АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы

АНДАТПА

 

Берілген дипломдық жұмыста «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ аймағында дайын қуысденелі қабырғалық бетон тастың  сапасына талдау жасалды

Талдау негізінде қуысденелі қабырғалық бетон тастың  сапа көрсеткіштері  қарастырылды және осы қуысденелі қабырғалық бетон тасы   сапасын жоғарлататын біршама шаралар талданады.

Қуысденелі қабырғалық бетон тасының техникалық шарттары мен осы бұйымға сертификация қарастырылды және де дайын өнімге деген сынақ жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1  ЖОБАНЫ ӨҢДЕУге арналған АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР

2  ЖАЛПЫ МАҒҰЛМАТТАР.

2.1  Сынақ зертханасы туралы жалпы мағлұмат

2.2  Қуысденелі қабырғалық бетон тастардың сипаттамасы

2.3  Өнімнің  тағайындалуы бойынша жіктелуі, классификациясы, өлшемі және шартты белгіленуі

2.4  Техникалық талаптар                                                        

3  ӨнімНІҢ сапа ДӘРЕЖЕСІН анықтау

3.1  Сапа көрсеткішінің негізгі теориясы

3.2  Қуысденелі қабырғалық бетон тасы материалының сапа көрсеткіштері

3.3  Қуысденелі  қабырғалық бетон тасының  материал сапасының денгейін  квалиметриялық бағалау

4  Өнімді сынау

  1. 1 Сынақ әдістері

4.2  Қабылдау ережелері

4.3   Кірпішті сығу кезіндегі беріктілік шегі анықтау

5  сертификаттау

5.1  Сертификаттау туралы жалпы мағлұмат

5.2  Сертификаттау жүргізудің тәртібі

5.3  Сертификаттау сұлбалары

5.4  Сертификаттың CT KZ және A,CT-1 формаларын дайындау

5.5  СЭҚ ТН және ЭҚТ ӨЖ кодтары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік алып, егеменді ел болғанына 20 жыл болмаған қазақ елі, ТМД елдер ішінде өндіріс, әсіресе құрылыс саласының дамуы бойынша алдыңғы орында. Әлемдегі экономикалық дағдарысқа да төтеп беріп, құрылыс қарқыны баяулаған жоқ.         

Бірақ та құрылыс индустриясы елімізде дамып жатканымен, сапасыз құрылыс материалдарының саны әлі азайған жоқ. Құрылыс материалдарының құрылыс саласында атқаратын рөлі өте зор. Сондықтан да олар қатаң  тәртіппен сынақтан өтуі қажет.

Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.

Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл — құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі.

Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі  2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1004 Қаулысында да айтылған [4].

Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс саласы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдар  туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Еліміздегі құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің күн санап артуына байланысты құрылыс өндірісіне жұмсалатын материалдық шығындарды төмендету, соған сәйкес құрылыс өнімінің бағасын арзандату, тұрғызылатын объектілердің сапасын жақсарту шараларын жүзеге асыруда құрылыс материалдарының сапасын талдау  өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті құрылыс материалдарының сапа көрсеткіштерін талдап, олар бойынша сынақ жүргізіп,сапа дәрежесін талдап және оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, міндеттерін және ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала анықтауға мүмкіндік берді.

 

 

 

  1. ЖОБАНЫ ӨҢДЕУге арналған АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР

 

Дипломдық жұмысты орындауға бастапқы ақпараттың үш түрі пайдаланылады. Базалық ақпарат−оған  өнім, яғни   қуысденелі қабырғалық бетон  тасы  мен оның сапасын анықтайтын физика-механикалық көрсеткіштер, бетон тасынының үлгілерін сынау әдістері, сынау үлгілерінің нәтижелерін алу, сақтау және тасымалдау туралы ақпараттар жатады.

Жетекші және анықтамалық ақпарат— оған тасты сынауға арналған ақпараттар, сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтайтын стандарттар, нормативті құжатты жасау, оны рәсімдеу және нормабақылауын анықтайтын стандарттар және ИСО 9001-04 сериялы халықаралық стандарттары  жайлы.

 

Дипломдық жобаны өңдеу үшін алашқы ақпараттар келесі мәлімттер болады:

  • ҚР СТ 945-92 Қабырғалық бетондық  тас. Техникалық шарттары
  • МемСТ 8462-85 Қабырғалық материалдар. Сығу және майыстыру барысындағы беріктілік шегін анықтау әдістері
  • #M12291 1200004027МемСТ 162-90 Штангенглубиномерлер. Техникалық шарттары #
  • #M12291 1200004030 МемСТ 427-75 Металдық өлшегіш сызғыш. #S Техникалық шарттары
  • #M12291 1200004024 МемСТ 3749-77 Тексеретін 90° бұрыштық. Техникалық шарттары #S
  • #M12291 901700526 МемСТ 7025-91 Керамикалық және силикатты кірпіш пен тастар. Ылғал жұтымдылық, тығыздық және аязға төзiмдiлiктi бақылауды анықтау әдiстерi #S
  • #M12291 90170048#M12291 1200006710 МемСТ 14192-96 Жүктерді таңбалау#S
  • #M12291 901710671 МемСТ 18343-80 Керамикалық тас және кірпішке арналған поддондар. Техникалық шарттары #S
  • #M12291 1200023814 МемСТ 25706-83 Лупалар. Түрлері, негiзгi параметрлері. Ортақ техникалық талаптары
  • #M12291 901708146 МемСТ 26254-84 Ғимараттар және құрылыс нысандары. Қоршайтын құрылымдардың жылу берудегі кедергiсін анықтау әдiстерi
  • #M12291 871001235 МемСТ 30108-94 Құрылыс материалдары және өнімдері. Табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігін анықтау
  • #M122 МемСТ 30244-94 Құрылыс материалдары. Жанғыштықты сынау әдістері
  • Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз етудің әкімшілік саласындаы стандарттары: 3-томды Халықаралық стандарттар ISO 9000-10012-1-92

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

 

2.1  Сынақ зертханасы бойынша жалпы мағлұмат

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ («ҰлтССО» АҚ) стандарттау, метрология және өнімнің сәйкестігін растау саласында қызмет көрсету, қызмет көрсетулер және менеджмент жүйесі бойынша нарықтағы жетекші кәсіпорын болып табылады.

Ұйымның стандарттау, метрология және сәйкестікті растау саласында біртұтас ғылыми-техникалық саясат жүргізетін республиканың 18 аймағында тармақталған филиалдар желісі бар.

Бірінші бағыты – стандарттау саласында қызмет көрсету.

Екінші бағыты – салыстырып тексеру, калибрлеу, өлшем құралдарын жөндеу арқылы және республиканың ұйымдары мен кәсіпорындарына жоғары дәлдіктегі өлшеулерді орындауда тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету арқылы өлшемдердің бірлігін тәжірибелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Үшінші бағыт – сертификаттау. «ҰлтССО» АҚ өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау, сапа менеджмент  жүйесі, экологиялық менеджмент, OHSAS, HACCP саласында жұмыс жүргізу құқығына аккредиттелген.

Сынау зертханалары өнімнің кең номенклатурасының сертификаттық   сынауларының бірнеше түрлерін жүргізеді.

«ҰлтССО» АҚ-ның мақсаты — барлық мүдделі тараптардың сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған жұмыстарды және қызмет көрсетулерді орындау кезінде сапаны басқару әдістерін үздіксіз толық жетілдіру.

 «ҰлтССО» АҚ СМСД Сынау зертханасы ИСО МЭК 17025-2007-мен аккредиттелген.

Сынау зертханасы техникалық регламенттерге, ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға сай өнімдерге сынау жүргізеді. Сынау жұмыстарын сынақ мерзімінен өткен, сертификаттары бар жоғары білікті мамандар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің 4 сарапшы-аудиторы жүргізеді.

Сынаулардың сапа менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі негізгі территорияда орындалатын жұмыстарды қамтиды.

Өнімді сынау ісін ұйымдастыру және жүргізу, талдау және сынау нәтижелерін ресімдеу СЗ құзыретінде.

Зертханада менеджмент жүйесін ендіру, қуаттау және жетілдіруді қоса алғанда, басқа міндеттерінен тәуелсіз өкілеттікке және ресурстарға ие болатын басқарушы және техникалық қызметшілер бар.

Сынақ зертханасының өз құрамында 10 бөлімше бар.

  • Тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдері бөлімшесі қауіпсіздікке сынау жүргізеді және микробиологиялық, физика-химиялық көрсеткіштерін, пестицидтерді, радионуклидтерді, витаминдерді, нитрозаминдерді, бенз(а)пиренді айқындайды.
  • Жеңіл өнеркәсіп тауарларын, ойыншықтарды, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, ыдыс, медициналық және санитарлық-гигиеналық бағыттағы өнімдерді, дезинфекциялайтын құралдар мен зергерлік бұйымдарды сынау бойынша бөлімше сапа көрсеткіші және қауіпсіздігі бойынша, соның ішінде ауыр металл тұздары, формальдегидтер, талшықты құрам, ылғалданғыштық, қылтүтіктік, ауа өткізгіштік, меншікті беттік электр кедергісі, бекітілу беріктігі және т.б. көрсеткіштері бойынша сынау жүргізеді.
  • Құрылыс материалдары, жиһаз және ағаш өңдеу тауарлары бөлімшесі шамамен 30 көрсеткішті айқындауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құралды пайдаланады, яғни ол көрсеткіштер мынадай: серіппелі жұмсақ элементтердің ұзақ мерзімділігі, серіппесіз жұмсақ элементтердің қалдық деформациясы, соққы жүктемесінің әсеріне беріктігі және т.б.
  • Автокөлік құралдары бөлімшесі тежеуіш жүйесі, рөлдік басқару, шуды өлшеу, салондағы зиянды заттардың құрамы, уландырғыш газдармен бірге ластаушы заттардың бөлінуі сияқты көрсеткіштерді айқындайды.
  • Сынау зертханасы отын, мұнай және мұнай өнімдері, жұмыс орындарын аттестаттау бойынша, тамақ өнімдеріндегі гендік-модификацияланған объектілерді (ГМО) сынау бойынша өз саласын ұлғайтуды жоспарлап отыр. ГМО-ны айқындау үшін мамандар ПЦР диагностикасы бойынша сынау жүргізу бойынша Малайзиядан оқып келді.

 

«ҰлтССО» АҚ штатында 1500 адам еңбек етеді, оның ішінде IRCA-да тіркеуден өткізілген халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторларды, сонымен қатар 17 өлшем түрлері бойынша 300 салыстырып тексеруші және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы 20 сарапшы-аудиторды қоса алғанда, әр түрлі өнімдер мен қызмет көрсетулер бойынша, тауардың шығу тегін сараптау, стандарттау, сапа менеджменті бойынша сарапшы-аудиторлар бар.

Сапа аймағындағы  «ҰлтССО» АҚ -нің  Сынақ  Орталығының саясаты:

Сапа аймағындағы Сынақ орталығы басшылығының  саясаты,  «ҰлтССО» АҚ-нің  сапа аймағындағы қызмет көрсетулердің  ең басты бөлігі болып табылады. 

Сынақ орталығының мақсаты  тапсырыс берушіге  нақты, жаңадан өндiрiлетiн және сенiмдi нәтиже беретін  жоғары дәрежедегі сынақ жүргізуді гарантировать ету.

Сынақ орталығының басшылығы  қызмет көрсетулер мен жүзеге асыру сапасы аймағындағы саясатына жауапты.

 Сынақ орталығының жетекшiсi көрсетілетін  қызметтердiң  және оны жүзеге асыру сапасының аймағындағы  саясатты  анықтауға жауапты болады [5].

 

Специалисты автотранспортной ИЛ

Специалисты  ИЛ ФМСиСт.М

Тамақ өндірісінің зертханасының маманы

 

Бас Бухгалтер

Бухгалтер мен кассирлер  

Директор көмекшісі 

Әкімш-шаруаш. бөлім бастығы

 

Жүргізуші,тазалаушы электрик

Жабдықтаушы,жүйелік әкімшілік, программист

Менеджментжүйесi және сапа бойынша өкiлеттi өкiл

 

 

 

Ішкі аудит пен сапа қызметі

Қауіпсіздік жүйесі және  еңбекті қорғау

Қызметкерлермен жұмыс және стратегиялық дамудағы жұмыс бойынша директор көмекшісі

Техникалық және корпаротивтік даму бойынша департамент бастығы 

Ішкі метрологиялық қызметтің мамандары және АРМ

Сынақ зертханасының бастығы 

СБЖ бойынша СЗ бастығының көмекшісі  

СЗ қүзет қызметі

СЗ  техникалық процесстері бойынша директор көмекшісі

Тамақ өндірісінің зертханасының маманы

Көлік зертхана-сының меңгерушісі

Құрылыс зертханасының меңгерушісі

Жеңіл өнер- кәсіп зерт -ханасының меңгерушісі

Құрылыс зертханасының маманы

Тамақ өндірісінің зертханасы меңгерушісі

Директор

(высшее руководство)

Жеңіл өнерк. Зерт. маманы

Көлік зертхана-сының маманы

Мұнай өндірісінің зертханасының меңгешісі

Мұнай өндірісінің зертханасының маманыі

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сұлба. «ҰлтССО» АҚ-ның  ұйымдық-стуктуралық схемасы

 

2.2  Қуысденелі қабырғалық бетон тастарының сипаттамасы

Қуысденелі қабырғалық тас нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес шығарылады. Олардың бірі- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы N 96 Қаулысы «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауiпсiздiгi» туралы техникалық регламентi. Осы Техникалық регламент құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының сипаттамаларына (қасиеттерiне) не олардың өмiрлiк циклi сатыларында қойылатын қауiпсiздiк талаптары белгiленген басқа техникалық регламенттермен бiрге қолданылуы тиiс.

Құрылыс нысандарын — ғимараттарды, құрылымдарды, құрылыстарды салу кезiнде және әр түрлi жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаған кезде азаматтардың жеке, тұрмыстық мұқтаждары үшiн орындаған кезде азаматтардың жеке, тұрмыстық мұқтаждары үшiн пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары осы Техникалық регламенттiң талаптарына, сондай-ақ құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрастырмаларына қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуi тиiс.

Қабырғалық тастар жылу оқшаулағыш материалдары  бар сыртқы, iшкi қабырғалар және жылытылатын ғимараттардың қалқаларын   тұрғызу үшiн, сонымен бiрге аз форманың сәулеттiк элементтерiне де арналған. Қабырғалық тастардың тесiп өтетін қуыстары болады. Олар тастың көтеру қабiлетiн едәуiр жоғарылататын қабырға денелерінде бүркеме қаңқа жасауға  мүмкiндiк береді, сонымен бiрге желдетпе арналарының құрылымында қолданыла алады.

Қабырғалық тастар  кiрпiшi бар комбинацияда қабырғалық, беткi, силикат тағы басқа құрылыс материалдарымен қолданыла алады.

Қуысденелі тас  — өнімге, оны қолдану кезiнде қажеттi қасиеттер  беру үшiн қалыптау процесінде  тесiп өтетін немесе тесiп өтпейтiн тiк қуыстары бар қабырғалық тас [6].

 

 

 

1 сурет. Қуысденелі қабырғалық бетон тасы

 

  • Тағайындалуы бойынша жіктелуі, классификациясы, өлшемі және шартты белгіленуі
    • Өнімнің тағайындалуы бойынша жіктелуі

Өндірістегі өнімдерді пайдалы қасиеттерімен, еңбек қауіпсіздігімен және  сапасы бойынша тұтынушының қолдануына ыңғайлы тағайындалуымен түсіндіреді. Өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін сапа көрсеткіші бойынша  өнімді классификациялау қажет. Өнімнің классификациясын қолдану үшін анықталған топтағы өнімнің бірлік көрсеткіші номенклатурасын таңдау қажет

 

 

2 сұлба. Өнімнің тағайындалуы бойынша жіктелуі

 

Барлық өнімді оның сапа деңгейін бағалау мақсатында екі класқа бөлуге болады:

— 1класс: қолдану кезінде шығындалатын өнім;

— 2 класс: өз ресурсын шығындайтын өнім.

1 класс өнімі қолданылуы  үрдісінде тағайындалуы бойынша шығындалады, сонымен қатар өнімді өңдеу (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар), төмендету үрдістері жүреді. Жекелеген жағадайларда (химиялық қоспалар реакциясы) үрдісі болуы мүмкін.

2 класс өнімін қолдануда оның ресурсының шығындалуы болады. Мұндай жағдайда өнім техникалық немесе моральді тозуына дейін қолданылады.

 

Көрсетілген жіктеудің қолданылуы:

1) Нақты өнім тобының бірліктік көрсеткіш номенклатурасын таңдауды жеңілдетеді;

2)   Өнімді қолданудың нақты аймақтарын жеңілдетеді;

3) Нақты бір немесе бірнеше өнімдерді базалық үлгі ретінде таңдау негіздемесін жеңілдетеді;

4)  Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасына Мемлекеттік стандарттар жүйесін құруды жеңілдетеді;

          Кластар өнім топтарға жіктеледі.

1-ші класқа жататындар:

1-топ: шикізат пен табиғи отын,

2 топ: материалдар мен өнімдер;

3 топ: шығындық дайындамалар;

2-ші класқа жататындар:

4-топ: жөндеуге келмейтін дайындамалар;

5-топ: жөнделетін дайындамалар;

          Бұл өнім өнеркәсіптік өнім болғандықтан, жоғарыда 2 сұлбадағыдай тағайындалуы бойынша жіктеледі. Қалыпты қабырғалық бетон тастар 1 класс 1 топқа жатады, Себебі өнім қолану үрдісіне шығындалады, мұнда қайтпалы процес болуы мүмкін.

  • Классификациясы
  • Тастар толық денелi және қуысденелі параллелепипедтердiң тiк төртбұрыштары түрлерiнде даярланады.
  • Өнімдердегі қуыстар перпендикулярлы (тігінен) немесе параллельді (көлденең)орналаса алады
  • Тастар бүтін тас (1 ),  ұзындық бойынша жартыға бөлінген тас (2 ) және (3 ) қалқалық  тас деп жіктеледі

 

 

1 сызба.  Бүтін тас

 

 

  • сызба. Ұзындық бойынша жартыға бөлінген тас

 

 

 

3 сызба. Қалқалық  тас

 

  • Өнімнің сығуға беріктілігі бойынша: 200, 150, 125, 100, 75, 50, 35, 25 маркаларына бөлінеді.
  • Өнімнің аязға төзімділігін мынадай маркаларға бөлінеді: F15, F25, F35, F50
  • Тастар орташа тығыздығы және жылуөткізгіштік сипаттамасына қарап:  1401-1650 кг/м3 тығыздығы бойынша әсерлі және 16500 кг/м3-тен көп тығыздық бойынша –ауыр деп бөлінеді.
  • Қабырғалық бетон тастары беттік (Б) және қатардағы (Қ) параллелелепипедтік тік бұрышты болады.
    • Өлшемдері

Өнімдер өндіруші- кәсіпорын бекіткен технологиялық регламент бойынша осы стандарттың талаптарымен сәйкес өндiрiлуi керек.

  • Беттiк тастар кемiнде сығу бойынша берiктiгі   75-тен кем емес, аязға төзiмдiлiгі  25-тен кем емес маркалары  бар боялмаған немесе боялған беттiк беттермен дайындалады.
  • Бір тастың салмағы 31кг-нан аспау керек.
  • Тастың беріктілік бойынша таңбалауын оның сығу барысындағы беріктілік шегі бойынша, ал кірпіштікін оның сығу және майыстыру барысындағы
  •  беріктілік шегі бойынша бекітеді.

Қабырғалардың қалауындағы ерiтiндiсi бар бетон тастарының iлiнiсу берiктiгі:  ғимараттар құрылысы және сейсмикалық емес аудандардағы ғимараттарда 60 КПа-ден аз болмау керек, ал сейсмикалық аудандарда 120 КПа болу қажет.

  • Қуысденелі тастардың орташа тығыздығы 1650 кг/м3-тен аспау керек, ал толық денелi тастарда — 2200 кг/м3 болу қажет.
  • Қуысденелі тастың сыртқы қабырғаларының қалыңдығы  20 мм -ден аз емес болу керек.
  • Цилиндрлік қуыстың тік диаметрі және қуыс шаршының жағының өлшемі 20 мм-ден көп емес,саңылаулы қуыстың ені 16 мм-ден көп емес болу керек.
  • Көлденең қуыстың өлшемі  реттелмейді
  • Тастар үшін (беттестіруді біріктіру үшін) қима ауданы, тастарды орналасытыру ауданының 13% аспайтын қуыстар қолдануға жіберіледі.
  • Беткi тастардың бетон беттерiндегі қабыршақтар, жергiлiктi қаспақтар және бытқылдардың өлшемдерi А6 бетінің дәрежесi арналған ҚР СТ 937-92 талаптарына сәйкес келу керек. ; қабыршақтардың диаметрi — 6 мм-ден аспау керек, ал қабыршақтар, бытқылдардың тереңдiгi  және қаспақтардың биiктiгi — 3 мм-ден аспау қажет.
  • Қатардағы өнімдердің ылғалжұтымдылығы 6,0% аз емес, ал беттік өнімдерде 6,0% аз емес және 14,0% көп емес болуы тиіс.
  • Кірпіш пен тастар аязға төзімді болу қажет және суға қаныққан күйде аязға төзiмдiлiк маркасына байланысты қандай болмасын бұзылулар немесе (жарылу, қабыршақтану, бояп бiтiру, сынықтар) қиратулардың көрнекті белгiлерiнсіз  15, 25, 35 және 50-ден аз емес айнымалы  мұздатудың   циклдерi және ерiтулеріне  шыдауға  тиіс.
  • Өнімдердің табиғи радионуклидтерiнiң меншiктi тиiмдi белсендiлiгi 370 Бк/кг-нан көп болмау керек.

Өнімнің ұсынылған пішіні мен өлшемдері, сонымен қатар өнімдегі қуыстардың орналасуы   2 суретте  көрсетілген.

 

 

2 сурет.  Басып алу саңылауы  және  30  квадрат қуысы бар тас

 

2.3.4  Шартты белгіленуі

Қабырғалық бетон тас өнімдерінің шартты белгiленуi:

  • Өнім түрiнің атауы,
  • Өнім түрiнiң белгiлеулерінiң атаулары: қатардағы -Қ әрпі , беттік –Б;
  • 1-шi кестемен сәйкес өлшемнiң белгiленуі:
  • ҚТЦ- цементтің қосылысындағы қабырғалық тас;
  • ҚТӘ- әктің қосылысындағы қабырғалық тас;
  • ҚТК- күйе қосылысындағы қабырғалық тас ;
  • ҚТГ- гипс қосылысындағы қабырғалық тас
  • Бүтін тас (1 ), ұзындық бойынша жартыға бөлінген тас (2 ) және (3 ) қалқалық  тас;
  • Берiктiк және аязға төзiмдiлiк бойынша маркалар: орташа тығыздық классы және осы стандарттың белгiленуінен тұруы керек.

Мысалдары:

Беттік қабырғалық бетондық тас, цементтік тұтқырлықтағы, өлшемі 390х188 мм, маркасы 125, тығыздығы 1600 кг/м3, аязға төзімділігі F25:

ҚТЦ- 1Б 125/1600/25  ҚР СТ 945-92

Өнімдерді толық теңестiру үшiн шартты белгiлеулерге қосымша мәлiметтер ендiруге рұқсат етiледi.

Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін өнімнің шартты белгiлеуiне келісім шартта өнімнің жабдықталуын анықтап алуға рұқсат етіледі.Оның ішінде қосымша әріптік-цифрлік немесе баскқа  мәлімет қосылады.

 

 

 

1 кесте

Өнім  түрі

Түрдің белгіленуі

Тастың сығу беріктігі бойынша маркасы

Өлшемдер

Бетонның орташа тығыздығы 800-2000 кг/м3 аралығындағы  тастың анықтамалық массасы, кг

Бетон көлемі, дм3

 

Ұзындық

Ені

Қалыңдық

 

Бүтін тас

ҚТЦ -1

ҚТӘ -1

ҚТК -1

 

 

25, 35, 50, 75, 100, 125, 150, 200

390

190

188

8,3-тен  31,0-ге дейін

10,4-13,9

Ұзындық бойынша жартыға бөлінген тас

ҚТЦ -2

ҚТӘ -2

ҚТК -2

390

90

188

4,3-тен  15,0-ге дейін

5,4-6,6

Қалқалық тас

ҚТЦ -3

ҚТӘ -3

ҚТК -3

25, 35, 50

590

90

188

6,0-дан  22,0-ге дейін

7,7-10,0

Бүтін тас

ҚТЦ -1

 

ҚТГ -1А

 

 

25, 35, 50, 75

390

 

410

190

 

215

188

 

190

16,7-ден  23-ге дейін

 

20-дан  27,6-ге дейін

13,9

 

16,75

Ұзындық бойынша жартыға бөлінген тас

ҚТГ -2

390

190

188

7,9-дан  11,0-ге дейін

6,6

 

2.4  Техникалық  талаптар

2.4.1  Сыртқы түрі

  • Беттiк өнімдердің кемiнде екi беттiк қырлары болуы керек — жалпағынан және тiгiнен. Беттік қырдың түрі және түсі өндіруші мен тұтынушының келісімі бойынша орнатылады және жеткізілуге (поставка ) келiсiм шарттарында жала жабады.
  • Беттiк өнімдерде сынықтарға рұқсат етiлмейдi. Қатардағы өнімдерге жалпы ауданы 1,0 см -ден аспайтын сынықтар рұқсат етiледi.
  • Беттiк өнімдерге тұздаулар рұқсат етiлмейдi.
  • Қатардағы және беттік өнімдерде қара өзек және бетіндегі түйіскен дақтар рұқсат етіледі.
  • Партияларда партиялар көлемінің 5%-нен  асатын половняктер рұқсат етiлмейдi.
  • Беттiк тастардың беткi беттерiнiң түсi ереже бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген үлгi-эталондарына сәйкес келуi керек.
  • Тастардың беткi беттерiндегі 10 мм-ден астам өлшемдегі май  немесе басқа дақтарға рұқсат етiлмейдi.
  • Кiрпiш және тас үшiн жапсарлас қырлардың перпендикулярдан ауытқуға 3 мм-ден асуға рұқсат етiлмейдi, ал үлкен пішінді тас үшiн: кез келген қырдың ұзындығының 1,4% нен аспау қажет.
  • Бұйымдардың қырларының жазықтықтан ауытқуы 3 мм-ден көп болса рұқсат етiлмейдi.

Өнімнің аязға төзiмдiлiкке сынауынан кейiнгі бұзылулар түрлері  3 суретте  келтiрiлген.

 

 

3 сурет. Ақау түрлер

2.4.2  Таңбалау (Маркировка)

  • Өнімнің терiс жағына оны жасау процесі кезінде трафарет (мөртабан ) немесе өндіруші- кәсiпорын тауарлық таңбасының таңба баспасы  арқасында кетірілмейтін бояу жағады.
  • Таңбалауды әрбiр буып-түйетiн бiрлiктерге келтiредi.Бір буып-түйетін бірлікте жоғарыдағыдай таңбаланған 5%-тен аз емес өнім болу қажет. Таңбалау буып-түйетін орауға немесе орауға жапсырылатын этикеткаға(заттаңба) немесе ярлыкқа(жазба белгі) белгіленуі мүмкін.Таңбалау транспорттау кезіндегі бүтіндікті қамтамасыз етеді.

Таңбалауда:

  • Өндіруші-кәсіпорын атауы (және\немесе тауар таңбасы) және мекен-жай;
  • Өнімнің шартты белгіленуі;
  • Партия номері және дайындалған күні;
  • Өнімнің буып-түю бірлігіндегі саны, дана(кг);
  • Жылутехникалық тиімділік бойынша топтары;
  • Егер сертификат берiлген өнiм болса,оның жеткізілім  кезіндегі сәйкестiк белгiсi;

Таңбалауға өнімдердің жасалу әдiсі туралы мәлiмет қосыла алады.

2.4.3  Буып-түю

  • Өндіруші-кәсіпорын буып-түюге осы стандарттың талаптарына қарама-қайшы емес  және өнiмдi және оның жасап шығарушысын идентификациялауға мүмкiндiк беретiн қосымша мәліметтер қосуға құқығы болады.
  • Өндіруші-кәсіпорын әрбiр партияны (көлiктiк пакет ) ҚР СТ 937-92 сәйкес шығарып тұруы  керек.
  • Тастар түрлері және маркалар бойынша  су бұрғыштары бар тегiс алаңдарға жатқызылған штабелдерде бөлек сақталуы керек. Штабелдiң биiктiгi 2,5 м аспау қажет. Қуыс тастардың жоғарғы қатары  қуыстармен төмен жинақтайды.
  • Кiрпiш немесе тас шырша тәріздес поддонға немесе төсекке немесе қиылыспа таңғышпен ложокке(керте)жатқызылуы керек. Өнімдердің қалауын таңғышсыз буып-түю автоматты буып-түю шартында ғана рұқсат етiледi.Ол буып-түйетін бiрлiктiң сақтау кезінде бүтіндігін және транспортталуын қамтамасыз ететiн.
  • Қиылыспа таңғышпен жатқызылған өнімдер өнiмнiң бүтіндігін қамтамасыз ететiн жылу отыру немесе созылғыш қабыршақты немесе басқа материалдарда   жинақтап түюлуi керек
  • Бiр буып-түйетiн бiрлiкте бiрдей шартты белгiлеудегі өнім болуы керек.
  • Тұтынушының келісімімен өнімдердің  транспорттау кезіндегі бүтіндігін қамтамасыз ететiн буып-түю орауының басқа түрлері рұқсат етiледi.
  • Тастар сулы, ылғалды жерлерде сақталмау керек [10].

 

 

 

  • ӨнімНІҢ сапа ДӘРЕЖЕСІН анықтау

 

3.1  Сапа көрсеткіштерінің негізгі теориясы

Сапа — бұйымның сипаты мен қасиетінің жиынтығын білдіретін, яғни бұйымды анықтайтын және оны басқалардан ажырату.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға  және кәдеге жаратуға дейін.

 Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық   шаруашылықтың,   халықтық,   қорғаныстың,   экспорттың   қажеттілігі   үшін   дайындалатын  өнімдерге   үдемелі  талаптарды  анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.

  Дайындалған   өнімнің   сапасының   түпкілікті   бағалылығы   сертификат  көмегімен   жүзеге  асырылады, өнімді  бағалауды,  тиісті  сертификат беруді,  бағалау сынағының   көмегінен   кейінгі   өндірістің   жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.

 Өнімнің   сапасын   басқаруда   нормативтік   актілерді іске  асыру  сапаны  және  өнім  қауіпсіздігі  заңдылығын  қамтамасыз  етуде  тиімділік  жүйені  ұйымдастыруды   талап   етеді.  Шетелдік   және   отандық практиканы   еске  ала   отырып,  құрылған  өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың   құқықтарының   бұзылуында   құқықтарын   және   мүдделерін   қорғаудан тұрады.

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне байланысты. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет [1].

Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

Өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен);

Тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;

 Есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;

Органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;

Социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;

 Сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.

 Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады.

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:

  • сұрыптылығы;
  • маркасы;
  • жүктелімі;
  • пайдалы заттың мазмұны;
  • өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым  әр  түрлі  және  не  ол,  не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады

 

3.2 Қуысденелі  қабырғалық бетон тасы материалының сапа көрсеткіштері туралы жалпы мағлұматтар

Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы өнімнің тағайындалуына тәуелді және оның сапасының денгейін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін оның қасиетерінің мөлшерлік сапасымен анықталады. СКН бұйымды құрудың ең бастапқы сатысында -техникалық шарттарды жасау кезінде немесе жаңа бұйымды жобалау кезінде тағайындалады. Ол дайындаушы кәсіпорынмен және қолданушы-пайдалану ұйымымен сәйкес бекітіледі. Бұйымды дайындау процесінде сынау нәтижелерімен пайдалануы  бойынша анықталады.  Ол жоба сапасын бағалау үшін, дайындауда техникалық бақылау ұйымы мен бұйым сапасының инспекциялық тексеруі үшін және пайдалану үшін негіз болып табылады.

     Қуысденелі қабырғалық бетон тасының материалдар сапасының негізгі көрсеткіштері болып оның физика-химиялық көрсеткіштері — есептеу әдісі бойынша анықталатын тағайындау көрсеткіштері, яғни тәжірбиелік жолмен табылған параметрлерге тәуелділік негізі болып  табылады.

     Өнім сапасының денгейін бағалау өнім сапасын басқару жүйесінде қажетті басқару шешімдерін тағайындау үшін негіз болып табылады. Өнім сапасының деңгейі деп — базалық көрсеткіштердің сәйкес оның сапа көрсеткіштерімен салыстыруға негізделген сапасының қатысты сипаттамасы.

Қуысденелі қабырғалық бетон тасы материалының сапасының негізгі көрсеткіштері болып:

1.Берікітілігі

2.Ылғалжұтымдылық

3.Орташа тығыздығ

4.Аязға төзімділігі

  1. Жылуөткізгіштігі
  2. Табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігін анықтау

 

3.3  Қуысденелі  қабырғалық бетон тасының  материал сапасының денгейін  квалиметриялық бағалау

Өндірістік өнімдердің сапасының деңгейін бағалау кезінде диференциялық, кешендік немесе аралас әдістер қолданылады. Ол ұқсас базалық көрсеткіштері бар қарастырлып отырған бұйымның сапасының бірлік көрсеткіштерін шынайы салыстыруына  байланысты. Бұл үшін сапасының қатысты  көрсеткіштері келесі формула бойынша есептеледі: 

 

 ,                                            (3.2)

 , ,                   (3.2)

    Мұндағы: -бағаланып отырған өнімнің сапасының -ші көрсеткішінің мәні.

— -ші базалық көрсеткіштердің мәні.

 -өнім сапасының көрсеткіштер мөлшері.

  (3.1),  (3.2), формуласы ішінен қатысты көрсеткіштің өсуі өнім сапасын жоғарлатуға мүмкіндік беретін формула таңдап алу қажет.Өнім сапасының көрсеткіштерінің шекті мәндері бар кезінде қатысты көрсеткіштерді   мына формула бойынша анықталады:

 

                                    (3.2)

 

Мұндағы : -өнім сапасының i-ші көрсеткішінің шекті мәні

  Өнім сапасының денгейін дифференциалдық әдіспен бағалау нәтижесінде келесі шешімдерді қолданады:

  • Егер қатысты көрсеткіштердің барлық мәндері үлкен немесе бірге тең болса, өнім сапасының денгейі биік немесе базалық үлгінің денгейіне тең болады:
  • Егер қатысты көрсеткіштердің барлық мәні бірден төмен болса, бағаланып отырған өнімнің сапасының  денгейі базалық үлгі денгейінен төмен болады.

Қатысты көрсеткіштердің мәндерінің  бөлігі көп немесе бірге тең болған жағдайда,  ал келесі бөлігі бірден аз болғанда, бағалаудың кешенді немесе аралас әдісін қолданған жөн [1].  

Базалық көрсеткіштері ретінде, базалық үлгінің және шетелдік аналогтардың жоқ болуына байланысты. Нормативтік-техникалық құжаттама тағайындаған көрсеткіштерді пайдаланамыз. Фактілік мәндер ретінде санауды жүргізу нәтижесінде алынған мәндер пайдаланылады. Қуысденелі қабырғалық бетон тас материалның сапасының денгейін бағалау  2  кестеде көрсетілген.

2  кесте

Қуысденелі қабырғалық  бетон тас материалының сапасының көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер атауы

НҚ бойынша норма

Факті бойынша

Бетондық қоспаның ыңғайлы қалануы, см

5-9

8

Бетондық қоспаның қабаттануы,

% кем емес

а) су бөлінуі

б) қоспа бөлінуі

 

 

0-0,4

3

 

 

0,3

3

Беттонның сығуға төзімділігі 28 тәулік бойында кг\см2 кем емес

98,2

120

Аязға төзімділігі

а) аязға қатып және еруінің аралық циклдар саны

б) сығу кезіндегі төзімділігін жоғалту, % кем емес

 

8

 

 

10

 

8

 

 

Жоқ

 

Қалыпты қабырғалық  бетон тастарының нормаланған төзімділігі 3  кестеде көрсетілген .

 

3 кесте

Қуысденелі  бетон тас материалының  нормаланған төзімділігі

 

Тас маркасы    

 

Үш тастың орташа беріктілік шегі ,Мпа кг/см2

Үш тастың біреуінін кішісі

200

150

125

100

75

50

35

25

20,0 (200)

15,0 (150)

12,5 (125)

10,0 (100)

7,5 (75)

5,0 (50)

 3,5 (35)

2,5 (25)

15,0 (150)

12,5 (125)

10,0 (100)

7,5 (75)

5,0 (50)

3,5 (35)

2,8 (28)

2,0 (20)

 

 

Тастардың номиналды өлшемдерiнен ауытқулары және сырт пiшiнiнiң көрсеткiштерi  4 кесте көрcетiлген  мәннен  аспау керек.

4  кесте

Тастардың номиналды өлшемдерiнен ауытқулары және сырт пiшiнiнiң көрсеткiштерi

 

Көрсеткіш атауы

Ауытқу шектігі,мм

Қатардағы тастар

Беттік тастар

Геометриылы өлшемі, мм

— Ұзындық

— Биіктік

-Ені

 

±4

±3

±4

 

 

±4

±3

±4

Қабырғысы тіксызықтықтан жэне қырының, жазықтықтан ауытқуы, мм

6

4

Қабырға бойынша созылымдылығы 100 мм-ге дейiн және 20 мм-ге дейiнгі тереңдiктегi  сынған және қажалған қабырғалар мен бiр өнімдегі бұрыштардың саны.

3

2

Бiр немесе екi жапсарлас қабырға кесiп өтетiн сызаттары бар тастар саны, партиядан %,  көп емес

10

5

 

 Қатысты көрсеткіштерінің барлығы бірден үлкен болғандықтан бұл жүргізіліп отырған  қуысденелі қабырғалық бетон тасының сапа деңгейі НТҚ талаптарына сәйкес деңгейден төмен емес екендігін көрсетеді.

Қазіргі кезде жіберіліп отыратын өнім тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4  ӨНІМДІ СЫНАУ

 

Бақылаудың ерекше түрі дайын өнімді сынау болып табылады. Сынау бұл –бір немесе бірнеше өнім сипаттамасын физикалық, химиялық, табиғи немесе эксплуатациялық факторлар мен шарттардың әсерінен зерттеу немесе анықтау.

          Мақсаттарына байланысты сынаудың келесідей негізгі түрлері бар:

  • Алдын-ала;
  • қабылдап- өткізгіш;
  • кезеңдік;
  • типтік;
  • эксплуатациялық;
  • сертификациялы [3]

Қуысденелі қабырғалық бетон тасының берілген өнім түрінің техникалық шарттарына сәйкестігін тексеруде қабылдап өткізгіш, кезеңдік және сертификациялық сынақтар жүргізіледі.

Сертификациялық сынақтар қуысденелі қабырғалық бетон тасының ТШ-ға сәйкестігін дәлелдеу және қуысденелі қабырғалық бетон тасының  сапасын бағалау мақсатында аттестацияланған сынақ орталықтарында жүргізіледі. Сынақ нәтижесі талапқа сай болған жағдайда, өнімнің сапа көрсеткіштері және оларға жүргізілген сынақ нәтижелері көрсетілген сынақ хаттамасы дайындалады.

Нәтижелердің талаптарға сәйкес емес болған жағдайда сол топтан іріктелген көрсеткіштердің біреуіне екі еселенген сынақ жүргізіледі.

Қайталанып жүргізілген сынақтар нәтижелері соңғы болып табылады және бүкіл топқа таралады.

Қуысденелі қабырғалық бетон тасының беріктілік шегін екі әдіс: бұзылатын және бұзылмайтын әдіс арқылы анықталады. Бұзылмайтын әдістер  және бетонның беріктілік шегі  5 кестеде көрсетілген.

5 кесте

Бұзылмайтын әдістер

Әдіс атауы        

Бетонның беріктілік шегі, МПа           

Серпiмдi атып кету (отскок) және пластикалық деформация

5-50             

Екпiндi импульс                 

10-70             

Жыртып алу (отрыв)

  5-60             

Қабырғаның жарылуы

10-70

Жарылумен жыртылу

5-100       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрылғылар: В.А. Кучеренко атындағы ЦНИИСК пистолеті, ПМ құрылғысы , К.П. Кашкарова балғасы, И.А. Физделя балғасы,  т.б [8].

4 суретте  В.А. Кучеренко атындағы ЦНИИСК пистолеті көрсетілген.

 

 

4 сурет.  В.А. Кучеренко атындағы ЦНИИСК пистолеті

 

Бірақ, бұл әдіс нәтижесі дәл болмайды. Сондықтан да көп жағдайда  өнімді  бұзылатын әдіс бойынша, оның ішінде гидравликалық пресс бойынша сынайды.

Сынақ жүргізу кезеңдері және сынақ  кезіндегі жауапкершілік матирицасы төменде көрсетілген.                                                                              

6 кесте

Жауаптылық матрицасы

Ісқимыл

Жауаптылы

О

И

У

1 Келген сынақ  үлгілерін тіркеу

СЗБ

РИЛ, ОП

ОП

2 СЗ-да үлгілерді орналастыру

СЗБ

ОП

ОП

3 Сынақ жүргізілетін сапа көрсеткіштерін  анықтау

ОПС

ОП

РИЛ

4 Проверка работоспособности ИО и СИ

СЗБ

ОП

ОП

5 Үлгіні сынаққа дайындау

СЗБ

ОП

ОП

6 Әдіс бойынша сынақ жүргізу

СЗБ

РИЛ, ОП

РИЛ, ОП

7 Сынақ  хаттамасын әзірлеу

СЗБ

ОП

РИЛ, ОП

8 Сәйкестікті растау бөліміне хаттаманы жіберу

СЗБ

ОП

РИЛ, ОП

9 Жасалған сынақ бойынша жұмыс құру

СЗБ

ОП

ОП

10  Үлгіні сәйкестік растау бөліміне  жіберу

СЗБ

ОП

ОП, РОСП

11 Үлгіні тапсырыс берушіге қайтару немесе жоюға жіберу

СРБ

РИЛ

ОП

Сертификацияланбаған сынақтар жинағы

Басы

1

иә

жоқ

2

3

2

3

4

5

6

882

7

10

жоқ

11

Өнім үшін жазба

9

10

Соңы

 

иә

Сертификациялық сынақтар жинағы

 

 

 

 

 

 

2 сұлба. Сынақ жүргізу сұлбасы

 

4.1  Сынақ әдістері

        Сынау әдістері бұл —  сынаудың нақты принциптері мен әдістерін қолдану ережелері. Мұндай прициптер – физикалық, механикалық, химиялық және басқа да тәуелділіктер  болып табылады, оларды  қолдана отырып өнімнің жұмыс жағдайында оны қолдануда өнім құрамының сипаттамасы жайлы ақпаратты алады.

Сынақ әдістерінің негізгі құраушылары:

  • сынақ объектілеріне әсер ( өнім,өнім тобы үлгілері), басқарылатын және басқарылмайтын (сыртқы ортаның климатикалық факторлары);
  • сынақ объектісінің парамертлерін анықтау, өлшеу мен сапа көрсеткіштерін анықтау;
  • сынақ нәтижелері мен берілгендерін өңдеу;
  • өнім сынағының сапасының сипаттамасын бағалау;

Қабырғалық бетон тасы  үшін келесідей сынақ жүргізілетін көрсеткіштері  бар:

  • тастардың беріктілігін анықтау;
  • тастардың орташа тығыздығын анықтау;
  • тастың сыртқы бетінің түсін анықтау;
  • қабатылыққа жіберілуін анықтау;
  • ұстауға беріктілігін анықтау;
  • табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігін анықтау.

 

4.2  Қабылдау ережелері

  • Тастардың қабылдап алу бақылауы 7 кестеде көрсетілген мерзiмдер бойынша өткiзіледi.

7 кесте

 

Анықталатын параметрлер

 

Сынауларды мерзiмдiлiгі

 

Геометриялық өлшемдер мен сырты түрін  тексеру

Әр партия үшін  (іріктеулер бойынша)

Тастардың беріктілігі (марканы анықтау)

Әр партия үшін 

Тастың орташа тығыздығы

Тәулігіне бір рет

 

Жіберілетін қабаттылықты анықтау

3 тәулікте  бір рет

 

Боялған беттік тастардың түсін анықтау

Әр партия үшін 

Iлiнiсу берiктiгі

 

 

Тастың әрбiр түрi үшiн  бiр рет және әрдайым технология өзгерiсiнде сайын

 

Аязға төзімділік

Тастың әрбiр түрi үшiн 6 айда  бiр рет және әрдайым технология өзгерiсi сайын

 

 

  • Геометриялық өлшемдердiң дәлдiгi,сыртқы пiшiн, берiктiк  және тағы басқа параметрлерді iрiктеуді құрайтын жеке тастардың сынау нәтижелерi бойынша тексередi.
  • Таңдаулы бақылау 8 кестеге сай жүргізіледі.

8 кесте

Таңдаулы бақылау

 

Партия көлемі , дана       

 

Таңдау көлемі, дана

Қабылдау саны

Ақау саны

91-280

13

3

4

281-500

20

5

6

501-1200

32

7

8

1201-3200

50

10

11

3201-10000

80

14

15

10001-35000

 

125

21

22

 

 

  • Бұйымдар жасап шығарушы кәсіпорынның техникалық бақылауымен қабылдануы тиіс. Бұйымдарды партиямен қабылдайды. Партияның көлемін бір пештің тәуліктік өнімінен аспайтын мөлшерде тағайындайды.
  • Партия тұтынушысы бұйымдарды қабылдау барысында нақты келісімшарт (тапсырыс) бойынша түсірілетін бұйымдарды немесе сапа туралы бір құжатқа толтырылған бір көлік ішіндегі бұйымдарды санап алады.
  • Партия бірдей шартты белгідегі бұйымдардан тұруы тиіс.

Бұйымдардың сапасын мыналар қамтамасыз етеді:

— шикізат пен материалдарды кірістік бақылау;

— жедел өндірістік (технологиялық) бақылау.

Бұйымдардың сапасы дайын бұйымдарды қабылдау кезінде жүргізілетін

бақылаумен дәлелденеді. Қабылдау бақылауының құрамына қабылдау

кезіндегі және мерзімдік сынақтар енеді.

  • Партияның әр жерінен кездейсоқ таңдап алу әдісімен сынақ жүргізу үшін 6 кестеге сай бұйымдар (үлгілер) саны іріктеліп алынады.
  • Таңдап алынған бұйымдарды аталған стандарттың талаптарына сәйкестігіне өлшемдері, сыртқы бейнесі және пішінінің дұрыстығы бойынша тексереді, содан соң оны сынайды.

Ылғал жұтымдылығының көрсеткіштері, высолдардың болуы мен бұйымның аязға төзімділігі бойынша шикізат пен технологияның өзгерісіне қатысты мерзімдік сынақтар жүргізіледі; әк қоспаларының болуына қатысты – саз шикізат құрамындағы қосылыстардың құрамы өзгеріске ұшырағанда. Мерзімдік сынақтардың нәтижелерін келесі мерзімдік сынаққа дейін барлық жеткізілетін партия бұйымдарына таратады.

Табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігін  кіріс бақылауында кәсіпорынның, яғни шикізат материалдарын жеткізушінің сапасы туралы құжаттың мәліметтеріне сай бақылайды. Жабдықтаушы кәсіпорынның қолында табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігіне қатысты мәліметтер болмаған жағдайда осы көрсеткіш бойынша бұйымдарды аккредитациядан өткен лабораторияларда жылына бірден кем емес сынақтан өткізу керек, сонымен қатар шикізат материалдарын жеткізуші өзгерген кезде де аталған сынақ жүзеге асырылады.

Жабынның жылутехникалық сипаттамаларын өнімді өндіріске жеткізгенде, технологияны, шикізатты, материалдарды өзгерткенде анықтайды және тұтынушының тапсырысына сай жеткізеді.

  • Егер партиядан іріктеп алған бұйымдардың өлшемдері мен пішіндерінің дұрыстығына көз жеткізу кезінде бір ғана бұйым аталған стандарттың талаптарына сәйкес болмаса, онда партияны қабылдайды. Егер партиядан іріктеп алынған бұйымның екеуі аталған стандарт талаптарына сай болмаса, партияны қабылдамайды.
  • Егер бұйымдарды 7 кестеде бейнеленген көрсеткіштер (сыртқы бейненің, өлшемдердің, пішіннің дұрыстығы мен аязға төзімділігі көрсеткіштерінен өзге) бойынша сынау барысында қанағаттанарлықсыз нәтижелер алынған болса, онда осы партиядан таңдап алынған үлгілердің екі есе көп санында осы көрсеткіш бойынша қайтадан сынақтар жүргізіледі.
  • Егер қайтадан жүргізілген сынақ нәтижелері аталған стандарттың

барлық талаптарына сәйкес болса, партияны қабылдайды; егер сәйкес келмесе

партияны қабылдамайды.

  • Тұтынушы бұйымдарды сынау кезінде инспекциялық бақылау мен сертификациялық сынақтарда таңдау мен бақылау нәтижелерін бақылау әдістерін қолдана отырып, аталмыш сынақ талаптарына сай жүргізеді.
  • Екіұдай жағдайларда тексеру жұмыстарын дайындаушы кәсіпорынның өкілінің

қатысуымен жүргізеді. Бақыланатын параметрлердің тізімін тексеруге

қатысушылардың арасындағы келісімге сай тағайындайды.

Жеткізілетін бұйымдардың әрбір партиясымен қоса сапа жөніндегі құжат та болады, онда мынадай бөлімдер көрсетіледі:

— жасап шығаратын кәсіпорынның атауы мен (немесе) оның тауарлық белгісі;

— бұйымның атауы мен шартты белгісі;

— құжат нөмірі мен берілген күні;

— партия нөмірі;

— партиядағы бұйым саны (массасы), дана (кг);

— беріктілік бойынша маркасы, орта тығыздық класы, аязға төзімділік бойынша

маркасы;

— ылғал жұтымдылығы;

— жылутехникалық тиімділік тобы;

— табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі ;

— бұйымдарды жасау әдісі.

Экспорттық-импорттық операцияларда сапа жөніндегі жолдама құжаттың

мазмұны бұйымды жеткізу жөніндегі белгілі келісімшартта нақтыланады.

 

4.3  Кірпішті сығу кезіндегі беріктілік шегі анықтау

 4.3.1  Қондырғылар мен  материалдар

  • МемСТ 28840 бойынша гидравликалық пресс.
  • МемСТ 427 бойынша өлшейтін металл сызғыш.
  • МемСТ 8026 бойынша сенімдеу сызғышы.
  • МемСТ 166 бойынша штангенциркуль.
  • Нормативті-техникалық құжатқа сай қуыс бұрғы.
  • МемСТ 6613 бойынша 1,25 К торлы елеуіш.
  • Өлшемдері мм металл немесе шыны пластина. Пластиналардың жазықтықтан ауытқуы 0,1 мм аспауы тиіс.
  • МемСТ 288 бойынша қалыңдығы 5-10 мм техникалық киіз.
  • МемСТ 7338 бойынша қалыңдығы 5-10 мм желімтінді пластина.
  • Белгіленген тәртіп бойынша тағайындалған нормативті-техникалық құжат бойынша қалыңдығы 3-5 мм картон.
  • МемСТ 8273 бойынша орама қағаз.
  • МемСТ 23732 бойынша су.
  • МемСТ 8736 бойынша кварц құмы.
  • МемСТ 10178 бойынша портландцемент, минерал қоспалары бар портландцемент, 400 маркалы шлакты портландцемент.
  • МемСТ 125 бойынша Г-16 маркалы ғаныш вяжущее.

 

 

5  сурет.  Гидравликалық пресс

 

  • Сынаққа дайындық
    • Сыналатын үлгілерді партияның ішінен таңдап алады. Сығу және майыстыру кезіндегі беріктілік шегін анықтау үшін партияның мөлшері мен үлгілердің саны белгіленген тәртіпте бекітілген қабырға материалдарының сәйкес түрлеріне арналған нормативті – техникалық құжат бойынша тағайындалады.
    • Ылғал күйде алынған үлгілерді сынақ алдында ( ) температурада жабық бөлмеде 3 тәуліктен кем емес уақыт сақтайды немесе

 ( )  температурада 4 тәулік бойы кептіреді. Ғаныштан тұратын үлгілер -тан аспайтын температурада 8 тәулік бойы кептіреді.

  • Сынақ үшін таңдап алынған кірпіш, тастар мен блоктар сыртқы түрі мен өлшмдері бойынша берілген тәртіп бойынша бекітілген осы материалдарға арналған нормативті-техникалық құжаттың талаптарына сай болуы тиіс.
  • Кірпішті сығу кезіндегі беріктілік шегі қос бүтін кірпіштен немесе оның екі жартысынан тұратын үлгілерден анықтайды. Ал тастарды сығу кезіндегі беріктілік шегін тұтас таспен анықтайды. Кірпішті 4 сызбаға сай кесу немесе сындыру арқылы екіге бөледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • үлгі; 2- негізі; 3- металл пышақ; 4- тірек; 5- желім төсемдер; 6- сығымдау тақтасы

 

4 сызба. Сығымдау кезіндегі тасты орналастыру сызбасы

 

Сығу барысындағы беріктілік шегін майыстырудан соң алынған тастың жартысында анықтау рұқсат етіледі.

Тастар немесе оның жартыларын бір-бірінің үстіне төсейді. Екі жартыны бір-біріне қарама-қарсы бағыттап қояды.

  • Үлгілерді дайындау кезінде сығатын жүктеменің бағытына перпендикуляр орналасатын беттерді алдымен тегістеп алады.
  • Пластикалық қалыптағы керамикалық кірпіш пен тастан жасалған үлгілерді олардың бөліктерін біріктіріп, тірек беттерін 2 қосымшаға сай цемент ерітіндісімен тегістей отырып жасайды.

Силикатты кірпіш пен тастан және жартылай құрғақ сығымдалған керамикалық кірпіштен жасалған үлгілерді құрғақ күйде сынайды, олардың беттерін цементтік ерітіндімен тегістемейді.

4.3.2.7 Бетондық тастарды сығу кезіндегі беріктілік шегін бүтін таспен анықтайды. Үлгілердің тірек беттерін цементтік ерітіндімен тегістейді, егер олардың жазықтықтан ауытқуы 0,3 мм-ден асатын болса.

  • Тау жыныстары мен табиғи тас блоктарынан жасалған тастарды

беріктілік шегін берілген тәртіпте осы аталған қабырғалық материалдарға арналған нормативті-техникалық құжатта өлшемдері көрсетілген үлгілерден анықтайды. Үлгілердің тірек беттерін өңдеп немесе цементтік ерітіндімен тегістейді. Тегістелген беттердің жазықтықтан ауытқуы 0,1 мм-ден аспауы керек.

4.3.2.9 Керамикалық кірпіш пен пласткалық қалыптағы тастарды сығу кезінде тірек беттерін өңдеу, ғаныш ерітіндісімен немесе техникалық жүннен жасалынған төсемдерді, желімтінді пластиналарды, картон және өзге материалдарды қолдана отырып үлгілерді жасауға рұқсат етіледі.

Ғаныш ерітіндісін қолдана отырып жасалынған үлгілерді қарпудан соң 2 сағат өткен соң сынайды. Ерітінді қабатының қалыңдығы 5 мм-ден аспауы керек, су-ғаныш қатынасы 0,32-0,35 болуы керек.

Тұтынушы тексерген кезде, сонымен қатар сараптық тексеру кезінде кірпіш пен пластикалық қалыптағы тастарды сығу барысындағы беріктілік шегін анықтау үшін үлгілерді  4.3.2.6 бөлімге сай дайындайды.

  • Керамикалық және силикатты кірпішті майыстыру кезіндегі беріктілік

шегін бүтін кірпіштен анықтайды.

Жүктемені беру және тірек ету орындарында пластикалық қалыптағы кірпіштің бетін цементтік немесе ғаныш ерітіндісімен, өңдеу арқылы тегістейді немесе 4.3.2.9 бөлімге сай төсемдеп қолданады. Кеуекті қуыстары бар кірпішті тіреуіштерге қуыстар үлгінің созылған бөлігінде орналасатындай етіп бекітеді.

Жартылай құрғақ сығымдалған силикатты кірпіш пен керамикалық кірпішті ерітінді мен төсемдерсіз майыстыруға сынайды.

 

 

 

6 сурет. Сыналатын үлгілер

 

4.4  Сынақты жүргізу

4.4.1 Үлгілерді 1 мм дейінгі қателікпен өлшейді. Үлгінің әрбір сызықты өлшемін үлгінің бетіндегі қарама – қарсы орналасқан орташа қос сызықты өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықтайды.

Цилиндрдің диаметрін төрт өлшеу нәтижелерінің орта арифметикалық мәні ретінде анықтайды: әрбір жақтауда өзара перпендикуляр бағыттар бойынша.

  • Үлгілерді сығуға сынау

Үлгінің қырларындағы беттеріне тік осьтік сызықтар жүргізіледі. Үлгіні сығымдау тақтасының ортасына орналастырады, оған қоса үлгі мен тақтаның геометриялық осьтерін өзара үйлестіреді және сығымдаудың үстіңгі тақтасымен жабыстырады.

Үлгіге түсірілген жүктеме жылдамдығы бойынша үздіксіз және біртекті артып отыруы тиіс, аталған жылдамдық мәні сынақ басталған соң 20-60 с кейін үлгінің бұзылуын қамтамасыз етеді.

 4.4.2.1 Үлгінің сығу кезіндегі беріктілік шегін , МПа (кг/см ) мына өрнектен анықтайды:

,

Мұндағы P- үлгіні сынау кезіндегі ең үлкен жүктеме, МН (кгс);

F- үлгінің көлденең қимасының ауданы, үлгінің жоғарғы және төменгі беттерінің аудандарының орташа арифметикалық шамасы ретінде есептеледі,

м , (см ).

Қалыңдығы 88 мм екі бүтін кірпіштен немесе екі жартысынан жасалған үлгілерді сығу кезіндегі беріктілік шегін есептеу барысында сынақ нәтижелерін 1,2 коэффициентіне көбейтеді.

Табиғи тастан жасалған куб және цилиндр үлгілерді сығу кезіндегі беріктілік шегін есептеу үшін сынақ нәтижелерін 9 кестеде көрсетілген коэффициентке көбейтеді.

9  кесте

 

Кубтың қабырғасының немесе цилиндрдің диаметрінің d және биіктігінің h өлшемі (d=h), мм

Үлгілер үшін коэффициент

Куб

Цилиндр

200

150

100

70

40-тан 50-ге дейін

1,05

1,00

0,95

0,85

0,75

1,05

1,02

0,91

0,81

 

 

Керамикалық кірпіш пен пластикалық қалыптағы тастардан 4.3.2.9 бөліміне  сай жасалған үлгілерді  сығу кезіндегі беріктілік шегін есептеу кезінде сынақ нәтижелерін 1 қосымшаға  сай есептеп табылған коэффициентке көбейтеді.

Партия құрамындағы үлгілерді сығу кезіндегі беріктілік шегін 0,1 МПа дәлдікпен анықтайды (1 кгс/см ), оны берілген үлгілердің сынау нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықтайды.

4.4.3  Үлгілерді майыстыруға сынау

Үлгіні сығымдау құралының қос тіректік бөліміне орналастырады. Жүктемені ортасынан беріп, әрі қарай үлгінің барша ені бойымен сызбаға сай біркелкі етіп таратады. Үлгіге түсірілген жүктеме жылдамдыққа сай үздіксіз артып отыруы тиіс, аталмыш жылдамдық мәні сынақ басталған соң оның 20-60 с бұзылуын қамтамасыз етеді.

 

 

5 сызба. Кірпішті майыстыруға сынау сызбасы

 

 4.4.3.1  Майыстыру кезіндегі беріктілік шегі , МПа (кгс/см ) мына өрнектен анықталады:

,

Мұндағы P- үлгіні сынау кезіндегі ең үлкен жүктеме, МН (кгс);

                l- тірек өстерінің арасындағы қашықтық, м (см); 

                b- үлгінің ені, м (см);

                h- үлгінің биіктігі, м (см).

 

Партиядағы үлгілерді майыстыру кезіндегі беріктілік шегін берілген үлгілердің тағайындалған сынақ нәтижелерінің орта арифметикалық мәні ретінде 0,05 МПа дәлдікпен анықтайды (0,5 кгс/см ).

Партиядағы үлгілердің беріктілік шегін есептеу кезінде беріктілік шектері барлық үлгілердің беріктілік шектерінің орта мәнінен 50%-ға ауытқитын үлгілерді алмайды.

 

 

1 қосымша

Сығу кезіндегі беріктілік шегін анықтау үшін керамикалық кірпіш пен пластикалық қалыптағы тастан жасалған үлгілерді дайындау

Қос кірпіштен немесе оның екі жартысынан құралған үлгілер мынадай жүйеде жасалады.

Массалары бойынша бірдей 400 маркалы цемент бөліктері мен құмнан құралған ерітіндіні дайындайды, аталмыш құм №1,25 (В/Ц=0,40-0,42) торлы елеуіштен еленіп алынған. Кірпіштер немесе олардың жарты бөліктерін толығымен суға 1 минут уақытқа батырады. Содан соң көлденең орналасқан пластинаға қағаз парағын, қалыңдығы 5 мм аспайтын ерітінді қабатын және бірінші кірпішті немесе оның жартысын орналастырады, содан соң ерітінді мен екінші кірпішті немесе оның жартысын орналастырады.

Ерітіндінің қалдығын жойып, қағаздың шетін үлгінің жақтаулық беттеріне қайырып, бүктейді. Осындай күйде үлгіні 30 мин бойы ұстап отырады.

Содан соң үлгіні аударып, осындай тәртіппен үлгінің екінші бетін тегістейді.

Тегістелген тіректік беттердің параллельділіктен ауытқуы 2 мм аспауы керек, оны үлгінің кез келген екі биіктігінің максимал айырымымен анықтайды.

Тастан үлгіні осы жүйеде жасайды, осылайша тірек беттерін тегістейді.

Үлгіні бөлмеде ( )  температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-80% жағдайда ұстайды.

 2 қосымша

4.3.2.9 бөлімге сай жасалған үлгілерді сығу барысындағы беріктілік шегінен 4.3.2.6 бөлім бойынша дайындалған үлгілерді сығу кезіндегі беріктілік шегіне өту коэффициентін анықтау

 

Коэффициентті анықтау үшін кірпіштің немесе пластикалық қалыптағы тастардың партиясынан таңдап алынған үлгілерді сынайды. Әрбір партиядан 4.3.2.6 сай дайындалған бес үлгіні және 4.3.2.9 сай дайындалған дәл осындай үлгілер сыналады.

К коэффициентін мына өрнектен анықтайды:

 

,

Мұндағы  кірпіштің немесе тастың он партиясынан таңдап алынған және 4.3.2.6 сай дайындалған үлгілерді сығу барысындағы беріктілік шегі, аталмыш шама 50 үлгіні сынау нәтижелерінің орта арифметикалық мәні,  (кгс/см );  кірпіштің немесе тастың он партиясынан таңдап алынған және 4.3.2.9 сай дайындалған үлгілерді сығу барысындағы беріктілік шегі, аталмыш шама 50 үлгіні сынау нәтижелерінің орта арифметикалық мәні,  (кгс/см ).

Коэффициентті технология өзгерген жағдайда анықтайды, бірақ, жылына бір реттен кем емес [11].

 

 

7 сурет.  Гидравликалық престегі жүктің уақытқа тәуелділік графигі

10 кесте

Қуысденелі қабырғалық  бетон тас материалының  сынақ нәтижелері

 

Көрсеткіш атауы

НҚ бойынша норма

Факті бойынша

Геометриялық өлшемі, мм

— Ұзындық

— Ені

-Биіктік

 

390±4

190±3

188±3

 

 

390

190-194

187-192

Қуысденелі тастардың сыртқы қабырғаларның қалыңдығы,кем болмау керек,мм

20

30

 

Қуысденелі тастардың орташа тығыздығы,көп емес,кг⁄м 3

1650

1420

Сығуға беріктілік , МПа, көп емес

Орт. 2,5    Мин.1,5

3,0            2,35

Бір тастың массасы, көп емес,кг

31

18-19

Аязға төзімділік

F-15

F-15

Қабырғысының тіксызықтықтан және қырының жазықтықтан ауытқуы, мм

6

0-2

 

Сол себепті оган сәйкестік сертификатын беруге болады

5  СЕРТИФИКАТТАУ

 

Қазақстан Республикасының территорясында өнімнің сәйкестігін растау (сертификаттау) «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі және де міндетті немесе ерікті болып екіге бөлінеді.

Сертификаттау – сәйкестікті растау бойынша орган өнімнің, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын процедура.

Сәйкестік сертификаты – өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламентте, стандарттар ережелерінде немесе өзге құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестікті өз еркімен растау — өнімнің, қызмет көрсетудің, процестердің стандартқа, өзге құжаттарға немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау үшін өндірушінің (орындаушының) немесе сатушының бастамасымен жүзеге асырылатын процедура.

Сәйкестікті міндетті растау – өнімнің белгіленген техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын процедура.

СТ-1 шығу тегі сертификаты  — өнімнің белгілі бір елде әзірленгенін немесе жеткілікті дәрежеде қайта өңделгенін растайтын құжат. Кеденде (контрагентке) өнімді өткізу кезінде талап етіледі.

СТ-KZ шығу тегі сертификаты  — өнімнің Қазақстан Республикасында толығымен шығарылғанын немесе жеткілікті дәрежеде өңделгенін/қайта өңделгенін растайтын құжат. Сондай-ақ онда тауардың қазақстандық мазмұны бейнеленеді.

Сәйкестік туралы декларацияны, егер, ол техникалық регламентте қарастырылған болса, сәйкестігі міндетті растауға жататын өнімге, сонымен қатар ерікті түрде сәйкестігін міндетті растауға жатпайтын кез келген өнімге қатынаста өндіруші (орындаушы) ресімдейді [2].

 

Сәйкестікті растау және тауардың шығу тегін сараптау бойынша бөлім «ҰлтССО» АҚ үйлестіру, талдау және мониторинг басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызмет көрсетулердің барлығы дерлік енеді, ал нақты айтсақ:

  • ауыл шаруашылығы өндірісі және тамақ өнеркәсібінің өнімдері;
  • парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
  • жеңіл өнеркәсіп өнімдері;
  • құрылыс материалдары;
  • буып-түйетін заттар;
  • халық тұтынатын тауарлар;
  • тұрмыстық химия тауарлары;
  • электротехникалық, радиотехникалық, электронды бұйымдар;
  • металлургиялық өнеркәсіп өнімдері;
  • газ,мұнай химиясы өнімдері;
  • қызмет көрсетулер (қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, туристік, техникалық қызмет көрсету және автокөлік құралдарын жөндеу, мұнай өнімдері базалары және ЖҚС, химиялық тазарту); [5]

 

5.1  Сертификаттау жүргізудің тәртібі

  • сертификаттауға өтінім беру және қарау;
  • өтінім бойынша шешім қабылдау, соның ішінде сұлбаны таңдау;
  • сертификаттау бойынша жұмыс жүргізуге келісім жасау;
  • үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;
  • өндірісті бағалау (егер бұл сертификаттау сызбасында қарастырылған болса)
  • алынған нәтижелерді талдау және Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;
  • мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіміне Сертификатты тіркеу;
  • Сертификат беру;
  • сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау сызбасында қарастырылған болса);
  • Сертификаттау нәтижесі туралы ақпарат ұсыну.

 

5.2  Сертификаттаудың сұлбалары

Сертификаттау сұлбасы объектiнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн осы жұмысты жүргiзудiң нақты кезеңдерiн (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, нормативтiк және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсiлдерi.

Сертификаттаудың 10 сұлбалары бар:

  • 1-6 және 10 сұлбалары өнім топтамалы шығарылғанда қолданылады;
  • 7, 8, 9 сұлбалары шығарылып қойылған өнімді сертификаттауға қолданылады.

Алынған схема түрлеріне байланысты үлгіні сынаумен қатар өндіріс жағдайын талдау (2, 3, 4, 10 сұлбаларда), сапа менеджменті жүйесін сертификаттау (5, 6 сұлбаларында) жүргізіледі

Өнімді 9 және 10 сұлбаларымен сертификаттау кезінде сәйкестік туралы өтініші қарастырылады.

 № 1 сұлба — бұл тауар өндiрiсiнiң шарасы бойынша жеке партиялардың уақытының ептеген аралықтарына орнатуға жоспарлайтын (өнiм немесе бұйым) тауардың iске асыруының көлемi алдын ала шектелiп ескертiлген жағдайда қолданылатын сұлба. Отандық тауар сонымен бiрге шығарылымның көлемi шектелген күйiнде бiрiншi схема, ал импорттық тауарларға қысқа мерзiмдi шарттар бойынша куәлiк бередi.

№ 2 сұлба — Қазақстанға бағытталған партиялардан таңдайтын, сонымен бiрге ұзақ мерзiмдi шарттардың импорттық өнiмнiң қатынас тауар үлгiлерiнде сөзсiз инспекцияның бақылауының орындауымен шарттарға сериялы тауардың жүйелi жабдықтауларын сертификацияның жанында әр түрлi табыспен қолданылады.

№ 3 сұлбасы  тауардың сериялы өндiрiсi жайғасып және тұрақты жұмыс iстесе алмастырылмайды.

№ 4 сұлбасы  сериялы өндiрiстiң тауарларына инспекцияның қатты және тұрақты бақылауы керек болса қолданылады

№ 5 және № 6 сетификаттау сұлбалары  тауарлардың куәлiк беруi үшiн қолданады. Егер:

  • iрiктеулер және сынауларды өткiзу үшiн көлемі жетіспеген жағдайда және бұл шығарылатын материалдардың нақты бағасына  кері әсер ететін болса;
  • шығарылатын тауарлардың мiнездемелерiнiң тұрақтылығына маңызды талаптары бар болса;
  • жасау процессі (технология ) сыртқы факторларға өте сезімтал болса;
  • тауарды тұтынушы(сатып алушы )құрастыруынан кейiн сынап көруге болатын жағдайда;
  • тауардың(өнiм немесе бұйым) түрлендiруi жиi өзгеретін болса;
  • тауар(өнiм немесе бұйым)жарамдылық мерзімі арнайы лабораторияларда сынау өткiзетiн мерзiмнен едәуiр аз болған жағдайда;

Сұлбалар қолдануда сөзсiз шарт № 6 барып тұр, атап айтқанда — бар болу мұндай (өнiм ) тауарлардың түрiнiң сертификациясының жанында қолданылатын белгi қойылған талаптардың сәйкестiкке барлық параметрлерiн бақылауға қатысатын сынауларды жүйенiң өндiрушiсiнде.

Бұл тексеру актi және сапа жүйесiн бағалау бойынша  расталу керек.

Бұл сұлбаны (жасап шығарушы емес) жабдықтаушының импорттық тауарларына куәлік бергенде қолданылады.

Егер куәлiк берiлетiн параметрлер және олардың мәндерiнiң номенклатурасы ҚР-ның нормативтiк құжаттарындағы талаптарымен дәл келсе, онда жабдықтаушының  мiндетті түрде өз сапа жүйесiне тиiстi сертификаты болу қажет.

№ 7 және № 8 сұлбалар- (өнiм ) тауардың жасалуы немесе iске асырылуы (жеке партиялар және бұйым) бiр жолғы сипаты болса қолданылады.

№ 9 және № 10 — бекiтiлген талаптарға (өнiм ) тауарлардың сәйкестiктерiн растайтын қосымша тiркелген құжаттары бар сәйкестiк туралы декларациялар бар болғанда қолданылады. Осы декларацияда өндiрушi танылған өкіл ретінде(сатушы ) тауардың (өнiм, бұйым)  барлық қойылған талаптарға сәйкес келетiнін  барлық жауапкершiлiкпен көрсетеді.  Бұл құжатқа (сатушы ) фирма-өндiрушi жетекшiсі қол қояды, барлық қажеттi құжаттарды қоса тiркейдi және сертификаттау органына iлеспе хатпен бiрге жiбередi. Алынған құжаттарды сертификаттаумен айналысатын ұйым қарайды.Және де қажет болған жағдайда орган қосымша мәлiмет және материалдарды сұратады.(мысалы, сатып алушылардың шағымын). Тауар үлгiлерi(өнiм немесе бұйым)  мұқият тексеріледi. Егер тауар барлық айтылған параметрлерге сәйкес келсе, онда сәйкестiк сертификаттарын артық кешіктірусіз беріледi.

Ең басты  шарт 9 және 10а-шы сұлбаларды қолданар алдында арыз берушіде  белгiлі қойылған талаптарға (өнiм, бұйым) тауардың сәйкестiгiн растайтын барлық құжаттар тізімі болу қажет. Егер  қандай болмасын бір құжат жоқ болатын болса , онда арыз беруші басқа сертификаттау сұлбасы бойынша (өнiмдi ) тауарын сертификаттауға беруге мүмкiндiгi бар.

Бұл сертификаттау сұлбаларының түрлерiн  шағын кәсiпкерлiк субъекттерiнiң (өнiм, бұйымдар) тауарлары үшiн және  әр түрлi партиялармен аз көлемде  Отандық өндiрiсте де, шетелде де шығарылатын тауарлар үшiн қолданылады [3].

 

5.3  Сертификаттың СТ KZ және А, СТ-1 формаларын дайындау

5.3.1  Өнімнің шығу тегі туралы сертификатын СТ KZ формасын дайындау үшін мына төмендегілер қажет:

1.Өтініштің белгіленген түрін:

— «ҰлтССО» АҚ бас директорның атына (үлгісін алу)

— Алматы қаласы бойынша Техникалық реттеу мен метрология комитетінің Департамент директорының атына (үлгісін алу)

— Алматы облысы бойынша Техникалық реттеу мен метрология комитетінің Департамент директорының атына (өтінушінің ұйымы Алматы облысында болған жағдайда) (үлгісін алу)

2.Қажетті құжаттарды беру (тізмін алу)

  1. «ҰлтССО» АҚ келісім-шартқа отыру (үлгісін алу)

 

5.3.2 Тауардың шығу тегі туралы сертификатты форма А, СТ-1, Түпнұсқа алу үшін мына төмендегілер қажет:

  1. Өтініштің белгіленген түрін:

— «ҰлтССО» АҚ бас директорның атына (үлгісін алу)

— Алматы қаласы СӨП Президиумы төрағасының атына (үлгісін алу)

  1. Қажетті құжаттарды беру(тізмін алу)
  2. «ҰлтССО» АҚ келісім-шартқа отыру (үлгісін алу) [9]

 

5.4  СЭҚ ТН және ЭҚТ ӨЖ кодтары

Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын сәйкестендiру ҚР МЖ 04-2003 өнiм жiктеуiшi бойынша, жинақтығында тану үшiн жеткiлiктi болатын таңбалау мен iлеспе құжаттар бойынша, белгiлерi, параметрлерi, көрсеткiштерi мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) кодтарын және Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктеуiшi (ЭҚТ ӨЖ) кодтары бойынша оларға сәйкес келетiн кодтарды пайдалану арқылы жүргiзiледi

        СЭҚ ТН коды

Комерциялық тауарды жүргізу маңызды есептерінің бірі болып тауарлардың ғылыми жіктелуі болып табылады. Жіктеу-көптеген объектілерді жеке кластарға жүйелі бөлінуі, топтар мен басқаларды ортақ белгі деңгейлеріне қарап бөледі. Жіктеусіз тауар жүргізу ғылымы мен сауда тәжірибесінің дамуы мүмкін емес. Тауарларды жіктеуде түрлі саладағы өнім жайлы автоматтандырылған мәліметтерді өңдеу мақсатында тұтынушылық құрам мен өнім сапасын, тауар айналымын жоспарлау мен есептеуде, прейскуранттар мен каталогтарды құруда, тауарларды стандарттау жүйесін дамыту қажет. Тауарларды қоймаға орнату жіктеуге сәйкес жүргізіледі. Жіктеу өнімдерді сертификаттауды талап етіледі.

  Сауда қатынастарына көшу шарттарында өнімді жіктеу маркетингтік зерттеулер жүргізуде маңызды. Жіктеу өндірістің жіктеулік талдауына, өнімді макроэкономикалық, жергілікті және салалы деңгейлерде іске асыру мен қолдануда қажет.

Классификация үшiн қолданылатын негiзгi белгiлер:

1 ) тауардың жасалынған материалы

2 ) тауар орындайтын функциялар

3 )  өңдеу(жасау ) дәрежесі

 

СЭҚ ТН коды бойынша тауарлардың негiзгi өлшем  бiрлiгi -массасы,кг. Тауарлардың кодын дәл анықтау үшiн СЭҚ ТН кодының  үш құрама бөлiгiн қолдану керек:

а) номенклатуралық бөлiк

б)бөлiмдерге және топтарға ескерту

в) интерпретацияның негiзгi ережелерi

 

          Қазіргі заманғы жағдайларда өнімдерді жіктеу келесі талаптарға жауап беруі қажет:

— өндірілетін өнімнің барлық түрлерін толық қамтуын қамтамасыздандыруды;

— жіктеудің иілгіштігін қамтамасыздандырып өнімдер тізімдемесіне қажет болған жағдайда жіктеудің жалпы жүйесін бұзбай жаңа атаулар енгізе отырып, болашақта мүмкін болатын тауар түрі мен номенклатурасының өзгерістерін есепке алу;

— тауар құрамын тұтынушылық құндылықтар ретінде жан-жақты зерттеуге ықпал етуі;

— тауар-қозғалысының барлық жолында тауар қызметін жоғарылатуа бағыттау;

— тауарларды кодтау принципімен тауардың қысқа шифрның пайда болуына ықпал ету.

  Тауар жіктеуі иерархиялық сұлба бойынша құрылады-ортақ белгіден кішірекке қарай. Әрбір келесі буын алдынғы тұрған буынды нақтылауы тиіс. Жіктеуді маңызды сұрағы- белгіні дұрыс таңдау сол бойынша тауар белгілі топқа жатқызылады.

  Өнім жіктеудің негізгі белгілері:

— Өнімді өндірудің технологиялық үрдістерінің бірегейлігі. Мұндайда бір жіктеулік топқа сыртқы түрімен тағайындалуы бойынша жатқызуға болады;

— Тауарларды қолдану бағыты. Бұл белгі бойынша олар өндірістік -техникалық тағайындалуы мен кең қолданыс тауарларына жіктеледі.

  Жіктеу жүйелері кластар санымен  ажыратылады. Сатылы жіктеудің бір, екі, үш және көбірек түрі бар. Кластар саны тауар номенклатурасына тәуелді номенклатурасының өсуіне кластардың саны өседі.

  Жіктеу жүйесін өңдеу әрбір тауарға номенклатуралық номер қоюымен жүргізіледі. Код саны әрбір класс белгіленетін қабылданған жіктеу жүйесі мен сан жүйесіне тәуелді. Тауардың номенклатуралық номерін оңай түсініп, оның қай класқа жататынын шифрлап ала-алатындай құру қажет.

  Өндірістік тауарлардың негізгі бөлігі сауда тәжірибесінде келесі тауар топтарына жіктеледі: пластмасс өнімдері, тұрмыстық химия тауарлары, шынылық керамикалық, құрылыстық, жиһаздық, металтұрмыстық, электротауарлары, тұрмыстық электромашиналары мен құралдар, текстилді, тігінді, трикотажды, аяқ-киім, терілік пен галантериялық, парфюмериялы-косметикалық, зергерлік тауарлар мен сағаттар, мәдени-тұрмыстық тағайындалу тауарлары.

  Қабырғалық бетон тастарының СЭҚ ТН  коды 6810 деп белгіленген.

ЭҚТ ӨЖ коды

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің осы жіктегіші (бұдан әрі ЭҚТ ӨЖ ) жіктеу тәртібін және қызмет түрлері бойынша кодтау,өнімдердің кодтарын анықтайды.

Осы жіктегіштің объектілері (жіктелетін көпшілік элементтерімен) экономикалық қызмет түрлерінің  ортақ  жіктегіштерімен қарастырылған, тасымалдағыш және тасымалдамайтын тауар және қызметтердің барлық түрлері болып табылады.

Жіктегіш олардың өнеркәсіптік әзірлемесінде негізделген, тауар және қызметтердің кодтарын қалыптастыру принциптерін анықтайды және экономика саласындағы тұтынуға байланысты ұлттық деңгейде оларды кеңейту және қосу мүмкіндігін ұсынады.

Осы жіктегішпен  қарастырылған кодтар  бірыңғай алты таңбалы кодта өзара  байланысқан жіктегіштердің кодтарын біріктіреді: экономикалық қызмет түрлері (ЭҚОЖ –4таңба) және өнімдері  (тағы 2 таңба қосылады), аралас ауыл шаруашылық, балық аулау және аквамәдениет,жиһаз, құрылыс, бөлшек сауда сыныптарынан басқа.

Осы  принциптерге сәйкес әрбір тауар немесе  қызметтер оларды өндіру үшін сипатты болып табылатын, қызмет түрлері бойынша жіктеледі(ұсыну)

 

Жіктегіш құрылымы екі блоктан тұрады;

  • Бірдейлендіру
  • Атауы

Бірдейлендіру блогы әріптік сандық кодты қолданумен кодтаудың дәйекті жүйесіне және жіктеудің иерархиялық жүйесіне ие.

Жіктегіштің құрама топтамалары латын әліппесінің бір әрпіме белгіленген және жіктегіштің бөлімдерін құрайды. Әріпті белгілер ЭҚОЖ  сияқты жіктегіш кодының бөлігі болып табылмайды.

Кодтау үшін екінші және үшінші, төртінші және бесінші  таңбалардың арасындағы нүктелермен алты сандық ондық таңбалар қолданылады. Кодтау көп деңгейлі жүйені білдіреді, әрбір  деңгей мағынаға ие, элементтердің саны және коды, оның ішінде:

Бірінші деңгей жіктегіш  бөлімдерін анықтайды және  алфавитті кодты білдіретін, тақырыптардан тұрады;

Екінші деңгей жіктегіш  бөлімдерін анықтайды және  екі таңбалы сандық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады;

Үшінші деңгей өнім топтарын анықтайды және үш таңбалы сандық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады;

Төртінші деңгей  өнім топтарын анықтайды және төрт таңбалы сандық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады;

Бесінші деңгей өнім топтарын анықтайды және бес таңбалы сандық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады;

Алтыншы  деңгей өнім топтарын анықтайды және алты таңбалы сандық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады;

Код құрылымы формуласының түрі :

ХХ.ХХ.ХХ, мұндағы

ХХ                                  бөлім

ХХ.Х                                 топ

ХХ.ХХ                              сынып

ХХ.ХХ.Х                        түр

ХХ.ХХ.ХХ                        түр тармағы

 ЭҚТӨЖ бірінші төрт деңгейі үшін кодтау принциптері, аралас ауыл шаруашылық, балық аулау және аквамәдениет, жиһаз, құрылыс, бөлшек сауда сыныптарынан басқа, ЭҚЖС кодтау принциптерімен сәйкес  болып келеді. Бесінші таңбаны кодтаудың  бес таңбалы кодында  бір немесе одан да  көп түрлерді білдіргеніне қарамастан, әрқашан «1»   санынан басталады. Алтыншы таңбаны кодтаудың алты  таңбаны кодында егер осы түрінде тек қана бір түр тармағы болса, «0» санынан, егер олар бірнешеу болса, « 1»санынан басталады.

Сандық дәрежелер көрсетілген кодтарда, ол келесі  реттік сан болып табылмаса да, нақты тауарлар бес таңбалы деңгейде «9» санымен белгіленген кездегі жағдайлардан  басқа, тура бір ізділікпен нөмірленеді.

Бұл ерекшеліктер өнеркәсіптік қызметтерге қатысты болады егер олар  өндірістік қызметтің сипатты   нәтижелері болып табылады, бірақ негізгі өнімнің жалғыз түрін көрсетпесе.Осылайша, мысалы, жөндеу және жинақтау қызметтері түрлердің деңгейінде әрқашан «9» санымен кодталады.

Мысалдар

1 01.11  сыныбы  01.11.1-01.11.9 түр тармақтарын құрайды, онда  9 саны бесінші  таңбады келесі реттік сан болып табылады.

2 10.13 сыныбы 10.13.1; 10.13.9  түр тармақтарын құрайды, онда 9 саны бесінші таңбада ережелерден жоғарыда келтірілген ерекшеліктерге бағыттайды.

 

Жіктегіш құру үлгісі

С бөлімі                             Өңделетін өнеркәсіп өнімі

10 бөлім                            Азық түлік өнімдері

10.1 топ                              Ет және етті консервілі өнімдер

10.11 сынып                      Қайта өңделген және кнсервіленген ет

10.11.1 түр                         Мүйізді ірі қара

10.11.11 түр тармағы        Жас немесе салқындатылған сиыр және бұзау еті

 Қажет болған кезде, жіктегіш топтамалары алтыншы белгіден кейін қосымша таңбаларды енгізу жолымен кеңейтіле алады, мысалы, 7-,8-,9-таңбалар өнімді бұдан әрі жіктеу үшін қолданыла алады. Сонымен қатар кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі бойынша өнімді жіктеу үшін өнімді В және С секциясы бойынша ғана жіктейтін, өнімнің Еуропалық статистикасының  (PRODCOM) өнімдер тізімінің сегіз белгілі топтамалары қолданылады (Кен  өндіру және өңдеу өнеркәсібі)

 

23.69               Гипстен, бетоннан немесе цементтен жасалған басқа бұйымдар

23.69.1            Гипстен, бетоннан немесе цементтен жасалған басқа бұйымдар

23.69.11      Басқа топтарға енгізілмеген гипстен жасалған бұйымдар немесе гипс негізіндегі қоспалар

23.69.19      Құрылыстан тыс мақсаттарға қолданылатын цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған бұйымдар

Осы принцип бойынша өнімнің салалық номенклатурасын құруға болады [12].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жалпы дипломдық жұмысты қорытындылай келе, қуысденелі қабырғалық бетон тасының  сапа деңгейін жоғарлаттық, ол тұтынушы талаптарына сай болып  шықты.

Қуысденелі қабырғалық бетон тасының дайын  өнім сапасын анықтау, сертификаттау, нормативті құжаттары, тағы да басқа бөлімдері қарастырылып анықталды. Қуысденелі қабырғалық бетон тасының сапасын жоғарлатқанда ол  тек ғана өзіміздің нарыққа ғана емес экспертқа шығару талаптары  қарастырылған.

Осыдан біздің экономикалық  жағдайға  ғана емес әлеументтік және мемлекет аралық қарым- қатынастарға ерекше ықпал жүргізеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Кітаптар мен монографиялар:

  1. Мырзабай М.М., Ивлева О.Г. и др. Основы стандартизаций, метрологий, сертификаций и менеджмента качества.- Алматы: «Казахстанская ассосация маркетинга», 2003.
  2. А.Г. Сергеев, М.В Латышев. Сертификация. -Москва: «Логос», 2000.
  3. В.Н. Фомин. «Сертификация продукции: принципы и их реализация », 1997

 

Интернет-сілтемелер:

  1. 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама

                          http://www.zakon-online.com/Admin/login.aspx?doc_id=2745377

  1. Национальный центр экспертизы и сертификации

                                http://www.naceks.kz

  1. Камень стеновой пустотелый

                                http://www.beltorgmash.com/p-kamst.htm

  1. Прочность бетона

http://www.zlx.ru/prochnost_betona.htm

  1. Методика и техника для контроля прочности бетонов и других искусственных каменных материалов http://www.gsi.ru/art.php?id=87
  2. Бюро по сертификации

http://abc-cert.kz/proishozhdenie_tovarov

 

 

Нормативтік-құқықтық актілер:

  1. ҚР СТ 945-92 Қабырғалық бетондық тас. Техникалық шарттары    
  2. МемСТ 8462-85 Қабырғалық материалдар. Сығу және майыстыру барысындағы беріктілік шегін анықтау әдістері
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші 04-2008