АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің ролі

Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің ролі

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе …………………………………………………………………………………………….

 

І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі

1.1. Оқушыларды психологиялық – педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі ……………………………………………………………………………….. 

1.2. Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру ……………………………………………………………………..

 

ІІ. Бөлім оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастырудың мектепте ұйымдастыру әдістері

2.1. Мектепте оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің жүйесі ………………………………………………………………………………..

2.2. ІV сыныпта еңбек пәнінен сабақ беру арқылы кәсіптік бағдар беру әдістемесі ……………………………………………………………………………………………..

2.3. Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыру — өнімді еңбек нәтижесі ……………………………………………………………………………………………….

 

Қорытынды ………………………………………………………………………………………..

Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қоғамның даму тарихына байланысты, еңбек тәрбиесі әртүрлі формада дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Ортағасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі – гуманизм мен демократизм болғаны педтарихынан белгілі. Коменский мектеп балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, оның басты саласы қоғамдық тәрбиенің негізгі буыны – еңбек тәрбиесін адамның табиғатына сәйкес жүргізу қажет деп есептеді.

Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Я.А.Коменский ұсынған «табиғатқа сәйкестілік» еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ал ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлармен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволяциялық ілімнің негізін салушы Чарлз Дарвин еңбектің еңбекке баулудың, оның теориялық негізі – еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді.

Қоғам үшін еңбек ету пікірін алғаш рет социалист – утопистер Т.Мор, Т.Ксипанелла, А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуға айтқан болатын. XVIII ғасырдың ағартушылары оқыту мен еңбек тәрбиесін ұштастыру жолдарын көтерді. Олар француз жазушысы, ағартушы – философ және педагог Жан Жак Руссо (1712-1778) мен Швецария педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) болды. Песталоцци тәрбиесінің мақсаты – баланың күшін дамытады. Әртүрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесіне еңбек тәрбиесімен ұштастыра жүргізуді дәлелдеп берді. Сондай-ақ оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қолөнері және ауыл шаруашылық еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектерімен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде — ол еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.

Ал орыс  демократтары В.Е.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, Д.И.ІІисаревтер еңбек теориясына елеулі үлес қосты. Демократиялық педагогиканың негізін салушылар педагогиканың өте күрделі мәселелерінің бірі адамды жетілдірудегі тәрбиенің, оның басты саласы — еңбек тәрбиесінің рөліне ерекше мән берді. Олардың педагогикалық ой-пікірлерінде,- сол демократияшыл педагогиканың еңбек тәрбиесіндегі басты мақсаты — баланың табиғи мүмкіншіліктерімен күшіне сеніммен қарауға тиіс. Әр балада теріс мінез-құлық ерекшеліктерімен бірге жағымды және ұнамды жақтары болады, ал енді тәрбие өнерінің міндеті — сол ерекшеліктерді байқап, одан әрі дамытуы тиіс. Әсіресе Белинский мен Герцен тәрбиедгі халықтық принципті тәрбиенің алдына қойылатын міндеттермен, мақсаттармен байланыстыра қарастырады. Мұны жүзеге асыруда олар еңбектің практикалық маңызын, мәнін түсіндіре келіп, оның еңбек тәрбиесін жүргізу арқылы сапалы өзгерістерге ұщырайтынын нақтырақ айтты. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін олар өз шығармаларының жемісі ете білді. В.Г.Белинский өзінің 1838 жылы Буряновтың балаларға арналған кітабына жазған сындарында тәрбиенің адамды қалыптастырудағы ролін: «әсіресе еңбек тәрбиесі тамаша іс: ол адамның тағдырын шешеді» ….. Жас ұрпақ қазіргі шақтың жемісіне қонақ және де келешектің қожасы, оған тек сапалы еңбек арқылы жетуге болады»,- деп жоғары бағалайды. Ал А.И.Герцен адамның жетілуі бір мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізілетін тәрбиенің шешуші ролін мойындайды. Ол адамның дами жетілуі белгілі әлеуметтік ортаның жағдайларына, қоғам өмірінің белгілі тарихи кезеңіне байланысты болатындығын көрсетті. Осылай Герцен адамның қалыптасуындағы еңбек тәрбиесінің белсенді рөлін анықтады. Демек, ағартушы демократтар өздеріне бұрынғы Руссо, Песталоцци, Оугенің еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық ойлары мен еңбек ету практикасының пайдалы жақтарын кеңінен насихаттады.

Тәрбие теориясын жасаушы педагог-ғалымдар – еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда, әсіресе, басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің еңбегінде «Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні» деген мақаласында еңбек тәрбиесін арнайы қарастырды. Ал, «Балалар әлемі», «Ана тілі» оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.

К.Д.Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбексүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адамның қоғамның лайықты азаматы бола алады деп біледі. Әрбір баланы қоғамға пайда келтіретін, өзінің пайдалы еңбегінің жемісімен күн көретін азамат етіп тәрбиелеу үшін, Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс-істеуге тырысушылыққа, қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды. «Еңбек тәрбиесі шәкірттің еңбекке деген сый-құрметімен сүйіспеншілігі ғана емес, сонымен қатар еңбек ету әдетін де оның бойына сіңіреді»- деді. Ол селолық мектептерде ауыл шаруашылығына тікелей байланысты болу қажеттігін талап етті. Еңбек тәрбиесінің ең басты да негізгі міндеттерінің бірі жас өспірімдерді қоғамдық-пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өзщдері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ ол «Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, азда болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес»,- деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отьыруына да ерекше мән береді.

Н.А.Добролюбов (1836-1861) өз кезеңінде демократиялық педагогика тұрғысынан білім берудің гуманистік – демократиялық және ғылыми принциптерін ұсынды. Осындай принципте қайта құрылатын халық ағарту жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы, кіндігі орталығы – халық мектебі болуын талап етті. Халық еңбегінің басты міндеті – ақыл-ой, еңбек, дене адамгершілік тәрбиелері арқылы әр салалы жетілген, қоғамдық істеге салалы түрде біте қайнаса, араласа алатын, табанды күресші, халық тілегін қорғаушы азаматтарды даярлау. Добролюбов мектептерде ғылыми негіздерін өмірмен, практикамен еңбек тәрбиесін күшейту арқылы байланыстыруды ұсынды.

19 ғасырдың 60-жылдардағы еңбек тәрбиесінің теориясы, оның педавгогикалық негізі, тәрбиенің принциптері алғашқы озат педагогикалық ойлардың негізінде дамыды. Мұндағы еңбек тәрбиесінің негізгі бағыты – политехникалық оқу мен өнімді еңбекті ұштастыру. Осы негізде еңбек тәрбиесі теориясы жасалды. Онда политехникалық оқу мен еңбек тәрбиесіне зор мән берілді.

Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы жазғандарының ішінде – Ы.Алтынсарин еңбек тәрбиесі туралы көптеген құнды пікірлер ұсынды. Себебі, Ыбырай басқа педагогтарға қарағанда еңбек тәрбиесіне жете мән берді. Оның мектебінің жанында бау-бақша болды, шеберхана жұмыс істеді. Қыздар үшін де шеберханалар болды. Ол өзінің көп теген педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында еңбек тәрбиесін уағыздады, еңбек пен өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің құралы деген тұжырым жасады. Абай нағыз пайдалы еңбек деп әртүрлі қолөнерін, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Міне, жастар осындай істермен шұғылдансын. 1909 жылы Петербургта «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері деген атпен ақынның араб әрпімен тұңғыш рет шығармалары жеке кітап болып басылған. Мұндағы өлеңдерінің басым көпшілігі еңбек тәрбиесіне арналған. Онда ақын болашақ ұрпақты мейірбандылыққа, адамгершілікке, еңбекке, ақыл-ойлылыққа, ең бастысы тәрбие деген сөздің, одан кейін ұғымның өзінің тарихи маңызын ашуға тырысқан. Мысалы: Абай «Баламды медресеге біл деп бердім, шекпен кисін, шен алсын деп бермедім» — деуі білімді, тәрбиені, оқуды жете бағалағанның белгісі, ең бастысы барлығы еңбек арқылы келеді деп түсінуі насихаттауы, «Еңбегі бардың, өнбегі бар» деуі содан болса керек. Абай жастарды еңбекке тәрбиелеудің, үйретудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің аса зор екендігін ескере отырып үлкендердің әке мен шешенің балаға үйреткен тәрбиенің, оның бер жағында тікелей еңбекке баулудың маңызын Абай өте жоғары бағалаған. Ол балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың өздері жақсы тәрбиеленген болу керк екендігін көрсетті. Абай халықты, әсіресе жастарды үнемі достық, татулық, әділеттілік, дұрыстық сияқты адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеуді шақырды. Ол адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесін бірлік, ұйымшылдық, ынтымақтастық негізінде жүргізуді ұсынды. «Біріңді бірің көрмесең дос, істеген істің бәрі бос» деуі осы өлең жолдарынан айқын көрінеді.

Абай халықты соның ішінде балаларды еңбекке тәрбиелеуге аса үлкен мән берді. Бұл оның кез келген шығармасынан байқалады. Ол жастардың еңбексіз жүріп жаманшылыққа бой ұрғанына қарсы болды. 1886 жылы жазған бір өлеңінде:

«Қаратайдың қайғы ойладың, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Төрін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі арман болды»,-

деп өзі өмір сүрген кезеңдегі жастардың жағымсыз мінездерін сынады. Абай адамгершілік пен еңбекке ұмтылмайтындарды былай деп ажулаған:

«Осындай сыйдың жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруға келді олақ.

Сырын түзер бірі жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері қу борбай сынпыс шолақ»,-

десе, енді бірде еңбексіз, шабысқа қуанатындарды сынға ала отырып, Абай еңбек тәрбиесінің мән -мазмұнын алдыңа былай тартады:

          «Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,

Буларды керек қылмақ ешкім қалап.

Терең ой, терең ғылым іздемейді,

Өтірік пен есекті жүндей сабап».          

Қазақтың еңбек теориясын жасағна ойшыл ағартушылардың бірі – Шоқан Уәлиханов. Шоқан өзінің бұрынғы халық педагогикасының прогресшіл идеяларына сүйенеді. Ол идеялар, тәрбиелік тағылымдар Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының, тәрбиенің соның негізінде еңбек тәрбиесінің ғылыми негізінде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың жаппай білім алуын аңсаған болатын. Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде де материалистік сарын басым. Ең бастысы, Шоқанда тәрбиенің, еңбектің, еңбек тәрбиесінің қоғамның дамуындағы жасөспірімдердің жан-жақты жетілуіндегі маңызын рөлін ерекше бағалады. Халықтың ахуалын жақсартатын өнімді еңбек деген қағидаға сүйенді Шоқан. Еңбек тәрбиесі Шоқанның айтуынша, практикалық іске асырлыған шындықтың қоғамдық және жеке адамдар өміріндегі пайдалы істің түп негізі еңбек. Шоқан еңбекті – құнды еңбек, таза еңбек деп табиғатты өзгертетін –адам, оны өзіне жарататын материалдық еңбек деп еңбекті бірнеше топқа бөле отырып, осының барлығы еңбек тәрбиесінің нәтижесі, сол арқылы әрбір адамның көтерілген рухани биігі, байлығы, табысы деп ой қорытты. Біздің елімізде қазіргі кезеңде де бұдан бұрынғы уақыттарда, демек, қандай қоғамда болмасын еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Бала жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға, отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, еңбекшілдікке, төзімділікке үйретіледі. Еңбек тәрбиесі мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында бала да ұқыптылық, еңбексүйгіштік, еңбек ету дағдылары қалыптасады. Қазіргі мектептерде еңбек ету психологиялық және практикалық дайындық 11 кластан басталады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты  және оқу процесіне жұмыстардан басқа, өзіне-өзі қызмет ету, өз бетінше жұмыс істеу және өзін -өзі басқару, оқу құралдарын дайындау, жөндеу, мектеп үйін жөндеу, мектептің тұрған ауданын жақсартуға радиоландыру, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысу, олардың политехникалық ой-өрістерінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды.

          Қазіргі кезде еліміздегі жалпы білім беретін, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларына еңбек әрекетінің мәнін ұғындыру мемлекеттік маңызы бар құбылысқа айналуда. Себебі, әрбір мектеп пәні өз мүмкіндігіне қарай оқушыларға еңбек пен мамандық әлемі туралы мағлұмат береді. Ал, осындағы еңбекке баулу пәні мен оны ұйымдастырудың әдістемелері ерекше орын алады, өйткені бұл сабақта оқушылар жалпы таныммен қатар еліміздің халық шаруашылығында болашақ жұмыс істеуге қажетті жалпы еңбек біліктілігі мен дағдысын үйреніп, белгілі бір мамандықты игеруге құлшынады. Қазіргі кезеңдегі кіші мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулудың жетілдірілген ұлтық бағдарламасы балаларды кең тараған жұмысшы кәсіптерімен жан-жақты таныстыруда, еңбектің белгілі бір түріне деген түпкілікті кәсіби ықыласын қалыптастыруды басты мақсат етіп отыр.

          Мұғалімдердің –оқушыларды сабақтан тыс кезеңде еңбекке баулуды кәсіптік бағдармен тығыз байланыстырғанда әрі мұның өзі оқу процесіне енгізіліп, қазіргі кездегі жұмыс формалары мен тәсілдері пайдаланылғанда оның тәрбиелік ролі едәуір арта түсетінін байқадық. Қазіргі кезде кәсіп туралы әңігмелесу, кәсіпорындарына саяхат, әртүрлі кәсіптің өкілдерімен қызықты кездесулер өткізу секілді дәстүрлі формаларды ғана қолдану жеткіліксіз. Кәсіптік бағдар алдымен жалпы білім беретін бастауыш мектептен бастап жастардың бойында белсенді өмірлік позицияны қалыптастыру негізінде құрылуы тиіс. Бұл актульды міндетті шешуде еңбекке баулу пәнінің мол мүмкіндігі бар екендігін өзіміз тәжірибе алмасу ниетімен барған №7 Қ.Сыпатаев атындағы мектептердің қызметінен байқадық.

          Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – осы бір күрделі жұмысты еңбекке баулу пәні мұғалімдеріне және жас мамандарға жәрдемдесу, оларды кәсіптік бағдардың негізгі принциптерімен, ұжымдық формаларымен жіне тәсілдерімен, еңбекке баулуды жүзеге асырудың орнымен және жолдарымен, бастауыш мектепдегі еңбек іс-әрекетінің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерімен, еңбек пәнін жүргізуші мұғалімнің оқу –тәрбие ісі мен таныстыру ниетінде арнадық. 

 

 

 

 

 

 

 

І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі

 

1.1. Оқушыларды психологиялық – педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі

 

          Болашақ ұрпақ жан-жақты қабілетті болып өсуі тиіс. Бала қабілеті ой еңбегі мен дене еңбегі қатар жүрсе ғана жан-жақты жетіледі. Сондықтан еңбек тәрбиесінде «Мынау жақсы», «Мынау жаман» — деп бөлінбейтін нәрсе жоқ.

          А.С.Макаренко өзінің «Ата-аналар» кітабында: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Еш нәрсені де ұсақ-түйек деуге және ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өміріңізде және балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаңыз, қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ-түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі де сол ұсақ-түйектерден құралады. Өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің ең жауапты міндетіңіз» — деген.

          Баланы әлі келгенше жұмыс істеткізу тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып келеді. Еңбек ету нәтижесінде шәкірттердің еңбекке көзқарасы, сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, табандылығы, жігері, ұстамдылығы, ұжымшылдығы қалыптаса бастайды. Оқушылар еңбек сабағында еңбектің бастапқы әліппесімен танысады, еңбектің қарапайым құралдарымен жұмыс сітеу дағдыларын меңгереді, түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің өмірде қажетті қарапайым тәсілдерін үйренеді. Еңбекке баулудың жаңа бағдарламасының ерекшелігі: жан-жақтылық, оқытулды тікелей өндіргіш еңбекпен байланыстыру, еңбекке оқытуңды жіктеп білу. Бастауыш кластарда мектеп оқушылары ауылшаруашылық өнімдерін өсіру оны көрнекі құралдарда жөндеу, ойыншықтар жасау, мектепке, балабақшаға, үйге қажетті бұйымдар даярлау т.б. шұғылданады. Бұл сатыда кішкентай шәкірттер мамандық түрлерімен таныстырылады. Оны мұғалім жергілікті мүмкіндіктерге сай таңдап алуына болады.

          Техникалық еңбекке оқыту – қағазбен, қатты қағазбен, матамен, пластмассамен, табиғи материалдармен, жұқа тақтаймен, сым темірмен жұмыс сітеу. Сол сияқты оқушыларды техниканың қыр-сырымен таныстыру мақсатында «конструктор» бөлшектерді құрастыру, қайта бұзу, макет жасау, оны бұзып, қайта жинау жұмыстары, кітап түптеу, аталғандарды пайдаланып бұйымдар жасату жатады. Ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу кезінде бастауыш класс оқушылары бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың элементтерімен, яғни өсірудің қарапайым түрлерімен танысады. Оқу – тәжірибе учаскелерінде еңбек етуге, үй жануарларын күтіп бағуға дағдыланады. Төменгі класс оқушыларының тез шаршағыштығы, ықыласының тұрақсыздығы т.б. жас ерекшеліктері мұғаліммен қимыл-әрекетті тез өзгертіп отыруды, еңбекке ойын элементтерін кіргізуді талап етеді. Бұл кластағы шәкірттер істеген істерін мұғалім қолпаштап, құптап, мадақтап отырғанын ұнатады. Сондықтан сезімтал мұғалім тапсырылған істі атқара алмай жатқан балаға көмектеседі, оның қол жеткен болар – болмас табысының өзін мадақтап отыруы тиіс. Бастауыш кластарда оқушының еңбек әрекеті екі бағытта дамиды: бірі – сабақ процесінде жасаған еңбегі, екіншісі – олардың қолынан келетін қоғамға пайдалы еңбегі. Еңбек дағдысы мен тәрбиесі балалардың бойына жас күннен, бастауыш кластардағы кезінен бастап сіңіріле беруі керек. Әсіресе оқушылардың еңбекке деген құрметі мен ілтипатын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарында оқу пәндері мен табиғаттану, ана тілі, математика пәндерімен байланыстыра өткізуге болады. Сонда оқушылар еңбек түрлерімен танысады. Еңбек сабағы оқушылардың байқағыштығын, ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін арттырады. Өз бетімен жұмыс істеуге, табандылыққа үйретеді, өз күшіне сенімін арттырады.

          Оқушылар еңбекке үйрету сабағында бірлесіп, не жеке-жеке жұмыс істейді. 4 класс оқушылары тақырыбы сай тапсырманы кейде екі сабақ ішінде орындап бітіруіне рұқсат етеді. Мұғалім тапсырма берерде қандай мақсат көздейтінін, оны орындауға қандай материалдар мен аспаптар керек екенін, істелетін жұмысқа қандай талап қойылатынын түсіндіреді. Еңбек сабағына керекті аспаптарды дұрыс ұстау материалдарды белгілі жерге орналастыру, үстелді ластамай оны қалай тазарту керегіне мұғалім өзі көрсетіп, оған оқушылардың назарын аударады. Егер тпасырманы оқушылар топтасып орындайтын болса, оларға тиісті еңбекті бөледі, әрқайсыссының міндетін түүсіндіріп, оның жасалу әрекетін түсіндіреді, көрсетеді. Сөйтіп нұсқау оқушылар жұмысқа кірісерден бұрын беріледі. Мұндай алдын-ала түсіндірілетін нұсқаулардың мақсаты – орындалатын жұмысқа олардың ынтасын аудару және сол еңбекке қойылатын техникалық шарттарды айқындау. Әруақытта оқушылар өз күшін сынауға тым асығып отырады, сондықтан жұмыс алдындағы түсінік ұзаққа созылуға болмайды. Егер мұғалім жұмыс үстінде бір оқушының қате орындап тұрғанын байқаса, оны тоқтатып жұмыстың дұрыс тәсілін үйретеді немесе жолдасының жақсы жұмысын бәріне көрсетеді және неге ұмтылып тырысу керегін айтады. Мұнан соң оқушылар жұмысын одан әрі жалғастыра береді. Мұғалім енді жұмысы өнбей жатқандардың әрқайсысына ісінің сәтсіз болу себебін түсіндіреді. Мұны қате жібермеуге, еңбек процесін қажетті бағытта қайта құруға жәрдемі тиеді.

Сабақта   мұғалім оқушылардың еңбек нәтижелерін салыстырады. Әрбір жұмыстың сапасына баға береді. Оқушылардың жақсы орындаған бұйымдары мұқият сақталады, керек жерінде, тиісті сабақтарда пайдаланылады. Әрбір жарты жылдың аяғында оқушылардың істегендерімен көрме ұйымдастырылады.

Мысалы ретінде дайындық класындағы еңбек сабағының жоспарын келтірейік.

Тақырыбы: Апликациялық жұмыс, гүл жасау.

Мақсаты: І. Қағазды бүктеу, сызық бойымен қию. ІІ. Апликациялық жұмыстарды меңгерту, желімдеуге үйрету, тазалық санитарлық ережені сақтауға дағдыландыру.  ІІІ. Әсемдікке баулу.

Сабақтың жабдықталуы: қайшы, түрлі-түсті қағаз, картон, желім, гүлдің үлгісі.

Сабақтың барысы:

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Олардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын тексеру, түгендеу, сабаққа әзірлеу.
  • Жаңа сабақ. Еңбек туралы кіріспе.
  • Балалар, еңбек дегеніміз не?

Еңбек – адамның дене қимылымен белгілі бір мақсатқа арналып жасалатын іс. Адамның еңбектенуі оны өмірге құлшындырады. «Еңбек еткеннің дені сау», «Еңбек сауықтырады, жалқаулық ауыртады»-деген мақал-мәтелдер келтіріп, еңбек туралы түсінік беру. Біз еңбек сабағында нені үйрендік? Класты таза ұстауға, қайшымен, ине-жіппен, желім және қағазбен жұмыс жасауды үйрендік. Өте жақсы. Ал, балалар бүгін біз гүлдің үлгісін жасауды үйренеміз. Әуелі гүл туралы не білетіндерін, гүл аттарын айтқызу. Гүлді апликациялық жолмен жасау жөнінде түсінік беріп, шаблон арқылы сызылып, алдын-ала дайындалған үлгілерді үлестіру. Үлгіні қалай қиып алуға болатынын, тиісті жерінде қалай желімдеу керектігін түсіндіргеннен кейін жұмысқа кірісу керектігін айту. Дағдылары қалыптаспаған кейбір оқушыларға көмектесіп отыру керек. Дегенмен олар жұмысты беріле атқарып, тапсырманы негізінен дұрыс орындап шықты. көпшілігі белсенділік көрсетті. Жұмыс біткен соң қысқаша қорытынды жасадым, жақсы атқарылған жұмыстарды ауызша мақтадым. Оқушылардың еңбек туралы түсінігін тек еңбек сабағында емес, басқа да пәндерді оқыту барысында жүзеге асыруға болады. Мысалы: Дайындық  жұмысында ана тілі пәні мен мамандық тақырыбына өткізілген сабаққа тоқталайық.

Тақырыбы: Мамандық. Отбасы мүшелерінің мамандығы.

Мақсаты:  1. Отбасы мүшелері деген түсінікпен балаларды түсіндіру. Отбасы мүшелерін атау (ата, әже, әке, апа, әпке, аға, іні, қарындас).

  1. Отбасы мүшелерінің жұмыс орны, қандай еңбекпен шұғылданатыны жайында сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. Үй шаруашылығының түрлері.
  2. Отанын, елін сүюге, еңбек сүйгіштікке, еңбек ардагерлерін құрметтей білуге баулу, кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың жабдықталуы: «Кім болам ?» бүктемелі альбом. «Отбасы» атты қабырға газеті, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:  а) Сурет бойынша жұмыс.

          Отбасы мүшелерінің үй шаруашылығы әрекеттерін көрсететін түрлі-түсті суреттерді талдау, әңгімелесу. Сұрақ-жауап әдісі арқылы балаларды еркін, әрі жүйелі сөйлеуге үйрету. Үй шаруасының түрлерін, оған отбасы мүшелерінің қатысын әңгімелеу. Мысалы, «Менің атам-шопан. Ол мал бағады. Ал әкем трактор жүргізеді, мамам-сатушы болып істейді. Өзім тауықтарға күнде жем шашамын, т.б.

ә) «Отбасы» атты ойын ойнату. Өздерінің шамасы келетін еңбек түріне қолғабыс жасауға бағдар беру.

  1. Сабақты қорыту.

Отбасы мүшелерін атату. Мамандық туралы түсінікті қорыту, олардың түрлеріне тоқталу. Сабаққа белсенділігін танытқан оқушыларды ауызша мадақтау. Балаларды сабақтан тыс уақытта да еңбекке, өнерге, кітап оқуға, оны сүюге баулуға болады.

Ауылдық жерде тұрғандықтан көктемде, жазда, күзде тәжірибе учаскесінде жұмыс істейміз. Онда  шәкірттер бау-бақшадағы жұмысқа көмектеседі. Үлкендердің аударған жерлерін қопсытуға, жүйек жасап, көшет отырғызуға шамалары келеді. Бірақ бұл еңбек түрлері ешбір балалардың организмдерінің қалыпты өсуіне кедергі болатындай қосымша күш денсаулықтарына зияны боларлықтай ауырлық түсірмеуін ескерген жөн. Жұмыс баланы жалықтырмауы, зеріктірмеуі, ынтасын төмендетпеуі үшін мезгіл-мезгіл демалтып, дене қалпын өзгертіп отыру керек. Бастауыш класс оқушыларын жазда, күзде табиғат арасындағы кейбір дәрілік шөптер жемісін жинауға қатысып отырамыз. Далада істеген мұндай жұмыстар олардың өміртанымын кеңейтеді. Еңбек еткенде жақсы нәтижеге жету мақсатына тәрбиеленеді. Сондықтан оларға тек мұрындық болып қана қоймай жеке тапсырмалар ұсынып, әлі келетіндей міндеттерді орындап шығуға үйрету керек. Бастапқыда бала, негізінен еңбекті қызық көріп қатысады. Ең бастысы – еңбекке үйренуі керек. Оларға осы түпкі мақсатты түсіндіріп отырған жөн. Балалардың кішкентай кездерінен көп болып бірігіп еңбек етуге дағдылануы, олардың болашақта ұжым болып жұмыс істеу әдетін қалыптастырады.

«Балаларды жас шағынан – ақ бірігіп өмір сүріп, еңбек ете білетіндей етіпе тәрбиелеу керек. Көпшілік еңбекке қатыса отырып, әркім өзінің ондағы атқаратын ісін және оның ролін білу керек. Мұндай ұжымдық еңбек балаларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке баулиды». Жауапкершілік сезімін тәрбиелейді. Қорыта айтқанда оқу мен өмірдің байланысын нығайту, оқушыларды еңбекке даярлауды жақсарту – күн тәртібінен түспейтін мәселелер. Қазір ауыл шаруашылығының барлық саласына жас күштер қажет. Ол күш – қазір алдымызда отырған оқушылар. Олардың еңбекке ынтасын тудыру үшін, мұғалімдер барлық күшті, шеберлікті соларға жұмсау керек.

Бұл жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеу – күрделі де ұзақ процесс. Сондықтан оларды жастайынан еңбек ете білуге, үлкендерді және олардың еңбектерін бағалай, қадірлей білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңалықтармен байланысты негізгі мектептің бастауыш сатысы үшін де еңбекке баулу пәнінің жаңа білім мазмұны анықталып, бағдарлама жасалды. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат – оқушының еңбек әрекетін қалыптастыру арқылы оның еңбек дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін арттыру. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттерді іске асыру көзделінеді:

  • еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын арттыру, мінез-құлқын тәрбиелеу.
  • оқушылардың әртүрлі материалдарды көркем өңдеу және құрастыру мен модельдеудегі практикалық дағдысын қалыптастыру.
  • қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге үйрету.
  • еңбек әрекетін жоспарлай білу, өзінің және өзгенің ісін бақылау, баға беру, түзету, өзіне — өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.
  • шығармашылыққа баулу.
  • эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие беру.
  • оқушылардың ақыл-ой өрісін дамытып, ізгілікке, имандылыққа баулу.

Пәннің осы мақсат, міндеттері ата кәсіп, ұлттық қолданбалы қолөнер үлгілеріне, ата-баба дәстүріне негізделе отырып жүргізіледі. Пән мазмұнының құрылымы 4 блоктан тұрады: техникалық еңбек, көркем еңбек, өзіне-өзі қызмет ету, ауылшаруашылық еңбек.

Техникалық еңбек: көркем өңдеу, қағаз, қатырма қағаз, құрастыру, техникалық модельдеу, ағаш, металл өңдеу.

Көркем еңбек: ермексаз, сазбалшық, папе-машеден жасалған бұйымдарды өңдеу, мата, киіз, түскиіз, қазақтың ұлттық киімдерін ою-өрнекпен өңдеу, қағаз, мата, бау, қайыс, жіппен өру.

Өзіне-өзі қызмет ету: түйме, ілгек, сыртетпе қадау, ілгек торлау, жамау, ішекпен тоқу, оқу бөлмесін, тірі табиғат бөлмесін жинау, тазалау, есік, терезе, еденді жөндеу.

Ауылшаруашылық еңбек: өсімдіктің жетілуінің сыртқы жағдайларына, өзгерісіне бақылау жүргізу, топырақ тыңайту, тұқым себу, өсімдіктің жетілуін бағалау, жан-жануарларды қоректендіру, ағаш отырғызу, күту т.б.

Оқушылар бастауыш кезеңде архитектура, мүсін, графика, техника, сәндік қолданбалы, қолөнер шығармаларымен, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен танысады. Қазіргі білім мазмұнның жаңаруына байланысты халықтық қолданбалы қолөнерін еңбек сабағына енгізе отырып, ол турады оқушыларға 1 сыныптан бастап түсінік қалыптастыруды қажет етеді. Алғашқы еңбек дағдылары тұрақты да сенімді болумен өзгешеленеді. Сондықтан да алғашқы сабақтан бастап оқушыларға жұмыс істеу әрекеті, тапсырманы дұрыс орындау, жұмыс орнын таза, мұқият ұстауға, жұмсалатын материалды үнемдеуге дағдыландыру көздейді.

Қағаз, қатырма қағазбен жұмыс істеуде оқушылар әртүрлі бұйымдар, ойынға керекті жабдықтар, оқу құралдары, сәндік бұйымдар, тұрмысқа қажетті нәрселер жасап үйренеді. Құрастырудың бірнеше түрі беріледі. Қағаз, мата, табиғи материалдар, дайын жиынтықтардан техникалық құрастыру секілді жұмыстар ұйымдастырылады. Оқушыларға белгілі бір бұйымды жасау барысында оның өмірді, тұрмыстағы қажеттігі тұрғысынан мәлімет беріп, заттың негізгі бөліктерін ажырата білуге, әр бөлік пішінінің, мөлшерінің, орналасуының, осы құрастыруда пайдаланылатын жағдайлар мен үйлесімділігін анықтау жолдары үйретіледі.

Еңбекке баулу пәнінің мазмұны бұрынғыдай тақырыптар бойынша емес, пәннің өзіне тән мазмұндық және іс-әрекеттік ұстанымдарға сай таңдалды. Пәннің мазмұнында халықтың қолданбалы қолөнеріне ерекше мән берілді. Осыған орай өз мазмұнына «Халықтың қолданбалы қолөнері» деген арнайы бөлім енгізілді. Мұнда пәннің басқа тарауларында әртүрлі бұйымдар жасау және бейнелеу өнері пәніндегі өнердің әртүрі салаларына байланысты беріліп отыратын  халықтың қолөнерінің элементтері жинақталып жүйеге келтірілді. «Халықтың қолданбалы қолөнері»  бөлімінде атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлері, онда орындалатын іс-әрекеттер жайында мағлұмат беріледі. Оқушылар бұйымдарды жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгерді.

Еңбектің барлық түрлері негізінен практикалық жұмысты орындау барысында жүзеге асырылады. Атқарылған жұмыстың түрлері, мысалы, ермексаз бен сазбалшықтан мүсін жасау, мата, ағаш, металл, тері өңдеу, ою-өрнек сызу, қию тәсілдері әр сынып сайын біртіндеп күрделеніп отырады.

Еңбекке баулу пәніне мұғалім техникалық қауіпсіздік пен еңбек гигиеналық ережелерін жақсы біліп, оны мұқият орындауы қажет және бұл ережелерді бұлжытпай орындауды оқушылардан талап ету керек. Еңбекке баулу пәні басқа пәндер мазмұнымен де тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушылар басқа пәндерден алған білімдерін, білік, дағдыларын еңбекке баулу сабағында тәжірибе жүзінде пайдаланды.

Бағдарламада білім, білік, дағдыларды екі деңгейде беру арқылы оқуышылардың іс-әрекетінің қалыптасу сатысы, шығармашылық қабілетінің дамуы көрсетіледі. Оқушылардың еңбек пәніне қатысты ұғым-түчінік дәрежелерін тексерудің тиімді, жақсы тәсілі ретінде тест үлгілері де жүйеленіп берілді. Қорыта айтқанда, дамыта оқыту арқылы еңбекке баулу сабағында оқуышының жеке танымының және шығармашылық қабілетінің шыңдалуына ықпал жасау көзделді.

Еңбекке баулу сабақтары мынадай мақсаттарды көздейді:

  • еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру;
  • еңбек етуге тәрбиелеу және еңбек мәдениетіне дағдыландыру;
  • оқуышлардың политехникалық білім мен ой-өрісін кеңейтіп, шеберліктерін арттыру;
  • қарапайым материалдарды қолданып, құрал саймандармен жұмыс істеу әдісін үйрену;
  • өндіріс орындарымен және сауда істейтін мамандармен таныстыру;
  • адамгершілікке, инабаттылыққа баулу;

Еңбек сабағында оқушылардың саусақтарын щынықтырып, бұлшық еттерін, нығайту мақсатымен, әртүрлі бұйымдар жасалды, оқу барысында олардың білімі кеңейтіліп, шығармашылық қабілеті жетілдірілді, алғашқы іскерліктері қалыптасып, өз жұмыстарын жоспарлауға және оны тексеруге үйренеді.

Төртінші класс оқуышлары әрекетінің өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, олардың өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар. Екіншіден, қабілеті тұрақты. Үшіншіден, олар айналадан көргендерін елестетуге дағдыланған. Төртіншіден, саусақ бұлшықеттері толық қалыптасқан, әр түрлі қимыл жасауға епті. Сабақ барысында мұғалім осы ерекшеліктерді мұқият ескеріп, жұмысты дұрыс ұйымдастыруы керек, көрнекі құралдарды дұрыс, тиімді пайдалану керек. Сосын еңбек сабағын қызықтырып өту керек. Мұғалім еңбекке баулу сабағында әрбір оқушының қауіпсіздік теххникасы ережелерін мүлтіксіз сақтап жұмыс істеуіне бағыт береді.

Қорыта келгенде – психологиялық –педагогикалық тұрғыдан еңбекке даярлаудың түп қазығы өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, еңбек көздерін тиімді бөлу, өмір жолын таңдау, адамның кәсіби бейімделуі мен кәсіби шеберлігін қалыптастыру секілді келелі мәселелерді қамтитын көп аспектілі комплексті проблема ретінде сипаттайды.

Оқушыны еңбекке және кәсіп таңдауға даярлау мемлекетіміздің басты идеяларының бірі. өйткені өндіріске, ауыл шаруашылығына, арнайы орта немес жоғары оқу орындарына баратын жастардың алғашқы қадамы тек бастауыш мектептен басталады. Бастауыш білімдегі тиянақтылық жасөспірімдерді өмірге сергек қарауға үйретеді, олардың болашақ кәсібін таңдауда мұның айрықша ықпалы болады. Оларға қажеті – еңбектің алғашқы дағдыларын қалыптастыру, құрал-саймандарға, материалға және айналадағы ортаға ұқыптылықпен қарау дағдыландырады. Сол сияқты оқушыларды еңбекке баулудың политехникалық бағыттылығы оқушыларда жалпы еңбек білімін қалыптастыру және жоспарлау, жұмыс орнын ұйымдастыру, тетіктермен, машиналармен танысу жөніндегі икемділігін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Еңбек сабағында оқушылардың техника қауіпсіздігі және жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтауына баса назар аударылады. Аспаптар, материалдар, ауыл шаруашылық жабдықтар оқушылардың жас мөлшеріне сай алынады.

Оқушылардың техникалық модельдерді бірлесіп жасауын мысалға ала отырып, оларға нақты өндірісте ондаған, тіпті жүздеген мамандық өкілдерінің қатысатындығын көрсетуге болады. Мұндай нақты мысалдар оқушылардың кәсіп әлемі, қандай жұмыстың болсада қажетті екендігі туралы түсінігін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Кәсіптік бағдар жөніндегі жұмыста бастауыш кластардағы еңбек пәнінің мұғалімі балалардың медикобиологиялық ерекшеліктерін жете білуі тиіс. Мәселен дені сау балалардың барлығы бірдей белгілі бір жұмысты ойдағыдай игере алмайтындығын физиологтар мен психологтар дәлелдеген. Кәсіпті ойдағыдай меңгеру адамның психофизиологиялық сапасына да байланысты, өйткені мұның өзі белгілі бір кәсіпті немесе мамандықты болашақ игеру үшін қажеттігін ескертеміз.

 

1.2.  Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру

 

Қазақ бастауыш мектептерінің еңбекке баулу пәніне арналған бағдарламасы қазіргі кезде өзгертіліп, жаңартылған. Төменде талқылауға ұсынылып отырған программа жобасы – қазақ мектептерінің жағдайы мен мүмкіншіліктерін ескеріп жасалған жаңа жоспар. Жоспар жасау барысында көпшілік бастауыш класс мұғалімдерінің, бірқатар ұсыныстары ескерілді. Кейбір сабақ түрлері өзгертіліп, толықтырылды. І. Техникалық еңбек түрлері. Саз балшық және пластилинмен жұмыс істеу (мүсіндеу) (1-2 класс). Аралас материалдардың орнына табиғи материалдар енгізу (1-4 класс). Матамен жұмыс текстильді материалдармен жұмыс істеу болып өзгертілді. (1-4 класс). Картонмен жұмыс істеу 2-4 кластарда ал конструктормен жұмыс істеу 2-кластан басталып, 4-класта конструктор және электр констрктормен жұмыс істеу берілді.

ІІ. Ауыл шаруашылық еңбек. 1 класс оқушылары үшін түрлі кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырып, сабақты таныстыру мақсатында жүргізу ал (2-4) класс жоғарылаған сайын істелетін жұмыс түрлерін күрделендіру ұсынылады.

ІІІ. Қоғамға пайдалы еңбекке программада арнайы сағат бөлінбеген. Дегенмен, оқушылардың сабақтан тыс уақыттарында үй жұмыстарына, ата-аналарына, класта жұмыс істеулеріне бағыт беру көзделінген. Бұрынғы программада бұйымдардың тек шамамен алынған тізімдерді беріліп келсе, жаңа программа жобасында әр кластарға жүргізілетін сабақтар төрт жоқ санға бөлініп, сағат сандарды таблица арқылы көрсетілді. Бұл мұғалімдерге календарлық тақырыптық жоспар құрылуына нақты көмегін тигізеді. Жобада жасалатын бұйымдардың күрделілігі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес берілді.

Құрметті ұстаздар, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған программа бекітілген толық мәнді программа емес, жобасы ғана.

Бастауыш кластарда еңбекке баулу сабақтары үш бағытта жүргізіледі:   

  • техникалық еңбек;
  • ауыл шаруашылық еңбек;
  • қоғамға пайдалы еңбек;
  1. Техникалық еңбек мына түрлерді қамтиды:

І. Қағазбен және картонмен жұмыс. 2. Табиғи материалдармен жұмыс. 3. Текстильді материалдармен  жұмыс (мата, жіп). 4. Конструктор детальдармен жұмыс. 5. Ағашпен жұмыс.  6. Сым темір және жұқа қаңылтырмен жұмыс.(фольга). 7. Электр техникасымен жұмыс.

ІІ. Ауыл шаруашылық еңбегі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына бөлінсе, мектепте өсімдіктер өсіру сабағы екі бағытта жүргізіледі. 1) Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптау жұмысы. 2) Оқу тәжірибе учаскесіндегі жұмыс және жан-жануарлар бұрышын ұйымдастыру (жабайыаңдар, құстар т.б.)

ІІІ. Қоғамға пайдалы еңбекке программада арнайы сағат бөлінбегенмен, күнделікті істеуге тиісті жұмыстар жоғарыда аталатын сабақтармен ұйымдастырыла жүргізіледі. Еңбек сағаттарының негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың политехникалық білімдері мен ой-өрістерін кеңейтіп, шеберліктерін жылдан-жылға арттыру.

Еңбекке деген көзқарасты коммунистік тұрғыда түсіндіріп, білімдерін молайту. Өндірістің түрлі салаларында жұмыс істейтін мамандардың іс-тәжірибесі және қызметімен танысу. Адамгершілікке, эстетикалық және дене тәрбиесіне баулу. Мысалыға жоспарымызға мынадай еңбек түрерін енгіздік. Сабақта 6-7 жасар баланың саусақтарын ширату, бұлшық еттерін қатайту және түрлі пайдалы жаттығулар жүргізу мақсатымен мүсіндеу түрі енгізілді.

  • Картонмен жұмыс бұрын жоспарда 3-кластан жүргізілсе, ал қазір 2-кластан басталып қағаз және қатырмақ қағазбен жұмыс істеу делінеді.
  • Аралас материалдармен жұмыс істеу түрін оқушылар сабақта көбіне игере алмайды, себебі түрлі материалдарды дайындауға материалдық база керек, әрі көптеген материал түрлері кейбір мекендерде кездеспейді. Табиғи материалдар республикамыздың барлық аймақтарында кездесетін болғандықтан жоспарға біріншіден төртінші класқа дейін енгізілді.

Қазіргі кезде төртінші класта конструктор және электроконструкторлармен жұмыс істелінеді және маамен жұмыста тек төртінші, үшінші класқа ғана енгізіліп отыр. Еңбекке баулу сабақтарында қолданылатын материалдар жергілікті жердің мүмкіншілігі мен жағдайына байланысты болып, оқушылардың орындайтын бұйымдары халықтық өнер мұраларына, дәстүрлеріне, оны дамытуға бейімделіп жасалынады. Оқушылардың жасалған бұйымдары тек баға алу үшін ғана керек емес, аз қажеттеріне жарайтын пайдалы заттар болуға тиіс. Біткен бұйымдардың жасалу сапасына талдау жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктері атап көрсетіліп, баға қойылу керек. Қазіргі кезде еңбекке баулу сабақтары қазіргі талапқа сай арнайы жабдықталған еңбекке үйрету кабинеттерінде жүргізілуі керек. Бұл кабинеттерде жұмысқа керекті құралдар мен материалдар сақталып, сабақ жүргізуге барлық жағдай сақталуы тиіс.

Оқушылардан:

  • Оқушылардың мұғалімнің рұқсаты бойынша бастау.
  • Құрал – сайманды қажетті жағдайда ғана пайдалану.
  • Істен шыққан, жиегі мұқалған құрал-саймандармен жұмыс істемеу.
  • Жұмыс орнын таза ұстау, материалдар мен құралдарды парта үстіне дұрыс орналастыру.
  • Материалдарды үнемдеу, құралдармен тимді жұмыс істеу.
  • Жұмыс кезінде басқа жаққа алаңдамау.
  • Жұмыс бітісімен, материалдар мен құралдарды өз орнына реттеп қою, және т.б. талап етіледі.

   Оқушыларды еңбекті сүюге, еңбек адамдарын қадірлеп тәрбиелеуде топсеруеннің маңызы өте зор. Оқушылар топсеруен кезінде ересектердің жұмыста қандай құрал-саймандар пайдаланып, қалай жұмыс істейтіні, толық бақылай алады. оны ұйымдастыру үшін, мұғалім күні бұрын әзірлік жасап, оның мақсатын белгілейді, баратын оқушыларға алдын-ала хабарлайды. Топсеруеннің соңынан оқушылар класқа келгеннен кейін көргендері туралы талдайды. Мұғалім оның тақырыбын, мақсаты мен мазмұнын түсіндіріп, сабақтың құрылымын, оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында белгілейді.

Олар:

  • сабақты ұйымдастыру;
  • жаңа материалды енгізу, баяндау;
  • сарамандық жұмыс;
  • орындаған жұмысты талдау;

Осы кезеңдерді енді жеке-жеке қарастырып көрейік. Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың жұмыс орнын дұрыс әзірлей білуіне назар аударылу керек. Материал және құралдар парта үстіне дұрыс орналастырылып болған соң, мұғалім сабақты бастайды:

  • Жаңа материалды баяндау үшін, мұғалім оқушыларға нұсқау беріп, әңгімелеседі, істеуге тиісті бұйым неден және қалай жасалатынын айқындайды.
  • Сараландық жұмыс сабақтың негізгі бөлігі. Сондықтан мұнда оқушылардың өздігімен жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Қиналған оқушыларға жеке көмек беріліп, жасалтын бұйымдардың әдемі және тартымды болуына мұғалім дұрыс бағыт беріп отырады.
  • Орындалған жұмысқа талдау жасау үшін, бұйымдарын жинап, бір-бірімен салыстырады, жақсы жақтары мен кемшіліктері айтылып, сабақ аяқталуы тиіс.

 4-ші класта күнтізбелік тақырыптардың және еңбекке баулу сабақтарына бөлінген сабақтардың мынадай үлгі жоспарын ұсынуға болады. Бір тоқсанның өзін 10 сағатқа бөлеміз. Соның ішінде қағаз және

  1. қатырма қағазбен жұмыс – 1 сағат
  2. түптеу жұмыстары, кітапты күтіп ұстау – 1 сағат
  3. матамен жұмыс – 1 сағат
  4. сым темірмен жұмыс – 3 сағат
  5. ағашпен жұмыс – 1 сағат
  6. аралас материалдармен жұмыс
  7. өсімдіктер өсіру – 7 сағат

Істелінетін жұмыстардың қысқаша мазмұны былай:

  1. Картоннан немесе қалың қағаздан өлшеп, қиып, бүктеп стакан жасау
  2. Картонды, қағазды өлшеу, сызу, қию, желімдеп, қойын дәптерше жасау
  3. Жұмсақ сым темірден геометриялық денелер (куб, пирамида, призма).
  4. Матаны өлшеу, қию, шеттерін бүктеу, тігу, бау жасау.
  5. Шырша бүршігі немесе жүгерінің сабағы, құстың қауырсыны, қағаз ағаш бұтағы, емен жаңғағы, пластилиннен жапырақ жасау.
  6. Құраған және арам шөптерден учаскені тазарту, учаске ауданын тазалау. Дайындалған учаскеге сарымсақ, пияз отырғызу. Ағашпен жұмыс
  7. Жасаушаларға ағаштан сап жасау.

 Табиғи материалдармен жұмыс істеуге қолданылатын тақтайшаларды аралап дайындау. Үлгі бойынша киім ілгіш жасау. Оқушыларға ағаш шебері туралы мәліметтер, ағаштың түрлері және ерекшеліктерін түсіндіріп айту керек. Міне, осындай үлгі жоспары бойынша еңбекке баулу пәнін өтуге болады. Еңбекке баулу пәніне қойылатын талаптар: Жұмысты жүйелі жоспарлап, өз жұмысына талаппен қарау, материалдар мен құралдарды сабаққа даярлау. Техникалық терминдерді дұрыс айтуға және жұмыс процесінде бұйымды сапалы, әдемі жасауға дағдылану керек. Мұғалімнің қойған сұрақтарына толық жауап беруге үйрену.

Пәнаралық байланыстар.

Ана тілі: Оқушылардың сөз байлығын арттыру мақсатымен жұмыстарын жоспарлап айтып түсіндіру және бір ізділікпен орындау ережелері жеке-жеке айтқызылады.

Математика: Бұйым бөлшектерінің ұзындығын, енін өлшеп, өлшемдерін дұрыс белгілеуге үйретіледі.

Бейнелеу өнері: Жасалынатын бұйымдарды әдемі жасау, бояу, суретін салу жұмыстары жүргізіледі.

Табиғаттану: Экскурсияға шығу арқылы табиғат құбылыстарымен, байлығымен танысу, жасалар бұйымға қажетті табиғи материалдар жинау жұмыстары жүргізіледі.

Қоғамдық пайдалы еңбек.

Төртінші класс оқушыларымен мектепте, тәжірибе учаскесіне, өндіріске және колхоз, совкозға экскурсия ұйымдастырып, түрлі жұмыстар атқарылады. Ересек оқушылар мектеп дәлізін, класты, мебельдерді таза ұстау, бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын күн сайын сүрту, терезе алдын тазарту жұмыстарын атқарады, мектепке кірерде аяқ киімдерін ауыстырып киіп, өз кластарына барады. Оқушылар «Табиғаттануға» арнап табиғи материалдармен альбомға не арнайы қораптарға жинап, коллекция жасайды. Түрлі көрнекі құралдар жасалынады.

Төртінші класс оқушылары өз ауданының картасын сызып, қанша мектеп, балабақша бар екенін анықтап, картада белгілейді. Сөйтіп басқа класс оқушыларымен жарысқа түсіп, бақшаға қамқорлық жасайды. Өз аулының картасын сызып, ардагерлердің, қарт адамдардың қай жерде тұратындығын біліп, көмектер көрсетеді. әліппе, математика арналып, түрлі дидактикалық көрнекі құралдар жасалынады. Оқушылар кітапханаға көмектеседі, арнайы жас кітапханашылар үйірмесі, ұйымдастырылып, олар кітап жөндеу жұмыстарын атқарады. Кітапхана бұрышын жасап, белсенді қатысатын оқушылардың суреті ілініп, фамилиясы мен класы жазылады. Оқушылар – құстардың досы, оларға жемшашар үйшіктер жасайды. Ауылды жерлерде оқушылар фирмаға көмектеседі. Қозы, құлын, бұзауларды суарады, жем беріп, қамқорлық көрсетеді. Құс фермасына да көмектерін тигізеді, жем шашады. 4-класс оқушыларының осындай қоғамдағы пайдалы еңбегі 30-45 минутқа созылып, талданып, бағалануы тиіс. Мен 1997 жылы қыркүйектің 8-нен қарашаның 2-не дейін, педагогикалық іс-тәжірибемді өткізу үшін №7 Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектепте болдым. Онда менің үлесіме 4-сынып оқушылары берілді. Мен осы сыныппен екі ай бойы жұмыс істедім. Еңбекке баулу сабағынан сабақ бердім. Ондағы сабақ беру жоспарымен таныстым. Сабақ беру әдісі маған ұнады. Оқушылардың еңбек сабағына қызыға, барлық ынталарымен қатысуы мені қуантты. Еңбекке баулу сабағының қыр сыры өте көп екен. Мен еңбекке баулу пәнінен мынадай тақырыпта ашық сабағын өткіздім.

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар жасау.

Сабақтың мақсаты:1.Тәрбиелікмәні:

Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, татулыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Өрістеу мақсаты:

Көлемді табиғи және басқа заттарды араластырып ұйым жасауды үйрету. Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұлжытпай орындауға дағдыландыру.

          Сабақтың жабдықтары: көлемді табиғи материалдар, жаңғақ қабықтары, пластиллин, түсті қағаздар, желім, иілгіш, сымтемір, желімге арналған қылқалам.

          Сабақтың барысы: 

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (оқушыларды түгелдеп, а й                                                   ай-күн аттарын белгілеу).
  2. Үй жұмысын сұрау.
  3. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ:

          Енді материалдар мен құралдарды дайындап бұйым жасауға кірісеміз. Сабақты жасайтын бұйымдар жаңғақ қабығынан жасалады. Олардың формалары қандай ? Қанша бөлшектерден құралған ? түстері қалай деген сұрақтар беремін.

Бұйымдарды мына ретпен жасаймыз:

  • Керекті материалдарды дайындау.
  • Денелерді дайындау.
  • Денеленріне шөже басын, балықтың, үкінің көздерін жабыстыру.
  • Қалған бөлшектерін жаңғақ және бүршікке біріктіріп, жұмысты аяқтау.

Шағын бұйымдарға арналған табиғи материал арнайы қорапшада дайындалған. Екі жаңғақ қабығын біріктіріп денесін, бір емен жаңғағын басы етіп шөже жасалады.

          Біздің қоғам өміріндегі аса маңызды кәсіптер жөнінде оқушылардың дұрыс түсінігін қалыптастыру үшін еңбек пәнінің мұғалімі балаларға осы  кәсіптерді таныстыру үшін жүйелі де мақсатты жұмыс жүргізуі тиіс.

Оқудан тыс кәсіптік бағдар беруге арналған жұмыс сан қырлы және оның өзі оқушылардың өздігінен кәсіп таңдауының мақсаты мен міндетіне сай келеді. Осы мақсатты ниет ету мақсаты мен төмендегідей еңбек түрлері бағдарламасын ұсынамыз.

Кесте №1

Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Матамен жұмыс

 

Матаны өлшеу, пішу, тігу

Қағаз және картонмен жұмыс істеу

Сүлгі әзірлеу (қуыршаққа арналған)

Кубиктер жасау

Қағазды өлшеу, сызу, қию (оқу білу)

Қиылған қағазды қиылыстырып желімдеу

Аралас материалдармен жұмыс істеу

Адамның және малдың мүсіндерін жасау (материалдан жасау)

 

Ағаш, мақта, жүн, сым темір, түсті қағаз, ағакш бұтақшалары, шырша бүршігі н/е жүгері сабағы, пластилинді дайындау.

Аралас материалдармен жұмыс істеу

Адамның және малдың мүсіндерін жасау (жұмысты аяқтау)

Осы пайдаланылған аралас материалдардан адамның және қойлардың бейнесін жасау

Матамен жұмыс

Қол ісіне арналған дорба тігу

Матаны өлшеу, пішу, тігу, бау жасау

Түптеу жұмыстары және кітапты күтіп ұстау

Мұқаба жасау, өрнектеу (материалдар дайындау)

Дайындалған бөлшектерді құрастырып мұқаба жасау

Ағашпен жұмыс

Экскурсия (ағаш шеберханасына)

Колхоз, совхоз өндірістегі ағаш шеберханаларына экскурсия ұйымдастыру. Ағаш мамандары және бұйымдар туралы біліп танысу.

 

Кесте №2 

                                          

Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Матамен жұмыс

Білекке таңғыш тігу (санитарлық)

Білек таңғышты бір түсті ақ матадан пішіп қиып құрастырып, тігу

Конструктормен жұмыс істеу

Диірмен модельін құрастыру

«Конструктор» детальдарын дайындау, диірмен модельдерін жасау

Ағашпен жұмыс

Гүл қойғыш

Ағашты аралап, детальдар дайындау, бір-біріне қиылыстырып көктеу

Сым темірмен жұмыс

Жұмсақ сым темірден стакан жасау (бөлшектерін дайындау)

Тақтайшаға аққудың суретін салып, қыларамен кесу

Стаканды картоннан қиып желімдеу, өрнектеу

Жұмсақ сым темірден фигура жасап, стакан құрастыру

Ағашпен жұмыс

Стаканды сым темірден құрастыру (жұмысты аяқтау)

Тақтайшаға аққудың суретін салып, қыларамен кесу, тегістеп бояу

Қағаз және картонмен жұмыс

Түрлі-түсті қағаздан қиып, ұлттық фигура жасау

Түрлі-түсті қағаздан қиып, ұлттық фигура жасау

 

 

 

 

 

 

 

Кесте №3

 

Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Түптеу жұмыстары және кітапты күтіп ұстау

Альбом жасау (бөлшектен дайындау)

 

Альбом жасау (дайындалған бөлшектерді желімдеп жұмысты аяқтау)

Картонды, қағазды қию

 

 

Өлшеніп қиылған бөлшектерді желімдеп жұмысты аяқтау

Матамен жұмыс

Кестелеп тігу түрі

Ақ түсті матаға қызыл түсті жіппен кестелеп тігуді үйрету

Конструктормен жұмыс істеу

Тігін машинасын құрастыру

 

Тігін машинасын құрастыру

Керекті детальдарды және белдікшені дайындау

Барлық детальдарды құрастырып, ременьмен қозғалысқа келтіру

Сым темірмен жұмыс

Жануарлардың фигурасын жасау (түйе, арқар)

Майысқақ сымдардан жоба суреттерге қарап түйені, арқарды жасау

Конструктормен жұмыс істеу

Экскурсия (техника жөндейтін шеберханаларға)

Политехникалық және кәсіптік бағдар беру мақсатымен колхоз, совхоздағы өндірістегі жөндеу шеберханаларына экскурсия ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте №4  ІІІ – тоқсан  Каленьдарлық – тақырыптық үлгі жоспар

 

Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Қағаз және картонмен жұмыс

Қарындаш салатын стакан

Картоннан н/е қалың қағаздан өлшеп, қиып, бүктеп, стакан жасау

 Матамен жұмыс

Тұқым салатын дорба тігу

Матаны өлшеп қию, шеттерін бүктеу, тігу, бау жасау

Түптеу жұмыстары және кітапты күтіп ұстау

Сәндік қойын дәптерше жасау

Картонды. Қағазды жасау, өлшеу, сызу, қию, желімдеп қойын дәптерше жасау

Өсімдіктер өсіру

Өсімдіктер отырғызатын учаскені дайындау

Қураған және арам шөптерден учаскені тазарту

Өсімдіктер өсіру

Пияз және сарымсақ отырғызу

Дайындалған учаскеге пиязбен сарымсақ егу, жеке-жеке отырғызу

Сым темірмен жұмыс

Құстар ж/е жәндіктердің фигураларын жасау

(сымды дайындау)

 

Құстар ж/е жәндіктердің фигураларын жасау

 

Учаскеге қойылатын белгі таяқша

Сымдарды дайындау эскиз бойынша құс, жылан жасау үшін композиция ойластыру

 

Жылан мен құсты сымнан иіп жасап, композиция құру

 

Тақтайды өлшеу, сызу, аралау, таяқшаны жону, шеге қағып біріктіру

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте №5                                ІІІ – тоқсан

 

Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Аралас материалдармен жұмыс 

Композиция құрастыру /көбелек, сауысқан/ материалдарды дайындау

Шырша бүршігі н/е жүгерінің сабағы, құстың қауырсын қағаз, жапырақ дайындау

Аралас материалдармен жұмыс

Композиция құрастыру /жұмысты аяқтау/

Дайындалған материалдарды біріктіріп, композиция құру

Өсімдіктер өсіру

Өсімдіктерді күту

 

 

Өсімдіктерді күту

 

Өніп шыққан өсімдіктерді күту, суару

 

Өсімдік түптерін қопсыту, арам шөптерді жұлып тастау

Сым темірмен жұмыс

Геометриялық денелердің модельдерін жасау

Жұмсақ сым темірден геометриялық фигуралар жасау

Өсімдіктер өсіру

Өсімдіктерді күту /тәжірибені қорытындылау/

Оқушылардың өсімдіктерге жасаған тәжірибесін қорытындылау

Өсімдіктер өсіру

Экскурсия /егін даласы мен мал жайылымына/

Егін даласына, мал жайылымына экскурсия ұйымдастыру. Егін даласымен мал шаруашылығымен таныстыру

Өсімдіктер өсіру

Еңбекке баулу сабақтарын қорыту

Оқушылардың білімдерін тексеру, жылдық баға қою

 

 

 

 

 

 

Кесте №6                         ІІІ – тоқсан

 

Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Аралас материалдармен жұмыс  істеу

Ойыншықтар жасау /материалдарды дайындау/

 

Ойыншықтарды жасау

Материалды дайындап, балықты, шөже, үкіні жасау

 

Балықты, шөже, үкіні аралас материалдармен құрастыру

 

Конструктормен жұмыс істеу

Зырылдауық құрастыру

 

Электр тогымен қимылға киетін зырылдауық

 

 

Шағын электр моторын, конструктор деталь бөлшектерін зырылдауықты дайындау

Матамен жұмыс

Қуыршақтар төсенішін жасау /кілемше/

 

Қуыршақтар төсенішін жасау

 

 

 

Дайындалған заттардан қимылдайтын зырылдауық құрастыру

Өсімдіктер өсіру

Сүт фермаларына экскурсия

 

Ағашпен жұмыс

Құстарға арналған жемшашар

 

 

Құстарға арналған жемшашар

Тақтайшаны өлшеу, сызу, қоларамен кесу, эскиз бойынша барлық бөлшектерді дайындау

Шегелеп құрастырған қораптарды өз орындарына құрап, жем шашарды дайындау.

 

 

 

 

 

 

ІІ. Бөлім оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастырудың мектепте ұйымдастыру әдістері

 

2.1. Мектепте оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің жүйесі

 

Еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін дұрыс шешу оның міндеттері мен мазмұнын және жүзеге асырудың әдісі мен құралдарын айқындай білумен шарттас. Мектептегі еңбек тәрбиесі саласындағы басты міндеттер:

  1. Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
  2. Оқушыға техниканың қарқынды дамуын, өндірісте қолдануын, оның әлеуметтік-экономикалық мәнін ұқтыру.
  3. Қарапайым станоктар мен құрал-жабдықтарды меңгертіп, олармен жұмыс істей білудегі білік дағдыларын қалыптастыру.
  4. Өнімді еңбекке қатыстыру арқылы оқушының қабілетін, ақыл-ойын, ерік қасиеттері менқызығушылық, т.б. Тағылымдарын арттыру.
  5. Еңбектегі ар, ұжданды сақтап, тиісті істі ыждаһатты атқарып, еңбекке деген ынтымақты жебеп, оған қажеттілік туғызу.
  6. Кәсіби мамандыққа бейімдеу.

Орта оқу орындары жағдайында бұл міндеттердің орындалуы еңбек пәндерін өту арқылы, мектептегі түрлі  еңбектерге қатысу және сыныптан тыс еңбектерді атқару, жазғы кездегі еңбек лагерлеріндегі жұмыстарды орындау барысында жүзеге асырылады. Еңбек тәрбиесі саласындағы іс-әрекеттің нәтижелі болуы оны ұйымдастырудың әдістемесі мен формасына байланысты екендігіне зейін қойып, оқушының еңбекке деген ынтасын аударуға бағытталған таңдаулы даңқты еңбеккерлермен кездесу, экскурсиялар ұйымдастыру, еңбек акцияларын өткізу, бәсекелестік туғызу, т.б. Мән беру керек.

Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақатарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.

Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы  жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылар мен іскерлікті игереді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді.

Осындай шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері пәндері бойынша оқушылардың білімі байыйды тереңдейді,  ғылыми-зерттеу ісіне қашықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркісіп еңбек дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.

Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, ұзақ, инемен құдық қазғандай, ақыл-ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін к.д.ушинский ескерткен болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.

Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр, сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.

Ортаңғы сыныптарда арнайы бөлінген оқу-тәжірибелік үлесті жер бөлігіндегі, оқу шеберханасындағы еңбек, жоғары сыньштардағы өнеркәсіп жәнс ауыл шаруашылық практикумдағы| оқушыларды жалпы еңбектің білік, дағдыларымен қаруландырып, политехникалық ой-өрісін кеңейтеді, кәсіптік ниетін және өмір жолын қалыптастыруға икемдейді.

Сыныптан тыс үйірме және жаппай  жұмыстың  еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.

«жас натуралистер», «жас техниктер», «жас тәжірибешілер» және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді  жинақтай білу т.б.) Төселеді.

Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалиқ үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы, село мектептерінде “жас механизаторлар», «жас малшылар», «жас өсімдік өсірушілер» т.б: үйірмелср құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. «олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп, өзімше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай, мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып, кеңес беріп отырса, олардың мамандықты таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі.

Үйірме жұмыстарын- жаппай жұмыстар толықтырады. Оқушылар қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырды. Мұндай жаппай жұмыстарға «құстар күйі», «орман күні», «бақ аптасы», «еңбек мерекесі», т. Б. Жатады.

Өзіне-өзі қызмет ету — еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар  өзіне-өзі  қызмет   ете  отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.

Мектеп жағдайнда өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, жиһазды, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, дәліздерді, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау, т.б.

Үйелменде өзінің-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек-орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, үтіктеу, киімді жамау, тамақ дайндау, т.б. Жатады.

Мектеп және үйелмен алдындағы басты міндет бұл өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасау, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру қажет. Әсіресе мұндай әртүрлі тұрмыстық еңбекті орындаудың барысында оқушылар арасында байқалатын ақсаусақтыққа, нәуетектікке, жас шонжарларға жол берілмейді. Оларға дұрыс бағыт беру – мұғалімдердің, ата-аналардың және әрбір үйелмен мүшесінің адамгершілік борышы.

Мектепте білім беруді оқушылардың ақыл-оймен еңбек ету мәдениетн қалыптастыру – аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір бала дер уақытында жақсы бағалар алып, оқуын жақсы нәтижелермен аяқтағанды қалайды. Дегенмен, түрлі себептерге байланысты: дәріс алудың сыртқы салдарларынан мәжбүрлік сипаттарына қарай, баланың өзінің жеке-дара мінез-құлығына байланысты (жалқаулық, мақсатшылдықтың болмауы), тұрмыс жағдайының күрделілігі сияқты, т.б. Себептерге байланысты мұндай тілектеріне барлығы жаппай, әрқашан қолдары жете бермейді. Оқушының оқуының төмен үлгерімде болуына кең таралған себептердің бірі – оқу, тәлім-тәрбие алу қызметінің ішкі түрткілерінің болмауы, сондай-ақ, парасатты қызмет әрекеттерінің әдіс-тәжірибесінің жеткіліксіздігі себеп. Осысебеп салдарға байланысты ақыл-оймен еңбек ету мәдениетін игеріп және оны дамыту қажеттілігі туындайды. Бұл мәселеге л.и.рушинский, в.а.кан-каяик, т.б. Өз еңбектерінде көңіл бөлген.

Оқушының ақыл-оймен еңбек ету қабілетін қалыптастыруда жетекші факторлардың бірі -–оның белсенділігі болып табылады. Белсенділік — жеке тұлғаныңқоршаған ортаға бейімделу қабілеті ғана емес, ол сондай-ақ, оқушының сол қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастық әрекетке түсуі, сол қоршаған ортаны оның өзгерте білуі. Ол жеке тұлғаның өзін қоршаған ортаның жалпы мәдени және кәсіби даму деңгейін көтеруге ұмтылып, талаптанумен, оқушының осындай талабының ішкі қажеттілігінен туындайды. Оқушылар өздерінің не істеп жүргендерін жете ұғынулары, оқуға үйренулері, өздері үшін жаңа білім көздерін өздері аша білулері керек.

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті — бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау жане тиімді ұйымдастыру, оқу гигненасы ережесін, сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.

Ақыл-ой жұмысының дұрыс ұйымдастырылған- ырғағы демалыспен еңбек түрлерінің орынды ауысып келіп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың бәрін бірізділік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады.

Оқу еңбегінің мәдениеті ақыл-ой іс-әрекетінің жалпы ережелерін білуді және оны өз еңбегінде басшылыққа ала білуін талап етеді. Жалпы ережелерді білу оқушының болашақ оқу еңбегіндегі өзіндік еңбек мәәдениетінің тәсілдері мен стилін қалыптастыруға көмектеседі.

Ақыл-ой еңбегінде  оқушылардың  мәдениеті оқулықтармен ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде байқалады. Сондықтан оқушыларды жұмыс істей білуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, текстің түсініксіз жерлерін бөлу, текске сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін (тезис) дайындау т.б.

 Оқушының, өзіндік жұмысы, одан білімнің әр түрлі саласына байланысты кейбір ерекше қасиеттерді талап етеді. Мысалы: жұмыс барысында жинақты бөлу; қиыншылықты жеңу; ақыл-ой қабілетін дамыту; естің әр түрлі формаларын пайдалану — логикалык, моторлы және көз капері; бақылау, жазып алу т.б. Бұл қасиеттер тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығына байланысты.

Сонымен еңбек тәрбиесінің нәтижесі оқушының еңбекті тіленіп қажет етуі, еңбекті атқаруға деген ықылас — ынтасы, оған қызығуы мен белсенділік танытып шын пейілімен атқарған ісінен ләззат алып, өнімді еңбекке орай кәсіби мамандық таңдауға деген құлқын айқындай түсу ниетінен көрінеді. Еңбек тәрбиесінің бағыт-бағдарын оқушының санасына сіңіріп, шама мүмкіндігіне үйлесімді еңбек дағдысына қалыптастыру олардың болашағында жалғастық табатын әдетке айналатын өмірмен құбылыс.

 

2.2. ІV – сыныпта еңбек пәнінен сабақ беру арқылы кәсіптік бағдар беру әдістемесі

 

Еңбекке баулу кәсіптік бағдар міндетін сапалы шешудің міндеті болып саналады. Оқушының еңбек сабағында нақты бір іске араласуы, сол арқылы ол толып жатқан жұмысшы кәсібімен танысуы, кәсіп туралы, өндіріс озаттарының өмірі мен творчествосы туралы мұғалімнің әңгімесі, техникалық үйірмелеріндегі, кластан тыс жұмыстар, мектепте өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету орындары еңбеккерлерінің жетістіктерін көрсететін стенділер, көрмелер ұйымдастыру, оқушының кәсіби мүддесінің қалыптасуына белсенді ықпал етеді.

Еңбекке баулудың әрбір кезеңінде /бастауыш кластарда/ кәсіптік бағдар мүмкіндігі оқушының жас ерекшелігіне, оқыту мазмұнына, қолданылатын жұмыстың ұйымдастыру формалары мен әдістеріне байланысты.

Бастауыш кластардағы еңбекке баулудың кәсіптік бағдарының келесі кееңдері үшін дайындық мәні зор. Төменгі класс оқушылары бастауыш мектептердегі қарапайым құралдар арқылы еңбек пен мамандық әлеміне бірте-бірте аяқ басады.

Оқушылармен әңгімелесу, экскурсияға шығу кезінде, диафильбер диапозитиптер, кинофильмдер көру арқылы олар өзіне таныс заттар мен бұйымдарды жасау туралы, ересектердің жұмысы, еңбек жағдайы т.б. туралы қарапайым түсінік алады. қағаз, картон, пластилин, мата секілді заттарды әр түрлі формада келтіру арқылы өз күшін іс-жұ\үзінде сынап байқайды, мұның өзі мектепке дейінгі алған еңбек іскерлігін қалыптастыруға немесе дамытуға мүмкіндік береді.

Еңбекке баулу пәнінің мұғалімі 1-2 және 4 кластардың оқушыларын еңбекке даярлаудың сабақтастығын қамтамасыз етудің зор маңызы бар. Ол бастауыш кластың мұғалімдерімен жұмыс жоспарын келісуі, оларға тиімді кеңес беруі және сол арқылы еңбекке одан әрі баулудың базасын әзірлеуі тиіс. 4 кластан бастап еңбек сабағында кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

Алайда еңбек сабағының мүмкіндігі нақты кәсіппен таныстырумен ғана шектелмейді: оқушылар сабаққа басқа да кәсіппен хабардар болуы тиіс. Практикалық тапсырмалары бар еңбек сабақтары, қоғамға пайдалы, өнімді еңбек, еңбекке баулуда ерекше орын алатын өндірістік экскурсиялар мектеп оқушыларының кәсіптік бағдары мен политехникалық даярлығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл даярлықтың өзі кәсіби іске, нақты мамандыққа деген ықыласын қалыптастырумен қоса, техникалық ойлауын, творчестволық қабілетін, жеке басының коллектившілдік сапасын да қалыптастыруды көздейді. Еңбек пәнінің мұғалімі өз жұмысында алуан түрлі әдісті ауызша, көрнекі практиканы пайдаланады, алайда көбірек пайдаланатыны оқушыының еңбек әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін практикалық әдіс. Мұғалім алуан түрлі тәсілдерді қолданады, мәселен дерегі толық емес есептер шығару, еңбекті жоспарлауға және ғылыми ұйымдастыруға байланысты тапсырмалар мен жаттығулар беру, жүргізу т.б. өз жұмысына оң нәтижеге қол жеткізу үшңн еңбек пәнінің мұғалімі оқушылардың творчестволық белсенділігін шақыруы, олардың еңбек тапсырмасын түсініп атқаруына күш салу керек. Еңбек сабағында творчестволық бастаманың болмауы оқушының сабаққа деген көзқарасына қолайсыз әсер етеді, кәсіптік бағаларын тиімділігін кемітеді. Өз еңбегіне творчестволық тұрғыда қарайтын оқушылар алға қойылған техникалық міндеттерді түсінуге даяр екендігін, оны шешудің орнықты тәсілін табуға, материал таңдауға және өз жұмысын жоспарлауға жұмсалатын бұйымның технологиясына жаңалық элементтерін енгізуге, политехникалық ой-өрісін кеңейтуге, еңбек іскерлігі мен дағдысын табандылықпен игеруге, өз жұмысының нәтижесін практикалық бағалауға қабілеттілігін көрсетеді.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың тиімді құралы – оқытуына проблемалық тұрғыдан қарау. Белгілі психолог С.Л.Рубинштейн былай деп атап көрсетті: егер адамның алдында шешуге тиісті проблема болмаса, онда, дәлірек айтқанда, ойлаудың да болмағандығы. Оқушының творчестволық ойлау белсенділігін проблемалық жағдай – интеллектік қиыншылық жағдай оятады. Алайда, сабақта ондай жағдай туғызу үшін проблеманы тауып, тұжырымдау, оны оқушының алдына қою, олардың күш-жігерін осы проблеманы шешуге жұмылдыру қажет.

Проблема – бұл мәселе ме, әлде міндет пе ? Алайда кез – келген мәселе немесе міндет проблемалық жағдай туғызбайды. Мысалы, «Кескіш деген не ?», «Ағашты кептірудің қандай жолдарын білесің ?» т.б. сұрақтар проблема бола алмайды. Бұлар оқушыға интеллектік қиыншылық тудырмайды, ол тек бұрын алған білімін еске түсіруді қажет етеді. Ал, проблемалық мәселелер оқушының алған білімдер негізін практикада қолдануға, талдауға, себеп-салдар байланыстарын анықтауға мәжбүр етеді. Мәселен, «Оқушы қол арамен ағашты кесіп тұр. Ол ағашты көлденең немесе ұзыннан кескенде әр түрлі күш жұмсайды. Неге ?», «Ара тісінің формасы әр түрлі: біреуі тең қабырғалы үшбұрышты, ал екіншісі тікбұрышты.тістердің қайралуы да әр түрлі. Неге ?».

Мұндай сұрақтар оқушылардың творчестволық белсенділігін оятып, түптеп келгенде еңбек сабағына деген ынтасын арттырады. Сонымен еңбек сабағында оқушылардың творчестволық белсенділігі және еңбекке баулуда кәсіптік бағдардың табысты етуі көбіне еңбек пәні мұғалімінің оқыту әдісіне, политехникалық және кәсіптік білімді ұштастыра алуына, мамандық және оқылатын материалдың өндірісі туралы мағлұматтарға байланысты.

4 кластағы кіріспе сабақта адам өмірініде еңбектің маңызы туралы, қоғамдық өндірістердегі жұмысшылардың ролі туралы, кадрлардың халық шаруашылығына қажеттілігі туралы, ғылыми техникалық прогрестің өнеркәсіптегі жұмысшы санына, кәсіби құрамына әсері, олардың еңбегінің мазмұны мен шарты туралы айтқан жөн. Оқушыларды еңбек түрлерімен /өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және қызмет көрсету, дене, ой еңбегі қол және механикаландырылған жұмыстар/ қазіргі өндірістің жұмысшы мамандығы және оның даярлығына қойылатын талаптармен таныстырудың ерекше маңызы бар. Мұғалім оқушылардыі назарын еңбек сабағының кәсіп белгілеудегі маңызына аударуы тиіс.

ІV – класта келесі еңбек сабақтарында «Ағаш өңдеу» бөлімі бойынша оқушылар ағаш өңдеу кәсібімен және оның жекеленген салаларымен, халық шаруашылығына ағаштың маңызымен, оны өңдеу, дайындау тәсілдерімен мұқият танысады. Балалар ағаш тілетін заводтардың жұмысы, осы заводтардағы негізгі мамандықтар туралы мағлұмат алады.

Мұғалім «Кесілген ағаш материалдарын өнеркәсіптік жолмен жасау» фильмінен үзінді көрсетіп, онда оқушылар ағашты кептірудің әр түрлі әдісімен, оның ылғалдылығын анықтау әдісімен, ағаш өңдеу өнер кәсібіндегі лаборанттардың, инженерлердің жұмысымен таныстырады.

Металл өңдеу жөніндегі сабақтарда мұғалім қара және түсті металдар, олардың қорытпалары, металдардың негізгі физикалық – механикалық қасиеттері /қаттылығы, беріктігі, серпімділігі, майысқақтығы, морттығы/ туралы айтумен қоса, бұл таныстыруды «Өнеркәсіпте қаңылтыр металл кесу» фильмін көрсетумен толықтыра алады.

Еңбек сабағында қолданылатын аспаптарды, операцияларды, тәсілдерді өндірісте қолданылатын сондай аспаптармен, операцияларымен, тәсілдерімен салыстыру оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейте түседі. Мектеп оқушыларын кәсіптермен таныстыру үшін арнайы әдебиеттерді, мақалаларды очерктерді, әңгімелерді пайдаланған жөн.

Ең бастысы кәсіппен қолөнершілік тұрғыда танысуға жол бермей, білімнің политехникалық негізін қалап, оқушыны болашақ кәсібімен жан-жақты танысуына мүмкіндік жасаудың маңызы зор.

ІV – класта еңбек сабағында негізгі тақырыптар қайталанады. Оқу материалдарын осылайша дүркін-дүркін қайталау оқушының құбылыспен жай танысып қана қоймай, оның мәніне үңілуіне мүмкіндік береді. Еңбектің жекеленген түрлері мен түрлі мамандық туралы алған үзік-үзік, кездейсоқ түсінігі еңбек туралы алған білім жүйесіне жинақталады. Сонымен, кәсіптік бағдар жұмыстары шоғырландыру принципі бойынша, яғни кәсіп пен еңбек адамы, техника мен технология туралы, оқушыға берілген материалды қайталау, тереңдету және ұлғайту тұрғысында құрылады.

Оқушы кәсіптің басым көпшілігімен оқытудың бүкіл курсында мұқият танысады. Ең бастысы, мұғалім материалды тек қайталап қана қоймай, күрделендіре түсуі, сөйтіп әрбір оқу жылында оқушылар білім алуы тиіс. ІV – класта мұғалім балаларға электр тізбегінің элементтерін таныстырады. Оқушының бұған дейін электр туралы ешқандай ғылыми түсінігі болмайды, сондықтан да мұғалім тек энергияның пайдалануы туралы ғана айтып, қалған жайттарды олардың келесі кластарда танысатындығын айтады. Оқушылар қарапайым схеманы құрастыруды үйренеді. ІV – класта кәсіп туралы айту ертерек, тек электр энергиясы туралы бастапқы түсінік бере кетеді.

Басқа да сабақтардан еңбек сабағы ерекше, мұнда оқушы өз еңбегінің нәтижесін айқынырақ көреді. Сондықтан да егер оқушы жасаған бұйым ешқайда пайдаланылмай шеберханалардағы жәшіктерде сақталса, немесе одан да сорақысы лақтырылып тасталса, онда мұндай сабақ оқушыны тәрбиелеуге үлкен олқылыққа ұшыратады.

Тек оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыруға негізделген,  дұрыс  ұымдастырылған және мақсат қойылған еңбекке баулу жалпы білімдік және тәрбиелік тиімді нәтиже береді.

Сабақ кезінде мұғалім кәсіпке деген ынта туғызады, экскурсияға ықыласын тексереді, өйткені тек экскурсия оқушы санасында терең із қалдырып, жұмысшы еңбегін құрметтеу сезімін нығайтады. Мақсатты тәрбиелік жұмыста экскурсияны толық әрі тиімді пайдалану үшін комплексті экскурсиямен қоса, жұмыс орнында кәсіптік бағдар экскурсиясын да өткізу қажет.

Жұмыс орнындағы кәсіптік бағдар экскурсиясы – бұл әрбір кәсіпті жеке таныстыратын, жұмыс орнында маманның жұмысымен танысуға мүмкіндік беретін және қалаған сұраққа жауап алатын экскурсия. Экскурсиялар кәсіптің психологиялық үйлесімділігін тексеруге мүмкіндік береді. «Сәл аялдап ойлан, мынау сенің жұмыс орның, осында сенің жұмыс күнің, сенің жұмыс жылың, бәлкім, сені ғұмырлық жұмсын ететін болар !».

Экскурсия неғұрлым табысты өту үшін, оны сабақтан кейін іле-шала өткізіп, мектептегі өткен деректерді тұжырымдап, толықтырып отыру қажет. Мұндай экскурсия оқушыға практикалық жұмысқа жақсы әзірленуге өзі қалаған болашақ кәсібімен жақынырақ танысуға, кәсіби ықыласын нығайтуға немесе өзінің ой-ниетін қайта қарауға мүмкіндік береді.

Егер еңбекке баулудың мазмұны кәсіппен терең танысуға бағытталса, онда еңбекке баулудың тәрбиелік мүмкіндігі мен оның саналы түрде кәсіп таңдауға әзірлігінің ролі едәуір артады. Ол үшін оқушы жасаған өнімге, оның мақсатына, құрылысына, оны жасау әдісіне ерекше көңіл бөлу керек.                

ІV – класта оқушыларды еңбекке баулудың негізі механикалық дағдыны жетілдіру емес, қоғамға пайдалы затты жасау процесінде әр түрлі технологиялық іскерліктерді қалыптастыру болып табылады, демек мұның өзі оқушының қазіргі өндірісте еңбекке практикалық әзірлігіне ықпал етеді.

Мәселен, оқушыға қойылған белгі бойынша кесу, кесіндіні тегіс таяқшаны, кубикті, дискіні кесу жөнінде тапсыра беруге, сөйтіп олардың әр түрлі заттар жасайтын дайындама ретінде пайдалануға, сондай-ақ оқушыға жауапты тапсырма беруге – картотекаға арналған жәшік, гүлге және фихика мен химия кабинеттеріндегі приборларға арналған тұғырлар, аспаптар мен лаборатория жабдықтарын қойғыштар, мектепті көркемдейтін витриналар т.б. жасатуға болады. Оқушылардың қызмет көрсету саласындағы кәсіпке ықыласын қалыптастыруда қызмет көрсету еңбегіне арналған сабақтың ролі зор.

Оқушыларды қызмет көрсету саласындағы кәсіпке бейімдегенде бірінші кезекке қойылатын мақсат олардың кәсіби жарамдылығын анықау емес, олардың кәсіп таңдаудағы қоғамға құнды дұрыс көзқарасын, кадрлардың халық шаруашылығына қажеттілігіне негізделген белгілі бір бағытын, ал кәсіп таңдаған соң жастардың оған жаттығып, бейімделуін қалыптастыру болып табылады, яғни оқушыларды қызмет көрсететін сала мамандықтарына бейімдеу – негізінен тәрбиелік мәні бар проблема.

Қызмет көрсету еңбегі бойынша жүргізілетін сабақтар IV класс оқушыларын кәсіптік бағдарлауға мол мүмкіндік береді. Программада кулинариялық, тігіншілік және электротехникалық жұмыстармен тамақ өнімдері мен маталарды өңдейтін технологиялық машиналарды басқарумен т.б. теориялық және практикалық тұрғыда таныстыру көзделген. Оқушылар жалпы тамақ өнеркәсібі және оның жеке сапалары туралы мағлұмат алады, қоғамдық тамақтандыру орындары мен азық-түлік магазиндерімен танысады.

Оқушылар әр түрлі маталардан тігуді бұйымдар жасаудың технологиялық процестерімен танысқанда кәсіптік бағдар жұмыстары ойдағыдай жүзеге асырылуы мүмкін. ІV – класта оқушы қыз балалар қазіргі тетік механикаландырылған өндірісті естіп біледі. ІV – класттың оқушылары киімді конструкциялау мен модельдеуді білуге және үйренуге дағдыланады, сән үйінің жұмысымен танысады, көрмеге, өнеркәсіп орындарына /тігін фабрикасына, комбинаттарға, тігін бірлестіктеріне/ барады. Еңбекке баулу пәні мұғалімнің ерекше ескертетіні – оқушылардың қабылдаған жалпы еңбектік  іскерлігі мен дағдысы мектеп бітірушілердің басым көпшілігі үшін мектептен кейінгі нақты практикалық ісіне айналуы тиіс.

Бұдан шығатын қорытынды: еңбекке баулу мұғалімі қажетті білім деңгейін анықтағанда біріншіден әрбір оқу класын қоғамдық өндірістегі барлық кәсіп пен еңбек түрлерінің потенциал өкілдерінің жиынтығы ретінде қарастыру, екіншіден кәсіп санының кемдігімен бағдарламада берілген уақыт бойынша барлық кәсіп туралы жалпы мағлұмат берудің мүмкін еместігі, үшіншіден еңбекке жарамды халықты, өнеркәсіп салаларына, еңбек түрлеріне нақты бөлу, осы бөлудің өзгеру тенденциясы ескерілуі тиіс.

Еңбек пәнінен сабақ беру процесінде кәсіптік бағдардың тиімділігін арттырудың қажетті шарты оқытудың басты формасы ретінде сабақты жақсарту болып саналады. Мұны жүзеге асыру үшін еңбек пәнінің мұғалімі, өзінің жалпы білімін, психологиялық және педагогикалық және методикалық даярлығын ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Еңбек пәні мұғалімінің өзін-өзі жетілдіріп отыруының маңызды құралы — өзінің және басқа мұғалімдердің сабағына талдау жасау. Талдау жасағанда тақырыпты және сабақ мақсатын дәл айқындап, сабақ типін белгілеп алуы тиіс. Сабақты ұйымдастыруда мұғалім оқушылардың сабаққа әзірлігін, жұмыс орнының жай — күйін, қажетті оқу құралдары мен аспаптардың, формалы киімдердің болуы, т.б. атауы сабақ құрылымын белгілеп, еңбек кезеңдерін айыру, сабақта уақытты тиімді пайдалауға ерекше көңіл бөлуі кезеңдерін айқындығы мен аяқталуын, басты нәрселерді айыруы, сабақ құрылымының, оқу материалдарының мақсаты мен мазмұнына сәйкестігін, сабақтың оқу материалдарымен және практикалық жұмыс түрлерімен байытылған, еңбек қарқынын қадағалауы тиіс.

Сабақ мазмұнын талдағанда теориялық, практикалық және кәсіптік бағдарлау материалдарының көлемі мен арақатынасын бағалауы, олардың программаға және оқушылардың біліміне, іскерлігі мен дағдысына сәйкестігін, материалды баяндаудың ғылымилығын алған білімінің, тәрбиесінің, үлгі өнегесінің политехникалық, практикалық және кәсіптік бағдарлау функцияларының оқу материалдарының мазмұны мен тұтастығын, тірек ететін білім мен кәсіптік білімін айыра білуі қажет.

Пән ішіндегі және пән аралығындағы байланыстың барлығын атап көрсеткен жөн. Мұғалімнің сабақ мазмұнын талдауымен қоса, оқытудың әдістері мен құралдарын және оларды әңгіме өткізуде, түсіндіруде, әңгімелесуде, оқылатын обьектілерде процестерді және олардың бейнесін көрсетуде, нұсқау беруде, жаттықтыруда оқу құралдарымен жұмыс жүргізуде т.б. сабақта қолдануда талдай білудің айрықша маңызы бар.

Сабақты ұйымдастырғанда және талдағанда проблемалық жағдайлардың болуына, оқушылармен жұмыс жүргізудің коллективтік, топтық және жеке-дара формаларының үйлесімділігіне ерекше көңіл бөлінеді. Оқытудың негізгі принциптері ғылымилығы, жүйелілігі, бірізділігі, түсініктілігі, көрнекілігі, белсенділігі мен саналылығы, өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылыпжатқандығын қадағалаудың айрықша мәні бар.

Оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, практикалық жұмыстарды атқарғанда еңбек қауіпсіздігін сақтауды, творчестволық ойлауын, дербестілігін, өнертапқыштығын дамыту жөніндегі жұмыстарды талдаған жөн.

Мұғалім атқарған істерін қортындылай келе сабақтың тиімділігін, кәсіптік бағдарлау мақсатындағы жетістікті бағалауы, сондай-ақ сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін дәл анықтауы, оқытудың негізгі формасы ретінде сабақтың мазмұны мен әдісін одан әрі жетілдірудің жолдарын белгілеуі тиіс.

Сабақтарға және бүкіл кәсіптік бағдарлау ісіне өзіне-өзі жүйелі талдау жасау оқушылармен мұғалімдердің творчестволық белсенділігін арттырып, шәкірттердің кәсіптік бағдарлаудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

 

2.3. Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыру — өнімді еңбек нәтижесі

 

Қоғамдық пайдалы еңбек — қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүниетанымы дамиды, мамандықты тануда көзқарасы кеңиді, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады.

Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

  1. Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау.                                                                                                                                                                                               
  2. Мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, орындағыштыққа, қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді. Әсіресе ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушылары жұртшылық арасында үкіметтің қаулы-қарарларын насихаттайды, әр түрлі әдеби; этикалық, эстетикалық тақырыптарға әңгімелер өткізіп, лекциялар оқиды, концерт береді.
  3. Шефтік жұмыс — адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғары формасы. Ол баланы ілтипаттылықка, қамқорлыққа, кайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өмірінде пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кәрі адамдарға, көп балалы аналарға, балалар бақшасына қамқорлық, мәдени мұраларды (мирас) қорғауы жатады.

Осындай дәстүрге айналған шефтік жұмыстардың нәтижесін үнемі қорытындылап, балалардың еңбегін бағалап отырудың үлкен тәрбиелік мәні бар.

Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.

Жалпы білім беретін орта мектеп оқу-өндірістік кооперативтері, жалға алу, кіші кәсіпорны, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар, оқушылардың өндірістік бригадалары, т. Б. Арқылы оқушыларды өнімді еңбекке қатыстыруды іске асырады. Бұлардың кейбіреулерінің іс-әрекеті «төртінші бөлімде» баяндалған.

Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіншіліктеріне сәйкес жалпы халықтық іске үлес қосады. Оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың бірнешс объектілері аталды. Сол объектілердің бірі оқушылардың өндірістік бригадасы. Бұл еңбек тәрбиесін, политехникалық білім беруді, өнімді еңбекті ұйымдастырудың негізгі формасы.

Оқушылардың өндірістік бригадасы іс-әрекетінің байырғы мәселелері:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              а) материалдық базаны жасау, оған өндірістік және тәжірибелік жер учаскелері, техника және ауыл шаруашылық құралдары, мал шаруашылық фермасы, далалық қос т. Б. Жатады;

Ә) оқушылардың өндірістік бригадасы vii-х сынып оқушыларымен ұйымдастырылады;

Б) бір жылдық оқу-өндірістік жоспар жасалады. Жоспарға машиналарды, агротехниканы, зоотехниканы оқып үйрену, тұқымды, топырақты дайындау, технологиялық карта, агрономиялық жоспар жасау, тәжрибені  қою,  оку-практикалық тапсырмаларды орындау, егінді ору және жинау мәселелері кіреді.

Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу.

Оқушылардың өндірістік бригадасы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіреді, өнім алады, оны мемлекетке тапсырады. Өнімді еңбек процесінде оқулшылар мектептен алған теориялық білімдерін практикада қолданады.

Оқуды өнімді еңбекпен байлалыстырудың тиімді формасы ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыс. Оның педагогикалық негізі: ғылымилық, оқумен байланыстылығы, шығармашылық даму, оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуі. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда ауыл шаруашылық тәжірибесіне қатысқан оқушылардың химия, биология т.б. Пәндер бойынша үлгерімі, ауыл шаруашылық тәжірибесіне қатыспаған оқушылардан анағұрлым жоғары болатындығы  байқалады.

Оқушылардың өндірістік бригадасы жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен байланыстырудан басқа да формаларын атауға болады. Олар оқушылардың өндірістік экскурсиясы, мектептердегі агрохимия үйірмелері, колхоздар мен совхоздардағы агрохимия лабораториялары т.б.

Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын, қызығушылығын, ауыл шаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді  тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік  бригадасының ролі өте зор.

Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

— еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланың  еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты:

  • Балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық өнегелік негізі болуы керек:

Еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның болымды нәтижесі баланың өз күшіне сенімділігін  қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым онын тәрбиелік ықпалы күшті болады.

— еңбек балалардың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруы қажет. Еңбегініц негізгі түрі ойын болып табылатын кіші мектеп жасындағы баланың еңбегі ойынмен ұйымдастырылуы керек. Еңбектегі сияқты ойында да ойға күш салу және жауапкершілікті сезіну бар;                                                                                                                                                                                         

— еңбек іс- әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қана қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.

Осы сияқты шарттарды, талаптарды, еңбек процесінде ұтымды пайдалану мұғалімнен іскерлікті, “педагогикалық  шеберлікті” талап етеді.

Қорытынды

Көптеген балалар тек оқумен және демалумен айналысып қана қоймайды, сонымен қатар ересектердің еңбегіне қатысып, үй шаруашылығына көмектеседі. Өзінен кіші інілері мен қарындас-сіңлілеріне күтім жасайды, ата-аналары мен  әпкелеріне, ағаларына қолғабыс етеді. Жазда бау-бақшада және егістікте жұмыс істейді. Бұл, әрине, дұрыс әрі жақсы, өйткені ересектер балалардың бақытты өмір сүрулері үшін, еңбек етеді, ол үшін балалардың да көмектесуі абзал іс болып саналады.

Жалпы жас кезінде қалыптасқан еңбек дағдылары, адамның бүкіл өмірінде ерекше маңызды.

Қоғамның ең басты талаптарының бірі — әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады.

Өкінішке орай, өмірде балаларды оқу мен демалу мүмкіндіктерінен айырып, күштеп еңбек етуге талап ететін ересектер де кездеседі. Бала құқығы туралы конвенсияның 23- бабында:

“әр адамның еңбек ету, жұмыс еркін таңдау, әділ еңбек жағдайы және жұмыссыздықтан қорғалу құқығы бар”, — деп жазылған.

Конвенсия шартқа қол қойған мемлекеттерді балаларды оқу мен дамуына зиян келтіретін еріксіз еңбек етуден қорғауды міндеттейді. Біздің елімізде 14 жасқа  толған оқушылардың өндірісте 4 сағат көлемінде, тек оқудан бос уақытында еңбек етуіне рұқсат етілген. Бұл үшін бала ата-анасының келісімі мен дәрігерлердің рұқсатын алуы қажет.

Балаларды олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті еңбек түрлеріне пайдалануға, араластыруға қазақстан республикасының конституциясында тыйым салынған. Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайндау – бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету. Бұл өте күрделі процесс, мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады. Мысалы, балалар адамдардың табысты еңбегінде масаттанады немесе адал еңбеккерлердің есебінен келген адамдарды жаны сүймейді, жек көреді, керек десе олармен күресуге де даяр тұрады. Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады: обьективтік фактор қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарын жасау. Осының негізінде әдет, моральдық нормаларын бекітеді. Субьективтік фактор адамның еңбектің мазмұнына терең түсінуі және ішкі сезімнің өмірімен өзінің борышын орындауы.

Қорыта келгенде, баланың жеке басы мен азаматтығын қалыптастыруда еңбектің ролі өте күшті әрі маңызды. Еңбек арқылы жасөспірімдерде жақсы қасиеттер қалыптасады, елін, жерін ойлайтын және сол елдің өркендеуі үшін аянбай еңбек ететін нағыз азаматтар мен азаматшалар қалыптасады. Әрине, бұның бәрі мектептен бастау алады. Ендеше егеменді еліміздің қарыштап дамуы еңбекқор, білімді келеше ұрпақтың және жастардың қолында.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Еңбек – адам дамуының негізі. Еңбек ету процесінде бастауыш класс оқушыларында пайда болатын қарым-қатынастар баланың болашақ әлеуметтік мәнін анықтайды, оның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуының ең маңызды да шешуші шарты болып табылады.

Баланың әлеуметтік тұлға ретінде, еңбек етудің және осыдан туынды әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде қалыптасуы, бүкіл адамзат тарихының заңды қорытындысы. Қоғамға пайдалы еңбек ету процесінде адамның барлық қабілеттері қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрлерінен күрделі түрлеріне көшу жолында баланың қабілеттері дамып, жетіле түседі. Сондықтан да бастауыш мектептегі еңбек сабағын дұрыс ұйымдастыру әдістемесін мұғалімдердің тыңғылықты меңгеруі ол атқарар педагогикалық процестің негізгі көзі екендігіне дау жоқ.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар еңбек сабағынан алған мәліметтері негізінде табиғаттағы заттарды өзгерте бастайды, түсінеді, олардың ерекшеліктерін тереңірек ажырата бастайды, табиғат заңдарын онан әрі түсіне беретін болады, осы заңдылықтарды өзінің материалдық тұрмысын жақсартуға пайдаланады.

Сөйтіп, баланың бастауыш мектепке бару кезеңінен –ақ баламен табиғаттың арасындағы тұрақты процесс – еңбек, табиғатқа шынайы қарым-қатынас, міне бұл факторлар жастардың нақты проблемасын құрайды. «Адам өмір сүруінің қажетті шарты – нақты болмыс адамның дамуының да шешуші шарты болып табылатыны сияқты, бұл мұғалімдер үшін қатаң қағида болуы қажет демекпіз.»

Еңбек сабағындағы ұғымдарды оқушылардың меңгеруі, олардың сол заңдарды орынды да тиімді қолданып, жаңа еңбек құралдарын жасай алатын болады, сол еңбек құралдарына деген ұқыптылық, күтіп ұстау, орынды пайдалану сияқты қасиеттері қалыптасады. Олардың бұл қасиеті оқушылардағы дүние таяудағы тәжірибелері мен білімдері молайта тсүеді, ақырында толыққан бұл білім мен тәжірибе бұрынғыдан да күрделі құралдар жасап шығаруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, нәтижелі ұйымдастырылған еңбек пәнінің арқасында өндіріс құралдарының жетілуі мен оқушының ой-өрісінің жетілуі арасында диалектикалық қарым қатынастар мәңгі болып тұратын болады демекпіз. өндіріс адамзат қоғамының бүкіл өмір сүру кезеңінде дами береді, ал адамның жетілуін мұғалімдер ешқандай мерзіммен шектеуге болмайтынын үнемі есте ұстаулары керек.

Қорыта келгенде, мына жайды болашақ мұғалімдер мен педагогикалық мамандық иелері ескерулері қажет демекпіз:

  1. Материалдық өндіріс қоғам өмірінің бірден-бір негізі бола тұра, адамдардың өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді жасап шығарып, нақты тұрмыстың барлық салаларының ірге тасын қалайтындығы туралы дұрыс ой-пікір.
  2. Өндіріс дамуының барысында оның техникалық құрал-саймандары үнемі өзгеріп, күрделене береді, сондай-ақ адамдардың ой-еңбегі жаңа қасиеттерге ие болады да, олар табиғаттың заңдарын игереді, оларды өз қажеттіліктерін өтеу үшін тиімдірек пайдаланады. Бұл адамдардың дүниетану қабілеттерін арттыра түседі, оның ой-өрісін кеңейтеді. Сонымен бірге өндіріс – адамдардың ғылыми жағынан жетлуінің негізі екендігін қоғам өмірі көрсетіп отыр.

Материалдық өндірісте адамдар бірімен –бірі өндірістік қарым —  қатынаста болады, бұл қатынастардың барысында олардың саналылығы, моральдық қасиеттері қалыптаса береді.

  1. Табиғаттағы заттарды өзгерту, өңдеу барысында адамдардың эстетикалық сезімдері пайда болады, жоғары сезімге айналады. Сөйтіп өндіріс сферасында, еңбек процесінде адамның барлық қабілеттері жетіледі, болашақтың ең жақсы игіліктері оған қызмет ететіндей болады. Сондықтан да еңбек сабағы оқушылардың мектеп өміріндегі ең бір есте қалар күрделі педагогикалық процесс, олай болса, еңбек пәнінің мұғалімі кіші жастағы оқушылардың еңбек процесін меңгерулеріне көмектесуі үшін оларды сабақ үстінде зерттеудің қарапайым әдістерін білу, мұғалімдер мен мектептің ата-аналармен, базалық кәсіпорынмен бірлесіп жүргізетін оқушылардың кәсіптік ой ниетін қалыптастыру жөніндегі жұмысына белсене қатысуы, жан-жақты жетілген адам қалыптастыруда жақсы нәтижелерге жетуі үшін еңбек тәрбиесіндегі комплекстік көзқарасты меңгеру, еңбекке баулудың осы күнгі диалектикасын, әдістемесін, проблемалық жағдайларын туғыза біледі, кіші мектеп жасындағы оқушылардың ізденіс қызметін ұйымдастыра білуді меңгеруді талап етеді. Еңбекке тәрбиелеу және оған баулу ісіне мұндай көзқарас оқушылардың еңбекке деген ойлануын дамытуда тиімді нәтижелерге жету үшін маңызды шарт болып табылады деп тұжырымдаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Ақназаров С. Оқушыларды еңбекке баулу, — Алматы, 1976, 40 бет
  2. Андреев Ю.И. Вечер посвящен професии. – Воспитание школьников, 1977. – ном.2
  3. Әбдрахманова А. Еңбекпен шынығуда. – Қазақстан мектебі, 1987, — — ном. 7
  4. Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негізі, — Бастауыш мектеп, 1993, ном 11, 12, — 4 бет
  5. Әбиев Ж, Нұрланова Г. Әбу Насыр Әль-Фарабидің тәрбие және еңбек тәрбиесі теорияларын жасауы . – «Ұлағат», 1997 ном 1 81 бет
  6. Белый Н.С. Подготовка учащихся к трудовой деятельности. – Физика в школе, 1978, ном 4
  7. Голубева Г.С. Трудовое воспитание на уроках истории в ІV классе Преподавание истории в школе, 1978, ном 5.
  8. Госсу Е.П. Профессиональная ориентация учащихся младших классов, Кишинев, 1977
  9. Сатқанов О. Төртжылдық бастауыш мектептің 4 сыныбына арналған . – Бастауыш мектеп, 1990 ном 1 – 22 бет
  10. Сатқанов О. Төртжылдық бастауыш мектептің 4 сыныбына арналған . – Бастауыш мектеп, 1989, ном 12, 32 бет
  11. Сатқанов О. Төртжылдық кластың сабақ тақырыптары .- Бастауыш мектеп, 1991, ном 8, — 36 бет
  12. Сатқанов О. Төртжылдық мектептің бастауыш 4 сыныбына арналған . – Бастауыш мектеп, 1989 ном.11, 30 бет
  13. Сатқанов О. Еңбекке баулу әдістемесі. – Алматы, 1994 ж
  14. Сатқанов О. Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің жобасы, — Бастауыш мектеп, 1989, — ном.3, 34 бет
  15. Жолбасбекова С. Еңбекке баулу әдістемесі, Шымкент – 1995 ж.
  16. Қонарбаев Ұ. Еңбекке бейімделуде . – Бастауыш мектеп, 1987 – том, 2 , 36 бет
  17. Қалиев С, Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім — тәрбиесі, — Алматы , 1996 ж
  18. Құралов А. Еңбек сабағында халықтық құралдарды пайдалану.- Қазақстан мектебі, 1997, ном 4, 56-59 бет ном 5. 48-52 бет. ном 6 49 бет, ном 9, 53 беттер
  19. Құлманова С. Ы. Алтынсарин шығармаларындағы еңбек тәрбиесі, Қазақстан мұғалімі, 1994, 21 қаңтар
  20. Қалназаров Б. Еңбекке баулу бағдарламалары, — Алматы , 1993
  21. Сахиев Ж, Оқу мен еңбек егіз, Бастауыш мектеп, 1983, ном 9.
  22. Тұңғышбаев Қ. Еңбек тәрбиесін еске алсақ, — Бастауыш мектеп, 1987, ном 2, 7-8 бет
  23. Тынымбаева, Еңбекке даярлау – негізгі мақсат. – Бастауыш мектеп, 1983, ном 9, 47-48 бет
  24. Түрікпенұлы Ж., Панаева М. Еңбекке тәрбиелеу ең маңызды іс, Бастауыш мектеп , 1993, ном6, 10-15 бет
  25. Нұрсейтова С. Еңбекке баулу пәнінің жаңа мазмұндық, әдістемелік ерекшеліктері. Бастауыш мектеп, 1996, ном 7,8 8-9 бет
  26. Райымжанов Ұ, Еңбекке үйрету, — Бастауыш мектеп, 1983 – ном 9, 43-47 бет
  27. Петровский А.В. Жас ерекшелігі және педагогикалық психология, Москва, 1986 ном.. – 17 бет
  28. Чернышенко И.Д. Система общественно полезного труда учащихся начального класса, Минск 1974
  29. Иовайма Л, Педагогика профессональной ориентации, — Каунас, 1978
  30. Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы, — Бастауыш мектеп, 1989 ном 6, 34 бет
  31. Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы, Бастауыш мектеп, 1989 ном 7, 28 бет
  32. Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы, Бастауыш мектеп, 1989 ном 5, 28 бет
  33. Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы, Алматы, — 1997 жыл
  34. Қазақстан сәндік қолданбалы өнеріне бейімдейтін еңбекке үйрету бағдарламасының жобасы, — Бастауыш мектеп, 1991, ном 12, 10 бет
  35. Дүйсенбаев К.А. Пути решения проблемы подготовки учителя труда для малокомлектной школы., Шымкент, 1996, стр.33.