МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………..
І Тарау. Көші – қонның теориялық және құқықтық аспектілері.
1.1. «Көші – қонның» теориялық ұғымы: негізгі түрлері мен типтері………….
1.2. Қазақстандағы көші – қонның заңдылық базасы, жай – күйі және әдістері…………………………………………………………………………………………………………….
ІІ Тарау. 1970 – 1990 жылдардағы Қазақстандағы көші – қон процестерінің тарихы.
2.1. 1970 – 1980 ж.ж. Қазақстандағы көші – қон және оның барысы……………..
2.2. 1980 – 1990 ж.ж. Көші – қонның негізгі факторлары, тенденциялары……………………………………………………………………………………………….
ІІІ Тарау. Көші – қон саясаты тәуелсіздік жылдары.
3.1. 1990 жылдардағы көші – қон процестері динамикасының акторлары….
3.2. Көші – қонның халықтық әлеуметтік кәсіби құрамына тигізген әсері………………………………………………………………………………………………………………..
3.3. 2000 – 2005 ж.ж. көші – қон саясаты………………………………………………………..
Қорытынды……………………………………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………..
Сілтемелер тізімі……………………………………………………………………………………………
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда демографиялық жағдайдың қауырт нашарлауы, туудың азаюы мен өлімнің артуы нәтижесінде табиғи өсім қарқынының төмендеуі, республикадан ел-жұрттың белсенді қоныс аударуы заманымыздың нақты көрінісі болып алды. Нәтижесінде, соңғы 10 жылда, Қазақстан халқының саны 1 миллионнан астам адамға азайды. Қауіпті «депопуляция» термині ғылыми және көпшілік әдебиетте берік орнықты, бұқаралық сана дағдысына айналды.
Қолайсыз демографиялық процестер ішінде славян ел-жұрты көші-қоны ерекше орын алады. Эмиграция (шетке кету) нәтижесінде Қазақстан Республикасы халқының табиғи өсімінің 1990 ж. 55, 8, 1991 ж. — 22,2,1992 ж. — 89, 3 процентін жоғалтты, 1993 және 1994 жылдары көші-қондық жоғалтулар ел-жұрттың табиғи өсімін толықтай жұтып қана қоймай, оны тиісінше 1,4 және 2,8 есе көбейді: 1999 шарықтау жылы сыртқы көші-қонның үдемелі коэффициенттері: ел-жұрттың 1000 адамына шаққанда эмиграция -28,73; көші-қон шығыны — 24, 52; эмиграция, иммиграциядан 7 есе дерлік көп болды. 1995 ж. эмиграцияның иммиграцияға карағанда 4,4 есе, 1996 ж. — 4,3, 1997 ж. — 7,9 есе артуы байқалды. [1]
Ел-жұрт азаюы өзінің көлемі немесе этникалық жөнінен ғана емес, сондай-ақ елден, әсіресе экономиканың аса маңызды салаларынан мамандардың — өнеркәсіп жұмысшыларының, инженер-техник, мұғалімдердің, дәрігерлердің, орта басқару буынының шетке кетуінен көрінді. Бұдан басқа, республикадан кеткен эмигранттар білім дәрежесі жөнінен жартысына жуығы (46%) жоғары, толық емес жоғары және орта білімді адамдар болған еді. Интеллектуалды, творчествалық потенциалдың көптеп кетуі Қазақстанға елеулі түрде экономикалық және моральдық нұқсан келтіреді, соның ішінде негізінен еңбекке қабілетті жастағы — 20-49 жас аралығындағы адамдар кетіп қалды. Ғалымдардың, инженер-техник қызметкерлердің, маман жұмысшылардың кетіп қалуы елге қыруар экономикалық шығын әкеледі. Түрлі кәсіби мамандарды әзірлеу орта есеппен елге 5 мың АҚШ долларына түседі. 1 миллион Қазақстандықтардың кетіп қалуы мемлекеттің білімге жұмсаған шығыны бойынша 5 миллиард АҚШ доллары келемінде экономикалық зиян келтірді. Бұл Қазақстан алған несиелер сомасынан елеулі түрде көп.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық факторлар туралы айта келіп, ендігі мақсат біздің жас мемлекетіміздің қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосуда екендігіне баса көңіл аударуы да кездейсоқ емес [2].
Демек, бұл проблеманы зерттеу үлкен теориялық және практикалық мүдде туғызуда. Көші-қон процестерінің салдарлары, олардың тұтасынан алғанда мемлекет дамуына ықпал етуі, ел-жұрттың еңбекпен қамтылуына, жұмыссыздық деңгейіне, жұмыс күші сапасына, демографиялык құрылымға, әр түрлі аймақтардағы және басқа халыққа әлеуметтік өмір кажеттілігінің артуына әсері бар. Бұларды ұқыпты түрде зерттеу мен талдау күн тәртібінде тұр. Сонымен бірге көші-қон проблемаларын және оның Қазақстан халқы дамуына ықпалын зерттеу тұтасынан алғанда қоғам дамуының дәрежесі туралы айтуға, оның проблемалық мәселелерін айқындауға жөне одан әрі даму перспективаларын белгілеуге мүмкіндік береді.
Міне, сондықтан Қазақстандағы көші-қон процестерінің кейінгі 35 жылдан астам тарихы өзектілігі мен практикалық маңызы зор тақырып екені күмән туғызбайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстандағы көші-қон процестерінің тарихына қатысты зерттеулерді мазмұны мен ой тұжырымдарына қарай шартты түрде үш топқа жіктеуге болады:
Бірінші топқа көші-қонның алуан түрлі қырларын, соның бірі оның теориясы мен методологиясы мәселелерін зерделеген еңбектерді жатқызамыз.
Екінші топ көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-саяси мәселелерін баяндайтын еңбектер мен мақалалар.
Үшінші топ біздің тақырыбымызға неғұрлым жақын келетін Қазақстандағы демографиялық ахуалды сипаттап, ондағы көкейтесті мәселелерді дәл көрсете алған зерттеулер.
Әрине, Қазақстандағы көші-қон (миграция) процестерінің тарихына қатысы бар ойлар мен тұжырымдар басқа да мазмұндағы зерттеулерде кездесе беретіні ақиқат. Бірақ, олардағы деректер мен ой-тұжырымдар зерттеліп отырған тақырыптың тарихнамасына айтулы үлес қоса алмағаны әбден түсінікті.
Қоныс аударудың алуан түрлі қырларын қарастырған бірінші топтың өкілдері мәселенің тарихнамасын зерделеуде біраз істерді тындырғанын атап өтеміз.1970 жылдары көші-қон қозғалысы проблемалары бойынша көптеген жұмыстар пайда болды, алайда көпшілігінде олар тарихи тұрғыдан емес, қайта қоғамдық-саяси тұрғыдан және негізінен кеңестік дәуірді қарастырған еңбектер болды.
Көші-қонның алуан түрлі аспектілерін, сондай-ақ аграрлық көші-қондарды талдаумен Л.М.Горюшкин, А.Б.Ғалиев, В.М.Моисеенко, А.В.Минжуренко, Г.А.Ноздрин, О.И.Сергеев, Д.К.Шелестов, М.В.Шиловский, Е.А.Якименко және басқалар айналысты [3].
Халықтың сан жөне сапа құрамы елеулі мөлшерде көші-қон процестерімен тікелей байланысты. Сондықтан көші-қондар процестері туралы әдебиет демографиялық зерттеулер арасында кең көлемді болып табылады. Осы әдебиеттер ішінде В.И.Переведенцев, В.И.Староверов және В.М.Моисеенко еңбектері ерекше көзге түседі; оларда көші-қон процестерін зерттеудің теориясы мен методологиясы мәселелері қарастырылған [4].
Өзіміз екінші топ өкілдері ретінде көрсеткен көші-қон процесінің қоғамның әртүрлі салаларындағы орны мен маңызы жөнінде жазылған еңбектер де мәселенің тарихнамасын толықтыра түседі. Қазіргі заманғы көші-қон процестері — көпжақты да күрделі құбылыс. Ол алуан түрлі демографиялық, этнографиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілерде зерттелуде. Өздерін қызықтыратын аспектіні аша отырып, зерттеушілер проблемалардың белгілі бір қырын қарастырады, бұл құбылысқа өзіндік келуді қолданады. Мысалы, заң ғылымының кандидаты А.М.Нұрмағамбетовтың Қазақстан Республикасындағы еңбек нарқының құқықтық проблемаларына арналған жұмысында осы заманғы ішкі көші-қондар проблемалары, атап айтқанда еңбек көші-қоны және оның Қазақстандағы еңбек нарқының жай-күйіне ықпалы қарастырылады [5]. Автор орналасу себептерін, алдымен олардың ешқашан белгіленбеген себептерін қарастырады, құқықтық қорғалуы тұрғысындағы экономикалық босқындар деп аталатын — ерекше әлеуметтік топты және тағы сондайларды бөліп көрсетеді.
Кейінгі жылдары алуан түрлі басылымдарда, соның ішінде мерзімді баспасөзде қазіргі кезеңдегі республика ел-жұрты проблемалары бойынша мақалалар жарық көре бастады, оларда авторлар ТМД аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстандағы көші-қон процестерін ойластыру мен бағалауға тырысады. Көші-қон процестерін Қазақстаннан көшіп келушілермен байланысты қарастырған Ресейлік ғалымдар еңбектерін атап өтпеске болмайды. Олардың ішінде А.Г.Вишневскийдің еңбектерін, «СССР:Демографический диагноз. Современные проблемы миграции» деп аталатын ұжымдық монографияны, газеттер мен журналдардағы көптеген жарияланымдарды бөліп көрсетуге болады [6].
Е.Ю.Садовскаяның монографияларын бөліп көрсетуге тура келеді, оларда Қазақстандағы қазіргі көші-қон процестерінің терең саясаттану таңдауы жүзеге асырылған, кеңестік кезеңнен кейінгі көші-қондардың жаңа формалары мен түрлері қарастырылған [7].
90-жылдардағы көші-қон процестеріне көптеген қазақстандық ғалымдардың мақалалары арналған. Олардың ішінде Н.Р.Мусиннің және С.В.Манохинаның, Г.Т.Айтмағамбетованың, А.Қуандықовтың,. Бекжанованың, Н.Аужановтың, Р.Әбсаттаровтың және басқалардың [8] мақалаларын бөліп көрсетуге болады. Мақалаларда Республикадағы демографиялық жағдай, оның экономика мен саясатқа, әлеуметтік өмір қызметі мен ұлтаралық қатынастарға әсері сипатталады, қөші-қон процестері карастырылады.
Үшінші топ өкілдері, іргелі зерттеулердің авторлары кәсіби тарихшылар болып келеді. 1991 жылы маусымда Астанада өткен «Оралдағы, Сібірдегі, Орта Азиядағы және Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы демографиялық процестер» деп аталатын ғылыми конференция Қазақстанда демографиялық тақырыппен шұғылданатын зерттеушілер аз емес екенін керсетті [9]. Баяндамалар республика ел-жұрты санының динамикасы, халықтың ұлттық құрамының қалыптасуы жөне көші-кон процестерінің ықпалымен болатын басқа да демографиялық өзгерістер тақырыптарына арналды.
Қазақстан тарихнамасындағы халықтың көші-қон мәселелері тарихнамасының өзін хронологиялық жағынан екі топқа бөліп алып қарастыруға болады. Мұның алғашқысы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ өлкесіндегі халықтардың қозғалысы, оның шаруашылық-тұрмыс үрдісіне тигізген ықпалы жөніндегі мәселелерге талдау жасаған еңбектер болса, ал негізінен Кеңес дәуірі мен қазіргі заманғы көші-қон процесінің тарихи-демографиялық қырларын терең зерттеген ғалымдар еңбектері екінші топ өкілдері болып табылады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап көші-қон процестері Қазақстан дамуына елеулі әсер ете бастауына байланысты олардың кейбір аспектілері Қазақстан тарихының түрлі кезеңдеріндегі оның әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларына арналған көптеген еңбектерде қарастырылды. Мұнымен бірге жұмыстардың көпшілігінде белгілі дәрежеде Қазақстанның ішкі және сырткы көші-қондары туралы мәселелер көтерілді, бірақ оларда бірқатар аумақтық немесе хронологиялық шектеулер бар. Әдетте, өлкенің саяси жөне әлеуметтік-экономикалық проблемалары тарихын зерттеумен қатар тарихшылар көші-қондар процестері мөселелерін үстірт қарастырды. Атап айтқанда, бұл проблема Н.В.Алексеенконың, Н.Е.Бекмаханованың еңбектерінде талданады. [10]
Батыс Сібір мен Түркістан аумақтарына орыстардың қоныстануы, олардың бір бөлігі Қазақстан аумағына келгендігі З.Л.Бояршинова, А.Колесников, Г.Ахмеджанов, В.Г.Тюкавкин, Н.А.Якименко еңбектерінде берілген [11].
З.Л.Бояршинова дворяндық-буржуазиялық тарихнамада көші-қондардың негізінен әскери-әкімшілік игерілуін, ал кеңестік тарихнамада әлеуметтік-саяси салдар болғанын бөліп көрсетті. А.Б. Ғалиев те осындай көзқараста. Мысалы, ол тарихшылар көші-қондардың демографтар қабылдаған ішкі және сыртқы, уакытша белгілері бойынша (қайтарымды, уақытша, маусымдық, ауытқымалы), жүзеге асырылуы формалары жағынан (ұйымдасқан, ұйымдаспаған, ерікті, еріксіз) жіктелуін қолданбайды деп атап көрсетті. Дәл осы тұрғыдан қарастыру көбінесе көші-қондарды зерттеу процесін қиындатады, бұған көбінесе ел-жұрт көші-қоны ұғымының өзін түрліше түсіндіру ықпал етеді [12].
Қазақстандық тарихшы ғалымдардын келесі бір тобы Кеңес дәуірі мен қазіргі кезеңдегі көші-қонның біртұтас жүйесін терең зерделеді.
Ел-жұрттың өсуі проблемаларымен, соның ішінде көші-қон мәселелерімен шұғылдануға М.Б.Тәтімовтың еңбектері арналған [13]. Автор өз еңбектерінде көші-қон проблемаларын, оның Қазақстанның ұлттық қүрылымы қалыптасуындағы рөлін, ұзақ тарихи кезеңдегі көші-қон тасқындарының негізгі бағыттарын айқындай отырып, сөз етеді [14].
Ғалымдардың қазактардың демографиялық және көші-қон мінез — құлқының өзгеруіне ерекше назар аударатындығы кызғылықты болып отыр. Қазақстан халқы калыптасуының аспектілері, ел-жұрт пен ұлттық құрамның өзара байланысы Е.Гладышева мақалаларында зерттеліп жүр [15].
Республика ел-жұртының көші-қон мәселелеріне Г.Москвина мен М.Мельдаханова мақаласы арналған [16]. Мақалада ел-жұрттың аумақтық
жылжуы Қазақстандағы халықтың қалаға шоғырлану процестерімен байланысты зерттеледі.
Қазақстанның кеңестік кезеңдегі ел-жұрты проблемаларының жеке аспектілері Т.Б.Балакаев, Г.Ф.Дахшлейгер, К.Н. Нүрпейісов, С.Б. Нүрмүхамедов, Б.Н.Әбішева [17] және басқалар сияқты белгілі тарихшы-ғалымдарының еңбектерінде көрсетілген.
Ф.Н.Базанованың [18] еңбектерін де ескермеуге болмайды, оларда азамат соғысы мен индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан халқының ұлттық құрамының калыптасу процестері ашып көрсетілген. Біздіңше Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеруіне көші-қон процестерінің маңызы туралы автордың көзқарасы сондайма дәлелді болып керінеді.
Кеңестік дәуірдің тарихи демографиясы проблемалары бойынша М.Х.Асылбеков пен А.Б.Галиевтің бірлесіп жазған «Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 г.п)» монографиясы тұңғыш рет талданып қорытылған еңбек болып табылады [19]. Бұл монографияда тұңғыш рет қазан дәуірінен кейінгі ұзақ кезеңдегі көп ұлтты Қазақстандағы ел-жұрт мөселелер елдегі көкейтесті әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер тұрғысында кеңінен зерттеледі. Қазақстан ел-жұртын зерттеумен байланысты тарихи демографияның өзекті проблемаларын қою өте маңызды болып табылады. Атап айтқанда, тарихи шолуда халықтың ұлттық, әлеуметтік, жыныстық құрамындағы және басқа да өзгерістер қарастырылады. Авторлар XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың 80 жылдары аяғына дейінгі кезеңдегі көші-қон процестерін де Қазақстандағы демографиялык хал-ахуалға әсер ететін фактор ретінде қозғайды да, кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы көші-қон проблемаларын зерттеу міндетін қояды. Проблематикалық және методологиялык тұрғыдан келу жөнінен бізге М.Асылбеков пен А.Галиевтің [20] басқа да еңбектері неғұрлым жақын болып келеді. Олар Қазақстандағы демографиялық процестер дамуын, әсіресе қазақ қоғамының этнодемографиялық өзгерісі тұрғысындағы жағдайын бейнелейді.
Концептуалды тұрғыдан алғанда М.Х.Асылбековтың жұмыстары айрықша мүдде туғызады. Автор Қазақстандағы кеңестік кезеңдегі демографиялық процестердің біртұтас тарихи келбеті дамуын сәтті жасап шығарған. Сондай-ақ біздінше, ғалым ұсынған КСРО-ның Орталық Еуропа аудандарынан Қазақстанға көші-қон козғалысын кезеңдерге бөлу сондайма құнды болып табылады.
М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның «Демографические процессы современного Казахстана» монографиясында 1980-1990 жылдар басындағы демографиялық процестер: ел-жұрттың саны, динамикасы, оның сапалық сипатындағы демографиялық өзгерістер, сондай-ақ жыныс-жас құрамы, ұлттық құрамы және басқалар талданады [21]. Жұмыста, сондай-ақ ел-жұрттың жұмыссыздығы мен жұмысқа тартылуы мәселелері көтерілді; ал бұлар ел-жұрттың көші-қонына елеулі ықпал етеді. Қазіргі көші-қон процестерін, авторлар олардың қолайсыз салдарларын, Қазақстанның әлеуметтік-демографиялык хал-ахуалы нашарлауына және оның болашақтағы экономикасына әсерін көрсете тұрғанымен табиғи құбылыс ретінде қарастырады.
В.В.Козинаның «Население центрального Казахстана (40-е года — конец XX в.)» еңбегін ерекше атап өтеміз, онда аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси шынайы көріністеріндегі ел-жұртының саны мен аумакка орналасу, көш-қон процестері; ұлттық құрамы, жыныс-жас және әлеуметтік құрылымы, динамикасы талданады [22].
80-жылдардағы Батыс Қазакстанның этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы тұрғысында аймақтық көші-қон проблемаларын өз кітабында М.Н.Сыдықов көтереді [23].
Соңғы жылдары көші-қон процестерінің тарихнамасы бойынша жүмыстар, атап айтқанда С.И.Ковальскаяның жұмыстың зерттеуі жарық көрді. Автор тарихнамалық зерттеу объектісі етіп тарихшылардың Қазақстан ел-жұртының көші-қондарының бүкіл кезеңдерін зерттеген жұмыстарын таңдап алыпты [24].
Сонымен, ғылыми әдебиеттің елеулі түрдегі жеткілікті сан мөлшері болуына қарамастан объективті зерттеудің концептуалдық көзкарастан алғанда көші-қон процестерінің көптеген мәселелері әлі жеткілікті іздестірілмеген. Мәселен, Қазақстандағы 1970-1990 жылдардағы көші-қон жөніндегі жан-жақты талданған тарихи еңбектер әлі жоқ. Біздіңше, осы жылдардағы көші-қон процестерінің негізгі факторларын республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы тұрғысында зерттеу мен талдау кажеттігі, көші-қон тасқындарының бағыттары мен түрлерін, Қазақстандағы осы көлемді құбылыстың демографиялық салдарларын: халық санының динамикасы, сапалық сипаттамасы, соның ішінде ұлттық құрамы, жыныс-жас құрылымы өзгерісін керсету қажеттігі пісіп жетілді.
Көші-қон процестері ықпалымен қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі, атап айтқанда халықтың білім және мәдени деңгейінің, кәсіби құрамының өзгеруі мәселелері, көші-қонның әлеуметтік проблемалары кешенді зерттеулерді қажет етеді. Сондықтан да, жоғарыда көрсетілген мәселелер бізге колға алған жұмыстың зерттеу негізі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Бұл жұмыстың міндеті 1970-2005 жылдар кезеңіндегі Қазақстандағы көші-қон процестерін кешенді де жан-жақты зерттеу болып табылады. Осыған байланысты біз мына төмендегідей нақты міндеттерді шешуге тырыстық:
- көші-қондардың халықтың әлеуметтік-кәсіби құрамына тигізген әсерін анықтау;
- көші-қон процестері тенденциялары бағыттарының өзгерістерін және қазіргі кезеңдегі көші-қондардың жаңа түрлерін талдап беру;
- шет елдердегі қазақтарды ата қонысына қайтару саясатындағы сөзсіз қол жеткізген табыстар көлеңкесінде шоғырланған қиыншылықтар мен келеңсіздіктерді зерделеу;
- зерттеу нөтижесінде түйінделген қортындылар бойынша Қазақстандағы көші-қон процестерінің бағытын анықтап, оған жоспарлылық сипат беруге септігін тигізуі мүмкін деген ойлар мен ұсыныстар білдіру;
Зерттеудің деректік негізі. Зерттеліп отырған мәселенің маңыздылығы мен жаңалығы жұмыстың деректер бұлағының сипатын анықтады. Мұның өзін бірнеше топқа бөліп алып қарастыруымызға болады. Біз алдымен құжаттық материалды талдағанда деректік дәлме-дел және талас туғызбайтын фактылардың күллі кешенін қатыстыру қажеттігін, сондай-ақ оларға сыни тұрғыдан қараудың да қажеттігін негізге алдық.
Алдымен, бұл жұмыста 1970-2005 жылдар кезеңіндегі Қазақстанда орын алған демографиялық өзгерістерді талдау бұрынғы КСРО және Қазақ ССР-інің 1970, 1979, 1989жж. және 1999 ж. Қазақстан Республикасында жүргізілген төрт халық санағының материалдарын зерттеу негізінде жүргізілді. Бұл жерде ел-жұрт туралы мәліметтердің негізгі деректері санақтар материалдары болып табылатындығы ескерілді.
Кеңестік уақытта бірнеше халық санақтары жүргізілді, олардың ішінде біз үшін 1970, 1979 және 1989 жылдардағы санақтар неғұрлым күнды болып табылады. Осы орайда, 1939 жылы жүргізілген санақтар тәртібі мен әдістемесі оншалықты өзгермегендігін және өз негізінде кейінгі халық санақтарында сақталғандығын атап көрсетуге болады,мүны 1939 жылғы сұрақтар саны — олар 16,1959 жылы -15, 1970 жылы—18 және 1979 жылы — 16 болғанынан айқын аңғаруға болады.
Деректердің келесі бір тобын санақ аралық кезеңдегі ел-жұрт өзгерістерін талдау үшін пайдаланылған ағымдағы статистика материалдары құрады. Олар «Народное хозяйство СССР» және «Народное хозяйство Казахстана» статистикалық әржылдықтары болып табылады. «Народное хозяйство СССР» әржылдығы 1956 жылдан, ал «Народное хозяйство Казахстана» әржылдығы 1957 жылдан бастап шыққан еді.
Тұтасынан алғанда «Народное хозяйство Казахстана» статистикалық әржылдығында ел-жұрт дамуының көптеген мәселелері бойынша мәліметтер бар. Зерттеу дерегінің бұл түрінің артықшылығы, ондағы келтірілген мәліметтердің салыстырмалы болып табылатындығында. Сонымен, деректердің жоғарыдағы екі тобы, санақтар және ағымдағы статистика материалдарын пайдалану халқының демографиялық процестерін, сондай-ақ олардың динамикасын да неғұрлым толық көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының құжаттары құнды зерттеу деректер болып табылады. Атап айтқанда орталық статистика Басқармасының — 689 қоры, 1,2,14,21 тізімдері маңызды. Бүл материалдарында Қазақстанның халқының саны, онын ұлттық және жас жыныс құрылымы, ел-жұрт көші-қоны, қала және село халқының табиғи және механикалық өсімі туралы мәліметтер бар. КазССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Қорында (1479 қор) республиканың және оның жеке облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәліметтер кездеседі. Тұтасынан алғанда республиканың және облыстар көлеміндегі экономикалық және әлеуметтік-мәдени шаралары дамуының статистикалық жылдық есептері мен бесжылдық жоспарлары ерекше құндылық танытады. Еңбек ресурстары жөніндегі Мемлекеттік Комитет Қорында (1987 қор) Қазақстан. еңбек ресурстары саны мен құрамы мәселелері жөніндегі материалдар, сондай-ақ республикаға өндірістік көші-қон бойынша келушілердің кейбір құжаттары кеңінен келтірілген.
Сондай-ақ, жұмыста Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының материалдары пайдаланылды.
Жұмыста дерек көзі болып табылған құжаттардың төртінші тобы Көші-қон және демография жөніндегі Агенттіктің ағымдағы мұражайынан алынған. Мұнда қазақтардың әлемнің басқа елдерінен өзінің тарихи Отанына оралуы жөніндегі кызметі туралы құнды материалдар сақталған. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ағымдағы мұражайында соңғы он жылдықтағы еңбек көші-қоны туралы құжаттардың үлкен көлемі сақтаулы.
Ақырында, жұмыста бұған дейін де көпшілікке жария болған мерзімді баспасөз материалдары, интернет-зерттеу деректері пайдаланылды. Орталық және республикалық газеттер мен журналдардан алынған материалдардың құндылығы сол, олар тек қана мұрағат құжаттары негізінде қайта құруға қиын оқиғалар жүйесін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен жұмыста өзара бірін-бірі толықтыратын, әрі нақтыландыратын зерттеу деректердің кең көлемді де алуан түрлі материалдары қатыстырылды.
Зерттеудің объектісі және хронологиялық шеңбері.Біздің зерттеу объектіміз 1970-2005 жылдар кезеңіндегі Қазақстандағы көші-қон процестері болып табылады. Зерттеудің хронологиялық шеңберлерін таңдап алу Қазақстан тарихының осы кезеңінің ерекшеліктерімен айқындалады. Атап айтқанда, бүл кезеңде Қазакстандағы көші-қондар толкындарының бағыттылығы мен маңыздылығы секторында елеулі езгерістер жасалды. Бұл процесс 60-шы жылдары басталды, бұған дейінгі кезеңде ел-жұрт саны өсуінің негізгі факторы механикалық қозғалыс болды, 70-ші жылдардан ел-жұрттың табиғи қозғалысы бірінші кезекке шығады. Осы кезеңнен бастап Республикаға келушілермен салыстырғанда кетушілер саны күрт көбейеді. Одан әрі көші-қон үлесі қауырт түрде жағымсыз маңыз алады. 90-шы жылдардың басында Қазақстаннан көші-қон кетушілігі елеулі түрде белсенді болып алды. Оның шырқау шыңы 1994 жыл үлесіне тиген еді. Тұтасынан алғанда бұл кезеңде елімізден 2 миллионға жуық адам кетіп қалды. Экономика үшін, сондай-ақ демографиялық хал-ахуал үшін де бұл жағдай айтарлыктай жағымсыз салдарлар туғызды.
Зерттеліп отырған кезеңнің аяғына карай қазақтар тұңғыш рет, жүз жылдан астам тарихы бойына Қазақстан халқының көпэтникалық құрамы қалыптасуы жөнінен өзінің тарихи аумағында көпшілік бола алды.
Жұмыстың практикалық маңызы алдымен оның теориялық қорытындылары мен фактылық материалын тарих ғылымдары бойынша жаңа зерттеулерде, сондай-ак тарих және тарихи демография курстарын оқытуда пайдалану мүмкіндігінде жатыр. Бұдан басқа ұзақ тарихи кезеңді, кеңестік кезеңді де, егеменді Қазақстан кезеңін де қамтитын Қазақстандағы көші-қон процестерін талдау елеулі практикалық құндылық болып көрінеді, өйткені ол республиканың одан әрі әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, мәдени жөне саяси дамуының бағыттарын айқындауға және өткендегі көптеген қателіктерді қайталамауға мүмкіндік береді.
Зерттеу қорытындылары, сондай-ақ Қазақстанның ел-жұрт көші-қондары аясындағы мемлекеттік саясат қалыптасуы үшін кажетті сабақтар алуға жағдай жасайды. Автор, сондай-ақ зерттеудің қайсыбір нәтижелерін баспасөзде кеңінен жариялау саяси күрестегі Қазақстан ел-жұрты тарихының оқиғалары мен фактыларын ат-үсті жеңіл қолданудан бойды аулақ салуға көмектеседі деп сенеді.
Сол сияқты зерттеу барысында алынған нәтижелер қазіргі кезеңдегі республика аумағындағы көші-қон процестерін болжамдау мен жоспарлауда пайдаланылуы мүмкін.
I.ТАРАУ. КӨШІ – ҚОННЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМЫ: НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН ТИПТЕРІ
Көші-қонның барлық негізгі үш түрі: қоныс ауыстыру, жылжымалы және маусымдық түрлері-негізінен еңбек ету орнының ауысуымен байланысты және ең бастысы еңбекке қабілетті халықты қамтиды. Қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына көші-қонның екі түрі: тұрақты тұру орнын ауыстырумен байланысты көшіп-қону және жылжымалы көші-қон елеулі ықпал етеді.
Тұрақты тұрғын орын ауыстырумен байланысты, негізінен қалаларға село халқы есебінен болатын басты құбылыс — көптеген онжылдықтар бойы және қазіргі кезге дейін Қазақстан үшін қала халқы калыптасуының негізгі кездерінің бірі болып табылады.
Маусымдық көші-қон басым түрде еңбекке қабілетті халықты камтиды және халық шаруашылығының қайсібір салалары белгілі бір кезеңдерде жұмысшы күшіне көтеріңкі қосымша қажеттілікті бастан өткізеді. Көші-қонның бұл түрі, әдетте, уақытша сипат алады да, қалалардың әлеуметтік дамуына қандай да бір көрінерліктей ықпалы болмайды, тек қана қалалардан уақытша (маусымдық) жұмыс күші тартылады.
Көші-қон проблемаларымен айналысатын алуан түрлі мемлекеттік, халықаралық, үкіметтік емес институттар мен ұйымдардың пайда болуы -көші-қон аясындағы хал-ахуалдың елеулі өзгерісі болып табылады. Ондай ұйымдардың пайда болу фактісін, олардың өзара әрекеті мен өзара ынтымақтастығы дамуын мойындау – көші-қон проблемаларын шешу шарттарының бірі.
Жұмыста еліміз тәуелсіздік алғанға дейін көші-қон процестерінің заңдылық базасының болмағандығы көрсетіледі. Себебі, бүрынғы КСРО-да ұзақ уақыт бойы стихиялы көші-қон фактісінің өзі мүлдем мойындалмады, жаппай қоныс аударулар бесжылдықтар құрылыстарына, тың игеруге және басқаларға байланысты ұйымдасқан түрінде өтті.
Абылайдың жанында Бұхар отырса, Керей мен Жәнібек хандар тұсында Асан қайғы ел мұратын жырлаған. Осыдан қалған ізбен Кеңес Одағы тұсында негізгі идеологиялық тізгін зиялы қауымның қолында болды. Ел зиялысының ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған дәурен еді ол. Одан да өттік. Бүгінде ел иек артатын зиялының өзі жалтақ. Қара қылды қақ жаратын би-шешендерден де жұрнақ қалмағандай [25].
Дегенмен, «Елбасы сізден ұлт мәселесі төңірегінде сұрай қалса не дер едіңіз? » деген сауал зиялы деген айдар тағылмаса да, «елім, ұлтым » дейтін әрбір саналы азаматтың көкірегінде жүретіні белгілі.
Сонымен Елбасы ең алдымен неден сақтануы керек еді? Осыдан біраз уақыт бұрын Елбасының өз аузынан Қазақстанда «жалпы қазақстандық ұлт» жасау туралы әңгіме айтылғаны белгілі. Бұны өзгеге емес Қазақстан халықтары Ассамблеясында тапсырды. Жалпықазақстандық ұлт идеясына қазақтан бұрын осы Ассамблея мүшелерінің өзі қарсы болады. Дегенмен кейбіреулер бұл бастама елдегі 120 ұлт өкілінің бір жұдырыққа жұмылып, өздерін «қазақпыз » деп айтатын деңгейге жетелеуі мүмкін деп жақсылыққа жоруда. Алайда, бүгінде мәлтілдеп тұрған тіліміздің дәл қазіргі күйімен, егерәки, бола қалса жалпықазақстандық ұлт қазаққа емес, басқаға қызмет етері белгілі.
«Әлемдегі қазақтардың жалғыз отаны бар. Ол-Қазақстан » деген сөзді Елбасы өзі айтқан. Ендеше, дүйім қазақ үміт артқан Қазақстан, қазақтың ата-мекені талай келімсектердің отанына айналу қаупі қайта туып тұр. Бұған негізінде өзге емес, жалпықазақстандық ұлтпен қатар, қабылданғанына көп уақыт өтпеген «Азаматтық туралы » заңның дүниеге келуі салды.
Ондағы негізгі мәтін-Қазақстанға қажетті шетелдік маман-кадырлардың азаматтық алуын жеңілдету. Бұл дегеніміз Қазақстанға көз тіккен өзге ұлт өкілдерінің көктен тілегенін жерден беру. Жазушы Дулат Исабеков Елбасыға осыны ишарамен ескерткендей болған екен. Мәселен, Атасу-Алашаңқай құбырынтарту арқылы Қазақстанға 300 Мыңдай Қытай жұмысшысы келеді екен. Бүгінгідей жеңілдетілген «Азаматтық туралы заң » барда, олар өздерін қажетті маман ретінде көрсетіп, азаматтықты алып алмасына кім кепіл. Тіпті, азамат атану үшін қазақстандықтамен неке құруға бел шешіп жатқандары аздай-ақ, енді артық әрекет жасаудың еш қиындығы жоқ, азаматтықты тықпалап өткізетін халге жеттік. Осы Қытай елінде 1,5 миллион қазақ өмір сүреді. Бір қызығы, Қытай ондағы бұратана халықтардың өзінің этникалық отанына баруына аса мүдделі емес. Халық саны қара нөпір болып, территориясына сыймай жатса да, атамекеніне барам деген бұратанаға түрлі кедергілер жасап бағуда. Сол себептен болар Қазақстанға жұмыс күшін беруге әзір отырған Қытаймен арада әлі күнге дейін мемлекетаралық көші-қон келісімі жоқ. Бүгінде Қазақстанда тұрып, қазақ қыздарымен некеге отырған Қытай азаматтары мыңдап саналатын көрінеді. Ал, Қытайдан келген қазақтардың саны әлі 100 мыңға жеткен жоқ.
Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңде көші-қон саясаты және оның құқықтық механизмі толықтай жоқ болды. Ал, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, көші-қон саясатының заңмен тиімді қамсыздануы жөне әзірленуі — көші-қон процестерінің қолайсыз тұстарын азайту, ел халқының санының тұрақты өсуін жөне сапалық құрамының артуын қамтамасыз етеді.
Әдетте, республика Конституциясы Қазақстандағы көші-қон мәселелерін құқықтық реттеудің негізі болып табылады. Конституцияда бір-бірінен ажыратып алуға келмейтін адам құқы мен бостандығы бекіндірілген.[26]
1.2. Қазақстандағы көші – қонның заңдылық базасы жай-күйі және әдістері
Көшіп келушілердің құқықтық жағдайын реттейтін алғашқы нормативті акті — 1992 жылғы 26 маусымда қабылданған «Көші-қон туралы» заң болды (1997 жылы 13 желтоқсанда «Халықтың көші-қоны туралы» заң қабылдануына байланысты күшін жойған) [27]. «Көші-қон туралы» заң этникалық қазақтардың көшіп келуінің ұйымдық мақсатын қамтамасыз ету және реттеудің, оларға жаңа жерде қолайлы жағдай жасаудың құқықтық негіздерін құрады. [28].
Десек те, Заңда «көшіп келуші» мен «босқын» түсінігі жан-жақты ашылмады, заңға сөйкес субъектілердің де тізімдемесі берілмеді. Заң негізінен шетелдердегі қазақтарды көшіріп әкелуді ұйымдастыру, мемлекеттік көші-қон қорын, арнайы көші-қон ведомствосын құру мәселелерін қарастырды.
Заң бойынша көші-қонның жыл сайынғы квотасын, 6 бапқа сәйкес, Министрлер Кабинетінің ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Квотада келушілердің мемлекеті мен шектеулі саны, оларды қабылдаудың, орналастыру мен бейімдеудің жағдайлары, сондай-ақ олар қоныстануға тиіс аймақтың, шаруашылықтың түрі (яғни жұмысқа орналасатын мекеменің, кәсіпорынның түрі) көрсетілді. Заң алғашқы рет «еңбек көші-қоны» түсінігін енгізіп, оны реттеудің шарттарын принциптерін анықтады.(21 бап).
Қазақстан Республикасында көші-қон процессін реттеу үшін 1990-шы жылдары темендегідей нормативті-құқықтық актілер қабылданды: 1991 жылғы 20 желтоқсанда «Азаматтық туралы» заң; 1995 жылғы 19 маусымда
«Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы» Республика Президентінің Жарлығы (одан әрі 1997 жылғы 19 маусымдағы, 2001 жылдың 1 наурызы мен 16 наурыздағы заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес); 1996 жылғы 13 шілдеде «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасында саяси баспана берудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Жарлығы; (одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 19 сәуірдегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Жарлығы); Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының заңдарына байланысты мөселелерді қарау тәртібі туралы» Жарлығы; ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 29 қаңтардағы «Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуін реттеудің кейбір құқықтық мәселелерін реттеу туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы желтоқсандағы «Халықтық көші-қон туралы» заңы (2001 жылдың 1 наурыздағы заңдарына сәйкес өзгертулерімен және толықтыруларымен) жөне т.б. [29].
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасында саяси баспана берудің тәртібі туралы» Жарлығымен саяси баспана берудің ережесі бекітілді.
Көші-қонды реттеудің құқықтық базасы «Халықтың көші-қон туралы» заңда (1997 жылы қабылданған, 2001 жылғы 1 наурыздағы өзгерістерімен қолданылады) дамытылған. Заңда көші-қон тәртібін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың келу жағдайының шарттарын, еңбек мәселелерін реттейтін 7 тарау берілген. 1 тарауда заңда қолданылатын негізгі түсініктемелерге шолу жасалған. Заңда халықаралық стандартқа жауап беретін «босқындар» түсініктемесіне де анықтама берілген.
2001 жылдың 23 қаңтарынан бастап ҚР-сының «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» заңы өз күшіне енді [30]. Аталған заң халықты жұмыспен қамту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, бұрынғы заңға қарағанда, бұл заң ең алдымен жұмыспен қамту, жұмыс іздеу, еңбек көшіп қонуын ынталандыру, халықтың әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелерін қамтиды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының еңбек көші-қоны саласындағы заңдарын зерттегенде, олардың әлі дүрыс әзірленіп, жетіліп болмағанын көреміз. Бір жағынан, 1990 жылдан бастап, қазіргі әлеуметтік және экономикалық өзгерістерді ескеретін құқықтық нормаларды әзірлеу жүріп жатыр, еңбек, көші-қон және азаматтық саласында заңдар жене басқа нормативтік актілер қабылдануда. Екінші жағынан, кең көлемді миграциямен, нарықтағы еңбек шиеленісімен және басқа экономикалық проблемалармен байланысты заң шығару жұмысы казіргі заманғы талаптардан елеулі түрде қалып қо
II.ТАРАУ. II.1. 1970-1980 ж.ж ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШІ – ҚОН ЖӘНЕ ОНЫҢ БАРЫСЫ
Қазақстанға XIX ғасырдың 70 ж. бастап көші-қондардың толқынды келуі орталықтан империялық шеткі аймаққа ұйымдасқан қоныс аударумен сипатталғандығы атап көрсетіледі. Кеңестік кезеңде көші-қон кеңес республикаларын орталықтандыру, сондай-ақ орталықтың саяси белсенді, басқаша ойлайтын немесе жай басы артық халықтан арылуының құралы болып алды. Табиғи байлықтарды экстенсивті игеру міндеттерін орындау көбінесе демографиялық көпшілік-славян халқы есебінен жүзеге асырылды, мұның өзі «артта қалған аймаққа» ағалық көмек керсету болып саналды.
Қазақ өз елінде 50%-тен енді ғана асты. Бірақ, қазақтың үні әлі естілмейді. Тіліміздің мүшкіл халі ешкімді селт еткізіп отырған жоқ. Сталиндік депортация, тын игеру жылдарында Қазақстанды ұлттар лабораториясы еткеніміз аздай-ақ, тәуелсіз Қазақстанды да өзге ұлттардың талқысына салмақпыз.
Қазақ көбеюі керек. Онсыз мына ұлаңғайыр даланы, шексіз-шетсіз байлықты игеру мүмкін емес. Алайда, кімнің есебінен дегенді естен шығармаған абзал. Қазақтың бұл жөнінен үміт артар қоры, шеңгелдеп салар мүмкіндігі мол. Бүкіл бүтін қазақтың тең жарымына жуығы шеттеп жүр. әрі тілін-ділін сақтап, ұлт ретінде жоғалып кетпегендігі де әмбеге аян. Көші-қон саясаты елімізде жақсы жолға қойыла бастаған еді. Енді міне аяғы тағы сиырқұйымшықтанып кетті.
Көші-қон және демография агенттігі жойылып, ол тағы бұрынғысынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министірлігінің қол астына өтті. Жазушы Қабдеш Жұмаділов «елдің көбеюіне жұмсаған ақша адал, оның қайтарымы бар » деген еді осы кездесуде. Сол үшін де жазушы Көші-қон және демография агенттігіне өз мәртебесін қайтарып, тікелей Президенттің қарауына алуды сұрады. Бәлкім, бұл мәселені де Президент бір жақты етер. Өйткені ол кісі дәл осы ұсынысты жазып алғандай болды.
Республика аралық көші-қондағы жағымды өсімнің қысқаруы Қазақстандағы 1960 жылдардың ортасы мен 1970 жылдың басына келді. 1957-1961 жылдардың өзінде ғана жалпы Қазақстан бойынша қоныс аударушылардың 10 мың жанұясы кетіп қалды. Соның ішінде олардың жартысынан көбі 5200 жанұя тек 1967 жылдың өзінде кері кайтты. [31]. Кейінгі жылдары сыртқы көші-қонда тұрғындардың елге келуінен гөрі кері кетуі тез қарқын алды. Бұл процесті В.Хорев пен В.Чапек былайша баяндайды: «Қазақстанда ірі өзгерістер жасалды, мұнда 1970 жылы өте елеулі келу байқалды, ал 1970-1979 жылдары елеулі көші-қондар кетуі байқалды»[32]. Мысалы, ҚСРО-ның барлық республикаларынан Қазақстанға әсіресе РСФСР-дан — 16,3%, Орта Азия республикаларынан (Әзербайжан —4,0%, Тәжікстан — 2,2%, Өзбекстан — 1,6%, Түрікменстан — 5,5%) келушілер көрініс алды. 1975-1984 жылдар аралығында Түркменияда ауып келу есебінің механикалық өсімі үш есе өсті (1979 жылы 475 адамнан 1984 жылы 1489 адамға дейін). Ауып келу белсенділігі ауылдық тұрғындарға қарағанда қалалық жерлерде жоғары болды (47,9 %) [33].
Осылайша көші-қон нәтижесінде Қазақстан 70-ші жылдары халықтың өсімінің 28 пайызын (бұл кезеңде табиғи өсім 2356 мың адам болған), 80-ші жылдары тиісінше 38 пайызын (2656 мың адам) жоғалтты. Екінші жағынан алғанда, 1971 жылы Украинаның қала халқының өсуі, мысалы, Қазақстан есебінен 11,8 пайызы, ал 1977 жылы — 17,3 пайызы болды [34].
1979-1989 жж. санақ аралық кезеңде Қазақстанға 513112 адам келді. Яғни, халықтың жалпы санының 3,5% құрады, 460739 адам көшіп кетті (3,1%). Көші-қон өсімі 52373 адамды немесе 0,4 пайызды құрады.
1970 ж. халық санағының мәліметтері бойынша көшіп-қонушылардың басым бөлігі республика ішінде орналасты. Белгілі орында халық санағына дейін екі жылдан аз тұрған 1025,8 адам ішінен 603,1 мың (немесе 58,8%) адам Қазакстан ішінде 41,2% (немесе — 22,7 мың адам) басқа республикалардан келді. Осы кезеңде Қазақстаннан сырт жерге 444474 адам кетті [35]. Бұлардың көпшілігі негізінен РСФСР-ға 20,5%, Украинаға 2% кеткен. Көбінесе қалада тұрғандар кеткен, олардың үлесі — 67,7% құраса, ауылдық жердегі кеткендердің саны 22,3% құрады. [36]
Көші-қон интенсивтігі жөнінен республиканың қала халқын бес топқа
бөлуге болады. Статистикалық мәліметтерден көріп отырғанымыздай, Қазақстанның көші-қонында солтүстік облыстардың қала халқы ерекше орын алады, оларға барлық қоныс аударушылардың 2/5 үлесі, соның ішінде селолық жерлерге 1/2 үлесі және 1/3 үлесі қалаларға келеді. Бұл облыстардың көші-қонындағы үлкен үлес салмағы және оның жоғары интенсивтігі, алдымен кең көлемді тың игерумен, өнеркәсіп дамуымен, әсіресе Павлодар, Екібастұз аймақтық — өндірістік кешенін игерумен байланысты болды. Павлодар, Ермак, Қостанай, Рудный және сол сияқты қалалардың өнеркәсіптік құрылыстарына көші-қондардың көбі республиканың басқа аудандарынан келді. Мысалы, Павлодар мен Целиноград облыстарының қалаларына селолардан кетушілер Қазақстан бойынша 2,8%-ға қарағанда, осы облыстардың село халқының орта есеппен алғанда 4,9 пайызын құрады. Көші-қонның көтеріңкі интенсивтігі және солтүстік облыстардағы жаңадан қоныстанушылардың тұрақтану төмендігі қатаң табиғи климат жағдайларымен де байланысты болды.
Республика ішіндегі келушілер толқынында өз үлесі жөнінен Қазақстанның оңтүстік облыстары, олар үшін интенсивтіктің ең төмен керсеткіштері сипаты болғанымен, өз үлесі жағынан екінші орында болды. Сірә, бұл олардың экономикалық даму өзгешелігімен түсіндірілетіндігінен болса керек. Мысалы, бұл облыстардың жеңіл және тамақ өнеркәсіптері ауыл шаруашылығының өнімдері негізінде дамыды, Оңтүстік Қазақстанның жайылымдық бос жерлеріндегі Солтүстік бөліктегі суармалы жерлермен байланысты мал шаруашылығы болуымен көрінді. Табиғи және шаруашылық жағдайлар өзгешелігінен туындаған суармалы жер аудандарында және қалаларда халықтың шоғырлануының жоғары дөрежесі республика ішіндегі көші-қонның бұл аймақтағы төмен интенсивтігін шектеді.
Шамамен бірдей интенсивтіліктегі көтеріңкі бірнеше мәлімет тұтасынан республика бойынша ел-жұрт Қазақстанның орталық және шығыс облыстарына келетінін көрсетті. Мұндай жағдай олардың шаруашылықтың интенсивті салалары дамуымен сипатталатын шаруашылық жағдайлары ұқсастығымен байланысты болды: Қазақстанның орталық облыстары (Қарағанды, Жезқазған) көмір өнеркәсібі басым түсетін ауыр индустрия, қара жөне түсті металлургия, машина жасау салалары, ал шығыс облыстары — түсті металлургия, энергетика дамыған аудандар болып табылады.
Келушілер толқынындағы неғұрлым аз үлес және өте төмен көші-қон қозғалуы батыс облыстар үшін тән болды, оларда 80-жж. мұнай мен газды-химия (Атырау мен Маңғыстау облыстарында) және химия-металлургия (Ақтөбе облысында) өнеркәсіп кешендері жасақталды, ал аймақтың ауыл шаруашылығы оңтүстік бөлігінде көкеніс жөне солтүстігінде дәнді дақыл өндірісіне маманданды. Өнеркәсіп дамуының түсіңкі деңгейі, мал шаруашылығының экстенсивті сипаты бұл аймақтың ел-жұртының көш-қон қозғалуы төмен болуын айқындайды. Алайда, болашақта мұнай және газды химия өнеркәсібінің қуатты базасы жасалуымен байланысты республиканың бұл аймағынын ел-жұрт көші-қонындағы рөлі күрт өрістейді.
.2. 1980 – 1990 Ж.Ж. КӨШІ – ҚОННЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ, ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.
1920 жылдың 26 тамызында РКФСР құрамында Қазақ Автономды Социалистік Республикасы құрылды, бұл ұлттық мемлекеттігі 18 ғасырда үзіліп қалған қазақ халқының қалпына келуінің басы болып есептеледі. Қазақ АССР-ның құрылуына байланысты оның Үкіметі 1920 жылдың 8 қарашасында өзінің қаулысымен «Қазақ АССР-ындағы мемлекеттік статистика жөніндегі ережені» бекітті, бұл Қазақстанда біртұтас орталықтандырылған статистикалық орган қызметінің басы болып саналады.Шығыс Қазақстанда статистиканың даму тарихы 1939 жылы Семей облысынан Шығыс Қазақстанның бөлініп шығуынан басталды. Дәл осы жылы Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы құрылды. 1997 жылы қайтадан аумақтық өзгерістер болды, Шығыс Қазақстанның құрамына Семей облысы кірді.Шығыс Қазақстанда статистиканың қалыптасу процесі мен дамуы мемлекеттік басқару қажеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беру мақсатында статистика үшін күрес, күрделі қарама-қайшылық жағдайында өтті. Осы жылдар ішінде үлкен тәжірибе жинақталды, көптеген ұйымдық және әдістемелік мәселелер шешілді, статистикалық ғылым құрылды. Осының бәрінің басында өз күштері мен білімін статистикаға арналған жоғары кәсіби шеберлігімен және өз ісіне шексіз берілгендігімен ерекшеленетін адамдар тұрды[37] Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасының құрылған күнінен бастап оның бастығы болып Хорошайлов Максим Петрович (1939-1940 ж.ж) тағайындалды. Соғыс жылдары статистика басқармасының бастығы болып Тимофеева Анна Федоровна (1940-1945 ж.ж) қызмет етті. Соғыстан кейінгі жылдар мен одан кейінгі кезеңдерде облыстық статистика басқармасын мына азаматтар басқарды: Макаров Василий Андреевич (1945-1948ж.ж), Иткинд Григорий Моисеевич (1949-1971ж.ж), Канин Иван Андреевич (1971-1985ж.ж), Сировский Игорь Яковлевич (1985-1997ж.ж), Мусин Нұрлан Рысханұлы (1997-1999ж.ж), Тортаев Бауыржан Қадырұлы (1999-2002ж.ж). 2002 жылдың желтоқсан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының статистика басқармасын Орынханов Қайрат Кәкімұлы басқарып келеді.Негізінен алғанда статистика органдары халық шаруашылық жоспарларының орындалу барысы жөнінде экономика мен мәдениеттің дамуы және оның жағдайы жөнінде басқару және жоспарлау органдарын статистикалық (жалпыланған) ақпараттармен жедел қамтамасыз етіп отырған жалғыз жүйе болды. Олар қолда бар статистикалық материалдарды талдау мен жекелеген міндеттердің орындалуына және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға үлкен көңіл бөлді, мұндай жұмыстарды жүзеге асыру 60-70 жылдары бірнеше рет қолға алынған болатын; кәсіпорындарда, экономика салаларында мемлекеттік жоспарлардың орындалмау себептерін, олардағы пайдаланылмаған резевтер туралы баяндап және анықтап беру мәселесі қолға алынды.60-70 жылдары күрделі құрылысқа үлкен көңіл бөлінді. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді пайдалануға беру кезінде құрылыс ұйымдары жоспарды мерзімінен бұрын орындау мен асыра орындау жөнінде хабарлауға ұмтылатын. Объектілерді тексеру есептік деректер мен құрылыс жұмыстарының нақты барысы арасында сәйкес келмеушіліктерді анықтап беретін-ді. Мұндай жағдайларда облыстың статистикалық органдары облыстық партия комитеті мен облыстық атқару комитеттеріне баяндау хаттарын әзірлейтін. Деректерді бұрмалау жасаған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын, ал одан да күрделі жағдайларда іс сот органдарының тексеруіне дейін баратын.Облыстың статистика органдары ағымдағы статистикамен өздерінің үнемі шамадан артық жұмысбасты болуына қарамастан бір мезгілдік ірі есептер мен кезеңдік санақтарды өткізуге даярлық, оны өткізу және оларды қорытындылап талдау сияқты өте үлкен жұмыстарды да ойдағыдай атқара білді, олардың қатарында 1959-1970 жылдардың 15 қаңтарындағы, 1979 жылдың 17 қаңтарындағы, 1989 жылдың 12 қаңтарындағы, 1999 жылдың 24 ақпанындағы жағдай бойынша Бүкіл одақтық халық санағы, тұрғын үй қорының, мектеп үймереттері мен жалпы білім беретін мектептердің материалдық базасының, денсаулық сақтау мекемелерінің, жабдықтар мен машиналардың, аяқталмаған құрылыстың санағы, материалдық ресурстар мен орнатылмаған жабдықтардың санағы, мал санағы бар. Бүгінгі таңда қазіргі заман талаптарына сай ДЭЕМ-ды пайдалану статитикалық ақпараттарды өңдеу мен әрлеуді жаңа заман деңгейіне көтерді. Статистикалық есептерді жинаумен қатар экономистер деректерді өңдеу арқылы алынатын ақпараттарды қалыптастыруды да өздері жасайды. Бүгінгі күнгі статистика өткен жылдардағы статистикамен салыстырсақ, түп тамырымен өзгерді, әдістеме саласында да, ақпараттарды техникалық өңдеу саласында да айтарлықтай жаңартуларға қол жетті.1998-2002 ж.ж. ішінде Шығыс Қазақстан облысының статистика басқармасында да тілге тиек етерліктей ақпараттарды өңдеу техникалық құралдар көмегімен жаңара түсті. Статистика басқармасында жергілікті есептеу желісі орнатылған, бұл ақпараттардың үлкен көлемін өңдеуге, деректер архивін жүргізуге мүмкіндік береді. Аудандық статистика бөлімдері компьютерлермен жабдықталған және басқарманың жергілікті есептеу жүйесіне модемдік байланыс арқылы қосылған, яғни «аудан-облыс», «облыс-республика» байланысы жүзеге асырылады. Жаңа жабдықтың базасында облыс бойынша, сондай-ақ қалалар, аудандар, елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер бөлінісінде деректер банкі құрылған, бұл облыстың экономикалық және әлеуметтік-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер беталысын талдау үшін пайдаланылады. Статистикалық ақпараттарды өңдеудің технологиялық процесін жақсарту мақсатында, басқарманың бөлімдері мен топтары қазіргі заман талабына сай компьютерлермен жабдықталған.[38]Статистикалық деректер басқарма мен билік органдары үшін ақпараттардың негізгі көзі болып қалуда. Олар қысқа уақыт аралығында қаралуға тиісті көкейтесті, өткір мәселелер бойынша ағымдағы және жиынтық жедел, әрі қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіледі.Көші-қонның кең қанат жаюы Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өндірістің дамуымен ерекшеленеді, мұндағы көрсеткіш 1980-84 жж. көші-қонның жалпы шамасының 25,7 пайызына деңгейлес болды. Мәселен, 70 жж. басында Орталық Қазақстан аймағының халқы негізінен механикалық қозғалыстың есебінен өсті. Республика экономикасының жоғарғы қарқынмен дамуы, өнеркәсіптің қаулап өсуі мен ірі өнеркөсіп кәсіпорындарының құрылуы көші-қон үрдерістерінің қарқын алуына ықпал етті. 1959-1970 жж. Қазақстанға келушілердің саны шамамен 6,6 млн адамды құрады, ал кеткендердің саны 5,5 млн адамға артты. Бұл кезеңде «таза» көші-қон айырмасы 1,3 млн адамды құрады. Алайда ресупбликаға ағылған келушілердің саны өткен кезеңмен салыстырғанда, 4 есе кеміді, — бұл құбылыс ең алдымен, материалдық және мәдени-тұрмыстық жағдайы анағұрлым жақсы қалаға селолықтардың ағылуымен байланысты болды. Бұл әсіресе, Орталық Қазақстандықтарға тән құбылыс еді: 70 жылдары ауылдан қалаға ағылғандар орта есеппен 64% ұлғайды. 1970-1980 жж. Орталық Қазақстанда тұрғындардың селолардан қалаларға кетуі күшейді. 1979-1989 жж. санақ кезеңінде Орталық Қазақстаннын селоларынан республика қалаларына ел-жұрттың 20,3% кетті, ал кету қарқындары 13,3% құрады [39].Сонымен, көші-қон, 1970-1989 жж. кезеңіндегі статистика мәліметтеріне сәйкес, басым түрде республика ішіндегі сипат алды, бұл алдымен, ел-жұрттың селолық жерлерден қалаларға қоныс аударуымен тікелей байланысты болды. Көші-қонның қалаларға коныс аударуының жалпы тенденциясы: ел-жұрттың келуі санының азаюы мен кетуі санының артуы, сондай-ақ тиісінше қала халқының көші-қон өсуінің маңызы төмендеуі болып табылды.80-жж. аяғында көші-қонның жаңа векторы — халықаралық көші-қон қалыптасады, ал 90-жылдардың басында ол Қазақстан халқының саны кысқаруының аса маңызды факторына айналады.Жұмыста қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстан халқының сан жағынан өскенін көрсете отырып, бұл процестің экономика дамуына, еңбек өнімділігі артуына, адамдардың әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары жақсаруына және басқа көптеген факторларға елеулі түрде тәуелді екендігі баяндалады.
1970-1989 ж.ж. аралығында республикада орын алған урбанизацияның жоғары деңгейін атап өтуге мүмкіндік беретін қалаға көшу өсімі айтарлықтай болғаны байқалады. Яғни, 19 жылдың ішінде Қазақстанда қала халқының саны 7 пайызға көтеріліп, 57 пайызды құрады. Қала халқының өсуі республика халқының жалпы саны бойынша сәйкес көрсеткіштерді басып озды. Урбанизация процесінің нәтижесінде ол 1970-1979 жылдары -8,2 және 1979-1989 жылдары -6,6 пайызға өсті.
Қарастырылып отырған кезде республиканың барлық аймақтарында қала халқының саны өскені орын алды. 1970-1989 жж. аралығында Алматы қаласында (388 мың адам), Павлодар (263 мың адам), Шымкент (238 мың адам), Қарағанды (195 мың адам), Қостанай (186 мың адам), Жамбыл (173 мың адам), Маңғышлақ (1514 мың адам) облыстарында біршама өсім бары байқалды. Сондай-ақ, әсіресе Маңғышлақ (111%), Павлодар (77%), Торғай
(77%), Орал (69%) облыстарында да өсімнің күшті ұлғайғаны, ал Алматы, Жамбыл, Қызылорда (әрқайсысында 55%) облыстарында жақсы болғаны байқалды.
1970-1989 жылдардағы қала тұрғындарының санының өсімін атай отырып, қалалық мекендердің өсім саны артқандығын атап өтпеске тағы болмайды. 19 жыл ішінде қалалық мекендердің жалпы саны 40-қа, немесе 16 пайызға ұлғайды, оның ішінде қалалар 8%, (6-ға, 78-ден 84-ке дейін), қала типтес поселкілер 19% (34-ке, 176-дан 210-ға дейін) өсті.
Статистикалық мәліметтердің талдауы көрсеткендей қалалық мекендердегі қалалардың үлесі 1970 ж. — 31%, 1979 ж. — 30%, 1989 ж. — 29% құрады. Сол уақытта қалада тұратындардың саны қалалық мекендер тұрғындарының жалпы санынан (тиісінше жылдар бойынша) 81,84 жөне 85% пайызды құрады.
Сонымен қатар сол уақытта республикада қала тұрғындарының шоғырлану деңгейінің артқанын атап көрсетуге болады. Мысалы, 1970 жылы 100 мыннаң астам тұрғыны бар қалалық мекендерде 53,6 % қала тұрғындары тұрса, 1989 жылы бұл көрсеткіш 62% құрады. Тиісінше 10 мыңнан 100 мыңға дейін халқы бар, орта қалаларда 35,3 % жөне 29%, ал кіші (10 мыңға дейін халқы бар) және қала типтес поселкелер 11,1% және қала тұрғыны 9% құрады. [40].
Жұмыста халықтың демографиялық құрылымының аса маңызды сипаттамаларының бірі оның жыныс және жас құрамы бөлінісіне терең талдау жасалған. Жалпы 1970-1989 жылдар аралығында ерлердің өсу қарқыны әйелдерге қарағанда 3 пайызға төмендеді (тиісінше 43-46% болды). Қазақстан тұрғындарын орналастырудың өсім көрсеткіштерін айта отырып, 1979-1989 жылдар аралығында жұмысқа жарамды адамдар саны өсуі мен жұмысқа жарамды жас адамдардың саны төмендеуі байқалынды. Қала тұрғындарының арасында жұмысқа жарамды адамдар саны 1970 жылы -56 пайыз, 1979 жылы- 60,6 пайыз, ал 1989 жылы- 58 пайызды құрады. Жұмысқа жарамды ересектеулері 9,8 %, 10,4 % жене 11,8 % сәйкес, жұмысқа жарамды жастаулары 34,2%, 29,0% жөне 30,2 % . [41]. Айтылған жайттың барлығы қаралған тарихи кезеңде жұмысқа жарамды ересектеу адамдардың өскенін көрсетеді. 19 жылда осы жастағы топтың есуі 73% құрады, яғни екі топтың өсімі 29,9 % және 47,8 % құрады.
Ел-жұрттың алуан түрлі жастағы топтарын жынысы бойынша талдай отырып, 1979-1989 жж. кезеңінде ер және әйел жынысты адамдардың еңбекке қабілетті жастардағыдан үлес салмағының жасы тиісінше 1979 жылы 35 және 31,5 проценттен бастап, 1989 жылы 32 және 28 процент болып азайғанын атап айту қажет.
Қазақстанның демографиялық процестерінін ерекшелігін айқындайтын сипат — ол халықтың көпұлтты құрамы болып табылады. XX ғасырдың 70 жылдары республика аумағын жүзден астам этникалық топтар өкілдері мекендеді. Мұнда бірінші жағынан, халық құрамында жергілікті емес ұлыстар адамдарының басымдығымен, ал екінші жағынан, селоға қарағанда қала халқының басымдығымен сипатталатын өзіндік демографиялық көрініс қалыптасты. Республиканың тысқары жерлерінен көшіп келушілердің нәтижесінде этнодемогрофоциялық күрделі жағдай ұлғайа түсіп, қазақ халқы өзінің тарихи Отанында саны аз азаматқа айналды.
Дегенмен, 1970 ж. бастап қазақ халқының өзіндік үлес салмағы өсуін көрсететін өсім байқалады. Мысалы, бұл жылы қазақтардың республика халқы құрамындағы үлес салмағы 32,6%, 1979 ж. — 36%, ал 1989 ж. 39,7% күрады. Статистикалық мәліметтер халық санында қазақтардың үлес салмағының көбеюі негізінен жоғары табиғи өсу көрсеткіштері есебінен және Қазақстанды мекендеген орыс және басқа да этностар оның өсу көрсеткіші төмендеуінен болғанын айғақтайды. Мысалы славяндық этностордың үлесі 1970 ж. 38 пайыздан 1989 ж. 31 пайызға дейін төмендеді. Қазақтардың қала тұрғындары құрамындағы жоғарғы үлесі ауылдық жерлерден көшіп келуге байланысты артты, яғни олардың туу деңгейі жоғары болды. Әлбетте, сыртқы көші-қонды да айтпай кетуге болмайды. [42].
1970-80 жж. қалалар халқының этнодемографиялық бейнесінде істің шын мәнінде жағдайдың өзгеруімен сипатталады. Қала халқының этникалық құрылымын айтсақ, 1970 ж. бастап бұл құрылымда қазақтардың үлес салмағы 27 процентке дейін (10 пайыз өсіммен) артқанын көреміз. Бұл абсолюттік мағынада 1391007 адам еді (өсім 1115299 адамнан 2506306′ адамға дейін) [43].
Қала халқын сипаттағанда, оның этникалық санасының неғұрлым маңызды белгілерінің бірі болып табылатын тілі бойынша кеңестік кезеңдегі ресми статистикалық мәліметтерге жүгінсек, атап айтқанда қазақ тілін меңгеруге қатысты ел-жұрттың істің шын мәніндегі баламасыз жай-күйін көрсетіп берді. Мәселен, 1989 жылы қаладағы қазақ халқының 2,5 миллион адамынан 97 проценті қазақ тілін ана тілім деп есептеген. Бірақ, сонымен бірге, тарихи фактылар 90-жылдардын басына қарай қазақ халқының 40 процентке жуығы өзінің ана тілін меңгермегенін немесе нашар меңгергенін айқындайды. Осыған қоса қазақ тілін басқа ұлттар өкілдерінің өлшеусіз деңгейінің меңгергенін де айтқан жөн. Мәселен, тұрғылықты ұлттың өкілдері емес 6856276 қала адамдарынан қазақ тілін еркін меңгерген барлығы 47481 адам ғана, немесе 0,7% болған.
Бұл көрсеткіштер қазақ тілі тұрмыстық салаға ығыстырылып шығып, көптеген әлеуметтік функцияларды орындамаған жағдайды сипаттайды. Сонымен бірге орыс тілі 40-90 жж. арасында басым ұстанымда болып, ұлт аралық карым-қатынас тіліне ауысты. Қазақ азаматтарының 75,3 пайызы (1888337 адам) орыс тілін жетік меңгерді.
Сондай-ақ, атап өтерліктей қызғылықты бір жағдай қалаларда тұратындардың жалпы санынан алғанда немістердің 50 проценттен астамы, украиндардың — 63,4, белорусьтердін, — 66,6, корейлердің — 50 проценті орыс тілін өздерінің ана тілі деп есептеген. Көбіне мұндай жай-күй қарастырылып отырған тарихи кезеңде тілдік «орыстану» алдымен еуропалық және басқа этностарды да қамтығанын сипаттайды.
Сөйтіп, зерттеу кезеңіндегі демографиялық процестердің сипатты белгісі — Қазақстанның қала халқы құрылымында орыс халқы мен тұтасынан алғанда славян этностарының тиісінше үлес салмағы төмендеуі жағдайында, қазақ этносы мен басқа да түрік халықтарының артуы болып табылады. Бұл процестер көші-қондар векторлары бағытының өзгеруімен және республика ішіндегі көші-қонның барған сайын ұлғайып отырған рөлімен байланысты.
III.ТАРАУ.
III.1. 1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ КӨШІ – ҚОН ПРОЦЕСТЕРІ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ
Қазақстан үшін, басқа да ТМД елдері сияқты, 1990 жж. көші-қон процестерінің күшеюі тән. Көші-қон толқындарындағы секіріс 1990 жылдары туындады, бұған саяси жағдайлар, алдымен Кеңес Одағының құлауы мен тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы аса маңызды себеп болды. Қазақстанның және басқа бұрынғы кеңес республикаларының саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларындағы орасан зор ғаламдық өзгерістер көші-қон проблемаларын төтенше түрде шиеленістіріп жіберді: көші-қон көлемдері мен оның толқындарының бағыттары ғана өзгеріп койған жоқ, сондай-ақ амалсыз көші-қон, жер ауып келген халықтардың қайта кетуі, экологиялық және басқа себептер бойынша жаңа көші-қон түрлері пайда болды. ТМД елдерінде алуан түрлі халықтардың жағдайы мен формалды түрдегі мәртебесінің өзгеруі, олардың мемлекеттік-саяси, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және этно-мәдени салалардағы жай-күйінің бүлінуі пайда болды. Атап айтқанда бұл этника аралық қатынастар аясындағы кеңес өкіметі жылдары орныққан жағдайдың мемлекеттік-саяси жүйесі келіспеушілігі мен тепе-теңдік бұзылуына, дербестік, сондай-ақ ең бастысы этника аралық өмірлік қызмет механизмінің терең де сапалық деңгейлерде қайта құрылуына келтірді.
Қазақстан Республикасы 1991 ж. мемлекеттік тәуелсіздік алуымен, бұрынғы КСРО-ның ыдырау процестері басталуымен және Қазақстанда, басқа да көптеген ТМД елдеріндегі сияқты, жекелеген этникалық топтардың тарихи отанына қайту мүмкіндігі ұлғаюымен көші-қонның жағымсыз үлесі өсу тенденциясы орнықты. Мәселен, соңғы 10 жыл ішінде көші-қонның жағымсыз үлесі осы кезеңдегі халықтың табиғи өсімін толықтай жұтып қана қойған жоқ (80-жж. қарағанда туғандардың саны қауырт азаюы мен өлгендер саны көбеюі есебінен 90- жж. табиғи өсім 2 есе дерлік қысқарды), сондай-ақ екі еседен астам жоғары болды.
1992 ж. бастап 1994 ж. қоса алғанда, елден 1125 мың адам, олардан 73 проценті — ТМД елдеріне кетті. Бұл жылдары Қазақстанға барлығы 343 мың адам, солардың ішінде 91% ТМД елдерінен келді.
Қолда бар деректерді саралай отырып, 1991 ж. бастап жағымсыз көші-қон үлесі үнемі көбейгенін, 1999 ж. карай ол 3,5 есе дерлік өскенін аңғаруға болады. Мұның озінде ТМД елдеріне де, сондай-ақ алыс шет елдерге де эмиграцияның жоғары деңгейде болғаны байқалды. Оның үстіне сыртқа кетудің «шырқауы» 1994-95.жж. ен жоғары деңгейде болды. Тұтасынан алғанда, Өзбекстан, Түркіменстан жөне Тәжікстанмен ел-жұрт көші-қонының жағымды үлесі, сонымен бірге бұрынғысынша Ресеймен, Белоруспен және Украинамен көші-қонның жағымсыз үлесі сақталумен сәйкес келеді.
Алты жыл бойына (1991-96) республикадан 2 миллионға тарта адам шетке кетті. Қазақстандағы көшіп-қонудың әсерінен: республика халқының табиғи өсімін 1991 жылы — 22,2%, 1992 жылдардағы -89,3%, ал 1993ж-1994жылдары көшіп қону тек қана халықтың табиғи өсімін ғана құртқан жоқ, сонымен қатар оны 1,4 және 2,8 есе кетерді. 1994 жылы республикадан 480 мың адам кетіп, 70 мың адам келді. [44]. 1995 жылы халықтың республикадан кетуі кетуден 309,6 мың адам және 71,1 адам) 4,4 есе асып түсті.
Алыс шетелдегілермен алмасуда ауқымды үлес келушілер-10%, кетушілер бойынша — 30%. Оның үстіне шекарадан тысқары жерге кетуге рүқсат алғандардың әрбір бесіншісі-Қазақстан тұрғыны болды. Қарағандыдан кетушілердің саны көп, ал Оңтүстік Қазақстан облысы екінші, Алматы облысы үшінші орында. Бұл процесс әсіресе, неміс ұлтының арасында ерекше маңызға ие. 1989 ж. мәліметі бойынша, бұл ұлттың көші-қон өсімі ауылдық жерде 2164 адамды, қалалықтар үшін-6423 адамды құрады.
Жалпы алғанда, алыс шет елге кеткендер арасында немістер — 78%, орыстар — 13%, украиндар — 3%, еврейлер мен гректер — 1 проценттен, белорустар — 0,5%, қазақтар мен поляктар — 0,4% және 2,7%, басқа да ұлт өкілдері болды.
Біздің заманымызда жаңа құбылыс — кері эмиграциялану пайда болды, көптеген адамдар мен тұтас отбасылар республикадан тысқары шет жерге сыйысып кете алмағандықтан қайтадан Қазақстанға келеді. Ресей және басқа да ТМД елдері бүгінде барлық қоныс аударушыларды қабылдауға экономикалық жағынан дайын емес, ал оларға барғандар қиындықтарға кезігеді, ондай қиындықтарды олар мемлекеттің күшті қолдауынсыз жеңе алмайды. Тек қана 1994 ж. кері эмиграцияланушылар саны 5 мың адам болды.
Қазақстан халқының жалпы саны, 1999 жылғы санақ бойынша, 17-17,5 миллион адамнан 14,9 миллион адамға дейін төмендеуі жаппай эмиграцияның нәтижесі болды.
1999 жылдағы санақ қорытындысынан Қазақстанда кейбір этностардың саны қысқарғанын байқауға болады. Орыс халқының саны 4479618 адамға дейін, украиндар -547052 дейін, немістер — 353441 дейін, татарлар — 248952 адамға дейін кеміді. Қазақтардың саны — 7985039 адамға дейін, өзбектердікі — 370663 дейін, ұйғырлардыкі — 210339 адамға дейін өсті. [45].
III.2. КӨШІ – ҚОННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІБИ ҚҰРАМЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Соңғы үш жыл қатарынан шетелдік қазақтарға бөлінген квотаның өсіп отырғаны мәлім. Биыл 15 мың отбасы квотамен көшіп келетін мүмкіндік алды. Алайда, бүгінгідей қымбатшылық заманда отбасының әр мүшесіне берілетін 650 доллар кімнің қабырғасын жабатынын білмейміз. Бүгінде ең соңғы миссиясын атқарған Мәжілістің кешегі құрамы 2004 жылдың бюджеті туралы заңды I-оқылымда мақұлдады. Онда оралмандарға бөлінер қаржы сол баяғы күйінде қала беретіндігі мәлім болды. Ал, екінші оқылымын Мәжілістің жаңа құрамы талқылайтын болды. Көші-қон мәселесіне байланысты Шерхан Мұртаза Үкіметке депутаттық сауал да тастаған болатын. Ал, әзірге оған жауап жоқ. Бәлкім, жауап ала алмай депутаттықпен қоштасқан болар.
Экс депутаттар Виктор Веснин мен Хамит Әмірғожиндер «Қазақстан мемлекетінде туып, белгілі-белгісіз себептермен басқа мемлекеттерге көшіп кеткен өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға қайта оралам деушілеріне жеңілдік жасау керек » деген ұсыныспен шыққан болатын. Дәл осы бастаманы Қазақстан Үкіметі де қолдап, олардың қайта оралуына жеңілдіктер қарастырмақ. Сөйтіп, Мәжіліс қоржынына түскен «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық ережесі туралы » заңға оң көзқарас танытып отырған көрінеді. Жоғарыдағы эксдепутаттардың айтуына қарағанда, олардың 80%-і жұмысқа жарамды маман-кадрлер көрінеді. Ал, Қазақстанға оралған жарты миллионнан
астам оралмандардың арасындағы еңбекке жарамды маман-кадрлардың, интеллектуальдық күштің әлі күнге дейін сұранысқа ие болмай отырғаны түсініксіз жайт ретінде қалып отыр.
Сөйтіп, Қазақстан шетелден келетін қазақтарға ғана емес, өзге ұлт өкілдеріне де құшағын айқара ашпақ. Бұл жалпықазақстандық ұлт идеясының тездетілуіне жағдай жасайтын бірден-бір фактор болып отыр.
Кез-келген мемлекеттің ең әуелгі байлығы-оның халқы. Сол халықтың денсаулығы қалай, білімінің деңгейі мен рухани жетістігі қандай-қоғам мен мемлекеттің келешегі осы мәселелермен де көп байланысты.
Қазір елдің даму өрісі басты өлшемдердің бірі халықтың сапасы екені мәлім. Ал Қазақстан халқы сауат пен білім деңгейі жағынан жап-жақсы көрсеткішке ие. Рас, білім алү саласы-халықтың саулығымен қатар ауызға алынатың дүниенің бірі. Дегенмен мектепке дейінгі білім саласының XX ғасырдың 90-жылдарында тоқырап қалғанын тағы жасыруға болмайды.[46]
Ғалымдардың зерттеуіне жүгінсек, 1989 жылы мектепке дейін білім беру мекемелері, халық санына шаққанда, 53 пайыз болыпты. Ал 90-жылдардың ортасында балалардың тек 12 пайызы ғана мектепке хат танып барған. Бұл-мектепке дейінгі балалар мекемесін «оптимизациялайтын » сол баяғы ұлы наүқанның жемісі. Осы кезеңде мектеп бағдарламасы күрделене түскен де, ал бала бақшада сабақ беру, хат таныту мәселесі ауа қармап қалған. Былтыр жоғарғы оқуға түсу үшін біртұтас ұлттық тест тапсырғанда осы ұрпақ балаларының үштен бірі «қанағаттанғысыз » деп баға алған. Осындай-ақ жасөспірімдердің білім деңгейінің төмен түсіп кеткеніне көз жеткізу қиын емес.
Сапа осымен тұрсын. Бізде халық саны да көңіл тұщытарлық болмай отыр. Демографиялық өсім әлі мәз емес. Рас, 90-жылдардың басы мен ортасына қарағанда, тәуір секілді, бірақ өсімнің қалыпты қарқыны жоқ екенін статистиктер көрсетіп отыр. Мәселен, әлеуметтанушылардың зерттеуіне қарасақ, бұрын елімізде баланы өмірге 20-24 жас аралығындағы келіншектер көп әкеліпті. Әйткенмен соңғы жылдары бұлардың да бала табу коэффиценті төмендеп, отыздан асқан аналардың жұлдызы жанып тұрғанға ұқсайды… Бұл дегеніміз-30 бен 44 жастың арасындағы әйелдер. Табиғи нормаға
Қарайтұғын болсақ, негізгі салмақ 20 мен 30 аралығындағы келіншектерге түсуі керек еді. Бізде керсінше. Бұл тенденцияның әлеуметтік сыпатының да бар екені белгілі. Өйткені «ертеңі жоқ аймақ » мен түпте жатқан ауыл халқының деградацияға ұшырап, есін енді ғана жинап келе жатқанын өзімізден-өзіміз несін жасыра береміз?.
Көші-қондардың әлеуметтік — кәсіби құрамын қарастырып көрсек, республикадан кетушілер толқындарында негізгі үлесті еңбекке қабілетті жастағы (1999 ж. 63,2% және 1995 ж. 63%) адамдар құрады. Кетушілердің шамамен 25 проценті еңбек жасына жетпегендер. Осыған байланысты республикада еңбек жасындағылардан кәрі адамдар саны өсуде және тиісінше «халықтың қартаю» тенденциясы күшейді. Екінші жағынан, көші-қондық шығындар еңбек потенциалының сапалық құрамын жағымсыз өзгерістерге келтіруде. Көші-қон тасқындарының көп мөлшерде болуы еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды төмендетті. Олардың көлемі мен бағыттары өндірістің барлық жағдайдағы мүдделері мен қажетсінулеріне жауап бермеді, ал бұл бір аудандарда жұмысшы күшінің жетпестігін және бір аудандарда артылып қалып жатқандығын туғызды.
1960 жылдың екінші жартысында республика аймағында жыл сайынғы қозғалыстың 80-82 пайызы еңбек етуге жарайтын жастағы адамдардың 1 млн 650 мыңға жуығын құрады. Негізінде осы себептермен колхоз, совхоздарда кадрлардың жетіспеушілігі солтүстік аудандарда 1966 ж 38 мыңнан 1970 ж 85 мың адамға дейін жетті. [47].Қазақстанда кадрлардың тұрақтамауы 1966-1970 жылдары өнеркәсіпте — 30,5%, қүрылыста — 45,8 процентті құрады. Осы жылдары Қазақстанда ауыр қол еңбегімен өнекәсіпте 57%, құрылыста -68% жұмысшылар айналысты [48].
Эмигранттар арасында 16 және одан да жоғары жастағы жоғары, толық емес жоғары және арнаулы орта білімі бар адамдар үлесі өсті: бұл көрсеткіш 1995ж. 45%, 1996ж. — 41% құрады. Осымен бірге кетушіге қарағанда келуші халықтың білім деңгейі әлдеқайда төмен, соның нәтижесіңде жоғары білімді адамдар арасында көші-қонының жағымсыз өсері орнығуда.
1995 ж-дан Қазақстанда көшіп кетушілердің санының кемуі басталды. Мысалы, 1999 ж. 1994 жылғы қарағанда эмигранттардың саны 2,9 есе, оның теріс сальдосы 3 есе азайды. Соңғы үш жылда Қазақстанға келушілердің саны 37-40 мың деңгейінде тұрақтады. Негізгі көшіп-қонушылар ағыны 1999-2000 жж. аралығында Қазақстаннан ТМД елдеріне ағылды, оның ішінде Ресейге кетушілердің көлемі 91% болды. [49].
Соңғы жылдары Астана мен Алматыға, қоныс аударушылар көбейе түсті. Астанаға Алматы қаласынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан, Алматыға тиісінше Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан қоныс аударулар көп.
Бір жағынан алып қарасақ, облыстар арасындағы көші-қон азайып барады, ішкі облыстық көші-қон да осылай күй кешуде. Бұл жерде тек тіркелімі барлар ғана сөз болып отыр. Ал тіркелімсіз келіп жатқандар мен жүргендері қаншама, оның дәл есебін шығару мүмкін емес. Мысалы, 1991ж. ішкі облыстық көші-қон 1999 ж-ға қарағанда 275,5 мың адамнан 94,8 мың адамға (яғни 2,9 есе) қысқарса, облыс аралық көші-қон тиісінше 155,8 мың адамнан 78,6 мың адамға (2 есе) азайған.
Сонымен, 90-жж. Қазақстандағы көші-қон бағыттары түбегейлі өзгерді, егер бұрын ел өзіне қоныстанушыны келтіруші болып табылса, енді ол Еуропа елдері үшін, ең алдымен Ресей үшін барған сайын «қан тапсырушы» болып алуда. 90-жж. ортасында көші-қон процестері есебінен халық, саны елеулі түрде қысқарды, негізінен бұл орыс тілді ел-жұрттың кетуінен, сондай-ақ этникалық немістердің, поляктар мен басқа да этностар өкілдерінің республикадан қоныс аударуынан келіп шықты.
Тұтасынан алғанда, халық санын көбейту мемлекет саясатынын стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады, бұл «Қазақстан 2030» даму бағдарламасында бейнеленген. Этникалық қазақтардың шет елден келуі (имиграциясы) халықтың өсуіне, сондай-ақ халықтың жалпы санында тұрғылықты ел-жұрттың үлес салмағының кебеюіне де көмектесетіндігі белгілі.
1993 ж. көшіп-қону квотасы 10000 отбасын құраса, 1994ж. 7000 отбасын, 1995 ж. -5000 отбасын, 1996 ж. -4000 отбасын құрады. Көшіп-қону квотасын орындау төмендегідей болды. 1993 ж. орындалу пайызы -94,4 %, 1994 ж. — 63,9%, 1995 ж. -72,6% жөне 1996 ж. — 88 % қүрады. [50]. Қазақстанның Еңбек Министрлігі мен Әлеуметтік қорғау орындарының мәлімдеуінше, 1991-1996 жж. республикаға 35,3 мың қазақ репатриант отбасылары келді. Яғни, 155 мың адам, оның 85 мыңы — Ресей мен Өзбекстаннан, 62 мьщы — Монғолиядан. [51]. Министірліктің ақпараты бойынша, қазіргі кезде тарихи отандарына қайта келген 35 мың жанұяның ішіндегі 300-400 отбасы қайтадан қайтып кетуге мәжбүр болды, ал 3 мың отбасы репатрианттардың тұратын жері жоқ.
Жұмыста қазақ халқының өз мемлекетінде этникалық жағынан аз болғандығы баяндала келіп, 1986 ж. бері халық санының жалпы құрамында қазақ этносының саны орыс этносымен теңеліп, соңғы кездері өсе бастағандығы атап көрсетіледі. Санақтың мәліметі бойынша (1999ж) қазақтардың республика халқыньщ ішіндегі үлесі 7895 мың адамды яғни 53,4% құрайды. [42.С.З]. Белгілі демограф М.Тәтімовтың 1991 жылғы мәліметі бойынша, 3 млн астам қазақтар шетелдерде тұрып жатыр, оның ішінде Қытайда 1296 млн-ға жуық, Өзбекстанда-870 мың, Ресейде-660 мың, Моңғолияда-157 мың, Түркіменстанда-90 мың, Ауғаныстанда 45 мың, Қырғызстанда-40 мың, Түркияда 30 мың, Иранда 15 мың, Украинада-15 мың, Тәжікстанда 12 мың, Пәкстанда 3 мың қазақ тұрады.
Өткен он жыл ішінде шетелдердегі қазақтардың саны өзгерді. Кейбір деректер бойынша, қазірде Қытайдағы этникалық қазақтар саны 1,5 миллионға жеткен, себебі саясатта тууды шектеу бұл елде қазақ халқына қатысты емес. Ағымдағы статистика мәліметтері бойынша, Өзбекстанда 1999ж. 940,6 мың қазақ жөне 531,3 мың қарақалпақ тұрған, Ресейде 691,2 мың қазақ бар (2000 ж.). Монғолиядағы қазақ диаспорасы, 90-100 мың адам шамасында болды.
Агенттіктің мәліметі бойынша 1991-2000 жж. аралығында республикаға 42387 қазақ отбасы немесе 183652 адам көшіп келді. Оның 60% ТМД елдерінен Өзбекстаннан (62737 адам), Түркіменстаннан (22055 адам), Тәжікстаннан (10476 адам), Ресейден (8490 адам) және басқа елдерден келді. Сондай-ақ Моңғолиядан (652002 адам), Ираннан (5030 адам), Туркиядан (3780 адам), Ауғанстаннан (1719 адам), Қытайдан (2214 адам), Сауд Арабиясынан (81 адам) және басқа да шет елдерден көшіп келді [52].
Қазақтарды бұрынғы ата қонысына қайтару саясаты жеткілікті қаржының, ұйымдастыру және басқа ресурстардың болмауынан, мемлекет абыройына қолайсыз әсер етеді. Германия, Израиль сияқты басқа да елдер бұрынғы тарихи қонысқа оралту саясатын жүргізеді, бірақ оны өздерінің экономикалық және қаржы мүмкіндіктерімен өлшемдейді. Бұл елдерде бұрынғы тарихи отанына қайта келу бағдарламасы мемлекетгік қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Бейімдеу мен интеграциялау жүйесі өмір сүреді де жетілдіріледі және, ең бастысы, өкімет билігіндегілердің қоныстандыру бағдарламасын орындау жолындағы жауапкершілігі әрқашан сақталады.
Қазақстан өкіметі тарапынан шет елдік қазақтарды жоспарлы түрде көшіріп әкелу жалғасуда. Агенттік 2001-2015 жж. 100 мың отбасын немесе 500 мың қазақты көшіріп әкелу жөнінде квота жобасын жасады. Дегенмен, Үкімет бұл жөнінде әлі де терең ойланып, бағдарламаны пісіріп алулары тиіс секілді.
Жұмысшы күшінің экспорты мен импорты — бүл 1990 ж. өз дамуын алған жаңа құбылыс, шет елдердегі біздің азаматтарымыздың еңбек қызметі мүмкіндіктерін ұлғайта отырып, мемлекет бұл дербес жөне ұйымдасқан әрі қоғамдық деңгейде артықшылықтар береді дегенді негізге алады. Қызметкер жаңа кәсіби білімдер мен дағдылар алады, оның жеке өз басының және ұйымдасқан байланыстары кеңейеді, жаңа мүмкіндіктері ашылады, қызметкердің және оның отбасының материалдық деңгейі артады.
Шет елдік жұмысшы күшін Қазақстанға тарта отырып, мемлекет бірнеше міндеттер қояды, оның негізгісі — жаңа немесе технологиялық күрделі жұмыс түрлерін орындау. Бұл оларды жүзеге асыру үшін жергілікті еңбек рыногында тиісті біліктілік немесе кәсібилік болмай отырғандықтан болып отыр. Бұдан басқа шетелдік және бірлескен кәсіпорындарда қосымша жұмыс орындарын ашу, келесіде шет елдік мамандарды ауыстыру мақсатымен жергілікті қызметкерлердің оқуы мен мамандығын көтеруі көзделеді. [53].
Шет елдік қызметкерлердің неғұрлым көпшілік бөлігін Түркия азаматтары (5 мың адам) құрайды. Шет елдік қызметкерлердің негізгі бөлігі экономиканың мұнай және құрылыс салаларында істеді. Жас цензісі бойьшша шет елдік азаматтардың көпшілігі 25 жастан 50 жасқа дейінгі, оның 95 проценттен асасы — еркектер.
Біздің елге тартылған елдердің географиясы өткен кезеңмен салыстырғанда алмасып отырды, алайда бұл жөнінен Туркия бұрынғысынша жетекшілік жағдайда. Тартылғандар санында Венгрияньщ үлес салмағы өсті, ол 1999-2000 жж. екінші орнын сақтады. Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, АҚШ-Қазақстанға жұмысшы күшін импорттаушылардың келесі маңызды тобы. Бұл елдерден келген мамандар басым түрде мұнай-газ өнеркәсібінде: барлық жұмысқа тартылған ағылшындықтар мен ресейліктердің 56% және американдықтардың 47 проценті Атырау облысының кәсіпорындарында істейді.
Шет елдік қызметкерлер ел экономикасы жетістігінің әртүрлі орыедарын: елде бар жоғары маманданған еңбектің басым бөлігі, әлде бір шағын және маманданбаған еңбектің екінші кезектегі бөлігін және қарапайым жартылай жариялы еңбек түрін-толықтыруда. Соңғы жағдайда еңбекші көші-қондар кез келген ауыр, басымдылықсыз және төмен жалақылы жұмысқа әзір арзан жұмысшы күшінің тобын көрсетеді. Олар көбінесе қатаң экономикалық қанау мен әлеуметтік және құқықтық қудалау объектісі болып алады.
3.3. 2000 – 2005 Ж.Ж. КӨШІ – ҚОН САЯСАТЫ
Соңғы санақ нәтижесіне үңілсек, еліміздегі халық саны шамамен 2 миллион адамға кеміп кеткен. Демографиямыздың екі өкпесінен демалып отырғанын осының өзінен байқауға болады. Тіпті кешегі соғыстан кейін ұлтымыздың санын түгендеп, ордасын ұйытып берген ауыл халқының да бала табуы тым нашарлап тұр.
Демографиялық шежіреге қарасақ, Қазақстандағы халық өсімі 1960-1961 жылдары күрт көтерілген. Осы бір жылда еліміздегі халық саны 300 мың адаммен толығыпты. Бұдан кейінгі жылдары да жаман болған жоқ. Бұл көрсеткіш тек 1969 жылы220 мың адам болды. Ал кейінгі статистикаға сүйенсек, 1999 жылы еліміздегі халық саны 68,6 мың ғана болса, 2002жылы 78,5 мың адаммен шектелген ( кестеге қараңыз ).
Жылдар |
Қазақстандағы халық санының өсуі. |
1960 1970 1980 1989 1999 2002 |
30,1 21,5 18,1 19,2 7,9 8,0
|
«Ауруын жасырған өледі». Бізде ойластырылып жасалған демографиялық саясат болған емес және, өкінішке қарай, жуық арада төбесі де көрініп тұрған жоқ. Кешегі совет дәуірінде қара халық марксизм-ленинизм классиктерінің рухында«экономикалық агенттер » есебінде, яки еңбек ресурстары ретінде қарастырылып еді. Ал қазір бізге халық саны деген әлеуметтік саясаттың стратегиялық басым сыпатын алдыға шығару керек болып тұр. Халықтың белгілі бір топтарын бір мәрте қошеметтеп қою секілді уақытша іс-шараларды атқарудан гөрі осы саясаттың тізгінін қолға алған жөн секілді.
Еуропаның дамыған мемлекеттерінде әлеуметтік саясаттың жақсы үрдісі бар. Бұл ретте Польшаны мысалға алуға болады. Оларда ең алдымен шаңырақтағы дәстүрдің мықты болуы көзделеді. Орташа табысы бар, бір баламен тоқтап қалмай, тағы да сәби сүйгісі келетін отбасының бала табуын ынталандыру үшін мемлекет материалдыд көмегін аямайды. Осылай істегенде Еуропа елдері халық өсімін қалыпқа келтіреміз деп ойлайды. Және ілгерідегідей емес, ол саясаты жүзеге асып та келеді.
Қалай болса да, біздің елге Польша мемлекетінің II дүниежүзілік соғыстан кейінгі қолданған демографиялық саясатына көшетін уақыт жеткен тәрізді.
Үстіміздегі жылдың 28 мамыры егемен еліміздің еңсесін биіктетіп, туын туырлықтатқан айтулы күн болды: 15 миллионыншы сәби, Ұлы Абайдың сөзімен айтқанда, дүние есігін дүбірлі өлеңімен ашты. Сол күні 760 шарананың іңгәсі перзентхана перделерін тал бесікше тербетіп тұрды… Бұл күн – ресми түрде 15 миллионыншы тұрғынын тіркеген Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық дәстүр бойынша, сол күні шыр етіп дүниеге сәбиі бар әр қала, әр ауыл үшін де асулы, шашулы күн болып саналады. Олардың әрқайсысы кейін күнтізбенің осы күнгей бетін күлімдете атап өте алады.
Демографиялық даму қозғалысы қарқын алған өткен ғасырдың 60-жылдарындағы алып адымдар, одан кейінгі республикадағы халық саны 16 миллион сөзбен 452 мыңға жеткен 1992 жыл да жақсы есімізде. Алыс та болса жақын, жақын да болса алыс содан бергі 12 жыл бедерінде қоғамдық құрылым алмасты. «Жүздеген ұлттар планетасының »ұлы-ұрымға, қызы-қырымға ауған кері сальдосы салдарынан халық саны 1 миллион 246 мыңға кеміп кетті.
Мұның басты себебі-саяси факторларға cаятынын өмірдің өзі көрсетеді. Ел егемендігі, қоғамды демократияландыру, оның сан алуан салаларындағы реформалар салмағы ең әуелі демографиялық ахуалдың арқасына батқаны рас. Ала баған ашық, ұзын арқау, кең тұсау кезде қазақша қаздай қанқылдап мақалдайтын неміс те, құдандалы орыс пен украйын тамыр да қыр асып кете барды, «Есің барда елің тап », деген бар ғой оған да өкпе жоқ. Өйткені, өзекті жан ғана емес басқа тіршілік иелері де жеріне тартады емес пе?!
Оның бер жағында кісі басының кеміп кетуіне егемендіктің елең-алаңындағы өтпелі кезеңнің де ықпалы аз емес еді. Денсаулық сақтау, білім беру, тағы басқа салалардағы асығыс қадамдар мен жалақының төмендігі, жұмыссыздықтың етек алуы, мардымсыз жалақы мен зейнетақының айлап-жылдап қолға тимеуі, инфляцияныңдендеуі сияқты уақытша қиындықтардың қилы-қилы әсері бала туу деңгейінің төмендеуіне, өлім-жітімнің көбеюіне әкеліп соқтырғаны мәлім [54].
Қазақстанда бала туылымының шырқаү көрсеткішін еншілеген 1987 жылы өмірге 417 мың сәби дүниеге келген екен. Қолдағы қордалы дерекпен дәйектесек, сол жылы туылған нәрестелердің арақатынасы 1000 адамға 25,7-ден деп белгіленіпті. Тоқыраған 1999 жылы туылым коэффициенті 1000 адамға 14,2-ға дейін кеміп кеткен. Ғалымдар өмірге бала әкелу көрсеткішінің ойсырау себебінің тағы бір салдары неке жасының ересектенгенінен деседі. Қалай болғанда да өткен ғасырдың соңғы 7-8 жылы демографиямызға оңай тиген жоқ.
« Орнында бар оңалар », дейді халқымыз. Құдайға шүкір дейік, 2002 жылдан бері бұл шаруаның беті бері қарап, өсім өрісі кеңейе бастағанын жақсы ырымға балап отырмыз. Демографиялық толқынның тоқымқағар кәдесіндей, сол жылы бала туылым коэффициенті 17,5 промиллені құрады. Мамандар мұның қозғаушы күшін ең әуелі әлеуметтік-экономикалық реформалардың оң қадамдарымен, халықтың нарыққа бейімделуімен, өсіп-өну жасындағы \30-дан асқандар\ адамдардың көбейе бастауымен байланыстырады. Бірақ туылым көрсеткішіне көлеңке түсірер келеңсіздіктің бірі-неке тұрақсыздығы болып келеді. Қазіргі кезденекенің бұзылуы бірсыпыра саябыр тапқан сыңайлы. Заңды некеге тұрып, жұптасушылар саны да өткен жылдың осы уақтысымен салыстырғанда 9,9 пайызға артып отыр.
Алайда, елімізде демографияның төрт құбыласы тең, бұл жөнінен дамудың даңғыл жолына түсті десек, артық айтқандық болар еді. Мысалы, адамдардың орташа өмір сүру жасының келтелігі көрсеткішті көп көлеңкелеп тұр. Өткен жылдың талдаү қорытындысына көз салсақ, республикада орташа өмір сүру жасы-66ерлердікі-60,6 жас. әйелдердікі-71,4 жас\ болды. Ал, көйлегі көк, қарны тоқ елдерде адамдардың орташа өмір сүру жасы 80-85 жыл. “Бағатын бала болса, өлетін шал жоқ”, дегендей, адамдарға өмірлік жағдай жасау жағы кемшін соғып жатқаны осы тұстан сыр беріп қалады. Оның басты себебі экономикамен телқабыс, кей жағдайда таразы басын басып кете берер экологияда. Экологияның әлемдік деңгейдегі басты мәселеге айналып отырғаны содан. Адамдардың өмір жасын ұзарту үшін оларға бесіктен, қала берді құрсақта жатқан кезінен жағдай жасалуы қажет.
«Руханият » партиясының үндеуінде көрініс тапқанындай, сол проблемалардың бірі әрі бірегейі-ана мен баланың өлім-жітіміне тосқауыл қою-адам өмірін ұзартудың басты шарты. Бірақ бұл жөніндегі деректердің қынжыларлық деңгейде екені көпшілікке аян. Оны тағы қайталап жатудың қажеті шамалы. Оған қазіргіден анағұрлым қуатты, қауқарлы шаралар кешені керек. Өйткені, ұрпақ өсіріп, ұшпаққа шығудың ұшан-теңіз парызы тап осы мәселеден басталмақ. Сондықтан бүгінгі күні мемлекеттік маңызы бар міндеттің бірі- халықтың әл-ауқатын арттыру, 3 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға материалдық және моральдық жағынан қолдау көрсету, жас отау иелерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнінде кешенді саясат жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Қазақтың ақ бата, аппақ алғыстарының бірінде: «Үбірлі-шүбірлі бол! » деген мүбәрак тілек бар. Өс, өн, көсегең көгерсін, ұрпағың көп болсын деген ұғымдарды ұжымдастырып бір-ақ ауыз сөзбен жеткізе білер халық жер бетінде сирек кездессе керек. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық өнеді », деп ырзық-несібені тасытатын да сол қазекем. Ендеше ана мен бала қамқорлығы бірінші кезекте тұруға тиіс. Ана мен баладан ештеңе аяуға болмайды. Қайтарымды есе-есе инвестиция сол! Ертеңгі ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, экономиканың бірін бес, екісін елу етер, елді әлімұлыққа жеткізер ұлы күш-ана мен баланың саулығы.
Еліміздің 15 миллиондық межені алуына шетелдегі қазақтардың атамекеніне оралу факторының үлкен үлесі бар. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бері Қазақстанға 83 мың 936 оралман отбасы қоныс аударды. Бұл дегеніңіз жұртымызға 322 мың 432 адам қосылғанын көрсетеді. Ал, енді бұған көшіп кетіп, кейін елге бұдан артық жер жоқ екен деп қайта оралып жатқан басқа да ұлттардың рэмиграциялық толқынын қоссақ, соңғы көрсеткіш 557,4 мыңды құрайды.
Оралман демекші, атажұтқа қоныс аударуға ниет танытушылар саны да, оларға жасалар қамқорлық пен көшіп келу квотасы да ұлғайып келеді. Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы » Заңы, Көші-қон саясатының тұжырымдамасы және басқа көптеген нормативтік актілер, нұсқаулықтар басшылыққа алынып, тынымсыз тыныстап тұрған бұл сала кейбір кемшін жақтары бола тұра Еуразияда ешбір елге тізгін ұстатпас, жалын сипатпас деңгейде. Мұны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстыру өте әділ және лайықты баға деп есептейміз.
Басқа жылдарды айтпағанның өзінде биыл елімізге 10 мың отбасы көшіп келу квотасы бойынша қоныс аударып отыр. Тағы осынша қандасымыз квотадан тыс өз ықтиярымен келеді деген меже бар. Қазіргі кезде 2005, 2006, 2007 жылдардың әр күнтізбелік жылында 15 мың отбасыға көшіп келу квотасын белгілеу туралы Елбасы Жарлығына құжаттар әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сөйтіп, көші-қон саласындағы көшелі істер тағы бір белестен асып, тағы бір жаңа асуға қадам жасамақ.
Бүгінгі таңда Қазақстаннан тыс елдерде 4,5 миллионнан астам қандастарымыз өмір сүруде. Егер Республика аумағында соңғы мәліметтер бойынша 8 миллионнан артық қазақ бар десек, жоғарыдағы деректердің түйіні-әрбір үшінші қандасымыз шет жұртта жүр деген сөз.
Көші-қон және демография жөніндегі агенттікке шет елдерге қоныс аударып кеткен бұрынғы отандастарымыздан хаттар легі толас тапқан емес. Ел мен жерді сағынады, өскен, өнген өлкесін айтып өзегі үзіледі. Міне менің қолымда Краснодон өңірінен жолдаған Любовь борисовна Вахрушеваның хаты. Кезіңдегі кердендігі үшін өзін-өзі кінәлап, бүкіл қазақ халқынан кешірім сұрайды. Дәм жазса, Ақкөл ауданына қайта орлғысы келеді. «Адам қайда туылса, сонда қалуы керек екен », дейді.
Әлбетте, бұрынғы отандастарымыздың аруана махаббатын оятуға мемлекетіміздің абыройы мен беделі, сүттей ұйыған мамыражай өмірі, ұлтаралық татулық, экономикалық дербестік себеп болса керек. Биыл шет елдерге қоныс аударушылар күрт азайып, егемендік алған жылдардан бері тұңғыш рет оң сальдоға қол жеткізіліп отыр. Мәселен, өткен жылы ғана кері сальдо-9062-ні құраса, үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш +3286 болып оң сальдоның нәтижесін көрсетіп тұр. Жыл аяғына дейін бұл цифр едеуір өседі деген болжам бар.
Осы жерде тоқтала кететін бір жәйт бар. Ол демографиялық көшіміздің түзеле бастауында Қазақстан Республикасы азаматтығын беру ісін жеделдету шараларының да оң ықпал етіп отырғандығы. Бұрындары басқа елдердегідей 5-10 жыл уақыт, көптеген өткелек қажет болса, қазір 2 айдан 8 айға дейінгі мерзім жетіп жатыр.
Жұлдыздардың аспан әлеміне ешқашан көптік етпейтіні секілді біздің мемлекетімізге халық санының ұлғайғаны қуаныш. Қазақстан демографиялық ахуалды туу көлемін шектеу арқылы шешуге білек сыбанып кірісіп кеткен Қытай мемлекеті емес. Немесе дүниежүзілік даму банкінің жария еткеніндей, 2030 жылы әлем халқы 8,5 миллиардқа толған кезде күндік табысы 2 доллардан аспайтын 2 миллиард халыққа біздің еліміздің мүлде қатысы жоқ. Қазақстан-қарышты қадаммен ерекшеленер болашағы айқын мемлекет.
Республика халқы 15 миллионға толған күні жер аумағының әр шаршы шақырымына орта есеппен 5,4 адамнан келеді. Бұл адам санын көбейтудің мол мүмкіндігі мен қайнар көзі деген сөз. Осы факторлардың барлығын қорыта келіп, Елбасымыз 2015 жылы республика халқын 20 миллионға жеткізуді міндеттеп отыр. Біздіңше, бұл еңсеруге әбден-ақ болатын, түйіні тарқатыларлық мәселе. Құдай қаласа, 2010 жылы 17,5 миллиондық межені алуға сеніміміз мол. Болжамдық жұмыстардың көрсетіп отырғанындай, бұл мәселелерде кейбір күдікшілердің күнкіліндей тұманды күмәннің реті жоқ.
…Шапқан аттай, атқан оқтай, уақыт жүлгесінде ескен желдей, көшкен елдей алма-кезек заманалар ауысар… Таным-түсінік тұрлауы мен байламы талай-талай өзгерер, бақ-талайлы кез келер. Жеті ықылымнан бері қарай қалыптасқан, қағазға түспеген заң бар: ұрпақ жауапкершілігі- адамзаттың ең, ең ұлы парызы, асыл мұраты болып қала береді. Оны Алланың аманаты, пайғамбардың тапсырмасы деп ұғынуымыз керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандағы 1970-2005 жылдар кезеңіндегі көші-қон мен эмиграция процестерін талдау студентке мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
- Қазақстан республикасындағы көші-қон жағдайы біршама тұрақты, ТМД-дағы басқа аймақтардағыдай көшіп кетушілер шоғырлануы байқалмайды.
- Көші-қон себептері, республика басшылығының қудалау саясатынан емес, қайта ең алдымен адамдардың өз тектестерін табуға, отанына оралуға табиғи тырысуынан болып табылады, және де бір аралық себеп — тұрмыс денгейіндегі ұлтшыл-популизм идеологиясының кейбір өсуі. 90-жылдардың басына дейін немістер, олардың этникалық өрлеуіне республикада үлкен көңіл бөлініп тұрса да, көптеп кетті. 90-жылдардың ортасына дейін барлық жергілікті емес ұлттар, әсіресе орыстар, украиндықтар кетуі орын алды, бұл кету 1994 ж. шарықтап, қазіргі уақытқа карай біршама елеулі түрде қысқарды және белгілі бір деңгейде тұрақталды. Немістер көші-қонының тұрақтауы үшін 1994 ж. Қазақстан Республикасының үкіметі «Қазақстандағы немістердің этникалық көркеюінің кешенді бағдарламасын» қабылдады.
- Республика үкіметі көші-қон саясатына, оны неғұрлым іскершіл етуге тырыса отырып, үлкен көңіл бөледі. Республикаға тұрақты тұруға келген барлық қоныстанушыларға дер кезінде үлкен қолдау — көші-қон қоры құрылды.
- Қазақстандағы көші-қон алғышарттары өз тамырын өткен тарихи кезеңдерден алады, бір кезде байырғы тұрғын халық республикадан тысқары — Сібірге, Оралға айдалды, бір кезде әртүрлі ұлттар адамдары немістер, поляктар жөне басқалар) Қазақстанға жер аударылды, міне осыдан келіп олардың тарихи отанына қайта оралуға деген табиғи ынтасы туды.
Автор қарастырылып отырған мәселенің тарихи тәжірибесін зерделей келе болашақта осы саладағы олқылықтарды жеңіп, көші-қон саясатындағы қызметті жетілдіруге пайдалы болады деген кейбір ұсыныстарды білдіреді:
- Көші-қонның жағымсыз көрінісі ретінде, соңғы жылдары еліміздегі күрт шиеленіскен демографиялық ахуалдағы дағдарысты шешудің бір жолы ретінде көп балалы отбасылары мен бүгінгі күні өкінішке орай саны артып отырған жесір әйелдерге көрсетілетін мемлекеттік қамқорлықты көбейту қажет. Мұндай жағдай жасау еліміз тұрғындарының табиғи өсімінің артуына белгілі-бір дәрежеде оңды әсер етуі әбден мүмкін.
- Бүгінгі күні еліміздің ауыл-селолық мекендерінде жұмыссыздықтың белең алып тұрғаны шындық. Осыған орай, ауыл тұрғындарының жаппай қалалық жерлерге көшуін тоқтату үшін жергілікті әкімшіліктер жұмыспен қамтамасыз етудің бір формасы ретінде жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстар ұйымдастырып, сол үшін еңбек ақыларын төлеп отырғаны жөн. Бұл ауыл тұрғындарының басқа жақтарға көшіп кетуін біраз әлсіретер еді.
- Тәуелсіздік тұсындағы экономикалық киыншылықтарға орай Қазақстан халықтарының көші-қон процесінде жаппай қозғалыс, яғни стихиялы коныс аудару белгілері мықтап орын алып отыр. Әсіресе, оңтүстік аймақтағы бос еңбек қолдарының мол болуы оларды еліміздің Батыс,Солтүстік аймақтарындағы мұнай игеру мен басқа да инфрақұрылымдарды дамыту мүддесіне бейімдеп, уақытша жұмыссыздарды сол аймақтарға жоспарлы түрде көшірудің қажет екендігін көрсетіп отыр.
- Тарихи Отанына оралған қазақтарға көрсетілетін қамқорлықты тереңдете түсу керек. Бұл бір жағынан еліміздегі жергілікті халықтардың санын арттыруға онды әсерін тигізсе, екіншіден сағынышпен елге оралған қандастарымыздық алдындағы моралдық жауапкершілігімізді түсінгендігіміздің көрінісі болып табылады.
- Бүгінгі күні республика экономикасының әр түрлі саласында шетелдік қызметкерлердің көптеп келіп, жұмыс жасауы дағдыға айналған нәрсе. Сондықтан, осы көрініске болашақта жоспарлылық сипат беріп, шетелдік мамандардың үлес салмағын неғұрлым шектеп отырған дұрыс. Ал, босаған немесе жаңадан ашылған жұмыс орындарына қазақстандық азаматтарды тартуга, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешуге болар еді. Әрі, жергілікті тұрғындар мен шетелдік жұмысшылардың алатын еңбек ақылырының арасында айтарлықтай айырмашылық болмағандығы да дұрыс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Переведенцев В.И, Методы изучения миграции населения. М.: Наука, 1975, -210 с.; Староверов В.И. Социальные факторы и особенности миграции населения СССР. — М.: Наука, 1981. — 189 с; Моисеенко В.М. Территориальное движение населения. -М. : Мысль, 1985.- 203 с.
- Нурмагамбетова А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. Алматы, 1998
- Вишневский А.Г. Серп и рубль. М., 1998; Перестройка, гласность, демократия, социализм. СССР: демографический анализ, М.1990.
- Трудовая миграция как средство адаптации к экономическому кризису в Казахстане. Алматы, Галым, 2001.-216 с.
- Мусин Н.Р., Манохина О.В. Миграционные проблемы: анализ, тенденции, прогнозы. / Евразийское сообщество, № 1, 1998. — С. 168-173; Аймагамбетова Г.Т. Социально-политическая ситуация в Казахстане: демографические и миграционные факторы. // Саясат, № 3, 1999, С.48-51.; Куандыков А. Феномен миграции: кто и почему уезжает из Казахстана[ ] Евразийское сообщество, № 6-7, 1995. -с. 136-142; Бекжанова Т. Миграция и демографический состав населения. / Поиск, № 6, 1997, С. 171-174; Аужанов Н. Как избежать демографического взрыва. Миграционные потоки населения и его рассредоточение. / Мысль, № Ц, 1998, С.3035; Абсаттаров Р. Миграционные процессы в Евразии: проблемы и суждения. / Саясат, № 2, 1996.
- Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана, (численность, размещение, состав) (1870-1914 гг.). Алма-Ата: Наука, 1981.-112 с,
- Галиев А.Б. Развитие историко-демографических исследований в Казахстане. // Вопросы историографии Казахстана.- Алма-Ата, 1983. (152-161)
- Татимов М.Б. Проблемы демографического развития Казахстана. //Методологические проблемы изучения народонаселения в социалистическом обществе. Материалы Всесоюзной конференции. — Киев, 1973. — С. 471-473;
- Социальная обусловленность демографических процессов. — Алма-Ата: Наука, 1989.-128с.
- Гладышева Е.Н. Особенности формирования населения и основные проблемы использования трудовых ресурсов Казахстана. — В кн. Развитие географических наук в Казахстане — Алма-Ата: Наука, 1967. С. 74-79; О взаимовлиянии миграции и национального состава населения (на материалах Казахстана). — В кн. Статистика миграций населения. -М .: Статистика, 1973.-С. 218-237.
- Москвина Г.Д, Мельдаханова М. К. Территориальная подвижность населения и процессы урбанизации в Казахстане // Население и трудовые ресурсы Казахстана. А-Ата: Наука, 1979, С.91.
- Асылбеков М.Х, Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980гг.). Алматы: Ғылым, 1991. — 210 с.
- Асылбеков М.Х. Об изменениях в национальном составе и социальном составе населения Казахстана (1897-1989 гг.). //Вестник АН КазССР, 1991. №4, С 36-45;
- Галиев А.Б. К этнодемографической характеристике Казахской АССР (по материалам переписи 1926 г.). //Известия АН КазССР, 1978. №3, С. 42-48; Галиев А.Б. Развитие историко-демографических исследований в Казахстане. // Вопросы историографии в Казахстане. — Алма-Ата: Наука, 1983,0.152-161.
- Асылбеков М.Х, Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. Алматы: Атамура 1995; Казахи: (демографические тенденции 80-90-х гг.), — Алматы: Оркениет, 2000.
- Козина В.В. Население Центрального Казахстана (40- е годы — конец XX века) кн. вторая. — Алматы: Оркениет, 2001 . — 184 с.
- Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана: история формирования и развития (1897 -1907 гг.) — Алматы, 1995.
- Есенгүл Кәпқызы “ Түркістан” 4 Қараша 2004 ж.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Қазақстан, 1998;
- «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 1997 жылдардағы
- «Көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Егемен Қазақстан, 1 шілде, 1992 жылдардағы
- Садовская Е.Ю. Миграции в Казахстане на рубеже XXI века: новые чА/ тенденции и перспективы, — С.59.
- «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Егемен Қазақстан, 23 қаңтар
- //httr.egemen.kz.
- //httr.egemen.kz.
- Искаков У. М. Города Казахстана. Проблемы социально-экономического развития. Алма-Ата: Наука, 1985. С. 62.
- Численность, естественное движение и миграция населения Казахской ССР в 1989г.- С82.
- Асылбеков М.Х, Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. — С. 54.
- Итоги миграции населения по Республике Казахстан за 1995 год. Госкомитет Республики Казахстан по статистике и анализу. Алматы, 1996.
- Қазақ әдебиеті. 2000 ж. 25 қаңтар. 10 бет.
- Миграция населения Республики Казахстан. Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Статистический справочник. / Под ред. А. Смаилова. — Алматы. 2000. — С. 13,17.
- Миграция населения Республики Казахстан за январь-июнь 2001 г. Агентство Республики Казахстан — Алматы, 2001.- С. 19.
- Демография және миграция жөніндегі Агентстваның 2000 жылғы есебі Ағымындағы мұрағат
- Әзімбай Ғани “Қазақ әдебиеті ” 2000ж. 28 қаңтар 10 бет.
- А.Тілесов “ Саясат ” 2003 ж.
- Алтыншаш Жағанова “ Егемен Қазақстан ” 10 шілде 2004 ж.
- Нұржан Қуантайұлы “ Алматы ақшамы” 12 мамыр 2005 ж.
- book.price.ru.
- book.kz.
- М.Тәтімов. Қазақ әлемі. Алматы.1993ж. 157б.
- М.Тәтімов. Ауылдағы демографиялық ахуал.Қайнар.1990ж. 239б.
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ
- Итоги миграции населения в Республике Казахстан за 1997 г. — Алматы: Комитет по статистике и анализу, 1998. — С.З.
- Назарбаев Н.Э. «Қазақстан — 2030. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы». — Егемен Қазақстан. -1997. — 11 қазан.
- Горюшкин Л.М., Миненко Н.А. Историография Сибири дооктябрьского периода. Новосибирск; Галиев А.Б. К истории миграций населения Казахстана. // Вестник АН КазССР. — 1979, № 5, „С.54-56; Моисеенко В.М. Территориальное движение населения. — М.,1985; МижуренкоА.В. Досоветская историография переселенческой политики царского правительства в Сибири периода капитализма. //Аграрная политика царизма в Сибири. — Омск, 1989. — С. 74-88; Ноздрин Г.А. Историографические и теоретические аспекты проблем миграций населения Сибири в период капитализма.// Хозяйственное освоение Сибири в период капитализма. Новосибирск, 1988. С.243-251;
- Переведенцев В.И, Методы изучения миграции населения. М.: Наука, 1975, -210 с.; Староверов В.И. Социальные факторы и особенности миграции населения СССР. — М.: Наука, 1981. — 189 с; Моисеенко В.М. Территориальное движение населения. -М. : Мысль, 1985.- 203 с.
- Нурмагамбетова А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. Алматы, 1998
- Вишневский А.Г. Серп и рубль. М., 1998; Перестройка, гласность, демократия, социализм. СССР: демографический анализ, М.1990.
- Садовская Е.Ю. Миграции в Казахстане на рубеже XXI века: новые тенденции и перспективы, Алматы, Галым, 2001. — 236 с; Трудовая миграция как средство адаптации к экономическому кризису в Казахстане. Алматы, Галым, 2001.-216 с.
- Мусин Н.Р., Манохина О.В. Миграционные проблемы: анализ, тенденции, прогнозы. / Евразийское сообщество, № 1, 1998. — С. 168-173; Аймагамбетова Г.Т. Социально-политическая ситуация в Казахстане: демографические и миграционные факторы. // Саясат, № 3, 1999, С.48-51.; Куандыков А. Феномен миграции: кто и почему уезжает из Казахстана[ ] Евразийское сообщество, № 6-7, 1995. -с. 136-142; Бекжанова Т. Миграция и демографический состав населения. / Поиск, № 6, 1997, С. 171-174; Аужанов Н. Как избежать демографического взрыва. Миграционные потоки населения и его рассредоточение. / Мысль, № Ц, 1998, С.3035; Абсаттаров Р. Миграционные процессы в Евразии: проблемы и суждения. / Саясат, № 2, 1996.
- Тезисы докладов и сообщений Всесоюзной научной конференции «Демографические процессы на Урале, в Сибири, Средней Азии и Казахстане ХІХ-ХХ вв.» Целиноград, 9-11 июля 1991 г.
- Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана, (численность, размещение, состав) (1870-1914 гг.). Алма-Ата: Наука, 1981.-112 с, Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии (последняя четверть ХУШ — 60-е годы XIX в.). М.: Наука, 1980,-279 с; Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма. (60-е годы XIX в. — 1917 г.). М.: Наука, 1986.-245с.
- Бояршинова З.А. Заселение Сибири русскими в ХУІ-п.п.ХІХ в. //Итоги и задачи изучения истории Сибири. Новосибирск, 1971.;- Колесников А.Д. Русское население Западной Сибири. — Омск, 1973.; Ахмеджанов Г. Советская историография завоевания Туркестана и установление господства России в Средней Азии. Автореф. дисс. на соискан. степ, д.и.н. -Ташкент, 1991;
- Галиев А.Б. Развитие историко-демографических исследований в Казахстане. // Вопросы историографии Казахстана.- Алма-Ата, 1983. (152-161)
- Татимов М.Б. Проблемы демографического развития Казахстана. //Методологические проблемы изучения народонаселения в социалистическом обществе. Материалы Всесоюзной конференции. — Киев, 1973. — С. 471-473;
- Социальная обусловленность демографических процессов. — Алма-Ата: Наука, 1989.-128с.
- Гладышева Е.Н. Особенности формирования населения и основные проблемы использования трудовых ресурсов Казахстана. — В кн. Развитие географических наук в Казахстане — Алма-Ата: Наука, 1967. С. 74-79; О взаимовлиянии миграции и национального состава населения (на материалах Казахстана). — В кн. Статистика миграций населения. -М .: Статистика, 1973.-С. 218-237.
- Москвина Г.Д, Мельдаханова М. К. Территориальная подвижность населения и процессы урбанизации в Казахстане // Население и трудовые ресурсы Казахстана. А-Ата: Наука, 1979, С.91.
- Балакаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. — Алма-Ата: Наука, 1971. — 350 с; Дахшлейгер Г.Ф. Историография Советского Казахстана. — Алма-Ата: Наука, 1969. — 191 с, Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К.Н. Крестьянство Советского Казахстана. — Алма-Ата: Наука, 1985. — 247с, Нурмухамедов С.Б, Абишева Б.Н. Изменения в социальной структуре населения Казахской ССР. // Казахстан в нерушимом союзе братских республик. Сб. ст. Алма-Ата: Наука, 1972. -319 с, С. 124-168.
- Базанова Ф.Н. Формирование этнического состава населения дореволюционного Казахстана. //Вестник АН КазССР. А-Ата,1977, № 7, С. 58-66; Формирование и развитие структуры населения КазССР. Алма-Ата: Наука, 1987.-190с
- Асылбеков М.Х, Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980гг.). Алматы: Ғылым, 1991. — 210 с.
- Асылбеков М.Х. Об изменениях в национальном составе и социальном составе населения Казахстана (1897-1989 гг.). //Вестник АН КазССР, 1991. №4, С 36-45; Галиев А.Б. К этнодемографической характеристике Казахской АССР (по материалам переписи 1926 г.). //Известия АН КазССР, 1978. №3, С. 42-48; Галиев А.Б. Развитие историко-демографических исследований в Казахстане. // Вопросы историографии в Казахстане. — Алма-Ата: Наука, 1983,0.152-161.
- Асылбеков М.Х, Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. Алматы: Атамура 1995; Казахи: (демографические тенденции 80-90-х гг.), — Алматы: Оркениет, 2000.
- Козина В.В. Население Центрального Казахстана (40- е годы — конец XX века) кн. вторая. — Алматы: Оркениет, 2001 . — 184 с.
- Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана: история формирования и развития (1897 -1907 гг.) — Алматы, 1995.
- Ковальская СИ. Проблемы историографии миграций населения Казахстана ( к.ХУІ 11-ХХ в.) Автореф. дисс. на соиск. ученой степени к.и.н. Алматы, 1997. -24с.
- Есенгүл Кәпқызы “ Түркістан” 4 Қараша 2004 ж.
- Осыда қайталанған 2 бет.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Қазақстан, 1998;
- «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 1997 жылдардағы
- «Көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Егемен Қазақстан, 1 шілде, 1992 жылдардағы
- Садовская Е.Ю. Миграции в Казахстане на рубеже XXI века: новые чА/ тенденции и перспективы, — С.59.
- «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Егемен Қазақстан, 23 қаңтар
- ҚР ОМА, Қ.1479. Т.5.ІС п.35.
- ҚРОМА,Қ.698,Т.1,Іс 567, п.
- ҚРОМА, Қ.698, Т.1,Іс767, п.6.
- ҚРОМА Қ.П37.Т.24.ІС69. п. 172.
- ҚРОМА Қ. 1137, Т. 24. Іс 112, п. 47
- ҚРОМА,Қ.1987,Т.1,Іс309,п.7.
- //httr.egemen.kz.
- //httr.egemen.kz.
- ҚР ОМА Қ.596, Т. 1/10, Іс 45, п. 23.
- Искаков У. М. Города Казахстана. Проблемы социально-экономического развития. Алма-Ата: Наука, 1985. С. 62.
- Численность, естественное движение и миграция населения Казахской ССР в 1989г.- С82.
- Асылбеков М.Х, Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. — С. 54.
- Сост. по Итоги Всесоюзной переписи населения в 1989: Национальный состав Каз.ССР Раздел 4 ч.2 — С.24.
- Итоги миграции населения по Республике Казахстан за 1995 год. Госкомитет Республики Казахстан по статистике и анализу. Алматы, 1996.
- Қазақ әдебиеті. 2000 ж. 25 қаңтар. 10 бет.
- Миграция населения Республики Казахстан. Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Статистический справочник. / Под ред. А. Смаилова. — Алматы. 2000. — С. 13,17.
- ҚРОМА, Қ.1987,Т.1.ІсЗО9, п.7.
- ҚР ОМА, Қ. 1987, Т. 1,1с 206, п.2.
- Миграция населения Республики Казахстан за январь-июнь 2001 г. Агентство Республики Казахстан — Алматы, 2001.- С. 19.
- Информационный отчет за 1997 г. Текущий архив Министерства труда и социальной защиты Республики Казахстан.
- Докладная записка (1997 г.) Текущий архив Министерства труда и социальной защиты Республики Казахстан.
- Демография және миграция жөніндегі Агентстваның 2000 жылғы есебі Ағымындағы мұрағат
- Аналитическая записка (2000 г.) Текущий архив Министерства труда и социальной защиты Республики Казахстан.
- Әзімбай Ғани “Қазақ әдебиеті ” 2000ж. 28 қаңтар 10 бет.
- А.Тілесов “ Саясат ” 2003 ж.
- Алтыншаш Жағанова “ Егемен Қазақстан ” 10 шілде 2004 ж.
- Нұржан Қуантайұлы “ Алматы ақшамы” 12 мамыр 2005 ж.
- book.price.ru.
- book.kz.
- М.Тәтімов. Қазақ әлемі. Алматы.1993ж. 157б.
- М.Тәтімов. Ауылдағы демографиялық ахуал.Қайнар.1990ж. 239б.