АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау қағидалары

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау

қағидалары

 

           МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ: ……………………………………………………………………………………..  

 

І. МҮГЕДЕКТЕРДІ  ӘЛЕУМЕТТІК РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

1.1.Әлеуметтік реабилитацияның принципі мен құрылымы ……………..

1.2. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты

мемлекеттің әлеуметтік саясаты………………………………………………………

 

ІІ. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК

ЖҰМЫС

2.1. Мүмкіндігі шектеулі клиентермен әлеуметтік

жұмыс технологиясы …………………………………………………………………..   

2.2. Шет елдегі мүгедектерді реабилитациялау

 тәжірибесІ …………………………………………………………………………………….

2.3. Қазақстандағы мүгедектердің құқықтары

және оларды әлеуметтік қорғау ……………………………………………………….

 

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………….

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ …………………………………………………………………..  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитациялау) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.

Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу болса, екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік реабилитациялау іс — әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.

Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес ( ББҰ, 1975 ж.) мүгедек  — туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік, және ақыл-ой мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктерін өздігінше қамтамасыз ете алмайтын адам.

Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау – олардың құқығын, денсаулығын, әлеуметтік мәртебесін, әлеуметтік ортадағы өмірлік іс-әрекетке деген қабілетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.

1992 жылы бесінші мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44 -сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік – денелік, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес мүгедектігі бар адамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның өмірінде, отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады.

Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес олардың тәуелсіз өмірмен тұруына мүмкіндік беру мақсатында бейімдеуі қажет.

1989 жылы БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы конвенцияның тексін қабылдады. Мұнда дамуында кемістігі бар балалар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып, толық және салауатты өмір сүру үшін олардың құқықтары бекітілген. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы дем алуы, білім алуы, еңбек етуі, медициналық көмек алуы т. б. үшін ақысыз көмек алуы (ата-анасының қамқорын, адамдардың финанстық ресурстарын есепке алу арқылы) жүзеге асырылады.

1971 жылы БҰҰ бас Ассамблеясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары туралы  Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс-әрекетпен айналысу, мүміндіктерін толық пайдалану, материалдық қамтамасыз етілуде және қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.

Мүгедек бала үшін ең маңызды мәселе, ол өзінің отбасында немесе қабылдап алған ата-анасының отбасында тұруы қажет деп айтылған. Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы тиіс.

Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын ттас құжат БҰҰ қабылдаған “Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі” болып табылады.

1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктің тапсырысы бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады.

Өмір ғана құндылық ретнде қарастырылып қоймай, әлеуметтік қалыптасып, аурусыз, қиналусыз өмір сүру де өмірдің сапасы ретінде қарастырылады.

Мүгедек мәселесін адамның әлеуметтік, мәдени ортасынсыз түсіндіру мүмкін емес.(мысалы, отбасы, интернат т. б.) Мүгедектік, адамның мүмкіндігінің шектеулігі таза медициналық құбылысқа жатпайды. Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларын болдырмауға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т. б. факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу технологиясы үлкендер мен балаларға әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экологиялық жағдайына да байланысты. Мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды ауруы мен дамымауына сәйкес қана емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдардағы кері түсініктерден, адамдардаң жақтырмай қарауларынан да болады.

Мысалы, церебральный паралич диагнозын қойған бала оған арнайы бейімдеу техникаларын қабылдау, жаттығу жасату, емдеу т. б. көрсетілмесе ол қозғалуға да мүмкіндігі төмендейді. Адамның араласқысы келмеуі, кішкене кездерінен бастап олардың дағдылану қабілеттерін төмендетіп, интеллектуалдық дамуын тежеуі мүмкін.

Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта. Кейде балаға қатысты отбасы мүшелері қатігездік көрсетулері мүмкін. Өйткені, отбасының финанстық қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік белсенділік көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз көңіл-күйлеріндегі қиналыстарды балаға (мүгедек балаға) көрсетулері мүмкін.

Мүгедек баланы әлеуметтік реабилитациялау кезінде отбасының рөлі ерекше орын алады.

Тарихи тұрғыдан “мүгедектілік” және “мүгедек” түсініктері “еңбекке жарамсыз” және “ауру” түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да мүгедектікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы “мүгедектіктің” шартын мойындамай, оны дұры емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңестірілген. Сонымен құқықтың аясында және нақты экономикалық , психологиялық білім беру және басқа да қажетті технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан қарастырылмаған.

Қазіргі кезде мүгедек өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің салдарынан организм қызметтерінің қатты бүлінуі бар, денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынды. Мүгедектілік халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Жалпы мүгедектілік мәселесін шешу үшін оларды әлеуметтік реабилитациялау мен олардың шешу жолдарын табу негізгі болып табылады.

Кез-келген қоғамда адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер туғызылғанда ғана, сол қоғамның дамуы орнықты сипатқа ие болады.

Бұдан шығар қорытынды, өз елінің тұрақты дамуын көздейтін, өркениетті елдер қатарына қосқысы келетін әр мемлекет халықтың әлеуметтік жағдайын ең алдыңғы кезектегі іс ретінде қарауы заңдылық. Халықтың әлеуметтік жағдайы, оның ішінде мүгедектердің жағдайы қазіргі таңдағы кезек күттірмес өзекті мәселе ретінде танылуда.

Кез-келген уақытта болмасын бұл мәселелер ең алдымен шешілуді талап етеді.

Әлеуметтік реабилитация – адамның құқығын, әлеуметтік мәртебесін, денсаулығын, іс-әрекетке қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені. Бұл үдеріс адамның әлеуметтік ортадағы өмірлік іс-әрекетке деген қабілетін қалпына келтіруге ғана емес, қандай да бір себептермен бұзылған немесе шектелген әлеуметтік ортаның өмірлік іс-әрекетінің жағдайларына бағытталған.

Әлеуметтік реабилитациялық іс-әрекет шеңберінде түрлі құрамдас бөліктер бөлінеді, олардың ішінде медико-әлеуметтік, кәсіби-еңбектік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-рөдік, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-құқықтық және т. б. Әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялаудың мәні мен мазмұны тек денсаулықты, еңбекке деген қабілеттілікті ғана емес, тұлғаның әлеуметтік мәртебесін, оның құқықтық қағидасын, моральды-психологиялық тепе-теңдікті, өзіне деген сенімділікті, қоғамға қосылуға деген қабілетті қалпына келтіруде жатыр.

Осы ретте мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялаудың негізгі қағидалары мен құрылымына түсінік береді. Сондай-ақ мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы, сол туралы қабылданған заңдар жүйесі мен қалыптасқан әлеуметтік қайырымдылық ұйымдарын және олардың бағдарламаларын атап өтеді. Жалпы әлеуметтік жұмыстың  негізгі айналысатын проблемалары және көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерімен келтіреді.

Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау саласы бойынша енді ғана дамып келе жатқан біздің еліміз үшін, әлі де қажетті жағдайлар мен тәжірибелік көрсеткіштер керек екенін айтуымыз керек.

 

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында және басқа да шет елдеріндегі әлеуметтік реабилитациялық  іс-әрекет шеңберінде, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірлік іс-әрекетін қалпына келтіру, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің нақты заңдылықтары мен жауапкершіліктері жөнінде маңызды проблемалар көрсетіледі.

Зерттеу объектісі: Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау. Пәні: әлеуметтік реабилитацияның проблемалары және Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.

Теориялық маңыздылығы:Мүмкіндігі шектеулі клиенттерді реабилитациялаудың және оларды жұмыспен қамтудың әкономикалық категория ретінде мәнін ашу.

Тәжірибелік маңыздылығы: Үкіметтің әлеуметтік мәселесін шешуге, мүмкіндіктері шектеулі клиенттердің әлеуметтік оңалуын жақсартуға үлес қосу.

Зерттеу әдістемесі: Себеп-салдарын анықтау, талдау, тарихи, логикалық және т.б. әдістемелер.

Күтілетін нәтижелер: Теориялық тұжырымдамалар. Мүгедектерге нақты әлеуметтік көмек көрсетудің жолдарын ұсыну.

Зерттеліну дәрежесі: Шетел социологтарының ішінде зерттеуге үлес қосқан Паула Пиетила, Топиас Кенккелия және т.б.көптеген ғалымдар.

     Ресейлік ғылыми зерттеулері үлкен қызығушылық тудырады: Дементьева Н.Ф., Холостова Е.И., Шаталова Е.Ю., Соболь А.Я., Повленко П.Д.және т.б. көптеген ғалымдар.

     Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблемасыны қатысты Қазақстандық қоғамдық ұйымдардың үлесі өте зор. Ал осы мәселе төңірегінде ой-пікірлер айтып жүрген Межибовская И.Б., Аманбаев А.А., Қалтаева Л.М., Медиев К.Р., Иманалиев К.И., Думбаев А.А. және т.б.

               Бітіру жұмысының құрылымы:  Көпшілік алдына қорғауға ұсынылып отырған бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, объектісі, пәні, әдісі мен әдістемесі, теориялық және тәжірибелік маңызы, қорғауға шығарылатын ережелер мен зерттеу нәтижесінің апробациясы қарастырылған.

     Жұмысты жүйелі түрде баяндау мақсатында тақырыптың зерттеу деңгейін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі клиенттерге қатысты еңбектер жазған ғалымдардың зерттеулері, негізгі нормативтік құқықтық актілер, халықаралық стандарттар мен нормалар, мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қарастырылған.

Жұмыстың негізгі бөлімі екі тараудан тұрады.Бірінші тараудың бірінші бөлімінде,әлеуметтік реабилитацияның принципі мен құрылымы, екінші тарауда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты қарастырылған.

     Ал, екінші бөлімі үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мүмкіндігі шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы, екінші тарауда шет елдегі мүгедектерді реабилитациялау тәжірибесі, Қазақстандағы мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау туралы қарастырылған.

     Жалпы жұмысты жазу барысында, мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау мен оларды қорғаудың мәселелерінің маңызды тұстары баяндалып, кейбір өзекті жағдайлар көрсетілген.

     . мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау;

     .еліміздегі мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау қағидалары

 

  • Әлеуметтік реабилитацияның принциптері және құрылымы.

 

 

 

Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау (сауықтыру, еңбекке жарамды ету институты) кешенді іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады, бұл кешен ұйымдастыру, экономикалық, қала құрлысы, реабилитациялау сияқты әрекеттерден тұрады. Ол мемлекеттік және муниципиалды органдар мен әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау мекемелері және басқа салалардың мемлекеттік емес органдарымен қарым-қатынас жиынтығы арқылы жүзеге асады.

     Мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың іс-әрекеті, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты әлеуметтік саясаттағы мүгедектерге деген көмектің түрлі үлгілерін жүзеге асыру, оның негізінде индивидтің өзінің жағдайына үйренуі ғана емес, сонымен бірге оптималды жағдайда өз-өзіне көмек жасау дағдысын қалыптастыру және әлеуметтік байланыс жүйесін құруға мүмкіндік беретін реабилитациялау іс-шараларынның бағдарламасы жатыр.

     Мұндай іс-шаралар негізінде 1995 жылы заң шығарушы актілерде қарастырылған негізгі реабилитациялық бағдарлама жатуы тиіс.

     Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік  реабилитациясының көлемі мен мазмұны, жеткілікті деңгейде реабилитация субъектілері, қоғам, жалпа алғанда мемлекеттің өзінің іс-әрекетінде осыған сәйкес ұйымдастырылатын және жүзеге асатын әлеуметтік бағдарламалардың ұсынатын принциптерімен байланысты.

     Мүгедектерге арналған әлеуметтік саясат алғашқыда оқшаулау (изоляция) және өтемақы (компенсация) принциптеріне негізделген. Оқшаулау принципі — әлеуметтік тарих дауының  ежелгі кезеңінен бастау алады. Бұрынғы кезде бұл принцип мүгедектерді шеттетуге, оларға қатысты түрлі үрейлердің қалыптасуына алып келді. Бүгінгі таңда ол ортақ жүйелерден бөлінген: тұрақты, кейде өмірінің соңына дейін тіршілік етуге арналған арнайы үйлер, ерекше оқу орындар, мамандандырылған кәсіпорындар және т.б. мүгедектердің өмірлік іс-әрекетін қамтамасыз етудің ерекше жүйесін жасауда көрініс тапқан. Мұндай жүйеде  мүгедектерге күтім жасау және олардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады, бірақ бұл бірінші кезекте қоғамның дені сау мүшелерінің көзқарасы тұрғысынан іске асады. Осылайша мүгедектердің өздері қоғамнан шеттетіледі және оның қамқорлығының объектісіне айналады.

     Өтемақы (компенсация) принципі бойынша — мүгедектердің шығындарын өтеуге ақшалай немесе басқа өтем түрінде: зейнетақы немесе жәрдемақы төлеу, жеңілдіктер беруге (қоғамдық көлікті, дәрі-дәрмекті қолдануға, пәтерақы төлеуге және т.б.) бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Осы сияқты жеңілдіктер әрине керек, бірақ көмектің жалғыз механизмі бола отырып, олар мүгедектердің  қоғамға қосылуына мүмкіндік туғызбады және оларға өмір сүрудің тым төмен стандарттарын қамтамасыз етті (күнелту минимумы деңгейінде немесе одан да төмен). Сонымен бірге  мүгедектердің бір қатар  қажеттіліктері тек қана ақшалай түрде көрініс таппауы мүмкін, ал әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, қоғамға қосылудың толыққандылығы материалды фактормен жанама түрде ғана байланысты.

     Мүгедектерге қатысты саясат идеологиясының өзгеруі, мүгедектіктің әлеуметтік үлгісін қабылдауға өту, мүгедектерге және мүгедектікке қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік құрылымының жетекші принципінің таралуына әкелді. Бұд принцип бойынша барлық тұлғалардың құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей[4,24]. Осыған сәйкес мүгедектер қоғамның тек қамқорлық объектісі ғана емес, сонымен бірге өздерінің өзіндік өмірлік іс-әрекетінің субъектілері ретінде қарастырылады. Индивидтің әлеуметтік құқықтары тумысынан және ажырағысыз бөлінбейді, олар арқылы қоғамның мәдени-тарихи дәстүрлеріне, мемлекеттің мүмкіндіктеріне тәуелді белгілі бір әрбір индивидке қолайлы әлеуметтік игіліктердің минимумы көрсетіледі. Олардың ішіне тек күн көруді қамтамасыз етудің қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру ғана емес, сонымен бірге индивидтің әлеуметтік қажеттіліктерінің барлығы да кіреді. Әрине, бұл қажеттіліктердің бар болуы және оларды ұғыну, мүгедектің қоршаған ортаны, тіршілікті, өзін-өзі және әлеуметтік әлемдегі өзінің орнын түсіну және бағалау мүмкіндігінің дамуы арқылы шектеледі. Шын мәнінде бұл мүмкін болатын оңтайлықты және оның кепілділігінің деңгейінің маңыздылығы біршама деңгейде объективті және субъективті жағдайлармен байланысты, мемлекеттің және осы қоғамның әлеуметтік-экономикалық қорларының көлемімен шектеледі.

     Өздеріне арналған жәрдем қызметінің жұмысын ұйымдастыруға мүгедектерді белсенді қатыстыру, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты мемлекеттік әлеуметтік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталған принцип. Халықаралық құқықтық құжаттардың бірқатарында, оның ішінде мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты тәртібінде баяндалған, бұл принцип кейінгі кезде шетелдің бірқатар реабилитациялық қызмет тәжірибесінде «Өз өміріңді қалыптастыр, өзгерт» атты бағдарлама ретінде белсенді турде іске асты.Бұл бағдарламаға сәйкес мүгедектер қаржыны қолға алады немесе оларды сауықтыру үшін мемлекеттен немесе муниципиалды органдардан бөлінетін қаржыны жарату құқығын береді.Олар өздеріне пайдалы деп есептейтін қызметтер немесе бөлімдердің іс-әрекетін, қамқор және білікті қатынас жасайтын қызметкерлердің жұмысын төлейді.[2,197].Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі шетел зерттеушілері мүгедектердің өздері мүгедектерге қатысты саясатты және бағдарламаны бағалаудағы ең жақсы сарапшы болып табылады. Алайда біздің пікірімізше мұндай көзқарас шектен шығу болып есептеледі, бірақ болашақта мәні бар екені анық.

     Сонымен қатар шетелдік әлеуметтік жүйелердің тәжірибесінен бізге мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тәуелсіз өмір принципі келді,3 оның мәні —  мүмкіндіктерді максималды дамыту және өз-өзіне қызмет ету, өз-өзіне көмектесу және өз-өзін қамтамасыз ету қабілеттерін қолдану болып табылады.Түрлі ұйымдар мен мекемелердің мүгедектерге ұсынып жатқан көмегі оның жағдайына және ахуалына бірдей болуы және өз еркімен немесе өз-өзіне жәрдем беруге итермелеуі тиіс.

     Тәуелсіз өмір — бұл тек әлеуметтік және шығармашылық дамуға, мүгедектерді толыққанды қосуға арналған әлеуметтік-психологиялық ұстаным ғана емес. Философиялық түсінік бойынша тәуелсіз өмір — бұл ойлау тәсілі, басқа адамның адамдармен, қоғаммен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасына тәуелді тұлғаның психологиялық бағдары./3,45/. Әлеуметтік-саяси мағынада тәуелсіз өмір — бұл адамның қоғамның бөлінбес бөлігі болу құқығы және қоғам өмірінің барлық аспектілерінде белсенді қатысу, таңдау және өзін-өзі анықтау құқығына ие. Қазіргі заманғы жағдайда егемен, тәуелсіз тұлға үшін жетекші әлеуметтік құндылық бір жағынан индивидтің әлеуметтену деңгейіне, екінші жағынан қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейіне байланысты таңдау еркі болып табылады.Қоғам мүшелері арасындағы өзара тәуелді байланыстар оларды таңдау еркіндігінен және осы еркіндікке деген құқықтан айырмайды.

     Тәуелсіз өмір идеологиясы мүгедектікті психологиялық, физиологиялық, функциялды ауытқуларға байланысты пайда болған адамның жүру, көру, есту, сөйлеу немесе ойлауының шектеулі мүмкіндігі ретінде қарастырады. Осы қызметтерді жүзеге асыру үшін мүгедектікті алған адам әлеуметтік қызметтерден жәрдем алуы тиіс. Адам құқығының теңдігін қолдайтын қоғамда мұндай жәрдем қалыпты болуы тиіс.

     1978 жылы Гербенг Делонг (жаңа ағылшын медициналық орталығы, Бостон) тәуелсіз өмірді қолдаушылар қозғалысының идеологиясының негізіне айналған үш торетикалық пайымдауды қалыптастырады және кейіннен бұлар тәуелсіз өмір орталықтарының құрылымында қызметтерді құрудың негізгі элементтері болды.

     1.Тұтынушы егемендігі (суверенитет). Мүгедектігі бар адам — әлеуметтік қызметтердің негізгі тұтынушысы және өзінің қызығушылықтарының басты қорғаушысы болып табылады. Ол мүгедектікке байланысты әлеуметтік мәселелерді шешуге тікелей қатыспау керек.

     2.Өзін-өзі анықтау. Мүгедектігі бар адамдар өздеріне керекті құқықтар мен артықшылықтарға жету үшін ең алдымен өздерінің қабілеттеріне және іскерліктеріне сүйенуі қажет.

     3.Саяси және экономикалық құқықтар. Мүгедектігі бар адамдар қоғамның саяси және экономикалық өміріне қатысу құқығын алуы тиіс.

     Әрбір индивид  өзінің әлеуметтік ортасымен байланысты және оған әсер ету микросоциумдағы өзгерістерге алып келетін болғандықтан, әлеуметтік өзгерістер өзімен бірге тұлғалық өзгерістерді де ала жүреді. Сонымен қатар маңыздылардың біріне мүгедектің шектеулі мүмкіндігі және әлеуметтік ортамен тығыз байланыс принципі жатады. Әрине, орта индивидке көптеген бағыттар бойынша, ортақ әлеуметтік байланыстар және сезімдер арқылы, жақын жердегі әлеуметтік жүйе арқылы, қоғамдық көңіл-күй, көзқарас және күту арқылы ықпал етеді. Стационарлық әлеуметтік мекемеде де индивидтер өздерінің біркелкі, біріңғай және кедей әлеуметтік ортасының ықпалында болады. Мүгедек тұлғасы нақты әлеуметтік жағдайларда қалыптасады.

     Дегенмен мүгедектердің өздері саналы немесе бейсаналы өзіндік әлеуметтік ортасын қалыптастырады, өзінің жүйесінің жақын буындарына көп, ал жалпы қоғамға аз мөлшерде ықпал етеді. Бұл кіріптарлық, тәуелділік құбылысында көптеген мүгедек отбасылардың қолайсыз эмоционалды күйінде, кейбір мүгедектердің өздері араласатын адамдарды алдап-арбауға саналы немесе бейсаналы ұмтылуында көрініс тапқан. Әрине, бұл мүгедектің қарым-қатынас жасауы алдау мен арбау дегенді білдірмейді. Әрбір индивидтің әлеуметтік қатынастары оның дене немесе психикалық жағдайынан тәуелсіз, әлеуметтік рөлінің маңызды бөлігі болып табылады.[6,58]

     Индивидпен әлеуметтік ортаның байланыс принципі — физиологиялық, психикалық немесе интеллектуалды шектеулері бар тұлғалардың барлық проблемаларын тек қана медициналық сұрақтарға айналдырудан сақтайды. Зерттеудің бұл шеңберінде мүгедектің тұрғылықты жері, тәжірибе оқыту, қарым-қатынас жасау жағдайлары, өзіне тән барлық қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі кіреді.

     Негіз болатындардың бірі — мүгедектің отбасы, әлеуметтік байланыстарын зерттеу және сақтау приципі болып табылады.Өйткені, әрбір индивид үшін оның отбасы жетілген, функционалды, әлеуметтендіруші және реабилитациялық орта болуы тиіс. Объективті шектеулері бар балаларды, дене қызметтерінің бұзылуы бар адамдарды, қарт адамдарды айтатын болсақ, олар тек отбасыда ғана өзінің тіршілік іс-әрекетін жалғастыруда, әлеуметтік және интеллектуалды теңдікті сақтауда жоғары көрсеткіштерге жетеді, қалай дегенмен де мемлекеттік стационарлы мекемелерді мекендейтін адамдармен салыстырғанда анағұрлым жақсы деңгейге жетеді. Интернат үйлерде госпитализмнің әлеуметтік-психологиялық кешені қолданылады, функциялардың қалпына келуі және ауытқулардың жөнге келуі ақырын жүреді, интеллектуалды және дене қабілеттері жылдам төмендетеді.

     Реабилитация шараларының кешенділік және жүйелік принципі маңызды, себебі жеке жүйеленбеген шаралар толыққанды оң нәтиже алып келмеуі мүмкін немесе кейбір жағдайларда теріс әсер етеді. Реабилитация бағдарламасының аяқталмағандығы, кейбір бағыттардың жоқтығы индивидуалды, жеке реабилитациялық потенциялды іске асыру мүмкіндігін қысқартады.Соңғы кезде реабилитациялау үдерісіне қатысудағы индивидтің субъективті рөлі мемлекеттік емес әлеуметтік ұйымдардың, қайырымдылық қоғамдардың мүмкіндігі шектеулі адамдарға өзіндік қауымдастығының іс-әрекетініңің мәні атап көрсетіледі, біздің жағдайда мүгедектерге арналған мемлекеттік, әлеуметтік кепіл принципі жетекші болып қалуы тиіс. Бұл бір жағынан біздің елді әлеуметтік мемлекет деп жариялаумен байланысты, осылайша мемлекет өзінің азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатты болуының жауапкершілігін өз мойнына алады. Басқа жағынан экономикадағы дағдарыс нәтижелері, экономикалық құндылықтардың көбеюі,  дені сау және мамандандырылған жұмысшылардың өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуі,  қоғамдағы еңбек түрткісінің қысқаруы, мүгедектердің басқа азаматтарға қарағанда өзінің тіршілігін қамтамасыз етуде, өзінің қажеттіліктерін яғни, қарапайымнан жоғары әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда қиындықты бастан кешіреді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар көп жағдайда мемлекеттің жүйелі және жан-жақты қолдауынсыз күн көре алмайды. Әлеуметтік реабилитация қымбат тұратын және қоры үлкен үдеріс болғандықтан заңда көрсетілген әлеуметтік кепілдер негізінде жүргізілуі тиіс.

     Дегенмен, бұл айтылғандар мемлекеттік кепілдер мүгедекті асырауды қамтамасыз ету дегенді білдірмейді, керісінше өзіне-өзі көмек беру және өзін-өзі қамтамасыз ету ұстанымы прогрессивті болып есептелуі, мемлекеттік кепілдер анықтамасы бойынша төмен болғандықтан ғана емес, сонымен қатар тұлғаның белсенді саналы позициясы терең сауығуға, өзін дамытуға және оң әлеуметтік көңіл-күйдің болуына септігін тигізеді.

     Мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдемді ұйымдастырудағы рөлін талдағанда мүгедектерді реабилитациялауда бірінші кезекте кімнің мүддесі қорғалады деген сұрақ тууы мүмкін. Берік дәстүрлер бізді мемлекеттік мүдде басқа мүдделерден жоғары деп қарауды үйретті. Көп жағдайда мүгедектер мен мемлекеттің мүдделері үйлеседі, дегенмен түрлі тереңдіктегі қақтығыстар және мүдделердің үйлеспеуі де кездесуі мүмкін. Демократиялық ыңғай әсіресе мүгедектерге қатысты реабилитация барысында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің басымдық принципін ұстануды талап етеді.

     Реабилитация үдерісінің бүтіндігіне қатысты нақты талаптарға қарамастан бұл соңғы ыңғай салыстырмалы түрде бөлек және құрылымданған элементтердің тұтастығын білдіреді және олар кеңістікте немесе белгілі бір уақытта бір-бірінен бөлінуі мүмкін. Әлеуметтік реабилитация құрылымы, пікірсайыстың негізгі пәні болып табылады. Л. П. Храпылина реабилитацияның медициналық шаралары, реабилитацияның әлеуметтік шаралары, кәсіби реабилитация1деп бөлуді ұсынады. А. И. Осадчихтың таңдау құқығы шектелген жағдайда мүгедектікті адам іс-әрекетінің проблемасы ретінде қарастырады және өзіне құқықтық, әлеуметтік орталық, психологиялық, қоғамдық идеологиялық, өндірістік-экономикалық аспектілерін енгізеді. Осы аспектінің әрбіріне реабилитацияның өзінің бағыты жауап береді.[6,62]/.

     Мүгедектерге әлеуметтік жәрдем беру туралы заң медициналық реабилитациядан бастап жеткілікті түрде элементтердің қарама-қарсы тұтастығын енгізеді. Реабилитациялық үдерістің нақ осы әлеуметтік құрамдас бөліктерінің ерекшелігі аз. Дегенмен мүгедектердің ортақ реабилитация жүйесінің басты буыны медициналық реабилитация болып табылады. Медициналық реабилитация — жойылған, істен шыққан қызметтерді қалпына келтіруге немесе істен шыққан қызметтердің орнын толтыруға, сынған мүшелерді емдеуге, өршіп жатқан ауруларды тоқтатуға бағытталған іс-шаралар кешені. Медициналық реабилитация емдеу үдерісімен тығыз байланысты. Денсаулығы нашар мүгедекке медициналық қызмет көрсетуді іске асыру барысында кейінгі реабилитацияның мүмкіндіктерін толық есептеу қарастырылуы тиіс. Теоретикалық тұрғыдан ауруды емдеу міндетті медициналық сақтандыру ( ММС ) қоры есебінен жүргізілуі тиіс.

     Медициналық реабилитация кеселге шалдыққан мүшеге және мүгедектің ағзасына түгелдей әсер етуден тұратын кешенді іс-шаралар жүйесі. Медициналық реабилитацияның екінші тарауы қалпына келтіру және қайта құру хирургиясы болып табылады. Ол кеселге шалдыққан мүшелерді қалпына келтіреді, сонымен бірге ауру немесе зақым алу нәтижесінде алынған түрдің бұзылуын жояды. Хирургиялық жолдан басқа жоғалған мүшелерді қалпына келтіруге жасанды мүше салу арқылы қол жеткізуге болады.

     Қорытар болсақ, мүгедекті медициналық реабилитациялау көптеген жағдайларда өмір бойы іске асырылуы тиіс, себебі индивид ахуалының теріс дамуын тоқтату үшін оған медициналық қолдау және сауықтыру шаралары қажет. Емдеу-сауықтыру шараларының бүкіл кезеңімен бірге психологиялық реабилитация жүреді, ауру адамның санасындағы реабилитацияның еш пайда келтірмейтіні туралы ойын жеңуге көмектеседі.

     Психологиялық реабилитация — шындық алдындағы қорқынышты жеңуге, мүгедек адамның әлеуметтік-психологиялық комплексін жоюға, белсенді, қайратты тұлға позициясын бекітуге бағытталған реабилитациялық іс-әрекеттің дербес бағыты болып табылады.

     Педагогикалық реабилитация — бірінші кезекте кәмелеттік жасқа толмаған мүгедектерге қатысты тәрбиелеу және оқыту шараларынан тұрады. Бұл шаралар ауру баланың шамасына қарай білімді, іскерлікті және өзін-өзі бақылау дағдыларын, саналы мінез-құлықты, өзіне-өзі қызмет көрсетуді меңгеруге, орта білімнің деңгейін немесе қосымша білімін алуға бағытталған.

     Бұл іс-әрекеттің маңызды мақсаты, оның психологиялық құрамы, баланың бойында өзінің мүмкіндіктеріне деген сенімді қалыптастыру, белсенді тәуелсіз өмірге ұстаным беру. Сонымен қатар оның шеңберінде кәмелетке толмаған мүгедекті кәсіби диагностика және кәсіби бағдарлау, оны еңбек дағдыларына сай оқыту жүзеге асырылады.

     Ересек мүгедектерге қатысты педагогикалық реабилитация дайындықты және олардың қолы жететін іс-әрекетінің түрлеріне негізделген жаңа мамандыққа қайта дайындауды енгізу керек. Сонымен қатар бұл адамдарға олар алған білімдер мен дағдылар, жұмысқа орналасуға, олардың әлеуметтік мәртебе және материалды молшылықты сақтауға деген сенімге иландыруды іске асырады.

     Қазіргі кезде елімізде «мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау» бағыты енгізілуде. Бұл бағыт әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу  және әлеуметтік-орталық реабилитация бағыттары бойынша әлеуметтік жұмыс істеу қабілеттерін қалпына келтіріп отырады.[6,65]

     Мүгедектерді әлеуметтік-орталық реабилитациялау қажеттігі мүгедектің күнделікті қолданатын, өзіне-өзі қызмет көрсету және қозғалу мүмкіндіктеріне мән беріп отыруы қажет. Мүгедек адам күнделікті қарапайым қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін басқалардың көмегіне зәру. Сондықтан тұрмыстық қызметтерді ешкімнің көмегінсіз атқаруды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтары бар мүгедектің өмір сүретін ортасын, үйін ұйымдастыру, екінші жағынан осы құрал-жабдықтардың қолданылуын мүгедектерге үйрету болып табылады. Яғни,бұған кіретіндер: табалдырығы немесе баспалдақтары мүгедектің коляскасы өте алатындай кең дәліздермен, саңыраулар мен нашар еститіндерге арналған жарық сигналдармен, пәтерді жабдықтандырумен қамтамасыз ету. Үйдегі жиһазды мүгедек ешкімнің көмегінсіз қолдана алатындай биіктікте немесе көлемде болу тиіс. Мүгедектің күнделікті атқаратын істері — тіс жуу, қырыну, түймелерді салу және т с .с. қалыптасқан үйреншекті болып көрінетін көптеген ұсақ әрекеттер мүгедектің көңіл-күйіне әсер етеді.

     Интеллектуалды және психикалық шектеулері бар мүгедектерге бірінші кезекте өзінің тұлғасына немесе басқа адамдарға зиян келтіре алмайтындай жағдайлар жасалуы керек. Ары қарай ақпараттық пиктограммалар жүйесі оларға әрекеттер ретін және оларды істеу тәсілдерін айтады ( мысалы, тұрмыстық құрылғыларды қосу, тамақ даярлау, өшіру және т. б. ). Мұндай категориядағы адамдарға саналы ойлау және өз өмірін жоспарлау қабілетінің шектеулігіне байланысты әлеуметтік қызметкердің көмегі қажет. Өз пәтерінен шыққаннан кейін де мүгедек көптеген шектеулерге кедесуі мүмкін. Жаяу жүргінші жолдарын, жер үстіндегі және жер астындағы жолдарын мүгедектің жүруіне мүмкіндік беретін тәсілдермен құру осындай талаппен жасалады. Көзі нашар көретіндер мен саңырауларға арналған ортаны жабдықтауға ерекше талаптар қойылады, көбінесе көше қиылыстарының айқын жабылуы, дыбыс сигналдарымен, көздері көрмейтін адамдардың жүру мүмкіндігін көрсететін жол белгілерімен қамтамасыз етіледі. Мүгедектерге арналған көлікті қамтамасыз ету мәселесі өте күрделі. Жүре алмайтын адамдарға арнайы автобустар немесе көтеру құрылғылары бар автомобилдерді қолдану мүмкіндігі аз. Қазір коляскадағы мүгедектерді көтеруге арналған құрылғылары бар ұшақтар, поездар немесе кемелер отандық мүгедектер үшін арман болып тұр. Қоғамдық көліктерде саңырауларға арналған ақпараттық жазу тақтайшалары жеткіліксіз. Шетелдегі мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау бағытының дамығандығы мүгедекке тәуелсіз өмірді қамтамасыз етудің және ұзақтығымен ғана емес, онымен бірге осы мақсаттарға бөлінген қаражаттың көп бөлінетіндігіне байланысты.

     Бірақ соңғы жылдары мүгедектерді кейбір құрылғылармен қамтамасыз етудің қарқынды дамуы ғана емес, сонымен бірге оларды осы құрылғыларды қолдану дағдысын үйрету іске асты. Осы үдеріс барысында өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген түрткінің бекуі, максималды қол жететін тәуелсіздікке және дербестікке деген ұстанымды тәрбиелеу жүреді.

     Әлеуметтік реабилитация, жалпы әлеуметтік қызмет көрсету саласында шетел терминологиясының «occupational therapy» яғни,  «еңбек терапиясы» терминін қолданады. Тарих барысында «еңбек терапиясы» термині әлеуметтік-психологиялық реабилитацияда ең алдымен психологиялық ауытқулары бар адамдарға сабақ ретінде қолданылған ( библиотерапия, ойынтерапиясы, гарденотерапия және т.б. сияқты технологиялармен бірге қолданылған). Сонымен қатар әлеуметтік бейімделмеген адамдармен (еңбекпен түзету калонияларындағы жасөспірімдермен, жазасын өтеп жатқан ересектермен) жұмыс мекемелерінің тәрбиелеу тәжірибесінде бұл термин өнімді еңбек іс-әрекеті үдерісінде индивидтің бойындағы әлеуметтік оң қасиеттерді қалпына келтіруге немесе қалыптастыруға, әлеуметтікке жат істерге деген ұстанымды түзеуге, еңбек түрткісін оятуға мүмкіндік беретін тәрбиелік әсер етудің осындай түріне атау ретінде қолданылады.

     Мүгедектердің әлеуметтік-бейімделуі бір мақсатқа бағытталған шаралар жиынтығынан тұрады, мүгедектің мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне сай өндірістік ортаны, өндіріс талаптарына мүгедекті бейімдеу.

     Стандартты өндірістік орта жағдайындағы әлеуметтік реабилитацияға көптеген күш пен шығындар қажет, себебі жалпы ереже бойынша өндірістік қуат жобалары және кәсіпорындардың инфрақұрылымы мүгедектердің мұқтаждығынан алыс жатқан талаптар негізінде жобаланады. Көп жағдайда ескірген техникалық құралдар және онжылдықтар бойы қалыптасқан кеңістік шешімдері дені сау адамдардың да іс-әрекетін қиындатады. Мүгедектерге бұл кедергілерді жеңу одан да қиын.

     Өндірістегі жеке, бөлек ғимараттар арасындағы қашықтықтың, арнайы көлік аялдамасынан,  ол бар болса, мүгедектің жұмыс орнына дейінгі жолдың ұзақтығының маңызы өте зор. Сенсорлы (сезімдік) шектеулер кәсіпорын ішіндегі кеңістікті өзіндік ерекшеліктеріне қарай безендіруді талап етеді. Жұмыс орнына және мүгедектердің жұмысшы орындарының өзіне деген ыңғай, арнайы ұйымдастыруды немесе жабдықтауды қажет етеді, қосалқы, қосымша үй жайлар, орындар (қоректендіру орындары, гардероб, әжетхана) түрлі ауытқулары бар адамдар қолдана алатындай ұйымдастырылуы тиіс.

     Өндістің бірқатар факторын кәсіби зияндылықққа тікелей жатқызуға болады, немесе бұл зиянды факторлар дені сау адамға, жұмысшыға әсер етпегенімен, жұмыс істеп жатқан  мүгедектер үшін зиянды жағдай жасауы мүмкін. Еңбек үдерісінің барлық физикалық өлшемдері әр түрлі жағдайларда мүгедектерге зиянды және қауіпті болуы мүмкін, олар: температура, ауа ылғалдығының көрсеткіштері, сәулелену, шу, ультрадыбыс, шаңдар, жарық химиялық және биологиялық әсерлер. Мүгдектерге еңбек үдерісінің ауырлық деңгейі, еңбектің қызулық деңгейі,  интеллектуалды күш салулар, бір сарындылық және т.б. сияқты факторлар зиянды ықпал етеді. Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға қажетті еңбектің оптималды және оңтайлы шарттарына әрдайым қол жеткізе алмайды. Жұмыс орындарын қауіпсіздік талаптарына сай қайта жабдықтау қиын болады.

     Әрине мұндай іс-әрекет мүгедектердің еңбегін қамтамасыз етуге деген шығындардың өсуіне алып келеді. Олар шығарып жатқан өнімнің өзі пайда келтірмейді, сондықтан кәсіпкерлер өз еркімен     мүгедектердің ісін жалғастыруға ұмтылмайды. Ешбір пайда көздемей әлеуметтік реабилитация мүмкіндіктерін құруға деген ішкі адамгершілік түрткі жұмыс берушілер арасында басымдық сипатта емес. Сондықтан мемлекет ногрмативті-экономикалық қозғаушы күштердің жүйесі арқылы кәсіпкерлерді мүгедектерге арналған жұмыс орындарын жасауға, осы салада белсенділік көрсетпегендері үшін жазалай отырып, мәжбүрлейді. Мұндай механизмдер тиімді жұмыс істеп жатқан экономикада нәтиже береді. Дені сау және білікті мамандарды жұмыспен қамтамасыз ете алмай жатқан жағдайда мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету потенциалы шектеулі болады.

     Реабилитацияның болашағы бар бағыттарының бірі —  мүгедектерді оқыту және қайта оқыту, дайындау үдерісінде жаңа мамандықты немесе кәсіпті беру, мүмкіндіктер немесе кәсіптері жойылған жағдайларда бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс дағдыларын үйрету.[6,72]

     Мүгедектерді кәсіби бағдарлау мен кәсіби оқыту, есею үдерісінде оларды терең кәсіби диагностика негізінде құрылады (мүгедек балалар үшін) немесе медициналық реабилитация аяқталғаннан кейін оқытылады (ересек мүгедектер үшін). Көбінесе қарапайым орта білімді және кәсіби дайындықты талап ететін көп кәсіптер туралы сөз болады. Мұндай ыңғай дұрыс болады, егер интеллект жағынан шектеулері бар адамдар немесе өзінің әлеуметтену жағдайы бойынша сапалы білім алуға мүмкіндігі жоқ адамдар туралы сөз болып отырса. Дегенмен көптеген жағдайларда мүгедектердің білім деңгейі жоғары болуы мүмкін, ал қазіргі заманғы жұмыспен қамтудың түрлері мүгедектің дене күшіне немесе ептілігіне емес, оның интеллектуалды мазмұндылығына талап қояды. Сондықтан ақпараттық-компьютерлік технологиялардың дамуы, мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктерін қолдануды ашады.[5,41]

     Мүгедектердің әлеуметтік-еңбек реабилитация мүмкіндіктерін кеңейтудің тағы бір қоры —  шығармашылық сабақтар саласы болып табылады. Қозғалыс немесе интеллектуалды шектеулерге қарамастан жас және ересек мүгедектердің шығармашылық реабилитациясының потенциялы едәуір болу мүмкін (нағыз дарыны бар, психикалық проблемалары бар адамдарды айтпағанда). Осы саланы іске асыру үшін мүмкіндіктерді жасау мүгедектер үшін реабилитациялық іс-әрекеттің қосымша арнасын білдіреді.

     Мүгедектерді білім арқылы реабилитациялау, мүгедектердің өздеріне қажетті орта білімді қажет болғанда, арнайы немесе қосымша білімнің түрлі деңгейлері мен түрлерін ашу, жаңа кәсіп алу үшін кәсіби дайындықты өту үдерістерін енгізетін күрделі кешен. Білім реабилитациясы педагогикалық біліммен астасып жатады, бірақ оның әлеуметтік мазмұны кең. Қазіргі заманға сай және сапалы білімге ұмтылыс, индивидтердің дамуына және толыққанды тіршілік етуіне лайықты серпін беретін әлеуметтік қорлардың маңыздысы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға осы рұқсатты бекіту олар үшін әлеуметтік дамудың потенциялын, өзін-өзі материалды қамтамасыз ету, лайықты жұмыстың, жоғары әлеуметтік мәртебенің перспективасын, болашағын жабады. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі білімнің және қоғамға керекті бағыттылықтың болуы, біршама деңгейде мүгедектікке ұшыраған индивидті қарапайым еңбектің жұмысшысы мәртебесіне оның тұлғасын теңестіруден, біліктілігі төмен еңбекпен айналысу керектігінен сақтайды. Сондықтан білімділік реабилитациялау функциялары істен шыққан индивидтердің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру және жоғарлату жолы мен құралы болып табылады. Әрине, бұл жол интеллекті жоғары сақталған, мәдениет жетістіктерін меңгеру қабілеттері бар, іс-әрекеттің заманға сай түрлерімен айналыса алатын адамдар үшін оңтайлы.

     Жалпы әлеуметтік-мәдени реабилитация — мүгедектерге материалды пайда әкелмесе де, ақпаратты шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыратын реабилитациялық іс-әрекеттің маңызды элементі.

     Психикалық эмоционалды-шығармашылық саласының дербестігі, индивидтің дене немесе интеллектуалды мәртебесінің қатаң байланыстарының жоқтығы, тұлғаның осы жағының дамуын  және мүмкіндігі шектеулі адамның іс-әрекетінің дамуын ынталандыру функционалды шектеулері бар тұлғалардың дене немесе ақыл мүмкіндіктерін реабилитациялауды «айналма жолдармен» қарқынды етуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік-мәдени іс-әрекет адамдарды қатынасқа, әрекеттерді жасауға шақыра отырып, олардың өзін-өзі бағалауын қалпына келтіре отырып, маңызды әлеуметтендіруші фактор ретінде алға шығады.

     Әлеуметтік-мәдени реабилитациялау элементі ретінде бәсекелестік механизмдері мүгедектерді спортпен реабилитациялауды қарастыруға болады, бұл механизмдер шығармашылық реабилитация саласында әрекет етеді.Ортақ сауықтыру әсерінен басқа спортпен айналысу және мүгедектерге арналған арнайы жарыстарға қатысу қозғалыс координациясы деңгейін жоғарлатады, қатынасты дамытады, командалық, топтық дағдыларды тәрбиелейді.

     Әлеуметтік реабилитация элементтерінің тұтастығын қарай отырып, бұл таңдауда индивидтің әлеуметтік қызмет мүмкіндіктерін қалпына келтіру үдерісінің маңызды жағы жіберілгенін байқадық. Осы іс-әрекетті теоретикалық қарастырғанда терминологиялық қайшылыққа қайтадан тоқтаймыз. Әлеуметтік реабилитация — реабилитациялық іс-әрекеттің алғашқы нәтижесі ретінде, бір жағынан жоғарыда аталған реабилитация бағыттарының шеңберіндегі әрекеттер тұтастығы нәтижесінде ғана қол жеткізуі мүмкін, оларды іске асыру барысында ғана индивидтің әлеуметтік қызмет етуге деген қабілеттерін нағыз және толыққанды қалпына келтіруі мүмкін.Сондықтан «әлеуметтік реабилитация ұғымы» түрлер мен бағыттардың қорытынды сапасын білдіретін жалпылауыш болып табылады.

     Екінші жағынан, реабилитациялық іс-әрекеттің аталған түрлерінің мазмұнынан басқа белгілі бір арнайы бағыт бар, оның шеңберінде қатынасқа деген қабілеттілікті қалпына келтіру сияқты әлеуметтік іс-әрекетке деген қабілеттілік іске асырылады. Сондықтан «әлеуметтік реабилитация» термині қандай мағынада қолданылатынын қайта-қайта айта беру қажеттігінен құтылу үшін «әлеуметтік қарым-қатынастық реабилитация» немесе жай ғана «қарым-қатынастық реабилитация» терминін мүгедектің әлеуметтік өзара әрекеттерін қалпына келтіру ,оның әлеуметтік желілерін нығайтуға бағытталған іс-әрекет бағытының атауы ретінде қолданылады. Осы іс-әрекет шеңберінде бірқатар қызметтері істен шыққан мүгедектер үшін жаңа жағдайларда қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету. Адекватты, бірақ жақсы, дұрыс өзін-өзі бағалаудың негізінде мүгедек «меннің» жаңа бейнесін және дүние бейнесінің жақсы тұстарын қалыптастырады, бұл басқа адамдармен қарым-қатынастағы теріс эмоционалды әрекеттесуді, реакцияны тежейді.

     Зақымданудан, жарақаттанудан кейінгі стресс немесе ауру кезеңінен кейін тұлға  арасындағы қатынас бұзылуы мүмкін, бұл қажеттілік қалпына келеді. Бұл үдерістің маңызды ерекшелігі арнайы арналарды немесе қатынас құралдарын, егер индивид оларға мұқтаж болса, қолдануды үйрету болып табылады. Осы үшін мамандардың жәрдемі қажет немесе қарым-қатынасты қамтамасыз етуге арналған арнайы құрал-жабдықтарды мүгедектерге беру керек. Сонымен қатар қарым-қатынас жасау дағдыларының дамыту тренингі пайдалы және қажетті, олар мүгедектің бойында әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

     Халықты әлеуметтік қорғау мекемелері қарым-қатынас инфоқұрылымы мен ұйымдастыру жағдайларын жасау үшін күш салуы керек, мысалы, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында күндізгі бөлімдерді, мүгедектер клубын, ықшам аудандардағы кездесу және қарым-қатынас орындарын ашу.

     Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау үдерісінің мазмұны мен құрылымын теоретикалық-әдістемелік талдауды саралай отырып, бұл үдеріс бүтін және кешенді болып табылатыны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл адам тұлғасының әлеуметтік болмыс тұтастығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік реабилитация үдерісін түрлі бағыттарға, түрлерге бөлу белгілі мөлшерде жеке ұйымдар мен мекемелер талаптары мен шектері арқылы түсіндірілетін әрекет болып табылады.

     Ортақ ереже бойынша әлеуметтік қызмет жасауға қабілеттілікті қалпына кетіру ретінде мүгедектікке дейін қандай қабілеттілігі болса, сол деңгейде әлеуметтік реабилитация болуы мүмкін. Индивидтің дені сау, ауытқуы жоқ дамуы кезіндегі әлеуметтік функционалды қорларын реабилитация үдерісінде дамыту мүмкін емес, әлеуметтік қызмет көрсетудегі индивидтердің мүмкіндіктері мен қажеттілік деңгейі әртүрлі.[9,135]

     Әлеуметтік реабилитация — бастамасы бар, соңы, аяғы жоқ үдеріс. Индивидуалды реабилитациялық бағдарламаны орындауды аяқтаумен, әлеуметтік жәрдем құрылымдары мүгедекті материалды қолдаумен, пенсия мен жәрдемақы төлеумен шектелуі мүмкін екенін білдірмейді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік бақылау мен қадағалаудың негізгі деңгейі оның тіршілік ету барысындағы кезеңдерде үдерістердің теріс дамуын тоқтату және қажет болғанда дер кезінде көмек көрсету мақсатында қолданылады.

     Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік реабилитациялау бойынша жасалатын бүкіл іс-әрекет жүйелі және кешенді бола тұрып, аймақтық деңгейде олардың әлеуметтік қорғау жүйесіне — денсаулық сақтау, білім, еңбекпен, жұмыспен қамту сияқты іс-шаралар әлеуметтік саланың органдары мен мекемелерінің тұтастығымен іске асады.[6,312].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты

мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

 

          Мүгедектілік – маңызды әлеуметтік проблема, оны әрбір қоғам шешуіне тура келеді. Мүгедектілік масштабы әрбір елде көптеген факторларға байланысты болады, оның ішінде әлеуметтік – экономикалық, экологиялық, саяси, оның бәрі де мемлекеттің әлеуметтік – саясаттың қалыптасуы үшін негіз болады. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар халықтың 8% құрайды екен. Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет болып табылады және де әлеуметтік – саясаттың приоритеті – адамдарды, оның ішінде мүгедектерді қорғау болып табылады. Мүгедектерге қатысты саясат олардың экономикалық және қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл адамдардың негізгі құқықтарының мәселесі, және де заң. Ол құқықтарды әрбір азаматқа кепілдеуі қажет.

          Соңғы 30 жылда мүгедектілік проблемасын шешуге деген бірқатар көзқарастар белсенді түрде жүзеге асуда, туындауда. Халықтылық деңгейде бұл жұмыс адам құқығын қорғау бойынша комиссиямен және БҰҰ Декларациясы, мүгедектер құқығы туралы БҰҰ Декларациясы, мүгедектерді қорғаудың Бүкіл әлемдік іс-әрекеттік бағдарламасы қабылданған.

          Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша республика 487 мың мүгедектер бар екен, олардың 40 мыңға жуық мүмкіндігі  шектеулі адамының өзі Алматы қаласында тұрады екен.

          Әрбір елде еңбекке қабілетсіз адамдар мемлекеттің қамсыздандыруының пәнін құрайды, олар өз кезегінде өздерінің қызметтерінің басты бұрышына әлеуметтік – саясатты қояды. Қарт адамдармен мүгедектерге қатысты мемлекеттің негізгі қамсыздандыру жұмысы оларды материалдық қолдау болып табылады. Алайда еңбекке қабілетсіз адамдар тек қана материалдық қолдауға мұқтаж болмайды. Оларға әрекеттік физикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық және басқа көмек көрсету маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметкердің міндеті осы ақпараттарды меңгеру және де өздері қызмет көрсететін тұлғаға жеткізу, оларды хабардар ету және қызмет ету және қажет болған жағдайда заң бойынша оларға тиісті жеңілдікерді пайдалануға көмек көрсету болып табылады. Белгілі бір дәрежеде әлеуметтік қызметкерлер мүгедектер мен қарт адамдарға қатысты құқықтық жүйенің негіздерін меңгеру қажет.

          Негізінен әлеуметтік – саясаттың аясында сөз қозғап отырғандықтан Орта Азиядағы мүгедектілік проблемасының көрінісінен ой толғайық.

  1. ол елдегі мүгедектердің саны жалпы залықтың 2-5% құрайды (Қазақстан Республикасы туралы жоғарыда келтірілген).
  2. Мүгедектер халықтың ең кедей және оқымаған бөлігін құрайды.
  3. Ол елдердегі мүгедектердің жалпы саның ішінде жас мүгедектердің саны өсуде.
  4. Орта Азиядағы мүгедектерге қатысты заңдық базаның негізін бұрыңғы кеңес дәуіріндегі «ССРО мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы» заң құрайды.
  5. Орта Азиядағы мүгедектердің бәрін де төмендегідей жалпы проблемалар біріктіреді:

— қоғамның инфрақұрылымының дамымағандығы, бұл инфрақұрылым әр түрлі объективтеріне мүгедектің ене  алмайды;

— мүгедек – балалар және жас мүгедектер үшін білім негізінің осалдығы, жоғары білімге қол жеткізілмеуі;

— мүгедектерді жұмысқа орналастыру проблемасы және оларды жұмыспен қамту;

— мүгедектердің арасында шағын бизнестің дамымағандығы және мүгедектердің кәсіпкерлігін, жұмысқа тұруын ынталандырушы салық заңдылықтарының жоқтығы;

— қоғам мен мүгедектердің іріктірілуі үшін жағдайлар

жасамайтын қоғамдық – экономикалық өмірдің барлық салаларындағы заңдардың базаның осалдығы;

  • мүгедектерді инватехникамен (коляска, балдақ, протездер, есту аппараттары, сурдотехникалар және т.б.) қамтылу проблемасы;
  • мүгедектерді мәдени, спорттық, білімдік және басқа да іс – шараларға белсенді қатысулары үшін жағдайларының жоқтығы;
  • Орта Азия елінің мүгедектерінің қоғамдық техникалық базасының деңгейі төмен және де аймақтық, орталық өкіметтерімен өзара әрекет етулері нашар;
  • Орта Азиялық мүгедектердің қоғамдағы бірлестіктің көптеген іс – шараларының басым бөлігі халықтардың ұйымдарының грантына жүргізіледі және солардың қолдауымен өтеді.

Осы ретте Алматы қалалық мүгедектер қоғамының (АҚМҚ) іс – тәжірибесі қызығарлықтай және де ол бірлестігі болып табылады. Онда әр түрлі санаттағы 45 мың мүгедектің мүдделері сақталады; естуі, көруі, тірек қозғаушы аппаратының бұзулары бар, жалпы аурулары бар, бала жастағы, еңбектің мүгедектер, қарулы күштер және локалдық әскерлерінің мүгедектері, Чернобыльдың, мүгедек – балалар, мүгедек — әйелдер және т.б.

          АҚМҚ инициативасы бойынша Алматы қаласының Әкімінде мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша координациялық кең ес құрылған, ол қала әкіміне барлық өмірлік қызмет салаларында мүгедектердің проблемалары бойынша ұсыныстарды жасайды және береді, олар яғни; әлеуметтік қорғау, жұмысқа тұрғызу, жұмыспен қамту, білім беру, ғылым, техника, мәдениет, спорт және т.б.

          АҚМҚ және координациялдық кеңес инициативасы бойынша 2003 – 2005 ж.ж. Алматы қалалық мүгедектерді реабилитациялаудың  кешенді мақсаттың бағдарламасы жасалған.

          АҚМҚ қатысуымен Алматы қаласында барлық әлеуметтік мағыналы шаралар жүргізіліп тұрады. Мысалы, жаңа жылды тойлау, 8 Наурыз мерекесі, Наурыз көктем мерекесін атап өту, балалары қорғау күні және т.б. Сондай – ақ көптеген спорттық сайыстар да жүріп тұрады. Алматы қаласының мүгедек – спортсмен командасы Республикасының чемпионаттар, спортакиадалар, паралимпиялық ойындарының және халықаралық сайыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері болып табылады.

          АҚМҚ – ның белсенді позицялары оның заңдық әрекеттерінде қатысуы, өкіметтің аймақтық және орталық органдарымен өзара әрекет етуі Алматы қаласында және Қазақстан Республикасы бойынша мүгедектердің проблемасын шешуді бірден алға жылжыта түсті.

          Қоғамдық-идеологиялық жағдай мемлекеттік институттардың практикалық қызметінің мазмұнын анықтайды және мүгедектер мен мүгедектілікке байланысты мемлекеттік саясаттың қалыптасуын айқындайды. Осы тұрғыдан мүгедектерге халық денсаулығының көрсеткіші ретіндегі басым болып жүрген көзқарастан бас тартуы қажет. Осы әлеуметтік саясаттың тиімділігінің көрсеткіші ретінде қабылдау қажет және де мүгедектілік мәселесін шешу мүгедектермен қоғамның өзара әрекеттесулерінің құзырында екенін сезіну керек.

          Үйде әлеуметтік көмек көрсетуді дамыту еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің бір ғана формасыемес. 1986 жылдан зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығы деген қоғамдар құрыла бастады, оның құрамына үйдегі әлеуметтік көмек көрсету бөлімінен басқа мүлде жаңа құрылымдық бөлімшелер кірген, ол күндізгі келу бөлімдері. Мұндай бөлімдердің мақсаты қарт адамдар үшін, олар отбасында тұра ма немесе жалғыз басты ма, осыған байланысты демалыс орындарын құру болды. Мұндай бөлімдерде адамдар барлық жағдай жасалған; адамдармен араласу, уақыттарын мәнді етіп өткізу, мәдени шараларға қатысу, бір реттік ыстық тамақ ішу, қажет болған жағдайда дәрігерлік , медициналық көмекті алуға мүмкіндіктері болады. Мұндай бөлімнің қызметінің негізгі қызметі мүгедек, қарт адамдарға жалғыздықты жоюға, өмірлерін жаңа бір мән-мазмұнмен толықтыруға белсенді өмір бейнесін қалыптастыруға көмек көрсету болып табылады.

          Соңғы жылдары бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жаңа құрылымдық бөлімшелер, қолдауға аса мұқтаж азаматтардың өмірлерін қолдауға бағытталған бір реттік сипаттағы шұғыл көмекті көрсетуге арналған. Қызмет іс-әрекетінің басты бағыты әлеуметтік көмек бойынша қажетті ақпараттар жинау, кеңес беру, әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық-педагогикалық және т. б. көмек көрсету болып табылады.

          Өндірістік-экономикалық жағы ең алдымен халықты әлеуметтік қорғаудың өнеркәсіптік негіздерін және реабилитациялық бұйымдар мен қызметтердің рыногын құру мәселесімен байланысты.Мұндай көзқарас ішінара немесе толық өзіндік кәсіби, тұрмыстық және қоғамдық қызметтерге деген қажеттерін бейім мүгедектер үлгісінің ұлғаюына бағдарлануға, олардың реабилитациялық құралдарымен қызметтерге деген қажеттерін қанағаттандыру жүйесн құруға мүмкіндік береді.

          Мүгедектіліктің анатомиялы-қызметтік жағдайы оның реабилитациялық қуатының дамуына әрекет ететін әлеуметтік ортаның қалыптасуын білдіреді. Сонымен мүгедектің қазіргі түсінігін ескере отырып, бұл мәселені шешкен кезде мемлекеттің басты назарының пәні адам организміндегі бұзылушылық емес, оның шектеулі еркіндік жағдайындағы әлеуметтік рөлдің қызметінің жандануы болуы керек. Мүгедектерді  реабилитациялау мәні адамдардың тұрмыстық, қоғамға және кәсіби қызметкерлердің, оның дене бітімінің психологиялық және әлеуметтік қуатының деңгейіндегі (микроәлеуметтік және макроәлеуметтік ортадағы ерекшеліктерін ескере отырып) қабілеттерін жандандыруға деген кешенді көп жақты көзқарастарда жатыр. Процесс және жүйе ретіндегі кешенді көп профильді реабилитациялаудың кешенді мақсаты анатомиялық дефектісі, қызметтік бұзылуы, әлеуметтік ауытқулары бар адамдарға салыстырмалы түрде тәуелсіз өмір қызметін беру мүмкіндігі болып табылады. Осы тұрғыдан реабилитация адамның қоршаған әлеммен байланысының бұзылуының алдын алады, болдырмайды және мүгедектіліктің профилактикалық қызметін атқарады.

          Әлеуметтік қызметкер мүгедектерге заңдық тұрғыдағы психологиялық, педагогикалық және өте маңызды медициналы-әлеуметтік сипаттағы бірқатар мәселелер бойынша қашан да дайын болуы қажет.

          Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы-әлеуметтік көмек алуға, реабилитациялануға, дәрі-дәрмектермен, протездермен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Еңбекке қабілетсіз мүгедектер тегін медициналық-әлеуметтік көмекті мемлекеттік және денсаулық сақтау жүйесінің мекемелерінде қаралуға, ал негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыра алмау кезінде, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде қаралуға құқылы.

          Медициналық-әлеуметтік экспертиза мүгедектіліктің себебін және тобын, азаматтардың еңбекке жарамсыздығының дәрежесін белгілейді, оларды реабилитациялау түрлерін, көлемін және мерзімін анықтайды және де әлеуметтік қорғау мөлшерін де, азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар береді.

          Мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың тұрмысын әлеуметтік тұрғыда ойластыру басқарушылық орындарынсыз мүмкін емес. Олар мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде бар. Мемлекеттік тұрғыда әртүрлі комитеттер бар, оларға мүгедектерді зейнеткелерді әлеуметтік қолдау жатады.

          Республикаларда, өлке аймақтарда, облыстарда мүгедектер ісімен айналысатын, орталық органдарға сәйкес келетін басқармалар әрекет етеді.

Қазақстан Республикасының мүгедектілік

проблемасын талдау

 

Республика бойынша 386,2 мың мүгедек адамдар тұрады, оның ішінде мүгедек әйелдер 24 мың, мүгедек – балалар, 16 жасқа дейінгі – 49,8 мың бала жасынан мүгедектер 58,8 мың және т.б. Бұл сандық деректер, мүгедектіліктің ары қарайғы өсуі дені сау ресурстарының саны мен сапасының төмендеуі сияқты қауіп төндіруі мүмкін деген қорытынды жасауға итермелейді.

          Ең алғаш рет 2002 жылы ересек халықтың 46133 адамы мүгедек деп танылған, оның ішінде әйелдер – 18892, олардың 26138 – қалада тұрады, 19995 – ауылда, еңбекке қабілеттілері – 30632. Алғашқы мүгедек деп танылғандардың ішінде:

  • І топтағы мүгедектер – 9801,
  • ІІ топтағы – 25302,
  • ІІІ топтағы 16030,
  • Ал мүгедектіліктің себебі жағынан жалпы аурудан – 38188,
  • Еңбектегі зақымдану – 479,
  • Кәсіби аурудан – 111,
  • Бала жастан мүгедектер – 5524.

Еңбекке қабілетті халық арасындағы мүгедектіліктің дамуын әлеуметтік және экономикалық факторлар әсер етеді: жұмыссыздық, медициналық қызметтің жоғарғы құны және т.б.

          Мүгедектілік проблемасынағы ең осал жері, ол мүгедек – балалардың және олардың жанұяларының әлеуметтік проблемалары.

          Мүгедек – балаларға оқу мен тәрбиенің арнайы жағдай жасалынулары талап етіледі. Республикада көру қабілеті бұзылған балалар үшін 8 мектеп бар, онда 1240 мүгедек – балалар оқиды және есту қабілеті бұзылған балалар үшін 19 мектеп бар, онда 2706 бала оқиды.

          Жалпы білім беретін мектептерде оқуға мүмкіндіктері жоқ мүгедек – балалар, психологиялық – медициналық, педагогикалық кең естердің қорытындысы бойынша оқу мен тәрбиені үй жағдайында ала алады. Қазіргі таңда 2270 мүгедек – балалар үйдегі жағдайда білім алуда. Оқуға кеткен шығынының орнын толтыру үшін оларға ай сайын жәрдемақы төленіп тұрады, оның орташа мөлшері 374 теңгені құрайды.

          І және ІІ топтағы, жоғарғы және орта арнайы оқу орындарын бітірген мүгедек адамдар денсаулығының жағдайына байланысты көп жағдайда жұмысқа орналаса алмай жатады.

          Бұрындары дәстүрлі түрде мүгедек адамдар еңбек ететін  көптеген кәсіпорындардың жабылып қалған. Олар үшін жаңадан жұмыс орындары ашылмауда. Кәсіпорын әкімшілігі әр түрлі себептермен мүгедек адамдары жұмыстан шығарып жатады, өйткені еңбек рыногында еңбекке қабілетті адамдар жағынан ұсыныстар өте көп екені мәлім.

          Мүгедектер үшін бос орындар өте сирек беріледі. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын есепке алудың жүйелілігі жоқ. Осыған байланысты мүгедектер үшін оларды есепке алуды ұйымдастыру түріндегі жұмыс орындарының банкін ашу қажет.

          Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету шаралары Қазақстан Республикасының 1991 ж. 21 маусымдағы  «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғаулары туралы, 1997 ж. 16 маусымындағы «Мүгедектілік бойынша мемлекеттің әлеуметтік жәрдем ақылар туралы» Қазақстан Республикасындағы асыраушысынан айырылу және жасы бойынша, 1999 ж. 5 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттің жәрдем ақылар туралы» заңдармен және басқа да заңдылық актілерімен жүзеге асырылады.

          Мүгедектерге әлеуметтік көмек беру жәрдемақы протезді – ортопедициялық бұйымдармен және аяқ киімдермен қамту, арнайы шрифтпен жазылған баспа бұйымдарымен, даусын күшейту аппараттарымен және сигнализаторлармен компенсаторлық техника – құралдарымен қамтамасыз ету.

          Қазақстан Республикасының барлық мүгедектерді мүгедектілік бойынша мемлекеттен жәрдем ақылар алады. Жалпы аурулар бойынша, еңбектің зақымдану, кәсіби аурулар, бала жасынан мүгедектерге жәрдем ақы кемсідей мөлшерде төленеді.

          1999 ж. 1 сәуірінен, басқа жәрдем ақы түрлеріне байланыссыз, кәсіби аурулардан, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жатқызылатын тұлғаларға үй – жай (коммуниалдық) қызметтерінің жылу үйді жарықтандыру шығынынан төлеу үшін арнайы мемлекеттік жәрдем ақылар төленеді.

          Жергілікті өкілді және атқарушы органдар сәйкесінше бюджеттік қорлар есебінен өздерінің қызметтік құзыры шегінде былай белгілейді:

  • тұтыну бағдарламалары индексінің өсуіне сәйкес мемлекеттің әлеуметтік жәрдем ақыларға қосымшалар;
  • сыртқы көмекті қажет ететін жалғыбасты мүгедектерге қараудың мемлекеттік жәрдем ақыларына қосымша төлемдер;
  • санаториялық – курорттық емделу бойынша жеңілдіктер.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдар мүгедектердің айрықша

қажеттіктерін қанағаттандыруға және олардың өмірлік деңгейін өз бюджетінің есебінен арттыруға бағытталған басқа да шешімдерді қабылдайды.

          Республикаларда қарт адамдар және мүгедектер үшін 15604 орындық 70 интернет – үйлері қызмет атақарады, олардың ішінде 25 интернат – үйлері психоневрологиялық ауруларға арналған, ол 7042 орынға есептелген, және дще 17 мүгедек – балалар үшін, ол 2721 орынды.

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның  мүгедектерге қатысты заңдылығы

 

          Мүгедектерге қатысты заңдылық «Қазақстан Республикасының конституциясының ережесіне» және «Қазақстандағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» (21 маусым 1991 ж.) базалық заңға негізделеді.

          Мүгедектердің өмір қызметін қандай да бір саладағы қоғамдық қатынастардың реттеу үшін сәйкесінше арнайы заңдық актілер қабылданған сондай – ақ мүгедектердің ерекше мәртебесі салалық актілерде бейнеленген.

          Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында адамдрды үймен қамту үшін жағдайлар жасалынады. Заңда көрсетілген, үйге мұқтаж болып жүрген адамдар санатына ол, заңмен белгіленген нормаларға сай мемлекеттік үй қорынан қонымды ақыға беріледі. Бұл норма Қазақстан Республикасының 16 сәуір 1997 ж. Тұрғын үй қатынастары туралы заңында және Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы заңда өз бейнесін тапқан.

          Мүгедектерге, қарт адамдарға, жүрек – қан тамырлары және басқа да ауыр аурулармен ауыратындарға мемлекет үй қорынан берілетін үйлер олардың төменгі этаждардан алу тілегін немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден алу тілектерін ескере отырып  беріледі. Мүгедектерге, оңалтудың жеке бағдарламаларына сай ғимараттар типін, барлық қолайлықтармен жабдықталғанын және тұру үшін басқа да қажетті жағдайларды ескере отырып тұрған үйді таңдауға құқық беріледі. [17,21]

          Халықтың нашар тұратын жанұяларына үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемдерінің, сондай – ақ үйді жалдап тұру ( аренда) шығындарының орнын толтыру үшін мемлекеттің тұрғын үй қорынан компенсация (тұрғын үйге деген жәрдем ақы) беріледі. Тұрғын үйдің жәрдем ақысы, адамдардың жекелеген санаттары үшін үйдің және коммникалдық қызметтердің төлемдерін заңмен белгіленген жеңілдік бойынша төлеумен қатар халықты әлеуметтік қорғғаудың бір түрі болып табылады.

          Ал денсаулық сақтау саласында негізгі заңдық акт Қазақстан Республикасының 19 мамыр 1997 ж. «Қазақстандағы адамдардың денсаулығын қорғау туралы» заңы болып табылады.

          Мүгедектердің қазіргі технология негіздерінде  жасалынған протезді – ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етілуге құқықтылығы бар барлық мүгедектер, өкілденген мемлекеттік орган белгілейтін тәртіптерге сай жеңілдік жағдайларында тегін протезді – ортопедиялық бұйымдармен және аяқ  — киімдермен қамтамасыз етіледі. // Қазақстан Республикасының 7 маусым 1999 ж. «Білім беру туралы» заңына сәйкес білім беру салаларындағы мемлекеттің саясатының негізгі қағидалары:

1) Білім алудағы Қазақстан Республикасының тең құқылығы.

2) Әрбір азаматтың интеллектуалды дамуын, психооризиологиялық  және индивидтік ерекшеліктерін есекере отырып халықтың барлық  деңгейлерін білім алудағы бәрінің қол жеткізуі.

          Мемлекеттің толығымен немесе ішнара білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың барлық шығындарын өз мойнына алады.

          Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың санатына жататындар:

  • жетім балалар, ата – анасының қарауынсыз қалған балалар;
  • дамуынла мүмкінігі шектеулігі бар балалар мүгедектер және бала жасынан мүгедектер;
  • көпбалалы жанұяның балалары;
  • заңмен анықталатын басқа да саладағы адамдар.

Денсаулығы жағынан көп уақыт арасында жалпы білім беретін мектепке бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе емдеу ұйымдарында индивидуалды тегін оқыту ұйымдастырылады. Дамуында мүмкіндігі шектеулігі бар азаматтарды білім алу, дамудың бұзылуын коорекциалау және әлеуметтік адаптация үшін жағдайларды мемлекет қамтамасыз етеді.

          Әр түрлі бұзылулары бар және дамуы артта қалған балалар үшін және емдік, психологиялық – педагогикалық коррекцияны, диагностиканы қажет ететіндер үшін арнайы ұйымдар құралады. Оңалту (реабилитациялық) орталықтар, балабақшалар психилогиялық, медициналық, педагогикалық кеңестер.

          Қазақстан Республикасының 21 маусым 1991 ж. «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеукметтік қорғау туралы» заңның  V-ші бөлімінде мүгедектердің еңбек салаларындағы құқықтары айтылған. Айтып өтейік, мүгедектер дені сау адамдар сияқты барлық құқыққа ие. Ол деген, мүгедектер өз статусын ескере отырып, еңбек заңдылықтарының құқықтарының толық кешенін пайдалана алады. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2002 ж. заңында, мемлекет халықты жұмыыспен қамту саласында адамдарға мыналарды кепілдейді деп көрсетілген.

  1. Дискриминацияның кез-келген формаларын қорғау және кәсіппен жұмысты алуды тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі;
  2. Жұмысыздықтан әлеуметтік қорғау;
  3. Өкілденген органдардың делталдық етуі кезінде жұмысты таңдау мен жұмысқа орналастыруға ықпал ету.

          Сонымен қатар жұмыспен қамтылуында әрекет ету шараларын қамтамасыз етеді. Мақсаттарының топқа мүгедектері де кіреді.

          Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 1999 ж. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңында еңбек салаларындағы дискриминацияға тиым салынған.

          Қазақстан Республикасының 20 маусым 1997 ж. «Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамту туралы» заңына сәйкес зейнетақының белгілеу үшін еңбек мерзімін есептеген кезде есепке алынатындары:

  • І топтағы мүгедектер, ІІ топтағы жалғыз басты мүгедектер және жасы бойынша зейнеткерлер (сыртқы көмекті қажет ететін) сондай-ақ 80 жасқа келген қарттарға қарау уақыты;
  • Атомдық сынақ салдарынан, экологиялық апаттардан немесе иммунодефицит вирусымен жұқпалы ауруынан, болмаса ЖҚТБ (СПИД-пен) ауыратын, зардап шеккен 16 жасқа дейінгі мүгедектерге қарау уақыты.

Салықтық жеңілдіктер Қазақстан Республика кодексімен салықтар

және бюджетке төленетін міндетті төлемдер. Салықтық кодекс 12 маусым 2001 ж. 209 – ІІ ҚРЗ анықталған.

          Мүгедектердің коммерциалдық емес ұйымдарында корпоративтік табыс салықтары бойынша, қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктері бар.

          Мүгедектерді 2002 – 2005 ж.ж. реабилитациялау бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсан 2001 ж. 1758 қаулысымен белгіленген. Бағдарламалардың басты мақсаты мүгедектерді реабилитациялаудың жүйесін құру, олардың қоғамға жан-жақты кіріктенуіне мүмкіндік бөлу, тәуелсәіз өмір сүру үшін жағдайларды қамту, мүгедектердің деңгейін төмендету болып табылады.

          Ал балалардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері Қазақтармен ратифицирленген баланың құқығы жөніндегі конвенцияға және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» 8 тамыз 2003 ж. Заңында көрсетілген, ал мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтық жағдайларының ерекшеігі Қазақстан Республикапсындағы мүгедектердің әоеуметтік қорғалуы туралы және Мұмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналы-педагогикалық коррекцияны қолдау туралы 4 шілде 2002 ж. заңымен реттелінеді [11,98].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРМЕН

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

 

2.1.    Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік

жұмыс технологиясы

 

          Қызметті техналогияландыру әлеуметтік саладағы ең кешенді құбылыстарға жатады. Технологиямен көзқарас – қазіргі әеуметтік қызметтің ажырамас қасиетті бөлігі болып табылады.

          Әлеуметтік саладағы техналогиялық көзқарастың ерекшелігі, онда қоғам тұтасымен алынады, Яғни қоғамдағы жекелеген қатарлары мен топтары, адамдар арақатынасындағы қатынастар немесе олардың ойлары мен сезімдері.

          Әлеуметтік технология – бұл, объект және субъектің қатынастарына емес, айтарлықтай дәрежеде субъект – субъект қатынасына негізделген технологиялық процестің бірден- бір түрі боуы ықтимал. Кәсіби көмек көрсетілетін әлеуметтік процестің қатысушысының әрекетінсіз, индивидтың жанұяның, топтың әрекетінсіз және келісуінсіз әлеуметтік техналогияларды қайта құру мүмкін. Осыған байланысты, әрбір индивид өзі үшін және жақындары үшін әлеуметтік технолог болып табылады деп айтуға болады. Ол жүргізілетін қайта құруларға әрекет ете отырып немесе олардан бас тарта отырып, әлеуметтік басқару органдары қызметінің мақсаттарымен қызмет құралдарын бөлісе отырып немесе оған қандай да бір басқа мақсаттар мен қызмет құралдарын қарсы қоя отырып әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік технологияның жүзеге асырылуына қатысады [12,80].

          Сондықтан да болар, кез келген әлеуметтік технологияда қандай да бір фундамент, маңызды блок болады — әсер ету объектісі болып табылады. Қоғамды тұтасымен және оның құрылымдық элементтері тұрақты және терең оқып – үйрену. Бұл, біздің қоғамдағы іс-әрекеттер заңдылығын толық, әрі жетік білмеуімізбен емес, сондай-ақ оны құрайтын қоғаммен адамдардың өздері әрдайым өзгеріп тұратындығымен, және де кешегі өте әсерлі және әрекеттік болған жайлар бүгінде күлкілі және ескілік қалған болып көрінетіндігімен түсіндіріледі.

          Әлеуметтік технологиялық фундаменттің екінші бір маңызды блогы – процесстерді операцияландыру және процедураларының бірлігі.

          Әлеуметтік техналогиялық фундаменттің үшінші блогы — әлеуметтік технологиялардың жоғары субъективтік мазмұны әсер етуді өндіретін тұлғаның және әсер етуді басынан өткеретін тұлғаның мәні. Осыған байланысты әлеуметтік жұмыспен айналысатын адамдарда тек қана теориялық білім емес, сондай-ақ клиенттермен өзара әрекет етудің амалдарымен дағдырылары болу қажет.

          Әлеуметтік жұмыстың объектілері әртүрлі болып келеді, зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, девианттық бағыттағы жас өспірімдер баспанасыздар, мигранттар, толық емес немесе көп балалар жанұялар және т.б. [13,83].

          Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технологиялар деңгейін байланысты төменгідей болып бөлінеді:

  • жай (маман еместердің де қолынан келетін);
  • күрделі, белгілі бір салада жұмыс істейтін маманда белгілі бір біліктіліктің болуын талап ететін;
  • кешенді, әр түрлі салада жұмыс істейтін бірнеше маман да тиісті біліктіліктің болуын талап ететін.

Әлеуметтік жұмыстың мәні — әлеуеттік құқықтарды жүзеге асыруда

индивидтерге және әр түрлі топтарға көмек көрсету. Әлеуметтік құқықтар өте көп шектілі болғандықтан және тұлғаның әлеуметтік қызмет атқаруын қамтамасыз ететіндіктер, әлеуметтік жұмыс шешуге ұмтылатын проблемалар өте кең ауқымды және әр қырлы болып келеді, оған қоса нақты бір әлеуметтік жағдайда әлеуметтік проблемалардың әр түрлері мен типтері қиылысып отырады.

          Ең алдымен әлеуметтік  жұмыс объектісі тек қана жекелеген тұлғалар емес, сондай-ақ олардың топтары болып табылады – жанұялар, еңбек және көршілес ұжымдар жастар немесе кәсіби топтары, ұқсас қиындықтарды басынан өткеруші тұлғалардың бірігуі. Сондықтан әлеуметтік қызметкердің әрбір іс-әрекеті, оның қолданатын әрбір технологиясы немесе әдістемесі индивидуалдық және топтық әдістерді үйлестіруі қажет, балалардың және ата-аналардың қатынастарының, жұбайлар арасындағы қатынастарының проблемаларын, қандаай да бір кәсіборын қызметкерлерінің жалғыз басты қарт адамдарды және мүгедектерді әлеуметтік қолдау үшін 309 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері әрекет етеді, олар 301 632 жалғыз басты қарт адамадарға қызмет көрсететді.

          Протезді – ортопедиялық көмекке 28 мыңнан астам адам мұқтаж, соурдотехникамен дамыту етуге – 60 мыңнан астам мүгедектер – естуі бойынша және 19 мыңнан астам мүгедектер көруі бойынша дифлоқұралдарға мұқтаждық білдіруде мүгедектерді, демалыс және спортпен айналасуды ұйымдастыру бойынша нақты кепілдемелерімен қамтамасыз ету, осы бағытта мүгедектермен жұмыс істеу үшін кадрларды даярлаудың тәртібі мен жағдайын анықтау проблемаларын заңдық тұрғыда шешу қажет /14,221/.

 

Алматы қаласындағы мүгедектілік жағдайын талдау .

          Қалада барлық санаттағы 45 мың мүгедектер тұрады, оның ішінде ҰОС (ВОВ) мүгедектері – 2346 адам, ҰОС теңестірілген мүгедектер 934 адам, жалпы аурудан І және ІІ топтағы мүгедектер – 7,9 мың, 16 жасқа дейінгі мүгедек – балалар – 2432 адам, еңбектегі зақымданудан, кәсіби аурудан болған мүгедектер – 444адам.

          Мүгедектіліктің негізгі себептері: бірінші орында жалпы аурудан болған мүгедектілік – 86 %, екінші орында соғыс және соған теңестірілген мүгедектер – 6,2 %, үшінші орында бала жастан мүгедектілік – 6 %, төртінші орында еңбектегі зақымданудан – 1,8 %.

          Еңбекке  қабілетті халық арасындағы мүгедектердің дамуына әлеуметтік және экономикалық  факторлар әсер етеді, жұмыссыздық, тегін медициалық көмектің кепілденген көлемін алудағы қиындықтар, медициналық қызметтің жоғары – құны, ауыр созылмалы ауруларды өз уақытында қарамау және айқындамау.

          Мүгедектердің әлеуметтік проблемасын шешу үшін қала маслихаты және әкімі сәйкес  бюджеттің қорытынды есебінен өздерінің компоненттері шегінде санаториялық – курорттық емделу бойынша жеңілдіктер белгілейді және т.б.

          Қалада дене бітімі және ақыл — ой дамуы жетіспейтін балалар үшін арнайы коррекциялық оқу – тәрбие мекемелерінің 8 типі бар, онда 3800 балалар мен жасөспірімдер бар.

          Алматыда екі интернат – үйі қызмет істейді, біреуі мүгедектер мен психохрониктер үшін 600 орынды, екіншісі терең ақыл – ойы артта қалған балалар үшін 160 орынды. Алайда, олар осы мекемелерге мұқтаж адамдардың қажеттерін анықтауды қамтамасыз етпейді. 2001 ж. 350 орынға есептелген Ардагерлер үйі ашылған және 75 – пәтерлі әлеуметтік тұрғын үй ашылған, онда жасы бойынша зейнеткерлерден басқа 30 пайызын әр түрлі санаттағы мүгедектер құрайды.

          Коммуникативтік қиындықтарын тұлға аралық немесе топ аралық қиыншылықтар шешу, сол қайшылыққа түскен адамдар тұлғасыз өзгертусіз мүмкін емес, көмекке келген адамдардың да тұлғаларын өзгерту, олардың жақын әлеуметтік ортасының әлеуметтік байланыстарын қайта құрусыз мүмкін емес [15,59].

          Осыған орай әлеуметтік жұмыс  проблемасын талдау бірінші этапта олардың тұлғалық, топтық, жанұялық және тағы сол сияқты негіздерді айқындайды.

          Жалпы себеп – салдарлы байланыстарының және жанама байланыстарының пирамидасы  барлық деңгейлер кіруі мүмкін масштабта (мысалы, аштық пен кедейшіліктің бір себебі ғаламдық климаттық себептер, табиғи ресурстарының шектеулігі болуы мүмкін екендігі сөзсіз) алайда осыны ескере отырып, әлеуметтік қызметкер клиенттің жағдайын таңдаған кезде, оған көмек берудің нақты технологиясын таңдағанда ең алдымен ол өзі әсер ете алатын және клиенттің  әлеуметтік жағдайын тұрақтандыра алатын немесе жақсарта алатын, жедел сипаттағы проблемалар мен себептерді қарастыру қажет.

          Әлеуметтік жұмыста  көп нәрсе қоғамның типіне және өкіметтің жүргізілу сипатына байланысты болады. Әлеуметтік жұмыс анықтамасы жағынан демократиялық қоғамға және әлеуметтік мемлекетке тән. алайда демократия да, әлеуметтілікте тұрақты константтар болып табылмайды. Өкіметтің халықтық қажеттіліктеріне және ой – пікірлеріне сезімділігі адамдардың әлеуметтік белсенділігіне тікелей әсер етеді. Бір уақыттары заман қажеттіліктеріне сай болған, кейіннен үмітсіз ескірген сөзсіз өкіметтік құрылымдар оның алғы шарттары жемісті болсадағы әлеуметтік тұлғалық фактор сәйкесінше органдар мен мекемелердің қызмет мазмұны мен формасына, халық жағынан бұл қызметті қабылдауға айтарлықтай әсер етеді. Қазіргі өмірде әлеуметтік – экономикалық проблемалар маңызды рөл атқарады, және де олардың мәні бақылаусыз, экстенсивті дамып жатқан техногендік катастрофалар, табиғаттың ластануымен және қоршаған орталық стандарттарының төмендеуімен анықталады [16,78].

          Әлеуметтік – экологиялық мазмұны қандай да бір мөлшерде барлық әлеуметтік технологиялар мен әдістемелерге тән, және де оның бейнелеу мөлшері оларды жүзеге асырудың нақты жағдайларына ғана емес, сондай – ақ адамдардың жалпы адамзаттың және экологиялық мәдениеттің даму деңгейіне байланысты болады.

          Әлеуметтік саясаттың тармақталынуы үшін әлеуметтік – экономикалық проблеманың мәні зор, және де ол көп жоспарлы болып келеді.

  • Біріншіден, қандай да бір әлеуметтік мәселені шешу үшін қоғам мен мемлекеттің бөле алатын қаржылық қорының саны ең әуелі экономика жағдайына байланысты болады.
  • Екіншіден, қоғамда көптеген проблемаларда таза экономикалық және таза әлеуметтік шектері, өзінің табиғаты бар.
  • Үшіншіден, бірқатар экономикалық проблемаларды қоғамда әлеуметтік проблемаларды шешусіз мүмкін емес, елдегі реформаның жүргізілуі де осы реформаның барысында халықтың көп бөлігі өздерінің әлеуметтік және мүліктік статустарын жоғалтумен түсіндіріледі, яғни олардың жағдайы мүшкілдеген [17,12].

Сонымен қатар, халықтың білімділігін, дене және әлеуметтік денсаулықтың, әлеуметтік жете бітушіліктің және саяси сауаттылығының өсуінсіз жаңа, жоғары технологиялы қызмет түрлерін дамыту, көп уәделік әлеуметтік технологияда жүзеге асыру мүмкін емес.

Қоғамда әлеуметтік стратикация проблеманың да мәні өзінше өзгеше болып келеді. Бір жағынан, әлеуметтік қатарлар мен топтарды бөлу үшін өте нақтырақ жеке жекелеген негіздерді ескеретін қоғамның парционалдық жүйесі демократиялық және әлеуметтік дамудың атрибуты болып табылады, тек осындай жүйеде ғана бәрі болмаса да, жоғары көлемдегі мүдделер мен талғамның презенциясына мүмкіндік туады. Қоғам, барлық индивидті бір ранжирге тықпай – ақ субмәдениет шегінде шағын топтардың көзқарастарын мойындауға және институционалдауға мүмкіндік табады. Екінші жағынан қоғамның бір топтарын байлықпен, өкіметпен және ақпаратпен қамтып және халықтың басқа бір бөлігін осы бір әлеуметтік ресурстарының маңызды көздерінен тек кедейлік шегіне дейін емес, сондай – ақ кейде тіпті физиологиялық өмір сүру шегінен де тысқары бөліп тастайтын әлеуметтік дифференциация (мұндай дифференциясының себептер объективті түрде де, субъктивті түрде де, ақталмаған) әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі бола алмайды [18,52].

Әлеуметтік проблеманың айрықша кешенің, мінез – құлықтың проблемалар құрайды. Индивидтердің немесе топтардың девианттық, нашақорлар, қылмыскерлер, жезөкшелер және т.б. бөліп  қарайды. Бірақ  девиациялықтың түсінігі біршама ауқымды. Ауытқуды анықтау үшін, ең алдымен девианттық мінез – құлықтылар ауытқитын жалпы әлеуметтік адамгершілік мінез – құлықтық, құндылықты реттеуші ядроның нормалары түсінігін айқындап алу қажет. осындай талдау процесі кезінде, нормаларды анықтау проблемасы өте күрделі, тарихи жағынан өзгермелі және әлеуметтік нақты екені айқындалады. Девианттық мінез – құлық (әлеуметтік қызметкер жағдайды талдаған кезде оны ескеруі қажет) ассоциалдық немесе типті антисоциалдық көрініс, болмаса болашақта көпшілік үшін норма болуы мүмкін, зерттеушілік, евристикалық мінез – құлық жолдары болуы мүмкін. Әлемде ақпараттық төнкерістің дамуына қарай ақпараттарға ену, өмірлік қызметті коммуникативті дамту етудің әлеуметтік проблемалары көп мәнге ие болуда.

          Әлеуметтік салада да ақпараттық процестерін мәні зор. Көптеген мемлекеттерде әлеуметтік – экономикалық жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған әлеуметтік жобаларда міндетті түрде әлеуметтік теңсіздікті жою және ақпаратқа жоғары деңгейде қол жеткізу (оны алуда да және өз ойлары мен көзқарастрын тарату, насихаттауда да) алдыңғы орынға қойылған. Ақпаратқа және ақпараттық технологияларға ену басқаны  былай алғанда, ол ХХІ ғасырға, енудің жолдамасы болып табылады, осы шекті енуге, болашақта қоғамдағы жоғары мәртебеге жетуге үміттенуге болмайды [20,210] .

          Әлеуметтік жұмыс  проблемалардың кешенділігі, әлеуметтік қайта құрулардың объектілері мен субъектілерінің күрделілігі, әлеуметтік ресурстардың шектеулі көлемінде. Жоғары мәнді және тиімді нәтиже алу қажеттілігі осының бәрі әлеуметтік жұмысты технологияландыруды талап етеді, ал осы қызмет түрінің ерекшелігі әлеуметтік жұмыс арқа сүйейтін технологияның сипатын анықтап береді.

          Әлеуметтік жұмысты технологияландыру, оның түрлерін салыстырмалы түрде жекелеген бір бейнелі процедураларға және операцияларға ұтымды түрде бөлуге мүмкіндік береді, ал осы аталғандардың іс — әрекеттері мен нәтижелері кооперирленген және синхрондалған болып келеді. Сонымен, әлеуметтік проблема бірнеше өте қарапайым кіші проблемаларға бөлінеді, олардың әрқайсысы қандай да бір мөлшерде стандарттық әдістермен шешілуі мүмкін [21,106].

          Айтып өткеніміздей, әлеуметтік шартты түрде үш топқа бөлуге болады: диагностика технологиясы (әлеуметтік жобаларды оқып үйрену және олардың, дамуының ықтималдығын болжау негізінде); қандай да бір әлеуметтік объектіліктің дамуының  құрастырылу және жобалану  технологиясы. Әлеуметтік жобаларды, бағдарламаларды жүзеге асыру, әлеуметтік инновацияларды енгізу технологиясы осындай тікелей бөлуден басқа технологиның типтерін бөліп қарауға болады, олардың мақсаты – индивидтерге әлеуметтік қызмет атқару қабілеттіктерін қайтару болып табылады. (Әлеуметтік реабилитациялау мен адаптациялау технологиясы). Бұл технологияның әрбіреуі клиенттердің белгілі бір санаттарымен жұмыс кезінде қолданылуы мүмкін (жанұяман, әскери қызметтегірлермен, адаптацияланған балалар және жасөспірімдер және т.б.) енді айрықша жағдайлардағы қызметтің технологиясынын бөлуге болады (ұлтаралық қайшылықтар жағдайында, жұбайлардың айырылысуы және т.б.) [22,160].

          Әлеуметтік жұмыс технологиясының біртұтас технологиясы  жоқ екенін байқау қиын емес, өйткені кез – келген жіктеу қағидалары ерікті түрде жүреді, ол әлеуметтік қызметкердің мақсаттарына сай жүргізіледі. Оның ғылыми зерттеу үшін, оқу мақсаттары үшін мәні бар, шынайы өмірде қандай да бір технологияны алу әлеуметтік проблеманың мәніне байланысты болады

          Ал әлеуметтік жұмыс технологиясының функциялары туралы айтар болсақ, ең алдымен төмендегілерді бөліп қарастыруға болады:

  • аналитикалы – болжамдық: әлеуметтік тәуелділік санатына жататын ведомствоға бағынышты аймақтардағы топтарды, жанұяларды және жекелеген азаматтарды анықтау және есепке алу, әлеуметтік қолдаудың әр түрлі түрлеріне және формаларына деген мұқтаждықтарды анықтау, әлеуметтік процестердің динамикасының мониторингі, бар параметрлердің өзгеруінің болжамы;
  • диагностикалық: орын алған өзекті және потенциалды әлеуметтік проблемаларды талдау, олардың себептерін белгілеу, нақты индивидуалдық және клиенттердің әлеуметтік жағдайдағы проблемалық аясын зерттеу;
  • жүйелі – модельдік: қиын өмірлік жағдайларда қалған адамдарға және топтарға әлеуметтік көмек көрсетудің сипатын, көлемін, формаларын және әдістерін анықтау, мұндай көмектің көрсетілу жүйесінің концептуалдық негіздемесі, ең алдымен әр түрлі деңгейлердегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің негіздемесі;
  • жобалы – ұйымдастырушылық: қандай да бір әлеуметтік қиыншылықты шешуге бағытталған әлеуметтік – жобаларды жасау, ресурстарды негіздеу, жүзеге асыру және бағалау, белгілі санаттағы клиенттерге көмек көрсету;
  • активациялық: индивидтің, жанұяның немесе әлеуметтік топтың жеке мүмкіндіктерінің потенциалын акивациялауға әрекет жағдайдан шығуға, өзіндік көмек пен өзара көмекті дамытуды ұйымдастыруға клиенттерді ояту;
  • инструменталды – практикалық: адамдар арасындағы өзара қатынасты жақсарту үшін кеңестермен тренингтер беру, қиын өмірлік жағдайларда әр түрлі көмектерді көрсету, клиенттердің өздерінің әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуде және басқа да іс — әрекеттерде әрекеттік көмек беру ата – анасының қарауынсыз қалған балаларға немесе соған мұқтаж кәмелетке толмаған тұлғаларға және т.б. қорғаныш болу және оларға қорған болу;
  • өкімдік – басқарушылық: әлеуметтік басқару органдарының менеджменті, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелердің қызметтерін үйлестіру, әлеуметтік саясатты қалыптастыру бойынша жұмыстарға қатысу, кадрларды таңдау және тәрбиелену;
  • эвристикалық: әлеуметтік білімнің өрістеуі, әлеуметтік проблемаларды түсінуді тереңдету, әлеуметтік қызметтерінің өздерінің білімдік және жалпы мәдени дайындықтарын жақсарту, олардың біліктіліктерін арттыру [24,46].

Әрине бұл функциялар әлеуметтік жұмыс технологиясының барлық  жүйесінде тек жиынтық түрінде толық жүзеге асырылады,  әрбір нақты жағдай да қандай да бір жиынтығы қолданылуы мүмкін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Шетелдегі мүгедектерді реабилитациялау  тәжірибесі

 

     Мүгедектерді реабилитациялаудың даму ерекшелігі әрбір жеке елдің дамуының өзіндік ерекшеліктер жағдайының ықпалында жатыр.

     Осы мәселеге қатысты, мысал ретінде әлеуметтік қызмет көрсетудің екі үлгісін — еуропалық және американдық үлгілерін салыстыру болып табылады. Еуропа жерінде әлеуметтік қызмет көрсету қауымдастық және қауымаралық байланыстардың құлдырау әсерінен, олардың жақын айналасындағылар жағынан мұқтаждардың қолдауының нашарлауынан қалыптасты.

     Ал Америкада өзінің күшіне, жеке ынтаға, мемлекеттік құрылымдардың ықпалынан азат болуға сүйену жағына қарай көңіл бөлінеді. Бұл АҚШ-тың әлеуметтік саясатында өзінің жалғасын тапты, бұл жерде мемлекеттің рөлі тым төмен болды. АҚШ-та мүгедектер бірінші кезекте зейнетақымен және бақытсыз жағдайлардан сақтандырумен қамтамасыз етіледі. Олар үшін қызмет көрсетудің арнайы түрлері жұмыс істей алмайтындарға арналған медициналық қызмет ұйымдастырылады.

     Мүгедектердің және ақыл-есінің даму кемшіліктері бар тұлғаларды қамтамасыз ету туралы заңдар негізінде АҚШ-тың жергілікті билік органдары, өзінің территориясы шеңберінде мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетеді. Арнайы мүгедектердің ұйымдары мен қорларының көмегімен іске асады, себебі муниципалитеттердің маңызды бөлігін көрсетуге шақырады. Қызметтердің ішіндегі негізгілері — тұрмыстық жағынан жақсы орналасу, үй, көлік, жұмыстың болуы, оқыту, бейімдеу, арнайы жәрдемақылар мен өтемақыларды төлеу болып табылады. Соңғы әлеуметтік реабилитациялық сипаттағы мүгедектердің іс-әрекетке деген қабілетінің жоғарлауына, сонымен қатар жасанды мүше салуды, кәсіби дайындықты немесе жалпы орта білімді көтеруге мүмкіндік беретін шараларды өткізу қарастырылған.

     Бейімдеу дайындығы —  зақым немесе ауру нәтижесінде пайда болатын жағдайға бейімдеуге көмектеседі, халықтың осы категориясын қолдау үшін қарастырылған түрлі техникалық және басқа құралдарын пайдалануды үйретеді. Бейімдеу дайындығына мүгедектердің отбасы мүшелері және жақын туыстары тартылады. Оның мақсаты — мүгедектің іс-әрекетке деген қабілетін нығайту, әлеуметтік және психологиялық тәуелсіздікті, дербестікті қамтамасыз ету. Еңбекке дайындау мүгедектің жұмысқа орналасуын жеңілдетуге, оның жұмысқа үйренуге, бейімделуге деген ұмтылысын нығайту және табысқа жетуге тарту болып есептеледі.

     Үйді жабдықтауда мүгедекке деген көмек жақсы және тәуелсіз тұрмыс, өзіне-өзі қызмет ету үшін жағдай жасауға бағытталған. Пәтерді жабдықтау, арнайы құрылғыларды сатып алу арқылы стационардағы емес, мүгедектің өмірін жақсарту, қолайсыздықты жою немесе азайту, бұл пәтерді жабдықтаудағы басты нәрсе. Мүгедектің іс-әрекетін көтеретін құралдарға: автомобиль, арнайы жабдықталған мотороллер, автомобилге арналған қосымша құрал-жабдықтар, теледидарға арналған ақпараттық-мәтіндік аппаратура, дисплей қосылған телефон, спорт және дене шынықтыру түрлерімен айналысуға көмектесетін құрылғылар жатады. Оларды сатып алу үшін мүгедектерге арнайы жәрдемақы төленеді.

     Әлеуметтік қызметтер көлікпен қамтамасыз ете отырып, мүгедектің ауыр, қиын түрлеріне шалдыққан адамды жұмысқа, оқу орнына, мәдени іс-шараларға және т. б.  жеткізіп тастайды.

     Ұлыбританиядағы мүгедектерді және дене мүшелерінің кемшілігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады. Бұл жерде мүгедек адамға жәрдемақы беретін ұйымдастыру көлемді шеңберін үш топқа бөлуге болады: күтімді қамтамасыз ету арқылы ақша табатын үйлердің жеке иеленушісі, қайырымдылық ұйымдарынан тұратын қоғамдық сектор, бұл ұйымдар мемлекеттік қорлар жеке азаматтар және қызметтерге төленетін қаржы есебінен штатты және басқа шығындарды төлейді, мүгедектерге деген әлеуметтік қызметтердің үлкен бөлігімен қамтамасыз ететін жергілікті билік органдары. Әдетте олар тұрғылықты жері бойынша жұмысқа білікті мамандар, күндізгі орталықтарда, пенсионаттарда, жатақханаларда немесе интернаттарда, ауруханаларда, күндізгі мектептерде жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметтер адамдардың үйде өмір сүруі үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.

     Күндізгі орталықтардың бірнеше түрі бар — олар жергілікті органдар және тәуелсіз немесе қоғамдық агенттердің қол астында. Көптеген орталықтарда денесінің мүшелері істен шыққан немесе ауытқуда қиындықтары бар адамдарға көмектесу жүргізіледі.Бұл орталықтарда әлеуметтік жұмысшыдан басқа психологтардан, терапевттерден, медбикелерден,нұсқаушылардан, мұғалімдерден тұратын командалар жұмыс істейді. Ересектерді дайындау орталықтары (ЕДО) және әлеуметтік оқыту орталықтары (ӘОО). Мектеп бітіргеннен кейін оқуда қиындық көретін жастармен тренинг жүргізуді жалғастырады. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге және бір затты сатып алуға, тамақ пісіру, ақшаны қоғамдық орындарда пайдалану сияқты әлеуметтік дағдыларды үйренуге жіті назар аударылады. Бұл емделушілерге қоғамда өмір сүруге және өзінің күшіне сүйенуге мүмкіндік береді. Орталықтарда сурет салу, қолөнер, дене шынықтыру, оқу және жазу сабақтары жүргізіледі.[6,294].

     Кейбір ЕДО және ӘОО оқуда қиындықтары бар, емдеу мен қолдауға мұқтаж адамдарды күтетін арнайы бөлімдер бар.

     ЕДО-ның бөлігі мүгедектерге арналған жұмыс күшіне ие (құрамдас бөліктерді қарапайым жинаудан және қолөнерден, электронды құралдарды қолданудан тұратын қиын үдерістерге дейін). Емделушілердің, поциенттердің ахуалының дамуы, жақсаруы дайындық уақытында әрдайым бағаланады және кейбір жағдайда олар бақылауда болатын дербес жұмысқа өтуі мүмкін. ЕДО штаты нұсқаушылардан, мұғалімдерден және шеберханалардың жетекшілерінен тұрады.

     Әлеуметтік оқыту орталықтарында қатынас жасау және әлеуметтену дағдыларын үйретуге назар аударылады. Көптеген интернаттарда аға қызметкер, қараушы және қадағалаушы, меңгеруші немесе балалардың күтіміне жауапты адам және түрлі лауазымды мысалы, мүгедектерге күтім көрсетуші және т.б. бар.Көптеген пенсионаттар поворларды, еден сыпырушыларды және бағбанды жалдайды.

     Мүгедектерге медициналық емдеу жиі керек болып тұрады, ауруханалар қысқа және ұзақ мерзімді қызметтерді ұсынады. Медицинаық және медбикелік күтімнен, ауруханадағы әлеуметтік қызметкердің қолдауынан басқа, мүгедектер психотерапевтерден немесе еңбек терапевтерінен ем қабылдайды. Кейде мүгедектерді қысқа мерзімге туыстарына жеңілдік жасауы, көмектесуі үшін ауруханаларға орналастырады. Кооперация шеңберінде мүгедектерді кешенді реабилитациялау бойынша Польшаның тәжірибесі қызықты. Ол өзіне сай кәсіпті таңдау мен үйретуге, денсаулыққа сай еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, ақауы бар адамның жұмыс орнына орналасуы және т.б. жағдайлар. Мүгедектерді кооперациялау медициналық қана емес, әлеуметтік реабилитацияны өткізу мүмкіндіктеріне ие. Жұмыс уақытында және одан тыс уақытта белсенді демалысты ұйымдастыру, еңбек демалысын өткізу, мүгедектерге және олардың отбасыларына әлеуметтік-тұрмыстық жәрдемнің түрлі формаларын қамтамасыз ету.

     Бұл көзқарас тұрғысынан БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелері маңызды болып есептеледі.[16,78].

     Дегенмен мүгедектердің көптеген күрделі сұрақтары шешілмей қалатын кездері де болады. Кейбір мүгедектер еңбек дағдыларын ғана емес, сонымен бірге негізгі өмірлік дағдыларын жоғалтады, сондықтан өлуге дейін барады. Осындай кезде арнайы қызметтер мен орталықтардың жетіспеушілігі қатты сезіледі. Мүгедектердің проблемалары еңбек терапевтерімен бірге шешіледі. Еңбек терапиясы — жас және тез қарқынды дамушы кәсіптердің бірі. Еңбек терапиясының басты мақсаты — мүгедектерге көмек көрсету және күнделікті өмірдің барлық аспектілерін жеңілдету үшін қандай жабдықтар немесе құрылғылар керектігін шешуге, мүгедекке ақыл-кеңес, жәрдем береді.[6,299].

     Ұлыбритания графтықтарында әлеуметтік қорғау комитеттеріне бөлінген қаражаттың ортақ саласынан шамамен 30 пайызы мүгедекті әлеуметтік қорғауға бөлінеді.

     Әлеуметтік қызметтер департаменті мүгедектер үшін қажетті құрал-жабдықтарды қарызға беру мүмкіндігіне ие. Графтық кеңесі мүгедектің үйіне құрылғыларды сатып алғанда жартылай құнын төлеу үшін қаражат бөле алады. Мүгедекке телефон немесе байланыстың басқа түрлері арқылы (қажет болғанда) көмек беріледі.

     Норфолк графтығының әлеуметтік қызметтер департаменті дене кемістігі бар мүгедектердің үйлеріне құрал-жабдықтар мен құрылғыларды сатып алуға жылына белгілі бір мөлшерде қаржы жұмсап отырады.  Қауымдастық мыңнан астам ақыл-есі толық емес мүгедектерге көмек береді.

     Еңбек терапевтері мен әлеуметтік қызметкерлер мүгедектер мен қарт клиенттерге аурудан кейін тез сауығуға және үйлеріне қайтуға көмектеседі. Әрбір госпиталда еңбек терапиясы бөлімі бар, бұл жерде әлеуметтік қызметкер мен еңбек терапевті әрбір клиент үшін бірлескен бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама тікелей клиентпен және оның жанұясымен келісіледі. Еңбек терапиясы бөлімінде емделушілерге қолданылатын әдістер мыналардан тұрады: бейімдеу құрал-жабдықтарын қолдану, реалаксация әдістері мен стрессті басу тәсілдері, өзгеше дене белсенділігі, күнделікті өмір белсенділігі (іс-әрекет ), ақыл-кеңес беру, әлеуметтік, дене және психологиялық қызметті көтеруге арналған жеке немесе топтық жұмыс, емделуші үшін коляскаларды бағалау және таңдау жұмысы.

     Норфолк графтығының госпиталдарындағы еңбек терапиясының арнайы — балалар бөлімі бар. Балалардың жас шамасы — бірнеше айдан 19 жасқа дейін. Педиатрия саласындағы еңбек терапевттері дене, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан күнделікті өмірде балаларды тәуелсіздіктің оптималды деңгейін дамытуды басты міндет етіп қояды. Еңбек терапевттері үйден тыс жерде, жақсы және мәдени өмір сүруге, арнайы күндізгі орталықтарында жаңа шеберлікке үйренуге көмектеседі.

     Өмірлік іс-әрекетті жеңілдету үшін мүгедектің тапсырмасы бойынша (немесе каталогы бойынша) өмірін жеңілдетуге арналған кез-келген жабдықтарды, құралдарды әкеліп беретін түрлі реабилитациялық фирмалар көп (түрлі физиотерапевтік жабдықтар).

     Ұлыбританияда әлеуметтік қызметтерде мүгедектерді жұмысқа жолдауға болатын арнайы қызметтер бар. Бұл жерлерде мүгедектерге табыс табуға көмектеседі, арнайы жәрдемақы бөлінеді, клиенттің жұмыс орны арнайы жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Мүгедектерді жұмысқа алатын мекемелер арнайы техника алу үшін айлық жәрдемақы алып отырады (мүгедек коляскасы, мүгедектерге арналған лифттер,нашар еститін адамдарға арналған жарқылы бар сигналды жүйелер). Ауыр кеселге шалдыққан мүгедектер жұмысты үйде орындайды және осы мақсатта оларға арнайы компьютерлік жабдық орнатылады. Толық немесе жартылай көздері көрмейтін мүгедектер үшін кітап, газет-журналдарды және т.б. оқып беретін адамның қызметін төлеуге жәрдемақы бөлінеді.

      Ұлыбританияда жұмыста мүгедектерге көмектесу үшін оңтайлы кешенді сызба бар. Оның ішінде: жұмыспен қамту схемасы бойынша көмектің арнайы түрлері жұмыс күшіне, көлікке үстеме төлеу; жеке оқып беруші адам қызметі; технологиямен үйде жұмыс істеу; жұмысқа кіргізу және т.б.

     Осындай схемалар мен жұмыспен қамту қызметтері мүгедектердің жақсы практикасы кодексінде және мүгедектерді жұмыспен қамту орталықтарымен ақыл-кеңес беретін буклеттерде осы туралы ақпарат берілген.

     Мүгедектер жұмысқа сынау мерзімімен алынады. Жұмыспен қамту орталығының штаты мүгедектердің әрбір кондидатурасын таңдауға және түрлі нақты жағдайдағы жұмыс берушімен оған лайықты жұмыс табуға тырысады.

     Осылайша Ұлыбританияда мүгедектерге жүргізілетін әлеуметтік жұмысқа үлкен назар аударылады. Мүгедектерді әлеуметтік қорғаумен мемлекеттік, қоғамдық және жеке ұйымдар айналысады. Мүгедектермен мұндай әлеуметтік жұмыс жүргізу және еңбек терапевттерінің жұмысы мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапа үлгісін және оны ұйымдастыру әдіс-тәсілін береді. Түрлі елдерде еңбек терапевтін оқытудың халыққа танымал нормаларының дамуына еңбек терапевтерінің Бүкіләлемдік ұйымы ықпал етеді.

     Енді әлсіз топтармен жұмыстың сәтті бағыттарының бірі, Батыста «оккупационалды терапия» деп аталатын бағытты қарастырамыз.

     Оккупационалды терапия — күнделікті сабақ терапиясы, әлемдік елдердің көпшілігінде бар және әлеуметтік жұмыс, денсаулық сақтау, білім салаларының мамандары тобында маңызды орын алатын кәсіби әлеуметтік жұмыс түрі. Осы терапия медициналық, әлеуметтік және психологиялық, педагогикалық реабилитациялаудың кешенді бағдарламасының біріккен бөлігі. Бұл күнделікті жағдайларда қызмет ету қиындықтарын бастан кешіруші адамдарға қажетті тиімді жәрдем компоненті, құрамы Оккупационалды терапия кеңінен қолданылады, ол шала туылған баланың рефлекстерін ынталандырудан бастап, әлсіз қарт адамның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуді қарастырады. Ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде оккупационалды терапия мамандарын Occupational Therapist деп атайды, ол қысқартқанда «ОТ» абревиатурасын қолданады. Швед тілінде бұл кәсіп орыстың «еңбек терапиясына» ұқсас, жақын arbeitsterapi деп аталады. «Еңбек терапиясы» термині бүгінгі таңда әлеуметтік-реабилитациялық технологиялар саласының кәсіби лексикасына кіреді.

     Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі әлеуметтік реабилитация орталықтарында еңбек терапевтерінің ставкасын енгізеді. Осы салада жұмыс істейтін мамандар өздерін еңбек арқылы адамның өмірлік қызметтерін қалпына келтіруге немесе тұрмыстық ортада өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеттілігінің дамуын жылдамдататын «еңбек инструкторлары» деп атайды.

     Ресей практикасында, Батыс елдеріндегі оккупационалды терапияда бар жайттар, құралдар дәрігерлерде, емдеу, дене шынықтыру кабинеттерінің нұсқаушыларында, дефектологта, біраз уақыттан бері әлеуметтік қызметкердің қол астында бар, өйткені әлеуметтік ортамен емдеу оның құзыретіне кіреді. Балаға, ересек адамға немесе бүкіл отбасыға қажетті қызметтердің реттеушісі әлеуметтік қызметкер болады және ол дәрігердің, педагогтың, психологтың, еңбек терапевтінің, клиенттің әлеуметтік ортасының басқа өкілдерінің іс-әрекетінің үйлесуін, сай келуін, оның жанұясының әлеуметтік кәсіби қолдау желілерін нығайтады.

     Сондықтан реабилитациялық іс-әрекеттің бір түрі ретінде қолданылып отырған еңбек терапиясы, бұл оккупационалды терапия емес. Шетелде осы бағыттың мамандарын дайындағандарына 70 жыл болды. Ұлыбританияда, АҚШ-та оккупационалды терапия жақсы дамыды.[6,302].

     Американдық ірі университетердің бірінің оккупационалды терапия бойынша білім бағдарламасын, осы маман қандай білім мен дағдыны керек екенін түсіну үшін қарастырамыз. Бұл бағдарлама ең алдымен клиникалық орталықтарда жұмыс істеуге қабілетті, зерттеушілік және әкімшілік дағдыларға ие маманды қалыптастыруға бағытталған.

     Чапел-Хилладағы Солтүстік Королина университеті оккупационалды терапия бойынша 1976 жылдан бері магистратура бар, оған басқа мамандық бойынша бакалавр дәрежесін алған адамдард да түсе алады. Дегенмен оккупоционалды терапия магистратурасына түсу үшін талапкер басқа университеттер мен колледждерде жеке өтетін мынадай университеттік курстар бойынша  сертификаты болуы керек:     

-лабараториялық практикамен бірге адамның анатомиясы мен физиологиясы;

-даму психологиясы;

-әлеуметтану: жанұя және қоғам;

-әлеуметтену: әлеуметтік проблемалар;

-статистика бойынша зерттеу курсы;

ОТ магистратураға түсіп, студенттер арнайы пәндер оқиды және екі жыл ішінде жаз уақытында екі практикадан өтеді, зерттеу жобаларын қорғайды және оқуды аяқтарда емтихан тапсырады. Кәсіби сертификациялау үшін арнайы мемлекеттік емтихан бар, ал кейбір штаттарда бітіру емтихандарынан кейін алуға болатын кәсіби практика жүргізу құқығына қосымша лицензия керек.

Магистратурада мынадай курстар меңгеріледі: «ОТ-ға кіріспе», «ОТ-ға арналған анатомия», «Адамның өсуі мен дамуы», «ОТ-дағы биомеханика-кинезиология», «Денені сауықтыру», «Психо-әлеуметтік реабилитация», «ОТ-дағы кәсіби дағдылар», «Оккупационалды терапия және гериатрия», «ОТ және балалар», «ОТ-дағы қолданбалы зерттеулер», «ОТ-да технологияларды қолдану», «Жағдайды,оқиғаны,жайтты зерттеу», «ОТ-дағы кәсіби проблемалар» яғни, осы бойынша курстарды оқуға болады.

Оккупационалды терапиясының мазмұны неде және оның қызметіне кім мұқтаж?

Оккупационалды терапия адам басынан өткізетін қиындықтардың, сонымен бірге оның қорларының саны мен деңгейін анықтау үшін керекті функционалды диагностикадан басталады. Клиент және топтың басқа мүшелері мен бірге оккупациялық терапевт қалпына келтіру немесе дағдыны дамыту құралы ретінде әдеттегі, күнделікті шараларды қолдана отырып реабилитацияның, сауықтырудың жоспарын құрайды. Мысалы, инсульттан кейін адам әдеттегі, күнделікті шаруасына оралады: жуыну, киіну, тамақ пісіру, үй жинау, әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіру. Осы элементтердің барлығы реабилитацияның құралы болып табылады және көптеген жағдайларда тым ауыр ауыртпалықты жіберіп алмау үшін маманның ақыл-кеңесі қажет.

Көру, қол координациясын жақсарту, ұсақ маториканы дамыту үшін балаларға реабилитацияның мысалы, мектепте жетістікке жетудің маңызды құралы ойын іс-әрекеті болып табылады. Реабилитация курсы барысында емделушінің мәртебесі, ахуалы жиі алмасады, реабилитациялау бағдарламасындағы өзгерістер топ, команда мүшелерімен, дәрігермен, емделушімен, оның жанұясымен қарастырылады.

Оккупационалды терапияның негізгі элементі — бұл тәуелсіз қызмет ету үшін маңызды дағдыларды ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге реабилитацияға мұқтаж адамға маңызы бар. Индивидтің қажеттіліктерін дұрыс қанағаттандыру оның айналасындағылар шеңберінде оккупационалды терапияның тауарлы белгісі бар.

Осылайша, әлеуметтік реабилитациядағы бағыт ретіндегі оккупационалды терапияның екі жағы бар: өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша өнімді іс-әрекетке бағытталған реабилитациялық (жуыну,таралу) және түрлі әдістер мен арнайы құралдарды қолдану арқылы жоғалған дағдыны қалпына келтіруге бағытталған терапевттік (тоқу, іс тігу және т.б.).

Оккупационалды терапия мынадай диагнозы бар адамдарға, балаларға қажет:

-шала туылған балаларға;

-церебральды паралич немесе бұлшықет дистрофиясы;

-ақыл-ес кемістігі мен туа біткен ауытқымалар;

-педиатриялық аурулар;

-оқудағы қиындықтар, мектептегі үлгерімнің төмендігі;

-эмоционалды-сезімдік бұзылулар, мінез-құлықтық проблемалар, аутизм, үрейлер;

          Ерте жүргізілген ОТ мынадай проблемасы бар балалар үшін:

-дұрыс дамуды жеңілдетеді және ерте оқуға ынталандырады;

-қозғалыс дағдыларын дамыту, өзін түсінуді, эмоционалды, ересектік, когнитивті саланы, коммуникацияны дамытады;

-өмірлік дағдыларды тәуелсіздікке, дербестікке жету, оның ішінде өзіне-өзі қызмет ету, мобилділік және әлеуметтік бейімделу кіреді;

          ОТ проблемасы бар жасөспірімдер мен жастарға қажет:

-жанұялық және әлеуметтік бейімделу;

-алкоголизмге немесе нашақорлыққа шалдыққан адамдар;

-бақытсыз жағдай немесе аурудан пайда болған ортопедиялық шектеулер;

-жүйке-психикалық ауытқулар және оқудағы қиындықтар;

— сезімталдық пен моториканы жақсарту;

          Оккупациялық терапия мыналарға мүмкіндік береді:

-дене, әлеуметтік және когнетивті дағдыларды қолдануды талап ететін күнделікті сабақтарда өзінше бөлек қызмет ету мүмкіндіктерін ұлғайту;

-терапевттік іс-әрекетті немесе жасанды мүше салу сияқты реабилитациялық технологияларды қолдана отырып, қызметтерді кеңейту;

-энергияны сақтау және жұмысты жеңілдету техникасын қолдана отырып, шыдамдылықты дамытуға және қолдауға көмектесу;

-қызметтің істеп шыққанын, жетіспеушілігінің орнын толтыратын технологиялар мен құралдарды қамтамасыз ету;

-мәселені шешу және өмірлік жағдайларды басқаруға лайықты дағдылады дамыту;

          Сонымен қатар оккупационалды терапевт ауру адамды, қарттарды немесе мүгедекті күтіп отырған адамды керекті дағдыларға үйретуі мүмкін, мысалы:

-біреуді күтумен байланысты дене және эмоционалды сезімдік стресті жуып-шаю, түсіру техникасына;

-дербес, тәуелсіз өмір сүру үшін адамның мүмкіндіктерін анықтау және ұлғайту әдістеріне;

-адамға мәнді және қызықты істі таба білуге;

-ауру адамды күтуді жеңілдететін бейімдеу механизмдерін, жасанды мүшелерді және басқа құралдарды таңдай білуге;

-уақытша бала бағушы немесе  үйге тамақты жеткізіп салу сияқты айналаның, қауымның қорларының әдістерін табуды және қолдануды;

-қауіпсіздік пен мобилділік үшін үйдегі ортаны жабдықтау әдістері.

          Шетелдегі оккупационалды терапия, мысалы қуатты мемлекеттік бағдарламалар  және жеке сақтандырулар есебінен  көптеген адамдарға төленетін денсаулық сақтау қызметінің негізгі кешенінің бірлескен бөлігі болып табылады. Жеке секторларда ірі бірлестіктерден сақтандырудың қорларының жүйесі бар. Мысалы АҚШ-та осы шығындарды жабатын мемлекеттік бағдарламалар, мыналар; Medicare, Medicaid, азаматтық денсаулық сақтаудың федералды бағдарламасы (FEHBP), Реабилитация туралы заң, Мүгедектерге білім беру туралы заң, Қарт американдықтар туралы заң, Ана мен бала денсаулығын сақтау бағдарламасы, Психикалық денсаулықты қорғау және алкоголизм мен нашақорлықты емдеу бойынша қызметтер бағдарламасы.

          Оккупациялық терапия тек әлеуметтік-психологиялық ғана емес, сонымен бірге экономикалық көзқарас тұрғысынан пайдалы, себебі ол төмендегілерге мүмкіндік береді:

-адамның ауруханада болуын қысқарту;

-госпитализация және институциализация қажеттігін азайту;

-жұмысқа тез, жылдам оралуды қамтамасыз ету;

-ауруханадан шыққаннан кейінгі керек болатын қызметтер саны мен күтім уақытын қысқару;

-асқынуды және одан кейінгі мүгедектікті болдырмау;

-адамның қоғамға оралуын жеңілдету;

Осылайша оккупационалды терапия әлеуметтік даму, денсаулық сақтау және реабилитация саласындағы кәсіби іс-әрекетті білдіреді. ОТ бойынша мамандар кез-келген жастағы дене, эмоционалды, әлеуметтік жетіспеушілігі бар және осының салдарынан ерекше көмекке, оларды қанағаттандыратын тәуелсіз, жемісті өмір сүруге мүмкіндік беретін функционалды дағдыларды үйренуге мұхтаж адамдарға қызмет етеді.

          Ресейде бұл мамандық әлі күнге дейін өзінің ресми мәртебесін алған жоқ. Бірақ іс-әрекеттің жаңа бағыты ретінде болашағы бар екені белгілі.

          Сонымен бірге әлеуметтік технологиялық институттың (ӘТИ) профессорлық және оқытушылық құрамының Ұлы Британиямен танысу сапарлары және оның мүшелерімен стаж жинауы  Ұлы Британия және Франциядан келген жаттықтырушылар Москвада өткізілген семинарлары осы жоба шеңберінде ұйымдастырылған конференциялар себеп болды.

          Әлеуметтік реабилитация және оккупационалды терапияның элементтері (күнделікті шаруалар терапиясы ) оның маңызды бағыты ретінде біліктілік көтеру курстарының және түрлі кәсіп мамандары үшін кәсіби дайындықтары оқу жоспарына енгізілген. Міндетті оқу практикалық сабақтар және оккупационалды терапия лабараториясындағы тренингтар қарастырылған.

          Мәскеу мемлекеттік қызмет көрсету университеті (ММҚКУ) ӘТИ — дің модельді оқу орталағының жұмысының мақсаты  — әлеуметтік реабилитолог кәсібінің дамуына оқытушыларды, жетекшілерді және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлер, зерттеушілерді, аспиранттар мен студенттерді оқыту арқылы ықпал ету. Осы жұмыстың міндеттері:

— негізгі оқу жоспарын жасауға және жетілдіруге қатысу;

— мұғалімдерді мүгедектер және қарттарға арналған әлеуметтік қызметтерді дайындаудың тиімді әдістеріне үйрету;

— мүгедектерге және қарт адамдарға қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қызметтер персоналды реабилитолог кәсібіне оқыту;

— реабилитологқа арналған ғылыми еңбекті дайындау, оқу-әдістемелік құралдарды жасау;

— реабилитология саласындағы зеттеу және  практикалық жұмысқа студенттерді тарту;

— халықтың әлеуметтік қорғау жүйесінің жетекшілері, әлеуметтік қызметтердің жұмысшылары, әлеуметтік бағыттағы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері арасында жаңа кәсіпті насихаттау.

          ӘТИ-дің моделді оқу орталығында ТАСИС жобасын іске асыру үдерісінде арнайы жабдықталған оккупационалды терапияның лабараториясы бар. Ол мүмкіндігі шектеулі мүгедектің тіршілік әрекетіне бейімделген реабилитациялық орталықтың, пәтердің үлгісін білдіреді. Оның ішінде стандартты жабдығы бар кухня ( жиһаз, электр пеші, орындықтар мен үстел ), приборлар мен клиенттің өзіне арналған қажетті құрылғылар: тамақ пісіру және жеу, үй жинау, ыдыс жуу және т.с.с. Жатын бөлме төсек орынмен, жұмсақ орындықтармен, өзгергіш үстелдермен жабдықталған. Демалыс бөлмесі спортпен, қалпына  келтіру гимнастикасымен айналысуға арналған. Бұл жерде балаларға және ересектерге арналған түрлі тренажерлар, сынбайтын айналар, еңбек терапиясында және арт терапиясында клиенттердің мұқтаждықтарын анықтау үшін арналған приборлар, арнайы ойындар жинағы, бақылаушылардың ақауларының сипатына сай реабилитологтардың реабилитациялық және бейімдеу жұмыстарына арналған.

          Әлеуметтік реабилитация – адамның құқығын, әлеуметтік мәртебесін, денсаулығын, іс-әрекетке қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені. Бұл үдеріс адамның әлеуметтік ортадағы өмірлік іс-әрекетке деген қабілетін қалпына келтіруге ғана емес, қандай-да бір себептермен бұзылған немесе шектелген әлеуметтік ортаның өмірлік іс-әрекетінің жағдайларына бағытталған.

          Әлеуметтік реабилитациялық іс-әрекет шеңберінде түрлі құрамдас бөліктер бөлінеді, олардың ішінде: медико-әлеуметтік, кәсіби-еңбектік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-рөлдік, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-бос уақыттық, әлеуметтік-тұрмыстық және т.б. Әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялаудың мәні мен мазмұны тек денсаулықты, еңбекке деген қабілеттілікті ғана емес, бірақ тұлғаның әлеуметтік мәртебесін, оның құқықтық қағидасын, моралды-психологиялық тепе-теңдікті, өзіне деген сенімділікті, қоғамға қосылуға деген қабілетті қалпына келтіруде жатыр.

          Әлеуметтік реабилитология, еңбек терапиясы, әлеуметтік-медицина жұмыстары, оккупационалды терапия бойынша мамандарды кәсіби дайындау және біліктілігін көтеру алдыңғы қатарлы отандық және шетел тәжірибесін қолдануды ұйымдастыру, уақыттың және кеңістіктік параметірлеріндегі халықтың әлсіз топтарын әлеуметтік қорғаудың нақты қажеттіліктеріне сай келеді.[6,312].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Қазақстандағы мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау.

 

          Жалпы әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келді және болып қала береді.

          Елімізде әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқа да құзырлы мекемелермен біріге отырып, нақты іс-шараларды қарастыруда [29].

          6 сәуірде 2005 жылы Үкімет мәжілісінде «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заң жобасы кеңейтілген комитет отырысында талқыланды. Оның жұмысына қос палатаның депутаттары мен еліміздің мүгедектер ұйымдарының өкілдері, жобаны жасаушылар қатысты.

          Алдымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Гүлжан Қарағұсова  заң жобасының тұжырымдамасымен таныстырды. Сонымен қатар, талқылауға қатысқан мүгедектер ұйымдары өкілдерінің мұң-мұқтажы тыңдалды /30/.

          Республикада әртүрлі санатқа жатқызылған 391 мыңнан аса мүгедек жан бар. Оларды әлеуметтік қорғау мәселелері 1991 жылдан бері төрт қайтара жамап-жапсырған заңмен шешіліп келеді.Заман өзгерді, ғасыр да алмасты. Бүгінге дейін мүгедектерді әлеуметтік қорғау да аздаған тиын-тебен жәрдемақы беріп, шамалап протездік-ортопедиялық және сурдотифло құралдарымен, басқа да реабилитациялау жабдықтарымен қамтамасыз етумен ғана шектеліп қалған жайымыз бар. Бірінші топтағы мүгедек – 7100 теңге, екінші топтағы – 5800 теңге, үшінші топтағы мүгедектер – 3300 теңге жәрдемақы алады.

          Аталған заң жобасының негізгі мақсаты мен міндеті мүгедектерді оңалту жүйесін құру, олардың қоғамға жан-жақты араласып отыруына мүмкіндіктер жасау, дербес өмір салтын қамтамасыз ету. Сонымен бірге, жаны жаралы жандарды кәсіптік даярлау, жұмысқа орналасу үшін жағдайлар туғызу да заңда көрсетілген. Бірінші және екінші топтағылар мен мүгедек балалар үшін орта және жоғары кәсіптік білім беретін ұйымдарға оқуға түсу кезінде Үкімет белгілеген санда қабылдау квотасын ұсынады [32].

          Депутаттар алдымен осы заң үшін алыстан ат сабылтып келген мүгедектер қоғамдарының өкілдерін тыңдады. Олар: «мүгедектер туралы» жасалып жатқан бұл заң қолданыстағы заңға жеңіл-желпі ғана жүргізілген әрлеу сияқты. Мүгедектерге арналған заңды мүгедектердің өздері араласа отырып жасауы тиіс. Ал біз өзімізге арналған заң жобасымен Парламент қабырғасында танысып отырмыз. Мұнда бүгінгі экономикалық шындық айтылмаған. Заң бізді қорғамасын, бізге дені саулармен араласуға мүмкіндік берсін. Мүгедектің де қоғам мүшесі екенін ескерсін. Заң осы жағдайларға негізделіп жасалса болар еді – деген өтініштерін айтты [33].

          Биылғы заңда мүгедектің құқықтары мен оларға көрсетілетін әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар түріндегі төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдерді қарастырады.

          2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтік көмек көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік реабилитациялау, білім беру және олардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шаралар арқылы қамтамасыз етілуін, мүгедектерді реабилитациялаудың кешенді бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

           Реабилитациялаудың кешенді бағдарламасы мүгедектерді реабилитациялауға, реабилитациялау ұйымдары мен мекемелер желісін дамытуға, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметтер көрсетуге және әлеуметтік инфоқұрылым объектілеріне кедергісіз кіріп-шығуын, мүгедектерді реабилитациялау мәселелерімен айналысатын қызметкерлерді даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың кепілдік берілген тізбесін көздейді.

          Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау:

-мүгедектерді жеке басы гигиенасының, өзіне-өзі қарап-күтудің, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негізгі әлеуметтік дағдыларына үйрету;

-мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) және арнаулы жүріп-тұру құралдаымен қамтамасыз ету,

-басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектерге,соның ішінде мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді;

-жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруді;

-естімейтіндігі бойынша мүгедектерге жылына отыз сағатқа ымдау тілі маманын беруді;

-медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуді;

-мүгедектерді реабилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік реабилитациялаудың өзге де түрлері қамтиды.

          Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялауды: медициналық-әлеуметтік мекемелер ( қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған интернат-үйлер), қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталықтар, әлеуметтік қызметті үйде көрсететін бөлімшелер, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, реабилитациялау орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері)  және меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырылады [34].

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Еліміздегі халықты әлеуметтік жағынан қорғау мекемелерінде 388700 мүгедек есепте тұр екен, олардың 49100-і – 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Жарымжан адамдарға дәрігерлік-әлеуметтік көмек көрсететін 73 интернат үиі бар, онда 16500 жалғыз басты қарт пен еңбекке қабілетсіз азаматтар және 2800 мүгедек бала өмір сүреді.  3170 бала үйінде отырып, өз беттерінше білім алады. Бұл мәліметтерді пекин қаласында БҰҰ – ның мүгедектер құқығы жөнінде ұйымдастырған семинарына қатысқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Б,Төлегенова өз баяндамасында келтірген. Оның мәліметтеріне қарағанда, елімізде жалғызбасты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсететін 327 мекеме бар көрінеді. Бұл мекемелер 32700 адамға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Мүгедектер мен ардагерлерге жыл сайын республикалық бюджеттен арнайы бөлініп отырады.Елімізде оларға емдеу – сауықтыру қызметін «Ардагер» пенсионаты, Павлодар облысындағы «Мойылды» санаторийі, Батыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» демалыс үйі және Бурабай демалыс аймағындағы «Жеке батыр» демалыс орны көрсетеді. Қазіргі елімізде Үкіметтің қаулысымен «2002 – 2006 жылдарға арналған мүгедектерді жан-жақты қамқорлыққа алу бағдарламасы» жұмыс істеп жатыр. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі қолдауларға қарамастан, мүгедектердің жағдайлары ауырлау. Өйткені, елімізде мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау дұрысымен жолға қойылмаған, оның үстіне мүгедектердің есебін пайдаланатын көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. Оларды жұмыспен қамту тым қиынға соғып отыр. Нәтижесінде, олардың қоғам сұраныстарын өтей алмайтын, қауқарсыз топқа айналғаны шындық. Мәселен соқырлар қоғамының мүшелерінің жұмыспен қамтып отырған 30 кәсіпорын жабылса, саңыраулар қоғамына тиеслі 16 кәсіпорынның жұмысы тоқтап қалған. 20 ғасыр көрсеткендей кез-келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі халықты әлеуметтік қорғау болып табылады.

     Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шешілетін мәселенің үйлесімділігі мен бірдейлігіне қарамастан, олардың ұйымдастырылу әдістері мен дамуының тарихы әр елде әртүрлі қалыптасқан. Мұндай айырмашылықтар әсіресе, Европа мен Америкадандық елдерде байқалады.

     Европаның басым елдерінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің американдарға қарағанда, әлеуметтік саясаттың жүргізілетін бағытын анықтау, жоспарлау, қаржыландыру мемлекеттің жоғарғы деңгейінде қатысатындығы мен сипатталады. Халықты әлеуметтік қорғаудың европалық моделі соғыстан кейін күні бүгінге дейін «берекелі мемлекет» концепциясына негізделеді. Оның негізінде адамның табиғи құқықтары концепция жатыр.

     Ал, халыққа әлеуметтік көмек беруде американдық жүйеде бірінші орында мемлекеттің көмегінде болу және соған арқа сүйеуді дамыту есебімен емес, керісінше өзін-өзі қамсыздандыру, жеке табысқа қол жеткізуге бағытталған.

     Халыққа әлеуметтік көмек көрсету – тұлғаның, мемлекеттің, қоғамның моральдық және материалдық жағдайының өлшеушісі.Әлеуметтік жұмыстың негізгі объектілері, яғни мемлекет тұрғындарының ішінде әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтар мыналар:

     -мүгедек адамдар;

     -жалғыз басты қарттар;

     -жетім балалар;

     -зейнеткерлер;

     -соғыс ардагерлері;

     -көп балалы отбасылар;

     -оқушы жастар және т.б.

     Осы аталған топтарға өзіндік ерекшелігі бар жеке-жеке жасалған әлеуметтік бағдарламалар жүйелері және олардың ауқымдылық деңгейінен көптеген мағұлматтар алдық.

     Әлеуметтік реабилитацияны қажет ететін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік көмектің қандай түрлері керек екендігін және шет елдегі мүгедектерді реабилитациялаудың тәжірибелерімен танысып шықтық.

     Енді сөз соңында Қазақстандық әлеуметтік жұмыстың қазіргі жағдайына тоқталып өтейік.Қазіргі кезде елімізде осы соңғы он жыл ішінде әртүрлі әлеуметтік қайырымдылық қорлары ашылуда. Олардың іс-әрекетінің негізгі бағыттары байынша, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау және оларды қорғау, балаларды қорғау, жалғыз басты қарттарды қорғау және зейнеткерлер мен ардагерлерді қорғау т.б. да қайырымдылық ұйымдары жұмыс істеуде.

     Еліміздегі әлеуметтік көмекті қажет ететін мүгедектердің және басқа да әлеуметтік топтардың жағдайының жақсара түсуіне үміт артамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cілтемелер тізімі:

 

  1. Дементьева Н.Ф, Шаталова Е.Ю, Соболь А.Я, Организационно – методологическое аспекты деятельности социального работника. В кн; Социальная работа в учереждениях здравохранения. – М., 1992, (Департамент проблем семьи, женщин и детей МСЗРФ. Центр общечеловеческих ценностей).
  2. П.Д. Повленко. Основы социальной работы. М., 1998 г.
  3. П.Д. Повленко. Основы социальной работы. М., 2002 г.
  4. Теория социальной работы. Москва ИНФРА – М., 2001 г.
  5. Технологии социальной работы. М – 1999 г.
  6. Е.И. Холостова, Н.Ф. Дементьева. «Социальная реабилитация». М – 2005 г.
  7. Е.В. Черносвитов. Социальная медицина. М – 2000 г.
  8. Дементьева Н.Ф., Устинова Э.В. Формы и методы медико – социальной реабилитации нетрудаспособных граждан. М., 1991 г.
  9. Дементьева Н.Ф., Модестов А.А. Дома – интернаты: от призрения к реабилитации. Красноярск, 1993 г..
  10. Дементьева Н.Ф., Устинова Э.В. Роль иместо социального работника в обслуживании инвалидов и пожылых людей. М.: Институт социальной работы. Тюменской области, 1995 г.
  11. И.В. Межибовская Социально – трудавая реабилитация инвалидов Республике Казахстан (теоретико-правой аспкет). Алматы, 1997 г.
  12. С.А. Завражин, А.К. Фортова “Адаптация детей с ограниченными возможностями” Москва 2005 г.
  13. В.В. Морозов “Антология реабилитационно-педагогического опыта”Москва 2005 г.
  14. А.В. Гордеева “Реабилитационная педагогика” Москва 2005 г.
  15. Боровая Л.П. Социально – психологическая помпщь семьями, имеющих тяжело больных детей. // Социально – педогогическая работа. – 1998 г.
  16. Социальное обслуживание населения и социальна работа за рубежом. – М., 1994 г. (Институт социальной работы ассоциации работников социальных служб).
  17. Иманалиев К.И., Думбаев А. Законадательство в отношннии инвалидов: обзор и комментарии. Алматы, 2003.
  18. Репринцева К.И. Игротерапия как метод психологической реабилитации детей с ограниченными возможностями. //Вестник психосоциальной и коррекционно – реабилитационной работы. 1997 г.
  19. Смирнова Е.Р. Толерантность как принцип отношения к детям с ограниченными возможностями //Вестник психосоциальной и коррекционно-реабилитационной работы.1996 г.
  20. Социальная работа с инвалидами. Под. ред. Е.М. Холостовой. М.: Институт социальной раьоты, 1996 г.
  21. Целок Д.В. Программа Инклюжен Новая модель социализации инвалидов в учебных заведениях США Дефектология. – 1996 г.
  22. Мастюкова Е.М., Московинка А.Г. Они ждут нашей помощи. М., Педагогика; 1991г.
  23. В.И. Курбатова. Социальная работа. «Феникс», 2003 г. Ростов на Дону 2-е изд.
  24. С.В. Тетерский Введение в социальной работы. М.,2003 Г. Академ.
  25. Технологии социальной работы: Учебник под. общ. Ред.Проф. Е.И. Холостовой – М.: ИНФРА. М.,2001 г.
  26. Алматинское городское общество инвалидов. Сборник статей международного — практического семинара Организация центров независимой жизни в Центральной Азии А., 2003 Г.
  27. Сборник выступлений на обучающем семинаре по развитию лидерства среди женщин с ограниченными возможностями в Республике Казахстан. Алматы, 2003 г.
  28. «Егемен Қазақстан». Мүгедекке мүсіркеу емес, мүмкіндік қажет. 7 сәуір 2006 ж. 3 бет.
  29. «Жас Алаш».Еліміздегі мүгедек мәселесі. 15 сәуір. 2005 ж. 2 бет.
  30. «Егемен Қазақстан». 20 наурыз 2004 ж. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
  31. Закон Республики Казахстан от 16 июня 1997 года 126 – 17.
  32. «Казахстанская правда» Основы будущего нашей страны. //Здаровые детей в Казахстане. 2003. 1 июня.
  33. А. Осадчих. «Законодательная основа социальной политики в отношении инвалидов // Социальная работа. 1 2204 г.
  34. «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан». 2005 г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Оқу құралдары мен оқулықтар:

 

1.Дементьева Н.Ф, Шаталова Е.Ю, Соболь А.Я, Организационно – методологическое аспекты деятельности социального работника. В кн; Социальная работа в учереждениях здравохранения. – М., 1992, (Департамент проблем семьи, женщин и детей МСЗРФ. Центр общечеловеческих ценностей).

  1. П.Д. Повленко. Основы социальной работы. М., 1998 г.
  2. П.Д. Повленко. Основы социальной работы. М., 2002 г.
  3. Теория социальной работы. Москва ИНФРА – М., 2001 г.
  4. Технологии социальной работы. М – 1999 г.
  5. Е.И. Холостова, Н.Ф. Дементьева. «Социальная реабилитация». М – 2005 г.
  6. Е.В. Черносвитов. Социальная медицина. М – 2000 г.
  7. Дементьева Н.Ф., Устинова Э.В. Формы и методы медико – социальной реабилитации нетрудаспособных граждан. М., 1991 г.
  8. Дементьева Н.Ф., Модестов А.А. Дома – интернаты: от призрения к реабилитации. Красноярск, 1993 г..
  9. Дементьева Н.Ф., Устинова Э.В. Роль иместо социального раьотника в обслуживании инвалидов и пожылых людей. М.: Институт социальной работы Тюменской области, 1995 г.
  10. И.В. Межибовская Социально – трудавая реабилитация инвалидов Республике Казахстан (теоретико-правой аспкет). Алматы, 1997 г.
  11. Маллер А.Р. Ребенок с ограниченными возможностями: Книга для родителей. М.: Педагогика – Пресс, 1996 г.
  12. Маллер А.Р. Новое в оказании помощи детям – инвалидам. //Дефектология. 1996 г..
  13. Н. Григорьев, А.Д. Очерки истории социальной работы на Беларус Мн.: Ротопринт БГПУ им. М. Танка.
  14. Боровая Л.П. Социально – психологическая помпщь семьями, имеющих тяжело больных детей. // Социально – педогогическая работа. – 1998 г.
  15. Социальное обслуживание населения и социальна работа за рубежом. – М., 1994 г. (Институт социальной работы ассоциации работников социальных служб).

 

  1. Репринцева К.И. Игротерапия как метод психологической реабилитации детей с ограниченными возможностями. //Вестник психосоциальной и коррекционно – реабилитационной работы. 1997 г.
  2. Смирнова Е.Р. Толерантность как принцип отношения к детям с ограниченными возможностями //Вестник психосоциальной и коррекционно-реабилитационной раьоты.1996 г.
  3. Социальная работа с инвалидами. Под. ред. Е.М. Холостовой. М.: Институт социальной раьоты, 1996 г.
  4. Целок Д.В. Программа Инклюжен Новая модель социализации инвалидов в учебных заведениях США Дефектология. – 1996 г.
  5. Мастюкова Е.М., Московинка А.Г. Они ждут нашей помощи. М., Педагогика; 1991г.
  6. В.И. Курбатова Социальная работа. «Феникс», 2003 г. Ростов на Дону 2-е изд.
  7. С.В. Тетерский Введение в социальной работы. М.,2003 Г. Академ.
  8. Технологии социальной работы: Учебник под. общ. Ред.Проф. Е.И. Холостовой – М.: ИНФРА. М.,2001 г.
  9. Алматинское городское общество инвалидов. Сборник статей международного — практического семинара Организация центров независимой жизни в Центральной Азии А., 2003 Г.

 

Ресми құжаттар:

 

  1. К.И. Иманалиев, А.Р. Думбаев “Законадательство в отношении инвалидов: обзор и комментари”. Алматы 2003
  2. Алматинское городское общество инвалидов. Сборник статей международного-практического семинара Организация центров независимой жизни в Центральной Азии. Алматы 2003 г.
  3. Сборник выступлений на обучающем семинаре по развитию лидерство среди женщин с ограниченными возможностями в Республике Казахстан. Алматы 2004 г.
  4. Закон Республики Казахстан от 16 июня 1998 года 126-17.
  5. А. Осадчих. “Законадательная основа социальной политики в отношении инвалидов”// Социальная работа. 2004 г.
  6. “О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан” 2005 г.

 

Мерзімді басылымдар:

 

  1. “Мүгедекке мүсіркеу емес, мүмкіндік қажет” Егемен Қазақстан. 7 сәуір. 2006 жыл. 3 бет.
  2. “Еліміздегі мүгедек мәселесі” Жас Алаш. 15 сәуір. 2005 жыл. 2 бет.
  3. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан. 2006 жыл.
  4. Основы будущего нашей страны. // Здаовые детей в Казахстане. 2004 г. 1 июня.

 

Түсіндірме сөздіктер:

 

  1. Социальная работа. Словарь-справочник. 1998 г.
  2. Словарь-справочник по социалной работе. Москва. 1997 год. Е.И. Холостова.