әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттау факультеті
Әлеуметтану кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Қазақстандағы оралмандардың әлеуметтік жағдайы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………………….3-6
- Тарау Шетел қазақтары тарихи отанына оралудағы теориялық аспектілері
1.1 Қазақ иммиграциясына қатысты мемлекеттік саясат…………………….7-15
1.2 Оралмандарды қоныстандырудың ұлттық ерекшеліктері мен бағыттары……………………………………………………………………………………….16-28
- Тарау Оралмандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу және интеграциялау
2.1 Оралмандарды бейімдеу орталықтары мен ортаның негізгі рөлдері ……………………………………………………………………………………………………….29-41
2.2 Оралман жастарға білім беру және ортаға бейімдеу мәселесі……..41-48
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………………..49-50
СІЛТЕМЕЛЕР………………………………………………………………………………………………51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………….52-53
КІРІСПЕ
Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» атауда берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриат» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының 30-35 пайызы өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүруде. Қазіргі таңда әлемдегі қазақтардың 7-8 пайызы тарихи Отанына оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен шығудың амалы тек оралмандар арқылы шешіліп жатыр.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа жолдауында – « Біз оралмандарды арнаулы орталықтарда алдын ала дайындау , қоғамызға бейімдеу мен кіріктіру үшін жағдай туғызуға көбірек зер салуымыз керек. Басқа елдер сияқты кәсіпке баулап, тіл үйретсек, олар жаңа жағдайға тезірек бейімделетін болады» халыққа нұсқау беруі оралмандардың мәселесін түбегейлі шешуге бет бұратын уақыттың келгенін және бұл мәселенің өзекті болып отырғанын білдірсе керек.
Оралмандарды елге көшірудің ең басты мақсаты халқымыздың демографиялық жағдайын жақсарту және депопулизациядан құтылу болып отыр. Алайда елге оралған қазақтарды әлеуметтік жағдайының, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің көңілі толмайтыны белгілі, олардың күнкөрістері және баспана, жер, азаматтық алу, оқу, жерсініп кетуі т.б. проблемаларын жетерлік.
Әлемде 13 млн-дай қазақ болса, соның 8млн жарымы Қазақстанда тұрады. Сонда әрбір үшінші қазақ өз елінен тыс жерде өмір сүруде. Ирреденттер (қазақтар) бірқатары өзінің ата-бабасының тарихи жерінде отыр, бірақ шекара сызығын бөліскен кезде басқа мемлекеттің азаматы болып шыға келді. Кейбірі қазақ тарихиндағы қасірітінің қиыншылығынан, саяси қудалаудан еріксіз отандарын тастап кетуге мәжбүр болғандар. Осындай күрделі қиын заманда басынан өтікізген босқындардың ұрпақтары елдің тәуелсіздігінің сыйы ретінде ұрпақтары отанға оралуда.
Қазақтар дүниежүзінің 40-тан астам елінде, басым көпшілігі Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде тұрады. 2005 жылы 25 қыркүйекте Астанада болған дүниежүзілік қазақтардың құрылтайында шет елдегі қазақтардың саны туралы деректер келтірді: «Өзбекстанда 967200, Қытайда 1258500, Ресейде 687800, Түркіменстанда 87000, Монғолияда 83000, Қырғызстанда 42000, Түркия 20000, Ауғанстанда 28000, Украина 10500, Тәжікстанда 10000, Әжірбайжанда 4000, Иранда 3450, Грузияда 3000, Латвияда 1000, Литва 800, Германия 700, Эстония 700, Жапонияда 40, Бельгияда 28, Францияда 172 отбасы, АҚШ 23 отбасы,»
Осы ұлттық көші-қон мәселесі күні бүгінге дейін еліміздің өзекті проблемасының бірі болып келеді. 90 жылдары ұлттық саяси демографиясы оралмандармен шешеміздеп мемлекетіміз әлеуметтік мәселеге тап болды.
Он алты жыл уақыттың өзі көші-қон барысындағы жетістіктерімен, бастан кешірген қиындықтарға және жіберген олқылықтарға толы кезең болып отыр. Көші-қон саясаты мен көші-қон тәжірибесі елімізде жинақталмағандығы көші-қон мәселесін күрделендіріп жатыр. Қазіргі таңда әлемде тұратын қазақтардың 7-8%-ы ғана көшіп келді. Онда бұл көштің басы болса, ендігі көш бағыт қалай жүретінгігін анықтау мәселесі күн тәртібінде тұр.
Мемлекеттік көші-қон саясатын немқұрайлы жүргізілген салдарынан бүгінгі күні үлкен мәселеге айналып отыр. Қайталанған көші-қон үрдісі (немесе басқа облысқа, ауданға көшу) оралмандар арасында жиі кездесетін жағдай. Зерттеулерге сүйенсек, оралмандардың 24%-і тұрған жерлерін ең азы 3 рет көбі 10 рет өзгерткен. Қайталанған көші-қон үрдісі әсіресе ауылдық жерде қоныстанған оралмандар арасында жиі кездеді. Оралмандарды нақты бір жерге қоныстандыру қоныстарын қайта – қайта өзгертуге жол бермеу.
Сонымен қатар ескі жүйенің сан жылдар қалыптасқан бұғауынан шығу, экономикадағы өтпелі кезеңнің құлдырау мен дағдарыстан шығып, келесі бір даму сатыға көтерілуде. Шеттегі қазақ диаспораларының мәдени және әлеуметтік даму деңгейі біршама басқашалау. Қоныстандырудың мәдени-әлеуметтік тәсілін еске ала отырып, мемлекеттік стратегиялық жоспарды мақсат етіп еліміздегі маңызды елді-мекендерге қоныстандыруды қазіргі күні талап етіп отырған мәселенің бірі. Осы проблеманы шешу жолы тек мемлекеттің қатысуымен ғана шешімін таппақ.
«Халықтық көші-қон туралы» Заңын , ұлттық көші-қон саласына негіздеп саяси әлеуметтік көші-қон бағыттарынының функиясын нақтылап жетілдіруді мәселесі сұранысқа ие болып тұр.
Миргациялық процестерді тиімді түрде реттеуді, ел ішінде басқаруды, дұрыс қоныстандыруды талап етеді. Онсыз Қазақстанның толық дәрежедегі мемлекет болып қалыптасуына кесерін тигізері анық. Сондықтан да бұл бағытта бізге тек миграциялық заңмен реттеу функциясын жасау маңызды.
Зерттеу пәні: Тарихи отанына оралған қазақтардың бүгінгі және ертеңгі жағдайлары қандай болу керек. Оларды ортаға қалай сіңдіру мәселесіде ойландырмай қоймайды. «Оралман» деген атауды ұрпақтан ұрпаққа жалғастырмау. Қоғамдық психологияны дұрыс бағытқа бұру.
Қазақтың жерінде қазақтың демографиялық үлесінің азшылығы, осы мәселені оралмандармен толтыру. Және бүгінгі, ертеңгі қазақтың мәселесін шешу жолдарын талдау.
Зерттеу обьектісі: Оралмандардың әлеуметтік мәселесі болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- Қазақ диасорасының әлеуметтік ортасын зерттеу;
- Еліміздегі жүргізіліп жатқан репатиациялау үрдісін зерделеп, зерттеу;
- Оралмандар елімізге келгенде тап болатын әлеуметтік мәселелері анықтау және әлеуметтанушылық шешу методикасын көрсету;
- Көші-қон саясатын талдау жасап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну;
- Оралмандардың қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен әлеуметтік топ екенін анықтау;
- Көші-қон саласындағы корропцияға жол бермеу және жою.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- Оралмандар туралы толық ақпараттар жинау, оның ішінде БАҚ-нан, ҚР заңдары мен заңдық актілерін, оралмандар мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың еңбектерін қарау;
- Көші-қон саясатының бағытын қарастыру;
- Жиналған мәліметтер нәтижесінде оралмандардың қазіргі жағдайына баға беру, проблемаларын ашып көрсету;
- Оралмандарды әлеуметтанушы ретінде сараптау;
- Мемлекеттің оралмандарға арналған әлеуметтік саясатына, істелген жұмыстарын сараптау, кемшіліктерін анықтау;
- Қазақстандағы репатриация үрдісінің болашағына бағдар беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазіргі кезде оралмандар мәселесін нақты баға беріп, және репатриация процесінің жүруін зерттеу әлі тиісті деңгейде қолға алынбай отыр, дегенмен аталған тақырыпта бірқатар ғалымдардың зерттеулері мен жұмыстары бар. Мәселен, ғалым Мақаш Тәтімовтың «Дербестігіміз демография» атты еңбегі оралмандар туралы жақсы тәппіштеп жазған. Философия және саясаттану институтының ғалымдары ұсынған «Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі» атты шығармада өте керемет зерделеп, шетелдегі қазақтардың болағашы және оларды қалай сақтау туралы концепциялар қадап айтылған. Мейіржанов С.Т. «Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат» деген туындысында, еліміздегі көші-қон процестеріне көп тоқталған. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы ұсынған «Әлемдегі қазақтар Астанада бас қосты» бұл кітапта екі жақты қарастырылған. Шетелдегі қазақтар мен оралмандардың әлеуметтік мәселесін шешу жолдарын министрліктермен бірге талдайды. Зардыхан Қинаятұлының «Оралмандар олардың азаматтық құқығын қамтамасыз етудің бүгінгі жай-күйі» туралы мақаласына шолу жасалды. Сонымен қатар еліміздегі барлық аймақтарда тұратын оралмандар арасына жүргізілген әлеуметтік зерттеулерде ескерілді. Мәселен «Оралмандар: қазіргі жағдайы, проблемалар және перспекивалары», атты зерттеу жасаған Әлеуметтік зеттеу орталықының да жұмыстары қаралды. Сонымен қоса еліміздегі мерзімді басылымдардағы көші-қон және оралмандар мәселесі туралы мақаларға шолу жасалды. ҚР-ң заңдары, Президент Жарлықтары, Үкімет Қауылдары, «Халықтық көші-қон туралы» Заң пайдаланды. Және оралмандарға қатысты нормативтік-құқықтарға да шолу жасалды.
Бітіру жұмысынан күтілетін нәтиже:
- Оралмандардың нақты мәселелерін анықтау;
- Зерттеу әдістерін көрсету;
- Мемлекеттің көші-қон саласындағы кемшіліктерді анықтау;
- Болашақ көші-қон мәселесін зерделеп, шешу жолдарына бағыт беру;
- Отанға келген қазақтарға моральды жағынан көмек беру;
- Құқықтық, психологиялық қолдау жасау және ҚР-ң толыққанды азаматы ретінде қалыптастыру.
Осы мәселелерге байланысты оралмандарға мемлекет тарапынан жасап жатқан әлеуметтік көмектер бар. Бірақ та сол көмектері күрделі процестерге толы және кемшіліктер жетерлік. Осы кемшіліктерге жол бермеу және оны жою мақсатында пайдаланғанымыз дұрыс деп санаймын.
- Шетел қазақтарын сыртқы саяси мақсатқа қолдану;
- Азаматтық алудағы көп құжаттардың санын азайту;
- Тұрақты тіркеуді талап етпеу;
- Баспанамен қамтамас ету;
- Үй салуға жер тілімдерін беру;
- Шағын кәсіпкерлікті қолдау;
- Несие беру;
- Оралмандарға бөлінген 2 пайыз грантты 10 пайызға көтеру ;
- Бейімдеу орталықтарында ағарту саласында ілім беру;
- Осы сияқты т.б проблемаларды жоспарлы түрде шешуді қажет етеді.
Бітіру жұмысының жаңалығы: Қазақстандағы қазақ көші-қон саяси процесін ғылыми деңгейде тәппіштеп, репатриаттарды әлеуметтанушы тұрғысынан анықталды. Оралып келген қазақтарға әлеуметтік-мәдени баға беріп, оның шешу жолдары көрсетілді.
Назарға ұсынылып отырған бітіру жұмысы оралмандармен әлеуметтік зерттеу жүргізу жөнінде арналып жазылды. Жұмыс кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Сілтеме мен пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген. Жұмыс жалпы 5 беттен тұрады.
I.ТАРАУ ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ТАРИХИ ОТАНЫНА ҚАЙТА ОРАЛТУ МӘСЕЛЕСНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қазақ иммиграциясына қатысты мемлекеттік саясат
Еуразия кіндігінде орналасқан, географиялық кеңістігі кең Қазақстан ғасырлар бойы көшпенділік өмір салтының бағзы заманнан бастап қалыптасқан көші-қон және демографиялық процестерде болған. Қазіргі таңдағы әлемдік көші-қон мәселесіне Қазақстанда тыс қалған жоқ. Сонымен қатар ұлтттық көші-қон саласында әлемдегі төрт мемлекеттің , яғни Германия, Ресей, Израиль және Қазақстан репатриаттарын тарихи отанына көшіруді қолға алуда. Мындай көші-қон саясаты біраз мемлекеттер басынан өткізді. Мысалы айта кетсек 1947 жылы Израил тәуелсіздік алғаннан соң дүние жүзіне шашырап кеткен еврей ұлтын репатриациялау саясатын жүргізді. Ең алдымен Көші-қон министрлігін ашты. Сол саясаттың нәтижесінде 30 жылда 2 миллион еврейді отанына көшіріп алды. Негізгі көшіріп алу саясаты мұсылман әлемінен қорғанудың бір амалы және ұлттық демографиялық үрдісті көбейту. Қазіргі таңда Израильде 4 миллиондай еврей тұрса, дүние жүзінде 10 миллиондай еврей ұлты тұрады. Шетелде тұратын еврейлер сол мемлекеттің экономикасы мен ақпарат құралдарына үстемдік етеді. Сонымен қатар 1960 жылдары Францияның отары болған Африка мемлекеттері бірінің соңынан бірі өз тәуелсіздіктерін жариялай бастады. Осы тұста Франция Президенті Де Голль мырза Көші-қон министрлігін ашып, отарлау мақсатында барған француздарды еліне көшіре бастады. Бұл көші-қон саясаты 2 жылда жүзеге асып, 2 миллионға жуық мигранттар көшірілді. Сөйтіп Көші-қон министрлігі миссиясын сәтті аяқтап жабылды.
Жалпы қазақ көшінің эмиграциялық және иммиграциялық себебін тоқтала кетсек.
Әлемнің көптеген мемлекеттерінің саяси-тарихи басынан өткен стратегиялық мәдени, экономикалық, урбанизациялық, ұлттық көші-қон саясаты болған. Көші-қон мәселесі тек XXI-ғасырда пайда болған үрдіс емес, ежелден келе жатқан процесс. Еуропа, Еуразия сонымен қатар Қазақтың ұлы даласында сан ғасырлар бойы көшпенділік өмір салты болғанын біліміз.
Қазақ диаспорасының қалай қалыптасқанын әлеуметтік–тарихи кезеңдермен бөліп қарастыруға болады.
1.Абылай хан заманындағы аумалы-төкпелі кезеңдегі жоңғар шақпын- шылығы, яғни 1723 жыл «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұламасы». Демогроф М.Тәтіновтың зерттеуі бойынша жоңғар шапқыншылығында 1 млн 100 мың қазақ азаматтарының саны азайғанын айтады.
- 1750 жыл қазіргі Қытай Алтайына Жәнібек Бердіқұлұлы бастаған керей руының көші, Абылай хан заманында саяси билікке келіспеушіліктің әсерінен туындады. Бұхар жыраудың «керей қайда барасың » деген өлең шумақтары дәлел болады.
- 1864 жылы Қытай және Ресей мемлекеттер арасындағы «Шәуешек» халықаралық шекара бөлісу келісімі жасалды. Міне осының әсерінен қазақ ирреденттері мен қазақ диаспорасы пайда болды. Екі үлкен державалардың өз мүдделері үшін жасалған келісім мүлде жергілікті ұлтпен санаспады. Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс және Шығыс өңірлері Қытай патшалығының еншісіне берілді.
- 1916-19921 жылдар аралығындағы соғыс зардаптары.
- 1928-1932 жылдардағы қолдан жасалған саяси тәркілеу мен ашаршылық кезінде миллиондаған қазақтар бас сауғалап шет мемлекеттерге кетуге мәжбүр болды. Тіпті орны толмас қайғыға ұшыраған миллиондаған адам тағдыры опассыз жүргізілген саясаттың құрбаны болды. Ауқатты қазақтардың малын тәркілеу себебіде қазақ эмиграциясына сөзсіз әсерін тигізді.
6.1937-19938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін заманы. Қазақ зиялылары мен діндар азаматтарды кеңес саясаты басты нысанаға алғанын білеміз. Мұстафа Шоқай, Халифа Алтай бастатқан саясаткерлер сол кездегі саяси ықпалдардың әсерінген атажұртын тастап кетуге мәжбүр болды. Кейбір статистикалық деректерге сүйенсек, халқымыз 1645-1945 жылдар аралығында 5 млн. 50 мың адамнан айырылған екен. 1897 жылы жалпыхалықтық санақтың мәліметтері бойынша, республикамыздың қазіргі шекара аумағында қазақтардың үлесі 81% болса, 1962 жылы бұл көрсеткіш ең төменгі-нүкте 29 пайызға түскен [1].
1991 жылы тәуелсіздік алған кезде 36-40 пайызды құраса, 2005 жылы қазақтардың үлесі 57 пайызға өсті. Яғни елімізден көшіп кеткендер мен көшіп келгендердің есептей отыра анықталды.
Осындай әлеуметтік саяси-тарихи құбылыстардың әсеріне қазақ ұлтының екіге жарылып отыр. Яғни жергілікті қазақтар (Қазақстандағы) және қазақ диаспорасы (шетелдегі қазақтар). Диаспораса грек сөзі, шашыранды өсу деген мағананы білдіреді[2]. Осылайша басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз атамекеніне қайтып оралғандарын репатриаттар дейді. Ал қазақ ирреденттері мемлекетаралық шекаралар бөліскен кезде басқа мемлекеттің аумағында қалып қалған азаматтар. Олардың атақонысы баяғыдан бері тұрып келе жатқан мекені. Мәселен, РФ-ғы Орынбор,Омбы, ҚХР-ғы Алтай, Тарбағатай т.б.
Қазақстанмен жапсарлас болса да, тыс жерде саны қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай жерлерде тарыдай шашырап кеткен барша қазақ диаспорасының 1998 жылы жалпы саны 5 млн. жарым мың деп есептеледі. Олар барша саны 13 миллионнан асқан қазақ халқының 35 пайызын құрайды. Қазақтың тыстағы осыншама мол шашырандысын салыстыратын болсақ, туысқан қырғыз халқынан біршама көп, ал түркімендермен бірдей, башқұрттардан үш еседей артық.
Ал Қазақстандағы көші-қон саяси процестері қандай және қалай болып жатыр деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Жалпы көші-қон иммиграция саясатын тарихи-әлеуметтік екі этапқа бөліп қарауға болады.
Бірінші 1954-1962 жылдар арасындағы Қытай Халық Республикасындағы Шинжан-Ұйғыр автономиясындағы ирреденттер мен қазақ диаспорасының үдіре көшуі. Бұл көш қазақ иммиграциясының басы болды. Сондағы қиын-қыстау, жоқшылық заманда қалай оларды қарсы алды. Қытайдан көшіп келген қазақтар мен қоса ұйғыр ұлты да көшіп келді. Олардың нақты саны 130 мың. Ұлттық иммиграция саясатын жүзеге асуы, көшіру науқаны сол кездегі қазақ ұлтының демографиялық азшылықтан құтқаруға өзіндік үлес қосты. Әрине мұндай демографиялық ахуал өте күрделі тіпті үрей туғызатын жағдайға әкелді. Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық жағдайын словяндар, еуропалықтар, кәрістер т.б. ұлт өкілдері толтырды. Соғыс жылдары жер аударғандар және 1952-1954 жылдары аралығында тың игеруге келгендер 2 млн-нан астам келімсектер келіп жетті. Бұл дегенінің отарлау саясатының ұлттық келбетті өзгерту немесе ұлты эзотикаға ұшырату. Соның нәтижесін қазір көріп отырмыз. Тілімізден, дінімізден, салт-дәстүрімізден айырлып қалдық.
Қытайдан елімізге көшкен қазақ азаматтар Қазақстанның әр түрлі территориясына орналастырды. Көбі Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облысына қоныстанды. Кеңес өкіметі оларға белгілі деңгейде жағдай жасады. Үш айдың ішінде көшпенділерге жеке құжаттарын рәсімдеп берді. Кеңес үкіметінің совхоз құру харакетіне таптырмайтын еңбек күші болды. Көшпенділерді көбі мал шаруашылығымен айналысты. Сол кезде де әлеуметтік проблемалар туындаған. Мәселен тұрғын үй, жұмыспен қамту, оқу мәселесі, құжат алу, т.б. Нақты айта кетсек Нарынқол, Шелек, Панфилов, Кеген және Ұйғыр ауданына қоныс тепкен ағайындар колхоздың өте нашар жөндеу көрмеген, едендері де жоқ адамдар тұруға келмейтін үйдерде паналады [3]. Қазақ ССР Министрлер кеңесі көшіп келушілерге жеңілдік жасау үшін үкімдер мен қауылдар шығарды. Осындай көші-қон саясатын ең төменгі жергілікті басқару органдары жүзеге асырды. Негізінде совхоз, колхоз директорлары қоныс аударушыларғы жалпы әлеуметтік жағдай жасауда олардың еңбектері шексіз болғанын ескерген жөн. Бұл проблеманың шығуы жоспарсыз көші-қон саясатын жүзеге асыруы. Үш күнде 100 мыңдай азаматты орналастыру қандай қиын екені түсінікті. Осындай қиындыққа қарамай әлеуемттік мәселені шешуге тырысты. Тіпті жоғалтып алған құжаттарын жасап берудің заңдарын қарастырды. Бұл процесс жылдам және тиянақты кең ауқымды жүрді. Азаматтарды құжаттандыру үрдісі үш айда миссиясын аяқтады. Жұмыстың жылдам бітуі кеңес бюрократиясының зор әсері болды. Ең басты Дінмұхаммед Қонаевтың елеулі еңбектерінің бірі деп атап айтқан жөн.
Қазіргі таңда сол көпшенділердің жалпы жан саны 1млн-дай. Міне, отарлық саясаттың этникалық азып немесе жұтылып кетпеуіне бірден–бір әсер еткен қазақ миграттары болды. Қазір олардың ұрпақтары Қазақстан Республикасының жоғарғы лауазымды қызметтерінде қызмет етуде. Мәселен Қазақстан халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, Қазіргі Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Сұлтан Жанболатов жазушы, белгілі ақындар Марфуға Айтқожина, Оразақын Асқар т.б. көптеген интеллектуалдардың келгенін еліміздің интеллектуалды дамуына шексіз үлестерін қосты. Қоғамдағы саяси және әлеуметтік индустрияларды реформалау кезінде мәселен совхоз, колхоз, зауыттар құруда айтарлықтай дамытуға атсалысты. Міне, ұлттық миграцияның қазақ қоғамына тілдік, діндік, мәдени салт-дәстүрімізді өзімен бірге ала келді. Бұл да қазақ елінің өз келбетін сақтап қалуға айтарлықтай әсері болды. Кейбір зерттеушілердің мәліметіне жүгінсек, келген қазақ мигранттар Қазақстандағы қазақ тілін сақтап қалуға бірден-бір қазақ тілді ресурстар күші болды.
1954-1962 ж.ж аралығында мигранттардың тез ортаға сіңіп кеткені кеңес қоғамының жан-жақты реформалардың жүргізіліп жатқанына тап келді. Ол кездерде халықтың өмір сүру психологиясы біршама өзгерістерге ұшырауға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси құбылмалы өзгерістерге қоғамның нақты мүшесі болып, Қытайдан қоныс аударған ағайындар етене сіңісе алды. Бұл қазақ көші-қон иммиграция саясатының жемісі. Біздің тарихымыз, өмір сүру салтымыз, жалпы көшпенділік процестер болған. Тарихи-әлеуметтік көші-қон мәселесіннің факторы ретінде талдау маңызды.
Екінші шетел қазақтары тарихи отанына оралу немесе қоныстану үрдісі Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктен бұрын басталып кетті. Сонымен көштің басталуына Алматы обылысы, Керібұлақ ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары В.М.Колупаев және ауыл шаруашылық бірлестігінің төрағасы Нұрбай Жантілеуовпен жасалған алғашқы еңбек келісім-шарты 1990 жылы желтоқсанның 27-сі күні Сарыөзекте дүниеге келді. Содан 1991 наурыздың 17 күні Монғолиядан «Еңбек келісім-шарты» бойынша ұлы көш тарихи отаны ҚР-ның Талдықорған облысына 72 ағайын көшіп келді. Осы көштен кейін Қазақ еліне алыс және жақын мемлекеттен де көшіп келе бастады. Бұл көштің басталуына Монғолия Республикасының экономикалық-әлеуметтік дағдарыс пен тоқырауыға ұшырауы да себеп болды [4]. Сонымен қатар мұндай факторлардың әсері болды; жекешелендіру, жұмыссыздық, қазақ жастарының қазақша ЖОО–нда білім алудың қазақ тілінде кеңістігінің тарылуы. Жалпы көшті басқарушылар МР-ның Еңбек министрлігінде қызмет атқарған Жапарұлы Зуқа, Заханқызы Сағат, Тұрыспен Аятхан сияқты ағайындар еді.
Бұл көш еңбек келісім-шартымен басталып, одан кейін мемлекеттен үлкен қолдау тапты. 1991 жылы қарашаның 18 күні «Басқа республикалардан және шет елдерден Қазақстанның ауылды жерлерінде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ КСР-інде қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» мен «Азаматтарды құжаттандыру туралы» Қазақ КСР Министрлер кабинетінде 711 қаулысы қабылданды. Бұл қаулы сырт елдерден тарихи отанына қайта оралғысы келетін қандастарымыз үшін өте бағалы құжат болды.
Кешікпей, ҚР-ның Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» атты хатты жариялады. Бұл хатта шеттелде тұратын бауырларымызды тарихи отандарыңа қайтыңдар деген ұран тастайды. Қазақ басшысының ұранынан кейін елге көшушілер лег-легімен ағыла бастады. Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, жалпы шет елдердегі этникалық қазақтарды атажұртына көшіріп алу саясатын жүзеге асыруға кірісті. Елбасы саясатын қолдау мақсатында Қазақстанның өнер жұлдыздары әлемде қазақтар тұратын мемлекеттерге гострольдік сапарлар жасап, Елбасының және мемлекеттік саясатты жүргізу миссиясын жақсы атқарды. Өнер жұлдыздары әлемде тұратын қазақтарды тарихи отанға қайтуға ұйғарды. Бұл миссия өте сәтті аяқталды.
Экономикалық және тарихи тұрғыдан этникалық қазақтардың тарихи отанына көшіп келуі мемлекеттің ұлттық ерекшелігін сақтап қалуға және ішкі тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.
Қазақстанның этникалық иммиграциялық саясатын айқындауда 90-жылдары орын алған экономикалық және әлеуметтік өзгерістер, сондай-ақ, эмиграцияның шарықтауы шешуші рөл атқарды. Өткен уақытта орын алған әр түрлі репрессиялар мен қуғындардың салдарынан болған әділетсіздікті жою үшін қабылданған этникалық иммиграциялық саясат халықтың орнын толтыру жұмыстарын жүргізуде де маңызды орын алады. Осы тұрғыда қазақтардың этникалық иммиграциясын дамыту ұлттық көзқарасты дамыту үрдісімен, ұлттық ерекшелік пен мәдениетті сақтап қалуда және мемлекеттің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
Ұлттық иммиграция саясатын жүзеге асыру үшін нақты заңдардың қажеттілігі керек болды. Сөйтіп, 1992 жылы 26 мамыр айында «Көші-қон туралы» заң қабылданды. Осы заңның 1 бабына сәйкес, этникалық қазақтарға тарихи отанына көшіп келуге құқық берілді. Заң жүзінде оралмандарға иммиграциялық квота бекітіліп, этникалық иммиграция бойынша жұмыс істейтін Еңбек министрлігінің жанынан Көші-қон басқармасы құрылып елге келген оралман ісімен арнайы айналысты. 1992 жылы 23 қыркүйекте Министрлер кабинеті «Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасында болған кезіндегі әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» № 791 қаулысы қабылданды. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 1996 жылы қабылдаған «Шетелдегі ағайындарға қолдау көрсету туралы» мемлекеттік бағдарлама жасалды. Әрине бұндай құжаттар халықаралық ұлттардың құқықғы болып табылады. Мәселен, бізден бұрын жоспарлы стратегиялық бағдарламаларды қабылдап оны іске асыруда Ресей Федерациясы орыс диаспорасына қолдау көрсетуге мақсат қойып, шетелдерде тұратын орыс диаспорасын саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарын жүзеге асыруына, ұлттық ерекшеліктер сақтауға қолдау көрсету болып табылатын «РФ-ның шетелдеге отандастарына қатысты мемлекеттік саясат туралы» бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Ал біздің билік өкілдері болса, көрші мемлекеттің бағдарламасының көшірмесін елімізге жасауда.
Тағы бір маңызды құжат 1997 жылы қабылданған «2000 жылға дейінгі көші-қон саясатының негізгі бағыттары туралы» деген пәрменді құжаттар қолданысқа енгізіліп, оралмандардың құқықтық мүмкіншілігін кеңейтіп берді. Елбасы айтқандай «көші-қон ісі шынында да біздің еліміз үшін ең басты проблемаға айналғаны шындық», Қазақ Елі газетіне берген сұхбатында.
Көші-қон саясатының маңызды құқықтары реттеу үшін 1997 жылы қайтадан «Халықтың көші-қоны туралы» заң қабылданды. Бұл заң «Оралман» ұғымына анықтама беріп, оралмандарға қатысты бірқатар мәселелердің басын ашып берді. Сондай-ақ осы заңның 29-ші бабында оралмандарға берілетін 14 түрлі жеңілдіктер, өтемақы мен басқа да атаулы көмек түрлері белгіленді. Демек, елімізде оралмандар проблемасы осындай заңды күші бар Үкімет қаулылары және Парламент қабылдаған, Президент қол қойған заңдар арқылы реттеліп келеді. Әрине, заманның жаңаруы қоғамның дамуына байланысты ««Халықтың көші-қоны туралы» Заң әлі де жетілдіре түсу, толықтыра беру қажет екендігі белгілі. Дегенмен Үкімет пен Парламенттің қазірге дейін қабылдаған қаулылары мен заңдары аясында оралмандарға, әсіресе оралман жастардың оқуына үлкен жеңілдіктер жасалып отырғандығын атап айтқанымыз жөн. 1997 жылы бұл өкілеттік мемлекеттік орган Еңбек министрлігінің жанынан Көші-қон және демография агенттігі құрылды. Агенттің басқарушы болып Алтыншаш Жағанова ханым жайғасты.
Квота бекіту жүйесін енгізу, оралмандардың көшіп келуін және олардың бейімделуін қадағалау Еңбек министрлігінің көші-қон департаментіне жүктелген болатын; КҚЦА-ның бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан, ал оның 16 жергілікті басқарламалары 14 аймақтарда және Алматы мен Астана қаласында орналасып, тікелей Президентке бағынышты болды. 2004 жылы қарашада КҚДА Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы Көші-қон комитеті болып өзгертілді, бұл өз ретінде бақылау қызметінің Президент Әкімшілігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ауысуына себеп болды. Көші-қон мәселесі мемлекеттік маңызды мәселесінің бірі болса да, мемлекеттік мекеменің мәртебесін көтеру қажет етіп тұр. Мәселен Көші-қон комитетінің құзреті төмен болғандықтан да жұмыс істеу құқығыда тары болады. Сондықтан Көші-қон комитетін Көші-қон министрлігі қылып қайта құру керек. Міне, сонда еліміздегі миграциялық проблемалар шешуін табар еді.
Көші-қон комитетінен басқа оралмандармен әр деңгейде жұмыс істейтін мемлекеттік органдар бар. Оларды тіркеуде, квотаға енгізуде, азаматтық алуға арналған өкілеттіктер тек қана бір органға берілмеген, сондықтан да бұл қызметтерде бюрократияға орын берілген. Сонымен қоса үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) оралмандардың әлеуметтік құқықтық мәселесімен айналысады. 1997 жылы Асар оралмандардың бірлескен ұйымы құрылған, т.б.
Әр түрлі органдарда дайындалған құқықтық үрдістердің қиындығы және бұл жұмыстарды бір жерден үйлестіре алмау оралмандардың кейбір мәселесін шешуге негіз бола алмады. Ендігі өзекті мәселені шешу.
1991 жылдан басталған Қазақ көшінің дәуірін үш кезеңге бөліп қарауға болады.
Егемендікке қол жеткен тұстары өзге ұлт өкілдерінің басым көпшілігі атамекендеріне көшіп кетті. Ауыл шаруашылығына адам күші жетпеді. Қазақ көшінің басталуы – Моңғол жерінен 10 мың отбасын қазақ жеріне шақырып алудан басталды. Олардың басым көпшілігі жаңа ортаға бейімделіп кетті. Біразы жайы болмай, кері кетіп қалды.
Екінші кезең, менің пайымдауымша, 1993-1998 жылдар. Жасыратыны жоқ, ол жылдары жағдай өте қиын болды. Алдыңғы көшпен келгендер алдындағы қарыздардың соңы 1998 жыл, тіпті күні бүгінге дейін созылып келе жатыр.
Үшінші кезең, 1998 жылдан 2004 жылдың ақпанына дейін жалғасты. Сол аралықта атамекенге оралған қандастарымыз елге келу тенденциясы арта бастады.
Жалпы оралман деген кім? Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 1-бабына сәйкес оралман дегеніміз ұлты қазақ азаматтығы жоқ, Қазақстанда тұрақты мекендеуге келген шетелдіктер болып табылады [5]. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің миграциялық комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанның бірінші онжылдығында тарихи отанына оралғандар саны 60 мың қазақ отбасын құраған. 230 мыңнан астам басқа елдерден келген адамдар баспана алып, көлік шығындары мен жәрдемақы төлемдері төленді. Жергілікті атқару органдар, кәсіпорын жетекшілері мен ұйымдар айтарлықтай көмек көрсетті, көрсетіп жатыр. Оралмандар басқа иммиграция субъектілері сияқты Қазақстан респу-бликасы территориясына тұрған күннен бастап бес күн ішінде тіркелуі тиіс. Тіркеу жеке куәлігі арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжаттар қатары мен тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
Оралман мәртебесі не береді? Оралман мәртебесін алған тұлға Қазақстан Республикасында кең спекторлы жеңілдіктерді алады .
Ондай жеңілдік түрлері мыналар:
- Жұмысқа орналауға, біліктілікті арттыруға, жаңа мамандық алуға көмектесу;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруге жағдай жасау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қарулы күштер қатары қызметінен босату;
- Орта кәсіби және жоғары кәсіби білім ұйымдарына түсуге квота бөлу;
- Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерден орын қажет еткендерге орын алып беру;
- Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу;
- Бұқаралық саяси репрессия құрбандары үшін өтемақы алатындар қатарындағы азаматтардың хұқын жаңғырту;
- Қазақстан республикасын кіру үшін берілетін визаға консулдық жинақтан босату;
- Заңнамаға сәйкес кепілденге көлемдегі тегін медициналық көмек алу;
- Қазақстан республикасы азаматтарына қарастырылған мемлекеттік адрестік көмек көрсету;
- Кеден төлемдері мен салық төлемдерінсіз шекарадан өткізу;
- Тұрғылықты мекен-жайына тегін жету және мүлкін жеткізу (соныңішінде сиыр);
- Келген жерінен баспана алу мен бірреттік жәрдемақы төлеу үшін қаражат бөлу.
- Иммиграция квотасы бойынша келген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер; Иммиграциялық квота бойынша келген оралмандар квотаға жатпайтын оралмандардан ерекшелігі бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер мен төлемдер беріледі :
- Кеден төлемдері мен салықсыз шекарадан өту ;
- Тұрғылықты мекендеуге және мүлкін өткізуге кететін шығындарды өтеу ;
- Баспана алуға және бірреттік жәрдемақы төлеуге қаржы бөліну .
Сонымен қатар қосымша төлемдер республикалық бюджет есебінен бөлінеді Оралман міндеттемелері; Халықты миграциялау туралы заңның 15 бабында Қазақстан Республикасының консулдық немесе дипломатиялық өкілеттіктеріне оралман ретінде танылулары туралы жолдау хат жазушылар мынаған міндетті :
- Уақытша орналасу орталығына 3 күн ішінде барып қайтуға жолдама алу;
- Миграциялық жағдайдың территориялық қызметіне сәйкес тұрған жері туралы мәлімдеп, Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткендей ішкі істер органдарына тіркелуі керек;
- Уақытша орналасу орталығында тұрудың бекітілген тәртібін сақтау;
- Денсаулық сақтау органдарының талаптар бойынша медициналық тексеруден өту, егілу, сонымен бірге денсаулық сақтау органдарының жазғандарын орындау;
- Сәйкес миграциялық қызмет орындарына жолдама хатты қарау үшін мәлімет беру.
Жол-көлік шығындары үшін бірреттік жәрдемақы ҚР Үкіметінің 18.08.1999 ж №1194 «Оралмандарға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты мақсаттық пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысы оралмандарды жол-көлік шығындарына бірреттік жәрдемақы төленеді. Республикаға өз бетімен көшу және жүк тасу шығындары квота есебіне төмендегідей мөлшерде беріледі : әр оралманның жол жүру төлемі жол жүру билеттерін көрсеткен кезде тегін , бірақ онреттік жәрдемақы мөлшерінде , жеке мүлкін тасуда оралман отбасына бесреттік жәрдемақы есебінде төленеді. Мемлекеттік құзыреті мекемелерімен бірлесе отырып оралмандарға осындай жеңілдіктер жасалады. Көп жағдай да оралмандар өздерінің құқықтарын жеттік білмеуінен мемлекеттік жәрдем ақыларынан қағылып қалуда. Еліміздегі заңдар мен қауылдар жақсы сөзбен жазылады да бірақ оны жүзеге асыру шабан жүреді. Кейбір оралмандар осындай жеңілдіктерді алу үшін парақорлықтың әсеріне көбі ала алмай жүр. Бұл қаржы әлдекімдердің қалтасында жатқанын немесе айланымдарға салып жіберітін алаяқтардың амалына мемлекет қарсы тұра алмай жатыр. Айтулы бір кезең еліміз тәуелсіздік алған соң, әлемдегі қазақтар ғасыр аяғында тоғысқаны болды. Әлемдегі қазақтар бастарын біріктіріп, алқалы жиын өткізді. 1992 жылы күзде Алматыда дүние жүзі қазақтарының алғашқы I-ші құрылтайы өтті. Осы жиында дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы құрылып, оның төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Тікелей Елбасы қарауына алып, ұлттық миграцияны шешудің жолдарын қарастынды. Он жылдан кейін түркілердің рухани астанасы Түркістанда 2002жылы қазанның 23-24-і күндері дүниежүзі қазақтардың II-ші құрылтай болды. Құрылтайдағы Елбасы сөзі, «Құрметті бауырлар! Сіздерді дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Түркістан төрінде ұлы жиынның өтуі-халқымыздың тарихында ежелден жалғасын келе жатқан жақсы дәстүр. Әйтсе де биылғы бас қосудың бұрынғы жиындардан айырмашылығы бар. Сіздер тәуілсіздіктің он жыл өткен, әлемдік Қауымдастықтан өз орнын алып, әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына көтерілген Қазақ Еліне келіп отырсыздар. ҚР-ң өсіп-өркендеуі бәріміз үшін де ортақ қуаныш. Сіздердің қай жерде жүрсеңіздер де атамекенді қадір тұтандарыңызды, бабаларымыздан дарыған қазақы қадір-қасиетімізді, ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді, ана тілімізді көздеріңіздің қарашығындай аялап сақтайтындарыңызды біз жақсы білеміз. Атажұртқа келген игі сапарларыңыз сәтті болсын!» — деп айтты [6]. Ал, III-і дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 2005 жылы қыркүйектің 28-30 күндері Астана қаласында өтті. Құрылтайға әлемнің 32 елінде тұратын қазақ диаспорасының 300-дей өкілдері шақырылды. Сондай-ақ, бұл жиынға ҚР Президенті Н.Назарбаев,Қазақстан Парламентінің депудаттары, Республика Үкімет мүшелері, барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының делегаттары, зиялы қауым, түркі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Бұл құрылтайда қазақ болашақағын және оны сақтаудың ой елегіне өткізді. Жалпы құрылтайдың мақсаты әлем қазақтарын диолог жасай отырып, ұлттық миграцияны шешудің механизмдерін жасау, және шет елде тұрып жатқан диаспораларды мәдени-саяси қолдау болып табылады. Қазақ диаспорасын қолдау мақсатында шет елде тұратын қазақтар арасында кіші құрылтай өткізіліп келеді. 1997 жылы Түркияда дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайы өтті. Оған 11 елден 50-ге жуық өкілдер келіп қатысты. Сол елде қазақтардың мәдени орталығы ашылды. 1997 жылы Баян-Өлгейде қазақтардың кіші құрылтайы жалғасын тапты. 2004 жылы Ресей қазақтарының кіші құрылтайы Омбы қаласында болды. Бұл қалада да мәдени орталығы ашылды. Ташкентте де болды. Бұл кіші құрылтай Еуропа қазақтарының арасында да болда. Германияның Кельн қаласында, Швецияның Вестерос қаласында және соның нәтижесінде осы қалаларда қазақтардың мәдени орталықтары ашылды. Саяси және ақпараттық қолдау диаспораны халықаралық талап балып табылады. Елімізде шетелдегі қандастарымыз Қазақстандағы әр бір мәселені жібермейді. Ақпарат мәселесі шешімін тапқан. Қазір КазСат спутнигі арқылы, Caspionet спутник арнасы арқылы Еуропадағы қазақтар еліміздегі оқиғаларды біле алады. Сонымен қатар Хабар, Еларна, Қазақстан телеарнасы Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Ресейдегі қазақтар көре алады. Алтын Бесік, Қазақ Елі, Көш, т.б басылымдарды оқуға мүмкіншілігі бар. Интернет желістері qazaq.kz, kazaktar.kz т.б көптеген сайттар ашылған. Әрине әлемдегі қазақтарды ақпаратпен қамтамас етуді жаңа тәсілдерінде дамыту керек. Ақпараттық байланыстардың қазіргі заманда маңызы өте жоғары. Біз олардың ұлт болып сақталып қалуына міндеттіміз. Және шетелде тұратын қазақтарды мемлекетіміздің сыртқы саяси секторларына пайдалану керек. Сонымен қатар халықаралық бизнес саласында қолдау көрсете отырып өз мүддемізге айландыру. Оларға үлкен саяса қолдау жасау әлемдік тәжірибе болып табылады. Мәселен Ресей, Изриаль мемлекеттер сияқты бізде диаспорасы оңды және тиімді пайдаланудың механизмдерін жасау қажеттіліктен туып тұр.
1.2 Оралмандарды қоныстандырудың ұлттық ерекшеліктері мен бағыттары
Қазақстан әлемде жер көлемінен 9-шы орында 2,7 млн. шаршы шақырым территориясы бар. Халқы 15 млн-нан астым, 1 шаршы шақырымына 5,6 адамнан келеді. Бұндай үлкен кеңістікті игерусіз бос қалдыруға болмайды. Қазақ халқының кең байтақ даласына шетте жүрген бауырларымызды мақсат қойып көшіру маңызды.
Бұл тақырыпта оралмандар туралы нақты қай территорияда тұратынын және берілген нақты мәліметтер бойынша көрсеткіштер берілген, соның ішінде демографиялық ахуалы жайлы, қоныстандырудың географиялық ерекшеліктері және қайталанған көші-қон үрдістері мен ұсыныстар да талқыланған. Сонымен қатар статистикалық көрсеткіштер ресми деректерден және халықтан әлеуметтік сауалнама қою арқылы жауап- тар зерделенген. Демографиялық көрсеткіштер бойынша 2006 жылы қыркүйекте Қазақстанда тұратын жалпы оралмандардың саны 464426 адам болды, ал отбасы бойынша есептегенде 117 698-ні құрады. Жас ерекшеліктеріне арай талдау көрсеткендей оралмандардың шамамен 43% — і жастар, ал 52% -і жұмысқа қабілетті адамдар, ал 5%-і зейнеткерлер болып табылады. Оралмандардың жыныстық құрылымы Қазақстан халқының жын-ыстық құрылымына сай келеді, 48% ерлер және 52% әйелдер. Қазақстан халқының жалпы құрылымы 49% (ерлер), 51% (әйелдер). Көші-қон комитетінің мәліметтеріне қарағанда 163 376 адам (35%) некеге тұрған. Шамамен оралмандардың 76%-і 1992 жылы азаматтық алған. 21%-і азаматтық алуды күтіп отыр. Немесе белгілі кедергілердің әсерінен, яғни тұрақты тіркеудің болмауы, тағы бір себебі еліміздегі тоңмойынды бюрократтардың оралмандарға дұрыс жұмыс істемеу немесе азаматтық алуға өтініш беруге дайын, 3%-і азаматтық алғылары келмейді. Азаматтық алғылары келмейтіндер сауда-саттықпен айналысып жүрген азаматтар. Келесі бір тобы зейнеткерлер болып табылады. Олардың елімізде әлеуметтік статусының төмендігіне байланысты заң бойынша ең төменгі зейнетақы тағайындалған сол себептенде оралман зейнеткерлер азаматтық алудан бастартады. Қазақстандағы келіп жатқан иммигранттардың жалпы санында оралмандар 33% құрайса, 2005 жылы оралмандардың саны елге көшіп келген жалпы иммигранттардың 80% құрады. Яғни тарихи отандарына оралып жатқан ағайындарымыз жылдан-жылға көбеюде.
Оралмандардың көшіп келген елдері. Оралмандардың көшіп келген елдері Шығыс Азия мен Таяу Шығысқа дейін созылып жатқан Батыс Еуропаны қамтиды. 1991-2005 жылдар аралығында оралмандардың көшіп келген елдері Өзбекстан (285 409), Монғолия (71 507), Түркіменстан (41 787), Қытай (22 117), Ресей (18 632). Көшіп келген елдердің ішінде Иранды, Түркияны, Ауғанстанды, Пәкістанды, Қырғызстанды және Тәжікстанды да атауға болады; кейбір оралмандар ТМД елдерінен, Шығыс Еуропадан, Даниядан және Израильден көшіп келді. Соңғы 10 жыл көлемінде көшіп келгендер туралы ақпаратға қарағанда. Жыл сайын Өзбекстан мен Монғолиядан көшіп келіп жатқан оралмандар туралы ақпаратты байқауға болады. 2001 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға 24859 адам, 2002 жылы 87596 адамға дейін көшіп келді. 2004 жылы бұл көрсеткіш 46787 адам болса, 2005 жылы қыркүйекте тағы да күрт өсті (78 123-ге дейін). Олардың көшіп келу себебін сол кезде Премьер-министр Иманғали Тасмағанбетовтың тікелей ықпалы болғанын жасыруға болмайды. Сонымен қатар көштің әсері көшкен елдерінің экономикалық жағдайының тұрақсыздығы мен қатар қазақ ұлтының тұрған жерінде потенцаналдары әлсірей бастауы. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадағы қақтығыстар. Қазақ мектептері жабылуы, ұрпақ тағдырына алаңдаушылықтан т.б. себептер болды.
1.сурет Оралмандардың көшіп келген елдері
Оралмандар Қазақстанның барлық өңірлерінде тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысында оралмандардың басым бөлігі тұрады (122 131). Бұл шамамен Қазақстанда тұрып жатқан барлық оралмандардың 26%-н құрайды. Екінші орында оралмандар саны бойынша Маңғыстау облысын бөліп көрсетуге болады. Бұл жерде 61 737 барлық оралмандардың 13%-ті тұрады. Алматы және Жамбыл облыстарында 60 770 және 49 365 оралман тұрады. Ең аз оралмандар тұратын облыстарға Батыс Қазақстан, Атырау облысы мен Алматы, Астана қалалары жатады.
Мұндай қоныстандыру жағдайы әр түрлі факторлармен түсіндіріледі. Біріншіден, квота өңірлік бөлініске бағытталған, сондықтан да квота өмір сүру жерлерін шектейді. 90-жылдар квота көбінесе Солтүстік Қазақстанға бағытталған болатын. Бұл етек алған солтүстік және орталық аумақтардағы эмиграциялық ағымдардың халық санын төмендетуге әкеліп соққан залалдарын жабу мақсатында жүргізілген болатын. Миграциядағы өзгерістерге сай квота кейінгі жылдары оңтүстік облыстарға жылжи бастады, бұл оралмандардың ұсынысы мен талаптарына бойынша қоныстандыру үдерісіне (географиялық бағытына) сай келеді. Мысалы, 2005 жылы квотаға енгізілген оралмандардың 73% (15 000 отбасының 10 885-і) Өзбекстаннан көшіп келіп, Оңтүстік Қазақстанға қоныстанды. Квотаға енгізу өтінішін бергендер қай облыста тұрғысы келетіндігін көрсетеді. Таңдау өкілеттігі бар облыстық Көші-қон департементіне өтініш бойынша квота лимитіне негізделген нақты шешім қабылдайды. Белгілі бір облысқа өтпей қалған өтініш берген оралман басқа облысқа квотаға енгізілмейді. Егер оны сол облысқа квотаға енгізбесе, ол тіптен ешқандай квотаға енгізілмейді. Квотаға енгізілмегендер өтінішін тек қана келесі жылы қайта бере алады.
Оралмандарға квотаны анықтау. Оралмандардың иммиграциясының квотасы халық санының өзгеруіне, елдің экономикалық және қаржылық жағдайына байланысты әр жылға анықталады.
Квотаның көлемі ҚР Президентінің жарлығымен бекітіледі. 1993 жылы бірінші рет жылдық квота бекітілген болатын, осы квотаға сәйкес 10000 (шамамен 40000 адам) отбасының көшіп келуіне немесе репатриация жасауға мүмкіндік берді. 90-жылдары квотаның көлемі едәуір өзгерді, 1999-2000 жыл-дары 500 отбасына дейін төмендеді. 2002 жылы экономикалық жағдайдың жақсаруымен байланысты квота көлемі біршама көтерілді. «Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғ 27 желтоқтандағы №1508 Жарлығынан кейін квотасы көбейе түсті. 2005 жылы 15000 отбасына дейін жоғарылады. 2007-2010 жылға дейін әр жыл сайын 15 мың отбасын көшіру бағдарламасы жасалу үстінде.
- Кесте
Оралмандарға бөлінген квота (жылы, отбасы) |
|||||||||
1993 |
10000 |
1996 |
4000 |
1999 |
500 |
2002 |
2655 |
2005 |
15000 |
1994 |
7000 |
1997 |
2200 |
2000 |
500 |
2003 |
5000 |
|
|
1995 |
5000 |
1998 |
3000 |
2001 |
600 |
2004 |
10000 |
|
|
Квотаға енгізу өтініші шет елден келген соң немесе келмей тұрып беріледі. Елде тұрып жатқандардан өтініш Астана қаласындағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті арқылы немесе жергілікті департаменттер арқылы беріледі. Сонымен қатар, оралмандар отбасыларының квотаға енгізілу критерилері «Көші-қон туралы» Заңда , нормативтік-құқықтық актілерде нақтыланбаған. Осының салдарынан квотаға енгізілу барысында жемқорлыққа жол ашып, көші-қон қызметкерлер мен бірлесе отырып оралман делдалдар мың доллар көлемінде көшіп келген бір отбасынан квотасын бөліске салу жағдайлары анықталды. Мұндай қылмыстық мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі кездері жиі жазылуда нақты фактілерді де келтіруге болады. Оралмандарды мемлекет тарапынан қолдау. Оралмандарды құқықтық қолдау 1997 жылы шыққан «Халықтың көші-қоны туралы» заңға негізделген. Бұл заңда Қазақстанға көшіп келген барлық оралмандарға байланысты интеграциялық шаралар қарастырылған. «Халықтың көші-қоны туралы» заңнан басқа әр түрлі нормативтік-құқықтық актілер бар. Жыл сайын оралмандардың интеграциясына қаржы мемлекеттік бюджеттен және шетелдік ұйымдардың қаржылық акциялары арқылы квота бөлінеді. Халықаралық ұйымдар еліміздегі көші-қон мәселесін зерттеп, өздерінің қаржылық көмектерін берумен келеді. (БҰҰ-ы, ХКҰ-ы (Дүниежүзілік көші-қон ұйымы)). Мысалы, Германияның көші-қон саласындағы тәжірибесін алып қарайтын болсақ, 1947 жылдан бастап миграцияға арнайы мемлекеттік қор құрған. Осы қор 40-50 жыл ішінде көбейіп, 1990жылы неміс диаспоралары тарихи отанына көшіп барғанда қордағы қаржыны мигранттардың игілігіне жұмсаған. Біздің мемлекетімізде ондай қор енді ғана құрылды осы қаржыны ретімен пайдаланып керек. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы. 2005 жылы 8 млн тенге болса, мемлекеттік дотациялардың көлемі анағұрлым көбейіп отыр. Мысалы, 2002 жылы мемлекеттік бюджеттен интеграциялық үрдістерге 375 млн. теңге ақша қарастырылды. 2003 жылы бұл көрсеткіш 2 млрд тенгеге өсті. 2006 жылы 11,1 млрд.теңге көтерілді [7]. Бірақ бұл қаржының нақты мақсаттарға жұмсалмауы өзекті проблема болып тұр. Бұл қаржыға жауапты Көші-қон басқармасы бөлінген ақшаны жаратпауы оралмандар мәселесін күрделендіре түсті. Мәселен, 1996 жылы жоспарланған 670млн теңгенің іс жүзінде тек 210 млн-ы ғана бөлінген. Нәтижесінде 3 мыңдай отбасы үйсіз қалды. Бұл мәселе тағы да 2004 жылы 90 млн теңге игерілмей кері қайтты.
Квота Қазақстанға оралмандардың көшіп келуіне шектейді. Басқа елдердің иммиграциялық квоталар жүйелерінен айырмашылығы, (мысалы Германия), Қазақстанда квотаға енгізілуі оралман отбасыларының елге кіруіне және ол жерде тұрақты өмір сүруіне талаптар қоймайды. Осының салдарынан квотаға енгізілмеген оралмандар отбасылары көбейіп жатты. Соңғы жылдары мысалы, көрші мемлекет Өзбекстаннан, соның ішінде Арал теңізінің жағалауында тұратын (Қарақалпақ, Навои облыстары) квотаға енгізілмеген оралмандар отбасылары көптеп көшіп келіп жатыр. Сонымен, оралмандардың екі тобы пайда болды: біріншісі квотаға енгізілгендер және квотаға енгізілмегендер. Қазақ иммигранттарының жалпы санымен квотаға енгізілген оралмандардың айырмашылығы көрсетіліп отыр. 1995 жылға дейін елімізге көшіп келгендер саны бекітілген квотадан төмен болып отыр. Бірақ, 1996 жылдан бастап, оралмандар саны бекітілген квотадан асып түсті, ал 2001 жылда тарихи отанына қайтып келгендер саны бекітілген квотадан 15 есе көп болып отыр. 2002 жылы квотаның 2000 отбасына көбейтілгеніне қарамастан, иммигранттар саны 4 есе көбейді. 2004 жылы квота 10000 отбасына кебейсе де, жалпы иммиграция квотадан 86 %-ке жоғары болды.
Квотаға енгізілген оралмандар мен квотаға енгізілмеген оралмандар, санының айырмашылығын Қазақстанда өмір деңгейінің жоғарылауымен және де этникалық қазақтардың Қазақстанның оралмандар саясатына, қызығушылық таныту белсенділігінің артуы деп түсіндіруге болады. Кейбір саясаткерлер оралмандардың атын сатып нәпақасын тауып жүр. Бұндай оқиға парламент қабырғасынан да кездесіп қалады.
Квотаға енгізілмеген оралмандарды қоныстандыруға көшіп келген елдің жақындығы, жұмыспен қамту деңгейі сияқты факторлар әсер етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанға көптеген оралмандар Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Түркіменстаннан, Ираннан, Ауғанстаннан, Пәкістан мен Түркиядан көшіп келеді. Олар бұл облысты бұрынғы тұрған жеріне жақын болғандықтан және жылы климатына байланысты, сонымен қатар Оңтүстік өңірі өнеркәсібі дамыған адамдарға қолайлы жағдай жасалған. Көшіп келушілер осы өңірді мекендегісі келеді. Сондай-ақ орыс тілінің үстемдігі аз болғандықтан, облыста қазақтілділердің көптігін де еске алып таңдайды. Облыстарды таңдауда оралмандардың туысқандары болуы және атақоныстарының мекеніне байланысты қоныстанады.
Маңғыстау облысы оралмандар санына байланысты екінші орында тұр. Түркменстаннан, Өзбекстаннан, әсіресе, Қарақалпақ автономдық респуб-ликасынан келген оралмандарға тартымды. Олар осы облыста тұрып жатқан оралмандардың 95%-ін құрайды. Мұндай қоныстанудың негізгі себебі Түркіменстан мен Өзбекстанның тарихи түбірінің жақын болуы, нақты айтқанда кіші жүздер болған соң да бұл өңірге қоныстанғысы келеді. Маңғыстау облысы оралмандарға жоғары жалақы деңгейімен де тартымды. 2002 жылы Маңғыстауда бұл көрсеткіш жалпы ұлттық деңгейден 91,1% -ке көбейді.
Оралмандарды қоныстандырудың ерекшеліктері мен бағыттары, қазір таңда тұрақтап жатқан облыстары
- сурет
Монғолиядан 1991-1996 жылдарда өзінің тарихи отанына қоныс аударғандар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге назар аударсақ. 1991-1996 жылдар арасында 62,8 мың адам қоныс аударған. Бұл 1991-1995 жылдарда республикаға жалпы алыс және жақын шетелдерден қоныс аударушы оралмандардың 45 пайызын, ал алыс шетелден келгендердің 90,0 пайызын құрады. Репатриаттардың негізгі бөлігі Қарағанды 16,6%, Жезқазғанда 9,1 % Павлодарда 13,2%, Ақмолада 9,85, Алматыда 4,5%, Талдықорғанда 9,5%, Семейде 8,7%, Көкшетауда 5,8% облыстарына қоныс тепті. Осындай көрсеткіштерді талдай отырып, көшіп келушілердің солтүстік облыстарға басым көпшілігінің орналасуы ауа райының ұқсастық белгілеріне байланысты болып отыр. Бұл аумақтағы қоныс аударушылырдың 62,5 пайызы Павлодар және Ақмола облыстарының үлесіне тиген. Сондықтан да социологиялық зерттеулер осы облыстарға орналасқан репатриаттарды қамтыды.
Қазақстанға қоныс аударғандың басты мақсаттарын сараласақ, сауалнамаға жауап берушілірдің 73,4%-і атамекенде өмір сүргісі келетіндерін, 69,4%-і ұрпақ тағдыры үшін алаңдайтынын, 45,4%-і тарихи отанға қызмен істеу, республиканың дамуына үлес қосуды, 35,2%-і туыстармен бірге болуды, 23,4%-і отбасын жақсарту үшін. Осы зерттеуде репатриаттардың жаңа ортаға қоныстанып, тұрақты тұрып қалу жағдайына назар салсақ, әлеуметтік зерттеулер «снежни ком» әдісі бойынша жасалды. Респонденттің 27,4%-і бастапқы қоныстарын өзгерткен. Олардың 27,7-і Ақтөбе, 21,1-і Қостанай, 15,3-і Талдықорған, 10,2%-і Семей, 7,3 %–і Көкшетау, 5,8%-і Жезқазған облыстарынан болса, өзге өңірлер бойнша төмендегідей көрсекішті құрады: Алматы-58,0%, Ақмола-43,0, Көкшетау-27,2%, Павлодар-26,6%, Талдықорған-25,4%, Қарағанды-24,8%. Бұдан ішкі ауытқымалы көштің де біршама ауқым алғанын және оған әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және рухани себептер әсері болған. Респонденттердің алғашқы мекендерін қайта қоныс өзгерту себептерін анықтағанда:
-21,3%-і өз туыстанына жақындау үшін;
-18,0%-і жергілікті әкімшілік тарапынан болған түсінбеушілікке байланысты;
-15,6%-і ауа райының жағдайына байланысты;
-13,6%-і мамандықтары бойынша қызметке орналаса алмауына байланысты;
-10,6%–і орналасқан мекенінің шалғай болуына байланысты деген жауаптар қайтарса, 6,5%-і тіл білмеуге, балалардың білім алуы, әлеуметтік мәселелерінің шешілмеуіне байланысты екені туралы пікірлерін көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «…қазақ үшін, бір елден бір елге көшу тұрмақ, бір ауылдан бір ауылға көшудің өзі қиын. Оның үстіне, шеттегі қазақтардың өскен ортасы, алған тәрбиесі мүлден өзгеше… ».
Он алты жыл уақыттың өзі көші-қон барысындағы жетістіктерімен бастан кешірген қиындықтарға және жіберген олқылықтарға толы кезең болып отыр. Еліміз енді еңсесін түзеп, көші-қон тәжірибесі жинақталмаған. Сонымен қатар ескі жүйенің сан жылдар қалыптасқан бұғауынан шығу, экономикадағы өтпелі кезеңнің құлдырау мен дағдарыстан шығып, келесі бір даму сатыға көтерілуде. Шеттегі қазақ диаспораларының мәдени және әлеуметтік даму деңгейі біршама басқашалау. Қоныстандырудың мәдени-әлеуметтік тәсілін еске ала отырып, мемлекеттік стратегиялық жоспарды мақсат етеп еліміздегі маңызды елді-мекендерге қоныстандыруды қазіргі күні талап етіп отырған мәселенің бірі. Осы проблеманы шешу тек мемлекеттің қатысуымен ғана шешіледі.
Оңтүстік, Шығыс және Солтүстік халықтың ең тығыз қоныстанған аймақтары есептелсе. Керсінше елдің Орталық және Батыс аймақтары қазақтар кем қоныстанған территория болып табылады. Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан басқа облыстарда өсумен болды. 1989-2005 жылдары қазақтар саны 2 млн. 228,3 мыңға 34,2% өсті. Қазақстан 1993 жылы дүние жүзінің 175 мемлекеті ішінде 54 орында ие болса, 1997 жылы 93 орынға төмендесе, 2004 жылы ол көрсеткіш 78 орынға сәл көтерілді [9].
Қазақстан облыстарындағы қазақтардың пайызыдық көрсеткіштері
- сурет
Осы демографиялық қауіпсіздік проблемасы ҚР-ң 1998 жылдың 26-шы маусынында қабылданған (2000-шы жылдың 28-ші сәуірінде өзгерістер енгізді) «ҚР-ң ұлттық қауіпсіздігіне қатерлер» деген 5-ші бабаның 11-ші тармақшасында демографиялық жағдайдың нашарлауы, оның ішінде туудың күрт төмендеуі, өлім-жітімдің көбеюі, бақыланбайтын миграциялық процестердің пайда болуы ұлттық қауіпсіздігімізге қатер екенін баса айтқан [8].
М.Тәтімовтің: «миргациялық процестерді тиімді түрде реттеуді, ел ішінде басқаруды, дұрыс қоныстандыруды талап етеді. Онсыз Қазақстанның толық дәрежедегі мемлекет болып қалыптасуына кесерін тигізері анық. Сондықтан да бұл бағытта бізге тек миграциялық заң ғана керек»-деген сөздері жоғарғыда айтылғандарға да байланысты өте өзекті. Еліміздегі демографиялық депопулизациядан құтқарудың амалын тек сыртқы қазақ миграциясы арқылы толтырып жатыр.
Осы аймақтарда тұратын азаматтардың оралмандаға қатысты пікірлерін мен қөзқарастары әлеуметтік сауалнаманың зерттеу нәтижесінде алынып отыр.
Аймақтарға әлеуметтік зерттеу орталығының жүргізілген әлеуметтік зерттеу сауалнамасы.
- 2. кесте ( пайызбен есептелді )
Аймақтар |
шақсы |
Шыдамды |
Немқұрайлы |
Нашар |
Солтүстік |
28.8 |
34.6 |
24.2 |
5.6 |
Оңтүстік |
42.5 |
19.7 |
15.4 |
7.4 |
Батыс |
46.4 |
13.7 |
23.6 |
4.8 |
Шығыс |
26.2 |
18.4 |
24.6 |
17.2 |
Орталық |
31 |
28.4 |
29 |
10.6 |
Алматы қаласы |
28.2 |
33.6 |
18.1 |
16.1 |
Республика бойынша |
34 |
25 |
22.5 |
10.1 |
Жалпы республикалық көрсеткішпен салыстырғанда оралмандарға деген сыни көзқарас келесі аймақтарда басым болып отырғанын байқалады:
Шығыста — немқұрайлы (24.6%) және нашар (17.2%);
Орталықта — шыдамды (28.4%), немқұрайлы (29%) және нашар (10.6%);
Алматы қаласында — шыдамды (33.6%) және нашар (16.1%).
Бұл тұрғыда Солтүстік және Батыс аймақтар орташа ойды білдіргенін көруге болады:
Солтүстік — шыдамды (34.3%) және немқүрайлы (24.7%);
Батыста — жақсы (46.4%) және немқұрайлы (23.7%).
Оралмандар үшін ең қолайлы аймақ оңтүстік өңірі болып отыр сауалнамаға қарасақ;
— жақсы (42.5%), шыдамды (19.7%) және немқұрайлы (15.4%).
Респонденттердің оралмандарға мінездеме бергеніне яғни, қазақстандықтар шет елдерден келген қазақтарға қандай сипаттама беретіндігіне де көңіл аудара кету өте маңызды. Аталған зерттеу көрсеткендей оралмандардың әлеуметтік статусына респонденттер түрліше ой білдірген. Қазақстандықтардың төрттен бір бөлігінің қоғамдық санасында «жағдайын жақсартқысы келгендер» деген пікір басым болғанын көреміз. (2 кесте қараңыз)
Қазіргі таңда әлемде тұратын қазақтарды 7-8%-ы ғана көшіп келді. Көштің басы болған соң оларды қалай орналастырды жостарлы түрде қоныстандыру маңызды. Шетелден келіп жатқан оралмандарды нақты қандай территорияға қоныстандыру деген мемлекеттік концепция жоқтың қасы. Тек мемлекеттің қауіпсіздігі үшін Солтүстікке қоныстандыру бағыты ғана болған. Қазақтану саясатын жасау біздің мемлекетіміздің негізгі мақсат болып табылады. Сондықтан да менің ұсынарым оралмандарды қоныстандырудың негізгі бағыттары;
- Солтүстік Қазақстан территориясына орналастыру керек.
Бұл дегеніңіз ұлттық қауіпсіздігіміздің, ұлттық саясатымызды нығайтуға бір-бірден амал болып табылады. Қазақ ұлтының Солтүстікте азшылығы әрине мемлекеттік саясатты жүргізуге кейбір кедергілері бар. Еліміздегі диаспоралар (орыс) топтасып орналасуы қазақ қоғамына бейімделуді тежеп отыр. Міне, осындай мәселені оралмандарды Солтүстік өңірге қоныстандыру арқылы ұлттық саясатты жүзеге асырамыз. Мәселен, қоныстандыруды мақсат ете отырып белгіленген елді-мекенге 100-200-дей отбасынны біржолата орналастыру. Қоныстандырған кезден бастап олардың әлеуметтік мәселесін шешіп беру керек. Мәселен, қазақ тілінде оқитын мектептер ашу, балабақша, мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге жағдай тудыру. Ағайындарды тарихи отанына көшіріп алып келіп, орастандыру процесіне ұшыратпауымыз маңызды.
2.Қазақ диспорасы Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарына байланысты қоныстардыру.
Мәселен, географиялық және климаттық жағдайы, мәдени салт-дәстүрдің байланыстығы бар екенін ескере отырып орналастыру керек. Мысалы; Қытай қазақтары соның ішінде Алтай өңірінде болса, онда Қазақстандағы Алтай өңіріне қоныстандыру өте тиімді. Негізінде адамдарға табиғи құбылыстар қаты әсері бар екені шындық.
3.Қазақтардың жүзіне, рулық, туысқандық қатынасына сәйкес қоныстандыру. Жалпы қазақ ұлты туысқандық қарым-қатынасы өте жоғары деңгейге қойған. Бұл қарым-қатынасты пайдалана отырып, шетелден келген ағайындарды жүзіне, руына қарай орналастыруға болады. Негізінде қазақтардың территориялық мекендері жүзіне байланысты шоғырланған. Біз осы қатынасты саяси мәселеде емес әлеуметтік-мәдени мәселеде шешу үшін қолданғанымыз тиімді. Оралмандар өзара байланыс жасауы жергілікті қазақтармен мәдениеті, салт-дәстүрлері, сөйлеу диалектісі, менталитеті, жүріс-тұрысы, т.б. әдептері жақын немесе бір деуге болады. Әлеуметтік ортаға бейімдеудің бір методикасы ретінде қолдануға болады.
4 Қазақстан территориясындағы өнеркәсібі дамыған қала немесе қала-шықтарға қоныстандыру.
Өнеркәсібі дамыған қалаларда еңбек күші жылдан-жылға қажеттілігі артуда. Осы сұранысты қанағаттандару мақсатында оралмандармен шешуге болады. Біріншіден оралмандардың жұмыссыздық мәселесін шеше аламыз. Сонымен қатар мемлекет тарапына жасалып жатқан қазақ ұлтын урбанизациялау саясатын жүзеге асыруға мол мүмкіндік туады. Қазір Қазақстанда 57% тұрғындар қалада тұрады, ал 43% ауылдық жерде тұрады. Соның ішінде 80 пайызы қазақтар ауылдық тұрғындар болып табылады. Жалпы Еуропа халқының 7-10 % қана ауылдық тұрғындар екен. 1990-1999 жылдар аралығында оралмандардың 80% ауылдық жерге орналасқан. 2000-2007 жылдар арасында оралмандар қалалық жерлерге 70% көшіп келіп қоныстануда. Оралмандарды қазір таңда қалалық жерден үймен қамтамас ету мүмкін емес, сондықтан оларға жер тілімдерін беру керек. Мәселен 2001 жылы мемлекет тәжірибе ретінде Алматы қаласының шетінен оралмандарға жер тілімін беріп, соның нәтижесінде Байбесік атты ауыл пайда болды. Сол ауылда шамамен 200-дей отбасы тұрады. Сол сияқты тағы Алматы облысындағы Нұра ауылынан, Павлодардан, Астанадан (Қоянды) Ақтаудан жер тілімдерін оралмандарға беріп жатыр. Бірақ та жер тілімдерінің көлемі шектеулі болғандықтан оралмандарды қоныстандырудың өзекті проблемаға айланып отыр. «Жер туралы » Заңда оралмандардың құқықтарын анықтаған. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 9 шілдедегi N748 қаулысы мен оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерiн беру ережесiде бекітілген. Бұл қауыл мен ереженің толық орындалып жатқаны жоқ.
- Демографиялық азшылыққа ұшыраған территорияға қоныстандыру.
Елімізден көшіп кеткен немес, орыс т.б. ұлттар мекендеген табиғаты оңды елді-мекендерге орналастыру керек. Сол елді-мекенді абаттардыруға оралмандарды пайдалану абзал.
- Қазақстандағы кен орындары бар жерлерге қоныстандыру. Ең басты мигранттарды еңбек күшін пайдалана аламыз. Мәселен, Монғолияның ішкері жағындағы қазақтардың көбі кен орындарында қызмет жасайды. Яғни біз дайын мамандары игере аламыз.
Тағы бір мәселе Қазақстан территориясындағы экологиялық апаттан тыс және болашағы жоқ ауылға оралмандарды қоныстандырмау маңызды. Алғашқы келген оралмандар Семей өңірігдегі экологиялық полигон зонасы болып табылатын Қайнар, Абыралы, Саржал, т.б. және Арал өңіріне қоныстандырды. Ешқандай дұрыс нәтиже бермеді. Көбі табиғаты қолайлы елді-мекендерге көшіп кетуге мәжбүр болды. Кейбіреулері сол жердегі экологиялық зардаптың кесерін тартып жатқанын айтуға болады. Сонымен қатар болашағы жоқ ауылдар болып табылатын елді-мекендерге мүлдем қоныстандырмау қажет.
1991 жылы қарашаның 18 күні «Басқа республикалардан және шет елдерден Қазақстанның ауылды жерлерінде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ КСР-інде қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» Қазақ КСР Министрлер кабинетінде 711 қаулысы қабылданды. Осы қаулыдан кейін 1991-1993 жылдары көшіп келген оралмандар болашығы жоқ елді- мекендер болып табылатын ауылдық жерлерге қоныстанды. Тіпті ауылдық елді-мекендер де емес мал бағатын қыстақтар да, бөлімшелер де, разезде т.б. мекендерге жайғастырды. Бұндай көші-қон қоныстандыру процесі де сәтсіз аяқталды. Негізгі себеп жекешелендірудің дұрыс болмағандығы совхоз, колхоздардың таратып жекешілікке айлау әлеуметтік күрделі жағдайға алып келді. Ауылдықтар жұмыссыз қалуы, күнкөрістің кенеттен төмендеу, маскүнемдіктің белең алуы, т.б. салдары да оларға әсер етті. Содан кейін оралмандар қалалық жерлерге көшуге мәжбүр болды.
Қоныстандыру туралы мемлекеттің нақты бағдарламасы болмады. Осының кесерінен көптеген оралмандар зиан шекті. Материалдық және моралдық жағдайдан қиындық көрді. Мемлекеттік көші-қон саясатын немқұрайлы жүргізілген салдарынан бүгінгі күні үлкен мәселеге айналып отыр. Қайталанған көші-қон үрдісі (немесе басқа облысқа, ауданға көшу) оралмандар арасында жиі кездесетін жағдай. Зерттеулерге сүйенсек, оралмандардың 24%-і тұрған жерлерін ең азы 3 рет көбі 10 рет өзгерткен. Қайталанған көші-қон үрдісі әсіресе ауылдық жерде қоныстанған оралмандар арасында жиі кездеседі. Солтүстік аудандардан оңтүстік аудандарға ауысып көшу 90-жылдары кең етек алған, бұл квотаның географиялық тұрғыдан өзгеруіне байланысты, ауылдық жерлерден қалаға көшуі әлі де жиі кездеседі.
Мұндай миграцияның жоғары деңгейіне ауылдық жерлерде жұмыс орнының болмауы (колхоз, совхоздардың күйреуі); мектептер мен ауруханалардың азшылығы, кейбір аудандарда бала оқыту мүмкіншілігінің болмауы; жақын қалаға бару үшін көлік ақысының жоғары болуы және ауылдық инфрақұрылымның нашар дамығандығы сияқты факторлар жатады. Орталық және Солтүстік аймақтардағы оралмандар ауылдық жерлерден қалаға жиі көшеді. Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында респонденттердің ең аз бөлігі өздерінің бастапқы тұрған жерлерін өзгерткен. Себептеріне назар аударсақ. Қоныстандыру саясатын нақты зертттеп, оған дұрыс баға бермегені. Сонымен қатар қоғамдық пікірді ескермей, бюрократиялық тәртіппен жүзеге асыру, ақпараттардың жетпеу, сөйтіп көші-қон саясатының кемшіліктер бар екенін уақыт көрсетті.
Интеграция үрдісінде мемлекеттік органдардың алдында оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы тұрады. Квотаға енгізілу дегеніміз, тұрғын үймен қамтамасыз ету деген сөз, сондықтан да оралмандардың квотасының өсуі қаржымен қамтамасыз ету және ұйымдастыру қиыншылықтарын туғызады. Бүгінгі күнде мемлекеттік дотациялардың басым бөлігі оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 2005 жылы 8044223 теңге мемлекеттік бюджеттен бөлінді.
Квотаға енгізілмегендер уақытша немесе тұрақты үй алуға мемлекеттен көмек ала алмайды. Көші-қон комитетінің мәліметтеріне қарағанда оралмандар-дың 48,3% тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Тұрғын үймен жеткілікті қамтамасыз етілмеу проблемасы оралмандардың көп шоғырланған облыстарында көрініс тапқан: Оңтүстік Қазақстан (11,9%), Маңғыстау (31,9%), Алматы қаласы (47,1%) және Жамбыл облысы (49,1%). Қазақстанның оңтүстік өңірлері квотаға енгізілмеген оралмандарға және қайтып келген иммигранттарға тартымды. Одан басқа квотаға енгізілген оралмандар да бұл аймақтарға көптеп көшіп жатыр. Оралмандарға қойылған сұрақтарға орай байқағанымыз, олардың ішінде 29% жеке меншікте тұрғын үйлері бар, 17% үй иесімен бірге тұрады және 12% тұрғын үйді жалға алған.
- сурет Оралмандардың үй алудағы қаржылары туралы
Зерттеулер көрсеткендей, оралмандардың тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайлары облысқа және олардың нақты орналасқан жеріне байланысты. Қалада тұратындар, көбінесе, қалыпты немесе қанағаттанарлық жағдайдағы жеке өз үйлерінде немесе жалға алған үйлерінде тұрады. Ауылдық жерлерде оралмандар кедейленіп, уақытша соғылған үйлерде тұрады. Барлық облыстарда оралмандарға берілген үйлер күрделі жөндеуді керек етеді. Көбінің үйінде ешқандай санитарлық жағдай жоқ, тұрғын үйлердің сапасы нашар. Оралмандардың тұрғын үй сапасын жақсартуға ақшасы болмағандықтан, мемлекеттен көмек күте алмайды. 2004 жылы ақпан айында квотаға енгізілген оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің бастапқы механизмдері өзгертілді. Жаңа тәртіпке сәйкес, Көші-қон комитетінің жергілікті департаменті тұрғын үйді сатып алмайды, оның орнына отбасының әр мүшесіне 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде — шамамен 97 200 теңге (730 АҚШ доллары) ақша белінеді. Енді оралмандар өздері пәтер сатушымен келісім шарт жасап үй табулары қажет.
Бірақ, Қазақстанда тұрғын үй бағасы жылдам жоғарылап жатқандықтан, бөлінген бір адамға 730 доллар үй сатып алуға жеткіліксіз (ауылда да, қалада да). Егер адамдардың жекеменшік салымдары болса, жетпей тұрған ақшаны өздері толтырады. Бірақ, жеке салымдары жоқ оралмандар немесе мемлекеттік грантқа қажетті пәтер сатып ала алмайтын оралмандар бұл ақшаны басқа мақсаттарға жұмсайды: мысалы автомобиль немесе ауыл шаруашылық құрал саймандар сатып алады. ҚР шоттық комитетінің мәліметтеріне қарағанда оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің бұл жаңа механизмі оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетері мен мақсаттарын шешпейді. Қазіргі таңда үйдің шарықтап тұрғанда мемлекеттік бөлінген ақшасы жетпейді. Ауылдық жерлердегі үйдің бағасы шамамен 8-30 мың доллар болса, оралмандарды үймен қамтамас ету өзекті мәселе болып тұр.
Квотаға енгізілген оралмандар кейбір көмекті алса, квотаға енгізілмеген оралмандар тұрғын үйді өздері табуға міндетті. Жергілікті басқару органдары материалдық көмек көрсете алады, бірақ қолдағы қаржылар тым аз. Нақты айтар болсақ, тұрақты үйі немесе уақытша үйі болмау оралмандардың Қазақстанға келгендегі ең бірінші проблемасы.
Қазақстан Республикасы оралман қазақтарды өзінің тарихи отанына қайтару саясатын негізінде басым приоритетті мақсаттарының бірі болмақ. Тұжырымдамалардың негізгі мақсаты қазақтарды тарихи отанына оралтып, ұйымдасқан түрде орналастырып, тұрғылықты жерінде тиісті жағдай тудыру болып табылады. Қазақтадың тарихи отанына оралту халқымыздың сан жағынан өсуіне әсер етіп, демографиялық жағдайды жақсарта түспек. Олай болмаған жағ-дайда ішкі демографиямен қазақтардың демографиялық өсіп-өркендеп дамуы мүмкіншілігін жүзеге асыра алмауымыз қазірдің өзінде айқын болып тұр [10].
Мәселен, Израильда еврей репатриаттары көшіп барған кезде оған белгілі мөлшерде әлеуметтік жағдай жасайды. Анықталған елді-мекенге өздерінің қалауы бойынша қоныстардырады. Бірақ репатриаттар сол жерге кемінде 3 жыл тұруы міндетті. 3 жыл ішінде жайғасқан мекенінде әлеуметтік ортаға бейімделу процесінен өтуі керек. Бұл Израилдің көші-қон заңының бір бабында көрсетілген. Көп евейлер туған тілін білмей барды. Бізде керсінше шетелден келген қазақтар 98% -і қазақ тілін жеттік біліп, елге келеді. Ал, Ресейде орыс репатриаттарын РФ-ң солтүстік өңіріне шоғырландыру мақсат қойып отыр. Мысалы; Красноябрьский край, Новосибирскі облысы, т.б. олар біріншіден ұлттық қауіпсіздікті қамтамас етуде. Сонымен қатар еңбек миграциясын ұлттық негізде жасап жатыр. Ресейде ортаазиялықтар еңбек миграциясын басып алған осы мәселені орыс диаспорасымен шешуге кірісті. Бізгеде осындай көші-қон саясаттын қолданғанымыз дұрыс деп есептеймін.
II.ТАРАУ ОРАЛМАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
2.1 Оралмандарды бейімдеу орталықтары мен ортаның негізгі рөлдері
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «…қазақ үшін, бір елден бір елге көшу тұрмақ, бір ауылдан бір ауылға көшудің өзі қиын. Оның үстіне, шеттегі қазақтардың өскен ортасы, алған тәрбиесі мүлден өзгеше… ». Неміс ғалымы Отто Бауэр өзінің «Ұлт мәселесі және социал-демократия» атты еңбегінде «Ұлт дегеніміз – ортақ тағдыр, генетикалық және мәдени мұра негізінде қалыптасқан мінездің ортақтығы», -дейді. Оның ойынша мәдениет пен өркениетдің дамуымен бірге ұлттық қасиеттер нығайып, ұлттық сана-сезім тереңдей түседі.
Әлеуметтік бейімделу қазақ диаспорасының бір бөлігі ретінде көптеген оралмандар қазақ мәдениетінің әр түрлі аспектілерін, әдет-ғұрпын сақтап қалған. Мұндай жағдай мәдени бейімделуге жақсы жақтарымен қатар, кедергі де болады. Осыған байланысты екі жағдайды байқауға болады: қай елден көшіп келді және қандай облысқа қоныстандырылды. Бұл жағдайды Оңтүстік Қазақстан облысы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау) бойынша байқауға болады, бұл облыстарда қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпы жақсы сақталған. Бұл облыстарда оралмандардың әлеуметтік-мәдени бейімделуі солтүстік пен орталық өңірлерге қарағанда жеңілдірек өтеді. Оралмандар солтүстік және орталық облыстарда интеграциялау барысында көптеген қиыншылықтармен кездеседі бері, кеңес одағы кезінде қазақ мәдениеті бұл облыстарда басқа мәдени және этникалық топтардың ықпалында қалды. Бұл өңірлерде орыс тілі, орыс мәдениеті басым болғандықтан, ол жерде тұратын оралмандардың жергілікті жағдайға бейімделуі қиындауы мүмкін.
Әлемдегі қазақтардың бір тарихи түбірі болса да, олардың мәдениеті мен тұрмысында сәл өзгешіліктер бар. Мұның себебі, оралмандар қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен өмір сүру қағидатын сақтап қалса, (Қытай) Қазақстандағы қазақтар кеңес кезеңіндегі әр түрлі өзгерістердің, тәуелсіздік алған кезден бастап нарықтық экономикаға өту кезіндегі өзгерістердің ықпалына бейімделіп қалды. Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттерінен көшіп келген қазақтар дінге өте жақын болады.
- 18 сәуірде мәжіліс депудаттары «Халықтың көші-қоны туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар еңгізді. Осы өзгертулер мен толықтырулардың негізінде оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру бабан енгізді. Осы заң жобасы сенат депудаттарының қарауына ұсынылды. Бұл заң жобасында оралмандар мен үкімет арасында заңды құқықтарды анықтаған және 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттен оралмандарды бейімдеу орталықтарын құру үшін 633,1 млн. теңген бөлуді қарастырды [11].
Бейімдеу орталықтары алғашқы қазақ көшінің басында болған. Еліміздегі экономикалық күйзеліс кезінде бұл орталықтар жойылып кеттік. Бейімдеу орталықтары әлде кімдердің жекеменшігіне өтіп кеткен. Тек Павлодар қаласында сақталып қалды. Қазірде бұл орталық жұмысын жалғастыруда. Осы орталық талай оралмандарға баспана және әлеуметтік-ағарту мәселесіне көмектесті. Ал облыс орталығындағы бейімдеу орталықтарына төрт бөлмеле пәтерлер бөлінген. Егер халықаралық стандарттарға сай «бейімдеу орталықтарын» салатын болсақ, оның сметалдық құны 200 миллион теңгеден асып кетеді. Қазір сол деңгейде әр облысқа орталық салуға ақша жоқ.
Бірақ бейімдеу орталығы тәжірибесі Ресейде болған. Бірақ ол да нақты үмітті ақтамады.
Ендігі ашылатын орталықтары оралмандарды орыс тілін үйретуге негізделген. Мәселен, Германия, Израиль, Ресей мемлекеттерінде өз мемлекеттік тілі тұрып, көшіп келген оралмандарын өзге тілде туралы мәселесі болған емес. Бейімдеу орталықтары Германия мен Израильде әлі күнге дейін жұмыс істейді. Бұл орталық шетелден келген репартиаттарды 6 айдан 1 жыл аралығында өмір сүруі мен сол елдің қоғамдық заңдылықтарын, заңды құқықтарын, мәдени-этикаларын, мемлекеттік тілін үйретеді. Сонымен қатар кәсіптік мамандандыру және оқыту процестері осы орталықтардың міндеті болып табылады. Германия мен Израильдегі репатриаттар біздегі репатриаттардан айырмашылығы өте көп. Себебі немістер мен еврейлер өздерінің ана тілін мүлдем білмейді. Сондықтан оларға бейімдеу орталықтары өте қажет етеді. Тіл білмеуі, жазу жаза алмауы (немісше, евейше) өзекті проблема болып жатыр. Неміс диаспораларының тарихи отандарына барғанда өте күрделі мәселеге тап болды. Сондықтан да олар қайта көшуге мәжбүр болады. Тіпті, қоғамдық пікірлер теріс, яғни «сатқындар» деген көзқараспен қарайды. Қоғамда оларды екінші сорттың адамы ретінде қарау мәселе болды. Өркениетті дамыған қоғамның әлеуметтік модерниза-циясына сәйкес келмеуі қиыншылық тудыруда. Біздегі оралмандар ондай қиыншылық жоқ. Дегенмен де өзекті мәселелер баршылық. Қазіргі таңда оралмандар арнайы бейімделу орталықтарысыз қоғамдық ортада бейімделіп кетіп жатыр. Тәуелсіздік алған соң, елімізде саяси және әлеуметтік өзгерістер болып жатыр. Біздің жүйе нарықтық және ақпараттық қоғам жасау негізінде бағыт алған. Осы өзгерістер қазақ қоғамын жаңа замандық мобилизацияға бейімделуін талап етіп тұр. Сондықтан қазақстандық қоғамды нарықтық негізінде жасау мемлекеттің басты мақсаты. Арпалысып жатқан, өткен кеңес замандағы қоғамдық психологияны өзгертуде тек Қазақстанда тұратын қазақтармен қоса шетелдегі қазақтарды көшіріп әкеліп, бір уақытта жасаса өте тиімді болар еді. Сондықтан оралмандарды қазақстандық қоғамдық өзгерістер-ден қалыс қалдыруға болмайды.Ауыл шаруашылығына адам күші жетпеді. Қазақ көшінің басталуы- Монғал жерінен 10 мың отбасы қазақ жеріен шақырып алудан басталды. Олардың басым көпшілігі жаңа ортаға бейімделіп кетті [12].
«Халықтың көші-қоны туралы» заңға және де басқа заң актілеріне сәйкес, оралмандарға көшіп келген соң міндетті түрде «уақытша үй» берілуі керек немесе бейімделу орталықтарына орналастыруы қажет деп көрсетілген. 2004 жылы ХК¥ (Халқаралық көші-қон ұйымы) жүргізген мониторинг мұндай орталықтардың өз мақсаттарын орындамайтынын көрсетті. Көбінесе оралмандар мұндай орталықтардың бар екендігінен хабардарсыз. Қандай көмек көрсетілуі керек екендігі немесе қалай орналасуға болатындығы туралы ешқандай қағидаттар жоқ. Мұндай орталықтарда уақыт шеңберінде шектеулер қойылған (20 күн), бірақ кейбір оралмандарға мұндай орталықтар тұрақты мекен жайға айналды.
Оралмандардың мәдени-әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін тағы бір
жағдай, оралмандардың өмір сүру сипаты, дінге деген көзқарасының ерекшелігі. Ауғанстаннан және Ираннан келген оралмандар әсіресе киім киюінде, отбасылық қарым-қатынаста нақты көрініп тұрады. Әйел оралмандар, әсіресе оңтүстік өңірлерде мойынды жауып тұратын көйлек киеді, оның үстіне жакет киіп, бастарына орамал тартады. Түркіменстаннан, Ираннан және Ауғанстаннан келген оралман әйелдер жергілікті қазақ әйелдерінің киімін өте ашық, инабатсыз, сыпайы емес деп санайды. Оралман ерлердің де көзқарасы осындай. Иран мен Пәкістаннан келгендер (әсіресе жасы келгендер) сәлде киеді. Оралмандар мен жергілікті халықтың күнделікті өмірінде де көп ашырмағылық жоқ. Көптеген орламандар жиһаз сатып алмайды, олар өздері қолдан жасап алады. Қолдан құрап жасалған көрпені, түскиіз, жастықтарды және сырмақтарды қолданады. Қоғамдық өзара қатынастардың әсерінен тұрмыстық заттарды басқаша жасаудық амалдарын тапты. Қазір Монғолиядан келген қазақтар үй жиһаздарын қазіргі заман талабымен өндіруде. Айта кетсек, диван, ас үй жабтықтары т.б.
Оралмандарды қоғамдық ортаға бейімдеудің механизмдері әлеуметтік институттар болып табылады. Мәселен, мектеп, ЖОО-ны, жұмыс орындары негіз болады.
Тіл жағынан бейімделу. Тіл қарым қатынастың негізі болып табылады, сондықтан да тіл интеграциясына айрықша көңіл бөлінеді. Мигранттардың көшіп келген елдің тілін білуі, олардың еңбек, әлеуметтік мәдени өмірге интеграциялануының негізгі индикаторы болып табылады. Мигранттарды қабылдайтын барлық елдер интеграция бағдарламаларында тіл жағынан бейімделуіне аса көңіл бөледі, бірақ әр ел тілді игеруге берілетін көмектің көлемін өздерінше анықтайды. Қазақ ұлты Қазақстанға көшіп келуінің бірінші себебі қазақ тілін, мәдениетін, тарихи отанының әдет-ғұрпын сақтап қалу, балаларының келешегін қамтамасыз ету. Көшіп келген соң оралмандар орыс тілінің күнделікті қолдану қиыншылықтарымен кездеседі. Орыс тілі қарым — қатынаста негізгі тіл болғандықтан, оралмандардың еңбек нарығында интеграциялануы, орыс тілін білмеу салдарынан көптеген қиындақтарға тап болуда. Мәселен Қытайда тұратын ханзу ұлты гегеорафиялық аймақтарына байланысты тіл ерекшеліктері бар, тіпті Батысы мен Шығысыда тұратын ханзулар өзара тілдік қарым-қатынасқа түсе алмайды. Себебі түсенбейді. Монғолдар арасында тілдік диалектінің көптігінен өзара тілдік қарым –қатынаста бару өте қиын. Бұндай факторлар әлемде көп кездеседі. Қазақтар арасында диалектілер болғанмен ханзу ұлтындай тілмашсыз тілдік қатынасқа түсе алды. Тек оралмандар өзі тұрған жерінен алып келген, өзге ұлттардың тілі тілдік қатынаста кейбір жағдайда кедергілер жасауда. Негізгі себептер қазақ тіліндегі терминдердің ертеректе жасалмауына туындап отыр. Көбінесе техникалық атауларды өзге тілде ату қатынасы бар. Жергілікті қазақтар мен оралмандар арасында кей жағдайда тілдік түсінбеушіліктер болып тұрады. Жергілікті қазақтар орыс тілінің қорын қосып сөйлеуіде тілдік қатынасқа әсер етпей қоймайды.
Жалпы қазақ даласындағы тілдік ерекшеліктер бар. Қазақстан терри-ториясына жапсарлас территорияда тұратын шетел қазақтарында тілдік ерекшеліктер жоқ. Басында айтып өткендей оралмандарды бейімдеудің ең тиімді тәсілі, тарихи шежірені еске ала отырып бейімдеу нақты нәтиже береді. Мәселен проблеманы шешуде рулық қатынастарды қолданған абзал болар еді. Руына, жүзіне қарай шетелдегі қазақтарды еліміздегі қоныстандырсақ, оралмандар мен жергілікті қазақтар арасында үзілген мәдени қатынастар қайта жалғасын табар еді. Ортаға оралмандар әп-сәтте сіңісіп кетер еді. Жалпы қазақ халқы туысқандық қатынасты өте жоғары қойған. Осы қатынасты оралмандарға қатысты әлеуметтік бейімдеу процесінде пайдаланған жөн.
Бұл жерде айта кететін жайт, қазір әлемде үш қазақ алфавиті қолданылады; Қазақстанда, Монғолияда, Ресей мен басқа ТМД елдерінде кириллица, Түкия мен Батыс Еуропада латиница, Қытайда, Иран мен Пәкістанда ескі қазақ алфавиті (төтеше жазу). Осының нәтижесінде Қытайдан, Ираннан, Пәкістаннан, Ауғанстан мен Түкиядан келген оралмандар толық кириллица жазуындағы қазақ тілін оқи алмайды, сондықтан да келе салысымен орыс тілін білмеушілікке байланысты қиыншылықтарға кездеседі. Кейде ең қажетті істерді, мысалы, оралман статусын алуға құжаттарын толтыра алмайды. Осы қиыншылықтарға байланысты оралмандарға тілді меңгеру курстары ұйымдастырылмайды. Мемлекеттік бағдарламалар жоқ болғанымен, кейбір мектептер мен ЖОО өздері орыс тілі мен қазақ тілі курстарын ұйымдастырады. Елімізде орыс импералистік ықпалы үстем болып тұрғанда. Қазақстанда орыс тілінің қолдануы кең мемлекеттік статусы бар. Қазақ Елінде қазақ тілінің төмен мәртебесі тарихи отандарына оралған қазақтарға айтарлықтай әсер етіп отыр. Қазақтар қазақ тілін білмей, бір-бірімен аудармашылар арқылы қатынысқа түсуі ұлттық мәселе екені анық. Тіпті құзырлы органдардың өзі түшкіріп қарамайтынына қарағанда қазақтілділердің қандай дәрежеде қалыпқалғанын көруге болады.
Кейбір қоғамдық пікірлерге назар аударсақ, оралмандар орыс тілін білмейді сондықтан олар еліміздің дамуына кедергілер жасауда деген пікірлер кездесіп жатады. Бұдай пікірдің қайнар көзі,. «Біз қашан орыс тілін кез үйренсек соғырлым жылжам дамимыз» -деген 1952-1960 жылдар аралығында кеңес үкіметін басқарған Хрущевтың ұрандары еді. Хрущевтың жалған ұрандары қоғамдық психологияда сіңісті болып қалған. Өкінішке орай, одақ ыдырағынмен, кеңестік азаматтық сана бірқатар адамдардың жадында өшкен жоқ. Оны көтеген социолгоиялық зерттеулерде дәлелдеп отыр. Кеңестік сананы аңсайтындар әсіресе Қазақстан көп. Ал тілсіз — ұлт, ұлтсыз — тіл болмайтыны белгілі. Орыс тілінде басымырақ сөйлейтін, орыстана бастаған қазақстандық қоғам орыс тілінді Қазақстан болуы дайын-ақ тұр [13].
Қазақ тілінің мәселесін шешу қазақтілділірдің көптігімен анықталады. Олай болса нағыз ресурстар оралмандар болып табылады.
Иммигранттардың экономикалық интеграциясы немесе жұмыспен қамтылу деңгейі еңбек нарығына қатысуы жаңа қоғамға кіруіндегі негізгі көрсеткіш болып табылады. Зерттеулердің нәтижелері көрсетіп отырғандай, оралмандардың экономикалық интеграцияға жеткен деңгейі өте төмен деуге болады.
Көші-қон комитетінің ресми статистикасына жүгінсек, оралмандардың тек қана 61,5% ғана жұмыспен қамтылған. 2000 жылдағы жұмыспен қамтылу деңгейі 32% болғанына қарамастан бұл көрсеткіш 2004 жылы 91,6% болған барлық халықтың жұмыспен қамтылу деңгейімен салыстырғанда өте төмен болып отыр. Оралмандар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы ел бойынша керсеткіштен (2004 ж 8,4%) анағұрлым жоғары.
Аймақтар бойынша жұмыспен қамту деңгейінде айырмашылық бар. Мысалы Астанада оралмандардың 91% жұмыспен қамтылған. Алматы облысында сұрақ қойылған оралмандардың 83% жұмысымыз бар деп жауап берді. Солтүстік Қазақстан облысында зерттеу барысында оралмандардың 79%-не жұмыс орны табылды. Оңтүстік аймақтарда жұмыспен қамту деңгейі өте төмен. Оңтүстік Қазақстанда сұрақ қойылған оралмандардың 38%-інде ғана жұмысы бар. Осындай төмен көрсеткіштер зерттеу барысында Батыс Қазақстан облысында да байқалды, ол жерде сұрақ қойылған оралмандардың 41% ғана жұмысымыз бар деп жауап берді.
- сурет Оралмандар арасындағы жұмыссыздық
Оралмандар ішіндегі жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуын әр түрлі себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, оралмандардың жұмыс та орналасуына әсер ететін құқықтық кедергілер. «Халықтың көші-қон туралы» заң оралманның статусын анықтағанмен, заңда осы статусты айқындайтын оралманның құқтары мен міндеттері көрсетілген нормалар жоқ.
Сондықтан, заңда оралманның статус алғаннан кейінгі құқықтық нәтижелері бекітілмеген. Бұл нормалар басқа да заңдарда, атап айтқанда еңбек және салықтық заңдарда да көрсетілмеген. Мысалы, Қазақстанның еңбек туралы заңдарында жұмысшылар екі түрлі топқа бөлінеді (резиденттер және резиденттер емес) және резидент емес деп саналатын оралмандарға арнаулы құқықтық режим бекітілмейді. Сондықтан да жұмыс беруші оралманды жұмысқа алса, онда оған арнайы лицензия алу қажет, бұл оңай емес.
Тағы да осыған ұқсас құқықтық кедергілерге азаматтықты растау жатады. Ресми түрде Қазақстанда жұмыс істеу үшін оралмандар азаматтық алу керек немесе уақытша тұруға рұқсат керек (осылай Қазақстан азаматтығын ресми түрде және жұмыс істеу құқығын алу үшін). Бірақ азаматтық алу үшін оралмандар тұратын жеріне тіркелуі қажет. Сондықтан тұрақты мекен жайы жоқ оралмандар үйіне тіркеуге тұрғызатын адамдарды іздеуге мәжбүр болады. Қазір азаматтық алу ережелері өзгеріп тұрақты тіркеуді талап етуде. Бұл мәселеге алаңдаушылық білдіріп, 672 оралман жастар парламентке хат жолдады. Жаңа келген оралман қандай тұрақты тіркеуі болуы мүмкін? Бұл мәселе оралмандардың азаматтық алуына кедергі болып тұр.
Екінші экономикалық интеграцияға кедергі болып отырған жайт тіл проблемасы. Орыс тілінде сөйлей алмайтын немесе осы тілді нашар меңгерген оралмандар жұмыс іздеуде, әсіресе, солтүстік аймақтарда елеулі кедергілерге тап болады. Қазақ тілі жақсы дамыған оңтүстік облыстарда тілге байланысты проблемалар көп емес, дегенмен ондай қиындықтар аздап кездеседі. Мысалы, Қытайдан, Ауғанстаннан және Пәкістаннан келген оралмандар ескі қазақшада (негізінде араб алфавиті кірген) жазады, ал Түркияда латин графикасы қолданылады. Осы елдерден көшіп келген оралмандар қазақ тілінде оқи да, жаза да алмайды. Сондықтан, орыс тілді де білмеу оралмандарға жұмыс табуында едәуір қиындықтар туғызады.
Білім деңгейіндегі айырмашылық та жұмысқа орналасуға кедергі жасай-ды. Жоғары білімі бар оралман егер оның дипломы елімізде мойындалмаса, (мысалы Қытай ) жұмысқа орналаса алмайды бір жағдайларда оралмандар өз мамандықтары бойынша (инженерлер, технологтар, дәрігерлер, экономистер) жұмысқа орналаса алмайды, бұл жағдай арнайы білімі жоқ сатушыларға да қатысты.
Сауалдардың нәтижесі көрсетіп отырғандай, оралмандардың 20%-і Қазақстанға көшіп келгенге дейін мемлекеттік секторда жұмыс істеген (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және т.б.), бірақ, соның ішінде 7,2%-і ғана сондай құрылымдарда жұмыс таба алған. Оралмандардың ішінде қол өнерімен айналысқандар саны 2%-тен 5%-ке өсіп отыр. Майда ұсақ бизнеспен айналысқан оралмандардың саны екі есе өсті (1,9% көшкенге дейін 4,9% көшкеннен соң). Басқа жағынан қарағанда көшіп келгенге дейін ауыл шаруашылығымен айналысқан оралмандар саны 4%-тен 1%-ке төмендеп кетті.
Респонденттердің ішінде жұмыссыздар көбейіп бара жатыр. Иммиграциядан кейін бұл көрсеткіш 24,4%-ке өсті. Оралмандар арасындағы жұмыссыздықты талдау барысы көрсетіп отырғандай олардың көбісі жұмыссыздар.
ҚР «Халықтың көші-қон туралы» Заңға сәйкес (29-3 бабы) мемлекет оралмандарға жұмыс беруде, біліктілігін жоғарылатуда және жаңа мамандықты таңдауда көмек көрсетуге тиісті. Бірақ, соның өзінде, оралмандарды жұмыспен қамтуға байланысты көмектер беру туралы интеграциялық бағдарламалар жоқ. Оралмандарға көмек беру өкілеттігі бар жергілікті органдар , оларға жергілікті жұмыспен қамту органдарына тіркелуге ақыл береді немесе «қоғамдық жұмыстарды» ұсынады. Қазақстандағы заңдарға сәйкес, оралмандар жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға құқығы бар. Соның ішінде мүгедіктер, жұмыссыздарға арналған жәрдемақы мен зейнетақылар, атаулы әлеуметтік көмектер кіреді. Заңға сәйкес, барлық оралмандар еңбек өтіліне және бұрынғы елде қандай жұмыс істегеніне қарамастан ең төменгі мөлшерде мемлекеттік зейнетақы алады. осыған байланысты, кейбір оралмандар, әсересе Қытай мен Ресейден келгендер Қазақстанның азаматтықтарын алғысы келмейді.
Осылайша, социомәдени орта оралмандарды бейімдеудің обьектісінің негізі болып қызмет етеді. Сатаистикалық зерттеуге сүйенсек, классикалық варианттағы социомәдени орта қызметінің төрт саласы бойынша қалыптасады: өндірістік, өмір сүру әрекеті, қоғамдық нормалық, және танымдық. Бұл салалардың әрқайсысына бірқатар мағаналар, құндылықтар, нормалар мен қалыптастыру тәсіліне тән. Бірақ олардың барлығы, социомәдени қайталанбас специкациясын бейнелейтін ортақ негізге ие [14].
Көшіп келуші оралмандардың белгілі бір деңгейде білім дәрежесі бар және еңбек істеуге қабылетті.
Екі түрлі ойдың болуы тек мигранттардың орналасуының әр түрлі шарттарымен ғана емес, тек мәселелерін әр түрлі түсінуде ғана емес, сондай-ақ мигранттардың бұл категориясының проблемаларын шешуде әр түрлі стратегия таңдау мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Мигранттар өздерінің орналасу мәселесін шешуде белсенді позиция ұстау керек деген ойдағылар бұны нарықтық қатынастардың дамуымен түсіндіреді. Сонымен қоса, олар көшіп келушілерді кәсіпкерлер және белсенді жұмысшылар деп қарастырады, өйткені өмірдің өзі олардың еңбек әрекетіне деген қажеттілікті тудырады.
Мемлекет тарапынан оралмандар белгілі көмек алып тұрады. Бірақ бұл оралмандардың материалдық қамсыздануы мәселесін толық шеше алмайды. Ол үшін тек мемлекеттік ұйым тарапынан ғана көмек керек емес , сондай-ақ еңбекке қабілетті оралмандардың кәсіби еңбекке бейімделуге мүмкіндік тудыру бұған оралмандарға тіркелуде, жұмысқа тұруда, аударылған жергілікті төлемақымен қатар жеңілдіктер жасау қажет.
Оралмандарды бейімдеу және орналастыру көбінесе тұрақты жұмыс табуға байланысты. Жаңа жерде оралмандардың мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі аз, сондықтан уақытша жұмыс және біліктілікті қажет етпейтін жұмыс істеуге мәжбүр.
Көшіп келушілердің көбісі тұрғылықты жерін, жұмыс орнын қаладан табуға қызығушылық танытады.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей оралмандардың интеграциясы мәселесін шешудің тиімді түрі ол өз еркі бойынша жиып орналастыруды ұйымдастыру. Барлық тек баспаналық шаруашылық мәселе ғана емес , сондай-ақ бейімделу процесі ешқандай дау-дамайсыз, әлеуметтік-психологиялық ауырт-палықсыз бірте-бірте өтеді. Оралмандардың жаңа жерге орналасуда жиі қиын-дықтарға кезігеді, басқа қоғамда өмір сүру мүмкіндігінше адам баласына біраз қиындықтардан болады.
Оралмандарды әлеуметтік қорғау шаралары ішінде еңбекке жарамды отбасы мүшелерін еңбекпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет, балаларды оқыту мен тәрбиелеу жатады.
1991-1997ж. қабылданған барлық отбасы өтемақымен қамтамасыз етілген, көбісі жұмыспен қамтамасыз етілген, ауылдық жерде тұратындарға жеке шаруашылық үшін мал берілген.
Миграция жолында көп қиыншылықтар кездесіп тұр. Ол қиындықтар жоғарыда айтылған баспана мен жұмыспен қамтамасыз ету. Бұл мәселеде жергілікті басшылардың бюрократтық танытып отырғаны.
Шағын несие беру және бизнес инкубаторларға тарту мүмкіндігін пайдалана отырып оралмандардың өз бетінше кәсіп тауып алуын қамтамасыз ету жөнінде мақсатты жұмыс жүргізу жоспарланып отыр
Қорыта айтқанда миграция жолында істейтін істер шешетін қиыншылықтар толып жатыр. Оның бастысы — баспана және жұмыспен қамтамасыз ету. Көші-қон жөніндегі агенттік жергілікті, аудандық үкімет орындарымен байланыса отырып, оралмандардың жайын, кәсіби жұмысын шеше алатындығына күмән жоқ. Оралмандарға жеңілдіктер беретін үкімет заңдары қағаз жүзінде қалып қоймау үшін аталмыш агенттіктің шенеуниктері оларға шынайы қызмет көрсетулері керек. Сондықтан Көші-қон агенттіктің штатын ұлғайтып, құқығын кеңейтіп, міндетіне сай күшейтуді казіргі жағдай талап етеді.
Мигранттар, әлеуметтік көңіл-күйі маргиналдық қалыпта түрған, ерекше категорияны құрайды. Осы категориядағы адамдармен жұмыста, тұлғаның жаңа әлеуметтік қарым-қатынас аясына біртіндеп енуін қамтамасыз ететін, әлеуметтік бейімдеу керек.
Оралмандардың қазіргі жағдайы, проблемалары социологиялық зертеудің нәтижесінің негізінде жасалып отыр. Әлеуметтік зерттеулердің жалпы оралмандардың әлеуметтік мәселелерін анықтады. Оралмандардың әлеуметтік мәселесі мемлекеттің шешіп жатқан және шешуін талап ететін проблемалар жөнінде талданды. Және Қазақстанда олар қалай тұрып жатыр сонымен қатар жергілікті халықтың пікірлері ескерілді. Отаным деп келгенде мемлекеттен бастап жергілікті халық болып оларды қалай ортаға сіңістіре аламыз. Әрине ортаға бейімдеу 3-5жыл аралығында жүрілетін процестер. Жас шамасына байланысты оралмандар ортаға жылдам және кеш бейімделеді. 1991-1997ж арасында көшіп келген қазақтар елге сіңіп кетті. 10-30 жас арасындағы репатриаттарға әлеуметтік сауал қойғанда 95 пайызы жеке куәлік алған кезде туған жерін өзгерту туралы ұсыныс жасаған. Яғни құжатын Қазақстанда туылған деп жасатпақ ойда. Бұл идея өте орнықты себебі ерте көшіп келген қазақтар бейімделу процесінен өтіп кеткен. Бірақ құжаттарында қайдан келгені туралы жазылған. Бұл халықаралық талап болса да қоғамдағы қиыншылықтарға байланысты өзгертулер жасағаны дұрыс болар еді. Мысалы жұмыс т.б орындарға барғанда олардың қайдан келгені туралы білсе, жұмыс бабына алмай қою фактілері бар. Сәби кезінде келгендер тіпті туған жерін сезіне де алмайды. Олардың құжаттарын өзгерітсе көптеген мәселере шешімін табар еді. Жастар арасында стереотипті көзқарастар бар. Яғни кейбір жағдайда «оралман» деген сөзден болып адамдар арасында келіспеушіліктер болып тұрады. Жастарды нақты ортаға бейімдеуді мемлекет мақсат қойса, олардың құжаттарын өзгерту туралы шешім қабылдау керек.
Қазіргі таңда оралмандар өздерінің тарихи отанына оралғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени әлеуметтену тұрғыдағы және азаматтық-құқықтық сипаттағы бір топ проблемалармен кезігіп отырғаны баршаға аян. Бұл проблемаларды шешу біріншеі кезекте мемлекеттің міндеті болып табылады. Оралмандардың кез келген салаларда әлеуметтену проблемалары қандайда бір формада болсын мүдделер соқтығысуын тудырып отырады, тиісінше оның нәтижесінде ашық немесе жасырын түрде жанжалдық орта қылаң береді. Сондықтан аталған тенденциялар тұрғысынан келгенде қазақстандықтардың тарихи отандарына оралған этникалық қазақтарға, олардың жай-күйіне, тұрмыс-тіршілігіне қатысты көзқарастары үлкен мәнге ие.
Енді оралмандарға қатысты тікелей жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижелеріне тоқталып өтелік. «Әлеуметтік Технологиялар Орталығы» атты тәуелсіз сараптамалық ұйымның 2005 жылдың 5-12 қыркүйегі аралығында социологиялық сұрау жүргізген. Сұрауға жасы 18-ден асқан, республиканың алты аймағының ірі, орта қалаларында және ауылды жерлерінде тұратын ұлты қазақ, орыс және т.б. ұлт өкілдерінен тұратын 1800 респондент қатысқан.
- кесте
(жауап беруге қиналғандарды есепке алмағандағы сұралғандардың % алғанда)
Жақсы |
34 |
Шыдамды |
25 |
Немқұрайды |
22.5 |
Нашар |
10.1 |
Мысалы, Оралмандарға қатысты көзқарасыңыз қандай? деген сұраққа респонденттердің көпшілігі жақсы ойда екенін білдірген (34%) және 25% шыдамды көзқараста екенін айтқан.Сұралғандардың айтарлықтай бөлігі (22.5%) оралмандардың тағдырына немқұрайдылық білдірген, тек респонденттердің оннан бір бөлігі ғана оларға жағымсыз көзқараста болған.
Халықтың ұлттық белгілері бойынша оралмандарға қатысты көзқарастарының көрсеткіштерін талдау айтарлықтай алшақтығын байқатты. Оралмандарға қатысты оң пікірді көбіне қазақтар және шағын ұлттар өкілдері білдірген. Сонымен қатар халықтың бірқатар бөлігінде оралмандарға деген жағымсыз ойлардың айтарлықтай потенциялы сезіледі. Мысалы ұлты қазақ респонденттердің ішінен оралмандарға кері көзқарасын 7.5% білдірген. Қазақстандағы саны жағынан екінші тұрған орыс ұлтының көзқарастары біршама басқаша болған. Зерттеу нәтижесі бойынша анықталғандай орыстар арасында 15.9%-нің, яғни әрбір алтыншысында көңілі толмаушылық болған, тағы бір айтарлығы орыстар арасында өзге ұлт өкілдерімен салыстырғанда көңіл толмаушылық екі есе артық болып отыр.
Аталған зерттеу орталығының жүргізген ендірілген бақылаудың қорытындысында байқалғандай, халықтың кейбір тобында оралмандарға деген кері көзқарас жақтырмаушылық пен қатар, оралмандардың келуімен жұмыс орындары үшін бәсекелес, тұрғын нарығындағы жағдайды одан да бетер күрделендіріп жібереді деген ойдан туындаған қорқынышпен де байланысты екен. Әлеуметтік-экономикалық саладағы мүдделер соқтығысуы проблемасын қазақстандықтардың әртүрлі жағдайдағы репартриантарға деген көзқа-растарының көрсеткіштерінен көруге болады.
Кестеде біз тұрмысы жоғары және ортадан жоғары респонденттер оралмандарға айтарлықтай жылы қараса, табысы төмен респонденттер көбіне кері көзқараста болып отырғанын байқаймыз.
Егер халықтың жалпы құрамында материалдық жағдайы жоғары адамдар аз бөлігін, ал тұрмыс жағдайы орта және ортадан төмен тұрғындар басым бөлігін құрайтынын еске алар болсақ, оралмандар мен жергілікті халық арасындағы өзара қарым-қатынастың шиеленісу ықтималдылығы айтарлықтай екенін айтуға болады.
Тұрғылықты жеріне қарай алатын болсақ. Оралмандарға ауыл және кіші қалалар тұрғындары оң көзбен қараса, облыс орталықтары мен Алматы қаласының тұрғындары біршама сын пікір білдірген. Мұндай жағдайдың себебі оралмандардың көпшілігі ауылды жерлерден көшіп келгендіктен ауыл адамдарымен тіл табысуы жылдамырақ, ал облыс орталықтары мен
4.кесте
Оралмандарға материалдық жағдайына қатысты білдірілген көзқарастар көрсеткіштері
|
||||
Әл-ахуалдың деңгейі |
Жақсы |
Шыдамды |
Немқұрайлы |
Нашар |
Жоғары |
44.4 |
27.8 |
11.1 |
16.7 |
Жоғарыдан төмен |
50 |
19 |
19 |
9 |
Ортадан жоғары |
37.7 |
26.3 |
21.9 |
6.5 |
Ортадан төмен |
32.2 |
25.7 |
23.3 |
11.5 |
Төменнен жоғары |
27.9 |
24.9 |
23.9 |
11.7 |
Төмен |
18.8 |
23.4 |
25 |
25 |
Жалпы Республикалық |
34 |
25 |
22.5 |
10.1 |
Алматы қаласы тұрғындарының ішінен жақтырмаушылық ойлар көбірек болуының себебі ретінде жұмыс орындары мен тұрғын үй нарығындағы бәсекелестер деп қараудан келіп шығатынын айту керек. Сонымен бірге халықтың белгілі бір бөлігінің көшіп келуші қандастарымызға көзқарастары өзгеше болуының факторы ретінде орыс тілді халықтар өкілдері мен оралмандардың менталитетіндегі айырмашылықтың үлкен болуын айта кету керек. Бұл тұста туындайтын басты қиыншылық ол тілдік кедергі. Оның үстіне оралмандар Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерін айпағанның өзінде жергілікті қазақтардың өзімен тілдесуде қиыншылықтарға тап болып отырады. Оралмандарды жергілікті қазақтардың діннен алшақтығы, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай бермеуі және ана тілге құрметтің төмендігі ашындырады.
- кесте Жергілікті халық оралмандарға көбіне қандай мінездеме береді?
(пайызбен берілді)
Мінездемелер |
% |
Олар, өз отандарының нағыз патриоттары |
11.8 |
Олар, қазақ мәдениеті мен дәстүрін тасушылар |
13.7 |
Олар, өз жағдайын жақсартқысы келгендер |
25 |
Олар, еліміздің толық азаматтары болған адамдар |
8.3 |
Олар, тек мемлекетке ғана сенетін жатып ішерлер |
14.8 |
Олар, Қазақстанда үміттері ақталмаған адамдар |
5.7 |
Олар, экономикалық, әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделе алмаған адамдар |
4.8 |
Сұралғандардың айтарлықтай бөлігі (14.8%) оралмандарды мемлекетке ғана арқа сүйеп отыратындар деп санайды. Шамасы, бұлай пікір білдірудің тамыры өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмен болып отырғандығына, тиісінше мемлекет алдымен өз азаматтарының жағдайын көтеріп алуы тиіс деген ойда жатқан секілді. Жалпы алғанда оралмандарға берген пікірлердің жағымсыздары жағымды мінездемелерден 16% асып отыр.
Бұл жерде бір байқалғаны қазақстандыктардың басым бөлігінің қоғамдық
санасында қандастарымыздың әлеуметтік-мәдени жэне экономикалық тұрғыда
бейімделулері тиісті түрде назарға алынбай тыс қалып отыр. Ал аталған
сипаттағы қиыншылықтар оралмандарды Қазақстан жағдайына әлеумет-тенуінің басты проблемалық аймағына жатады. Бұл проблемалар қарапайым тұрғындардың ойынша оралмандардың өз бастарының мәселесі болып шығады. Мысалы сұралғандардың ең аз бөлігі (5.7%) олар, Қазақстанда үміттері ақталмаған адамдар десе, 4.8% олар, экономикалық, әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделе алмаған адамдар деген позицияны ұстанған. Оралмандарға жанаршылықпен қараған екі аймақты атауға болады: олар Оңтүстік және Батыс аймақтар, аталған аймақта тиісінше сұрауға қатысқандардың 10.4% және 6.5% олар, тек мемлекетке ғана сенетін жатып ішерлер деп жауап берген.
Оралмандардың проблемалары: Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайтару бағдарламасын жария ете отырып мемлекет бірқатар міндеттерді өз мойнына алды. Ол міндеттер оралмандарға тиісті құқықтық-азаматтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларды жасауды білдіреді.
Мемлекеттің көші-қон саясатында айтылған механизмдер мен құралдарды репатрианттарға қатысты тиімді пайдаланғанда, оралмандардың қазіргі уақытта кезіккен экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделуі пролемалары мұндай масштабқа ие болмас па еді. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай оралмандар Қазақстанға келгеннен кейін жиі кездесетін қоғамдық психология және шеттетушілікке тап болып жатыды.
Осы оралмандардың проблемаларын төменгі кестеден көруге болады.
- кесте
Қиыншылықтар |
% |
Нормативті-құқықтық базаның жетілмегіндігі |
14, |
Тұрғын жерді өз бетінше таңдай алмау (квота бойынша орналастырған) |
18 |
Тұрғын үйге қол жеткізудің қиыншылығы |
31,1 |
Квота бойынша келгендерге бір мезеттік және транспорттық жәрдемақыладың төленбеуі |
7,8 |
Қазақстан азаматтығын алудағы қиыншылық |
18 |
Жұмыс табу |
45,3 |
Еңбек нарығына сай мамандарды даярлау мен қайта даярлау |
6,5 |
Жеке өндірісті жасау кезінде, кәсіпкерлікпен айналысуда микрокредиттер беру |
5,7 |
Жер тілімдеріне және малға ие болу |
9,9 |
Білім алуда жеңілдіктер жасау |
6,2 |
Жергілікті халық көзқарастарының әрқилы болуы |
13 |
Әлеуметтік жағына тез бейімделуі |
14,3 |
Экономикалық жағына көмектесу |
13,6 |
Әрбір аймақтың тұрғындарыныц ұлттық құрамына, тілдік, діни, мәдени орталарының ерекшеліктеріне қарай әлеуметтік бейнесі қалыптасады, тиісінше оралмандарға әрқилы көзқарастардың орын алуы аталған ерекшеліктерге байланысты келетінін байқауға болады. Жеке аймақтар бойынша жіктеу, қазіргі кезде республикамыздың әр түрлі аймақтарында оралмандарды толғандыратын негізгі проблемалық зоналарды анықтауға мемлекет тарапынан оралмандардың проблемаларын шешуге қажетті бірінші кезектегі міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді.
Қайырып айтар болсақ, «Әлеуметтік технологиялары орталығы» атты зерттеу ұйымы жүргізген зерттеуінің нәтижесі халықтың басым бөлігі тарихи отанына оралған қандастарымызға оң қабақ танытатына көз жеткізуге боладьі. Сонымен қатар халықтың белгілі бір бөлігінің қоғамдық санасында оралмандарға деген жағымсыз ойлар басым болған. Мұндай ойлардың пайда болуы, көбінесе әлеуметтік-экономикалық саладағы мүдделердің соқтығысуынан орын алған деп айтсақ қателеспеген болар едік. Алынған нәтижелер көрсеткендей тұрғындар оралмандарға байланысты болған біршама мазасыздық таныта бастаған, оның себебі еңбек және тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің көшеюіне.
Қазіргі кезде оралмандарды жергілікті жағдайға бейімдеу тұрғысындағы жұмыстар қажетті деңгейде атқарылмай отыр деп айтуға болады, оны сұралғандар да атап өткен, және сұралушылар бұл саладағы үкіметтік іс-шаралар нормативті сипатқа ие, ал міндеттерді орындау формалды түрде жүргізіледі деген пікір білдірген.
2.2 Оралман жастарға білім беру және ортаға бейімдеу мәселесі
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алысымен Қазақ елінің әлеуметтік-саяси өмірінде «оралмандар» деген атау пайда болды. Бұл әрине, кездейсоқ құбылыс емес, ол еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастан жүргізген диаспора саясатының нәтижесі деп атап айта аламыз.
Шелелдегі қандастарының жоғын жоқтап, жыртысын жырту — тек қана тәуелсіз мемлекеттің қолынан келетін күрделі іс.
1992 жылы 23 қыркүйекте Министрлер кабинеті «Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасында болған кезіндегі әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» № 791 қаулысы қабылданды.
Қазақ диаспора саясатын қолдау мақсатында шетелде тұратын қазақ жастарды елге шақырту саясаты болды. 1994 жылы Қытайдан 30 оқушы шақыртып, Қаратау қаласындағы Қазақ Ұлттық Техникалық универ-ситетінің филиалында дайындық курсын оқытты. Дайындық курсын бітіргеннен кейін оқуға түсуіне жәрдемдесті. Сөйтіп шетелдегі қазақ жастарды тарихи отанға шақырту үшін оқу мәселесін алға тарта отырып көш саясатын жүргізуді мақсат етті. Бұл үрдіс содан кейін жалғасын тауып келеді. Шетелдегі қазақ жастарын оқыту үрдісін қозғаушы дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы екенін айта кеткен жөн. 1995 жылы Қауымдастық пен Білім және ғылым министрлігі бірлесе отырып, Қытайдан, Монғолиядан, Қарақалпақстанан жүзге жуық оқушы дайындық курсына түсіп, қалаған мамандықтарына түсіп кетті. 1996-1997 жылы екі жүз оқушы қабылданып оларда қалаған кәсіптің иесі болып кетті [15].
Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 1996 жылы қабылдаған «Шетелдегі ағайындарға қолдау көрсету туралы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалып жатыр.
Оралман жастардың Қазақстанда оқуы мен елге көшіп келген қазақтардың балалары мектепте оқитындары мен жоғары оқу орындарында білім алуға ынта білдіргендері қабылданып отырды. Тіпті, аспирант, докторанттық оқимын дегендерді де жеңілдіктер жасалды. Оларға шәкіртақы беріп, тегін жеке жатақханамен қамтамасыз етті. Өйткені олардың көбі отбасымен келген жастар еді. Ол кезде талапкерлер мен ізденушілер бірден жергілікті студенттер мен аспиранттарға қосылып оқитын. Соған байланысты олардың көп бөлігі отандық оқу орындары мен ғылыми ортаға айтарлықтай үйлесіп кетті.
Қазақстан қоғамы кеңестік социалистік саяси-экономикалық жүйеден түбегейлі өзгеру кезеңін бастан кешіріп жатқандықтан, оларға әлеуметтік және экономикалық ауыртпалық ауыр тиді. Сонымен жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарына түскен оралман ізденушілердің көбі тіршілік қамымен базар жағалап кеткені де болды. Елден кеткен жоқ. Олар отанында отау тігіп, Қазақстан азаматтығын алып, шағын кәсіпкерлікпен шұғылданып, ел экономикасына өз үлестерін қосып жатқан жайы бар. Демек, олар да еліміздің оралман саясатының арқасында өз мақсаттарына жетті дейміз. Өйткені қандастарымыздың тарихи отаны — Қазақстанға оралудағы түп мақсаты — Қазақстан азаматтығын алып, қазақтық болмыста өмір сүру және өз елі үшін еңбек ету. Елімізде қолданып отырған қазақ диаспорасы саясатының мақсаты да осы болып табылады.
Сырттағы қазақ диаспора жастарын оқытуға қатысты мәселелер ҚР-ң шетелдегі елшіліктеріне жүктелген. Аталған елшеліктер тиісте талаптарды орындай отырып, дайындық бөлімдеріне оқуға жіберу үшін консурсқа қатысуға ұсынылған қазақ диаспора өкілдерінің тізімін. Сыртқа істер министрлікінің Консулдық депарламенті арқылы Білім және ғылым минист-рлігіне өтеді. Барлық талапкерлердің құжаттары куәландырған болуы керек. Шетелден келетін қазақ жастарына келуіне ешқандай бөгеттер жоқ. Тек Қытай мемлекеті ресми түрде қазақтарды жіберуге қарсы. Бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін табылмай келеді.
Жалпы республика бюджетіне ЖОО-ң дайындық бөлімдеріне жыл сайын 1400 орын бөлінеді. Осы орындарға шетелден келген жастар 2004-2005 оқу жылында жалпы саны 1642 өтініш білдірген. Осы өтініштің 1456-сы ғана қабылданған. ҚХР-нан 836,Өзбекстанан 151, Моғолиядан 201, Иранан 3, Швециядан 1, Қырғызстанан 4, Түркіменстанан 41, Ресейден 3 талапкер дайындық бөліміне оқуға түсті.
ҚР Үкіметінің 2000ж 11 қарашадағы қаулысына сәйкес, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ баласына мемлекеттік гранттың 2 пайызы бөлінеді делінген. Шетелдегі диаспора өкілдері 2001-2002жылы 306 бала қабылданса, 2002-2003 жылы 680 , 2003-2004 жылы 775, 2004-2005 жылы 470 болса, 2005-2006 жылы 567 оралған жастар студент өмірді кешіп жатыр. Дайындық бөлімі еліміздің әр түрлі өңіріндегі 14 ЖОО-да бар [16]. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде жыл сайын 300 қазақ диаспора өкілдері университеттің дайындық курсында дәріс алуда.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде дайындық курсына биыл түскен оралман студенттер саны 150. Сонымен қатар еліміздегі ЖОО-да білім алуда. Елбасымыз да оралман студенттер мен тұрғылықты студенттерге әр түрлі жеңілдіктер жасап, қолдау көрсетуде. Осындай оралман студенттерге қолдау көрсетуші, бақылаушы объектілер: Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Есенов атындағы АқтауМУ, Бөкетов атындағы ҚМУ, Әуезов атындағы ОҚМУ, Абай атындағы Алматы педагогикалық университеті, Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, С.Сейфулин атындағы Қазақ Аграрлы университеті, О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеттері. Осындай ірі оқу орындарының қолдауымен біздің студенттерімізге мүмкіншіліктер жасалынып, жоғары білім алуда.
Отанына қайтып оралған оралман жастар «өз елім» деп аңсап келгенде, қайлай оларды өзектен кебеміз. Ең жылдам бейімделетін жастар болған соң олар жергілікте жастармен араласып, тіл табысып кетуде.
Облыстар бойынша оралмандардың ЖОО-да оқуы
- сурет.
«Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 29-2 бабына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі оралмандарға орта кәсіптік және жоғары оқу орнына түсуге Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген көлемде квота бөлінуін қамтамасыз етеді. Министрліктің жергілікті департаменттері мектептерде және балабақшаларда оралмандарға орын бөлінуіне жауапты. Жалпы, министрліктің жергілікті және облыстық департаменті оралмандарға білім алуды ұйымда-стыруда шараларыды қолға алған. Көші-қон комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жылы оралмандадың мектеп жасындағы балаларының ішінде бастапқы білімді 95,3% алды [17].
«Білім-Орталық Азия» білім беру орталығының зерттеулеріне сүйенсек, мектеп бітіргендердің 46% университеттік білім алуға талпынады, 40% әлі шешім қабылдаған жоқ, ал 14% кәсіптік немесе техникалық колледждерде оқығысы келетіндігін айтты. Ата-аналардың ішінде 54% балаларының жоғары білім алғандығын қаламайтындығын, өйткені қаржы тапшылығы және балала-рының үйден кеткендігін дұрыс деп санамайды.
Айта кету қажет, Ғылым және білім министрлігі білімдерін жалғасты-ратын оралмандардың санын көбейтуде белгілі жұмыстар атқарып жатыр, мемлекеттік кредит пен грант алуда жеңілдіктер бар, атап айтқанда 2% оралмандарға арналған мемлекеттік кредит пен грант. 2003-2004 жылдары жалпы Қазақстанда 183 000 ЖОО — талапкерлер түсті. Сонымен, мемлекеттік көмек арқылы оқып жатқандар саны -26 000 адам, соның ішінде 520 – оралмандар[18].
Соңғы жылдары алыс жақын шетелдерде тұратын қазақ жастарынан орта мектеп бітірген соң Қазақстанға оқу іздеп келетіндердің қатары қауырт көбейді. Солардың арасынан сұрыптап оқуға қабылдау үшін және оларды қазақстандық әлеуметтік ортаға тезірек бейімдеу үшін бір жылдық дайындық курстан өткізу тәсілі қолданылып отыр. Осы жағдайға байланысты, қазір оралман студенттерді қалай оқыту және оларды әлеуметтік ортаға қалай тезірек бейімдеу керек деген мәселе көтеріліп отыр. Бұл заңды сұрақ әрі кешіктірмей шешуге тиісті мәселе. Бұл үшін біз алдымен оқыту нысанамыз болған оралман студенттердің нақтылы болмысын анықтап алуымыз керек деп ойлаймын.
Оралман студентер дегеніміз,- алыс жақын шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың арасынан саналы түрде өзінің тарихи отаны — Қазақстанға келіп жоғары оқу орындарына түскен жастар. Олар әр түрлі елдерде туып өссе де, оларда жалпы қазаққа тән ұлттық сана-сезім мен ортақ құндылықтар және арман-тілектер бар. Сондай-ақ оларда этнопсихология да біршама жақсы сақталған. Олар шетелдерде, жат елдің билігінде өмір сүргендіктен олар ұлттық тәуелсіздіктің қадірін өте жақсы түсінеді. Олар Қазақстанның тәуелсіздігін, мемлекеттік территорияның тұтастығын, ұлттық тіл мен дінді ең жоғары құндылық деп санайды. Сондықтан олар өз елінде қазақы болмыста өмір сүруді және ұрпақтарының мәңгі бақи қазақ болып қалуын армандап келеді, сондай-ақ олар Атамекенін аңсап келеді. Сонымен олар отандық әлеуметтік ортаға үйлесе алмай бір мезгіл қиналады. Бұл түсінуғе болатын қалыпты психологиялық құбылыс. Өйткені қазақ оралман жастарының менталитеті олар өмір сүрген елдердің әлеуметтік саяси-экономикалық және мәдени ортасының ықпалында қалыптасқандықтан, олардың ойлау формасы мен бағамдау өлшемдерінде өзіндік айырмашылықтар сақталған. Егер оралман студенттердің сондай менталитеттік ерекшеліктері мен білім алған тіл жазуын ескере отырып оларды оқытатын болсақ және оларды отандық әлеуметтік ортаға бейімдейтін болсақ, онда біздің ісіміздің нәтижесі ана анағұрлым жақсы болар еді деп ойлаймын.
Қазіргі Қазақстанда оқып жатқан оралман студенттерді негізінен үш түрлі әлеуметтік ортадан келгендер деп санауға болады. 1-ші, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан келгендер. Бұларға Моңғолиядан келгендерді қосуға болады. Бұлардың негізгі ерекшелігі-бұрынғы кеңестік саяси, экономикалық және мәдени ортада қалыптасқан отбасында туып-өскен, кириллицамен білім алып, орысша сауат ашуында. Сондықтан олар елге келген соң әлі де орыстық мәдениет салтанат құрьп тұрған Қазақстанның әлеуметтік ортасын олар жатырқамайды, тіл-жазуынан онша қиналмайды. Посткеңестік қоғамдарда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерді қабылдап әдеттенген олар, Қазақстандағы әлеуметтік жағдайға, қоғамдық іс-қимылдарға тез бейімделіп кете барады; 2-ші, Түркия, Иран,Пәкістанан сияқты мемлекеттерден келгендер. Олар өздері тұрған елдерінде қолданылатын түркше, иранша немесе Батыс тілдерінде білім алады. Олар кириллицаны, орыс тілін мүлде білмейді. Тіпті, қазақ тарихы мен мәдениеті жөнінде де мардымды мағлұмат алуға мүмкіндігі болмайды. Өйткені ол елдерде қазақ тілінде білім беретін мектеп жоқ. Олар тек отбасында ғана ата-аналарынан қазақы ғұрып-әдетті, тұрмыстық жай сөздерді үйреніп, қазақтық сананы қалыптастырады және діни танымдарымен ерекшеленеді; 3-ші, Қытайдан келгендер. Олар сол елде төте жазумен қазақша, қытайша оқиды немесе қытай мектептерінде қытайша және ағылшынша оқып келеді. Қытайдағы қазақтарда ана тілінде білім берудің бастауыш мектептен жоғары оқу орына дейінгі жүйесі болғанымен, олардың оқулықтары Қытай мемлекеттік оқу бағдарламасы бойынша дайындалған қытайша оқулықтардан қазақша төте жазуға аударылған нұсқасы (қазақ тіл-эдебиеті оқулығынан басқасы). Сондықтан олар Қазақстанда қолданылатын кириллица жазуы мен орысшаны білмейді. Бірақ олар елге келген соң конкурсқа қатысу үшін кириллицаны өздігінен оқып үйреніп, сауат ашқан болады.
Оқулық демекші, соңғы жылдары посткеңестік елдерде өздерінің мемлекеттік оқу бағдарламалар жасап оқу процесіне енгізуі және латын әріпін қолдануына (Өзбекстан, Түркіменстан) байланысты, ол елдердегі қазақ жастары да кириллица жазуын білмейтін болады. Сондықтан оралман студенттерді оқытудағы бірінші мәселе-жазу болмақ. Сонымен әр елдің оқыту бағдарламамы, әдісі әр түрлі болған соң, ғылымдағы терминдер де өз тілдерінде жасалған. Бұлда өзіндік түсінбейшіліктер туғызады.
Сондықтан оралман студенттерді оқытуда және оларды әлеуметтік ортаға бейімдеуде Қытайдан келген жастардың іс жүзінде жағдайын назарда ұстаған жөн. Өйткені олардың өскен ортасы да, білім алған тіл-жазуы да басқалардан өзгеше.
Тарихи отанымызға этникалық қазақ қандастарымыздың оралу процесіне құқықтық қызмет көрсету; азаматтық алу; тұрғын үй беру; қызметке орналастыру. Елімізге оралған білімді оралмандар қоғамға әлеулі үлестері бар. Мәселен, жақын шет елдерден 13 ғылым докторы, 67 ғылым кандидаты, жоғарғы білімді 12182, аяқталмаған жоғары білімді — 1472, орта білімді — 16196 қазақтар көшіп келді. Шығармашылық саладағы қызметкерлер — 631, білім саласының қызметкерлері — 5917, медицина саласының қызметкерлері — 2492, мемлекет қызметкерлері — 651, кәсіпкерлер -2576 адам болып табылса , ал 2005 жылғы мәлімет бойынша, оралмандар арасынан 45 ғылым докторы, ғылым кандидаты — 242, жоғарғы білімді — 24847 адам, шығармашылық саладағы қызметкер — 1530, білім саласының қызметкерлері — 11753, медицина саласының қызметкерлер саны — 6058, мемлекет қызметкерлері — 773-ке жетті [19].
Бұл репатрианттардың бейім процесін объективті көрсеткіш сияқты субъективті қабылдауын білдіреді. Бұл жағдайдың мәселелері келесідей бөлімдерден тұрады:
Объективті факторлар:
- тілдік, мәдени интеграциялық проблема;
- тұрғылықты үй табу, әлеуметтік бөтенсу сезімі;
- азаматтықты алғанға дейін қызмет табу, азаматтық алу мәселесі
(аралас некелер, босқындар және т.б.) - материалдық жағдайдың төмендеуі, көп балалы отбасы, білім алу
мәселесі, жоғары білім. - тұрақты ақпарат базасының болмауы.
Субъективті фактор: - өмір сүруші ортаның құндылықтары мен нормаларын қабылдау;
-қоғаммен байланысы және ымырашылдығы болып жатқан өзгерістерді
қабылдау;
-тіл біліктілігі (қарым-қатынасқа түсуде қазақ тілі мен орыс тіл білімінің болуы);
-мамандық алу мүмкіншілігі мен талабына сай орта білімі мен біліктілігінің қалыптасуы.
Білім алуды жеңілдету факторын ұстау, оралмандардың интеграциялануы мен бейімделу процесі ресурстардың біріне жатады.
Қазақстан Республикасы алдында оның бір азаматындай сезініп осы елге қарыз сезінсе, екінші жағынан елі мен мәдениетінің терең байланысын сезінеді. Бірақ, репатрианттардың бір бөлігі елінің алдында парыз сезімінен айырылған фактіні байқамауға болмайды. Бұл отанына қайта оралуға айтарлықтай құлқы жоқ жастар. Олар Қазақстан өмірінің болашағына енжар көңіл аударады.
Қазақстанның аймақтарында жүргізілген фокус топтық пікір-талас нәтижелерінің барысында келесі ұсыныстар ұсынылды:
Қазақстан Республикасында жетіліп, білім алған балалар репатриант- тар отбасынан шыққан немесе репатрианттар ретінд қарастырылмайды;
- ҚР азаматтығын алғаннан кейін балалардың білім алуына кедергі
келтірмеу және ҚР заңды базасын ұстанып, сапалы білім алуына
мүмкіншілік туғызу, жан-жақты қолдау көрсету; - білім алуды жеңілдету принципін жүзеге асыруды мақсат ретінде
қарап, оралман отбасы азаматтарына келесі пәндерден тұратын
қосымша сабақ жүргізілуі тиіс (жергілікті немесе мемлекеттік
бюджеттен төленілетін): «қазақ тілі», «орыс тілі», «қазақстан тарихы»; - оралмандар мен тұрғылықты халықтың арасындағы қарама-қайшы
көзқарастарды жою үшін оралман отбасылар мен кедей және көп
балалы тұрғылықты отбасыларына бірдей әлеуметтік бағдарламалар
мен жеңілдіктер жүргізілуі тиіс;
ЖОО-на түсу кезінде квотаны көбейту, әлемде 35 пайыз қазақ тұрса, шетелдегі қазақ диаспорасына мемлекеттің 2 пайыз гранты азшылық етеді. ЖОО бітіру кезінде мамандық бойынша жұмыс жасауы үшін олармен келісімшартқа отыру. Менің ұсынысым:
- Оралман жастарды ең бірінші Қазақстан тарихын жақсы тәсілдермен оқыту маңызды. Себебі халықаралық талаптар бойынша әр мемлекет өзінің отандық тарихын оқытады. Келген жастар қазақ тарихына жақсы білмей келеді. Біз оларға қазақ тарихтын оқыта отырып , отандық сезімді бойына сіңдіреміз.
2.Оралман студенттерге арналған орыс тілін тез үйрететін оқулықтар мен
оқу әдістемелік құралдарды дайындау керек. Және дайындық курста негізгі
сабақ орыс тілі болу керек. Ал дайындық курстан кейінгі төрт жылда
университет бойынша оралман студенттерге орыс тілін жалғасты түрде
тереңдетіп оқытатын орталық немесе клуб ашу қажет. Өйткені оралман
студенттер өзінің атамекені — Қазақстанға келгеннен кейін ең алдымен
қиналатыны орыс тілі. Олар егер орыс тілін меңгерсе оқулық мәселесі де,
әлеуметтік ортаға бейімделуі де өздігінен шешімін табады. Келген жастарды орыстық санада емес, орыс тілін үйреткеніміз абзал.
3.Оралман студенттерді әлеуметтік-көпшілік шараларға көбірек тарту
керек. Ол үшін оралман студенттер жергілікті студенттермен араластырып
жатақханаға орналастыру қажет. Олар бір жатақханада тұрса оралман
студенттердің тіл үйренуіне, әлеуметтік өзара қатыныстарға бірге қатысуға қолайлы болар еді. Сондай-ақ олар өзара араласу барысында бір-бірінің жақсы мәдени әдетін қабылдап, кемелдене түсер еді деп ойлаймын.
- Оралман студенттерге Қазақстанның әлеуметтік жағдайынан және
құқықтық жүйесінен негізгі білімдік лекциялар керек. Мысалы, олардың жеке
бастық құжаттарды дайындау және жұмыс істеу немесе шағын кәсіпорындар
ашу үшін қандай құжаттар дайындау керек екендігін түсіндіру керек. Өйткені
дайындық курстағылардың барлығы жоғары оқу орындарына қабылдана
бермейді, қабылданса да бәрібір олар болашақта Қазақстанда өмір сүруі керек.
Сондықтан оларға әлеуметтік ортаға бейімделудің тетіктерін үйретудің
артықтығы жоқ. Сонымен қатар, оралман студенттерге патриоттық тәрбие беру,
олардың жүрегіне қазақстанық мақтаныш сезімін ұялатумен қатар, олардың өз
отаны — Қазақстанға үлес қосуға борышты екендігін терең сезіндіру керек. - Оралман студентер оқуын тәмандаған соң, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру тетіктерін қарастыру керек.
Мемлекеттік тілді жақсы білітін мамандарды пайдалануда оралман жастарда ескерусіз қалдырмау дұрыс. Олар оқып бітірген кезде жұмыс орындарына орналасу қиыншылықтары бар.
Қазақстан Республикасынан ілім алып осы елге қызмет жасап жатқан бірқатар шығармашылық саласындағы индивиттерді айта кетсе, Монғолиядан; «Жас Қазақ» газетінің журналисі Еренғайып Қуатайұлы, «Хабар» агентігінің журналистері Нұрлан Окаұлы, Ардабек Солдатбайұлы, Айдос Жұқанұлы, «Қазақстан» арнасында Айбек Қобдабайұлы, «Астана» арнасында Ержан Әшейханұлы, «Түркістан» газетінде Есенгүл Кәпқызы, «Қазақ» родиосында Болатбек Баянханұлы, Қабдай Нұрлан, Ақсұңқар Ақынбабақызы, «Әдебиет айдыны» газетінде Әбдімәлі Өміржан, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы т.б. мемлекеттік қызметтер атқарып жатыр. Тәуелсіздік алған соң елімізге шетелде тұратын қазақ ғалымдар да көшіп келді. Зардыхан Қинаятұлы МХР-ң премьер-министрінің орынбасары болған, Түріколог,ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы әлемде орхан-енесей жазуын оқитын 8 ғалымның бірі. Және Қарағанды Мемлекеттік университетінде 15-тей әр түрлі дәрежедегі оқытушылар қызмет жасауда. Ал,Қытайдан келген ғалымдар, Нәбижан Мұхаммед, Жақсылық Сәбитұлы, Дүкен Мәсімхан, Тұрыспен Зәкенұлы, Жәкен Шәди т.б. ғалымдар да баршылық. Биші Шұғыла Сапарғалиқызы, «тарлан» сыйлығының иегері Майра Мұхаммедқызы, Қазір Парижы қаласының орталық опера театрында өнер көрсетіп жүр. Түркиядан келген ғалым, дінтанушы, исламтанушы, дипломат Мұртаза Бұлұтай, ең алғаш қазақ тілінде Құран кәрімді тәжімалаған қазақ халқының бір туар ұлы Халифа Алтай, Шаки Морис, Бруслендермен бірге оқығын, шығыс жекпе-жегінің шебері Мұстафа Өзтүрік т.б. Қазақ мемлекетінің дамуына өз үлестерін қосуда. Елбасының «мәдени мұра» бағдарламасына шетелден келген қазақ ғалымдары да атсалысып жатыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан әлемде жер көлімінен 9-шы орында болса, ал халқы саны бойынша 79 орында тұр. Халықтың демографиялық санының аздығы мемлекет алдында тұрған өткір мәселенің біріне айналды. 1997 жылы мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан 2030» атты стратегиялық даму бағдарламасы жасалып, 2015 жылы халық саны 20 миллионға 2030 жылы 25 миллионға жеткізуге мемлекет мақсат қойды. бағдарламаның негізі ұлттық миграция саясаты арқылы жүзеге асыру көзделген. Яғни шетелде тұратын қазақ диаспорасын тарихи отанға көшіріп әкелу ретінде бағдарлама нақты іске қосылмақ. Мәселенің басы отанымыз екі ұлы державаның геосаяси территорияға орналасуы немесе державаның демографиялық артықшылығы мемлекеттік саясатқа әсер етпей қоймайды. Сондықтан да еліміздің демографиялық мәселесін жылдам шешу маңызды.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуметінің артуы өзге де салалармен қоса Қазақстан шекарасынан тыс қалып қалған қазақтарды елімізге оралуымен байланыстырып отыр. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақстан өзге елдерде өмір сүріп жатқан этникалық қазақтарды елге қайтару саясатын ұстанды. Мұндай саясат экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістер жағдайында қажетті жұмыс күштерін тарту тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар жалпы ұлттық моларь мен этиканы сақтау және тарихи әділеттілікті қайта орнату қажеттілігімен де маңызды болды. Қазақтардың тарихи отанына оралту қазақ мәдениетінің сақталуынада, қазақ тілінің екінші демге ие болып, дами түсуінде көрінетін мемлекеттің ұлттық негіздерді сақтап қалуды көздейді.
Егемендіктің еркіндігі әлемдегі әр қазақты отанға қайтуға ерік берді. Тарихи отанға оралған қазақтар мәдени-әлеуметтік үзілген құндылықтарды қайта жаңғыртып, еліміздегі қазақтардың демографиялық ұлттық болмысына үлестерін қосуда. Көштің басталуынан бастап бүгінгі күнге дейін тарихи отанына оралған оралмандардың жалпы саны 667 мыңды құрайды. Оралмандардың әлеуметтік жағдайы, күнкөрісі, өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, білім алу, баспана, азаматтық алу, т.б мәселелері сын көтермейді.
Мемлекет тарапынан жасалатын әлеуметтік жеңілдіктердің механизмдері қарама-қайшылықтарға толы. Осындай әлеуметтік мәселелер оралмандар үшін өзекті мәселеге айланып тұр. Мәселен азаматтық алудағы кедергі, тұрақты тіркеуді талап етуі. Жаңа келген оралманда қандай тұрақты тіркеу болуы мүмкін? Және де квота алу мәселесі де нақты жолдарға қойылмаған. Жалпы көші-қон саясатын мемлекет қайта қарап, көші-қон саласындағы осындай кемшіліктерді жойып, қайтадан жаңа бағыттар жасауы керек. Және де оперативті әрі тиімді оралмандарға қызмет көрсетсе мұндай өзекті мәселе болмас еді.
Сонымен қатар Көші-қон комитетінінің статусын Көші-қон министрлігі ретінде статусын көтеру керек. Егер министрлік болған жағдайда көптеген шешімі табылмаған мәселелер шешілер еді.
Тарихи отанына келген қазақтардың әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени бейімделу, білім, тіл және т.б. салаларда қиыншылықтары көптеп кездеседі және біртіндеп шешіліп отырғанына қарамастан олардың өзекті мәселесі қоғамдағық проблемаларды күрделендіре түсуде.
Оралмандарды ортаға бейімдеу үрдісі әлі күнге дейін мемлекет тарапынан нақты шаралар жасалмай отыр. Келген оралмандардың 96 пайызы арнайы бейімдеу орталықтарысыз қоғамдық қатынастарға түсу арқылы бейімделуде. Оралмандарды бейімдеу және аймақтық қоныстандыру бағдарламасын жасау қажет етуде. Оралмандарды қоныстандыру жағдайы климаттық, тарихи шежіресіне байланысты орналастыру керек екендігі бүгінгі ахуал көрсетіп отыр.
Келген репатриаттарды жұмыспен қамтамас ету мен қатар білім беру мәселесі де шешімін таппай тұрған жағдай бар. Мәселен, әр түрлі альфабитті қолданған оралмандар еңбек нарығана қатыса алмай тыс қалуда. Қазақстан ішіндегі еңбек нарығында орыс тілінің басымдылығы да оралмандар үшін өзекті проблема болып тұрғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар қоғамдағы психологиялық ахуалда әсері бар екені анық.
Білім саласына келсек оралған қазақтарға Білім және ғылым министрлігі бөлетін 2 пайыз грант аздық етеді. Жалпы қазақтардың 35 пайыз шетелде тұрады. Осы келіп жатқан оралмандардың дені жастар, яғни білім алу мақсатында келіп елімізге тұрақты тұруды мақсат етеді. Оларға отандық негізде білім беру және Қазақстан тарихын жақсылып оқыту маңызды. Осы үрдістерді шешу күн тәртібінде тұр.
Жалпы қорыта келгенде жоғарғыдағы айтылған, оралмандардың қордаланған проблемасын рет ретімен шешуді қажет етеді. Сонымен қоса оралмандарды ғылыми тұрғыдан егжей-тегжей зерттеп, қоғам алдында нақты баға беруді керек етеді. Ойымды қорыта келе оралман жалпы қазақтың мәселесі сондықтан жүйелі түрде әлеуметтік саяси үрдістерін қадағалап, оны іске асыру тек қазақ мәселесі болып табылады.
СІЛТЕМЕЛЕР
- Ақышов А., Жанайхан Б. Бүгінгі Қазақстандағы оралмандардың аймақтық әлеуметтік-демографиялық мәселелері // Алматы:Саясат журналы. № 9, 2006 .- 44 бет.
- Қазақ диаспорасы; бүгіні мен ертеңі. Астана. Елорда, 2005.- 50 бет.
- Жангутин Б.О. Из истории миграционных процессов в приграничных районах Казахстана и Синьцзяна в 1950-е гг// Алматы:Саясат журналы.№11, 2005 .-43 бет.
- Сағат Зақанқызы, Бақыт Дөрбекханқызы. Ұлпақтар тоғысы. Астана. Елорда, 2001 ж.- 55 бет.
- «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы. 1997ж
- Қазақ Елі, №10-11, қазан, 2002 ж.
- 2003-2006 ж «Республикалық бюджет туралы» Заңдар.
- Иванова Л.М., Құрманбаева Ш.А., Мейіржанов С.Т. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат. Алматы. Қарсай, 2006ж.-57 бет.
- Статистика агенттігінің, 1991-2005 ж Қазақстан халқының саны.
- Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз-демографияда.-Алматы. Жеті жарғы, 1999ж.-123 бет.
11.www. Googole.kz
- Әбдиев Ж.Оралмандардың мәселесі. Айқын газеті. № 136-137, 23мамыр, 2007ж.
- Амангелді Айталы. Ұлттану.Алматы. Арыс, 2003 ж. — 9 бет.
- Какимжанова М. Социокультурная среда и адаптация оралманов//Алматы: Саясат журналы.№8, 2006 .-43 бет.
- Қазақ Елі газеті. 29 маусым 2004ж.
- Мамашев Т., Балғабаев С. Әлем қазақтары Астанада бас қосты.Алматы. Дүниежүзілік қазақтар кауымдастығы, 2006ж. -127 бет
- Көші-қон және демография комитетінің мәліметтері. 2006ж.
18.www.edi gov. Білім және ғылым министрлігінің реси сайты.
- Зардыхан Қинаятұлы. Оралмандар олардың азаматтық құқығын қамтамасыз етудің бүгінгі жай-күйі//Егемен Қазақстан газеті, 28 қыркүйек, 2005 ж.
- «Оралмандар: сапалы білімге қол жеткізу мүмкіндіктері» — Білім-Орталық Азия білім беру орталығының зерттеулері. 2005ж
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Назарбаев Н. Тарих толқынында.-Алматы. Атамұра, 1999ж.
- Зардыхан Қинаятұлы. Жылаған жылдар шежіресі.-Алматы. Мерей, 1995ж.
- Амангелді Айталы. Ұлттану. Алматы. Арыс, 2003ж.
- Жинақты құрастырушылары: Парламент депудартары. Кеш-керуен.- Алматы. Парламент Үйі, 1997ж
- Жинақты құрастырушылары: Қасымбеков М., Найманбаев Қ., Ел мен Елбасы. Алматы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы, 2003ж.
- Жинақты құрастырушылары: Мамашев Т., Балғабаев С. Әлем қазақтары Астанада бас қосты. Алматы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы, 2006 ж
- Мауқараұлы Абай. О қазақ пен бұ қазақ. Алматы. Алматы болашақ, 2002ж.
- «Қазақстандағы көші-қон үрдісі: кеше, бүгін, ертең» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10жылдығына және оралмандардың-репатриаттардың тарихи отандарына оралуына арналған ғылыми-теориялық конференцияның құжаттары. Павлодар.2001ж.
- Көшербаев Қ.Е., Құттыбаева Р.С. Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселелері. Алматы.Қазақстанның даму институты,1996ж.
- Социологиялық сөздік. Алматы. Қазақ университеті, 2003ж.
- Тәтімов М., Әлиев Ж.. Дербестігіміз-Демографияда.Алматы. Жеті
жарғы, 1999ж. 123 бет.
- «Қазақстан 2030» стратегиясы.Алматы. 1998ж.
- «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Президенттің жолдауы, 2007ж.
ҚР Заңдары
- ҚР «Халықтық көші-қон туралы» Заңы, 13 желтоқсан 1997 жылы (2001,2002, 2007жылғы толықтырулар мен өзгертулер)
- «2006 жылғы республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы, 22 қаңтар 2005ж.
- ҚР «Азаматтық туралы» Заңы
Президент Жарлықтары
- «2005-2007 жылдарға арналған оралмандардың көші-қон квотасы» туралы ҚР Президентінің Жарлығы, 27 желтоқсан 2004 ж.
- «2004 жылдарға арналған оралмандардың көші-қон квотасы» туралы ҚР Президентінің Жарлығы, 31 қараша 2004 ж.
Мерзімді басылымдар
- Еренғайып Қуатайұлы. Көштен қалған көш. Жас Қазақ газеті, №7 23 ақпан 2007ж.
- Ғалым Сүнетов. Қазақстандағы көші-қон саясаты. Қазақстан газеті, №7 19 ақпан, 2004ж.
- Найманбаев Қалдарбек. Болашақ және шетелдегі бауырлар. Қазақ Елі газеті, 26 маусым 2004 ж.
- Сейтбатталов Бағдат. Үш қақазтың бірі жат жұртта жүр.Егемен Қазақстан газеті, 26 сәуір 2000ж.
- Балғабаев Сұлтанәлі. Қазақ диаспорасы құрылтайд ғана керек пе?. Қазақ әдебиеті газеті , №46 29 желтоқсан 2001ж.
- Есенгүл Кәпқызы. Атамекеніне көшкісі келетіндер көп. Түркістан газеті, 29 желтоқсан 2001ж.
- Бақытбек Бәмішұлы. Қазақ диаспорасының кейбір өзекті мәселелері туралы. Шалқар газеті, 10 қаңтар 2004ж.
- Бақытбек Бәмішұлы. 3,5 миллион қазақ қашанкөшіп келеді. Қазақ Елі газеті, 10 сәуір 2003ж.
- Балғабаев Сұлтанәлі. Атажұртта оқып жүр талай қазақ баласы. Қазақ Елі газеті, №2 12 ақпан, 2002ж.
- Дағжан Белдеубайұлы. Шетелдегі қазақты оқыту жыры. Ана тілі газеті, №40 30 қыркүйек 2004ж.
- Гүлзат Нұрмадақызы. Алтыншаш апам қайда жүр, мың бес жүз бала қайда жүр?!. Жас Алаш газеті, №5, 11 қаңтар, 2003ж.
- Есенгүл Кәпқызы. Квота қаржының жетімсіздігінің ғана орындалмайды, осыған сенесіз бе? . Түркістан газеті, 27 қаңтар 2003ж.
- Жағанова Алтыншаш. Көш келеді, ол ұлы көш. Қазақ Елі, №10 қазан 2002.
- Назарбаев Нұрсұлтан. Ел көшін бастау-маған сын,мені қостау- елге сын. Қазақ Елі, №10 қазан 2002.
Интернет желістері
1.www.zakon.kz
2.www.enbek.kz (ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі)
3.www.inform.kz (Қазинформ ұлттық ақпараттық агентігі)
4.www.Kazakh.ru `(ұлттық сайт)
5.www. Google.
6.www. ebu gov.kz (Білім және ғылым министрлігі)
7.kazaktar.kz (Дүниежүзілік қазақтар кауымдастығы)
- akorda.kz (Президеттік сайт)
9.azattyg.org (Азаттық радиосы)