АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Тоған шаруашылығындағы ақ амурдың биологиясы мен морфологиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

Алимбетова Айдана Сансызбековна

 

«Тоған шаруашылығындағы ақ амурдың биологиясы мен морфологиясы»

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

 

5В080400 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

Технология және биоресурстар факультетi

 

Ара, құс және балық шаруашылығыкафедрасы

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

«Тоған шаруашылығындағы ақ амурдың биологиясы мен морфологиясы»

 

 

          Беттер саны _____

Сызбалар мен көрнектi                        материалдар саны____                                                                                      

 

Орындаған : Алимбетова Айдана Сансызбековна

 

 

2018 ж. «____» _____________ қорғауға жiберiлдi

 

 

 

Кафедра меңгерушiсi:                       __________  Лукбанов В.М.

 

Жетекшiсi:                                        __________   Альпейсов Ш.А.

 

Сарапшы:                                                    __________               ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

 

Технология және биоресурстар факультетi

 

Мамандығы 5В080400 — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

 

Ара, құс және балық шаруашылығыкафедрасы

 

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент: Алимбетова Айдана Сансызбековна

 

 

Жұмыс тақырыбы: «Тоған шаруашылығындағы ақ амурдың биологиясы мен морфологиясы»

 

 

Университет бойынша 2018  ж «_____»___________ №_____бұйрығымен бекiтiлген

Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж  «_____» ______________

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

  1. Ақ амур балығының биологиясы мен морфологиясы
  2. Арал-Сырдария су алабының қазіргі экологиялық жағдайы
  3. Ақ амур балығын тоған жағдайында өсіру нәтижелері
  4. Ақ амур балығына биологиялық — морфологиялық талдау нәтижелері

 

Ұсынылатын негізгі әдебиет

 

  1. Александров С.Н. Прудовое рыбоводство. Изд-во «АСТ». — М., 2005. 235-237 с.
  2. Концепция развития рыбного хозяйства Российской Федерации на период до 2020 года 2 сентября 2003 года N 1265-р

Привезенцев Ю.А., Власов В.А. Рыбоводство. Изд-во «мир». — М., 2004. 453-455 с.

  1. Сабодаш В.М. Разведение рыбы. Изд-во «АСТ». — М., 2004. 140 — 142 с.
  2. Козлов В.И., Абрамович Л.С. Справочник рыбовода. Изд-во: Росагро-промиздат, 1991. 10 -11c.
  3. Мартышев Ф.Г. Прудовое рыбоводство. Изд-во «Высшая школа». — М., 1973. 14-16 с.
  4. Альпейсов Ш.А., Федоров Е.В., Койшыбаева С.К., Бадрызлова Н.С. Перспективы развития прудового рыбоводства в Казахстане. КазНАУ Исследования и результаты. — А., 2015. 63-65 с.
  5. Концепция развития рыбного хозяйства Республики Казахстан на 2007-2015 годы.Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2006 года N 963
  6. О. М. Кан, Г. Б. Кегенова, H. C. Сапаргалиева. Озерно-товарное рыбоводство в Казахстане. Вестник КазНУ, серия экологическая, Т.33, № 1(2012). 45-47 с.
  7. И.М. Сматов. Особенности правового положения рыболовства. Вестник КазНУ, серия юридическая, № 1, 2010. 113-114 с.
  8. Мастер-план развития товарного рыбоводства в Республике Казахстан в 2011 – 2025 гг. — Астана, 2011. 191 с.

 

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Әдебиетке шолу

Альпейсов Ш.А.

Қазан, 2017 ж

 

Материалды зерттеу әдістері

Альпейсов Ш.А.

Қараша, 2017 ж

 

Негізгі бөлім

Альпейсов Ш.А.

Желтоқсан, 2017 ж

 

 

 

Кафедра меңгерушісі         ________________________           Лукбанов В.М.

 

Дипломдық жұмыс  жетекшісі      __________________           Альпейсов Ш.А.

 

Тапсырманы орындауға                                                                                                             қабылдадым, студент            _______________________          Алимбетова А.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жобаны орындау

ГРАФИГІ

Рет саны

Тараулар және  қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1

Кіріспе

Қазан, 2017 ж

Орындалды

2

Әдебиетке шолу

Қазан, 2017 ж

Орындалды

3

Зерттеу әдістері мен материалдары

Қараша, 2017 ж

Орындалды

4

Ақ амур балығының биологиясы мен морфологиясы

Қараша, 2017 ж

Орындалды

5

Арал-Сырдария су алабының қазіргі экологиялық жағдайы

Қараша, 2017 ж

Орындалды

6

Ақ амур балығын тоған жағдайында өсіру нәтижелері

Қараша, 2017 ж

Орындалды

7

Ақ амур балығына биологиялық — морфологиялық талдау нәтижелері

Қаңтар, 2018 ж

Орындалды

8

Қорытынды

Ақпан, 2018 ж

Орындалды

9

Пайдаланған әдебиеттер

Наурыз, 2018 ж

Орындалды

 

 

Кафедра меңгерушісі         ________________________           Лукбанов В.М.

 

Дипломдық жұмыс  жетекшісі      __________________           Альпейсов Ш.А.

 

Тапсырманы орындауға                                                                                                             қабылдадым, студент            _______________________          Алимбетова А.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Нормативтік сілтемелер…………………………………………………

7

 

анықтамаЛАР………………………………………………………………………

8

 

қысқартулар мен белгілер………………………………………………..

9

 

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………

10

1

Әдебиетке шолу…………………………………………………………………………….

12

1.1

Ақ амур балығының биологиясы мен морфологиясы…………………….

12

1.2

Арал теңізі……………………………………………………………………………………

21

1.3

Арал-Сырдария су алабының қазіргі экологиялық жағдайы

22

2

Негізгі бөлім ……………………………………………………………………………….

34

2.1

Зерттеу жұмыстарының мәліметтері мен әдістемелігі.

34

3

Өзіндіқ зерттеулер нәтижелері………………………………………………………

37

3.1

Ақ амур балығын тоған жағдайында өсіру нәтижелері

37

3.2

Ақ амур балығына биологиялық-морфологиялық талдау нәтижелері…………………………………………………………………………..

47

3.3

Арал теңізіне шабақтарды жіберу………………………………………………..

50

 

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………..

52

 

Ұсыныстар ……………………………………………………………………………..

53

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………

54

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей нормативтік  құжаттарға сілтемелер берілген.

 

Гост 7.54 – 88 — ақпарат, кітапханалық және баспа жұмыстары бойынша стандарттар жүйесі. Ғылыми – техникалық құжаттардағы мәліметтердің сипаты жөніндегі сандық мәндерінің көрсеткіші. Жалпы талаптар;

Гост 7.9 – 95 (ИСО 214 – 76) — ақпарат, кітапханалық және баспа жұмыстары бойынша стандарттар жүйесі. Реферат және аннотация. Жалпы талаптар;

СТ РК ИСО 9001-2009 — Системы менеджмента качества требования;

СТ РК ИСО 14001-2006 — Системы экологического менеджмента;

СТ РК OHSAS 18001-2008 – Системы менеджмента профессиональной безопасности и здоровья;

ГОСТ 7.32 – 2001 «Отчет о научно – исследовательской работе. Структура и правила оформления»;

Гост 8.417 — 2002 – өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшемінің шамасы;

ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса;

ГОСТ 50 380-92 Балықтар және балық өнімдері. Терминдері мен анықтауыштар;

ГОСТ 17.1.1.01.-77 — Суды пайдалану мен қорғау. Негізгі терминдер мен анықтауыштар

ГОСТ 7636-85 Балықтар, теңіз сүтқоректілері, теңіз омыртқасыздары және оларды өңдеу өнімдері. Талдау әдістері;

ГОСТ 25706-83 Лупалар немесе үлкейткіш шынылар. Негізгі Типтері мен параметрлері;

ГОСТ 25336-82 Зертханалық шыны жабдықтар мен ыдыстар. Негізгі параметрлер, өлшемдері мен типтері;

ГОСТ 24104-2001 Зертханалық жалпы жағдайында және үлгі таразылары. Жалпы техникалық жағдайлар;

ГОСТ 1368-55 – Лабораторные исследования;

ГОСТ 19908-90 Тигельдер, табақшалар, стакандар, колбалар, воронкалар, приборкалар және кварц шыныдан жасалған ұштық. Жалпы техникалық жағдайлар;

ГОСТ 427-75 Өлшегіш металл сызғыштар. Техникалық жағдайлар;

ГОСТ 1625-89 Техникалық формалин. Техникалық жағдайлар;

ГОСТ 24896-81 — Рыба живая. Технические условия.

 

 

 

 

анықтамаЛАР

 

Жергілікті түрлер – осы өлкеде бұрыннан бар түрлер;

Абсолютты жеке тұқымдылық (АЖТ) – биыл шашатын аналық дарақтарындағы осы жылғы уылдырық генерациясының саны; 

Жерсіндірілген түрлер – экожүйеге арнайы мақсатпен жіберілген түрлер;

Балық түрлерінің ареалы – нақты балық түрлерінің кездейсоқ енуіне немесе кездейсоқ ену орнысыз оның тұрақты тіршілік етуіне қарамай географиялық таралу аймағы;

Биотоп –абиотикалық факторларының параметрі біртекті суқойма бөлімі;

Биоценоз – суқойманың бір жерінде орналасқан тірі организмдер жиынтығының өзара байланысы;

Балықтың жасы – араб санымен берілетін балық өмірінің толық жасы;

Балықты өндіріп-өсіру – балықты табиғи (реттелетін немесе реттелмейтін) немесе жасанды түрде жаңарту процессі, оның үйір құрамында санын және сапасын қайта қалпына келтіру;

Гидробионттар – суда тіршілік ететіндер;

Табиғи өндіріп-өсіру – су биоқорының санын дәстүрлі жолмен көбейтуді қалыптастыру процессі;

Зоопланктон – су қабатындағы омыртқасыз жануарлар;

Ихтиофауна – қандай да бір болмасын суқойма мен оның жеріндегі балық түрлері мен дөңгелекауыздылардың жиынтығы;

Интродукция – жергілікті табиғи кешенге қандай да бір түрді болмасын адамның көмегімен сәтті жерсіндіру;

Макрозообентос – су түбіндегі омыртқасыз жануарлар;

Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар әлемінің жағдайын бағалау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында балық қорын және су жануарларын аулау;

Уылдырық шашу – балықтардың жыныс өнімдерін, яғни, жетілген уылдырық пен ұрықтандыратын шәуетін шашуы;

Уылдырық шашушы орын – жыныс өнімдерін шашатын нақты орын (уылдырық шашуға);

Уылдырық шашушы үйір – көбею үшін өрістеген балық қорының (популяция) бір бөлігі;

Балық үйірі – белгілі бір балықшаруашылықтық суқоймада немесе сол аймақта  балықтың бір түрінің жиынтығы;

Толысу – балықтар популяциясының, яғни кіші жастағы топтардың өсуі нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы;

Балықтың орташа ұзындығы – ауланымда немесе суқоймада, балықтың жастық тобында балықтың ұзындық өлшемін сипаттайтын көрсеткіш;

Орташа салмақ – ауланымда немесе жастық тобында балықтың салмағын сипаттайтын көрсеткіш;

Фитофилдер – уылдырығын өсіп тұрған немесе ақырын ағып бара жатқан су өсімдіктеріне шашатын балықтар.

қысқартулармен белгілер

 

АЖТ – абсолютты жеке тұқымдылық

СЭС – су электр станциясы

Уылд. – уылдырық

ҚХР – Қытай Халық Республикасы

БШК – Балық Шаруашылығы Комитеті

ҚӨЖС – Қазақ өндірістік жерсіндіру станциясы

Мин – минимальді

Макс — максимальді

АШМ – Ауыл шаруашылық министрлігі

БЖм – Балтық жүйесінің метрі

Мг/м3, г/м2 – жануарлар салмағының көлем және аудан бойынша бірлігі

МРД – максимальді – рұқсат етілетін деңгей

НҚД – нормальді құярлық деңгей

орт. – орташа

СЖТ – салыстырмалы жеке тұқымдылық

ЖАМ –жалпы аулау мүмкіндігі

ШАМ – шектеулі аулау мүмкіндігі

ПТ – популяциялық тұқымдылық

ҚР – Қазақстан Республикасы

а. ж. – ағымдағы жыл (биыл)

M±m – ауытқу

N – саны

рН – судағы сутек иондарының көрсеткіші

Қоңд. – қоңдылық

Ф. — Фультон

Дана/м3, дана/м2 – жануарлар санының көлем және аудан бойынша бірлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Арал-Сырдария су алабының соңғы жарты ғасырда зор экологиялық апатқа ұшырағаны белгілі. Үлкен Арал теңізінің  қайырылмас  құрдымға кеткені халқымыз үшін орны толмас өкініш. 1992 ж. Үлкен теңізде ең соңғы экологиялық зерттеу Ресей ғалымдарының қатысуымен жүргізілді. Сол жылы теңіз суының тұздылығы орта есеппен 33,8 %(%-промиля, немесе г/дм3) болған. Демек 1950- 1960 ж. мөлшерінен (10,08 %) үш еседен артық  жоғарылаған болатын. 1996 ж. зерттеулеріміз бойынша теңіз суының тұздылығы 42,1-84,3 % шамасында кей  жерлерде 85,8% жетті. Кейінгі жылдардағы деректер бойынша су тұздылығы 100% дейін көтерілген. Демек Үлкен Арал  айтарлықтай  тіршілік қалмаған өлі теңізге айналды.

Кіші Арал теңізінің қалпына келтіру шаралары 1992- жылдан басталды. Жергілікті ұйымдардың күшімен екі дүркін екі теңіз аралығына уақытша бөгет салынды. Бірақ олар су деңгейі көтерілген мезгілде жарылып, жиналған су Үлкен  теңізге ағып кетіп жатты.

Соңғы жылдары Кіші  теңіз және Сырдария  өзенін қалпына келтіру  жобасы іске  асырылуда. Көкарал  бөгеті салынып теңіз суы 42 метрлік деңгейге көтерілді. Бұл деңгейде  теңіздің  жалпы  аумағы 330 мың гектарды құрайды. Келешекте Кіші Арал теңізін қалпына  келтіру  жобасының  екінші сатысында  су деңгейі  бұданда жоғары  көтеріліп теңіз суын Арал қаласы маңына жеткізу  шаралары  көзделіп  отыр. Сырдария  өзені атырауында орналасқан  үлкен  көл  жүйелері   соңғы жылдары мөлшерлі  деңгейіне  дейін  суға  толтырылып, өздерінің табиғи  аумағына келтірілді. Бұл  маңдағы  бес көлдер  жүйесінің  жалпы аумағы 85,8 мың гектар, оның  ішіндегі  ең  ірілері Қамыстыбас көлдері  51,4 мың  гектар, Ақсай-Қуаңдария  көлдері  25,0 мың гектар, Ақшатау көлдер жүйесі- 20,5 мың гектар.

Әрине бұның барлығы қуанарлық іс, өйткені  бұл  айдындардың  қалпына  келтірілуі  балық  шаруашылығын  және  экономиканың басқа да салаларын өркендетуге  үлкен ықпал  жасамақ. Халықтың  әлеуметтік  жағдайын  көтеруге  және  осы  маңайдың экологиялық жағдайын жақсартуға  бұл  шаралардың  мәнісі үлкен.

Іске асырылып  жатқан  Кіші Аралды  және Сырдария  өзенін  қалпына келтіру  жобасына  енгізілген  біздің  мекеме  мамандарының болжамы бойынша келешекте жылына Кіші Арал  теңізінің 3,0 мың  тонна, көлдер жүйесінен 4,2 мың тонна балық  аулауға  мүмкіндік туады.

 Қазіргі кезде Кіші Арал суының  біртіңдеп тұщуына байланысты өзенде мекендейтін балықтар- сазан, табан, көксерке, жайын т.б. теңізге кең  тарала бастады. Оларға қоректік теңіз  организмдері де  көбейіп келеді. Көлдер жүйесінде  де су  едәуір тұшып балықтың өсуіне, көбейуіне жағымды  гидрохимиялық жағдайлар бар. Бұл қолайлы өзгерістер теңізде  және көлдерде балық шаруашылығын  қалпына келтіру және одан әрі  дамытуға жол ашады.

Сырдария өзені Қазақстан  территориясында да  едәуір  ластанады. Табиғат қорғау  мекемелерінің ресми деректері  бойынша, Сырдарияның  салалары  Келес, Арыс және  Бадамның суының ластану индексі 3,2-4,3, яғни 4-5 «ластанған» және «лас» кластарына жатады.

Өзен суының осындай жоғарғы деңгейде ластануы оны қабылдайтын Шардара  бөгені, Арал  теңізі  және  көптеген  көлдер жүйесінің  су  сапасын өте  төмендетіп отыр. Пестицидтер, ауыр  металдар  және басқа да улы  заттар аталған су  айдындарының  экологиялық  жүйесінде  кең тарап, жинақталуда. Оларда мекендейтін  балықтар  және өсімдіктер  денесінде  пестицидтер  мен  металдардың тұну мөлшері  жоғарғы көрсеткіштерге  жетуде. Айдындар экожүйесінде  соңғы  жылдары ДДТ метаболидтері мен мырыш  хром элементтерінің жоғарғы мөлшерде жинақталуы  байқалды.

Айта кететін  бір жайт, салынған Көкарал  бөгеті Кіші Арал  теңізі  балық қорына  тигізіп отырған  кейбір  жағымсыз  әсерлері де бар. Бұл бөгет 2005 жылы  іске қосылып  Кіші теңізге  Сырдария  суы  қарқынды  жинала  бастады. 2006 жылдың көктемінде  теңіз  суы 42 м  деңгейге көтерілді. Жобаға сәйкес  одан артық  су бөгеттің су ағытатын   қондырғылары арқылы Үлкен Арал теңізіне қарай ағызылды. Өкінішке орай  сол сумен Кіші Аралдан өте көп балық және оның шабақтары кетіп екі теңіз  арасында жаппай  қырылды.

Бұның себебі бөгеттің  жобада  көзделген балық  қорғау  қондырғысымен жабдықталмағындығы. Демек бұл бөгет құрылысы кезінде  жобадан  аутқудың  нәтижесі. Жасалған  жобада  Көкарал  бөгетінде  бұл  қондырғының  керектігі  дәлелденіп, құрылыс құрамындағы  объектілер қатарына  енгізілген. Аталған жобада  балық шаруашылығын  қалпына  келтіру және  өркендету  мәселесі  үлкен  маңызды орын алған. Үйткені жобада көрсетілгендей, бұл гидротехникалық  құрылыстың экономикалық және шаруашылық тиімділігі балық шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты. Айтылған және де басқа жағдайларды еске ала отырып, балық шаруашылығы  ғылыми өндірістік  орталығы  мамандары  мынадай шараларды жүзеге асыруды ұсынады.

Кіші Арал теңізін және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасының екінші  сатысын  жүзеге асыру;

Кіші Арал  деңгейінен артық  Көкарал  бөгеті  арқылы босататын суды  Үлкен  теңіздің Тұщыбас шығанағы жіберіп, оны тұщытып, балық өсіруге пайдалану;

Көкарал бөгеті  арқылы  ағытқан  сумен  кететін  балықтар  мөлшерін тежеу үшін  ол суды  күз  немесе қыс мезгілінде  ағыту  қажет;

Көкарал бөгетін  балық  қорғау қондырғысымен  жабдықтау құрылысын тездетіп жүзеге асыру қажет.     

Дипломдық жұмыстың мақсаты тұқы тұқымдасының бір өкілі ақ амур балығының тоған шаруашылығы жағдайында өсіп-дамуын, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктерін зеріттеу. Айтылған мақсаттарға сай орындалатын міндеттер төмендегі жұмыстардан тұрады:

— Ақ амур балығының тоған жағдайында өсіп-өнуін бақылау;

— Ақ амур балығына биологиялық талдау жүргізу;

— Ақ амур балығына морфологиялық талдау жүргізу

 

 

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Ақ амур балығының биологиясы мен морфологиясы

 

Ақ амур — жылдам өсетін балық, салмағы 40-50кг, ұзындығы 1м жетеді. Жұмыр денелі, қабыршағы ірі. Басқа тұқы тәрізділер сияқты жақтарында тістері болмайды, ол қорегін астыңғы жақ сүйегінде орналасқан күшті ара тәрізді тістерімен үгітеді.

Өсімдіктекті қорекке тіршілігінің бірінші жылында, 3см кезінде көшеді. Ұзындығы 7-12см шабақтар егер рационында 30% жануар текті қоректер: коловраткалар, шаянтәрізділер, және хирономидтер кездессе жақсы өседі.  Одан әрі қоректік рационының негізін жоғарғы сатыдағы су өсімдіктері және су басқан жердегі және сумен шайылып келген құрлық өсімдіктері құрайды. Су өсімдіктерінен ақ амур: рдест, элодия, ряска,  роголистник, урутты қалайды. Балықтар жас майда өсімдіктерді мол пайдаланады, ол болмаған кезде ірілері әсіресе оңтүстік аудандарда қорек ретінде қатты өсімдіктерді де, тростник және рогоз сияқтылардыпайдаланады. Құрлық өсімдіктерінен ақ амур клевер, жоңышқа (люцерна), астық тұқымдастарды ұнатады[1,2].

Ақ амурдың тәуліктік рационы мен өсу жылдамдығы, жыныстық пісіп жетілуі жылдамдығы судың температурасына біршама байланысты. 25-300С температурада тәуліктік рационы балықтың салмағынан артық болуы мүмкін. Температураның 25-300С көтерілуі активті коректенуге бөгет жасамайды. Оптимальды температура төмендегенде қоректенуі қарқындылығы азаяды, ал температура 100С төмен болса ақ амур қоректенуін тоқтатады. Оңтүстік аудандарда судың жоғарғы температурасында амур жыл бойы қоректеніп өсе алады. Тек өсімдікпен қоректенетін балықтарда қоректік коэффициент оның түрлік құрамына байланысты. Ақ амур су өсімдіктерімен көп қоректенетіндіктен, оларды балық шаруашылықтық және техникалық суларда, каналдарда биологиялық мелиоратор есебінде падалануға болады[3].

Ақ амурдың потенциялдық өсуі мүмкіншілігі өте зор. Оптимальды температурамен қолайлы оттегілік режимде, қоректің мол уақытында ақ амурдың 1,5 жасында салмағының 10-12кг жеткені белгілі. Ақ амурдың тіршілік ареалының солтүстік аймағындағы жасының шектелуі 20 жыл, оңтүстікте біршама қысқа. Жыныстық жетілуі тіршілік ету жағдайына байланысты әр түрлі жасында туындайды. Әдетте саламғы 6-8кг ақ амур 1 млн  көп уылдырық береді[4].

Өсімдік қоректі балықтар, соның ішінде ақ амур пелагофильді балыққа жатады, демек уылдырығын су қабатына шашады. Уылдырықты ағысы тез, 0,8-3 м/с жылдамдықпен ағатын ірі өзендер арнасында, температура 18,50С жеткенде шашады[4,5].

Ақ амурдың уылдырығы батипелагиальдық: салыстырмалы салмағы судан біршама ауыр. Ол су қабатында дамып ағыспен төмен кетеді. Инкубациялық кезеңі температураға байланысты 18-20 сағатан (28-290С) 3 тәулікке дейін (180С) жетеді. Егер судың темепартурасы оптимальдыдан төмен немесе жоғары болса, эмбрионның дамуы бұзылады. Өсімдік қоректі балықтардың уылдырықтары мен ұрықтары судағы оттегінің мөлшерінің төмендеуіне өте сезімтал[6].

        Тұқымдық балықтарды дайындау. Өсімдік қоректі балықтарды өндірудің зауыдтық әдісі кезіндегі ең көңіл аударатын сәттерінің бірі, тұқымдық балықтардың бірі, өрістік топтарды ұстау және олардан жыныс өнімдерін алу уақытындағы әр түрлі жарақаттар алуы, сол сияқты өрістеуге физиологиялық пісіп жетілмеген немесе пісу уақыты асып кетуі де себеп болады. Осыған байланысты оларды міндетті түрде гипофиздік инъекциядан кейін пісіп жетілмеген аналықтарды қолданбау және азда болса, олардың өлімін азайту үшін, қысқа мерзім аралығында бонитировкалау қажет. Инъекциядан кейінгі ауруға ұшырамас үшін, олардың тұқымдықтарына эффективті зат ретінде пиницилин қолдану ұсынылады[7].

Тұқымдардың пісіп-жетілуі режимін және мерзімін анықтайтын  дифференциялық әдіс жолға қойылған. Ең алдымен, өндіру үшін өрістеуге даяр жақсы пісіп жетілген және қоңдылығы жоғарғы аналықтарды тоғанның терең қорегі аз түрінде ұстайды. Ал гонаданың жетілуінен артта қалып жатқан аналықтарды жақсы жылынатын, қоректік базасы жоғары тоғандарға жібереді, бұл олардың пісіп жетілуін жылдамдатады[8].

Балықтардың өрістеуін олардың дернәсідерін өсіруге тоғанға ерте отырғызу керек екенін еске ала отырып, қысқа мерзім аралығында өткізу керек. Бір жағынан тұқымдықтарды тоғанда өрістеу температурасында және өрістік жағдайсыз ұзақ уақыт ұстау уылдырықтарды резервацияға ұшыратады[9].

Балықтарға гипофиздік ерітіндіні салғаннан кейін олар бірден өрістік жағдайдың болуына қарамастан өрістік күйге түседі.

Дұрыс пісіп жетілу үшін – оттегінің қолайлы режим мөлшері және судың температурасы 19-200С төмен болмауы керек. Оттегі мөлшері 2 мг/л кем болса, аналықтар пісіп-жетілмейді. Температураның төмендеуі де олардың пісіп-жетілуіне қарсы әсер етеді[10].

Асылдандыру ісінде, балықтарды қыстық тоғандардан аулауда зоотехникалық есептеулер(инвентаризациясыз) жүргізуді енгізбеу мүмкін емес.Тұқымдықтар мен жетілдірілетін жас балықтар басын инвентаризациялау процессі барысында олардың жынысын, салмағын, денсаулығын(сыртқы белгілері бойынша) қарап, әрбір жастық топтардың санын есептеп, жарақат алғандарын, ауруларын, денесінде кемістігі барларын, өспей қалғандарын жарамсыздыққа шығарады. Инвентаризация кезінде балықтарды таңбалайды. Сериялық таңбаны ақ амурларға екі жасқа толық жеткенде салады. Жеке нөмірді жетілдіру қатарынан, ересек өндіргіш топтар сатысынан өткенде береді. Күзде тоғаннан ауларда, өндіргіштер мен жетілдірілетін толықтырғыш балықтарды қыстауға отырғызар алдында балықтардың вегетациялық кезеңдегі өсуін тек салмағы бойынша анықтайды[10]. Бонитировка – яғни балықтардың өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасын айқындау мақсатында, олардың барлық қолдану мерзімі барысында үш қайтара, жан-жақты жүргізілетін зерттеу. Ол асылдандыру жұмысының жоспарына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Бірінші бонитировканы – ересек жетілдірілген топтар қатарынан өндіргіштер сатысына өткізгенде, екіншісін – екінші өрістеуден кейін, ал үшіншісін – аналықтарға 8-9 жыл болғанда, аталықтары 6-7 жасқа жеткенде жүргізеді. Бонитировка кезінде аналықтарды әдетте 3 топқа бөледі:

1-топқа салмағы және экстерьерлік белгілері ең жақсы, орта жастағы (6-8жас), жыныс белгілері айқын байқалатын даралар жатады. Оларды уылдырық шашуға бірінші пайдаланады.

2-топқа салмағы мен экстерьерлік белгілері төмен, толық жыныстық жетілмеген балықтар жатады. Олар келесі рет қолданылады.

3-топқа сыртқы белгілері бойынша аталықтардан өзгешеленбейтін аналықтар жатқызылады. Олар жарамсыз деп саналып, қолданылмайды.

Аталықтарды 2 топқа бөледі:

1-топқа орта жастағы (5-7жас) шәуеті қою, ағыңқы және экстерьері жақсы аталықтар жатады.

2-топқа шәуеті сұйық аталықтар жатқызылып, резервке қалады.

Ақ амурдың жынысын анықтау қиынға соғады, ал жас және жыныстық жетілмеген дараларды сырттай анықтау мүмкін емес. Тек уылдырық шашу маусымында жынысты анықтау оңай болады. Аналықтардың жыныстық тесігі үлкенірек, кішкене ісінген, түсі қызыл, құрсақ қуысы ұлғайған. Аталықтардың жыныс тесігі әлсіз боялған, кішкентай саңылау түрінде болады. Аталықтардың басында және желбезек қақпақтарында қатты сүйелдер пайда болады- ол неке сәні деп аталады.

Табиғи жағдайда уылдырық шашу нәтижесінің жақсы көрсеткіші өндіруші тұқымдық балықтардың сапасына және уылдырық шашу тоғанының дұрыс дайындалуына да байланысты[9,10,11].

Көктемде  тоғандарды барлық өлген өсімдіктерден, қоқыстардан тазартып, тоған түбін кептіру керек. Тоған түбін сөндірілмеген әкпен 50г/1м2  өңдеуге болады. Тоған түбіне жұмсақ шөп еккен жөн, олар салынатын уылдырыққа субстрат қызметін атқарады. Егер өсімдіктер өспесе, онда жасанды субстрат жасауға болады. Ол үшін қылқан жапырақты ағаштарды,  мысылы, арша немесе сизаль арқанын және капрон талшықтарын қолданады.

Тоғандардағы суды 16-17°С температура болған кезде, өндірушілерді отырғызғанға дейін 1-2күн бұрын құяды. Бұл жағдайда міндетті түрде балық қоспасын ұстаушы құрал орнатылуы керек.Уылдырық шашуға алдымен өндірушілерді отырғызғанға дейін ас тұзының 5% ерітіндісінде, тұз ваннасында өңдейді. Өңдеу уақыты бес минут. Паразиттерге қарсы өңдеуді қыстау тоғандарында синтетикалық бояғыштарды қолдану арқылы жүргізуге болады. 0,1 га-лық уылдырық шашу тоғанына екі ұя салады(екі аналық және төртт аталық) немесе өндірушілер тобын отырғызады. Отырғызу кешкі уақытта жүргізіледі.

Уылдырық шашу таңғы уақытта жүреді. Көбею кезінде аналықтар мен аталықтар шулап, тез қозғалады. Уылдырық аталық шәуетімен ұрықтанады. Уылдырық жабысқақ болады, ол бірден өсімдіктерге жабысады. Уылдырық шашу 3-5 сағатқа созылады. Көбеюден кейін өндірушілерді аулап, жаздық аналық тоғандарға орналастырады. Егер уылдырық шашуы кешігіп жатса, өндірушілерді резервтік балықтарға ауыстырады.

Ұрықтанған уылдырық судың температурасына байланысты 3-5 тәулікте дамиды. Уылдырықтан шыққан эмбриондар бірінші екі тәулігінде аз қозғалғыш болады, саруыз қапшығымен қөректенеді. Көбеюші тоғандарда қөрек көзі тез сарқылады, сондықтан шабақтардың бұл тоғанда өсу ұзақтығы 10 тәуліктен аспайды. Әдетте шабақтардың активті қөректенуінен кейін 4-5 тәулікте шабақтарды аулап, өсіруші тоғандарға жібереді.

Табиғи уылдырық шашуда бірқатар кемшіліктер болады. Ол ауа райына, тоғандарды дайындау сапасына, су деңгейінің ауытқуына және су өсімдіктерінің дамуына байланысты.

 

 

Сурет 1 – Ақ амур балығы

 

Соңғы жылдары ақ амурды зауыдтық әдіспен өндіру кең етек алуда. Оның артықшылығына келесілер жатады:

  1. Өндірушілерді дайындау процессін, жыныс өнімдерін алу, ұрықтандыру және уылдырық инкубациясын басқару мүмкіндігі пайда болды.

     2.Селекциялық процессті тездететін, асылдандыру жұмыстарының мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.

  1. Алынған дернәсілдер инвазиялық аурулардан таза болады.
  2. Үйірлердің санын азайтуға болады,бұл әдіспен аналықтың аталыққа қатынасы 1:0,5.
  3. Босаған өрістеу тоғандары басқа балық өсіру процесстеріне қолданылуы мүмкін[11,12].

Ақ амурды жасанды жолмен өсірудің жетістігі  гипофизарлық инъекция егу әдісін жетілдіру арқылы мүмкін болды. Гипофиздің физиологиялық әсерінің механизмін 30-шы жылдары Гербильский ашқан болатын. Гипофиздің гонадатропты гормоны овогенез бен спермотогенезді реттейтіні, жыныс жасушаларының пісіп жетілуіне, овуляцияның және шәуеттің түзілуіне әсер ететіні анықталған.

Өндірушілерге балық гипофизінен гонадотропты гормонның суспензиясын балықтың бұлщықетіне іштей инъекция жасағанда, гормон қанға түсіп, жыныс процессін реттейді. Осы арқылы өндірушілердің  жыныс бездері 4- ші пісіп жетілу сатысынан 5- ші пісіп жетілу сатысына өтеді. Гонадотропты гормон түрлілік спецификалығымен ерекшеленеді. Осылайша, сазанның гипофизін тұқы тұқымдастарының өндірушілеріне, ақ амурға, сазанға, тұқыға еңгізеді[11].

          Көктемде уылдырық шашатын балықтардың гипофизін уылдырық шашу алдында, күзде немесе қыста дайындайды. Жыныстық жетілмеген балықтардың гипофизі жарамсыз болады.

         Жасанды жолмен көбейту жұмыстары инкубациялық цехтарда, бассейндерде, инкубациялық аппараттарда және шабақ өсіруге арналған ыдыстарда жүзеге асырылады.

         Ең алдымен, үлкен жастағы аналықтарды (8-10жас), сосын жастары (6-7жас) қолдану ұсынылады. Бірінші рет уылдырық шашатын аналықтарды тоғандарға, табиғи уылдырық шашуға жіберген жөн. Өндірушілерді тоғаннан бассейндерге ауыстырады. Бассейндердегі су температурасын тәулік бойы оптимальді көрсеткішке дейін (18-20°С) жеткізіп, өндірушілерді сонда 4-5 тәулік ұстайды. Содан кейін гипофизарлық инъекцияның көмегімен уылдырығын алады. Әр бассейнде су шығыны 10-15л/мин болғанда, орташа салмағы 5-8кг 7-8аналық және 3-4 аталық ұстайды.

Тәжірибеде екі қайтара инъекциялау қолданылады. Ондағы бірінші және екінші инъекциялар арасындағы қатынас 1:10, арасындағы интервал 12-24 сағат болады. Алдын-ала жүргізілген инъекция ядроның поляризациясын қамтамасыз етеді және овуляцияны қолдайтын мейозға даярлайды. Сөйтіп, осындай жолмен овуляция алдылық процесстер даярлығы бір реттік овуляция кезінде туындайтын кезекті қателіктерге жол бермеуге  мүмкіндік береді. Инъекцияға қажетті гипофиздің мөлшерін балықтың салмағы мен денесінің орамдық өлшемі бойынша анықтайды. Есептеуде нанограмма бойынша, яғни балықтың дене салмағы оның орамдық мөлшерін ескере  отырып гипофиздің көлеміне көбейтеді. Екінші қайтара инъекциялауда аналыққа 3-5 мг препарат әр бір килограмм салмағына есебінен енгізеді. Аталықтарына гипофиздік препаратты 0,8-1,2 мг/кг есебінде алады. Инъекциядан кейінгі жыныстық өнімнің пісіп жетілуі 20-220С температурада  10-12  сағаттан кейін басталады [12].

Жетілген жыныс өнімдерін балықтың құрсағын сығу арқылы алады. Ол үшін өнімдерін алар алдында өндірушілердің денесін 3% хлорамин ерітіндісімен сүртіп тазартады. Әр аналық пен аталықтың жыныс өнімдерін бөлек-бөлек ыдысқа сығып алады[13].

        Су жылылығының мөлшеріне байланысты ақ амурдың жыныс заттары 17-180С температурада 20-24 сағатта, 19-200С температурада 19-20 сағатта жетіледі. Балық уылдырығы және шәует қолмен сығылып алынады. Уылдырықтың әр литріне  3-5 мл шәует төгіледі де, үстіне 100-150 мл таза су құйылады. Осыдан кейін 30-40 секунд уақыт өткен соң, оны құс қауырсынымен араластырып ұрықтандырылады. Одан кейін оның жабысқақтығынан айыру үшін 1литр сүтке 5 немесе 8 есе су құйылып суытылады да, осы сүтерітіндісіндегі уылдырық инкубация аппаратына салынып компрессормен берілетін ауаның қысымы арқылы үрленіп араласып тұрады. Бұл процесс 30 минуттай жүргізіледі де, аппараттағы жабысқақтықтан айырылған уылдырыққа таза ағын су жіберіледі[14].

       Ұрықтанған уылдырықты инкубациялық  «Амур» аппараттарына орналастырады. Дернәсілді жетілдіруді ИВЛ-2 аппаратында жүргізеді. Аппаратқа 1литр көлемге 5-7 мың уылдырық есебінде салады. Уылдырықтың инкубациясы кезіндегі ең басты факторлар судың температурасы мен оттегінің мөлшері. Уылдырықты салғаннан кейін судың ағындылығын 4-8 литр/минутына етіп қояды, ал оптимальды температура 22-250С және оттегінің мөлшері 4 мг/л төмен болмауы керек. Уылдырықтың инкубациясы көрсетілген режимде 23-30 сағатқа жетеді. Ал егер температураны 27-290С дейін көтерсе инкубация уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Дернәсілдердің уылдырықты жарып шығуы 1-3 сағатқа созылады. Егер жарып шығу уақыты кешіксе, онда суды жіберуді 3-5 рет әр 7-20 минут сайын тоқтатып, оны қолдан жарғызады.

Инкубациялау арнаулы шыныдан жасалған 6-8 литрлік ыдыстарда жүргізіледі. Аппаратта су айналымы тоқтаусыз жүріп тұрады да, судың ағып шығуы 2-3литр. Бір аппаратқа 400-600 мың дана уылдырықты салуға болады. Өлген уылдырықтарды алып тастап отырады[15].

        Сырттай қоректенуге көшуіне сәйкес балық дернәсілдер арнаулы қатайтып өсіру тоғандарына ауыстырылады.

Амур аппараты — тұқытәрізді балықтардың уылдырығын инкубациялауға арналған. Аппаратқа 1 литрге 5-7 мың уылдырық есебінен уылдырық салынады, Уылдырық салынғаннан кейін су ағыны 4-8 л/ мин болатындай жасайды. Судың температурасы 22-25ОС және оттегі 4 мг/л төмен емес мөлшері оптимальды болып саналады. Осы температуралық режимде уылдырық инкубациясы 23-30 сағатқа созылады. Су температурасы 27-29ОС-қа көтерілгенде инкубация уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Дернәсілдердің уылдырықтан шығуы 1-3 сағатқа созылады.

Ақ амур балығының даму кезеңдері бірнеше даму сатыларынан тұрады:

            А-эмриональдық даму кезеңі сатылары

Б- дернәсілдік кезеңінің даму сатылары

В- шабақтық кезеңнің даму сатылары

А-Эмбриональдық даму кезеңі сатылары

І-саты – жұмыртқа клеткасы мен жұмыртқа қабықшасы арасындағы қуыстың сұйықтыққа толу кезеңі (перивительдік кеңістіктің пайда болуы), плазмалық төмпешік-бластодисканың пайда болу кезеңі.

        Жұмыртқа қабықшасы сарыуыздан ажырап, анимальды полюсте плазманың концентрациясы жүреді. Судың 22-260С температурасындағы ұрықтандыру басталған кезеңнен бастап, оның жасы барлық жағдайда көрсетіледі. Плазма айқын сызықты төмпешікке-бластодискаға айналады.  Осы уақытта перевительдік қуыстың сұйықтыққа толуы негізіне аяқталады. Бірақ, ол әлі де болса жалғаса береді.

Мұндай перевительдік кеңістіктің болуы уылдырықтың өзіндік салмағын азайтады да, оның су қабатындағы жүзгіштігін аттырады, ағынсыз суда уылдырық су түбіне батып кетеді.

        ІІ саты. Ластодисканың бөлшектенуі екі бластомерден бластулаға дейін жүреді.

Бластодиска екі бластомерге кейін төрт бластомерге бөлшектенеді.Одан сегіз бластомерге бөлшектенеді.Сонымен бірге, перивительдік полюстің салынуы және жұмыртқа қабықшасының созылуы аяқталады.

        ІІІ саты. Гаструляция – ұрықтық жапырақшалардың пайда болуы.

Бластодерма сарыуыз қапшығының үстіне қарай уылдырықтың төменгі вегетативті бөлігіне ұлғаяды, сонымен бірге бластодерманың шеткі аймақтарындағы бір бөлікте клеткалар қалыңдап, түйін түзеді. Клеткалар қарқынды бөлінеді және бластодерма ұлғаюы барысында ішке қарай айналады. Ұрытық жапырақшалары экто-, эндо- және мезодермадан тұратын ұрықтың бастамасы салынады. Бластодерманың өсуіне қарай сарыуыз қапшығындағы ұрық қалыңдайды және ұзарады.

Гаструлация сарыуыздық қақпақ бластопордың бітелуімен тұйықталады. Ұрық бастамасы денесі жұмырланып, валик тәрізді форма алады. Оның кеңейген бас бөлімі анимальды полюстен басталады, тарылған бөлімі құйрық бөлімі вегетативтік полюсте аяқталады.

ІV-саты. Ұрықтық жапырақшалардың негізгі органдарға дифференциялануы.

Көз көпіршігі түзіледі, хорда бастамасы салынады, мезодерма сигменттеле бастайды (екі самит пайда болады), бас миының негізгі бөлімінің бөлімдері (ми көпіршігі) салына бастайды. Осыдан кейін көзінде хрусталиктер пайда болады, есту көпіршіктері түзіле бастайды.

Денесі көптеген бұлшық еттік сигменттерге, митомдарға сигменттелген. Хорда айқындала бастайды. Денесі өте сирек иіледі.

V саты. Сарыуыз қапшығының құйрық бөлімінен босауы, ұрық денесінің активті қозғалысының басы.

Құйрық бөлімінің сарыуыз қапшығынан ажырауы нәтижесінде ұрықтың денесі түзіле бастайды. Ол бүйірінен бүйіріне иіліп жылдамырақ бұрылыстар жасай бастайды.

Бұл первитальдағы сұйықтықтағы газ алмасуды, сонымен бірге тыныс алуды жақсартады да, одан әрі оның қабықшаны жарып шығуына көмектеседі. Басында және жүрегі аймағында көптеген майда көпіршіктер пайда болады, оның бөлген секреті ұрықтың қабықшаны жарып шығуы уақытына қарай, жұмыртқа қабықшасының беріктігін төмендетеді.

VІ саты. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы уақыты бір тәуліктік жасында басталып бір сағаттан бірнеше сағатқа созылады. Қабықшаны жарып шығу уақыты судың температурасына және оның оттегімен қанығуына қарай жүреді. Біршама жоғарғы температурада және оттегінің аз мөшерінде жарып шығу жылдамырақ жүреді. Созылыңқы жарып шығу дернәсілдің сапасының төмендігін көрсетпейді. Кезеңнің аяғында немесе басындағы жарып шыққан дернәсілдердің тіршілікке қабілеті бірдей болады.

Денесі түзу,пигментсіз. Бұлшық ет сигметтері саны 29-31, құйрығында 12-14 болады. Көзінде онша үлкен емес пигметтік дақ болады. Есту капсуласында отолиттің астамасы байқалады.  Екі бөлім жүрекше мен қарыншадан тұратын жүрегінің пульсі көрініп тұрады. Қанның қалыптасқан элементтері қан тамырларында әлі болмайды. Дернәсілалды бұл сатыда қозғалғыш. Табиғи жағдайда олар бәсең судың ағысымен ағып кетеді. Инкубациялық аппаратты жүйелі түрде қимыл жасайды, яғни судың беткі қабатына көтеріледі, сосын төмен қарай басымен төмендейді.

VІІ саты. Эмбирональдық қантамырлық жүйенің түзілуі және қан айналудың бастамасы уақыты. Дернәсілалдының ұзындығы 6,5мм, жасы екі тәулік барлық тамырлары қанның формалық элементтерімен толады. Сарыуыз қапшығының ең алдыңғы бөлігінде кең кювер жолы орналасады, ал аналь қанаты қатпаршағы бөлігінде кеңейген құйрық венасы болады.

VІІІ саты. Қозғалмалы – желбезек жақ аппаратының және оның қызметінің басталуы.

Аузы төменгіден жартылай конус тәрізді түрге енді және қозғалмалы. Тері желбезек қақпағы желбезектің біршама бөлігін жауып тұрады. Желбезектеріндегі қан тамырлары бүкіл желбезек жапырақшаларына тармақталған, желбезектік тыныс алу басталады.

Көзі толығымен пигменттелген, денесінде мелоноффорлар және диффузды сары пигмент пайда болады. Торсылдағының бастамасы пайда болады. Дернәсілалды дәл осы сатыда қозғалады.

        Инкубациялық цехтың соңғы өнімі – аралас қорекке көшкен дернәсіл. Осы этаптағы дернәсілдер алыс жолдық тасымалдауға төзімді келеді. Тоғандарды балықтандыруға салмағы 25-30 мг және одан жоғары зоопланктондық қорекке көшкен дернәсілдерді қолдану ұсынылады.

Дернәсілдерді тиімді өсіру үшін олардың биологиясын, қоректенуін, сыртқы орта факторларына негізгі талаптарын білу керек.

       Дернәсілдік даму торсылдақтың ауамен толу мезетінен сырттай қоректенуге көшу уақытына дейін созылады. Осы периодтың басында дернәсілдерді сарыуыз қапшығының қалдығы болады. Сондықтан, олар біраз уақыт аралас қорекпен қоректенеді. Ересек ағзаның сипаттарын алғаннан кейін бұл период аяқталады[15,16].

Тұқы тұқымдастарына тұщы сулық және жартылай өткінші балықтар жатады. Олардың жақтарында тістері жоқ, бірақ жұтқыншақ тістері болады. Арқа қанаты біреу. Тұқы тұқымдасы- балықтардың ішіндегі ең саны көп түр: әлемде 1000 түрі болса , оның 118 түрі ТМД суларында тіршілік етеді[16].

Тоған шаруашылығының дамуымен байланысты Қиыр Шығыстан республикамыздың суларына тұқының жаңа түрлерін әкеліп жерсіндіре бастады. Оған қара және ақ амур, ақ және шұбар дөңмаңдай жатады.

Қиыршығыстық өсімдік қореті балықтар комплексі үш түрмен берілген: ақ амур (Ctenopharyngodon idella Val); ақ дөңмаңдай (Hypophtalmichthys molitirix Val.) және шұбар дөң маңдай  (Aristichthes nobilis Rich). Бұлардың бәрі тұқы тұқымдастарына жатады. Олардың атамекені Орталық және Оңтүстік Қытайдың жазық өзендері[17]. 

Оларды өсірудегі қажетті гидрохимиялық режимдер тұқылардағыдай (сазан). Өсімдік қоректі балықтарды негізгі өсірудегі абиотикалық фактор температура болып табылады.  Өсімдік қоректі балықтар тұқыға қарағанда біршама жылу сүйгіш: оңтүстік аймақтарда өсуінен одан кем түспейді, ал орталық ендікте одан баяу өседі (әсіресе ақ амур). Сонымен қатар олардың барлығы орталық және солтүстік батыс аймақта қысты жақсы өткереді[18,19].

Қоректенуінде өсімдік қоректі балықтар бірініші жылында оларды бірге өсіргенде екі типті қоректену айқын байқалады. Бастапқы (отырғызғанан алғашқы 15-20 күнінде тоғандағы  үш түрдің жастары) осы жылдықтардың қоректенуі ұқсас және зоопланктонмен қоретенуге негізделген. Бұл уақытта олардың арасында қоректік конкуренция туындауы мүмкін . Ақырғы кезең – вегетативті кезеңнің  қалған бөлігі арнайы немесе маманданған қорекке көшуі уақыты[20].   

Ақ амур жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен қоректенеді және жоғары  эффективті биологиялық мелиораторлық қызымет атқарады. Ақ амурды тоғанда пайдаланғанда көңіл бөлетін жағдай олардың тоғанда алатын орны. Өсімдіктекті қорек жетіспегенде ақ амур жасанды қоспаға көшіп тұқыға бәсеке тудыруы мүмкін және қоректің төленетін «пұлы» тиімділігі тұқыға қарағанда әлдеқайда төмен болуы мүмкін. Табиғи сулардағы және комплекстік бекітілген сулардағы өсімдіктердің  жетіспеушілігі ақ амурда ауру және өлім туғызады, бұндай жағдай Қапшағай су қоймасында орын алған болатын[21].

Жыныстық жетілуі Амур бассейнінде ұзындығы 68-75см жеткенде, 9-10 жасында, ал ақ дөңмаңдай ұзындығы 60-62см, 7-8 жасында[7]. Орталық Қытайда олар 4-5, ал оңтүстігінде 3-4 (ақ амур) немесе ақ дөңмаңдай 2-3 жылдығында жыныстық жетіледі. Шұбар дөңмаңдай ақ дөңмаңдайға қарағанда бір жыл кейін жетіледі. Барлық түрлердің аталығы әдетте аналықтарға қарағанда бір жыл ерте өтеді.

Ақ амурдың өрістеуі тасқын кезінде, су температурасы  20-25 0С және жоғары онша терең немесе қайраңдарда түбі тасты өзеннің арнасында жүреді. Өсімдік қоректі балықтардың эффективті көбеюі суқоймаларда, тоғандарда шындыққа сай емес. Сондықтан тауарлық өсірудегі осы балықтарды өндіріудің  жалғыз әдісі зауыдтық әдіс болып табылады[22].

Қазақстанға өсімдік қоректі балықтардың қиыршығыстық комплексі Қазглавгосрыбводпен Қытайдан Алма-Аты тоған шаруашылығына 1958 жылы әкелінген. Алма-Аты тоған шаруашлығына жіберген кездегі олардың салмағы 88 мг, ұзындығы 33мм жеткен болатын.

Қапшағай суқоймасына кәсіптік аулауда ақ амур 1989ж.бастап кездеседі.Ақ амур балығы тұщы суда өседі, ол үйір болып шоғырланып, өзен сағасындағы шұңқырларда қыстайды.Көктемде, су деңгейі көтерілгенде бұл балықтар көлдерге және өзен атырауындағы  жайылма суларға өрістеп шығады. Ақ амур балығының бір ерекше қасиеті бар: ол кенеттен оқыс дыбыс шыға қалса, сол дыбыс шыққан жаққа қарай судан 1-2м биікке секіріп шығады.Оның жас шабақтары алғашқы кезде су балдырлары мен бірге зоопланктондарды да қорек етеді. Оның негізгі қорегі судың қабатында қалқып жүрген майда су балдырлары, шөппен қоректенетіндіктен оның ішегінің ұзындығы өзінің денесінің ұзындығынан 1,5 есе артық, оның себебі шөптің қорытылу мезгіліне байланысты[21,22].

Өсімдік қоректі балықтарды әкелгеннен бастап тоған шаруашылықтарында минеральдық  тыңайтқыштар қолданыла бастады.

Өсімдік қоректі балықтарды зауыдтық жолмен өндіру Қазақстанда  1964 жылы басталды. Жұмыс Алма-Аты  тоған шаруашылығында  және бұл тәжірибелік мақсатта жүргізілді. 1964 жылы өсімдік қоректі балықтардың барлығы 327 мың дернәсілі алынды.

Кейінгі жылдары республикада өсімдік қоректі балықтарды өндірудің көлемі ұлғайды. Табиғи сулар мен комплекстік негізделген сулардағы өсімдік қоректі балықтарды өсіру  Қазақстанда толығымен қолданылмайды[23].

Авторлардың мәліметтерін талдай отырып, бұл проблема толық шешілмеген екендігін анықтап, тұжырымдауға болады.

 

1.2 Арал теңізі

 

Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Арал теңіз көлемі жағынан екінші орынды еленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында жатыр. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың км2, ұзындығы 428 км, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі.

Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары мен ғалымдарының назарын өзіне аударуда, Арал туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птоломей теңіздің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын, табиғатын жан-жақты зерттеуде орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Академик Л.С.Бергтің 1908 жылы «Арал теңізі» деген үлкен еңбегі жарық көрді.

Арал теңізі аймағының климаты қатаң континентті, құрғақ. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 100мм. Жылдық булану мөлшері түскен жауын-шашыннан бірнеше есе көп.

Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы +24 С, +26 С, қыста -7 С, -13 С-ге дейін төмендейді. Қыста теңіз бетіне мұз қатады. Суының тұздылығы 14 %, соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып тайыздануына байланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан.

Арал теңізінің табиғи байлықтары. Теңізде балықтың 30-дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келді. Аралға құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.

Теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында Барсакелмес қорығы құрылып, бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т.б. аң-құс түрлері қорғауға алынған. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмен түсуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді [30].

Аралдың экологиясы. Аралтеңізінің тартылып, теңіз маңайындағы аудандарың экологиялық жағдайларының нашарлануының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп- Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режімін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан  Арал  теңізінің деңгейі 14,7 метрге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км  су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды  шаң жүздеген мың шаршы километр аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 км  жерінен 8000 тоннаға жуық тұзды шаң көтеріп, қоршаған ортаға  таралады екен. Шаңмен көтеріліп, шөккен тұз топырақтың құнарын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр.

Атмосфераға  зиянды заттардың  шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфераға ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз маңында  жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттау басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан, т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек аурулары және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туу соңғы кезде көбейіп кеткен. Байырғы тұрғындар ата-баба жерінен амалсыз қоныс аударуда. Қазір Арал теңізінің экологиялық жағдайы шетел ғалымдарын да алаңдатып отыр. Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде. 1988 жылы «ХХ ғасыр: бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық Арал қозғалысы өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шараларға шет мемлекеттер де аталасуда. Өйткені бұл ғаламдық проблема.  

 

1.3 Арал-Сырдария су алабының қазіргі экологиялық жағдайы

 

Арал-Сырдария су алабының соңғы жарты ғасырда зор экологиялық апатқа ұшырағаны белгілі. Үлкен Арал теңізінің  қайырылмас  құрдымға кеткені халқымыз үшін орны толмас өкніш. 1992 ж. Үлкен теңізде ең соңғы экологиялық зерттеу Ресей ғалымдарының қатысуымен жүргізілді. Сол жылы теңіз суының тұздылығы орта есеппен 33,8 %(%-промиля, немесе г/дм3) болған. Демек 1950- 1960 ж.мөлшерінен (10,08 %) үш еседен артық  жоғарылаған болатын. 1996 ж.зерттеулеріміз бойынша теңіз суының тұздылығы 42,1-84,3 % шамасында кей  жерлерде 85,8% жетті. Кейінгі жылдардағы деректер бойынша су тұздылығы 100% дейін көтерілген. Демек Үлкен Арал  айтарлықтай  тіршілік қалмаған өлі теңізге айналды.

Кіші Арал теңізінің қалпына келтіру шаралары 1992- жылдан басталды. Жергілікті ұйымдардың күшімен екі дүркін екі теңіз аралығына уақытша бөгет салынды. Бірақ олар су деңгейі көтерілген мезгілде жарылып, жиналған су Үлкен  теңізге ағып кетіп жатты.

Соңғы жылдары Кіші  теңіз және Сырдария  өзенін қалпына келтіру  жобасы іске  асырылуда. Көкарал  бөгеті салынып теңіз суы 42 метрлік деңгейге көтерілді. Бұл деңгейде  теңіздің  жалпы  аумағы 330 мың гектарды құрайды. Келешекте Кіші Арал теңізін қалпына  келтіру  жобасының  екінші сатысында  су деңгейі  бұданда жоғары  көтеріліп теңіз суын Арал қаласы маңына жеткізу  шаралары  көзделіп  отыр. Сырдария  өзені атырауында орналасқан  үлкен  көл  жүйелері   соңғы жылдары мөлшерлі  деңгейіне  дейін  суға  толтырылып, өздерінің табиғи  аумағына келтірілді. Бұл  маңдағы  бес көлдер  жүйесінің  жалпы аумағы 85,8 мың гектар, оның  ішіндегі  ең  ірілері Қамыстыбас көлдері  51,4 мың  гектар, Ақсай-Қуаңдария  көлдері  25,0 мың гектар, Ақшатау көлдер жүйесі- 20,5 мың гектар [28].

Әрине бұның барлығы қуанарлық іс, өйткені  бұл  айдындардың  қалпына  келтірілуі  балық  шаруашылығын  және  экономиканың басқа да салаларын өркендетуге  үлкен ықпал  жасамақ. Халықтың  әлеуметтік  жағдайын  көтеруге  және  осы  маңайдың экологиялық жағдайын жақсартуға  бұл  шаралардың  мәнісі үлкен.

Іске асырылып  жатқан  Кіші Аралды  және Сырдария  өзенін  қалпына келтіру  жобасына  енгізілген  біздің  мекеме  мамандарының болжамы бойынша келешекте жылына Кіші Арал  теңізінің 3,0 мың  т., көлдер жүйесінен 4,2 мың т. балық  аулауға  мүмкіндік туады.

Қазіргі кезде Кіші Арал суының  біртіңдеп тұщуына байланысты өзенде мекендейтін балықтар- сазан, табан, көксерке, жайын т.б. теңізге кең  тарала бастады. Оларға қоректік теңіз  организмдері де  көбейіп келеді. Көлдер жүйесінде  де су  едәуір тұшып балықтың өсуіне, көбейуіне жағымды  гидрохимиялық жағдайлар бар. Бұл қолайлы өзгерістер теңізде  және көлдерде балық шаруашылығын  қалпына келтіру және одан әрі  дамытуға жол ашады.

Бірақ та Арал- Сырдария су алабындағы өзен, көлдер суының  сапасына антропогендік әрекеттердің  ықпалы  өте  үлкен  болып отыр. Өзен жүйесіне  құйылатын  ауыл  шаруашылығы және  өндірістік кәсіпорындары  тарапынан  улы қалдықтармен  ластанған сулар  мөлшері өте мол. Сырдария жүйесіне жыл сайын 12-14 км3 ластанған өндірістік және коллектор- дренаждық сулар  құйылады. Өзеннің тек  төменгі ағысында ол сулардың мөлшері 1,2-1,5 км3.

Сонымен қатар өзен  өте  көп ласты Өзбекстан территориясынан  әкеледі. Өзеннің транзитті  ағысында пестицидтердің (ДДТ, ГХЦГ), мұнай өнімдерінің, фенолдар мен  азотты қоспалардың мөлшері өте  жоғары  екендігі байқалады. Мырыш, мыс және  сынап мөлшері  балық  шаруашылық суларының  нормативті шекті деңгейінен  жыл  бойы артық [28].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 — . Арал- Сырдария бассейні

 

 

 

Сырдария өзені Қазақстан  территориясында да  едәуір  ластанады. Табиғат қорғау  мекемелерінің ресми деректері  бойынша, Сырдарияның    салалары  Келес, Арыс және  Бадамның суының ластану индексі 3,2-4,3, яғни 4-5 «ластанған» және «лас» кластарына жатады.

Өзен суының осындай жоғарғы деңгейде ластануы оны қабылдайтын Шардара  бөгені, Арал  теңізі  және  көптеген  көлдер жүйесінің  су  сапасын өте  төмендетіп отыр. Пестицидтер, ауыр  металдар  және басқа да улы  заттар аталған су  айдындарының  экологиялық  жүйесінде  кең тарап, жинақталуда. Оларда мекендейтін  балықтар  және өсімдіктер  денесінде  пестицидтер  мен  металдардың тұну мөлшері  жоғарғы көрсеткіштерге  жетуде. Айдындар экожүйесінде  соңғы  жылдары ДДТ метаболидтері мен мырыш  хром элементтерінің жоғарғы мөлшерде жинақталуы  байқалды.

Арал-Сырдария су алабында  соңғы  15-20 жылдарда  балық  өлу оқиғасы тіркелген жоқ. Бірақ та улы заттардың  суда, балықтар  денесінде  және  олар  қорек ететін  объекттерде нормативтен жоғары  деңгейде  жиналуы балықтардың көбеюіне және тағы басқа  маңызды  тіршілік  жүйелеріне  зиян  келтіреді. Бұл ғылым жүзінде   дәлелденген қағида [29].

Айта кететін  бір жайт, салынған Көкарал  бөгеті Кіші Арал  теңізі  балық қорына  тигізіп отырған  кейбір  жағымсыз  әсерлері де бар. Бұл бөгет 2005 жылы  іске қосылып  Кіші теңізге  Сырдария  суы  қарқынды  жинала  бастады. 2006 жылдың көктемінде  теңіз  суы 42 м  деңгейге көтерілді. Жобаға сәйкес  одан артық  су бөгеттің су ағытатын   қондырғылары арқылы Үлкен Арал теңізіне қарай ағызылды. Өкінішке орай  сол сумен Кіші Аралдан өте көп балық және оның шабақтары кетіп екі теңіз  арасында жаппай  қырылды.

Бұның себебі бөгеттің  жобада  көзделген балық  қорғау  қондырғысымен жабдықталмағындығы. Демек бұл бөгет құрылысы кезінде  жобадан  аутқудың  нәтижесі. Жасалған  жобада  Көкарал  бөгетінде  бұл  қондырғының  керектігі  дәлелденіп, құрылыс құрамындағы  объектілер қатарына  енгізілген. Аталған жобада  балық шаруашылығын  қалпына  келтіру және  өркендету  мәселесі  үлкен  маңызды орын алған. Үйткені жобада көрсетілгендей, бұл гидротехникалық  құрылыстың экономикалық және шаруашылық тиімділігі балық шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты. Айтылған және де басқа жағдайларды еске ала отырып, балық шаруашылығы  ғылыми өндірістік  орталығы  мамандары  мынадай шараларды жүзеге асыруды ұсынады:

Кіші Арал теңізін және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасының екінші  сатысын  жүзеге асыру;

Кіші Арал  деңгейінен артық  Көкарал  бөгеті  арқылы босататын суды  Үлкен  теңіздің Тұщыбас шығанағы жіберіп, оны тұщытып, балық өсіруге пайдалану;Көкарал бөгеті  арқылы  ағытқан  сумен  кететін  балықтар  мөлшерін тежеу үшін  ол суды  күз  немесе қыс мезгілінде  ағыту  қажет;

Көкарал бөгетін  балық  қорғау қондырғысымен  жабдықтау құрылысын тездетіп жүзеге асыру қажет. Арал теңізінің мәселесі жөніндегі іс-шаралар
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия Елбасыларының 1993 жылдың каңтарында Ташкентте қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қ-нда өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференциада жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мөселелерін, экология-лық сауыкхыруды, аймақгың әлеум.-экон. дамуьш қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім деп аталды. Келісімге Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғызстан Президенті А. Ақаев, Тәжікстан Жоғ. Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президеиті С.А. Ниязовқолқойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал т. бассейніндегі экол. дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағынын, әлеум.-экон. дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі метекетаралық Кеңес құрылды, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас Хатшысына Орталық Азия Елбасыларының атынан үндеу-хат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүне жүзі қауымдастықтың назары аударылды.
Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары Кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қ-нда құрылған (қ. Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім). Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді [30].

Мемл-аралық Кеңесті әр жылда Орталық Азия елдері кезекпен баскаратын болып шешілді. Алғашқы кезек Өзбек Респ-на берілді. Кеңес өзінің атқарушы к-тін, су мәселелері жөніндегі, әлеум.-экон., ғыл.-тех. және экол. даму жөніндегі комиссияларын бекітті. «Сырдария» және «Әмудария» бассейндік су ш. басқармаларын Кеңестің су мәселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арап қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.Арал anaтынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықар. келісім. 1990 жылдың 24 — 26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықар. құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындықка қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11 — 12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғыл.-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қ-нда бекітілді, оған ҚР атынан Ү. Қараманов, К. Салықов, Н. Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және Халықаралық Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек Бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.
Арал теңізінің ихтиофаунасыАкклиматизациялық шараларды жүргізгенге дейін Арал  теңізінің ихтиофаунасы жеті тұқымдасқа жататын жиырма түр арқылы көрініс  беретін  Никольский,  1940).  Арал ихтиофаунасының  Каспий  мен  Азов-Қара теңіздерімен салыстырғанда өзіне тән ерекшелігі ондағы балық түрлерінің күрт кемуі болып табылады. Теңізге лайық балықтардың толық құрып кетуі Арал теңізінің тұз құрамымен ғана түсіндірілмеуі керек. Ж.В.Никольскийдің (1940)пікірінше ұрындары Арал теңізінің ихтиофаунасы әлдеқайда бай еді, тек кейінгі кездердегі еңіздің толық тұщылануы балықтардың түр құрамының кедейленіп кетуіне әкеліп соқты. Балық шаруашылығы ғылымы қалыптаса бастаған алғашқы кезден-ақ Арал ихтиофаунасын кәсіптің жаңа нысандарын жерсіндіру арқылы  қайта құру мәселелеріне үлкен мән берілген еді. Арал (Кіші) теңізінің кәсіптік ихтиофаунасын балықтың 18 түрі көрсетеді (1-кесте).

 

Кесте 1.      Кіші Арал теңізінің ихтифаунасы

Түр атауыТүр мәртебесі

1

Атлантикалық майшабақ — Clupea harengus Linneaus

саныаз, интродуцирленген

2

Кәдімгі шортан — Esox lucius Linneaus

саны аз, абориген

3

ақтабан — Abramis brama (Linneaus)

кәсіптік, абориген

4

Айнакөз — Abramis sapa (Pallas)

саны аз, абориген

5

Кәдімгіақмарқа — Aspius aspius (Linneaus)

кәсіптік, абориген

6

Күмістабан — Carasius auratus (Bloch.)

саны аз, абориген

7

Аралшемаясы– Chalcalburnus chalcoides (Guldenstadt)

саны аз, абориген

8

АқАмур — Ctenopharyngodon idella (Valanciennes)

саны аз, интродуцирленген

9

Сазан — Cyprinus carpio Linneaus     

кәсіптік, абориген

10

Ақ дөңмаңдай — Hypopthalmichthyx molitrix (Valenciennes)

саны аз, интродуцирленген

11

Қылышбалық — Pelecus cultratus (Linneaus)

кәсіптік, абориген

12

Торта — Rutilus rutilus (Linneaus)

кәсіптік, абориген

13

Қызылқанат — Scardinius erythropthalmus (Linneaus)

саны аз, абориген

14

Кәдімгі сом — Silurus glanis Linneaus

саны аз, абориген

15

Өзен алабұғасы — Perca fluvatilis (Linneaus)

саны аз, абориген

16

Кәдімгі көксерке — Sander lucioperca (Linneaus)

кәсіптік, абориген

17

Жыланбас балық — Channa argus (Cantor)

саны аз, интродуцирленген

18

Камбала-глосса өзендік — Platichthys flesus (Linneaus)

интродуцирленген

Кожабаева Э.Б.

 

Кәдімгі ақмарқа (Aspius aspius). Жартылай өтпелі балық, теңізде жайылып қоңданады да, Сырдария өзенінде уылдырық шашады. Ақмарқаның қауымдасуының жай-күйі жылдар бойы орнығады. Сулардың тұщылануы арқасында оның ареалы Кіші Арал теңізінің барлық акваториясына тарады. Зерттеу кезеңінде Арал ақмарқасының орташа ұзындығы 34,4-тен 42,4 см-ге дейін, ал денесінің орташа массасы 582-ден 1078 г-ға дейін өзгермелі болды. Ақмарқа — уылдырығының сипаты бойынша риофилдік түр. Еркектері мен ұрғашыларының ұзындығы жөнінен айырмашылықтары азғантай ғана, салмағы бойынша еркектері әдетінше ұрғашыларынан кішілеу болып келеді. Теңіздің солтүстік бөлігінде ұрғашылары мен еркектері тек бесінші жылы ғана, ал кейбіреулері төртінші жылы жыныстық жағынан жетіледі. Ақмарқа көбею үшін қазанның басында, температура 8-10ºС болған кезде Сырдария өзеніне түседі. Ал жаппай өзенге кіруі қараша айында, температура 2,0-0,4ºС-қа дейін түскен кезде іске асады. Уылдырық шашатын жерлері Қызылорда-бөгеніне дейін орналасқан. Уылдырық салу су температурасы 6-14ºС болғанда жүзеге асырылады.  Уылдырық  шашатын  үйірдегі жыныстардың ара қатынасы 1:1,5-1:2. Өндіруші балықтар уылдырық салып біткен соң теңіздегі өз тіршілігіне оралады. Ақмарқаның уылдырығының желімділігі әлсіз саналады. Уылдырық салу үшін субстрат ретінде қиыршық тастар мен өсімдік тамырлары қызмет етеді [1].       

Сазан (Cyprinus  carpio). Кішіаралдың интенсивті тұщыландырумен байланысты гидрологиялық режімініңөзгерістерісазанның ареалының кеңеюіне әкелді. Егер 2001 жылдан бастап сазанды Үшшоқы мен Тастүбек удандарындағы  теңіздің  солтүстік-шығыс бөлігіне орналастыру орын алған болса, ал 2005 жылдан бастап сазанның ареалы Бутаков шығанағынан басқа тұтас дерлік акваторияны жайлай бастады. Зерттеу кезеңінде сазанның орташа ұзындығы 29,4 — 41,6 см, ал орташа массасы 644-1541 г аралығында ауытқып тұрды. Сазанның жыныстық жетілуі өмірінің үшінші және төртінші жылында жүзеге асып, жыл сайын уылдырық шашады. Уылдырығын салу үшін субстрат таңдауда кірпияз емес, қоғаның сабақтарынада, егеушөптер мен тарақты балдырларға,сондай-ақ жасыл балдырларға да уылдырығынсала береді.

            Қылышбалық(Pelecuscultratus). Кіші Арал теңізінің бұл аборигендік түрінің дарақтарының көлемі орташа алғанда 22,5 мм-ден 33 см-ге дейін, ал массасы 101-ден 315 г-ға дейін жетеді.Қылышбалық — жартылай өтпелі балық және ол уылдырық салу үшін өзендерге түседі. Кіші Арал теңізінде қылышбалықтың негізгі бөлігі2-6 м тереңдіктегі теңіз жағалауларының бойындауылдырықсалады. Қылышбалықтың уылдырығы  батипелагты.  Уылдырық  салуы мамырдың екінші жартысында — маусымның басында болады, кейде шілденің ортасына дейін созылуы мүмкін. Қылышбалықтың негізгі бөлігі жыныстық жағынан үш жасқа толғанда барыпжетіледі. Қылышбалық уылдырығын12ºС температурада шашады [1].  

Аралдық торта(Rutilusrutilusaralensis).Теңіздің табиғи деңгейі режімінде негізгі кәсіптік балықтардың бірі болатын. Қазіргі кезде торта — саны жағынан Бутаков шығанағына дейінгі бүкіл акваторияға жайылғанына қарамастан Кіші Арал теңізінің сағалық бөлігіндегі басым көпшілікті құрайтын түр. Балықтардың орташа ұзындығы 18,9-ден 23,7 см-ге, ал массасы — 119-дан 282 г-ға дейін өзгереді. Аралдық торта ақтабан мен сазанға қарағанда анағұрлым ертерек уылдырық шашады — өндіруші балықтаруылдырық салу мекеніне наурыз айында келіп алады. СолтүстікАралдағы тортаның жаппай уылдырық салуы көкектің екінші жартысында 8-9ºС температурада жүзеге асырылады. Торта әдетте уылдырығын су астындағы өсімдіктер (егеушөп, балдырлар) қопасына салады.

Көксерке (Sander lucioperca). Кіші Аралды интенсивті тұщыландыруға байланысты оның тіршілік ету ареалы кеңейе түсті, ол енді Кіші теңіздің тұтастай дерлік акваториясында кездесе бастады. Соңғы зерттеу жылы көксерке Бутаков шығанағына дакіре бастаған.Оның ұжымдасуының ахуалы бірқалыпты. Биологиялық көрсеткіштері жақсы. Көксеркенің орташа ұзындығы 29,2-ден 39,6 см-ге дейін, ал орташа массасы 366-дан 909 г-ға дейін ауытқиды.Көксерке уылдырық шашу сипаты бойынша фитофилдік балық тобына жатады. Көксеркенің аталығы мен аналығының бір-бірінен ұзындығы мен салмағы бойынша күрт айырмашылығы бар.Көксерке үш және төрт жасында жыныстық жағынан жетіледі, бірақ алғашқы уылдырық шашатын арақтардың негізін бес жастағылар құрайды. Өндіруші балықтардың уылдырық шашар алдындағы көші-қоны Сырдария өзеніне қыркүйектің аяғында басталады. Ал жаппай қозғалуы қазан айының аяғында және көктемнің наурыз-көкек айларында болады. Уылдырық шашуының  басы  әдетте  көкектің  екінші онкүндігінде су температурасы 7-8ºС болғанда, ал бұл науқанның шырқау шегі көкектің соңғы онкүндігі мен мамыр айының басында су температурасы 14-15ºС болған кезде іске асады. Уылдырық салуының соңы су температурасы 18-20ºС болған мамыр айының екінші онкүндігі болады. Уылдырық шашу кезеңінде ұрғашы балықтар саны көптеу болып, жыныстардың арақатынасы 1,5:1-ді құрайды [2].

             Қызылқанат(Scardinius erythropthalmus).Қызылқанат мамыр айының аяғында-маусымның бірінші жартысында уылдырық салады. Уылдырықтарын су астындағы өсімдіктерге — егеушөп пен тарақты балдырларға салады. Уылдырықтың дамуы 22-26ºС температурада жүзеге асырылып, 3-3,5 күнде аяқталады. Өмірінің үшінші жылында жыныстық жағынан өсіп, жетіледі. Уылдырық шашу кезінде қызылқанат кішкене ғана үйірлерге жиналады.Соңғы жылдары қызылқанаттың биологиялық көрсеткіштері салыстырмалы түрде бірқалыпты болып келеді. Алайда, зерттеу кезеңінде жас бойынша құрамында кіші жастағылары болмай шықты, ал бірінші рет жетіліп тұрғандары болмашы ғана пайызды көрсетті. Шамасы, балықтың ұдайы өндірісіне Сырдария өзені ағымының орнықсыздығы салдарынан уылдырық шашатын аудандар көрсеткіштерінің тоқтамай отырған өзгерістері теріс ықпалын тигізуде. Дарақтың орташа ұзындығы 18,0-ден 21,9 см-ге дейін, ал орташа массасы 123-тен 224 г-ға дейін ауытқып тұрады. Жас бойынша құрамда төрт және алты жас аралығындағылар басым түседі. Кіші жастағы топтардың саны тіптен мардымсыз, бұл да қауымдасудың қолайсыз жағдайына айқын дәлел [3].      

Сирек кездесетін түрлер

Арал мен Сырдария өзенінің ихтиофаунасындағы 7 түр Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енді (2008):

  1. Acipenser nudiventris Lov., 1828 – пілмай (аралдық қауымдастық) — 1 санат
  2. Pseudoscaphirhynchusfedtschenkoi (Kessl.,1872) — Сырдария тасбекіресі -1 санат
  3. SalmotruttaaralensisBerg, 1908 — Арал албырты (құмжа) — 1 санат
  4. Aspioluciusesocinus (Kessler, 1874) – шортан тектес ақмарқа (лысач) — 1 санат
  5. Barbusbrachycephalusbrachycephalus(Kessler,1872) — Аралқаязы — 2 санат
  6. Barbus capito conocephalus (Kessler, 1872) Түркістанқаязы — 2 санат
  7. Cottus jaxartensis Berg, 1916 – Шатқалдықтасқазғыш — 4 санат

Көптеген  «қызылкітаптық»  түрлер  өзінің мәртебесі бойынша «Жойылып бара жатқандар» санатына жатады (1), екі таксон «Кеміп баражатқандар» санатына (2) және біреуі «Анықталмағандар» санатына сәйкеседі (4).Нақты алғанда, «жойылып бара жатқан» деп аталған түрлер, міне, көптеген жылдар бойы [30].

Қазақстан шегінде кездеспейді және оларды бассейнде мүлдем жоғалып кеткендер деп батыл есептеуге болады (тек Сырдария өзенінің басында әлі де болса көрініп қалатын тасбекірені қоспағанда).Ал тасқазғыштекСырдарияның оң жақ төменгі тармақтарында мекендейді.

Сырдария тасбекіресі (Pseudoscaphirhynchusfedtschenkoi) — эндемикалық, реликті түрі, Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының Қызыл тізіміне енгізілген. БұрындарыСырдария өзенінің айдынында Қарадариядан бастап төменгі сағасына дейін мекендеген. Қазіргі кезде сирек, тек Шардара су қоймасының жоғарғы жағында бірен-саран кездеседі. Соңғы кездері оны республикамызда ұстаған шынайы оқиғалар 1988-1989 жылдары Келес өзенінде және аталған су қоймасының су жіберу коллекторлық жүйесінде 1994-1996 жж. тіркелген. (Камилов, Құлдашев, 1991).

Пілмай (Acipenser nudiventris) бұрындары Арал  теңізінде және оған құятын өзендердің барлық жерлерінде мекендей беретін. 1930 жылдары оны өндіру жылына 620 тоннаны құрайтын. Кейінірек  бұл балықтың қоры алғашқыда эпизоотия  індетінен, ал кейін Сырдария мен Әмударияның ағыстарын реттеп, қысқарту салдарынан азая бастады. Ал Арал теңізінің құрғап кетуіне орай бұл балық қауымдастығының түпкілікті элиминациясы (жойылуы) орын алды. 1980-ші жылдардың ортасынан бастап пілмайды бұл айдында кездестіру оқиғасытіркелмеді.

Арал албырты (құмжа) (Salmo  trutta aralensis).Бұл, шамасы, әбден жойылып біткен өтпелі құмжаның  ең бір шығыстық түрі.Бұрындары Арал теңізін мекендеп, барлық жерде біртіндеп болсын кездесетін, ал Сырдария өзенінде тіркелмеген. Құмжаның саны қашанда тым төмен болды, 1930-шы жылдары Аралда барлығы жыл сайын 7-13 данадан ғана ауланатын еді. (Никольский, 1940). Содан бері Аралда құмжаны ұстау оқиғасы мүлдем тіркелмеді. 

Шортантектес ақмарқа(лысач)(Aspiolucius esocinus) — эндемикалық, реликті түр. Өзендер мен каналдардың және су қоймаларының лайлы, жазықты телімдерінде мекендейді. Өзендердің төменгі бөліктеріне бара қоймайды. БұрындарыҚызылорда қаласына дейінгі Сырдария өзенінде кездесетін. Бұл балықтың бір данасының ұсталғаны туралы соңғы сенімді дерек 1993 жылы Шардара су қоймасында тіркелді [27].   

Аралқаязы(Barbusbrachycephalus brachycephalus)-қысқабасты қаяздың бір түршесі. Арал қаязының типтік өтпелі бұл үлгісі қазіргі кезде, шамасы, жойылып біткен. Сырдария су алабының төменгі сағасында ғана, әсіресе, ирригациялық ауларда оның тұрғылықты үлгісі әзірше сақталып қалды. Бұрындары Арал айдынында қаяздар барлық жерде бірдей өрістейтін, ал оны кәсіптік аулау жылына 1743 тоннағажететін, бұл көбінесе оның өтпелі үлгісінің арқасында мүмкін болатын еді (Дукравец,2001).Сырдария су алабының төменгі сағаларында 1990-шы  жылдардың  аяғынан бастап гидрологиялық ахуалдың біршама жақсарып, бірқалыпты деңгейде тұруына  байланысты қаяздың ұдайы өндірісіне қолайлы жағдай туып, олардың саны да арта бастады. 2005 жылы көктемде Сырдария өзенінің атырауында КазБШҒЗИ Арал филиалының қызметкерлері аралдық түршеге жататын 17 дана ересек қаязды аулап алып, зертт еді олардыңқұйрықсыз жүзбеқанаттарының ұзындығы 28,2-70 см, орташа 44,3 см, ал массасы 244-3200 г, орташа 1236 г болды. Олардың ішінде аналықтары аталықтарына қарағанда екі есе көп болды, ал жастары 3-тен толық 7-ге дейінгі жас аралығында өзгерді. Барлық «жойылып бара жатқан» таксондар үшін негізгі шектеуші фактор өзендер ағысының реттелуіне және судың улы химиялық заттармен ластануына байланысты бассейннің гидрологиялық режімінің экстремальдық өзгеруі болып табылады. Жерсіндірілген балықтардың қысымы да әсер етпей қоймайды.  Жоғарыда аталған «қызылкітаптық» түрлерден басқа Арал-Сырдария бассейнінде ХТҚО-ның жаңа критериі бойынша саны және жалпы жай-күйі жөнінен «қауіп төнген» — NearThreatened  (NT)  деген  мәртебеге  жақынбалықтар бар, оның бір өкілі — шемая (Chalcalburnus chalcoides (Gueldenstaedt, 1772) [2].

Арал шемаясы (Chalcalburnus chalcoidesaralensis) -Сырдарияөзенінің төменгі сағасындағы теңіз, көлдерде және өзенде мекендейтін жартылай өтпелі балық. Бұрындары теңіздегі жалпы балық аулаудың 6%-на дейін құраған, ал оның солтүстік бөлігінде басым (70%) келген қосымша кәсіптік нысан. (Дукравец, Маркова, 1988).Ғылыми тәжірибелік балық аулаудада шемаяның саны прогрессивті түрде азаюда. Осылайша, Кіші Аралда 2005 ж. денесінің ұзындығы 16 — 26,5 см және массасы 45-202г болатын 23 дана, ал 2006 ж. тек 3 дана, 2007ж. — 5 дана., 2011 ж. — 4 дана осы балық ұсталып, зерттелді. Сырдария атырауында  денесінің ұзындығы 15 — 26 см және массасы 56 — 205 г арасында өзгеріп тұрған 2002 ж. 4 дана, 2007ж. — 1 дана Арал шемаясы ұсталды. Бұл балық санының кемуіне және оның ареалының жойылып кетуге жақын қалуына байланысты оның табиғат қорғау мәртебесін анықтау мақсатында мониторинг жүргізілуі қажет.  Ал ғасырлар ауысқан тұста Қазақстанда Арал айнакөзіне (Abramis sapa aralensis) қауіп төнетіні туралы болжамдар айтыла бастады.

Арал айнакөзі (Abramis sapa aralensis). Аз кездесетін бағалы кәсіптік балық болып табылады. Соңғы кездері Кіші Арал теңізінің тұщылануына байланысты Арал айна көзінің тіршілік ету ареалы бүкіл теңіз бойына кеңіді.Бұл балық уылыдырық шашу үшін міндетті түрде өзенге түседі және уылдырықтарын жиекте өскен қоғаның су шайған тамырларына салады. Айнакөз үш жасында, ал негізгі йірі төртінші көктемде жыныстық жағынан өсіп, жетіледі. Еркектері ұрғашыларынан ерте жетілетіні байқалды. Уылдырық шашатын орындарында жыныстық ара қатынасы 1:1-ді құрады.Уылдырық шашу үшін оңтайлы су температурасы 12-15ºС. Айнакөз негізінен уылдырығын Сырдария өзенінің авансағасының лай суларына салады.Аралдағы уылдырық себу мерзімі мамыр айына дөп келеді. Ғылыми аулау мәліметтеріне қарағанда соңғы жылдары Кіші Арал теңізінде айнакөздердің саны көбейіп келеді:  

2002 ж. -6 дана,2004 ж. -12 дана,2005 ж.- 6 дана, 2006ж. — 9 дана,  2007 ж. -159 дана, 2008 ж. — 60 дана,2009 ж. — 98 дана.Осы деректерге қарап, айнакөздің ахуалыайрықша назар аударуды талап етпейді, бірақ мониторинг жүргізілуі тиіс деп есептеуге болады. Далалық зерттеулер кезінде (тамыз, 2011 ж.) Сырдария атырауында 13 түрлі балық ауланды: кәдімгі шортан (Esox lucius), ақтабан (Abramis brama),айнакөз(Abramis sapa),кәдімгі ақмарқа (Aspius aspius), күміс табан(Carasius auratus), сазан (Cyprinus carpio), қылышбалық (Pelecus cultratus),торта(Rutilusrutilus),қызылқанат(Scardinius erythropthalmus), кәдімгі сом (Silurus glanis),өзен алабұғасы(Perca fluvatilis),кәдімгі көксерке (Sander lucioperca),жыланбас балық(Channa argus).   

          Негізгі және индикаторлық түрлер Балықтың өзекті түрлерінеқазіргі кезде КішіАрал мен Сырдария авансағасында саны көпемес (айнакөз, Арал шемаясы, қаяз) әрі тұрақтыбақылауды қажет ететін сирек түрлер жатады. Индикаторлық түрлергеКіші Арал мен Сырдария авансағасыакваториясының байырғыгенеративті-тұщы  сулық  ихтиофаунасының түрлері кіреді, олар неғұрлым кең тараған, алсаны мен табиғи ұдайы өндірісі теңіз суының1-10‰  тұздылығымен  анықталады.  Бұл балықтар: ақтабан, сазан, көксерке, қылышбалық. Мониторингкезіндетәжірибелік балық аулаудың биологиялық көрсеткіштері (жынысы,көлемі, массасы, семізділігі, саны) анықталады,олардың негізіндетүрлердің қауымдасуының және тұтастай экожүйенің даму жағдайларыбелгіленеді. Арал-Сырдария бассейнінде мөңке балығын өсіру

Мөңке (лат. Carassius carassius) – тұқы тұқымдасына жататын балық. Қазақстанда Арал, Каспий, Азов, Қара теңізге құятын өзендерде кездеседі. Өзен , көл тартылғандда , не су қатқандда 70 см- ге дейін су түбіндегі лайға көміліп , қатты суықтан не ыстықтан сақтанады. Ұзындығы 35-28 см-дей, салмағы 2 кг-дай. Мөңкенің бүйірі алтын сияқты сары түсті , жүзбе қанаттары қызыл-қоңыр , ал арқасы қара түсті болады. Қабыршағы тегіс. Жыныстық жағынан аналығы 3-4, аталығы 2-3 жасында жетіледі [9].

         Мөңке балық – тұщы суды жақсы мекен ететін балықтар қатарына жатады. Уылдырығы (300 мыңдай) мамыр маусым айларында су температурасы 17-18 С болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Бұлар негізінен зоопланктонмен , зообентоспен және өлексемен (детриттерме) қоректенеді. Қорек ретінде өсімдікті сирек пайдаланады. Мөңкенің кәсіптік маңыздылығы жоғары балық. Мөңкені үйде аквариумда да өсіруге болады.

Мөңке балығы күтімді талғамай , жасанды су қоймаларында тіршілік ете береді.

        «Балықты кіші деме – сорпасы тәтті» деген халық мақалы бекерге айтылмаған, Мөңке балығы етінің дәмділігі жағынанда алғашқы балықтардың қатарына жатады.

        Мөңке балығының екі түрі бар: күміс мөңке және алтын мөңке.

Күміс мөңке балығының алтын мөңке балығынан бірқатар ерекшеліктері бар. Атап айтқанда , денесінің ұзындығы алтын мөңке балықтан гөрі қысқа, түсі күмістей, алтын түстілері де аз кездеспейді. Құрсағының түсі қаралау, арқасы құрсағынан қарағанда әлдеқайда қара болып келеді; жүзбе қанаттары сары түсті. Күміс мөңке балықтың денесі алтын мөңке балығынан қысқа болғанымен , ол анағұрлым тез өседі. Ең ірі дараларының ұзындығы 40см – ге, салмағы 4 кг – ға дейін барады.

       Carassius autarus gibelio – жыныстарының тең емес қатынасы мамандардың назарын өзіне аударып келеді. Сырдария , Есіл өзендерінде Carassius autarus gibelio аналықтары тіршілік етеді, ал аталықтары сирек кездеседі. Тұтас алғанда ауланғандардың ішінде аталықтарының үлесі 5-6% — дан аспайды. Аталықтары жоқ болған жағдайда күміс мөңке балықтың популяциясында көбею басқа түрлердің: табан , сазан, торта балық, алтын табан балықтың қатысуымен табиғи гипогенез арықлы жүреді.

      Атап кетейік, ұрықтың ядролық материалы жұмыртқа плазмасында инактивацияланады және жаңа ағзаның дамуы тек аналық жүйеліліктің бақылауымен ғана өтеді, бұл жағдайда тағы да аналықтар  пайда болады.

       А.М. Кукурадзе мен Л.Ф.Мариаштың мәліметтері бойынша кейбір өзендерде күміс мөңке балықтың өсу қырқыны бойыншае ерекшеленетін  екі популяциясы бар, атап айтқанда, аталықтар 25% болып, мардымсыз өсетіндердің қатарына табылады, ал тез өсетін форма аналықтардан тұрады.

Біздің талдаған мәліметтеріміз Сырдария , Есіл өзендеріндегі күміс мөңке балықтың баяу және тез өсетін экологиялық формалары балықтардың симпатрикалық популяцияларын құрайды. Екі форманың өкілдері де бірдей биотоптарда тірішілік етеді, бірақ сыртқы пішіні , өсу қарқыны және өлшемі мен салмағы көрсеткіштері бойынша ерекшеленді [11].

       Мөңке – балығын қолдан жасалған тоған суларында өсіру тиімді әрі пайдалы. Питомникте балық түрлері өңіріміздің су айдындарын жалға алушылардың сұранысы бойынша өсіріледі. Жалпы питомниктің мүмкіндігі жылына 100 миллион уылдырықты жетілдіруге арналған. Олар аймақтың қажеттілігін ескере отырып, инкубациялық цехтағы уылдырықтардың қатарын 150 миллионға жеткізіп отыр.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың  24 шілдедегі N742 қаулысының шеңберінде бірқатар шаралар қабылдануына байланысты қазіргі кезде Арал теңізінің солтүстік болігінде балық қорларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

        Арал-Сырдария бассейнінде балық өсім молайтуға қатысты екі балық өсіру шаруашылығы – тұқы және өсімдік қоректі балық шабақтарын өсіру жөнінде Қамыстыбас және Шардара балық питомниктері жұмыс істейді.

«Өзенді жердегінің – өзегі талмайды» деген халық мақалы балықтың адамға тигізер пайдасын қорытындылап , тұжырымдап тұрғандай. Адам өміріндегі балықтың пайдасы орасан. Сондықтан ғалымдар балықтардың табиғаттағы қорын сақтау үшін бар күш – жігерін жұмсауда.

 

 

 

 

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1  Зерттеу жұмыстарының материалдары мен әдістемелері

 

Жұмысқа қолданып отырған деректер дипломдық жұмыс тәжірибесі кезінде 2017-2018жылы «Арал-атамекен» шаруашылығынан алынды. Ақ амур балығының уылдырығы мен шәуетін алу, уылдырықтарды ұрықтандыру және инкубациялау процесстеріне қатынасып, зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Жыныс өнімдерін алу үшін қолданылатын гипофизарлы инъекция егу тәсілі.Жыныстық өнімінің пісіп жетілуін жылдамдату үшін гипофизарлы инъекция әдісі қолданылады. Гипофиздік суспензия жіберілгеннен кейін балықтар уылдырық шашу жағдайына бірден өтеді, өрістеу жағдайының болу-болмасына қарамастан. Олардың пісіп-жетілуіне қалыпты оттегілігінің қалыпты мөлшері (4 мг/л) және судың температурасы 19-200С-тан төмен болмау керек.

        Гипофиздік инъекция мөлшері аналық балықтың салмағы мен дене орамы өлшемі бойынша алынады.

Нанограмма бойынша есептейді, балықтың салмағын берілген орамы мөлшерінде гипофиздің (мг/кг) мөлшеріне көбейтеді.

        Екінші инъекция 3-5 мг препарат әрбір килограммға есебінен салады. Аталықтарына 0,8-1,2 мг/кг препарат енгізіледі, жыныс клеткаларының өнімі инъекциядан кейін 200С температурада 10-12 сағат өткенде пісіп жетіледі.

Уылдырық санын анықтау. Уылдырықтың санын  көлемдік және салмақтық әдіспен  анықтауға болады.

Уылдырықтың санын анықтауда көлемдік әдісте 0,5 литрлік кружка және 1-5 см3-тық стакан пайдаланамыз. Алдымен кружкамен барлық уылдырықтың көлемін есептеп аламыз. Сосын, өлшегіш стаканды уылдырықпен толтырып, ондағы уылдырық санын санаймыз. Стаканды уылдырықпен толтырып, оны санауды 3 рет қайталаймыз, осылайша орташа санын анықтаймыз. Стакандағы уылдырықтың орташа санын анықтап алғаннан кейін  барлық уылдырықтың көлемін анықтаймыз.

Салмақтық әдіспен анықтағанда, ең алдымен барлық уылдырықтың саламығын өлшеп алып, сосын уылдырықтан аз-аздап екі-үш порция (кіші порция 0,2-0,4грамм, орташа 0,5-3,0грамм, үлкен 10-20грамм) алып өлшейміз. Содан кейін әр порциядағы уылдырықты жеке-жеке санап, 1 киллограммдағы уылдырықтың орташа санын анықтаймыз. Бір киллограммдағы  уылдырықтың орташа саны шыққан соң, барлығын киллограммға көбейтеміз.

Шәуеттің сапасын бағалау.  Шәуеттің сапасын бағалау үшін оны сумен араластыра отырып, микроскоптың астында қараймыз. Шәуеттердің   қозғалыс сипатына байланысты 5 классқа бөлінеді.

Жұмысқа 5 және 4 класстың шәуеттері жарайды. Шәуеті сапалы аналықтарды екінші рет 10 тәуліктен кейін қолдануға болады.

         Алынған уылдырық 30-45 минут, ал шәуеттер 1,5 сағат бойы ұрықтануға жарайды.

 

Шабақтарға биологиялық талдау жасау

Балықтардың  биологиялық талдауына келесідей өлшемдер кіреді:

  1. Балықтың толық салмағы, г (Q) – таразымен
  2. Балықтың ішкі құрылысынсыз салмағы, г (q)- таразымен
  3. Балықтың толық ұзындығы (L-тұқыларды өлшеу сызбанұсқасында аb сызығы)- жалпы немесе абсалютті ұзындығы-сызығышпен
  4. Құйрық қанатынсыз ұзындығы (l- сызбанұсқадааb сызығы)

Балықтарда жыныс өнімдерінің жетілуі 6 сатыға бөлінеді. Жетілу сатысын анықтау балықшылар үшін маңызды, себебі сол арқылы алдағы өндірістік процесстерді жоспарлайды:

1-жетілу сатысында жұмыртқалар мен тұқымдар жұқа сызық сияқты көрінеді және балықтың жынысын тек гистологиялық әдіспен анықтайды.

2-жетілу сатысында жұмыртқаларда қан тамырлар пайда болады.

3-жетілу сатысында жұмыртқаларда түйіршік құрылымы байқала бастайды, уылдырықтар уйірленіп көрінеді.

4-уылдырықтар жеке-жеке ажырайды.

5-тұқымдық өндіруші балықтардың құрсақ бөлігін қысқанда, жыныс өнімдері бөлінеді.

6-уылдырығы мен шәуеті шашылған,құрсақ бөлігі босаған.

Б-дернәсілдік кезеңінің даму сатылары

І саты. Дернәсілдің аралас қоректенуі.

Торсылғады ауаға толы, эмбрионның тыныс алу органы редукцияланған, тыныс алу тек желбезек арқылы жүреді. Су қабатында жүзіп жүреді. Денесі біршама пигменттелген, ішегінің алдыңғы бөлігінде бауыр бастамасы салынады.

Осы стадиядан бастап оларды алыс жерлерге тасымалдауға және тоғандарға жіберуге болады.

ІІ саты. Дернәсілдің тек сыртқы қорекке көшуі. 

Сарыуыз қапшығы толығымен резорбацияланған. Жалпы қанаттық қатпаршақтарынан тақ қанаттары арқа, құйрық, аналь қанатарының қалақшалары жекелене бастайды. Хордасы түзу аяқталады, құйрық қалақшасы дөңгеленіп келеді. Ауызы соңғы, жақ-желбезек аппараты қозғалмалы болады. Тоғанда дернәсілдер жағалауды бойлай миграция жасайды.

ІІІ саты. Тақ қанаттарының қалыптаусы.

        Құйрық қанатының астыңғы қалақшасынан қанаттың сәулелері түзіледі.Одан кейін  барлық тақ қанаттарының арқа, аналь, құйрық қанаттары айқын жекеленген және оларда қанаттарының сәулелері пайда болады. Хордасының соңғы ұшы жоғары қарай иілген. Құйрық қанаты қалақшасының ортаңғы бөлігінде ось пайда болады. Біршама кейін жақсы жетілген торсылдақ көпіршігінің артқы бөлігі мен оның алдыңғы бөлігі түзіледі. Құйрық қанаттары салына бастайды. Осы сатыдан бастап дернәсіл одан әрі шабақ судың жағалаулық бөлігінде жүреді, сол жерде қоректенеді.

ІV саты. Жұп қанаттарының қалыптасуы.

Дернәсілдің тақ қанаттары жақсы жетілген. Қанат қатпаршақтары арасындағы қоспалары редукцияланған. Кеуде және құрсақ жұп қанаттарында қанат сәулелері пайда  болады. Құйрық қанаты терең ойысты. Торсылдағының екі өлімі де жақсы жетілген.

В-Шабақтық кезеңнің даму сатылары.

 І саты. Қабыршақтың бастамасының салынуы.

         Денесінің ортаңғы жолағы бойында қабыршақ пайда болады. Құрсағында құрсақ қанатының соңында аналь қанаты алды қатпаршағы аздап сақталған. Аузы соңғы үшкір, жақтары бір деңгейде жабылады, құйрығы айыр тәрізді. Жұп қанаттары жақсы жетелген. Кеуде қанаттары құйрық қанаттарының негізіне  әлі жетпеген.

ІІ саты. Қабыршағы жетелген шабақ.

Аналь алды қатпаршағы толығымен жойылады, барлық денесі қабыршақпен жабылады, оның ортаңғы бөлігінде бүйір сызығының каналдары тесіктері көрініп тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

        3.1 Ақ амур балығын тоған жағдайында өсіру нәтижелері

 

Өндіруші тұқымдық балықтар – бұл жыныс өнімдері, яғни уылдырығы мен шәуеті  ұрықтануға жарамды дайын балықтар.Бірақ олардың жыныс өнімдері керек уақытында дайын болмау себебінен,ақ амур балығының уылдырығымен шәуетін алу үшін тұқымдық өндіруші балықтарға гипофизарлы инъекция енгізілді. Инъекция мөлшері аналық балықтың салмағы мен дене орамы өлшемі бойынша алынды(3-сурет).

 4,0

  6,0

  3,0

 42

 46

  50

  54

  58

 62

5,0

Дене орамы, см

 

3-сурет  Аналық балықтың дене орамы бойынша алынатын инъекция дозасы

 

Тұқымдық балықтардың уылдырығы мен шәуеті судың белгілі бір температурасында пісіп жетіледі.Ол 2-кестеде көрсетілген.

 

2-кесте.Инъекциядан кейінгі өндірушілердің пісіп-жетілу уақыты

Судың температурасы, 0С

Пісіп жетілу уақыты, сағат

                          17-18

20-24

19-20

18-20

20-22

14-18

 

Судың температурасы 17-18°С болғанда жыныс өнімдерінің пісіп-жетілу уақыты 20-24 сағат,ал 20-22°С температурада 14-18 сағат болады.

Ауа райы суытып, судың температурасы төмендеп, амурдан уылдырық алу  қиындағанда да шаруашылық қызметкерлері қолдан су жылытып, уылдырық алу жұмысын тоқтатпады.

          Осының нәтижесінде ұсталған 6 аналық амурдан 200-300 грамнан 1,8кг дейін уылдырық алынды.Ал 4 аталық амурдан 10-20мг шәует шықты.

 

 

4-сурет Уылдырық алу үрдісі

 

5-сурет Шәует алу үрдісі

 

Уылдырықты және шәуетті таң сәріде, күн көзі шықпаған, жарық сәулесі тікелей түспейтін уақытта алады. Ауа температурасы су температурасына жуық болуы тиіс.  Балықтың басын бір қолымен басып ұстап, екінші қолымен құйрығын қозғалмас үшін баса отырып, бас бармақ саусағымен және сұқ саусағын пайдалана отырып, уылдырықты итеріп, сыға бастаймыз. Уылдырық арнайы таза және құрғақ ыдысқа сығып аламыз. Шәуетті де осы әдіспен сығып аламыз.Одан кейін алынған уылдырықты таразыда өлшейміз(6-сурет). 

 

 

6-сурет  Алынған уылдырықтың салмағын таразымен өлшеу

 

Уылдырықтарды ұрықтандыру, инкубациялау және олардың даму кезеңдері

Қолмен аналықтан сығылып  алынған уылдырықтың әр литріне, аталықтан сығылып алынған шәуеттен 3-5 мл құямыз да араластырамыз(8-сурет).       Оның үстіне 100-150 мл таза су құямыз. Бір-екі минуттан кейін оны құс қауырсынымен ақырындап араластырамыз. Осылай ұрықтандыру процессі жүреді. Одан кейін ұрықтанған уылдырықтардың жабысқақтығынан айыру үшін бір литр сүтке 5-8 еселеп су құйып, соған араластырамыз. Оны алып «Вейс» аппараттарына саламыз. «Вейс» аппараттарында екі-үш күн тұрып, уылдырықтар ісінеді. Өлген уылдырықтарды тазалап отырамыз. Содан кейін уылдырықтарды арнайы ыдысқа құйып алып, «Амур» аппараттарына саламыз. «Амур» аппараттарында дернәсілдер пайда болады. Жабысқақтығынан айырылған ұрықтанған уылдырық «Амур» аппараттарында 3-4 тәулік тұрады.

7-сурет Уылдырықты ұрықтандыру үрдісі

 

Аппаратта үш түрлі жағдай өтеді: уылдырық инкубациясы, дернәсілалдылардың дамуы, дернәсілдердің пайда болуы. Әр аппаратқа орта есеппен 4500 данаға дейін ұрықтанған уылдырық салынады.

Пайда болған дернәсілдерді  арнайы қаптарға салып, оттегі үрлеп, транспорттармен дайындалған тоғандарға тасымалдайды

          Ақ амурдың даму кезеңдері.Жинақталған материал бойынша уылдырықтың ұрықтануынан кейін аппаратта инкубацияланған ұрығы бар 29 үлгі алынды(8-сурет). Үлгі балықтың ұрпақтануы және уылдырықтың инкубациясы кезінен әрбір сағат сайын жиналып отырды. Барлығы 29 үлгі жиналды. Үлгілердің фиксациялануы уақыты және эмбриондардың саны кестеде көрсетілген(1-қосымша).

Зерттеу жұмыстары барысында әрбір үлгідегі уылдырық саны саналып,дамыған уылдырықтың қабығын алып тастап эмриональдық және дернәсілдік сатысын МБС 10 микроскобымен қарап шығып, сол арқылы олардың даму барысын  әдебиеттермен салыстыра отырып даму сатыларын анықтадық. Жиналған уылдырықтың жалпы саны 1277, оның ішінде дамығаны 598, ал дамымағаны 679.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сурет Аппараттағы уылдырықтың инкубациялану кезеңі

 

        МБС-10 микроскобымен қарағанда I саты Жұмыртқа клеткасымен мен жұмыртқа қабықшасы арасындағы қуыстың сұйықтыққа толу кезеңі (перивительдік кеңістіктің пайда болуы), плазмалық төмпешікбластодисканыңпайда болуы кезеңі және кейбіреулерінің жұмыртқа қабықшасы сары уыздан ажырап, анимальды полюсте плазманың концентрациялануы байқалды.

Дәл осы кезеңде уылдырықтың диаметрі 3,8-4,0 мм жетеді.

Мұндай перивительдік кеңістіктің болуы уылыдырықтың өзіндік саламағын азайтады да, оның су қабатындағы жүзгіштігін арттырады, ағынсыз суда уылдырық су түбіне батып кетеді.

2-ші үлгіде II саты.басталды.1 сағат өткеннен кейін бластодиска 2 бластомерге бөлшектенгенін байқадық. Уылдырықтың ісінуі соңында  жұмыртқа қабықшасының көлемі 4,32-5,32 мм; ал жұмыртқаның өзінің көлемі бұрынғы қалпында 1,2-1,3мм.

3-ші үлгіде 4-8 бластомерге  бөлшектенді.

4-ші үлгіде Ерте морула (ірі клеткалы) 2 сағат 30 минуттан кейін басталды.

5-ші үлгіде (көп клеткалы) морула басталды.

Сонымен бірге перивителдік полюстің сулануы және жұмыртқа қабықшасының созылуы аяқталды.

Уылдырықтың ісінуі соңында жұмыртқа қабықшасының көлемі 4,32-5,32 мм; ал жұмыртқаның өзінің көлемі бұрынғы қалпында 1,2-1,3 мм болып қалды.

6-шы үлгі 6 сағаттық жасында бластула стадиясы басталды.

7-ші үлгіде 7 сағаттық жасында III сатысы басталды. Гаструляция – ұрықтық жапырақшалардың пайда болуы байқалды. Ұрықтық жапырақшалары-экто-, эндо- және мезодермадан тұратын ұрықтың бастамасы салынды. Бластодерманың өсуіне қарай саруыз қапшығындағы ұрық қалыңдады және ұзарды.  

12-ші үлгіде Гаструляцияның 12 сағат 10 минуттық жасында сарыуздық қақпақ бластопордың бітелуімен тұйықталады. Ұрық бастамасы денесі жұмырланды да білік тәрізід пішін алды. Оның кеңейген бас бөлімі анимальді полюстен басталды, тарылған бөлігі құйрық бөлімі вегетативтік полюсте аяқталды.

15 –ші үлгіде IV саты ұрықтық жапырақшалардың негізгі органдарға дифференциялануы жүрді.

15 сағаттық жасында көз көпіршігі түзілді,  хорда бастамасы салынды, мезодерма сегменттеле бастайды (екі сомит пайда болды), бас миының негізгі бөлімінің бөлімдері (ми көпіршігі) салына басталғаны байқалды.

21 үлгіде көзінде хрусталиктер пайда болды, есту көпіршіктері түзіле бастады.

Денесі көптеген бұлшық еттік сегменттерге миотомдарға сегменттелген, хорда айқын байқала бастады.

       24-ші үлгіде V саты басталды. Сарыуыз қапшығынан құйрық бөлімінен босауы, ұрық денесінің активті қозғалысының басы басталу кезеңі байқалды. Құйрық бөлігінің сарыуыз  қапшығынан ажырауы нәтижесінде ұрықтың денесі түзіле бастады.

       Оның бүйірінен бүйіріне иіліп жылдамырақ бұрылыстар жасайтын уақытына сай келеді. Бұл перивитальдағы сұйықтықтағы газ алмасуды, сонымен бірге тыныс алуды жақсартады да, одан әрі оның қабықшаны жарып шығуына көмектеседі. Басында және жүрегі аймағында көптеген майда кпіршіктер пайда болады, оның бөлген секреті ұрықтың қабықшаны жарып шығу уақытына қарай жұмыртқа қабықшасының беріктігін төмендетеді.

25-26 үлгілер VІ саты. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы. Ұрықтың қабықшаны жарып шығу уақыты бір тәуліктік жасында басталып бір сағаттан бірнеше сағатқа созылады. Қабықшаны жарып шығу уақыты судың температурасына және оның оттегімен қанығуына қарай жүреді. Біршама жоғарғы температурада және оттегінің аз мөлшерінде жарып шығу жылдамырақ жүреді. Созылыңқы жарып шығу дернәсілдердің сапасынының төмендігін көрсетпейді. Кезеңнің аяғында немесе басындағы жарып шыққан дернәсілдердің тіршілікке қабілеті бірдей болады. Дернәсілалды деп аталатын жарып шыққан ұрықтың ұзындығы 5,0-5,2мм құрады.

         Денесі түзу, пигментсіз.  Бұлшық ет сигметтері саны 29-31, құйрығында 12-14 болады. Көзінде онша үлкен емес пигметтік дақ болады. Есту капсуласында отолиттің астамасы байқалады.  Екі бөлім жүрекше мен қарыншадан тұратын жүрегінің пульсі көрініп тұрады. Қанның қалыптасқан элементтері қан тамырларында әлі болмайды. Дернәсілалды бұл сатыда қозғалғыш. Табиғи жағдайда олар бәсең судың ағысымен ағып кетеді. Инкубациялық аппаратты жүйелі түрде қимыл жасайды, яғни судың беткі қабатына көтеріледі, сосын төмен қарай басымен төмендейді. Жоғары көтерілген дернәсілалдылар судың ағысымен аппараттан ағып кетеді.

27-28 үлгілер VІІ саты. Эмбирональдық қантамырлық жүйенің түзілуі және қан айналудызң бастамасы уақыты. Дернәсілалдының ұзындығы 6,5мм, табиғи жағдайда дернәсілалдылар су ағысымен ағып кетеді.

29-шы үлгі VІІІ саты. Қозғалмалы желбезек – жақ аппараттарының және оның қызметінің басы. Дернәсілалдының ұзындығы 7,5мм. Ауызы төменгіден жартылай конус тәрізді түрге енді және қозғалмалы. Көзі толығымен пигметтелген, денесінде меланоффорлар мен диффузды сары пигмент пайда болады. Дернәсілалды дәл осы сатыда қозғалғыш болып келеді, активті қозғалады, ауаны жұту арқылы торсылдағын ауаға толтыру үшін оқтын-оқтын жоғары көтеріліп қояды.

Дернәсілдік кезеңнің даму сатысы

I саты. Дернісілдің аралас  қоректенуі.

Дернәсіл ұзындығы 7,5 мм біраз улкенірек, жасы-4,5 тәулік(10-сурет).

       II саты. Дернәсілдің тек сыртқы қорекке (экзогенді) көшуі.Жасы 7 тәулік.Сары уыз қапшығы толығымен резорбацияланады.

Жалпы қанаттық қатпаршақтарынан тақ қанаттары -арқа, құйрық аналь қанаттарының қалақшалары жекелене бастайды.Хордасы түзу аяқталады, құйрық қалақшасы дөңгеленіп келеді. Ауызы соңғы, жақ-желбезек аппараты қозғалмалы.Торсылдағы ауаға толы. Эмбрионның тыныс алу органы редукцияланған, тыныс алу тек жабыра арқылы жүреді. Дернәсіл активті қозғалады. Денесі біршама пигменттелген.

III саты. Тақ қанаттарының қалыптасуы. Ұзындығы 8мм шамасында, жасы 9 тәулік. Құйрық қанатының астыңғы қалақшасынан қанаттың сәулелері түзіледі. 16 тәуліктік жасында, 9мм ұзындықта барлық тақ қанаттарының – арқа, аналь, құйрық қанаттары айқын жекеленген және оларда қанаттарынң сәулелері пайда болған. Хордасының соңғы ұшы жоғары қарай иілген. Құйрық қанаты қалақшасының ортаңғы бөлігінде ойыс пайда болды. Құйрық қанаттары салына бастаған.   

IV саты.Жұп қанаттарының қалыптасуы.

20 тәуліктік жасында дернәсіл ұзындығы 11,5 мм жетеді. Тақ қанаттары жақсы жетілген, қанат қатпрашақтары арасындағы қоспалар редукцияланған. Кеуде және құрсақ -жұп қанаттарында қанат сәулелері пайда болды. Құйрық қанаты терең ойысты. Торсылдағының екі бөлімі де жақсы жетілген.

Дернәсіл сыртынан қарағанда бар жағынан шабаққа ұқсайды, бірақ онда әлі жақсы дамыған аналь қанаты алды қатпаршағы сақталған.

Шабақтық толық жетілуі 1 айға дейін созылады. Барлық денесі қабыршақпен жабылған, оның ортаңғы бөлігінде бүйір сызығының каналдары тесіктері көрініп тұр.

 

0

5,5

  10

12.5

  15

  20

1.5

  3

  5

 

  20

  24

  30

ұзындығы, мм;

жасы, тәулік;

10

 

9-сурет Ақ амурдернәсілінің  тәулік бойынша ұзындыққа өсу динамикасы

 

Уылдырықтың сапасы мен дамуының бұзылуы

Біздің жұмысымыздағы кейбір уылдырықтардың ұрықтанбай қалған себебі, уылдырықтың сапасының төмен болуында және дернәсілдердің кемістігі, уылдырықты оның овуляциясынан кейін аналық денесінде артық уақыт ұстап қалудан. Овуляцияланған, демек ястыкта ұлпамен және қантамырларымен байланысын үзген өсімдік қоректі балықтардың уылдырығы ұзақ уақыт аналық денесінде жата алмайды себебі, ол жақсы тыныс алуды талап етеді. Сондықтан уылдырықты дәл уақытында сауу өте маңызды.

Аналықтың денесінде ұзақ сақталған уылдырық сарқырап тез ағып кетеді. Артық ұсталған уылдырық әдеттегіге қарағанда  сұйық, овариальдық сұйықтығы көп болады.Уылдырықтар аздаған сұйықтықтың артық мөлшерінде аналық денесінің өзінде әдеттегіден ірірек болып келеді, кейде қабықшаның сарыуыздан алшақтауы басталады.

 

Дернәсілдер мен шабақтарды тоғандарда өсіру

Көктемнің алғашқы күндерінен бастап, өсіру тоғандарын дайындау жұмысына кіріседі. Оларды тазартады, топырағы қышқылданған жерлеріне әк шашады. Жалпы тоған түбін культиватормен қопсытып, сыйр жоңышқаны сұлы араластырып егеді. Тоғанға шабақ жіберердің алдында он-он екі күн бұрын суға толтырады.

Инкубациядан шыққан дернәсілдерді осы алдын-ала дайындалған тоғандарға арнайы қаптармен оттегі құйылған күйде машина, тракторларға салып тасымалдап, тоғандарға жібереді. Оларды осы кезден бастап қоректендіре бастайды. Күніне екі мезгіл қоректендіреді: азанда және кешке.

        Шабақтарға қолданылатын жемнің құрамы 3-кестеде көрсетілген.

 

 

 

3-кесте. Шабақтарға қолданылатын жемнің құрамы

р/с

 

Құрамындағы заттары

Мөлшері, %

1

Балық ұны

35 

2

Ашытқы

50

3

Казеинат

 6

4

Бидай ұны 1 сорт

 6

5

Күнбағыс сұйық майы

 1,5

6

ККП препараты

 0,35

7

Меонин препараты

 0,15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шабақтарға беретін жемнің құрамында ең көп мөлшерде ашытқы болады. Жемде ашытқының үлесі 50%. Одан кейін балық ұны 35%.

Дернәсілдік кезеңде қысқа уақытта 10-15 тәулікте организмнің морфологиялық және физиологиялық түбегейлі өзгерісі жүреді. Сондықтан бұл балық өміріндегі ең маңызды уақыт, себебі дәл осы периодта балықтың ең көп шығыны болады.  Ақ амурдың дернәсілдік кезеңі  6 этаптан тұрады. Ол 4-кестеде көрсетілген.

 

4-кесте. Ақ амур балығы дернәсілдерінің дамуының морфологиялық ерекшеліктері

Даму этапы

Ұзындығы

Морфологиялық белгілері

В

5,6-6,5

Торсылдақ ауаға толы. Сарыуызы көп. Қоректенуі аралас, эндогенді қоректенуі артық. Желбезек қақпағы толық емес.

С1

6,5-7,0

Сарыуызы жоқ. Қоректенуі эндогенді. Құйрығы бүрмесінің төменгі бөлігінде мезенхиманың жиналуы. Желбезек қақпағы толық емес.

С2

7,0-9,0

Тақ қанаттардың түзілуі (арқа аймағындағы желбезек бүрмесінің жоғарылауы, аналь және арқа бөліктеріндегі мезенхиманың жиналуы). Құйрық қанатының төменгі қалақшасында гипурамийлер мен терілі қанатты сәулелер пайда болған.

Д1

9,0-10,0

Торсылдақтың екінші (алдыңғы) камерасы ауаға толады. Арқа және анальқанаттарында сүйекті сәулелер, құйрық қанаттарында – сүйекті сәулелер. Жұп қанаттары түзеледі. Арқа және аналь қанаттары құйрық қанатымен жіңішке қылта арқылы байланысады.

Д2

10,0-13,5

Құйрық қанаты айыр формалы. Арқа аналь қанаттары сүйекті сәулелері пайда болады. Арқа және аналь қанаттары құйрық қанатымен жіңішке қылта арқылы байланысады.

Е

13,5-15,0

Барлық қанаттарында сәулелері дамиды. Құрсақ қанаттары аналь маңы бүрмелерінің жиегінен асады. Ішегінде екі ілмек пайда болады.

 

«В» даму сатысында дернәсілдің ұзындығы 5,6-6,5мм болғанда торсылдағы ауаға толы, саруызы көп болды. Қөректенуі аралас, эндогенді қөректенуі артық, желбезек қақпағы толық емес болды. Ал «Е» даму сатысында дернәсілдің ұзындығы 13,5-15,0мм болған кезде барлық қанаттарында сәулелері дамыды.Құрсақ қанаттары аналь маңы бүрмелерінің жиегінен асады. Ішегінде екі ілмек пайда болады.

Дернәсілдің өмір сүруі мен өсуін анықтайтын негізгі факторларға судың температурасы, оттегінің мөлшері, қоректік база, жыртқыштар мен жауының болуы жатады. Сондықтан, осы факторлардың оптимальды және шектік мәнінің болуы дернәсілдерді өсірудің өндірістік технологиясының жетілдіруіне әсер етеді. Дернәсілдердің тіршілік ететін температураның диапазоны кең, жоғарғы летальды шекара 340С, оптимальды 26-280С.

Шабақты өсіру барысында бассеиндерде судың температурасы қаңтар айынан наурыз айына дейін 180С құрайды, наурыздың аяғында суық мезгілдің аяқталуынан температура 140С төмендеді. Бірінші жарты жылдықта ақ амурдың өсуі 28,8 г-нан 35 г-ға дейін өсті.

Маусым айынан бастап судың температурасы біртіндеп көтеріле бастады, балықты 3 мезгілді қоректендіру барысында өсуі байқалды. 11-сурет пен 4-кестеге қарап мынадай қорытынды жасай аламыз, маусым айынан қараша айына дейін тәуліктік ақ амурда 1,02г   құрады. (5-кесте).

 

5-кесте. Ақ амурдың ай сайын салмақ қосу динамикасы (салмақ, г)

Маусым

Шілде

Тамыз

Кыркүйек

Қазан

Қараша

1

2

3

4

5

6

7

1

98

114

120

128

120

131

2

73

80

75

76

80

85

3

95

109

111

97

100

4

110

188

188

190

195

202

5

70

73

73

73

75

78

6

89

93

93

95

100

103

7

100

107

107

109

115

120

8

74

77

77

77

80

84

9

63

67

67

67

70

74

10

149

164

164

167

170

176

Бір айда өсуі

28,8

37,6

34,0

35,5

35,6

35,1

Тәуліктегі орташа өсуі

0,99

1,29

1,17

1,22

1,22

1,21

          Осыған орай,салыстырмалы кестеге қарап балықтың өсуіндегі орташа тәулікте биік көтсеткіштерді қыркүйек, қазан, қараша айларында судың 20-220С температурасында байқадық.Ал аз көрсеткіш маусым айында байқалды.

 

          3.2 Ақ амур балығына биологиялық — морфологиялық талдау нәтижелері

 

Арал теңізіне жіберер алдында ақ амур балықтарының шабақтарына биологиялық талдау жүргізіледі.

          Тәжірибелік аулау құралдарында ақ амур балығының шабақтарының ұзындығы 150-220мм, салмағы 80-136г, ал орташа ұзындығы 181,9мм және орташа салмағы 108,6 г болды.Ауланған шабақтар 3-қосымшада көрсетілген. Орташа қоңдылығы Фультон бойынша 2,9 және Кларк бойынша 2,48 болды, ол ақ амур балығының шабақтарының майлылығының жоғары екенін білдіреді(6-кесте).

 

6-кесте.Ақ амур шабақтарының биологиялық сипаттамасы    

          Белгілері

n

                         Ақ амур

М±m

Cv,%

L,мм

10

        181,9±9,7

16,8

l,мм

10

        174,5±8,2

             14,8

Q,г       

10

        108,6±4,13

             12,01

G,г

10

        80,5±3,25

             12,7

Fulton

     10

        2,9±0,24

26,1

Clark

10

2,48±0,25

31,8

 

       5-кестенің мәліметтерін талдағанда, мынадай заңдылық байқалады: толық ұзындығы құйрық қанаты ұзындығынан айырмашылығы 7,4мм; толық салмағы ішкі құрылынсыз салмағынан айырмашылығы 28,1г. ( Р›0,999); Фультон мен Кларк көрсеткіштерінің айырмашылығы 0,42(Р›0,999). Көрсеткіштердің өзгергіштігіне қарасақ, ұзындық және салмақ көрсеткіштері тұрақты деп санауға болады. Ал Фультон мен Кларк көрсеткіштері бойынша қоңдылығының деңгейі кең. Онда тұжырымдайтынымыз, бұл шабақтардың қоңдылығы топ арасында айырмашылығы үлкен. Сол себептен, бұл көрсеткішке көп факторлар әсер етеді.Осы шабақтардың арасында сұрыптау жұмыстары жүргізілмеген.  

          Ақ амур балығы Қапшағай суқоймасында кеңінен тараған, саны айтарлықтай жоғары емес. Көбінесе негізгі қорегі болып табылатын жоғарғы сатыдағы су өсімдіктері жақсы өскен суқой-маның жоғарғы сол жағалауы мен құярлық аймағында көптеп шоғырланады. Ақ амурдың дернәсілдері жағалауға шығып ұсақ шаянтәрізділермен, балдырлармен қоректенеді. Ересек түрлері жоғарғы сатыдағы су өсімдіктерімен (қамыс, шылаң) қоректенеді

          2017 ж. ауланған балықтардың жастық құрамын 14 жасқа дейінгі дарақтар құрады, 8–9 жастағы балықтар басым болды (7-кесте). 2017 жылдың зерттеулері көрсеткендей, олардың уылдырық шашуға өрістеуі белсенді түрде өтті деп толық айтуға негіз бар. Суқойманың құярлық ауданында ауланған ақ амурдың аталықтары мамыр айының екінші он күндігінде бесінші стадияда болды, ал аналықтары үшінші он күндіктің ортасында уылдырық шаша бастады [4].

7-кесте – 2017 ж. ақ амурдың негізгі биологиялық көрсеткіштері

 

Жастық қатары

Ұзындығы, см (мин-макс)

Орташа ұзынд., см

Салмағы, г (мин-макс)

Орташа салмағы, г

Саны, дана

%

5

38,0

38,0

1190

1190

1

2,0

6

42,0-52,0

47,0

1150-2925

2038

2

4,1

7

48,0-55,0

53,0

2370-3490

3106

6

12,3

8

54,0-61,5

57,0

2940-4405

3477

20

40,8

9

58,0-67,0

61,6

3585-5385

4406

7

14,3

10

65,0-68,5

67,2

4260-6100

5473

6

12,2

11

72,0-73,0

72,3

6485-6800

6635

3

6,2

12

73,0-73,0

73

6090-6450

6450

2

4,1

13

78,0

78,0

8185

8185

1

2,0

14

81,0

81,0

7750

7750

1

2,0

Барлығы

38,0-81,0

60,0

1150-8185

4194

49 

100

 

          Ақ амурдың жыныстық құрлымы осы жылы аталықтардың басымдылығымен сипатталады. Соңғы жылдары аталықтарының саны аналықтарына қарағанда басым болып келеді. Ақ амур қыста шұңқырларға қыстайды, 2017 жылы күздің соңына қарай (қараша) жиналған материалдың нәтижесінде алғаш рет біз амурдың Іле өзеніне қыстау өрісін анықтадық, сонымен қатар ол сол жақта шұңқырларды қыстап шығатын көрінеді. Оның өрістеу уақыты сазанның қысқы өрістеуінің уақытымен сәйкес келді. Бірақ одан айырмашылығы амурдың өрістеу үйіріндегі дарақ-тардың барлығы жыныстық жетілген балықтар құраған. Қапшағай суқоймасында ақ амурдың жыныстық жетілуі 5–6 жасқа келгенде байқалады. Аулау-да кейбір жылдары ақ амурдың жынысқа жетілген IV стадиядағы аналықтары кездеспеді. Ақ амур-дың абсолютті жеке тұқымдылығы 518,0 мыңнан 1590,0 мың уылдырыққа тең, ақ амурдың Фультон бойынша қоңдылығы 1,8 құрады. Сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткендей ақ амурдың уылдырық шашуына бақылау жұмыстары жүргізілді. Ақ амурдың дернәсілдерінің жүріп өтуі 26 мамырдан 8 маусым аралығында болды. Бақылау барысында барлығы 3 маңызды толқын жүрді. 2017 жылғы деректер бойынша ақ амур дернәсілдерінің саны орташа 1,95 млрд дананы құрады. Уылдырықтың қарқынды жүруі бірнеше абиотикалық факторларға да байланысты. Маңызды факторлардың бірі – өзеннің суы. Су мөлшері қаншалықты көп болса, құярлықта соншалықты ағыс болады, дернәсілдер ұзақ уақыт сол жерлерде өмір сүруіне, жалпы пелагофил балықтардың өміріне қолайлы жағдай туады. Сонымен өзен суының төмендеуі өрістеудің басында өнім берушілердің қарқындылығын төмендетеді және үйірдің толысып көбеюіне зиянын тигізеді. Зерттеулер нәтижесі бойынша, ақ амур балығының жағдайы қана-ғаттанарлық болып табылады. Сонымен қатар, өсімдікпен қоректенетін тоғандарда да өсіру өте қолайлы. Еті өте дәмді және тауарлық құндылығы жоғары. Тұтынушылар тарапынан сұранысқа ие болып келеді.

 

10-сурет Ақ амур шабағының өсу қарқынын бақылау

 

Сондай-ақ тоғанды су өсімдіктері басып кеткен жағдайда таптырмас мелиоратор болып табылады. Басқа балықтармен поликультурада бірге өсіргенге өте қолайлы болып келеді. Қорытындылай келе айтарымыз, жоғарыда аталған теңізде тіршілік ететін өсімдікпен қоректенетін балықтар дөңмаңдай мен ақ амур балығының жағдайы қанағаттанарлық. Бұл дегеніміз ұзындығы, салмағы, тұқымдылығы, қоңдылығы, жасы бойынша айтарлықтай айырмашылық жоқ деген сөз. Балықтардың көбеюіне ең маңызды әсер етуші фактор су температурасы мен су деңгейі екені белгілі. Былтырғы жылы су температурасы мен су деңгейі уылдырық шашуға қолайлы болды. Соның салдарынан уылдырық шашу барысы жақсы жүрді. Абиотикалық факторлармен қоса балықтардың санының азаюына антропогендік факторлардың әсері жоғары, соның бірі – шектен тыс аулануы, браконьерлік. Балықтар уылдырық шашуға өрістейді, бұл жерлер жыл бойы тыйым салған аймақтарға жатады. Аталмыш су қоймада кәсіптік аулауға тыйым салу мерзімі 45 күнді қамтиды. Дегенмен де, осы мерзім ішінде қатал қадағалау болу қажет, уылдырық шашушы дарақтарды аулауға жол бермеу, браконьерлердің әртүрлі құралдарды пайдаланып аулауы (тоқ қармақ және т.б.) балықтардың тек тұқым беруші дарақтарына ғана емес, сонымен қатар шашылған, ұрықтанған, дамып келе жатқан балықтың уылдырығына да айтарлықтай зиянын тигізеді. Сол себепті уылдырық шашуға өрістеу мерзімінде балықшылардың, браконьерлердің тұқым беруші топты аулауына жол бермеу, бақылауды күшейту басты мақсат болып табылады.

 

3.3Арал теңізіне шабақтарды жіберу

 

Биылғы шабақтар мен бір жылдықтарды тірі балық таситын машинамен немесе тор көзді контейнермен тасымалдайды. Контейнерге салынған балықтарды өлшеп, тұз ванналарында дәрілегеннен кейін таза сумен жуады. Содан кейін Арал теңізіне жібереді(11-сурет).

Жұмысты осы әдіспен жүргізгенде балықты 2-3рет ұстаудың орнына тор қалтамен бір-ақ ұстайды. Еңбек өнімділігі артады. Осыған орай тасымалдаудың контейнерлік әдісі қазіргі уақытта кеңінен қолданылып келеді.

        Балық тасымалдағанда оларды тиісті жеріне аман жеткізу ушін судағы оттегінің мол болуына көңіл аудару керек. Алып келе жатқан балықтардың шайқалмауына жағдай жасау қажет, әйтпесе, шабақтар жарақаттанып қалады.

 

11-сурет Ақ амур балықтарының шабақтарын тормен аулау

 

       Тасымалдайтын ыдыстағы судың температурасы тоғандардікімен бірдей болуы, не айырмашылыіы 3-5°С аспауы керек. Ақ амур балығының шабақтарын жылылығы 10-12°С су температурасында тасымалдайды. Судың температурасы жылып кеткен жағдайда мұз салынып отырылады.

       12-сурет Шабақтарды теңізге жіберу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1) «Арал – атамекен» ЖШС-інде ақ амур балығы уылдырықтан бастап шабақ кезеңіне дейін өсіріледі және мемлекеттік тапсырыс бойынша теңізге жіберіледі.

2) Ақ амур балықтарынан жыныс өнімдері керек уақытында дайын болмау себебінен,ақ амур балығының уылдырығымен шәуетін алу үшін тұқымдық өндіруші балықтарға гипофизарлы инъекция енгізілді. Инъекция мөлшері аналық балықтың салмағы мен дене орамы өлшемі бойынша алынды. Судың температурасы 17-18°С болғанда жыныс өнімдерінің пісіп-жетілу уақыты 20-24 сағат,ал 20-22°С температурада 14-18 сағат болады.

     3) Шабақтарға беретін жемнің құрамында ең көп мөлшерде ашытқы болады. Жемде ашытқының үлесі 50%. Одан кейін балық ұны 35%.

4) Толық ұзындығы құйрық қанаты ұзындығынан айырмашылығы 7,4мм, толық салмағы ішкі құрылынсыз салмағынан айырмашылығы 28,1г. ( Р›0,999), Фультон мен Кларк көрсеткіштерінің айырмашылығы 0,42(Р›0,999). Көрсеткіштердің өзгергіштігіне қарасақ, ұзындық және салмақ көрсеткіштері тұрақты деп санауға болады. Ал Фультон мен Кларк көрсеткіштері бойынша қоңдылығының деңгейі кең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР

 

«Арал – атамекен» ЖШС-індеақ амур балығын қазіргі  технологиялық жағдайға сай өсіру үшін ұсынатын ұсыныстарымыз төмендегідей:

  1. Дернәсіл өсіретін инкубациялық цехтарды кеңейту.
  2. Шабақтарға қолданылатын азық рационын қалпына келтіру.
  3. «Арал – атамекен» ЖШС-індеарнайы мамандар саны жеткіліксіз. Сол себептен, кадрлар жағын жақсарту.
  4. Шаруашылықты су тазалығын тексеретін құрал жабдықтармен толықтыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРТЕР ТІЗІМІ

                            

1 Александров С.Н. Прудовое рыбоводство. Изд-во «АСТ». — М., 2005. 235-237 с.

2 Концепция развития рыбного хозяйства Российской Федерации на период до 2020 года 2 сентября 2003 года N 1265-р

Привезенцев Ю.А., Власов В.А. Рыбоводство. Изд-во «мир». — М., 2004. 453-455 с.

3 Сабодаш В.М. Разведение рыбы. Изд-во «АСТ». — М., 2004. 140 — 142 с.

4 Козлов В.И., Абрамович Л.С. Справочник рыбовода. Изд-во: Росагро-промиздат, 1991. 10 -11c.

5 Мартышев Ф.Г. Прудовое рыбоводство. Изд-во «Высшая школа». — М., 1973. 14-16 с.

6 Альпейсов Ш.А., Федоров Е.В., Койшыбаева С.К., Бадрызлова Н.С. Перспективы развития прудового рыбоводства в Казахстане. КазНАУ Исследования и результаты. — А., 2015. 63-65 с.

7 Концепция развития рыбного хозяйства Республики Казахстан на 2007-2015 годы.Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2006 года N 963

8 О. М. Кан, Г. Б. Кегенова, H. C. Сапаргалиева. Озерно-товарное рыбоводство в Казахстане.  Вестник КазНУ, серия экологическая, Т.33, № 1(2012). 45-47 с.

9 И.М. Сматов. Особенности правового положения рыболовства. Вестник КазНУ, серия юридическая, № 1, 2010. 113-114 с.

10 Мастер-план развития товарного рыбоводства в Республике Казахстан в 2011 – 2025 гг. — Астана, 2011. 191 с.

11 Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2013 года № 151 Об утверждении Программы по  развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013 — 2020 годы «Агробизнес-2020» (п. 4.2; 4.3) (с изменениями и дополнениями по состоянию на 29.10.2015 г.)

12 Федоров Е.В., Бадрызлова Н.С., Койшибаева С.К., Убаськин А.В. Прудовое рыбоводство Казахстана //АгроАлем, № 9 (38).  28 – 30 с.

13 Федоров Е.В. Показатели рыбопродуктивности прудовых рыбоводных хозяйств Казахстана Новости науки Казахстана. Вып. 4 (122). 2014. 94 с.

14 Суховерхов Ф.М., Сиверцов А.П. Прудовое рыбоводство. — М., 1975. 467-469 с.

15 Мамонтов Ю.П. Аквакультура в России. – М., Аквакультура, 2002.

16 Ба Мохамед Ламин. Эколого-биологическое обоснование выращивания растительноядных рыб в поликультуре с другими объектами: Дис. … канд. биол. наук: 03.00.10 :- Астрахань, 2004. 9-10 c.

17 Бекин А.Г. Универсальный рыбоводный пруд. // Рыбоводство и рыболовство. 1999. № 2.  10-11 с.

18 Привезенцев Ю.А., Власов В.А. Рыбоводство. Изд-во «мир». — М., 2004. 405-410 с.

19 Данченко, А.Д. Поликультура растительноядных рыб как метод интенсификации прудового рыбоводства: автореф. дис. … канд. биол. наук. – Калининград, 1974. 22- 24 с.

20 Суховерхов Ф.М., Сиверцов А.П. Прудовое рыбоводство. — М., 1975. 300-321 с.

21 Виноградов В. К. Об использовании растительноядных рыб для зарыбления естественных водоемов и водохранилищ // Труды ВНИИПРХ. 1976, Т. 25. 8-9 с.

22 Федоров Е.В., Убаськин А.В. Опыт рентабельного выращивания товарной продукции карпа и белого толстолобика в садках // Известия НАН РК. Серия биологическая и медицинская, №2, 2014. 118 – 119 с.

23 Негоновская И.Т. 1980. О результатах и перспективах вселения растительноядных рыб в естественные водоемы и водохранилища СССР // Вопр. ихтиологии. Т. 20, вып. 4.  702-712 с.

24 Федоров Е.В., Бадрызлова Н.С., Диденко Т.А. Разработка методики экономической оценки выращивания рыбы в озерно-товарных рыбоводных хозяйствах Казахстана в условиях современной рыночной экономики // Новости науки Казахстана, Выпуск 1 – 2 (111– 112), 2012, 114 – 120 с.

25 Козлов В. И., Никифоров-Никишин А. Л., Бородин A. JI. Аквакультура. — М.: Колос. 2006. 443- 445 с.

26 Достижения и ближайшие перспективы научных исследований по проблеме прудового рыбоводства / Федорченко В.И., Федорченко Ф.Г., Степанов В.Д. и др. // Аквакультура начала XXI в.: Истоки, состояние, стратегия: Мат. межд. научно-практич. конф. (п. Рыбное, 3-6 сент. 2002 г.).-М.:ВНИРО, 2002. 124-128 с.

27 Багров А. М., Богерук А. К, Виноградов В. К., Воропаев Н. В., Ерохина Л. В., Илясов Ю. И., Кривцов В. Ф., Мельченков Е. А., Савин Г. И., Чертихин В. Г. Толстолобик белый. — А.с. № 32420,1999.

28 Познанин Л.П., Стрекалова И.И. Биология, разведение и использование растительноядных рыб. Зоология позвоночных. Том 5. — Москва. 1974. 214 с.

29 Багров А.К., Богерук А.К., Виноградов В.К. и др. Руководство по биотехнике разведения и выращивания дальневосточных растительноядных рыб. — М., 2000. 212 с.

30 Привезенцев Ю.А. Выращивание рыб в малых водоемах.  — М. Колос, 2000. 5-10 с.

31 Временные рыбоводно-технологические нормативы по выращиванию молоди ценных рыб.- Алматы: НПЦ РХ, 2004.

32 Берг Л.С. Рыбы пресных вод СССР и сопредельных стран: в 3 ч. — М.; Л, 1949. Ч. 2. 928 с.

33 Веригин Б. В. Возрастные изменения молоди толстолобика (Hypophthalmichthys molitrix Val.) в связи с биологией, Труды Амурской ихтиологической экспедиции 1945-1949 гг., т. 1. 1950. 15-20 с.

34 Рекомендации по интенсивной биотехнологии выращивания сеголеток карпа и растительноядных рыб в прудовых хозяйствах Казахстана / Сарсембаев Ж.Г., Переверзева М.В., Кан О.М. — Алма-Ата: КазНИИРХ, 1987. 15-24 с.

35 Рыбоводный технологический норматив по выращиванию белого амура в озерно — товарных хозяйствах по основным технологическим этапам. — Алматы, 2013. 97-100 с.

36 Асылбекова С.Ж., Исбеков К.Б., Федоров Е.В., Бадрызлова Н.С., Койшибаева С.К., Жубанов К.У. Рекомендации по применению экономически эффективных технологий выращивания рыбопосадочного материала карпа и растительноядных рыб  в условиях прудовых рыбоводных хозяйств Казахстана. — Алматы, 2015. 5-39 с.

37 Носаль А.Д., Балтаджи Р.А. Разработка биотехники подращивания молоди растительноядных рыб до жизнестойких стадий. — Киев: УкрНИИРХ, 1975. 3-5 с.

38  Панов Д.А., Хромов Л.В., Мотенкова Л.Г., Чертихин В.Г. Инструкция по биотехнике подращивания молоди растительноядных рыб в прудах до жизнестойких стадий. — М.: ВНИИПРХ, 1974.15-18 с.

39 Виноградов  В.К., Ерохина Л.В., Панов Д.А., Хромов Л.В., Веригин Б.В., Макеева П., Соин С.Г., Алиев Д.С. Руководство по биотехнике разведения и выращивания растительноядных рыб. — М.: ВНИИПРХ, 1975.78 55-64 с.

40 Макеева А.П. Особенности размножения, созревания и развития белого амура, белого и пестрого толстолобиков. // Зоология позвоночных. — М.:ВИНИТИ. Т.5: Биология, разведение и использование растительноядных рыб. 1974. 11-60 с.

41 Дука О.Н., Шамшидин А.С. Прудовое рыбоводство. // учебное пособие. — Астана. 2010. 12-13 с.

42 Баимбетов А.А., Тимирханов С.Р. Определитель рыбообразных и рыб Казахстана. 1999.

43 Атлас пресноводных рыб России: В 2 т. Т.1. // Под ред. Ю.С.Решет-никова. -М.: Наука, 2002. 379 с.

44 Турсунов А. и др. Тенденция изменения стока трансграничной реки Или важнейшего притока оз. Балхаш // Современные проблемы гидроэкологии внутриконтинентальных бессточных бассейнов Центральной Азии Докл. Междунар. Науч.-практ. Конф., г. Алматы 22-23 января 2003 г. Алматы географии МОНРК,2003.152-156 с.

45 О.М. Кан, Г.Б. Кегенова, Л.А. Джалаева. Характеристика производителей карпа (cyprinus carpio) Капшагайского Нерестово — выростного хозяйства. Вестник КазНУ., серия эколог. — А., 2012. 58-59 с.

46 Среднегодовая температура Алматинской области //www.kazhydromet.kz/.

47 Казахская ССР/гл. ред. Р. Н. Нургалиев. Казахской Советской Энциклопедии. -Алма-Ата, 1988.Т.2. 585-608 с.

48 Багров А. М., Барсов И. Г., Костылев В. А. Выращивание ремонтного материала растительноядных рыб в прудах тепловодного хозяйства // Сб.науч.тр./ Поликультура растительноядных рыб в прудовом хозяйстве и естественных водоемах. — М.: ВНИИПРХ, 1975. Вып. 15. 45-51 с.