Мазмұны
Кіріспе ……………………………………………………………………………………………
1 Әдебиетке шолу………………………………………………………………………………..
2 Негізгі бөлім
2.1Шаруашылық туралы жалпымағлұматтар……………………………………….
2.2 Топырақ түзілудің табиғи жағдайларына сипаттама………………………..
2.3 Зерттеу әдістемесі және нәтижелері…………………………………………………
Қорытынды ………………………………………………………………………………………
Пайданылған әдебиеттер ……………………………………………………………………
Кіріспе
Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы мен үкімет қаулыларында ғылымның, оның ішінде халық шаруашылығы дамуындағы фундаментальды зерттеулердің маңыздылығы аталып көрсетілген.
Ауылшаруашылығы өндірісінің интенсивтендірілуіне және табиғаттағы шөлденудің күшеюіне байланысты топырақ жамылғысын сақтау, топырақ құнарлылығын жан-жақты көтеру және агроценоз өнімділігін жоғарылатудың маңызы зор. Ауыл шаруашылығындағы ең маңызды проблема — топырақ құнарлығын сақтау және оны көтеру. Әр түрлі себептерден топырақтың бүлінуі және оның өнімділігінің кемуі бүкіл әлемге алаңдаушылық тудыруда. Мәселен, неміс ғалымы Snulte A атап көрсетуінше, жыл сайын әлемде пайдалы ауыл шаруашылығы жері орман алқаптарының 7-10 млн. гектары жойылады, соның ең кемі 15-20%адамдар іс-әрекетінің нәтижесінде бөлінеді
Қазақстан республикасында да осындай қолайсыздық жағдаайлар қалыптасты, онда топырақ ресурстарының көпшілігі әртүрлідәрежеде тозған. Қазіргі уақытта жыртылған топырақтың көпшілігі құнарлығын жоғалтқан, топырақ құрамындағы қарашірік мөлшері орта есеппен 25-30%-ға дейін кеміп, оның құрамы едәуір кемейген. Ал оның жыл сайын жоғалуы 0,6-1,2 т/га.
Павлодар АШҒЗИ деректері бойынша қарашіріктің жыл сайын минералдануы 1т/га құрайды. Отандық және шетелдік жиынтық деректері бойынша қарашіріктің 1%-ға кемуі астық дақылдарының түсімін орта есеппек 5-6 ц/га төмендетеді.
Қарашіріктің жоғалуының басты себебі —- топырақты, әсіресе сүрі жер танабын қарқынды өңдеу нәтижесінде оның минералдануы. Екішіден, жыртылған топырақ қабатында аңыздың қалдықтары мен органикалық тыңайтқыштарының жеткіліксіз түсуі. Осыған байланысты топырақ бетін жабуға айрықша көңіл бөлген дұрыс.
Шымкент кеңшарының топырағын ең бірінші кезекте Оңтүстік Қазақстан жер бөлімі экспедициясымен «Казгипрозем», 2000 жылы жүргізілді. Онда суармалы жерлерді қарқынды пайдалану жобасына байланысты ол құжаттар ескіргендіктен, зерттеу жұмыстары 2003 жылы қайтадан жаңартылып, шаруашылық жерлерінің шекаралары айқындалды. Бүгінгі кезде нарықтың экономика бағытына барлық халық шаруашылығы бет бұрғандықтан, әрі нарық жүйесіне сай барлық өндіріс қайтадан қаралып жатқандықтан, оның үстіне жер нарық жүйесінің талабына сай бағаланатын болғандықтан топырақты зерттеу жұмыстары, соңғы жылдары қайтадан жандана бастады.
Міне, сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысында зерттеу жұмыстары 2008 жылы қайтадан жүргізілді. Бұл зерттеу жұмыстарында жеке шаруа қожалықтарының жерлерінің шекаралары қайтадан анықталынып, топырақ түрлері нақтыланып, топырақтар құнарлығын көтеруге байланысты топырақ үлгілері алына бастады. Оны Оңтүстік Қазақстан облысының жерге орналастыру орталықтары іс жүзіне асыруда. Қазіргі кезде өркениетті елдердің барылығында ауылшаруашылығымен байланысқан шаруашулықтар ірі масштапты топырақ карталарымен қамтамасыз етілген. Бұл шаруашылық жүргізушілерге жерді тиімді пайдалануға және өндірістің негізгі құрамымен еңбек нәтижесі топырақтың құнарлығын жоғары деңгейде ұстап отыруға, соңынан баладан балаға беріп отыруды қамтамасыз етеді.
Топырақты зерттеу жұмыстары мен топырақ бонитеті үшін топографиялық негіздер М 1:10000 масштабта жүргізілді. Оған топографиялық негіздер, аэрофототүсірілімдер, фотопланшеттер негіз болып алынды. Қима сызықтарының жүргізілуі әрбір 5 м сайын болды.
Ал топырақ құнарлығын көтеру қазіргі кезде ауылшаруашылығында ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Шару қожалықтарының егіншілік мәдениетіт дұрыс сақтамау салдарынан келеңсіз жайыттар орын алып жатыр, осындай теріс нәтижелер болмауы үшін егіншіліктің өз заңдарын дұрыс ұстанғады қалаймын.
Әдебиетке шолу
Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының топырақ жамылғысын бірінші зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың бас кезінде топырақтанушылардың Көшіқон басқармасының басшылығымен жүргізілген.
С.С.Неуструев В.В.Докучаевтің ең бір талантты ізбасарларының бірі болып саналады. Бұл кісі 1908 жылы Шымкент уездігінен Сыр-Дария облысына қарай бағдарлы топырақ зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы кезде Шымкент облысының орталық және шығыс бөліктері түгел зерттелді, яғни Сыр-Дарияның шығыс бөлігі, Түркістан қаласы мен Шанақ бекеттер аралықтары, Арал өзенінің оң жақ қапталдары, байырғы аллювиальды жазықтар және Шығыс Тянь-Шань мен Қаратау аралықтары қамтылды. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша бұл жерлердің топырақ картасы жасалды, онда таулы-шалғынды, қара топырақ және қара топырақ тәріздес топырақ, қара-қоңыр, ашық қара-қоңыр, боз және сазды топырақ атаулары келтірілді. Бұл ғалымның ең бір басты еңбегі, осы кісінің ең бірінші болып жеке тип ретінде — боз топырақты атап көрсетуі. Бұл топырақта бұған дейін эольды – лөсті немесе атмосфералы-шаңды топырақ деп атап келген және оны геологиялық құрылымға жатқызып келген. С.С.Неуструев бойынша боз топырақ ең бірінші кезекте лөс жынысында дамымақ және де басқа борпылдақ жыныстарда ол өзіне тән өсімдіктер жамылғысының астында дамымақ.
Боз топырақтың ішінде, бұл ғалым тау етегіндегі жазықтықтағы лөс жынысында дамыған негізгі боз топырақ, еңістеу жерлерде орналасқан кебірленген боз топырақ, бұл топырақтар Сыр-Дария өзенінің сортаңданған жазықтығында кездеседі және сазды боз топырақ – бұл топырақтар артық ылғалдықта қалыптасады. Қиыршықтасты боз топырақ – Қаратау маңайындағы еңістеу жазықтықтарда кездеседі. К.Д.Глинка Көшіқон топырақ зерттеу жұмыстары басқармасының жетекшісі ретінде 1908 жылдары Қабулсай – Шымкент – Высокое бағдары бойынша жүріп өтті. Бұл ғалым С.С.Неуструевпен келісіп, осы өңірде боз топырақты жеке тип ретінде бөліп, жер бедерінің биіктігі өскен сайын бұл топырақтар күңгірт сұр топырақтарға ауысады, ол қара-қоңыр топыраққа ұқсас топырақ деп жазды. Бірақта ол топырақтан көптеген өзінің белгілерімен ерекшеленеді, сонымен қатар боз топырақтар әртүрлі топырақ құраушы жыныстарда дамуының мүмкін екендігін айтты және бұл топырақтар өз кезегі бойынша ашық боз топырақ, күңгірт боз топырақтан бөлініп олардың ауыспалы түрі кәдімгі боз топырақ деп аталады.
Кеңес үкіметінің бірінші он жылдығында қазіргі Шымкент облысының топырағын Ташкенттің топырақ зерттеушілері зерттеді, негізінен Топырақтану институтымен САГУ-ның геоботаник қызметкерлерінің қатысуымен М.А.Димокия басшылығымен жүргізілді. 1930 жылдардан бастап топырақтың қызмет жұмысы Қазақстанда құрылуының арқасында зерттеу жұмыстары Қазақстандық топырақтанушылардың қатысуымен жүргізілді.
А.В.Мухля және т.б. ғалымдар Қазақстан топырағының бірінші жүйелі тізімін жасады, осы кезеңде Шымкент облысының топырағы да зерттеліп әсіресе А.В.Мухля қысқаша боз топырақтар мен таулы облыстар топырағына сипаттама берді. Оны геоморфологиялық региондарға бөлді.
И.М.Синягин топырақтың құрамын зерттеп, боз топырақтың құрамындағы микроэлементтерді анықтады. Олардың мағлұматтарын келтірді, микроэлементтердің суда және қышқылда ерігіштігін зерттеп оның мөлшерін анықтады. И.И.Синягин боз топырақтардың органикалық құрамын зерттеді, яғни күңгірт боз топырақ гидроморфты нышаны бар боз топырақ және шалғынды боз топырақтардың 3 жылдық жоңышқаның астында, одан басқа нақты өсімдігімен тың жерлердің топырақтарын салыстырып көрсетті. Үздіксіз күздік бидай еккен танаптарда топырақтың құрамында органикалық заттардың сонымен қатар клетчатканың, гемицеллюлозаның жеңіл ыдырайтын азоттық қосылыстардың да азаятындығын көрсетті. Ал үш жылдық жоңышқаның астында органикалық заттар мен азоттың мөлшері көбейіп оның деңгейі тың жердің мөлшеріне жеткен. Бұл жылжымалы заттар мен бос байланысқан органикалық коллойдтардың және топырақтың басқа физикалық қажеттілігінің жақсаруының нәтижесінде болып отыр. Мұның барлығы осы өңірдегі күздік бидай-жоңышқалы ауыспалы егістігінің керек екенін дәлелдейді.
А.Н. Розанов жан-жақты боз топыраққа сипаттама беріп, бұл аймаққа шөлейтті дала мен тік бағыттағы жоғарғы белдеуде жатқан топырақтарды да кіргізген.
ХХ ғасырда Қазақстанның табиғи байлығына орыс мемлекеті мүдделеніп, олар елімізде зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізе бастады. Ресейдің Азия бөлігінің өсімдіктерін және топырақтарын зерттеуді 1907-1916 жылдары К.Д.Глинка ұйымдастырып, басқарды. Осы жылдары Қазақстан топырағын зерттеуге С.С.Неуструев, А.И.Безсонов, Р.И.Аболин, Л.И.Прасолов, И.В.Ларин және т.б. қатысты.
1926-1930 жылдары Қазақстан топырағын зерттеуге белгілі орыс ғалымдары И.П.Герасимов., Е.Н.Иванова., Е.В.Лобова., Т.Ф.Якубова қатысты. Осы жылдары Қазақстанның Халық комиссариатының топырақ бюросы, су басқармасы, Мемлекеттік жер тресі қызметкерлері еліміздің түрлі аймағыңда топырақтарды, өсімдік дүниесін жәие агроэканомикалық жағдайларды зерттеуді қарқынды жүргізді. Осы жүмыстарға Қазақстанның топырақтану ғылымының жас мамандары О.О.Оспанов , А.В.Мухля т.б. қатысты.
Л.И.Прасоловтың басқаруымен 1935 жылы Қазақстан ғалымдары дайындаған Қазақстан Республикасының топырақ картасы дайындалды. Осы жылы С.П.Матусевич т.б. авторлар дайындаған «Қазақстанның топырақ жамылғысы» кітабы жарық көрді. Осы еңбекте бірінші рет еліміздің әр түрлі геоморфологиялық аймақтарының топырақ жамылғысы жүйелі түрде сипатталды.
1939 жылы Кеңестер Одағының Ғылым академиясъшың қазақ филиалы құрамында топырақ зерттеу бөлімі ашылып, оның негізінде 1945 жылы Қазақстан Ғылым академиясының топырақтану институты құрылды. Ол қазіргі кезде мемлекетіміздің мамандандырылған ірі ғылыми зерттеу институты. Осы институт ғалымдары отанымызда топырақтану ғылымының дамуына, еліміздің топырақтарын зерттеу барысына аса ауқымды үлес қосты. Институт ғалымдарының атқарған жүмыстарының бастылары: кіші және орташа масштабтағы еліміздің және әр облыстардың топырақ карталарын жасау; шаруашылықтар мен мемлекеттік жер қорларының ірі масштабты карталарын жасау, топырақ мелиорациясы, топырақ эрозиясы жөніндегі стационарлы және әр аймақта өткізілген ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстан топырақтарын кешенді түрде сипаттайтын 14 томдық «Қазақстан топырақтары» атты жинақы баспадан шығару; еліміздің топырағын жіктеу және оларды диагностикалау мәселелерін зерттеп, оны іс жүзіне асыру. Осы топырақтану институтын 1945-1968 жылдары аралығында белгілі топырактанушы ғалым Өмірбек Оспанұлы Оспанов басқарды.
Ө.О.Оспанов Қазақстанда топырақтану ғылымының негізін қалаушы ұлтымыздың алғашқы топырақтанушы маманы.
Ол 1932 жылы Мәскеудегі К.А.Тимирязов атындағы ауыл шаруашылығы академиясын топырақтану жэне агрохимия мамаңдығы бойынша бітіріп, КСРО Ғылым академиясының В.В.Докучаев атындағы топырақтану институтының аспирантурасында білімін жалғастырып, 1936 жылы геология-минералогия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Қазақ Ғылым академиясының президенті Қ.И.Сатпаевтың орынбасары ретінде қызмет атқара жүріп ол еліміздің топырақтану ғылыми зерттеу институтының ашылуына,Қазақстан топырақтары тың игеру жылдары ұтымды зерттеуге, топырақтанушы ғалымдарымыздың ғылыми жұмыстарының әлемдік деңгейге сай жүргізуіне аса зор үлес қосқан ғалым.
Тың игеру жылдары топырақ зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Қысқа мерзімде 100 млн.гектардың топырағы зерттелініп, ірі масштабты топырақ карталары және топырақты ауылшаруашылығында пайдаланғанда қажетті картограммалар дайындалды. Жарамды 22,6 млн. гектар жер таңдалынып алынып, игеруге ұсынылды Ө.О.Оспанов, К.Ш.Файзов,
Қазақстанда топырақтардың эрозияға ұшырауы жағдайының ұлғая түсуіне байланысты еліміздің ғалымдары топырақ эрозиясы байқалатын аймақтар картасын дайындады, эрозияға және дефляцияға қарсы колданылатын шараларды қалыптастырып жүзеге асырды .
Топырақты көптеген жылдар бойы ауылшаруашылығында пайдаланғанда оның бойындағы өзгерістер зерттелініп, топырақты құнарсызданудан сақтау жолдары анықталды.
Т.Джаланкузов. Еліміздің суармалы аймақтарында қолданылатын топырақтардың ерекшеліктері зерттелініп, оларды дұрыс қолдану жолдары айқындалды Ж.У.Аханов, Т.Т.Тазабеков. Қазакстанда таралған сор, сортаң және кебір топырақтардың қасиеттері, түзілуі зерттеліп, оларды дұрыс игеру шаралары анықталды М.В.Боровский .
В.Валиев өзінің кейбір еңбектерінде Арыс – Түркістан арнасының бойындағы ең кең тараған топырақтарға, яғни олардың физикалық, агрохимиялық көрсеткіштеріне, игеру және мелиорациялау тәсілдеріне, әсіресе кебірлену құбылымдарының кең таралуына байланысты сұрақтарға жауап берді.
А.Б.Курмангалиевтің қоңыр, сұр қоңыр және ашық, кәдімгі боз топырақтардың гумусы мен органикалық массаларының қорлары туралы мағлұматтарын келтіріп, олардың физикалық қасиеттеріне баса көңіл аударды. Бұл ғалым осы боз топырақтың гумус қоры мен жылжымалы азот, фосфор элементтерінің мөлшерін анықтап, олардың тиімділік жағын арттыруға баса көңіл аударды. Арыс пен Келес территориясындағы шалғынды боз және гипстенген боз топырақтарға сипаттама берді.
М.И.Вяткин қысқаша ашық, кәдімгі күңгірт боз топырақтарға сипаттама берді, одан басқа Оңтүстік Қазақстанда кездесетін топырақтарға да көңіл аударды. Бұл автор бұл өңірде 16 топырақтық және 10 табиғи — шаруашылықтық аудандарға бөлуді ұсынды.
А.Б.Курмангалиев, Г.А.Рустамбаев, А.А.Соколов Шымкент облысының физика – географиялық және табиғи ерекшелігін жазып облыс топырақтарының тізімін жасады, облыстағы ең көп тараған топыраққа сипаттама берді. Олардың қоректік элементтермен қамтамасыз етілу жағдайында келтірді, аудандастыру табиғи жағдайларын жазып, жер қорларына сапалы және сандық сипаттамалар берілді. Олардың анықталған агроөндірістік және агромелиоративтік топтастыруы бойынша әрі генетикалық тип, тек және топырақ түзілуіне байланысты құнарлылық ерекшеліктері келтірілді. А.Б.Курмангалиев қоңыр, сұр қоңыр, кәдімгі боз бен ашық боз топырақтардың физикалық қасиеттерімен қатар олардың гумусі мен өсімдіктердің органикалық массасының мағлұматтарын келтірді. Сонымен қатар субальпілі таулы күңгірт, таулы қоңыр (арша астындағы), сұр қоңыр және кәдімгі боз, ашық боз топырақтардың ландшафт құрушы өсімдіктердің күлдік элемент құрамын, гумус қорын және оның құрамын, боз топырақтардың азот пен жылжымалы фосфор мен калий мөлшерін зерттеп, Арыс пен Келесте суармалы шалғынды боз топырақтарды жазды, сонымен қатар гипстенген боз топыраққа сипаттама берді.
А.Б.Курмангалиев пен А.А.Соколов Шымкент облысының оңтүстік боз топырақтарының қалыптасуындағы табиғи климат ерекшеліктеріне тоқтап, мына төмендегі қорытындыға келді: яғни, 1. Боз топырақтардың карбонаттылығы биоклиматтық ерекшеліктеріне ғана емес сонымен қатар топырақ құрушы жыныстың табиғи карбонаттық қор көрсеткішіне де байланысты екенін; 2. Тұран өңіріндегі көптеген боз топырақтың карбонаттылығы аналық жынысының жоғарғы карбонаттылығына да байланысты.
Сондықтан, «аз карбонатты» немесе «жоғары карбонатты» терминін боз топырақтың түрлік ерекшеліктерін анықтау үшін қолданды. Боз топырақтардың өңірлік ерекшелігін анықтаған кезде «оңтүстік» деген терминді Батыс-Тяньшань аймағына, ал «солтүстік» Солтүстік-Тяньшань аймағына қолданған дұрыс.
А.Б.Курмангалиев, Г.А.Рустамбаев, А.А.Соколов Шымкент облысының кебірленген боз топырағына сипаттама берді.
С.Н.Рыжковтың көрсетуі бойынша Орта Азияның суармалы егіншілігінде күздік бидай дақылдарын су және қоректік заттармен қамтамасыз еткен жағдайда құнарлылығын арттыруда бірінші орында оның физикалық қасиеттері, яғни түйіртпектілік пен оның бірікпесі шығады.
Түйіртпектілік пен топырақ бірікпесі топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап өткен (Докучаев, Костычев, Вильямс, Гедройц, Дояренко, Растел, Дж Кук Блэк және т.б.) анықталған топырақ түйіртпектілігі оның су, ауа, жылулық, физика-химиялық қасиеттеріне соның әсерінен топырақтың барлық құбылымына, оның су және жел эрозиясына төзімділігіне, дақылдардың өнімділігімен өсімдіктердің су мен қоректік заттарды тұтынуына тікелей әсер етеді.
Бірақ та егіншілік тәжірибесінде түйіртпектілік пен бірікпенің агротехникалық шараларды қолданған кезде сандық мөлшері әлі күнге дейін нақтылы белгіленген жоқ. А.Г.Дояренконың айтуы бойынша «Біз агрономдар топырақты өңдеген кезде қандай түйіртпектілікпен бірікпенің сандық мөлшер критерийін білмегенше біздің көрсеткіштеріміз субъективті бола бермек».
А.Н.Розанов боз топырақты аймақта топырақ ресурстарының байлығын дұрыс игеру үшін – өндірістік тұрғыдан боз топырақтың сондай қасиетін табуымыз керек, яғни топырақ түйіртпектілігін, оның ерекше қасиеттері арқылы құнарлылығын арттыруымыз керек.
Түйіртпектілік пен топырақ бірікпесі топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап өткен (Докучаев, Вильямс, Гедройц және т.б.) анықталған топырақ түйіртпектілігі оның су, ауа, жылулық, физика-химиялық қасиеттеріне соның әсерінен топырақтың барлық құбылымына, оның су және жел эрозиясына төзімділігіне, дақылдардың өнімділігі мен өсімдіктердің су мен қоректік заттарды тұтынуына тікелей әсер етеді.
Бірақ та егіншілік тэжірибесінде түйіртпектілік пен бірікпенің агротехникалық шараларды қолданған кезде сандық мөлшері әлі күнге дейін нақтылы белгіленген жоқ. А.Г.Дояренконың айтуы бойынша «Біз агрономдар топырақты өңдеген кезде қандай түйіртпектілік пен бірікпенің сандық мөлшер критериін білмегенше біздің көрсеткіштеріміз субъекті бола бермек»
А.Н. Розанов боз топырақты аймақта топырақ ресурстарының байлығын дұрыс игеру үшін — өндірістік тұрғыдан боз топырақтың сондай қасиетін табуымыз керек, яғни топырақ түйіртпектілігін, оның ерекше қасиеттері арқылы құнарлығын арттыруымыз керек.
Суармалы боз топырақта суға төзімді агрегаттарын жақсарту үшін оның түйіртпектілігі мен бірікпесін реттеу арқылы іс жүзіне асыруға болады.
Кейінгі жылдары елімізде топырақтану — агрохимия ғылымы одан әрі алға басып, дамып келеді. Ғалымдарымыз Е.Р.Елешев, Т.Смағұлов, Ә.Балғабаев, К.Ш.Фаизов, Р.А.Уразалиев, А.И.Иорганский, А.С.Сапаров , және т.б. топырақ құнарлығын арттыруда өз үлестерін қосуда.
Сурет 1 Жаңаталап жеке шаруа қожалығы
- Негізгі бөлім
2.1 Шаруашылық туралы жалпы мағлұматтар
«Жаңаталап » жеміс — жидек жеке шаруа қожалығы Сайрам ауданының оңтүстік — батыс бөлігінде орналасқан. Бұл шаруашылық солтүстігі мен оңтүстігінде Шымкент құс фабрикасы мен Жаңаталап акционерлік қоғамдарымен, ал солтүстік батысында Арыс ауданының жерлерімен шекараласады.
«Жаңаталап» жеміс — жидек кеңшары 1959 жылдары құрылған, оның шекараларын ұлғайту үшін «Жаңаталап» акционерлік қоғамының жерлерінен кесіп берген, ол облыс орталығы Шымкенттен 20 км қашықтықтаорналасқан.
кесте 1
Жаңаталап жеке шаруа қожалығының жер экспликациясы (га)
Пайдаланатын жер атаулары |
Көлемі, га |
% |
|
||
Жыртылған жерлер |
407 |
24,2 |
|
||
Оның ішінде суармалы |
161 |
9,6 |
|
||
Көпжылдық шөптер |
690 |
40,9 |
|
||
Жайылым |
588 |
34,9 |
|
||
Жалпы пайдаланатын жер |
1685 |
100 |
|||
Жеке шаруашылықтың негізгі бағыты жеміс — жидек 1-кесте мағлұматтары бойынша көпжылдық егістер жалпы көлемі-690 га, оның ішінде бақ-313 га, жидек -1,0 га, жүзімдік – 319 га және көшеттік — 57 га.
Жеке шаруа қожалығы 4 бөлімшеден тұрады: мұнда жеміс, жүзім, дәнді дақылдар, көкөністер және жемдік дақылдар егіледі. Төмендегі 2-суретте 1-кестедегі мәліметтер диаграмма түрінде келтірілген.
кесте 2
Егілетін дақылдардың құрылымы
№ |
Егілетін дақылдардың аталуы |
Көлемі, га |
Үлесі, % |
1 |
Дәнді дақылдар |
184 |
45,2 |
2 |
Көкөністер |
4 |
1,0 |
3 |
Бақша |
5 |
1,2 |
4 |
Көпжылдық шөптер (байырғы) |
156 |
38,4 |
5 |
Көпжылдық шөптер (биылғы) |
16 |
3,9 |
6 |
Сүрлемдік жүгері |
42 |
10,3 |
Барлығы |
407 |
100 |
Келтірілген 2-кестенің мағлұматтары бойынша дәнді дақылдардың үлес салмағы — 45,2%, көпжылдық шөптердің — 42,3% құрайды. Ал басқа дақылдардың үлес салмағы — 12,5%.
Сурет 3- Егілетін дақылдардың диаграммасы
Ұжым шаруашылығында алма мен жүзімнің әртүрлі сорттары егіледі. Жемісті дақылдар-633 га жерге егіледі, оның ішінде шекілдеуік дақылдар -313 га, жүзімдіктер — 319 га, жидектер — 1,0 га, көшеттіктер — 57,0 га.
кесте 3
Тыңайтқыштарды қолдану деңгейі (тонна)
Дақылдардың түрлері |
Органикалық тыңайтқыш (тонна)
|
Минералдық тыңайтқыш (центнер) |
|
азот |
фосфор |
||
Жыл басындағы қоры |
406 |
255 |
153 |
Берілді:
а) Дәщңк дакылдарга б) Жемдік дакылдарга в) Копжылдьщ |
365 |
253 |
— |
а) Дәндік дақылдарға
А) |
— |
74 |
— |
б) Жемдік дақылдарға в)
|
109 |
53 |
— |
в)Көп жылдық егістіктерге
|
256 |
126 |
153 |
3-кесте мағлұматтары бойынша тыңайтқыштарды негізінен көпжылдық егістікке берілгенін байқаймыз, яғни, шаруашылықтың негізгі бағытынан алынатын өнімдерге, бау–бақша, ағаштарына.
2.2 Топырақ түзілудің табиғи жағдайларына сипаттама
Қарашірінді немесе қаршірік (гумус) қышқылдары және олардың қасиеттері.Органикалық заттардың ауысуы үрдістерінде алдымен өсімдікткр жеке бөліктерге, сосын бөлшектерге, органикалық малекулаларға және соңында минералдық тұздардың малекулаларына дейін ауысуы ыдырауы, гумификация және минералдану сатылары бойынша жүреді. Органикалық және минералдық заттардың бөлшектері, малекулалары және иондары өзара реакцияға түсуге қабілетті, осыған байланысты топырақта, микроағзалардың қатысуымен мүлде жаңа, бастапқыларынан ерекшеленетін органикалық зат — қарашірінді немесе қарашірік қышқылдары және олардың құрамында азоты бар тұздар пайда болыды. Топырақтың минералды бөлігіндегі қарашіріндіде 10-15% ыдырамаған алғашқы органикалық заттар болса, топырақсинтезделген жаңа қарашірік қышқылдары мен олардың тұздарының органикалық қосылыстары 80-90%-ын қамтиды.
Қарашірінді заттарын 2 топқа бөледі: гумин қышқылдары және фульвоқышқылдар.
Бірінші топқа қара түске боялған гумин қышқылдары жатады, олар алғашында суда еріген түрде болады, ал сутектің екі, үш валенттік ктиондарымен әрекеттескенде, олар тұнбаға түседі. Гумин қышқылдарының тұздары – гуматтар NH+, NH4+ және K+ суда ериді және төменге ағу арқылы төменгі гаризонттарға шайылады да нығыз және каллойдтық ерітінділер түзеді.
Гумин қышқылдары мен гуматтар минералдық бөлшектердің сыртын жабу арқылы гумин деп аталатын сұр, сұрғылт-құба немесе құба түсті оргономинералдық микроагрегаттар түзеді.
Л.Н. Александрова бойынша орта есеппен гумин қышқылдарындағы көміртегі – 52-62%, сутегі – 2,5-5,8%, оттегі – 31-39% және азот – 2,6-6,1% құрайды. Гуматтар мен гумин қышқылдары жинақтала келе топырақты сұр, құба-сұр немесе қара түстерге бояйды. Олар топырақ түйіртпектеріне сіңіп, олардың желімденуіне және топырақ құрылымының қалыптасуына ықпал етеді, құрылымдық түйіртпектер арасындағы сызаттар бойымен ағып, онда қарашірікті және қарашірікті-үлбірлерге айналады. Гумин қышқылдары мен олардың тұздары бактериялардың ықпалынан ыдырайды.
Гумин қышқылдары тобын гумин және ульмин қышқылдарына бөледі. Қасиеттері бойынша олар бір-біріне өте жақын, тдегенмен ульмин қышқылдарысуда пептирленеді, түсі бурыл және қоңыр болады. Олардың қышқылдық қасиеттері карбоксил (—СООН) және басқалардың болуы арқылы анықталады. Қышқылдардың екінші үлкен тобы — фульвоқвшқылдар, қазақшаға аударғанда сары қышқылдар. Негізінен ылғалды салқын климатты, саңырауқұлақ микрофлорасының басымдық жағдайында, яғни мүктер, қыналар және орман төсеніштері ыдырауы кезінде пайда болады. Фульвоқышқылдарының түсі құбасары, суда ериді, өте қышқыл (рН 2,6-28). Қарапайым құрамы: көміртегі –40-52%, сутегі 4-6%, оттегі – 40-48% және азот – 2-6%.
Фульвоқышқылдардың 1 және 2 валентті катиондарынан еритін тұздар – фулваттар түзіледі. Ғе және Аl фульваттары концентрациясы неғұрлым қаныққан және құрамындағы біржарымдық тотықтар мөлшері аз болған кезде суда ерігіш болады. Фульвоқышқылдар неғұрлым біржарымдық тотықтармен қаныққан сайын, соғұрлым олардың ерігіштігі төмендей береді. Біржарымдық тотықтар топырақта көп болғанда, темір мен алюминий фульваттары тұнбаға түседі де, каллойдтық қосылыстар түзеді. Фулвоқышқылдар өте белсенді, яғни олардың топырақтың минералдық бөлігімен реакцияға түсу қабілеті жоғары. Мысалы, олар екіншілік минералдарды ыдыратып, одан кальций, магний, калий, темір және алюминийді бөліп алады. Фульвоқышқылдар 2 топөқа бөлінуі мүмкін: ашық түске боялғандары – олар өте белсенді, крен қышқылдарына сәйкес, күңгүрт түске боялғандары – апокрен қышқылдарына сәйкес.
Топырақтағы гумин және фульвоқышқылдардың арақатнасы мен құрамына байланысты олардың топырақтың минерелдық бөлігіне жалпы белсенділігі де өзгеріп отырады.
Гумин және фульвоқышқылдардың арақатнасы 0,2-ге дейін болғанда, қарашірік жинақталмайды десе де болады(себебі олардың көп бөлігі суда ерігіш), минералдық бөлігінің ыдырауы жоғары; 0,2-0,5 шамасында болғанда қарашірік жинақталуы мардымсыз, ал әсері белсенді; 0,5-0,7 шамасында болғанда қарашірік жинақталуы орташа; 0,7-ден жоғары болғанда қарашірік жинақталуы да жоғарыболып, минералдық бөлік өзгермеген күйінде қалады.
Коллойдтық күйге дейін ыдыраған органикалық заттарды шірінді деп дтайды. Шірінді топырақта гуминдерден, гумин қышқылдарынан, Ғе3+, Al3+ гуматтары мен фульваттарынан тұрады.
И. В. Тюрин бойынша әртүрлі топырақтың 1 метрлік тереңдік қабатындағы органикалық заттар құрамы (т/га) мынадай:
Қалың қабатты қара топырақ —- 760
Орманның шымды топырағы —- 110
Шымды-шымтезекті топырақ —- 230
Кәдімгі қара топырақ —- 450
Орманның сұр топырағы —- 475
Қаракүрең топырақ —- 250
Сілтісізденген қаратопырақ —- 555
Ашықкүрең топырақ —120
Сұр топырақ —- 80
Құнарлығы бойынша ең кедей топырақтар құрамында 80-110 т/га органикалық заттар болса, ең бай топырақтардағы органикалық заттар мөлшері — 760 т/га болады. Топырақтың органикалық заттары биологиялық үрдістердің қарқынды жүруіне үлкен ықпал етеді, сондықтан, топырақ-органикалық заттардың түзілуі және ыдырауының күрделі үрдістері жүріп жататын табиғи дене деп айтуға болады.
Органикалық заттардың топырақтың құнарлығына әсері. Топырақтың құнарлығын көбінесе топырақтың органикалық заттары анықтайды, өйткені оның құрамында өсімдіктерүшін керекті элементтердің бәрі бар. Органикалық заттар бар жерде топырақты сумен, ауамен, жылумен қамтамасыз ететін топырақ құрамы пайда болады. Шірінді қышқылының топырақтың минералдық бөлігіне әсер етуінен қоректік элементтердің үлкен бөлігі босап шығыды. Қарашірік қышқылдары биологиялық айналымға, өсімдіктердің қоректік элементтерін ұзақ сақтауға қатысады.
Топырақтан жеткілікті ылғал мен қоректік элементтерді талап ететін өсімдіктер, үлкен көлемде қарашірік заты бар микроағзалардың алуан түріне бай топырақтарда жақсы өседі. Сол себепті топырақтарда органикалық заттардың құнарлылығын және өсімдік өнімділігін жоғарылату маңызды мәселе болып табылады.
Органикалық заттардың жинақтау және ыдырау үрдістерін реттеу тәсілдері топыраққа адамдардың шаруашылық іс-шаралар қолдану мен тығыз байланысты. Үлкен аумақта жер жырту кезінде топырақтардың аэрациясы жақсарады, органикалық заттар ыдырауының аэробты түрі дамиды, гумин қышқылдары бөлініп, топырақ струтурасының жақсаруына септігін тигізеді және сонымен қатар, көп мөлшерде қоректік элементтер бөлінеді. Батпақты құрғатқан кезде де осы үрдістер жүреді. Ыдырау үрдістерін азот, фосфор, калий және бактериялық тыңайтқыштар қосып тездетуге болады. Бірақ топырақтағы қарашірікті сақтау керек және де оны мүмкіндігінше көбейту керек. Ол үшін қышқыл топырақтарды әкпен қанақтыру, батпақтардың 10-40 т/га шымтезегін жырту, бактерияларды енгізу әдістерін іске асырады. Топырақтарды суару, қар тоқтату және су мен жел эрозиясымен күресу кең таралған. Орман шаруашылығында топырақтардағы органикалық заттардың құрамын ағаштардың түрлерін таңдап отырғызу арқылы реттейді. Әдетте жапырақты және аралас ормандарда шыршалы және қарағайлы ормандарға қарағанда қарашірік көп болады, көлеңке сүйгіш өсімдіктер мен жарық сүйгіш өсімдіктер арасындағы қврашірік мөлшеріі де сол сияқты боады.
Топырақ пен топырақ түзілудің жамылғысының қалыптасуы. Кеңістіктегі жарық пен жылулықтың, сонымен қатар беткі және жер асты суларының таралу орталығы болғандықтан, бедер көп жағдайда топырақ түзілудің бағытын анықтайды.
Елді мекенде бедер элементтерінің орналасуы мен жату жағдайына байланысты мына төмендегі геоморфологиялық аудандарға бөлінеді:
- Төбелі – толқымалы жазықтық.
- Бадам мен Сасық өзендерінің аңғарлары.
Төбелі толқымалы жазықтық. Шаруашылықтың шығыс және батыс бөліктерін қамтиды. Бұл жерлердің салыстырмалы биіктігі 396-444 м. Негізгі бедер элементтері толық – толқымалы бедер саналады. Бұл аудан өте күрделі әрі тілімденген қапталдар әлсіз көлбеулі, көлбеулі және сиректі болса күшті көлбеулі. Міне, осындай толқымалы жер қапталдарында эрозияға бейім, сонымен қатар әлсіз кейде орташа эрозияға ұшыраған жерлер кездеседі. Толқымалы бедердің төменгі ойыс жерлерінде беткі сулардың ағуының салдарынан мұнда тукта шөгінділері қалыптасады.
Бадам мен Сасық өзендерінің аңғарлары. Шаруашылықтың солтүстік және орталық бөліктерін қамтиды. Бадам өзені шаруашылықтың солтүстік бөлігін, ал Сасық өзені елді мекенді оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай кесіп өтеді. Сасық өзенінің аңғарында жайылмалық және жайылма үстіндегі кертпе жолақтар әлсіз байқалады, ал Бадам өзенінде жайылма үстіндегі кертпе жолақтар анық байқалады. Жайылма үстіндегі кертпе жолақтар бедері жазықты келеді, онда шалғынды боз және шалғынды топырақтар қалыптасқан. Жеке шаруашылық елді мекеннің топырақ түзуші жынысы көп жерлерінде әртүрлі қалдықтағы лөс тәріздес құмбалшықтар. Олардың түсі ашық қуаң сұрғылт, карбонаттылығы мен майда тесіктігі жоғары. Бұл лөс тәріздес құмбалшықтарда ірі шаң фракциялар деңгейі басым (0,01–0,005мм). Міне сондықтан жыныста кәдімгі боз топырақ, шалғынды боз топырақ және шалғынды топырақтар қалыптасқан.
Беткі және грунт сулары. Топырақ түзілу үрдісіне беткі және грунт суларының тигізетін әсері зор, ол жергілікті елді мекеннін аққыштық деңгейін анықтайды. Су жүйесінің ең басты көзі болып Бадам өзені мен Сасық өзені және «Сасық» магистральды арнасы саналады. Жеке шаруа қожалығының су айрықтары жақсы аққышты. Осы жерлер де жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар қалыптасқан. Сасық өзенінің аңғарындағы ыза суларының талдауын зерттеген кезде, олардың әлсіз минерализацияланғанын 2,4 г/л көреміз. Түзілген химизмі анион бойынша хлорлы — сульфатты, катион бойынша натрийлі — магнийлі. Бадам өзені 4-суретте.
Климат жағдайы. Шаруа қожалығының елді мекені климаттық көрсеткіштер бойынша шөлейтті аймаққа жатады. Оның басты ерекшеліктері атмосфералық түсімнің аздығы, жазғы ауа температурасының жоғарылығы және қысқы температураның төмендігі.
Шаруашылықтың климаттық көрсеткіштеріне сипаттама беру үшін Шымкент метиобекетінің мағлұматтарын келтіреміз. Бұл жердің климаты күрт континентальды қысқа әрі суық қыспен, ыстық әрі ұзақ жаз айларымен, сонымен қатар жауын – шашын мөлшерінің аздығымен сипатталынады.
Жылдық орташа температура көрсеткіш 12,60С аралығында ауытқиды. Жаз кезіндегі ауаның максимальды температурасы-42,70С, қыстағы минимальды температура – 27,30С. 100С жоғары температура жиынтығы-40490. Жылдық ауаның салыстырмалы ылғалдылығы-57%, ең жоғары ылғалдылық қыс айларында (желтоқсан-қаңтар) байқалады, онда оның көрсеткіші 75-76%, ал ең минимальды жаз айларында (шілде-тамыз), мұнда – ол төмендеп 34% жетеді.
Жылдық орташа жауын – шашын мөлшері 486 мм. Жылдық маусымында жауынның түсімі біркелкі емес, максимальды мөлшері қыс, көктем айларында келеді. Қыс қысқа және тұрақсыз. Ең бірінші үсік 18-қыркүйек, орташасы 16- қазан, ең соңғысы 15-қараша айларына тән келеді. Жылдағы аязсыз күндер саны — 189. Елді мекенде жел өті айқын байқалмайды. Желдің орташа жылдамдығы-2,9м/сек. Мағлұматы бойынша желдің жылдамдығы өте көп емес, максимум-3,3 м/сек, ол жұмсақ климат көрсеткішіне тән. Бұл шаруа, қо-
Сурет 4 — Бадам өзені.
жалығының климаты бау-бақша, жүзімдік және көкөніс өсіруге өте ыңғайлы әсіресе бұл дақылдарды ылғалмен қамтамасыз еткен жағдайда.
Өсімдік жамылғысы.Өсімдік түрі мен топырақ жамылғысының арасында тығыз байланыс бар. Топырақ, өзінің физика — химиялық жағдайымен өсімдіктің өсуіне жағдай жасайды, ал өсімдік өз кезегінде топырақты органикалық заттармен байытып, оның түйіртпектілігін жақсартып, сонымен қатар оның көптеген қасиеттеріне әсер етеді.Адамдардың тіршілік іс — әрекетінің салдарынан (жерлерді егіншілік пайдалануға суғару және жүзімдік, бақ отырғызу, жерді жырту және т.б.) табиғи өсімдік түрлері көп жерлерде сақталмаған. Шаруашылықтың тек батыс бөлігінде табиғи өсімдіктер біраз сақталған. Табиғи тың жерлердегі өсімдіктер негізінен эфемерлі – әртүрлі шөпті келеді (қызғалдақтар, бидайықтар, қоңырбас, жусан, қияқөлең, укекіре және т.б.). Шөптердің жоспарлы жамылғысы 40 — 45%. Оның орташа өнімділігі 5 – 6 ц/га. Міне, ол өсімдіктер астында кәдімгі боз топырақ қалыптасқан. Суармалы жерлерде, көпжылдық егістіктерде жемдік және басқа дақылдарда мына төмендегі арамшөптер кездеседі (дала шырмауығы, қарашоғыр, қамыс, жантақ және т.б.). Топырақтардың ластануы орташа.
Топырақ жамылғысы. Жоғарыда келтірілген топырақ түзілу факторларының арқасында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық елді мекеніндегі ұжым шаруашылығында боз топырақты топырақ типінің қалыптасуына және дамуына алып келді. Ішкі аймақтық топырақтардан мұнда кәдімгі боз топырақ түрлері көптеп кездеседі. Бедердің әртүрлі болуы және беткі және жер асты суларының жату жағдайына, өсімдік жамылғысы мен топырақ – түзуші жыныстардың әртүрлі болуы, бұл елді мекенде топырақ жамылғысының әртүрлі болып қалыптасуына алып келді және ол белгілі бір реттік заңдылығына бағынады.
Төбелі — толқымалы жазықтықтың беті тегіс жерлерінде кәдімгі боз топырақтар кездеседі, ол осы жер беті негізгі боз топырақтар типі болып саналады. Көлбеу және өте тік көлбеу қапталдарға, төбелерде, жар жағалауларында, толқымалы жерлерде әлсіз шайылған, ал әлсіз еңісті және күрт еңісті қапталдарға орташа шайылған, ал жарлар түбінде, төбе аралық, шұқырлы жазықтықтарға тұнбалы топырақтар кездеседі. Кәдімгі боз топырақтар ыза сулары жақын жатқан жерлерде кездеседі. Ол сулар топырақ түзілу үрдісіне әсер етпейді, бұл жерлерде атмосфералық түсім аз және жыл бойында оның таралу мөлшері біркелкі емес. Жауынның ең көп түсетін мезгілі қыс пен көктем айларында, ал жаз айларында оның мөлшері өте аз.
Боз топырақты аймақта маусым бойында ылғалдану деңгейі біркелкі емес болғандықтан гидротермикалық құбылым өте құбылмалы, жаз айларында оның мөлшері өте төмен, сондықтан бұл кезде топырақта ылғалдың жетіспеушілігі байқалады. Тек көктем айларында топырақ біршама ылғалданады, ал қыста ауа-райы тұрақты емес. Боз топырақтың су құбылымында қысқы және көктемгі кездегі ылғалдың басқа мәтінімен салыстырғанда көп болуына байланысты топырақ тоңазымаған және беткі ағыстарға тосқауыл қойған жағдайда терең ылғалданады. Ал жоғарғы температуралардың одан кейінгі мерзімде қалыптасуына байланысты топырақтағы табиғи ылғал қоры булануға шығындалып жатқанға дейін топырақ қабаттары сол ылғалданған тереңдікке дейін құрған, топырақта өсімдіктерге тиімсіз деңгейі мөлшеріндегі ылғал қалады. Бадам мен Сасық өзен аңғарларында ыза суларының топырақ бетіне жақын орналасуына байланысты кәдімгі боз, шалғынды және батпақты топырақтар қалыптасады.
Кәдімгі боз топырақ жеңіл құмбалшықты. Бұл топырақтар шаруашылықтың шығыс және батыс бөліктерінде қалыптасқан. Олар көбінесе жайпақ және ептеп көлбеулі адырлы-жоталы жазықтықтарда және олардың әртүрлі экспозицияларында эфемерлі – астық тұқымдасты өсімдіктермен қатар әртүрлі шөптердің астында қалыптасқан.
Топырақ түзуші жыныстар болып лөс тәріздес құмбалшықтар саналады. Ыза суларының жатуы өте терең, 10-15 м аралығында, міне сондықтан топырақ түзу үрдісіне оң әсерін тигізбейді. Бұл топырақтың ерекшеліктері мына төмендегідей:
- Гумус қабатының қалыңдығы көп емес. А+В1=36 см.
- Топырақ кескінің гумустенуі нашар, соның салдарынан бұл топырақтардың түсі сұр бозғылтты, яғни ақшылдау келеді.
- Топырақ түзілу үрдісінде қарқынды биологиялық белсенділік байқалады, соның салдарынан органикалық заттардың минерализациясы қарқынды жүреді. Оған себеп мұндағы микроорганизмдердің өмір сүру қарқынының өте жоғары болуынан, ол мұндағы маусымның ыстық кезіндегі температураның өте жоғары әрі жауын мөлшерінің өте аз болуымен қабаттасады.
- Топырақ кескіні өте кеуекті, ол осындағы топырақта тіршілік ететін мезофаунаның, яғни жауын құрттары, қоңыздар, майда ін қазғыштар және т.б. топырақ тіршілік организмдерінің қарқынды белсенділік іс-әрекетінің нәтижесінің қорытындысынан болмақ.
- Түйіртпелік айқын байқалмайды, негізінен кесекті.
- Топырақ бетіне карбонатты қабаттың жақын жатуы.
Бұл топырақтардың гранулометриялық құрамы бойынша орташа құмбалшықты. Физикалық балшықтың беткі қабаттардағы мөлшері 33,4% – тен 37,6% -ке дейін ауытқиды
кесте 4
Кәдімгі боз топырақтың гранулометриялық құрамы
Үлгі алу тереңдігі, см. |
Фракциялар мөлшері мм, ал оның құрамы % |
<0,01 %
|
|||||
0,25-0,01 |
0,01-0,05 |
0,05-0,001 |
0,001-0,005 |
0,005-0,001 |
< 0,001
|
||
0-38 |
3,13 |
29,52 |
31,93 |
9,68 |
12,57 |
13,37 |
33,42 |
40-50 |
2,74 |
46,15 |
13,53 |
7,59 |
13,77 |
16,42 |
37,58 |
66-76 |
3,76 |
36,90 |
27,90 |
7,66 |
23,96 |
12,18 |
33,44 |
100-110 |
2,25 |
42,28 |
29,00 |
6,53 |
9,22 |
10,74 |
26,49 |
150-160 |
— |
26,59 |
46,14 |
21,20 |
9,68 |
6,79 |
27,47 |
В2 қабатында тұнба фракциялар мөлшері көбейіп, оның деңгейі 16,42%-ке жеткен, ал одан кейінгі тереңдікте бұл көрсеткіш қайтадан төмендейді. Бұл балшықтану үрдісі, мұндай жағдай боз топырақтарға тән.
Балшықтану топырақ кескінінде қарқынды түрде химиялық үгілудің жүріп жатқанын көрсетеді, ол бұл қабаттардағы өзіндік гидротермиялық құбылымның қалыптасқанын көрсетеді.
Гранулометриялық құрамға ірі шаң (0,01-0,05мм) бөлшектерінің басым екенін көреміз, оның мөлшері 27,90-31,93% аралығында ауытқиды, ал одан кейін орташа шаң (0,05-0,001мм) 26,4-46,2%.
Кәдімгі боз топырақтың химиялық талдауына сипаттама берсек, бұл топырақтың беткі қабатында қарашірінді мөлшерінің өте аз екенін көреміз, яғни 0,93%. Топырақтағы қарашірінді мөлшерінің мұндай аз болуы бұл жерлерде топырақтың бетін тегістеу жұмыстары жүргізілген. Қарашіріндінің мөлшеріне байланысты топырақтағы жалпы азоттың да мөлшері өте төмен – 0,018-0,073% жалпы фосфор 0,076 – 0,127%, яғни орташа.
Жылжымалы қоректік элементтермен бұл топырақтардың қамтамасыз етілуі фосформен төмен (10,4 мг/кг), ал калиймен жоғары-388 мг/кг топырақта. Кәдімг боз топырақтың химиялық талдау нәтижклері төмендегі 5-кестеде көрсетілген.
кесте 5
Кәдімгі боз топырақтың химиялық құрамы
Үлгі алу тереңдігі,см |
Үлесі,% |
СО2 |
Жылжымалы қоректік заттар, мг/кг |
|||
Гумус |
Жалпы азот |
Жалпы фосфор |
Р2О5 |
К2О |
||
0-33 |
0,93 |
0,073 |
0,127 |
2,56 |
10,5 |
388,0 |
40-50 |
0,38 |
0,036 |
0,108 |
9,02 |
6,4 |
168,2 |
66-76 |
0,24 |
0,018 |
0,076 |
13,89 |
1,1 |
76,5 |
150-200 |
0,18 |
— |
— |
12,6 |
— |
— |
Бұл топырақтар беткі қабаттан көпіршиді және астыңғы қабаттарға қарай оның деңгейінің көбейгенін көреміз (13,89%). Карбонаттардың мұндай орналасуын оның беткі қабаттардан төмен қарай атмосфералық ылғалдықтың салдарынан шайылғанынан болмақ. Топырақтың су сүзіндісінің мағлұматтарына сүйенсек бұл топырақтар тұзданбаған. Топырақ кескініндегі құрғақ қалдық мөлшері 0,044% артпайды.
Агроөндірістік топтастыру бойынша кәдімгі боз топырақ орташа құмбалшықтылар бірінші топқа жатады Кәдімгі боз топырақтың су сүзінділері зерттеліп, ондағы құрғақ заттар мөлшері анықталған 6-кестеде көрсетілген мәліметтерге сүіенуге болады.
кесте 6
Кәдімгі боз топырақтың су сүзіндісінің құрамы (%) 100 г топырақта
Кескін № |
Үлгі алу тереңдігі, см. |
НСО3 |
Сl |
SO4 |
Құрғақ қалдық, % |
61 |
0-33 |
0,032 |
0,003 |
0,004 |
0,040 |
40-50 |
0,027 |
0,001 |
— |
0,037 |
|
66-76 |
0,029 |
0,003 |
0,001 |
0,044 |
|
100-110 |
0,027 |
0,006 |
0,002 |
0,0044 |
|
150-200 |
0,027 |
0,001 |
0,004 |
0,037 |
Кәдімгі боз топырақ құмайтты. Шаруашылық елді мекенінде бұл топырақ тек бір нұсқамен келтірілген. Бұл топырақтарда алдыңғы топырақтар сияқты осы жерде кездесетін топырақтық – климаттық жағдайда қалыптасқан. Тек оның ерекшеліктері мына төмендегідей:
- Топырақ түзуші жыныстар болып құмайтты жыныстар саналады.
- Гумус қабаты салыстырмалы түрде қысқартылған. (А+В)=34 см.
- Топырақ түсі едәуір ақшылдау.
- Көзге көрінетін карбонаттар байқалмайды.
- Гумус мөлшері, жалпы азот пен фосфор, жылжымалы қоректік зат мөлшері (фосфор мен калий) орташа құмбалшықты кәдімгі боз топырақтарға қарағанда төмен.
Гранулометриялық құрамы құмайтты, физикалық балшық мөлшері 14-16% аралығында ауытқиды. Фракциялардың ішінде басымы майда және орташа және орташа құмбалшықты.
Беткі қабатта қарашіріндінің мөлшері 0,68%, төменгі қабаттарға қарай оның мөлшері күрт азаяды. Жалпы азоттың мөлшері 0,02-0,056%, жалпы фосфор 0,056-0,114%. Бұл топырақтар тұзданбаған, құрғақ қалдық мөлшері 0,037% артпайды. Бұл топырақтар жыртылатын топырақтар қатарына жатады. Агроөндірістік топтастыру бойынша ІІ-агроөндірістік топқа жатады, яғни жекеленген агротехниканы қажет етеді.
Кәдімгі боз топырақ суармалы.
Шаруашылықта бұл топырақ түршелері елді мекеннің ортаңғы бөлігінде төбелі-толқымалы жазықтықтың тегістелген бөлігінде кездеседі. Топырақ түзуші жыныс болып лөс тәріздес құмбалшықтар саналады. Ыза сулары өте тереңде орналасқан 10-15м, сондықтан топырақ түзілу үрдісіне әсер етпейді.
Суғарудың салдарынан бұл топырақтар мына төменгі қасиеттерге ауысады:
- Гумус қабатының қалыңдығы созылған, ол суғару суларының салдарынан гумустың беткі қабаттан төмен қарай шайылуының салдарынан болмақ;
- Мәдени өсімдіктер тамырының топырақ кескініне терең бойлауы;
- Кескін бойынша гумустың орналасуының біркелкілігі;
- Макро түйіртпектің айқын байқалмауы, микро түйіртпектің суға төзімділігі және беріктігі және т.б.
Гумус қабатының қалыңдығы А+B=40см.
Бұл топырақтардың сипаттамасынан толық мағлұмат алу үшін оның морфологиялық жазбасын келтіреміз.
Бедері-төбелі-толқымалы жазықтық.
Пайдаланған жер-тыңайтылған жер.
Өсімдік жамылғысы-эфемерлі-әртүрлі шөпті.
Кәдімгі боз топырақ суармалы гранулометриялық құрамы бойынша орташа кейде жеңіл құмбалшықты. Физикалық балшықтар көрсеткіші бойынша орташа құмбалшықта 34-37%, ал жеңіл құмбалшықта-21,5-29,0% аралығында ауытқиды. Беткі қабатта гумустің мөлшері 1,24%, астыңғы қабаттарға қарай біртіндеп төмендейді. Жалпы азоттың мөлшері беткі қабаттарда 0,09%, жалпы фосфор 0,187%.фосфордың мөлшері орташа, яғни фосфор – 20мг/кг, калий-278 мг/кг топырақта.
Бұл топырақтар карбонатты, топырақ кескіні бойынша карбонаттар мөлшері 8,7% ден 12,6% аралығында ауытқиды. Топырақтың су сүзіндісі бойынша бұл топырақтар тұзданбаған, құрғақ қалдық мөлшері 0,054% артпайды. Жоғарыда келтірілген мағлұматтар бойынша бұл топырақтар ауылшаруашылық дақылдарын және көпжылдық шөптерді егу үшін өте қолайлы топырақ болып саналады. Міне, сондықтан бұл топырақтар жыртылатын жақсы топырақтар қатарына жатады. Агроөндірістік топтастыру жағынан бірінші топқа жатады. Игергенде осы жерде қалыптасқан агротехниканы қажет етеді Әртүрлі топырақтарды салыстырмалы ауыспалы егістікте пайдалану тәсілін тыңайтқыштарды қолдану, мелиоративтік шараларды өңдеу, нақтылы топырақты климаттық жағдайларға дұрыс егіншілік жүйесі жерді пайдалану шаралары іс жүзінде асыруға мүмкіндік береді.
Топырақтың түрі мен түршелерін агроөндірісітк топтарға біріктіру, ол топырақтарға біртектік шараларға қолдануға және игеруге мүмкіндік береді, ол осы топтағы топырақтың құнарлығын арттыруға жағдай жасйды.
Топырақты агроөндірістік топтарға біріктірудің негізгі критерийлері ;бір топырақ климаттық аймаққа немесе аймақшаға жатуы,топырақтардың тектік жақындығы нышандарының ұқсастығы: топырақ кескінінің морфологиялық құрылымының әсері оның беткі қабаттарының; топырақ түзуші жынысы мен гранулометриялық құрамының; негізгі физикалық қасиеттерінің, сулық, ауалық және жылулық; химиялық, физико-химиялық сипаттайтын қасиеттерінің, қоректік заттар мөлшер көрсеткіштерінің; бедерлерінің олардың қалыптасуының біркелкілігі, топырақ нұсқаларының ұқсастығы; топырақ құнарлығын төмендететін, игеруге кері әсерін тигезетін (тұзданғандығы, тас пен қиыршықтастығы мен ластанғаны және т.б.) шаралардың біртектес болуы және біркелкілігі және оны жақсартуға арналған мелиоративтік жағдайларды жасаудың ұқсастығына байланысты топтастырады.
Жоғарыдағы келтірілген топырақ қасиеттері мен нышандарының шаруашылық топырақтарындағы ұқсастығын және қолданатын шаралардың біркелкілігіне байланысты жеке шаруашылықтың топырақтары агроөндірістік топтарға біріктіріледі.
Топырақты агроөндірістік топтастыру және ауыл шаруашылығында пайдалану.Топырақты агроөндірістік топтастыру арқылы әртүрлі топырақтарды салыстырмалы ауыспалы егістікте пайдалану тәсілін тыңайтқыштарды қолдану, мелиоративтік шараларды өңдеу, нақтылы топырақты климаттық жағдайларға дұрыс егіншілік жүйесі жерді пайдалану шаралары іс жүзінде асыруға мүмкіндік береді.
Топырақтың түрі мен түршелерін агроөндірісітк топтарға біріктіру, ол топырақтарға біртектік шараларға қолдануға және игеруге мүмкіндік береді, ол осы топтағы топырақтың құнарлығын арттыруға жағдай жасйды.
Топырақ құнарлығын төмендететін, игеруге кері әсерін тигезетін (тұзданғандығы, тас пен қиыршықтастығы мен ластанғаны және т.б.) шаралардың біртектес болуы және біркелкілігі және оны жақсартуға арналған мелиоративтік жағдайларды жасаудың ұқсастығына байланысты топтастырады.
Жоғарыдағы келтірілген топырақ қасиеттері мен нышандарының шаруашылық топырақтарындағы ұқсастығын және қолданатын шаралардың біркелкілігіне байланысты жеке шаруашылықтың топырақтары агроөндірістік топтарға біріктіріледі.
Кәдімгі боз топырақтар бұл елді мекендегі ең жақсы топырақтар қатарына жатады. Осы өңірде өсетін барлық ауылшаруашылық дақылдарын егуге болады. Бұл топтағы топырақтардың қасиеттері өте оңтайлы және орналасу бедері жағынан кешенді механизация мен суару жүйесін қарқынды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл топырақтарда тиімді пайдаланған жағдайда барлық ауылшаруашылық дақылдары мен көпжылдық егістіктерден жоғары өнім алуға болады.
Дақылдардан жоғары өнім алу үшін топырақты өңдеу тәсіліне, арамшөптер мен зиянкестерді қорғауға, суғару техникасына көңіл аудару керек. Есептеу мағлұматтары бойынша бұл топырақтарды суғарғандағы оптимальды мөлшері 1053м3/га.
Көпжылдық егістіктерде еккен кезде ең бірінші кезекте терең жырту үшін (50-60см) плантажды соқаларды қолдану керек, ол топырақтың аэрациясын, су-физикалық қасиеттерін жақсартады, отамалы дақылдар үшін терең жыртуды күз айында жүргізген дұрыс. Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары әрі тұрақты өнім алуға және топырақтың құнарлығын көтеру үшін органды-минералды тыңайтқыштарды беру керек.
Минералдық тыңайтқыштарды ең бірінші кезекте жемістік ағаштар мен жүзімдіктерге азот 120кг/га, фосфор 90кг/га, әсерлі зат түрінде беру керек. Органикалық тыңайтқышты беру мөлшері 20т/га.
Сонымен қатар кәдімгі боз топырақ құмайтты болып бұл топырақтардың өзінің гранулометриялық құрамы жағынан орташа құмбалшықты топырақтарға қарағанда құнарлығы төмен. Гумустың және қоректік заттардың мөлшері жағына бұл топырақтар І-агроөндірістік топтары қатарынажатады. Бұл топырақтар жел эрозиясына бейім емес.
Сурет 5 Кәдімгі боз топырақ
2.3 Зерттеу әдістемесі және нәтижелері.
Мен қарастырып отырған «Жаңаталап ШҚ». Бұл шаруа қожалығының негізгі жер көлемі 1685 гектарды құрайды. Шаруашылық жерінде топырақтардың бірнеше түрі таралған солардың ішінде қарастырайын деп отырған топырақ кәдімг боз топырақ. Кәдімгі боз топырақтың құнарлығын арттыру мақсатында көп жылдық жоңышқаның егіліп жиналу аралығында зерттеу жүргізілді, себебі топырақтың құнарлығын арттыруда жоңышқа өсімдігінің тамырларындағы азотабактериндрдің орны ерекше екені белгілі. «Жаңаталап» шаруа қожалығының 1685 га жер көлемінің ішінде 156 гектар жерге көпжылдық жоңышқа егіледі. Мен қарастырып отырған Жаңаталап ШҚ топырағының құнарлығын арттыруда жоңышқа дақылының егілуі мен жиналу аралығында өткен зерттелу нәтижелері.
Қорлы (потенциялды ) құнарлылық. Топырақтарды ауыл шаруашылық өндірісіне тартқанда тиімді (эффективті) түріне өтеді. Адам қоршаған ортаға, оның құрамындағы топыраққа, шаруашылық әрекет, қоғамдық еңбек арқылы, ондағы түрлі тәбиғи құбылыстар мен денелерді өз мүддесіне сай қайта құратынна әсер етеді.
Егіншілік өнімділігін көтеруге тырысып, адам ежелден топырақты өңдеуге біраз еңбек жұмсаған, оған түрлі тыңайтқыштар берген, мелиорация (жақсарту тәсілдері) көмегімен көп маңызды қасиеттерін керек бағытта өзгертуге тырысқан. Сонымен, адамдық қоғам топырақты ауыл шаруашылық өндірісінің бас құралы сапасында пайдаланып қоймай, жүйелі өңдеу арқылы қасиеттерін өзгертіп, табиғи топырақты белгілі деңгейде өз еңбегінің құралына немесе азығына аударып келген. Табиғаттық ғылымдар мен агрономия, топырақтану және агрохимияның дамуына сәйкес өсімдікке топырақ элементтерді тікелей пайдалануға жарамды ететін құралдар өзгеруіне орай топырақтың құнарлылығы да өзгеретіні белгілі, сондықтан «құнарлық топырақтың табиғи сапасы болып көрінгенімен, ол қазіргі қоғамдық қатынасқа тығыз байланысты, потенциялды (қорлы), табиғи құнарлық пен қатар, ал өндіргіш қоғам дамуының деңгейімен ғылыми техникалық мүмкіндігін анықтайтын болса, өндірістік қатынастар. Топырақ құнарлығын пайдалану және оның деңгейін көтеретін әдістердің іске асыруына ықпал етеді.
Өнеркәсіптіктік өндіргіш күштер өндірістік қатнастар дамуы мен қатар егіншілік жүйеседе өзгеріп, жетіліп отырған : ауыспалы егістер игерілген жерді өңдеу тәсілдері жақсарған, органикалық тыңайтқыштар қолданған. Осылардың бәрі топырақтың тиімді құнарлығын көтеруге мүмкіндік берген. Біракта ірі шаруашылықтардың бақлаусыз, қайткенде мол пайда табу мақсатымен, жерді қанау, жыртқыштай пайдалану,саясатын жүргізу нәтижесінде топырақтар тозып,құнарлығы сарқылып, эрозия, дефляция, қайта сортаңдау және батпақтануға шалдыққан. Шаруашылықтардың мұндай теріс әрекетін –топырақтар тозуын, кейбір ғалымдар жалпы егіншілік мәдениетінің тұрақты салдары деп қарады. Х1Х ғасырдың бірінші жартысында неміс агрохимигі Ю.Либих «Топырақ құнарлылығының сарқылу заңын» шығарған. Сол «заң» бойынша өңделетін жерлерде өнім жұмсалған еңбекке теңдес өспейді , өнім өсу теңдестігі шамалы деп жорамалданған.
Топырақтың тиімді (нәтижелі) құнарлығын түрлі егіншілік тәсілдермен көтереді, бірак барлық кезеңде бұл тәсілдердің жүйелі В.Виляммс ұсынған өсімдік тіршілігінің теңдес маңызды факторлар (жағдайлар) заңына (жарық, жылу, ылғал, қоректік элементтері мен қамтамасыздануына)сүйенгені керек. Құрғақ облыстардағы басты шекті фактор- топырақтың ылғалдылық теріс тәртібі және ылғалмен қамтамасыз етілмегендігі. Бұл фактор батпақты топырақты (аса ылғалданған) територияларда да тиімді құнарлылыққа шек қояды. Аридтық облыстардағы суармалы топыақта жетекші фактор сортаңдану құбылымы, сондықтан топырақтың тиімді құнарлығын көтерудегі шаралардың бастысы – қайта сортаңдану процесін болдырмау. Топырақтын тиімді қүнарлылығын көтерудегі негізгі тәсілдерге мыналар жатады: органика-минералдық тыңайтқыштардыдұрыс қолдану.
Топырақты әктеу және оңтайлы өңдеу жүйесі, суару құрғату, шөп егу, ұтымды ауыспалы егіс игеру, топырақтың сумен шайылу(эрозия) желмен ұшырылудан(дефляция), химиялық ластанудан қорғау, әр бір топырақ –биоклиматтық жағдайда жоғарғы өнімді мәдени өсімдіктер сорттарын өсіру.
Тыңайтқыштарды берудегі мақсат — топырақта тапшы қоректік элементтерді толтыру және өнім мен кеткен элементтерді қайтару. Қышқыл топырақтарда минералдық тыңайтқыштарды органикалық және әктеу мен қатар берсе, оларға коса егістік жерлерде мелиорация мен азот агротехнология қолданылса, егіс өнімділігін арттыруға болады. Азоттық тыңайтқыштардың нитратты және аммиакты түрлерін колданады. Фосфорлық тыңайтқыштардан суперфосфат, преципитат және фосфорит ұны тараған. Калийлі тыңайтқыш сапасында хлорлы және күкірт қышқылды калийді пайдаланады. Тыңайтқыштар топырақта өсірілетін дақылдар тілегіне және өнімнің жоспарланған деңгейіне сәйкес беріледі. Тыңайтқыштарды пайдаланудың мәдениеті биік болмаса, олардың пайдасынан зияны артады, тиімділігі төмендеп топырақпен қоршаған ортаны ластайды. Міне сондықтан да топырақ құнарлығын арттырудң жолдарының бірі көпжылдық жоңышқаны егу арқылы оң нәтижеге қол жеткізу.
Көпжылдық жоңышқаның халықшаруашылығындағы маңызы. Мал азығындық протеинді көбейтудің ең негізгі көзі — көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдар дедік. Көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың ішінде жоңышқаның орны ерекше. Бұл өсімдік дүние жүзінің 80 елінде өсіріледі. Еліміздің бүкіл түпкір-түпкіріне таралған. Кейінгі жылдары жоңышқа Прибалтикада, Белоруссия, Ресейдің қара топырақты емес аймағы мен Қиыр Солтүстікте де тарала бастады. Жоңышқа —- өте ертеден келе жатқан бұршақ тұқымдасына жататын малазықтақ дақыл. Оның тарихы Орталық Азия елдерінде мыңдағанжылдармен есептелінеді. Жоңышқадан өте құнды көказық, пішен, пішендеме және пішен ұнтағы дайындалады, сондай-ақ оны мал жаю үшін де өсіреді. Жоңышқаның көк шөбінде 20,3% протеин (15,3% ақуыз), 3-май, 40,7 – АЭЗ мен 26,3% жасунық, ал мезгілінде орылған пішенінде 18% протейн (14,2% ақуыз), 2,7-май, 39,4 – АЭЗ мен 30,2% жасунықтар болады. Жоңышқаның 100 кг көк балаусасында 21,3 малазықтық өлшем, ал ору мезгіліне байланысты пішенінде 4,1 кг қорытылатын протейін бар. Жоңышқа ұны ақуыз мөлшері бойынша бидай кебегінен жоғары тұрады. Жоңышқа құрамында көп мөлшерде протейін, минералдық заттар (фосфор, калий, кальций) мен дәрумендер (А, В1, В2, Д, Е, К, және С) болғандықтан, үй жануарларына, әсіресе мал төлдері мен құстарға және шошқаларға өте құнды азық.
Жоңышқа топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартады. 2 жыл пайдаланылғанда топырақтың 1 гектарына 80-100 центнер тамыр мен аңыз қалдықтар қалдырады. Қалдықтар құрамында шамамен 150-200 кг азот болады.
Жоңышқа —- күздік және жаздық бидай, күріш, тары мен бірқатар техникалық дақылдарға, әсіресе мақтаға жақсы алғы дақыл. Суармалы егіншілікте ол топырақтың қайта сорлануына мүмкіндік бермейді, топырақ құрылымын қалпына келтіреді және құнарлығын арттырады. Мақтаның жақсы алғы дақылдарының бірі болып, оның солдырма ауруына шалдығу мүмкіндігін азайтады.
Жоңышқаның астық және бұршақты шөптер қоспсында егуге болады. Жоңышқа еліміздің барлық аймағында өсіріледі. Шөп өнімі гектарына тәлімі жерлерде 15-20 ц болса, суармалы егісте – 100-150 ц және оданда жоғары. Тұқым өнімі – 3-4 ц.
Көпжылдық жоңышқаның ботаникалық сипаттамасы. Жоңышқа — мол өнімді, құнды дақыл. Шымкент жәңе Жамбыл облыстарының суармалы жерлерінде екінші және үшінші жылы гектарынан 220—250 ц шөп шабылады. Ал Қызылорда, Алматы облыстарында 150—180 ц, Шығыс Қазақстан, Семейде, Карағанды және Павлодар облысының оңтүстігінде 50—60 центнер жоңышқа шөбін жинауға болады.
Республикамызда жоңышқаның үш түрі кездеседі. Олар: көк гүлді екпе жоңышқа, сары немесе орақбас және көгілдір жоңышқа. Біз осылардың ішінде өте кең таралған екі түріне және сол екеуінің буданына тоқталамыз.
Көк гүлді екпе жоңышқа. Республиканың оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарының суармалы аудандарында және ылғалы мол жерлерінде аудандастырылған. Өйткені бұл ауа райы қолайлы аймақта көк гүлді екпе жоңышқадан мол өнім түседі.
Бұл жоңышқаның тамыр жүйесі өте жақсы жетілген, негізгі тамырдан және бірнеше жуан жанама тамырлардан тұрады. Топырақты жырту қабатында көптеген жіңішке тамырлар топтасқан. Бұлар да айтарлықтай тереңге кетеді. Осы тамыр жүйесінің жақсы жетілуі бұл түрдің өнімділік қасиетін және табиғи жағдайға бейімделгіштігін байқатады.
Өсімдіктің тамыр жүйесінің мойны өте маңызды бөлік болып саналады. Өйткені мұнда бүршіктер орналасқан. Соларға қоректік заттар жиналады,
Бұл бүршіктерден керек жағдайда тамырлар мен сабақтар қайта өседі.
Жас кезінде тамыр мойны жер бетіне жақын орналасқандықтан мал жайғанда зақымдалуы мүмкін және қыс айларында қар жұқа болса, аяздарда үсіп кету қаупі бар. Кейінгі жылдары өсе келе тамыр мойны 2-5 см тереңдікке орналасып келешек бүршіктерді қоректік затпен қамтамасыз етеді.
Жоңышқа сабағы тік тұрады немесе жартылай жантайып өседі. Биіктігі 40 сантиметрден 120 сантиметрге дейін жетеді. Сабағының жуандығы —2-4 мм. Ортасы қуыс. Сондықтан да малға жұғымды. Өсімдіктің негізгі сабағы бірінші оруға дейін белгілі. Бірақ екінші орғанда негізгі сабақ айқын көрінбейді. Бір түптегі сабак саны әр түрлі болады, Малға азық ретінде себілсе бір өсімдікте 4—9, ал тұқым үшін себілсе 10—30-ға дейін сабақша болады. Оның сабағы 10—-19 буын және буын аралықтан тұрады. Бұлардың буын саны мен буын аралықтың қысқа — ұзын болуы өсу жағдайына тығыз байланысты. Әрбір буын аралықта бір күрделі жапырақ орналасқан.
Сондықтан буын аралықтары қысқа сорттың жапырағы көп болып, өнім мол түседі.
Көк гүлді екпе жоңышқаның гүл шоғыры кесте құрылысты болып келеді. Гүлі —көк, жемісі— шанақ, әрқайсысының ішінде 2—4 дән болады. Дәні ұсақ, бүйрек тәрізді сарғыш, жалтырап тұрады. Жылдар өте күңгірт тартып, қарая бастайды.
Шаруашылықтарда бұл көк гүлді екпе жоңышқа шабындыққа ғана пайдаланылады. Өйткені малдық тұяғынан тез сиреп, құрып кетеді. Жоңышқаның бұл түрінің тамырында түйнек бактериялары болады. Олар ауадан азот элементін жинайды.
Сондықтан жоңышқа түсімі, оның сапасы осы түйнек бактерияларының тіршілігіне тығыз байланысты. Көк гүлді екпе жоңышқа бұл өсімдіктің басқа түрлерімен салыстырғанда суыққа, құрғақшылыққа, ауруларға және знянкестерге төзімсіз. Осы аталған жағдайларға шыдамды, мол өнімді сорттар шығару келешектің кезек күттірмейтін мәселесі.
Сары немесе орақбас жоңышқа. Бұл жоңышқаны табиғи жайылымдық пен шабындыққа, тау бөктерлеріне себуғе болады. Сары жоңышқа егісіне мал жаюға болады, Өйткені тамыр жүйесі жақсы жетілген, тамыр мойны топыраққа терең орналасқан. Сондықтан ауа райының қолайсыз жағдайына, суыққа және құрғақшылыққа өте төзімді.
Өсімдік сабағы жартылай тік тұрады немесе жатып өседі, сабағы қуыссыз. Паренхимамен толыққан. Биіктігі 30—50 см аспайды. Қейде тұқым үшін қалдырылған жағдайда 100 см жетеді.
Бұлардың жапырағы көк гүлді екпе жоңышқаға қарағанда жіңішкелеу, гүл шоғыры қысқа және қортық, гүл күлтесі — сары. Жемісі — орақбас, піскенде екіге жарылып шашылып қалады.
Сары немесе орақбас жоңышқд тау беткейлерін шымдандыруға табылмайтын дақыл. Қейбір көпжылдық шөптермен араластырып сепкенде жайылым үшін 5—7 жыл пайдалануға болады,
Будан жоңышқа. Көк гүлді екпе жоңышқа мен сары немесе орақбас жоңышқаны будандастыру нәтижесінде, аналық пен аталықтың барлық жақсы қасиеттері топтастырылған. Қазіргі кезде будан жоңышқаның егісі кең көлемде таралуда.Өйткені, мол өнімділігі, сапалылығы — көк гүлді екпе жоңышқадан, қолайсыз жағдайға төзімділігі — сары жоңышқадан ауысады.
Жоңышқа сорттары. Қазақстанда жоңышқаның 12 сорты аудандастырылған.
Жергілікті Семиреченская сорты. Бұл — Алматы облысының жергілікті сорты. Суармалы жерде екінші жылы 3-4 рет орғанда гектарынан 120 центнерге дейін пішен жиналады. Бірақ, қысы қатты және қары жұқа аудандарда ол үсікке шалдығуы мүмкін. Бұл сорт республикамыздың 9 облысында — Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Шымкент облыстарында аудандастырылған.
Иртышская сортын Семей ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында П. К. Семянков шығарған. Азиялық түрге жатады. Бұл сорт Семей облысында аудандастырылған. Пісіп жетілуі орташа. Өнуінен гүлденуіне дейінгі кезеңі —64—91 күн. Дән түзілу ұзақтығы 109-112 күн. Кұрғақшылыққа, суыққа, ауруларға және зиянкестерге төзімді. Мол өнімді.
Карабалыкская 18 сорты Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында шығарылған. Қостанай және Торғай облыстарында аудандастырылған. Европалық түрлі гүлді жоңышқа, өнуінен бірінші оруға дейінгі кезеңі 62-77 күн, ал екінші рет бірінші орымнан соң 63—73 күннен орылады. Дәнінің толығуы 134 күнге созылады, Құрғақшылық пен суыққа өте төзімді. Зиянкестер мен ауруларға төзімділігі орташа.
Карагандинская 1 көк гүлді, будан сорт. Мұны Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы будандастырып, өсіріп шығарған. Европалық көп гүлді жоңышқа. Жезқазған, Қарағанды, Торғай, Целиноград, облыстарында аудандастырылған. Орташа пісіп жетіледі. Көктемде және орғаннан кейін қайта өсіп жетілуі баяу. Жаз бойы суармалы жерде 2—4 рет оруға болады. Қырда 1—2 рет орылады. Суыққа төзімділігі өте жоғары. Мол өнімді. Тат және қоңыр теңбіл ауруына төзімділігі орташа.
Көкше жоңышқасы — түрлі-түсті, кеш жетілетін будан сорт. Көкшетау ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы шығарған. Негізгі өсірілетін облыстар: Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай, Целиноград, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан. Қөкше жоңышқасы европалық түрге жатады.
Пісіп-жетілуі орташа, бірінші орымы —63 күннен кейін, ал екінші орымы одан 53—55 күннен соң. Дәні 143 күнде пісіп-жетіледі. Құрғақшылыққа және суыққа төзімділігі жоғары, ауруға, зиянкестерге төзімділігі орташа.
Красноводопадская 8 сорты Шымкент облысының тәлімі жерлерінде өсіріледі. Бұл сортты Красноводопадск мемлекеттік селекция станциясы өсіріп шығарған. Азиялық түрге жатады. Кеш піседі. Көктемде және орғаннан кейін жақсы жетіледі. Төмен оруды жақсы көтереді. Құрғақшылыққа, қыс айының қолайсыз ауа райына төзімді. Ауруға және зиянкестерге төзімділігі орташа. Мол өнімді.
Краснокутская 4009 сорты. Бүл сорт сарғыш гүлді будан. Краснокутск ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы будандастырып шығарған. Ол Ақтөбе облысында аудандастырылған. Кеш піседі. Орғаннан кейін сылбыр өсіп-жетіледі, Қысқы ауа райына өте шыдамды,
Маршанская 425— сарғыш гүлді будан. Бұл сортты Маршан тәжірибе станциясы өсіріп шығарған. Қостанай, Солтүстік Казакстан облыстарында аудандастырылған европалық түрге жатады. Тез піседі. Көктемде және орғаннан кейін тез жетіледі. Кыстың қолайсыз ауа райына шыдамды. Мол өнімді. Қоңыр теңбіл және тат ауруларына төзімді.
Ташкентская 1 сорты. Бүкіл одақтық мақта селекциясы және тұқым шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Шымкент облысында аудандастырылған. Жоңышқаның азиялық түріне жатады. Орташа піседі. Бірінші оруға 50—55 күннен кейін келеді. Суыққа және құрғақшылыққа төзімділігі жақсы. Тат және қоңыр теңбіл ауруларына шыдамдылығы орташа. Мол өнімді.
Шортанды 2 көк гүлді будан. Мұны Бүкіл одақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өсіріп шығарған. Целиноград және Торғай облыстарында аудандастырылған. Европалық түрге жатады. Орташа пісіп-жетіледі. Көктемде және орғаннан кейінгі өсуі баяу. Тат және қоңыр теңбіл ауруына шыдамдылығы орташа. Жоңышқа қоңыр көбелегімен және фитономус зиянкестерімен қатты зақымдалады. Мол өнімді.
Тибетская сары гүлді будан. Бүкіл одақтық өсімдік шаруашылығы институтының Кубань және Приурал тәжірибе станция-ларыңда шығарылған. Ақтөбе облысында аудандастырылған. Европалық түрге жатады. Кеш піседі. Орғаннан кейін және көктемде баяу өседі. Суыққа өте төзімді. Тат және қоңыр теңбіл ауруларына төзімділігі орташа. Өнімі жаман емес.
Оралдың көк гүлді жоңышқасы. Орал облысында аудандастырылған. Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы жабайы көк гүлді жоңышқадан сұрыптау арқылы өсіріп шығарған. Орташа піседі. Көктемде және бірінші орудан соң өте тез өсіп-жетіледі. Ауруға шыдамдылығы орташа. Мол өнімді.
Көпжылдық жоңышқаның ауыспалы егісте алатын орны. Жоңышқа өсімдігі бір жерде бірнеше жыл өскендіктен, топыраққа қоректік затты мол жинайды. Тамырындағы түйнек бактериялары қызметінің арқасында топырақта қосымша азот жиналады. Сондықтан басқа өсімдіктерге ауыспалы егісте таптырмайтын алғы дақыл болып табылады. Бірақ жоңышқа өсімдігіне арамшөптерден таза, құнарлы топырақ қажет және суарылмайтын жерлерде топырақ ылғалының жеткілікті болғаны дұрыс. Арам шөбі көп жерлерде жоңышқадан мол өнім алынбайды,
Өсімдік шаруашылығын интенсивтендіру кезеңінде өсімдіктерді алмастырып егу, оның ішінде жоңышқаны бірнеше жылдан кейін ауыстырып отырудың маңызы өте зор.
Шаруашылықтың бағытына қарай жоңышқаның ауыспалы егістегі орны да әр түрлі болады. Дегенмен мал. азығындық ауыспалы егісте жоңышқа оның басым көпшілігін қамтып жатады. Бұл мал азығындық ауыспалы eric товарлы сүт фермалары мен мал бордақылдау комплекстері бар шаруашылықтар төңірегіне орналасады. Сөйтіп мал жаз бойы көк балаусамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар жоңышқа суармалы жерлерде сүт фермаларына жақын орналастырылып, көк шөп конвейеріне қосылады.
Мал азығындық ауыспалы eric дақылдарының үлес салмағы, әсіресе жоңышқа үлесі шаруашылықтағы мал саны мен олардың жасына тығыз байланысты.
Сонымен қатар, ол ауыспалы егіске дәнді дақылдарды, дәнді бұршақтарды, отамалы дақылдарды, тамыр-жемістілерді, пішенге және көк азыққа арналған бір жылдық және көпжылдық шөптерді, әсіресе жоңышқа өсімдігін енгізуге болады. Жайылымдық пен шабындықты қолдан жасау үшін жоңышқа басқа астық тұқымдас өсімдіктермен араластырып себіледі.
Республикамыздың оңтүстік облыстарында, мал шаруашылығы да, егін шаруашылығы да қатар дамыған шаруа қожалықтарында жоңышқа көп танапты ауыспалы егісін енгізген орынды. Жоңышқаны бір жерде қатарынан 3-4 жыл өсіріп, ол жерден шөпті мол жинауға болады. Мұнда жоңышқаға алғы өсімдік жаздық бидай болып саналады.
Жоңышқа — дәнді дақылдар ауыспалы егісінде себіліп қоймай, басқа да күріш, мақта, қызылша, жемшөп өндіру ауыспалы егістерінде жақсы орын алады. Жоңышқа өскен жерге қызылша, мақта, күріш, т.б. жаксы өсіп, мол өнім алынады. Ауыспалы егісте жоңышқаға да жақсы алғы дақыл керек. Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтының тәжірибе шаруашылығында жүргізілген жұмыстардан жоңышқаны парға екінші дакыл етіп орналастырғанда, оның түсімі екінші жылғы өсу кезеңінде гектарынан 30—35 центнер болған (Можаев Н. И.). Сонымен жоңышқаны танапта жақсы алғы дақылдан соң егу нәтижесінде шөпті әр гектардан 5—15 центнер артық жинауға болады. Ал оны үш жыл пайдалансақ осы көрсеткіш 12—40 центнерге дейін жетеді. Экономикалық тиімділік дегеніміз, міне осы.
Бірақ көп жағдайда Қазақстанның оңтүстік облыстарында кейінгі жылдары жоңышқаны соңғы танапқа орналастырады. Әрине мұнда қоректік зат қоры аз, ылғал мөлшері жоқтың қасында. Соның өзінде арамшөп қаулап кетеді. Жоңышқа дақылы бірінші жылы ылғал мен қоректік заттар аз болғандықтан, жақсы өсіп-жетіле алмайды және арам шөп қаптап кеткендіктен сирек өседі. Осының салдарынан бөлінген танаптан 4 немесе 7 жыл бойы жонышқадан ойдағыдай пішен жиналмайды. Сондықтан дәнді дақылдар ауыспалы егісінде жоңышқаға көңіл бөліп, оны пардан кейін 2—3 жылы орналастыру қажет. Сонда жоңышқадан да, одан кейін өсірілетін дақылдардан да мол өнім жиналады.
Қорыта келгенде суармалы жерде және тәлімі егістікте жоңышқадан мол пішен жиналу үшін оның биологиялық ерекшеліктерін, ауа райын, жер жағдайын ескере отырып, ауыспалы егіске дұрыс енгізу, барлық агротехникалық шараларды егістіктегі арамшөпті жоюға, топырақтың су және қоректік заттар режимін сақтау бұл біртін келе топырақ құнарлығын сақтауда және құнарлықты көтеруде ең тиімді шаралардың бірі болар еді.
Жаңаталап шаруа қожалығында негізіненөзімізде аудандастырылып шығарылған Красноводопадская 8 сорты қолданылады. Красноводопадская 8 сорты Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі жерлерінде өсіріледі. Бұл сортты Красноводопадск мемлекеттік селекция станциясы өсіріп шығарған. Азиялық түрге жатады. Кеш піседі. Көктемде және орғаннан кейін жақсы жетіледі. Төмен оруды жақсы көтереді. Құрғақшылыққа, қыс айының қолайсыз ауа райына төзімді. Ауруға және зиянкестерге төзімділігі орташа. Мол өнімді.
Топырақты өңдеу. Ең алдымен көп жылдық жоңышқаны егу үшін топырақ өңдеу шаралары жүргізіле бастай. Топырақ өңдеу жүйесі ауыспалы егістің танабына, яғни алғы өсімдікке тығыз байланысты. Тек топырақты дұрыс өңдеудің нәтижесінде ғана оның физикалық және биологиялык, қасиеттерін жақсартуға болады. Арам шөп жойылады, жоңышқа тұқымының өніп-өуіне қолайлы жағдай туады. Жоңышқа топыраққа, оның өңделуіне талғампаз келеді. Өйткені топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеу 4—5 жылда бір-ақ рет жүргізіледі ғой.
Сондықтан жерді мұқият жырту керек жыртылмай қалған бірде-бір жолақ болмауға тиіс. Ол жердегі арам шөптер суару кезінде де, ору үстінде де кедергі жасайды. Жалпы, егістің қалың өсуіне және жоңышқа егісінің ұзақ жылдар өнім беруіне әсерін тигізеді. Сондай-ақ жоңышқа тамыры 3—5 метр тереңдікке сіңеді, ал тамырдағы copy тамыршалары жерден 40-50см тереңдікте жатады. Жоңышқа тұқымының өте ұсақ болатынын ескерсек, топырақтың беткі қабаты тегіс, шамадан тыс қопсып тұрмауы қажет. Жоңышқа алғашқы өсу кезеңінде арам шөптен қатты зиян шегеді.
Топырақты өңдеу кезеңі қазан қараша айларында басталады. Біздің көп жылдық жоңышқамыз 156 га жерге егіледі, оның ішінде 10 га болғандықтан онда ДТ-75 тракторлары мен танапты күзде 30—35 см тереңдікте айдады. Сонымен қатар арам шөп шығармау шаралары қарастырылды. Топырақты өңдеу топырақтың түріне, ауа райына және ауыспалы егістің реттілігіне сәйкес жүргізіледі. Егер жоңышқа дақылын дәнді дақылдардан кейін егу керек болса, олардың аңыздағы сабанын тез жинап алып, аңызды дискілі сыдыра жыртқышпен 8-10 см тереңдікте сыдырта жыртады. Бұл кезде топырақтың беткі жағындағы арамшөп тұқымдары сыдыра жырту нәтижесінде ылғалы мол астыңғы қабатқа түсіп, көктей бастайды. Содықтан онда 20—30 күн өткен соң 28— 30 см тереңдікте сүдігер көтеріліп жер айдалды
Сыдыра жырту тереңдігі және оны өңдеу аңыздағы арам шөп түріне сәйкес жүргізілді. Арам шөп көпжылдық тамыр — сабақты немесе тамыр-бунақты болып өңдеу жұмысы бірнеше кезеңге бөлінді. Бірінші рет 6-—7 см, екінші рет 10—12 см тереңдікте дискіленеді. Бір жылдық арам шөп басымырақ болғаны үшін, бір рет 6—7 см тереңдікте сыдыра жыртады.
Аңызды сыдыра жырту шаралары арам шөптен 30 процент арылтуға көмектесті.
Жоңышқа дақылы күзде жерді кеш босататын отамалы жүгері дақылдарынан соң егілетін болғандықтан жер егіс жиналысымен терең етіп 28—30 см жыртылып тасталды. Сөйтіп жерге ылғал және өсімдік қоректенетіп минерал заттардың жиналуы қамтамасыз етілді. Сүдігер көтеру үшін егістегі микро-биологиялық процестсрдің жүруіне қолайлы жағдайлар жасалды. Арам шөптер, зиянды жәндіктер личникалары және жұлдыз-құрттары, қоңыздары жойылды. Сонымен қатар өсімдік ауруларының саңыруқұлақ спораларының ошағы жойылып, ауру таралуы азайтылдыды.
Барлық жерлерде ерте көктемде топырақ бетіндегі ылғалдың буланып ұшып кетпеуі үшін, ылғалды сақтап қалу мақсатында тырмалау жұмысы жүргізілді. Тырмалау кезінде топырак капиллярлары бұзылып, қабыршақтанған үстіңгі қабат қопсыды. Бұл кезде топырақтың ірі кесектері ұсақталып, бір жағынан жер беті тегістелді. Жоңышқа егілетін жер ауыр, саз топырақты болғаны немесе нығыздалып қалғаны үшін культиваторланды.
Жерді қайырмалы плугпен жыртқанда, көктемде «Зиг-заг» тырмасымен тырмаланды..
Суармалы жерде жоңышқа егісі нәтижелі суару мақсатымен көктемде арнаулы тегістегіш құралмен өңделді. Бұл жұмысты жүргізудің мақсаты мұнда, біріншіден, жер тегістеледі, екіншіден, жоңышқаны суару және ору жұмыстары жеңілдейді.
Қорыта келгенде, жоңышқаға арналған жерді өңдеудің негізгі шарты — үстіңгі қабаты қопсыған, тегіс болуы керек, ал астыңғы қабаты ылғалды мол жинап, микробиологиялық процестерді күшейту нәтижесінде топыраққа сіңімді қоректік заттарды жинау, топырақтағы микроорганизмдерді ауамен қамтамасыз ету.
Жоңышқа тұқымын себуге әзірлеу. Жоңышқа дақылынан мол өнім алу үшін оның тұқымының өте сапалы тазалығының 98 проценттен, өнгіштігінің 90 проценттен кем болмағаны дұрыс. Тұқымның сапалы екендігін оның түсінен-ақ айыруға болады. Тұкым жалтырап, сарғыш тартып тұрса, басқа қолайсыз иісі болмаса, бның сапасының жоғары болғаны. Жоңышқа тұқымының арам шөп дәнінен таза болғаны жақсы. Бірақ кейбір шаруашылықтарда жоңышқа тұқымын арам шөп дәндерінен ажыратуға, ғалымдар ұсынысына салғырттық пен қарайды.
Көпшілік тұқым шаруашылықтарында, тұқым жинау үшін қалдырылған жоңышқа егісінде арам шөп көп болатындықтан, оны бірнеше қайтара тұқым тазалағыш машинадан өткізуге тура келеді. Сол себепті біраз тұқым зақымдалып, өңгіштік қасеетін жоғалтады. Сөйтіп жоңышқа егісі сирек өсіп, арам шөптер қаулап, кетеді. Сондықтан жоңышқа себер алдында, тұқымның лабораториялық өнгіштігін тексеріп алу керек.
Себу мерзімі. Жоңышқа дәні 1-2°С жылылықта өне алады. Сондықтан жоңышқа тұқымы ерте көктемде сәуір айының 15 жұлдызынан бастап себілді. Ерте көктемде себілген жоңышқа топырақтың беткі қабатындағы ылғалды жақсы пайдалана алды, тұқым сіңіру тереңдігі орташа болып, өсімдік жақсы көктеп шыға бастайды.
Соныме қатар Республикамыздың оңтүстік шығыс облыстарында жүргізілген. Тәжірибелерден ерте көктемде себілген жоңышқа тұқымы топырақтың ылғалды қабатына түсіп, жақсы көктеп шығады, ал себу мерзімі шамалы ғана кешіккен жағдайда, топырақтың беткі қабаты тез құрғап қалатыны дәлелденген. Қызылорда облысы жағдайында март айының үшінші онкүндігінде және апрель айының бірінші онкүндігінде себілген жоңышқа егістігінен мол өнім (137Д ц/га) алынады.
Бұл мерзімнен 8—10 күн кешігіп себілген жоңышқа өнімі 31 процентке дейін төмендейді. Өйткені көктемде кептіріліп себілген жоңышқа тұқымы ылғалсыз топыраққа түседі де сирек көктейді.
Себу әдісі. Жоңышқаны бір жылдық астық тұқымдас дақылдармен бүркемелеп егудің нәтижесі жаксы болуда. Оның пішен өнімділігін арттыруда және құнарлы, белогы мол шөп жинауда бүркемелі дақылдарды таңдап алудың маңызы өте зор.
Жоңышқаны жаздық бидаймен бүркемелеп еккенде көпжылдық шөптің аз сирейтіндігі анықталды. А. М. Гаврилов өз тәжірибесінің нәтижесінде бүркемелі дақылдармен қатар жақсы өсіп-жетілетін өсімдік жоқышқа мен түйежоңышқа екендігін дәлелдеді.
Жоңышқаны астық дақылымен бидай бүркемелеп егу үшін арнаулы СЗТ—3,6 астық-шөп сеялкасы қолданылды. Бұл сеялкада екі бөлік бар. Оның біріие астық тұқымын, ал екіншісіне жоңышқа тұкымы салынды. Сонда әр гектарға 15 килограмм жоңышқа тұқымы себілді. Сонымен жоңышқа тұқымын суперфосфат тыңайтқышымен араластырып себу үшін оны алдын ала елеуішпен елеп, әр түйірінің диаметрі 3—4 мм суперфосфатты жоңышқа тұқымымен араластырып, сеялканы 40 кг себу нормасына қойғанда 15 кг жоңышқа тұқымына 25 кг суперфосфат қосылды. Оларды себу кезінде ауық-ауық араластырылып тұрды. Суперфосфат тыңайтқышы жоңышқа тұқымын әр гектарға тең етіп себуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоңышқа көкше бірінші кезеңде қоректік зат болып жетіледі.
Суармалы жердің тиімділігін жыл сайын арттыру үшін жоңышқаны жүгері, сорго және судан шөбімен аралас егу әдістері кейінгі кезде шаруашылықтарда кеңінен өріс алуда. Бұларды аралас себудің нәтижесінде бірінші жылдың өзінде гектар өнімін екі-үш есе арттырады. Бірақ бұл әдісті жете білмегендіктен, агротехникасы тәжірибе жүзінде барлық жер жағдайында жан-жақты зерттелмегендіктен кеңінен таралмай келеді. Көпшілік шаруашылықтар бұларды арам шөбі көп, құнары өте төмен жерлерге егіп мол өнім ала алмай келеді.
Алматы облысының суармалы тау бөктеріндегідей жоңышканы бүркемелеп себу әдісін қолданған дұрыс. Өйткені жаздық арпа ерте пісіп-жетілгендіктен, жоңышқаны бүркемелі дақылдан ерте босатады, сабағы жығылмайды.
Жоңышқаны жаздық бидаймен бүркемелеп еккенде көпжылдық шөптің аз сирейтіндігі белгілі, нәтижесінде бүркемелі дақылдармен қатар жақсы өсіп-жетілетін өсімдік жоңышқа мен түйежоңышқа екендігін анық.
Себу нормасы. Жоңышқадан тұрақты мол өнім алу оның қатар аралығыньщ кеңдігіне тығыз байланысты. Егер қатар аралығы кең болған жағдайда пішен түсімі кемиді. Сондықтан пішенге арналған жоңышқа СЗТ—3,6 астық — шөп сеялкасымен себілді. Жоңышқадан мол пішен алудың бір шаршы метр жердегі өсімдік санына тікелей қатысы барлығын көреміз. Жоңышқадан мол өнім алу үшін бір шаршы метр жерде 800—1000 сабақ болуы шарт. Егер орта есеппен бір дәннен 2—3 сабақ шыққанда бірінші жылы 1 м2 жерде шамамен 400—500 өсімдік, екінші және үшінші жылдары 250— 300 өсімдік болуы керек. Мұндай жиілікті 1 м2 есеппен алғанда 500—600 өнетін тұқым қамтамасыз етеді. Олай болса бір гектарға кететін тұқым салмағын тауып алуға болады. Жоңышқа тұқымының 1000 дәнінің салмағы 2 грамм, сондықтан бір гектарға себілетін тұқым салмағы 10—12 кг деген сөз. Дегенмен біздің жерімізде 1 га-ға 15 кг-нан егіліп отыр, сонда 10 га жерге 150 кг жоңышқа ұрығы егілді.
Тұқым себу тереңдігі. Жоңышқа тұқымы ұсақ. Сондықтан дәнде қоректік зат мөлшері аз болғандықтан жердің қалың қабатын жарып бетіне шыға алмайды. Сонымен жоңышқа тұкымынын сіңіру тереңдігі топырақтың механикалық құрамына, беткі қабатының ылғалдығына байланысты себілген, сол үшін жоңышқа тұқымын тайыз 2—3 см тереңдікке сіңірілген. Бұл өз кезегінде жоңышқаның жақсы өніп шығуына өз септігін тигізген
Тыңайтқыш енгізу. Жоңышқа өсімдігі жақсы өсіп-жетілу үшін тамыры арқылы бойына топырақ ерітіндісін өзіне қажетті қоректік заттарды сіңіреді. Өсімдікке қажетті қоректік заттарға азот, фосфор, калий, кальций және аздаған магний, күкірт, бор, молибден, марганец, цинк, темір, мырыш жатады. Жоңышқа өсімдігі тамырының терең кетуінің арқасында фосфорлы, калийлі және кальцийлі қоректік заттарды жердің астыңғы қабатынан алады.
Жоңышқа тамырыныц бір ерекшелігі — осы тұздарды күрделі қоспалардан бөлек ерітіп алады. Оның жер бетіндегі сабағын жаз бойы бірнеше орып алатындықтан, қайтадан сабақ және жапырақ түзеу үшін топырақтан өте көп мөлшерде қоректік заттар жиналуына тура келеді. Топырақта көпшілік жағдайда қоректік заттар жетіспейді. Сондықтан дайын тыңайтқыштар енгізуге тура келеді.
Республика шаруашылықтары жоңышқаның әр гектарынан 35—50 ц пішен жинайды. Көпшілік жағдайда оны өсіруде экстенсивті әдіс қолданылып келеді. Сол себепті көптеген шаруашылықта жоңышқаға тыңайтқыш енгізбей өсіруге болады деген жалған тұжырым жасалуда. Барлық дақылдар өсіру технологиясының интенсивті әдісінде тыңайтқыштардың алатын орны ерекше.
Жоңышқаны жаз бойы 3-4 орып, интеисивті әдіспен өсірген кезде жыл сайын әр гектар егістікте 350—500 кг азот, 60—120 кг фосфор, 330—430 кг калий, 330—460 кг кальций жинайды.
Бұл дақылдан мол өнім алу жолы — тыңайтқыштар енгізгенде топырақ түрін, агрохимиялық картограммалар бойынша жылжымалы қоректік заттар мөлшерін, жоңышқа сорттарының, биологиялык ерекшеліктерін ескеру.
Жоңышқа дақылына органикалық, минералды және бактериялық тыңайтқыштар енгізуге болады. Органикалық тыңайтқыштардың құрамына азот, фосфор, калий/кальций, және көптеген органикалық заттар енеді де, олар топырақтың физикалық, микро-биологиялық және микроэлементтер тиімділігін арттырады, Органикалық тыңайтқышқа көң, садыра т. б, жатады, Қөң енгізген жоңышқа егісінің әр гектарынан орта есеппен 10—27 центнер өнім артық алынады. Жоңышқа дақылына минералды тыңайтқыш, әсіресе фосфор және калий тыңайтқышын енгізгенде бір гектардан алынатын өнім мөлшері артады. Азот тыңайтқышын жоңышқа дақылы айтарлықтай қажет ете қоймайды. Өйткені бұл дақылдың тамырында топтасып орналасқан түйнек бактериясы бос азот қабылдап, өсімдікті толық қамтамасыз етеді.Жоңышқаның пішен түсімін тек фосфор тыңайтқышы ғана арттыра алады. Жоңышқа егілетін көпшілік аудандарда фосфор тыңайтқышын жыл сайын енгізудің қажеті жоқ. Өйткені бұл тыңайтқыш азот тыңайтқышына қарағанда суда өте баяу ериді. Сол себепті бір рет, негізгі жер жырту кезеңінде ғана енгізілгеннің өзінде жоңышқаның бүкіл өсу жылдарына жетеді. Тыңайтқыш енгізудің бұл әдісі экономикалық жағынан тиімді болып саналады. Сөйте келе біз жоңышқаға фосфорлы тыңайтқыш оның ішінде суперфосфатты 250 кг/га-ға қолданып отырмыз.
Жоңышқа өсімдігінің пішен түсіміне калий тыңайтқышы да айтарлықтай әсер етеді. Республикамыздың көпшілік топырақ түрлерінде калий жеткілікті болғандықтан, енгізілген калий тыңайтқыштарының жоңышқа дақылына тікелей әсерін анықтау оңайға түспейді. Калий тыңайтқышының ішінде калий хларидін – 66 кг/га дан қолданылды.
Суармалы жерде одан да мол өнім алуға болады. Бетпақдала тәжірибе станциясы көң енгізілмеген жоцышқаны әр гектарынан 75 центнер, 15 тонна кең төгілген егістіктің әр гектарынан 102 центнер шөп жинады.
Қорыта келгенде жоңышқа дақылына түрлі тыңайтқыштар енгізу мәселесін агрохимиялық картограмма көрсеткішіне және жоспарланған пішен өніміне тығыз байланыстырып отыру қажет.
Егіс күтімі. Жоңышқа өскіндерінің жер бетіне өсіп шығуын жеңілдету үшін көпжылдық шөп тұқымы өңгенге дейін, тұқым өнген соң тамыры жайылғанға дейін жеңіл тісті 3ОР—0,7 тырмасымен тырмаланды. Кейде топырақ беті қабыршақтана бастаған кезде егіс жұмысы аяқталысымен топырақ айналмалы қалақшалы машиналармен тапталды. Топырақтың қабыршақтануың ол кеберси бастаған сәттен бастап жойылды. Бұл жұмыстар таңертеңгі сәттерде ертерек атқарылды, өйткені түн асып, жұмсарған топырақ оңай қопсытылатыны белгілі. Ал күн шығып, топырақ қатайып кеткен кезде қопсытылса, әлсіз өсімдік өскіндері көп сыныла, қиылып қалуы мүмкін. Жоңышқа егістігінде арам шөптерге қарсы күрес шараларына ерекше көңіл аударылды. Мұндайда арам шөптер КС—2Д шөп машиналарымен шабылып тасталған. Сонымен қатар арам шөптер жоңышқаның сабағы 20-—25 сантиметрге жетер-жетпес кезінде оталды. Сондай шара қолданғанда ғана арам шөп көбірек құртылып, бір жылдық жоңышқа сабақтарына ешқандай зиян келмей жақсы жетіле бастаған.
Алғашқы рет жоңышқаны жер бетіне өскін өсіп шыққаннан кейін 20—25 күн өткен соң ғана суарылғарылған. Бұл кезге дейін жоңышқа өсімдігі 6—8 жапырақ салып, жақсы бекіп үлгереді.
Екінші жылдан бастап, келесі жылдардың көктемінде жоңышқа егістігіне минералды тыңайтқыштар енгізіліп, ерте көктемде БИГ—3 маркалы майда тісті немесе ауыр тісті тырмалармен тырмалананып отырған.
Жоңышқа егістігін күтіп-баптаудың маңызды шараларының бірі —жоңышқаны орып алған сайын егістік топырағын қопсыту болып табылатын болғандықтан әр орылып болған соң танаптың топырағы қопсытып отырылған.
Егістік топырағының беткі қабатын мұз қабыршағы басқан кезде, жоңышқа тамырына ауаның жақсы жетуін қамтамасыз ету үшін 2К—КН—2,8Н және шығыршықты — қалақшалы ЗККШ-6 дөңбектерін пайдаланып кей жағдайларда мұз қабыршағына қарсы топыраққа күл, калий тыңайтқыштарын т, б. енгізіліп тұрған.
Жоңышқа өсімдігіне жарық жақсы түсіп, олардың дұрыс өсуі, зиянкестерінің құртылуы үшін, сондай-ақ шөптің азықтық сапасы жақсаруы үшін көктемде өсімдік сабақтары сындырылып, дестелер егістік алқаптың сыртынан шығарылып тасталған.
Топырақты дискілі құралмен, серіппелі культиватормен өңдеу, қайырмасыз плугпен 18-22 сантиметр тереңдікте жыртып, тамыр жүйесін қиып, қопару бұрыннан келе жатқан жоңышқа егістігінщ жылдык құнарлылығын арттырады. Әдетте, ескі жоңышқалықтар екі ізді ауыр тырмалармен көлденең қопсытылады немесс топырақтың үстіңгі қабатын жақсы қопсытып, шөп өскінін жақ сарту үшін дискеленеді. Дискелеу ЛДГ—10 маркалы қыршуын диска арқылы, екі бағытта (25° жантайма бұрышпен) жүргізіліп, ізінше тапталып тасталады. Арам шөбі көп топырағы өте тығыс егістіктерді қыршуышпен қопсыту үшін БДТ-3, БДТ-7 дискілі тырмалар қолданады
Біздің танапта жоңышқа бұрыннан көп егіліп келе жатқандықтан жерлердің өнімділігін арттыру үшін тығыз топыраққа су мен ауаның еркін өтуін қопсытып саңылаулау арқылы жақсартып отырған. Бұл жұмыс қара күзде жүргізіледі. Соның нәтижесінде көктемгі егіс кезінде 80—90 процентке жететін ойлы-қырлы суағар шұқырлар 25-30 процентке дейін азайғаны байқалады.
Ал суару уақыты мен су мөлшері, суару нормасы топырақтың ылғалдылығына, суды сіңіру қабілетіне және механикалық құрамына, тұз қабатының, жерасты суларының тереңдігіне және тағы басқа факторларға байланысты белгіле отырып суарылып тұрған.
Жоңышқа алғаш рет жамылғы астына егілген жылы дақылды уақтылы жинап алуға ерекше көңіл бөлу керек. Дәндік арпа мен бидайды тасқынды топты әдіспен тікелей комбайнмен орып, бастырған жөн. Ал жамылғылы дақылдарды бөлшектеп ору әдісімен жйнаған жағдайда дестені егістік жерге 3—4 күннен артық жатқызуға болмайды. Сол сияқты сабан үйінділерін, комбайныен орып, бастырылған жағдайда, көп жатқызған сайын құндылығы азаяды немесе мұнде кәдеге жарамай қалуы мүмкін. Негізінен жамылғылы дәнді дақылдар сабанын престі жинағышпен жинаған дұрыс екенін ескеріп жоғарыдағы әдіс қолданылған.
Суармалы егістік жағдайында қар тоқтатудың пәлендей маңызы жоқ. Өйткейі, күз бен көктемде суарылата жерлерде су мол болады да қосымша қар ылғалынсыз-ақ тиімді нәтиже береалады. Ал тәлімі жерлер егісі үшін қар тоқтатудың пайдасы көп. Мұндай жерлерден қар тоқтатылмаған жерлермен салыстырғанда гектарынан 17,6—23,5 процентке дейін қосымша пішен алынады. Әсіресе, тоқтатылған қарды тегіс және шығыршықты дөңбектермен таптау пішендік жоңышқа өнімділігін арттыруға елеулі сеп-тігін тигізеді. Кар біркелкі жайылып, нығыздалып тасталған жерлерде жоңышқаны ешқашан үсік шалған емес. Мұның екінші бір тиімділігі көктемде күн жылыған кезде қар біркелкі ериді, ал — жоңышқа егісі де өніп — өсу дәуірінде барлық тұста бірдей өнетінін негізгі ала отырып қар тоқтату жұмыстарын қолданбаған.
Саңылаулап қопсыту суармалы жерлер үшін аса қолайлы. Ол суару алдында жүргізіледі де топырақтың су сіңіргіштік қасиетін 1 – 1,5 есе арттырады. Саңылаулар тереңдігі 35-40 сантиметр ұзындығы 1,4—2,1 метрден сериялы плугтерге ілінген аспалы саңылау жасағыштармен жасалады. Жоңышқаның тамыр жүйесін закымдамау үшін саңылаулағыш алдына дискілі пышақ орнатылып жүргізілген.
Жоңышқаны суару. Жоқышқа — ылғалды көп тілейтін өсімдік. Сондықтан да ол ылғалмей қамтамасыз етілген және суармалы жерлерде жақсы өсіп, мол өнім алынады. Мәселен, ол бойына құрғақ заттар жинақтау үшін суды көп мөлшерде пайдаланады. Басқа дақылдармен салыстырғанда жоңышқаның транспирациялық коэффиценті (өсуіне қажетті су өлшемі) елеулі дәрежеде жоғары келеді. Жоңышқадан 1 грамм азықтық қатты зат алу үшін 900— 1570 грамм су жұмсалады екен. Бірақ фосфор мен калий тыңайтқыштары мол енгізілген жағдайда жоңышқаның 1 грамм қатты затына шаққандағы су өлшемі 620—-880 грамнан аспайды. Жоңышқа екінші үшінші егіс жылдарында өзінің толық өшіп, өсу күшіне еніп, суды үнемді пайдаланатын дәрежеге жетеді де оған қажетті су өлшемі тыңайтқышсыз-ақ 1000 грамм, ал дәректік заттармен және сумен ойдағыдай қамтамасыз етілгенде 350—600 грамм ғана болады.
Әр суару нормасы гектарына 900—7000 шаршы метрден келетіндей болуы керек.
Жоңышқаның жақсы өсуіне ең қолайлы жағдай — оның өніп-өсуі кезеңінде бір метр топырақтың ылғалдылығы 75 проценттен төмен, 80 проценттен жоғары болмауы керек. Суару кезінде енгізілген тыңайтқыштардың тиімділігі арта түседі.
Жоңышқаны суару — одан мол да тұрақты өнім алуды қамтамасыз ететін агротехникалық тәсіл болып табылады. Жоңышқанын орым саны сол аудан жазының жылылығы деңгейіне, әсіресе, топырақ ылғалының қолайлы мөлшерде болуына тікелей байланысты. Жауын-шашын ылғалы жетіспеген жағдайда жоңышқа қолдан суарылып отырса, оның орым саны көбейіп, тұрақты мол өнім алуға мүмкіндік береді.
Шаруа қожалығында алғаш рет жоңышқа 6—8 үш құлақ жапырақтар салып, өсімдік бойы 10—15 сантиметрге жеткенде суарылып отырған. Бірақ мұндайда су ағысы жас өсімдіктерді шайып кетпейтіндей етіп, өте мұқият түде қолданылған. Жоңышқа әр орымынан соң 1реттен суарылып, гектарына 500—600 текше метр су нормасымен 4 рет суарылған. Мұндағы жылдары суару нормасы гектарына 2400 текше метр суға дейін жеткен.
Сонымен, қорытып айтқанда, жоңышқа өсімін елеулі түрде жақсарта отырып, оны егіп-өсірудің әр алуан тәсілдерін қолданумен қатар, дұрыс суару, сондай-ақ егіс өскінін белгілі бір жиілікте (әсіресе, суару, кезінде) ұстау арқылы да оның өнімділігін арттыруға болады.
Егістікті аяғынан немесе жаңбырлатып суарудың түріне қарай суарым техникаларын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа — шектелген көлемде, аяғынан суарылатын егістіктерде пайдаланылатын суару техникалары жатады. Әдетте, аяғынан суарғанда егістікті су басып кетіп, су көп шығын болады, суарым сапасы да жақсы болмайды, еңбек өнімділігі төмен, суарым тиімділігі нашар болып келеді, дегенмен бұл тәсілдің де өз әдісін игеруге болады.
Екінші топқа —жаңбырлатып суару техникалары жатады. Бұларды жинақталған жағдайларға (ауыспалы егістегі дақылдар кезегіне, егістіктің түрі мен көлеміне) қарай, жоңышқа суаруға да пайдалану керек. Бұл техникаларды пайдаланғанда суарым сапасы жақсы, eгic өнімділігі жоғары болады. Бірақ мұндай жағдайда суарудың тиімділігі жоғары технологиясына қол жеткізу қиын. Соның салдарынан суару жұмысының еңбек шығыны көбейіп, өнімінің өзіндік құны қымбатқа түседі. Қөптеген жағдайда жұмысшы күшінің жетіспеушілігіне байланысты суару ісі кейінге қалдырылады да бір суарым мен екінші суарым арасы ұзагі, техника да жетпей жатады.
Үшінші топқа — жоңышқаны жаңбырлатып суарудың ең қолайлы техникалары жатады. Мұны қолданған кезде жаңбырлатқыш техникалар мен аяғынан суару жүйелерінің мүмкіндіктері, қолда бар жұмысшы күші мен жоңышқаның суға зәрулік дәрежесі барьшша үйлесімді түрде жүргізіледі. Соның нәтижесінде жоңышқадан аса мол өнім алуға және өнімнің өзіндік құнын арзандата түсуге мүмкіндік туады.
Республика жағдайында жоңышқа егісінде суды алысқа жаңбырлатып ататын ДДН-45 немесе ДДН-70, сондай-ақ ДДА-100 М, «Фрегат», «Волжанка» атты жаңбырлатқыш қондырғылар пайдаланып жүр.
Жоңышқаны жаңбырлатып суаруға «Волжанка» қондырғысы қолайлы» Мұнда су құбырын бір жерден екінші жерге көшіру және өз орнына қайта әкеліп қою тәрізді негізгі технологиялық процестер механикаландырылған. Ал бұл қол еңбегі шығынын азайтып, еңбек өнімділігі мен суарым сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Аса ыңғайлы аппараттармен жабдықталған «Волжанка» қондырғысы майда бүркіп, жай қысыммен жаңбырлата алатындықтан қайтара егілген жас жоңышқаны суаруға өте қолайлы. Ал Жаңаталап шаруа қожалығында негізінен бірінші суару әдісі қолданылған.
Жоңышқа жинау. Жоңышқаны егілгеннен соң 103-108 күннен соң жинй бастайды. Жоңышқаны жинау мерзімі жалпы азықтық өндіріске, олардың жұғымдылығы мен қорытылғыштығына үлкен әсер етеді.
Жоңышқа неғұрлым кеш жиналса, яғни гүлдену дәуірінің аяғында бұршақ байлау кезеңінің басында жиналса, саңырауқұлақ ауруларымен, зиянкестермен зақымданған жапырақтар көбеиіп кетеді де олар тез кеуіп, қурап, шашылып қалғыш келеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, жоңышқаны жинау кешіктірілген жағдайда оның жапырағы кеміп қана қоймай, жалпы өнім мөлшері азайып сапасы нашарлап кетеді.
Пішендік жоңышқаны орып, жинаған кезде, оның қоректік жұғымды заттары — жапырақшалары мен гүлдері елеулі дәрежеде жоғалады. Өйткені олар тез кеуіп кетеді де дестеге түсірілген, шөмелеленген кезде тез шашылып қалады. Ал жапырақтағы құнды заттар сабақтардағыдан әлдеқайда көбірек. Бұлардың құрамында 80 процентке жуық протеин мен коротин және үштің екі бөлігіндей бағалы минералды элементтер болады. Сондай-ақ сабаққа қарағанда өзінің қорытылғыштық қасиетімен де бағалы. Олардың азықтық құндылығы өніп-өсу кезеңінде көп өзгеріске ұшырамайды. Жоңышқа сабағы қатаң, кеуіп кетуін кешеуілдететін қалың балауызды қабығы бар. Оруға қолайлы кезеңде жоңышқа көк балаусасының ылғалдылығы жоғары, протеині, калийі мен кальцийі өте көп болады, бірақ сүрлем салуға қолайсыздау жері қанттылығы төмен. Содан соң жоңышқада протеин көп болғанымен, қоспасының қуаты аздықтан ол сүтті бағыттағы сиырлар үшін құнарлы азық бола алмайды. Оны ірі азық ретінде пайдалану бағалы белоктік азықты шамадан тыс шығындауға әкеп соқтырады. Республика жағдайында жоңышқа мен жүгері көк балаусасының, жүгері сүрлемінің қоспасын жасаудың мәні зор,
Орып, жинау мерзімі көк жоңышқаның бойындағы амин қышқылы құрамына да, одан алынатын сүрленген азық сапасына да әсер етеді. Өніп-өсу кезеңі барысында өсімдік бойындағы протеин мен амин қышқылы да (құрғақ шөп өлшемі процентімен) азая түседі. Амин қышқылы, протеин процентімен салыстырғанда, өніп — өсу кезеңінде тепе-тең мөлшерде қалады. Амин қышқылының мол сақталуына жоңышқа бойындағы метонин өз септігін тигізеді.
Мал азығы сапасына қойылатын зоотехникалық талаптар тұрғысынан бұршақты шөптерді олардың бүршігі қауыз жарған кезде жинаған жөн деген тұжырым жасалды. Уақытынан осылайша біршама ерте ору жоңышқаның негізгі өнімін қысқа мерзімде, азықтық өсімдік сапасы неғұрлым жақсы кезде жинап алуға мүмкіндік береді.
Жемшөп өндірісін интенсивтендіру азық мөлшерін көбейтуді ғана емес, оның сапасын едәуір жақсартуды, ысырапты барынша азайтуды көздейді. Бұл жерде белоктар мен каротиндердіц, витаминдердің сақталуына басты назар аударылады.
Азықтық жоңышқа орып, жинаудағы орым саны өсімдіктің өніп-өсу кезеңінің ұзақтығына, яғни бой салып өсе бастаған шақтан пісіп-жетіліп, оруға келгенге дейінгі кезіне, сондай-ақ өсімдіктің ылғалдылығы мен қоректік затқа қаншалықты байлығына байланысты.
Жоңышқаны дер кезінде және дұрыс жинап алу белгілі бір егістің биологиялық потенциалын толық пайдалануға да мүмкіндік береді. Өндірістік піығын мен оньщ өтелу мөлшері де тікелей соған байланысты, Жинау технологиясы ғылыми-техникалық жетістіктері, жоңышқа биологиясын және азықты сүрлеу тәсілдері мен пайдалану жолдарын ескеруі қажет. Жинау тәсілдерін таңдау кезінде, сондай-ақ арам шөптер мөлшерін, жоңышқа аурулары мен зиянкестерінің шамасын, ал суармалы жағдайда суару тәртібін де есте ұстаған жөн. Орып, жинау жұмыстары егістік жерлерді тегістеп, оны тастар мен көртышқан індерінен, темір-терсектерден және қураған шөп қалдығынан тазартудан басталады. Шөп өнімділігі, егістіктің ұзақ мерзімге жарамдылығы, жоңышқаның бүкіл өніп-өсу кезеңіндегі жалпы өнімділігі оны қандай биіктікте оруға байланысты. Жоңышқа пішенін орудың ең қолайлы биіктігі 4—7 см болып табылады. Бұл жерде бірінші орымда жоңышқа сабағын 4—5 сантиметрден төмен, ал қыс қарсаңындағы соцғы орымдарда 7 сантиметрден жоғары орған жөн. Өйткені, бұл өсімдіктің қыс пен көктем ай маусымдарында көп қидаланбауына мүмкіндік береді.
Жоңышқаны жинау мерзімі жалпы азықтық өндіріске, олардың жұғымдылығы мен қорытылғыштығына үлкен әсер етеді.
Жоңышқа неғұрлым кеш жиналса, яғни гүлдену дәуірінің аяғында бұршақ байлау кезеңінің басында жиналса, саңырауқұлақ ауруларымен, зиянкестермен зақымданған жапырақтар көбеиіп кетеді де олар тез кеуіп, қурап, шашылып қалғыш келеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, жоңышқаны жинау кешіктірілген жағдайда оның жапырағы кеміп қана қоймай, жалпы өнім мөлшері азайып сапасы нашарлап кетеді.
Соңғы деректерге қарағанда жоңышқаның бірінші орымын өсімдік бүршігі қауып жарған және гүлдене бастаған кезде жинағанда 1 кг шөп ұны құрамында 0,62 азық өлшемі, 248 мг каротин, 23,2 г протеин, 182 процент клетчатка, 0,16 процент фосфор, 1,63 процент кальций және 4,81 процент май болады екен. Ал жоңышқа толық гүлденіп, жеміс байлай бастаған кезде орылса, онда 1 кг ұнда 0,53 азық өлшемі, 183 мг каротин, 28,6 г протеин, 28,7 процент клетчатка (ұлпа қабық), 0,14 процент фосфор, 1,48 процент кальций және 4,08 процент май болған.
Жоңышқа жинауды ұйымдастыру. Жоңышқа пішені — бағалы азық. Шөпті құрғату кезіндегі басты назар аудараты нәрсе оның қоректік заттарын барынша сақтау болуы керек. Өсімдіктің жапырақтары неғұрлым көп сақталса, бұл оның соғұрлым бағалы азық екенін дәлелдейтін көрсеткіш бола алады. Бұл тек жоңышқа сабақтары мен жапырақтары жедел кептіріліп, өнім ысырапсыз жиналғанда ғана қол жететін нәтиже.
Шөпті өсімдіктер суармалы жерлер жағдайында 80—90 процент ылғал ұстайды да, ол орылған және кептірілген кезде шөп бойында физиологиялық, микробиологиялық процестердің жақсы сақталуына септігін тигізеді. Өсімдіктің қоректік заттары ысырабын азайтып, азық сапасын жақсарту үшін, ең алдымен көк шөпті кептіру процесін жеделдету керек.
Ал кептіру жеделдетудің мацызды тәсілдерінің бірі ала-ғұла кебуге елеулі дәрежеде жол бермейтін сабақты жаныштау тәсілі болып табылады. Пішенді жаныштап, таптау оның кебуін 2-—3 есе тездетіп, жай кептірген кездегімен салыстырғанда, протеин ысырабын 2 есе азайтады.
Шөп жинау — бір-бірімен тығыз сабақтас бірнеше жұмыстың жиынтығынан тұратын күрделі процесс. Соның біреуі дұрыс атқарылмаса, бүкіл жиын-терін жұмысының нәтижесіне нұқсан келеді. Пішен дайындаудың негізгі технологиялық операциялары — ору, жаныштау, тиеу, тасымалдау және одан әрі кептіріп, не кептірмей-ақ қоймаға орналастыру.
Жаңаталап шару қожалығында жоңышқаны орумен бір сәтте дестеге салу тәсілін қолданып, бұл жұмыс KB—3,0 маркалы шөп машинасымен және КПРН-3,0 ротациялы шөп шапқыш-жаныштауышпен атқарылған. Бұл агрегаттар қолдан себілген және табиғи шөптердің сабағын жаныштаумен бір сәтте орылып жанышталған шөпті дестеге түсіре алады. Мұндай жағдайда қоректік заттар күн көзінен өте жақсы қорғалады. Оның үстіне тығыз дестеге жанышталып түсірілген, турама шөптердіқ жаңбыр үштен бірінен-төрттен біріне дейін ғана өткенмен, толық сулай алмайды.
Итарқа етіп дестеленген шөптің қоректік заттарын жаңбыр толық шайып кетпейді.
Сондықтан да кейбір жекелеген жағдайларда орылған көк балаусаны дестеге жинай жүріп кептіруге тура келеді. Орылған көк шөпті тырмамен дестеге жинау жұмысы ауа райына қарай жүргізіледі.
Сонымен қатар шабылып тасталған көк шөпті дестеге жинау жұмысы ГПТ-14,5 маркалы тырмамен және ГВК-вА маркалы десте аударғыш дөңгелекті ашалары бар құралмен жүргізіліпте келген. Сонғысы құрылысы жағынан бірдей сол жақ және оң жақ секциялары, сүйреткісі және шөп аударғыш дөңгелектері бар агрегат. Оның қос қапталындағы секциялары қамти алмаған орталықтағы шөптерді осы аударғыш тісті дөңгелектері іліп әкетеді. Пішеннің дестеде жатып қалу мерзімін қысқарту үшін екі мәрте жинау әдісін қолданып, дестедегі жартылай кепкен шөпті жинап алып желдеткіш арқылы толық кептірген дұрыс. Осындай әдіспен дайындалған пішенді шала престелген күйінде шашып жинауға болады. Әсіресе, қатты қысып буылмай, қайта шешкен кезде бірден сусып түсетіндей және жапырағын жоғалтпайтындай етіп байлаудың дұрыстығына көз жеткендіктен жоғарыдағы амал-тәсілдерді қолданған. Сөйтіп шөп тайлары ашық аспан астына немесе шөп қоймаларына қойылған қуатты желдеткіш қондырғылар арқылы толық кептіріледі.
Жоңышқа пішенінің өнімі мен сапасы оны тек дер кезінде орып алуға гана байланысты емес, сонымен бірге дұрыс таңдап алынған жинау жұмыстары технологиясы негізінде жүргізіген жиын-терін шаралары комплексіне де байланысты.
Қазір қолда бар пішен орып, жинау машиналары жиын — терін жұмыстарының барлығын толық механикаландыруға мүмкіндік береді.
Мәселен, бұлтты күндері көк шөпті шабындықта екі күнге дейін жатқызған жөн, ал күн көзі ашық жағдайда 3—4 сағаттан кейін-ақ дестелеп тастау керек. Шабылып тасталған көк шөпті дестеге жинау жұмысы ГПТ-14,5 маркалы тырмамен және ГВК-вА маркалы десте аударғыш дөңгелекті ашалары бар құралмен жүргізіледі. Сонғысы құрылысы жағынан бірдей сол жақ және оң жақ секциялары, сүйреткісі және шөп аударғыш дөңгелектері бар агрегат. Оның қос қапталындағы секциялары қамти алмаған орталықтағы шөптерді осы аударғыш тісті дөңгелектері іліп әкетеді.
Пішеннің дестеде жатып қалу мерзімін қысқарту үшін екі мәрте жинау әдісін қолданып, дестедегі жартылай кепкен шөпті жинап алып желдеткіш арқылы толық кептірген дұрыс. Осындай әдіспен дайындалған пішенді шала престелген күйінде шашып жинауға болады. Әсіресе, қатты қысып буылмай, қайта шешкен кезде бірден сусып түсетіндей және жапырағын жоғалтпайтындай етіп байлаудың дұрыстығына көз жетіп жүр.
Шөп тайлары ашық аспан астына немесе шөп қоймаларына қойылған қуатты желдеткіш қондырғылар арқылы толық кептіріледі.
Жоңышқа пішенінің өнімі мен сапасы оны тек дер кезінде орып алуға гана байланысты емес, сонымен бірге дұрыс таңдап алынған жинау жұмыстары технологиясы негізінде жүргізіген жиын-терін шаралары комплексіне де байланысты.
Қазір қолда бар пішен орып, жинау машиналары жиын — терін жұмыстарының барлығын толық механикаландыруға мүмкіндік береді. Мәселен; Алматы облысының Қаскелеқ ауданындағы Ақсай оқу-тәжірибе шаруашылығында жоңышқаны орып, жинауға ротацжялы КПРН-З маркалы шөп шапқыш-жаныштауын пайдаланылып, жоңышқаны орумен бір сәтте дестеге салу жұмыстары қатар атқарылып жүр. Ал салынған дестелер ПС-1,6 престеп жинауыш көмегімен жиналады. Осы шаруашылықтың тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мұндай жағдайда жұғымды шөп ысырабы күрт кеміп, еңбек өнімділігі кәдуілгі жинаумен салыстырғанда, едәуір арта түседі.
Жоңышқаның соңғы орымынын мерзімі республиканың табиғи климаты әр алуан аймақтарында әр қилы. Бірақ ол барлық жерде шамамен бірдей жағдайда, күн бірыңғай суытуға 30 күн қалғанда немесе өсімдіктің өніп — өсу дәуірі толық аяқталған соң жүргізілуі керек. Республиканың оңтүстігіндегі суармалы жерлерде жоңышқаның содғы орымы күздің алғашқы үсігі соғуы қарсаңында жүргізіледі, Жоңышқаның қыстап шығуы және азықтық жұғымдылығы оның соңғы ору мерзіміне байланысты. Өйткені, өсімдіктің тамыр жүйесіндегі пластикалық заттар қорынын күн бірыңғай суытқанға дейін қайта қанасына келуі дәл осы кездегі мерзімге байланысты болады.
Зерттеу нәтижелері. Жоғарыда Жаңаталап шаруа қожалығының кәдәмгі боз топырағында көпжылдық жоңышқаның егілуден жинап алуға дейінгі кезеңі қарастырылды. Көпжылдық жоңышқаның топырақ құнарлығын арттырудағы орны ерекше екені белгілі. Жоңышқа егілген жердің гумус мөлшерін анықтау барысындағы келтірілген мәліметтерге зерттеу жүргізілді. Онда көпжылдық жоңышқаның топырақ құнарлығының жоғарылауында мәні ерекше екенін аңғаруға болады. Топырықтың гумус мөлшері Тюрин әдісімен анықталған. Мұнан бөлек Кононова және Къелдаль әдістеріле қолданылған. Бұл екі әдіс гумин қышқылдарын анықтауда қолданылып, олар әр 3-5 жылда жүргізіліп отырады. Ал Тюрин әдісі топырақтағы жылжымалы түрдегі фульвоқышқылдарды анықтайды. Сонымен қатар Тюрин әдісі әр айда жүргізіледі, яғни бұл әдістәң зерттеулеріне толықтай сенуге болады. Жаңаталап шаруа қожалығының 1685 га жерінің 156 га жеріне көпжылдық жоңышқа егіледі. Мен өз дипломдық жұмысымның зерттеулеріне соның ішінді 10 га жердің топырағының гумусын қарастырдым. Соңғы 3 жылда егілген көпжылдық жоңышқаның топырағына зертту жүргізілді. Зерттеу барысында бірінші 2006-2007 жылдары гумус мөлшері 0,90%, екінші 2007-2008 жылдары — 0,97%, үшінші 2008-2009 жылдары — 1,02% құрап құнарлылық көтеріліп барған. Сонымен қатар көпжылдық жоңышқаның жылдық өнім мөлшеріде артып барған. Төмендегі 9- кестеде келтірілген.
кесте 9
Көпжылдық жоңышқаның топырақ құнарлығына тигізген әсері.
Жылдар |
Әр айда зерттеліп барған гумус мөлшері % |
Орташа гумус мөлшері %
|
Өнімділік мөлшері ц/га |
||||
сәуір |
мамыр |
маусым |
шілде |
тамыз |
|||
2006-2007
|
0,86
|
0,88
|
0,90
|
0,92
|
0,94
|
0,90 |
320 |
2007-2008
|
0,92
|
0,94
|
0,97
|
0,99
|
1,02
|
0,97 |
380 |
2008-2009
|
0,97 |
0,99 |
1,02 |
1,04 |
1,1 |
1,02 |
430 |
Жоғарыдағы келтірілген мәліметтерге сүйене отрып әр айда гумус мөлшерінің көтеріліп отырғанын байқауға болады. Гумус мөлшері келер жылы алғашқы анализдерде төмендеп отырған, себебі қысқы қар менен көктемгі жауын–шашын салдарынан құнарлық яғни гумус мөлшері төмендеп отырған. Бірақ біртін келе ол жоғарылап тұрғанын кестеден байқауға болады. Негізінен құнарлық жоғарылаған сайын өнім мөлшері де жоғарылай түседі, бірақ шаруашылық танабында алғашқы жылы өнім айтарлықтай мол болмаған, себебі көпжылдық жоңышқаны алғашқы жылы астық тұқымдастарменен бүркемелеп еккені үшін сондай төмен нәтиже көрсетіліп тұр.
Қорытынды
Жаңаталап жеке шаруа қожалығының негізгі бағыты жеміс– жидекті және жүзімдікті алып жатыр дегенмен онда көпжылдық жоңышқаныңда алар орны ерекшк екені белгілі.
Шаруашылық жартылай шөлейтті аймақта орналасқан, атмосфералық түсім аз, сонымен қатар жаздық температурасы өте жоғары, ал қыстық төмен. Аязсыз күндер саны 189 күн. Бірақ беткі грунт сулары жақсы қалыптасқны үшін бұл шаруашылықтағы өндірілетін ауылшруашылығы өнімдеріне ауа райының ыстық күндері теріс әсерін тигізуі қиын.
Негізгі аналық жыныстар болып әртүрлі қалыңдықтағы лөс тәріздес құмбалшықтар, оның құрамындағы ірі шаңның үлесі басым.
Шаруашылықтағы ең көп тараған топырақ кәдімгі боз топырақ. Бұл топырақтың құнарлығын артыруда көпжылдық жоңышқаның орны еркше екені жоғарыдағы зеріттелу нәтижелерінен байқауға болады. Көпжылдық жоңышқаның тамырындағы азотабактерінді бактерияларт азотафиксация процесі арқылы ауадағы азотты сөзіне сіңіріп оны топырақ құрамына ыдыратып ондағы құнарлықтың қалыптасуына септігін тигізеді. Жоңышқа дақылының топырақ құнарлығын арттыруы байырғы кезеңнен белгілі болып келген, бірақ қазыргі кзеңде бұл әдісті көп қолданылмағаннан соң топырақтар құнарлығы төмендеп барады , болашақта бұл әдісті қолдану шаруа қожалықтарының топырақ құнарлығын көтеруде қолдану тиімдіболып табылады.
Шаруашылықтағы барлық топырақтар өзінің құнарлығын арттыру жолдарына және қолданылатын мелиоративтік шараларға, игеру деңгейлеріне байланысты агроөндірістік топтарға біріктірілген.
Шаруашылықтағы игеруге жарамды суармалы орташа құмбалшықты боз топырақтар бірінші агроөндірістік топқа жатады. Бұл топырақтарды игеруге жергілікті жерде қалыптасқан агротехниканы қажет етеді.
Казіргі әлемде суармалы жүйенің көлемі 240 млн гектар жерді алып жатыр. Суармалы егіншіліктің басты дақылы – күріш. Құрғақ облыстардың топырақтары мен қатар тропикалық және оған таяу облыстар топырақтары да суарылады. Тыңайтқыштар оңтайлы мөлшерде берілетін суармалы топырақтардың тиімді құнарлығы биік болады және олардан жоғары сапалы өнім алынады.
Топырақты және оның құнарлығын қайта құруда адамның әсері-де зор және жан-жақты. Тіпті жыртылмаған територияларда тұрақты мал жаю, өсімдік қалдықтарын өртеу, дакылдық шабындықтар мен жайылымдарды егу және тыңайту шаралары топырақтарды маңызды оң-теріс өзгерістерге алып келеді. Жүйелі өңдеу, тыңайту және агрофизикалық қасиеттердің жақсарту нәтижесінде топырақтың тиімді құнарлығы жоғарылайды-да, топырақ дақылданған түріне көшеді. Топырақты өнімді сақтауда, оның құнарлығын көтеруде, егіншілік жүйелері басты роль атқарады. Адамзат қоғамының даму кезеңдерінде егіншілік жүйелерінде өзгертіп отырған. Көне егіншілік жүйелеріне бірнеше жыл пайдаланбай қалдырылған және көп жыл себілмей тыңайтылған танапты жабайы егіншілік топырақтың қорына керісінше тиімді құнарлығы төмен болады.
Бұл жүйелерге кіретін агрошаралар топыақтың табиғи құнарлығынтолық пайдалануды қамтамасыз ету орнына, топырақ құралудың табиғи бағытын бұрып, құнарлыққа керісінше әсерін тигізетін құбылыстар дамуына себептеседі.Топырақтың тиімді құнарлығының тұрақты төмендеуін тоқтату мақсатымен жабайы егіншілк жүйесіне көп жыл өңделмей тасталатын танап кіргізеді.
Топырақ — адамзаттың басты табиғи байлығы, халықты азық-түлікпен қамтамасыздау проблемасын шешу оны дұрыс үнемдеп пайдалануға және топыақ құнарлығын көтеруге негізделген; ең алдымен егістік күйі, оның өнімділігі, қолдану жағдайларына, егіншіліктің дақылдану деңгейіне тәуелді. Топырақ пен оның құнарлығына қарапайым тұтынушылык ниетпен қарау егіншіліктің негізгі заңдарын есепке алмай, оның ғылыми негізделген шараларын іске асырмау құнарлықтың сарқылуына, тіпті топырақтыңт тура бұзылуына әкеледі.
Панылған әдебиеттер
- Бараев А.И. Почвозащитная система земледелия, М: Колос, 1972.
- Боровский В.М. и др. Разработка основ теории мелиорации., В кн: Успехи почвоведение в Казахстане., Алма-Ата: Наука, 1975.
- Глинка К.Д. Почвы Киргизской Республики. СПБ. 1923 .
- Гедройц К.К. Учение о поглотительной способности почв, М: Сельхозгиз, 1933
- Вяткин М.К. ЮКО, ИПАНКазССР 1970.
- Вильямс В.Р. Почвоведение, Земледелие с основами почвоведение, М: сельхозгиз., 1939.
- Докучаев В.В. Русский чернозем, СНП., 1883.
- Джаланкузов Т. «Изменение природных свойств черноземов северного Казахстана при сельскохозяйственном использований», Автореферат, докт. дисс. Ташкент, 1997.
- Джанпейсов Р. Эрозия и дефляция почв Казахстана., Алма-Ата: Наука, 1977.
- Елешев Р.Е., Смағұлов Г.С., Балғабаев А.М. Агрохимия және тыңайтқыштар қолдану жүйесі , Алматы, РБК 2000
- Елешев Р.Е., Бекмағанбетов А. Агрохимия, Алматы Қайнар 1989.
- Ковда В. А. Основы учения о почвы. Москва Наука. Кн. 1 и 2.
- Курмангалиев А.Б. Сероземы Казахстана в кн Агрохимическая характеристика почв СССР изд наука,1968.
- Курмангалиев А.Б. Соколов А. А. «Природные зоны Казахстана» в кн Агрохимическая характеристика почв СССР.М,изд Наука 1965.
- Мухля А.В. Сероземные почвы и почвы горных областей Казахстана. Сб.по почвенкому порову Казахстана. Алма-Ата,1939.
- Неуструев С.С., Почвенно-географический очерк Чимкентского уез-да. Тр. почв, ботан. экспед. по иссл. колонизац. районов Азиатской Росии. Т1.,Вып 7.,СПБ, 1910.
- Оспанов О.О. «Природные и природно-хозяйственные зоны
Казахстане» Вестник АН Каз СССР., №4, 1959.
- Окшиев О.Ш. Использование поливных сераземов Южного Казахстана под новые кормовые культуры. Состояние и рациональное исползование почв Республики Казахстан. — Алматы, 1998.
- Розанов А.Н. Сероземы средней Азии.М,1951.
- Тазабеков Т.Т. және басқалар. Топырақтар географиясы, Алматы, АгроУниверситет.Алматы 2000 ж.
- Тазабеков Т.Т., Тазабекова Е. «Топырақтарды жақсарту, бағалау және жақсарту». Алматы ҚазҰАУ баспасы, 2004.
- Тазабеков Т.Т., Тазабекова Е. «Топырақ құнарлығы». Алматы «Білім» баспасы 1995.
- Синягин И.И. К вопросу о генезисе сероземов «Почвоведение №5 1939.
- Сапаров А.С. Плодородие почвы и продуктивность культур., Изд.ОО….Медеуского района г. Алматы, Алматы, 2006.
- Фаизов К.Ш., Уразалиев Р.А., Иорганский А.И., «Почвы республики Казахстан», Алматы, 2001.
- Фаизов К.И. Почвы республики Казахстан., Алматы., 2001.
- Шайык О.Ш. «Орашаемые сераземы южного казахстана». Алматы 2001.
- Шайык О.Ш. Водно-физические и агрохимические своиства орашаемых сераземов Южного Казахстана. Ж. Вестник с/х науки Казахстана, №11 2000. С. 40-42.
- Шайык О.Ш. Генетические и агрохимические характеристики сераземов Южного Казахстана. Ж. Вестник с/х науки Казахстана, №12 2000. С.36-37.
- Шайык О.Ш. Агрохимические и агрофизические свойства орашаемых сераземов Южного Казахстана. В кн. // Научные основы воспроизводста плодородия, охраны и рационального использования Казахстана // Алматы 2001. 79-85.
Снабеков Нүркен АП – 06 – 21к1. 10 гектар жерге есептелген
Кесте –1
Материалдар мен энергетикалық ресурстардың жылдық қажеттілік құнын анықтау
№ |
Атаулары |
Өлшем бірлігі |
Шығын нормасы |
Жылдық жалпы шығын |
Бірлік бағасы |
Жалпы құны, теңге |
1 |
Шикізат, материалдар, ұрық, тыңайтқыштар: А) Ұрық :Красноводопадская 8 Б) Калий (КСl – 60%) В) Фосфор (Са(Н2РО4)2 – 40%) |
кг/тг кг/тг
кг/тг
|
15 кг/га 66 кг/га
250 кг/га |
150кг 660кг
2500кг |
500тг/кг 20тг/кг
18тг/кг |
75000 13200
45000 |
Жалпы |
133200 |
|||||
2 |
Техналогиялық қажеттіліктерге жанармай: А) Соқа Б)Шизль В)Барана Г)Орғыш агрегат Д)Престегіш агрегат Е)Суару саматогі |
л/тг л/тг л/тг л/тг л/тг л/тг
|
15л/га 10 л/га 10 л/га 50 л/га 75 л/га 40 л/га |
150л 100л 100л 500л 750л 400л |
70тг/л 70тг/л 70 тг/л 70 тг/л 70 тг/л 70 тг/л |
10500 7000 7000 35000 52500 28000 |
Жалпы мөлшері: |
л/тг |
200л/га |
2000л |
70 тг/л |
140000 |
|
3 |
Энергетикалық шығындар: Су |
м3/тг |
2400м3/га |
24000м3 |
22,5тг/м3 |
540000 |
4 |
Жалпы |
813200 |
Еңбек ақыға жұмсалған шығындар
№ |
Қызметкерлер мен категориялардың аталуы |
Жұмысшы саны |
Бір айлық төлемі тең. |
Төлем бойынша жылдық қор тең. |
||||||||||
Басшы |
||||||||||||||
1 |
Директор |
1 |
40000 |
480000 |
||||||||||
2 |
Бас аграном |
1 |
32000 |
384000 |
||||||||||
3 |
Есепші |
1 |
30000 |
360000 |
||||||||||
Жалпы |
1224000 |
|||||||||||||
Жұмысшы |
||||||||||||||
4
|
Тракторшы |
1 |
30000 |
150000 |
||||||||||
5 |
Жүргізуші |
2 |
20000 |
120000 |
||||||||||
6 |
Жүк тасушы жұмысшылар |
8 |
15000 |
120000 |
||||||||||
Жалпы |
390000 |
|||||||||||||
8 |
Жөндеу ақысы |
2 |
15000 |
60000 |
||||||||||
Жалпы |
1674000 |
|||||||||||||
Құрылғылар мен жабдықтардың амортизациясы
№ |
Құрылғылардың аталуы |
дана |
Техникалық бірлік |
Сметалық құны, теңге |
Қолданылған мерзім
|
Амортизациялық бөлімдер |
|
Мөлшері % |
Құны теңге |
||||||
1 |
Орғыш агрегат |
1 |
100000 |
100000 |
0,5 |
5,0 |
5000 |
2 |
Престегіш агрегат |
1 |
120000 |
120000 |
0,3 |
7,0 |
8400 |
3 |
Трактор |
1 |
160000 |
160000 |
0,2 |
6,0 |
9600 |
4 |
Соқа |
2 |
90000 |
180000 |
0,5 |
7,0 |
12600 |
5 |
Шизиль |
2 |
100000 |
200000 |
0,5 |
4,0 |
8000 |
6 |
Борана |
1 |
70000 |
70000 |
0,5 |
5,0 |
3500 |
Барлығы |
47100 |
Кесте 2
Жалпы өндірістік шығындардың сметасы
№ |
Шығындар реттерінің атаулары |
Сомасы, теңге |
1 |
Жабдықтар мен құрылғылардың амортизациясы |
47100 |
2 |
Жабдықтарды пайдалануға жұмсалатын шығындар: |
432900 |
|
А)Жабдықтарды пайдалану бойынша жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы |
390000 |
|
Б) Әлеуметтік салыққа жұмсаулар —2А бабынан 11% |
42900 |
3 |
Жабдықтар мер тасымалдау құралдарын ағымдық жөндеуге жұмсалатын шығындар |
521400 |
|
А)Ағымдық жөндеу бойынша жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы |
60000 |
|
Б) Әлеуметтік салыққа жұмсаулар —3А бабынан 11% |
6600 |
|
В) Жөндеу мен жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер мен матариалдар (2А және 3А баптарының қосындысынан 84%) |
378000 |
|
Г) Жөндеуге жұмсалатын басқа да шығындар (1,2 баптарының қосындысынан 16%) |
76800 |
4 |
Нысан ішінде жүктерді тасымалдау (1,2,3 баптарының қосындысынан 10%) |
100140 |
5 |
Басшылардың, мамандардың жалақысы |
1224000 |
6 |
Әлеуметтік салыққа жұмсаулар — 5 бабынан 11% |
134640 |
7 |
Басқа да шығындар (жалпы шығындардың – 2%) |
49203 |
Барлық өндірістік шығындар |
2509383 |
Кесте 3
Өнімнің өзіндік құнының калькулациясы
Калькулация реттері |
Өлшем бірлігі |
Бір бірлік өнімнің бағасы |
Жылдық өнімділікке жұмсалатын шығындар |
1.Шикізат, негізгі материалдар және тыңайтқыштар: А) Тұқым Красноводопадская 8 Б) Калий (KCl — 60%) В) Фосфор(Ca(H2 PO4)2 – 40%) |
кг/тг кг/тг кг/тг |
500тг/кг 20тг/кг 18тг/кг |
75000тг 13200тг 45000тг |
Жалпы |
133200 |
||
2.Техникалық мақсаттарға арналған жанармай: |
л/тг
|
70 тг/л
|
140000тг |
3.Техникалық мақсаттарға жұмсалатын қуат: Су |
м3/тг |
22,5тг/м3 |
540000тг |
4. Негізгі және қосымша жұмысшылардың жалақысы |
теңге |
450000тг |
|
5. Әлеуметтік салықтарға берулер 11% |
теңге |
49500 |
|
6. Жалпы өндірістік шығындар |
теңге |
2509383 |
|
Барлығы: өзіндік құн |
теңге |
3822083 |
Кесте 4
Толық өзіндік құнның құрылымы
№ |
Калькулациялар баптары |
Жобаланатын калькулация бойынша шығындар |
||
Теңгеде |
%-да |
|||
1 |
Шикізат,материалдар,тыңайтқыштар (қалдықтарды есептемегенде) |
133200 |
3,49 |
|
2 |
Техналогиялық мақсаттарғ арналған жанармай |
140000 |
3,66 |
|
3 |
Техналогиялық мақсаттарға арналған қуат |
540000 |
14,13 |
|
4 |
Әлеуметтік салық жіберулерімен қоса өндірістік жұмысшылардың жалақысы |
499500 |
13,07 |
|
5 |
Жалпыөнірістік шығындар |
2509383 |
65,65 |
|
|
Барлығы: толық өзіндік құн |
3822083 |
100 |
|
Жаңа технологияны ендіруден алынатын экономикалық тиімділікті (1 га есебіне) мына формула бойынша есептеуге болады:
мұндағы: Цн, Цт – жаңа және дәстүрлі технологиялар бойынша алынған 1 ц өнімді сатудың бағасы, теңге;
Ун,Ут – сәйкесінше өнімділіктер, 1 га алынатын ц;
Сн, Ст – 1 ц өнімнің өзіндік құны, теңге
10га жерге есептеліп жатыр. 1ц – 100кг бар. Жоңышқаның 1прест өнімі – 25кг-ға тең, сонда 1центнерден 4 дана прест шығады. 1данасы – 300 теңгеден. Өнім – 430ц/га*10га=4300ц.
1ц өнімнің өзіндік құны:
- Жалпы шығын (жаңа техналогия) 3822083/4300=888.86
- Жалпы шығын (дәстүрлі техналогия) 3952000/4000=988
1ц өнімнің сатылу құны: 1га алынатын өнім:
- 4*300 = 1200 теңге жаңа техналогия — 430ц/га
- 4*290 = 1160 теңге дәстүрлі техналогия — 400ц/га
Цн—1200 Ун – 430 Сн – 888,9
Цт—1160 Ут – 400 Ст – 988
Эп = (1200 – 888,9) * 430 – (1160 – 988) *400 = (311,1*430) – (173*400) =
=133773 – 68800 = 64973 (1)
Өнімділікті арттырудан алынған экономикалық тиімділікті мына формула бойынша анықтайды:
Эу = (1160 – 988) * (430 – 400) = 173 * 30 = 5100 (2)
Өнімнің сапасын арттырудан алынған тиімділікті (Эк) былай есептейді:
Эк =(1200 – 1160) *430 = 40 * 430 = 17200 (3)
Өзіндік құнын төмендетуден алынған тиімділікті (Эс) төмендегі формула бойынша:
Эс = (988 – 888,9) * 430 = 42613 (4)
Еңбек өнімділігін 1 адам-сағ есебінен жалпы өнімнің құны бойынша, ал оның өсімін мына формула бойынша есептейді:
мұндағы: ПТН и ПТТ – жаңа және дәстүрлі технологиялар бойынша 1 адам-сағ есебіндегі жалпы өнімнің құны.
516000 – 1га. 16 адам . 8 сағат. (жаңа техналогия)
464000 – 1га. 14 адам. 8 сағат. (дәстүрлі техналогия)
(516000 / 16) / 8 = 32250 /8 = 4031 (жаңа техналогия)
(164000 / 14) / 8 = 33142 /8 = 4142 (дәстүрлі техналогия)
Рпт = (5)
Жаңа прогрессивтік технологияны енгізудің негізгі көрсеткіші қосымша шығындардың өтелуі (Одз) болып саналады:
мұндағы: ВПН, ВПд – жаңа және дәстүрлі технологиялар бойынша жалпы өнімнің құны, теңге;
ПЗН, ПЗТ — сәйкесінше өндірістік шығындар, теңге
ВПН – 5160000 ПЗН – 2509383 (жаңа техналогия)
ВПТ– 4640000 ПЗТ – 2964000 (дәстүрлі техналогия)
(6)
Таза кірістің өсімі (ЧДд) – қосымша өнім құны (ВПД) мен тыңайтқыштарды қолдануға байланысты қосымша шығындар (Зд) арасындағы айырма:
Калий (1га) — 66 *20 = 1320 (жаңа техналогия)
Фосфор (1га) — 250 * 18 = 45000
Калий (1га) — 75 * 23 = 1725 (дәстүрлі техналогия)
Фосфор (1га) — 270 * 20 = 54000
(1320+45000) – (1725+54000) = 9405
75 – 66 = 11 20+23=43/2=20.5*11=225.5
270 –250 = 20 18+20=38/2=19*20=380
225.5+380= 605.5
ЧДД = 9405 – 605,5 = 8799,5 (7)
Химиялық құралдардың рентабельдік деңгейі (Рх) – химиялық құралдарды қолданудан алынған қосымша таза кірістің оларға жұмсалатын пайыздағы шығынға қатынастығы:
Рх = (8)
5 кесте.
Жобаланатын нысанның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштердің аталуы |
Өлшем бірлігі |
Көрсеткіштер |
Ауытқулар +,- |
|
Жұмыс істейтін нысанның |
Жобаланатын нысанның |
||||
1 |
Барлық өнімнің натуралды есептегі өндіріс көлемі |
ц |
400 |
430 |
+30 |
2 |
Барлық өнімнің құнды есептегі өндіріс көлемі |
теңге |
464000 |
516000 |
+52000 |
3 |
Еңбек өнімділігінің өсімі |
адам/сағ |
4142 |
4031 |
-111 |
4 |
Бір бірлік өнімнің өзіндік құны |
теңге |
988 |
888,9 |
-99,1 |
5 |
Таза кірістің өсімі |
теңге |
68800 |
133773 |
64973 |
6 |
Өнімділікті жоғарылатқаннан алынған экономикалық тиімділік |
теңге |
5190 |
||
7 |
Өнім сапасын арттырудан алынған тиімділік |
теңге |
17200 |
||
8 |
Рентабельдік деңгейі |
% |
35 |
||
9 |
Өтелу мерзімі |
Жыл |
3 |