АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. 1978-1979 жылдардағы Иран революциясы. Хомейни ролі

1978-1979 жылдардағы Иран революциясы. Хомейни ролі

 

Мазмұны

 

І-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иранның саяси-экономикалық жағдайы

  • Иран халқының мұнай өндірісін ұлттандыру үшін күресі
  • Аятолла Хомейнидің өмірбаяны
  • Революцияның алғы шарттары

 

ІІ-тарау. 1978-1979 жж Иран революциясы

2.1. 1960-1963 жж саяси оқиғалар

2.2. 5 маусым, 1963 ж-11 ақпан, 1979 ж

2.3. Ислам төңкерісі

2.4. Революциядан кейінгі Иран

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Өткен тарихта Иран мен қазақ халықтарының мәдениеті ортақ, әдебиеті аралас-құралас болып келді. Оған көптеген ғалымдар мен ақындардың шығармалары, деректер дәлел бола алады. ХХ ғ басындағы аласапыран жылдар салдарынан екі елдің қарым-қатынасы барынша құлдырай түсті.

1946 жылы Фарс провинциясында ағылшындардың қолдауымен “Оңтүстік қозғалысына” біріккен бірқатар тайпалар көтерілісі басталды. Оның жетекшілері үкіметтен “Иранды бөлу” әрекетін тоқтатуды Иран мен Азербайжаны мен Күрдістанды өзін өзі басқару органдарын жоюды және министрлер кабинетінен Иранның халықтық партиясының мүшелерін қууды талап етті. Егер де бұл талаптар орындалмаған жағдайда “Фарс халықтарының” автономиясын құру талабы қойылды.

Иран үкіметі Фарстағы баскөтерулерді “ұлттық қозғалыс” деп жариялады, ИХП-ың мүшелері үкіметтен шығарылды. Елде реакция басталды. 1946 жылы 10 желтоқсанда Иран Азербайжаны мен Күрдістанға әскер кіргізіп, демократиялық қозғалысқа қатысушыларды жазалауды бастады. Ондағы өзін-өзі басқару органдары демократиялық жеңістер жойылды, мыңдаған адамдар қаза тапты, түрмеге жабылды, жер аударылды.

Демократиялық және халықтық партияларының белсенді қайраткері КСРО-ға эмиграцияға кетті. Бүкіл Иранда солшыл ұйымдарға қарсы репрессиялар басталды.

Ирандағы көтерлістер басылғаннан кейін Қәвам үкіметі проамерикандық позицияда екендігі түсінікті болды. 1947 жылы Иран әскерінде, бас штабы мен әскери министрлікте американ кеңесшілерінің ролін, құқықтарын кеңейту туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. АҚШ Иранға қару мен әскери арқа сүйеп КСРО мен солтүстік мұнай туралы келісімді бекітпеді. Сонымен қатар ағылшын-иран мұнай компаниясы қоғамының саяси топтарының жіктелуіне нешіз болды.

1947 жылы өндірілген мұнайдың жалпы бағамындағы Иранның үлесі тек 9 пайыз ғана құрады. Ұлыбритания үкіметі компаниядан кіріс ретінде, Иранның  концессиялық ақысын көп алды.

Осындай теңсіздік, елдегі экономиканың жағдайының төмендеуі, экспорттың қысқаруы, Иран  риалының құнсыздануы, бағаның өсуі, халықтың басым бөлігінің тұрмысының төмендеуі Иран үкіметін 1948 жылы компанияға бірқатар претенция қоюға мәжбүрледі. Елдің 1946-1949 жылдары экономика-лық даму жоспары, американ фирмаларының қатысуымен қаржыландыруды қажет етті.

Елдегі америкалық ықпалдың өсуінен қорыққан ағылшын-иран мұнай компаниясының басшылығы Қавамның үкіметтен кетуін қалады. Қавам отставкаға кеткеннен кейін бірнеше кабинет ауысты. “Федаяни ислам” бірнеше терракттар жасады, 1949 жылы олар шах өміріне қастандық жасады. Осыдан кейін елде әскери жағдай енгізіліп, реакция басталды.

 Әсіресе, 1917 ж Қазан төңкерісінен кейінгі коммунистердің билігі кезеңінде екі ел бір-бірінен мүлдем қол үзді. Әлемдік социалистік жүйенің коммунистік партияның диктатурасының күйреуі, КСРО коммунистік империясының ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, халықтардың географиялық жүйесі жаңа типтегі адамды-мәңгүртті жасау үшін барлығын қолданды, ол үшін адамның өз туған тілінен айырды, тарихын санасынан жойып, генефонды жойып, халықтарды тұтас геноцидке ұшыратты.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Иран  Ислам Республикасы оны алғашқы елдер қатарында ресми түрде таныды. Одан әрі тез арада саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатанастар орнықтыру жұмыстары жүргізілді.

 Жүзеге асырылған көптеген шаралар нәтижесінде екі елге бір-бірін тікелей және тереңірек танып-білуге мүмкіндік туды.

Еліміз тәуелсіздік алып, қазіргі ұрпақ алдында мол мүмкіндіктер пайда болғанымен, біздің қазіргі Шығыстың мәдениеті, саяси, діни, гуманитарлық ғылым өкілдері, ислам туралы білетініміз өте аз.

Ирандағы антимонархиялық және антиимпериалистік революцияда діни фактор ұлт-азаттық қозғалыстың дамуында шешуші роль атқарды.

Ислам дінінің, Имам Хомейнидің жетекшілігімен Иран халқы тарихи жеңіске жетті.

Аса көрнекті мемлекеттік саяси және діни қайраткер Саид Рухулла Мусава Хомейни бүкіл өмірін қоғамдағы исламның ролін нығайтуға арнады. Аятолла Хомейни шежіресі Мухаммед пайғамбардан бастау алғандықтан оның есіміне “Саид” титулы қосылды.

Хомейнидің Мұхаммед реза Пехлеви режиміне қарсы күрес жолы өте ауыр болды.

30 жылдары әкесі қаза тапқаннан кейін бастаған бұл істі, Хомейни 1979 жылы Ислам революцияның жеңісіне дейін жалғастырды. Осы тиранияға қарсы күресте Иранның 2-3 млн астам ұлдары қаза тапты, олардың ішінде Имам Хомейнидің өзінің ұлы да болды.

САВАК елдің қоғамдық саяси өмірінің барлық саласына енгізілген еді. Бір де бір мекемені, мерамхананы, студенттік топты репресивті органдар назарын тыс қалдырған жоқ.

Осы жағдайда Аятолла Хомейнидің теориялық еңбектері, саяси және практикалық нұсқаулары арасында астыртын таратылды.

Хомейни Туркияда, Иракта, Францияда құғында болған кезеңдеде Иран халқының күресіне жетекшілік етуді тоқтатқан емес. 1979 жылдың басында Аятолла Хомейни 15-жылдан кейін еліне оралды.

Оны 5 млн адам қуанышпен қарсы алды. Сонымен оның идеялары іске асырылды.

“Исламдық басқару” атты еңбегінде Имам Хомейни ислам мемлекетінің теориялық және практикалық негіздерін мұсылман қоғамның өмірінің саяси ұйымдастырылу формасын қарастырды. Қоғамның дамуын тежеп отырған монархияның құлауына, шах режимінің орнына жаңа мемлекет келмейтіндігіне сенетіндігін айта келе автор былай деп жазған: “ … серікті қажет етпейтін Алла ғана шынайы монарх” дейді.

Зерттелу деңгейі. Бұл тақырып орыс тілінде жарық көрген бірқтар еңбектерде қарастырылған. Иранның саяси экономикалық дамуы, солтүстік Шығыс Иранның байланыстыра арналған-зерттеуші С.Л.Агаевтың екі еңбегін атауға болады, олар: “Иран в прошлом и настоящим” және “Политические и торгово-экономические отношение северо-восточного Ирана”. Бұл еңбектер 1988-1989 жылдары Мәскеу қаласында жаоық көрген.

Автор А.Х.Баразаттың “Иностранный капитал в странах Ближнего Колтаке” атты еңбегінде Иран мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі шетел үстемдігі қарастырылған, Н.В.Жданов, А.А.Игнатенконың “Ислам на пороге ХХ века” атты еңбегінде ислам дінінің шығыс елдерінің тарихындағы ролі зерттелген. Бұл еңбек 1989 жылы Мәскеу қаласында шыққан.

Осы тақырып бойынша құнды мәліметтерді автор М.С. Ивановтың “Очерки истории Ирана” атты монографиясынан алуға болады, зерттеу 1952 жылы Мәскеу қаласында шыққан.

Ирандағы Ислам революциясының тарихы бойынша құнды деректер —“Иранская революция 1978-1979 гг: причины и уроки” атты құжаттар жинағында келтірілген, ол 1989 жылы Мәскеу қаласында жарық көрген.

-Р.В.Борисовтың “США: ближневосточная политика в 70-е годы” атты монографиясында ХХ ғ 70 жылдары АҚШ-тың Таяу Шығыс елдерінде, оның ішінде Ирандағы саясаты қарасырылған.

-М.С.Ивановтың  “Иран в 60-70 гг ХХ в” атты еңбегінде Ирандағы “ақ революция” саяси-экономикалық проблемалары, Иран тарихындағы шетел державаларының ролі көрсетілді, еңбек 1977 жылы Мәскеуде шыққан.

ХХ ғ соңында Иран тарихында орын алған ислам төңкерісінің алғы шарттарын, басталуын, барысы мен нәтижесін ондағы имам Хомейнидің жетекшілік ролін зерттеу диплом жұмысының мақсаты болып табылады.  Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді қойылды:

  • Иран халқының мұнай өндірісін ұлттандыру үшін күресін көрсету;
  • Хомейнидің өмірбаянын көрсету;
  • Революцияның алғы шарттарын анықтау;
  • 1960-1979 жылдардағы саяси оқиғаларды баяндау;
  • Ислам төңкерісінің басталуын, барысын, нәтижесін көрсету;
  • Революциядан кейінгі Иранның жағдайын айқындау.

Деректік негіздері. Дипломдық жұмыстың деректік негізіне Аятолла Хомейнидің “Ислам билігі” атты еңбегі алынды.

Құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен құрылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 І-ТАРАУ. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ИРАННЫҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

 

1.1. Иран халқының мұнай өндірісін ұлттандыру үшін күресі

 

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Иран ішкі мәселелерін реттеп, “халықаралық істерге көңіл бөле  бастады. Қырқыншы жылдың соңынан бастап шах үкіметі АҚШ-на қарай бағыт алды. Екі ел арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі Трумэн доктринасының “төртінші бабын” іске асырумен байланысты басталды.

1946 жылы 26 қаңтарда үкімет басына Кәвам әл-Сәлтане елгеннен кейін Тегеран ішкі және сыртқы проблемаларын шешудегі тактикасын өзгертті. Жаңа үкімет КСРО-мен қатынастарды реттеунеге, прогрессивті реформалар жүргзуге, режимді демократияландыруға  уәде берді. Ал басты мақсаты етіп Кеңестік әскерді тез арада шығарып, прогрессивті күштерді репрессиялауды қойды.

Алғашқы уақытта еңбек, мемлекеттік жерді шаруаларға тегін үлестіру туралы бірқатар прогрессивті заңдар қабылданды. 1946 жылы сәуір айында КСРО мен келіссөздер өтіп, үш негізгі мәселе бойынша шешім қабылданды:

-Иран-кеңестік мұнай қоғамын құру;

-Иран Азербайжан мәселесін бейбіт жолмен шешу туралы 1946 жылы маусымда Азербайжанға жергілікті автономия берілді. Күрдістанның да автономиясы мойындалды.

1946 жылы Ираннан одақтық әскер шығарылғаннан  кейін бүкіл елде демократиялық күштердің көтерілісі басталды.

1946 жылы Фарс провинциясында ағылшындардың қолдауымен “Оңтүстік қозғалысына” біріккен бірқатар тайпалар көтерілісі басталды. Оның жетекшілері үкіметтен “Иранды бөлу” әрекетін тоқтатуды Иран мен Азербайжаны мен Күрдістанды өзін өзі басқару органдарын жоюды және министрлер кабинетінен Иранның халықтық партиясының мүшелерін қууды талап етті. Егер де бұл талаптар орындалмаған жағдайда “Фарс халықтарының” автономиясын құру талабы қойылды. Иран үкіметі Фарстағы баскөтерулерді “ұлттық қозғалыс” деп жариялады, ИХП-ың мүшелері үкіметтен шығарылды. Елде реакция басталды. 1946 жылы 10 желтоқсанда Иран Азербайжаны мен Күрдістанға әскер кіргізіп, демократиялық қозғалысқа қатысушыларды жазалауды бастады. Ондағы өзін-өзі басқару органдары демократиялық жеңістер жойылды, мыңдаған адамдар қаза тапты, түрмеге жабылды, жер аударылды. Демократиялық және халықтық партияларының белсенді қайраткері КСРО-ға эмиграцияға кетті. Бүкіл Иранда солшыл ұйымдарға қарсы репрессиялар басталды [1; 123-156]

Ирандағы көтерлістер басылғаннан кейін Қәвам үкіметі проамерикандық позицияда екендігі түсінікті болды. 1947 жылы Иран әскерінде, бас штабы мен әскери министрлікте американ кеңесшілерінің ролін, құқықтарын кеңейту туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. АҚШ Иранға қару мен әскери арқа сүйеп КСРО мен солтүстік мұнай туралы келісімді бекітпеді. Сонымен қатар ағылшын-иран мұнай компаниясы қоғамының саяси топтарының жіктелуіне нешіз болды.

1947 жылы өндірілген мұнайдың жалпы бағамындағы Иранның үлесі тек 9 пайыз ғана құрады. Ұлыбритания үкіметі компаниядан кіріс ретінде, Иранның  концессиялық ақысын көп алды. Осындай теңсіздік, елдегі экономиканың жағдайының төмендеуі, экспорттың қысқаруы, Иран  риалының құнсыздануы, бағаның өсуі, халықтың басым бөлігінің тұрмысының төмендеуі Иран үкіметін 1948 жылы компанияға бірқатар претенция қоюға мәжбүрледі. Елдің 1946-1949 жылдары экономикалық даму жоспары, американ фирмаларының қатысуымен қаржыландыруды қажет етті. Елдегі америкалық ықпалдың өсуінен қорыққан ағылшын-иран мұнай компаниясының басшылығы Қавамның үкіметтен кетуін қалады. Қавам отставкаға кеткеннен кейін бірнеше кабинет ауысты. “Федаяни ислам” бірнеше терракттар жасады, 1949 жылы олар шах өміріне қастандық жасады. Осыдан кейін елде әскери жағдай енгізіліп, реакция басталды [2; 165].

Бірақ мұнай өндірісін ұлттандыру үшін күрес одан әрі жалғасты. Ұлттандыру иран кәсіпкерлерінің басым бөлігі мүдделі болды, оларды интеллигенция “базар халқы” –яғни саудагерлер мен қолөнешілер, шииттік дінбасылар қолдады. Бұл күштер 1949 жылы күзде Ұлттық майданды құрды. Ұлттық майданды көрнекті саясаткер, Иранның тәуелсіз сыртқы саясат жүргізуді ұсынған доктор Мохаммед Моссадык (1879-1967 жж) басқарды.

1949-1953 жылдары “Иран” партиясы Ұлттық майданның орталығына айналды, оның қатарына әр түрлі көзқарастағы бірқатар қоғамдық және саяси қайраткерлер кірді; олардың арасында “Моджахедине Исламды” ұйымдастырушы А. Кашани, Демократиялық партияның қайраткерлер [3; 205-210].

Экономикалық көмекке қарамастан елдің жағдайы 40 жылдың соңымен 80-ші жылдың басында бұрынғысынша ауыр сақталды. Ол бар жағынан көршілес Үндістан Пәкістандағы деколенизациямен де байланысты болды. Елдің халқы қазба байлықтары ағылшындардың игеруіне қарсы болды, яғни иран ағылшын мұнай компаниясымен қатынастарды қайта қарау мәселесі күн тәртібіне қойылды. 1951 ж наурызда Иран мәжілісі Иранның мұнай өндірісін ұлттандыру туралы заң қабылдады, осы жылы сәуір айында үкімет басына М.Моссадык келді. Ол бұл заңды іске асыруға белсене кірісті. Барлық мұнай көздері мен мұнай өңдеу зауыттары үкімет бақылауына алынды. Оларды үкімет тағайындаған өкілдер басқарды. Сырттай араласу әрекетіне қарамастан бұл заң жеңіске асырылды. Ираннан ағылшын иран компаниясында жұмыс істеп жатқан ағылшын мамандары қуылды. 1952 жылы қазанда Иран мен Англия арасындағы дипломатиялық қатынастар үзілді. Бірақ Моссадык үкіметінің беделінің өсуі, оның белгілі шах және оның маңындағыларды қорқытты. 1953 жылы тамызда мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде Моссадык үкіметі құлатылды. Жаңа кабинетті Заһеди басқарды. Ол 1953 жылдың соңында Англиямен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтірді және елдің мұнай шаруашылығын басқару үшін консорциум құруға келісім берді. Бұл консорциум акциясының 40 пайызы ағылшын иран компаниясы алды. Оны құруға Иран бір жағынан мәжбүр болды. Себебі елде өз мамандары жеткіліксіз еді. Сонымен қатар алдағы уақытта елге шетелдің капиталын қызықтыруда консорцизм оңды роль атқарды. 1955 жылы Иран Бағдад пактіне мүше болып, оның сыртқы саяси позициясы айқындалды. Ол шетел инвестициясын кеңінен қолдай бастайды. 1958 жылдың өзінде елде мыңға жуық шетел компаниялары мен фирмалары қызмет етті. Ұлттық өнеркәсіптік құрылыс та ұлғайды, оның басым бөлігі қарыз қоржысына салынды, сол себептен Иранның сыртқы қарызы өсіп, 1959 жылы 27 мың риалға жетті. Иранның алдында тұрған басты экономикалық мәселенің бірі аграрлық қайта құру жүргізу еді.

1950 жылы құрылған мұнай мәселелері жөніндегі арнайы парламенттік комиссия Иран территориясындағы мұнай өндірісін ұлттандыру қажеттігі туралы шешімге келді. 15 наурыз күні мәжіліс, 20 наурыз күні сенат мұнай өндірісін ұлттандыруға дауыс береді. Сәуірде парламент ұлттандыру тәртібі туралы заң қабылдады және оны іске асыруды 29 сәуір 1951 жылы құрылған Моссадык үкіметіне тапсырды [4; 508].

Ұлттандырудың қолайлы шарттарына қарамастан Англия үкіметі, Халықаралық мұнай консорциумының басшылығы Иранға қысым жасады. Әлемдегі ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі Абадан зауыты өз жұмысын тоқтатты. Моссадык үкіметі Англиямен дипломатиялық қатынастарды үзуге мәжбүр болды.

Ұлттық Майдан мен шах үкіметі арасындағы қатынастардың шиеленісуі нәтижесінде Моссадык орнынан түсіру әрекеті жасалды. Бұл оқиға елде наразылық тудырып, Тегеранда көтеріліс басталды. 1952 жылы 22 шілдеде шах Моссадыкты орнына қайтаруға мәжбүр болды және оны уақытша әскери министр етіп тағайындайды.

Солшыл топтар және мұсылмандық топтар Моссадыкты қайтару үшін қозғалысты ұйымдастырған еді. Бірақ Моссадыктың өзі осы күштермен одан әрі байланысты сақтау қажеттігін дұрыс түсінбеді, ол ағылшын-американ қайшылықтарына көп үміт артты.

Ал Иран әлемнің басқа мұнай өндіргіш аймақтарына ықпал етуінен қоррыққан АҚШ Моссадакты қолдамады. Сонымен қатар ағылшын-иран дағдарысының ұзаққа созылуы АҚШ-қа тиімді болды.

Шілде оқиғаларынан кейін Ұлттық майданда жіктелу байқалды. Бұрын Моссадыкты қолдаған оңшыл ұлтшылдар мен испамистер енді оның қарсыласына айналды. Иранның халықтық партиясы Ұлттық майдан жетекшісінен батыс державаларымен барлық байланысты үзуді талап еткен, сондықтан оны “американ испериалистерімен” келісімге келді деп айыптады. АҚШ Англиямен Иран жөнінде біріккен бағыт ұстау туралы шешім қабылдады [5; 45-69].

1953 жылы 19 тамызда ішкі және сыртқы реакциясының біріккен күштері, АҚШ-тың орталық барлау Басқармасының қолдауымен Моссадык үкіметі құлатылды. Елде әскери-позициялық режим орнатылды, репрессиялар басталды. Барлық саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды.

Бұл төңкеріс американдық мұнай монополияларына көп пайда әкелді. 1954 жылы қыркүйекте қол қойылған Иранның халықаралық мұнай консорциумымен келісімде акциялары былай бөлінеді: американ компаниялары 40 пайыз, ағылшын-голланд компаниясы-14 пайыз, француз-6 пайыз акцияға ие болды. Консорциумның меншігі 1 млрд долларды құрады. Кірістің 30 пайызын Иран үлесіне еніп, өндірістік операцияларға консорциум бақылауы орнады.

Генерал Захеди басқарған жаңа үкімет әскери, экономикалық және мәдени салада батыс елдерімен, ең алдымен АҚШ-пен тығыз байланыс орнатты. Бұл курсты шах “позитивті ұлтшылдық” деп атады. АҚШ-тың техникалық, әскери, экономикалық көмегі өсті. 1955 жылы қазан айында \иран Бағдад пактіне қосылды. 1957 жылы наурызда “Эйзенхауер доктринасы” қабылданды, ал 1959 жылы американ-мран келісімі жасалды [6; 28].

50-жылдардың ортасындағы Иранның саяси өмірінің маңызды өзгерісі шах Мохаммед реза Пехлевидің жеке билігінің өсуі. Экономикалық салада шах және оның үкіметі “ашық есік” саясатын жүргізді. 1956 жылы жаңа жеті жылдық жоспар жасалды, оның мақсаты экономиканы және инфрақұрылымды дамыту. Бірақ Иран қоғамы артта қалғандықтан оны жүзеге асыру мүмкін емес еді.

Иран бұрынғыдай артта қалған аграрлық ел болып сақталды. Оның жер көлемінің 90 пайызын шах, помещиктер, тайпа көсемдері мен жоғары дінбасылар қолында болды, олар Иран халқының 1 пайызын құрады. Жұмысшылар саны аз болды. Елдің 18,3 млн халқының бар болғаны 3 млн қалаларда өмір сүрді, ал қала халқының 20 пайызын қолөнершілер еді.

1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдардың басында Иран дағдарысқа ұшырады. Қаржы-валюта жүйесі, ауыл шаруашылығы, өенркәсіп пен сауда, әлеуметтік-экономикалық қатынастар да дағдарыста болды. Шаруалар, қала кедейлері аштыққа жұмыссыздыққа ұшырады. Ұсақ, орта буржуазияның, қолөнершілердің ұсақ саудагерлердің жағдайы ауыр болды, ал ұлттық буржуазияның өкілдері де жиі банкротқа ұшырап отырды. Осының барлығы әлеуметтік қатынастарды шиеленістірді. Сонымен қатар дағдарыс батыстық американдық бағыттағы сыртқы саясаттың салдары болды [7; 30].

Осы уақытта Иранда шаруалардың помещиктерге қарсы бірқатар көтерілістері болды. Ал Тегеранның митингіге шыққан тұрғындары экономикалық және саяси талаптар қойды. 1957 жылы басталған оппазициялық қозғалыс барысында жаңа жетекшілер шықты. Шахтың құрған ресми Меклиюн және Мардан партиялары халықтың қолдауын таппады. 1960 жылы жер иелігін жіктеу туралы заң қабылданды (мах 800 га барлық 40 га суармалы жер: қалғаны қазына сатып алып шаруаларға 15 жылдық мерзімде ақысын төлеуге шартында үлестірді). 1962 жылы жер максимумын 400 га дейін шектеген заң шықты. 1963 жылы жер максимумы 500 га болып сақталды, ол да тек қана заман талабына сай техника мен жалдамалы еңбек қолданған шаруашылықтар үшін. Барлық басқа қожалықтар үшін ауданы мен жіргілікті жағдайына байланысты 20 дан 100 га дейін шектелді. Сонымен қатар қайта құру бойынша акционерлік қоғам түрінде шаруа комеративтері құрылды. Ормандар ұлттандырылды, өнеркәсіп орындары жекешелендірді. Жерді қайта құруы шамамен 10 жылға созылды да ол өте күрделі, әрі ауыр процесс болды. Себебі Иран шаруалары оған дайын емес еді. Оның нәтижесінде 60-70 жылдары село тұрғындарының 41 пайызы деревнядан табыс көзін іздеп қалаларға ұмтылды. Реформалар елде қарсылық тудырды. Шахқа және оның реформаларына қарсы қозғалысты дін басылар басқарды. 1964 жылы осындай қозғалыста белсенділік көрсеткен Аятолла Хомейниді шах елден қуды. Сондықтан ол шах режиміне қарсылық символына айналды. “Ақ революцияны” яғни капиталистік үлгідегі қайта құрулар онда жоғарыдан модернизациялау бағытын алған шах елдегі жағдайды ескермеді, өнеркәсіптік өнім жыл сайын 10-15 пайызға өсті. Заман талабына сай өнеркәсіптік өндіріс қалыптасты. Иран экономикасында жеке сектор құрылып нығайды. Жаңа мектептермен жоғары оқу орны жүйесі құрылды. Қоғамдық өмірге әйелдер тартылды. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау, мәдениет қалыптасты [8; 432].

“Ақ революцияны” немесе шахтың Иранды еврокапиталистік үлгімен дамуға алған бағыты 70 жылдың ортасында ішкі қарама-қайшылықтардың  шиеленісуіне және жаппай наразылықтың өсуіне себеп болды. Иран шахы саясатының басты кемшіліктерінің бірі дінбасылар позициясын елемеуде және де күш қолдануда болды. Ал басты саси қатесі ол Вакуфтерді секуляризациялау, яғни дінбасылар кірісінен айыру болды. Шах осы іс шаралар арқылы дінбасыларды әлсіретуді мақсат етті. Ал іс жүзінде оларды өзіне қарсы қойып алды. Осы кемшіліктерімен пайдаланған шииіттік дінбасылар шахқа қарсы күрес бастады. Иран интеллигенциясы және студенттер ислам дәстүрін сақтауды қолдады.

1960-1961 жылдары шах екі рет фальсификация жасау салдарынан парламенттік сайлау нәтижесін жойды. Елде сайлауды күтпей реформа жүргізу қажеттігі туды.

Шах және оның маңындағы “технократтар” жүргізген әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар ресми түрде “ақ революция” немесе “Шах және халық революциясы” деп аталды. Реформалардың мақсаты: деревняда жартылай феодалдық қатынастарды жою, Иранды модернизациялау, Ирандық капиталистік әлеммен интеграциялау болды.

19 реформаның ең маңыздысы аграрлық реформа болды. Заң жер иелігін 500 га етіп шектеді, ол да техника мен жалдамалы еңбек пайдаланылған жағдайда одан артылған жерді 15 жылдық мерзімге несие беру арқылы шаруа арендаторға сатты [9; 663-680].

 

1.2. Аятолла Хомейнидің өмірбаяны

 

Имам Рухулла ал-Мусави ал-Хомейни 1902 жылы 24 қыркүйекте Тегераннан оңтүстік-батысқа қарай 100 шақырым жерде орналасқан Хумайна қаласында қатаң діни дәстүр ұстанған жанұяда дүниеге келген.

  Хомейнидің әкесі мен атасы діни ғұламалар болған. Атасы Саид Ахмад ал-Хинди атымен белгілі болған, олай аталу себебі өмірінің жартысын Үндістанда өткізген, онда туыстары осы күнге дейін өмір сүреді. Әкесі Аятолла Мустафа Рухулла туылғаннан кейін 5 ай болғанда қарақшылардың қолында өлтірілген. Сондықтан оның тәрбиесімен анасы және анасының әпкесі айналысты. 16 жасында бір жылдың ішінде ол анасынан да, әпкесінен де айырылады, оның тәрбиесімен үлкен ағасы Саид Мұртаза айналысты.

19 жасында жас Хомейниді көршілес Арап  қаласынан Шитх Абд ал-Карим Хайридің жетекшілігімен діни ғылымдарды оқу үшін жіберілді. Ал Карим Хайридің өзі Ирактағы Имитак оқу орталығының ұлы ғалымдарының шәкірті болған, әсіресе Мырза Хасан Ширазидің еңбегі зор болды. Осында білім алудың нәтижесінде ол ХІХ ғ тұлғалары қалыптастырған саяси белсенділік пен ғылыми білімге негізделген дәстүрлердің мрагеріне айналды. Осыдан кейін оны Құм қаласының тұрғындары мен ғалымдары өздеріне шақырады. Бұл қала бұрыннан қажылық пен білім орталығы болған. Хайри келгеннен кейін діни оқу институты қайта құрылып-Құмның Исламдық Иранның рухани орталығына айналуының бастамасы болды оған дәлелболатын 1962 жылы Құм қаласындағы Пехлеви монархиясына қарсы жаппай оппозицияны Хомейнидің басқаруы.

Ерте жасынан бастап ол Хайридің шәкірттері арасында ерекше көзге түсті. Хомейни этика мен ифран-атты діни философиядан құштарлық байқатты. 27 жасында ол осы пәндерден араб тілінде трактат жазды. Хомейнидің осы “Мизбах ал-Хидайа” атты трактатын оның ұстаздары да жақсы қабылдады.

Оның серіктестері әсіресе революция кезеңіндегі Аятолла Мұнтазири естеліктерінде “Хомейнидің этика мен философия саласы бойынша эрудицияны, оның Құмда аптасына екі рет өтетін дәрістерінде жүздеген адам қатысатындығын” атап өткен [10; 170-189].

Имам Хомейни өте танымал тұлға болды, бірақ ол ең алдымен жазушы және ұстаз ретінде белгілі болды.

Имам Хомейнидің өмірі исламдық революция моральдық және рухани саладан басталғандығын айқын көрсетті. Оған 1930 ж Құм қаласында өткізілген дәрістерде дәлел: моральдік және діни сипаттағы тақырыптар қазіргі күнгі мәселелерді талқылаумен қатар жүрді. Хомейни өз тыңдармандарына сол “мәселелерді шешу-адамның діни парызының бір бөлігі” екендігіне шақырып отырды.

Хомейни қызметінің ерте кезеңі Реза ханның Пеһлеви мемлекетін құруына сай келді. Реза  хан Иран монархиясын тоталитарлық типтегі қазіргі диктатураға айналдырды, исламды саяси, қоғамдық, мәдени күш ретінде жоюды басты мақсатына айналдырды.

Сол кездегі Мешхед, Исфахан және Тебриз қалаларында болған оқиғалардан хабардар болып отырды.

Имам Хомейнидің алғашқы саяси сипаттағы мәлімдемесін “Кашф-ал-Асрар” атты 1941 жылы шыққан еңбегінде жасаған. Бұл еңбекте автор Пеһлеви билігіне қарсы шықты.

1937 ж Хайри қаза тапты, сондықтан діни қауымды оның бұрынғы серіктестері Аятолла Садр, Худжат және Хвансари құрамына кірген трицлевират басқарды. Кейіннен Аятолла Буруджирди жетекшілік етті. Ими Хомейни оның диктатурасын белсенді түрде қолдайды, себебі оның жоғарғы діни беделінің мүмкіндіктерін Пехлеви әулетіне қарсы күреске қолдануды ойластырады. Хомейни Буруджирди мен оның өліміне яғни 1962 ж дейін тығыз қарым-қатынаста болды. “Бірақ Буруджирди өзінің жоғарғы діни беделі мен әкімшілік қабілеттеріне қарамастан саясатта әлсіз еді”[11; 56-58].

Буруджирди қайтыс болғаннан кейін бұл қызметке сай адам табылмады. Сондықтан оның серіктестері Хомейниді жаңа көшбасшы етіп сайлайды.

Имам алғашқы да Құм қаласында, кейіннен бүкіл елге танымал болды. Ол уақытта Иранда ашық түрде шах режиміне қарсы шығуға бармаған. Хомейни алғашқы болып Құмның алдыңғы қатарлы діни институт студенттеріне қолдау көрсеткен.

Осыдан кейін ол үлкен істермен айналыса бастады. 1962 ж қазанда шах жергілікті жиналысқа ұсынылған кандидат міндетті түрде мұсылман және ер көсемі болуы талабын жоятын жарлық шығарды. Имам Хомейни елдің басқа аймақтарының діни жетекшілерімен бірігіп, осы шараға қарсы шықты. Шын мәнінде бұл шараның маңызы айтарлықтай емес еді, себебі сайлау формальді түрде өткен. Бірақ оған қарсы шығу үшін жан-жақты үгіт-насихатқа бастама болды. Сондымен қатар діни ғұламаларының коалициясын құруға мүмкіндік берді [12; 45-56].

Хомейнидің келесі қадамы 1963 ж шахтың экономикалық, саяси, қоғамдық салалардағы “ақ революцияға” байланысты болды. 1963 ж 26 қаңтарда референдум де оны халық мақұлдады деп жарияланды. Бұл шараны Иран қоғамының басым бөлігі АҚШ-тың өз үстемдігін орнатуға бағытталған әрекеті деп түсінді.

Имам Хомейни Құмда бірқатар насихаттар оқып, оны бүкіл халық қолдайды.

1963 ж 22 наурызда Шах режимі Мадрас Файзийаны басып алу үшін десант жіберді. Көптеген студенттер өлтіріліп, тоналды.

Бұл оқиға режимнің Исламдық мекемелер мен ұйымдарына қарсы екендігін көрсетіп, оған қарсы күрестің жаңа кезеңін бастады. 1963 жылы көктемде Имами шах режиміне қарсылығын жалғастырды. Ол АҚШ пен Израильмен байланыстарын кеңейтуге қарсы шықты. Маусым айында мұсылман күнтізбесі бойынша Мукаррам айы басталғаннан кейін қарсылық күшейді. Осы айдың 10-шы күні Хомейни Құмда тарихи баяндама жасады, онда шах режиміне кінә тағып, бұл жолмен одан әрі жүрмеуі туралы шахқа ескерту жасап, елден кетуді талап етті[13; 58-60] .

Хомейнидің тұтқындалуы халық наразылығын тудырып, шахтың тағын шайқалтқан көтеріліске алып келді. Құм, Тегеран, Мешхед, Исфахан, Кашан т.б. қалалардың қарусыз демонстранттары АҚШ оқытып қаруландырған шах әскеріне қарсы тұрды. Бұл әскер бірнеше күннің ішінде 15 000 адамды өлтірді. Бұл көтерілістің басталуы Иранда қабылданған күн күнтізбесінің 15 худадына сай келді де, Иранның қазіргі заман тарихында жаңа кезеңнің бастамасы болды. Ол Имам Хомейниді ұлттық көшбасшы ретінде бекітті.

Бұл көтеріліс басып жаншылды, бірақ қоғамдық қайраткерлер мен діни ғұламалар қарсылықты жалғастырды. Бас көтерулер жалғасып дінбасылар Тегеранға жиналып, “Имам Хомейнидің саяси қызметтен бас тартқаны жарияланды. Осы үшін ол бостандық алды”.

Имам Хомейни режимге қарсы күресті одан әрі жалғастырды. 1964 жылы қазан айында Иран жеріндегі АҚШ персоналына заң иммунитеті берілді, ал Иран парламенті осы шараға қолдау көрсеткенін естіген Имами “бір түн ұйқысыз өткізіп, ертеңіне 27 қазан күні парламент Иран егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтірген деп айыптады”.

Осыдан кейін шах және оның шетеледік одақтастары Имамды қорқыта алмайтынына көзі жетіп, елден қуу туралы шешім қабылдайды.

4 қараша 1964 жылы Имам Хомейниді қайтадан тұтқындалып және шахтың құпия полициясының Туркияға жер аударылды. Аз уақыт Анкарада болғаннан кейін имам Хомейни батыс Туркияның Бурса қаласында қоныстануға міндетті еді. Шах режиміне қысым жасау арқылы Имам Хомейни Туркиядан кетіп, Ирактың киелі шииттік жылы орталықтарының бірі Наджаф қаласында өмір сүруіне рұқсат берілді. 1965 жылы қазанда шах режимі келісімін бергеннен кейін Хомейни Наджаф қаласына келіп, осында 13 жыл өмір сүрді.

Шах режимі келісімді тек қана халықтық қысым нәтижесінде берген жоқ. Шах Наджафта Имам Хомейниді де жоғары дінбасылар бар екендігіне сенім артты. Бірақ Имам бұл жерде ең жоғары болып мойындалды. Сонымен қатар ол Ирандағы өзінің ықпалымен сақтады. Ол Иранды қайта құру туралы прахламацияларды шетелде басып шығарып, елге әкеліп таратты. Сонымен қатар бүкіл әлем мұсылмандарына арналған прахламациялар-қаржылық кезеңінде Меккеде таратылды. Ал Наджафта қуғында жүріп, ол көптеген маңызды Иран және мұсылман азаматтарын қабылдады.

Имам Хомейнидің есімі мен тұлғасы және оның бастаған қызметі, ісі Иранда ұмытылмаған. Көптеген діни ғұламалар оның үлгісімен құпия топтар құрған.

1977 жылы 23 қарашада АҚШ-тың бастауымен құрылған құпия САВАК полициясының жолдамасы баскесерлері Наджафта имам Хомейнидің үлкен ұлы Қажы Мұстафаны өлтірді. Бұл оқиға көтеріліске, көтеріліс революцияға 1978 жылы 8 қаңтарда президент Картердің Тегеранда шахты парасатты, әрі өз халқынеың сүйікті билеушісі деп мақтауынан кейін ақпарат және туризм министрі “Әттелаат” газетінде Имам Хомейниді шетел державаларының агеисті деп айыптаған мақаласы жарық көрді [14; 78].

Келесі күні Құм өаласында демонстарция басталды. Оны басып-жаншу нәтижесінде көптеген адамдар қаза тапты. Бірақ осыдан кейін елдің барлық аймақтарында революциялық қозғалыс өршіді. 1978 жылы көктемде және жазда Имам Хомейни бірқатар пракламациялар мен директиваларды жарыққа шығарды. Онда басты мақсат “монархияны құлатып Ислам Республикасын орнату” деп белгіленген.

Имам Хомейнидің есімі ұранға, ал оның портреті революциялық туға айналды. Халық оның елге оралуына рұқсат беруді талап етті. 1978 жылы қыркүйекте шах режимі Ирактың БААС өкіметін Имам Хомейниді елінен қууын талап етті. Оған Сирия мен Алжирді таңдауға мүмкіндік беріледі. Бірақ ол тек қана мұсылмандық емес мемлекет оның өміріне кепілдік және қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді деп түсінді. Сондықтан ол Францияны таңдап, 1978 жылы қазан айының басында Париж маңындағы Ноорль ле Шато деревнясына қоныстанды [15; 25-36].

Францияға келуі оған өте пайдалы болды. Себебі Иракпен салыстырғанда бұл жерден Иранмен байланыс оңайға соқты. Оның нұсқаулары провинциялық орталықтарда таратылу үшін тікелей телефон арқылы Тегеранға жіберіліп отырды. Европа, АҚШ-тан Имамға құмет көрсету үшін Ирандықтар үзіліссіз келді.

1978 жылы желтоқсанда Тегеранда көптеген демонстрациялар өтті, олар монархияны жойып Имам Хомейнидің басқаруымен Ислам Республикасын орнатуды талап етті. Демонстранттарға қарсы шах режимі қару қолданды, АҚШ және басқа да шетел державалары режимге қолдау көрсетті, олар шахтың елден кетуін дұрыс көрді. Шахбур Бахтияр әкімшілігі дайын болған кезде, 1979 жылы 16 қаңтарда шах Ираннан кетті.

Шах елден кетісімен, Имам Хомейни отанына оралуға дайындалды. 1 ақпан күні ол елге оралды. 10-11 ақпандағы оқиғалар нәтижесінде ескі режим құлап, Иран Ислам Республикасы пайда болды.

Революция жеңіске жеткеннен кейін де Имам Хомейни оның жетістіктерін нығайтуға үлкен роль атқарды. Оның ролінің ресми маңызын Иран Ислам Республикасының Конституциясының 107-112 баптарында анықталады, олар “Факих басшылығының” маңызды саяси принциптері біріктірді [17; 125-136].

Іс жүзінде ол революциялық істі жалғастырып, билік пен заңдылықтың үлгісіне айналды. Оның көптеген үндеулері, кең аудиториялар алдында сөз сөйлеуі оны Ислам революциясының ұстазы мен көсемі ретінде бекітті.

Өзінің ұзақ және көрнекті қызметінде Хомейни бірқатар қабілеттерін көрсетті: реханилық пен эрудицияны, аскетизм мен өзін-өзі ұстау білуі, саяси көшбасшы талантын кедей және жоқ жұқаларға деген қамқорлығы, қалауға және империалзимге өшпендігін көрсетті.

Кейіннен Аятолла Мутаххари имам Хомейниді басқаруды қорыта келе оны Али Ибн Абу Талибпен салыстырған. Бұл өте жоғары баға.

“Исламдық басқару” атты кітабы-Имам Хомейнидің танымал еңбектерінің бірі, ол 1970 жылы 21 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Наджафтта оқыған бірқатар лекцияларынан құрастырылған. Бұл лекцияларды оның бір оқырманы жазып алып, осыдан кейін кітап ретінде жарық көрген.

“Исламдық басқару” –парсы тіліндегі “Хукумат-и Ислами” атауының дәлме дәл аудармасы. Бұл кітап өз алдына Исламдық саяси философияның толық жүйесін немесе ислам мемлекетін орнатудың оның қызметінің жоспарын беруді мақсат етпейді [18; 15-23].

Бұл еңбек діни ғылымдарды оқып жатқан және алдағы уақытта мұсылман қоғамында ықпалды орын алуды көздеген тыңдармандарға арналған лекциялар курсы.

Лекцияларда негізінен 3 жағынан қарастырылған. Біріншіден-Исламдық саяси мекемелерді енгізу мен нығайту, немесе саяси қағидаларына бағыну. Екіншіден, діни ғұламалардың парызы Ислам мемлекетін онда заң шығарушы, атқарушы, сот лауазымдарын алу арқылы жүзеге асыр. “Факих басқаруы” туралы ілім.

Имам Хомейни ислам мемлекетін құрудың бағдарламасын ұсынды. Бұл еңбек француз, араб, түрік жәнеурду тілдеріне аударылды.

1978 жылы күзде Джайнт Пабли Кейшнс, Рисетш Сервис АҚШ-тың орталық Барлау Басқармасының аударма бөлімі оны ағылшын тіліне аударды. Аударма парсы тіліндегі түп нұсқаудан емес, араб тіліндегі еңбектерден жасалынды. Ол Нью-Йорктегі Мэйнэ Букс баспасында жарық көрді.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін басталған Таяу Шығыс елдеріндегі ұлт-азаттық және демократиялық қозғаоыс Иранды да қамтыды.

Иран Азербайжаны мен Күрдістандағы қозғалыс автономия мен ұлттық-демократиялық билікті енгізуді талап етті. Бұл ұлттық азшылықтардың шах үкіметінің парсыландыру саясаты қарсылық білдіруі еді. Сонымен қатар бұл аударғандарды демократиялық қозғалысқа кеңестік үкіметке өз ықпалын тигізді.

Иран Азербайжандағы қозғалысты Демократиялық партия басқарды, оның құрамында Иран Азербайжанның Халықтық партиясы кірген, ал Күрд аудандарында-Күрдістанның Демократиялық партиясы кірген. 1945 жылы қарашада –Иран Азербайжаны, ал желтоқсанда Күрдістанда Иран мемлекетінің құрамында осы провинциялардың автономиясы жарияланып, автономиялық үміттері құрылды [19; 40].

Иран Азербайжанда автономиялық режимі 1945 жыдың қарашасынан 1946 жылдың желтоқсанына дейін өмір сүрді, осы уақытта жергілікті басқару жүйесі құрылып, аграрлық қайта құрулар жүргізілді. Еңбек, әлеуметтік сақтандыру туралы заңдар шығарылды, 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді, ерлер мен әйелдер теңдігі орнатылды, Иран тіліне мемлекеттік тіл статусы берілді. Күрдістанда да осындай қайта құрулар жүргізілді.

Азербайжан мен Күрдістандағы оқиғалар Иранның басқа облыстарындағы саяси белсенділікті арттырып, билік басындағыларды мазасыздандырды. Иран үкіметі Азербайжан мен Күрд демократтарының әрекетін заңсыз деп жариялап, “Иран мәселесін” БҰҰ-ның Бас Кеңесіне талқылауға қойды.

 

1.3.Революцияның алғы шарттары

 

Мұхаммед Реза Шахтың  сыртқы саясаты. 37 жылға созылған Шах билігінің сыртқы саясаты сол кезеңдегі саяси-қоғамдық өзгерістермен тікелей байланысты болды. Алғашқы 13 жылда (1941-1953 жж) мемлекеттік істерде премьер-министрлердің билігі үстем болуы салдарынан патшалық жүйенің негіздері әлсіреп, Мұхаммед Реза Шахтың нақтылы өзіндік сыртқы саясаты болмады. Зәка-ол Молк Форуғи, Қәвам-әл Сәлтәне, Хосейн Әла, Дариуш Хажир, Рәзмара үкімет тұтқасын ұстап тұрған кезде Иран сыртқы саясатты негізінен Британия ықпалында болып келді.

Шын мәнінде, бұл кезеңдегі Иран сыртқы саясатының негізгі ойыншыларының ішінде Британиядан өзге Кеңес Одағы мен АҚШ-та бар еді. Бұл үшеуі Германиямен соғыста әуелі одақтас болғанымен, кейін жеңіс белгілері біліне бастағанда, әр қайсысы өзара қайшы келетін ішкі пиғылдарын көрсете бастады. Олардың ішінде ағылшындар Иранның мұнай өндірісіне бақылау жасағандықтан сыртқы ойыншылардың ішінде ең ықпалды орынға ие болып, Иранға қатысты түрлі саяси істерде басымдылық көрсетіп келді. Олар ирандық консерваторлар тобы журналистерге, кейбір діни қайраткерлер пен патшалық жүйені жақтаушыларға, антикоммунистік топтарға айтарлықтай саяси ықпал жасай алды [20; 145-146].

1953 жылы 19 тамызда Британия мен АҚШ жоспары бойынша жүзеге асырылған әскери көтеріліс жеңісінен кейін Мұхаммед Реза Шах барлық билік тіректерін бекіте түсіп, сыртқы саясатын да айтарлықтай айқында бастады. Әскери төңкерістен кейін Мұхаммед Реза Шах екі мәселеге баса назар аударды. Ол армия мен сыртқы саясатқа байланысты еді. Шах АҚШ әскери қару жарақтарын көбірек алуға тырысты. Сыртқы саясаттағы ынтымақтастық пиғылын аңғарту мақсатында Мәскеу, Лондон, Париж, Вашингтон, Анкара, Карачиғ Мадрид, Токиоға сапар шекті. Алайда, Реза Шах күні өткен сайын АҚШ-қа қарай жақындай түскен еді. АҚШ Иранды тек қана нарық әлемін сақтау үшін ғана емес, қырғи-қабақ соғыс жылдарында Кңес Одағын қоршау мақсатында да пайдаланбақ болды. Сондықтан АҚШ пен Иран арасында екі жақты әскери келісім жасау жоспарланды. Осы ретте 1965 жылы Туркия, Пәкістан мен ирак арасында одақтастық туралы Бағдад келісімі жасалынып, кейін ол келісім Иран мен Британияны және АҚШ-ты да қамтыды. Ирактағы Әбдолкарим Қасымның әскери төңкерісі (1968 ж) Бағдад келісімінің (Сенто) негізін шайқап, әлсіретті. Ирандағы генерал Валиолла Кареней бастаған әскери төңкеріс те сәтсіз аяқтаоды. Ол 1953 жылы 19 тамызда болған төңкеріске қатысқан еді. Сондықтан америкалықтар оны полковник дәрежесінен генерал шеніне дейін көтеріп, армия штабының екінші бастығы етіп тағайындайды. Оның мақсаты-Мұхаммед реза Шахты тақтан тайдырып, әскери үкімет құру болатын. Алайда оның құпия жоспары ағылшындар арқылы ашылып қалды. Оны АҚШ ара түскендіктен үш жылға ғана соттады.

Мұхаммед Реза Шах қайта күшіне енген соң АҚШ Пехлеви режимін қолдау саясатын ұстанып, әскери және экономикалық көмекті көбейтті. Бұл көмек Бағдад келісімінен кейін тіпті ұлғая түсті. АҚШ вице-президенті Никсон Иранға сапар шекті. 1957 жылы Иран Эйзенхауер доктринасын қолдады. 1958 жылы Шах АҚШ-қа үшінші рет барды. 1959 жылы Иранға АҚШ президенті Эйзенхауер келді. Сөйтіп, Шах 10 жыл бойғы билік барысында АҚШ пен оның мұндай “асыл арманына” бөгет жасамады. Қайта осындай “асыл армандық” байланыстар арқасында АҚШ Шахтың өздерімен тығыз қатынаста болуын қамтамасыз етті. Сөйтіп оның күшеюіне ықпал жасады.

1977 жылы 20 қаңтарда ант қабылдаған АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Ж.Картер өз мемлекетінің бұрыннан келе жатқан саясатын жалғастырып, одан әрі дамыта түсті. Ол Иранға парсы шығанағындағы негізгі әскери күш ретінде қарап, мұнай бағасына ықпал жасайтын либералдық ағым ретінде мән берді. Сондықтан АҚШ үшін айырықша стратегиялық маңызды болып табылатын Иранмен алдағы байланысты қалай болғанда да сақтап қалуға тырысты. 1978 жылы қараша айында шахты Ақ үйдің жасыл алаңында Картер мен оның жұбайы Розалин Картер қарсы алды. Арада көп уақыт өтпей-ақ 1978 жылы 31 желтоқсанда Картер де Иранға келді. Сондағы сөйлеген сөзінде Картер былай дейді: “Шахтың айбынды басқаруындағы Иран-әлемнің ең дау-жанжалға толы аймақтарының ішіндегі “тыныш арал”. Мұның себебі мәртебелі әзірет сіздің көреген жетекшілігіңіз және халықтың сізге деген шынайы құрметі мен сүйіспеншілігі арқасында жүзеге асты деп білеміз”[21; 312]

Бірақ бұл “тыныш арал” көпке созылмады. 1979 жылы 9 қаңтарда Құм қаласында төңкерістің алғашқы белгілері көрінді. Соңынан қысқа мерзім ішінде (14 айдан аса) Пехлеви режимі құлап, АҚШ өз одақтасын, патшалық режимді құтқарып қалу жолында ештеңе істей алмады.

Шахтың Иранға қайта оралуы. 16 тамызда болған әскери төңкеріс кезінде Мұхаммед Реза Шах Ноушаһарда болатын. Төңкеріс жеңіліске ұшыраған соң Иранға қайта оралудан бас тартып, Бағдадқа қашып, ол жерден Римге өтті. Екі күн римдегі Экселсивер қонақ үйінде Британия және АҚШ басшылығымен ұдайы хабарласып отырды. Америкалфқтар Шахтың оралуына аса мүдделілік танытпады, оның үстіне Шах американдықтарға өз орнына басқа әскери адамды тағаындауды ұсынды. Алайда британдықтар мұндай ұсыныспен келіспей, кеш қимылдаған жағдайда, Ирандағы билік басына коммунистік идеямен суарылған үкімет келеді деп қауіптеніп,АҚШ-ты Шахтың Иранға қайта оралуына ықпал етуге көндірді.

Захеди үкіметі. Мосаддык үкіметі құлаған соң генерал Фазолла Захеди үкіметі басына келіп елде әскери режим жариялайды. Сонымен қатар Мосаддыкпен оның үкімет мүшелерін және оны қолдайтын бірнеше беделді депутаттарды жазалау науқанын бастады. Ұлттық қозғалыс бірнеше беделді депуттарды жазалау науқанын бастады. Ұлттық қозғалыс көсемдері Халел мен Малеки, Дариуш Фруһар тәрізді адамдар қауымға алынды. Шах қашқаннан кейін оған қарсы пікірлер айтып, сыни мақалалар жазған Мосаддык үкіметінің сыртқы істер министрі доктор Хусеин Фатеми өлім жазасына кесілді. Доктор Шай Ган, доктор Садиғи, Қазым Хосейби, доктор Санжаби бірнеше айда он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Туде партиясы басшыларының бірнешеуі Шығыс Европаға қашса, бірнешеуі абақтыға қамалды, кейбіреулері патша жасақтарының қатарына қосылды.

Доктор Мұхаммед Моссадық соты. Моссадықты соттау мақсатында арнайы әскери сот құрылды. Алайда, Моссадық өзінің Иран премьер министрі екендігін сондықтан ол сотты лайықты деп санамайтындығын айтты. Ол өзін қорғап сөйлеген сөзінде: “Менің жалғыз күнәм-Иранның-мұнай өндірісін мемлекет иелігіне алғаным. Сол арқылы Ираннан әлемнің саяси экономикалық отарлық дастарханын жинап тастағаным”-деді. Әскери сот шешімі бойынша Моссадық үш жылға бас бостандығынан айырылып, түрмеге жабылды. Кейін жаза мерзімі біткен соң Ахмедабадқа барып, өмірінің соңына дейін сол жерде тіршілік етеді.

Мұнай консорцуымы. Захеди үкіметі бірінші кезекте Иран мұнайын әлемдік базарға шығаруды мақсат етті. Осы орайда Иран мен Британия арасындағы саяси байланыс қайта жандана түсті. АҚШ, Британия,Франция, Голландия компанияларынан құрылған консорциуммен келіссөз жүргізе бастады. 1954 жылы екі жақтың үлесі елуде-елу пайызға кесілген келісім шартқа қол жеткізілді. Моссадық үкіметіне көмек беруден бас тартқан Эйзенхауер үкіметі Захедидің жаңа үкіметіне жедел түрде 45 млн доллар көлемінде көмек көрсетті.

Премьер-министр Иқбал. Захедиді өзіне бақталас ретінде қабылдаған Мұхаммед Реза Шах оны 1955 жылы қызметінен босатып, Швецарияға қуып жіберді. 1956 жылы оның орнына доктор Мәноучерх Иқбалды тағайындайды. Осы уақыт аралығында премьер-министр міндетін уақытша Хосейн Әла атқарды. Иқбал үкіметінің билігі 1960 жылғы дағдарысқа орай Шах құрбандыққа шалғанға дейін 4 жылға созылды [22; 102-105].

Ислам төңкерісінің басталуы: 1978 жылы 7 қаңтарда Имамның үлкен ұлы Мұстафа қайтыс болды. Оған Құм қаласында бата оқылып, ас берілген күні “Итилоот” газетіне (Ахмед Рашиди Мұтсақ” деген лақап атпен жазылған Имам Хомейнидің ар-ожданына тиетін мақала жарияланды.

Осыған орай 9 қаңтарда Құм қаласында үлкен қарсылық шеруі өтті. Ресми мәліметтерге қарағанда күнде 2 адам қазаға ұшыраған. Құм тұрғындары сол күннің құрбандарына 1978 ж 18 ақпанда рәсім жасады. Тебриз қаласындағы шеру кезінде полиция офицері жасөспірім оқушыны оққа ұшырды. Бұл оқиға шиеленісті одан әрі күшейте түсті, шеру жасаушылар полиция бекеттеріне шабуыл жасап қаланың көптеген аймақтарына бақылау жасау мүмкіндігін алды. Екі күнге созылған Тебриз шеруінде өлгендер саны әр түрлі мағлұматтар бойынша 6-дан 300  ге дейін деп жарияланады.

САВАК. (Мемлекеттік қауіпсіздік ақпаратқ ұйымы аудан) Керманшахта орналасқан танкі бригадасын заманының ержүрек офицерлерінің бірі, полковник Теймур Бахияр Моссадык басқарды. Ол 19 тамызда болған төңкеріс керісінше түнделетіп Тегеранға келді. Қантөгістен кейін АҚШ-тың нұсқауымен Тегерандағы әскери күштерге жетекшілік етіп, нағыз билік иесіне айналды. Туде партиясын кенеттен қарусыздандырып, “Ислам Жанпида” ұйымының мүшелерін оққа ұшырады, екінші танк гарнизонын азапханаға айналдырды. 1956 жылы АҚШ кеңесшілерінің ұсынысы бойынша САВАК-тың тұңғыш бастығы болып сайланды.

САВАК шын мәнінде АҚШ пен Иранның бірлескен ұйымы қызметін атқарды. Оны қызметкерлері ЦРУ, Израильдің Моссад ұйымымен әріптес болып солардың тәжірибелерінен өтті. САВАК Иран үкіметіндегі ең қатал да қорқынышты полицияға айналды. Олардың аса қатаң, асқан жауыздық тәсілдері тек Иранда ғана емес, әлемге әйгілі болды. САВАК-тың әуелгі міндеттерінің бірі Шахқа көмек көрсету және елді коммунизм қаупінен аман алып қалу еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАРАУ ІІ. 1978-1979 ЖЖ ИРАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ.

 

2.1. 1960-1963 жылдардағы саяси оқиғалар

 

1960 жылы Иран экономикалық дағдарысқа ұшырады. Шахтың пасықтығы мен оның өз орнына лайықты еместігі АҚШ-тың көзі жетті. Кеңес Одағы да Шахпен ашық жауластыққа бара бастады. Сол жылы жазда Мәжіліс өз мерзімін аяқтамастан бұрын таратылып, Иқбал премьер-министрлік қызметінен босатылды. Оның орнына Жафар Имами келді. Бір топ саясаткерлер өзінің саяси жоспарларында жер реформасын сөз еткен Әли Әмини маңына жиналды. Осындай оқиғалар барысы Шахты премьер-министрлікке Әли Әминді тағайындауға мәжбүр етті. Оның АҚШ қолдауына ие болуы Шахтың мазасын кетірді. Әли Әминидің жер туралы реформасына жерді дихандар арасында бөлу мәселесі алға қойылған еді. Алайда, ол Шахтың және консерваторлармен ұлттық қозғалыстың, сондай-ақ кеңестер Одағының жан жақты қысым көрсетуі салдарынан он төрт айдан кейін отставкаға кетуіне тура келді (18 шілде 1962 ж). Оның орнына Әсатолла Әләм тағайындалды [23; 359-360].

Әләм 1962 ж 8 қазанда сайлаушылар құқықтарын белгілейтін уалаяттар қоғамының заң жобасын бекітті. Мұнда Ислам шарттары сайлаушы және сайланушылар құқықтарын шектемейтіндігі айқындалды. Оның ішінде әйелдерде дауыс беру құқығына ие болды. Бірақ бұл жобалар Имам Хомейни мен өзге дін ғұламаларының қарсылық білдіруіне байланысты өтпей қалды. Дегенімен Шах осы мәселеге байланысты референдум туралы шешім қабылдады. 1963 жылы 26 қаңтарда алты баптан тұратын мынадай ұсыныстар референдумы сауалнамасына  қойыллы, олар:

  1. Жер реформасы;
  2. Ормандар мен жайлауларды мемлекеттік қорға алу;
  3. Мемлекеттік зауыттарды жер реформасының іске ауысуына қолдау көрсету мақсатында акционерлік компанияларға айналдыру;
  4. Жұмысшыларды зауыт акциясына ортақтастыру;
  5. Сайлауға қатысты заңды реформалау және жаппай сайлауға қатысу мәселесі оның ішінде әсіресе әйелдердің қатысуы;
  6. Білім әскерін құру, яғни кейбір азаматтардың әскери міндеттерін ауылдарда дәріс беріп атқаруына мүмкіндік беру.

Көптеген қарсылықтарға қарамастан референдум өтті. Ақпарат құралдары көрсеткен деректерге қарағанда 5600 000 адам келісім дауысын берген. Діни топтар оған қарсы 1963 жылы айт күні халықаралық аза күні деп жариялады. Бұл шараның салдарынан 22 наурыз күні Феизие медресесіне шабуыл жасалды. Хосейни Ашура күнімен сай келді. Сол күні кешкісін Шахқа қарсы сөз сөйлеген Хомейни тұтқындалды.

Ертесін маусымның төртіне Құм қаласында бесінде Тегеранда халық шеруге шықты. Ресми деректерде осы қақтығыста жүздеген адам қаза тапты деп көрсетілгенімен шын мәнінде он бес мыңға жеткен дегенді айтады.

Аятолла Хомейни шахқа қарсы бүкіл халықты көтеріп ислам револю-циясына жетекшілік етіп ант соңына жеткізді. Шах елкен кетті. Иранда референдум өткізілді. Оның нәтижесінде 1 сәуір 1979 жылы Иран Ислам республикас жарияланды. 1979 жылы желтоқсанда жаңа Конституция қабылданды. Ол бойынша жоғарғы билік дінбасыларда ислам дінінде болды. Ал азаматтық саяси билікті президент мәжіліс пен премьер-министр атқарды. Жаңа республиканың экономикасында осы сектор белгіленді. Мемлекеттік коперативтік және жеке меншік Батыс державаларының араласуы және ықпалы жойылды. Қазіргі күні Иран Израильдің қарсыласы Ирак Кувейт соғысына Иран Иракты қолдады.

  Ислам төңкерісінің басталуы: 1978 жылы 7 қаңтарда Имамның үлкен ұлы Мұстафа қайтыс болды. Оған Құм қаласында бата оқылып, ас берілген күні “Итилоот” газетіне (Ахмед Рашиди Мұтсақ” деген лақап атпен жазылған Имам Хомейнидің ар-ожданына тиетін мақала жарияланды.

Осыған орай 9 қаңтарда Құм қаласында үлкен қарсылық шеруі өтті. Ресми мәліметтерге қарағанда күнде 2 адам қазаға ұшыраған. Құм тұрғындары сол күннің құрбандарына 1978 ж 18 ақпанда рәсім жасады. Тебриз қаласындағы шеру кезінде полиция офицері жасөспірім оқушыны оққа ұшырды. Бұл оқиға шиеленісті одан әрі күшейте түсті, шеру жасаушылар полиция бекеттеріне шабуыл жасап қаланың көптеген аймақтарына бақылау жасау мүмкіндігін алды. Екі күнге созылған Тебриз шеруінде өлгендер саны әр түрлі мағлұматтар бойынша 6-дан 300  ге дейін деп жарияланады.

1978 ж 30 наурызда Тебриз құрбандарының қырқы өтуіне байланысты Иэезд қаласында кескілескен қақтығыстар болды. Наразы жұмысшылар жұ-мыстан бас тартып, шеруге қосылды. Артынша 1978 ж 22 маусымда Мошһад қаласында өткен шеруге қырықтан аса адам қаза тапты. 5 тамызда ораза айы басталысымен Исфаханда әскери режим жарияланды. 19 тамыз Абадан қаласындағы “Рекс” кинотеатрының ғимараты өртеніп 400 адам отқа күйді. Шах 27 тамызда Амузгарды қызметінен алып тастап, премьер-министрлікке Шәриф Имониді тағайындады.

     Шәриф Имони де патшалық режимге тиімді жұмыс істей алмады. 8 қыркүйектегі оқиға болған күні түнде Тегеран мен өзге де 11 қалада әскери тәртіп орнықты.

4 қарашада Тегерен университетінің оқытушылары мен студенттерінің қанға боялуы салдарынан Шәриф Имони да орнынан алынды. Оның орнына генерал Голошреза Әзхар келді. Шах сол күндері халыққа төңкеріс үшін естігендігін жариялады. 1976 ж Тосуа мен Анеура күндеріндегі шерулер патшалық жүйе мен оның жақтастарының дәрменсіз екендігін аңғартты. Сол себепті 1978 ж 30 желтоқсанда Шахур Бахтияр премьер-министрлік тізгінін қолға алды. 1979 ж 16 қаңтарда Ираннан шығып кетуге мәжбүр болды. Сол жылы 1 ақпанда Имам Хомейни Иранға қайтып оралды. Иранға келген Имам Мехди Базарганды уақытша үкімет құруға міндеттенді. 9 ақпанда патша сарайының гвардиясы ұшқыштар көтерілісін басу үшін әскери базаға шабуыл жасады. Халық ұшқыштар жағына шықты. Соңында  11 ақпанда көтеріліс өзшыңына жетіп, кешкі сағат 18-де радиодан патшалық режимнің құлағаны туралы хабарланды [24; 12-26].

Иран Ислам төңкерісі кезеңі аса маңызды сипаттарға ие. Ең бастысы тарих үшін қажетті барлық деректер мен құжаттар зерттеушілердің қолына түсті.

Ислам төңкерісінің экономикалық, қоғамдық, әскери, саяси, мәдени, идеологиялық, моральдық себептерін қарап, олардың халыққа әсері болды.

1.Экономикалық әсері. Иран Ислам төңкерісі Араб пен Израильдің 1972 ж қазан айындағы соғыстардың салдарынан мұнай бағасы 4 есе өсіп одан түскен табыстар әділетті түрде бөлінбегендіктен қоғам ішінде наразылықтың пайда болуына әкеліп соқты. Әсіресе, мұнайдан түскен түсімнің 85 пайызына жуығы халықтың 5 пайызын құрайтын топтың қолында болды, Өзінің экономикалық ауыр жағдайына қарамастан [25; 478-480]

Иран үкіметі Лондон қаласынан су құбырларын ауыстыру үшін 1 млрд 200 млн ағылшын ақшасын қаланың әкімшілігіне қарыз ретінде беретіндігін жария етті. Сондай-ақ банкроттың алдында тұрған Франция, АҚШ компанияларына аса көлемді мөлшерде қарыз беруге уәделесті. Мұның бәрі Иранның 35 млн халқының басым көпшілігі кедейшілік өмір сүруде. Мемлекеттің көптеген елді мекендерінде өздеріне қажетті қарапайым тұрмыстық жабдықтар жетіспеді. Халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары күннен күнге төмендей түсті.

2.Әскери фактор: ішкі және сыртқы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, басқа органдар мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне жағдай жасауға міндетті. Шах режимі өзінің әскери күштерімен тәртіп сақшыларын жеке басының мүддесін қорғауға жұмсады.

Әскери салаға қыруар қаражат бөліп, қару-жарақ сатып алды. Сол қарулар арқылы ішкі қарсыластарын күйретуді мақсат етті. 1953 жылы 19 тамызда Шах әскери төңкерістен кейін қарсылық көрсетті деген партиялық және тайпалық топтарды, қызметкерлерді зейнеткерлікке шығарып, үйде ұстауға ұйғарды. Армия тізгінін өз қолына алды.

3.Қоғамдық фактор. Иран қоғамында ХІХ ғ ІІ жартысында батыстың ықпалымен көптеген өзгерістер жүрді. 20 жыл бойы билік тізгінін қолында ұстаған Реза Шах саяси сахнада “мен бұйырамын” дейтін диктаторлық ұран мен бірге зұлымдық тәсілдерді қолданды. Соның салдарынан өзге де қайраткерлер мемлекеттік қоғамдық-саяси істерге белсене араласуға мүмкіндік болмады [26; 3].

Пеһлеви дәуірінің кезеңінде үкімет ірілене бастады, билік негіздерін нығайта түсу және жаңа ашылған мекемелер мен басқару орындарында іскер адамдар пайда бола бастады. ХХ ғ басына дейінгі қалалардың дамуы әлемде бірдей болған еді. Яғни қалалар мен қала халқының саны өсті. Себебі ауыл адамдары қалаға келіп, қоғамдық жұмыстарға араласып кетті.

Әкімшілік топ пен халықтың тартысы төңкеріске ұласты. Күн сайын көтеріліс қоғамның барлық топтарына, студенттер, діндарлар, қызметкерлер, жұмысшылардың арасында болып тұрды. Төңкеріс Иранның оңтүстігін, солтүстігін, батысын-шығысын қамтыды. Бұл әрекет-халықтың  бостандығы және еркіндігі үшін болған күрес.

4.Саяси фактор. Мәшруте төңкерісінен кейін билік бұрынғысынша жүре берді. 1941-1953 жылдары 1-ші билік кезеңі қорлық пен езгілік түрде АҚШ пен Британ тарапынан жасалынған айла-тәсілдерінің шырмауында қалып, олар билік тағына қалаған адамын отырғызды.

Шахтың істері мен жасаған іс-әрекеттері өз пайдасы үшін ғана жасалды. Сондықтан іс жүзінде наразылық шерулер ұлғайып өрши түсті.

5.Мәдени соральдық идеологиялық және діни факторлар. Иран халқы ислам дінін ұстанған халық. Сондықтан ең бастысы діни құндылықтарды биік деңгейде сақтап келген мыңдаған жылдар бойы Иран өзінің ұлттық дәтсүрі мен әдет ғұрпын қастерлеп отырған Иран халқын ислам діні алға жетелеуші күшке айналды.

Иран төңкерісі аренасына 1978 ж теңдесі жоқкөсем ретінде Имам Хомейни (1902-1989 жж) шықты. 1963 жылы 5-шілдеде патша саясаты АҚШ-тың Иранға үстемдік көрсетуіне қарай қозғалысты Имам Хомейни бастап шықты.

Төңкерістен бұрынғы ең маңызды оқиғалардың бірі Имамның ұлы Мұстафаның дүние салып Росиди Мутлақ атымен газетте балағат сөздермен жария болған мақала еді. Оның арты 1979 жылы фактордағы Құм қаласындағы қанды оқиғаға әкеп соқты. Оның арты Иран Ислам Ұлы төңкерісіне келіп тірелді. 1979 ж 16 қаңтарда Шах Ираннан кетуге шешім қабылдады. 1979 жылы 1 ақпанда төңкеріс көсімінің ұшағы Парижден көтеріліп Тегеран аэропортына қанды 1949 ж 11 ақпанда армия өз еркіндігін жариялады, ақпарат құралдары, радио, т.б. құрылымдар төңкеріске қосылды. Дәл осы күні Иран Ислам Республикасының жаңа үкіметі бүкіл әлемге жарияланды.

 

2.2. 5 маусым 1963-11 ақпан 1979 жылғы тарихи оқиғаларға сипаттама

 

Имам Хомецнидің қудалануы. Жоғарыда аталған көтеріліс себептеріне және осы оқиғадан кейін халықтың қуғынға салуына байланысты 5 маусымда Әсотолла Әлім премьер-министрлік қызметінен босатылып, орнына АҚШ пен Британияның қолдауына ие болған Хасанәли Мансур сайланды. Мансур батыс елдеріне пайдаоы маңызды жобалар ұсынды. Оған қарсы шыққан Имам Хомейни 1964 жылы тұтқындалып, Туркияға қуылды. Кейінрек беделді дін ғұламаларының үкіметке қысым жасуының нәтижесінде Имамның Нәжәф Әшрәф қаласында (Ирак) тұруына рұқсат етілді. Имамның айдауға ұшырауына наразы болған Мұхаммед Бұқарай мәжіліс ғимаратының алдында Мансурге террорлық қыстандық жасады (22.01. 1965 ж). Бұл террордан кейін оның орнына Амир Аббас Хувеина отырды [27; 9].

Патшалық тақтың мерей тойы. Патшалық жүйе 1966 жылы Мұхаммед Реханың таққа отырғанының 25 жылдығын тойлады. 1967 жылы қазан айында кезек тәж қою тойына жетті. Одан кейін патшалық режимнің орныққандығына 2500 жыл толуына орай қисапсыз шығынмен той өткізілді. Соңғы тойға төрт жыл дайындық жүргізіліп, көптеген мемлекет басшылары қатысты. 1971 жылы “Бейбіт төкерістің” 10 жылдығы тойланса, 1978 жылы ақпан айында Реза Шахтың 100 жылдық мерей тойы өткізілді.

Хижри Шамси күнтізбесінің патшалық жылнамасына ауысуы. 1976 жылы Мұхаммед Реза мемлекет жылнамасын хижри жыл санауынан шаханшахи (патшалық) жылнамасына ауыстырды. Мұның себебін кейбіреулер “исламнан арылу” деп жорамалдады, алайда, Шахтың өзі бұған былайша түсінік берді: “Мәдениет қоғамның белгілі бір ақсүйектеріне ғана тән деп ойламаймын. Мен тәлім-тәрбие мен білім алу барша көпшілікке бірдей болсын деп бар ынтамен еңбек еттім. Алайда, өткеннің мұраларын кертарпалық, өркениетке қарсы немесе сәнге жатпайды деп есептемеу керек. Керісінше, кейбір қалалық топтар ирандық мәдениетті құнсыз деп бағалай отырып, тарихи мәдени мұралар халық жадынан шығаруға ұмтылуда. Сондықтан барлық асыл құндылықтар мен жалпы Иран мәдениетін жаңғырту жолында жаңаша жолдар іздестіру қажет болды.

Мемлекеттің жыл санауды ахеменид дәуірінен хиджра жылнамасымен қатар қолдануды сол шаралардың бірі еді”. Алайда 1976 жылы шаханшадидтың 2535 жылына сәйкестендіріп қолдануға бекітілді. Сөйтіп Мұхаммед Реза  шахтың таққа отыру жылы шаханшадид жыл санаудан 2500 жылдығына орайласты.

Мұнай бағасының өсуі. 1968 жылғы екі оқиға АҚШ-тың Парсы шығынағындағы стратегиялық жобалардың алдыңғы қатарына Иранның ілінуіне әкеп соқтырды. Біріншісі, Вьетнам соғысы. Бұл соғыс АҚШ-тың жеңіске жете алмайтындығының көрсеткіші болды. Екіншісі, 1971 жылы Британияның Суэц каналының шығысындағы әскери міндеттерін тоқтататындығын жария етуі. Сондықтан Иранның саяси сахнадағы ролі АҚШ-тың стратегиялық есептерінде одан әрі маңызды орынға е бола бастады. Шах қалыптасқан жағдайды Иран мүддесіне пайдалануға тырысты. Сол уақытта полковник

Каддафи мұнай бағасын өсіру жөнінде ұсынысын халықаралық мұнай компанияларына мойындата отырып, Ливияның Еуропа базарларына шығу жолы жақын екендігін ескертті және мұнай бағасы Парсы шығанағының мұнай бағасынан қымбаттау болуы тиістігін айтқан болатын.

Шах та осындай талдауларды негізгі ала отырып, 1971 ж Тегеранда өткен ОПЕК конференциясында мұнай бағасының баррелі 3 доллардан кен байлық үкіметке жалған қауіпсіздік сыйға тартты. Шах барлық қиындықтарды мұнай сатудан түскен қаражат арқылы жеңеміз деп ойлады. Үкімет мұнайдан түскен үлкен табыстарды қалай жұмсау керек екенін білместен, шеттен тауар сатып алуды ұйғарды. Бір жағынан Иранның соншама импортталған тауарларды қабылдауға шамасы жоқ еді. Сондықтан үкімет 1976 ж 400 млн доллар заряд ақша төлеуге мәжбүр болды.

Рәстахиз партиясы. 1951 жылы Шах екі саяси партия құрды. Олар сарайдағылардың басқаруымен жұмыс істеді. Әсәддолла Әлім “Мәрдом” партиясын (“Халық” партиясы), ал Манаучерх Иқбал “Меллиот” партиясын (“Ұлттық” партия) басқарды. 1975 жылы Шах үкіметінің қарауындағы бір партиялық жобаны іске асыруға шешім қабылалды. Ол кезде шын мәнінде үкіметтің негізгі үші тірегі-бюрократия, армия, сарайдың материалдық қолдауы болатын. Шах төртінші тірегі-бір партиялық жүйе арқылы тұрғызылуға бел буған еді. Сондықтан аталмыш екі партия жұмысын тоқтатып, жаңа “Растахиз” партиясын құрды. Бұл партия 1975 жылы көп уақытын кең көлемді жұмыс істейтін ұйымның құрылуына жұмсады. Сол уақыт ішінде партияға арналған бес газет жарық көре бастады.

Ж. Картер және адам құқығы. Ислам төңкерісінің пайда болуының себептері туралы әр түрлі көзқарастар бар. Төңкерістің қандай дағдарыс салдарынан пайда болғаны туралы біркелкі тұжырым жоқ. Айқын да, нақты пікірдің қалыптасуы үшін көп уақыт керек екені белгілі. Бірақ қалай болғанда да Шах шешімінің ашық саяси ахуал тудыруда ерекше мәні бар екенін айту керек.

АҚШ президенті Картердің халықаралық сахнада адам құқы мәселесін көтеруі, оның әлемдік саясатта өріс алуына себеп болды. Картер де АҚШ-тың Иранға қарсы ұстанып отырған саясатына айырықша мән берді. Өйткені бұл елдің әскери қуатының парсы шығынағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мұнай бағасын тұрақтандыруда маңызы зор еді. Дегенмен де Ирандағы саяси атмосфераны ашу үшін қандай да бір өзгерістер жасауды қажет деп тапқан болатын.

1947 жылы өндірілген мұнайдың жалпы бағамындағы Иранның үлесі тек 9 пайыз ғана құрады. Ұлыбритания үкіметі компаниядан кіріс ретінде, Иранның  концессиялық ақысын көп алды.

Осындай теңсіздік, елдегі экономиканың жағдайының төмендеуі, экспорттың қысқаруы, Иран  риалының құнсыздануы, бағаның өсуі, халықтың басым бөлігінің тұрмысының төмендеуі Иран үкіметін 1948 жылы компанияға бірқатар претенция қоюға мәжбүрледі. Елдің 1946-1949 жылдары экономика-лық даму жоспары, американ фирмаларының қатысуымен қаржыландыруды қажет етті.

Елдегі америкалық ықпалдың өсуінен қорыққан ағылшын-иран мұнай компаниясының басшылығы Қавамның үкіметтен кетуін қалады. Қавам отставкаға кеткеннен кейін бірнеше кабинет ауысты. “Федаяни ислам” бірнеше терракттар жасады, 1949 жылы олар шах өміріне қастандық жасады. Осыдан кейін елде әскери жағдай енгізіліп, реакция басталды.

 Әсіресе, 1917 ж Қазан төңкерісінен кейінгі коммунистердің билігі кезеңінде екі ел бір-бірінен мүлдем қол үзді. Әлемдік социалистік жүйенің коммунистік партияның диктатурасының күйреуі, КСРО коммунистік империясының ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, халықтардың географиялық жүйесі жаңа типтегі адамды-мәңгүртті жасау үшін барлығын қолданды, ол үшін адамның өз туған тілінен айырды, тарихын санасынан жойып, генефонды жойып, халықтарды тұтас геноцидке ұшыратты.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Иран  Ислам Республикасы оны алғашқы елдер қатарында ресми түрде таныды. Одан әрі тез арада саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатанастар орнықтыру жұмыстары жүргізілді.

 Жүзеге асырылған көптеген шаралар нәтижесінде екі елге бір-бірін тікелей және тереңірек танып-білуге мүмкіндік туды.

Еліміз тәуелсіздік алып, қазіргі ұрпақ алдында мол мүмкіндіктер пайда болғанымен, біздің қазіргі Шығыстың мәдениеті, саяси, діни, гуманитарлық ғылым өкілдері, ислам туралы білетініміз өте аз.

Ирандағы антимонархиялық және антиимпериалистік революцияда діни фактор ұлт-азаттық қозғалыстың дамуында шешуші роль атқарды.

Ислам дінінің, Имам Хомейнидің жетекшілігімен Иран халқы тарихи жеңіске жетті [28; 18].

Аса көрнекті мемлекеттік саяси және діни қайраткер Саид Рухулла Мусава Хомейни бүкіл өмірін қоғамдағы исламның ролін нығайтуға арнады. Аятолла Хомейни шежіресі Мухаммед пайғамбардан бастау алғандықтан оның есіміне “Саид” титулы қосылды.

Хомейнидің Мұхаммед реза Пехлеви режиміне қарсы күрес жолы өте ауыр болды.

30 жылдары әкесі қаза тапқаннан кейін бастаған бұл істі, Хомейни 1979 жылы Ислам революцияның жеңісіне дейін жалғастырды. Осы тиранияға қарсы күресте Иранның 2-3 млн астам ұлдары қаза тапты, олардың ішінде Имам Хомейнидің өзінің ұлы да болды.

САВАК елдің қоғамдық саяси өмірінің барлық саласына енгізілген еді. Бір де бір мекемені, мерамхананы, студенттік топты репресивті органдар назарын тыс қалдырған жоқ.

Осы жағдайда Аятолла Хомейнидің теориялық еңбектері, саяси және практикалық нұсқаулары арасында астыртын таратылды.

Хомейни Туркияда, Иракта, Францияда құғында болған кезеңдеде Иран халқының күресіне жетекшілік етуді тоқтатқан емес. 1979 жылдың басында Аятолла Хомейни 15-жылдан кейін еліне оралды.

Оны 5 млн адам қуанышпен қарсы алды. Сонымен оның идеялары іске асырылды.

“Исламдық басқару” атты еңбегінде Имам Хомейни ислам мемлекетінің теориялық және практикалық негіздерін мұсылман қоғамның өмірінің саяси ұйымдастырылу формасын қарастырды. Қоғамның дамуын тежеп отырған монархияның құлауына, шах режимінің орнына жаңа мемлекет келмейтіндігіне сенетіндігін айта келе автор былай деп жазған: “ … серікті қажет етпейтін Алла ғана шынайы монарх” дейді.

 

2.3. Ислам төңкерісі

 

37 жылға созылған Шах билігінің сыртқы саясаты сол кезеңдегі саяси-қоғамдық өзгерістермен тікелей байланысты болды. Алғашқы 13 жылда (1941-1953 жж) мемлекеттік істерде премьер-министрлердің билігі үстем болуы салдарынан патшалық жүйенің негіздері әлсіреп, Мұхаммед Реза Шахтың нақтылы өзіндік сыртқы саясаты болмады.

Зәка-ол Молк Форуғи, Қәвам-әл Сәлтәне, Хосейн Әла, Дариуш Хажир, Рәзмара үкімет тұтқасын ұстап тұрған кезде Иран сыртқы саясатты негізінен Британия ықпалында болып келді.

Шын мәнінде, бұл кезеңдегі Иран сыртқы саясатының негізгі ойыншыларының ішінде Британиядан өзге Кеңес Одағы мен АҚШ-та бар еді. Бұл үшеуі Германиямен соғыста әуелі одақтас болғанымен, кейін жеңіс белгілері біліне бастағанда, әр қайсысы өзара қайшы келетін ішкі пиғылдарын көрсете бастады. Олардың ішінде ағылшындар Иранның мұнай өндірісіне бақылау жасағандықтан сыртқы ойыншылардың ішінде ең ықпалды орынға ие болып, Иранға қатысты түрлі саяси істерде басымдылық көрсетіп келді. Олар ирандық консерваторлар тобы журналистерге, кейбір діни қайраткерлер пен патшалық жүйені жақтаушыларға, антикоммунистік топтарға айтарлықтай саяси ықпал жасай алды [29; 40].

1953 жылы 19 тамызда Британия мен АҚШ жоспары бойынша жүзеге асырылған әскери көтеріліс жеңісінен кейін Мұхаммед Реза Шах барлық билік тіректерін бекіте түсіп, сыртқы саясатын да айтарлықтай айқында бастады. Әскери төңкерістен кейін Мұхаммед Реза Шах екі мәселеге баса назар аударды. Ол армия мен сыртқы саясатқа байланысты еді. Шах АҚШ әскери қару жарақтарын көбірек алуға тырысты.

Сыртқы саясаттағы ынтымақтастық пиғылын аңғарту мақсатында Мәскеу, лондон, Париж, Вашингтон, Анкара, Карачиғ Мадрид, Токиоға сапар шекті. Алайда, Реза Шах күні өткен сайын АҚШ-қа қарай жақындай түскен еді. АҚШ Иранды тек қана нарық әлемін сақтау үшін ғана емес, қырғи-қабақ соғыс жылдарында Кеңес Одағын қоршау мақсатында да пайдаланбақ болды. Сондықтан АҚШ пен Иран арасында екі жақты әскери келісім жасау жоспарланды. Осы ретте 1965 жылы Туркия, Пәкістан мен Ирак арасында одақтастық туралы Бағдад келісімі жасалынып, кейін ол келісім Иран мен Британияны және АҚШ-ты да қамтыды. Ирактағы Әбдолкарим Қасымның әскери төңкерісі (1968 ж) Бағдад келісімінің (Сенто) негізін шайқап, әлсіретті. Ирандағы генерал Валиолла Кареней бастаған әскери төңкеріс те сәтсіз аяқталды. Ол 1953 жылы 19 тамызда болған төңкеріске қатысқан еді. Сондықтан америкалықтар оны полковник дәрежесінен генерал шеніне дейін көтеріп, армия штабының екінші бастығы етіп тағайындайды. Оның мақсаты-Мұхаммед реза Шахты тақтан тайдырып, әскери үкімет құру болатын. Алайда оның құпия жоспары ағылшындар арқылы ашылып қалды. Оны АҚШ ара түскендіктен үш жылға ғана соттады.

Мұхаммед Реза Шах қайта күшіне енген соң АҚШ Пехлеви режимін қолдау саясатын ұстанып, әскери және экономикалық көмекті көбейтті. Бұл көмек Бағдад келісімінен кейін тіпті ұлғая түсті. АҚШ вице-президенті Никсон Иранға сапар шекті.

1957 жылы Иран Эйзенхауер доктринасын қолдады. 1958 жылы Шах АҚШ-қа үшінші рет барды. 1959 жылы Иранға АҚШ президенті Эйзенхауер келді. Сөйтіп, Шах 10 жыл бойғы билік барысында АҚШ пен оның мұндай “асыл арманына” бөгет жасамады. Қайта осындай “асыл армандық” байланыстар арқасында АҚШ Шахтың өздерімен тығыз қатынаста болуын қамтамасыз етті. Сөйтіп оның күшеюіне ықпал жасады.

1977 жылы 20 қаңтарда ант қабылдаған АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Ж.Картер өз мемлекетінің бұрыннан келе жатқан саясатын жалғастырып, одан әрі дамыта түсті. Ол Иранға парсы шығанағындағы негізгі әскери күш ретінде қарап, мұнай бағасына ықпал жасайтын либералдық ағым ретінде мән берді. Сондықтан АҚШ үшін айырықша стратегиялық маңызды болып табылатын Иранмен алдағы байланысты қалай болғанда да сақтап қалуға тырысты.

1978 жылы қараша айында шахты Ақ үйдің жасыл алаңында Картер мен оның жұбайы Розалин Картер қарсы алды. Арада көп уақыт өтпей-ақ 1978 жылы 31 желтоқсанда Картер де Иранға келді. Сондағы сөйлеген сөзінде Картер былай дейді: “Шахтың айбынды басқаруындағы Иран-әлемнің ең дау-жанжалға толы аймақтарының ішіндегі “тыныш арал”. Мұның себебі мәртебелі әзірет сіздің көреген жетекшілігіңіз және халықтың сізге деген шынайы құрметі мен сүйіспеншілігі арқасында жүзеге асты деп білеміз” /8. 198/

Бірақ бұл “тыныш арал” көпке созылмады. 1979 жылы 9 қаңтарда Құм қаласында төңкерістің алғашқы белгілері көрінді. Соңынан қысқа мерзім ішінде (14 айдан аса) Пехлеви режимі құлап, АҚШ өз одақтасын, патшалық режимді құтқарып қалу жолында ештеңе істей алмады.

Шахтың Иранға қайта оралуы. 16 тамызда болған әскери төңкеріс кезінде Мұхаммед Реза Шах Ноушаһарда болатын. Төңкеріс жеңіліске ұшыраған соң Иранға қайта оралудан бас тартып, Бағдадқа қашып, ол жерден Римге өтті.

Екі күн римдегі Экселсивер қонақ үйінде Британия және АҚШ басшылығымен ұдайы хабарласып отырды.

Америкалықтар Шахтың оралуына аса мүдделілік танытпады, оның үстіне Шах американдықтарға өз орнына басқа әскери адамды тағаындауды ұсынды. Алайда британдықтар мұндай ұсыныспен келіспей, кеш қимылдаған жағдайда, Ирандағы билік басына коммунистік идеямен суарылған үкімет келеді деп қауіптеніп, АҚШ-ты Шахтың Иранға қайта оралуына ықпал етуге көндірді.

Захеди үкіметі. Мосаддык үкіметі құлаған соң генерал Фазолла Захеди үкіметі басына келіп елде әскери режим жариялайды. Сонымен қатар Мосаддыкпен оның үкімет мүшелерін және оны қолдайтын бірнеше беделді депутаттарды жазалау науқанын бастады.

Ұлттық қозғалыс бірнеше беделді депуттарды жазалау науқанын бастады. Ұлттық қозғалыс көсемдері Халел мен Малеки, Дариуш Фруһар тәрізді адамдар қауымға алынды. Шах қашқаннан кейін оған қарсы пікірлер айтып, сыни мақалалар жазған Мосаддык үкіметінің сыртқы істер министрі доктор Хусеин Фатеми өлім жазасына кесілді.

Доктор Шай Ган, доктор Садиғи, Қазым Хосейби, доктор Санжаби бірнеше айда он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Туде партиясы басшыларының бірнешеуі Шығыс Европаға қашса, бірнешеуі абақтыға қамалды, кейбіреулері патша жасақтарының қатарына қосылды.

Доктор Мұхаммед Моссадық соты. Моссадықты соттау мақсатында арнайы әскери сот құрылды. Алайда, Моссадық өзінің Иран премьер министрі екендігін сондықтан ол сотты лайықты деп санамайтындығын айтты. Ол өзін қорғап сөйлеген сөзінде: “Менің жалғыз күнәм-Иранның-мұнай өндірісін мемлекет иелігіне алғаным.

Сол арқылы Ираннан әлемнің саяси экономикалық отарлық дастарханын жинап тастағаным”-деді. Әскери сот шешімі бойынша Моссадық үш жылға бас бостандығынан айырылып, түрмеге жабылды. Кейін жаза мерзімі біткен соң Ахмедабадқа барып, өмірінің соңына дейін сол жерде тіршілік етеді.

Мұнай консорцуымы. Захеди үкіметі бірінші кезекте Иран мұнайын әлемдік базарға шығаруды мақсат етті. Осы орайда Иран мен Британия арасындағы саяси байланыс қайта жандана түсті. АҚШ, Британия,Франция, Голландия компанияларынан құрылған консорциуммен келіссөз жүргізе бастады.

1954 жылы екі жақтың үлесі елуде-елу пайызға кесілген келісім шартқа қол жеткізілді. Моссадық үкіметіне көмек беруден бас тартқан Эйзенхауер үкіметі Захедидің жаңа үкіметіне жедел түрде 45 млн доллар көлемінде көмек көрсетті.

Премьер-министр Иқбал. Захедиді өзіне бақталас ретінде қабылдаған Мұхаммед Реза Шах оны 1955 жылы қызметінен босатып, Швецарияға қуып жіберді. 1956 жылы оның орнына доктор Мәноучерх Иқбалды тағайындайды. Осы уақыт аралығында премьер-министр міндетін уақытша Хосейн Әла атқарды.

Иқбал үкіметінің билігі 1960 жылғы дағдарысқа орай Шах құрбандыққа шалғанға дейін 4 жылға созылды.

Мемлекеттік қауіпсіздік ақпараттық ұйымы аудан-Керманшахта орналасқан танкі бригадасын заманының ержүрек офицерлерінің бірі, полковник Теймур Бахияр Моссадык басқарды. Ол 19 тамызда болған төңкеріс керісінше түнделетіп Тегеранға келді. Қантөгістен кейін АҚШ-тың нұсқауымен Тегерандағы әскери күштерге жетекшілік етіп, нағыз билік иесіне айналды. Туде партиясын кенеттен қарусыздандырып, “Ислам Жанпида” ұйымының мүшелерін оққа ұшырады, екінші танк гарнизонын азапханаға айналдырды. 1956 жылы АҚШ кеңесшілерінің ұсынысы бойынша САВАК-тың тұңғыш бастығы болып сайланды.

Бұл ұйым шын мәнінде АҚШ пен Иранның бірлескен ұйымы қызметін атқарды. Оны қызметкерлері ЦРУ, Израильдің Моссад ұйымымен әріптес болып солардың тәжірибелерінен өтті. САВАК Иран үкіметіндегі ең қатал да қорқынышты полицияға айналды. Олардың аса қатаң, асқан жауыздық тәсілдері тек Иранда ғана емес, әлемге әйгілі болды. САВАК-тың әуелгі міндеттерінің бірі Шахқа көмек көрсету және елді коммунизм қаупінен аман алып қалу еді.

1978 жылы 7 қаңтарда Имамның үлкен ұлы Мұстафа қайтыс болды. Оған Құм қаласында бата оқылып, ас берілген күні “Итилаат” газетінде “Ахмед Рәшиди Мұтләқ” деген лақап атпен жазылған Имам Хомейнидің ар-ожданына тиетін мақала жарияланды.

Осыған орай 9 қаңтарда Құм қаласында үлкен қарсылық шеруі өтті. Ресми мәліметтерге қарағанда аталмыш күнде екі адам қазаға ұшыраған. Құм тұрғындары сол күннің құрбандарына 1978 жылы 18 ақпанда рәсім жасады. Тебриз қаласындағы шеру кезінде полиция офицерлері, жасөспірім оқушыны оққа ұшырды. Бұл оқиға шиеленісті одан әрі күшейте түсті. Шеру жасаушылар полиция бекеттеріне шабуыл жасап, қаланың көптеген аймақтарына бақылау жасау мүмкіндігін алды. Екі күнге созылған Тебриз шеруінде өлгендер саны әр түрлі мағлұматтар бойынша 6-дан 300 ге дейін деп жарияланады. 1978 жылы 30 наурызда Тебриз құрбандарының қырқы өтуіне байланысты Иезд қаласында кескілескен қақтығыстар болды. Наразы жұмысшылар жұмыстан бас тартып, шеруге қосылды.

Артынша 1978 жылы 22 маусымда Машһадқаласында өткен шеруде қырықтан аса адам қаза тапты. 5 тамызда ораза айы басталысымен Исфаханда әскери режим жарияланды. 19 тамыз Абадан қаласындағы “Рекс” кино-театрының ғимараты өртеніп, 400 адам отқа күйді. Шах 27 тамызда Амузгарды қызметінен алып тастап, премьер-министрлікке Шәриф имамиді тағайындады.

Шәраф Имами де патшалық режимге тиісті жұмыс істей алмады. 8 қыркүйекте оқиға болған күні түнде Тегеран мен өзге де 11 қалада әскери тәртіп орнықты. 4 қарашада Тегеран университетінің оытушылары мен студенттерінің қанға боялуы салдарынан Шараф имами де орнынан алынды. Оның орнына генерал Ғоламераза Әзһади келді. Шах сол күндері халыққа “төңкеріс үнін естігендігін” жариялады. 1976 жылы Тасуа мен Ашура күндеріндегі шерулер патшалық жүйе мен оның жақтастарының дәрменсіз екендігін аңғартты. Сол себепті 1978 жылы 30 желтоқсанда Шахур Бахтияр премьер-министрлік тізгінін қолға алды. Дегенімен көп ұзамай ол да 1979 жылы 16 қаңтарда Ираннан шығып кетуге мәжбүр болды. Сол жылы 1 ақпанда Имам Хомейни Иранға қайтып оралды.

Иранға келген Имам Мәхди Базарганды уақытша үкімет құруға міндеттеді. 9 ақпанда патша сарайының гвардиясы ұшқыштар көтерілісн басу үшін әскери базаға шабуыл жасады. Халық ұшқыштар жағына шықты. 6 сағатқа созылған шайқастан кейін патша гвардиясы артқа шегінді. Соңында 11 ақпанда көтеріліс өз шыңына жетіп, кешкі сағат 18-де радиодан патшалық режимнің құлағаны туралы хабарланды.

Көптеген тарихшылар белгілі бір тарихи оқиғаның бет-бейнесін арада 100 жыл өткен соң барып нақтылы бағалауға болады деп санайды. Өйткені күнделікті ағымдағы оқиғалар тарих арнасына қосылуды қажет етеді. Содан кейін ғана оның себеп-салдарына үңіле отырып, айқын да анық қорытындыға келуге болады.

4 қарашада Тегерен университетінің оқытушылары мен студенттерінің қанға боялуы салдарынан Шәриф Имони да орнынан алынды. Оның орнына генерал Голошреза Әзхар келді. Шах сол күндері халыққа төңкеріс үшін естігендігін жариялады.

1976 ж Тосуа мен Анеура күндеріндегі шерулер патшалық жүйе мен оның жақтастарының дәрменсіз екендігін аңғартты. Сол себепті 1978 ж 30 желтоқсанда Шахур Бахтияр премьер-министрлік тізгінін қолға алды. 1979 ж 16 қаңтарда Ираннан шығып кетуге мәжбүр болды. Сол жылы 1 ақпанда Имам Хомейни Иранға қайтып оралды.

Иранға келген Имам Мехди Базарганды уақытша үкімет құруға міндеттенді. 9 ақпанда патша сарайының гвардиясы ұшқыштар көтерілісін басу үшін әскери базаға шабуыл жасады. Халық ұшқыштар жағына шықты. Соңында  11 ақпанда көтеріліс өзшыңына жетіп, кешкі сағат 18-де радиодан патшалық режимнің құлағаны туралы хабарланды.

Иран Ислам төңкерісі кезеңі аса маңызды сипаттарға ие. Ең бастысы тарих үшін қажетті барлық деректер мен құжаттар зерттеушілердің қолына түсті.

Ислам төңкерісінің экономикалық, қоғамдық, әскери, саяси, мәдени, идеологиялық, моральдық себептерін қарап, олардың халыққа әсері болды.

Экономикалық әсері. Иран Ислам төңкерісі Араб пен Израильдің 1972 ж қазан айындағы соғыстардың салдарынан мұнай бағасы 4 есе өсіп одан түскен табыстар әділетті түрде бөлінбегендіктен қоғам ішінде наразылықтың пайда болуына әкеліп соқты. Әсіресе, мұнайдан түскен түсімнің 85 пайызына жуығы халықтың 5 пайызын құрайтын топтың қолында болды.

Өзінің экономикалық ауыр жағдайына қарамастан Иран үкіметі Лондон қаласынан су құбырларын ауыстыру үшін 1 млрд 200 млн ағылшын ақшасын қаланың әкімшілігіне қарыз ретінде беретіндігін жария етті. Сондай-ақ банкроттың алдында тұрған Франция, АҚШ компанияларына аса көлемді мөлшерде қарыз беруге уәделесті. Мұның бәрі Иранның 35 млн халқының басым көпшілігі кедейшілік өмір сүруде.

Мемлекеттің көптеген елді мекендерінде өздеріне қажетті қарапайым тұрмыстық жабдықтар жетіспеді. Халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары күннен күнге төмендей түсті.

Әскери фактор: ішкі және сыртқы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, басқа органдар мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне жағдай жасауға міндетті. Шах режимі өзінің әскери күштерімен тәртіп сақшыларын жеке басының мүддесін қорғауға жұмсады. Әскери салаға қыруар қаражат бөліп, қару-жарақ сатып алды. Сол қарулар арқылы ішкі қарсыластарын күйретуді мақсат етті. 1953 жылы 19 тамызда Шах әскери төңкерістен кейін қарсылық көрсетті деген партиялық және тайпалық топтарды, қызметкерлерді зейнеткерлікке шығарып, үйде ұстауға ұйғарды. Армия тізгінін өз қолына алды.

Қоғамдық фактор. Иран қоғамында ХІХ ғ ІІ жартысында батыстың ықпалымен көптеген өзгерістер жүрді. 20 жыл бойы билік тізгінін қолында ұстаған Реза Шах саяси сахнада “мен бұйырамын” дейтін диктаторлық ұран мен бірге зұлымдық тәсілдерді қолданды. Соның салдарынан өзге де қайраткерлер мемлекеттік қоғамдық-саяси істерге белсене араласуға мүмкіндік болмады. Пеһлеви дәуірінің кезеңінде үкімет ірілене бастады, билік негіздерін нығайта түсу және жаңа ашылған мекемелер мен басқару орындарында іскер адамдар пайда бола бастады. ХХ ғ басына дейінгі қалалардың дамуы әлемде бірдей болған еді. Яғни қалалар мен қала халқының саны өсті. Себебі ауыл адамдары қалаға келіп, қоғамдық жұмыстарға араласып кетті. Әкімшілік топ пен халықтың тартысы төңкеріске ұласты. Күн сайын көтеріліс қоғамның барлық топтарына, студенттер, діндарлар, қызметкерлер, жұмысшылардың арасында болып тұрды. Төңкеріс Иранның оңтүстігін, солтүстігін, батысын-шығысын қамтыды. Бұл әрекет-халықтың  бостандығы және еркіндігі үшін болған күрес.

Саяси фактор. Мәшруте төңкерісінен кейін билік бұрынғысынша жүре берді. 1941-1953 жылдары 1-ші билік кезеңі қорлық пен езгілік түрде АҚШ пен Британ тарапынан жасалынған айла-тәсілдерінің шырмауында қалып, олар билік тағына қалаған адамын отырғызды. Шахтың істері мен жасаған іс-әрекеттері өз пайдасы үшін ғана жасалды. Сондықтан іс жүзінде наразылық шерулер ұлғайып өрши түсті.

Мәдени соральдық идеологиялық және діни факторлар. Иран халқы ислам дінін ұстанған халық. Сондықтан ең бастысы діни құндылықтарды биік деңгейде сақтап келген мыңдаған жылдар бойы Иран өзінің ұлттық дәтсүрі мен әдет ғұрпын қастерлеп отырған Иран халқын ислам діні алға жетелеуші күшке айналды.

Иран төңкерісі аренасына 1978 ж теңдесі жоқкөсем ретінде Имам Хомейни (1902-1989 жж) шықты. 1963 жылы 5-шілдеде патша саясаты АҚШ-тың Иранға үстемдік көрсетуіне қарай қозғалысты Имам Хомейни бастап шықты [30; 52].

Төңкерістен бұрынғы ең маңызды оқиғалардың бірі Имамның ұлы Мұстафаның дүние салып Росиди Мутлақ атымен газетте балағат сөздермен жария болған мақала еді. Оның арты 1979 жылы фактордағы Құм қаласындағы қанды оқиғаға әкеп соқты. Оның арты Иран Ислам Ұлы төңкерісіне келіп тірелді. 1979 ж 16 қаңтарда Шах Ираннан кетуге шешім қабылдады. 1979 жылы 1 ақпанда төңкеріс көсімінің ұшағы Парижден көтеріліп Тегеран аэропортына қанды 1949 ж 11 ақпанда армия өз еркіндігін жариялады, ақпарат құралдары, радио, т.б. құрылымдар төңкеріске қосылды. Дәл осы күні Иран Ислам Республикасының жаңа үкіметі бүкіл әлемге жарияланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

1978 жылы 7 қаңтарда Имамның үлкен ұлы Мұстафа қайтыс болды. Оған Құм қаласында бата оқылып, ас берілген күні “Итилаат” газетінде “Ахмед Рәшиди Мұтләқ” деген лақап атпен жазылған Имам Хомейнидің ар-ожданына тиетін мақала жарияланды.

Осыған орай 9 қаңтарда Құм қаласында үлкен қарсылық шеруі өтті. Ресми мәліметтерге қарағанда аталмыш күнде екі адам қазаға ұшыраған. Құм тұрғындары сол күннің құрбандарына 1978 жылы 18 ақпанда рәсім жасады. Тебриз қаласындағы шеру кезінде полиция офицерлері, жасөспірім оқушыны оққа ұшырды. Бұл оқиға шиеленісті одан әрі күшейте түсті. Шеру жасаушылар полиция бекеттеріне шабуыл жасап, қаланың көптеген аймақтарына бақылау жасау мүмкіндігін алды. Екі күнге созылған Тебриз шеруінде өлгендер саны әр түрлі мағлұматтар бойынша 6-дан 300 ге дейін деп жарияланады. 1978 жылы 30 наурызда Тебриз құрбандарының қырқы өтуіне байланысты Иезд қаласында кескілескен қақтығыстар болды. Наразы жұмысшылар жұмыстан бас тартып, шеруге қосылды. Артынша 1978 жылы 22 маусымда Машһадқаласында өткен шеруде қырықтан аса адам қаза тапты. 5 тамызда ораза айы басталысымен Исфаханда әскери режим жарияланды. 19 тамыз Абадан қаласындағы “Рекс” кинотеатрының ғимараты өртеніп, 400 адам отқа күйді. Шах 27 тамызда Амузгарды қызметінен алып тастап, премьер-министрлікке Шәриф имамиді тағайындады.

Шәраф Имами де патшалық режимге тиісті жұмыс істей алмады. 8 қыркүйекте оқиға болған күні түнде Тегеран мен өзге де 11 қалада әскери тәртіп орнықты. 4 қарашада Тегеран университетінің оытушылары мен студенттерінің қанға боялуы салдарынан Шараф имами де орнынан алынды. Оның орнына генерал Ғоламераза Әзһади келді. Шах сол күндері халыққа “төңкеріс үнін естігендігін” жариялады. 1976 жылы Тасуа мен Ашура күндеріндегі шерулер патшалық жүйе мен оның жақтастарының дәрменсіз екендігін аңғартты. Сол себепті 1978 жылы 30 желтоқсанда Шахур Бахтияр премьер-министрлік тізгінін қолға алды. Дегенімен көп ұзамай ол да 1979 жылы 16 қаңтарда Ираннан шығып кетуге мәжбүр болды. Сол жылы 1 ақпанда Имам Хомейни Иранға қайтып оралды. Иранға келген Имам Мәхди Базарганды уақытша үкімет құруға міндеттеді. 9 ақпанда патша сарайының гвардиясы ұшқыштар көтерілісн басу үшін әскери базаға шабуыл жасады. Халық ұшқыштар жағына шықты. 6 сағатқа созылған шайқастан кейін патша гвардиясы артқа шегінді. Соңында 11 ақпанда көтеріліс өз шыңына жетіп, кешкі сағат 18-де радиодан патшалық режимнің құлағаны туралы хабарланды.

Көптеген тарихшылар белгілі бір тарихи оқиғаның бет-бейнесін арада 100 жыл өткен соң барып нақтылы бағалауға болады деп санайды. Өйткені күнделікті ағымдағы оқиғалар тарих арнасына қосылуды қажет етеді. Содан кейін ғана оның себеп-салдарына үңіле отырып, айқын да анық қорытындыға келуге болады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. А. Шубаев. Мир во второй половине ХХ в: основные тенденции развития. В 5 томах. 2-3 т.., Москва, , 123-156
  2. Бжзинский. Великая шахматная доска. Москва, 2007,-165
  3. Бжзинский.Господство Америки и его геостратегические императивы. Москва., 2006, с 205-210
  4. Волков В.К. 1939 год. Уроки истории. Москва, «Мысль», 1990. -508 с
  5. Васильев Л.С История  Востока  М.,2002 г., стр 45-69
  6. Григорянц. А Древняя страна меняет облик. Новое время., 1987. N5. с. 28.
  7. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. Изд 1-е. Учебник для вузов. М., 2000г., 30 стр
  8. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. Изд 2-е. Учебник для вузов. М., 2001г., 432 стр
  9. Қазақ-Совет Энциклопедиясы. 8-том., А: 1976ж., 663-680 беттер
  1. Исламов А.И. Лекции по истории международных отношений. (Индия).  Учебник. Шымкент, 170-189 стр
  2. История дипломатии./под.ред.Н. Кулогова/  Москва 2000., 56-58 стр
  3. Давыдов Н.М. История Ирана. Ленинград. 1980., с 45-56
  4. Дербеш Н.М. Иранская революция. Москва., 2001 г., с 58-60  
  5. Лаумулин М. Большие планы. //Континент., 2005 г., 16-29 ноября., №22, с78
  6. Розалиев Ю.А. Новая  и новейшая  история стран  Азии и Африки. М., 1982 г., стр 25-36
  7. Дж. Греквилл. История ХХ века. Аквариум, 1999. -365 с.
  8. Никифоров В.Н  Восток и Всемирная  история.М.,1972г., стр 125-136
  9. Живутинков А.С.Как это было? /История Вьетнамского народа/. М., 1978 г., стр 15-23 
  1. Новейшая история стран  Азии и Африки. М., 2002 г., стр 40
  2. Национальное освоботительное движение и идиологическая борьба. М.1982.стр.145-146
  3. Новейшая история арабских стран Африки. М., 1990. с. 312.
  4. Новейшая история стран  Азии и Африки. М., 2007 г., стр 102-105
  5. Нартов Н.А. Геополитика. Учебник для вузов. М: ЮНИТИ, 1999г., 359-365 стр
  6. Фельтхем Р. Настольная книга дипломата. Минск: Новое звание, 2001г., 12-26 стр
  7. Что есть что в мировой политике. Словарь-справочник/под ред Примакова Е.М. Москва: Прогресс., 1987г., 478-480 стр

Мерзімді басылымдар

  1. Известия. 1987 15.01. с. 3.
  2. Азия и Африка сегодня. 1997. №5., с. 9.
  3. Социалъное обеспечение., 1990 N3. с. 18.
  4. Правда-1989г, 28.03., с 40
  5. Деловой мир. 1993ж. 16.02.., с 52