МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………. |
3 |
I-тарау. Өзіне өлім тілеуді қайтару және Аллаға жақсы ниетте болу жайында………………………………………………………………………….. |
5 |
1.1 Жан берер адамның жанында зікір, дұға және құран тіләуатын оқу……. |
6 |
1.2 Момынның өлімі, белгілері және үмбеттің өмірлері…………………………… |
9 |
1.3 Өлімде пенделерге рахат бар……………………………………………………………… |
10 |
II-тарау. Жоқтау және соған ұқсас нәрселерге тиым салу Үкімі…………………………………………………………………………………. |
12 |
2.1 Мейітке айтып жылау және соған ұқсас нәрселерге өсиет қылса азапталады………………………………………………………………………………. |
14 |
2.2 Дауысын шығармай жылауға рұқсат………………………………………………….. |
15 |
2.3 сабырлық, разы болу және олардың көркемділігі……………………………….. |
15 |
2.4 Перзент өліміне берілер сый……………………………………………………………… |
18 |
2.5 Науқасқа бару және оған дұға қылу…………………………………………………… |
19 |
2.6 Мейіттің жүзін ащса және сүйсе үкімі……………………………………………….. |
19 |
III-тарау Мейіт үшін керекті істер……………………………………………………. |
21 |
3.1 Кебіндеу……………………………………………………………………………………………. |
22 |
3.2 Ихрамдағы кісінің кебіні……………………………………………………………………. |
23 |
3.3 Жуу, кебіндеу уақытында хош иісті жағу және жақсылықтарын айту…………………………………………………………………………. |
23 |
3.4 Мейітке намаз оқу үкімі…………………………………………………………………….. |
24 |
3.5 Жаназа намазын оқудың сауабы және намаз оқушы қай жерде тұруы… |
26 |
3.6 Жаназа намазын мешітте оқылса болады……………………………………………. |
27 |
3.7 Қабыр және ғайыпқа жаназа оқу………………………………………………………… |
27 |
3.8 Бірнеше жаназаға бір намаз жеткілікті……………………………………………….. |
29 |
3.9 Сап көп болса, қабыл болуға үмітті болады……………………………………….. |
29 |
3.10 Мұсылмандардың мейітке айтылған мақтауы қабыл………………………… |
30 |
3.11 Өзін-өзі өлтіргенге жаназа үкімі………………………………………………………. |
31 |
3.12 Мейіт ісін тездету және сағыныштағы өлім……………………………………… |
32 |
3.13 Жаназадағы жүрулердің әдептері…………………………………………………….. |
33 |
3.14 Рахмет періштелері жаназаны күзетеді және жаназамен амалы қалады………………………………………………………………………………….. |
35 |
3.15 Жаназаға орнынан тұру……………………………………………………………………. |
35 |
3.16 Зират, көму және оның уақыты………………………………………………………… |
36 |
3.17 Қабыр көркемделмейді, үстіне ешнәрсе салынбайды және оған отырмайды……………………………………………………………………….. |
38 |
3.18 Қажет үшін мейітті көшірсе, қабырды ашса үкімі…………………………….. |
39 |
3.19 Мейіт өзгелердің амалынан пайда алады………………………………………….. |
41 |
Қорытынды……………………………………………………………………………………………….. |
43 |
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………………………. |
44 |
Кіріспе
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Дүйім жұртқа белгілі жұмыр жердің бетіндегі бір жарым миллиард халықтың ұстанатыны Аллаһ тағаланың хақ діні-Ислам біздің елімізде де даму үстінде. ҚМДБ-ның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі өз сөзінде:
«Тәуелсіз еліміздің рухани өмірінде дініміздің алар орны мен маңызы артып келеді» дегендей. Жүзден астам ұлт пен ұлыстар мекен етіп өзара тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан халқының жетпіс пайызы да осы қасиетті Ислам дінінде.
Орта Азияның түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының Исламды тек қабылдаушы болып қалмастан, қайта Ислами мәдениеті мен өркениетіне үлкен үлес қосқандығы нақтылы деректермен дәйектеледі.
Осы Мауера-ән-наһір өлкесінен шыққан нақты қазақ жеріне келсек,Әбу Насыр әл-фараби бастаған атақты Отырар ғалымдары плеядасы, Тараздан шыққан әл-Тарази есімді ғұламалар, Каир мен Дамаскідегі мәдениет, ғылым ошақтарында қызмет еткен және сонда қайтыс болған ғалым бабаларымыз туралы терең ой жүгіртіп, деректерге сүйене отырып ой толғаған.
Жалпы, осыдан 10-15 жыл бұрынға дейін қазақ жазба әдебиеті Абайдан басталады деп келсек, кейінірек оны шегіндіріп он бес ғасырға дейін апарғанбыз. Ал, хазірет муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі өзінің нақты дәлелдерімен оны ары қарай он шақты ғ. шегеріп тастайды. Соның дәлелі ретінде:
Қажа Ахмет Иасауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. Онмен онсегізінші ғасырларда өмір сүрген Әбул-Қасым Әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби, Әбу Ибраһим Ысқақ әл-Фараби, Бұрһан әд-дин Ахмад әл-Фараби,Байхақ Қыпшақи, Хасан Әли Жалайыры, Махмут Тарази, Хисам әд-Дин Сығанақи және т.б. барлығы 50-ге жуық ғалымдар мен ойшылдар еңбектерін ғылыми айналымға енгізді.
Призидентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы және хазірет мүфтиіміз Әбсаттар қажы Дербісәлінің тікелей ұйымдастыруымен ашылған «Нұр-Мубарак» университеті және имамдардың білімін жетілдіретін республикалық Ислам институты. Кеңес үкіметінде діни білім ала алмаған алды 30-40, соңы 60-70 тегі имамдар партаға отырып, білім алуда «Аллаға шүкір мыңда бір шүкір», дейді көзіне жас алған бір қарт имам, осындай институт мұнан 10-15 жыл бұрын ашылғанда, бұл күндері елімізде, дінімізде білімді білікті дін қызметкерлеріне тапшылықты сезбес еді. Алты жыл ішінде Ислам және өркениет газеті таралымы 45мыңға жетті. Иман атты журналда оқушылырын сусындатуда.Республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазахстанская правда», «Түркістан», «Жас Алаш», «Қазақ Әдебиеті» газеттерінде оның дін ғана емес, өмірдің сан-саласын қамтитын ізденістерге толы іргелі дүниелерін жиі оқитын болдық.
Әсіресе, діни ағартушылық ісіне үлкен мән береді. Қаламы қуатты. Жаза да айта да біледі.(Жас Алаш 9-қаңтар 2007ж).
Хазірет муфтиіміз өз сөзінде: «Біздің ата- бабаларымыз сан ғасырлар бойы Ислам дінінің Ханафи мәзхабын ұстанып келді. Бүгінгі ұрпақта солай ұстана беретін болады» деген сөзін ала отырып біз Ханафи мәзхапқа сүйене отырып Жаназа үкімдерін жазып іздендік іләһи Аллаһым қабыл еткен болсын.Әумин!
І-тарау Өзіне өлім тілеуді қайтару және Аллаға жақсы ниетте болу жайында
احكام الجنائز
Жаназа сөздікте «сатр» перде, тосық мағынасын береді. Табытқа салынған өлікті «жаназа» дейіледі.
الفصل الاول فى النهى عن تمنى الموت فى حسن الظن بالله
عن انس رضى الله عنه عن النبى صل الله عليه وسلم قال لا يتمنين احد منكم الموت لضر نزل به فاءن كان لا بد متمنيا للموت فليقل اللهم احيني ما كا نت الحياة خيرا لي وتوفني ءاذا كانت الوفاة خيرا لي رواه الخمسة وفي روا ية
قا ل قيس ءاتيت خبابا وقد اكتوى فى بطنه سبعا فسمعته يقول لولا ءان انبى صل الله عليه وسلم نها نا ءان ندعو بالموت لدعوت به وللبخارى لايتمنى أحدكم الموت اما محسنا فلعله يزداد و اما مسيئا فلعله يستعتب
Анас одан Алла разы болсын риуаяты:
«Пайғамбар ғ.с:
«Ешқайсыларың өзіне жеткен зарарға өлім тілемесін. Егер өлім тілеуден басқа шарасы болмаса:
«әй Аллахым тірі болып жүруім игілік болса, мені тірі қалдыр. Қашанда маған өлуім қайырлы болса, маған өлімді қайырлы ет десін » деді ».
Бесеуі риуаят еткен;
Басқа риуаятта.
«Қайс хаббаптың алдына барсам қарнына 7-і рет отты темір мөрді бастырған екен. Мен оның «егер пайғамбарымыз ғ.с. өзімізге өлім тілеуден қайтармағанда еді, әлбетте оны тілеп дұға қылған болар едім» дегенін есіттім, деді» дейілген.
Бухаридің риуаятында;
«Ешқайсысың өзіне өлім тілемесін. Егер жақсылардан болса,ғамалы көбееді. Егер жамандардан болса, тәубесіне қайтар » дейілген.
Шарх: Алла өмірді адамға берді. Адам бұл дүниеде жақсы-жаманға шыдап, өзіне берілген өмірді сыйлы болып өткізуін. Кімде-кім өзіне жеткен кейбір қиыншылықпен, зарарға шыдай алмай өзіне-өзі өлім тілесе, Алланың тақдырына, қалауына қарсы шыққан болады. Бұл жағдай момын үшін дұрыс емес.
Соның үшін де пайғамбар ғ.с. үмбеттеріне өздеріне өлім тілеуден қайтарады.
Кейбір кісілер өте нашар жағдайға түсіп қалған тақдырдада бұл істі Аллаға тапсырып, өздеріне жақсылық сұрау өсиет етілуде.Момын кісі әрдайым жақсылық жағында болады.Соның үшінде Алладан өлім жақсы болса, өлімді, өмір жақсы болса, өмірді беруін тілейді.
Не үшін өлім тілеу мүмкін емес екендігін Имам Бухари риуаятында Пайғамбарымыз ғ.с. өз жағынан баян етуде:
«Ешқайсысың өлімді өзіне тілемесін. Егер жақсылардан болса, ғамалдары көбееді, егер жамандардан болса, тәубесіне қайтар».
Момын кісі өзіне өлім тілемесін себебі жақсы адам болса, өмірінде жақсылықтары көбейіп, ахыретке жинайтын сауаптары көп болады.Егер Алла көрсетпесін жаман адам болса, тірі қалуы оған тәубе қылуға, жақсылар қатарына қосылуға уақыт, өмір болады.Демек өмір момын үшін жақсылық, ізгілікпен болады. Ал енді өзіне келген зарарға сабыр қылуда көптеген сауаптарға еге болуға себеп болады.
عن جابررضى الله عنه قال:سمعت رسول الله صل الله عليه وسلم قبل موته بثلاث يقول:لا يموت احدكم الا وهويحسن الظن بالله تعالى رواه أبو داؤد و مسلم
Жабыр одан Алла разы болсын риуаяты.
«Пайғамбарымыз ғ.с.-ның өлімінен үш күн алдын:
«Әр біріңіз өлімінен алдын Алла т.ғ. жайында тек жақсы ойда болсын» деп айтып жатқандарын есіттім».
Абу дәуіт және Муслим риуаяты.
Шарх. Осы хадиске сай момын кісі өлімінен алдын Алла мен үшін мейірбанды, мен үшін рахымы мол, мен үшін шапағатты деген жақсы үміттерін қылғаны дұрыс.
Алайда дені сау кезде момын кісі әрдайым қауіпте тұруы Аллаға тақуа қылып жүруі керек. Міне сонда ғана ол жамандықтардан қайтады және жақсылықтарды көптеп жасайды.
- Жан берер адамның жанында зікір, дұға және құран тіләуатын оқу
الذكروالدعاء والقرأن عند المحتضر
عن أبى سعيد رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: لقنوا موتاكمل لااله الا الله رواه الخمسه الا البخارى
Абу Сағид(Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Пайғамбар ғ.с:
«Өлім алдында жатқандарыңызға « Лә иләһа иллаллаһты » талқин қылыңдар» деді».
Бесеулерінен тек бухари риуаят етпеген.
Шарх: өлім алдында тұрған адам жанындағы кісілер дауыстарын шығарып «Лә иләһа иллаллаһ» сөзін айтып тұру үкімін осы хадистен алынған.
Мұхтазар— яғни өлім халінде жатқан адамға осы сөзді айт деп мәжбүр қылынбайды.Жан шығудың ауыртпашылығынан айтпаймын, деп жіберуі е басқада қолайсыз жағдайға түсуі мүмкін. Сол себепті жанында отырушылар дауыстарын шығарып айтып отырады
Мұхтазар айтса тоқтайды. Соңғы сөзі калима шахадат болған адам бақытты болады. Мұхтазар калима шахадатты айтқаннан кейін және басқа сөз айтса, жанындағылар қайтадан калима шахадатты айта бастайды.
Қорытынды: не болған жағдайда да мухтазар өз еркімен калима шахадатты айтқаны абзал.
عن أم سلمة رضى الله عنها قالت: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم اذا حضرتم المريض أو الميت فقولوا خيرا فاءن الملائكة يؤمنون على ماتقولون قا لت:فلما مات أبو سلمة أتيت النبى فقلت: يا رسول الله ان أبا سلمة قد مات قال قولى: اللهم اغفر لى وله و أعقبنى منه عقبى حسنة قا لت: فقلت فاعقبنى الله من هو خير لى منه محمدا صلى الله عليه وسلم رواه الخمسة الا البخا رى
Умму Салама(Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Пайғамбар ғ.с:
«Қашанда науқастың е өлім алдында жатқан кісінің жанында ьолсаңыз жақсы сөз айтыңдар. Себебі періштелер сіз айтып жатқан сөзге, әмин, деп тұрады» деді.
Абу Салама өлгенде ардақты пайғамбарымыз ғ.с.-ның алдарына келдім де:
«Әй Алланың елшісі, Абу Салама өлді » дедім.
«Әй Жаратушым, мені де, оны да жарылқа және маған оданда жақсы артта қалушыны бер, деп айт» деді.
Мен оны айттым кейін Алла маған одан да жақсы артта қалушыны- Мұхамед ғ.с.-ді берді » деді ».
Бесеулерінен тек Бухари риуаят етпеген.
Шарх: Осы хадиске амал қылумен жоғарғы Ислами әдепке амал қылынған болады. Науқас және мухтазар кісі ең көңілі сынық адам болады. Сол себепті оның алдында тек жақсы, үміттендіруші сөздерді сөйлеу керек. Сонда олардың көңілдері көтеріледі.Ең маңыздысы әрбір сөзге періште әмин деп тұрады.Момын кісінің сөзі періштенің әминіне сәйкес келсе, қабыл болады. Әне сонда науқастардың шипа табуына, мухтазардың соңы жақсы болуына үміт туылады. Соның үшінде науқас және мухтазар кісілер жанында болған адамдар тек жақсы сөздерді сөйлеулері шарт.
Хадис шәріптің екінші жарымында мұсылман кісі өлгеннен кейін оның жақындары қандай дұға етулері жайында тағылым берілуде.
Эфиопияға жанұясымен хижрат еткен сахабалардың бірі Абу Салама (Алла одан разы болсын) өлген кездерінде ол кісінің жұбайы Умму Салама ардақты пайғамбар ғ.с.-ға күйеуінің қазасы жайында хабар берген екен. Сонда ардақты пайғамбарымыз ғ.с. Умму Саламаға осындай уақытта оқылуы керек болған дұғаны үйретіп:
«Әй Жаратушы, мені де оны да жарылқа және маған оданда жақсы артта қалушыны бер » жақсырағын бере көр ». деп айтуды бұйырған екен. Ақиқатта да мұсылман адам тірі болсын, өлі болсын Алланың мағфиратына мұхтаж. Тірілер өздеріне мағфират сұрауға еге. Алайда өліктер ше? Өліктерге олардың жақын кісілері сұрайды. Сонымен бірге жақынынан айрылып, қайғы қасыретке түскен адамға Алладан оданда жақсысын сұрау, әуел, қайғыны жеңілдетеді, ең маңыздысы, дұғасы қабыл болып қалса, мақсатқа жетеді. Себебі әдетте мұсибатқа түскен адам шын жүрегінен дұға қылады.
Мұндай дұғаны Алла тез қабыл етеді.
Умму Салама (Алла одан разы болсын) мысалыда сондай болды. Алла тағала ол кісінің дұғасын қабыл етті. Ол кісіге Абу Саламадан жақсы орынбасар берді. Ол кісіге Абу Салама орнына ардақты пайғамбарымыз ғ.с.-ді күйеу болды. Умму Салама (Алла одан разы болсын) момындарға ана болу бақытына жетті.
Демек, жақын кісісі өлген мұсылмандар осы дұғаны оқып тұрулары керек.
عن معقل بن يساررضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: اقرءوا يس على موتاكم رواه أبو داود والنساء وأحمد وابن حبان و صححه
Мағқил ибн Иасар(Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с:
«өліктеріңізге «ясин» ді қираат етіңдер» деді».
Абу Дәуіт, Насаи, Ахмет және ибн Хиббан риуаяты:
Шархы: Ғұламаларымыз осы хадиске 3 үш түрлі ыжтыһад еткен.Кейбіреулері хадистегі «өліктеріңізге » дейілгеннен мұрат өлім төсегінде жатқандарыңызға, дейілген. Соның үшін мухтазар кісіге « ясин » сүресін оқу керек. Бұл сүреде қайта тірілу, қиямет, жаннат және тозақ, шайтанның пітнәсынан ұзақ болу, сияқты мәселелерді қамтиды соның үшінде сүрені оқуға әмір қылынған, дейді. Бұл топтағы ғұлама атақтылары Имам Малик және Имам Шафиғи.
Екінші топ тағы ғұламалар Имам Ахмет ибн Ханбал, Ханафилер (кейбір Малики және Шафиғилер де) олар тіләуат өліктер үшін қылынады деген және өз сөздеріне осы хадисті және Ислам үмбетінің амалын құжат қылып келтірген. Сонымен қатар төмендегіндей шарх еткен.
- Хадисте өліктеріңізге дейілген, өлім төсегінде жатқандарыңызға, дейілген емес. « Өлік » ақиқатында өліп болған кісіге қолданатын сөз. «Өлік» сөзін өлім төсегінде жатқан кісіге істету үшін қосымша дәлел е ишара керек. Бұл жерде ол нәрсе жоқ.
Имам Шафкани соны айтады: «Ал- мухиб ат-Табари: «аталған хадиске барлық жақтан амал қылу хақ. Мұны Дара Қутни келтірген хадисте де қуаттайды.
«Кім зираттарға кіріп, « қул хуаллоху ахад »-ты 11он бір рет оқып сауабын өліктерге бағыштаса,
2.тіләуаттың даналықтарынан бірі жеңілдік келтіру. Бұл нәрсе мухтазарға, мейітке де тиесілі.
«Муснадул Фирдауста: «қайсы бір өлік өлгеннен кейін оның алдында «ясин» тіләуаты оқылса, әлбетте Алла оған жеңілдік береді » дейілген.
Имам Ахмед: « Шейхтар қашан «ясин» мәйіт үшін қираат қылынса, оған жеңілдік беріледі », дейтін ». деген.
- Жаназа намазында Фатиһа с. оқылуына қиас қылынады.
- Хадистерде зираттарды зират етуде өліктерге сәлем беру талап етілген. Егер мәйіт тірі адамның сөзінен болған сәлемнен хайырлы болса, неге Алланың сөзінен хайырлы бола алмайды?!
- Құран тіләуаты оқылған жерде тыныштық рахым болуы мәлім және белгілі. Неге енді мәйіт бар жерге тыныштық рахым болмауы керек екен?!
- Хадисте риуаят етілгендей, сапарға шыққан бір адам білместен зират үстіне палатка құрып алады. Кейін қабыр ішіндегі адам табарак сүресін соңына шейін тіләуат қылғанын есітіп, мұны ардақты пайғамбарымыз ғ.с-ға жеткенде ол:
«Ол (табарак.сүресі) қайтарушы. Ол нажат беруші, оған қабыр азабынан нажат береді » деген.
Тіләуатты оқуға болмайды деушілердің дәлелі жоқ. Мәлімки шариғат бойынша бірер істі қылуға да, қылмауғада дәлел құжат болуы керек. Өліктерге тіләуат қылуды қайтаратын дәлел жоқ.
Осы топтағы ғұламалар бұл сөздер Құран тіләуаты қылып сауабыны бағыштамағанда айтылатын сөздер, егер сауабын бағыштайтын болса, бұл сөздерге де орын қалмайды. Себебі онда дұға мағынасынаайналады, дұғадан мәйіт пайда алатынын ешкім жоқ дей алмайды, дейді.
1.2 Момынның қазасы, белгілері және үмбеттің ғұмыры
علامة موت المؤمن و أعمار الاءمة
عن بريدة رضى الله عنه عن النبى قال: المؤمن يموت بعرق الجبين رواه الترمذى والنسائى و أحمده
Бурайда (Алла одан разы болсын) риуаяты:
« Пайғамбарымыз ғ.с:
« Момын кісінің маңдайы тер болып тұрып өледі », деді ».
Термизи, Насаи және Ахмет
Шарх: Өлімнің ауыртпашылығынан және Жаратушы Рабысынан өзіне берілетін сый- сыяпатынан маңдайы терлеп кетеді.
عن عبد الله رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: ان نفس المؤمن تخرج رشحا ولا أحب موتا كموت الحمار قيل: وما موت الحمار قال:موت الفجأة رواه الترمذى ولاءبى داود:موت الفجأة أخذة أسف
Абдулла (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с:
«Момынның жаны тер тамшысы арқылы шығады. Есектің өліміне ұқсас өлімді жақтырмаймын » деді.
«Есектің өлімі қандай болады? » дейілді.
«Тосыннан өлу », деді.
Термизи риуаяты.
Абу Дәуіттің риуаятында:
«Тосыннан өлу жазасын беріп тұрып алу, дейілген.
Шарх: Осы хадисте момын кісі өлімінен алдын , ол тұралы ойлап уайымдауы арқылы денеден кейбір тер шығып соң жан беруі жақсылық белгілерінен екені анық білінуде.
Ғұламаларымыз бұл жайында мәліметтерді топтағаннан соң мынандай қорытынды сөзге келген, өлімінен алдын науқас болу абзал екен. Өйткені науқас адам тәубе қылады, өліміне дайындық көреді, өсиет етеді және т.б.
Хадисте тосыннан болатын өлімді есектің өлімі, деп аталуы кәпірге қолданған мағына.
Бұл мағынаны Имам Абу Шайба риуаят қылған төмендегі хадистен біліп аламыз:
«Тосыннан өлу момын үшін рахат, кәпір үшін азап бар ».
Алла тағала момын жағдайда өлуімізді нәсіп етсін. әмин!
عن عبد الله بن عمرو رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: ما من مسلم يموت يوم الجمعة أو ليلة الجمعة الا وقاه الله فتنة القبر
Абдулла ибн Әмір (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Қайсы бір момын жұма күні е жұма кешінде өлсе, Алла оны, әлбетте, қабыр пітнәсынан сақтайды », деді ».
Шарх: Осы хадистегі мағынада жұма күннің қаншалықты қасиетті екенін білсе болады.
Сонымен бірге, адам бұл дүниеде не қылса да қылып, жұма күні өлу нәсіп етсе, бүкіл істері оңынан туады деген қате пікір туылмауы керек.
Әуелі, бұған ұқсас хадистерде тақуалығы бар момын пенделерге. Себебі жұма күні кәпір, дінсіздерде сан-санақсыз өледі.
Екіншіден, ғұламаларымыз осы хадистегіндей ұқсас жеңілдіктер тек жұма күні өткенше, уақтыншалық болады, деген. Қандай болғанда да момын пенде үшін жұма күні өлу жақсы екен.
Алла бізгеде сондай күндерден нәсіп етсін.
عن أبى هريرة رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: أعمار أمتى ما بين الستين الى السبعين وأقلهم من يجوز ذلك رواهما الترمذى
Абу Хурайрата (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с:
«Үмбетімнің өмірлері 60 алпыспен 70 жетпіс ортасында. Бұдан азғанасы тыс болады », деді ».
Екеуінде Термизи риуаят еткен.
Шарх: Ардақты пайғамбарымыздың ғ.с-ның жасы, хазірет Абу Бакр Сыддық және хазіреті Омар 63 алпыс үш ғұмыр жасап, өткен.
1.3 Өлімде пенделерге рахат бар
فى الموت راحة للعباد
عن أبى قتادة رضى الله عنه أن رسول الله صلى الله عليه وسلم مرعليه بجنازة فقال:مستريح و مستراح منه فقال: العبد المؤمن يستريح من نصب الدنيا والعبد الفاجر يستريح منه العباد والبلاد والشجروالدواب رواه الشيخان و النساءى
Абу Қатада (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с-ның алдарынан бір жаназа алып өтті. Сонда ол:
« аман болушы және одан аман болғандар » , деді ».
«Әй Алланың елшісі, аман болушы және одан аман болушылар дегеніңіз өзі не? »дейілді. Сонда ол:
«момын пенденің қазасы, дүниенің қиыншылықтарынан аманда болады. Кәпір адам өлсе, одан пенделер, ел-жұрт, ағаштар және жаны бар заттар аманда болады », деді ».
Екі шейх және Насаи риуаяты.
Шарх: Бұл дүние момын үшін қапас, соның үшін момын өлімімен бұл дүние қамауынан азаттыққа шығады. Бұл дүниенің қиыншылықтарынан, уайымдарынан ахіреттің жеңілдіктеріне және бақытқа кеңеледі. Момын пенде өлімі арқылы рахатқа жетеді.
Кәпір пенде өзінің жамандықтарымен дүниедегі баршаға азар беріп жүрген болады. Ол қолынан келген жамандықтарын жасайды. Адамдарға, ел-жұртқа, өсімдіктерге жануар әлеміне де зарары жетіп тұрады. Соның үшінде пасықтың өлімі себепті аталған нәрселер баршасы одан және оның кесапаттығынан құтылып, әманда болады.
ІІ-тарау Жоқтау және соған ұқсас нәрселерге тиым алу Үкімі
الفصل الثانى فى تحريم النيا حة و نحوها
عن عبد الله رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: ليس منا من ضرب الخدود و شق الجيوب ودعا بدعوى الجاهلية رواه الخمسة الا أبا داود
Абдулла (одан Алла разы болсын) риуаяты:
« Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с.
«Кім бетінен ұрып, жағаларын жыртса, надандық дәуірдегіндей айқайласа, бізден емес », деді ».
Бесеулерден тек Абу Дәуіт риуаят етпеген.
Шарх: Осы хадисте біреу өлгенде оның жақын туыстары өздерін қайғылы етіп көрсету үшін, өздерін ұрып, киімдерін жыртып, ойбайлап жылап, сенгенім, сүйенгенім пәленше-түгенше деп, Исламға тура келмейтін сөздерді айтып, жылау турасында сөз кетуде. Бұлар баршасы жаман істер болғандығы және мұсылман адамға тура келмегені үшін Пайғамбарымыз ғ.с мұндай іс қылғандарды бізден емес, деуде. Бұл өте ауыр сөз, «Бізден емес» дегені мұсылмандардан емес, дегені.
Өкініштісі сол көптеген өлкелерде әзірше осы хадис шәріпке амал қылынбай келуде. Әйелдер басқалардың надандық өлшеуімен айтатын сөздерінен қорқып, өздерін надандық істерге орын беріп беттерін тырнап қанатады, киімдерін жыртады.
Естерінен талғанша жылайды. Момын-мұсылман адам ешуақыт
жолмен барып, ол кісі қайтарған істерден қайтуымыз шарт.
عن أبى مالك الاشعرى رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: أربع فى أمتى من امرالجاهلية لا يتركونهن الفخرفى الاحساب والطعن فى الانساب والاستسقاء بانجوم والنياحة وقال:الناءحة اذالم تتب قبل موتها تقام يوم القيامة وعليها سربال من قطران ودرع من جرب رواه مسلم والترمذى ولفظه:أربع فى أمتى من امر الجاهلية لن يدعهن الناس النياحة والطعن فى الاحساب والعدوى أجرب بعير فاءجرب ماءة بعيرمن أجرب البعير الاول والءنواءمطرنا بكذا و كذا
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с.
«Надандық істерден төрт нәрсе менің үмбетімде бар. Оларды тастамаса: ата-бабасын айтып мақтану ру-тегіне тіл тигізу, жұлдыздардан сұрау, дауыс шығарып, айтып жылау », деді. Және ол кісі:
«Егер жылаушы әйел өлімінен алдын тәубе қылмаса, қиямет күні үстіне оттан болған көйлек кигізіліп тіріледі », деді ».
Муслим және Термизи риуаят еткен.
Термизидің сөзінде:
«Надандықтың төрт нәрсесі менің үмбетімде бар. Адамдар оларды ешқашан қоймайды: айтып жылау, ата-бабасына тіл тигізу, кеселдік жұқты деу. Бір түйе қотыр болды, жүз түйені қотыр қылды дейді. Бірінші түйені кім қотыр қылды? Және жауынды жұлдыздардан деп білу. Онымен-мұнымен бізге жаңбыр жауды, деуі », дейілген.
Шарх: Осы хадистің екеуін қосқанда надандық дәуірдегі істердің бесеуі адамдардың табиғатына сіңісіп, әдет- ғұрыпта көп кездесіп тұрады. Бұл жаман нәрселерден тек Алланың рахымынан үміт болып, шын мұсылман пенделер ғана құтылары сөзсіз. Қалғандары түрлі сылтаулармен және себептер тауып сол надандық дәуірдегі сипаттармен жүре береді. Енді сол надандық дәуірдегі бес нәрсемен бір-бір танысып шығайық:
- «Ата-бабасының даңқысымен мақтану» Надандықтың ең көзге көрінген істерің бірі осы. Ислам діні келуінен алдын арабтарда атам мұны жасаған, бабам мұны жасаған, деп мақтанып, басқалардан өзін жоғары қояр еді. Бұл мүлдем дұрыс нәрсе емес. Өткен кісілер жақсы іс жасаған болса, өздері үшін жасаған. Алайда неге олардан кейінгі ұрпағы өздері бір іс жасамай, аталарымен мақтанып басқалардан жоғарымын деп тәкаппарланады? Қазірдің өзінде олардан көрі жақсы амалдарды қылып жүргендерді кемсітеді? Адамдар арасында түрлі келіспеушілікке жол береді? Исламнан алдын бұл істі жасағандардың мәлім дәрежеде себеп үзірлері болуы мүмкін. Алайда мұсылман бола тұрып бұл істі жасайтындарға не десе болады? Олардың күнәсі надандық дәуірдегінен де әлде қайда көбірек болмайды ма?
- «ар-намысқа тіл тигізу»
Бұлда алдыңғысы сияқты соның жалғасы деуге болады. Надандық дәуірдегі кісілер өз аталарымен мақтанумен бірге өзгелердің ар-намыс тегіне тіл тигізер еді. Олардың шыққан таза тектіктерін күмәнді етіп көрсетер еді. Өздеріне жақпаған кісілерін айыптар еді. Надандық дәуірде өмір сүргендерді түсінуге болады. Алайда Ислам үмбетінен бұл нәрсе шықса, не деу керек? Кісілердің тегіне тіл тигізу үлкен күнә. Мұны әрбір мұсылман әсте ұмытпауы керек.
- «жұлдызға қарап сұрау»
Жауған жауын пәленше жұлдыз жаудырды, түгеншесі түсірді деп айтып, сенуде соған кіреді. Бірақ әзірде көпшілік мұсылман деп жүргендер бұған алданады. Шын мұсылман барлық нәрсе жауын жауғаныда Алланың қалауымен болды, деп сенеді.
- «айтып жылау»
Мұнда жақын адамы өліп оның мадақтауын дауыстап бақырып жылау.. Надандықта солай болған. Сол заманда айтып жылауды кәсіп еткен әйелдерде болған. Олар қай жерде біреу өлсе киімдерін киіп, барып- дауыстап кісілерді әсерлендіру үшін қайғыны күшейту үшін сөздерді айтып жылар және соған ақы алар еді.
Бұл істі қылушы әйелдер біліп алулары керек. Пайғамбарымыз ғ.с.осы хадисте айтуынша:
«Егер жылаушы әйел өлімінен алдын тәубе қылмаса, қиямет күні оттан болған көйлекпен тіріледі». Бұл дүниеде уақыт барда тәубе қылып, шариғатымыз тиым салған жылау арқылы кәсіп етуді тастау және көбірек ғибадат жасау.
- «ауру жұқты деу»
Адамға болсын, хайуанға болсын кесел пәленшеден жұқты, соны жоламаса болар еді. Мұндай уақытта тек кеселдік әкім сияқты билейтін болып қалғанға ұқсайды. Барлық жерде кеселдік нені жасаса соны істейді деген пікір жүреді. Бұл істердің басында Алланың өзі екенін, ойларынада келмейді. Әрбір нәрсе Алладан деген сенім жоқ оларда. Сол себепті Пайғамбарымыз ғ.с. хадисінде:
«Бір түйе қотыр болып, жүз түйені қотыр қылды дейді.Бірінші түйені кім қотыр қылыпты?» деуде.
Соны ойлап қоюымыз керек. Алланың қалауы болмаса, қотыр кеселдігі жұқпас. Бәрі Алланың қолында, қалауында деп сенуіміз керек.
2.1 Мейітке айтып жылау және соған ұқсас нәрселерге өсиет қылса азапталады.
يعذب الميت باالنوح ونحوه اذا أوصى به
عن أبى موسى رضى الله عنه قال: لما أصيب عمررضى الله عنه جعل صهيب يقول: واأخاه فقال:عمرأما علمت أن النبى صلى الله عليه وسلم قال:ان الميت ليعذب ببكاءالحى وفى رواية: ان الميت يعذب ببعض بكاء أهله عليه رواه الخمسة
Абу Муса (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Омар Алла одан разы болсын мусибатқа жолыққанда Сухайб:
«Ойбай Бауырым!» деп жылай бастады. Сонда Омар:
«Пайғамбарымыз ғ.с-ның, әлбетте, мейіт тірілердің жылауымен азапталады, дегендерін білмейсің бе?» деді».
Басқа бір риуаятта:
«Әлбетте, мейіт оған өз жақындарының кейбір жылауымен азапталады» деген.
Бесеуі риуаят еткен.
Шарх: Хазірет Омарды абдурахман ибн мулжам пышақтап тастағанда, өлім алдында жатқандарында болып өткен уақиғасы.
عن أبى موسى رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال:مامن ميت يموت فيقوم باكيه فيقول:واجبلاه وا سنداه أو نحوذلك الا وكل به ملكان يلهزانه أهكذا كنت رواه الترمذى وأحمد
Абу Муса (Алла одан разы болсын) риуаяты:
« Пайғамбарымыз ғ.с.
«Қайсы бір мейіт өлгеннен кейін оның жылаушысы тұрып ойбай тауым, бауым, сүйенгенім десе е соған ұқсастарын айтса, әлбетте оған екі періште уәкіл қылынып, құлағының астына келіп:
«Сондай болған ба едің?!» дейді», деді».
Термизи және Ахмет риуаяты:
Шарх: Бұлда мейіт өзі өсиет еткен болса, дейді кейбір ғалымдар.
2.2 Дауысын шығармай жылауға рұқсат.
يجوز البكاء بغير رفع الصوت
عن أنس رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: قنت رسول الله صلى الله عليه وسلم شهرا حين قتل القراء فما راءيته حزن حزنا قط أشد منه رواه الشيخان
Анас(Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с. қарылар өлтірілгендерінде бір ай бойы құныт оқыды. Ол кісінің мұншалық қайғырып жүргенін көрген емес едім».
Екі Шейх риуаяты:
Шарх:
Пайғамбарымыз ғ.с-ның жанындағы жетпіс қари сахабаларды Нажд жаққа дағуатқа жібергендерінде оларды жолда кәпірлер қырып тастаған. Міне сонда Пайғамбарымыз ғ.с. бір ай бойы намазда құнытты оқып, аталған қариларға дұға еткен. Және өздері жіберген қари сахабалардың өлтірілгендеріне қатты қайғырған еді.
Осы риуаятты жеткізуші Анас Алла одан разы болсын сахаба Пайғамбарымыз ғ.с-дың мұншалықты қайғырғанын еш көрген жоқпын деген екен. Бұл да өлгенге қайғыруға болады дәлелі.
2.3 Сабырлық, разы болу және олардың көркемділігі.
الفصل الثالث فى الصبر والرضا وما أجملهما
قال الله تعال: الذين خلق الموت والحياة ليبلوكم أيكم أحسن عملا وهو العزيز الغفور
Алла тағала:
«Ол өлімді және өмірді қайсы біріңіз ғамал қылуда жақсы екендеріңді сынау үшін жаратты», деген(Мүлк екінші аят).
Шарх: Осы аятта Алла тағала өлім сынау екенін айтуда. Демек өлім уақытындада, өлген кісілердің жақындары сабыр қылып, Алланың қазасына, тақдырына сабыр қылып, сауап алулары керек.
وقال جل شانه: الذين اذا أصبتهم مصيبة قالو انا لله وانا اليه رجعون أولئك عليهم صلوت من ربهم ورحمة وألئك هم المهتدون
«Олар қашан өздеріне мусибат жетсе, біз Алланыкіміз және біз Аллаға қайтушылармыз, дейді. Әне соларға өз Рабыларынан салауатар және рахмат бар. Әне солар хидаят тапқандар», деген (бақара .с. 156-157).
وقال عمررضى الله عنه : نعم العدلان و نعم العلاوة فى هذه الاية
Омар Алла одан разы болсын осы аят жайында:
«Қандай да жақсы екі ғидл және ғилауа» деген.
Бухари риуаятында:
Осы аятта Алла тағала мусибат жеткенде сабыр қылатын, разы болатын біз Алланың мүлкіміз, өзі нені қаласа соны жасайды, ахыреттеде тек өзіне ғана қайтып барамыз, дейтін пенделерді мақтап, олар берілетін сый-сыяпатты да айтуда.
Аталмыш пенделерге берілетін сыйлықтар екеуі негізгісі және ғилауа екен.
Екі негізгісі Алладан болатын салауат және рахымдылығы. Бір ғилауа сыйлығы олардың тура жол тапқандардан болуы.
Осы аяттың мағынасын терең түсінген хазірет Омар (Алла одан разы болсын):
«қандай да жақсы екі ғидл және ғилауа» деген екен.
Араптарда «ғидл» деп жүкті айтады.
«ғилауа» артығымен берілген егер үстіндегі сыйлық.
Хазірет Омар Алла одан разы болсын мусибат жеткенде сабыр қылып, біз Алланың мүлкіміз және оған қайтушымыз, деуші пенделерге уәде қылынған салауаты және рахымы тура жолды тапқандардан болуы, егер үстіне артылған жүк- ғилауаға ұқсатуда.
Мусибаттың ең ауыры жақын кісілердің қазасы. Кім міне осындай мусибатқа түссе, сабыр қылып «инна лилләһи уа инна илайхи рожиғун» дұғасын айтса, аталмыш дәрежеге жетеді.
عن عاءشة رضى الله عنها عن النبى صلى الله عليه وسلم قال:لايصيب المؤمن شوكة فما فوقها الارفعه الله بها درجة وحط عنه بها خطيئة رواه الترمذى ومسلم
Айша (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с
«Момынға тікен кіруі және одан да ауырлау мусибат жетсе де, әлбетте, Алла осы себепті оның дәрежесін көтереді және күнәсін жуады», деді».
Термизи және Муслим риуаяты.
Шарх: тікен кірудің өзі де мусибат болып саналады. Оған да сабыр ету керек. Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с: «Егер біреулеріңіздің аяқ киімінің жібі үзілсе де истиржа айтсын, деген. Истиржа «инна лилләһи уа инна илайхи рожиғун», деу.
Басқа бір риуаятта Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с. үйінде шырақ өшіп қалғанда истиржа айтқан екен. Сонда Айша анамыз шырыққа да истиржа айтасыз ба, дегендерінде момынға жамандық болған әрбір нәрсе мусибат, деген екен.
Мусибат жеткенде сабыр қылған момынның дәрежесі көтеріліп, қателері өшірілер екен. Соның үшінде үлкенді- кіші мусибаттарға кәміл мұсылмандай болуымыз керек.
عن أبى موسى رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: اذا مرض العبد أوسافر كتب له مثل ماكان يعمل صحيحا مقيما رواه أحمد والبخارى و أبو داود
Абу Муса (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с:
«Қашанда пенде науқастанып қалса е сапарға шықса, Алла тағала оған денсаулық және жергілікті (муқим) уақытында жасаған амaлдардың сый- сыяпатын жазады», деді»
Ахмет, Бухари және Абу Дәуіт риуаят еткен.
Шарх:
Бұл да Алланың пенделерге деген шексіз мейірбандығының бір көрінісі. Пенде науқас болып қалғанда денім-сауда қылатын сауап істерім, нәпіл оразаларым, намаз, зікірлерім қалып кетті, деп өкінбеу үшін, дені-сау уақытында амал қылып алатын сауаптары жазылады, мұны білген пенде ауруға сабыр қылуым шарт.
Сонымен қатар, мұны білген пенде енді сау уақытында одан да көптеу нәпіл ғибадаттар жасауға ынталануы шарт.
Әлбетте, бұл хадистерде біз үйренген сабыр және разылық мәселесі өлім және кеселдікпен болатын жәйт.Себебі біз жаназа бабын үйренудеміз. Жалпы апаттар, дін жолындағы апаттар жайындағы сөз емес.
Өлім және кеселдікке сабыр қылу бұл істерге шын жүректен разы болу мұсылман үмбетіне, бұл үмбеттің пайғамбары Мұхамед ғ.с. және оған ерген сахабалар дүние тарихында мысалдар көрінісі.
Пайғамбарымыз-дың Ибрахим ұлының өліміне қандай сабыр қылғандарын үйрендік.
Және ол кісі жұбайы Хадиша анамыз, кейбір қыздары, Зейнептің баласы, ағасы Хамза (Алла одан разы болсын) және басқа жақындарының өлімінде көрсеткен сабырлары және Тәңірдің үкіміне разы болып қабылдауы бұл мысалдар баршамызға өрнек.
Енді бұл кісінің кеселдікке сабырлары қандай болғанын төмендегінен біліп аламыз:
Абу Сағид (Алла одан разы болсын) риуаяты.
«Ол кісі Пайғамбарымыз ғ.с-ның алдарына келсе, олкісінің ыстығы көтеріліп жатқан екен. Үстіне бір жапқыш жабылу тұр екен. Абу Сағид қолын жапқыштың үстіне қойып тұрып:
«ыстығыңыз тым жоғары ғой, Әй Алланың елшісі?!» деді.
«Біз сондаймыз, біз үшін ауру қатты болады, сыйы да көбееді ғой», деді.
«Әй Алланың елшісі пенделер ішінен ең ауыр сырқатқа ұшырайтын кімдер?» деді.
«Пайғамбарлар», деді
«Соң кімдер?» деді
«Ғұламалар» деді
«Соң кімдер?» деді
«Салихалы кісілер. Кейбіреулері битке де сабыр етіп, өліпте кетер еді.бірлеріне кедейшілік келіп, шапанынан басқа нәрсе қалмас еді.
Әлбетте олардың әрбірі өзіне берілген малдан көрі, ауыртпашылыққа қуанар еді», деді.
Ибн Мажа және Ахмет риуаяты:
Пайғамбарымыз с.ғ.с-ның үмбеттері де бұл жағдайда басқа үмбеттерге ғибрат бола алады. Мұсылмандар ішінен науқастанған уақытында және жақын кісісі өлгенде сабырлық және разылық көрсеткен кісілер көп.
Ура ибн Зубайр Алла одан разы болсын аяқтарына бір тас түсіп, аяғының санынан кесіп тастаған күні он жеті жасар баласы аттан жығылып өліпті. Үлкенді-кіші жас қарт кісілер білгендерінше тағзия айтып келді.
Салихалы кісілерден бірі бір аяғыңды алып, жаныңды аман қалдырғаны үшін, бір балаңды алып, басқаларын сау қалдырғаны үшін Аллаға шүкір қыл, депті.
Уруа ибн Зубайр Алла одан разы болсын менің мусибатыма сенен көрі жақсы тағзия айтқан пенде болмады, деген екен.
Имам Шафеғи достарының бірінің перзенті қаза болғанда сен сияқты кісілерге мұндай уақытта насихат қылу орынсыз, алайда саған сауап алуың үшін қолайлы уақыт келгенін ескертіп қоймақшымын, деп хат жазған екен.
Мұндайға ұқсас істер барша мұсылмандарға әрдайым ғибрат болуы керек.
2.4 Перзент өліміне берілер сый
جزاء موت الأولاد
وجاءت امرأة بابن لها يشتكى فقالت يا رسول الله أخاف عليه و قد قدمت ثلاثة فقال رسول الله صلي الله عليه وسلم لقد احتظرت بحظار شديد من النار رواه النساء ومسلم
Бір әйел науқастанып тұрған баласын әкелді де:
«Әй Алланың Елшісі, бұл жағдайдан қорқып тұрмын алдын үшеуін бергенмін», деді.
Ол Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с:
«Расында, тозақтан мықты қорғанмен қоршалыпсың», деді».
Насай және Муслим риуаятында.
عن أنس عن النبى صلى الله عليه وسلم قال ما من الناس من مسلم يتوفى له ثلاث لم يبلغوا الحنث الا أدخله الله الجنة بفضل رحمته اياهم رواه البخار والنساء
وفى رواية للنساءى مامن مسلمين يموت بينهما ثلاثة أولاد لم يبلغوا الحنث الا أدخلهما الله بفضل رحمته اياهم الجنة قال يقال لهم ادخلوا الجنة فيقولون حتى يدخل اباؤنا فيقال ادخلوا الجنة انتم واباؤكم
Анас Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с:
«пенделерден бір мұсылманның күнәсіз жас сәби үш перзенті өлген болса, әлбетте, Алла оны оларға болған рахымы себепті жаннатқа кіргізеді», деді».
Бұхари және Насай риуаяты:
Насайдің бір риуаятында:
«Екі мұсылманның араларынан болған күнәсіз үш перзенті өлсе, әлбетте Алла екеуін оларға болған рахымы себепті жаннатқа кіргізеді. Ол балаларға:
«Жаннатқа кіріңдер!» дейді.
Олар:
«Ата-аннамыз кірмейінше кірмейміз», дейді.
«Сіз де, ата-аналарыңда кіріңдер», дейіледі.
Шарх: Бұл хадисте балағат жасына жетпей өлген жас сәби балалар ата-аналарына шапағат қылулары баян етілуде.
Бұл хадисте жас балалары өлген момын-мұсылман ер-әйелдерге ұлы сүйіншіге және сабырлыққа, Алланың тағдырына разы болуға үндейді.
2.5 Науқасқа бару және оған дұға қылу
عيادة المريض والدعا له
Анас Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымызғ.с:
«кім жақсылап дәрет алып, сауап үмітінде мұсылман бауырының науқастығын сұрағалы барса, тозақтан жетпіс күз қашықтыққа ұзақ болады», деді.
«Әй Абу Хамза, күз деген не?» дейілді.
«Жыл», деді».
Абу Дәуіт риуаяты:
Шарх: «Абу Хамза» хазіреті Анас Алла одан разы болсын күнялары. Ол кісі хадисті риуаят еткенде есіткендердің кейбірі «күз» дегенде нені білдіреді деп сұраған. Сонда ол кісі «күз»-ден мақсат мезгіл емес, жыл екенін айтқан екен.
Бұл хадисте науқасты көруге қал-жағдайын сұрауға қызықтыру бар. Себебі тозақтан жетпіс жылға ұзақ болу әркім үшін үлкен бақыт.
Өмірімізде бұл хадиске амал қылып жасасақ, ахыретімізде жемісін жейміз.
Ибн Аббас риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с:
«Кім бір науқасты жағдайын сұрағалы барса, оның ажалы жетпеген болса, жеті мәрте: «Ас алаллохул ғазим. Роббал аршил ғазим ән иашфиак», десе, Алла сол науқасқа ауруына дертіне айықтырушы шипа береді», деді».
Шарх:
Науқасты көргелі барған адам осыған ұқсас басқада дұғаларды оқып дем салса болады.
Науқасты көргелі барған адам оған шипа тілеп дұға қылумен қатар, науқастың алдында ұзақ отырмауы шарт.
2.6 Мейттің жүзін ашса және сүйсе үкімі
يجوز كشف الميت وتقبيله
Айша Алла одан разы болсын риуаяты:
«Абу Бакр атына мініп, Суныхтағы мекенінен жетіп келіп түсті. Мешітке кірді. Адамдармен сөйлеспеді.Тура Айшаның жанына келді. Пайғамбарымыз ғ.с-ді көруге ниетін білдірді. Ол сызығы бар Иемен шапанына орап қойылған еді. Кейін ол кісінің жүздерін ашты,
Соң жылап тұрып:
«Әкем сізге құрбан болсын, әй Алланың Пайғамбары! Алла сізге екі өлімді жазбады. Сізге жазмыш өліммен өліпсіз», деді».
Бухари Насай риуаяты.
Шарх: Бүкіл әлемге мейірімді болып түскен Ардақты Пайғамбарымыз жан бергенде, Абу Бакр Мадина мунаууараның жоғарғы жақтағы Бани Харис ибн Хазраж мекендерінде болмыш Суных есімді жерде еді.Хабарды ести сала жылдам келеді және тура Айша анамыздың бөлмесіне кіреді. Себебі Пайғамбарымыз ғ.с. осы бөлмеде жан тапсырған. Сахабалар Пайғамбарымыздың жүздерін Иеменнен келген сызықты хибара деп аталушы шапанмен жауып қойған еді.
Бүтін әлемге нұрын шашқан, соңғы кітапты Рабил ғаламиннен қабыл қылып, үмбетке аманатпен жеткізген, сол қасиетті кітапты өмірлерінде өзінен өткізіп көрсеткен және аманатын өтеп, жеткізген Пайғамбарымыз кішкене бөлмеде жанын тапты.
Ол кісінің жүздерін көрген Абу Бакр шыдап тұра алмады. Еңкейіп маңдайларынан, жүздерінен сүйіп, шыдай алмай жылады.
«Әкем сізге құрбан болсын, әй Алланың пайғамбары!» деді.
Абу Бакр сыдық, арап әдеті бойынша айтса керек Болмаса дайындалып айтқандарында бір аталарын емес, бәлкім бүкіл нәрселерді де құрбан етер еді. Иә, Пайғамбарымыз ғ.с-ға дүниедегі барлық нәрсені құрбан етсе де аз.
«Алла сізге екі өлімді жазбады. Сізге жазмыш өліммен өліпсіз», деді».
Бұл сөздерді хазірет Абу Бакр Алла одан разы болсын Алланың өзі аян қылған болса керек. Болмаса, жеке жағдайда ешкім бұл сөзді айта алмайды. Себебі Алламен әлемді біріктіруші уахиге еге болғанның өліп қалуы біреудің ақылына сыймас еді.
Ақиқатында хазірет Абу Бакр Алла одан разы болсын бұл сөздерді айтып жатқанда басқа сахабалар бұған сенбей жатқан еді. Олардың ішіндегі ең батыры Омар Алла одан разы болсын болса, қылышын суырып алып әулісінде айланып жүрер еді және:
«Кім Мұхамедті өлді, десе, басын аламын, дер еді».
Хазірет Абу Бакр ақиқатында бүтін дүниенің қайғысын бірінші болып түсінген еді. Ол кісіге Алланың өзі аян берсе керек. Алла тағала Мұхамед ғ.с-ның өлулерін Құранда айтып қойғанында сол кісі бірінші болып түсінген.
Хазірет Абу Бакрдің Алла сізге екі өлімді жазбапты, деулеріде нақ даналықтың өзі еді.
Себебі Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с-ның өлгендерінен кейін және тіріліп келеді,кейбір адамдардың аяқ- қолдарын кеседі, деушілерде бар еді.
Хазірет Абу Бакрдің Ардақты Пайғамбарымыздың ғ.с-ның мүбәрак жүздеоін сүюлері ыхтиярсыз істерден емес еді. Бұл шариғатта рұқсат берген іс еді. Егер рұқсат болмаса ол кісі бұл істі жасамаған болар еді.Мейітті сүю Пайғамбарымыздан ғ.с. болған іс.
ІІІ-тарау. Мейіт үшін керекті істер
الفصل الرابع فيما يلزم للميت
Бір мұсылман өлсе,қалған мұсылмандардан оның қазасын естіп білгендерге төрт нәрсе кіпая жағдайында парыз болады.Осы нәрселерді олардан кейбіреулер орындаса кіпая дегені.Егер бір кісі ғана білсе, сол бір кісінің өзіне парыз болады.Аталмыш төрт нәрсе: Мәйітті жуу, кебіндеу,намазын оқу және көму.
Абдулла ибн Ахмет рахматуллахи алейхи «муснад» кітабінда
Убай бин Кағб Алла одан разы болсын риуаятында:
«Адам ғ.с. жанын періштелер алғаннан соң ол кісіні жуды,кебіндеді, хош иісті септі, қабір қазды ,лахыд қылды,жаназа намаз оқыды,сосын қабірдің үстінен кірпіш өріп ,қабірдан шығып топырақ тастады.Сосын: «Эй адам ұрпағы, осы сүннетіміз (жолымыз)» деді.
Мейітті жуып жатқанда киімдері шешіледі ,кіндігі мен екі тізесі арасына матамен бекітеді. Жамбасымен толық өткізеді,Қарнын бірнеше мәрте сылап ішінен артықша нәрселер шығарылады .Кейін әуретін жапқан жағдайда шалқасынан жатқызып жууға кіріседі. Әуелі дәрет, сосын ғұсыл құйындырады.
Мейітті жуып –тарап ,тазалап, хош иісті етіп кебіндеу, оған жаназа намаз оқу , Раббысына шырайлы етіп ,жөтелту үшін.
Умму Атиа Алла одан разы болсын риуаят :
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с. қыздарын жууда (жуушы әйелдерге )оң тарапынан бастаңдар , оның дәрет жайларынан бастаңдар»,деді.
Бесеуі риуаят
Шарх :
Бұл сөзді Пайғамбарымыз с.ғ.у. қыздары Зейнеп Алла одан разы болсын жаназасында айтқан . Зейнеп Алла одан разы болсын Абу Ас ибн Робихқа Алла одан разы болсын әйел еді .
Мейітті жуушы қолына шүберек қолғапты киіп алып, алдын мустахап қылдырады, ішкі дәретті алдырады . Кейін ниетпен дәрет қылдырады .Сосын басынан су құйып , ғұсыл қылдырады.
Тағы да сол кісіден риуаят:
«Біз Пайғамбарымыз с.ғ.у. –ның қыздарын жұмақшы болып тұрғанымызда алдымызға кірді . Оны су және сыдрмен үш мәрте ,бес мәрте не одан көп рет жуыңдар .Соңғысында кафурды қосындар. Болған кездеріңде мені шақырыңдар» деді .
Болған кезімізде оны шақырдық .Ол бізге «хиқуаларын» беріп ,оған бұны киіңіздер» деді».
Басқа бір риуаятта :
«Оның шашын үш өрім қылып өріп, арқасына тастап қойдық» артығымен қылған .
Тағы бір риуаятта :
«Оны тақ ,үш, бес не одан көп қылып жуыңдар» делінген .
Бесеуі риуаят қылған .
Шарх : Осы сөздерде Зейнеп Алла одан разы болсын жаназаларында болып өткен .
«Жуыңдар» ,деп амр болғаны үшін мейіт жуу шарт ,тақ жуу,мандуп болады.
«Сыдр» Арабстандағы өсімдік , оны сабын ретінде қолданады. Ғұламаларымыз осы сыдрға ұқсас нәрселерді қолданса болады деген.
«Кафур» бұл иіс май,Оны суға қосып мейітті жуғанда денесі қатады. Иісіне періштелер үймелейді .
«Хиқуа»еркек кісілер кіндіктен төмен орап жүретін киім . Пайғамбарымыз с.ғ.у. береке болу үшін қыздары Зейнепке Алла одан разы болсын хиқуаны кебіннің бірі болып істету үшін берген .
Сонымен қатар, бұл риуаятта шашы бар кісінің шашы тірі уақытындағыдай жуып, тазалап қою керектігін біліп аламыз.
3.1 Кебіндеу
التكفين
Лайла бинт Қаниф ас-Сақафия Алла одан разы болсын риуаят :
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с –ның қыздары Умму Күлсім қаза болғанда жуғандардың бірі мен едім . Пайғамбарымыз с.ғ.у. бізге әуелі «Хиқані» (лазымды) ,кейін «дирғты»(көйлекті),кейін «химар» (орамалды),кейін «милхафа» (паранжаны)берді.Сосын оны және басқа киімге кіргізді . Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с. есіктің алдында отырып ,оның кебінін қолдарымен бізге бір-бірлеп беріп тұрды».
Абу Дәуіт және Ахмет риуаят:
Шарх:Осы хадистен әйел кісінің кебіні бес киім кебінделу керек екені келіп шығады .Олардың тәртібі де осы хадисте айтылғандай болады. Себебі Пайғамбарымыз с.ғ.у. осылай жасаған.
Умму Күлсім Алла одан разы болсын хазірет Осман Алла одан разы болсын әйелдері еді.
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с. мақтадан болған үш киіммен кебінделген»
Шарх. Көпшілік ғұламалар осы абзал деген. Малики және Ханафи Мазхабында көйлектіде қосымша мұстахап, деген. Егер кебіндеуге еш нәрсе табылмаса ,ең қажеттісі әуретті тосу керек болады. Кейін шама жетсе басқа жерлерінде жабады. Пайғамбар с.ғ.у Ухуд соғысында Шейіттерін көмген уақытта кебіндікке мата таппай денесі ашық қалып кеткен шейіттердің ашық жеріне (ызхыр)есімді өсімдікті жұлып жабуға әмір еткен.
Жабыр Алла одан разы болсын риуаят :
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с. Хамза ибн Абдулмуталіпті жол-жол бір киімге кебіндеді»
Термизи риуаяты.
Шарх: Хамза ибн Абдулмуталіп шейіттердің шейіті. Пайғамбар с.ғ.у-ның туыс ағайыны Ухуд соғысында шейіт болған. Бұл әйгілі қисса. Кедейліктен, киім жетпегендіктен, хазірет Хамза Алла одан разы болсын басқа шейіттер сияқты өз киімдерінен ашық қалған жерлерін бекіту үшін тек бір ғана жол-жол мата табылған. Бұл хадистен мата табылмаса біреу болсада ақ болмай, жол-жол болсада бола береді деген үкім келіп шығады.
3.2 Ихрамдағы кісінің кебіні.
كفن المحرم
Ибн Аббас Алла одан разы болсын риуаят:
«Бір адамның түйесі жығылып иесін өлтірді. Ол ихрамда еді. Біз Пайғамбарымыз с.ғ.у. мен бірге едік. Пайғамбар с.ғ.у:
«Оны су және сыдр мен жуып екі киімде кебіндеңдер.Оған әтір сеппеңдер және басын жаппаңдар .Себебі Алла оны қиямет күні «Лаббайды» айтқан түрде тірілтеді», деді».
Бесеуі риуаят:
Шарх: Бұл жағдай хажылықта, арапатта болған атақты уақиға. Пайғамбар с.ғ.у.мен бірге хажылық қылғандар көрген білген уақиға. Алайда бұл уақиғадан үкімдерді түрліше ғұламалар айтқан.
Шафеғи мазхабы бойынша Хаж немесе умра ихрамында қаза болғанды осы уақиғадағындай адамға ұқсап, екі ихрам киіміне кебінделеді .Басы жабылмайды, әтір себілмейді делінген.
Ханафи және Малики мазхаптары бойынша өліммен ихрам қырқылады.Басқа мейіттерге ұқсас не жасалса, ихрамдағы өлген кісіге де солар жасалады. Біз үйреніп жатқан хадис, аталған кісінің жалғыз өзіне сай үкім басқаларға болмайды. Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с. түйесінен жығылып өлген адамға сай үкім қылған.
3.3 Жуу, кебіндеу уақытында хош иісті жағу және жақсылықтарын ғана айту.
ينبغي البخور وقت الغسل والتكفين وذكر المحا سن
Абу Сағид Алла одан разы болсын риуаят:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с:
«Ең жақсы хош иіс миск»деді».
Бесеуінен тек Бухари риуаят етпеген.
Шарх: Бұл хадисте өлім жайында сөз жоқ. Жалпы жағдайлар үшін айтылған, жалпы жағдайдан ғибрат алып өлікті жуу және кебіндеу уақытында хош иісті миск болса жақсы болады.
Айша Алла одан разы болсын риуаят :
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с
«Өліктеріңді сөкпеңдер. Себебі олар өздері жасаған нәрсеге жеткен», деді».
Бұхари Насай риуаяты :
Шарх: Өліктер бұл дүниеде нені қылған болса соған жараса жаза немесе сауап алып жатыр .Оларды сөгу дұрыс емес . Өлгендерді сөгу қараңғылыққа кеткендердің ісі. Мұсылман тек жақсылықтарын ғана айтады. Алланың үкіміне жолыққандарға пенделер сөгулері жақсы емес.
3.4 Мейітке намаз оқу үкімі
الصلاة علي الميت
Жаназа намаздың шарттары да басқа намаздардың шартына ұқсайды. Жаназа намазына да барлық намаздарда болғаны сияқты дәрет, әурет жері бекітілу,қыбылаға жүздену шарт.Жаназа намазы- парыз кифая.
Әлбетте, жаназа намазына тиісті нәрселер бар- мейіт жуылған және кебінделген болуы шарт. Жаназа намазының рукундері Ханафи мазхабы бойынша қиям және төрт тәкбір айтудан тұрады.
Жаназа намазының хикметі мейітке дұға және шапағат ету.
Енді Ханафи мазхабы бойынша жаназа намазын қалай оқылуын көріп шығайық:
«Ниет қылған соң, тәкбір айтып құлақ қағылады.
Кейін «Субханакаллохумма уа бихамдиканы» оқып , және тәкбір айтылады, алайда қол көтерілмейді.
Соңыра намаздағыдай «Аллохумма солли аьла» лар оқылып , қол көтерместен және тәкбір айтылады
Кейін , «Аллохуммағфирли хайина уа маиитина» ақырына дейін оқылып және бір тәкбір айтылып , сәлем беріледі.
Жаназа намазына кешігіп келген адам имамның төртінші тәкбірінен кейін келсе ,намазға кеш қалған болады.
Егер төртінші тәкбірден алдын келсе ,тәкбір тахриманы айтып ,имамға ереді. Кейін имамның тәкбіріне ұяды. Имам сәлем бергеннен кейін қалған тәкбірлерді өзі айтады. Егер мейітті желкеге көтеруден және өзінің кеш қалғанынан қорықса, дұғаларды оқымай қалған тәкбірлерді кетпе –кет айтады».
Абу Хурайра Алла одан разы болсын риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с жаназа намазын оқыды және:
«Ей Құдай! Тірілерімізді және өлілерімізді, кішілерімізді және үлкендерімізді, еркектерімізді және әйелдерімізді, барларымызды және жоқтарымызды жарылқа. Ей Құдай! Бізден кімді тірілтірсең, иманда тірілт. Бізден кімді қаза қылдырсаң, исламда өлтір. Ей Құдай! Оның сауабынан бізді құр қалдырма және одан кейін бізді қараңғылыққа кеткізбе», деді».
Сүннет иелері риуаяты:
Имам Термизидің риуаятында әуел Ислам, кейін иман айтылған. Сол сияқты Ханафи мазхабында жаназа намазындағы дұға етіп, қабылданған.
Абу Хурайра Алла одан разы болсын риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз с.ғ.с Нажаши өлген күні оның өлгені жайында хабар берді. Адамдармен намаз оқитын жерге шықты, оларды сапқа тұрғызды және төрт тәкбір айтты».
Бесеуі риуаят еткен.
Шарх: Нажаши Эфиопия (Хабашистан) патшасының лақабы, яғни кім Хабашистанға патша болса, Нажаши деп аталған. Рим патшасын Қайсар, Парсынікін Кисра және Мысырдікін перғаун деп аталған сияқты. Осы аталған Нажаши Алла одан разы болсын шын есімі –Асхама болған.
Бұл кісі Мекке мүшриктерінің зұлымынан қашып, Хабашистанға хижрат қылған мұсылмандарды құрмет қылған. Мүшриктер аталған мұхажір мұсылмандарды өздеріне қайтарып беруді сұрап, Әмір ибн Асс және басқа кісілерді жібергендерінде де қайтарып бермеген.
Кейін Нажаши өзі Исламға кіріп, жақсы мұсылман болған. Умму Хабиба анамыз Алла одан разы болсын Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с. атынан көптеген сыилықтар берген.
Ислам үшін үлкен қызмет жасаған бұл кісі өлгенде Жебрәйіл ғ.с. Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с-ның алдарына келіп, оның қазасы туралы хабар берген.
Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с. сахабаларға, бүгін Алланың салих пенделерінен бір пенде, өлді, деп Нажаши Алла одан разы болсын жайлы хабар берген. Соңыра осы риуаятта келгендей, адамдармен намаз оқитын жерге шықты, оларды екі сап қылып тізіп, ғайып жаназа намазын оқыған, онда төрт тәкбір айтқан. Бұдан жаназа намазында төрт тәкбір айту алынған.
Ғайып жаназа оқу жайында ғұламалар, дәлірек, мазхаб бастықтары екіге бөлінген.
Имам Шафиғимен, Имам Ахмет осы хадиске сай, ғайып жаназа оқыса болады, деген.
Имам Ахмет бір кісі өлгеннен кейін оған бір айға шейін ғайып жаназа оқыса болады, бір айдан кейін дененің шіруін еске алсақ, ғайып жаназасын оқу дұрыс емес деген.
Ханафи және Малики мазхабы ғұламалары ардақты Пайғамбарымыз ғ.с-ның Нажашиге ғайып жаназа намазын оқуы тек Нажаши үшін ғана.Ол кісі Пайғамбарымыз ғ.с. басқа ешкімге ғайып жаназа намазын оқымаған. Нажаши исламға жекелеген қызметтері үшін оның өлімі жайындағы хабарды да Пайғамбарымыз ғ.с-ға Жебрейіл ғ.с. келтірген, Пайғамбарымыз жеке өзі құрмет көрсетіп ғайып жаназа намазын оқыған. Кейбір риуаяттарда айтылуынша, періштелер оның жаназасын Пайғамбарымыз ғ.с-ның алдарына алып келіп тұрған.
Бұл жайында Имам ибн Хиббан сахих кітаптарында
Имран ибн Хусейн Алла одан разы болсын қылған риуаятта:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с:
«Әлбетте, бауырларыңыз Нажаши өлді, тұрыңдар, оған намазын оқыңдар», деді. Кейін Пайғамбарымыз ғ.с. тұрды және арқасынан сап-сап тұрды, кейін төрт мәрте тәкбір айтты.
Олардың ол ( Нажаши)дің жаназасы Пайғамбарымыз ғ.с-ның алдарында тұрғаннан басқа күмәндары жоқ еді», делінген.
Бұл жағдайды Абу Ауана, Уахиди және басқаларда риуаят қылған. Сол риуаяттарда жаназа оқыған сахабалардың Нажашидің жаназасы алдымызда тұрды, дегеннен басқа пікірлері болмағаны айтылған.
Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с-ның уақыттарында көптеп сахабалар түрлі жерлерде өлген, олардың өлімі жайында хабарлар Пайғамбарымыз ғ.с-ға жетіп келген, алайда біреуінеде ғайып жаназасын оқымаған.
3.5 Жаназа намазын оқудың сауабы
және намаз оқушы қай жерде тұруы.
فضل الصلاة علي الجنازة ومقام المصلي منها
Абу Хурайрата Алла одан разы болсын риуаяты:
«Кім жаназаға намаз оқылғанша келсе, оған бір қират сауап, кім көмгенше барса, оған екі қират сауап», деді».
«Екі қират не?» дейілді.
«Екі үлкен тауға ұқсас нәрсе», деді».
Бесеулері риуаяты:
Басқа бір риуаятта:
«Екеулерінен кішісі Ухудқа ұқсас», дейілген.
Ибн Омар жаназаға намаз оқып, қайтып кетер еді. Ол кісіге Абу Хурайраның хадисі жеткенде:
«расында, көптеген қираттарды зая қылыппыз», деді».
Шарх:Осы хадисте жаназада қатынасу, жаназа намазын оқу үлкен сауапқа себеп болуы,көмуіндеде қатынасу және соған сауапқа ие болу жайында сөз болуда.
Үлкен таудай сауап алу аз нәрсе емес. Әлбетте, бұл нәрсе сауап үмітінде жаназаға қатынасқан кісілерге беріледі. Жаназа және көмуге басқа үмітпен барғандарға сол үміт қылған нәрселері беріледі.Осы мағынаны ғұламаларымыз жеке нақтылауда. Себебі басқа хадистерде сол мағына өз орнын тапқан.
Ибн Омар Алла одан разы болсын өз ойынша кейде үлкен және ғалым сахабаларда кейбір мәселелерден хабардар болмай қалулары мүмкін екендігін түсінеміз. Сонымен бірге олардың кішіпейілдіктері, ғылым ілім жеткенде тезде қабыл қылуларын білеміз. Біздерде олардан ғибрат алуларымыз керек болады.
Осы хадиске амал қылып, әрдайым жаназа намазына қатынасып оны оқуға және мейітті көмуге де қатынасуға әрекет қылуымыз керек.
Абу Ғаліп Алла одан разы болсын риуаяты:
«Анас ибн Маликпен бір ер кісіге жаназа оқыдым, ол оның бас жағында тұрды. Сосын құрйштық бір әйелдің жаназасын алып келді.
«Әй Абу Хамза, бұл әйелге жаназа оқы», дейілді.
Кейін, ол табыттың ортасына тұрды. Сонда оған Ағла ибн Зияд:
«Пайғамбарымыз ғ.с. жаназада бұл әйелге тұрған орныңда және ер кісіге де сен тұрған орныңда тұрғандарын көргенбісің?» деді.
«иә», деді Анас ибн Малик оқып болғаннан соң, «жаттап алыңдар»,деді».
Термизи, Абу Дәуіт және Ахмет риуаят қылған.
Шарх:
Абу Ғаліп (куниасы) мен әйгілі бұл кісінің есімдері Нафеғ Бахили ал Басри.
Хадистерді Анас ибн Малик, Ағла ибн Зияд ал-адауилерден риуаят қылды.
Бұл кісіден Хаммам ибн Яхя, Абу Сахбан, Абдурахман есімді ұлдары және Абдулуарис ибн Сағд және басқалар риуаят қылған.
Осы риуаятта жаназада имам әйел кісіге табыттың ортасында тұруы.
Бұл хадисте жаңа келген нәрсе жаназа еркек болса, имам оның бас жағында тұруы.
Ханафи мәзхабында көкірек тұсында тұрады, дейіледі. Себебі жүрек, қалып сол жерде, иман сол жерде. Шапағат сұраушы сол жерде тұрғаны абзал, дейіледі.
Екі жаназа намазында қатысқан ұлы сахаба Анас ибн Малик Алла одан разы болсын ер кісінің жаназасын оқығанда бас жағында тұруы, әйел кісінің жаназасын оқығанда ортасында тұруы Пайғамбарымыз ғ.с. сүннеттері екенін сұрап алулары ілімді күшейтеді, анықтап алудың бір түрі.
3.6 Жаназа намазы мешітте оқылса болады.
يصلي علي الجنازة في المسجد
Абу Салама ибн Абдурахман Алла одан разы болсын риуаяты:
«Садуақас өлген кезде Айша:
«Оны мешітке алып кіріңдер менде оған жаназа оқиын», деді. Оның бұл сөзі қайтарылды. Сонда ол:
«Адамдар қалай тез ұмытады-а! Аллаға ант, Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с. Байзаның ұлдары, Сухайл және оның інісіне мешітте жаназа оқыған ғой», деді».
Бесеулерден тек Бухари риуаят етпеген.
Шарх:
«Байза» сахаба әйел Алла одан разы болсын сипаттары болып ақ мағынасында, ол кісінің (куниалары) еді.
Умму Сухайл, есімі Дағд болған.
Сухайлдің інісінің есімі Сафуан болған. Аталары Уахб ибн Рабиға ал- қурайш болған.
Осы риуаяттан мешітте жаназа намазын оқуға болатынын келіп шығады. Хазірет Абу Бакр және хазірет Омар Алла олардан разы болсын жаназалары мешітте оқылған.
Осы риуаятта Айша анамыз Алла одан разы болсын абзалдығы, құрметтері және ілімдері ашық-айқын көрініп тұрыпты. Және әйел кісіде жаназа оқуы мәлім болуда.
3.7 Қабыр және ғайыпқа жаназа оқу.
تجوز الصلاة علي القبر وعلي الغيب
Абу хурайра Алла одан разы болсын риуаяты:
«мешітті сыпырып жүретін қара әйел немесе жігіт бар еді. Пайғамбарымыз ғ.с. оны жоғалтып қойып, ол жайында сұрады.
«ол өлді», деді.
«мені шақырсаңдар болмаспа еді?!» деді.
Кісілер оның бұл жайын кіші санаған еді.
Ол кісі:
«Маған оның зиратын көрсетіңдер», деді. Кейін ол кісіге зираты көрсетілді және оған намаз оқыды және кейін:
«Әлбетте, бұл зираттар өз иелері үшін зұлматпен толады. Әлбетте, Алла Тағала оларды менің намазыммен нұрлы жарық қылады», деді».
Үшеуі риуаят қылған.
Шарх: Осы риуаятты құжат қылып, Шафеғи және Ханбали мәзхаптары зират үстінен жаназа намазын оқыса болады, дейді.
Алайда Малики және Ханафи мазхаптары зират үстінен жаназа намазын оқып болмайды. Пайғамбарымыз ғ.с. мешітті сыпырып жүретін әйелге зират үстінен жаназа намазын оқығандары өзіне сай, оны жалпылатуға болмайды, дейді.
Олардың мазхабы бойынша тек жаназасыз көмілген мейітке қана зират үстінен жаназа оқуға болады. Болмаса, сол адамға жаназа оқылмай қалғаны үшін барлық мұсылмандар күнахкар болады. Тек бір топ мұсылмандар парыз кіпаяны орындап, өлген мұсылман адамдардың жаназасын оқып көмді ме, басқалары зират үстінен жаназа оқуларына орын жоқ, дейіледі.
Пайғамбарымыз ғ.с. аталған әйелге жаназа намазын зират үстіне барып оқыған болса белгілі мағыналар үшін қылған болып, бұл нәрсе Пайғамбарымызға сай іс.
Мұны хадистің соңында:
«Әлбетте бұл зираттар өз иесі үшін зұлматпен толады. Әлбетте, Алла Тағала оларды менің намазыммен нұрландырар», деген сөздерінен біліп алса болады.
Бұл риуаятта фиқһ мәселеден тыс, мінез ұлылығыда табылған. Пайғамбарымыз ғ.с. басқа сахабалардың зиратына жаназа намазын оқығандары мәлім емес. Алайда не үшін мешітті сыпырып жүретін қара әйелдің жаназасын зираты үстіне барып оқыды? Сахабалардың жаназа оқып көмгендеріне қанағаттанбады ма?
Риуаятта айтылғандай, сахабалар ол әйелдің ісін кіші санаған еді, риуаятта келуінше, жаназаны кеште оқыған еді. Соның үшін бір қара әйелдің жаназасына Пайғамбарымызды оятып, әуре қылып жүреміз бе, деген еді. Бұл іс, Ислам дініндегі адамдар теңдігі, тек иманды және тақуалықтарына қарап тақдырланулары жайындағы тағлымдарына теріс еді.
Пайғамбарымыз ғ.с. бұл істі бей жай тастап қоя алмас еді.Егер сондай жасалмаса, кейіншелік жаназа өліктің мал-дүниесіне, мансабына қарап оқылатын болып кетер еді.
Адамдар Ислам тәліміне ұзақ бола бастағанда сондай болды да. Мұсылман кісілер бұл мәселеде де Пайғамбарымыздан ғибрат алулары керек. Айнықса, имам-хатиптер, ғұламалар бұл іске жекелей мән берулері шарт.
Жабыр Алла одан разы болсын риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с.
«Бүгін Хабашта бір салих адам өлді, келіңдер, оған намаз оқыңдар», деді.
Сапқа тұрдық. Пайғамбарымыз оған жаназа намазын оқыды, біз сап қылып тұрдық. Жабыр:
«Мен екінші е үшінші сапта едім», деді».
Бесеуі риуаяты.
Шарх: Бұл риуаятта Хабашистан патшасы Нажашидің өлімі және оған оқылған ғайп жаназа намазы жайында сөз етілуде.
Бұл мағынадағы хадис жоғарыда өтті.
3.8 Бірнеше жаназаға бір намаз жеткілікті
تكفى الصلاة على الجنائز
Харис ибн Науфал Алла одан разы болсын мауласы Аммардан риуаят:
«Ол Умму Күлсім және оның баласының жаназасына қатынас еді.
«Баланы имамға жақын қойды. Мен бұған қарсы болдым. Адамдардың ішінде ибн Аббас,Абу Сағид ал-Худри, Абу Қатада, Абу Хурайра бар еді. Олар:
«Сүннет осы», деді».
Абу Дәуіт және Насайриуаяты:
Шарх: әуелі жеткізуші Аммар рахматуллохи ғалейхи мен жақындап танысып алайық:
Аммар ибн Абу Аммардың (куниалары) Абу Абдулла. Бұл табиғиндерден риуаят еткен хадистері сенімді болып саналады.
Хадистерді ибн Аббас, Абу Хурайра, Абу Сағидул Худри, Абу Қатадан, Абдулла ибн Науфал, Жабыр ибн Абдуллалардан риуаят етті.
Бұл кісіден Ата ибн Аби Рабах, Нафеғ, Али ибн Зайд, Шұғба, Муаммар, Жүніс ибн Убайда, Халид ал-Хузағи және басқалар риуаят қылды.
Бұл кісі Халид ибн Абдулла уалилік еткенде уапат етті.
Осы риуаятта есімдері аталған Умму Күлсім хазірет Алидің қыздары еді. Ол кісі баласы Зайдпен бір уақытта уапат еткен. Қайсысы бірінші, қайсы бірлері кейін үзілгенін біліп болмаған. Соның үшін мирас мәселесіде бұл риуаятта екі фиқһи мәселе алынады.
- Бірнеше мейітке бір жаназа намазын оқу мүмкін.
- Жаназа бірнеше болғанда Әуел еркек тегін имам жаққа жақын қылып қойып, кейін әйел тегін қою керек. Үлкен және ілімді атақты сахабалар куәлік берілуінше, бұл амал сүннет екен.
3.9 Сап көп болса, қабыл болуға үмітті болады.
كثرة الصفوف أرجى للقبول
Ибн Аббас Алла одан разы болсын риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с.
«қайсы бір мұсылман адам өлсе, оның жаназасында Аллаға серік келтірмеген қырық кісі тұрып оқыса, әлбетте, Алла оған соларды шапағатшы қылады», деді».
Муслим және Абу Дәуіт риуаяты.
Шарх: Осы риуаяттан аларымыз мүмкіндігі барынша жаназа намазын ықыласты, тақуалы момын-мұсылмандардың көбірек қатысулары шарт.
3.10 Мұсылмандардың мейітке айтылған мақтауы қабыл.
ثناء المسلمين على الميت مقبول
Анас Алла одан разы болсын риуаяты:
«Бір жаназаны алып өтілді.Оның жайында жақсы сөздер айтылды. Пайғамбарымыз ғ.с. уәжіп болды, уәжіп болды, уәжіп болды, деді.
Және бір жаназаны алып өтілді. Оның жайында жаман сөздер айтылды. Пайғамбарымыз ғ.с, уәжіп болды, уәжіп болды, уәжіп болды, деді.
Омар Алла одан разы болсын:
«Ата-анам сізге құрбан болсын, не уәжіп болды?» деді.
Сонда Пайғамбарымыз ғ.с:
«Жақсы сөздер айтылған адамыңызға жаннат уәжіп болды. Жаман сөздер айтылған адамыңызға тозақ уәжіп болды. Сіз Алланың жер жүзіндегі куәгерлерісіңдер. Сіз Алланың жер бетіндегі куәгерлерісіңдер, сіз Алланың жер бетіндегі куәгерлерісіңдер», деді».
Бесеуі риуаят қылған.
Насайдің сөзінде:
«Періштелер Алланың аспандағы куәгерлері. Сіздер Алланың жер жүзіндегі куәгерлерісіңдер» дейілген.
Шарх: Имам Һакім риуаятында айтылуынша, бірінші жаназа жайында сахабалар:
«Бұл Алланы және Оның елшісін жақсы көрер еді.Алланың құлшылығын жасар еді және әрдайым соған ынтық еді», деген.
Яғни, бірінші өткен жаназа ықыласты, тақуалы, момын-мұсылман адам болған екен. Сахабалар куәлік берген. Міне сол куәліктері қабыл болып, аталған адамға уәжіп болды.
Және Имам Һакім риуаят қылуынша, екінші жаназа жайында сахабалар:
«Бұл Алланы және оның елшісін жақсы көрмес еді. Аллаға күнәхкар болар еді және әрдайым соған ынтылар еді», дейілген.
Бұл екі куәлікті де Пайғамбарымыз ғ.с. бұл кімнің жаназасы, деп сұрағандарынан соң берген.
Имам Табарани Кағып ибн Ужра Алла одан разы болсын риуаят қылуынша, Пайғамбарымызға жаназаны алып келгенде, бұл қандай жаман адам, деп оның жайында жаман сөздер айтылған. Сонда Пайғамбарымыз ғ.с, соларды анық білесіздер ме, деген. Сахабалар, иә, дегенде, Пайғамбарымыз уәжіп болды, деген.
Әуелгі хадистерде өлгендерді тек жақсылықпен еске алу жайында сөз кеткен еді. Бұл жерде жамандықпен айту қандай болды, деген сауал пайда болуы табиғи.
Біріншіден, өлгендерді сөгуден қайтару мағынасындағы хадистер мұнапіқ және күнә істерді ашық-айқын қылмаған кісілерге сай. Алайда осы тайпаны олардың жолынан оларға еруден бас тартқызу үшін жаман сөздермен еске алу харам болмайды, дейілген.
Соған ұқсаған басқада сауалдар кәзір біз үйреніп жатқан хадистердің сыртқы мағынасынан келіп шыққан. Осы хадистерді сырттан үйренген адамда бұл дүниеде нені қылса қылып жүрген адам өлгеннен кейін артынан адамдар жақсы еді, деп куәлік берсе жаннаттық, бүкіл өмірін тақуа және ғибадатпен өткізген адам өлгеннен кейін адамдар артынан жаман еді, деп куәлік берсе, тозақтық болып кете береді деген ой пайда болуы мүмкін.
Негізінде олай емес. Әуел жоғарыда айтылғандай, Пайғамбарымыз ғ.с. уәжіп болды, деулерінен алдын сондай екенін білесіз бе, деп сұраған. Яғни мейітке берілген куәлік алдын сұрастырып кейін жаннат немесе тозақ уәжіп болды, деген. Соның үшін мұндай куәлікте тірілердің куәлігі өліктердің амалына сай келулері керек, деген шарт келіп шығады.
Өткен атақты ғұламалардан ибн Ат-тин рахматуллохи ғалейхи:
«Бұл іс сахабаларға сай. Олар әрдайым даналықпен сөйлер еді», деген.
Сонымен, бұл іс сенімді және тақуалы кісілерге сай, деген ғұламаларда бар.
Имам Ахмет рахматуллохи ғалейхи Абу Қатададан риуаят қылуынша, Пайғамбарымыз ғ.с. аталған екі кісіден жамандардың жаназасын оқымай, мақталған кісілердің жаназасын оқыған екен.
3.11 Өзін-өзі өлтіргенге жаназа үкімі
لا يصلى على قاتل نفسه
Жабір ибн Самура Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымызға өзін мишқастармен өлтірілген адам алып келінді. Кейін ол оған жаназа оқымады».
Бесеулерінен тек Бухари риуаят етпеген.
Шарх: «мишқас» пышаққа ұқсас нәрсе.
Өзін-өзі өлтіру Исламда қатты қараланады.Бұл іс момын-мұсылманға тура келмейтін іс. Өзін-өзі өлтіру Алланың тақдырына наразы болу, Алла берген өмір нығметіне шүкірсіздік. Өзін-өзі өлтіру мұсылмандарға сай болмаған қорқақтық іс.
Пайғамбарымызғ.с. өзін-өзі өлтірген адамға жаназа намазын оқымағандары бұл адамдардың қылған қолайсыз ісі үшін жаза. Ахыретте жеке жазалар болады.
Имам Бухари Сабит ибн Заххак Алла одан разы болсын риуаят қылған хадисте Пайғамбарымыз ғ.с:
«Кім өзін темір аспаппен өлтірсе, жаханнамда сол аспабымен азапталады», деген.
Имам Бухари Жундап Алла одан разы болсын риуаят қылған хадисте Пайғамбарымыз ғ.с:
«Бір адамның жарахаты бар еді. Ол өзін өлтірді. Сонда Алла ғазза уа жалла:
«Пендем менен алдын жаны жайында өзі асығыстық қылды.Мен оған жаннатты харам қылдым», деді» деген.
Имам Бухари Абу Хурайра Алла одан разы болсын риуаят қылған хадисте Пайғамбарымыз ғ.с:
«Өзін-өзі буындырған тозақтада өзін буындырып тұрады. Өзін-өзі пышақ ұрған тозақтада пышақ ұрып тұрады», деген. Демек өзін-өзі өлтірген адам тозаққа түсуінде еш күмән жоқ.
Адамдарға өрнек болу үшін бұл дүниеде де оған өзгеше іс көріледі.
Омар ибн Абдулазиз, Аузағи және Имам Ахметтің мәзхаптары бойынша өзін-өзі өлтірген адамға жаназа намазы оқылмайды.
Ғұламалар- Ислам дәулетіне қарсы шыққандар және пасықтарға да сол өзін-өзі өлтіргеннің ісі жасалады, дейді. Басқаларда бұлардың қылмысын жасамасын үшін.
Қалған үш имамдар, өзін-өзі өлтіргенге Пайғамбарымыз ғ.с. жаназа оқымаған, алайда басқаларға оқуға әмір еткен. Соның үшін танымал болмаған жеке адамдар оқып қойса, бола береді, дейді.
3.12 Мейіт ісін тездету және сағыныштағы өлім.
التعجيل بأمرالميت وموت الغربة
Али Алла одан разы болсын риуаяты:
« Пайғамбарымыз ғ.с.
«Әй Али, үш нәрсені кешіктірме: намазды уақытысы келгенде, жаназаны және ері жоқ қызды қашан оның теңін таппайынша», деді».
Термизи, Ахмет және Һакім риуаяты.
Шарх: Осы хадисте кешіктіріп болмайтын үш нәрсе жайында болуда:
- намаз
Намаз уақыты парыз. Оны еш кешіктіріп болиайды. Тек ұмыту е ұйықтап қалса, үзір болуы мүмкін.Басқс үзір жоқ. Намазды уақытында оқу қажет.
- жаназа
Жаназаны да үзірсіз кешіктіру харам.Үзір тек жақын кісілерін, құрметті және салихалы кісілерді күту болуы мүмкін.
3.ері жоқ қызды күйеуге беруді кешіктіріп болмайды.
Бұл іс кешікседе бұзақылыққа алып баруы мүмкін. Соның үшін қыздың теңін тауып тезірек ұзатуға ұмтылу, асығу керек.
Абдулла ибн Әмір Алла одан разы болсын риуаяты:
«Мадинада сол жерде туылған бір кісі өлді.Пайғамбарымыз ғ.с. оған жаназа оқыды кейін:
«Қане еді, ол туылған жерінен басқа жерде өлгенде еді», деді.
«Неге бұлай дедіңіз әй Алланың елшісі?» дейілді.
«Қашанда бір адам өзі туылған жерінен басқа жерде өлсе, жаннаттан оған туылған жерінен өмірі қырқылған жерге шейін өлшеп беріледі», деді».
Насай риуаяты.
Шарх: себебі сағынышта өлген адам отан сағынышымен өледі. Алла Тағала сол пенде салих пенделерден болса, жаннатқа кіргізіп, жасаған жақсы амлдар сыйлығына, сағыныш қиыншылықтарына туылған жерінен, сағынышта өлген жеріне шейін болған жерді қырқып, оның ыхтиярына берер екен.
Бұл хадис адамдар ішінде, пәлене арманда өлді, деп кемсітіп айтатын сөздері дұрыс емес екендігін көрсетеді. Пенде салих болса, Алланың әмірінде жүрсе, қайжерде болса да қадірлігін таба біледі. Алайда кәпір, екі жүзді, пасық, ғибадатсыз болса, қай жерде өлседе тура жаханнамның өзіне жол ала береді.
Сонымен жаназа намазы жайында мәліметтер де ахырына жетті.Енді көму және басқа жаназа намазынан кейін болатын істер жайындағы хадистерді үйренеміз. Ойға кейбір түйген жәйттер түйген мәселелер келді.
Мұсылман адам бұл дүниеден кетуі алдын жасалатын ең ахырғы және ең маңызды іс оған жаназа намазын оқу. Иә, нақ намаз, басқа нәрсе емес. Басқа не болса болсын, бәрібір, намаздың орнына өтпейді. Соның өзінен мұсылман адамның өмірінде намаз қаншалықты орында екенін біліп алса болады.
Жалпы, мұсылман адам өмірі барлық жақтан намазбен оралған. Осы нәрсені өте жақсылап, ойлап көруіміз керек.
Адам туылуымен бірге есім қояды оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылады. Иә, намазға айтылатын азан және намазға айтылатын қамат айтылады.Басқа нәрсе айтылмайды. Не үшін? Жақсы ниет үшін. Бала есейгенде намаз оқитын, тәңірлік шақыруға жауап беретін болу үшін.Соның өзіненде намаздың маңыздылығын түсініп алса болады. Әне сол күннен бастап мұсылман адам өмірі намазбен тығыз қатынаста бола бастайды.
Мұсылман адам өлгенде де оған намаз оқылуы керек. Мұның үшін жаназа намазы жаря қылынған.
Көпшіліктің пікірінде бір тура пікір қалыптасқан. Ол да болса, жаназа оқымай өлікті көміп болмайтын жайлы.Өзгелер де жаназа намазын оқытпауға әр қанша ұрынсада іске асырылмайды. Себебі барлығының пікірінде жаназа намазы оқылмаса болмайды деген түсінік бар.Мұсылман адам жаназа намазынсыз көмілу мүмкін емес, деген түсінікте бар.
Бұл орынды түсінік.
Енді парыз намазы жайында да тура сол түсінікте болуымыз керектігін түсінуіміз керек.
Жаназа намазы оқылмай қалудан қатты қорқып, кімге жаназа намазы оқылмаса, тоңыз қаумында кетеді, тозаққа түседі, деген түсінікпен байланысты. Парыз намазы оқылмауыда сол сияқты мағынада қабылдануы керек. Себебі бір уақыт парыз намазын оқымаған адам мәлім уақыт тозақта күюі мәлім.
Жалпы мұсылман өмірін намазсыз пікірлеуге елестетуге болмайды.
3.13 Жаназадағы жүру әдептері.
الفصل الخامس في آداب السير فى الجنازة
Ибн Омар Алла одан разы болсын риуаяты.
«Пайғамбарымыз ғ.с, Абу Бакр және Омар жаназа алдында жүріп бара жатқандарын көрдім».
Сүннет иелері, Ахмет, ибн Хиббан риуаяты және сахих деген.
Шарх: аталған кісілердің жолынан жүрген тақуа және салих кісілер жаназаның алдында жүріп барулары жақсы, себебі жаназаны күзетіп барушылар шапағатшылар болады, шапағатшы өздері шапағат беретін кісілердің алдында жүргендері абзал, дейді ғұламаларымыз.
Мұғира Алла одан разы болсын риуаяты.
«Пайғамбарымыз ғ.с:
«Көлік мінген жаназаның арқасынан жүреді, жаяу жүруші арқасынанда, оң жағынан да сол жағынан да оған жақын болып та жүреді», деді».
Сүннет иелері риуаяты.
Һаким сахих деген.
Шарх: көлік мінген адамның өзіне қолайлы болғанмен басқаларға қолайсыздық жасайды дегенін ескерсек оның жаназаның артынан жүруі дұрыс.
Уяина ибн Абдурахман Алла одан разы болсын
Ол кісі атасынан риуаят етеді:
«Ол атасы Усман ибн Абул Астың жаназасында болған:
«асықпай жүріп барар едік. Арқамыздан Абу Бакра жетіп келді. Дауысын көтеріп:
«Пайғамбарымызбен бірге болғанда тездетіп жүрер едік!» деді».
Абу Дәуіт және Насаи риуаяты.
Шарх: Уяина ибн Абдурахман ибн Жушан Ғатафани ал-Басрқи, куниалары Абу Малик.
Хадистерді аталарынан және Ибн Абу Рубайға ибн Жушан, ибн Омар құлдары Нафеғ, Аюб ибн Муса, Али ибн Зайд ибн Жунғандардан риуаят қылды.
Бұл кісіден ибн Мубарак, Иса ибн Юнус, Халид ибн Харис Абу Убайда, Абу Асим, Абу Абдурахман Мунқарилер риуаят етті.
Осы риуаяттан жаназаны көтеріп асықпай жүріп болмайтындығы келіп шығады. Мұндай қылу басқа діндегілердің әдеті.
Мейітті жуып кебіндегеннен кейін шалқасынан табытқа қойылады.Табытты төрт жағынан төрт кісі көтеруі сүннет. Табытты көтеруші адам әуел оның алдыңғы сол жағына келіп, оң желкесімен көтереді. Он қадам жүргеннен кейін басқасына беріп арт жақтасына өтеді. Оны да оң желкесіне алып он қадам жүреді.Кейін басқа адамға береді. Кейін табытың оң жағынының алдына келіп, сол иығына қойып, он қадам жүріп, өзгеге береді. Кейін сол тараптың арт жағына өтіп, оны да он қадам көтереді.
Сонымен қатар, бұл үкімді білген адамдар білмегендерге үйретіп қоюлары керек.
3.14 Рахмет періштелері жаназаны күзетеді және жаназамен амалы қалады. ملائكة الرحمة تشيع الجنازة ويلزمهاعملها
Саубан Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с. ол кісі жаназамен ілесіп кетіп бара жатқанда мініс ат әкелінді. Ол кісі мінуден бас тартты. Қайтып бара жатқандарында және Көлік әкелген еді, мінді».
Бұл жайында ол кісіден сұралғанда:
«Періштелер жүріп бара жатқан еді. Ол жүріп бара жатып мен көлік мініп алсам, болмайды ғой. Олар кеткеннен кейін міндім», деді».
Абу Дәуіт риуаяты.
Шарх: Осы хадисте мұсылман адамның қаншалықты Алла алдындағы қадірін біліп алсақ болады. Мұсылмандардың жаназасында рахым періштелері қатысуы, құрметтеп жаяу жүріп барулары әзіл сөз емес. Демек, мұсылман адам өзінің кім екендігін біліп алып, мұсылманшылыққа жараса ісі болуы керек.
Пайғамбарымыз ғ.с. әдептеріне назар салыңыз. Періштелер жаяу жүргендері үшін өздеріде жаяу жүруде.
Осы хадистен жаназаны алып кетуде барынша жаяу жүру жақсы екенінен келіп шығады. Қайтуда көлік мінсе бола береді.
Анас Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с:
«Мейітпен бірге үш нәрсе ереді. Екеуі қайтып, біреуі онымен қалады. Оған туыстары, мал-дүниесі және амалы ілеседі.Туысқаны мен малы қайтады.Амалы қалады», деді».
Екі шейх және Термизи риуаяты.
Шарх: Осы хадисте бізді ғибадатқа, жақсы сауапты амалдарды жасауға шақырады. Себебі адам баласымен бірден бір қалатын нәрсе бұл пәни дүниеде қылған амалдары, тағат-ғибадаты және салихалы істері.
Басқа нәрсе пайда бере алмайды. Мал-дүние, бала-шаға бұл дүниеде пайда беруі мүмкін. Ахыретте есе пайда бере алмайды. Адам баласы опат еткенде оның мал-дүниесінен өзін көмуге істетеді, балалары, туыстары табытқа салып зират жаққа көтеріп алып барады. Көміп арқаға қайтады туыстары да онымен бірге қабырға кірмейді, мал-дүниесіде. Және мал-дүниесі, туыстары қабыр азабынан қайтара алмайды.
Мейітке пайда беретін нәрсе тірі уақытында жасаған жақсы амалдары. Алла Тағала баршамызды жақсы амалы пайда беретін пенделерден қылсын.
3.15 Жаназаға орнынан тұру
القيام للجنازة
Абу Сағид Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с. қашан жаназаны көрсеңдер орындарыңнан тұрыңдар.Кім онымен ілесіп барса, жерге жамбасы қойылмайынша отырмасын», деді».
Басқа бір риуаятта.
«Қашан жаназаны көрсеңдер, алдарыңнан өтіп кетпейінше немесе жерленбейінше орныңыздан тік тұрыңдар», дейілген.
Бесеуіде риуаят қылған.
Шарх: Бұл хадисте өлген болсада, адамның қадірі баян етілуде. Сол мағынада Пайғамбарымыз ғ.с. жаназаны көргенде әрбір мұсылман құрмет көрсетіп тік тұруға бұйырылуда. Мейітке құрмет көрсетуші мұсылман жаназа алдынан өтіп кетпейінше отырмауы шарт. Егер мұсылман адам мейітті көмуге қатысатын болса, оны жерге қойылмағанша отырмауы шарт.Бұл да жаназаға болған құрмет.
Мән берер болсақ, хадисте жаназа мұсылмандардың жаназасы болуы шарт деп жатқан жоқ.
3.16 Зират, көму және оның уақыты.
القبر والدفن ووقته
قال الله تعالى ثم أماته فأقبره ثم اذا شاء أنشره
Алла Тағала:
«Соңыра оны өлтірді және қабырға қойылды. Кейін қашан қаласа, қайта тірілтеді», деген (Абаса 21-22)
Шарх: демек қабыр мәселесі Құранда айтылған. Адамды жаратқан Алла оны өлтіруші және өлгеннен кейін қабырға қоюды қалаған.
Адам негізінде топырақтан жаралған, ол өлгеннен соң және қайтадан топыраққа қайтушы.
Ибн Аббас Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с:
«Лахд біздерге, шаққа бізден басқаларға», деді».
Сүннет иелері және Ахмет риуаяты.
Шарх:
Лахд- жерді қазып, кейін қыбыла жақтан ұзыннан ашып, өлікті қоятын жәй дайындау сипатындағы қабыр.
Шаққ- жарма, тура қазып түсіп және қазылған жер ортасынан өлік үшін жәй дайындау.
Пайғамбарымыздың бұл хадисін түсіну үшін түрлі пікірлер ортаға қойылған.
Кейбір кісілер лахд біз мұсылмандарға шаққ бізден басқаларға, дейілген, деп айтқан.
Онда Абу Убайда ибн Жаррох жаннатпен сүйіншілінген он кісінің бірі болған сахабаның шаққ тәрізді көр қазушы болғаны қандай?
Пайғамбарымыз о дүниелік болғанда сахабалар шаққ қазатын келсе, шаққ, лахыд қазатын келсе, лахыд қазамыз, деулерін қалай түсінеміз?
Біздің пайымдауымызша, екеуінен қайсы бірін таңдау мүмкіндігі болса, лахыд негізінде мұсылмандарға сай, басқалар шаққ таңдауы болса керек. Амалда да мұсылмандар жердің жағдайына қарай мүмкіндік болмаса ғана лахыдты қойып шаққ қазады. Басқалар не болсада шаққ қазады.
Абул Хаиаж Алла одан разы болсын риуаяты:
«Маған Али ибн Абу Тәліп:
«Сені Пайғамбарымыз ғ.с мені жіберген нәрсемен жіберейін бе?! Бірде бір суретті пұтты қоймай жоқ қыласың. Бірде бір көтерілген зиратты қоймай тегістейсің», деді».
Бесеуінен тек Бухари риуаят қылмаған.
Шарх: әуел, рауи Абул Хаиажбен жақыннан танысып алайық:
Абул Хаиаж лақабымен әйгілі бұл сахабаның есімдері Хаббан ибн Хусайн Асади ал-Куфи.
Бұл кісі хадис ілімінде сенімді деп тән алынған табеғиндерден және Аммардың жазушысы еді.
Хадистерді Али және Аммарлардан риуаят етті.
Бұл кісінің екі ұлы Жарир және Мансұр, Абу Уайл, Шағбилер риуаят етті.
Надандық дәуірде түрлі бейнелерді суреттеп жаны бар оларды тастан жасап, оларға және қабырларға сиыну етек алғаны мәлім. Ислам ақидасы бұл нәрселерді жоқ қылды. Хайуан бейнесіненде пұт жасар еді.
Пайғамбарымыз ғ.с. Али ибн Абу Тәліпті бейнелерді жоқ қылу және қабырларды тегістеу үшін жібергендігі атақты уақиға.
Осы риуаятта хазіреті Али Алла одан разы болсын Пайғамбарымыз ғ.с. өздері қайсы тапсырмамен жіберген болса, Абул Хаиажды сол тапсырмамен жібергендігі турасында сөз кетуде.
Исламда жаны бар нәрселерді бейнелеу харам тиым салынған. Себебі бұл іс ақида сенімінің бұзылуына әкелері анық. Бұған пұт және суреттерге сиыну тарихы куә. Риуаятта баяндалуынша, өткен қауымдарда салихалы кісілер өтсе, оларды еске түсіріп тұру үшін сурет және бейнелерін қойған. Бірінші ұрпақтары оларды тура мағынада құрметпен еске алып отырған. Кейінгі ұрпақта аталарымыз бұларды құрмет қылар еді, деп өздерінен табына
Ибн Омар Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с. мейітті қабырға қойса:
«Бисмиллахи уа ғала суннати Расулилләхи ғ.с», дер еді».
Сүннет иелері риуаяты.
Термизидің ләбізінде:
«Бисмилләхи уа биләхи уа ғала миллати Расулиллахи с.ғ.с», дейілген.
Шарх: Демек Пайғамбарымыз ғ.с. өз қолдарымен кейбір мейіттерді қабырға қойған.
Осы риуаяттан мейітті қабырға қоюда не деу керектігі де білінеді. Бұл ләбізді мейітті қабырға қойып жатқандарда, жаназаға қатысқандарда айтады.
Уқба ибн Омар Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с. біздерді үш уақытта намаз оқудан және өліктерімізді қабырға қоюдан тиым салар еді. Күн көтеріліп бара жатқанда толық көтеріліп болғанша. Күн тастөбеде тұрғанда ауғанша. Күн батуға жақындағанда батып болғанша».
Бесеулерінен тек Бухари риуаят етпеген.
Шарх: Осы аталған уақыттарда мейітті қабырға қою мәкрух есептеледі. Басқа уақыттарда қойса бола береді.
Жабыр Алла одан разы болсын риуаяты:
«Адамдар зиратта отты көріп қалып барады, барса, қабыр ішінде Пайғамбарымыз ғ.с. тұрған екен. Достарыңызды маған әперіп жіберіңдер, деп жатқан екен.Білсе мейіт ол дауыстап зікір айтушы кісі екен».
Абу Дәуіт және Термизи риуаяты.
Термизидің ләпізінде:
«Кейін, Пайғамбарымыз ғ.с. оны қыбыла жағынан қабылдап алды кейін:
«Алла сені рахмат қылсын, көп уайымдаушы және Құран тіләуат қылушы едің, деді», дейілген.
Шарх: осы хадистен алынатын пайдалар:
- мейітті түнде жерлеуге болады рұқсат.
2.жарық үшін түнде зиратта от жағу мүмкін.
3.Пайғамбарымыз ғ.с. өзі қабырға түсіп, кісілерді көмген.
4.мейітті қыбыла жағынан ұзатып қабылдау керек. Ханафи мәзхабы осы риуаятты алған.
5.Қабырға қойып жатып, мейітке сөйлеуге, оның жақсы қасиеттерін айтып, оған Алладан рахмат сұрау мүмкіндігі.
6.Қабілетті болып, көп Құран тіләуат қылу дәреже екен.
3.17 Қабыр көркемделмейді, үстіне ешнәрсе салынбайды және оған отырмайды
لايزين القبر ولا يبنى ولايجلس عليه
Жабыр Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с. қабырды гипспен әшекелеуді оның үстіне отыруды және оның үстіне сағана құруға тыиым салған».
Бесеуінен тек Бухари риуаят етпеген.
Термизидің ләбізінде:
«Пайғамбарымыз ғ.с. қабырларды гипстеуді, олардың үстіне жазудан олардың үстіне отырудан және олардың үстіне сағана құрудан тиым салды» дейілген.
Шарх: Имам Шафеғи қабырды балшықпен жасауға болады, деген.
Басқа әрқандай нәрсені қабыр үстіне жасау мүмкін емес. Әлбетте, белгі үшін тас қою мүмкін.
Осы хадисте қабырларға жасалу мүмкін емес істер санап етілуде:
- «қабырды гипстеу»
Әк әктеген балшыққа қарағанда біраз көркем шығуы, ақ болуы мәлім. Соның себебінен қабырға бұл іс қайтарылған. Себебі бұл істе тірілерге қолданбай өлілерге қолдану бар. Бұл ысырап.
Исламда, әрқандай дүниені ысырап ету харам. Ақылмен қарар болсақ гипске тиым салынғаннан кейін оданда көбірек шығын келтіретін нәрселерді қабыр үстіне жасауда мүмкін болмайды. Түрлі басқаша сылақ жасау, тастармен өру, шынжыр т.б. соған ұқсас нәрселер мүмкін болмайды.
Екіншеден, қабырдың үстіне алтынмен жалатып қойғанда да қабырдың ішіндегі өлікке немесе ол істі жасағанға да, басқа бірер жандыға ешқандай бір пайда болмайды. Пайдасыз істі қылу, мұсылманға харам.
Үшіншеден, қабыр қарапайым, табиғи жағдайында тұрса жауған қар жаңбырдан, өскен өсімдіктерден қабыр ішіндегі мейітке пайда береді. Қабыр бетін түрлі нәрселермен жапқандар, мейітті бұл хайырлардан махрум қылады.
- «қабыр үстіне отыру»
Сонымен қатар, тік тұру немесе жату да мүмкін емес. Себебі қабыр ішіндегі мұсылман пендеге және оның жақын кісілеріне құрметсіздік бар.
- «қабыр үстіне бейіт құру»
Имам Мәліктің шәкірттері ибн Абдулхакам қабыр үстіне бейіт құруды
өсиет қылған адамның өсиетіне амал қылынбайды, соған сай, қабырлар үстіне құрылған әр қандай нәрселер бұзылып тасталынуы керек, деген.
- «қабырдың үстіне жазу жазу».
Көпшілік ғұламалар қабыр үстіне оның егесінің есімі де, басқа бірер нәрсені де жазу мүмкін емес,деген.
Ханафи мәзхабы ғұламалары қабырдың жоғалып кетуі немесе қорлануы себепті белгі үшін қажет болса, белгі болатын нәрсені жазса болады, деген.
Осы нәрсені жақсылап үйреніп шариғат бойынша істер жасауға кәзіргі күнде үлкен мұхтаждық бар. Кей жерлерде осы тағылымдарға амал қылынбай қойған.
Абу Хурайра Алла одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с:
«Әлбетте, біреуіңізді шоқ үстіне отыруы, ол киімін күйдіріп, денесіне өтуі, оған қабыр үстіне отырғанынан көрі жақсырақ», деді».
Мүслім, Абу Дәуіт, Насаи риуаяты.
Шарх: Осы риуаяттан қабыр үстіне құрметсіздікпен отыру қаншалықты жаман іс екенін біліп аламыз.
3.18 Қажет үшін мейітті көшірсе, қабырды ашса үкімі
يجوز نقل الميت كما يجوز نبش القبر للحاجة
Шариғат үкімі бойынша, егерде мейіттің сүйегінен бірер нәрсе бар екен, деп қабырды ашу харам. Қабырстанда басқа жаңа қабырларды қазу уақытында да бұл іске жол қойылмайды. Қабырды ашуға тек рұқсат жолдар етілген арқылы ғана болады. Келесі хадистерде сол рұқсат етілген жағдайлардың кейбірі жайында сөз кетеді.
Жабыр Алла одан разы болсын риуаяты:
«Әкем мен бір адам бірге көмілген еді. Көңілім тынышталмады. Ақыры оны шығарып, жеке қабырға қойдым».
Бухари, Насаи, Абу Дәуіт риуаяты.
Абу Дәуіт:
«Кейін, оны алты айдан кейін шығардым. Оның сақалының жерге тиген жерінен кейбіреулері бір аз өзгерген екен, тек», деген сөзді қосқан.
Шарх: Жәбір ибн Абдуллаһның әкелерімен бір қабырға көмілген адам Әмір ибн Жамух Аллаһ оған разы болсын болып, олар екеуіде дос болған және Ухуд соғысы күнінде шахид болған. Екеуіде бір қабырға қойылған. Алайда Жәбір көңілдері тынышталмаған. Соның үшін алты айдан кейін қабырды ашып, әкесін шығарып басқа қабырға көмген. Жәбір Аллаһ одан разы болсын әкелері Абдуллаһ денелері көмілгені алты айына қарамай, шірімей тұрған екен. Бұл да бей-жәй тектен-тек емес.
Пайғамбарымыз ғ.с. бар уақытында жасалған бұл іс ол кісінің ықырарымен болған. Егер дұрыс емес болса, әлбетте, түзетер еді. Жәнеде, кейбір жағдайлардағындай Құран аяттары да түсуі де мүмкін еді.
Демек, бір қабырға екі кісі қойылған болса, денесі шірімеген болса, қабырды ашып бірін басқа жерге алып көмуге мүмкін екен.
Анас Аллаһ одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз с.ғ. Мәдинаға келді кейін мешіт құруға Аллаһ тарапынан бұйырылды. Кейін ол кісі:
«Ей Нажжар ұрпағы, менімен мына бұл бақшаларыңды саудаласыңдар», деді. Сонда олар:
«Жоқ Аллаһқа ант, оның бағасын тек Аллаһтан аламыз», деді.
Кейін, ол кісінің бұйрығымен мүшриктердің қабырлары ашылды, шұңқырлары тегістелді. Кейін бұйрық беріп, құрмаларды кестірді. Құрмаларды мешіттің құбыла жағына тізіп қойды. Есіктің керегесін тастан қылды. Олар рәжіз әдісінде ән айтып, тастарды көтеріп келе бастады. Пайғамбарымыз ғ.с. олармен бірге:
«Ей Құдай, ахірет хайырынан өзге хайыр жоқ. Ансар және мұхажірлерді мағфират ет», деп жұмыс жасар еді».
Үшеуі риуаят етті.
Шарх: Әуел, осы хадистен алынатын фиқһи үкім жайында сөйлейтін болсақ, мешіт құруға кейбір зираттар тура келіп қалса, олардың ішіндегі шіріген сүйектерді абайлап алып басқа құреммті жерге көміп қойса болады. Мешіт құрлысы жалғаса береді.
Алайда бұл риуаятта өте ғажайып жамағаттық, мінез құлықтық және басқа мәселелер бар:
- Пайғамбар мешітін құруға Пайғамбарымызға Аллаһ тарапынан әмір болғаны;
- Пайғамбарымыз ғ.с. өзгелердің мүлкін құрмет қылулары. Нәжар ұрпағын бақшасын сатып алып, мешітке қосуды қалады. Олардан бақшаларының жерін мешітке беруін емес, бағалап сатуын сұрады.
- Нәжар ұрпақтары қайырлы сауапты істе қолдайтындықтары. Олар бақшаларын сатуға емес, Аллаһтың сауабы үшін сыйлық жасауға ұмтылды.
- Пайғакмбарымыз ғ.с. сахабалар жамағаттарының ісінде қатысулары ауыр тастарды көтергендері.
- Пайғамбарымыз с.ғ. мешіті ертеде алғашқыда құрма және тастан болған.
- Көпшілік болып істеп жатқанда жұмысты ауырлатпай жеңілдеттіру, кісіліерді қызықтыру үшін өлең айту мүмкін.
- Пайғамбарымыз ғ.с. да мешіт құруда жеке өзі істегені және рәжіз әдісінде өлен айтулары.
Абдұллаһ ибн Амір Аллаһ одан разы болсын риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ.с. мен бірге Тайыфқа шықтық. Бір қабыр алдынан өттік. Пайғамбарымыз ғ.с :
«Бұл абу Риғалдың қабыры. Ол осы Харамда еді оны Мұдафаға қылар еді. Ол жерден шыққан уақытында оның қауымына жеткен апат оғанда жетті және ол сол жерге көмілді. Мұның белгісі, онымен бірге бір алтын тайақта көмілген. Егер сіз оның қабырын ашсаңдар, онымен бірге ол нәрсесінде табасыз», деді.
Адамдар тезде тайақты шығарып алды».
Абу Дәуіт риуаяты.
Шарх: Хадисте есімі келген Абу Риғол Тайыптағы Сақиф руының үлкені болып есептеледі. Пайғамбарымыз ғ.с. айтуынша, Абу Риғалдың қауымы Алланың апатына ұшырап жермен жексен болған еді. Алайда Абу Риғалдың өзі харам шәріпте, Кағбада жақын жерде болғаны үшін оған апат тимеді. Уақыт сағаты келіп, Абу Риғал харамнан шығып, Тайыптағы Пайғамбарымыз көрсеткен жерге жеткенде қаумына жеткен апат оған да жетіп, дүние салды.
Пайғамбарымыз онымен бірге алтын аса таяқта көмілген, егер оның қабырын ашсаңдар онымен бірге ол нәрсесінде табасыздар, дегендерінен кейін қабырын ашқанда жиырма ритлдан артық сүйеніп жүретін алтын аса таяқ шыққан.
Осы хадистен Пайғамбарымыз көпшілік білмейтін нәрселерді білулері ашық айдын көрініп тұр. Ғұламаларымыз бұл хадистен, қиын жағдайда, өлікпен көміліп кеткен малды алу үшін қабырды ашса болады, деген үкімді алған.
3.19 Мейіт өзгелердің амалынан пайда алады.
ينتفع الميت بعمل غيره
«Ол Пайғамбарымыз ғ.с-ға:
«Ей Алланың Елшісі, Сағдтың анасы өлді. Қайсы садақа абзал?» деді.
«су», деді.
Ол бір құдық қазды кейін:
«міне сол, Сағдтың анасы үшін», деді».
Абу Дәуіт, Ахмет және Насаи риуаяты.
Насаи:
«сол Сағдтың Мадинадағы суы».
Шарх: Демек, көпшілік мұсылмандарға әрдайым пайда беріп тұратын хайыр істер ең жақсы садақа болып есептеледі.
Өкінішті кейбір жерлерде садақа дегенде тек қазан асып тамақ пісіруді түсіндіретін болып қалған. Бұл аштықтан қиналып жатқан кісілер бар жерде бір мәрте қарын тойғыза алмай жүргендер үшін жақсы садақа болады. Шариғатқа қараса,жеке, нашар,жәрдемге мухтаж мұсылмандарға көбірек пайда беретін іс жасалса, садақаның сауабы көп болады. Мұны шешудің ең жақсы жолы Сағд ибн Убаданың жолдарын таңдау.
Әхлі сүннет және жамағат ғұламаларының көпшілігі, мейіт өзінен басқаның амалынан пайда алады, деген. Мұғтазила мәзхаптағылар пайда алмайды, деген. Бұл көп тартысуға себеп болған мәселе болып есептеледі.
Біз тек Абул Аббас Ахмет ибн Таймияның сөздерін келтіреміз:
«Кім адам тек өзінің амалынан пайда алады, десе, ижмағты бұзған болады. Бұл сөз бірнеше сатыдан тұрады:
1 Адам өзінен басқаның дұғасынан пайда алады. Дұға да басқаның амалы.
2 Пайғамбарымыз ғ.с. әхлі жаннаттың жаннатқа кірулеріне, күнәсі кабира әхліне тозақтан шығып жаннатқа кірулеріне шапағат береді.
3 Періштелер жер әхліне дұға қылады және истиғфар айтады.
4 Мүсылмандардың балалары ата-аналарының ғамалдарымен жаннатқа кіреді.
5 Екі жетім бала әкесінің ғамалынан пайда алады.(Құранда) әкелері салихалы кісі еді, дейілген.
6 Мейіт садақа және құл азат қылудан пайда алуы сүннет және ижмағпен дәлелденген.
7 мейіттің қарызы болса, өлгеннен кейін оның қарзын берсе, қарзы өтеледі. Бұл Уалидің амалы.
8 Пайғамбарымыз ғ.с. Нажашиге намаз оқығандары.
Бұл мәселедегі тартысу әсіресе таасуф жоғары келіп кетеді. Барша тартысуларда сондай болады. Нәтижеде екі тарапта негізгі мақсаттан ұзақтайды. Негізінде, түсінсе болатын іс.
Мейіттің артынан жасалатын хайыр жақсылық, дұға және басқа істер шариғаттың негізін салмайды. Керісінше, бұлар бір қосымша нәрселер болып, негізгі әрбір адамның өзі қылмаған амалы болады.
Соның үшін, өлгеннен кейін басқаның амалынан пайда тиер екен, деген оймен бұл дүниеде шариғатқа амал қылмай жүре беру мүлдем дұрыс емес.
Бәлкім, кейбір жерлерде жылына бір мәртеҚұдайы қылып қоюды дін деп түсінетіндерде бар.
Көпшілік ғұламалар, мейітке өзгенің амалы пайда береді, деген үкімді ойларынан шығарып айтқанда емес, бәлкім аят және хадистерге сүйеніп, оларды құжат қылып айтқан. Соның үшін бұл нәрсені тура түсіну үшін және оған тура амал қылу керек»