қазіргі әлеуметтік-саяси процестерге,сонымен қоса Еуразия кеңістігіндегі коммунистіктен кейінгі қоғамдар жайында ислам ықпалының мүмкіндіктері мен сипаты сияқты қазіргі кезеңнің маңызды проблемаларын қозғауда.    

 

           

 

 

 

 

       

 

 

      II.Қазақстандағы діни процестердің

әлеуметтік өмірге әсері.

2.1.Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер.

Коммунистік идеология мен атеистік принциптердің жоғалуымен Қазақстан қоғамы рухани және діни вакумге айналды.Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында құндылықтарды қайта бағалау,этникалық сана мен діни идентификацияның көтерілуі көрініс бере бастады.Қысқа ғана мерзім ішінде діни идеология Қазақстан қоғамының өмір сүру салтының элементіне айналды.Бүгінде діннің қайта жаңғыру процесі жүруде:яғни,діни құрылыс салу ісі,ескі мешіттермен шіркеулерге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу ісі қарқынды атқарылуда. Сондықтан да діннің Қазақстан қоғамының рухани — діни негізін қалаудағы маңызды орыны мен оның әлеуметтік өмірге ықпалын анықтау мәселесі өзекті тақырыпқа айналуда.

Қазақстан әзірге терроризм айналып өтіп жатқан,тұрақты әрі бейбіт ел мәртебесіне ие.Алайда бұндай позитивті жағдай жайбарақаттық пен бейғамдықтың мәңгілік кепілі бола алмайды.Қазақстан әлемдегі ең қауіпті аймақтардың бірі Орталық Азия аумағының бір бөлігіне жатады.Қазіргі діни-саяси экстремистік ұйымдардың діни идиологияларын әлемге күштеп таратуға деген әрекеттері ойланарлық жайт.Бүгінде халықаралық діни-саяси экстремистік ұйымдар әлемдегі бірқатар елдердің ішкі тұрақтылығын бұзуға ұмтылуда,атап айтқанда,Қазақстанға жақын аймақтар Ресей,Тәжікстан,Қырғызстан,Өзбекстан,Шыңжаң өлкелерінде орын алған түрлі діни-экстремистік әрекеттер соған дәлел.Бұлай болғанда Қазақстандағы қауіпсіздікке тек терроризм ғана емес,оның салдары да қауіпті болмақ.Сондықтан да ұлттық қауіпсіздікті жан-жақты қамтамасыз ету үшін қоғамның өмір сүру сферасы мен бағытының барлық маңызды жақтарын кешенді түрде зерттеп,қажетті шараларды ойластыра беру керек.Соның ішінде дін сферасына ерекше көңіл бөлген жөн.Бүгінде Орталық Азиядағы кейбір аймақтар әлемдегі білім деңгейі ең төмен, қатаң саяси режим орнаған,тарихи өзара қақтығыстар соның ішінде діни қақтығыстар жиі бой көрсетіп тұратын зонаға айналғаны шындық.Әзірге Орта Азияда экономикалық өсу мен ішкі саяси ұлтаралық,дінаралық татулықты қатар алып келе жатқан бірден-бір мемлекеттің Қазақстан екені даусыз. [6.]. Сондықтан да аймақтың тұрақты дамуы мен соның ішінде бүкіл Орталық Азия аумағындағы тұрақты дамудың нақты кепілі болып, конфессияаралық қатынастардың үйлесімдік тапқан моделі болып танылатыны шындық.Сондай-ақ діншілдіктің пайда болуы –ол өте күрделі, өмірдің өте нәзік,шетін сферасы,сондықтан да ең бірінші бұл бағыттағы социологиялық зерттеу ұйымынан дінтану проблемаларын жете түсініп алу талап етіледі.

Әлемдік тарих дәлелдегендей кез-келген өркениет пен ұлттың қалыптасуы діни принцптерді сүйеніш еткені даусыз.Яғни,дін — мәдениеттің маңызды факторы болып табылады.Дінмен,діни принцптермен санаспаған қоғамның қуатты,тұрақты болуы неғайбыл.Зайырлы қоғам принцптерін қолдай,қабылдай отырып,дінді билік институттарынан бөлектеп алғанмен,кез-келген діни сенімнің ұлттық идиалогияны қалыптастыруға оң әсер ететінін жоққа шығармаған жөн.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы діннің орыны қоғамдық сана формаларының ешқайсысынан да басымдық танытып жатқан жоқ.Ежелден бері ел территориясында көптеген діндердің қолданыста болғаны тарихи шындық.Алайда олардың ешбірі де мемлекеттің саяси жақтары мен әлеуметтік- экономикалық дамуына тікелей әсер ете алған емес.Қазақстанда Кеңестік кезеңдегі атеистік қоғамның мемлекеттік саясаты нәтижесінде діни еркіндік принціптерін түпкілікті ұмыту,естен шығару орын алды.Мемлекеттегі мұсылман және христиан діни басқармаларының ресми құрылымдары,Елдегі әкімшілік- бюрократиялық жүйенің бір тармағы ретінде мемлекеттің қатаң бақылауында болды.Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Қазақстан территориясында негізінен екі діни ағым басым қызмет атқарды.Олар негізгі екі этникалық топтың(қазақ және орыс ұлттары) дәстүрлі ұстанымдарындағы Ислам діні мен Христиандық еді.Дегенмен басқа да діни топтар,атап айтқанда баптистер мен адвентистер,католиктер,ішінара иудаизм діні т.б. да әрекет етті.Бір айта кетерлігі Қазақстандағы ислам дінін ұстанатындардың саны басқа конфессиялардың өкілдерінен басым болғанымен де,бұл жерде,мұсылман діншілдерін біріктіретін ұйымдық құрылым болмаған.Қазақстанның тәуелсіздік алуымен Республикадағы діни бірлестіктердің өзіндік даму импульсі қарқынды серпін алды.Қазақстанның 1993ж.-1995 жылдарында қабылданған Ата Заңында өзін зайырлы мемлекет деп жариялағанына қарамастан діни –сенім бостандығы кез-келген Республика азаматының ажырамас құқығы болып мойындалады. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылы көптеген мемлекеттердің қоғамдық-саяси өміріне исламдық факторлардың айтарлықтай ықпалы бар екенін көрсетті. Саясаттағы діннің рөлінің өсуі –мұқият зерттеуді талап ететін көпқырлы,күрделі процесс.Соңғы жылдары ислам дінін әмбебап идеология ретінде ұстанатын діни қозғалыстардың өсіп келе жатқаны байқалады.Мысалы,1990 жылдардың ортасында Қазақстанда көптеген мұсылман және христиан діни бірлестіктері пайда бола бастады.Салыстырмалы түрде айтқанда,1996 жылы мұсылман діни ұйымдарының саны –679,ал православтар –202-ге жетіп,Республикадағы барлық діни бірлестіктердің жалпы үлес салмағының –58 % құраған.1990 жылдары ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы құрылды.Алғашқы бас мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлының орынына бұл күнде зайырлы адам тағайындалған.Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы Ұйымдық құрылым болып саналады.Осы басқарманың басшылығымен елдегі ислам діни қауымдастықтарының бірігу процестері мен мұсылман діни –ағымдарының мекемелері әрекет етеді.Тек 2006 жылы ғана Діни Басқарма Қазақстанның барлық аумағында орналасқан 1700 мешітті бір жүйелік интегралға салды.Мүфтиат сондай-ақ ағартушылық ісімен де айналысады.Мүфтиаттың таратқан ақпараттарына сай бұл күнде Республикада 5000 нан астам мешіт бар көрінеді.Сондай-ақ ел аумағында орта және жоғарғы діни оқу орындары білім береді екен.Ең танымалдары санатына Алматы қаласындағы Ислам институты,Нұр-Мүбәрәк Университеті, Меркедегі ұлдар медіресесі мен Лугавай елді мекеніндегі қыздар діни мектебін атауға болады.Сондай-ақ Шығыс аймақтарда орналасқан мұсылман елдері – атап айтқанда,Түркия,Мысыр,Тунис мемлекеттеріндегі ислам институттарына студенттерді оқуға жіберіп отырады.Бұған қоса Қазақстанның өз ішінде түрлі діни –мәдени қоғамдастықтардың да әрекет ететінін айтқан жөн.Олардың ішіндегі ең танымалдары қатарына«Мұсылман әйелдері Лигасы»,«Фатима Ассоциациасы», «Рифах» діни қозғалысы жатады. Олардың негізгі іс — әрекеттері Халықтың этникалық және өзіндік болмыстарын мұсылман мәдениетімен сабақтастыруға бағытталған.Қазіргі кездегі Қазақстан территориясындағы түрлі діни бірлестіктердің динамикалық процестеріне назар аударып көрейік:

 

Көріп отырғанымыздай Қазақстандықтардың көпшілігі Ислам, Православия, Католик діні (баптистер мен евангелистер),Будда сияқты конфессиялардың әрекет ететіндіктерінен хабардар.Негізінен қазіргі кезеңді діни ренесансты –жаңару кезеңі десе де болатындай.Себебі ежелден келе жатқан дәстүрлі діни конфессиялармен бірге (Ислам,православия,католик діні,буддизм т.б.)жаңа діни ағымдардың да көптеп пайда болып жатқаны өмір шындығы.Қазақстандағы қайта құру кезеңдерінде бұрын елге белгісіз болған,бірақ шет ел қоғамдарында ұзақ даму тарихы бар түрлі діни ұйымдар көптеп бой көтере бастады.Олардың қатарына протестант шіркеуіне жататын «Агапе»,«Жаңа Өмір»қауымы, ислами – экстремистік ұйымдар қатарындағы «Хизб-уд-тахрир», «Әл-Қаида», «Ахмадия» сияқты көптеген діни қауымдастықтар жатады.Мынаған назар аудару керек: Атқару органдарының діни бірлестіктерге деген қатынасы,тек заңды тұлға ретінде ғана емес,жалпы адамзаттық құндылықтармен этникалық шарттарды алып таратушылар есебінде болады.Ресми органдар мен діни бірлестіктердің бұрынғы жағымсыз қарым — қатынастары дін түсінігінің беделін түсірген еді.Енді жаңа қоғамдағы жаңа көзқарас,ол түсінікті тез жойып,теріс түсініктерді жеңіп шығуда.Бұрынғы әрекет еткен діни ағымдардың ішіндегі өзгерістермен,бұрын елімізге белгісіз болған жаңа діни ағымдардың,олардың бізге жат формаларының пайда болуы мен белсенділіктеріне қатысты бірқатар сақтық шаралары да ортақ болып келеді.Сондай-ақ дін беделін қалыптастыру үшін түрлі саясиланған формалардың жиілеп кетуі де назар аударарлық жайт.Қазақстан қоғамына белгілі ғалым,философ Ғарифолла Есім мырзаның айтуынша«..Дін мен саясат екі бөлек феномендер.Дін адамның ұятында,арында, яғни,оның иманында. Ұяты,ары бар адам жаратушысын танып,иман келтірмек.Ал саясат болса ол адамдардың қауымдасып,ұлт,халық болып,мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Саясатта үнемі ар,ұят,иман мәселелері сақтала бермейді.Өтіріктің өріс лалтын жері де осы саясат.Дінде өтірік айту,жалған сөйлеу күнә.Ал саясатта өтірік айту мақсатқа жетудің бір тәсілі болып кетуі де ғажап емес.Сондықтан да асылы дін мен саясат бөлек болғаны дұрыс.Дін саясатқа жанасып кетсе –ақ өз қадірін жоғалта бастайды.Алайда әлем халықтары тарихында және бүгінгі күнде де теократиялық мемлекеттер бар.Сондықтан да дін мен саясаттың байланысы бүгінгі заманның күрделі мәселелерінің бірі болып отыр…»дейді.(Егеменді Қазақстан. 21-қазан, 2006жыл.№256,257)Сондықтан да қазіргі Қазақстанның өркендеуі мен тұрақтылығы үшін дін,конфессиялық ағымдар мәселесі өзекті проблемалардың біріне айналуда.Қазіргі таңда Қазақстанда 202-дей шіркеу –приходтар әрекет етуде.Олардың басым көпшілігі негізінен Ақмола,Алматы,Қарағанды,Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан екен.Енді Қазақстандағы негізгі дәстүрлі діндер жайлы мағлұматтарға назар аударсақ:

Қазақстандағы Ислам діні.

     Біздің еліміздегі негізгі исламдық дін – Ханафи  мазхабындағы суниттік ағым болып есептеледі.Ол яғни бөгде ойларға шыдамдылықпен қарауға, дәстүрлі салт-ғұрыптарды қадірлеуге,еркін ойлы тұлғаның дамуына үндейтін діни сенім болып есептеледі.Бұл ағымды еліміздегі қазқтар,ұйғырлар,өзбектер және Республикадағы басқа да ұлттар діни сенімдері негізінде ұстанады.Ал еліміздегі шешен ұлттарының ұстанатыны шафииіттік мазхабының сунниттік бағыты.Дегенмен Елімізде шафиттік мазхабындағы суннизм діни бірлестіктері тіркелмеген.Ислам дініне сенетін мұсылман әлемімен байланыстың күшеюі,кейінгі кездері Қазақстанда ханбалис мазхабындағы суннизм ағымының пайда болуына алып келді.Олар діндегі еркін ойлы пікір айтуды жоққа шығарумен шариғат ережелеріндегі құқықтық және ғұрыптық нормаларға фанаттық қатігездікпен қараумен т.б.қоғамымызға жат идеялармен ерекшеленеді.Бұл мазхаб ислам фундаментализмі идеясын Республика аумағына таратуға қызмет ететді.Бұл қоғам үшін өте қауіпті.Жалпы ислам фундаментализмін екі негізгі ағымға бөліп қарауға болады.Бірінші жақтан бұл ағым алғашқы шариғат ережелеріне сүйенген,ескі қоғамның бұрмаланбаған ережелерін насихаттайтын,сондай-ақ заманауи және салт-дәстүрлік нормаларды да жақтайды. Бұл ағым өзіндік ислам мұрагерлігін жалғастырумен мақтануға негізделеді.Бұған исламды күштеп тарату әдісі мен террористік іс-әрекеттер жат саналады.Бұл діни ағым бірқұдайлық қағидасын қатты ұстанатын әулиелер мен қасиетті жерлерге тәу етуге ұрпаққа тиым салады.Бұл ислами фундаменталистік бағыт уахаббизм деген атауға ие және Сауд Арабиясының ресми ұстанатын діні есептеледі. [7.] Келесі ағым бұл бұл алғашқы мұсылман қауымына тән принцптеріне сүйене отырып,қоғамдағы саяси қатнастарды қайта құруға ұмтылатын топтардың іс-әрекеті,таза исламды саяи идиологияға айналдыру.Нақ осы фундаменталистік бағытты ислам экстремизмі деп атауға болады.Бұл ағымға елімізде тиым салынған.Кейінгі кездері Пәкістандық діндарлардың ықпалымен Қазақстанда «Ахмадия»қауымдастығы пайда болды.Бұл қауымдастықты ең алғаш Мірзай Гүләм Ахмад Кадиани(1838-1908ж.ж.) 1891-жылы Үндістанда іргесін қалаған.1891 жылы ізбасарлары оны пайғамбар есебінде таныды.Бұл діни ағымның ілімі негізінен урду тілінде сексен кітапқа жазылып шықты.Қазіргі кезде Ахмад еңбектері ағылшын тіліне аударылған.Ахмадия алғашқы пайда болған кезінде исламды христиан мен индуизмге қосақтамаққа ұмтылған болса керек.Қажылық парызды өтеуде Меккемен қатар Ахмед өмір сүрген Ненджабтағы Кадиан қаласын және де Ииусус Христос жерленген Кашмирдегі Срингар қаласын негізгі обьектісіне жатқызады.Ахмед Кадианидің айтынша Христиандардың құтқарушыларын крестке таңып өлтіргендері де,мұсылмандардың оны Алла тағала тірідей аспанға алып кетті дегендері де өтірік.Олар Христос  Срингарда өмір сүріп сонда жерленген деген пікір айтады. Қазірде«Ахмадия»ұйымынның орталығы Лондонда ресми тіркелген. Көптеген мұсылман елдерінде«Ахмадия»ағымы мұсылман конфессиясына жатқызылмайды

 

Қазақстандағы шийіттік бағыт негізінен әзербайжан ұлты өкілдері арасында кең тараған.Шиизм ұйым ретінде тіркелмеген,өздерінің діни рәсімдеріне сунниттерді де араластыра береді.Кейінгі жылдары республикамызда шииіттік діни әдебиеттердің үлесі артып келеді.Ол көбіне еліміздегі Иран елшілігімен студенттер арқылы тарауда.Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан өңірі мен басқа да облыстарда сопылық бағыт кең тарап насихатталуда.Бұл ағым Қожа Ахмет Яссауи Хазірет Сұлтан(1103-1166ж.ж.) есімімен тығыз байланысты.Елімізде яссауи жерленген Түркістан қаласын кіші Мекке деп те атайды.Қожа Ахмет бабаның негізгі жазған еңбегі көне түркі тіліндегі«Хикмет»кітабы.

Республикамызда 1990 жылы Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы құрылуымен Қазақстандағы ислам дінін жаңғырту,мұсылман халықтарын мешіт –медреселерге көптеп тарту ісі қолға алына бастады.Сондай-ақ жаңа мешіт,медіресе орталықтарын көптеп салу,ислам дінінде білім беретін жаңа мектептер ашу ісі қарқынды жүргізілуде.Алматыда Ислам мәдени орталығы мен Орталық мешіт салынды.Елордада бүгінде Нұр –Астана мешіті халыққа қызмет етуде.Ислам дінін жаңғырту,дамыту бағдарламасы қазірде де жалғасуды.Діни басқарманың мәліметінше қазірде Қазақстанда 11 миллиондай халық мұсылман санатында екен. Яғни,24 ұлттың өкілінен құралған мұсылмандардың үлес салмағы  бүгінде70%дан асты.Бүкіл Қазақстан бойынша төрт мыңдай мешіт бар.Дегенмен ресми тіркелмегендерінің де саны баршылық.Салыстыру үшін 1991 жылдың 1-қаңтарындағы мәліметіне сай елімізде барлығы 134 мешіт болған екен.Көптеген мешіттерде еріктілерді алғашқы діни білім алуға,араб тілін үйретуге дайындайтын оқыту курстары тұрақты түрде жұмыс жасайды.Оқыту курсына 10-12 жас және одан жоғары жастағы ұл балалармен қатар қыздарды да алады.Оқытудың мақсаты ислам діні негіздерімен таныстыру,шариғат заңдарын үйрету,құран оқыту,оның пәнін түсініп салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу.Діни Басқарма Діни оқуға түскісі келетін талапкерлерді Шығыс елдеріндегі мұсылман институттарына оқуға да жіберіп тұрады.Соның ішінде Түркия,Египет,Сауд Арабиясы елдеріне көптеген шәкірттер оқытылуда.Қазақстандағы Ислам дінінің өзіндік баспа ісін әзірге нақты жолға қойыла қойған жоқ.Діни кітаптар негізінен Түркия ме,н Пәкістаннан қазақ тілінде,Ресейден орыс тілінде әкелінеді.Сондай-ақ ислам уағыздарын насихаттайтын түрлі баспа газет-журналдардың да қатары көбеюде.

Қазақстан территориясында қазірде Сауд Арабиясы,Араб Әмірлігі,Иордания мен Түркия сияқты ислам мемлекеттерінен келген діни миссионерлер белсенді жұмыс жасауда.Діни –миссионерлік ұйымдар көбіне түрлі мәдени орталықтар мен коммерциалық фирмалар атын бүркемеленіп,билік органдары мен Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасына ескертпестен қызмет атқарады.Еліміздегі көптеген миссионерлік ұйымдар фундаменталистік бағыттағы халықаралық ислам бірлестіктерімен тығыз байланыс орнатқан.Халықаралық ислам орталықтары партияларға,қоғамдық қозғалыстарға кең қаржылай қолдау көрсетіп отырады.(Ал бұндай әрекеттер Республикамыздың заңына қайшы әрекеттер болып есептеледі.) Алайда,халықаралық ислам орталықтарының миссионерлерге қаржылай көмек беріп,медіресе,діни әдебиеттер, арнайы оқыту курстарын ашуға кең қолдау көрсетіп отарғандары,Республикамызда ислам фундаментализмінің насихатталып-таралуына жол ашатын орталықтардың пайда болатынын жоққа шығармайды.Осы негізде 2005 жылдың ақпаныныда еліміз аумағында көптеген діни-экстремистік бағыттағы ұйымдардың әрекет етуіне заңды түрде тиым салынды.Қазірде біздегі билык органдары,Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Республика аумағындағы діни бірлестіктердің іс-әрекеттерін жіті қадағалауда.Әзірге елімізде елең етерліктей діни жанжалдар,діни қақтығыстар орын ала қойған жоқ.

                Қазақстандағы Христиан діні.  

Христиан діні 3-4-ғасырларда-ақ Орта Азия территориясына несториан діні үлгісінде ене бастаған.Белгілі ғалым Байпақовтың айтуынша«…археологиялық және эпиграфиялық қазба жәдігерлер көрсеткендей Оңтүстік Қазақстан,Жетісу өңірлерінде христиан дініне тән болып есептелетін табылған заттар 6-7 ғасырлармен 13-14 ғасырлар аралығын қамтитын көрінеді».Қазірде Қазақстанда Христиан дінінің негізгі үш бағытын да, яғни, Католиктік, проваславиялық, протестанттық бағыттарын ұстанатындар бар.Бұған қоса кейінгі жылдары Алматыда АрмяньГригориндік шіркеуі де ресми түрде діни ұйым болып тіркелген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

Қазақстандағы Проваславия.

Қазақстанда Проваславия дінін ұстанатындар саны Ислам дінінен кейінгі екінші орында тұр.Алматы епархиалды басқармасының бастамасымен 1991 жылдан бастап шіркеу қызметкерлерін дайындайтын діни мектеп ашылған.Сондай-ақ Қазақстанға керекті шіркеу қызметкерлерін дайындау ісіне ТМД аумағындағы басқа да елдерден,соның ішінде Ресейден арнайы діни қызметкерлер жіберіліп отырады.Діни мектептерден жас буынмен бірге үлкендер де дәріс ала алады.Атап айтқанда Алматыдағы Әулие-Никольск шіркеуінде діни пірадарларды дайындап,оқыту ісі жақсы жолға қойылған.Орыс Проваславия шіркеуі құзіретімен Қазақстан территориясында мінәжат ету үйлерімен шіркеу құрылыстары,ескі діни ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Мысалы Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында екі әйелдер монастрі,Өскеменде бір ерлер монастрі ашылған.Сондай-ақ«Қазақстандағы Проваславия нұры», «Ихтис», «Въеди», «Сізге сыйлар махаббат» сынды діни газет-журналдар шығарылады.

 Кейінгі жылдары Қазақстан территориясында «Шет елдегі Орыс            Проваславия шіркеуі»(Карловацкий раскол)өз ықпалын жүргізуге әрекет етуде.Ол негізінен 1921жылы Кеңес Одағына қарсы орыс шіркеуі эмигранттарының бастамасымен құрылған.Алматы мен Семей қалаларында осы шіркеуді жақтаушылардың тобы бой көтере бастады.Бұл діни ұйым 1995 жылы елімізге ресми түрде тіркелуге әрекет еткен.Алайда бұл діни бірлестіктің шетелден қаржылай алатын,саяси бағыты болғандықтан оны тіркеуден өткізбеді.

Беглоповтықтар –он жетінші ғасырларда құрылған ескі-дәстүршіл ағымдардың бірі.Олардың негізгі діни ұстанымдары ескі проваслав шіркеуінің әдеп-ғұрыптарын жаңғыртуға бағытталады.Сектаның қазіргі орталығы Ресей Федерациясында болып табылады.Қазақстанда бұл сектаның шағын топтарын Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысынан кездестіруге болады.

  Ильиндіктер— секта санатындағы көсемдері Н.С.Ильинннің есімімен аталатын бұл діни ағым он тоғызыншы ғасырдың 40-шы жылдарында Оралда құрылған екен.Бұл діни ағымның өзіндік ерекшелігі иудайзммен христиандықтың діни ғұрыптарын ортақ пайдаланады.Яғни,Бір Құдай-ол,Егова,ал Иисус Христос- адамдар арасынан әулиелікке жеткен құдайдың баласы деп уағыз таратады.Бұл бойынша Ильиндік діни әдеп-ғұрыптарды мүлтіксіз орындаған әрбір адам-ол да құдайдың баласы бола алады.Басқа сенімдегі адамдардың барлығы да шайтан,ібіліс санатында.Көптеген дінтанушылардың пікірінше Ильиндіктер өз кезегінде АҚШ-ғы «Иеһова куәгерлері»демонимациясының пайда болуына ықпал еткен көрінеді.Жалпы алғанда Қазақстандағы Христиан дінінің негізгі тармақтары осылар.Негізінен бұл діни-ғұрыпты еліміздің Солтүстік, Солтүстік-Шығыс,Орталық аймақтарындағы халықтардың көпшілігі ұстанады.                 

               Қазақстандағы Католик діні.

    Қазақстандағы Римдік –Католиктік шіркеуі мінәжатшылары қатары кейінгі жылдардағы Республикадағы католиктердің негізін құрайтын неміс ұлтының эмиграциялануы нәтижесінде едәуір азайып қалды.Неміс ұлты Қазақстандағы католиктердің 70%-ын құрағын екен.Қазақстанда католиктердің пайда болуы,Кеңестер кезіндегі халықтарды күштеп қоныс аударту саясатының нәтижесі екені шындық.Елімізге сол кездерде қоныс аударған католиктердің неміс ұлтымен бірге поляктар,литвалықтар,украиндар және беларус ұлтының өкілдері құрайды. Қазірде Республикада пірәдәрлары –поляк,литва,латыш,кәріс ұлтынан құралған 90-ға жуық католиктік бірлестіктер жұмыс жасауда.Мінажат айту дұғалары поляк, орыс,ағылшын,украин тілдерінде оқылады.Католик шіркеулері аясында шоқынуға, католиктік діни уағыздарға үйретіп,оқытатын арнайы курстар бар.онда балалар, жастармен қатар егде жастағылар да діни сауат аша алады.Католик храмына құлшылық етуді униат қауымы(греко –католик шіркеуі)да парыз санайды.Униат шіркеуінің әлеуметтік базасы болып,батыс Украинадан келген кірмелер мен оның ұрпақтары саналады.Униат қауымының нақты саны белгісіз.Мінәжат ету жиналыстары негізінен осы дінді ұстанатындардың үйлері мен пәтерлерінде болады. Біздің елімізде Қарағанды қаласында униат қауымдастығы бар. Римдік-католиктік шіркеу — өз кезегінде қайырымдылық шараларын да жасап жатады.Олар жалғыз бастыларға,мүгедек қарт адамдарға көмек береді.Осылай олар қазірде өз қатарларын толтыруда.Алматыда «Кредо»атты ай сайын басылып шығатын діни газеттері бар.

              Қазақстандағы Протестантизм.

Қазақстандағы Протестантизм әйгілі Столыпин реформасы негізінде қоныс аударушылардың негізінде қең етек жая бастаған.Бұл процеске дейін олардың саны өте аз еді.Сондай-ақ протестанттардың Республикадағы негізгі бөлігінің шоғырлануына Сталиндік репрессия мен неміс-поляк ұлттарының депортациялануы үлкен үлес қосты.Протестантизм конфессиясы түрлі ағымдардан тұрады.Солардың негізгі діни ұйымдарына тоқтала кетсек:

Лютериантство Протестанти –Протестант шіркеуінің белсенді ағымдарының бірі. Германиядағы ірі реформаторлардың бірі –Мартин Лютердің есімінің құрметіне қойылған.Лютериан наным-сенімдерінің негізгі әдебиеті ретінде Библиямен бірге,М.Лютердің «Катехизис» атты еңбегі де бірге оқытылады. Лютерианство, шіркеудегі –иерархия мен құпия сиынуды жоққа шығарады.Бұл ағым өзіне мінәжат еткен күнаһарлардың күнәсін кешіру мен сенімсіздік білдіргендердің күнәсі өзінде қалады деп шіркеу билігінің ерекше түріне үйретеді.Күнәдан арылудың бірден-бір жолы,ол –ағынан жарыла мойындау дейді.Бұл жерде Лютерианство адам өмірінің алдын-ала шектеліп қоятынын қабылдамайды және мемлекеттің шіркеуге қатысты ерекше әрекет етуін мойындайды.

Баптизм –Протестантизмнің ішіндегі он сегізінші ғасырда пайда болған діни ағымдардың бірі.Бұл жерде де басқа протестант ағымдары сияқты негізгі бастауды Библиядан іздейді. [8.].Баптизм ілімі бойынша шоқыну тек 16 жасқа толған соң ғана жүргізіледі.Шоқыну рәсімі толық су айналымдарында немесе мінәжат үйлеріндегі арнайы қолдан жасалған бассейіндерде жүзеге асырылады.Баптизм адам өмірінің адамның өмірінің азапқа түсуі немесе азат болуы алдын-ала анықталады дейтін Кальвинизм идеясына жүгінеді.Яғни,Құдайдың адамзатты құтқаратын жалғыз құдірет екенін еске салады.Баптистердің пікірінше Библияның ақиқаттығын тек солардан ғана іздеу керек.Олар да менониттердей Рождество,Троица,Пасха сияқты мерекелерді атап өтеді.

Апостол рухындағы Евангельдік христиандар – Елуліктер ағыммындағы діни ұстанымдардың бірі.Олар, шіркеу –адамдар мен құдай арасындағы көпір дегенді жоққа шығарады.Бірақ,қоғамдағы тәртіппен ұйымшылдықтың қажеттілігін мойындайды.Евангелист христиандар үш құдайлық қағиданы дұрыс емес санайды.Сондықтан да оларды «Даралықты дәріптеушілер»деп те атайды.Олар шоқыну барысында«Во имя Отца,сына и светого духа»дегеннің орынына «Во имя Иисуса Христоса»деп оқиды.Еліміздегі бұлардың ең ірі діни қауымдастықтары Қарағанды қаласы мен Алматыда жұмыс істеуде.Сондай-ақ Республиканың басқа аймақтарынан да шағын діни топтарын кездестіруге болады.

Құдайлар шіркеуі –Жиырмасыншы ғасырларды Германияда пайда болған елулік діни ағымдардың бірі.Бұл діни ағым бойынша мұқият тазару мен шоқынудан өткен әрбір христиан«таза жүрек» деңгейіне жетеді.Осылай ол ендігі жер бетіндегі қалған өмірінде күнәсіз болып өтеді дейді.Шіркеу пірәдарларының айтуынша христиандар барлық күнәлардан құтқарылған,олар құдайдың таңдаулы адамдары санатында.Бұл діни ілімге сенетіндердің елеулі бөлігін Алматы мен Қарағанды қалаларынан сондай-ақ Петропавл облыстарынан кездестіруге болады.

Қазақстандағы Буддизм.

Буддизм ең көне әлемдік дін.Негізін салушы Сиддхартха Гаутама (Б.э.д.560-480ж.ж.)Будданың мінәжатшыларының айтуынша адамзат баласын жер бетіндегі адасушылықтан құтқару үшін,ақиқат шындықты жеткізу үшін бұл өмірге Сиддхартканы жіберген.Гаутама өзі 29 жасқа толғанды отбасын тастап ақиқатты іздеудің«ұлы жолын» бастады.Бұл өмірдегі пендеуи тіршіліктен бас тартып,терең ойлылыққа салынған ол б.э.д.525 жылдары алғашқы уағыздарын Үнді жеріне тарата бастаған.Буддистер адамзатты құтқаратын Үш қорғанға сенеді.Біріншісі – ол Будданың өзі,екіншісі- Дхарма(ғылым),үшіншісі Сангха(монахтардың ордені).Әр Будданың мақсаты–күйзеліс,өлім қорқынышы мен қажеттіліктерден арылып, нирванаға жету.Буддизмде негізінен екі бағыт бар:Хинаяна –құтқарылудың тар жолы, махаяна –құтқарылудың кең жолы.Хинаянада құтқарылу тек сангхе арқылы яғни монахтық –аскеттік қалыппен жүреді.Ал махаянада құтқарылумен мирян қосылып әрекет етуге мүмкіндік береді.Алғашқы Буддизмде Құдай туралы түсінік айтылмаған.Яғни будда ешқашан Құдайдың хақтығы жайлы айтпаған екен.Ал ары қарай Будданың өзі Құдай –пірге айналып кетті.Кейін нирванаға жеткен басқа да монахтарға сиыну,олар жер бетінде басқа да күнаһар пенделерді құтқару үшін қалған деп түсіну өріс ала бастады.

Орта Азия мен Қазақстан территориясына Буддизм ілімі б.э. бірінші ғасырында тарала бастаған сияқты.Белгілі ғалым А.Табышалиевтің айтуынша ерте орта ғасырларда буддизм дінін Соғда, Маргианда,Ферғана мен Жетісу өңірлерінде мекен еткен халықтың ұстанғандары жайлы айтады.[9.].Ерте Дешті Қыпшақ территориясындағы басшылар да осы буддизмді ұстанған немесе олардың діни бірлестіктерінің кеңесіне жүгініп отырған екен.Археологиялық зерттеулердің соңғы жылдардағы нәтижелері көрсеткендей Оңтүстік Қазақстан облысы территориясынан ежелгі будда храмдарының қалдықтары табылған.Тіпті тарихи болжамдар бойынша будда монастрлерінің мұсылмане медіреселері мен сопылық ағымның пайда болуына ықпал еткені жайлы да пікірлер айтылуда.бірақ бұл сипатты болжамдардың әлі де нақты ғылыми зерттеулер мен тыңғылықты болжамдарды қажет ететінін айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта Қазақстанда Буддизм екі қауымдық бірлестікпен көрініс табады және де олар тек қағаз жүзінде ғана бекітілген.Ал олардың нақты іс-әрекеттері туралы мардымды ештеңе айтылмайды.Мысалы,1995 жылы Алматыға үнді монахы келіп,Көктөбеде будда ғибадатханасын салу жөнінде ұсыныс айтқан.Бірақ бұл іс жалғасын таппады.Сондай-ақ Алматы қаласындағы тағы бір тұрғын будданы қабылдап,солардың қауымына кірген соң, осы діни бірлестіктің қаржысымен Үндістанға үш айға оқуға жіберілген екен.Ал одан бергіде бұл діни бірлестіктер жайлы нақты ақпараттар жоқтың қасы.                  

 

Қазақстандағы Иудаизм.

 Иудаизм ежелгі монотеистік дін санатындағы еврей халқының ұлттық діні есептеледі.Ол б.э.д.11-15 ғасырларда пайда болған. Иудаизмнің қасиетті жазбасы болып «Танах»кітабы табылады.Яғни ол – «Гора», «Невшим»,«Кетувим» немесе «Пятикнижие»,«Пайғамбарлар»,«Жазба» болып аударылады екен.Танахтың ең маңызды бөлімін –Тора  иемденген.Оны Синагогқа сиынушылардың барлығы да оқуға міндетті.Еврей халқының түсіндіруінше Құдай жер бетін аралып,тораны барлық ұлттарға ұсынған екен.Бірақ олардың ешқайсысы да оны қабылдамаған,тек соңында еврей ұлты ғана Тораға басы бүтін мойынсұнған екен-мыс.Ежелгі еврейлердің түсінігінше Тора 70 тілде кітап болып түскен.Кейін тек еврей тілінде ғана сақталған-мыс.Сондай-ақ  жазбаша Торамен қатар Мишна мен Гемараның қосындысы саналатын Талмуд та бар.Осы Тора мен Талмудтың негізгі мәні – Заң болып саналады.Бұлар Иеһудейлер өмірінің қарапайым іс-әрекеттерін де реттеп отырады.Иудайзм заңының негізгі ерекшелігі бағыну заңының сыртқы белгілеріне аса мән беріледі:сенбіні сақтау,дұрыс тамақтану,ораза тұту мен пост мейрамдарын ұмытпау.Бір айта кетерлігі иудайзм ежелгі діндердің арасындағы апта ішіндегі сенбіні міндетті демалыс деп жариялағандардың алғашқысы болып саналады. Иеһудейлерді ақиреттен алып қалатын жалғыз жол –ол Тора мен Талмудтың барлық шарттарын мүлтіксіз орындау.Сондай-ақ Иудаизм еврей ұлтын құдайдың ең сүйікті халқы деп жариялайды,Құдайға деген құрмет белгісі ретінде еврей халқы дүниеге келген ұл баланы 7 күннен кейін сүндетке отырғызады.Әрбір шынайы иеһудей мінажат етіп,өзін әйел қылып,құл қылып,еврей емес қылып жібермегені үшін Құдайға мадақ айтуға тиіс.Бұл негізі еврейлердің әйел,құл немесе еврей еместерді адам санамағандықтарынан емес,құдайдың міндет қылған құлшылықтарына рахмет айту.Яғни,ең аз міндетті құлшылық еврей еместерде,құлдарда сосын әйелдерде екен.Құдайдың ең сүйікті ұлты болу әлемге билік ету үшін емес,еврейлердің өз өмірлерінде құдайды еске алу амалдары мен Иудей заңдылықтарын орындау арқылы әлемді қияметтен сақтап қалу деп түсіндіреді.Иудей догматикасына сәйкес әрбір адам дүние есігін ашқан сәтттен бастап,күнә мен жамандықтан азат,пәк күйінде келеді.Сондықтан иудей дініндегі жазылған нормаларды сақтау оларды көр азабынан құтқарады.Құдай атынан мадақ алады деген түсінікке тәрбиелейді.Жалпы Израйль мемлекетінің құрылып еһудейлердің бір жерге жиналуын,ақыр заман болғанда Мессидің келетіндігімен,сөйтіп оның иудей дініндегілерді құтқарып қалады деген мистикалық түсінікпен байланыстырады.Қазір иудаизм Ортодоксальді, реформистік және консерваторлық болып үш негізгі ағымға бөлінеді. Ортодоксальді ағымның өзі ортодоксальді және хасидтік қозғалыс ХаБаД болып бөлінеді. Ортодоксальдар сенбіні қадірлеп,Талмудта жазылған заңдылықтарға,ережелерге бағынады.талмуд пен Торадағы рұқсат етілген тағамдарды ғана пайдалануға кеңес береді.Ортодоксаль еместер заманауи мәдениет пен синонизмді мойындамайды.ХаБадтаға хасидтер болса заманауи мәдениет пен синонизмді мойындап,Торада жазылған барлық парыздарды орындауға шақырады.

Реформистік иудаизм –Талмудтағы ережелермен ғұрыптарға аз мән беретін сенімнің либералды формасы саналады.Олар сенбідегі мінәжат ету күнін жексенбіге ауыстырды.Ең бастысы –діни ғұрыптарды мүлтіксіз орындау емес,олар үшін ең маңыздысы қоғамдық белсенділік таныту.Алайда олардың да иудалық- реформалық діни жүйелерінің барлығы да бір құдайлық негізге жүгінеді.Үшінші бағыт бұл,қазіргі заманауи иудаизм –либералды және ортодоксальді ағымдардың арасындағы орын алған,консервативті бағыт.Иудей консерваторлар   Иеһудейлерге тән мейрамдар мен ұлттық салт-дәстүрлерді ұстанады.[10.]Сондай-ақ консерваторлар синагогтағы ер мен әйел арасындағы теңсіздікті алып тастауға рұқсат етті.Олар сондай –ақ өздерінің діни –ұлттық  заңдылықтарын заманауи мәдениетпен, пәлсапамен ұштастырып отыруға тырысады.Олар миньянға(еврейлердің 13 жастан бастап мінажат етуге жиналатын қауымы)тек еркектер ғана емес,ерлер мен әйелджер қатар қатысулары керек деп есептейді.Еврей   ұлтының Қазақстанға ірі қауыммен қоныс аударып,тұрақтанулары Сталиндік репрессияның нәтижесі мен иеһудей ұлтына деген қазақ халқының үлкен толеранттылық танытуларының жемісі.Атап айтқанда,КСРО-ның Еуропалық бөлігімен Украинадағы «Дәрігерлер ісі»деген атқа ие болған оқиғалардан кейін көптеген еврейлерді Қазақстанға мәжбүрлі түрде қоныс аудартты.Респубдикамызда қазірде иудаизмнің үш тармағы да әрекет етеді.Олар Израиль мен АҚШ-тағы діни орталықтармен тығыз байланыс орнатқан.Солардың ішінде әсіресе Алматы қаласындағы «Хаседтер»ұйымын айтуға болады.Бұларды негізінен Тораны оқумен қауымға қатысуға әйелдерге де теңдік жариялайтын  консерватистік – реформистік  идеяларды феминистік бағытпен ұштастыра отыратындарын айта кету керек.Иудаизм дінінің Республикамызда ненгізінен төрт ірі діни қауымы бар.Екеуі Алматы қаласында және де Қызылорда мен Шымкентте бір-бірден.Сондай-ақ Республиканың басқа облыстарында да еврейлердің діни дәстүрін насихаттап,уағыздайтын еһудей -мәдени  орталықтары жұмыс жасайды. Мысалы:Қарағанды қаласында бірнеше жылдан бері Шалқыма концерт залында Еврейлердің жаңа жылы «Рош-Гошан»мейрамын үздіксіз тойлап келеді. Сондай-ақ көптеген облыс орталықтарында(атап айтқанда Қостанай,Шымкент,Павлодар қаларында)Еврей шоқыну мектептері жұмыс жасауда.

               Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ағымдар.

 Ғылыми әдебиеттерде дәстүрлі емес діндерді – діни ағымдар,ғибадат деп атайды.Протестант діндары У.Брейденнің жазуынша«..діни ағым,ғибадат дегенде мен қандай да бір топты табалап,келемеждеп тұрған жоқпын.Менің түсінігімдегі культ,діни ағым –ол біздің мәдениетімізге бұқаралық сипатта енген белгілі бір діни топтардан діни ғұрыптары мен ұстанымдары жөнінде айтарлықтай ерекшеленетін діни қауымға тән сенім».Дәстүрлі емес діндер –бұл діни ұйымдардың белгілі бір бірізді сенімге үйрету жүйесі қалыптаспаған,діни ағымдардың ерекше түрі.Дегенмен иеррархиялық байланыс,харизматикалық жетекшісі бар,ресми құндылықтарға оппазициялық бағыттармен қарайтын ерекшеліктерден ада емес.Нақтырақ айтқанда ғылыми- оқу әдебиеттерінде дәстүрлі емес ағымдарды келесідей топтарға бөледі:

  • Неориенталистік ағымдар(кришнаны тану қоғамы,
  • трансцедентальді медитация)
  • Неохристиандық бірлестік(Шіркеулер бірлестігі,Құдай балалары)
  • Жаңа магия,спритизм
  • Сатанистік топтар.б.

  Сыртқы түрлердің әдеттен тыс болуы,Діни ағымдардың психологиялық жақтарының эмоцианалдылығы(медитация),тамақтанудың арнайылығы сияқты түрлі ерекшеліктермен дәстүрлі емес діни ағымдар жастарды өзіне қөптеп тартуда.Көріп отырғанымыздай ел территориясына халықаралық байланыстардың кеңеюі,дәстүрлі емес діни ағымдардың санын күрт арттырды.Түрлі сыртқы сенімдерге сүйенген мистикалық топтардың пайда болуы алдымен жастарды экзотикалық тәсілмен өзіне тарту ісі көрініс табуда.Алайда еш католиктер,еш православ,еш протестанттар Иегова куәгерлерін немесе Жетінші күн адвентистерін мойындаған емес.Бүгінде көптеген протестанттар алғашқы ғасырлардағы шіркеу тазалығын қайтаруға ынталы.Қ.Р. Әділет Министрлігіндегі діни мәселелер Кеңесінің мәліметтері бойынша 1997 жылдың 1- қаңтарында Қазақстанда 1642 діни бірлестік қызмет еткен.Олар 30 түрлі конфессияға жатады.Сондай-ақ Әділет Министрлігінде сегіз христиандық миссия тіркелген.Қазақстандағы көптеген діни бірлестіктер коммерциялық фирмалар түрінде әрекет етеді.Кейінгі жылдары жалғыз Алматы қаласының өзінде діни ұйымдар 12 есеге өскен.Шамамен 200-дей діни бірлестіктер мен топтар қызмет етуде.Олардың қатарына мысалы:Евангельдік христиан баптистері,Лютерианистік шіркеу,Иеһова куәгерлері,ескі дәстүршілер, Ахмадилер,Иудейлік дін,Жетінші күн Адвентистері,Пресвитерандар т.б. жатқызуға болады. Сондай-ақ осындай діни бірлестіктермен бірге әртүрлі рухани қоғамдық ұйымдар және діни жүйеге жақын топтардың әрекеттерін айтуға болады.Алайда олар шашыраңқылықтарымен шағынқылықтары есебінен көзге түсе бермейді. Қ.М.Д.Басқармасы мен Орыс –Проваслав шіркеуінің Алматы Семей Епархиалдық басқармасымен қатар:Римдік – Католик Апостолдық діни әкімшілігі,Қ.Р. Оңтүстік Шығыс аймақтық Евангелдік христиан баптистер Шіркеуі бірлестігі,Оңтүстік Униондық 7-күн Адвентистері конфессиясы әрекет етеді. Дегенмен дәстүрлі емес конфессиялардың көптүрлілігіне қарамастан оларға сенетіндердің саны басымдыққа ие емес.Мысалы:Алматы қаласында Иеһова куәгерлері қатарына жататындар – 4000-дай адам болса,Евангелді христиан баптистері – 3000 дай,Лютериандықтар- 600-дей,каоликтер-500-дей,Иеһудейлер200-дей,протестант жаңа білімділері –3000 –дай,Жекелеген Кришнайттар,Бахайлықтар,Ахмадилер,ескі дәстүршілер — өте көп емес.(50-ден-400-ге дейін) Жаңадан пайда болған діни бірлестіктердің арасында белсенді жайылып,таралып жатқан ағымдарға –Иеһова куәгерлері,Пресвитериандық шіркеу,Евенгельдік христиан- баптистері т.б. жатады. Сондай-ақ кейінгі кездері әсірісе Оңтүстік Қазақстан мен Алматыда бой көрсете бастаған Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасымен мешіт өкілдері әркез жанжалдасып қала беретін фундаменталистерді де атауға болады.Дәстүрлі емес діни ағымдарға негізінен Батыс пен Шығыс дәстүрлерін жинақтау,қосу арқылы жаңа діни сенім қалыптастыру тән.Сондай-ақ олар қашанда өз сенімдерін ең жаңа,ең ақиқат,әлемдік дін деп жариялауға құмар.Жаңадан пайда болған діни ағымдарды –Псевдо христиандық,Шығыстық,псевдо ғылыми, оккульттік, синкреттик деп шартты түрде бөлуге болады.Бірақ бұндай қылып бөле салу да оңай дүние емес,себебі,көпшілік діни ағымдарда барлық тенденциялар бірігіп кетіп те жатады.Енді біз еліміздегі белсенді деген түрлі дәстүрлі емес діни ағымдарға қысқаша тоқтала кетсек:

   Бахай сенімі—1817-1892 жылдары өмір сүрген Баха ұлы ізбасарларының діни ұстанымы.Арабшадан аударғанда«Аллаға мадақ»дегенді білдіреді.Иран жерінде пайда болған бахай діни ағымын ұстанатындар саны бүгінде олардың орталықтарының мәліметі бойынша 5 миллионнан астам көрінеді.Бахай сенімін насихаттайтын діни кітаптар 800 тілде жарық көрген екен.Бахай діни ағымының әлеуметтік қауымдастығы бүгінде ЮНИСЕФ,ЮНЕСКО,ЮНЕП сияқты беделді ұйымдармен байланыс жасайды.Сондай-ақ БҰҰ-да мемлекеттік емес ұйымдардың кеңесші мүшесі ретіндегі өкілдері де бар

Бахайлықтардың қасиетті кітабы болып –Баха ұлы мен Абдул Баханың жазба еңбектері саналады.Қазақстандағы Бахай ұлттық-рухани қауымдастығының ережесіне сай,Бахайлық болып –Бахай діни сенімін мойындаған және сол діни нормаларға сәйкес өмір сүретін тұлғалар саналады.Олар яғни Баба,Баха ұлы,Абдул Баханың ұстанымдарын толық мойындау,осы ұлылардың ашқан жаңалықтарын шынайы қабылдау және оған бағыну,Абдул Баханың қасиетті өсиеттерінің әрбір пунктерін беріле және таймай орындау,жолын қуу,әлемдегі Бахай діни үйымдары мен тығыз байланыс орнату.Бахайлықтар адамзаттың бірлігі,діннің бірлігі мен оның тариха даму принцптерін мақұлдайды.Сондай-ақ Алла –Тағаланың жерге жіберген елшілері ретінде:Кришнаны,Зороастрды, Моисейді, Иисусты, Мұхаммед(с.ғ.с.)ды, Баб,Баха ұлы сияқты дін көсемдерін мойындайды.Соның ішінде Баха ұлының ілілмін діни ақиқаттың шыңы деп жариялайды.Олар ғылым мен дін гармониясы идеясын: кез-келген ақиқатты іздеудегі талпыныс,сол ізденушіні түбі Бахай дініне алып келеді деп түсіндіреді.Олар сондай-ақ жанның мәңгілік екенін(соның ішінде жұмақ — құдайға жақындау,тозақ — құдайдан ажырау деп түсіндіріледі)ер мен әйелдің теңдігін үйретеді.Бахай ілімі әсіресе сенім иелерінің өмір сүру ережелеріне көп көңіл бөледі. Олар тақуалықты жаратпайды,алкаголь мен нашадан алыс жүруге үгіттейді. Барша адамдарды білім алуға міндеттейді,адамзатқа қызмет етуге шақырады.Олар Бахайлықтар -әлемнің азаматтары деген ұстанымды уағыздайды. Сондай-ақ олар құмар ойындарға,некеден тыс жыныстық қатнастарға, ұрлық,бір жыныстылардың қосылуына,жануарлармен аяусыз қарым-қатнас жасауға, кісі өлтіру, өтірік айту,қол сүю мен тілемсектікке қатаң тиым салады.Бахайлықтар өздерінің сенім иелеріне шіркеу, мешіт және басқа да діни ғибадатханаларға барып,діни ғұрыптарды жасауға рұқсат береді.Алайда олар әрбір қауым мүшелерінің міндетті ораза тұтуын(әр жылдың 2-20-наурыз аралығында,бахайлықтарда бір жылда 19 күннен тұратын 19 ай бар)парыз қылады.Бахайлықтардың рухани-діни орталықтары Израильдің Хайфа қаласының Бүкіләлемдік Әділет Үйінде орналасқан.Қазақстанда Бахай діни бірлестіктері – барлық ірі қалаларда бар.Олардың бірқатарлары заңды тіркеуден өтіп те қойған.Олар негізнен жалпы қауым жиналыстарында өздері сайлаған 9 дамнан тұратын жергілікті рухани –діни топпен басқарылады. Орталықтары Алматы қаласында.Неғұрлым белсенді уағызшылар көбіне Ираннан, Парсы шығанағындағы елдерден сондай-ақ Малайзия мемлекетінен келеді.Діни әдеби кітаптары көбіне орыс тілінде басылады.

Кришнаны тану қоғамы –Индуист монахы А.Ч.Бхактиведанта Сванидың (1896-1977ж)бастамасымен әлемге танылған діни ағым.Ол 1965жылы Нью-Иоркке қоныс аударып,сол жерде 1966 жылы«Хақ Кришнаны тану»діни қауымдастығы ұйымын құрады.Бұл діни конфессияның ең қасиетті кітабы «Бхагаваттита» саналады.Діни сенімдері ең жоғарғы құдіретті,ақиқат Құдай — ол Шри Кришна деген танымға негізделеді.Кришналық сенім бойынша өмірдегі жан иелері екіге бөлінеді – Кшара мен Акшара.Акшара мәңгілік еркін және Құдаймен бірге оның патшалығында өмір сүреді.Ал Кшара болса материалдық әлемде өмір кешеді және олардың тіршілік әрекеттері материалдық табиғатпен араласқан. Өздерін уақытша материалдық денелермен теңестірген олармәңгілік айналымда түрлене береді және туу,өлу,кәрілік,ауру сияқты т.б.құбылыстардан зардап шегеді екен.Әлемде 840 000-дай өмір сүру формасы бар,олар жанды карма заңына сай түбінде түрленуге айналдырады.Осы өмір сүру формалары ішіндегі адамзаттың өмір сүру формасы ғана рухани тазару мен өлген соң Шри Кришна құдай патшалығына баруға ең ыңғайлы деп танылады.Олар діни рәсімдерде Хари Кришнаның атын әуенге қосып,16 реттен күніне 108 рет айтып шығуға міндеттеледі.Кришнаиттерден салмақтылық талап етіледі.Некеге тұруға тек таза мінезді,адал болып қалуға қауқарлары жетпегендерге рұқсат етіледі.Ол бойынша идеалды Кришнайт жыныстық қатынастан бойын әркез аулақ ұстау керек.Жыныстық қатынасқа тек өмірге бала әкелу мақсатында ғана рұқсат етіледі.Кришнаиттер адам жаны –ол қайта-қайта туа беру циклінен арылуға мұқтаж дегенге сенеді.Олар бойынша кімде-кім«Кришнаны тану»деңгейіне жетсе,ол материалдық денеден арылып, рухани, мәңгілік денеге ие болады.Олар бойынша рухани қызығушылықтары төмен адамдармен әңгімелесудің қажеті жоқ.Қайта Хари Кришна мантруына бойұсынып, рухани дамуға ұмтылған,осы діни қауымдастықтарға қызмет ететін адамдармен әңгімелесу,құдайға,мәңгілік үйге бастайтын ең жақын әрі жалғыз жол.Қазақстанда Кришна қоғамы кейінгі кездері белсенді әрекет етуде.                                

 

        2.2.Дін және қоғам арасындағы әлеуметтік

              аспектілер.  

Дін және қоғамдағы дағдарысты жағдайлар.

Еліміздің заңнамалары бекіткендей шіркеулер мен мешіттер Мемлекеттен бөлінген.Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет.Бірақ бұл діннің мемлекетке еш қатысы жоқ дегенді білдірмейді.Мемлекет өзіндік сенім-нанымдарға ие,соның ішінде діни сенімдерге ие азаматтардан тұрады.Қандай дін болмасын өз жамағатына дүниетанымдық көзқараспен реттеу функциясын ұсынады.Яғни,жақсылық пен зұлымдық,қарыз бен парыз,тиым сияқты догматикалық жүйе арқылы олардың қоғамдағы мінез-құлықтарын анықтайды.Әрине бұндай діни жағдайлар алдымен сенім иелерінің өмірлік қатынастарында пайда болады,қалыптасады.Осы арқылы қоғамдық өмірге нақтылы әсер етеді.Енді осындай әсер етуші аспектілерге қысқаша тоқталып өтсек:

   Философтар мен дінтанушылардың зерттеулері көрсеткендей,тұлғаның өз болашағына деген сенімдерінің сейілуіне алып келетін қоғамдық қатнастардағы ірі дағдарыстар,өзгерістер діни қатнастардың күшеюіне жол ашады.Г.В.Плехановтың айтуынша ірі дағдарыстардың әсері мен көпшіліктің жарқын келешектеріне деген сенімдері азаймақ.Ал бұл түсінікті іс.Егер адамның жарқын болашаққа деген сенімдері азайса,қоғамдық идеал тоқырауға ұшыраса,онда адамдар үшін бірінші орынға иөзінің жеке тұлғалық құндылықтары шықпақ.Оның мысалы діни сенімдердің күшеюінен көрініс таппақ

Біздің Республиканың Конститутциясына сай,елімізде зайырлы қоғам қалыптасып келеді. [11.]. Негізгі Ата Заңға сәйкес,Діни негіздегі партиялардың құрылуына,сондай-ақ партиялардың діни бірлестіктердің көмегіне сүйенуге тиым салынады.Сондықтан да Қазақстандағы қандай да бір діни ұйымдардың саясатқа ашық араласуына заңды түрде мүмкіндіктері жоқ.Әрине,кейде қандай да бір дін адамы БАҚ –на елдегі саяси процесстерге қатысты өз ойларын білдіріп жатады. Бірақ бұндай үрдіс өте сирек болады,және де олар діни бірлестіктер атынан пікір білдірмейді.Осындай негіздерге байланысты Республикадағы көптеген дін қызметкерлері өздерінің саясатқа еш араласпайтындықтарын,Дін кез-келген саяси қозғалыстар мен партиялардан жоғары тұратынын айтады.Олардың позициясын Православ пірадарының келесі пікірінен білуге болады.«Қандай да бір саяси партияға қосылған немесе оның ісіне араласатын кез-келген шіркеу өзінің табиғатын масқаралайды.Өзін белгілі бір партия мен байланыстырып,басқа саяси партияларға оң қабақ танытпайтын шіркеу,біртіндеп саяси ұйымға айнала бермек».Енді бір жағынан алып қарағанда дін қоғам алдында тұрған күрделі қиын әлеуметтік –экономикалық проблемаларды шешуде маңызды орынға ие бола алмайды.Бұл жерде бұндай пікірді тек еркін ойлы азаматтар ғана емес,сонымен бірге діни қызметкерлер мен пірәдәрлардың да мойындайтынын айта кеткен жөн.Белгілі католик қайраткері П.Пупар егер қоғам дағдарыс жағдайында тұрғанда көмек ретінде тек діни сенімге ғана сүйену қате көзқарас екенін тура айтады.Ол өз көзқарасын үш түрлі пікірмен нақтылай түседі:1.Бәрінен бұрын – барлық қоғамда және қазіргі нақты іс -әрекеттік өмірде,плюралистік –демократиялық қоғамда діннің ықпалын тек азаматтардың белгілі бір бөлігі ғана мойындайды.2.Екіншіден қандай да бір қоғамдық –экономикалық болсын,тариха немесе идиологиялық болсын дағдарыстардың себептерін жіктеп,талдап бағыт сілтеуге діннің шаттары жеткіліксіз.Бізге Евангалиде қалай инфляцияны тоқтату керек,мемлекеттің шекарасын анықтауды,Парламенттегі билік түрін таңдауды нақты көрсетпейді – дейді.3.Сондай-ақ дағдарыстарды түсіну мен оны жеңуге қажетті амалдарды анықтау—қоғам мүддесіне жауапты барлық еркін ойлы азаматтардың міндеті — дейді.

Бұл пікірмен келісуге де болады.Шынында да діннің әсерін еліміздегі халықтардың белгілі бір бөлігі ғана мойындайды.Сексенінші жылдардың соңына таман жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сай, Қазақстандағы дінге сенетіндер мен сезінетіндердің үлесі аймақтық ерекшеліктерге  байланысты 20-60% аралығын қамтыған екен.Мешіттердегі,храмдар мен шіркеулердегі арнайы бақылаулар елдегі діншілдік деңгейінің қазір де аса көп өзгермегенін көрсетеді.Тек діни мерекелерде ғана діни ғимараттарда халықтың басымдығы байқалады.Дегенмен де,мешіттердегі ислам дініне деген жастардың бет бұрушылығы біртіндеп артып келеді.Сондай-ақ сенушілер мен сезінушілердің арасы конфессиялық қайшылықтардан ада емес екені де шындық жайт.

Сондай-ақ дін әлеуметтік –экономикалық проблемаларды шешудің дайын рецептерін ұсына алмайтынын да айта кеткен жөн.Қазірде көптеген дін қызметкерлерінің,шіркеу қызметкерлерінің депутаттыққа сайланудан баса тартып жататындықтары да кездейсоқтық емес.Е.Комаров жазғандай«Сайлауға дін қызметкерлерінің көптеп тартылуы олардың саяси дүрбелеңге дендеп енуіне алып келеді.Бұл жағдайда қазіргі өтпелі кезеңнің проблемалары мен ойға сыймас шешімдерінің дені солардың жауапкершілігіне жүктелер еді.Бұндай құбылыс Шіркеудің қоғамдық күш ретінде емес,қоғамның ар –ұяты,моральдық көрінісі ретінде беделін төмендетері хақ».Бұндай позиция қазіргі уақытта тек орыс православия шіркеуіне ғана емес,басқа да діни басқармаларға да тән.Мемлекеттік құрылымды экономикалық өмірді,жалпы адам өмірінің барлық сфераларын дамыту жүйесі Ислам дінінде де көрсетілген.Бірақ Ислам идеясын нақты іске асыруға,алдымен Ислам мемлекеті болу қажет.Х.Абдалати жазғандай«Шет елдіктердің билігіне бағынған немесе исламдық емес платформада тұрған мемлекеттік құрылымның қандай да бір саяси партиялармен басқарылуы мүмкін емес.Ол Алла атынан билік жүргізу үшін.ең алдымен тәуелсіз,еркін болуы тиіс»деген екен.

Біздің Конститутцияға негізделген зайырлы мемлекетімізде діни моделдерді қолдану мүмкін емес.Сонымен қатар Ислам Заңдарына бағынулар да әртүрлі екенін ескерген жөн.Мысалы Сауд Аравиясындағы мемлекеттік құрылым –монархия болма,Түркияда – Парламенттік Республика,Ливанда – Жамархерия дегендей.

Діни бірлестіктер қоғамның өнегелі өрлеуіне айтарлықтай әсер ете алады.Ұлтық салт дәстүрлерді жаңғырту мен рухани мәдениетті көтеруде үлкен рөл атқармақ.Көптеген діни-ғибраттық нормалардың жағымды жақтары басым,осы негізде бұл нормаларды қабылдау,іске асыру қоғам өміріне оң әсерін тигізбек.Алайда бұған қарап,бірден таңғажайып нәтиже күтудің керегі жоқ,өйткені біріншіден – дін,қоғамның мүшелерінің барлығына дерлік әсер етпейді,екіншіден – тәрбиелеу,баулу процесі – ұзақ әрі қиын іс.Сонымен қатар,біздің бақылау көрсеткендей,қазіргі кезде көпшілік адамдарда діншілдік ішкі терең рухани әлеміне айтарлықтай әсер ететін емес,салт –ғұрыптық сипатта ғана әсер етеді.Сондықтан да,қазірде арақ араласқан ортада«Аллаһу Акбар»деп бет сипай салу әдет болып барады.Олар арақ ішуге Аллаһтың атынан тиым салынғанын білсе де, мойынсұнбайды.Бұл дінге деген селқостықтың,әлі де тамыр үзе қоймағанын білдірсе керек.Сондай-ақ көпшілік христиандарда «Күнәсіз күн көре алмайсың» қағидасымен өмір сүретіндер жеткілікті.Сондықтан да әрбір ыңғайлы жағдайда күнә жасап тұрады және де әрқашан мінәжат ете де бермейді.Бүгінде ешбір мешіт,ешбір шіркеу қазіргі мәдени және рухани дағдарыс үшін жауап бере де,жауапкершілікті арқалай да алмайды.Бізде теократиялық қоғам дәуірі алыс өткен шақ еншісінде.Діни ғибратты нормалардың жалпы адами қажеттіліктерімен әрдайым сәйкес келе бермейтінін айтқан жөн.Діни ағымдардың бұрмалануы,олардың дін атын жамылдып,түрлі жаман әрекеттерге барулары,жалған сөйлеп,нақ діни нормаларды қолждан өзгерту қазірде адамдардың діншілдіктерін тежеуде,сенімсіздік туғызуда.Бұндай діни уағыздар қазірде біздің Республикада да жоқ емес.                        

 

Конфессия аралық және ұлтаралық қақтығыстардағы

проблемалар.

     Баршамызға мәлім,кез –келген діни уағыз тек өзін ғана Құдай туралы ақиқатты ілімге үйретуші,тек өзін ғана адамзат тұрмысының құпия сырларына нақты жауап беретін дін деп жариялайды.Қазақстанның көпконфессиялы мемлекет екенін ескерсек,адамзат қоғамының тарихында конфессияаралық қақтығыстардан сабақ ала отырып,біздің Республикадағы көп конфессиялы қатынастарды шынайы суреттеуге және оның ұлтаралық қатынастарға әсерін білу үшін арнайы зерттеу,талдау жүргізу керек.Қазақстанның тарихи дамуынан білетініміздей,елімізде негізінен ислам дінін ұстанатын ұлттар қатарына – қазақтар, өзбектер, ұйғыр, шешен,түрік т.б.этнос өкілдері,ал проваславтық сенім иелеріне –орыстар, украиндар,беларустар, протестанттарға –неміс,поляк т.б.жатқызылады. [12.]Алайда дін –нақты бір ұлттарға ғана тән құбылыс емес.Оны қазір де көріп жүрміз. Дегенмен, уақыттың сынымен ұлттық ұстанымдардың діни шарттармен бірдейленіп,тұтасып жататыны да тарихи шындық.Бұндай үрдіс дін таратушылардың ұстанымынан да мықтап орын алғаны шындық.Алайда қазіргі кездегі еліміздің дін ұстанымындағы еркіндік принцпі салдарынан –ұлт болмысын мүлде жоққа шығаратын кейбір діни ағымдардың да бой көрсетіп жатқанының куәсі болудамыз.Сонымен,еліміздегі дінаралық,ұлтаралық қатынастардың жағдайы қандай?Бұл процестердің қоғам өміріне әсері қаншалықты?Енді осы туралы Алматы қаласы әкімшілігінің арнайы тапсырысымен,үкіметтік емес ұйым «Парасат –Инфо»жүргізген арнайы зерттеулерге назар аударып көрейік:

   «Сіз қазір Қазақстандағы конфессияаралық қатынастарды қалай бағалар едіңіз?»деген сауалға,респонденттердің 26%-ы дінаралық қатнастарда негізінен өзара толеранттылық,келісім,өзара түсінік бар деп есептейді.Осы негізде сұралғандардың 27%-ы қайшылықтар бар,алайда олар қауіпті сипатта емес деп жауап берсе,15%-ы дінаралық жанжалдардың туу мүмкіншілігі жоғары деген ұстаным білдірген.Ал 32%-ы жауап беруге қиналатындықтарын айтқан екен.Көріп отырғанымыздай,Алматы қаласындағы діни ағымдардың даму процесі әзірге бірқалыпты және ішкі күрделі қайшылықтар байқалмайды.Бүгінде конфессия аралық қатынастарды барынша бірқалыпты,тыныштықта жүргізу үшін де дін лидерлерінің жиі –жиі кездесіп,пікір алмасулары аса қажет.Сондай –ақ респонденттердің 46%-ы кофессия аралық қатынастардың бұзылуына азаматтардың материалдық жағдайларының төмендігі көп әсер етеді деген пікір білдірген.Ал эксперттердің көпшілігінің бағалауларынша Бұл қатынастың нашарлауына,алдымен жастардың интернационалдық тәрбиесінің төмендігі,діни –конфессияларды, олардың іс — әрекеттерінен хабарсыздықтары ықпалын тигізеді.Қоғам тұрақтылығын ескерсек,онда әлеуметтік жанжалдар мен терроризмнің алдын алу амалы болып, мемлекеттің экономикалық реформаларды дамытуы мен кедейшілік, жұмыссыздықпен күрес мәселесі өткір қойылуы керек.Сонымен бірге «конфессия аралық келісімге нұқсан келтіретін қандай факторларды атай аласыз?» деген сауал бойынша жауап бергендердің 23%-ы діннің саяси сипат алуы деген екен.Ал 24%-ы халықаралық жағдайлардың ушығуы дінаралық тыныштықты бұзады деген.35% респонденттер дәстүрлі емес және жаңа діни ағымдардың таралуынан қауіп туады деген ұстаным білдірген.Сондай-ақ діни қызметкерлердің 90%-ы діннің саяси сипат алуынан десе,эксперттердің 85%-ы дәстүрлі емес және жаңа діндердің әсерінен деп есептейді екен.Алматылықтардың көпшілігі халықаралық қатнастардың ушығуы діни тұрақсыздыққа әкеледі деген ойда екен.Әсіресе бұл,қазіргі халықаралық терроризм проблемасының күн тәртібінде тұрған кезінде,Қазақстанда діни экстремизмнің пайда болуы мүмкіндігін жоғарылататындай.Дегенмен қазіргі Қазақстандағы пайда бола бастаған, бірыңғай мұсылман қоғамын қалыптастырып,Халифат құру идеясын уағыздап жүргендерді көпшілік мұсылман қауымы қолдай бермейді.Алайда,қазіргі әлеуметтік –экономикалық жағдайдың әлі де болса төмендігі,саяси дағдарыс пен биліктің легитимді әлсіздігі,сондай-ақ түрлі діни ағымдардағы харизматикалық мықты лидерлердің ықпалы,көрші Өзбекстан,Ауғанстан,Тәжікстандағы діни ағымдардың күшеюі,Қазақстанға аз қауіп тудырмайды.Енді төмендегі кестеге назар аударайық:                                         1-кесте (%)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы дінаралық және ұлтаралық қатынастардың жанжалды сипат алуына қандай факторлар әсер етеді деп  ойлайсыз?

 

Алмалы ауданы

Әуезов ауданы

Бостандық ауданы

Жетісу ауданы

Медеу ауданы

Түрксіб ауданы

Алматы қаласы бойынша

Жұмыссыздық,материалдық жағдайдың нашарлығы

8

16

9

12

19

17

12

Тұрғын үй мәселесі

10

10

8

7

8

13

9,3

Саясаттың бұрмалануы

2

4

2

7

10

5

3,8

Жергілікті билік органдарының іс-әрекеттері

4

5

7

8

4

3

5,9

Территориялық мәселелер

9

12

6

7

5

5

7,8

Табиғи ресурстарды бөлу кезіндегі талаптар

10

4

5

6

8

7

6,8

Саяси мәдениеттің төмен деңгейі

5

7

8

7

5

6

6,9

Діни және ұлттық сезімдердің қорлануы

11

11

10

12

7

11

11

 

Мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өмір сүрудің жоғары деңгейі мен сапалылығы(38,7%)ең негізгі маңызға ие екенін білдік.Алайда діни қатынас сферасында жағымды жағдайлар жасау үшін,респонденттердің көпшілігінің пікірінше мынадай шараларды қолға алу керек:дәстүрлі емес діни конфессияларды қатаң бақылауға алу(12,7%),діни конфессиялар туралы бұқарамен,әсіресе жастармен белсенді түсіндірме жұмыстарын жүргізу(9,7%), мемлекеттік және құқық қорғау органдарының үгіт жұмыстарын күшейту (12,3%),заң шығару базасын қалыптастыру(6,5%),т.б.Сондай-ақ біздің ойымызша,мемлекеттік органдардың материалдық аз қамтылған адамдарды қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізу,бұл жобаларды Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп,түрлі қайырымдылық шаралары арқылы ұштай білу аса қажет.Сондай –ақ бұл мәселеде БАҚ – ның ақпарат таратудағы ісі де аса маңызға ие.Терроризммен күрес мәселесінде ТВ –дің терроризмнің ғаламдық сипатқа ие болуына көп әсер етеді екен.Бұл жерде телевидение мен терроризм проблемасын біріктіріп,ақпараттық конвенция жасау аса қажет болып тұр.БАҚ –на жалған пафос пен сабырсыздыққа ұрынбай,қоғамдағы ең жанды мәселелер жөнінде билікпен бірігу арқылы кең тұрғыда талқылып барып,ақпарат таратқандары жөн.Бүтіндей алғанда зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Алматылықтар үшін,қазіргі әрекет етуші конфессиялар қоғамдық өмірге айтарлықтай әсер ете қоймайды екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     

 

 

 

      2.3.Қазақстандағы діни процестерге динамикалық

        талдау. (Алматы қаласы бойынша)

    Алматы қаласы тұрғындарының конфессиялар бағыты туралы

        білімдері мен олардың деңгейлерін бағалау.

Алматы қалаында 01.01.2007 жылдың мәліметі бойынша брлығы 271 діни конфессия тіркелген екен.Сенім иелерінің саны 16000-ды құраған.Өткен жылы ғана 98 діни бірлестіктер тіркелген,олрадың 30-ы мешіттердің үлесінде.Қазаіргі уақытта 8- діни оқу орындары бар,білім алушылардың саны -510 адам.Діни бірлестіктер жеке тұлғалардың есебінен,сондай-ақ «Агапфе»,«Вон Буддизм»«Бахай» сияқты Бүкіләлемдік миссионерлердің шетелдердегі орталықтары көмегімен қаржыландырылып отырады.Көпшілік конфессиялардың діни бірлестіктері жоғары әлеуметтік белсенділік танытып отырады.Олар түрлі қорлардың жұмысына араласып,қайырымдылық шараларын ұйымдастырып,емдеу орталықтары мен жарымжан адамдарға арналған әлеуметтік реабелитация орталықтарына көмек жасап,түрмелерді  аралап,түрлі көмек жүргізеді.Дәстүрлі емес дін конфессиялардың айтарлықтай маңызға ие болып,қоғам өміріне тез сіңісіп кетуі бірнеше факторлармен байланысты, соның ішінде;Кеңестік идеологияның таралуынан кейін,пайда болған діни ваакум,сондай-ақ жергілікті діндарлармен шетелдік миссионерлердің рөлі де айтарлықтай маңызға ие.бүгінде Алматыда аудандық әкімшіліктердің есептерінше 40-тан астам миссионерлер бар.Алайда,шынайы мөлшері одан да жоғары болуы әбден мүмкін.Себебі,көпшілігі тұрғылықты,тұрақты мекен-жайға ие болса,ал кейбір шіркеулер, мысалы, баптистік «Радуга» сияқтыларында бір-екі апта көлемінде діндарлар практикада болады.Ал мұндай іс-әрекеттерді бақылау мен зерттеу өте қиынға түспек.Қазірде бірқатар діни қайраткерлердің айтуларынша тоқсаныншы жылдардың басында түрлі діни сенімдерге,соның ішінде дәстүрлі еместеріне де,бет бұру рухани азық іздеуден туындаса,қазірде көптеген ағымдар миссионерлердің белсенділігімен таратылуда.Қалай болғанда да түптеп келгенде бір-бірін еш мойындамайтын қайшылықтардың ең басты себебі,сенімдерге ықпал етуге деген күрес екені даусыз.Біз айтып кеткендей Қазақстан заңдарына сәйкес кез-келген діни бірлестіктердің Республика аумағында еркін әрекет етулеріне мүмкіндктері бар.Ал бұл өз кезегінде,мұсылман және православтар тарапынан наразылық тудыруда.Олар Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ағымдардың іс-әрекеттеріне шектеу қоюды талап етеді.Өйткені,олардың пікірлерінше бұндай негіздегі жарымжан діни ағымдар қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге қауқарсыздығы былай тұрсын,оның тыныштығын шайқауға жол ашады.Әрине,бұл пікірдің де жаны бар.Қазірде Қ.Р.-ның 1992 жылы қабылдаған«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер»туралы заңына өзгертулер керектігі аз айтылып жүрген жоқ.Негізгі сауалдардың бірі «Қандай діни конфессияларды білесіз?»деген сұрақ болды.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей Алматылықтар негізгі діни бағыттар- Ислам,Правлславия,Иудайзм діндерін бірінші атаған.Сауалнамаға қатысқандар ең бірінші исламды,сонана кейін православияны білетіндіктерін айтқан.Қалалықтардың көпшілігі дәстүрлі емес діни ағымдар жайлы да хабардар болып шықты.Респонденттердің арасында ең танымал діни ұйым ретінде Иеһова куәгенрлері мен Кришнаны тану қоғамы аталған.Алайда,олардың іс-әрекеттеріне респонденттер негативті тұрғыда баға берген.Бұл жерде,бұндай діни ұйымдар туралы өздерінің жаңа мүшелерін зомбиға айналдырып,олардың дүние-мүліктерін осы діни бірлестіктің бюджетіне қосады,материалдық кіріс көзіне айналдыруды негізгі кәсіп қылады деген әңгіменің шындықтан алыс еместігі мәлім.Алматыда зерттеу жүргізілген барлық аудандардың ішінде бостандық ауданының тұрғындары Армьян-Григорян Шіркеуі туралы көбірек білетін болып шықты.Соның ішінде ұйғырлар мен украиндар Кришнаны тану қоғамымен көп кездесетіндіктерін айтқан.Евангельдік христиандар мен баптистерді Жетісу ауданының тұрғындары көбірек еске алған.Әуезов ауданында жауап берген респонденттердің көпшілігі Сайентология шіркеуіндей діни ұйымды жиірек атаған екен.Ислами қозғалысқа тән жеті ұйымды,атап айтқанда «Хизд-уд-тахир»,«Фархат ата», «Вахабиттер», «Бахайлықтар», «Адвентистер» мен «Ахмадилерді»,азырақ атаған.  Бұлардың ішіндегі «Хизб-уд-тахир» ұйымы жетекші танымалдылыққа ие екен.Сондай-ақ «Сіз өзіңізді қай діни конфессияға жатқызасыз?»деген сауалға жауап берушілердің ішінде бірінші орынға ислам дініне сенім білдіретін немесе осы діни ағымды ұстанатындар басымдыққа ие болған.Олардың пайыздық үлесі -59%ға тең.Екінші орында правосоавия дінін ұстанатындар,үлес салмағы-25%ға ,үшінші орынды – католиктер – 8-% дық көрсеткішке ие.Айта кетерлік жайт,аталған діни ағымдардың ешқайсысын да «Гомогендік»яғни,бір ғана ұлт немесе туысқан этностар ғана ұстанатын конфессия деп атауға келмейді.Бұлардың әр қайсысынан түрлі этникалық топтардың өкілдерін кездестіруге болады.Бүгінде исламда тек қазақтар,ұйғырлар,татарлар ғана емес,орыстар мен кәрістерді де кездесіруге болады.Христиандық,католиктік діни-конфессияларға тек орыс,немістер ғана емес,қазақтар мен ұйғырлар да ұстанады екен.Бұл зерттеу қорытындысын мына таблицадан көруге болады:

    

 

 

 

 

  Сіз өзіңізді қай конфессияның өкілімін деп есептейсіз?

Зерттеуде сондай-ақ,«Конфессия таңдауда сіздің ұлттық болмысыңыз әсер

          ете ме?»деген де сауал да туындады.

Сіз қалай ойлайсыз, діни ұстанымдарға ұлттық ерекшеліктер әсер ете ме?

 

 

Алмалы ауданы

 

Әуезов ауданы

 

Бостандық ауданы

 

Жетісу ауданы

 

 

Медеу ауданы

 

Түркісіб ауданы

 

Алматы

 

Иә

55

22

47

27

36

25

36

Жоқ

16

42

38

53

34

40

37

Жауап беруге қиналам

29

35

15

18

29

34

27

Байқап отырғанымыздай,Алмалы,Бостандық,Медеу аудандарында конфессия таңдауда ұлттық болмыс әсер етеді десе,ал Әуезов,Жетісу,түркісіб аудандарындағы жауап берген респонденттердің көпшілігі –«Жоқ»деп пікір білдірген.Эксперттердің көпшілігі (89%)діни ұстанымға ұлттық болмыс әсер етпейді деген пікірді қуаттаған.

 Конфессия таңдауға сіздің ұлттық болмысыңыз әсер ете ме?

Ар-ұят принципінің даусыз қолдау табуы Алматы қаласы үшін жеткілікті көрсеткішке ие болды.Сонымен қатар сұралғандарыдң басым көпшілігі 90%-дан астамы,дәстүрлі діндердің тең құндылықты дәрежеде екенін мойындауда жоғары деңгейде төзімділік танытты.Сондай-ақ,түрлі діни бірлестіктерге атап айтқанда:Иеһова куәгерлері,Баптистер,Сайентология шіркеуі,Буддизм,Благодать орталығы сияқты діни ағымдарға кірерде Алматылықтар ұлтттық ерекшеліктерінен тәуелсіз шешім қабылдайды.Бұдан,этностардың әртүрлі діни ұйымдарға еріп,сол діни топтарға кіруі,бұл сол тұлғаның өміріндегі қандай да бір түйінді мәселенің шешімін табудағы сәтті көрсеткіші ретінде саналатынын байқаймыз. Сондай-ақ қоғамдағы адамдардың діншілдік деңгейлерінің өлшемі ретінде ұлттық салт-дәстүрлерді қаншалықты сақтайтынын да алуға болады. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей,Алматылықтардың тең жарымынан астамы, 52%,ұлттық салт-дәстүрлерді үзбей ұстайтынын, мерекелерді атап өтетіндіктерін айтқан.Ширек бөлігі тек үлкен мейрамдарды Наурыз, Пасха, Ораза айт сияқтылырды ғана мойындайтын көрінеді.Енді мына таблицаға назар аударайық:

 

 

 

 

Сіз қалай ойлайсыз,түрлі діни мерекелер,ғұрыптар Алматы қаласының қоғамдық өмірін реттеуге айтарлықтай әсер ете ала ма?

 

Діни қызметкерлер

Эксперттер

Иә

8

12

Жоқ

9

 Кейде

 

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай,көпшілік эксперттердің пікірінше дін –Алматылықтардың  қоғамдық өмірі үшін айтарлықтай маңызға ие емес, соның ішінде діни ережелер,ғұрыптар,нормалардың әлеуметтік қатынастарды реттеуге әзірге еш мүмкіндігі жоқ деген қорытынды шығарды.Дегенмен болашақта,Ислам мен Христиан сияқты дәстүрлі діндердің қоғам өмірінің реттегіш күшіне айналулары әбден мүмкін.Сондай-ақ,Алматылықтардың діни конфессияларға деген сенімдеріне назар аударсақ,онда қалалықтардың қандай да бір дәстүрлі емес діни ағымдарға ,секталарға деген сенімсіздік сипаиын атап айтуға болады.Халықтың басым бөлігі,әзірге діни бейбіт түсінік пен мінез-құлықтың маңыздылығына әлсіз мән береді,олар тек,әзірге негізгі дәстүрлі ғұрыптарды сақтаумен ғана шектеледі.Келесі діншілдіктің индикаторы- ол,Алматылықтар өздерін қаншалықты діншілмін деп есептейді деген сауалда өрбиді.

Сіз өзіңізді діншіл адаммын деп есептейсіз бе?

 

Алмалы

Әуезов

Бостандық

Жетісу

Медеу ауд

Түркісіб ауд.

Алматы қаласы

Иә

60

40

59

72

53

56

57

Жоқ

17

14

17

9

7

6

12

Сенем,бірақ діни өмірге араласпаймын

14

41

21

7

25

10

20

Жауап беруге қиналамын

 

7

2

10

14

27

10

 

 

Бұл таблицадан байқағанымыздай,Әуезов ауданындағы респонденттердің  басым бөлігі,41% сенетіндіктерін,бірақ діни өмірге араласпайтындықтарын айтса,Жетісу ауданыныдағы сұралғандардың басым бөлігі 72%-ы өздерін діншілміз деп есептейді екен. Жауап беруге қиналатыдардың үлес салмағы10% -ға тең.Ал жалпы Алматы қаласы бойынша сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі діншіл(57%) немесе сенетіндер -20% болып саналады екен.Бұдан біздің қазіргі қоғамдажа діннің рөлі айтарлықтай маңызға ие демесек те,діни ұғымның жалпы халықтың санасынан тысқары жатпағанын байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дегенмен де сұралғандардың белгілі бір бөлігінің (үлес салмағы-12 %-ға тең) өздерін атеисипіз деп есептейтіндердің де барын байқауға болады.Көріп отырғанымыздай,дінге қатысты нышандық идентификация мәселесінде, қоғамда  оған қатысты түзу ниеттіліктің басымдыққа ие екенін көреміз.Бұл жерде дінге қатысты келесідей типтерді бөліп көрсетуге болады:

Бірінші тип: Белсенді діншілдік –қоғамның діни өміріне белсенді қатысу,діни талаптарды сақтау,діни-ғұрыптарды орындау.

Екінші тип: Енжар діншілдік –өзін дінге сенетіндер қатарына қосатын,бірақ діни талаптар мен нормадарды сақтамайтын,діни ғұрыптарға аса қатыспайтындар.

Үшінші тип: Мәдени-діни діншіл еместер –өздерін дінге сенбейтіндер қатарына жатқызатын,бірақ жағдайға қарайңдіни ғұрыптарға қатысып тұратындар.

Төртінші тип: Дінге қатысты толеранттылық –дінге және дінге сенетіндерге құрметпен қарау.

Бесінші тип: Атеиз –дінді жоққа шығару,сондай –ақ діни сенімге және дінге сенетіндерге негативті тұрғыда қарау.

Зерттеу қорытындысын талдай келгенде,қазіргі уақытта ең көп таралған позиция,басқа діни типтерден айтарлықтай басымдыққа ие –ол енжар,белсенді емес діншілдік екен.Түйіндей келгенде атеистердің жалпы үлес салмағы айтарлықтай маңызға ие еместігін байқаған соң,бүгінде діннің қала тұрғындарының мәдени –рухани феноменіне айналғанын және де оның жалпы социумге,әлеуметтік өмірге ықпалы бар деп айтуға әбден болады. [13.].Ал жалпы,Алматы қаласын мысал ретінде алғандағы,Қазақстан қоғамына конфессиялардың рөлінің қаншалықты екеніне келсек,онда дәстүрлі емес діни ағымдарға деген мәселеде,респонденттердің көпшілігі (65%)олар бұндай ағымдардың Алматы қаласының қоғамдық өміріне айтарлықтай ықпал ете алмайды дегенімен,кейінгі кездері бұндай діни ағымдардың белсенділіктерінің артқанына айтарлықтай алаңдаушылық білдіруде.Мысал ретінде аты аталған діни ағымдардың ішінде аса ықпалдылары қатарына Иеһова куәгерлері (60%), Протестанттар(45%)мен Кришнайттар(25%) жатқызылған.Бұдан бізге мына фактіге назар аударған дұрыс:кез-келген бағыттағы конфессиялардың іс-әрекеттері бақылауға алынбаса,(бұл әсіресе дәстүрлі емес діни ағымдарға қатысты), оның арты елдегі әлеуметтік шиеленістің өршуіне себеп болуы әбден мүмкін.

  Эксперттердің бағамдауларындағы конфессиялардың даму көрінісі.

Алдымен Қазақстан қоғамындағы діни-конфессиялардың даму перспективаларын бағамдау үшін,алдымен олардың заңнамалық базасының қаншалықты мөлшерде қамтамасыз етілгендіктерін қарастырып көрейік.Қазірде Қазақстанда 130 дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өмір сүріп жатқандықтарын ескерсек,Республика үшін қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың маңызы ерекше.Бұл біздің 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата Заңымыздың 1-бабынан бастау алады.Сондай-ақ 39 бапта да бұл мәселеге арнайы тоқталған,онда:«Ұлтаралық татулықты бұзатын кез-келген әрекет конститутциялық емес деп танылады»делінген.Ұлтаралық қатынасқа қатысты тағы да бір құқықты норманы атауға болады,ол,Қ.Р.Қылмыстық кодексінің 164- бабына сай,яғни,кез-келген әлеуметтік,ұлттық,руаралық,нәсілдік немесе діни араздық туғызатын әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік жүктелген.Алайда, бізге тарих көсеткендей,көпұлтты кез-келген мемлекекттегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың төзімділігі көп жағдайда дұрыс ұлттық саясатқа байланысты,соның ішінде конфессияаралық қатнастарға тигізе ықпалына басты назар аударған жөн.Бүгінде бізді Республикада ұлттық саясат сферасындағы мемлекеттік бағдарлама жоқ немесе ол қоғамдық өмірден алшақ деп белгілеуге болады.Қ.Р.1996 жылы 31 мамырда қабылдаған«Қоғамдық бірлестіктер»туралы заңының 4-бабында мемлекетпен қоғамдық бірлестіктердің қатынастарын реттеу мәселесі қарастырылған. Онда«Мемлекет қоғамдық ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететіні» жазылған.Сонымен бірге «Мемлекеттік институттар мен қоғамдық ұйымдардың қосылуына жол берілмейді,мемлекеттің заңсыз түрде қоғамдық ұйымдардың ісіне араласуына және қоғамдық ұйымдардың мемлекет ісіне заңсыз араласуына тиым салынады, мемлекеттік органдардың функциясын қоғамдық органдарға жүктеу мен қоғамдық бірлестіктерді мемлекет тарапынан қаржыландыруға тиым салынады»делінген.Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдармен келісе келе отырып, өзара әрекет етулеріне,қызмет істеулеріне болады. Сондай-ақ,заңда қарастырылған негізде қоғамдық бірлесіктер мемлекеттік органдармен келісім –шартқа  отырып,олардың арнайы жұмыстарын атқаруларына рұқсат етіледі. Десек те,өкінішке орай бізде Қ.Р.Заңдарына сәйкес,этносаралық және конфессия аралық қатынастарды реттейтін заң немесе осы талапқа келетін зоң жобасы жоқ. Сондай-ақ,осы заңды жобалау мен қабылдауға бағытталған Қазақстан Халықтары Ассамблеясы тарапынан да еш бастамашылық байқалмайды.Енді мына таблицаға назар аударайық:

 

Сіздің ойыңызша,қазірде Қазақстандағы діни әрекеттерді реттейтін заңнамалар жеткілікті ме?

 

Алмалы ауданы

Әуезов ауданы

Бостандық ауданы.

Жетісу ауданы

Түрксіб ауданы

Медеу ауд.

Алматы

Иә,жеткілікті.

11

14

35

27

19

18

21

Жекелеген құжаттарды қабылдау қажет.

42

17

39

27

31

24

30

Қазақстанда діни мәселелерді шешудің негізгі бағыттары әзірге толық анықталмаған

32

28

21

13

17

39

25

 

Жауап беруге қиналамын

13

41

38

32

31

18

23

 

Бұл таблицадан көріп отырғанымыздай,респонденттердің 55%-нан астамының пікірінше,жекелеген құжаттарды қабылдау қажеттілігі бар,бірақ діни сфераларға қатысты мәселелерді шешудің негізгі бағдарламалары әлі де анықталмаған.Діни қызметкерлердің белгілі бір бөлігі (34%)қазіргі заңнамалық жағдай жеткілікті деп есептесе,эксперттердің жарым бөлігі(54%)конфессия аралық қатынастарды реттеудегі жекелеген құжаттардың қабылдану қажеттіліктері аса керек деп есептейді.Сондай-ақ діни қызметкерлердің көпшілігі діни сенім аралық алауыздықтардың пайда болуының бір себебі болып,дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі мен шетел миссионерлері мен діндарлардың қаптап кетуінен деп түсіндіреді.Эксперттердің көпшілігі,Діни келісім күндерін өткізумен,діни ұйымдар лидерлерінің саммитін ұйымдастырумен шектелмей,жастарды дінтану негіздеріне үйрету керек деген пікірді қуаттаған.

 

 

Сіз  Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік өмірге діннің ықпалын қалай бағалайсыз?

 

Алмалы ауданы.

Әуезов ауданы.

Бостандық ауданы

Жетісу ауданы

Медеу ауданы

Түрксіб ауданы.

Алматы

Әлеуметтік өмірге діннің еш әсері жоқ.

13

38

45

22

38

25

30

Дін қоғамдық өмірдің стратегиялық деңгейіне ғана әсер ете алады

65

18

59

40

14

35

35

Жауап беруге қиналамын

21

42

17

38

48

38

34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл кесте бойынша,халықтың бір бөлігі діннің әлеуметтік процестерге еш әсері жоқ десе,келесі бір бөлігі –дін тек қоғамдық өмірдің маңызды стратегиялық деңгейлеріне ғана әсер ете алады деп санайды.Соңғы бөлігі жауап беруге қиналатындықтарын айтқан.Конфессия арлық қатнастар сферасындағы қандай да бір өткір қайшылықтардың орын алмауынынң фундаментальді себептерінінң бірі –ол сауалнама нәтижесі көрсеткендей  Қазақстандықтардың материлдық – экономикалық жағдайларының көтеріңкілігі мен,сондай –ақ ішкі саяси тұрақтылықтың жемісі деуге болады.Конфессия аралық қатынастардың шиеленісіп кетуінің негізгі себептеріне тіл мәселесі мен интернационалдық тәрбиенің әлсіздігі жатқызылады.Бұл жерде діни қызметкерлер мен эксперттердің пікірі ортақ бір жүйеге келді.Негізінен түрлі діни ағымдардың аралырындағы қайшылықты жағдайлардың орын алуына түркі болуы мүмкін құбылыстар деп;жұмысссыздықты ,жергілікті билік органдарының іс –әрекеттерін,діни сенімге ие азаматтардың ұлттық және діни сезімдерінінң БАҚ да қорлануы,және теледидар саласында діни –этникалық азшылықтың мүддесін білдіретін телебағдарламалардың жоқтығы деп айтуға болады.Бұл жерде де діни қызметкерлер мен эксперттердің ортақ пікірге келгендерін айта кеткен жөн.Діни қызметкерлердің басым бөлігі(80%)діни –экстремизмнің тууының басты себебі болып дінді саяси мүддеге пайдаланудан деп санайды.Бұлай болғанда,эксперттер өз кезегінде конфессия аралық қатынастарды жақсартудың негізгі амалдарына:Алдымен,жастардың діни сауаттылығын арттыру,оларды дәстүрлі діннің негізі мен құндылықтарымен таныстыру 84,жылсайын діни лидерлердің саммитін өткізіп тұру 34, сондай – ақ дін лидерлерінің діннің бейбір түрде дамуы жөнінде БАҚ-нан,ТВ-ден жиі насихат жүргізулері жатқызылады.

  Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей,эксперттер арасында діни радикальизм позициясының күшею көрінісіне қатысты ортақ көзқарас қалыптаспағанын байқаймыз.Эксперттердің бір бөлігі –түрлі радикалды діни лозунгілердің пайда болуы,     жергілікті халық арасында кең көлемде қолдау таппайды,сондықтан да қоғам үшін әзірге діни экстремизмнен төнер пәлендей қауіп жоқ деп санайды.Сондай- ақ жергілікті ұлт,қазақ халқының санасына ислам фундаментальизмі түсінігі жат нәрсе.Жалпы қазақ халқының өмір сүру ерекшелігіне сәйкес,Ислам дінінің өмірлік көзқарас сенімінен гөрі,ғұрыптық –дәстүрлік бәсі жоғары тұрды деген пікірге де назар аударған жөн.Сондай –ақ,ислам экстремизмі негізінен діни емес әлеуметтік қарсылықтан туындаған,яғни бұл, саяси күрестің бір формасы деген көзқараспен келісетіндер көп.Сауалнамаға қатысқандардан алынған жауаптарды талдай келе,әзірге біздің қоғамда діни –экстремистік сипаттағы идеялар кең тарала қойған жоқ.Дегенмен де эксперттердің пікірлерін талдай келгенде,олардың ықпалын күшейтетін әлеуметтік –экономикалық маңызды алғы шарттарының бар екенін байқауға болады.Бүгінде біздің қоғам үшін маңызды мәселе болып,нәтижелі конфессия аралық диалогтарға кеңінен жол ашу тұр.Бұл үшін алдымен қоғамдық және саяси қозғалыстардың дамуына барынша жағдай жасау керек.Бүтіндей алғанда,эксперттер Алматы қаласындағы конфессия аралық жағдайларды тұрақты да тыныш процес деп бағалайды.Бұған Қазақстан қоғамының,соның ішінде,қазақ халқының толеранттылығы көп септігін тигізуде.

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Қорытынды.

 Сонымен бітіру жұмысын қорыта келгенде қазіргі Қазақстан қоғамындағы діни конфессиялардың даму перспективаларын төмендегідей түйіндеуге болады. Социологиялық зерттеулер көрсеткендей Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан –салалы.Салыстырмалы түрде алғанда,кейбір деректер бойынша,1989 жылғы 1 қаңтарда 30 кнфссияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса,2006 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни ұйым жұмыс істеген.Қазақстанның зайырлы мемлекет болуына байланысты,ресми идеология днг мейлінше бейтарап қарайды:ол діншіл де,дінге қарсы да сипатқа ие емес.Дегенмен де,конфессия аралық бейбітшілік пен келісім көп ұлтты,көп тілді жән көп конфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе.Қазақстан қоғамындағы діни процесстерге бағытталып жүргізілген социологиялық зерттеулер мынадай мәселерді көрсетті:

  • Қазақстан қоғамы өз азаматтарының діни сауаттылық проблемаларының қажеттілігін жеткілікті дәрежеде ұғынбайды.Сұралғандардың көпшілігі конфессиялардың көптүрлілігінен де,діни сферадағы заңнамалық құжаттардан да бейхабар.
  • Дегенмен,дәстүрлі және дәстүрлі емес ұйымдардың өкілдері арасындағы аз ғана келіспеушілікке қарамастан,елдің қоғамдық –саяси өміріне негізін салып қалыптасып келе жатқан бірегей поликонфессияналдық жағдай пайда болды.Діни конфессиялар елдің мемлекеттік өміріне қатыспай–ақ,өздерінің даму мүмкіндіктеріне ие болды.Мұндай дәстүрдің тарихи тамыры терең.Себебі, Қазақстан территориясындағы діни идеологияның басқа теократиялық мемлекеттердегідей сияқты,мемлекеттік билікке ешқашан да тікелей ықпалы болмаған.
  • Қазіргі өсіп келе жатқан жас буынның тәрбиесіне баса назар аудару,соның ішінде оларды интернационалдық тәрбие мен дінтану негіздерімен таныстыру,оқыту.
  • Жаңа тенденциялардың қалыптасып келе жатқанын байқауға болады,яғни,діни конфессиялардың Қазақстан қоғамының әлеуметтік сферасымен мәдени өміріне белсенді араласуы:

— қайырымдылық шараларының түрлі формалары.

— экологиялық қозғалыстарды қолдау

— жазасын өтеушілерді қайта тәрбиелеу ісіне белсенді ат салысу.

  • Республикалықтардың көпшілігі,діни сенімдегі әртүрлілік,дінге сенушілер мен дінге сенбейтіндер арасындағы жолдастық немесе іскерлік байланысқа еш кедергі келтірмейді,еш жанжал тудырмайды деп есептейді.
  • Балалардың діни тәрбиесі мәселелері –ол ата-аналардың еркін таңдау жасау шаруасы деген пікір кең қолдау табады.
  • Дінтану оқу пәнін тек ЖОО- да ғана емес,колледж,лицей,мектептердің де оқу процестеріне енгізу мәселесін қолға алу қажет.
  • Сондай –ақ діни және этникалық азшылықтың саяси мүдделерін білдірулері үшін қоғамдық –діни бағдарламаларды телеарналардан көрсетуді қалыптастыру ұсынысы да эксперттер тарапынан кең қолдау тапты.

Біздің еліміздегі барлық дәстүрлі діндер негізінен Қ.Р. Президентінің ішкі саясатындағы теологиялық бағдарламалар мен белсенді жұмыс жасауда.Яғни,қоғамдағы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты нығайту бағытына барынша үлес қосу.Дәстүрлі діндер мен неортодоксальді діни бірлестіктердің өздерінің діни –ілімдеріне көптеп ізбасарлар тартуы үшін күресі ақырындап күшейіп келеді.Негізінен,азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтары заң жүзінде де,практика жүзінде де қорғалуы тиіс. Әйтпесе, қорғалмаған жағдайда азаматтық қоғам құру мәселесінде,конфессия аралық қайшылықтардың үдеу мүмкіндігі ұлғаймақ.Бұл жағдайда,қоғамда мемлекеттің рөлі күшейеді.Яғни,заң шығарушы және атқарушы тұрғысында,осындай қатынастарды реттегіш зайырлы мемлекеттің негізгі индикаторы ретінде.Жалпы алғанда,қазіргі шынайы өмірдегі күштеу мен жанжалдарды азайтуға бағытталған конфессия аралық диалогтар қоғамдық даму,толеранттық нығаю,түрлі мәдениеттер мен діндер арасындағы өзара түсіністікке,үндестікке жетудің нақты амалдары,қадамдары болып табылады.Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіләлемдік діни –рухани форумның орталығы есебінде де таныс.Толеранттылық,өзара құрмет пен түсінісу,ұлтаралық келісім мен діни төзімділік қағидалары Қазақстандағы конфессия аралық қатынастардың негізін құрайды.Бұл туралы Елбасының Қазақстан халқына жодауында былай делінген:«Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз»Дін біріктірудің,интеграциялық үдерістердің күшті факторы бола алады.Бұл орайда діннің әлеуметтік феномен ретінде қоғамдық қатынастағы  атқаратын функцияларының маңызы зор.Ол үшін діндердің қайшылықтары емес,керісінше ортақ белгілері мен ортақ қағидаттары,ортақ белгілер мен ортақ құндылықтарды,біріктіруші бастауларды іздеуге міндеттіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Сілтемелер.

  1. М.Үсенова.С.Үсенов. Дінтану. Алматы.«Қазақстан»1995ж. 7 –бет.
  2. М.Бұлұтай. Дін және Ұлт. Алматы.«Арыс баспасы» 2006 ж. 42 –бет.

3.Әлеуметтану.Оқулық.2-кітап/Жалпы ред.басқ. М.М.Тәжин. /Алматы.

                 «Қазақ Университеті»2005 ж. 106 –бет.

  1. В.И.Гараджа. Социология Религии. Москва.1996г. 78 –бет.
  2. Абдалати Х. Взляд на Ислам. Новосибирск.1995 г. 35 –бет.

6.Влияние религиозных организаций на социум г.Алматы.

         (мониторинг и анализ)Методическое пособие.Алматы 2006 г.5 –бет.

  1. Ислам және Қазақстан мәдениеті.«Жинақ».Қазақстан мәдениеттану

       және өнертану ғылыми институты.Алматы.2003ж. 85 –бет.

  1. Байпаков.К.М.Христианство Казахстане в средние века.

Ташкент.1994 г. 87 –бет.

  1. Буддизм и традиционные верования Народов Центральной

          Азий и Казахстана.Новосибирск 1981 г. 112 –бет.

  1. Трофимов Я.Ф.Религии в Казахстане. Алматы. 1996 г. 89 –бет.
  2. Қ.Р.Конститутциясы. Алматы 1995 ж. 17 –бет.

12.Канафина М.Х.Этно–конфессиональные отнашений

в Казахстане.21 –бет.

  1. Влияние религиозных организаций на социум г.Алматы.

(мониторинг и анализ) Методическое пособие.Алматы 2006 г.26-бет.

 

 

 

 

 

 

            Әдебиеттер тізімі:

  1. М.Үсенова.С.Үсенов. Дінтану. Алматы.«Қазақстан»1995ж.
  2. Ғ.Есім. Дінтану негіздері. Алматы.2006ж.
  3. В.И.Гараджа. Социология Религии. Москва.1996г.
  4. Орынбекова. Ежелгі наным –сенімдер. 1998 ж.
  5. Религоведение. Под редак.Шахновича.1995 г.
  6. Ж.Тощенко Социология.Москва. «Прометей -Юрайт» 1999 г.

7.Социология.Лекциялар курсы.Жалпы ред. басқ. –проф.

   Ә.Х.Тұрғынбаев. Алматы«Білім»2001 ж.

  1. Трофимов Я.Ф.Религии в Казахстане. Алматы. 1996 г.
  2. Әлеуметтану. Оқулық./Жалпы ред.басқ. М.М.Тәжин./Алматы.

    «Қазақ Университеті»2005 ж.

  1. Свет Православии в Казахстане. Алматы. 1995г.
  2. Культы и мировые религии. Благовестник.Москва.1994 г.
  3. Байпаков.К.М.Христианство Казахстане

                      в средние века.Ташкент.1994 г.

  1. Абдалати Х. Взляд на Ислам. Новосибирск.1995 г.
  2. Артемьев.А.И. Религия:Среда и личность. Алматы 1994 г.
  3. Аханов Б. Дін және еркін ойшылдық. Оқу құралы.Алматы 1993ж.

16.Артьемин.Б.Ғ.Есім.Қанаев.Дінтану негіздері.

                           Оқу құралы. Алматы.2003ж.

17.Ислам және Қазақстан мәдениеті.«Жинақ».Қазақстан

  мәдениеттану және өнертану ғылыми институты.Алматы.2003ж.

18.Права человека:Сборник международных документов.Москва.1990г.

19.М.Бұлұтай.Ата–баба діні.Түркілер неге мұсылман

            болды?Алматы.2000ж.

20.Яковлев В.Г. Религия и Разум. Алматы 1978 г.

21.Табылшиева А.Вера в Туркестане./Очерк историй религии Средней Азии и Казахстана./Бишкек.1993 г.

22.Ильин И.А. Основы Христианской культуры. Москва.1990 г.

23.Құдайбергенов.Б.Қ.Әмірғазин.С.Т. Діни мерекелер мен

     рәсімдердің әлеуметтік мәні.Оқу құралы.Алматы 2004ж.

24.Мән –мағына неде? «Шығыс сәулесі»баспасы.1993ж.

25.Буддизм:История и Культура. Москва. 1989 г.

26.Буддизм и традиционные верования Народов Центральной Азий и Казахстана.Новосибирск 1981 г.

27.Иванов.А.Трофимов.Я. Религии в Казахстане. Справочник. Алматы. ВШП. «Әділет»1999 г.

28.Крывелев И.А.История Религий. Очерки в двух томах. Москва.1976 г.

29.Орынбекова М.С. Верования древнего Казахстана. Алматы.1997 г.

30.Ильин И.А.Аксиомы религиозного опыта.Исследование.Москва 1993г.

  1. Коран и гражданская права.

32.Қ.Р.Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңы.

Алматы 1992 ж.

33.Қ.Р.Конститутциясы. Алматы 1995 ж.

34.Саясат журналы.2005ж.№6.Этникалық қауымдастықтардың ұқсастығы.

35.Щелкова Е.А. Особенности этнокофессиональных отнашений

в Казахстане.социально –полит.анализ.Алматы.2004 г.

  1. Религия в политике икультуре современного Казахстана.

Институт Филос.и Полит.под.рук.Нысанбаева.Алматы.2003 г.

37.Канафина М.Х.Этно–конфессионального отнашение в Казахстане.

канд.дис.  Алматы 2004 г.

38.Трофимов Я.Ф. Взаимоотнашение религии в совр. общ. Казахстана. Алматы.1998 г.

39.Мақанов.Ж.Кәкенов.Ж.Дін:конфессия аралық қатынастар.

Саясат журналы. 2000 ж.№ 4;5 саны.

40.Влияние религиозных организаций на социум г.Алматы.

(мониторинг и анализ) Методическое пособие.Алматы 2006 г.

41.М.Бұлұтай. Дін және Ұлт. Алматы.«Арыс баспасы» 2006 ж.  

42.Ә.Бәкірұлы.«Дінді апиынға айналдырмайық.»

Жас Қазақ газеті.2007 ж.12 қаңтар

43.Ғ.Есім. «Дін Өркениеті».Егеменді Қазақстан газеті. 2006ж.21 қазан.

44.М.Бұлұтай. «Құран –Кәрімді қашан түсінеміз?» Азамат kz. газеті.

2005ж.12 наурыз.

45.Жұма –Назар Сомжүрек.«Ит –құсқа жем болған діни сенім».Жас  Қазақ газеті.№35.8 –қыркүйек 2006 ж.

46.www.sana.gov.kz

47.www.akorda.kz

48.www.muftyat.kz

49.«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»Қ.Р.Президентінің Қазақстан

             халқына жолдауынан.28 ақпан.2007 ж.

50.Омар қажы Өмірбек.«Ислам ынтымақ пен бірлікке үндейді.»                             Президент және халық газеті.6 –сәуір 2007 ж.

51.Оңғар Өмірбек.«Алматы еліміздің рухани айнасы ма?»Ислдам және өркениет газеті.16 –мамыр