МАЗМҰНЫ
Кіріспе
- КӘСІПКЕ БАУЛУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына қызығушылықты қалыптастырудың ерекшеліктері және маңызы………………………………………………………………9
1.2 Оқыту әдістерінің ғылыми негіздері және олардың жіктелуі……………16
1.3 Автомобиль ісі сабақтарында оқыту әдістері мен тәсілдерін
қолдану ерекшеліктері…………………………………………………………………..22
- «Автомобиль ісі» курсының оқыту әдістемесі бойынша дидактикалық ерекшеліктері
- Автомобильдердің жалпы құрылысы және жіктелуі.
Автомобильдерді басқару…………………………………………………….. ….32 - Қозғалтқыштың конструкциясын және жұмыс атқару
ерекшелігін оқыту…………………………………………………………………. .. 33 - Иінді білікті-шатунды механизмді оқыту ерекшеліктері…………… .. 38
- Автомобильдің газ тарату механизмін оқыту ерекшеліктері…….. .. 41
- Автомобильдің салқындату жүйесі………………………………………………42
- Автомобильдің майлау жүйесін оқыту ерекшеліктері……………………..44
- Қозғалтқыштардың қоректендіру және іске қосу жүйесін
оқыту ерекшеліктері……………………………………………………………… .. 45
2.8 Оталу жүйесін оқыту ерекшеліктері……………………………………………….. 47
Қорытынды………………………………………………………………………. .. 49
әдебиеттердің тізімі…………………………………………………….. … 51
Қосымшалар
КІРІСПЕ
«Қазақстан-2030» атты барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздгі және әл-ауқатының артуы жайлы ұзақ мерзімді бағдарламадағы білім беру саласындағы басты мақсат: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасқан және еңбек рыногында бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды қамтамасыз етуші білім беру жүйесінің ұлттық моделін қалыптастыру.
Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, барлық ұлттың мәдениетінің қазыналары мен дербестігін мойындау.
Қабылданған «Білім туралы» заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалады. Қазіргі кезде бүкіл білім беру жүйесінде көп өзгерістер бар. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасы жасалды. Білім берудің жаңа жүйесінде жалпы білім беретін мектептерде оқылатын пәндерді интеграциялау, агроөндірістік, технологиялық. ғылыми теориялық негізде оқыту мақсаты қойылды. Білім беруді компьютерлендіру қолға алына бастады. Бұрынғы қалыптасқан базаларды пайдаланып жүргізілетін еңбек, автомобиль ісі сабақтарын жаңа инновациялық әдістерді қолдана отырып жүргізу қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында атап көрсе-тілгеніндей жастарға жалпы білім беру мен кәсіпке бағдарлаудың бір жолы әрі негізгісі – пәнаралық байланыстарды жақсарту.
Жас ұрпақты қоғамдық маңызды істерді саналылықпен игеретін дамыған тұлға ретінде қалыптастырудың негізі мектеп жасында қаланатыны белгілі. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасын жоғары деңгей де ұйымдастыру секілді міндеттердің қай-қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Өйткені әрекет педагогикада да оның ішінде дидактикада да негізгі әдіснамалық құрал болып есептеледі.
Оқу — адамның саналы өміріндегі басты әрекетке, еңбекке даярлаудың алғы шарты ретінде жүзеге асырылады. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана-сезімін дамытуға бағытталады. Адам баласын еңбекке, кәсіпке үйрету, оның еңбегін өнімді ету адамзат қоғамы тарихымен бірге жасасып келе жатқан тәрбиенің нысанасы.
Өскелең ұрпақты еңбекке тәрбиелеу идеясы XV ғасырдан бастап мынадай ойшылдар мен педагогтардың: Т.Кампанелла, Т.Мор, Я.Коменский, Ж.Руссо, И.Песталоцци, А.Герцен, К.Ушинский және т.б. еңбектерінде айтылды.
Сабақ басында оқыту әдістерінің тиімді түрлерін қолдану жақтарын көптеген педагогтар: Т.И.Шукина, Н.Барбанский, В.Ф.Шаталов, Т.А.Ильина т.б. еңбектерінде көрсеткен.
Одан кейінгі кезеңдерде, сабақты үй тапсырмасыз және кезеңдерге бөлмей өткізетін әдіс, техникалық құралдарды кең қолдану арқылы сабақты жетілдіретін әдіс, проблемалық және бағдарламалап оқыту әдістері, үлгілі мектепте үлгілі сабақ өткізу әдісі, өндірістік оқушылар бригадасын құру мақсатында, сабақты еңбекпен байланыстырып өту әдісі сияқты әр түрлі көптеген оқыту әдістері пайда болды.
- 1. КӘСІПКЕ БАУЛУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына қызығушылықты қалыптастырудың ерекшеліктері және маңызы.
Педагогикалық мамандар дайындау проблемасы соңғы кездерде оқытуды басқаруды ыңғайластыру кезеңдеріне байланысты бүгінгі күннің еңбір ақуалды мәселелерінің бірі болып отыр.
Жалпы дипломдық зерттеу жұмысы осы мәселе төңірегінде негізінен болашақ оқытушылардың осы сала мамандықтарына ынталығы, қызығушылығының кейбір ерекшеліктеріне бағытталды.
Біздің мақсатымыз: біріншіден, студенттерде «оқытушы» оған деген ынта, қызығушылық тудыруда күрделі обьект ретіндегі мамандық екенін анықтау; екіншіден, студенттер арасында мамандыққа қызығушылықгы қалыптастырудың жүзеге асырылуы негіздерін анықтау.
Мұнда біз «оқытушылықтың» күрделілігін оларды дайындауда үш негіз бар екенін анықтадық.
Бірінші. Оқытушы мамандығы динамикалық, үнемі дамып отыратын обьект болғандықтан олар сатыланған құрылым және кәсіби іс-әрекеттері көп факторлы, уақытқа тәуелді білім, біліктілік пен дағдылар меңгеру, осылардың негізінде өндірістік қатынастарға тиіс тәжірибе меңгеру.
Мұндай құрылым мамандыққа деген студенттердің ынтасын қалыптастыру логикасының ылғашқы этапы деуге болады.
Екінші. Студенттердің меңгеріп жатқан мамандығы жалпы «Еңбек» шеңберінде салыстырмалы обьект болып қалыптасады. Осыған байланысты «Инженер-педагог» деген салаға көбірек бейімделеді.
Үшінші. Негізінен екінші фактордың негізінде қалыптасады деуге болады, мұнда белгілі салада еңбек ету, немесе сол сала үшін мамандар дайындау бағытында еңбек етуде адам өзін белгілі бір кәсіп ішіндегі мамандықты толық меңгеруге тиісті квалификацияға ие болуға ұмтылады.
Жоғарыда анықталған факторлар негізінде біздің ойымызша мұғалімнің ең маңызды ерекшелігінде жалпы білім деңгейі сипат алуы тиіс. Жоғары оқу орындары үшін мамандыққа дайындау процестер, құбылыстар, заңдар мен зандылықтардың ғылыми негізінде құрылуы тиіс. Тек осы бағытта ғана мамандыққа деген ынталылық /қызығушылық/ арттыра алады.
«Кәсіптiк бiлiм» профилінде біз бағытқа үстанған осы жай, мамандыққа қызығушылық қалыптастырудың бірнеше деңгейде өтетінін анықтайды.
Дипломдық жұмыс білім және мәдениет мамандықтарының оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен құрастырылған “Кәсіптiк бiлiм” профилі бойынша жасалған бағдарламалар проектілерін талқылау кезеңдерінен басталады.
Дегенмен, оқу процесінің сапасын арттыру мәселесі:
Біріншіден, мамандық алу сипатында ынталығының барлығы /жалпы кәсіпке емес жеке мамандық иесіне деген/; екіншіден, таңдап алынған мамандық мұғалімдік кәсіптің бір жағы ретінде болатындығына тиісті студенттердің оку процесіне деген пікірлері топтастырылды.
Жоғарыдағы зерттеу негіздеріне сүйене отырып, төмендегі пікір талассыз екені анықталады деуге болады, яғни, оқытушылық кәсіпке ынталандыру оқыту процесі деңгейінде жүзеге асырыла алады. Сол себепті де, оқытушылық кәсіпке тарту, кәсіптің мазмұнын белгілі бір обьект ретінде үнемі динамикалық түрде дамытып оқытуды қажет ететінін аңғартты.
Оның ішінде оқытушылық мамандықтарды меңгерудегі оның ғылыми негіздерінің маңызына оқушылар көп көңіл бөліп отыр. Бұл өмір талабы және соңғы кездердегі өндірістік қатынастардың едәуір диспропорцияға ұшырауының салдары деуге болады.
Жұмысымыздың барысында біздерді қызықтырған және бір мәселе болды. Бұл, кәсіпке, оның ішінде меңгеріп жатқан мамандыққа ал одан таңдап алынған бағыттарды есепке ала отырып кәсіпке деген оқушылардың қызығушылығын зерттеу картинасы тіптен әртүрлі екенін аңғардық.
Соңғы мәселе, » Кәсіптiк бiлiм » мамандығы бойынша педагогика, психология мамандықтары алдында оқыту мазмұнының, оқу процесін жетілдіру мәселелеріне деген күрделі сұрақтарды алға тартады.
Соңғы жылдары оқу материалдарын ірілендірілген блок бойынша оқыту әдістері дамып келеді. Шығармашылық, панорамалық, интегра-циялық, телевизиялық, компьютерлік сабақтар, дидактикалық ойындар сияқты сабақтардың алуан көп түрлері ойлап шығарылды.
Мұндай қысқаша шолу мен талдаудан кейін оқыту әдістерінің ғасырлар бойы бірте-бірте жетілдіріліп келгенін, әлі де әр түрлі бағытта дами беретінін байқауға болады. Оқыту әдістері дамудың белгілі бір деңгейінде тұрып қалуы мүмкін емес оны өркениетті қоғамның «мәңгілік» проблемасының бірі екенін үмытпау керек. Оқыту әдістерінің жетілдірілген жаңа түрлерін ойлап табу ісімен бүкіл дүние жүзінде ғалымдар, педагог-методистер, оқу ағарту қайраткерлері айналысуда.
1954 жылы 5-7 кластарға шеберханада практикалық сабақ өту, ал 8-10 кластарға автомобиль ісі, электротехника және ауылшаруашылығы пәндері кіргізілді.
Қоғамымыздың қозғаушы күші болып табылатын жұмысшы мамандарының санын ғана емес, сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлініп отыр. Сондықтан үкіметіміз басқа да көп міндеттермен бірге ауылшаруашылық, қоғамдық көлік, т.б. маман иелерін дайындауға көп көңіл бөлуде.
Орта кәсіптік-техникалық мектептердің инженер-педагогтарының кәсіптік-методикалық даярлықтарын, олардың мамандыққа деген көзқарасын өзгертіп, теория мен методикалық білімдерін арттыру, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру — өскелең заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі.
Осыған орай жаңашыл мұғалімдердің оқыту методикасын сабақ кезінде пайдалану, жеке пәндерді оқыту методикасын дамыту жұмысында элі де болса кемшіліктер бар.
Орта мектепте автомобиль ісін оқыту, оқушыларды практикалық іс-әрекетке дайындауда және олардың политехникалық ой-өрісін дамытуда үлкен роль атқарады. Автомобиль өзіне қазіргі кездегі барлық машиналардың негізгі элементтерін — қозғалтқыштарды, трансмиссияны және басқару механизмдерін қамтиды. Іштен жану қозғалтқыштардың универсал маңызы бар, себебі олар әр түрлі энергетикалық қондырғыларда және көліктің түрлерінде кең түрде қолданылады. Автомобильдердің детальдері, бөлшектері және механизмдері (қозғалтқыш, күштік беріліс, электрқондырғылары, басқару және жүру жүйесі) барлық басқа машиналар үшін де ұқсас болып келеді.
Автомобильді оқыту кезінде оқушылар металдарды, резинаны, шыныны, пластмассаны және көптеген басқа да материалдарды өндірісте қолданумен танысады. Автомобиль өндірісімен танысу оқушыларға қазіргі кездегі әртүрлі өндірістерде физиканың, техника-ның, технология мен еңбекті ұйымдастырудың маңызды нәтижелерін қолдану мүмкіндіктерінен түсінік береді. Автомобиль өндірісінің кәсіпорындарында және автомобиль шаруашылықтарында әртүрлі мамандықтағы іскер жұмысшылар қамтылған. Соның ішінде ең көп тараған мамандық — автомобиль жүргізушілері мен автомобилъдерге техникалық қызмет көрсету және ремонт жасау слесарлері. Мектеп оқушылары осы мамандықтармен танысып, үйренеді.
Автомобиль тек қана халық шаруашылығанда ғана емес, күнделікті тұрмыста да көп қолданылады. Сондықтан да оның құрылысын білу,
басқара білу, қызмет көрсете білу кез-келген мамандық иелеріне пайдалы да, керекті.
Автомобиль сабақтарында оқушылар слесарлық және электро-монтаждық іс жүзінде білім мен біліктілікке ие болады, әр түрлі құралдар мен механизмдермен танысады. Практикалық жұмыстарды орындау кезінде оқушылардың жүргізуші, автослесарь мамандықтарына қызығушылығы артады.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты. Жоғары сынып оқушыларын «Автомобиль ісі» пәніне оқытудың тиімді әдістерін анықтау, әрі мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау.
Зерттеу объектісі. Жоғарғы сынып оқушыларын автомобильдің құрылысын білу мен оны басқаруға және техникалық қызмет көрсетуге үйрету процесі.
Зерттеу пәні: оқушыларды автомобиль құрылысымен, басқару және техникалық қызмет көрсетуге үйретудің тиімді әдістерін айқындау.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Зерттеу тақырыбына сай әдебиет-терді зерделеу.
- Жоғары сынып оқушыларын автомобиль құрылысы мен оны
басқару және техникалық қызмет көрсетуді үйретуге қажетті дидакти-
калық материалдарды дайындау. - Оқушыларға «Автомобиль ісі» пәнін оқытудың тиімді әдістерін
анықтап, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар үсыну.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі (17 еңбек), қосымшадан тұрады.Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы
Жоғары сынып оқушыларын «Автомобиль ісі» пәнін оқыту бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындалды.
Біз зерттеу жұмысымызда әдістемелік түрғыдан осы жіктелу қаға-даларын ашып, тақырыптар бойынша оқыту әдістеріне дидактикалық материалдар (сызбалар түрінде) дайындадық.
Білім берудің маңызы.
Автомобиль ісін оқыту бағдарламасы оқушыларға мынадай бөлімдерді оқытуды қарастырады: «Автомо-бильдердің құрылысы», «Автомобильдерді басқару және техникалық қызмет көрсету негіздері», «Жол жүру ережелері», «Жол жүру қауіп-сіздігінің негіздері», «Автомобиль жүргізу». 10-шы сыныпта оқушылар автомобильдің және қозғалтқыштың жалпы құрылысымен танысады, қозғалтқыштың механизмдерімен (иінді-білікті, газ тарататын меха-низмді), суыту жүйесімен, майлау, карбюратордың қоректенуін оқып үйренеді. Кейбір тақырыптарда автомобильдің электрқондырғылары (ток көздері, іске қосу жүйесі, стартер, дыбыстық сигнал, жарық беру жүйесі және жарықтық сигнализациясы), трансмиссиясы, жүріс бөлігі, басқару механизмі, қорабы және қосымша қондырғылары қарасты-рылады.
«Жол жүру ережелері» бөлімінде тәртіп сақтау ережелері және жол жүру қауіпсіздігі, жүргізушілердің жаяу жүргіншілер мен пассажир-лердің жалпы міндеттері, жол белгілері, жолдан өту сызықтары, жол қозғалысын бағыттау сигналдары, қозғалыс ережелері, көліктердің тоқтауы және тұрақтары туралы мәселелер ашылады (айқындалады).
«Автомобильді пайдалану негіздері» бөлімінде оқушылар халық-шаруашылығындағы автомобиль көліктерінің рөлін, автомобиль транспортында жұмысты ғылыми ұйымдастыру тәртібін біледі.
«Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету» бөлімі қозғалтқыш-тарға қызмет көрсетуге арналады.
Жол жүру қауіпсіздігінің негіздері туралы сабақтарда оқушыларға жол жүру кезіндегі транспорттық апат жағдайларына сараптама жасау және оны болдырмау, автомобиль қозғалысы теориясының негіздері, автомобиль жүргізудің психофизиологиялық негіздері туралы айты-лады.
Автомобильді оқушылардың жеке жүргізуіне 9-шы сыныпта белгілі бір сағат беріледі. Осы уақытта оқушылар басқару жүйесімен және бақылау құралдарымен танысады; автомобильді жүргізіп және тоқтатып жаттығады; берілісті үлғаю және кему ретімен қосуға, әр түрлі берілісте жүргізуге, бүруға, қараңғы кезде жүргізуге, тоннельден өтуге, темір жол платформасынан өтуге, транспорт көп жүретін шоссе жолдарымен жүруге; тар жолдан кіру және шығуға жаттығады.
10-шы сыныпта автомобиль құрылысын оқытуды аяқтайды. 11-шы сыныпта оқушыларды жол жүру ережелерімен — қозғалыс ережесімен, транспорттық құралдарды тоқтату және тұрақ; жол қозғалысынан, жаяу жүргіншілер жолынан, қоғамдық транспорт аялдамаларынан, темір жол үстінен өту; қозғалыстың ерекше жағдайларымен; адамдар мен жүк тасымалдау; транспорттық құралдардың техникалық күйімен және жабдықталуымен; танитын нөмірлік және сақтандыру белгілерімен; жазулар мен белгілеулермен; велосипедистердің, ат көліктердің және хайуанаттарды айдап өту қозғалысына керекті қосымша талаптармен таныстыруды жалғастырады.
«Автомобильді пайдалану негіздері» бөлімі — жүк тасымалдау; отын мен майлау материалдарын жұмсау нормалары; автомобильді жүргізгенде жұмысты қорғау, линиядағы диспетчерлік бақылауды оқытады. 11-ші сыныпта автомобильді жүргізуді үйрету аяқталады.
Оқу-материалдық база. Мектептерде автомобиль ісіне арнап жабдықталған оқу кабинеті, слесарлық-монтаждық шеберхана, техни-калық қызмет көрсету лабораториясы, оқу автомобильдері болуы керек. Сонымен қатар, мектептер автокөлік және автожөндеу өндірісте-рімен, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету бекеттерімен автогараждармен байланыс орнатуы қажет. Бұл өндірістік орындар кабинеттерді жабдықтауға жанармайлар материалдарымен қамтамасыз етуге, оқушыларды автомобиль жүргізуге оқыту үшін маман инструкторлар бөлуге көмектеседі.
Автомобиль ісі кабинеттерінде оқушыларға автомобильдің құры-лысы және техникалық қызмет көрсетудің теориялық мәселелерін
оқытады, лабораториялық және практикалық сабақтар жүргізіледі.
Слесарлық-монтаждық шеберханаларда қүрастыру, ремонт жұмыстары жүргізіледі. Кабинет пен шеберхананы мектептің бірінші қабатында немесе арнайы соғылған ғимаратта орналастырған дұрыс. Ал аулада оқу автомобильдеріне арналған гараж бен жану-майлау материалдарына арналған жерден қазылған склад жабдықтайды.
Автомобиль ісі кабинеттерінде жиналған түрдегі автомобиль агрегаттары (қозғалтқыш, беріліс қорабы, артқы және алдыңғы көпірлер) айналып түратын қондырғыларға орнатылуы тиіс. Бұл агрегаттардан басқа қабырғадағы стеллаждарға механизмдер мен жеке бөліктерінің кесінді түрі, детальдердің жиыны, агрегаттар мен механизмдердің моделдері қойылады. Кабинетте лабораториялық жұмыстарға арналған құрал-саймандар, инструкциялық карталар, оқу плакаттары, сызбалар мен суреттер, техникалық және анықтамалық оқулықтар болуы керек. Көрнекті жерге жұмыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелері ілінеді. Терезелер қараңғы перделермен жабдықталады.
Шеберханада жиналған ескі автомобиль қоюға болады, немесе жұмыс істеп тұрған іштен жану қозғалтқышын орналастырады. Шеберханада оқушылардың слесарлық жинау, станоктың жұмыстарын жүргізу үшін құрал-саймандар, гидравликалық пресс, домкрат, техни-калық қызмет көрсету плакаттары болуы керек. Сонымен бірге көрнекті жерде медикаменттері бар аптечка болуы керек. Барлық құрал-сайман, механизмдерге, құралдарға материалдық жауапкершілік мұғалімге жүктеледі.
1.2 Оқыту әдістерінің ғылыми негіздері және олардың бөлінуі
Оқыту әдістері — көп тармақтан тұратын, көп компонентті ғылыми-практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде талдау жасап, оған әртүрлі түрғыдан анықтама беруге болады: оқыту әдісі — оқытушы мен
оқушының бірлесіп жұмыс істеу тәсілдері; оқыту әдісі — оқу проце-сіндегі алға қойылған мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын әрекеті; оқыту әдісі — оқу процесіндегі педагог пен оқушының арасындағы өзара әсер-әрекет; оқыту әдісі — оқушыларға білім беретін жол; оқыту әдісі — оқушылардың танымдық процесін және олардың жеке басының дамуын ұйымдастыру формасы. Мұндай тұжырымдамалардың барлығының көздейтін түпкі мақсаты оқушы-лардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс-амалын анықтау екендігін аңғару қиын емес. Бұл процесс «мұғалім — оқушы» схемасы бойынша өзара екі объектінің әсер-әрекеті арқылы жүргізіледі.
Әрине, қазіргі заманғы информациялық «жарылыстың» талабы тұрғысынан Бұл схеманың әлде қайда жеткіліксіз екендігін аңғару қиын емес. Өйткені, негізгі талап — үздіксіз білім берудің тәсілдерін табу, жастарды өз бетінше оқу тәсілдеріне үйрету, олардың кітаппен өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту, техникалық және компьютерлік құралдар арқылы білім алу жолдарын іздестіру, шығармашылық және шеберлік іске баулу. Мұның бәрін жүзеге асыру процесіндегі, оқыту әдістерінің қандайын қолданса да, педагог пен оқушының өзара бірлесіп, атқаратын әрекеті мынадай күрделі схема бойынша жүргізілген (1-сурет). Бұл схемадан оқыту әдістерінің кейде екі жақты, кейде үш жақты немесе бес-алты қырлы күрделі процесс екендігін көру қиын емес. Мұндай процестің негізгі «жүгін» оқушы «көтеретіндігін» аңғарамыз. Сондықтан, қандай бір оқыту әдісін қолдансақ та, оқушының барлық іс-әрекетін өздігінен білім алуға, творчестволық ойлауға, өзіндік жұмыс істей білу қабілеттері мен дағдыларын дамытуға бағыттауымызды үмытпауымыз керек.
Осындай жағдайда оқыту әдістерінің, методикалық тәсіл мен амалдың және әрекет-әсердің оқу процесінде қолданылу формалары мен мазмүны да әр түрлі сипат алады. Бүған бірнеше мысалдар келтірейік. Сабақта жаңа тақырыпты ауызша баяндап түсіндіру — оқыту әдісінің бір түріне жатады. Лабораториялық жұмысты орындау үшін
оқушыларға мұғалім кейде қысқаша ауызша нұсқау беріп, қалай істеу туралы бағыт-бағдар көрсетеді; екінші бір жағдайда оқытушының айтып отыруымен оқушылар әрекет жасайды; үшінші жағдайда мұғалім оқушылардың қандай әрекет жасайтыны туралы жазбаша нұсқау береді; төртінші варианты — педагог жұмыстың мақсатын тұжырымдайды, сол бойынша оқушылар өздері керекті құрал-сайман-дарды, приборларды таңдап-теріп алады. Бұл мысалдағы лаборатория-лық жұмыс жасау — оқыту әдісі, ал оны ұйымдастырып жүргізу форма-лары — 4 түрлі әдістемелік амал болып табылады. Ендеше әдістемелік амал — оқыту әдісінің бір бөлігі, оның элементі; ол оқу процесіндегі мұғалім мен оқушылардың жеке іс-әрекетін көрсетеді.
Оқыту әдісінің, әдістемелік амалдан гөрі ірілеу бөлігі — оқыту тәсілі. Мысалы, есеп шығаруда аналитикалық, синтетикалық, графиктік, эксперименттік әртүрлі тәсілдер қолданылады. Демек, оқыту әдісі мынадай компоненттерден тұрады: әдіс -» тәсіл -> амал -» әрекет -> операция.
Әдістемелік амалдар логикалық, ұйымдастырушылық, техникалық формалар түрінде жүзеге асырылады. Мысалы, әдістемелік амалдың логикалық формасы — құбылыстарды, не денелерді, олардың ортақ бір қасиеттері мен белгілеріне байланысты топтап-талдау, ұқсастықтарына қарай салыстыру; ұйымдастыру формалары — оқушылардың бәрі бір тапсырманы мұғаліммен бірге, не жеке-жеке дидактикалық карточкалар арқылы орындауы; «техникалық» формалары — кейбір автомобиль приборларын, құралдарды оқушыларға таныстыру үшін сабақты фронтальдық тәжірибе приборларымен қамтамасыз ету т.с.с.
Мектеп өмірінде оқыту әдістерінің бірнеше түрлері қолданылатыны белгілі, сондықтан, оларды классификациялау принциптері де әр түрлі. Оның ішіндегі әзірге дейін ең дұрыс деп қабылданып келген принцип -оқушылардың алатын білім көздеріне және мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жүргізетін қызметіне байланысты классификациялау.
Бұл принцип түрғысынан оқыту әдістері үш түрге бөлінеді: 1) сөзбен баяндау әдістері; 2) көрнекілік әдістері; 3) практикалық әдістер.
- Сөзбен баяндау әдістері мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы
жүзеге асырылады. Оқушыларға берілетін білімдердің негізгі көзі —
мұғалімнің сөзі, ал мұғалімнің ісі — сөзбен түсіндіру, оқушылардың
қызметі — тыңдау, ойлану болып табылады.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдісі әңгімелеу, әңгімелесу (сөйлесу), лекция, түсіндіру арқылы жүргізіледі .
- Көрнекілік әдіспен оқу материалын түсіндіргенде оқытушы
көрнекі және техникалық құралдарды қолдану арқылы құбылыстарды,
процесстерді, денелерді, заттарды көрсетеді, көрнекілейді, иллюстра-
циялайды, қолдарына ұстатып, сездіреді. Бұл жағдайда мұғалімнің сөзі
тек қосымша роль атқарады да, оқушылардың алатын білім көзі
көрнекі құралдар болып табылады. Мұғалімнің оқыту қызметі — көр-
сету мен көрнекілеу, ал оқушылардың сабақтағы, оқу мақсаты —
бақылау, эксперименттік фактілерді көріп ойлану, қорытынды жасау,
білім қорын байыту. Көрнекілік әдістерінің түрлеріне көрнекілік
экспериментті, экскурсияны, схема-плакат, сызу-сурет, коллекцияларды
көрсетуді, кино-диафильмдерді және теледидарлық ақпаратты хабар-
лауды жатқызуға болады.
Көрнекілік әдіс дидактикалық принципке сәйкес келеді. Классик педагог Я.А.Коменский бұл әдісті мұғалім үшін «алтын ереже» деп санаған. Өйткені, оның нәтижесінде оқу материалын оқушылардың түрлі сезім мүшелері арқылы түсініп қабылдауына мол мүмкіндік туғызылады; көруге болатынды көреді, естуге тиістіні тыңдайды, иісін иіскеп біледі, дәмін татып көреді, қолына үстап нәрсенің қатты-жүмсақтығын байқайды (Я.А.Коменский. Избранные педагогические сочинения. Т.1. Великая дидактика. -М.:Учпедгиз, 1955, с.207).
- Практикалық әдістерге лабораториялық жұмыстар, практикум-
дар, кластан тыс бақылаулар жүргізу жатады. Олар оқушылардың
эксперименттік, өлшеу, зерттеу, жалпы еңбектік бейімділіктері мен дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың өзіндік түрлі практикалық жұмыстарды орындауы, ізденіп-ойлануы, есеп шығаруы, олардың алған білімдері мен біліктіліктерінің көзі болып саналады. Бұл жағдайда мұғалімнің қызметі — жұмысқа түсінік-нұсқау беру, тексеру, қорытынды жасауға көмектесуімен шектеледі .
Бұл әдістердің ешқайсысын да әмбебап (универсал) әдістер деп қарауға болмайды, олар оқыту мақсаттарының түрлеріне сай келуі тиіс. Сабақта олардың ешқайсысы «таза күйінде» қолданылмайды, көбінесе олар «аралас формада» пайдаланылады. Мысалы, мұғалімнің ауызша баяндау әдісі сабақта көрнекі құралдарды иллюстрациялап, көрнекілік әдіспен қоса қолданылады. Сондай-ақ сөзбен түсіндіру әдісі көп жағдайда практикалық әдіспен де біріге пайдаланылып отырады. Демек, қай уақытта, қандай әдістерді, қалай қолдану — мұғалімнің творчестволық ісі, әдістемелік амал — тәсілі. Мұны творчестволық және жаңашыл мұғалімдердің оқыту әдістерін сан алуан құбылтып, көптеген жаңа әдістемелік тәсілдер мен амалдарды ойлап шығарып, пайдаланып, онан әрі түрлендіріп, дамытып жатқаны тағы да дәлелдеп отыр.
Оқушылардың біліп тану процесінің сипатына қарай М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернердің классификациясы бойынша оқыту әдістерінің жүйесі 5 түрге бөлінеді: түсіндірмелі-иллюстративтік (информациялық-рецептік), репродуктивтік, проблемалық, эвристикалық (жартылай-ізденушілік), зерттеушілік әдістер.
Проблемалық оқыту тұрғысынан М.И.Махмутов оқыту әдістерін ақпараттық, орындаушылық, түсіндірушілік, репродуктивтік, нұсқаулық-практикалық, нәтижелік-практикалық, түсіндірмелі-оятушылық, ойланушылық, жартылай ізденушілік, ізденушілік әдістер деп 10 түрге бөледі .
Дидактикалық мақсат тұрғысынан М.А.Данилов пен Б.П. Есиповтың классификациясы бойынша оқыту әдістері 4 компоненттен
тұрады: білім алу әдісі, оқушылардың бейімділігі мен дағдыларын қалыптастыру әдісі; олардың алған білімдерін практикада және творчестволық істе пайдалану әдісі жас жеткіншектердің білімдерін, біліктілігін, дағдыларын тексеру мен бекіту әдісі.
Оқу процесін оптималдандыру принципі бойынша (Ю.К.Бабанский) оқыту әдістері беске бөлінеді: сөзбен түсіндіру, көрнекілік, практикалық, репродуктивтік, ізденушілік әдістері.
Әрине оқушылардың өздігінен оқып білім алуына, техникалық құралдар мен компьютер арқылы оқуына, шығармашылық қабілетін дамытуға, практикалық-шеберлік дағдысына, логикалық ойлауын жетілдіруге үйрету мақсатында оқыту әдістерінің басқа да жүйесін зерттеп табудың мүмкіндігі де жоқ емес, соның бірі пәнаралық байланыс.
Келешекте оқыту әдістерінің жүйелерін зерттеп, оның қандай бір жаңа түрлерін табуға ұмтылғанда, атақты дидактик Я.А.Коменскийдің айтқан мынадай беделді ойын әрқашан басшылыққа алған жөн: «қандай әдісті ойлап шығарсақ та, ол педагогтардың аз үйретіп, оқушы-лардың өздерінің көп оқуына жағдай туғызатын болуы керек, сонда мектепте сөз бен нәтижесіз еңбек аз болып, оқушы жастардың бос уақыты, қуанышы, тартымды табысы молаяды, бұл біздің дидактиканың негізі болып қалсын» (Я.А.Коменский. Великая дидактика. Избр. Педаг. Соч. М.: Учпедгиз, 1955, с.218).
1.3 Автомобиль ісі сабақтарында оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдану ерекшеліктері
Оқыту әдістерін зерттеу — негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде автомобиль ісін оқыту әдістемесінің мақсаты — оның мазмұнының ерекшелік сипатына сай сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау.
Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсында түсіндіріледі. Автомобиль ісі сабақтарында оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдісімен қатар, лабораториялық-практикалық сабақтар, көрнекілік, экскурсия түріндегі сабақтар кең түрде қолда-нылады. Бұл тәсілдер сабақтарда әңгімелесу, әңгімелеу, түсіндіру, лекция түрінде өткізіледі.
Әңгімелесу тәсілі бойынша сабақта мұғалім мен оқушылардың сүрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндіріледі. Әсіресе эврикалық әңгімелесуді көп жағдайда төменгі кластарда пайдаланған қолайлы.
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы:
1) автомобильдер мен тракторлардың жалпы құрылысы және
жіктелуі түсіндіріледі;
- қозғалтқыштың негізгі жұмысы және конструкциясы көрсетіледі;
- автомобильді басқару органдары мен механизмдерімен таныс-
тырады; - оқу материалдары қайталанып, бекітіледі;
- оқушылардың алған білімдері, біліктіліктері, дағдылары тексе-
ріледі.
Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар тыңдайды, көрнекіленген құбылыстарды көріп бақылайды, мұның нәтижесінде олардың сабақтағы белсенділігі жоғары болады және сабақтың үстінде бөтен нәрсемен айналысуға мүмкіндіктері болмайды. Бірақ, Бұл тәсіл оқушылардың практикалық біліктілігі мен дағдыларын дамытуға қажетті жағдай туғызбайды.
Әңгімелеу — оқу материалын сабақта, диалогсыз, тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Бұл тәсіл 1- сызбада көрсетілген (қосымшада келтірілген). Мұндай тәсілді мынадай жағдайда пайдаланған үтымды болады.
- Автомобильдер мен тракторлардың халық шаруашылығында атқаратын қызметімен өнер тапқыш ғалымдардың өмірбаянымен таныстыру қажет болғанда (автомобильді ойлап табу, жетілдіру, отанымыздың машина жасау өнеркәсібінің дамуын айту).
- Ғылым мен техниканың жетістіктерімен даму перспективалары-мен таныстырғанда.
Бұл тәсіл бойынша сабақта ауызша баяндауды оқушылар үзақ уақыт бойы тыңдаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық білімділіктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қолданыс табады. Сол себепті әңгімелеу және де ауызша түсіндіру кездерінде оқу материалдары әр түрлі логикалық формада, қызық, көрнекілік жолмен, олардың практикалық маңызы көбірек ашылып көрсетілетіндей дәрежеде баяндалуы қажет.
Жоғарғы кластарда жаңа сабақты түсіндіру кейде лекциялық тәсілмен өткізіледі. Лекцияның ғылыми мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы көп, баяндауы шапшаңырақ болады. Бұл тәсіл оқушылардың дайындығы жоғары болған сыныптарда жақсы нәтиже береді. Автомобиль ісінен лекцияны кез-келген тақырыпта оқудың мүмкіндігі жоқ, лекцияда оқушылардың белсенділігін көтеру қиын, тек бірыңғай тыңдау оларды жалықтырады. Оған мұғалім күшті дайындалуы керек. Бұл үшін кинолекция түрінде өткізу маңызды, әрі қызықты болады.
Оқушылардың логикалық-танымдық және творчестволық ойлауы мен қабілеттерін дамытуда сабақтарды проблемалық оқыту тәсілімен өткізудің маңызы зор. Мұның негізгі мәні — оқу материалын түсіндіру кезінде проб-лемалық жағдаяттар туғыза білу.
Проблемалық оқытудың формасын мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар:
1) проблемалық баяндау — мұғалімнің проблеманы тұжырымдап, оны өзі шешуі, ғылымда оның қалай шешілгендігін көрсету (автомо-бильдердің жұмыс және қосымша жабдықтары);
- проблемалық жағдаят туғызып, оған оқушыларды қатыстырып,
бірге шешу (жол жүру қауіпсіздігінің негіздері); - проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдап шешуін оқушылардың өздеріне үсыну (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету);
4) проблеманы тұжырымдауды және оны шешуді оқушылардың өздеріне беру (автомобильдерді басқару). Бұл тәсілді көбінесе факуль-тативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында пайдаланған орынды.
Автомобиль пәні сабақтары багдарламалап оқыту жолымен де жетілдіріліп келеді. Бағдарламалап оқыту принципінде оқу материалы жеке элементтерге бөлініп, сыныптағы оқушылардың қабілеттеріне қарай әрқайсысының өзіне тән сипатта және жылдамдықта жасайтын оқу әрекетінің реті көрсетіліп, дер кезінде олардың материалды қалай меңгергендігі туралы ақпарат алып түрарлықтай арнаулы бағдарла-мамен оқытылуы көзделеді. Бағдарламаланған оқулықтар мен тапсырмалар сызықтық және тармақтық принцип негізінде дайын-далады. Мұндай тәсілді пайдаланудың нәтижесінде бағдарламаны бір оқушы шапшаң, ал басқа біреуі баяу меңгереді, оқушылардың өзіндік оқуына қолайлы жағдай туғызылады, олардың мұғалімге деген жеке басының наразылығы-күдігі болмайды.
Бағдарламалап оқыту мен оқушылардың білімін тексеру арнаулы бағдарлама, тапсырма, бағдарламаланған оқулық «оқытатын» және «тексеретін» машиналар арқылы жүзеге асырылады. Өкінішке орай, Бұл тәсілдің оқушыларды сөйлетіп, өз ойын түсіндіре білуге, мұғаліммен қарым -қатынасын дамытып, одан тәрбие алуға үйретудегі ролі төмен.
Лабораториялық-практикалық сабақтарды өткізу әдістері. Орта және арнаулы мектептерде лабораториялық-практикалық сабақтар, арнаулы құрал-жабдықтармен жабдықталған шеберханаларда өткізіледі.
Лабораториялық-практикалық сабақтардың негізгі мақсаты -оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдерін практика жүзінде бекіту, машиналар мен механизмдердің құрылысымен таныс-тырып, бөлшектеу, жинау, реттеу әдістерін үйрету. Бөлшектеу, жинау жұмыстарына қажетті құрылғыларды, монтаж құралдарын дұрыс пайдалану жолдарын үйрету. Әрбір сабақты тиімді ұйымдастыра
отырып, оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін, қызығушы-лығын тәрбиелеуді көздей білу қажет. Оқушылардың мамандыққа тән шеберлігін арттыру үшін олардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу керек. Сабақтарды циклдарға бөліп өткізеді. Цикл тақырыптарының саны звенолар санына тең болуы керек, әрбір звеноға арнаулы жұмыс орны ұйымдастырылады. Звенолардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың алмасу графигін жасайды.
Әрбір тақырыптың тапсырмасын дұрыс орындау үшін технологиялық нұсқау карталарын, олардың меңгерілуін тексеруге арналған карточка-тапсырмалар жасалынады. Технологиялық нұсқау картасы-ның негізгі мақсаты — оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
Әрбір циклдың лабораториялық-практикалық жұмыстарын бастау үшін, оның тапсырмаларына қажет теориялық білімдердің берілуі керек. Оқушыларды звеноға бөлгенде, олардың қабілеттеріне, сабақ үлгерімдеріне қарай дұрыс жасақтай білу қажет. Звенолардың біразы сабақты шеберхана лабораториясында өтеді де, ал қалғандары өндірістік оқыту шеберханасында машина-трактор агрегаттарын жұмысқа дайындайды.
Мұғалімнің сабаққа дайындығын екі кезеңге бөлуге болады: оның сабаққа дербес дайындалуы және сабақтың материалдық-техникалық базасын жасауы.
Мұғалім әрбір сабаққа мүқият дайындалып, жаңа оқулықтар мен қажетті әдебиеттерді оқуы қажет; әрбір технологиялық-нұсқау карта-сының мазмұнын қарап, түзетулер енгізуіне де болады. Егер сабақ барысында жаңа агрегатты не болмаса механизмді бөлшектеу керек болса, онда мұғалім алдын-ала өзі бөлшектеп, жинап көруі керек. Әсіресе жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталынуын көздеу қажет.
Лабораториялық-практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқаулар
Лабораториялық-практикалық сабақтарды 10-звенолық етіп өткізген тиімді. Әр звено 2-3 оқушыдан жасақталады, сондықтан оқып үйренуге арналған машиналар мен механизмдерді бөлшектеу жұмысында олардың өздігінен жұмыс істеуді ұйымдастыру мүмкіндігі арта түседі. Дегенмен, Мұндай жүйені орындау көп уақыт пен жұмыс орнын талап етеді, сол үшін арнаулы механизмдер мен құрылғыларды пайдалану керек. Мысалы, қозғалтқыштарды, беріліс қораптарын және артқы белдіктерді бөлшектеп, жинауға 3 сағат аз. Егер арнаулы құрылғылар мен съемниктерді пайдалану ұйымдастырылмаса, оқушылар жұмысы толық орындалмауы мүмкін, ал 3 сағат бойы плакат арқылы ғана механизмдер мен машиналардың құрылысын оқу -сабақты жоққа шығару.
Сабақтың әдістемелік түрғыдан дұрыс ұйымдастырылуы үшін оның жоспарын жасай білу керек. Сабақтың әр кезеңін тиімді пайдалану қажет.
Төменде автомобиль құрылысы және басқару тақырыбы бойынша алғашқы цикл сабағының өту кезеңдерінде жүргізілетін шаралардың ұйымдастырылуын беріп отырмыз.
- Сабақтың ұйымдастыру бөлімі: оқушыларды тексеру, олардың
киімдерінің техника қауіпсіздігі шараларына сай екендігіне көңіл бөлу. - Кіріспе нұсқау:
а) оқушыларды цикл талаптарымен, мақсатымен таныстыру;
б) технологиялық-нұсқау карталарымен жұмыс істеу жолдарын
жеткізу;
в) сабаққа қажет құрал-жабдықтар мен құрылғыларды пайдалану
әдістерін түсіндіру;
г) әр звеноның жұмыс орнына сай тапсырмасымен таныстырып,
жұмысты орындау жолдарын түсіндіру;
д) техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру;
е) звенолардың алмасу графигінің ережелерімен таныстыру;
и) технологиялық-нұсқау карталарын тарату.
3) Кезекті нұсқау (оқушылардың өзіндік жұмыстарын) ұйымдастыру- Кезектегі нұсқау барысында оқушылардың өзіндік жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім олардың жұмыс орындарын бірнеше рет айналып шығуы керек:
а) бірінші айналымда қозғалтқыштардың, агрегаттардың бөлшектенуге дайындығына, әр оқушының технологиялық-нұсқау карталарымен танысқандығына назар аудару;
б) екінші айналымда қозғалтқыштардың, агрегаттардың бөлшектенуінің дұрыстығын тексеру, қате болған жағдайда оларға көмек көрсету, техника қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын талап ету;
в) үшінші айналымда оқушылардың жұмыс барысында материалды үғынуына көңіл аударып, қиын сүрақтарға түсінік беру. Агрегаттар, механизмдер бөлшектерінің орналасуына дең қойдырып, дұрыс үғым қалыптастыруға көмектесу;
г) төртінші айналымда бөлшектенген механизмдердің қайта жиналу әдістерінің орындалуын тексеру, әр оқушының іс-әрекетіне көңіл аудару, әсіресе олардың құрал жабдықтар мен құрылғыларды пайдалана білуіне көңіл бөлу. Жиналған механизмдердің сапасына көңіл бөле отырып, жіберілген қателіктерді түзету жолдарын түсіндіру. Бақылау нәтижелерін дәптерге түсіру;
д) бесінші айналымда жиналған агрегаттардың сапасын, комплекстілігін тексеру. Құрал-жабдықтарды, жұмыс орындарын қабылдап алу. Әрбір оқушының жұмысын бағалап, журналға түсіру.
4) Қорытынды нұсқау:
а) звенолардың жұмыстарын қорытындылай келіп, тиімді жұмыс ұйымдастырған звеноны, жеке оқушыларды атап өту, әсіресе, жұмыс сапасына оқушылардың көңілін аудару;
б) жіберілген қателіктерге тоқталып, қажетті нұсқаулар беру;
в) оқушылардың сүрақтарына жауап беру;
г) оқушылардың бағасын естірту;
д) үйге тапсырма беру. Керекті оқулықтарды, оның тарауларын атап-өту.
Лабораториялық-практикалық сабақтарда оқушылардың назарын оқулық бетіндегі суретке не қажетті тақырыпқа аударып, олардың кітаппен жұмыс істей білу қабілеттіліктерін дамыту қажет.
Көрнектемелік (демонстрациялау) әдісі. Көрнектемелер сабақ үстінде көрсетіледі. Сондықтан, ол сабақтың бір бөлігі болып есепте-лінеді және оқытудың басқа тәсілдерімен (әңгімелеу, лекция, проблемалық оқыту және т.т.) бірігіп қолданылады. Сабақ үстінде кернектемелерді көбінесе мұғалім көрсетеді, кейде оларды оқушылардың өздеріне де жасатуға болады.
Бұл әдісті сабақта қолдану оқушыларға техникалық объектілер мен процестерді табиғи күйде не модельдермен шартты көрініс түрінде қабылдауға мүмкіндік береді. Көрнектемелер Бұл жағдайда статикалық не динамикалық болуы мүмкін. Көрнектеме кезінде мұғалімнің әдістемелік шеберлігі өте қажет, оған кезінде сезбен тиісті түсінік және қорытынды берілуі керек. Оқу шеберханаларындағы көрнектемелер тек оқытудың көрнекі құралы ғана емес, оқушылардың білім көзі, оқыту объектісі болып табылады. Мысалы, автомобиль құрылысын оқы-ғанда, оның детальдарын көрмей, үстамай түсіну мүмкін емес. Оқу шеберханаларында өтілетін сабақтарда көрнектемелердің әр түрі қолданылады, оларды мынадай топтарға біріктіруге болады:
— табиғи объектілерді және процестерді (сызбаларын, эскиздерін,
технологиялық карталарын, схема, диаграмма, графиктерін) көрнек-
темелеу;
- көрнекі құралдарды және графикалық көріністерді көрнектемелеу;
- кинофильмдерді көрнектемелеу;
- жұмыс тәсілдерін кәрнектемелеу.
Осыларға жеке тоқталайық.
- Табиғи объектілер мен процестерді көрнектемелеу
Оқу шеберханасындағы сабақтарда мұғалім оқушыларға оқыты-
латын механизмдер, станоктар, құрал-саймандар, машиналардың тек сыртқы көрінісін ғана емес, оны ашып көрсету арқылы бөліктерін, түйіндерін де көрсетіп түсіндіреді. Олардың құрылысын, жұмыс істеуін айтып қана қоймай, жұмыс істеуін де көрсетеді. Тек сол жағдайда ғана оқушылар техникалық қондырғылардың, машиналардың жұмыс істеуі туралы анық мағлұмат алады. Егер машиналардың бөлшектерінің өлшемдері кішкентай және көп мөлшерде болса, онда оны оқушыларға таратып беріп, көрсетуге болады.
- Көрнекі құралдар мен графиктік кескіндерді (сызба-эскиз,
техникалық карта, схема, диаграмма және т.б.) көрнектемелеу.
Оқушеберханасындағы сабақтарда суреттер, плакаттар, кестелер, техноло-гиялық карталар, эскиздер мен сызбалар кең түрде қолданылады. Бұлкөрнекі құралдарды шартты түрде үш топқа бөледі: иллюстрациялар, көрнекі инструкциялар және олардың үйлесуі.
Иллюстрациялар жаңа сабақты түсіндіргенде, қайталағанда оқушы-ларды сұрағанда қолданылады. Олар дененің (заттың) көркем және үлкейтілген кескіні түрінде болады. Оларды іліп қойып, оқу материалы-мен тікелей байланыста көрсету керек, кейін оқушлырадың зейінін аудармас үшін алып қою керек.
Инструкциялар ретінде плакаттар мен кестелер қолданылады, олар оқу шеберханасына ілініп қойылады, онда жұмыс жасау реті және т.б. жазылады не көрсетіледі.
Сонымен қатар, сабақты техникалық суреттер, эскиздер, техно-логиялық карталар, график, диаграммалар да қолданылады. Оқушылар оларды оқи білуі және өздері де қарапайым техникалық құжат жасай білуі қажет.
- Кинофильмдерді көрнектемелеу. Оқу кинофильмдері оқушыларға
көрнекі түрде және динамикада жаңа техникаларды, технологияны және
еңбек әдістерін көрсетуге мүмкіндік береді. Оның пайдалылығы сөзсіз.
Бірақ кинофилъмдерді оқушылардың дайындық дәрежесіне сай
болатындай етіп таңдап алу керек, және олар үзақ уақыт алмауы керек.
Көбінесе кинофильмдерді көрнектемелеу кіріспе не қорытынды сабақ-
тарда қолданылады. Мұғалім Бұл жағдайда көрнектеменің алдында фильмнің мазмұнын және фильмнен соң қойылатын сүрақтарды алдын-ала дайындап алуы керек.
- Жұмыс тәсілін көрнектемелеу. Оқу шеберханасындағы сабақта-рында мұғалім жаңа операциялар мен жұмыс тәсілдерін, механизмдер мен машиналардың жұмысын, құрал-саймандарды қолдану әдістерін көрсетеді. Ол мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді:
1) Көрнектеменің айқын мақсаты болуы керек.
- Көрнектеме көп уақыт алмауы керек және барлық қондырғы-
лардың жұмысын бірден көрсетудің қажеті жоқ. - Көрнектеме мамандандырылған түрде және дұрыс болуы керек,
ол үшін мұғалім тек теориялық материалды ғана емес, оны жасай да
білуі керек.
- «Автомобиль ісі» курсының оқыту әдістемесі бойынша дидактикалық ерекшеліктері
2.1 Автомобильдердің жалпы құрылысы және жіктелуі. Автомобильдерді басқару
Оқушыларды ауылшаруашылығында қолданылатын автомобильдер мен тракторлардың жалпы құрылысымен, қолданылуы, белгілері бойынша жіктелуімен таныстырғанда плакаттар мен диафильмдерді кең пайдаланған дұрыс. Олардың көмегімен көрсетуге болатын автомобильдің маркасына тоқталудан бұрын, олардың бәріне тән негізгі бөлшектерінің (механизмдерінің) орналасуына көңіл аудару керек. Олардың бәрі конструкциялық ерекшеліктеріне қарамастан, қозғалтқыштан, трансмиссиядан, жүріс бөлігінен, басқару механизмінен, жұмыстық және қосалқы жабдықтардан түратынын айта кету маңызды (14-сурет, қосымшада келтірілген).
Автомобильдер мен тракторлардың негізгі бөлшектерінің орнала-суын плакаттан көрсете отырып, олардың атқаратын қызметтеріне ғана тоқталса жеткілікті. Мүндағы негізгі мақсат — оқушыларға әрбір бөл-шектің қызметін ұғындыру. Оларға қозғалтқыштың жеке энергети-калық қондырғы екенін, оның жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыратынын, трансмиссия болса оның білігіндегі бұраушы моментін жетекші доңғалаққа беретіндігін т.с.с. ұғымдарды түсініп, меңгеруін көздеу қажет.
Сонымен қатар плакаттардан автомобильдердің басқару механиз-міне тоқталып, олардың рульдік басқару және жүру жылдамдығын бәсеңдетіп не тоқтататын тежеуіш жүйесін көрсетіп, берілістерін ауыстыру әдісін үйрету. Мұғалім өндірістік оқыту шебері көмегімен тренажерлардың рычагтары мен педальдарының орналасуын, олардың атқаратын қызметін көрсетіп, оқушылардың өздеріне іске қосу, ажырату жаттығуларын жасатады.
2.2 Қозғалтқыштың конструкциясын және жұмысын оқыту
Оқушыларды іштен жану қозғалтқыштарының құрылысымен, әрекет ету принципімен, олардың жіктелуімен таныстыра отырып, бір цилиндрлі және көп цилиндрлі қозғалтқыштардың жұмыс ерекшеліктерін түсіндіру ( қосымшада келтірілген). Мұғалім іштен жану қозғалтқышының анықтамасын береді, сонан соң қозғалтқыштардың негізгі белгілері бойынша жіктелуін жұмыс циклі бойынша (екі және төрттактілі)
( қосымшада келтірілген) және жанатын қоспаны алу әдісі бойынша (дизельді және карбюраторлы) айтады. Дизельді қозғалтқыштың карбюраторлы қозғалтқыштан айырмашы-лығын түсіндіреді. Дизельді қозғалтқыштың жұмыс принципін түсіндіру үшін плакатта көрсетілген қарапайым схема немесе бір цилиндрлі дизельді қозғалтқыш макеті арқылы түсіндіруге болады. Жану процесінің ерекшелігін дұрыс үғыну үшін, форсункаларды көрсеткен дұрыс.
Қозғалтқыштардың жұмыстық циклдерін түсіндіру үшін іске қосқыш қозғалтқыш тілмесін, плакаттарды екі тақтілі қозғалтқыш моделін пайдалану керек. Жалпы қозғалтқыштардың жұмыстық циклдерін түсіндіру үшін алдымен екі тақтылы қозғалтқыштың жұмыс циклын түсіндірген дұрыс. Ол үшін «Екі тактілі қозғалтқыш»- динами-калық плакатын пайдаланған жөн. Төрт тактілі карбюраторлы қозғалтқыштың жұмыс циклін түсіндіру барысында оның дизельді қозғалтқыштан басты айырмашылығына оқушылардың назарын аударады.
Екі тактылы карбюраторлы қозғалтқыштың жұмыс циклін түсіндіру үшін, онда клапандар болмайтынын, жанғыш қоспаның енуі және пайдаланылған газдың шығуы цилиндр саңылауы арқылы жүзеге асырылатынын, Мұндайда цилиндр саңылауы қозғалып тұрған поршеньмен дер кезінде ашылып, жабылып тұруын оқушыларға ескерте отырып, бір цилиндрлі екі тактылы карбюраторлы қозғалт-қыштың моделін пайдалану керек. Мұғалім бұл қозғалтқыштардың
төрт тактылы қозғалтқыштарға қарағанда, конструкциясы мен пайдаланылуы жағынан қарапайым келетінін, олардың жұмысының біршама біркелкі болатынын, жұмыстық жүрісі иінді біліктің әрбір айналымында өтетінін түсіндіреді. Сонымен қатар, оларды салыстыра отырып, мұғалім Бұл қозғалтқыштардың өзіне тән кейбір кемшіліктері бар екенін де айта кеткені дұрыс. Әсіресе олардың қыс айларында жүргізу қиындығына тоқталып, оларды қысқа мерзімді жұмысқа -трактордың дизельді қозғалтқышын жүргізу үшін ғана пайдалана-тынын түсіндіреді. Қозғалтқыштың тілмесін және оның моделін плакаттармен қатар көрсете отырып, қозғалтқыштардың механизмдері мен жүйелерінің қызметі туралы түсініктерді оқушылардың дәптерлеріне түсіруін көздеген дұрыс.
Дизельді қозғалтқыштың жалпы құрылысымен танысып болған соң мұғалім автомобильдің карбюраторлы қозғалтқышына тоқталады. Мүнда да механизмдер мен жүйелердің трактор дизеліндегідей екенін ескерте отырып, тек оның айырмашылықтарына ғана тоқталады. Карбюраторлы қозғалтқыштардың цилиндріндегі жұмысшы қоспаға, от алдыру жүйесіне айрықша көңіл бөлген дұрыс.
Мұғалім өткен тақырыпты қайталау кезінде оқушылармен әңгіме-лесе отырып, ауызша сұрақтар береді немесе бағдарламаланған тест-тапсырмаларды пайдаланады. Төменде ауызша сұрақтар мен тест-тапсырмалардың үлгісі көрсетілген.
Сұрақтар:
- Қозғалтқыш дегеніміз не?
- Қозғалтқыштар қалай жіктеледі:
- Қозғалтқыштардың жұмыстық циклдері қандай?
- Қозғалтқыштар қолданылатын отын түрі бойынша қалай бөлі-
неді? - Жұмыс циклі тактысының саны бойынша қандай қозғалтқыш-
тарды білесіз? - Цилиндрдің жұмыс көлемін қалай анықтайды?
- Сығылу дәрежесі дегеніміз не?
- Бір цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс схемасы бойынша енгізу
және сығылу тактісін түсіндіріңіз. - Такт дегеніміз не?
- Дизельді қозғалтқыштың карбюраторлы қозғалтқыштан негізгі
айырмашылығы неде? - Дизельді қозғалтқыштың қандай кемшіліктері бар?
Тест-тапсырмалар:
Төменде берілген сөйлемдердегі бос орындарды сөзбен не санмен толтырыңыз.
- Іштен жану қозғалтқыштары деп отынның жануы және оның
жылу энергиясының … энергияға айналуы цилиндр ішінде өтетіндігін
айтады. - Қозғалтқыштар жанғыш қоспаның тұтану әдісі бойынша … нешеге
бөлінеді.
- Карбюраторлы қозғалтқышта жанғыш қоспа … ұшқынымен
тұтанады. - Дизельді қозғалтқышта жанғыш қоспа қозғалтқыштың ішінде
пайда болады және … ауа қызуынан тұтанады. - Поршеннің бір өлі нүктеден екіншісіне барған ара қашықтығын …
деп атайды. - Қазіргі кездегі карбюраторлы қозғалтқыштарда сығылу дәрежесі, ал дизельді қозғалтқыштарда 15-20 шамасында.
- Цилиндрдің жұмыстық көлемі литрмен өлшенеді. Қозғалтқыш-
тардың барлық цилиндрінің жұмыс көлемі… деп аталады.
«Қозғалтқыштардың негізгі көрсеткіштері мен ерекшеліктері» деген тақырыпты бағдарламалап оқытуға болады. Төменде осы тақырыпқа жасалған оқыту бағдарламасының үлгісі беріліп отыр.
1-деңгей. Қозғалтқыштың бұраушы моменті және қуаты
Қозғалтқыштың жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге бұраушы моментті, қуатын, үнемділігі мен пайдалы әсер коэффи- циентін жатқызуға болады.
Бұраушы моменті дегеніміз айналмалы кривошипті кривошип радиусына көбейтуші күш. Бұраушы момент ньютонметрмен (Нм) өрнектеледі. Белгілі бір бұраушы моментке ие бола отырып, қозғалтқыш жұмыс істейді. Оның белгілі бір уақыт бірлігінде атқаратын жұмысын қуаты деп атайды.
Қозғалтқыш қуатын киловатпен (кВт) өлшейді. Оны индикаторлық және тиімділік деп екіге бөледі. Индикаторлық қуат деп жұмыс істеп түрған қозғалтқыш цилиндрі ішіндегі газдың өндіретін қуатын айтады. Тиімді қуат индиктаорлық қуаттан 10-12% кем. Олай болатын себебі қуаттың біразы қозғалтқыш механизмдеріндегі үйкеліс күшін жеңуге, қосалқы құрылғыларды (насостар, желдеткіш, генератор т.б.) іске қосуға жүмсалады. Цилиндрдегі газ қысымы, иінді біліктің айналу жиілігі және цилиндрдің жұмыстық көлемі артқан сайын қозғалтқыш қуаты арта түседі. Қозғалтқыштың тиімді қуатының формуласы мынадай:
РҮ-п
Nе = —— (1)
60-т
Мүндағы Ре — газдың тиімді қысымы (төрттактылы дизелді қозғалтқышта Ре = 0,5 -0,8 МПа);
V -литраж, л;
п — иінді біліктің айналу жиілігі, сек»1; т — қозғалтқыш тактілігі (төрт тактіліде т=2; екі тактіліде т=1) [7].
2-деңгей. Қозғалтқыштың тактілігі және механикалық пайдалы әсер коэффициенті
Қозғалтқыштың тактілігі дегеніміз — бұл иінді біліктің қанша айна-лымында жұмыс циклі жасалатындығын көрсететін сан [ ].
- Қозғалтқыш қуатының өлшем бірлігі қандай?
- Индикаторлық қуат дегеніміз не?
Қозғалтқыштың қуатын анықтау формуласынан көретініміздей т және Ре шамалары түрақты болғанда қуаттың өзі литражға және иінді
біліктің айналу санына байланысты болады. Егер литражды өзгертпей иінді біліктің айналу жиілігін арттырса, онда автомобильдің энергиясы артады.
Литражды арттыру қозғалтқыштың көлемін ұлғайтады. Трактордың тарту класы жоғары болған сайын, оның қозғалтқышының литражы көбейеді, демек, қуаты артады.
Қозғалтқыштың механикалық пайдалы әсер коэффициенті деп тиімді қуаттың индикаторлық қуатқа қатынасын айтады. Ол бөлшектерді өңдеу сапасына, үйкелетін бөлшектердің майлануына және қозғалтқышты дұрыс құрастыруға байланысты.
Бақылау сұрақтары:
- Қозғалтқыштың тактілігі дегеніміз не?
- Қозғалтқыштың қуатын қалай арттыруға болады?
- Жұмыс жылдамдығын қалай арттыруға болады.
3-деңгей. Қозғалтқыштың тиімді, пайдалы әсер коэффициенті және үнемді жұмысы
Қозғалтқыштың тиімді пайдалы әсер коэффициенті деп механикалық жұмысқа айналған отын мөлшерінің сол отында болатын жылу мөлшеріне қатынасын айтады. Тиімді пайдалы әсер коэффициенті 0,26-0,37 аралығында болады. Карбюраторлы қозғалтқышта ол төменгі, ал дизельде жоғары шамаға жуықтау болады. Түзік қозғалтқышта 30% жуық жылу тиімді қуат алуға жүмсалады. Қалған жылу энергиясы механикалық шығынға («10%), салқындаған суды қыздыруға («35%) және қозғалтқышқа («10%) жүмсалады, сондай-ақ пайдаланған газбен шығарылады («15%).
Қозғалтқыштың үнемді жұмысы меншікті отын шығынымен
сипатталады. Меншікті отын шығынын анықтау үшін сағаттық отын шығынын қозғалтқыштың тиімді қуатына бөледі. Дизельді козғалтқыштың меншікті отын шығыны 72 кг/Дж. Егер қозғалтқыш үйкелетін бөлшектер тозған, дұрыс майланбаған болса, онда қуаты кеміп, үнемділігі төмендейді. Сабақты бекіту үшін мынадай тексеру карточкасын беруге болады.
№ |
Сұрақтар |
Жауаптар |
1 |
Қозғалтқыштың индикаторлық қуаты оның тиімді қуатынан қандай мөл-шерде болады? |
1. Бірдей 2. 10-12% кем 3. 10-12% артық |
2 |
Қозғалтқыштың көлемін қалай үлғай-туға болады? |
1 . Литражды арттыру арқылы 2. Литражды кеміту арқылы 3. Газдың тиімді қысымын арттыру арқылы |
3 |
Қозғалтқыштың жылу энергиясының неше пайызы салқындаған суды қыз-дыруға жүмсалады? |
1. 10% 2. 15% 3. 35% |
4 |
Қандай қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенті жоғары шамада бола- ды? |
1. Карбюраторлы 2. Дизельді 3. Дұрыс жауабы жоқ. |
5 |
Бұраушы момент мөлшері немен өрнектеледі? |
1.Нм 2. м/сек 3. Мкг/Дж |
2.3 Иінді білікті -шатунды механизмді оқыту
Автомобильдердің иінді білікті-шатунды механизмін оқытқанда мынадай тақырыпшаларға бөліп өткен жөн.
- Қозғалтқыш қаңқасы
- Цилиндр-поршень топтары
- Шатунды- иінді білікті топтар
- Қозғалтқышты теңгеру
Оқушыларды иінді білікті-шатунды механизмнің құрылысымен, әрекет ету принциптерімен және қызметімен таныстырғанда, плакаттармен қатар қозғалтқыштың блок-картердін, цилиндр қалпақшасын, бөлшектерін көрсеткен дұрыс. Алдымен блок-картерлің қызметіне тоқталып, оған су насосының іске қосқыш қозғалтқышының, май центрефугасының, иінді және тартқыш біліктердің т.с.с. бөлшектердің жалғанатын жерін көрсетеді.
«Блок және цилиндр қалпақшасы» деген диафильмнен үзінді көрсете отырып, оқушылардың назарын сүйықтықпен және сыртқы ауамен салқындату жүйелі қозғалтқыштардың картері мен цилиндрлерінің конструкциялық ерекшеліктеріне аудару керек. Оқушыларды кабинеттегі қозғалтқыш тілмелерімен, натуралды объектілермен, бөлшектермен, модельдермен таныстырады.
Оқушылар цилиндр-поршень топтары қызметін дұрыс түсінуі үшін төрт тактілік дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштардың жұмыс циклдары туралы материалды қайталауы қажет. Мұғалім цилиндр-поршень топтарының құрылысын түсіндіруді бастаудан бүрын, олардың жұмысы жоғарғы температурада, газдардың үлкен қысымы мен поршеннің аса жылдамдығы жағдайында жүретіндігіне тоқталады. Поршенді натуральды түрінде, плакаттан және қозғалтқыш тілмесінен көрсетіп, құрылысын түсіндіру керек. Сонан соң поршень етегін, цилиндрдің сыртқы шамасы бойынша үш өлшемдік топқа сорттай-тынын: Б,С,М өлшемдік топтарының белгісін поршен түбіне салатынын айту керек. Поршендерді қозғалтқышқа дұрыс бағыттап орнату үшін оның етегіндегі жазуға оқушылардың назарын аудару қажет.
Карбюраторлы қозғалтқыштарда түбі жалпақ поршендер қолданы-лады. Әр түрлі қозғалтқыш поршендерінің конструкциялық ерекшелік-терін түсіндіре отырып, мұғалім оқушыларға поршен мен цилиндр арасындағы саңлаудан газ картерге өтпес үшін компрессиялық сақина қойылатынын көрсете отырып түсіндіреді. Дизельді қозғалтқыштар поршендерінің компрессиялық сақиналары карбюраторларға қарағанда артық болатынын айта кету керек. Поршень сақинасының жапқышын, оның қызметін түсіндіріп өту керек, содан соң май сыдырғыш сақинасының құрылысын, оның қызметін түсіндіру оңай болады. Поршень саусақтарының құрылысын, поршеннің шатунмен жалғанған түрін плакат арқылы түсіндіруге болады. Саусақты поршенмен қоса құрастыру үшін олардың өлшемдік топтары бірдей болуы керектігін ескертсек дұрыс.
Шатунды-иінді білікті топтардың құрылысын оқытуда да фильм-дерді пайдалану үлкен табыс береді. Мұғалім шатунның құрылысын, қызметін түсіндіре отырып, олардың конструкциялық ерекшеліктеріне тоқталады. Шатунның жоғарғы басындағы тесіктерін, стерженіндегі түтіктерін, майдың саусаққа өту жолын шатунның натуралды түрін пайдаланып түсіндіреді. Шатун массасының өту жолын, оның белгіленуін, комплектілеу маңызын айтады. Шатунның төменгі қақпақшасының тік немесе бұрышты етіп жасалатынын ескертіп, түрлі қозғалтқыш шатундарын салысытырып өткен дұрыс.
Иінді біліктің қызметін, құрылысын таныстырудан бұрын оған әсер ететін газ бен инерция қысымының күші туралы айтып, оның өте төзімді етіп жасалу керектігін түсіндіреді. Маховиктің құрылысын, оның қызметі иінді біліктің біркелкі айналуына жағдай жасау екендігін айту керек. Қозғалтқышты теңгерудің маңызын түсіндіру үшін мұғалім оқушыларға оның механизмдеріне шамасы мен бағыты өзгеріп түратын әр түрлі күштердің әсер ететінін, олардың біреуі пайдаға асып, ал екіншісі қолайсыз әсер ететінін айтуы керек. Инерция күшін теңгеруді плакаттағы схема арқылы көрсетуге болады. Иінді білікті-шатунды механизмдердің ақауларын түзету, оны анықтай білу үшін, оқушыларға оның бөлшектерінің тозуының сыртқы белгілеріне тоқталып, олардың болу себептерін түсіндірген дұрыс. Мысалы, шығару түтігінен көгілдір түтін шығуы — цилиндрдің гильза-сының, поршендердің және оның сақиналарының тозуынан екені т.с.с.
Иінді білікті-шатунды механизмдердің ақауларын түзету, оны анықтай білу үшін қолданылатын диагностикалық құрылымдардың маңызын айта кеткен жөн.
2.4. Автомобильдің газ тарату механизмін оқыту ерекшеліктері
Бұл тақырыпты мынадай тақырыпшаларға бөліп өткізген дұрыс.
- Газ тарататын механизмнің схемасы мен жұмысы.
- Газ таратынын механизмнің құрылысы, оның ерекшеліктері.
- Декомпрессиялық механизм. Газ тарататын механизмнің ақау-
лары.
Мұғалім схеманы, плакаттарды және модельді пайдалана отырып, қозғалтқыштардың газ таратқыш механизмінің қызметімен таныстырады. Газ тарататын механизмдегі енгізу клапанның аздап кешігіп жабылуын, оның маңызын түсіндіру үшін газ тарату фазасын кесте немесе диаграмма түрінде бейнелеп түсіндіру қолайлы. Жаңа материалды түсіндіруді тереңдету мақсатында «Дизельді қозғалтқыш» кинофильмін, «Газ таратқыш механизмі» диафильмін, «Қозғалтқыштардың газ тарататын және декомпрессиялық механизмдердің бөлшектерінің комплектісі» натуральды объектілерді қолдануға болады.
Шығару және енгізу клапандарын қатар көрсетіп, оларды салыстыра отырып, құрылысымен таныстыру керек. Күйенте мен штангалардың өзара орналасуын қозғалтқыш тілмесінен, плакаттан бөлшектерінің натурал түрлерін көрсеткен ыңғайлы.
Таратқыш біліктің, шестернялардың құрылысымен оқушыларды таныстырып болған соң, олардың назарын таратқыш шестернясының тістер санының иінді білік шестернясына қарағанда екі есе көп екеніне аударады. Қозғалтқыштарды жөндеу барысында таратқыш шестернялардың таңбасы бойынша орналасатынын, оның маңызын, таңбаларының беттеспеген жағдайда неге алып келіп соғатынын түсіндіреді. Шығару және енгізу клапандарының стержендері мен күйенте басының арасындағы саңылаудың маңызын, оны реттеу әдісін түсіндіріп өткен дұрыс.
Декомпрессиялық механизмнің құрылысын, әрекет ету принципін түсіндіру үшін қолдану керек. Декомпрессиялық механизмдерінің түрлерін, конструкциялық ерекшеліктерін салыстыра отырып, мұғалім диафильмді пайдаланып күйентеге және түрткішке әсер ететін декомпрессиялық механизмдердің әрекет ету принциптерін түсіндіреді.
Газ тарататын механизмнің негізгі ақауларын айта отырып, фаскасы күйген клапанның, тістері тозған не сынған таратқыш шестер-няның, серпімділігі жойылған серіппеннің және т.б. бөлшектерінің натуральды түрлерін ақаусыз түрлерімен салыстыра көрсеткен жөн. Аталған ақаулардан тырсыл пайда болатынын қозғалтқыштың қуаты кеміп, тиімділігі төмендейтінін ескерте отырып, оларды жөндеу және реттеу жолдарына қысқаша тоқтала кету керек.
2.5 Автомобильдің салқындату жүйесі
Бұл тақырыпты мынадай тақырыпшаларға бөліп өткізуге болады:
1) Салқындату жүйесін жіктеу.
- Сұйықтықпен салқындататын жүйенің қүрамдас бөліктерінің
құрылысы. - Ауамен салқындататын жүйенің құрамдас бөліктерінің құры-
лысы. - Техникалық қызмет көрсету және салқындату жүйесінің ақау-
лары.
Алғашқы сабақта оқушылар салқындату жүйесінің қызметін, жалпы әрекет ету принциптерін түсініп, сүйықтықпен және ауамен салқындату жүйелерінің құрамдас бөліктерінің құрылысын оқиды (24,25-суреттер, қосымшада келтірілген). Сондықтан алғашқы сабақты оқушылардың ынталылығын арттыру мақсатында әңгіме ретінде өткізген ыңғайлы. Төменде әңгіме түріндегі сабақтың мысалы келітіріліп отыр. Мұнда оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекетінің байланысы көрсетілген.
Мұғалім әрекеті (сұрақтар) |
Оқушылар әрекеті (жауаптар) |
1) Автомобильдердің салқындату |
1) Қозғалтқыш қызып кетпеу үшін. |
жүйесіне неліктен су қүяды, оның |
2) Қозғалтқыш бөлшектерін салқын- |
деңгейін неге тексеріп тұрады? |
дату үшін, т.с.с. |
2) Қандай қозғалтқыштар қызады? |
1) Поршендер, цилиндрлер, клапан- |
Отынның жану процесі қайда өтеді? |
дар, жану камерасының үсті. |
Қорытынды жасалынады: |
2) Отын, поршеннің үстіңгі жағында, |
Қозғалтқыштың барлық бөлшекте- |
жану камерасында жатады. |
рін емес, тек қана жану камерасымен |
|
тікелей жанасатын бөлшегін суыту |
|
керек. |
|
3) Бөлшектерді суытпаса не болады? |
1) Цилиндр қабырғасындағы май |
4) Қозғалтқыш сығылып қалды |
күйіп кетеді. |
дегенді қалай түсінесіңдер? |
2) Поршен балқып кетуі мүмкін. |
|
3) Поршен қызып, көлемін үлғайта- |
|
ды, сондықтан ол «сығылып» қалуы |
|
мүмкін. |
5) Оны болдырмау үшін не істеу |
|
керек? Қалай? |
1) Суыту керек. |
6) Жақсы суыту үшін не істеу керек? |
2) Су не ауа көмегімен не басқа |
Мұғалім плакатты пайдаланып суы- |
сүйық арқылы. |
ту жүйесінің схемасын түсіндіреді |
3) Вентилятор қажет. |
және оны оқушыларға сызғызады. |
|
Схемаға қосымша резервуарды |
|
сызып, ондағы судың өздігінше |
|
қозғалуын, оны термосифонды деп |
|
атайтындығын көрсетеді. |
|
7) Салқындату жүйесін аз су мөлше- |
1) Бар. |
рімен жақсарту жолы бар ма? |
2) Насос қажет. |
8) Резервуардағы судың салқындауы |
1) Резервуарды радиаторға ауысты- |
жеткіліксіз болса, оны қалай |
ру керек. |
жақсартуға болады? |
|
9) Радиатор аузын тығыз жауып |
1) Арнаулы құрылғы керек. |
қойсақ, сүйық көлемі үлғаяды. Оны |
|
қалай болдырмауға болады. Қоры- |
|
тынды: Құрылғы ретінде радиатор |
|
аузына бу-ауа клапаны бар қақпақ |
|
бекітіледі. Оның құрылысын, әрекет |
|
ету принципін түсіндіреді. |
|
2.6 Автомобильдің майлау жүйесін оқыту
Жаңа тақырыпты баяндауды «Майлау жүйесі не үшін қажет?» деген сұрақтан бастауға болады. Оқушылармен әңгімелесе отырып, олардың физика пәнінен үйкелістер туралы үғымын естеріне түсіру керек. Қозғалтқыш бөлшектерінің қажалатын беттері қаншама жақсы өңделгенімен, майлау жүйесінің қажеттігін маңызын түсіндіреді. Сұйықтың және құрғақ үйкелісті салыстырып өткен дұрыс. Үйкеліс күшін азайту, бөлшектерді салқындату мақсатында қажалатын беттер-дің арасына май жіберілетінін түсіндіріп, мотор майы түрлеріне тоқталады. Мотор майының жаңа жіктеу тәртібі бойынша топтарын: А,Б,В,Г, Д,Е жазып, қасиеттерін түсіндіреді.
Қозғалтқыштың майлау жүйесінің схемасын түсіндіру үшін плакаттармен қатар диафильмдер қолданылады. Майдың қысым күші мен айналу жолы көп қозғалт-қышта бірдей болатынын және оның жұмыс істеу принципін схема арқылы түсіндіреді.
Майлау жүйесінің, техникалық күтімінің маңызын оқушыларға түсіндіре отырып, мұғалім майдың сапасын анықтаудың ең қарапайым тәсілін көрсетеді. Ол үшін майдың ластанған және таза түрін алып, сүзгі қағазға тамызады. Ластанған май жайылып, қағаз ортасында қоңыр дақ қалдырады, ал таза май сақина түрінде түсетінін көрсетеді. Май сүзгісінің жұмысын қозғалтқыш тоқтаған соң ротор шуылын тыңдау арқылы білуге болады деп 120 сағаттан кейін жуып түру керектігі айтылады. Бұл тақырыпты бекіту үшін схеманы пайдаланып мынадай карточка-тапсырма береді.
Сұрақтар |
Дұрыс жауабы |
|
1. Схемада көрсетілген майлау жүйесі |
1 — май насосы |
|
бөлшектердің атауын жазыңыз. |
2 — редукциялық клапан |
|
|
3 — май сүзгісі |
|
|
4 — радиатор |
|
|
5 — клапан-термостат |
|
|
6 — шығару клапаны |
|
|
7 — магистраль |
|
|
8 — ағызу клапаны |
|
|
9 — деференциал клапаны |
|
|
10 — серіппе |
|
2. М-ВБ және М-10Г2 май маркалары- |
М-моторлық; 8-10 — кинематика- |
|
ның белгілерін жазыңыз. |
лық тұтқырлығы мм2-с, 100° |
С ыс- |
|
тықтағы; Б, Г май тобына |
жата- |
|
тындығы |
|
|
1-карбюратор қозғалтқышы |
үшін; |
|
2 — дизель қозғалтқыш үшін. |
|
3. Центрифуганың май қысымы бір- |
Шамамен (630 рад/сек; |
6000 |
қалыпты болған жағдайда ротор жиі- |
айн/мин). |
|
лігі қандай мөлшерде болады? |
|
|
2.7 Қозғалтқыштардың қоректендіру және іске қосу жүйелерін оқыту
Бұл тақырыпты мынадай тақырыпшаларға бөліп өткізген дұрыс:
- Дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру
жүйесі және отыны туралы жалпы мәліметтер. - Отын багы және сүзгі.
- Ауа тазартқыш және турбокомпрессор.
- Отын айдағыш, қатарлы отын, отын таратқыш насостары.
- Карбюраторлар.
- Иінді біліктің жиілігін және қалаған режимді реттеуіш.
- Қоректендіру жүйесінің ақаулары
Мұғалім алғашқы сабақта плакаттар мен схемаларды пайдалана отырып, қоректендіру жүйесінің әрбір механизмі мен бөлшектерінің қызметін түсіндіреді (27-сурет, қосымшада келтірілген). Карбюраторлы
және дизельді қозғалтқыштардың отындары туралы түсінік беріп, детонациялық беріктілік, бензиннің антидетонациялық қасиеттері туралы айту керек. Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің қызметін түсіндіргенде отынының толық жануы мен экономикалық көрсеткіштері жақсы болуы үшін поршень жоғары өлі нүктеге келгенге дейін отынды цилиндрге бүрку керектігін айтады.
Отын багы мен сүзгісінің құрылысын плакаттан көрсетіп, ондағы отын ағынын реттеуіш, тор көзді сүзгіш элемент, тыныштандырғыш, резеңкелі тығыздағыш, тұндырғыш стакан және т.б. жұмысын айтып өту керек.
Ауа тазартқыштардың қызметін түсіндіруден бүрын мұғалім оқушыларға ауа құрамында көптеген газдардың-оттегінің, азоттың, сутегінің және т.б., шаңның болатынын, оны тазарту қажеттігін түсіндіргені дұрыс. Трактор қозғалтқыштарында ең жиі қолданылатын үш сатылы ауа тазартқыштың турбокомпрессордың жұмысын түсіндіреді.
Плакаттан және турбокомпрессордың натуралды кескінінен оның ортадан тепкіш компрессоры мен газ турбинасын, ортақ білігін, доңғалақтарын көрсетіп, іс-әрекетіне тоқталуға болады.
Отын айдауыш насостардың құрылысымен таныстыру үшін мұғалім сору помпасы мен бензин насосының натуральды түрін, олардың жекеше бөлшектерін де пайдалануы қажет. Қатарлы отын насосының қызметін, құрылысын және жұмыс жасау принципін түсіндіргенде, насостың натуралды түрін, отын насосының жұмыс істеу секциясы плунжерінің ілгерілемелі-кейінді қозғалысын, оның жұмыстық жүрісінің үзақтығын, оны гильза үстінде сәйкес бүрышқа бүрып, өзгертуге болатынын түсіндіруге болады.
Карбюраторлардың қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру үшін қарапайым карбюратордың жұмыс істеу схемасын пайдалануға болады. Схема көмегімен қозғалтқыштың жұмыс істеу режиміне сәйкес карбюратор дайындайтын жанғыш қоспаның құрамын өзгертуді оңай түсіндіруге болады.
Оқушыларға иінді біліктің айналу жиілігін реттеудің маңызын түсіндіру керек. Реттеуіш — қозғалтқыштың берілген жылдамдық режимін автоматты түрде қолдау қызметін атқарады. Бұл тақырыпты түсіндіргенде «Дизель және карбюраторлы қозғалтқыштардың қорек-тендіру жүйесі» кинофильмдерін көрсетуге болады.
Оқушыларды дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштарды іске қосу әдістерімен, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерімен таныстырғанда плакаттар мен «Іштен жану қозғалтқыштарын іске қосу» диафильмін пайдаланады және суретті пайдаланады (қосымшада келтірілген). Қозғалтқыштарды қолмен, электр стартерімен және қосымша қозғалтқышпен қосудың ерекшеліктерін айту керек.
2.8 Оталу жүйесін оқыту ерекшеліктері
Автомобильдердің электр жабдықтарының негізгі бөлшектерінің қызметін, құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіру үшін «Электр кедергісі», «Электр өлшеуіш приборларының белгілері» плакаттары мен «Аккумуляторлар», «Электр өлшегіш приборлар», «Трансформаторлар» диафильмдері және суреттері пайдаланылады (қосымшада келтірілген).
Электр энергиясы көмегімен автомобильдердің жарықтандыру мен сигналдау, бақылап-өлшеу приборларын қоректендіру, қосымша және негізгі қозғалтқышты оталдыру, карбюраторлы қозғалтқыштардың цилиндріндегі отын қоспасын түтандыру үшін пайдаланылатынын ескертеді. Мұғалім оқушыларға автомобильдерде кездесетін ток көздерін — генераторлар, аккумулятор, батареялары, реле-реттеуіштерді атап, олардың натурал түрлерін көрсетеді.
Оқушылардың физикадан алған білімдеріне сүйене отырып, түрақты ток, айнымалы ток, электрді қосу әдістерін сұрай отырып, оның тізбекті және параллель қосылуын схема көмегімен түсіндіреді.
Мұғалім оқушыларға бір фазалы және үш фазалы токтар туралы түсінік беріп, олардың алыну әдістеріне тоқталады, плакаттарды пайдалана отырып, аккумуляторлардың схемасын сызып, оның тығыз-дығы, кернеуі, сыйымдылығы туралы мәліметтерді айтады.
Оқушыларды автомобильдердің электр энергиясын түтынатын орындарының приборларымен олардың құрылысымен таныстырғанда мынадай тақырыпшаларға бөліп өткен дұрыс:
- Іске қосқыш қозғалтқыш стартері.
- Негізгі қозғалтқыштың стартері.
- Жарықтандыру мен сигналдау приборлары.
- Бақылап-өлшеу приборлары.
- Электр қозғалтқыштары мен сақтандырғыштар.
Оқушыларды батареядан және магнетодан оталу жүйелерінің негізгі
бөліктерімен, құрылысы мен жұмыс істеу принципімен таныстырғанда суретті пайдаланады (қосымшада келтірілген).
Оталдыру катушкасының, үзгіш-таратқыштың, оталу свечасының, магнетонның құрылысын, қызметін түсіндіргенде олардың натурал түрлерін пайдаланған жөн.
Оталудың контактылы — транзисторлы жүйесін баяндаудан бүрын батареялық оталу жүйесінің кемшіліктерІне тоқталып, соңғы жылдары шығарылған автомобильдердегі транзисторлардың оталу жүйесінің ерекшеліктерін айтады.
Оталу жүйесін бекітуге арналған тапсрыма-тест үлгісі келтірілген:
- Оталу катушкасы қандай санмен белгіленген?
- Транзистор қандай санмен белгіленген.
- Бірінші режимдегі транзисторлы коммутатордың жұмыс істеу
кезіндегі ток жолдарын сызып көрсетіңіз. - Коммутатордың импульсті трансформаторын көрсет.
- Транзисторды өзіндік, индукция кернеуінің тесілуінен сақтау
жүйесі қалай жұмыс істейді. - Суреттен үзгіш контактілердің транзистор базасының тізбегіне
қосылған жерін көрсетіңіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Орта мектепте автомобиль ісін оқыту, оқушыларды практикалық іс-әрекетке дайындауда және олардың ой-өрісін дамытуда үлкен роль атқарады. Осыған орай жаңашыл мұғалімдердің оқыту әдістемесін, дидактикалық материалдармен жабдықтау ерекшеліктерін сабақ кезінде пайдалану өте маңызды іс болып табылады.
Бүгін де жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы оқу орын-дарында оқушыларды еңбекке баулуда, кәсіби білім беруде, автомо-бильді басқару және оған техникалық қызмет көрсету маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан жастарды еңбекке дайындау, оқыту, тәрбиелеу, бүгінгі заман талабына, жаңа экономи-калық жағдайға сай, жан-жақты ынта-ықыласы мен бейім қабілетін дамытып, кәсіби бағдар беруге — мұғалімнің ең басты мақсаты.
Автомобиль тек қана халық шаруашылығнда ғана емес, күнделікті түрмыста да көп қолданылады. Сондықтан оның құрылысын білу, басқара білу, қызмет көрсете білу кез-келген мамандық иелеріне пайдалы да, керекті.
Оқыту әдістерінің жетілдірілген жаңа шығармашылық, панорама-лық, интеграциялық, телевизиялық, компьютерлік сабақтар, дидактика-лық материалдарды кең түрде қолдану сияқты алуан түрлері ойлап шығарылды, онымен бүкіл дүние жүзінде ғалымдары, педагог-әдіскерлер, оқу-ағарту қайраткерлері айналысуда. Сондықтан, біз бұл
жұмысымызда оқушылардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс-амалын дидактикалық материалдармен жабдықтау әдісін қолданып, шешуді қарастырдық. Мұндағы негізгі мақсат — үздіксіз білім берудің тәсілдерін табу, өз бетінше білім алуға, кітаппен жұмыс істеуге, техникалық және компьютерлік құралдар арқылы білім алу жолдарын іздестіру, шығармашылық және шеберлік іске баулу болып табылады.
Мектепте оқыту әдістерінің бірнеше түрлері қолданылады, оларды классификациялау принциптері де әр түрлі, олар: 1) сөзбен баяндау әдістері; 2) көрнекілік әдістер; 3) практикалық әдістер.
Бұл әдістердің ешқайсысын әмбебап әдістер деп қарауға болмайды, олар оқыту мақсаттарының түрлеріне сай келуі тиіс. Сабақта олардың ешқайсысы «таза күйінде» қолданылмайды, көбінесе «аралас формада» пайдаланылады. Демек, қай уақытта, қандай әдістерді, қалай қолдану -мұғалімнің шығармашылық ісі, әдістемелік амал-тәсілі.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында дайындалған дидактикалық материалдар «Автомобиль ісі» пәнін оқытуға қолданылады. Әр тақырып бойынша сұрақ-жауаптар, тест-тапсырмалар, тест-карточкалар, көрнекілік және техникалық оқу құралдары, сызбалар, суреттер, кестелер, жоспарлар, бағдарламалық тапсырмалар жасалады.
Бұл жасалған дидактикалық материалдар мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау болып табылады және ұстаздарға тиісті тақырыптар бойынша сабақ өтуге көмегі болады деп ойлаймыз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030 стратегиясының бағдарламасы.-
Алматы, 1997. - Камалов Ю.Н., Ортаев Б.Т., Маханов Т.Ш. Металл өңдеу практику-
мы. -Шымкент, 2002. - Пошаев Д.К. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. -Шымкент,
- Лында А.С. и др. Педагогика. -М., 1973.
- Методика обучения автоделу в средней школе /Под ред.
В.П.Беспалько. -М., 1977. - Методика трудового обучения и общетехнических дисциплин /Под
ред. Д.А.Тхоржевского. -М.: Просвещение, 1982, - Момынбаев Б., Өстеміров К. Тракторлар мен автомобильдер пәнін
оқыту методикасы. -Алматы, 1990. - Родичев В.А., Родичева Г.А. Тракторы и автомобили. -М., 2000.
- Автомобиль /Под ред. Плеханова. 2-е изд. -М., 1981.
- Научные основы обучения школьников труду. -М., 1970.
- Поляков В.А., Ставровский А.Е. Общая методика трудового обуче-
ния в старших классах. -М., 1980. - Чебышева В.В. Психология трудового обучения. -М., 1969.
- Программы средней школы. Автодело. -М.,1981.
- Балин М.К. Изучение сельскохозяйственной техники в V-VІІІ
классах. -М., 1971. - Бубнов В.З., Портнов М.Н. Сельскохозяйственные машины и техно-
логия механизированных работ. -М., 1980. - Ельников Д.П., Ханин М.Б. Воспитание школьников в процессе
трудового обучения. -М., 1979. - Бабанский Ю. К. Оптимизация процесса обучения (Общедидактический
аспект). — М.: Педагогика, 1977. - Батышев С. Я. Научная организация учебно-воспитательного процесса. -М.: Высшая школа, 1975.
- Волкова Н.Н. Вопросы совершенствования структуры и содержания
уроков в сельских профтехучилищах. — В кн.: Вопросы содержания
профессионально-технической подготовки рабочих в средних сельских
профтехучилищах. — Научные труды ВНИИ ПТО. — Ленинград: 1978, с. 5-15. - Гнедой Д.И. и др. Научная организация и оборудование кабинета
теоретических знаний по предмету «Тракторы». — М.: 1973. - Дидактика средней школы. Некоторые проблемы современной дидактики./ Под ред. М.А.Данилова и М.Н. Скаткина. — М.: Просвещение, 1975.
- Калашников С.М. Методические рекомендации по применению учебно-наглядных пособий при изучении курса «Устройство автомобилей»
(раздел «Двигатель»). — М.: 1976. - Карпов Г.В., Романин В.А. Технические средства обучения. — М.:
Просвещение, 1979. - Основы профессиональной педагогики. Профпедагогика / Под ред.
С.Я.Батышева и С.А.Шапоринского. — М.: Высшая школа, 1977.
- Потапов Ф.И. Межпредметные связи в учебном процессе в среднем
сельском профтехучилище. — М.: Высшая школа, 1977.
- Скакун В.А. Преподавание специальных и общетехнических предметов в
училищах профтехобразования. Профпедагогика. — М.: Высшая школа, 1976.
- 27. Сергеев И.Ф., Гуревич A.M., Наговицын Н.А. Справочник тракториста-машиниста Нечерноземной зоны. М.: Колос, 1980, 208 с.
- 28. Учебник тракториста-машиниста третьего класса/А.К. Болотов, Л.А.Гуревич, В.А. Лиханов, Н.П.Сычугов. М.: Колос, 1982, 368 с.
1- Кабина
2- Жүк платформасы
3- Ілініс
4 — Беріліс қорапшасы
5,6 — Кардандық беріліс және негізгі жүргізуші белдік
Автомобильдің негізгі бөліктері
а — оң жақтан көрінісі;
б — сол жактан көрінісі;
1,15 — отын, май насосы;
- — шығару коллекторы;
- — тұтату свечасы;
4,5 — май, ауа сүзгілері
- — компрессор;
- — генератор;
- — карбюратор;
- — оталдыру бөлшегі;
- -май өлшеуіш;
- — стартер;
- — рульдік басқарудың
күшейткіш насосы
13 — күшейткіш насостың
бачогы;
14- желдеткіш;
16 — картердің желдету сүзгісі;
Автомобильдің карбюраторлы қозғалтқышы
а — кіруі в — жұмыс істеу жолы
б — сығылу г – шығу
Бір цилиндрлі 4-тактілі қозғалтқыштың жұмыс схемасы
Қозғалтқыштың жұмыс схемасы
Қатарлы қозғалтқыштың блок-картерінің схемасы
1- цилиндрлер блогы;
2,6 – көлденең және тік
белгіштер;
3 — картер;
4 — картер бөлгіштері;
5 – үлестіргіш біліктің тесігі;
7 — штангі камерасы;
V-тәрізді қозғалтқыштың қаңқасы
1 — блок-картер;
2,5 — салқындаткыш сұйықты (суды) кіргізу және шығару тесіктері;
- – төменгі (көлденең) бөлігі;
4- цилиндрдің гильзалары
6, 10 — прокладкалар;
7 — үлестіргіш біліктің алдынғы қақпағы;
8 — үлестіргіш білікті орналастыру тесіктері;
9 — түпкі подшипниктің қақпағы;
11- картердің түбі;
- — пластина;
- — картердің маховигінің қақпағы
- -маховиктің картері;
А, Б-блок басы мен үлестіргіш шестерняларының картерлерінің
бекіту жазықтығы .
Иінді білік
б — автомобильдің V -тәр1зд1 қозғалтқыштікі;
- – түпкі мойын (иін); 12 — теңгергіш салмақтары;
- — маңдай; 13 — иінді біліктің шестернясы;
- — тіреуші жарты сақина 14 — май насосының айналдыру
шестернясы; шестернясы;
4,10 — түпкі подшипниктің 15- болт; 16-шкив;
астыңғы және үстіңгі 17 — тығын;
тапсырма; 18 — таза май трубкасы;
- — маховик; 19 — фланец;
- — май қайтарғыш; А — иінді біліктің мойнындағы
- — штифт; өлшемдеріне сәйкес белгі орны;
- — маховик бекіту болты; Б — шатунды мойын май баратын
- — тісті орам; канал;
11-шатунды мойын; В — шатунды мойынның беті;
Қозғалтқыштарды теңгеру
а — 4 цилиндрлі; 6 — аралық шестернялар;
б- 2 цилиндрлі; 7 — салмағы бар шестернялар;
в — теңгергіш механизмі; 8 — реттегіш прокладкалар;
1- маховиктегі теңгергіш 9 — иінді біліктің алдыңғы тісті орам;
салмақ; 10 — корпус;
- — салмақтар;
- — теңгергіш иін;
- — шестерня;
- — шкивтегі теңгергіш салмақ;
Іске қосу жүйесінің схемасы
а-электр стартерімен; б-іске қосу двигателімен; 1-тісті маховик тәжі; 2, 6, 9, 10 және 15 – шестернялар; 3-тартқыш реле; 4-стартер; 5 және 8 –иінді біліктер; 7 және 11- рычагтар; 12-беріліс механизмінің білігі; 13 және 14-ілініс дискілері.
Қарапайым карбютордың жұмыс схемасы
1-отын жолы;
2- қалытқы камераның тесігі;
3- диффузор;
4- шашыратқыш;
5- дроссель жапқышы;
6, 8-араластырғыш және қалытқы камера;
7- жиклер;
9-қалытқы;
10- ине тәрізді клапан.
Карбюраторлы қозғалтқыштың коректену жүйесі
а-іске қосудың; б-автомобильдің; 1-отын багы; 2-қақпақ; 3-сүргіш тор; 4-сүзгіш тұндырғы; 5 –бұрағыш; 6-отын жолы; 7-ауа сүзгізі; 8-карбюратор; 10,11-кіргізу, шығару жолдары; 12-отын насосы; 13-жұқа сүзгіш.
К-135 автомобиль карбюраторы
1 — клапан 9 — қалытқының өсі;
2,16 — ауа және дроссель 10 — қалытқының рычагы;
жапқыштары; 11 — қалытқы;
3,4 — кіші және үлкен 12,15 — қалытқы және араластыру
диффузорлар; камераның корпусы;
- — қоспаны реттейтін винт 13 — тығын;
- — қалытқы камераның 14 — дроссель жапқыш өсі;
қақпағы; 17 — иінді біліктің айналу
- — торлы сүзгі; жиігін шектеуші;
- — ине тәрізді клапан;
- — қалытқының өсі;
Майлау жүйесінің схемасы
- — май ыдысы; 10,15 — иінді және үлестіргіш біліктер;
- — май насосы; 11 – манометр;
3,7,9 — температуралық, 12 — иілгіш өстері;
редукциялық; 13 — бас май каналы;
- — май өлшеуіш; 14 — шатун мойынның беті;
- — аралық шестерня; 16 — май құятын ауыз.
- — май сүзгісі;
8 — май радиаторы;