Бітіру жұмысының тақырыбы “1937-1938 жылдардағы жаппай саяси репрессиялау шаралары мен салдарлары”.
Хронологиялық шеңбері 1937-1938 жылдарды қамтиды.
Өзектілігі. Мұндай мәселені зерттеу қазіргі жаңаша тарих ғылымын қалыптастыруда Қазақстандағы репрессия шаралары тарихына сын көзбен қарауға және мәселеге сәйкес тарих сабақтарын алуға көмектеседі. Осындай саяси репрессия көрінісіндегі асыра сілтеушіліктер мен тоталитаризм салдарларын, репрессияның жүргізілу себептері, механизмі, ауқымы, жүргізілу әдіс-тәсілдері мен формаларын білмей жатып толық қарастыру мүмкін емес. Әсіресе оның Қазақстандағы жүргізілу тәсілдерін оқып-білу тарихымыздың жаңа беттерін ашып, көптеген бұған дейін беймәлім болып келген көптеген сұрақтарға жауап береді. Әсіресе осы кезеңде қазақтың “қаймақтары” қырылғанын, барлық экономикалық, әлеуметтік сәтсіздіктердің ауыртпалығын қарапайым халық өз мойнымен көтергендігін білеміз. Сондықтан да бұл тақырып тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Бітіру жұмысын жазудағы мақсатым ғылыми айналымда жүрген деректік материалдар мен зерттеулерді пайдалана отырып, көрсетілген кезеңдегі, яғни 1937-1938 жылдардағы орталықта жүргізілген саяси репрессия тарихын зерделей отырып, оның Қазақстандағы жүргізілу ерекшеліктері мен көрінісін, зардаптарының мән-мағынасын тереңірек ашып көрсету болып табылады.
Бұл мақсаттарымды іске асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
- атақты отандық тарихшылардың ғылыми еңбектері мен қарастыру және меңгеру;
- Орталық пен Қазақстанндағы жаппай репрессиялау шараларын салыстыра, ерекшеліктерін көрсету;
- репрессия ауқымы мен саясаттың Қазақстанда жүргізілу әдіс-тәсілдерін талдау;
- Жаппай репрессиялау зардаптарын әр түрлі салада қарастыру.
Әдістемелік негізі. Салыстырмалы әдістемелік талдаумен қатар, тарихнамалық шолу және нарративті деректерді пайдалану арқылы ғылыми талдау жасалды.
Жоспар
Кіріспе————————————————————————————-
1-тарау. Репрессияның саяси идеологиялық қайнар көздері мен жүргізілу себептері————————————————————
1.1. Репрессияның идеологиялық негіздері мен жүргізілу себептері
1.2. Қазақстандағы репрессияның негізгі толқындары———————
2-тарау. Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репрессия және оның тарихи салдары——————————————————
2.1. Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репрессия шараларының жүргізілуі, барысы және ерекшеліктері——————————————-
2.2. Репрессияның саяси, әлеуметтік және мәдени зардаптары———
Қорытынды———————————————————————
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі————————-
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген өркениетті кемелденген мемлекет өз тарихын қастерлейді, оны ұрпақтардың санасына енгізуге жағдай жасайды. Өйткені тарих халықтың мыңжылдап жинаған тәжірибесі, асыл қазынасы. Сондықтан Қазақстанның ұлттық бірегейлі және біртұтас болуы үшін оның жаңа талапқа сай тарихы да болуы шарт.
Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұстарын ақиқатты тұрғыда зерттеп, парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парызы. Себебі, тарих тағылымы жарқын болашақтың негізі. Ұрпақ арасындағы білім мен біліктілікке негізделген тарихи сабақтастықты жалғастыру, дамыту арқылы ұлттың рухы биіктей түседі. Тарих дегеніміздің өзі бір ұрпақтың жасаған құндылығының екінші ұрпаққа ауысуы.
Кеңестік қоғам тұсындағы қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтары жеткілікті. Қазақ елінің заңғар ойшылы Әбіш Кекілбаев айтқандай “Адам да қоғам да ешқашан өз тағдырын өзі енжар қарап көрген емес”,/ / Сондай-ақ халық та өз тағдырына өзі ешуақытта немқұрайлы қарай алмаған. Небір ғасырлар өтсе де соның тұла бойында болған тұлғалар мен тарихи құбылыстардың ел санасында мәңгілік сақталуының сыры да осында жатса керек. Солардың бірі бұрынғы Кеңес елінде болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: “…20-шы жылдары басталған “Қызыл қудалау науқаны”, 30-шы, 40-шы жылдары, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып, қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып көлсіреген қара ниет жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді” – деп көрсетті./ / Басы 1920-шы жылдарда қалыптасқан елдегі репрессиялық саясаттың күшті жазалаушы механизмі қалыптасып, 1930 жылдар бойына “халық жауларымен ” үзіліссіз күресте жетілдіріліп отырды. Әсіресе бұл механизм 1937-1938 жылдары үлкен террор кезінде қарқынды жұмыс атқарды. Олардың басынушылық әрекеттері, сот істерін жаппай өңдеп, оларды “жоспарлы” түрде соттауға дейін жеткізуі репрессияның жаппай етек алуына түрткі болды. Егер де 1930 жылдың ортасында саяси репрессия орталықтағы және жергілікті жерделі сталиндік жетекшілікке қарсы белгілі және айқын әлеуетті тобына жүргізілсе, 1937 жылдары террор тоталдық сипат алды.
Бастауын 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың басында алып қарқынды қалыптаса бастаған Кеңес елінің өз халқына қарсы жүргізген бұл саясаты 1937 жылы берік әрі күшті заңдық күшке ие болды. Үкімет қаулылары мен партия директивалары КСРО-ның ОГПУ (Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма)/ІІХК (Ішкі Істер Халық Комиссариаты) тікелей бұйрықтарымен бекітіліп отырды. Бұл құжаттар өзінің өте қатаң жазалау шараларымен, шексіз жасандылығымен, кінәләу, кінәсіздерді негізсіз айыптауларымен, контрреволюциялық қылмыстарға қатысты баптардың нақты еместігімен ерекшеленді.
Қазақстандықтардың саяси қуғын-сүргінге ұшырау себептерін зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Себебі аталмыш тақырыпты жан-жақты зерделеу арқылы кеңес мемлекетінің зорлық-зомбылық шараларының мәні ашылып, өткен тарихымызды жаңаша талдауға көмегін тигізетіні анық. Кеңес үкіметі өз халқын қуғын-сүргінге ұшырату саясатын мақсатты түрде жүргізді.
Кеңестік тоталитарлық қоғам билік тармақтарын бір-бірімен сабақтастыра байланыстырып, сот билігін саясаттың құралына, партияның қолшоқпарына айналдырды. Сол арқылы репрессиялық шаралар жүргізілді. Қазақтың ойшыл зиялылары қазақ қоғамындағы дәстүрлі сот билігінің отаршылдық саясат салдарынан, түбегейлі өзгеруіне қарсылық білдіргенімен, мемлекеттік деңгейде жүргізілген саяси қуғын-сүргін шараларына қарсы тұра алмады. Сот билігі өзіндік мәртебесінен айрылған тұста өрескел заңсыздықтар етек алып, адам құқықтары аяққа басылды./ / ҰҚК-нің мұрағаттарындағы құжаттарға қол жеткізу қиындығы, жасалынған қылмыстың ауқымды, әрі қатерлігінде болса керек… Сондықтан да тарихты бұрмалаудың Кеңестік үлгісінің ақиқаты толық ашылмауда. Нағыз шындықты айтқан адамды жау санау Кеңес өкіметінде дәстүрге айналған құбылыс болды. Мысалы, 1920-1930 жылдардағы қазақ қоғамының дәстүрлі әрі табиғи дамуына жат саяси-экономикалық науқандардың қазақ қоғамына үйлесімсіздігін айтқан қазақ зиялылары жаппай қудаланды./ /
1954 жылы ел басшылығы үшін жасалған айрықша баяндамаға сүйенсек, революцияға қарсы қызмет дегенді білдіретін РСФСР қылмысты істер кодексінің 58-ші бабы бойынша Кеңес одағында сотталғандардың жалпы саны 3 миллион 770 мыңнан астам екен. Содан 642980 адам атылған. Тарихшылардың есебі бойынша 1927 жыл мен 1953 жылдар арасында 40 миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Ал Қазақ елі бойынша бұл сан 103 мыңды құрайды. Соның 25 мыңы атылған.
Адамды шыққан әлеуметтік тегіне қарап соттау үрдіске айналып, нәтижесінде тегі үшін ұялатын ұрпақ тәрбиеленді. Осылайша теңсіздікке жол ашылды. Адам құқығын таптаудың классикалық үлгілерімен әлемге танымал болған кеңес қоғамының жаңаша зерттелетін тұстары жеткілікті.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, тарих ғылымында Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдерін, соның ішінде 1937-1938 жылдардағы репрессиялау шараларын қайта қарау маңызды болып табылады. Кең ауқымды репрессиялау шаралары тоталитарлық жүйенің билігін күшейтуге арналған өз халқына қарсы жүргізген саясаты болды. Сондықтан да репрессия ауқымы мен жүргізілу шараларын зерттеу тарихты жаңаша зерттеудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Мұндай мәселені зерттеу қазіргі жаңаша тарих ғылымын қалыптастыруда Қазақстандағы репрессия шаралары тарихына сын көзбен қарауға және мәселеге сәйкес тарих сабақтарын алуға көмектеседі. Осындай саяси репрессия көрінісіндегі асыра сілтеушіліктер мен тоталитаризм салдарларын, репрессияның жүргізілу себептері, механизмі, ауқымы, жүргізілу әдіс-тәсілдері мен формаларын білмей жатып толық қарастыру мүмкін емес. Әсіресе оның Қазақстандағы жүргізілу тәсілдерін оқып-білу тарихымыздың жаңа беттерін ашып, көптеген бұған дейін беймәлім болып келген көптеген сұрақтарға жауап береді. Әсіресе осы кезеңде қазақтың “қаймақтары” қырылғанын, барлық экономикалық, әлеуметтік сәтсіздіктердің ауыртпалығын қарапайым халық өз мойнымен көтергендігін білеміз. Сондықтан да бұл тақырып тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1937-1938 жылғы репрессиялау шаралары тақырыбын жаңа көзқараспен зерттелді дегенмен сталиндік қуғын-сүргін саясатының арнайы зерттейтін қыр-сыры көп.
Тақырыптың тарихнамасы. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы мен дамуы туралы зерттеулер КСРО-дағы тоталитарлық тәртіптің орнау процесімен қатар жүрді. Коммунистік идеология үстемдік құрған кезінде 1937-1938 жылдардағы репрессиялау шаралары зерттелінбеді. Яғни, саяси қуғын-сүргінді тарихи тұрғыда зерттеу және оған объективті ғылыми баға беру қолға алынбады. Осыған байланысты ең әуелі батыс зерттеушілерінің еңбектерінде қаралды./ / Осы тұста шетелдік зерттеушілердің тоталитарлық тәртіптің біздің елге тигізген зардаптарын терең қарастырмайтынын ескеру шарт. 1917-21 жылдардағы большевиктік репрессия, “қызыл террор” тарихы публицистер мен эмигрант тарихшылар еңбектерінде көлемді қозғалды. Сондай-ақ ВЧК-ның жариялаған ақпараттары тоталитаризмнің қалыптасу деңгейін ашуға жәрдемдесетін еді. Алайда, азамат соғысы аяқталған соң ВЧК-ның есептері жарияланбады.
Философиялық сөздікте “тоталитаризм” термині зорлық пен зомбылық, қоқан-лоққыға негізделетін саяси үстемдік жүйесі ретінде анықталады. КСРО-да тоталитарлық тәртіп 1920 жылдардың басында қалыптаса бастады. 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тоталитаризмнің орнағандығын дәлелдеді. Халыққа қарсы бағытталған саяси қуғын-сүргін арқылы мемлекет қоғам өмірінің барлық саласын толықтай бақылады. Р.Конквест өзінің “Большой террор” деген еңбегінде КСРО-дағы тоталитарлық тәртіпті зерттеп, репрессияның көлемі туралы пікір таластардың бастамасын жасады. Р.Конквестің пікірінше, Кеңестік тарихшылар дәлелдерге, фактілерге қолы жетпегендіктен ақиқатты жаза алмады. Сондықтан да шетелдік зерттеуші ғана КСРО-дағы репрессия жөніндегі шындықты көрсете алатын еді.
КСРО-да КОКП-ның ХХ съезіне дейін репрессия тарихы зерттелінбегені мәлім. Ал ХХ съезден кейін түрме мен еңбекпен түзету лагерьлерінде болғандар естеліктер, әңгімелер шығара бастады. Алайда сталиндік саясат біржақты сынға ие болды. Сталиндік саяси қуғын-сүргін туралы еңбектер Л.И.Брежневтің басқару тұсында кенеттен азайған. КСРО-ның қуғын-сүргін тақырыбы туралы диссиденттер ғана жазған. Олар өз шығармаларын шет елдерде бастырған./ / 1980 жылдардың ортасындағы қайта құру бағытына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында сталинизмнің мәні туралы көптеген мақалалар жарық көрді. Осыған орай 1988-1991 жылдары Кеңестік тарихшылардың сталиндік қуғын-сүргін мен Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіпті терең зерттелуіне жол ашылды. Осы кезеңде жаппай қуғын-сүргін көлемі, заңсыздықтар туралы құнды фактілерге толы монографиялар және мақалалар жинағы көп жарияланды.
1990 жылы 29 мамырда КОКП ОК саяси бюросы комиссиясының отырысында 1920-1930 жж. “Ұлтшыл-уклоншылдықпен” күрес деген сылтаумен партия, кеңес қызметкерлері мен ұлттық зиялылардың репрессияға жазықсыз ұшырап, “жасанды” істердің әдейі ұйымдастырылғандығы айтылды./ / КСРО-ның ыдырауы тоталитаризмнің әртүрлі деңгейде зерттеуге жол ашты. Қоғамдағы демократиялық дамуға байланысты зерттеушілердің “құпия” қорларына қолы жетіп, көптеген жаңа еңбектер жарық көрді.
Горбачев тұсында Сталиннің қылмысын әшкерелеген еңбектер көп жарияланса, ал одан кейінгі жылдарда Сталинге дейінгі кезеңдегі репрессия тарихы да жазылды./ / 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін ауқымы өте кең, мәселен, Гитлердің қуғын-сүргін саясаты тұсында 2000 немістер тұтқындалса, ал КСРО-да 1935 жылдың қаңтары мен 1941 жылдың шілдесі аралығында 19 млн. 840 мың адам репрессияға ұшырап, оның 7 млн-ы ату жазасына кесілген. Сталиндік басқару кезінде КСРО көлемінде авторитаризм, догматизм, бюрократизм, конфромизм қалыптасты. “Советская деревня глазами ВЧК-ОГПУ-НКВД” деп аталатын құжаттар мен материалдар жиынтығында аталған органдардың экономикалық науқандар тұсында шаруалардың саяси көңіл-күйін бақылап отырғандығы айтылады./ / 1990 жылдары сталиндік лагерьлердің тарихына арналған еңбектер саны өсті. Осы мәселе О.В.Хлевнюк және де өзге авторлар көптеген еңбектер жазды./ / ГПУ-ОГПУ-НКВД жазалаушы органдар зерттелгенде ғана, сол кезеңдегі репрессиялық аппарат жүйесін анықтауға болады. Сондай-ақ мәскеулік Наумов та зерттеген.
Қазақстан тарихнамасында 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында 1917 ж. мен 1950 ж. басына дейінгі кезеңдегі республикадағы саяси қуғын-сүргін тарихы ақырындап жазыла бастады./ / Диссертациялық тақырыптарды талдау барысында Қазақстанда 1935-1985 жылдар аралығында бірде-бір тақырып бұл кезеңге арналмаған. Мұрағаттағы дерек көздеріне зерттеушілердің қол жеткізуі сталиндік кезеңнің ақиқатын танып-білуге, яғни сапалы зерттеулердің жариялануына әкелді. Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың басынан кешірген оқиғаларын жазған естеліктері мерзімді басылымдарда шыға бастады. Мәселенің Қазақстан тарихнамасында зерттелу деңгейіне келсек, әдебиеттерде тек тәуелсіздік алғаннан кейін жазыла бастады. Соңғы жылдары тарихнамадағы “ақтаңдақтарды” зерттеу өмірге келген көптеген еңбектер және құжаттар жинақтарының негіздерінде кеңінен дәлелденді деп ойлаймыз. Кезінде тоталитарлық жүйе құпияда ұстап келген мұрағат құжаттарының жарыққа шыға бастауы, тарихтың бұрмаланған тарихи шындықты қалпына келтіруге көптеп көмектесіп, зерттеудің шынайы тарих жасауларына мүмкіндік туғызып отыр. Оның үстіне осы кезеңдегі құжаттарды ғылыми айналымға шығарудың жас ұрпақты отаншылдықтың рухта тәрбиелеудің маңызын атап көрсетпеске болмайды.
1998 жылы кәсіби журнал “Отан тарихы – Отечественная история” жарық көрді. Соның ең елеулі оқиғаларының бірі – Азалы кітап – Книга скорби екінші басылыммен Жамбыл, Талдықорған, Алматы облыстары бойынша шықты. Кейіннен Қазақстанның қалған облыстары бойынша да шықты. Оның ішінде Қазақстанның ірі қызметкерлері, қайраткерлері ғана емес, қарапайым еңбекшілердің аты-жөндері жазылған басылымда қуғын-сүргінге ұшырағандардың қысқаша өмірбаяндары берілген, қуғын-сүргін ұшырау күндері мен туылған жерлері, ұлты, мамандығы берілген.
1998 жылы Қазақстан парламенті Жоғарғы палатасының бірінші отырысы болып, онда саяси репрессияның ары қарайғы зерттелу болашағы туралы мәселе қаралды. М.Қ.Қозыбаев соңғы жылда репрессияның проблемасы, болмысы мен Қазақстандағы тоталитаризмнің орнығуы туралы зерттеді. “Сталиндік тәжіибелер” атты тақырыпта Қазақстандағы КСРО халықтарының депортациялануы туралы мәселермен Ж.Б.Абылхожин, С.Алдажұманов, М.Ж.Хасанаев айналысты. Алаш партиясының көшбасшылары мен қатардағы мүшелері қызметіне қарсы жүргізілген репрессия туралы ғылыми талдауды К.Н.Нүрпейісов, М.Қ.Қойгелдиев, Т.О.Омарбеков жасады. Т.О.омарбеков өз монографиясында ұжымдастыру кезеңіндегі жүргізілген 1929-31 жылдары репрессия саясатының әлі ашылмаған құнды материалдар келтірген.
Репрессияның құқықтық мәселерімен Әділет қоғамының жетекшісің орынбасары ҚР ҒА-ның академигі М.Т.Баймаханов айналысып жүр. Онда саяси репрессия кезеңіндегі адам құқықтарының бұзылуы туралы нормативтік база – жазалау органдарының ОГПУ/ІІХК бұйрықтары мен биліктегілерді адам өміріне сәйкес келмейтін, заңға қайшы соттық және соттан тыс әрекеттерін әшкерелеп айтқан. Ю.И.Романов “1920-1953 жылға дейін репрессияға ұшырағандардың әлеуметтік демографиялық құрамы” атты мақаласы бар./67/
1993 жылы 14 сәуірде қабылданған ҚР заңында “жаппай репрессияға ұшырағандарды ақтау және тарихи есімдерін қайта қалыптастыру” заңы қабылданған. Ең алғашқы есептеу бойынша репрессияға ұшыраған адамдардың саны 103 мың болса, соның 92 мыңы ақталды. 25 мыңы үштіктің бұйрығымен атылды. Қазіргі кезеңде олардың саны 118 мыңға жетіп отыр. Әділет қоғамы мен Азалы кітаптың көрсетуі бойынша олардың 45 мыңы жоғарғы қатал жазамен жазаланған. Соның тек 2200 ғана Алматы облысы бойынша жоғарғы дәрежедегі жазаға ұшыраған.
Әкімшіл-әміршіл саясат қазақты алға жетелеген зиялылар көзін жоюды көздеді. Бұрын айтылуға, жариялануға тыйым салынған ОГПУ, ІІХК мұрағат құжаттарын тергеу орындарының материалдарының деректік маңызы зор. Қазақстан егемендік алуының 10 жылдығы кеңестік отарлау саясатынан құтылып, көк байрағын желбіретіп, қазақ халқының басынан өткен тарихи даму кезеңіндегі елеулі оқиғалары мен фактілерге тарихымызды соңғы деректерді жіктеп, жаңаша бағыт беру қажеттіліктерін туғызды.
30-ыншы жылдардағы ОГПУ құжаттарынан осы жылдардағы орын алған жаппай жазалау науқандарында көзі ашық ел ортасына беделді ұлт-азаттық қозғалысында немесе кеңестік жүйеде жетекші болған көптеген қайраткерлердің “ұлтшылдар”, “исламшылдар”, “түрікшілдер” ретінде айыпталғанын көреміз. Осы жөнінде Т.О.Омарбеков, Махат Данагүл, Алтынбекова Панза сияқты бірқатар тарихшылардың еңбектері бар.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің “Жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау туралы” заң қабылдауы/ /, аталмыш тақырып төңірегіндегі зерттеулердің көбеюіне жол ашты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1997 жыл “жалпыұлттық келісім мен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу жылы” болып аталынды./ / Саяси қуғын-сүргінге жазықсыз ұшыраған тұлғалардың жас ұрпақтың мәңгілік есте сақтау үшін 31 мамыр саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні деп белгіленді./ / Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөзімен айтсақ: “Сталиндік жүйеде сөйлеуге қорыққан сияқты, өткен тарихтың өзекті мәселерін аттап өтіп тарихты гүлдендіремін деушілер төл тарихымызды ұмыттыруға апарады, бірақ ұмыту – ол қанды режимнің миллиондаған құрбандарын естен шығару деген сөз”.
Сонымен қатар жаңа заман талабына сай Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінді зерттеу тақырыбына байланысты көптеген диссертациялар жазылды. Г.А.Жұмасұлтановтың “Политические репрессии в Казахстане в условиях тоталитарного режима(20-е-начало 50-х годов)” деген еңбегінде КСРО да тоталитарлық тәртіптің орнауы, ұжымдастыру, астық дайындау науқандары барысындағы саяси қуғын-сүргін қозғалған. Т.Рысқұлов, Ә.Ермеков және өзге де зиялылардың қуғындалу тарихына тоқталған. Сондай-ақ ГУЛАГ-ты репрессияны ұйымдастырушы әдіс ретінде көрсетіп, Ақмола еңбекпен түзеу лагеріне жеке бір тарау арнаған.
Д.Ш.Орынбаева өзінің “Политические репрессий в Казахстане в 1937-1938 годы: сравнительно-исторический анализ проблемы” деген диссертациялық еңбегінде “үлкен террор” жылдарындағы саяси қуғын-сүргінді толықтай зерттеген.
Сонымен қатар Г.И.Молдаханованың “Деятельность ОГПУ в Казахстане”/ /, Саржанованың “Сот-иергеу, әкімшілік органдарыкеңестік зорлық-зомбылық шараларын жүзеге асырушы: тарихы және сабақтары(1925-1932 жылдар)”/ /,С.Д.Ділмановтың “Исправительно-трудовые лагеря на территории Казахстана(30-е-50-е годы ХХ века)”/ / атты диссертациялық ізденістерінен бағыт алдым.
Соңғы кездерде осы тақырып төңірегінде республикалық және облыстық деңгейдегі мерзімдік басылым беттерінде көптеген мақалалар жарияланды. Ж.Богданова, В.Осипова, Н.Грибанова, Елғондиева, Боқтазаров тың мақалары жарық көрді. Сонымен мәселенің тарихнамасына жасалған қорытындыда жаппай қазақ халқының 1937-1938 жылдары жазықсыз жазалау шаралары жалпы зерттелген, ал жекеленген мәселелер бойынша жеткілікті зерттеулерді әлі де қажет.
Тақырыптың деректік негізі. Саяси қуғын-сүргін туралы деректерге Лениндік декреттер, соттың бұйрық, нұсқаулары, ал сонымен қатар жазалаушы 13, 14 баяндамалар мен мақалалары тоталитарлық жүйе тұсындағы жеке адамдар жазған естеліктер негізгі деректерге жатады. В.И.Лениннің өзі революциялық заңдылықты қамтамасыз етудің әдістерін белгілеп берген еді. Ал репрессиялық шаралардың қолданылуын пролетариат диктатурасын, еңбекшілерді қорғау мақсатында жасалған,” -деп дәлелдеген-ді. Яғни ол “Мы ничего “частного” не признаем, для нас все в области хозяйства есть публично — правовое, а не частное”/ / — деп тоталитарлық қоғамның орнауына жол ашты. Сонымен қатар ол “жаңа сот қанаушыларға, ескі билікті қалпына келтіруге ұмтылушыларға қарсы күресу үшін керек”, деп кеңестік қоғамдағы сот жүйесінің міндеттерін белгілеп берді. / /
Саяси қуғын-сүргін шаралары партия нұсқаулары арқылы бір ізбен жүргізілгендіктен, Қазақстан Республикасының Президенттік мұрағатының (141-қор, 708-қор, 719-қор, 718-қор) құжаттары да қарастырылды.
Бізге Кеңес еліндегі “билеуші және бағыттаушы” күш партия болғандығы белгілі. Алайда, 1930 жылдардың ортасында жазалаушы орган дар негізінен орталықта ғана болды. Сондықтан Қазақстан сол кезеңде БК(б)П ОК және КСРО ІІХК директиваларын атқарушы ғана болды. Осыған сәйкес республика мұрағаттарында репрессия ауқымын толықтай көрсететін партия органдарының аналитикалық немесе жалпылама статистикалық қорлары жоқ. Бірақ негізгі тақырыпқа қатысты құжаттар ҚР Президенттік мұрағаты қызметкерлері құрастырған “Политические репрессии в Казахстане 1937-1938гг. Сб. Док.” атты 1998 жылғы шыққан кітапта жинақталған. Мұнда 119 құжат берілген. Соның 6-уы қазақ тілінде берілген. Бұл кітапты құрастырушылар көпшіліктің қолы жете бермейтін құжаттарды жинақтаған.
Әдістемелік негізі. Салыстырмалы әдістемелік талдаумен қатар, тарихнамалық шолу және нарративті деректерді пайдалану арқылы ғылыми талдау жасалды.
Бітіру жұмысын жазудағы мақсатым ғылыми айналымда жүрген деректік материалдар мен зерттеулерді пайдалана отырып, көрсетілген кезеңдегі, яғни 1937-1938 жылдардағы орталықта жүргізілген саяси репрессия тарихын зерделей отырып, оның Қазақстандағы жүргізілу ерекшеліктері мен көрінісін, зардаптарының мән-мағынасын тереңірек ашып көрсету болып табылады.
Бұл мақсаттарымды іске асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
- атақты отандық тарихшылардың ғылыми еңбектері мен қарастыру және меңгеру;
- Орталық пен Қазақстанндағы жаппай репрессиялау шараларын салыстыра, ерекшеліктерін көрсету;
- репрессия ауқымы мен саясаттың Қазақстанда жүргізілу әдіс-тәсілдерін талдау;
- Жаппай репрессиялау зардаптарын әр түрлі салада қарастыру.
Хронологиялық шеңбері. Бітіру жұмысы 1937-1938 жылдарды қамтиды. Дәл осы жылдары кеңестік тарихтың кезеңінде 1920 жылы бастау алған қуғын-сүргін науқаны өз шыңына жетіп, ауқымы бұрын-соңды болмаған дәрежеге жетті.
Құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тарау. Репрессияның саяси идеологиялық қайнар көздері мен жүргізілу себептері
1.1.Репрессияның идеологиялық негіздері мен жүргізілу механизмдерінің қалыптасуы
1937-1938 жылғы жаппай саяси репрессия өзінің жүргізілу кезеңінде мемлекеттегі тоталитарлық-авторитарлық билік жүйесіне сәйкес келді. Тоталитарлық жүйе ол тек идеология мен этакратиядан ғана емес, жаңа қоғамды құру процесстері мен алғышарттар нәтижесінен пайда болды. Оның КСРО сияқты алып мемлекеттегі үлгісі биліктегілердің саяси репрессия шараларын өз халқына қарсы қаруы ретінде ұстап, қоғамдық өмірдің барлық саласына: экономика саласына, қоғамның әлеуметтік құрылымына, саяси институттарына толық бақылау жүргізіп отыру түрінде болды және ол заңды қарама-қайшылыққа әкелді. Осы қарама-қайшылықтарды басып-жаншу мен тұншықтыру саяси қуғындау шараларымен жүзеге асты. Сондықтан пролетариат диктатурасы атанған сталиндік режимнің өз халқына қарсы жүргізген “үлкен терроры” әрине кездейсоқ жаңылыс құбылыс емес-тін. Ол бүкіл империя көлемінде орнаған саяси билік жүйесінің табиғи болмысынан туындап жатты. Репрессиялау саясатының негізі сонау 1920 жылдары қаланса, ол мемлекеттегі биліктегілердің жеке саясаттарының негізінде өзгере келіп, 1937-1938 жылдары өз шыңына жетті. Репрессия шараларының жүргізілу әдіс-тәсілдерінің сипатына байланысты КСРО-да, оның жекеленген аймақтарында жүргізілуінің өз ішкі логикасы мен реті болды деп айта аламыз.
30-жылдардың екінші жартысында, дүние жүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан Кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалуға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 жылы басталды.
Қазіргі таңда бүкіл Кеңес елін, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған жаппай репрессиялау шаралары бірқатар факторлардың салдарынан туған деп нақты айта аламыз. Соның ішіндегі ең жетекші фактор — ол белгілі әлеуметтік-саяси күштердің, оның қатарында БК(б)П бар, билік үшін күрес екенін ескеру керек. Бұл күресте Сталиннің жеке билікке жетудегі өз бағыты басым түсті. Сондықтан да саяси репрессияның басты себептерінің бірі осы екенін баса айту өте маңызды. Елде тоталитарлық мемлекетке тән қалыптасқан құрылым пайда болды. Тоталитарлық жүйеге сәйкес ең алдымен мемлекет қоғам мен жеке тұлғаларға үстемдік жүргізіп, қоғамның барлық саласына араласты. Тоталитарлық жүйеге сәйкес мемлекет бір партиялық режимде болды және өзінше механизм қалыптасты: партия – мемлекет. Ал бұл партиялық біртектілік идеологияның да біртектілігіне әкеліп соқтырды, ал оның іске асуына билік ету иерархиясы жоғарыдан төмен жүргізіліп, ең төменгі жікті де қамтыды. Азаматтық қоғамның бұл жүйеде орны жоқ болды. Халықтың көпшілігі о бастан-ақ, партияның мақсатына, бағдарына, жарлығына сенді. Ал қалған бөлігін, яғни көкірегі ояу, сол мақсаттарға қарсы келген азаматтарды әр түрлі тәсілмен сол мақсаттарға сенуге мәжбүр етті. Осы ретте авторитарлық-тоталитарлық қоғамдық құрылысты саяси репрессия шаралары бірден-бір нығайту құралы ретінде қызмет етті./ /
ХХ ғасырдың 20-30-жылдары үзіліссіз жүргізілген репрессиялық саясаттың тағы бір себебі орталық басшылық, оның Қазақстандағы өкілі есебінде болған большевиктер партиясының Өлкелік Комитеті осы аталған тарихи мезгілде тікелей өздерінің нұсқалары бойынша жүргізілген экономикалық, саяси және басқа реформалық шаралардың сәтсіздікке ұшырау себептерін саяси оппозицияға, тіптен жоғарғы республикалық басшылықта жүріп-ақ қате бағытқа жігерлі де табанды қарсылық көрсеткен қызметкерлерге аударуы./ / Елдегі дағдарысқа кінәлілерді табуға байланысты халық арасынан “халық жауларын”, “зиянкестерді”, “ұйымдар” мен “антикеңестік элементтерді” іздей бастады. Орталықтың көшірмесі ретінде Қазақстан да ұлттық сипатта осындай қылмыстыларды іздей бастады. Шахталар мен кәсіпорындардағы кездейсоқ апаттарды, колхоздар мен совхоздардағы мал жұты, өрт пен басқа да табиғи апаттар сол “жаулардың” әрекетімен түсіндірілді және соған сәйкес қылмыстық істер қарастырылды.
Сталин және оның саясатын іске асыруға тырысушылар өз биліктерін берік әрі мызғымас етіп ұстау үшін сталиндік рухта тәрбиеленген, негізінен жас кадрлардан тұратын азаматтық және әскери бюрократияны өзіне бағындыру керек болды. Кагановичтің ХVIIІ съезде сөйлеген сөзінде: “Мұндай жас кадрларға Сталин жолдас қандай тапсырма берсе де орындай алады” деген болатын. Бұл аталмыш топ, яғни әр түрлі ұлттың “буржуазиялық мамандары” өз мүдделерін азамат соғысы кезінен бастап, ұжымдық тәрбиемен қалыптасқан әкімшілік жұмысшылар кәсіпшілігін сақтау үшін, қарапайым тілмен айтсақ, өз әкімшілік логикасы, яғни автономиясын сақтау үшін идеологиялық волюнтаризм мен орталықтан келетін бұйрықтарға бағынбау негізінде қорғаған болатын. Осыдан барып сталиндік жетекшілердің алдында сол кезде қол астындағы әкімшілік кадрларының сапасын анықтау тапсырмасы қойылды. Сондықтан Сталин үшін негізгі атқарар іс – сол адамдарды “әрекетті”, яғни екі етпей тыңдайтындармен ауыстыру болды. Сондықтан да бір уақытта партия ұжымдарында “тазалаулар” жүрді. Партияға сенім артпағандар мен жұмыста қандай да бір қателік жібергендер БК(б)П қатарынан еш аяусыз шығарылды./ /
Репрессия саясатының кең ауқымдылығын түсіну үшін “Үлкен террор” кезіндегі 1937 жылғы ақпан-наурыз пленумында келтірілген баяндамаға назар аудару керек. Онда “басқа державалардың ішінде КСРО жалғыз социализм құрылысындағы мемлекет, шетелдік мемлекеттер, оның ішінде Финляндия, Балтық елдері, Польша, Румыния, Түркия, Жапония елдері Франция және Ұлыбритания елдерінің көмегімен КСРО-дағы социализм құрылысына тосқауыл болуы үшін шпиондар мен диверсант әскерлерін КСРО-ға енгізеді” деген оймен контексте “басқа әлеммен қарым-қатынас жасағандарға, қуғындау ісі жүргізілді” делінген. Сондықтан “басқа әлеммен” байланыста болған шпиондарды қудалау науқанының басталуы ғажап емес./ /
30-жылдардың басында елде жүзеге асырылып жатқан реформалар барысындағы құқықтық нормалардың бұрмалануы айыптала бастады. Мысалы, 1932 жылы 25 маусымда Бүкілодақтық Орталық Атқару комитеті (ОАК) мен Халық Комиссарлар Кеңесі (ХХК) “Революциялық заңдылық туралы” қаулы қабылдап, құқықтық нормалардың бұрмалануын айыптады. Партияның ХVII съезінде көптеген делегаттар индустрияландырудың өте жоғары қарқынын бәсеңдету, астықта экспорттауды азайтуды, карточканы жою, қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру мәселелерін қойды. Күш алған большевиктік әкімшілік-әміршіл жүйе бұл талаптардың өзіне өте қауіпті екенін сезді. Сондықтан да елдің санасында қорқыныш сезімін ұялату, сөйтіп қарсылық көрсету мүмкіндігінен толық айыру жолы ретінде осы қуғын-сүргін – репрессия саясатын жүргізді. / / Талаптарды қойған күш — қоғамның көкірегі ояу зиялы қауым өкілдері екені анық. Олар патшалық, одан қалса Кеңес үкіметінің отаршыл саясатының салдарынан туындаған аласапыран заманда өмір сүрсе де, біртұтас қазақ идеясын ту етіп, егемендікті көздеп өткен ғасыр басындағы қазақ зиялылары демократиялық үрдістің бастауы болды және сол үшін де қуғын-сүргінге ұшырады. Қай уақытта, заманда болсын бір халықты бағындыру, мойынсұндыру үшін қолданылған ең тиімді тәсіл – оны “бассыз” қалдыру. Тирандар бірінші сол елдің көсемдерін, оқымысты-білгірлерін құртуға тырысады. Қаймағын сыпырып алған сүттің тез ашып, іритіні секілді “бассыз” қалған халық та жылдам көндігеді. Кеңес мемлекеті де осындай тәсілді пайдаланды. Ең бірінші соққы алдыңғы қатарлы адамдардың басына тиді… Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы күресте әр түрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. /
Осыған байланысты саяси репрессияның іске асуы үшін жаппай қуғын-сүргінді жүргізуші ерекше механизм қажет болды. Осы орайда ең алдымен кеңестік тоталитарлық тәртіптің халықты идеологиялық өңдеуде өзіне ыңғайлы жүйе құрып, өзіне жат келетін күштерді жою жолдары қарастырылды.
Жазалаушы органдар кең ауқымды репрессиялық іс-шараларды жүргізуге әлеуметтік-психологиялық дайындықты алдын-ала және мұқият ойластырған болатын. Қоғамды жаппай идеологиялық насихаттау әрекеті екі мақсатты көздеді: 1.Елдің әрбір қарапайым азаматтының санасына экономикадағы сәтсіздіктерге “халық жауы” кінәлі екенін жеткізу; 2.Террордың күнделікті өмірде көңілге қонымдылығы мен қажеттілігі туралы ой туғызу. / / Мәскеуде бірқатар саяси процесстер жүргізілгенде, 1936 жылдың жазында ІІХК органдардары “троцистік-зиновьевтік антикеңестік ұйымға” қарсы сот процесстерін бастаған болатын. 29 шілдеде БК(б)П ОК Ішкі Істер Халық Комиссариатының жаңа материалдары негізінде “1936 жылы Зиновьев пен Каменев тек үкімет басшыларына қарсы террористік қылмыстарды ұйымдастырушы ғана емес, сонымен қатар С.М.Кировты өлтіруге ұйымдастырылған топтың жетекшісі және бірінші кезекте, Сталин жолдастың өміріне қатер төндірушілер” деген дәлелді келтіре отырып, құпия циркуляр жібереді. Осы іс бойынша 16 адам ату жазасына кесілді./ / Бұл халық ішінен “конттреволюциялық зиновьевтік-троцкистік ұйымдарды” қырағылықпен іздестіру науқанын бастап берді. Бірінші Мәскеу процесі халық санасына әртүрлі “зиянкес ұйымдардың” бар екенін көрсетіп, халықтың идеологиялық насихатқа сенгені соншалық, “сатқындар” және “көрегенді Сталинге қастандық жасаушылар” деген ұрандармен балағаттап митингтер мен жиналыстар өткізген.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қуғын-сүргін құқық қорғау органдарының қолымен жасалды. Кеңес мемлекетінің заңдары 1920 жылдан бастап-ақ тоталитарлық жүйенің орнауына жол көрсетті. Кеңестік құқық “биліктен айрылған қанаушы таптарға” қарсы бағытымен ерекшеленді. Ал заңдар Кеңес мемлекетін нығайтуға, социалистік экономиканы құруға, еңбекшілер бостандығы мен демократиялық құқықтарын қамтамасыз етуге, бұқараны коммунистік санамен тәрбиелеуге қызмет етуі тиіс болды./ /
1920-1930 жылдардағы сот жүйесін қайта құру қуғын-сүргінге әзірлік болатын. Кеңес үкіметі тұсында сот жүйесі өзінің тәуелсіздігінен айрылды. Сөйтіп, партия саяси қуғын-сүргінге жол ашты. Өрескел заңсыздықтар сот-тергеу органдарының қолымен жасалды. Заң орындары әкімшіл-әміршіл жүйе құрамына еніп, асыра сілтеушіліктерге жол берген, яғни ҚК баптарын өкімет пен партия нұсқауларына сай бұрмалаған. Кеңестік құқық “биліктен айырылған қанаушы таптарға” қарсы бағытымен ерекшкеленді. Заңдар бұқараны отаншылдық рухта емес, коммунистік санамен тәрбиелеуге қызмет етті. Билік тармақтарының сабақтаса байланысуының салдарынан, сот билігі саясаттың құралын партияның қолшоқпарына айналды.
Ең негізгі репрессивті орган — Кеңес үкіметі, оның диктатурасының басты құралы болған ХХ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында құрылған Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма (ОГПУ) қаныпезерлері болды. Бұл орган халықтың санасына қорқыныш сезімін ұялатқан. Ол Ішкі Істер Халық Комиссариаты жанында құрылды. 30-жылдардың ортасынан бастап, кеңестер одағындағы негізгі билік Ішкі Істер Халық Комиссариаты органдарының қолына көше бастады. Бұған дейін партия мүшелері мен қатардағы азаматтардың тағдырын тек партия ғана шешіп, партия органдарының келісімінсіз партия мүшесін сот жауапкершілігіне тартуға тыйым салынатын еді. Енді бүкіл елдегі сияқты, Қазақстанда Ішкі Істер Халық Комиссариаты органы партия ұйымдарына тәуелсіз өз алдына дербес әрекет жасай бастады. Ол әсіресе ХХ-ғасырдың 20-шы жылдарының екінші жартысында, контрреформаларға өту барысында күшейген. / / Осылайша Ішкі Істер Халық Комиссариаты жанында 1929 жылдың 29 қазанынан 1931 жылдың 8 сәуіріне дейін құрылған “Үштік,” 1924 жылдан бастап өмір сүрді. Ішкі Істер Халық Комиссариатының қызметі жылдан-жылға кеңейе берді. Ішкі Істер Халық Комиссариаты “Ерекше мәжіліс,” “Әскери трибуналдар,” СССР Жоғарғы Сотының Әскери Алқалары” жазалау органдары айыптылардың ісін қарап, шығарған шешімдеріне үкім шығарып отырған. / / Тағы бір жазалаушы орган — Бүкілресейлік Төтенше Комиссия (ВЧК) 1922 жылы мемлекеттік саяси басқарма болып құрылды. Оның қызметі — белгілі бір аймақтың саяси, әлеуметтік жағдайы туралы Мәскеуге хабарлау болатын. 1923 жылдан бастап ол Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма (ОГПУ) болып өзгертілді.
Ал Қазақстан жағдайында, ҚазССР-да Қазақстан территориясындағы барлық ұйымдардың қызметінен мәлімет беріп отыратын ерекше бюро құрылды. Оның негізгі қызметіне Алашорда қайраткерлері, қазақ ұлттық “ұйымдарын” бақылау кірді. Большевиктер осы органдар арқылы партиялық зиялы қауымның қызметін бақылап, кеңес органдарының сайлау науқандарына қатысу деңгейі туралы мәлімет жинап отырды. Бұларды кейін заңсыз құрылған орындар деп тапқан. Облыстық, аудандық үштіктер, облыстық аудындық партия, Кеңес Атқару Комитеттерінің хатшылары мен төрағалары, сол деңгейдегі Ішкі Істер Халық Комиссариаты бастықтарынан тұратын болған. Үштіктер төрағасы болып жоғарғы органдардың белгілеуі бойынша облыстық және аудандық Ішкі Істер Халық Комиссариаты бастықтары тағайындалған. Дәл осы құрылымдар “ халық жаулары” деп жалған айдар тағылған “қылмыстыларды” тергеусіз, сот қарауынсыз-ақ атып-асып, айдап отырған. Бұл бүкіл дүниежүзілік тәжірибеде болмаған заңсыздық болатын. Осы жазалау орындары “қылмысты істерді” тізім бойынша, 15 минут ішінде бір айыптының ісін қарап, алдын-ала дайындалған үкімді оқып берумен ғана тынған. Мәселен, 1938 жылы 14 ақпанда Жүргенов Темірбектің ісін бұрынғы КСРО Жоғарғы Соты Әскери Алқасының көшпелі Мәслихаты 15 сағат 15 минутта бастап, 15 сағат 30 минутта аяқтаған. Аталған орынның бір мәжілісінде 30-дан 50-ге дейінгі аралықтағы адамдардың “қылмысты істері” бір отырыста қаралып атылу жазасына кесіліп отырған./ /
Заң орындарының осындай ең сорақы контрреволюциялық қылмыстарының бірі – яғни Кеңес үкіметінің репрессивті-жазалау саясатының қылмыстық жазалау шараларының ең қатаң түрінен байқауға болады. Ол 1926 жылы РСФСР ҚК-нің Ерекше бөлімінің І тарауымен қаралған 17 нақты контрреволюциялық қылмыстың 12-сіне жазалаудың ең жоғарғы түрі — ату жазасының берілуі еді. Жазалау шараларының мынадай түрлері де қолданылды; азаматтығынан айыру және мемлекеттен қуылу, қатаң бақылаумен бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу т.б./ / Облыстық соттың шешімдерінің мазмұны да осыған ұқсас болып, РКФСР ҚК 58 бап негізінде әр түрлі мерзімге бас бастандығынан айырудан ату жазасына дейінгі жазалар қолданылды. Контрреволюциялық қылмыстық істерге қатысты заңның қатыгездік деңгейін ортағасырлық инквизация кезіндегі шіркеулік-қылмыстық заңдылықпен, сондай-ақ фашистік заңдылықпен салыстыруға болатын еді. Қолданылған шаралардың құбыжықтық мөлшерсіздігі сотталған және айыпталған адамдарды сол сәтте-ақ шарасыздық күйге апарды. Олардың құқықтары мүлдем қаралмады десек те қателеспейміз.
Осындай жазалау шараларының басталу шарттары, түптамыры неде дегенге келер болсақ, Кеңес үкіметі құрылған күннен бастап өз саясатын қуғын-сүргін шараларымен бастады. 1918 жылы 21 ақпанда РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі “Социалистік Отанға қауіп төнуде” деген лениндік декретті қабылдады. Оның 8-бөлімінде “Неприятельские агенты, спекулянты, громилы, хулиганы, конрреволюционные агитаторы, германские шпионы расстреливаются на месте приступления” – деген жолдар жазылды./ / Ал 1918 жылы 14-қарашада Халық Комиссарлар кеңесі “О рабочих дисциплинарных товарищеских судах” — деген декретінде еңбек тәртібін бұзушы мен себепсіз норма орындамағандарды 6 айға дейінгі мерзімде еңбекпен түзеу лагерінде қамауға ұсынады. / /
1920 жылдан бастап ВЧК-ГПУ-НКВД халық арасынан “кеңестерге қарсы мәліметтерде” жүйелі түрде жинаған. Жак Россидің айтуынша, 1920 жылдың басынан бастап-ақ, “контрреволюциялық” немесе “кеңестерге қарсы” іс-әрекеті үшін айыпталғандарға 6 айдан жоғары мерзіммен бас бостандығынан айыру жазасы берілсе, ал 1930 жылы РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-10 бабымен 10 жылға сотталғандар саны миллионға жетіп, ГУЛАГ халқының 25 % құраған. Бірақ Кеңес үкіметіне аталған қатаң контрреволюциялық қылмыстарды жазалау санкциясы аз болғандай, 1937 жылы 2 қазанда КСРО ОАК адамдарды 10 жылдан 25 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын енгізді./ /
Аталған бап бойынша сотталғандар түрмелер мен еңбекпен түзету лагерьлерінде “Агитатор” деген атты иеленген. Кеңес өкіметі жазалау саясаты патшалық Ресей жазалау шараларынан да анағұрлым асып түскен. Мәселен, патша уақытында 1905 жылғы революция басылған соң, жылына орта есеппен 90 адам өлім жазасына кесілсе 1918-1919 жылдары Мәскеу ревлюциялық Трибуналы жылына орта есеппен 575 адамды ату жазасына бұйырған. Төтенше комиссияның “контрреволюция мен спикуляцияға қарсы күрес апталығы” журналында атылған тізімі жарияланып, қуғын-сүргін саясатына бұқаралық ақпарат құралдары да тартыла бастады. Ал 1930 жылдан бастап өлім жазасына кесілгендер туралы ақпарат мемлекеттік құпияға айналды./ /
Қазақстанда репрессиялау шараларының алғышарттары болды ма? Иә, болды. Қазақстанда ол басқашалау болды, дамуы, динамикасы мен әдіс-тәсілдері басқа болды. Себебі, Қазақстан КСРО тарапынан экспансиялық қысымда болды./ / Бір партияның мүддесін қорғау жүрді, яғни ол қоғамды қайта құру мен билік үшін күреске қызмет етті.
Патшалық отарлау саясатының тонын айналдырып киген кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ қайраткерлерінің ұлт қамын ойлаған қай бір ниетін де өздеріне аса қауіпті деп санап, олардың арман-мақсаттарын тас-талқан етіп үзді. Осы тарихи кезеңде ұлттық зиялылардың алдында жаңа қатынастарға негізделген қоғам құру міндеті тұрды. Жаңа қоғам құру жолында диллемаға айналған мәселе – ұлттық мүдде мен таптық мүддені ара жігін айыра білу еді. Қазақ зиялыларының “ұлтшылдар”, “оңшылдар” немесе тағы басқа айыптар тағылып, қуғын-сүргінге ұшырауы салдарынан, екі мүдденінің алғашқысының үлес салмағы барған сайын кеми түсті. ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық сананың қалыптасу ерекшеліктерін бүгінгі күнтұрғысынан қарасақ, ұлтшылдық өз тіліңді, салт-дәстүріңді құрметтеу, туған жеріңді, табиғат байлығын қорғау болып табылады. Екінші сөзбен айтса, әрбір ұлттың басқа ұлттан қысым көргенде оған жауап ретінде пайда болатын ұлттың қорғаныс келбеті. Ол бүкіл билікті уысында ұстап тұрған ұлттың ұлтшылдығы асқынып шовинизмге айналған тұста кіші ұлттардың онымен келіскісі келмеуінің белгісі ретінде көрсетіледі./ /
1928-1931 жылдар аралығында жалған айып пен жала жабу әдісі күшейді және айыпкерді мойындатудың “әдіс-тәсілдері” жетілдіріліп БМСБ-ның қолында репрессияны жүргізудің даяр механизмі болды. Осы механизм 1930-шы жылдардың ортасында толықтай күшіне енді. Нәтижесінде саяси қуғын-сүргін жалпылама бағыт алады. Сот-тергеу органдарының жазалаушы қызметі саяси шаруашылық науқандар барысында қарқынды деңгейде болған. Астық, ет дайындау, бай-кулакты тап ретінде жою социалистік меншікті қорғау науқандары кезінде жоспарды орындай алмаған халыққа қарсы қолданылған күштеу, зорлық-зомбылық шаралары өте көлемді.
Репрессиялық іс-шараларды тікелей қолдану құқы бірқатар сот және соттан тыс органдарға берілді. Осылай КСРО Жоғарғы Сотының Жылжымалы коллегиясы Қазақстанның ірі-ірі партия және кеңес қызметкерлерінің ісін қарады. Жылжымалы коллегия шешімдеріндегі үкімдердің басым көпшілігінің ең жоғарғы жаза болғандығы, бір жағынан аймақтағы партиялық-кеңестік элитаның бір бөлігін жоюды көздегендігі болса, екінші жағынан қалғандарын қорқытып, Орталыққа қандай бір түрде болмасын оппозицияда болу мүмкіндігін болдырмауға ескерту ретінде болды, яғни биліктің барлық тетіктерін өз қолдарында ұстап отырған БК(б)П ОК-нің сталиндік тобына қарсы шығу әрекеттеріне үзілді-кесілді тыйым салынды.
Облыстық соттың шешімімен сотталғандардың құрамы әлеуметтік мәртебесі бойынша өр тақылеттес болып, түрлі деңгейдегі партиялық-шаруашылық қызметкерлерін, қатардағы партия мүшелерін және жай азаматтарды да қамтыды.
Соттан тыс орган ретіндегі “үштіктер” құрамына партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы, облыс прокуроры және ІІХК облыстық басқармасының бастығы кірді. “Үштіктердің” соттан тыс үкім шығарудағы және халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының істерін қараудағы шексіз өкілеттіліктері, өз кезегінде олардың мүшелерінің жеке қауіпсіздігіне кепіл бола алған жоқ. Себебі мұндай жазалаулар сот органдарының өздерінің мүшелерін де қамтыды./ / Зерттеліп отырған кезеңдегі ІІХК-нің облыстық басқармасының бастығы С.Д.Пинталь бәлкім “үштіктің” төрағасы да шығар, репрессияға ұшырап басқа бір соттан тыс орган КСРО ІІХК-нің Ерекше кеңесінің 1937 жылғы желтоқсандағы үкімімен ату жазасына кесілді. / /Жалпы алғанда республика бойынша “үштіктің” 24 мүшесінің 15-сі репрессияға ұшырады. Аз уақыт қана жұмыс істей отырып, “Үштіктер” репрессиялық үкімдердің басым көпшілігін шығарып үлгерген еді.
1936 жылдың 26 қыркүйекте Г.Г.Ягода Ішкі Істер халком қызметінен алынып, КСРО-ға қарасты халком болып тағайындалды. 1937 жылдың 3 сәуірінде ол сотталып, 1938 жылдың 15 наурызында атылды. Ягода өзінің КСРО Жоғарғы Кеңес президиумына кешірім сұрағанда “менің отаным алдындағы кінәм көп. Мен оны ешқандай да өтей алмаймын. Өмірмен қоштасу қиын. Бүкіл халқым мен партия алдында тізерлеп кешірім сұрай отырып, мені өлімге қимауларыңызды сұраймын” деген.
Н.И.Ежов ІІХК-на келісімен қоғамда күрделі кезең басталды. Сондықтан да 1937-1938 жылдар “ежовтық” кезең деп аталады. 1937 жылы 20 желтоқсанда ВЧК/ОГПУ/НКВД 20-жылдығына байланысты баяндамада А.И.Микоян Ежов туралы: “…жолдас Ежов Николай Иванович ІІХК-на келіп, ІІХК-дағы жағдайды тез арада жақсартты. Ежов ІІХК-ның жұмысын тежеген бөтендерді қуып, орнына кеңес барлаушылары мен чекистердің тобын құрып, құрамын өзгертті”, — деп жазды. Шындығында, 1936 жылдың 1 қазанынан 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін ГУГБ/УГБ органдар қатарынан 5229 қызметкер шығарылып, 1220-сы сотталған. Осыған байланысты БК(б)П ОК-нің КСРО Жоғарғы Кеңесі сайлаушыларына 1937 жылдың 6 желтоқсанында: “Енді біздің отанымызда кеңес елінің шпиондарынан, зиянкестерінен, диверсанттары мен басқа да жауларынан залалсыздандыруға қабілетті нақты органдары бар” деп мәлімдеген болатын. Бірақ Н.И.Ежовтың атап айтарлық “қызметі” – екі қарама-қайшы күресуші жақтар: “өздері”,яғни партия қатары мен кемеңгер “көсемді жақтаушылар мен “бөтендер –басқаша ойлайтындар репрессияның қоғамда етек алуына қарсылық білдіргендер елін әскери лагерьге айналдыру қабілеті еді. 1938 жылдың ІІХК-нің жетекшісі Л.Берия болды.
Осылайша 1933-1936 жылдары кеңес қоғамының даму заңдылықтары мен ортақ тенденциялары анықталды. 1937-1938 жылдардағы репрессияны жүргізуші арналған ерекше механизм 1920 жылдан қалыптаса келе, аталған кезеңге қарай ең алдымен бұқаралық үгіт-насихат арқылы, кейіннен заңды және заңсыз құрылған жазалушы органдар арқылы, ақырында арнайы заңдар мен циркулярлар шығару арқылы 1937-1938 жылдары өз миссиясын орындап шықты. Репрессивті саясаттың толқынды сипаты осы кезеңде елдегі жалпы жағдайдың ығымен жүргізіліп, белгілі жүйеден өтті. Ең алдымен экономика жағдайы “төтеншеліктен” дағдарыстық жағдайға жетіп, халық наразылықтары көрінген болатын, кейін халық біршама әлсізденіп басылды. Бірақ 1937 жылы мұндай салыстырмалы түрдегі теңдік тоталитарлық режимнің қатаң тенденцияларымен алмастырылып, оның бәрі қалың елге қарсы кең ауқымды репрессияның жүргізілуіне әкеліп соқтырды. Демократиялық қоғамдағы барлық мәселелер саяси, экономикалық, ал қажет болған жағдайда әкімшілік репрессивтік шаралармен, басты әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүргізілді.
1.2. Қазақстандағы репрессияның негізгі толқындары
Қазақстандағы репрессиялау шаралары 1920 жылдардан басталды және ол толқынды сипатта болды. Орталықта жүргізілген репрессиялау саясаттары өз кезеңдерінде Қазақстанды тыс қалдырмады.
Осыған дейін көптеген уақыт бойы қоғамдық пікірде репрессия науқаны тек 1937-1938 жылдары ғана жерді деген ой басым болып келді. Ал шындығында, көптеген мәліметтердің шығуына байланысты кеңестік жазалау науқаны сонау төңкерістің алғашқы жылдарында ғана басталып, ұзақ процесстің негізі қаланған болатын. Қазақстандағы 1917 жылдан кейінгі репрессия тарихын алғаш рет кезеңдеген Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі К.Н. Нұрпейісов болды:
“1-кезең: Лениннің тірі кезінде-ақ, 1918 жылдың екінші жартысы мен 20-жылдарда болды. Бұл уақытта ХІХ ғасырдың IV ширегі мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ зиялыларының өкілдеріне қарсы жаппай қуғындау болды.
2-кезең: 1929 жылдың басы мен 30-жылдар. Сталиндік тоталитарлық жүйе қалыптаса бастаған кезең. Бұл жылдар сталиндік моделдегі ұжымдастыру кезеңіндегі байларды тәркілеу кезеңі болды. Шындығында, қазақ кедейлері зор апатқа ұшыраған кезең.
3-кезең: 1937-1938 жылдар – сталиндік жүйенің орныққан дәуірі. Сталиншілдіктің кеңес халқына қатысты жүргізілген “үлкен террор” жылдары.
4-кезең: Ұлы Отан соғысы қарсаңы және соғыс жылдарындағы жаппай репрессия, Солтүстік Кавказ, Қырым, Жайық халықтарының Қазақстанға депортациялану жылдары.
5-кезең: 40-жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басы бұл кезеңде “буржуазиялық ұлтшылдар” және “космополиттер” деген айыппен жүргізілген үлкен қуғындау жүргізілді. / /
Қазақстан тарихнамасында негізінен төрт кезеңді басшылыққа аламыз. Бірінші кезең 1918-1924 жылдар арасындағы азамат соғысы, 1922-1923 жылдардағы аштық, жаппай кеңестендіру және қазақ зиялыларын қудалау, олардың көзін жоюмен айқындалды. Осылардың нәтижесінде қазақ халқы 800 мыңға кеміді./ /Алғашқы жылдардағы қудалау ақ гвардияшылдарды қудалаумен, азамат соғысымен байланысты болды.
Ал Қазақстандаол мынадай түрде болды. 1920 жылы мамыр айында В.Ленин Т.Рысқұловтың “Түрік республикасын” құру туралы тезистерін қабылдамай тастады. Бұл республика болашақта құрылатын Түрік республикаларын конфедерациялық мемлекетінің алғышарты ретінде ұсынады. Мұнда мемлекеттік тіл – түркі тілдері, ал басқару мен саяси ұйым – “Түрік халықтарының коммунистік партиясы” болып табылған еді. Орталықтан Түрік комиссиясы деп аталатын топты жіберген және Фрунзе, Петерс сияқты Т.Рысқұловтың идеясына ашық қарсы күресті күшейткен В.Ленин Түрік республикасының құру туралы идеяны талқылауды ұйымдастырып қана қоймай, осы идеяға қатысы бар Т.Рысқұловты, Н.Ходжаевты және олардың серіктерін “ұлтшылдар”, “пантүрікшілер”, “басшылар идеологтары” деп жөнсіз айыптауларға жол берді. Мұның ақыры Т.Рысқұлов Түркістан Атқару Комитеті төрағасы қызметінен аластаумен аяқталды. Қазақстанның тәуелсәіздігіне қол жеткізу үшін А.Байтұрсынов В.Лениннің алдына мынадай талаптар қойды: “1.Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаруға халық толық сеніммен қарайтын қырғыздан шыққан нағыз идеялық қызметкерлерді қою керек; 2.Қарауына аралас халықтардан тұратын адамдар кіретін барлық билік органдарда қаналған халықтар үлесі 213-тен кем болмауы тиіс; 3.Қырғыз өлкесіндегі шаруашылықтың – экономикалық мекемелерді басқару орталықтандырылуына немесе орталықсыздандырылмауларына қарамастан, қырғыздар қолдарында болуға тиіс…;/ / Ленин мен Сталинді мұндай талаптар ғана емес, әр түрлі қайраткерлерді ұсынып отырған ұлттық егемен республикалар құру идеясы және олардың бұрынғы тарих тәжірибесінен сабақтасып жатуы шошытты. Осылайша, 20-жылдары И.Сталиннің ұлттық зиялыларға қарсы ашық күреске шығуы басталды. Ол қуғындау арқылы “ұлтшылдықтың,” ұлттық ауытқушылықтың” өмірде шынында бар екенін дәлелдеп бақты. Бұл оның 1925 жылғы 29 мамырда Ташкентте шығатын “Ақ жол” газетінің идеялық бағытын айыптап жазған хатынан анық байқалды. Ол онда газетті шығарып жатқан қазақ интелегенциясын “шоқаевшылдар” ретінде айыптады және партияда жоқ ұлттық интелегенцияны жастарды тәрбиелеуді аластатуды ұсынды. Мұның өзі тек Қазақстанда және Түркістанда ғана емес, бүкіл елде ұлт зиялыларына ашық қарсы күрес бағытталғанын байқатты. 1928 жылдардың орта шенінен бастап бұрынғы Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлер жаппай тұтқындала бастады. Осы жылдардың соңында “ұлттық ауытқушылыққа” айыпталып, Н.Сұлтанғалиев бастаған 76 ұлттық қайраткерлер тұтқындалды. Олардың бәрі 1930-1931 жылдары әр түрлі мерзімде бас еріктерінен айрылып, айдауға жіберілді. Бұларға сондай-ақ, Қазақстанда осы мерзімде қудаланған 44 Алаш қозғалысы қайраткерлеріне де “Түркістандағы басмашылықпен З.Валидимен байланыс жасамақ болып, КСРО-ны құлату үшін контрреволюциялық ұйымдар құрды” деген жалалар жабылды./ /
Алайда, Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау айдарлары “ұлтшылдықпен” шектелмеді. Қуғындау кезеңінің екінші дәуірін 1925-1933 арасындағы Голощекиндік “қызыл қырғын” – “Кіші Қазан” заманы бастап берді. Бірқатар шаруашылық реформалардың жүргізілуі салдарынан туындаған келеңсіз және орынсыз әр түрлі “үштіктер” мен “бестіктердің” көп жағдайда күнәсіз адамдарды ұлтшылдыққа тағы басқаларға айыптап, оларды соттау әрекеттерімен басталды. Осы кезде қазақ байлары тәркіленді, олар қашты-пысты, шет елдерге жер ауды; күштеп ұжымдастыру, отырықшыландыру, мал басының күрт азаюы, асыра сілтеу т.б./ / Осылардың және басқалардың зардабынан 3 миллионға тақау қазақ жамағаты қырылды, басқа елдерге, қаша қоныс аударды. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшылдыққа көшіру мәселесінде қазақ зиялылары табиғи дәстүрлі және эволюциялық дамудың нәтижесі болып табылатын шаруашылық түрін күштеп, зорлап жойып жіберуге қарсы шықты. Көшпелі қазақтың отырықшылдыққа көшуі, яғни егіншілікпен айналысуы асықпауды қажет етті, ұзаққа созылатын процесс екенін Қазақстанда ұзақ уақыт жазды. Алайда, осындай пікірдегі мамандар мен ғалымдарға тағылған айыптар саяси сипат алып, қазақ зиялыларына қарсы бағытталды.
Сонымен қатар, қазақ байларын тәркілеу саясатын қолдамай, керісінше қазақ қоғамы сілкіністен гөрі көмекке зәру көзқарастағы қазақ қайраткерлерінің пікірін айыптау кең етек алды. Жаппай қуғын-сүргін саясатымен байланысты сот-тергеу орындарына да қойылатын қатаң талаптар күшейді. Осыған орай, байларды тәркілеу барысындағы қылмыстық іс 2 күн ішінде қаралып, 3-ші күні үкім шығарылған. Кәмпескелеген мүліктердің көпшілігі заңсыз тартып алынып, есепке алынбай, колхозға тапсырылған, ал бірсыпырасы кеңестік қызметкерлер сатып та жіберген. Нәтижесінде қай мүліктің қайда, кімге тапсырылғандығы туралы ешкім білмеген. ІІХК қызметкерлерін тәркілегендердің мал-мүлкі көп қызықтырған. / /
1929 жылы партиялық үштіктер арыз айту бюросының қызметін күшейтіп, барлық салада партия нұсқауымен “оңшыл және солшыл оппортунистік уклонмен” күресу жұмыстарын өте қарқынды түрде жүргізді. Жоғарыдан үсті-үстіне келіп жатқан қаралар қуғын-сүргін саясатын жеделдетуші қызметін атқарып, ақ-қарасын айыру қиын қылмыстық істердің көбеюіне жол ашты. Партия жоғарыда аталған мәселе төңірегінде ауылдың еңбекшіл бұқарасын ұйымдастыруға көп көңіл аударып, осы бағытта үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Алайда, халықтың түрлі деңгейдегі әлеуметтік топтары дәстүрлі даму үрдісінің қаймағы бұзылып, қиуы қашқан тосын тіршілікке үрке қараған. Бірақ кедейлердің байларға қарсы жаппай бас көтеруін ойлаған үкімет өздері күтпеген қарсылықтарға тап болды. “Байлар қудаланғанда кедейлер біз қалай күн көреміз” деген үрейлерін де жасырмаған. Сонымен қатар кәмпескелеу жұмысын жүргізуде “екі саяси сенімсіз уклон” туралы айтылып “оңшылдар” байлардың мүддесін жақтаса, “солшылдар” өте “революциялық немесе партия және кеңес өкіметінің ауылға байланысты саясаты” туралы теріс пікірлерді қалыптастырады, яғни олар да мәні бар жағынан байларға қызмет етеді, — деген жолдар қуғын-сүргін саясатының ауқымдылығын көрсетеді. Нәтижесінде, партияға етушілер де, байларды қорғауға ұмтылғандар да жанұя мүшелері, тума-туысқандары тіпті көрші-көлемдерімен бірге қудаланды. Қазақ зиялыларының басына бұрын соңды болып көрмеген қасіреті мол уақыт орнады. Себебі, “партияға жаққан адам” кемде-кем болатын. Жоғарыда аталған “уклондармен” партия және комсомол ұйымдары аяусыз күрес жүргізгендіктен, ел басына ауыр күн туып, партияның, партия жетекшілерінің өздеріне де түсініксіз саясаты сан мыңдаған жандарды кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғамның құрбандығына айналды./ /
Тәркілеу барысында қуғын-сүргін шараларын діни адамдар да ілігеді. “Молдалар байлармен ынтымақтасып, тәркілеуге қарсы үгіт-насихат жұмыстарымен айналысуда, байдың малин саттырып немесе кедейлерге үлестіріп беруге көмектесуде” – деген жолдармен қудалау саясатының көлемін көруге болады. Мұсылманша сауатты адамдарға “фашистік сарқыншақтар, бандиттер шіріген контрревоюциялық – діни насихатты жүргізушілер, мешіттің айналасына жиналып алып қазақтарды Ауғанстанға көшіру туралы үгіттеушілер” деген айып тағылып, оларды қуғындау 1937 жылы күшейіп кетті. Халықты имандылыққа тәрбиелейтін діни адамдар қоғамнан шеттетіліп, кеңес мемлекетіне ғана сенетін қалың бұқараны тәрбиелеу процесі осылайша қарқынды жүргізілді.
Қуғын-сүргін саясаты экономикалық науқандар төңірегінде ғана емес, сонымен қатар, ұлтаралық қатынастар саласында да ұйымдастырылды. Тіпті 1926 жылдың өзінде-ақ Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің хатында “… қазақ коммунистеріне еуропалықтармен жақын араласып, оларға жат көңілмен қарамау қажеттілігі” жазылған болатын./ /
7-партия конференциясында солшыл жалаудың тасасына жиі-жиі жасырынатын оңшыл-байшыл ағым делінетінмен “күресуге партия ұйымдарын шақырады, Қазақстанда “оңшыл ағымда Голощекин ауында “Кіші Қазан” төңкерісі қажет” деген пікірге қарсы шыққан С.Сәдуақасов және оның пікірлестері жатқызылды. / / Өңін аударған большевиктік отаршылдардың саясатына ұлт зиялыларының ұстанған бағыты керағар келді де, қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына, ұлттық сана-сезімінің оянуына қазақ зиялыларының қосқан үлесі еленбей, олардың қандай да бір қызметі партия қатарында болуы, “ұлтшылдық,” “жікшілдігі” немесе “оңшылдық” бағытын жалғастыру ретінде түсіндірілді / /. Сондай-ақ, экономист ғалымдардың саяси теоретиктердің ғылыми тұрғыда дәлелді пікірлерінің бәрі назарға ілікпей, 20-жылдардың соңына қарай “Ұлы бетбұрыс” дәлірек айтқанда, сталиндік төңкеріс жасалды. Шаруашылық дамуына аса қолайлы жаңа экономикалық саясат, тарих өзі көрсеткендей, теориялық негізі жасалмаған, тек бірінші хатшының әркімнің теориясына бір сүйенген, қалыптасып келе жатқан әкімшілік-әміршілдік жүйені толық қанағаттандыратын саясатымен алмастырылды. Әлеуметтік өмірдің барлық салаларында жоғарыдан шешіліп, төменгі буын бұлжытпай орындайтын демократиялық халыққа қарсы жүйе қалыптасты.
Сталин өзінің жеке билігіне білімі мен беделі жоғары зиялылар бөгет болады деп, шешіп оларды қуғындап, қалғанын тізе бүктірді. Алдына мақсат етіп қойғанымен, оған асықпай дайындалды. И.Ленин 1928 жылы 19-қазанда БК(б)П Москва комитеті мен Бақылау комиссиясының пленумында сөйлеген сөзінде партия ішіндегі оңшыл оппортунистік ағымның қаупін ашып көрсетуге тырысты. Ол өз сөзінде: “Ол біздің дұшпандарының күшін, капитализмнің күшін жете бағаламайды. Капитализмнің қайта орнау қаупін көрмейді, пролетариат диктатурасы жағдайларындағы тап күресінің тетігіне түсінбейді”, — деп көрсетті. Өткен тарихқа көз жіберсек, Сталиннен басқа оппозицияны ойлап табуды ұнататын ешкім болмағанын көреміз. “Ұлы көсем” оппозиция ұғымы неден үміт күтетінін жақсы түсінді. Ол нағыз оппозицияны елде жоқтығына қарамастан, оларды ойлап шығарды. “Оңшыл және солшыл” ағымдар әр түрлі мағынадағы ревизионистер “одақтар,” “фракциялар” олардың барлығы Сталин үшін “толық және түпкілікті талқандалуы тиіс”.
Партия ішінде “оңшыл” ағымды айыптау науқаны бастапқы кезде баяу өрістегенімен, 1929 жылы қаңтарда В.Лениннің өлуіне 5-жылдығына орай болған жиналыста ашық сипат ала бастады. Сталин сөйлеген сөзінде: “ Біздің партияда Бухарин, Томский, Рыков енген ерекше Бухарин тобы құрылған” деп жария ете бастады. Кейіннен: “БК(б)П оңшыл ағым. 1928-1930 жылдары партия ішіндегі Н.И.Бухарин, А.М.Рыков, М.П.Томский басқарған партияға негізгі қауіп төндіруші болған оппортунистік оңшыл ағымдар енді социалистік индустрализацияланадудың жоғарғы қарқынмен жүргізілуіне, ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды және ұлғайтуды және кулакты тап ретінде жоюға қарсы шықты деп”/ /,- жазды.
Дәл осы кезде Қазақстан Компартиясы ішінде жоғарғы орын нұсқауы бойынша екі дүркін “тазалану ісі” жүзеге асты. 21,2 мың таңдаулы ел азаматтары партиядан аластатылды, айдалды, атылды. Осы кезеңде Н.Ежов: бүкіл қазақ кадрлары, қазақ коммунистері ұлтшылдық ауруымен дімкәстанды, оларды сауықтыру бағытын темірдей ширақ жүргізу керек деген жалау көтерді. Ал И.В.Сталин 1934 жылдың басында өткен БК(б)П-ның XVII съезінде: “Лениншілдікке қарсы топтар, оңшыл уклонистер соққы алды, ыдырады. Ұлтшыл уклонистер талқандалды… Алайда бізге тоқмейлесуге болмайды. Олардың қалдықтары әлі бар…” деп болашақтағы қан-қасаптың нұсқасын сызып беріп еді./ /
1929 жылы Сталин “Ұлы бетбұрыс жылы” деп атады. Себебі, бұл оның өкімет билігін толық өз қолына алған уақыты еді. Ол өзі “оппозиция” деп ойлап шығарған “оңшыл ағым” өкілдері халық арасында беделі биік, Сталинмен салыстырғанда теориялық білім деңгейі өте жоғары сонымен қатар шешен сөйлеу шеберлігін қатар меңгерген саясаткерлер болатын./ / Ал Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троцкизмге айыптауы Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер аударылуына байланысты басталды деуге болады. 1927 жылы БК(б)П-ның ХV съезінде троцкизмді жақтаушылардың партияда болуының мүмкін еместігі жөнінде мәселе қойылғанда, 1928 жылдан бастап БК(б)П-дағы саяси ағым ретінде троцкизмнің өмір сүруін тоқтатқанға дейін Сталин Бухаринді қолдап, оның еңбегін ерекше етіп көрсетіп отырды. Әдейі Бухариннің жеке басының үлкен беделге ие болуына қарсы тұрмады. Ол кезде партия баспасөзінде Сталиннен де Бухарин есімі жиі айтылатын. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу көңілге мүлде қонымсыз еді. Себебі, Қазақстандық саяси қайраткерлер троцкизм тұрмақ, әлі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында С.Сәдуақасов, Сұлтанбеков және Мұстамбаевтар “троцкистік оппозицияның төңірегінде топтасқан негізгі ядро” ретінде айыпталды./ /
Сталин бастаған “оңшыл” ағымға қарсы науқанға пленум, конференцияларда басым дауысқа ие болатын Өлкелік партия хатшылары мен обком хатшылары, атап айтқанда, Эйхе, Кабанов, Постышев, Варейкис, Шверник, Голощекин, Гамарник, Андреев, Катаевичтар зор үлес қосты.Олар өздері басқарып отырған республикалармен облыстарда партияның тапсырмасын асыра орындап, “көсемнің” орталықта жүргізіп жатқан саясатының көшірмесін ұлттық республикалардың күштеп жүргізетін жанды қуыршақтарына айналдырды. Сталин өзінің қолшоқпарларына екі түрлі теріс бағыт орталықта ғана емес, бұрынғы бодан болып келген ұсақ республикада да болуы мүмкін деп айта келіп: “біреуі — біздің кеңестік шаруашылық құрлысымызда ұстайтын жалпы тәсілімізді қолданып, Кеңестер Одағындағы мәдениетті елдерге лайықталған ісімізді мәдениетсіз елдер арасында да бұлжытпай іске асырмақ…, екіншісі — ол жалпы мақсатты ұмытып Кеңестер Одағын жалпы ескермей, өз іштеріндегі мүмкіндіктерді есептеп, социализмге бейімдеуді ұмытып, өз ұлтым жарылқансын, өз елімнің байлығы көбейсін деп сырттан қарағандық. Бұдан ұлтшылдық бет тумақшы деп, жергілікті ұлт республикаларында, “оңшылдық” пен “солшылдыққа” күйрете соққы беру жөнінде бағыт-бағдар берді. Сталинизмнің қасіреті – бір халықтың басына түскен іс емес, ол бүкіл дүние жүзілік коммунистік құрылыстың, кеңес халқының басына түскен ауыр қасірет еді. / /
Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезінде большевиктер Алаш зиялыларына қарсы күресте әр түрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты./ /
ХХ ғасырдың 20-30-жылдардағы репрессиялау науқанында назар аударарлық жағдай – сол кезеңдегі қаулы-қарарларды мерзімді баспасөз беттерінде әр түрлі “шылдықтар.” Ф.Голощекин қазақ зиялыларына “сәдуақасовшылдық,” “қожановшылдық,” “рысқұловшылдық,” “сейфуллиншілдік” тағы басқа “шылдықтар” атын туғызды, оның ұлттық билік басындағы бетке шығарларын қуғындау үшін ойлап тапқан амалы екеніне көзіміз жетіп отыр. Сондай-ақ, осы тұстағы баспасөз бетіндегі көптеген авторлардың мақалаларындағы пайымдаулары нақтылы құжаттар емес, олардың ойдан шығарған жасанды тұжырымдары “Ф.Голощекин және оның төңірегіне топтасқан партия белсенділерінің” “шылдықтарды ойлап тауып, жікшілдік ауруын жасанды түрде қоздырудағы мақсаты: ұлт зиялыларының, жалпы ұлттық позициясын әлсірету әрекеті болатын.
ХХ ғасырдың басындағы Алашорда зиялылары, Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі коммунистік партия қатарында болып, “ұлтшыл,” “оңшыл” атанған ұлттық зиялылар қазақ халқы мүддесі, ізгілік пен әділеттіліктен өзгені мақсат етіп қойған жоқ. Оған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Т.Рысқұлов іспеттес біртуар дарындардың шығармалары білім мен танымның асыл қазынасы болып табылатыны дәлел.
Алаш зиялыларына қарсы күрестің жандануына жоғарыда келтіргеніміздей, 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік “Ақ жол” газетінің ұстанған бағытын айыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жариялағанған мақалаларының бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М.Шоқайдың ойымен “үндес және пікірлес екенін, яғни Алашордашыл ұлтшыл идеяларды жаңғыртатыны” атап көрсетілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбелеуге жібермеу ескертілді. Көп кешікпей-ақ, 1926 жылы болған партия конференциясында Ф.Голощекин басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған ұлттық қозғалысты “реакцияшыл” тіптен, “контрреволюцияшыл” деп бағалады./ /
Ф.Голощекин мұнымен шектелмеді, 1927 жылы Қазақстанда 6- партия конференциясында жаппай жерге орналастыру мөлшерін белгілеуге байланысты орталықтан келген академиялық ғылыми экспедиция басшысы профессор Швецовты және егіншілік халық комиссары Сұлтанбековты “Ә.Бөкейханов басшылығымен” жұмыс істеді деп айыптайды. Осы конференцияда Байтұрсыновқа да “ бізде социализм туралы айтудың қажеті шамалы деп ашықтан-ашық оқушыларды үгіттейді” деп шүйлігеді.
Голощекин Алаш қозғалысы қайраткерлерін сынығанда осы қозғалыстың бас ақыны саналған, үлкен талант иесі М.Жұмабаевты тыс қалдырмады. Оның 1927 жылы 19 тамызда “Еңбекші қазақ” газетінде жарық көрген “Тоқсанның тобы” деген өлеңіндегі ақынның азшылықпен емес, көпшілік халықпен бірге боламын деген пікірін, “Қазақстан еңбекшілері бұқарасының түбегейлі мүддесіне қарсы бұқара ішінде сөздерінің идиологиясын жүргізбекші” деп сынады. Осы конференцияда Голощекин өзінің қанды тырнағына Х.Досмұхамедовты да іліктірді. Қазақстандағы “негізгі марксист Голощекин” алашордашы Досмұхамедов өзін барлық қазақ зиялыларымен шатастырып отыр” деп айыпталды. Осы кезеңде кейбір қазақ партия қайраткерлері де алашордашыларды жөнсіз айыптаулармен шектелмей, партия қатарындағы ұлтжанды қайраткерлерді де қуғындауға жол берді. Олар тіпті “осы ұлтшылдардың жаңа өкілдері алашордашыларға қарағанда қауіпті. Олар қалаларда, жоғары оқу орындарында және ауылдарда өсіп келеді. Тек бұрынғы алашордашылармен алысып, мұны естен шығаруға болмайды” дейді.
Кеңес үкіметінің өлкедегі әр түрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920-жылдардың аяғы мен 1930-жылдардың ортасы болды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталатын болсақ, ол мынадай жағдайға байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тәрбиелеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ зиялыларын айыптап оларға қарсы шабуылды бастады. Соның нәтижесінде 1928 жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері әр түрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов және тағы басқа барлығы 44 адам қуғындалып тұтқындалды.
1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында ұлттық зиялыларының екінші бір тобы (40-қа жуық адам), құрамында Х. және Ж.Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков және өзге де зиялы қауым өкілдер бар тұтқындалды. Көп кешікпей олардың 15-і (Х. және Ж.Досмұхамедовтар, К.Кемеңгеров және басқалары) Ресейдің қара топырақты ауданына жер аударылды. Мұндай іс-әрекеттердің барлығы большевиктердің өздеріне идеялық жағынан қарсылық көрсете алатын зиялылардан құтылу жолы екенін байқатады. Ф.Голощекин басқарған Қазақ өлкелік партия комитетінің басшылығы жіберген дөрекі қателіктермен асыра сілтеушіліктер республикаға 1933 жылдың алғашқа айларында-ақ, Л.Мирзоянның келуімен байланысты ашық айтыла бастады. Жаңа басшы да бұл қателіктерді мойындау қажет екенін түсінді. Л.Мирзоян әлеуметтік салада алдымен, өзіне бұрынғы басшының ақылға сыймаған жетесіз, көрсоқыр шешімдерінің қанды қорытындысы болған ашаршылықтың алапат салдарымен күреске белсене кірісті. Ол панасыз қалған жетімдерді орналасырып, қамқорлыққа алуға мән берді. Бюджеттен бөлінген қаржының жеткіліксіздігін түсініп, жабдықтау халық комиссиаратын балалар үшін азда болса, жарма нан, тоң май бөліп отыруға міндеттейді.
Л.Мирзоян ашаршылық жылдары босқын болып, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғандардың жағдайы туралы 1933 жылы 29 наурызда Сталинге хат жазып, босқыншылыққа ұшыраған қазақтардың 71 ауданды қамтып отырғанын ескере келе, орталықтан бұрын бөлінген азық-түлік жәрдеміне қосымша тағы да 1 миллион пұт бөлуді сұрайды.
Л.Мирзоян жергілікті халыққа жақын болудың басты шарте солардың өз тілінде жұмыс жүргізу деп білді. Сондықтан 1933 жылы 4 сәуірдегі БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің қаулысында іс қағаздары қазақша жүргізілуі тиіс мекемелер тізімі бекітілді. Әлеуметтік саладағы жетістіктердің бірі 1934 жылдың аяғындағы нанды карточкасыз сатуға көшу болды. Республика көлемінде осындай шараларды жүзеге асырғанымен ол өзін қайраткер ретінде қалыптастырған қоғамдық идеология тәрбиесінен асып кете алмады. Соған қарамастан, біраз жылдан соң жазықсыз қаралау етек алғанда Л.Мирзоянның орасан зор күш-жігері, бастаулары большевиктік жүйеден қолдау таппай, сол жүйенің құрбаны болды. Большевиктік тәртіп нығайған сайын, қоғамдық өмірді толық бақылауға алу күшейді. 1930-жылдардың ортасындағы қоғам мүшелеріне қарсы ұйымастырылған қуғын-сүргін репрессия саясатын жаппай халыққа қарсы бағытталған террор деуге болады. Жаппай қуғын-сүргінді ұйымдастыру үшін большевиктер социализм жеңісі күш алған сайын тап күресі шиеленіседі деген тұжырымды желеу етті. Енді жаулардан тазарту процесі кезінде большевиктер неше түрлі “террористік ұйымдардың” бетін ашты. Әртүрлі қыспақ пен қысым жасау нәтижесінде террористік ұйым мүшелері өздерінің күнәларын мойындап шыға келді. Мысалы, 1936 жылы тамызда троцистік-зиновьевтік террористік орталық жөнінде ашық процесс болды. Бұл іс бойынша Г.Е.Зиновьев, Б.Каменев. Г.Е.Евдокимов, барлығы 16 адам жауапқа тартылды. Жауапқа тартылғандарға С.М.Кировты өлтіруді ұйымдастырды және он жүзеге асырды. Сталиннің өміріне қастандық даярлады, диверсия, шпиондық әрекет жасады деген кінәлар тағылды./ /
Жаппай репрессиялаудың күш алу себептері неде? деген заңды сұрақ туады. 30-жылдардың басында елде жүзеге асырылып жатқан реформалар барысындағы құқықтық нормалардың бұрмалануы айыптала бастады. Мысалы, 1932 жылы 25 маусымда Бүкілодақтық Атқару Комитеті (ОАК) мен Халық Комиссарлар Кеңесі “Революциялық заңдылық туралы” қаулы қабылдап құқықтық нормалардың бұрмалануын айыптады. Партияның ХVII съезінде көптеген делегаттар индустрияландырудың өте жоғары қарқынын бәсеңдету, астықты экспорттауды азайту, карточканы жою, қоғамдық- саяси өмірді демократияландыру мәселелерін қойды. Күш алған большевиктік әкімшіл-әміршіл жүйе бұл талаптардың өзіне өте қауіпті екенін сезді. Сондықтан да елдің санасында қорқыныш сезімін ұялату, сөйтіп қарсылық көрсету мүмкіндігінен толық айыру жолы ретінде осы қуғын-сүргін – репрессия саясатын жүргізді./ /
Жаппай 3-ші репрессия толқыны Қазақстанды түгел қамтыды. Ол шетелдік тарихшы Роберт Конквесттің айтуы бойынша “ Үлкен террор” деп атаса, ал оның әріптестері М.Геллер мен Александр Некрич көрсетілген кезеңдегі қырғын өзінің көлемі жөнінен 1930-1934 жылдардағы шаруаларға қарсы геноцид көлемінен төмен екендігін ескеріп, “кәдімгі террор” деп сипаттады. Қалай десек те, осы уақытта Қазақстандықтардың 44 мыңының түрмелерге түсіп, 22 мыңының атылып кеткені белгілі./ /
Төртінші кезең, 1940 –1945 жылдар мен 50-ші жылдардың аралығын қамтиды. Бұл кезде 350 мыңнан астам боздақтар орыс-герман арасында соғыста қаза болды. Олар негізінен ұрпақтарды одан әрі жалғастырар қайратты буын болатын. Осылардан қазақ халқының саны азайды. Ұлттар арасындағы алар салмағы кеміді. 50-ші жылдары одақта “космополитизмге” батыс мәдениетін дәріптеушілікке қарсы күрес дегенді бетке ұстап, баспасөзде зиялылардың көптеген зиялының жекелегеннің еңбектеріне қатаң беріліп, ұлттық тарихи мәдениетіміздің өркендеуіне кері әсерін тигізді. Сайып келгенде, ХХ ғасырдың 20-жылдарының басынан басталып, 50-ші жылдардың бас шамасында аяқталған 30 жылдық төтенше төнген нәубет, халық тұрмысымен, психологиясымен санаспай отыра басшылық етудің, қуғын-сүргінге ұшыратудың нәтижесінде 4 миллион 175 мың қазақ жамағаты құрбан болды, жер аударылды. Осы кезең тарихымыздағы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан” да асып түсті.
Бірақ осы аталған репрессия толқындары ішінде сталиндік қуғын-сүргін көлемінің әлі де нақты анықтала қоймағандығын ескере отырып, қазіргі қолда бар деректерге көңіл аударсақ, осының өзінен-ақ, сталинизмнің осы 1937-1938 жылдардығы қазақ халқына қарсы жасаған қылмыс ауқымының аса ауыр болғанын байқаймыз. Егер 1920 жылдан 1950 жылға дейін саяси қудаланғандар саны республикада 103 мың адам болса, КСРО КГБ 1990 жылғы мәліметтері бойынша 1921-1953 жылдарға “контрреволюциялық және мемлекеттік қылмыскерлер” деген жаламен жазаланғандардың ең көп саны 1937-1938 жылдарға келеді, пайыздық үлесі — 87 %. Бірақ соңғы кезеңде М.Қ.Қозыбаев 1999 жылы сәуірде шығарған “Книга скорби – Азалы кітаптың” екінші шығарылымында бұл сан 116 мың адамды қамтыды. Соның ішінде 1937-1938 жылдары “халық жауларымен” күресте, жазаланғандар шамамен жалпы санының жартысына жуығын қамтиды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мұрағаттары көрсетіп берген мәліметтері бойынша Алматы облысы бойынша ғана 1936 жылдың қазан айының бірінші күнінен 1938 жылдың шілде айының біріне дейінгі аралықта 29 әр түрлі “контрреволюциялық ұйымдасулар мен шетел барлау” өкілдері құрамында 3700 адамы бар ұйымдастырылған./ / Ал 1938 жылдың 25-28 ақпан үш күнінде ҚазССР Жоғарғы Сотының Әскери коллегиясының жылжымалы сессиясы 100-ден аса іс қарап, бірнеше ондаған адамды атуға бұйырған, оның ішінде ҚазССР прокуроры С.Есқараев бар. Ал Қазақстан бойынша 1937 жылдың екінші жартысында №00447 бұйрығы бойынша және 1937 жылдың 5-30 тамыз аралығындағы операция бойынша 22 804 адам репрессияға ұшыраған. Ал соның ішінде 1936 жылдың 1 қыркүйек пен 1938 жыл аралығында Қазақстанның 60 қаласы бойынша 30 154 адам атуға, 5642 адам түрмеге отыруға бұйырғаны жөнінде В.Ульрих Лаврентий Берийге берген есебінде баяндаған./ /
Әрине, одақ көлеміндегі қасіретпен салыстырғанда Қазақстан мемлекетінің көрсеткіші көп төмен болып көрінуі заңды. Мысалы, Роберт Конквест 1937 жылы қаңтарда кеңес сталиндік қуғын-сүргіннен қамалғандар 5 миллион адам болса, 1938 жылдың желтоқсанына дейін тағы да 7 миллионға жуық адам қамалғанын, ал шығынға келер болсақ, тек Ежов басқарған жазалау науқанында ғана (1937 ж. қаңтар – 1938 ж. желтоқсан) 1 миллионға тарта адам атылып, тұтқында 2 миллиондай адам өлгенін айтады. Тарихшының мәліметіне қарағанда, 1950 жылға дейін Колыманың бір өзінде ғана өлгендер 3 миллионнан кем емес. Сонымен қатар, Александр Солженицин 1939 жылдың 1 қаңтарына дейін одақ бойынша 1 миллион 70 мың адамның атылғанын атап көрсететінін айта кеткен жөн. Оның пікірінше, сталиндік қуғын-сүргін жылдарында түрмелер мен лагерлерде отырғандар сандары 12-15 миллион адам болып табылады.//
Дегенмен де, Қазақстандағы сталиндік қасіретті одақтық көрсеткіштермен емес, өзімізге этникалық жақын, көрші республикалармен салыстыра қарастырсақ, біздей адам шығынының тым көп екендігін байқар едік. Мұны белгілі демограф Мақаш Тәтімов дөп басып, төмендегідей сипаттап жазған еді: “рулық тайпалық санадан әлі арыла қоймаған халқымыз бұл жолы да басқа туысқан халықтарға қарағанда шығындар мен қудалауға көп ұшырады. Мысалы, 1937-1938 жылдарда нақаққа ұшырағандар саны пайызға шаққанда қазақтарға өзбектерге қарағанда үш есе көп болған”./ /
Иә, қалай десек те, қасірет көлемі аз емес және КСРО құрамындағы Қазақстан сияқты отар елге ол үлкен соққы болып тиді. Бір жағынан орталықтағыдай партияны “тазалау”, экономика саласындағы кемшіліктерді “халық жауларынан” іздеу саясаты қолданылса, екінші жағынан ҚазССР РСФСР-дің құрамындағы мемлекет ретінде отарлау саясатының жалғасын көрді. Бұл жылдары сталиндік қуғын-сүргін қоғамның барлық бөлігі тіптен, барлық әлеуметтік топты қамтыды.
2-тарау. Қазақстандағы 1937-1938 жылғы репрессия және тарихи салдарлары
2.1. Қазақстандағы 1937-1938 жылғы репрессияның жүргізілуі, барысы және ерекшеліктері
1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін шаралары бірден ала қойған жоқ. 1920 жылдан бастап әлеуметтік күштеудің мемлекеттік механизмі мен социалистік құрылымға қарсы пікір білдірушілерге қарсы террордың тәжірибесі негізделе бастады. 1930 жылдың екінші жартысында қоғамды қайта құру мен саяси, экономикалық және әлеуметтік мәдени мәселелердің шешімдерін пайдаланып, кеңестік күштеу жүйесін пайдалану өзінің кемеліне жетті. “Үлкен террор” ол заңды логикалық процесс механизмі болды. Бірақ кеңес халқына қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін бір дүркін түрде емес, толқынды сипатта жүрді. Ал 1937-1938 жылдардағы жүргізілген қуғын-сүргін науқандары кең ауқымды әлеуметтік топты қамтыды. Мемлекетте қалыптасқан жағдайға байланысты осы қуғын-сүргін шараларына қарсы қозғалыстың болмауынан немесе осы сияқты процесстердің болмауынан 1937-1938 жылы үлкен террор саясатын жүзеге асырды.
1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін саясатына даярлық 1920 жылдардың ортасынан басталды. 1920 жылдың ортасына дейін ауыл шаруашылығына зиян келтіруші жәндіктер мен жануарларға қолданылған “зиянкес” сөзі 1925 жылдан бастап саяси мәнде айтылып, қуғын-сүргін тұсындағы айыптау процесстерінде, әсіресе ОГПУ коллегиясында 1934 жылға дейін жиі пайдаланылды. Алайда, Қылмыстық Кодекске енбей қалып, ал оның орнына Қылмыстық Кодекстің “контрреволюциялық бүлік және мемлекетті, өндірісті бүлдіру” деген 58-14, 58-7 баптары дүниеге келді. 1935-1938 жылдар арасындағы И.Сталин бастаған шағын арандатушы саяси топтың өзінің туған халқына қарсы жасаған аса ауқымды қылмысы заң қорғау органдары саяси қуғын-сүргін жүйесін қалыптастырып, арнайы қабылданған қаулы-қарарлар, нормативтік актілер арқылы репрессияның заңдық негізі жасалды. Бұл арқылы белгіленген немесе жасырын дұшпандар нақты таңбаланған – “ұлтшыл,” “алашордашыл,” “троцкист-зиновьевшіл”, — деген саяси атқа ие болды. Кейіннен “дүнгендер” тобына “фашистер”, “шпиондар”, “барлаушылар” мен “диверсанттар”, сонымен қатар бүлікшілер де қосылды. Осымен бірге, “жайбарақат элементтердің,” “ашық ауыздың” және “шіріген либералистердің” өмірін оқыту әдістері де анықталды. Бұдан кейінгі “дұшпандар” шеңберінің кеңеюі ішкі және сыртқы саяси факторлардың әсеріне байланыстырылып, 1937 жылдың өн бойында “троцкистер мен басқа екі жүзділер,” “троцистік-зиновьевтік фашист-бандиттер,” “азғырушылар” болып кете береді.//
1934 жылы 1 тамыздағы Орталық Атқару Комитетінің қаулысында төлқұжатсыз азаматтарды 2 жыл мерзіммен бас бостандығынан айыру” мәселесі айтылып, нәтижесінде сотталғандардың саны арта түскен. 1935 жылы 5 қаңтарда Қазақ Өлкелік БК(б)П Комитетінің бюросы отырысында “Большевик Казахстана” басылымындағы “Оппортунистік галиматья (1934 жылы 30 желтоқсандағы санында жарияланған) деген мақаласында “партияға қарсы мәні” талқыланып, редколлегия мүшелері ауыстырылады. Аталған мақаланы әшкерелеп, баспасөзге жариялау ісі Кабулов, Савинский және Верховский деген азаматтарға тапсырылған.//
Нәтижесінде, бірін-бірі “қаралап, даттайтын” мақалалар легі баспасөз беттерінен көріне бастайды. Қазақ баспасөзінде қазақ оқығандарының бірін-бірі жазықсыз қаралаған “ғылыми” мақалалары қаптап кетті.
Жазықсыз қаралаған мақалалар қазақ зиялыларының алауыздығын тумаса керек-ті. Оның мәнін ұлттық сананы әлсіреткен “айдап салу саясатының қуаттылығына” іздеу қажет секілді. Егер де олар алауыз болса, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары, “қазақ идеясын” ту еткен Алашорда партиясының астында бірікпеген болар еді ғой. Ел ішіне іріткі салған қуғын-сүргін саясатының жалпылама бағыт алу себептерінің мәнін аша түскенде ғана жаңсақ пікірлерден аулақ боламыз.
1934 жылғы 1 желтоқсандағы С.М.Кировқа жасалған қастандықтан соң, қуғын-сүргін шаралары асқына түседі. Бұл шарықтау Ленинградтағы “Мәскеу ісімен” басталып, бүкіл елдегідей Қазақстанның түкпіріндегі ауылына дейінгі аралықты шарпыды. Қоғам ішінен үздіксіз жаулар іздеуді мақсат еткен бір жақты көзқарас баспасөз бетінде жаңа науқанды бастап берді. Бұл идеологиялық бастама жауларды тек қоғамнан іздестіруімен шектелмей, әрбір отбасынан іздеуге жұмылдырылды. Соның жантүршігерлік бір көрінісі “Шахта процесінде айыпталғандардың 12 жасар баласының өз әкесін атып тастауды” газет бетіне өтініп жазуы еді.
1934 жылдан бастап Ішкі Істер Халық Комиссариаты жанындағы Ерекше Мәжіліс қызметі күшейіп, адам айтса сенімсіз айыптаулар логикаға ешқандай қиыспайтын “айғақтар” арқылы қуғын-сүргіннің көлемі ұлғая түсті. Түрмелер мен лагерь, колонияларда С.М.Кировқа қастандық жасады деп сотталғандарды “Кировский набор немесе Кировский поток” деп атаған. Қазақстанның түкпір-түкпірінде де С.М.Кировтың өліміне де “кінәлілер” іздестірілді./ /
“Мәскеу ісі” деп аталатын процесстердің алғашқысы 1936 жылы 19-23 тамызда әскери судья Ульрихтің төрағалық етуімен болып өткен Зиновьев-Каменев процесі еді. Онда троцкийшілдер мен Зиновьев-Каменев тобының 1932 жылдың соңынын бастап келісімдер жүргізу нәтижесінде ымыраға келіп, біріккен одақ жасағаны, осылайша пайда болған біріккен орталыққа Зиновьевшілдерден – Зиновьевтің, Каменевтің, Бакаевтің, Евдокимовтың, Куклиннің, ал троцкийшілдерден – Смирновтың, Мрачковскийдің және Тер-Ваганянның енгені және бұл орталықтың БК(б)П басшыларын, алғашқы кезде Сталинді және Кировты өлтіруді өздеріне басты міндет етіп қойғандары “әшкереленді”.//
Процесс басталар алдында, 1936 жылдың 29 шілдесінде осы мәселеге байланысты төменгі партия комитеттеріне БК(б)П Орталық Комитеті жолдаған жабық хатқа И.Сталин өз қолымен мынадай жолдар жазған: “Бірақ троцкистік-зиновьевтік орталық тек жолдас Сталинді өлтіруді ұйымдастырумен ғана шектеліп қойған шектеліп қойған жоқ, ол басқа партия басшыларын – Ворошиловты, Кагановичті, Орджоникидзені, Ждановты, Косиорды, Постышевті бір мезгілде өлтіруді өзінің міндеті етіп қойды”.//
Процесстің алдында-ақ күштеу және қысым жасау жолымен сағы сындырылған “террористік орталық” мүшелері өздерінің “кінәларын” бас шұлғып мойындады./ / Әр түрлі деңгейдегі партия ұйымдары осы мәселені талқылау мақсатында жоғарыдан жаппай қуғын-сүргін саясаты тұсында көптеген жазықсыз жандардың жазаға тартылуына да сылтау болды. Жер-жерден Зиновьев-Троцкишіл оппозицияның сүмелектерін іздестіру науқаны қарқынды басталады. Мәселен, темір жол транспортында контрреволюциялық пиғылдар көп. Мәселен, 1935 жылы ақпан айында Әулие-ата бекетінің әскери училище бөлімінде революция көсемдерінің портреттерін атқылаған контрреволюциялық іс-әрекеті ашылған. Ал Алматы депосының жүн цехының жұмысшылары жиылысында Перко деген азамат Лениннің портретіне жұдырығын түйген… Осындай іс-әрекеттер транспортта Кеңес үкіметінің шын жауларының көп екендігін көрсетеді” деген сипаттағы әңгімелер мұрағаттары партия құжаттарынан өте жиі кездеседі. Нәтижесінде жоғарыдан “контрреволюциялық іс-әрекеті бұзақылықпен шатастыруға болмайды,” – деген бұйрық келіп, кез-келген болмашы істерге саяси мән беріліп, қуғын-сүргін жалпылама бағыт алды. Түркісіб, Омбы, Орынбор теміржолдары, Рубцовка-Усть-Каменегорск құрылысы, қазақ теміржол құрылысы және паровоз, вагон деполарының бекеттерінің, Ленгер-Шымкент құрылысы партия ұйымдарын “Зиновьевшіл контрреволюциялық элементтермен күресу шараларын шұғыл қолдану” тапсырылды.// Осылайша С.М.Киров өлімі сан мыңдаған жазықсыз адамдардың басына қасірет әкелді.
1936 жылы 26 шілдеде БК(б)П Орталық Комитетінің Қазақ Өлкелік БК(б)П Орталық Комитетіне “Троцкишіл-Зиновьевшіл контрреволюциялық блоктың террористік іс-әрекеті туралы” жалған хат жолдап, онда Қазақстанда жұмыс жасаған Рейнгольд пен Мрачковскийдің жоғарыда аталған, “блоктың” белсенді ұйымдастырушылары болғандығы, осыған орай, Қазақстандағы әр түрлі деңгейдегі партия ұйымдарында әсіресе, жетекші кадрлар арасында, халық жауы атанған тұлғаларға партия мүшесі болса да аяшылық жасамау қажеттілігі ескертіледі.
Партия құжаттарын тексеру қорытындысы 1936 жылы 26-30 қаңтар аралығында өткізілген. Комитет пленумында талқыланып, партия қатарынан 21,5 пайыз адамның шығарылғандығы анықталды. 1937 жылдың ортасында Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында 121 адам болса, осы жылдың аяғына таман 68 адам ғана қалады. 1921 жылғы бірінші “тазартуда” Қазақстанда 2,1 мың адам, ал 1929-1930 жылдары 5,8 мың адам, 1935 жылы 15,4 мың адам, ал 1937-1938 жылдары 9223 адам партия қатарынан шығарылған.//
1936-1937 жылдары БК(б)П Жоғарғы органдарынан бастап бастауыш партия ұйымдарына дейінгі аралықтағы сыннан өткен партиялық “алтын қорлары” кадрларына ауыз салынды. 1936-1938 жылдар арасында партиялық құжаттарды тексеру барысында және әр түрлі жағдайлармен, бүкіл партия бойынша айыптағанның өзінде, тек қана Қазақстан Компартия көлемінде 25 833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-і “халық жаулары” ретінде айыпталды.//
Тіпті, 1934 жылдың өзінде өткен партияның ХVII съезін “атылғандар” съезі деуге болады. Себебі, осы съезге қатысқан 1961 съез делегаттарының 139 Орталық Комитеттің мүшесі мен мүшелігіне кандидаттардың 98 атылған, яғни 70 пайызы.
Мұндай жағдай Қазақстанда да қайталанды. 1937 жылы 5-12 маусым айында өткен Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші съезі Орталық Комитетте 85 мүше және 35 мүшелікке кандидатар, тексеру коммисиясына 11 мүше сайлады. Олардың көбі репрессияға ұшырады.Орталық Комитет мүшелері мен мүшелікке кандитаттарға тағылған кінәлар Орталық Комитет пленумдары мен бюро отырысында қаралмады. 1937 жылы 26 қазандағы үшінші Пленум отырысында, бірінші съезден кейін өткен төрт айдан соң, сайланған 131 адамнан 68 ғана қалды, яғни 48 пайызы айыпталған.
Нәтижесінде партия жетекшілері мен кеңестік қызметкерлер жаппай жұмыстан шығарылып, 1936-1938 жылдар аралығында республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі партия хатшылары мен кеңес төрағалары жаппай қамауға алынды. 1936 жылы Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Батыс Қазақстан облыстық комитеттері партия құжаттарын ауыстыру ісінің қорытындысын мәлімдегені үшін Орталық Комитет бюросында арнайы қаралады. Осы жолы азаматтар тарапынан арыз-шағымдардың жиілеуі себебінен, республика прокуроры Есқараевқа 1 ай ішінде прокуратура, сот орындарында жиналған барлық арыздарды қарап, аяқтау ісі тапсырылып, болашақта шағым хатардың жиналмауын қадағалау қажеттілігі бұйырылады. Қылмыстық істердің заңсыз негізде қозғалу себебінен, арыз-шағымдардың көп жазылуы партия саясатын жүргізушілерді ойландырмаған. Тек қана бір-біріне қайшы келетін қаулылар үздіксіз жарияланып, қуғын-сүргін шараларын жеделдеткен.//
Партияны “тазарту” науқаны шын мәнісінде партияның беделін түсірді. Орталық Комитетінің талаптарына сәйкес құрылған тексеруші үштіктер барлық өңірлерде орталыққа “қала мен ауылдағы партия ұйымдарын тексеру мен тазарту” туралы мәлімдемелерді үсті-үстіне жіберіп жатты. Тексеру мақсанына сәйкес құрылған сұрақтар мазмұны өте таяз, күлкілі екендігін де айта кету қажет. Мысалы, “Туыстарың құдайға сене ме?, Бухарин, Троцкий туралы не ойлайсың?”… – Германия мен Жапония КСРО-ға неге шпион жібереді? — Шетелдік мемелекеттер арасында шпиондар жіберіле ме? — Қазақстанда Алашорда ұйымын жандандыратын шпиондар бар ма? — Шпион-диверсиялық жұмыстың қандай ашық түрлері бар? – Неге шетелдік барлау КСРО-ға шпиондар көп жібереді?// деген мазмұндағы сауалдар рухани жұтандық пен саяси сауатсыздықты көрсетсе керек.
Тіпті, орталықта не болып жатқанын білмейтіндер, тағылған айыптардың еш дәлелсіздігіне қарамай жазаланды. Мәселен, 1938 жылы 27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрамдық бес азамат “Киров жолдасқа қастандық жасаушылармен ауыз жаласқан саяси қызметкерлер” болып шығады. Жауап алу барысында Сайрамда “буржуазияшыл-ұлтшыл топтың” 12 мүшесі анықталып, ол топ “облыстық ұйыммен,” облыс “респубикалық топпен байланысты,” ал олардың барлығы “Мәскеумен тоғысты” деген қорытынды жасалады және үштіктің шешімімен “қылмыскерлер” атылады.
Батыс әлемінде “ұлы тазарту,” “сталиндік тазарту” деген атпен белгілі. Жан Россидің айтуынша 1,5 миллион адам жаппай жүргізілген жабық процесстерде ату жазасына кесілген. Сонымен қатар, “контрреволюциялық іс-әрекет үшін” сотталғандарға 1935 жылға дейінгі сақталынып келген жеңілдіктер жойылады. “Ұлы тазарту” құрбандары арасында “За что боролся, на то напоролся,” – деген сөз кеңінен тараған.//
Кеңес өкіметін орнатуға атсалысқан большевиктер де, кейін кеңестік құрылысқа тартылғандар да өздері сенім артқан мемлекет тарапынан жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. 1935 жылы Ішкі Істер Халық Комиссариаты “контрреволюциялық іс-әрекеті үшін” сотталғандарға жазаларын өтегеннен кейін де тұрғылықты жерді өз еркімен таңдауға тыйым салды. Кез-келген “саяси қылмысы” үшін айыпталғандар “аса қауіпті рецидивист” атанған. РСФСР Қылмыстық Кодекстің 58-бабының бөлімдері ішінде, 10-бөлім ғана (кеңес үкіметі әлсірету үшін үгіт жүргізу) “залалсыз” болған. Себебі, аталмыш бап 8-10 жыл мерзімінен бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Ал 58-баптың қалған бөлімдері адамдар үшін аса қауіпті болды.//
Репрессияланғандар екі категорияға бөлінді. Біріншісіне, билік басындағылардың пікірі бойынша “барынша дұшпандық” көзқарастағы анти кеңестік элементтер жатқызылып, оларға ату жазасы қолданылса, екінші категориядағы осындай элементтер бәлкім, қауіпсіздеу деп есептелінгендіктен болар лагерьлер мен түрмелерде 8-10 жылға дейін, кей жағдайда 25 жылға бас бостандығынан айрылды. Орталық Комитет бюросының шешімімен республика бойынша бірінші категорияда “бекітілген жоспар” 2 мың адам болып белгіленді, мұның өзі Орталық бұдан белгіленген 1925 адамның “нормадан” асып түсті. Тиісінше 275 және 350 адамның “қосымша резерв” те қарастырылып қойды. ОҚО бойынша бірінші категориядағы 150 адамның саны өзгертілмей, екінші категориядағылардың саны жоспардағыдан жүзге кемітіліп – 300 адам болып белгіленді. Соңынан республика бойынша репрессияға ұшырағандардың саны бірінші категориядағылар 600 адамға, екіншісіндегілер 1000 адамнан асып кетті.//
1937 жылы 16 қаңтарда өткен Қазақ Өлкелік Комитетінің VII Пленумы партия құжаттарын айырбастау қорытындысы мен партия ұйымының кезекті міндеттерін қарастырып, “халық жауларының көбін анықтап, партия қатарынан шығаруымыз бізді ешбір тыныштандырмау керек, большевиктік қырағылықты өте жоғары көтеру керек, әрбір коммунист троцистік-зиновьевтік жауларды фашистер агенттерін, контрревлюциялық ұлтшылдарды әшкерелей білу керек” деп шешті. Бұл шешім баспасөз беттерінде кеңінен насихатталып, халық жауларына қарсы күресті күшейтуге барлық коммунистердің жұмылуын талап етті. Сөйтіп, Одақ көлеміндегі бұл қуғын-сүргін саясаты республикаларды, олардың аудан, ауыл – селоларын да қамтыды./ /
Әрбір республикаларда, Ішкі Істер Халық Комиссариаты нұсқалары бойынша облыстық бөлімдер құрылған. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы контрреволюциялық ұйымды Колинбаев, Ақтөбе облысы бойынша Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары Қожахмет Жұмағат; Алматы облысы бойынша — Молдажанов пен Құрамысов, Шығыс Қазақстан бойынша – Сырғабеков, Қарағандыда – Көшкінов басшылық жасады деген өрмекші ұясының буындық тіндеріндей жүйе құрып алды.//
Кейін халық жауларын түсті металлургиядан, темір жол транспортынан, жер халкомынан, байланыс халкомынан және тағы басқа жерлерден анықтап жауапқа тарта бастады. Партия кеңес қайраткерлерінің тізімін Н.Нұрмақов (БОАК резидиумыныңң жауапты қызметкерлері), Т.Рысқұлов (РСФСР Халық Кеңес Комиссариаты орынбасары) Мәскеуде ұсталып бастағаннан кейін ол тізімді Қарағанды Облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Н.Нұрсейітов жалғастырды. Өлкенің партия және кеңес қызметкерлерін айыптап жауапқа тарту шаралары нәтижесінде көрнекті қайраткерлер: К.Сарымолдаев, Ұ.Құлыметов, Г.Тоғжанов, А.Лекеров, А.Розыбакиев, И.Құрамысов және тағы басқалар ұсталып, ату жазасына немесе лагерьлерге ұзақ мерзімге айдалды. Мәскеу процестері 1937 жылы Қазақстанды да “халық жауларына” арналған сот процестерін ұйымдастыруға түрткі болды. Қазақстанда бір жыл ішінде үш іс қарастырылды. Олар Үржар, Пресновка және Қарағандыдағы “контрреволюциялық ұлтшыл-фашистік залалдық ұйымдардың” істері болды.
Ең алғашқы және ірі іс Қарағандыдағы сотта қаралды. Ондағы айыптаушылар тізімінде округтік партия ұйымының хатшысы М.Гатауллин, А.Асылбеков, Н.Нұрсейітов болды. Олардың негізгі кінәсі – батылдылығы мен принципшілдігі. Сонымен қатар, Гатауллин 1932 жылы Ф.Голощекинге жазылған “Бесеудің хаты” авторларының біреуі болып табылады. Олар 1937 жылы қарашада өткен сот процесстерінде өздерінің Мәскеудегі “троцистік орталықпен қалай байланыс орнатып, олардың тапсырмасын Қазақстанда қалай жүзеге асырғандарын” әңгімелейді. А.Асылбеков Мәскеуде қызмет ететін Н.Нұрмақовтың пәтерінде болған кездесуде оның өзіне “партиялық және кеңестік аппаратқа кеңес үкіметімен күрес жүргізуге дайын, сыннан өткен ұлтшылдарды тартуды, оларды кеңеске қарсы ұйымдарға тарту керектігін және зиянкестік жұмыстарды кеңінен жүргізу қажет екенін” тапсырды деп мойындады. Осындай “қаскүнем” мақсатты көздеген олар жауапты жұмыстарға “алашордашылардың ұлтшыл фашистерін орналастырған”. Сондай-ақ, осы сот процесінде дәл осындай “тапсырмаларды” Қарағандылық басшылардың Сәкен Сейфуллиннен және Жанайдар Сәдуақасовтан алғандары да айтылады.//
1938 жылдың 26 қаңтарында Қарағандыда озат шахтерлердің тобын соттады. Олардың ішінде №1 шахтаның меңгерушісі М.Малютин, учаскенің басшысы Я.Назаров, машинист В.Гребцов, Поддубный, жұмысшы Сердюк және тағы басқалар. Оларға контрреволюциялық ұжымдардың мүшелері бола тұра шахталарда диверсиялық- зиянкестік жұмыстар жүргізгені үшін айып тағылды. ІІХК “үштігінің” шешімі бойынша Қарағанды облысы бойынша 1938 жылдың 14 ақпанында олар жазалаудың ең жоғары шарасы – негізсіз ату жазасына кесілді./м/
Осындай “қаскүнем” мақсатты көздеген олар, Гатауллиннің соттағы “мойындауынша”, 1934 жылы Қарқаралы округі жаңадан ұйымдастырылғанда жауапты жұмыстарға “алашордашыларды, қазақ ұлтшыл фашистерін”, ал Асылбековтың “мойындауынша”, ұлтшыл көңіл-күйдегілерді алған және орналастырған.
Дәл осындай жұмыстар Ұ.Ж.Құлымбетов пен О.Қ.Жандосовтан арнайы нұсқаулар алған Үржар ауданында да жүргізілген. Жергілікті аудандық деңгейдегі басшылар Матжанав, Мадалиев, Бекебаев осындай контрреволюциялық-троцкистік ұйым “құрып”, оған аудандағы колхоз басқармалары төрағаларын, ауылдық кеңес төрағалары Ғайсинді, Құлжабаевты, Жүнісовты, Ыдырысовты, Қалышевті, Батқаловты тартан. Ал, Солтүстік Қазақстанның Преснов ауданындағы осындай ұйым жұмысына Конюхов және Қанаровтар “жетекшілік” жасаған.
“Жапон-герман фашизмі асырандылары” деген сипаттама алған бұл сот процестерінде айыпталушылардың өздері “мойындаған” қылмыстары төмендегідей: олар саналы түрде колхоздарды таратқан, адал адамдарға қарсы қастандықтар ұйымдастырып, оларды тұтқындаған, ұрып-соққан. Колхоздардың мал. Фермаларын таратып, олардағы малдарды жекешелерге үлестірген. Дамудағы капиталистік жолына түсуге шақырған. Егіншілікті күйреткен. Әлі піспеген көк бидайды жинауды бұйырған, ал пісіп жетілген астықты оруда тиым салған. Нәтижесінде піскен астық балада шашылып қалған. Колхоздар малдарына жұқпалы ауруларды әдейі жұқтырған. Мемлекетке астық тапсыруды болдырмай тастау үшін жолдарды бүлдіріп, көпірлерді қиратқан. Егістіке әдейі су қаптатқан немесе су бермей он кептіріп жіберген. Жиналған жем-шөпті қасақана жаңбыр астында қалдырып, шіріткен, колхоздың қоңды малына жемшөп бергіздірмей қойған. Сонымен қатар олар колхозшылардан материалдық көмектер синап, қасақана оларды қанаған.
Осынау ішкі істер органдары ойдан шығарған жантүршігерлік “қылмыстар” сот процестерінде “нақты деректермен” бекітілген. Мысалы, жоғарыдағыдай “жүгенсіздік” нәтижесінде, 1935-1936 жылдары Қарқаралы округінде 52000 бас мал жойылып, ал тек 1936 жылдың өзінде ғана Қарқаралы және Қоңырат аудандарында 7000-дай мал эпизоотиядан қырылған.
Ал Преснов ауданындағы процесс осындай қаскүнемдік нәтижесінде тек бір ғана “Путь к коммунизму” колхозында 70 бас жұмыс жылқысынан 58 басы қырылғанын атап көрсетті. Сондай-ақ Қарқаралы округ інде 1936 жылы елден 400 мың сом салықтан заңсыз жиналғаны, машина, тракторлардың әдейі зиянкестікпен қиратылғаны әңгіме болды. Куәлардың айтуы бойынша, “Асылбековтың бандасы” ТОЗ-дарды артельдерге көшіруді әдейі кешіктірген. Қарағанды процесі олардың Сұлтанбеков арқылы Троцкиймен, Зиновьевпен және Мураловпен байланыстар орнатқанын “анықтады”.
Айыптауларды “әшкерелеу” жұмысын халық жауы болып кеткен Л.И.Мирзоянның орнына бірінші хатшы болған, бұрынғы екінші хатшы Н.Скворцов Қазақстан КК(б) ІІ-нің екінші съезіндегі есепті баяндамасында қорытындылады. “Сіздер, деді ол делегаттарға, — Мирзоян бастаған, Қазақстанда өмір сүрген оңшыл-троцкистік және ұлтшыл-фашистік ұйымның өзінің контрреволюциялық жұмысына көптеген жетекші пария қызметкерлерін, оның ішінде обком дар және КК(б) П ОК аппараттары қызметкерлерін таратқанын білесіздер Бұл бандаларды талқандауды, әшкерелеуді біздің жұмыстағы үлкен табыс ретінде бағаламауға болмайды”
Жаппай және кең ауқымды жазалау шараларының басталуына белгі ретінде БК(б)П Орталық Комитетінің 1937 жылдың 2 шілдесіндегі шешімі мен осыдан кейінгі, шұғыл түрдегі Ішкі Істер Халкомы Ежовтың қол қойылған №00447 бұйрықты айтуға болады, бұл арқылы 268 950 адамды репрессияға ұшыратып, оның 75 950 ату жазасына кесу көзделді./ /
Қазақстандағы жаппай қуғын-сүргін науқаны 1937 жылы БК(б)П ОК ақпан-наурыз Пленумынан кейін өрескел сипат ала басталды. Бұған И.Сталиннің “троцкишілдерді және басқа да екіжүзділерді жою барысындағы партия жұмысының кемшіліктері мен оларды жою шаралары туралы” баяндамасы негіз болды. Соның ішінде 5 наурызда айтылған Қазақстанда ОК хатшысы болып сайланған Л.Мирзоян өзінің соңынан бұрын жұмыс жасаған Әзірбайжаннан және Оралдан өзінің отыз-қырық адамдарын алып келіп, оларға жауапты қызметтерді сеніп тапсырды… Мирзоянның өз артелі бар” –деп келетін Сталин аузынан шыққан қате қатерлі тезис өздерінің қара ниетін саясатпен білдірген бояп шебер шолақ белсенділерге тыңнан қуат берді. Әсіресе, троцкистерге қарсы күресте қазір ескі әдістер-дискуссия әдістері керек емес, жаңа әдістер түп-тамырын құрту, талқандау әдістері керек” / / екендігі олардың жандарына майдай жақты. Сондықтан, 1937 жылдың көктемінен бастап өлкедегі жаулар мен тыңшыларды табу науқаны шапшаң дамыды. Өз уақтының қайраткері ретінде әрі жоғарыдағы Пленумда қатты соққы алған Мирзоянда өзінің зиянкестерді, тыңшыларды, диверсанттарды әшкерелеуге қол жеткізген табыстары жөнінде Сталинге есеп беріп отырды.//
Өкінішке орай, жергілікті белсенділердің, тұғырдан таймауға тырысқан жандайшаптар мен жалған әшкерелеулерінің ардан безгені, елді қуғындауға құныққаны соншалық, орталыққа “халық жаулары” деп екіленді, олардың “тамырына” қол салды, басқаны былай қойғанда бейкүнә туған-туысқандарына, жерлестеріне құрық тастады және оларды да оп-оңай “халық жауы” деп жарияланды. Бұларға жаулықты үйреткен жоғырада қызметте болған жерлестері деп жала жабуда алдарына жан салмады./ /
1937 жыл қуғын-сүргіннің шыңына жеткен жыл еді. Жоғарғы сот органдары тек арнайы берілген міндеттерді орындап қана қоймай, әр түрлі мәліметпен қамтамасыз ету тиіс болды. 1937 жылы 29 қаңтарда КСРО ЮХК-ты ҚазКСР ЮХК мен Жоғарғы соттың Қазақ бөлімінің төрағасына, 1936 жылғы 13 желтоқсандағы қаулысы бойынша “Жоғарғы Сот төрағаларымен сот басшылары біздерге сот органдары жұмысымен байланысты маңызды фактілерді жасақтап, арнайы мәліметтерді берулері тиіс еді. Бірақ сіздерден ешқандай мәлімет түспеді. Сіздер біздерге жеткізетін мәлімет жоқ деп айту, әрине мүмкін қойылған жедел хатты жолдаған емес. Сіздер қылмыстық немесе азаматтық істерге байланысты сот процестері туралы хабарлауларыңыз және жергілікті жерлерде сот жұмыстары туралы қаулыларын, баспасөз беттерін айтуларыңыз тиіс. Мені дер кезінде ақпараттармен жасақтап отырыңыз. Сізден осы уақытқа дейін бірде-бір хабар келмеді”/ / деп Крыленконың қолы қойылды.
Сол жылдың 14 ақпанында КСРО ЮХК-нан соттау ісінің қорытындысын тағы да сұратқан 19 құпия циркуляр келеді/ / Ал 1937 жылы 3 сәуірде алдындағыдай мазмұндағы циркуляр тағы да жетеді./ / Жаппай саяси қуғын-сүргіннің жалпылама бағыт алуы етек алды. КСРО ЮХК-ты ҚазКСР ЮХК-тының ақпараттық-инфроматика бөлімінің есептерін үнемі әрі қатаң қадағалап отырған. Ақыры Қазақстанда қуғын-сүргін құрбандары санының орасан зор болуына әкелді. 1937-1938 жылдардағы ҚазКСР сот органдарының жұмысының міндеттері туралы баяндамаларды оқығанда, қуғын-сүргін шараларының бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамығаны белгілі. “Кеңес соты кеңес елі азаматтарының сталиндік констиуция бекіткен құқықтарын қорғауға міндетті. Кеңестік сот конституциялық заңдылықты қатаң бақылауы тиіс” деген ұран халық сотарының санын көбейтіп, “қоғамдық меншікке қол сұққандардың қатарын” өсіреді.//
Мәселен, республика бойынша халық соттарның саны 23 болса, ал 1937 жылы 240-қа, 1938 жылы 287-ге артады/ /. Сол жылдары “Социалистік меншікті қорғасақ КСРО экономикасының негізін қорғаймыз” деу үрдіске айналған. 19,733 адамның 4430-ы (22%) республикада социалистік меншікке қол сұққандар (ҚК 162, 116-баптары) болды/ /.
БК(б)П Орталық комитетінің органы “Правда” газетінің Қазақстандағы меншікті тілшісі К.Пуховтың “Буржуазиялық ұлтшылдар жайында” деген көлемді мақаласы жарияланды. Онда: “Бұл жайлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне коммунистер тарапынан дабылдардың көптеп түсуіне қарамастан Қазақстан партиялық басшы орыны осы уақытқа дейін бірде-бір көрнекті “ұлтшылды” әшкерелеген жоқ” деп жазылған еді (“Правда,” 1937ж.,21 қыркүйек). Міне, бұл жамағаттың бәрін де ұстап, бәрінен де жауды көріп, бәрінен де сырт айналып, көкірегін шерге толтырып, боздақтарынан айырып, жүрегін сыздықтап, мұң-наланы лықсытып, аһ ұрғызған 1937-1938 жылдармен аяқталған. Елдің апай-топайын шығарған дүлей құйын басталды да кетті. Әлгі мақала қуғын-сүргіннің жаңа бастаған тобына май құйды.
1937 жылы 23 ақпанда ашылған БК(б)П Орталық комитетінің Пленумында Ішкі Істер Халық Комиссариаты бастығы Н.И.Ежов баяндама жасап, аталғандарды билікті күштеп алуды ұйымдастырушылар, партия мен үкімет басшыларын өлтіруге әрекет жасаушылар ретінде кінәлады. Олар енді А.М.Горкийді, В.В.Куйбышевті, В.Р.Менжинскийді, Горкийдің баласы М.А.Пешковты өлтірушілер, сондай-ақ Н.И.Ежовтың өміріне қастандық жасаушылар ретінде де сипатталады.//
Н.И.Бухарин мен А.И.Рыковтың Пленумда сөз алып, ақталмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Бұл айыптаулардың салдарлары әсіресе жергілікті жерлерге ауыр тиді. Кейінірек, одақтас республдикалардың және облыстардың, оның ішінде Қазақстан да бар, бірқатар жауапты қызметкерлері осы “оңшылдармен” “байланыстары болғаны үшін” қуғындалды. Алғаш бұл істе Орта Азия мен Қазақстан өңірінен Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы А.И.Икраимов және осы республика Халық Комиссарлары Кеңесінің бұрынғы төрағасы Ф.У.Ходжаев, онан соң басқа республикалар басшылары, оның ішінде Қазақстаннан Л.И.Мирзоян мен О.Ж.Исаев және тағы басқа көптеген жауапты партия, кеңес қызметкерлері тұтқынға алына бастады.
1938 жылдың 25 ақпанында КСРО Жоғарғы Соты Әскери Алқасының трибуналы шешімімен Тел Жаманмұрынов, Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров, Сейітқали Меңдешов, Тулуқан Құрамысов, тағы басқалар сол сықылды қазақтың небір жайсандарын Алматы маңында атып тастады.1937 жылы маусымдағы БК(б)П І съезінде Ішкі Істер Халық Комиссариаты А.Залин: “Жапон, Герман шпиондарының Қазақстанға аса қауіпті екендігін ескеру қажет. Ащысай, Риддер құрылысының бастығы болған, халық шарушылығының түрлі бөлімдерінде қызмет еткен көпшілікке таныс “халық жауы” Кельмансон Пятаковтың тікелей тапсырмасымен шпиондық, зиянкестік-диверсиялық ұйым құрған. Оның адамдары Шымкентте, Ащысайда, Риддерде “бүлдіргіш” жұмыстар жүргізген… Кельмансонмен қатар, Оңтүстік облыста Мұстафа Шоқайдың агенті Бекарысов құрған ұйым жұмыс жасаған, оған Тұртаев, Абдуллин мүше болған. Қарағандыда зиянкестер электр бекеті, су құбыры және тағы басқа жерлерде есебі жоқ апаттар жасап бүлдіруде,”- дей келе, 1937 жылы 19 желтоқсанда Түркісібте 5 оңшыл контрреволюциялық зиянкес ұйымның ашылып, 184 адам тұтқынға алынғандығын айтады. Сот-тергеу орындарының көмегімен ұсталғандардың 142-сі поляк және жапон шпиондары екендігі анықталған. Түркісіб құрылысын тексеруді одан әрі округтен “партия жұмысын нығайту” үшін комиссия құрылып, Қызылордадан – 11адам, Ақтөбеден – 11 адам, Павлодардан – 3 адам, Сырдариядан – 10 адам, Оралдан – 3 адам, Қостанайдан – 3 адам, Петропавлдан – 4 адам, Семейден 16 адам, Алматыдан – 14 адам жіберілген.//
1937 жылы құрбандарының азабы мен төгілген қаны жоғарының нұсқауымен ресми “ағымға” қойылды,, егін ору немесе шойын балқыту сияқты әр облыста, әр автономиялы республикада ханша адамды отырғызу, қаншасын өлтіру қажеттігі жөніндегі жоғарыдан тапсырма беріліп отырылды. 1937 жылы 30 шілдеде КСРО Ішкі Істкер Халық Комиссары Ежов №00447 оперативті бұйрыққа қол қойды, онда бұрынғы кулактарды, белсенді антикеңестік элементтер мен қылмыскерлері жазалау операциясы белгіленген. Операція 1937 жылғы 5 тамызда басталып төрт ай мерзімде аяқталуы қажет болған, Қазақстан бойынша 7,5 мың адамды жазалау жоспарланған. 2,5 мыңы немесе үштен бірі шұғыл тұтқындалып, үштіктің қарауы бойынша атылуға жатқызылған./ /
Бұрынғы КСРО Кеңесінің Ішкі Істер Халық Комиссариатының 1937 жылғы 15 тамыздағы қуғын-сүргін аясын одан сайын кеңейтті. Оған “отанын сатқандардың” жанұялары (әйелдері мен 15 жастан жоғары балалар) троцкистік шпиондық-диверсиялық ұйымдар мүшелері 1936 жылдың 1 тамызынан бастап Әскери трибуналдардың тергеуінен 2 категориямен де сотталып жатты. Бұл бұйрыққа сәйкес, барлық қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелері “әлеуметтік қауіпті және антикеңестік әрекеттерге қатысы бар адамдар” ретінде бөлек ұстау операциясы да жүрді. Негізінен, жүкті әйелдер, балалары 15 жасқа толмаған әйелдер және билік органдарына өзінің жолдасын соттау ісіне қатысты мәлімет бергендерге ғана “адамдық қарым-қатынас” жасау керек еді. Өкінішке орай, Олар соңғы топқа ғана қайырым жасап, қалғанын ГУЛАГ лагерьлеріне айдауға жіберді. Репрессивті саясатты тағы бір жағдай рухтандырып тұрды – кеңестік экономика, “өте арзан” сотталғандардың еңбек күшінен дамытылды.
1937 жылы 28 желтоқсанда БК(б)П Орталық Комитетінің бюросы “жауапқа тартылғандардың балалары мен туыстарын оқудан шығару туралы шешім қабылдайды. Осы шешім сан мыңдаған жасөспірімдердің тағдырына өшпестей таңба қалдырды. Қаулының орындалу барысын сот-тергеу орындары қатаң қадағалап отырған. Нәтижесінде, балаға тән айтылған жеке пікірлер мен болмашы іс-әрекеттер партияға, кеңестерге қарсылық ретінде бағаланды.
1937 жылы 23 қазанда Ішкі Істер Халық Комиссариатының №00693 бұйрығы бойынша “ұлтшыл контрреволюциялық континенттерге” қарсы бағытталады. Мұндағы айта кетерлік жәйт: егер ұсталғандар ішінде қазақтар болса, оларды кеңестерге қарсы, ұлтшыл, алашордашыл, панисламшыл, пантүрікшіл, жапония пайдасына тыңшылық атқарды деп айыптау, ал орыстар, поляктар, неміс, латыш, қытай, харбиндер, иран, грек, фин, румын және тағы басқа ұлт өкілдерін Кеңес үкіметіне қарсы күресуші, Германия фашизмі пайдасына тыңшылық жүргізуші, оңшыл троцкистік-бухарин-пятаков уклондағы зиянкестік жүргізушілер ұйымының мүшесі деп жала жабу Ежов бастаған Ішкі Істер Халық Комиссариатынан, оның аудандық бөліміне дейінгі аралықтың заңдастырылған әдістемесіне айналды. Сөйтіп, барлық өңірлерде дерлік, әр өңірден саяси жер аударылған поляктарға, немістерге, корейлерге, тағы басқаларға қырғидай тиді.//
1937 жылдың жаз айында болған “әскерилер ісі” деген іс бүкіл КСРО-ны дүр сілкіндірді. Сталиннің және оны қоршаған қайраткерлерінің ІІ Дүние жүзілік соғыс қарсаңында жүргізген әскери басшылар мен мамандарды жаппай қуғын-сүргінге ұшыратуға елдің қорғаныс қабілетіне орасан зор соққы болды. 30-жылдардың екінші жартысындағы КСРО-ның ішкі саяси жағдайы қуғын-сүргіннің етек алуына байланысты ішкі шиеленістің ширыға түсуі Сталиннің халық, армия алдындағы беделін абыройы шексіз болып тұрған басшылардан қауіптенуіне әкеліп соқты. М.Н.Тухачевский, Я.Б.Гаморник, И.П.Уборевич, И.Р.Якир (соңғы екеуі Киев, Белоруссия ерекше әскери округтарының қолбасшылары еді) сықылды талантты әскери теоретиктер мен аса бай тәжірибелі мамандар халықтың, кеңес үкіметінің қас жауы, Отанына опасыздық жасаған сатқындар, шетел барлаушы органдарының тыңшысы ретінде қылмысқа тартылды./ /
Елде кең қанат жайған әскерилерді сот тау нәтижелері төмендегідей: БК(б)П Орталық комитетіне ХVII партия съезінде мүше болып сайланған 9 қызметкердің 7-уі, Кеңестердің VII Бүкілодақтық cъезінде КСРО ОАК-ның мүшелігіне сайланған 36 көрнекті командирлер мен әскери саяси қайраткерлердің 30, КСРО Қорғаныс халық комиссариаты жанындағы Әскери Кеңестің 108 мүшесінің 98-і, 1937-1938 жылдары халық жаулары, “әскери қастандық ұйымдастыруға қатысушылар ретінде кінәланып, айыпталды. Қорғаныс Халық Комиссары К.Е.Ворошиловтың мәліметіне қарағанда, армияда осы жылдары 4 мыңнан астам әскери қызметкерлердің көзі жоғарыдағыдай айыппен жойылған.//
Әскери процесс нәтижесінде КСРО Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы 408 әскери қызметкерлердің 401-ін ату жазасына кесіп, 7-ін әр түрлі мерзімге еңбек-түзету лагерьлеріне соттап жіберді./т/
Аудан басшылары Қапаров, Конухов, Матжанов, Мадалиевтерге “Совет үкіметін құлатуды капитализмді, байлардың үстемдігін қайта орнатуды мақсат қылған. Қазақстанды Совет Одағынан бөліп алып, Жапония қол астына қарайтын буржузияшыл мемлекет құрмақшы болған қазақ халқын Жапония мен Германия фашизмінің “ұлына айналдырып… колхоздар мен совхоздарды, МТС жойып, шаруашылық социалистік түрін жоқ қылып жібермекші болған” деген айыптаулар тағылды.
Осындай сорақылықтар негізінде Жапонияның, Германияның қайда екенін білмейтін, тіпті ол мемлекеттерді картадан көрсете алмайтын толып жатқан адамдарды солардың “тыңшысы,” “жансызы” еті де, оларға Құлымбетов сияқты ақтардың жендеті, Сәдуақасов сияқты қой терісін жамылған қасқырдың күшігі – ұлтшылдар басшылық жасағы десті./ /
1938 жылы 28 ақпанда ҚазКСР ЮХК-ты 68 нөмірлі циркулярды жарялап, онда егіске байланысты сотталғандар ісін 5 күнде қарап бітіру бұйырылады./ /. Осылайша көктемгі егін егу және күзгі егінді жинау кезінде сотталғандар ісіне үстірт қарау дағдыға айналды. Айта берек, жоғарыдан жіберілген заңсыздықтарда шек жоқ. Осы тұста ескеретін бір жайт, 1937-1938 жылдардағы РСФСР Жоғарғы Сотының қазақ бөлімінің есебінде жазылған қылмыстық істер мен сотталғандар туралы мәліметтерде әйелдер бөлініп көрсетілмеген/ / және 1937-1938 жылдардағы алфавит бойынша жазылған айыпталғандар тізімінде де әйелдер кездеспеді//. Сонымен қатар 1937 жылы империялық саясат анық байқала бастады. “Оңтүстік өңірлерде кейде сот процестері қазақша өткізіледі. Ол дегенің саяси қате, яғни Сталиндік конституцияны бұзғандық”/ /, — деген жолдар сөзімізге дәлел.
1938 ж. 25 маусымда ҚазКСР ХҚК жанындағы баспасөздегі мемлекеттік құпияны қорғаудың Бас Басқармасы қызметкері Феодорова, Тлеулесов, Добраго, Аяпбергенов және Савченко секілді халық жауларының фамилияларын сызғаны үшін сотталған/ /.
Тергеу ісінің материалдары көрсеткендей, айыпталушыларға байланысты қылмыстық-процессуалдық кодекс дөрекі бұрмаланған. Оның бұрмаланғанын төмендегідей дәлелдер көрсетеді: тергеу жұмысы қылмыстық іс қозғау туралы қаулысыз жүргізілген және айыптаушылар ешбір негізсіз және прокурордың рұқсатынсыз қамалған. Айыпталушылардан жауап алдын ала кінәлі адам ретіндегі көзқарас тұрғысынан алынған және көптеген айыпталушыларға ешбір белгілі кінә тағылмай, олар ойлап тергеусіз ОГПУ түрмелерінде жатқан.
Айта кететін жағдайдың ең негізгісі ешбір контрреволюциялық ұйымның бар екендігінің дәлелденбегендігі. Тергеу аяқталған соң айыпталушылар тергеу материалдарымен таныстырылмаған. Айыпталушылар қорғаушы (адвокат) пайдалану құқығынан айрылған. Іс осындай деңгейде, ешбір бекітілусіз, сот емес органдарға жіберілген және олар сырттан үкім шығарған./ /Бүгінгі таңда осы жұмыстарды тексеру барысында айыпкерлер тарапынан ешқандай ұлттық ұйым құру көзделмегені және антикеңестік контрреволюциялық іс жүргізбендігі белгілі болды. Ал олар заңсыз тергеу әдістері қолданылғанда тағылған кінәні амалсыз мойындаған. Сөйтіп арандатушылардың негізінде көптеген аул, аудан, облыс және республика дәрежесіндегі қызметкерлерге жала жабылған. Тергеу жүргізушілердің кезінде іске тағылған кінәні жоққа шығаратын материалдарды қоспағаны айқындалған.
Сот процесінің алдында күштеу, қысым жасау жолымен өз кінәларын мойындату тактикасы өте күшті болды. Сондықтан да кінәланушылар өз мойындарына істемеген кінәларды бас шұлғып мойындауға мәжбүр болған. Оны мұрағат деректері дәлелдейді: ҚазССР БК(б)П Орталық Комитетінің мүшесі Башаев Х. жолдас: “Мені ешбір негізсіз 29 тәулік бойы тергеді. Ондай тергеуден адамдар есінен адасады. Он тәулік бойы 1 минут демалыс бермей тергеуде. Тамақ бермейді. Темекі тартқызбайды. Тіпті, бір тамшы су да бермейді. Адамдар есінен адасып қандай қағаз болсын қол қойып беруге әзір. Адамдардың барлығын дерлік қараңғы, өте салқын карцерде отырғызуда. Ұсталмаған адам қалмады… Адам тағдыры ешкімді қызықтырмауда. Ішкі Істер Халық Комиссариаты тергеу орындарының қателіктеріне назар аударуыңызды сұраймын”, — деп контрреволюциялық ұлтшылдыққа себепсіз кінәлау туралы хатында жазған.
Республика Ішкі Істер Халық Комиссариаты басшылығына Мәскеуден арнайы жіберілген С.Ф.Реденс қуғын-сүргіннің Қазақстанда одан әрі күш алуына білек түре атсалысты. Бұл кезде елдегі қуғын-сүргінге байланысты бүкіл процессті Сталин жеке бақылауға алып, тікелей басшылық жасап отырған еді. Сондықтан ол Қазақстандағы ескі партия кадрларын қырып-жоюдың орталықта жоспарланған міндеттері аяқтауда өзінің сенімді адамы С.Ф.Реденске 1938 жылдың ақпанында тапсырды.
Жаппай ату, репрессиялау 1938 жылы ақпанның ортасынан наурыздың ортасына дейінгі 1 ай ішінде жүрді. Дәл сол кезде 6-12 наурыз күндері Алматыда КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының қатаң құпия жағдайда өткен сот мәжілісі болды. Шамамен осы уақытта Мәскеуде де “Антисоветтік оңшыл-троцистік блок процесі” басталған еді. Бір айырмашылық, егер Мәскеу процесінің барысы күнбе-күн хабарланып, тергеу хаттамалары баспасөзде халықтық “ой-пікірі, талап тілегімен қоса жарияланып отырған болса, Алматыда сот болғаны және оның жабық өткені, бәрін атуға үкім етіліп, үкімнің орындалғаны халыққа араға он күн салып қана хабарланады. Соның өзінде 1938 жылдың 28 ақпанынан 13 наурызға дейін атылған 560 адамды айту ел ішінде үрей туғызады десе керек, тек олардың 19-ы ғана аты-жөндерін жариялады. Қазақ мемлекет басшыларын жаппай жою саясаты осылай жедел жантүршігерлік күйде жүргізілді.
“Соңғы кезде біздің аппараттың жұмысы Ежов жолдастың келуімен жанданды. Жұмыскерлердің рухы жанданды. Біздер, чекистер, Ежов жолдастың сөзін орындау үшін барлық нәрсені жасаймыз…”, — деген жолдар сол жылдардағы рухани құлдырауды көрсететін еді. Ал 1937 жылы 23 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Сотының 58-Пленумы қаулысында: “кейбіреулерге заң тек репрессиялық қырынан көрінді және он ұсақ ұрлықтарға қолдану жоғары көрсеткіштерге жетті”, — деген тұжырым жасалынып, пленум “заңды дұрыс түсінбей, қолданбаудың кінәсын фашист агенттеріне жатты. Яғни, олар заң органдарына еніп, “халық жауларын” іздестірмей, контрреволюциялық мақсатпен зиянкестік жасаған,” — деген шешім шығарылады. 1937 жылы күзде жаппай террор саябырлағанда, Сталин мен Молотов қуғын-сүргін саясатының ауқымды деңгейін жазалаушы органдарға, әсіресе Ежовқа аударып салады. 1938 жылы тамыз айында Сталин КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариаты басшылығын ауыстырып, Ежовтың орнына Берияны тағайындайды. Сөйтіп, Ішкі Істер Халық Комиссариаты органдарын “тазарту” басталып, жаппай қылмыстық іздерін жабуға деген әрекет жасалды. БК(б)П Орталық Комитеті 1938 жылдың 5 желтоқсанға дейінгі уақытта Ішкі Істер Халық Комиссариаты органдарының жергілікті жерлердегі қызметкерлерін толық есепке алу арқылы “Алаяқтық жолмен енген жаулардан құтыламыз. Себебі олар саяси сенімге ие бола алмайды” – деген бұйрықты бастап, Ішкі Істер Халық Комиссариаты қызметкерлерін саяси қуғын-сүргінге ұшыратты. / / 1937 жылы 22-ші қаңтарында өткізілген Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің VII пленумының партия жауларына қарсы күресті күшейту мәселесі қайта-қайта айтылып, әсіресе Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шяан, Қазалы аудандары, Батыс Қазақстан облысының Орда, Жамбейті аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай, Жарма, Ұлан аудандары мен Ақтөбе облысының Ырғыз ауданын Қазақ ұшлтшылдығының, ұлтшыл ұйым ордасы ретінде бағалап, оларға қарсы күресті күшейту қажеттілігі көрсетіледі. Сондай-ақ барлық партия ұйымдарына қазақ контрреволюциялық ұлтшылдығына қарсы күресті шешімді әрі жүйелі түрде жүргізу қатаң тапсырылады./ /
1937-1938 жылдары ОЛЖИР; яғни Отанын сатқандардың әйелдерін айрықша лагерлері құрылып, 1940 жылың жазына қарай, көбейе түскен./ / 1930 жылы Қазақстандағы 23 тұтқындау орындарында да сотталған әйелдер болғанымен, бірақ олардың дәл саны ешқандай құжаттарда жазылмаған./ /
Түрме, ЕТЛ, ЕТК жабық орынға байқала бастайды. 1935 жылғы 27 маусымдағы ІІХК-ның №36354 бұйрығында барлық түрме, колония басшыларына баспасөзге сотталғандар туралы ақпараттың берілмеуі және баспасөзбен байланысты үзу мәселесін күн тәртібіне қою ескертілді. Сонымен қатар қызмет бабына қатысты сауалдарға тек қана УНКВД тұтқындау орындарының жауап беретіндігі, ал осы бұйрықты бұзғандардың сотталғандығы айтылды/ /. 1936 жылы ЮХК сотталғандар санын дұрыс есептемеу туралы мәселені тағы да көтереді./ / Түрмедегілерге азық-түлікті көп шығындаған түрме басшылары да репрессияға ұшыраған./ /
1938 жылдың тамыз айында Сталин КСРО ІІХК-ның жетекшілігін өзгертті. Ежовтың орнына Берия кеді. ІІХК органдарының “тазалауы” болда да, жаппай қылмыстардың іздері жабылды. Бірақ репрессия толқыны мұнымен аяқталмаса да, Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репресія көлеміне ешқайсысы жетпеді. Себебі репрессия зардабы сөзбен айтып жеткізуге келмейтін орны толмас өте ауыр қасірет болды.
2.2. Репрессияның саяси, әлеуметтік және мәдени зардаптары
Репрессияның тарихи салдарларының ауқымының көптігі сонша өмірдің барлық салаларында жекелеп қарастыуға болады. Оның саяси өмірге де экономика, әлеуметтік, мәдени салаларға әкелген зардабы орны толмас таңба болып қалды. Сталиндік репрессия зиялыларымыздың ғылыми қызметіне нұқсан келтіріп қана қоймай, олардың шәкірттері мен жанұяларына да қасірет әкелді. Сталиндік қуғын-сүргін қоғамда ауыр із қалдырды. Түрмеге қамау, жер аудару, партия қатарынан шығару және қызметтен босату тәрізді жазалаулар қазақ зиялыларын жалтақ, жасқаншақ, тіптен екі жүзді етіп қалыптастырудың жаңа кезеңіне апарды. Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана ол жағдай бәсеңдей бастады.//
Оның саяси мәнінде мынаны айтуға болады. Алашорда зиялылары қазақ елін отарлық езгіден азат ету, қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына шығаруды мақсат етіп қойды. Олар біртұтас халықтық мүддені көздеді. Кеңестік кезеңдегі “ұлтшылдар” атанған ұлттық бағыттың заңды жалғастырушылары болды.
Бұл жағдай Қазақстанның өзін-өзі билеуіне бөгет қойды, ғасыр басындағы ұлт зиялыларының ізгі арманы ХХ ғасырдың аяқ кезінде Одақтық мемлекеттің күйреуі нәтижесінде ғана ақиқатқа айналды.// Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпына, салт-санасына, тұрмыс-тіршілігіне, ең бастысы тілі мен дініне соққы болып тиді. Бір халықтың маңдайына біткен жұлдыздарын елім, жұртым деген арыстарын содырлы саясаттың сойылымен соғып, есеңгіретіп отыруын не деуге болады? Оны тек қана өздерін дәріптеп, өзгені көзге ілмеген шовинизм сырқатының сырынан іздеу керек. Бұл әдейі зымиян саясатпен саналы түрде жасалған қастандық.//
Кеңес өкіметінің Қазақстанда жүргізген кеңестендіру, тап ретінде байларды жою, жаппай отырықшылықтандыру мен ұжымдастыру саясаты сол кездегі аласапыран тұста жергілікті халықты күйзелтіп, бей-берекетін шығарды. Аса жауапты және күрделі мәселені шешуге ұлттық зиялылардың ұстанған бағыты, ұлттық мүддені қорғауға бағытталған табиғи әрекеттері “ұлтшылдық” есебінде бағаланды.//
Әр ұлттың тағдырына қайталанбайтын тұлғалар болады. Қазақ халқының әрбір азаматының жүрегінде мәңгі сақталып қалуға тиіс тұлғалар тәуелсіздік жолында күрескен ұлт зиялылары.//
Оның тағы бір көрінісі — қазақ мәдениетінің қаймақтары — тәуелсіздікті ту еткен, яғни саяси істерден хабары бар қазақ зиялыларының жаппай атылып кетуі еді. Осыдан қазақ халқының маңдай алды саясаткер азаматарының саны азайып, мемлекетіміздің саяси санасы төмендеді.
Абзал ағаларымызды ауызға алғанда, олардың қандай қиянат, қысым, қорлық көргені, олардың қызметі, білімі әлдеқайда төмен жендеттерден көрген қорлығымыз көзімізге анық елестейді. Қанша жанның жазықсыз қаны, көз жасы төгілді! Осыдан келіп халықтың көкірегіне жазылмас шер түсті. Өтірікке, алдау-арбауға, ұрлық-қарлыққа, тонаушылыққа жол берілді. Көп жұрттың пиғылы, мінез-құлқы бұзылды; әділдікке, адалдыққа тұсау түсті, мансапқорлыққа, өтірік, өсекке жол ашылды.//
Әлеуметтік зардабы ол қазақ санының азаю еді. Кеңес үкіметінің орнаған алғашқы күніне бастап-ақ үзіліссіз жүргізіп отырған бұл шараның қанды шеңберіне қоғамның саяси өміріне белсенді түрде араласқан адамдардың барлығы да іліккен еді. Сондықтан бұл қанды террордың зұлматы зардабынан қазақ халқының ұлттық даму демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қалып қойды. Жазықсыз жазаланғандар саны әлі күнге дейін әртүрлі мөлшерде айтылады. Мәселен Р.Конквестің есебінше, Одақ бойынша түрмелерде 1937 жылы қаңтарда 5 миллион адам болса, ал 1938 жылы 7 миллион адамға жеткен. 1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион адам тұтқында өлген. М.Тәтімов “Зұлматтың ауыр зардабы” атты еңбегінде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмеде, ал оның 22 мыңы атылған деп айтады. 1936-1938 жылдар арлығында 29 әртүрлі “контрреволюциялық ұйымдар” ашылып, 1937-1938 жылдары 160 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Ал, 1937 жылы ақпан айында Алматыда күніне 37-39 адам, наурыздан бастап күніне 53-54 адам, 1937 жылы 700, 1938 жылы 980 адам атылған. 1937 жылы 20 қаңтарда Ежовтың құпия бұйрықтарының бірінде атылғандардың жерленген жерін көрсетпеу туралы айтылады. Стефан Куртуа, Николя Верт және де өзге авторлар бірігіп жазған “Черная книга коммунизма: преступления, террор, репрессии, 95 млн. жертв” деп аталатын кітапта Кеңес өкіметі 60 млн. адамды репрессияға ұшыратқандығы, сондай-ақ репрессияның 1922, 1928, 1931 жылдары баяу, ал 1937 жылы наурыз-сәуірде өте жоғары деңгейде болғаны көрсетіледі. Орта ғасырлық жазалау тәсілдерін қолдану нәтижесінде “қылмыскерлер” саны қолдан көбейтілген. Сот процесстері А.Я.Вышинскийдің “дәлелдердің ханшасы” теориясының нәтижесінде жемісті болды. Әсіресе, 1937-1938 жылдары “конвейер” жүйесімен тергеу ісі ІІХК органдарының басты тірегі болды. Жак Росси “Справочник по ГУЛАГУ” деген еңбегінде “Конвейер дегеніміз бірнеше сағат, тәулік, апта бойы үздіксіз, демалыссыз жүргізілетін тергеу”, — дей келе, әрі қарай айыпкерді қинау тәсілдеріне тоқталады. “Конвейер әдісімен” жауап алу жантүршігерлік жағдайды көрсетеді. Сталин ішкі және сыртқы қауіпсіздікті сезініп, ауыр өнеркәсіп пен жедел индустрияландыруды дамыту арқылы қорғанысты нығайтуға ұмтылды. Есебі жоқ адам шығыны оны ойландырмады, — деп. Т.Н.Кауль жазғандай, шындығында да социалистік құрылыс жаппай жазалау, қудалау саясатымен нығайтылды.
Демографиялық кәріптікке ұшырап, бұған дейінгі жазалау науқандарында да қазақ саны кеміп келген еді. Енді осы жылдарда қазақтардың 44 мыңы айыпталып, 22 мыңы атылып, демографиялық кәріптікке біржола ұшырады. Тарихшы Д.Орынбаеваның есебі бойынша, 1937-1938 жылдардағы “үлкен террор” тұсында республикадағы тек жеті облыс (Акмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау) бойынша ғана 16520 адамға саяси айып тағылып, репрессия ұшыраған. Тек Алматы облысы бойынша түрлі саяси айыптаушылармен атылғандардың саны 1680 адамға жеткен. Сондықтан Қазақстанда осы жүргізілген жаппай репрессиялау саясатының ауқымын көре аламыз. Бұл келтірілген сандық фактілердің ар жағында мыңдаған-миллиондаған адамдардың қайғылы тағдыры, бірнеше буын ұрпақтардың, бүтін халықтардың өзгеріске демормациялауға ұшыраған рухани болмысы, мінезі жатқандығын айтып жеткізу әрине оңай емес.
Заманында ұлт азаттығы жолында халқына қалтқысыз қызмет еткен зиялыларымыз болашақ тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қаласты. Сондықтан да тәуелсіздік жолында күрескен ұлттық зиялыларымыздың есімдері ұлттық мүдде жолындағы белсенді қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихының қасиетті төрінен орын алуы керек.//
Коммунистік партияның қағаз жүзіндегі ұлт теңдігі, ұлттардың өзін-өзі билеу құқы шын мәнінде ұлтсыздандыру саясаты еді. Коммунистік идеяны уағыздап, ұлт тарихын, тілді, дәстүрді, дінді табанға басып, қорлау осы кезеңнен басталды. Сталиндік қуғын-сүргін саясаты қоғамның барлық саласын, әртүрлі әлеуметтік жіктерді, топтарды, тіпті балаларды да қамтыды. Жаппай жазалаудың құрығына оқушылар мен студенттер де ілікті. 1929 жылы 15 сәуірде БК(б)П Орталық Комитетінің хатшысы Смирновтың қолы қойылған, 12100 нөмірлі аса құпия құжаты жер-жерге таратылды. Онда, “Орта және жоғары оқу орнын тазарту” туралы айтылып, оқитындардың әлеуметтік және мүліктік жағдайын толық тексеру бұйырылады. Оқытушылар мен студенттерден “контрреволюцияшыл, троцкийшіл” мазмұндағы әдебиеттерді тартып алу науқаны 1930 жылдың ортасында күшейді.
Алматы облыстық УНКВД бастығы, капитан Шабанбековтың “Қала мектептері мен техникумдарындағы саяси тәрбие және қоғамдық жұмыстардың кемшіліктері” туралы баяндамасында, оқушылардың “кеңестерге қарсы іс-әрекеттері” баяндалған. Дәлел келтіретін болсақ, “№37 мектептің 10 сынып оқушысы Горбань …Ату шараларының ақыры қашан болады? –деген.
№35 мектептің оқушысы Бутенко “КСРО Американы ешқашан қуып жете алмайды” деген.
№16 мектептің оқушысы Деревячина …Сталин жолдастың портретін жыртып тастап, оның келесі жағына Пушкиннің әйелінің суретін салған…
№37 мектептің 9 сынып оқушысы Комаров Геннадий өзінің “Бір адамның өмірінен” деген шығарма жұмысында, “…Менің көз алдымда кулактарды жою процесі өтіп жатыр. Оған менің көзқарасым мынадай: адам өмір сүргенде жақсылыққа қарай ұмтылады, жақсы өмір сүру үшін күреседі. Адам өмірінің мәні де осы. Алайда, адамды кедейлендіріп, он тіпті мыңдаған шақырым алыс, ешкімді танымайын жерлерге жер аударады. Ол жерде адам жалғыздықты, әділетсіздікті сезінеді. Тіпті, жер аударып қана қоймай, өмірі жасап көрмеген, ағаш кесу сияқты ауыр жұмыстарды жасатқызады”, — деп жазған //. Осылайша ауыздан шыққан сөзді аңду үрдісінің нәтижесінде өмірге деген көзқарасын сәбилік көңілмен тура айтқан жасөспірімдер де “кеңестерге қарсы пиғылы” үшін сотталды.
Сталинизм тепкісінен тентіреген сәбилердің тағдыры қайғылы да ауыр. Тағдыры ерекше тәлкекке түскендердің үлкен бір тобы – балалар. “ІІХК балалары”. Сталиндік қанқұйлы заманның зұлматын оларға қарап отырып салмақтасақ, олар өте көп. Мәселен, С.Сейфуллиннің жалғыз ұлы Аян (небәрі екі жарым жаста) поездағы ыстық-суыққа төзбей, тұлпардың соңғы тұяғы жол үстінде үзіліп кетті.
“Алжир” тұтқыны Мәриям Есенгелдинаның екі жастағы жалғыз ұлын ІІХК қызметкерлері қолынан тартып алып, Саратовтағы балалар үйіне жіберіп, нәресте сонда шетінепті… Қатыгездіктің нағыз шығанға шығуы осы болса керек.
Ілияс Жансүгіровтың ұлы Болаттың өмірінің сақталуы кісі таңданарлық. Қолынан тірідей алатын болған соң Фатима апай ІІХК қызметкерлеріне “одан да өз баламды өз қолымнан өлтірейін!” деп балға алып, сес көрсеткен. Анасының нағыз ерлігінің арқасында Болат Жансүгіров ІІХК балаларының қатарына алынбады, бірақ ХХ съезге дейін “халық жауының баласы” болып келді…
1937 жылы жоғары оқу орындары тексеріліп, профессор-оқытушылар құрамына қатты мән берілді./ / Дәлел келтірсек: “Әлеуметік-экономикалық пәндер кафедрасы, саяси үйірмелер мен семинарларға көмек бермейді. Оқу орындарында таптық саяси насихаттаулар жоғарыдан нұсқау берілгенде ғана жүргізіледі. Барлық жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысының жоспары да жоқ. Дінге қарсы үгіт жүргізілмейді… Кітапханалар мен ғылыми зерттеу институттарын тексеру-тазартуды аяқтап, әйел ғалымдарды қоғамдық-саяси жұмыстарға белсенді араластыру керек.”// Сот қызметкерлері және мұғалімдерге аттестация жүргізілген кезде 1937 жылы репрессияға ұшырағандар саны күрт артады.
Қазақ қоғамының дәстүрлі дамуын күйретуге бағытталған қуғын-сүргін саясатына ер азаматтармен бірге әйел-аналар да азды-көпті дәрежеде қудаланды. Мәселе олардың санында емес. Қуғын көрген бір тағдыр, бір адамның жан азабы оның төңірегіндегілерге, отбасы мүшелері мен тума-туыстарына қаншама қайғы-қасірет әкелді. Оның бәрі сөзбен айтып жеткізетін оңай нәрсе емес. Себебі, ол адам тағдыры. Біздерге сталиндік саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар есебі сол кезеңнің қылмысын ашып, оның ауқымы мен ақиқатын тануға көмектеседі.
20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап, И.В.Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді.
Партиялық-мемлекетік құрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А.Байтұрсынов, С.Асфендиияров, Х.Досмұханбедов, Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым, педогогтердің өмірі қиылып кетті.
1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар “пантүркист”, “панисламист”,тіпті, “халық жауы” деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-төрешілдік жүйенің теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Мыңдаған ауыл молдалары тұтқындалып, дін адамдарының “қаймақтары” атылды. Бұл кезең “дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты” деп аталды. Шіркеулер мен мешіттер ғимараттардың мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қора-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, діне сенушілердің ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып келген дінді барша жұртқа құбыжық етіп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды.
Қазақ қоғамының дәстүрлі дамуын күйретуге бағытталған қуғын-сүргін саясатына ер азаматтармен бірге әйел-аналар да азды-көпті дәрежеде қудаланды. Мәселе олардың санында емес. Қуғын көрген бір тағдыр, бір адамның жан азабы оның төңірегіндегілерге, отбасы мүшелері мен тума-туыстарына қаншама қайғы-қасірет әкелді. Оның бәрі сөзбен айтып жеткізетін оңай нәрсе емес. Себебі, ол адам тағдыры. Біздерге сталиндік саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар есебі сол кезеңнің қылмысын ашып, оның ауқымы мен ақиқатын тануға көмектеседі. Кеңес үкіметі қазақ әйелдерінің “теңдігі” мәселесін мемлекеттік деңгейге көтеріп, он өз саяси мақсат-мүддесіне орай шешті. Нәтижесінде ғасырдан-ғасырға жалғасып, ұлттың ұйытқысы болған отбасы бірлігіне, тәрбиесіне зиянкестік жасалды. Әйелдерге қатысты жүргізілген саяси шаралар жаппай қуғын-сүргінге жол ашты.
РСФСР Қылмыстық Кодексі саяси қуғын-сүргін заңдарын жасағанда әйелдерге қатысты заңдар енгізді. Заң әйелін күйеуіне, ағасын інісіне, баласын ата-анасына қарсы сөз тасуына мәжбүрледі. Мұрағат құжаттары 1936 жылдан бастап басқару тәртібіне қарсы және 85 бабын пайдаланып, қылмыс жасаған әйелдердің санының күрт өскендігін дәлелдейді. Репрессиялық шаралардың күшеюіне қылмысты сот-тергеу органдарының қызметін көтеру және оған қазақ қыздарын тарту ісі де қарқынды жүргізілген. Күн көріс жағдайның өте нашар деңгейі салдарынан өз малын өзі сойып немесе бір уыс ұрлаған әйелдер “кеңес үкіметіне қарсы зиянкестік әрекеті” үшін сотталған./ / Зиялы қауым үшін өмірдің мәні кетіп, құны жоғалды. Саяси қуғын-сүргінді күшейту мақсатында жоғарыдан үсті-үстіне келіп жатқан бұйрықтар ұлттың бірлігі мен елдің тұтастығын бұзды. Бөлшектеу саясаты ұлттың рухын әлсіретті. Бір адамға жала жабу арқылы бірнеше адамды айыптау заңды құбылысқа айналды. Ешкім өзін қауіпсіздіктемін деп сезінбеді. Екі жақты мораль, екіжүзділік үйреншікті әдетке, ал “ғайбаттау” өмір сүру құралына айкала бастады. Басқару этикетінің әлсіздігінен бюрократизм, конформизм, басшыға жағымпаздану секілді қоғамның өркениетті дамуына кері әсерін тигізетін жат құбылыстар бас көтереді. Сонымен, сталиндік саясат пен идеология адамдардың құқығын аяқ асты етіп, таптық көзқарастар салдарынан жеке адамға тән адами сапа-қасиеттер, құндылықтар жүйесі бұзылды. Ең сұмдығы “халық жауын” әшкерелеуге деген ұмтылыс, жаппай құпия қаулысында “…Революциялық заңдылықты сақтау өте жай жүруде. Сондықтан да өлкелік комитет бюросы тиісті шаралар қабылдау тиіс” — деп бұйырылады. Осы мәселеге қатысты әрбір коммунист пролетарлық тектен шықса да, партия қатарында болса да жауапқа тартылуы тиіс болатын. Мәселен, 27 тамыздағы №10 құпия циркулярда контробандаға қарсы күресті күшейту туралы айтылып, осыған байланысты істерді ОГПУ жанындағы ерекше мәжіліске жіберу бұйырылған. №1 циркулярды “әлеуметтік қауіпті элементтердің көбеюіне байланысты валюта, алтын, өндірістік заттарды алып-сатарлыққа қарсы шара қолдану”, №14 циркулярда “ауылдағы дәрігерлердің жеке тұлғалардан пара алғандарына қатысты” РСФСР ҚК 114-бабымен сотталғандығы №25 циркулярда “самогон қайнатушылардың жауапқа тартылатындығы” жазылады. Осы жылы “бандитизм, бұзақылыққа байланысты істерді қайта қарап, қатаң жаза қолдану” және “кеңсе волокитасын, бюрократизмге қарсы күресу” күшейді. Жоғарыда аталған бұйрықтар негізінде саяси қуғын-сүргін жүйесі қоғам өмірінің барлық саласына ене бастады. Сөйтіп, асыра сілтеуге кеңінен жол ашылды.
Сөйтіп қылмыстық өмірден алу себебін тексерудің орнына “зиянкестер” саны көбейтілді. Ал адамдарды тұлғалық қасиетінен айырып “меншігіне қол сұғуға” итермелеген мемлекеттің өзі болатын. Ақ-қарасын айырмай жалпылама айып тағу жоғарыдан жасалғандықтан өрескел заңсыздықтар өмірден орын алып, сансыз “пайымдаулар” дәлел ретінде қылмыстық істерге тіркеле бастады. Ал ұрып қорқыту, моральдық-психологиялық қысым жасау да репрессияға ұшырағандар санын көбейтті. Түрмелерде жатқан әйелдерге мән берілмей, олардың аты-жөндері де дұрыс сұралмаған./ /
Халықтың жалған жауларымен күрес кеңейе келе өз мақсаттарын жүзеге асыра бастады. Оның қарқынды жүргені соншалық, еліміз лагерьлер торабымен шырмалып (Карлаг, Степлаг, Алжир), оның жан-жағы тікенекті темірлермен қоршалды және оны сыртынан қаруланған қызметкерлер қарауылдады. Ал кейіннен жаппай атылған адамдардың көмілген жерл ері белгілі бола бастады. Соның бірі Алматыға жақын жердегі Жаңалық деген жерде табылған, 1937-1938 жылдардағы тоталитаризм құрығының құрбандары, дүние жүзіне әйгілі жазушылар мен ақындар М.Б.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, дарынды оқымыстылар А.Байтұрсынов, С.Д.Асфендияров, ірі мемлекет және қоғам қайраткерлері, шаруашылық жетекшілері, өндіріс саласындағы озаттар жерленген. Ал қазіргі таңда қаншама адам репрессия құрбандығына жазықсыз ұшыраған өз бауыр-туыстарының, ата-аналарының мәйіті қайда екенін білмей іздеуде. Сталиндік сыңаржақ саясаттың қанды шеңгеліне ілініп, 37-нің зұламатты жылдары құрбан болған қазақтың маңдай алды азаматтарының жамбасы жерге тиген жер бүгінгі күн белгілі болып отыр. Ол Алматыдан небәрі 35-ақ шақырым жердегі Талғар ауданына қарасты Әли елді мекенінің Диханбай қыстауында. Осы жерде 2,5 мың озбыр саясат құрбандары мәңгілік дамыл тапқан. Ресейліктер табыс еткен құжат бойынша 499 боздақ, небәрі 14 күнде атылып, осы жерге құпия түрде көмілген. Содан кейін-ақ дембіл-дембіл бірде 40-тан, бірде 37-, бірде 19 мәйіті тиеген қаралы көлік осы жерге түн сайын қатынап отырған.
Әрине заңсыздықтар, әділетсіздіктер мен басынушылық мәңгі тұра бермейді. 1950-ші жылдардағы түбегейлі өзгеріс мемлекеттің бұл ісіне араласпай қойған жоқ. Ақырындап жазықсыз жазаланғандарға тағылған айыптарды қайта қарау процесстері мен ақтау процесстері басталды. Лагерьлердегі адамдарды босату және атылғандарды ақтау істері қолға алынды.
Қорытындылап айтар болсақ, “Адамдар мемлекет үшін өмір сүреді” деген қағиданы ұстанған кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіп әлемге адам құқын аяққа басудың неше түрлі үлгілерін көрсетіп берді. Адамды жазықсыз айыптау, ал сотталғандарға адамдық өлшеммен қарамау секілді кері тартатын құбылыстар өмірден берік орын алып, адами қасиет-сапаларды төмендетті. Ең алдымен саяси, мәдени және рухани өміріміздің тұтқасы – зиялы қауым қатары сиреп, мемлекетіміз “бассыз” қалды.
Қорытынды
Кеңестік тарихтағы ауыр қасіретті оқиғалар, соның ішінде Қазақстан тарихындағы 1937-1938 жылғы жаппай саяси репрессияның алар орны ерекше. Сонау 1920 жылдары орныққан мемлекеттік репрессивті машина бұл кезеңде тоқтаусыз және белсенді жұмыс істейтін механизмге айналды. Оның ең қарқынды жұмыс атқарған кезеңі әсіресе елде түпкілікті “барлық халықтар көсемінің” жеке билігі бекітілген және “сталинше” жүргізілген әлеуметтік-экономикалық, саяси тәжірибелерді жүргізу ошағына айналдырып, арнайы биліктің өздері жариялаған “елдегі социализм” мен іс жүзіндегі шындық арасындағы қайшылық өзінің дағдарыстық шыңына жеткен кезге сәйкес келді.
Саяси террордың әсіресе 1937-1938 жылдарда етек алуының бірқатар себептері ішінде ел ішінде өндіріс пен өмірдің басқа салаларында болған қиыншылықтарды жуып-шаю, социалистік қоғамда іс жүзінде орындалмаған уәделерге байланысты халық наразылығын басуы болып табылады.
ЖЭС кезінде халыққа берген уәделерін орындай алмаған биліктегілер ұжымдастыру және индустрияландыру кезеңіндегі “төтеншеліктерді”, барлық кемшіліктер мен сәтсіздіктерді “халық жауларына” және отанын сатқандарға” жауып, “зиянкес”, “бүлікшіл”, “диверсия”,“контрреволюциялық қылмыс” және т.б. айыппен қуғындады.
Бұл “саяси тезистің” бекіуіне орталықтағы, сондай-ақ жергілікті жердегі ашық процестер үлкен рөл атқарды. Ақырында күшейген жаппай идеологиялық насихаттау аса жеткілікті халық санасының бұрмалануына әкеліп, 1937 жылы БК(б)П ОК-нің ақпан-наурыз Пленумының шешімін қабылдауға әзір еді. Үнемі күшейіп отырған репрессивті механизм торабы мемлекеттің мүддесін сатқандар есебінде заңсыз жазаланып, атылуға бұйырылған немесе сансыз лагерьлерге ұзақ мерзімге қамауға алынған жүздеген адамдарды қамтыды.
Бүгінгі таңда жаппай саяси қуғындалғандарды ақтау және тарихи есімдерін қайта қалыптастыру ісін тек үкіметік және қоғамдық ұйымдардың ғана емес, мұрағаттық материалдар, бұрын зерттеушілердің қолы жетпеген материалдар негізінде жазатын кәсіпқой тарихшылардың да еншісінде. Олар шиеленіс кезеңнің объективті келбетін жасауға ат салысады.
Қазіргі таңда республиканың алдыңғы қатарлы тарихшылар мен құқықтанушылардың (М.Қ.Қозыбаев, К.Нүрпейісов, М.Т.Баймаханов, К.С.Алдажұманов, Ж.Б.Абылхожин,Т.О.Омарбеков жәнет.б.)
Бұл жылы “халық жауы” деген айып тағылып, Л.И.Мирзоян, Ү.Құлымбетов, С.Меңдешев, Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов тағы басқа ғылым мен мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдері ұсталды.
Қорыта айтқанда, 1937-1938 жылғы жаппай репрессиялау шаралары мен салдарлары заң жүзінде осындай демократиялық еркіндік пен құқықтар мойындалғанымен, іс жүзінде конституциялық ережелердің бұрмалануы, демократияны бұзушылық пен заңсыздықтың осы жылдарда белең алғаны қазіргі күндерде белгілі болып отыр. Жариялылық тұсында шыншылдықты, ақиқатты қалпына келтіруге, боямасыз көрсетуге ұмтылыс жасалып жатқан бүгінгі таңда сол жылдардың тарихындағы ақтаңдақтар қазір жаңа деректермен, мағлұматтармен шыншылдық тұрғысынан көрсетілуде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қозыбаев М.Қ. История и современность А.1991., с.—
Қойгелдиев М.,Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы, 1993;
Хлевнюк О.В. 1937: Сталин, НКВД и советское общество М.:Республика, 1992 – 270б.;
Росси Ж. Справ очник по ГУЛАГУ, -М.: Просвет, 1991, -ч. 2 –533б. 518 б.;
Кокурин А., Петров Н. НКВД: структура, функции, кадры. Статья первая