Татбаева Айжан Сыражановна
10-12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі
Методика развития специальных физических качеств волейболистов 10-12 лет
Methods of special physical qualities of volleyball players 10-12 years
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
- 10-12 ЖАСТАҒЫ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ АРНАЙЫ ФИЗИКАЛЫҚ САПАЛАРЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ .
1.1. Оқушыларының дене тәрбиесі.
1.2. Оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері.
1.3. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
1.4. Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
1.5. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.
- ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАҒЫ СЕКІРУДІ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Секіруді үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
2.2.Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру.
2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру
- ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
3.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы.
3.4. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу.
- ҚОРЫТЫНДЫ.
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КIРIСПЕ
Волейбол (volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») — ойын спорты.
1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1985 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған.
Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс. Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 метр). Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 метр). Биіктігі: 6,5 фут (198 сантиметр). Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы — 340 грамм
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да біздің заманға дейін III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған.
Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругвай да, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.
1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten» «Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.
1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.
1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.
Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.
Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті.
Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.
1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті.
Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды.
1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді.
1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB — ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді.
- 10-12 ЖАСТАҒЫ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ АРНАЙЫ ФИЗИКАЛЫҚ САПАЛАРЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ .
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.
1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.
Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.
Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті.
Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.
1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті.
80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті. 1984 жылы жаттықтыру курсының 100 жылдық мерейтойы.
Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыған. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.
Волейбол ойынының ережелері
Мақсаты:
Оқушыларды салауатты өмір салтына беімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру.
Эстетикалық және этикалық тәрбиеге үйрету.
Ойын ережесін сақтап, ойын барысында қолдана білуге үйрету.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Волейбол добы, сетка, ысқырғыш т.б
Сабақтың барысы: /10 минут/
- Ұйымдастыру.
-Сәлемдесу
-Оқушыларды сабақа дайындау
-Бой жазу жаттығулары.
5 минут жүру және жүгіру
Мойын, желке жаттығулары
Қол жаттығулары
Бел жаттығулары
Аяқ жаттығулар т.б
- Волейбол ойынының ережесін түсіндіру. /5минут/
Допты жоғарыдан қабылдау
Допты төменнен қабылдау
Допты жоғарыдан ойынға қосу /Подача/
Допты төменнен ойынға қосу /Подача/
Ойын ойнар алдындағы ойын алаңында орналасу және орын ауыстыру тәртібі. /20 минут/
- Қорытынды: /5минут/
Жақсы қатысқан оқушыларды бағалап тиісті бағаларын қою
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.
1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.
1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten» «Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.
1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.
1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.
Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.
Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті.
Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.
1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті.
Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды.
1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді.
1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB — ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді.
80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті.
Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады.
Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.
Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. Бірінші – жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады.
Екінші – бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек.
Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады.
Төртінші – допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады.
Допты беру және қабылдау.
Қарсыластардың берген добын қағып алып, өзара ойнап қарсыластарына шабуыл ұйымдастырады. Енді осы қарсылас жағынан ұшып келген допты қабылдаудың екі түрі бар. Біріншіден – екі қолмен допты астынан қағып алады. Өз әріптестеріне береді, ал өз кезегінде шабуыл ұйымдастырады. Доп қисынсыз ұшып келген жағдайда, онда бір қолмен де қағып алуға болады.
Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру – ойыншының ерекше қасиеттері болып табылады. Доп төмен қарай және тез берілсе, ондай жағдайды тез бағдарлау, тез қозғалып допқа ұмтылып құлай түсіп, болмаса айналып барып қабылдау – жеңіс бастамасы болып табылады. Демек, доп үнемі бақылауда болады. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осындайда керек. Сөйтіп, арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла – тәсілдерін үйренуде негізгі рөл атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, қарсыластарының шабуылын қайтаруға дайын тұрады. Қарсы беттегі нөмері 6, 3, 4, 2 алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл жасайды. Яғни, шабуылшы допты бар күшімен қарсыластарына қарай ұрады. Осы кезде қарсыластар тобы тосқауыл қояды. Осы сәтте, 6-нөмірдегі ойыншы 2-нөмірдегі шабуылшының орнын қорғауға барады.
Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады.
Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп,қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор
Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге,ден саулықты сақтауға,көңіл күйін котеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол)
Жарияланды 23-12-2013, 14:52 Категориясы: Дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы: Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол)
Мақсаты: 1. Оқушыларға волейбол орнында допты төменнен қабылдау әдісін толық меңгерту, үйрету арқылы волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
- Оқушылардың қимыл — қозғалыс әрекетін қалыптастыру, дамыту.
- Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Мультимедиялық проектор, доп, көрнекі суреттер. т. б.
Өтетін орын: Спорт зал.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Түсіндірме, практикалық.
І. Ұйымдастыру бөлімі: 2минут
- Сапқа тұру ——- 1мин
- Мәлімдеме қабылдау, түгендеу ——— 1мин
Даярлық бөлімі: 13минут
- Саптық жаттығулар орындау( Оң және солға бұрылу, кері бұрылу)— 1мин
- Алаңда жәй жүру және жүгіру жаттығулары арқылы денені қыздырынатын жаттығулар жасау —- 5мин
- Орындарында орындалатын әр түрлі гимнастикалық жаттығулар орындау 5мин
- Үй тапсырмасын барлық оқушыға көрсету арқылы, допты үстінен
қабылдау жаттығуларын жасау – 2мин
Допты жоғарыдан қабылдау әдісі.
ІІ. Негізгі бөлімі: 20 — 25 минут
- 1. Сапқа тұру — 1 мин
- 2. Жаңа сабақты түсіндіру, тақырыппен, мақсатымен таныстырып өту. — 2 — мин
- 3. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету. — 7мин
- 4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын түсіндіру, практика түрінде орындату. — 5мин
- 5. Екі жақты ойын: «Волейбол» 6х6 — 7мин
- 6. Қызылқоғалық волейболдан спорт шеберлерін таныстыру.- 3мин
Қысқаша жаңа сабақты түсіндіру:
Жасөспірімдер 13 — 14жастағылар 15 — 16жастағылар 17 — 18жастағылар
Ер балалар
Қыз балалар 2м 20см
2м 10см 2м 35см
2м 20см 2м 43см
2м 24см
Волейбол торының еденнен биіктігінің өлшемін көрсету.
Волейбол ойыны — еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті — жабдықтардың өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылыдан бері сенімді ойын жолына көшкен.
Жаңа сабақты практикалық түрде түсіндіріп, орындату:
1 — жаттығу
Волейбол добын төменнен қабылдау әдісі.
(Қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір — біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі)
2 — жаттығу
Допты қабылдаудағы негізгі әдіс.
(Допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрысын орындайды)
3 — жаттығу
Допты қайтару әдісі, соғу.
(Допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек)
4 — жаттығу
Допты төменнен қабылдау кезіндегі жоғары көтере отырып шығарып жіберу әдісі.
(Бұл жерде допты келесі жаққа шығарып жібереді)
5 — жаттығу
Допты төменнен еңкейе қабылдау, аяқты бүгу арқылы орындалатын әдісі.
Келесі кезекте: Сынып екіге бөлу арқылы волейбол ойынын жаңа сабақпен байланыстыра отырып жеңілдетілген түрін көрсетеді.
6х6 Екі жақты ойын: «Волейбол»
Қызылқоғалық волейболдан спорт шеберлерін таныстыру
Матеуов Ернар Ернардың Иран еліндегі жарыс кезінен Қызылқоға ауданның намысын волейболдан қорғап жүрген, Сағыз құрама командасының мүшелері аудан әкімінің қабылдауында.
«Оралға, Атырауға, т. б қалаларға бірнеше рет барған волейболшыларымыз»
№9 орта мектептің волейболдан қыздар командасы аудандық оқушылар спартакиадасында «І орынға» ие болған сәттері.
ІІІ. Қорытынды бөлімі: 5 — минут
- 1. Сапқа тұру — 1мин
- 2. БҮҮ — стратегиясы – 1мин
- 3. Үйге тапсырма “Волейбол: допты төменнен қабылдау әдісін орындап келу”- 1мин
- 4. Бағалау — 2мин
Сабақты қорытындылап:
Білетінім
Үйренгенім
Үйренгім келеді
Үйге тапсырма “Волейбол: допты төменнен қабылдау әдісін орындап келу”.— 1мин
Бағалау — 2мин
ВОЛЕЙБОЛ ДОБЫН ЖОҒАРЫДАН ЖӘНЕ ТӨМЕННЕН ЖАЛҒАУ, ҚАБЫЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Сабақтың мақсаты: а) Волейбол ойынының әдістерін үйрету.
ә) Қозғалыс тәртібі туралы түсінік беру.
Дене жаттығуларымен өз бетімен айналысуды, оқушылардың қызығушылықтарын қалыптастыру.
б) Денсаулықты нығайту және сақтау.
Қоғамдық белсенділік пен ұйымдастырушылық қабілетіне қарай жеке тұлғаны қалыптастыру.
Керекті құралдар: Волейбол доптары, спорт залдағы волейбол сеткасы, жалаушалар
Сабақ бөлімі
Дайындық бөлім
Сабақтың мазмұны
- Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. —— 15 минут
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
- Орнында бұрылу түрлері: ————7 — 8 рет
Оңға, солға, айналу т. с. с.
- Жүгіріп жасалатын жаттығулар.——— 7 — 8 рет
а) Баяу екпінде жүру мен жүгіру
ә) Жай жүгіру, алға, артқа қарап жүгіру.
б) Қол белде, оң жақ қырмен және сол жақ
қырмен жүгіру.
- Жай жүру, демді қалпына келтіру жаттығулары.————- 7 — 8 рет —
Қолды жоғары көтереміз, қолды жоғары көтергенде өкше көтеріліп демді ішке аламыз. Қолды төмен түсіргенде демді сыртқа шығарамыз.
- Бір қатардан екі қатарға тұрғызу.
- Жалпы және арнайы дамыту жаттығулары. ———— 3 — 4 рет
- Б. қ. Қол белде 1 — 2 басты оң жаққа қарай айналдыру.
3 — 4 дәл осылай солға қарай айналдыру. — 7 — 8 рет
- Қолды иықтың үстіне қойып 1 — 2 алға қарай,
3 — 4 артқа қарай айналдыру. ————- 7 — 8 рет
- Қол белде 1 — 2 оң жаққа айналдыру. 3 — 4 дәл осылай солға қарай айналдыру.———— 10 рет
- Оң қолды жоғары көтереміз, сол қол белде. Сол жаққа қарай қисаю (керісінше)
- Аяқты алшақ қойып, саусақтар біріктіріліп екі қолды айналдыру.————— 8 — 10 рет
- Саусақтарымызды біріктіріп, алақанымызды төмен қаратып 1. Сол аяққа тигізу
- Аяқтын ортасына (жерге ) тигізу
- Оң аяққа тигізу. 4 Б. қ ——————— 8 — 10 рет
- Аяқты алшақ қойып, 1. Қолды алға созу.
- Қолды жоғары көтергенде, өкшені көтеру.————- 8 — 10 рет
- Шалқаю
- Еңкейіп саусақты аяқтың ұшына тигізу.
- Қолды алға созып отыру. 6. Б. қ.
- Қол тізеде, тізе бүгіліп, тізені 1 — 2 ішкі жаққа қарай айналдыру. 3 — 4 дәл осылай сырт жаққа қарай айналдыру.
- 1. Б. қ. 2. Өкшемізді көтеріп, тобығымызды 1 — 2 оң жаққа айналдыру. 3 — 4 дәл осылай сол жаққа қарай айналдыру.
Әдістемелік нұсқау
Жалпы оқушылардың спорттық формасына назар аудару.
Бұйрықты дауыс, анық, түсінікті етіп.
Белді түзу ұстау.
Денені түзу ұстау.
Еркін дем алып бір қалыпты жүру.
Денені тік ұстау.
Арақашықтықты сақтау.
Біркелкі жасау.
Тереңірек айналдыру.
Саусақ буындарына арнайы жаттығу жасау.
Бірдей жасау.
Қолды жоғары көтергенде, аяқтың ұшымен тұру.
Толық аяқтың ішімен және сыртымен айналдыру.
Белді түзу ұстау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.
Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқыту сабағы.
Өтетін орны: спорт зал
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: волейбол доптары, сетка, ысқырық, кадоскоп, слайдтар.
р/с
Сабақтың мазмұны
уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
І. Дайындықбөлімі 10-15 мин
1Сапқа тұру, рапорт беру
1’-2’
2Сабақтың мақсатын түсіндіру
1’ Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
3Залды айналып жүргенде бір лектен екі,үш,төрт лекке кайта сапка тұру.
1’ Жаттығулар саптық жарлығының талабына сәйкес өткізеді.
4а) Қолды белге қойып аяқтың ұшымен
ә) Қолды желкеге аяқтың өкшесімен жүру
б) Қолды белге аяқтың сыртымен жүру
в) Қолды белге аяқтың ішімен жүру
г) Қолды белге жартылай отырып, толық отырып жүру.
2’-3’
Денені, түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап жүру.
5Жүгіру жаттығулары
а) Қолды созып, тізені жоғары көтере
ә) Қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе
б) Сол иықтан алға қарап
2’-3’
Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру
Тек сол иықпен қарап алға жүгіру.
Әрбір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау.
6Қозғалыстағы жаттығулар
а) Сол қол жоғарыда, оң қол төменде, қолдарды серпиартқа. 1-2 сол қол жоғарыда, 3-4 оң қол
ә) Б.Қ. қол иықта 1-2 қолды алдыға айналдырамыз, 3-4 қолды артқа айналдырамыз
б) Б.Қ. саусақтарды айқастырамыз 1-2 алдыға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.
в) Б.Қ. қол кеудеде 1-2 бүгілген қол артта,3-4 ашылған қол артқа серпе қозғау
8-10р
6-8 р
6-8 р
8-10 р
Денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау
7Орында орындалатын жаттығулар
а) Б.Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде1-4 қолды қайшылау
ә) Б.Қ.қол желкеде 1- кеудені солға бұру, 2-кеудені оңға бұру. 3-4 қайталау.
б) Б.Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде 1-отыру, 2- Б.Қ. 3-4 қайталау.
в) Б.Қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде 1-2 белді солға айналдыру, 3-4 белді оңға айналдыру
г) Орында секіру
6-8 р
6-8 р
6-8 р
6-8 р
0,5′
Басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау
ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин .Техникалық құрал-жабдықтар пайдалану «кадоскоп».
Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.
1Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарама — қарсы қашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру.
Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері слайдтармен көрсетіледі.
2Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м.
Допты қарсыласының қолына дәл беру слайдтармен көрсетіледі
3Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді.
Допты еденге ұрып, құрбысына тура беру слайдтармен көрсетіледі
Доптытөменненқабылдаудымеңгерту
4Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету
Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға слайдтармен көрсетіледі
5Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.
Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
6Арақашықтық 8-10 м оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
Жоғарыдан және төменнен қабылдауды слайдтармен көрсетіледі
- Ережемен волейбол ойнау
ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин
1Спорт залда жай жүгіру, сапқа тұру.
2Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.
3Үйге тапсырма. Үйде доппен жаттығулар жасау. Ұлдар тартылу 8-10 рет, қыздар дене көтеру 25-30 рет.
4Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беру.
Дене тәрбиесі пәнінен «Денешынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні.«тақырыбында өткен ашық сабағының өзіндік талдауы.
Сабақта алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.
Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Көрнекіліктерден волейбол доптары, сетка, ысқырықты, кадаскоп пайдаландым.
Ашық сабақ спорт залда өтті. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.
І бөлім. Дайындық бөлімі 10–15 мин.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25–30 мин.
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4–5 мин
Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым. Олар жүру жаттығулары: денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау; орында орындалатын жаттығулар: басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Дайындық жаттығулары бірнеше рет орындалды.
Негізгі бөлімінде, волейбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды, допты төменнен қабылдауды үйреттім. Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне арақашықтығы 6–7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғарылақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп бергіздім. Арақашықтығы 7–8 метрден оқушы допты жоғары көтеріп құрбысына берді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта берді. Келесі кезеңде оқушыларға допты еденге ұрып құрбысына беруді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын орындаттым. Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.
Допты төменнен қабылдауды үйрету үшін, оқушының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын көрсетіп, келесі жаттығуларды орындаттым. Оқушы құрбысының қолына допты беріп екі қолмен қабылдап, қайта берді. Оқушылар арақашықтығы 8–10 м жерден қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушы допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушы допты төменнен қабылдауды үйренді.Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.
Сабақ соңына қарай оқушылар ережемен волейбол ойнады.
Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдандым, оқушыларға жаттығуларды көрсетіп тұрып, орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өзмүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығынормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығызбайланыста өтті. Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулыққа, яғни адамфизиологиясына қауіптөндіретіндігі жөнінде мағлұмат бере отырып биология пәнімен байланыстырып кеттім. АӘД пәнімен саптық жүріскезінде байланыс болса, допты қабылдау кезіндегі доптың траекториясы физика пәніне байланысты екендігі айтылды. Сабақ процесінде волейбол добын, ысқырық, сетканы, кадаскоп пайдаландым.
Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8–10 рет тартылу, қыздарға 25–30 рет дене көтеру жаттығуларын бердім. Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толық жете алдым деп ойлаймын.
Спорттың денсаулықты жақсартып, адам жасын ұзартумен қатар көңілін өсіріп, сымбатты, шыдамды да жігерлі боп өзін сергек сезінуіне тигізер септігі мол. Күн сайын бой көтеріп келе жатқан елімізде спорттың дамуына барлық жағдай жасалып жатқаны белгілі. Соңғы жылдарда қазақ спортшылары көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Оған дәлел өз елімізде өткен қысқы Азиадада қазақ елінің спортшылары 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль жеңіп алған болатын. Сөйтіп, алтын медаль саны жағынан қысқы Азиаданың рекордын жаңарттық. Сонымен қатар күні кеше аяқталған «Лондон — 2012» жазғы олимпиада ойындарындағы жетістіктердің де шоқтығы биік. 7 алтын мен 1 күміс және 5 қоланы жеңіп алған спортшыларымыздың жеңісі, әрине біз үшін бір төбе. Алдағы күндерде де сүйінші сұрар жетістіктеріміз көп болуын әрі ол спортшылардың Байғанин өңірінен болуын қалауменен әңгіме ауанын спорт күні қарсаңында ауыл спортына бұрсақ. Тамыздың үшінші жексенбісі — Спорт және туризм күні болып бекітілгелі мереке кеңінен аталып өтілгелі отыр. Осы мереке қарсаңында аудандық балалар спорт мектебінің волейбол бөлімінің жаттықтырушысы Ақан Смағұлмен әңгімелескен болатынбыз.
— Спорт пен дене тәрбиесінің адамның денсаулығын сақтауда, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын білеміз. Дегенмен спорттың қоғамға деген пайдасы жөнінде өзіндік пікіріңізді айтып өтсеңіз?
— Қай кезеңде болмасын салауатты өмір салтын ұстанған халықтың ұрпағымыз және Елбасымыз да жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келеді. Әрине спорттың қай түрінің болмасын адамның денсаулығына тигізер маңызы өте зор. Ал, ауылда бүгінгі таңда спорт саласы бірте- бірте еңсесін көтеріп келеді дей аламын. Аудандық балалар спорт мектебіндегі спорттық үйірмелердің саны артып, оған келуші балалардың саны көбейіп келе жатқаны сөзіме дәлел. Бұдан балалардың спортқа деген қызығушылығының бар екенін, оны дамыту ғана маңызды екенін байқауға болады.
— Өзіңіздің мамандығыңыз жөнінде айтсаңыз…
— Мен, бала кезімнен волейбол ойынын жақсы көрдім. Волейбол – мен үшін спорттық ойындардың арасындағы сүйікті ойындардың бірі. Оны кіші де, үлкен де және ерлер мен қыздар да ойнай береді. Өмірден өткен Аяған Можабаев, Рахметолла Ершуақов деген мықты волейболшы ағайларды атап кетпеу мүмкін емес. Ол кісілердің менің өмір жолыма, яғни мамандық таңдауыма септігі тиді. Олардың спорт саласына сіңірген еңбектері зор боп, әсіресе волейбол спортынан ауданда алғашқы қатарлардан көрінді. Волейбол спортының ардагерлері өзіміздің Қарағұл Нәсір, Бөрібай Сисен және Аязбай Можабаев ағайлардан ойынның қыр – сырын үйренген едік. Мектеп бітірген соң Ақтөбе педогогика институтының дене тәрбиесі және спорт факультетіне оқуға түсіп, мамандығым бойынша бітіріп шықтым. 1990 жылы осы аудандық балалар спорт мектебіне волейболдан жаттықтырушы болып жұмысқа орналасқаннан бері 20 жылдан астам уақыт өтіпті. Спорт мектебінде қыз балалар жаттықтырушысы Қарағұл Нәсір және Индира Ершуақова, ал ер балалармен Әсет Жалғасұлы екеуміз жұмыс жасаймыз. Біздің басты мақсатымыз облысқа мықты-мықты волейбол спортшыларын шығару. Шүкір, жүлделі орындарды иемденіп жүрген балаларымыз жоқ емес.
— Волейбол үйірмесіне оқушыларды таңдап аласыздар ма, әлде…
— Үйірмеге оқушылар таңдалып алынбайды. Қатысамын деп келген баланың бетін қақпаймыз. Себебі балаларды спортқа баулу, ол біздің басты мақсатымыз. Яғни, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуға тиіспіз. Мысалы, волейбол үйірмесіне 5 -11 класс оқушылары қабылданады. Қабылданғаннан кейін оларды кіші топ, ортаңғы және жоғарғы топ деп бөлеміз. Үйірмеде балаларға волейбол ойынын үйретіп, ережелерімен таныстырамыз. Үш жетінің көлемінде баланың волейболға деген бейімділігі байқала бастайды да икемді балаларды жарыстарға қатыстыра бастаймыз. Ойын арқылы баланың ептілігін, икемділігін, күш, жылдамдық, шапшаңдық және тағы да басқа дене қасиеттерін дамытамыз. Оқушыларды достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелейміз. Балаларды бірінші топаралық, содан кейін мектепаралық, бұдан кейін облыстық біріншілікке дайындаймыз. Кейін облыстық, республикалық дәрежедегі жарыстарға жіберіледі. Мысалы, облыс біздің ауданнан екі адам алса, өзге аудандардан да ойыншылар алып құрама командасын құрады. Сөйтіп республикалық дәрежедегі жарыстарға қатысады. Біздің жұмысымыз облысқа мықты деген ойыншы дайындап беру.
— Волейбол ойынының түрлері және ережелері қандай?
— Волейбол классикалық және жағажайлық болып екіге бөлінеді. Біздің ойнап жүргеніміз классикалық волейбол. Жағажайлық волейбол құмда болып, онда екі адам кездеседі. Волейбол ойыны ұлттық, жоғарғы және балалар лигасы болып бөлінеді. Волейбол спортшылар командасы 6 ойыншыдан тұрады. Қазір «либеро» деген жаңадан шыққан, яғни жетінші адам қорғаушы болады. Бұрынғы кезде волейболда уақыт шектемей, ойынның 3-4 сағатқа дейін созылып кететін жағдайлары кездесіп жататын. Қазіргі таңда уақыт шектеулі, 5 партиядан болады, яғни 25 ұпайға дейін. Өзіңізге белгілі қай спортта болмасын ойында қатаң тәртіп және мықты талап қажет. Әрине еңбекқорлық та жеңіске жеткізетіні сөзсіз. Ойынды тамашалап тұрған адамға волейбол оңай ойын сияқты болып көрінеді. Допты екі жаққа ұрып, ұпай алса болды. Жоқ ол оңай ойын емес. Волейбол өзіндік ережелері бар намысты ойындардың бірі.
Сондықтан жаттықтырушының негізгі мақсаты көрерменнің ойынға деген мүддесін және волейболшылардың жеке шеберлігін арттыра отырып, командалардың ойын сыныбын сапалы түрде жақсарту екені даусыз. Сонымен қатар Қазақстанның құрама командалары үшін кандидаттар мен резервтер әзірлеуге, яғни чемпиондарды дайындап шығаруға бар күшімізді жұмсаймыз.
— Жаттықтырушы ретінде спортшыларға қояр ең басты талабыңыз?
— Ең басты талабым – тәртіп. Спортшылар жаттығуға айтқан уақытында келсе, шын көңілмен дайындалса ғана жеңіске жетеді. Шәкірттерім бұл талабымды дұрыс түсінеді. Айтқанымды бұлжытпай орындап, жаттығудан кешіккен емес. Командада қатаң тәртіп болғанының арқасында жетістікке жеткенімізді жасырмаймын. Волейболшы болуды армандайтын адамның бойында ең алдымен осы спортқа деген үлкен қызығушылық пен құлшыныс болуы керек. Әр жаттығуда шын ниетімен еңбектеніп, тер төксе ғана шеберлігі шыңдалады.
— Қазіргі таңда ауыл жастарының спортқа деген көзқарастары қандай дәрежеде және ауылдағы волейбол спортының дамуына қандай үлес қосып жатырсыздар?
—Балалардың спортқа қатысымын өте жақсы деп бағалауға болады. Спорт мектебінде күрес, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, волейбол және басқа да спорт түрлерінен үйірмелерге қатысушылардың саны мен ынталары жылдан – жылға артып келеді. Айта кететін жақсы жаңалық аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде Нұржан Жанғалиев деген жас маман аталып отырған спорттың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Оның өзі волейболшы. Жыл сайын селолық округтерде спартакиада өткізуге ұсыныс жасап, өткен жылы Қызылбұлақ ауылында волейбол спартакиадасы болды. Сонда семинар да өткізіліп, волейбол спортын дамыту жөнінде сөз қозғалды. Әсіресе ауылдық жерлердегі волейболды дамытуға өз үлестерін қосуға шақырып, талқыға түсті. Жарыс тартысты өтіп спартакиада көңілімізден шықты. Ауыл тұрғындары риза болды. Волейболдан спартакиада алдағы жылдарда да жалғасын табатын болады.
— Жетістікке қол жеткізген шәкірттеріңіз жайында айтсаңыз және қай жылдарды жемісті жыл деп айтар едіңіз?
— 1990 -1992 жылғы шәкірттерім мектепте оқып жүрген кезінде түрлі біріншіліктерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Төлеген Мұхтаров, Мұқамбетқасым Рахметолла, Ермек Бермағамбетов, Нұржан Азовтар көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрді. Әрине оларды мақтанышпен айта аламын. Мұқамбетқасым Рахметолланы Хромтауға жоғарғы лигага шақырған болатын, бірақ белгілі себептерге байланысты бара алмады. Қазіргі таңда ол Ақтөбе облысының волейбол құрама командасының белді ойыншыларының бірі. Сонымен қатар Ақылбек Қопанов, Нұрбол Бахрадинов, Назат Абдулл, Ағжан Кенжеғалиев, Мұхамбетқасым Рахметолла, Нұрәлем Сәдірбаевты атай кетсек артық болмас.
Мен үшін 2005, 2006, 2007 жылдарды жемісті жылдар болды. Сол жылдары Жанпейіс, Жандарбек, Арыстан атты шәкірттеріммен Павлодар, Көкшетау қалаларына облыстық жарыстарға барып, жүлделі орындарға ие болып қайттық. Әрине шәкірттерімнің тынбастан жаттығып, жеңіске деген сенімдерінің арқасында жақсы жетістіктерге қол жеткіздім деп айта аламын.
— Ал қаражат жағы қалай қарастырылған?
— Қазіргі таңда қаражатты Үкімет жақсы бөліп отыр. Балалардың барлығы спорттық киімдермен, доппен толық қамтылған. Түрлі жарыстарға барғанда оқушыларымыз жататын орындармен және тамақпен қамтамасыз етіледі. Ол жағынан жағдайымыз жақсы. Демеушілеріміздің бірі Ақтөбе қаласында тұратын кәсіпкер Мұрат Тәжіғұлов. Ауылдан шыққан беделді азаматқа алғысымды білдіремін. Түрікпенбай Айжарықов ағайға да рахметімді айтамын. Ол кісінің де жақсылықтары жетерлік. Үнемі жарыстарға келіп, Байғанин командасына жанкүйер болады.
— Әңгімеміздің өзегіне айналып отырған спорт түрі Қазақстанның қай жерлерінде жақсы дамыған дей аласыз?
— Волейболдың негізінен жақсы дамыған жерлері Оңтүстік Қазақстан, Шымкент, Алматы, Өскемен және Павлодар қалалары.
— Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз…
— Алдағы жоспарымыз балалармен жұмыс жасау. Бірнеше күннен соң оқу жылы басталады. Үйірмеге балаларды қабылдаймыз. Бізде жарыстар көбіне демалыс кезінде болады. Балаларды жаттықтырып, жарыстарға дайындаймыз. Жазғы спартакиадаларға, облыстық біріншіліктерге қатысуға жаттықтырамыз. Алдағы уақыттағы жоспарымыз да, мақсатымыз да ауданның, облыстың атын шығаратын мықты волейбол командасын шығару. Жеңісті күндерден үмітіміз зор.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі. Волейболдың даму тарихы Волейбол ((, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — ойын спорты. 1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей: Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс. Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м). Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м). Биіктігі: 6,5 фут (198 см). Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы — 340 г. Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган. Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді. Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды. 1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды. 1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten» «Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты. 1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған. 1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді. Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді. Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті. Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды. 1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті. Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды. 1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді. 1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB — ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді. 80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті. Ойын барысындағы нақты қозғалыстар Ойын басталғандағы бастапқы тұрыс Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады. Ойын барысында орындалатын бұрылыстар Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады. Допты ойынға қосу Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. Бірінші – жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады. Екінші – бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек. Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады. Төртінші – допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады. Допты беру және қабылдау. Қарсыластардың берген добын қағып алып, өзара ойнап қарсыластарына шабуыл ұйымдастырады. Енді осы қарсылас жағынан ұшып келген допты қабылдаудың екі түрі бар. Біріншіден – екі қолмен допты астынан қағып алады. Өз әріптестеріне береді, ал өз кезегінде шабуыл ұйымдастырады. Доп қисынсыз ұшып келген жағдайда, онда бір қолмен де қағып алуға болады. Қорғаныс әдістері Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру – ойыншының ерекше қасиеттері болып табылады. Доп төмен қарай және тез берілсе, ондай жағдайды тез бағдарлау, тез қозғалып допқа ұмтылып құлай түсіп, болмаса айналып барып қабылдау – жеңіс бастамасы болып табылады. Демек, доп үнемі бақылауда болады. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осындайда керек. Сөйтіп, арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла – тәсілдерін үйренуде негізгі рөл атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, қарсыластарының шабуылын қайтаруға дайын тұрады. Қарсы беттегі нөмері 6, 3, 4, 2 алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл жасайды. Яғни, шабуылшы допты бар күшімен қарсыластарына қарай ұрады. Осы кезде қарсыластар тобы тосқауыл қояды. Осы сәтте, 6-нөмірдегі ойыншы 2-нөмірдегі шабуылшының орнын қорғауға барады. Қазақстандағы волейбол Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше. Қорытынды Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады. Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп,қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге,ден саулықты сақтауға,көңіл күйін котеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
— денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;
— Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;
— дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
— оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;
— дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
— бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту;
— жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;
— қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда, тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек;
— оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;
— оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.
Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;
— оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.
Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады. Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар 14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы салмағының 27%-ын алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады. Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе, арқа және іш бұлшық еттері ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігі төмен болады. Осы бұлшық ет жүйесі ерекшеліктеріне байланысты ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, біржақты жүктемелер, қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар беруге болады. Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып беріп, денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз, созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систолиткалық көлемі туралы мәліметті 1-кестеден қараңыз (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).
1-кесте — Бала жүрегінің соғу жиілігі мен қанның систоликалық көлемі
Жасы |
Жүрегінің соғу жиілігі, рет/минут |
Қанның систоликалық көлемі, мл |
Жаңа туған |
120-168 |
2,5 |
1-2 ай |
132-171 |
— |
6 ай |
120-150 |
— |
1 жас |
103-150 |
10,0 |
2 жас |
96-135 |
10,2 |
5-6 жас |
83-119 |
20,6 |
Ер балалар |
||
8 жас |
50-93 |
25,0 |
10-12 жас |
53-86 |
33,4 |
15-16 |
50-77 |
41,4 |
Ересек |
55-75 |
60 ж/е одан көп |
Қыз балалар |
||
8 жас |
67-99 |
27,0 |
10-12 жас |
60-89 |
31,6 |
15-16 |
55-85 |
38,5 |
Ересек |
60-75 |
55-65 |
Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен терең дем алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 мл/минутқа дейін жетеді. Өкпенің ауа сыймдылығы көлемі 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуіміз қажет. Жаттығуларды орындау тыныс алумен бірдей орындалуы тиіс.
Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзаққа созылатын ойындар оларды жалықтырып жібереді. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр түрлі, қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы.
1-сынып оқушылары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды, зейіні тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде ойланып, еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларына денені дамыту жаттығуларын бергенде, ұл балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең, өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшық ет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді,ұзаққа, биікке секіреді, алысқа лақтырады, күшті, әрі шыдамды. Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, қашыққа, жүгіргенде, секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады. (Өйткені 1,2-ші сыныпта ұлдар мен қыздардың дене тәрбиесі жаттығулары амалдары бірге, бөлуге келмейді). Қыздарға 3-ші сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
- Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар тобы табиғи қимыл-әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.
- Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
- Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
- Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-4 сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50% уақытын алса дұрыс болады.
- Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс.
Балалардың қимыл-әрекеттерді есте сақтау қабілеттері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан ары қарай баяулай бастайды.
Қимыл-әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана, қосымша түрде қолданамыз.
Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсінуі үшін нақты не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұстау, жетіп алу, допты ойыншыға тигізу және т.с.с. 2, 3 сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа беру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.
Елімізде қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Ол мұғалімдер арнайы және жоғарғы оқу орындарында оқығанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен дәрістер алды, сынақтар тапсырды. Сондықтан да ол мұғалімдер дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп, дайындалып, мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардан үйреніп, сабақтарды мектеп бағдарламасы материалдарына сай жүргізуі керек.
Ал дене тәрбиесі мұғалімдері келешек өздеріне келетін оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізуіне жол бергізбей, бастауыш сыныптардың оқушыларының оқу жоспарын қадағалап, көмектесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар өткізіп отырулары керек.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:
— бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік тұрғыдан дұрыс сабақ өткізу;
— дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қорытындысын жұмыста пайдалану;
— сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;
— оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;
— сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту;
— ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу;
— оқушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін тұрақты жетілдіру;
— балаларды дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты айналысуға қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту;
— жоғарғы сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына, әдістемелік кеңестеріне қатысу.
Орта сынып оқушылары қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
— денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;
— негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру;
— дене қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті әрі қарай дамыту;
— жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі жүйелеріне әсері, өнегелік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру;
— негізгі спорт түрлері, жарыстар, снарядтар мен құрал-жабдықтар, сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету туралы мағлұматтарды тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын қалыптастыру;
— таңдап алған спорт түрлерінің жаттығуларымен өз бетімен күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін тәрбиелеу;
— сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысының ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру;
— өзінің дене мүмкіншіліктерін бағалау біліктілігін қалыптастыру;
— тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ынталықты тәрбиелеу;
— психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің қатаюын тездетеді де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады.
Қыз баланың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста — қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселерлерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері 13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады.
Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы. Өкпенің тіршілік көлемін спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді, біз өкпенің тіршілік көлемі туралы толық түсінік болу үшін төмендегі кестені беріп отырмыз (2-кесте). (Қ.Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).
2-кесте – Балалар мен жасөспірімдер өкпесінің ауа сыйымдылығы.
Балалар |
Жасы
|
|||||
6 |
7 |
10 |
12 |
15 |
17 |
|
Ер балалар |
1200 |
1400 |
1630 |
1975 |
2600 |
3520 |
Қыз балалар |
1100 |
1200 |
1460 |
1905 |
2530 |
2760 |
Тыныс алу жиілігінің де дене дамуына үлкен маңызы бар. Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулармен айналысқан балалардың тыныс алу жиілігі сирек болады. Дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі тыныс алу оқушылардың өкпесін ғана емес, олардың кеуде бұлшық еттерін, бүкіл тыныс алу жүйесін жақсы дамытады.
Бір демалу циклінде жасөспірім ағзасы 14 мл ауа пайдаланса, үлкен жастағы адам 20 мл ауа пайдаланады. Олар үлкендерге қарағанда тыныс алу уақытын көп тоқтатып отыра алмайды. Олардың ағзасына келіп жатқан ауа аз кездеріндегі жұмысқа іскерлігі тез төмендейді. Адамның жасқа байланысты тыныс алу жиілігі өзгеру кестесін қараңыз (3-кесте). (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).
3-кесте — Тыныс алу жиілігінің адамның жасына байланысты өзгеруі.
Жасы |
1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет |
1 |
44 |
5 |
26 |
15-20 |
20 |
20-25 |
18 |
25-30 |
16 |
30-35 |
18 |
Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры және орталық жүйке жүйесінің әлі толық функционалдық жетілмегені, ол жүйелерді реттейтін, бағыттайтын әр түрлі қызметтік мүмкіншіліктері толық іске қосылмағаны себепті, балалардың ағзалары дене жүктемелеріне қалыптасу уақыты ұзағырақ болып келеді. Жасөспірімдердің жүрек – қан тамыры жүйесі жүктеме кездерінде экономикалық тиімді жұмыс істеуі өздерінен үлкен жастардағы жастарға қарағанда төмен болып келеді. Жүректің функционалдық қызметінің жетілуі 20 жасқа келгенде толық аяқталады.
Жасөспірім кезеңде дене қасиеттері өздерінің жетілулерін ары қарай жалғастыра береді. Бұл кезең дененің қозғалыс қасиеттерінің жақсы даму кезеңі болып келеді. Негізгі дене қасиетерінің орта сынып жастары кезеңінде даму мүмкіншіліктерін (Ж.К. Холодов, В. С. Кузнецов, 2003) 4 кестеде беріп отырмыз.
4-кесте – Орта мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны ( %)
Дене қасиеттері
|
Бір жылдағы орташа дамуы |
Жалпы дамуы |
||
ұлдар |
қыздар |
ұлдар |
қыздар |
|
Жылдамдық |
3,9 |
2,9 |
15,4 |
11,5 |
Күш |
15,8 |
18,4 |
79,0 |
92,0 |
Жалпы төзімділік |
3,3 |
2,1 |
13,0 |
8,4 |
Жылдамдық төзімділігі |
4,1 |
1,0 |
16,4 |
4,0 |
Күш төзімділігі |
9,4 |
3,3 |
37,5 |
13,1 |
Орта сыныптар жасындағы оқушылардың кеңістікте үйлесімді, епті қозғалу қабілеттіліктері жақсы дамиды. Ол қасиеттер: кіші доптарды дәлдікке лақтырулар, доптарды, гранаталарды алысқа лақтырулар спорттық, қозғалмалы ойындардағы әрекеттер, 10 метрге 3 рет қайта жүгірулер т.с.с. әрекеттер кездерінде дамиды. Сонымен қатар осы жас кезінде күш, күш-жылдамдығы қасиеттері, бірқалыпты жылдамдық және төзімділік қасиеттері жақсы дамиды. Икемділік қасиетінің дамуы аз байқалады.
Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
— денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
— негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
— дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
— қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;
— дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру; бекіту;
— өнегелік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;
— тұлға ретінде психикалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Жоғары сынып жасындағы оқушылардың денесінің өсуі мен даму үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен жүйелері бірқалыпты жағдайда дамиды. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бойдың өсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда 13 % көп, ал тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді.
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды. Білезік сүйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып, аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектері: ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды.
Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.
Сүйек аппаратының бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең – жастардың бұлшық еттерінің күші мен төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.
Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық белдеуі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің ауа сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады.
Жігіттердің жүректерінің көлемі қыздарға қарағанда 10-15 %-ға үлкен, жүрек соғу жиілігі 6-8 соғу/ минут аз, жүректің жиырылу күші күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың өкпелерінің ауа сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.
15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылымын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктің, уақыттық қимыл- әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қозғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездерде шыдау қабілеттіліктері секілді ерік-жігер қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қасиеттерінің даму пайыздары азырақ болады. (5-кесте).
5-кесте – Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны (%)
Дене қуаты Қасиеттері |
Жылдық орташа дамуы
|
Жалпы дамуы |
||
жігіттер |
қыздар |
жігіттер |
қыздар |
|
Жылдамдық |
1,5 |
0,2 |
3,1 |
0,5 |
Күш |
14,0 |
9,0 |
28,0 |
18,0 |
Жалпы төзімділік |
2,1 |
0,7 |
6,4 |
2,1 |
Жылдамдық төзімділігі |
2,1 |
-0,6 |
6,3 |
-1,8 |
Күш төзімділігі |
8,5 |
-2,0 |
26,7 |
-6,0 |
Мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қасиеттерін дамыту амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді.
Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының функционалдық мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиілігі аз, қан қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.
Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш төзімділігіне, аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе -теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар аударса дұрыс болады.
Жоғары сынып жасындағы оқушылармен өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда көбінесе жарыс әдістері қолданылады.
Осы жас кезеңінде олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына көмектесеміз.
Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және меңгеру дұрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып жүргізілуі қажет.
Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып кеткеніне байланысты аз комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан ғана болуы және ауыл адамдарының нарық экономикасына байланысты аудан орталықтарына, қалаға көшулері деп түсіндіруге болады. Аз комплектілі мектептер дегеніміз -сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын қосып оқытады.
Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктер:
1.Спорт зал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп ауласында өткізіледі.
2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерде, көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан қолданып келген әдістер, көбінесе айналмалы, топтық, жеке дербес тапсырма беру әдістері қолданылады.
Мысалы: дене деңгейіне байланысты бөліп жаттықтырғанда, кіші шеңберде әлсіз оқушылар, үлкен шеңберде күшті, мықты оқушылар жасайды. Сапта оң жақ қатарда үлкен сынып, одан кейін төменгі сынып оқушылары тұрғызылады. Кіріспе бөлімінде жалпы бой қыздыру жаттығулары бірге жүргізіледі. Негізгі бөлімде сыныптар бойынша топтарға бөлініп, оларға мектеп бағдарламасындағы материалдар бойынша спорт түрлері, жаттығулары беріледі. Мұғалім барлық топтарға барып қателерін түзеп, әдістемелік нұсқаулар беріп отырады.
Сабақтан тыс уақыттарда сынып, мектеп спорт белсенділерін, мұғалім көмекшілерін дайындауға күш салу керек. Дене тәрбиесі үйірмесінің сабақтары жетісіне 3 рет бір сағаттан өткізіледі.
Үйірме сабақтары оқушылар оқу бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын жетілдіру, дене дайындығының деңгейін жоғарылату және сынақ жаттығуларын орындауға дайындайды.
Басқа барлық жұмыстар дене тәрбиесі мұғалімінің тапқырлығымен, білімділігімен, біліктілігімен, ұйымдастыру белсенділігі және шеберлігімен үлкен мектептердегі жұмыстарға ұқсас жүргізіле береді.
Мектеп-интернаттарда оқушылар интернат жатақханасында тұрып оқиды, үйлеріне, ата-аналарына демалыс кездерінде ғана барады. Қалалық интернаттарда оқитын оқушылар апта бойы жатақханада тұрып, оқу оқып, сенбі күні түстен кейін дүйсенбіге дейін үйлеріне ата-аналарына қайтарылады. Осындай интернат жағдайларындағы оқушылар оқу сабақтары кезінде, сабаққа дайындық, дайындықтан бос уақыттарында күні бойы мұғалім мен тәрбиешілердің бақылауында болады.
Дене тәрбиесі сабағы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептердегідей өткізіледі. Сыныптан тыс жұмыстарға, спорт түрлерінен секцияларға, жалпы дене дайындығы топтарына мүмкіншілік болғанынша барлық оқушылар түгелдей қатысуы тиіс. Бұл шаралардан тек қана дене тәрбиесі сабағынан босатылған және арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылар ғана босатылады.
Мектеп – интернаттарда күн тәртібі өте қатаң орындалады. Күн тәртібінде міндетті түрде таңғы гигиеналық гимнастика, сергектік сәттері, денсаулық сағаттары, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығулары және спорт түрлерінен секциядағы жаттықтырулар орындалу қажет. Спортты насихаттау үшін дәрістер, әңгімелер, сынып сағатары, диспуттар, спорт мерекелері, спорт кештері өткізіліп тұру керек.
Мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.
Сыныптарда оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет.
Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе, дене дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелілік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.
Мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір әдістемелік ерекшелігі – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506 бұйрығында: «5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек», — деп жазылған министрліктің осы бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып, құрал-жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіліп жатса өте дұрыс болар еді.
Секіру жаттығулары: Назарларыңызда оңай 5 минуттық секіру жаттығуларының топтамасы. Бұл физикалық жаттығулар аяқ бұлшық еттерін жаттықтыруға бағытталған. Балтырдан бастап жамбасқа дейінгі бұлшық еттерді шымыр қылуға көмектесетін жаттығуларды біліп жүріңіздер.
Жаттығуларды музыкамен орындаған екі есе әсер мен кремет көңіл-күй сыйлайды.
Секіру мақсаты:
а) шығармашылықты көлденеңінен лақтырып, екі қолмен қағып алуға және жүгіріп келіп бір аяқпен серпіліп ұзындыққа секіруге үйрету.
ә) батылдыққа, ептілікке, мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
б) секіру арқылы қимыл-қозғалысын жетілдіру.
Спорт құралдары: Құм толтырылған шұңқыр, өлшеуіш, балалар санына сай сай шығыршықтар.
Дайындық бөлім: Балалар аяқтарының ұшымен, өкшемен жүріп, оң, сол жақтарымен секіру, жүгіру және теріс қарап жүгіру. 2-3 минут тоқтамай жүгіру. Қолдарына шығармашылық алып, үш топқа бөлініп, жаттығулар орындайды.
Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу (7-8 рет).
Аяқты қатар қойып, тұрған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).
Аяқты алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет).
Негізгі тұрыста жерге тигізіп ұстап тұрған шығыршықтан аттап өтіп қайтадан бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет).
Шығыршықты жерге жатқызып қойып тұрған бастапқы қалыпта, оны табанның ортасымен басып айналып жүру (2-3 рет).
Қолды белге ұстап, тұрған бастапқы қалыпта шығыршықтың ішіне секіріп түсіп, қайта секіріп шығу (1-2 минут).
Жай жүріп дем алып, дем шығару
Негізгі бөлім: Спорт алаңындағы секіруге арналған жерге келіп, бірінің артынан бірі тұрып, 3-5 метр қашықтықтан жүгіріп келіп бір аяғымен серпіле неғұрлым алысқа секіруге жаттығу.Секіруге арналған шұңқырдың шетінде бір-бірден тұрып, қос аяқтап секіру арқылы сыныптағы ең жақсы секіретін оқушыны анықтау.
Секіртпемен орындалатын жаттығулар: Ара қашықтықтарын 2-3 метр етіп тұрып, бір бала шығыршықты екінші бір балаға көлбете лақтырып, екі қолмен ұстауға үйренеді. Мұнда батылдық, ептілік жасап, шығыршықтан жасқанбай ұстауға дағдыландыру керек. Содан соң шығыршықты белдеріне салып айналдыруға үйренеді.
Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып, шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут). Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп, үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Әр баланың көрсеткен нәтижесі журналға жазылды.
Қорытынды бөлім: Алаңның екі жағынан қарама-қарсы 9 шығыршықтан жерге қатар тастап қойып, балалар алаңды айналып жүріп келе жатып олардан біртіндеп қос аяқтап секіріп өту. Шығыршықты бір-бірлеріне дөңгелетіп, ұстап ойнау. 2-3 минут.
«Секіртпемен секіре түс» ойынын ойнау, сапқа тұрғызу, сыныпқа апару.
«Секіртпемен секіре түс», «Кім шапшаң» секіріп жетеді? Командаға бөлініп, межелі жерге дейін секіріп бару.
«Кім ұзақ секіреді?» Балалар екі-екіден бөлініп, әр түрлі жаттығулар жасап, ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе, сол ұтады.
Бұл ойындарды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек. Ондай жаттығулардың мынадай түрлері бар: қос аяқтап секіру, сыңар аяқтап, алма кезек секіру, аяқты қайшы қойып секіру, отырып секіру, екеулеп қол ұстасып секіру, көзді шарт жұмып секіру, теріс айналып тұрып секіру, қолды қайшы ұстап секіру.
Жүрелей секіру — ойын мектеп ауласында, спорт залында ойналады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Таңдалған алаңға бір жарым метрдей ұзындықта екі қатар көлденең сызық сызылады. Сол сызықтардың қарсы алдына тұспа-тұс он метрдей жерден екі шеңбер сызылады.
Әр топтан екі-екіден ойыншы шығады да, өз тобы жақтағы көлденең сызыққа келіп жүресінен отырады. Бастаушы белгі берген кезде, екі-екіден қатар отырған ойыншылардың оң жақтағысы жүресінен отырған күйі қарсы алдындағы шеңберлерге секіріп барып кері оралуы керек.
Әлгі ойыншы ілгері секіріп кеткенде, оның орнын қасындағы ойыншы басады да, тағы бір ойыншы сол қатарға келіп отырады. Жүрелей секіріп ойыншы сызыққа жеткен заматта, келесі ойыншы жарысты әрі жалғап әкетеді. Ойын барлық балалар секіріп болғанша жалғасады. Секіріс кезінде жиылып қалса немесе тізесін жазып түрегеп кетсе, ұпай саналмайды. Әр ойыншыға бір ұпай саналуға тиіс. Қай топ көп үпай жинаса, сол жеңіске жетеді. Ойын төзімділікті, дененің шымырлығын қажет етеді.
Серуендеу, дене Адамның ақыл-парасатын, ойын жетілдіреді.
Адам жүргенде, бір жұмыспен шұғылданғанда, автокөлік жүргізгенде, дене шынықтырумен айналысқанда, өзіне массаж жасағанда, билегенде денесі үнемі қозғалыс үстіне болады. Түнде ұйықтап дем алғанда да дөңбекшіп, бір қырынан екінші қырына аунағанда да аяқ, қолы, басы мен кеудесі қимылдайды. Яғни, адам денесінің қозғалмайтын кезі жоқ. Ол сыртқы, ішкі әсерлерге де тітіркенгіш. Мұның бәрі дененің дамуына, ағзаның үйлесімді жетілуіне әсер ететін жағдайлар. Негізінен, серуендеу, дене шынықтыру жасау адамның ақыл-парасаты мен ойын да жетілдіреді. Біз енді соған тоқталсақ.
Серуендеудің пайдасы. Шығыс медицинасы қашан-да «Демалыс – жалқаулық емес, жан еңбегі» деген қағиданы ұстанады. Иә, әрбір адам кешкілік жатар алдында ауа-райы қолайлы болса далаға шығып, жаяу жүріп қайтса, немесе белгілі бір уақыттарда саябақты, көшенің көрікті жерлерін аралап серуендеуді тұрақты түрде әдетіне айналдырса, ол оның денсаулығына өте пайдалы.
- Серуендеу уақыты. Мамандардың ақыл-кеңесі бойынша, таңертеңгілік 6 шақырым, кешке ұйықтар алдында 6 шақырым табиғат аясында серуендеу адам бойына мол күш-қуат береді, ағза таза ауамен тыныстап, көңіл-күй сергиді, өкпе, жүрек, қан жүйесі жақсы жұмыс істейді, шаршағандық басылады. Егерде мұндай серуендеуге уақыт жетіспесе, таңертең, кешке 30 минуттан серуендеп, 3 шақырым жаяу жүріп қайтқан дұрыс. Серуендегенде қатты жүрмей, ақырын адымдап, жан-жағыңдағы табиғат көріністерін, қала ғимараттарын, түрлі-түсті көше жарығын тамашалаған оңды әсер етеді.
- Серуендегенде тыныстау. Жылдың қай мезгілінде де далаға шығып серуендегенде ауызды жауып, танау арқылы терең тыныстаған дұрыс. Ауадағы магнит қуаты танаудың кілегей қабығында жиналып тұратындықтан, танаумен тыныстаған кезде ол ауамен өкпеге жылжып, денеге тарайды. Дәрігерлердің дәлелдеуінше, осынау магнит қуаты-адам жүйкесінің бірден-бір нәрі болып саналады. Және де таза ауада танаумен тыныстау-шаршаған, жұқарған жүйкенің шипалы емі.
- Серуендегі қимыл, тыныстау тәртібі. Далада серуендеп келе жатқанда бұғананы (ключица) барыншы ілгері ұмсындыра, көтере ұстаған жөн. Мойыныңыз түзеліп, басыңыз тіктелсе, омыртқаңыз да түзеледі. Бұл терең тыныстауға жақ-сы жол ашады. Мұндай жағдайда адам өкпесінің жоғарғы бөлігімен дем алады, ал өкпенің төменгі бөлігі өздігінен желдену мүмкіндігін иеленеді.
Тыныстаудың тиімді тағы бір әдісі мынандай: сол аяқтың адымын бір, екі, үш… деп алты адымға жеткізеді. Алдыңғы үш адымда тыныстайды да соңғы үш адымда тыныс шығарады. Тыныстау мен тыныс шығару арасында үзіліс жасалмайды. Бұл жаттығуды оң аяқтан бастап, тыныстану тәсілін жаңағыдай жасауға да болады. Адамдар өзінің жағдайына, қалауына қарай тыныстау мен тыныс шығару ырғағын төрт адымға түсіреді ме, әлде сегіз адымға көбейтеді ме, өзі біледі.
Егерде әрбір адам осынау серуенге шығу, тыныс алу тәртібін қатаң сақтап, далада, таза ауада қыдыруды әдетке айналдырса, екі-үш күннен соң ыңқыл-сыңқылдан арылады, таңертең ұйқыдан тұрғанында сергек сезінетін болады. Тек, есте болатын бір жағдай: серуендеуді бастаған алғашқы күндері көптен бері қалыптасып қалған тіршілік тынысының өзгеруіне байланысты адам-ның ұйқысы бұзылып, сәл тынышсыздануы мүмкін. Алайда екі-үш күннен кейін бәрі де қалпына келіп, жағ-дай жақсарады.
Біз енді дене шынықтыру туралы әңгіме қозғамас бұ-рын әрбір адам білуге тиісті денсаулық қағидасына тоқталсақ. Адамдардың серуенге шығуы да, дене шынықтырумен айналысуы да денсаулығын жақсарту үшін ғой. Сондықтан да денсаулық қағидасын білудің маңызы зор.
Денсаулық қағидалары:
«1. Үйіңе таза ауа көп кірсін, Күннің сәулесі көп түссін. Саламаттықты сақтау үшін таза ауа, Күннің шуағы өте қажет нәрсе.
- Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкіре-гіңді, арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр, көнбісті боласың. Денеңді таза ұстап, жұмасына бір рет жылы суға шомыл.
- Күннің шуағынан жылын-ған суға түс, шомылуға қолайлы уақыт — сәске мен намаздыгер (екінті) арасы. Тал түсте Күн қызып тұрғанда суға түспе, шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға түспе, қызып, терлеп тұрып суға түспе, әуелі қызуыңды басып, теріңді кептір. Жылы, тынық күні судан шыққан соң біраз жалаңаш отыр, үстіңе күн тиіп тұла бойыңды жел қақсын. Өте жылы су, әсіресе, күнде жуынғанда адамның қанын тасытып, денесін босатып нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Денеңді таза ұстау үшін іш киімді жиі ауыстырып тұр.
- Ішкен, жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шай. Аузыңды таза ұстасаң тіс ауруының көбінен құтыласың. Күн сайын тісіңді мисуақпен (тіс тазалағыш) жақсылап тазала. Мисуақтың қылы тым қатты, не өте жұмсақ болмасын.
- Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (ойна, жүгір).
- Өте жылы киінбе, ба-сыңа жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста.
- Денеңді тар киім, белбеу, түрлі баумен байлап қыспа.
- Аяқ киімнің (етіктің ұлтаны табаныңа лайық болсын) өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше зиянды болады.
- Киімің, әсіресе, шұлға-уың, байпағың (шұлығың) суланса шапшаң шешіп тастап, құрғақ киім ки.
- Өте көп ішіп, жеме. Бұзылған астан, сіңбейтін тамақтан, әсіресе, тәттіден қашық бол. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты реттеп ішіп, же. Күніне үш мезгілден артық тамақтанба. Уытталған тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сықылды нәрселерді асқа көп салма. Арақ, боза сықылды есірткіш нәрселерге жолама, шикі, шала піскен етті, жемісті жеме.
- Ерте жат, ерте тұр. Оянсымен төсектен тұрып кет.
- Кешке ұйықтардың алдында ауыр жұмыс істеп шаршама. Болдырған кісі дұрыс ұйықтай алмайды.
- Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалысы — ұйқы. Түнде ұзақ отырып істеген ми адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ қылады.
Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулікте емшектегі балаға он алты — жиырма сағат, он-он екідегі балаға тоғыз сағат, бозбалаға сегіз сағат, үлкен кісіге алты — жеті сағат ұйқы керек. Наша шекпе, көкнар (апиын) ішпе, әйтпесе диуана боласың».
Дене шынықтырудың пайдасы.
Кейбіреулер дене шынық-тыру мәдениетіне мән бермейді, оны басқа мәдениет түрлерінен төмен қояды. Бұл дұрыс емес. Адам өз денсаулығына бала кезінен көңіл бөлуге тәрбиеленіп, оны шынықтырумен айналысса, сымбатты, денсаулығы мықты азамат болып өседі. Орыстың терапиялық мектебінің негізін қалаушы ғалымдардың бірі М.Я.Мудров осы орайда былай деген: «Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы».
Амал не, көбіміз деніміз сау кезінде дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың пайдасын бағаламаймыз, еңбек пен демалысты алмастырып отырмаймыз. Мұнан жүз жыл бұрын жер бетіндегі барлық жұмыстың 96 пайызын адамдар өздерінің бұлшық еттерінің күшімен атқарса, енді бәрін де техника жүзеге асырады. Бұл да адамдардың аз қозғалуына әкеліп соқтыруда.
Ғылыми зерттеу деректері бойынша, дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдар онымен анда-санда бір шұғылданатын адамдарға қарағанда сирек ауырады, дәрігерге сирек қаралады. Негізінен, спортпен айналысатындар онымен ай-налыспайтындарға қарағанда шамамен дәрігерге төрт есе сирек қаралатын көрінеді. Және де дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі шұғылданатындар онымен жүйесіз шұғылданатындарға қарағанда дәрігерлік көмекті екі есе сирек, ал оны біржола керек қылмайтындарға қарағанда 3 есе сирек қажет етеді.
Дәрігер-ғалымдар дене шынықтыру туралы:
- Дене шынықтыру жаттығулары қан қысымының жоғарылауын төмендетеді, төмендеуін жоғарылатып отырады, қандағы холестерин құрамын қалыпқа келтіреді, тұз алмасуын бір мөлшерге түсіреді.
- Дене жаттығулары процессінде сыртқы қолайсыз факторларға, радиацияға, індетті ауруларға, ауа-райы температурасының құбылмалылығына тұрақтылық, тежеу берушілік пайда болады.
- Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу қан жасалу жүйесінде жағымды терең өзгерістер жасайды: гемоглобиннің саны артып, ақ қан формуласы тұрақтанады, ферментті жүйелердің әрекеттілігі артады.
- Денесі жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда оттегі жеткіліксіздігін жеңіл көтереді.
- Төрт сағат бойы қозғалмай тұруға мәжбүр болу дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдарға анағұрлым аз әсер етеді.
- Дене қозғалысы жас сәбидің сөйлеу органының өте тез және дұрыс қалыптасуына зор мүмкіндік ашады.
- Денесін жақсы шынық-тырған адамдардың 80 пайызы ұшақты ұшыру техникасын игеруде өте жақсы баға алады. Ал дене шынықтыруға әзірлігі қанағаттанарлық деген бағамен белгіленгендердің өте жақсы баға алатындары 47 пайыздай ғана.
- Мидың жұмыс қабілетін жоғары ұстау үшін арнайы «ми гимнастикасын» жасау өте пайдалы.
- Дене шынықтыру жаттығулары психикалық қызметке екі түрлі әсер етеді: 1. Оның өсуіне мүмкіндік береді. 2. Ой еңбегі қабілеттілігінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
- Бір қалыпты, мөлшерлі әрі дағдылы дене қозғалысы жұмысқа қабілеттілікті екі есе арттырады.
Ой еңбегі және дене шынықтыру.
Шаңғымен сейілдеп, жеңіл қол жұмысымен шұғыл-данғанда ой қызметі үйлесімді болады. Ой еңбегімен айналысатын орта жастағы дені сау адам аптасына ең кем дегенде 8-10 сағат уақытты дене шынықтыру жаттығуларына бөлуі қажет. Шамамен, денеге түсетін күшті мынандай етіп бөлген тиімді: демалыс күні – 2-3 сағат (шаңғымен немесе жаяу туристік жорық жасау), аптаның орта шенінде – 1-2 сағат (коньки, есу, велосипед тебу), күнделікті 10-15 минут таңертеңгі гимнастика және 30-40 минут жүру (жұмысқа барғанда және жұмыстан қайтқанда) керек. Денеге түсетін салмақты осылай етіп бөлуді еңбек, демалыс, тамақтану режимімен сәйкес жүргізгенде адамның көңіл күйі жақсарады, ой еңбегі барынша жемісті болады.
Дене шынықтыру жаттығуларының дәстүрлі түрлері:
- Аяң. Адамның аяңдап (бірқалыпты) жүруі (бір орында тұрып жүруге де болады).
- Керілу жаттығулары. Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желкеге қояды, сосын бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жанға қарай созады, содан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Ырғақ: 1-2 – керілу – тыныс алу; 3-4 – бастапқы қалыпқа оралу, дем шығару.
- Қол және иыққа арналған жаттығулар: а) жанға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ію және қайта жазу; ә) осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау; б) қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау; в) түзу қолды айналдыру; г) қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; д) бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де осы қимылдар бірнеше қайталанады; е) екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді.
- Дене тұлғасына арналған жаттығулар: гимнастиканы бастарда аяқтың арасын алшақтау ұстайды, қолды мықынға немесе иыққа қояды: а) денені екі жаққа кезек бұру; ә) оң мен солға кезек иілу; б) алға иілу; в) екі аяққа кезек иілу; г) денені мықын арқылы ырғай қозғалу.
- Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Бастапқы қалып – орындық-тың шетіне отырып, жиегінен ұстайды: а) тізені бүгіп, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады да, біртіндеп төмен түсіреді; ә) аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді; бір аяқты алма-кезек тізені бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.
- Аяққа арналған жат-тығулар. Аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып: а) аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі; ә) аяқтың ұшымен көтеріліп, содан соң төмен түсерде жартылай иіледі; б) бір нәрсеге қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды; в) бастапқы қалыптағыдай қолды белге таянып, одан кейін оны екі жанға қарай созып бір тұрып, бір отырады; г) қолмен таянып тұрып, аяқты алма-кезек жан-жаққа сілтей қозғайды.
- Бүкіл дененің бұл-шық еттеріне арналған жаттығулар. Бұл жат-тығуларды әртүрлі қалыпта орындайды: а) аяқты созып жіберіп, екі қолмен жер тірей жатады (бұл кезде дене жерге тимеуге тиіс), одан кейін бастапқы жағдайға қайта келеді; ә) аяқты алшақтау ұстап (екі қол белде), оң қолды жоғары көтеріп сол жаққа иіледі, одан кейін бастапқы қалыпқа оралып, осы қозғалысты екінші жаққа қайталайды; б) әуелі түрегеп тұрып, содан соң отырады, одан кейін аяқты артқа жіберіп, қолмен жер тірейді, қайтадан бастапқы қалыпқа келеді; в) денені оңға қарай бұрып және сол аяқты иіңкірей оң аяққа сол қолдың саусақтары жеткенше еңкейеді, сосын бастапқы қалыпқа қайта келеді.
- Секірулер. Секірудің мынандай түрлері бар: а) аяқ бірге, қол белде; ә) сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру; б) аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру; в) секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек аустырып қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау; г) әр аяқпен алма-кезек 2-4 реттен секіру; д) әуелі екі аяқпен, сосын бір аяқпен секіру, сонан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар
Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау);20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады;соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м);белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;аяқтың өкшесімен ғана жүгіру;аяқтың ұшымен жүгіру;жүреден отырып жүгіру;сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м);қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.
Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.
Дала жарысы.
Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дала жарысы — кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.Дала жарысының негізгі мақсаты — табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды.Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.
Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек. Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек.
Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.Дала жарысының қауіпсіздік ережесі
Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді.Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді.Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.ЖүзуЖанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған.
Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады.
Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады.
Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады. Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.
Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.
Содан кейін ғана брасс, болмаса баттерфляй әдісімен малтуға ден қоюға болады.Жалпы жүзуден жарыс бағдарламасына — етпеттен жатып құлаштап жүзу, шалқадан жатып құлаштап жүзу, брасс және баттерфляй жаттығулары кіреді.
Қозғалмалы ойындар. Спорттың ойындардың бір түрі — баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Осы ойын түрінен бүгінде құрлық және әлем біріншілігі өткізіліп тұрады. Халықаралық федерациясы жұмыс істейді.Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады — жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ.
Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.Осындай ойын барысында, нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болсын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, допты торға түсіру, болмаса допты әріптесіңе дәл бере білу, допты алып жүргенде қарсыласын алдап өту, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі.Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді.
Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Волейбол — спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады.Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады.
Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондыңтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындың деңгейін көрсетеді.
Осындай ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы, адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, болмаса допты қарсыласының алақанына алдап тастау, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі. Волейбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оңу орындарының бағдарламасына кіреді.
Арнаулы оңу орындарының студенттері бұл кезеңде волейбол ойынын ойнап, белгілі бір деңгейде дайындықпен келеді деп есептеледі. Сондықтан, бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдерімен таныс, ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Арқан тартыс. Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойыншылардың саны 10 баладан аспағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды.
Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады.
Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.
Секірулер . Өз бетімен гимнастикамен айналысушылар үшін секірудің түрлерін мынадай екі негізгі топқа бөлуге болады: екі немесе бір аяқтан секіру (яки екі аяқпен кезектесе секіру). Аздаған өзгерістерді қолдың, аяқтың қозғалыстары арқылы реттеуге болады.
Секірудің мынадай варианттары бар: аяқ бірге, қол белде; сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру (2—4 рет бір жаққа қарай, осынша рет екінші жаққа қарай секіреді); аяқты бірде қосып, бірде алшақтап секіру; секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек ауыстырыл қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау және қайтадан төмен түсіру, артқа және алға шапалақтау; әр аяқпен алма-кезек 2—4 реттен секіру; әуелі екі аяқпен, содан кейін бір аяқпен секіру, одан соң қайта екі аяқпен, тағы сол сияқты.
Секіргенде аяқтың ұшымен секіру керек. Бұл, әсіресе, егде адамдар үшін өте пайдалы. Олар денелері зіркілдемес үшін екі аяқпен алма-кезек секіргендері жөн. Секіру — денені неғұрлым көбірек қозғалысқа түсіретін жаттығу. Мұнда организмнің барлық бұлшық еттеріне күш түседі. Бұл — күш түсірудің ең шарықтау шегі, одан кейін оны біртіндеп, төмендету керек, сонда тыныс алу бір қалыпқа келіп, жүрек соғысының жиілеуі де бірте-бірте реттеледі.
1-2 минут аяңдау. Аянды тоқтатар кезде қолды бірнеше рет жоғары көтеріп, терең тыныс алу керек те, одан кейін ақырын ғана төмен түсірген жөн.
Жоғарыдағы келтірілген схема бойынша жаттығулар комплексін таңдап алуға болады. Әрбір жаттығуды бір минут мөлшерінде, орташа қимылмен жасайды. Тынысты емін-еркін алу керек: еңкейгенде, денені бұрғанда отырғанда, қолды созғанда дем шығарылып, қолды көтергенде, түрегелгенде, денені көтергенде, иілгенде терең тыныстаған жөн (тыныс алу және дем шығару кеуденің сығылу және ұлғаю қозғалысына сәйкес болғаны дұрыс). Егер жаттығуды орындау кеудеге еш әсер етпесе, онда ыңғайға қарай тыныс алу керек. Белгілі бір уақыттан кейін жаттығуларды ауыстырыл отыруға болады. Егер кейбір жаттығуларды орындау қиын тисе, оны одан әрі жалғастырудың қажеті жоқ. Жаттығу таңдағанда әр адам өз организмінің ерекшеліктерін ескергені жөн, өйткені дене тынықтыру организмге таза физиологиялық әсер етумен қатар, адамның көңіл күйіне де ықпал жасайды. Сондықтан кейбір жаттығуларды орындау ұнайтын болса, оларды тұрақты түрде істеуге болады. Сонда оның тиімділігі артады.
Бірінші жаттығу: екі қолды барынша артқа жіберіп бір-бірімен ұстастырады да, жауырынмен бірге қимылдатады. Бұл кезде басты шалқайтқан жөн; екі қолды желкеге тарақтал қосып, шынтақтарды және басты мүмкіндігінше шалқайтады.
Екінші жаттығу: жерге етпеттеп жатып, екі қолды желкеге қойып, шынтақ пен басты жоғары шалқайтып, кеудені қайқайып көтеруге әрекет жасайды: етпеттеп жатып, екі қолға гантель алып, қос құлашын созады, осы қалыпта басты шалқайту арқылы кеудені аздап көтеру керек.
Жаттығу кезінде гантельді мүмкін болғанынша жоғарырақ көтереді. 0,5—1 кг-дық гантельден бастап, бірте-бірте оның салмағын 2 кг-ға дейін ұлғайтады. Пенсия жағасындағы адамға денені қозғалысқа келтіретін жаттығулардың барлық түрлерін күн сайын жасаған жөн: саусақ, шынтақ буыны, иық буыны, бас және жауырынды қозғалысқа келтіретін жаттығулар пайдалы.
Денені бұру, аяқты жан-жаққа «сілтеу», иілу, етпеттеп жатып «қайқаю» сияқты және тағы басқа қозғалыстарды қолданған жақсы. Егер таңертеңгілік гимнастиканың жаттығулар жүйесіне бұл қозғалыстардың ешқайсысы енгізілмеген болса, оларды қосымша кіргізген жөн. Алғашында қосымша жаттығулар негізгі жаттығуларды орындауға кететін уақыттың есебінен алынады, өйткені гимнастиканың жалпы мөлшері 10 минуттай аспауға тиіс.
Дене жаттыққан сайын әрбір жаттығуды қайталау саны көбейтіліп, жалпы уақыт 15—20 минутқа дейін жеткізіледі. Мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер үшін дене тәрбиесінің негізгі мақсаты олардың қозғалыстарының бағыттарын анықтау, қозғалысқа икемділіктерін арттыру болғандықтан, оларға арналған жаттығулардың жиі ауыстырылып тұрғаны жөн.
Мектепке бармаған бүлдіршіндер үшін мұндағы ұсынылып отырған жаттығулардың кейбіреулері тым күрделі, сондықтан ең қарапайым, көп қайталанбайтын жаттығулар таңдап алып, олардың орындалуын тұрақты қадағалан отыруға болады.
Балалардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіру үшін мынадай жаттығулар өте пайдалы допты лақтырып жіберіп, қайтадан ұстап алу; допты бір қолдан екінші қолға лақтырып ойнау; 180 және 360 градусқа айналып барып, екі жаққа кезек секіру, екі аяққа алма-кезек салмақ сала еңкею қимылдарын жасау, «жатқан күйде» қолды желкеге қарай жіберу, шалқадан жатып бір қырымен етпеттеп (қолдың көмегінсіз) аунап түсу. Осындай екі-үш жаттығу таңертеңгі гимнастикада міндетті түрде орындалуға тиіс. Гимнастикамен ауасы тазартылған бөлмеле, ал жаз айларында таза ау ада, далада шұғылданған жөн. Киім жеңіл болғаны дұрыс. Гимнастикадан кейін су процедурасын қабылдау керек. (Шынығу мақаласын да қараңыз).
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан — жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес.
Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады.
Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Гимнастика — дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары — спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады.
Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.
Гимнастикамен шұғылдану деген сөз — адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі — гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.
Гигиеналық гимнастика — денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика — негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады.
Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика — жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен — жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі — спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары — керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары — бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
Спорттың акробатика — жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу.
Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем гимнастикасының орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.
Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті.
Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс.
Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро.
Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек.
Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар.
Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау); 20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады; соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м); белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту; аяқтың өкшесімен ғана жүгіру; аяқтың ұшымен жүгіру; жүреден отырып жүгіру; сыңар аяқтап секіріп, жүгіру; қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпен жүгіру (20, 30, 40 м); қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу; белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру; белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту; 30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру; 30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту; 30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.
Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.
Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды.
Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек.
Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.
Дала жарысы. Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді. Дала жарысы — кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді.
Дала жарысының негізгі мақсаты — табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.
Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.
Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды.
Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.
Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.
Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау керек.
Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек. Көлденең құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.
Жалпы дала жарысына жолға шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.
Дала жарысы сабағын өткізгенде 3 шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.
Дала жарысының қауіпсіздік ережесі: Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады. Артындағы топ жол бастаушының айтқанымен жүреді. Қандай кедергілер болсын, топтағы оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек көрсетеді. Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып қалмау керек.
Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап береді. Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.
Жүзу. Жанды, жансыз денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары — су, ауа күн сәулесі. Міне, сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру, бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу қарастырылған. Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс болмақ.
Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.
Білім беру жүйесінде суға жүзу жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады. Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне байланысты.
Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын, жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады. Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.
Оқу процесінің бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б. осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай жаттығулар орындалады.
Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі, шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.
Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және шалқалап жатып орындалады. Екінші — брасс, тек етпеттен жатып орындалады. Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу жаттығуларының негізгі тараған түрі — етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.
Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды.
Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.
Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
— денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;
— негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
— жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы — дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді.
Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды.
Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді. Осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді.
Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:
- Ұйымдастыру жұмыстары.
- Оқу жұмыстары.
- Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі — сауықтыру шаралары.
- Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық — көпшілік жұмыстары.
- Үгіт-насихат жұмыстары.
- Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.
- Шаруашылық жұмыстары.
6-кесте
№ р/с |
Негізгі бөлімдер, бөлімдердің жұмыс мазмұны |
Орындау уақыты |
Орындауға жауапты |
1. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Дене тәрбиесінің жоспарлау құжаттарын жасау және бекіту: — жалпы жылдық жоспар; — тоқсандық жоспар кестелері; — жылдық спорттық шаралардың күнтізбе жоспары |
Тамыз |
ДТ мұғалімі |
2 |
Мұғалімдер кеңесінде сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындарын өткізуді ақылдасу |
Тамыз |
Әкімшілік, ДТ мұғалімі |
3 |
Бастауыш сынып мұғалімдері мен күн тәртібіндегі сауықтыру шаралары, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру туралы семинар өткізу |
Тамыз |
ДТ мұғалімі |
4 |
Әрбір сыныпқа сабаққа дейінгі гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар өткізу орындарын бөліп беру |
Қыркүйек |
ДТ мұғалімі |
5 |
Сыныптарда сабаққа дейінгі гимнастика, үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар өткізу тәртібі туралы әңгіме өткізу |
10 қыркүйекке дейін |
Сынып жетекшілері |
6
|
Спорт түрлерінен жаттықтыру кестесін жасау |
10 қыркүйекке дейін |
ДТ мұғалімі |
2. ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу |
Тұрақты |
ДТ мұғалімі |
2 |
Ашық сабақтар, семинарлар өткізу, әдістемелік бөлме ұйымдастыру, ата-аналарға арнап ашық сабақтар өткізу |
Жыл бойы, тұрақты |
ДТ мұғалімі |
3. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ — САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ |
|
||
1 |
Сабаққа дейінгі гимнастиканы өткізу |
Күнделікті |
Ұйымдастырушы нұсқаушылар |
2 |
Ұзақ үзіліс кезінде қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығуларын өткізу |
Күнделікті |
Ұйымдастырушы нұсқаушылар |
3 |
1-11 сыныптардың жалпы білім беру сабақтарында сергектік сәттерін өткізу |
Күнделікті |
Мұғалімдер, нұсқаушылар |
4 |
Ұзартылған күн топтарында жаттығулар мен ойындар өткізу |
Күнделікті |
Тәрбиешілер |
4 САБАҚТАН ТЫС СПОРТ-КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Оқу жылының басталуына арналған дене тәрбиесі мейрамын өткізу |
Қыркүйек |
Әкімшілік ДТ мұғалімі |
2 |
Спорт секцияларындағы, үйірмелердегі жұмыстарды жүргізу |
Жыл бойы |
ДТ мұғалімі |
3 |
Мектеп Спартакиадасын өткізу |
Сәуір |
Әкімшілік, ДТ мұғалімі |
4 |
Аудандық жарыстарға қатысу |
Жоспармен |
ДТ мұғалімі |
5 |
Спорттық жорықтар өткізу |
Маусым |
Әкімшілік,ДТ мұғ. |
6 |
Президенттік сынама жарыстарына дайындық және өткізу |
Жыл бойы |
Әкімшілік, ДТ мұғ. |
5. ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Дене тәрбиесі бұрышы, сыйлықтар мен марапат қағаздар, жоғары көрсеткіштер, «Мектепетің үздік спортшылары» көрмелері |
Қыркүйек |
ДТ мұғалімі |
2 |
Спорттық кештер, «спорттық көңілді тапқыштар», «спорттық білгіштер» сайыстарын өткізу |
Қараша Мамыр |
Әкімшілік, ДТ мұғалімі |
6. ДӘРІГЕРЛІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР: |
|||
1 |
Оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу, дәрігерлік топтарға бөлу |
Қыркүйек |
Дәрігер, әкімшілік, ДТ мұғалімі |
2 |
Арнайы дәрігерлік топтың денсаулығын бақылау |
Ай сайын |
Дәрігер |
3 |
Оқушыларды қорытынды дәрігерлік қараудан өткізу |
Мамыр |
Дәрігер,әкімшілік, ДТ мұғалімі |
7. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ |
|||
1 |
Спорттық құрал-жабдықтарды жөндеу |
Жыл бойы |
ДТ мұғалімі |
2 |
Көрнекі құралдар дайындау |
Жыл бойы |
ДТ мұғалімі |
Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.
Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:
- Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.
- Тоқсандық жоспар-кестесі.
- Әр сабақтың жоспары.
- Жоспар-конспект.
Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі бетте үлгі ретінде жылдық жоспар-кесте қалай құрастырылатыны көрсетілген.
Келесі беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1,5,11, сыныптарына арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген. Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр тоқсандарды алдық. Бұл тоқсандық жоспар-кестелер мектеп базаларына, мектеп бағдарламасы мен құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған.
Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына, мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады.
Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады.
Дене тәрбиесі сабақтарының … оқу жылына … тоқсанға арналған әр сабақ жоспары.
Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы кесте түрінде құрастырылады (кестеде):
№ р/с |
Сабақ Міндеттері |
Сабақ бөлімдері |
Ескертулер |
||
Кіріспе |
Негізгі |
Қорытынды |
|
||
|
|
|
|
|
|
Екінші нұсқада үлкен дәптердің бетіне сабақ нөмірлері қойылып рет-ретімен жазылады.
1-сабақ
- Міндеттері
- ____________________
- ____________________
- ____________________
2 Өткізілетін орын ____________________
3 Керек құрал-жабдықтар ______________
- Кіріспе бөлім- 12 минут
- Саптық жаттығулар.
- Жүру жаттығулары.
- Жүгіру жаттығулары.
- ЖДДЖ.
- Негізгі бөлім – 28 минут.
- Жаттығу
— Негізгі жаттығулар.
— Дайындық жаттығулары.
— Жетекші жаттығулар.
- Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары
- Дене қасиетін дамыту жаттығулары.
III. Қорытынды бөлім – 5 минут.
- Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары.
- Баға қою.
- Үйге тапсырма.
Бұрынғы кеңес заманында да, қазіргі егеменді ел, нарық экономикасы заманында да жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі ұжымдары жұмыс істеді, әлі де істеп жатыр. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері – мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы – мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тәрбиесі мұғалімдері.
Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге дене мәдениетіне, дене тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы, денсаулыққа байланыстылығынан. «Басты байлық – денсаулық», «Тәні саудың-жаны сау» дейді дана халқымыз.
Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға, дене тәрбиесі-сауықтыру шараларына мұғалімдер мен оқушыларды көбірек қатыстыру. Оларды тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту.
Тұрақты жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы Ибн Сина: «Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді», -деген.
Дене тәрбиесі ұжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі жарыстарға қатысу мүмкіншіліктеріне байланысты. Өйткені мектеп жұмыстарының ең маңызды бір көрсеткіші – спорттық жарыстарда мектеп құрама командасының спорт түрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала жарыстарында жүлделі орындар алуы.
Жүлделі орындар алу үшін, мектеп ұжымы директордан бастап оқушыға дейін жұмыла тер төге жұмыс істеуі керек. Осы көрсетілген екі негізгі міндеттердің өзі дене тәрбиесі ұжымының маңыздылығын, жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді.
Дене тәрбиесі ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек.
Мектептің дене тәрбиесі ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. Дене тәрбиесі мұғалімі дене тәрбиесі ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білуі, құжаттарын сауатты дұрыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мектептің дене тәрбиесі ұжымы жұмыс істейді, барлық мектеп мұғалімдері, оқушылар бұл жұмыстарға жұмыла атсалысады.
Дене тәрбиесі ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы – 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан төраға, төрағаның орынбасары, хатшы сайланады.
Дене тәрбиесі кеңесі жанынан бұқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құралады. Комиссия жұмысын басқару кеңес мүшелеріне жүктеледі.
Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары), ұзартылған күн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын, Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік көпсайыс жарыстарын өткізу, дайындау жұмыстарына жауапты.
Спорт шаралары комиссиясы. Спорт шаралары комиссиясы мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, дене тәрбиесі мұғалімдеріне спорт секцияларындағы жаттығуларды жүргізуге көмектесу, аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын сынып және мектеп құрама командаларын іріктеу, жоғары көрсеткіштер көрсеткен спортшылар кітабын, спорттық классификация нормаларын орындаған оқушыларды есепке алу құжаттарын толтыру жұмыстарына жауап береді.
Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы. Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы мектепте және тұрғылықты жерлерде оқушылармен сауықтыру-дене тәрбиесі, спорттық шаралар жұмыстарын ұйымдастыруға, қоғамдық спорт нұсқаушыларын, спорт төрешілерін, спорт ұйымдастырушыларын дайындау және бағыттау жұмыстарын жүргізеді.
Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы. Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясының жұмыстары: спорт мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға стендтерін, мектеп радиосын, мектептегі әр түрлі көпшілік шаралар кезінде спортшылар көрсетілімдерін ұйымдастыру (спортшылар көрсетілімдері-әр түрлі спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс жаттығуларын көрсетеді. Ол өте әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс түрінде жүргізілуі керек). Комиссия әр түрлі көрнекі материалдар жинау арқылы мектептің дене тәрбиесі бұрышын жасайды, спорт, сауықтыру дене тәрбиесі және салауатты өмір салты туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді.
Шаруашылық жұмыстар комиссиясы. Шаруашылық жұмыстар комиссиясы спорт алаңдарын, стадиондарын салу, безендіру, стандарттық емес әр түрлі снарядтар жасау, спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс сақтау, жөндеу жұмыстарымен айналысады.
Мектеп дене тәрбиесі ұжымының кеңесі қажеттіліктері бойынша өз шешімдерімен басқа да комиссиялар құруына болады.
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы:
— мектеп оқушыларының балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдануына ұсыныс қағаз береді;
— дене тәрбиесі және спорт мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің спорт белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар түсіреді;
— мектептің көпшілік жиындарында, спорт мерекелерінде спортшыларды, спорт төрешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді;
— дене тәрбиесі ұжымының «Құрмет кітабына» дене тәрбиесі спорт жұмыстарының озаттарын жазады.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы:
— спорт түрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында жаттығу, жарыстарға қатысу;
— дене тәрбиесі ұжымы кеңесіне сайлану, комиссия жұмыстарына қатысу;
— мектептің туристік, спорттық құрылыстарын,құрыл-жабдықтарын пайдалану.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің міндеттері:
— дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануды және мектептегі білім алуды қатар ұштастыру;
— өзін тәрбие мен спорттық этика талаптарына сай ұстау;
— дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарына белсенді қатысу, кеңестің шешімдерін орындау, ұжымның намысын қорғау, мәртебесін көтеру;
— өз жасына сай Президенттік сынама нормаларын тапсыруға дайындық, орындау;
— өзі айналысқан спорт түрінің жоспары бойынша жаттығу, разряд нормаларын орындау;
— мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу;
— мектептің спорт құрылыстарын, спорттық құрал-жабдықтарын, құрама командасының спорт киімдерін ұқыпты пайдалану, спорт құрылыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысу;
— дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау;
— өз ағзасының дамуын бақылау және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, мектеп медбикесінің нұсқауларын орындау.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі тәртіп бұзған, үйде, достарының арасында, қоғамдық жерлерде, спорт жарыстарында өзін дұрыс ұстамаған, сабақ үлгерімі нашар дене тәрбиесі ұжымының мүшелеріне әр түрлі тәрбие шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы жаттығуларға уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру, мектептің, сыныптың құрама командасы мүшелерінен шығару.
Әр мектеп дене тәрбиесі ұжымының өз кеңесі бекіткен спорттық формасын тіктіруіне, эмблемасын жасатуына болады.
Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс, жақсы ұйымдастыру, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгерімін бақылауға көмектеседі.
Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу.
- Алдын ала есепке алу оқушылардың денсаулығын, дене дайындығын білу үшін қолданылады. Ол жұмыстар: оқушының жеке құжатымен танысу, ата-анамен әңгімелесу, дәрігерлік бақылау кездерінде дене тәрбиесі мұғалімінің қатысуы.Жыл басындағы алғашқы сабақтар кезінде оқушының оқуға дайындығын, дене қуаты деңгейін білу үшін әр түрлі сынақ жаттығулары алынады.
2.Негізгі есепке алу түрі – ағымдағы есеп. Бұл есеп кезінде жалпы дене тәрбиесі жұмысының жүргізілуі, оқушылардың сабаққа, спорт түрінен жаттықтыруларға қатысуы, оқу үлгерімі, жарыс нәтижелері бақыланып, есепке алынып отырылады. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын, ынтасын бақылайды, сабақ кездерінде баға қояды. Бапкер жаттығуға қатысуын белгілейді, жарыстарда орындаған нәтижелерін, разрядтарын бақылап, есепке алып отырады.
- Қорытынды бақылау және есепке алу әрбір тоқсанның және жылдың аяғында жүргізіледі. Оқушыларға тоқсандық, жылдық баға қойылады, оқу жоспарының қалай орындалғаны тіркеледі, бақылауға алынады.
Есепке алу жүйесінде жоғарыда айтылған негізгі түрлерден басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері қолданылады.
Негізгі есеп алу құжаты мектептің сынып жорналы болып есептеледі. Жорналда оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі, өтілген сабақ міндеттері, үй тапсырмасы жазылады. Жорналдағы оқушылардың фамилиясы тұсына тек қана сабақта жоқ болса «ж» әрпі және сабақтағы алған бағасы қойылады. Қазір біздің мемлекеттің жалпы білім беру мектептерінде пайдаланып жүрген сынып жорналының мазмұнымен және оны жұмыс барысында қалай толтыру керек екенімен танысайық.
Сынып жорналының сол жақ беті
Пәннің аты…
№ |
Оқушының тегі, аты |
Айы, күні |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
Сынып жорналының оң жақ беті
Мұғалімнің тегі, аты-жөні…
Айы, күні |
Сабақта не өтілді? |
Үй тапсырмасы |
Мұғалімнің ескертпесі |
|
|
|
|
«Сабақта не өтілді?» бағанасына өтілген сабақ материалы қысқа, нақты түрде жазылады. «Үй тапсырмасы» бағанасына мұғалімнің үйде орындауға берген тапсырмалары жазылады. Олар: сабақта үйренген жаттығу техникасын қайталау, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту жаттығуларын орындау, берілген теориялық мәліметтерді пысықтау түрлерінде болады. «Мұғалімнің ескертпесі» бағанасында жеке оқушыға ескертулер, олардың тәртібі, сабақ барысы туралы ескертулер жазылады.
Сынып жорналынан басқа мұғалімнің жұмыс дәптері болу керек. Онда оқушылардың дәрігерлік тобы, спорт түрлерінен тапсырған барлық сынақ және жаттығу техникасын орындау көрсеткіштері, оқушылардың жақсы көрсеткіштері т.б. мұғалімге керек мәліметтер жазылады.
Сынып жорналының ақырғы беттерінде дене тәрбиесі мұғалімі толтыруы керек беттер:
Президенттік сынама – тест тапсыру туралы мағлұматтар
№ |
Оқушының тегі, аты
|
Д.Ш. дайындық деңгейі |
Белгі түрі және грамоталары |
Президенттік тесті тапсырған күні |
|
Президенттік деңгей |
Ұлттық деңгей |
||||
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
Оқушылардың дене дайындығының көрсеткіштері
№ |
Оқушылардың тегі, аты |
Медициналық топ |
30-60-100 жүгіру |
Оқу жылының басында |
||||||
Қолының күші
|
Орнынан секіру |
Нығыздалған допты лақтыру |
Тартылу |
Дене дайындығының бағасы |
||||||
сол |
оң |
ұлдар |
қыздар |
|||||||
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу, олардың орындалуын бақылау үшін басқа жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы белгілер қойылып отырылады. Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны, разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындалған тізімі, жоспардың орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы,
Президенттік сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген жұмыстардың құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке келген тексеру комиссияларына толық көрсете білу мақсатында біз барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік. Сол құжаттардың тізімін, үлгі түрлерін төменде көрсетіп отырмыз.
Мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарының тізімі.
- ҚР үкіметі. Білім және ғылым министрлігі бекіткен дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының арнайы нормативтік құжаттары.
- Дене тәрбиесі және спорт туралы заң (Sport 04.01.2000 ж).
- Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2007-2011жж. Мемлекеттік бағдарламасы.
- Дене тәрбиесінің стандарты. Авторлар: С.Т. Тайжанов, Ю.Г. Тілеуғалиев.
- Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11 сыныптарға арналған дене тәрбиесі бағдарламалары.
II Жоспарлау құжаттары.
- Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
- Дене тәрбиесі сабағының жылдық жоспар-кестесі.
- Тоқсандық жоспар-кестесі.
- Әр сабақтық жоспар.
- Жоспар-конспект.
- Мектептің көпшілік спорт және сауықтыру жұмыстарының жылдық күнтізбелік жоспары.
III Мектептің дене тәрбиесі ұжымының құжаттары.
- Ережесі, құқықтары мен міндеттері.
- Кеңес құрамы.
- Отырыстарының жоспары.
- Кеңес отырыстарының хаттамалары.
- Оқу жылына арналған жоспары.
3.1. Жалпы жұмыстар мен мәліметтер:
- Сыныптардағы оқушылар туралы мәліметтер.
- Қоғамдық спорт нұсқаушылары, олардың жұмыс бағыттары.
- Спорт төрешілері.
- Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі.
3.2. Спорттық жұмыстар мен жарыстар:
- Мектепішілік жарыстардың хаттамалары.
- Аудандық, қалалық жарыстардың хаттамалары.
- Спорт түрілерінен жүргізілетін секциялар мен үйірмелердің құжаттары:
— мектептің спорт секциялары туралы мәліметтер.
— мектептің жалпы дене дайындығы топтары туралы мәліметтер.
— жоспарлау құжаттары;
— жорналдары.
- Есепке алу құжаттары.
- Әрбір сыныптың бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының көрсеткіштері.
- Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс дәптері.
- Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру жұмыстарының өткізуін есепке алу кестесі.
- Спорттық жарыстардың құжаттары:
— өткізілген жарыстардың толық құжаттары: мәлімдеме, сұраныс, хаттамалар, бас төрешінің есебі.
- Мектеп құрама командасының аудан, қала жарыстарына қатысуы:
— қатысқаны туралы жалпы кесте.
— құжаттары.
6.Мектеп оқушыларының жарыстардағы үздік көрсеткіштері кітабы.
- Спорттық дәреже (разрядтар), атақтар алған спортшылар тізімі.
- Спорт төрешілерінің жарыстарға төрелік еткендігі туралы есептері.
9.Президенттік сынама жұмыстарының құжаттары:
— мектеп директорының Президенттік сынама тапсыру комиссиясын бекіту туралы бұйрығы;
— Президенттік сынама көрсеткіштерін бағалау кестесі;
— 5,9,11 сынып оқушыларының сынақ түрлері мен нормалары;
— сынақтар және жарыс хаттамалары;
— Президенттік сынаманың қорытынды кестесі.
- Оқу құралдары мен жабдықтарының есеп тізімі.
- Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын жүргізуге рұқсат берілгендігі туралы акт.
- Спорттық снарядтардың тексеру сынағынан өткені туралы акт.
- Мектеп оқушыларының қауіпсіздік ережелерімен танысқандығы туралы құжат.
- Дәрігерлік-педагогикалық бақылау бойынша мектеп директорының бұйрығы.
VII. Дене тәрбиесі мен спортты көрнекі түрде насихаттау.
- Президенттік сынама стенді.
- Жоғары көрсеткіштер көрсеткен мектеп спортшылары стенді.
- Дене тәрбиесі сабағының сынақ жаттығуларының нормалары стенді.
- Салауатты өмір салты стенді.
- Спорт түрлерінің қауіпсіздік шаралары стенді.
- ҚОРЫТЫНДЫ.
Дене тәрбиесі пәнінен «Денешынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні.«тақырыбында өткен ашық сабағының өзіндік талдауы.
Сабақта алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.
Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Көрнекіліктерден волейбол доптары, сетка, ысқырықты, кадаскоп пайдаландым.
Ашық сабақ спорт залда өтті. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.
І бөлім. Дайындық бөлімі 10–15 мин.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25–30 мин.
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4–5 мин
Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым. Олар жүру жаттығулары: денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау; орында орындалатын жаттығулар: басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Дайындық жаттығулары бірнеше рет орындалды.
Негізгі бөлімінде, волейбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды, допты төменнен қабылдауды үйреттім. Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне арақашықтығы 6–7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғарылақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп бергіздім. Арақашықтығы 7–8 метрден оқушы допты жоғары көтеріп құрбысына берді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта берді. Келесі кезеңде оқушыларға допты еденге ұрып құрбысына беруді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын орындаттым. Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.
Допты төменнен қабылдауды үйрету үшін, оқушының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын көрсетіп, келесі жаттығуларды орындаттым. Оқушы құрбысының қолына допты беріп екі қолмен қабылдап, қайта берді. Оқушылар арақашықтығы 8–10 м жерден қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушы допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушы допты төменнен қабылдауды үйренді.Жаттығулар слайдтармен көрсетіледі.
Сабақ соңына қарай оқушылар ережемен волейбол ойнады.
Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдандым, оқушыларға жаттығуларды көрсетіп тұрып, орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өзмүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығынормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығызбайланыста өтті. Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулыққа, яғни адамфизиологиясына қауіптөндіретіндігі жөнінде мағлұмат бере отырып биология пәнімен байланыстырып кеттім. АӘД пәнімен саптық жүріскезінде байланыс болса, допты қабылдау кезіндегі доптың траекториясы физика пәніне байланысты екендігі айтылды. Сабақ процесінде волейбол добын, ысқырық, сетканы, кадаскоп пайдаландым.
Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8–10 рет тартылу, қыздарға 25–30 рет дене көтеру жаттығуларын бердім. Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толық жете алдым деп ойлаймын.
Спорттың денсаулықты жақсартып, адам жасын ұзартумен қатар көңілін өсіріп, сымбатты, шыдамды да жігерлі боп өзін сергек сезінуіне тигізер септігі мол. Күн сайын бой көтеріп келе жатқан елімізде спорттың дамуына барлық жағдай жасалып жатқаны белгілі. Соңғы жылдарда қазақ спортшылары көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Оған дәлел өз елімізде өткен қысқы Азиадада қазақ елінің спортшылары 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль жеңіп алған болатын. Сөйтіп, алтын медаль саны жағынан қысқы Азиаданың рекордын жаңарттық. Сонымен қатар күні кеше аяқталған «Лондон — 2012» жазғы олимпиада ойындарындағы жетістіктердің де шоқтығы биік. 7 алтын мен 1 күміс және 5 қоланы жеңіп алған спортшыларымыздың жеңісі, әрине біз үшін бір төбе. Алдағы күндерде де сүйінші сұрар жетістіктеріміз көп болуын әрі ол спортшылардың Байғанин өңірінен болуын қалауменен әңгіме ауанын спорт күні қарсаңында ауыл спортына бұрсақ. Тамыздың үшінші жексенбісі — Спорт және туризм күні болып бекітілгелі мереке кеңінен аталып өтілгелі отыр. Осы мереке қарсаңында аудандық балалар спорт мектебінің волейбол бөлімінің жаттықтырушысы Ақан Смағұлмен әңгімелескен болатынбыз.
— Спорт пен дене тәрбиесінің адамның денсаулығын сақтауда, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын білеміз. Дегенмен спорттың қоғамға деген пайдасы жөнінде өзіндік пікіріңізді айтып өтсеңіз?
— Қай кезеңде болмасын салауатты өмір салтын ұстанған халықтың ұрпағымыз және Елбасымыз да жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келеді. Әрине спорттың қай түрінің болмасын адамның денсаулығына тигізер маңызы өте зор. Ал, ауылда бүгінгі таңда спорт саласы бірте- бірте еңсесін көтеріп келеді дей аламын. Аудандық балалар спорт мектебіндегі спорттық үйірмелердің саны артып, оған келуші балалардың саны көбейіп келе жатқаны сөзіме дәлел. Бұдан балалардың спортқа деген қызығушылығының бар екенін, оны дамыту ғана маңызды екенін байқауға болады.
— Өзіңіздің мамандығыңыз жөнінде айтсаңыз…
— Мен, бала кезімнен волейбол ойынын жақсы көрдім. Волейбол – мен үшін спорттық ойындардың арасындағы сүйікті ойындардың бірі. Оны кіші де, үлкен де және ерлер мен қыздар да ойнай береді. Өмірден өткен Аяған Можабаев, Рахметолла Ершуақов деген мықты волейболшы ағайларды атап кетпеу мүмкін емес. Ол кісілердің менің өмір жолыма, яғни мамандық таңдауыма септігі тиді. Олардың спорт саласына сіңірген еңбектері зор боп, әсіресе волейбол спортынан ауданда алғашқы қатарлардан көрінді. Волейбол спортының ардагерлері өзіміздің Қарағұл Нәсір, Бөрібай Сисен және Аязбай Можабаев ағайлардан ойынның қыр – сырын үйренген едік. Мектеп бітірген соң Ақтөбе педогогика институтының дене тәрбиесі және спорт факультетіне оқуға түсіп, мамандығым бойынша бітіріп шықтым. 1990 жылы осы аудандық балалар спорт мектебіне волейболдан жаттықтырушы болып жұмысқа орналасқаннан бері 20 жылдан астам уақыт өтіпті. Спорт мектебінде қыз балалар жаттықтырушысы Қарағұл Нәсір және Индира Ершуақова, ал ер балалармен Әсет Жалғасұлы екеуміз жұмыс жасаймыз. Біздің басты мақсатымыз облысқа мықты-мықты волейбол спортшыларын шығару. Шүкір, жүлделі орындарды иемденіп жүрген балаларымыз жоқ емес.
— Волейбол үйірмесіне оқушыларды таңдап аласыздар ма, әлде…
— Үйірмеге оқушылар таңдалып алынбайды. Қатысамын деп келген баланың бетін қақпаймыз. Себебі балаларды спортқа баулу, ол біздің басты мақсатымыз. Яғни, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуға тиіспіз. Мысалы, волейбол үйірмесіне 5 -11 класс оқушылары қабылданады. Қабылданғаннан кейін оларды кіші топ, ортаңғы және жоғарғы топ деп бөлеміз. Үйірмеде балаларға волейбол ойынын үйретіп, ережелерімен таныстырамыз. Үш жетінің көлемінде баланың волейболға деген бейімділігі байқала бастайды да икемді балаларды жарыстарға қатыстыра бастаймыз. Ойын арқылы баланың ептілігін, икемділігін, күш, жылдамдық, шапшаңдық және тағы да басқа дене қасиеттерін дамытамыз. Оқушыларды достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелейміз. Балаларды бірінші топаралық, содан кейін мектепаралық, бұдан кейін облыстық біріншілікке дайындаймыз. Кейін облыстық, республикалық дәрежедегі жарыстарға жіберіледі. Мысалы, облыс біздің ауданнан екі адам алса, өзге аудандардан да ойыншылар алып құрама командасын құрады. Сөйтіп республикалық дәрежедегі жарыстарға қатысады. Біздің жұмысымыз облысқа мықты деген ойыншы дайындап беру.
— Волейбол ойынының түрлері және ережелері қандай?
— Волейбол классикалық және жағажайлық болып екіге бөлінеді. Біздің ойнап жүргеніміз классикалық волейбол. Жағажайлық волейбол құмда болып, онда екі адам кездеседі. Волейбол ойыны ұлттық, жоғарғы және балалар лигасы болып бөлінеді. Волейбол спортшылар командасы 6 ойыншыдан тұрады. Қазір «либеро» деген жаңадан шыққан, яғни жетінші адам қорғаушы болады. Бұрынғы кезде волейболда уақыт шектемей, ойынның 3-4 сағатқа дейін созылып кететін жағдайлары кездесіп жататын. Қазіргі таңда уақыт шектеулі, 5 партиядан болады, яғни 25 ұпайға дейін. Өзіңізге белгілі қай спортта болмасын ойында қатаң тәртіп және мықты талап қажет. Әрине еңбекқорлық та жеңіске жеткізетіні сөзсіз. Ойынды тамашалап тұрған адамға волейбол оңай ойын сияқты болып көрінеді. Допты екі жаққа ұрып, ұпай алса болды. Жоқ ол оңай ойын емес. Волейбол өзіндік ережелері бар намысты ойындардың бірі.
Сондықтан жаттықтырушының негізгі мақсаты көрерменнің ойынға деген мүддесін және волейболшылардың жеке шеберлігін арттыра отырып, командалардың ойын сыныбын сапалы түрде жақсарту екені даусыз. Сонымен қатар Қазақстанның құрама командалары үшін кандидаттар мен резервтер әзірлеуге, яғни чемпиондарды дайындап шығаруға бар күшімізді жұмсаймыз.
— Жаттықтырушы ретінде спортшыларға қояр ең басты талабыңыз?
— Ең басты талабым – тәртіп. Спортшылар жаттығуға айтқан уақытында келсе, шын көңілмен дайындалса ғана жеңіске жетеді. Шәкірттерім бұл талабымды дұрыс түсінеді. Айтқанымды бұлжытпай орындап, жаттығудан кешіккен емес. Командада қатаң тәртіп болғанының арқасында жетістікке жеткенімізді жасырмаймын. Волейболшы болуды армандайтын адамның бойында ең алдымен осы спортқа деген үлкен қызығушылық пен құлшыныс болуы керек. Әр жаттығуда шын ниетімен еңбектеніп, тер төксе ғана шеберлігі шыңдалады.
— Қазіргі таңда ауыл жастарының спортқа деген көзқарастары қандай дәрежеде және ауылдағы волейбол спортының дамуына қандай үлес қосып жатырсыздар?
—Балалардың спортқа қатысымын өте жақсы деп бағалауға болады. Спорт мектебінде күрес, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, волейбол және басқа да спорт түрлерінен үйірмелерге қатысушылардың саны мен ынталары жылдан – жылға артып келеді. Айта кететін жақсы жаңалық аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде Нұржан Жанғалиев деген жас маман аталып отырған спорттың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Оның өзі волейболшы. Жыл сайын селолық округтерде спартакиада өткізуге ұсыныс жасап, өткен жылы Қызылбұлақ ауылында волейбол спартакиадасы болды. Сонда семинар да өткізіліп, волейбол спортын дамыту жөнінде сөз қозғалды. Әсіресе ауылдық жерлердегі волейболды дамытуға өз үлестерін қосуға шақырып, талқыға түсті. Жарыс тартысты өтіп спартакиада көңілімізден шықты. Ауыл тұрғындары риза болды. Волейболдан спартакиада алдағы жылдарда да жалғасын табатын болады.
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
- А. Г. Ариянц — Волейбол ФИС 1986
- Ю. Н. Жещев — Волейбол ФИС 1986
- С. Қасымбекова — Әдістемелік құрал, Волейбол, Алматы, “Атамұра”
- Назарбаев Н. Ә. Барлық Қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі
- Әбенбаев С. Оқушылардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру \\ Сынып жетекшісі
- Орманбекова Ұ. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру \\
- Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. «Педагогика» Алматы 2002, 6бет
- Әбенбаев С. Сынып жетекшісі. Алматы 2004
- Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030», Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан., Алматы. 2012ж.
- Антропова М.В. Оқушылар күн тәртібі, денсаулық және еңбек қаблеттілігі.-М.: Педагогика, 1984
- Дене тәрбиесі. Әдістемелік құрал Г.Маковецкая, Т.Васильченко, О.Меркель.Алматы кітап 2009ж.
- Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1.
- Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.
- Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері». Алматы, «Кітап», 2001.
- М. Т. Тұрыскелди – Қимыл- қозғалыс ойындары
- С. Қасымбекова, Д. Мырзамед. Дене тәрбиесі.
- С. Тайжанов, С Қасымбекова,. Дене тәрбиесі Алматы Атамұра
- Бағдарламалар дене тәрбиесі. Алматы 2004 ж
- Л.В. Былова, И.М. Коротков.Қозғалыс ойындары, М. ФИС.1982
Қосымша
Көпшілік-спорт және сауықтыру шараларының
жылдық күнтізбелік жоспары
№ р/с |
Өткізілетін шаралар |
Өткізілетін уақыты |
Қатысатын спортшылар |
Өткізуге жауапты адам |
|
|
|
|
|
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құрамы 200…- 200… оқу жылы
№ р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Жұмыс орны, оқитын сыныбы |
Кеңестегі орындайтын жұмысы |
Тұратын мекен-жайы
|
1 2
|
Аяғанов Медет Асылұлы Баянов Мұрат Датұлы |
Мектеп директоры, Дене тәрбиесі Мұғалімі |
Төраға Төраға орынбасары |
Абай д., 15-24 Арай, 23-45 |
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің отырыстарының жоспары
Тоқсан |
Айы, күні |
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер |
Орындалғаны туралы белгі |
I |
қыркүйек |
|
|
қазан
|
|
|
|
II |
қараша |
|
|
желтоқсан |
|
|
|
III |
қаңтар |
|
|
ақпан |
|
|
|
наурыз |
|
|
|
IV |
сәуір |
|
|
мамыр |
|
|
Қосымша
Дене тәрбиесі ұжымының … оқу жылына арналған жоспары
№ р/с |
Өткізілетін шаралар |
Өткізілетін уақыты |
Өткізуге жауапты адам |
Орындалғаны туралы белгі |
|
|
|
|
|
Сыныптар туралы жалпы мәліметтер … оқу жылы
Сын- ып |
Оқушы- лар саны |
Оның ішінде |
Спорт ұйым- дастырушы |
Жаттығатын мекемелер мен топтар |
Сабақтан боса-тылған |
|||||
Қыз- дар |
Ұл-дар
|
ЖДҚД |
мектеп секц. |
спорт мект. |
спорт мект. |
арн мед.т |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қоғамдық спорт нұсқаушылары
№ р/с |
Аты-жөні |
Оқитын сыныбы |
Кеңестегі орындалатын жұмысы |
Тұратын мекен-жайы, телефоны |
1. Волейбол спорты бойынша |
||||
1. |
Халелов Алмас |
11 |
Жаттықтыру жүргізеді |
Шәкәрім, 20-5 21-14-45 |
2. Шаңғы спорты бойынша |
||||
2. |
Абышов Думан |
10 |
Мектеп құрама командасына Жауапты |
Абылай, 9-15 42-13-27 |
3. Гимнастика түрлері бойынша |
||||
3. |
Акенов Азамат |
10 |
Сабаққа дейінгі гимнастиканы жүргізеді. |
Шоқан, 2-44 26-10-95 |
Қосымша
Қоғамдық спорт төрешілері
№ р/с |
Аты-жөні |
Оқитын сыныбы |
Қай спорт түрінен |
Тұратын мекен-жайы, телефоны |
1. |
Жеңісханов Әлібек |
11 |
Волейбол, шаңғы |
Сәкен, 13-19 |
|
|
|
|
|
Спорт мектептерінде жаттығатын оқушылар тізімі
№ р/с |
Аты-жөні
|
Сынып |
Спорт түрі |
Спорт мектебі |
Мекен-жайы, телефоны |
|
|
|
|
|
|
Мектептің спорттық секциялары туралы мәліметтер … оқу
жылы
№ р/с |
Спорт түрі
|
Жаттығушылар Саны |
Жаттықтыру өткізеді |
|
жаттықтырушы |
нұсқаушы |
|||
|
|
|
|
|
Мектептің жалпы дене дайындығы топтары туралы мәліметтер … оқу жылы
№ р/с |
ЖДД топтары (жастарына байлан-ы |
Жаттығушылар Саны |
Жаттықтыру өткізеді |
|
жаттықтырушы |
нұсқаушы |
|||
Қосымша
Бастапқы және қорытынды сынақ жаттығуларының
көрсеткіштері
№ р/с |
Оқушының аты-жөні |
30 м |
Жүгіру 3*10
|
Орнынан ұзындыққа секіру |
6 мин жүгіру |
Допты желкеден алдыға лақтыру |
Қолдың қысу күші |
||||||
|
Айы |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
IX |
V |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дене тәрбиесі мұғалімінің әрбір сыныпқа арналған жұмыс
дәптері 200… – 200… оқу жылы
№ р/с |
Аты-жөні |
Ұзындыққа секіру |
100 метрге жүгіру |
Ұ 2000 Қ 1000 |
Волей- бол |
Баскетбол |
Жалпы
|
|||||||||
|
|
К-ш |
баға |
К-ш |
баға |
К |
Б |
БАҒА |
БАҒА |
|||||||
|
|
1 |
2 |
А |
Қ |
1 |
2 |
А |
Қ |
А |
Қ |
А |
Қ |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: А — ағымдағы; Қ — қорытынды; К-ш – көрсеткіш; 1-тоқсан басында, 2-тоқсан аяғындағы көрсеткіш;
Мектептің жылдық көпшілік-спорт және сауықтыру
шараларының өткізілуін есепке алу кестесі
№ р/с |
Шаралар |
Қатысқан командалар |
Қатысушылар саны |
Өткізілу бағасы |
Ескертулер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша
Мектеп құрама командасының … оқу жылында аудан,
қала жарыстарына қатысуы
№ р/с |
Спорттық жарыстар |
Өткізілу уақыты |
Қатысқан командалар |
Алған орындар |
Ескертулер |
|
|
|
|
|
|
Мектептің жоғары спорттық көрсеткіштерге жеткен спортшылары
- Жеңіл атлетика
№ р/с |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш көрсеткен оқушы |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш |
Қашан, қай жарыста көрсетті? |
Спорттық разряды |
Оқитын сыныбы |
Мекен-жайы, телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
- Гимнастика
№ р/с |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш көрсеткен оқушы |
Жоғарғы спорттық көрсеткіш |
Қашан, қай жарыста көрсетті? |
Спорттық разряды |
Оқитын сыныбы |
Мекен-жайы, телефоны |
Спорттық дәреже (разрядтар) орындаған спортшылар тізімі
№ р/с |
Аты-жөні |
Сынып
|
Спорт түрі |
Спорт дәрежесі |
Қашан, қай жарыста көрсетті |
Мекен-жайы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|