АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диплом: Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.. 3

 

І ТАРАУ. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 7

1.1. Жастар – әлеуметтік-демографияльқ топ. 7

1.2. Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық негіздері 12

1.3. Әлеуметтік жұмыс саласында тәжірибе мен әлеуметтік жобалауды ұйымдастыру әдістемесі 15

 

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ… 20

2.1. Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі 20

2.2. Өтпелі кезеңдегі жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы.. 30

2.3. Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселенің көріну деңгейі 42

2.4. Жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен механизмдері 50

 

ІІІ ТАРАУ. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ… 55

3.1.  Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы.. 55

ҚОРЫТЫНДЫ… 59

 

СІЛТЕМЕЛЕР. 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 64

ҚОСЫМШАЛАР. 66

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.

Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи дамуының бірден-бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса, кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек айқындауды талап етеді. Шын мәнінде, әлемдік жаһандану процесінің үдей түсуі қазақ үшін зұлматқа айналып, төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды тығырыққа тіремейтініне кім кепіл?!

Осы орайда, тығырықтан шығынсыз шығудың көзін табуда болашақ ұрпақ, қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, олардың өз еліне, ұлттына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттырып, осы бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. Яғни, Қазақстанның өркениет жолымен үздіксіз алға жылжуының басты кепілдерінің бірі – бүгінгі жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізіп, олардың аяғынан нық тұрып кетуіне қолдау көрсетіп, шынайы патриоттық сезімін нығайту екендігі анық.

Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы патриотизм мемлекеттің әлеуметтік құрылымының негізі, қоғамның рухани тірегі болып табылады.

Соңғы кезде жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істер аз емес. Дегенмен, әлеуметтік жұмыс  сияқты күрделі істі атқару үшін еліміздің экономикалық жағдайының артуының үстіне бүкілқоғамдық белсенділік қажет-ақ және де бұл белсенділік тұтас бір арнада өрбіп, нақты нәтижелер беруі шарт.

Олай дейтініміз, бүгінгі күні қоғамның, әсіресе жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу, олардың келер күнге деген сенімін нығайту және патриоттық тәрбиесі, жалпы отансүйгіштік қасиет туралы айту да, жазу да күрделі мәселеге айналып отыр.

Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен есімізге жастар мәселесі, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы еске түседі. Олай болатыны, жастар жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар – жас қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да жастар мәселесі – елдің болашағы туралы мәселе. Осы орайда жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы маңызды болып табылады.

Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 1995 жылы республикамыздың 12 облысында 31 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері құрылса, 1996 жылы олар 68-ге жеткен. Осы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан әлеуметтік қызмет үшін жергілікті бюджет есебінен қажетті анықтамалық-ұйымдастыру және әдістемелік құралдар, әлеуметтік қызмет үшін арнайы мамандар даярлауға көмек көрсетіліп отырды. Бұл қызметтер облыстық орталықтарда орналасып, “сенім телефоны”, жастар еңбек биржасы, үйінен кетіп қалған балалар үшін баспана, медицина-психологиялық кеңес беру пунктер жүйесін құра білді.

Дегенмен, ақпараттандыру және құжаттамалық орталықтар, бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтік реаблитация және реадаптация орталықтар, мүгедек балаларға арналған орталықтар жүйелі қызмет түрлеріне айнала алмады.

Бұл ретте жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориясы мен практикасын, әдістерін, формаларын ғылыми тұрғыдан қарастырудың өзектілігі дау тудырмайды. Олай болса, бүгінгі таңдағы Қазақстан жастарының әлеуметтік жағдайы, олардың патриоттық тәрбиесі қоғамның өзек жарды мәселелерінің қатарынан орын алуы заңдылық.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу тақырыбы шетелдік ғалымдар тарапынан мол зерттелген. Олардың аттарын тізіп шығудың өзіне көп уақыт кетеді. Ал, отандық ғалымдарымызға келетін болсақ, аталған тақырып бойынша бірлі-жарым еңбектер болмаса, арнайы ғылыми еңбектер, монографиялар мен диссертациялар көзге түсе қоймайды.

Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық мәселелері Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И., Зайнышев И.Г., Саппс М., Уэллс К., Фирсов М.В. және т.б. ғалымдар еңбегінде егжей-тегжейлі қарастырылған. Отандық ғалымдарымыз Аитов Н.А., Джаманбалаева Ш.Е., Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А. Н., Калибеков Д. және т.б. еңбектерінде Қазақстан жастарының әлеуметтік-саяси бейнесі, олардың әлеуметтену жағдайы, жалпы проблемалары қарастырылған. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін арнайы зерттеу нысанына айналдырған еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да осы тақырыптың дипломдық жұмыс объектісіне айналып отыруы кездейсоқтық емес әрі өте зәру болып табылады.

Тақырыптың мақсаты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі жетекші ойларға, статистикалық деректерге, әлеуметтік зерттеулер мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстандағы жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу барысына ой жүгірту, басым бағыттары мен өзекті мәселелерін айқындау, әлеуметтік жұмыс жүргізудің тың технологияларын ұсыну. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бітіруші алдына мынадай міндеттер қойып отыр:

– қойылған мақсатты барынша ашып көрсету, жұмыс тәжірибесін игеру үшін отандық және шетелдік авторолардың еңбектеріндегі деректерді шолып, өзіндік тұжырымдар жасау;

– әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық негіздеріне ғылыми талдау жүргізу;

– Қазақстан жастарының бүгіні мен болашағына ой жүгіртіп, олардың қазіргі саяси-әлеуметтік ахуалын, экономикалық жай-күйін ой талқысынан өткізу;

– жастардың еңбек нарығындағы жағдайына талдау жасап, оларды жұмыспен қамтудың тиімді жолдары мен механизмдерін ұсыну;

– жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологияларын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері негізінде жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық-методологиялық негіздері, олардың жалпы жай-күйі, жұмыспен қамтылу деңгейі, әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиялары, өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар:

          – рухани өмірімізде пайда болған ой еркіндігі мен пікір алуандығы тұрғысынан еліміздегі әлеуметтік жұмыс жүргізудің тарихи даму белестеріне алғаш рет кең көлемде талдау жасалған;

          – совет кезеңіндегі әлеуметтік жұмыс жүргізудің сәтті тұстары аңғарылып, тиісті баға берілген;

          – әлеуметтік жұмыстың теориялық және методологиялық мәселелері тиісінше молынан талданған;

          – Қазақстандағы жастардың жалпы жағдайына шолу жасалып, олардың бет-болмысы толықтай ой елегінен өткізіліп, соны пайымдаулар жасалған;

          – жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиясы қарастырылып, шетелдік тәжірибелер тартылған, соны идеялар ұсынылған.

          Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Дипломдық жұмыс Жастардың әлеуметтік мәселелерін, олардың саяси бағдарын, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайын қазіргі заман талабына сай, жаңаша көзқараспен зерттеген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы деректер мен қорытындыларды әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихы, мемлекеттік жастар саясаты жүйесі, жастар социологиясы, сондай-ақ осы тақырыпта жазылатын болашақ диссертациялық жұмыстарда пайдалануға болады.

          Зерттеу жұмысының хронологиялық межесі. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазіргі күнге дейінгі кезеңді  қамтиды. Дәлірек айтсақ, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағыжастардың жай-күйі, әлеуметтік мәселелері сөз болады.

          Дипломдық жұмыстың методологиялық және әдістемелік негізі. Зерттеу методологиясы объективтік, тарихилық, жүйелілік және ғылыми таным принциптеріне негізделді, сондай-ақ хронологиялық және хорологиялық зерттеу тәсілдері де қолданылды. Сол секілді біз қарастырып отырған мәселені мүмкіндігінше объективтік тұрғыдан түсіндіруге бағытталған әрі жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.

          Нақты деректерді зерделеу ғылыми зерттеуде талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру т.б. жалпыға белгілі әдістері негізінде жүргізілді.

          Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Жастар – әлеуметтік-демографияльқ топ

 

Жастардың соцологиялық теориясында «ұрпақ», «жас ерекшелік табы», «жастық шақ», «жастар», «әлеуметтік жасы келгендік» «қарттық» дсген ұғымдар жоқ.

Сөйтіп, зерттеуші И.Конн «ұрпақ» терминінің көпмағыналығына назар аударады және оның төрт мағынасына көрсетеді.

Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардың
жиынтығын ұрпақ деп санайды.                   

Антропологтар мен заңгЕрлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.

Тарихшылар мен социологтар ұрпақты ата-анасы мен олардың балаларының туған аралыққа тең уақыт аралығы деп санай отырып статистикалық түрде 30 жылға тең деп айқындайды. Бүгінгі күні отбасының жасару үрдісі, ата-аналар мен балалардың арасындагы жас ерекшеліктің орташа айырмасының қысқаруы байқалуда, ал дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығының үлғаюы үш емес, төрт ұрпақтың бір мезгілде өмір сүруіне әкеледі.

Ұрпақ ұғымы кіретін символдық мағына бар. Онда өмірлік тәжірибе қауымдастығыньң, куәлары мен қатысушылары адамдар болған тарихи оқиғалар» туралы естеліктердің кейбір қалыптасқан жалпы әдеттердің, байлардың, дәстүрлердің, өмір заңының, тіпті талғам мен көңіл ауудың да ерекше маңызы бар. Бірақ бұл мағынада ұрпақтар арасындағы буын хронологиялық нақты шекараларда жатқан жоқ, онда әлеуметтік бөлініс, сондай-ақ аса маңызды, құндылықтарды айқындайтын тарихи оқиғаларға қатынас үлкен рөл атқарады. Осы мағынада ұрпақтың саны сапалық айқындалуының, әртүрлі ұрпақтың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін екендігінің қаншалықты болуында.

Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясьн баса айта отырып, қаңдай да болмасын нақты негіз бермейді.

13 пен 18 жыл аралығыңдағы жас «жасөспірім шақ» ұғымымен біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге жеке әлеуметтік тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және заңды құқықтарды көрсетумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.

18 және 24 жыл арасындағы жаста жастардың отбасылық, кәсіби және құқықтық мәртебесі бойынша дифференциация неғұрлым нақты болады. Осы кезеңді Л. Розенмайер «жас ересектер» деп айтады. Егер бірінші кезеңде бұл кейбір кезде біртекті топ болса, онда 18 және 25 жас аралығындағы халық гетерогенді (біртекті емес). Бүл құрдастар тағдырының айырмашылығына байланысты әлеуметтік біртектілік емес және социологтар үшін ерекше мүдде.

Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір «толығу» шегіне жылдам жақындайды.

Социолог В.Н. Боряз «толығу» шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі — әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз жастар санатын айқындауға арналған  аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кіргізеді.

Көптеген социологтар адам жасы тек «есептегіш», өмір сүрген
жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы
көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің
динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар. Әлеуметтік құрам,
қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, іс-
әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде
дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір
бойындағы тұтастықта зерттеуді ұсынады.     

Мәселе, әдетте, адам ең жоғарғы жетістіктерге ересек шағында жететіндігіне қарамастан, осы жетістікке дайындық жастық шақта болатындығында. Сондықтан социологтар кульминацияның Спартаға, ал іс-әрекет спартасының жеке тұлғаны тәрбиелеу тарихына белгілі бір тәуелділігі бар екенін атап айтады.

Адам жасының қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет атап көрсетілді. Ол адамньң өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А. Шопенгауэрдің «Адамның жастары туралы» еңбегінде нақты көрсетілген, онда ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік ерекшеліктері және белгілері бар.

Аналогия үшін ІПопенгауэр мифологиядағы құдайлардың аттарына сүйенді. Алғашқы онжылдықта Меркурий үстемдік жасайды, адам өмір жолымен тез және жеңіл жүреді, бірақ оның көңіл-күйі түрлі ұсақ-түйекке байланысты өзгермелі болады. Осы жылдардағы оқу, ойындар қозғалмалы. 20 жылдары махаббат құдайы Венераның патшалығы басталады, ол оның барлық тіршілігіне үстемдік жасайды. 30 жылдары оны Марс ауыстырады, ол адамға табандылық, батырлық, күш, батылдық, жауынгерлік әкеледі. Ол оны өжет болуға, тәуекелділікке шақырады. Адам 40 жасында Церердің үстемділік күшінде пайдалылыққа бас иеді. Веста оған үй ошағын береді, Паллада білім мен даналық сыйлайды, Юнона сияқты оның үйінде ханым-зайыбы билік жасайды. 50 жасында Юпитер билік көрсетеді, адам өзінің күшінен ләззат алады, ол тәжірибе мен білімге бай, беделге ие, басқаруға икемді. Бірақ 60 жылдары оның өмірінде Сатурн өзінің қорғасындай ауыртпашылығымен, баяулығымен және солғыңдығымен әсер ете бастайды.

Шопенгауэр өмірдің бірінші жартысының сипаты бақытқа ұмтылудың қанағаттаңдырылмауымен айқындалатынын, ал екінші жартысына тән ерекшелік – бақытсыздықтан қорықпау екенін айтады. Бұл ретте философ адамның оның жасына қатысты уақытты қабылдауындағы айырманы атап көрсетеді. Жасөспірім шақта сағаттың өтуі қарттық шақтағыдан гөрі ұзағырақ болады. Жастық шақта адам көптеген қауіп пен толқуды бастан кешіреді, оның көңіл-күйі масаттану  мен энтузиазмнен бастап жабырқаушылық пен көңілсіздікке дейін өзгеріп отырады. Қарттық шақта азапқа түсумен оның құмарлығы басылады, көңіл-күйі неғұрлым тұрақты және селқос болады, ал егер денсаулығы жақсы сақталса, онда адам аса ауыртпашылыққа тап болмайды, ол қамтамасыз етілгенін, қолайльлықты жақсы көреді, тыныштықты қалайды.

Шопенгауэр аса маңызды кезең ретінде жастық шаққа ерекше мән береді. Ғалым бәрі де адамдардың жасөспірім шақтың жылдарын қалай пайдаланатына қатысты екені атап керсетті. Есейген жылдары олар әлемге көбірек әсер ете алады, жетіле түседі, сыртқы әсерге бағьнбайды. Есейген шақ — іс-қимыл жасау және шығармашылық кезеңі, жасөспірім шақ — алғашқы масаттану және бірінші таным уақты. Жасөспірім шақ, жемісті тек жоғары бөлігі беретініне қарамастан, өнімін тек шыңы таным: ағашының түбірі болып қалады.

Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрынғыдай жастарға, оның мүдделеріне, құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен ұрпақ жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек қарайды. Ал олар бүгін мүлдем қарапайым емес. Экономикалық белсенді тұрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің төмендеуі неғұрлым қарқынды белігі – жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен қамту қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі 1(16-29 жас).

Жоғарыда айтып өткеніміздей, жастардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардың саны 1993 жылдың басында жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін құрады. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан жағдайды өзгерту үшін үнемі әрекет жасалып отырса да бұл санның аса көп өзгерісі болмады. Осындай шаралардың бірі жастар кәсіпорыңдарын, кооперативтерді, құру, олар үшін салық жеңілдігін жасау көзделген жастардың кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар болды. Басқа да шараларда жеке тұрғын үй салуға және сатып алуға, жүруге жеңілдікті несиелер, жоғары білім алуға, жас отбасылары үшін арнайы қызмет құруға несиелер беру көзделді. Дегенмен жалпы экономикалық қиындықтар мемлекет мәлімдеген саясатты материалдық қамтамасыз етуге кедергі болды.

Жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының
нашарлауы олардың әлеуметтік өмірдегі қылмыстық ұяларға одан
әрі тартылуынъң басты себебі болуы мүмкін.

Проблеманы зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмысекрлер қатарьның жасарғанын атап керсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің жартысы (54 проценті) – 14 пен 30 жас арасыңдағы жастар, барлық қылмыскерлердің жетіден бір бөлігін 14|18 жастағы кәмелетке толмағандар құрайды. Қазақстанда тиісінше — 50,9 және 6,9 процент75. 1999 жылы ҚР полиция қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл 1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған студенттері 40 проценте жуық, ал мсктеп, лицей және гимназиялардың оқушылары — 23 процентке көбейді. Жасөспірімдер жене жастар жасаған қылмыстың айрықша ерекшелігі соңғы жылдары жеке бас мақсатында болып отыр. Ұрлық, автокөлікті айдап кету, тонау, ұрып кету, бұзақылық — бұлар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың өзіндік «жиынтығы». Ең қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады. Мұндағы барынша «еңбек» электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі, олардың арналары бойынша жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі. «Ең басты батырдың» жүйелі түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен ғана қол жеткізетін жастардың сенімін қалыптастырады.

Жасөспірімдердің делинквенттік мінез-құлқы «ересек» қылмыстық мінез-құлықтың заңдылықтарына сәйкес келмейді. Жасөспірім істегенін жоққа шығармай, жиі түрде өзінің кішісін мойындайды немесе іс жүзінде жоққа шығармайтын құқықтық, тыйым салуды бұзады. Осыңдай мінез-құлықты түсіңдіру үшін бейтараптық теориясына жүгінеді, оның мәні жасөспірімнің өзіне қатысты жеңілдету жағдайларынын іс-әрекетін санасыз түрде кеңейтуге, өзінің әрекетін ақтауға және тіпті оның тиімділік элементтерін енгізуге ұмтылады. Сұраулар жасөспірімдердің көпшілігі өзінің қылмысыньң себебін сыртқы жағдайлардан көретіндігін айтады, құрылғандардың ширегі осыңдай жағдайда кім де болмасын осыған баратындығына сенімді. Келтірліген зиянды қате бағалау да жөн.

Өзінің мінез-құлқына осылайша қарау біршама дәрежеде заңдық практиканың және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерімен негізделеді, бұл жасөспірім қылмыскерлерде өзіне жаза қолданылмайтыны туралы түсінікті қалыптастыруға жиі әкеп соғады және бұл қылмыстың «жасару» себептерінің бірі болып табылады. Рецидивтер ықтималдығы өсуде. «Жазаңызды өтеп келгеннен кейін қылмыс жасайсыз ба?» деген сұрақтың жауабы да қарапайым: «Жоқ» — деп сұралғандардың тек 45% ғана жауап берді, «Қалай боларын білмеймін» — деп кәмелетке толмаған қылмыскерлердің 32-сі жауап берді.

«Жастар таңдауы» ұйымының тең төрайымы А.Хаматдинованың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан жастарының 15 проценті ғана тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Жастардың 5 проценті ата-анасы сатып әперген үйде тұрады. «Мәселенің түйіні жастарға тұрғын үй сатып алу немесе оны салып алуға несие беру тетіктерінің қалыптаспауында жатыр»,- деді А.Хаматдинова /1/.

«Жастар таңдауы» ұйымы жас отбасыларға жеңілдетілген несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Қазіргі тұрғын үй бағасы мен жоғары несие ставкасы жастардың басым бөлігіне ипотекалық несие беру жүйесінің қызметін тұтынуға мүмкіндік бермей отыр. Осы орайда А.Хаматдинова жас отбасыларға тұрғын үй сатып алуға 40 жылға дейінгі мерзімге 6-8 проценттік өсіммен несие беретін АҚШ-ты мысалға келтірді.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖАҚ төрағасының орынбасары Нұрлан Тоқабаевтың түсініктемесіне жүгінсек, елімізде қазір ипотекалық несие 15 жылға 13 проценттік үстеме сыйақымен беріледі. Оның айтуынша, Қазақстан ипотекалық компаниясы несие мерзімін 20 жылға дейін ұзартуға, соның нәтижесінде несие ставкасын төмендетуге қадамдар жасауда. Демек, қазақстандық жастар үшін де ипотека қызметін тұтынатын мерзім жақын, деді Н.Тоқабаев. Ол сондай-ақ, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің шешімін табу үшін арнайы бағдарлама жобасы жасалып, муниципалдық тұрғын үйлер салына бастайды дегенге сенім білдірді /1/.

Бұл ретте жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуде әртүрлі бағдарламалар қабылдаған және іс-шаралар жоспарын жасаған орынды. Онда мынадай негізгі бағыттар бойынша кезеңдік және үйлестіруші іс-әрекеттер көзделгені жөн:

  1. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу үшін жағдайлар жасау.
  2. Жастардың экономикалық дамуы, еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау.
  3. Өңірлерде жастар саясатын іске асыру.
  4. Білім және ғылым саласында жастардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету.
  5. Жастар мен жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету.
  6. Жас таланттарды дамыту мен қолдау.
  7. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  8. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі үшін жағдайлар жасау.
  9. Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту.
  10. Қазақстандық жастардың азаматтылығы мен патриотизмін дамыту.
  11. Мемлекеттік жастар саясатының нормативтік-құқықтық базасын дамыту.

Бағдалама республика жастарында мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріне ұмтылуы және белсенді қатысуына, өз қабілетін іске асыруы және өзін-өзі дамыту үшін тиісті жағдайлар жасауға дағдыландыру арқылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталуы, ол оның нарық жағдайында ойдағыдай әлеуметтендірілуіне ықпал ететін болуы тиіс.

Бағдарламаның іске асыру тетігі Бағдарламаның іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шараларды жастармен жұмыс істейтін барлық мүдделі құрылымдарды тарту арқылы, кезең-кезеңімен іске асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың үйлескен іс-әрекеттерінен тұрғаны лазым.

 

 

 

1.2. Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық негіздері

 

Әлеуметтік жұмыс қоғамдық құбылыс, белгілі бір қоғамдық институт ретінде пайда болған. Ол бірте бірте әр түрлі ғылымның зерттеу объектісіне айналды. ХХ ғасырдың ішінде ол теориялық тұрғыдан қарастырылып, ғылыми сипаттама беріле бастады.

Шетелдік ғылыми дәстүрде әлеуметтік жұмысты теориялық тұрғыдан зерттеудің тарихы біршама уақытты қамтиды. Осы тақырыпқа арналған еңбектер жеткілікті /2/. Ал Ресейде әлеуметтік жұмысқа қатысы бар қайырымдылық дәстүрін тарихи-биографиялық тұрғыдан зерттеуге бағышталған бірнеше еңбек кездеседі /3/.

          Бұл ретте бір бірімен әлеуметтік жұмыс туралы ғылымдағы өзара байланысты екі құбылысты бөліп алуға болады. Біріншісі, жалпы әлеуметтік даму барысындағы әлеуметтік жұмыстың орнын анықтау, жалпы қоғам тарихын зерттеу, ал екіншісі әлеуметтік жұмысты ғылыми зерттеу, әлеуметтік жұмыс теориясының эволюциясы, оның адам мен қоғам туралы басқа да ғылымдармен ара қатынасы тұрғысындағы зерттеулер.

          Ғылыми әдебиеттерге жүргізілген зерттеулер әлеуметтік жұмысты ғылыми пайымдау тарихындағы теориялық дәстүрлер қоғам өміріндегі қайырымдылық секілді құбылыстың әлеуметтік орны мен мәнін зерттеуге, сондай-ақ әлеуметтік көмекті әр түрлі психологиялық, социологиялық, психотерапевтикалық доктриналармен салыстыра тексеру талпыныстарын қарастыруға орай қалыптасқанын көрсетеді /4/.

           90-жылдардың басында ғылыми әдебиетте әлеуметтік жұмысты теориялық негіздеудің бірнеше үлгісі белгіленді. Оны қоғамдық құбылыстың ерекше әлеуметтік қызметі ретінде түсіну өрістеді. Бұлар қазіргі заманғы қоғамдағы әлеуметтік қорғау проблемаларын теориялық пайымдауға бағытталған әр түрлі мектептердің ірі ғалымдарының ғылыми ізденістерінің ғана нәтижесі емес, сонымен бірге әлеуметтік жұмыстың мазмұны мен формаларының өзіндегі эволюция, өзгерістер.

          Әлеуметтік жұмысқа қатысты ғылыми білімді құрудағы әйгілі теориялық тәсілдерге, олардың өздеріне әсер еткен аралас ғылымдарға қатысты жүргізілген талдаулар кем дегенде үш топтағы теориялардың бар екендігін көрсетеді:

          1) әлеуметтік жұмыстың психологиялық-бағдарлы теориясы;

          2) әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-бағдарлы теориясы;

          3) психологиялық-әлеуметтік (социопсихологиялық) немесе жан-жақты, пәнаралық бағдарлы әлеуметтік жұмыс теориясы.

          Осы тараушада біз жоғарыда аталған әлеуметтік жұмыстың қазіргі заманғы теорияларының ерекшеліктеріне және қысқаша мазмұнына тоқталатын боламыз.

Психологиялық-бағдарлы теория

          Әлеуметтік жұмысты қазіргі заманғы қалпында теориялық пайымдау ретінде психодинамика З. Фрейдтен бастап оның ізін қуушыларыдң психоталдаулық зерттеулері негізінде қалыптасты /5/. Олардың ролі бұл орайда негізінен әлеуметтік жұмыс үшін аралас ғылыми пән ретінде әдістемелік тұрғыдан ықпал етумен шектелді.

          Алайда әлеуметтік жұмыстың психодинамикалық үлгісі негізінде ықпал ету мен әзірлеме әлеуметтік жұмыстың нақты технологиясын негіздеудің ерекше үлгісінің пайда болуы мен дамуына мүмкіндік туғызды. Мұнда проблемалары бар жеке адамға, отбасына, адамдар тобына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды. Бұл ретте әлеуметтік қызметкер әрекетінің психодинамикалық үлгісі негізгі, бастапқы постулаттарға табан тірейді. Негізінен олар мыналарға әкеледі:

          а) әлеуметтік қызметкер клиентпен қарым-қатынаста тек психологиялық құрылым иеленіп қоймайды, сонымен бірге өзгерістерге де қабілетті болады;

          б) әлеуметтік қызметкердің клиентке ықпал етуі оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын, әлеуметтік сатылы топтар жүйесіндегі мәртебесін ескеруі тиіс;

          в) психодинамикалық теория мұқтаждарға, жекелеген адамдарға нақты көмек көрсету барысында пайдалы екендігін түсінуін талап етеді;

          г) әлеуметтік жұмыстың психодинамикалық моделі әдетте, клиентке қатысты мінез-құлықты, көзқарасты, қарым-қатынасты оның ішкі әлеміне, нақты өмірді қабылдау ерекшелігіне әсер ете отырып өзгертуді көздейді.

          Бұл ретте әлеуметтік қызметкер өзінің де психологиялық ерекшеліктерін ескергені жөн.

          Әлеуметтік жұмысты психодинамикалық жүргізу контексінде психоәлеуметтік ықпал ету бірнеше дербес кезеңдерді қамтиды:

          1) клиенттің проблемасын зерттеу; 2) клиенттің әлеуметтік жағдайы мен психологиялық жай-күйінің, сезімдерінің ерекшеліктерін талдау; 3) әлеуметтік қызметкер мен клиенттің жақындасуы, тығыз байланыс орнатуы; 4) клиенттің өміріне әсер еткен басты оқиғаларды пайымдау; 5) әлеуметтік қызметкер мен клиенттің сенім негізінде келісілген іс-әрекет етуін жоспарлау, 6) соционом мен клиенттің оның проблемасын шешу бойынша қазіргі әрекеті.

          Осындай тәсілдің құндылығы қазіргі заманғы адам мен қоғамның даму проблемаларын тұтастай, жүйелі түрде көре алғанда арта түседі.

          Әлеуметтік-бағдарлы теория

          Әлеуметтік жұмыс теориясының бірқатар әлеуметтік-бағдарлы үлгілеріне көшелік. Олардың ішінде әсіресе қоғамның құрылуы мен дамуы туралы жүйелі түсінікке сүйенетін әлеуметтік жұмысты теориялық тұрғыдан негіздей үлгісі пайдалы. Бастапқы нұсқасында бұл теория биологиялық негізде әзірленген және ол бүкіл организм шағын жүйелерден құралған жүйелер екендігін көрсетті. Бұл теория әлеуметтік топтар мен қоғамдық институттарды, отбасын, шағын қауымдарды, ұжымжарды қамтитын әлеуметтік жүйені талдауда кеңінен қолданылды.

          70-жылдары бұл тәсіл әлеуметтік жұмысты талдауды шетелдік ғалымдар тарапынан қызу қолдау тапты.

          Осы түсініктің аясында адамдарға мынадай үш түрлі жүйе көмек Бере алады деген көзқарас кең таралды: бірінші, отбасы, достар, қызығушылықтары бойынша құрылған бірлестіктер; екіншіден, қауымдық топтар, кәсіподақтар, қоғамдық-саяси ұйымдар және с.с.; үшіншіден, қоғамда мекеме, ведомоства, функционалды бағытталған ұйымдар (ауруханалар, кітапханалар, мектептер және т.б.) жүйелер.

          Осы контексте әлеуметтік қызметкердің міндеті екі топқа дифференцияцияланады: бір жағынан, олар адамдарға олардың проблемаларын шешуге қабілетті мекемелердің, ұйымдар мен ведомостволардың қызметін оңтайландырумен байланысты, екінші жағынан, әңгіме мұқтаж жандардың әлеуметтік жұмыс мекемелерін өз қажеттіліктерін, қанағаттандыру, адамның өзін өзі реттейтін жүйе ретіндегі өзін өзі қорғау потенциясын жандандыру үшін пайдалануына қолдау көрсетуі туралы болып отыр.

          Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыста жүйелер теориясын қолданудың дәстүрлі екі формасы бөлінеді: а) жалпы жүйе теориясын пайдалану; б) экологиялық жүйелер теориясын әзірлеу және пайдалану. Әлеуметтік жұмыстың экологиялық теориясының басты түсінігі «өмір моделі» ұғымы болды. Өмір моделі адамдарды тіршіліктің жүйелі ұйымдасқан субъектілері ретінде қарайды. Бұл адамның өзгерістер барысында дамитытына орай қалыптасқан.

          Әлеуметтік проблемалар (кедейшілік, табиғаттың ластануы, қанау және т.б.) адамзат тіршілігін ауырлатады, яғни өзара бейімделу мүмкіндігін азайтады. Тіршілік жүйелері (адамдар, олардың бірлестіктері) экожүйе теориясына сәйкес бүкіл қоршаған ортамен жақсы теңбе-теңдікті сақтауы тиіс.

          Әлеуметтік-бағдарлы моделдің әлеуметтік жұмысты теориялық негіздеуші басым факторларына шешуші модель жатады. Ол мынадай мақсаттарға қол жеткізуді көздейді: 1) клиентке өзін орын алған проблемаларды шешуге қабілетті «каузальды агент» ретінде көруіне және пайымдауына көмек көрсету; 2) клиенттің әлеуметтік қызметкерді өзіне пайдасы тиетіндей білімі мен икемі бар жан ретінде қабылдауына қолдау көрсету; 3) клиенттің әлеуметтік қызметкерді бірқатар проблемаларды шешудегі серіктес ретінде қарауына қолдау көрсету.

          Әлеуметтік-бағдарлы модель 70-80-жылдарда жан-жақты өрістеді. 90-жылдардың басында барынша шарықтап, пәнаралық, кешенді сипат иеленді. Сөйтіп ол әлеуметтік жұмыс теориясы деген жаңа ғылыми пәннің тууына жол ашты.

          Әлеуметтік-бағдарлы модель ішінде басқасынан гөрі шешуші және экологиялық модель жақындау.

 

 

1.3. Әлеуметтік жұмыс саласында тәжірибе мен әлеуметтік жобалауды ұйымдастыру әдістемесі

 

Қазақстан қоғамында реформалардың жүруі, әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың жаңа формаларының пайда болуы, дәстүрлі түрлерін жетілдіру, саяси тұрақтылық пен экономикалық өсуді нығайту жолында социономдардың практикалық іс-әрекеттері, оларды жүзеге асырудың әдістемелері мен технологиялары айрықша маңызға ие болады. Бұл ретте Қазақстанның әр аймағында, сол сияқты әр түрлі жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің ерекшеліктері бар екендігін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ жастардың өзі де әртүрлі субмәдениетке ие. Аймақтық, ауылдық және қалалық, студент және жұмысшы, т.б. ерекшеліктері қаншама. Бұған қоса жұмыссыздарды алсақ, олардың да әлеуметтік проблемалары шаш етектен. Осының барлығы да әлеуметтік жұмыс жүргізудің алуан түрін және ерекше тәсілін қажет ететіндігі сөзсіз.

          Елімізде ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін әлеуметтік жұмыс саласында әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдеріне әлеуметтік көмек беретін тиісті мекемелер мен әлеуметтік қызметкерлер болып па еді?  Бұған түрліше жауап беруге болады, олардың барлығын жиып келгенде мынаған саяды:

          – Қазақстанда әлеуметтік қызмет мекемелері 80-жылдарға дейін болған жоқ;

          – әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер 80-жылдары бой көрсете бастап, тек 90-жылдардың үстінде дамып, қанатын кең жая бастады;

          – Қазақстанда әлеуметтік жұмыстың жекелеген формалары мен бағыттары ғана болып,  ХХІ ғасырдың басындағы дамуға сай келетін әлеуметтік жұмыстың біртұтас жүйесі болған жоқ.

          Осы айтылған пікірлер шындыққа сәйкес келеді деп санаймыз. Әлеуметтік жұмыс ұзақ уақыт бойы болғанымен, оны жүзеге асырудың біртұтас, кешенді жүйесі, арнайы әдістемесі әлі де кемшік күйінде қалуда.

          Оның үстіне совет заманында жолға қойылған әртүрлі әлеуметтік топтарға арналған медициналық, зейнетақы, тұрғын үй-тұрмыстық және басқа көмектердің желісі үзіліп қалды. Жастармен жұмыс істеудің де бірыңғай формасы қалыптаспай отыр. Осының бәрі де белгілі бір дәрежеде қиындықтар туғызуда.

          Қазақстанда әлеуметтік жұмыс кәсіпқой қызмет ретінде қажеттілікке айналды. Практикалық қызмет формасы ретінде әлеуметтік жұмыстың өзіндік ерекшелігін ашудан бұрын қызмет дегенде нені түсінетінімізді анықтап алған жөн.

          Ғылыми әдебиетте «қызмет» термині кең мағынаға ие. Мысалы, «орталық жүйке қызметі», т.б. Гегельдің «қызмет» терминін қозғалысқа қатысты қолданғаны белгілі. Философияда «қызмет» термині жалпы қоғамдық өмірді, оның жекелеген формаларын, тарихи процесін зерттеу құралы ұғымын білдіреді. Мұндай жағдайда ойымыз шашырап кетуі мүмкін.

          Сол секілді ғылыми әдебиетте «мінез-құлық», «жай-күйі» деген терминдер де жиі кездеседі. Қызмет ұғымын әртүрлі түсіндіру қызметтің әртүрлі формалары мен типтерін жіктеуге көптеген негіздеме ұсынды. Бұған қызмет объектісі көбірек жатады. Осыған орай құқықтық қызмет, медициналық қызмет, өндірістік қызмет және т.б. туралы айтуға болады.

          Егер біз осы негіздемені әлеуметтік кеңістікке қосатын болсақ, онда бұл жағдайда әлеуметтік қызметті бөліп алуға болады. Оның мақсаты – адамдардың тұлғаның тіршілігі мен қызметіне қолдау көрсету қажеттілігін бірге қанағаттандыру барысында қоғам өмірінің барлық саласында субъектілік ролін жүзеге асыруын оңтайландыру қызметі. Осы қызмет әлеуметтік жұмыс болып табылады.

          Әлеуметтік жұмыстың басты мақсатына мыналарды жатқызуға болады:

          а) жастардың дербестік дәрежесін, яғни өз проблемаларын өзі шешу, өз тағдырын өзі анықтау қабілетін арттыру;

          ә) жастардың өз мүмкіндіктерін барынша ашуына және олардың заңда көзделген мүмкіндіктің барлығын алуына жағдай жасау;

          б) жастардың қоғамда адаптациясы немесе реадаптациясы;

          в) жастардың дене кемістіктеріне, көңіл-күйінің күйзелісіне қарамастан, өзін қоршаған орта тарапынан қысым көрмей, өзін лайықты адам ретінде сезініп өмір сүре алатындай жағдай туғызу;

          г) мұның түпкі мақсаты жастардың әлеуметтік қызметкердің көмегіне мұқтаждығын барынша азайту /6/.

          Әлеуметтік жұмыс қоғамда кәсіпқой және кәсіпқой емес деңгейде жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпқой емес деңгейге ерікті көмек пен өзара көмектің әртүрлі формалары жатады.

          ХХ ғасырдың 80-жылдары көптеген елде кәсіпқой емес көмектің алуан түрлі формалары қанат жайды. Мұның себебі әлеуметтік жұмыстың бастапқыда ерікті, филантроптық және қайырымдылық көмек ретінде пайда болғандығын, ең алдымен мұқтаж жандарға жан ашырлық сезімнен бастау алғандығына байланысты. Бұл кейіннен кәсіпқой әлеуметтік жұмыс түрлерінің пайда болуына ықпал етті.

          Кез келген елдің даму тарихында осы немесе басқа тарихи кезеңде туындайтын әлеуметтік жұмыстар мен әлеуметтік проблемалар түрлері мен формалары арасында байланысты табуға болады. Кәсіпқой қызмет ретінде әлеуметтік жұмыстың әртүрлі формаларының пайда болуы көп жағдайда елдің дамуының полимәдени және ұлттық ерекшеліктеріне, әртүрлі әлеуметтік институттардың өзара қарым-қатынасының сипатына, қоғамдық сананың, ғылымның, мәдениеттің, білімнің даму деңгейіне де байланысты.

          Қазақстанда әлеуметтік жұмыстың кәсіпқой қызмет ретінде (батыстық түсінік бойынша) даму барысы енді ғана дами бастағынын ұмытпаған жөн. Сондықтан да халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек көрсеткенде әлемде қолданылып жүрген тәжірибені белсенді пайдаланған абзал.

          Сол секілді әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір әлеуметтік құбылыстар мен процестерге қолдану үшін қалыптасқан теориялық-методологиялық тәсілдердің де бар екендігін есте ұстаған лазым.

          Бұл ретте бір жағынан, жеке тұлғалық деңгейде әлеуметтік көмек көрсету, ықпал ету технологияларын, екінші жағынан – көмекке зәру индивидтің, әлеуметтік субъектінің тұрмысына, тіршілігіне қолайлы жағдай қалыптастыру бойынша қызмет әдістерін ескеру керек. Осы контексте әлеуметтік жұмыс өзгермелі әлемде адамға әлеуметтік субъектілікті іске асыруға жағдай туғызу жөніндегі қызмет ретінде болуы тиіс.

          Еуропаның көпшілік елінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламасын, әртүрлі әлеуметтік топтарға қолдау көрсетуді жүзеге асыру үшін ресми құрылымдар құрылды. Медицина, руханиат және құқық қызметтерімен қатар қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс та маңызды орын алады.

          Қазіргі кезде әлемде әлеуметтік жұмыстың қоғамдағы ролі мен міндеттеріне түрлі көзқарастар бар. Біздің ойымызша, әлеуметтік жұмыстың алдында тұрған амңызды міндет индивидтің қоғамда, топта субъектілік ролін қамтамасыз ету және көрсету механизмдерін оңтайландыру болып табылады. Осы механизмдерді таңдау белгілі бір деңгейде жалпы қоғамдық жүйеде, қоғамның әлеуметтік құрылымында, әлеуметтік институттарында айқындалған.

          Шет елдерде әлеуметтік жұмыстың негізіне мынадай қарым-қатынас жатады: қызметкер – клиент («клиент» ретінде қоғам да, әлеуметтік топ та, индивид те әрекет ете алады). Осы қарым-қатынасты іске асыру екі бағыт бойынша жүруі мүмкін: әлеуметтік жобалау мен болжам жасау (құрылымдық әлеуметтік жұмыс) және индивидпен немесе топпен тікелей жұмыс жүргізу (психоәлеуметтік жұмыс).

          Қазіргі кезде Қазақстан қоғамы үшін, оның экономикалық, саяси және әлеуметтік-психологиялық жағдайын ескергенде, әлеуметтік жұмыстың кәсіпқой және кәсіпқой емес формалары мен бағыттарын өзгерістерге икемді және тиімді бейімделе алатындай біртұтас жүйеге интеграциялау қолайлы болмақ.

          Осы тұрғыдан алғанда, қызмет ретінде әлеуметтік жұмысқа жүйелік тәсіл ерекше мәнге ие болмақ.

          Кез келген әлеуметтік қызмет (оның ішінде әлеуметтік жұмыс) мақсат, құралдары, талаптары секілді компоненттерге ие. Дегенмен, әлеуметтік жұмыстың әртүрлі формалары мен түрлерінің пайда болуы үшін әртүріл негіздемелердің бар екендігін есте ұстаған жөн. Осындай негіздеменің бірі әлеуметтік тәжірибе саласы болуы мүмкін. Мұнда білім беру, денсаулық сақтау, бос уақыт және т.б. саласындағы әлеуметтік жұмыс туралы айтуға болады. Басқа негіздемелер ретінде әлеуметтік жұмыс клиенттері – жастардың, әлеуметтік тәуекел топтарының, суицидке бейім жандардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері; үшіншілеріне — әлеуметтік қызметкерлер алдында тұрған мәселелер жатуы мүмкін. Бұдан басқа да негіздемелер табуға болады. Осы секілді бүкіл жағдайда әлеуметтік жұмыстың мақсаты нақтылана түседі.

          Әлеуметтік жұмыстың әрбір түрі үшін қойылатын талаптар да әртүрлі деңгей мен саланы ескергенде нақтылана түседі: саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және этноұлттық.

          Бұл жағдайда құралдар ретінде әлеуметтік институттар, әлеуметтік жұмысты іске асыру әдістері қарастырылуы мүмкін.

          Осыған байланысты әлеуметтік қызметтерге типология жасауға, практикалық әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруға негіздемене бөліп алу ерекше маңызға ие болады. Әлеуметтік жұмыстың әралуан түрлері мен формаларын жіктеу негізіне әртүрлі негіздеме жатуы мүмкін, бірақ оларыдң бәрі де мынаған саяды:

  • клиенттің проблемасымен жұмыс жүргізу;
  • басқа қызметтермен, мекемелермен, ұйымдармен жұмыс жүргізу. Осы екі форманың ішінде өз кезегінде әлеуметтік жұмыстың әртүрлі түрлерінің жіктемесі жүреді. Сонымен, бірінші жағдайда, клиенттің проблемаларының сипаты туралы (ажырасу, жұмыстан шығу, жақын адамының қайтыс болуы, мүгедектік және с.с.); екінші жағынан – клиенттің ерекшелігі туралы айта аламыз, яғни клиент ретінде индивид те, топ та, сол сияқты ірі әлеуметтік топ ретінде қоғам да әрекет етеді.

          Екінші жағдайда, бір жағынан, басқа қызметтермен, ассоциациялармен өзара қарым-қатынаста проблемалар туындайтын қызмет саласы туралы; екінші жағынан – осы ұйымдардың мәртебесі туралы (мемлекеттік, ұжымдық, қоғамдық, қайырымдылық, жеке меншік және т.б.) айта аламыз. Негіздеме ретінде «клеинтті» алалық. Бұл жағдайда мынадай қызметтер туралы айтуға болады:

          а) халыққа әлеуметтік көмек көрсету қызметі, оның мақсатының бірі әлеуметтік мұқтаж отбасын, тобын анықтау (көп балалы, бүтін емес, студент, мүгедек жандары бар, қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан, жалғыз басты, кәрі) және оларға материалдық, медициналық, заң, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-тұрмыстық көмек алуына қолдау көрсету болып табылады;

          б) әлеуметтік реабилитация қызметі, оның мақсаты қиын ахуалға душар болған, түрмеден босанған, т.б. адамдарға әлеуметтік көмек көрсету;

          в) отбасына әртүрлі көмек көрсету қызметтері:

          отбасылық кеңес беру;

          танысу қызметі;

          ағарту және өзін өзі білім алу қызметі;

          сексология кабинеттері;

          педиатрия кабинеттері;

          педагогикалық кеңес беру және басқалары.

          Мына негіздемелерге төмендегідей қызметтер саласы жатады:

          а) әлеуметтік-тұрмыстық көмек қызметі, оның мақсаты жалғыз басты кәрі адамдарға мүгедектерге көрсеьілетін қызмет түрлерін кеңейту;

          б) отбасылық көңіл көтеру қызметі, оның мақсаты отбасылық туризмді, отбасылық серуенді, отбасының ұйымдасқан демалысын ұйымдастыруды ынталандыру, отбасы клубтарын, жас көп балалы отбасылар клубтарын құру.

Біздіңше, әлеуметтік жұмысты аймақтық, муниципалды деңгейде ұйымдастыру моделі адамның өмірлік қуаты, жеке және әлеуметтік субъектісі концепциясы базасында қалыптасуы тиіс. Осы концепцияға сай әлеуметтік жобаларды (бағдарламаларды) жүзеге асыру жекелеген адамдарға да, сол сияқты әлеуметтік топтарға да әртүрлі өмірлік ахуалда, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жағдайда көмек береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ

2.1. Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі

 

Тарихтың «тар жол, тайғақ кешу» жолдарында ұлттың өзін-өзі сақтауының бірден-бір жолы — осы ұлттың рухани потенциалы мен жалпы тұтастық идеясының сақталуы екендігінде дау жоқ. Біздің жас егеменді мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі факторы халықтың рухани байлығы, оның әскери күші, адамгершілік құндылықтары, білімі, патриотизмі, елдің тұтастығы болып табылады. Ал енді бұл құндылықтарды жастардың санасына орнықтыру мәселесін қарастырмастан бұрын, алдымызда тұрған бірқатар сұрақтарға жауап табуымыз қажет сияқты. Атап айтқанда, қазіргі Қазақстан жастарының дәл бүгінгі саяси, құқықтық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және рухани жай-күйі қандай? Себебі, бұл сұрақтардың шешімін таппай, жастардың патриоттық тәрбиесі туралы айту ерте. Әрине, бұл сұрақтарға нақты, әрі толық жауап табу үшін еліміздің мамандары жүргізген зерттеулер нәтижелеріне жүгінуіміз заңды.

Саяси тұрғыдан алғанда, Қазақстан жастарының бүгінгі демографиялық жағдайы олардың саяси аренада ықпалды субъект болу мүмкіндігін арттырады. Мәселен, сайлау науқаны сияқты саяси процестерде жастар категориясы жалпы халық арасындағы көпшілікті құрағандықтан тұрақты электорат болып табылады. Бұл өз кезегінде оларға деген  билік өкілдерінің ерекше назарын тудыруы орынды.

Жалпы, әлеуметтік-саяси ахуалды талдау көбінесе билік субъектілерінің бағалы пайымдаулар детерминантымен анықталады. Реформалар бағамын қолдау немесе оған қарсыласу деңгейінің басым бөлігі саяси билік элитасының қолдау дәрежесімен немесе бағасымен түйіндес.

Мұндай жағдайда жастар мен билік арасындағы қарым-қатынастың дұрыс немесе бұрыс арнада дамуы жастардың билікке жақындау, яки олардың биліктен алшақтау тенденциясына алғышарт болады. Демек, жастардың ресми мемлекеттік идеологияны қолдауы да, қолдамауы да биліктің қолында екені анық. Ал бұл болса жас түлектер арасындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына тікелей әсері бар “сенім” феноменін туғызуда терең мәнге ие құбылыс болса керек.

Мәселен, зерттеулер көрсеткендей қазіргі кезде Қазақстан жастары үшін Президенттен басқа, жас ұрпақ өкілдерінің толық сенімін туғызатын ешқандай мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық немесе саяси институт жоқ. Ал сенім болмаған жерде қандай патриотизм туралы айтуға болады.

Жастар мен билік арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтайтын факторлардың          келесі бір түрі — жастардың саяси шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы екендігін атап өткен жөн.

Жастардың саяси мәртебесі олардың саяси күш ретінде қалыптасу, өзара әрекет немесе келісімпаздық шараларын құра білу, саяси билікке қол жеткізу мәселесі бойынша өзінің алдына мақсат қою және оның іске асыру мүмкіндіктерімен анықталады. Демек, демократиялық қоғам дамуының көрсеткіші ретінде тек қоғамдағы жастар санасының сол қоғамда орын алған саяси шындыққа әсері ғана емес, сонымен қатар, оның саяси өміріне тікелей қатысуы мен белсенділігін де жатқызамыз.

Қазіргі еліміздегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінгі  таңда жастар қауымының еліміздің ішкі саясатындағы алатын мардымсыз үлесі олардың   мемлекетті басқару процесінен алшақ екендігін көрсетіп отыр. Олай дейтініміз, білімді, әрі белсенді жастардың жоғарғы мемлекеттік   билік орындарындағы басқарушы лауазымдарға тартылмауда, тіпті жастар ісімен айналысатын мемлекеттік органдарды басқарып отырған көптеген лауазым иелерінің жасы аталмыш категория қатарынан әлдеқашан шығып кеткенін байқаймыз.

Бұған қарамастан еліміздегі жастар демократиялық қоғам принциптерін қолдана отырып, осы қоғамды басқаруға қатысу үшін өз құқықтарын іске асыруға тырысуда. Мәселен еліміздің азаматы ретінде жастар сайлау процесіне қатысып өз кандидатураларын ұсына алады. Сол арқылы жастар проблемаларын жоғарғы мемлекеттік органдарда көтеріп өз құқықтары мен міндеттерін қорғауға жол ашады.

Айталық, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезіндегі жастардың электоральді белсенділігі олардың айбынды күш екендігін байқатты. Кең көлемде өткен “Біз кімді сайлау керектігін білеміз” акциясы жастардың электоральді белсенділігін айтарлықтай дәрежеде жұмылдыра түсті. Мұндай іс-шаралар жастардың электоральдық мінез-құлықын тәрбиелеуде маңызды құрал болып табылады. Мұнда азаматтық позицияны және саяси мінез-құлық желісін қалыптастыруды сипаттайтын басқа үрдіс қарастырылады.

Алайда, осы 2004 жылғы күзде өткен парламенттік сайлауда жастар едәуір төмен электоральдық белсенділік көрсетті. Осы сайлаудан кейінгі социологиялық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жастардың 26,1% ғана өз азаматтық борышын орындап, сайлауға қатысқан.

Өкілеттік билік органдарының сайлауына деген қызығушылықтың жоғалуы көбінесе өкілеттік билік органдарының саяси өмірдегі кейбір рөлінің төмендеуімен, яғни, жастар тарапынан оларға деген сенімнің азаюымен байланысты. Демек, Қазақстанның саяси өміріндегі  Парламент өкілдігінің төмендеуі, жастардың осы өкімет органына қатынасын біршама салқындатқандай.

Оның үстіне депутаттықа үміткер кандидаттардың бағдарламалары да айтарлықтай жастардың көңілін тарта алған жоқ. Шын мәнінде, олардың жастарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау туралы жалпы дәйектері, әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралары, концептуалдық тұрғыдан негізсіз тұғырнамалары жас ұрпақты қызықтыра алмады. Демек, саяси процестерге қатысу тәжірибесіне қарамастан, жастардың басым көпшілігі өкілеттік өкімет органдарын сайлау үрдісін елемеуді қалаған сияқты.

Жалпы, саяси жүйені трансформациялау, азаматтық, демократиялық қоғам белгілерінің бірі болып табылатын көп партиялықты қалыптастыру, өз позициясын орнықтыру, өзін қандайда болмасын саяси күшке қатыстыру, онымен сәйкестендіру желісі бойынша қарастырылады. Айталық, кейбір зерттеушілердің жүргізген социологиялық сауалнамасының нәтижесіне қарасақ Қазақстан жастарының 56% саяси партия мен ұйымдардың жұмысына араласуға оншалықты асықпайтындығын көрсеткен.

Осындай жағдайда жас ұрпақтың негізгі бөлігі еліміздегі саясатқа қатысу мүмкіндігінен, нақтырақ айтқанда, саяси ұйымдарға мүше болып, олардың жұмысына белсенді түрде қатысудан гөрі, уақыт өткізудің басқа түрлерін артық санайтын сияқты. Мұндай тенденция, біздің көзқарасымыз бойынша, саяси мәдениеттің тек жастар арасында ғана емес, жалпы мемлекеттік деңгейде жеткілікті дәрежеде қолға алынбай отыруымен байланысты.

Алайда, елімізде болып жатқан процестер мен оқиғаларға жастардың бағасы бір қалыпты, әрі жайбарақат. Ал олардың керісінше саяси позициясы барынша кемелденген және тиімді болуы жастардың өз құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін елдегі реформаларды дамытуда маңызды құрал екендігін сезінген сәтте ғана туындайды.

Мысалы, социологиялық сауалнамалардың нәтижелері көрсеткендей, Қазақстандағы жас азаматтардың құқығын қорғау жастардың көңілінен шыққан. Олардың көбі отандық заңнамада қандайда болмасын құқықтық қайшылықтар мен проблемаларды шешетін, өркениетті елдерге тән позитивті құралдардың болуын қолдайтын сияқты. Демек, қоғамда орын алатын саяси процестерде жастар өз құқықтарын сақтаудың бірден-бір жолы ретінде – бейбіт митинг, шеру, ереуілдерге қатысуды қолдайтындығын жасырмайды /7/.

Бұл қалыптасқан жағдайда жастардың басым бөлігі барынша ынтымақты және тұрақты. Сондай-ақ, жастар өздерінің мақсатына жетудің бірден-бір жүйелі тәсілі деп сотқа шағымдану, келіссөздер мен өзара келісімдерге келуді, конструктивті ұсыныстармен өкімет органдарына бару, сайлау мен референдумдарға қатысу сияқты жолдарды санайды.

Жастардың жаппай саяси шеруге шығу акциясы экономикалық, еңбек қатынастары, әлеуметтік аясының тарылуы, азаматтық құқығының аяқ астына тапталып, қысымшылығы асқынған кезде болуы мүмкін. Олардың үлес салмағының көбеюі жастардың мәртебелік позициясының нашарлауымен немесе азаматтық өз құқықтарының аяқ асты болуы мүмкін.

Сонымен, социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан жастарының саяси құндылықтары жалпылай алғанда бірегейлігімен ерекшеленеді. Яғни, жастардың санасында батыс елдеріне тән жекелік, дарашылдық сияқты мінез-құлық байқалады. Басқа сөзбен айтқанда, әдеттегі өз басынан қоғамдық мүддені жоғары қоятын идеологияның орнына жастардың санасына біртіндеп либерализм принциптерінің орнығуы байқалады. Айталық, қазіргі республика жастарының құндылықты бағдарында осы кездегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен сабақтасқан прагматизм мен практицизмнің өсу үрдісі орнығып келеді. Мұндай тенденция жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесін шешуде бұрынғы тәсілдерге сүйенудің тиімсіз екендігін көрсетеді және жаңа талаптарға сай тәрбие жүйесін іздестіруді көздейді.

Сонымен жоғарыда келтірілген зерттеулерді қорытындылай келе, Қазақстан жастарының көпшілігі қоғамдағы демократиялық процестерді қолдап, мемлекетіміздің өркендеуіне ат салысуға даяр екендігін атап өткен жөн. Осы социологиялық зерттеулердің мәліметінше қуантатын тағы бір жай — жастардың басым бөлігі (74,3 %) өз отаным деп «Қазақстанды» көрсетіп, әрбір екінші жасөспірім өзін патриот деп санаған.

Алайда, бұл мәселенің толық шешімі табылды деген сөз емес. Өйткені, жоғарыда атап өтілген «жағымсыз» факторлар желісі бүкіл жастарымыздың жартысына жуығын потенциалды «коcмополит», яғни рухани құлазуға дайын объект ретінде көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды — мемлекетімізде жастардың патриоттық сезімін дұрыс арнада реттейтін, отансүйгіштік, патриоттық рухты көтеретін толыққанды жалпы ұлттық идеологияның әлі де жетіспейтіндігі.

Сонымен бірге, жастарымыздың құқықтық сана-сезімінің төмендігі өздерінің құқықтарын барынша пайдалана алмауы олардың кей жағдайда қылмыстық топтардың құрығына түсуіне жағдай туғызуда. Осындай жағдайда мемлекеттің негізгі міндеті — жастарға конституциялық құқық пен еркін азамат ретінде кепіл болу. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Республикамыздың азаматарының, соның ішінде жастардың да құқықтары мен міндеттерін айқындап берді.

Жастарды құқықтық тұрғыда қорғау мәселесі де бірқатар шешілген тәрізді. Қазақстан Республикасының Президентінің  №73 жарлығымен 1999 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2001-2002 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген.

2001 жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Қазақстан жастарының І Конгресі болып өтті. Бұл Конгреске жастар ұйымдарынан 700–ге тарта өкілдер, ТМД және шет елдерден қонақтар келіп қатысты. Алғашқы отырысқа Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, өз баяндамасында жаңа буын өкілдеріне азаматтық және патриоттық тәрибие беру өзекті де өткір мәселе болып отырғандығын басып айтты. Сөз жоқ, еліміздің болашағы бүгінгі жастарымыздың білікті де білімді қолдарында екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

Осы бағытта Қазақстан Республикасының үкіметінің N 155 жарлығымен 2003 жылғы 13 ақпанында 2003-2004 жылдарға жастар саясаты бағдарламасы бекітілді. Бұл құжаттың негізгі мақсаты — жастардың әлеуметтену прецесіндегі ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық құрылымдарын құру мен патриоттық тәрбие беру, өзінің отанына, еліне деген махаббат сезімін арттыруға жұмыс істеу. Бағдарламының міндеттері – кешенді мерекелік патриоттық кештер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жастарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға ат салысып, олардың қоғамдағы маңызын көрсету, жас азаматтарды кәсіпкерлікке және нарықтық ойлауға машықтандыру, жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, өңірлердегі мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы ұйымдастырушылық және құқықтық механизмдерін жасау және жастардың қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынасын дамыту.

Бүгінде қоғам әлеуметтік поляризацияны, саралау процесін басынан кешіруде. Әлеуметтік құрылымда кәсіпкерлер мен банкирлердің, ұсақ саудагерлер және өзге де жаңа экономикалық топтардың пайда болуы айқын көрінуде. Қазақстандық қоғамның маргинализация процесі бөлігінде кіріс тереңіндегі айырмашылықтары, экономикалық және саяси қызығушылықтар белгіленді, әлеуметтік ортада жаңа үрдістер туындады.

Жастар әртүрлі қауымдастықтың әлеуметтік белгілеріне ие бола отырып, өмірдің стилі мен көркем бейнесінің материалдық жағдайларына, құнды бағдарларына қарай ерекшеленеді. Мұндай әртүрлі жастар тобының әлеуметтік жағдайы, олардың саяси түрде өз тағдырын өзі шешуі арқылы алдын-ала анықталынады.    

Қоғамдағы бастапқы процестер жастар қозғалысы мен жастар ұйымының басқаруымен болмай, мемлекет пен қоғамның басқаруында болатын жастар механизмін талап етеді. Қазіргі жағдайдағы жастар ұйымы мемлекеттік жастар саясаты есебінен жастардың толық қажеттіліктерімен, сондай-ақ түрлі әлеуметтік қажеттіліктерін тиімді өткеруге жететіндей бағытта болуы шарт.

Жастардың құқығының сақталуы мен әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етуіне кім кепіл берсе, жастар соған ілеседі. Мәселен, Комсомолда олар: сол кездегі мемлекеттік биліктің барлық органдарынан, жастардың қызығушылықтары мен күнделікті мәселелерін шешуді талап ететін тұлғалар болған.

Әрқилы тарихи кезеңдерде, кез келген мемлекетте қоғамды «нарықтық» үлгіде түрлендіруде және оған сәйкес жеке тұлғаларды қалыптастырумен бірге жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесі қиындықтар туғызған. Оның ерекше келбеті- тәуекелге дайын болу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, экономикалық канъюнктураны, яғни қазіргі кезеңдегі өмірге бейім ұрпақтарды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін, олардың қажетті ақпаратты жедел қабылдай алуында екендігі белгілі.

Еліміздегі жастар өз мәселелерін басқалардан көбірек білетіндіктен, оны  мемлекеттің көмегімен  шешуге мүмкіндік беру қажет. Олардың мемлекетіміздегі реформалар көшінен қалмай, стратегиялық даму бағыттарымызға еріп жүруі, оларың нарықтық қатынастардан туындаған өмірлік жоспарлары мен мақсат-мүдделеріне қайшы келмегені дұрыс.

Сонымен қатар, жастардан «патриот бол», «өз еліңді сүй» деп талап ете беру дұрыс емес. Тәуелсіз Қазақстан жастарының патриоттық тәрбиесін көтеріп, рухын шыңдау ең бірінші кезекте сол жастарымыздың лайықты, тұрақты жұмыс орындары мен тұрғылықты үй-жайы болғанда іске аспақ. Мәселен, социологиялық зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек сол жастардың пікірінше жұмысқа орналасу үшін ең біріншіден жоғары білім мен материалдық мүмкіндіктің болуы шарт. Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің мәліметінше 2004 жылдың үшінші тоқсанында жұмыс іздеп жүрген жастармыздың саны 61,3 мың адамға жетіп, соның 20,2  мың  адам ғана жұмысқа орналасқан екен. Мәселен, ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқан жастар саны 2002 жылы 6,7 мың адамды құраса, 2004 жылы 6,9 мың адамға өскен.

Соңғы соцологиялық зерттеулерге қарағанда қалалық жастардың саны біршама өскен, оның өсу себебі ауылдық жерлердегі жұмыссыздықтың ішкі миграцияға түрткі болуы. Жалпы Қазақстан жастарының урбанизация процесінің негізгі факторы болуын олардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз етуге деген құлшынысы ретінде қарау керек.

Ауыл жастарының қалалық жерлерге қоныс аудару тенденциясы әлі күнге дейін сақталып отыр. Статистикалық мәліметтерге қарасақ 2003-2004 жылдар аралығында жастардың ауылдан қалаға көшу саны біршама төмендегенін байқаймыз. Яғни урбандалу процесі қазіргі таңда 41,1%-дан 37,1%-ға түскен. Жағдайдың былайша күрт өзгеруіне үкімет тарапынан қабылданған «Ауыл жылдары» бағдарламасының іске асырылуы себеп болса керек /8/.

Бірақ, бұл еліміздің ішкі миграцияның біржола тұрақтануы деген сөз емес. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың, ақпараттық-мәдени деңгейдің қарқынды өзгеру барысы әлі де болса жастардың ауылдан қалаға көшуін тоқтатпақ емес. Осындай үрдіске түрткі болып отырған ең бірінші себеп — ауылдық жерлердегі жұмыссыздық салдарынан жастардың қалалық жерде білім алуы немесе жұмыс іздеуі. Сондықтан ауылдық және қалалық жерлерде болсын жастардың ең алдымен өзіне қызықты, әрі қоғамға пайдалы іспен айналысуын қамтамасыз етудің мәні зор. Әрине, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық шындық бұл мәселенің іс жүзінде жүзеге асуын қиындатады, ал кейбір жағдайда тіпті мүмкін етпейді. Алайда, атам қазақ «өзім дегенде, елу өгіздік күшім бар» демекші, бұл шаралардың барлығы да жеке мүдделілік пен бірлікті талап етеді.

Қалай десек те, дәл қазір жастарды жұмыспен қамтудың негізгі жолы мерзімді және қоғамдық жұмыстар болып отырғандығы белгілі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің мәліметі бойынша 2002 жылдың үшінші тоқсанында қоғамдық жұмыстарға 112,4 мың жұмыссыз адам тартылса, соның ішінде жастар саны 8,5 мыңға жетіпті. Ал 2004 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш бір жарым есеге өскен.

Халықты жұмыспен қамту бағытында жергілікті әкімшіліктің қасында жастарға арнайы мамандық беретін курстар ашылып, бірқатар жас біліктілігін арттырған. Осындай мәліметтерден жастарымыздың  жұмыссыздар санының биік көрсеткіште екендігін көруге болады. Соның ішінде жастарымыздың тәжірбиесінің жоқтығы мен арнайы дайындықтан өтпеуінен жұмыс берушілерді қанағаттандырмаған жастардың жас мөлшері 16-дан 24 жас аралықта болып отыр. Сонымен қатар еңбек нарығына алғаш шығып отырған жоғарғы оқу орындарының түлектерінің тәжірбиесінің жоқтығы  осы проблемаға белгілі мөлшерде әсерін тигізуде. Жұмыс іздеген жастардың көпшілігінің арнайы жоғары кәсіби мамандығы болғанына қарамастан ешқандай еңбек тәжірбиесінің жоқтығын байқау қиын емес.

Нарықтық қатынастарға көшкен еліміздің экономикасында айтарлықтай болған өзгерістер жұмысқа орналасу мен еңбек ету тәртібіне де өз әсерін тигізді. Соның ішінде жаңа ғана оқу бітірген жас мамандардың жұмысқа орналасуы қиындықтар туғызуда. Себебі кез-келген кәсіпорын, мекеме басшылығы үшін жастардан гөрі білімі, тәжірибесі мол маманды алған әлде қайда тиімді.

Дегенмен де демократиялық құндылықтарды алдыға қойып азаматтық қоғам құруда жастардың мамандық таңдауы да айтарлықтай өзгерген. Олар көбінесе юрист, банкир, экономист, қаржыгер сияқты мамандық иелерін таңдайды. Өйткені қазіргі қоғамда тасы өрге домалап, ауқатты өмір сүретіндер осы маман иелері болуы оларға түрткі болуда. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы, техника мен технология, орта кәсіп мамандары жетіспей жатқан жерлері бар.

Жастар арасында көбінесе демократиялық бағдар бой көтерген. Жастардың едәуір бөлігі азаматтардың жоғары жоғары әлеуметтік қорғалуы, еркін бостандықтағы кәсіпкерлік пен жеке меншіктілікке қол жеткізген капиталистік елдердің жолын жалғастыру идеясын қолдайды. Осындай үлеске жуық жастар бөлігі мемлекеттік реттілік пен нарықтың үйлесімдік байланыстарын қолдауға даяр екен.

Мысалы, түрлі зертеулердің нәтижелеріне қарасақ, жастар еліміздегі реформаларды біршама қолдайтын көрінеді және де олар нарықтық экономикалық қатынастарға сай мамандықтарды жедел түрде меңгеріп алуға құлшынады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек экономика саласында жарты миллион ер балалар мен қыздарымыз жұмыс істеуде. Осының өзі болашақта экономикамыздың өрлеуіне өз кезегінде кесірін тигізу мүмкін. Бұл мәселе жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында ерекше тоқталып Ғылым және білім министірлігіне осы мамандыққа үлкен тапсырыс беру қажеттілігіне тоқталған болатын. 

Осындай жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда кәсіпкерлікті дамытудың ролі зор болмақ. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті мамандық етудің біршама қыйындықтары да жоқ емес. Ол үшін жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік беретін құқықтық нормаларды қабылдап, жеңіл түрдегі кредитті алуына жағдай жасау қажет сияқты.

Қазақстан Республикасының өмір сүру деңгейі халықтың кірісімен, орташа айлық жалақысымен айқындалады. Жалпы халықтың кірісі тікелей түрде жастардың өмір сүру жағдайына ықпалын тигізіп әлеуметтік көңіл-күйі мен  материалдық жағдайына әсерін тигізеді. Демократиялық қоғамдағы нарықтық қатынастардың обьективті қиыншылықтарына  қарамастан жастар материалдық мүмкіншілігін көтеруге тырысып мемлекет қолдауына қарамай қолдан келгеннің бәрін істеуде. Алайда күнделікті өмір көрсетіп отырғандай, жас азаматтарымыз нарықтық заманың талабын түсініп, біраз бейімделіп қалған жағдайы бар. Ауыл жастары да өз қолдарынан келгенше бірігіп фермерлік іс пен айналысып, мал санын көбейтіп, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосуда. Дегенмен кейінгі үш жылды «Ауыл жылдары» деп атап, осы салаға үлкен басымдылық бергенімен көптеген ауылды жерлер әлі де мемлекеттің қолдауын сезінбей отырғаны рас.

Тағы бір қуантарлық жай — жастарымыздың еліміздің басқару органдарында қызмет етуге талпынысы. Бұл аспект олардың өздерінше мемлекеттік маңызы бар өткір мәселелерді талқылап, талдау жасап, өз ұсыныстарын қалыптастыруы жастардың саяси сауатының артуының көрсеткіші деп айтуға да болады.

Дегенмен, бүгінгі күнге дейін кейбір ауылдық жерлерде мәдени орталықтардың жоқтығы, жұмыссыздық және тағы да басқа мәселелер әлі де толықтай шешілген жоқ. Жағдайдың былайша етек жаюы өз кезегінде жергілікті жерлердегі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артуына, нашақорлықтың етек алуына әкелуде. Себебі жұмыссыз жүрген жасөспірім кез-келген әрекетке барып, өмірінде үлкен қателіктерге ұрынып, болашағына балта шабуы әбден мүмкін.

Оның үстіне, кейінгі уақытта қазақи менталитетке сай емес, өткен тарихында болмаған тастанды балалар үйі күннен күнге көбейе түсуде. Осындай келеңсіз жайттардың болмауы үшін Қазақстан жастарын отансүйгіштікке, патриоттық рухын көтеру отбасы-ошақ қасынан басталып, бастауыш сыныптарда жалғасын  тапқанда ғана аталған мәселелер өз шешімін табары анық. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының да жастардың отансүйгіштігін, біртұтас ұлтжандылығын, өз елінің патриоты сезінуіне, ана тілін қастерлеуде алатын орны ерекше екендігін атап өткен жөн.

Келесі мәселе – бүгінгі жастарымыздың рухани көңіл-күйіне тікелей әсері бар денсаулық мәселесі. Шын мәнінде, қазіргі жастарымыздың денсаулығы көңіл көншітерлік деп айта алмаймыз. Олай дейтініміз, соғы кезедері көптеген жас азаматтарымыздың өз денсаулығына деген немқұрайлылығынан туындаған ауру-сырқау түрлерінің көбейіп кетуі. Солардың ішінде дәл қазір саны жағынан да, өзектілігі жағынан да алдыңғы орында тұрған ауру түрлеріне жастар арасында кең атараған туберкулез, тыныс алу мүшелері, онкологиялық, нашақорлық, жыныстық қатынаспен берілетін әртүрлі ауру түрлерін жатқызуға болады. СПИД ауруын жұқтырған жастар саны да алаңдатуда..

Әңгімені алыстан бастар болсақ, кейінгі уақытта жастар арасында некеге тұрып отбасын құру коэффиценті өскенімен, айырылысу тенденциясы да азаяр емес. Оған себеп көптеген жастардың тұрақты тұрғылықты мекен-жайы мен жұмысының жоқтығы, материалдық қажеттіліктерінің қанағаттанбауының салдарынан болып отырған отбасындағы келіспеушілік фактілерінің көбеюі болса керек. Оның үстіне кейбір жастардың некелік-отбасылық қатынастарға деген дәстүрлі көзқарасының өзгеріп, заңды түрде тіркелмеген азаматтық некелердің көбейуі белең алуда. Бұл тенденция әсіресе қалалық жерлерде көбейіп, осыдан барып заңсыз некеден жасанды түсік тастау, тастанды балалар саны күрт өсуде.

Қазіргі таңда қоғамымызға дендеп енген ғасыр дерті адамзаттың сорына айналып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсуімізге елеулі кесірін тигізуде. Әсіресе, есірткіге еліктеушілік жастар арасында белең алып бүгінгі күннің өткір мәселесіне айналуда. Осы маңызды мәселені шешуде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2000 жылдың 16 мамырында «Қазақстан Республикасы нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Жарлыққа қол қоюы осы мәселені аясында табанды қызмет істеп, жүзеге асыруда жаңа талпыныс бергендей. Мәселен, кейінгі уақытта есірткі, нашақорлыққа қарсы жастардың акциялары, мерекелік кештері жергілікті әкімшіліктердің, құқық қорғау органдарының қолдауымен көптеп өтуде.

Сонымен бірге, жастардың толыққанды дамуына әлі де салауатты өмір салты мен жалпы спортқа деген көзқарасты қалыптастыру мүмкін болмай отыр. Әлеуметтік мәселелердің  шешілмеуі, экологиялық жағдайдың нашарлауы, жастардың денсаулығына әсер етіп түрлі аурулардың туындауы болашық буын өкілдерінің тағдырына алаңдаушылық туғызуда. Республикалық санитарлық-эпидемиялық орталықтың мәліметінше 2002 жылдың басында, өткен жылмен салыстырғанда жастар арасында туберкулезбен, педикулезбен, өткір инфекциялық ауруға шалдыққандар қатары артқан. Жастар арасында кең етек ала бастаған жыныстық ауруларда көбейюде.

Естеріңізде болса, Қазақстанда есірткі заттарын пайдалану салдарынан СПИД-ті жұқтырған ең алғашқы адам 1987 жылы тіркелген. Ал қазіргі таңда олардың ресми тіркелген саны –2250, болса соның 68 % жастар екен.  Кейбір дерек көздеріне сүйенсек тіркелмегендер саны екі-үш есеге жетеді. Қарап отырсаңыз, небәрі 15-16 жыл ішінде бұл індеттің динамикалық өсімі шошытарлық деңгейге жеткен. Бұл не, заманымыздың тозғаны ма, әлде адами рухымыздың дағдарысы ма?

  Жалпы жастардың денсаулығының нашарлауына ең бірінші экологиялық жағдай, сондай-ақ психологиялық ауыртпалық, тағам құнарлығының кемуі, еңбек етудің ауыр жағдайы және күтпеген оқыс оқиғалар сияқты себептерді келтіруге болады. Бұл бүгінгі заман құбылысы. Осы күннің салдарынан болашақта ұрпақтың денсаулығы әлеуметтік-экономикалық факторлардан әсерінен туындайтын гендік ауытқуларға әкеп соғуы мүмкін. Міне, бұл болса адамның тозуына әкелетін құбылыс. Сондықтан осындай күрделі мәселенің алдын алу үшін жастардың спортқа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген құлшынысын арттырған жөн.

Бүгінгі жастарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырған ғаламдық проблеманың бірі экология екендігі белгілі. Жоғарыда атап өткендей, егер жастарымыздың ауылдан қалаға көшуі үдей түссе, онда қалалық жердегі өндіріс орындарынан, автомобильдерден шығатын зиянды түтін-қалдықтар экологияға әсер етіп белгілі мөлшерде сол жастарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Сонымен бірге медециналық сауықтыру орталықтары мен емханалардың қызметінің ақылы жүйеге көшуі көптеген сәттерде жастардың уақытылы емделуіне кедергі болып, ауруының асқынып қайғылы қазаға әкелу фактілері де аз емес. Демек, келешек ұрпағымызды сауықтырып, еліміздің прогрессивті дамуы үшін бүкіл қоғам бір жұдырықтай жұмылып, ғасыр індеттері мен дерттеріне қарсы тұруы шарт.

Жалпы бүгінгі таңда қоғамымызды алаңдатып отырған мәселелер жеткілікті, соның ішінде әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаймай отыруы алаңдатады. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша қылмыстық іске кәмелеттік жасқа толмағандар саны динамикалық түрде өсуде. Қылмысқа бару көбінесе нашақорлық, таксикомания, алкоголизмнің кең қанат жайюымен байланысты болып отыр. Мұндай заттарды дәл бүгінгі күні еш қыйындықсыз табуға болады. Айталық, алкогольді ішімдіктерді тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер мен дүңгіршектерден ешбір қиындықсыз алуға, ал есірткі заттарын кез-келген түнгі ойын-сауық орталықтарынан табуға болатыны бәрімізге мәлім.

Жалпы наркоманияның етек жаюы барша адамзатқа, оның денсаулығына, сайып келгенде еліміздің экономикалық-саяси дамуы мен тұрақтылығына әсер етпей қоймайды. ТМД мемлекеттері арасында көшбасыға айналған еліміздің экономикалық өрлеуіне қарамастан, халқымыздың саны мен есірткіге тәуелді болған жастар арасындағы пропорцияның өте жоғары болуы көңіл қынжылтары анық. Бұл жастардың тек патриоттық тәрбиесіне ғана емес, бүкіл еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне, яғни жастарымыздың да болашағына әсер ететін фактор.

Демек, мемлекетіміздің жас буын өкілдерінің физикалық және интеллектуалды потенциалы, стратегиялық ресурс болғандықтан көп ретте еліміздегі реформалар, осы жастардың тікелей араласуымен жүзеге асуы тиіс сияқты. Осындай бағытта жасалып жатқан реформалардың демократиялық қоғамдағы жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін көтерері хақ. Демек барша қазақстандық жастардың саяси сана-сезімі, мәдениеті мен қоса патриоттық рухын көтеру өз кезегінде жемісті нәтижелерін беретін шараларды талап етеді.

 Еліміздің ірі қалаларында әртүрлі демалыс орындары, түнгі клубтар, интернет залдары мен компьютерлік ойындар орталығы көбейіп жасөспірімдердің уақыты мен санасын өзіне тәуелді қылуда. Жастарымыз осындай мән-мағынасыз жолдармен кете берсе ертеңгі шынтуайт өмірді ұмытып, виртуалдық дүниеге алданып, психикалық ауруға, депресияға ұшырауы әбден мүмкін. Бұндай ауруға ұшыраған жас өспірім қоршаған ортаны ұмытып,  білім алу, кітап оқу дегендерді теріс көріп, тәулік бойы компьютердің алдында телміріп отырудан ләззат алатын болады. Ал бұл өз кезегінде оның нағыз азамат болып қалыптасуына кері әсерін тигізері анық. Сондықтан осындай мәселелерге жол бермеу үшін мемлекет тарапынан жас буын өкілдерінің санасына кері әсерін тигізетін орталықтардың жұмысын реттеп, тәртіпке келтіретін заңдық нормалар қабылдауын талап етеді.

Мәселен, осындай проблемаларды шешу үшін заңдық нормалармен анықталған, мемлекеттің қаржылық қолдауымен «Қазақстан жастарының патриоттық тәрбиесі» атты бағдарлама қабылданып, осы сарында тиімді жұмыс атқарудың маңызы зор. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты жалпы Қазақстандық жастарға Отанына деген патриоттық тәрбиесін жетілдіру болуы тиіс.

 

2.2. Өтпелі кезеңдегі жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы

 

Қандай мемлекет болмасын өзінің даму барысында басынан бірқатар өтпелі кезеңдерді өткізетіні белгілі. Бұл тарихи даму заңдылығы және ол барлық елдер үшін ортақ аксиома. Трансформациялану процесі немесе өтпелі кезең қиындығы сол мемлекет ішінде өтіп жатқан реформалардың деңгейі мен тереңдігіне байланысты. Міне, осындай құбылыс ұзақ жылдар бойы Кеңес Одағының құрамдас бөлігі болып келген Қазақстанды да айналып өтпеді. Жалпы қоғамдағы өзгерістер жайлы ой шерткенде, бірінші кезекте азаматтардың материалдық жағдайы туралы көп айтылып, олардың рухани құндылықтары шет қалатыны бар. Шын мәнінде, қандай да болмасын қоғамдық өзгерістер барысында өз қалпына қайта келуі қиын, әлсіз буын осы рухани сала болып табылады. 

Міне, дәл осылай Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан қоғамының, әсіресе жастар буынының дүниетанымы бірден өзгеріп шыға келді. Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының қалыптасуында кеңестік дәуірдегі және одан кейінгі жастардың арасындағы рухани сабақтастық үзіліп, қазіргі таңда нарықтық экономикаға бейімделе бастаған тәуелсіз жаңа буын өкілдері өсіп жетілуде.

Өз кезегінде соңғы он төрт жылда Қазақстан Республикасының экономикалық, қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістер қоғамның, соның ішінде жастардың да дүниетанымына әсерін тигізгені рас.

Бүгінгі жас буынның бағыт-бағдары ертеңгі мемлекеттігіміздің  кепілі  болуымен қатар қоғамның прогрессивті дамуына белгілі бір мөлшерде ықпал ететін әлеуметтік топ құру мақсатымен ұштасуы шарт. Жалпы еліміздегі қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе жастардың құндылықтарын түбірінен өзгертті және де бұл өзгерістерге толыққанды оң баға беру әлі ерте. Дегенмен, тәуелсіз мемлекет, оның саяси және экономикалық институттарымен қоса жаңа буын өкілдері дүниеге келіп өздерінің ерекше дүниетанымдық көзқарасымен, мәдениетімен, салт-санасымен жаңа ағымда өсіп жетілуде деген үміт те жоқ емес.

Осы орайда Қазақстан жастары жайында қазіргі қоғамда бірқатар сұрақтардың туындауы заңды. Атап айтқанда Қазақстан жастарының қазіргі жағдайы мен болашағы қандай болмақ? Қоғамның саяси өмірінде жастардың орны қандай? Жастардың патриоттық сана-сезімін қалай көтереміз? Болашақтың кепілі болатын жас буын өкілдерінің қазіргі қоғамдағы орны мен ролі қандай болуы керек? Міне, осы және басқа да мәселелер дәл бүгін шешімін табуы керек.

Осындай еліміздің баянды болашағы үшін өмірлік маңызы бар сұрақтар жоғары мемлекеттік деңгейде, ғылыми тұрғыдан кешенді түрде зерттелініп, жастарды нарықтық заманда қорғай алатын біртұтас бағдарламалар мен құқықтық нормалар қабылдаудың қажеттігі туындайды.

Әрине, бұл бағытта осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан атқарылған істер аз емес. Айталық мемлекетімізде «Жастар туралы» заң қабылданып, «Қазақстан республикасының жастар саясаты туралы» концепциясы және тағы басқа да мемлекеттік құжаттар, бағдарламалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Алайда, жастардың бүгінгі таңда қоғамымыздағы ең ірі әлеуметтік-демографиялық топ екендігін ескерсек, жоғарыда аталған шаралардың жеткіліксіз екендігін және де аталмыш проблеманың тиімді шешілуін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екендігін көреміз.

Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер ең алдымен қоғамның обьективті процестерінен  туындап, болашақта жастар мәселесін қайшылыққа әкеп тіреуі мүмкін. Жастар – қоғамның саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық салаларының толыққанды қалыптасуына және оның тұрақтылығына ықпал ететін негізгі әлеуметтік-демографиялық топ. Демократиялық даму жағдайында жастар мен қоғамның өзара қарым-қатынасы еркін түрде өрбиді. Бұл мәселе өз кезегінде жастар мен қоғамның бір-біріне өзара ықпалы мен тәуелділігін айқындайтын фактор болып табылады.

Демек, демократияның Қазақстандағы ертеңгі күні бүгінгі жастардың, ал олардың ертеңгі тағдыры қазіргі қоғамның қолында. Алайда, өз бетімен жүріп үйренген жас сананы жүйелендіру оңай шаруа емес. Себебі, жылдам уақыт аралығында өзгерген бұрынғы идеология мен  рухани ұстанымдар, бірегей дүниетаным, әлеуметтік мәдени өзгерістер тікелей және жанама түрде қоғамда рухани бос кеңістіктің пайда болуына әкелді. Осындай рухани бос кеңістіктің орнын толтыру өтпелі кезеңде көптеген қиыншылықтарды да ала келгені шындық.

Оның үстіне мәселенің қиындығы белгілі бір бағдарламалар немесе жоспарлар жасаумен шешілмейді. Өйткені, қазіргі таңда кеңестік дәуірде өмір сүрген жастармен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жастары арасында рухани сабақтастық үзілген. Кеңестік жүйедегі қалыптасқан колликтивизмге негізделген мемлекеттік идеиология бір мезетте құрдымға кетіп, оның орнына «өз күніңді өзің көр», яғни индивидуализмге бет бұру біршама қиындықтар туғызды. 

Демократиялық ашық қоғам құруға дайын болмаған қоғамда саяси мәдениет кенжелеп ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтары, кино клубтар талан таражға түсіп, ұстағанның қолында кетті. Қалалық жерлерде үлкен завод, фабрикалардың жұмыс істеуі қиынға соғып, тоқтағаны тоқтап, өндіріс ошақтарды қаржыландыру тежеліп, әркім өз күнін көруге бет алғаны бар. Бұл жай өз кезегінде қоғамдағы жұмыссыздықтың көбеюі мен бос жүрген жастардың ішімдікке үйір болып, нашақорлыққа салыну тенденциясына әкеп соқты.

Әрине, осындай жағымсыз ішкі факторлардың өршіп тұрған шағында жастардың патриоттық, ұлтжандылық, отансүйгіштік туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз еді. Өйткені, қиын-қыстау кезде патриоттық тәрбиеден гөрі, одан да «маңызды» экономикалық-саяси реформаларды іске қосу, жұмыссыздықты азайту проблемалары бірінші орнында болғаны рас.

Қазақстан жастарының саяси мәдениетін трансформациялау – қиын  және ұзақ процесс. Оны қазіргі жағдайынан белсенді, демократиялық мәдениетке ауыстыру – жастардың санасына ересек ұрпақ тәжірибесі негізінде қалыптасатын жаңашылдыққа тән дәстүрлі құндылықтар жүйесін құрумен түйіндес. Бұл процесті декретпен немесе заңдармен жылдамдату мүмкін емес. Оның өзіне тән заңды эволюциясы бар.

Бұл туралы отандық зерттеушілер де айтып жүр. Мысалы, Р.К.Қадыржановтың зерттеуінде көрсетілгендей, Қазақстан қоғамының саяси мәдениетін тоталитарлық және авторитарлық ауыспалы саяси мәдениет модельдері арасындағы аралық жағдайға жатқызуға болады.

Ал өз  кезегінде   отандық саясаттанушы Е.С.Шәуеновтің еңбегінде республика тұрғындарының саяси мәдениеті белсенді мәдениеттің ең төменгі деңгейімен сипатталатындығы көрсетілген. Бұл демокртияның когнитивтік дағдысының баяу дамуынан (халықтың саяси қатысуы, үстірт саяси институттар туралы білу, қалай ақпараттар алу туралы үйрену және т.б.) сондай-ақ, азаматтардың жүйелі сезімдерінің немесе басқа да саяси қауымдастық сезімдерінің төмен көрсеткішінен көрінеді. Демек, өтпелі кезеңге тән саяси мәдениет мемлекет тарапынан белгілі бір реттуді қажет етеді.

Жалпы ересектерге қарағанда жастар демократиялық дағдыларды тез қабылдауға қабілетті. Сондай-ақ жастар кеңес уақытын сағынудан алшақ, оның үстіне жастар өмірінің саналық кезеңі кеңес уақытынан кейін басталады. Әрине жастар жалпы халықтың басқа категорияларына қарағанда жаңа құндылықты тез қабылдауға қабілетті, сондықтан да оның прогрессивті күші басым. Мұндай жағдайда мемлекет бүкіл қоғамды жаңғыртудың бас субъектісі ретінде жастарды, олардың саяси белсенділігі мен рухани жағдайын белгілеуі орынды. Алайда, мемлекеттік органдар тарапынан қабылданатын шаралар науқаншылдық сипатта емес, керісінше мемлекеттің ұзақ және мақсатты бағыттағы стратегиялық жолы болу үшін шын мәніндегі нақты мазмұнда толықтырылуы қажет.

Қазақстан үшін өтпелі кезеңнің келеңсіз жақтарымен қатар, оңды тұстары да болғанын жасыра алмаймыз. Айталық, терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыс етжеңді, ертеңін бүгін ойлайтын жастар өрісінің құрылуына себепкер болды. Мұндай жағдайда жас буын ортасындағы әртүрлі құнды бағдарлар көбіне-көп алғашқы посткоммунистік буынның қалыптасуына алғы шарт болды. Осындай үрдістер аясында нарықтық қайта құру әсерінен жастардың түрлі ағымдағы либеральдық-демократиялық бағыттағы саяси мәдениетінің айрықша, дербес және мықты жақтары қалыптаса бастады.

Мысал ретінде жастардың саяси санасы мен мәдениетінің өзгеру барысын алып көрелік.      Жалпы қазіргі таңда Қазақстан жастары арасында қандайда болмасын саяси идея, бағыт түрлері бойынша бірігуден гөрі бытыраңқылық тенденциясы басым. Әрине жастардың әртүрлі қарым-қатынас жасауы, белгілі бір қоғамдық іс-әрекетке бой беруі олардың тікелей тілек-қалаулары мен саяси болмысына байланысты. Бұл демократиялық қоғам құрудың белді принциптерінің бірі. Бірақ, мақсат пен әрекет ерекшеленуі мүмкін. Сондықтан бұл жағдай жастардың күнделікті өмір тіршілігіне сәйкес құрылған санасының қазіргі озық модельдерін бейнелейді.

Соңғы он төрт жылғы отан тарихында ауыз толтырып айтарлық саяси өзгерістерге толық болды. Бұл ең алдымен еліміздің саяси жүйесіндегі демократиялық үрдістер, атап айтқанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың демократиялық үлгіде қайта жаңғыруы және сайлау науқандары десек қателеспейміз. Себебі, осындай елеулі құбылыстар ғана жастар санасына айтарлықтай әсер етуге бейім.

Өткен жылдарда жүргізілген социологиялық зерттеулер нәтижелеріне қарағанда жас буын өкілдері жеке-дара электорат (сайлаушы) ретінде өз басынан бірнеше маңызды кезеңдерді өткізген. Бұл олардың саяси сауаты мен белсенділігінің дамуына түрткі бола отырып, жалпы жастардың демократиялық саяси мәдениетінің қалыптасуын және олардың тәуелсіз қазақ мемлекеттігімен бірегейлену процесінің дамуын қамтамасыз етті.

Мәселен, елімізде өткен сайлау науқандарына көз жүгіртер болсақ жастарымыздың белгілі бір ықпалды топқа айналуын көрсетеді. Яғни еліміздегі жас буын өкілдері сайлау кезінде белгілі бір саяси күштерді қолдай отырып, өз пікірлерінің әралуандығын да көрсете білді.

Алайда, бұл жастар арасында толыққанды демократиялық саяси мәдениет қалыптасып бітті деген сөз емес. Себебі, осы уақытқа дейін ел ішінде орын алған саяси жағдайға селқостықпен қарайтындар қатары аз емес. Мысал ретінде сол сайлау науқандарын алсақ болады. Айталық, жастардың көбі сайлауға қатысуға ынтасыз, ал қатысқан жағдайда өз сайлау құқын мақсатты түрде пайдалануға асықпайды. Бұл өз кезегінде жастар арасында патриоттық сезімнің қалыптасуына елеулі әсері бар өзара консенсус, яғни келісімпаздықтың орнауын тежейді. Ал “келісімпаздық” болмаған жағдайда, жастар түрлі саяси күштердің алдап-арбау объектісіне айналуы мүмкін. Мұндай жағдай жастардың саяси санасының болашақ тағдырын болжауды қиындатады. Байқағанымыздай қазіргі жастарымыз саяси келісімпаздыққа итеретіндей өмір тәжірибесі мен саяси сауаттылығын жеткілікті дәрежеде жинақтаған жоқ.

Қалай десек те, өтпелі кезең заңдылықтары қоғамдық-саяси ортада жастардың саяси симпатиясы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыра білді десек қателеспейміз. Мәселен, осы кезеңдегі жастардың саясаттағы позициясына жасалған талдау, олардың өзін-өзі ұйымдастыруға талпыныс жасауын, сондай-ақ мемлекет тарапынан болған жастар саясатындағы көпполюстік беталысты айқындады.

Соңғы он бес жылдың ішінде кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте құрылған тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, бұрынғы тоталитарлық жүйеден бірден өзіндік даму жолына түсті. Әрине, әр елдегі саяси-экономикалық процестердің даму мазмұны мен сипаты өзіндік менталитетіне, ерекшеліктеріне тән ішкі факторлармен анықталады. Мәселен, әрбір азаматтың қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысуы немесе қатыспау туралы таңдау еркіндігі берілген жағдайда, демократиялық даму жағдайында ол көбінесе жеке тұлғаның ұйғарымына байланысты болады. Өйткені әр жас азамат өз таңдауын өзі анықтап, өз өмірінің қожайыны болмақ. Кейінгі уақытта республикамыздағы жастардың қоғамдық саяси өзгерістерде назарын аударуынан  – жастардың жаңа идеяға жол бастағандығын байқау қыйын емес.  

Жалпы алғанда, жастар проблемасын зерттеуші А.Шайкенов атап көрсеткендей, Қазақстан жастары “әлеуметтену” процесінің үш кезеңін бастан кешіруде. Олар: азаматтық-құқықтық, материалдық-экономикалық және өнегелік-дүниетанымдық. Осының ішінде өтпелі кезеңдегі ауыртпалық және оның ұзақ уақытқа созылуы — тұлғаның рухани дағдарысқа түсіп қоғамнан тысқары қалу қаупі де жоқ емес.

Жастардың қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысуы міндетті емес, сондықтан бұл жай комсомолдық ұйым сияқты өткен уақыттағы құрылымнан қазіргі жастар ұйымын ерекшелейтін негізгі сипаттама. Егер біз жастардың өзін-өзі ұйымдастырудың әртүрлі үлгілеріне ұмтылыс жасауы туралы айтар болсақ, онда негізінен өзекті мәселелер жиынтығы жастар ұйымының бірнеше түрлерін және мақсатты бағыттарын болжауға мүмкіндік береді. Олар әртүрлі қолдау қорлары арқылы жұмыс істейтін экологиялық, құқықтық, спорттық, экономикалық  сипаттағы ұйымдар. Ұйымды құру және оны бастау оңай шаруа емес. Ол таңдап алынған бағыттағы әрекет мүдделеріне ие болу, өзін-өзі тану және таныту, өз көзқарасы мен наным-сенімін жеткізе білу болып табылады.

Мұндай жағдайда, мемлекет жастарға еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, жастар қозғалысының дамуы, жастардың қоғамды жалпы саяси реформалау процесіне мүмкіндігінше белсенді қатыстырудың қажетті компоненттерін құруға көмектеседі.

Жалпы, қалыптасқан пікірлер бойынша қазіргі уақыттағы жастар ұйымын қалыптастырып, қолдауға  жасалынып жатқан шаралар, белсенді қадамдар, мемлекеттік органдар тарапынан жасалуы тиіс. Көптеген жастар ұйымдары мен қозғалыстары қажетті қаржылық-материалдық қолдаудың  жоқтығынан өз әрекеттерін кең көлемде жүзеге асыра алмай отырған жайы бар. Тек қаражаттың жоқтығы емес, сондай-ақ жергілікті әкімшілік органдарының қолдауы да аздық етіп отыр. Мұндай жағдайда мемлекет, қаржы орталықтары мен арнайы қорлардың күшімен қоғамдық жастар ұйымдарының күшін біріктіргенде ғана, Қазақстандық жастарды қоғамдық-саяси өмірге баулып, өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық  сезімінің дұрыс арнада қалыптасуына септігін тигізеді.

Қоғамның әр саласының өз бетінше даму жолына түскен жағдайында, жастар ұйымдарының жергілікті жерлерде шағын масштабтағы бірлестіктер ретінде бой көтеруі тиімді секілді. Сөз жастардың мүмкіндігінше заңды түрде өмір тіршілігіне жақын жергілікті жастар ұйымдарын құруы туралы болып отыр. Сол себептен де жергілікті атқарушы органдар жастар қозғалысы мен берлестік әрекеттеріне барлық шамада қолдау көрсету тиіс.

Сонымен, республика жастарының саясатқа деген қатынасына талдау жасай отырып, бәрінен бұрын қоғамдық саяси белсенділігі мен Қазақстан жастарының саясатқа қызығу деңгейі жылдан-жылға төмендеп келе жатқанын көруге болады. Мысалы, зерттеулер нәтижесіне сүйенсек,  жастардың үшке жуық бөлігі ғана үнемі саясатпен айналысады. Ал жас буын өкілдерінің бесінші бөлігі мүлдем саясатқа қызықпайды. Бұл санаттағы жастарға ауылдық жастарды жатқызуға болады.

Яғни, бұл көрсеткіштер жастардың кейбір жағдайда жеке проблемаларына, жеке даралық сана мен өмір салтына бейжай қарауына куә болады.

Дегенмен, жастардың негізгі бөлігінің саясатқа деген қызығушылық белгілерінің болмауы, мемлекетіміздегі жастар проблемасының, оның шешілу жолдарының жоқтығын білдірмейді. Керісінше, мемлекетіміздің жастар саясатын  қолдау кейінгі уақытта күш алып ең өзекті даму бағыттарының біріне айналуда. Мемлекет саяси-экономикалық жетістіктерге жету жолында әлеуметтік-демографиялық топ ретінде халықтың басым бөлігін қамтитын жастарға көңіл аударуы заңдылық. Өйткені қай заманда болсын жастар қоғамның алдыға жылжуының тетігі болып, мемлекеттегі модернизациялану процесін баянды ете алатын ықпалды күшке ие.

Бұл жерде еліміздегі саяси партиялардың ішіндегі жастар қанатының болашақта атқаратын істері баршылық. Айталық, болашағына бейжай қарамайтын белсенді жастар еліміздің жан-жақты дамуына ұсыныстар айтып, мемлекеттік органдардың қызметін бақылайтын патриоттар санын көбейтудің амалын қарастырғаны жөн. Дәл қазіргі уақытта еліміздің  тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету ең маңызды құндылық болғандықтан отанымыздың шын мәніндегі патриотын тәрбиелеу ауадай қажетті саясат болғаны дұрыс.

            Қазақстанның еңбек нарығындағы жастардың жағдайын талдау қажеттілігі екі маңызды жағдаймен түсіндіріледі. Біріншіден, жастар Қазақстанның еңбекке жарамды халқының басым бөлігін құрайды, екіншіден, ең бастысы, олар елдің болашағы, жастардың қызметке тартылуы елдің болашақ дамуын айқындайды. Жастар қазіргі кезде қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын көп жағынан белгілейді. Сонымен бірге олар әлемде еңбек нарығындағы ең әлсіз топ болып саналады. Аталған проблемалардың өзектілігіне қарамастан, оларға ғылыми зерттеу еңбектерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, үкімет құжаттарында аз көңіл бөлінеді.

          Осы жұмыста біз 16-29 жас аралығындағы жастардың еңбек нарығындағы жағдайына талдау жүргізуге талаптанып отырмыз. Бұл жаста олар орта білімді бітіріп, кәсіптік білім алуға ұмтылады, бірқатары жұмыс іздейді, бірқатары еңбек қызметін бастайды.

          Жасөспірім топты (18 жасқа дейінгі жастар) негізінен орта мектеп оқушылары мен кәсіптік  училищелер студенттері құрайды. Олар негізінен еңбек қызметіне тартылмаған. Алайда халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендеуіне байланысты жастардың осы санатының өмірлік позициясын едәуір өзгертті. Олардың көпшілігі еңбек етіп, ақша табуды мақсат тұтады. Олар жұмыссыздар қатарын толықтырып, еңбек нарығына кіреді.

          Қазіргі кездегі жасөспірімдерді жұмысқа тарту жағдайлары алаңдаушылық туғызады. Бұл ең алдымен өз бетімен автомашина жууға немесе газет сатуға не экономикалың «көлеңкелі» секторына жұмысқа жалданған жастарға қатысты. Бұл ретте олармен арнайы шарт жасалмағандықтан түрлі сылтаумен жасөспірімдердің еңбекақысын уақтылы толық төлемеу, жұмыс барысында денсаулығына зиян келтірілсе, оны өтемеу фактілері кездеседі. Сондықтан жастардың осы тобының жұмыспен қамтылуына мемлекет тарапынан қатаң бақылау болмаса, онда қоғамның қылмыстық потенциалы ұлғайып кетеді деген қауіп бар.

          18-24 жас аралығындағы жастарға студенттер мен негізгі кәсіптік даярлықтан өткен жастар жатады. Олар да еңбек нарығына қосылып жатқан әлсіз топ болып есептеледі. Өйткені жеткілікті кәсіпқой және әлеуметтік тәжірибелері аз, соның салдарынан бәсекеге қабілетсіз.

          25-29 жастағылар негізінен кәсіби таңдау жасай алады, белгілі бір біліктілігі, бірқатар өмір тәжірибесі бар. Олар өздерінің нені қалайтынын біледі, көпшілігінің отбасы бар, ұсынылған жұмысқа жоғары талаптар қояды. Сондықтан да Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың ішінде осы топтың үлесі мол. Бұл ең алдымен қазақстандық жастардың еңбек нарығына жұмыс таңдау мүмкіндігінің молдығына байланысты жылдам бейімделгендігін көрсетеді.

          Еңбек нарығындағы маңызды көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі, еңбек нарығының сыйымдылығы мен конъюнктурасы, ұсыныс пен сұраныстың ара қатынасы жатады.

          Біздің статистика көп жағдайда еңбек нарығындағы жсатардың жай-күйін толық көрсете алмайды. Өйткені жастар ересектерге қарағанда еңбек биржасында жиі тіркеуден өте бермейді. Статистика тек жалпы үрдісті сипаттауға ғана мүмкіндік береді. Жұмыспен қамту қызметтері еңбекке сұраныс пен жұмыс күші ұсынысының тек бір бөлігін ғана көрсете алады. Нәтижесінде, жасырын жұмыссыздықтың бар қыры толық ашылмай қалады.

          Зерттеулер көрсеткендей, жастардың 50% мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейді, 25%-ке жуығы әртүрлі салада. Кәсіпкерлікпен айналысушылардың ішінде жастардың үлес салмағы басым. Жастардың жалпы санының 2,5-3,0% шағын және орта бизнеспен шұғылданады.

          Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2002 жылдың басында 14-тен 29-ға дейінгі жастағы жас азаматттардың саны 4 260 000 адамды, немесе халықтың жалпы санынан 28,7%-ды құрады. Салыстыру үшін айта кететіні, 1999 жылы осы көрсеткіш  3 787 700 адамды, немесе халықтың жалпы санынан 25,7%-ды құраған. Жастар санының осындай күрт өсуі көптеген жылдар бойы байқалмаған       (1 кесте).

 

 

                                                                                                           1-кесте

1995-2001 жылдары халықтың жалпы санындағы жастардың үлесі

 

 

  1995

  1996

  1997

  1998

  1999

  2000

  2001

Жастар

   %

  24,7

  24,7

  25,0

   25,4

  25,7

  26,9

  28,7

 

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, 2002ж.

 

Жастардың ауылдық жерден ағылуы проблемасы сақталып отыр. Статистика  деректері бойынша 2001 жылы ауылдан қалаға қоныс аударған жас адамдардың саны өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе асты. 2001 жылы ішкі қоныс аударуға қатысқан адамдардың жалпы санындағы жастардың үлесі 41,4%-ды құрады. Әдетте, ауыл жастарының қалаға көшуінің басты негізгі себебі оқу және жұмыс іздеу болып табылады.

Жастар урбанизация процестеріне қатысатын халықтың аса белсенді санатында қалып отыр. Қала халқының құрылымындағы жастардың саны 2000 жылы 25,8%-ды құраса, 2001 жылы бұл көрсеткіш 27,9%-ға дейін өсті. Бұл ретте, ішкі көші-қонның осындай көрсеткіштеріне қарамастан, ауыл халқының құрылымында жастардың үлесі жоғары деңгейде қалып отыр. 2001 жылы ауыл жастарының саны 29,8%-ды құрады.

Жұмыс іздеуден туындаған жастардың ішкі көші-қоны масштабтары  елеулі дәрежеде елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Жастарды жұмыспен қамтуға, қылмысқа қарсы күреске, тұрғын үй проблемаларын шешуге бірқатар әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемалардың өзектілігі артуда.

Отбасы құру проблемаларын көрсететін және жас отбасыларын  әлеуметтік қолдаудың қажеттілігіне назар аудартатын неке-отбасы қатынастар көрсеткіштері аса маңызды мәселелердің қатарында. Статистикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, неке қиюдың негізгі жасы 19-дан 24-ке дейінгі жас аралығы екені мәлім. 2000 жылы 25-29 жас аралығында өз қатынастарын заңдастырған 42414 адамға қарағанда, 19 бен 24 жаста некеге тұрған ерлер мен әйелдердің саны 80453 адамды құрады. Сонымен қатар, неке қатынастарының «есею» үрдістері байқалады. Соңғы жылдары осы үрдіс ерлерге қарағанда, әйелдерде көбірек байқалады (2 есеге). Бұл отбасы рөлінің екінші орынға ығыстырылып, дәстүрлі құндылықтар жүйесінің белгілі бір өзгеруі туралы айтады.

Сонымен бірге, тіркелген некелер санының қысқаруына қарай келеңсіз беталысы алаңдаушылық тудырады. Неке қию және ажырасу туралы статистика деректеріне сәйкес 1989 жылы 165 400 неке тіркелген. Ал 1999 жылы осы көрсеткіш 64 001 некені құрады /9/. Неке санының азаюы ажырасу санына да тікелей әсер етеді. Мәселен, 1999 жылы жастар арасындағы ажырасу коэффиценті 1,9-ды құраса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 1,4-де дейін азайды. Бұл ретте, 2000 жылғы ажырасулардағы жастардың үлесі 28%-ды құрады.

Нәтижесінде халықтың туу деңгейі төмендеуі мүмкін, өйткені ажырасулардың көпшілік саны ең репродуктивті жастағы өкілдерге тиесілі. Осы үрдістің екінші салдары отбасының орташа мөлшерінің қысқаруы және толық емес отбасылар санының өсуі болып табылады. Жағдай некеден тыс, толық емес отбасыларда туылған балалар санының ұдай өсуімен ушығуда.

Осыған байланысты, жас отбасылық жұптардың арасында ажырасудың  жоғары көрсеткішінің сақтауына әкелетін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы үш негізгі себептерді бөліп айту керек:

— жас отбасыларды мақсатты мемлекеттік қолдаудың болмауы;

— отбасын материалдық қамтамасыз етудің және еңбекке орналастырудың қиындықтары;

— тұрғын үйдің болмауы.

Практика көрсеткендей, дәл осы жас адамдар  үшін шешуі қиын проблемалар жиынтығы бүгінгі таңда отбасы ішілік қатынастардағы жанжалдың, олардың тұрақсыздығының бірінші себебі болып табылады. Тұтастай алғанда, атап өткеніміздей, Бұл жағдай Республикадағы туу көрсеткіштерінің төмендеуіне және демографиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі жүргізген социологиялық сауалнаманың нәтижелері бойынша 19-дан 25-ке дейінгі жас арасындағы топ мамандық бойынша жұмысқа орналасу (39,5%) және тұрғын үй болмау (12,7%) проблемаларына неғұрлым жиі кезігеді, ал 26-29 жастағы жастар отбасын материалдық қамтамасыз ету қиындықтарын бірінші орынға қояды. Осы проблема өз неке қатынастарын ресімдеген жас адамдар арасында аса үлкен көрсеткішке (57,9%) ие.

Қазіргі уақытта жастардың жалпы санынан шамамен 15%-ының ғана өз тұрғын үйі бар. Жастардың 5%-ынан астамы өз меншігіндегі пәтерді ата-аналарының көмегі есебінен иеленіп отыр.

Жастар  халықтың тұрғын үймен ең аз қамтылған бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен, жастарға өз меншігіне үй сатып алуға және үй салуға, жер бөлуге арналған тұрғын үйді кредиттеу тетіктерінің жоқтығына байланысты. Бұл проблеманы шешу көбінесе жастардың кепілдікке берер қарыз қаражатының, меншігінің немесе мүлкінің болмауымен байланысты қиындап отыр.

Жоғарыда көрсетілген келеңсіз үрдістердің сақталуы, көптеген жас отбасылардың өмір сүруіне қауіп төндіреді, ол өз кезегінде ажырасушылар санының тым елеулі өсуіне алып келуі мүмкін, ол нәтижесінде қолайсыз әлеуметтік-демографиялық зардаптарға ие болады.

Қазіргі әлеуметтік-демографиялық жағдай және қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жастардың рөлі оның дамуына жасалынған бірдей әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен анықталады. Ондай жағдайлар жасау мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Жастардың дамуындағы неғұрлым көкейкесті мәселелердің арасынан жастарды еңбекпен қамтамасыз ету проблемасын және жас азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету, сондай-ақ, қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесінде жастардың әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасауды атап айтуға болады.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2002 жылдың 1 тоқсанында республикада экономикалық қызметпен айналысатын жастардың жалпы саны 169622 адамды (жалпы жастар санының 40%-ы, немесе экономикалық белсенді жастар санының 75,5%-ы) құрайды. Экономиканың жекелеген салалары бойынша жастардың жұмыспен қамтылу жағдайы 2002 жылы көрсеткіші мынадай бейнеде қалыптасты (2-кестені қараңыз). Экономикалық белсенді жастардың саны 2 241118 адамды құрайды. 15-29 жас аралығындағы жұмысссыздардың саны 545 496 адамды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші 24,3%-ды құрады, ол жалпы жұмыссыздық деңгейінен екі есе  (10,8%) артық. Барлық жұмыссыздардың 75%-ға жуығы жастар болып көрсетілуі дерегі ерекше алаңдаушылық тудырады.

 

2 кесте. Экономика саласында еңбекпен қамтылған жастардың саны

Экономикада қамтылған, оның ішінде:

Қамтылған халықтың ішіндегі жастардың жасы

Барлық қамтылған халық, адам

                                    15-24 жас                               25-29 жас

 

 

 

адам

Қамтылған халықтың пайызға шаққанда

адам

Қамтылған халықтың пайызға шаққанда

Адам

1.

Барлығы:

908519

14,19

787003

12,29

6402993

2.

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

459552

19,64

275213

11,76

2339429

3.

өнеркәсіп

62503

8,08

88566

11,45

773546

4.

Тау-кен

14144

8,01

21339

12,12

176627

5.

Өңдеу

37091

8,54

51532

11,86

434571

6.

Электроэнергия, газ және су өндіру және бөлу

11268

6,94

15635

9,63

162348

7.

Құрылыс

35499

12,46

28663

10,06

284935

8.

Сауда, автомобиль күнделікті бұйымдар мен жеке пайдаланыстағы заттарды жөндеу

15178

17,14

116547

13,16

885498

9.

Қонақ үйлер мен мейрамханалар

15597

22,51

11971

17,28

692690

10.

Көлік және байланыс

30014

6,77

48087

10,84

443586

11.

Қаржылық қызмет

8751

14,39

10758

17,69

60797

12.

Жылжымайтын мүлікпен, жалға берумен айналысу және тұтынушыларға көмек беру

 

13040

120,67

10806

100,00

10806

13.

Мемлекеттік басқару

25450

8,79

47363

16,35

289652

14.

Білім беру

52932

8,93

72776

12,28

592414

15.

Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызмет көрсету

22519

11,31

27105

13,62

199052

 

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

 

Еңбек нарығындағы қатал бәсекелестік жағдай жастардың алдына үнемі жұмыс іздеу проблемасын қояды. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2002 жылдың 3 тоқсанында жұмыспен қамту мәселелері бойынша органдарға  63,6 мың жас адам өтінішпен барған, олардың ішінен республика бойынша 23,5 мың жас азамат жұмысқа орналастырылған. Ауылдық жерлерде жұмысқа орналастырылған жастардың саны 6,7 мың құрады.  Жастарды еңбекпен қамтудың ең тиімді жолдарының бірі маусымдық және қоғамдық жұмыстарды дамыту болып табылады. Бұл бағыттағы қызметтер жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жүзеге асырылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2002 жылдың 3 тоқсанында қоғамдық жұмыстарға 112,4 мың жұмыссыз қатысқан, олардың 8,5 мыңы жастар.

Әлеуметтік қорғаудың белсенді нысаны қандай да бір мамандық алу мақсатында, жастарды кәсіптік даярлық курстарында оқыту, сондай-ақ қайта даярлау мен біліктілігін арттыру болып табылады. Осылайша, көрсетілген кезеңде 605 мың адам оқу бітірді, оның ішінде 4906 адам алғаш рет оқыса, 1160 адам қайта даярлықтан өтті, 273 адам біліктілігін арттырды. Оқып-үйрену және қайта даярлықтан өткен жас адамдардың ішінен 3017 азамат жұмысқа орналасты, олардың 138-і өз ісін ашқан, 3096 адам оқу мен қайта даярлықты жалғастыруда.

Тұтастай алғанда ресми көрсеткіштер жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейде екендігін аңғартады. Өндірістің қүлдырауына, кәсіпорынның экономикалық және қаржылық проблемаларына негізделген жасырын жұмыссыздық деп аталатын немесе толық емес, ішінара жұмыспен қамтылу еңбек нарығына теріс әсерін тигізеді.

Жастар жұмыс тәжірибесінің және арнайы дайындықтарының жоқтығынан, жұмыс берушілердің көңілінен шықпайды және қабылдауға ілікпейді, бұл ең алдымен 16-дан 24-ке дейінгі жастағы жастарға қатысты болады. Еңбек нарығында алғаш рет шыққан жастар арасында айтарлықтай үлесті еңбек өтілі жоқ, оқу орындарының түлектері құрайтыны маңызды проблемаға айналып отыр.

Жұмыс іздеуде өтініш білдірген жұмыссыз жастардың құрамы бойынша бұрын жұмыс істемегендердің саны 36,7 мың адамды құрайды. Бұрын жұмыс істемегендердің ішінде жоғары кәсіптік білімі барлар – 15,9 мың адамды, орта кәсіптік білімі барлар – 41,6 мың адамды, бастауыш кәсіптік білімі барлар – 27,4 мың адамды, жалпы орта білімі барлар –117,6 мың адамды құрайды.

Еңбек нарығындағы қазіргі ахуал жұмыс күшінің  экономиканың нақты секторынан жасырын түріне көшуімен сипатталады. Экономиканың аталмыш саласы ерекше кәсіптік білімді қажет етпейді, ол өз кезегінде жастарға, оның болашақ дамуына, парасатты қалыптасуына, кәсіпшілігіне кері әсер етеді. Осы процесстер жас азаматтардың санасында әлеуметтік құпталатын және әлеуметтік құпталмайтын қызметтердің өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Осылайша, еңбек жолына түскен жастар халықтың аса еліктегіш санатына жатады, оны ерекше тәуекелшіл топ ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің белсенді араласуынсыз жұмыссыздық жағдайына түбегейлі өзгерістер енгізу мүмкіндігі аз болып көрінеді.

Жастардың өз әлеуметтік-экономикалық қабілетін іске асыруына ықпал етуші оларды жұмыспен қамту мәселелері, жүйелі қолдауды қалыптастыру және қазіргі нарықтық жағдайға бейімделуіне, кәсіби жоғарылауға жағдай жасау сияқты мемлекеттік қолдаудың негізгі шараларынан жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамытуды ерекше атау керек. 

 

2.3. Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселенің көріну деңгейі

 

Жастар саясаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде жастардың өсіп-өркендеуін, азаматтық қалыптасуын алғышарттайтын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды құрып, нағайтуды көздейді. Бұл міндеттерді іске асыру үшін мемлекетке ең алдымен концептуалдық, құқықтық-нормативтік негіз жасау шарт. Міне, осы міндетті іске асыру бүкіл мемлекеттік жастар саясатының ойдағыдай жүруіне септігін тигізеді. Бұл міндеттердің неғұрлым ойдағыдай шешілуі, жастар саясатының тиімділігін соғұрлым арттыратыны анық.

Жалпы Қазақстан Республикасының жастар саясатындағы әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін қарастырмас бұрын, жалпы жастар саясатының қалыптасу барысына талдау жасағанымыз жөн болады. Бұл жастар саясатының жалпы көрінісін, осы саладағы шешілмеген сұрақтар буынының сипаты мен көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттің көбінесе жастармен қарым-қатынасы басқа елдердегідей, жастар мәселесінің спецификалық шешімі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымдарымен ерекшеленетіні белгілі. Сондықтан да Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының қалыптасу және іске асу ерекшеліктерін осы салаға ретроспективті талдау жасау арқылы көре аламыз.

1990 жылдарға дейін жастармен жұмыс істеудегі көптеген функцияларды комсомолдың атқарғаны белгілі.

Жастармен жұмыс істеу барысында комсомол саяси-әлеуметтік жүйенің барлық саласында өте жоғары тәжірибе жинақтағанын атап өтуіміз қажет. Жасөспірімдерді патриотизмге, еңбекке, әдептілікке, дене даярлығына  тәрбиелейтін кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесі мүлтіксіз жұмыс істеді. Комсомолдың тарихи тәжірибесі мен нақты іс-әрекеті оның кеңестік қоғамдағы орны мен маңызын айқындап, жалпы алғанда жастардың рухани дамуын қанағаттандырды деп айтсақ қателеспейміз. Студенттік құрылыс отрядтарын, оқушылардың өндірістік бригадаларын, жоғары кластардың еңбек және демалыс лагерлерін; «Золотая шайба», «Кожанный мяч», «Белая ладья» спорттық клубтарын; «Студент және ғылыми-техникалық прогресс» конкурстарын; қоғамдық мамандықтар факультеттерін; жас жазушылардың, композиторлардың, кинематографтар мен басқалардың отырыстарын; мәдениет, ғылым, техника, өндіріс және өзге де салаларда еңбек ететін жастарға сыйақы тағайындау сияқты тиімді түрлерін комсомолдың пайдалы жұмысы деп атауға толық негіз бар.

Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы бір мақсатты – жас патриоттар буынын қалыптастыру, балалар мен жастарды шығармашылық еңбекке және Отанды қорғауға, өз елінің тарихы мен мәдениетіне шынайы сезімін тәрбиелеуді көздегені рас. Мысалы, тек осы жастардың араласуымен ел ішінде жаңа қалалар, энергетикалық, әскери-өндірістік комплекстер құрылды, тың игерілді. Сондықтан бүгінгі жастардың патриоттық тәрбиесіне комсомол тәжірибесінің берері мол деп есептейміз.

Жалпы комсомолдың жастар тәрибесіндегі орны мен маңызы туралы айтқанда, оның іс-әрекетінің біржақты болмағанын атап өтуіміз керек. Ол көбінесе мынадай факторлармен, яғни комсомолдың барлық іс-әрекетінің негізінде саясаттандыру және идеологизациялау жатқандығымен, жастарды демографиялық-әлеуметтік топ ретінде қатаң бақылауда ұстауымен ерекшеленді.

Сондықтан 1980 жылдардың аяғында комсомолда келесі қарама-қайшылықтар туындады:

– орталық бас ұйым және одақішілік басқарма арасындағы кейбір мәселелер бойынша келіспеушіліктің жиілеуі;

– Одақ мүшелерінің санының артуы, ұйымды басқару механизмдеріндегі олқылықтар;

– ұйымның ішкі құрылымындағы бюрократиялық құбылыстың өршуі; 

ұйым жұмысындағы өз бетінше әрекет ету механизмдерінің болмауы.

Дегенмен, комсомолдың саясатындағы жағымсыз тұстар оның жалпы оңды іс-әрекетін өзгерте алмайды. Сондықтан да осыны мойындай отырып және де қазіргі Қазақстанның даму ерекшелігін ескере отырып, комсомол мен пионер ұйымдарының көптеген тиімді бағыттарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін, жұмыс істеу механизмін қайта құру қажет.

Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген «Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:

  • жастардың еркіндігі мен құқығын қорғау;
  • жас азаматтардың жан-жақты білімі мен тәрбиесі;
  • әлеуметтік-экономикалық қолдау мен қамтамасыз ету;
  • жастардың денсаулығын қорғау;
  • жастардың адамгершілік-мәдени және рухани қалыптасуы;
  • жас отбасыларды қолдау;
  • жастар саясатының инфраструктурасын дамыту.

Бұл бағдарламаның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық  механизмдерін ойластыру. Осы бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, халықаралық ұйымдардың грандтарыннан бөлінуі тиіс.

Қазіргі таңда мемлекеттік грант пен кредиттің санын екі есеге дейін өсіру мен студенттік стипендияны ең аз жалақының деңгейіне көтеру ұсынысы өте өзекті де қажетті мәселе болып отыр. Сонымен бірге жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуда кредиттік және салықтық жеңілдіктер беру күн тәртібіндегі мәселе екені рас.

Соңғы уақыттағы қабылданған «Жастар туралы» заң жастар ұйымдарының пікірінше қордаланған жастар мәселесін шешуге және олардың білім, медецина, еңбек нарығындағы қызығушылықтарын қорғауға ат салысады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша «қазіргі таңда жаңа буын өкілдері жоғары интеллектуалды, энергияға толы күші мен талпынысын көрсетуде. Жастар еліміздегі реформалардың тірегі мен қозғаушы күшіне айналуда». Әрине республикамыздағы әр үшінші адам жастар қатарында болса, олардың қоғамда ықпалды топ екендігін аңғару қиын емес.

Сол себептен Қазақстан жастарының жалпы жай-күйі билік жанынан құрылған жастар ісі бойынша арнайы органдардың бақылауында болуы орынды. Қоғамның, мемлекеттік құрылымның, өкілеттік өкімет органдарының назарын жастар проблемасына аударуының бірден бір айғағы – Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі құрамынан арнайы Жастар саясаты департаментінің құрылуы болды.

Үкімет жанынан құрылған осы уәкілеттік органда қоғамымыздың көптеген әлеуметтік, бірінші кезекте өспірімдер мен жастардың мүддесі мен құқығын қорғауға қатысты проблемаларды шешуде балалар, жастар және басқа да үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мұндай жұмыстың бетке ұстары ретінде „Қазақстанның болашағы үшін” республикалық жастар қозғалысының жемісті еңбегін көсетуге болады.

Жастардың патриоттық сезімін, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыруда олардың әлеуметтік проблемаларын шешудің маңызы зор. Сондықтан, билік өкілдерінің жастарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша атқаратын жұмыстары баршылық. Жастар мен билік арасындағы өзара әрекеттестіктің біріне — әлеуметтік саладағы әріптестік жатады. Қазіргі Қазақстан үшін жастар мәселесін шешуге бағытталған әлеуметтік қызметті құруда жастардың өз ынтасы мен жеке жауапкершілігінің айрықша мәнге ие екендігі айтпаса да белгілі.

Кезінде Қазақ ССР-де 1991 жылы 28 маусымда «Қазақ ССР-дегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» №722-XII заңы жұмыс істегені белгілі.

Заңда жас жанұяларға үй алуға немесе салуға ұзақ мерзімді пайызсыз несие алу, мемлекеттік болып табылатын барлық транспорт түрлеріне жүретін 50 пайыздық жеңілдіктер беру, жылына екі рет еңбек демалысын беру, дүниеге сәби әкелген жағдайда жас жанұяларға ұзақ мерзімді пайызсыз қарыз беру, өндірістерде салық төлеу кезінде «ученическое», «студенческое», «молодежное» мәртебесімен жеңілдіктер жасау қарастырылған.

Оның үстіне, жұмыссыз жүрген жас азаматтарға: барлық мемлекеттік өндірістерге, өнеркәсіптерге, ұйымдарға жас азаматтарды жұмысқа қабылдауға квота тағайындау; мемлекеттік оқу орнын бітірушілерге, жас әскери қызметшілерге, үш жылдан астам еңбек стажы барларға жұмысқа орналасуға ұсыныс беру; жұмыс іздестіру кезінде қиыншылықтар көрген, сондай-ақ жұмыссыз ата-аналары немесе оларды ауыстыратын кісілері барлар, бас бостандығынан айырылғандар отыратын жерлерден келген азаматтар, зағип жандар, еріксіз келген мигранттарға еңбекке орналасуда әлеуметтік қорғауды талап ететін кепілдіктер берілген. Тіпті, жас азаматтарға Қазақ ССР-нің және өзге де одақтас республикалардың оқу орындарында коммерциялық негізде оқуға ақы төлеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімде несие беру қарастырылған болатын.

Алайда, 1991 жылдан кейінгі уақытта бұл заңның көптеген баптары бүгінгі Конституция мен заңдың актілерге енбей, олардың осы бағыттағы әрекеттері тоқтатылды. Келесі кезекте тоқтатылған «Қазақ ССР-дегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның көптеген әлеуметтік баптарына сәйкес келетін өзгертулер мен қосымшалар болды.

Қазіргі кезеңде жастар саясатының жаңа нормативтік-құқықтық базасын құруда жоспарланған іс-шараларға сәйкес жұмыс атқарылуда. Бұл бағыттағы маңызды қадам ретінде республика азаматтарының, оның ішінде жастардың міндеттері мен құқықтарының негізі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы кепілдіктер бекітілген, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы  жаңа Конституцияның қабылдануын атап өтуге болады.

1999 жылы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің  № 73 жарлығымен, қазіргі күнде республикалық жастар саясатының негізгі құжаты болып табылатын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының концепциясы» қабылданды. Концепция тәуелсіз мемлекеттік жастар саясатының жаңа приоритеті мен стратегиясын анықтап берді. Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаты — жас буынның өсіп-өркендеуі мен азаматтық қалыптасуы үшін  құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және бекіту болды.

Жастар саясатының басты басымдылықтарын іске асыру үшін келесі мақсаттар бөлініп көрсетілді:

  1. Жастар потратизмінде жастардың қоғами және рухани дамуын қамтамасыз ету.
  2. Жастардың еңбек, білім және денсаулығын сақтау саласында әлеуметтік құқықтарын қорғау.
  3. Жастардың әлеуметтік–экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау.
  4. Жастардың рухани және материалдық дамуы үшін жағдайлар жасау.
  5. Жастар қоғамдағы инициативаларын ынталандыру және қолдау.
  6. Қазақстан жастарын халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процесстеріне тарту.

Естеріңізде болса, Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 1995 жылы республикамыздың 12 облысында 31 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері құрылса, 1996 жылы олар 68-ге жеткен. Осы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан әлеуметтік қызмет үшін жергілікті бюджет есебінен қажетті анықтамалық-ұйымдастыру және әдістемелік құралдар, әлеуметтік қызмет үшін арнайы мамандар даярлауға көмек көрсетіліп отырды. Бұл қызметтер облыстық орталықтарда орналасып, “сенім телефоны”, жастар еңбек биржасы, үйінен кетіп қалған балалар үшін баспана, медицина-психологиялық кеңес беру пунктер жүйесін құра білді.

Дегенмен, ақпараттандыру және құжаттамалық орталықтар, бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтік реаблитация және реадаптация орталықтар, мүгедек балаларға арналған орталықтар жүйелі қызмет түрлеріне айнала алмады.

Қазіргі күнде әлеуметтік қызметтің одан әрі дамуы өз дәрежесіне сәйкес, құқықтық қамтамасыз етуді және жұмыс істеу тәртібін нақтылауды талап етеді. Әрине, көп нәрсе бюджеттік қаржыландыру мәселесіне келіп тіреледі. Осы орайда, Қазақстандағы жастардың әлеуметтік қызметін, тек ішкі проблемалар аясына шектемей, халықаралық деңгейге көтерудің пайдасы мол болмақ.

Жастардың болашақта патриот азамат болып қалыптасуында маңызды орын алатын аспектілердің келесі бір тетігі – жастар ұйымдарына көрсетілетін мемлекеттік қолдау механизмдері. Дәл қазіргі уақытта республикамыздың Әділет министірлігінде 157 жастар ұйымы тіркелген. Олардың бағыт-бағдарлары әртүрлі, соның ішінде экологиялық, ақпараттық, құқықтық қорғау, салауатты өмір салтын насихаттайтын, мәдени-ағартушылық болып бөлініп кете береді. Айталық, «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Анти-Спид», «Қазақстан болашағы үшін», «Жастар салауатты өмір салты үшін», «Жастар таңдауы», «Ұлттық пікірталас орталығы», «Жастар парламенті», «Қазақстан жас лидерлер ассоциациясы», «Қазақстан жастар одағы» т.б. осындай ұйымдар республика көлемінде жұмыс атқаруда /10/.

Оның үстіне жастардың діни сана-сезімі де үлкен өзгерістерді бастан кешіруде. Бүгінгі таңда мемлекетімізде діни бірлестіктердің саны 3 000 мыңға жетіп, ал діни конфессиялардың 40–тан астам түрі тіркелген. Қазақстанда соңғы жылдары діни институттардың саны мен сапасы артып қара көз қазақтың 500 мыңға жуығы басқа діннің өкіліне айналған. Бір алаңдататыны олардың арасында жастарымыздың  саны көбейгендігі.

Десе де жастар ұйымдарының  қоғамдық-саяси процестерге ықпалы төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан Қазақстан жастарының конгресі жалпы қазақстандық жастардың проблемаларын мемлекеттік деңгейге көтеруге мүмкіндік алып отыр. Ал, мемлекеттің міндеті Жастар конгресімен тығыз байланыста болып жастарды барынша кең көлемде саяси процестерде, әлеуметтік-маңызы бар жобаларды іске асыруда белсенді ат салысуына жағдай туғызу болып отыр.

Демек, Қазақстан жастарының конгресі сияқты үйлестіруші органның болуы, елімізде жүргізіліп отырған жастар саясатының тиімділігін арттырудағы маңызды механизмдердің бар екендігінің айғағы болса керек. 

Сонымен қатар, осындай жетістіктер мен бірге жастар қозғалысының құрылуы мен ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жастар бірлестігі арасындағы өзара тиімді әріптестік қатынасты жасау кезінде туындаған проблемаларды айтпай кетуге тағы да болмайды.

Кеңес уақытынан кейін көптеген елдер мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда мемлекет пен жастардың өзара қатынастарының нашар ұйымдастырылу салдарынан сергелдеңге түсіп, біршама күйзеліске ұшыраған жайы бар.

Сөз жоқ, бір жағынан соңғы жылдары жастар саясатын мемлекеттік деңгейде іске асыру жұмыстарында жүйелі әдістерді ендіріліп, заман талаптарына сай өзгертулер жүргізілуде. Екінші жағынан, жастар саясатына деген көзқарастар мен осы процестерді басқару органдарының жиі қайта құрылуы тағы бар. Осы орайда, ресейлік зерттеушісі В.А.Луков мемлекет тарапынан қарастырылатын шаралар жүйесі мен ұйымдастыру құрылымдарын орнықсыз өзгерте беру мемлекеттік жастар саясаты міндеттерін белгіленген уақытта орындалуын тежейді, ал бұл өз кезегінде бағдарламалық принциптердің маңыздылығын төмендетеді деп анық атап көрсеткен.

Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясаты аясындағы бағдарламалық әзірлемелер, ұйымдастыру шаралары жоғарғы билік өкілдерінің назарынан тыс қалатын кездер аз емес. Сол себептен іске асырылған шаралар қоғамда, әсіресе жастар ортасында қажетті нәтижеге қол жеткізе алмайды. Сол үшін, ведомствоаралық және басқа да ұйымдар арасындағы кедергілерді алып шығуға бағытталған жастар ісі бойынша қызмет атқаратын мемлекеттік құрылымның болғаны дұрыс сияқты.   

Оның үстіне, жастар ұйымының көптүрлілігі оларды қадағалап, қоян-қолтық жұмыс істейтін мемлекет үшін бірқатар қиындықтар туғызары анық. Егер қазіргі таңдағы жастар мәселесімен айналысатын барлық мемлекеттік басқару құрылымдарын жинақтап айтар болсақ, оған Мәдениет министрлігі, Ақпарат министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да органдарды қоссақ, онда мемлекеттік ұйымдардың көп бөлігі жастар мәселесімен айналысатыны айқындалады. Бірақ, осы уақытқа дейін олардың жұмысының нақты нәтижесі туралы сөз қозғау артық сияқты.

Біздің пікірімізше, жоғарыда айтылған мекемелердің іс-әрекеттерінің үйлеспеуіне бюджеттен бөлінген қаржының таратылуының дұрыс еместігі басты себеп болса керек. Қортындысында мұндай жағдай жастар мәселесінің, оларға бірінші кезекте отансүйгіштік қасиеттерді қондыру мәселелерінің ойдағыдай, түбірімен шешілуіне кедергі жасауда.

Сондықтан жастар ұйымдары туралы мәселелер қазіргі таңда тиімді шешімін табудың орнына, министрліктер, әкімшіліктер мен басқа да билік коридорларында қалып қоюда.

Ең алдымен бұл жастардың өзінің жалпы тұтастығын ұғына алмауына байланысты. Әрине, қазіргі жағдайда барлық жастарды жинау мүмкін еместігі түсінікті, бірақ өздерінің мақсаттары мен тапсырмаларын ұғынған және соған ұйымдасқан түрде жетуге тырысатын белсенділер бөлігін  жинау қажет жұмыс.

Бұл жердегі ой комсомолдың қайта құрылуы туралы емес. Комсомол басқа уақыт пен басқа жүйенің элементі болғаны аян. Сол себептен алғашқы ұйымдардың қазіргі өмір талаптарына бейім болып құрылуы, оларды жаңартып жасаудың маңызы зор.

Айталық, Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жүйелі түрде іске асыру барысында «Қазақстан жастары» бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік жастар саясатындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық механизмдерін құрып, жүзеге асыру болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру кешенді түрде қамтылған және үйлестірушілік тетіктердің көмегімен іске асады. Ол мемлекеттік жастар саясатының толыққанды жұмыс істеуі, сол жастардың белсенді араласуымен  қарай  жастармен жұмыс істеуді дамыту әдістерін тиімді түрде қолдануға бағытталған. Аталмыш бағдарламаны іс–шараларының жоспарында жастардың қоғамдық-патриоттық ұйымдарының еркін қазмет етуіне жағдайлар жасау көзделген.

Жалпы «Қазақстан жастары» бағдарламасы жастардың рухани–патриоттық тәрбиесі мен денсаулығының жақсаруына жағдай жасауды көздейді. Аталмыш бағдарламаның қорытындысында жастардың азаматтық қалыптасуының қанағаттандыратын қажеттіліктері, соның ішінде жұмысқа орналасуы, рухани дамуы, сондай-ақ жастар арасындағы қылмыс пен нашақорлықтың таралуына тосқауыл қою жолдарын қарастырады.

Дегенмен, Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын құқықтық тұрғыда бекіту кезінде жастар туралы мемлекеттік құжаттардың бастапқы редакцияларының қоғам мен заман талаптарына сай бірқатар өзгерістерді басынан кешргенін көру қиын емес.

Осындай үлгіде, біз жастар саясатының нормативті-құқықтық  негізіне қатысты концептуалды регламентін, сондай–ақ мемлекет пен жастар ұйымы арасындағы бірлескен әрекеттерін қарастырдық. Жалпы Қазақстанда осы бағытта болашақ уақыт талабына сай келетін жастар саясатының концепциясына түзетулер мен қосымшаларды ендірудің қажет екенін көреміз.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың көңіл аударып, қолдау көрсетіп отыратын маңызды іс-шаралар қоғам тарапынан да, жастар тарапынан да ұсынылуда. Мәселен, жастар саясатын жүзеге асырудағы көрсетілген прициптер отандық авторлардың ұжымдық «Жастар ортасындағы саяси процестер» деген жұмысында атап өтілді. Олардың аталмыш еңбегіндегі көрсетілген тұжырымдармен келісе отырып, мына бір сәттерді айта кетсек дейміз.

Аталған еңбектің авторлары атап көрсеткендей, жастар саясаты елдің дамуындағы әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы мен жалпымемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады. Демек, жастар саясаты республикамыздың әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағытттарының үздіксіз буыны ретінде жүргізілуі тиіс. Жастар саясаты ұжымдық факторлар мен жекешілдік арасындағы байланысты жүйелеу арқылы туындауы тиіс. Мемлекеттік органдар жас адамның жеке мүдделерін қорғау мақсатында жауапты да, әділ шешім шығаруға, сондай-ақ жастардың білім, мамандық алуына, жұмыс табуына, материалдық әл-ауқатының жоғарылауына жағдайлар жасауы керек. Осы сарынмен мемлекеттік органдар жастарға бірте-бірте мемлекеттің «әлеуметтік қарамағынан» шығып олардың дербес өмір сүруіне көмек көрсетуі тиіс.

Мемлекеттік жастар саясаты әлеуметтік саясат ретінде тек компенсаторлық механизмге жиынтық болмауы керек. Ол жас ұрпақтың шығармашылық мүмкіндігіне сүйенетін белсенді инновациялық және өндірістік аспектіден тұруы керек. Өз ретінде бұл қоғам ресурстарын стратегиялық тұрғыда дамытатын мемлекеттік жастар саясатын құруға мүмкіндік береді.

Жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттің негізгі ролі негізгі мақсаты нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған жастардың патриоттық рухты көтеруге негізделген жобаларын қаржыландыруда. Сонымен бірге, өз мәселелерін өздігінен шешуді көздейтін, жастар мүмкіндігін арттыратын кешенді бағдарламаларды іске асыруға көмегі бар құқықтық және қаржылық-экономикалық механизмдерді құру да мемлекеттің мойнында болса керек. Бұл бағытта жалпы шаруашылықты жүргізу жағдайында экономикалық ортаның белгілі жеңілдіктерін алғашқы кезеңде қалыптастыру, еңбек мотивацияларын арттыру, жастар ортасында кәсіпкерлікті дамыту және көтермелеу тапсырмаларын шешу сияқты мәселелер бар.

Жастарды дамыту үшін қалыптасқан жағдайда жастардың өз іс-әрекеттеріне жеке жауапкершілігі мен оның жеке бостандығына негізделген қоғамдық қатынастардың кезең-кезеңімен дамуын қамтамасыз ету талап етіледі. Бұл жастардың саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттырып, жастардың өмір жолдарын өздігінен таңдауларына себеп болады.

Демек, жастар саясатының тиімділігі қоғамда қалыптасқан дәстүрлер мен демократия принциптеріне деген сенімді айғақтап, оның ережелері мен принциптері төменнен шыққан бастамаға, яғни, жастар ортасынан шыққан бастамаларға сүйенуі керек. Ол болмаған жағдайда аталмыш саясат тек қарапайым жария күйінде ғана қалмақ.

Осының бәрінен мемлекеттік жастар саясатының билік пен жастар арасындағы қарым-қатынасқа негізделген қиын, әрі көп деңгейлі процесс екендігін көреміз.

Жалпы ойды қорытындылай келгенде қазіргі жастар саясаты мен ондағы патриоттық тәрбие мәселсін шешуде мынадай ой-түйін айтуға болады:          

  1. Әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешіріп отырған қоғам өміріне кірген жасөспірімді азамат ретінде қалыптастыру үшін, оның болашақтағы мүмкіндіктерін кеңейту үшін не істеу керек? Мұндағы негізгі ой, қоғамды қылмыстан және т.б. келеңсіз құбылыстардан құқықтық тұрғыда қорғай отырып әлеуметтендіру мен тәрбиеге қол жеткізу.
  2. Қоғамдағы жасөспірімнің өзін-өзі дамыту мен өсіп-өркендеуін қалай қамтамасыз ету керек? Бұл жерде Қазақстан қоғамы – жастардың өсіп-өркендеуінің басты өмірлік потенциалы екендігін ұмытпаған абзал.

Бұл сұрақтар белгілі бір дәрежеде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының қоғамдық және құқықтық контекстінің қалыптасуын бейнелейді. Сондай–ақ осы салада мемлекет тарапынан тиісті шешім іздестіруді көздейді.

  1. Мемлекеттік жастар саясаты бірыңғай тұжырымдама базасында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылы 28 тамызда №73 жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Концепциясы қабылданды.

Концепция  — нормативтік-құқықтық акт емес және 1991 жылғы одақтық заңға бұл ретте балама болып табылмайды. Бұл құжат дәл осы жағдайда мемлекеттік жастар саясатын өзіне тән салалық қатаң құқықтық тұрғыда концептуалды түрде көтеруі мүмкін емес.

  1. Жастар туралы заңдар шығаратын мемлекеттік жастар саясатының негізгі құқықтық базасы біртіндеп жаңара түседі. Бұл бағытта негізгі тұжырым Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген (жалпы бөлімі). Жастар мен олардың ұйымдарының құқықтық мәртебесінің негізі дәл осындай жолмен заңды түрде бекітіліп жүруі ұсынылады. Сол кезде мемлекеттік жастар саясатының заңдылықтары мемлекеттің іс-әрекетінің негізі ретінде қалыптасады.
  2. Республиканың жергілікті атқару органдары мемлекеттік жастар саясаты аясында жергілікті жерлерде жастарды патриоттық үлгіде тәрбиелеу ісінде жүйелі бағыт ұстануы тиіс. Ал дәл қазіргі жағдайда бұл маңызды процесс көбінесе мемлекеттік жастар саясатының орталық өкілетті органының бастамасымен ғана жүргізілуде.

 Қазақстан үшін мемлекеттік жастар саясатының осы реттегі мәселелері кезек күттірмей шешуді талап етеді.

 

2.4. Жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен механизмдері

 

Әлеуметтік саланың салалық органдары жастардың қалыптасуы мен дамуына мемлекеттік қолдау жүйесін қалыптастыруға белсенді ат салысуда. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңда, мемлекеттік және қалалық жастар саясаты туралы бағдарламаларда жастар проблемаларының ерекшеліктері ескеріліп отыр. Алайда, жастар басқа әлеуметтік топтардан тек жасымен ғана емес, сонымен бірге дүниеге көзқарасымен, ұрпақ жалғастырушы белсенді топ ретінде де ерекшеленеді. Әлеуметтік саланың дәстүрлі салаларыне жетекшілік ететін органдар жастардың өз рольдерін орындауын толықтай қамтамасыз етуге шарасыз. Сондықтан елімізде жастар ісімен айналысатын арнайы комитет не болмаса жастар ісі жөніндегі мемлекеттік агенттік ашылып, еліміздегі жастарға қатысты мәселелерді бір орталықтан қадағалап, шешіп, реттеп отырса, нұс үстіне нұр болар еді. Ел боламын деген кез келген мемлекет жастарына жағдай жасайды. Халықтың осы күнгі жастарының тұрмыс деңгейіне, санасына, саяси бағдарына, ғылыми-біліктілік потенциалына қарап, елдің 10-15 жылдан кейінгі тағдырын көз алдыңызға елестете беруіңізге болады. Сондықтан да бұл мәселеге келгенде ешқандай да енжарлыққа жол берілмеуі керек.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде олардың біліктілігін арттыру, кәсіптік училищелерде оқуын ұйымдастыру, жалпы шетелдерге жіберіп, сапалы білім алуына жағдай жасау өте маңызды міндет болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін де қажет стратегиялық маңызды мәселе. Сондықтан да жастар мәселесін, олардың әлеуметтік жағдайы мен білім алуы, жұмыспен қамтылуы Елбасы Н. Назарбаевтың назарынан ешуақыт тыс қалмай келеді.

Елімізде білімнің заңдылық және нормативтік құқықтық базасын жетілдіруде маңызды қадам жасалды. 2004 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданды. Онда білім беру қызметін лицензиялауға талапты қатаңдату қарастырылған, білімнің барлық деңгейлерінде білім беру қызметін көрсетуге сыртқы бақылау және тиісті бюджеттер қаржысынан мемлекеттік бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін нормалар енгізілді.

2005-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы Президенттің 2004 жылғы 11 қазанында №1459 Жарлығы және оны жүзеге асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға (1-ші кезең) арналған іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен бекітілді.

2004 жылы 12 қазанда білім және ғылым қызметкерлерінің III съезі Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өтті. Онда министрлікке негізгі міндеттер қойылды.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 19 наурыздағы Жолдауында бала-бақшалар жүйесін қалпына келтіру және толыққанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыру бойынша тапсырма берілді. Жеті ай ішінде жергілікті атқарушы органдар 4,0 мың адамдық 39 бала-бақшаны қалпына келтірді. Жалпы білім беретін мектеп базасында мектепке дейінгі мини-орталықтарды ұйымдастыру ережесін министрлік жасап шығарды. Бірқатар аймақтарда осындай орталықтар құру басталды.

Жалпы білім беру саласында білім беру қызметінің жалпы халықты қамтуын, білім сапасын көтеру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша тыңғылықты және жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы орта білім берудің 2008 жылы 12 жылға көшуі білім берудің мазмұнын түбірлі өзгертуін қажет етеді. 12 жылдық оқытуға көшуде Ресей, Беларуссия, Украина, Өзбекстан және Прибалтика елдерінің тәжірибесі зерттелді. 12 жылдық білім берудің әлем елдерінде қолданылуы бойынша салыстырмалы сараптама жүргізілді. 2004-2005 оқу жылдарының басынан бастап, 12 жылдық білім беруге көшудің экспериментіне 104 мектеп қатыстырылуда, оның 45 ауыл мектептері.

Тәжірибелі жұмыс кадрларының қажеттілігі кәсіптік мектеп бітірушілерінің қызметке орналасуынан көрнекті көрінеді. 2004 жылдың 1 қазанына дейін ағымдағы жылдың 74,6% жұмысқа орналасқан. Жалпы оқу мен жұмыспен 90,8% (өткен жылы 82%) колледждердің 78,7% (өткен жылы 68,8%) қамтылған. Колледж бітірушілерінің қызметпен қамтылуының ең жақсы көрсеткіштері Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан (83-86%), жалпы республикалық деңгейден Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарында төмен.

Білікті жұмысшы кадрларды дайындаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етудегі басты кедергі кәсіптік мектептердің, лицейлер мен колледждер құрал-жабдықтарының моральді және физикалық тозуы болып табылады. Проблемаларды шешудің бір жолы — әлеуметтік әріптестермен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру және жеке сектордан қаржы тарту. Білім берудің Мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіптік мектептердің (лицейлердің) материалдық-техникалық базасын жақсартуға 1 млрд. теңге қарастырылған. Білім алушылардың кәсіптік дайындығын тәуелсіз бағалауға 2005 жылы біліктілікті растау және беру жөніндегі орталық құрылады.

Кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында 2003-2015 жылдарда Қазақстан дамуының индустриалды-инновациялық Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орындарында ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласында арнаулы курстар енгізу, ғылыми-инновациялық орталықтар, жаңа технопарктер мен технополистер ашу.

Жоғары білім беру саласында шектеулі бағыттағы мамандықтар дайындаудан жаңа классификаторға сәйкес бакалавр мен магистрлер дайындауға көштік. 2004-2005 оқу жылынан бастап, мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының экономикалық мамандары кредиттік жүйеге көшті. Жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені ұйымдастыруға көмек ретінде анықтама-ақпараттық “Қазақстанда білім берудің кредиттік жүйесі негіздері” басылымы жарық көрді.

Жоғары білімді мамандар дайындауға мемлекеттік тапсырыс берудің жаңа механизмі жасалды және енгізілді. Конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранты бойынша мамандарды дайындау құқына ие жоғары оқу орындары анықталды. Жоғары оқу орындарына қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаттары балдары және өткен жылдардағы бітірушілердің түсу емтихандары негізінде жүргізілді. Мемлекеттік білім беру гранты мен кредитін бекітуде бір мезгілде төрт мамандық бойынша: екеуі грантқа, екеуі кредитке жүргізілді. Бұл Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша анағұрлым дайындалған талапкерлерді таңдауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау нәтижелері 71-120 балл жинаған талапкерлер арасында көбейгенін көрсетеді, 2003 жылы 57,3%, 2004 жылы 79,5% дейін.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2005 жылдан бастап, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мұғалімдерді даярлау 5000-ға көбейеді, бірінші кезекте қазақ тілі мен шет тілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі сынып бойынша мамандар даярлау. Бұл гранттар алдымен 8 педагогикалық жоғары оқу орындарына беріледі.

Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында әлем халықтарының дәстүрі мен мәдениетін құрметтейтін, кемінде үш тілді меңгерген, мәдени тұлғаларды тәрбиелеу стратегиясы айтылған. 2004-2005 оқу жылдары республика облыстарында 26 мектептерде экспериментті жұмыс бойынша үш тілде білім беру жүргізілуде. Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектептердің 7 сыныптарынан 770 оқушы қатысуда.

Биылдан (2005) бастап, 3000 қазақстандық азамат жыл сайын Ресей мен Шығыс Еуропа елдеріне білім алуға жіберілу жоспары бар. Осы мақсатта 2005 жылы республикалық бюджет жоспарынан тиісті мөлшерде қаржы бөліну көзделуде. Министрлік көрсетілген бағдарлама бойынша осы механизммен білім алуға жіберілетін жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізбесі қалыптастырылуда, үміткерлерді жіберу мен іріктеу жұмысын жасауда. Іріктеу мектеп бітірушілер, колледждер, жоғары оқу орындары студенттері арасында өткізіледі. Осыған байланысты сапалы үміткерлерді іріктеумен қамтамасыз етіу үшін ақппараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жүргізілуде.

Жоғары оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттерді белсендендіру мен координациялау мақсатында жастар ісі жөніндегі комитет басшыларының республикалық кеңесі құрылады. Жастар ісі жөніндегі департамент – мемлекеттік жастар саясатымен айналысады. Жаңа жылда Департаментке 2005-2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасы жобасымен жұмыс жасау, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заңындағы нормативті-құқықтық актілері бойынша жастармен нақты тағы да басқа жұмыстар атқару көзделген.

Ғылым саласында Министрлік ғылыммен әлеуметтік-экономикалық және индустриалды-инновациялық дамытуды қамтамасыз етудің басым бағыттарын бірінші кезекке қойып отыр.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды орындау мен “Білім туралы” жаңа Заңға дайындық бойынша жұмыстар атқару міндеті тұр. Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру және дамытудың кепілі болып табылады.

 Жастардың жағдайы мен дамуының тұрақтылығын арттырушы перспективті бағыттар қатарына жастарды еңбекке даярлауда жалпы білім беретін және кәсіптік даярлықтан өткізетін оқу орындарының жұмысын жандандыру, жастардың жұмыспен қамтылуына қолдау көрсету жатады.

Жастарды жұмыспен қамту мынаны көздейді:

  • жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындар мен ұйымдарға қолдау көрсету (салықтық жеңілдіктер ұсыну);
  • тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру;
  • жасөспірімдер мен жастардың қайталама еңбек нарығын ұйымдастыру үшін мүмкіндіктер жасау;
  • жастарды жұмыспен қамтуда (бірінші кезекте – жасөспірімдерді) мекемелер мен кәсіпорындар инфрақұрылымын құру.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігін ескерсек, жасөспірімдерді жұмыспен қамтудың үш негізгі нысанын бөліп көрсетуге болады: маусымдық жұмыстар (жазғы еңбек лагерлері, отрядтар), қоғамдық жұмыстар және халыққа, кәсіпорындарға, ұйымдарға қызмет көрсету саласындағы еңбек. Сол сияқты соңғы жылдары қайта бас көтеріп, қанат жайып келе жатқан студенттердің құрылыс отрядтарының жұмысына қолдау көрсету де мәселенің оң шешілуіне игі ықпалын тигізеді. Жастар мен жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуын шешуде жастар арналған мамандандырылған жастардың еңбек биржаларын ашудың да маңызы зор. Сол сияқты Алматы қаласында жыл сайын өтетін «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесі де атап өтуге тұратын оңды іс.

          Сонымен, жастар еңбек нарығындағы ең әлсіз топ. Жасөспірімдер мен жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың болашағын белгілей отырып, мынадай жаңа формаларға қолдау көрсетуге назар аударған жөн:

          — жастар мен әйелдерді жұмыспен қамтуға болатын шағын өндірістер құру;

          — жұмыс берушіні жұмысқа жастарды қабылдауын жүктейтін талаптары бар заң актілерін қабылдау арқылы квоталанған жұмыс орындарын құру;

          — жасөспірімдердің уақытша жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың тиімді және тұрақты механизмдерін ойластыру;

          — жастар саясатын мен бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінетін қаржыны бір сәттік көңіл көтеру акцияларына емес, тұрақты нәтиже беретін, жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін тиімді жобаларға бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ТАРАУ. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

3.1.  Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы

 

 

Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің екі моделі туралы айтуға болады – интегративті және дефицитті. Интегративті модель – бұл жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасауы тиіс әлеуметтік жұмыс. Осы аспектіде әлеуметтік жұмыс іс жүзінде әлеуметтік педагогика секілді кәсіби қызмет түрімен салыстырылады.

          Осы модельді іске асыру елеулі қаржы, сондай-ақ адам және материалдық ресурстар бөлуді көздейтін мемлекеттік-қоғамдық шығындық механизм арқылы ғана мүмкін болады. Алайда толықтай бұл шараны іске асыруға қомақты қаражат талап етілетіндіктен, көптеген мемлекетет әлеуметтік жұмыс жүргізудің дефициттік моделін таңдайды, ол негізінен халықтың аз қорғалған бөлігінің мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған.

          Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу ретінде жекелеген жасқа, сол сияқты жастар тобына олардың әлеуметтік қызмет ету қабілетін жақсарту немесе қалпына келтіру мақсатында көмек көрсетуге бағытталған кәсіпқой қызмет түсініледі. Әлеуметтік жұмыстың басты міндеті жастардың бойында өздерінің проблемаларын дербес шешу, нарықтық экономиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына бейімделу, өз бетінше өмір сүру дағдыларын үйрену және өзін өзі басқару қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Бұл қызмет түрінің субъектісі – жастарға арналған әлеуметтік қызметтер, жастарға әлеуметтік көмек көрсету және қорғау, олардың бастамаларына қолдау көрсету жөніндегі мамандандырылған мекемелер /11/.

          Жалпы жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесінде мынадай қызмет түрлерін көрсететін орталықтар кездеседі:

          Жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы. Ол қиын жағдайға ұшыраған жастарға медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді. Орталықта екі бөлім ашуға болады: әлеуметтік-құқықтық көмек бөлімі, оған қонақ үй, жатын жай, социотерапия мектебі, кәсіптік бағдар кабинеті, өндірістік кешен, мәдени-спорттық кешен, еңбек биржасы, шешу бюросы, заң консультациясы кіреді; медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек бөлімі, оған диагностика-психологиялық пункт, ата-аналарға арналған консультативтік пункт, оқушыларға арнлған консультативтік пункт, анонимдік қабылдау кабинеті, дағдарысты стационар, дәрісхана және бос уақытты пайдлану пункті кіреді.

          Жастарға арналған ақпарат орталығы. Бұл жастар ісі жөніндегі органдарға, жастармен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелерге, жастардың әртүрлі топтарына ақпараттық және әдістемелік қызмет көрсетеді. Жастардың заң, коммуникативтік, жеке, кәсіптік, білім, тұрғын үй және басқа проблемаларын шешу үшін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырудан басқа орталық жастар арасындағы процестер туралы және жастардың ақпараттық қажеттіліктері туралы талдаулармен шұғылданады.

          Кәмелетке толмағандарды және түрмеден босанып шыққандарды қайта әлеуметтендіру орталығы. Орталық дезадаптирленген жағдайдағы жастарға консультативтік, әлеуметтік-құқықтық, кәсіптік және психологиялық көмек көрсетеді. Орталық міндеті – жастардың криминогенді санатына көмек көрсету, олардың жұмыспен қамтылуына қол ұшын беру.

          Жасөспірімдер мен жастарға арналған консультациялық орталық. Ол телефон арқылы білікті, төтенше, анонимді, тегін психологиялық көмек көрсетуге арналған. Орталықтың негізгі міндеттері:

  • жасөспірімдер мен жастарға олардың әлеуметтік мәртебелері мен тұрғылықты жеріне қарамастан қазіргі заманғы білікті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
  • конфликті және психологиялық қиын жағдайда жүрген абоненттерге көмек беру, дағдарысты жағдайдан шығуына тұлғалық, рухани, шығармашылық жақтан дем беру;
  • жсаөспірімнің психологиялық мәселелері бойынша балаларға, жасөспірімдерге, жастарға, ата-аналарға және тәрбиешілерге телефон арқылы психологиялық кеңес беру;
  • абоненттерге басқа да әлеуметтік қызметтермен және мамандармен байланыс орнату үшін ақпарат беру;
  • жастар ортасындағы көңіл-күй ауанын, «жанды» жерлерді, өзекті үрдістерді айқындау.

          Жасөспірімдерге арналған жатақжай. Ол объективті немесе субъекті себептерге байланысты отбасынан, балалар үйінен, қоғамнан шеттеп қалған кәмелетке толмаған жасөсіпірімдерді уақытша паналатуға арналған.

          «Жастар» проблемаларын олардың отбасы, білім беру және денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтау, мәдениетті дамыту, спорт және туризм жүйесінің қатысуынсыз, қолдауынсыз шешу мүмкін емес. Әлеуметтік қызметтердің қалыптасуы осы қызмет түрлерімен қоян-қолтық байланысты болуы керек.

          Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің тиімділігі жастарға әлеуіметтік қызмет басшылары мен жергілікті әкімшілік өкілдерінің өзара түсіністікпен қатынасып, біріге қолдау көрсеткен кезде мүмкін болады.

          Жастар қызметтері көптеген мекемелермен өзара байланысқа түседі. Бұл көбінесе белгілі бір жобаларды қаржыландыруға байланысты. Әлеуметтік қызметттер мен жастар бағдарламалары өзін өзі қаржыландыру мақсатында аукциондар өткізу, лотереялар ойнату, телемарафондар ұйымдастыру және с.с. шараларға жиі жүгінеді.

          Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің осындай жүйелері басқа елдерде де бар. Өкінішке қарай, мемлекеттік және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы жастармен жұмыс істейтін мекемелердің аппаратын ұстап отырудан аспай қалады.

          Бұл ретте жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылып жүрген шетелдік тәжірибенің тиімді тұстарын алғанның айыбы жоқ. Соның бірі «жастармен ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізу» әдісі.

          Ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізудің мәні – жастар орталықтарына да, консультациялық торталықтарға да жүгінуге құлықсыз девиантты мінез-құлықтағы жастар тобына бақылау орнату. Әдетте, бұларға рокерлер, футбол жанкүйерлері (фандар), радикалды топтар өкілдері, наркомандар жатады. Ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізудің принципі – құқы бұзуға бейім жастар әлеміне кіру мақсатында олармен өзара қарым-қатынас орнату.

          Ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізу АҚШ-та пайда болған. Әлеуметтік қызмет мамандары осы санаттағы жастарға көмек көрсету мақсатында жастар көп жиналатын көшелерге, арнайы жерлерге барып, оларға әлеуметтік көмек көрсетуге тырысқан. Осылайша, әлеуметтік жұмыс әртүрлі орталықтардан, ведомостволар мен консультативтік пункттерден тікелей көшеге ауысқан.

          Қазіргі кезде ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізудің әртүрлі формасы бар.

          Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде ерлердің әлеуметтену ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ретте әлеуметтік қызметкерлердің жастар ортасындағы агрессивтілікті «сублимациялау» тәжірибесі назар аударарлық, яғни олар жастардың агрессивтілігін мақсатты және бақыланатын бағытқа жұмылдырып, мысалы, әртүрлі спорттық секциялар ашып, соларға қатыстыра отырып, назарда ұстайды.

          Әлеуметтік жұмыс жүргізудің тағы бір маңызды бағыты – дағдарысты жағдайға ұшыраған қыздар мен жас келіншектерге қолдау көрсетудің жаңа әдістерін сынақтан өткізу. Бұл жаңа әдістер отбасындағы сексуалды табу тақырыбын ашуға мүмкіндік берді. ФРГ-да сексуалды күш көрсетудің құрбаны болған әйелдер мен қыздарға арналған 200 жатынжай бар. Бұл орынға тек әйелдер ғана емес, зорлыққа ұшыраған балалар да келеді. Алайда ерлердің мұнда кіруіне үзілді-кесілді тыйым салынған.

Әлеуметтік жұмысты іске асырудың бір басымдылығы болып жастарға арналған әлеуметтік қызметтер желісін құру және оларды жастардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жоққа шығарушы негізгі тетік ретінде пайдалануға болады.

Осы уақытқа дейін жастардың әлеуметтік саласын әлеуметтік қолдау, медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне көмек көрсету саласындағы түрлі қызметті жүзеге асыратын ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы әлеуметтік қызметтер ұсынған болатын. Осы уақытқа дейін олардың қызметі «Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 мамырдағы № 340 қаулысымен  реттелген.

Алайда, қоғамдық өмірдегі күрделі өзгерістер және қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай 90-жылдардың басында құрылған әлеуметтік қызметтерді талап етудің едәуір төмендеуіне әкеліп соқтырды. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер олардың қызметінің тиімсіздік факторының негізі болып табылатын басқа да экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайларда құрылды және ұйымдастырылды.

Осыған байланысты жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің қалыптасуына жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындады. Әлеуметтік қызметтер жастардың тіршілік әрекетінде бәсең рөл атқармауы керек, керісінше жастармен өзара іс-әрекеттерді жандандыруға, оның дамуына барлық жағынан ықпал етуге тиіс. Әлеуметтік қызметтерді жастардың қазіргі проблемалары бойынша ізденуге, зерттеуге және оларды шешуге бағыттау қажет. Осы Бағдарлама шеңберінде жастарға арналған әлеуметтік қызмет желісін құру қарастырылады, оның негізгі мақсаты жастардың аз қамтылған бөлігіне арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында жағдай жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тоталитарлық жүйенің «қылышынан қан тамып» тұрған заманда жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу бір ғана мақсатқа бағындырылды. Олардың патриоттық тәрбиесі, мен рухын көтеру мәселелері тек жоғарыдан ұйымдастырылғаны белгілі. Бүгінгі таңда тәуелсіздік туын желбіретіп, өзіміздің ішкі және сыртқы саясатымызды қолға ала бастаған шағымызда аталмыш мәселе бойынша да дербес саясат қалыптастыру үстіндеміз. Әрине осы жылдар аралығында тәуелсіз мемлекетіміздің негізі нығайып, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп әлемдік қауымдастықта берік орын алдық. Алайда, жастардың рухани дамуы, тәуелсіз демократиялық мемлекеттің патриот азаматы болып қалыптасу үшін істелген шаралар жеткіліксіз екенін мойындағанымыз дұрыс.

Сондықтан демократиялық ашық қоғам құруға бет алған бүгінгі Қазақстан Республикасының алдында мемлекетіміздің болашағы жастармен әлеуметтік жұмыстар жүргізу, олардың патриоттық тәрбиесі маңызды орынға шығуы заңдылық. Әрине, патриоттық тәрбие нарықтық экономика жағдайында өте күределі мәселе болып табылады. Осы уақытқа дейінгі жастар саясатында орын алған кемшіліктер мен олқылықтар осыны айғақтаса керек.

Өткен жылдары жиналған тәжірибе көрсеткендей, отансүйгіштік, ұлтжандылық феномені, бірінші кезекте, саяси санада қалыптасады. Сонымен бірге, патриоттық сезімнің өмірдегі әлеуметтік құбылыстар, қоғамдық қатынастар, мәдениет ерекшеліктері, тіпті, табиғи орта жағдайларында қалыптасатыны белгілі. Ал оны сақтап, жетілдіру қоғамдық санаға ықпал ету арқылы, яғни, саяси тәсілдер көмегімен іске асады.

Әрине, қазіргі Қазақстан қоғамы көп ұлтты, көп дінді, жалпылай айтқанда көп құрамды қоғам. Қазақстанда халықтардың ұлтаралық татулығымен бірлігін қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттілікті дамыту аясында ерекше маңызға ие. Мұның өзі ең алдымен, ұлтына қарамастан, республиканың барлық азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді шарттайды. Өмірдің шындығы көрсеткендей, біздің республикамызда қоғамдық өмірдің жаңаруы нәтижесінде ғылыми-техникалық төңкерістің екпінді ықпалы арқасында адамдардың сана-сезімімен ойлау машығында жалпы Қазақстандық мақтаныш қалыптасып, кең өріс алып, өз табиғатында жаңа мазмұн мен толық та, терең ұғым ретінде бой көрсетіп отыр. Жаңа жағдайда бел алушы осы мақтаныш сезімі Қазақстан Республикасының мекендеуші әр халықтың саяси сана-сезіміне терең бойлай бастады. Бұл мақтаныш сезім қайдағы бір сыртқы құбылыс әсерінен немесе нендей бір әрекет есебінен емес, республика халқының жанқиярлық еңбегі, демократиялық қоғам құру мақсатындағы іскерлігі арқылы өріс жайған мақтаныш сезімі.

Бұл сезім, өз кезегінде, біздің республикамызда жаңа азаматтық қатынастар құрылуына жол ашты. Бұл қатынастардың негізіне теңдік, өзара түсініктік және мемлекеттік рәміздерге сыйлы көзқарас сияқты принциптер кіреді. Біз басты міндет пен мақсаттарды  қоғамдағы саяси тұрақтылыққа, құқықты демократиялық қоғам орнатуға және бейбітшілікке бағытталған сыртқы саяси қатынастар жасауға бағыттауымыз қажет.

Сонымен мәселені жан-жақты қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындыны алға тартамыз – яғни, «өткенсіз болашақ жоқ» деген аталы сөзді ескерсек, қазіргі жаһандану, әрі әлемдік тұрақсыздық жағдайында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, дербес, әрі демократиялық мемлекет ретінде ұлттық егемендігін дамытқысы келсе, жас буын санасында жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, өз елімізге тән дәстүрлерге негізделген патриоттық құндылықтарды шебер, әрі тиімді ұштастыру тиіс. Бұл бағытта анық басымдылық төл мәдениетіміз жағында болуы шарт. Себебі, төл мәдениетімізге тән емес бас-аяғы жоқ күмәнді батыстық құндылықтарға аса мән беру, еліміздің дәстүрлі арнадағы дамуын тоқтатып, «үшінші елдер» әлемінің белгісіз бір мемлекетіне айналдыру қаупі бар.  

          Сол сияқты жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде отандық ерекшеліктерге бейімдей отырып шетелдік озық технологияларды пайдаланудың еш артықтығы жоқ екендігін жадымызда ұстаған жөн. Жастарға арналған ақпарат орталығы, Кәмелетке толмағандарды және түрмеден босанып шыққандарды қайта әлеуметтендіру орталығы, Жасөспірімдер мен жастарға арналған консультациялық орталық және жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталықтар секілді мекемелер қатарын көбейтіп, бюджеттен бөлінетін мақсатты қаражатты осындай нәтижелі істерге жұмсаған дұрыс.

Жастар саясатының басты басымдылықтарын іске асыру үшін келесі мақсаттар бөлініп көрсетілді:

  • жастар потратизмінде жастардың қоғами және рухани дамуын қамтамасыз ету;
  • жастардың еңбек, білім және денсаулығын сақтау саласында әлеуметтік құқықтарын қорғау;
  • жастардың әлеуметтік–экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау;
  • жастардың рухани және материалдық дамуы үшін жағдайлар жасау;
  • жастар қоғамдағы инициативаларын ынталандыру және қолдау;
  • Қазақстан жастарын халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процесстеріне тарту.

Жалпы ойды қорытындылай келгенде қазіргі жастар саясаты мен ондағы патриоттық тәрбие мәселсін шешуде мынадай ой-түйін айтуға болады:          

  1. Әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешіріп отырған қоғам өміріне кірген жасөспірімді азамат ретінде қалыптастыру үшін, оның болашақтағы мүмкіндіктерін кеңейту үшін не істеу керек? Мұндағы негізгі ой, қоғамды қылмыстан және т.б. келеңсіз құбылыстардан құқықтық тұрғыда қорғай отырып әлеуметтендіру мен тәрбиеге қол жеткізу.
  2. Қоғамдағы жасөспірімнің өзін-өзі дамыту мен өсіп-өркендеуін қалай қамтамасыз ету керек? Бұл жерде Қазақстан қоғамы – жастардың өсіп-өркендеуінің басты өмірлік потенциалы екендігін ұмытпаған абзал.

Алдағы уақытта жоғары оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттерді белсендендіру мен координациялау мақсатында жастар ісі жөніндегі комитет басшыларының республикалық кеңесі құрылады. Жастар ісі жөніндегі департамент – мемлекеттік жастар саясатымен айналысады. 2005-2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасы жобасымен жұмыс жасау, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заңындағы нормативті-құқықтық актілері бойынша жастармен нақты тағы да басқа жұмыстар атқару аса маңызды мәселенің бірі болып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан жастарының 15 проценті ғана тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Жастардың 5 проценті ата-анасы сатып әперген үйде тұрады. «Мәселенің түйіні жастарға тұрғын үй сатып алу немесе оны салып алуға несие беру тетіктерінің қалыптаспауында жатыр»,- деді А.Хаматдинова.

«Жастар таңдауы» ұйымы жас отбасыларға жеңілдетілген несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Қазіргі тұрғын үй бағасы мен жоғары несие ставкасы жастардың басым бөлігіне ипотекалық несие беру жүйесінің қызметін тұтынуға мүмкіндік бермей отыр. Осы орайда А.Хаматдинова жас отбасыларға тұрғын үй сатып алуға 40 жылға дейінгі мерзімге 6-8 проценттік өсіммен несие беретін АҚШ-ты мысалға келтірді.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖАҚ төрағасының орынбасары Нұрлан Тоқабаевтың түсініктемесіне жүгінсек, елімізде қазір ипотекалық несие 15 жылға 13 проценттік үстеме сыйақымен беріледі. Оның айтуынша, Қазақстан ипотекалық компаниясы несие мерзімін 20 жылға дейін ұзартуға, соның нәтижесінде несие ставкасын төмендетуге қадамдар жасауда. Демек, қазақстандық жастар үшін де ипотека қызметін тұтынатын мерзім жақын, деді Н.Тоқабаев. Ол сондай-ақ, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің шешімін табу үшін арнайы бағдарлама жобасы жасалып, муниципалдық тұрғын үйлер салына бастайды дегенге сенім білдірді.

          Сонымен, жастарды жұмыспен, тұрғын үймен қамту да шешімін күтіп тұрған мәселенің бірі.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде олардың біліктілігін арттыру, кәсіптік училищелерде оқуын ұйымдастыру, жалпы шетелдерге жіберіп, сапалы білім алуына жағдай жасау өте маңызды міндет болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін де қажет стратегиялық маңызды мәселе. Сондықтан да жастар мәселесін, олардың әлеуметтік жағдайы мен білім алуы, жұмыспен қамтылуы Елбасы Н. Назарбаевтың назарынан ешуақыт тыс қалмай келеді.

Бұл ретте жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуде әртүрлі бағдарламалар қабылдаған және іс-шаралар жоспарын жасаған орынды. Онда мынадай негізгі бағыттар бойынша кезеңдік және үйлестіруші іс-әрекеттер көзделгені жөн:

1) Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу үшін жағдайлар жасау.

2) Жастардың экономикалық дамуы, еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау.

3) Өңірлерде жастар саясатын іске асыру.

4) Білім және ғылым саласында жастардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету.

5) Жастар мен жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету.

6) Жас таланттарды дамыту мен қолдау.

7) Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

8) Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі үшін жағдайлар жасау.

9) Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту.

10) Қазақстандық жастардың азаматтылығы мен патриотизмін дамыту.

11) Мемлекеттік жастар саясатының нормативтік-құқықтық базасын дамыту.

Бағдалама республика жастарында мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріне ұмтылуы және белсенді қатысуына, өз қабілетін іске асыруы және өзін-өзі дамыту үшін тиісті жағдайлар жасауға дағдыландыру арқылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталуы, ол оның нарық жағдайында ойдағыдай әлеуметтендірілуіне ықпал ететін болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СІЛТЕМЕЛЕР

 

  1. Kazakhstan today, 2005, наурыз
  2. Theories of social casework / Ed. R. and R.I I. Nee. Chicago, 1970.; Peine M. Modern social work theory. L., 1992.; Social work trеatmеnt: Interlocking theoretical perspectives / Ed. F.J. Turner. N.Y. 1986.; Hearn G. Theory-building in social work. Toronto, 1958.
  3. Поддерживающие системы и взаимопомощь: Полидисциплинарные исследования / Под ред. Дж. Каплан, М. Киллелся. Нью-Йорк, 1976.; Goldstein E.G. Ego psychology and social work practice, N.Y., 1984.; Gilligan С. In a different voice: Psyshological theory and women’s development. Cambridge. 1982.
  4. Боханов А.И. Коллекционеры и меценаты в России. М., 1989.; Бурышкин П.А. Москва купеческая. М., 1991.; Боханов А.И. Крупная буржуазия России (конец XIX-1914 г.). М., 1992.
  5. Фрейд З. По ту сторону принципа удовольствия. М., 1925.; Бернер Г., Юнссон Л. Теория социально-психологической работы. М., 1991. 45. Леннеер-Аксельсон Б. Голоса мужчин, Барнаул, 1993. Ч. 1,2.; Юнг К. Психологические типы. М., 1924.
  6. Рамон Ш., Шанин Т. Милосердие и умение: Социальный работник как профессия // Вестн. высш; шк. 1991, № 11. С. 47.
  7. Калибеков Д. Современные проблемы молодежи. /«Вопросы экономики», 2000, № 8.
  8. Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А. Н. Социальный портрет молодежи в современном Казахстане // Социологические исследования. — 2004. — N 12. — С. 86-95.
  9. «Грядет ли светлое будущее?» /«Казахстанская правда», 1999, № 24.
  10. Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана: сегодня и завтра. //Социология молодежи. 2005, № 2.
  11. Концепция государственной социальной службы помощи населению: Семье и личности / Под ред. Л.С. Ржанициной. М., 1992.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997.
  2. Алещенков С.В., Луков В.А. Государственная молодежная политика: мировой опыт, разработка и реализация. – М., 1991.
  3. Аңдрущенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука об обществе.
    Харьков, 1996.
  4. Баркер Р. Словарь социальной работы. М., 1994.
  5. Блашенкова О.Н., Ковальчук А.С. Труд молодёжи: права и обязанности. Пособие для организаторов тренинговых занятий. — М.: АНО Штаб, 2001. – 104.
  6. Бондарь Ш. Социальная работа и молодежные организации: Конспект лекций. – М.: Институт молодежи, 1993.
  7. Горбачев А., Омаргазин Р. Евразийская культура — как ее
    понимает молодежь. Мысль. 1997. № 12.
  8. Григорьев, Л.Г. Гуслякова, В.А. Ельчанинов. Социология. — М., 1994.
  9. «Грядет ли светлое будущее?» /«Казахстанская правда», 1999, № 24.
  10. Гуслякова Л.Г. Введение в теорию социальной работы. Барнаул, 1995.
  11. Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И. Основы теории социальной работы: учебное пособие. М., 1997.
  12. Джаманбалаева Ш.Е. Особенности социализации подрастающего поколения//Казахстанское общество и социология: новые реалии и новые идеи/сборник материалов 1 конгресса социологов Казахстана.-А: Қазақ Университетi, 2002. –с.297-307.
  13. Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А. Н. Социальный портрет молодежи в современном Казахстане // Социологические исследования. — 2004. — N 12. — С. 86-95.
  14. Зайнышев И.Г. Теоретико-методологические основы социальной работы // Социальная работа. М., 1992. Вып. 6
  15. Западные молодежные субкультуры 80-х годов: Научно-аналитический обзор. – М.: ИНИОН АН СССР, 1990.
  16. Интелектуальная культура специалиста. Новосибирск, 1993.
  17. Калибеков Д. Современные проблемы молодежи. /«Вопросы экономики», 2000, № 8.
  18. Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана: сегодня и завтра. //Социология молодежи. 2005, № 2.
  19. Ковалева А.И., Луков В.А. Социология молодежи: Теоретические вопросы. – М.: Социум, 1999.
  20. Колков В.В., Колков С.В., Шахина Н.А. Государственная молодежная политика и социальная работа с молодежью: Учебное посмобие. – М.: Социально-технический институт, 2000.
  21. Концепция государственной социальной службы помощи населению: Семье и личности / Под ред. Л.С. Ржанициной. М., 1992.
  22. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. М., 1986.
  23. Молодёжь планеты: глобальная ситуация в 90-х годах, тенденции и перспективы /Ильинский И.М. и др. — М.: Ин-т молодёжи — «Голос», 1999. – 324. с.
  24. Молодёжь России и Европа. Молодёжная программа Европейского Союза — новые возможности для молодых россиян. — М., 2002 г. — 88 с.
  25. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д. Паевленок. М., 1999.
  26. Основы социальной работы. М., 1997.
  27. Руслан ЕРБОЛҰЛЫ. Жастарға аты бар, заты жоқ заң неге керек? //«Жас Алаш» № 148 (14720).
  28. Саппс М., Уэллс К. Опыт социальной работы. Введение в профессию. М., 1994.
  29. Социальные ресурсы и социальная политика / Под ред. Г.Г. Шаталина, В.Г. Гребенникова. М., 1990.
  30. Социология молодежи: Учебник. /Под ред. Проф. В.Т. Лисовского. – СПб: Изд-во С.-Петербургского ун-та, 1996. 460 с.

Лещинская Г. Молодежный рынок труда. /Экономист, № 8, 1999.

  1. Социальная работа с молодёжью (Сборник нормативных правовых документов) /Департамент по молодёж. политике М-ва образования РФ; Гос. учреждение «Рос. центр молодёж. семейной политики». — М.,2003. — 308 с.
  2. Социально-молодёжная работа: зарубежный опыт: Учеб.-метод. пособие / Гос. ком-т Рос. Федерации по делам молодёжи; Ин-т молодёжи; Центр образования молодёжи «Демократия и развитие». — М.,1997. — 288 с.
  3. Социальная работа. / Под. ред. В.И. Курбатова. Ростов н./Д, 1999.
  4. Социальная работа: инновационные и компаративные исследования. М., 1998.
  5. Теория и методология социальной работы: Учебное пособие / С.И.
  6. Теория социальной работы / Под. ред. Е.И, Холостовой. М., 1998.
  7. Теория и практика социальной работы: отечественный и зарубежный опыт. Т. 1,2. М.; Тула, 1993.
  8. Теория и практика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии / Отв. ред. Е.И. Холостова. М., 1992.
  9. Тощенко Ж.Т. Социология, Общий курс. М., 1994.
  10. Филипов Р.П. Социология образования. М. 1980.
  11. Филипов Р.П. Школа и социальные развитие общества.
    М., 1990.
  12. Фирсов М.В. Теоретические основы социальной работы. М., 1997.
  13. Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной работы. М., 2000.
  14. Фролов Н.В. Наука в стратегии развития. М. 1991.
  15. Ярская В.Н. Философия социальной работы: вопросы преподавания // Социальная работа. М., 1992. Вып.5.
  16. http://www.perspect.kz/
  17. www.youth.kz
  18. www.almaty.kz

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері

 

Табыстарды бөлудің әркелкілігі

2003 жылғы ІІІ тоқсанда ең аз күнкөріс деңгейі шамасынан төмен, тұтынуға пайдаланылған табысы бар халықтың үлесі 20% құрады, бұл өткен тоқсандағыдан және өткен жылдың тиісті кезеңіндегіден кем. Тоқсандар бойынша кедейлік көрсеткіштері өзгереді, өйткені жыл ішінде үй шаруашылықтарының әртүрлі саны кедейлікте күн кешеді. Жаз бен күзде халық табысы артады, бұған әсіресе ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар санының өсуі жәрдемдеседі. Кедейліктің деңгейі қыс-көктем кезеңінде көтеріледі және жаз-күз төмендейді.

Күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық үлесінің едәуір кемуімен қатар (өткен кезеңмен салыстырғанда) 2003 жылғы ІІІ тоқсанда кедейліктің асқынуы мен ушығуының көрсеткіштері төмендеді. Кедейліктің асқынуы 4,6% дейін төмендеді, бұл кедей адамдар табыстарының өсуін көрсетеді. Кедейліктің ұшығуы 1,6% дейін төмендеді, бұл кедей адамдар арасындағы кедейлік деңгейіндегі айырмашылықтардың азайғандығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасында табыстарды бөлудің әркелкілігі

пайызбен

 

Табысы төмен халық үлесі

Кедейліктің асқынуы

Кедейліктің ушығуы

Халықтың 20% тобы бойынша Джини коэффициенті*

ең аз күнкөріс деңгейінің шамасынан

азық-түлік қоржыны-ның құнынан

1996 жыл1)

34,6

11,4

5,2

0,319

1997 жыл

38,32)

12,7

12,1

3,1

0,338

1998 жыл

39,02)

16,2

12,8

3,8

0,347

1999 жыл

34,5

14,5

13,7

5,5

0,340

2000 жыл

31,8

11,7

10,3

4,0

0,343

2001 жыл

28,4

11,7

7,8

3,1

0,348

2002 жыл

24,2

8,9

6,1

2,2

0,312

2002 жыл
III тоқсан

23,7

8,7

6,1

2,3

0,335

2003 жыл I тоқсан

25,3

9,7

6,8

2,7

2003 жыл

II тоқсан

26,9

11,2

7,4

2,9

2003 жыл

III тоқсан

20,0

6,3

4,6

1,6

* 2003 жылдан бері Джини индексі тоқсан бойынша есептелмейді.
1) Өмір деңгейін арнайы зерттеу материалдары бойынша.
2) 1999 жылы енгізілген тұтыну нормативі бойынша қайта саналған.

2003 жылғы III тоқсанда өткен кезеңмен салыстырғанда жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланылған табыстың орташа айлық көлемі ең көп қамсыздандырылған халықтың 10%-ында 18465 теңгеден 19651 теңгеге дейін және ең аз қамсыздандырылған 10%-ында 2006 теңгеден 2198 теңгеге дейін өсті.

Егер халықты бөлуді 20 пайыздық табыс топтары бойынша қарастыратын болса, онда 2003 жылғы III тоқсанда халықтың ең көп табысы шоғырланған соңғы квинтильдік топта халық табысы үлесінің едәуір төмендегенін көруге болады. Бірақ бесінші квинтильдік топта халық табысы 14308 теңгеден 15634 теңгеге өсті. Өткен жылдың тиісті кезеңінде бірінші квинтильдік топта халықтың орташа табысы сондай-ақ 2345 теңгеден 2694 теңгеге өсті.

Халықтың 20 пайыздық (квинтильдік) топтары бойынша тұтынуға пайдаланылған табыстардың шоғырлануы1)

пайызбен

Кезең

Квинтильдік топтар бойынша халық табысының үлесі

бірінші (ең аз табысты) топ

екінші топ

үшінші топ

төртінші топ

бесінші (ең көп табысты) топ

1997 жыл

6,5

10,8

16,4

24,5

41,8

1998 жыл

6,1

10,4

16,4

25,0

42,1

1999 жыл

6,2

11,0

16,6

24,2

42,0

2000 жыл

6,1

11,4

16,4

23,0

43,1

2001 жыл

7,2

11,6

16,2

23,0

42,0

2002 жыл

7,0

11,4

15,9

22,5

43,2

2002 жыл III тоқсан

7,1

11,3

15,7

22,3

43,6

2003 жыл I тоқсан

7,5

11,9

16,3

22,7

41,5

2003 жыл II тоқсан

7,2

11,6

16,3

22,9

42,1

2003 жыл III тоқсан

7,2

11,7

16,3

22,8

42,0

1) Тоқсандық бағалау деректері.

Бұрынғысынша 2003 жылғы III тоқсанда кедей үй шаруашылықтары арасында ерлермен басқарылатыны көбірек. Еркектер басқаратын үй шаруашылықтарының 62,0% төмен табысты, ал әйелдер басқаратын — 38,0%. Табыстың көлеміне қарай квинтильдік топтар бойынша үй шаруашылықтарын бөлуді талдау 1-2 квинтильдердегі табыстың төмен екендігін және бұл үй шаруашылықтарын еркектер басқаратынын, ал 3-5 квинтильдердегіні — әйелдер басқаратынын көрсетеді.

2003 жылғы III тоқсанда үй шаруашылығы басшысының жынысына қарай тұтынуға пайдаланылған табыс бойынша зерттелетін үй шаруашылықтарын бөлу 1)

пайызбен

 

Тұтынуға пайдаланылған, табыстары бар, үй шаруашылықтары:

Үй шаруашылық-тарының барлығы

Квинтильдік топтар бойынша үй шаруашылықтары:

күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары (кедей емес)

күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен (кедей)

бірінші (ең аз табысты) топ

екінші топ

үшінші топ

төртінші топ

бесінші (ең көп табысты) топ

Барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Соның ішінде басшысы екеудің бірі болып табылатын үй шаруашы-лықтары:
еркек

43,5

62,0

48,1

65,7

58,9

48,9

44,3

36,7

әйел

56,5

38,0

51,9

34,3

41,1

51,1

55,7

63,3

1) Бағалау.

Үй шаруашылығында балалардың болуы кедейлікке ұшырау қатерімен тығыз байланысты. Табысы төмен халық арасында ең көп үлесті 14 жасқа дейінгі балалар (32,2%) және 15 – 19 жастағы жастар (12,6%) алады. Бұл контингент (демек, балалары бар отбасылар) ең аз табысты квинтильдерде ең көп үлесті алады және табысы жоғары квинтильдерге ауысу барысына қарай азаяды. Ересек жастағы табысы төмен халықтың үлесі біршама аз.

2003 жылғы III тоқсанда халықтың жынысына және жасына қарай зерттелетін үй шаруашылықтарында тұтынуға пайдаланылған табыс бойынша халықты бөлу 1)

пайызбен

 

Тұтынуға пайдаланылған, табыстары бар, үй шаруашылықтары:

Үй шаруашылық-тарының барлығы

Квинтильдік топтар бойынша үй шаруашылықтары:

күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары (кедей емес)

күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен (кедей)

бірінші (ең аз табысты) топ

екінші топ

үшінші топ

төртінші топ

бесінші (ең көп табысты) топ

Халық,

барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Соның ішінде жасына қарай:

 

 

 

 

 

 

 

 

0-14

20,5

32,2

24,6

34,7

28,9

25,1

20,0

14,4

15-19

9,9

12,6

10,9

12,7

12,0

11,3

10,4

8,0

20-24

6,7

7,9

7,1

7,7

7,9

7,2

6,6

6,2

25-29

6,2

7,3

6,6

7,5

6,8

6,9

6,1

5,6

30-34

6,3

6,6

6,4

6,5

6,6

6,7

6,3

5,9

35-39

7,4

7,2

7,3

7,2

7,9

7,7

7,8

6,0

40-44

9,1

7,4

8,5

7,1

8,3

8,2

9,3

9,5

45-49

7,8

5,4

7,0

4,9

5,6

7,1

7,7

9,5

50-54

6,7

4,2

5,8

3,8

4,5

5,3

6,9

8,7

55-59

3,9

2,2

3,3

2,0

2,7

3,0

3,2

5,5

60-64

5,0

2,4

4,1

2,2

3,0

3,6

4,6

7,1

65 және одан жоғары

10,5

4,6

8,4

3,7

5,8

7,9

11,1

13,6

Еркектер, барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

соның ішінде жасына қарай:

 

 

 

 

 

 

 

 

0-14

23,7

33,7

27,5

35,7

30,6

28,5

23,1

17,5

15-19

11,7

12,9

12,2

12,8

12,5

12,5

12,6

9,9

20-24

7,4

8,2

7,7

7,9

8,3

7,5

7,2

7,6

25-29

6,6

7,5

6,9

7,8

6,9

7,2

6,6

5,9

30-34

6,3

6,4

6,3

6,3

6,6

6,4

6,4

5,9

35-39

7,0

7,3

7,1

7,5

7,6

7,4

7,3

5,7

40-44

9,0

7,2

8,3

7,0

8,4

8,0

8,8

9,6

45-49

7,3

5,2

6,5

4,8

5,4

6,7

7,2

9,0

50-54

6,3

3,9

5,4

3,5

4,4

4,8

6,5

8,4

55-59

3,3

2,2

2,9

2,0

2,5

2,7

2,8

4,6

60-64

4,0

2,1

3,3

2,0

2,5

3,0

3,7

5,7

65 және одан жоғары

7,4

3,4

5,9

2,7

4,3

5,3

7,8

10,2

Әйелдер, барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

соның ішінде жасына қарай:

 

 

 

 

 

 

 

 

0-14

17,9

31,1

22,2

34,0

27,5

22,1

17,2

12,2

15-19

8,5

12,4

9,8

12,5

11,5

10,3

8,6

6,7

20-24

6,2

7,5

6,7

7,4

7,6

7,0

6,2

5,3

25-29

5,9

7,0

6,3

7,2

6,6

6,7

5,8

5,4

30-34

6,3

6,7

6,5

6,7

6,6

7,0

6,2

5,9

35-39

7,7

7,1

7,5

7,0

8,1

8,0

8,2

6,2

40-44

9,1

7,5

8,6

7,1

8,2

8,3

9,6

9,4

45-49

8,2

5,6

7,3

5,1

5,9

7,3

8,2

9,9

50-54

7,1

4,4

6,2

4,0

4,6

5,7

7,2

8,9

55-59

4,4

2,2

3,7

2,0

2,9

3,3

3,6

6,2

60-64

5,8

2,7

4,8

2,4

3,4

4,1

5,4

8,0

65 және одан жоғары

12,9

5,8

10,4

4,6

7,1

10,2

13,8

15,9

1) Бағалау.

Кедейліктің таралуын көптеген факторлар анықтайды. Үй шаруашылығының көлемі – маңызды факторлардың бірі, себебі кедей болып қалуға көп ұшырайтындар — мүшелері көп үй шаруашылықтары. 2003 жылдың қарастырылып отырған кезеңінде 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтарының 38,8%-ның табыстары күнкөріс деңгейінен төмен, ал 13,4%-нің табыстары азық-түлік шегінен төмен болды.

 

15 жастағы және одан асқан экономикалық тұрғыдан белсенді және енжар халық

 

1991

1992

1993

1994

1995

1996

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам

7716,2

7577,8

6963,4

7118,2

7359,8

7489,5

Экономикалық белсенділіктің деңгейі, пайызбен

68,6

67,0

61,5

63,5

66,8

68,7

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

7716,2

7577,8

6963,4

6581,8

6551,5

6518,9

Жұмыспен қамтылу деңгейі, %

100,0

100,0

100,0

92,5

89,0

87,0

Жалдамалы қызметкерлер, мың адам

7389,5

7210,2

6594,4

6029,8

5466,4

4918,4

Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі,%

95,8

95,1

94,7

91,6

83,4

75,4

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, мың адам

326,7

367,6

369,0

552,0

1085,1

1600,5

жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі,%

4,2

4,9

5,3

8,4

16,6

24,6

Жұмыссыз халық, мың адам

536,4

808,3

970,6

Жұмыссыздық деңгейі, %

7,5

11,0

13,0

Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам

3533,0

3733,7

4355,1

4086,3

3658,3

3417,7

Экономикалық енжарлықтың (әрекетсіздіктің) деңгейі, %

31,4

33,0

38,5

36,5

33,2

31,3

 Жалғасы

 

1997

1998

1999

2000

2001

2002

Экономикалық белсенді халық, мың адам

7440,1

7052,6

7055,4

7107,4

7479,1

7399,7

Экономикалық белсенділіктің деңгейі, пайызбен

68,8

65,9

66,0

66,0

70,2

70,1

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

6472,3

6127,6

6105,4

6201,0

6698,8

6708,9

Жұмыспен қамтылу деңгейі, %

87,0

86,9

86,5

87,2

89,6

90,7

Жалдамалы қызметкерлер, мың адам

4271,3

3783,0

3354,2

3504,4

3863,3

4030,2

жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі,%

66,0

61,7

54,9

56,5

57,7

60,1

өз бетінше жұмыспен айналысушылар, мың адам

2201,0

2344,6

2751,2

2696,6

2835,5

2678,7

жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі,%

34,0

38,3

45,1

43,5

42,3

39,9

Жұмыссыз халық, мың адам

967,8

925,0

950,0

906,4

780,3

690,7

Жұмыссыздық деңгейі, %

13,0

13,1

13,5

12,8

10,4

9,3

Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам

3368,8

3649,9

3639,5

3655,2

3175,8

3155,3

Экономикалық енжарлықтың (әрекетсіздіктің) деңгейі, %

31,2

34,1

34,0

34,0

29,8

29,9