АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Колледжде «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәнінен «Автомобильдердің жүріс бөлігін тексеру және реттеу» тақырыбына әдістеме жасау

Реферат.

 

 

         Бабамұратов А. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал агробизнес колледжінің жағдайында «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәнінен «Автомобильдердің жүріс бөлігін тексеру және реттеу» тақырыбына әдістеме жасау.– Дипломдық жұмыс, Алматы ҚазҰАУ,2009, -бет.

 

   Жобаның   бірінші  тарауында  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Мақтарал агробизнес колледжінің оқу  өндірістік  жағдайларына  қысқаша  сипаттама  берілген.

 

  Методикалық  тарауда колледждің  оқу процесін  ұйымдастыруға арналған «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәніне арналып төменгі оқу құжаттары жасалынды: күнтізбелік-сеткалық график, құрылымдық-логикалық сұлбасы, пәнаралық байланыс, перспективалық-тақырыптық жоспар, звенолардың алмасу кестелері жасалынды.

 

   Конструкциялық  тарауда автомобильдердің жүріс бөлігін тексеру, және реттеу, оны күтіп баптау, оның түрлері автомобильдің жұмыс істеу технологиясына, конструкциялық құрылғының беріктік есебі берілген.

 

   Дипломдық жұмыстың соңғы тарауында ауыл шаруашылық өндірісінде техникаларды пайдаланғанда сақталатын еңбек  қорғау  шаралары мен өртке қарсы ережелер берілген.

 

           Пайдаланылған әдебиеттер; қорытындылар

 

4 — сурет;                             10 — кесте;                     20 — әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

       Реферат…………………………………………………………………………………………………..

Кіріспе …………………………………………………………………………………………………..

 

1 Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал агробизнес колледжінің оқу­-өндірістік сипаттамасы .

1.1 Мақтарал агробизнес колледжінің туралы жалпы мәлімет……………………..

1.2 Табиғи климаттық және жер жағдайлары ……………………………………………….

1.3 Мақтарал агробизнес колледжінің кәсіптік материалдық-техникалық    базасы ………………………………………………………………………………………………………..

1.4 Мақтарал агробизнес колледжінің оқу- өндірістік жұмысына талдау     жасау……………………………………………………………………………………………………………

 

 2 Методикалық тарау.

2.1. Оқу пәнінің бағдарламасын талдау……………………………………………………..

2.2. Оқу пәнінің бағдарламасын талдау………………………………………………………

2.3 Маманда пән бойынша білім, білік және дағды жүйелерінің  қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні……………………………………….

2.4. «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету»— пәні бойынша  күнтізбелік-сеткалық кесте……………………………………………………

2.5. «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету»—пәні бойынша құрылымдық – логикалық талдау…………………………………………..

2.6. «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету»—пәні бойынша перспективалы — тақырыптық жоспары……………………………………

2.7. Пәнаралық байланыс кестесі…………………………………………………………….

2.8 IV цикл  бойынша лабораториялық практикалық сабақтың жоспары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Еңбек қорғау тарауы

3.1 Техника қауіпсіздігі, еңбек қорғау, азаматтық қорғаныс бойынша іс-шаралар және өртке қарсы іс-шаралар. өндіріс эстетикасы………………………….

 

Қорытынды  ……………………………………………………………………………………………….

Пайдаланған әдебиеттер  …………………………………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

        Қазіргі ауыл шаруашылығында ауыл кәсіпкерлерінің қолындағы техниканы меңгерудің өзі жоғары білімді, тәжірибелі мамандарды талап етеді, өйткені оны шебер, озық тәжірибелі жоғары іскерлікпен маманданған кадрлар меңгергенде ғана егістіктер мен комплектерге бар күш-қуатын жұмсай алмақ. Осы себепті де мемлекетіміз басқа да көптеген міндеттермен бірге ауыл шаруашылығына көпшілік мамандық кадрларын даярлауды жақсарту. Әр еңбеккерді өзіндік және ұжымдық рухында, халық игілігіне оның ішінде және бірінші кезекте ауылдық жерлерде өндірістің ең басты құралы болып табылатын жерге, техникаға, тыңайтқыштарға, мұнай өнімдеріне ыждағаттылықпен қарау рухында тәрбиелеу міндетін қойып отыр. Сонымен қатар қазіргі Егеменді Қазақстанымыздың экономикасы жоғары деңгейде деп те айта алмаймыз.\

Оқыту-біртұтас  педагогикалық  процестің  құрамды  бөлігі. Сондықтан  арнайы  пәндерді  оқытудың  құрылымды  бөліктері  бұл  процестің  барлық  негізгі  заңдылықтарына сай  келуі  тиіс.

Республикамыздың  нарықтық  экономика  бағдарламасы  берілген  шаралар  кешенін  іске  асырудың  мамандыққа  деген  көзқарастарын   өзгертіп,теория  мен  методикалық  білімдерін  арттыру, педагогикалық  дағдылары  мен   шеберліктерін  жетілдіру-өскелең  заманымыздың  өзекті  мәселерінің  бірі  екендігін  айқындап  отыр.

Мұғалімнің  материалды  баяндауы, оның  оқушыларымен  пікір  алысуы,  өзіндік  жұмыстарды  әртүрлі  тапсырмалар  құрып  ұйымдастыруы,  сонымен  қатар  оқушылардың   мұғалімнің  баяндағанын  тыңдауы,  оның  сұрақтарына  жауап  беру,  ұсынылған  тапсырмаларды  орындауы- осының  барлығы  оқыту  процесінің  ішкі  жағдайы,  оның  басты  мәні-оқушылардың  білімді,  іскерлікті,  дағдыны,  бірлікте  және  бастың  қалыптасуы  және  дамуы, олар   өзара  байланысты.

          Ауыл  шаруашылығы  дамуының  жаңа  сипаттау  жағдайында  тек кәсіби даярлығы жоғары ете алады.Қазіргі тракторлы машинистер өндірістің міндеті мен мақсатын терең түсінетінін білімге, біліктілікке және дағдыға ие болу керек. Ол өзінің әр қимылын творчествалық тұрғыда ойластыру қабілетін игеріп, нақты жағдайға бағдарлануы, бірнеше мамандықты игеруі қажет.

         Облысымыздың  арнайы  кәсіби-техникалық  мектептерінде  жыл  сайын  3 мыңнан   көп  бітірушілер  кең  профильді  30-дан  аса  түрлі ауыл  шаруашылығы  мамандықтарын   алып,  тауар механизаторлардың  кәсіби  шеберліктері  бүгінгі  күн  талабына,  ғылыми-техникалық,  прогрестің  жетістіктеріне сай  болуы  өте  қажет.

 

 

 

 

 

        Оқушыларға  оқу  информациясын  жеткізу  үшін, алдымен  оқытушы  сол  материалдардың  мазмұнын анықтап, терең  білуі  керек.Бұл  дайындық  жұмысы  алдын  ала, яғни  оқу  материалын  оқып  үйренуге  дейін  жасалады.

Бұған  мынандай элементтер  кіреді:бар материалды  теріп, оқып, жүйелендіру, оқу  және  көрнекі  құралдарды  даярлау  және  пәнаралық  байланысты  анықтау.Дайындық  жұмысы  міндетті  түрде  тақырып  бойынша  жүруі  керек, өйткені  тақырып, перспективті  тақырыпты  жоспардың  негізгі  бөлігі,  сондықтан  білім  беру  және  тәрбие  мақсаттарының  қалыптасуы  бір  сабақтың  емес, бүкіл  тақырыптың  материалына  негізделеді.

Әрбір  тақырыпты  бағдарламада  бөлінген  уақытқа  сүйене  отырып,  оқушыны  логикалық тұжырымдырға  бөледі (әрбір  сабаққа);оны  бөлгенде  оқытушы  өзінің  тәжірибесіне,  бағдарламада  берілген  тақырыптық  логикасы  мен  құрылымына  мән  береді.

Алғаш  қарағанда бәрі  де   дұрыс  сияқты.Бірақ, оқу  процесіне  өзін-өзі  дәлелдеген  артық  информация  енгізілсе,  ол  оқытушының  әдістемелік  және кәсіби  дайындығының  төмендігі  деп  есептеледі.Егер  оқушының  талаптан  тыс  жаңа  информацияны  қабылдауы  негізгі  бағдарламаны  игеруге  зиянын тигізсе,  өткенді  қайталау  мен  еске  сақтау  мүмкіндігі  ескерілмесе, бұл  тек  оқытушының  педагогикалық  тәжірибесінің  аздығынан  емес.Бұл  оқытушының  оқу  материалын  дұрыс   талқылағандықтан,  керекті  информацияны   алып, оның  құрылымын  анықтай  алмағандығын  көрсетеді.

Алдындағы  оқу  бағдарламасына, оқулықтарына  қарап  (көбіне  үш-төрт  оқулық, әдістемелік  нұсқаулар), оқытушы  сабақтардың  жүйесін  өзі  жасауы  тиіс.Бұл  сабақтар  жүйесінің  құрылымы  оқу  бағдарламасынан  өзгеше  болады,  оқыту логикасы  да  бағдарламадағы   оқу  материалының  мазмұнын  қайталамайды.Әрине,  дидактикада  сабақ  үстіндегі  оқу  процесі  ұғындырылғанмен,  оқу  материалын  талқылау әлі  де  төмен  дәрәжеде.Сондықтан, оқытушы  пәндердің  мазмұнын  зерттеу  әдістерін  қолдана  білуі  керек.Педагогикалық  әдебиеттерде  оны  құрылымдық-логикалық  талқылау  деп  атайды.  

  Дипломдық жұмыс тақырыбына орай ауылдық арнайы мектептер мен ауыл шаруашылық колледждерініңоқу тәрбие процесінде арнайы пәндерді оқыту әдістемелерінің маңыздылығы ескеріліп, әсіресе «Ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру» маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мақтарал агробизнес колледжінің оқу өндірістік жағайына сипаттама

 

                1.1. Мақтарал агробизнес колледжі туралы жалпы мәлімет.

 

      Қазақстан Республикасы Оңтүстік өңіріндегі ауылшаруашылық саласынан орта буын мамандар дайындайтын бірден-бір оқу орнының бірі – «Мақтарал агробизнес колледжі».

      Колледж іргетасы 1972 жылы ҚазССР і министрлер Советі қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығы министрі бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік шаруашылығы тәжірибе станциясы негізінде құрылып, «Шымкент совхозтехникумы» болып ашылды. Алғашқы жылы тек «Ауылшаруашылығын механикаландыру» және «Ауылшаруашылығын электрлендіру» мамандықтары бойынша 120 оқушы қабылданды.

      1976 жылы «Совхоз-техникум» типтік жобада салынған оқу ғимаратына көшіп, тағы да жаңа «Агрономия» мамандығы ашылды.Осы жылдан бастап оқушылар саны 1200-ге жетіп, оқу материалдық базасы нығайып, білікті оқытушы кадрлармен жасақтанды.

      1987жылы – «Технолог ұйымдастырушы» мамандығы ашылды, оқушылар саны 1500 ден асты.

      1990жылы «Экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау» және «Көкөністер мен жемістерді сақтау және қайта өңдеу» мамандықтары бойынша талапкерлер қабылданды.

      1993жылы «Ашытқы өндіру және шарап жасау технологиясы мамандығы ашылды..

      2000жылы «Стандарттау, сертификаттау және өнім сапасын бақылау» және «Салық ісі» мамандықтары ашылып, талапкерлер қабылданды.

«Жер туралы заң» жобасы баспасөз және ақпарат құралдарында, парламентте қызу талқыланып, жер нарықтық эканомикасының ықпалды категориясы болып маңызы артуына сәйкес 2002жылы «Жерге орналастырушылық» мамандығына лицензия берілді.

      2003жылы Оңтүстік Қазақстан әкімшілігінің 14 наурыздағы №121 қаулысы негізіне «Мақтарал агробизнес колледжі» болып қайта құрылуына байланысты колледжге осы жылдың 9 қыркүйегінде сериясы АА№ 009897 кәсіптік орта білім беру саласы білім беру қызметін жүргізетін құқығы көрсетілген, мерзімі шектелмеген мемлекеттік лицензия берілді.

  Заман талабына сай бұрынғы мамандықтарға қосымша 2004-2005 оқу жылдарында «Кәсіптік оқыту шебері», «Ветеринария», «Орман шаруашылығын ұйымдастыру» мамандықтары ашылды.

 

 

 

 

 

 

      Қ.Р.Президентінің 6.03.2009жылы «Дағдарыстан жаңару  мен дамуға» атты Қазақстан халқына арналған жолдауына байланысты агроөнеркәсіп саласына ерекше көңіл бөлініп, атап айтқанда тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс- көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығару мәселері қарастырылуда. Ауылдың әлеуметтік -экономикалық жағдайын көтеру үшін ауыл шаруашылығы мамандықтарына деген қажеттілік артып отыр.Осыған байланысты, колледжде мемлекеттік тапсырыс 11 сынып негізінде қосымша «Көкөністер мен жемістерді сақтау жіне қайта өңдеу» (оператор-технолог) мамандығының қысқартылған қайта дайындау курстары ашылды.

Бүгінгі таңда күндізгі бөлімде 1298, сыртқы бөлімде 351 студент білім алады.

 

Қазіргі уақытта колледж төмендегідей мамандар даярлайды:

 

  1. 0705002 –  «Эканомика, бухгалтерлік  есеп және аудит»; (ақылы)
  2. 1601002 – «Стандарттау, сертификаттау және өнім сапасын бақылау»;(бюджет)

Оқу мерзімі: 11-сынып негізінде — 1жыл 10ай; 9-сынып негізінде -2жыл 10ай;

  1. 0313002 – «Кәсіптік оқыту шебері»;

                        (өндірістік оқыту шебері)

  • Жол қозғалысын ұйымдастыру (автаинспектор);
  • Техник — электрик;
  • Техник — механик;
  1. 4. 4402002- «Ауылшаруашылығын механикаландыру»; (бюджет)
  2. 4405002- «Жерге орналастырушылық»; (бюджет)
  3. 6. 0501002- «Ветеринария» мал дәрігері; (бюджет)

 7.4238002 — «Көкөністер мен жемістерді сақтау және қайта өңдеу»;(бюджет)

  1. 4406002- «Аграном»; (бюджет)  
  2. 4434002- «Орман шаруашылығын ұйымдастыру»; (бюджет)
  3. 4409002- «Өсімдік қорғау және агроэкология»
  4. 4223002 – «Ашытқы өндіру және шарап жасау технологиясы»;

Оқу мерзімі: 9-сынып негізінде – 3 жыл 6 ай

                     11-сынып негізінде – 2 жыл 6 ай

Оқу процесін жүргізуде білікті, білімді мұғалімдер дәріс береді.Олардың ішінде: Ғылым кандидаттары — 4

             3-ші дәрежелі Еңбек аңқ орденді — 1

             Қ.Р.Білім беру ісінің Еңбек сіңірген қызметкері — 1

             Жоғарғы санатты оқытушылар — 50

             Бірінші санатты оқытушылар – 17

 

 

Қазіргі таңда педагогикалық ұжымы бар күш- жігері мен іс- әрекетін ауыл шаруашылығына, заман талабына сәйкес, бәсекелестікке қабілетті, білімді

 

 

маман жайындауға жұмсауда. Колледждің педагогикалық ұжымы заман талабына сай салада білім беруде оқытудың жаңа технологиялары «Оқытудың модульдік», «Деңгейлеп саралап оқыту», «Сын тұрғысынан оқыту», «Білімді ізгілендіру» технологиялары бойынша жұмыс жүргізуде.

 

                          1.2.Табиғи климаттық және жер жағдайлары.

 

     Оңтүстік Қазақсан  обылысы солтүстіктен оңтүстікке қарай 650 километр және шығыстан батысқа қарай 550 километр жерді алып жатыр. Оның жер көлемі -117,4 мың шаршы километр.Облыс солтүстікте — Жезқазған, батыста — Қызылорда, шығыста — Жамбыл облыстарымен, оңтүстікте — Өзбекстан және оңтүстік- шығыста Қырғыстанмен шектеседі.

    Облыстың терреториясы негізінен алғанда солтүстік шөл аймақта орналасқан және алуан түрлі рельефімен көзге түседі. Рельефіне қарай ол айқын айырмалы төрт бөлікке: солтүстік, оңтүстік- батыс жазықтық, оңтүстік жазықтық және таулы оңтүстік- шығыс бөліктерге бөлінеді.

   Облыстың климат жағдайы тым алуан түрлі. Климаттық  айрықша ерекшелігі инсоляция мен жылу ресурстарының молшылығы.Жазы аңызақты, ұзақ және өте қуаңшылықты болады.

   Қысы жылы, қысқа, әлсін әлсін жылымықты, қар аз жауады және ұзақ жатпайды. Тәуліктік орташа температурасы 0ºС ден асатын жылы кезеңнің ұзақтығы облыстың солтүстігінде 8 айға тең және оңтүстігінде 10 айдан асады.

   Облыс бойынша ауаның жылдық орташа температурасы 8-9ºС-ден 14ºС- ге дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғары көтеріліп, өзгеріп тұрады. Облыстың түрлі аудандарының температуралық режиміне сипаттама беру үшін ауаның айлық және жылдық орташа температуралары (1- кестеде) келтіріліп отыр.

   Облыстың жазық бөлігінде жауын- шашынның жылдық мөлшері 130-250 миллиметр ғана, тау бөктерлерінде 400-700 миллиметр және одан да көп болады. Алайда жауын шашын тұрақты емес, кейбір жылдары оның мөлшері ауытқып тұрады. Жауын шашынмен нашар қамтамасыз етілетін аудандарда (жазықта) мейлінше қуаңшылық жылдары жыл ішінде 80 — 100 миллиметр болады, бұған керісінше, аса ылғалды жылдары 300-400 миллиметрге дейін жетеді, таулы аудандардағы жауын шашын тиісінше 300-500 миллиметрден  1000-1400 миллиметрге дейін ауытқиды. Жауын-шашын мейлінше көп болатын екі кезең бар: ол — көктем мен күз. Жауын-шашынның ең көп болатын кезі — наурыз бен сәуір айлары, ал ең аз (5 – 6 пайыз) болатын кезі —  жаз. Күздің бірінші жартысы құрғақ келеді. Қысқы көктемгі жауын шашын жылдық мөлшердің 70-80 пайызы болады.

 

 

 

 

 

  1-сурет

 Топырақ. Сазды тегіс жазықтардың үстіңгі беті алуан түрлі сұр топырақпен бүркелген. Олардың ең жақсысы – ашық түсті сұр топырақ. Жер биіктеген сайын топырақтың айырмашылығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді: әдеттегі сұр топырақ, қара сұр топырақ, қоңыр, қара топырақ және ақыры, тау шалғынының топырағы. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді.

    Тау бөктерлеріндегі табиғат жағдайы – суармалы егіншілік үшін, жоғары жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді.

    Суармалы және тәлімі егіншілікті бірдей дәрежеде өркендетуге болатын аралық алқаптар да бар. Егіншілікке қолайсыз келетін биік таулы жерлерді жайылымға ғана пайдалануға болады.

    Тау бөктерінде біршама жақсы ылғалды белдеу орналасқан. Егіншілік жөнінде ол жауын шашыны жеткілікті тұрақты тәлімі жер болып табылады. Беткі қабаты – таулы дала топырағы, сілтісіз қара топырақ.

    Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде әжептеуір айқын рельефті ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта таулы дала топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр. 

    Ең оңтүстік бөлікте көгалды, тек суармалы егіншілігі ғана бар көп карбонатты сұр топырақ басым келеді (1-сурет). Облыстың табиғат жағдайының жалпы белгілері осылар.

 

 

2-сурет

1.3.Колледждің  материалдық — техникалық базасы.

 

     Колледждің оқу корпусы  Мақтарал ауданында орналасқан. Колледждің оқу- тәжірибе шаруашылығы қаладан тыс, оқу корпусынан 2-3 км шақырым жерде.

     Колледж оқу базасында 90 дәрісхана, 20шақты зертханалар бар. Барлық зертханалар мен оқу бөлмелері қажетті құралдар мен, оқулықтармен, аспаптармен, техникалық құралдармен жабдықталған, сабақ өтуге барлық мүмкіндіктер бар.                                                                       

     Оқу белгіленген бағдарламалар мен жоспарлар арқылы өткізіледі.Колледжде Pentium процессорларымен жабдықталған компьютер залдары бар. Сонымен бірге 360 орындық мәжіліс залы бар.Студенттік өмір, жастық шақтың қызықты болып өтуіне көптеген іс шаралар жүргізіледі: көркемөнерпаздар үйірмелері, көңілді тапқырлар клубы, әртүрлі дебат клубтары, колледждіңби ансамблі жұмыс істейді.

     Спорт залда барлық спорт құрал жабдықтары бар, жазғы спорт алаңы, футбол алаңы оқушылардың  бос уақытында қолдануына және сабақ өтуге сәйкес жасалған.

    Колледждің оқу тәжірибе шаруашылығында техникаларды жөндеу, сақтау үшін шеберханалар мен гараждар бар.Республиканың барлық оқу орындарында болып жатқан нарықтық қиындықтарына қарамастан, колледждегі оқу кабинеттері мен лабораториялар (зертханалар)сақталып, қажетті деңгейде ұсталады және негізгі материалды – техникалық өндірістік – оқу базасы болып саналады.

   Колледжде оқу ағарту ісіне көп көңіл бөлінген,соның дәлелі ретінде кітапхананың орналасқанын айтсақ болады.Кітапханада барлық мамандықтар үшін қажетті оқу құралдарын  табуға болады.

 

               1.4.Колледждің оқу — өндірістік жұмысына талдау жасау.

 

    Колледждің өндірістік цехы талапқа сәйкес жұмыс істейді.Тәжірибе шаруашылығында, цехтарда оқытушылардың жетекшілігімен оқушылар үйреніп, жұмыс жасайды.Мәселен, «Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша оқушылар лабораторияда жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу шағын цехтарында істейді.

      Оқушылар негізгі мамандіқтармен қатар қосымша, сабақтан тыс қысқа курстарда оқи алады.Олар:

  • «В» және «ВС» категориялы жүргізушілер
  • Трактор- машинист
  • Газ-электр дәнекрлеушісі
  • Телевизор жөндеуші
  • Бухгалтерлік есеп
  • Компьютерде іс- қағаздарын жүргізу
  • 1С – компьютерлік бухгалтері
  • Киім пішу мен тігу
  • Автомобиль электр жүйесін жөндеуші
  • Ағылшын тілі
  • Лаборант- токсиколог
  • Слесарь
  • ЭВМ операторы

 Бұл мамандықтардың барлығы облыстық еңбек биржасы мен халықты әлеуметтік жағынан қорғау мекемелерімен келісіліп, бүгінгі еңбек нарығының қажеттілігіне қарай бағытталған.Оқу талапқа сай жабдықталған лабораториялар мен шеберханаларда өтеді. Онда білікті мамандар сабақ жүргізеді. Оқуды бітірген соң арнайы куәліктер беріледі.

    Колледжде екі спрот алаңы бар.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, спортпен нәтижелі түрде айналысамын деуші  оқушыларға әртүрлі спорт секциялары : волейбол, баскетбол, дзюдо, бокс, кикбоксинг, самбо, жеңіл атлетика, стол теннисі, шахмат, дойбы, және тоғызқұмалақ жұмыс істейді.

     Колледж спортшыларының арасында Азия, Халықаралық,  Республикалық жарыстарының жеңімпаздары  мен  жүлдегерлері бар.

     Колледж  мамандарды тәрбиелеп, дайындап шығаруда, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде, ауылдағы шағын және орта бизнестің  дамуында  нәтижелі  жұмыстар жүргізуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Методикалық тарау.

 

2.1. Оқу жоспарын талдау.

 

Оқу жоспары – оқытудың көлемі мен мазмұны көрсететін ресми құжат. Мұнда оқылатын пәндер іріктеліп  алынып, тізімдері жасалады. Сонан кейін оны оқу жылдары бойынша іріктейді. Бөліп іріктеген соң олардың көмегімен, өмірден алатын орнына қарай сағат белгіленеді. Ол сағаттар оқу жылына, тоқсандарға, айларға, апталарға, бөлінеді.

Ал, біз қарастырып отырған пәніміздің оқу жоспары, бұл пән арнайы пән болғандықтан өзіндік ерекшеліетері бар. Арнайы пәндерге бөлінген нақты сағат саны және олардың жарты жылдықтарға бөлінуі оқу- материалының көлемін және күнделігін анықтауға мүмкіндік береді. Пәннің маңыздылығын сол пәннің бақылау түрінен сынақ жұмысы немесе емтиханнан байқауға болады.

Жалпы оқу жоспары – кәсіптен мен мамандықтардың біліктілік дәрежелеріне,  оқытудың базалық мерзіміне лайық оқу циклдері мен пәндерінің тізімі мен көлемінің республикалық деңгейін белгілейтін және аймақтық білім басқару орындарының білім мекемелерінің күнделікті жұмыстың оқу-бағдарламалық құжаттарын жасаудағы дербестік дәрежесін анықтайтын құжат.

Күнделікті жұмыстық жоспар – жалпы оқу жоспары негізінде аймақтағы сала, мамандықтар ерекшеліктері ескеріліп, ондағы және оқу  үрдісінің күнтізбелік құрылымы мен кезеңдерін нақтылы жасайтын оқу жоспары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Оқу пәнінің бағдарламасын талдау.

«Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәнінен оқу бағдарламаларын талдау.

Оқу бағдарламасы нақты пән бойынша оқыту мазмұнын түбегейлі ашатын құжат.

Оқу пәнінің бағдарламасы —  кәсіби –техникалық мектептерде оқыту мазмұнын анықтайтын негізгі оқу бағдарламалық құжаттардың бірі. Ол оқу пәні бойынша білімдердің, білік пен іскерліктің және дағдылардың көмегін, практикалық және лабораториялық  сабақтардың өтілу реттерін, сыныптар бойынша бөлінуін, пәндердің мазмұнын анықтайтын құжат.

Бағдарламалар әр пәндер бойынша құралады, олар шығармашылықпен орындалуы тиіс.

Оқу бағдарламаларында қоғамның білім беру немесе ақыл-ой тәрбие жөніндегі нақты міндеттер мен мақсаттар көрсетіледі. Жалпы оқу орындарының бағдарламалары оқудың идеялығын, жүйелілігін, ғылымилығын оқушының мүмкіндіктері сәйкес келеді.

Барлық оқу пәндері жөніндегі бағдарламалар мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

— бағдарламалардың мазмұны ғылыми және әдістемелік жағынан ұстамды болуы, ғылыми мәліметтерді бұрмалаудан тыс болып, ғылымның ақиқаттылығына және тексерілген қорытындыларына сәйкес болуы тиіс;

— бағдарламалардың материялдары теорияда алған білімі оның практикамен байланысты болуы тиіс;

— жалпы пәндер қоғамның және мәдениеттің жеке салаларынан мәліметтер берілетіндей тарихи материялдарды қамтуы тиіс;

— оқу бағдарламаларының  материялдарын бөлгенде оқушылардың оқитын материялдар мазмұны жағынан ғана емес, көлемі бойынша қалыпты, күштеріне сәйкес болуы керек;

— жеке пәндердің бағдарламалары өз ішінде байланысты болуымен қатар, пәнаралық байланыс принціпінде құрылуы тиіс;

— Қазақстан Республикасының тілдер заңды жүзеге асыру әрбір пәннің бағдарламасының оқу материялымен байланысты болуы керек.

Оқу бағдарламасы — бұл техника, технология және ғылым жетістіктерінің  мазмұнының дидактикалы өрісі.

2.3. Пәнді оқыту кезінде оқытушының алатын рөлі.

   Мұғалімнің  қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі.

   Мұғалім – жалпы білім беретін оқу орындарында және кәсіби білім беру оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

   Қоғам мұғалімге балаларды сеніп тапсырып, оларға ықылас жасап тәрбиелейді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп тапсырады. Мұндай орасон зор сенім мұғалімдерге қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктейді.

   Сабақа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім  өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.

   Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ  оқытуында ірі кемшіліктері болмақ.

   Колледждің оқу  үрдісінде арнайы пәндерді өткізуді жоспарлау барысында жылдық тақырыптық жоспар түзіледі. Ол мұғалім бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізіг ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдалынатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижделерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Тақырыптың жоспарды құрастыру бөлімінде, тақырыптарды дұрыс орналастыру мен пәнаралық байланыстыруын ашып көрсету керек. Күнтізбелік сеткалық кестені құрастырғанда оқу жоспарына сүйенеді курстағы апталық оқу сабақтарының саның анықтау: тақырыптың қандай курста оқытылатындығын анықтау; пәннің тақырыптың жоспарына сәйкес, тақырыптың сызба бейнесін көрсету болып табылады.

            Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімділік міндеттері ғана емес,  сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуіне де белгілейді.

           Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп,жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып боцынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескертуге мүмкіндік береді.

          Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыптарын жасап болғаннан кейін, іле-шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады.

           Жеке сабақтардың жоспары — әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты.Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізілетіндігімен анықталады.Сондықтан тиімді жасалған жоспар – тиімді өткен сабақ болып есептеледі.

           Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:

1.Оқу бағдарламасының берілген тараулары бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.

2.Сабақтың тақырыбы.

3.Сабақтың мақсаты.

4.Сабақтың құрылымы.

5.Сабақтың мазмұны.

6.Оқыту  әдіс-тәсілдері.

7.Сабақ құралдары.

8.Үй тапсырмасы.

  1. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі – оның төртінші және бесінші кезеңі болып табылады.

Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оны қалған буындары мен мазмұны ашып көрсетілді.Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.

Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады.

          Мұғалім еңбек қызметінің барысында өзісінің нағыз шебері болып табылады. Оның үстіне мұғалім кейде өз қызметінің бастысын, өзекті жолын тез тауып алады, оған өзінің күш жігерін жұмылдырады, бұл бағытта жетік береді, үлкен табыстарға жетеді. Мұғалім балаларға қажетті білімдерді қамтамасыз етіп, олардың ойлау белсенділігін оята алатын, жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады.

Мұғалім қызметінің табысы болуы оның өз қызметінің пәнін жете түсінуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.

Мұғалім өз қызметін бастамас бұрын белгілі бір бағдарлама жасап алады, ол оқушының жеке басын, оның білім жүйесін, көзқарасын, ынта ықыласын жобалап алғандай болады. Осы бағдарламаға сәйкес ол өз жұмысының бағытын анықтайды түрлері мен әдістерін таңдап алады.

Мұғалімнің жұмысы табысты болуы оның балалармен өзара  дұрыс қарым-қатынас орната білуіне байланысты. Яғни бұл қарымқатынасты орнату үшін мұғалім әрбір оқушыны жеке дара зерттеп, бақылауы тиіс. Оны зерттеу барысында мұғалім топ оқушыларының әр қайсысына мінездеме жасайды. әрине әрбір оқушыға мінездеме құру онай жұмыстардың бірі емес.

Бірақ бұл құрастырылған мінездеме оқушының өзар дұрыс қарым-қатынаста болуына, тәрбиелік жұмыстарды жиілетуіне әсерін тигізеді.

Мұғалім тәрбиелеу жұмыстарында оқушылардың мінезі мен қылығындағы өзгерістерге жауап аудара отырып, өз тарапына оларға  жеке мінездеме құрастырады.

Педагогикалық-психологиялық  сипаттама — ол ең алдымен оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығуын, ынтасын қалыптастырады және оны байқау болып табылады. Оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан байқау оқушылардың психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі.

          Оқушылардың педагогикалық-психикалық ерекшеліктеріне, ынта-талаптарына, мақсат мүдделеріне, бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын мүмкіндік береді, жеке тұлғаның  танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді. Оқушылардың психикалық-педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың педагогикалық тексерулерінің педагогикалық кеңес мәжілісінің әдістемелік кеңес хаттамаларымен танысу оқытушыға оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен оқыл-ой  іс-әрекеттерімен ерекшеліктеріне, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі деңгейі мен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

          Педагогикалық-психологиялық сипаттама яғни байқау деп — оқушылардың оқуға қатынасын, дербестігін,еңбекқорлығын, ынталығын, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілігін, яғни әр оқушының жеке тұлғасының басты қасиеттерін айтамыз.

          Ал, Көксу ауылшаруашылық колледжінің оқушылар тобын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан айтатын болсақ, олар: оқуға деген қатынастары ұқыпты, көбісінің жауапкершілігі мол, мұғалімнің әр айтқан тапсырмасын дер кезінде орындайтын, өмірге деген көз қарастары кең Қазақстанның болашағына өз үлесін міндетті түрде қосатын, ауылшаруашылығын өз біліктілігімен, білімдерімен көрсетіп дамытатын, келешектерінен зор үміт күттіретін жастар деп ойлаймын.

          Сабақ — оқыту процесінің негізгі түрі, сондықтан пән иесінің сабақ барысында кәсіптік оқыту материалын нақты пайдалануы, оқушыларды өз мамандықтарын жақсы игеруіне үйретеді. Сабақ кәсіптік бағытта жүру үшін, мұғалім түсіндіретін оқу материалының бағдарламамен байланыстығын, сонымен бірге оқу материалының орнықты әрі мағыналы әсер етуін қадағалауды. Әлеуметтік және ғылыми техникалық сабақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі түрі болып саналады. Ғылыми және идеялық жоғары деңгейде өтілген әрбір сабақ оқушыларға белгілі бір білім негіздерін беріп, ойлау қабілеті мен шығармашылық іс-әрекетін арттыруы. Тақырыпты оқып үйренуде жинақталған білімдерді көрсететін оқу диафильмдері мен кинофильмдерден үзінділерді, теледидар мендиапозиттерді көруі, оқушылардың болашақ мамандар клубының жұмысына қатысуы, бірлестіктердегі озаттар тәжірибесін көрмесіне экскурсия жасау, өндіріс озаттармен кездесулер, тақырыптық кештер, ғылым мен техниканың жетістіктерін, еңбек табыстарын насихаттайтын альбом, плакат, стендтер безендіру болып табылады. Егер мұғалім оқушыларға еңбек үйрету барысында оларға ғылыми заңдылықтарды қолдана білуді іс жүзіне асыруға мүмкіндік беруші еді. Пәнаралық байланыстарды оқушылар конструкторлық-техникалық элементтерді, материялдарды пайдалана білуді, механикалық технологияны, еңбек мәдениеті мен өндірістік әстетиканы аңғаруды, сонымен бірге еңбек ету барысында олардың басқа пәндермен де білімдері тереңдейді.

Мұғалімнің сабақты жақсы, әрі мәнді өткізу мақсаты — оқушылардың политехникалық және экономикалық ой-өрісін кеңейту, ауыл шаруашылығының мұқтажына байланысты мамандықты саналы түрде игеруге көмек көрсетуі болып табылады. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық, дидактикалық жүйеге келеді, сөйтіп мұғалімнің оқушыға нәтижесінде оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестіріп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса, екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады.

Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажет етуіне қарайқұралады, оқыту мақсаты, мазмұны, міндеттері, заңдары мен принціптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды.

Ал, мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз — тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың оқу материялымен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жаауаптары, пайымдаулары — оны қабылдауы, түсінуі болып табылады. Сабақтың осындай алдын-ала талдамай неғұрлым тиянақты жасалмаса, сабақ жүргізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте соғұрлым аз болады. Сабақтың сапасы мен нәтижесі болу үшін, көбінесе мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателіктерін дұрыс талдап алуына байланысты.

Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекеттің нәтижесін болжай алуына байланысты.

Мұғалімнің сабақ жүргізудегі рөлі — ол әр оқушының санасына әсер ете алуы, пайда болған педагогикалық ситуацияларды шешіп, оқушылардың теориялық білімін жетілдіріп, оның іс жүзінде қиындықсыз орындалып, жақсы маман болып шығуына үлкен үлесін тигізеді.

2.3. Маманда пән бойынша білім, білік және дағды жүйелерінің  қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні.

          Білімді, іскерлікті,  дағдыны бағалау мен тексеру оқу процесінің өте маңызды және қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Мұғалімге оқушылардың жаңа материялды қалай меңгергенін, олардың қажеттілігін білу жаңа тақырыпқа деп кезінде көшу үшін өте маңызды.

          Түрлі жағдайларға байланысты тапсырудың неше түрлері болады:

  1. Ағымдық: Оқушылардың сабақтағы күнделікті оқу тәрбие жұмыстары.
  2. Тақырыптық: Оқу бағдарламасындағы белгіленген тақырыпта нені оқу жүйесінің материялын меңгеру.
  3. Периодтық: Материалдың мазмұнына байланысты.
  4. Қорытынды: Пәннің бүкіл шарттарын меңгеру.

Оқушылардың белгілі бір білім дәрежесі бағалануы тиіс. Бұлардың ең маңыздыларын көрейік.

  1. Оқушы ғылым негіздерін үйрене отырып, фактілерді, құбылыстарды білуге және оларға дұрыс, ғылыми иә түсіндіріп бере алатындай күйде болуға тиіс.
  2. Оқушы ғылыми ағымдарды, заңдарды, ережелерді игеруге, жаңа фактілерді түсіндіргенде, түрлі мәселелер мен практикалық міндеттерді шешкенде бұларды пайдалана білуге тиіс.
  3. Өзінің жауаптарында оқушы жеткілікті айқындылықты, ойының дәлдігін өз көзқарастарын нақтап, оларды қорғай білуі тиіс.
  4. Оқушы білімінің практикалық маңыздылығы болуы тиіс.
  5. Оқушылардың ауызша және жазбаша деген талаптары сақталу керек.

Ауызша жауаптар толық, логикалық дәлелденген болуға тиіс. Жазба жұмыстар мұғалімнің нұсқауларымен дәл сақталып, мұқият толтыруға тиіс.

 

  1. «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәні бойынша оқу-тәрбие процесін жоспарлау.

3.1. «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» бойынша теориялық білімдердің оқу құжаттарын жасау.

3.1.1. Күнтізбелік сеткалық сетка.

3.1.2. Құрылымдық-логикалық талдау.

3.1.3. Перспективалық-тақырыптық жоспар.

3.1.4. Сабақ жопарын және жоспар-графикті құру.

3.1.5. Сабақтың өткізу әдістемесін жасау.

3.1.6. Оқушылардың тақырып бойынша сабақтағы танымдық қызметін белсендірудің тәсілдері.

3.1.7. Пәнаралық байланыс кестесі.

3.2. Белгілі бір цикл (тапсырма) бойынша лабораториялық-практикалық сабақтың оқу құжаттары.

3.2.1. Лабораториялық-практикалық сабақ жоспары.

3.2.2. Кіріспе нұсқаунаманың қысқа конспектісінің  мазмұны.

3.2.3. Жұмыс орындары бойынша оқушылар звеноларының  алмасу кестесі.

3.2.4. Жұмыс орнының жабдықтарымен, құралдарымен және оқу материялдарымен жабдықталғанын сипаттай отырып, тізімін құру.

3.2.5.Технологиялық нұсқау картасы.

 

 

 

 

 

 

 

2.4. «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету»— пәні бойынша  күнтізбелік-сеткалық кесте.

          Күнтізбелік-сеткалық кесте оқу жоспарының және оқу бағдарламаларының жүйелілігінің тақырыптарды үйренудің кестелік түсіндірілуі ( интерпретация)  болып есептелінеді. Күнтізбелік-сеткалық графикті жобалау алдыңғы картасындағы педагогикалық тәжірибе. Күнтізбелік-сеткалық график күнтізбелік мерзімді, лабораториялық-практикалық сабақтармен және басқа тақырыптармен байланысты анықтауға мүмкіндік туғызады. Күнтізбелік-сеткалық график сабақтардың тақырып бойынша күнтізбелік мезгілді сабақтардың формуласын ( саны және сабақтардың ұзақтығын, олардың алмасуын анықтауға,  теориялық және лабораториялық-практикалық сабақтардың  пәнаралық байланыс ) аралығындағы байланысты анықтауға болады.

          Оқушылардың оқу информациясын жеткізу үшін алдымен оқытушы сол материалдың мазмұнын анықтап терең білу керек. Бұл дайындық жұмысы алдын-ала яғни, оқу материалдарын оқып үйренуге дейін жасалады.

          Оған мынадай элементтер кіреді.

  • Бар материалдарды теріп, оқып жүйелендіру.
  • Оқу және көрнекі құралдарды даярлау және пәнаралық байланысты анықтау.

Күнтізбелік-сеткалық кестені құрастырғанда оқу жоспарына сүйенеді.

Оқу жоспары дегеніміз — оқу орындарында оқылатын оқу пәнінің құрылымын, оның оқу жылы бойынша оқу тәртібі мен білдірілген әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін мемлекеттік құжат.

          Күнтізбелі-сеткалы кесте— кесте түрінде құралады. Кестенің сол жақ бөлігінде пәндердің реті көрсетіледі, жоғарғы бөлігінде курсқа, жарты жылдыққа, аптаға бөлінген уақыт беріледі. Әр пәнге аптаға сәйкес, қарама-қарсы жағында сағаттар саны көрсетіледі.

Күнтізбелі-сеткалы кестені құрастыру жүйесі курстағы апталық оқу сағаттарының санын анықтайды;

— Курстағы апталық оқу сабақтарының санын анықтайы;

—Тақырыпты қай курсқа оқитындығын анықтайды;

—Оқу жоспары бойынша аптадағы оқу сағаттарын анықтайды;

—Пәннің тақырып жоспарына сәйкес, тақырыптың графикалық бейнесін көрсетеді;

—Техникалық және практикалық оқу байланысын көрсетеді;

—Оқу байланысын көрсетеді;

Күнтізбелі-сеткалы кестенің мүмкіндіктері тақырып бойынша күнтізбелік сабақ мерзімін анықтау, яғни қай тақырып, қай уақытта, қай күні, мерзімі мен өткізілетіні нақты белгіленеді;

Теориялық және лабораториялық-практикалық сабақ арасында байланысты анықтайды, яғни теориялық және лабораториялық-практикалық сабақтарды бекіткен кезде оқытушы оқушыларға тақырып материялын тереңірек оқытады;

Сабақ формуласын анықтайды;

Лабораториялық-практикалық сабақтарға бөлінген сағаттары бойынша циклдары (тапсырманы) анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтардың оқу тәртібі мен түрлері

Оқу аптасының номері

 

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

Теория-

лық сабақтар

Апта

лық сағат саны

6

6

6

6

6

6

6

 

 3

 3

 3

 3

 3

 3

 3

 3

  3

 

 

 

 

 

8

 

 

8

 

 

8

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқи

тын тақы

рып номе

рі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лабора

тория

лық практи

калық сабақтар

Апта

лық сағат саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

6

 

 

6

 

 

6

 

 

6

 

 

6

 

 

6

 

 

6

 

 

6

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

9

 

9

 

9

 

9

 

9

 

 

9

 

 

 

9

 

 

 

9

 

 

 

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқи

тын тақы

рып номе

рі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                             

» Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету »  пәні бойынша күнтізбелік-сеткалық кесте

               ІІ- курс

 

2.5. «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету»—пәні бойынша құрылымдық – логикалық талдау.

          Құрылымдық — логикалық талдау дегеніміз — оқу элементтерін және олардың дәрежелерін байланыстыратын, қарым – қатынасын анықтау, оқу материялының логикалық құрылымында байланыстар мен ұсыныстар өздігінен болмайды, олар оқу элементтерінің арасындағы қатынастарды анықтайды. Сондықтан құрылым – логикалық талқылауды сол түсініктерді анықтаудан бастаймыз. Ол үшін оқу элементтерінің аморитмін білу, яғни бұл тақырыптың оқу материялының құрылым – логикалық сұлбасын түсіндіруінің бірінші кезеңі.

          Оқу мәліметтерін оқушыларға қалай жеткізуді шешпестен бұрын ең алдымен оқу материялының мазмұнын  өзі анық түсінуі керек. Бұл дайындық жұмысы оқу материялын  оқып меңгеруден бұрын алдын ала орындалады және келесі элементтерден тұрады: нақты материялды оқып үйрену мен жүйелеу, материялды-техникалық жабдықты дайындау, жаттығулар жүйесін анықтау, көрнекі құралдар мен ТОҚ таңдап алу, пәнаралық байланысты орнату. Дайындық міндетті түрде сабақ ішінде орындалады, өйткені, тақырып перпективалы-тақырыптық жоспардың негізгі құрылымдық бірлігі болып табылады және жекелеген сабақтың емес оның материялды негізінде білім беру және тәрбиелеу мақсатының тұтас кешені қалыптастырылады және іске асады.

          Оқу бағдарламасы мен оқу құралдарына қарап отырып сабақтар жүйесін жасау керек, онда оқу бағдарламасындағыдан басқа құрылым болуы мүмкін және бағдарламадағы оқу материялының мазмұнын беру кезектілігінен өзгеше оқытудың жаңа логикасы жасалынады, оқыту процесі дидактикасында көбірек зерттелсе де, оқу материялын талдау механизмі әлі жетік зерттелмеген. Сондықтан оқу пәндерінің мазмұнын зерттеудің арнайы әдісін меңгеру керек. Педагогикалық әдебиетте ол құрылымдық-логикалық талдау деп аталады.

          Оқу материялын құрылымдық-логикалық талдау дегеніміз— оқу элементтерін, олардың жіктелуін анықтау және олардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды орнату.

          Оқу материялының логикалық құрылымында байланыстар мен қарым- қатынастарды орнату.

          Оқу материялының логикалық құрылымында байланыстар мен қарым қатынастар өздігінен болмай, тек оқу элементтерінің арасындағы қатынастарды бейнелейтіндіктне құрылымдық-логикалық талдауды да осы түсініктерді анықтаудан бастау керек. Бірақ ол үшін оқу элементтерін таңдап алу кезінде ең алдымен іс-әрекет алгоритмін меңгеру керек— бұл бірінші кезең — тақырып материялының құрылымдық-логикалық сұлбасын жасау.

          Іс-әрекет алгоритмін жасауға техникалық білімдер бірлігі мен кәсіптік техникалық мектептердегі оқыту мазмұнын дидактикалық талдау негіз бола алады, осылардан келіп шығатыны, барлық техникалық білімдердің төрт тобы: «техника», «технология», «қасиет пен шикізат», «әкономика» ретінде көрсетуге болады.

          Әрбір оқу пәні білімінің бір тобы немесе топтардың бірігі болып келеді. Оқу материялының қай топқа жататындығын анықтау ешбір қиындық туғызбайды. Осының нәтижесі ретінде шығатыны, егер, білімдерді төрт тобын бөліп алуға болатын болса, онда әрбір топ мазмұнының заңдылығын және оның логикалық құрылымын табуға мүмкін болады.

          Техникалық білімдердің тобына арналған алгоритм:

  1. Түсінік (ұғым) объектінің ұғым қызметі.
  2. Объектінің жұмыс істеу кезеңінде жататын құбылысы, заңдылық қасиеті, жұмыс істеу принціпі.
  3. Объектінің құрылымы, құрылысының топтасуы.
  4. Құрұлым ерекшелігі.
  5. Объектінің жұмыс істеу көрсеткіштері, белгілері, техникалық сипаттамасы.
  6. Объектіні күту.

Әрбір блок  мазмұны саны және сапасы жағынан әртүрлі және маманды оқыту сапасына байланысты, бірақ блоктарға кіретін сұрақтарды оқып үйренетін кез келген объектілер үшін ұсынылған кезектілікпен ашып көрсету керек. Оқу материялы мазмұнының құрылымдық-логикалық сұлбасын жасаудың екінші кезең— бағдарламадан таңдап алынатын оқу элементтерін таңдап алу. Анықталған оқу элементтерін әдетте арап сандарымен белгілейді. Оқу элементтерінің тізімі оқып үйренетін объект болып табылытын түсініктен басталыды. Ереже бойынша, оқу элементтерінің атауы тақырып атына сәйкес келеді. Оқу элементтерінің саны тақырыптағы сұрақтың ашылу дәрежесімен, яғни түсініктерді қалыптастыру деңгейіне байланысты болады.

          Үшінші кезең—түсініктерді қалыптастыру деңгейін анықтау.

Түсініктердің маңызы, демек оны меңгеру деңгейі мен нақты мақсаттар осыған сәйкес төрт деңгейде, яғни: танысу—еске түсіру—іскерлік—трансформация бойынша атқаруы мүмкін.

          Оқу материялының білімін қалыптастыру деңгейін белгілеу тек қажетті оқу мазмұнын таңдап алуға ғана мумкіндік бермей, сонымен бірге осы пәннің ақпараттық және қосалқы материялының орнын анықтайды. Бағдарламада берілгеннің барлығын оқып үйрену мүмкін емес, бірақ қосалқы материялдарды да тастап кету орынсыз болады,  өйткені ол оқыту процесі мен сабақты жандандыруда үлкен роль атқарады.

          Төртінші кезең оқу материалының мазмұны.

Анықталған оқу элементтерін белгілі бір блоктарға орналастырады. Түсініктерді тек атап шығу негізінде оқу материялының құрылымын оқып үйрену және оған талдау жасау мүмкін емес, сондықтан, оқытушыны қызықтыратын оқу материялының қасиеттерін: материялға енетін түсініктердің, кезектілігін, бағыныштылығын және қатар бағынуын, олардың қарама қайшы болуы мен заңдылықтарын, арасындағы байланыстарынкөрнекі түрде көрсетедін модель құрастыру керек. Модельдеудің неғұрлым қолайлы әдісі—оқу материялының құрылымын сызба түрінде бейнелеу. Сызбалық— бұл шыңдар деп аталатын берілген нүктелерді қосатын кесінділер жүйесі. Оны құрастыру кезінде сызба шыңдарына түсініктер орналастырылады. Шыңдарды қосатын кесінділер қабырғалар деп аталады. Сызбада оны түсініктер арасындағы байланыстар мен оны оқу процесіне енгізу кезектілігін білдіретін вектор түрінде көрсетеді. әрбір шыңды тек осы оқу элементіне байланысты ақпаратты бейнелейтін символ ретінде қарастыру керек. Сызбаның әрбір элементінде орналасуына және байланысуына тәуелсіз, өзіне ғана қатысты, тек соған байланысты ақпаратты болады.

          Оқу элементтерін сызбада нөмірімен белгіленеді, ал аттарын спецификацияда көрсетеді.

          Сызбаны құрастыру ережелері:

  1. Әрбір сызбаның шыңына тек қана бір түсінікті орналастыру қажет.
  2. Шыңдарды қосатын қабырғалар бір – бірімен қиылысуы қажет.
  3. Бағынушылық қатынасы түсініктер арасында сызбаның қабырғасында бағытталған срелкалармен көрсетіледі.
  4. Бір мағыналы, бағынышты түсініктер кіретін сызбаның шыңдарын бір сызықта орналастыру қажет. Бағыныштыларын бір сапқа төмен түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету»—пәні бойынша құрылымдық-логикалық сұлбасы.

 
   

 

 

 

Топтары

 

Сандық мәндері

 

       
       
 

 

 

 

 

 

       
   
     
 

 

 

 

 

 

 

       
     
   
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       
     
   

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

           
       
       
 

 

 

 

 

 

 

«Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету»—пәні бойынша құрылымдық-логикалық талдау спецификациясы.

 

Топтары

 Негізгі оқу элементтері

 

 

     I

 

Жүріс бөліктері, асқыштар және доңғалақ — 1

 

 

    II

 

Трактор рамасының типтері – 2

Автомобиль асқышы – 4

 

 

 

 

    III 

 

Алдыңғы белдіктің құрылысы – 3

Асқыштың құрылысы және жұмысы– 5

Амортизатор құрылысы – 6

Доңғалақ типтері – 8

Шынжыр табанды трактордың жүріс бөлігінің құрылысы – 14

Жұлдызшаның құрылысы  -15

Жетекші доңғалақтың құрылысы – 16

Кергіш механизмнің құрылысы – 17

Серіппенің құрылысы – 18

Сүйемелдеуіш роликтің құрылысы — 19

Шынжырдың құрылысы және жұмысы – 20

 

 

     IV

 

Амортизаторға қолданылатын сұйықтық – 7

 

 

 

     V

 

 

Шинаның мазмұны және өлшемі – 12

Шинаны эксплуатациялау жолдары 13

Доңғалақ беріктігінің әдістері – 9

 

 

 

    VI      

 

 Шынжыр табанының керілуін реттеу — 20

Доңғалақты сақтау және майлау – 21

Жүріс бөлігінің  ақаулары және оның болдырмау салдары – 23

Еңбек қауіпсіздік ережелері — 24

 

 

 

 

 

 

2.6. «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету»—пәні бойынша перспективалы — тақырыптық жоспары.

Сабақты ғылыми әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқытушы оқу пәнінің тақырыбын оқу жоспары мен бағдарламасына сүйеніп перспективалы – тақырыпты жоспар құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды.

          Перспективалы – тақырыптық жоспарының негізгі тақырып бойынша сабақ жүйесін құрастыру. Ал сабақ жүйесіне тақырып бойынша оқу процесінің мынадай негізгі элементтері: жаңа білім хабарлау, білім мен білікті бекіту, білімді жүйелендіру және қорытындылау, бақылау. т. б. кіреді.

          Перспективалы – тақырыпты жоспардың құрылымын үш компанентке бөлуге болады:

  • Тақырыптың оқу материялын сабақтарға бөлу (1,2,3,4 графалар)
  • Әрбір сабақтың әдістемесі (5, 6, 7, 8, 9, 10 графалар) перспективалы – тақырыптық жоспарының тақырып бойынша сабақ жүйесі тақырыптың мазмұнын логикалық байланыстырады.

Теориялық оқытуды жоспарлаудың негізгі құжаты  перспективалық-тақырыптық жоспар болып табылады. Пән бойынша перспективалық-тақырыптық  жоспар оқу жоспары мен бағдарламасына  сәйкес кезек бойынша әр тақырыпты оқығанға дейін білімдер жүйесін анықтау және сабақты өткізуге өз  уақытын дайындау мақсатында жасалады.

Перспективалы – тақырыптық жоспарда оқу материалы сабаққа рационалды бөліне отырып, келесі сұрақтарды қалыптастыру керек:

—Оқыту жұмысын ұйымдастыру формасы;

—Сабақ барысындағы оқүшылардың өзіндік жұмысы;

—Пәнаралық байланысты іске асыру;

—Пәнаралық жұмыспен байланыс;

—Өндірістік оқытумен байланыс;

—Көрнекті оқу – құралын, дидактикалық материалды және техникалық оқу құралын пайдалану жолдары;

—Оқушыларға үй тапсырмасын беру;

Перпективалық-тақырыптық  жоспар компаненттерін оқытушы оқу пәніне және  тақырып материялының мазмұнына, оқу орнының оқу материялдық базасына, оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты анықтайды. Перспективалық-тақырыптық жоспарды  жасау кезінде белгілі бір жұмысшы мамандықтары бойынша белгіленген біліктілік сипаттамасына, оларды дайындау оқу жоспарына, оқу пәнінің бағдарламасына, оқулықтар мен оқу құралына сүйенеді.

Тақырып бойынша оқу және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану. т. б.

Мұғалім перспективалы – тақырыптық жоспардың компоненттерн өзі жасайды. Жоспардың компоненттері оқу пәніне, тақырыптық мазмұнына, кәсіптік мектептің  оқу материалдық базасына, оқушының білім деңгейіне байланысты жасайды. Перспективалы – тақырыптық жоспар әдістемелік комиссияда қаралып бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

« Автомобильдер жөндеу және техникалық қызмет көрсету«пәні бойынша сабақтардан перспективалық –тақырыптық жоспар

Оқу аптасының номері

Сабақ номері

Сабақта оқитын тақырыпматериалдық  қысқаша мазмұны

ұзақтығы

Оқыту тәрбиелік мақсаты

Сабақтың әдісі мен пәні

Пәнаралық байланыс

Оқушылардың өзіндік   жұмыстары

Үй тапсырмасы

Сабақтың техникалық жабдықталуы

Жалпы білім беру пәндерімен

Кәсіптік техника-лық пәндермен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

Тақырып №4.6  Автомобильдердің жүріс бөлігі                                    Фс =2+2+=4сағат

21

1,2

4.6

Жүріс бөлігі жайлы жалпы түсінік. Дөңгелекті тракторлар мен автомобильдердің   рамасы және асқышы.

Жүріс бөлігінің ақаулары.

 

 

 

2

Негізгі анықтамалар мен түсініктер

Жаңа білімді меңгеру

Геометрия

Физика

Сызу

 

Сызба геометриясы

Машина бөлшектері

Машиналарға қызмет көрсету жүйесі

Өз бетімен дайындалу

«Тракторлар мен автомо

бильдер»

В.А.Родичев, Г.И. Родичева

8-тарау    186-200беттер»Тракторлар мен автомобильдер» Алиев,Жүнісбеков5бөлім(263бет)

Макет-

тер,сұл-

балар,

диа -фильм

22

3,4

4.6

Амортизатор құрылысы және доңғалақ типтері.

Жүріс бөлігінің типтері.

2

Негізгі түсініктерді қалыптас

тыру

Аралас сабақ

Геометрия

Физика

Сызба геометриясы

Машина бөлшектері

Машиналарға қызмет көрсету жүйесі

Конспект

жазу

«Тракторлар мен автомо

бильдер» Алиев бөлім 272беттер

Тракторлар мен автомо

бильдер»

В.А.Родичев, Г.И. Родичева

8-тарау  беттер

Плакат-тар,ма-кеттер,

диа-

фильм

 

                       

 

 

Сабақ жоспары оқу бағдарламасына және перспективалық-тақырыптық жоспарға сай жасалады. Сабақты параллель топтарды өткізу оқыушы сабақты өткізу ерекшелігін көрсете отырып, бір жоспар жасауына болады. Сабақ жоспарында мыналар көрсетіледі: тақырыбы мен оқу тәрбиелік мақсаты, оның білім беру мен тәрбиелеу міндеттері, анықталған негізгі элементтер мен құрылымы, жекеленген элементтерге бөлінген уақыт,  материялды-техникалық қамтылуы, оқытушының жұмысты хабарлауы бойынша кезектілігі мен мазмұны,  оқушылардың білімдері мен ескерлектерін бекіту мен бақылау, өзіндік жұмыстың мазмұны мен сипаты, үй жұмысы мен басқа сұрақтар.

Сабақ жоспарының көлемі көбінесе сабақ мазмұны мен мақсатына оның оқу процесіндегі орнына, оқытушы тәжірибесіне, оның негізгі материялды есте сақтай алу қабілетіне байланысты.

Сабақ жоспары міндетті құжат, ол әрбір сабаққа жасалуы тиіс. Сабақ жоспары екі бөлімнен тұруы керек деген талапқа сүйене отырып жасалынады: біріншісі—жалпы, ол ішкі құрылымы бойынша сабақтың барлық типі үшін ұқсас, екіншісі—«сабақ барысы» сабақ типіне байланысты жоспардың бұл бөлімінің құрылымында кейбір тармақтар болуы мүмкін. Сабақтың жоспар-графигі —бұл сабақ барысын графикалық түрде түсіндіру. Жоспар графикте сабақтың негізгі элементтері және оны сабақтың бірінші және екінші бөлімдерінде минут бойынша өткізу көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Пән: Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету құрылысы

Сабақтың өткізілу уақыты:                                                    

Сабақтың тақырыбы:  Автомобильдер мен тракторлардың  жүріс бөлігі жайлы жалпы түсінік. Дөңгелекті тракторлар мен автомобильдердің   рамасы және асқышы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды доңғалақты және шынжыр табанды тракторлар мен автомобильдің жүріс бөлігінің қызметімен,құрылысымен,әрекет ету принципімен және олардың конструкциялық ерекшеліктерін қалыптастыру.

2.Тәрбиелік: Оқушылардың техникаға деген сүйіспеншілігін ояту.

3.Дамытушылық:Жүріс бөлігінің жолдарын үйрете отырып, дұрыс дағды қалыптастыруын дамыту.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Плакаттар,оқулық,диафильмдер: «Автомобильдің жүріс бөлігін тексеру және реттеу», «МТЗ-80, К-701А тракторларының жүріс бөлігі және пневматикалық  жабдықтары», модельдер, жүріс бөлігінің  детальдары, тексеру құрылғылары.

Қосымша әдебиеттер:

 

  1. В.А.Родичев, Г.И.Родичева «Тракторлар  мен автомобильдер»  (Оқулық)   Алматы «Мектеп» 1987  186-203беттер
  2. Б.Алиев «Тракторлар мен автомобильдер» (теориясы) Оқу құралы.  Алматы, «Наз-9» ЖШС, 2005ж . 7бет

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы

1-сағаты

 

  I Сабақты ұйымдастыру кезеңі: 2-3 мин

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  2. Жұмыс орнының және оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

  II . Жаңа сабақтың тақырыбын және сұрақтарын тақтаға жазу:

                                 2-3 мин

      Сабақ барысында қарастырылатын сұрақтар:

  1. Автомобильдер мен тракторлардың жүріс бөлігі жайлы жалпы түсінік.
  2. Автомобильдердің жүріс бөліктерін айырмашылықтарын,ерекшеліктерін айту 
  3. Дөңгелекті тракторлар мен автомобильдердің рамасы және асқышы.
  4. Жүріс бөліктерінің ақаулары.
  • сұрақты «Автомобильдердің жүріс бөлігі жайлы жалпы түсінік» туралы беру – 10-12 мин
  • Трактор мен автомобильдердің жүріс бөліктерін айырмашылықтарын,ерекшеліктерін айту  — 10-12 мин
  • Дөңгелекті тракторлар мен автомобильдердің рамасы және асқышы.

2-сағаты                        

4 сұрақ «Дөңгелекті тракторлар мен автомобильдердің   рамасы және асқышы.» туралы жалпы түсінік беру  — 13-15  мин

 

III . Диафильм көрсету – 10-12  мин

 

  1. Өзіндік жұмыс, 8 — 10 мин

 

V . Жеке сұрау. 8-10 мин

1.Автомобильдер мен тракторлардың  жүріс бөлігі жайлы жалпы түсінік.

2.Трактор мен автомобильдердің жүріс бөліктерін айырмашылықтарын,ерекшеліктерін  айту 

3.Дөңгелекті тракторлар мен автомобильдердің   рамасы және асқышы.

     4.Жүріс бөліктерінің ақаулары

VI . Үйге тапсырма – 3-5 мин

  1. В.А.Родичев, Г.И.Родичева «Тракторлар  мен автомобильдер»  (Оқулық)   Алматы «Мектеп» 1987  186-203беттер
  2. Б.Алиев «Тракторлар мен автомобильдер» (теориясы) Оқу құралы.  Алматы, «Наз-9» ЖШС, 2005ж . 7бет

 

VII. Сабақты қорытындылау —  3-5 мин

    Бақылау сұрақтары.

  1. Доңғалақты трактордың жүріс бөлігі қандай негізгі бөліктерден тұрады?
  2. Ауыл шаруашылығында тракторлардың қандай типтері қолданылады?
  3. Тракторлар мен автомобильдерде асқыш қандай роль атқарады?

 

Сабақты өткізу әдістемесін оқу-тәрбиелік және танымдық материялдарды іріктеу, сабақтың оқу пәніндегі, маман дайындаудың жалпы жүйесіндегі, олардың іс-әрекетіне сәйкес, сабақтың орнын анықтау керек. Сабақ топтарының негізінде оқытудың таңдап алынған формалары мен әдістерін қалай және қатаң қолданатының жазу, дидактикалық принцип пен пәнаралық байланысты іске асыру жолдарын, көрнекі құралдары және қажетті дидактикалық  және үлестіріп берілетін материалдарды қолдануды анықтау керек.

Құрылымдық элементтер мен сабақ жоспарына сүйене отырып сабақтың мазмұны мен барысын егжей-тегжейлі жазу керек.

Сабақты өткізу әдістемесін жасағанда дидактикалық техникалық құралдарды пайдалану орны мен түрлерін көрсету керек.

Кәсіби мектеп оқушыларына дайын білімдерді бермеуі керек—ол білімді белсенді түрде меңгеруге, қоршаған ортадағы зерттелетін заңдылықты көре білуге, олардың еңбек қызметінде қолдануға үйретуі керек.

Кәсіби мектеп оқушыларының  белсенді танымдық шығармашылыққызметін дамытуда шешуші рөлді оқытушы, өндірістік оқыту шебері атқаратыны сөзсіз.

Оқушылар мен өндірістік оқыту шеберлері оқытушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесін әртүрлі жолдармен шешеді. Бірқатар оқытушылар сабақты оқытушымен қызықты шығармашылық іс-әрекетпен еліктіріп өткізеді, екіншілері, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып әртүрлі тапсырмалар жүйесімен танымдық іс-әрекеттерін дамытуға бағыттайды, үшіншілері үй жұмысын орындауды сабақта бастап, соған көп көңіл бөледі және т. с. с.

Білім тек есте сақтау көмегімен ғана емес ойлану арқылы меңгерілген кезде ғана құнды болады.

Оқушылырдың ойлануын белсендіру ойлануға үйретуге, ақыл-ойларын бір тәртіпке келтіруге, білімді меңгеру кезінде ерікті жаттықтыруға бағытталуы тиіс. Әрбір сабақ оқушылардың ынтамен ойлануын тудыруы керек.

  • Пәнаралық байланыс кестесі.

 

Кәсіби мектептердің оқу жоспарлары жалпы білім беретін, жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқытуды қарастырады. Пәндердің әрқайсысы  кәсіби де жалпы білім беру  мәселелерін де шешеді, әрі олардың кейбіреуінің оқу процесіндеөзара байланысқан, көптеген бір-біріне жақын, өзара түйісетін тақырыптары бар.

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және методикалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала. Педагогикалық сөздікте пәнаралық байланысқа мынадай анықтама беріледі.

Пәнаралық байланыс жалпы білім беру пәндері мен кәсіби цикл және  өндірістік оқыту пәндері арасында органикалық үйлесімді  қалыптастыруға мүмкіндік береді, ол оқу процесі ұйымдастыруға әсер ететіні сөзсіз. Пәнаралық байланыс бойынша бүкіл жұмыстың мәніоқушылар кез келген теориялық және практикалық сұрақты оқыған кезде бүкіл жинақтаған білімдерін қолдана алуы үшін мазмұны мен құрылымы  бойынша тиімді, динамикалық, біріңғай білім, білім және дағды жүйесін қалыптастыруда.

Жалпы ғылымдар жүйесінің негізгі дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстары пәнаралық байланыс деп аталады.

Пәнаралық байланыс ертеден зерттеліп келе жатқан педагогика ғылымының негізгі мәселелерінің  бірі болып саналады. Ұлы педагоктар  Я. А. Каменский, И. Г. Песталаций, К. Д. Ушенский осы мәселелермен шұғылданған.  Пәнаралық байланыстың жан-жақты міндетті оқу тәрбиесі процесі туралы жүзеге асырылады.  Пәнаралық байланыс оқытудың мазмұны әдістері, оқытудың ұйымдастыру мен ғана шектеліп қоймайды.  Ол оқушымен оқытушының  оқу таным іс-әрекеттері бір бөлігі болып саналады.

Пәнаралық байланыс  мақсатында тұтас бір сабақ немесе  сабақ құрылымының бір кезінде фрагмент, жеке үзінділер, кино,  теле-көріністер түрінде өткізілуі мүмкін.

Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті ол оқыту процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипаттарының арасындағы байланысты құру болып есептелінеді. Сонымен пәнаралық байланыстың негізгілері мыналар:

  1. Оқу пәндері арасында өзара байланыстың болуы ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.
  2. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие, білім беру жұйелерінің барлық салаларына комплексті жүйе жасайды.
  3. Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінің тиімді ұйымдастыруына жатады.
  4. Маманды даярлауда білім мазмұнының барлық құрылымында бөліктерінің байланысын талап етеді.
  5. Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісуі және демократиялық негізінде жүріп отыруына әсер етеді.

Пәнаралық байланыс екі жағынан қарауға болады.

А) Объективті.

Б) Субъективті.

Пәнаралық байланыстың объективті жағы оқудың мазмұнында бейнелеп көрсетіледі. Пәнаралық байланыстың  субъективі жағы оқу процесінде байқалады.

 

 

 

Пәнаралық байланыс картасы

« Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету »      пәні

« Жүріс бөлігі »  тақырыбы бойынша

 

Сабақ     нөмірі

Сабақ тақырыбының аты

Қарастырылатын сұрақтар мен пән бойынша түсініктер

                Жалпы білім беру циклі

Кәсіптік – техникалық цикл

Физика

Математика

Сызу

Геометрия

Машина бөлшекте     рі

Трактор және авто

мобиль

Теориялық механика

Техника

лық қызмет көрсету

 

        1

 

 

 

 

Жүріс бөлігі жайлы жалпы түсінік. Дөңгелекті тракторлар мен автомобильдердің   рамасы және асқышы.

 

 

 

   Айнал

   малы қозғалыс динамикасы және үйкеліс.

 

Қисықтың дөңестігі және ойыстығы.

 

Винттік беттер және бұран

далар.

 

Дөңгелек.

Шеңбер.

Тік төрбұрыш

 

Механика

  лық берілістер

және олардың құрама бөліктерін кескіндеу

 

Автомо

бильдің жүріс бөлігі.

 

Қатты дененің ауырлық центрі

 

Автомобиль

дің жүріс бөліктеріне техникалық қызмет көрсету.

 

        2

 

 

 

 

 

Амортизатор құрылысы және доңғалақ типтері.

Жүріс бөлігінің типтері.

 

Дененің шеңбер бойымен бір қалып

ты қозға

лысы.

 

 Цилндр,шар және оның бөліктері

 

Тетікбөлшектерді бұранда

мамен біріктіру

 

Дөңгелектің радиусы мен диаметрін анықтау

 

Доңғалақ

тың берілісін есептеу.

 

Жүріс доң

ғалақтары,

доңғалақ аспалары,

амортиза

тор

 

Домалау үйкелісі, қатты дененің ілгерімелі қозғалысы.

 

Монтаждау, слесерлық,жөндеу жұ-

мыстарына техника қауіпсіздігі

нің қажетті

лігі.

 

3.2. Белгілі бір цикл (тапсырма) бойынша лабораториялық-практикалық сабақтың (ЛПС) оқу құжаттарын жасау.

Бұл құжаттарды жасауда мыналарды қарастырамыз:

3.2.1. Лабораториялық-практикалық сабақтың (ЛПС) жоспарын жасау.

          Сабақ жоспары—тақырып бойынша нақты бір сабақты өткізу үшін жоспарланатын негізгі құжат. Ол педагог пен өндірістік оқыту шеберінің дайындық жұмысының нәтижесі болып табылады. Сабақ жоспарының стандартты, міндетті формасы бекітілмеген, өйткені жоспар формасы, оның мазмұны, өткізу әдісі, тақырып материялын ашу тереңдігі сияқты сабақ мазмұнына, оның оқу және тәрбиелік мақсатында,  онда тұрған жұмыс сипатына, жаттығуларды ұйымдастыруға, педагог пен шебер тәжірибесіне байланысты өзгеріп отырады.

          Лабораториялық-практикалық сабақтардың негізгі мақсаты—оқушыладың теориялық сабақтардан алған білімдері мен біліктерін қайта жаңғыртып, жұмыс орындарыен таныстырып,  машиналар мен механизмдердің құрылысы мен реттелуін, бөлшектеу әдістерін үйрету. Мұғалім әрбір сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандыққа дегенсүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеуді көздей білу кажет.

          Лабораториялық-практикалық сабақ жоспары мыналарды қамтуы тиіс: сабақ тақырыбын,  мақсатын, сабақтың оқу-материялымен жабдықталуын.

          Сабақ барысы: ұйымдастыру бөлімінен, кіріспе нұсқамадан, оқушылар жаттығуларымен ағымды нұсқаулардан, қорытынды нұсқаунамадан тұрады.

          Кәсіптік мектептің лабораториялық-практикалық  сабақтары арнайы құрал жабдықтармен оқу кабинеттері мен шеберханаларда өткізіледі. Мұғалім алдын-ала сабақтарды және әрбір жұмыс орнын қажетті жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, жұмыстың белсенді әдістерін ұйымдастыруын көздейді. өндірістік оқу шебері мен мұғалім оқу кабинеттеріде, өндірісте жүргізілетін лабораториялық-практикалық сабақтытиімді ұйымдастыру үшін төменгі құжаттарды жасау керек.

—Сабақ жоспары.

—Оқушылардың жұмыс орындарының алмасу кестесі.

—Технологиялық-нұсқау карталары және басқа да дидактикалық құрал жабдықтар, лабораториялық-практикалық сабақ жоспары.

—Сабақтың тақырыбы.

—Сабақтың мақсаты.

—Материялдық-техникалық жабдықтар.( макеттер, стендтер, техникалық-нұсқау картасы, жұмыс орындағы құрал саймандар)

—Сабақтың уақыты (6 немесе 3сағат)

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі:

I Кіріспелік нұсқау

  1. Оқушыларға цикл бойынша тақырыптардың мақсатын және тапсырма ережелерін таныстыру.
  2. Әрбір жұмыс орнындағы бөлшектеу, жинау, реттеу жұмыстары бойынша технологиялық-нұсқау картасының орындалуын түсіндіру.
  3. Техника қауіпсіздігінің ережелерін таныстыру.
  4. Сабаққа қажетті плокаттар, сұлбалар, құрал жабдықтардың пайдалануы әдісін түсіндіру.
  5. Звенолардың жұмыс орнымен және алмасу кестесімен таныстыру.
  6. Жұмыс орнын реттеу, құрал саймандарды тапсырудың тәртібін хабарлау.
  7. Оқушылардың білімін тақырып бойынша тексеру және қорытындылау.
  8. Оқушылардың сұрақтары болса, жауап беру, түсінбегендерін түсіндіру.
  9. Келесі тақырыпты хабарлау және үйге тапсырма беру.

II  Кезектегі нұсқау беру оқушылардың жеке жұмысы барысында жүзеге асырылады. Мұғалім олардың жұмысын қадағалап, қажетті нұсқаулар береді. Мұғалім звеноларды арнаулы белгілі бір жүйелікпен алдын ала жоспарлауы мүмкін немесе әр оқушының жұмысын бақылайды.

Бірінші айналымда звенолардың агрегаттарды, механизмдерді бөлшектеуге дайындауына назар аудару,  әр оқушының технологиялық-нұсқау картасымен таныстығын байқау олардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін технологиялық-нұсқау қартасының тәртібін түсіндіру.

Екінші айналымда механизмдердің агрегаттардың, бөлшектердің дұрыстығын тексеру, қате болған жағдайда оларға көмек көрсету, техникалық қауіпсіздік ережелерін талап ету.

Үшінші айналымда оқушылардың жұмыс барысында материялды ұғынуына көңіл аударып, қин сұрақтарға көйіл бөлу.

Төртінші айналымда бөлшектердің механизмдердің  қайта жиналу әдістерінің орындалуын тексеру, әр оқушының іс-әрекетіне, әсіресе, олардың құрал жабдықтармен жұмыс істей білуіне көңіл аудару. Жиналған механизмдердің саласына техникалық қауіпсіздік ережелерңнің саталуына көңіл аудара отырып, жіберген қателер мен кемшіліктердің түзету жолдарын түсіндіру. Бақылау нәтижелерін дәптерге түсіру.

Бесінші айналымда жинаған агрегаттардың түсініктілігін, комплектілігін тексеру.

Алтыншы айналымда мақсаты және кешендіболады. Мақсатыайналымда оқушылар жаппай жұмыстың бір түрінорындағанда атқарылады. Ал, кешенді айналым тәсілдердің рындалу дұрыстығын, операцияның орындалуының сапасын, өз еңбегін жоспарлай білуін, өзара бақылауды жүзеге асыруын жүргізеді.

 

III  жұмысты аяқтау нәтижесінде мұғалім жұмыс қорытындысын шығару мен соңғы нұсқау беруді өткізеді. Мұғалім сынып алдында үздік жұмыстарды көрсетіп, олардың жақсы жақтары мен кеткен кемшіліктеріне, талдау жасап, орындалған жұмыстың нәтижелерін хабарлайды. Звенолардың жұмыстарынқорытындылай отырып, тиімді жұмыс ұйымдастырған звеноны, жеке оқушыны атап өту,  әсіресе жұмыс сапасына оқушылардың көңілін аудару. Жіберген қателіктерге тоқталып қажетті нұсқаулар беру. Оқушылардың түсінбеген сұрақтары болса, жауап беру. Үйге тапсырма беру, керекті оқулықтарды атап өту.

2.8 IV цикл  бойынша лабораториялық практикалық сабақтың жоспары.

 

 

Тақырыбы: Доңғалақты тракторлар мен автомобильдердің жүріс бөлігі.

 

Сабақтың мақсаты: Тракторлар мен автомобильдердің жүріс бөлігі

механизмдерінің бөлшектеу,жинау,реттеу әдістерін оқушыларға үйрету.

Олардың осы механизмдер құрылысы және жұмысы туралы теориялық

 білімдерін нығайту.     

Сабақ әдісі: Лабораториялық жұмыс.

Берілетін уақыт – 30 сағат.

Звенолар саны – 10

Сабақ тақырыбына арналған тапсырмалар:    

 

1-тапсырма: ДТ-75М тракторы және ЗИЛ -130 автомобилінің  алдыңғы белдігі мен соңғы берілісі.

2-тапсырма: К-701 тракторы мен  ГАЗ-53А автомобилінің алдыңғы белдігі мен соңғы берілісі.

3-тапсырма: МТЗ-80 тракторы мен КамаЗ – 5320 автомобилінің алдыңғы белдігі мен тежеу жүйесі.

4- тапсырма: ЗИЛ -130 мен КамаЗ – 5320 автомобилдерінің жүріс бөлігі және тежеу жүйесі.

5-тапсырма: Машина-трактор аграгаттарын жұмысқа дайындау

 

 

Жұмыс орындарының құрал-жабдықтары:

 

  • тіреулерге монтажды орналасқан автомобильдер мен тракторлар;
  • ГАЗ-53А автомобилі мен МТЗ-80 тракторы;
  • 1136 жылжымалы компрессор және шинаға жел беруге арналған қол насосы;
  • Рессорлар, гидроамортизаторлар ;
  • Доңғалақтар қимасы не тілмелері;
  • Рессорларды бөлшектеп, жинауға арналған стенд;
  • Қысқыштары бар верстактар;
  • Индикатор,серіппелі динамометр, доңғалақтардың түйісуін тексеруге линейка, арнаулы кілттер;
  • Май құтылары;
  • Жылжымалы лампалар;

 

  • плакттар,оқулықтар,технологиялық-нұсқау карталары;
  • карточка – тапсырмалар.

 

1.Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды сапқа тұрғызып,тізім бойынша тексеру,олардың киімдерінің техника қауіпсіздігі шараларына сай екеніне көңіл бөлеміз..

  1. Кіріспелік нұсқау (алғашқы сабақтарда 25-30 минут,келесі сабақтарда 10-15минут)

2.1 Оқушыларды цикл бойынша тақырыптармен,оның мақсатымен таныстырамыз..

2.2 Технологиялық-нұсқау картасымен жұмыс істеу жолдарын таныстырамыз..

2.5 Техника қауіпсіздігі ережелерін таныстыру.

2.6 Звенолардың алмасу графигінің ережесімен таныстыру.

3 Кезектегі нұсқау(оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру)

  Кезектегі нұсқау барысында,оқушылардың өзіндік жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім олардың жұмыс орындарын бірнеше рет айналып шығуы керек.

3.1 Бірінші айналымда звенолардың двигательтерді,агрегаттарды бөлшектеуге дайындығына назар аудару,әр оқушының технологиялық-нұсқау картасымен танысқандығын байқау.Оладың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін технологиялық-нұсқау карталарының маңызын түсіндіру.

3.2 Екінші айналымда механизмдердің,агрегаттардың бөлшектенуінің дұрыстығын тексеру,қате болған жағдайда оларға көмек көрсету,ттехника қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын талап ету.

3.3Үшінші айналымда оқушылардың жұмыс барысында материалды ұғынуына көңіл аудару,қиын сұрақтарға түсінік беру.Агрегаттар,механизмдер детельдар орналасуына ден қойдырып,дұрыс ұғым қалыптастыруға көмектесу.

3.4 Төртінші айналымда бөлшектенген механизмдердің қайта қайта жиналу әдістерінің орындалуын тексеру,әр оқушының іс әрекетіне көңіл аудару,әсіресе олардың құрал-жабдықтар мен құрылғыларды пайдалана білуіне көңіл  бөлу жиналған механизмдердің сапасына,техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуына көңіл бөле отырып,жіберген қателіктерді түзету жолдарын түсіндіру.Бақылау нәтижелерін дәптерге жазу.

3.5 Бесінші айналымда жиналған агрегаттардың сапасын,комплектілігін тексеру.Құрал-жабдықтарды,жұмыс орвндарын қабылдап алу.Әрбір оқушының жұмысын бағалап,журналға жазу.

  1. Қорытынды нұсқау.

4.1 Звенолардың жұмыстарын қорытындылай отырып,тиімді жұмыс ұйымдастырған звеноны,жеке оқушыларды атап өту,әсіресе,жұмыс сапасына оқушылардың көңілін аудару.

4.2 Жіберілген қаталіктерге тоқталып,нұсқаулар беру.

4.3 Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.

4.4 Оқушылардың бағасын естірту.

4.5 Үйге тапсырма беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс орындары бойынша оқушылар звеноларының алмасу кестесі

 

« Автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету » пәнінен

 

 

Жұмыс орындарының

атаулары

Жұм

Орын

Оқу күндері

1

2

3

4

5

 

 

1

 

ДТ-75М тракторының алдыңғы белдігі

1

1

3

5

7

9

ЗИЛ -130 автомобилінің соңғы берілісі.

2

2

4

6

8

10

 

 

2

 

 

К-701 тракторының алдыңғы белдігі

3

3

5

7

9

1

ГАЗ-53А автомобилінің соңғы берілісі.

4

4

6

8

10

2

 

3

 

МТЗ-80 тракторының  алдыңғы белдігі

5

5

7

9

1

3

КамаЗ – 5320 автомобилінің тежеу жүйесі.

6

6

8

10

2

4

 

4

 

ЗИЛ -130  автомобилінің жүріс бөлігі және тежеу жүйесі

7

7

9

1

3

5

КамаЗ – 5320 автомобилінің жүріс бөлігі және тежеу жүйесі.

8

8

10

2

4

6

5

 

 

 Машина-трактор аграгаттарын жұмысқа дайындау

 

 

 

9

9

1

3

5

7

10

10

2

4

6

8

 

 

 

 

 

 

3.2.4. Жұмыс орындарының тізбесін  олардың жабдықтармен, құралдармен және оқу материялдарымен қамтылуын сипаттай отырып жасау.

          Жұмыс орындары бағдарламаға және өндірістік оқыту кезеңдеріне сәйкес еңбек және технологиялық операцияларды толық меңгеру үшін ұйымдастырылады және жабдықтарды жұмыс орындарының саны 30 адамға дейінгі оқушылар тобы үшін оқушылар звеноларының  жұмыс орны бойынша алмасу кестесіне сәйкес жобаланады.

          Оқушылар жұмыс орны—еңбектің техникалық құралдарымен, көмекші жабдықтармен,  материялдармен, құралдармен, дайын өнімдермен, нұсқаунамалық және технологиялық карталармен жабдықталғанеңбек іс-әрекетінің аймағы.

          Оқушылардың жұмыс орнын жобалаған кезде бірқатар жалпы негізгі шарттарды сақтау керек:

  • Жабдықты пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде керекті барлық қажетті қозғалыстар мен орнын ауыстыруларды орындау үшін жұмыс істейтін кеңістіктің жеткіліктілігі;
  • Оқушылар, жабдық және оқытушы арасындағы физикалық, көру және есту байланыстарының  жеткіліктілігі;
  • Жабдықтың оптималды орналасуы;
  • Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оқу жаттығуларын орындау үшін қажетті және жеткілікті жарық (табиғи және жасанды) болуы;
  • Жұмыс орнындағы жабдықтан пайда болатын акустикалық шу мен дірілдің шекті деңгейі;
  • Жұмыс орнында пайда болуы мүмкін қауіптер жөнінде ескертетін қауіпті нұсқаунамалар мен сақтық белгілері;
  • Қосалқы құралдарды жабдықтарды, құрылғыларды дайын бұйымдарды қоюға қажетті тіректер мен тұғырлар;
  •  
  • Жұмыс орнын жобалаубойынша техникалық эстетикалық және заңдылықтарды, ережелерді, ұсыныстарды сақтау;

Жұмыс орындарының тізбесі, олардың жабдықтармен, құралдармен және оқу материалдарымен қамтылғандығы

 

       Жұмыс орнының нөмірі

Жабдықтар, құралдар және оқу материалдары

 

1.ДТ-75М тракторының жетекші белдігі

 

      ДТ-75М тракторының  жетекші белдігі, детальдарды қоюға арналған стелаждар, плакат, аспаптар жиынтығы ,кілттер жиынтығы, ТНК.

2.ЗИЛ -130 автомобилінің соңғы берілісі.

 

 ЗИЛ -130 автомобилінің соңғы берілісі , қысқыштары бар вестактар, шуптар , ТНК, темір сызғыштар, балға  

3.К-701 тракторының жетекші белдігі.

   К-701 тракторының жетекші белдігі, ПИМ-1516 аспаптар жиынтығы , балғалар , темір линейкалар , ТНК.

 

 

4.ГАЗ-53А автомобилінің соңғы берілісі.

   Газ-53А автомобилінің соңғы берілісі, кілттер жиынтығы, детальдарды қоюға арналған стелаждар, балға , темір сызғыш , ТНК

 

5.МТЗ-80 тракторының  жетекші белдігі

 МТЗ-80  тракторының жетекші белдігі, ПИМ-1516 аспаптар жиынтығы,балға,темір сызғыштар , плакаттар, ТНК            

6.КамаЗ – 5320 автомобилінің тежеу жүйесі.

  КаМАЗ-5320 автомобилінің тежеу жүйесі, ПИМ-1516 аспаптар жиынтығы, балға , темір сызғыштар, ТНК, карточка тапсырмалары.

 

7.ЗИЛ -130  автомобилінің жүріс бөлігі және тежеу жүйесі

ЗИЛ -130  автомобилінің тежеу жүйесі, детальдарды қоюға арналған стелаждар, балға , темір сызғыш ,стенд,қысқышы бар верстактар, ТНК.

 

8.КамаЗ–5320 автомобилі-

нің жүріс бөлігі және тежеу жүйесі

КамаЗ – 5320 автомобилінің тежеу жүйесі, ПИМ-1516 аспаптар жиынтығы, балға, , ТНК, карточка тапсырмалары

 

 

 

 

 

 

 

Технологиялық-нұсқау карта (ТНК) оқушыларға сызбаны меңгеруге, өнімді дайындауға қойылған техникалық талаптарды сақтауа, дайындаманы, құралды және құрылғыны таңдауға, жұмысты орындауға, дайын өнімді  бақылауға және өлшеуге көмектеседі. Тәжірибе көрсеткендей нұсқамалық және нұсқама-технологиялық картаны қолдана отырып оқыту оқушыларға рационалды технологияны жақсы және тез меңгеруге мүмкіндік береді, олардың технологиялық ойлауын дамытады, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді.

Сабақ тақырыбын бастаудан бұрын, өндірістік оқыту үрдісіне түсінік беріп, алғашқы сабақты лекция ретінде өткізуге болады. Лекция сабағында мынадай мәліметтер беруге болады: адамды кәсіпке оқытудың екі жолы бар: оның біріншісі оқушыларға бір жұмысшы маманды бекітіп, оның іс тәжірибесін  оған үйрету болса, екіншісі арнайы кәсіптік оқыту арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші жол,  әрине көп уақыт алатындықтан ол бұл күндері өте сирек қолданылады, ал екіншісі арнайы кәсіптік білім беретін оқу орындарында іске асырылады. Оқу процесін ұйымдастыру үшін мұнда арнайы оқытушылар мен қатар өндірістік оқыту шеберлері  қызмет жасайды. Мұндай арнайы кәсіптік білім беретін оқу орындарының негізгі мақсаты мұндағы оқу тәрбие  үрдісін тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Оқу үрдісінде маман қызметкерлерін даярлайтын оқу процесінің екі негізгі құрамы бар: теориялық және өндірістік оқыту. Теориялық оқыту жалпы оқытудың 40-тан 60℅-ке дейінгі көлемін алады. Сонымен қатар пәндердің жалпы білімдік, жалпы техникалық және арнайы циклдері бар.

Әңгіме және жолай түсінік беруде оқыту процесінің негізгі сипаттамасы жайлы бастапқы түсінік қалыптасуы керек.

1.Оқу процесі—бұл мақсатқа бағытталған, оқытушы  мен оқушының  өзара қарым қатынасы, осының нәтижесінде  оқушының білім, тәрбие алу және даму міндеттері шешіледі.

  1. Оқу процесінің негізгі міндетті компоненттері: оның мақсаты, мазмұны, оқушы мен педагогтың қарым қатынасы. Бұл үрдіс оқытудың құралдары, формалары және әдістері арқылы жүзеге асады. Осы компоненттердің біреуі болмаса, ұйымдастырылған оқу процесі болуы мүмкін емес.
  2. Оқу процесі тек педагог пен оқушының арасындағы тығыз қарым-қатынас жағдайда ғана болуы мүмкін. Жетекші және басқару рөлін педагог атқарады. Егер оқушы енжар болса, онда оқу процесі болмайды. Оқу процесінің негізгі жетістігі—оқушылардың танымдық және практикалық жағынан белсенді болуы.
  3. Оқушының оқу қызметінің тәсілі — педагогтің оқыту қызметінің тәсіліне байланысты, бұл—сабақ беру, оқыту. Оқу процесінде оқушыға тек педагог қана әсер етпейді, сонымен бірге олар өзара әрекет жасайды.
  4. Оқу процесінің мақсаты—білімнің мазмұндарын меңгеру—нені оқу және қалай оқыту, бұл оқу бағдарламасында көрсетілген. Мақсат—түрлі тәсілдері және олардың жүзеге асуын анықтайды.
  5. Оқу процесі үшін үш негізгі өзара байланысқан функциялар ерекше болып келеді, олар: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
  6. оқу процесінің барлық негізгі компоненттері өзара тығыз байланысты. Оқытудың мақсаты білім мазмұнында нақтылы түрде көрсетілген. Білімнің мазмұны оқу мен оқыту әдістері мен формаларын анықтайды. Оқыту яғни, сабақ беру мен оқу өзара тығыз байланыса бірге жүріп отырады.

Олай болса оқу процесінің негізгі ережелері өндірістік оқу процесіне  де толығымен тән екендігін ескеруіміз қажет.

Осы жалпы педагогикалық базада оқу процестерінің негізгі құрамы ретінде өндірістік оқытудың ерекшеліктері анықталады.

1.Өндірістік оқытудың мақсаты—белгілі бір мамандық бойынша оқушыларды кәсіби шеберлікке баулу.

2.Өндірістік білім берудің негізі оқушылардың өндірістік еңбегі болып табылады, бұл оқу-тәрбиелік міндеттердің шешіміне бағынышты.

3.Өндірістік білім беру мазмұны—оқушылардың оқып жатқан  мамандығына тән дағды мен іскерлікке баулу.

4.Теория мен практикалық өзара тығыз байланысының негізінде өндірістік оқыту процесі қалыптасады. Практикалық дағды мен іскерлік білімнің негізінде құрылады.

  1. Теориялық оқыту бағытынан қарағанда оқу процесі өндірістік оқыту барысында белсендірек болады. Осы байланыста, шеберліктің қызметінде оқытушы қызметімен салыстырғанда ақпараттық функцияның «үлес салмағы» ұлғаяды.
  2. Өндірістік оқыту процесі дұрыс бағытталу үшін оқыту тәсілдері, алдымен, материялдық-техникалық жағдайлар, сондай-ақ оқушылардың өндірістік-оқу қызметінің объектілері маңызды әрі шешуші рөл атқарады.

Бастапқы тәсілдер мен дағдыларды меңгеру кезінде оқушыларға  нұсқаунамалық карта беріледі, кешенді жұмыстарды орындау кезеңінде—технологиялық-нұсқау карталар мен сызбалар, ал оқытудың соңғы кезеңінде тек сызбалар беріледі.

Өндірістік оқыту працесінде технологиялық-нұсқау  құжатты пайдалану оқытушы, өндірістік оқыту шебері жұмысын оңтайландырады, сабақты өткізу кезінде жақсы әдістемелік сүйенішболады. Ең соңында бұл оқушылардың еңбек тәсілдерін тез меңгеруді, еңбек өнімділігін көтеруді қамтамасыз етеді.

Оқу працесінде технологиялық-нұсқау  құжатты пайдалану егер ол белгілі дидактикалық талаптарға жауап беретін болса ғана тиімді бола алады. Бұл талаптардың мәні теориялық және практикалық оқытуды тығыз байланыстыруды және оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі үшін жағдайларды қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Технологиялық-нұсқау карталар оқушыларға лабораториялық-практикалық сабақтарда беріледі. Бұл карталар оқушылардың  нақты жұмыс орнында қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді.

Технологиялық-нұсқау картада жұмыс тәсілдерінің мазмұны мен орындау реті, технологиялық операциялар сапасына қойылатын талаптар, оларды орындау реті,  жұмыс орындалатын агрегат, жұмыс сапасын өзі бақылау тәсілдері баяндалады.

          Білімдерді бекіту және анықтай түсу үшін технологиялық-нұсқау картада бақылау сұрақтары берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Еңбек қорғау тарауы

4.1 Техника қауіпсіздігі, еңбек қорғау, азаматтық қорғаныс бойынша іс-шаралар және өртке қарсы іс-шаралар. өндіріс эстетикасы.

 

    Адамның еңбекке белсенділігінің артуы және өндіріс тиімділігі, еңбекті қорғау жағдайы  және техника жетістіктері пайдалануынан туындайды.

    Кеңшарда ұйымдастыру жұмыстарын басқару шешімдерін қабылдау және оны іске асыру жұмыстарымен еңбекті қорғау инженері айналысады. Еңбекті қорғауда бірінші басшы жауап береді.

    Кеңшардың басшыларының міндеттері:

—еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  денсаулыққа зиянды болмайды.

—еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс жоспарын бекіту.

    Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастырып, оның қалпына жауапты адамды тағайындау.

    Қолданылатын шараларға қарасақта кеңшарда жарақат алу жағдайы төмендемей отыр. Кестеде кейінгі 3 жылда өндірісте жарақат алушылардың тізімі келтірілген, яғни 2004-2007 жылдар аралығы. Сонымен қатар жарақат алушылардың жасы, жұмыс стажы, жұмыс түрі келтірілген.

    Жарақат алушылардың дені, мамандығы жоқтар, жаңадан жұмысқа кіргендер және тағы басқалар. Мұндай жағдайдың болуының негізі себептері—машинаның конструкторлы жетіліп істелмеуі.

—механизм машиналардың бұзылуы;

—кешендердің дұрыс жүйеде болмауы;

—жұмыстың дұрыс жүйеде болмау ұйымдастыруы, демалыстың, еңбек режимінің бұзылуы;

 

 

 

—еңбек қауіпсіздігінің бұзылуы;

—арнаулы киімдердің болмауынан;

—жұмысшыларды жеткілікті оқыту;

«Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» лабораториялық кабинетіне кірместен бұрын оқушыларға өндірістік оқыту шебері ең біріншіден қауіпсіздік ережесімен таныстыру керек. Яғни кабинетке қалай жарық беруді, жұмыс столдарымен қалай жұмыс істеу керектігін, құрал-саймандармен абайлап жұмыс істеуді, токтың қауіпсіздік ережесін ,автомобильдердің  бөлшектерді қалай қозғалту, т.б. керек деген сияқты ережелерді шебер әр сабақ барысында түсіндіру және айту міндетті. Ал осы талаптарды орындау әр оқушының міндетті. Оқушылардың шебердің рұқсатынсыз құрал-саймандарды ұстауға болмайды.Мұндай талаптарды орындамаған жағдайда жеңіл немесе ауыр өндірістік жарақат алуы мүмкін.

Өндірістік жарақат.

Мамандығы

2005

2006

2007

Механизаторлар

Жүргізушілер

Электршілер

Слесарлар

Ұсталар

Басқа да жұмыс-шылар.

27,2

20,4

3,5

8,2

2,2

10

20

18

3

1

5

4

6

6

11

 

 

 

 

 

 

 

Жарақат алушылардың жастары ℅

Жасы

2005

2006

2007

18 жасқа дейін

18…25

25…35

35…45

45…55

55тен жоғары

6

9

10

12

2,5

6

10

12

4

6

6

11

 

—Жұмысшыларды мамандығы бойынша пайдаланбау.

 

Жарақат алушының жұмыс стажы.

Жұмыс стажы

2005

2006

2007

1…5

5…10

10…15

15…20

20…25

25тен жоғары

12

5

2

2

2

13

3

1

1

1

7

3

1

2

Жасанды жарақаттандыруды есептегенде жарық берілетін маңайдың мөлшерін ескеріп, шешілетін мәселелер қатарының ретін сақтау.

а) Тектес көзін қабылдаймыз. Сондағы кернеу көзінің  90℅-тен құламайтынын ескере отырып, өте тиімді разрядты лампаларға береміз.

б) Жарық беру жүйесін қабылдаймыз. Жалпылай жарықтандыру жүйесінің жиынтығын ескере отырып, ол жарық энергиясын тең мөлшерде тарайтын және жалпылай жарықтандыру жүйесінің өте тиімділігіне тоқтаймыз.

в) Жарық бергіштерді бөліп және олардың санын анықтаймыз Жарық бетінің іліну биіктігін бөліп nе=5м, жарық бергіштің өзара орталық қашықтығын формуладан.

HC=1,4∙nе=1,4∙5=7м

Жарық бергіш санын n=8 деп аламыз.

г) Жарық көзінің қуатын есептейміз. Жұмыс бетінің жалпы жарықтандыру тиегін есептеу үшін жарық ағыны тәсілін пайдаланамыз. Жарық ағыны Фл бір шашының шыныңғуы  формуламен есептейміз.           

Фл=Ен∙Sn∙H∙R3/ ‏‏‏‏‏‏‏‏‏???==24750мм

Еn=минималды жарықтандыру нормасы, лн; Sn- жарықтандыру маңайының алаңы, 450м;2 H–минималды жарықтандыру коэфициенті формуламен табылады. H==????? R3 – қор коэффициенті, 1,2…2,0;  nc-жарық бергіш саны,8; ?-лампаның жарық ағыны пайдалануы, 0,2…0,6.

          Болжай есеп жүргізу үшін өте қарапайым үлестін қуат тәсілін қолданады.

          Бір мына қуаты  Рл формуламен

Рл=

Ру үлестік қуат, Вт/м,2  Sn -маңайдың алаңы, м,2 n-лампа саны.    

          Тіркеу қондырғысы дұрыс күйінде болуы қажет, трактор тіркемесіндегі тесік және АШМ-ғы тіркеу қондырғысы ойыс болмауы керек. Саусақ үлгісін жағдайда болуы керек.

          Кәсіптік мектептерде шаруашылықтың МТП-ін пайдаланғанда табиғатты қорғау машиналарын жоспарлағанда ұсынылатын мәселелер.

  • Құрылғылар мен машинаны даяр күйінде ұстау;
  • Ауылшаруашылық техникасыныңдұрыс қолдануын қадағалау, әсіресе топырақ эрозиясына қарсы күресу құрал және қосымша жабдықтарға ерекше көңіл бөлу.
  • Шаруашылық жағдайының табиғи жайына сәйкес құрал-саймандардың конструкторлық жүйесін жақсартуда жұмыс жүргізу, оның сенімділігін, ыңғайлылығын және қауіпсіздігін жақсартып жетілдіру.
  • Мұнай өнімін пайдалануды бақылау, топырақтық, судың, өсімдіктің ластануын болдырмау;
  • Пайдаланылған мұнай өнімдерін жинау, сақтау және заласыздандыру.
  • Өндіріс қалдықтарының топырақтың және судың ластануын азайту жағдайында бригадалар жұмысына бақылау жүргізу
  • Келтірілген зиянды және құрамын меңгере отырып, техниканы пайдалануда табиғатқа тигізілген зардапты анықтау тәсілін игеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

  1. В.А.Родичев, Г.И.Родичева «Тракторлар  мен автомобильдер»  (Оқулық)   Алматы «Мектеп» 1987  186-203беттер
  2. Б.Алиев «Тракторлар мен автомобильдер» (теориясы) Оқу құралы.  Алматы, «Наз-9» ЖШС, 2005ж . 7бет
  3. Қоныспай Қ. «Агроинженерлік орысша-қазақша сөз қоры» Алматы  Агро-университет баспасы, 1997.141бет.
  4. Қоныспай Қ, Қозыбай А «Ауылшарушылығында машина пайдаланудың анықтамалық деректері» (оқу құралы) Алматы: Қаз Мем Агру 1996.160.бет.
  5. Мухин А.А «Машина трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы» (Оқу құралы) Алматы Қайнар 1988.320.бет.
  6. «Селькохозяйственная техника» Каталог 1 и 2т Москва 1982 ж.
  7. Б.Алиев «Тракторлар мен автомобильдер» (практикасы) Оқу құралы.  Алматы, «Наз-9» ЖШС, 2005ж .
  8. Иофинов С. А. Бабенко Э. П. Зуев Ю. А. «Справочник по эксплуатаций машино-тракторного парка» — Москва Агропромиздат 1985.
  9. Тұрғанбаев С. Г. «Дихан серігі» — Алматы: Қайнар 1989.304.бет.
  10. Фортуна В.И. Миронюк С.К. «Технология механизированных селькохозяйственных работ» — Москва Агропроиздат 1986.304.бет.
  11. Фортуна В.И. «Эксплуатация машино-тракторного парка» — Москва 1979ж.
  12. Қ. Қоныспай, А. Қозыбай «Ауыл шаруашылығында машина агрегаттардың теориялық негізі» (оқулық) — Алматы, 2000.196. бет.
  13. Журнал «Техника в селькохозяйстве» №12, 1987. 17. бет.
  14. Васильевская А. К, Маркелова В. А. «Проблемы оптимизации процесса теоритического обучение в СПТУ» — Москва, Высшая школа, 1980ж.
  15. Гришина Л. Н, Левина Г. Г. К методике отбора содержания обучение по техническим причинам. Содержание и методика психолого-педагогической подготовки инженеров педагогов. Средловск; 1990ж. 111-119. бет.
  16. Зотов Ю. Б. «Оргонизация современного урока» Москва, Просвешение 1984.142. бет.
  17. Махмутов М. И, Шакирзанов А. З. Учебный процесс с использованием межпредметных связей  в СПТУ. Москва, Высшая школа 1985ж.
  18. Скакун В. А. М. Высшая школа, 1987ж.

 

 

 

 

 

 

  1. Силайчев П. А. Основы диагностически инженеров-педагогов.
  2. Свердловск 1990, 102-111. бет.
  3. К.Өстеміров, Н.Шәметов, И.Васильев, «Кәсіптік педагогика» ,
  4. (Оқулық) Алматы, 2006ж, 27-43 беттер.
  5. К.Өстеміров, «Тракторлар мен автомобильдер пәнінен оқыту әдістемесі »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал агробизнес колледжінің жағдайына талдау жасалып, оқу базасы, кәсіптік мектептің педагогикалық ұжымының сандық-сапалық сипаттамалары берілді.

Кәсіптік мектептің оқу процессін ұйымдастыру жұмыстарына сараптама беріліп, оқу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында төмендегідей оқу-әдістемелік құжаттар жасалынып, ұсынылды:

— күнтізбелік – сеткалық кесте;

— құрылымдық — логикалық  талқылау;

— перспективалы – тақырыптық жоспар;

— сабақ жоспары;

— пән аралық байланыс әдістемесі;

— оқушылардың жұмыс орындарындағы алмасу кестесі;

— технологиялық нұсқау картасы;

  1. Дипломдық жұмыстық конструкциялық тарауында гдрошығарғыштың құрылысы және жұмыс істеу принципі конструкциясына өзгеріс енгізіліп жасалған.
  2. IV – тарауда ауыл шаруашылық өндірісінде тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарының жұмыс істеу кезіндегі еңбек қорғау, өртке қарсы шаралары белгіленіп, тәртіп сақтау ережелері көрсетілген.