АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық түсініктемесі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………3

 

1 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Адам ұрлаудың объектісі…………………………………………………..6

1.2 Адам ұрлаудың объективтік жағы…………………………………………8

1.3 Адам ұрлаудың субъективтік жағы………………………………………17

1.4 Адам ұрлаудың субъектісі………………………………………………..20

 

2 АДАМ ҰРЛАУДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

        2.1 Адам ұрлау қылмысының негізгі себептері мен жағдайлары………….26

        2.2 Адам ұрлау қылмысын жасаушы қылмыскер тұлғасы…………………29

        2.3 Адам ұрлау мен адам саудасының байланысы………………………….30

        2.4 Адам ұрлау қылмысын және өзге де бостандыққа қарсы қылмыстардың алдын алу………………………………………………………………………39 

 

3 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНА ӨЗАРА ҰҚСАС ЖӘНЕ ӨЗАРА ҰҚСАС АУЫРЛАТАТЫН  МӘН-ЖАЙЛАРЫ БАР ҚЫЛМЫСТАР

         3.1 Ауырлататын мән-жайлары бар адам ұрлау……………………………41

         3.2 Адам ұрлау қылмыстардан ажырату……………………………………45

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………54

 

 

КІРІСПЕ

 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі — Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабына сәйкес біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Әрбір жеке адамның өзіндік құқықтары мен бостандықтары кешенінде негізгі орынға адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық ие және олар конститутциялық кепілмен қамтамасыз етіледі. Бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтар күнделікті өмірде әртүрлі әдіс-тәсілдермен қамтмасыз етіледі, соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралармен.

Біздің респуликадағы адам бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығына қол сұғуға жауаптылықты белгілейтін қылмыстық заңнама елдегі жүргізіліп отырған қылмыстылыққа қарсы саясатқа сәйкес дамытылып, жетілдіріп отырылуға тиіс. Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясында көрсетіліп кеткендей қылмыстық заңнамада бастама заңмен қорғалатын ең қымбат әлеуметтік құндылық болып табылатын адам құқықтары мен бостандықтары алынуы керек. Адам бостандығына қол сұғушылықтан қорғаудың конститутциялық кепілдері біздің конституцияның бірнеше нормаларынан көрініс тапқан. Мысалы Конституцияның 1- бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Яғни біздің Негізгі заңға сәйкес мемлекеттің ең басты құндылығы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады

Сәйкесінше біздің әрекет етуші қылмыстық заңнама бойынша адам құқықтары мен бостандықтары қылмыстық заңнамамен қорғалатын ең басты әлеуметтік қазына болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қылмыстылықпен күреске байланысты жиналыста атап өтіп кеткеніндей: «Соңғы жылдары құқықтық тәртіп пен заңдылық саласында мемлекетте алға жылжулар бар. Адамның өмірі, денсаулығы және азаматтардың мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге байланысты криминалдық қол сұғуға қарсы шаралар қолданылуда. Мұндай шараларға мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың түзелуі, халықтың өмір сүру деңгейінің өсуі, саяси құқықтық реформалар, соның ішінде қылмыстық заңнамадағы демократиялық өзгерістер өз септігін тигізуде».

Жыл сайын Қазақстанда жасалған қылмыстар туралы ресми статистикалық есептерде және құқық қорғау органдарының қылмыстық қудалау қызметінің нәтижесінде шамамен адам ұрлаудың 90-100 фактісі тіркеледі. Адам ұрлау фактісі адамның физикалық бостандығына қол сұға отырып, адамның конституциямен құқықтық кепіл берілген жеке тұлғаның бостандығын бұзады.

ҚР Конституңиясының 16 бабының 1-тармағы жеке бас бостандығы құқығын бекітеді: «Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар». Конституцияның 21-бабының 1-тармағында қозғалу бостандығы бекітіледі: «Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар».

Тұлғаның Конститутцияда кепілдік берілген жеке бас бостандығына адам ұрлау арқылы қол сұғу жоғары әлеуметтік қауіптілікпен сипатталады, өйткені жеке бас бостандығы адам өмірінің бағасыз құндылығы болйп табылады, ал адам ұрлауға байланысты құқыққа қайшы әрекеттер адамның осы құқығынан айыруға бағытталады.

Біздің мемлекет таңдаған қылмыстық заңнаманы гуманизациялау саясаты жеке тұлғаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мәселесін өзекті қылады. Бұл мәселені шешу, менің ойымша, теориялық және практикалық деңгейде жүзеге асырылып, нақты тиімді қорытындылар жасауға әкелуі керек. Сондықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасын алдым. Адам кұқықтары мен бостандықтарының конституцияға сәйкес қамтамасыз етіліп, қорғалуын мемлекеттік кұқықтың актілері де адам құқығын көтерудің негізгі қағидаларымен белгілеген. Қазақстан Республикасы да көп идеялар мен қағидаларды басшылыққа алып және оны мемлекеттің өзіндік ерекшелігін ескере отырып нығайтуда. Жұмыста адамның құқықтарын және бостандықтарын қорғау төңірегіндегі маңызды мәселелерді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар анықаталады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заң әдебиеттерімізде аталмыш мәселені зерттеудің қазіргі жағдайы да тиісті зерттеудің қажеттігін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Заң ғылымында осы мәселені зерттеуге мына тұлғалар біршама көңіл бөледі және бөлген ел басының өзі, Исаев А.А. Мозговых Г.А. Топалова Р.Б. Нургалиев Б.М және тағы да басқалар.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мәселенің өзектілігі мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі зерттеу мақсатын анықтайды. Дипломдық жұмыстың мақсаты адам ұрлау әрекетінің қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасын беру.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық түсініктемесін беру, осы қылмыс құрамының ерекшеліктерін айқындау, адам ұрлаудың сараланған және ерекше сараланған құрамдарына құқықтық талдау жасау, адам ұрлауды өзге ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату, адам ұрлау қылмысының кримннологиялық аспектілеріне тоқталу. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуін түбегейлі түрде талдау. Мұндай құқықтарды қорғау үшін — институттарды анықтау. Адам құқығы мен бостандығын бұзған жағдайда оны заңды қорғау, басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар-намысы мен қадір қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттемелерді белгілеу.

Қазақстан Республикасында әрбір азамат өз құқықтарын өзге адамдардың құқықтарына зиян келмейтін тәсілмен қорғауға құқылы. Адам құқықтарын бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға заңсыз шектей алмайды. Тәуелсіз мемлекетімізде жұрттың барлығы сот пен заңның алдында тең. Көп ұлтты мемлекетімізде демократиялық принңиптерді басшылыққа алып өркениетті қоғам құру негізгі идеяға айналды. Мұндай, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды орнату жолындағы ең өзекті де, кезек күттірмес мәселелердің бірі-адам құқықтарының тиісті деңгейде қамтамасыз етілуі. Дипломдық жұмыстың негізгі бағыты — басты кұқықтардың тиісінше қорғалуына қадам жасау.

Зерттеу объектісі: Адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық түсініктемесі

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасы конституңиясының 16-бабының 1-ші тармағында » Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар делінген. Дегенмен әр адамның жеке бас бостандығына деген коституциялық құқығын шектеуге тек қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілгендей және сол заң талаптарына сәйкес, қылмыспен күрес барысында, ҚІЖ-у міндеттерін шешуге қажетті деңгейде ғана мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары түрінде жол беріледі. Яғни бұл жерде мемлекет тек қана қылмыспен күресіп қоймай, сонымен қатар процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың құқықтарымен мүдделерін қорғауға міндетті болып табылады.

Жұмысты жазу барысында теориялық және эмпирикалық қайнар көздері ретінде қылмыстық құқық пен криминология салаларында ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген монографиялары және сот-тергеу практикасы мен статистикалық мәліметтер қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

1.1. Адам ұрлаудың объектісі

 

Адам ұрлау түсінігі бұрыннан белгілі болып табылады. Ол туралы Ежелгі Грецияның антикалық мифтері айтып кеткен. Адам ұрлау тақырыбына көптеген өнер туындылары жазылған. Тіпті рим құқығы бойынша адам ұрлау ауыр қылмыстар қатарына жатқызылып, оны адамды бостандық жағдайдан бостандығынан айырылған жағдайға ауыстыру деп сипаттаған. Әлем тарихы адам ұрлаудың көптеген жағдайларын біледі.

Бүгінгі қолданылып жүрген «киднеппинг» сөзі салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Англияда «abduction» сөзі қолданылған, ол әйелді өз еркінен тыс ұрлау дегенді білдірді. Қазақ елінің тарихыда әйел ұрлаудың көптеген мысалдарын біледі. Кейіннен әйелдерді ұрлаумен қоса ерлерді, балаларды ұрлау фактілері де көбейді. Ерлер мен жас балаларды ұрлау кеме жұмысына салуға тиімді болды.

Адам ұрлау бүгінгі күні кең таралған құбылыс болып табылады және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сейкес бұл құбылыс құқықа қайшы қоғамдық қауіпті қылмыс ретінде танылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабында адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылады, онда адам ұрлаудың жай, сараланған және ерекше сараланған құрамдары қарстырылады.

ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігі кінәні ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлары жоқ адам ұрлау үшін жауаптылықты қарасытырады. ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігінің диспозициясы жай (атаулы) болып келеді, яғни адам ұрлаудың қандай да бір белгілерін сипаттаусыз адам ұрлау нысанында көрініс табатын қылмыстың атауын көрсетумен шектеледі.

Тергеу мен сот тәжірибесінде ҚК 125-бабының 1-болігін тәжірибелік қолдануға байланысты көптеген қиындықтар туындайды, өйткені адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін норманың сипаты атаулы ғана болып табылғандықтан әрекетті саралауға байланысты қиындық туындайды, яғни қандай әрекетті адам ұрлау деп тану мәселесі. Сондықтан қылмыстық заңнаманың 125-бабының бірінші бөлігін қазіргі контектісінде қалдыру тиімсіз және перспективсіз болып келеді. Сәйкесінше, жай диспозицияны сипаттамалық диспозицияға ауыстыратын кез келді [1].

Сипаттамалық диспозицияда қылмыстың негізгі белгілері көрсетіледі. Қылмыстық заңнаманың нормаларының диспозицияларының басым бөлігі сипаттамалық болып табылады, ол қылмыстық заңның дұрыс қолданылуына әсер етеді.

Адам ұрлау қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін нормасының жай диспозициясын сипаттамалық диспозицияға ауыстыру заңда адам ұрлау қылмысының негізгі белгілерін көрсетуге мүмкіндік берер еді. Сипаттамалық диспозицияның жай диспозициядан басымдығы қылмыстық құқық теориясында және практикада нақты қылмыстарды дұрыс саралау мәселесін шешу кезінде өз көрінісін тапқан. Сипаттамалық диспозицияда заң шығарушы нақты қылмыстық белгілерін толығымен ашып көрсетеді. Егер заңнамада қандай да бір қылмыстың белгілері нақты көрсетілсе, қылмысты саралауда қате жіберу мүмкіндігі азайып, қылмыс үшін жауаптылық таңдау мәселесін дұрыс шешуге нақты мүмкіндік туындайды.

Жоғарыда айтқандарды ескере отырып қылмыстық кодекстің адам ұрлау үшін жауаптылық көздейтін нормасының жай диспозициясын сипаттамалық диспозицияға ауыстыру тиімді болар еді.

Тәжірибеде көрсетіп отырғандай адам ұрлау қылмысы көбінесе жәбірленушіні алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кей жағдайларда адам ұрлау жәбірленушіге күш қолдану арқылы жүзеге асырылады, онда адамды күштеп ұстап алып, кейін көлікпен басқа жерге әкетеді.

Осыны ескере отырып, С.М.Кулушев ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігін келесі редакцияда сипаттауды ұсынады: «Адамды оның еркінен тыс алдау немесе сенімді теріс пайдаланумен не жәбірленушіге күш қолодану арқылы ұрлау». Мен С.М.Кулушевтің осы пікірімен толық келісемін.

Қылмыстық заңнаманың адамның жеке басына адам ұрлау арқылы қол сұғатын нормасын жоғарыда көрсетіп өткендей жетілдіру өз кезегінде құқық қорғау органдарының осы санаттағы қылмыстармен күресудегі тиімділігі мен белсенділігін жоғарлатар еді.

Кез келген қылмыстың қылмыыстық-құқықтық табиғатын ашу мәселесі оның құрамының элементтерін анықтаумен тығыз байланысты. Қылмыс элементтерін анықтауда ерекше орын қылмыстың объектісіне ие, өйткені қол сұғушылық объектісін анықтау қылмысты саралауда, жазаны дараландыруға және әрекеттің қоғамдық қауіптілігін анықтауда ерекше орынға ие.

Адам ұрлау қылмысының объектісінің белгілерін анықтау және тиісінше осы қылмысты қол сұғушылық объектісіне байланысты дұрыс саралау мәселесін шешу қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісіне қатысты қалыптасқан концептуалдық ережелердің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Кеңестік кезеңдегі ғалымдар Н.Д.Дурманов, Н.И.Загородников, В.Н.Кудрявцевтер қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық қатынастарды атаған. Кеңестер одағы өмір сүрген уақытта қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар болып табылады деген пікірі тереңнен етек алып, басқа пікірлерге қарағанда доминанттық рольге ие болды.

Бірақ кейінгі кезде қоғамдық формаңия мен ондағы қарым- қатынастардың өзгеруіне байланысты қылмыстық объектісі тек қоғамдық қатынастар болып табылады деген пікірді қайта қарастыру қажеттілігі туындайды.

Ресейлік ғалым А.В.Наумовтың айтуынша қоғамдық қатынастар шынымен де көп жағдайларда қылмыстың объектісі болып табылады, мысалға меншікке қарсы қылмыстарда қылмыс объектісі ұрланған мүлік емес, сол мүлікке деген меншік құқығынан туындайтын мүлікке ие болу, пайдалану және билік ету қатынастары келеді. Бірақ кей жағдайларда қоғамдық қатынастың қылмыс объектісі ретіндегі теориясы жеткіліксіз болып шығады. Ол әсіресе жекеше адамға қарсы қылмыстарға қатысты байқалады, мысалға адам өлтіру, адам ұрлау және т.б.

Жоғарыда атап өткеніміздей бүгінгі күні қылмыстық заңнаманың қорғайтын ең басты қазынасы адам, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Осы кезде А.В. Наумовтың ұсынған пікірімен келіспеуге болмайды.

Соңғы жылдары қазақстандық ғалымдар қылмыс объектісіне қатысты жемісті зерттеу жүргізді. Е.И.Қаиржановтың пікірі бойынша қылмыстың бірден бір объектісі мүдделер болып табылады, мүдде адамға қажет және пайдалы құндылықтардың жиынтығы болып табылады [2, 12б.].

Сәйкесінше қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық қатынастар, құқықтар, заңды мүдделер және тиісті құндылықтарды тануымыз керек.

Қылмыс объектісі — кез келген қылмыс құрамының қажетті белгісі болып табылады. Ешқандай объектіге немесе қылмыстық заңмен қорғалмаймын объектіге қарсы бағытталған әрекет қылмыс болып саналмайды.

Сонымен, қылмыс объектісі ретінде адам қылмыс жасай отырып қол сұғатын және қоғамға қауіпті әрекетпен зиян келтіретін не келтіру қаупін тудыратын қылмыстық заңмен қорғалған әлеуметтік маңызды мүдделер, құқықтар және құндылықтардың кешенін түсіну керек.

Адам ұрлау қылмысының топтық объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын жеке тұлғаның мүдделері.

Адам ұрлаудың тікелей объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын адамның жеке бас бостандық (физикалық және моральдік) мүдделері. Жеке бас бостандық деп адамның еркін қозғалып тұру және әрекет ету бостандығы танылады.

Ал адам ұрлау қылмысының қосымша объектісі адамның өмірі, денсаулығы, мүлкі және өзге де құндылықтар жатады.

Кез келген адам оның жасына, әлеуметтік статусіне, азаматтығына және өзге де қасиеттеріне қарамастан адам ұрлау қылмысы бойынша жәбірленуші болуы мүмкін.

 

1.2 Адам ұрлаудын объективтік жағы

 

Адам ұрлау қылмысының объективтік жағы қылмыстық жауаптылықты тағайындаудың міндетті негізі болып табылады, бірақ ҚК 125-бабының диспозициясында заң шығарушы осы қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілерді көрсетпеген.

Жоғарыда атап откеніміздей ҚР ҚК 125-бабының диспозициясы жай (кейбір қайнар көздерде оны «атаулы диспозиция» деп те атайды) диспозиция түрінде құрастырылған және қылмыс туралы сипаттауды екі сөзбен шектеледі: «адам ұрлау». Тәжірибеде ҚК 125-бабының диспозициясын қолданып, жауаптылықты таңдау кезінде сәйкесінші осы қылмысты қылмыс құрамының объективті белгілері бойынша саралауға байланысты коптеген қиындықтар туындайды.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объективтік жагы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғушылықтың сыртқы жағы ретінде сипатталады [4, 9б.] .

Нақтырақ нұсқада қылмыс құрамының объективтік жағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті актінің сыртқы көрінісі ретінде қарастырылған. Ол сыртқы акт өз көрінісін объективтік өмірде табады және қылмыс объектісіне зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін тудырады.

Академик В.Н.Кудрявцетің пайымдауынша қылмыстың объектвтік жағы заңмен қорғалатын объектілерге қоғамдық қауіпті және құқыққа қайшы қол сұғудың көрінісі болып табылады, ол субъектінің қылмыстық әрекетінен (әрекетсіздігінен) басталып, қылмыстық қорытындымен аяқталады.

Аяқталған қылмыстық объективтік жағынан біренеше компонеттерді көруге болады: қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік), зиянды салдар, себепті байланыс, сонымен қоса қылмыс жасаудың орны, уақыты, тәсілі және жағдайы.

Б.А.Куриновтың жазуынша «…қылмыс құрамы элементтері ішінде объекивтік жақ өзге элементтерге қарағанда толығырақ сипатталған… ерекше бөлімнің объективтік жақ белгілерін сипаттамайтын баптары жоқ. Сол уақытта ерекше бөлімде қылмыстық субъектісі мен субъективтік жағының мазмұнын ашпайтын баптар көп. Сондықтан қылмыстың объективтік жағы қылмыстық әрекеттің негізгі элементі болып табылады. Әрекеттің сыртқы жағында оның қоғамдық қауіптілігі көрінісі табады».

Яғни қылмыстық құқықтың теориясында қылмыстың объективтік жағы қоғамдық қауіпті әрекеттің сыртқы әлемде көрінісін табатын негізі элементі ретінде танылады. Тек қоғамдық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғумен көрініс табатын қоғамдық қауіпті әрекеттің болу фактісі анықталған жағдайда ғана адамды қылмыс құрамының объективтік жағы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі көтеріледі.

Қоғамдық қауіпті әрекет жасай отырып, субъект қоршаған ортаға әсер етеді, онда өзгерістер жасайды, ол өзгерістер өз кезегінде құбылыстардың өзгеруіне әкеледі.

Адам ұрлау қылымыс жасалған кезде жәбірленуші физикалық бостандығынан айырылады, оның еркінен тыс оның кеңістегі орны ауысады, оған қатысты күш қолданылуы мүмкін [5, 69б.].

Мысалы, 2003 жылдың қазан айының соңында Қарағанды қаласында ақша талап ету мақсатымен ұл бала ұрланған болатын. Қылмыс келесідей мән-жайларда жасалған.

30 қазан күні Дима О. сегізге жиырма минут қалғанда сабаққа күнделіктегідей шыққан болатын. Диманың апасы балконда тұрып немересі лифтпен түсіп, аркадан өткеннен кейін апасына қош айтатынын күтіп тұрады. Бірақ бала 5 минуттан кейін де, он минуттан кейін де көрінбейді. Апасы бірдеңенің дұрыс болмағанын сезініп, Диманың шешесіне айтады, шешесі дереу жедел басқару орталығына хабарлайды.

Ал осыдан біраз уақыт бұрын жедел басқару орталығына он қабатты үй алдында бірнеше адам кішкентай баланы қызыл «Ауди» көлігіне күшпен салып әкетті деген азаматтың хабары тұскен болатын. Бала мені ұрлап барады деп көмекке шақырған болатын, бірақ қатты соққыдан кейін оның дауысы шықпай қалды.

Адам ұрлаушылар баланы іздеу таңертеңнен басталады деп ойламаған еді. Полиция қызметкерлері азаматтық киімдерге киініп қаланың таксофондар орналасқан жерлеріне аңдуды ұйымдастырды. Ал «Қазақтелеком» қызметкерлері ұрланған баланың ата-анасына қай жерден телефон қай жерден соғатынын оңай анықтау үшін таксофоннан белгілеген жерлерде ғана жұмыс істеуін қамтамасыз етті [6, 74б].

Адам ұрлаушылар Диманы «Федеров» су қоймасы жанындағы дачаға алып барады. Оны подвалға қамап, қол-аяғын скотчпен орындықа байлап қояды. Дима суық подвалда тамақсыз және жылы киімсіз екі тәулік отырды. Ол тамақ сұрағанда оның басынан ұрған.

Адам ұрлаушылар бала үшін алты мың АҚШ долларын талап еткен.бұл ақшаны орта дәрежедегі кәсіпкер таныстарынан жинауға мәжбүр болды. Одан ары қарай жүргізілген келіссөздердеи соң, қылмыскер ақшаны 31 қазан күні кешке күл-қоқыс жэшігіне тастау керек деген инструкция берді. Және әрбір хабарласуда баланың ата-анасын: «баланы тірі көргілерің келсе, полицияға хабарламаңдар», — деп қорқытты.

Полиция қызметкерлеріне сол уақытта қылмыскерлер бала үшін ақшаны алғаннан кейін тиімсіз куәнің көзін жоятыны белгілі болды.

Баланың өміріне келуі мүмкін қауіпті ескере отырып, полиция қызметкерлері қорқытып алушылардың шартты орынға ақшаны алуға келуін кұтпейді. 31 қазан күні кешке іздеу тобы ұрланған бала мен оның екі күзетушісінің нақты орнын анықтайды. Кешкі сағат алтыда дачаға арнайы полиция бөлімі келіп Диманы суық подвалдан босатады. Бала әке-шешесімен ІІББ бастығының кабинетінде кездесті.

Ұсталған жасөспірімдер өз әрекеттерін түсіндіре алмады. Ұрлаушылардың бірі Диманың әкесінің досының баласы болып шықты. Екі жасөспірімнің әрекетін 25 жастағы бұрын екі рет ұрлық үшін соталған азамат басқарған.

Көрсетілген мысалдан адам ұрлау қылмысына тән барлық белгілерді көруге болады.

Егер қылмыстың объективтік жағына қатысты айтсақ, қылмыстық құқық теориясында танылған адам ұрлаудың объективтік белгілернің барлығын табуға болады.

Объективтік жақтың белгілеріне келесілер жатады:

  • қандай да бір объектіге қол сұғатын әрекет немесе әрекетсіздік;
  • қоғамдық қауіпті зардаптар;
  • әрекет (әрекетсіздік) пен зардап арасындағы себепті байланыс;
  • қылмыс жасаудың тәсілі, орны, уақыты, жағдайы, құралы және қаруы.

Адам ұрлау әрқашан адамның белсенді әрекеттерімен жасалады. әрекетсіздік арқылы бұл қылмыстың объективтік жағын орындау мүмкін емес, ойткені адам ұрлау қылмысың міндетті белгісі жәбірленушінің оның еркінен тыс күш қолдану арқылы кеңістікте орынын ауыстыруға бағытталған белсенді әрекеттермен сипатталады.

Адамды ұрлауға бағытталған әрекеттер әртүрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін.

Профессор А.И.Мамутов әйел ұрлау қылмысының объективтік жағының белгілерін аша отырып, көрсетті: «Әйелді оның еркінен тыс ұрлаудың объективтік жағы белсенді әрекеттермен сипатталады. Әрекетсіздікпен ұрлау мүмкін емес. Ол кез келген әрекет емес, әйелдің орынын ауыстыруға мәржбүрлеген әрекет…».

Ары қарай А.И.Мамутов әйел ұрлауға бағытталған әрекеттердің жасалуы тәсілін жүйелендіреді.

Адам ұрлау алып кету нысанында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалға Корғалжын аудандық сотымен 1960 жыл туылған А.Тасболатов пен К.Кенжебеков үйіне қайтып бара жатқан Лохапованы күшпен машинаға салып үйлеріне алып кеткені үшін сотталды. Олар Лохапованы Тасболатовқа үйлендіру үшін алып кеткен болатын. Жәбірленуші сол күні милнция қызметкерлерімен үйлеріне қайтарылды.

Адам ұрлау алдау арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалға адамды қандайда бір себеппен нақты бір ғимаратқа алдау арықылы алып келіп, одан шығармай қоюы мүмкін.

Әйелді ұрлау оның некеге отыру бостандығына қол сұғатындықтан, және тікелей жәбірленушінің бостандығына қол сұғушылық болып саналғандықтан, оның ата-анасының, туыстарының, қамқоршы немесе қорғаншыларың әйелді алып кетуге немесе ұстап отыруға келісім беруі кінәліні адам ұрлау үшін жауаптылықтан босатпайды, ал оған көмектескендер қылмысқа қатысушылық үшін жауапқа тартылады.

Адам ұрлау физикалық күш қолданумен де, психикалық күш қолданумен де жүзеге асырылуы мүмкін, яғни қорқыту арқылы. Сондай-ақ адам ұрлау алдау немесе дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы (мас болу, ауру болу немесе өзге де күш қолдану қажет етпейтін жағдайлар) жүзеге асырылуы да мүмкін.

Адам ұрлау қылмысы ұрлау жәбірленушінің еркіне тыс болағанда ғана орын алады, бірақ кейбір жағдайларда соттар қателесіп, «ұрлаушыға» егер әйел адам ұрлауға келсім беріп, әке-шешесі келісім бермегенде айыптау үкімі шығарылып жатады.

Мұндай фактілер заңгерлерді осындай «ұрлауларды» қылмыстық адам ұрлаудан ажырата білуді талап етеді.

Кейбір аймақтарда ұрлаусыз әйел алу қыздың намысына нұқсан келтіру болып танылады. Мұндай жағдаяттармен тәрбилік құралдармен күресу керек.

Тәжірибеде қызды үйленуге ұрлағанда жігіт ретінде басқа адамды көрсетіп алып кету фактілері де кездеседі. Мұндай ұралуды алдау арқылы ұрлау деп тану керек.

Көне заманда қыз алып қашу біздің заманымызбен салыстырғанда адам ұрлаумен тең. Көне заманғы қыз алып қашудың өзіндік ерекшелігі бар. Қыз алып қашқаны үшін әртүрлі жазалары болған. Өзінің айттырылған қызын алып қашқаны үшін жігіттің туыстары ат шапан айып төлейді және ол ауыр қылмыс болып есептелмейді. Егер қыз әкесі алып қашушымен үндес жымдас болса бұрынғы құдасына қалыңын қайтарып өз тарапынан айыбын төлейді немесе басқа қызын береді. Қызды айттырып қойған жақ қызды алып қашуының тарапынан кшірім сұрау немесе қалың малын айыбымен қоса қайтару кешіктірілмесе өлім жазасын талап етуге не барымтаға шығуына рұқсат. Егер айттырылмаған басы бос қызды алып қашса онда алып қашқан адам қыздың ата анасына қалыңмал түйе бастатқан тоғыз немесе қалың мал ретінде бір қыз беріп алып қашқан қызға үйленеді. Біреудің әйелін келісімінсіз алып қашу өлім жазасына кесіледі не құн төлейді. Егер келісімімен алып қашса қалың малын қайтарып үстіне қыз қосады.

Біздің заманымызда адам ұрлау кезінде жәбірленушіге дене жарақаттары келтірілсе, кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің тиісті баптарымен қылмыс жиынтығы ретінде саралануы тиіс.

А.М.Мамутовтың ұсынған әйелді ұрлауға бағытталған әрекеттердің жүйесін негізге ала отырып, тек әйелді ғана емес, кез келген адамды ұрлаудың келесідей тәсілдерін көрсетуге болады:

Алып қашу (умыкание), адамды алып кету арқылы ұрлау.

  1. Ұрлаушының қулығына негізделген жәбірленушіні алдау немесе сенімін теріс пайдаланып ұрлау.
  2. Адамды жәбірленушіге физикалық күш қолдану немесе психикалық әсер ету арқылы ұрлау:

Сонымен қоса адам ұрлау қылымысы жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып жасалынуы мүмкін.

Қылмыстық құқықта адам ұрлаудың объективтік жағының мазмұнын ашу көптеген қиындықтар туындатады, өйткені ұрлаудың, сондай-ақ ұрлықтың түсінігі көбінесе мүлікті ұрлауға қатысты сипатталады. Сондықтан адам ұрлау үшін қылмыстық құқықтық жауапкершілік туралы сөз болғанда қылмыстың бұл санатының ерекшеліктерін ескеру керек [8, 78б.].

Осыған байланысты қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объективтік белгілеріне байланысты қылмыстық әрекеттің жасалуының нақты нысандары көрсетілген.

Қылмыстық әрекеттің нақты нысандары әртүрлі болып келеді. Ол қылмыстық құқықтың ерекеше бөлімімен қарастырылады. Сол уақытта олар нақты әрекеттермен, қылмыс жасау орнымен және уақытымен сипатталуы мүмкін.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыс жасаудың нысандарын екі түрмен сипаттауға ұмтылыс жасалған: қорқыту және алдау. Бірақ қорқытумен де, алдаумен де жасалмайтын қылмыстар болады.

Қылмыстық құқық теориясында әрекеттің тәсілінің ерекшеліктері қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі ретінде сипатталады. Мысалға, заң бөтеннің мүлкін ұрлаудың тәсіліне қарай келесідей түрлерін боліп көрсеткен: ұрлық — яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау, тонау — яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау, қарақшылық — яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау. Кей жағдайларда қылмыс жасаудың тәсілі қылыстың қауіптілік деңгейін жоғарлатады, оны сараланған түрге ауыстырады. Мысалға қарақшылықтың сараланған тұрі денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, абайсызда жәбірленушінің оліміне әкеп соққан қарақшылық болып табылады.

Қылмыс жасаудың кейбір түрлері ол заңмен сараланған мән-жай ретінде қарастырылмауына қарамастан әрқашан жауаптылықты ауырлататын мән жай ретінде танылады. Оған жәбірленушіні ерекше қаталдықпен өлтіру, қоғамдық қауіп кезінде қылмыс жасау, қылмысты қауіпті тәсілмен жасау жатады.

Қылмыстық заңнама қылмыстың құрамының аяқталу сәтін әрекет немесе әрекетсіздіктің жасалу уақытымен немесе кейінгі нақты салдардың туындауымен байланыстырады.

Қылмыстық кодекстің 125-бабының 1-бөлігі қылмыстың аяқталған құрамы ретінде адамды ұрлаудан көрінетін әрекетерді таниды.

Қылмыстық кодектің 125-бабының 2-бөлігіне сәйкес адам ұрлаудың сараланған құрамдары ретінде: алдын ала сөз байласып адамдар тобымен; бірнеше рет; өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып; қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып; кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты; кінәліге жүктілік жағдайында екендігі корінеу әйелге қатысты; екі немесе одан да көп адамға қатысты; пайдакүнемдік ниетте жасалған адам ұрлауды таниды.

Ал ҚР ҚК 125-бабының 3-бөлігі бойынша адам ұрлаудың ерекше сараланған құрамдары ретінде ұйымдасқан топ жасалған; ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалған; абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмысты таныйды.

Көп жағдайда адам ұрлау кезінде қылмыскерлердің күш қолдану немесе алдау тәсілін қолданатынын байқауға болады. Адам ұрлаудың сыртқы белгілері мүлікті ұрлауға қарағанда өзіндік ерекше белгілері бар, ал ерекшеліктерді адам ұрлау құрамының конструкциясын объективтік жағы бойынша анықтауда және ол үшін қылмыстық жауаптылықты дифференцияциялауда ескеру керек.

Ең бірінші «ұрлау» және «ұрлық» терминдерінің арақатынасын ашып көрсету керек.

«Ұрлық» сөзі бөтеннің мүлкін құқықа қайшы жолмен алуды білдіреді және мүлікке қатысты қолданылады.

«Ұрлау» термині жасырын алу, алып кету дегенді білдіреді.

Адам ұрлауға мүлікті ұрдаудың сыртқы белгілері тән болып келеді. Мысалы егер адам ұрлау жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын, яғни мас немесе ұйқылы кұйін пайдалану арқылы жасалса, онда кінәлінің әрекеттерінде ұрлыққа тән белгілері бар.

Егер адам ұрлау жәбірленушіні алдау жолымен немесе сенімді теріс пайлаланумен жасалса онда алаяқтыққа ұқсас әрекеттер орын алады.

Егер ересек адамның қарауына бала немесе әрекет қабілетсіз адам сеніп тапсырылса және ол адам сенімді теріс пайдаланып баланы немесе әрекет қабілетсіз адамды ұрлап кетсе, онда бұндай әрекеттер ееніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу қылмысына сырттай ұқсас болады [9, 175б.].

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арықылы адамды ашықтан ашық ұрлаған кезде ондай әрекеттерден мүлікті тонаудың белгілері байқалады.

Адам ұрлау жәбірленушіге күш қолдану қаупімен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау қаупімен ұрлаушының бұйрықтарын орындап, өзімен бірге жүруді талап ету арқылы жасалуы да мүмкін. Адам ұрлаудың мұндай нысаны қорқытып алушылық белгілеріне ұқсас.

Сәйкесінше жоғарыдағыдан көріп отырғанымыздай адам ұрлау қылмысының объективтік белгілері көп жағдайларда мүлікті ұрлауға бағытталған қылмыстық әрекеттерге ұқсас. Бірақ заң шығарушы адам ұрлауға қарағанда мүлікті ұрлау қылмысының түрлері мен оған жауаптылықты детальді түрде регламенттеген. Бұл менің ойымша заңнаманың кемшілігі болып табылуы да мүмкін. Ондай кемшілікті меншік құқығына қарсы қылмыстардың көптілігімен де түсіндіруге болады, бірақ соңғы жылдардағы статистикалық мәліметердің корсетуі бойынша адам ұрлау қылмысы да күрт көбеюде, сондықтан осыған байланысты адам ұрлаудың жекелеген түрлерін айқындап, ол үшін жауаптылықты дербестендіру қажеттілігі нақ бүгін туындап отырған сияқты.

Сондай-ақ барлық көрсетілген мән-жайларды адам ұрлау қылмысының объективтік белгілерін анық оқып, зертегенде білуге болушы еді. Бірақ жоғарыда бірнеше рет атап өтіп кеткеніміздей ҚК 125-бабының диспозиңиясы адам ұрлаудың объективтік белгілері сипатталмағандықтан, адам ұрлау қылмысы жасау кезінде орын алатын көптеген фактілер қылмыстық заңнамамен қамтылмай қалып отыр тиісінше олар қылысмыстық жауапты емес.

Қылмыстық заңнамада нақты қоғамды қауіпті әрекет үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі анық көрініс табуы керек. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстардың құрамдары қоғамдық қауіпті әрекеттерді бір бірінен ажырата алатындықтай дәрежеде толық дәрежеде сипатталуы тиіс.

Сондықтан қоғамдық қауіпті әрекеттің заңи түсініктемесі ретіндегі қылмыс құрамына міндетті түрде тиісті адамның әлеуметтік қауіпті әрекеті сәйкес келуі тиіс, онда қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізі болып табылатын объективтік және субъективтік элементтер мен олардың белгілерінің қажетті және жеткілікті жиынтыгы болуы тиіс.

Яғни әрекет етуші қылмыстық кодекстің 125-бабы адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылықтың міндеттілігі үшін қылмыстың объективтік жағы шегінде барлық әрекеттерді толық көлемде қамтылмайды. Сондықтан ҚК 125-бабына адам ұрлауды сипаттайтын барлық белгілерді сипаттауға байланысты жауаптылықты көздейтін шектерде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық объективтік жагының міндетті белгісі әрекет пен туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыс табылады.

Адам ұрлау қылмысы адамды ұстап алып және оны біраз болсын орынын кеңістікте ауыстырғаннан кейін аяқталған болып саналады.

Ал жалпы адамды ұрлау фактісі жасырын және ашық адам ұрлау нысанында сипатталуы мүмкін.

Заңи әдебиетте адам ұрлау қылмысы үш әрекеттің жиынтығынан тұрады деген тұжырым қалыптасқан. Яғни адамды ұстау, оны кеңістіктегі орнын ауыстыру және нақты бір жерде ұстап отыру.

Адамды ұрлап әкеткеннен кейін оны ұстап отыру фактісі орын алуы тиіс, және бұл жерде ұстап отырудың ұзақтығы маңызды емес. Адам ұрлауда жәбірленушінің келісімінің белгілері болса және ол адам ұрлаудың инсценировкасы болып табылатын болса, бұл жерде ҚК 125-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі болуы мүмкін емес. Одна бұл жерде қылмыстық адам ұрлау болып табылмайтын «символикалық адам ұрлау» орын алады.

Сондай-ақ өзінің немесе асырап алған баласын басқа ата-ананың немесе туыстардың еркінен тыс алып кою да ҚК 125-бабымен сараланбайды. Және бұл реттерде баланы ұрлаған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылған айырылмағандығы маңызды емес. Егер бала оның жақын туыстарымен ата-анасының еркінен тыс ұрланған кезде ол егер баланың мүддесі үшін болса адам ұрлау қылмысы орын алмайды.

Сонымен қоса адам ұрлау қылмысы өзге де қоғамдық қауіпті әрекеттермен ұштасуы мүмкін. Мысалға, өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту. Кейбір жағдайларда адам ұрлау жәбірленушіні алдын ала негізделген мақсаттарды қанағаттандыру үшін физикалық және психикалық мәжбүрлеумен ұштасады, мысалға, босатудың шарты ретінде ақша талап ету, қарыздарды кешіктіруге мәжбүрлеу, құнды заттарды (көлік, құнды қағаз, үй) беруге мәжбүрлеу. Яғни қорыта келе, жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдердің барлығы өздерінің жиынтығы бойынша қылмыстық адам ұрлаудың объективтік жағының белгілерінің мазмұнын құрайды

Сонымен жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей адам ұрлау әрқашан адамның белсенді әрекеттерімен жасалады.

Әрекетсіздік арқылы бұл қылмыстың объективтік жағын орындау мүмкін емес, ойткені адам ұрлау қылмыстың міндетті белгісі жәбірленушінің оның еркінен тые күш қолдану арқылы кеңістікте орынын ауыстыруға бағытталған белсенді әрекеттермен сипатталады.

Адам ұрлау қылымыс жасалған кезде жәбірленуші физикалық бостандығынан айырылады, оның еркінен тыс оның кеңістегі орны ауысады, оған қатысты күш қолданылуы мүмкін.

Адам ұрлау физикалык күш қолданумен де, психикалық күш қолданумен де жүзеге асырылуы мүмкін, яғни қорқыту арқылы. Сондай-ақ адам ұрлау алдау немесе дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы (мас болу, ауру болу немесе озге де күш қолдану қажет етпейтін жағдайлар) жүзеге асырылуы да мүмкін.

Сондай-ақ барлық көрсетілген мән-жайларды адам ұрлау қылмысының объективтік белгілерін анық оқып, зертегенде білуге болушы еді. Бірақ жоғарыда бірнеійе рет атап өтіп кеткеніміздей ҚК 125-бабының диспозиңиясы адам ұрлаудың объективтік белгілері сипатталмағандықтан, адам ұрлау қылмысын жасау кезінде орын алатын көптеген фактілер қылмыстық заңнамамен қамтылмай қалып отыр, тиісінше олар қылысмыстық жауапты емес.

Адамды ұрлап әкеткеннен кейін оны ұстап отыру фактісі орын алуы тиіс, және бұл жерде ұстап отырудың ұзақтыгы маңызды емес.

Адам ұрлауда жәбірленушінің келісімінің белгілері болса және ол адам ұрлаудың инсңенировкасы болып табылатын болса, бұл жерде ҚК 125-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі болуы мүмкін емес.

Жоғарыдағыдан байқағанымыздай адам ұрлау қылмысының объективтік белгілері көп жағдайларда мүлікті ұрлауға бағытталған қылмыстық әрекеттерге ұқсас. Бірақ заң шығарушы адам ұрлауға қарағанда мүлікті ұрлау қылмысының түрлері мен оған жауаптылықты детальді түрде регламенттеген. Бұл менің ойымша заңнаманың кемшілігі болып табылуы да мүмкін.

Ондай кемшілікті меншік құқығына қарсы қылмыстардың көптілігімен де түсіндіруге болады, бірақ соңғы жылдардағы статистикалық мәліметердің көрсетуі бойынша адам ұрлау қылмысы да кұрт көбеюде, сондықтан осыған байланысты адам ұрлаудың жекелеген түрлерін айқындап, ол үшін жауаптылықты дербестендіру қажеттілігі нақ бүгін туындап отырған сияқты [10, 82б.].

Жалпы адам ұрлау қылымысының объективтік белгілерін толық ашу үшін оның қылмыстық-құқықтық негізі болуы керк, ондай негіз нақты қылмыс үшін жауаптылықты белгілейтін сипаттамалы диспозицисы болып табылады, сондықтан заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы адам ұрлаудың диспозициясын жайдан сипаттамалыққа алмастыру керек.

 

1.3 Адам ұрлаудың субъективтік жағы

 

Адам ұрлау қылмысы субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам өзінің адамды еркінен тыс ұрлауға байланысты әрекеттерінің құқыққа қайшылығын және қоғамдық қауіптілігін түсінеді және сол әрекеттердің жасалуын тілейді.

Адам ұрлауда ең кең тараған ниет — пайдақорлық ниет болып табылады. Өзге де ниеттер болуы мүмкін: кек, қызғаныш, бұзақылық, өзге қылмыстың жасалуына жағдай жасау. Пайдақорлық ниетті қоспағанда, өзге ниеттер қылмысты саралауға әсер етпейді [12, 87б.].

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъективтік жағы қоғамға қауіпті әрекеттің ішкі мәні ретінде сипатталады. Қылмыстық субъективтік жағы кінәлінің жасалып жатқан қоғамдық қауіпті әрекетке деген психикалық қатынасы болып келеді және ол кінә, ниет, мақсат және эмоңиядан тұрады. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі бойынша оқулықтардың бәрінде қылмыстың субъективтік жағы осылай сипатталады.

Қылмыстық заңнамада «субъективтік жақ» түсінігі қолданылмайды. Бірақ заң шығарушы оның мәнін кінә, ниет және мақсат деген түсініктерді қолдану арқылы ашады. Бұл түсініктердің әрқайсысы қылмыстың психикалық мәнін әр қырынан сипаттайды.

Кінә кінәлі адамның қоғамдық қауіпті әрекет пен қоғамдық қауіпті салдарға деғен психикалық көзқарасын білдіреді. Ол қасақана және абайсыздықта болуы мүмкін. Адам ұрлау қылмысы тек қасақанылқпен, және тек тікелей қасақаналықпен жасалады.

Ниет қылмыс жасауға сенімділікті тудыратын бастама.

Қылмыстық мақсат — бұл қылмыс жасаушы адамның ұмтылатын және кұткен қорытындысы.

Шынымен де, заңнамада қылмыстың субъективтік жағы туралы ештеңе айтылмайды. Сонымен қатар ҚК 19-бабына сәйкес «Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс- әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс» деп белгіленеді. Заңға сәйкес объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

В.В. Лунеевтің жазуынша қылмыстың субъективтік жағы қылмыскердің жалпы жасап отырған қылмысқа және оның жеке бөліктеріне (қоғамдық қауіпті әрекетке, зардапқа, олардың арасындағы себепті байланысқа, қылмыстың жасалу орны мен уақытына және тағыда басқа) деген психикалық қатынасы және ол өте күрделі мәселе болып келеді де, жалпы және ерекше қылмыстық құқықтық маңызы бар өзара байланысты қылмыстық-құқықтық элементтерден тұрады. Оларға кінә, ниет, мақсат және қылмыс жасаған кездегі адамның эмоционалдық жағдайы.

Қылмыстың субъективтік жағының негізгі белгісі кінә болып табылады. Ол негізді болып келеді. Кез келген әрекет ету актісі оны жасаған адамның кінәсі болғанда ғана қылмыс болып саналады .

Жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей, адам ұрлау қылмысы кезінде кінәнің тікелей қасақаналығы орын алады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 20-бабының 2-тарамаына сәйкес егер адам оз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

Яғни адам ұрлау қылмысы қезінде ұрлаушы өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынады, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді.

Заңнамада көрсетілген тікелей қасақаналықтың осы сипаттамалық белгілері қылмыс жасаған адамның әрекетіне нақты баға беруге негіз болып саналады. Бірақ кейбір қылмыстардың құрамдарын терең анализдей келе нақты бір қылмыстардың субъективтік жағының ерекшеліктерін анықтау кезінде қиындықтар туындайтынын айту керек.

Адам ұрлау қылмысының құрамына құқықтық анализ жасау кезінде әр нақты жағдайға байланысты кінә, қылмыс жасау ниеті мен мақсатын анық талдау жасау керек. Қылмыс оқиғасының бұл мән-жайлардың барлығын анықтамау соттың ең соңында іс бойынша дұрыс шешім қабылдамауына әкелуі мүмкін. Мысалға адам ұрлауда пайдакүнемдік ниеттің болғанын дұрыс анықтамау әрекеті ҚК 125- бабының 2-бөлігімен емес 125-баптың 1-бөлігімен қате саралауға әкеп соқтырады және тиісінше жауаптылықтың мөлшері дұрыс анықталмайды. Немесе адам ұрлауда алдын ала пайдакүнемдік ниет болмаса, ол тек жәбірленушіге қатысты тек жеке ұнамастық ниеттерге негізделсе, әрекетті жай адам ұрлау деп танып, ҚК 125- бабының 1-бөлігімен саралау керек. Сондықтан субъективтік жақтың белгілерін дұрыс анықтау адам ұрлау қылмысын дұрыс саралаудың кепілі болып табылады [15, 297б.].

Қылмыстың субъективтік жағы субъектінің жасалаған қоғамдық қауіпті әрекетке және оның салдарына деген психикалық қатынасы және қылмыстың субъективтік жағына қылмыспен байланысты адамның психикалық қызметі екенін ескере отырып, кейбір ғалымдар кінәні субъективтік жақты ядросы болып табылатын психикалық қатынастың бір формасы деген қорытындыға келіп отыр.

Адам ұрлау қылмысының ниеттері әртүрлі болуы мүмкін. Профессор У.С.Жекебаев индивидтің әрекетінің ниетін анықтаудың маңызын көрсете отырып былай деп жазады: «адам тұлғасының құрылымын терең түсіну үшін, оны дамытып, бағыттайтын факторлардың заңдылығын анықтау үшін, соның ішінде әлеуметтік теріс бағытталған тұлғаның да, индивидтің қылмыстың іс-әрекетінің басымды ниеттерінің мәні мен табиғатын анықтау өте қажет теориялық және практикалық маңызға ие. Бұл мәселелер ғалым-заңгерлерді қызықтырмайды деп айтуға болмайды. Қылмыстың субъективтік жағына құқықтық анализ жасалған кезде тұлғаның оның әрекетіне деген психикалық қатынасы анықталады, яғни кінә нысаны, қылмыстық ниет пен мақсат, бірақ бұлар қылмыс құрамын талдау үшін, қылмысты ұқсас қылмыстардан ажырату және қылмыстық жазаны жеке дараландыру үшін зерттеледі».

Қылмыстық адам ұрлау кезіндегі қылмыстық ниетті анықтау бірінші кезекте адам ұрлау қылмысының құрамын талдау, оны ұқсас қылмыстардан (босандығынынан заңсыз айыру, адамды кепілге алу және басқа) айыру үшін қажет.

Егер қылмыстың ниетінің анықтамасы туралы айтатын болсақ, қылмыстық ниетке қатысты толық анықтаманы профессор К.Е.Игошев берген: «қылмыстың ниетін әлеуметтік орта мен тұлғаның өмірлік тәжірибесінің әсерімен қалыптасқан, қылмыстық қызметтің ішкі себебі болып табылатын және жеке тұлғаның қылмыстық қызметінің бағытына әсер ететін бастамасы (побуждение)».

Осы көрсетілген ережеге сәйкес қылмыстық құқық теориясында адам ұрлау қылмысының ниеті адам ұрлау қылмысын жасауға бет алған адамға әлеуметтік орта мен қылмыскердің өмірлік тәжірибесі әсер еткен бастама деп анықталады. Және мұндай ниетті қылмыстық қол сұғушылықтың ішкі себебі деп тану керек.

Қылмыстық құқық қылмыстық мінез-құлықтың сыртқы көрінісін ғана зерттейді, өйткені ой әлі де қылмыс емес, сол себепті де тек қана қылмыстың объективтік жағы (қылмысқа дайындалудан бастап) көрініс тапқанда ғана ол іске кіріседі. Ал криминология болса, оны микрокриминологиялық деңгейінде себептерін зерттейтін болғандықтан әуелгі түрткісінен бастап, тіпті, ол мотивтің пайда болуының да себептеріне тереңдеп үңіледі.

Адам ұрлаудың ниеті мен мақсаты адам ұрлау қылымысын өзге ұқсас қылмыстардан ажыратуда ерекше рольге ие болады, мысалға бас бостандығынан заңсыз айыру, адамды кепілге алу.

ҚК 125-бабы бойынша күш қолдану не алдау арқылы, сенімді теріс пайдалану арқылы немесе қорқыту адам ұрлауға байланысты әрекеттер саралануы керек.

Мысалға субъективтік жағы бойынша адам ұрлау қылмысы адамды кепілге алу қылмысынан айыруға болады.

Адамды кепілге алу қылмысы өзінің субъективтік жағы бойынша адам ұрлау қылымысы сияқты тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам адамды құқыққа қайшы кепілге ала отырып, мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ететінін түсінеді және сол әрекеттердің болуын тілейді.

Адамды кепілге алу қылымысына қарағанда адамды ұрлауда кінәлі адам басқа адамды оның еркінен тыс оның орнын ауыстыратынын түсінеді және оны тілейді. Сондықтан осы екі қылмыстың құрамының интеллектуалдық моменттері әртүрлі. Мысалға адамды кеплге алу қылмысында кінәлінің санасымен адамның қоғамның қауіпсіз өмірін қамтамасыз ететін қатынастарға қарсы құқыққа қайшы әрекеттер қамтылады, атап айтқанда: тұлғаның қауіпсіздігі, ұйымдардың дұрыс қызметін бұзу. Өз кезегінде адам ұрлау қылмысының тікелей қасақаналыгының интеллектуалдық моменті кінәлі адам қылмыс жасай отырып басқаның бостандығынан айыруын түсінумен сипатталады. Сондай- ақ, кепілге алу қылмысының субъективтік жағының міндетті белгісі арнайы мақсаттың болуы — мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсаты. Қарастырылып отырған қылмыстарды жасаудың ниеттері әртүрлі болуы мүмкін.

Адам ұрлау үшін қылымыстық жауаптылықты тиісті тағайындап, жаза жеке дараландыру үшін қылмысының құрамына құқықтық анализ жасау кезінде әр нақты жағдайға байланысты кінә, қылмыс жасау ниеті мен мақсатын анық талдау жасау керек. Қылмыс оқиғасының бұл мән-жайлардың барлығын анықтамау соттың ең соңында іс бойынша дұрыс шешім қабылдамауына әкелуі мүмкін. Мысалға адам ұрлауда пайдакүнемдік ниеттің болғанын дұрыс анықтамау әрекетті ҚК 125-бабының 2-бөлігімен емес 125-баптың 1-бөлігімен қате саралауга әкеп соқтырады және тиісінше жауаптылықтың мөлшері дұрыс анықталмайды. Немесе адам ұрлауда алдын ала пайдакүнемдік ниет болмаса, ол тек жәбірленушіге қатысты тек жеке ұнамастық ниетерге негіделсе, әрекетті жай адам ұрлау деп танып, ҚК 125-бабының 1-бөлігімен саралау керек. Сондықтан субъективтік жақтың белгілерін дұрыс анықтау адам ұрлау қылмысын дұрыс саралаудың кепілі болып табылады. Адам ұрлаудың ниеті мен мақсаты адам ұрлау қылымысын өзге ұқсас қылмыстардан ажыратуда ерекше рольге ие болады, мысалға бас бостандығынан заңсыз айыру, адамды кепілге алу. ҚК 125-бабы бойынша күш қолдану не алдау арқылы, сенімді теріс пайдалану арқылы немесе қорқыту адам ұрлауға байланысты әрекеттер саралануы керек. Адамды кепілге алу қылмысы өзінің субъективтік жағы бойынша адам ұрлау қылымысы сияқты тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам адамды құқыққа қайшы кепілге ала отырып, мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ететінін түсінеді және сол әрекеттердің болуын тілейді.

Сонымен, адам ұрлаудың субъективтік жағы адам ұрлаушының қылмыстық әрекетінің ішкі психолгиялық сипаттамасы, ол өз көрінісін жалпы кінәлінің жасап жатқан әрекетіне және оның құқықтық маңызды объективтік сипаттағы элементтеріне (қоғамдық қауіпті әрекет, бас бостандығынан айыру және еркінен тыс басқа жерге апару түріндегі салдар, қылмыс жасаудың уақыты, орны, құралы, тәсілдері) деген психикалық қатынасынан көрініс табады.

 

1.4 Адам ұрлаудың субъектісі

 

Адам ұрлау қылымысы өзінің объектісінің құндылығына байланысты қоғамдық қауіптіліғі жоғары қылмыстар қатарына жатады. Қылмыстық адам ұрлау қылымысының субъектісі болып 14 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға танылады.

Ал, ҚК 14-бабының 2-тарауында қылмыстық құқықтың ең маңызды принңипі — азаматтардың заң алдында тең принңипі баяндалған, яғни қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей. Бұл принңип конституңиялық принңип болып табылады, өйткені ҚР Конституңиясының 14-бабында бекітілген [17, 128б.].

Жалпы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыс субъектісінің анықтамасы берілмеген. ҚК 14-бабы қылмысқа тартылуға тиіс тұлғалар туралы айтылады.

Қылмыстық заңнамада қылмыстың субъектісіне қатысты түсініктеменің осындай қысқа болуына байланысты қылмыстың субъектісін анықтау кезінде теориялық тұрғыдан алғанда нақты қиындықтар туындайды.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі болып есі дұрыс және қылмыс жасаған уақытта қылмыстық заңда көрсетілғен жасқа толған адам табылады. Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілеті бар адам танылады.

ҚР ҚК 4, 6, 7-баптарының талаптарына сәйкес ҚР ҚК-нің күші Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып табылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқасында қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады.

Мысалы, қабаған итке адамды қасақана қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, қылмысты жасаудың құралы болып табылады.

Е. Қаиржанов қылмыс субъектісіне қатысты келесідей жазады: «Қылмыс субъектісі ретінде қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толған, қылмыстық заңмен қылмыс ретінде танылған қоғамдық қауіпті әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танылған жеке тұлға танылады.

Әрекет етуші заңнамаға сәйкес қылмыс субъектісі келесідей белгілермен сипатталады:

  1. Қылмыс субъектісі тек жеке тұлға болады. Заңды тұлғалар (кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар) қылмыстың субъектісі болып табылмайды. Кейбір авторлардың Қылмыстық кодекске заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы туралы нормалар енгізу туралы ұсыныстары негізсіз болып табылады.
  2. Қылмыс субъектісі болып кез келген жеке тұлға емес, тек есі тұрыс тұлғалар танылады. Қылмыстық заңнамада есі дұрыстықтың түсінігі берілмеген, ол тек есі дұрыс емес адамның өзінің әрекеттеріне жауап беріп, оларға басшылық жасай алмауынан көрініс табады. Есі дұрыс емес адам ешқандай жағдайларды қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс».

Е.Қаиржановтың жоғарыдағы қылмыс субъектісіне қатысты берген сипаттамасы өз мәні мен мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасындағы қылмысы субъектісіне берілген түсініктеменің көрінісі болып табылады. Ол түсініктеме қылмыстық заңнамадағы реформалардан кейін қалыптасып, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс субъектінің жалпы белгілері анықталды.

Қылмыстық заңнаманың жаңашылдығын көрсете отырып, С.С.Молдабаев былай деп жазады: «Қылмыстық жауаптылыққа тек есі дұрыс, заңмен белгіленген жасқа толған жеке тұлға тартылады… Осындай қылмыстың субъектісі институтына берілген конструкциясында қылмыс субъектісінің жалпы белгілерін анықтайтын норманы енгізе отырып заңнама қылмыстық кодестің дефинитивтілігіне қарай біршама ілгері қадам жасады, бұрынғы кодекстер оны доктриналдық және сот талқылауына беріп, бұл мәселені қарастырмаған болатын».

Республикамыздағы жүргізілген қылмыстық заңнаманың реформасының ең басты прогрессивтік жетістігі ретінде қысқа болса да қылмыс субъектісінің түсініктемесінің қалыптасу фактісін тану керек, өйткені Қазақ КСР-нің қылмыстық кодексінде ол да болмаған.

Бірак қылмыс субъектісінің табиғатын ашу үшін доктриалдық және сот талқылауының ролін жоққа шығаруға немесе оның маңыздылығын төмендетуге болмайды. Сондықтан қылмыс субъектісінің сипаттамасы бойынша толық объективтік түсініктеме алу үшін заңнамамен шектелмей, теориялық қайнар көздерге де көңіл аудару қажеттілігін де ескеру керек.

Адамды қылмыстың субъектісі деп тану үшін ол осы үш белгінің жиынтығына ие болуы тиіс, бір белгінің жоқ болуы, қылмыстың субъектісінің жоқ екендігін көрсетеді, сәйкесінше мұнда қылмыс құрамы жоқ. Ал, қылмыстық құқықтың пәнінен білетініміз қылмыс құрамы жоқ болуы, қылмыстың субъектісінің жоқ болуы, қылмыстың жоқтылығының белгісі.

Есі дұрыстық — адамның қылмыстық заңмен белгілеп қоғамға қауіпті әрекет жасау кезеңіндегі өз әрекеті (әрекетсіздігі) сипатын және оның қоғамға қауіптілігін түсінуі және оған басшылық ету қабілеті.

Адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған кезде өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйінде жасаса, онда ол адамның іс-әрекетінде кінәнің екі нысаны: қасақаналық пен абайсыздық жоқ деп есептеледі. Қоғамға қауіпті іс-әрекетін ұғынып, оның мағынасына жетіп, ақылы мен естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс үшін кінәлі деп танылады. Керісінше, қоғамга қауіпті іс-әрекет істеген кезде есі дұрыс емес кұйде, өзінің іс- әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын, өз әрекетін басқара алмайтын, қылмыс субъектісі бола алмайды.

Қылмыстық заңның нормалары әрқашан дұрыс психикалық қабілетке ие, қоршаған ортада жүріп-тұру ережелеріне қалыптасқан, өз әрекеттерінің мәнін түсіне алатын және оған өз әрекеттерімен басшылық жасай алатын адамдарға бағытталады.

Мұндай қабілетке ие бола алмайтын, өз әрекеттерінің нақтылық сипаты мен қоғамға қауіптілігін түсіне алмайтын және психикалық ауру нәтижесінде өз әрекеттеріне басшылық жасау қабілеті жоқ адамдар есі дұрыс еместер деп танылып қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Ол туралы ҚР ҚК 16-бабында баяндалады. Оған сәйкес, ҚК көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес кұйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының озге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс- әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс-жүзінде сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.

Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот қылмыстық заңда көзделген медиңиналық сипаттарга мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін.

Өз әрекетін сезіну, оны басқара алу дені сау адамға туған кезден қалыптасды, пайда болады. Адам белгілі бір жасқа толғанда қалыптасқан өмірлік тәжірибесі арқылы өзін қоршаған орадағы құбылысқа дұрыс баға беру, сол ортаға өзінің әрекетінің пайда немесе зиян келтіргенін ұгыну, нақты жағдайларға байланысты іс- қимыл жасап құқық, моралъ нормалары арқылы тыйым салынғандарды істеу-істемеу немесе ондай қимылдан бас тарту мәселелерін шешуге толық қабілетті болады. Психологтардың тұжырымдамасы бойынша, мұндай жас мөлшері 16 жасқа толған уақыт деп белгілеген. Бұл жасқа толған жасөспірімдер өздерінің қылмыстық заңға қайшы кез келген әрекеті үшін жауаптылықта болады.

ҚР ҚК 15-бабында көрсетілген кейбір қылмыстарды істегені үшін мұндай жауаптылық одан ерте жаста — 14 жасқа толған уақыттан бастап басталады. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу қылмыс субъектісінің қажетті белгілерінің бірі болып табылады.

Есі дұрыстық және жеке тұлғаның қылмыстық заңмен белгіленген жасқа толуы қылмыс субъектілерінің жалпы заңды белгісі болып табылады, бұлар барлық қылмыс құрамдары үшін міндетті.

Қылмыстың субъектісі жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Есі дұрыстық, қылмыстық заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер барлық қылмыстарға тән ортақ белгілер. Бұл белгілер субъектінің түсінігін береді [21, 92-93б.].

Жылпы субъектінің осы белгілермен қатар жекелеген қылмыс құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнайы субъектісі болып табылады. Мысалы, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекеттік қызметшілер арқылы істеледі. Бұл жерде мемлекеттік қызметші арнайы субъект болып табылады, әскери қылмыстарды тек эскери қызметшілер істейді, сондықтан эскери қызметшілер де қылмыстың арнайы субъектісі болып табылады.

Бірақ қылмыстық адам ұрлауға қатысты келетін болсақ, бұл қылмыстық субъектісі әрқашан да жалпылық сипатқа ие болады және заңнамамен арнайы субъектінің адам ұрлау мәселесі қарастырылмаған.

Қылмыстың құқық теориясында қалыптасқан жалпы және арнайы субъект түсініктерімен қатар бүгінгі күні жеке тұлғалар мен қоса заңды тұлағаларды да қылмыстық қауаптылыққа тартуға байланысты өткір пікірталастар жүріп жатыр.

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын белгілеудің белсенді жақтаушысы профессор Ұ.С.Жекебаев өз пікірлерін былайша негідеген:

«Нарықтық қатынастарға өту, меншік нысандарының көптілігі және кәсіпкерліктің дамуы қылмыстық жауаптылықтың нысандарын дамытуды талап етеді. Ғалым-заңгерлер мен қылмыстық әділеттің тәжірибелік жұмысшылары заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығын белгілеу керек деген қорытындыға келген. Заңды тұлғалардың еркі бос болуы, олар немесе зиян келтіргенін ұгыну, нақты жағдайларға байланысты іс- қимыл жасап құқық, моралъ нормалары арқылы тыйым салынғандарды істеу-істемеу немесе ондай қимылдан бас тарту мәселелерін шешуге толық қабілетті болады. Психологтардың тұжырымдамасы бойынша, мұндай жас мөлшері 16 жасқа толған уақыт деп белгілеген. Бұл жасқа толған жасөспірімдер өздерінің қылмыстық заңға қайшы кез келген әрекеті үшін жауаптылықта болады.

ҚР ҚК 15-бабында көрсетілген кейбір қылмыстарды істегені үшін мұндай жауаптылық , одан ерте жаста — 14 жасқа толған уақыттан бастап басталады. Яғни, қылмыстык заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу қылмыс субъектісінің қажетті белгілерінің бірі болып табылады.

Есі дұрыстық және жеке тұлғаның қылмыстық заңмен белгіленген жасқа толуы қылмыс субъектілерінің жалпы заңды белгісі болып табылады, бұлар барлық қылмыс құрамдары үшін міндетті.

Қылмыстың субъектісі жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Есі дұрыстық, қылмыстық заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер барлық қылмыстарға тән ортақ белгілер. Бұл белгілер субъектінің түсінігін береді.

Жылпы субъектінің осы белгілермен қатар жекелеген қылмыс құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнайы субъектісі болып табылады. Мысалы, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекеттік қызметшілер арқылы істеледі. Бұл жерде мемлекеттік қызметші арнайы субъект болып табылады, әскери қылмыстарды тек әскери қызметшілер істейді, сондықтан эскери қызметшілер де қылмыстың арнайы субъектісі болып табылады.

Бірақ қылмыстық адам ұрлауға қатысты келетін болсақ, бұл қылмыстық субъектісі әрқашан да жалпылық сипатқа ие болады және заңнамамен арнайы субъектінің адам ұрлау мәселесі қарастырылмаған.

Қылмыстың құқық теориясында қалыптасқан жалпы және арнайы субъект түсініктерімен қатар бүгінгі күні жеке тұлғалар мен қоса заңды тұлағаларды да қылмыстық қауаптылыққа тартуға байланысты өткір пікірталастар жүріп жатыр.

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын белгілеудің белсенді жақтаушысы профессор Ұ.С.Жекебаев өз пікірлерін былайша негідеген: «Нарықтық қатынастарға өту, меншік нысандарының көптілігі және кәсіпкерліктің дамуы қылмыстық жауаптылықтың нысандарын дамытуды талап етеді. Ғалым-заңгерлер мен қылмыстық әділеттің тәжірибелік жұмысшылары заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығын белгілеу керек деген қорытындыға келген. Заңды тұлғалардың еркі бос болуы, олар өздерінің тәжірибелік қызметін таңдауда жеке даралық пен тәуелсіздікке ие, сәйкесінше оларда өздерінің теріс қызметтеріне байланысты экімшілік, азаматтық, сонымен қатар қылмыстық жауаптылық мәселесі көтеріледі».ҰП

Егер қылмыстық құқық ғылымындағы заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы туралы пайда болған даулардың контекстінде алсақ, онда бұл жерде адам ұрлау үшін де заңды тұлғалардың жауаптылық мәселесін де көтеруге болады. Өйткені адам ұрлау көбінесе топ адамдар, кейде ұйымдардың бастамасымен жасалады — яғни заңды тұлғалар нарықтағы бэсекелесті жою ниетімен немесе озге де ниеттерді басшылыққа ала отырып, шарттар қою үшін адам ұрлауды ұйымдастыруы мүмкін.

Джордж Флетчер мен Анатолий Наумов бүгінгі жағдайларда «құқықтық құрылымдарының (заңды тұлғалар) негізгі зиян келтірушілер болып отыр деп дұрыс айтқан. Мұндай құқықтық кұрылымдар диктаторлық режимдерді қамтамасыз етуге, адамдардың жоғалуына кінәлі, олар нашақорлық айналымы мен «кір» ақшаларды айналымға өткізу проңесін бақылап отыр.

Сәйкесінше заңды тұлғаларға қылмыстық жауаптылық тағайындау мәселесі бүгінгі күні тек қана өзге барлық қылмыстар бойынша ғана емес, сонымен қатар адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық шараларын да ары қарай жетілдіру үшін қажет болып табылады.

Осы мән жайларды және заңды тұлғалардың адам ұрлау мүмкіндігінің қауіптілігін ескере отырып, Кулушев С.М. ҚР ҚК 14- бабына заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығына қатысты толықтырулар енгізуді ұсынады. Ол ҚР КҚ 14 бабыныңң 3-бөлігінің а) тармағына «ұйымдасқан топпен деген сөздерден кейін «сондай-ақ заңды тұлғамен» деген сөздермен толықтыруды ұсынады.

 

 

 

 

 

 

2 АДАМ ҰРЛАУДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

2.1 Адам ұрлау қылмысының негізгі себептері мен жағдайлары

 

Қылмыстылықтың кең таралғандығының жалпы көрсеткіштеріне оның деңгейін (тіркелген қылмыстар мен айқындалған қылмыскерлердің абсолюттік саны), сондай-ақ осу қарқынын жатқызуға болады. Е.Қайыржановтың тұжырымдауынша қылмыстылықтың ахуалын анықтау үшін оның сандық көрсеткіштерін қолдану керек.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының судьясы Төлебай Қожанның айтуы бойынша, адам ұрлау туралы қылмыстық істерге жасалған талдау жәбірленушінің жеке бастарына қатысты мынадай өлшемдерді бөліп корсетуге және олардың ұрлану жиілігін, ұрланудың кему ретінде көрсете отырып, анықтауға мүмкіндік береді. Қызмет сипатына қарай жеКе коммерңиялық құрылымдардың басшыларын осы құрылымдардың қызметкерлерін, бірлескен кәсіпорындардың, мемлекеттік сауда қызмет көрсету мекемелерін, студенттерді, мектеп оқушыларын, фермерлерді, мектеп жасына дейінгі балаларды және тағы басқалардың қатарына жатқызуға болады. Мұндай жағдайға тап болатындардың дені коммерңиялық құрылымдар мен бірлескен кәсіпорындардың қызметкерлері болып табылады. Мұның өзі қылмыскерлердің пікірінше олардың қолдарында елеулі материалдық игіліктер бар дегенді білдіреді.

ҚК-ң 125 бабы бойынша сотталған адамдардың саны Алматы қаласында 2 адам, Алматы облысында 3 адам. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда статистикалық деректер қылмыстың бұл тұрінің көбеймесе азаймай отырғанын айғақтайды. Соттардың осы санаттағы істерді қарауына жүргізілген талдау пайда табу мақсатымен адамды ұрлау қылмыстарын негізінен ұйымдасқан және әрқайсысының нақтылы қылмысты жасаудағы ролін бөлісіп алған қылмыстық топтың жасайтынын көрсетті. Ұйымдасқан топтарға қылмыстың ерекше қауіпті тұрі қайталанған адамдар қатысады. Сондықтан да мұндай қылмыс тұрі күш колдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалады. Осыған орай Жоғарғы Сот адамдарды жыныстық қатынасқа тарту, еңбегін пайдалану, өзгедей қанау мақсатында заңсыз алып кету саудаға салу тұрғысында қылмыстық істерді республика сотының қарауы жөніндегі сот тәжірибесінің нәтижелерін үнемі саралап көрсетуде [25, 481-482б.].

Адам ұрлау қылымысы қоғамдық қауіплігі жоғары қылмыс болып саналатындығына қарамастан оның саны бүгінгі күні өсіп отыр. Зерттеулер корсетіп отырғандай бұл қылмыстың тұрі көбінесе инфраструктурасы дамыған ұлкен қалалар мен аудандарда жасалынады. Көбінесе адам ұрлау қылымысының жәбірленушілері әлеуметтік жағынан қамтылған адамдар, олардың жақын-туыстары және дамыған ұйымдардың жетекешілері болып келеді. Қылмыстық істерді анализдей отырып адам ұрлау қылымысының жәбірленушілерінің жеке тұлғасын сипаттап, пайыздықдық көлемде олардың ұрлану жиілігін корсетуге болады.

Қызмет тұріне байланысты:

  • жеке коммерциялық құрылымдардың басшылары — 28%
  • осы құрылымдардың жұмыскелері — 10%
  • бірлескен кәсіпорындардың қызметкерлері — 6%

— сауда және қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары — 7%

  • мемлекеттік қызметкерлер мен жұмысшылары — 10%
  • студенттер — 9%
  • мектеп және лиңей оқушылары — 7%
  • фермерлер — 5%
  • жұмыс істемейтін адамдар — 6%
  • мектепке дейінгі балалар — 4%:

— пенсионерлер — 2%

  • шетелдіктер — 2%.

Сонымен көріп отырғанымыздай ұрланған адамдардардың жартысынан көбі коммерңиялық құрылымдар мен бірлескен кәсіпорындардың жұмысшылары болып табылады, олар қылмыскерлердің ойынша материалдық қамтылған адамдар болып табылады. Осы көретініміз адам ұрлау қылымысы пайдакүнемдік- зорлық қылмысына жатады.

Егер 1990 жылы пайдақорлық-зорлық қылмыстарының саны барлық қылмыстарға шаққанда 6,5 пайызды құраса, бүгінгі күні бұл сан 10,8 пайызды құрап отыр, бұл өз кезегінде адам ұрлау қылымысының өсу қарқынын көрсетеді.

Қолма қол ақша мен құнды қағаздарды 40 пайыз кезде ұрлаушылар ұрланған адамның өзінен талап еткен, ұрлау фактілерінің жартысында (50 пайыз) адам ұрлаулар ақашалай талапты жәбірленушінің туыстарына қояды, жәбірленушілір жұмыс істейтін компанияларға талап қою жағдайлары 10 пайыз кезедеседі. Ол адамдардың көбі коммерңиялық құрылымдардың басшылары болып келеген.

Адам ұрлау қылымысының жасалатын орны келесідей болып бөленеді:

— пәтерден, ұйден, саяжайдан — 42,1%

— ауладан, ұйден жақын жерден — 10,5%

— көшеден, ұйден алыс жерден 15,7%

— қонақүйлерден — 8,8%

— жұмыс орнынан — 7,8%

— автомашинадан — 5,3%

— аэропорттан — 3,2%.

Адам ұрлау жүзеге асырылғаннан кейін оны нақты бір жерде ұстап отырады, ұрланған адамды ұстап отырған жерлерге байланысты келесідей мәліметтерді көрсете аламыз:

— ұрланған қалада ұстап отырады — 8,25%

— басқа қалаға әкетеді — 10,2%

— басқа облыстарға әкетеді — 7,3%

Ұрланған адамды ұстап отыратын ғимаратқа байланысты:

— қалалық пәтер, ұй — 52,6%

— ауылдық мекендегі ұй — 12,1%

— гараж, сарай, ұйдің подвалы — 10,4% қонақұй — 8,8%)

— автокөлікте — 5,2%

— коммерциялық фирманың ғимаратында — 3,5%

— жатақханада — 3,7%

— пансионаттар мен демалыс үйлерде — 3,5%.

Адам ұрлау қылмысының негізгі себептері мен жағдайлары

Адам ұрлау қылмысының криминолгиялық белгілерін сипаттай отырып, осы қылмыстың болуына детерминант болып табылатын факторлар мен бұл қылмыстардың болуының себептерінің түрлері туралы айта кету керек деп санаймын.

Егер зорлықтың және жеке адамның бостандығына қол сұғатын қылмыстарға қатысты жүргізілген зертеулерді ескере отырып келесідей факторларды атап көрсетуге болады:

— өмірдің құндылықтарының тұбірімен өзгеруі, адам санасының ақша билігін, материалдық факторларды жалғыз ғана құндылық екен сенімінің артуы, адам өмірі мен оның қадір қасиетінің бағасыздануы, егер ол материалдық корсеткіштермен бекітілмесе;

— қоғамның рухани дәрежесінің томендеуі, аморализмнің кеңінен таруы және алға қойған мақсаттарға рухани құндылықтарға қайшы әдіс тәсілдермен жету;

— материалдық қамтамасыз етілуне байланысты азаматтардың әлеуметтік экономикалық дифференциациясының өсуі мен тереңдеуіне негізделген әлеуметтік қарама- қайшылықтардың колемінің өсуі;

— адамдардың елеулі болігінің өмір салты мен әлеуметтік багытының өзгеруі және онымен байланысты өмір сүру үшін кез келген қатаң тәсілдерді қолдану, сонымен қатар қылмыс жасау.

Көп адамдар люмпенизацияға ұшырады, яғни тұрақты табыстың қайнар көздері болмады, адамдар күнін көру үшін кішігірім коммерциялық ұйымдарда ұсақ саудамен айналысуға көшті, ондай ұйымдар көбіне қылмыстық құрылымдардың бақылауында болды, сол үшін ондай адамдар қалайда болсын күнін көру үшін криминалдық элеметтермен контактіге түсуге мәжбүр болды немесе қылмыстық құрылымдардың құрбаны болып қалды.

Қоғамда заңның күшсіздігіне, құқықтық тұрақсыздыққа және құқық қорғау органдарына көмекке жүгінудің тиімсіздігіне деген сенім пайда болды.

Кең тарап адам ұрлау қылымысына жоғарыда атап өткен зорлықтылықтық қылмысытылыққа әсер ететін факторлар әсер етеді.

Егер бұрын ескі салттар негізінде әйел ұрлау кең тараған болса, бүгінгі күні жәбірленушілердің шеңбері кеңіп, сәйкесінше әлеуметтік қауіпсіздік те өсті, сонымен қатар қосымша қауіпті салдар пайда болды.

Адамдарды ұрлау туралы қылмыстық істерге жасалған талдау жәбірленушілердің жеке бастарына қатысты мынадай өлшемдерді боліп көрсетуге және олардың ұрлану жиілігін, ұрланудың кему ретімен көрсете отырып, анықтауға мүмкіндік береді. Қызмет сипатына қарай жеке коммерңиялық құрылымдардың басшыларын, осы құрылымдардың қызметкерлерін, бірлескен кэсіпорындардың, мемлекеттік сауда, қызмет көрсету мекемелері қызметкерлерін, студенттерді, мектеп оқушыларың, фермерлерді, мектеп жасына дейінгі балаларды және т.б. осылардың қатарына жатқызуға болады. Демек, мұндай жағдайға тап болатындардың дені коммерңиялық құрылымдар мен бірлескен кәсіпорындардың қызметкерлері болып табылады. Мұның озі, қылмыскерлердің пікірінше, олардың қолдарында елеулі материалдық игіліктер бар дегенді білдіреді.

 

2.2 Адам ұрлау қылмысын жасаушы қылмыскер тұлғасы

 

Қылмыстың субъектісі және қылмыскедің тұлғасы терминдері сырттай жақын түсініктер болғанымен, олардың сипаттаушы айырмашылықтары бар. Қылмыстың субъектісі ол қылмыстық- құкықытық түсінік болатын болса, қылмыскердің тұлғасы криминологиялық түсінік болып табылады. Қылмыс субъектісі қандай тұлғаның қылмыстық жауаптылыққа тартылу керектігін қарастырса, криминологияда қылмыскердің тұлғасы мәселесі қылмыс жасаған адамның жеке және ішкі белгілерін сипаттайды, ол адамдағы қылмыстық ниеттердің пайда болу себебін және т.б. криминологиялық мәселелерді қарастырады.

Адам ұрлау қылмысы көбінесе топ адамдармен алдына ала сөз байласып немесе қылымыстық ұйымдасқан топпен жасалады. Ол адам ұрлау қылымысының жасалуындағы қиындықпен сипатталады, топтың бір бөлігі ұрлауды жоспарлайды, бір бөлігі адам ұрлайды, ал келесі бір бөлігі ұрланған адамды ұстап отыратын орынды әзірлейді. Бұның барлығын бір адам жасай алмайды. Осыдан көретініміз адам ұрлаушы қылмыскер көбінесе қылмыстық ұйымдасқан топтың мүшесі болып келеді.

Адам ұрлау қылымысының көп жағдайда қылмыстық ұйымдасқан топпен жасалатынын ескере отырып, оның қатысушыларының жеке белгілерін сипаттауға болады. Адам ұрлауды ұйымдастырушы әдетте 25-40 жастар арасындағы қылмыстық жолға бұрып тұскен адам болып табылады, ол бұрын қылмыс жасаған немесе бас бостандығын айыру орындарында отырып келеген, олардың арасында коммерциялық құралымдардың басшылары да болуы жиі кездеседі. Ұдам ұрлаудың орындаушыларына келетін болсақ, ол кобіне 18-30 жастар арасындағы адамдар болып келеді, әдетте жұмыс істемейтін, спорт саласында жолы болмай криминалдық топтарға еніп кеткен адамдар немесе ауылдан келген жастар.

Адам ұрлау қылмысын жасаушы қылмыскер әдетте қандай қылмысқа баратынын біледі, ол және кобінесе қорқытып алушылық қылмысымен жалғасады.

Адам ұрлаушы қылмысты 90 пайыз жағдайда пайдақорлық ниетпен жасайды және көбінесе адамды босату үшін ақша талап етеді, ол келесідей талаптар қояды: автоколікті сатудң құжаттарын ресімдеуге мәжбүрлеу — 7%; пәтерді сатудың құжаттарын ресімдеуге мәжбүрлеу — 9%;

Аталған заңда қылмыскердің әрекеттеріне байланысты тұрлі жазалар қарастырылған. Оның бәрін қазір ұтір-нұктесіне дейін келтіру мүмкін емес. Бірақ, адамды саудаға салу үшін күш қолданып, қарумен қорқытып пайдакүнемдік ниетте озгелермен алдын ала сөз байласып жасалса, ондай қылмыскерді мүлкін тәркілеп жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ал егер адам ұрлауды ұйымдасып жүзеге асырып және мұның арты жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеп соқса, онда бұндай қылмыстық әрекеттер үшін мүлкін тәркілеп он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

2.3 Адам ұрлау мен адам саудасының байланысы

 

Адам ұрлау бүгінгі күні кең таралған құбылыс болып табылады және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сейкес бұл құбылыс құқықа қайшы қоғамдық қауіпті қылмыс ретінде танылғандықтан адам ұрлау мен адам саудасы тығыз байланысты болып табылады. Адамды саудаға салмас бұрын адамды ашықтан- ашық немесе құпия түрде сондай- ақ алдап, сонымен қатар оны еріксіз бір жерден екінші жерге алып барып қамауда ұстайды. Жәбірленушіні еркінен тыс жыныстық қатынасқа тұсуге, құлшылыққа сатуды және тагы басқа да сол сияқты істерді істеуге мәжбүрлеп, жоспарын іске асырады.

Тұлғаның Конституцияда кепілдік берілген жеке бас бостандығын саудалау үшін адам ұрлау арқылы қол сұғу жоғары әлеуметтік қауіптілікпен сипатталады. Жеке бас бостандығы адам өмірінің бағасыз құндылығы болып табылады. Ал адам ұрлауға байланысты құқыққа қайшы әрекеттер адамның осы құқығынан айыруға бағытталады. Бұрынғы қылмыстық заңда Қазақстан аумағында кәмелетке толмаған адамды саудаға салу үшін жауапкершілік қарастырылмаған.

Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі дәуірде де қазақ жерінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу мәселелері туындамаған.

Өз егемендігін жариялаган Қазақстан Республикасы өз Конституциясына сәйкес аталған қоғамға қауіпті құбылыстармен күресу үшін қылмыстық кодекске олар туралы жауапкершілікті көздеген баптар енгізуі тиіс болды.

Кәмелетке толмагандарды саудалаудың мақсаты сатып алушыдан пайда көру болса, екінші жағынан баладан құтылудың жолы болып та келеді.

Көп жағдайда кәмелетке толмағандарды саудаға салу қылмыстық кодекстің 125 бабындағы «Адам ұрлау» қылмысымен біте қайнасып жатады. Адам ұрлау түсінігі бұрыннан белгілі.

Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану, не азғырып көндіру, тасу, беру, жасыру сондай- ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау- мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Нақ сол әрекеттер :

а)   алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен бірнеше рет;

б)  өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;

в)   қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

г)   кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты;

д)  екі емесе одан да көп адамға қатысты;

е)   ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің органдарын немесе тінін алу мақсатында;

ж)  алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;

з)   адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;

к) жәбірленушінің материалдық жағдайын немеее өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалғанда- мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстың тікелей обьектісі адамдардың бостандығы мен еркі, қосымша тікелей обьект жәбірленушінің ар- намысы адамгершілігі

Қылмыс обьективтік жағынан адамдарды алдау жолымен жасалған нәпсіқұмарлық немесе озгедей пайдалану үшін азғырып көндіру әрекеттері арқылы сараланады.

Қылмыстың өзі әрекет арқылы алдау тәсілін қолданып жүзеге асырылады. Алдау, жұмыс беру, қызмет көрсету, оқу, өндірістік істерді ұйымдастыру арқылы адамдарды жинап алып, оларды нәпсіқұмарлық әрекеттермен айналысуға немесе озгедей жезокшелік притон ұйымдастыруға пайдалану үшін азғырып көндірумен ұштасады.

Азғырып көндіруге алдау жолымен жиналған адамдарға нәпсіқұмарлықтың артықшылығын, пайдасын құлағына сіңіретін әртүрлі айла шарғылар жасау жатады.

Қылмыс құрамы формальдық, ол адамдарға алдау әрекетін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік мақсатпен істеледі.

Қылмыстың субьектісі 16-ға толған кез келген адам, лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдаланып істеген мұндай әрекеттері қызмет бабын теріс пайдаланғандық деп танылады [29, 210б.].

Женевада қол қойылған. Құлдық туралы конвенцияда адамды құлдыққа сату мақсатында ұстау, сату немесе айырбастау үшін басқа біреуге берудің сондай- ақ еріксіздерді сатудың немесе алып кетудің кез келген көрініс құлдыққа салу саудасы деп түсіндіріледі. Соған орай БҰҰ әйелдерді, балаларды және кэмелетке толмағандарды саудаға салумен күрес туралы халықаралық конвенцияның хаттамасын қабылдады. Конвенцияларда және аталған хаттамада әйелдерді жезокшелікке салу және әйелдер мен балаларды сатумен шұғылданатын адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту және әр елдің әйелдер мен балаларды саудалайтын кәсіпқой саудагерлері туралы ақпарат беріп отыру көзделген.

Бұған дәлел БҰҰ-ның Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқықтары» жөніндегі жалпыға ортақ деклараңияда барлық адамдардың құқықтарының тең екендігі және адамдарды нэсілдік белгісі, тұр- тұсі, жынысы, тілі, дінге көзқарасы сондай- ақ саяси танымы бойынша қандай да болмасын кемсітушілікке тыйым салынатыны айтылған. Сондай -ақ құлдыққа сату саудасы жөнінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық актіде былай делінген «Ешкім құлдықта ұсталуға тиіс емес, құлдық және құлдыққа сату саудасының барлық тұріне тыйым салынады ешкім де еріксіз жағдайда ұсталуға тиіс емес, ешкім де еріксіз жағдайда ұсталуға тиіс емес, ешкім де мәжбүрлі жэие міндетті жұмысқа тартылуға тиіс емес.»

БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен қабылданған адамдарды эсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу және жолын кесу туралы хаттама бойынша адам саудасы күш қолданамын деп қорқыту және оны қолдану немесе мәжбүрлеудің басқа да нысандарын қолдану, ұрлау, алаяқтық, алдау, билікті асыра пайдалану, пайда табу жолымен адамдарды қанау мақсатында арбауды, әкетуді, жасыруды, сатуды жүзеге асыруды білдіреді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде осы санатқа байланысты бірнеше баптар бар. Олар адамның дене мүшелері мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, адамды ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру, саудаға салу, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту. Адамды оның тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен алыстатуға және оны ата аналары, таныстары мен құқық қорғау органдары үшін белгісіз жерде ұстауға бағытталған қасақана ұрлау пайдалану болып табылады.

Адам саудасына байланысты қылмыстар азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, жеке бас бостандығына және оларға ешкімнің тиіспеушілігіне қол сұғады. Қылмыстың осы тұрі қылмыскерлердің пікірі бойынша баюдың және басқа да құқыққа қайшы міндеттерді шешудің әлдеқайда тез әрі тиімді тәсілі болып табылады. Алайда көрсетілген қылмыстардың өсу ұрдісіне септігін тигізіп келе жатқан бұдан гөрі әлдеқайда терең себептер бар. Өкініштісі сол бұл себептер әлеуметтік экономикалық, ал кейде тіпті саяси сипатқа ие болуда.

Қоғамның байлар мен кедейлер болып әлеуметтік тұрмыстық ахуал жағынан жікке бөлінуі кәсіпкерлер мен өзге де ауқатты адамдардың көбеюі және олардың кейде қылмыстық ортамен байланыста болуы өздерінің жемтікке айналуына әкеп соғады. Сонымен қатар ұлттық этностық негізге байланысты және билік өкілдері мен балаларды ұрлау оқиғаларын да осы келеңсіз құбылысқа жатқызамыз. Адам саудасы туралы айтқанда қылмыстық ортада материалдық сұраныстың белең алып ұйымдасқан құрылымдардың белсене қалыптасып отырғанын бизнестің алуан тұрлі салаларына оның ықпал ету әсерінің арта тұскенін және қылмыстық кәсіптің неғұрлым тиімді тәсілдерінің іздестіріліп жатқанын ескерусіз қалдыруға болмайды. Демек, мұның бәрі сайып келгенде адам саудасы әрекетінің қоғамдық қауіптілік дәрежесінің артып, қылмыстық аясының кеңейе тұсуі, оған қарсы тосқауыл қоятын қолданыстағы заңды жауаптылықты барынша қатаңдатуды қажет етеді.

Сатылған жоғалған адамдар қайда кетеді деген сұраққа біздің жауабымыз мынадай. Қазақстанда жалпы саны 8,5 миллион әйел бар, яғни бұкіл халықтың 51,3 пайызы әйелдер. 2002 жылы елімізде 210187 жасанды тұсік жасалған. Әйелдер арасындағы қылмыстар да шамадан тыс артып отыр. Интернетте бөбектерді саудалау басталды. 2005 жылы «Ү.І.Р Аdроtіоn» бетінде балалар сатылатыны, бір нәрестенің құны 20 мың доллар екендігі жарияланды. Олардың айтуынша, бөбегін сататын әйел — сатып алушы адаммен келісіп, бірге тұра бастайды. Бөбегі дү      ниеге келісімен шешесі нәрестені табыстап ақшасын алады. Қарап отырып бүгін де қазақтың небір сұйкімді сәбиларін басқа ұлт өкілдері асырап алуда. Бұрында өзбек ағайындар осындай «тірі тауарларды» біраз адғанға ұқсайды.

Алматы қаласындағы балалар үйі қызметкерлерінің айтуынша қазақ балаларына құмар озбек ағайындардың орнын енді ұйғырлар басыпты. Өз перзенттерін азырқаған қазақ балаларын көптеп асырап алатын көрінеді. Балалар ұйіне бала тапсыру кәріс халқында мұлде жоқ көрінеді. Перзентсіз ұш кәріс отбасы сегіз жыл кезекте тұрып, сол сегіз жылда бір ғана кәріс бала тапсырылып, ұш кәріс таласқа тұседі. Ақыры біреуі жеңіп, бақытқа бөленіпті. Қазір қазақстанда қырық бес балалар ұйі бар. Туа салысымен жетім қалған және тастанды тоқсан екі мың бала есепке алынған. Ендеше, иесіз, сұраусыз пендеде кұн бола ма? Атақты Тәуке ханның «Жеті Жарғысында» жүкті әйелдің баласын тұсірген адамға өлім жазасы кесілетін болған. Бар байлығы бала мен туған жері болған қазақ халқына тастанды балалар тағдыр өтіне қараусыз қалдырып, оны саудалатып қою кешірілмес қылмыс.

Алайда соңғы жылдары қазақ сәбилерін асырап алушылар өзбектер мен ұйғырлар емес шетелдіктер, оның ішінде американдықтар болып отыр. АҚШ азаматтарының қазақ балаларын асырап алудағы құпиясы; біріншіден, қазақ балаларының қанын, санасын, ұлттық ерекшеліктерін зерттеу; екіншіден, АҚШ үкіметі Қазақстаннан мұсылман балаларын асырап алғандарға салық жөнінде едәуір жеңілдік жасайды; үшіншіден, келешекте қазақ балаларын Қазақ елінің өзіне қарсы қою саясаты. Құпия құжаттағы мұнан басқа деректер ойландырмай қоймайды. Бүгінде республика бойынша қырықтан астам агенттік шетелдіктерге бала откізумен тікелей айланысады екен.

«Вашингтон Таймс» газетінде «Қазақстан құлдық пен адам саудасының таралуына ықпал еткен жиырма ұш елдің қатарында» деген мақала жарияланып, онда былай делінген: «АҚШ мемлекеттік хатшысы К Пауэлл өткен аптада «Адам саудасы» атты баяндама жасады. Адам құқықтарының өрескел бұзылуы болып табылатын құл иелену мен адам саудасы жыл өтен сайын кең етек жайып келеді. Деректерге сұйенсек жыл сайын жеті жүз мыңға жуық адам алдау жолымен немесе мәжбүрлеу арқылы топтастырылып шетелдерге жіберіледі, олардың қырық бес-елу мыңы АҚШ- қа жөнелтілді. Бұл бейбақтардың көпшілігін әйелдер мен балалар құрайды, оларды сексуалды қызмет көрсету немесе эротикалық тауарлар сататын дүкендерде жұмыс істеуге мәжбүрлейді немесе сатады. Әзірге бұл категориядағы елдердің саны жиырма ұшке жетіп отыр. АҚШ- тың одақтастары — Израиль, Греңия, Сауд Арабиясы, Судан және Қазақстан да бар.

«Адам саудасының құрбаны болма» акңиясы өз жұмысын бастады. 11 наурызда Жамбыл облысы ішкі істер департаменті басшылығымен баспасөз-конференциясы өтті. «Трафикке тосқауыл» жедел-алдын алу іс-шаралары шеңберіндегі «Адам саудасының құрбаны болма» республикалық акциясы тақырыбында ұйымдастырылған жиынға бұқаралық ақпарат құралдарының, Жамбыл облысы Әділет басқармасы мен «Болашақ» Қогамдык бірлестігінің окілдері қатысты. Баспасөз-конференциясын Жамбыл облысы IIД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Дұйсебаев ашты. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Дағдарыс Орталығының Одағы» заңды тұлғалар ұйымымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қаржылық көмегімен «Трафикке тосқауыл» жедел- алдын алу іс-шарасы шеңберінде 2009 жылдың 10-20 наурызы аралығында «Адам саудасының құрбаны болма» атты акция өткізеді. Акцияның басты мақсаты қалың жұртты адам саудасының жолын кесу, оған берілетін жаза, адамды еңбек және сексуалдық әрекетке пайдалануға қарсы күрес әдістері мен тәсілдері жонінде ескерту болып табылады. Акция Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтарында жүргізіледі. Үгіт-насихат поезы Астана-Алматы және Астана – Қарағанды – Тараз – Шымкент — Сарыағаш маршруттары бойынша бағыт алады. Онда ҚР ІІМ қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың окілдерінен құрылған бригада ұгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Жамбыл облысы ІІД бастығының бұйрығымен акцияны өткізу мерзіміне Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Көші-қон полициясы, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі мен Тіл саясаты және ақпарат бөлімі қызметкерлерінен арнайы жұмыс тобы құрылды. «Адам саудасының құрбаны болма» акциясын өткізу бойынша Жамбыл облысы ішкі істер департаментімен, Жамбыл облысы бойынша Әділет басқармасымен, Жамбыл облысының білім беру бөлімімен және «Болашақ» Қоғамдық бірлестігімен бірлескен жоспар құрылып, қол қойылды» деді полиция полковнигі Нұржан Тәттібайұлы. Сөз кезегінде IIД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Берік Құтбаев өңірдегі жедел жағдайдың ахуалы мен адам саудасына қарсы әрекеттер бойынша жүргізілген жұмыстар туралы тоқталып өтті. Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл облысы территориясында адам саудасының дерегі алғаш рет 2004 жылы анықталды. Бұл бойынша Светлана Лихтянскаяға Тараз қаласынан бойжеткендерді алдау жолымен сексуалдық әрекетке иайдалану мақсатында Тұркия Республикасына тасымалдаған. Оған қатысты ҚР ҚК 128-бабы (адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол 4 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына тартылды. Бұдан кейін, 2007 жылы 4 жігіт пен бір әйелден тұратын қылмыстық топ ұсталды, олар Жамбыл облысынан жасөспірім қыздарды ұрлап, оларды Алматы қаласындағы Сайн көшесі бойында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Тергеу барысында анықталғаны, Алматы қаласы мен Жамбыл облысы территориясында ауыр жәгіе аса ауыр қылмыстарды жасау үшін ұйымдасқан қылмыстық топты Алматы қаласының 34 жасар Н. Бақыт есімді тұрғыны басшылық еткен. Ол осы мақсатта қарамағына өз таныстарын — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Аспара ауылының 31 жасар тұрғыны Ә. Майраны, Алматы облысында тұратын 24 жасар А. Ақарысты, Алматы облысының 25 жастағы тұрғыны Қ. Райымбекті және Жамбыл облысы Шу қаласының 21 жастағы Э. Александрді бағындырып, дегеніне көндірді. Бақыт келесі критерийлер бойынша арам пыйғылын жүзеге асырды, яғни қылмыстық топ мүшелері Жамбыл облысының Шу және Меркі аудандарына келіп, әсіресе аудан тұрғындарының арасынан тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан бойжеткендердің іздеріне түсті. Барлық ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 235-бабы (қылмыстық топты ұйымдастыру мен басқару), 125-бабы (адамды ұрлау), 270-бабы (жезөкшелікпен айналысуға тарту), ҚР ҚК 128-бабы (адам саудасы) бойынша қылмыстық істер қозғалып, тиісті жазалар жарияланды. 2008 жылдың наурызында Жамбыл облысы Жамбыл ауданының сотымен бұл қылмыстық іс қаралған соң, қылмыстық топты ұйымдастырушы 12 жылға, ал қалғандары 10 жылға бас бостандықтарынан айырылу жазасын алды. Бұнымен қатар, адам саудасымен пара-пар жеңгетайлық, сонымен бірге саунада, көңіл көтеру орындарында, тіпті Тараз қаласындағы мөлтек аудандардың көшелері бойында жезөкшелікпен айналысу үшін ордаларын ұстау қылмыстары ашылуда. Сонымен, 2008 жылы ҚР ҚК 271-бабы (жеңгетайлықпен айналысу үшін ордасын ұстау мен жеңгетайлық) бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды, оның 5-уі сотқа жолданды. Ағымдағы 2009 жылы бұл қылмыс тұрі бойынша 2 дерек анықталып, бұғінде оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Баспасөз-конференңиясы барысында Жамбыл облысы Әділет басқармасы мен «Болашақ» ҚБ өкілдері — Айжан Қалдыбекова және Ғалия Қалиева сөз алып, адамдар саудасы мәселесі бойынша халық арасындағы түсіндіру жұмыстары мен акңия кезіндегі жүргізілетін іс-шаралар туралы сөз етті. Акцияның өткізілу барысында 42-59-92 нөмірдегі сенім телефоны жұмыс істейді. Сонымен қатар, жұртшылыққа ақпараттық материалдар, буклеттер таратылады, лекциялар оқылады, мектеп оқушыларымен және жасөспірімдермен кездесулер ұйымдастырылып, «Үйге оралар ұзақ жол» фильмі көрсетіледі. Үгіт-насихат поезында құқық қоргау органдары қызметкерлерімен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен қатар заңгер, психолог мамандары бірге жұреді. Олар халықтың осы тұрғыдағы мәселелі сұрақтарына жауап беріп, барынша көмек корсететін болады. Жиын соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ақпараттык метариалдар таратылды.

Адам ұрлап, құн талап ету оңтүстік қазақстандықтар үшін «таңсық» қылмыс екен. Бұл қылмыстық «жанрдың» елге таныла бастағанына бір- екі жыл ғана болыпты. Соның ішінде ең елеулісі алматылық кәсіпкерді бопсалау еқен. Осыған ұқсас тағы бір қылмыс тіркелді. Шымкенттік саудагер қолды болды. Бопсалаушылар әуелі туысқандарынан төрт миллион доллпр талап еткенмен, кейін бағаны үш жүз мың көкала қағазға түсірген. Полиция араласқан соң тұтқын аман-есен құтқарылып, адам ұрылары ұсталған. Шынын айтсақ шымкенттік киллерлерде әлі де тәжірибе аз «Еліктеу» басым. Криминалдық өмірдің құйтырқыларын жетік білмейді. Сондықтан, орын ауыстырар ауқымы тар, қаржылық әлеуметті топтардың көмегінсіз дербес қимылдаган «алаңғасар қазақтар» оп- оңай қолға түсіп жатыр.

Дулы-думанды, самсаған базары мол, етек жеңі далиып бара жатқан үлкен Шымкент шахарының қойнында талай сұмдық қылмыстардың көзден таса, заңнан тыс қалып жұтқынына көңіл сенеді. Қазірде қалада болып жатқан жауыздық ауыр қылмыстармен күресер күш дәрменсіз.

Адам саудасының «жаңадан» пайда болған түрі — адамдардың мүшелерін сату. Яғни, адамның әр тұрлі сау органдарын саудалау. Бұл да екі түрге бөлінеді: ерікті және еріксіз. Ерікті түрде мүшесін сатқандар жайлы естіп жүрміз. Адамдардың мұндайға баруы адам мүшелерінің қымбат тұратындығымен түсіндірілсе керек. Ал, еріксіз — аты айтып тұрғандай адамдарды қорқытып-үркіту арқылы немесе дәрігерлермен келісіп, ес-түссіз жатқан адамның мүшесін алу дегенді білдіреді. Ақпарат көздеріне сүйенсек, әлемдік «қара базарда» адамның дене мүшелері өте қымбатқа сатылады екен. Сұраныс та бағасына сай. Ақаусыз жұрек құны — 57 мың доллар. Бұйрекке 100 мың доллар бересіз. Ал, ең қымбаты өкпе болса керек. Оның құны — 120 мың доллар. АҚШ қауіпсіздік ұйымының таратқан дерегіне сенсек, адам құны 45 миллион доллар екен. Бізде қанша болатынын білмедік, шетелде адам құны осындай. Мұны жергілікті ақпарат құралдары да жиі жазып жұр.

Дүниежүзінде адамдардың дене мүшелерін сату мен коммерциялық мақсатта пайдалануға жол бермейді. Тек донорлыққа адамның өзі келісім берсе ғана жүзеге асырылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «келісім иризумициясы» қағидасында осылай деп көрсетілген. Яғни, адам көз жұмар алдында өз дене мүшесін өзге адамның қажеттілігіне жаратуға рұқсат берген жағдайда ғана заңды деп есептеледі. Біздің елімізде тірі адамды тауарға айналдыратын қылмыстың алдын алатын заң жоқ. Тек «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы» заңымен ғана адамның ішкі және сыртқы мүшелерін, ұлпаларын айырбастауға тыйым салынады. Мұндай жағдай орын алғанда Қылмыстық кодекстің 113-бабына сәйкес бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Яғни, адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу қылмыстық заңмен реттеліп, ол қайталанған жағдайда жаза түрі де ауырлай түседі.

      Ақпарат құралдарына сенсек, адам мүшесін саудалау кәдімгі бизнес көзіне айналғанға ұқсайды. Адам мүшелері дәл шетелдегідей болмаса да, бағасы 2 мыңнан бастап 20-30 мың АҚШ долларына дейін бағаланатын көрінеді. Адам мүшелерін саудалаудың әрекеттері елімізде тіркелгенін білеміз. Бірақ, бұл көрсеткіштің нақты емес. Адамның мүшелерін еріксіз саудалауды — материалдық және моральдық зиянмен салыстыруға болмайды. Бұл адам құқығын таптаудың ең жоғары сатысы. Адам саудасы қылмысының тағы бір тұрі — жаңа туылған нәрестені саудалау. Баланы заңды және заңсыз түрде асырап алу бар. Заңды түрдегісі белгілі — кезекке тұрып, тиісті мекемеге арыз беру арқылы, соттың шешімімен алу. Ал, заңсызы не? Бұл табиғи жолмен бала көтермей, ешқандай құжат тапсырмай, ешқандай мекеменің есігінен сығаламай-ақ балалы болу. Яғни, баланы сатып алу деген сөз. Табиғи жолмен жүктіліктің болғанын көрсететін жалған құжаттарды дайындау, жалған диагнозбен перзентханада емделу, соңында «өз» баласының туу туралы куэлігін алу. Бұдан кейін нәресте «өз анасының» туған баласы есебінде тіркеледі. Өйткені, әйелдің жалған бала көтерген уақытынан бастап, барлық құжаттары реттеліп қойылған. Бұл жерде жаңадан босанған әйелдің баласын ұрлау жағдайы көрініс алып отыр. Шетелдіктердің бала асырап алуын адам саудасына жатқызатындар бар. Олардың бала асырап алуы белгілі бір заңдылықпен реттелген. Ақпаратқа қарасақ, Қазақстан он екі мүшесі сау баланы шетел азаматтарына асырауға бермейді. Асырауға берілетін балалардың денсаулығында қандай да бір кінараттың болуы «шарт» екен. Осы жағынан алып қарағанда шетелдіктердің қазақстандық баланы асырап алуына неге қарсы болуымыз керек? Өмірін балалар үйінде не мүгедектер үйінде өткізгеннен гөрі, ата-ананың алақанында, жайлы отбасында тұрғаны әлдеқайда артық емес пе? Бұл асырап алынған балаға да, Қазақстанға да тиімді деп ойлаймын. Бұқаралық ақпарат құралдарында ол балалар ертеңгі күні өзінің елін, жерін, қанын ұмытады деп жатады. Одан да өз еліміздегі балалардың патриоттық сезімін оятуға күш салған жөн. Қазақстанды елім, Отаным деп санамайтын өзге ұлт өкілдері толып жатыр. Керек десеңіз патриоттық сезімнен жұрдай қазақтар да бар. Жер бетінде белең алып отырған тағы бір адам саудасының түрі — адамдарды ұрлау арқылы оның отбасынан, достарынан, туыстарынан ақша талап ету. Мұндай әрекеттерді шетел киноларынан күнде көріп жүрміз. Сол киноларда қылмысты қалай ұйымдастыру, кімдерді ұрлау, қанша сұрау, басқа да қандай әрекеттер жасау керектігі айқын көрсетіледі. Бұл құдды экран арқылы берілетін сабақ тәріздес. Осылар жастардың психологиясына әсер ететінін, оларды қылмысқа итермелейтінін, сол кинодағыдай нәрселерді жасап баюға болады, — деген ойдың қалыптасуына әкеп соғатынын біз жақсы білеміз. Біле тұра, өз арналарымыздан осы тектес фильмдердің түрлі-түрлісін көрсетеміз. Жалпы, бұл сияқты кинолар жастардың да етек-жеңін жиған азаматтардың санасын аулайтынын түсіну керек. Мысалы, бір шетелдік кинода түрмеде отырған сотталған азамат сол түрме қызметкерінің бет терісін сыпырып, өз бетіне жабыстырып, яғни, сол арқылы бет-әлпетін өзгертіп, түрмеден қашып шығады. Міне, мұны сабақ деуге бола ма? Болады. Осындай жолмен де түрмеден қашу операциясын ұйымдастыруға болатынын енді біз біліп жүретін болдық. Осыдан-ақ, кинолардың қандай жолға жетелейтінін көріп отырмыз. Фильмдерде, әрине, көбіне өмірде болған жағдайлар бейнеленеді. Алайда, менің ойымша осындай азғын қылмысты бір адам жасаса, кино арқылы бұны екінші адамға үйрету сияқты болып тұрады. Кино соңы қылмыскерлердің ұсталуымен немесе өлтірілуімен аяқталғанымен, жас, енді дамып келе жатқан психологияда әлгі қылмыстың көрінісі не оның кішкене бөлігі сақталып қалуы мүмкін. Ал, бұл оларды өмірде осындай да болады немесе басқалар сондай жасап жатқанда менің жасағаным оның қасында түк емес деген мінез-құлықтың қалыптасуына түрткі болуы ғажап емес. Адам саудасы қылмысының өршуіне де түрткі болатын бір себеп осы экрандағы бейнелер деп ойлаймын. Кей ағаларымыз адам саудасы қылмысын «ұлт қасіреті» деп жатады. Бұған толықтай қосыламын, өйткені, адам саудасы адамды адамдықтан айырып, рухани азғындауға жол ашады. Онымен күрес ешқашан тоқтамақ емес, қайта оны дамытып, құқық қорғау органдарының қарым-қатынасын нығайтып, осы қылмыс түрінің қандай да бір бастамасына балта шабуға күш-жігер жұмсау қажет [30, 80б.].

Қорытылып отырған кезеңдегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ҚК-нің 125-бабы бойынша сотталған адамдардың саны Ақмола облысында -11, Ақтөбе облысында — 4, Алматы облысында — 3, Жамбыл облысында — 8, Маңғыстау облысында — 6, Павлодар облысында — 2, Қостанай облысында — 3, Алматы қаласында — 2, Шығыс Қазақстан облысында — 8, Оңтүстік Қазақстан облысында 13 адам. Мұның бәрін жасырмай айтып отырғаным, еліміздің қай түкпірін алмайық, келеңсіз көріністер атойлап шыға келеді. Және бұрынғы жылдармен салыстырғанда статистикалық деректер қылмыстың бұл түрлерінің көбеймесе, азаймай отырғанын айғақтайды. Соттардың осы санаттағы істерді қарауына жүргізілген талдау пайда табу мақсатымен адамдарды ұрлау қылмыстарын, негізінен, ұйымдасқан және әрқайсысының нақтылы қылмысты жасаудағы рөлін бөлісіп алған қылмыстық топтың жасайтынын көрсетті. Оның үстіне, ұйымдасқан топтарға, көбінесе, қылмыстың ерекше қауіпті түрі қайталаңған адамдар қатысады. Сондықтан да мұндай қылмыс түрі күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалады. Осыған орай, Жоғарғы Сот адамдарды жыныстық қатынасқа тарту, еңбегін пайдалану және өзгедей қанау мақсатында заңсыз алып кету және саудаға салу тұрғысындағы қылмыстық істерді республика соттарының қарауы жөніндегі сот тәжірибесінің нәтижелерін үнемі саралап көрсетуде. Ал қалың жұрт-шылыққа айтарымыз, адам саудасына жаппай тосқауыл қою мәселесіне біздің ел азаматтары да барынша көңіл бөліп, осы бір келеңсіз құбылыстың жолын кесуге мұрындық бола білсе екен дейміз. Тәуелсіз еліміздің ертеңінің бүгінгіден нұрлы болуының өзі осыған байланысты екенін әсте естен шығармайық. Біздің елімізде адам саудасына жол жоқ.

 

2.4 Адам ұрлау қылмысын және өзге де бостандыққа қарсы қылмыстардын алдын алу

 

Адам ұрлау қылмысы өзінің дұрыс теориялық бастамасын криминологиялық ғылымнан алады және ол біздің мемлекеттің қылмыстық саясатында ұстанып отырған қылмыстың алдын алудың және онымен ары қарай күресудің негізгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы қылмыстылықты және соның ішінде адам ұрлау қылмысының алдын алуда негізгі қағида ретінде қылмыстың алдын алудың нақты шараларын қолданудағы заңдылық қағидасы болып келеді. Альфред Жалинский айтып кеткендей «шараң сөзі криминологиялық ғылымда пайда болған міндеттерге әсер ету мен шешудің бірлегі ретінде қолданылады.

Қылымыстың алдын алуда заңдылық принципін сақтау қағидасы ҚК-тің 2-бабында да айтылып кеткен. Бұрынғы қылмыстық кодекстерде қылмыстың алдын алу мәселесі көтерілмеген болатын.

Адам ұрлау қылымысын алдын алу мәселесін ашып кетпес бұрын жалпы криминологиядағы қылмыстың алдын алу мәселесіне көңіл боліп өткенді дұрыс санап отырмын, ойткені барлық қылмыстың алын алу жалпы қылмыстылықтың алдын алудан негіз алады. Бүгінгі кұнгі криминологиялық теорияда қылмыстың алдын алу қағидалары қылмыстылықпен күрестің негіздері ретінде жүйелендірілген [32, 6б.].

Жалпы қылмыстылықтың алдын алудың негіздері мен қағидалары адам ұрлау қылымысының алдын алу шараларын жүзеге асыру кезінде де қолданылуы керек және ол нақты шаралардың тиімділігін арттыру кезде қолданылады.

Құқық қорғау органдарының ада ұрлау қылымысының алдын алуға байланысты жұмысы бірінші кезекте сондай көмекті қажет ететін адамдарға бағыталуы тиіс.

Азаматтардың кез келген құқықтары мен бостандық тарын шектеу тек қатаң заңға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс, яғни адам ұрлауға қатысты деген нақты адамға қатысты күдік туса.

Адам ұрлауға кінәлі адамның қылмыстылық жауаптылықтан боастпау дегеніміз біздің еліміздегі адам ұрлау фактілерін ашуға барлық күштерді жұмсап, қылмыскерлерді әшкерелеуді білдіреді. Сондықтан жасалған қылмыс үшін жауаптылықтан босатпау қағидасы көрсетіліп отырған қылмыстың алдын алу шараларын тиімділігін жоғарлатуды елеулі орынға ие болады.

Адам ұрлау қылмысының алдын алудың тиімділігін жоғардату қоғамның көмегінсіз мүмкін емесе, өйткені республикада жасалаып отырған адам ұрлау қылмыстарының көбі ашылмай қалады және осы жерде қоғамның көмегінсіз де адам ұрлау қылмыстарын ашу және тиісті кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту қиынға тұседі.

Адам ұрлау фактілерін аладын алу шараларын жоспарлау мен оны жүзеге асыру заң нармаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Адам ұрлау қылмысының алдын алу шараларын жүзеге асыруда заңнаманы бұзу құқық қорғау органдарына деген азаматтардың сенімдерін бұзады, ол келер соңында бұкіл жүйенің жұмысын жоққа шырыды.

Адам ұрлау қылмысының алдын алу шараларын жоспарлау мен жүзеге асыру тиісінше қоғам мен халықтың бақылауында болуы тиіс.

Сондай-ақ адам ұрлау қылмысының алдын алу мемлекеттік органдардың осы қылмыс түріне деген жауаптылық шараларын белсендіруге кешенді түрде қараусыз мүмкін емес. Шараларды кешенді түрде белсендіру дегеніміз қылмыстылыққа қарсы, соның ішінде адам ұрлау қылмысына қарсы әртүрлі превентивтік алдын алу шараларын қолану қажеттілігін білдіреді.

ҚР ҚК-нің санкциялары үш бөлім бойынша да: жай, сараланған және ерекше сараланған адам ұрлау үшін бос бостандығын айыру жазасын көздейді. Адам ұрлау қылмысымен күресті және оның алдын алуды белсендіру үшін сондай-ақ қылмыстық-құқықтық репрессия шараларын экономиясы қағидасын ескерген де жөн.

Кей жағдайларда адам ұрлау кезінде ұрланған адамдардаы шетелдерге алып кету фактілерін ескере отырып, адам ұрлаумен халықаралық дәрежеде күресуге байланысты өзара ынтымақтастық шараларын да қарастыру керек. Осы мақсатта жүйелі түрде адам ұрлау қылмысымен күресудің нәтижелерін жалпы қандай мемлекеттерге адамдарды ұрланатынын анықтап, тиісті шараларды қолдану керек.

Адам ұрлаумен күресудегі өзекті мәселелердің бірі оның әлеуметтік салдарымен күресі болып келеді, оған осы әрекеттерден зардап шеккен жәбірленушілердің есебі мен балауы жатады. Адам ұрлау қылмысын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді анықтай отыра, адам ұрлаумен күресудің тиісті шараларыи да анықтауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНА ӨЗАРА ҰҚСАС ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН ЖАЙЛАРЫ БАР ҚЫЛМЫСТАР

 

3.1 Ауырлататын мән-жайлары бар адам ұрлау

 

Қылмыс сыртқы бейнесі бойынша бір баппен сараланатын болса да оның қоғамдық қауіптілігі әртүрлі болып келеді, сондықтан қылмыстық заңнамада қоғамдық қауіпті әрекетті сипаттайтын жалпы нормамен қатар, әрекеттің ерекшеліктерін ескеріп оны сараланған құрам ретінде танитын нормалар да болады, ондай нормаларда қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Бұл норманы адам ұрлау қылмысына қатысты да айтуға болады.

Қазақ ССР-ның қылмыстық кодексінде адам ұрлау 116 бап болып табылады. Пайдақорлықпен, кек алу мақсатымен немесе өзге бір зұлымдық ниетпен адам ұрлау екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Тап сол қылмыстарды бір топ адамның алдын ала сөз байласып қайталап жасауы, алкоголиктің, наркоманның немесе қоғамдық пайдалы еңбектен жалтаратын адамның жасауы немесе екі және одан да көп адамға қатысты жасауы, сол сияқты жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, кұщ жұмсау арқылы немесе осындай күш жұмсаймын деп қорқыту арқылы жасауы — мүлкі конфискеленіп немесе конфискеленбей бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ерекше қауіпті реңидивист жасаған немесе ауыр зардаптарға әкеп соқтырған ұрлық, сол сияқты жасы толмаған баланы ұрлау- мүлкі конфискеленіп жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қазақ ССР-ның қылмыстық кодексінің 116 бабының 1 бөлігінде біреудің баласын ауыстырып жіберу. Пайдақорлықпен немесе басқа бір зұлымдық ниетпен біреудің баласын ауыстырып жіберу бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазіргі қылмыстық кодекспен салыстырғанда баланы ауыстыру өзінше бір бап болып жеке қаралады. Баланы қасақана ауыстыру- екі жүзден бес жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасалған дәл сол әрекет — үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп көрсетілген [34, 305б.].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесіне 125-бабының 2 және 3-ші бөліктеріне сәйкес адам ұрлау қылмысының сараланған және ерешке сараланған құрамдары белгіленген.

Адам ұрлау қылмысының сараланған құрамдарына ҚК 125- бабының 2-бөлігіне сәйкес:

а)  алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;

б)  бірнеше рет;

в)  өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып;

г)  қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

д)  кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты;

е)  кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу әйелге қатысты;

ж) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

з)  пайдакүнемдік ниетте жасалған адам ұрлау жатады.

Сонымен қатар қылмыстық заңнама адам ұрлау қылмысының жасалуын және құрамдық ерекшеліктерін ескеріп ерекше сараланған құрамдарын бекіткен, олаға ҚК 125-бабының 3-бөлігіне сәйкес:

а) ұйымдасқан топпен жасалған;

б)  ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалған;

в) абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан адам ұрлауды жатқызады.

Осы сараланған құрамдарды тереңірек зерттеу мақсатында әрқайсысына жекелеп тоқталып өтейік.

Алдын ала сөз байласып адамдар тобымен адами ұрлау.

Қазақстандағы қылмыстылықтың жағдайы жөніндегі статистикалық мәліметтер соңғы жылдары әр оныншы қылмыс адамдар табымен жасалғандығын көрсетеді. Әрбір үшінші қарақшылық және әрбір екінші қорқытып алу криминалдық топтармен жасалынады екен.

Қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласып жасауы қылмыстың жасауын жеңілдетіп оның қоғамдық қауіптілігін жоғарлатады. Алдын ала сөз байласып адам ұрлау болып танылуы үшін онда қылмыс жасауға алдын ала келіскен екі немесе одан көп адам қатысуы керек. Адам ұрлауды алдын ала сөз байласып жасаған кезде әр қатысқан адам адам ұрлау қылмысына байланысты рольдерді бөліп алуы керек, бірақ олардың әрқайсыс адамды күштеп ұстауға және оның орынын ауыстыруға тікелей қатысуы керек.

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаған адам ұрлаудың негізгі белгісі ретінде қылмыстық қол сұғушылық жасау үшін жасалған алдын ала сөз байласуды тану керек. Бұл жағдайда сөз байласу деп адам ұрлау қылмысы жасалғанға дейін пайда болған немесе алдын ала қылмыс жасауға келсімді айтамыз. М.Хожаевтың «алдын ала сөз байласу — ол адам ұрлау объектісін, орны мен уақытын, оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілін, қылмыстық топтың мүшелерінің рольдерін, қылмыстың ізін жасыру жолдарын жасыру тәсілін анықтаудан тұрады деген пікірімен келісу керек.

М.Хожаев қатысушылар арасында сөз байланысу әр кезде қылмысты нақты орындағанға дейін жасалады, яғни оларды қылмысты толық жоспарлауға, оны жасау әдістерін анықтауға мүмкіндіктері болады.

Адам ұрлаудағы қатысушылардың біріктілігі олардың әрекеттері бір соңғы мақсатқа бағытталғандығын білдіреді. Ол деген адамдар тобымен жасалған адам ұрлауда қоса орындаушылық белгісі болады. Адамдар тобының алдына ала сөз байласуы бойынша жасалған адам ұрлауда екі не көп адамдардың қылмыс орнын алдына белгілеп жасайтын әрекеті деп санайтын кейбір зерттеушілердің пікірлері дұрыс емес.

Бұл мәселені шешуде топ түріндегі негізгі белгіні жаппай қарастыру толық болмаған еді. Р.Р.Галиакбаров топқа тән келесідей белгілерді көрсетеді: бірініден, қылмыс жасауда екі не одан да көп адамдардың қатысуы; екіншіден, әр қатысуының толық не ішінара қылмыстық объективті жағын орындауға қатысуы; үшіншіден, әрекеттердің біріктілігі, яғни бір қорытынды мақсатқа бағытталуы; төртіншіден, әрекеттердің біріктілігінің қасақаналығының болуы; бесіншіден, қылмыстың бірге жасалуы жөніндегі білуі және әрекеттердің алдын ала келісілуі; алтыншыдан; қылмысты бірге жасау туралы алдын ала сөз байласудың болуы.

Сонымен қоса, топ құрамындағы әр қатысушы заңмен белгіленген қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына жетуі және есі дұрыс болуы керек екендігін де ұмытпау керек.

Бірнеше рет жасалган адам ұрлау.

ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігінің б) тармағы бойынша осы бап бойынша екі немесе одан да көп қылмыстар жасау бірнеше рет жасалған дам ұрлау деп танылады.

Бұл ҚК 125-бабының 2-болігінің б) тармагымен қарастырылған сараланған құрам бір емес бірнеше қылмыс жасаған қылмыскердің әрекетінің қоғамдық қауіптілігін сипаттайды.

ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабының немесе бабының болігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекеттер жасау қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады. ҚК Ерекше болімінің тұрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасау ҚК арнайы көрсетілген жағдайда ғана бірнеше рет жасалған деп танылуы мүмкін.

Бір адаммен қылмысты біренеше рет жасау ол адам үшін қылмыс кездейсоқ эпизод емес, оның санасында қалыптасып қалған қондырым екенін білдіреді. Біртектес қылмыстарды бірінен кейін бірін орындау құқық бұзушыға нақты тәжірибе береді, ол кезегінде қылмыспен күресуге қиындық тудырады.

Адам ұрлауды бірнеше рет жасалған деп санау үшін әрбір әрекет жеке қылмыс құрамын құрастыру керек екендігін ескеру керек, яғни әрбір қылмыс келесі қылмыстан кішкене болсын уақыт аралығымен ажырауы керек. Әр қылмыс жасауға қылмыскерде жеке қасақана ой пайда болуы тиіс.

Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып адам ұрлау.

ҚР ҚК-нің 125-бабының в тармағымен адам өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық қарастыралады.

Бұл көрсетілген сараланған белгі адам ұрлау кезінде жәбірленушіге оның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданғанын білдіреді.

Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып адам ұрлау.

ҚР ҚК-нің 125-бабының «г» тармағымен Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық қарастыралады. Қару қолдану деген терминді бұл жерде қаруды оның тікелей арналған мақсаты бойынша пайлану деп түсінеміз, яғни тірі дүниені құрту үшін пайдалану немесе қорқытуды кушейту үшін қаруды демонстраңиялау.

Қару ретінде пайдаланатын өзге де құралдарға тұрмыстық- шаруашылық мақсаттағы заттар жатады (темір, балта, өзге де денсаулық пен өмірге елеулі зиян келтіруі мүмкін заттар), сондай оларға кез келген зиян келтіретін заттарды жатқызамыз.

Адам ұрлауды баптың осы тармагымен саралаған кезде қару алдын ала дайындалды ма немесе қылмыс оқиға орнынан алынды ма, зауыттан жасалган ба немесе қолдан жасалған ба екені ерекше мәнге ие болмайды. Сонымен қоса кінәлі адам қорқытудың әсерін күшейту үшін қарудың макетерін имитаңиялап корсетсе де, ол қарумен қорқытқан ретінде сараланады.

Қару және қару ретінде пайдаланатын өзге де заттар жәбірленушіге қатысты ғана емес, сонымен қатар адам ұрлау қылмысын көрген адамға немесе ол қылмысқа қарсы шыққан адамға да қатысты қолданылуы мүмкін.

Қару қолдана отырып адам ұрлау кезінде кісі өлтіру орын алса, ол Қылмыстық кодекстің тиісті баптарымен саралануы қажет.

Кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлІгінің д тармағымен қарастырылады. Ұрлау қылмысының жәбірленушісі көрінеу кәмелетке толмағанын білу фактісі бұл сараланған белгі бойынша арнайы объектінің болу керек екендігін білдіреді. Яғни осы сараланған құрамды қолдану үшін жәбірленуші 18 жасқа толмаган болуы керек. Бұл жерде міндетті жагдай адам ұрлаушының баланың жасын білмеуі және білу мүмкіндігінің болмауы.

Кінәліге жүктілік жагдайында екендігі корінеу әйелге қатысты адам ұрлау үшін жауаптылық ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігінің «е» тармағымен қарастырылады. Жүктілік жағдайында екендігі көрінеу әйелге қатысты адам ұрлау жасай отырып, кінәлі әйелге және болшақ нәрестенің өміріне қауіп төндіреді, сондықтан оның әрекетінің қоғамдық қауіптілігі жоғарылай түседі.

Қылмыс оның қылмыстық заңнамамен қорғалатын объектіге қол сұғуымен зиян болып келеді, ал егер ол бір емес екі не одан да көп қылмыстық заңнамамен қорғалатын объектілерге қол сұқса, онда оның қоғамдық қауіптілігі де сәйкесінше еселене түседі.

Осыны ескере отырып заң шығарушы ҚК 125-бабының 2- бөлігінің «ж» тармағымен екі немесе одан да көп адамға қатысты адам ұрлау сараланған құрамын бекітіп, жазаны қатаңдатып бекіткен.

Екі немесе одан көп адам ұрлау негізінен бір уақытта кем дегенде екі адамды ұрлаумен сипатталады және ол әрекет бір касақаналықпен сипатталады. Кейбір жағдайларда бірінші және екінші адам ұрлаудың арасында уақыттағы үзіліс болады, бірақ бұл жерде кінәлі адам алдын ала пайда болған екі не көп адам ұрлау ниетін басшылыққа алғандықтан, ол адамды бірнеше рет ұрлау емес, екі немесе одан да көп адамды ұрлау деп саналады.

Осы жерде жеке қылмыс пен қылмыстардың көптілігін ажыратып алу керек. Б.В.Леонтьевтің пікірінше «жеке қылмыс дегеніміз бір әрекеттен, бір зардаптан, бір кінә нысанынан тұратын және ҚК Ерекше бөлімінің бір бабымен сараланатын әрекет.

Сонымен жеке қылмыс дегеніміз қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің бір нормасымен қарастырылған қылмыстың бір құрамы. Сондай-ақ жеке қылмыстардың мазмұны күрделі болуы мүмкін, олар бірнеше әрекеттерден құралып, нәтижесінде бір қылмысты құрайды. Ондай жеке қылмыстарға жалғаспалы, созылмалы және құрамды қылмыстарды жатқызуға болады.

Жалғаспалы қылмыс деп қорытынды қылмыстық әрекет бірнеше ұқсас қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмысты айтамыз, яғни бірнеше әрекеттер бір қылмыстық мақсатқа бағытталып, жиынтығында бір қылмысты құрайды.

Созылмалы қылмыс деп ондағы әрекет қандай да бір уақыт ішінде жалғасытын қылмысты айтамыз. Созылмалы қылмыс әрекет және әрекетсіздік нысанында жасалуы мүмкін.

Құрамды қылмыс ол екі өзара бөлек әрекеттен тұрып, бірақ өзіндік ішкі бірлік пен байланыс нәтижесінде бір қылмысты құрайды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігінің з) тармағы бойынша пайдакүнемдік ниетте жасалған адам ұрлау сараланған құрамы көрсетілген. Осы баппен адам ұрлауды саралау үшін кінәлі адамда қандай да материалдық пайда табу ниеті болуы тиіс

Жоғарыдағы көрсетілген сараланған құрамдар үшін заң шығарушы жазаны дараландыра отыра мүлкін тәркілеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны белгілейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2- бөлімінде көрсетілген әрекеттер егер ұйымдасқан топпен жасалған, ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалған немесе абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, ерекше жауаптылықты ерекше ауырлататын мән жай ретінде танылып, ҚР ҚК 125-бабының 125-бабының 3-бөлігімен саралануға жатады.

Саралаудың ережелеріне сәйкес бөлік пен бұтін арасындағы нормалардың бәсекелестігі болған кезде бұтін норма қолданылады. Мысалы кінәлінің әрекеттері 125-баптың 2-бөлігінің «в тармағымен қамтылған болса, оны өзге денсаулыққа қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгілейтін баптармен қосымша сараламайды.

ҚР ҚК 125-бабының 3-тармағының «а» тармағымен ұйымдасқан топпен жасалған адам ұрлаудың сараланған құрамы белгіленеді.

Бұл белгі қылмысқа қатысу нысандарын анықтағанда жалпы сипатта ашылып өткен. ҚР ҚК 31-бабының 3-бөлігіне сәйкес егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.

Бандитизм және өзге де қатысушылықпен жасалатын қылмыстар үшін жауптылық көздейтін заңнаманы соттардың қолданудың кейбір мәселелері туралы 21 маусым 2001 жылғы ҚР Жоғарғы сотының №2 нормативтік қаулысына сәйкес ұйымдасқан топтың алдын ала сөз байласқан адамдар тобынан ажырататын белгі оның ұйымшылдығы мен тұрақтылығы болып табылады.

Ұйымшылдық белгісі адамдар тобы мен ұйымдасқан топты бір-бірінен ажырататын белгі болып табылады. Ұйымдасқан топ бірігіп қылмыс жасап, негізгі және қосымша табыстар табу мақсатымен құрылады. Ұйымшылдық белгі ұйымдаскан топтың сапалық жағын сипаттайды және оған келесі белгілер тән: ұйымдасқан құрылымдардың болуы, топтың ішкі тәртіп және ұйымдастырушы мен басқарушының нұсқауларына бағынуы, қылмыс жасауды жоспарлау, рольдерді бөлу [35, 140б.].

Жоғарыдағы көрсетілген қаулыға сәйкес, ұйымдасқан топқа ұйымдасқан топпен жасалатын қылмыстарға тікелей қатысу ғана емес, сонымен қоса топ мүддесіне өзге де әрекеттер жасау да жатады, яғни басшылық, қаржыландыру, объектілерді іздестіру, транспортпен қамтамасыз ету және мәліметтер жинау.

Ұйымдасқан топпен жасалған адам ұрлаудың тағы да бір ерекше белгісі — тұрақтылық, ол көбінесе мүшелер тұрақтылығымен сипатталады. Р.Е.Кайдаровтың жазуы бойынша топтың тұрақтылығы туралы қылмыстық әрекеттерді алдын ала жоспарлау, қылмысты жүзеге асыру құралдарын дайындау, қатысушыларды азғыру және таңдау, олардың арасында рольдерді бөлу, қылмысты жасыру шараларын қамтамасыз ету, топтың тәртіпке бағынуынан көруге болады.

Бұл белгі ұзақ созылмалы уақытқа қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтың сапалық қасиеті болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық теориясында ұйымдасқан топтың бұл белгілеріне байланысты толық біркелкілік жоқ. Мысалға, кейбір зерттеушілер ұйымдасқан топты ұйымдастырушылықтың жоғарғы дәрежесі сипаттайды дейді. Кейбір авторлар ұйымдасқан топты адамдар тобынан тұрақтылық дәрежесі ажыратады дейді. Заң әдебиетінде ұйымдасқан топтық белгісі ретінде біріккендік (сплоченность) белгісін көрсетеді. Бірақ 21 маусым 2001 жылғы ҚР Жоғарғы Сотының         Қаулысына сәйкес біріктілік — ұйымдасушылықтың жоғарғы дәрежесі болып табылады, және осы белгі қылмыстық қауымдастықты ұйымдасқан топ пен бандадан ажыратады.

Қазіргі кезде ұлкен қылмыстық қауымдастықтармен адам ұрлау кеңінен тарап отыр. Адам ұрлаушылар ұлкен қылмыстық қауымдастықтың абыройы жәбірленушіге жақсы әсер ететіндігін біліп алған.

Сонымен адам ұрлау қылмыстық қауымдастықпен жасалған болса, оған ұйымдасқан топ белгісін сәйкестендіруге болмайды, өйкені ол саралауға сәйкес келмейді.

Сондықтан, менің ойымша, ҚР ҚК-нің 125-бабының 3-бөлігіне қылмыстық қауымдастықпен адам ұрлау деген тағы да бір ерекше сараланған құрамды енгізу керек.

Ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалған адам ұрлау бұл қылмыстың келесі ерекше сараланған құрамы болып табылады (ҚК 125-3-6 тармағы). Бүгінгі кұннің шындығы көрсетіп отырғандай әлемде адамды сату, оны өзге де теріс мақсаттарға пайдалану жағдайлары көбейіп отыр. Көптеген жас қыздарды ұрлап әкетіп, оларды шетелге апарып күшпен жыныстық қатынастарға тұсумен байланысты жұмыстарда пайдалануда. Осы кезде жоғарыдағы сараланған құрамның қажеттілігі көрінеді.

Адам ұрлауды осы тармақпен саралау үшін кінәліде арнайы мақсат болу керек, яғни адамды қандай да бір мақсаттарға пайдалану.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2 наурыз 2006 жылғы ҚР Заңына сәйкес бұл нормаға өзгеріс енгізілген болатын. Осыған сәйкес ҚК 125-бабының ескерпесі жаңа редакңиясында бекітілді: «Осы Кодекстің осы бабында және 126, 128, 133-баптарында адамды пайдалану деп, кінәлінің алынған табыстарды иеленіп алуы мақсатында мәжбүрлі еңбекті, басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол корсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сонымен бірдей оның өзіне байланысты емес себептер бойынша жұмыстарды немесе қызметтерді орындаудан бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асыруы түсініледі».

ҚК 125-бабының 3-болігінің «в» тармағы абайсызда жәбірленушінің олуіне немесе озге ауыр зардаптарға әкеп соққан адам ұрлау үшін жауаптылықты қарастырады. Егер адам ұрлау кезінде адамның абайсызда өлуі немесе денсаулығына ауыр зиян келу сияқты өзге де салдарға әкелсе, кінәлінің әрекеті осы құрамға сәйкестендірілуі керек. Бұл ретте ол қос нысанды кінәлі адам ұрлау болып саналады.

Адам ұрлау қылымысы көп жұмыстьі қажет ететін күрделі қылмыс болып табылады. Жәбірленушіні таңдап алған соң оның соңынан аңду жүргізеді. Бір қылмыскерлер оның жұмысының кестесін анықтайды (жұмысқа келуі, кетуі, қозғалу бағыты), басқалары жәбірленуші ұстап отыратын орынды дайындайды, ал үшіншілері жәбірленушіні тасымалдайтын автокөлікті дайындайды. Адам ұрлаудың бір ерекшелігі 100 пайыз жағдайда ұрлаушылар автокөлікті пайдаланады. Жоғарыда көрсетілген жұмыстардың барлығын бір адам жасай алмайды, осы себептен адам ұрлау үшін қылмыстық топтар құрылады. Мысалға, қылмыстық топтың мүшелері ақша алу мақсатымен адам ұрлау үшін апта бойы болашақ жәбірленушіні аңдып, оның әдеттерімен танысады. Кешкі сағат 10 шамасында жәбірленуші итін қыдыртуға шыққанда А-ны ұрлап кетеді. Қылмыстық топтың басқа мүшелері жәбірленушіні ұстап отыру үшін пәтер жалдап дайындап отырған.

Адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыратын ҚК 125-бабының ерекше белгісі оның ескертпесі болып табылады. Ескертпенің бірініші бөлігіне сәйкес ұрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Өз еркімен бас тарту дегеніміз адам ұрлаушының жәбірленушіні ұстап тұруға мүмкіндігін сезіне отырып, ары қарайғы әрекеттерінен бас тартып, жәбірленушіні құқық қорғау орғандарына немесе оның туыстарына жібереді немесе босатады. Жәбірленушіні босату бастамасы адам ұрлаушының өзінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен немесе өзге де тұлғалардан шығуы мүмкін.

Босату туралы шешімнің ниеті саралау үшін маңызды емес. Ол өкіну, жәбірленушіге деген жан ашырлық, жауаптылықтан қорқыныш тағы да басқа болуы мүмкін.

Ондай жағдайда кінәлі үшін жауаптылық жасалған бірақ басқа қылмыс құрамының элементтері бар әрекеттер үшін туындайды, мысалы автокөлікті айдап кету, қару ұрлау және т.б.

 

3.2  Адам ұрлау қылмысын өзара ұқсас қылмыстардан ажырату

 

Ұқсас қылмыстарды бір бірінен ажырату қылмыстық саралаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қылмыстық құқық теориясыида қылмысты саралау қылмыстық құқықты құқық қорғау орғандарының пайдалануының бір сатысы ретінде қарастырылады. Ол алдын ала тергеу (анықтау мен тергеу), сот отырысыида, аппелляциялық және қадағалау сатысындағы тиісті лауазымды адамдардың қызметтерімен жүзеге асырылады.

Б.А.Куриновтың айтуы бойныша, қылмысты саралау қылмыстық құқықты қолдану қызметіндегі ерекше бір орынды алады, себебі басқа құқықтардың қолданылуының барлық кезде алғышарты болып табылатыны осы. Мәселен, тек қана қылмысты саралап болғаннан кейін ғана айыпталушыға жазалау шараларының қайсысын қолданатындығымызды айқындаймыз. Осының салдарынан біз қылмысты саралаудың маңызды рөлін айқындап аламыз.

Кейбір ғалымдардың пайымы бойынша, қылмысты саралау қылмыстық құқықтың жалпы проблемасы болып табылады және оны терең меңгеру әділ соттың қатаң заңға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Бұлардың ойынша, нақты бір іс бойныша саралауды жүргізу, оған сәйкес жазаның да эділ болуын іске асырады.

Құқықтық білімдер туралы энциклопедиялық сөздікте «Қылмысты саралау» деген түсінікке анағұрлым дәл және түсінікті анықтама беріледі. Оған сәйкес: «Қылмысты саралау — тиісті процессуалдық актілерде жасалған қылмысты қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір құрамға сәйкестендіру болып табылады». Келесідей түсіндірме: қылмыс бұл кінәліге жазалау шарасын және басқа да қылмыс үшін болмай қоймайтын салдарды қолдануға негіз болып табылады; б) қылмысты саралау қылмыстық іс жүргізуде заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді; в) қылмысты саралау бұл қылмыс үшін тек қана қылмыстық заңда көзделген бап бойынша жауаптылыққа тартуды білдіреді. Оның айтуы бойныша қылмысты саралау оған қылмысқа құқықтық баға беріп, осы қылмыстың белгілері бар бапқа сәйкес жауаптылық тағайындау болып табылады. Сонымен қатар қылмысты саралау бұл нақты бір қылмыстық құқықтық норманы белгілі бір өмір жағдайына қолдану болып табылады. Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жоюдың немесе оны өзгертудің бірден бір негізі болып табылады. Қылмысты саралау кезіндегі қате тек қана дұрыс жаза мен бұлтарпау шараларын қолдануды ғана емес, басқа да бірқатар негізсіз салдарлардың (соттылық, тұзеу колонияларына жіберу, амнистияны қолдану немесе мұлдем қолданбау, мүлікті тәркілеу және т.б.) пайда болуына соқтыруы мүмкін.

Әрекетті дұрыс саралаудан жазаланушыға дұрыс жаза тұрін тағайындауға байланысты болып келеді. Саралаусыз қылмыс жасаған адамға эділ жаза тағайындау мүмкін болмайды, мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабының бірінші бөлігімен жасалған қылмысты (жай кісі өлтіру) 96-баптың екінші болімінде корсетілген қылмыс деп сараланып кетуі мүмкін. Осыған сәйкес қолданылатын жазалардың да арасалмағы бір-біріне қарағанда бірталай болып келеді.

Адам ұрлау қылмысына қатысты алсақ, бұл қылмыстың саралау мәселелері бойынша да біршама қиындықтар бар.

Адамды кепілге алу (234-бап), бас бостандығынан заңсыз айыру (126-бап) және адам ұрлаудың (125-бап) субъективтік және объективтік жақтарының ұқсастығы осы қылмыстарды бір бірінен ажырату кезінде және құқық қолдану практикасында біршама қиындықтар тудырады.

Осы қылмыстардың негізгі айырмашылықтары келесідей болып келеді:

  • қылмыстың бағытталуына қарай: адамдарды кепілге алу кезінде қылмыстың болу ортасы қоғамдық қауіпсіздік болып келеді, ал адам ұрлау мен бас бостандығынан заңсыз айыру кезінде қол сұғылатын объект жеке тұлғаның бас босатндығы;
  • адамды кепілге алу кезінде бос бостандығынан айыру қылмыс құралы емес, қылмыстың мақсаты болып табылады. Сондықтан кепілге алу фактісі мемлекет, бұқаралық ақпараттар құралы алдында жарияланып, ол мемлекетті, жеке және заңды тұлғаларды нақты шешімдер қабылдап, талаптарды орындатудың құралы болып келеді;

адам ұрлау мен бас бостандығынан айыру қылмыстарында кінәлі пайдақорлық ниетпен осы қылмыстарды жасап отырса да, оны көпшілікке жариялауға мүдделі емес. Көп жағдайда жәбірленушінің жақындарына қойылатын талаптардың бірі құқық қорғау органдарына ештеңе хабарламау. Адам ұрлау мен бас бостандығанан заңсыз айыруда адамды ұрлау, оны күшпен ұстап отыру және талаптың мазмұны жарияланбайды, талаптар жасырын түрде

  • жәбірленушінің туыстары мен жақындарына ғана жарияланады, қылмыстың болғандығы туралы білетін адамдардың шеңбері өте тар. Қылмыс субъектісі өз қылмысын жария етуге мүдделі емес;
  • Адамды кепілге алу кезінде қылмыстың мақсаты саяси реңге ие болуы мүмкін, ал дам ұрлаудау ондай мақсат жоқ;
  • Адам ұрлауда бас бостандығынан айырудан қарағанда жәбірленушінің тұрғылықты орны оның еркінен тыс ауыстырылады, яғни жәбірленуші басқа жерге апарылады.

Адамды кепілге алу қылмысы өзінің субъективтік жағы бойынша адам ұрлау қылымысы сияқты тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам адамды құқыққа қайшы кепілге ала отырып, мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ететінін түсінеді және сол әрекеттердің болуын тілейді.

Адамды кепілге алу қылымысына қарағанда адамды ұрлауда кінәлі адам басқа адамды оның еркінен тыс оның орнын ауыстыратынын түсінеді және оны тілейді. Сондықтан осы екі қылмыстың құрамының интеллектуалдық моменттері әртұрлі.

Мысалға адамды кеплге алу қылмысында кінәлінің санасымен адамның қоғамның қауіпсіз өмірін қамтамасыз ететін қатынастарға қарсы құқыққа қайшы әрекеттер қамтылады, атап айтқанда: тұлғаның қауіпсіздігі, ұйымдардың дұрыс қызметін бұзу.

ҚР Қылымыстық кодексінің 125-бабымен көрсетілген адам ұрлау қылымысы ҚР ҚК-нің 126-бабымен көрсетілген заңсыз бас бостадығынан айыру қылмысымен ұқсас болып келеді. Осы екі қылмыс құрамдарын біз қылымыстың объективтік жақтары бойынша ажырата аламыз. Адам ұрлау қылмысының объективтік жағы ашық немесе алдау жолымен, не алдау арқылы адамның орнын оның еркінен тыс ауыстырудан тұрады. Бұл жерде адам ұрлау қылымысында жәбірленуші еркін-қозғалу бостандығынан айырылып қана қоймай (осы белгі болғанда’ ғана бас бостандығынан айыру туралы сөз болады), ол кеңістікте өзінің еркінен тыс қозғалтылады. Ал 126-бапта козделеген заңсыз бас бостандығынан айыру қылымысында адам өз еркі бойынша кеңістікте қозғалу мүмкіндігінен айырылады (мысалы, қамап қою, байлап қою және т.б.).

Өз кезегінде адам ұрлау қылмысының тікелей қасақаналығының интеллектуалдық моменті кінәлі адам қылмыс жасай отырып басқаның бостандығынан айыруын түсінумен сипатталады. Сондай- ақ, кепілге алу қылмысының субъективтік жағының міндетті белгісі арнайы мақсаттың болуы — мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсаты. Қарастырылып отырған қылмыстарды жасаудың ниеттері әртүрлі болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінгі күндегі біздің мемлекетпен жүзеге асырылып отырған қылмыстық саясатты гуманизаңиялау жолы тұрғысынан қарастырғанда азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қол сұғушылықтан қорғау мәселесін шешу, соның ішінде адамның конституциямен берілген бостандыққа деген құқықтарын қорғау жолдарын шешуі өте өзекті мәселеге айналып отыр. Қазақстан Республикасының қазір жүргізіп отырған саясаты адам құқықтары мен бостандықтарын халықаралық станадарттарға сәйкестендіру болып табылады.

Мемлекеттің адам құқықтарын қорғауға байланысты нақты шаралар қолданып отырғанына қарамастан адам ұрлау түріндегі бостандыққа қол сұғу фактілері біздің мемлекетте орын алуда. Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабына сәйкес біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Әрбір жеке адамның өзіндік құқықтары мен бостандықтары кешенінде негізгі орынға адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық ие және олар конститутциялық кепілмен қамтамасыз етіледі. Бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтар күнделікті өмірде әртұрлі әдіс-тәсілдермен қамтмасыз етіледі, соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралармен.

Адам бостандығына қол сұғушылықтан қорғаудың конститутциялық кепілдері біздің конституцияның бірнеше нормаларынан көрініс тапқан. Мысалы Конституцияның 1-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы озін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарың. Яғни біздің Негізгі заңға сәйкес мемлекеттің ең басты құндылығы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Сонымен қатар Конституциясы адамның жеке бас бостандығының кепілдемелерін бекіткен «Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы барң (ҚР Конституциясы, 16 бап, 1 бөлігі). Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады.

Сондай-ақ Конституциямен азаматтар мен адамдарға Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы берілген (21-бап).

Көріп отырғанымыздай, ҚР Конституцияда адамның құқықтарын қорғауға байланысты құқықтарды қамтамасыз ететін нормалардың кешені берілген.

Адамның бас бостандыгын қамтамасыз етуге бағытталған конститутциялық кепілдіктердің практикалық жүзеге асырылуы салалық заңнамаға жұктелген, соның ішінде қылмыстық заңнамаға. ҚР қылмыстық заңнамасында адамның бас бостандығына қол сұғушылық үшін жауаптылықты белгілейтін нормалардың кешені бар.

Адамның бас бостандығына байланысты құқықытарын бұзу қол сұғушылықтың кең таралған түрі адам ұрлау болып табылады. Адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК-нің 125-бабымен қарастырылған.

Жалпы республиканың қылмыстық құқығында адам ұрлау институтының тарихы күрделі және қарама-қайшы болып келеді.

Заң шығарушы адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыра отырып, оның конституциямен қамтамасыз етілген құқықтар мен бостандықтарға қол сұғатынын және оның әлеуметтік қауіптілігін басшылыққа алды.

ҚР ҚК-нің 125-бабының бірінші бөлігі адам ұрлаудың жай құрамы үшін жауаптылықты қарастырған, ҚК 125-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық адам ұрлаудың саралаған құрамдары үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылады және ҚК-тің 125-бабының 3-бөлігі қылмыстық адам ұрлаудың ерекше сараланған құрамдары үшін жауаптылықты қарастырады. Осымен заң шығарушы адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылықтың толық регламентациясын беруге тырысқан.

Бірақ адам ұлаумен қылмыстық-құқықтық күрестің теориялық және тәжірибелік аспектілеріне байланысты жүргізілген элеуеметтік зерттеулер көрсетіп отыргандай адам ұрлаумен күреске байланысты және адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылыққа байланысты кейбір теориялық мәселелер әлі де нақты жетілдірулерді талап етеді.

Жоғары атап өткеніміздей бірінші кезекте қылмыстық адам ұрлау түсінігі нақтылауды қажет етеді. Сондай-ақ қылмыстық адам ұрлаудың саралаған және ерекше сараланған құрамдарын сипаттайтын белгілері және адам ұрлауды өзге де ұқсас қылмыстардан ажырату мәселесі толық сипаттап анықтауды талап етеді.

ҚР ҚК-нің 125-бабының 1-болігінің диспозциясы жай диспозицияға жатады, яғни қылмыстың нақты белгілерін көрсетпей оны атап кетумен ғана шектеледі. Мұндай жағдай теориялық және тәжірибелік жағынан көптеген қиындықтарға әкеледі. Тергеу және сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай адам ұрлау қылмысының түсініктемесі толық берілмегендіктен және жалпы адам ұрлауға не жататыны анықталмағандықтан ҚР ҚК-нің 125-бабының 1-бөлігін тәжірибелік түрде пайдалану қиындықтар тудырады.

Сондықтан ҚР ҚК-нің 125-бабының 1-бөлігін диспозициясын нақтылап, оны жай диспозициядан сипаттамалы диспозицияға өзгерту керек және оны келесідей редакцияда ресімдеуге болады: «Адамды оның еркінен тыс алдау немесе сенімді теріс пайлану арқылы, сондай-ақ жәбірленушіге күш қолдану арқылы ұрлау.

Заңнамағы осындай өгерістер енгізген жагдайда адам ұрлауға қарсы қылмыстық-құқықтық күресті ары қарай тиімді дамытуға болар еді.

Егер қылмыстық адам ұрлаудың сараланған құрамдары туралы сөз көтеретін болсақ, пайдакүнемдік ниетпен жасалған адам ұрлауға байланысты кейбір толықтырулар қажет деуге болады. Бүгінгі кұнгі қылмыстық істердің динамикасы көрсетіп отырғандай жалдану арқылы қылмыс жасау фактілері жиілеп отыр, бұны адам ұрлау кылмысына қатысты айтуға да болады. Сондықтан адамды жалдану арқылы ұрлауды ескере отырып, ҚР КҚ-нің 125-бабының 2-бөлігінің «заң тармағын келесідей редакцияда ұсынуы тиімді болар еді: «пайдакүнемдік ниете, сондай-ақ жалдану жасалған.

Адам ұрлаудың ерекше сараланған құрамдарына қатысты адамды Қазақстан республикасы территориясынан шет жерлерге алып кету үшін, 14 жасқа толмаған балаларды ұрлау үшін қатаң жаза қолдану мәселелерін қарастыру керек.

Бүгінгі қылмыстық құқық теориясындағы ғалымлар арасындағы заңды тұлағалардың қылмыстық жауаптылығы туралы пікірталастарын ескере отырып, және коммерциялық бәсекелестік саласының қатысушылар нақты бір мақсаттарға жету үшін адам ұрлау мүмкіндігін ескеріп заңды тұлғаның адам ұрлау қылымысы үшін қылмыстық жауаптылығын қарастыруға болар еді.

Жоғарыда көрсетіліп өткен ұсыныстар заңнамалық күшке ие болған жағдайда, біздің ойымызша, қылмыстық адам ұрлаумен күресуге байланысты заңнама елеулі түрде жаңа анықтаушы нормалармен толықтырылып, адам ұрлаумен күрес белсенді жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған (22.11.05. дейінгі өзгертулер мен толықтыруларын ескере отырып).
  2. Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 11 июля 2003 года О судебной практике по делам о хищениях (с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 19.12.03г.).
  3. Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 23 декабря 1994 года «О применении судами законодательства, регламентирующего ответственноеть за посягательство на жизнь и здоровье граждан» (с изменениями, внесенными постановлением Пленума Верховного Суда РК от 20.12.96 г.).
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданган (2007 жылғы 21 мамырдағы өзгертулер мен толықтыруларын ескере отырып).
  5. Қазақ ССР қылмыстық кодексі. Алматы; Қазақстан 1987 жылғы.
  6. Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қыркұйек 2002 жылғы №949 Жарлығымен мақұлданған
  7. Дурманов Н.Д. Понятие преступления. М., 1948. 96-бет. Заородников Н.И. Значение объекта преступления для определения меры наказания по советскому уголовному праву. М., 1949№ 12-бет.
  8. Каиржанов Е. Уголовное право РК. (общая часть). Алматы, 2003.
  9. Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления. Москва, 1960. 9-бет
  10. Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. Москва, 1984. 69-бет.
  11. Кулушев С.М. Уголовная ответчтвенность за похищение человека и нарушение прав свободы человека. Диссертация. Алматы, 2004 год. 74-бет
  12. «Экпресс К» 4 қараша 2003 жыл.
  13. Мамутов А.М. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта. Алматы, 1963. 78-бет
  14. Мамутов А.М. Преступления, составляющие пережитки патриархально- родового быта. Алматы, 1963. 175-стр
  15. Кулушев С.М. Уголовная ответственность за похищение человека и нарушение прав свободы человека. Диссертация. Алматы, 2004 год. 82-бет
  16. Курс уголовного права. Часть общая. Москва 1970. 149-бет
  17. Кулушев С.М. Уголовная ответчтвенность за похищение человека и нарушение прав свободы человека. Диссертация. Алматы, 2004 год 87-бет
  18. Мартыненко Н.Ф. Похищение человека: уголовно-правовые и криминалистические аспекты. Автореферат каидидатской дисертации. Москва, 1994 12-13 беттер
  19. Уголовное право РК. Особенная часть. Учебник. — Алматы, 2003 г. 128-бет
  20. Курс уголовного права. Общая часть. Москва, 1999. 291-бет.
  21. Лунеев В.В. Субъективное мнение. Мосвка, 2000. 6-7-бет.
  22. Советское уголовное право. Общая часть. Москва, 1982г. 128-бет
  23. Уголовное право Казахстана. Под. ред И.И.Рогова, С.М.Рахманова Алматы 1999. С.91.
  24. Молдабаев С.С. Каиржанов Е. Бауськов Д. Жұмағали А. Лунеев В.В. Мартыненко Н.Ф. Мамутов А.М. Об уголовной ответственности юридических лиц. Известия НАН РК 1993. №4. 72-73-беттер
  25. Флетчер Дж., Наумов А.В. основные концепции современного уголовного права. Москва, 1998. 481-482-беттер
  26. Кулушев С.М. Уголовная ответ Кудрявцев В.Н.чтвенность за похищение человека и нарушение прав свободы человека. Диссертация. Алматы, 2004 год 122-бет
  27. Президент РК предложил радикальную программу борьбы с преступностью //На страже, 1995г., 25 марта, 2-бет.
  28. Галиакбаров Р.Р. Квалификация групповых преступлении, Москва, Юридическая литература, 1980г., 80-бет.
  29. Уголовное право. Общая часть. Под ред. Леонтьева Б.В. — М.: 1993. — 210- бет.
  30. Кайдаров Р.Е. Уголовное законодательство РК и практика его применения в борьбе с организованной преступностью //Вестник Межпарламентской ассамблеи, Санкт-Петербург, 1995г., 80-бет.
  31. Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. Москва, 1984
  32. Кудрявцев В.Н. Теоритические основы квалификации преступлений. Москва, 1989. С.6.
  33. Каиржанов Е. Понятие, структура и виды профилактики. Караганда, 1986. 19.
  34. Отряхин В. И. Криминалистика. Методика расследования преступлений новых видов, совершаемых организованными преступными сообществами. М., 1999.-С.305.
  35. Кулушев С.М. Уголовная ответчтвенность за похищение человека и нарушение прав свободы человека. Диссертация. Алматы, 2004 год. 140-бет

Қазақтыц Ата зацдары 2 том, Алматы «Жеті жарғы» 2004 жыл.

  1. Игошев К.Е. Типология личности преступника и мотивация преступного поведения. Горький, 1974. 66-бет.
  2. Жұмағали А. Криминология. Жалпы болім. Дәрістер. Алматы, 2004
  3. Бауськов Д. Отграничение насильственного похищения человека от захвата заложника. Моска, Уголовное право. 2003 № 2. 14-бет
  4. Каиржанов Е. Уголовное право РК. (общая часть). Алматы, 2003. 92-93 — беттер
  5. Молдабаев С.С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве РК. Автореф кан. дис. Алматы 1998. 9-бет