ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Жалпы және этиникалық педагогика кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық — педагогикалық шарттары
Алматы — 2010
ТҮЙІН
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Зерттеудің нысаны:12 жылдық білім беру мекемесі.
Зерттеудің пәні:12 жылдық білім беруге педагогикалық-
психологиялық бейімдеу процесі.
Зерттеудің мақсаты:12 жылдық білім беруге
педагогикалық-психологиялық
бейімдеу бағыттарын айқындау.
Зертеудің міндеттері:
- 12 жылдық білім берудегі бағалаудың ұлттық жүйесін практикаға енгізуге
бейімдеу
— Әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу.
— Білім алушылардың еңбек рыногындағыбәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету үшін дағдылар алуына жағдай жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер де жалпы орта білім берудің тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізделсе , 12 жылдық білім берудің педагогикалық – психологиялық бейімдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса осы білім беру жүйесін енгізуде атқарылған жұмыстардың нәтижелілігі арта түсер еді .
Жұмыстың көлемі : 65 бет
Әдебиеттер тізімі : 50
Кесте саны : 4
Сурет саны : 5
Қосымша : 1
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….
- 12 Жылдық білім беру жүйесіне көшудің әлеуметтік –
педагогикалық алғышарттары
1.1 Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің жалпы сипаты……..
1.2 Жалпы орта білім берудің әлемдік даму тенденциясы……………………..
1.3 Қазақстан Республикасындағы жалпы орта берудің кезеңдері…………
1.4 Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшу
саясаты………………………………………………………………………………………………
- 12 жылдық білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық –
психологиялық алғышарттары
2.1 12 жылдық білім беруге мұғалімдерді даярлаудың педагогикалық –
психолгиялық ерекшеліктері……………………………………………………………
2.2 12 жылдық мектептегі құзіреттілік тұрғы……………………………………….
2.3 12 жылдық мектептің құрылымы…………………………………………………….
2.4 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту мен бағалау жүйесі…………..
Эксперименттік бағдарламалар………………………………………………………….
Қорытынды……………………………………………………………………………………………….
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен өскелең ұрпаққа білім беруді реформалау мәселесі туындады.
Мамандардың пікірінше , бүгінгі мектеп түлектері жаңа өндірістік және экономикалық қатынастарға енуге даяр, бәсекелік қабілетті, кәсіптік икемділік пен бейімділік, ауқымды политехникалық біліктілік сияқты тұлғалық қасиеттерге толық ие болуы қажет.
ХХI ғасырда еліміздің білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің негізілуі уақыт талабы болып отыр .Осының негізінде мектептердегі білім беру жүйебін 12 жылға ұзартуды таза психологиялық – физиологиялық жағынан алғанда құптау керек .
Елімізде осы мәселені қарастырып жүргендер : Г.Қ.Айқынбаева , М.Садықов , Н.В.Власова , С.Б.Тайманова , С.Д.Мұқанова , Ә.Дүйсебек , А.А.Семченко , М.Ж.Жадрина , Н.А.Заграничная , Ү.Б. Жексенбаева
Нарықтық қатынастарды нығайтумен, меншіктің алуан түрлілігін , еңбек тиімділігін дамытумен байланысты Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесіне, мектептік білім беруге талаптарды түбірімен өзгертті.
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапалық негізін құрайтын , елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінің ролі мен мәні арта түседі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізіне педагогика , психология ғылымдарының жеке тұлғаны қалыптастыру , білім беру , тәрбиелеу туралы ілімдері , теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалары алынды .
Зерттеу көздері.Қазақстан Республикасында қабылданған ресми құжаттар ,( Қазақстан Республикасының Конституциясы , Білім туралы Заң ),сонымен қатар 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы , ғалымдардың , педагогтардың осы жүйе туралы зерттеулері , еңбектері .
Зерттеудің нысаны:12 жылдық білім беру мекемесі.
Зерттеудің пәні:12 жылдық білім беруге педагогикалық-
психологиялық бейімдеу процесі.
Зерттеудің мақсаты:12 жылдық білім беруге
педагогикалық-психологиялық
бейімдеу бағыттарын айқындау.
Зертеудің міндеттері:
- 12 жылдық білім берудегі бағалаудың ұлттық жүйесін практикаға енгізуге
бейімдеу
— Әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу.
— Білім алушылардың еңбек рыногындағыбәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету үшін дағдылар алуына жағдай жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер де жалпы орта білім берудің тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізделсе , 12 жылдық білім берудің педагогикалық – психологиялық бейімдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса осы білім беру жүйесін енгізуде атқарылған жұмыстардың нәтижелілігі арта түсер еді.
1.12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ .
1.1 Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің
жалпы сипаты .
Білім саласындағы жоғарғы сапалы реформалар мемлекет пен қоғамның экономикасының тұрақты дамуының кепілі болып табылады.Қазақстан Республикасының білім жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі мақсаты – Жаһандану заманындағы нарықтық экономика уақытында азаматтарға сапалы да заманға сай білім берумен қамтамасыз ету.Білім саласын реформалау жаңа құқықтық, ғылыми — әдістемелік , қаржылық жағдайларды құрумен қатар , кадрлық мәселені де дұрыс , толыққанды шешуді қажет етеді.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Б.А.Қ өкілдерімен бір кездесуінде , олардың сұрақтарына жауап бере отырып , былай деген еді: « Қазіргі экономиканың қарқынды даму кезеңінде әлеуметтік сфера мәселелерімен тұрақты айналысатын уақыт болды…..Мұнда өз шешімін күтіп тұрған көптеген мәселелер бар , орта және жоғарғы білім берудегі заманауи реформаларды аяқтау керек. »[ 1 ]
Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес 12 жылдық білім беруге сәйкес 2008 жылдың қыркүйек айынан басталмақшы. Осы күнде 12 жылдық білім берудің Мемлекеттік жалпыға бірдей орта білім беру стандарты дайындалып , соған сәйкес пәндік бағдарламалар дайындалуда .Осыған орай 12 жылдық білім беру мәселесін жүзеге асыруға жалпы білім саласы қызметкерлерін бейімдеу мәселесі өзекті болып табылады.
Білім беру жүйесін реформалау барлық елдерде жүргізіліп отырады.
Шетелдерде жүргізілген білім бе ру саласындағы реформалар қоғамның тікелей қажеттіліктеріне байланысты . Өзіндегі жағдайға байланысты әр мемлекет реформа жүргізуде өзіндік мақсаты мен міндеттерін айқындап алады.
Адамзат дамудың постиндустриалдық , ақпараттық қоғам дәуіріне өтіп , гуманитарлық , экономикалық және экологиялық қарама — қайшылықтардың шйеленісуі , қоғамдық және экономикалық даму кеңістігіндегі жаһандану құбылысының өрістеуі сияқты проблемалармен кездесіп отырған қазіргі күрделі кезеңдерде әрбір мемлекет адам капиталын молайту , оның мәдени — интеллектуалдық деңгейін көтеру , саяси ұлтаралық , конфессиярлық әлеуметтік және гендерлік теңсіздіктер мен жанжалдардың алдын алу , қылмыс пен террорлық әрекеррерді азайту , қоршаған табиғи ортаны сақтау , салауатты өмір салтын қалыптастыру сияқты мәселелерді шешудің , бірден – бір пәрменді және кешенді жолы есебінде білім жүйесін жетілдіріп , оны тұрақты даму деңгейіне көтеруге ерекше мән берілуде.
2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының Жапон мемлекетінің ұсынысы бойынша 2005 – 2014 жылдары » Білімді тұрақты дамыту декадасы » болып жарияланды. Бұл декада адамзат алдындағы ғаламдық проблемаларды барлық елдердің білім жүйесін бір кеңістікте өзара үйлестіріп , қарқынды және тиімді дамыту арқылы шешу , әлемдік білімнің философиясы мен әдіснамасында іргелі жаңғырулар енгізіліп , білім жүйесінің алдында адамдардың болашаққа бағдарланған ноосфералық ой — өрісін , гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру , әрбір тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттерін толық және жан – жақты жүзеге асыру , ғаламдық проблемаларды әлемдік бір кеңістікте қарастыра отырып рухани – интеллектуалдық тұрғыдан үйлесімді шешу мақсаттарын қойып отыр.
Білімді тұрақты дамыту тұжырымдамасы осыған дейін ЮНЕСКО аясында 1990 жылы Джомтьенде (Тайланд)өткен Білім жөніндегі Әлемдік форумда және 2000 жылы Дакарда қабылданған , білім саласында алты түрлі басты мақсатта белгіленген “ Баршаға білім беру ” бағдарламаларымен , 2003 жылы БҰҰ қабылданған “Сауатсыздықпен күрестің он жылдығы ” бағдарламасымен астасып жатыр және соларды бір жүйеге біріктіретін басты бағдарлама.[2]
XX ғасырдың соңы XXI ғасырдың алғашқы жылдары осындай халықаралық бағдарламалар аясында білім жүйесін жетілдіру реформаларын жузеге асырған кейбір елдердің тәжірибелерінен үйренуіміз керек.
Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005 — 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы осындай әлемдік жоғары талаптар деңгейіндегі ұлттық білім жүйесін қалыптастыратын , адами ресурстарын , интеллектуалдық капиталын молайту , сол арқылы Қазақстан қоғамының тұрақты даму деңгейіне көтерілу міндеттерін шешетін іргелі бағдарлама есебінде бағаланып отыр .
Мемлекеттік бағдарламаның басты бетбұрыстарының бірі — 12 жылдық орта мектеп жүйесін құру. Қазақстандық 12 жылдық орта мектептің мақсаты оқу мерзімін ұзарта отырып , ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар аясында , оқушылардың білімділігін , біліктілігін , өзгермелі , бәсекелестік ортада табысты қызмет жасау қабілеттілігін , өзін — өзі дамытуға және жүзеге асыруға бейімділігін қалыптастыру , білім мазмұнын ізгілендіру , білім беру мен басқару тәсілдерін жетілдіру , білім сапасын бағалаудың халықаралық стандарттары мен нормаларына көшу , әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп ықпалдастыру болып белгіленген .Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып , экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткiздi.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң , елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң , адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi . Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге , одан ұтқырлықты , жаңа тарихи кезеңнiң болмысына бара бар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi.[3]
Жедел өзгерiп тұратын әлем және ақпарат легiнiң ұлғаюы жағдайында iргелi пәндiк бiлiм мiндеттi , бiрақ ол бiлiм берудiң жеткiлiктi нысанасы болып табылмайды . Оқитындар қазақстандық бiлiм беру жүйесi бағыт алған бiлiмнiң , дағды – бiлiктiң жиынтығын (бiлiм үстемдiгi) меңгерiп қана қоймауға тиiс . Оқитындардың өзiн барынша көрсете бiлу және қоғам өмiрiне пайдалы түрде қатысу үшiн (құзыреттiлiк) ақпаратты өз бетiнше табу , талдау , құрылымдау және тиiмдi пайдалану дағдысын бойына сiңiру әлдеқайда маңызды да күрделi. Қазақстандық бiлiм беру жүйесi оның әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде лайықты орын алуына мүмкiндiк бермейтiн ескiрген әдiснамалық базасы , құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда . Бiлiм беру мазмұны фактологиялық күйiнде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмiрiне құзыретті , жауапты әрi шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған . Өңiрлiк деңгейде бiлiм берудi басқарудың бiрiздендiрiлген жүйесiнiң болмауы , бiлiм беру бөлiмдерiнде мамандардың штат санының жетiспеушілiгi бiлiм берудi басқарудың тиiмдiлігіне керi әсер етеді. Жалпы бiлiм беретiн мектептегi реформалардың шетелдiк тәжiрибесi оқытудың мерзiмiн 12-13 жылға дейiн ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетiстiктерi мен кәсiби оқытуды сыртқы бағалау жүйесiн енгiзудi көздейдi.
Қазақстанның жалпы орта бiлiмi жалпы бiлiм беретiн мектептер санының көбеюiмен әрi демографиялық және көшi-қон процестерiне орай жекелеген өңiрлерде шағын жинақталған мектептердiң өсуiне ықпал еткен оқушылар контингентiнiң азаюымен сипатталады.
Сонымен қатар жалпы орта бiлiм беруде өз шешiмiн күткен проблемалар да анықталуда. Оқулықтар шығару тәжiрибесiнiң, авторлар мектептерiнiң, толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудiң қаржылық тетiгін және институционалдық қолдаудың жоқтығынан оқулықтардың сапасы педагогтер қауымын қанағаттандырмай отыр.[4]
Ескiргендердi пайдалану және қазiргi заманғы оқу жиhаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсiресе, ауылдық мектептерде) жоқтығы мемлекеттік жалпыға бiрдей бiлiм беру стандарттары талаптарын толық көлемде орындауға мүмкiндiк бермей отыр және балалар мен жасөспiрiмдер денсаулығына керi әсерiн тигiзедi. Республиканың әрбiр үшiншi мектебiнде пән кабинеттерi: химия, физика, биология, математика және т.б., мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ.
256 мектеп авариялық жағдайда тұр. 2 мыңнан астам мектеп күрделi жөндеуге мұқтаж. Елiмiз бойынша оқушы орнына тапшылық 500 мыңға жуық орынды құрайды.
Пәндiк көзқарасқа негiзделген мемлекеттік жалпыға мiндетті бiлiм беру стандарттары оқушылардың өмiр жолын таңдауына, мүдделерi мен перспективаларын нақты белгiлеуiне оң негiз бола алмайды. Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерiнiң қабiлеттерiне сәйкес келетiн кәсiптік қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп түлектерiнiң 70%-ының өзiн-өзi бағалау деңгейi өте төмен және өз бетiнше өмiр сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейiндi оқытудың жетiспеушiлігінен еңбек нарығында мектеп бiтiрушiлерге деген сұраныс жоқ.
Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектептердi 100 пайызға компьютерлендiру аяқталды. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оған Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң орталық аппаратының торабы және облыстық бiлiм департаменттерінің телекоммуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта бiлiм беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулық басылымдары мектеп пәндерiнiң 25%-ын қамтиды. Қашықтан оқытудың спутниктік арнасына республиканың алты облысының 717 мектебi қосылған(8,7%).
Сонымен қатар, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан әрi — АКТ) дамыту және оларды бiлiм беру саласында қолдану қажеттіктен әлдеқайда артта қалуда.
Қазақстанда бiр компьютерге жалпы бiлiм беретiн мектептердегі 54 оқушыдан келедi, бұл ЮНЕСКО-ның деректерi бойынша ТМД елдерiнiң арасындағы ең жоғары көрсеткiштердiң бiрi (Ресейде — 59). Сонымен қатар 2002 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерi бойынша бұл көрсеткiш 13-ке теңелдi, Латвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл тиiсiнше 5, 9 және 15-тi құрады. 2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта мектептерiнде 1 компьютерге 5 оқушыдан келген, АҚШ-та-4.
Қазiргi таңда Интернет желiсiне қосылуға Қазақстан мектептерiнiң 44%-ы ғана қол жеткiзген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан астам мектеп, 2000 жылы Эстония мектептерінің 100%-ы, Австралия, Канада, Исландия мектептерiнiң 80%-ы, Венгрияда 58%, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерi бойынша мектептердiң орташа есеппен 52%-ы Интернет желiсiне шығу мүмкiндiгiне қол жеткiзген.
12 жылдық мектепте медиабілім берудің негізгі тиімділігі.
12 жылдық мектепте білім берудің тиімділігін көтеру үшін оқу-тәрбие үрдісі қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге сәйкес ұйымдастырылатын болды. Бүгінде ақпараттық салада едәуір өзгерістер болуда.
Қазіргі таңда барлық оқушылар теледидар, видео және т.б. құрылғыларды пайдалануға мүмкіндігі бар, көптеген оқушылар компьютерлік ойындармен қарым-қатынаста. Бұқаралақ ақпарат құралдарының (газет, журал, кітап, телебағдарламалар, видео және дыбыс жазбалары және т.б.) кең таралуының барысында жас өспірімдер ақпарат тасқыны соққысының астында қалуда. Осының әсері жас өспірімдердің «ақылы мен жүрегіне» бойлай сіңіп, оны ата-анасы да, мұғалімдері де бақылай алмауда.
Балаларға мектепте берілетін оқу ақпараты жалпы ақпарат тасқыны ішінде недәуір азырақ орын алады. Бұл бірнеше себептермен байланысты.
Біріншіден, көптеген, БҰА ағартушылық, білім берушілік қызмет атқарады. Ақпараттық рынок тұтынушылардың талғамына қарай көбірек бағытталады.
Екіншіден, балалардың теледидар немес видео алдында өткізген уақыты мектепте болудан асып түсті. Көптеген оқушылардың бір нүктені басу арқылы бірнеше телевизиялық каналды көруге мүмкіндігі бар. Әрбір бала қалаған ақпаратты таңдай алады, мысалы, тек спорт, детектив, ойын-сауық, және т.б. Оқушылар білім туралы, әлеуметтік мәселелер, саяси қозғалыстар, әлемдегі болып жатқан қозғалыстар жайлы бағдарламаларды мүлде көрмейді.
Арна арқылы беріліп жатқа масс-медиа кәсіби өз мамандарын дайындайды. Бұл ақпарат сананың индустриясының өнімі. Сана индустриясы – тұтынушылардың санасын саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға байланысты ақпараттармен арбауға бағытталған күшті өндіріс бөлігі.
Әрбір елдің өзіндік ұлттық-мәдени білім дәстүрі бар. Соның ішіндегі білім берудегі тарихи мұра. Қазіргі оқушыларға мұғалімнің, газеттің мәтініне, оқулыққа, телебағдарламаларға немесе БҰА-на сыни көзқараспен қарау ұсыныла ма? Балаларға қандай да болмасын ақпараттық хабарламаның мәнін түсінуге, «бұл кімге тиімді» ашуға ұмтылу ұсыныла ма?
Педагогикалық үрдісте оқытуға орайлы жағдай құру үшін ақпарат тасқыны жолында пайда болған бөгеттерді жоюға мүмкіндік тудыру қажет. Мұндай бөгеттергеографиялық, тарихи, мемлекеттік-саяси — экономикалық, техникаалық, теримнологиялық, тілдік, психологиялық және басқа да себептермен байланысты болуы мүмкін. 12 жылдық мектептегі медиабілім берудің негізгі міндеті – оқу үрдісінде педагогикалық тәсілдерді тауып , коммуникативтік бөгеттерді жеңіп шығу.
«Педагогикалық-психологиялық сөздікте» медиабілім беру — оқушыларға бұқаралық қатынас заңдылықтарын үйрететін педагогикадағы бағыт деп анықтама берілген. Медиабілім берудің негізгі міндеті – болашақ ұрпақты қазіргі ақпараттық жағдай өміріне түрлі ақпаратты қабылдауға , адамдардың психикасын түсіне білуге дайындау болып табылады. [28]
Медиабілім беру тек педагогикамен емес , гуманитарлық білім салаларымен де (кинотану, әдебиеттану, театртану), мәдениеттану, психология (көркем қабылдау, шығармашылық) және т.б. байланысты. Медиабілім беру педагогикада тек тұлғаның дамуын ғана реттемейді, оқушылармен сабақ жүргізудің формалары мен әдістерін кеңейтеді
Оқу жетiстіктерiн тәуелсiз сыртқы бағалау жүйесi: ұлттық бiрыңғай тестiлеу ( бұдан әрi — ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрi — МАБ) енгізiлуде.
Дегенмен бiлiм берудiң барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетiгі бiлiм берудiң қазiргi нақты жай-күйiн толыққанды көрсете алмайды және басқару үшiн керi байланыстың объективтi құралы бола алмайды.[5]
Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң сапасын бағалау көрсеткiштерi мен өлшемдерi жетiлмеген , объективтi мониторинг жоқ. Бiлiм беру сапасын басқару компоненттерi бытыраңқы жұмыс iстейдi. Оқитындардың жетістіктерiн сыртқы бағалаудың мазмұны , мақсаты мен мiндеттерi қазiргi заманғы бiлiм сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың бiлiм деңгейiн салыстырмалы зерттеулер жөнiндегі халықаралық бағдарламаларға Қазақстан қатыспайды. Орта бiлiм берудiң мазмұны мынадай бiлiм беру өрiсiн қамтиды : тіл және әдебиет , адамтану , қоғамтану, математика , информатика , жаратылыстану , өнер , технология, дене тәрбиесi.
Жалпы орта бiлiм беруде үш сатыны көздейтiн 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.
I саты — жалпы бастауыш бiлiм беру, оқыту ұзақтығы — 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектептiң бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабiлетiн ашуға және дамытуға бағытталған.
Бiлiм беру мазмұны шетел тiлiн және информатика негiздерiн ертерек (2-сыныптан бастап) оқытумен толықтырылатын болады.
I сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметiнде негізгі мектептiң бiлiм беру бағдарламаларын кейiннен игеру үшiн мыналарды: оқу, жазу, есептеудiң тиянақты дағдыларын, қарапайым тiлдiк қарым-қатынас тәжiрибесiн, шығармашылықпен өзiн-өзi көрсетудi, мiнез-құлық мәдениетiн, жеке гигиена және салауатты өмiр салтының негіздерiн қалыптастыруға бағдарланған. I сатыдағы оқыту оқушылардың бiлiмiн аралық бақылаумен және оқу жетiстіктерiн iшiнара мониторингтік бағалаумен аяқталады.
II саты — негізгі жалпы бiлiм беру, оқыту ұзақтығы — 6 жыл, 5-10 сыныптар. Оқушылардың ғылым жүйесiнiң базистік негіздерiн игеруi, олардың бойында адамдар арасындағы және этносаралық қарым-қатынастағы биiк мәдениетті, өзiн-өзi тануды және кәсiби бағдарды қалыптастыру негізгі мектептiң функционалдық қызметiнiң басым бағыттары болып табылады. Осы сатыда әрбiр пәннiң мазмұны негізгі базалық бiлiм беру көлемiне қисынды түрде енедi. Оқу пәндерiн таңдау бойынша зерделеу үшiн оқу жоспарының вариативтiк (өзгермелi) бөлiгі кеңейтiледi, бейiналды даярлық енгізiледi.
II саты аяқтанғаннан кейiн орта бiлiм берудiң III сатысында оқудың одан арғы бейiнін таңдау үшiн оқушылардың қабiлетi және дайындық деңгейi анықталады. II сатыдағы оқыту оқушылардың қабiлеттерiн, бейiмдiліктерiн және өткен материалдарды игеру деңгейiн анықтау үшiн олардың бiлiмiн орталықтандырылған тестілеу түрiндегi аралық бақылаумен аяқталады.
III саты — жалпы орта бiлiм беру, бейiндi оқыту, оқыту ұзақтығы — 2 жыл, 11-12-сыныптар.
Жалпы орта бiлiм берудiң III сатысының бағдарламалары бiлiм берудiң мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсiбилендiру негізiнде әзiрленетін болады. Оқушыларды кәсiпке дейінгі тереңдетiлген даярлауды жүзеге асыру үшiн әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейiндi оқытуды енгізу III сатының қағидатты жаңалығы болып табылады.
III сатының оқушыларына шығармашылық қызметке және жеке қабiлетiн дамытуға ерекше орын бөлiнетiн жеке бiлiм беру бағдарламаларын таңдау мүмкiндiгі берiледi. Бiлiм алу деген нұсқаудан гөрi әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсiнікті игеруге, оларды өз бетінше және шығармашылық тұрғыдан пайдалана, кеңейте әрi тереңдете бiлу мен оған ұмтылуға көшу қамтамасыз етiледi.
Жалпы орта бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру ұлттық бiрыңғай тестілеумен аяқталады.[6]
12 жылдық бiлiм беруге көшу кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылы бiрiншi сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды. 2009-2010 жылдан бастап 5 және 11 сыныптарды 12 жылдық бiлiм беруге көшiру басталады.
Орта бiлiм беруде:12 жылдық оқытуға көшудiң нормативтiк құқықтық базасынжасау;
Бiлiм беру бағдарламаларының базалық және бейiндiк мазмұнын жетiлдiру, эксперименттік оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрлеу және сараптау;
Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк әдебиетті әзiрлеудi және басып шығаруды әдiстемелiк қамтамасыз ету, 12 жылдық мектепке арналған оқу әдебиетін сараптауды ұйымдастыру мiндетi болатын «Оқулық» ғылыми-әдістемелiк орталығын құру;
Қазақстандық бiлiм берудiң жаңа моделiне көшуге жағдай жасау үшiн экономикалық негіздi нығайту қажет. Бағдарламаны iске асыруға қажеттi қосымша шығыстардың жалпы сомасы 2004 жылдың базалық бағасында 330 812,0 млн. теңгенi құрайды
1 кесте 12 жылдық мектепке көшуге қажетті ресурстар
|
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
Барлығы |
Респуб. бюджет
|
23379.8 |
34036.9 |
32150.8 |
26216.8 |
29484.4 |
30501.1 |
175769.8 |
Жергілікті бюджет
|
18022.4 |
34036.9 |
21705.1 |
31552.5 |
32115.6 |
32169.3 |
155042.2 |
Мемлекеттік бюджет
|
41402.2 |
53514.2 |
53855.9 |
57769.3 |
61600.0 |
62670.4 |
330812.0 |
Осы мақсаттар аясында ғылыми — теориялық зерттеулер мен әлемдік педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып білімнің мазмұнын өзгертудің төмендегідей бағыттары айқындалуда[6]:
— Білім мен тәрбиенің әдіснамалық негізі есебінде рухани — мәдени үйлесімділік құндылықтары мен жеке тұлғалың өзіндік дамуына бағдарланған дүниетанымдық — білімдік парадигманы басшылыққа алу;
— білім мен тәрбиенің жеке тұлғаның , қоғамның қоршаған табиғи ортаның , сонымен қатар бүгінгі және келешек ұрпақтың мүдделері мен қажеттіліктеріне үйлесімді болуы , олардың ноосфералық мәнділігі , мәдени және экологиялық бағыттылығы;
— Білімнің гуманитарлық мазмұндылығы , антропологиялық , тұлғалық бағыттылығы , ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде рухани және мәдени қаныққандығы , жасөспірімдердің жоғары адамгершілік , рухани тазалық , шынайы отаншылдық пен ұлтжандылық , салауаттылық пен мәдениеттілік , коммуникативтілік пен толеранттылық қасиеттерін берік қалыптастыруға бағытталған оқу мен тәрбиенің тұтастығы мен үйлесімділігі ;
— Білімнің социо – мәдениеттік ортаның даму заңдылықтары мен өзгеру құбылыстарына , нарықтық экономиканың , ақпараттық қоғамның өзгермелі және өскелең талаптарына , ғылымның соңғы жетістіктері мен өндірістік жаңа технологиялардың дамуына , адамның күнделікті өмірлік қажеттіліктері мен болашағына сәйкес өзгермелілігі , прагматикалық мәнділігі , практикалық құндылығы ;
— Оқушы тұлғасының рухани – мәдени құндылықтарыны , даму деңгейлері мен тұлғалық қасиеттеріне , даму ерекшеліктері мен шығармашылық қабілеттеріне лайық білімнің көп түрлілігі , көпбағдарлылығы , көпдеңгейлілігі , үздіксіздігі ;
— Қолайлы педагогикалық – психологиялық жағдай жасай отырып, оқушының тұлғалық детерминивтік ммүмкіндіктерінің ашылуын қамтамасыз етуге , рефлексивтік тұрғыда өзін — өзі дамыту , өзін — өзі жүзеге асыру қабілеттерін , креативтік , дивергенттік , саногендік ойлау қабілеттерін қалыптастыруға дамытуға бағытталуы ;
Білім , білік , дағды қалыптастыруымен қатар оқушының кең ауқымды компетенттігін , яғни ақпараттық – интеллектуалдық ресурстарды шығармашылықпен өңдеу , жобалау , конструкциялау , талдау жасау , жинақтап қорыту , ұтымды қолдану біліктіліктерін дамыту .
Еліміздің білім жүйесі ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан рухани құндылықтарынан , мәдени мұраларынан , ана тілімізден , асыл дәстүрлерімізден , ұлы педагогтеріміз бен ғұлама гуманистеріміздің классикалық философиялық ой толғауларынан , яғни тереңге бойлаған түп тамырларымыздан нәр алып , үнемі және үздіксіз қанығып отырғанда ғана шынайы , тәуелсіз ұлттық білім ашады . Сондықтан білімнің басты ұстанымы адамды білімдендіру ғана емес , сол білімді және біліммен қарулануды » руханияттандыру » ,» адамгершіліктендіру » болганы аса маңызды .
Қазір еліміздегі жасөспірімдер арасындағы тәрбие мәселесіне тікелей қатысты мынандай басты – басты проблемаларды атап өтуге болады :
— прагматикалық құндылықтарға негізделген батыстық өркениетке , батыстық мәдениет үлгілеріне талғамсыз еліктеу ;
— ұлттық идеяға негізделген сындарлы идеологиямыздың болмауы , жастар арасындағы саяси – идеологиялық тәрбие жұмыстарының әлсіздігі;
— мектептің тәрбие жүйесіне стратегиялық көзқарастың болмауы , оған тиісті көңіл бөлінбей , қосымша міндет есебінде қарау ;
— тәрбие жүйесінің ғылыми — әдіснамалық , педогогикалық – психологиялық және рухани — әлеуметтік негіздерінің осалдығы ;
— тәрбие мәселесіндегі отбасының , социумның , қоғамның рөлінің төмендеуі ; [7]
Осындай жағдайда оқушы тұлғасының даму барысын жан – жақты зерттеп , дұрыс жетілуіне педогогикалық – психологиялық қолдау жасау үшін мектеп сыртқы ортаға барынша ашық , ондағы оқу – тәрбие процесі социуммен күнделікті және интенсивті қарым – қатынаста болып , күрделі ортадан оқшауланбай , керісінше олардағы барлық факторларды толығынан ескеріп , балаларға « жақсыдан үйреніп , жаманнан жиренуіне » көмектесуі тиіс . Жасөспірімдер мен жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін қоғамдық — әлеуметтік факторлардың түрі мен әдістерінің анағұрлым көбейе түскенін ескере отырып , біз жаңа білі үлгісін жасаула бұл құбылыстардың алдын алуға бүкіл қоғамды жұмылдыратын , мектептегі және мектептен тыс тәрбие жұмысын жүйелі де пәрменді жолға қоятын , рухани – интеллектуалдық , мәдени және экономикалық тәуелсіз мемлекет орнату болашағына бағдарланған , ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға үйлестірілетін , білім беру көлеңкесінде қалып қоймайтын , керісінше тәрбие мәселесін төрге қоятын ҚАЗАҚСТАНДЫҚ төл ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН және пәрменді ТӘЛІМ – ТӘРБИЕ – БІЛІМ жүйесін құруымыз керек .
1.2 Жалпы орта білім берудің әлемдік даму тенденциясы.
Білім беру саласын әлемдік білім талаптарына сәйкестендірудің ,білім сапасын жақсартудың басты шарттарының бірі білім жүйесін басқаруды жетілдіру болып есептеледі. Қазақстандық білім беруді басқару ең осал және қазіргі қазіргі талаптарға ықпалдастырылмаған , жаңа енгізілімдерді қомайтын консервативті элемент есебінде қалып отыр.
Қазіргі дамыған мемлекеттердің бірі АҚШ –та біз Кеңес Одағынан қалып қойдық?» деген мәселе көтерілді. Сонда мемлекеттік тұрғыдан жасалған қорытынды бойынша олардың қалу себебі – мектепте математика, жаратылыстану пәндерінен, ал жоғары оқу орындарында техника саласынан мамандар даярлау мәселесін жетілдіру қажеттігі айқындалған. АҚШ осы мәселелерді мемлекеттік бағдарлама етіп көтерді. Мемлекет тарапынан қаржы-қаражат бөлінді. Германияда да үлкен реформалар жасалды. Білім сапасы туралы мектепте жаңа жүйе қалыптастырғанда, мемлекет тарапынан бірнеше арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылып, 1 миллиард долларға жуық қаржы жұмсалды. Германияда жаңа мектепке бағдарлама жасамастан бұрын үлкен эксперименттер жүзеге асты. Соның негізінде неміс мектептері мазмұндық жағынан жаңарды.
Енді Қазақстандағы орта мектептерді алып қарайтын болсақ, біз әлі Кеңестік мектеп жүйесінен шыға алмай отырмыз. Білім саласындағы реформа дегеніміз– сол білімнің сапасын жаңа деңгейге көтеру, оның жүйесіне белгілі бір өзгерістер енгізу.
Мысалы, Қазақстан мектептерінде балаларға өте көп жүктеме беріледі, физика пәнінен біз 1300 термин оқытсақ, Америкада 300, Еуропада 600 термин оқытылады. Басқа пәндерден де осылай. Мектепте осынша көлемде білім беру қажет пе, қажет емес пе? Бізде барлық сабақтар бойынша балаларға ауырлық түсіп отыр. Оқушыларға осынша көп көлемдегі білімді күшпен бергендіктен, олардың қабылдауға шамасы келмейтін дәрежеге жеттік. Содан келіп баланың дамуы тежеуілдейді, қабылдау қабілеті азаяды, соның негізінде білім сапасы төмендейді.
Ал білім саласында Ресейден озып тұрған тұсымыз …
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізінде Елбасының 12 жылдыққа өту жөнінде шешім қабылдауы. Ал бұл қабылданған шешім білім саласында түбегейлі реформа жасауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан біз, білім саласының қызметкерлері, 12 жылдық мектепке өтерде, сол бұрынғы Кеңестік мектептен басқа мектепке өту жөнінде көп зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жан-жақты ойланып, барлық дамыған елдердегі өзгерістерді, кәсіптік білім берудегі істерді, жоғары оқу орындарындағы жағдайды зерттей отырып, жаңа білім жүйесінің мазмұнын жасауымыз керек. 12 жылдық мектепте балаға қандай білім береміз, әр пәннен бүгінгі оқытып жүрген дүниенің бәрін оқытқан дұрыс па, жоқ па өзімізге осындай сұрақ қоюымыз керек. Мысалы, Қазақстанда 9 сыныпта оқитын балалар 17 пән оқиды, ал Жапониядағы 9 сынып оқушысының оқитыны – 12-ақ пән. Жапониядағы 12 пәннің 5-еуі адамгершілікке тәрбиелеу, музыка, этика, үй шаруашылығы, дене шынықтыру деген сабақтар. Ал бізде 17 пәннің 15-і міндетті пән, ал Жапонияда оқытылатын міндетті пән – жетеу-ақ.
Демек, 12 жылдық білімнің мазмұнын анықтайтын болсақ, онда біз Жапония, АҚШ, Франция, Малайзия, Сингапур сияқты дамыған елдердің білім мазмұнын қарап, салыстыруымыз керек.
Екінші үлкен мәселе, бұл да қоғамға түсінікті болмай отыр, ҚР Конституциясының 30 бабында «Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті» деп жазылған. Ал міндетті білім бізде 3 сатылы – төменгі, орта, және жоғарғы. Ал барлық дамыған елдерде – 3 сатылы білімнің 2 сатысы ғана міндетті, яғни олар мектепте 9 жыл білім алуға міндетті. Ал 3 сатыда әр оқушы өзі қалаған бағытында білім алуға құқылы. Яғни 9 сыныптан кейін тек қана кәсіптік білім алуға да болады.
Ендеше, біздегі кәсіптік білім мен олардың айырмашылығын салыстырып көрелік.
Біздің Конституцияда «орта білім алу міндетті» деп жазылған соң мынадай сұрақ туындайды, 12 жылдық мектепте қандай білім берілуі керек? Біріншіден, 12 жылдық білімнің мазмұны анықталған соң стандарт бекітіледі. Демек, мектептің жоғары сатысында да сол стандарт деңгейінде білім берілуге міндетті. Оқушы 9 сыныптан кетіп, кәсіптік білім алуға барса да, жаңағы 12 жылдық білімнің стандарты алдынан шығады, яғни аттестат алу үшін сол стандарттар деңгейінде білім алады. Ал шет елде 9 жыл білімнен соң, кәсіптік білім алғыңыз келсе, соңыңыздан қуып, сізді міндеттейтін жоғары сатының стандарты жоқ. Онда тек кәсіптік стандарт болады. Айырмашылық осы арада.
Дамыған елдерде 9 жыл міндетті оқу болып отырғаны неліктен?
Дамыған елдерде жоғарғы сатыда оқитын бала өзінің келешекте кім болатынын, бағдарын анықтағаннан кейін, сол келешек алатын мамандығына байланысты пәндерді мектепте терең меңгеруге мүмкіншілік алады. Мысалы, болашақта инженер болғысы келетін балаға сол салаға керекті математика, сызу секілді пәндер көп оқытылады. Ал болашақ журналист пен математикке математиканы бірдей көлемде оқытудың қажеті бар ма? Демек, бізде де әр адамның өзінің келешек қабілетіне қарай, өз сұранысына қарай білім берілуі керек.
Салыстыру үшін әлемдегі бірнеше дамыған мемлекеттердің білім саласындағы жетістіктеріне шолу жасай кетсек…..,
Қытай Халық Республикасында бұрынғы социалистік білім жүйесін Қытайлық ерекшеліктерді ескере отырып жетілдіруге арналған » XXI ғасырдағы білімді көтерудің іс – жоспары » атты арнайы бағдарламаның жүзеге асырылуы білім жүйесін жаңа сапалық сатыға көтерді.Бұл елде мемлекет білім жүйесін өзінің қатаң қамқорлығына , қармамағына алған . Ақпараттық технологияның , бәсекеге негізделген нарықтық қатынастардың , жаһандану үрдісінің өрістеуін алдын ала болжаған Қытай елінде болашақ Қытайдың жаңа азаматын қалыптастыру мақсаты қойылып , білім беру парадигмасын технократтық көзқарастан гуманитарлық көзқарасқа ауыстыра отырып , ұлттық рухани құндылықтарға , Қытай ұлтының озық мәдени дәстүрлеріне , ізгілік пен рухани – адамгершілікке негізделген идеологиялық , патриоттық тәрбиеге басты мән беретін парадигмаға өту жүзеге асырылуда.
Қытай Халық Республикасындағы орта білім беру жүйесі 3 сатыдан тұрады :
1.Бастауыш мектеп (1 -6 сыныптар) немесе (1 – 5 сыныптар)
2.Толық емес орта мектеп ( 7 – 9сыныптар) немесе (6 – 9 сыныптар)
- Толық орта мектеп ( 10 – 12 сыныптар)[13]
Сонымен қатар бұл елде базалық білімді нығайту ; білімді қатаң регламенттендірілген , орталықтандырылған түрінен мазмұны мен әдістемесі вариативті , көп нұсқалы жүйеге ауыстыру ;оқу жоспарының оқшаулығын , шашыраңқылығын азайтып , технология мен қоғам дамуының жаңа тенденцияларына үйлестіру ; пәндік білімдерді интеграциялап , кешенділігін арттыру , оны практикалық іс — әрекетке , өмірлік тәжірибеге , шығармашылыққа бағыттау , ақпаратты , проблемаларды талдауға және өз бетінше шешуге қабілеттілік қалыптастыру мәселелері жүзеге асырылуда.
Экономикалық өркендеу мен жаңа технологияларды игеруде ғажайып жетістіктерге жетіп отырған Жапония елінің білім жүйесінің дамуын зерделесек , оныңбасты ерекшелігі ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруді әрқашанда басты орынға қоятындығы байқалады. \3\Жер көлемі шағын , табиғи қазба байлықтары жоқ , тау – тастар мен Мұхит арасындағы аралда орналасқан бұл елдің басты байлығы адам капиталы , өз елі мен жерін шынайы және шексіз қадірлейтін азаматы болып бағаланады. Сондықтан да осындай адамды қалыптастыратын білім жүйесін дамытуға үнемі басты маңыз беру нәтижесінде Жапония осы саладағы әлемнің ең озық елі болып саналады .Күншығыс елі 12жылдық орта білім жүйесіне бұдан жарты ғасыр бұрын көшкен , бес күндік оқу аптасы енгізіліп , балалардың мектепте өзін аса қолайлы жағдайда сезінуіне толық жағдай жасалған , балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету , білім жүйесін ақпараттандыру , жастарды жоғары біліммен қамту сияқты шешуші мәселелер бойыншадаЖапония әлемдегі ең алдыңғы қатарда .[13]
Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының білім мекемелерінде ХХ ғасырдың 60 – шы жылдарында прагматикалық көзқарасқанегізделген білім үлгісі енгізілген болатын.Нәтижесінде , » американдық прагматикалық педагогика » , » экземплярлық » ,» кафетерилік » деп аталып кеткен білім жүйелері орнығып , білімнің іргелілігін төмендетіп , орта мектеп оқушыларының білімінің таяз ,үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты . » 2000 жылдың мақсаттары » атты федеральдық бағдарлама және » Әлемдік деңгейдегі білім » жобасы қабылданып ,орта білім жүйесінің және интенсивтілігі арттырылып , математика , жаратылыстану сияқты іргелі білім түрлерін игеру сапасы бойынша әлемдегі ең биік деңгейге көтерілу мақсаттары қойылды .[8]
АҚШ мектептерінде сыныптар бойынша апталық оқу жүктемесі былай;
1-сыныпта — 32.5 сағат
2– 3 сыныптарда — 36 сағат
4 , 5 , 6 сыныптарда – 37 сағат
Финляндиядағы білім жүйесін сәтті және дер кезінде реформалау нәтижелері осы елдің экономикасының күрт өсуне , әлемдегі әлеуметтік прогресті жасауға , ғылыми зерттеулерде инновациялық пәрменді саясаттыжүзеге асыруға , нәтижесәнде соңғы он жылдың ішінде әлемнің ең озық өркениетті елдері қатарына қосылуына мүмкіндік берді .[5]Бұл елдегі мұндай жетістіктерге ең алдымен білім саласын дамытуға букіл қоғамды жұмылдыру , мемлекеттік қаржыландыру , мұғалімдердің айлық жалақысын 2- 3 мың евроға дейін көтеру (біздің елдегіден 20 – 23 есе көп ),оқушылар мен студенттерге стипендия тағайындау , оларға тұрғын үй үшін айына 500 евро көлемінде , тамақтануға , жол жүруге айына 300 евро көлемінде несиелер беру , оқушылардың денешынықтыруы , денсаулығына қамқорлық жасау , үй тапсырмасын азайту ,салауатты өмір салтын қолдау , білім берудегі ең соңғы ғылым мен технология жетістіктерімен кіріктіру оқу процесін ірі технополистер аясында өткізу арқылы қол жеткізілді.
Көп жылдар бойы Ұлыбританияға тәуелділікте болып келген қазір әлемге ашық саясат ұстанып отырған , Малайзия мен Сингапур сияқты елдердің тәжірибесі білім мен тәрбие саласында , ұлтттық кадрларды даярлауда саяси және рухани дербестікті , ұлттық мәдени мүмкіндіктерді дамыту арқылы тез және жоғары жетістіктерге жетуге болатынын дәлелдеуде.
Канада әлемдегі білім нәтижесі туралы Құжаттары жоғары бағаланатын елдер қатарында. Өйткені Канада басқа да дамыған елдер сияқты білім беру жүйесіне орасан зор қаражат жұмсайды .Бұл елдің жалпы орта білім беру ұзақтығы 13 жыл , орта білім беру жүйесі 3 сатыдан тұрады :
- бастауыш немесе элементарлық мектеп ( 6 жыл )
- төменгі орта мектеп (4 жыл )
- жоғарғы орта мектеп ( 3 жыл )
Ал Ұлыбританияда оқушылар бастауыш мектепте 6 жыл , орта мектепте 5 жыл , жоғарғы мектепте 2 жыл білім алады .12 – 13 сыныптарда бейінді оқыту жүзеге асырылады . Міндетті оқу пәндерінің саны 4 – 6 пәнге дейін қысқартылып , оларды тереңдете оқытуға көп көңіл бөлінеді . 13 сынып оқушылары университеттермен тығыз байланыста болады , себебі олар өз бағдарларын ерте айқындап алуға барынша мүмкіндік жасалған .
Егер білім беру жүйесін мемлекеттің экономикалық даму көрсеткіші ретінде алсақ , біз әлемнің дамыған елдерінен әлі де көп нәрсені үйренуіміз керек екенін білуімізге болады .
Салыстыру үшін бірнеше мысал келтірсек : біздің мемлекетімізде мектепте оқушылар 11 жылда 12 298 сағатбілім алса , Германияда – 8 600 сағат , Жапонияда – 9 800 сағат , ал Францияда – 10 000 – 10 900 сағат көлемінде білім алады екен . Біздің мектептердегі сағаттың көптігіне қарамастан біздің мектептеріміздің бітіруші түлектерін әлемдегі көптеген университеттеролардың білім деңгейі жеткіліксіз деп қабылдамайтын жағдайлар көптеп кездескен .Ондай дағдайларда біздің мектеп бітіруші түлектерімізге белгілі бір дайындық курстарынан өтіп , содан кейін емтихан тапсыруға тура келеді .[13]
1.3 Қазақстандағы жалпы орта білім берудің кезеңдері .
Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру жүйесі – бізге Кеңестер Одағынан қалған мұра.Оның жақсы жақтарымен қатар кемшіліктері де баршылық . Бұл жүйенің принциптері негізінен өткен ғасырдың 30 – 50 жылдары қаланды . Осы кезеңде құрылған жалпы орта білім беретін мектептерде білім мен ғылмның өзара тығыз байланыстылығы , еңбірігші кезекте мектеп бітірушілердің жоғарғы оқу орнына түсуге бағдарланғанбілім деңгейі мен жан – жақты даярлық тән еді .[8]
Алайда 50 –ші жылдардың орта шенінде мектептің жұмысында оның бұдан былайғы қызметіне тиісті түзетулер енгізуді қажет ететін айтарлықтай кемшіліктер бой көрсетті .
1990 жылы қолға алынған мектепті 50 – ші жылдардағы қызмет принциптерінеқайтару мәселесі бұл тығырықтан шығуғамүмкіндік бергенімен , базалық қарама – қайшылықтарға тосқауыл қоя алмады . 10 жылдық білім беруді енгізуге байланыстыдайындық деңгейі мен сапасына қажетттіліктің артуы оқу жоспарлары мен бағдарламалары жүктемесінің ауырлауына әкеліп соқтырды .Мектеп бар назарын мықты оқушыларға ғана бұрды .Сөйтіп , мектептер бұқаралық және » элитарлық » деп жікке бөлінді .Бұл мұгалімдердің 1988 жылғы Бүкілодақтық Съезінде мойындалды да .Сөйтіп , мектеп осымен бір мезгілде өзінің бұған дейінгі қоғамдық тәрбиеші ретіндегі қызметінен айырыла бастады . [20]
1996 жылы оқулықтар мен оқу материалдарын шамадан тыс қиындатылған материалдардан арылту туралы Үкімет шешімі қабылданды .Енді тәрбие жұмысымен еңбекке баулу ісіне көбірек назар аударылатын болды .Бірақ бұл ашралар да жеткіліксізболып шықты . Қоғамымызда оқу мерзімін ұзартпай ,жалпы білім беретін мектептердегі білім сапасын жақсартумүмкін емес деген пікір қалыптасты . 11 жылдық білім беруге көшуді белгілеген 1984 жылғы реформаны негізге алу қйғарылды .Бірақ оқу жүктемесін азайту қолдан келмеді .
Оқу жүктемесі аптасына 32 сағаттан 40 сағатқа дейін , тіпті одан да көп өсті . Білім берудің мазмұны мен сипатына деген көзқарастардағы кееғарлықтанорта білімнің базалық компонентіне айқындау проблемасы шешілмей қалды .
Иә , қазіргі Қазақстандық мектепке Кеңестік мектеп жүйесінің мықты жақтары да , осал тұстары да тән . Оның жақсы жақтарына оқушыларға берілетін білім көлемі мен сапасын жатқызуға болады . Мектеп күрделілігі едәуір деңгейдегі оқу бағдарламаларымен және жеткілікті дәрежедегі әдістемелермен қамтамасыз етіледі .Халықаралық Олимпиадалардың нәтижелері біздің мектептердің көптеген өлшемдер бойынша әлемдік деңгейден қалыспайтынын , ал оның кейбіреулері бойынша асып түсіп жатқанын мойындауымыз керек .[8]
Қазақстан мектебі әлеуетінің мықтылығы ьілім берудің күрделі міндеттерін қоя да , шеше де білетін оның мұғалімдері еді .Бұрынғы Кеңес мектебінің тұсында шешілмеген проблемалары әлі күнге дейін шешілмей отыр . Олардың бастылары :
— жас ұрпақтың денсаулық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтыраатын оқу жүктемесі ;
— материалдардың шамадан тыс көптігі мен қиындығының салдарынан оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру коэфициентінің төмендігі ;
— мектептердің шектен тыс сәйкестендірілуі ;
— оқу процесін көбінесе оқушылардың жеке қабілеттерінескермей құру ;
— білім беру сатылары мен деңгейлерінің арасындағы сабақттастықтың толық мәнді қамтамасыз етілмеуі ;
— оқушылардың болашақ кәсіптерін таңдауы үшін алдын – ала кәсіби бағдарлаудың жоқтығы ;
— мектептің оқушыға азаматтық тәрбие беру мен оны әлеуметтік қорғау мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөліну ;
— отандық 11 жылдық білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етпеу ( жалпы орта білім туралы аттестат ) болып табылады .
Сөйтіп , мектеп қоғамдағы өзгерістерге дер кезінде дұрыс ден қоюға , жаңа әлеуметтік – экономикалық ахуалға сайма – сай жауап беруге дайын болады .
» Соңғы онжылдықтарда біздің елімізде едәуір өзгерістер болды . оған мектеп те икемделіп келеді . Қазіігі балаларды бұдан бірнеше жыл бұрынғыдай оқыту мүмкін емес «.[10]
Қоғамда қызмет істуге және өмір сүруге қажетті білім көлемі жыл сайын өсіп келеді , енді оны қазіргі мектептегі оқыту кезеңіне қарай икемдеуге әрекет ету қолайсыз жағдайларға , яғни оқу жүктемелерінің артуына , материалдарды игермеуге соқтырады ,оқу мерзімін ұзарту проблемалық ахуалды дұрыс шешкенімен ,бірақ та оны күн тәртібінен алып тастай алмайды .Сондықтан оқытудың практикалық бағдарына ,білімнің қолданбалы сипатына жаңа оқу бағдарламаларын түзу қажет .Қатаң жүйеленген мектептен сараланған мектепке , бағдарлы білім беруге ,оқытудың жоғарғы сатысында ерте кәсіби бағыт ұстауға көшу керектігін педагогтар мен ата – аналар , тіпті оқушылардың өздеріде бұдан едәуір бұрын сезінген болатын .
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты еліміздің Ата Заңына сәйкес келесі принциптерді ұстанады :
- Білім алуда Қазақстан Республикасының барлық азаматтары тең құқылы;
- Білім алу барлық азаматтар үшін оның интеллектуалдық , психо- физиологиялық , индивидуалдық ерекшеліктеріне байланысты жеткілікті болу керек ;
- Тұлғаның білімділігі мен дарындылығын дамытуды тұрақтандыру
- Білім беру процесінің үздіксіздігі , білім беруді тәрбиемен ұштастыру ;
- Формасы бойынша білім беру ұйымдарының көп түрлілігі ;
- Білім беруді басқарудағы демократиялық тұрғы , академиялық бостандық пен білім ұйымдарының өкілеттілігінің кеңеюі ;
- Білім берудің гуманистік және дамытушылық бейнесі ;
- Білім берудің , ғылымның , өндірістің интеграциясы ;
- Оқушылардың кәсіби бағдары ;
- Білім жүйесін ақпараттандыру ;
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негізгі мақсаты – Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде ,ғылым мен практика жетістігі арқылы білім алуға , дамуға , қалыптасуға бағытталған қажетті жағдайлар тудыру .
Елімізде білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты белгіленген , ол білім берудің әр сатысындағы жалпы талаптарды айқындайды :
— білім мазмұны ;
— оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған оқу жүктемесінің жалпы көлемі ;
— оқушылардың дайындық деңгейі ;
— білім бағдарламаларын меңгергендігі туралы куәлік ;
Білім берудің Мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты білім ұйымының типі мен формасына қарамай барлығына бірдей.
Орта білім білім берудің үздіксіз жүйесіндегі негізгі кезең болып саналады.
2 кесте Мемлекеттік қаражатты білім беру салаларына бөлу құрылымы.[13 ,23б]
Жылдар
|
Білім мекемелері |
|||||||
Балабақшалар
%
|
Ж.б.бмектептер % |
К.тех мектептер %
|
Коллеждер % |
Ж.О.О
% |
||||
1994 |
11.7 |
48.8 |
9.5 |
7.1 |
11.2 |
|||
1995 |
9.8 |
50.6 |
5.9 |
7.5 |
12.5 |
|||
1996 |
11.1 |
54.9 |
6.2 |
7.8 |
13.7 |
|||
1997 |
7.2 |
64.3 |
3.8 |
6.2 |
12.6 |
|||
1998 |
5.7 |
65.3 |
3.3 |
6.1 |
14.2 |
|||
1.4 Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшу саясаты .
Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі қызу пікіртілас тудыруда .
12жылдық білім берудің тұжырымдамалық негіздері ,білім мазмұны бағалау жүйесі және т.б өзекті мәселелерғалымдар ,әдіскерлер мен мұғалімдер арасында жан – жақты талқылануда .
Оқытудың жаңа жүйесіне көшу — әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе .Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып , ондағы өз орнын анықтауынтың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр .
12 жылдық білім беруге көшуді біртіндеп жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың , ата – ананың саналы түрде түсініп , қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын , икемділік танытуын қамтитын процесс .
Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңартудың басым бағыттарын айқындайтын 12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұны қоғам талабына және мемлекттің даму болашағына сай құрылуы тиіс .
12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді , жеке басының ,сондай – ақ қоғам пайдасына қарай өзін — өзі толық жүзеге асыруға дайын , білімді , шығармашалыққа бейім , құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру , оның болашақ кәсіби бағдарын айқынлауына игі ықпал ету болып табылады .
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың бірінші наурызындағы » Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы » атты Жолдауында қазақстандық білім беру жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты – білім сапасының жаңаруы мен ұлтттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп нақты көрсетілген .[2]
Қазақстандық білім саласындағы стратегиялық саясатын айқындайтын ресми құжаттарда ,нақтылап айтқанда , Қ . Р- ның 2005 – 2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттары айқын көрсетілген .
Білімді реформалаудың басты міндеті – мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру . Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру , қалыптастыру , » адам білім үшін емес , білім адам үшін » деген оқу – тәрбие процесін ізгілендіру , ізгілік принциптерінің қайта түзелуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс . Сонда ғана білімнің беделін арттыруға , білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басы мәртебесін нақты орнықтыруға болады .
Реформаның тұжырымдамасы былай ,яғни мұндай мектептің негізгі міндеттері :
— жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еледгі , отбасындағы қызметке , кәсіпке даярлау ;
— үнемі өзгеріп отыратын өмір сүетініміз туралы түсінікті қалыптастыру ;
— ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын білуге баулу ;
— жеке тұлғаның үйлесімді дамуына жәрдемдесу ;
12 жылдық мектеп тұжырымдамасында білім мазмұнын жаңартудың мынандай бағыттары айқындалған :
— білім мазмұнын қоғамның әлеуметтік – экоконмикалық даму тапсырыстарына сәйкестендіру ;
— білім мазмұнының ізгіліктілігін және вариативтілігін қамтамасыз ету;
— танымдық қызығушылық туғызуға бағатталған білім мазмұнын іріктеу ;
— білімді өз бетімен ізденіп , тәжірибеде пайдалана алуға және соған қажеттілікті тәрбиелеуге бағытталған түпкілікті құзіреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнымен қамтамасыз ету ;
— оқушыларды өз бетімен білім алуға , іздене отырып , зерттеу тәсілдерін игеруге бағдарлау ;
— білім мазмұнын ұлттық құндылықтарға негіздеу , өзге ұлт мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу .
Айта кететін болсақ , 12 жылдық білім беруді енгізу басым бағыттары айқындалған , жан – жақты талқыланған мәселе .
Уақыт өткен сайын адамның жалпы орта білімі мен кәсіби дайындығының деңгейіне қойылатын талаптар үнемі арта түсуде . » Білім сапасы » жаңа анықтама 1993 жылы Еуропалық Кеңесте ХХI ғасырға бет алған білім жүйесін дамытудағы басты міндет ретінде танылды .
Бұл үрдіс көптеген елдердің орта білім беретін мектептері 12 жылдық , 13 жылдық айналуынан көрініс тапты .[8]
Біздің елімізде қалыптасқан білім жүйесі академиялы және түбегейлі білім береді деп бағаланатынын айта кетуіміз керек , бірақ жыл өткен сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбейуіне әкеліп , білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр . Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз .
Қазақстан Республикасындағы оқушылардың денсаулығын тексеру нәтижесі көрсетіп отырғандай , балалардың 44.8 % -нің денсаулығы нашар , оның ішінде 35 % — ы түрлі ауру формалары бойынша дәрігерлердің үнемі бақылауында болуды қажетсінеді .Соңғы уақыттарда балалар арасындағы жалпы аурушаңдықтың нақты өсімі байқалуда . Жалпы аурушаңдықтың көрсеткіші соңғы 5 жылда 21.9 %-( 1.2 есе ) артып отыр .
Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып оқу материалдарын жинақтай отырып оқу материалдарын жеңілдетуді , сондай – ақ құзырлыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын , әдістері мен құралдарын , оқу үрдісін ұйымдастырудың формасын мейлінше жаңартуды көздейтін , педагогтардың , ата – аналардың , білім беру жүйесінің жүйесінің түрлі деңгейлері басшыларының , яғни барлық педагогикалық қоғамдастықтың белсенді араласуымен іске асырылатын процесс .
Бұл процесс – тек мұғалімдер мен мүдделі құрылымдарға ғана емес , барлығғымызға ортақ жауапты іс .
Сондықтан жаңартуды табысты жүзеге асыру асыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек .
Ал егер нәтиже туралы сөз қозғайтын болсақ ,жаңарту идеясын әзірлеушілер білім берудің миссиясы мен мақсатын анықтай отырып ,нақты қадамдарын қарастырған .Бұл идея әрбір педагогтің , басқарушының өз ісіне шығармашылықпен , жауапкершілікпен қарай отырып ,игілікті қарым – қатынас нәтижесінде ғана жүзеге аспақ .
Заман талабынан тың мазмұнды білім жүйесінің қоғамүшін қажеттілігін елімізде төрт жылданбері 104 мектепте жүргізіліп келе жатқан эксперимент көрсетіп отыр .Экспериментке қатысқан педагогтарды жыл сайын қайта даярлаудан өткізіп , оқытудың жаңатехнологияларына сәйкес әзірленген әдістемелікпен уақытында қамтамасыз отыру керек. Ал эксперимент нәтижелері жаман емес .
Қоғамдағы қайта құрулар , экономиканы дамытуға
жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның ашықтығы , оның жедел ақпараттары мен ақпараттануы қарқынды дамуы білімге , білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесі білім берудің мақсатын , мазмұнын , технологияларын оны нәтижесіне қарап бағалайтын болды.
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы – мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың , елдің дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсатттары мен міндеттерін , құрылымы мен мазмұнын жәненегізгі стратегиялық бағаттарын айқындайтын ғылыми — теориялық , әдіснамалық құжат .
Осы тұжырымдамаға сәйкес ,оны іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленді.Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды.
— ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейттін факторлар ;
— тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері ;
— білім берудің деңгейлері мен мазмұны ;
ХХI ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі уақыт талабы болып отыр. Осының негізінде мектептердегі білім беру мерзізін 12 жылға ұзартуды таза психологиялық – физиологиялық жағынан алғанда құптауға болады.
Білім беру саласында жеке адамның немесе ат төбеліндей топтың ой — өрісінен кеңірек мағынадағы келелі мәселелер туындайды. Ал сол мәселелерді көпшіліктің қабылдауы оның көкейкестігін бұл қоғамның жаңа сапалық деңгейге көтерілуге ұмтылысының белгісі , іздену нышаны деуге болады . Бүгіндер әр қоғам мүддесінен тыс қалмайтын келелі де көкейкесті мәселенің бірі , жалпы білім берудегі 12 жылдық оқуға өту болып табылады.
Кез – келген келелі мәселенің қабылдануы , оны сезініп пайдалануы ,содан барып мойындалып іске асуы бір сәттілік емес , бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ процесс. Осы тұрғыда алғанда бүгіндер жалпы білім беретін мектептің 12 жылдық оқуға ауысу мәселесін сезініп , жан – жақты пайымдау қажет .
12 жылдық оқу мәселесі 2001- жылғы 22 -23 тамызда Астана қаласының Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ – де Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі , жалпы Республикалық педагогикалық қызметкерлерінің кеңесі өткізілді. Педагогикалық кеңесте жалпы орта білім беру жүйесін 12 жыл оқыту мерзіміне көшіру мәселесін талқылаған болатын. 2001 жылы 1- қыркүйегінен бастап ҚР – ның 48 білім беру ұйымының 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша 6 жастағы балаларды бағыттай бастаған . Ол оқушылардың оқу жүктемесін төмендетіп , денсаулығын сақтау мақсатында оқу мен тәрбие процесін үнемі ұйымдастыру үшін психологиялық жағдайларын жан – жақты зерттеп , психодиагностикалар жасалынып ,талдана басталды. [6]
Сонымен , біздің елімізде 12 жылдық оқуға ауысу мәселесіне байланысты мынандай шарттар туындайды.
* БІРІНШІДЕН , мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуға байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туып отыр.Бұл дегеніміз білім берудің әлемдік деңгейде даму қарқынының басты сипатына сай болуы .
* ЕКІНШІДЕН , білім беру жүйесін сапалық деңгейде көтеру қажет , яғни еліміздің болашағына үлес қосып , оны жаңа биікке көтеретін дара тұлғалар бүгінгі оқушылар екенін ескерсек, олардың тұлға болуға жетерлік білімінің негізін қалауға мектеп қабырғасында оқыған жылдары жағдай жасасақ әлеуметтік жағдайымыз өркендеуге мүмкіндік туады .
* ҮШІНШІДЕН , білім берудің құрылымы мен құрамындағы өзгерістер жаңа қырында көріну қажет . Бұл дегеніміз баланың қызығушылығы мен ынтасына сай білім сұранысын қанағаттандыру , оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруды кез – келген ситуацияны шешуге дайын өмірдің сан алуан жағдайына бейімделе алатын дара тұлғаның негізін қалауға бағындыру .
* ТӨРТІНШІДЕН , ғылыми – техникалық прогрестің темпін , оның адамзат дамуына қосқан үлесін және бұл үрдістің алдағы оны білім ісінде ескеру , оқу үрдісін ұйымдастыруда өнімді әрекетке баулу арқылы өз мүмкіндігін сезінуге , өз білімін толықтыруға үйрету .
- 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1 12 жылдық білім беруге мұгалімдерді даярлаудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері.
Болашақ тек қана өркениеттілік техникалық прогресстің деңгейіне және экономикасының өсуіне ғана байланысты емес. Ол көбінесе адам игілігі үшін негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселерге шешуге дайындығы бар адаммен анықталады. Сондықтан ХХ ғасырдың екінші жартысында білім беру жүйесін реформалауды қолға алу тегінен-тегін болмай отыр, бұл мәселе әлемнің түрлі елдерінде өте мәнді болып табылады. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша бұл көріністің бірден-бірі себебі әлемдегі өркениетті жоғары бағалау болып табылса, сондай-ақ адам мәдениеттілікке тәрбиелеудің қажеттілігімен ғалымдық ойлаумен, әлеуметтік прогресске жедел араласуға қабілетті, өзін және шынайы қоршаған ортаның өзгерте алатындай үрдіске қоғам саналы түрде келіп отыр. Бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруда жетекші фактор білім беру жүйесі, мұнда басты әрекет ететін , кәсіби педагогикалық білігін жоғары деңгейін жетік меңгерген мұғалім болып табылады.
Мектепті жаңарту идеясын жүзеге асыруда басты рөлді мұғалімдер , түрлі дәрежедегі басшылар атқарады . Мұнда көтеріліп отырған бастамалардың көпшілігі – біздің қазақстандық мектептер үшін жаңа , тың дүниелер .Білім берудің мақсатты бағдарының өзгеруіне орай білім беру жүйесінің басқарушы және педагогикалық кадрларына деген талаптары да өзгеруде .
Соған сәйкес жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне көшу педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мақсаты , мазмұны мен технологиясы мәселелерін өзектендіре түседі .
Басшының , педагогтің жаңа ұғымдағы білім сапасын жобалау және қамтамасыз ету қабілетін анықтайтын кәсіби тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру өте маңызды .
***Мұнда қайта даярлаудан өтпеген мұгалім 12 жылдық мектепте жұмыс істей алмайды ма ? – деген орынды сұрақ туады. Әрине , мұғалім қоршаған ортаның талабына сай өзінің көзқарасын өзгертуі тиіс .
Елбасының тапсырмасы бойынша осы жылдан бастап мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға арнайы қаржы қарастырылып отыр .Бөлінген қаржы жыл сайын 30мың мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді .Осыған орай,жалпы орта білім беретін мектептерде істейтін мұғалімдер қауымы түгелдей қайта даярлықтан өтуі тиіс . Мұғалім тек курспен шектеліп қана қоймай , өз бетімен де білімін жетілдіруі керек . Қазіргі ақпарат ағымы 18 айда еселеніп отырғанын және өмірдің қарқындап өзгеріп жатқандығын ұмытпау тиіс .Мұғалім өмір бойы оқушы екенін естен шығармауы керек. Педагог кадрларды даярлау, олардың бiліктілiгiн арттыру және қайта даярлау саласында:
* жетекшi университеттер базасында 12 жылдық білім мекемесінің педагог кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлігін арттыру және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан әрi дамыту;
* педагог мамандықтарының бiлiм беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту, бiлiм берудiң вариативтiк (өзгермелi) үлгілерiн жасау;
* педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкiл жылдары бойы үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу;
* екiншi мамандықтың қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша, оның iшiнде мемлекеттік тiл, шетел және ана тiлдерi, информатика, психология бойынша пән мұғалiмдерiн қайта даярлау;
* болашақ мұғалiмдер үшiн олардың даярлық деңгейiн тәуелсiз кәсiби бағалаумен қоса үш айдан бiр жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу;
* 12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеу үшiн педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;
* педагогтердi және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа жүйесiн әзiрлеу;
* педагогтердiң еңбегiн ынталандырудың және оларды жергілiктi жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру;
* бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып, мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлігін арттыруды жүзеге асыру;
* білім беру ұйымдары басшыларын бiлiм берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру;
* жоғары оқу орындары арасындағы, халықаралық шарттар мен бағдарламалардың негiзiнде мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгін арттыру мен қайта даярлау көзделедi.
Мектепке дейінгі ұйымдар үшiн педагог кадрларды даярлау кезiнде қосымша мамандандыру мүмкiндігі көзделетiн болады: мектепке дейiнгi жастағы балалармен жұмыс жөнiндегi педагогика-психология, мектепке дейiнгi бiлiм беру менеджментi, мектепке дейінгі жастағы балалар үшiн шетел тiлi, қосымша бiлiм беру педагогикасы.
Кез-келген қоғамдағы педагогикалықкадыпларды дайындау әлеумкттік экономикалық қажеттілікпен сәйкес өзгереді және оның педагогикалық даму тенденциясын айқындайтды.
Педагогикалық білім беру жүйесін дамыту тенденциясын анықтайтын әлеуметтік- экономикалық талаптарына сәйкес кез келген қоғамда педагогикалықкадырларды дайындау өзгеріп келеді.
Әлемдік тәжірибеге жалпы және теориялық талдау жасау негізінде дүние жүзі бойынша төмендегідей педагогикалық білім беруді дамыту тенденциясы анықталады:
- Білім беруді реформалау мәселесі және мамандар даярлау (мұғалім) білім беру саласының басыңқы және жүйе түзуші саласы ретінде қарастырылады;
- Болашақ мұғалімдерді даярлау үздіксіз педагогикалық білім берумен сипатталғандықтан, педагогикалық колледжде,институтта,университетте білім беруге көшу жетекші болып табылады;
- Мұғалімді кәсәби- педагогикалық тұрғыдан дайындаудың мақсаты қайта қаралып, педагогикалық білім беру мазмұны жаңарып,жаңа оқу жоспары өңделіп,бағдарламаға түзету енгізілуде. Сонымен пәндік курсты оқытуға орташа оқу уақытынан 30 пайызы, педагогикалық пәндеріне (тәжірибесіз) 25 пайыз,базалық жалпы білім беру пәндеріне 25пайыз,бұл ппсихолгиялық – педагогикалық жағынан мұғалім дайындығын күшейтеді.
- Психологиялық – педогикалық циклдерді жаңарту мазмұндағы теорияландырудың, абстрактілі және схолостиканың артық элементтерін жою, оқыту формалары және әдістерін : ролдік ойындар, драмалау, педагогикалық есептерді шешу, мектеп өмірі мен видиофилимдерді қарау және оларды талқылау , тренингтер және т.б. кең көлемде қолдану арқылы арқылы жүзеге асады. 1997 жылы Санк – Петербургте өткен «За свободу образовани» деп аталатын Европалық форумда келтірілген мәлімет бойынша бекітілген, қорытынды құжатта ұсынылған: мұғалімдерді кәсіби даярлаудың құрлымы мен мазмұнын анықтау , келесі оқу уақытын дұрыс бөлуге талпыну ; үштен бірі педагогика ғылымына , үштен бірі ғылымға, пәнге , үштен бірі педагогикалық практикаға байланысты;
- Болашақ мұғалімнің оқу мерзімі оның практикалық даярлығын бірмезгілде күшейтумен ұлғаяды ( АҚШ-та 4-5 жыл, Англияда 3-5 жыл) , педагогикалық практиканың мерзімі 25 аптадан 32 аптаға дейін ұзартылуда;
- Жас маманның педагог –стажер немесе мұғалімге көмекші ретінде бейімделуінде (1 жылдан 3 жылға дейін) арнайы уақыт бөлінеді.Кәсіби бейімделу әртүрлі формада өтеді.(Англияда – бір жылдық байқау,тьюторинг, АҚШ-та – менторинг, Жапонияда – тәлімгерлік);
- Дарынды және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагогикалық кадрларды дайындау үшін гуманитарлық ғылымдар бойынша мұғалім, жаратылыстану мұғалімдерінің (химия,физика,биология) интеграциялық дайындығын белсендіру қоғамның талаптарына сай университеттерде , колледждерде арнайы педагогикалық бөлімдерашылып, білім берудің икемді жүйесі қалыптасуда;
- Жас мұғалімдердің кәсібилігін жетілдіру олардың біліктілігін жетілдірудің әртүрлі формалары арқылы қалыптасады (мұғалімдер орталықтары, қашықтықтан оқыту, «ауа университетті» ), сонымен бірге екінші мамандық алу қарастырылады.
Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беруді дамытуға теріс әсер ететін негізгі факторларға жататындар:
- Педагогтың әлеуметтік мәртебесін төмендетуі, оның әлеуметтік қорғалуының әлсіздігі, нормативтік – құқықтық базаға сәйкестігінің жоқтығымен байланысты. Қоғамда мұғалім мамандығының жоғары дәрежесінің тапшылығы салдарынан жоғары педагогика оқу орындарына түсетін талапкердің жалпы дайындық сапасының төмендігі. Кадрлар мәселесінде феминизмнің жоғары сатыда болуы, кадрлардың қартаюы. Жоғары оқу орындарының бітірушілер санының үлесінің азаюы, мұғалім мамандығын таңдап алушылардың және мектепке барушылардың қысқарулыу, экономиканың жоғары ақы беретін саласына жоғары дәрежедегі мамандықтарға кетуі.[39]
- Педагогикалық жоғары оқу орындарының іс әрекетінде стратегияның жоқтығы, қоғамның нәтижесіне қажеттті бағытталған кепілдік жетістіктер – жоғары мамандырылған білікті педагогтарды дайындауда, арнайы пәндер саласы бойынша білім меңгеру ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шығармашылыққа қабілетті, белсенді жаңалықты қабылджайға ықыласынынң жоқтығы.
- Педагогикалық мамандықтар үшін оқу үрдісін механистикалық тұрғыда ұйымдастыру, арнайы пәндермен қатар педагогикалық цикл пәндермен өзара байланысты болмауынан университеттер мен педагогикалық институттардың барлық оқу тәрбие үрдісіне механистикалық педагогикалық бағыт беру керек.
- Қазіргі қоғам талабына сәйке оқу жоспарын негізгі құжат ретінде болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнын айқындау стандарттың жетілдірілмеуімен.Студенттердің мектепке педагогикалық практика өтккенде мұғалімнің тәлімгерлік жұмысының төмендігі.
- Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығында материалдық техникалық, ақпаратты қамтамассыз ету жеткіліксіз.
- Жоғары оқу орындарындағы оқытушы профессорлар құрамының оқу жүктемесінің жоғары болуы кредиттік оқу жүйесі жағдайында мұғалімдердің оқу әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарымен тиімді айналысуына мүмкіндік береді.
- Педагогикалық білім беру мазмұнының нақты жағдайы арасындағы қарама – қайшылық қазіргі заман педагогының кәсіби деңгей біліктілік деңгейі және және жеке тұлғаға мектептің , қоғамның,мемлекеттің қоятын талабы, оқытудың пәндік сипатының басым болуы. Қазақстандағы жоғарыпедагогикалық білім беру дағдысының тереңдей түсуі және жеткіншек жас ұрпақтардың оқу мен тәрбие сапасынан байқалады.
- Болашақ педагогтың адагершілік рухани, азаматтық – патриоттық , денсаулық сақтау және экономикалық біліммен тәрбиесінің төмен болуы.
- Ерекше білімге қажеттілігі бар балаларға арнаулы педагогикалық кадрлардың жоқтығы.
- Педагогикалық кадрларға қажетті маниторингтің болмауы мемлекеттік сұранысты орындауға мүмкіндік бермеуі.
Тәуелсіздік жылдары білім саласына да тың, сапалық өзгерістер әкелді. Сыңаржақ сіреспе, қасаң идеологиялық тұжырымдарға бағындырылған халыққа білім беру жүйесінің орнына жеке тұлғаға бағдарланған, ізгілікті, шынайы демократиялық нышандағы бүкіладамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруда ірі-ірі қадамдар жасалды. Заман талабына сәйкес заңнамалық актілер қабылданды, құрылымдық өзгерістер өмірге келді, оқыту, тәрбие беру ісінде инновациялық идеялар мен технологиялар орнығу үстінде. Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жылма-жылғы жолдауларында білім беру саласының өзекті мәселелері жан-жақты талданып, оларды шешудің неғұрлым тиімді жолдары ұсынылды.
Мұғалім — біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. [40]
Елбасы атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”.
Сонымен бірге, бүгінгі таңда институт ұстаздарын қатты толғандырып отырған мәселелердің бірі – болашақ мұғалімді балаларды өзіне үйренуге, одан кейін үйретуге үйрету. Сол себепті институттағы оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруда, жүзеге асыруда, оның қыры мен сырын әрбір студентке олардың өздеріне тән ерекшеліктерін ескере отыра жеткізіп, иландырып, сіңіруде қолданылатын инновациялар мен соны технологиялардың пәрменін осы міндеттерді ойдағыдай орындау ісіне пайдалануға тырысу қажет.
Бүгінгі заман талабына сәйкес жаңа формация мұғалімі дегеніміз, ол – педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, өзін өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан жетілген шығармашылық тұлға, білікті маман. Еліміздің мақсаты да өзін өзі дамытуға және өзін барынша көрсетуге қабілетті жоғары сауатты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Білікті кадрлар дайындауда, педагогикалық білім жүйесін жетілдіруде сапалық өзгеріс жасау қандай да болмасын жүйеге мазмұндық талдау жасаумен тікелей байланысты. Сондықтан алдымен осы саланың келелі мәселелерін анықтап алған жөн.
Өркениетті елдерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Ол сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болуда.
Негізгі тенденциялар қатарына: үздіксіз білім беруге көшу, білім берудің ашықтығы, актуальдандырылуы, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру және білім берудегі инновация жатқызылады.
Білім беру жүйесін дамытудың бұл бағыттарының бәрі жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге көшуге ықпал етуде. Жеке тұлғаға бағдарланған білім жеке тұлғаның өзінің өсіп келе жатқан рухани, әлеуметтік мәдени, білімдік сұраныстарын қанағаттандырады, сол арқылы мемлекет қажеттілігі де қамтамасыз етеді.Бүгінгі таңда жеке тұлға өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы өзгерістерге тиімді бейімделуге көмектесетін интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отыруы қажет.
Педагогтардың кәсіби-педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алуға, яғни үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемді, динамикалық, т.б. қасиеттерге ие интегративті сапасын өмірде пайдалануға баса назар аудару бүгінгі күн талабы болып отыр.
Қазіргі кезеңде жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру міндетін қойып отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі” тұжырымдамасында анықталған негізгі бағыттарды басшылыққа ала отырып, жаңа тұрпатты педагогті қалыптастыру жүйесінің белгіленген 2 сатысының сапасын жақсарту ең басты мәселе болып табылады.
— Бірінші саты – жоғары оқу орнына дейінгі кәсіби бағдар беретін бейінді оқу, яғни бұл мұғалім мамандығына кәсіби бағдар беру сатысы.
Болашақ барлық маман өз бастауын мектептен алады. Бірақ солай бола тұра, сол мыңдаған жеткіншек арасынан мектеп өзіне қажетті, болашақта сапалы педагог бола алатын тұлғаны таңдап, кәсіби бағдарлауға мән бермесе, мұғалім мамандығынан басқа мамандыққа беріле бермейтін зор мүмкіндігімізді қолдана алмаушылық болады. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі білімді, білікті жастарына, оларды оқытатын мұғалімдерге байланысты десек, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің бірінші сатысын қалыптастырып, дамытудың бағдарламасын жасау, оны жүзеге асыру басты келелі мәселе болуы қажет.
Бірінші саты нәтижесі бойынша мектеп түлегі 12 жылдық білім жүйесі құрылымына сай 10-сыныптан кейін педагогикалық колледжге немесе әрі қарай 11-12 сыныптарда бейінді оқу арқылы жоғары оқу орнына түсуге дайындалады. Міне, бағдарлама жасауда осы екі сатының бірінен-біріне өту кезеңіндегі бірізділік, біртұтастық қағидалары ескерілуі керек.[42]
— Екінші саты – педагогикалық колледж. 12 жылдық білім жүйесінде 11-12 сыныпта оқитындар саны күрт азаюы мүмкін деген болжам бар. Бұл биылғы жылдың өзінде-ақ шындыққа айналып отыр. Оған “Келесі жылғы бірыңғай ұлттық тестілеу талабы қиындатыла түседі” деген ақпарат бірден-бір себеп болып, бұл құбылыстың басталуын жақындата түсті. Басты мәселе 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада белгіленгендей, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мазмұнын білім берудің білім үстемдігі үлгісінен “құзыретті” үлгісіне көшу арқылы өзгерту, білім беру деңгейлерінің құрылымын ЮНЕСКО-ның білім беру халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкестендіру талаптарына сай жұмыс жасау болып отыр.
Үздіксіз педагогикалық білім жүйесін жетілдіруде мектептегі педагогикалық практикаларды сапалы өткізудің жолдарын қарастыруды төртінші келелі мәселе деп белгілеп, ол да институт пен мектептің құрылымдық интеграциясын жасаумен жалғасын табуы керек деп ойлаймыз. Атап айтқанда, мектептерде педагогикалық кадрлар даярлауға сапалық жағынан ықпал ететін кафедра филиалдарын ашып, факультативтер жүргізу сияқты шараларды қолға алған жөн деп отырмыз.
Бүгінгі күні тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негізінде құру осы саладағы жұмыстардың басты бағыты болып отыр.
Бiлiм беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, iзденушiлiк, зерттеушiлiк және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тiлдi мұғалiмдi даярлауға бағдарланатын болады.Өкінішке орай,осы күнге дейін орын алып келген оқу – тәрбие процесі авторитарлы стильде , мұғалімнің басымдылық ( көбінесе үстемдік) рөлі және жалпыға бірдей стандартты бағдарламамен оқыту болып келеді .Бұл – оқушылардың ой — өрісінің , ынтасының , шығармашылығының ,жігерінің , жеке қабілеттерінің , ішкі мүмкіндіктерінің ашылуына , өзін — өзі дамытуына кедергі болған факторлардың бастыларының бірі.Осылар мектептерде » орта оқушы » тобының қалыптасып ,құлықсыз ,енжар оқушылар санының өсіп , білім сапасының жаппай төмендеуіне әкеліп соқты .
Қазақстан білім жүйесін жетілдірудің , оқушыларымыздың білім сапасын арттырып , олардың жан – жақты дамуына жағдай жасаудың түйінді мәселелнрінің бірі – оқыту технологиясын жетілдіру , мұғалім біліктігін жаңа біліммодуліне сәйкес арттыру , олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне қолдау көрсетіп , жағдай туғызу ,мектепті және оқу – тәрбие процесін басқару жуйесін демокрктияландыру . Бұл білім жүйесін тығырықтан шығарып , оны жаңа сапаға көтерудің бірден – бір жолы екені анық . Бұл үшін барлық деңгейдегі білім мекемелерін басқарудың демократиялық принциптерінің нормативтік – құқықтық негіздерін қалыптастырыу , басшыларды қайта даярлаудан өткізу қажет .
12 жылдық мектепте оқушыларды оқыту үрдісінің негізгі принциптерін қарастырайық.
- Оқыту-тәрбилелеу үрдісі, оның мазмұны, ұйымның әдістемесі мен технологиясы қоғам қажеттілігімен, тез өзгеретін әлемде бірден бағдар жасай алатын, жан-жақты педагогпен детерминирленген.
- Оқыту үрдісі заңды түрде оқушыларды тәрбиелеу және дамытумен, олардың білікті дайындығымен байланысты, яғни оқушыларды оқыту 12 жылдық мектептің тұтас педагогикалық үрдісінің органикалық бөлігі болып табылады. Бұл заңдылық барлық төрт функциялардың (оқыту, тәрбиелеу, дамыту, біліктілік) бірлесіп жүзеге асырылуын талап етеді.
- Оқыту-тәрбиелеу үрдісі, оның өнімділігі жоғары оқу орынының ішкі және сыртқы жағдайларына: шағын ауданның әлеуметтік-мәдени, оқыту-методологиялық және материалдық базасына, гигиеналық жағдайларға, жоғары мектепте үстемдік ететін моральдік-психологиялық микроклиматқа (рухқа) байланысты. Бұл заңдылық 12 жылдық мектеп жұмысының ішкі және сыртқы жағдайларын жетілдіруін, өзгеруін бағдарлайды.
- Оқыту-тәрбиелеу үрдісінің барлық құрам бөліктері заңды түрде оның өнімділігіне әсер етеді. Сондықтан мақсат және міндеттерді, әдіс және құралдарды дұрыс анықтап, оқушылардың танымдық әрекетін реттеу қажет.
- Оқыту және білім беру тұтас оқыту-тәрбиелеу үрдісінде заңды түрде өзара байланысқан, оның өнімділігі мұғалімдердің біліктілік деңгейімен және оқушылардың дайындалу деңгейімен және олардың танымдық мүмкіндіктерімен анықталады. Бұл заңдылықпен басқара отырып, мектеп мұғалімдерінің құрамының біліктілік деңгейін арттырып, әрбір мұғалімге өзінің педагогтық шеберлігін жетілдірген жөн. Сонымен қатар оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін кеңейтіп, интеллектуалдық, эмоционалдық, ерік өрісін дамытып, денсаулықты күтіп, жұмыс жасау қабілетілігін арттыру қажет.
Жоғары оқу орнының оқыту-тәрбиелеу үрдісіне тән объективті заңдылықтар оқытудың мазмұнында, принциптерінде бейнеленеді.
Оқушылар және мұғалімдердің бірлесіп әрекет етуі.
Оқыту-тәрбиелеу үрдісінің субъектілері арасындағы өзара әрекеттесу екі жақтың да ұмтылу және талаптары нәтижесінде орнатылады. Ол үшін мұғалім келесі әрекеттерді атқару керек:
* қызметтің демократиялық стиліне ие болу;
* оқушыларға сыймен, принципті түрде қарау, оларға талап қою ;
* олардың белсенділігін, өзіндік жұмыстарын дамыту;
* оқушыларға қажетті педагогикалық қолдауды көрсету.
Оқушылар:
— оқыту-тәрбиелеу үрдісіне белсенді және қызығушылықпен қарау;
— мәселелік жағдайларды шешуге, дискуссияларға қатысу, тапсырмаларды орындап, тәжірибелер жүргізу;
— оқу және ғылыми зерттеулермен айналысу;
12 жылдық мектепте білім беру үрдісі жүрісін бағыттайтын бір қатар орнықты байланыстар-заңдылықтарды анықтайды. Оқушыларды оқыу заңдылықтарын ескеретін мұғалімдер жақсы нәтижелерге жетеді.
Республика аймақтарында мұғалімдердің жаңа білім модуліне көшуге дайындық деңгейлерін айқындау республикамыздың оңтүстік облыстары және Атырау ,Маңғыстау облыстарының ұстаздарының білім саласындағы сан – саналы өзгерістерге әрі психологиялық тұрғыдан әзірлігі төмен ,ал солтүстік және шығыс облыстары ,Орал,Ақтөбе облыстары білім қызметкерлерінің дайындығы жақсы бірақ негізінен Ресейлік білім кеңістігінің ақпараттарына бейімделіп отырғанын көрсетті .Сондықтан , Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен жаңабілм модуліне көшудің дайындық жұмыстарының санын да , сапасын да анағұрлым арттыру керек деп ойлаймын .
Осы орайда Ы . Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясы өзінің іргелі және қолданбалы ғылми –зерттеу жұмыстарын эксперименттік сараптаудан өткізу аясында білім департаменттерімен келісім негізінде Республика аймақтарындағы базалық мектептердегі эксперименттік – сынақ жұмыстарын жандандырып келеді .Қазір Білім Академиясының 56 базалық мекемесі бар . Олардағы жұмыстардың негізгі мақсаты қазіргі дайындалып жатқан нәтижеге бағдарланған білім модулінің әр түрлі аспектілерінде теориялық аспектілерінде теориялық ұстанымдар мен ұсыныстарды практикалық тәжірибеге ендіру , сараптамадан өткізу , басшылар мен мұғалімдердің , оқушылар мен ата – аналардың арасында педагогикалық – психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу . Базалық мектептер арасындағы шығармашылықпен жұмыс істеп , ғылым жаңалықтарын практикаға ендіруде мол және қызықты тәжірибесі бар мектептер көп .
2.2 12жылдық білім берудегі құзіреттілік тұрғы
Қазақстан Республикасы егемендік алып , дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен өскелең ұрпаққа білім беруді реформалау мәселесі оң шешімін табуы тиіс өткір мәселеге айналды .
Нарықтық қатынастарды нығайтумен , еңбек тиімділігін дамытумен байланысты Қ.Р – ғы әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім жүйесіне мектептік , мектептік білім беруге талапты түбірімен өзгертті.
Кез – келген маңызды мәселенің қабылдануы , оны сезініп пайымдауы , содан барып мойындалып ,іске асуы сәттілік емес, бірнеше кезеңнен тұратын процесс .Осытұрғыдан алғанда бүгінгі күнде жалпы білім беретін мектептің 12 жылдық оқу жүйесіне көшу мәселесін сезініп , жан – жақтыпайымдау қажет.
Қазіргі күнде Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі негізгі бағдар – 12жылдық білім беруге даярлық және оны практикаға енгізу педагогикалық мақсатқа сәйкес мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартын құру , іске асыру – оның жобасы мен құрылымын жүзеге асырмай мүмкін емес .
Жалпы орта білім беру жүйесінің стандартына құзіреттілік тұрғыларды енгізу , әдіснамалық толықтыруды ,жетілдіруді қажет етеді .
ҚҰЗІРЕТТІЛІК ТҰРҒЫЛАР мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттың жалпы орта білім беруге стратегиялық қор ретінде елдің дамуы және қоғамның жаңа әдіснамалық тұрғыны мазмұны мен іс жүргізуде жалпы орта білім беруді ұйымдастырады .Бұл барлық белгіленген білім мазмұнын құруда , оқытуда құзіреттілік тұрғыларды қалыптастыруға бағытталған .
Құзіреттілік тұрғының ерекшелігі – оқыту нәтижелеріне сүйенген , оқушылардыңөзіндік дамуын бақылау , орта білім берудің құрылымына жаңа модель қалыптастыру .[21]
» Құзіреттілік » — орыс тілінен аударғанда » өз ісін жетік білетін адам » деген мағына береді .Құзіреттілік туралы түсінік беру үшін Н .Хомский өткен ғасырдың 70- ші жылдары АҚШ – та тіл теориясының грамматикасында қолданды .
Құзірет, құзіреттілік мәселесін жан – жақты талдауда И.А Зимняя үш кезеңнің қалыптасқанын айтты .
1 кезең (1960-1970)
Ғылыми аппаратқа құзіреттілік категориясын » құзірет » түсінігінің негізінде » құзіреттілік » , » коммуникативтік құзірет » деген түсінік қалыптасты .
2 кезең ( 1970 – 1990)
Құзіретке сипаттама теорияда және практикада басқа тілді үйренуде , басқаруда , кәсіпкерлік , басшылықта , менеджментте , қарым- қатынасты үйретуде » әлеуметтік құзірет » түсінігінің мазмұны талданды .
3 кезең
Психологиялық арнада мұғалімнің кәсіптік іс — әрекеті . [21]
И . А . Зимний көзқарасы бойынша құзіреттілік – бұл ішкі білім , іс — әрекет бағдарламасы , адам қалыптасатын құзірет – құндылық жүйесі .
- Жеке тұлғаға қатысты іс — әрекет субъектілігі қарым – қатынастық құзірет .
- Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік ортаға қатысты құзірет .
- Адам іс — әрекетіне қатысты құзірет .[21 , 39б]
- Қазіргі күнде құзіреттілік тұрғының жаңаша талқылануы жалпы орта білім берудің 12 жылдық оқытуға көшудің мазмұнын талдауға бағыттайды .
Құзіреттер – оқушылар дайындығы сапасының көп жоспарлы және көп құрылымды сипаттамалары болып табылады .Сондықтан оларды стандарттық өлшеуіштерге айналдыру күрделі мәселе .Күрделілігі сол , түпкілікті құзірет – бұл пәндік білімдер жиынтығы емес , ол оқушының білім , білігі және дағдыларының үлестірмелі сипаттарымен байланыстыратын жаңадан қалаыптасқан сапа болып табылады .[11 , 22б]
Осыған орай түпкілікті құзіреттерді бағалайтын әдістемелер мен құралдарды құруға байланысты зерттеу , зерделеу , сынақтан өткізу жұмыстары ұйымдастырылуы қажет .
Бүгінгі қоғамда мектеп түлегінің академиялық – энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанымен , күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі ситуацияларда икемсіздігі байқалып жатады . Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзіреттердің қалыптаспағанын айғақтайды .12 жылдық мектептегі жаңа мазмұнда оқыту оқушының осы түпкілікті құзіреттерін қалыптастыруды мақсат етеді . Демек , білім беру жүйесі мектеп бітірушінің бойында жұмысқа алушының талаптарын , оқушының қажеттілігін , мемлекет тапсырыстарын қанағаттандыратын түпкілікті құзірет қалыптастырылуға бағытталуы тиіс .[11 , 19б]
Елбасының дәстүрлі Жолдауында » Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай жасауымыз қажет » деген сөзі білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып , жас ұрпақтың бойында өзіндікбағдарын айқындауға мүмкіндік беретін , табысты өмір сүруге жол ашатын құзырлыққа жеткізетін түпкілікті құзіретті қалыптастыру қажет .
Әлемдік білім беру жүйесінде » құзіреттілік » ұғымы » түйін » деген түсінікке сәйкес келеді .
Құзіреттілік – біріншіден , білім беру үрдісіндегі білім , білік , дағдылардың түпкі нәтижесін көрсетуі ;
Екіншіден , нәтижеге бағдарлана берілген білімнің негізгі көрінісі ;
Үшіншіден , түпкілікті құзіреттілік адам бойындағы сапалар мен іс — әрекетіндегі үйлесімділігі ( ақпараттық , құқықтық , басқарушылық , пстхологиялық және т.б ) [45]
Қорыта айтқанда , Қазақ елінің басқа да дамыған мемлекеттермен терезсі тең болу үшін 12 жылдық білім жүйесіне көшу батыл қадам .12 жылдық білім беруге көшу көптеген келелі мәселелердің шешілуіне түрткі болады .
Егер ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы өз үлесін қосатын болса , онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне , рухани санамыздың жаңаруына ,нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз .
Ол өркениеті елдердің озық тәжірибесін үлгі ете отырып , ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа мектептен бастау алатыны сөзсіз .
Қазақстан Республикасының білім саласындағы стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру барысында жалпыға бірдей орта білім беру жүйесінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартын қолданысқа енгізу шешілуі тиіс мәселе болып табылады . Құзіреттілік — білім беру үрдісіндегі білім , білік , дағдыларының нәтижесін көрсететіндіктен , ол нәтижеге бағдарлана берілген білімнің көрінісі.
Бүгінгі таңда 12 жылдық білім беру саласындағы ғалымдарымыз аталмыш білім – жүйесін ғылыми — әдістемелік жағынан қамтамасыз етуде негізінен құзіреттілік тұрғыға сүйенеді .
2.3 12 Жылдық мектептің құрылымы
Жер бетінде өмір сүріп барлық елдерде тұлғаның интеллектуалдық қабілетінің дамуы мен қоршаған ортаға жауапкершілігінің артуы байқалып отыр .Олар қоғамның қажеттілігі мен мүдделерін қанағаттандырса ғана тиімді болмақ .
Бүгінгі өскелең ұрпақ өмір сүріп отырған уақыт өткен буын заманына мүлдем ұқсамайды .Бұл ерекшелік бала болашағының , оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне , дұрыс талдай жасай білуіне , бүкіл ғұмыр бойында өзгермелі жағдайларға тез икемде білу қабілетіне байланысты .
12 жылдық жалпы орта білім беретін мектептің моделі
Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар : креативтілік , белсенділік , әлеуметтік жауапкершілік , жоғары ой — өріс , терең білімділік , кәсіби сауаттылық.
Кез – келген елдің білім жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуының негізгі мәселелерін жүзеге асыруға септігін тигізуі қажет .Мектеп білім берудің негізгі буыны ретінде маңызды қызмет атқарады . 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан – жақты дамуына , өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне , әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық мүмкіндіктерін толық іске асыруына ықпал ететін , өзін — өзі айқындауына саналы түрде дайын болуға , қоғамның экономикалық , мәдени , саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық – педагогикалық институттың қалыптасуында болып отыр .
12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық – мазмұндық моделі мынандай ұстанымдарды басшылыққа алады :
* жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы ;
* жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі ;
* күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағытталуы .
Мұнда оқытудың сабақтастығы мен әрбір оқыту сатысының даралығы басты назарда болады .
12 жылдық білім беруге көшу оқу мерзімін тағы бір жылға механикалық арттыру емес .Жаңа мектептің құрылымы , білім мазмұны мен көптеген маңызды тұстары аясында түрлі пікірталастар әлі де жалғасып келеді .Әйтсе де , түрлі нұсқа бойынша 12 жылдық мектептің құрылымы 5 + 5 + 2 болып анықталады .
1– саты – бастауыш мектеп ( 1 – 5 сыныптар ) . Білім алу 6 жастан басталады , оқу ұзақтығы – 5 жыл .Баланың ары қарайға білім алу сатыларына қажетті танымдық ынтасының негізі , яғни оның оқуға деген талабы мен машығы осы бастауыш мектепте қаланады .
12 жылдық мектепте алты жастағы балаларды оқыту қиынға соқпайды .Талаптарға сәйкес 1 сыныптың 1 сабағының ұзақтығы – 35минут , сабақтар арасындағы үзіліс – 10 минут , екінші сабақтан кейін қозғалмалы ойындар , ал үшінші сабақтан кейін түскі тамақтандыру ұйымдастырылады .Әр мектепте ойын бөлмелерін ашу жоспарлануда . Сонымен қатар , балалардың денсаулығын сақтау барысында 5 күндік оқу жүйесі енгізілмекші , ал аптаның алтыншы күні – дамыту күні деп аталады .Бұл күні оқушылардың жеке кеңес алуына , түрлі іс – шаралармен айналысуына , ал ең бастысы , дербес зерттеу іс- әрекетін ұйымдастыруына мүмкіндік болады. Аталған жұмыс формасы оқытудың барлық сатысында оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жүзеге асырылады .
12 жылдық білім беру стандартында қарастырылған тағы бір мәселе – оқу жылындағы оқу мерзімінің қысқаруы .Қазіргі мектептегі оқу тоқсандарындағы оқу күндері бір – біріне сәйкес келмейді , ал 12 жылдық мектепте әр оқу тоқсаны 8 оқу аптасына жоспарлы түрде бөлінеді , нәтижесінде оқу жылының ұзақтығы 2 аптаға қысқарады .
Оқушылардың демалыс уақыты да өзгеріске ұшырайды . 1 тоқсаннан кейін екі апталық демалыс күндері қарастырылған .
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылдың 1 наурызында жолдаған » Қазақстап Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы » атты Жолдауына сәйкес жалпы орта білім берудің құрылымына бірқатар өзгерістер енгізілген .Осы өзгерістерге сәйкес , аталған саты орта мектеп деп аталады .Оқу ұзақтығы — 5 жыл ( 6 – 10 сыныптар )
2 – сатының басты міндеті – жалпы орта білім беру дайындығының негізін қалап ,оқушының қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік – психологиялық бейімделуі мен ғылыми дүниетанымын кеңейтуді , сондай – ақ жеке тұлғалық сапаларының , өзіндік анықталуының қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді .
Оқытудың бұл кезеңі оқушының үшінші сатыдағы бейіндік оқыту түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін алдын – ала даярлықтың енгізілуімен ерекшеленеді .Оқушы 10 – сыныпты аяқтағаннан кейін өзінің ары қарайғы білім алуы қандай бейінде болатынын нақты білуі керек .
12 жылдық білім берудің 3 – сатысыда ( 11- 12 сыныптар ) бейіндік( профильдік ) оқыту енгізіледі .
Мұндағы басты мақсат – даралау мен саралауға бағытталған оқуды енгізу арқылы жоғары сынып оқушыларының қажеттілігі , қызығушылығы мен қалауына , тұлғалық және өмірлік өзін — өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасау . Ал бейіндік оқыту идеясы өзіміз өмір сүріп отырған кезеңде қоғамды демократияландыру үрдісінен туындап отыр .
» Мектептердің оқу – материалдық базасы туралы сөз қозғайтын болсақ , қазіргі талаптарға сай мектептердің материалдық базасын нығайту басты міндет .Жасалған істер де аз емес , 2005 – 2006-шы оқу жылында республиканың бірқатар мектептері мультимедиялық кабинеттерге қол жеткізді . Физика , химия , биология және т. б. Пәндердің кабинеттерін жабдықтауды кезеңдеп жүргізбекпіз. Жаңа мектептер салуды да жоспарлап отырмыз » – деген Қазақстан Республикасының бұрынғы Білім және Ғылым Министрі Б. С. Әйтімова.
2.4 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту
Оқушыларды оқытудың сапасын жетiлдiрудiң жолдарының бiрi – бiлiм берудi саралау. Мектептiң жоғарғы сатысында оқушыларды оқытуды саралау екi функция атқарады және оқушыларды қызығушылықтаврын арттыруға және қоғамды әрi қарай дамытуға мүмкiндiк жасайды.
Дүние жүзіндегі жетекшi елдердің бiлiм саясаты мектептiң жоғары сатысында оқытуды саралауға негiзделе отырып құрылған.
Біздің еліміздің мектептерінде де оқушыларды саралап оқыту бойынша бiршама тәжiрибе жинақталған. Атап айтқанда, 80-жылдары саралаудың үш формасы жүзеге асырыла бастады, оларға дарынды балалар мектебi, пәндердi тереңдетiп оқытатын сыныптар, арнайы қажеттiлiктерi бар балаларға арналған мектептер мен сыныптар, сондай-ақ факультативтер мен пәндiк үйiрмелер жатады.
Оқу жоспары оқу-нормативтiк құжат ретiнде барлық мектептер үшiн қызмет еттi. Бұл жалпы орта бiлiм беру жүйесінің бiркелкілігі, жеке республикалардың мәдени-тарихи және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескеру мүмкiндiктерiнiң болмауы, бiлiм жүйесiн басқарудың орталықтандырылуы негiзiнде мектептiң, мұғалiмдердiң қызметiнiң, әрбiр сабақ мазмұны көлемiнiң қатаң шектелуi, оқушылар мен мұғалiмдердiң шығармашылық іс-әрекетін көрсету мүмкiндiгiнің болмауы сияқты келеңсiз жағдайларға алып келдi. Соған байланысты 80-жылдардың екiншi жартысы мектептiк бiлiм берудің қалыптасқан жүйесiнің реформалануымен ерекшелендi.
1988 жылдан бастап оқу жоспарларын құрудың жаңа әдiс-тәсiлдерi жасала бастады. Оның басты ерекшелiгi бiлiм берудiң жалпы мемлекеттiк мақсаты мен оларға жетудiң әрқилы жолдарының бiрлiкте үйлестiрiлуiмен, оқу жоспарларын қалыптастырудың демократияландырылуымен сипатталады.
90-жылдардың басында елiмiзде жеке пәндер мен бiлiм салалары бойынша тереңдетiп оқытатын жалпы орта бiлiм беретiн мекемелердiң жаңа түрлерi (лицейлер мен гимназиялар) пайда бола бастады. Олардың оқу жоспарларында оқу жүктемесiнiң негiзсiз арттырылуы мен жоғары оқу орындарының бастауыш сатысындағы бiлiм мазмұнының қайталанып оқытылуы байқалды.[34]
Оқытуды саралау идеясы бiрыңғай бiлiм кеңiстiгiн сақтай отырып, Қазақстан Республикасында 1992 жылдан берi жүзеге асырылып келе жатқан оқушыларды вариативтi жалпы бiлiм бойынша дайындауға жағдай жасау арқылы орта жалпы бiлiм беру жүйесiн дамыту идеясы негізінде реформалау процесiнде жаңа импульс алды. Бiлiм саласындағы реформалаудың басты принципi саралау болып табылады, мұнда бiлiм берудi iзгiлендiру мен демократияландыру анықтаушы фактор ретiнде қарастырылады.
1992-2002 жылдары мектептiк бiлiм беруді реформалаудың тұжырымдамалық-нормативтiк және ұйымдастырушылық-әдiстемелiк негiздерi жасалды.
Жоғарыда аталған құжаттармен қатар:
- Мектеп пәндері бойынша Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары;
- Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша оқу бағдарламалары, оның iшiнде қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-матемаикалық бағыттар бойынша қазақ, орыс және ұйғыр тiлдерiнде бiлiм беретiн мектептердiң 11 — 12 сыныптарына арналған оқу бағдарламалары;
- Үкiметтiң 1996 жылғы 26 қыркүйекте №1173 қаулысымен бекiтiлген “Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беретiн мектептерiне оқулықтар мен ОӘК дайындау, басып шығару және тарату мақсатты бағдарламасына” сәйкес жасалған жаңа буын оқулықтары, оның iшiнде екi бағыт бойынша 11 – 12 сыныптарға арналған оқулықтар дайындалды.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту бағыты бiлiмдi дамытудың әлемдiк тенденцияларына сәйкес келедi.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында (ҚР МЖМБС 2003-2002) 11- 12 сыныптарда бейіндік оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарын анықтаудың әдiс-тәсiлдерi жүзеге асырылған.
Бейіндік оқытудың мақсаттары мен мiндеттерi
Отандық жалпы орта бiлiм беретiн мектептердi жаңартудың жетекшi бағыттарының бiрi – мектептiң жоғары сатысында бейіндік оқытуды енгiзу болып табылады.Осыған байланысты 12 жылдық мектептің 11 – 12 сыныптарында оқу процесiн енгiзудiң және ұйымдастырудың кешендi мәселелерi қарастырылуда.
Бейіндік оқыту – жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң жоғары сатысында даралап оқытуға, оқушының әлеуметтенуiне және мектептiң жоғары сатысының орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiмен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесi.[37]
Бейіндік оқытудың негiзгi мақсаты оқушылардың өзiндiк бiлiм алу бағдарламаларын құруды және оның жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, жергiлiктi және аймақтық ортада әлеуметтенуiн, оқушыларды орта және жоғары кәсіптік оқу орындарына дайындау үшiн орта жалпы бiлiм беру бағдарламаларындағы жеке пәндердi тереңдетiп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшiн:
— мектептің жоғары сатысында бейіндік оқытуды жаппай енгізу жағдайындағы оқыту процесінің құрамын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгертуді қамтамасыз ететін бағдарлы оқыту қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
— оқу жоспарларының мектептік компонентін қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесінде байқаудан өткізілген қолданбалы курстар мен таңдау курстарының мәліметтер қоры ретіндегі тізбесін жасау;
— бейіндік оқыту бағдарламаларын ресурстық тұрғыда қамтамасыз ету;
— бейіндік оқытудың теориялық және әдістемелік құраушыларын қамтамасыз ететін бағдарлы оқыту бағдарламаларын, жаңа буын оқулықтары мен ОӘК-н жетілдіру;
— бейіндік емес пәндер бойынша біртұтас түсінік қалыптастыруға бағытталған кіріктірілген оқу курстарын дайындауды ұйымдастыру;
— бейіндік оқыту бағдарламалары бойынша оқытудың типтерiне сәйкес мамандарды қайта даярлықтан өткiзу;
— бiлiм беру мекемелерi мен оқытушылардың бағдарлы оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру құқығын сертификаттау;
— 10 сынып оқушыларына бейіндік оқыту бағдарламаларын дұрыс таңдауға мүкiндiк беретiн бейіналды дайындықты жүргiзу;
бейіндік оқытуды кең көлемде жүзеге асыруды қолға алу сияқты мiндеттер шешiлуi қажет.
Бейіндік сыныптардың оқу-тәрбие процесiн
ұйымдастырудың ерекшелiктерi
Бағдарлау бағыттары мен құрылымдарын және бейіндік оқыту үлгілерiн анықтау бейіндік оқытуды ұйымдастырудың маңызды мәселесi болып табылады. Мұнда жоғары сынып оқушыларының бейiмдiлiктерiн, қабылеттерi мен жеке дара қызығушылықтарын барынша ескеруге ұмтылу қажет. Сонымен қатар бейіндік оқытуды енгiзу процесiн тежейтiн Ұлттық бiрыңғай тестiлеу, Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартындағы типтiк оқу жоспарының оқу жүктемелерiн бөлу, жаңа буын оқулықтарының тiзiмдерiн тұрақтандыру қажеттiлiгi, бағдарлы оқытуды талапқа сай педагог-мамандармен қамтамасыз ету және т.б. факторларды ескеру қажет.
Бейіндік оқытудың кез-келген формасы базистік оқу жоспарының инвариантты компонентін қысқарту арқылы жүзеге асады. Бейіндік оқытудың 1-2 пәндi тереңдетiлген бағдарламамен, қалғандарын базалық деңгейде оқытатын дәстүрлі мектеп үлгілерінен айырмашылығы, бейіндік оқыту оқушы дайындығын жалпы бiлiм беру деңгейінде аяқтау мақсатында оқытылатын бағдарлы емес пәндердiң оқу материалдарын салыстырмалы түрде қысқарту жағдайында ғана мүмкiн болады.[40]
Жоғары сатыда бейіндік оқытатын жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң үлгісінде бейіндік оқытудың икемдi жүйесiн қамтамасыз ететiн оқу пәндерiнiң алуан түрлi комбинацияларын құру көзделеді. Бұл жүйе оқу пәндерінің келесі типтерін қамтиды: базалық жалпы бiлiм беретiн пәндер, бейіндік пәндер, қолданбалы курстар және таңдау курстары.
Базалық жалпы бiлiм беретiн пәндер оқытудың барлық бағдарындағы оқушылар үшiн мiндеттi. Бейіндік пәндер — әрбір нақты оқу бағдарының бағытын анықтайтын көтеріңкі деңгейдегi пәндер болып табылады.
Мектеп бітірушілердiң бейіндік және базалық бiлiм беру пәндерiнен меңгерген бiлiм жетiстiктерi Ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерi бойынша анықталады.
Қолданбалы курстар 12 жылдық мектептiң жоғары сатысындағы бейіндік оқытудың құрамына кiреді, олар оқушылардың таңдауы бойынша оқытылады және оған қатысу міндетті. Қолданбалы курстар оқу жоспарындағы мектеп компонентiнiң есебiнен жүзеге асырылады және екi мiндет атқарады, яғни берiлген бейіндік стандарттың деңгейiндегi негiзгi бейінді пәндi оқуға қолдау жасайды әрі оқытудың бейінiшiлiк мамандануына және оқушының жеке бiлiм траекториясын құруға бағытталады. Қолданбалы курстар бойынша ҰБТ өткiзiлмейдi.
Таңдау курстары бейіндік оқыту шеңберiнен шыға отырып, оқушы компонентi (жеке сабақтар, консультациялар) есебінен жүзеге асады.
Ұсынылып отырған жүйе жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының бейіндік оқытуды (немесе қатарынан бiрнеше бейінді) ұйымдастыруына, ал оқушының жеке бiлiм траекториясын құрайтын базалық жалпы бiлiм беретін, бейінді және қолданбалы пәндер мен таңдау курстарының кез келген жиынтығын таңдауына шек қоймайды.
Жоғары сынып оқушыларының қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттардағы бейіндік оқытуды таңдауы мектептiң педагогикалық ұжымы үшiн ең жауапты және маңызды қадам болып табылады. Таңдау мектептiң бағытын анықтайтын көптеген аспектiлердi, яғни:
— оқушылардың қызығушылығы мен қабілетiн;
— 9 — 10 сынып оқушыларының бағдаралды дайындығының мазмұнын;
— мектептiң жоғары сыныптарында жұмыс iстейтiн мұғалiмдердiң кәсiби деңгейiн;
— педагогикалық ұжымдардың мөлтек аудан мектептерінiң мұғалiмдерi арасындағы бәсекелестiк сапасын;
— мектептiң ата-аналар алдындағы беделін;
— оқу орындары құрылтайшыларының алдындағы нақты мiндеттердi және т.б. ескере отырып жасалады./ 30 /
Әр деңгейдегi бiлiм мекемелерiнiң бұлай ұйымдастырылуында, тек таңдаған бейінніңмазмұны ғана жүзеге асырылып қоймай, сонымен қатар оқушыға өзiне қызықты басқа да бейіндік пәндердiң маңызды мазмұнын игеруге мүмкiндiк бередi. Мұндай жағдай бiлiм беру процесiнiң алуан түрлi ұйымдастыру формасы (қашықтықтан оқыту, факультативтер, экстернат) арқылы және әртүрлi бiлiм беру мекемелерiнiң (жалпы бiлiм беретiн мекемелер, қосымша бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру мекемелерi және т.б.) кооперациясы (бiлiм беру мекемелерiнiң бiрiгуi) есебiнен де жүзеге асуы мүмкiн.
Ы . Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының ғылыми қызметкерлері жалпы бейіндік оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде мектепішілік және тораптық үлгілерін ұсынып отыр . Аудан орталықтарындағы мектептер мен ауыл мектептері жағдайындағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру осы осы үлгілер арқылы жүзеге асыруды ұсынады [29 , 33-35б]
Бейіндік оқытуды ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн үлгiлер
Iрi қала жағдайында бейіндік оқытуды ұйымдастыру үлгiсi
Бейіндік оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бейінді оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады. Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бейінді оқытуды ұйымдастырудың типтері мен формаларын үйлестірудің алуан түрлі болуынан туындайды.
Ірі қала жағдайында оқытудың мектепішілік бағдарлау үлгісін жүзеге асыру неғұрлым тиімді.
Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп бейіндік оқытуды білім беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бірбейінді немесе көпбейінді болуы мүмкін.
Бiрбейінді білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бейінді, мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бейінді жүзеге асырады
Көпбейінді білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бейінін, мысалы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бейінді жүзеге асырады.
Әр бейіннің ішінде білім салалары бойынша бір немесе бірнеше мамандану бағыттары болуы мүмкін.
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектептер нақты бейінге бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бейіндік пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебінен өздерінің жеке бейіндік білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Таңдау жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылығы, қабілеті мен бейімділігі, 9 — 10 сынып оқушыларының бейіналды дайындықтарының мазмұны, сынып оқушыларының көпшілігінің таңдалып алынатын мамандану пәндері бойынша нақты дайындық дәрежесі, бейіндік оқыту./ 31 /
12 жылдық оқуды жүзеге асыратын пән мұғалімдерінің кәсiби деңгейi, мектептің материалдық-техникалық базасы және т.б. ескеріле отырып жасалады.
Облыс орталықтары жағдайында бейіндік оқытуды ұйымдастыру үлгiсi
Шағын қала жағдайында бiлiм ортасының болуына қарай бейіндік оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі жүзеге асырылуы мүмкін.
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгiсi — бiлiм беру процесiне қатысушылардың барлық сұраныстарын қанағаттандыру мүмкiн болатындай бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыру мақсатында басқа бiлiм ұйымдарының (қосымша бiлiм беру, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру мекемелерi, басқа да жалпы бiлiм беретiн мектептер) бiлiми ресурстарын мақсатты және ұйымдасқан түрде тарту.
Бұл үлгi екi нұсқада жүзеге асырылуы мүмкiн:
- “Ресурстық орталық” үлгiсi. Орта бiлiм беру мекемелерiнiң торабы жағдайындағы бағдарлы дайындық. Бұл жағдайда ұйымдастыру кезінде бірнеше білім беру мекемелері бір ғана мектепаралық оқу орталығы төңірегіне шоғырланады.
- “Әлеуметтiк серiктестiк” үлгісi. Бейіндік оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру білім беру мекемелерінің түрлі типтері – мектептің әлеуметтік серіктестері желісі шеңберінде жүзеге асырылады.
Мұнда мектеп қосымша, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беру, мәдениет, спорт мекемелерiмен бiрiгiп жұмыс iстейдi. Оқушылар өздерiнің мектептерiнде ғана емес, мектеппен серіктес басқа да мекемелерде оқи алады.
Ауылдық жағдайда бейіндік оқытуды ұйымдастыру үлгісі
Аудан орталықтарындағы мектептер мен ауыл мектептері жағдайында бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі де, тораптық үлгісі де жүзеге асырылуы мүмкін.
Ауыл мектептерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыруда әртүрлі факторлар қамтылуы тиіс. Солардың ішінде ауылдағы барлық мектеп саны, мектептің статусы, оқушылар мен параллель сыныптар саны, педагогикалық кадрлармен қамтылуы, қосымша білім беруді ұйымдастыру мен ресурстық мүмкіндіктері, географиялық орналасуы негізгі факторлар болып есептеледі.
Осы факторларды ескере келе, ауылдық жағдайда бағдарлы оқытудың төмендегідей қосымша түрлерін ұсынуға болады:
— оқытудың интернаттық жүйесі;
— пәндерді қарқынды жүйеде оқыту;
— жалпы білім беретін және бейіндік пәндерді алмастыра оқыту (бір күнде немесе бір аптада);
— қашықтықтан оқыту;
— бейін бойынша жас шамалары әртүрлі оқушыларды біріктіріп оқыту (11- 12 сынып оқушылары).
Бейіндік оқытуды енгiзу механизмi мен шарттары
10 -сыныпта бейіналды дайындық ұйымдастырылады және онда оқушылар өздерi тұратын аймақтарда жүзеге асырылатын:
-бейіндік оқыту бағдарламаларымен;
— бейіндік оқытудың ұйымдастырылу типтерiмен, формаларымен және ұсынылып отырған үлгiлерiмен;
-кәсiпке оқытудың болашағымен немесе бейіндік бiлiм алғаннан кейiнгi жұмысқа орналасу мүмкiндiктерiмен;
-бейіндік оқыту бағдарламасы бойынша оқыту шарттарымен таныстырылады.
Бейіндік оқытуды табысты жүзеге асыру үшiн мектептің типiне қарай бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесi, сол сияқты бiлiм жүйесiнiң басқару аппараты қажет.
12 жылдық жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарының бейіндік сыныптарына оқушыларды қабылдау ретi
Бейіндік мектептерге (сыныптарға) оқушылар қабылдауды жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарының қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Оның құрамына жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны құрылтайшыларының өкiлдерi, директоры, бейіндік пәндердiң мұғалiмдерi кiредi. Қабылдау комиссиясының жұмыс iстеу уақытын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны белгiлейдi.
Бейіндік мектепке (сыныпқа) қабылдау мәселесiн шешу үшiн 10 -сыныпты бiтiрушiлер немесе олардың ата-аналары мiндеттi түрде жалпы орта бiлiм беретiн оқу орнына:
— жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны директорының атына жазылған қабылдау жөнiндегi өтiнiш;
— негiзгi орта бiлiмі туралы куәлiк;
— оқу жетiстiктерiн растайтын құжаттарын өткiзулерi тиiс.
Бұл құжаттар жалпы орта бiлiм беретiн оқу орнының 11 -сыныбына қабылдау журналына тiркелгеннен кейiн өтініш иесіне:
— өтiнiштiң нөмiрi;
— тапсырылған құжаттардың (хатшының немесе құжаттарды қабылдауға жауапты адамның қолы және оқу орнының мөрi қойылған) тiзiмi;
— 11 сыныпқа қабылданғаны туралы хабарлау мерзiмi жөніндегі мәлiмет;
— тиiстi ақпарат алып тұруға мүмкiндiк беретiн телефон нөмірi көрсетiлген құжат берiледi.
Бейіндік сыныптағы оқушылардың саны қалалық жерлерде 25-тен, ауылдық жерлерде 20-дан аспауы тиiс.
Бейіндік оқытуды ұйымдастыруға қажеттi жағдайдың болуына қарай қолданбалы курстар оқушыларды топтарға бөлу арқылы оқытылуы мүмкiн.
Жалпы бейіндік мектептерге (сыныптарға) оқушылар мемлекеттiк аттестация (10 – сыныптан кейiнгi) қорытындысы бойынша қабылданады.
Ең алдымен бейіндік сыныптарға :
— негiзгi орта бiлiмi туралы үздiк куәлiк алған оқушылар;
— оқыту бейініне сәйкес келетiн пәндер бойынша аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңiмпаздары;
— ата-анасы жоқ және олардың қамқорлығынан айырылған оқушылар қабылданады.
Оқушыларды бейіндік мектептерге (сыныптарға) қабылдауда мемлекеттiк аттестация нәтижелерiмен бiрге Педагогикалық кеңестiң шешiмiмен:
— оқушының оқудағы және шығармашылық белсендiлiгінiң негiзгi формасы мен бағыттарының қысқаша сипаттамасы, яғни ғылыми конференцияларда, байқауларда, оқу лагерлерiнде, спорт, көркемөнер жарыстарында жеткен жетiстiктерi;
— мектеп оқушыларына арналған аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегi журналдарда, газеттерде және т.б. баспа беттерiнде жарық көрген еңбектерi пайдаланылады.
Бұл құжаттар сипатына қарай кейбiр оқушыларға тиiстi бейінді (бағытты) барынша негiздi етiп ұсынуға мүмкiндiк бередi.
Ұсынылған өтiнiштiң саны сыныптағы орын санынан (мектептегi орын санынан) асып кеткен жағдайда 10 – сыныпты бiтiрген түлектердi қабылдау олардың бiлiм жетiстiктерiнiң рейтингiсi негiзiнде жүзеге асырылады.
Бiлiм беру басқармалары өзiне қарайтын барлық жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындары үшiн бiлiм рейтингiн құрудың бiрыңғай критерийлерiн белгiлеп, оларды өз уақытында 10 – сыныпты бiтiрген түлектерге және олардың ата-аналарына хабарлайды.
Бейіндік сыныптарға қабылданған барлық оқушылар және олардың ата-аналары жалпы орта бiлiм беретiн оқу орнының Жарғысымен, оның бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы көрсетiлген лицензиясымен және т.б. құжаттарымен танысуға мiндеттi.
11 – сыныпта оқитын оқушылар бiрiншi тоқсанның аяғында:
— бiрiншi тоқсанды ойдағыдай аяқтаған жағдайда;
— жаңадан таңдап отырған бейіні бойынша пәндердi игерудегi олқылықтарды жою бойынша өз бетiнше сынақ тапсырған жағдайда;
— оқушының ата-анасы жазбаша түрде келiсiм берген жағдайда өздерiнiң оқу бейінін өзгерте алады.
11 жылдық мектепті 12 жылдық орта мектепке айналдыру бұл тек оқу жылының санын бір жылға арттыру ғана емес , сонымен қатар орта мектептің жалпы құрылымын , мазмұнын , мақсатын өзгерту ғана емес , ең бастысы мектеп түлегіне беретін білім нәтижесін өзгерту болып есептеледі . 11 жылдық орта мектеппен салыстырғанда 12 жылдық ортамектепті бітіруші түлек нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлымдұрыс бейімделген , жүйелі білім негіздерін практикалық іс әрекеттерге ұштастыра білетін , функционалды сауатты , өмірлік қажетті болуын қамтамасыз етеді.
Бейіндік оқыту дегеніміз не ? – деген сұраққа жауап беретін болсақ , бейіндік оқыту жүйесі , нақтылап айтқанда , бүгінгі таңдағы тереңдете оқыту — 80 – ші жылдардың соңы мен 90 – жылдардың басындағы білім жүйесін басқару мен қоғам өмірін ізгілендіру , демократияландыру үрдісінің әсерінен туындады . Осы жылдарда бейіндік оқыту идеясы кең таралып гимназия мен лицейлер , кейіннен оқушыларды оқуға түсу емтиханына дайындап қана қоймай , ары қарай ЖОО – да оқуға мүмкіндік беретін дарынды балаларға арналған арнайы мектептер құрыла бастады .
Бейіндік оқытуды жүзеге асыру келесі мақсаттарды іске асыруды көздейді :
* оқушыларға бейіндік оқытудың бір бағыты бойынша білімді меңгерту ;
* өзгермелі қоршаған ортаға бейімделуге ықпал ететін әлеуметтік , кәсіптік өзін — өзі анықтау , білімін жетілдіруге арналған құзіреттерін қалаптастыру ;
* мамандықты саналы таңдауға жағдай тудыру ;
* оқушылардың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім мазмұнын саралау , жеке оқу бағытын құру ;
* несиелік технология элементтерін енгізу .
Бейіндік оқыту мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын растайтын көрсеткіштерге оқушылардың таңдаған бейіні бойынша білімін жалғастыруға дайындығы ғана емес , сондай – ақ , саналы таңдау жасауы да жатады . Өйткені қазір жастар мамандық таңдау барысында өздерінің қажеттілігі мен мүмкіндіктерін және де ары қарайғы жұмысқа орналасу мәселесін ескерместен таңдау жасайды .Ал бұл өз кезегінде осы бағыттағы жұмыстардың дұрыс дұрыс жолға қойылмағандығын айғақтайды .Қазіргі мектептердің жоғары сынып оқушыларында кәсіптік өзін — өзі анықтауына қажетті білімдер жоқтың қасы , өзін — өзі тануы мен өзін — өзі өзгертуге деген қабілеттері жеткілікті түрде дамымаған , өз білімін жалғастыру жолдары жөнінде бағдары анық емес .
Бұл жағдайдан шығудың бірден – бір жолы – жоғарғы сынып оқушыларының өзін — өзі анықтауы мен оларды еәсіби әрекет саласына бағдарлау жұмыстарына мейлінше серпінді өзгерістер енгізу болып табылады .
Өйткені кез – келген қоғам үшін өскелең ұрпақтың қайсыбір таңдау жасағанда ұлттық рух пен ұлттық мүдделерді басты орынға қойып , азаматтық пен адамгершілік ұстанымдарынан ауытқымауы аса маңызды.
Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында бейіндік оқытудың үш бағыты анықталған :
жаратылыстану – математикалық
әлеуметтік – гуманитарлық
технологиялық
Әйтсе де , осы аталған бағыттарды қатып қалған тәртіп деп қарастырудың қажеті жоқ .Жаратылыстану – математикалық бағыт ішінен мектеп базалық және бейіндік курстар жиынтығынан физика – математикалық немесе жаратылыстану ( немесе өз еркімен таңдауы ) ғылымы бейінін ұйымдастыра алады.[11, 13-14б]
Кейбір мектептерде оқушылардың қажеттіліктерін , мектеп мүмкіндіктері мен жергілікті білім желісінің ерекшеліктерін ескере отырып , өзге де бейіндік бағытты жүзеге асыруға болады ( мәселен , тарихи , агро- технологиялық , лингивистикалық және т.б. ) .
12 жылдық білім беру мектептерінде 10 жылдық білім білімнің негізгі сатысы болып есептеледі .10 сыныпты бітірген оқушы өз қалауымен білімін арнаулы оқу орындарында , колледждерде жалғастыра алады .
Ал 11 – 12 сыныптарда өзінің білімін ЖОО – да жалғастыруды көзжеген оқушы оқи алады .Бірақ бейіндік сыныпқа жіберу туралы түпкі шешім емтихан нәтижесінде қабылданады және оларды жүргізу формалары қазіргі уақытта талқылану үстінде . Бейіндік мектепке қабылдаудың қосымша талаптарының бірі ретінде оқушылардың алтыншы оқу күнінде айналысатын зерттеу жұмыстарын қорғауы мен оқушының жетістіктер портфелін ( портфолио ) енгізіліп отыр .
12 жылдық мектептің басты міндеті — тұлғаның танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту .Осы орайда оқушының алған білімінің нәтижесі мен оның өзін — өзі бағалауының маңызы зор . Бұған дейін оқушының еңбегі алған білімінің көлеміне қарай бағаланып келсе , енді оның білім алу үрдісіндегі жетістігі жас және жеке ерекшелігіне байланысты , өмір сүрген ортасына бейімделуіне , жинаған тәжірибесіне қарай икемделуіне , жұмыстар барысында қалыптасқан қабілетіне , білім мазмұнын рухани қажеттілігіне қарай игере біліуіне байланысты бағаланатын болады . Осы тұста жаңа технологиялар , оның ішінде бағалау жүйесіне енетін жаңа форма ретінде – » портфолио » ттехнологиясы әзірленуде .
» ПОРТФОЛИО » ( кең мағынада ) , жеке білім жетістіктерінің портфелі , белгілі бір білім алу кезеңіндегі оқушының жетістіктерінің жиынтығы мен өзін — өзі бағалауын есепке алу тәсілі . Оқу » портфолиосының » нәтижелері оқудың ілгерілеуінен көрінеді . Портфолио – шетелдерде кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі . [11, 13б]
Оқушыларды бейіндік оқуға дайындау мәселелерін қарастырсақ , жоғары сатыда бейіндік оқытуға көшу мектеп түлегін жауапты таңдау жасау қажеттілігіне әкеледі .Осыған байланысты 9 – 10 сыныптарда оқушыларды бейіндік оқытудың алғашқы баспалдағы болатын бейін түрін таңдауға бағдарлайтын бейіналды даярлық енгізу көзделіп отыр . Бейіналды даярлық 9 – 10 сынып оқушыларын педагогикалық- психологиялық диагностикадан өткізіп , мамандықтар түрлері аясында мейлінше мол ақпараттармен қамтамасыз етеді . Демек , біздің міндетіміз – мектепте осыған жағдайлар жасау . Ол өз кезегінде мектептегі психологиялық қызметті белсендендіруді , ақпараттық кеңес беру орталығын ұйымдастыруды көздейді . Сондай – ақ , әр мектеп өз мүмкіндігіне қарай штаттық кестесіне бейін алды даярлықты үйлестіруші менеджер – кеңесші бірлігін енгізе алады .
12 жылдық мектептің базистік оқу жоспарында бағдарлы курстар белгіленіп , арнайы сағаттар алдын – ала қаралатын болады . Ал оқушылардың бейіндік бағдары психологиялық – педагогикалық диагностикалау арқылы анықталады .
Осы орайда республика мектептерінде 9 сынып оқушыларының бейіндік бағдарын диагностикалау жұмыстары ұйымдастырылуда .[33]
Бейіндік оқыту формалары мектептердің педагогикалық әлеуетіне , білім беру инфрақұрылымының мүмкіндіктеріне және облыстық , қалалық , аудандық ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылуы тиіс .
Бейіндік оқыту идеялары жалпы білім беретін мектептерде , гимназияларда , лицейлерде , дарынды балаларға , мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырлады .
Үшінші сатыдағы бейіндік оқыту мектептің материалдық – техникалық жағдайын , кадрлық құрамы мен оқу — әдістемелік қамтамасыз етілуін ескере отырып , төменгі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады :
Монобейінді (бірбейінді) мектеп – бір бейінді оқытуды ұйымдастыру .
Полибейінді (көпбейінді) мектеп – бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастыру.
Бейіндік сыныптар жалпы білім беретін мектептерде , гимназиялар , лицейлер , дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде ашылады .
Ал ресурстық орталық материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті , бейіндік оқытуды жүргізуде ресурстарын басқа да мектептер пайдалана алатын білім беру ұйымы болып табылады . Ресурстық орталықтар ЖОО , колледждер , мен білім беру орталықтарының жанынан ұйымдастырылуы мүмкін .
Ауыл мектебі жағдайындағы ресурстық орталық дегеніміз – айналасындағы мектептердің материалдық – техникалық , оқу — әдістемелік және кадрлық әлеуетін кіріктіре алатын ауылда толыққанды база мен бейіндік оқытуды қамтамасыз ете алатын , қуатты білім ұйымдарының бірлестігі .
Сондай – ақ , сырттай және кешкі мектептердегі бейіндік оқытуды ЖОО мен ОблБД- і жанынан ұйымдастыруға болады .
Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдардан келетін оқушылар үшін мектеп – интернаттар ашылмақ .
Шағын компектілі ауыл мектептерінің таңдаған бағдарларына қарай аудан орталығындағы орта мектептерде немесе ресурстық орталықтарда жатып оқуына мүмкіндік беретін интернат типіндегі пансионаттарды ашу жоспарланған.
Мектепте бейіндік оқыту қалай анықталады ? – деген сұраққа жауап берсек :
— оқушылар мен ата – аналардың өтініші мектеп кеңесінің шешімімен дәйектеледі ;
— мектепте бейіндік оқыту пәндерін жүргізетін білікті педагог кадрлар іріктеледі ;
— мектептің материалдық – техникалық базасы бейіндік оқытуға сәйкес жаңартылады ;
— оқушылардың бейіндік оқуын ұйымдастыруға қатысатын ЖОО- мен , білім беру ұйымдарымен байланысытар орнатылады ;
— саралап оқыту тәжірибесі мен мектептің бұрынғы түлектерінің білім нәтижесіескеріледі .
Бір сөзбен айтқанда , мектептің бейінділігі оқушылар мен ата – аналардың талап – тілектеріне қарайанықталады .Мысалы , егер мектепте химия ,биология немесе физика пәндерін жүргізетін бідікті мұғалімдер , сәйкесоқу кабинеттері бола тұра , оқушыларсол бейінді таңдамаса , онда мектеп ондай оқытудың түрін таңдай алмайды . Бейін түрлері оқушылар таңдауымен жүзеге асырылады .
Ортақ қызығушылықтармен біріккен топтарда оқу үрдісін ұйымдастыру дәстүрлі түрде дарынды балаларға арналған сыныптар , жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар , факультативте оқитын топтар құру арқылы жүзеге асырылады . Алайда қаншалықты жақсы дегенімізбен , олар барлық жалпы білім беретін мектептерге жаппай ендіруге келмейді .Бейінді оқытудың ғылыми – теориялық негізі саралау формаларының жаңа типологиясы болып табылады ( 1990 жыл ) Бейінді оқытуды жаппай тәртіппен ұйымдастыру үшін барлық сыртқы саралау формаларының ішінен неғұрлым қолайлысы [22, 3-7б] қызығушылықтары бойынша оқыту болып табылады .Осыдан келіп , жоғарғы сатыда оқытудың бағыттары белгіленді , солардың аясында неғұрлым тар бейіндерді ұйымдастыру мүмкін болады .
Осы орайда сыртқы форма ретінде қызығушылықтары бойынша оқыту оқушыларды оқу пәндері бойынша днңгейлік даярлауды ( міндетті деңгей және мүмкіндік деңгей ) көздейтін ішкі формамен ұштасады ( 1 –ші суретті қараңыз )
|
|
Ұйымдастырылу қ
1сурет Жаңа типология бойынша саралау
Құрылымы бойынша сыртқы саралау формасы саралай оқытудың селективті немесе элективті әдісі бойынша жүзеге асырылатыны белгілі . Бейінді оқытуды жалпы білім беретін мектептерге жаппай ендіру үшін саралай оқытудың селективті әдісі неғұрлым қолайлы болмақ . Бұл жүйенің ерекшелігі мынада : бағыттар боыйнша барлық оқушылар бірдей мектеп сатыларынан ( бастауыш , негізгі ) өткен соң жүргізіледі .Бұл жерде бейінді оқу пәндері циклын тереңдете оқыту , сондай – ақ бейінді емес пәндер жиынтығын міндетті оқыту қамтамасыз етіледі . Бейінді және бейінді емес пәндер жиынтығында 7 білім беру саласы аясында жоғарғы сатыдағы білім мазмұнының функционалдық толықтығын қамтамасыз етпек . Бұл тәсіл саралаудың элективті жүйесінен түбегейлі айырықшаланады , өйткені оған міндетті пәндерді оқыту мен қалған оқу пәндерін еркін таңдау тән болады ( 2 — суретті қараңыз )
|
2 сурет Сыртқы саралау
Жоғарыда аталған ғылыми – теориялық тәсілдің көмегімен нормативтік негіз анықталады .Осы кезеңде 1 – 9 сыныптарда енгізіліп отырған жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ( МЖМС ) жоғары сатыда бейінді оқытуды ұйымдастырудың негіздері қаланған . Нормативтік құжат ретінде МЖМС – те мектептің жоғарғы сатысындағы білім мазмұнының құрылымы мен мазмұнына , білім беру үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар көрсетілген .Сонымен жаппай ендірілуі 2007 – 2008 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 10 сыныптарында басталатын бейінді оқыту саралаудың сыртқы формасының селективті жүйесіне негізделген және екі бағыт аясында бейінді пәндерді көздейді ( 3 – суретті қараңыз )
3 сурет Сыртқы саралау формасы
Шешімнің кез – келген нұсқасында пәндік білім , іскерлік , дағдылардың рөлін ескеру қажет . 4 – суретте көрсетілген
4 сурет Пәндік білім, іскерлік , дағдылар
Біліктерді дамыту мәселесі шешімнің барлық нұсқаларында мұғалімнің өзінің ізденушілік қызметін жете түйсінуінің мәні ерекше .Бұл үрдістің қисындылығы төмендегі сызбада берілген .Жұмыс сапасымен қызмет нәтижесі өзіне — өзі дұрыс сұрақ қоя білуге байланысты болады .5 суретті қараңыз
5 сурет Мұғалімнің өз іс — әрекетін жоспарлауы
3 кесте 12 жылдық жалпы білім беретін мектептегі бейіндік сыныптарды бағалау жүйесі ( 12 баллдық шкала бойынша )
Оқу материалдарын игеру деңгейлері
|
Оқу іс — әрекеті |
Оқу пәндері бойынша даярлық деңгейлері |
|||
базалық |
бейіндік |
тереңдетілген |
|||
а
|
Білімді игеру және іс — әрекет тәсілдері |
Репродуктивтік |
1 |
5 |
9 |
б
|
Білімнің интерпретациясы және іс-әрекет тәсілдері |
Репродуктивті – продуктивтік |
2 |
6 |
10 |
в
|
Білімнің интеграциясы және іс — әрекет тәсілдері |
Продуктивтік |
3 |
7 |
11 |
с
|
Білімнің трансформациясы және іс — әрекет тәсілдері |
Зерттеушілік |
4 |
8 |
12 |
Оқу деңгейлерінің нәтижелері |
I |
II |
III |
I деңгей оқушының пәндік құзіреттілігі – оқу пәні аумағындағы ақпараттылық деңгейі ;
II деңгей оқушының пәндік құзіреттілігі – пәндік сауаттылық деңгейі ;
III деңгей оқушының пәндік құзіреттілігі- кәсіп алды мамандандырудың деңгейі .
Жалпы білім сапасын арттыруға бағытталған білім беру жүйесіндегі демократиялық өзгерістер үздіксіз үрдіс ретінде қаралуы тиіс . Мұны қолданыстағы МЖМС –ке сәйкес мектептің жоғары сатысында бейінді оқытуды жаппай ендіру жалпы білім беретін мектептің жаңа үлгісін даярлау аясында жүзегет асырылу фактісі дәлелдей түседі . Білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2008 жылдан бастап біліктік тәсіліне негізделген 12 жылдық орта білім беру енгізілетіні айтылғаны баршаға аян . Неғұрлым жетік даярланған мектеп педагогикалық ұжымдары қазірдің өзінде оқушылардың біліктерін дамытуға қажет жағдайларды айқындау жөніндегі іздеу-зерттеу жұмыстарымен айналысу үстінде . Мысалы , Алматы қаласындағы № 1 , № 79 мектептер , Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылындағы орта мектеп және т.б ( мұндай мектептер Республикамыздың әр облысында , әр қаласында бар ) . Демек , мектеп жұмысының шынайы тәжірибесінде білікті білім берудің маңызы зор.
Түсіндірмелік аппарат
Бейіндік оқыту – бұл оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге және олардың қабілетін дамытуға, оқушының әлеуметтенуiне және мектептiң жоғары сатысының орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiмен сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқыту процесін саралау мен даралау құралы болып табылады.
Бейіндік оқытуды ұйымдастыру үлгілері – бұл нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдері.
Оқу жоспарының базалық (инвариантты) компоненті – білім мазмұнының міндетті білім салалары мен оқу пәндерінің тізімін анықтайтын бөлігі.
Оқу жоспарының мектептік (вариативті) компоненті – білім мазмұнының оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін қанағаттандыруға бағытталған бөлігі.
Оқушы компоненті – білім мазмұнының оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың білім беруді жеке тұлғаға бағдарлауға мүмкіндік беретін жаңа түрлері мен тәсілдерін жүзеге асыруға бағытталған бөлігі.
Базалық жалпы білім беретін пәндер – барлық бағдарларда оқушылардың бәріне тегіс міндетті пәндер.
Бейіндік пәндер – бұл орта жалпы білім берудің жоғары сатысындағы оқыту бағдарын анықтайтын негізгі оқу пәндері.
Қолданбалы курстар – білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды ұйымдастыру формасы, ол оқушылардың білімін жалғастыруына және тереңдетуіне, сондай-ақ олардың практикалық дайындығын арттыруға ықпал етеді.
Таңдау курстары – бағдарлы пәндердің нақты саласы бойынша білімберу бағдарламаларын жүзеге асыруды ұйымдастыру формасы .
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы эксперимент барысында оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы басты мәселе болып отыр . Мұғалім үшін баланың қызығушылығы , бейімі , қабілеті және басқада психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс . Осы ерекшелікті ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады .
Осы міндеттерді мұғалімнің біліктілігі мен психологиялық мәдениетін көтеру арқылы ғана тиімді жүзеге асыра аламыз .
Соңғы уақыттарда мектеп тәжірибесінде оқушылардың әлеуметтік психологиясымен айналысу басты басты орынға шығып , педагогикалық психология екінші орынға ысырылуда .
Мұғалімге оқыту мен тәрбие үрдісінде нәтижеге жету үшін психологиялық құралдарды меңгеру қажеттігі туындап отыр .
Бұл әдістемелерді көбінесе , дефектологтар , дәрігер – психиатрлар мен психолог – практиктер жүзеге асырады .
Ал осы психологиялық – педагогикалық анықтау жұмысының қажеттігі 12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы экспериментке қатысты туындап отыр . Эксперимент жүргізуші мұғалімге мектеп психологының көмегі әрқашан жеткілікті бола бермейді . Сонымен қатар оларғапсихологиялық әдебиеттер де аздық етеді .
Осы экспериментте мұғалімдерге қажетті ақпараттармен қатар, арнайы психологиялық анықтау материалдары да қамтылған.Экспериментте көбінесесынпқтан өткізуге қолайы классикалық әдістемелер , сондай – ақ сауалнамалар мен психологиялық зерттеуәдістемелері де берілген .
Мұндағы зерттеу материалдары 12 жылдық мектепте оқушыларға арнайы психологиялық диагностика жасауға мүмкіндік береді . Мектеп оқушыларын тексеру үшін мынандай әдістер ұсынылады :
— оқушыға жеке тұлға ретінде бақылау жасау ;
— жеке тұлға ақыл – ойының даму ерекшелігімен танысу .
12 жылдық білімберуге көшудің эксперименті шеңберінде мектепке келген баланың жеке қабілетін анықтауға арналған әдістердің ішіндегі ең мңыздысы – жеке тұлғаға бағдарланған оқыту болып табылады . Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық бағдарлы оқытуға мүмкіндік береді . Бұл тәсілдің ерекшелігі мынада :
- Баланың психологиялық қорғану сезімін , қуанышты сезіну мен оның дарадамуын қамтамасыз ету ;
- Балалардың денсаулығына кері әсер ететін факторлардың алдын алу ;
- Баланың мектепке жылдам қалыптасуын қамтамасыз ету ;
- Баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау ;
Бұл мақсаттарға жету үшін баланың жеке даму деңгейі мен 12 жылдық мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынандай әдістемелер ұсынуға болады :
- Керн – Йерасектің төрт субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тестісі ;
- Ой — өрісінің даму деңгейін анықтайтын тест ( » төртінші артық » ) ;
- Оқу әрекеті алғы шарттарының деңгейін анықтауға арналған тест ( » Графикалық диктант » ) ;
- Назар аудару мен қабылдау және талдау мен жинақтау қабілеттерін анықтау ;
- Логикалық ойлау элементтері ;
- Жоғары жүйке жүйесінің әрекетінің ерекшеліктерін анықтау .
Мектепке дайындықты анықтау әдістемесі
Керн – Йерасек тесті
- Бұл тестіні балаларды алғашқы тексеруден өткізу кезінде қолданған тиімді . Біріншіден , оны жүргізуге көп уақыт кетпейді , екіншіден , жеке балаға да топқа да қолдануға болады .Сондай – ақ арнайы нормативтік құжатты , құрал – жабдықты қажет етпейді .
Тест Алматы қаласы № 151 балабақшасының 14 тобындағы балаларға жүргізілді .
Тесттің құрылымы : тест үш графикалық және бір ауызша тапсырмадан тұрады .
Бірінші тапсырма – ер адамның сыртқы пішінін салу ;
Екіншісі — әріптердің жазба түрін көшіріп жазу ;
Үшіншісі – нүктелер тобын көшіріп жазу .
Әр тапсырманың нәтижесі бес ұпайлық жүйемен бағаланады .( 1 – жоғары , 5 – ең төменгі ұпай ) Содан кейін үш тапсырма бойынша жиынтық баға шығарылады :1 – 2 ұпай жоғары , 3 – 6 ұпайға дейін ортадан жоғары , 7 – 11-ге дейін орта , 12 – 15 нормадан төмен , 12 – 15 ұпай алған балаларды тереңірек зерттеу керек .
№ 4 тапсырма
К . Йерасектің оқушының мектепке дайындығын бағдарлау тестісінің ауызша тапсырмасының сұрақтары .
Ауызша сұрақтар ретінде 24 қарапайым сұрақ қойылады .
Тестті қолдану тәртібі
Әр балаға тест қағазы таратылады . Оның біріншібетіне бала жөнінде мәлімет жазылады .Қалған ашық жерлеріне бірінші тапсырманың суретін салады .Ал екінші беттің жоғарғы сол жағына әріптердің жазба үлгілері , ал осы беттің төменгі сол жағында нүктелер жиынтығы берілген . Беттіңоң жақ бөлігі бала жұмысжасау үшін ашық қалдырылады .
Қарындаш зерттелушінің екі қолының арасындағы бірдей қашықтықтағы ортаға қойылады ( егер бала солақай болса , ол жағын ескеру керек ) .
№ 1 тапсырма
» Қандай да бір ер адамның суретін шамаң келгенше салыңдар «
№ 2 тапсырма
» Мына жазылған әріптерге қарап көшіріп жазыңдар «
№ 3 тапсырма
» Мына нүктелерге қарап , жанына сендер де осындай нүктелер салыңдар »
14топ тізімі
- Азиева Әсел – 11 ұпай
- Асан Бекнұр – 3 ұпай
- Асан Ақнұр — 1 ұпай
- Айтжанова Асылайым – 6 ұпай
- Айдар Олжас – 7 ұпай
- Баймұхан Ару – 5 ұпай
- Бакина Бота – 4 ұпай
- Бекжанов Дәрмен – 1 ұпай
- Ғалымжан Сабина – 3 ұпай
- Досхан Аян — 3 ұпай
- Дарибай Самат – 12 ұпай
- Жалилов Шухрат – 4 ұпай
- Қалижан Медет – 3 ұпай
- Төрехан Анель – 9 ұпай
- Сабитова Мөлдір – 4 ұпай
- Саден Ерік – 13 ұпай
Тест нәтижесіне назар аударсақ топтағы балалардың мектепке дайындығының деңгейі төмен екенін байқауға болады .
Осы жағдайға байланысты балабақша қызметкерлерімен сөйлескенімде — «балалардың деңгейінің төмендігін мойындаймыз , мектепке баратын уақыттары болғанша осы қателіктермен жұмыс жасаймыз» – деді .
Сауалнама » 12 жылдық мектепке көшудің тиімділігі қандай ? «
Құрметті респондент !!! Бүгінгі күнде қоғамымыздағы маңызды мәселелердің біріне айналған білім саласындағы реформалардың ішіндегі 12 жылдық жалпы орта білім жүйесіне көшу .Сондықтан төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып сіз өз пікіріңізді білдіре аласыз , сіздің пікіріңіз – қоғам пікірі .Сұрақтардағы 3 нұсқаның біреуін таңдау арқылы жауап бересіз .
1 . 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді дұрыс деп санайсыз ба ?
А. Иә , басқа да дамыған елдермен теңесу үшін қажет
Б. Керек шығар , бірақ аса тиімді емес
В. Дұрыс емес , себебі мектепті оқушы өте кеш бітіреді
2 . 12 жылдық мектептің оқу бағдарламасындағы 11 жылдық мектептен айырмашылықты білесіз бе ?
А. 12 жылдық мектептің 11 – 12 сыныбында бейіндік оқыту енгізіледі
Б. Айырмашылығы оқу мерзімін 1 жылғы тек механикалық тұрғыда ұзарту ғана
В. 1 жылға ұзартқанда ешқандай тиімділік болмайды
3 . 12 жылдық мектепке көшуді қаншалықты дережеде қолдайсыз ?
А. Әлемдік білім кеңістігіне теңдесу үшін өте қажет
Б. Осы заманғы жаңа технологияларды енгізсе тиімділігі артар еді
В. Қолдамаймын , мемлекеттің демографиясына кері әсер етеді
4 . 12 жылдық мектептің оқу бағдарламасымен таныссыз ба ?
А. Иә , таныспын , оқу бағдарламасының жақсы жақтары көп
Б. БАҚ – да 12 жылдық мектеп туралы ақпарат өте көп , бірақ оқу бағдарламасының мазмұнын түсінбедім
В. Ол туралы еннәрсе білмеймін
5 . 12 жылдық мектепте 12 баллдық бағалау жүйесі енгізіледі , сіздің пікірініз қандай болмақ ?
А. Білім сапасын осындай тұрғыда бағалау дұрыс
Б. 12 баллдық бағалау – жан – жақты бағалау деп ойлаймын
В. Дәстүрлі 5 балдық бағалау дұрыс еді
Сауалнама сұрақтарына талдау
Сауалнамаға барлығы 27 адам қатысты . 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге адамдардың көпшілігі немқұрайлы қарамайды екен , себебі мектепте адам өмірінің іргетасы қаланатындықтан білім жүйесінің реформасын қолдайды екен .
- Сауалнамаға қатысқан адамдардың 62 % — і 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді қолдайтын , 12 жылдық мектептегі бейіндік оқытудың тиімділігін түсінетін , осы жүйе туралы ақпараттың жеткілікті екенін айта келе 12 жылдық мектепке көшудің тиімділігі өте жоғары деңгейде – деді.
- Респонденттердің 26 % — і 12 жылдық білімге көшуді тиімді деп санаса да , оған көшу ешқандай тиімділік әкелмейді дейді
- Ал қалған 12 % сұралушылар бұл жүйеге көшуді қолдамайтынын , мектеп мерзімін 1 жылға механикалық ұзарту ешқандай пайда бермейтінін , керісінше мемлекеттің демографиялық жағдайына кері әсер ететінін айтады .
Жоғарыдағы пікірлерге назар аударсақ , біздің қоғамымызда мектеп реформасына ешкімнің де немқұрайлы қарамайтынын көрсетеді .
Сауалнама»12 жылдық мектептегі мұғалімдерді таңдау»
Құрметті__________________________________________________
Төмендегі сауалнама сұрақтарында мұғалімдердің жеке басы мен кәсіби қарым-қатынас біліктілігін сараптап, айқындауға септігін тигізетін сапалық қасиеттер мен белгілер ерекшеленген. Сіздің міндетіңіз: сауалнама сұрақтарын мұқият оқып шығып, ұсынылып отырған мінездемелік сипаттамалардың ішінен дәлме-дәл бейнелейді-ау дегенін таңдап өз пікіріңізбен үйлесетін жауапты дөңгелектеп қоршаңыз. Бұл сіздің өз пікіріңізді білдіргеніңізді көрсетеді. Ал егер ұсынылып отырған жауаптардың ешқайсысы сіздің пікіріңізбен үйлеспесе, онда пікіріңізді «басқа пікір» деген жолға жазыңыз.
Мектеп________________________________________________
Сынып________________________________________________
Оқу үлгеріміңіз_________________________________________
Мұғалімнің аты-жөні___________________________________
1.Мұғалімнің кәсіби білімінің, біліктілігінің және дайындығының сапалық деңгейі туралы пікіріңіз қандай?
а) ол өз пәнінің ысылған маманы;
ә) өз пәнін толық игере қоймаған, мұғалім ретінде әлі де болса қалыптасу үстінде;
б) сабақ өткізу деңгейі төмен, тәжірибесі аз. Мұғалімдік шеберлікті, кәсіптік білікті және қарым-қатынасқа түсе алуды толықтырып, үздіксіз жетілдіруді қажетсінеді;
в) басқа пікір____________________________________________
_______________________________________________________
- Мұғалімнің күнделікті сабақты өткізуге дайындықпен келуі, дәріс беру шеберлігі және сыныппен байланысы, қарым-қатынасы қандай дәрежеде?
а) өзі оқитын пәнін жете меңгерген;
ә) қарастырылып отырған мәселеге тыңдаушыларын ынтықтыра және қызықтыра біледі;
б) тыңдаушылардың көңіл-күйін дөп баса біледі, сезімтал, жиі-жиі сұрақтар қойып, сыныпты жинақы ұстайды, дискуссияға тартады, тақырыпты логикалық тәсілдерді молынан пайдалана отырып түсіндіреді;
в) басқа пікір___________________________________________
- Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасқа педагогикалық этика нормаларын сақтау принципін ұстануы, әдептілік өнегесі, мінез-құлық мәдениеті, яғни моральдық тұрғыдан сапалық көрсеткіштері туралы сіз қандай пікірді ұстанасыз?
А) оқушылардың білімін бағалауда әрдайым объективті принциптерді ұстады, талап қоюшылығымен әдептілігі жоғары;
ә) білімділігі, біліктілігі және дайындығы, сабақ өткізу тәсілімен шеберлігі жақсы, адамгершілік, адалдық әдептілік және моральдық сапалық көрсеткіштерінен артта қалыңқыраған.
Б) басқа пікір________________________________________________
Сауалнама сұрақтарына талдау
12 жылдық білім беру жүйесінде білім беру бейіндік бағдар бойынша жүргізілетіндіктен , таңдалған бейін бойынша мұғалімдерді де оқушылар таңдай алады . Сапалы білім , саналы тәрбие алуда оқушыларға мұғалім тұлғасы ерекше әсер етеді .Мына сауалнаманы мен әр түрлі мектепте оқитын , түрлі жастағы 24 оқушыға жүргіздім . Респонденттердің көпшілігі , яғни мен сауалнама жүргізген 24 оқушының 56% — і өз пәнін жетік білетін , өз жұмысына ысылған нағыз маман – десе , 23% — і сабақ өткізу деңгейі төмен , тәжірибесі аз , мұғалімдік шеберлікті , кәсіптік біліктілікті , қарым – қатынасқа түсе алуды толықтырып , үздіксіз жетілдіруді қажетсінеді . – дейді , 21% респонденттер өз ойларынша осы заманғы мұғалімге тән деп санайтын жаңа қасиеттер жиынтығын ұсынды . Ол қасиеттер : заманға сай жаңа технологияларды жетік меңгеру , әр оқушыға жеке , өзіндік тұрғыдан қарау , сабақты стандартты емес , ерікті өткізу .
4 кесте
Бастауыш сынып мұғалімдерінің жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыта оқыту жөніндегі ой – пікірлері
№ |
Сұрақтары |
Жауаптары |
% есебімен |
1 |
2 |
3 |
4 |
1
|
Мектеп ауласында , дәлізде немесе көшеде оқушыларыңызбен кездесе қалсаңыз |
А) амандасамын Ә) не істеп жүргенін сұраймын Б) жағдайын сұраймын |
20 76 4 |
2
|
Сабақты ұйымдастырар алдындағы іс — әрекетіңіз |
А) тыныштандырамын Ә) зейінін сабаққа аударамын Б) сабаққа дайындығын тексеремін |
62 9
22 |
3
|
Сабақтың тәжірибелік мақсатын қалай жүзеге асырасыз ? |
А) сабақтың өн бойында Ә) жаңа сабақты ұйымдастыру барысында Б) әрқалай |
12
15 73
|
4
|
Баланың бойындағы адамгершілік қасиеттер қалай қалыптасады ? |
А) отбасы , мектеп , ортасында Ә) оқыту барысында Б) туа бітеді |
48 42 10 |
5
|
Сабақтың тәжірибелік мақсатын айқындауда неге сүйенесіз ? |
А) пән мазмұнына Ә) тақырып мазмұнына Б) білімдік мақсатқа |
35 26 39 |
6
|
Руханилықты қалай түсінесіз ? |
А) адамның ішкі дүниесі Ә) білімділік , зиялылық Б) адамның іштей жақсылыққаұмтылысы |
10 78
12 |
7
|
Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуды барлық пәнде жүзеге асыруға бола ма ? |
А) болады Ә) болмайды |
92 8 |
8
9
|
Оқушыңыз сіздің тапсырмаңызды орындағысы келмейді , сіздің шешіміңіз? Оқушыны жазалау жөніндегі көзқарасыңыз қандай ? |
А) түсіндіруге тырысамын Ә) жеке жұмыс істеймін Б) себебін іздеймін А) жазалау қажет Ә) жазалаудың жеңіл түрін қолдану керек Б) мүлде жазалауғаболмайды
|
45 34 21 54
30 16
|
10
|
Оқушының еңбегін бағалауда қандай өлшемді басшылыққа аласыз ? |
А) тек білімді Ә) білім мен тәрбиені Б) оқушы мүмкіндігі мен ынтасын |
45 29
26 |
11
|
» ең төмен » деген бағаны қандай жағдайда қоясыз ? |
А) тәртіпсіз болғанда Ә) тапсырманы орындамағанда Б) білім деңгейі төмен болғанда |
29 53 18 |
Барлығы 212 мұғалім қатысты |
Кестеде көрсетілгендей , сауалнама нәтижесін қорытындылай келе , біз мұғалімдерде жеке тұлғаның рухани – адамгершілік қасиеттерін дамыту туралы түсініктердің аясы тар екендеген пікірге келдік.Мұғалімдердің басым көпшілігі руханилық , жеке тұлғаның жан дүниесі , жеке бас ерекшелігі деген ұғымдарға үстірт қарайтындары аңғарылды .Сонымен қатар педагогтар сабақтың тек білімдік мақсатына көңіл бөліп , оқытудың екінші қыры – тәриелей отырып оқытуға көңіл бөлмейтіні аңғарылды .
Егер осы кемшіліктерді 12 жылдық мектепте түзетпесе осындай қателіктер білім мен тәрбие сапасына елеулі әсер ететіні сөзсіз .
Жасөспірімдердің оқуға деген қызығушылығын анықтайтын сауалнама
Мақсаты – оқушылардың оқу әрекетіндегі басты қызығушылықтарын анықтау .
Мектептегі оқуға деген өзінің қызығушылықтарыңды көрсет. Өз таңдауыңның астын сыз .
Менің мектепте оқу себебім:
- Қызықты болғандықтан
- Ақылды және парасатты болғым келеді
- Ата – анам талап етеді
- Кейін өмірде өз орныңды табуға жеңіл болады
- Қазір барлығы да оқиды , сол себепті мен де оқимын
- Мұғалім ұнайды
- Оқу , оқуға түсу мәртебе
- Сауатты болғым келеді
- ӨзОтаныма пайдалы азамат болғым келеді
- Ой — өрісімді кеңейткім келеді
- Жақсы баға алу ұнайды
- Толық және терең білімге қол жеткізгім келеді
- Өз бетімше жұмыс істеуге үйренгім келеді
- Оқу – менің парызым
Берілген мәліметтерді қорыту кестесі
Оқу әрекетіндегі қызығушылық
Сауалнама Алматы қаласындағы № 122 мектептің 7″В» сыныбында жүргізілді. Қорытынды бойынша оқушылардың жауаптары төмендегі кестеде көрсетілген
|
Оның ішінде |
|||||||||||||
Сұрақ Саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
7″В»,7″Ә» 45 оқушы |
1 |
4 |
3 |
2 |
5 |
4 |
4 |
2 |
4 |
3 |
4 |
4 |
2 |
6 |
Қорыт- Ынды % |
4 |
8 |
6 |
4 |
10 |
8 |
8 |
4 |
8 |
6 |
8 |
8 |
4 |
14 |
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда , Қасиетті Қазақ елінің басқа да дамыған мемлекеттермен терезесі тең болу үшін және де әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу үшін 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу өте қажет . Жас ұрпаққа сапалы білім ,саналы тәрбие беру ісіне еліміздің әр азаматының қатысы бар.Бұл алдағы өзгерістерге айырықша жауапкершілікпен қарауды талап етеді . Жаңа жүйеге көшудің дәйектілігі , жоспарлардың , оқу бағдарламаларың , оқулықтардың жасалған негіздерін алдын – ала тәжірибелік жұмыстарда қолдану , оның нәтижесін кеңінен талқылау – міне, осының бәрі 12 жылдық жалпы орта білім беруді ойдағыдай ендірудің міндетті шарттары , кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» деп атап көрсетілсе осы Жолдаудың аясында қабылданған Ұлттық жоспардағы 66 пункттің 11- і тікелей , 9 – ы жанама түрде білімді дамыту жайында болып отыр . Осының өзіқазіргі кезеңде мемлекетімізде 12 жылдық жалпы орта білімге көшу басым бағыттардың бірі ретінде қабылданып отыр .
Алайда , білім саласында қабылданған осындай шешімдер ғылыми — әдістемелік және практикалық жағынан жан – жақты негізделіп , тиісті құжаттармен және құралдармен қамтамасыз етілуде .Сондықтан , жарияланып жатқан бетбұрыстардың астарында терең мазмұнды , бүкіл қоғамға қозғалыс салуды қажет ететін кең ауқымдағы кешенді өзгерістердііске асырудың қажеттілігі туындап отыр .
12 жылдық мектепті бітірген түлек нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген , жүйелі білім негіздерін практикалық іс — әрекеттерге ұштастыра білетін , функционалды сауатты , өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі компетенциялары қалыптасқан , өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықталған тұлға болуы тиіс .11-12 сыныптарда бейінді оқудан өткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлертерімен салыстырғанда өз мамандықтарын , өмір жолдарын таңдауға , оны тез , табыстымеңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте болмақшы .
Егер ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы өз үлесін қосатын болса , онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне ,рухани санамыздың жаңаруына , нәтижесіндетыңидеялардың тууынаықпал ететінпарасатты орта қалыптастыратын боламыз .
Ол өркениетті елдердің озық тәжірибесін үлгі ете отырып , ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа мектептен бастау алатыны сөзсіз .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы – Астана .07.06 . 1999.,№389 – 1 ЗРК. –Алматы.,1999 ,- 55 бет
- Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы .Астана , 11.10.2004 жыл
- Тұрақты даму үшін білімнің Б.Ұ.Ұ – ның декадасы ( 2005 – 2014 жылдар ) Веб – сайты :http//www.unesko.kz
- Боревская Н.Е «Тағы да компаративистік контекстегі білімнің Азиялық үлгісі туралы «//Педагогика ., 2002 ,№6 99 – 103 беттер
- Кинелев В . Г » ХХI ғасырдағы білім жүйесінің даму тенденциялары » //Информатика және білім .,2000 , №5, 3 – 7 беттер
- Айқынбаева Г.Қ.// Білімдердегі жаңалықтар .Тамыз,2002 жыл,49 -50 беттер
- Садықов А.Н.» Методология 12 летнего образования » , Алматы, 2001
- » 12 жылдық білім беруге көшіру экспериментінің әдістемелік материалдары » , жинақ .Алматы , 2003
- Айқынбаева Г.Қ., Тайманова С.Б.Бастауыш сынып оқушысының тұлғалық ерекшелігі мен интеллектік қабілетін анықтауға арналған тапсырмалар жинағы , Астана , 2002жыл. 3 – 12 беттер
- // Бастауыш мектеп, 2002 жыл .№1 , 5 бет
- 12 летка в вопросах и ответах . Алматы , РАДИАЛ 2006
- // » Открытая школа » № 10 (59) , 2006 жыл , 3 – 7 беттер
- Кусаинов А.К.» Национальные системы образования : Общая характеристика , структура » . Алматы , РОНД 2004
- Қазақстан Республикасының » Білім » мемлекеттік бағдарламасы — Алматы , Юрист 2001
- Государственный общеобязательный стандарт среднего общего образования Республики Казахстан .- Алматы , РОНД ,2002
- Айқынбаева Г.Қ .Бастауыш мектепке келген баланың даму деңгейін анықтап білу әдістемесіжинағы . –Қарағанды , 1998, 3 -7 беттер
- Айқынбаева Г.Қ Мектепке психологиялық даярлық ерекшеліктері // Білімдердегі жаңалықтар . Тамыз, 2002
- Игенбаева Б.Қ » Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани адамгершілігіндамыта оқыту әдістемесі » , РАД и АЛ , Алматы , 2005
- //Білім әлемінде ., № 1 – 3 , 2006 , 11 – 18 беттер
- Мектеп реформасы // Жетісу ., 22 мамыр , 2004
- Зимняя И . А Ключевые компетенции – новая парадигма результата образования // Высшее образование сегодня, 2003 ,№ 5 , стр. 34 – 42
- //Открытая школа ., № 10 ( 59 )2006 2- 7стр
- // Бастауыш мектеп ., № 1, 2002 , 5 бет
- // Қазақстан мектебі ., № 11 — 12 , 2001, 7 – 8 беттер
- Айқынбаева Г. Қ Баланың мектепке дайындығын анықтау .// » Әдістемелік хабаршы » Астана 2001., №2 , 89 – 93 беттер
- Айқынбаева Г. Қ Бастауыш мектепке келген баланың даму деңгейін анықтап білу әдістемесі. – Қарағанды , 1998 , 3 – 7 беттер
- Леонтьев А . Н К теории развития психики ребенка . – М.:Мысль , 1965
- Нұрпейісова .Г » Медиа білім берудің тиімділігі «// Білім әлемінде ., № 2 , 2007 , 29 – 32 беттер
- Түргенбаева . Е » Оқушыларға бағдарлы білім беру » // Білім әлемінде ., № 2 , 2007 , 33 – 35 беттер
- Карбаева К .Ш . Ауыл мектептерінде бағдарлы оқыту үлгілері . // Білім әлемінде ., № 1-3 , 2006
- Қонтаев . С . С ., Жаманқұлова . Ж . Ж . Ресурстық орталық моделі негізінде нәтижеге бағдарланған құзіреттілікті білім беруді дамыту . // 12 жылдық білім. № 5 , 2006
- Н.А.Заграничная «Характеристика учебных стилей»//Открытая школа №7(56),2006
- М.Ж.Жадрина Профильное обучение как условие реализации вариативного образования в школе : опыт и проблемы //Творческая педагогика.-№3(24) стр 2-15 2005
- Концепции государственной политики в области образования // Казахстанская правда . № 168(21813) от 01.09.1995
- Характеристики современной системы образования Республики Казахстан // Открытая школа.-2002, №8(10) стр 4-7
- Международный опыт в области организации обучение в старших классах средней школы : контекст , условия и вопросы .Тематическое исследование INSA № 8 .,2002
- С.Д.Муканова Профильое обучение как средство дифференциации обучения .// Открытая школа №2(51) 2006,стр 9-11
- Қазақстан Републикасындағы 12жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы ,( жоба ) Астана,2005
- Г.Қ.Айқынбаева » 12 жылдық білім берудегі бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даярлық ерекшеліктері » //Педагогика
№3 ,2006
- Основные тенденции развития образования в мире и пути модернизации системы образования Казахстана , Астана 2004
- Ә.Дүйсебек » Жаңа білім жүйесіне көшудің өзекті мәселелері» //Открытая школа № 4(41) ,2005
- А.А.Семченко » Профильное обучение : проблемы и перспективы «// Открытая школа № 3 , 2006
- Т.А.Алдибаева , М.М.Хавайдарова » Вопросы организации поедпрофильной подготовки » // Открытая школа № 7(56) 2006
- А.А.Жайтапова » Функциональные позиции всистеме образования » № 9 ,2004
- К.Ж.Аганина » Компетентностный подход в системе образования » //Білім әлемінде №4-6 2006
- Характеристики современной школьной системы образования
// Открытая школа. №9 , 2002
Қосымша 1
Оқушы сипаттамасы
Әдістеменің жалпы сипаттамасы
Ұсынылып отырған әдістеме АҚШ-та жасалған және орта білім беру мектебінде қолданылады.Ол мұғалімге баланыңтүрлі даму қырлары туралы жеке пікірін жүйелендіруге көмек ретінде құрылған .Берілген мұғалім бағасының нәтижесі мектеп психологы менмұғалімнің өзі үшін де қызығушылық тудыратыны сөзсіз.Егер осы әдістемені 12 жылдық мектепте қолданса оныңтиімділіге арта түседі
Оқушы_______________________________________________________________
Мерзімі______________________________________________________________
Сынып_______________________________________________________________
Мұғалім______________________________________________________________
Мектеп_______________________________________________________________
Оқу ,ынталандыру , шығармашылық және көшбасшылық сипаттамалар
Әр қатардағы бос орынға»иә» немесе «жоқ» сөзін қойып оқушының мінез- құлқын сипаттаңыз
Оқу сипаттамалары
1 . сөздік қоры мол
- көп нәрседен хабардар және кез- келген мәселе туралы еркін сөйлей алады
- адамдар мен заттар әрекетінің мәні мен себептерін түсінеді
- көп ақпарат алуға құштар
- өз сыныбынақойылатынталаптарданартық оқи алады
- арифметиканы жылдам түсінетіндігі көрінеді
Ынталандырушылық сипаттамалары
- мәселені шешудебірбеткей
- әдетте өзгелерге кедергі келтіреді
- іс — әрекетті аяқтауда күш жұмсайды
- мұғалім тарапынан көп нұсқауды қажетсінбейді
өзгелердің пікірлеріне әсершіл
Шығармашылық сипаттамалар
- танып – білуге құштар , сұрақтарды көп қояды
- танымдық ойындарға , қиялдарға беріледі
- жиі ерекшк жауап беруге бейім , оқиғаларды қызықты етіп әңгімелеп бере алады
- өзгелерге жаңалықтартуралы әңгімелеуге бейім
- әзілкеш, көп жағдайда өзгелерге еүлкілі көрінуі мүмкін
- сын тұрғысынан зерттелмейінше «ресми шешімдерді» шындық деп қабылдамайды
- қалыпты ретбұзылса да алаңдаушылық білдірмейді
Көшбасшылық сипаттамалар
- жауапкершілікті өз мойнына алады
- Сыныптастары жақсы көреді
- бірнеше қызмет түрі бойынша көш бастайды
Нәтижелерді өңдеу
Сіз жасаған осы тәжірибелік жұмысқа ешқандай қосымша өңдеудің қажеті жоқ .Нәтиже анық көрінеді.Егер сіз зерттеу жұмыстарын бір немесе бірнеше сыныпта жүргізетін болсаңыз , онда зерттеу міндеттеріне қарай жинақтау немесематематикалық өңдеуқажет болуы мүмкін .Бірақ бұл өз алдына күрделі жұмыс, біз оны қарастырмаймыз . Сіз толтырған сипаттаманақты бала туралы мағұлмат береді , ал олмұғалімге сөзсіз көмектеседі . Бұл мәліметттің мектеп әкімшілігі үшін де маңызы бар .