АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау

Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………..…………….

І-тарау. Сайлау технологияларын әлеуметтік талдаудың методологиялық негіздері………………………………………………………………………………………………………

1.1. Сайлау институты мен сайлау жүйесін әлеуметтік талдаудың методологиялық негіздері және сайлау технологиясы ұғымының мәні мен мазмұны…………………………………………………………………………………….……………….

1.2. Сайлау институты мен сайлау технологияларының қалыптасуы мен дамуына саяси әлеуметтік жүйенің әсері……………………………………………………….

 

 ІІ-тарау.  Постсоциалистік кеңістіктегі сайлау технологияларының трансформациясы…………………………………………………………..………………………….

2.1. ТМД елдеріндегі сайлау технологияларының дамуына қоршаған ортаның әсері…………………………………………………………………………………..…………………….

2.2. Ресейдегі сайлау технологияларының дамуы…………..……………………….

ІІІ-тарау. Қазақстандағы саяси әлеуметтік жүйенің сайлау технологияларының дамуына әсері және сайлау технологияларының қолданылуы………………………………………………………………………………………….…..

3.1. Саяси әлеуметтік жүйенің мақсатын тұжырымдаудың алғашқы кезеңіндегі нормативті сайлау технологиялары……………………………………………………………

3.2. Қазақстанның сайлау жүйесін реформалау барысындағы нормативті сайлау технологияларының қолдану ерекшеліктері……………………………….……………

3.3. Қазақстандағы сайлау кезіндегі коммуникациялық сайлау технологияларының қолданылуы…………………………………………………………………

3.4. Қазақстандағы саяси әлеуметтік қызмет нарығының қалыптасуы мен дамуы………………………………………………………………………………………………….………

 

Қорытынды…………………………………………………………………………..………………..

Қосымша әлеуметтік зерттеулер……………………………………….……………………. Сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі……………..……………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау барысы, яғни сайлау технологияларының Қазақстандағы қалыптасуы мен даму ерекшеліктері зерттеледі. Сонымен қатар, саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтына және сайлау технологияларына әсері қарастырылады. Сайлау институты, сайлау технологиялары, электоралдық формула, сайлау инженерингі сияқты ұғымдардың анықтамаларына әлеуметтік тұрғыдан талдау жасалынып, бірқатарына өзіндік көзқарасымызды білдіреміз.

       Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік туып отыр. Оған дәлел, бізде еркін және ашық демократиялық қоғам орнап жатыр.  Барлығымызға белгілі, былтырғы жылы (2007 ж.) елімізде Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы кеңінен талқыланды. Демократиялық және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ заңдылықтарын, сондай-ақ біздің қоғамның маңызды мәдени-тарихи белгілері мен дәстүрлерін үйлесімді ескеруіміз керек.

         2005 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысын сайлау кезінде қазақстандықтар көрсеткен ауызбірлік біздің қоғамның топтасқандығына күмән туғызбаса керек. Біздер, яғни, болашақ әлеуметтанушы мамандар мұның өзі еліміздің тұрақты дамуының қажетті шарты болып табылатынын айқын түсінеміз. Біз сайлауалды науқанның барысында тұңғыш рет қазақстандықтардың елдің тұрақсыздануы мүмкін деген алаңдаушылығы, ал кейбір тұстарда, тіпті үрейге бой алдыруы сияқты ерекше құбылыспен де ұшырастық.

        Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екендігін мойындауымыз керек. Бұл біздің өткен президенттік және парламент депутаттарын сайлау додасынан алған сабағымыз және Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау барысындағы көрсеткіштеріміз.

        Өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары алып саяси жүйенің ыдырауымен адамзат тарихындағы орасан оқиғалар тізбегі басталды.

        Постсоциалистік кеңістіктегі саяси жүйелердің трансформациясы мен тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы  көптеген күрделі мәселелерді қоса тудырды. Жаңа саяси жүйелердің қалыптасуы халықаралық жағдайдың қолайлы кезеңінде жүзеге асқанымен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуіне байланысты тоталитарлық жүйеден шыққан елдерде өздері жариялаған нысандарына оңайшылықпен қол жетпейтіндігі аңғарылды. Себебі демократияның үшінші толқыны деп аталатын процесс барысында авторитарлық-бюрократиялық жүйенің ыдырауының нәтижесінде пайда болған елдерде демократия нысандары қоғам дамуының негізгі мақсаттары ретінде қабылданғаны мәлім. Алайда қағаз жүзінде жарияланған демократияның негізгі қағидалары іс жүзінде жүзеге аспай, демократиялық институттардың іс-әрекетіне жағдай жасалмай отыр. Әсіресе сайлау институтының қоғамдағы рөліне тиісті дәрежеде назар аударылмай келеді. Міне осы жағдайлардың барлығы саяси жүйенің институтына, сайлау технологияларына әсері тәрізді мәселелердің терең зерттелуін, оларды дамыған елдердегі жағдайлармен салыстыруды және әрбір елдің  әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты жүзеге асуындағы ерекшеліктерін айқындап саралауды қажет етеді.

        Сайлау институты қоғамның демократиялануының нақты көрсеткіштерінің бірі. Сайлау институның тиімді жұмыс істеуі саяси жүйені жетілдірудің кепілі екендігі сөзсіз. Өз кезегінде сайлау институты мен технологияларының қалыптасуы мен дамуы да саяси-әлеуметтік жүйе мен саяси-әлеуметтік режимге тәуелді болып келеді.

        Сайлау институтына тән функциялардың барлығы белгілі бір технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге керісінше сайлау технологиялары сайлау интитутының функцияларын тежеуге де қызмет етеді.

       Сайлау технологияларының дамуын анықтаудың ерекше мәні бар. Өйткені сайлау технологиялары қоғамдағы саяси рыноктың және әлеуметтік топтардың  мақсат мүдделері жағдайының көрсеткіші болып табылады. Сайлау  технологиялары сапалы элитаны қалыптастыруға әсер ететін факторлардың бірі. Себебі сайлау қарсаңында әшкерелеуші технологиялардың қолданылуы, таза емес адамдардың билікке ұмтылуына тосқауыл қояды және қоғамдық бақылаудың мұндай түрі өкілдік органдарда тұрақты, сапалы кадрлардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

       Саулау технологиялары қоғамның саяси-әлеуметтік мәдениетінің де көрсеткіші. Өтпелі қоғамдардағы сайлау институтының және сайлау технологияларының даму деңгейі элитаның саяси-әлеуметтік мәдениетінің деңгейіне тәуелді.

       Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз Қазақстандағы саяси әлеуметтану ғылымының қалыптасып  келе жатқан жас ғылым екендігін ескерсек, онда сайлау институты, сайлау жүйесі, сайлау технологиялары мәселесі де зерттеу нысанасына кейінгі кездері айналып отыр. Күні кешеге дейін тек кеңестік сайлау институты мен сайлау жүйесі ең әділ, халықтың негізгі мүддесіне сай деген сарындағы көзқарастан арылып, тәуелсіз алғалы бері саяси-әлеуметтік жүйені, демократиялық процестерді, партиялардың қалыптасу мәселесін және де басқа мәселелерді зерттеп жүрген Қазақстанның белгілі ғалымдары Ә.Н.Нысанбаев, К.Н.Бурхановтың, Д.К.Кішібековтың, И.Н.Тасмағанбетовтың, Л.А.Байдельдиновтың, Б.Г.Аяғанның, Л.С.Ахметованың, М.Ж.Абдировтың, Н.Ж.Байтенованың, А.С. Балғымбаевтың, К.У.Биекеновтің, А.Х.Бижановтың, Ж.Х.Жүнісованың, Р.К.Қадыржановтың, Л.М.Иватованың, С.З.Нарматовтың, К.Л.Сыроежкиннің, А.В.Соловьевтің, М.Б.Мухамедовтың зерттеулерінде де бұл мәселелерге көңіл бөлінген болатын [1].

      Сонымен бірге Қазақстандағы сайлау институтының және сайлау жүйесінің  қалыптасуы, сайлаушылардың мінез-құлқы, сайлау кезіндегі баспасөз мәселелері, партиялардың сайлауға қатысу мәселелері Е.Ертісбаевтың, Ғ.Ж.Ибраеваның, М.Машанның, С.Т.Сейдумановтың, Л.Адилованың, Г.Ө.Насимованың, А.Сапиеваның, Т.Исмағанбетовтың, Е.Ж.Бабакумаровтың, С.Байбековтың, А.Болатбаеваның, С.Ю.Петренконың, С.Платоновтың А.И.Лаврентьевтің еңбектерінде зерттелді [2].

        Сайлау Технологиялары туралы мәселені ту еткен Е.Ертісбаевтың «Генезис выборной демократии в современном Казахстане: проблемы и перспективы 1990-2007» (А.,2007) деп аталатын еңбегінде көтерілген болатын. Бірақ жоғарыда аталған зерттеулерде сайлау технологиялары мәселелері арнайы зерттеу болмағандықтан және сайлау технологиялары ұғымын тереңдету мақсатында осы диплом жұмысында салыстырмалы социологиялық әдісті пайдалана отырып, сайлау технологияларының саяси жүйедегі рөлін жан-жақты қарастыруға тырыстық.

        Сонымен қатар, кешегі кеңестік жүйедегі бірге шыққан елдердегі  ғалымдардың еңбектері де жалпы өтпелі кезеңдегі сайлау институты мен сайлау технологияларына байланысты күрделі мәселелерді танып-білуге көмектеседі. Сайлау институты мен сайлау технологиялары мәселелері ресейлік ғалымдар А.И.Ковлердің, Т.Васильеваның, Г.Голосовтың, А.Салминнің, В.Я.Гельманның, А.А.Джабасовтың, Г.Г.Дилигинскийдің, М.Кошелюктың, А.А.Вешняковтың, С.В.Устименконың, В.Н.Амелиннің, М.Афанасьевтің, В.Васильев пен А.Постниковтың, С.Ф.Лисовскийдің және сайлау технологтары А.А.Максимовтың, А.Цуладзенің, украин зерттеушісі Г.ГПочепцовтың, Өзбек ғалымы А.Б.Сабировтың, молдаван зерттеушісі В.Г.Мошняганың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған [3].

         Шет елдік сайлау жүйесі мен сайлау технологияларын зерттеп жүрген Ресей ғалымдары А.И.Ковлер, В.Н.Даниленко кеңестік кезеңнің өзіне бұл мәселеге үлкен көңіл бөлген болатын. Қазіргі кезде бұл мәселелер Р.Агеевтің, В.И.Левиннің, С.П.Перегудовтың, А.Н.Балашованың әр тұстағы еңбектерінде айтылып жүр [4]. 

          Жалпы сайлау институты мен сайлау технологиялары демократиялық дамыған елдерде жан-жақты жүйеленген Алексис де Токвилдің, М.Дюверженің, Р.Даль, Дж.Сарторидің, Лейпхардт, Дж.Наполитанның, Р.Дарендорфтың, Д.Нолен, М.Макфолдың, К.Шмитттердің, О.Донеллдің, А.Кинг. А.Надаистің, Р.Нойштадт, П.Радунскидің, Ф.Гоулд, Р.Мерфи, Ж.Сегалдың тұжырымды пікірлерінің методологиялық  маңызы бар [5].

        Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі кездегі сайлау технологиялары, сайлау жүйесі, сайлау институтына байланысты әдебиеттерге және дамыған демократиялық елдердегі тәжірбиеге, сондай-ақ, Қазақстан мен ТМД елдерінде жүргізілген саяси реформаларға әлеуметтік талдау жасай келе, сайлау технологиялары туралы тұтас бір тұжырымдама жасау мақсаты қойылды. Қазақстандағы  сайлау технологияларын зерттеу мәселесінің қаз тұрып келе жатқандығын ескере отырып, тақырыпты жан-жақты қарастыру үшін дамыған елдердегі сайлау технологияларының  қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік талдау жасап, салыстыру қажеттігі туындады. Ол үшін мынадай міндеттер жүзеге асырылды:

      — сайлау институтының пайда болу себептерін анықтау;

      — сайлау институтының негізгі функцияларын және  оларды жүзеге асыру технологияларының қалыптасуын ықпалдастыратын факторларды белгілеу;

     — сайлау технологиялары ұғымының мәні мен мазмұнына арналған анықтамаларға талдау жасау және жаңадан жүйелеу;

    — саяси жүйелердің, саяси режимдердің сайлау технологияларына әсер ету заңдылықтарын ашу;

   — дамыған демократиялық елдердегі сайлау технологияларының қалыптасуына, эволюциясына және қазіргі жай күйіне талдау жасау;

    — постсоциалистік кеңістіктегі сайлау технологияларының өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына саяси мәдениттің, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ықпал ету деңгейін айқындау;

     — Қазақстандағы сайлау технологияларының трансформациясына әлеуметтік талдау жасау және оның ерекшеліктеріне әсер еткен жағдайларды ашып көрсету;

       Диплом жұмысының жаңалығы. Бұл диплом жұмысындағы әлеуметтік зерттеу Қазақстандағы сайлау технологияларын әлемдік тәжірибемен алғаш рет салыстыра зерттеген жұмыстардың бірі. Диплом жұмысындағы кейбір теориялық және тәжірбиелік  материалдар ғылыми айналымға  тұңғыш рет енгізіліп отыр. Осыған орай диплом жұмысының ғылыми жаңалығына төмендегілерді жатқызуға болады :

     — сайлау институтының қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторлар социологиялық зерттеулер тұрысынан талданып, заңдылықтары айқындалды;

     — саяси жүйенің сипатына қарай, сайлау институты функцияларын жүзеге асыру мүмкінділіктері қаралды;

    — социологиялық салыстырмалы әдісті пайдалана отырып, ежелгі дүниедегі орта ғасырлардағы, жаңа дәуірдегі және қазіргі кезеңдегі сайлау институтының функцияларын жүзеге асыру және шектеу технологияларына талдау жасалынады;

    — сайлау технологияларының мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен мәні және түрлері анықталады;

    — саяси әлеуметтану ғылымында қолданылып жүрген электоралдық формула, сайлау инженерингі, саяси технологиялар ұғымдарын талдай  отырып, сайлау технологияларымен сайлау жүйесі ұғымының мазмұны кеңейтілді;

    — ТМД елдеріндегі саяси-әлеуметтік жүйенің трансформациясы барысында қалыптасқан сайлау жүйелеріне және сайлау технологияларына талдау жасалып, олардың өзіндік ерекшеліктері белгіленді;

   — сайлау технологияларының екі түрінің – нормативті және коммуникациялық –қандай саяси-әлеуметтік ортада басым болатындығы анықталды;

   — ТМД елдеріне ықпал етіп отырған Ресейдегі сайлау технологияларына талдау жасалып, олардың негізгі түрлері нақтыланды;

   — қазіргі Қазақстандағы сайлау технологиялары әлемдік тәжірибе тұрғысынан салыстыра зерттелді;

   — Қазақстандағы саяси жүйенің сипатын анықтаудың нәтижесінде сайлау технологияларының қолданылу аясы анықталып, олардың түрлеріне талдау жасалды;

   — Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың себептері анықталды;

   — Қазақстандағы саяси-әлеуметтік рыноктың жағдайы және саяси-әлеуметтік қызмет орталықтарына сипаттама беріліп, олардың мүмкіндіктері қарастырылды;

   — Қазақстан жағдайына сайлау науқанын ұйымдастырушыларға сайлау технологияларын пайдалануға байланысты ұсыныстар енгізілді.

      Диплом жұмысын қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

     — сайлау институты қоғамдағы әлеуметтік жанжалдардың негізінде пайда болды және оның қоғамды топтастырушы рөліне орай саяси-әлеуметтік институт ретінде қалыптасты;

      — сайлаудың жиі және заңды өткізілуі қоғамдағы жинақталған әлеуметтік, саяси жанжалдарды бәсеңдетеді;

     — сайлау институтының негізгі функцияларын жүзеге асыру саяси-әлеуметтік жүйеде тұжырымдалған мақсаттарға байланысты. Мақсаттарды жүзеге асыру барысында қабылданатын сайлау институтының міндеттерін анықтау, сайлауды Ұйымдастыру туралы ережелер мен сайлау алдындағы қолданылатын амал-айлалар мен іс-әрекеттердің жиынтығын сайлау технологиялары деп атайды;

    — билік жүргізуші элита сайлау институтының функцияларын шектеу арқылы өз қарсыластарын жеңуге немесе тежеуге жағдай жасайтын нормаларды қабылдау арқылы сайлау процесіне әсер етуін нормативті сайлау технологиясы дейміз;

     — сайлау технологияларының нормативтік түрі жалпыға ортақ сайлау құқығы күшіне енгізілгенге дейін негізгі сайлау технологиясы болды;

     — қазіргі кезеңдегі қоғаммен байланыс тәсілдеріне сүйенген, ғылыми негізделген сайлау науқаны кезінде сайлаушыларға тікелей әсер ету арқылы жеңіске жету үшін қолданылатын амал-айлалар мен іс-әрекеттер жиынтығын коммуникациялық сайлау технологиялары дейміз;

     — сайлау жүйесі дегеніміз әр түрлі елдерде қабылданған сайлау туралы тұжырымдаманы белгілі бір нормалар мен тәжірибе арқылы жүзеге асырылуын қамтитын іс-әрекеттер жүйесі немесе нормативті және коммуникациялық технологиялардың жиынтығы  деп есептелінді;

     — қазіргі дамыған  кездегі дамыған елдер мен дамушы елдердің нормативті сайлау технологиялары ұқсас. Билеуші топ бар жерде өзіне тиімді нормаларды заңдастыруға ұмтылады. Негізгі айырмашылық саяси-әлеуметтік жүйе мен мәдениет деңгейінде;

     — дамыған елдер мен дамушы елдердің коммуникативті сайлау технологияларындағы ерекшеліктер саяси-әлеуметтік режимге, саяси-әлеуметтік мәдениетке және қоғамның экономикалық даму дәрежесіне байланысты қалыптасқан;

    — коммуникативті сайлау технологияларын пайдалану барысындағы зерттеу жұмыстары сайлау маркетингі деп аталады;

    — Қазақстандағы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың, этносаралық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтының басты функцияларын жүзеге асыруға ынталы еместігі ашып көрсетілді;

    — Қазақстанның тоталитарлық жүйеден шығуына байланысты саяси партиялардың әлсіздігінен сайлау жүйесін таңдау тиісті деңгейде институционалданбаған ортада жүргізілді;

     — Қазақстанда саяси партиялардың парламенттік сайлауға кеш араласуынан сайлау жүйесі тек атқарушы орган тарапынан таңдалынды;

     — Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жүйенің сипаты (делегацияланған демократия) (О.Доннел) немесе гибридтік (К.Шмиттер) түріне жақын болғандықтан сайлау институна, сайлау технологияларына атқарушы биліктің ықпалы басым;

    — Қазақстандағы саяси-әлеуметтік рыноктың баяу қалыптасуы, сайлау институты функцияларының шектеулі және жоғарғы дәрежелі сайлау технологтарына зәрулік коммуникативті сайлау технологияларының дамуына кері әсер етіп отыр.

       Социологиялық зерттеу обьектісіне дамыған елдердегі, ТМД және Қазақстан Республикасында қолданылатын сайлау технологиялары жатады.

       Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне саяси-әлеуметтік процестерді және саяси-әлеуметтік институттарды ретроспективті және салыстырмалы тұрғыдан талдайтын әр түрлі тұжырымдамалар және жүйелі, тарихи, социологиялық, институционалды талдау әдістері арқау болды. Сонымен бірге Батыс Еуропа, АҚШ, Ресей ғылымдарының сайлау мәселесіне және сайлау технологияларына байланысты социологиялық зерттеулеріндегі тұжырымдар негізге алынды.

        Әлеуметтік зерттеудің деректемелік көзін дамыған елдердің, постсоциалистік елдердегі және Қазақстандағы конституциялар, сайлау туралы заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары, мемлекет басшыларының еңбектері, орталық сайлау комиссияларының мәліметтері, бақылаушы топтар мен ұйымдардың талдау материалдары құрайды.

         Диплом жұмысының әлеуметтік тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында баяндалған теориялық мәселелер ғылыми ізденістерді одан әрі жетілдіруге, саяси-әлеуметтік процестерде қолдануға және жоғарғы оқу орындарында саяси әлеуметтану пәнін оқытуда пайдалануға болады. Диплом жұмысының материалдарын жоғарғы оқу орындарындағы саясатттану, әлеуметтану бөлімдерінде арнайы курс ретінде немесе жалпы курстар шеңберінде пайдалануға болады.

       Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысының алдына қойған мақсат-міндеттері және әлеуметтік (социологиялық) зерттеу логикасы диплом жұмысының құрылымын анықтайды. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады. Диплом жұмысының жалпы көлемі  бет.

 

 

І тарау. САЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

  • Сайлау институты мен сайлау жүйесін әлеуметтік талдаудың методологиялық негіздері және сайлау технологиясы ұғымының мәні мен мазмұны

 

         Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, жаңалығы мен маңыздылығы көрсетілген болатын.

        Диплом жұмысының  «Сайлау технологияларын зерттеудің методологиялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауында  «сайлау технологиясы» ұғымының мәні мен мазмұны және осы ұғымның сайлау институты мен сайлау жүйесімен арақатынасына және саяси әлеуметтану ғылымындағы қолданылуына тоқталамыз.

        «Сайлау институты  мен сайлау жүйесін зерттеудің методологиялық негіздері және сайлау технологиясы ұғымының мәні мен мазмұны» деп аталатын бірінші тармағында «сайлау технологиялары» ұғымының мазмұнын ашу үшін жалпы сайлау институтының табиғатын түсінудің әдістері мен методологиясын пайымдаймыз. Себебі, технология сөзі сайлау институтының қызметіне байланысты қолданылып отыр. Сондықтан сайлау институтының пайда болу себептерін, саяси жүйедегі орнын анықтау қажет.

        Сайлау жүйесін таңдау барысындағы әрбір билікке үміткер топтың және биліктегілердің арасындағы амал-айлалардың мазмұны ашылып, сайлау технологиясы ұғымына шоғырландырылады. Барлық зерттеушілер социологиялық әдістерді пайдалана отырып, сайлау институтының қалыптасуына саяси-әлеуметтік жүйе ауқымындағы әлеуметтік жан-жалдар әсер етті деп тұжырым жасайды. Мысалы, Зиммель және Л.Козердің жанжал мәселесіндегі, әлеуметтік жан-жал белгілі бір арналар арқылы жинақталған кері энергияны шығаруды қажет етеді деген тұжырымына сүйенген автор сондай арналардың бірі – сайлау институты деп есептейді [6]. Өйткені қоғамдағы жинақталған әр түрлі эмоциялар мен жанжалдық  жағдайларды «бу шығару» арқылы бәсеңдетіп, саяси-әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. «Билік  потенциалы да жан-жал кеңістігінде өмір сүреді және бір жақты қатынастарда көрінеді. Себебі билік іс -әрекетке (әлсіз жақтың мінез-құлқының мәжбүрлі түрде өзгеруі) ұласады» [7].

         К.Фридрих, Р.Дарендорф, Б.Крик өздерінің социологиялық зерттеулерінде жан-жал және оның шешілуі демократияның алғышарттарының бірі болып табылады деген тұжырым жасаған [8].

        Саяси-әлеуметтік жүйені қоғамды басқару институттарының жиынтығы ретінде қарастырсақ, саяси-әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері өзара байланыста және бір біріне әсер етіп отыратындығын көреміз. Сондықтан да саяси-әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері өзара байланыста және бір біріне әсер етіп отырады деп айтуға болады. Саяси-әлеуметтік жүйенің негізгі институтары мемлекет пен азаматтық қоғамның арасын септестіретін, қоғамның әр түрлі бөліктерінің көңіл күйін айқындайтын институтының бірі сайлау институты. Демек, демократиялық сипаттағы саяси-әлеуметтік жүйе сайлау институтының толық мәнді жұмысына мүдделі болмақ.

        Сонымен бірге жан-жалдардың әлеуметтік топтарды шоғырландыратын және олардың арасындағы белгілі бір шекараны анықтайтын функциясы да бар. Бұл функция жан-жалды шешу барысында сайлау институтына көшеді және ол қоғамдағы билікке ұмтылған топтардың барлығын билікке жетудің ережелерін қалыптастыру арқылы қанғаттандыруға тиіс саяси-әлеуметтік институт ретінде қоғамды топтастыру функциясын атқара бастайды. Сайлау институтының топтастыру функциясы жүзеге дұрыс асырылған жағдайда саяси-әлеуметтік жүйе өзінің негізгі міндетін – қоғам алдындағы мақсат мүдделерді анықтай алады және соны жүзеге асыру үшін қоғамды жұмылдыра алады.

       Д.Истонның, К.Дойчтың, Г.Алмондтың саяси-әлеуметтік жүйе тұжырымдамаларына тән «кіру» және «шығуға» қажетті мәліметтердің бәрін сайлау науқандары қамтамасыз етіп тұрады [9]. Сондықтан кейбір әлеуметтік зерттеушілер сайлау жасанды жан-жал жасау әдісі және халықтың биліктегілердің қажетті мөлшерде мәлімет ала алатын кезеңі деп есептейді [10]. Сондай-ақ сайлау кезінде биліктегілер де есепке алуы қажет ортаның хабары толық қабылданады деуге болады.

       С.В.Устименко сайлауды мемлекет пен азаматтық қоғамның ара қатынасына қарай мынадай типтерге бөледі:

  1. Азаматтық қоғам мемлекетке бағынышты жағдайдағы сайлау институты.
  2. Мемлекет пен азаматтық қоғамның теңдігі тұрақсыз тұстағы сайлау институты.
  3. Мемлекеттің азаматтық қоғамға тәуелділігі [11].

       Бұл диплом жұмысында сайлау институтының функцияларының жүзеге асырылуы қоғамдағы ең бір күрделі процесс ретінде қарастырылады. Оның алғашқы шарты – сайлау жүйесін таңдау, яғни, кім сайлауға қатысады, кім сайланады, қалай сайланады, дауыс беру және дауысты есептеу тәртібі қандай деген сұрақтардың барлығына жауап алынып, белгілі бір нормаға түскенде ғана сайлау жүйесі қалыптасады. Көптеген әлеуметтік зерттеулерде тұжырымдалған «сайлау жүйесі» ұғымынан сайлау процесінің мазмұнын толық аша алмайтындығын көреміз. Сондықтан да кейінгі кезде кең мағынадағы сайлау жүйесі ұғымының қолданылуы біршама негізделген пікір деп есептелінеді [12].

        Социологиялық зерттеушілердің бірқатары қоғамдағы саяси-әлеуметтік күштер арасында консенсус болуы үшін сайлау жүйесін таңдауға олардың барлығы қатысуы керек дегенді ұсынады. Осыған орай ортақ саяси ойын тәртібін қабылдаудың шет елдік тәжірибелеріне талдау жасалынған. Көптеген қоғамдарда, әсіресе, дамушы елдерде келісімге келуге жағдай жасалмай отыр. Себебі, биліктен кеткісі келмейтін топтар сайлауды өткізу туралы ережелер жиынтығын немесе нормаларды қабылдау барысында, билікке ұмтылушылардың келісімімен немесе келісімінсіз-ақ, өздеріне тиімді нормаларды енгізуге тырысады. Бұл талпыныс сайлау өткізу процесінің әрбір сатысында байқалады. Ең бірінші келісілетін мәселе кімдер сайлауға қатысуы керектігі? Бұл мәселе талқыланғанда әр топ өзінің жақтастарына жағдай жасауға ұмтылады. Әдетте мүліктік, білімдік, ұлттық тіл білу, отырықшылық сияқты ценздар қолданылады.

         «Бір адам – бір дауыс» дегеніміз не? Бұл принцип – демократиялық сайлау жүйесінің басты шарттарының бірі. Әсіресе тоталитарлық қоғамның демократиялық бағытқа бет түзеген елдер үшін «бір адам – бір дауыс» – күн тәртібіндегі ең басты мәселе.

         Бір қарағанда, бұның ешқандай қиындығы да жоқ сияқты. Бұрын бір семьяның немесе көршілердің дауыс беретін қағаздарын жинап келіп, бюллетень алып, бәрін бір-ақ сала салатынбыз. Оны қалыптастырған жағдай – таңдаудың жоқтығы, сайлау принципінің жасанды жүруі болатын. Енді қазір таңдау болса да, бұрынғы әдет қалатын емес.

         Әрине, бұдан құтылудың жолдары жетерлік, дегенмен ең бірінші бөгет – сайлауды ұйымдастырушылар мен өткізушілердің өздерінде, солардың қызметтерінде жатыр. «Қайтсеңдер де 50% дауыс берілсін» деген жоғарғы жақтың әмірінен қорыққандарынан (әміршілдік жүйе сақталмады деп кім айта алады?) бір қолға бірнеше бюллетень беруді сайлау учаскелерінің өздері жандарын сала қорғайды. Олар Парламент бекіткен, Президент үкім шығарған мемлекеттің заңын аяққа баса отырып, жоғарғы жақтың бұйрығын қалт еткізбей орындайды. Заңды жасап қойып, төменнен жоғарыға дейін бірімізді-біріміз алдаймыз. Баланың ойыны сияқты. Оған дәлел соңғы 2007 жылдың тамыз айындағы сайлау барысындағы көрген жағдайлар…

         Байсалды азаматтардың: мектеп директорлары, завучтар, жоғарғы оқу орындарының басшыларының көрінеу көзге әділетсіздікке қызмет қылуын ешқандай объективті себептермен ақтай алмаймыз. Кей жағдайларда «бастыққа дауыс беруге халықты үгіттеуге қатыспадың, ат салыспадың» деп кейбір қарамағындағы қызметкерлерді себеп тауып (қоғамдық жұмысқа қатыспадың деген желеумен)  жазалап жатқанының куәсі де болдық. 

        Екіншіден, бір адамның бір ғана дауыс беруге құқылы екенін, егер басқалар үшін дауыс берсе белгілі бір жазаға тартылатыны туралы (Америкада бауыры немесе басқа адам үшін дауыс берген адамды 5 жыл бас бостандығынан айырады екен) заң бабын көпшілікке жеткізіп, оларды осы жаңалықтан хабардар ету жұмысын үкімет жүргізіп отырған жоқ. Егер сайлау участкесінің ішіне, бюллетень алатын жерде осы бап жазылып қойылса, кейбіреулер аяқтарын тартар еді. Бірақ мұндай сауаттандыру жұмысының неге жүргізілмейтіні баршамызға белгілі: егер сайлауды жүргізушілердің өздері бір қолға бірнеше бюллетень беруді қалап отырса, жоғарыдағы заң баптарын жазып не жын ұрыпты.

        Үкімет пен сайлау комиссиясының мақсаты айқын – заңды орап өту, ал қарапайым сайлаушыларға не жорық? Олар кімді алдайды? Міне, осы сұрақтар төңірегіндегі мәселелер саяси сайлау технологиясы барысында әлеуметтік талдауға түседі.

        Қазіргі кездегі социологтар мен саясаттанушылар конституциялар мен сайлау заңдарындағы ценздарға талдау жасап [13], жалпы шектеулердің қалыптасқан тарихи жағдайларын есепке ала отырып, мынадай екі түрге бөледі:

  1. Тиімді таңдау тұрғысынан, яғни қоғамға тиімді шектеу.
  2. Тек биліктегілерге тиімді шектеу.

        Екінші келісілетін мәселе – сайлаушылардың тізімі, яғни кім жасайды, кімдерді тіркейді және қашан тіркейді деген мәселе. Көптеген елдерде сайлаушылардың тізімін жасағанда да кемшіліктер кетіп жатады. Үшінші мәселе – сайлау округтарын ұйымдастыру мәселесі. Сайлау округтары дегеніміз белгілі халық саны көлемінен өкілдік органға өкіл сайланатын аумақ және сайлауды ұйымдастыру бірлігі болып есептеледі. Төртінші, барлық саяси күштер үшін маңызды мәселе – сайлау комиссияларын ұйымдастыруға кімдердің қатысатындығы. Келісімді қажет ететін бесінші мәселе – сайлау алдындағы науқанда үгіт-насихат нормалары және оған жұмсалатын қаржы көлемі. Алтыншы – дауыс беру процесі. Жетінші дауысты санау және жариялау. Осындай 7 сатының барлығына қатысты қабылданған нормаларда биліктегілердің мүддесі сақталынып отырады. Бірақ мемлеттік төңкерістердің, халық қозғалыстарының нәтижесінде билікке келген жаңа топ сайлау нормаларына өзгеріс енгізеді және біртіндеп барлық саяси күштерді қанағаттандыратын жағдай қалыптасады. Қазіргі таңда дамыған елдердегі сайлау нормалары осындай өзгерістердің нәтижесінде халықаралық беделді иеленуде.

         Сайлау жүйелерін салыстырмалы зерттеудің үш түрінің – социологиялық, институционалдық және тиімді таңдау теориясы бойынша – ішінен тиімді таңдау теориясы сайлау технологияларын әлеуметтік зерттеуде нәтижелі деп есептейді. Оның себебін әрбір  қабылданған норманы кімге тиімді екендігіне байланысты қарастыруында деп түсіндіреді [14].

        Әлеуметтік зерттеудің осы түрі постсоциалистік кеңістікте әзірге дейін өзекті болып отырған мәселе – сайлау жүйелерін қабылдау немесе таңдау мәселесін қарастырғанда да қажет. Таңдауда кімдердің және қалай қатысып отырғаны өз алдына үлкен бір ғылыми сұрақ. Дегенмен қысқаша мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:

        а) Депутаттыққа кімдер лайық? Маман юрист па, әлде баяғыдағыдай әр кәсіптің иесінен бір адамды депутат қылу немесе кәзіргідей «партия ісі – қоғам ісі» деген принциппен Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау қажет па?

       Әр заманның өз талабы бар. Соғыс кезінде бірінші орынға батыр шығады да, той үстінде әнші шығады.

        ә) Қазақстанның бүгінгі кезеңі бізден қандай парламентті қажет етіп отыр?  Біріншіден, ұлттық мемлкетімізді құру үстіндеміз. Қазақ жерінде әр ұлттың өкілдері өздерінің адамдық құқықтарын, азаматтық еркіндіктерін, ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, қазақ мемлекетінің заңымен, бағытымен өмір сүруі қажет. Көп жылға созылған отаршылдықтың зардаптарынан арылуымыз қажет және тоқырап қалған ұлттық мәдениетімізді жаңғырту керек. Бәрінен бұрын ұлттық сана-сезім, намысымызды қалыптастыру жұмыстарын үзбей жүргізуіміз шарт. Қазіргі күндері осы мақсатта «Мәдени мұра» бағдарламасымен көптеген іс-әрекеттер жасалып жатыр.

        Екіншіден, бұрынғы әміршілдік жүйенің қалыптастырған әдеттерінен, қоғамдық өмірге деген немқұрайлы көзқарасынан құтылуымыз қажет. Мемлекетіміздің негізгі бағыты, түрі – демократиялық жүйеге түсуі – бірінші кезектегі қажеттілік болуы керек. 2008 жылдың басынан бастап осы бағытта, яғни, коррупцияға (ұйымдасқан қылмысқа) қарсы күрес қарқынды жүруде. 

        Бүгінгі күндегі ірі мекемелер мен кейбір оқу орындарының (жоғары және орта), шаруашылықтардың жетекшілерінің іс-әрекеті бұл талаптардың екеуіне де сай келмейді. Осыны жақсы түсінген билік иелері қағаз жүзінде болса да көптеген жұмыстар атқаруда.

        б) Депутаттыққа ұсынылған жанның азаматтық көзқарасы бар ма, соған қарау керек. Қазіргі кезеңді есепке алып, нақтырақ келсек, халық өкілі болатын жан не жұмыстар атқарды, өзін аумалы-төкпелі заманда қалай көрсете білді, қызмет бабын пайдаланып қарамағындағыдарға зорлық-зомбылық жасаған жоқ па – соған талдау жасау керек. Әділеттілік үшін күрес жасай білді ма, әлде кабинетінде тығылып отырып өсек-аяң жинаумен айналысып, әміршілдік жүйеге беріле қызмет жасады ма, әлде қоғамды өзгертуге күш салып, халықтың ішінен табылды ма, әлде, «Нұр Отан» партиясының атын жамылып жазалау системасын күшейтіп отырған жоқ па? Депутаттыққа сайланатын адамдар осындай өлшемдер тұрғысынан бағаланса дұрыс болар еді.

         Бірақ, сайлау науқанында жақсы сөздер көп айтылады, үлкен уәделер беріледі, өзін әрбір істе «әділмін», «әділеттімін», «пара алмаймын» деп мақтайды (мақтанады). Бірақ, ол барып тұрған «әділетсіз», «парақор» (пара беретін және алатын) адам. Бұлай айтатын себебеміз, сол үміткердің коллективінде әділетсіздік пен парақорлық белең алған. Депутаттыққа үміткерді халық мақтауы керек. Ал, бізде өздерін өздері мақтайды, мақтанады. 

        Сол үміткерлер берген уәделерін, айтқандарын сайлауға дейін де істеуге болады емес пе немесе сайлауда жеңілгеннен кейін де қалап алған бағыты бойынша жұмыс істей беруге болады емес пе? Демек, адамзат болсын, қоғамдық-саяси-әлеуметтік жұмыстарға аралассын өзін басқаларға үлгі ретінде көрсете білуі қажет.

         Жалпы саяси әлеуметтану ғылымы басқа ғылым салаларынан жас болғандықтан, көптеген ғылымдарда бұрыннан қалыптасқан терминдерді саяси-әлеуметтік процестерді түсіндіруге пайдалану әдеттегі жағдайға айналған. «Технология» терминінің жаратылыстану ғылымындағы мағынасына талдау жасай келе, саяси әлеуметтану ғылымында қолдану оның категориялық аппаратын дамытады деп тұжырымдауға болады [15]. Ал «технология» терминін саяси әлеуметтану ғылымында «саяси технологиялар» ретінде жаңа мазмұнда пайдалана бастағанымызға да көп болған жоқ. «Саяси технология» дегеніміз, – дейді Ресей әлеуметтанушысы С.Соловьев – белгілі бір уақыт пен белгілі орында нақты Субьектінің мақсат-міндеттерін тиімді және оңтайлы түрде жүзеге асыруға бағытталған біртіндеп қолданылатын процедуралар, іс-қимыл әдістері мен амалдар жиынтығы» дейді [16]. Айта кететін жайт – зерттеушілер арасында саяси-әлеуметтік технологияларды түрлеріне  байланысты жіктеу тәжірбиесінде бір ізділік жоқ.

        Саяси-әлеуметтік технологияларға сайлау институтын да жатқызуға болады. Себебі сайлау нәтижесінде әр түрлі саяси-әлеуметтік топтардың билікке араласуы қамтамасыз етіледі және қоғамдық келісімге қол жеткізуге болады Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары дайындаған «Саяси әлеуметтану» («Политическая социология» М.,2005) оқулығының бір бөлімі  «Сайлау саяси жүйені жаңарту технологиясы ретінде» деп аталады және оқулық авторлары «Сайлау, біздің ойымызша, жаңартудың ең басты технологияларының бірі» – деп есептейді [17]. Дж.Сартори да сайлау институтын саяси технологияға жатқызады. Оның Сайлау манипуляцияның бір түрі деп атаған анықтамасы бірталай зерттеушілер тарапынан қолдау тауып отыр [18].

        Сайлау технологиялары да саяси технологиялардың бір түрі  болып есептеледі. Солай дегенмен де көптеген зерттеулерде «сайлау технологиялары» ұғымын тек сайлау алдындағы науқандармен ғана байланыстырады және кейінгі кездегі зерттеулердің барлығында дерлік осы кезеңдегі әдіс, амалдар мен процедуралар ғана талдануда. Тек С.В.Устименко ғана «сыртқы сайлау технологияларына» сайлау науқанының ұйымдық-құқықтық жамылғысын жатқызады [19]. Жоғарыдағы пікірлерді жинақтай отырып, белгілі бір топтың билікке жетуі үшін сайлау заңдарын қабылдау барысындағы іс-әрекеті мен амал-айласын, сайлау алдындағы науқанда коммуникациялық технологияларды пайдаланып жеңіске жету үшін жүргізетін күресінің толық циклын сайлау технологиялары деп атауға болады.

        Сайлау технологиялары пайдалану уақытына және тиімділігіне қарай екіге бөлінеді:

  1. Нормативтік;
  2. Коммуникациялық.

       Биліктегі топтардың сайлауға дейін нормаларына өз мүдделерін енгізу процесін және оны сайлау науқанында ешбір кедергісіз тиімді пайдалануын сайлау технологияларына жатқызады да оны сайлау технологиясының нормативті түрі деп атайды. Жалпы әр түрлі нормалар қабылдау арқылы биліктің түрін сақтау әдістерін антикалық философ Аристотель амал-айлалар деп атаған болатын [20]. Көптеген зерттеушілер қазіргі кезеңдегі қоғаммен байланыс тәсілдеріне сүйенетін, ғылыми негізделген сайлау науқаны кезінде сайлаушыларға тікелей әсер ету арқылы жеңіске жету үшін қолданылатын амал-айлалар мен іс-әрекеттер жиынтығын коммуникациялық сайлау технологиялары деп атайды.

         ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап сайлау алдындағы науқанда бұқаралық ақпарат құралдарына және ғылым салаларының жетістіктеріне сүйенген жаңа амал-айлалардың қалыптасуы қарастырылып келеді. Саяси әлеуметтану тұрғысынан бұл кезеңді «Жаңа саясат» кезеңі немесе сайлау науқанының «американдануы» деп атайды [21]. Аталған жаңа технологиялар социологиялық зерттеулер арқылы халықтың негізгі құрамын, мақсат, мүдделерін анықтап, үміткердің соған сай құрастырылған имиджін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жарнамалап, үміткерді түпкі мақсатына жеткізуге тырысады.

        Сайлау технологияларына байланысты негізгі зерттеулер коммуникациялық сайлау технологияларына арналған және олардың басым көпшілігіне «ақ» және «қара» пиар саяси консалтинг пен маркетинг мәселелері зерттелуде. «Ақ» және «қара» пиар мәселесінің зерттеу обьектісіне айналуы – сайлау технологияларында үміткердің имиджіне қарсы қарсыластардың әшкерелеуші технологияларды пайдалануда. Осы мәселеге байланысты пікірталаста  әр түрлі ойлар айтылуда. А.Ю.Кошмаров пен Г.С.Кузнецов «сайлау технологиялары «ақ» және «қара» болмайды, олар тек заңды және заңсыз болуы мүмкін. Ал әшкерелеуші материалдарға келетін болсақ дамыған елдердің өзінде сайлау науқанының 70 пайызын осындай  материалдар құрайды», – деп есептейді [22]. Ал К.В.Киселев бұндай технологияларды деструктивтік технологиялар деп атайды [23] .

         Сонымен бірге, қоғаммен байланыс (паблик рилейшенз) саларының жеке-жеке зерттеле бастауы және қайсыбірінің жеке ғылым салаларына айналуы (имиджелогия, саяси жарнама) коммуникациялық технологиялардың дамуының ғылыми негізін қалайды [24].

         Әлеуметтану ғылымында әлі де болса «сайлау жүйесі», «сайлау технологиясы», «электоралдық формула»,  «сайлау инжерингі», «сайлау маркетингі» терминдерінің арақатынасы дұрыс зерттеле қоймағандықтан,  ұғымдық мәселелердегі бірізділіктің болмауы кей жағдайда мәселенің қойылуына және зерттелуіне кері әсер етіп жатады. Осы терминдердің арақатынасына және ұғымдық анықтамасына талдау жасай келе, бұл терминдердің төмендегідей анықтамаларына тоқталамыз:

         Сайлау жүйесі дегеніміз әр түрлі елдерде қабылданған сайлау туралы тұжырымдаманы белгілі бір нормалар мен тәжірибе  арқылы жүзеге асуын қамтитын іс-әрекеттер жүйесі немесе нормативті және коммуникациялық технологиялардың жиынтығы. Ал электоралдық формула дегеніміз парменттегі орын санын бөлу тәсілі және ол  сайлау технологиясының бір түрі болып табылады. Сайлау инженерингі ұғымын да нормативті сайлау технологиялары ұғымының баламасы ретінде түсінуге болады. Кейбір зерттеушілер технология мен маркетинг ұғымдарын бір ұғым ретінде есептеп жүр. Сондықтан да «сайлау маркетингі» ұғымын «сайлау технологиясымен» сәйкестендіруге болмайды. Сайлау маркетингі дегеніміз комуникациялық сайлау технологияларын қолданар алдында және қолдану барысында электоратты зерттеу деп тұжырымдаймыз.

 

1.2.  Сайлау институты мен сайлау технологияларының қалыптасуы мен дамуына саяси әлеуметтік жүйенің әсері.

 

        «Сайлау институты мен сайлау технологияларының қалыптасуы мен дамуына саяси әлеуметтік жүйенің әсері» деп аталатын бірінші тараудың екінші тармағында сайлау институтының қоғамдағы рөлі мен функциясы талданып сайлау технологияларының қалыптасу себептері ашып көрсетіледі. Нормативті сайлау технологияларының эволюциясына, яғни, ежелгі дүниеден қазіргі кезге дейінгі сайлау технологияларының эволюциясына сипаттама беріліп және олардың қалыптасуы саяси әлеуметтік жүйелердің әсеріне байланысты қарастырылады.

        Сайлау институты алғашқы қауымдық құрылыстың соңғы сатысындағы тайпаларда байқалады. Мысалы, Ф.Энгельс ирокездер тайпасындағы сайлау институтына көңіл бөледі. Сол кездегі қауымдағы ең басты тұлға көсемді сайлау арқылы таңдау қауымды ыдыратпаудың бір амалы еді. Сол кездегі сайлау институтына сай сайлау технологиясы қалыптасты. Себебі алғашқы қауымның өзінде-ақ сайлау процесінің күрделі болуы осыған дәлел бола алады және оның басты себебі ру немесе тайпа шеңберіндегі консенсусты сақтау болып табылады. Екіншіден, басқа рулармен қарым-қатынас барысында көсем билігінің легитимденуі үшін қажет болды [25].

         Ежелгі Грецияның қала-мемлекеттеріндегі сайлау технологияларының даму дәрежесін және ерекшеліктерін талдай отырып, Солон реформасын жүргізу барысындағы дауласушы екі жақты мәмілеге шақыру және саяси әлеуметтік жүйедегі тұрақтылықты қалпына келтіру үшін саяси және экономикалық реформалармен қатар сайлау реформасына да мән берілгендігін байқаймыз. Сондай шараның нәтижесінде мемлекеттік қызметке мүлік дәрежесіне байланысты сайлау тәртібін енгізгендіктен ауқаттылар тыныштанған және төменгі топтағы адамдардың саясаттағы рөлін төмендетпеу үшін олар мүше болатын соттың мәртебесі өсіріледі. Аристотель  Солон реформасына дейін қызмет адамдарын ақсақалдар кеңесі – ареопаг тағайындайтын еді деген [26].

        Бенжамен Констан антикалық кезеңдегі адамдар қоғамдық билікті азаматтардың арасындағы бөлуді еркіндік деп есептейді. Ал қазіргі біздің замандастарымыздың мақсаты – жеке басының қауіпсіздігі және ол қоғамдық институттар жасайтын еркіндіктің кепілі деп есептейді [27].

        Ежелгі Римдегі сайлау технологияларының да өзіндік ерекшелігі болды. Рим республикасының аристократиялық сипаты сайлау институтына және сайлау технологиясына әсер етпей қоймады. Ежелгі Рим тарихи жағдайларға байланысты қалыптасқан үш деңгейдегі Халық  жиналысы болды: куриаттық, трибуттық және центуриаттық комицияларда қаралды. Рим билеушілері жиналыстың үш түрін пайдалана отырып, өздеріне қажет болғанда әр түрлі манипуляциялармен айланысты. Рим Республикасының құлауы тұсындағы сайлаулар барысында дауысты сатып алу (бізде де кейде дауысты сатып алуға ұмтылушылар кездеседі) кең тарады. Т.Моммзен рим республикасының құлауының бір себебінің өзі осы сайлау технологиясындағы кемшіліктерде деп есептейді [28]. Аристотель ежелгі дүниедегі сайлау технологияларының қолданылуын демократиялық, аристократиялық, олигархиялық деп үш түрге бөледі [29].

         Орта ғасырлардағы сайлау институтының функцияларын қарастыра келе толық шектелген, біршама шектелген деп екіге бөліп қарастырады. Толық шектелген сайлау институы Германияда болды және ол императорды сайлау үшін пайдаланылды. Сайлаушы рөлін ірі князьдар атқарды [30].

        Ал сословиелік өкілдік органдарды қалыптастыру барысындағы сайлау институының қызметі біршама шектелген болды. Францияда сайлау институты король билігін нығайту және елдің Рим Папасынан тәуелсіздігі үшін пайдаланылса, Англияда король билігін тежеу үшін енгізілді. Англияда король билігін тежеуге арналған «Еркіндіктің Ұлы хартиясы» негізінде сословиелік – өкілдік орган ағылшын парламеті қалыптасты.

           Орта ғасырларда сайлау институттары жоғарғы не төменгі топтардың бастамасымен өмірге  келіп отырды. Англия мен Кастимлияда өкілдік органдар «төменнен», ал, Францияда корольдің инициативасымен пайда болды.

         Өкілдік органдардың қалыптасуы сайлау институтының функциясының кеңеюімен қатар жүреді және ішкі не сыртқы жанжалды шешудің жолы ретінде қолданысқа түседі. Мысалы, Франциядағы өкілдік орган – Штаттардың құрылуына король Филипп V пен Рим Папасының арасындағы күрес әсер етті.

        Өкілдік органдардың саяси салмағы мен қоғамдағы рөлі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты болды. Германиядағы өкілдік органдардың дәрменсіздігіне қалалардың әлсіздігі әсер етті.

       Сайлау институты тиімділік тұрғысынан да таңдап алынды. Мысалы, Англияда жергілікті басқару органдарын ұйымдастыруда сайлау институты пайдаланылды.

        Сайлау институтының функциясының кеңеюі буржуазиялық революциялар кезеңіне тұспа-тұс келеді. Т.Парсонс қазіргі қоғамдардың негізі жаңа дәуірде қаланды деп есептейді [31]. Осы тарихи оқиғалардың нәтижесінде сайлау технологияларына байланысты қазіргі кезге дейін әсерін жоймаған ірі теориялық және практикалық маңызы бар нормалар мен әдістер дүниеге келді. Сайлау институтының және технологияларының дамуына Америка Құрама Штаттарының құрылуының әсері зор болды. АҚШ-тың құрылуына байланысты құжаттар негізінде сол кезеңдегі революция басшыларының сайлау институтының функцияларымен оны жүзеге асыру технологиясы туралы көзқарастарын байқауға болады. Алғаш билікті бөлшектеу идеясының толық мәнді жүзеге асуы сайлау институтының мүмкіндіктерін біршама толық пайдалануға жол ашты. Алайда АҚШ сайлау жүйесінің бір кемшілігі қоғамның бір бөлігі – қара түстілер сайлау құқығын иеленбеді [32].

         Франциядағы буржуазиялық революцияның қарсаңындағы идеологиялық күрес барысында Руссоның «халық еркі» деп аталатын және Монтескьенің «Заңдар рухындағы» концепцияларының өкілдік орган мен сайлау институты туралы теориялардың дамуына әсері болды. Руссо халықты жинап, оның еркін білу және оны заңға айналдыру әділетті мемлекеттің кепілі деп, яғни барлық халық заң шығару ісіне аралысуы керек деп мәлімдеген болатын. Сонымен бірге Руссо азаматтардың еркіндігі мәселесінде азамат құқығын  мемлекеттен жоғары қойды. Ал Монтескье керісінше, халық заң шығару ісін үлкен мемлекеттерде жүзеге асыра алмайды, сондықтан оны өзінің өкілдері арқылы жүзеге асыруы қажет деп есептеп, заң шығару билігі халық еркінде емес, мемлекеттің еркінде және оны халық өкілдері жүзеге асырады деп тұжырымдаған болатын. Әлемдегі бізге көрінетін құбылыстардың бәрін жасаушы соқыр тағдыр дейтіндер үлкен қисынсыздық жағындағылар, өйткені саналы ақыл иелерінің соқыр тағдырдан жаратылуынан асқан қандай өрескелдік бар? – деген сұрақты қойғандығынан-ақ Шарль Луи Монтескьенің не айтқысы келгенін білуге болады.

         Руссо мен Монтескье идеяларын француз революциясы кезінде жүзеге асырған Мабли мен Сийес екі идеяның басты қағидаларын Конституцияға енгізді: халық суверенитеті мен жеке тұлғаның құқығын және халық еркін өкілдік орган білдіретін болды [33].

         Буржуазиялық революциялар кезінде халықтың негізгі бөлігі сайлау құқығын алғанымен жалпыға ортақ сайлау құқығы енгізілмеді. Нормативті сайлау технологияларының бірі мүліктік ценз арқылы халықтың бір бөлігінің саяси құқығын шектеп, елде тұрақтылық орнатамыз деген ойы нәтижелі болмады. Себебі сайлау құқығын талап еткен жұмысшы табы саяси күреске белсене араласа бастады. Алғаш рет жалпыға ортақ сайлау құқығы Францияда 1848 жылғы революциядан кейін енгізілгенімен, аз уақыттан кейін күшін жойды.

         Англиядағы чартистер қозғалысы биліктегілердің әр түрлі нормативті сайлау технологияларын қолданғанына қарамастан жалпыға ортақ сайлау құқығының қабылдануына негіз болды.

          Сайлау технологияларын пайдалана отырып биліктегілер төменгі топтардың сайлауға қатысу құқығын барынша шектеп, біртіндеп қана кеңейтіп отырды. Батыс Еуропа елдеріндегі жұмысшы қозғалысының әсерімен ХІХ ғасырдың және ХХ ғасырда коммунистік идеологияның ықпалын төмендету үшін жалпыға ортақ сайлау құқығы дамыған едердің барлығында енгізілді.

         Саяси режимдердің сайлау технологияларының нормативті түріне әсері Франциядағы сайлау жүйесінде көрініс берген. Мысалы, 1958 жылы елдегі саяси дағдарыстан кейін билікке шақырылған  генерал Де Голль бір ай көлемінде жаңа конституцияның жобасын жасап, референдумда бекітеді. Республиканың Конституциясы бойынша парламеттің өкілдігі шектеліп, атқарушы биліктің өкілдігі кеңейтілді. Жаңа режим сайлау институтының рөлін қайта қарап, сайлау жүйесіне жаңалықтар енгізді. А.И.Ковлер жаңа режим қолданған мынадай нормативті технологияларды атап өтеді:

     — Мажоритарлық сайлау жүйесінің енгізілуі негізінен осы кездегі француз қоғамындағы ірі партиялардың бірі – коммунистік партияға қарсы бағытталған болатын. Осының нәтижесінде Оңшыл күштердің партиясы голлистер 1958 жылғы парламент сайлауында 20 пайыз дауыс алып 196 орынға ие болса, ал 18 пайыз дауыс жинап екінші орында болған коммунистер 10-ақ орын алды. Егер пропорционалды сайлау жүйесі болғанда голлистер 94, коммунистер 88 орын алатын еді.

     — 1958 жылы Де Голлдің ұсынысымен елдегі солшыл күштер басым округтердің барлығы тарқатылып, жаңа округтер құрылды.

     —  1977 жылы парламент сайлауы қарсаңында (сайлау  1978 жылы болды ) шет елде еңбек етіп жатқан француз азаматтарының дауыс беруі туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша оңшылдар мен солшылдарды  жақтайтын сайлаушылардың саны тепе-тең округтерде шет елдіктердің дауысы шешуші рөл атқаратын етіп жоспарланды.

     —  Францияда социалистер билікке келгеннен кейін сайлау жүйесіне өзгерістер енгізілді. Муниципалдық сайлауларда мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелері аралас  пайдалана бастады [34].

        Демократия біршама дамыған елдерде де нормативті технологиялардың кеңінен қолданылуына идеологиялық қарама-қайшылықтардың ықпалы болмай қоймайды. Алайда сайлау технологияларының әлеуметтік күрестің құралына айналып отырғандығына қарамастан сайлау институтының топтардың келісіміне де әсері болады. Сайлау институтының тарихи дамуына шолу жасасақ, сайлауға қоғам мүшелерінің қатысу деңгейіне қарай әр түрлі елдерде қалыптасқан сайлау институттарын шектелген, біршама шектелген, толық шектелген, шартты шектелген деп бірнеше түрге жіктелгендігін және соған сәйкес сайлау технологияларының болғандығын байқаймыз.

         Саяси коммуникация мәселесіндегі алғашқы агенттіктер ХХ ғасырдың 30 жылдарында пайда болды. Витхэкер сайлау науқандарына қызмет көрсететін отбасылық агенттік құрып, сайлау технологияларының дамуындағы жаңа кезеңнің ірге тасын қалаған болатын [35].

         П.Руденскидің пікірінше, сайлау технологияларындағы «Жаңа саясат» деп аталатын кезең 1960 жылғы  АҚШ –тағы президент сайлауында Джон Ф.Кеннеди мен Ричард Никсонның сайлау науқандарынан басталады [36]. Сайлау науқандарының жаңа моделі «New Politics» деп атала бастады. Бұл модельдің ерекшелігі коммуникациялық сайлау технологияларын кеңінен пайдалануында еді. Сайлау науқаны саяси оқиғалар мен жарнамалық кампаниялардың, саяси тақырыптардың, тұлғалардың және жарнамалық хабарлардың қосындысының нәтижесінде ғана саяси коммуникацияға айналады. Міне осы факторлардың баршасын екі жақ та тиімді пайдаланды. Бірақ Кеннедидің теледебаттар барысында өзін сенімді ұстауы, пікірталас жүргізу стилі сайлаушылардың көңілінен шықты. Мұндай жағдайды пайдалану имиджелогияда формат деп аталады (яғни коммуникаторға тиімді жағдайды есепке алу) [37].

        Ричард Нойштад төртінші теледебат барысында Кеннедидің вице-президент қызметін атқарған Никсонға Кубадағы револоюцияны басуға байланысты ешқандай шара қолданбадың деп кінә тағуы да көрермендердің көңілінен шықты деп есептейді [38]. Сонымен бірге сайлау науқаны кезінде Кеннедидің «Жаңа шептер» деп аталатын сайлау стратегиясы да сайлаушылар тарапынан қолдау тапты [39].  

        АҚШ-та пайда болған сайлау науқанын жүргізудің жаңа моделі Еуропаға кеңінен таралған. Жаңа модель Еуропада алғаш Франциядағы 1965 жылғы Президент сайлауында сынақтан өтті [40]. Біртіндеп сайлау технологияларының коммунициялық түрінің Еуропаға кең өрістей бастауы және саяси әлеуметтік консультацияның қоғамдағы рөлінің өсуі 1968 жылы саяси консультанттардың халықаралық ассоциациясының құрылуына алып келді.

        Сайлау өткізудің жаңа моделі төмендегідей аса маңызды қос жаңалықты тәжірбиеге енгізді:

  1. Комммуникациялық технологияларды;
  2. Әлеуметтік зерттеулерді .

       Комммуникациялық технологияларды жүзеге асырудың бір ерекшелігі –сайлау науқанын дайындайтын арнайы саяси менеджердің болуы. Сайлау алдындағы күрес – бұл да саяси әлеуметтік коммуникация. Менеджер саясаткердің немесе партияның сайлаушыларға ұсынатын аргументтерін негіздегенде, оны сайлаушыларға жеткізудің жолын қарастырғанда және ең бастысы жоспарланған тұжырымдаманы жүзеге асыруға тікелей араласатындықтан, оған мынадай талаптар қойылады: саяси концепциялар тұрғысынан ойлай алатын, коммуникация түрлерін пайдалана алатын қабілеті бар және сайлау кампаниясын жүргізу үшін қазіргі заманға менеджменттің құралдарын жіті игеруі тиіс [41].

         Сайлау кампаниясы кезінде менеджер төмендегідей үш құзырлыққа ие болу керек:

  • Ол өзінің клиентімен немесе партия басшысымен тікелей қарым-қатынас жасауы керек және барлық маңызды пікірталастарда үнемі қасында болуы керек.
  • Ол сайлау науқанына бөлінген бюджет көлемінде қаржы мәселесін шешуге, осы мәселеге байланысты мамандарды, агент немесе жеке адамдарды тағайындауға немесе адамдар таңдау процедурасына араласуы керек.
  • Сайлау алдындағы күрестің кестесін, яғни қай уақытта өткізілетінін белгілеуі қажет [42].

         АҚШ-тағы сайлау науқандарын ұйымдастырушылардың бірі Ральф Мерфин сайлау науқаның стратегиясын дайындау барысында төмендегідей басты 4 мәселені анықтап, сайлаушыларға жеткізу керек деп есептейді:

  1. Біздің үміткеріміз кім? (жеке басы туралы мәлімет, оның философиясы, қоғамдық-саяси мәселелерге байланысты позициясы);
  2. Біздің оппонентіміз кім?;
  3. Жария полемиканы дамытатын негіз қандай? (қоғамдық саясат мәселелері, жеке тұлға туралы және т.б.)
  4. Адресаты кім немесе кімге арналған? Яғни, үміткер ұсынатын идеялар, науқанның жалпы мақсаты кімдердің көңілінен шығады.

         Осы мәселелерді анықтау үлкен дайындықты және ақпараттар қорын құруды талап етеді. Р.Мерфин обьективті және субьективті негізгі әр түрлі талдаулар жасау үшін төмендегідей басты зерттеулер жүргізу қажет деп түйіндейді:

  1. Қоғамдық пікірді зерттеу;
  2. Өткен сайлаудың қорытындыларын талдау;
  3. Бір өзгермелісі бар демографиялық талдау;
  4. Көп өзгермелісі бар демографиялық талдау;
  5. Репрезентивті топтармен сұхбат жүргізу;
  6. Электронды құралдармен талдау жасау;
  7. Қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу;
  8. Апат теориясы (теория катастроф);
  9. Кеңістіктегі моделдеу;
  10. Топология немесе беткі модельдеу;
  11. Аймақтың маңызды мәселелеріне талдау;
  12. Бәсекелестің кампаниясына талдау.

        Міне осы мәселелер анықталғаннан кейін сайлау науқанының стратегиясы дайындалады [43].

        «Стратегия дегеніміз науқанның негізгі идеяларының жиынтығы. Стратегия шеңберінде үміткердің образы, сайлау науқанының тактикасы мен жоспары жасалады» дейді сайлау технологы А.А.Максимов [44]. АҚШ-тағы ірі сайлау технологтарының бірі Ф.Гоулд сайлау стратегиясы тек белгілі бір топтарға ғана арналып жасалуы қажет дейді [45].

         Коммуникациялық сайлау технологияларының тиімділігі әр елдегі саяси коммуникация технологиялардың (теледидар, радио, интернет), саяси мәдениеттің деңгейіне байланысты. Ральф Мерфин АҚШ-тағы сайлау технологиялары коммуникация мен  капиталистік елдерге тән коммерциялық маркетинг негізінде жүзеге асатынын ерекшелік ретінде көрсетеді және саяси өмірдегі «сауда – бәсекелестік рухтың» басымдығын атап өтеді. Басқа мәдениеттерге тән идеология немесе партия басымдығы АҚШ-та жоқ, оның орнына прагматизмнің басым екендігін айтады [46]. Ал Батыс Европа елдерінде идеологиялардың қоғамдағы рөлінің басымдылығына байланысты Гамбургтегі «Вольф және Виндерлих» жарнама агенттігінің өкілі К.М.Вольф «Жарнамалық кампания нәрсені сырттай әсірелегенімен идеология бере алмағанның орнын толтыра алмайды» – деп пайымдайды [47].

        Дамыған демократиялық елдерде қазіргі кезең сайлау науқаны ғылыми жағынан негізделген, қаржымен толық қамтамасыз етілген шара. Дегенмен елдегі саяси мәдениет деңгейіне, саяси партиялардың санына, саяси режимінің сипатына қарай сайлау технологиялары да әр түрлі болатыны белгілі. Мысалы, АҚШ-тағы сайлау технологиялары қоғамдық пікірді жан-жақты зерттеуге негізделген. Өзі сайланатын округтің бар мәселесін білу және сайлаушының көңілінен  шығу сайлау науқанын жүргізудің американдық моделінің бір ерекшелігі болып табылады. Қазіргі кезеңдегі АҚШ-тағы сайлау технологияларын қолдану барысында, көп жағайда, Д.Истон, Г.Алмонд, К.Дойчтің саяси әлеуметтік жүйе туралы концепцияларындағы «кіру» мен «шығудың», «кері байланыс ілгегі» сияқты категориялардың толық жүзеге асатынын көруге болады. Оны біз АҚШ саясаттану мен әлеуметтанудағы кейінгі жылдардағы методологиялық жаңалықтардан да байқаймыз. Қоғамдағы күрделі құрылымдық өзгерістерге  байланысты бұрынғы сайлау технологияларын қолдану үшін жүргізілетін зерттеу «ірі топтар» категориясы бойынша: жұмысшы табы – орта топ – демократ-республикашыл, гендерлік, жас мөлшері, нәсілдік-этникалық, конфессиялық топтарды зерттеу арқылы сайлау стратегиялары дайындалды, ал, қазіргі кезде кластерлік әдіс кеңінен қолданылуда. Бастапқыда қоғамдағы 40 кластерлік топ анықталса, қазір оның саны 65-ке жетіп отыр [4].

         Бірінші тарауды қорытындылай келе, алға қойған сұрақтарға толық, жан-жақты жауап бердік деп айта аламыз. Яғни, бұл тарауда «сайлау технологиясы» ұғымының мәні мен мазмұны және осы ұғымның сайлау институты мен сайлау жүйесімен арақатынасына және әлеуметтану ғылымындағы қолданылуына жан-жақты толық талдау жасалынды. «Сайлау технологиялары» ұғымының мазмұнын ашу үшін жалпы сайлау институтының табиғатын түсінудің әдістері мен методологиясын пайымдадық. Себебі жоғарыда айтып кеткеніміздей, технология сөзі сайлау институтының қызметіне байланысты қолданылып отыр. Сондықтан сайлау институтының пайда болу себептерін, саяси жүйедегі орнын анықтау қажет болды.

        ІІ-тарау.   ПОСТСОЦИАЛИСТІК КЕҢІСТІКТЕГІ САЙЛАУ   

               ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

 

2.1. ТМД елдеріндегі сайлау технологияларының дамуына

қоршаған ортаның әсері

 

           «Постсоциалистік кеңістіктегі сайлау технологияларының трансформациясы» деп аталатын екінші тарауда социалистік жүйенің  ыдырауынан кейінгі кезеңдегі жаңа саяси әлеуметтік жүйелердегі және трансформацияланған қоғамдардағы сайлау технологияларының даму ерекшеліктері нысанаға алынады.

          «ТМД елдеріндегі сайлау технологияларының дамуына қоршаған ортаның әсері» деп аталатын бірінші тармағында сайлау технологияларының дамуы республикалардағы саяси әлеуметтік элита мен халықтың саяси әлеуметтік мәдениетіне сай әр түрлі режимдердің қалыптасуына, ал сайлау институтының қалыптасуы көп жағдайда билікке кімдердің келгеніне байланысты болды деген көзқарасты ұстанады. ТМД елдерінде негізінен бұрынғы партиялық номенклатураның билікті қолдарында сақтап қалуы трансформациялық процестерде ескі жүйенің қалдықтарының толық жойылмайтынын көрсеткен болатын.

         1991-1993 жылдары заң шығарушы органдар мен атқарушы билік арасындағы текетірес атқарушы органның пайдасына  шешілді. Мәселенің бұлай шешілуі мынадай факторларға байланысты болды:

        Біріншіден, КСРО-да парламенттік тәжірибе болған жоқ. Жоғарғы Кеңестердің жұмыстары көп жағдайда партия сьездері қабылданған қаулыларды заңдастырумен шектелгендіктен, олардың жұмыстарында формальды сипат басым еді.

        Екіншіден, ескі саяси элитаның қоғамдағы рөлі зор болды.

        Үшіншіден, нормативті сайлау технологияларын қолдана отырып, ескі элита парламенттегі көпшілікке ие болып, Қажетті заңдардың барлығын өткізіп алды.   

       Төртіншіден, әлеуметтік-экономикалық, халықаралық жағдайларға, этносаралық қиындықтарға байланысты президенттер заң шығару құқығын иеленді.

        Міне, осы жағдайлардың барлығы жаңа саяси әлеуметтік жүйелерге қоршаған ортаның сөзсіз әсерін көрсетеді және ол өз кезегінде саяси әлеуметтік  технологияларының даму деңгейіне де ықпал жасайды.

        Жаңа саяси әлеуметтік жүйелердің алдында тұрған басты мәселе – сайлау жүйесін таңдаудың қандай жолдармен жүзеге асқанына шолу жасау. Себебі бұрынғы сайлау жүйесі жаңа жағдайдағы талаптарды қанағаттандыра алмайтын еді. Социлолог Дж. Ишияма постсоциалистік кеңістіктегі сайлау жүйелерінің қалыптасуына жасаған әлеуметтік талдауында өтпелі кезеңдегі сайлау жүйесін таңдау мынадай үш түрлі жолмен жүргізілгеніне мән береді:

  1. Қоғамдағы саяси партиялар «құрылтай жиналысы» қарсаңында саяси процестің негізгі акторлары ретінде келісімге келуі арқылы (Венгрияда);
  2. Саяси партиялар емес, саяси оппозициялық қоғамдық қозғалыстар келісімінің нәтижесінде (Польшадағы «Солидарность», Литвадағы «Саюдис»);
  3. Институттар қалыптаспаған ортада қабылданған сайлау жүйелері [49].

       ТМД елдері институттар қалыптаспаған ортаға жатады және соның нәтижесінде сайлау жүйесі көп елдерде атқарушы билік тарапынан таңылды. Алғашқы сайлау жүйелерінің асығыс немесе ортақ талаптарға сәйкестендірілмеуі қоғамның болашағына әсер ететіні белгілі. М.Уоллерстайн бір қабылданған сайлау жүйесін өзгерте қою қиын деп есептейді. Сайлау заңдары сайланған саясаткерлер үшін заңды сыйлайтынына немесе тек өз мүддесін ойлайтынына қарамастан, дауыс берудің қабылданған тәртібінен пайда көріп отырғандықтан, оның қоғамға тиімді немесе тиімсіздігіне қарамастан, оны өзгертуге ынтасы жоқ. Сол сияқты парламентке өтіп алған партиялар да заңды өзгертуге жол бермейді. Сондықтан да бастапқыдағы электоралдық институттардың айқындалуы өте маңызды және болашақ дамуға да әсер етеді [50].

         ТМД елдеріндегі сайлау технологияларының дамуы саяси әлеуметтік  жүйелерге байланысты, себебі, зерттеулердегі саяси әлеуметтік жүйелерді авторитарлық делегацияланған демократия деп екіге бөлуді негізге алады. Әлеуметтік зерттеулерде делегацияланған демократия терминін Россиядағы саяси әлеуметтік жүйенің сипатын демократиялық па әлде авторитарлық па деген пікірталас барысында Джиллермо О Доннел қолданған болатын [51]. Кейінен бұл ұғымның мазмұнын А.Цыганков аша түсті. Делегацияланған демократияның авторитаризмінен біршама айырмашылығы бар, бірақ өкілдік демократиядан да ерекшеленді. Мұндай сипаттағы демократия мынадай белгілері бар елдерде қалыптасты:

  1. «Ұлттық соққы» алған (КСРО-ның ыдырауы ), тарихи факторлардың рөлі жоғарғы, күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай;
  2. Демократияға өткен елдерде тұрғындар ең бірінші әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді күтеді және мұндай күту екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Германия, Италия, Жапониядағыдан бөлектеу болды. Себебі, социалистік жүйе ыдырағанда көптеген елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы халықты біршама қанағаттандырған болатын;
  3. Демократия жолына түскен елдерге халықаралық ұйымдар тарапынан қажетті көлемде қаржылық көмек көрсетілген жоқ. Батыс елдеріндегі соғыстан кейінгі демократияның кепілі Маршалл жоспары бойынша қаржылай көмек болды.

         Социологтар О. Доннел мен Цыганковтың пікірі бойынша делегацияланған демократияның мазмұнын мыналар құрайды:

  1. Сайлау демократиясы қалыптасқан елдердегіден біршама эмоциялық сипатқа ие және маңызы жоғарғы болып табылады.
  2. Аймақтағы жергілікті билік өзін ұлттық мүдденің қорғаушысы деп есептеп, өздерін саяси партиялардан және қоғамдық топтардың мүдесінен жоғары қояды.
  3. Жергілікті басшылар өзінің билігін шектей алатын демократияны – толық пайдалануға кедергі жасаушы ретінде суық қабақ танытады. Бірқатар елдерде либералды элементтерді шектеу орын алып отыр және жауапкершілікті төмендетуге ұмтылушылық басым.

          Демократияның мұндай түріне сайланған адамдар сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін бәсеңдетіп өзін билеуші ретінде сезіне бастайды.

          Батыс зерттеушілері делегацияланған демократияларда болашақта демократиялық институттардың қалыптасуы баяулап, басшылардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі жойылады деп мәлімдейді [52].

          Біз осы тұжырымдарға сүйене отырып, ТМД елдеріндегі Түркіменстан, Өзбекстан, Лукашенко тұсындағы Белоруссияда авторитарлық саяси жүйе, ал Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Молдавия, Әзербайжанды шартты түрде делегацияланған демократияға жатқызамыз. Ал, К.Шмиттердің классификациясы бойынша жіктейтін болсақ, ТМД елдері гибридтік жүйеге жатады. Шмиттер гибридтік жүйені екіге бөледі: а) диктабланд және ә) демокрадур. Диктабланд түрінде экономикада либерализация бар, бірақ демократиялық институттар нашар қалыптасқан және саяси партиялар болғанымен сайлау манипуляцияға айналған. Ал демокрадур түрінде либерализациясыз жасанды демократия құруға ұмтылушылық байқалады [53].

        Бұл бойынша авторитарлық  елдерді демокрадур, ал делегацияланған демократия елдерін диктабланд түріне жатқызуға болады.

        Әдетте авторитарлық саяси әлеуметтік жүйеде нормативті сайлау технологияларының басымдығына қарамастан бұл елдерде сайлау биліктегілердің сценарийі бойынша өткізіледі. Авторитарлық елдер сайлау жүйесін таңдағанда көп ойланбай дамыған елдердің сайлау жүйесін сол қалпында қабылдай салған. Сайлау заңдарын талдау барысында демократиялық талаптарға сай заңдар Түркіменстан мен Өзбекстанда деуге болады. Бірақ авторитарлық саяси әлеуметтік режим орнатқан ел басшылары нормативтік сайлау технологияларын ойластырып басын ауырпаған сияқты. Әсіресе бұл жағдай Түркіменстанда айқын көрініс тапқан. Өзбекстандағы 2008 жылғы сайлауда И.Каримовпен бірге президенттік сайлауға қатысқан адамның карсыласы үшін дауыс беруі де көп жайтты аңғартса керек [54]. Жалпы патриархалдық дәстүрі басым қорғам туралы С.В.Устименко былай дейді: «дауыс беру және үміткерлерді сайлау әдістері патриархалдық дәстүрге бағынған елдерде сайлаудың рөлі тым жоғары емес. Мұндай жағдайда сайлау әлеуметтік белсенділікті мобилизациялаудың қауымдық және кландық механизмінің түрі ғана болып қалады» [5].

         Бұл тақырыпшаны қорытындылай келе, делегацияланған демократиясы бар елдердің көпшілігінде нормативтік сайлау технологиялары кеңінен қолданылады және коммуникативтік технологиялардың әкімшілік түрі басымдау деген қорытындыға келеміз.

 

2.2. Ресейдегі сайлау технологияларының дамуы

 

         «Ресейдегі сайлау технологияларының дамуы» деп аталатын екінші тармағында ТМД елдерінің ішінде саяси әлеуметтік ықпалы басым  және салыстырмалы институттары біршама дамыған елдердің бірі – Ресейдегі сайлау технологияларының даму деңгейі сөз болады.

         Диплом жұмысында баяндайтынымыз мына мәселелер: Ресейдегі сайлау жүйесі институтсыз кеңістікте қабылданғанымен 1993-1995 жылдардағы «құрылтай сайлауында» заңдастырылғанына мән берілген. Ресейдің сайлау жүйесін 2008 жылдың 2 мартындағы Президент сайлауынан кейін барлық саяси күштер мойындады. Оны мойындауға мынадай жағдайлар әсер етті:

  • Сайлау Конституцияда қабылданған мерзімде өтті және барлық саяси күштер қабылдаған сайлау заңдары негізінде жүргізілді.
  • Сайлауға барлық саяси партиялар жіберілді.
  • Партиялардың үгіт-насихат жұмысын жүргізуіне ешқандай шектеушілік болған жоқ.
  • Сайлау қорытындылары уақытында әрі толық жарияланды және барлық саяси күштер сайлау нәтижесін құптады және ешкім сайлау қорытындысына қарсы шыққан жоқ [56].
  • Социологтар Ресейдегі сайлау жүйесіне негіз болған сайлау туралы заңдарды қабылдау барысында нормативті сайлау технологияларының қолданылуына талдау жасайды. Социологтардың зерттеулері бойынша Путин бастаған топ 2008 жылғы Заң жобасы Медведев жақтастарының дауысы көп болатындай, өздері сайлауда өте алатындай және өз рөлінің партия ішіндегі маңызын арттыра түсетіндей етіп жасалғандығына мән берілген. Путиннің тобы Ресейдегі сайлау технологияларын қолданудың нәтижесінде Герман сайлау жүйесінде жоқ мынадай өзгерістер енгізілді:
  • Германияда сайлау бірлестіктері мен блоктарының тізімдері федерацияның субьектілері деңгейінде жүргізіледі. Ал Ресей заңдарында жалпы ұлттық деңгейінде жүргізіледтін болып қабылданды. Бұл норманы енгізудің басты мақсаты аймақтық және сеператистік партиялар мен қозғалыстарды орталық заң шығару органына өткізбеу еді. Сонымен бірге партиялардың жоғарыдан қалыптасуы астаналық саясаткерлерге өз позициясын жоғалтпауға мүмкіндік берді.
  • Нормативті сайлау технологиялары бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау науқаны кезіндегі рөліне байланысты мәселеде де қолданылды. Мемлекеттік ақпарат құралдарына байланысты нормалар қабылдай отырып, заң шығарушылар жеке бұқаралық ақпарат құралдарын ескермеді. Ал 1995 жылға қарай Ресейде ірі-ірі медиа-компаниялардың қалыптасқанын еске түсірсек, онда бұл жағдай болашақты есепке ала жасалған десек қателеспейтін сияқтымыз.
  • Сайлау науқанындағы басты мәселе – қаржыландыру мәселесінде де биіктегілердің мүддесі ұмытылған жоқ. Жеке қаржыландыруға жол аша отырып сайлаушыларды сатып алуға, үміткерлерге қаржылық қысым көрсетуге және партиялық тізімдегі орындарды сатып алуға орын берілді. Сонымен бірге үміткерлердің бірлестіктер мен блоктардың сайлау тізімі бойынша және бір мандатты округтар бойынша сайлауға қатысуы да өкімет қалаған адамдарын депутат етуге жағдай жасады деуге мүмкіндік береді. Орталық өкіметтің өз позициясын сақтап қалуы үшін және Парламенттегі аймақтардың үлесін азайту үшін әр аймақта тек бір мандатты сайлау округы ұйымдастырылды. Ондағы халық санының көлемі санаққа алынбады [57].

          Нормативті сайлау технологияларының мазмұнын 1995 жылғы парламент сайлауына ұсынылған заң жобасына байланысты қолданылған амал айлалар арқылы кеңейте түседі. 1993 жылғы сайлауда сайлау бірлестіктері мен блоктары тізімі боынша сайланған депутаттардың бір бөлігі оппозициядан өтіп, әкімшілік ойлағандай болып шықпағандықтан, ал әкімшілік негізгі үміткерлері бір мандатты округтар бойынша өткендіктен, енді сайлау формуласына өзгерістер енгізу қажет болды. 1995 жылы Парламентте осы заң жобасын талқыланғанда депутаттарға біраз қысым жасалды. Егер сайлау туралы заңды талқылау созылатын болса немесе Президент ұсынған жоба қабылданбайтын болса, онда Президент өз Жарлығымен сайлау заңын бекітеді деп депутаттарды қорқыта бастады. Бірақ осындай қысымға қарамастан, депутаттар да өз мүделерін қорғап бақты. Президент жобасында партиялық тізімдерге 150, ал бір мандатты округттарға 300 орын, партиялар үшін төменгі сатыны 5 пайыздан 7 пайызға дейін өсіру және депутаттардың көңілін табу үшін Думада өкілдері бар партиялар мен қозғалыстарға келесі сайлауға қол жинау процедурасынан босату көзделді. Бірнеше айларға созылған Президент, Дума, Федерация кеңесі араласқан бұл саяси «сауда» Думаның позициясын сақтап қалуына мүмкіндік берілді. Социологтар бұл жағдайды Ресейдегі саяси әлеуметтік жүйе шеңберінде шешім қабылдау мәселесінде бір актордың «шешімді мәжбүрлі түрде қабылдатуынан («танылған өтеуден») акторларды негізгілері қатыса отырып, саяси шешімді «пактілік» немесе «саудаласу» арқылы қабылдауы Реей қоғамын біртіндеп тұрақтылықа алып келді деп есептейді [58].

          Ресейдегі нормативті сайлау технологияларын федералдық деңгейде қолдануға біршама шектеулер қойылғанымен, ол жағдайлар автономиялық республикаларда кеңінен дамыған. Қазіргі кезде Ресейде сайлау жүйесінің 90 түрлі нұсқасы бар. Федерация субьектілеріне сайлау туралы заңдарды қабылдау барысында биліктегілер әр түрлі шектеулер қою арқылы өз билігін сақтап қалуға ұмтылды. Сырттан келетін «варягтардың» билікке таласын болдырмас үшін отырықшылық цензын енгізді. Мұндай шектеулер енжар сайлау құқығын тек жергілікті элитаның ғана иемденуіне жол ашу үшін жасалған болатын. Мысалы, отырықшылық цензы Саха-Якутияда 15 жыл, Бурятияда 10 жыл, Карелияда 7 жыл деп белгіленеді. Сонымен бірге кейбір республикаларда, атап айтқанда, Солтүстік Осетия-Аланияда, Адыгейде, Марийтіл білу цензы енгізілді. Бірақ кейінгі сайлауларда жергілікті элитаның шектеу шараларын орталықтың өкілдері сот арқылы жеңіп шығу тенденциясы күшейе бастады. Ресейде қолданылған кейбір нормативті сайлау технологиялары билікке ұмтылушы жақтардың барлығы келіскен жағдайда, қабылданған нормалардың құқықтық жағынан кемшіліктеріне қарамастан, ұзақ өмір сүретініне мән берілген.

         Ресейдегі сайлау қарсаңында коммуникативтік технологиялар да кеңінен тарай бастады. Егер 1993 жылғы сайлауда коммуникативті сайлау технологияларын пайдаланылатын мамандардың аз болуы және негізінен бұрынғы «үйден-үйге», саяси жарнама, сайлаушылармен кездесулер сияқты ғана технологиялар пайдаланылса, ал кейінгі сайлауларда, әсіресе 2008 жылғы президент сайлауында АҚШ сайлау технологтарының көмегімен коммункациялық технологиялар кеңінен қолданылады.

          Бұл екінші тарауды қорытындылай келе, Ресейдегі сайлау науқандарындағы коммуникациялық сайлау технологияларын қолдану барысына социологиялық талдау жасай келе мынадай тенденцияларды атап көрсетеміз:

  1. Демократиялық дамыған елдердегі тәжірибені пайдалану және саяси маркетинг және менеджмент тұрғысынан жұмыс ұйымдастыру. Бұл әдіс үміткерді тауар ретінде бағалайды және саяси әлеуметтік рынокқа тауарды шығарар алдына, қомақты социологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Біріншіден, сайлаушылар қандай тауарды сатып алуы мүмкін екендігі анықталады. Екіншіден, үміткерді сайлаушылардың талап – деңгейіне жеткізу үшін оның имиджін қалыптастыру керек. Үшіншіден, тауарды кеңінен жарнамалау қажет. Саяси жарнама – плакаттар, қаламдар, брелоктар жасап шығарылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнама жүргізіледі. Әрбір жарнаманың мағыналық, көріністік және қабылдану дәрежесіне үлкен мән беріледі. «Әшкерелеуші» технологиялар кеңінен қолданылады. Бұл тенденция бойынша сайлау алдындағы науқан мамандардың қолына беріледі және қаржылық жағынан тапшылық көрмеуі қажет. Сол үшін сайлау қоры ұйымдастырылып, сайлау науқанына дейін қаржы мәселесі шешілуі қажет.
  2. Әкімшілік әдіс. Бұл әдіс Ресейде 2000 жылдан бері федералдық деңгейде күшейіп бара жатыр, ал аймақтарда тіптен жетілдірілу үстінде. Әкімшілік әдісті билікте отырғандар пайдаланады және олардың мақсаты билікті қолдан бермеу немесе жоғарыдан келген бұйрықты орындату. Әдетте бұл әдіс ауылдық жерлерде, ұлттық аудандарда және солшыл күштер басым аймақтарда кеңінен қолданылады. Әкімшілік әдіс қол жинағанда, сайлау тізімін жасағанда, үміткерлермен кездесулер ұйымдастырғанда немесе кездесуге бармай қалу керек болса, Дауыс санағында, үміткерлерді ұсынғанда қажетке жаратылады.
  3. Партиялық әдіс. Бұл әдіс бойынша сайлау науқаны қарсаңында үгітшілер мен жауапты адамдар тағайындайды. Жириновскийдің либералдық демократиялық партиясы қол жинағанда, көп жағдайда сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысына ақша төлеп, адамдар жалдайды. Ал коммунистер өздерінің белсенділеріне сүйенеді [59].
  4. Кешенді әдіс. Бұл әдіс жоғарыда аталған әдістердің жиынтығы және көп жағдайда осы әдісті қолданған үміткерлердің жеңіске жету ықтималдылығы зор.

     Екінші тарауды қорытындылай келе, сайлау технологияларының дамуы республикалардағы саяси әлеуметтік элита мен халықтың саяси әлеуметтік мәдениетіне сай әртүрлі режимдердің қалыптасуына алып келді. Ал сайлау институтының қалыптасуы көп жағдайда билікке кімдердің келгеніне байланысты болды. ТМД елдерінің ішіндегі саяси әлеуметтік ықпалы басым және салыстырмалы түрде демократиялық институттары біршама дамыған елдердің бірі – Ресейдегі сайлау технологиялары болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ-тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕНІҢ САЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ ЖӘНЕ САЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

 

3.1.  Саяси әлеуметтік жүйенің негізгі мақсатын тұжырымдаудың    алғашқы кезеңіндегі нормативті сайлау технологиялары

 

         «Қазақстандағы саяси әлеуметтік жүйенің сайлау технологияларының дамуына әсері және сайлау технологияларының қолданылуы» деп аталатын үшінші тарауда саяси әлеуметтік жүйенің басты элементі мемлекеттің тәуелсіздікті қамтамасыз етуі үшін қандай сайлау технологияларын қолданғаны қаралады.  Сонымен қатар, сайлау технологияларының жаңа түрінің Қазақстанда қалыптасуына талдау жасалады.

         «Саяси әлеуметтік жүйенің негізгі мақсатын тұжырымдаудың алғашқы кезеңіндегі нормативті сайлау технологиялары» деп аталатын бірінші тармағында Қазақстандағы сайлау жүйесінің негізгі мақсаттары Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларацияда және 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялармен 2030 стратегиялық даму бағдарламасы мен ел басының 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында тұжырымдалғандығы, олар демократияға біртіндеп өту концепциясы бойынша жүзеге асырылып жатқандығы атап өтіледі.

Қазақстандағы сайлау жүйесінің институционалданбаған ортада пайда болғандықтан атқарушы орган тарапынан танылды, сонымен бірге тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әр түрлі қиындықтарды бастап кешіргендіктен жаңа саяси әлеуметтік жүйеде сайлау мәселесі екінші кезектегі мәселелер қатарына қалып қойды.

          1993 жылы 28 қаңтарда 12 шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесі қабылданған  Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясының күшіне енуі сайлау институтының статусын және сайлау жүйесінің негізін қалап берді. Дегенмен, бұрынғы сайлау туралы заңдар арнаулы сайлау заңы қабылданғанға дейін өз күшінде қалдырылды.

         1993 жылғы Конституцияда өкілдіктің жүйесі мен принципінің түгелдей өзгергеніне мән береді. Конституциялық құрылыс Негіздерінің төртінші Ережесіне сәйкес, республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы, осы билікті тікелей және өз өкілдері арқылы іске асыратын Қазақстан халқы болып табылады [60].

          ҚР конституциясының өзінің «Сайлаулар» деп аталатын 18-ші тарауында сайлау құқығының негізгі принциптері бекітілді: жалпылық, теңдік, сайлаудың тура сипаты мен жасырын дауыс беру. Сондай-ақ  сайлауға дайындық ашық және жария іске асырылатындығы да ескерілді.

          Конституцияда сайлау құқығында қолданылған әр түрлі ценздардың ерекшеліктері қарастырылған. Енді сайлау құқығына 18 жастағы азаматтар ие болды. Бұрынғы Саяси бюроның тәжірибесін ескере отырып Президент қызметіне 35 жастан жас емес – 65 жастан аспаған азамат үміткер бола алады. Жоғарғы кеңес депутаттары үшін – 25, ал жергілікті өкілдік органдар депутаттары үшін — 20жас мөлшері белгіленді.

          Екіншіден, ҚР Президенті мен Вице-президенттігіне үміткерлерге арналған бір қатар шектеулер – отырықшылық ценз 10 жыл деп белгіленді және мемлекеттік тіл білу цензы енгізілді.

         Сайлау жүйесіне қатысты конституциялық реформаның маңызды сәті саяси процестің жалпы, ал сайлау процесінің жекелей қатысушысы есебінде саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктердің жағымды міндеттерін мойындау болды (56 және 117 бап).

          Сайлау жүйесін нақты реформалау 12 шақырылған ҚР ЖК 1993  жылғы 9 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қабылдаудан басталды және реформалаудың ерекшеліктеріне мән берілді [61]. Сайлау туралы Кодекске сәйкес Қазақстан мажоритарлық сайлау жүйесі енгізілді және оның өзі екі түрде жүзеге асатын болды:

  1. Абсолюттік жүйесі
  2. Салыстырмалы көпшілік жүйесі.

         Кандидаттарды ұсыну тәртібі елеулі өзгеріске ұшырады. Енді ұсыну құқығы сайлау ұжымдарына емес, азаматтардың өзіне берілді. Бұл құқық сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерде сақталды. Рас, мұндай жолмен ұсынылған кандидаттардың барлығы өзінің тіркелуі және сайлаушылардың белгілі бір санының қолдауына ие болуы керек болды. Заңда үміткерлердің өз қолдауына дауыс жинап және сайлаукомға өткізуге тиісті уақыттың мерзімі белгіленді. Үміткерлердің әрбір санаты үшін жинауға тиісті қол саны белгіленгеніне мән берсек, бұл процедура әкімшіліктердің рөлінің көтерілуіне әсер еткенін байқаймыз.

         Республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды есепке алған биліктегілер парламенттегі көпшілікті өз жақтастарынан құру үшін Жоғарғы Кеңеске депутаттыққа кандидаттардың мемлекеттік тізімін енгізді. Мұндай кандидаттарды ұсыну құқығына ҚР Президенті ие болды.  Мемлекеттік тізім бойынша сайланатын депутаттардың саны 42 адамды құрады және оларға жеңілдіктер жасалды.

         Мемлекеттік тізім бойынша сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттары институтын енгізудің өзі сол кездегі күші бар ҚР Конституциясына да және демократияның негізгі принциптеріне қарсы келді. ҚР Конституциясының 111 бабына сәйкес үміткерлердің сайлауға тең негізде қатысу құқығы бұзылды. Мемлекеттік тізім арқылы атқарушы билік өзінің парламенттегі өкілдігін, бұрынғы билеуші Компартияның кооптация формасындағыдай қамтамасыз етті.

         Сайлау жүйесі үміткерлерді  одан әрі «сұрыптау» үшін Конституциядағы отырықшылық және мемлекеттік тілге байланысты шектеулерге қосымша жаңа шектеулерді енгізді. Енгізілген сайлау кепілі енді Президент пен Вице-Президентке үміткер үшін – 10 айлық жалақы мөлшерінде, Жоғарғы Кеңеске депутаттыққа кандидаттар үшін бес айлық жалақы мөлшерінде, ал тұрақты жалақы алмайтындар үшін – заңмен белгіленген ең аз жалақы мөлшерінің бес еселенген көлемін құрады.

         Сонымен бірге, енгізілген кепіл президенттікке және вице-президенттікке үміткерлер сайланған жағдайда толықтай қайтарылады және депутаттыққа үміткерлер тізімге қосылған сайлаушылардың ең аз дегенде, 5% дауысын жинаса, енгізілген кепіл толығымен қайтарылады.

         Кез келген сайлауды қаржыландыру бұрынғыдай мемлекеттің құзырында қала берді, бұл сайлауалдылық компания барысында кандидаттардың бірдей жағдаймен қамтамасыз етілуіне арналған болатын. Сайлаудың барлық мемлекеттік емес қаржыландырылуына тыйым салынды. Сонымен бірге, компаниясын жүргізуге бөлінген республикалық бюджет қаржысын үміткерлердің жаратуын тиісті сайлау комиссиялары тарапынан бақылауға алынды.

        Атқарушы биліктің, жалпы сайлау процесін бақылау үшін сайлау органдарын құру тәртібіне енгізген өзгерістерінің мазмұнын талдасақ, орталық сайлау комиссиясының құрамы Президенттің ұсынысымен Жоғарғы Кеңеспен сайлануы және ал төменгі сайлау комиссияларының  тиісті өкілдік және атқарушы органдардың ортақ шешімімен құрылуы билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына және сайлау технологияларының нормативтік түрінің күшеюіне алып келгендігін көрдік. Сондай-ақ өкілдік және атқарушы органдардың бірігіп шешім қабылдау тәртібі анықталмағандықтан өте аморфты болды және Жоғарғы Кеңестің таратылуына байланысты бұл норма іс жүзінде орындалмады.

        Сайлау жүйесін реформалаудың үлкен кемшілігі – дауыс беру мен оның нәтижелерін қорытындылау процесінде қоғамдық бақылау принципінен бас тарту болды деп есептейді. Сайлау туралы Кодекс сайлау процесінде бақылаушы сияқты маңызды тұлғаның, болуы мен қатысуын қарастырмады. 1994 жылы наурызда парламент сайлауларын өткізу кезінде, іс жүзінде бұл заңның өрескел бұзылмауы мақсатын ұстанған үміткерлер сайлау учаскелеріне өздерінің сенімді өкілдерін, бастамашыл топтың мүшелерін бақылаушылар ретінде қойды. Бірақ сайлау кезінде олар дауыс беру тәртібі бұзылған жағдайда оның барысына әсер ете алмайтын еді және дауысты санауға жіберілмеді.

         Сайлау жүйесін реформалау, бір жағынан, оны бұрынғыдан ілгерішіл және халықаралық стандартқа жақындау етті, екінші жағынан, қайта құру кезінде қол жеткен кейбір демократиялық нормалардан айырылып қалды. Ең бастысы, сайлау комиссиясын құру және сайлау барысын бақылау түгелдей атқарушы биліктің қолына көшті.

        Сайлау кодексі бойынша өткізілген 1994 жылғы 7 наурыздағы және 2007 жылдың 17 тамызындағы парламентке сайлауды бір мәнде бағалауға болмайды. Бір жағынан, олар бұрынғыға қарағанда, демократиялық және бәсекелестік сипатта болды.  Оның аса маңызды сәті – алғаш рет Қазақстан тарихында олар көп партиялық негізде өтті және сол арқылы сайлау процесінде саяси партиялардың нақты қатысуының негізін қалағандығы болды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша 13-ші шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің 176 депутатының 75-і саяси партиялар мен өзге қоғамдық-саяси ұйымдардың өкілдері болды.

         Екінші жағынан, бұл сайлаулар ҚР Конституциясы мен сайлаулар туралы Кодекстің нормаларын бұзушылықтармен өтті. Депутаттыққа үміткерлер, олардың сенімді өкілдері мен бақылаушылары, сондай-ақ ЕЫҚҰ (ОБСЕ) мен өзге халықаралық ұйымдардың және республиканың  қоғамдық бірлестіктерінің тәуелсіз бақылаушылары 1994 жылдың сайлау компаниясының жағымсыз сәттерінің көпшілігі сайлау нормаларының дұрыс тұжырымдалмағандығынан деп есептеді.

Депутаттыққа үміткер Т.Г.Квятковская өзінің құқығының өрескел бұзылғандығы туралы ҚР Конституциялық сотына арыздануы Сайлау Кодексінің көптеген нормаларының Конституцияға сай еместігін көрсетті. ҚР Конституциялық сотының 1995 жылғы 6 наурыздағы Қаулысына байланысты Сайлау кодексі Конституцияға сәйкес емес деп танылып күші жойылды [62].

Осы қаулының негізінде Конституциялық Сот 13 шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесін легитимді емес деп таныды және 1993 жылдың 10 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша өкілеттіктерді уақытша беру туралы» заңды іске қосты. 1995 жылдың 11 наурызында ҚР Президенті «Конституциялық Соттың Қаулысынан шыққан шаруалар туралы» Жарлығына қол қойды, соған сәйкес 13 шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесі таратылды. Заң өкілеттіктері толығымен мемлекет басшысына өтті. 1995 жылдың парламенттік дағдарыс сайлау жүйесінің дағдарысын көрсетті және оны одан әрі реформалауға себеп болды.

 

3.2  Қазақстанның сайлау жүйесін реформалау барысындағы нормативті сайлау технологияларының қолданылу ерекшеліктері

 

«Қазақстанның сайлау жүйесін реформалау барысындағы нормативті сайлау технологияларының қолданылу ерекшеліктері» деп аталатын екінші тармағында сайлау жүйесінің дамуы барысындағы өзгерістер талданады. Сайлау жүйесінің  осалдығы  саяси әлеуметтік процестердегі өзгерістермен тұспа-тұс келді. Экономикалық дағдарыстың күшеюі елдегі  жағдайды біршама күрделендіріп жіберді. Этносаралық қатынастар шиеленісе бастады. Осыған байланысты елде күшті биліктің қалыптасуын құптайтын тенденция қанат жайды. Бұл жағдай 1995 жылдың 30-тамызында республикалық референдумға Қазақстан Республикасының жаңа конституциясын қабылдау, сайлау жүйесі мен сайлау Заңының өзгерту мәселесінің қойылуына алып келді.

Республиканың жаңа Ата заңында бұрынғы Конституциямен салыстырғанда, сайлау институтының бейнеленуі, ескерілуі азайды, мәртебесі мен оның негізгі принциптері аныталмады. Мұндай жағдай саяси-құқықтық жүйедегі сайлау институтының мәнін едәуір төмендетті.

Республикадағы жаңа сайлау жүйесі 1995 жылдың 28-қыркүйегіндегі  Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасы сайлаулары туралы» ҚР Президентінің жарлығы негізінде қалыптасты [63].

Жаңа сайлау заңында биліктегілер радикалды күштерді саяси процестен біртіндеп шектеудің жолдарын нормативті сайлау технологиялары арқылы жүзеге асырды.

Сайлау жүйесінің жаңалығы Парламенттің Жоғарғы Палатасы Сенат депутаттарын сайлаған кезде қолданылатын жанама сайлау құқығын енгізу болды. ҚР Конституциясының 50 бабының 2-тармағына сәйкес, Сенат депутаттары, әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және республика астанасына тиісті көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірліктерінің барлық өкілдік органдарының депутаттарының біріккен отырысында сайланады. Басқаша айтқанда, сенаторлар таңдаушылар, яғни жергілікті өкілдік органдардың – маслихаттардың депутаттары арқылы сайланатын болды. Сөйтіп, Сенат депутаттарын сайлау жанама, көп дәрежелі болды. Бұдан басқа Конституция Сенатқа Президент тарпынан жеті депутаттың сайлаусыз толықтырылуы мүмкіндігін қарастырады. Сенаторлар сайлауының тағы бір ерекшелігі – олардың жартысы әрбір екі жылда қайта сайланатындығында.

Алматы-Хельсинки Комитеті, Қазақстан-Американ адам құқығы жөніндегі бюросы, «Қазақстанның құқықтық дамуы»  қоғамдық бірлестіктері сияқты құқық қорғау ұйымдары Сенат сайлауы барысында алдын-ала жіберілген қателіктерге байланысты өз ойларын білдірді.

Сенат мүшелігіне үміткерлерге азаматтық, жас мөлшері және отырықшылық шектеулер енгізілді.

Бұрынғы сайлау туралы Кодекске қарағанда, Жарлық, сайлау комиссияларын құруға әкімшіліктің монополиясын бекітіп берді.

Сонымен бірге, заң, шын мәнінде, Парламенттің, оның палаталарының және маслихаттардың сайлау комиссияларын құру мен сайлау кампаниялары кезінде олардың қызметін бақылауға байланысты заңдастырылған  қатысу механизмін ойластырмады. ҚР Конституциясының 56 бабының 3 тармағында мәжілістің өкілеттігіне орталық сайлау комиссиясының төрағасын, оның орынбасарларын, хатшылары мен мүшелерін қызметінен босату құқығы берілді. Бірақ оның өкілеттіктерді жеке-дара іске асыру құқығы болмады.

Жаңа сайлау заңының жағымды сәттерінің бірі – мәжіліс депутаттығына үміткерлер үшін өзін қолдайтын қол жинау қажеттігінің жойылуы. Бұл жағдай қайсы бір округтердегі  кандидаттар санының шектеусіз кеңеюіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ, сайлау туралы жарлық президенттікке және сенат депутаттығына үміткерлерге қол жинауды өзгеріссіз қалдырды.

Жарлық сайлау жарнасының үміткерге ешқандай жағдайда қайтарылмайтындығын белгіледі. Мұндай өзгеріс жасырын мүліктік ценздің енгізілуін көрсетеді. Сайлау жарнасын енгізудің жағымсыз сәті өздерінің материалдық жағдайына байланысты жарна төлей алмайтын адамдарға президенттікке және парламент депутаттығына қатысуға жол жабылды.

Жаңа сайлау заңындағы бір ерекшелік сайлау кампаниясын қаржыландырудағы мемлекет монополиясының жойылуы болды. Сайлау туралы жарлық кандидаттардың өздерінің жеке өз қаржысынан тұратын, оны ұсынған қоғамдық бірлестіктен бөлінген жеке азаматтардың және республика ұйымдарының тарапынан бөлінген ерікті қайырымдылық қаржысынан тұратын жеке сайлау қорын құруын қарастырады. Бірақ мұндай ілгерінді шара, кандидаттардың құзырындағы сайлау кампаниясын жүргізуге қажетті қаржыны сайлау комиссиясының рұқсатымен ғана ұқсату туралы ережелермен шектелді.

Мұндай ережелердің енгізілуі жеңіске жеткен үміткерді қаржы жұмсау нормасын бұздың деп шеттетуге негіз салу болып табылады.

Сайлау туралы жарлық үміткерлердің сайлауалдылық үгіт-насихат процесіне сайлау комиссиясының араласу механизмдерін де қарастырды.

Сайлау туралы жарлықта қоғамдық ұйымдардың, шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларының  белгілі бір құқықтық мәртебесі белгіленбеді және олардың сайлау процесіне қатысу мәселесі анықталмады.

Жарлықта сайлау кампаниясына саяси партиялардың қатысу механизмдері қарастырылмады. Сайлау туралы жарлыққа сәйкс, партиялар сайлау процесіне қатысу мәселесінде үгіт-насихат жүргізу, үміткерлер ұсыну мен өздері ұсынған адамдарға қаржылай көмек беру, бақылаушы қою құқығымен ғана шектеледі.

Сонымен бірге, қайта қабылданған заң кандидат ретінде тіркеуге мынадай адамдардың жіберілмеуін қарастырды:

  • Тіркеудің алдында бір жыл бойы сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін жауапқа тартылғандар;
  • Іріктеудің алдында бір жыл бойы қасақана жасалған заңсыздық үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылғандар
  • Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталушылығы барлар.

 

Сайлау туралы заңға осы нормаларды енгізу, сөзсіз, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың алдындағы беделін түсірді. Себебі, бұл нормалар оппозиция өкілдерін сайлауға жібермеудің амалы болатын. Қазақстан Республикасы сайлау жүйесін реформалау 1998 жылдың күзінде жалғасты. Сайлау институтының құқықтық саяси механизмдерінің жаңаруының жүргізілуіне Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 1998 жылғы 30 қыркүйекте парламент палаталарының ортақ отырысында жария етілген «елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы жаңа ғасырдағы қоғамның демократияландыру, экономикалық және саяси реформалар» атты жыл сайынғы жолдауы бастау болды. Жолдауда сайлау жүйесіне енгізілетін негізгі жаңалықтар тұжырымдалды [64].

        1998 жылдың 7-қазанында өткен ҚР Парламент Мәжіліс пен Сенатының ортақ отырысында «Қазақстан Республикасы Конституциясынына өзгертулер мен толықтырулар туралы» ҚР Заңын қабылдады. Осы Заңға сәйкес, ҚР Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. Ең алдымен депутаттар енді 5-жыл, Президент 7 жылға сайланатын болды.

         Президенттік қызметке үміткерлердің төменгі және жоғарғы жас мөлшеріне өзгертулер енгізілді. Төменгі 35-тен 40-қа көтерілді, жоғарғы жас мөлшері алынып тасталды. ҚР Конституциясының 41-бабының 4-тармағын жою жолымен республика басшылығын кезектен тыс сайлау институты таратылды; сенат депутаттарының жартысы үш жыл сайын қайта сайлануға, тек президент тағайындаған 7-сенатор ғана сенат өкілеттігі бойы міндеттерін атқаруға тиіс болды.

         Мәжіліс депутаттары саны 67-ден 77-адамға дейін көбейтілді және бір тұтас жалпы ұлттық округ аумағы бойынша, пропорционалдық жүйенің партиялық тізімі негізінде 10 депутат сайлана алатын болды (50 б.3т.).  Мәжіліске партиялық тізім бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауысының 7 %-тен  кем емесін жинаған саяси партиялар жіберілетіндігі анықталды. 2007 жылдың 17 тамызындағы сайлау осы ережемен өткізілді. 

        ҚР Конституциясына енгізілген бұл толықтырулар, сөйтіп, Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының сайлауында  жеке тұлғалар мен қоғамдық ұйымдардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейтті. Дегенмен ең маңыздысы мажоритарлық және пропорцияналдық жүйелердің элементтерін үйлестірген аралас сайлау жүйесін енгізу болды. Бірақ, бұл элементтердің сандық арақатынасындағы алшақтық, яғни, электоралдық формула бірден көзге түседі.

         Сондай-ақ, пропорционалдық өкілдік жүйесін енгізу, заң шығарушы органдағы партиялық фракциялардың құрылуы мен қызмет етуіне елеулі өзгеріс енгізе алмады.

         1999 жылы күзде Парламент Мәжілісі мен сенаты сайлаулары және республика мәслихаттарын өткізу алдында конституциялық күші бар. «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» ҚР президентінің жарлығына екі рет – 1999 жылы 6-сәуір мен 28 мамырда сайлау процесінің демократиялылығын кеңейтуге бағытталған елеулі түзетулер енгізілді. Ең алдымен президенттік конституциялық күші бар жарлығынан сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің мәселелерін реттейтін нормативті – құқықтық актінің өзін тікелей конституциялық заңға өзгерту жасалды. Мұндай шара сайлау институтының саяси құқықтық мәртебесін және оның Қазақстан қоғамындағы қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі маңызын біршама көтерді.

         Тиісті әкімдердің аймақтық және жергілікті сайлау комиссияларын құрудағы монопольдық құқықтарының шектеулі маңызды қадамы болды. Сайлау туралы заңның 13 б. 3 т. мен 1, 15 б. 1 т. түзетулеріне сәйкес, округтік және облыстық сайлау комиссиялары әкімдердің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешімімен құрылады. Аумақтық және учаскелік сайлау комисссиялары да жоғары тұрған комиссияларымен құрылатын болды.

           Бұл өзгерістердің барлығы тек сайлау комиссияларының құрылу тәртібіне ғана өзгерту енгізілгенін, ал Қазақстандық оппозиция мен халықаралық ұйымдардың оны әкімшілік құзырынан шығару ұсынысының жүзеге аспағанынан  болды.

        Бұрынғы ережемен салыстырғанда, дауыс беру бюллетендері бар сайлау урналарын ашу мен дауыс санауының орындалу тәртібіне бақылаушыларды, кандидаттың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарын жіберу туралы шешім үлкен жетістік болып есептелді. Бірақ бақылаушылардың сайлау комиссияларына заңсыздықтарды тоқтату мақсатында ықпал етуі заңдастырылмағандықтан тағы да жартылай шешім болып  қалды. Тағы бір маңызды өзгеріс Президенттікке, Парламент Сенаты мен Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер үшін қайтарусыз сайлау жарнасын егер олар дауыс беруде қатысқан сайлаушылар дауысының ең кем дегенде 7% дауысын жинаса ғана қайтарылатын норма енгізілді. Сөйтіп, Қазақстан сайлау жүйесіне бірқатар дамыған шетелдерде тиімді пайдаланылып жүрген сайлау кепілі институты енгізілді. Сонымен бірге, парламентке депутаттыққа кандидаттар үшін сайлау жарнасының көлемі де едәуір төмендетілді. Егер бұрын ол ең аз жалақының 100 еселенген көлеміне тең болса, онда қазір оның көлемі 4 есеге қысқартылды (73,2т., 88б).

        Жоғарыда қарастырылған ҚР Конституциясы мен сайлау туралы заңға түзетулерді енгізу 1999 жылы қыркүйек-қазанда өткен ел парламентінің кезекті сайлауында республиканың қоғамдық саяси ұйымдары мен азаматтарының қатысуын едәуір әрекеттендірді. Қазақстандық оппозиция мен халықаралық ұйымдардың дәстүрлі сынының нысанасы болып алған сайлау құқығының шектеулерімен кемшіліктерінің болуына қарамастан, бұл сайлаулар 1995 жылғы сайлауларға қарағанда айтарлықтай белсенді және көппартиялық негізде өтті.

        Мәжіліс депутаттарының пропорционалдық өкілдік шеңберіндегі сайлауының қорытындысы бойынша, 10 депутат мандат партияларға берілген дауыстарға сәйкес былайша берілді: «Отан» республикалық саяси партиясына (30,89% дауыс) – 4 депутат, Коммунистік (17,75%), Аграрлық (12,63%) және Азаматтық (11,23%), партияларға – 2 депутаттан. Дегенмен, жоғарыда айтылғандай, пропорцияналдық өкілдік элементтерінің дамымағандығы және бөлінген орынның аздығы республиканың сайлау жүйесінде саяси партиялардың сайлауалдылық белсенділігіне, олардың заң шығарушы өкілеттік пен мемлекетті басқарудың тетігіне қол жеткізуіне мүмкіндік бермеді.

          ҚР Конституциясының 87 бабының 4 тармағына сәйкес облыстардан, республикалық маңызы бар қалаладан және республика астанасынан төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері ҚР Президенті айқындаған тәртіппен тек тағайындалып қана қоймайды, өз қызметіне сайлана да алатындығына мән бере отырып ауыл-село әкімдерінің сайлауы тәжірбиесі қарастырылған.

         Қазақстандағы сайлау жүйесінің жаңа мен ескінің күрес аренасына айналуы оның дамуына кері әсер етті деп есептейді. Сайлау туралы заңның бастапқыда Президент жарлығымен бекітілуі, күшті саяси  партиялардың қалыптаспауы, қоғамдағы саяси күштердің пактілік келісімге келмеуі және халықаралық ұйымдардың сайлау заңдарын сынауы еліміздегі сайлау жүйесінің саяси жүйені тұрақтандыратын қасиетінен айырылып отырғанын көрсетеді деп пайымдайды.

 

 

3.3.  Қазақстандағы сайлау кезіндегі коммуникациялық сайлау технологияларының қолданылуы

 

          1994 жыл мен 2007 жылдар аралығында Қазақстанда өткен сайлауларда коммуникациялық технологиялардың қолданылуы зерттеледі. Кеңестік дәуірдің соңғы кезінде өткізілген баламалы сайлаулар коммуникациялық технологиялардың қарапайым түрлерін өмірге алып келді. Листовкалар тарату, саяси граффити, митингілер мен кездесулер ұйымдастыру сияқты технологиялар біртіндеп қалыптаса бастаған болатын. 1994 жылғы сайлауда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты технологияны қолданған депутаттардың көпшілігі өздерінің стратегиясын жасағанда халықты экономикалық дағдарыстан шығару және әлеуметтік қорғауды жақсарту мәселесін басты мәселе ретінде сайлау тұғырнамасына енгізді. Сонымен бірге осы сайлау кезінде коммуникациялық технологияның әкімшілік түрі кеңінен қолданылды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 804 сайлау округі бойынша өткен сайлауда мынадай әкімшілік технологиялар байқалды:

  • әкімшілік ұсынған үміткер үшін облыстағы қызмет салаларының басшылары ауданға келіп, мәжіліс барысында әрбір аудандық қызмет басшысына үміткерді қолдау туралы тапсырма берді. Өз кезегінде аудан басшылары да өздерінің қызметкерлеріне осындай тапсырма берді;
  • әкімшілік қолдайтын үміткерлер нормадан тыс әртүрлі, көп көлемде плакаттар шығарып таратты;
  • дауыс берген сайлаушылардан бюллетень саны артық болды;
  • үміткерлер туралы жалған мәлімет тарату байқалды;
  • теледидардағы уақытты артық пайдалану көрініс берді.

         Осы сайлау барысында қоғамдағы жаңа әлеуметтік топ кәсіпкерлердің үміткер болып сайлауға қатысуы да сайлау технологияларына өзгеріс енгізді. Сайлаушылардың дауысын сатып алу кеңінен тарады. Экономикалық жағдайдың нашарлығын пайдаланған кәсіпкерлерден шыққан үміткелер күнделікті тұрмысқа қажет нәрселерді арзан бағамен сата бастады немесе тегін таратты [65].

    Батыс стандарты деңгейіндегі  алғаш коммуникациялық сайлау технологиялары 1999 жылғы президент сайлауы кезінде қолданылғанын атап өтеді. Президент сайлауы жарияланғаннан кейін-ақ үміткерлер дайындықты бастаған болатын. Үміткерлер арасында Ресей саяси технологтарының көмегіне сүйенген Ә.Қажыгелдин әлеуметтік кеңістікке жаңа қазақтар мен кәсіпкерлерді таңдап алды, ал өзінің имиджін қуғын көруші адам ретінде қалыптастыруға тырысты. Постсоциалистік кеңістіктегі бұқаралық психологияның бір ерекшелігі биліктен қуғын көрген адамдарды жаппай қолдау болғандықтан, осы имиджті таңдап алған Ә Қажыгелдин өзіне қастандық жасады деген лақапты өзінің «Дат» газеті  арқылы  кеңінен таратты. Сонымен бірге Ә.Қажыгелдин ресейлік баспасөз арқылы қазақстандық орыс тілді сайлаушыларға  әсер ету үшін саяси жарнама жүргізуді бастады және Н.Ә.Назарбаевқа қарсы үгіт насихатты күшейтті. Биліктегілер де Ә.Қажыгелдинге байланысты жалған хабарлар тарату әдісін пайдаланды. Бірақ сайлау алдындағы ақпараттық соғыс нормативті технологияны қолдану арқылы биліктегілердің Ә.Қажыгелдинді тіркеуден өткізбей тастауымен аяқталды.

         Президент сайлауына қатысқандардың ішінен С.Әбділдиннің коммуникациялық технологияның партиялық әдісін кеңінен пайдаланғандығы, яғни партия ұйымдары мен мүшелері арқылы аймақтарда кеңінен сайлау науқанын жүргізуі сайлау науқанындағы ерекшелік ретінде көрініс берді. Себебі Қазақстандағы басқа партиялар әлеуметтік тірегінің әлсіздігінен бұл әдісті аз пайдаланып жүр.

         Н.Ә.Назарбаевтың сайлау кампаниясын талдауға баса көңіл бөлеміз. Себебі ықпалды саясаткер, мықты және жігерлі тұлға, болашақты ойлайтын қайраткер имиджімен сайлау науқанын бастаған Н.Ә.Назарбаевтың коммуникациялық технологиялар тізбегін толық пайдалануы – Қазақстандағы сайлау технологияларын қолдану тарихындағы ерекше құбылыс. Н.Ә.Назарбаев өзінің сайлау алдындағы стратегиясын 30-қыркүйекте халыққа жолдаған демократияландыру туралы Үндеуінде жариялаған болатын және оның басшылығымен дайындалған 2030 бағдарламасы да тұғырлық негіз қалады.

          Н.Ә.Назарбаев саяси жарнамаға көп мән берді. Ірі қалалардың барлығында дерлік оны әр түрлі қырынан көрсететін үлкен плакаттар ілінді. Қазақстан және Ресей басылымдары мен теледидарында кеңінен насихаттала бастады.

         Ресей және Қазақстанның мәдениет қайраткерлері қатысқан «Біз кімді сайлайтынымызды білеміз» деп аталатын үгіт-насихат науқаны президенттік сайлау кампаниясындағы жаңалықтың бірі болды және Қазақстанның барлық аймағын қамтыды.

          Сонымен бірге Н.Ә.Назарбаев шет елдік сайлау технологияларының бірі – саяси салмағы төмен адамдармен теледебат өткізуге қатыспау әдісін қолданды.

          Н.Ә.Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдарын өте тиімді пайдаланды. Әр түрлі форматтағы кездесулер жоғары дәрежеде ұйымдастырылғандықтан, нәтижесі күткендегідей болды.

          Н.Ә.Назарбаевтың ел алдындағы беделін және сайлау штабының коммуникациялық сайлау технологияларын тиімді, жоғары дәрежеде пайдаланды, бірақ, нормативті технологияларды пайдаланбауға да болатын еді.

         Президенттік сайлау науқанында қосалқы рөл атқарғанымен коммуникациялық технологияларды тиімді қолданған үміткердің бірі Ғ.Қасымовтың сайлау науқаны да назардан тыс қалмаған. Жалпы сайлау науқанында қосалқы адамдарды пайдалану технологиясы бірқатар елдерде дамыған. Олардың мақсаты – сайлаушыларының дауысын бөлу. Сондықтан Ғ.Қасымов Ресейдегі В.Жириновский мен А.Лебедтің қоспасын жасайтын имиджді таңдап алды. Ғ.Қасымовты сайлау науқанына қосудың мақсаты коммунистер электоратының бір бөлігін алу болатын. Сондықтан да коммунистік көзқарастағы қатаң тәртіпті жақсы көретіндерге арналған сайлау стратегиясы жасалды. Ғ.Қасымовтың КТК телеарнасында бокал сындыруы Ресейдегі Жириновский мен Немцовтың қақтығысына балама тәсіл болды және осы арқылы қатал генералдың имиджін жасауы да сайлау науқанындағы ерекше әдістердің бірі болды.

         Президенттік және парламенттік сайлау кезінде коммуникациялық технологияның бір түрі ретінде жастар дискотекасын пайдалана бастады. Депутаттардың бір бөлігі дискотекаларда билеп, жастарға жақын екендігін көрсетті. Парламенттік сайлаудағы партиялар өкілдерінің теледебаты да Қазақстандағы коммуникациялық жаңа технологиялардың бірі болғанымен, тым тиімді бола қойған жоқ.

          Парламенттік сайлау барысында ауылдық жерлерде қолданылған теледидарды, радионы, баспасөзді, плакаттарды пайдаланудан басқа, сайлау технологияларының мынадай түрлері болды:

  1. Жалған хабар тарату әдісі, яғни кей жерлерде жергілікті психологияны есепке ала отырып, үміткерді президенттің өзі қолдап отыр екен деген жалған хабар тарату әдісі қолданылды;
  2. Мектеп әкімшілігінің көмегімен ата-аналардың жиналысын ұйымдастыру және осы жиналысқа үміткерлерді шақыру;
  3. Ауыл ақсақалдары арқылы сайлаушыларға әсер ету;
  4. Мәдени шаралар мен өткізілген тойларды пайдалану арқылы, яғни, белгілі артистердің концертін ұйымдастыру, үлкен тойларға қонақ ретінде бару және т.б.

         Қазақстанда сайлау науқандары кезінде қолданылған коммуникациялық сайлау технологияларының түрлерін Ресейдегі қолданылған технологиялармен салыстыра келе, Қазақстанда «әшкерелеуші» технологиялардың және жалпы «қара пиарды» қолдану деңгейінің төмен болғандығын атап өтеді. Бұл көп жағдайда үміткерлердің өзара келісімінің нәтижесінде қолданылмады деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

          Қазақстандағы саяси рыноктың  даму деңгейінің төмендігінен, атқарушы биліктің сайлау процесіне ықпалының күштілігінен, үміткерлердің бір бөлігінің коммуникациялық технологияларды пайдалануға  қаражатының жоқтығынан және сапалы сайлау технологтарының жетіспеушілігінен  жалпы коммуникациялық сайлау технологияларының даму деңгейі төмен болды.

 

3.4. Қазақстандағы саяси әлеуметтік қызмет нарығының

қалыптасуы мен дамуы

 

         «Қазақстандағы саяси әлеуметтік қызмет нарығының қалыптасуы мен дамуы» деп аталатын төртінші тармағында саяси коммуникациялық технологиялардың дамуына әсер ететін, оны әзірлеп, саяси әлеуметтік рынокқа ұсынатын арнайы маманданған мекемелердің Қазақстанда қалыптасу ерекшеліктері қарастырылады.

         «Сараптама» немесе «ақпатараттық-сараптамалық» орталығы деген түсінік біздің лексиконымызда салыстырмалы түрде жуық арада ғана пайда болды. Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында, алғашқы сараптама орталықтарының пайда болған кезінде  олар КСРО-ның ыдырауы туралы ақпараттар жинаумен айналысса, сараптама жаңа қоғам мен мемлекетті тану формасы ретінде дүниеге келді.

         Жаңа сараптамалық орталықтар негізінен, кадрларды, тақырыптарды және әдістемені  мемлекеттік академиялық институттарынан алды. Уақыт талабына сай сараптамалық орталықтарды құруда батыстық үлгілер кей жағдайда тікелей, көбіне жанама түрде басшылыққа алынды.

         Батыстан сараптамалық орталықтар икемділікті, қызметкерлер санының шығындығын, өнімді коммерциялық өткізуді үйренді. Ал, мемлекеттік институттар белгілі  бір стильді қалыптастырды. Сондықтан да қазіргі сараптамалық орталықтар ғылыми жұмысты ұйымдастырудың  барлық түрін біріктіре білді.

        Қазақстанда 1991 жылдан бастап ақпараттық-сараптамалық орталықтардың кәсіби жетілуі, жаңа сапаға өтуі, туындаған мәселелерді билікпен бірлесе отырып шешуі, олардың бірте-бірте қоғам құрылымына өтуіне мүмкіндік берген жағдайда талданады.

         Сараптамалық орталықтардың үлкен өзгерістерге ұшырау себебін ашып көрсетсек: өзгерістерге институттар мен орталықтардың бұрынғы базалық құрылымдардан бас тартуы, келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін, маманданған, түбегейлі ойластыратын нағыз мамандар топтасуы әсер етті. Бұл процестің жеделдеуіне кешенді және қолданбалы тапсырыстардың азаюы да ықпал еткені сөзсіз.

         Сараптама орталықтарының қызмет мазмұнының өзгеруіне талдау жасасақ: ақпараттық мәселелер негізінен шешілген соң, орталықтар сараптама жасаумен айналыса бастады. Орталықтардың атауындағы «ақпараттық» ұғымы «сараптамалық» ұғымымен ауыстырылды.

          1998-2008 жылдардағы саяси әлеуметтік аяда жаңа сараптамалық орталықтардың рөлі күшейе бастады. Республикалық деңгейдегі жаңа элита биліктік мақсаттарын айқындаған соң, оларды іске асыру үшін сапалы ақпараттық-сараптамалық қолдауды қажет етті. Молынан төленетін сұраныс сарапшылар тарапынан болатын ұсыныстың күрт өсуіне әкеп соқтырды. 1999 жылғы сайлау, сараптамалық орталықтарды саясат сахнасына алғашқы рет шығарды. Мемлекет пен партияларға жұмыс істей отырып сараптамалық топтар тәжірибе жинады, қаражат тапты, саясатшылар үшін әдеттегі қажеттіліктерге айналды.

         Биліктің тарапынан тәуелсіз сарапшыларға деген сұраныс арта түсті. Түрлі мәселелер бойынша сараптамалық топтар құрыла бастады. Тіпті кейбір жағдайларда мемлекет жаңа орталықтардың құрылуына жағдай жасады.

         Президент әкімшілігінің құрамына дейін кірген сараптамалық топтар, оның сараптамалық құрылымының тіліне айналды. Осылайша жай ғана аппараттық сараптамалық орталықтар қалыптасып қана қойған жоқ, Қазақстандық билік құрылымдарын ақпаратпен қамтамасыз ететін, саясатта олардың бағытын анықтауға көмектесетін сараптамалық орта құрылды.

         Қазақстандық сараптамалық орталықтардың негізгілеріне жүйелі түрде сараптама берсек, мақсат-мүдделеріне талдау жасасақ, беделді, ықпалды, өзіндік орны бар орталықтар негізінен Алматы және Астана қалаларында орналасқандығын, аймақтарда орталықтар құру процесі жүріп жатқандығын айта аламыз.

        Сонымен, әлеуметтік талдау орталықтарын қарастыра отырып мынадай қорытындылар жасадық:

         Біріншіден, бүгінде Қазақстандағы ірі тәуелсіз сараптамалық орталықтар билікке кеңес беру ісіне жұмылдырылған. Бұл обьективті сипатқа ие және талдау өнімі нарығының құрылымданғанын, оның қатысушыларының нақты мақсаттарының айқындығын көрсетеді.

         Екіншіден, талдаушылар мен биліктің арақатынасы осыдан он жыл бұрынғы жағдайға ұқсас, яғни талдау жұмыстары партиялық органдарға тұйықталады, алайда айтарлықтай коммерциялық өзгешелігі бар. Демократиялық қоғамға тән дамыған институттардың болмауы кез-келген талдау орталығын мемлекетпен іскерлік байланысқа мәжбүрлейді. Мемлекет әлі де болса ең бай клиент болып отыр.

         Үшіншіден, бұлармен қатар кері тенденция да байқалады. Көптеген орталықтар, әсіресе экономика және социологиямен байланыстылары, өз зерттеулеріндегі әлеуметтік саясат үлесін азайту арқылы атқарушы билік құрылымдарынан тапсырыстар алуға тырысуда. Талдау орталықтарының бұл саясатсыздандырылуың үкімет пен президентке қарсы ұйымдасқан оппозицияның жоқтығынан қоғамдағы қарсыласудың әлсіреуімен орайлас. Сол секілді, саяси процестерге ұмтылған сарапшылар, оларды зерттеуші емес, атқарушы биліктің бір мүшесіне айналып кеткендігін көрсетеді. Парламент пен үкіметке қызмет көрсетіп отырған тәуелсіз орталықтар өздерін «обьективті бақылаушы» ретінде көрсетуге тырысады.

         Төртіншіден, әдетте тәуелсіз талдау орталықтарының шет елдерде байланысы болады. Олай болмаған күнде талдау орталықтары қандай да бір шет елдік орталықпен тұрақты байланыс орнатуға келіссөз жүргізеді. Олардың өнімдерін шетелдік ғылыми орталықтар мен елшіліктер сатып алуда. Бірақ ТО ғылыми жұмысының толық болмауы халықаралық қайырымдылық ғылыми қорларымен байланыстың тапшылығынан байқалады. Бұл саладағы байланыстарын отандық ТО ертеден ақ бастағанын айтып өткен жоқ, бірақ ол жүйелі байланыстың және орталықтардың өз ішінде дұрыс үйлестірудің болмауы олардың маңызын төмендетері шындық.

         Бесіншіден, көптеген ТО-ның негізгі функцисы тек қана ғылыми емес, ғылыми-менеджерлік болып отыр. ТО әдетте тапсырыс алғаннан кейін делдал бола отырып, оны өзге орталықтарға үлестіреді, алынған нәтиженің басын қосады. Сондықтан қазіргі ТО-ны қызмет ауқымына қарай топтастыру күрделі болып отыр, себебі олардың мамандану процесі әлі жалғасуда. Дегенмен ТО-ның басым көпшілігі саяси әлеуметтанудағы зерттеулер, практикалық социология, макроэкономика немесе қауіпсіздік мәселелерімен айналысуда.

         Алтыншыдан, ТО қоршаған ортасының түйінді мәселелері бар. Көптеген ТО-ның негізгі мәселесі – өз мәртебелерінің анықталмағандығы.  Коммерциялық тапсырыстар мен мемлекеттік тапсырыстарды орындауда ғылыми жұмыс пен жедел қызметтің басын қосу барлығының қолынан келіп отырған жоқ. Бастапқыда макроэкономика немесе саяси әлеуметтануға маманданған көптеген орталықтар уақыт өте келе коммерциялық құрылымдардың құпия тапсырыстарын орындаушы ақпараттық фирмаларға айналуда.

         Жетіншіден, ТО 10 жыл ішінде сараптамалық топтардан гуманитарлық ғылым мен практиканың деңгейін көтеретін нағыз ғылыми институттарға айналды. Сарапшылар қауымдастығы билік құрылымдарына қызмет атқаратын, мемлекеттік басқару саласында шешім қабылдауға әсер ете алатын жаңа әлеуметтік топ дәрежесіне көтерілді. Бірақ Қазақстандық саяси қызмет нарығындағы жетіспеушіліктің бірі – PR – орталықтардың жоқтығы. Көптеген отандық талдау орталықтары PR – шаралардың кешенді ақпараттық технологиясын дайындау мен іске асыруға талпынып бағуда. Бірақ та мұның бәрі қазақстандық нарықта саяси әлеуметтік қызмет аясын қалыптастыру үшін жеткіліксіз. PR – қызметтің басым бөлігін ресейлік талдау орталықтары көрсетудің басты себептері де осында.

         Жалпы алғанда, Қазақстанда ТО кейбір білім салаларының, әсіресе, әлеуметтану мен макроэкономиканың дамуына қосқан үлесі зор. Тәуелсіз орталықтар қоғам үшін алғашқы қажетті бағыттарды ашып берді. ТО даму тарихының отандық ғылымды жетілдіру мен дамытуда қосатын үлесі әлі алда.

          Үшінші тарауды қорытындылай келе айтарымыз, 1994 жылғы сайлаудан бастап Қазақстанда өткен сайлауларда коммуникациялық технологиялардың қолданылуы халықтың әлеуметтік жағдайларына айтарлықтай әсері болды. Барлық сайлауларда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты технологияны қолданған депутаттар мен партиялардың көпшілігі өздерінің стратегиясын жасағанда халықты экономикалық дағдарыстан шығару және әлеуметтік қорғауды жақсарту мәселесін басты мәселе ретінде сайлау тұғырнамасына енгізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

   Қазақстандағы саяси әлеуметтік сайлау технологиясын социологиялық талдау барысында, сайлау технологияларының Қазақстандағы қалыптасуы мен даму ерекшеліктері ашылып, саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтына және сайлау технологияларына әсері қарастырылды. Сайлау институты, сайлау технологиялары, электоралдық формула, сайлау инженерингі сияқты ұғымдардың анықтамаларына әлеуметтік тұрғыдан талдау жасалынып, бірқатарына өзіндік көзқарасымызды білдірдік.

         Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың сара жолына түскенімізге дәлел, әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алып отырмыз. Яғни, бізде еркін және ашық демократиялық қоғам орнап жатыр.  Барлығымызға белгілі, былтырғы жылы (2007 ж.) елімізде Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы кеңінен талқыланды. Біздер, сайлаудың әділ өтуі мен сайланушылардың іс-әрекеті еліміздің тұрақты дамуының қажетті шарты болып табылатынын айқын түсінеміз. Біз 2007 жылдың тамызында өткен сайлауалды науқанның барысында тұңғыш рет қазақстандықтардың елдің тұрақсыздануы мүмкін деген алаңдаушылығы, ал кейбір тұстарда, тіпті үрейге бой алдыруы сияқты ерекше құбылыспен де ұшырастық. Сол үрейленудің барысы бүгінгі күндегі еліміздегі экономикалық дағдарыстың барысында көрініс беріп отыр.  Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екендігін мойындауымыз керек. Бұл біздің өткен президенттік және парламент депутаттарын сайлау додасынан алған сабағымыз және Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау барысындағы көрсеткіштеріміз.

       Жаңа саяси әлеуметтік жүйелердің қалыптасуы халықаралық жағдайдың қолайлы кезеңінде жүзеге асқанымен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуіне байланысты тоталитарлық жүйеден шыққан елдерде өздері жариялаған нысандарына оңайшылықпен қол жетпейтіндігі аңғарылды.        Сайлау институты қоғамның демократиялануының нақты көрсеткіштерінің бірі. Сайлау институның тиімді жұмыс істеуі саяси жүйені жетілдірудің кепілі екендігі сөзсіз. Өз кезегінде сайлау институты мен технологияларының қалыптасуы мен дамуы да саяси-әлеуметтік жүйе мен саяси-әлеуметтік режимге тәуелді болып келеді.

         Сайлау институтына тән функциялардың барлығы белгілі бір технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге керісінше сайлау технологиялары сайлау интитутының функцияларын тежеуге де қызмет етеді. Сайлау  технологиялары сапалы элитаны қалыптастыруға әсер ететін факторлардың бірі. Себебі сайлау қарсаңында әшкерелеуші технологиялардың қолданылуы, таза емес адамдардың билікке ұмтылуына тосқауыл қояды және қоғамдық бақылаудың мұндай түрі өкілдік органдарда тұрақты, сапалы кадрлардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

       Саулау технологиялары қоғамның саяси-әлеуметтік мәдениетінің де көрсеткіші. Өтпелі қоғамдардағы сайлау институтының және сайлау технологияларының даму деңгейі элитаның саяси-әлеуметтік мәдениетінің деңгейіне тәуелді.

        Қазақстандағы  сайлау технологияларын зерттеу мәселесінің қаз тұрып келе жатқандығын ескере отырып, тақырыпты жан-жақты қарастыру үшін дамыған елдердегі сайлау технологияларының  қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік талдау жасап, салыстырып талдау арқылы мынадай міндеттерді жүзеге асырдық: 1) Сайлау институтының пайда болу себептерін анықтай отырып, сайлау институтының негізгі функцияларын және  оларды жүзеге асыру технологияларының қалыптасуын ықпалдастыратын факторларды анықтадық; 2) Сайлау технологиялары ұғымының мәні мен мазмұнына арналған анықтамаларға талдау жасап, саяси-әлеуметтік жүйелердің, саяси режимдердің сайлау технологияларына әсер ету заңдылықтарын аштық; 3) Дамыған демократиялық елдердегі сайлау технологияларының қалыптасуына, эволюциясына және қазіргі жай күйіне талдау жасап, постсоциалистік кеңістіктегі сайлау технологияларының өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына саяси-әлеуметтік мәдениеттің, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ықпал ету деңгейін айқындадық; 4) Қазақстандағы сайлау технологияларының трансформациясына әлеуметтік талдау жасап, және оның ерекшеліктеріне әсер еткен жағдайларды ашып көрсеттік; 5) Сайлау институтының қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторлар социологиялық зерттеулер тұрысынан талданып, заңдылықтары айқындалды. 6) Саяси әлеуметтік жүйенің сипатына қарай, сайлау институты функцияларын жүзеге асыру мүмкінділіктері қаралып, социологиялық салыстырмалы әдісті пайдалана отырып, ежелгі дүниедегі орта ғасырлардағы, жаңа дәуірдегі және қазіргі кезеңдегі сайлау институтының функцияларын жүзеге асыру және шектеу технологияларына талдау жасадық.

        Сайлау институты қоғамдағы әлеуметтік жан-жалдардың негізінде пайда болды және оның қоғамды топтастырушы рөліне орай саяси-әлеуметтік институт ретінде қалыптасты. Сайлаудың жиі және заңды өткізілуі қоғамдағы жинақталған әлеуметтік, саяси жан-жалдарды бәсеңдетеді. Сайлау институның негізгі функцияларын жүзеге асыру саяси-әлеуметтік жүйеде тұжырымдалған мақсаттарға байланысты. Мысалы, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру барысында қабылданатын сайлау институтының міндеттерін анықтау, сайлауды Ұйымдастыру туралы ережелер мен сайлау алдындағы қолданылатын амал-айлалар мен іс-әрекеттердің жиынтығы сайлау технологиялары деп аталады.

       Билік жүргізуші элита сайлау институтының функцияларын шектеу арқылы өз қарсыластарын жеңуге немесе тежеуге жағдай жасайтын нормаларды қабылдау арқылы сайлау процесіне әсер етуін нормативті сайлау технологиясы дейміз. Сайлау технологияларының нормативтік түрі жалпыға ортақ сайлау құқығы күшіне енгізілгенге дейін негізгі сайлау технологиясы болып табылады.     Қазіргі кезеңдегі қоғаммен байланыс тәсілдеріне сүйенген, ғылыми негізделген сайлау науқаны кезінде сайлаушыларға тікелей әсер ету арқылы жеңіске жету үшін қолданылатын амал-айлалар мен іс-әрекеттер жиынтығын коммуникациялық сайлау технологиялары деп атаймыз.

        Сайлау жүйесі дегеніміз әр түрлі елдерде қабылданған сайлау туралы тұжырымдаманы белгілі бір нормалар мен тәжірибе арқылы жүзеге асырылуын қамтитын іс-әрекеттер жүйесі немесе нормативті және коммуникациялық технологиялардың жиынтығы. Қазіргі кездегі дамыған елдер мен дамушы елдердің нормативті сайлау технологиялары ұқсас. Билеуші топ бар жерде өзіне тиімді нормаларды заңдастыруға ұмтылады. Негізгі айырмашылық саяси-әлеуметтік жүйе мен мәдениет деңгейінде. Дамыған елдер мен дамушы елдердің коммуникативті сайлау технологияларындағы ерекшеліктер саяси-әлеуметтік режимге, саяси-әлеуметтік мәдениетке және қоғамның экономикалық даму дәрежесіне байланысты қалыптасады. Коммуникативті сайлау технологияларын пайдалану барысындағы зерттеу жұмыстары сайлау маркетингі деп аталады.

          Қазақстандағы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, этносаралық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтының басты функцияларын жүзеге асыруға ынталы емес еді. Қазақстанның тоталитарлық жүйеден шығуына байланысты саяси партиялардың әлсіздігінен сайлау жүйесін таңдау тиісті деңгейде институционалданбаған ортада жүргізілді. Қазақстанда саяси партиялардың парламенттік сайлауға кеш араласуынан сайлау жүйесі тек атқарушы орган тарапынан таңдалынды. Сондықтан, Қазақстандағы саяси-әлеуметтік рыноктың баяу қалыптасуы, бүгінгі күндері болып жатқан экономикалық дағдарыс сайлау институты функцияларының шектеулілігі және жоғарғы дәрежелі сайлау технологтарына зәруліктері коммуникативті сайлау технологияларының дамуына кері әсер етіп, халықтың әлеуметтік жағдайларының төмендеуіне апара жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Нысанбаев А., Машан М., Мурзалин А., Тулегулов А. «Эволюция политической системы Казахстана». В 2-х томах. – А.,2001; Аяган Б.Г. Агония и закат советского социализма: казахстанский полигон. – А.,1999. -120 стр.; Аяған Б.Г Государство Казахстан: эволюция общественных систем. – А.,1993. -149 стр.; Бурханов К. Эволюция социально-политической системы Казахстана в ХХ в. – А.,2006. — 44 стр.; Жунусова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент. Институты демократизации. А., Ақыл кітабы, 1996. -208 бет.; Кшибеков Д., Кшибеков Т. Переходной период. А.,1997. -262 стр.; Соловьев А.В., Соловьева И.А. Природа слухов и ее влияние на общественное мнение и политические процессы. // Евразейское сообщество: общество, политика, культура. 2000. №1. — 55-58 стр.; Абдиров М.Ж. История казачества Казахстна. А.,2004. -160 стр.; Байтенова Н.Ж. Основные направления межэтнической интеграции. // Саясат. 1998, №8; Кадыржанов Р.К. Консолидация политической системы Казахстана: проблемы и перспективы. А.,1999. -166 стр.
  2. Ертысбаев Е.К. Институционализация выборной демократии Казахстана в контексте политической модернизации (1998-2007г.г) А.,2008. -54 стр.; Сапиева А.О. Демократические выборы как политическая ценность переходного общества. А.,1997. 28 стр.; Исмаганбетов Т.Т. Особенности посттоталитарного развития электоральной системы Республики Казахстан. А.,1999 -30 стр; Насимова Г.О. Электоральное поведение граждан: зарубежный опыт и Казхстан. А., 2007. -30 стр.; Байбеков С. Выборы Президента Республики Казахстан. 1999 г. Теория, прогнозирования, анализы, выводы. А.,1999 г. -96 стр.; Болатбаева А. Формирование имиджа лидера в политических процессах Казахстана. А.,1999г. 133стр.; Петренко С.Ю. Средства массовой информации как инструмент политического  маркетинга. (По материалам избирательных кампаний в Россий.) – А.,1999 г. -210 стр; Платонов С.В. Президентские выборы как дебют политического маркетинга. // Саясат, 1999 г. №1. -13-16 стр; Лаврентьев А.И. Становление профессианального парламента в политической системе Республики Казахстан. А.,1999г. 141стр.
  3. Ковлер А.И. Изберательные технологии: российский и зарубежный опыт. М., РАН. 1995 г. -115 стр; Ковлер А.И. Основы политического маркетинга: технология организации изберательных кампаний. М., РАН. 1993 -46 стр. Устименко С.В. Выборы в органы политической власти. // Общая и прикладная политология. Учеб. Пособ. М.,1997. -254-273стр; Вещняков А.А. Основные направления совершенствования избирательного законодательства Российской Федерации. // Доклад на парламентских слушаниях 4-февраля 1997г. // Вестник. Центр. Изб. Ком. РФ. 1997 г. №1. -91-111 стр; Максимов А.А. «Чистые и грязные» технологии выборов. Российский опыт. М.,1999 г. 445стр.; Гельман В.Я., Елезаров В.П. «Учередительные выборы» в контексте российской трансформации. // Первый электоральный цикл в Росии 1993-1996 г.г. М.,2000 -13-39стр; Кошелюк М. «Выборы. Магия игры. Технология победы». // ЭЛ. Вариант: www. Meteor. Ru; Гельман В.Я. Институциональный дизайн: создавая «правила игры». // Первый электоральный цикл в Росии 1993-1996 г.г. М.,2000 г. -49 стр; Гельман В.Я. Изберательные кампании в Росии: испытание электоральной формулы. // Полис. 1996. №2.; Цуладзе А. Большая манипулятивная игра. М.,2000 г. -336 стр.; Голосов Г.В. Политические партии и электоральная политика в 1993-1995гг. // Первый электоральный цикл в Росии 1993-1996 гг. М.,2000 -106-129 стр; Постников А. Е. Изберательное право в Росии. М., 2007 г. -264 стр; Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. Учеб пособ. М.,2005. -250 стр.; Лисовский С.Ф. Политическая реклама: функциональные и жанрово-стилистические особенности. – М.,2007 -30 стр.; Жабасов А.А. Политические технологии изберательных кампании: проблемы категориального осмысления. // Вестник МГУ, Серия 12, Политические науки, 2000. №2 -56-62 стр; Почепцов Г.Г Как становятся президентами: избирательные технологии ХХІ века. М., 2007 г. -380 стр.; Сабиров А.Б. Основные принципы избирательного права в развитых демократических сранах. Ташкент,2007. -28 стр.; Мошняга В.Г. Парламентские выборы и упрочение демократии в Молдове. // Молдова-98.
  4. Ковлер А.И. Франция: партии и избератели. М. Наука, 1989; Даниленко В.Н. Избирательные системы и политические партии Франции. М. 1979 г.; Агеев Р. Технология избирательной борьбы в Германии. // Эл вариант: www. vybory. ru; Левин И.Б. О реформе избирательной системы Италии. // Полис. М.,1993. №3; Борисюк В.И. Избирательный процесс в США. Как политический институт: проблемы и характер эволюции в конце ХХ в. // Политические институты на рубеже тысячелетий. Дубна: ООО «Феникс+», 2001. -187-216 стр; Перегудов С.П. Конституционная реформа в Великобритании. // Политические институты на рубеже тысячелетий. Дубна: «Феникс+», 2001. -258-284 стр; Балашова А.Н. Технология избирательной кампании в западной политической науке. // Вестник МГУ, Серия 12. Политические науки. 2000. №2. -72-76 стр.
  5. Алексис де Токвиль Демократия в Америке: Пер. с Француз. Предисл. Гарольда Дж. Ласки. М., Изд. «Весь мир», 2000. -560 стр.; Лейкман Э. Ламбарт Дж. Д. Исследование мажоритарной и пропорциональной избирательной систем. М.,1958. -366 стр; Даль Р. О демократии. М.,2005. -208 стр. Даль Р. Полиархия, плюрализм и пространство. // Антология мировой политической мысли. В 5 т-х. Т.ІІ. Зарубежная политическая мысль. М.,1997. -612-627 стр; Демишель А., Демишель Ф., Пикемаль М. Институты и власть во Франции. М.,2006; Сартории Дж. Пересматривая теорию демократии. // Антология мировой политической мысли. В5 т-х.Т.ІІ. Зарубежная политическая мысль. М.,1997. -712-729 стр; Надаис А. Выбор избирательных систем. // Полис,2003. №5. -70-78 стр; Дарендорф Р. Дорога к свободе: демократизация и ее проблемы в Восточной Европе. Вопросы философии, 2004. №9. -75 стр; Леипхарт А. Демократия в многосоставных обществах: сравнительное исследование. // Пер. с англ. М.,1997 -287 стр; Шмиттер Ф.К. Размышления о гражданском обществе и консолидации демократии. // Полис,1995. №6 -16-27 стр; Шмиттер Ф.К. Угрозы и дилеммы демократии. // Век ХХ и Мир. М.,1998. №7-8; Кинг А. Демократия на выборах: что решают выборы. Вашингтон: НДИ, 1993. -22 стр.; Оукешот М. Массы в представительной демократии. // Антология мировой политической мысли. В 5 т-х. Т.ІІ. Зарубежная политическая мысль  М.,1997. -448-465 стр; Радунски П. Введение избирательной кампании – форма политической коммуникации. // Политические партии в условиях демократии. Фонд Конрада Аденауэра. Санкт Аугустин, 1995, -468 стр; Ричард Нойштадт. Президентская власть и нынешние президенты. М.,1997. -325 стр; Жак Сегала. Национальные особенности охоты за голосами. М.,2007 -16стр.
  6. Козер Л. Функции социального конфликта. // Пер, с.анг. М.,2005 -166-169 стр.
  7. «Технология власти» (философско-политический анализ). М.,1995. -8 стр.
  8. Фридрих К. Демократия. Пер.с анг. М.,2000 г. -48 стр; Дарендорф Р. Избирательные системы и политические партии. Пер.с анг. М.,2000 г. 116 стр; Крик Б. Политические технологии избирательных компании. Пер.с анг. М.,2000 г. 84 стр.
  9. Рональд Х. Чилкот. Теории сравнительной политологии, М.,2001. -187-199 стр.
  10. Кошелюк М. «Выборы. Магия игры. Технология победы». Эл вариант. Гл.1. // Элек.вариант: www. Meteor. ru;
  11. Устименко С.В. Выборы в органы политической власти. // Общая и прикладная политология. М.,1997 г. -254-258 стр.
  12. Гельман В.Я. Институциональный дизайн: создавая «правила игры». // Первый электоральный цикл в Росии (1993-1996). М.,2000 г. -45 стр.
  13. Парламенты. Сравнительное исследование структуры и деятельности представительных учереждений 55 стран мира. Межпарламентсий союз, 1997. -47-87 стр.
  14. Сморгунов Л.В. Сравнительная политология: Теория и методология измерения демократии. СПб: СПУ,1999. -217 стр.
  15. Большой энциклопедический словарь: В 2-х томах. М.,1991. -469 стр.
  16. Соловьев А.И. Политология: политическая теория, политические теории, политические технологии. М.,2005. -415 стр.
  17. Политология. Учебник. Под ред. Марченко. М. МГУ. 2005. -340 стр.
  18. Сморгунов Л.В. Сравнительная политология: Теория и методология измерения демократии. СПб: СПУ, 1999. -216 стр.
  19. Устименко С.В. Общая характеристика избирательной компании. // Общая и прикладная политология. М.,2007. -871 стр.
  20. Аристотель Политика. Сочинения: В 4-х томах. М.,1984. Т-4. -441-471 стр.
  21. Радунски П. Ведение избирательной компании форма политической коммуникации. // Политические партии в условиях демократии. Фонд Конрада Аденауэра. Санкт Аугустин, 1995, -468 стр.
  22. Кошмаров А.Ю., Кузнецов Г.С. Новые подходы в избирательных технологиях. // Материалы Всероссийского семинара-конференции «Общество-выборы – СМИ 1999 г.: Между чистыми и грязными политическими технологиями». // Эл. вариант: www. ist. md.
  23. Киселев К.В. К вопросу о термине «деструктивные технологии». // Эл вариант: www. ist. md.
  24. 24. Почепцов Г.Г. Имиджелогия: теория и практика. Киев: АДЕФ Украина, 1998. -392 стр.; Лисовский С.Ф. Политическая реклама: функциональные и жанрово-стилистические особенности. М.,2000 г. -30 стр.
  25. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственноси и государства. К Маркс и Ф Энгельс. Избранные произведения в 3-х томах. Т.3. М.,1983. -284-285 стр.
  26. Аристотель. Афинская полития. М.-Л., 2002 г. -132 стр.
  27. Бенжамен Констан. О свободе древних в ее сравнении со свободой современных людей. \\ Полис, 2003. №2.
  28. Моммзен Т. История Рима. В 4-х томах. Т-2. М.,1988 г. -320-342 стр.
  29. Аристотель Политика. Сочинения: В 4-х томах. М.,1984. Т-4. -503-505 стр.
  30. Золотая булла. // Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. М.,2005. -93-98 стр.
  31. Парсонс Т. Система современных обществ. Пер. с анг. М.,2005 -72 стр.
  32. Война за независимость и образование США. М.1996; Американская революция. // Сборник документов по истории нового времени. Буржуазные революции ХVІІ-ХҮІІІ вв. М: Высшая школа, 1996. -88-172 стр.
  33. Новгородцев П.И. Введение в философию права. СПб: Лань, 2006. 75 стр.
  34. Ковлер А.И. Франция: партии и избиратели. М.,1984. -14-31 стр.
  35. Почепцов Г. Имиджология: теория и практика. Киев: АДЕФ Украина, 2005. -110 стр.
  36. Радунски П. Ведение избирательной компании – форма политической коммуникации. // Политические партии в условиях демократии. Фонд Конрада Аденауэра. Санкт Аугустин, 2005, -468 стр.
  37. Почепцов Г. Имиджология: теория и практика. Киев: АДЕФ Украина, 2005. -113 стр.
  38. Ричард Нойштадт. Президентская власть и нынешние президенты. М.,2006. -325 стр.
  39. История США. В 4-х томах. М.,2004. Т.4. -226-284 стр.
  40. Радунски П. Ведение избирательной компании – форма политической коммуникации. // Политические партии в условиях демократии. Фонд Конрада Аденауэра. Санкт Аугустин, 2005, -468 стр;

41.Бұл да сонда. 463 стр.

  1. Бұл да сонда. 466 стр.
  2. Мерфин Р. Технологии избирательных компании в США. // Полис. 1991. №3.
  3. Максимов А.А. «Чистые и грязные» технологии выборов. М. 1999. -28 стр.
  4. Гоулд Ф. Стратегические планирование избирательной компании. // Полис, 1993. №4. -136 стр.
  5. Мерфин Р. Технологии избирательных компании в США. // Полис. 1991. №3.
  6. Петер Радунскии. Ведение избирательной компании – форма политической коммуникации. \\ Политические, партии в условиях демократии. Фонд Конрада Аденауэра. Санкт Аугустин, 2005. -440 стр.
  7. Гельман В.Я. Институциональный дизайн: Создавая «правила игры». // Первый электоральный цикл в Росии 1993-1996 гг. М. Весь мир. 2000. -46 стр.
  8. Бұл да сонда. -48 стр.
  9. Уоллерстаин М. Избирательные системы, партии и политическая стабильность. // Полис, 1992. №6.
  10. О’Донелл Г. Делегативная демократия. // Век ХХ и мир. М.,1994. № 7-8.
  11. Челлини К.Г. Демократия и федерализм в Росии в оценках западных авторов. Вестник научной информации. Реформы вчера, сегодня, завтра, М.,2005. № 10. -89-109 стр.
  12. Шмиттер Ф.К. Угрозы и дилеммы демократии. // Век ХХ и мир М.,1994. №7-8.
  13. Выборы Каримова в Узбекистане. \\ Эл вариант: www . svoboda.org.
  14. Устименко С.В. Выборы в органы политической власти. // Общая и прикладная политология. Учеб. Пособ. М. «Союз», 1997. -225 стр.
  15. Гельман В.Я., Елезаров В. П. «Учередительные выборы» в контексте Российской трансформации. \\ Первый электоральный цикл в Росии 1993-1996гг. М. 2000. -19 стр.
  16. Гельман В.Я. Институциональный дизайн: создавая «правила игры». М., 2000. – 54 стр.
  17. Бұл да сонда. -65 стр.
  18. Политические партии, движения и организации современной Росии на рубеже веков. Санкт Петербург, 1999. -97-103 стр.
  19. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы. // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. А.,1997. -148-179 беттер.
  20. Кодекс Республики Казахстан. «О выборах в РК». // Вестник Центральной избирательной комиссии А.,2007. -11-165 стр.
  21. Аргументы и Факты. 2007. № 16 қыкүйек.
  22. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы. А.,2007. -224 бет.
  23. Послание Президента РК народу Казахстана А.,2007. -19 стр.
  24. Жұмәділов Қ. Депутаттық қанша тұрады? // Халық кеңесі. 2007 30 шілде.
  25. Құрманбаева Ш.А. Сайлау кампаниялары барысының ақпарат құралдарында қамтылуы \\ «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Хабаршысы». 2007 ж. №8. 124-126 бб.
  26. Искакова Г.Ж. Избирательное право и избирательные системы зарубежных стран и РК. // Учебное пособие. А.,1999. 64 стр.
  27. Құрманбаева Ш.А. Смена ментальности и ее взаимосвязь с избирательными технологиями в условиях трансформации общества. \\ Вестник КазГУ им. Аль-Фараби 2005. №2-3. -274-276 стр.
  28. Балиева З. Қазақстандағы сайлау институты тетіктерін жаңарту сатылары. А., 2007 ж. -67 б.
  29. Факторы развития политических избирательных технологии в РК. А.,2007. 183-187 стр.
  30. Некоторые вопросы теории избирательных систем современности. // Научно-методические основы обучения изобразительному искусству. Омск, 2006. стр. 238-244.
  31. БАҚ және сайлау науқаны. А., 2007. -33 б.
  32. Роль СМИ в избирательной кампании. А.,2007. -319-323 стр.
  33. Биекенов Қ.Ұ. Қазақстандағы сайлау технологияларының қалыптасуы және әлемдік тәжірбие. А.,2006 г.
  34. Құрманбаева Ш. Әлемдік қолданыстағы сайлау жүйелері: қолайлы және осал тұстары. // Саясат. 2007ж. №6. -70-72 б.