АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Теріден көркем бұйым жасау технологиясы және оқыту әдістемесі

МАЗМҰНЫ

 

                                                                                                                  беттер       

             КІРІСПЕ.                                                                                                                            1

                 Диплом жұмысын зерттеудің негізгі бағыт-бағдары                                 3                                                                                                                                       

  1. КӘСІПТІК  БІЛІМГЕ ОҚЫТУДЫҢ  ӘДІСТЕМЕСІ

    1.1     Кәсіптік оқытудың  мақсаты мен  міндеттері   ——————————   5

  • Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары ———————   6
  • Оқушыларды кәсіпке оқыту әдістемесі ———————————— 10

1.4     Ою-өрнектің қазақ қолөнеріндегі маңызы ———————————  13

 

 

  1. ЖОБАЛАУ ОБЪЕКТІСІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ

2.1     Шығармашылық негіздерді талдау.   ——————————————   28

2.2     Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері  ——————————— 32         

2.3      Көркемдік  безендіру туралы негізгі мағлұматтар — ———————-35

2.4      Мал терілерін өңдеудің дәстүрлі әдіс-тәсілдерінің технологиялары мен

           теріден бұйым жасауға қойылатын талаптар ——————————— 36

2.4.1   Негіздеу және материалдарды таңдау. Қайыстарды даярлау,қайыс өру

             өнері ———————————————————————————  39

2.4.2   Былғары өңдеу технологиясы     ————————————————  42

2.4.3   «Ұлттық мемлекеттік нышаны» моделінің модификациясын

            Құрастыру ————————————————————————— 49

2.4.4   Конфекциондық карта————————————————————-50

 

  1. ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІН ЖӘНЕ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ТАҢДАУ
    • Қондырғыны таңдау және сипаттау ——————————————-

3.2      ҚОРЫТЫНДЫ  ————————————————————————————-51

 Қолданылған әдебиеттер тізімі  ————————————————52

 Қосымшалар      ——————————————————————53-63б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

        Қазақстан Республикасының 2005-2010ж білім беруді жетілдірудің Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, кәсіптік оқыту мен политехникалық білім беруге көп көңіл бөлініп  жатқаны жайлы баяндалған.

Жас ұрпақты тәрбиелеудегі,олардың қоғамдық танымының дұрыс қалып-тасуына талғымдық педагогикалық тәрбиенің мәні аса зор. Олардың қоршаған ортасын сыйлауына, адамдарға мейіріммен қарауына, адамгершілік қасиеттерді бойларына жинақтауына үлкен тәрбие береді. Туған елімізде жүзеге асырылып жатқан игілікті іс-шаралардың басты ұстанымдарының бірі жаңа заманның болашақ жастарын ұлттық негізде,қадір қасиетін түсінген бабалар мұрасына ыждағаттықпен қарап саналы ұрпақ негізінде тәрбиелеу басты жоба,өзекті мәселе ретінде қаралуда. [1]

 Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік даму жолы,бабалар салған даңғыл жол арқылы өрбіп,өрістеуде және де жаңаша айшықтарға толы. Осындай даму жолында әр ұлт өзінің тарихын,тағылымын,өнер,білім мен әдебиетін бір сөзбен айтсақ мәдениеттің рухани және материалдық жетістіктерін зерделеп,дәстүрлеуде, Бұл жерде өнердің алатын орны айрықша. Себебі,біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың ,өнер әлемінде ғасырлар бойы жинаған асыл қазыналарын жоғалтпай оны  одан әрі заманға сай құндылықтармен толтыруға міндеттіміз.          

 Еліміздің орта мектептерінде оқушыларға іргелі негізгі ғылымдарды оқытумен қатар, еңбек технологияларын,  политехникалық дайындықтарын арттырып, еңбекке баулу арқылы тәрбиелеу жоспарланған.  Алғашқы кәсіптік даярлық пен кәсіпке бейімдеу арқылы олардың еңбекке көзқарастарын арттыру мен келешек жастарды кәсіптік мамандықтармен қамту қазіргі кездің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр Кәсіпке оқытудың әдіс-тәсілдері, техникалық бөлімі оқытылған барлық пәндер арқылы қалыптасып , кәсіптік біліктілігі , жұмыстың әдіс-тәсілдері, машықтану практикалық, техникалық шығармашылық сабақтары кезінде меңгереді. Қазіргі кезде мектептерде                                                       

ұлттық этнопедагогикалық тәрбие жүйесінің  негізі    де осындай ата-баба дәстүрілері мен қолөнеріне негізделгенін, тәрбиенің негізгі көзіне көңіл бөлініуі, оқушылар мен жастарға ұлттық салт-сананы қалыптастырып, шеберлік пен біліктіліктің қайнар көзіне айналуда. [1]

         Менің орындаған көркем бұйымым:«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің    20 жылдығына арналған: әр түрлі материалдармен орындалған:«Ұлттық мемле-кеттік нышандық композиция» Теріден көркем бұйым жасау технологиясы және оқыту әдістемесі »тақырыбында. 

Алға қойған негізгі мақсатым: «Тері өңдеу мен көркем бұйым жасаудың дәстүрлі технологиясын зерттеп одан бұйым жасауды меңгеру» Бұл бұйымды жобалап жасау барысында тері өңдеу мен бұйым жасау технологиясынан  білімімді арттырып және оны өңдеудің  жұмыс тәсілдерін машықтандым. Былғары және тері өңдеу технологиясының дәстүрлі және қазіргі әдістерімен танысып,көркем бұйым жасауға машықтандым, жұмыс тәсілдерін, техника-лық қауіпсіздік шараларымен толық таныстым. Шығармашылық жұмысым алдында жоспарланған реттілікпен орындалды, және оның сапалы болуына көп көңіл бөлінді. Келешекте алған білімімді, шеберлігім-ді жетілдіріп, келешек жастарға үйретемін деген ойдамын.     

    Ұлттық үлгідегі теріден жасалған бұйым: ізденіспен жобаланып,алдыма қойған мақсатыма жетуге ниеттендім. Теріден бұйым жасауда алғашқы жасалған  болғандықтан біршама қиындықтар кездесті.

       Жалпы адамзат дамуы қол еңбегінен басталып, бүгінгі еңбек жетістіктеріне жеткен техникалық прогресстің дамуы, адамзат қиялы мен жасалатын еңбегінің шегі жоқ екенін дәлелдейді. Халық шеберлері ұлттық бұйым жасаудың технологияларын жетілдіре отырып, жасаған бұйым сапасын,көркемдік эстетикалық әсер беруін басты назарда ұстады.

   Мектепте технология пәнін оқыту бағдарламасында тері өңдеу технологиясы енгізілген Аңдар мен малдардың терісін өңдеу дәстүрі қазақтарда ертеден қалыптасқан. Тері өңдеу технологиясы өте күрделі жұмыстардың бірі сондық-тан мектеп оқушыларына тек өңдеу және бұйым жасау технологияларын теория жүзінде таныстырып,эстетикалық танымдық көзқарастарын артыру көзделген.

 Бұл дипломдық жұмысты орындау барысында  практикалық іскерлік қалыптастырып,былғары мен тері өңдеудің біршама әдіс-тәсілдерін үйрендім. Келешекте мектеп шеберханасында оқушылармен жұмыс атқаруға көп тәжірибе жинақтадым.

     Диплом жұмысын зерттеудің негізгі бағыт-бағдары

            Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Жұмыс  көкейтестілігі сәндік көркем өнерде оқушылардың рухани эстетикалық дүние танымдылық көзқарасын қалыптастыруында ұлттық көркем бұйым  жасаудың алатын орны  ерекше. Оқушыларға көркемдік-эстетикалық  гуманитарлық  тәрбие  беруде сәндік қолданбалы   өнері жанрларының бірі ұлттық бұйым жасау қазіргі жаңа  дәуір талаптарына сай жоғары мәнге ие болып отыр.Ал ұлттық көркем бұйымдардың,оқушылардың эстетикалық қабылдаушылығы мен, көркем  образдық  ойлау  жүйесінің артуына,   дизайндық ерекше шешімін көрсете білуге және ұлтық бұйымның жасалу жолдарын,құрылымын мен қолданыс аясын зерттеуді үйретеді.

   Тақырыптың мақсаты:«Тері өңдеу және бұйым жасау технологиясы   бойынша теориялық және практикалық білім мен іскерлік қалыптастыру, ұлттық нақышта жасалған көркем дизайндық бұйым жасау»

         Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанасы. Қазіргі Қазақстан Республикасы  түбегейлі  жаңа  бағытта өркендеуі кезеңіндегі жасөспірімдерді көркем-эстетикалық тәрбиелеу  мен оқыту методикасы күн  тәртібіне үлкен  мақсат-міндеттер  жүктейді.

        Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні     «технология пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері мен тәрбиелік мәні, еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы »

Зерттеу объектісі: Ұлттық көркем бұйымды жобалап жасау барысында ағаш пен тері өңдеу туралы  білімімді арттыру және оны өңдеудің барлық жұмыс тәсілдерін меңгеру. Ағаш жону станоктары мен электр аспаптармен,құралдармен жұмыс жасап, олардың құрылысын, жұмыс тәсілдерін, техникалық қауіпсіздік шараларымен толық таныстым. Шығармашылық жұмысым алдында жоспарланған реттілікпен орындалды, және оның сапалы болуына көп көңіл бөлінді. Келешекте алған білімімді, шеберлігімді жетілдіріп, келешек жастарға үйретемін деген ойдамын.

          Дипломдық жұмыстың  зерттеу пәнінің мақсаты.     Шығармашылық  жұмыста  өзіндік  техникада,  композициялық    шешімде жұмыс орындау мектеп практикасында кең қолданыс табады деп есептейміз. Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдары педагогикалық практика кезінде қолданылып тексерілген жұмыстың әдістемелік  негіздері:       Жалпы адамзат дамуы қол еңбегінен басталып, бүгінгі еңбек жетістіктеріне жеткен техникалық прогресстің дамуы, адамзат қиялы мен жасалатын еңбегінің шегі жоқ екенін дәлелдейді. Халық шеберлері ұлттық бұйым жасаудың технологияларын жетілдіре отырып, жасаған бұйым сапасын,көркемдік эстетикалық әсер беруін басты назарда ұстады.

 

         Дипломдық жұмыстың  зерттеу пәнінің міндеттері. Оқушыларға көркем өнердің  құралдарын  жүйелі  меңгерту  арқылы айналадағы өмір шындығына эстетикалық  көзқарасты  қалыптастыру;Көркем мәдениет пен оның қоғам өмірінде алатын орны туралы  түсінікті  дамыту;Оқушылардың бойында  халықтың  дәстүрлі  өнерін,  тарихын,  ескерт-кіштерін эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын  жүйелі  білім, шығармашылық  икемділігі  мен  дағдыны  қалыптастыру;Өмір шындығы көріністерін, табиғаттағы, және  өнердегі  оның сезімдік әсерін  балалардың  көре, сезіне  білуін,  іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын  елестету  қабілетін  жүйелі  түрде  дамыту; технологиялыұ еңбек сабақтары  барысында  дамып,  қалыптасқан  көркемдік дағдылардың икемділіктерін тұрмыс  жағдайда,  еңбек процесінде қоғамдық қызметте пайдалана  білуге  баулу;

       Дипломдық жұмыстың  зерттеу әдіснамасы.

      Бұл дипломдық жұмысты орындау барысында  практикалық іскерлік қалыптастырып, станоктар мен электр аспаптармен, әртүрлі құралдармен жұмыс тәсілдерін меңгердім. Келешекте мектеп шеберханасында оқушылармен жұмыс атқаруға көп тәжірибе жинақтадым.  

        Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік даму жолы өрістеуде және де жаңаша айшықтарға толы.Осындай даму жолында әр ұлт өзінің тарихын,тағылымын,өнер,білім мен әдебиетін бір сөзбен айтсақ мәдениеттің рухани және материалдық жетістіктерін зерделеп,дәстүрлеуде, Бұл жерде өнердің алатын орны айрықша. Себебі,біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың ,өнер әлемінде ғасырлар бойы жинаған асыл қазыналарын жоғалтпай оны  одан әрі заманға сай құндылықтармен толтыруға міндеттіміз.

 Дипломдық жұмыстың  ғылыми әдіс – тәсілі.

       Әрбір сабақтағы оқыту мен тәрбие процесінің  тығыз  бірлігі ұлттық көркем өнерге оқытудың да негізі болып табылады. Технологиялық қолөнері сабақтарында  оқушылардың  практикалық  білімі  мен  көркемділігін ұштастыра  білу,  олардың  өмір  шындығы  мен  өнердегі  сұлулықты байқағыштығын, шығармашылық ынтасын, оған деген қызығушылықтарын  арттырады.Қолөнер түрлерінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы,оларды белсенді еңбек етуге үйрете отырып, шығармашылықпен  жұмыс жасауға   баулиды. Өнеркәсіпте  жасалған  түрлі  бұйым-заттарға эстетикалық  білім тұрғысынан  қарауға  және  тарихы – мәдени  ескерткіштерді,  табиғат сұлулығын  қорғай  білуге  баулиды.

      Дипломдық жұмыстың  ғылыми жобасы.  Көп  жағдайда оқушыладың  заңдылықтарға, салу  жолдарын  еліктеп,  творчествалық  орындау  тәсілдерін  естен  шығарып  алады. Ал бұл  жағдайда  олардың  творчествалық  мүмкіндіктерін  ұтымды  пайдалану үшін салынатын  обьектіні  қабылдауда  және  бейнелеуде  оның  қасиеттерін, құрылысын  үстіртін  еске  алып, негізгі  мәселені  заттардың  әсемдігіне, көркемдігіне  олардың  сезімді  оятатын  әсерлігіне  бейімделген  жөн. Оқушылардың  осындай  творчествалық  қабілеттерін дамытуда композициялық салу жолдарын үйретіп, бейне  образын, эмоциялық  сезімді  көрсету – негізгі басты  мәселе  екендігі  дәлелді  түрде  сипаттау  мұғалімнің  творчествалық  ізденісін  талап етеді.          

       Дипломдық жұмыстың  ғылыми және шығармашылық жаңалығы.

   Келешекте орта мектептер 12-жылдық білім беруге көшуіне байланысты,ауыл мектептерінде технологиялық еңбекке оқытуда дәстүрлі көркем өнер түрлерін

пайдалану арқылы, жас жеткіншектерді қазақтың ұлттық өнері арқылы еңбекке баулып тәрбиелеу.   Ұлттық елдігіміз бен өнерімізді насихаттау.     

                                                           

 

 

 

                   І. КӘСІПТІК БІЛІМГЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ                        

             1.1  Кәсіптік оқытудың  мақсаты мен міндеттері

 

     «   Кәсіптік  оқыту   » білімгерлерінің  біліктілігі мен  шығармашылығын  арттыруда  оқу барысында теориялық және практикалық жұмыстарды жете  меңгерумен қатар техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық-ізденіс, білімгерлердің ғылыми-ізденіс жұмыстары, педагогикалық өндірістік практикалар,кәсібі бойынша атқарылатын модульдік тапсырмалар т.б олардың кәсіпті терең меңгеруіне,политехникалық ой-өрісін өсіруге, педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеруіне және білім мен білікті арттыруға көп ықпал етеді. Кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыруда өтілетін сабақтардың  жоғары деңгейде болуына қандай деректер әсер ететінін айтар болсақ: оларға оқылатын пәннің теориялық негіздерін жетік білуі, тарихы мен технология- лық өңдеу тәсілдерін, орындалатын жұмыс этаптары мен кезектілігін,оқу құралдары мен станок-жабдықтардың құрылысы мен басқаруын,сызба-графикалық жұмыстармен,анықтама материалдармен жұмыс атқара алуы, еңбек мәдениеттілігі мен сүйіспеншілігі, еңбек қауіпсіздігі жатады.

       «Кәсіптік оқыту»  білімгерлері болашақ кәсіби мұғалімдер, олар мектеп оқушылары мен жастарды еңбекке,кәсіпке даярлауға тікелей қатысады.   

Сонымен қатар кәсіпке оқыту,технологиялық еңбекке оқыту,сабақтан тыс үйірме ұйымдастыру,ұлттық көркем бұйымдар жасатып,тәрбиелеу, техникалық шығармашылыққа ,техникалық мамандықтарға баулып, қызықтыру т.б көптеген  оқу іс-шараларын өткізуді жоспарлау.    Қазір заман талабына сай  халық тұтынатын тауарларды өндірумен қызмет көрсету саласын дамытудың комплексті бағдарламасында ұлттық бұйым түрлерін, мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарларына көпшілік қолданатын басқа тауарларды жан-жақты сұранысын мейлінше толық қамтамасыз ету қарастырылған. Соған орай   халықтың талғамы да артып, белгіленген бұйымдардың сапасын едәуір жақсартуды, көркемдік және эстетикалық  талғамға сай орындау қажеттілігі                                       

туындауда.                                                             

Келешекте кәсіби мұғалімдерді даярлауда технологиялық еңбекті жетік меңгерген,оқушылардың технологиялық шығармашылығын жүргізе алатын, психология-педагогикалық әдістерді білетін,жаңа технология мен ғылыми-техникалық жетістіктерден хабары бар қазіргі талапқа сай мұғалімдер жетіспеушілігінен, технологиялық пәндерге оқыту деңгейі төмен болып отыр.        Жоғары  деңгейдегі білікті маман даярлауда оқытудың барлық жетістіктерін пайдалана отырып теориялық және практикалық сабақтарда білімгерлердің білімі мен біліктілігін арттыратын комплексті оқу жүйесін жетілдіру арқылы техникалық,конструкциялық,шығармашылық жұмыстар жасауда дамып отырады. [2]

      Педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдері, сабақ өтуге қажет әдістеме- көрнекіліктер,политехникалық білім,шеберлік өтілетін барлық пәндер арқылы қалыптасады  да практикалық, техникалық шығармашылық жұмыстарында іске машықтану мен кәсіптік дағды калыптасады.    

       Кәсіптік ұлттық қолөнер еңбегіне оқыту мақсатында «Әке көрген оқ жонар,    шеше көрген тон пішер» ұлағат сөзді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасып келе жатқан «әке кәсібі-ата дәстүрі », «аналар кәсібі- әжелер өсиеті»-деп бөлініп келген.

        Қыздар мен ұлдарды кәсіпке  тәрбиелеп оқытуда, өздеріне лайықты маман

 иесі болуына бағыт-бағдар береді. Мектептерде  еңбек технологиясы пәнін оқыту ер балалар мен қыздар топтарына бөліп оқыту қарастырылған. Ата мен ана дәстүрінен нәр алып өсіп, тәлім-тәрбие көрген, еңбекке шынығып өскен баладан келешекте қоғамға пайдалы азамат өсіп шығатыны мәлім.

    Кәсіпке оқыту шараларының жетік ұлттық бағдарламаларын мен әдістемелік-оқулықтарын,оқытудың жаңаша технологияларын пайдаланумен қатар, этно-педагогикалық оқыту тәсілдері арқылы оқыту тиімділігін арттыру жолдарын қазіргі кезден бастауыш сыныптардан бастап қолға алуды қарастыру

          Ұлттық салт-дәстүрде, этнопедагогикалық тәрбиені көріп өскен ұл-қыздар-

дың бойынан ақылы мен зердесі, өнері мен шеберлігі, қайрат қаруы,техникалық                                                            

жетістіктерге жетуі сияқты қасиеттері қалыптасып, өз елін құрметтеп өсуіне

апаратын негізгі жолдардың бірі. Жоғарыда айтылған жайттарды корыта айтсақ еңбек әрбір адамның маман болып қалыптасуына,мағыналы өмір сүруіне  көп әсер ететінін байқаймыз.   

 

        1.2.Кәсіби оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары

 

Қазіргі күні қоғамның дамуымен қатар, технологиялық прогресстің дамуы техника мен техникалық шығармашылық, көркемдік шығармашылыққа көп көңіл бөлініп соған сәйкес мамандар даярлау қолға алынуда. Жастарды ИТ мамандықтарына бағдарлау, оқыту мәселесі айтылуда, сондықтан алдымен сол мамандарды дұрыс оқытатын педогог мұғалімдер даярлау қажеттілігі туындай-ды. Жеке тұлғаның мінездемесінен «Оның нені жасайтынын емес, оны қалай жасайтынын» көруге болатын жайлы белгілі ғалымдар айтқан екен.

Ғылыми-  техникалық прогресс қоғамдық сипат алған қазіргі кезеңде, оны  оқыту мен жетілдіру,техникалық шығармашылықты,оқушыларды бағдарлау нәтижелі жүргізу керек.Техникалық мектептер мен коледждер ашылып, техни-калық мамандықтарға көп көңіл бөлінсе, онда политехникалық білім мен техникалық шығармашылық қарқынды алға жылжитын болады..

 Қаралған біліктілікті жетілдіру мақсаттары мен сұрақтар бағдарламада қарастырылған  мазмұнда лекциялық  негізін құрастырып, лабороториялық практикалық жұмыстар арқылы біліктілік, әдіс-тәсілдерін қалыптастырып политехникалық, шығармашылықтары мен техникалық шығармашылық айналысуын арттыра отырып, олардың педогогикалық іскерліктерін жетілдіру-ді көздеп отыру керек.   [2]

Педагогикада техникалық машықтануға жетілдірудің жолдары айтылған. Оның негізгі дәйектері: оқушыларды  жас кезінен техникалық шығармашылықпен айналысуы мен еңбек технологиясына машықтану.

  • политехникалық білімнің теориялық біліктілігі.техникалық құжаттар мен                                                    

    сызба-графикалық, анықтамалар дұрыс жұмыс жасай білуге.

  • станоктар мен құрал-жабдықтарды қолдана біліп, жұмыс тәсілдерін меңгеру.
  • сызба бойынша техникалық бөлшек жасай білу мен оларды құрастыра біліп, техникалық моделдер жасай білуге.
  • материал таңдау, материалдар технологиясы мен жұмыс операция-ларын жете меңгеруге.
  • технологиялық еңбек пен технологиялық шығарамшылық, сабақтан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастыра білуге, оларға оқу программаларын құрастыра білуге.
  • сабаққа қажет құралдар, көмекші аспаптар мен қарапайым техникалық құрастырмалар жасауға.
  • техникалық жетістіктердің қазіргі кездегі дамуын, бұрынғы және қазіргі техникалық жетістіктердің ерекшеліктері, техникалық шығармашылық жетілдірудің перспективасы.
  • еңбектену мәдениеттілігі мен техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау мен нормалық талаптар.
  • оқушылардың іздену-конструкциялық істерінің негізгі әдістерін, моделді-техникалық  әдістерін және оқу-өндірістік техникалық  эксперимент-терін игеру.
  • оқушылармен топтық және жеке практикалық, тәрбиелік үйірме сабақтарды өткізе білуге.
  • жалпы техникалық іс шаралар ұйымдастырып өткізуге, көрмелер мен, техникалық жұмыстарды жарыстарда насихаттау,онымен айналысуын қарастыру.      Оқушылардың негізгі еңбегі – оқу.

Қазіргі кезде мектептерде кәсіптік білімді қандай жолмен оқыту керектігі жайлы айтылып , жаңаша оқыту технологиялары енгізілуде. Оқытудың тиімді әдістерін қолданып  нәтижесінде білімгер білім мен кәсіби білікке машық- танғанын тексеріп көруге болады. Көптеген орта мектептерде өкінішке орай                                                                    

репродуктивтік оқыту тәсілі көп қолданылады. Бұл оқытушының, оқушыларға ауызша хабарлау арқылы  берілетін оқу үрдісі. Сөзбе-сөз түсіндіру мен  іс-тәжірибе арқылы оқытудың  айырмашылығы өте үлкен. Репродуктивті оқыту оқушыларды жалықтырады сондықтан оны сабақтың  басынан-аяғына дейін қолдану тиімсіз. Оқытушы дайын хабарды жеткізуші аппарат сияқты болып шығады да, оқушылар пассивті еске алу қабылдағыштай күйде болады. Бұлай оқытылған білім практика жүзінде қолданылмай,ешқандай кәсіби білік қалыптаспай қалады. Білімгерлерді көзбен көріп, қолмен жасау арқылы оқытылған сабақтарға қызығушылықтары артып, одан жақсы білім мен білік қалыптастырады,сондықтан кәсіпке оқытуда іс- тәжірибелік,практикалық, шығармашылық,үйірмелік сабақтардың тиімділігі көп болады.Кәсіби еңбекке оқытуда ауызша түсіндіруді қолданылмайды деуге болмайды мысалы: техникалық эксперименттерді,станок-жабдықтар құрылысы,техникалық-графикалық есептер,кинематикалық схемалар, технологиялық жобалар,тех қауіпсіздік ережелерді түсіндіру керек екенін ұмытпау керек.Техникалық  кәсіптік оқытуда  техникалық шығармашылықпен айналысатын жеке тұлғаны тәрбиелеп оқытуда,сабақ кезінде жасалған еңбектің нәтижелі өнімділігіне көңіл бөліп,жасаған тапсырмалары бойынша қортындылануы тиіс. Сана сезімі жетіліп өскен шағынан-ақ, қазақ өзінің жас ұрпағын еңбек пен өнерге баулыған. Жастайынан еңбек пен өнерге үйренбей, бойына қалыптаспай күткендей іскер,шебер шықпайтыны ескерілген.Демек, ұлттық уызынан нәр алған, ұлттық тәрбие бесігінде тербетіліп өскен, өнер мен еңбекке шыңдалған, тілі,діні таза, тәні шымыр жеткіншектерден көп үміт күткені белгілі.

   Қазіргі кезде мектептерде ұлттық этно-педагогикалық тәрбие жүйесінің  негізі де осындай ата-баба дәстүрілері мен қолөнеріне негізделгенін, тәрбиенің

негізгі көзіне көңіл бөлініуі, оқушылар мен жастарға ұлттық салт-сананы қалыптастырып, шеберлік пен біліктіліктің қайнар көзіне айналуда.

Жалпы адамзат дамуы қол еңбегінен басталып, бүгінгі еңбек жетістіктеріне жеткен техникалық прогресстің дамуы, адамзат қиялы мен жасалатын еңбегінің

шегі жоқ екенін дәлелдейді.                                                          

Сондықтан әрбір жас жеткіншек қазіргі ғылыми техника мен технологияны жетік меңгеріп, отанымыздың қарыштап дамуына өзіндік үлес қоса алатындай дәрежеге жеткізу міндеттері мұғалімдер-ге жүктеледі. Кәсіпке оқыту шараларының жетік ұлттық бағдарламаларын мен әдістемелік-оқулықтарын,оқытудың жаңаша технологияларын пайдаланумен қатар, этно-педагогикалық оқыту тәсілдері арқылы оқыту тиімділігін арттыру жолдарын қазіргі кезден бастауыш сыныптардан бастап қолға алуды қарастыру тиімді болар еді..

    Ұлттық салт-дәстүрде, этнопедагогикалық тәрбиені көріп өскен ұл-қыздар-

дың бойынан ақылы мен зердесі, өнері мен шеберлігі, қайрат қаруы,техника-лық жетістіктерге жетуі сияқты қасиеттері қалыптасып, өз елін құрметтеп өсуіне апаратын негізгі жолдардың бірі. Жоғарыда айтылған жайттарды корыта айтсақ

еңбек әрбір адамның маман болып қалыптасуына,мағыналы өмір сүруіне  көп әсер ететінін байқаймыз.

   Өнер мен еңбек – егіз, оның бір – бірінсіз дамып жоғары деңгейге көтерілуі мүмкін емес. Сондықтан оқушыларды мектеп қабырғасынан-ақ білім мен ғылымға, өнер мен еңбекке баулып тәрбиелеудің үлкен мәні бар. Этнопедагогикалық тәрбиенің алға қойған мақсаттарының бір саласы ұлттық өнер мен салт – дәстүр арқылы тәрбиелеп оның санасына өзінің халқын сүюге, дәстүрі мен өнерін сіңіруге негізделген. Өнер мен еңбекке үйретуші оқытушының кәсіптік шеберлігі мен жаңа технологияларды меңгеруі, өзінің оқушы шәкірттерінің шеберлігін, білік – дағдысын, политехникалық ойын, еңбекке қызығушылығын арттырып белгілі бір мамандық таңдауға ықпалын жасап, бағыт – бағдар береді.  Жаңаша білім беруде кәсіптік білім пәндерінің

мұғалімдері теориялық және практикалық  білімді жетік меңгерген, шебер әрі іскер, озық технологиялар мен ақпараттық технологияларды меңгерген, оқушы жастармен тіл тауып жұмыс жасай алатын, жаңа педагогикалық әдіс – тәсілді                                                            

 меңгерген саналы маман болуы қажет. Жас мамандар өзінің шәкірттерін өнер мен еңбекке баулу, еңбек арқылы тәрбие жүргізу, үйірме жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білуге қалыптасуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.3.  Оқушыларды кәсіпке оқыту әдістері

    Мектептерде технология сабағы мен үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.

    Орта мектептерде оқушыларды технологиялық еңбекке баулу, кәсіптік мамандықтарға  оқытып бағыт-бағдар беру өзекті мәселе және күрделі іс.  

    Оқушыларды еңбекке және кәсіпке оқыту әдістері мына талаптарды көздейді:

  • оқушыларды еңбек арқылы тәрбиелеу, ақыл-ойын өсіру.
  • табиғи және конструкциялық материалдармен жете танысып,оларды өңдеу тәсілдерін меңгеру.
  • еңбек сүйгіштікке, еңбек талаптары мен ережелеріне,техникалық қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын дұрыс орындауға үйрету.
  • ұқыптылыққа,өнімді еңбекке, дайындама материалдарын үнемді пайдалану мен оларды таңдай білуге.
  • ұлттық өнер туындылары арқылы ,өзіміздің ұлттық өнерді бойларына сіңіру, олардың жасалу технологиясын таныстыру және насихаттау.
  • оқу үрдісінде пайдаланатын оқу жабдықтары мен станок-құрылғыларды жетік меңгеруін, оларды қолдану тәсілдерін меңгеру.

     Мектеп оқушыларының сабақтан тыс бос уақыттарын дұрыс пайдалануды

қоғам мен жеке басына пайдалы істермен шұғылдануына,әртүрлі кәсіптер бойынша шеберліктерін шыңдауда,еңбекке баулып  олардың қызығушылығын арттыруға,кәсіпке икемделуіне үйірме жұмыстарының көп әсері болады.

     Оқушыларға өмірлік тәрбиелік әсері мен еңбек жолын таңдауына бағыт-бағдар береді,жеке бас еңбегі мен ұйымшылдық еңбекке, шығармашылық ойларын  шыңдауға ықпал етеді. Орта мектеп пен кәсіптік мектептердің оқу- тәрбиелік бағдарламасына кіргізіліп ,алдына мақсат міндет қойылады.

    Үйірме жұмыстары оқу үрдісіндегі негізгі оқылатын пәндер бойынша                                                              

   туындайды. Еңбекке баулуда оқушылардың сыныптан тыс үйірме жұмыс-тарын мына  төмендегідей топтарға бөлуге болады:

 —   дайындық техникалық үйірмелер,

          —   пәндер бойынша ғылыми-техникалық үйірмелер,

          —   сәндік қолданбалы өнерден, ұлттық бұйымдар жасату үйірмесі,

          —   модельдер мен   макеттер жасату үйірмесі,

          —   мүсіндеу, формалау, керамика бұйымдарын жасау үйірмесі,

          —   ағаштан конструкциялық бұйым жасау үйірмесі, ағашқа ою-өрнек

               түсіріп оны  жасау үйірмесі.

          —   тоқыма тоқу өнерінен,

  • жұмсақ ойыншықтарды конструкциялап модельдеу.[3]

      Мектептерде ашылған бұл үйірмелер оқушылардың технологиялық  үрдістермен танысуына, техникалық элементтердің қолданыуын, кәсіпке бағдар алуына өзіндік септігін тигізеді. Сонымен қатар олар қатырма қағазбен, қаңвлтырмен, ағаштармен және басқа да көптеген материалдариен жұмыс жасап олардың негізгі қасиеттерін игереді. Орындалу технологиясы мен жұмыстардың жасалу  жолдарын игеріп үйренеді, қажетті құрал-жабдықтарды қолдану тәсілдеріне машықтанады. Қажетті бұйымдар мен техникаоық құрылғылар,техникалық модельдер, оқу құралдары мен көрнекіліктерді, техникалық механизмдер жасауға үйретрді.  Нәтижесінде олардың еңбекке  қызығушылығы артып,өзгенің еңбегін бағалауды, дайындаманы үнемді пайдалануды, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа,іскерлікке және еңбек мәдениетін қалыптастырады.  Бос уақыттарын дұрыс пайдаланып,сана-сезім,

ой-өрісі өыіп дамиды. Жаман қылықтардан жеритін болады. Оқушылар шығармашылық үйірме жұмыстарынан іскерлік-дағды қалыптастыруымен бірге  эстетикалық талғамдары ,көзқарастары артып отырады. Оқушы баланың

қабілетіне қарай, өзінің бейімделген қалауына сәйкес жұмыс жасауына ықпал еткен дұрыс сияқты. Әрбір бала өзінің қызыққан жұмысын ғана дұрыс және                                                            

жақсы атқара алатындығы белгілі.

Сондықтан олардан қандай үйірме жұмысын қалайтынын анықтау қажет.       [3]      

      Соңғы кезде технологиялық еңбекке баулу бағдарламаларының мазмұны конструкциялық материалдарды өңдеу бағытына көп көңіл бөлуде. Кәсіптік оқыту мен технологиялық еңбекке оқыту мен политехникалық дайындықтар-ын қамтамасыз етуде мына төмендегі жайттарды ескеру керек:

     — өндірісте , қоғамдық өмірде көп тараған мамандық салаларына   оқушыларды даярлау және бағдарлау.

  • әртүрлі мамандықтың еңбек тәсілін орындауда оқушыларға білік, шеберлік, дағды қалыптастыру.
  • өнімді еңбекке, қабілеттілікке, кәсіптік мамандықтарға қызығушылық- тарын арттыру.
  • технология пәні өтетін шеберханалар мен кабинеттерді талапқа сай жабдықтау, оқушылардың практикалық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру.
  • әрбір мамандықтың өзіне тән талаптарымен оқушыларды таныстыру, жалпы орта білім көлемінде, техникалық арнаулы біліммен,іскерлікпен, және еңбек дағдысына үйрету.

     -оқушыларды өз-ара жарыстыра отырып,еңбек сапасы мен ұқыпталыққа

     бейімдеу.   Сана сезімі жетіліп өскен шағынан-ақ, қазақ халқы өзінің жас ұрпағын еңбек пен өнерге баулыған. Жастайынан еңбек пен өнерге үйренбей, бойына қалыптаспай күткендей іскер,шебер шықпайтыны ескерілген.

      Қазіргі кезде мектептерде ұлттық этно-педагогикалық тәрбие жүйесінің  негізі де осындай ата-баба дәстүрілері мен қолөнеріне негізделгенін, тәрбиенің негізгі көзіне көңіл бөлініуі, оқушылар мен жастарға ұлттық салт-сананы

қалыптастырып, шеберлік пен біліктіліктің қайнар көзіне айналуда.

      Қыздар мен ұлдарды кәсіпке  тәрбиелеп-оқытуда, өздеріне лайықты маман

иесі болуына бағыт-бағдар береді. Мектептерде де еңбекке оқыту пәнінен қыздар мен ұлдар тобына бөліп оқыту тәжірибесі қалыптасқан,бұл ата кәсібі

мен ана кәсібінің  арасында айырмашылықтың барын көрсетеді. Ата мен ана                                                       

дәстүрінен нәр алып өсіп, тәлім-тәрбие көрген, еңбекке шынығып өске баладан келешекте қоғамға пайдалы азамат өсіп шығатыны мәлім.

      Техникалық прогресстің дамуы, адамзат қиялы мен жасалатын еңбегінің шегі жоқ екенін дәлелдейді. Сондықтан әрбір жас жеткіншек қазіргі ғылыми техника мен технологияны жетік меңгеріп, отанымыздың қарыштап дамуына өзіндік үлес қоса алатындай дәрежеге жеткізу міндеттері мұғалімдерге жүктеледі.    Жоғарыда айтылған жайттарды корыта айтсақ еңбек әрбір адамның маман болып қалыптасуына,мағыналы өмір сүруіне  көп әсер ететінін байқаймыз. Халықтар арасында еңбек туралы мақал-мәтелдер көп кездеседі, оны сабақтарда пайдаланып, мәнін ашып түсіндіруге болады.

   Біршама мақал-мәтелді мысалға алатын болсақ:

«Алтын кемер белге сән –ақылды жігіт елге сән»

«Алтын балдақ қол сәні, әшекей кесте тон сәні»

«Атадан көріп оқ жонар,анадан көріп тон пішер»

«Адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем»

«Алтын балдақ қол сәні, әшекей кесте тон сәні»

«Атыңнан айырылсаңда,ер тоқымыңнан айырылма»

«Алтын шекпен ерге жарасар,алтын кісе белге жарасар»

«Батыр адам қорқақты сүймес,шебер адам шорқақты сүймес»

«Дау қуған жау табады,өнер қуған қазына табады»

«Ерліктің бір нышаны — өнер »

«Еңбек өнер өрісі-өнер өмір жемісі»

«Ер қадірін ерлер білер,зер қадірін зергер білер»

«Ер өнерімен танылар»

«Егеуді-егеуге салма түрпісі кетер,етігі тар адамның күлкісі кетер»

«Өнегелі елден өнерлі бала туады »

«Өнер іздеген өсер, өсек іздеген өшер»

«Өнерлі адам өрге шығар,өнерсіз адам жолда қалар»

«Өнерді қызықпасаң көре алмайсың,таспаны үйренбесең өре алмайсың»

«Өнерлінің қолын ұста,өнегелінің жолын ұста»

«Өзіңде барға мас болма,өнері барға қас болма»

«Өнерлі талап өрді алар,өнерсіз талап не болар?»

«Өнерлі болу — зейнет, өнерсіз болу — бейнет»

«Өз баласына тон піше алмаған, кісі баласының киіміне күлмес»

«Өнерлінің он саусағы тең, өнерсіздің бір саусағы кем»

«Өлшеусіз шабата да тоқылмас»

«Ерінбеген өнер табар, шегіне берген соңында қалар»

 «Тоғыз қабат торқадан,тоқтышақтың терісі артық»

«Ұзын пішсең,қысқа болмас-үлгісі жоқ нұсқа болмас »

«Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ»

«Үлгісі көптің өнері көп,өнері көптің ермегі көп»

 «Еңбек етсең, емерсің», «Еңбекпенен ер көгер-жауынменен жер көгерер »,

«Еңбектің наны тәтті-жалқаудың жаны тәтті», «Таза еңбек,бәрін жеңбек»,

«Мал жұтаса да ,өнер жұтамас»

 

                1.4   Ою-өрнектің  қазақтың қолөнеріндегі маңызы

 

Қазақ халқының қолөнері ертеден дамып халық тұрмысында жиі қолданы-латын қол еңбегі арқылы орындалатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.Шын  мәнінде қазақ қолөнер  түрлерінің  әрқайсысының  талай  ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы бқрынғы дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан – ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет – ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген – қолөнер.

      Қолөнердің қазақ халықының әлеуметтік салт – тұрмысында алатын орнының қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсаң – оның ішінде қолөнерде нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниесінің ауқымын кеңейткен ою — өрнек. Сондықтан, бұл бөлімде айтайық деп отырғанымыз ою — өрнек туралы болмақ ,себебі ол өткен өмірімізбен бірге, өшпей мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан ерекше өнер.

    Ою-өрнектің  халық арасында кең шығып тарауы қолөнер, заттарының өркендеуімен тығыз байланысты және сол бұйымдарды өрнексіз елестету мүмкін болмады және қолөнерде өзіндік орын ала білді. Олардың даму үрдісінде халықтың әлеуметтік сана сезімінің, болмыс тіршілігінің жанданып, мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болады.

    Қазақтың ою — өрнегінің өркендеуіне ата – бабаларымыздың сенімдік – талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жердің қасиетті топырағы мен тоғай – тауларының құлпырған рең түрлері, шикізат байлықтары мен өсірген төрт түлік малдары да көп ықпал етті.

     Әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою — өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алады. Кілемге, киімге, сырмаққа, ыдысқа, қару – жараққа, үй – жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасады. Олай болса бүгінгі өмірімізде бірден дайын күйінде келмеген. Ою — өрнек адам баласының ақыл ойының толып – толқуының, жүрегінің лүпілінен, өзін айнала қоршаған ортаны танып – тамашалауынан туған бейнелер.  [5]

       Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.Қазақтың ұлттық ою-өрнектері өзіне тән ерекше белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді.Ұлттық ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қазақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.

    Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады.

    Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою-өрнек.

     Түзу және айқастыра тоқу тәсілдері көп қолданылады. Түркі халықтарының қолтаңбаларында өрнексіз заттың мәні жоқ. Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті қадір тұтқан. Бас киімдегі ою-өрнекке қарап, қай ұлттың ұрпағы екенін таныған, кімнің қазақ, кімнің ұйғыр, татар екенін білген. Қырғыздарда «қошқар мүйіз», «тұмар», «теке мүйіз», ұйғырларда «бадам», «шәдә», өзбектерде «пахта гүл», «бадам» деп аталады. Қазақтардың оюын сипатына қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп үш топқа бөледі.

     Қазақ шеберлері өздері жасаған ою-өрнектің атауын таба білген. Осы атауларды табиғат пен жан-жануар әлеміне тығыз байланыста алынып,олар өз тіршілігіне лайықты қолдана түскен. Әрбір тарихи кезеңде,барлық өңірлер мен тайпаларда өзіндік ою-өрнектермен ерекшеленген. Ескіден келе жатқанан мешіт күмбезі,тарихи ескерткіштер ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихын, өмір тіршілігінің сұлулығын және әсемдігін айқындап,дәстүрлі өнерлерде өзіндік нақыш тапқан.

   Қазақтың кең даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері болған. Соған карамастан, барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі — «мүйіз» тектес ою-өрнек болып саналады. Қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған. Ғалымдар зерттеуінің пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дей түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған «мүйіз» тектес ою-өрнек туралы сөз етпекпіз.    «Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің түпкі негізгі төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаула­ры ғана өзгеріп отырған. Мысалы: «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «бүғымүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «сыңарөкше», «қосалқа», «қүсқанаты», «қаз-табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, әртүрлі бұйымдарға ұтымды нақышпен пайдаланып келеді.      Қазақтың барлық оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нүсқада бейнеленген «мүйіз» элементін байқаймыз.     Халықтан шыққан шебер оюшылар ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер.    Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсақ майда ою-өрнек зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады. Қазақтың халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнер-лермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, қүлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. «Мүйіз» тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін тұспалдаудан пайда болғандықтан оны ғалымдар зооморфтық ою-өрнек қатарына қосады.Халық шеберлері жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді. Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде пайдаланылады. Әсіресе киіз үйді әшекейлеу жасау-ларының барлық түріне де салып тоқуға болады. Өрнекті әртүрлі бұйымға композициялық шешімде орналастыруда, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”, “шаршы” немесе “су” оюлары салынады. Бұл туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген мағынадағы халықтың арман – тілегі, Омыртқа – мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.

«Мүйіз»— қазақ оюының негізі және ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді елестетуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

«Қосмүйіз» симетриялық ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бүғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.  [5]

«Тоғызтөбе» ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі болып саналады. Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде «тоғыз-төбе» ою-өрнегі Айша-бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.

«Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармақ орамы одан көбірек болып келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).

«Сыңармүйіз» «қосмүйіз», «қошқармүйіз» деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шеберлер оны пайдаланған бұйымда орналастырылған «сыңармүйіз» өрнек композициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді, үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-жарақ т.б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.

«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың басының төбесі,иірілген мүйіз және тұмсық бейнесі аңғарылады.

Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.

«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төрт-бүрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).

«Сынықмүйіз« морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне үқсайды.

«Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төртбұрыш», «төртжапырақ» құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, кебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бүрыштарына салынады.

«Үшқұлақ», «Үшжапырақ» ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты, үш тармақты болып бейнеленеді. Х-Х1 ғасырда Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.

«Түйемойын« ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен түтас келеді де,»түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.

«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, түскиіздерге салы­натын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

«Айыр» ою-өрнегі «ашатұяқ», «айыртұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.

«Ботакөз» ою-өрнегі әшекейлі композицияның ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбқа үқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.

«Каңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың құрап қалған сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқұр бау т.б. тоқыма бұйымдар негізінде өрнек ретінде салынды.

«Қаpma» ою-өрнегі төрттүлік малдың дене мүшелеріне еліктеуден шыққан, және сол мүшелердің атымен аталып кеткен. Бұл өрнек түрі ағаш оюда, зергерлік бұйымдарда, кесте тігуде кездеседі. «Қарта» өрнегі жүрекке ұқсаңқырап келеді.

«Қабырға» бұл өрнекте қарама-қайшы түстер қатар алынады. Ақ не­месе сары фонда қара өрнек жүргізіледі. Бұл өрнек ағаш бетіне бедер түсіруде, кесте тігуде кездеседі және басқұрға да осы өрнектер жиі бейнеленеді.

«Омыртқа» ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әртүрлі үйлесімде түрленіп ою композициясының ортасына және жиегінде қолданады.

«Қайнар» ою-өрнегі малды өлкеде өмірге келген, оюдың түстері салкын түстер гаммасынан кұралады. Бүл ою-өрнек жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген елде пайда болған өрнек мал таңбасына ұқсайды немесе судың бір тамшысынан тұспалдайды.Қорыта айтқанда ою-өрнек – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы ою ойған адамның жүрегі жылы, жаны нәзік болады.«Қошқармүйіз» ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны. Қошқармүйіз онымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер «иірім», «шиыршық», «түйетабан», «құсмұрын» т.б.аттармен аталған.Бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық қоңыр ою-өрнектерімізді, кәзіргі жаһандық заманда аман сақтап, жастарымыздың бойына ұялата білу біздің парызымыз.    Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі  сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал.Өйткені даланы мекендеп үнемі малмен бірге көшіп-қонып жүрген елдің де, кедейшіліктің тауқыметін көп тартқан егіншілердің де сәндік құруға уақыты да, қаржысы да жете бермесе керек. Халық арасында кең тараған «сұлуынан жылуы» деген сөз де, сол көне заманнан қалған болуы мүмкін. Әйтседе, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала берген. Соңғы 15-20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың әсерімен, сол сияқты қазақша киімнен ешбір хабары жоқ, ұлттық дәстүрлерге жатпайтын жалған элементтермен көбірек айналысатын, бірақ өздерінің туындыларын кино, телевизия, театр қауымы мен концерттік ұйымдар арқылы тықпалауға мүмкіндігі бар кейбір суретші – модельерлердің орынсыз, араласуынан ұлттық киімнің пішішінде немесе тігісінде ғана емес, тіптен үкі қадауға да әр қилы өзгерістер пайда бола бастағандығын аңғаруға болады. Оның барлығын былай қойғанда біздер ғылыми мақсатқа орай немесе музей қорын толықтыру үшін ел арасынан сатып алып жүрген ең дәстүрлі киідердің өзінен де аздап та болса байқалатын түр өзгерістер көрініп жүр. Ұлттық киім – көненің көзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, мұндай жағдайларға үзілді-кесілді тыйым салған жөн. Біздің мәселенің бұл жағына баса назар аударып отырғанымыздың тағы бір себебі – уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп – білудің қиынға түсе беретіндігінде болып отыр. Дегенмен, қазақтың ұлттық киімі дәуір талғамынан өтсе де ғылыми тұрғыдан әлі де болса толық екшеле қоймаған құбылыс есебінде онан әрі зерттей түсуді қажет етеді. Ұлттық киімді зерттеп білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен оларда қазақша киімнің дәл өзі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да қазақша киімді егжей-тегжейіне дейін жете білетін ұрпақ – оны  киген және түсіне білетін соңғы адамдар ауыспай тұрғанда жоспарлы түрде кең көлемді далалық экспедициялар ұйымдастырып, әлі де болса кездесетін ұлттық киім нұсқауларын жинай беруді ел аузындағы мәліметтерді жазып алумен қатар жүргізе берген жөн.     Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар.
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген. [5]

      Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы,нәзік болады. Қошқар мүйіз – ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны. Қошқар мүйіз бен арқармүйіз оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын жері жоқ. Қошқар мүйіз оюымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік, пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес, бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер «иірім», «шиыршық», «иық», «үшкіл», «түйе табан», «қос ирек», «жұлдыз гүл» т.б. аттарымен аталады. Қолөнер шеберлері ою-өрнекті әр заттың өзіне лайықтап, жарасымын, үйлесімін, сәнін тауып жасаған. Жасаған затпен ою-өрнек бір-бірімен өте сәнді қабысып, шынайы көркемдік беріп отырған. Ою-өрнек түрлері өте нәзік түрде түскен. Жалпы ою-өрнек жасаушы шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы, әсемдігіне жеткізе білуі керек. Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар:Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.Басқа халықтардың мәдениетінен ауысқан.Уақытқа қарай бейімделу. Ертеден қазақ ою-өрнегі мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды бейнелейді:

 

  1. Мал өсіру мен аңшылық.
    2.    Жер-су,көшу-қону.
    3.    Заттардыңсыртқыбейнесі.

     Осылардың қайсысында да қошқар мүйіз оюы қолданылып араласып
отырады. Ою, сызу, бедерлеу ру, тайпалардың таңбаларында, малдың              ең-таңбасында, ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдауда орын алады. Шеберлер сүйекті ойған, ағашты иген, тасты қашаған, мүйізді балқытқан, металды өңдеген. Әсемділікті таңдай да, жасай да білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергеріміз осы ою-өрнекке бояу түрлерін пайдалануды да жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектің ең шешімін тапқан жарасымды түрі болып есептеледі. Ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Оюдың жекелеген тармақтарынан бастап үш түр, төрт түр, бес түр, алты түр, т.б. тармақтарынан әрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің ұлттық дәстүрімізде тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген. Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып көздің қарашығындай сақтау. Осы салада отыз жылдан аса уақыттан бері ұлттық ою-өрнекті дамытумен айналысып келе жатқан менің басты мақсатым – мүмкіндігінше ұлттық нақыштағы ою-өрнекті зерттей отырып, нәзік те күрделі өнердің сырын ашу, жасалу жолдары мен оны тұрмыста пайдалану реттерін өнерпаз жастарға ұсыну. Қажетіне жаратамын деген талапкерге көмектесу, ұлттық мемлекеттік деңгейдегі мәдениетімізді дамытуға үлес қосу, сол арқылы ұлтымыздың мәдени өнерін басқа елдерге насихаттау, тұрмыстық заттар шығаруды өндіріске еңгізу, оқулықтар шығару, зергерлік қолөнерді дамыту жолдарын оқырманға қарапайым тілмен түсіндіру, құзырлы орындарға ою-өрнекті дамыту туралы өз ұсыныс, пікірімді жеткізу. Ою-өрнекпен айналысқан отыз жылдан аса уақыт ішінде ешқандай ою түріне қарамай ұлттық бағыттағы басты ою түрі «қошқар мүйіз» айшығын сақтай отырып, бір жарым мыңдай үлкенді-кішілі, ірілі-уақты әр түрден ою түрлерін жасадым. Басты мақсат – қошқар мүйіз оюын дамыту, сұлу, сәнді, икемді оюлар шығару. Бұлардың ішінде алуан түрлі күрделі оюлар да, шағын оюлар топтамалары да, зергерлік бұйымдарға арналған түрлері де бар. Мақсат жасалған оюлардың жасалу ерекшелігін толық түсіндіре отырып, пайдалану жолдарын ұсыну, оюдың өндіріске енуіне ықпал жасау. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім түрлері өзгеріске ұшырады. Ұлттық киімнің бояуын, түсін өзгерткенмен түрін, пішінін өзгерту дұрыс емес. Бұл біздің қазақ ұлтына тән ерекшеліктегі ою-өрнек, кие қасиет. Осы киіммен халқымыз тарихи дәуір өткізген, досы, қасы да таныған. Ғасырдан ғасырға дамыған ою-өрнек тілінен шеберлер ойын да, көңіл күйін де, уақыт жағдайларын да жеткізе білген. Әр шебер өзі жасаған ою-өрнегінің қандай ою түріне ұқсайтынын, қандай ат лайық екендігін және ою-өрнекті қай затқа қалай пайдалану керектігін дәл де нақты білген. Әрбір күрделі оюдың өсімдік тамыры іспеттес түбі, түбірі, діңі, тамыры болады. Бұл менің өз ұғымым. Түбірінен бастап өрбіп жайылып, ерекшеленеді, бір-бірімен астасады, сәнді шеңбер жасай отырып «табақ» тектес күрделі ою құрайды. «Табақ» ою түрі – жиегіне су жүргізіп ішіне алуан түрлі ою салу. Қазақ халқының тұрмысындағы көп қолданылатын оюдың атасы қошқар мүйіз өрнектері сан алуан. Өте ұсақ түрлері зергерлік, кестелік, сүйек, мүйіз сияқты нәзік істерде қолданылса, ірі түрлері сырмақ, кілем, текемет, түскиіз, алаша, сәулет өнеріне, тұрмыстық заттарға кең қолданылады. Ою-өрнек тұрмыстық заттармен қатар құлпытастарға да салымды. Ер адамға құлпытас тұрғызылса, найза, айбалта, ұсталықпен айналысса, құрал-сайман суреттері қашалған. Ал әйелдерге құлпытас тұрғызылса, алқа, сырға сияқты күміс әшекейлер, үкілі сәукеле тағы да басқа заттар бейнеленген. [5]

Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою-өрнек үш топқа бөлінеді: 

1.Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).

2.Зооморфтық(жан-жануарлар).

3.Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз).

    Қазақ ұлттық ою-өрнек түрлерін  орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы шеберге үлкен көмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Мектеп оқушыларына ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.  Өресі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен әлемге әйгілі ел болады. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне, сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты, қазіргі бізге келіп жеткен «Құстұмсық жүзік», «Құдағи жүзік», алтынмен апталып, күміспен күптелген алқалар мен өңіржиек, өңірше, үзбелі сырға, тоқым әбзелдері мен үй мүліктерінің сирек кездесетін үлгілері кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы мұра болып табылады. бірақ мұндағы өкінішті жай, сол халық шеберлерінің көпшілігінің есімдері тарихта қалмағандығы. Бұл әрине, ертеде өз жазу-сызуы болмаған қай халықтың болса да басынан өткен жайлар. Дегенмен, сол халық ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп, сәндеп жасаған бұйымдарының әсемдігіне, шебер жасалғандығына, қазір де қарап көз тоймайды. Ал сол халық өнері шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды насихаттауда Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, археологтарының да еңбегі зор. Солардың тырнақтап жинаған асыл бұйымдары қазір республикамыздың тарихи-өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде жинақталған. Осы музейлердің бәрінде де қазақ халқының тарихы, этнографиясы, ою-өрнектері жөнінде бағалы дүниелері бар. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым-этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ қолөнерінің өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тән методологиясын зерттеу, қазірдің өзінде де күн тәртібінен түспей жүрген мәселенің бірі.           ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан-ақ басталған бірқатар жұмыстар негізінде методологиялық жағынан зерттеудегі жіберілген кемшіліктер қазақ қолөнерінің творчестволық даму мүмкіншілігін дұрыс бағаламады. Мәселен, қазақ            ою-өрнектерінің құрылысын, заңдылықтарын алаш рет байқауға ат салысқан С.М.Дудин, күнделікті сауда орындарына, фабрикаларда жасалып түсуіне байланысты қазақ өнері жақын уақыттың ішінде мүлде жойылады-мыс, қажетсіз болады-мыс деді.   Кейбір зерттеушілер мен творчество қызметкерлері қазақтың қолөнерінің идеялық маңызын көтеріп, қолөнердің ою-өрнек сияқты негізгі ұлттық қорын жоққа шығарды. Мәселен, С.МДудин, Е.Р.Шнейдер: «Қазақ ою-өрнегі иран мәдениетінің тек бір бөлігін ғана көрсетеді. Қазақ халқының ұлттық өнеріне жатпайды», — деп топшылады.     Бірақ халықтың қолөнері өзінің тарихы, теориясы мен кейбір ұйымдастыру мәселелерінің жеткілікті элементтеріне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде, социалистік қоғам кезінде де жалпы мәдени дәрежені де жоғары көрсетуге тән дамып келе жатыр.Біз жоғарыда көрсеткендей көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбилеуге қызмет етеді.
      Ерте кездегі авторлардың айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сақтар мен массағаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері әшекейленген.      Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіктер де мыстан соғылып, жүген-сулығы, ауыздығы, т.б. бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп,безендірілген»,-деп жазады. Сол дәуірдегі халық шеберлерінің қалыптасқан ою-өрнек үлгілері скифтердің мал шаруашылық мәдениеті жайында болғандықтан Алтайдағы Келес даласынан қазылып алынған заттар. Ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар және төсек-орын, киім-кешек, ыдыстар, ер-тұрман тағы басқалар әшекейленген. Кесте тігу, тоқымашылық, өру, құрақ құрау өнері, ағаш бетіне күйдіріп ою салу немесе зергерлік, керамикалық, т.б. кең түрде қолданылды. Мұндай алтыннан айрақша күрделі өрнектер салынып жасалған заттар үстем таптың пайда бола бастауын, таптық қауымның өзгере бастауын көрсетеді. Алтыннан нәзік өрнектермен істелген диадема, аңшылықты бейнелейтін көріністер, адам бейнесі, жыртқыш аңдар мен мифтік жанды заттардың өрімделген, ою-өрнектелген күрделі композициясының барлығы, сол кездің өзінде-ақ өнердегі шындық негізді салыстырып қарағанда, техникалық және көркемдік жағынан жоғары қолөнершілікке қолы әлдеқайда ерте жеткендігі байқалады. Демек, ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде сақталды.Егер бұрынғы замандарда жүген, белдік, пышақ сабы және осы сияқты заттардың кейбір бөлшектері хайуанаттардың дене бітімдерімен бейнеленетін болса, ІХ-ХІІ ғасырлардан, ислам дінінің үстемдік құрған кезеңінен бастап, тірі жәндікті бейнелеу тәсілі қолөнер кәсібі саласынан мүлде алысталып тасталды. Бәлкім заттарды әшекейлеуде бірден бір белгілі тәсілмен салынған ою-өрнектер ғана қалуы мүмкін.Халық шеберлері ою-өрнек салу тәсілін белгілі бір ізбен қалыптастыруда өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою-өрнектердің композициясына, әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп отырды. Қазақстанда моңғол шапқыншылығы (ХІІІ ғ.) салдарынан елдің мәдениеті мен өндіргіш күштің дамуы тежеліп, тұтас бір ғасыр артқа шегеріліп тасталды. Қолөнері тек дін басылары мен дәулетті адамдарға ғана қызмет етіп, жекелеген дәулеттілердің байлығын көрсетуге, семья мүшелерінің киім-кешегін әшекейлеуге бағытталды. Жоқшылықта өмір сүрген көпшілік халық өзінің күнделікті үй тұрмымысындағы заттарын әшекейлей де алмады.Тек қана ХІХ ғасыр ортасында қазақ халқының Россияға қосылуымен қазақ мәдениетінің орыс мәдениетіне қоян-қолтық араласуы, қазақ қолөнерін қайта өрлетіп, жаңа элементтермен байытты. Түрі жағынан қолөнерінің бейнелеу амалы байыды. Кестелеуге алтын, күміс түсті жіптер мен өрнектеу тәсілі еңгізілді. Күнделікті тұрмыста өндірістік бұйымдар пайда болды. Халық шығармашылығын шабыттандырып, кестелеудің әр түрлі әшекейлі әдістеріне көңіл аударыла бастады. Өнерпаз қазақ халқымыздың архитектуралық сәндік, күнделікті тұтынатын жасау жиһаздары мен алуан түрлі әшекейлі бұйым нақыштарына қарай отырып, халық шеберлерінің ою, өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне, асқан зейінділік, сезімтал творчестволық тәсілмен тамаша пайдаланғанына көзіміз жетеді. Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ, тарихына бойласақ, ел іші он саусағынан өнері тамған өнерпаз саңлақтарға кенде болағанын көреміз. Олар жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай не замандар бойы ұрпақтан-ұрпаққа      Қазақта «ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деп киімді айтатын болса, киімнің жарасты да, келуіне киім әшекейлерінің атқарар ролі жоғары болған. Ер адам киімінің негізгі әшекейі – белдік болып табылады. Киімді буынуға арнауының сыртында белдіктің ырымдық, салттық қырларына байланысты, киім әшекейінің бұл түрі де сақ, ғұн, түрік замандарындағыдай күмістеліп, тас орнатылып сәнделеді. Белдіктің қазақ арасында «кісе», «деумент», «күміс белдік», «келер белдік» деген т.б. түрлері кең тараған. Белдбеу (бел+бау+бағ – көне түрікше байлау деген сөзден туындаған) деп негізінен ұзын матадан жасалған белді таңып байлайтын киімнің құрамдас бөлігін атайды. Кісе белдікке дәндәку, пышақ қылымен және керек-жарақтар іліп тағып жүретін болған. Хан-сұлтандар жалпақ келген тас мүсіндердей бейнеленген кескіндерінен қалған тас мүсіндерде бейнеленген кескіндерден көре аламыз. Көне түркілерде әйелдер белдік тақпаса, қыпшақ дәуірінен бастап әйелдер де белдік тағатын болған. Осы тұрғыда ер адамда белдікті күш-қуаты меңзейтін символикалық мәнінің астарын байқауға болады. Ілкіде қару – жарақтың адам мәртебесін айқындайтынына байланысты қарусыз адам топ-жиынға қатыстырылмайтын болған болса, осы ретте қамшы да ер адамның жанынан тастамайтын негізгі құралының бірі болған. Қамшы да ерекше сәнделетін-ді, өйткені ол иесін пәле-жаладан сақтап, қорғайды. Ал қазақтың ұлттық киімінде киім өңірін ұстап тұратын тікелей өз қызметінен гөрі күмістеліп, тас қондырылып жасалған сәндік мақсаты көбірек, үлкенді-кішілі түйме де негізгі атрибут болып келеді. Белдік — әйелдердің барқыттан әшекейленген Қашар белбеуі. Қазақ әйелдерінің өңір әшекейлері алуан түрлі. Батыс Қазақстанның ұзатылатын қыздарына арналған әшекей бұйымдарының жиынтығы өзінің ерекше салтанаттылығы және салиқалылығымен ерекшеленеді. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі — өңіржиек. Өзара бір-біріне шашбау етіп үзбелеп бекітілген әлденеше үленді-кішілі өрнекті шытыралармен безендірілетін бұл бұйым кейде салсыз салпыншақтарымен күрделене түседі. Күміс шытыралар оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар қондырылады. Аса көп еңбек пен шеберлікті талап ететін бүршікті зерлеу тәсілі ХІХ-ғасырдың соңында кең тараған қалыптау әдісімен жиі ауыстырылады. Басқа өңір әшекейлері алқа, түйреуіштер, салпыншақтар, бойтұмарлары Батыс Қазақстанның әшекейлерінің кешеніндей басқа бұйымдар сияқты, осы тәсілдермен жасалады, оларда даралық мәнер сирек кездеседі. Қазақ әйелдерінің киім үлгілерінде киімді сан алуан өрнекті шытыралармен бедерлеу арқылы көрінетін көптеген мәдениеттерге тән ежелгі дәстүр басқалардан гөрі мол сақталған. Яғни, шытыралармен әшекейленіп камзолдар, бешпеттер және шапандар сияқты киімдердің екі өңіріне қапсырма – бастырмалар немесе ілгектер тағылған. Аса салтанатты жағдайда тағылатын әйел белдіктері ерлердікі сияқты көлемді емес. Көп жағдайда олар бстырманы шытырамен бекітілетін кездеме мата түрінде қолданады. Бұл салтанат білезіктермен, сақиналалармен және сырғалармен олықтаралады. Ол бұйымдар б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан аумағында белгілі болған полихрамдық дәстүрді жалғастырған біртектес мәнерде жасалған. Бірақ ХҮІІІ ғасыр шеберлерінің қолданатын басты шикізаты күміс болды. Қазақтар күмстің қарығыңқы реңін алтын реңмен тең көрген. Көпшілік әшекейлердің ақшыл сұрғылт өңі қазақтардың ұлттық киімдерінің түсіне үйлесіп келіп отырады. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған. Әшекейлердің тегістеу бетіне бедерлер шекіліп, ол бұйымның жоғары бөлігіне алдын ала шекіліп дайындалған пластинкалар бекітілген. Зерлеу мен бүршіктеу сияқты әшекейлеудің күрделі техникасы қалтқысыз меңгерген Батыс Қазақстандық зергер-шеберлер сірә, Қазақстандағы жеке дара құбылыс болса керек. Бұл әдістермен, әдетте, көркемдік тұрғыдан аса бағалы және қымбат әшекейлер дайындалған. Ақық (сердолик) – қазақ зергерлерінің сүйікті тасы. Ақық сөзінің өзі қазақтарда әрдайым сақтаушы түсінігін берген. Лағылдан кейінгі кең қолданылатын тастар – маржан мен көгілдір ақық. Егер жалтыратылған ақақ тасы құнды әшекейлердің дәл ортасына орнатылса, ол ұсақ моншақтар көгілдір ақықтан және маржаннан әшекейленген көп жағдайда сәндік әшекейлер киімнің негізгі композициялық түйіндерін ашып, қосалқы өң береді. Адамды залалды әсерлерден қорғайтын сиқырлы күші бар материалдар ғана ардақталып қойған жоқ. Пішіні мен өрнек әшекейлері жануарлар текті болып келетін кейбір бұйымдар да киелі саналған. Көне наным-сенімнің сарқыншағы болып табылатын бойтұмарлар мен басқа бұйымдар — салтанат киімдерінің біртұтас кешенінің эстетикалық, тұрмыстық және қорғаушылық қызметіне ие құрамдас бөлігі. Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдарды жасаудың сан алуан техникалық тәсілдерін жетік меңгерген. Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы киім үлгілері мен әшекейлерінде кейбір өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Қыздардың бас киімдері тақия мен бөрік — әр түрлі сәнді жапсырма маталармен інжу, маржанмен, күміс шытыралармен, тана мен төбесін шоқ үкі қауырсынымен әшекейлейтін болған. Оларды бұйымға қосып өрілетін маржан мен шытыра шашбаулар тағылған күміс шытыра шолпылар ажарландыра түседі. Оңтүстікте көршілерінің, әсеріне байланысты бұйымның ұшына таралған қара жібектен металл араласқан шашақ тағу дәстүрі болған. Оңтүстік Қазақстан сәукелесі, негізінен, Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстан сәукелелеріне ұқсас.  Кейде оның етегіне маржан моншақтардан торша тігіледі. Жетісу сәукелесінің екі жағына қатарластыра маржан тігілген желек бар. Бұл сән-салтанатты бас киімнің екі жағын жаңбарға ұқсас күміс бұршақтай бетмоншақ толықтырып жүр. Көз тартатын бұл дара нұсқа коллекцияның көркі десе болғандай. Оңтүстік Қазақстанның дәстүрлі өңір әшекейлерінде кестелі әшекейлер өте мол. Қыздардың мойын әшекейі тамақша – мата өрнекті кестелермен, шытыралармен сәнделген матадан тігіледі. Камзолдың және көйлектердің белі мен жағасы маржан теңгелер қадалған тізбемен және күміс шытыралармен безендіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

                      2     ЖОБАЛАУ ОБЪЕКТІСІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ

2.1  Шығармашылық негіздерді талдау

Шығармашылық дегеніміз -адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай? Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар. Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталмақпыз:

Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру арқылы баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек.

Яғни, оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма  міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.

— Шығармашылық жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;

Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмай, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыру.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі — «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екінші — өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшінші — жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу:

— оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;

     —   шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қапыптастырып отыру.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылыктарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта

және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:

  • тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
  • арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
  • логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
  • берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есептер құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін әңгіме құру);
  • әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
  • қиялдау арқылы сурет салғызу;
  • ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;
  • ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
  • мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.

Ал, сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

  • мұражайға апару;
  • әртүрлі кездесулер өткізу;
  • әртүрлі тарықыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;

—    балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану;
     Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Бала бойындағы қабілетті ашу-оқушының шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып табылады.

Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

       Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты түрлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды.

     Шылғи қайысты ұқсатудың екі жолы бар. Бірі – оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі – терінің жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері,бөстек, тұлып, қауға, шанаш,мес,дорба,шарқай т.б жасалады.Жүнін алып тасталған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып,ысқа ұсталып,құмға қатырылған саба, торсық, көнек,шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр,таспа, қайыс,қапшық, құлын,жарғақ, бота ішек,шідер, жүген, тартпа,айыл,тамақбау, құлақ бау сияқты нәрселермен қатар, былғары қлтан, опайке,шегрен,көзел, етік,мәсі, кебіс,қоржын,тоқым,ертұрман,тон,шалбар,шамадан,тақия,көпшік,белдік,кісе,

кейде тұс киіз сияқты көлемді заттарда жасалады.

     Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы ,сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, өгіз терісі,тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да,әр терінің өн бойы – жондық,қабырғалық, үйек бас тері,пұшпақ,мойын тері болып бірнеше түрге бөлінеді.  Жылқы терісін- бие терісі, жабағы, және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін – атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі және өгіз терісі олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Өрім ісіне ең жатымды қайыс – үйектер мен бауырлықтар. Ертерек кезде ірі қараны үйектеп сойған,яғни малдың бір қарыс бауыр терісін бөлек тіліп алады.

Ал бүтін терілерді тұтас бір іске арнағанда оның бас терісі мен пұшпақ терісін бөлек сойған және бас тері,пұшпақ, үйек қол ісіне көбірек жұмсалатын. Терілер

дің мұндай бөліктерін малды сойып жатқанда бөлектеп алады. Біз осы терілерді құрымға салып,ыстап ұқсату мен иленген қайыстарды ұқсатуға толығырақ тоқталайық. Өйткені қолөнерде өрнектеліп жасалатын заттарға көбінесетерінің осы соңғы екі түрі қолданады.

      Теріні ысқа әзірлегенде сыр,жылқы, серке терілерінің пышақ кескен,оқыра тескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды.

Содан кейін 2-3 күн шошаланың төбесіне жайып, не киғз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ащы құрым ның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана түседі және қара қошқыл түске енеді. Содан кейін оны сорғытып,аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға, көнекке, иықты,емізікті торсықтарға ,кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді. Де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды сыздық сал-

ып тарамыспен тіккен. 

      Тігіліп дайын болған торсықты немесе басқа бұйымды өзен судың жағасына апарып,ішіне ыстық құм толтырып,құмды келтекпен түйгілеп әбден нығыздау керек. Бұлай істелген болашаұ сабаның,торсықтығ сыртқы өрнегі қалыптасады. Құм кептелген торсықтар ыстық пен желде 4-5 күн тұрып әбден кеуіп сіріленіп қатады. Содан кейін құмын төгіп тастап,ыдыстың іші-сыртын тұздалған сары маймен немесе жылқының сүр етінің майымен майлап тағы да күн көзіне қояды. Енді май сіңген тері ыдыс ыстауға әзір тұрады.

       Ыс салу жұмысы тобылғы бүршіктенісімен жүзеге асырылады. Мал шаруа-шылығы басым көшпелі елде ыс салуға ерекше маңыз беріліп, оның өзі үлкен науқанға айналған. Ыс салушы адам теріні күйдіріп немесе өте қуратып алмайтын, ыстың біркелкі сіңуін,ыс орнының мойыны мен күркесін  жасауды жақсы білетін маман болады. Әйтпесе жүздеген мал терілері ысырап болуы мүмкін. Бұдан біз ыс салушының кәдімгідей мамандық саналғанын көреміз.

      Ыстың орнын не өзен жағасындағы жарқабақтан,не құдық маңындағы ескі апандардың шетінен дайындайды. Бұл үшін ені -40-45 см, тереңдігі 35-40 см,ұзындығы 10-15 м жыра қазылады.Мұның жар немесе апан жақтағы аузын шұқырлап оттық жасайды да, дала жақтағы аузын плитаның үстіңгі тесіктері сияқты етіп ашық қалдырады.Жыраның ен бойының екі жақ қабырғаларына кезекпе-кезек кірпіш қалтқы қалап бұрма жасайды. Сонда оттықтан шыққан тобылғының жалыны мен ыстығы ора жолдғы қалтқыларда бөгеледі де,шұңқыр

дың аузына тек жылы түтін ғана келеді.  Ал ысталған терілерді ілетін күрке шұңқырдың осы дала жақ аузына тігіледі. Ол үшін бірнеше түзу ағаштардың басын түйістіріп,іргесін жая күрке жасайды. Оның сыртын терімен,ескі құрым киіздермен  немесе жас шөппен жауып қымтап жауып қояды.

      Ысқа қойылған ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын төмен ,яғни түтінге қаратып ілінеді. Ысқа онша қурамаған бүрлі тобылғы, ши,көк пішен жаға-ды,кейде  ысқа ерекше иіс сіңіру үшін, жусан,адраспан,арша т.б шөптерді қоса жағады. Ысты әдетте бір ауылдың ақсақалы,беделді адамы салады. Өйткені ыс дұрыс салынбаса өрт шығып кетуі мүмкін.

    Ыс әбден сіңген ыдыстардың түсі қызыл күреңденіп,кепкен мейіздей болып қатып қалады. Осындай тобылғы торы торсықтар  5-6 айға дейін жібімейді де, дымданбайды да,көгермейді де, өңезденбейді де. Қажет жағдайда бес-алты айдан кейін оны тазалап кептіріп,майлап тағы да ыстайды. Ысталған ыдыстар ең алдымен қымыз, саумал бие сүттері үшін қажет.

 

  • Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері

     Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре білу,түсіне білу, жасай білу адамдардың рухани өмірін байытады,қызықты етеді,оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның  адамгершілікті тұлғалық мәнін жан–жақты дамытуға ұмты-ламыз ,сондықтан әр баланың сөзін,нәзіктігін, көркемдікті әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жамандықты, сәулеттілікті және  ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мақсат-мұраттарының  болуы керек екендігі шығады.

       Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысында зеиін салуды, күн сайын өсіруді талап ететін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес,еңбек,қоғамдық қатынастар,қоршаған орта, тәртіп,тұрмыс, әсем табиғаттың да  ықпалы көп әсер етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.

     Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатын рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылутән нәрсе. Олар әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастарылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн.  Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады. Еңбек әсемдігін  қабылдауды үйретіп,қоғамдық  іс-әрекет әсемдігіне сезімталды- ғын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді.

      Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей әрі жанама қатынасы бар. Бұлбіздің қоғамдағы  қоғамдық өндіріс, адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған- дығынан туындайды. Өндірілген тауарлар сапасының әсемдігі тұтылыну жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында  белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас болуын талап етеді. Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.

       Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды ,оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үрдісі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу. Оқушыны жан-жақты және  үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндей әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасы-ның дамуы, білімалуы, қалыптасуы құралына айналдырады.        

     Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы — өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып ,және солар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп , оның көзқарасын  қалыптастыруға  жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін айтпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке  тәрбиелеу–адамдардағы әсемдікті,еңбек мазмұны мен процесін танымай, саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мақсаттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

      Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы,өнердегі, еңбектегі,өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу.  Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармашылығын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады. Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі

—эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі,өнерде

гі әдемілікті сезу  және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап,оның сырын білуге тырыспайды,ал кейбіреулер оған онша мән бермейді,қалай болса-солай қарап, жанынан өте шығады.

       Әдемілікті сезу үшін,оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері,музыка

және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды объективтік критерилерімен  қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі.

      Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қыралығы,ықылас- тылық,қамқорлық баланың эстетикрлық дамуының негізі болады. Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру –эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті.

        Әдемілікті сүю,оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ,үндестік,,музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

     Эстетикалық танымның дамыуына көбінесе өнер үргілерін қабылдаумен,не  кейде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.

    Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі- бала- ның эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу, Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика адамдарды сүйсіндіреді.  

     Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып ,оны көріксіздіктен,ұсқынсыздықтан қорғауы қажет. Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып,оларды өздігінен ілтипатты оқырман,қайырым- ды көрермен,сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар көркемдік шығармаларды, қуыршақ театры мен ертегі, мультфильмдерді,музыканы көріп- тыңдауға өте ынталы болады.  Эстетикалық тағлымы мен түсініп көру қабілеттерін  жетілдіру,көп ізденуге үйрету,бағыт беру мұғалімдердің  басты  міндеті.  Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі,демалысы, эстетикалық бағыт- та тиімді ұйымдастырылса,ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.

     Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті-өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын  және бейімділігін дамыту. Осыған орай ,мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары- әдебиет және өнер. Олар зор идея- лық  тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер оларды зор қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды, әртүрлі құралдар арқылы енгізеді.

      Өнер мен әдебиет шындықты игерудің, танудың құралы. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.        Әдемілікті сөзде , эстетикалық көзқарастарды қалыптастаруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді,сезімін дамытады,эстетикалық

түсінігін байытады.  Адам табиғатты бақылаушы ғана емес,ол тұтынушы сұлу- лықты жасаушы шығармашылақ қызметкер. Сондықтан өзінің күшін,қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен ауылды, тұрған жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу- бұл зор эстетнкалық қамқорлық.

     Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы ,өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді.

      Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру,көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет. 

 

 

2.3 Көркемдік безендіру туралы негізгі мағлұматтар

      Оқу орындары мен мәдени- тұрмыстық мекемелерде көркемдік безендіру жұмыстары өзіндік көркемлік эстетикалық талғамға сай орындалуы әрқашан

қолға алынып ескеріліп келеді. Көркемдік безендіру жұмыстары әртүрлі мақсаттарда орындалып жүр, олар,аудиториялар мен кабинеттерді,залдар мен сахнаны, фасад пен интерьерді, көшелер мен ғимараттарды безендіру арқылы

олардың көркемдік-эстетикалық  талғамға сай болуын қарастырады. Безендіру жұмыстары көп салалы және  көптеген материалдарды пайдалану арқылы орындалады архитектуралық ғимараттардың іші-сыртын, сахна төрін, фойе мен бөлме қабырғаларын, мұражай залдарын көркемдеп безендіру үші қолданады.   Көркемдік безендіруде негізгі басшылыққа алынатындар, үйлесімділік композициясы, дизайндық ерекшеліктер, симетриялық пішіндер, фондық реңктер мен түстердің сәйкестігі, стенд жазулары мен материалдардың композициялық шешімдері, ою-өрнек пен көркемдік эстетикалық сәндікте орындалған сапалы суреттер мен макеттер, кестелер мен сызбалар, жазулар т.б

Қабырға стенділерін орындағанда қаріптік шрифт қолданылады. Оның өлшемі, пішіні , қаріп түрлері стенд өлшеміне сай орындалуы керек. Ақпаратты құрал-

дар мен компьютерлік техника  көп дамымай тұрған кезде баспа жазулары мен

қаріптік шрифттер негізінен адам шеберлігіне байланысты көп жағдайда қол жұмысы арқылы орындалатын.  Бұрынырақ плакаттар , лозунгілер,қабарға стенділері мен газеттерін орындау аса күрделі жұмыс болатын, оны суретшілер

мен безендірушілер, баспа қызметкерлері,сахна бутафоршылары үлкен еңбекпен орындайтын. Қазіргі кезде ақпараттық және компьютерлік технологиясының дамуы арқасында безендіру жұмыстары мен баспа жазу жұмыстары жеңілдеп, жоғары эстетикалық талапқа сай орындалады. 

 

    2.4 Мал терілерін өңдеудің дәстүрлі әдіс-тәсілдерінің технологиялары

                       мен теріден бұйым жасауға қойылатын талаптар.

 

         Қой- ешкі терілері.  Қой терілерін : жабағы тері, қырықпа тері,күздік тері, соғым терісі,тақыр тері, ,тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды.

 

     Жабағы тері.   Жабағы тері қой-ешкінің сәуір,мамыр айларындағы жабағы жүні қопсымаған қалың түбітті терісі. Бұдан өте жылы,күпі,тон (жабағы тон), бөстек жасайды,жидітіп жүнін алады.

 

    Қырықпа тері- жабағы жүн мен күзем жүндері қырқылғаннан кейін сойылған малдың сұйық жүнді терісі. Бұдан тон,шалбар сияқты жеңіл-желпі киім тігіледі.

    Күздік тері – қазан,қараша айларында сойылған малдың өңі қалың терілері. Бұл тон,шалбар,ішік,бөрік жасауға қолайлы.  [4]

 

    Соғым терісі жүндес,қыртысы қалың мықты терілер. Ол киім түрлерінің бәріне жарай береді.

    Тақыр тері – жүнін қырқып алысымен сойылған немесе жүнін жидітіп алған терілер. Бұдан жарғақ шалбар,тыстық, көмкерулер,қап,тұлып,дорба,дабыл сияқты заттар жасалады.

    Сеңсең – үш ай мен бес ай аралығындағы қозының қырқылмаған терісі. Бұдан көбінесе ішік,тымақ, бөрік,бөстек,көрпе жасайды.

    Елтірі – туғанына екі-үш ай  болған қозы терілері. Жүні бұйра қаракөл сияқты өте әдемі. Бұдан көбінесе ішік,тымақ, бөрік,бөстек,ноғай бөрік, деңсе,жеңұш,жаға тігіледі.

    Мари – туа салып немесе бір,екі сөтке де өлген қозы лақ терілері. Бөрік,тақия, жұрын көкрекше жасауға, әдіптеуге,киім тысын көмкеруге қолай-лы. Маридің жүні аласа,жылтыр,кейде таңдайлана өрнектеліп келеді.

   Жылбысқа – іште жатып өлген немесе туысымен өлген қозының өте жұқа терісі. Оның жүні жоққа тән. Тастыққа, астарға, әдіпке,өрнек бетіне сауға жарайды.

   Тоқтышақ терісі – сеңсеңі қырқылғанан кейін біркелкі майда жүн өскен, 4-5 айдан асқан қозы терісі. «Тоғыз қабат торқадан,тоқтышақтың терісі артық» деген мақал да бар. Ол киімнің барлық түріне жарамды ,жеңіл де жылы,жұмсақ тері.Одан тысты тон (қаптама) жасайды.

 

   Ешкі терілерін – жүндес тері, тақыр тері,түбітті тері,серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді,бөстек, тулақ, торсық,саба, қапшық жасайды.

    Мал терісін илеудің екі түрлі  әдісі бар. Оның бірі үлкен күбіге немесе шелек-ке ашытқы әзірлеп, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Екіншісі – ій жағып илеу. Ал иді қатықтан,айраннан,не езген құрттан,не құрттың сары суы-нан,кейде ашытқы көжеден,немесе ұнға тұз қосып та жасайды.

        Теріні малмамен илерде оны жібітіп шелдейді де,бір рет суық суға жуып тазартады.  Одан  кейін  күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды) Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпаған жері қайыстанып,бырысады да,кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой-ешкі терілері иде 6-9 күн,ірі қара терілері 15-20 күн жатады.Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап,ет қыртысы көшіп тұрады. Иден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп,соңынан сақар-мен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні ұйысып,білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген жақсы. [4]

       Иленіп, кептірілген теріні еттейді. Жұмыстың бұл үрдісін тері қыру дейді.

Теріні қыру үшін жұмыр ағаштың бір басын қабырғаға,не діңгекке сүйеп бір басын көлбете жерге тіріп қояды да, оның үстіне биязы шекпен,не брезент жабады. Оның үстіне ет жағын сыртына қаратып теріні салып қырады. Терінің

Еті тез көшіп түсуі үшін, ұн,не ұнтақталған бор сеуіп қырады. Қырғы шалғы орақтан немесе жүзді темірден жасалады. [3]

       Теріні ій жағып та илейді. Ол үшін иленетін заттың көлемі шағын болуы шарт. Сеңсең, елтірі,лақ елтірісі, бота терісі мен ұсақ аң терілерін ій жағып илейді.Бұларға жағылатын да жоғарыда айтылған ій. Қоян,түлкі,бұлғын,қарсақ,тиін сияқты өңі жұқа аң терілері өте тез иленеді. Оларға и жағылғанан кейін 1-2 –ақ күн тұрады. Аң терілері бітеу сойылып,оның жүнін былғамай,өңін шыңылтырландырмай илеп алады.Мұны «сабаулау» деп атайды. Мысалы,жаңа сойылған түлкі терісін теріс айналдырып,құрт пен тұз жағады да,ішіне екі сабауды сұғып кергілеп толғайды. Бұл тәсілмен ұқсатылған түлкі терісі 7-8 сағат ішінде тымақ тігуге әзір болады. Аң терісін қырғыштамайды,қалың көк еттері мен майларын қолмен алып тастайды.

      Тері бояу.   Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар. Біріншісі, теріге өң беру,ал екіншісі,теріні неғұрлым су өтпестей етіп ширықтыру. Тері ұқсатушылардың арасында ең көп тарағаны және теріні ұқсатудың тиімді тәсілі – қабыққа салып бояу. Бұған талдың,теректің,еменнің қабықтары қолайлы. Сондай-ақ жер қынасын,томар бояуды шөп түбірін,шеңгелдің,көк тікеннің бүрлерін де кеңінен

Пайдаланады. Семіз терілердің майын сорғыту үшін оған ащы аралас былжыр салып кептіріп,артынан уқалап түсіріп тастайды.Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып бүктеп тастаса да жеткілікті.

      Теріні қабыққа салып бояу үшін талдың, еменнің,қара мойылдың,кейде майқарағайдың қабықтары да жақсы. Оларды жасамалы ағаштардан күздігүні әзірлейді. Тік құрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынған қабықты ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты

жылы сумен жуып, кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол дирменмен тартады. Он бір,он екі қойдың терісін тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтақталған 4-4,5 килограмм қабықты бір жарым-екі шелек суға салып,тұзын татытып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсуіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан бояуы шықпай,қабықтар құрғап бара жатса,үстеп су құяды.  Мұның керіс-інше,кейде оның суы көбейіп, бояуы өте сұйылса,қосымша қабық ұнтағын салып қайнатады. Ал қайнауы қанып,қажетті түсі мен қоюлығы жеткен соң от жағуды тоқтатып,қабықтың ұнтағын сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу тері күйместей қанжылым болған соң теріні бояй беруге болады. Бояудың қою-сұйықтығын бірқалыпты етіп,қыл сыпыртқымен немесе кірі жоқ киіз қырда-сынмен теріге жағады.Боялған теріні бояуын бойына сіңіру үшін бір-екі сағат өңін ішіне келтіріп бүктеп қояды. Бүктеулі жатып дегдіген теріні желге,көлең-кеге, жылы үйге жайып кептіреді. Кептіргенде ол шыңылтырланып үшін теріні

тобырси бастаған соң-ақ қолмен уқалап созғылайды. [3]

      Теріні бояудың келесі түрі – томар бояу. Ашылауытқа шығатын қурай тектес жапырақтың өсімдік дәнге толған кезде басы ақ үрпектенеді. Жапырақ-тары сарғайып,қурайды, түбі қызғылт тартады. Шамамен алғанда бұл шілденің аяқ кезі. Осындай кезде қурайдың түбін қазып алып да, оны әбден жуып,жақсы- лап кептіреді. Кепкен түбірді ұнтақтап, қайнатып жоғарыда айтылған тәсілдер бойынша тері бояуға пайдаланады. Мұны томар бояу дейді. Томар бояуға тұз қоспайды. Бояу сұйық кезінде ашық сары,  қоюланғанда күрең сары тартады. Томар бояумен жүнді де,жіпті де бояйды. Сондай-ақ теріні қынамен де бояйды. Қына жазықтарда,адырларда,шөптің арасында жерге жабыса өсетін өсімдік.Бұл әсіресі тау-тасты жерлерде көп. Оны дайындау үшінкүзгі уақыт қолайлы.Қына-ны үйге әкелген соң оны шөп-шаламнан,топырақтан арылтып,сумен бір жуып тастап қайнатады. Он-он бес теріні бояу үшін екі шелек қына қайнатса жеткі-лікті. Қынаның басытқысына тұз, ашудас, немесе мүсәтір қосып,аздап май құяды. Кейде көк тікеннің ,қызыл мойылдың бастарын өнеркәсіпте шыққан бояумен араластырып, қына бояуын күрең қызыл етіп түсін ашады. Қына бояуы жүн жіптерге жақсы қонады. Осы әдіспен боялған теріден әсем киім,тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көп киім тігіледі.Бұларды өңір киімдер деп атайды. Өйткені бұл киімдер өте жылы болады.

     Қой мен ешкінің терісінен тон,шалбар, үлкен қойдың терісінен ішік, сеңсең ішік,елтірі ішік, лақ терісінен ішік,бөкебай ішік тігіледі. Қозы,лақ терілерінен

тымақ,бөрік,құлақшын тігеді. Сондай-ақ жүнін сыртына қаратып,құлын терісінен тіккен ішікті (доханы) «құлын ішік» деп ,ал жүнін ішіне қаратып бота терісінен тіккен ішікті «бота ішік» деп атайды.

       Қойдың,ешкінің ,тайлақтың пұшпақтарынан құрап тігілетін ішіктер де бар. Мұндай құрама киімдерді көбінесе балаларға арнап тігеді.Олар әрі жылы,әрі жеңіл келеді.

     Мал терісімен қатар ,аң терілеріненде түрлі бас киімдер мен ішіктер тігіледі.

Мысалы:қасқыр ішік, түлкі ішік,сусар бөрік,жанат ішік, бұлғын ішік аң терілер- інен тігіледі. Кейде мұндай киімдерді аң терісінің жонынан,тамағынан немесе пұшпағынан құрап істейді. Бұл киімдерді тамақ ішік,пұшпақ бөрік,пұшпақ ішік

деп атайды.  Аң терілерінен әр түрлі төсеніштер жасайды,оларды бөстек деп атайды.  Теріден тігілген киімдерді кестелі немесе кестесіз маталармен тыстап,әдіптейді,жаға-жеңдерін кестелеп жұрындайды немесе сыздық жүргізу арқылы әшекейлейді.

 

2.4.1 Негіздеу және материалдарды таңдау.

 Қайыстарды даярлау,қайыс өру өнері.

 

      Мал өсіруші қауымға малдың жүнінен,терісінен өндірілетін үй мүліктері мен киім-кешектер қандай қажет болса, ат саймандар – ер-тұрман ,қайыс таспалар да сондай қажет еді. Бұл мүліктердің көпшілігі ауылдарда және жайылым отарларының жағдайында әлі де ел керегіне жарап жүр.  Жүген,айыл-тұрман,құлақбау,шілія мен делбе,қамшы және қайыс бел көтермелер әлі де тұтынудан қалған жоқ. Сондықтан да біздің елімізде көптеген өнерлі қайыс ұқсату ісімен айналысатын шеберлер бар. Олардың ішінде 47 шебер өздерінің ғажайып өрім өнерлерімен жұртқа әйгілі. Қарағандылық Абылаев А,Біков Ә,

алматылық Гражданов П,ақтөбелік Көшенов К, Досалин К, ақмолалық Мейір-манов Ж,  қызылордалық Айтжанов С және тағы басқа осындай атақты шебер өнерпздар бар.

      Қазақ қолөнеріне,оның ішінде қайыс өрім өнеріне кезінде Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев,сондай-ақ академик П. Паллас та ерекше назар аударған. Кейде бір өте әдемі және берік қаланған тасты,кірпішті,өрнек- теліп соғылған мұнараларды көргенде өрілген деп бейнелеп айтуымыздың өзі өрім өнерінің ерекшелігінің дәлелі  іспеттес емес пе.

     Қайыстың сапалы болуы оның жақсы иленуі мен мейләнше жұмсақ,сынбайтын,қатпайтын болуына байланысты.  Сондықтан оларды иі қануын қадағалап,құрыс-тырыссыз жұмсақ етіп шығару сөз жоқ асқан шеберлікті талап етеді. Қайыстың бар ерекшелігін мұқият ескерген шеберлер иден шыққан қайысты балықтың, сүйектің,өсімдіктің майын жағып кептіреді.Кепкен теріні қысқыға, созғыға салып уқалайды. Бұған қажетті аспаптарды да шеберлер өздері әзірлейді. Мәселен,теріні бабына келтіру үшін әуелі созғыға салады. Созғы былай жасалады:тақтайдың үстіне биіктігі жарты метрдей екі қалың тақтайдыарасына адамның тізесі сиярлықтай етіп тігінен бекітеді де,жоғарғы басын сүйірлеп,әр жерін кертіп тіс шығарады. Содан кейін

шебер бір шетін әлгі екі тақтайдың үстіне жабады да, екі жағын мықтап басып ұстап отырып,аралығына тізесін салып нығырлап басады. Мұны иректеу дейді. Осыдан кейін талқыға салады. Талқы -дегеніміз  ішкі жағы иректелген ,қатар бекітілген екі жақтаулы ағаш станок. Оның аралығына әрең сиятын,ирек жүзді бастырық ағаш қойылады,оның бір басы жақтауға бекітіліп,бір басы бос тұрады. Теріні әбден жұмсартып уқалау үшін осы жақтаудың арасына салып, бастырықпен езгілеп басады. Теріні иіне қарай,кейде бір сағат,кейде 40-50 минут уақыт басады.   [3]

    Қысқы —  тігетін қайыстардың бір шетін ұстап тұру,бекітіп қойып тілу,өру, оюлау үшін керек аспап. Оны жуан және кепкен ағаштан жасайды. Иленген қайыстарды өңіне кіргізіп алып,керек затқа арнап таспалап тіледі де қажетіне пайдаланады. Аттың шілиясы,жүген,құйысқан,өмілдірік,жырым,қамшы сияқты әр түрлі өрме заттарды түю және өру әдісімен жасалады.

    Қайыс түюдің бірнеше өрнекті түрлері мен атаулары бар. Олар төрт таспадан түю,қалмақша түю,түйемұрындық, өткерме, тастүйін т. б  Жүген, ноқта,делбе, шілияларды осы түю әдісімен де жасайды. «Ағаштан түйме түйген»дейтін бейнелі сөз осыдан қалған. Қазақтар кейде түйме,тиек, бұршақ,бұдырларды да қайыстан,таспадан түйген. Жүгенді қайыстан ,былғарыдан тігеді,не түйеді,әшекейлейді.Соған қарай қайыс жүген,былғары жүген,түйме жүген,өрме жүген деп түр-түрге бөледі. Алғашөы екеуін тігіп, күмістеп,үзбелеп әрлейді. Соңғы екеуін түю,өру мәнерлерімен әдемілейді. Ал түйме жүгендіекі шетін ішіне бүгіп бүктеген екі-үш қайыс лентаны жарыстыра отырып,сағалдырық,кекілдік,кеңсіріктерін әр түрлі әдіспен өткермелеп түйіп шығарады. Ауыздық,сулық, шекелік темірлерде осы түйіндер арқылы жалға-сады. Өрме жүгендер таспаның санына қарай әр алуан мәнерде өріледі. Жүген өрілетін таспалардың ортасынан 20-25см алақан қайыс қалдырылады. Сол жерден ауыздық шығарып,қайысты бүктеп,таспаларды (екі жақтау ауыздық-тың екі шығырынан бастап екі бөлек өріледі) өре бастайды. Кеңсіріктік, кекілдік,сағалдырық та осы таспалармен тұтас өріледі. Жақтаушалардың желке-лік қоспасын кекілдік,кеңсіріктік, сағалдырықтардың түйіскен жерінде не өрім,не түю мәнерінің түрлерімен шашақтап,түймелеп бекітеді. Бұл әдіс шілияғ,құйысқан,өмілдірік,ноқта өрімдерінде де қолданылады.Өрімдерді жал-пақтап өріп,оның кей жерлерін жұмырлап,қырлап, қуыстап құбылтады.  

       Қолөнерінде ескіден келе жатқан әдемі де кірделі істердің бірі – таспа өру.

Оның да үш таспа ,төрт таспа,бестемше, алты таспа,бұзау тіс ,дырау,жылан бауыр,қос бұрым,сегіз қырлы егеуқұйрық,айыл жырым өрімі,қабырға,таңдай сияқты алуан түрлері бар.

       Өрімдер 3, 4, 5, 6, 7, 12, 36   таспалардан бастап, 83 кейде одан да көп таспадан өріледі. Өрім өрнектері сан алуан. Кейде құйысқан, шілиялардың үстіңгі беті төрт бұрым, алты бұрым болып,асты бір тұтас «жыланбауыр» өрнегін жасайды. Ал ішіне өзек салып, алақанын тоқыма өрімімен жалпақтап келтірген дойыр ,дырау, бұзау тіс, дембел қамшылар ұрөан жерін кесіп түсетін өткір,сабы,алақаны, айдары алтын күміс талшықтармен бұралып,бунақталып өте сәнді келеді. Осынша көп таспалы өрімдердің ұштары жай байлана сал-майды, олар ір түрлі мәнермен түйіліп шашақталады.

      Өте шебер өрімшілер таспадан қылыш, найза өтпейтін қаттауық тонды да,су ақпайтын торсықты да, көнек те, кеукерін де өрген. Түрлі шыны қаптар,шама-дан, қоржындар да өретін. [4]

     Қазақ шеберлері өрім өнерін,зергерлік,тоқымашылық, шабатшылық және шарбақ, шыпта жасау,сымнан түрлі бұйымдар тоқу өнерімен ұштастырып,таспа өруде,арұау өткізу,жөргемдеп ілу,торлап тоқу, топшылап тоқу әдістері мен көр-кемдік  мәнерлерін тиімді пайдалана білген. Өрілген заттардың әр жерін күмістеп жауып, тас орнатып,кавказ өрнегін жүргізіп әшекейлеген. Сондықтан да бұрын өрім өнері өте жоғары бағаланатын. Өрмелі бір шідердің бағасы бір бестіге татитын.

      Енді осы қайыс және өрім бұйымдарының бірқатарын атап-атап өтейік. Олар: албау                           дерте түп                           өрме ноқта  

         алдаспан бауы              желдік                               өрме шідер

         алқылдақ                      желкелік                            өрме божы

         айыл                             жем дорба                         өрме шілия

         айыл ноқта                   жетек қайыс                    өрме сапалақ

         аққайыс                        жүген                               өрме сапалақ

         артқы айыл                  жырым                             сағалдырық

          адырна                         кекілдік                             сапсалғы

          алдыңғы айыл               кеңсірік                             сабақап

          әнжіме                          кер айыл                            таралғы

          бау                                көрік                                  тартпа

          баулық                           қамшы                              таспа

          балақ бау                       қанжыға                           тартпа айыл

          белдік                             қарғы                               түйме жүген

          бос мойын                      қарғы бау                          тұсамыс

          бауырлық                       қаттама                           төс айыл

          бел көтерме                   құйысқан                           түйме ноқта

          божы                             құлақ бау                           торсық

          бүлдіргі                           мес                                   томаға

           буғыш                            ноқта                               тізгін

         бишік                              өрме жүген                         шынықап

         баспақ                             өмілдірік                             шеттік

         бұзау тіс                         өрме көпшік                        шыжым

         делебе                              өрме торсық т.б

 

         2.4.2   Былғары өңдеу технологиясы.    

       Мал терілерін илеп, бояп, өң беру ертеден келе жатқан ең жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартып езілмейді.Одан жасалған бұйымдардың тігісі де ыдырамайды және өзі тұтынуға төзімді әрі әдемі.Былғарының бірнеше түрлері бар. Оларға:көксауыр,опайке, былғары,құрым (хром),көзел,шегрен, сақтиян,ұлтан т.б

     Көксауыр-жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан (жондығынан)жаса

лады. Көбінесе ол көкпен ,кейде қызыл,сары, жасыл түстермен боялып, өң беті жалтырап тұрады. Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп,оюластырып немесе бір түсті көксауырдың өзін әр түрлі жібек жіппен кестелеп,өрнектеп,ке- біс, мәсі, етік,кісе, аттұрман тігеді. Бұл заттарды да көксауыр деп атай береді.

    Көк сауырларға алтын ,күміс,жез шегелер қағып,кейде маржаннан моншақ жүргізіп,өкше сірінің артына,тұмсығына,қоныштың әр жеріне неше түрлі жарқырауық асыл тастар отырғызып әсемдейді. Мұндай заттар өте жарасымды және бағалы жиhаз саналады. Көксауырдан тоқым,қорамсақ,дулыға сияқты заттармен қатар түскиіз, тон,сәукеле сияқты өте сәнді мүліктер де жасалған. Сондықтан көксауыр ісі көбінесе зергерлер қолына тән. Сондай-ақ опайке деп тайынша терілерін , былғары деп ірі жылқы,сиыр терілерін, көзел деп ешкі терілерін атаса,жұмсақ иленген,қой ешкі терілерін – шегірен(шевро) аса жұқа теріден иленген былғарыны сақтиян,әдемі теріні құрым дейді. Өгіз терілерінің жондықтарынан иленген шымыр,қатты былғары ұлтанға жатады. [4]

     Соңғы жылдары еліміздің өнеркәсібі мен өндірісі күрт дамыды. Сонымен қатар былғарының сапасы қолмен илегенге қарағанда анағұрлым артық та тиімді болды. Осыдан келіп қолдан былғары илеу ісі қажетсіз болып қалды. Қазіргі қолөнер шеберлері фабрика, заводтарда істеліп шыққан дайын былғарының түрлерін пайдаланады.

    Қазақстанда былғарыдан ең көп тігілетін киімнің бірі етік пен аяқ киімдер

болғандықтан былғарыны өңдеумен айналысатын шеберлерді етікші дейді. Тоқым,шілия, белдік, жүген,құйысқан сияқты былғарыдан жасалатын мүлік-терді де солар жасай береді.   

      Халық арасында көп тараған былғары аяқ киімдерінің қазақ атауында мынадай түрлері бар:

    Саптама – бұл қонышы ұзын,кең,киіз байпақпен,шалбардың балағын ішіне салып киетін аласа өкшелі етік. Оның ішкі табанына киіз ұлтарақ салып және байпақтың ішінен қалың шұлғау орайды,кейде киіз байпақтың ішінен шұлғаулы мәсі киеді. Саптамалардың қонышы бітеу қусырылады да,тізеден асыңқырап тұрады. Тақымға қарайтын жағы әнтек төмен ойылып келеді. Оны көбнесе қыстыгүні алыс сапарға шыққанда, жылқы баққанда,шанамен жол жүргенде киеді. Саптаманың киіз байпағының қонышы қара санның ортан беліне жететін әрі ұзын,әрі кең болып келеді де әдемі матамен көмкеріледі. Оның киіз байпағы әрқашан ішінде кигізулі (саптаулы)тұрады.

     Шоңқайма – саптаманың бір түрі.Оның өкшесі биігірек,өкше сірісі аласа,тұмсығы үшкір,қонышы тізеден аспайды.Кеңдігі саптаманың кеңдігіндей.Қонышы екі жақ жанынан жармаланып тігілген. Сондықтан оны кейде «жарма қоныш» деп те атайды. Көмкерме байпақпен,шұлғаумен киеді. Шоңқайманы сәнге кию үшін,жай саптамадан көрі әдемілеп,өкшелігін,оймасын кестемен өрнектеп тігеді.

       Мықшима —  өкшесінің түбі жуан,жер басар жағы жіңішке,тұмсығы жоғары қарай қайқы келген биік өкшелі саптама етік.Оны да байпақпен, шұлғаумен киеді. Мықшиманы бұрын жас жігіттерге ,ойын сауықшыл серілерге арнап тігетін. Оның қонышын, өкшелігін көксауырлап,тұмсығына қатырғы салады.

      Саптама киген адам төрге саптама етігін сілке шеше салып мәсімен шығады.

Керек кезінде аяғына сұға салып жүре береді. Кең етіктің – саптама,кең шекпеннің – қаптал аталуында осындай мән бар.

    Көк етік —  көксауырдан оюлап тіккен жеңіл ,үшкір тұмсық етік. Оны көк-сауыр етік деп те атайды. Көк етіктің қонышы,ойындысы,күлшіні оюланып,кестеленіп жасалады. Көк етікті көбіне серілер, батырлар,сал-серілер киетін. Қазақтың: «Көк етікті кез келмей, көн етіктіге бармай отырған қыз»дей- тін мәтел сөзі осыдан қалған.

      Жеңіл етікті де мықшима, көксауыр,қисық табан,орыс етік деп әр жерде әр түрлі атайды.

     Етіктің тігілу түріне қарай: бітеу етік,(басы мен қонышы тұтас),бастама етік

кәймалы етік (айнала жұлығын басқа былғарыдан келтірген),ұлтарған етік дейді

Ұлтарған етік деп ескі басы мен қонышына жаңа ұлтан салып,өкшесін түзеп жаңғыртып тіккен етікті айтады. Кейбір шеберлер үлгісінде кесікбас,рантты, солдат етік деп аталатын ұлтанның шеті жұлықтан артыла шығып,қаз ауыз бедер  жүргізілген жеңіл етік түрлері де кездеседі. Ал жай табан,мәсі етік деген- дер жұқа келеді.

     Қазақы етіктер бұрын түзу табан үлгімен, яғни екі аяқтың етігі бір қалыппен тігілетін. Қазіргі етіктер қисық табан үлгісімен – екі аяққа екі қалып салу әдісімен тігіледі. Етіктердің өкшесіне қарай жуан өкше,қазық өкше,жез өкше деп те атайды.

     Сол сияқты кебіс пен мәсінің де неше алуан ыңғайлы да әдемі түрлері тігіледі.Кебіс көбінесе былғарының сауырларынан тігіліп,қалыпқа қатырылады.

 Шажамайы мен ернеуі жақсы былғарымен астарланады.Сыны бұзылмау үшін кебістің ұлтарақшасы мен өкшеліктеріне ең шымыр ұлтандар мен тоздар (қайың қабығы) салынып,кепкен қайың шегемен шегеленіп, тарамыспен қайып тігіледі.    [4]

      Кебіс – атаулары да көксауыр ,мықшима,жезөкше,қазық өкше,үшкір бас деген бірнеше түрлерге бөлінеді. Кебістің өкшелігіне мық қағып,өкшесіне жезден,мыстан нәл орнатып,шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып әшекейлейді.

    Мәсі – мұны кей жерлерде ішкі байпақ, іш етік (ичиги),былғары байпақ, көзел,сақтиян дейді,үйткені мәсі құрымнан,шегіреннен,көзелден,жұмсақ былға- рыдан тігіледі. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып,көмкеріліп машинамен жүргізеді. Мәсінің ұлтаны жалаң қабат болады. Олтек тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп,немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Мәсінің өкшелігі бір қабатқана оюлап жапсырған былғарыдан жасалады,оны мәсінің күлшіні дейді. Күлшін көбінесе басқа түсті былғарыдан тігіледі.

   Мәсілерді көк,қызыл шегірендермен оюлап,әр түсті жіппен кестелейді. Мәсі-нің ұлтанының өкше жағы күлшінге асырыла жапсырылып, өкше орны томпақ- талып ыспаланады. Бұлай етіп жасау әрі әдемі,әрі мәсіні кебіске,етікке киіп-шешуге қолайлы етеді. Мәсіні тек не кебіспен,не етіктің ішінен киеді.

     Етік тігу – Бұған керекті құралдардың бірі қалып. Қалып қысқа саптама етікке бір бөлек,жазғы жеңіл етікке бір бөлек үлгімен,адамның аяғының тұрқына қарай үлкенді-кішілі жасалады. Қалып үш бөлшектен: қалып,үстірт,сынадан ұүралады.

     Бұрын қалыпты кепкен,толымды қайыңнан етікшілердің өздері шауып алатын. Қазір неше түрлі қалыптарды кәсіпорындарында істеп шығарады. Саптама етіктің қонышын қалыпқа салып керіп қатырады. Мұны қоныш қалып дейді.Саптама етік екі түрлі әдіспен тігіледі,яғни- етіктің басын бір бөлек,қонышын бір бөлек пішіп алып,құрастырып тігеді не басы мен қонышты бірге тұтас пішіп алып ұлтарады. Біріншісін оймалап бастап тігу деп,екіншісін

бітеу бастап ұлтару деп атайды.  

     Етікті кейде тұтас былғарыдан пішіп алып тіксе, кейде қонышы бір бөлек,

басы бір бөлек пішілген бөлек-бөлек былғарыдан құрастырып тігеді.

     Қоныш пен бас тігілген соң ,оны қалыпқа салып бүрмелейді. Етікті бүрме- лерде қалыптың табанына салып пішілген ұлтарақшаны (ішперлікті) шет-шет-інен іліндіріп қояды. Қалыпқа түскен бастың жұлықтарын бір жақ шажамайы-  нан бастап ұлтарақшаға қағады. Бұдан кейін бастың бүрме тігістерінің үстінен айналдыра сызаттап былғары жүргізеді де,оның үстінен ұлтан салып бірдей етіп пішеді. Пішілген ұлтанды жылы суға салып, ұрып шыңдайды датабанға кере шегелейді.

     Ұлтанға қағатын ағаш шегенің ұзындығы ұлтан мен сызат былғарының қалыңдығынан өтіп,ұлтарақшаны да қамтуға тиіс Шеге тек сонда ғана жұлық-тың қалыпқа ілінген бүрмелі шеті мен ұлтарақшаның шетіне дәл қағылады.

       Етіктің шегесі көбінесе кепкен қайыңнан, емен ағашынан жасалады. Кейбір шеберлер өз ісінің мықтылығы мен өнерін көрсету үшін етік шегесін арша,тобылғы,үшқат, ырғай ағаштарын да пайдаланған. Етіктің ұлтан шегесі мен өкше шегесі екеуі екі түрлі,ал біз соған лайықты болады. Өкше бізі жуан ұзынша болса,ұлтан бізі қысқа,жіңішке,түптері төрт қырлы келеді.

      Кепкен жұмыр ағашты біздердің бойына мөлшерлеп отырып пышқымен турап кесіп алады. Кесілген шегеліктердің бейнесі шорт кесілген бір жапырақ шұжық дөңгелегіне ұқсайды. Содан кейін дөңгелек шегеліктердің үстіне пышақ

тың жүзін қойып отырып, балғамен ұрып шекиді. Дөңгелек шегелік бұл жолы көлденең емес бойлай жарылып,сіріңкенің оттық жақтауы сияқты жұқа-жұқа тақтайша болып шығады. Шебер оның бір жақ қырынан жүз шығарып жұқалап жонады. Осы тақтайшаларды өткір пышақпен жүз жағынан түп жағына қарай жара береді. Тарақтың тістері сияқты тізілген шегелер қаз-қатар тұрып қалады.

Содан кейін оларды ажыратып,қалбырға салады да ыстық пешке кептіреді. Осылай жасалған әр шегенің бір басы үшкір,екінші басы төрт қырлы,жуан болып шығады.   [4]

      Өкшенің жер басарын сапалы тұтас ұлтаннан қағады. Ал түп пен жер басардың аралығына былғарының қиындыларын қақса да жарай береді. Өкше-нің әрбір қатарын жеке шегелеп болған соң,ең үстінен тағы да бес жерден ұзын шеге қағады.

     Басын тұтас шығарып ұлтаруда да етік осы әдіспен тігіледі. Саптама етік көбінесе қыста және жауын-шашында мал шаруашылығымен айналысатын адамдарға арналып тігілетіндіктен,етіктің басы ішінен киіз байпақ киіп,жылы шұлғау шұлғанатындай кең етіліп тігіледі. Оның қонышы жылы шалбардың балағы еркін сиятындай кең және ұзын келгені дұрыс. Саптама етіктің өкшесі онша биік болмайды. Шеберлер саптаманың қоныш қусыру тігісін етіктің екі жағынан келтіріп,сыздық төсеп тігіп жүр. Бұл әдіс қоныштың өкшелігінен сөгілмеуіне жақсы.

        Кебіс тігу . Адамдардың жастарына қарай кебістің де арнаулы қалыптары болады. Олар мықшима,құмырсқа бел,биік өкше, жай табан,үшкір тұмсық, етікше,көк сауыр деп аталады. Бұлардың ішінде: мықшима,биік өкше,үшкір тұмсық,көк сауыр,құмырсқа бел  кебістері жастарға арналып тігіледі. Кебістің былғарысын оюлап құрап,кестелеп,оның шажамайы мен күлшін,өкшесі мен тұмсығын күмістеп,ауыз ернеулерін кепсерлеп,түрлі тігіс өрнектермен әшекейлейді.

      Кебістің басы жұмсақ былғарыдан,табаны мен күлшіні,шажамайлығы қатты ұлтаннан пішіліп тігіледі. Кебісті пішу,ұлтарып тігу,оның өкшесін салудың барлық әдістері де етіктің басын тігумен бірдей. Бірақ кебістің ернеуі астар-ланып,шеті сыздықталады да, өте жіңішке тарамыспен екі қатар етіліп қайылып отырады. Кебісті етік сияқты,мол,кең етіп тікпейді. Кебісті былғарысын жібітіп

қалыпқа түскен соң қатты тартып,ыспалай отырып,қатырады. Шажамайдың астары мен күлшіннің аралығына желім құйып қатайтады. Шажамайдың, күлшіннің сырты жұмырланып тұрады.

       Кебістің жайтабан,кең ауыз деп аталатын түрлері бар. Оны қарттар киеді.

Кебіс аяқтан түсіп қалмауы үшін оны тереңдеу етеді де, үстін молырақ шығарып,өкшесін аласа етіп тігеді.    [4]    

      Мәсі. Қазақ салтында мәсіні көбінесе әйелдер киетін. Мәсінің қонышы, оймасы оюланып,кестеленіп,бедерленіп әшекейленеді. Ол аяққа жеңіл,тазалық-қа жақсы,әрі икемді,бұрын оны қарттармен қатар кейбір жас жігіттерде киген.

    Мәсіні әрі жұқа,әрі жұмсақ былғарыдан тігеді. Етікпен салыстырғанда мәсіде

ұлтарақша да,сырт ұлтан да өте жұқа жалаң қабат етіліп тігіледі.Мәсіде тақа болмайды. Мәсінің күлшіні жұқа,кішкене ғана жұмсақ былғарыдан істеледі. Ұлтан орнындағы ұлтарақшаның алқымынан бастап,басының ішкі жағын жара шаншып тігеді,өкшенің айналасын арнаулы қалыптың өкшесімен бірдей етіп қатырады. Сонда ұлтанның өкшелік жағы сыртына қарай шығыңқы,шеті жымырыла тігіледі. Мәсінің қонышы көбінесе кенеппен астарланып,шеті тігін машинасымен көмкеріледі.

      Былғарыдан жасалынатын бұйымдар.Қазақ қолөнерінде былғарыдан жаса-

латын бұйымдар өте көп. Мысалы,етік,кебіс, мәсіден басқа ботинка, башмақ, сандал, былғарымен жолақталған киіз етік,ұлтан, резинка табанды балалардың неше түрлі аяқ киімдері жасалады. Мұндай бұйымдарға былғары жарғақ, был-ғары қолғап, бас киім сияқтылар жатады. Халық шеберлері бұларды да өздері пішіп,өздері тігеді. Жақсы былғары шегені өте жақсы ұстайды.

     Былғарыдан ер-тұрман,жүген, ноқта, өмілдірік,құйысқан,қамыт жапқыш, ершіктің әшәндегі ішпегі,тоқым,божы және шілия жасайды. Өрнектелетін мұн-дай заттардың ұнасымды тігістері тек етікшілердің ғана қолдарынан келеді.

      Тарамыс.Етікшілер етікті, кебісті, мәсіні сондай-ақ былғарыдан жасалатын

басқа да заттарды тарамыспен тігеді. Тарамыс дегеніміз – ірі қараның жіліншік сіңірінен ширатылып алынатын жіп. Тарамыс былай жасалады. Сойылып жатқан ірі қараның сирағындағы көк етпен аралас тұрған сіңірлерді алып кепті-реді. Әбден кепкен сіңірді ағаш тоқпақпен ұрып жаныштайды.Сіңір тарамданып, шашақталады,оны тарамыс есуші тарамдап,талшықтарын бір-бір-імен жалғастыра екі тін етіп ширатады. Тарамыстың жуан-жіңішкелігіне қарай қаю тарамыс,бүрме тарамыс,тігіс тарамыс деген үш түрі бар. Тарамысты біздің ізімен өткермелеп немесе жуалдызға сабақтап тігуге ыңғайлы. Тарамыс жіп өзге жіптерден берік,ол шірімейді де, езілмейді де.Осы күнге дейін ауылдың ұқыпты қарттары соғым сойғанда, яки мал өлім-жітімге ұшырай қалғанда тарісі мен тарамысын алуды ұмытпайды..

     Былғарыдан жасалатын ат тұрмандарының ішіндегі ең бір сәндісі – былғары тоқым. Қазақ ішінде көп тараған оның екі түрі бар: тұтас былғары тоқым, ойма-лы былғары тоқым. Тұтас былғары тоқым көбінесе әйелдерге арналады. Сон-дай-ақ сал,сері жігіттер мен ер ағасы атанған ерлер де былғары тоқым тіктіріп алатын. Былғары тоқымдардың қай түрі болса да,оны киіз тоқымды қаптап әшекейлеу арқылы жасайды.  [4]

     Тұтас былғары тоқым киіз тоқымға өлшеніп пішіледі. Содан кейін былғары-

Ны жібітіп,сыртынан сүйек бізбен сызып әр түрлі «мүйіз» және геометриялық фигуралар тектес өрнектер жүргізіледі. Бұл өрнектерді бірнеше қайталап ысып,

бедерлеп кептіреді. Кейде оны тарамыспен қайып тігіп немесе күміс жүргізіп әшекейлейді. Былғары тоқымға өрнектерді ауыр басқылармен бедерлі ұрғы-лармен оюлап та салады.Тоқымның былғарысын күміспен әшекейлеу ісі оны киізге қаптамай тұрып істеледі. Күміс оюларға шағын-шағын үшкіл,қазтабан,жапырақ тәрізді қара темірлердің бетінеқапталады да,өңделіп ыспаланып болған соң былғары тоқымға шегеленіп бекітіледі.өрнектер жеке-жеке мықтардың бүркеншіектерінен жасалып,оның кей жерлеріне қызыл,,көк,сары түсті асыл тастар орнатылады. Тоқымның төсайыл,керайыл өткізетін тесіктерін декүміс қақтаған темірлерменоюлап көмкереді.

      Былғары тоқымдарының өрнектері ашық көрініп тұру үшін,кейде былғарының бетіне көксауыр,қызыл шегірмен,сарғыш опайкелер төселіп қайылады. Ердің алды,арты келетін жерлері мен тоқымның төрт бұрышы былғары шашақтармен шоқталады.

      Былғары тоқымдардың сырттық ішпегінің алды-арты қызыл,күрең былғарымен немесе көксауыр,шегрен,көзелдермен көмкеріледі. Күнге күйіп, суға жарылмау үшін былғары тоқымдарды оқтын-оқтын мал етінің майымен майлайды. 

     Оймалы былғары тоқымның былғарысын тебінгінің үстінен,кейде алдыңғы, артқы етек бұрыштарынан бастыра оюлап тігеді. Оған да тұтас былғары тоқым-

ға жасалған әшекейлер жүргізіледі.

    Былғары жүген,құйысқан,өмілдірік,таралғы екі-үш қабатталып немесе қайыс-пен астарланып жасалады.  Үзбелер мен таралғы доғабастарды бетіне күміс қақтаған қара темірден істейді.

    Ғалымдардың айтуы бойынша,ат-тұрмандар тарихында ең алдыменжүгенсіз тізгін,тоқым, төсайыл шыққан. Көп жылдар өткеннен кейін ершік,ер пайдаланыла бастаған. Алғашқыда үзеңгі болмаған. Арада көп жылдар өткен соң ғана әуелі мінер жақтың сыңар үзеңгілері,содан кейін екі жақтың да үзеңгілері шыққан. Одан соң құйысқан,өмілдірік,керайылдар да қолданылған. Ат-тұрмандардың бәрі де әуел баста жіптен, құрдан жасалып бірте-бірте қайыс пен былғарыдан істелетін болған. Осы.ан қарағанда,үзеңгі – өзінга-өзің ыңғайыңға, яғни өзінің мінер жағындағы деген сөздерден қалыптасты деген пікір жөн сияқты.

    Мал шаруашылығы алып адыммен алға басып, өркендей түсуіне байланысты,

Ауылдарда малдарды қыс отарлап,жаз жайлауға шығарып,өріс сонарлап бағудың маңызы артты. Мұндайда жоғарыда айтылған мал өнімдерін қолма-қол ұқсатып, пайдаланудың тиімді екендігінде сөз жоқ. Қазір киіз үй,жылы тон,сап- тама етік, ер-тұрман сияқты заттардың қажеттілігі артып отыр. Кейбір ірі шаруашылықтар мұндай қажетті заттарды өздері-ақ өндіріп өндіреді. Ендеше қолөнер істерімен шұғылданатын өндіріс орындарының жұмысын дұрыс жолға қойып қолөнер ісі саңлақтарының іс-тәжрибелерімен,ақыл кеңестерін молынан жинақтап,ең пайдалы тиімді дегендерін өндіріске енгізу керек.

                             Былғарыдан жасалатын заттар:

          абдыра                              бау                                       божы

          әмиян                                 баулық                                  биялай    

          абзал                                  белдік                                  білезік

          айыл                                   бел көтерме                         ер

          етік                                   қоржын                                сулық

          ер көпшік                           қонышбау                             талыс

          есік қап                              құты                                    тартпа

          домбыра қап                       қылышбау                            таралғы

           дорба                                 қын                                      тебінгі

          кебеже қап                          қынап                                 тоқым

          кебіс                                    мұқаба                                томаға

          кежім                                  мылтық бау                        тон

          көксауыр                             нар жабу                             тұмылдырық

          күйме                                   ноқта                                  тізгін

          қамыт                                 өмілдірік                              шідер

          кісе                                      оқшантай                            ұлтан

          қамшы                                   өкше                                 шыжым

          қарғы                                     өре (тұсамыс)                  шығыр

          қорамсақ                                өрім   т. б

 

  2.4.3 «Ұлттық  мемлекеттік нышаны » моделінің модификациясын   

                                                     құрастыру

     Кесте1- Бөлшектер спецификациясы: Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған әр түрлі материалдармен орындалған:  «Ұлттық мемлекеттік нышандық композиция»

 

        Бөлшектер

          атауы

 

 

                         Бөлшектер саны —  15

 

      Негізгі

                    Негізгі емес

     қосымша

 құрылымдық

             1 

 

              2

              3

 

1.рейка  150х40х25

 2дана (қарағай)

 

 

 Пішіні бойынша рейка кесу

 

 Эскиз жобасы

 

ФПШ-5 станогы

 

 

2.Рейка  100х40х25  2-дана

3.Мата (атлас) көк

4. Былғары 

5.Биссер моншақ,

  жылтыр оракаль

6.Жиек ағашы      

      (богет)

7 бұранда шеге

8. шеге, желім

 

Кергіш ағашты

(рама )даярлау

Матаны керу

Пішін бойынша жұмыс

Биссер моншақ пен нышан белгі тігу

Жиек ағашын жасау

Бұрыштық жалғастыру

 

 

Ізденіс суреттері

  Материалдардың    түрлері

 Тақырыптарға арнал

  суреттер, кестелер.

Фотосуреттер

 Диплом

 

Бұрыш кескіш аппарат

Степлер құралы

Кесу,пішу,желімдеу

Желімдеу,тігу жұмыс

Өлшем бойынша бұрыштап кесу

Бұрыштарын жалғау, бұрандамен бекіту

Электрбұрғы аспабы

Жұмыс көлемі

   120х90 мм

 

 

 

 

 

 

 

Жұмысты жиек ағашқа

салып бекіту.

 

         

    2.4.4  Конфекциондық карта.

     Бұйым атауы:­­­­­«Ұлттық мемлекеттік нышандық композиция»

     Параметрлері   120х90 мм

     Модель ­­­  KZ -20- LET ;  ART                     Арналуы: «Көркемдік безендіру»

     Модель авторлары: диплом қорғаушы Абдыгалиев Р. Т, жетекшісі  Жусипов У.А

 

 

    Модель (суреті)

Материалдардың атауы

  Үлгі  (жапсыру) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. рейка  150х40х25 

     Рейка  100х40х25  2-дана

 

 

 

 

 

2. Мата (атлас) көк

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Былғары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Биссер моншақ,

  жылтыр оракаль

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс көлемі

   120х90 мм

 

5 Жиек ағашы      

      (богет)

 

 

 

 

 

 

6 бұранда шеге

7. шеге, желім

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды      

 

     Адамдар өміріндегі еңбектің маңыздылығы ,өзінің бойындағы асыл қасиеттері мен қабілеттерін еңбек арқылы көрсетіп оның рахатына бөленетінін оқушыларға мектеп табалдырығын аттағаннан бастап бойына  дамыту керек.

      Жасөспірімдерді ерте бастан еңбекке баулығанда оның нәтижесі де жеміс- ті болмақ.  Еңбек сабақтары оқушылардың ойын дамытып ,талғамын және іскерлігін арттырып ,алға қойған мақсатын орындауға барлық жігерін жұмсай тындай дәрежеде жүргізілуі тиіс. Балалар орындауға тиісті жұмыстар оларды жалықырып жібермейтіндей, шама-шарқына лайық және өзіне пайдалы еңбек болуы керек . Қорыта айтқанда оқушылардың еңбектің түрлерін олардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру көзделеді, олардың мәдениеті мен көркем- дік талғамдарын тәрбиелеуге негіз бллады.

     Еркіндік туы желбіреген жас мемлекетіміздің өркендеп дамуы болашақ жас мамандар мен жастардың қолында,соған орай істеліп жатқан іс-шаралар жастарды жаңа заманға лайықты етіп даярлауға көп назар аударылуда. Мұндай даярлық іс-шаралар барлық салалар бойынша жүргізілуі,соның ішінде ғылым, білім, еңбек, өнердің орындары айрықша      

 Өмірдің өзегі- еңбек пен өнер. Адамзат пайда болғаннан ат салысып рухани қазынамызды жоғалтпау үшін сан мыңдаған бабалар мен аталар маңдай терін төккендігі тарихта аян. Соны болашаққа аман-есен тапсыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Талқылап отырған еңбек технологиясы бүгінгі кездің өзекті тақырыптарының бірі екені даусыз, технологияның жақсы дамуы еңбекке қызығушылықтан, оны жоғары деңгейде ұйымдастырудан бастау алады.   Орта мектептерде оқытылатын технология сабақтарының дәрежесін көтеріп, талап қа сай деңгейге жеткізуді жоспарлау қажеттілігі туындайды.  

    Жұмысты орындауда негізгі мақсатқа жету үшін бардық жағдай болуы керек: жұмыс орны, материал, оқу құрал-жабдықтары, станоктар және бұларды жеткілікті меңгеру мен жұмыс тәсілі ,жұмыстың қауіпсіздік талаптарына  айрықша көңіл бөлу жатады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Қолданылған әдебиеттер тізімі:

                   Негізгі  әдебиеттер                .

            1.Қазақстан Респудликасының 2005-2010 жылдарына арналған білім

               беруді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы.

2 «Арғынбаев  Х Қазақтың қол өнері»  , Алматы, «Өнер» -1987ж

  1. Оразбаева Н. А «Қазақ халқының сәндік ою-өрнегі», Алматы,   «Өнер»1989
  2. С. Қасиманов «Қазақ халқының қол өнері» А-А -1995 жыл

5.А.Маргулан. Декоративно-прикладное искусство Казахстана.      Том. 1-2,   Алматы, 1986