АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Адам өлтірудің ауырлататын түрлері

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Гуманитарлық заң Университеті

Алматы Заң Академиясы

 

 

 

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

 

 

Диплом жұмысы

 

Адам өлтірудің ауырлататын түрлері

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………….3

 

1 ҚАРАПАЙЫМ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  • Кісі өлтірудің ұғымы………………………………………………………………….5
  • Кісі өлтіру қылмысының объектісі……………………………………………..7
  • Кісі өлтіру қылмысының объективтік жаҒы………………………………15
  • Кісі өлтіру қылмысының субъективтік жаҒы…………………………….21
  • Кісі өлтіру қылмысының субъектісі………………………………………….31

 

2 АУЫРЛАТЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРЫ БАР КІСІ ӨЛТІРУ – КІСІ ӨЛТІРУДІҢ БІР ТҮРІ

2.1. Кісі өлтіру қылмысының түрлері…………………………………………….33

2.2. Ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері……………………….36

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………..62

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….64

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қылмыстылық өзінше ашық жүйе ретінде қоғамның нәтижесі бола тұра, қоғамның өзіне де қарсы тұра алатын, оны күйрете алатын күйге жетті. Мысалға, соңғы қырық жылдағы қылмыстылық деңгейі 1960 жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 1970 жылдары 25%-ке, 1980 жылдары (сол 60 жылдармен салыстырғанда) 120%-ке, ал 1990 жылдары 293%-ке өскен. Ал соңғы екі онжылдықты салыстырғанда 78%-ке өскендегі байқалады. Әрбір он мың халыққа егер 80 жылдары 62 қылмыстан келсе, 90 жылдары 124 қылмыстан келген.

Қоғамдағы соңғы жылдары болған өзгерістер қоғам мүшелерінің моральдық этикалық ұстанымдарын күрт өзгертті. Осыған орай жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар да өсті. Сонымен қса, қылмыс сандық жағынан ғана емес,  сапалық жағынан да өзгерістерге ұшырады. Айталық ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері жиіледі, атап айтқанда, аса қатігездікпен, пайдақорлық мақсатпен, екі немесе көп адамды өлтіру т.б. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы өзектілігі әлі күнге күн тәртібінен түскен жоқ, керісінше өсіп отыр.

Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқығымен  бостандықтарын атайды. Ол туралы декларациялық тұрғыдан ғана айтып қойған жоқ, бұл ережені өз Конституциясында бекітті. Ол өз азаматын туа біткен ажырамас құқығы мен бостандығын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды оның өмірін, денсаулығын, басқа да игіліктермен заңды мүделерін қауіпті қол сұғушылықтардан қорғау қылмыстық құқықтық міндеті деп танылған. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында қылмыстық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс — әрекеттерді қылмыс деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкіндігін көздейді.

Біздің мемлекетімізде адам өмірін қорғауға барынша мән берілсе де,  кемшіліктер сот, тергеу тәжірбиесі ісі кезінде көптеп қателіктер жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында қоғамдағы ең басты игілік – адам оның өмірі, денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп мұндай асыл қазынаға құқыққа қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдануы қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатнастарды реттеуші құралдардың бірі – заң салалары болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімі де жеке адамдарға қарсы бағытталған қылмыстардан басталады және оған жауапкершілік тағайындалған. 1959 жылғы КСРО қылмыстық кодексімен салыстырғанда қазіргі 1997 жылғы қабылданған қылмыстық кодексінде адам және оның құқықтары мен бостандықтарын жоғары бағалайды. Сол себептен қазіргі қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстармен басталады. Осы қылмыстарды жасағандығы үшін ең қатаң жаза тағайындауда. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ең басты мақсаты болып адамдарды және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылады      

Соңғы кездердегі әлеуметтік өзгерістер, экономикалық дағдарыс, саяси өмірдегі тұрақсыздық және т.б. обьективті жаңалықтар еліміздегі қылмыстың күрт өсуіне себепкер болды. Бұндай келеңсіз құбылыс адам өміріне бағытталған қылмыстарға тән.

Адамға қарсы жасалынатын қылмыстардың ең қауіптісі — адам өлтіру.

Кез келген мемлекет адамның өмірін, денсаулығын және олардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды өзінің басым міндеттері ретінде қояды.

Осы функция әртүрлі құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық нормалармен де жүзеге асырылады.

Жеке адамға қарсы қылмыстар Қазақ Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін ашып бастайды, осы бөлімнің бірінші тарауы болып танылады, жәнеде алғашқы баптар адам өлтіруден басталады.

Барлық елдердің заңдарында адам өлтіру аса ауыр қылмыс болып саналады. Адам өлтіру құқықтық саралауды және жаза тағайындауды қарау барысында елеулі қиындықтар тудыратын қылмыстарға жатады.

Бұл қиындықтар осындай қылмыстарды жасау барысындағы әртүрлі ситуациялардың көп болуымен, өзінің ізін жасырудан қылмысқа тыңғылықты дайындалумен, бұл қылмыстардың нақты белгілерін теріс түсінуге алып келеді.

Өмірге қарсы қылмыстарды саралау мәселесімен және қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданумен мынадай қөрнекті ғалымдар — Шаргородский М.Д., Шестаков Д.А., Жижиленко А.А., Загородников Н.И., Бородин С.В. айналысты, олар қылмыстық құқық теориясының дамуына елеулі еңбек сіңірді.

Жұмыста адам өлтіру жауаптылығының әртүрлі аспектілері, осы қылмыстарды саралау, адам өлтіру түрінің әртүрлі құрамының белгілерін ескере отыра қылмыстық заңдарды дұрыс қолдану шарты қарастырылады және олардың сараланған белгілері, тәжірибеден материалдар келтіріледі.

Жұмыстың объектісі жеке адамның өміріне қарсы қылмыстар,ал жұмыстың нақты заты жеке адамның өміріне қарсы қылмыстардың ішінде ауырлатылҒан мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері.

         Жұмыстың эмпирикалық базасын Алматы облыстық сотының, Алматы қалалық Бостандық аудандық және Жетісу аудандық соттарының, Қарағанды қалалық соттарының архивтеріндегі қылмыстық істер құрайды.

Жұмыстың мақсаты адам өлтіру қылмысының сараланҒан құрамының қылмыстық-құқықтық мәселелерін толықтай ашу. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында жұмыс мынандай міндеттерді алдына қояды:

  • кісі өлтірудің түсінігін және белгілерін ашу;
  • кісі өлтіру қылмысының сараланҒан түрлерінің әрқайсысының саралау ерекшеліктерін айқындау;
  • сараланҒан кісі өлтірудің өзге ұқсас қылмыстардан ажырату.

 

1 ҚАРАПАЙЫМ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

  • Кісі өлтірудің ұғымы

 

Адам өлтіруді қарастыруды бастамас бұрын адам өмірінің бастапқы және аяққы кезеңдерін анықтау қажет.

Адамның өмірі биологиялық көзқарас жағынан, заттар, тағам және бөлінудің тікелей алмасуынан тұрады. Осы функциялардың тоқтауымен адамның өмірінің тоқтауы да жүреді. Адам өмірі осы сөздің биологиялық ұғымы адамның өмірінің шегін анықтау үшін маңызы зор. Өмірдің пайда болуы туу процессінің басталуымен байланысты. Өмірдің аяқталуының табиғи және заңды құбылысы болып ағзаның қартаюының салдарынан адамның физиологиялық өлуі танылады.

Адам өлуі туындауының мәселесі медициналық әдебиеттерде даулы мәселе болып саналады. Авторлардың бір бөлігі адамның өлуі демалу және жүректің соғуының тоқтау сәтінен туындайды дейді. Басқалары жүректің соғуын өмірдің абсолюті емес дәлелдемесі деп санайды.

Бірақ бас миында және орталық нерв жүйесіндегі органикалық өзгерістердің әсерімен өлімнің туындауы талассыз екендігі мойындалған. Осы өзгерістердің туындалған уақытына дейінгі адам өлу кезенін клиникалық деп атайды.

Мынадай жағдай кездесуі мүмкін, клиникалық өлім туындаған кезден кейін тыныс алу және жүректің соғуын қалпына келтіре отыра адамның өмірін қалпына келтіруге болады. Әсіресе соңғы жылдардағы медицина ғылымы және реаниматология саласындағы тәжірибедегі жетістіктер. Бір сәттік құбылыс ретіндегі қатынастардың өзгеруіне көмектесті.

Адам өлімінің туындауы жөнінде тек биологиялық өлім ғана куаландырады, яғни ағзаның біртұтастық ретіндегі қалпына келмейтін өлу жағдайы, жүрек қызметінің тоқтауы ірі артериялар соғуының жоғалуы тыныс алудың тоқтауы, орталық нерв жүйесі функциясының жойылуын айтамыз.

Өмірден құқыққа сай айыруға, бақытсыздық жағдайға және өзін-өзі өлтіруге қарағанда, адам өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінде көзделген құқыққа қайшы іс-әрекет ретінде қарастырылады. Кінәнің болмауына байланысты құқыққа сай адам өмірін айыру және бақытсыздық жағдайында өлуді адам өлтіруге жатқызбас үшін С.В. Бородин былай деп санайды: адам өлтіруді анықтау барысында өмірдің кінәлі айыруына баса көңіл аудару қажет деп санайды. Өзін-өзі өлтіруді ажырату үшін басқа адамның өмірін айыру жөнінде сөз болуы керек.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігінде адам өлтіру ұғымының анықтамасы берілген, онда осы бап бойынша, адам өлтіру деп құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады және қылмыстың ұғымын нақты береді. Осы үғымнан мынаны анықтауға болады, адам өлтіру деп басқа адамға қасақана қаза келтіруді айтамыз. Яғни адам өлтіру тек қасақаналықпен жасалынады, ал абайсыздықта адамға өлім келтіру зерттеудің басқа объектісін құрайды.

М.Д. Шаргородский өз монографиясында адам өлтіруге сонымен бірге тек басқа адамға қаза келтіруді жатқызады, абайсызда адам өлтіруді ол осы ұғымның шегінен тыс қалдырады[1].

Бұл жерде бірқатар авторлар адам өлтірудің ұғымын толық емес деп санайды. С.В. Бородин былай деп жазады: «Адам өлтірудің заң анықтамасында, біздің қөзқарасымызда іс-әрекетті» құқыққа қайшы және кінәлігіне нұсқауы жетпейді деп атайды»[2].

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 96-бабында айтылғандай кісі өлтіру-  басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп жариялайды. Кісі өліру қылмысы қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Қоғамға қауіпті дегеніміз демократиялық қоғамдық қатнасқа қауіпті болуын айтамыз. Кез – келген басқа адамға қасақана қаза келтіру жауаптылық көздейтін қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы болып табыла бермейді.Әскерей соғыс уақытында, қажетті қорғану жағдайында, өлім жазасына кесілген сот үкімін орындау жағдайында кісі өлтіру үшін жауаптылық жоқ. Кейбір авторлар анықтамасында кісі өлтіруді «қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады.

Талданып отырған топқа жататын көпшілік қылмыстар кісі өлтірумен байланысты, яғни әрекет немесе әрекетсіздік арқылы адамның өмірін заңсыз қию болып табылады. Кісі өлтіру қылмысы кезінде адам өзінің құндылығы өмірінен айырлады. Заң адамды қоғамға қандай да болсын пайда әкелетіне қарамай бірдей қорғайды. Қарт адамның өмірі және жас баланың өмірі, талантты адамның өмірі, ғалымның өмірі мемлекетпен бағаланып, бірдей дәрежеде заңмен қорғалады. Кісі өлтіру қылмысы нәтиежесінде айналасындағы адамдарға моральдық немесе материалдық зиян келуі мүмкін. Кісі өлтіру қылмысының қоғамдық қауіптілігі анықтағанда осы қылмыстан туындаған салдар өтелуге, орның толтыруға мүлдем болмайды. Туындаған шығынның тең келерлік орның ауыстыралық эквиваллент жоқ. Адамның өмірі қоғамның, мемлекеттің, азаматтардың манызды құндылығы,оған сай келерлік мүде жоқ. Кісі өлтіру қылмысы жасалу кезінде қылмыскердің әрекеті ниеті адам өлтіруге тікелей бағытталады.  Кісі өлтіру қылмысы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалуы мүмкін. Көп жағдайларда әрекет арқылы жасалады, яғни басқа адамның өмірлік маңызды органының анатомиялық тұтастығын немесе функциясын бұзуға бағытталады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96 – бабының 1 – бөлігінде көрсетілген қылмыс қарапайым кісі өлтіру деп аталады. Бұл қылмыста кісі өлтірудің сараланған және сараланбаған түрі жоқ. Яғни бұл қылмыста сараланған немесе жеңілдетілген мән – жайлар жоқ.  Бұл қылмыс жасалу кезінде ауырлататын немесе жеңілдететін белгілердің болмауы. Дегенмен заңда қарапайым кісі қлтіру қылмысы туралы нақты көрсетілмеген. Кісі өлтірудің ауырлатылған немесе жеңілдетілген түріне жатпайды.

 

  • Кісі өлтіру қылмысының объектісі

Әрбір жеке адамның өмірі – ол адам өміріндегі айтарлықтай маңызды болып табылады. Себебі адам өмірі – оның негізгі құндылығы. Осыған байланысты адам өмірін қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның,  әрбір азаматтың негізгі борышы. 

Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісі болып қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады.

Қазақстандық құқық ғылымы ҚР КСРО ыдырағанша оның құрамында болып келгендіктен, сол Кеңестік құқық ғылымының оған дейінгі жеткен ортақ жетістіктерін мұралап, енді өз желісімен дамып келе жатқандығы аян. Ал Кеңестік қылмыстық құқық өзінің  алғашқы күндерінен бастап-ақ қылмыс объектісі ретінде, оған дейін әр түрлі көзқарастар болса да, Марксизм идеяларын жалғастырып, қоғамдық қатынастарды таныған еді.

А.А.Пионтковскийдің 1925 ж. жарық көрген “Қылмыстық құқық” оқулығында “қоғамдық қатынастарды” қылмыс объектісі ретінде атап өтеді[3].

Шынында да, Қазан төңкерісінен бұрын  бұл тұрғыда Ресей мен шет ел ғылымында әр түрлі пікірлер орын алған еді. Мысалға, Ресейдің төл ғалымы Н.С.Таганцев “шынайы болмысындағы құқық нормасын”[4] таныды. Оның осы  сөзін тарата келе, А.В.Наумов “Таганцев шынайы болмыстағы құқық нормасы деп қылмыстық құқық арқылы қол сұғушылықтан қорғалатын игіліктің (мүдденің) шынайы мазмұнын көрді”[5], -деген қорытындыға  келеді.

Ал Н.С.Таганцев енді бір жерінде, қылмыстың мәні  қылмыскердің шынайы құқыққа ие адамға зиян әкелгенінде емес, мемлекеттің талабын бұзуға еркінің жеткендігінде, зиян келтіру қылмыстың мәні емес, амалы ғана, “сондықтан да қылмыстан құқық үстемдігін қорғаушы ретінде қашан да мемлекет зардап шегеді. Қылмыс объектісі деп шынайы игіліктер мен мүдделерді танысақ біз қандай да бір игіліктер мен құндылықтарды жою заңсыз болып табылмайтын әрекеттердің құқықтық табиғатын түсіндіре алмаймыз”[6] дегенді айтады. Яғни, игіліктер мен мүдделер қылмыс объектісіне айналуы үшін олардың міндетті түрде мемлекет  қорғайтын құқық нормаларымен қамтылуына сілтейді.

Сондай-ақ мүдде мен оның құқықтық формасының бірлігі туралы ой толғамдарды Е.І.Қайыржановтан да кездестіреміз (ол туралы төменде баяндалады).

Сол сияқты шетел және төңкерістен бұрынғы Ресей әдебиеттерінде қылмыс объектісі деп тұлғаның субъективтік құқығын (А.Фейербах), қоғамның дұрыс қызмет ету шарты ретінде құндылықтарды (К.Биндинг), құқықтық нормамен қорғалатын өмірлік мүдделерді (Ф.Лист), құқықтық игіліктерді (Х.Уелрел), парыз бен оның көрінісі қатынасты (И.Я.Фойницкий) танитын пікірлер орын алды.

Қазіргі заманның Қазақстандық (және ТМД елдерінің) қылмыстық  құқығында “қылмыс объектісі қорғалатын қоғамдық қатынастар” деген  пікір жалпылама қабылданған ереже болғанымен, Кеңес дәуірінің өзінде де бұған өзіндік әр қосушылар мен сын айтушылар болды және әлі де бар.

Айталық, В.Г. Смирновтың ойы бойынша “құқықтық тәртіп шын мәніндегі қоғамдық қатынастардың өзінше бір “құқықтық қабығы” ретінде қылмыс және басқа да құқық бұзушылық кезінде белгілі бір зардап шегеді, осы тұрғыдан келгенде ол қылмыстық -құқықтық қорғау мен жалпы құқықтық қорғау объектісіне енуі тиіс[7]. Өз сөзімен айтсақ, “Бұл ұғымның дәл мағынасында қылмыстық қол сұғушылық объектісі деп тек қана социалистік қоғамдық қатынастарды ғана емес, олардың қамтамасыз етілу шарттарын да”, яғни құқықтық тәртіпті де тану керек. Құқықтық тәртіп (құқықтық шарттар) нақты қоғамдық қатынастардың құрамына енбейді, сол себепті қылмыстық құқықтық қорғау объектісінің айрықша  бір құрамдас элементі болып табылады[8].

Сол сияқты, М.И.Федоров та қылмыс объектісі деп тек қана қоғамдық қатынастарды емес, сонымен қоса, құқық нормасын да тануды ұсынады[9].

Бұған А.А.Исаев құқық нормасының мазмұны оған берген түсініктемесіне қарай өзгеріп отыратын тұрақсыздығын алға тартып, сондай-ақ барлық қоғамдық қатынастардың құқық арқылы реттелмейтінін келтіре отырып, келіспейтіндігін баяндайды[10].

Ал Е.І.Қайыржанов болса, қылмыс объектісінің материалдық және формальдық жақтарын ажыратады. Материалдық жағы қорғалатын мүдде болса, формальдық жағы — ол мүддені бүркеп, қорғап тұрған құқықтық норма. “Құқықтық қорғаусыз құқықтағы мүдде жоқ. Сондай-ақ олар қорғайтын әлеуметтік құнды мүддесіз құқық, нақты құқықтық нормалар жоқ”, — дейді Е.І.Қайыржанов, оның ойынша, — “қылмыстың объектісін анықтау үшін. кез келген жеке жағдайда екі түрлі өзара байланысты мәселеге тоқталуға тура келеді. Біріншіден, кімнің қандай мүддесі.? Және, екіншіден, қандай құқықтық норма.. бұзылды?”[11].

“Формальдық тұрғыдан қылмыс объектісі болып құқықтық норма шығады. Бірақ бұл жәй беткі… жағы ғана. Объектінің неғұрлым терең мазмұнды жағы, мәнісі немесе қоғамдық құндылығы қоғам мен мемлекет атынан. қорғалатын мүддеде, қоғамның. материалдық  не моральдық игіліктерінде жатыр”[12].

“Мүдде қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола тұра, өз кезегінде, өзінің құқықтық формасымен жанамалануы, рәсімделуі, киінуі керек”, әйтпесе қылмыс объектісі емес[13]. Е.І.Қайыржанов, сондай-ақ, объект турасындағы академик М.Т.Баймахановтың, құқық бұзушы осы екі жақты объектіге (қоғамдық қатынастар мен оны қорғаушы заң) зиян келтіреді деген сөзін ат-үсті айтып өтеді[14].

Н.И.Коржанский болса, нормативистік теорияға өз қарсылығын былайша білдіреді: біріншіден, қылмыс кейде құқық нормаларымен реттелмеген қоғамдық қатынастарға (кейбір жыныстық қатынастар, қоғамдық тәртіп) қол сұғады, екіншіден, қылмыстық-құқықтық қатынастар қылмыс жасаудан бұрын өмір сүрмейді, сол сияқты бұл қатынастардың объектілері де одан бұрын өмір сүре алмайды. Ал қылмыс объектісі, керісінше, әрқашан қылмыс жасаудан бұрын өмір сүреді[15].

Біз өз тарапымыздан нормативистік теорияны қолдамағанымызбен, соңғы пікірге қосар ойымыз да бар. Н.И.Коржанский айтатын “құқықтық реттелмеген” кейбір жыныстық қатынастардың өзі ҚК-те  аталып өтсе (қылмыс хақында), соның өзі оны қорғаумен қатар реттеп өтеді. Демек, ненің жасалуға тиісті емес екенін білген соң, ненің (қандай әрекеттің) жасалуы мүмкін екені шығады. Ал бұл реттеу емес пе ?!!

Бұдан шығатын қорытынды — құқықтың аясына енбеген айдаладағы нәрсеге қылмыстық қолсұғылады деу қиыспайды.

Кейбір авторлар қоғамдық қатынастардың қылмыс объектісі екендігін айта отырып, объектіні нақтылауға көшкенде “мүмкіндікке” қарай ауысып кетеді (Б.С.Никифиров, А.Е.Фролов, Н.И.Коржанский т.б.), оның да себебіне өз кезегінде ораламыз.

 “Қоғамдық қатынастарға” соңғы жылдарда сүбелі қарсылықты А.В.Наумов білдірді. Оның пайымдауынша, қоғамдық қатынастар теориясы жеке адамға қарсы қылмыстардан басқаларына келеді, ал адамды “тек қоғамдық қатынастардың жиынтығы” деп түсіну өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі, адамның биологиялық тіршілік иесі ретіндегі  абсолюттік құнын төмендетеді. Сондықтан да А.В.Наумов қоғамдық қатынастар иедеясынан бас тартып, XІX ғасырдың аяқ шенінде қылмыстық құқықтың классикалық және социологиялық мектептерінде іргесі қаланған “құқықтық игіліктер” теориясына оралуға шақырады[16].

Десек те, Н.И.Коржанскийдің пікірі бойынша адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде емес, биологиялық тіршілік иесі деп қарасақ, онда қажетті қорғану жағдайында, үкімді орындау кезінде адамға қаза келтірудің заңды екендігін түсіну мүмкін болмай қалады[17].

Біздің ойымызша, қоғамдық қатынастар идеясынан мүлде бас тартуға болмайды. Себебі, айталық, әрекетсіздік арқылы жасалатын “Науқасқа көмек көрсетпеу” (ҚР ҚК 118-б.), “Қауіпті жағдайда қалдыру” (ҚК 119-б.) сияқты қылмыстар орын алғанда адам мүддесіне зиян келіп тұрғанын егер қоғамдық қатынастар (арқылы жүктелетін міндеттер) болмаса, қалай білуге болады? Оларға көрсетілмек көмекті кімнен талап ету керектігіне  заңмен қалыптасқан қоғамдық қатынастар (арқылы жүктелетін міндеттер) ғана жауап береді.

Қылмыстық құқық жүйесіндегі ерекше орын алатын қылмысқа өмірге қарсы қылмыстар болып табылады. Тәжірбиеде кеңінен көп тараған қылмыстар кісі өлтіру қылмысы болып табылады. Адамның өмірін қиятын асақауіпті қылмыс болып өмірге қарсы қылмыс жатады.  Қасақана кісі өлтіру қылмысын — өмірге қарсы қылмыстардың арасынан ең ауыры деп көрсеткен. Жеке адамға қарсы қылмыстардың ішіндегі өмірге қарсы қылмыстар қауіпті қылмыстар болып табылады. Адамның өмірі табиғат берген ең қымбат және ең нәзік сыйлығы, маңызды әлеуметтік құндылық, ол оны туғаннан иемденеді. Адам өмірінің негізгі жаулары билікті аңсау, дүниеқоңыздық және ауру. Демографтар жер шары тұрғындарының тең жартысы уақытынан бұрын өмірінен қоштасатындығын және олардың басым бөлігі зорлық нәтиежесінде өлетіндігін дәлелдейді. Кісі өлтіру түсінігі өмір және қаза келтіру түсінігімен тығыз байланысты. Адам өмірі – басты, Құдайдан берілген байлық, құнсыз игілік. Заң нормасына трансформацияланған «өлтірме» деген діни қағида адамға өзі сияқтылардың өмірін қиюға тиым салады. Адам өмірін қию, жоғалту осы қылмыстар жасалу кезінде адам өзінің ең құндылығы — өмірінен айырылады. Биологиялық көзқараспен қарайтын болсақ адамның өмірі қоректену, бөліп шығару, үзілмейтін зат алмасу процессі болып табылады. Осы функциялардың тоқтауы адам өмірінің тоқтауына әкеліп соғады. Кісі өлтіру қылмысы — өмірге қарсы қылмыстардың ең ауыры. Жеке адамға қарсы қылмыстардың арасынан кең тараған қылмыс болып кісі өлтіру қылмысын айтуға болады. Кісі өлтіру қылмыстарымен күресу сот, прокуратура, тергеу органдарының ең маңызды мақсаттарының біріне жатады. Адам өмірін тікелей қиюмен ғана емес сонымен қатар басқада қылмыс жасау кезінде де адамның өліміне алып келуі мүмкін. Мысалға, диверсия, террорлық акт, бандитизм қылмысы кезінде жәбірленушінің өліміне алып келуі мүмкін. Өмірге қарсы қылмыс кезінде адамның өмірін тікелей қияды. Адам өмірінің қауіпсіздігіне тікелей қолсұғатын және қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамдық қауіпті әрекет – бұл өмірге қарсы қылмыс. Адам өмірі әлеуметтік болмыспен қоса биологиялық болмысқа жатады. Қылмыстық құқықтық қорғаудың обьектісі болып табылады.

Қылмыс обьектісі – қылмыстық іс — әрекетті жасаған адамның не нәрсеге қол сұғып отырғандығы және қылмыс нәтиежесінде неге зиян келтіреді немесе неге зиян келтіруі мүмкін[18].

Қылмыстық іс — әрекеттің қоғамдық қауіптілігі оның қол сұғып отырған игілігінің қаншалықты құнды және маңызды екендігіне, сондай – ақ осы игілікке келтіретін зиянның қаншалықты мөлшерде екендігіне байланысты.

Қылмыс обьектісінің заңдық тізбегі Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 2 – бабында берілген. Бұл адамның, азаматтың құқығы, бостандығы мен заңды мүдесі және ұйымның меншігі, құқығы мен заңды мүдесі және қоғамдық тәртіп пен тәртіпсіздік, қоршаған орта, конституциялық құрылыс және адамзаттың қауіпсіздігі.

Тіпті қылмыстың жалпы құрамына талдау жасаған кезде де, сонымен қатар қылмыстың жекелеген топтарына талдау жасағандада, қылмыс обьектісіне арналған арнайы зерттеулерде көптеген мәселерді әлі күнег дейін бір жақты шешілмеген, осы тұрғыдан кейде қарама-қайшы пікірлер баршылық.

Шет елдердің сөздерінің сөздігінде “обьект ” сөзі латынның “objectum”- қандай болсада қызмет, әрекет бағытталған зат, құбылыс екендігін айтамыз. Қылмыстық құқықы теориясы дәстүрлі түрде қылмыс обьектісін қол сұғудан қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас ретінде қарайды. Әдебиеттерде бұл көзқарас жалпыға ортақ болып табылады.

Дегенмен, кейбір авторлар осы анықтаудың әділ екендігін жалпы алғанда келісе отырып, қылмыс обьектісінің теориясы қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастың жалпы әмбебап теориясы болып танылуы мүмкін емес, себебі ол кейбір жағдайларда әсіресе жеке адамға қарсы қылмысты талдау кезінде іске жарамайды деп есептейді. Өмірлік мүдде құқығымен қорғалатын құқықтық игілік ретінде обьект теориясына қайта оралу мүмкіндігін негізге алған А.В.Наумов осындай пікірді жақтайды[19]. Қылмыс обьектісін мүдде түсінігі арқылы айқындауды біз Е.І.Қайыржановтың жұмыстарынан да табамыз[20].

Қылмыстық құқық теориясына Б.С.Никифоров ұсынған тұжырымдама кеңінен таралуда, ол обьектіні зерттеуге оның құрылымдық элемменттері арқылы келуді негіз ретінде ұсынады. Аталған концепцияның кең таралғандығына қарамастан, обьектімен қылмыс затының, қоғамдық қатнастардың құрылымдылық элементтерінің арақатынасы проблемасы барынша даулы болып табылады[21].  Бірқатар криминалистер қоғамдақ қатынастың екі элементін көрсеткен: қатынасқа қатысушылар мен олардың өзара байланысынан тұрады деп санайды.

 А.А.Пионтковский қоғамдық қатынас құрылымында мынандай негізгі бөліктерді атап көрсетеді: қатынасқа қатысушылар, олардың арасындағы бергілі бір түрдегі өзара байланыс, сондай-ақ материалдық дүниедегі қандай да боласын бір зат бар[22].

Қоғамдық қатынас дегеніміз – бұл күрделі әлеуметтік құбылыс. Қоғамдағы барлық адамадар өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін, мүдделерін жұзеге асыра, міндеттерін орындай отырып, өзінің мінез-құлқына жауап беое отырып өзара көптеген және сан алуан байланыстар жасайды және мұндай байланыстардың болмауы мүмкін емес. Осы байланыстардың өзі қоғамдық қатынастар болып табылады.

Әлеуметтік байланыстарды бұзу жолымен қылмыс жасауға қоғамға пайдалы қызметті орындаудың орнына субьект қоғамаға қауіпті әрекет істейдігін көрсетеді сонымен бірге, ол қатынасқа қатысушыларға немесе қоғамдық қатынасы затына зиян келтіре отырып қоғамдық мәні бар затына қызметті бұзу жолымен қоғамдық қатынастар жүйесін іштей бұзады.

Қылмыс обьектісі туралы жалпы ілім обьектіні жіктеу мәселесіне тікелей байланысты. Атап айтқанда, қандай қоғамдық қатынасқа тікелей және ең алдымен зиян келтіретіндігі туралы мәселені нақтылау мақсатында қылмыстық құқық теориясында жалпы, топтық және тікелей обьектіні бөліп көрсету орын алған. Қылмыс обьектісі бұл қылмыстық қол сұғушылықтың не нәрсеге бағытталғанын және ол неге істелінеді, немесе осы іс әрекетпен қандай залал келтіретіндігін немесе келтіру қаупін білдіреді. Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың қоғамға қауіптілігі ең алдымен қол сұғу обьектісіне байланысты дейді.

Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың топтық обьектісі болып жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатнастар болып табылады.

Қылмыстық құққық теориясында кісі өлтірудің түсінігінше қылмыстық құқықтық классикалық және әлеуметтік мектептерінің өкілдері беріп кеткен анықтамаға қайта оралу тенденциясы байқалады. Олар кісі өлтіруге мынадай түсінік берген, «құқықпен қорғалатын өмірлік мүде». Бұл жерде жынысына, әлеуметтік жағдайына, діни ұстанымына, денсаулық жағдайына, жүріс тұрысына және жәбірленушінің басқа да тұлғалық мінездемесіне мән бермейді. Негізінен обьект дегеніміз заңмен қорғалатын мүде. Қандай да  болмасын қылмыс белгілі бір мүдеге қолсұғады. Кез – келген қылмыстар қоғамға зардап келтіреді немесе келтіруі мүмкін. Қылмыстың топтық обьектісі болып қоғамдық қатнастар және олардың қатысушылары болып табылады. Қылмыстық құқықтың басты мақсаты болып қылмыстық қолсұғушылықтан қоғамдық қатнастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық қолсұғушылықтың обьектісі болып қоғамдық қатнастардың қатысушылары ретінде (жеке) тұлға болуы мүмкін. Қасақана кісі өлтіру кезінде, кінәлі адамның өміріне тікелей қол сұғады. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде кісі қылмысының тікелей болып адамның болып табылады. Заң ол адамның азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналасатына, денсаулық ахуалына, біліміне, және де т.б. жағдайларына қарамай тең түрде бірдей қорғайды. Адамның туылғаннан өлгенге дейінгі аралығы адамның өмірі болып саналады. Заң адамды туылғаннан өлгенше қорғайды. Ешкімнің де адамның өмірін қиюға құқығы жоқ. өмірге қастандық жасау обьектісінің бар – жоғы туралы мәселені шешу үшін оның (өмірдің) бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет. Өлген адамның өлтірілуі мүмкін еместігі ескерілгендіктен жасалған қылмысты саралауға адамның өлімінің басталу сәтін анықтау мәселесі үлкен мәнге ие болады. Кейбір авторлар, нәрестенің ананың құрсағынан толық бөлініп шығуы немесе алғаш тыныс алуын адамның бастапқы өмір кезеңі деп санайды[23].  Дегенмен көпшілік ғалым – криминалистер шартты бастапқы өмірі деп туу процесінің өзін, немесе бастапқы физиологиялық тууды айтады. Туу процесі бастала бергенде адамның өмірін қылмыстық заңмен қорғау керек, — деп көрсеткен А.А.Пионтковский[24].

Адам өмірі туралы айтатын болсақ, нәрестенің ананың құрсағынсыз тіршілік етуін айтамыз. Құрсақтан өзінше тіршілік етуге белгілі бір уақыт аралығын алады. Нәрестенің құрсақтан тыс өзіндік қызметі бір уақытта дамымайды (тыныс алуы, қан алмасуы, тамақтануы, есжиуы, және т.б. жайттар). Адам өмірінің басталу шекарасын анықтау өте қиын.

Аурухана немесе стационарлық перзентхана жаҒдайындаҒы құрсақтаҒы нәрестенің өмір сүруге қаблеттілігі немесе құрсақтан тыс өмірге жарамды уақыты, кезі болып тәжірбиеде 7 айлық немесе жоҒары жастаҒыларды санайды[25]. Ананың құрсаҒындаҒы нәресте бұл жаста, дамыҒан, анық бір қасиетке ие, қызметшілік органдарының жоҒарҒы қарқынды дамыҒан сатысына жеткен, яҒни нәресте ананың құрсаҒынан тыс өмір сүруге дайын кезі деп көрсетеді.

Осы көзқарас бойынша, құрсақтаҒы нәрестенің барлық даму сатыларынан өтіп өмір сүруге дайын кезін «адам өмірінің бастапқы» кезі деп мойындауҒа болады, осыдан кейін бұны жою кісі өлтіру деп саналуы мүмкін. Жаңа туылатын нәрестені адам санасына қалыптастыру үшін ол нәрестені нақты көруі, физиологиялық туу басталҒанша, нақты нәресте туралы көруі немесе елес мүмкіншілігі адам санасында жаңа субьект немесе өзіндік өмір сүретін адам ретінде көрініс табуы мүмкін емес.ОсыҒан байланысты ананың құрсаҒындаҒы нәрестеге қарсы әрекет, бірақ құрсақтаҒы нәрестенің өмірге қаблеті жетілгені тұлҒаның санасына нақты адам өлтіру туралы ой келмейді. ҚұрсақтаҒы 8 – 9 айлық нәрестеге қандай да болмасын құралмен жүктіліктен әдейі,қасақана айыру үшін жасалҒан анасының немесе бөгде адамның әрекеті олардыың саасына тірі адамды өлтіргендігі туралы ой келмейді.

Гроздинский М.М., адамның бастапқы өмірі деп «Нәрестенің алҒаш тыныс алуы, немесе алҒаш тыныс алмаҒан бірақ ананың құрсаҒынан бөлініп шыққан кезі» деп көрсеткен[26].

Жаңа туылҒан нәресте өздігімен өмір сүре алмаса да, ананың құрсаҒынан толық бөлінген кезі адамның бастапқы өмірі болып саналады.

Шаргородский, нәрестенің алҒаш дем алуы немесе, кіндігінің бөлінуі ол адам өмірінің бастапқы кезі көзқарас ұстануда. Кейбір жаҒдайлрда, жаңадан туылҒан нәресте көзге көрінгенмен біршама уақыт бойы тыныс алмауы мүмкін. Кіндігінің бөлінуі немесе ананың құрсаҒынан толық бөлінуі адам өмірінің бастапқы кезеңі болып табылуы мүмкін. Ананың кіндігімен жалҒасқан, бірақ та алҒаш дыбыс берген, жәнеде алҒаш тыныс алҒан жаңа туылҒан нәресте медицина тәжірбиесінде көптеп кездесуде. Нәрестенің ананың құрсаҒынан толық бөлінген жаҒдайда немесе жартылай шыққанда оны жоюҒа жасалҒан әрекеті қоҒамдық қауіптілік маҒынасын өзгертпейді. ОсыҒан байланысты кінәлі нәрестені көріп және оны жояды. ЖоҒарыда көрсетілген жаҒдайда нәресте толық жетілген барлық керекті сапаҒа жеткен кезі болып саналады. Дегенмен нәресте әлде болсын адамның көзіне көрінбесе де, анасының жаҒдайы, жайы, көзге көрінерліктей белгілер беруі мүмкін. Жаңа туылып жатқан нәрестені жою адам өлтіру деп саналуы тиіс.

ТұлҒаның санасында, жаңа туылҒан нәрестеге жасалҒан қарсы әрекеті,ол, құрсақтаҒы нәрестені немесе жүктілікті айыру емес, оның әрекеті жаңадан туылатын нәрестені өлтіру болып табылады.

Сонымен адам өмірінің бастапқы кезі болып физиологиялық тууды айтамыз. Бұл уақытта нәресте толық жетілген, барлық даму қарқынан өткен, өзіндік өмір сүруге дайын кезі деп айтуҒа болады. Жаңа субьект ретінде дайын бір тұлҒа деуге болады. Осы уақытта нәрестеге қарсы әрекет адам өлтіру болып табылуы мүмкін. Осы аралықтан бастап адамда құқық қаблеттілік басталады.

Қылмыстық құқық теориясында және сот тәжірбиесінде кісі өлтірудегі қолсұғу обьектінің өмірінің басталу сәті ретінде физиологиялық туудың басталуын таниды. Сондықтанда қылмыстық заң туылып жатқан баланың өзбетінше өмір сүруінінің басталғанына қарамастан адам өмірін оның туылу кезеңінен бастап қорғайды. Алайда туу кезеңінің басталуына дейін адамның ұрығына қол сұғушылықты кісі өлтіру ретінде қарастыруға болмайды, мұндай жағдайда кінәлі қылмыстық жауапкершілікке денеге ауыр зақым келтіргені үшін немесе заңсыз қылмыстық аборт жасағаны үшін жауптылыққа тартылуы мүмкін.

Адамның өмірі анық бір жалҒаспалылықты білдіреді. Олай болса адам өмірінің аяқталуы олда бір процесс.

Өмірлік процестің табиҒи аяқталуы — өлім болып табылады. Адам өмірінің тоқтауы нақты бір уақыт аралыҒын алады, ол әртүрлі кезеңдерден өтеді. Өмірлік бір Ғана процестің тоқтауы өлім болып табылмайды. Мысалы; тыныс алуының тоқтауы, жүрек соҒуының тоқтауы.

Медицина Ғылымында өлімді 2 түрлі этапқа бөлген:

  • Клиникалық өлім,
  • Биологиялық өлім[27].

Клиникалық өлім тыныс алудың тоқтауы немесе жүрек соҒуының (жұмысының) тоқтауын сипаттайды. Клиникалық өлім кезеңінде аз Ғана уақыт аралыҒында өмірлік процестер оқтамайды айырмасу процестері жалҒаса беруі мүмкін.

 Клиникалық өлім 5 – 7 минутқа созылады, одан кейін қайтарусыз өлім кезеңіне өтеді[28]. Қазіргі медицина Ғылымының дамуына байланысты клиникалық өлім келген адамҒа өміріне қайтадан қалпына келтіріп жатқандары кездесуде. Клиникалық өлім келген адамҒа белгілі бір уақыт аралыҒында адамның өмірін қайтадан қалпына келтіруге болады. ТоқтаҒан тыныс алуының қайтадан тыныс алып кетуі, тоқтап қалҒан жүрек соҒуының соҒып кетуіне әрекеттер жасау болып табылады. АдамҒа клиникалық өлім әкелу кісі өлтіруге оқталу болып табылады. Клиникалық өлімнің жалҒасы ретінде биологиялық өлім болып табылады. Биологиялық өлім кезінде адамның ми қабының бұзылуы, орталық жүйке жүйесі қызметінің тоқтауы, организмнің өмірлік функцияларын қалпына келтіру мүлдем болмай қалуы. Адам соңҒы кезі болып биологиялық өлімді айтамыз. Қателесіп тірі адамға балап өлген адамға қолсұғуды (физиологиялық немесе биологиялық өлім басталған соң) кісі өлтіруге оқталу деп санау қажет. Үміттен айырылҒан наухас адамды және өзін — өзі өлтіруге тілек білдірген адамды өлтіруге заң қарсы. Адам өмірін сақтау үшін дәрігер барынша күресуге міндетті. Әрбір азаматтың өмірі қылмыстық заңмен бірдей қорҒалады. Адамның жеке тұлҒалық қасиеттері қылмыстық құқық Ғылымына және әділ сот органына әсер етпеуі тиіс. Тәртібі жақсы адамның да жаман адамның да өмірі бірдей дәрежеде, бұны қылмыстық заң ескеруі міндетті емес. ОсыҒан байланысты бұл жаҒдай қоҒамдық қауіптілік дәрежесін анықтаҒанда, қылмысты ашу және мотивін анықтаҒанда ескерлуі мүмкін. Кісі өлтіру қылмысының жәбірлеушісін зерттеу, маңызды криминологиялық мәселе болып табылады. Осы қылмыстың не себептен істелуін, жаҒдайын, қылмысты жасауҒа не итермелегендігі, және де осы қылмысты болдырмау үшін шара қолдануда маңызы өте зор.

 

 

1.3 Кісі өлтіру қылмысының обьективтік жаҒы

Қылмыстың объективтік жағы оның сыртқы жағын білдіреді және қоғамға қауіпті әрекетті және әрекетке байәланысты өзге де құбылыстарды қамтиды. Оның белгілері мынандай:

  1. Субьектінің қоҒамҒа қауіпті әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік); 2. Қылмыстық салдар (нәтиеже); Қылмыстық нәтиежемен әрекеттің арасындағы себепті байланыс; 4. Қылмыс жасау орны; 5. Қылмыс жасау жағдайы; 6. Қылмыс жасау тәсілі; 7. Қылмыс жасау уақыты; 8. Қылмыс құралы мен қаруы, Бұл белгілердің ішінде тек алғашқысы ғана барлық қылмыс құрамдары үшін міндетті де қалдғандары кейбір қылмыс құралдарында ғана көрініс табады.

Кісі өлтіру қылмысының обьективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Адам өлтіру әрекетпен де немесе әрекетсізбен де жасалуы мүмкін. Адам өлтіру негізінен көбінесе әрекет арқылы жүзеге асырлады. Яғни белсенді әрекет ету арқылы жасалуы мүмкін. Кісі өлтіру қылмысының обьективтік жағы деп басқа адамға қаза келтіретін қоғамға қауіпті әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) болып табылады.

Қылмыстың обьективтік жағы — қылмыстық жауаптылықтың маңызды алғышарттары болып табылады. Қылмыстың обьективтік жағы — қылмыстық жауаптылықтың негізі деуге болады.

Адам өмірін физикалық немесе психикалық ықпал ету арқылы айыруға болады. Адам өмірін күш қолданып та (жарақаттау, тұншықтыру, уландыру, т.б.) психикалық ықпал жасап та (қорқытып, үрейлендіріп, жалған лақап таратып, т.б.) айыруға болады.

Қоғамда көптеп кездесетін кісі өлтіру қылмысы белсенді әрекет ету арқылы жасалады. Тәжірбиеде кісі өлтірудің түрі ретінде күш қолданып кісі өлтірулер көптеп кездесуде. Яғни кінәлі жәбірленушінің оқпен атылатын және суық қаруды, өзге де заттарды пайдаланумен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдану арқылы өмірін қияды. Адам өлтіру қылмысы кінәлі өзінің білегінің күшімен немесе қандай да болмасын құралды пайдалану арқылы жасалуы мүмкін. Кінәлі өзінің білек күшін қолданып адам өлтіру ол қолымен қылқындырып өлтіру, ұрып – соғып өлтіру және де т.б. айтуға болады. Бұндай қылмыстар алдың – ала ойластырылмаған және табан асты бола қалған кісі өлтіруде кездеседі. Әр түрлі құралдарды (кастет, кинжал, у пышақ), механиздерді (қару, тапнаша) қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді, кінәлі тұлғаның әрекетінің негізінде кісі өлтіру деп қарастыруымыз қажет. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек – қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен адамды өмірінен айыру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандарымен әдістерінің көбейе түсуінің нәтиежесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде. Кінәлінің психикалық әрекеті жәбірленушіге бағытталады, дегенмен бұл жәбірленушінің жеке денсаулық ахуалы, қалпына байланысты. Қылмыскер жүрегі ауыратын адамға инфарктқа алып келетін қасақана мәліметтер айтуы арқылы жәбірленушінің өліп кетуіне әкеліп соғады. Өзінің қылмыстық жоспарын орындау үшін жан ауруына ұшыраған немесме жасөспірім қолданған, есі дұрыс және белгілі бір жасқа жеткен қылмыс субьектісі болуы мүмкін. Олай болса, өмірге қарсы қылмыстың көрініс табуы немесе жәбірленушіге тікелей әсер ету арқылы нәтиежесінде оған өлім келуі, немесе тек басқа күш қолдану арқылы жәбірленушіге өлім әкелуін айтамыз.

Қоғамға қауіпті әрекет. Қоғамға қауіпті әрекет немесе қоғамға қауіпті әрекетсіздік барлық қылмыстардың міндетті белгісі болып табылады. Соның ішінде қылмыстық іс — әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) обьективтік жағының аса маңызды нышаны болып табылады. Әрекет сырт жағынан адамның белсенді мінез — құлқымен  айғақтайды. Бұл жағдай әрдайым дене қозғалысынан көрініс береді, ал мұндай қозғалыс әдетте бірнеше дене қозғалысын біріктіреді (мысалы: кісі өлтірушінің тапаншамен оқ атуы көздеумен, одан тапаншаның шүріппесін басып қалумен байланысты дене қозғалыстарынан тұрады.) Қоғамға қауіпті іс — әрекет болып қылмыстық заңмен қорғалатын обьектілерге зиянын тигізетін, болмаса залал келтіруге тікелей қауіп төндіретін әрекет саналады. Егер де іс — әрекеттер қоғамға қауіпсіз болса, онда олар қылмысты әрекет деп танылмайды, және де қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Әрбір қылмыстық іс — әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық заң қорғайтын обьектілерге оларға елеулі зиян келтіруі немесе зиян келтіру тікелей нақты қауіп төнуі мүмкін. Адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі еркін білдіретін іс- қимылы болып табылады. Адам іс – қимылының сыртқы өмірдегі процестерден айырмашылығы, оның (адамның) саналы, бір мақсатты көздетін сипатты көрсетеді. Қылмыстық әрекет – бұл тұлғаның сыртқы көрінісіндегі қоғамға қауіпті акт, яғни сол адамның өзінің сыртқы денеқозғалысы және адам санасымен бақылануы арқылы жүзеге асырлуын айтамыз[29]. Қылмыстық әрекетсіздік – бұл тұлғаның сыртқы көрінісіндегі қоғамға қауіпті акт, яғни тұлғаның белгілі бір әрекетті саналы түрде істемеуі, демек бұл әрекетті істеу міндетті немесе орындауға мүмкіндігі болған жағдайда. Белсенді әрекет немесе әрекетсіздік жолы арқылы қасақана кісі өлтіру жасалуы мүмкін. Қандай да болмасын кісі өлтіру қылмысының жасалу әрекеттері  әртүрлі. Кінәлі кісі өлтіру кезінде тек қана өзінің білек күшінің көмегімен жәбірленушіге қаза келтіруі мүмкін. (мысыалы: қолымен қылқындырып өлтіру, аяғымен немесе қолымен соғу, жардан итеріп жіберу және т.б.) Кінәлі кісі өлтіру үшін жеңілдірек болуы үшін әртүрлі құалды қолдану арқылы өзнің білек күшін жұмсауы мүмкін. (мысалы: жәбірленушіге пышақпен, балтамен, таспен және т.б. заттармен соққы берілуі мүмкін.)  Кінәлінің білек күші маңызды (аз, әлсіз) болмауы мүмкін, бірақ оған қуатты күшті қолдануы нәтиежесінде жәбірленушіге өлім әкелуі мүмкін. (мысалы: тапаншамен ату, у мен улау, өртеу және т.б.)

Кісі өлтіру қылмысы тек белсенді әрекет ету арқылы ғана емес сонымен қатар әрекетсіздік арқылы жасалуы мүмкін. Бұл негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әректсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және және өлімге жол береді. Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамауы нәтиежесінде жәбірленушінің қаза болуы. Егерде кінәлі тұлғаға өлімнің алдын – алу міндеттемелері жүктелген болса, онда кісі өлтіру кінәлінің әрекетсіздігі арқылы жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда қандай да бір обьективтік және субьективтік алғышарттар болуға тиіс: заң бойынша – туыстық жақындығы, кәсіби борышы, жасасқан шарт бойынша міндет артылуы және ол міндетті орындай алатын мүмкіндік болуы тиіс. Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (өлтіру мақсатында шешсі жаңа туған сәбиді тамақтандырмайды немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шаралар қолданбайды), қызметтік жағдайына немесе кәсіби міндеті негізінде (жас баланы шарт бойынша бағып, күтуге міндеттенген күтуші, баланы қараусыз қалдыру негізінде оның өліміне алып келген болса), өздігінен жүріп – тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата – аналардың олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін. Бұл жағдайларда қылмыстық әрекетсіздік үшін жауап береді. Көп жағдайларда кісі өлтіруді жасау тәсілдері қылмысты саралауға әсер етпейді. Бірақта кісі өлтірудің кейбір түрлерін әрекет немесе әрекетсіздік тәсілдері қылмысты саралауға әсер етеді. Адам өлтіру тәсілдері әрқилы. Кейбір жағдайларда тәсіл адам өлтірудің сараланған түрін құрайды (қылмыстық кодекстің 96-бабы бөлігінің тармақтары). Ол, көбіне, жаза тағайындағанда ескеріледі. Қылмыстың обьективтік жағы сондықтан қылмыскердің ойы мен мақсаттарына баға беруде, оны субьективтік жағынан бағалағанда басты критерий болып табылады. Осыған орай қылмыстық істі тергегенде немесе сотта қарағанда ең алдымен қылмыстың істі обьективтік жағы орнықтырлады және тек қана соның негізінде қылмыстың субьективтік жағы белгіленеді, қылмыстық заң тиым салған қоғамдық қауіпті іс — әрекет жасаған адамның ойлары, ниеттері мен мақсаттары жайлы қорытынды жасалады.

Тек қана дене қимылымен емес, сонымен қатар психикалық ықпал ету арқылы жәбірленушіге қаза келтіруге болады. Бәрінен бұрын  бұл жәбірленушіге тікелей психикалық әрекетін айтамыз. Адамға күшті психикалық әрекет психикалық жарақат әкелуі нәтиежесінде терең психикалық уайымдау нәтиежесінде болатын  оған қаза әкеледі. Кісі өлтіру қылмысы кезінде әрекетсіздігі үшін жауаптылық туындауы ол тұлға белгілі бір әрекетті істеуге міндетті немесе істеу мүмкіншілігі болған жағдайда, яғни істемегені үшін оны айыптайды.

Кінәлінің қоғамға қажетті әрекеттердің істеу міндеттерінің  туындауы. Әрекетсіздік үшін жауаптылықтың туындау көздері әртүрлі болады, айталық: а) адамдардың арасындағы жеке қатынастар бойынша (мысалы: жас баланы міндеттемесіне алған тұлға өз міндеттемесін орындамауы); ә) Шарт бойынша; б) Заң немесе басқа да нормотивтік акт бойынша; в) Тұлғаның қызметтік немесе кәсіби міндеттері бойынша (Мысалы: өзін — өзі күте алмайтын адамды (соқыр) күтуге шарт жасасқан адам міндеттемесін орындамауы) ; г) Кінәлінің жеке міндеттемелері бойынша (Мысалы: кінәлі жәбірлушіні қауіпті жаҒдайҒа қалдырҒан жаҒдайда және оны құтқару үшін ешқандай шара қолданбауын айтамыз).

Кінәлінің әрекет етуінің негізгі бағалау мүмкіншілігі субьективтік критерилері:

Сол адамның (кінәлінің) білу  мүмкіншілігі, білімі, дәрежесі, тәжірбиесі, денсаулық жағдайы, сол нақты қалыпты жағдайда әрекет етуге талап етуі бойынша жоғарғы белсенді әрекет етуге мүмкіншілігін бар — жоғын ескеруі керек.     

Кісі өлтірудің обьективтік жаҒының келесі белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Қылмыстық салдар — бұл қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас және оның қатысушыларына қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздікпен обьектіге келген нақты дәл немесе басқа да зардап[30]. Қылмыс көптеген зардаптар әкелуі мүмкін. Кісі өлтіру қылмысы, мысалы, адамға өлім келтіреді, бірақ та жәбірленушінің жақындарына маңызды моральдық, ал кей кездерде материалдық залал келтіреді. Нақты қолсұғу обьектіге келген зардап салдар құрам элементі болып табылады. Қалған зардапты салдар құрамнан тыс болып саналады. Қасақана кісі өлтірудің зардапты салдардың бәрінен, адамға өлім келуі қасақана кісі өлтірудің құрам элементі болып табылады. Салдар — бұл материалдық сипатта ол нақты және анық жәбірленушінің өлімі. Бұндай салдардың келмеуі қылмыстың аяқталғандығын жоққа шығарады.  ҚоҒамҒа қауіпті зардаптың адам өлімінің болуы – бұл қылмыстың обьективтік жаҒының міндетті нышаны. Адам өлтірудің барлық түрлері жәбірленушінің өмірін жоюҒа келіп тіреледі. Кісі өлтіру қылмысы материалдық құрамҒа жататын қылмыс болып табылады. Өмірді айыруҒа тікелей қасақаналық болҒанымен қылмыстық зардаптың — өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталҒандыҒы, адам өлтіруге оқталҒандық ретінде саралауҒа негіз береді. Адам қаза таппаса бұл қылмыс аяқталҒан болҒан болып саналмайды. АдамҒа өлім келмей қылмыстық салдар жоқ санауҒа негіз береді.

Себепті байланыс — материалдық қылмыстардың обьективтік жағының нышаны. Жеке адамның қоғамға қауіпті зардаптардың туындағаны үшін жауаптылығы зардаптар ол жасаған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікпен себепті байланыста болғанда ғана келтіруі мүмкін. Себепті байланыстардың обьективтік мән — жайының қылмыстық құқық үшін де айтарлықтай маңызы бар. 

Себепті байланыс қылмыстық құқықта қылмыстың обьективтік жағының элементі ретінде қоғамға қауіпті әрекетпен (әрекет немесе әрекетсіздік) және келген залады салдардың (қылмыстық нәтиеже) арасындағы байланысты айтамыз. Себепті байланыс қасақана кісі өлтірудің  құрамын талдау кезінде маңызды белгісі болып табылады. Тұлғаның әрекет немесе әрекетсздігі және жәбірленушінің өлім келуі арасындағы себепті байланысты анықтау кісі өлтіру үшін қылмыстық жауаптылықтың қажетті мән — жай болып табылады. Себепті байланыстың болмауы кісі өлтіру құрамын жоққа шығарады. Себепті байланыс обьективтік байланыстың нысандарының арасынан бірі болып табылады.

Себепті байланыс — бұл бір немесе бірнеше құбылыстардың (себеп) өзара әрекеттесуімен туындайтын басқа (салдар) құбылыс. Себепті байланыстағы қылмыстық салдар болып уақыт өте осы нәтиежеге алып келетін әрекеттермен (әрекетсіздіктер) себеп саодардан әрқашан да ерте пайда болады.

Себеппен салдардың арасындағы уақыт әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ ол қылмыс құрамының бары немесе жоғы екендігін жөніндегі мәселені шешуге әсер етпейді. Себепті байланыс егер тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі кезінде нақтылы зиянды салдардың туындау мүмкіндігін қалыптастырса ғана қылмыс құрамының элементі болып табылады.

Адам өлтірудің нышаны ретінде — айыптының іс — әрекеті мен жәбірленушінің өлімі арасындағы себептік байланыс. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткенннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субьектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауап береді. Кінәлінің әрекеті немесе әрекетсіздігі мен жәбірленуші өлімі арасындағы себепті байланыта бұл қылмыстар бойынша міндетті болады. Қарастырып отырған қылмыс жәбірленушінің өлімі туындаған кезде ғана аяқталған деп саналады. Және де өлімнің бірден немесе біраз уақыт өткеннен кейін туындауы маңызды емес. Кісі өлтіру ретінде адамды заңға қайшы өмірінен айыруды тани аламыз.  Қылмыс нәтиежесінің кездейсоқ емес, айыпты әрекетінің зардабы болуы міндетті шарт. Адам өлтіру — басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіруді айтамыз. Егер адам заңды жолмен өлтірсе, ондай әрекеттерге өлім жазасына кесілген адамды өлтіру, қажетті қорғану шегінен асып кетпей қол сұғушыны өлтіру (қылмыстық кодекстің 32- бабы), қауіпті қылмыскерді ұстаған кезде оны лажсыздан өлтіру (қылмыстық кодекстің 33- бабы) Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адамға нақты зиян келтірген үшін ғана жауап береді (мысалы, қасақана денсаулыққа зиян келтіргені үшін) жатқызуға болады. Қасақана кісі өлтіру қылмысының көрсетілген көзқарасын жариялай,  мынадай қорытындылауға болады, субьектінің әрекеті (әрекетсіздігі) өлімнің себебі болып табылады тек мына жағдайда, егерде олардың жасауының оның (зардаптың) туындауына нақтылы мүмкіншілік туғызған жағдайда.

Қасақана кісі қылмысының обьективтік жағының мәселесін зерттеуде орны мен уақыты, тәсілі мен құралы, қылмыстың барлық орналасу жағдайынына жеткілікті зерттеуге көңіл бөлу қажет. Көрсетілген мән — жай қылмыстың обьективтік жағының өзіндік белгісі болмайды. Дегенмен бұл мәселелерді кісі өлтіру қылмысының қоғамдық қауіптілігін бағалауға толық мүмкіндік береді, және де оны жасаудың тәсілінің обьективтік шартын құрады. Қасақана кісі өлтірудің жасалуының уақытын зерттеу мәселесі маңызды маңызы болып табылады. Қылмыс іс уақыты қылмыс құрамының нышаны ретінде қылмыс жасалатын белгілі бір уақыт кезеңі болып табылады. Көпшілік қасақана қылмыстар кешке және түнде жасалады. Кісі өлтіру қылмысының жартысы кешкісін жасалады. Сонымен қатар көпшілік қылмыстар (мысалы: ұрлық қылмысы) адамнан жасырын жерде жасалады. Кісі өлтіру қылмысының орнына келетін болсақ көп жағдайда жеке жағымсыз қатнас негізінде ғимараттардың іштерінде жасалады. Қылмыс істелген жер — қылмыс жасалған белгілі бір аумақ. Қылмыс жасаудың тәсілі деп анықталған қылмыскердің қолдануының тәртібі, тәсілі, қозғалысының ретін әдісін айтамыз. Сонымен қатар қылмыс істеу тәсілі деп қылмыскердің қылмыс жасау үшін қолданған амалдары мен айла шараларын айтамыз. Қылмыс істеу тәсілі де қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің барлығына немесе дәрежесіне өте жиі әсер етуі мүмкін, сондықтан ол (тәсіл) іс — әрекеттің қоғамдық қауіптілігін жоғарылатқан жағдайда заң шығарушы оны қылмыстың тиісті құрамының нышандары қатарына енгізеді. Қылмыс жасаудың тәсілі ол қандай игілікке қолсұғуына байланысты. Кісі өлтіру қылмысының обьектісі адам өмірі бұл қылмыс жасауының сипатын көрсетеді. Кісі өлтіру қылмысының тәсілін анықтау қылмыстың қоғамдық қауіптілгін, қылмыскер тұлғасын дұрыс бағалау маңызы маңызды болып табылады. Және де қасақана кісі өлтіру қылмысының алдың — алу және ескерту үшін өте маңызды болып табылады. Құқыққолдану тәжірбиеде жәбірленушіге нақты сол немесе басқа да жарақат салу кезінде  ниеттің  нақты бағытын анықтау кезінде ерекше қиындық туғызады. Осындай бағытталғандықтың қандай белгілермен соттау үшін тәжірбиелік қызметшілер әрдайым біле бермейді. Ең алдымен бұл обьективтік белгілер болып табылады: өмірге немесе денсаулыққа залал келтірудің тәсілі, құралымен затының қолданудың ерекшелігі, жарақаттың санымен локализациясы, қылмыс жасаудың жағдайы, жәбірленушімен айыптының арасындағы өзарақатнасының сипаты, төнген қауіптің мазмұны мен нақтылығы, криминалдық акт кезінде және де одан кейін айыптының тәртібі. Кей уақытта құқыққолдану тәжірбиеде ниет бағытының әртүрлеріне керекті көңіл бөліне  бермейді. Яғни заңда тікелей көрсетілмеген, дегенмен қылмыстық құқық теориясында толық талқыланған деуге болады. Бұл қылмыстар көбінесе өмірге қарсы және денсаулыққа қарсы қылмыстар ісінде кездеседі. Кінәлі ниет бағытының анықталмағандығы, дегенмен кінәлі өзінің әрекетінің нәтиежесінде салдардың тумай қоймайтынын біледі, бірақ жеткілікті жағдайда анық көре алмайды.  Фактілі түскен салдар нәтиежесінде кінәлі жауаптылықты көтереді, әркезде де тәжірбиеде дұрыс түсіне бермейді.  Қылмыс істеген жағдай — қылмыс жасалатын обьективтік шарттар. Қылмыс істеудің құралдары мен қарулары — солардың көмегімен қылмыс жаслған құралдар мен басқа да керек жарақтар. Қылмыскердің қандай құралды қолданғаны да іс — әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесіне айтарлықтай әсер етеді.

Кінәлінің әрекет (әрекетсіздігі) нәтижесінде мұндай зардаптың туындамауы қылмысты аяқталған деп мойындауын және адам өлтіруге дайындалу немесе оқталудың болуы Қазаақстан Республикасы кодексінің 24 бабын қолданып саралауға әкеледі.

Адам өлтіру барысында объективтік жақтың тағы бір белгісі болып кінәлінің әрекеті (әрекетсіздігі)нің арасындағы себепті байланыс және жәбірленушеге қаза келтірудің туындауы танылады. Іс-әрекет және туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыс мәселесін шешу барысында оның объективті түрде өмір сүретіндігін ескеру қажет.

Іс-әрекет және жәбірленушіге туындаған өлімнің арасындағы себепті байланыстың болмауы немесе  өмірінен айыруға байланысты қылмыстық жауаптылықты толық жоққа шығарады, немесе басқа да саралауға әкеледі.

Объективтік жақтың сипаттамасына адам өлтіруді жасаудың нақты жағдайы да жатады. Ол себепті байланыстың болуы немесе болмауы мәселесін шешу үшін маңызға ғана ие емес, осы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін немесе осы қылмысты саралау үшін белгілі бір жағдайларда маңызды.

 

  1. 4 Кісі өлтіру қылмысының субъективтік жаҒы

Қылмыстың субьективтік жағы оның ішкі жағын көрсетеді және мынандай белгілерді қамтиды: кінә (қасақана немесе абайсызда), ниет, мақсат және кейбір кездері эмоционалдық жағдай (оның ішінде, тек қана аффект).

Кінә — бұл адамның қоғамға қауіпті іс — әрекетіне (әрекет немесе әрекетсіздік) және одан туындайтын зардапқа деген тұлғаның психикалық көзқарасы. Қылмыстық жауаптылыққа және жазалаушылыққа тек қана қылмыс жасаған кінәлі, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қасақана немесе абайсызда жасаған қоғамға қауіпті әрекетте жасаған тартылады. Қасақана кісі өлтірудің субьективтік жағын толық және терең талдау келесі себептер бойынша аса маңызды. Біріншіден, қылмысты жасаған тұлғаның ішкі жан дүниесін зерттеу көп жағдайда қиын деңгейде болады ұқыпты зерттеуді талап етеді. Екіншіден, заң басқа қылмыстардың субьективтік жағын суреттеуге қарағанда кісі өлтіруге қылмысы кезінде әртүрлі психикалық күйзеліс жағдайына жіліктеп (деталдап) және толықтырып көрсетеді. Үшіншіден, біржақты субьективтік жағы бойынша кісі өлтіру қылмысы өлімге әкелумен байланысты басқа қылмыстардан айырмашылығы бар.

Кісі өлтіру қылмысытек қана қанақаналықпен жүзеге асырлады, себебі заң шығарушы абайсызда қаза келтіруді (ҚК 101-бабы) кісі олтіру санатына жатқызбайды. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей  және жанама ниетті қамтиды. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның (кінәлінің) әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс — әрекет жасайды. Қасқана кісі өлтіру кезінде айыпты қылмысты әрекет немесе әрекетсіздік жасау барысында себепті байланыстың даму барысының детальді білу талап етілмейді. Нақты әрекетінінің мазмұнын сезіну жеткілікті шарт болып табылады. Тікелей қасақаналықта айыпты өзінің әрекетінің нәтиежесінде жәбірленушіге өлім әкелетінің алдың — ала сезеді. Айыпты өзінің әрекетінің салдарынан жәбірленушіге өлім әкелетінің алдың — ала ойлайды және де сол ойды жүзеге асыру үшін талпынады. Кісі өлтірудің тікелей қасақаналық кезінде айыпты жәбірленушінің өлімін тілейді. Сонымен қатар жауаптылықтың болуын ұғынады және де қоғамға қауіпті әрекет екенін сезінеді. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды сезінеді, осы әрекеттің нәтиежесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу — болмауына немқұрайдылық танытады.

Тікелей қасақана ниетпен жанама қасақана ниеттің мағынасы бойынша айырмашылығы жоқ деуге болады. Бұлардың айырмасы деп қасақана кісі өлтіруде айыпты жәбірленушінің өліміннің келуін және де онымен қоймай қоятының алдың — ала біледі. Жанама қасақананлықта айыпты жәбірленуші өліміннің мүмкіншілігін немесе айқындылығын көреді

Жанама қасақаналық еріктілік кезеңі жәбірленушінің өлімін келуін тілемеу, бірақ саналы түрде оған жол беруі болып табылады. Жанама қасақаналық кезінде тұлға қылмыстық салдардың болуын тілемейді, немесе басқа бір мақсатқа жетуін көздейді. Осы бір мақсатқа жету барысында тұлға жәбірленушінің өлімінің мүмкіншілігінің келуіне саналы түрде жол береді. Тұлға әрекетімен  келетін салдарына тілегендіктің болмауы келетін салдарға тұлғаның немқұрайды қарауы болып табылады. Осындай салдарға айыптының қатнасы қылмыстық құқық ғылымына өзіндік негіз қылмыстық немқұрайлық деп кінәлілік нысанын айтуға болады. Сондай — ақ айтар кетер нәрсе жанама қасақаналық кезінде қылмыстың салдарына саналы түрде жол беру бұл зардаптың төнуіне тұлғаның немқұрайлы қараумен қана байланысты емес кей — жағдайда салдардың төнуін анық қаламауында көрініс табады. Субьект өз іс — әрекетін жасау кезінде жәбірленушіге өлім келмейді деп үміттенуі мүмкін, бірақ нақтылы және дәл жағдайларда және өзінің төнуін болдыртпау мүмкіншілігін бола тұрса да жүзеге асырмайды. Жәбірленушінің өлімінің төнбеуін тұлға қандай да бір (авос) кездейсоқ жағдайларға байланысты төнбеуі мүмкіндігіне сенеді. А.А.Пионтковский атап өткендей «Авос» сену яғни жоқ нәрсеге сену деген сөз. Кінәлінің ойынша жанама қасақаналықтың қылмыстық салдары оның әрекетінің жағымсыз нәтиежесінің мүмкіншілігі қылмыстық немесе қылмыстық емес мақсаттарға жету үшін жасалуы болып табылады. Қандай да болмасын қылмыс бір мақсатқа жету үшін істеледі[31]. Басқа да бір қылмыс жасау мақсатында жанама қасақаналықпен кісі өлтіру қылмысы жасалуы мүмкін. Бір мақсатқа жету барысында жанама қасақаналықпен кісі өлтіру жолын айыпты тандауы мүмкін. Айыптының ниетінің тікелей қасақаналығы басқа қылмыс жасау барысында көрініс табуы мүмкін.

М.Д.Шаргородский атап кеткендей «Кісі өлтірудің тікелей қасақаналығы қауіптірек және де қатаң жазалау шарасын қолдануды талап етеді,  кісі өлтірудің жанама қасақаналығына қарағанда[32]. Жанама қасақаналық тікелей қасақаналыққа қарғанда (салыстырғанда) еріктілік белсенділігі (интенсивнті) жоғары болуы мүмкін, бұндай жағдайлар көптеп кездесуде. Жанама қасақаналық кісі өлтіру кезінде айыпты өзінің жеке мүдесі үшін басқа адамдарды аса қатыгездікпен игоизмдікпен құрбан шалғандары көптеп кездесуде. Дегенмен де осыған байланысты жанама қасақаналықтың тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыстардың қауіптілігінен қалыс қалмайды. Кісі өлтіруге оқталғандығы үшін жауаптылық мәселесін шешкен кезде тікелей қасақаналықпен жанама қасақаналықты ажырату аса маңызды болып табылады. Жанама қасақаналықта тұлғаның еріктілік әрекеті жәбірленушінің өмірін тікелей қиюға  бағытталмайды. Ол басқа қылмыстық немесе қылмыстық емес нәтиежеге жету үшін бағытталады. Жанама қасақаналықпен әрекет етуші тұлға тек қана қылмыстың салдарынан жәбірленушіге өлім келу мүмкіншілігін сезінеді бірақ осы салдарды тудыруы үшін тікелей әрекет етпейді.

Н.Д.Дурманов атап өткендей, салдардың көпшілік мүмкіндігі үшін ешқандай негіз жоқ, кінәлі оның түсуіне жол береді, жанама қасақана әрекетте. Бұндай жағдайда жауаптылықтың туындауы нақты түскен салдармен анықталады. Кінәлі әрекетінің тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалғанын шешу кезінде, соттар барлық болған жағдайдың мәнін меңгеруі және ескеруі қажет. Сонымен қатар кінәлімен жәбірленушінің өзарақатнасы, қылмыс жасаудың тәсілі, қолданған құралы, жәбірленушіге келтірген жарақаттың немесе зақымның сипатына ғана көңіл бөлуі қажет. Өзінің әрекетінің салдарын кінәлі алдың – ала көргендігі мәселесін дұрыс шешу барлық осы жағдайлардың жиынтығын анықтау сотқа көмек болуы мүмкін. Егер сот мойындап бекітіп таныған, өлімнің келу мүмкіншілігін көрген сотталушы және осы салдарға немқұрайды қараған, кінәлінің әрекеті, жанама қасақаналықпен деп жасаған және қасақана кісі өлтіргендігі үшін саралануы қажет[33].  Жәбірленушінің өмірлік маңызды органының анатомиялық тұтастығын немесе қызметін (функциясын) бұзу кінәлі әрекетінің бағыты қасақаналықпен кісі өлтіргендігі үшін куәлік етуі мүмкін. Қолданған қаруы немесе құралы, өлім әкелу мүмкіншілігі, кінәлі әрекетінің жеткілікті интенсивтілігі, жәбірленушіге салған жарақаттың көптілігі, бұрыннан да жәбірленушіні өлтіруге ынта жігері осылардың барлығы да қылмысты саралауда әсер етуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша абайсызда адам өліміне алып келген іс — әрекет адам өлтіруге жатпайды, дегенмен өмірге қарсы қылмыстар қатарына жатады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адамөлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға жанама ниетте әрекет етеді. Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай (нәтиеже) қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде ол тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкен кезде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен құралы, қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себебі, сондай — ақ кінәлінің қылмыс істеу алдыңдағы және одан кейінгі мінез — құлқын (тәртібін), оның жәбірленушімен арақатнасын ескеруі тиіс. Адам өлтірудің субьективтік жағын сипаттау үшін себептің де, мақсаттың да үлкен маңызы бар. Адамды өлтіргенде айыптының әрекеттеріндегі себеп пен мақсат әртүрлі болуы мүмкін, олар қылмысты саралауға ықпал жасайды немесе жаза тағайындағанда ескеріледі. Жәбірленшінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәліні өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату әдетте адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінің өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығында ескеру керек мұндай жағдайда. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез — келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиеже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс. Адам өлтірумен алдын — ала қорқыту басқа мән — жайлармен қатар адам өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой — ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді.

Адам өлтірумен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге қаруды, сондай — ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірбие көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек.

Адам өлтіру жанама қасақаналық ниеті кезінде кінәлі өз әрекетінің нәтиежесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін біледі де сезеді. Кінәлі зардаптың қалай да болмай қоймайтынын білген жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады. Ниеттің осы түрлерінің арасындағы неғұрлым елеулі айырмашылық, заңда көрсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына немқұрайды қарайды.

Қасақана кісі өлтірудің ниеті мен мақсаты. Қылмысты әрекеттің себебі мен мақсатын ұқыпты зерттеусіз қылмыстың субьективтік жағын дұрыс меңгеру ақылға қонымсыз болып табылады.

Ниет (латын сөзінен шыққан – moveo – «қозғаймын» деген мағынаны білдіреді.) қылмысты мінез – құлықтың қозғаушы себебі, ішкі түрткі, адамға қылмыс жасауға шешім тудыратын және ол онымен жасалу кезінде басқарылады.  Адамның саналы әрекеті әрқашаеда анық мотив тәртібінемен байланысқан. Мотивсіз әрекеттер болмайды, бірақ мына жағдайдан басқа, адам өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) нақты мән – жайын және қоғамға қауіпті екендігін түйсінуге қаблетсіз болса онда оның әрекетінде қылмыс мотиві болмауы мүмкін. Мотив бұл адамның бір әрекет жасауға итеретін күш. Итеретін күш адамды жақсы немесе жаман әрекет жасауға яғни қылмыс жасауға итеруі мүмкін. Мотив адам психикасында өтіп жатқан эмоционалдық және еріктілік процестер. Мотив тікелей адамның еріктілік әрекетімен байланысты.

Кісі өлтіру қылмысын саралау үшін барлық мотивтердің маңызы жоқ. Десек те кейбір саралауға ықпал етпегенімен саралаушы белгі болып табылатын кейбір мотив түрлеріне ұқсас болып келетін ниеттерді атап өткен жөн. Айталық, қызғаныш салдарынан адам өлтіру. Қасақана адам өлтірудің ниеті ретінде қызғаныш әдебиеттерде әртүрлі бағалауға ие болды. Э.Ф. Побегайло қызғаныш өзінен өзі пайдақорлық көзқарасы. болып танылмайды деп есептейді.2 М.К. Аниянц «қызғаныш — адамда қандай себепте туындамауына қарамастан ол ескінің жағымсыз қалдығы, осындай ниетте адам өлтіру қатаң жазалануы тиіс деген пікірде». 3

Адам өлтірудің ниеті ретінде қызғаныш осы мән-жайлардың күшінде жағымсыз бағалауға ие болады. 4 Бірақ та бұл жеке қарауды жоққа шығармайды, қызғаныштан адам өлтірудің қоғамға қауіптілік дәрежесі, кез келген өлтірудегідей жасалған қылмыстың нақты мән-жайларымен байланысты анықталуы тиіс. Сондықтан қызғаныштың пайда болу себебін назардан тыс қалдыруға болмайды, қызғаныш ниетінен адам өлтіруді жасау барысында немесе жасау алдында жәбірленушінің ролі және мінез-құлқын ескермеу қателікке жол берілетін еді. Қызғаныштың пайда болу себебі тек кінәлінің жаза шарасына ғана емес, оның әрекетін саралауға да әсер етеді.

Еркек және әйелдің қарым-қатынасына байланысты адам өлтірулер көбінесе эротикалық қызғаныш нәтижесінде жасалады. Ол сүйікті адамының нақты немесе сезіктену барысында уайымдану кешенінен тұрады және күрделі психологиялық құрылыммен, эмоциональдық әсер ету және жағдайлармен (көре алмау, қызғаныш, дабыл, ашу және т.б.), ºиналу арқылы күмәндану, интеллектуалды және еріктілік салаларындағы күрделі көріністермен, мінез-құлықтың күрделі нысанымен, адам өлтіруді қосқанда әлеуметтік қауіптілікті түрінде сипатталады.

Бірақ эротикалық қызғаныш әділетті атап өтілгеніндей жұбайына деген мұқият қатынасқа түрткі болуы мүмкін[34].

Психиатрлар қалыпты қызғаныш, он бағалы (сверхценный) қызғаныш осы және сандырақ (бред) қызғанышы деп ажыратады. Адам өлтіру істерін тергеу және соттық қарау барысында қызғаныштың сипатын анықтау қажет. Соңғы екі жағдайларда адам өлтіру есі-дұрыс еместік жағдайында келтірілуі  мүмкін. Бірақ қызғанышты тудыратын жағдайды шектеу дұрыс емес болар еді. Жасөспірімдермен жасалған қызғаныш ниетіндегі бірқатар адам өлтірулер бізге белгілі, өлтірілген (ағасына немесе қарындасына) ата-анасы немесе басқа да туысқандар осы қылмысты жасаған адамға қарағанда «жақсы көзқараста» болғандығы анықталған.

Қызғаныштан адам өлтіруге түрткі болып көбінесе жалған немесе нақты көзіне шөп салу танылады.

Мынадай фактілер де кездесуі мүмкін, жәбірленушінің тұрмысқа шығуына немесе жәбірленушінің үйленуіне бас тартқан жағдайда адам өлтіру қызғаныш арқылы жасалды деп танылады.

Қызғаныштан адам өлтіруге басқа да түрткі болып жәбірленушінің бірге тұрудан бас тартуы болуы мүмкін.

Бірге тұрудан бас тартқандығы үшін адам өлтіруді сот тәжірибесінде қызғаныштан адам өлтіруге жатқызу мәселесі даулы болып саналады. Кейбір жағдайларда мұндай адам өлтірулерді соттар кек алу арқылы адам өлтіру деп таниды.

Біздің пікірімізше мұндай адам өлтіруден қызғаныш арқылы адам өлтіруге жатқызылуы тиіс. 

Осы мәселені шешу күрделілігі мынадан көрінеді, адам өлтіру кезіндегі қызғаныш әрқашанда кеті тудыратын зұлымдық элементін құрайды. Сондықтан қызғаныш арқылы адам өлтіру өте көп жағдайларда кек алу арқылы адам өлтіру боп танылады, кек алуға түрткі болып опасыздық немесе бөлінбеген махабат танылады.

Қылмыстық кодекстің 96-бабындағы адам өлтіруді саралау үшін жеке бас қатынастарына түрткі болған кек алу және қызғаныш ниеттерін ажырату маңызға ие емес, өйткені кез-келген жағдайда осы бап қолданылады. Бірақ та осы жағдайда кінәлік жаза тағайындауда ықпал ете алатын, ол қылмысты жасауға әсер ететін себептен және шарттарды анықтауға және жоюға байланысты адам өлтірудің ниетін анықтау қажеттілігін жоққа шығаруға болмайды.

Барлық көрсетілген жағдайдарда қызғаныштың үшін негіздердің болуы немесе болмауына байланысты емес адам өлтірудің жеңілдететін мән-жайы боп табылмайтын. Пайдакүнемді эгоисттік сезімнен тұрады. Сонымен бірге қызғаныш адам мінез-құлқының ниеті ретінде көптеген басқа да кез-келген сәттерден тұрады. Кейде қызғаныш үшін түрткі болады, кейде ол қиялдың және негізсіз сезіктенудің жемісі. Бірақ кез келген жағдайда адам өлтіруді ауырлататын хағдайда жасалды деп санауы үшін қызғаныш ниеті өзіне-өзі жеткіліксіз боп табылады.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігін қолдану үшін осы баппен көзделген қызғаныш ниетін мән-жайы болуы қажет.

Кей жағдайларда қызғаныштан адам өлтіру басқа адамның тарапында әдепсіз әрекеттермен шақырылған кенеттен күшті жан толғанысы жағдайында жасалуы мүмкін. Мысалы, кінәлінің адам өлтіруге қатысуымен жасалған тұлғаның опасыздығы.

Әдебиетте кейде мынадай пікірлер бар, қызғанышпен адам өлтіру   көбінесе   физиологиялық    жан-күйзелісі    жасалады деген. Бірақ та тәжірибені зерттеу мынаны көрсетеді, қызғанышпен адам өлтіру жан күйзелісі жағдайында жасалған деп танылады мынадай сирек жағдайларда, өйткені қызғаныш сезімі көбінесе  кезең-кезеңімен  дамиды  және   жалпы  ереже  бойынша

қасақандылықтан пайда болуы Қылмыстық кодекстің 98 бабын қолдану үшін қажетті кенеттен пайда болу жоқ.

Д.А. Шестаков жұбайлық адам өлтіру мәселесін криминологиялық аспектіде зерттей отыра, қызғаныштан басқа қылмыстардың мынадай ниеттерін атап көрсетеді, өзін-өзі бекіту реніші, қамқорлықтан қашу және т.б.[35] Барлық  осы ниеттер қызғанышпен байланысты болады, бірақ олар өздері қызғаныш ретінде қылмыстық заңды қолдану үшін дербес маңызға ие болмайды, бірақ та адам өлтіруді саралаудың бірінші кезеңінде оның мән-жайларын анықтау үшін бағыттаушы маңызға ие.

Егер ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар болмаса, онда аталған ниеттердің әрқайсысы ҚК 96-бабы 1-блігі бойынша қылмыстарды саралау барысында үкімді (формулировку) негізіне жатқызылуы мүмкін.

Ұрыс немесе төбелес кезінде адам өлтіру. Тәжірибені зерттеу көрсеткеніндей ұрыс немесе төбелес кезінде жасалған адам өлтірудің бірқатар бөлігі Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша сараланады. Төбелес немесе ұрыс кезінде адам өлтіру ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар болмаған кезде 96-баптың 1-бөлігі бойынша сараланады.

Мысалы, облыстық соттың үкімімен Кунеев Т.Н. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-бөлігі «д» тармағы бойынша сотталған. Сотпен ол өзінің ауылдасын аса қатігездікпен адам өлтіру кінәлі деп танылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот үкімін мынадай негіздер бойынша өзгертті, қылмыстық істің материалдарымен анықталғанындай, Кунеев және 1998 жылдың 13-шi àқпаннан 14-не қаратан түні Арам Тоба поселкесінде маскүнемдік жағдайларында поселкенің Мәдениет Үйінің қасында түнгі сағат екілердің шамасында олардың арасында ұрыс-керіс және төбелес басталды. Төбелес барысында Кунеев Д-ны ұрды және оқиға болған жатқызып қалдырып кетті. Кунеевтің ұрып-соғуынан алынған ауыр дене жарақатынан Д. қайтыс болды. Таңертең мәйіт оны ұрып-соққан орыннан табылды.

Бірінші сатылы сот сотталушы Кунеевтің әрекетінде аса қатегездік белгісі бар деп негізсіз таныды. Сотталушы онымен ешқандай   да   аса   азаптау   мақсаты   қойылмағандығын  айтты,

кінәлінің әрекетінде ешқандай аса қатігездіктің болуының объективтік белгілері көрінбейді.

Алынған жарақаттар аса қатігездік деп соттың қорытынды жасауына әкелмейді, ол тек адам өлтіруге қасақаналықты білдіреді.

Мұнадай жағдайларда, яғни аса қатігездік белгілерінің болмауы жағдайында, қылмыстық істер жөніндегі Сот алқасы сотталушының әрекеті Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша ауырлатпайтын мән-жай бойынша адам өлтіру деп саралануға жатады[36].

Төбелес немесе ұрыс-керіс кезінде адам өлтірудің өзі мұндай адам өлтіруді кенеттен пайда болған жан толғанысы жағдайында немесе қажетті қорғаныс шетінен шығу әлде абайсыздықпен адамға өлім келтіру деп жатқызатын мән-жайдың болуын жоққа шығармайды. Осы белгілердің болуы жағдайында төбелес немесе ұрыс-керіс жағдайында адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 98, 99, 100-баптарында арнайы көсетілген. Мынадай жағдайларда төбелес кезінде қасақана өмірінен айыру оның шектерінен шықпай қажетті қорғану жағдайында жасалса, оның қылмыс құрамының мазмұны болмайды.

Ұрыс немесе төбелес жағдайында адам өлтіруді саралау мәселесін шешу барысында ең алдымен мыналарды ескеру керек, адам өлтірудің ниеттері қандай, ұрыс немесе төбелес адам өлтіруді ауырлататын мән-жайда жасалған деп танитын ниеттердің болуын жоқаа шығармайды. Төбелес немесе ұрыс жәбірленушімен арақатынасты күрделендіруге, одан кейін адам өлтіруге себеп болады.

Көбінесе төбелес немесе ұрыс жағдайында адам өлтіру істерін қарау барысында оларды бұзақылық ниетпен туындаған адам өлтіруден ажырату мәселесі қойылады.

Осы қылмыстарды ажырату көбінесе төбелес немесе ұрыстың (ұйымдастырушысы) кім болғандығы мәселесін алға тартады. Кейбір судьялар егер төбелес немесе ұрыстың (ұйымдастырушысы) жәбірленуші болса, онда адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша саралануы тиіс дейді. Адам өлтіруді (зачинщик) жасаған жағдайда, ол бұзақылық ниетпен жасалған деп саналады.

Кейбір істер бойынша соттар қолданылу негіздеріне Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша төбелес кезінде адам өлтіруде ол (өзара келісімі) болды деп сілтеме жасайды, яғни кінәлі және жәбірленуші бір-бірін ұрып-соқты дейді. Осындай көзқарасы бірнеше рет В.В. Харазишвили айтты, қасақана адам өлтіру, егер ол (өзара келісім арқылы) төбелестің нәтижесі болса әрқашан Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша саралануы тиіс. Нақтылығында бұл мән-жай негізгі маңызға ие емес, өйткені адам өлтіру ауырлататын жағдайда да, жан күйзелісі немесе қажетті қорғаныс жағдайында жасалуы мүмкін.

Революцияға дейінгі әдебиетте төбелес немесе ұрыс жағдайында жасалған адам өлтіру деп, өлтірілген адам төбелес немесе ұрыс-керістің қатысушысы болған жағдайда ғана жатқызылады. Сонымен бірге төбелес немесе ұрыс жағдайында адам өлтіру жағдайын мұқият зерттеу қажеттілігіне баса назар аударылады, өйткені мұндай мән-жайларда абайсыздықпен адамға өлім келтіру жоққа шығарылмайды.

Кейбір тәжірибелік қызметкерлер «ұрыс» және «òөбелес» àðàñûíäà, екінші жағынан ниетпен — екеуіне де тең ұғым дейді. Бұл қате пікір. «Ұрыс» және «òөбелес» тек белгілі бір ниетпен жасалған талассыз адам өлтірудің мән-жайы. Төбелес немесе ұрыс жағдайында адам өлтірудің ниеттерін талдау көрсеткеніндей, олар әртүрлі болып келеді. Өйткені бұлар бұзақылық ниеттер болуы мүмкін, көре алмау, қызғаныш, кек алу, пайдакүнемдік, қорқақтық, маскүнем күйеуінен құтылуды тілеу, некеге тұруды жеңілдету және т.б.

Төбелес және ұрыс кезінде адам өлтіруді саралау үшін айтылғандарды қорытындылай келе, адам өлтіру ісі бойынша ең алдымен өзіне назар аудартатын төбелес немесе ұрыстың болуын (механикалық констатировать) етпеу маңызы, жасалған қылмыстың ниеті және нақты жағдайларын анықтау қажет. Адам өлтіру барысында төбелес немесе ұрыс нақты істің мән-жайларын ескермейінше қылмыстарды саралау үшін негізгі белгілер болып танылмайды. Сондықтан заң төбелесті және ұрысты адам өлтіруді саралау үшін ықпар ететін жағдайларға жатқызбайды.

«Жай» адам өлтірудің басқа да түрлері Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігінде көзделген адам өлтіруге тергеу және сот тәжірибесінде сирек кездесетін адам өлтірудің басқа да түрлері æàòàäû. Олардың жалпы белгісі болып саралауға әсер ете алатын жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлардың болмауы танылады.

Жәбірленушінің құқыққа сай емес әрекеттермен байланысты кінәлінің жасаған адам өлтіруіне Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігін, 98, 99- баптарды қолдануды жоққа шығарады, Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1- бөлігімен сараланады.

Қарастырылып жатқан адам өлтірудің түріне  билік    өкілінің немесе  мемлекеттік, қоғамдық  және  басқа  да  мүлікті қорғайтын

адамның қарудың құқыққа сай емес қолданылуының нәтижесінде жәбірленушінің олардың заңды талаптарын орындамауы жатады.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша мезгілсіз қорғану барысында жасалған адам өлтіруді саралауды да жатқызамыз. Мұндай жағдайларда шабуыл жасау болмайды, тиісінше, мұндай адам өлтіру қажетті қорғаныс жағдайында және оның шегінен шығу барысында жасалған деп танылмайды.

Адамның қорыққандығынан қателесіп кінәліні шабуыл жасаған қылмыскер деп адам өлтірсе онда бұл әрекетті Қылмыстық кодексінің 96-бабы 1-бөлігі бойынша саралануы тиіс.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша ғылым экспериментті жүргізу немесе өнертапқыштық сынақтар барысында жасалған адам өлтіру сараланады. Қылмысты бұлай саралау үшін оның субъективтік жағын талдау маңызды. Бұл жерде тек жанама қасақаналық болуы мүмкін, адам өлтіруге кінәлі адам ғылыми эксперименттің нәтижесінде немесе өнертапқыштықты сынау барысында адамның қазаға ұшырауына (бей-жайсыз) қарайды. Осындай жағдайда адам өлтіруден тікелей қасақаналықты анықтау Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігін қолдануды жоққа шығарады.

Сот тәжірибесінде ниеттен тыс адам өлтірулер деп аталатын жағдайлар кездеседі. Мұндай адам өлтірулерді кейде бұзақылық ниетпен жасалған деп адам өлтірудің ниеті анықталмаған негізсіз таниды.

Барлық жағдайларда адам өлтірудің ниеті анықталмай қалса және осы ақтаңдақты толтыруға мүмкіндік болмаса, Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігін қолдану кінәлінің әрекетінде ауырлататын мән-жайлар болмаса Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі диспозициясына сәйкес осы бап бойынша жатқызылады.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша саралануға тиіс жәбірленушінің келісімі арқылы адам өлтіру де жатады, өйткені оның келісімінде құқықтық маңызы жоқ және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығармайды. Мұндай адам өлтіруге «келісім-шарт» бойынша адам өлтіру де жатқызылады, екі адам өмірден бірге кеткісі келіп келіссе, одан кейін оның біреуісі осыны жасаудан бас тартады.

Сот тәжірибесі жай адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушінің нәтижесінде өтініп өзін өлтіруін сұрануы да жатады.

Жай адам өлтірудің мұндай қарауын Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша адам өлтірулердің 50% астамы сараланады.

Қылмыстың мақсаты  — бұл фактілі нәтиежелер, яғни кіәлі өзінің қылмысты әрекетті жасауға тілегі болып табылады. Қылмысты әрекеттің бағыттылығы арқылы қылмыстық мақсатты анықтауға болады. Қылмыс мақсатының себептен айырмашылығы – ол қылмыс жасаушы адам қол жеткізуге ұмтылған нәтиежесі.

Қасақана кісі өлтіру ісі кезінде қылмыстың мотивімен мақсатын талдау ерекше маңызды маңыз болып табылады. Кісі өлтірудің мотиві мен мақсатын анықтау қылмыс жасалудың қоғамдық қауіптілік дәрежесін және қылмыскер тұлғасын бағалау үшін, жасалған қылмысты саралау үшін, және де жазаны жеке даралау үшін, кісі өлтірудің себебі мен шартын анықтау қажет. Қасақана кісі өлтіруде нақты қылмыстың мотиві мен мақсатының сипаты болмауы қылмыс жасалудың сот немес тергеу органында толық қылмыстың ашылмағандығын білдіреді. Қасақана кісі өлтірудің себебі мен мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Қасақана кісі өлтіру қылмысы бұзақылық ниетте, кек алумен, қызғанышпен, пайдакүнемдікпен, жеке отбасының ұласпауымен, басқа бір қылмысты жасыру кезінде немесе бұны жеңілдетілген түрде жасалуы мүмкін.  Себеп әрбір қылмысты іс бойынша анықталуы керек, өйткені онсыз қылмысты дәрежелеу ғана емес, сонымен қатар қылмыскердің жазасын дараландыру туралы мәселені дұрыс шешу мүмкін болмайды.

 

1.5 Кісі өлтіру қылмысының субъектісі

Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субьектісі болып қылмыстық заң тиым салған қоғамға қауіпті іс — әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаған және ол үшін жауап бере алатын адам болып табылады. Қылмыс субьектісі – қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық жауаптылық мүмкін емес. Қылмыс жасаған кезде тұлға мынадай белгілері болса істегені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, егер ол:

  1. жеке тұлға болса,
  2. есі дұрыс болса,
  3. қылмыстық заң белгіген жасқа толса.

 Қылмыстар мен қылмыстық жауаптылық субьектісі болып Қазақстан Республикасының азаматтары, шет елдік азаматтар мен азаматтығы жоқ азаматтартанылуы мүмкін. Қылмыс субьектісі болып міндетті түрде есі дұрыс адам саналуы керек, яғни өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) нақты мағынасын бағалай алатын, оған басшылық жасауға шамасы бар және оның жеке тұлға болуы тиіс. Психикасының бұзылғандығы салдарынан мұндай мүмкіндіктен айырылған адамдар қылмыс субьектісі бола алмайды. Және де бір айтатын нәрсе, психологиялық тұрғыдан дені сау адамның өзінде де мұндай қасиеттер белгілі жасқа жеткенде ғана пайда болады. Осыған орай қылмыстық заң жеке тұлғалардың істеген қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жас шамасын орнықтырады. Көрсетілген үш нышан қылмыс субьектісінің заңды түрдегі жалпы нышандары болып табылады. Және бұлардың біреуінің болмауы іс — әрекеттегі қылмыс құрамының болмауына әкеледі. Қылмыс субьектінсіз қылмыс құрамының болуы мүлдем мүмкін емес.

Қасақана кісі өлтіру қылмысы кезінде сот міндетті түрде қылмыскердің жас шамасын анықтауы қажет. Қасақана кісі өлтіру қылмысының жас шамасы болып 14 жас шамасына толған есі дұрыс, жеке тұлға болып табылады. Осы жас шамасында қылмыскер кісі өлтіру қылмысы кезінде өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынады, зардаптың болуын алдың – ала көруге қаблетті уақыт айтуға болады. Жоғарыда көрсетілген жасқа толмаған тұлғаның денебітімінің немесе психофизиологтялық дамуы толық дамымаған кезі деп айтуға болады. Қасақана кісі өлтіру қылмысын жасау кезінде қылмыскердің есі дұрыстығы немесе есі дұрыс еместігін анықтау міндетті болып табылады. Яғни есі дұрыс адам ғана қылмыс субьектісі бола алады. Есі дұрыстық дегеніміз тұлғаның өзінің іс — әрекетінің мағынасын түсініп және оған жауап беруін айтамыз.

Қоғамға қауіпті іс — әрекетті істеген кезінде есі дұрыс емес күйде болған адам, яғни ескілікті есі ауысқан ауруы болуы, есінің уақытша кіресілі – шығасылы болуы, кемақылдылығы немесе басқа бір сырқатты болуы себепті өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын немесе өзінің әрекетін басқара алмайтын адам қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Бұл жағдай есі дұрыс еместік сипатын білдіреді. Қылмыстық жауаптылықтың кінәлары мен шартының есі дұрыстыққа сілтемесі болып табылады. Қасақана кісі өлтіру қылмысы бойынша сотпсихотриялық сараптама өткізу маңызды маңыз болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мән – жайлар кісі өлтіру субьектісін зерттеу мәселесімен тоқталу жеткіліксіз болып табылады.(қылмыскердің жасы, есі дұрыстығы, және т.б.) Қасақана кісі өлтіру қылмысын меңгеруші криминалисттің санаында қылмыскердің жасы, білімі, әлеуметтік жағдайы, кәсібі, немен шұғылданатыны, отбасылық және материалдық жағдайы, тұрғын үй жағдайы, ішімдікке әуестігі, қоғамдық жұмыстарға қатысуы, бұрынғы соттылығы, балалық шағында алған тәртібі әрдайым болуы тиіс. Қасақана кісі өлтіруші тұлғалардың арасынан көбі рецедив – қылмыскерлер құрайды.

Бірақта жас және есі-дұрыстық қылмыс құрамының белгілеріне жатпайды, тек қылмыстық жауаптылық туындататын шарты болып танылады. А.Н. Трайнин жас және есі-дұрыстық тек қылмыстық жауаптылық тудыратын субъективті шарттары болып танылады, қылмыстық заң қылмыскерді белгілі бір жасқа толғаны үшін немесе есі-дұрыстығы үшін емес, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыстығы шартында қылмысты жасағандығы үшін жазалайды деп дұрыс атап корсетті[37].

Адам өлтірудің субъектісіне қатысты заң жоғарыда келтірілгендерден басқа ешқандай шарттарды ұсынбайды. Заңда тек осы қылмысты саралауға әсер ететін адам өлтіру субъектісіні» жекелеген белгілері ғана аталады. Бұрын адам өлтіруді жасаған адамның қайталап адам өлтіруі Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі «и» тармағына сәйкес саралауғы әкеледі, өйткені субъектінің бұл белгісі заңда ауырлататын адам өлтіру ретінде тікелей көрсетілген.

 

 

2 АУЫРЛАТЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРЫ БАР КІСІ ӨЛТІРУ – КІСІ ӨЛТІРУДІҢ БІР ТҮРІ

 

2.1. Кісі өлтіру қылмысының түрлері

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі тек қасақана адам өлтірулерді ғана қамтиды. Абайсызда адамға өлім келтіруді жұмыс істеп-тұрған Қылмыстық кодекс адам өлтіруге жатқызбайды.

Қасақана адам өлтіруді келесі үш түрге бөледі:

  • Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз адам өлтіру (қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі);
  • Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2-бөлігі);
  • Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 97-100-баптары)

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігінде көздеген адам өлтіру немесе «жай»  адам өлтіру осы қылмыс түрлерінің негізгі құрамы деп аталады.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінде көздеген адам өлтіру осы қылмыс түрінің сараланған құрамы деп танылады. Баптың осы бөлігі ауырлататын он үш мән-жай тармақтан тұрады.

Жеңілдететін мән-жайларда осы қылмыс түрлерінің (басымдық) құрамына жатады. Қылмыстың осы түріне Қылмыстық кодекстің 97, 98, 99, 100-баптарында көзделген адам өлтірулер жатады.

Әр адам өлтіруді қарау осы ретпен жүргізіледі.

Кісі өлтіру барысында қылмыскер әрекетінің құрамында ауырлатылған немесе жеңілдетілген мән – жайдың болмауы бұл қылмысты «қарапайым» кісі өлтіру қылмысы деп аталады. Ауырлататын немесе жеңілдетілген мән – жайларсыз қылмыс қылмыстық құқықта негізгі құрам болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96-бабының 1 – тармағында қарапайым кісі өлтіру сипатамасы нақты көрсетілген.

Кейбір қылмыстар саралаушы белгілері бар кісі өлтіруше ұқсасғанымен ішкі мазмұны бойынша қарапайым кісі өлтіру түріне жатады. Олар — қызғаныштан адам өлтіру, төбелес кезінде немесе ұрыс – керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда) адам өлтіру, жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, жеке қарым қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру, жәбірленушінің сұрауы бойынша адам өлтіру және т.б. жағдайда адам өлтірулер. Мұндай жағдайда адам өлтірулер мақсат тұтқан ниет алдың – ала болмайды. Жанжал мен төбелестің шыҒу себебі табан асты пайда болҒан жаҒдайларҒа байланысты. Кез –келген төбелес кезінде екі немесе оданда көп адамдар бір – бірімен жанжалдасып бір – біріне әртүрлі деңгейде соққылар береді. Төбелес кезінде екі жақта жанжалдың туына белсенді түрде қатысуы мүмкін. Екі жақта өзара туындаҒан жанжалды шешу мақсатында құқыққақарсы тәсілдерді қолдануы мүмкін. Жанжал кезінде төбелеске қатысушылардың өміріне және денсаулыҒына қауіпті жаҒдайында болады. Төбелес кезінде екі жақтың да анық бір ниеттері болмайды, бір – бірін соққылау барысында қаншалықты алысқа бартынын  алдың – ала білмейді. Топтық төбелес кезінде адам өлтіру ісі бойынша әрбір айыптының әрекетінің сипатымен рөлін ұқыпты анықтау қажет болып табылады. Тәжірбиеде әртүлі дене бөлшектеріне әртүрлі құралдармен жәбірленушіге жарақаттар салынҒандыҒы кездеседі. СалҒан жарақатқа байланысты қылмыскер тұлҒасын анықтау жасалҒан қылмыстың кінәлілік дәрежесін жеке даралау үшін мүмкіндік береді. Көрсетілген жаҒдайларда топқа қатысушылардың ішінен біреуі Ғана  жәбірленушіні ұру уақытында өмірге қауіпті жарақат салады.  Жанжалдың шығу себебі әртүрлі болады қызғанышпен, ренішпен қызҒаныш, кексін және жеккөрушілік және т.б.  болуы мүмкін. Ұрыс – керіс немесе төбелес және жанжал кезінде жасалҒан қылмыстардың себебі ашу — ыза болады.

ҚызҒаныш кісі өлтірудің мотиві болып табылады, бірақ маҒынасы бойынша қоҒамдық қауіптілікті жоққа шыҒармайды. Дегенмен де осы жасалуына байланысты қылмыстың немесе қылмыскердің жоҒары қоҒамдық қауіптілік болып табылмайды. ҚызҒаныш пен кісі өлтіру қылмысы қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігіндегі «қарапайым» кісі өлтіру құрамын жасайды. Қандай да болмасын кісі өлтіру қылмысы бір ниетпен жасалады. ҚызҒанышпен кісі өлтірудің ниеттері әртүлі болады. Кісі өлтіру кезінде айыптының ашулануы, ызалануы, кек сақтауы қызҒаныш сезімінің тудыруы мүмкін. Кісі өлтірушінің қызҒанышы кімге туҒаны міндетті емес.

Заң бойынша кек алу арқылы қасақана кісі өлтіру де қарапайым кісі өлтіру түрі болып табылады. Кек алу – бұл балаҒаттаҒаны, реніші  немесе қайҒысы үшін өтеттіру мақсатында  жамандық немесе залал келтру ниеті. Кек алудың мотиві болып айыптыҒа келтірген залалы үшін жәбірленушіге зардап келтіруге, өш алуҒа ұмтылу болып табылады. Кек алу сезімінің туындау сылтауы болып адамдардың әртүрлі салдары болып табылады. Кек алумен кісі өлтіру жәбірленушінің құқықтық емес аморальдық әрекетінің нәтиежесінде жасалуы мүмкін. Құқықтық емес немесе этикалық емес әрекеттер болып жәбірленушінің айыптыны балаҒаттауы, кінәліні ұрып – соҒуы, оны қорлауы, қандай да болмасын оҒан реніш әкелуі болып табылады. Жәбірленушінің құқықтық емес аморальды әрекеттері кек алумен кісі өлтіргендігі үшін қылмыстың және қылмыскер тұлҒасының жоҒары қоҒамдық қауіптілігін білдіртпейді. Кек алумен адам өлтіру қылмысын бұзақылық ниетпен адам өлтіру немесе жәбірленушінің қоҒамдық міндетін орындаумен байланысты  адам өлтіру қылмысынан ажырату кезінде ешқандай қиындық туҒызбайды.  Бұзақылықпен кісі өлтіру немесе жәбірленушінің қоҒамдық борышын орындаумен байланысты адам өлтіру  қылмысында жәбірленушінің құқықтық емес әрекеттері болмайды. Олай болса кек алумен ұштасқан адам өлтіру жәбірленшінің құқықтық және этикалық нәтижесінде жасалҒан жаҒдайда болып табылады. Бұл құқықтық әрекет кінәлінің ар – намысынан белгіленген түрде айыруы немесе шектеу әкелуімен байланысты, яҒни осының нәтиежесінде кінәлінің кек алу сезімінің туындауы кез. Жәнеде бұл мән – жайды басқа адамдардың мінез – құлқын кінәлі өз көзқарасы бойынша баҒалайтынын ескеруіміз керек. Кек алумен адам өлтірудің себебі болып жәбірленушінің қызметтік жұмысы немесе қоҒамдық борышын орындаумен байланыссыз құқықтық әрекеттер болуы тиіс. Мысалы, жәбірленушінің кінәлімен бірге тұруҒа бас тартуы, жәбірленушінің кінәліге ақшалай қарыз бермеуі, қандай да болмасын кінәлі тапсырҒан тапсырмасын жәбірленушінің орындамауы. Кінәліге келтірген залалҒа әруақытта қоҒамҒа қауіпті бола бермейді. Бірақ та айыптыҒа келтірген залал қоҒамҒа қауіпті немесе қоҒамҒа пайдалы болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жәбірленушінің келісімімен болған кісі өлтіру де кісі өлтіру болып талады. Эфтаназия, яғни айықпайтын сырқатқа шалдыққан адамның өзін өлтіруге келісім беруі, біздің елде заңдастырылмаған, тек қана Голландия және Белгия мемлекеттерінде ғана бұл құбылыс заңды болып есептеледі. П.С.Дагель жәбірленушіні оған қылмыспен моралдық, физикалық және материалдық зиян келген тұлға көрсете отырып, бұл анықтаманы материалдық қылмыстық құқық аймағында былай айқындайды. «Қылмыстық құқықтық мағынада жәбірленуші ретінде қылмыскермен қылмыстық заңдылық нормаларымен қорғалатын құқықтары мен мүделері бұзылған тұлғаны айтамыз. Жәбірленушінің рұқсаты ретінде П.С.Дагель адамның толық еріктілігін және мұндай рұқсаттың салдарына алып келетін толық хабардарлығын қосатын оның ерікті ниет білдіруін түсінеді. Бұл ұғымдарды түсіну, бірақ рұқсат беру әрқашанда еркін ниет білдіруді айқындамайды[38]. Егер де жәбірленушінің берген рұқсаты ерікті ниет білдіру шегінен шығатын болса, онда ол қылмыстық құқықтық маңызға ие бола алмайды, немесе басқаша айтқанда қылмыстық құқықтық сұрақтарды шешкен жағдайда ол есептелмейді. Сондықтан да жәбірленушінің рұқсаты туралы сұрақ, қылмыстық құқықтық мағынада қойыла алады, егер де рұқсат нысаны мен де мағынасымен де жәбірленушінің ерікті ниет білдіруімен сәйкес болса. Адамның ерік бостандығы абсолютті емес, ол әртүрлі обьективтік және субьективтік факторлармен байланысты, адамның өмір сүру ортасы, оған өз қажеттілігі шегіндеақылға қонымды, обьективтік түрде әрекет етуге қабілетті. Осы факторлар арқылы ерік бостандығының шегі анықталады. Ерік ұғымының тек психологиялық емес қоғамдық ұғым екенін мойындауымыз қажет, сондықтан да қоғамдық қатнастар шартына құқық нормалары, мораль, этика, және т.б. жатады. Жәбірленушінің өзіне өлім келтіруге рұқсат беру әрдайым еркін ниет білдіру болып табыла бермейді. Жәбірленушінің өзіне өлім келтіруге еркін ниет білдіруі мемлекет және қоғам мүдесімен шектеледі. Осыған орай жәбірленуші өзіне өлім келтіру туралы рұқсат беру немесе бұл туралы өтініші құқықбұзушылықты жоқққа шығаратын жағдай ретінде танылмайды.

Сонымен қортыныдылай айтсақ, кісі өлтіру үш түрге бөлінеді, олар:

  1. Қарапайым, яғни ауырлататын де, жеңілдететін де мән-жайлары жоқ кісі өлтіру. Бұл әрекет ҚР ҚК 96-бапбының 1-бөлігінде қарастырылған.
  2. Жеңілдететін мән жайлары бар кісі өлтіру. Олар ҚР ҚК-нің 98-100-баптарында көрініс бапқан.
  3. Ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру. Ол тек ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінде қарастырылған.

Абайсызда қаза келтіру (101-бап) және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-бап) кісі өлтіру түрлеріне жатпайды.  

 

2.2. Ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері

Қолданыстағы Қылмыстық кодекстегі адам өлтіруді ауырлататын жағдайларды анықтау қылмыстарды дұрыс саралау, одан кейін кінәліге әділетті жаза тағайындау үшін маңызды.

Қазіргі кезде қылмыстық заңда жазаны ауырлататын екі мән-жайдың түрі белгілі. Біріншісі қылмысты жасайтын адамға жазаны анықтау үшін (Қылмыстық кодекстің 54-бабы), екіншісі нақты қылмыс құрамын саралауға әсер ететін белгі ретінде ерекше маңызға ие. Қылмыстық кодекстің 54- бабында аталған жазаны ауырлататын мән-жайлар, жекелеген қылмыстарды  саралауға әсер ететін мән-жайларды салыстыру көрсеткеніндей, біріншілері, екіншілерінің бағытын анықтайтын құқықтық база болып танылады. Басқаша  айтқанда Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде айтылған ауырлататын мән-жайлар жекелеген қылмыстардың құрамын нақтылайды.

Сонымен бір саралауға әсер ететін мән-жайлар өзінің сипаты бойынша Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде аталған мән-жайларға бағынышты маңызға ие деп санау дұрыс емес.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінде он үш ауырлататын мән-жай көзделген. Олардың әрқайсының дербес маңызы бар.

Сондықтан істелінген іс-әрекетті тек бір ауырлататын белгі бойынша саралауға жол берілмейді, егер қылмыстарда олардың бірнешеуі болса. Осыған 33 тармағында «Азаматтардың өмірі және денсаулығына қолсұғушылыққа жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдану жөнінде» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Қаулысының 33 тармағына баса назар аударылған.

Қылмыстық кодекстің  96-бабы 2-бөлігінде көзделген ауырлататын мән-жайлар барысында адам өлтіру басқа адам өлтірулермен салыстырғанда аса қоғамға қауіптілікті көрсетеді. Адам өлтіруді ауырлататын мән-жай барысында жасалған деп тану үшін кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2-бөлігінде көзделген бір немесе бірнеше белгілерге сәйкес келеді.

Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайларын адам өлтірудегі жәбірленушіні сипаттайтын келесідей белгілері бойынша және осы қылмыс құрамының элементі бойынша топтастыруға болады:

  • жәбірленуші адамның ерекшелігіне байланысты — екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру («г» тармағы); осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышының орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын («б» тармағы); дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан («в» тармағы); жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді («г» тармағы);
  • қылмыстың объективтік жағына байланысты — аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру («д» тармағы): көптеген

    адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған («е» тармағы);

  • Қылмыстың субъективтік жағына байланысты — пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру («з» тармағы); бұзақылық ниетпен («и» тармағы); басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан («к» тармағы); әлеуметтік, ұлттық, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша («л» тармағы); жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру («м» тармағы);
  • қылмыстың субъектісі бойынша адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлтіру («ж» тармағы).

Қылмыстық кодекстің 97-100 баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру.

Сараланған мән-жайлардың бұлай бөлінуі негізінен теориялық сипатқа ие көрсетілген тармақтардың біреуінің болуы қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігін саралау үшін қажетті шарт болып танылады.

Егер Қылмыстық кодекстің 96- абы 2-бөлігінің екі немесе одан да көп тармақтарында көзделген ауырлататын мән-жайлар барысында адам жасалынса, онда істелінген іс-әрекетті  барлық тармақтар бойынша саралануы тиіс, бірақ осы жерде жаза әр тармақ бойынша жекелеп тағайындалмайды.

Кейбір авторлар жұмыс істеп тұрған Қылмыстық кодекс бойынша ауырлататын мән-жайлардағы адам өлтірулерді екі топқа бөлуді ұсынады: 1) қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің «а», «в», «г», «д», «е», «м» тармақтары (қылмыстық заңның осы тармақтарында адам өлтірудің ауырлататын жағдайындағы объективті  қаситтері  сипатталады);  2) Қылмыстық  кодекстің  96 — бабы 2-бөлігі «б», «ж», «з», «и», «к», «л», «н» тармақтарында көзделгендер (адам өлтірудің ауырлататын жағдайларындағы субъективті қасиеттері сипатталады)[39].

Одан кейін осы топтастыру адам өлтірудің ауырлататын мән-жайларын рет-ретімен орналастыру үшін қолданылады.

Екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2-бөлігі «а» тармағы). Азаматтардың өміріне және денсаулығына қолсүғушылыққа байланысты жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Пленумының Қаулысында (Қылмыстық кодексінің ескі редакциясында) 88-бабының 1-бөлігінде «3» тармағында былай деп көрсетілген: екі немесе одан да көп адамдардың өмірін қасақана айыру осы баппен саралануы тиіс, іс-әрекет қысқа аралығында бір немесе бірнеше әрекеттермен орындалады және кінәлінің бірнеше адамға өлім келтіруі тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалынады.[40]

Екі немесе одан да көп адамның өмірінен айыру — кінәлінің қылмыстық ниетінің бірлігін білдіретін міндетті белгі. Қылмыстық пиғылдың бірлігімен біріктірілген екі немесе одан да көп адамды бірмезетте адам өлтіруді танимыз, бұл жерде тек тікелей қасақаналық анықталуы тиіс, ал бір мезетте адам өлтіруді тек тікелей қасақаналық емес, жанама қасақаналықта болуы мүмкін.

Бір мезетте екі немесе одан да көп адамды өлтіруге жәбірленушілер өмірінен уақыттың үзілмеуінен тыс адам өлтірулер жатады. Бұл, мысалы екі адамды бір оқпен атып өлтіру немесе жәбірленушіге бірінен кейін біріне өлім келтіру.

Кінәлінің қасақаналық бағыты барысындағы екі немесе одан да көп адам өлтіру және басқасына оқталу аяқталған қылмыс ретінде қарастырылмайды — екі немесе одан да көп адамды өлтіру — бұл қылмыстық пиғылдың нәтижесі ретіндегі нәтижесі — қылмыстың субъектісінің еркіне байланысты емес мән-жайлардан туындайды.

Мұндай жағдайларда кінәлінің әрекетін Қылмыстық кодекстің 24-бабы  және   Қылмыстық   кодекстің    96-бабы  2-бөлігі   «а» тармағымен және Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінің тиісті  тармағымен, басқа  да сараланған  белгілердің  болуына байланысты сараланады.   Осы  жерде кінәлінің бір мезетте адамды өлтіру реті және адам өлтіруге оқталуы қылмысты саралауы үшін маңызы жоқ.

Егер, бірнеше орындаушылар өзара рольдерді бөліскен жағдайда және бірнеше адамдарды өлтіруге қасақаналық ниеті болса, бұл жерде әр кінәлі басқа орындаушыға көмектеспей қылмысты орындады, тек бір адамның өмірін айыруға қатыса отыра, олардың әрқайсының әрекетін Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі «а» тармағы бойынша саралануы тиіс. Тәжірибеде осы тармаққа байланысты қатысуды саралау барысында сот қателіктері кездеседі. Шығыс-Қазақстан облыстық сотының 1994 жылғы 12 тамыздағы үкімімен Нестеренко А.А. және Харуш-щев А.В. Қылмыстық кодекстің (баптары ескі редакцияда берілген) 17, 88-баптарының 1-бөлігі «з»  тармағы бойынша сотталған.

Соттың үкімімен Васильевка селосының тұрғындары Нестеренко және  Харущев сотпен кінәлі деп танылған, 1993 жылы 18 қазанда мас күйінде ол екеуі өзінің ауылдастары Б және Г — мен бас араздығы жағдайында ол екеуін алдын ала сөз байласты, өздерінң пиғыларын жүзеге асыру мақсатында  ол екеуі Нестеренконың үйіне келді, мас Б-ны Нестеренко балғамен және балтамен басынан ұрып өлтірді. Осыдан кейін ол «Г-ның басы сенде» деп Нестеренко балтаны Харущевке берді және олар Б-ның үйіне келді, онда мас күйінде Г ұйықтап жатты, үйгекіре отыра өзімен бірге алып шыққан фонармен Г-ны жарықтандырды, ал Харущев оған балтамен басынан және мойнынан соққылар беріп өлтірді.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот Алқасының анықтамасымен 1994 жылғы 7 қарашада Харущевті айыптау жөніндегі үкім өзгертілген Қылмыстық кодекстің 17 және 88 бап 1 бөлігі 3 тармағы алынып тасталынды.

Жоғарғы Соттың Төрағасының бірінші орынбасарымен 1994 жылы 7 қазанда Жоғарғы Соттың Төралқасына осы іс бойынша шығарылған сот шешімін өзгерту жөнінде наразылық жарияланды.

Істің материалдарын зерттеу көрсеткеніндей? әр кінәлінің ниет нақты бір жәбірленуші өлтіруге бағытталған. Олар екі адамды өлтіруге байланысты ролдерді бөлісуге байланысты алдын-ала сөз байласпаған, тек бір-біріне өзінің ренжітушісінің өмірін айыруға байланысты пиғылын білдірген.

Г-ны өлтірген Харушевтің әрекеті  Қылмыстық кодекстің 88 бабы бойынша. Ал Нестеренконың әрекеті Қылмыстық кодекстің 17, 88 баптарының 1 бөлігі «и» тармағымен саралануға жатады.

Жоғарғы Соттың Төралқасы наразылықты қанағаттандырды:

Нестеренконың әрекетін Қылмыстық кодекстің 17, 88-баптары 1-бөлігі «з» тармағынан Қылмыстық кодекстің 17,88-бабы1-бөлігі «и» тармағына, ал Харущевтің әрекетін Қылмыстық кодекстің 88-бабы 1-бөлігі «з» тармағынан ҚК-ң 88-бабы 2-бөлігіне (баптар ескі редакцияда берілген) қайта сараланған[41].

Екі немесе одан да көп адамдарды әртүрлі уақыттарда өлтірілсе кінәлінің біріңғай қылмыстық ниетімен қамтылмаса, істелінген іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «н» тармағы бойынша әлденеше рет жасалған қылмыс деп сараланады.

Бір мезетте бір адам өлтіруді және басқа адамға абайсызда өлім келтіруді асырған кінәлінің әрекеті қарастырылып жатқан құрамайды және қылмыстардың жиынтығы: адам өлтіру және абайсызда адамға өлім келтіру ретінде саралануы тиіс.

Егер екі немесе одан да көп адамды өлтіру, көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалса, онда істелінген іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2-бөлігі «а» және «е» тармақтарымен саралануы тиіс. Бұл жерде екі немесе одан да көп адамды өлтіру тәсілі көптеген адамдардың өміріне қауіптілігін білдіреді.

Қылмыс ҚК-ң 96-бабы 2-бөлігі «а» және «е» тармақтарының жиынтығы бойынша сараланады.

Егер кінәлі екі немесе одан да көп адамдарды қасақаналық сипатына байланысты емес көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалануы  тиіс. Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «а» тармағы бойынша қолданыла алмайды, егер бір адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 97-100 баптарында көзделген жеңілдететін мән-жайлар барысында жасалса.

Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан (Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2- бөлігі «в» тармағы).

Жәбірленуші дәрменсіз жағдайда да екендігін ауырлататын мән-жай деп тану, өте дұрыс. Өйткені, бұл жағдайда адам өлтіру, көбінесе өзін қорғай алмайтын дәрмесіз  жағдайына байланысты жәбірленушінің қарсылық көрсете алмауының барысында жасалады

Сондай-ақ адам ұрлаудың және кепілге алудың өсу жағдайлары, дәрменсіз жағдайдағы адамға қол сұғу фактісін қоғамның бағаламауы, адам өлтірудің жаңа сараланған белгілеріне қосылу үшін негіз болды.

Осы баптың «в» тармағы бойынша үш сараланған мән-жайлар көзделген:

  1. жәбірленушінің дәрменсіз жағдайы;
  2. адамды ұрлау

в) кепілге алу

Ең көп тарағаны болып дәрменсіздіктің физиологиялық себептері танылады.

Дәрменсіздік жағдай дегеніміз, жәбірленуші белгілі бір физиологиялық немесе басқа да себептерге байланысты (жасының кәмелетке  болмауы, кәрілігі, науқастығы, физиологиялық жетіспеушілігі, зағип, саңырау болуы, аяғының және басқаларының болмауы) қылмыскерге тиімді қарсылық көрсете алмау мүмкіндігі. Адам өлтірудің осы түріне талма ауыруы, мас немесе ұйқы жағдайында, олар кінәлінің әрекетіне қарсыласа алмайтындығын жатқызамыз.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «в»  тармағының осы белгісі бойынша саралануға тиіс қылмыстардың ниеті, кек ғана емес, сондай-ақ пайдакүнемдік, бұзақылық ниет, қызғаныш және басқалар жатады. Мындай жағдайларда, егер ниет сараланған мән-жай болып танылға, мысалы қылмыстардың пайдакүнемдік ниеті болса Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2- бөлігі «в» және «з»  тармақтарымен сараланады. Бұл жерде әр жағдайда кінәлі адам өлтіруді жасау барысында жәбірленушінің дәрменсіз екендігін сезінуі тиіс.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «в»  тармағында көзделген екі ауырлататын жағдайдағы адам өлтіруге тоқталсақ: адамды ұрлаумен немесе кепілге алумен байланысты адам өлтіру. Бұндай сараланған мән-жайлар Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «в» тармағына толықтай дұрыс қосылған, өйткені ұрланған немесе кепілге алынған адам  да дәрменсіз жағдайда болады.

Мұндай  адам  өлтіруде жәбірленуші  болып тек ұрланған немесе кепілге алынған адам ғана емес, басқа да адамдар, мысалы қылмыскерлер кепілге алған адамдарды босатуға қатысқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері де болуы мүмкін.

Адамды ұрлаумен немесе кепілге алумен ұштасқан адам өлтірудің барлық жағдайларында кінәлінің әрекет Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2 -бөлігі «в» тармағымен және 125 немесе 234-баптардың жиынтығына сәйкес саралануы тиіс.

Жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2 -бөлігі «г» тармағы).  Бұл адам өлтіру ауырлататын мән-жайлар барысында жасалған қылмыстарға жатады, өйткені кінәлі жүкті әйелге өлім келтіре отыра, нақты алғанда екі өмірге — жәбірленушінің өміріне және болашақ адамның өміріне қол сұғады. Осы мән-жайларды ескере отыра, заң жүкті әйелдің  өмірін қорғауға алады.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігінде көзделген адам өлтіру, кез келген ер жынысты және әйел жынысты адамдармен жасалуы мүмкін. Осындай  адам өлтірудің аса қауіптілігіне байланысты қылмыстың субъектісі неғұрлым жағымсыз сипатталады.

Жүкті әйелді өлтіруге байланысты жоғары жауаптылықты белгілей отыра, заң міндеті шарт ретінде кінәлінің әрекетін келтірілген баптың 2-бөлігі «г» тармағы бойынша саралау үшін, оны  жәбірленушінің жүктілігі жөнінде көрінеу білгендігін алдыға тартады.

Көрінеу білгендік кінәлі жүкті әйелдің өміріне қол сұғады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумның 1994 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысында былай атап көрсеткен: «кінәлі жәбірленушіні өлтіру барысында оның жүктілігін білу фактісін анықтау жеткілікті, бұл жерже оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өмірге қабілеттілігі, әйелдің жүктілігіне байланысты тиісті емдеу мекемесінде есепте тұруы маңызы шамалы. [42]

Егер кінәлі адам өлтіруді жасай отыра, жәбірленуші жүктілік жағдайында екен деп қате ойласа, ал мәйіті тексергенде жәбірленуші жүкті болмаса Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі “г” тармағы бойынша қолданылады.

Мұндай шешіммен келісуге болады, бірақ бұл жерде мынаны ескеру қажет[43]. Адам өлтірудің жағдайына байланысты, бұл жерде фактілі қателіктерге жол беріледі, ол адам өлтіруді саралайтын мән-жайлардың болуы барысындағы болжамдардан тұрады. Кінәлі жәбірленушінің тұлғасы оған адам өлтірудегі жоғары жауаптылықты туындатады деген белгілерді ескермей қателеседі. А.А. Пионтковскийдің пікірінше «қылмыстарды ауырлататын сараланған белгілердің болуы барысында қателікпен болжап қылмысты жасауды сараланған қылмыстарды жасауға оқталғандық ретінде қарастыру қажет.

Кінәлінің осы іс-әрекетін ауырлататын жағдайда адам өлтіруге оқталу деп Қылмыстық кодекстің 24-бабы және 96-баптың 2-бөлігі «г» тармағымен саралануы тиіс. Бірақ мұндай жағдайда осындай ұсынумен келісуге болмайды, өйткені жәбірленушіге өлім келтіріледі және аяқталған қылмыс деп саналады.

В.Ф. Кириченко, мұндай жағдайларда кінәлінің әрекеті ауырлататын мән-жайсыз аяқталған қылмыс ретінде немесе осындай қылмыстағы   ауырлататын   мән-жайлардағы   қылмысқа   оқталу  деп саралануы тиіс, өйткені осылай саралау тікелей жауаптылыққа тартылған нақты анықтайды. Өзінің ұсынысын ол «сараланған қылмыс үшін оқталуды жасай отыра, ол жай адам өлтіруде аяқталған деп саналмайтын  сатыға жетпеуі мүмкін. Бірқатар қылмыстар үшін мұндай мәселе және пікір қолайлы[44].

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «г» тармағы бойынша саралануы тиіс адам өлтіру барысында, көрсетілген ұғым сатысында болмауы мүмкін. Мұндай адам өлтіруге оқталу әрқашанда ауырлататын жағдайлар барысында адам өлтіруге оқталу деп танылады, ол ешқандай сатысында Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша сараланбайды. Сонымен бірге, Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «г» тармағы, 24-бабы және Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі бойынша саралау, кінәлі екі қылмыс жасады деп ойлаға негіз береді; нақтылығына ол бір қылмыс жасады. Мұндай жағдайда біздіңше көрсетілген жағдайларда адам өлтіруді аяқталған деп тану және Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2-бөлігі «г» тармағын қолдану аздаған нақты емес түсіндірулерге әкеледі[45].

Фактілі қателік барысында, кінәлі адам өлтіретін осы жағдайдың болмауын болжайды, ол Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «г» тармағы бойынша жауаптылыққа тартылмауы тиіс, өйткені жәбірленушінің жүктілігі жөнінде көрінеу білгендігі жоқ.

Адам өлтіру тек тікелей қасақаналықпен жасалынады, қылмыстың ниеттері әртүрлі болуы мүмкін: пайдакүнемдік, қызғаныш, ұрыс-керіс, бұзақылық ниеттер. Егер осы ниеттер өзіне өзі адам өлтіруді ауырлататын мән-жай боп танылса, онда кінәлі тек «г»  тармағымен ғана емес Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі тармақтарына сәйкес жауап береді.

Аса қатігездікпен адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «д» тармағы). Жәбірленуші аса қатігездікпен, садизммен немесе қорлаумен, сондай-ақ азаптау кез келген қылмысты ауырлататын мән-жай болып танылады (Қылмыстық кодекстің 54 бабы 1 бөлігі «и» тармағы).

Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «д»  тармағы, адам өлтіруді жасау барысында жалпы ереженің нақты көрінісі болып танылады,адам өлтірудің осы түрі қоғам үшін аса қауіпті, ол кінәлінің әрекетінің тәсілінде, жәбірленушінің және басқа да адамдардың  күйзелісіне бей-жайсыз қараудан көрініс беруі мүмкін. Адам өлтірудің осы түрінің субъектісі де неғұрлым жағымсыз болып сипатталады.

Қылмыстық кодекстің 96-бабы «д»  тармағын дұрыс қолдану адам өлтіруді жасау барысында «аса қатігездік»  ұғымын дұрыс түсінуге байланысты болады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумунуң қаулысынң 8 тармағына сәйкес, аса қатігездік объективті әрекеттерден, сондай-ақ кінәлінің жасауына байланысты психикалық қатынасынан көрінеді. Қылмыстық заң, аса қатігездікті адам өлтіргендігі үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде  тани отырып, критерийлерге бөлмей, осының негіздеріне өмірді айыру аса қатігездікпен жасалады деп танылады.

Бірқатар тергеушілер және судьялар осы сұраққа сот-медициналық экспертінің қорытындысынан жауап алғысы келеді.

Аса қатігездік — құқықтық ұғым. Оны анықтау тергеу және сот органдарының  құзіретіне жатады, олар осы жерде өркениетті қоғамда қабылданған мораль, құлықтылық нормаларын басшылыққа алады.

Осындай істер бойынша сот медициналық экспертизаның ролі өлімнің себептері жөнінде қорытынды, жарақаттың саны және көлемі, ерекше жарақаттардың болуы, оларды келтіру сипаты және уақыты, егер сөз құрбындық бүлдіру жөнінде айтылсы. Эксперттердің қорытындысын сот істер басқа дәлелдемелермен бірге бағалайды.

Жекеленген авторлар Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «д» тармағын қолдануды ұсынады, онда орыс тілінің талқылау сөздігіндегі «қатігездік» терминін «аса қатігездік» ұғымынан ажыратпай көрсетеді».

Бәжірибеде мұндай ұсынулар Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2-бөлігі «д» тармағын қолданудағы шектерін негізсіз кеңейтуге алып келеді.

Осы тармақ бойынша саралау үшін құрбанға  берілген соққылардың санын ғана емес, келтірілген жарақаттардың сипатын, адам өлтіру қасақаналығының мазмұнын аса қатігездікпен жасалған деп санамауыз қажет, егер кінәлі ерекше қайғыларды қолдану фактісін сезінбесе (кінәлі жәбірленуші уласа, бір мезетте өлім келтірілегітіндігін біліп жасаса, жәбірленуші біраз уақыттан кейін ауыр азаптанып қайтыс болас).

Аса қатігездікпен жасалған адам өлтіруді зерттеу көрсеткеніндей, осындай адам өлтірулерді саралау барысындағы қателіктің негізгі себебі болып, соттар қылымыс құрамының субъективтік жағының призмасы арқылы емес, өзінше аса қатігездіктің белгілерін тануды бағалайды. Мұндай жағдайларда, осылай бағалау бір жағынан әрқашан да ескерілмейді, ең алдымен бұл жерде сөз адам өлтіру қасақана қылмыс, және  тиісінше  абайсыздыққа  қатысты  ауырлататын  мән-жай  жоққа шығарылады, басқа жағынан — әрқашанда ескерілмейді, кінәлінің өмірді айырудағы қасақаналығының түрлері және оның ерекше қатігездікке деген қатынас  сәйкес  келмеуі мүмкін[46].

Аса қатізегдікке қатысты қасақаналық түрінің мәліметтерін анықтамаса адам өлтірудің мән-жайын жеткілікті толықтай анықталады деп санауға болмайды. Л.А Андрееваның айтуынша қылмыстық субъективтік жағын нақтылап талдап, адам өлтірушінің жәбірленушінің өлу фактісіне қатынасын өзінің әрекеттерін зардабы ретінде ғана емес, адам өлтірумен тікелей байланысты келтірілген зардаптарын және аса қатігездік  сипатын анықтау қажет дейді[47].

Аса қатігедікпен жасалған адам өлтіруді саралауда аса қатігездік пайда болуы мүмкін.

Аса қатігездік жөніндегі бірқатар жағдайларда шіге көптеген шешімдер немесе жәбірленушіге келтірілген басқа да көптеген жарақаттар дәлел бола алады.

Адам өлтіру барысындағы аса қатігездіктің болуы немесе болмауы мәселесін дұрыс шешу тәжірибе үшін аса маңызды ие, өйткені Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2 -бөлігі «д» тармағын қолдануда адам өлтірудің  тәсіліне сілтеме сирек  негізделді.

Мұндай жағдайларда жарақаттардың немесе дене жарақаттарының болуы аса қатігездіктің дауыссыз дәлелдемесі боп танылады. Бірақ жарақаттардың көптігі әрқашанда адам өлтіруді қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2 -бөлігі «д» тармағы бойынша тануға негіз болмайды. Осылай Дуйсенов Ш. Қылмыстық кодекстің 88- бабы 1 бөлігі «г» тармағы бойынша (жаңа редакцияда 2 бөлігі «а» сотталынды. Ол өзінің әйелі Дуйсенов Гүлнәрді қасақана аса қатігездікпен келесі жағдайларда өлтірген: 1997 жылы 26 маусымда Дуйсенов әйелімен және баласымен ұрсып үйден кетіп қалған. Сағат 23.00. де қайтып оралған ол пәтеріне кіре алмаған, өйткені әйелі оған есік ашпаған. Ол сол кезде көршілес пәтердің балконынан үйіне енген, жататын бөлмеде өзінің жартылай жалаңаш әйелін көріп, қызғаныш ниетінде оның денесінің әр бөлігіне пышақпен бірнеше  соққы беріп, оқиға болған жерден кетіп қалған. 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төралқасының мүшелерінің қорытындысына сай үнімді және кассация қаулының өзгертуі және Дуйсенов Ш. әрекетін қайта саралау жөнінде мәселе қойылған. Төраға осы қорытындымен келісті және сотталушының шағымын келейдей қанағаттандырды. Сот Дусенов Ш.әрекетін аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру деп жәбірленушінің денесіндегі көптеген 13 пышақ жарақатын ескере отыра саралады.

Бірақ та жарақаттардың көптігі фактісі барлық жағдайларда қылмысты аса қатігездікпен жасау негізі боп танылады. Заңның ұғымына сай аса  қатігездікпен адам өлтіруге кінәлі деп тану үшін кінәлі аса қатігездікпен қылмыс жасауға бағытталған  қасақана әрекет еткендігі және жәбірленушіге ерекше азаптау және жан-толғанысын көрінеу келтіргендігін және оны тілегендігін анықтау қажет.

Мұндай мән-жайлар анықталған жоқ. Жәбірленушінің өлімі туындаған барлық кесілген жарақаттар мойын жағынан басқасы жеңіл, (жоғарғы)    болып  танылады  және олар негізінен төменгі жағынан орналасқан. Сонымен бірге ісітің материалдарынан көрінгендей, қылмысты жасау түні бүкіл кварталда электр жарығы болмаған, яғни пәтер қараңғы болған. Осы дерек көрсеткеніндей сотталушы жарақатты тәртіпке сай емес келтірген. Бұндай жағдайларда Дуйсеновпен істелінген іс-әрекетті ауырлататын мән-жайсыз жасалған қасақана адам өлтіру деп саралануы тиіс[48].

Қылмыстық  кодекстің  96- бабы  2-бөлігі  «д»  тармағына  сай жәбірленуші жақын адамдардың көзінше қасақана адам өлтіру (мысалы ата-аналарының және басқалардың қатысуымен және жәбірленушіге жақын және белгілі бір себептерге байланысты оларға тиімді көмек көрсете алмайтын адамдардың  көзінше балаларын өлтіру); кінәлі өзі ниетін жүзеге асыру барысында жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып адам өлтіру  жағдайлары, ол оның өмірін айыратындығын сезінді, бірақ жасы немесе басқа да себептерге байланысты оған қарсылық көрсете алмады, өзара жақын қатынастарда тұрған адамдарды, бір-бірінің көзінше кезекпен өлтіру. Жәбірленушіні өлтіргеннен кейін мәйітті қалпын келтіргісіз ету немесе оны қорлау соны жасырған мақсатымен бөлшектеу жағдайларынан басқасы) қылмыстың субъектісінің аса қатігездігі жөнінде білдіреді және Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2-бөлігі «г» тармағын саралау үшін негіз болуы тиіс.

 Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2- бөлігі «е» тармағы). Адам  өлтірудің түрінің қауіптілігі мынадай көрінеді, кінәлі сол қауіптілікке  немқұрайды қарайлы, ол өзінің эрекеттерімен айналасына қауіп келтіреді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23  желтоқсанда  «Соттардың  азаматтардың  өмірі  және  денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты жауаптылықты реттейтін  заңдарды қолдануы жөніндегі” Қаулысында былай атап көрсетеді: “Адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған қасақана адам өлтіруді саралау үшін, мынаны анықтау қажет, белгілі бір адам өлтіру қасақаналығын жүзеге асыра отыра, кінәлі басқа да адамдардың өміріне және денсаулығына нақты  қауіп тудыратын тәчілді қолданады»[49].

Тиісінше, адам өлтірудің маңызды тәсілі — қоғмға қауіпті, яғни көп жағдайларда адам өлтіруге мұндай тәсілді қолдану (өрт, қою, жарылыс жасау, автомат қаруымен адамдар тобына оқ жаудыру, бірнеше адам бар атомобиль апатын жасау) көптеген азаматтардың өмірі үшін қауіпті болып танылады. Адам өлтірудің осы түріне әртүрлі автоматтық (маман   құралу) көмегімен өмірінен айыруды жатқызуға болады, ол осындай приспособлениялармен жанасуға келуі мүмкін. Ең алымен бұл өмірге қол сұғу процесінде тек нақты адамға ғана емес, бір адамға қорқытуды қолданатын қарулар және құралдар қолданылады.

Осы адам өлтіру барысындағы тәсілдің қауіптілігі абстрактілі емес нақты жағдайда бағаланады. Жарылыс құрылғыларын қолдану немесе тек бір жәбірленуші орналасқан адам жоқ жерде транспорт құралымен басып кетуді Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «е» тармағымен тиіс. Осы тармақ бойынша саралау барысында жәбірленушінің адам өлтіруге қасақаналығына қатысты, кінәлінің жәбірленушінің адам өлтіру тәсілінің таңдап алынған нәтижесінде нақты зиян  шеккендердің саны маңызға ие емес. Тек бір адамның өмірін айыру Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2-бөлігі «е.» тармағын қолдануды жоққа шығарады, егер адам өлтірудің тәсілі бірнеше адамдарға қауіпті болса басқа да адамдарға өлім келтіру қауіптілігі жалған емес нақты болуы қажет, болжалданған емес шындығында өмір сүруі тиіс.

Қарастырылып жатқан адам өлтірудің осы түрінде белгілі бір адамды өлтіру тікелей қасақаналықпен жасалынады.

Кінәлінің өлім келтіруге немесе басқа адамдарға зиян келтіру қатынасы жанама қасақаналық нысанында көрініс береді.

Егер көптеген адамдардың өмірі үшін қауіпті тәсілмен адам өлтіру, бірнеше адамдардың өмірін қиюға алып келсе, кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2- бөлігі «а», «е» тармақтары бойынша саралануы тиіс. Егер көрсетілген әрекеттер бір адамның өмірін қиюға және басқа адамға зиян келтірілсе саралау Қылмыстық кодекстің баптарының жиынтығы бойынша: Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2- бөлігі «е» тармағы және денсаулыққа зиян келтіргендігі үшін жауаптылық көздейтін  Қылмыстық кодекстің тиісті баптарымен саралануы тиіс.

Жәбірленушінің органдарын немесе тінін пайдалану мақсатымен адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2 -бөлігі «м» тармағы). Қылмыстық кодекстің адам өлтіру үшін жауаптылықты ауырлататын   жаңа мән-жайдың пайда болуы, адамның органдарын   немесе  тінін заңсыз алу фактілерменкүресті жүргізуде қылмыстық-құқықтық құралдардың қажеттілігімен байланысты. Трансплантация  бойынша медицинаның қазіргі жетіспектері донорлық материалы іздеу  жөніндегі табиғи қажеттілікті тудырады. Осыған байланысты осындай мақсатпен адам өлтіру аса қауіпті болып танылады.

Қылмыстық  кодекстің 96- бабы 2 -бөлігі «м» тармағымен көзделген адам өлтіру медициналық қызметкерді қосқандағы кез-келген адаммен жасалуы мүмкін, көрсетіп өткеніндей осындай қылмысты жасау сире болса да медициналық танымда ие адамдардың қатысуынсыз, органдар немесе тіннер зорлық және жәбірленушінің өмірінен айыру жолымен, сондай-ақ игілікті соттаулармен соның ішінде жәбірленушінің мүддесінде медициналық операция жүргізу сылтауымен, ол үшін жаман аяқталады.

Бұл қылмыс тек тікелей қасақаналықпен жасалынады.

Қылмыстық ниеті  пайдакүнемдік әлде мансапқорлық (бастығына жағымпаздану) немесе басқа өмірін айыру есебінен  жақын адамының өмірін құтқаруға ұмтылудан көрінеді.

Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2 -бөлігі «м» тармағымен көзделген адам өлтіру қылмыстың ниеті және жағдайларына байланысты. Бір мезетте осы баппен («а», «в», «д», «ж», «з», «и») сараланады. Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «м» тармағы осы баптың басқа да тармақтарымен өзінің құқықтық сипаттамасы бойынша саралауды үйлестіру мүмкін емес[50].

Адам  өлтірудің және кінәлінің тұлғасының субъективтік қасиеттерін сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар.

Осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына ие кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2- бөлігі «б» тармағы).

Адам өлтірудің осы түрі жәбірленушінің қызметтік іс-әрекеті, өзінің кәсіби немесе қоғамдық парызын жүзеге асыруға кедергі келтіруге бағытталған. «Б» тармағымен саралау үшін адам өлтіруді жасау уақыты — жәбірленушінің міндеттерін орындау кезі немесе осындай кейін бірнеше уақыттан кейін уақыты маңызға ие емес.

Осындай адам өлтірудің жәбірленушісі болып тек осындай міндеттерді жүзеге асырушы адам ғана емес, оның жақындары да болуы мүмкін. Соңғыларына жәбірленушімен қан туыстығы бойынша тұрған адамдар ғана емес, қалыптасқан өзара қатынастарға байланысты (күйеуі, қалыңдығы, қамқоршысы, қамқорлығындар) танылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі және денсаулығына қолсұғуштыққа жауаптылықты реттейтін  заңдарды  саралау борышында соттардың қолдануы жөнінде атап көрсетілген, жәбірленушінің    өзінің      қызметін     және  қоғамдық  парызын орындауға   байланысты   кінәсі  өзінің  әрекетінде өзінің меншіктік   немесе  қызметтік  парызын   атқаруға  байланысты  адамға  қарсы  шығады  деп  заң болжайды, ең алдымен ол оның өміріне қол сұғады, сондықтан жәбірленушінің  қандай құқыққа сай қызметін және парызын атқаруға байланысты кінәләнің қылмысты  жасаға  түрткі   болғандығын анықтауға қажет дейдi.

Қызметтік  ісәрекетін  немесе  кәсіби  парызын  орындау деп кез келген адамның (тек лауазымды емес) қызметтік немесе кәсіби міндеттерінің   шеңберіне   кіретін  іс-әрекетін  айтамыз.  Қоғамдық парызды орындау — бұл азаматтармен өзіне арнайы қабылданған   қоғамдық міндеттерді, сондай-ақ қоғамның немесе жекелеген   адамдардың   мүддесінде  басқа  да іс-әрекеттерді жасау  (құқықбұзушылықты  бұлтартпау, дайындалып жатқан  иеме  жасалған  қылмыстар және басқалар жөнінде хабарлау).

Барлық  жағдайларда жәбірленушінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық қызметі құқыққа сай сипатта болуы тиіс. Сондықтан адам өлтіру «б» тармағы бойынша сараланбауы тиіс, егер жәбірленуші құқыққа сай емес әрекеттер жасаса, мысалы, қызметтік  өкілеттіктерін теріс пайдалану.

Судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, қорғаушының, эксперттің, сот приставаның, соған тең қылмыстық   азаматтық  істерді қараумен байланысты жақындарын, сондай-ақ сотталы адам ала тергеу  өндірісіндегі материалдарды   қарау   немесе  соттың  үкімін, шешімін немесе сот актісін орындау қылмыстық кодекстің 340-бабы — арнйы нормасы   бойынша жауаптылыққа тартылған, құқық қорғау органы қызметкері болып  танылмайтын, бірақ өзін кінәлінің алдында  осылай таныстырған және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттерді орындалуды Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «б» тармағы бойынша саралаймыз.

Субъективтік жағынан бұл қылмыс тек тікелей қасақаналықпен  жасалынуы  мүмкін.  Кінәлі қызметтік міндеттерді   (кәсіби немесе қоғамдық парыз)  атқаруға байланысты   немесе олардың жақындарына осы қызметтің айыруға кедергі келтіреді және атқарылған парызды (міндетті) бұлтартады немесе кек алуға қолсұғуды біледі. Осы мақсат Қылмыстық  кодекстің  96- бабы 2-бөлігі «б» тармағы бойынша саралауды (обусловливает), жәбірленушінің тұлғасына қателесу барысында, немесе адам өлтіру ниеті осы жағдайда толықтай жүзеге асырылады.

Топ болып, алдын ала сөз байласын топ болып немесе ұйымдасқан топпен жасалынған адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «ж» тармағы). Осы тармаққа «Қазақстан Республикасындағы  қылмыстылықпен күрес мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заң  актілеріне өзгерістер және  толықтырулар  еңгізу жөніндегі» 5 мамыр 2000 жылғы № 47-11, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзгеріс еңгізілген, онда  мынадай   белгілермен «топ болып, алдын ала сөз байласын топ болып жасалған». Осы тармақтың толық атауы жоғарыда келтірелген.

Қылмыстық кодекстің 54-бабы 1-бөлігі «в» тармағында ауырлататын мән-жай: қылмысты топ болып, алдын-ала сөз байласу арқылы топ болып, ұйымдасқан немесе қылмыстық қауымдастық  (қылмыстық қоғамдастық) жасау деп көрсетіледі, Қылмыстық  кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «ж» тармағы, мәні бойынша жоғарыда келтірілген ұғым қайталанады, онда тек қылмыстық қауымдастық деген ұғым жоқ.

Топ болып    қылмыс  жасаудың қоғамға қауіптілігі алдын-ала сөз  байласудан   емес, мұндай   адам   өлтіру жәбірленушіні қылмыс жасау  процесінде  күштердің  арасалмағына байланысты қолайсыз   жағдайға қояды, ал кейде қарсылық көрсету мүмкіндігін   тоқтатады, сонымен қатар топ болып адам өлтіруді жасау   қылмыстық іздерін жасыру үшін және басқа да  мақсаттарға  жету үшін мүмкіндіктерін кеңейтеді, егер олар оны жасау барысында  құдаланса.

Адам өлтірудің көпшілік бөлігі топ болып алдын ала сөз байласу арқылы жасалынады және осы белгінің Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «ж» тармағының белгісін қосу заңды деп айтылады.

Алдын ала сөз байласу деп  кез келген уақыт аралығындағы, адам  өлтіруді   жасаудың басталуына дейін, нақтырақ айтқанда оны жасауға дейін  оқталған қатысушылардың  арасындағы қол жеткен қылмыстардың келісуін айтамыз. Алдын ала сөз байласу осы   адамның   қылмыс жасауға  басқа да адаммен бірге дайындалу уақытын айтамыз. Басқа адамның адам өлтіру  процесінде  қосылуы Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «ж» тармағы   бойынша   саралауды  жоққа шығармайды. Алдын ала сөз байласу  барысында    орындаушылармен бірге басқа да қатысуы мүмкін: адам  өлтірудің  ұйымдастырушылары, азғырушылары немесе көмектесушілері  де қатыса алады, қылмысты жасау  барысында  олардың әрекетін Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2 -бөлігі «ж» тармағымен және 28-баптың тиісті бөлігімен саралануы тиіс.

Топ болып адам өлтіруді жасау мәселесі кімді қоса орындаушы деп санау мәселесімен  тығыз байланысты, тек жәбірленушінің  өмірін  айыруда немесе  құрбандыққа өлім келтіруге байланысты жүгінеді.

Топ болып адамның өмірінен айыру дегеніміз адам өлтіру жөніндегі келісімнен кейін топ болып бір адамға қылмысты жасау  жөніндегі ұғым  жатқызылмайды. Егер одан өлтіру тікелей екі немесе  одан да көп адамдармен жасалса Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «ж» тармағымен қолданудың дұрыстығы мәселесі күмән  тудырмайды.

Топтық қылмыстардың  қауіптілігін ескере  отыра,  заңшығарушы оның ұйымдасқан топ боп жасаған адам өлтіруді осындай сараланған белгісін еңгізуді қажет деп тапты.

Қылмыстық кодекстің 31-бабы 5-бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топ деп  қатысудың мынадай нысанын «бір немесе бірнеше қылмыстарды жасау үшін алдын ала  біріккен тұрақты топты» түсінеміз.

Адам өлтірудің осы түрі қоғм үшін аса қауіпті, ұйымдасқан топ қылмыстық мақсатпен алдын-ала бірігеді, адам өлтіру  тыңғылықты  дайындалады, ролдері нақты бөлу орын алады. Адам өлтірудің осы түрін ашу — бұл күрделі процесс.

Ұйымдасқан топтың осы белгісі бойынша саралау үшін қатысушының  қасақаналығы, адам өлтірудің  атқарылған роліне байланысты емес жәбірленушіге бірігіп өлім келтіруге бағытталуы тиіс. Кез келген тікелей орындаушыға қолсұғуды жеңілдететін қосымша әрекет адам өлтіруге қоса  орындаушылық ретінде қарастырады, тиісінше  Қылмыстық кодекстің 38 бабына сілтемені талап етпейді.

Қылмыстық  қауымдастықпен (қылмыстық  қоғамдастықпен)  жасалған  адам  өлтіруді де  Қылмыстық  кодекстің  96-бабы 2-бөлігі «ж»   тармағымен  саралануы  тиіс  деп  атап   көрсетеді, өйткені,  біріншеден  қатысудың  мұндай  нысаны  ұйымдасқан  топқа  қарағанда  қауіпті.

Екіншіден  қылмыстық  қауымдастық  (қылмыстық  қоғамдастық).  Егер   тек  оған  тән  ерекшеленген   белгілерді  алып  тастаса, бірмезетте  ұйымдасқан  топтың  белгілеріне:  бір  немесе  бірнеше  қылмыстарды  жасау  үшін  — топтың  мүшелерінің  тұрақтылық  және  мақсаты  үшін  бірігуі[51].

Соңғы  жылдары  Қазақстанның  құқық  қорғау  органдары  көбінесе  жақсы  қаруланған,  техникалық  жағынан  жарақтандырылған  өзінің   өкілдерін  билік  және  күш  құралымдарында   өкілдері  бар  қылмыстық  құрылымдармен  күресуде,  оған  бірнеше  жылдардың  ішінде Алматы  қаласында  аса  қауіпті  қылмыстарды жасаған,  соның  ішінде  үш  адамды  өлтірген  Можаевтың  бандысын  жатқызуға  болады.

Пайдакүнемдікниетпен немесе  қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен немесе бандитизммен ұштасқан адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «з» тармағы). Қазақстан Республикасының  қылмыстылықпен  күресу  мәселелері  бойынша  5 мамыр  2000 жылғы  № 47-113  бірқатар  заң  актілеріне  өзгерістер  толықтырулар  еңгізу  жөніндегі  Заңына  сәйкес  96- бап  2-бөлігі  «з»   тармағын  «қарақшылықпен,  қорқытып  алушылықпен  немесе  бандитизммен  ұштасқан  немесе»  осы  қылмыстың  толық  атауы  жоғарыда  келтірілген.

Пайдакүнемдік — бірқатар  қылмыстардың  сараланған   белгісі,  соның ішінде  адам  өлтіру  қылмысы да.  Пацдакүнемдік  ниетімен  адам  өлтіруді  дұрыс саралау  үшіносы  ниеттердің  мазмұнын  ашу  маңызды.

Пайдакүнемдік  ниет  кең  мағынада  материалды  пайданы  қамтиды.  Оны  тек  мүлікті және ақшаны  иелеуге жатқызуға  болмайды,  бірақ  та  көптеген  пайдакүнемдіктен  көбінесе  мүлікті  және  ақшаны  иелену  үшін  жасалады[52]. Адам  өлтірудегі  пайдакүнемдік  —  бұл  кінәлі  адам  өлтіруге  дейін  ие  болмаған  материалды  пайданы  иелену  ғана  емес, бірақ  белгілі-бір  материалдық  шығындардан  қазір  және  келешекте  құтылуға   ұмтылу,  заңды  негіздерде  айырылғысы  келген   материалды  игіліктерді  қысқарту

Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы   Соты  Пленумының  1994  жылғы  23  желтоқсандағы  қаулысында  былай  деп түсіндірді,  пайдакүнемдікпен  жасалған  адам  өлтіру  деп  «қасақана  адам  өлтіру  саралануы»  тиіс. 

Кез   келген  материалды пайданы  алумақсатында  өзі  және  басқалар  үшін  жасаған  (ақша,  заттар, тұрған  үйге мүліктік  құқық,  үшінші  адамдарға  сыйақты) әлде  материалды  шығындардан     құтылу   ( мүлікті,   берешекті   қайтару,   қызмет  көрсетуді  төлеу,  алимент  және  басқаларының  мүліктік  міндетті  төлемдерін  орындау).

Пайдакүнемдікпен  адам  өлтіру  деп  жәбірленуші  болып танылатындығына  байланысты :  мүлікті  иеленуші  ( басқа  да құндышықты )  немесе  оның  нелігінде  болған  әлде  оған  сақтауға  берген  кінәлі  оның  өлуіне  байланысты  белгілі  бір  мүліктік  сипаттағы  құқықтарды  алуға  үміттенетін, жәбірленуші  адамды, сондай-ақ  материалды  пайданы  кім  алатындығы  маңызды  емес: кінәлінің  өзі әлде оның  жақындары,  мысалы  отбасы мүшелері,  оның  тағдырына  мүдделі  адамдар.

Пайдакүнемдік  ниетіндегі  адам  өлтіру  барысындағы  қасақаналық  нысаны жөніндегі  мәселені  шешу  үшін  осы  адам  өлтіру  пайдакүнемдік  адам  өлтіру   белгілеріне  сәйкес  келе ме  немесе  ол бір  мезетте  басқа  да  қылмыстармен  бірге жасалғандығын анықтау қажет. Бір қылмыс  — пайдакүнемдік адам өлтірумен жасалса, субъект әрқашанда мүлікті, материалдың сипаттығы басқа да құндылықтар және құқықтарды иелену мақсатында тікелей қасақаналықпен жасалынады.

қарашылықпен шабуыл жасау барысында жасалған пайдакүнемдікпен адам өлтіру мәселесі басқаша шешілуі тиіс. Біз А.В. Наумовпен[53]  келісеміз ,  өйткені мұндай адам  өлтіру тек тікелей емес, жанама қасақаналықпен де жасалады. Кейбір жағдайларда кінәлі жәбірленушінің мүлкін иеленіп, оған өлім келтіреді және нәтижеге бей-жай қарайды.

Адам өлтіруді пайдакүнемдікпен жасады және Қылмыстық кодекстің 79 бабы және 96-бабы 2-бөлігі «з» тармағының қолдану үшін, кінәлінің адам өлтіруге дейін мүлікті иелену ниеті анықтау қажет.

Егер пайдакүнемдік адам өлтіруді жасаудың ниеті болмаса, онда жәбірленушіні өлтіргеннен кейін мүлікті алумен байланысты кінәлінің әрекетін меншікке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін Қылмыстық кодекстің баптарымен және басқа да сараланған жағдайлардың болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 96-бабының тиісті бөлігімен саралануы тиіс, берешекті қайтармауға байланысты ұрыс нәтижесінде пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және берешектің есебін жабу үшін мүлікті иеленумен байланысты болса. Осы жағдайда бұл жай адам өлтіру.

Адам өлтіру қылмыстары жағдайларда қарақшылықпен шабуыл  жасау  барысында  жасалуы  мүмкін.     Мұндай  істелінген іс-әрекет қалай саралануы тиіс ? Әдебиетте әртүрлі көзқарастар айтылған[54].

Осыған байланысты адамның өмірінен айыру қарақшылықтың құрамымен қамтылмайды, өйткені қарақшылық Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2-бөлігі «з»  тармағының диспозициясымен қамтылмайды. Қарақшылық барысында жасалған адам өлтіру, қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс, яғни  Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігi «з»  тармағы және 179- баппен саралануы тиіс.

Меншікті қорғауға байланысты жасалған адам өлтіру әлде меншікке қарсы қылмыстарды жасағаннан кейін бірқатар уақыттан кейін кек алу арқылы адам өлтіру ретінде қарастылады (Қылмыстық кодекстің 96- бабы 1 -бөлігі).

Пайдакүнемдік ниеттер басқа да мақсаттармен бірге меншікке қарсы қылмыстарды жасаған уақыттан кейін кек алу арқылы адам өлтіру ретінде қарастырылған (Қылмыстық кодекстің 96- бабы 1 -бөлігі).

Пайдакүнемдік ниеттен басқа да мақсаттармен бірге банданы құру және адам өлтірудің  қатысушылары жасаған мақсат болуы мүмкін.  Қарақшылықпен ұштасқан адам өлтіру алдын-ала сөз байласуда тұрмаған бір адамен жасалуы мүмкін, бандитизммен ұштасқан адам өлтіру әрқашанда бандамен жасалынады, егер тікелей орындаушысы бір адам таныса, пайдакүнемдік мақсаттарды орындау үшін бандының басқа да қатысушылары, банда адам өлтіруді қосқандағы кез-келген тәсілмен жасаса.

Бандитизммен ұштасқан пайдакүнемдікпен адам өлтіруде Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2-бөлігі «з» тармағы және 237- баппен қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Қарақшылық барысында пайдакүнемдікпен адам өлтіруді және бандитизмді және қарақшылық  белгісінсіз пайдакүнемдікпен адам өлтіруді ажырату критерийі болып міндетті үш белгілердің жиынтығының болуы немесе болмауы танылады.

Егер адам өлтіру, біріншіден шабуыл жасау арқылы, екіншіден материалдық құндылықтарды иелену мақсатымен, үшіншіден мүлікті иелену адам өлтіруді жасау кезінде жүзеге асырылса немесе пайдакүнемдік адам өлтіру және қарақшылық немесе бандитизмнің жиынтығы болған жағдайда тікелей көрінсе. Қорқытып алумен ұштасқан адам өлтіру көбінесе қылмыстық топтардың  кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымдардан және  тұлғалардаí  «өзінің үлесін»     талап етуімен  байланысты. Адам өлтіруді осы белгісі бойынша саралау  қорқытып алушы жәбірленушіден  алғаны немесе алмағаны маңызғаие емес, қорқытып алушылықпен ұштасқан адам өлтіруді Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «з»  тармағы және 181-бабымен саралайды.

Қарақшылықпен үштасқан пайдакүнемдікпен àäàì өлтіруді жасалған қылмысты жасыру мақсатымен жасалған адам өлтіруден (Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2- бөлігі «з»  және «к» тармағы) ажырату қажет. Мынадай жағдайлар кездеседі: мүлікті иеленгеннен кейін осы мүлікті устау ниетімен қарақшылық шабуыл  жасағаннан кейін бірден адам өлтіру және бірмезетте қарақшылықты жасыру мақсатымен. Мұндай саралау тікелей қасақаналықпен жасалған адам өлтіруде болуы мүмкін. Мұнда Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2- бөлігі «з»  және «к» тармақтарының көрсетілген жиықтығы қолданылады.

Егер адам  өлтіру қарақшылық барысында тартып алынған заттар немесе ақшаларды жәбірленушіге қайтарғысы келмейтін  ойсыз қарақшылық  шабуылдан кейін жасалса, онда осындай адам өлтіруді қарақшылық шабуыл жасауды жасыру мақсатымен жасалған адам өлтіру деп санап және осы қылмысты Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2 -бөлігі «к» тармағы және 179 –баппен саралануы тиіс.

Жалдамалалықпен адам өлтіру немесе тапсырыспен адам өлтіру пайдакүнемдік ниетпен адам өлтірудің бір түрі ретінде қарастырылады. Осы жағдайда ниеттің пайдакүнемдік сипаты неғұрлым нақтырақ көрінеді.  Ол ережеге сай белгілі бір жағдайлармен жабылмаған жас адам өлтіруге жетекші стимул ретінде қарастырады.

Тапсырыс беруші және тапсырысты орындаушының әрекетіндегі саралаудың елеулі айырмашылығын ескеру қажет. Сый ақы үшін қасақана жасаған  адамның әрекетін Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «з» тармағымен саралануы тиіс және осы адам өлтіруді ұйымдастырған  адамның әрекеті немесе сый ақы үшін адам өлтіру орындаушыны көндірген, яғни Қылмыстық кодекстің 96 -бабы 2-бөлігі «з»  тармағы және 28-бабы жалдамалық бойынша саралануы тиіс.

Тапсырыспен адам өлтірудің ниеті болып көбінесе бәсекелестікті жою, саяси ниеттері және басқалары бойынша нақты мақсатты шешу. Мұндай адам өлтірудің құрбаны болып: кәсіпкерлер және коммерсанттар — 46 процент, қылмыстық аяның жетекшілері — 38 процент (мысалы, «фестиваль» 1993 жылы  Баха-фестиваль   рэкетирді   өлтіру  және өскемендік  «Ниндзя» тобының жетекшісі, 1995 жылы Қарағандыдан «заңдағы ұрыны» өлтіру)[55].

Қазақстан  Республикасындағы тапсырыспен адам өлтіру  1992 жылы  жасалды: Қарағанды    металлургия   комбинатының бас директоры   азамат Свичинский, осы  жылы Казспецэкспорттың бас  директор  Т.  Ибраевты   белгісіз   киллерге   атып  өлтіргізді.

Жалдамалылықпен адам өлтірудің ерекшеленген  нысаны және  міндетті  белгісі болып қатысушылардың арасындағы ролдерді   бөлу,  тапсырыс беруші  қылмыстық азғырушысы немесе  ұйымдастырушысы ретінде, сыйақы үшін қылмыстық ниеті атқаратындар орындаушы болып тынылады. Тапсырыспен адам өлтірудің  ұйымдастырушысы немесе азғырушысы пайдакүнемдікпен адам өлтіруге қатысқандығы үшін, оның пайдакүнемдік иетінің болмауына қарамастан жауап беруі тиіс. Пайдакүнемдік  ниеті анықтау қарастырылып жатқан адам өлтірудің тек орындаушысы үшін міндетті.

Бұзақылық ниетпен адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2- бөлігі «и» тармағы). Бұзақылық  ниеті — бұл  қоғамды  және  жалпы   қабылданған   жүріс-тұрыс    құлықтылық   нормаларын  сыйламау.

Бұзақылық ниетпен адам өлтіру қоғамды нақты сыйламау, жалпы қабылданған жүріс-тұрыс нормалары және ережелерін құметтемеу, ережеге сай, кінәлі қылмысты белгілі бір түрткісі немесе адам өлтіру үшін маңызы шамалы түрткі ретінде пайдаланады. Бұзақылық ниеттер адамдық қасиетіне құрметпен қарамауына байланысты (разнузданного) эгоизммен, қоғамдық мүдделерге бей-жай  қарамайтын қатынастардан, мораль нормаларын қадірлемеуден туындайды.

Б. мас күйінде өзінің жұбайы А. және азамат М-ны  балағаттап тиіскен, олармен төбелесті бастаған, одан кейін адам өлтіру  мақсатымен А-ның кеуде тұсына (колото-резанное) жарақат келтірген, осыдан жәбірленуші қайтыс болған.

Бұл жерде адам өлтірудің орны (мысалы, қоғамдық орын) Қылмыстық  кодекстің  96 -бабы 2- бөлігі «и» тармағын қолдану үшін  дербес маңызға ие  болмайтындығын, айта кетуіміз керек.

Адам   өлтіруге  қасақаналықты  тудырған  маңызды және тікелей себеп болып қоғамға жат ниеттер танылатындығын анықтауымыз  қажет.

Мәлім   болғанындай, ниет қылмыстың субъективтік жағының    қосымша   белгісі  болып саналады, бұзақылық ниетпен адам өлтіру істерінде ол міндетті болып танылады, сондықтан бұзақылық ниетпен адам өлтірудің ниеті, барлық жағдайларда   Қылмыстық   кодекстің 96- бабы 2- бөлігі «и» тармағын   дұрыс қолдау үшін қажетті шарт ретінде анықталуы тиіс. Адам өлтірудің ниетінің анықталмауы,  жоғарыда  айтылғандай   оны   бұзақылық  ниетпен жасалынған деп тану үшін негіз болмайды[56].

Көбінесе бұзақылық ниетпен адам өлтіру бұзақылық әрекеттердің   жалған   боп табылады. Бұзақылық ниетпен жасалған   адам   өлтіруді және бұзақылықты дербес қылмыс ретінде   жиынтығы  бойынша   саралануға   жол беріледі, егер адам  өлтіруге  келтірілген   әрекетте, адам  өлтіруді  жасағандығына  байланысты  емес,  қоғамды  нақты  құметтемеуден  көрінетін, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын белгілердің   мазмұнына   көрінсе.  Осындай жағдайларда істелінген   іс-әрекет   Қылмыстық  кодекстің  96- бабы  2 -бөлігі  «и»  тармағы  және  Қылмыстық  кодекстің  257 — бабымен  сараланады.

Бұзақылық   ниеттер  адам  өлтіру  жасағау  барысындағы  басқа  да   ниеттермен    сиыса  алады,  олар  қызғанышпен,  кек  алумен,  көре   алмаушылықпен    және   басқаларымен   толықтай  сиысады.  Бірқатар   адам  өлтірулерді     саралау     барысында  осы  ниеттерді  бұзақылық  ниеттерден   ажырату  мндетті  туындайды.    Көбінесе  бұл    мәселе     кекті  ажырату  барысында  туындайды.    Осы   ниеттердің  әртүрлі  табиғаты   ескерілуі  тиіс.

Егер бұзақылық  ниеттер өзінің  өткірлігімен қоғамдық тәртіпке  қарсы және  кінәлінің  жәбірленушіге деген (циничный) қатынасымен   сипатталады, онда  қызғаныш және кек ниет ретінде өлтіруді  туаратын   айыптымен  жәбірленушінің арасындағы  қатынса жеке сипатқа ие.

Бұзақылық   ниетпен   адам өлтіру барысында ажырататын басқа ниет болып қатынастар барысында туындайтын кек танылады.  Бұл  мәселе    көбінесе  жәбірленуші өзінің қасақаналық немесе абайсыздық әрекетімен кінәлі қандай болмасын   маңызы   шамалы   жағымсыздық   келтіреді.

Жеке қатынастарына пайда болған кекті адам өлтіру барысындағы бұзақылық ниеттерден ажырату кезінде жәбірленушінің әрекеті мұқият анықталуы тиіс, кінәлі осы қылмысты   жасау    үшін  негіз деп санады. Жалпы ереже бойынша,   адам   өлтіру   бұзақылық   ниетпен  жасалған   деп танылуы    тиіс   мынадай   жағдайларда,  егер   жәбірленушінің әрекет   маңызы    шамалы   деп   танылса,   ал   кінәлі    оны  адам   өлтіруді   жасау   үшін   түрткі   ретінде   пайдаланылса.

Бұзақылық   ниетпен адам өлтіруді ұрыс немесе төбелес кезінде    кек   алу   арқылы, жеке бас қатынастары барысында адам   өлтіруден ажыратуға тиісті із. Қылмыстың нұсқауын ажырата   отыра  кінәлі және жәбірленушінің өзара қатынасын, ұрыс  немесе төбелестің белгісін және себепті, даудың бастамашысы  кім  болғандығын, екі жақтың әрекетінің белсенділігі   және    сипаты,  «и»  тармағы  бойынша   сараланбауы    мүмкін,   егер адам өлтіруде даудың немесе төбелестің  бастамашысы  және белсенді тарапы болып жәбірленуші танылса.

Егер   ұрыс   және  төбелес жәбірленушімен басталса және егер осы  жерде  оның тарапына   үлкен   белсенділік  танытса, онда оның жиынтығы басқа да  мәліметтермен бірге кінәлінің әрекет   «æàé»  адам өлтіру деп бағаланады. Ереже бойынша мұнадай    адам    өлтіру   өзара  төбелеске  ұласатын сол немесе басқа  да  мән-жайдағы   кінәлі   және  жәбірленушінің  арасындағы белгілі бір дауды тудырады.

Адам   өлтіруді   тану   үшін С.В. Бородин былай деп көрсетеді:  Бұзақылық   ниетпен   жасалған  адам өлтіруде, осындай қылмыста «бастамашысы» немесе «белсенді тарапы» болғандығына   сүйену   жеткіліксіз — кінәлінің   әрекетінің   ниетін  анықтау  қажет.   Бұның   қиындылығы мынада, бұзақылық ниетпен адам өлтіру негізінен ұрыс немесе төбелес барысында   жасалады.  Оның нәтижесінде адам өлтіруді саралануда   қателіктерге  жол беріледі, өйткені төбелес немесе ұрыс нәтижесінде жасалған адам өлтірудің ниетіне назар аударылмайды.

Қылмыстық  кодекстің 96 -бабы 2 -бөлігі «и»  тармағында көзделген   адам    өлтіру, тек тікелей қасақаналықпен емес, жанама    қасақаналықпен де жасалынады, жанама қасақаналықпен   бұзақылық   адам   өлтіруді  жасай   отырып, кінәлі  өзінің   алдына   адам өлтіру мақсатын қалайды, олар тікелей қасақаналықта болмайды, бірақ жоққа шығармайды, жәбірленушінің   өлуі   туындауы  мүмкін. Бұл кінәлінің бұзақылық ниетпен адам өлтірудегі  әрекеті  жанама қасақаналықпен жүзеге   асырылуы    мақсатсыз   болып танылады.   Мақсаты әрекеттің өзін  жәбірленушінің   өзіне   қарсы әрекеті туындауы мүмкін өлімге бей-жәй қатынасқан көрінеді.

Басқа қылмысты жасыру немесе жеңілдету мақсатымен жасалған адам өлтіру, ол жыныстық сипаттан немесе зорлық әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2 -бөлігі «к» тармағы). Адам    өлтірудің   бұл  түрінің   қауіптілігі   мынадан көрінеді, кінәлі екі қылмыс жасайды, осыған байланысты басқа қылмысты   жеңілдету   немесе  жасыру үшін адамның өмірін айыру   арқылы  төменгі мақматты көздейді. Бірінші жағдайда, кінәлі    қандай  болмасын  қылмысты жасап отыра, өзінің  қылмысы  ашылады  деп  қорқа  отыра,  àғақты  немесе   күәгерді өлтіреді.  Егер  адам   өлтіру жәбірленушінің қылмысының ізін қосу немесе кінәлі әрекеті оған дайындалғаны немесе жасағаны үшін хабарласа, онда кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 96- бабы 2 -бөлігi «б» тармағымен сараланады.

Екінші  жағдайда адам өлтіру басқа да қылмыстық ойды жүзеге асыруды жеңілдету үшін жасалады. Ол қылмыс   басталғанша   әлде осы  процесте  орын  алуы  мүмкін.  Қарастырылып  жатқан  іс-әрекеттің  аяқталған  құрамы  үшін,  кінәлі  адам  өлтірудің  нәтижесінде   мақсатын  жету  талап  етілмейді.  Егер  кінәлімен  басқа   да  қылмысқа  дайындық  әрекеттері  немесе  оқталу   жасалса,  онда  мұндай  әрекеттерді  қылмыстардың  жиынтығы  бойынша  саралаймыз.

Бұл жерде   ол  аса  ауыр  немесе  маңызы  шамалы   қылмыс  болғандығына  байланысты  емес кез   келген  басқа  да  қылмысты  жасыру  мақсатымен  немесе  қылмыстарды   жасауды   жеңілдету  үшін  жасалған  адам  өлтіру  жөнінде  айтылуда.

Адам  өлтірудің  осы   түрін  саралау  барысында  ол  тек  тікелей   қасақаналықпен  жасалатындығын  ескеру   қажет,  ол тек  тікелей   қасақаналықпен  жасалынуы  мүмкін  (заң  да  қылмысты  жасаудың  арнайы  мақсаты  көрсетілген).

Қазақстан   Республикасы  Жоғарғы  Соты  Пленумының  1994  жылғы  23  желтоқсандағы  Қаулысына  сәйкес:  «Басқа  да  қылмысты  жасыру  мақсатымен  жасалған   адм  өлтіру  осы  қылмыс  жөнінде  тиісті  органдарға  хабарланбаған  болмаған  болса. Немесе  осы  қылмыс  жөніндегі  хабар  келіп  түспесе,  бірақ  кінәлі  осы  жөнінде  беймәлім  болса,  бірақ  тиісті  органдарға  қылмыс  жөнінде  хабар  келіп  түссе  және  осы  органдарға  қылмыс  жасаған  адам  белгілі  болса,  және  кінәлі  осы  жөнінде  білсе»[57].

Қылмысты   жеңілдету  немесе  жасыру  мақсатымен  адам  өлтіру  және    басқа  да  қылмыстар  өзара  алдын-ала  сөз  байласу  арқылы  бір  адммен  сондай-ақ  әртүрлі  адамдармен  бірмезетте  және  әр  уақытта  жасалуы  мүмкін.

Егер   кінәлі  өзінің  қоғамдық  немесе  қызметтік  парызын   атқаруға    байланысты  жәбірленушіні  қасақана    өлтіруді  жасаса  немесе  жасаған  басқа  да  қылмысты  жеңілдету  немесе  оны  жасыру  мақсатында  істесе  Қылмыстық кодекстің  96 -бабы 2 — бөлігі  «в» және  «кң тармақтарымен   саралануы  тиіс.

Қазақстан   Республикасы  Жоғарғы  Соты  Пленумының  1994  жылғы  23  желтоқсандағы  Қаулысында  зорлаумен  ұштасқан  адам  өлтіру  деп  зорлау  процесінде  немесе  оған  оқталу  барысында   жасалған   адам  өлтіруді  түсінеміз,  кінәлі  жәбірленушінің  қарсылығы  тойтара  отыра,  өзінің  қоғамға  қауіптілігін  сезіне  отыра,  оның  қоғамға  қауіптілігін  және  туындауын  көре  білуі[58].

Мұндай әрекеттер  Қылмыстық  кодекстің   96- бабы  2-бөлігі  «к»   тармағымен  және  120 — баппен   саралануы  тиіс.

Зорлық   әрекеттерімен,  жыныстық  сипаттағы  әрекеттерімен  адам  өлтіру  жағдайы  да  Қылмыстық  кодекстің  96 — бабы  «к»   тармағы  және  121-баппен  осындай  ұқсас  жолмен  шешілуі  тиіс.

Осындай   адам  өлтірудің  жәбірленушісі  болып  оған  қатысты  зорлау  немесе  жыңыстық  сипаттағы  зорлық  әрекеттері  жасалған  адамдар  және  басқа  да  адамдар  ғана  емес,  сондай-ақ  зорлауды   жасауын  қиындататын  немесе  осындай  қылмыстарды  ашуға     егетін[59],  сондай-ақ  осы  қылмыстардың  күәгерлері   де  жатады.

Егер  күәгер  қылмыстың  алдын  алуға   немесе  ізін  кесуге  шаралар  қолдануды  қабылдаса   немесе  қабылдауға  мүмкіндігі  болса,  онда  мұндай  әрекеттер   белсенді  сипатқа  ие  болады,   осындай  адамды  өлтіру  Қылмыстық  кодекстің  96- бабы  2- бөлігі  «б»   тармағына   сәйкес  келуі  тиіс.

Егер   күәгерді  өлтіру  зорлауды  немесе  жыныстық  сипаттағы  зорлық  әрекеттерін  жасыру  мақсатымен  жасалса,  онда  ол  Қылмыстық  кодекстің   96 -бабы  2 -бөлігі  «к»    тармағына  сәйкес  келеді.

Зорлаумен   ұштасқан  адам  өлтіру   тікелей  де  жанама  қасақаналықпен   де  жасалынуы   мүмкін.  Зорлауға   ұштасқан   адам   өлтіру  тікелей  қасақаналықпен   жасалынады,  кінәлі  зорлаудан  кейін  жәбірленушінің   өмірін   айыруға   алдын  ала  дайындайды.

Мұндай  жағдайларда  сонымен  бірге  топтық  зорлау  әрекеттерінен  кейін,  кейде  аса  қатігездікпен  және  «к»  тармағына  сай  Қылмыстық  кодекстің  96- бабы  2 -бөлігі  «а»  тармағын   қолдануға  әкеледі

Зорлаумен  ұштасқан  адам  өлтіруде  тікелей  қасақаналықпен  жасалынады,  кінәлі  жәбірленушіні  немесе  оның  туыстарын  белгілі  бір  зорлау  уақытынан  кейін  өлтіруді,  осыған  байланысты  арыз  беруге  ниеті   немесе  зорлау  арызы  жөнінде  билік  органына   берумен   байланысты,  сондай-ақ  әр  түрлі  жыныстық  маньяктар  үшін  мұндай  адам  өлтіру  осындай   жағдайларда  ләззат  әкеледі,  мұндағы  адам  өлтіру  құрбанды  және  зорлау  «біріңғай»   процесті  қүрайды.

Осында   адам  жегіш  адам  өлтіруші  маньяк  Жұмағалиев  С-ның  1974ж.  қаңтардың  1980  желтоқсанға  дейінгі  ісін  еске  түсіру  жеткілікті ол  осы  аралықта   жыныстық  ниетте  8  әйелді  айуандықпен  өлтіруін,  және  тоғызыншы  өзінің қызметтесін құрбандардың  біреуін  қасақаналықпен  адам  өлтіруін  жасыру  үшін  абайсыздықпен  адам  өлтіру  деп  жасыру  мақсатымен  жасаған[60].

Зорлау   барысында  жәбірленушіге  абайсызда  өлім  келтіруді  Қылмыстық  кодекстің  120- бабы  3-бөлігі   «а»  тармағы  бойынша   саралануы  тиіс.

Құрбанның   қарсыласын  тойтару   барысында  жасалған   зорлаумен  ұштасқан  адам  өлтіру  басқаша  сипатқа  ие.

Осындай  жағдайларда  адам  өлтіру  жанама  қасақаналықпен  жасалынады,  кінәлі  жәбірленушіні  тұншықтырады  немесе  басқа   соққы  келтіреді.

Әлеуметтік, ұлттық,  нәсілдік, діни  араздық немесе  өшпенділік  әлде  қанды  кек  бойынша  адам  өлтіру  (Қылмыстық  кодекстің  96- бабы  2- бөлігі  «л»   тармағы). Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  14  бабы  былай  дейді:  «Ешкімде  әлеуметтік,  лауазымдық  және  мүліктік  жағдайына   байланысты,  жынысына,  нәсіліне,  ұлтына,  тіліне,  дінге  деген  қатынасына,  сеніміне,  тұрғылықты  жеріне  немесе  басқа  да жағдайларға  байланысты  белгілі  бір  шектеуге  жіберілмейдi.

Азаматтардың  институционалдық  құқықтарын  сақтаудың  кепілі  ретінде  ұлттық,  нәсілдік,  діни араздық және   өшпенділік  ниеті  бойынша  қылмыстық  іс-әрекет  үшін  қылмыстық  жауаптылықты  күшейту  боп  танылады.

Адам  өлтірудің   осы  түрінің  ниеті  болып   жәбірленушінің  белгілі  бір  ұлтқа, нәсілге  сол  немесе  басқа  да  дінге  немесе  конфессияға  жатпайтындығына  байланысты  толыққанды  еместігі  танылады.

Қылмыстық   мақсаттар  әртүрлі  болуы  мүмкін,  ұлтаралық   қатынастардың  жамжалыназ   белгілі  бір  дінді  ұстауына  байланысты  кек  алу. кінәлі  белгілі  бір  ұлтқа,  нәсілге  немесе   діни  конфессияға  жататындығына   байланысты   жәбірленушіге  өлім  келтіреді.

Нақты  іс  бойынша  зерттелініп  жатқан  адам  өлтіру   ниетін  анықтау  Қылмыстық  кодекстің   96- бабы  2-бөлігі  «л»   тармағын   қолдану  үшін   міндетті  болып   танылады.   Біздің   пікірімізше  Қылмыстық  кодекстің  96-  бабы  2 -бөлігі  «з»  және  «к»  тармағын      бірдей   «л»    тармағымен  қолдану   жоққа  шығарылмайды,  адам   өлтіру   барысында   пайдакүнемдік  ниеттер   анықталса  немесе  соңғысы   зорлаумен   немесе  жыныстық  сипаттары   зорлық   әрекеттерімен   жасалса  немесе  басқа  да  қылмысты  жасырумен   анықталса[61].

Бірақ та  ұлттық, нәсілдік,  діни  көреалмаушылық   немесе   өшпенділік  барлық   жағдайларда  дербес   жетекші   ниет  ретінде   анықталуы    тиіс.

Қылмыстық  кодекстің  96- бабы  2- бөлігі  «л»  тармағына  енетін  адам  өлтіру,  ережеге  сай   тікелей   қасақаналықпен   жасалынады,  өйткені  ниет  осы  жағдайда  қылмысты  жасаудың   мақсатын   сипаттайды.  Мұндай  адам өлтірулер   жанама  қасақаналықпен  де  жүзеге   асырылуы  мүмкін,  бірақ  осы  ниет  басқа  қылмысқа   қатысты  белгіленуі   тиіс.  Мысалы  осы  ниет  бойынша  басқа  ұлттық  үйін  адамдар  бар  кезде  өртеу   және  кінәлі  өлімнің  туындауын   біле  тұра  олардың   тағдырына  бей-жай   қарайды.

Қанды   кек  жеке  бас  қатынастары  барысында   туындаған  кектің  түрі  болып   танылады. Адам   өлтіру  барысында  ол  ескінің  сарқыншағы   дәстүр  ретінде,  өлтірілген  адамның   туысқандары   немесе  өзін   ренжіткен  деп  санағандар   ренжітушінің   өмірінен  айыруға  міндетті  немесе  «құқылың.  Қанды  кек  оларға   келтірілген   зұлымдық  үшін  әділетті  жаза  боп  саналады.[62]  Қанды  кек  ғасырлар  қойнауынан  келе  жатыр.  Осы  уақытқа  дейін   қанды  кек   дәстүрі   сақталған   халықтар  бар.

Қанды  кек  үшін  түрткі  болып  тек  қана адам  өлтіру  емес,  жергілікті  дәстүр  бойынша   қорлау  боп  танылатын.   Басқа   да құқыққа    қайшы   әрекет  немесе   әрекетсіздік    жатады.

Осынысымен    осы   мән-жайды   ауырлататын   қасақана   адам  өлтіру   ретінде   Қылмыстық  кодекске   еңгізілген.

Қанды кек  негізінде  адам  өлтіруді  сралау  ерекшеліктері  мынадай   көрінеді, қарастырылп   жатқан   қылмыстардың   субъектісі   болып  қанды  кек  сақталған   дәстүрлері    бар   ұлттар  және    ұлыстар   саналады.   Жәбірленуші   болып  ренжуші   адам  емес,  оның   отбасыларының   мүшелері,  туысқандары  болады.

Қанды   кекті   адам  өлтірудің   ниеті  ретінде   жеке  бас  араздығы  қатынастарының   негізінде   туындаған  кек  алу  арқылы  жасалған  адам  өлтіруден   ажырату   қажет.

Субъективтік   жақтың   белгілерін   анықтау  барысында  ниеттен   басқа  Қылмыстық  кодекстің   96- бабы  2 -бөлігі   «л» тармағын  саралау   үшін   кінәлінің   қасақаналығының   сипатын  анықтау   қажет.  Қанды  кек   негізінде  адам  өлтіру   жанама   қасақаналықпен  жасалынады,  тікелей  қасақаналықты   анықтау  қажет.  Осыған  байланысты   осындай  адам  өлтіруді   жасау    барысында   ниетпен  мақсаттық   арақатынасын   анықтау  маңызды  емес.

А. Мамутов  былай деп   жазады: «осы  қылмыстың  субъективтік  жағы  тек  қана  ниетті  —  реніш  сезімін   емес, кек  алу  мақсатын   да  қосады[63].

Мұндай   позиция  С.В. Бородиннің   пікірінше  даулы. Реніш сезімі  жөнінде   айтуға  болар  еді,  егер  кінәлінің   әрекеті  қанды  кек  дәстүрі  бойынша  анықталмаса. Ең  алдымен   қанды  кек  дәстүр  ретінде  адам  өлтірудің  түрткі  болып  танылатын  себепті  ретінде  жұмыс  істейді  және  тиісінші  оны  кінәлі  қылмыс  жасауда   басшылыққа  алған  қылмыс  жасаудың  ниеті  деп  танымаймыз.

А. Мамутовтың   қанды  кек  негізінде  адам  өлтірудің  мақсатына  қатысты  пікірі  дұрыс  емес,  адам  өлтірудің   мақсаты  болып  кек  алу  емес,  ренжітушінің  өмірінен  айыру,  бұл  оның  осындай  қылмыс  жасауға  деген  тікелей  қасақаналығын  көрсетеді[64].

Адам өлтіру  осыған  қажетті  мәліметтердің   болуы  барысында  қанды  кек   негізінде   жасалған  деп  танылады,  мынадай  жағдайларда егер  қанды  кек  халықпен  танылса  және  қолданылса  жергілікті  жерден   тыс  жасалса  онда   қанды  кек  ниеті  бойынша  адам өлтіру  Қазақстанның  кез  келген  жерінде  оның  құқықтық  табиғатын  ауыстырмайды,  тиісінше  саралауға  ықпал  етпейді.

Қылмыстық  кодекстің  97-100баптарында   көзделген  әрекеттерден  басқа  адам  өлтіруді   бұрын  жасаған  адамның  адам  өлтіруі  (Қылмыстық  кодекстің  96бабы  2бөлігі  «н»   тармағы). Әлденше рет  адам  өлтіруді  жасаған  үшін  жоғары  қауіптілікті  белгілей  отыра,  бұрын  адам   өлтіруді   жасаған  тұлғаның  адам  өлтіруі   қоғам  үшін  кінәлінің  тұлғасының  аса  ауырлығын  білдіреді.

Адам  өлтірудің  осы  түрінің  ерекшелігі  ретінде,  авторлардың   көзқарасынша   сараланған  мән-жайлар  болып  осы  адам  өлтіруді  сипаттайтын  белгілер  емес,  субъектіні  сипаттайтын  белгілер,  осындай  қылмысты  жасаудың  фактісі   танылады.  Басқа  авторлар  мұндай  көзқараспен   мүлдем    келіспейді.

Қылмыстық   кодекстің  96-бабы  2-бөлігі  «н»  тармағы   бойынша  саралау  бұрын  жасалған  адам  өлтірудің  аяқталу  кезіне  байланысты  емес,  сондай-ақ  кінәлі  (ұйымдастырушы,  орындаушы,  азғырушы,  көмектесуші)  орындаған  ролге  де  байланысты. Егер бұрын  жасаған  адам   өлтіргендігі  үшін  сотталған  болса,  соттылық  жойылмауы  немесе  алынбауы  тиіс.  Егер  адам  сотталмаған  болса, бұрынғы  адам  өлтіргендігі  үшін  қылмыстық   жауаптылыққа  тарту  мерзімі  ескірмеуі  тиіс.

Осылай  Лияскин В.П.   өзінің  бірге  тұратын  көңілдесі  М-ны   өлтіргендігі  үшін  Қылмыстық  кодекстің  96- бабы  2-бөлігі  «д»,   «и»  тармақтары  және  «и»  тармағымен  жауаптылыққа  тартылып  Қылмыстық  кодекстің  88-бабы  2-бөлігі (ескі  редацияда)  бойынша  қасақана  адам  өлтіргендігі  үшін  сотталып  Алматы  қаласының  Калинин  аудандық  сотымен  7  жыл  бас  бостандығынан  айыруға  сотталған[65].

Бұл  «а»  тармағымен  көзделген  адам  өлтіруге  қарағанда  мынасымен   ерекшеленеді,  ол  біріншісімен  белгілі  уақыт  аралығында  айрылғын  және   кінәлінің  қылмыстық  ойының  бірлігімен   байланысты  емес.  Екі  қылмыс  та  әртүрлі   жәбірленушіге  қатысты   жасалуы  тиіс.  Адам  өлтіруге  дайындалу   және  оған  оқталу,  сол  немесе  басқа  да  адамға  қатысты  аяқталған  қылмыс,  осы  қылмысты  құрамайды.

Қарастырылып  жатқан   ауырлататын  мән-жай  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  қайраткерінің  өміріне  қолсұғу  барысында  (Қылмыстық  кодекстің  167-бабы) немесе  сот  әділдігі   немесе  алдын  ала  тергеуді  жүзеге  асыратын  адамның  өміріне  қол  сұққан  (Қылмыстық  кодекстің  340-бабы)  болатын  жағдайларда  орын  алады.

Қылмыстық  кодекстің   97-100  баптарында  көзделген  қылмыстардың  біреуі, яғни  жеңілдететін  жағдайлар  барысында  жасалған  адам  өлтіру  оны  туындатпаса   адам  өлтірудің  «и»   тармағына   сәйкес  келмейді.

Қылмыстық  кодекстің  96-бабы  2-бөлігі  «и»  тармағын  саралауға  жататын  адам  өлтіру  кез  келген  жағдайларда  жөн  кез-келген  ниет  бойынша  жасалуы  мүмкін.

Қылмыстық  кодекстің  96-бабы  1-бөлігінде  көзделген  егер  бұрын  жасалған  адам  өлтіргендігі  немесе  оған   оқталғандығы  үшін, сол  адам  сотталған  болмаса,  ол  дербес   құқықтық  баталануы  тиіс.  Ол  соңғы  адам  өлтіру   қылмыстық  кодекстің   96-бабы  2-бөлігі  “è”  тармағы  бойынша  тиісінші  сараланады,  оның  аяқталғандығы  немесе  аяқталмағандығына   байланысты  емес.  Егер  әртүрлі  уақытта  жасалған  адам  өлтіру   ауырлататын  жағдайлар  барысында  жасалған  адам  өлтірудің  немесе  оған  оқталудың  белгілерімен  қамтылса,  толықтай  алғана  осы  іс   әрекет  Қылмыстық  кодекстің  96- бабы  2-бөлігі  «и»  тармағымен  (әлде   қылмыстық  кодекстің  24- бабын  қолдануымен)   саралануы  тиіс.

С.В  Бородиннің  пікірінше,   егер  жеңілдететін  мән-жайларсыз  Ресей  Федерациясының  шегінен  тыс  бұрын  адам  өлтіруді  жасаған  тұлға  шет  елдік  мемлекеттің   сотымен  сотталған  адам  Ресей  Федерациясында  адам  өлтіруді  жасаса,  онда  ол  соңғы  адам  өлтіргендігі  үшін  жеңілдететін  мән-жайларсыз  КСРО-ның  құрамына  енген  бұрынғы  одақтас  республикалардан  тиісті  Қылмыстық  кодекстің  баптары  бойынша   жауаптылыққа  тартылуы  тиіс. Осындай  мәселе  біздің  Қазақстан  Республикасында  да  осылай  шешіледі  деп  ойлаймыз.  Бірақ  та  осы мәселе  бойынша   Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Соты  Пленумының  1994  23  желтоқсандағы  «Азаматтардың  өмірі  және  денсаулығына  қолсұғушылықтық  жауаптылықты  реттейтін  заңдардың  соттардың   жөніндегі»  қаулысында  ешқандай   түсіндірмелер  жоқ.

Қорытындысында айта  кетуіміз  керек,  соттар  кінәлімен  жасалынған   бұрынғы  қылмысты  құқықтық  бағалаудың  дұрыстығына  назар  аудару  қажет,  өйткені  жаңа  қылмыс  үшін  Қылмыстық  кодекстің    96- бабы  2 -бөлігі  «и»  тармағы  әрекетін   саралауға   байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Кісі өлтіру қылмысынан қоғамның және мемлекеттің ең қымбат, баға жетпес деп жариялаған құндылығы – адам өмірі зардап шегеді. Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі жеке адамға қарсы қылмыстардан, оның ішінде өмірге қарсы қылмыстардан басталады.

Кісі өлтіру қылмысы үш түрге бөлінеді: а) қарапайым; ә) жеңілдетілген мән жайлары бар;  б) ауырлатылған мән-жайлары бар. Біздің қарастырған тақырыбымыз осы адам өлтірудің ішіндегі ең қоғамға қауіпті түрі – ауырлатылған мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері.

Осы   тақырыпты  қарастыра  отыра  теориялық және  тәжірбиелік  аспектіде,  біз  өзіміздің  мақсатымыз  ретінде  осы  сапаттағы  істер  бойынша  қылмыстық-құқықтық  нормаларды  қолдану  барысында  жол  берілген  қателіктерді  жан-жақты  талдауды  мақсат  етіп  қойды.

Адам  өлтіру  істері  бойынша  саралау  және  қарау  барысында  қателіктерден  қашу   қиын.  Мұндағы  міндет  қылмыстық  заңды  тәжірбиде  дұрыс  қолдану  жолынан  көрінеді.

Осындай  жолдардың  бірі   ретінде  ЭЕМ-ді  қолдану  барысындағы  жинақталған  адамзат  тәжірбиесін  қолдану.

Зерттеу  көрсеткеніндей  бірқатар  елдерде,  АҚШ  және  Жапонияда  соңғы  жылдары  ЭЕМ  базасында  әлеуметтік  салада  экспертті  жүйелер  құрылуда.  Осындай   экспертті  жүйелерді  кіндігін теориялық  білім  және  жоғары  сапалы  тәжірбие  құрайды.  Стандартты  жағдайларда  шешу  үшін  концентрлендірінген  адам  интеллектісінің  түрі  қолданылады.

ЭЕМ  базасының  негізінде  экспертті  жүйелерді  қылмыстық  әділет  жүйесінде  қолдану  үшін  нақты  болуы  мүмкін,  нақтырақ  айтқанда  қылмыстық-құқықтық  нормаларды  жүзеге  асыру  және  құру  барысында.  Осы  жүйелерді  құру  үшін  неғұрлым  жақын  біздің  пікірімізше  өмірге  және  денсаулыққа  қарсы  қылмыстар,  соның  ішінде  басқа  қылмыстарға  нақты  белгіленген қылмыс  құрамдары  танылады.

Сондай-ақ  қорытындысында   Қылмыстық  кодекстің  96-бабы  2-  бөлігінде  көзделген   «Қылмыстылықпен   күресу  мәселелеріне  байланысты  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерде  өзгерістер  және  толықтырулар  еңгізу  жөніндегі  5  мамыр  2000  жылғы  заңына  сәйкес  өзгеріс  еңгізілген.

Нақтырақ  айтқанда   «ж»   тармағына  адам  өлтіруді  жасау  барысында  ауырлататын  мән-жайларды  еңгізілген,  оған  жататындар  «топ  болып»,   «алдын  ала  сөз  байласу  арқылы  топ  болып»,  қарақшылықпен,  қорқытып  алушылықпен  немесе  бандитизммен  ұштасқан  адам  өлтіруді  жасау  «з»   тармағы.

Біздің  көзқарасымызша  бұл  елеулі  толықтыру,  «ж»  тармағы  бойынша  осы  белгі  Қылмыстық  кодекстің  12-бабы  2-бөлігі  және  257-  бабы  2-бөлігінде  бар,  ал  осындай  адам  өлтірудегі  аса  ауыр  қылмыс  болмаған  осы  ақтаңуақты жойды.

Дұрыс  саралау  және  жазаны  тағайындаудық  қосымша  құрамының  бірі  болып  құқықтық  база,  Қазақстан    Республикасы  Жоғарғы  Соты  Пленумының  қаулысы  танылады.

Біздің  көзқарасымызша  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Соты  Пленумының  1994  жылғы  23  желтоқсандағы  «Азаматтардың  өмірі  және  денсаулығына  қолсұғушылыққа  жауаптылықты  реттейтін  соттардың  қолдануы  жөніндегі  Қаулысы»,  материалды  және  моральды  жағынан  ескірді. Сондықтан қазіргі күнгі объективтік шындықты толықтай бейнелейтін және соңҒы жылдардаҒы өзгерістер мен қылмыстық құқықтық саясаттың тенденцияларын ескеретін жаңа қаулы қабылдануы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Андреева Л.А. Квалификация умышленных убийств, совершенных при отягчающих обстоятельствах. Ленинград, 1989
  2. Аниянц М.К.Ответственность за преступления против жизни. Москва, 1964
  3. Беляев В.Г., Свидлов Н.М. Вопросы квалификации убийств. Москва. 1984
  4. Большой юридический словарь. Под ред. А.Я. Сухарева, В.Д. Зорькина. М., Инфра-м, 1997
  5. Бородин С.В. Ответственность за убийство: квалификация и наказание по Российскому уголовному праву. Москва.1996
  6. Бородин С.В. Преступления против жизни. Москва.1999
  7. Бурчак И. Учение о соучастии по Советскому уголовному праву. М., 1961
  8. Волков Б.С. Мотивы преступлений. Казань, 1982
  9. Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона и ее установление. Воронеж. 1974
  10. Жижиленко А.А. Преступления против личности. Москва-Ленинград 1927
  11. Загородников Н.И. Преступления против жизни по Советскому уголовному праву. Москва. 1961.
  12. Кириченко В.Ф. Основные вопросы учения о необходимой обороне. Москва.1961
  13. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан / Под ред. И.И. Рогова, С.М. Рахметова. Алматы.1999.
  14. Комментарий к Уголовному Кодексу РК 2030,                      под ред. И.И. Рогова. А., 1999
  15. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлімі. А.Н. Ағибаев . Жеті жарғы, Алматы 1998
  16. Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления.Москва.1960
  17. Курс Советского уголовного права. Т.2.Москва.1970
  18. Курс Советского уголовного права.т.5. Москва.1971
  19. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бюлетені № 3,  1995
  20. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бюлетені № 4, 5, 1998
  21. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бюлетені № 7,  1998
  22. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бюлетені № 1,  1999
  23. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бюлетені № 1,  1993
  24. Лунеев В.В. Мотивация преступного поведения. Москва. 1991.
  25. Мамутов А. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта.Алма-Ата 1963
  26. Наумов А.В. Мотивы убийства. Волгоград 1973
  27. Никифоров Б.С. Объект преступления по Советскому уголовному праву. Москва 1960
  28. Нергалиев Б.Н. Организованная преступная деятельность: уголовно-правовые, процессуальные и криминологические аспекты. Караганда 1997
  29. Плаксина Т.А. Ответственность за убийство из мести по Российскому уголовному праву. Диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук. Москва. МГУ.1995
  30. Побегайло Э.Ф. Умышленные убийства и борьба с ними. Воронеж 1965
  31. Российское уголовное право. Оосбенная часть. Москва 1998
  32. Сидоров Б.В. Аффект. Его уголовно-правовое и криминологическое значение. Казань 1978
  33. Ткаченко В.И. Необходимая оборона по уголовному праву. Москва 1979
  34. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. Москва 1960
  35. Уголовное право. Особенная часть. Москва 1998
  36. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. /Под ред. И.Ш.Борчашвили, С.М. Рахметов. Алматы 1999
  37. Уголовное право. Учебник. Общая часть. Под ред Б.В. Здравомыслова  М., 1994
  38. Шаргородский М.Д. Преступления жизни и здоровья. М., 1948
  39. Шаргородский М.Д. Ответственность за преступления против личности. Москва 1953
  40. Шестаков Д.А. Супружеское убийство как общественная проблема. Санкт-Петербург 1992

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] Шаргородский М.Д. Преступление против жизни и здоровья. М,1948 стр.38

[2] Бородин С.В. Преступление против жизни М., 1998, стр.13

[3] Пионтковский А.А. Уголовное право РСФСР. Часть общая. Москва, 1925.С.с. 129-130

[4] Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Лекции. Часть общая. Т. 1. Санкт-Петербург, 1902. С.36

[5] Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекции. Москва, 1996. С.с. 149

[6] Таганцев Н.С. Русское уголовное право… С.175.

[7] Смирнов В.Г. Объект уголовно-правовой охраны и правопорядок: Сб. ученых трудов. Вып. 14. Свердловск, 1971. С.15.

[8] Сонда, 51-55-б.б.

[9] Федоров М.И. Понятие  объекта преступления по Советскому уголовному праву. В кн: Ученые записки Пермского университета. Т.    Кн. 2. Перм. 1957. Вып. 4. С.181.

[10] Исаев А.А. Применение специальных познаний для квалификации преступлений. Алматы, 1997. С.153.

[11] Каиржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон. Алма-Ата, 1973. С.57.

[12] Каиржанов Е.И. Интересы. С 68

[13] Каиржанов Е.И. Основные теоретические. С.95.

[14] Баймаханов М.Т. Противоречия в развитии правовой надстройки при социализме. Алма-Ата, 1972. С.с.290-291.

[15] Коржанский Н.И.Объект и предмет уголовно-правовой охраны. Москва, 1980. С. 26.

[16] Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекции. Москва, 1996. С.с.147,149.

[17] Коржанский Н.И.Объект и предмет уголовно-правовой охраны. Москва, 1980. С. 24.

[18] Жижиленко А.А. Преступление против личности М-Л., 1927.С. 40

[19] Наумов В.  Уголовное право Российской Федерации. 2001. С.49.

[20] Қайыржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон, Алма – ата, 1973.с.27.

[21] Никифоров А.С. Обьект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960.  С. 164.

[22] Пионтковский А.А., Меньшагин В.Д. Курс уголовного право. Особ.часть. Москва, 1955 т.1. С. 59.

[23] Федоров М.И. Понятие обьекта преступления по советскому уголовному праву, Пермь, 1957. Вып.4. кн.2. С. 188.

[24] Пионтковский А.А. Курс советского уголовного права. Т.2. М., 1970. С. 76.

[25] Загородников Н.И. Преступление против личности, М., 1969. С.19.

[26] Гроздинский М.М. Престуление против личности. Москва, 1923. С.4.

[27] Курс советского уголовного право, Москва, 1971. Т.5. С.82.

[28] Никифоров А.С. Обьект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960.  С. 164.

[29] Мокринский С., Натансон В. Преступление против личности. Харьков, 1923. С.72.

[30] Ковалев М.И., Раськов П.Т. Причинная связь в уголовном праве. Москва, 1958. С.24.

 

[31] Пионтковский А.А., Меньшагин В.Д. Курс уголовного право. Особ.часть. Москва, 1955 т.1. С. 59.

[32] Шаргородский М.Д. Советское уголовное право. М., 1948.. С.25.

[33] Курс советского уголовного право, Москва, 1971. Т.5. С.45

[34] Бородин С.В. Преступления против жизни  М. 1989

[35] Шестаков Д.А. Супружеские убийства как обществ. проблема СП 1992 с32-45

[36] Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені №1 1999 12-13 беттер

 

[37] Трайнин А.И. Общее значение о составе преступления М., 1957, стр.74-76

[38] Курс советского уголовного право, Москва, 1971. Т.2. С.18

[39] Сборник Постановлений Пленума Верховного Суда Республики Казахстан (1961-1997гг) А. 1997 с.288

 

[40] Бородин С.В. Преступление против жизни   М., 1999 с.94

[41] Бюллетень Верховного Суда Республики Казахстан І3 1995г.

[42] Сборник Постановлений Пленума Верховного Суда РК (1961-1997) т.1 с.281

[43] Бородин Преступление против жизни  М. 1999

 

 

[45] Кириченко В.Ф. Значение ошибки по Советскому уголовному праву М.

1952 с.58

[46] Уголовное право (особая часть), кол-в автв  М. 1998 с.56

[47] Андреева Л.А. Квалификация умышленных убийств, совершенных отягчающих обстоятельствах. Л. 1989. С.74

[48] Бюллетень Верховного Суда Республики Казахстан  № 67, 1998 год

 

[49] Сборник Постановлений Пленума Верховоного Суда РК (1961-1997)

А.1997 с.279

[50] Бородин С.В. Преступления против жизни  М. 1999,  с. 123

[51] Уголовное право Республики Казахстан  Особенная часть  / Под редакцией И.Ш. Боргашвили и С.М. Рохляев  Алматы 1999 с.73

[52] Бородин  Преступления против жизни   М. 1999   с. 133

[53] Наумов А.В.  Мотивы убийства  Волгоград  1973  с.48

[54] Бородин С.В. Ответственность за убийство: квалификация инаказание по Российскому праву М. 1994  с.61; Андреева Л.А. Совокупность  корыстного убийства и разбоя  // Сборник законов  1972  № 7 с.53

 

[55] Нургалиев Б.М. Организованная преступная деятельность: уголовно-правовые, процессуальные и криминологические аспекты Караганда, 1997   с.67

[56] Беляев  В. Г. , Свидлов А.М.    Вопросы  квалифицированных    убийств   М., 1984   с.22

 

[57] Бородин С.В. Преступление против жизни  М. 1999 с.149

 

[58] Сборник Постановлений  Пленума  Верховного  Суда  Республики Каазахстан  (19611977)  Л.   1997

[59] Андреева Л.А.  Квалификация умышленных убийств, совершенных при отягчающих  обстоятельствах  1989  с.37

 

[60] Архив Алматинского областного суда  1981

[61] Бородин С.В.   Преступления  против  жизни.  М. 1999 с.139

[62] См. Лунеев В.В.  Мотивация  преступного  поведения  М.  1991  с.50

[63] Мамутов А. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта. А-А-  1965  с.299

[64] Бородин С.В.  Преступления против жизни  М.  1999  с.162

[65] Архив  Бостандыкского  суда  г. Алматы