АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Адам және азамат құқықтары, бостандықтары мен міндеттері

Абай атындағы қазақ ұлттық  университетінің заң факультеті  күндізгі

Адам және азамат құқықтары, бостандықтары мен міндеттері” тақырыбында жазған дипломдық жұмысына

П І К І Р

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі жылдары  еліміз құқықтық мемлекет құру жолында үнемі алға ұмтылуда. Адам құқығы мәселесі бүгінгі күнгі  өзекті болып тұрған мәселе, бола бермек.

Диплом жұмысы жоспары оңтайлы құрылып,   ғылыми материалдар ыңғайлы сарапталған. Қазақстандық заңгерлердің еңбектері және теориялық сипаттағы классиктер қөзқарастары ұтымды пайдаланылған. Соның ішінде аталған мәселелер Қазақстан Конституциялары мен төл заңдарын салыстыра отырып талдау жасағаны өте орынды.

Жұмыс үш тараудан тұрады: “адам құқығы мәселесіне тарифи-теориялық шолу”, “Адам және азамат” және „Құқық, бостандық және міндет”. Бірінші тараудың мазмұнын құрайтын тарихи-теориялық мәселелер өткен мен бүгінгі мәселелерді ұштасыруға алкен еңбек еткендікті көрсетеді.

Адам және азамат мәселесіне арналған екінші осы құбылыстардың қайнар көздері және оның Қазақстан Республикасы Конституциясындағы қағидаларынан тұрады. Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы; құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы азаматтықтан айыруға; Республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіні туралы қағидалар негізделген.

Қазақстан азаматтарының нақты құқықтары, бостандықтары және міндеттері үшінші тарауда талдауға түседі.     Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты деп тұжырымдалады.

Еңбек жоғарғы оқу орындарын бітірушілер жұмысына қойылатын талапқа сәйкес жазалап жақсы деп бағалауға тұрарлық.

 

 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы

 кафедрасының аға оқытушысы                ……………       Молдахожаев Ш.Ш.

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық  университеті, заң факултетінің 5 курс студенті  Аяғанов Е.  “Адам және азамат құқықтары, бостандықтары мен міндеттері” атты дипломдық жұмысына

Рецензия

 

Қазақ мемлекетінің құрылуы мен дамуы барысында адам құқығы мәселесі әртүрлі тарихи тұрғыдан зерделенді. Қазақстанның тәуелсіздікке қолы жетіп құқықтық мемлекет  құру жолындағы осы бір тарихи кезеңінде,  адам және азамат құқықтары, бостандықтары мен міндеттері  оның маңыздылығы  (актуалдылығын) көрсетеді.

Жұмыс тарихнамасының сан алуан және өзекті екенін байқаймыз. Соның ішінде теориялық негізі өте бай. Атап өтетін жағдай Қазақстан Конституциясы (1995 жыл) баптарын және егемендікке жеткен уақыттан кейінгі заңдарды жиі, әрі орнықты қолданған. Диплом жұмысының жазылуына негіз болған Қазақстан Республикасы Конституциясы, құжаттар жинақтары, классиктер еңбектері, Қазақстан заңгерлері туындылары мен баспасөз материалдары.

Диплом жұмысын жазудағы  авторының мақсаты мемлекеттік егемендік және оның конституциялық кепілдіктері мен билік бөлісу жүйесі бағытында Қазақстандағы адм құқығы  мәселесінің өзектілігін  дәлелдеу.

Ұлттық мемлекетіміздің бұлжымастығын қуаттап отырып еңбек мазмұны ғылыми-объективтік тұрғыдан құрылған

Жұмыс өз бетімен орындалған және аяқталған. Еңбекті “үздік” деген бағаға ұсынуға лайық, деп ойлаймын.

 

«Конституциялық  және халықаралық құқық»

 кафедрасының  меңгерушiсi,

с.ғ.д. профессор                               ………..             Ә.Ғ. Бакаев                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М А 3 М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ  ……………..……………………………………………………………….………….  3-6

 

I  ТАРАУ.   Адам құқығы мәселесіне тарихи-теориялық шолу

  1. Адам құқығы мәселесінің қалыптасуы …………………………  7-12
  2. Қазақстандағы адам құқығы ………………………………………..…  12-13
  3. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау ….  13-21

 

II ТАРАУ. Адам және азамат

  1. Азаматтықтың жалпы негіздері ……………………………………….  22-32
  2. Қазақстан Республикасы азаматы мәртебесі …………………….  32-40

 

IІI ТАРАУ.  Құқық, бостандық және міндет

  1. Конституциялық құқықтыр, бостандықтар мен міндеттер жүйесі ..41-58
  2. Саяси құқықтар мен бостандықтар және басты міндеттер …………  58-67

 

ҚОРЫТЫНДЫ  …………………………………………………………………………..……..  68

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  ……………………………………………  69

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі кезеңде рухани құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің алатын орны ерекше. Әлбетте, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері оларға мемлекет немесе басқа біреудің тарапынан сыйға тартылмағандықтан, оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Дәлірек айтатын болсақ, табиғи құқықтарына адамның өмір сүруі, еркіндікке жету, жеке басының еркіндігі жатады.Сол себепті де адам қандай да бір күш немесе үкімет алдында өздерінің табиғи құқықтары үшін мәңгі қарыздар емес екендігі айқын. Табиғи құқықтармен негізгі еркіндіктердің азаматтар несібіне жазылғандығы, ол адам, яғни осы өзі жеткілікті. Тек қана, осы табиғи заңдылыққа қол жеткізу үшін де орасан зор күш жұмсау қажет болды. Ал адамның мемлекет пен өзара әрекеті нәтихесінде туындайтын құқықтары, яғни еңбек ету, білім алу, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, салауатты өмір сүру, еркін жүріп түру, мүліктерге ие болу құқықтары үшін әліде толастамай келеді. Жаңа үшінші мыңжылдық алдында көптеген халықтар бостандық пен тәуелсіздікке жетті. Яғни адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің дәуірі туғандай.

Адам құқықтары мәселесі – бүкіл адамзатқа ортақ мәселе. Адам құқықтарына, негізгі бостандықтарына, демократияға және заңдық үстемдікке қатысты мәселелер халықаралық  мәнге ие, өйткені бұл құқықтар мен еркіндіктерді қамтамасыз ету халықаралық құқытық тәртіптің негізгі құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Мемлекеттердің ( Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Қауіпсіздігінің ынтымақтастық Ұйымы ) халықаралық институттар көлемінде қабылданған адам құқықтары төңірегіндегі міндеттемелері, жеке мемлекеттердің тек ішкі ісі болып қана қоймай, барлық қатысушы мемлекеттердің көздеген мүддесіне айналды. Бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігі  мен ынтымақтастығын нығайту түсуге септігін тигізетін маңызды халықаралық келісімдерге жету осындай негізде ғана мүмкін болды. Мысалы ретінде қойылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықтық Кеңесіне Қорытынды Актісін айтуға болады. Бұл Қорытынды Актіні қабылдау Еуропалық құрлықтағы мемлекеттер арасындағы тығыз қатынастың дамуына ықпал жасайтын тарихи оқиға болды.

Қорытынды Акт бұл бейбіт және бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылған мемлекеттер арасындағы қатынастар парқын қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге мемдекеттердің дамуы мен ынтымақтастығының бағытын айқындайтын бірыңғай құжат деуге де болады.Қорытынды Акті Еуропа мемлекеттері арасындағы жаңа келісімдер мен келісімшарттардың дайындалуы мен қалыптасуын, жалпы Еуропалық мәжілістердегі қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыруды ескереді. 

 Жалпы адам құықтары туралы сөз қозғағанда 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына» назар аудармауға мүмкін емес. Адам құқықтарын қорғау, оның қажетті талаптарын жасап, жүзеге асыру мәселелері халықаралық қатынастарда көптеген ұйымдар мен мемлекеттердің басты мақсаттарына айналып, олардың заңдарында, кейбір ұйымдардың бірқатар құжаттарында орын алып келеді. Алған рет бұл салада қабылданған басты құжат «Адам құқықтарының жалпы Декларатциясы ». Ал Еуропа аймақтары арасында адам құқықтарына байланысты құқықтық реттеу тек Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ғана қолға алына бастады. Осы орайда 1950 жылы Римде «Адам құқықтары бойынша Еуропа Клнвенциясы» қабылданып, өз жұмысын жүзеге асыра бастады.

Адам құықтарының жалпыға бірдей Декларатциясының бірінші тармағында: адам баласының құндылығы: «бостандықтың, әділеттіліктің және жалпы бейбітшіліктің негізі болып табылады»- деп көрсетілген.[1]

Аадам құқықтары бойынша Еуропа Конвенциясының алғы баптарында Жоғарыда Келісуші Тараптар өз юрисдикциясында табылатын әрбір адамның құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Ешкім адам баласына қарсы әдейі қасақана қылмыс жасай алмайды, егер қылмыс пайда болған кезде ол сот шешімі мен өлім жазасына тартылады делінген. Конвенцияның  4 бабына сәйкес, ешкім басында еркі жоқ біреудің құлы болмау керек; ешкім мәжбүрлеп немесе міндетті түрде жұмысқа тартылмауы керек;

Әрбір адам еркіндік және дербес құқығына ие. Өз құқықтарынан және еркіндіктерінен адамда ешкім ажырата алмайды, тек заңмен бекітілген келесі жағдайларда ғана:  

— компетентті сот оны айыпты деп тану негізінде;

— заңмен көрсетілген, заңды сот шешімін орындамаған немесе кез келген міндеттемені орындауды қамтамасыз ету мақсатында заңды түрде тұтқындау нмесе тұлғаны ұстау;

— компетентті орган алдында кәмелетке толмаған тұлғаны заңды ұйғарым негізінде тәрбиелеушілік қадағалау үшін немесе оны заңды түрде ұстау;

— заңды түрде инфекциялық ауруларды таратушы, жанауруларын, алкоголиктерді, наркомандарды ұстау;

— бір елден екінші елге заңсыз өтуге әрекеттенген тұлғаларды Заңды түрде ұстау. Барлық ұсталғандарға оның ұсталғандығы туралы өзіне түсінікті тілде хабардар етеді. Ұсталған әрбір айыпталушы әділ сотқа жүгініп, құқықтарына негізделіп қылмыскер атауынан ақтау құқығына ие.

Халықаралық құқық саласында адам құқықтары ертеден келе пайда болып, дами бастаған салалардың біріне жатады. Жалпы адам құқықтарының қалыпсауы мен дамуында ертеден бері ұлы ғұлама ойшылдар өз пікірлерін ұсынған. Айта кететін болсақ Ежелгі Грейияда адам құықтарының дамуына әсер еткен Гесиод пен Солонды, Сократты айтатын болсақ, ал Ежелгі Римде Аврелий, Цицерон және Ульпиндар арықарай дамытуға өз үлестерін қосты. Кеңестік ғалымдардан Блищенко И.П, Дмитриева Г.К, Черниченко С.В, Лукашева Н.И, Бекяшев сынды зерттеушілер кіреді.

Қазақстанның заң ғылымында адам құықтары жөніндегі құқықтық мәселелер белгіді бір аяда зерттелгенімен де, бұл мәселе туралы құқықтық аспектілер толық зерттелмеген.

Қазақстан ғылымында осы саланы зерттеу жұмыстары жөнінде бастамалар тарихтан белгілі Тәуке ханның Жеті жарғысында орын алған. Мемлекетіміз тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап, адам құқықтарын қорғауды басты міндет деп біліп халықтың хал-ахуалын жақсарту көп күш шығармақта. Елімізде құқықтың бұл саласынынң терең жол алып дамуына ықпал аткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі М.А. Сарсембаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасының меңгерушісі, тарихи ғылымдарының докторы, профессор Ж.У. Ибрашевтің Адам құқықтары саласындағы жинағын, сонымен қатар С.К. Жүрсімбаевтың Адам құқықтары мен азаматтық еркіндіктердің қамтамасыз ету мәселесін ғылыми тұрғыдан айқындап.

Диплом жұмысының мақсаты адам құқықтарының қалыптасуы мен дамуын қарастыра отыра, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары және бостандықтары мен міндеттерінежүйелі талдау жасау.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып, халықаралық құқық субъектісі ретінде танылып, өз халқының құқықтары мен бостандықтарын қорғауда көптеген шараларды жүзеге асырды. Шаралардың негізін қалаушы нақты адам құқықтарын тікелей реттейтін құжаттың жетіспеушілігі. Еліміз көптеген халықаралық конвенциялардың қатысушысы ретінде халықаралық аяда өз халқының құқығын қорғауда. Құқықтың бұл саласына байланысты халықаралық кеңістікте қандайда бір мәселе туындаса, бұл проблеманы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық негізінде, әрине мемлекеттік деңгейде шешу қажет.

Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I  ТАРАУ.   Адам құқығы мәселесіне тарихи-теориялық шолу

 

  1. Адам құқығы мәселесінің қалыптасуы

 

Адам құқықтары – құқықтың саласы, негізгі азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын қалыптастыратын нормалардың жиынтығын және жеке құқықтар мен бостандықтардың дұрыс орындалуын көздейтін құқықтық – ұйымдастыру тетіктері.

Адам құқықтары ұзақ тарихи қалыптасудың эталондары мен стандарттардың нәтижесі болып, қазіргі демократияның нормасы ретінде қалыптасты. Тұлға мен билік арасындағы қарым-қатынастардың әдістері мыңдаған жылдар бойы назарда болды. Қоғам прогресі мен адамның дамуы, бостандық жолында мемлекеттің тұтас билігін тежеу талпынысы, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өктемдік әрекетінен адамдарды сақтау, тұлғаға барынша өз тағдырын өзі шешу кең түрде мүмкіншілік беру айқын көріне бастады.

Әрбір адам тұлғасынан бастап белгілі бір мөлшерде ( материалдық және рухани) ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс.Әрқашан да бұл игіліктдің мөлшері материалдық өндіріс жүйесінде тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік құрылымында алатын орнымен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларындағы құрт өзгерістер, өркениет өзгешелігі, формальды теңдік қағидасына негізделген адам құқықтарына қазіргідей жан- жақтылық белгісін берген жоқ.

Дегенмен V – IV ғасырларда ежелгі полюстерде демократия идеясы мен азаматтық алғаш рет дүниеге келген жерде адам құқықтары тұжырымдамасының пайда болуы прогресс пен бостандық жолындағы үлкен қозғалыс болды.

Ежелгі плюсте азаматтық пен саяси құқықтар байланысты болды: бостандық, мемлекеттік істерді шешуге арналған құқық, әділеттілікті орнатуға қатыстысу құқығы қара жұмыспен айналыспаған адам ғана иеленеді.

Азаматтықтың ежелгі полюстерде шектеулілігіне қарамастан, мұндай институт тек мәдениетің жұмыс істеуі мен дамуының бір құралы болып табылады.

Алғашқы кезде заңның құнына, заңдылыққа ерекше көңіл бөлген азаматтық туралы, адам құқықтары туралы ұғым, әр азаматтың полюске деген қамқорлық теория жүзінде пайда бола бастады. Келесі қоғамның дамуы адам құқықтары  мен заңның үстемдігі бір – бірімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Бұл ежелгі ойшылардың мемлекеттік, бостандық және ізгілік бағытындағы үдемелі дамуының белгісі болды. Тарихи дамудың баспалдағы адам құқықтары үшін, бостандықтары үшін кеңеюі және баюы үшін болған күрестің нәтижесі еді.

Гуманистік игіліктің алтын қорына енген адам құқықтары тұңғыш рет Ұлы бостандық хартиясында (1215ж.) мазмұндалып, ағылшындардың құқықтары туралы билльмен (1689ж.), Егемендік декларациясымен (1776ж.), американдықтардың Құқтар туралы билльмен және адам мен азаматтардың құқықтары декларациясымен дамытылды. 212 б Бұл игіліктердің генезисін көре тұра, адамдардың табиғи құқықтарын оқып зерттеуге талпыныс берген ежелгі гректердің философиясын, әлеуметтік әділдік пен теңдіктің жорамалдарын қозғаған реформация мен білімпаздықтың кезеңіндегі постулаттарды еске түсірмеуге болмайды.

1919 жылы Ұлттар Лигасының жарғысы адам құқықтарын жинайтын жалпы ережелерді қосқан жоқ. Ол кезде адам құқықтарын халықаралық түрде қорғау туралы ойды Ұлттар Қауымдастығы мойындаған жоқ еді, сонымен қатар ол келісімнің құрастырушылары оған үлкен мән берген жоқ. Бірақ ол келісімде адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына әсер ететін екі ереже болды (22 және 23 баптар).

22 бапқа сәйкес, Ұлттар Лигасының жарғысымен Лига мандаттарының жүйесі құрылды. Бұл ереже тек Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңілген, бұрынғы отар мемлекеттерге ғана қолданылады. Бұл қағидаға сәйкес, отар мемлекеттер Лигаға тәуелді аумақтар болып қайта құрылып, ол мемлекеттердің басқаруын жеңуші державаларға берді, ол өз кезегінде жыл сайын Лигаға олардың міндеттерді қалай орындаған жөнінде баяндайтын.

Лиганың ыдырауымен бұл мандаттар жүйесі де жойылды.

Ұлттар Лигасы жарғысының 23  бабы  әйелдерге, ерлерге және балаларға әділетті және адамгершілікті жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерге арналған. Сонымен қатар, бұл бап айтылған мақсаттарға жету үшін, халықаралық ұйымдарды құруды көздейді. Бұл қызметті Ұлттар Лигасы құрылған уақытта құрылған Халықаралық еңбек ұйымы өзіне алды. Халықаралық еңбек ұйымының заң шығару міндеті және оның құрған халықаралық еңбек шарттары мен адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына үлкен ұлес қосты.

Сонымен қатар, Ұлттар Лигасы азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйенің дамуында үлкен рөл атқарады. Бұл өкілеттілікті Ұлттар Лигасы бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі қол қойылған келісімдер арқылы алды. Сол соғыстың салдарының бірі, Еуропа мен Таяу Шығыстың саяси картасының өзгеруі болды. Жаңа мемлекеттер пайда болып, көптеген мемлекеттер өз тәуелсіздігін алды. Көпшілікте олардың құрамына этникалық, тілдес мәдени азшылықтар кірді. Жаңа саяси тәртіптің болуы олардың мәдени өмір сүруіне қауәп-қатер туғызады деген байсалды, тарихи күмән болды. Сол үшін жеңуші державалар одағының өкілеттіліктері, жаңа мемлекеттердің өздерінің этникалық, тілдік, діни құқықтарын қорғайтын арнайы келісім шартқа қол қоюды кеуделеді. Бұндай келісім шарттарға қол қойылды. Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйені қолданатын мемлекеттер азшылық жөніндегі кемсітушілікке жол бермеуге, азшылықтың этникалық, діни тілдес бірлестігін сақтап қалу үшін ерекше құқықтар беруге міндеттенеді.

Ұлттар Лигасының келісімі бойынша екі жақ өз міндеттемелерін орындауына кепіл берді.

Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйе Ұлттар Лигасымен бірге жойылды .

Сонымен, халықаралық құқықтардың ішінде түрлі топтардың құқытарын қорғайтын институттар мен доктриналар пайда болды.Халықаралық құқытардың бұл аспектілердің теория мен  іс жүзінде қолданылуы, адам құқытарының дамуына концептуалды және институционалды негіздер қалды.

Бұл құқық саласының дамуында ежелгі  гректік көзқарас бойынша адам құқықтарын қлыптастыру жалпы мифалогиялық арнада үсынылып, полис (қала-мемлекет) және оның заңдары діни тегі және діни шындыққа сүйенуі еді. Құқық жалпы алғанда әр адамның құқығы полисқа мүшеліктен шығу, тиімді  ұсыныстарға сүйене күште емес, ал діни шындық тәртіпте деген.

«Гомерлық Греция» кезеңінде (б.д.д. 2000 мың жылдық аяғы) эллиндер төмендегі түсініктерге сүйене келген, мысал, «дике » (шындық, әділдік), «темис» (әдет-ғұрып,әдеттегі құқық), «тиме» (жеке намыс), «номас» (заң.)

Құдайшылық өзінің табиғи әділдігі Гомерға құықтық критерия және объективті негіз сапасында еді. Сол кездегі көзқарас бойынша әділдік құқық сияқты қабылданған еді. Тек легитимациялық контексттің ұсынуымен әділдік туралы (дике) немесе басқада талаптар құқықпен танылып және әдет-ғұрыптан шыққан (темис).

Бірдей әділдік идеясы, полис және заң Гесиодтың (б.д.д.VII ғасыр).

«Теогония» және «Труды и дни » поэмаларында айқын көрніс табады. Гесиодтың (VII ғ. б.э.д.) «Теогония» және «Труды и дни» поэмаларында айқын көрніс табады. Гесиодтың пікірінше әділдік (дике) және ізгі заңдылық (эвномия) – бұл әпкелі — әйел құдай Фемида деп көрсеткен. Осы діни анықтау бойынша, Гесиодтың ойынша «шындықты құқық алмастырады», «күш қайда болса, құқықта бар» .

Гесиодтың поэмасында сол уақыттағы қоғамдық-әлеуметтік индивидуалдық-адамдық бастаудың күшеюі куәландырылған. Құқық әрқашан және әрбір жерде адам құқық субъектілігіне, тұлға еркіндігіне ұйғарылады. Әйгілі Антикалық философияны және әлеуметтік-құқықтық ойды зерттеуші Эрист Кассирер бұл бағыт бойынша өзінің көзқарастарын ұсынған.

Құқық жалпы алғанда әрбір адамның құқығы жалпы норманың болуымен әрекет етеді.Бәріне субъективті шамада тыйым салынған және рұқсат етілген, еркіндіктің тең шамада болуы өз құқытыран қорғаудағы негіздердің бірі ретінде қарастырылған.Осы орайда елеулі құқықтық мағынаға ие пікір «жеті данышпан» ды, ондағы әрбір істегі «шама» және «ортаны» нақты  керекті мәнділігін сақтау болып табылады.

«Жеті данышпандың» бірі Солон (б.д.д 638-559 ж.ж. ). Ол белгілі афина мемлекетінің қайраткері және заң шығарушы болған. Өз ұсыныстары аясында Солон ұзақ уақытқа созылған құлдықты жоқ етіп, Афинада біркелкі цензовалық демократияны құруды басты мақсат етті.

Ежелгі гректік ойшылдардарының барлық адамның еркіндігі мен теңдігі жайлы ойларын арықарай Ежелгі Римде өз жалғасын тапты.

Ежелгі Римде Табиғи құқықта мемлекет туралы оқу бойынша көзқарастарды адам құқықтары және сол салада заңды тұрғыда қарастырған Цицерон ( б.д.д 106-43 ж.).

Құқықтың негізінде Цицеронның айтуынша, құқықтық шындық орын алды.

Оның айтуы бойынша құқық адам шешімі мен ұйғаруынан емес, табиғат пен орнатылады. «Егер қолданылатын құқық халық қалауы бойынша орнатылса, сот ұйғарымдарының бәрі тегі шындықта, әділдікте болуы керек» деген.

Халықпен орнатылған заң заңсыздықтан заңды құру немесе мейрімділіктен өшпенділік, шындықтан масқара болу сияқты табиғи құқықта орын алмаған жәйттердің өз алдына бет алуына жол бермеу керек.

Рим заңгерлерінің негіздеуінше шындық, мемлекеттер мен индивиттер арасында жөні бар және дұрыс қатынастар құқық болып табылады, ал мемлекет бұл жерде құқықтың жалпы барлық талаптары үшін құқық тыңдаушылық субъект болып табылады.

Сонымен, римдік заңтану, бірдей құқық түсінігінде мемлекетке таралып ішкіарақатынасты түсіндірді.

Орта ғасырларда бұл бағыттың дамуында орта ғасыр ойшылдары ойдың еркіндігін, барлығының теңдігін заң алдында қорғаған. Антикалық ойлардың мағынасы христианствада орын алды. Құл иеленушілік бет ала бастағанда христианства адам құқықтарын қорғау жөнінде әмбебапты түсініктерді берді. Христианстваға сәйкес халықтың бәрі « Құдайдың баласы » олардың бәрі тең деп көрсеткен.

Келе келе құқықтың бұл тармағы бойынша бірнеше актілер қабылданып, адам құқықтары құқықтық реттелуге ие болды. Айта кететін болсақ: Еркіндіктің Ұлы Хартиясы (1215 ж), Құқық туралы Петиция (1628 ж), Habeas Corpus Act (1679 ж), құқық туралы Билль (1689 ж), Вирджинии құқықтары туралы американдық Декларация (1776 ж), АҚШ тәуелсіздік Декларациясы (1776 ж), адам құқықтары мен  азаматтық туралы Француз Декларациясы        ( 1789 ж),  адам құқықтары туралы Жалпы Декларация ( 1984 ж).[2]

 

  1. Қазақстандағы адам құқығы

 

Адам құқықтары Тәуке – ханның Жеті жарғы заңында реттелген. Заңда жоғарғы жеткілікті деңгейде қазақ қоғамның құқық танымдылығы туралы айтылған. Қазіргі заманға сай тілде өмір сүруге, мүлікке, отбас мәселелеріне қатысты құқықтар орын алған.

Қазақтың әлеуметтік құқығы хандар институтын таңдауда пайда бола бастаған. Атап өтетін жай, хандар билігі ұрпақтан – ұрпаққа емес, ал таңдау бойынша жүзеге асқан.

Қазақстанда ең маңызды билер институты болған. Ешқандай таңдауға негізделмей, хан немесе басқа да құрылымдық биліктің бекітуінсіз адам би атанған еді. Би атағын алу үшін соттық әдет – ғұрыпты терең тану мен қатар ораторлық қабілетке ие болуы керек.

Билер институты ұжымдық және индивидуалды құқық бұзушылықтан туындаған дауларға байланысты әкімшілік және соттық билігін жүзеге асырған.

Билер сотының демоктариялылығы адам құқықтарын қорғау институты сияқты пайда болған. Егер істі шешуде биге байланысты қандайда бір күмән тудырылса талапкер мен жауапкер басақа биды таңдап алуға құқылы болды.

Кңестер Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан басқа мемлекеттер сияқты жалпы адамзаттық құндылықты және демократиялық институттына өтуге байланысты өз мақсатын жария етті. Қазақстан бұл жайында өз Конституциясының бірінші бабында біз демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекетбіз, біздегі негізгі байлық адамның өмірі, құқығы және еркіндігі деп айтып өткен.[3]

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы адам құқықтарын негізгі орында 10 желтоқсан 1948 жылы қабылданған Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы болып саналады. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде бұл құжат зор маңызға ие.

 

  1. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау

 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғау еліміздің заңнамысында нақты түрде бекітілген. Оны белгілеп отырған заңнама актілерінің негізін құрайтын құжат — әрине, Конституция.

Қазақстан Конституциясының бірінші бабынан бастап адам құқықтарына деген мемлекеттің ерекше көзқарасы белгіленген. 1-ші баптың 1-ші тармағында мемлекеттік ең жоғары құндылығы болып адам, оның өмірі, құқықтары мен міндеттері табылады делінген. Белгілі Қазақстандық заңгер-ғалым Г.Сапарғалиев бұл жөнінде былай дейді: «Саяси ілімде демократияны өзіндік құндылық ретінде, мемлекеттік құрылыста бекітілетін жалпы адами құндылықтардың нақты көрініс ретінде қарастырады. Олардың қатарына адам, оның өмірі, құқықтары мен міндеттері жатады. Осылардың ең жоғары құндылық деп тану мемлекет үшін адам және адамның материалдық игілігінен артық нәрсе жоқ деген сөз. адам қалыпты өмір сүру үшін мемлекет барлық қолынан келетінжағдай жасау керек. Мемлекет адамның өмірін қолсұғушылықтан қорғауға міндетті… Конституцияда бекітілген және күнделікті заңнамада нақтыланған адамның құқықтары мен бостандықьтарының жүзеге асырылуына мемлекет ең алдымен көмектесуі керек деген сөз».[4]

Жалпы «адам құқықтары мен бостандықтары – дүние жүзілік қоғамдастық игерген, мойындаған және тиісті халықаралық-құқықтық актілерде бекітілген, әлеуметтік және заңдық жағынан қамтамасыз етілген, әрбір адамның құқы ретінде мойындалған, ешкім де еркін шектеп немесе тиым сала алмайды. Адам өзінің табиғи құқығы мен бостандығының қайнар көзі, сондықтан олардан шектелмеуі тиіс. Қазақстан Мемлекеті адам құқықтары мен бостандығын оның қай елдің азаматы екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік береді әрі қорғайды. Адам құқығы оның міндетімен байланысады, сондықтан олардың жүзеге асырылуы нақтылы жағдайларға қатысты; адамға берілген құқық оның мүмкін болған мінез-құлық түрі мен табиғи құқығы мен бостандығының қайнар көзі, сондықтан олардан шектелмеуі тиіс. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары мен бостандығын оның қай елдің азаматы екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік береді әрі қорғайды. Адам құқығы  оның міндетімен байланысады, сондықтан олардың жүзеге асырылуы нақтылы жағдайларға қатысты; адамға берілген құқық оның мүмкін болған мінез-құлық түрі мен өлшемінен сипат алады. Адам бостандықтары ешқандай жағдайларға байланысты болмайды, ол – оның еркінің нәтижесі».[5] 

 

Сол сияқты Конституцияда Қазақстанды әлеуметтік мемлекет деп тану идеясы да адам мен азамат құқықтарын қорғауға бағытталған норма. Бұл жөнінде әдебиетте былай деп көрсетіледі:

«Ең алдымен әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (топтарға) немесе ұлыстарға емес, қоғам мен адамға тұтас қызмет етеді. Ол мемлекеттік көздер есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей болу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге құлшанады… Әлеуметтік мемлекет адам мен азаматтың күнкөріс минимумы мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын қамтамасыз етуді талап ету құқығын мойындайды. Бұған денсаулық пен экологиялық қауіпсіздік мәселесі де кіреді».[6]

Конститутцияның 4-ші бабының 2-ші тармағы бойынша бұл акт ең жоғарғы заңи күшке ие және Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. Бұл дегеніміз Ата заңда бекітілген адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының да ең жоғары заңи күшімен тікелей қолданыста болуын көрсетеді.

Ресейдің ғалымы Ю.А. Тихомировтың айтуы бойынша «Конститутцияның тікелей қолданылуы оның құқық шығару ықпалы, азаматтармен және үйымдармен тікелей жүзеге асырылуы, бұзушылықтан сақтау, қоғамдағы өмір сүру үлгісі мен атмосфераға, институциялық өзгерістерге құндылықты ықпал деген сөз »[7].

Г. Сапарғалиев Конституцияға сүйене отырып азаматтар өздерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды үйренуі тиіс дейді. Соттар адамның Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заңдар мен нормативтік актілерді қолдануға құқы жоқ[8].

Осы ғалымның сөзі юойынша «Адам құқықтары саласында Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың жалпы танылған нормаларына сүйенеді»[9].

Конституция нормаларының ішінен ерекше маңыздылыққа ие 13-ші бапты бөлек атап өтуіміз тиіс. Бұл бап бойынша « әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» ( 1-ші тармақ ) .

Екінші тармақ бойынша «әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар». Бұл бап бұзылған құқықтардың сот арқылы қорғалуына кепілдік береді.

Үшінші тармақ бойынша « әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі ». Бұл тармақ Қазақстандағы адвокаттық көмек көрсетудің заңи негізі болып табылады. Осы тармақ сәйкес 5-ші желтоқсан 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызмет туралы» [10] заң қабылданған болатын.

Сол сияқты осы тармақтың негізінде басқа да құқықтық көмектің түрлері көрсетіледі, соның ішінде нотариалдық қызмет.

Конституцияның 14-ші бабының 1-ші тармағында да кепілдік қызметін атқаратын норма бекітілген. Бұл норма бойынша «заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең ». Ресей ғалым-заңгері В.С. Нерсисянц байқағандай «теңдік белгілі бір абстракция болып табылады, яғни, ол теңестірілетін объектілерге тән шешімдерден саналы (ойда) абстаркцияланудың нәтижесі»[11].

Басқа сөзбен айтқанда іс жүзінде, өмірде адамдардың теңдігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Ал Конституциядағы 14-ші баптың 1-ші тармағында құқықтық теңдік туралы айтылады.

Г. Сапаргалиев құқықтық теңдік туралы былай дейді:

«Құқықтық теңдік – құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік нысанда танылатын және бекітілетін жеке тұлғаның қоғамдық қатынастардағы еркіндігін білдіреді.

Еркіндіктің тең өлшемі ретіндегі еркіндіктегі құқықтық теңдік құқық субъектілері болып табылатын еркін тұлғалардың арасындағы эквиваленттік талабын да білдіреді.

Құқтық тендік – еркін және бір-біріне бағынбайтын құқық субъектілерінің барлығы үшін бірдей масштаб, тұтас қалып (норма), тең өлшем бойынша теңдігі.

… Қықтық теңдік — әртүрлі индивидтердің бірдей құқық қабілеттілігін, белгілі бір игіліктер мен міндеттерді алуға мүмкіндігін білдіреді.

… Тең құқықтылық дегеніміз адам мен азаматтың құқықтар мен міндеттерді иелену теңдігі болып табылады. Бұл теңдікке адамның табиғи қасиеттеріне де, оның қоғамдық қасиеттеріне де қарамастан кепілдік береді. Бұл теңдікке кепілдік беру мемлекеттің міндеті »[12].

Конституциядағы 14-ші бартың 2-ші тармағы бойынша «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды ».

Бұл конституциялық норма да конституциялық қағида сипатына ие. Ол басқа конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асуына кепілдік жасайды. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 141-ші бабымен қорғалады[13]. Қылмыстық құқық бойынша әдебиеттерде көрсетілетіндей «егер Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 60-шы бабы тек ұлттық және нәсілдік тең құқықтылықтың бұзылуы үшін жауапкершілікті көздесе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 141-ші бабы …» бұл негіздерді едәуір кеңейтеді[14].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 141-ші бабы бойынша жазаның айыппұл, қамауға алу және бас бостандығынан айыру сияқты түрлері көзделген.

Тең құқықтық қағидасы кейбір жағжайларда ғана, онда да заңда белгіленген жағдаяттар бойынша шектелуі мүмкін. Мысалы, ол шетелдіктерге қатысты шектеледі[15].

Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау саласында ерекше маңыздылыққа ие тағы бір конституциялық норма 32-ші барта бекітілген. Бұл бап бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқылы. Бұл құқықты пайдалану, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін».

Қазақстанда бұл конституциялық нома ҚР Президентінің арнайы заң күші бар Жарлығымен нақтыланады[16].

Конституциялық міндеттердің ішінде 34-ші баптың 1-ші тармағында «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті»,

— деп белгіленген нормаға назар аудармай кетуге болмайды. Сол сияты тағы бір маңызды норма 39-шы бапта бекітілген. «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін »( 1-ші тармақ ).

  «Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді …»( 3-ші тармақ ). Аталған номалар кепіл берушілік сипатқа ие екені дау туғызбайды.

Конституциялық сипатына ие аса маңызды нормалар Конституцияның 7-ші бөлімінде («Соттар және сот төрелігі») бекітілген. Осы бөлімнің Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге  де нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады,-делінген.

Айрықша маңызды қағида 77-ші бапта белгіленген: «1. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. 2. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. 3. Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс: 1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі; 2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; 3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды; 4) сотта әркім өз сөзін тыңдауға құқылы; 5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады; 6) айыпталушы өзінің кінәсіздігінің дәлелдеуге міндетті емес; 7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айған беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес; 8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады; 9) заңсыз тәлімен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес; 10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай жол берілмейді. 4. Конституциямен белгіліенген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттар мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады».

Сол сияқты соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мент бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге нормативтік-құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Мұндай жағдайда сот органы іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні Конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті (78-ші бап),

Сонымен, Конституцияның нормаларында адам мен азамат құқықтарын қорғаудың екі түрлі құралдары белгіленген десек қателеспейміз. Біріншіден, ол сот арқылы бұзылған құқықтарды қорғауға болса, екіншіден, бұзылған құқықтарды соттан тыс құралдарды қолдану арқылы қорғау.

Соттың қорғау құралының ерекшеліктері ҚР-ң Қылмыстық кодексі мен ҚР-ң  Азаматтық кодексінде көрініс тапқан. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 3-ші тарауы «Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар», — деп аталады. Бұл тарауда 15 бап (141-155-ші баптар) аталған құқықтардың бұзылуы үшін қылмыстық жауапкершілігті көздеп отыр.

Сол сияқты Қазақстан Республикасының Азаматық кодексінің 9-ші бабы азаматтық құқықтарды қорғау мәселесіне арналған.[17] 

Адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын соттан тыс құралдар арқылы қорғау тәртібі мен ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінде және арнайы заңдарда реттелген. Ол жөнінде жұмысыздың келесі тарауларында әңгіме жүргіземіз. Жалпы айтатын болсақ Қазақстандағы адам мен азамат құқықтары мен юостандықтарын қорғау мәселесі әртүрлі, соның ішінде деңгейі, құқықтық күші және т.б. белгілері бойынша актілерде бекітілген.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ. Адам және азамат

 

  1. Азаматтықтың жалпы негіздері

 

Азаматтықты әлеуметтік – саяси құбылыс ретінде қарастырған жөн, өйткені ол қазіргі  заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мен мемлекеттің саяси және құқықтық байланысы ретінде түсінсек, онда құбылыстың тұтастық сипаты туралы мәселе түсіп қалады. Азаматтықты оған тән барлық сипатты белгілерімен, қырларымен тұтас әлеуметтік – саяси құбылыс ретінде өмір сүруін тоқтатады және өзіндік жекелеген құбылысқа айналады. Мұндай жағдайда біз азаматтықтың мәнін, маңызы мен ролін, өркениетті мемлекеттің өмір сүру жағдайында оның объективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айырыламыз. Оның үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы қатынастардағы барлық көріністері мен қатысты болады.

Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен құқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына сілтеме жасаған жөн. Құқық пен құқықтық норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол  құбылыстың  бір бөлшегі. Құықтың жеке  нормасын алып, тіпті оны жан-жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықтық, мемлекеттің құқықтық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай-ақ, жеке азаматтық құқығын сипаттап, азаматтың тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, ролін, маңызын түсіну мүмкін емес.

Біз көрсетілген екі құбылысты азаматтылықты жекелеген азамат арқылы анықтаудың нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай-ақ азамат мәртебесі құқықпен емес, құқықтық нормалармен белгіленетінін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге  азаматтыұ ретінде оның мәні, ерекшелігі құқықпен, құқықтық жүйемен белгіленген.

Азаматтықты тұтас саяси-құқықтық құбылыс ретінде қарастырған кезде ғана, тек оның демократиялық  мемлекет жағдайында объективті қажеттілігін ғана емес, сондай-ақ оның мемлекеттің өзінің өмір сүруі мен  дамуындағы мәнінде түсінуге болады. Азаматтық  қоғамның табиғи – тарихи даму процесінің жемісі бола тұра, мемлекеттің әлеуметтік негізі болып табылады. Іс жүзінде азаматтық мемлекеттің өз түрғындарының саяси-құқықтық көрінісі болып табылады. Ол мемлекет тұрғындарды тудырады және ол оның «меншігі» болып табылады деген сөз емес. Бәрінен бұрын, керісінше, тұрғындар мемлекетті құратын факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан азаматтыққа, азаматтықтың мемлекетке ықпал ету шамасын анықтап белгілеу үшін саяси-құқықтық маңыз беріледі. Сөз жоқ, мемлекетте азаматтыққа осылайша ықпал етеді.

Осы салада жүріп жатқан процестер түсінікті болу үшін, азаматтықтық кеңестік кезіндегі саясиөқұқықтық құбылыс ретінде қалыптасу ерекшелігін жалпылап болса да көрсеткен жөн. Осы  процестің елеулі ерекшеліктерінің бірі азаматтық институтына таптық көзқарас болып табылады. Азаматтық институтты да барлық әлеуметтік құбылыстар сияқты идеяландырылған. Ол маркстік-лениндік  ілімге негізделген және социялистік емес мемлекеттерде танылған, жалпы әлеуметтік көзқарастың түбірімен өзгеше жаңа көзқарас болды. Бұл көзқарастың мәні неде?

Азаматтық институтына таптық көзқарастың мәні мынада, халық тарихи қалыптасқан біртұтас әлеуметтік қауымдастық ретінде қай тапқа жататына қарай екі бөлікке: еңбекшілерге және қанаушыларға бөлінеді. Азаматтық институтына мұндай көзқарас өзіндік ғана емес, прогрессивті, демократиялық және ізгі, тарихи болашағы мол көзқарас деп есептеледі. Кеңес мемлекетінің азаматтық туралы заңдары нақ осындай идеялармен дамытылды. Алайда, азаматтық институтты жоғарыда аталған қасиеттердің бірден-біріне ие бола алған жоқ. Біріншіден, азаматтық жарты кеш институты құрылды. Оның жартыкештігі азаматтардың екі бөлікке бөлінуінде: бір бөлігіне, яғни, еңбекшілерге, формальды түрде құқықтар мен бостандықтардың бүкіл кещені берілді. Бұл бөлік толық қанды азаматтар деп танылды. Қайталап айтамыз, еңбекшң азаматтар құқықтар мен бостандықтарды формальды түрде иеленді. Іс жүзінде еңбекші азаматтардың құқықтары мен бостандықтары елеулі дәрежеде бос қиял болды. Толық азаматтығы болмаған мемлекетте, тіпті елдің, мемлекеттің қожайыны деп жарияланғаны мен, олардың толық қанды азамматтар болуы мүмкін емес. Бұл туралы кейін егжей-тегжейлі айтылады.

Азаматтардың екінші бөлігі елеулі дәрежеде құқықтарынан айырылды немесе құқықтары шектелді. Олар – қанаушылар деп аталатындар. Олар барлық саяси, көптеген әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарынан айырылды. Таң қаларлығы сол, халықтардың бұл бөлігі азаматтықтардан аластаған жоқ, мемлекеттің азаматтары деп есептелді.

Азаматтық дегеніміз жай саяси құқықтық құрылыс емес, ол азаматтық қоғамның өз табиғатымен белгіленуі, тұтас болуы және азаматтылық сияқты биік ұғымда көрінуі тиіс. В.Далдын анықтамасы бойынша, — «Білім ұғымы мен деңгейі азаматтық қоғам құру үшін қажет». Азаматтылық бір жағынан, ұлттық, сондай-ақ жалпы азаматтық мораль нормаларын, дағды, әдет, саяси құқықтық міндеттерді игеруден, екінші жағынан, оларды жүзеге асыру қабілетінен көрінеді. Азаматтылық адам тек өзінің жалаң міндетін орындаған кезде ғана емес, сондай-ақ жеке басына келетін зардаптардан қорықпастан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне қарсы тұрған кезде көрініс табады. Егер тұтас мемлекет оның жекеленген органдары мұндай қылықтарды ізгі ниетпен қабылдай алса, олардың өміршең, болашағы болған. Егерде мемлекет, оның органдары «бұлғанған беделін» қорғаштаса, онда оның тарихи болашағының болмағандығы, сондықтан азаматтылықтың жүйе негіздеушілік қасиеті бар. Азаматтылықтың мұндай қасиеті мемлекет пен азаматтар арасында қалыптасатын саяси және құқықтық қатынастарда, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке бейтарап қатынасында жүзеге асырылады.

Кеңес мемлекетінің саяси және құқықтық қатынастары ішкі қарама-қайшылықта болды, сондықтан азаматтылыққа қатыстының бәріне әсер етпеуі мүмкін емес еді. Бір жағынан КСРО-ның жартылай құқығы азаматтары өтпелі кезеңде, барлық азаматтар 1936-шы жылдан кейін мемлекеттің уәкілетті органдарын қалыптастыру кезінде «жоғары» болды. Саяси белсенділік көрсетті. Бұл процесске азаматтардың барлығының біртұтас ойлап, саясаттың біртұтас қолдануды ерікті түрде де, еріксіз түрде де күштеу жолымен де жүргізген Коммунистік партия басшылық етті. Мемлекеттің «халықтық» сипаты туралы мықты идеялық теперішпен насихат азаматтардың маркстік (пролитарлық) саяси санасын қалыптастырды. Осы сананы өз «биігінде» қолдау үшін мемлекет азаматтардың барлығында «нысанада» ұстады. Біресе азаматтардың үлкен тобына, біресе олардың жекеленген мүшелеріне қатысты саяси террор қолданды. Осындай жағдайда азаматтар санасының қалыптасуы бұлталаң сипат алды: Отанды сатып кету мен саяси оқшаулану ұштасып кетті. Бұл құрылым (мемлекеттік, партиялық, кәсіподақтық, комсомолдық) саяси сананяң тек жағымды жақтарын ғана атап көрсетті, оны сананың негізгі және бірден – бір қасиеті деп есептеді. Саяси оқшаулау туралы айтып қана қойған жоқ, оның мүмкіндігін де қалт жібермеді. Өкілетті органдардың кез келген сайлауы (кеңестердің барлық буындарында), әсіресе, 1936-шы жылдан кейін барлық уақытта сайлаушылардың депутаттыққа кандидатқа жүз пайыз дерлік дауыс беруімен өтті. Бұл барша өкімет билігінің «органдар азаматтылық көрсетудің нәтижесінде қалыптасқанын» куәландыру тиіс болды. Кеңестер формальды түрде басқа мемлекеттік органдарда – Үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларын сайлады. Сөйтіп азаматтар мемлекеттік органдардың  бүкіл жүйесін төте емес жанама түрде «қалыптастырып», «жоғары» азаматтылық көрсетті. Алайда, іс жүзінде бұл мұндайды тарих бедерінен табу қиынға соғатынын бұлжытпайтын саяси алдау – арбау болды.

Жоғары азаматтылықты азаматтар емес, мемлекет, оның органдары қалыптастырды. Құрылған мемлекеттік органдардың бірден-бір саяси факторы Комунистік партия, дәлірек айтқанда, партиялық номенкулатураның партия органдарына басшылық жасаған шағын тобы болды. Бірақ, азаматтар осы құбылыстың мәнін жеке басқа табыну кезінде ақ (Раскольниковтың Сталинге жазған атақты хатын еске алсақ та жетеді) түсіне бастағаны мен не айтуға, не жазуға рұхсат етілген жоқ. Бұл туралы, жеке басқа табыну нәубеті ашылғаннан кейін тарихта болып өткен құбылыс ретінде, айтылады, жазыла бастады. Кеңес азаматтарының саяси санасының шынайы болымысы туралы жазуға кеңес  мемлекеті таралғанға дейін тұхсат етілген жоқ. Саяси өмір туралы, Конмунистік партияның диктатурасы туралы шындықты батыл айтқан жекеленген азаматтар «өзгеше ойлайтындар» «диссиденттер» аталып, елден қуылды, азаматтылығынан айырылды. Жоғары, шынайы азаматтылық көрсеткен азаматтар мұндай қасиеттен жұрдай адамдар ретінде көрсетілді. Мемлекетті нығайтуға тұрақты «қамқорлық» жасған Комунистік партия дүниені кері айналдырып, сол мемлекетті ірітіп, ыдыратуға өзінің жағдай жасайтындығын сезіне алмады. Адамдардың шағын тобының, тіптен миллиондаған азаматтарды саяси партияларға біріктірсе де, өзі туып, өзі соған орныққан «тірегі» — шіріген мемлекетті ұзақ ұстап тура алмайтындығын ол санасына сіңіре алған жоқ. Ол тірек мемлекет пен партияның кінәсінен пісіп жетілмеген азаматтылық еді. Кеңес мемлекетін фашизмнен қорғау кезінде азаматтарыдң жаппай көрсеткен азаматтылығын бетке ұстап, бұған қарсылық білдіретіндері де кездесуі мүмкін. Алайда, мұндай қарсылық негізсіз. Аталған жағдайда, азаматтардың жаппай ерлік көрсеткендері рас. Ол шынайы азаматтылық болды, бірақ ол мемлекетке емес, елге, Отанға қарсы азаматтылық еді. Аталған жағдайда мемлекет үлгісінің үлкен мәнге ие болуы екі талай. Өйткені буржуазиялық мемлекеттердің де (Англия, Франция және тағыда басқа) азаматтары сол мемлекеттерден гөрі өз отандарын қорғады. 1812-ші жылғы патшалық қатал езгіге қарамастан Ресейді, оның қол астындағы барлық халықтар Француздардың шапқыншылығынан қорғады.

Тиісінше, мемлеке және отан — әр түрлі ұғымда. Сондықтан оларға қатысты азаматтылық сезімі де әр түрлі көрініс табуы мүмкін.  Егер азаматтардың көпшілігі мемлекетті азаматтық қоғамның шын мәніндегі ресми өкілі ретінде қабылдаса, онда ол отан ұғымында ұғынылады. Егерде мемлекетр өзінің азаматтарына қатысты күштеу ұйымы ретінде ұстаса, онда саяси оқшаулану процессі туады және азаматтар мемлекетті отанынан дәл айырады. Кеңес мемлекетіне, КСРО-ға қатысты, оның мемлекеттік құрылу нысаны ретінде,  азаматтар қайшылықты саяси көңіл күйлерін, сезімдерін, көз – қарастарын білдірді. Бір жағынан, олар мемлекетті қолдайтын, оны жасампаздық, жетілдіру және басқа процестеріне белсенді қатыстыратын сияқты көрінеді. Ал барлық мемлекеттік: әкімшілік, басқару, өкілетті, құқық қорғау, шаруашылық, әскер және басқа органдарда тек азаматтар ғана емес, шетелдіктерде жұмыс істейді ғой.  Тиісінше мемлекет тек құрылып қана қоймай,  сонымен бірге азаматтардың күшімен өмір сүрді де. Екінші жағынан, мынандай сұрақ туындайды: ал азаматтар «өз» мемлекетінің тағдырына, оның тарихи болашағына қалай қарайды? Бұл сұраққа Коммунистік партияның  аталған идеологтарының теориялық жауаптары дайын болды. Социялистік мемлекет ең прогрессивті, демократиялық, гуманды мемлекет болғандықтан, ол бірте – бірте өзін-өзі басқаратын коммунистік қоғамға айналып, ұзақ өмір сүреді.  Коммунистік идеологтар  ең басты факторларды: социалистік мемлекет  қоғамның табиғи – тарихи дамуы  нәтижесінде емес, саяси құрылымының жаңаруының объективті заңдылығынан тыс күштеу ұйымы ретінде құрылғандықтан, күштеу саясатын тұрақты жүргізді. Оның құрылуына, оның күштеу қызметіндегі сияқты азаматтардың елеулі бөлігі қатысты. Кеңес мемлекетінің жасампаздығы мен өміршеңдігі  азаматтылықтың елеулі түрдегі  ізгі және прогресивті көрінісі емес, керісінше болды. Азаматтылық – табиғатында прогрессивті құбылыс. Алайда, толыққанды азаматтылық болмағандықтан, оның сапасына (азаматтылығына) да нұқсан келеді.  Мұндай нұқсан тек  мемлекет құрылымын жасақтауға ғана емес, сондай-ақ оның қызметі мен  қызмет нәтижесіне де әсер етті. өйткені күштеу, әділетсіздік мемлекеттің ресми өкілдері болып табылатын азаматтардың өздерінің,  сондай-ақ жай адамдардың қатысуымен жүзеге асырылды.  Егер азамат мемлекет атынан сол мемлекеттегі өз азаматтарын олрдың кінәсіз екеннін діле тұра, қуғын сүргінге ұшыратса, олардың ар-намысын бар деуге бола ма? Тіпті, олар алдау-арбаудың жетегінде кеткеннің өзінде олардың объективті түрдегі азаматтылық сезімі болған жоқ. Егер азаматтардың көпшілігі тьүтастай халықтарға (шешендерге, ингуштарға, корейлерге, күрттерге, Қазақстанға күштеп көшірілген тағы басқаларына) көрсетілген күштеу саясатына қарсылық көрсете алмаған жағдайда болса, демек, олардың бойнда азаматтылықтың толық қалыптасып болмағандығы.

Күштеумен өмір сүретін мемлекет іргесінің берік болуы мүмкін емес. Азаматтық институтын сөз жүзінде жариялай және тани отырып, Кеңес мемлекеті тұрақты түрде іріткі салып, азаматтылық сезімнің қалыптасуына іс жүзінде мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, ол өз азаматтарының  саяси оқшаулануына белсенді түрде ықпал етіп қана өойған жоқ, сонымен бірге өз көрін өзі қазуға әзірледі.

Кеңес мемлекеті қазақ халқыныңда елеулі бөлігінің азаматтық сезімін қалыптастыра алмады.  өкінішке орай, қазақ халқы толық мәнінднгі біртұтас ұлттық психологиясы бар ұлтқа айналған жоқ. Қазақ халқының рулық қатынастар белгісі ретінде, жүздерге бөлінуі өазаөтардың саяси санасына елеулі түрде әсер етті және мемлекеттік органдарды  қалыптастыру және оларды жұмыс істеттіру процесінде көрініс тапты. әрине, бұл процеске өатысты және жағымсыз әсер  еді, сондықтан ұлттық азаматтылыққа өызмет ете алмады. Кадрларды мемлекеттік қызметке тиісті қызметтерді ойдағыдай орындауға қажетті объективті және субъективті қабілеттеріне қарап емес, рулық белгілері бойынша өсірі мемлекетті, оның органдарын нығайтпайды, ыдыратады. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар қызметін жалпы ұлттық мүддені басшылыққа алып емес, шағын топ адамдарының мүддесін көздеп жүргізеді. әрине, мұның бәрінің бетін ашу оңай емес еді, сондықтан олар  ірітуші фактор ретінде жасырын қызмет етті, атап айтқанда: мұнсыз мемлекеттігін  нығайта алмайтындығын ғана емес, тіпті одан айырылып қалуы да мүмкін екендігін саналы түрде сезінген,  қазақ халқының азаматтық тұтасуына мүмкіндік бермеді. Іс жүзінде, осы мемлекеттіліктің қаз тұруы, қалыптасуы, өмір сүруі үшін бірнеше ұрпағы еңбек ете отырып,  басқа ұлттың адамдары сияқты, қазақ халқы да одан айырылды. Өздерінің азаматтық күш-қуатын тоталитарлық мемлекетті құруға арнады, өздерінің қайғылы тағдырын олар өз қолдарымен жасады деп ешкімнің де  оларды кінәлауға құқы  жоқ. Социялистік мемлекет тарихтың өмірге мезгілсіз келген туындысы болды. Сондықтан табиғи-эволюциялық жолымен туған мемлекеттерге тән көптеген қасиеттер  онда болған жоқ. Ең бастысыв – ол өзіне берік әлеуметтік база жасай алмады, рухани үстемдікпен біріккен социалистік  мемлекеттілік идеясына, ол идея қоғамдық көңіл-күйгетұрақты түрде сіңірілсе және ол адамдардың санасында  толық салтанат құрғандай әсер қалдырса да, берілген адамдар ұрпағын тәрбиелеп, қалыптастыра алмады. Іс жүзінде шынайы азаматтылық көрсете отырып, Кеңес адамдары мемлекеттің тәуелсіздігін қиян-кескі  шайқаста сақтап қалды, экономиканың өркендеуі, және басқа салаларда ерлікке тән қайрат жұмсады. Алайда, азаматтық рухы, біріншіден, оның зардап шегуінен, екіншіден, мемлекеттің қабілетті екендігін дәлелдеуге қабілетсіздігімен бірте – бірте сөне бастады. Мемлекеттік билікті иеленген бірден-бір саяси партияның  қолындағы қуыршаққа айналған, өзінің жеке объективті заңдарымен қалыптаспаған және соған сүйеніп қызмет істемейтін мемлекеттің қабілетті мемлекет болуы мүмкін емес. Сондықтан, Кеңес мемлекетьі іс жүзінде өзінің өмір сүруін тоқтатудан көп бұрын азаматтардың саяси санасында саяси ұйым ретінде жойыла бастады. Коммунистік партия Кеңес мемлекетінің басшылары мұны сезді және түсінді, сондықтан қоғамдық өмірді мезгіл-мезгіл реформалауға күш салды. 50-70 жылдары қоғамдық өмірді реформалаужөнінде күш қуат жұмсалды. Алайда, бұл талпыныс діттеген жеріне жетпеді, өйткені ол саяси, экономикалық құрылымды түбегейлі өзгерту мақсатын көздеген жоқ. Ал, бүкіл саяси құрылымды қайта құру басталғанда социалистік мемлекет бұған шыдай алмады. Ол қайта құру тағы да сол социалистікмемлекеттен бас тарту мүмкіндігі «ойына кіріп те шықпаған» данышпан Коммунистік партияның басшылығымен жоғарыдан жүргізілгендіктен осылай болған жоқ. Коммунистік партиякүйреген кезде Кеңес мемлекеті өзінен-өзі тарады, содан соң мемлекеттік құрылым нысаны ретінде КСРО  ғана емес, сондай-ақ саяси ұйымның ерекше түрі ретінде социалистік мемлекеттің өзі тарап кетті. Тек сонда ғана жоғары рухты бойына сіңіргендей кеңестік азаматтылықтың зардабы мен жарты кештігі толық күйінде айқындалды. КСРО-ны біртұтас мемлекет ретінде сақтау мүмкіндігі референдумы өткізілгенде, референдумға қатысушылардың 70 пайызынан астамы оны қостап дауыс берді. Біріншіден, сайлаушылардың үштен бірі дерлік КСРО-ның сақталуын қаламады. Бұл кеңестік кезеңде одақтықмемлекеттің сақталуын қаламаған  азаматтардың осы бөлігінің саяси еркінің бұрын-соңды кездеспеген шынайы көрінісі болды. Жасырын дауыс беру нәтижесінде КСРО-ның сақталуын қалаған миллиондаған адамдар,  Ресейдің, Украинаның және Беларуссияныңатына үш «мемлекеттік пір» қол қойған Беловежкелісіміне қарсылық көрсеткен жоқ. КСРО-ны миллиондаған адамдар беймәлім дүниеге үнсіз шығарып салды. Бұрынғы партия басшылары өз азаматтарының еркін білдіруді қажет деп есептемеді. Кеңес азаматтарының азаматтық рухы мен саяси санасының шынайы болмысын олар білді, және «дұрыс» деп шешті. Екіншіден, социалистік мемлекет азаматтары ол мемлекетті сақтауды қалай ма немесе рыноктық мемлекет құрғысы келе ме оны сұраған жоқ.  Мұндай жағдайда, одан әлде қайда мәнді: бүкіл мемлекеттік тетікті  социалистік мемлекетке мүлдем қарама-қарсы принциптермен қайта құруға келіп тірелді. Дұрыс ойлай білетін азаматтарға бәрі де түсінікті: әңгіме бай да, кедей де, аш та, тоқ та басқалары да болатын капиталистік қоғам жөнінде еді. Міне, нақ осы жердесоциалистік азаматтылық идеясының толық қабілетсіздігі ашылды. Социалистік мемлекеттің азаматтылығы болған жоқ, социалистік азаматтылық идеясын сақтап қалуға қабілетті, жоғарғы патриоттық рухтағы азаматы да болған жоқ. Бұл заңсыз өмірге келген мемлекеттің мейлінше заңды мәресі еді.

Қазақстан мемлекеті азаматтық проблемасын идеяландырудан, оған таптық тұрғыдан қараудан бірден бас тартты. Азаматтардың қоғамдағы жағдайларына (мүліктік, таптық, партиялық және тағы басқалары) тәуелсіз бірігуіне жұмылдыруда. Мұның ерекше мәні бар. Сөйтіп азаматтардың бір-біріне қарама-қарсы әлеуметтік таптарға бөліну принципі жойылды. Мемлекеттің әлеуметтік негізін оны өз меншігі деп есептейтін барлық азаматтар құрайтыны заңды түрде танылды. Бұл  мемлекетке  өте ауыр да күрделі жауаптылық жүктейді. Мәселе мынада, қоғамды әртүрлі мүліктік жағдаймен топтарға бөлу оларды бір-біріне жауласуға итермелейді. Мемлекет тек төрелік міндетін атқарып қана қоймай, қоғамдағы күштердің тепе теңдігін де қамтамасыз етуі тиіс. Саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға мүмкіндігі барлардыңөздерін толық азаматтарша сезініп, ал әлеуметтік жағынан әлсіз адамдардың өгей баладай сезінбеуіне  қоғам тұрақты түрде қамқоршы болуы  қажет. әрине, азаматтардың мүліктік жағдайы әркелкі қабатына бөлінген, қоғамда толық құқылық, кең құқылық мүмкіндігі – шартты құбылыстар. Ауқатты азаматтар құқықтық мүмкіндіктерді көбірек пайдалана алады. Мұны жасыруға болмайды. Мұндай ниеттің шынайлылығына нақ мемлекеттің қолдауына мұқтаж адамдардың көз жеткізгені жөн. Біріншіден, мемлекет ниеті заң арқылы жүзеге асырылады. Заң демократиялық, гуманды азаматтардың тұрмыс жағдайын төмен, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарды әлеуметтік тұрғыда  қолдауды көздейтін болуы тиіс. Осындай «нысандарды» заңды әзірлеу мен қолдау ғаламат күш жұмсауды талап етті. Екіншіден, жалаң теңдік жасау – жартыкеш іс,  ең бастысы – нағыз тепе теңдікті қамтамасыз ету.

Сыртқы белгілері бойынша Кеңес заңдарының әлемдегі ең прогрессивті заңдардың бірі болғаны белгілі. Бірақ ол тап ойдағыдай қызмет істеген жақ. Сайлау жөніндегі заңдардың барлық демократиялық алғы шарттары болды, бірақ сайлаушылардың шын еркін білдірмегендіктен сайлау көз бояушылықпен қтті. Кеңестердің «қақ өкілдерінің» тұрған барлық буындары бар биліктің иесі саналғанымен, іс жүзінде партия органдарының айтқандарын орындайтын жалған органдар болды.

 

 

  1. Қазақстан Республикасы азаматы мәртебесі

 

Қазақстан Республикасының   заңдары азаматтылықты азаматттардың жиынтығы арқылы емес, әрі жеке адам бойынша белгілейді. Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін саяси-құқықтық байланыс ұғынылады. «Азаматтық» ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады:

  • адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтылықты біресе қабылдап,біресе одан бас тарта алмайды;
  • адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының  азаматы болып танылмайтын кез-келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады.бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады;
  • мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.

Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымда адамдары атынан өз азаматтары атынан жауапты, ал Қазақстан Республикасыазаматтары өзінің Республикасының алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға,оның мүдделерін, аумақтық түтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді,мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын  басқа да ұлт қкілдерінің тілін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуына міндетті.

Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы; құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы азаматтықтан айыруға; Республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіні туралы қағидалар негізілген.

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелер бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге тшағымдану тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық сипатына, жынысына, біліміне,тіліне, дініне, қатынасына, тұратын орнына және басқа мән-жайына қарамастан заң алдында тең.

  • Азаматтық туралы заң күшіне енген күнге – 1992 жылдың бірінші наурызына Қазақстан Респуликасында тұратын;
  • Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтылын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

 

Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып танылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.

Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар азаматтар шет ел азаматтары болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

  1. тууы боынша;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдану нәтижесінде;
  3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қарастырылған негіздер бойынша;
  4. Қазақстан Республикасының азаматтыңы туралы Заңда қаралған өзгеде негіздер бойынша алынады.

Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан  бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Егер ата-аналардың бірі бала өмірге келген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, егер бала: 1. Қазақстан аумағында туған; Қазақстаннан тыс жерде туған, бірақ ата-аналарының  немесе олардың біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны болса, қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Бала өмірге келген кезде ата-аналарының біреуі ҚазақстанРеспубликасының азаматтығында болса, ал екіншісінің азаматтығы жоқ адам болса, бал қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Басқа мемлекеттің азаматы және азаматтығы жоқ адам олардың қтініштері бойыншаазаматтық заңда қаралғаншарттарға  сәйкес Қазақстан Республикасыныңазаматтығына қабылдануы мүмкін.

         Республика аумағында кем дегенде он жыл тұрақты тұратын, не оның азаматымен некелескен азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Кәмілеттік жасқа толмаған қабілетсіздер, Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңірген азаматтар, саяси себептермен Қазақстан аумағын тастап кетугн мәжбүр болғандар және олардың ұрпақтары көрсетілген шарттарсыз Қазақстан азаматтығына қабылданады.

         Қазақстан Республикасы Президенті 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен азаматтық туралы Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жарлық бұрынғы Кеңес одағының азаматтары арасындағы қатынастардың кейбір ерекшеліктерін бейнелейді. Бұрынғы КСРО азаматтары бір  респуликадан екіншісіне еркін қатынасады. Туыс адамдардың әртүрлі Республикаларда тұруларына мүмкіндігі болды, тұрып жатты да және бір-бірімен ешқандай қиындықсыз араласты. Алайда КСРО-ның ыдырауының және дербес мемлекеттердің құрылуының нәтижесінде жағдай өзгерді.шекара белгіленді және соған орай шектеулер қойылды. Бұл адамдардың қатынасына, мемлекет аралық қатынастарға әсер  етті. Бұрынғы КСРО Республикалары азаматтарының арасындағы тарихи қалыптасқан қатынастарды одан әрі нығайту және Қазақстан азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібін белгілеу мақсатында Жарлық Қазақстан Республикасыныңазаматтығы туралы Заңға өзгерістер енгізілді. Отбасылық қатынастарды қалпына келтіру үшін  бұрынғы одақтас Респубикалардың Қазақстан Республикасы азаматтарына жақын туыстары (балалары, жұьайы, ата-аналары, апа-сіңілілері, аға-інілері, әжесі мен атасы) барлар Қазақстан азаматтығына қабылданатын болды. Жеңілдетілген тәртіптің мәні мынада, Қазақстан Республикасыныңазаматтығын қабылдау туралы тілек білдірген  адамдардың өтініштері өтініш берген күннен бастап алты айға асырмай қаралатын болды. Сонымен бірге осы Жарлық азаматтық туралы Заңмен белгіленген басқаадамдардың азаматтық алуға қажетті 10 жылдық тұрақты тұру мерзімін 5 жылға дейін кемітті.

         Азаматтық туралы мәселелер Қазақстан Республикасыныңмемлекет аралықшарттармен шешіледі. Қазақстан Республикасы мен Белорусь Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы осы мемлекеттердің азаматтығын алудыңжеңілдетілген тәртібі туралы  келісімге осылай қол қойылды. Мұндай келісімдер аталған мемлекеттердің өздерінің азаматтылығын жалпыға бірдей нормаларын, құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, адамдардың тиісті және дәстүрлі байланыстарынсақтау мен нығайтуға ұмтылудан туындайды.

Келісімге сәйкес әр тарап басқа елден өз аймағына тұрақты тұруға келген, бұрынғы КСРО азаматы екені дәлелденген азаматтарға азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібін ұсынады. Мұндай тәртіп төмендегідей шарттардың бірі орындалса:

  1. егер өтініш білдіруші азаматтығын алған тараптың аумағында туған немесе турған болса;
  2. өтініш білдірушінің біреуі болса да азаматтығын алатын тараптың аумағында тұрақты тұратын және жақын туыстары: жұбайы (зайыбы), ата-аналарының (бала етіп асырап алғандардың) біреуі, баласы (оның ішінде асырап алған баласы), апа-сіңілісі, аға-інісі, атасы және әжесі оның азаматтары болып табылса қолданылады. Ішкі істер органдары тараптардың бірінің азаматтық алуын тіркеуді үш айдан асырылмайтын мерзімге жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырады.

Келісімді ата-аналары азаматтығының өзгергеніне байланысты балалардың азаматтығының өзгеруінің ерекше тәртібі қарастырылған. Ата-аналарының азаматтығы өзгерген кезде, соған орай екеуіде басқа тараптың азаматтары болады, не екеуі де тараптардың бірінің азаматтығынан шығады, тиісінше олардың кәмелетке толмаған балаларының да азаматтығы өзгереді.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың дәстүрлі де жеңілдетілген тәртібі кезінде қабылдауға қарсылық білдіру негізі қолданылады. Азаматтыққа қабылдау туралы өтініш, егер адам:

  • азаматқа, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы қылмыс жасаса;
  • Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
  • мемлекеттік тәуелсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтірген заңға қарсы қызметті жүзеге асырса;
  • мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділікті тутаттса, мемлекеттік тілдің қызметіне қарсы әрекет етсе;
  • террорлық әрекет үшін сотталған болса;
  • сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;
  • басқа мемлекеттің азаматы болса қабылданбайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша басқа мемлекеттің азаматы Республика азаматы болып танылмайды, яғни, қос азаматтық танылмайяды.

Жалпы, әлемдегі көптеген елдердің заңдары қос азаматтыққа рұхсат етпейді. Қос азаматтық институты мемлекеттің мазмұнының өзіне қайшы келеді. Өйткені, мемлекеттің әлеуметтік негізі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халық, ол мемлекетпен саяси байланыста болады. Қос азаматтық алған адамдар санының көбеюі саяси себептер бойынша халықты тек бөлшектеуі мүмкін.

Егемендік. Тәуелсіздік кез келген мемлекеттің бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Егемендік пен тәуелсіздік мемлекеттің бүкіл қуаты мен оның осы мемлекеттің азаматтарына қызмет ететін қарулы күштерімен қорғалады. Қос азаматтығы бар адамның, егер ол сонымен бір мезгілде дауласушы мемлекеттің де азаматы болса, өзі туратын мемлекетті жән-тәнімен қорғайды деп толық сеніммен айтуға болады ма? Әрине, жоқ. Адамның патриоттық сезімі бір елге, бір мемлекетке ғана арналады. Одан әрі кез келген мемлекеттің өзінің мемлекеттік құпиясы, жасырын : әскери, ғылыми, техникалық – қызметтік және басқа құпиялары болады. Бір елдің азаматы ретінде елдің құпиясын білуге мүмкіндігі болған адамның оны тап сондай азаматы болған екінші бір елге таратып жібермейтініне шексіз кепілдік жоқ. Бұл құпиялардың «тонның ішкі бауындай» сақталатынына тоқсан тоғыз бүтін оннан тоғыз пайыз сенуге болады ма? Мұны Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңы жанамалап таниды.

Жеке адамға қатысты алғанда қос азаматтық адамдар арасындағы теңсіздікті білдіреді. Халықаралық құқық нормалары ретінде де, ұлттық заң нормалары ретінде де барлық адамдар үшін бірдей тең құқықтар мен бостандықтар белгілейді. Алайда, қос азаматтығы бар адамдар  азаматтылығына қарай екі ел тарапынан да қорғалуға құқылы. Бұндай кепілдік кез келген елдің конституциялық заңдарында қарастырылған. Тиісінше, бір елдің азаматтығын алғандар мен қос азаматтық алғандар арасында тепе теңдік болуы мүмкін емес. Жаппай қос азаматтылық кезінде ол бір елдің азаматтығын алғандар санасына теріс әсер ететін болады. Екінші жағынан, азаматы болып табылатын бірінші ел тарапынан басқа елге қысым  жасаудың тұрақты факторы болады. Осы айтылғандар жеке азаматтықтың дұрыстығы және қос азаматтық ерекеше жағдайда ғана танылу керектігін көрсетеді. Дегенмен, қос азаматтыққа барлық мемлекеттердің заңдары рұхсат етеді. Мемлекеттердің азаматтық туралы заңдарындағы айырмашылық қос азаматтылықты пайда болуының бір себебі болып табылады. Әр мемлекетте азаматтық мәселесін реттейтін нормалары қайшылығының нәтижесінде азаматтың екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы болып танылатын жағдайларының тууы мүмкін. Қос азаматтық көп жағдайда халықаралық шарттар негізінде пайда болады.

Азаматтықтың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының азаматтығы азаматтық туралы заңда қарастырылған жағдайда тоқтатылады. Оған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жатады. Азаматтықтан шығуға азаматтық туралы заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініш негізінде рұхсат етіледі. Азаматтылықтан шығу жөніндегі арыз Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігі арқылы Президенттің атына беріледі. Жасы он төртке толмаған бала Қазақстанның азаматтығынан шығуға өтініш білдіретін кезде, ата-аналарының бірі Қазақстан азаматтығында қалатын болса, осы ата- анасының баланың Қазақстан азаматтығынан шығуына өзінің қатынасы білдірілген арызы қоса берілуі тиіс.

Заңмен белгіленген жағдайларда, азаматтылықтан шығуға рұхсат берілмеуі де мүмкін. Егер азамат мемлекет алдындағы міндеттемесін немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан азаматтардың немесе ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүделері мен байланысты мүліктік міндеттемелерін орындамаған болса, оған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұхсат етілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, егер шығу туралы өтініш білдірген адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған болса немесе сот үкімі негізінде жазасын өтеп жатқан болса, егер адамның азаматтылықтан шығуы Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қауіпсіздік мүдесіне қайшы келсе де рұхсат етілмейді.

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

  1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылған жағдайларды есептемегенде, адам басқа мемлекеттің қауіпсіздік қызметіне, полицияға, әділет немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке орналасуына байланысты;

2.егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу өтірік мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынған болса;

3.Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылған негіздер бойынша тоқтатылады.

         Ата-аналарының екеуінің де Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына орай олардың азаматтығы да өзгереді.

Азаматтық мәселесі бойынша шешім шығарушы лауазымды тұлға – Қазақстан Республикасының Президенті. Тұратын жеріне қарамсастан басқа елдің азаматын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау; Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру; Азаматтық туралы заңда қарастырылған Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын  жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару; ерекше жағдайда басқа мемлекеттің азаматтарына да Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы шешімді Президент қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІI ТАРАУ.  Құқық, бостандық және міндет

 

  1. Конституциялық құқықтыр, бостандықтар мен міндеттер жүйесі

 

         Жеке адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған.

         Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен қағидаларына сүйенеді. Конституция адам мен азаматтардың келесідей негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялайды: кез келген адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және басқалардың денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы.

         Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматтқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады» (12 баптың 2-ші тармағы). Бұл адамның табиғи құқығын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып танылады және Конституцияның «Адам және азамат» деген 2-тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқығымен бірге азаматтардың жа құқықтары мен міндеттері айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12 баптың 3-ші тармағы). Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заңы тарихында бірінші рет  азаматтардың құқықтары және міндеттері мен бірге «адам құқығы» ұғымы бірнеше рет танылады. Сөз жоқ, «адам құқығы» мен «азамат құқығы» ұғымы бір біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматтыққа қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкімде айыра алмайтын құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының азаматтарына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтары мен бостандықтары шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға да берілген. Алайда «азаматтық құқығы» азаматтық құқығына ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа меңінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай айырықша міндет жүктейді. Міне осы негізде Қазақстан Републикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын  қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса онда «барлығы»,  «адам»,  «әркім», «ешкім де емес» деген терминдар қолданылады. Егерде құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда ол туралы көрсетіледі.  13-ші бапта : әркімнің құқық объектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерменқорғауға құқылы делінген. 14-ші бапта «Заң мен сотта жұрттың бәрі тең» екендігі айтылады. 17-ші бапта былай жазылған «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, бұған айырықша мән беріледі» Өйткені, Қазақстан Республикасының  азаматын қандайда жағдай бомасын азаматтықтан айыруға болмайды. Конституцияда Республика заматының әскери қызметті өтеудегі міндет айырықша атап көрсетіледі және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнайы мәртебеге иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-ші бабында «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады».

         Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқықтарының негіздеріне оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесімен жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негіз боларлық қағидаларды жинақтайды. Мұндай қағидалардың қатарына мыналар жатады:

  • Адам құқығымен бостандығының айнымастығы қағидасы.
  • Конституция құқықтар мен бостандықтарды теріс пайдалануға тиым салады.
  • Конституциялық құқық пен бостандықтың заңсыз шектелуіне тиым салынады.
  • Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын тікелей қолданылуы қағидасы ретінде оны мен өзінің құқығы мен бостандығын пайдалану мүмкіндігімен ақиқаттығын білдіреді.
  • Олардың тең құқылығы адам мен азаматтың құқықтығы мәртебесінің маңызды қағидасы болып табылады.
  • Сонымен бірге сот істі қараған кезде адамдардың жағдайларын, ерекшеліктерін емес, тек Конституцияны және заңды ғана басшылыққа алуы тиіс.
  • Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мазмұны мен қолданылуын қамтамасыз ету қағидасы.

Құқықтың, бостандықтың және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбестігі адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты қағидасы болып табылады, әркім де Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауы тиіс. Әр адам мен азамат адамдардың қауымдастығында өмір сүреді. Адамдар құқықтар мен бостандықтарды тең иеленіп қана қоймай, сондай-ақ бір біріне, қоғамға, мемлекетке қатынастары бойынша оларға бірдей міндеттілік жүктеледі.

Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысы мен қадір – қасиетіне қол сұғуына ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге айырықша назар аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір – қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс жасайды. Адам өзінің құқығы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде бір мемлекеттік орган, бірде бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен бостандығын шектеген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс.

Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы — өмір сүру құқығы.

  1. Әркімнің өмір сүру құқығы бар;
  2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиуға құқығы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі». (Конституцияның 15-ші бабы) Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше қауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын мән жайларда қолданылады. Өлім жазасын қолдану туралы үкім шығармас бұрын сот мұндай ең ауыр жазаны қолданудың мән-жайын жан жақты дәлелдеп, өлім жазасына кесілген адамды толық сипаттап көрсетуі тиіс. Сонымен бірге сот сотталушының психикалық дертке ұшырамағанын да анықтауы тиіс. Мұндай дертке ұшырағандарға жаза мүлдем қолданылмайды.

          Өлім жазасына кесілген адам кешірім жасау туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Президентіне жүгінуге құқылы. Кешірім жасау туралы шешім шығарған кезде, сотталған адам қандай кісі, бұрын сотталған ба, бұрын оған кешірім жасалынған ба, жасы, отбасылық жағдайы және тағыда басқа мән жайлар ескеріледі.

Жек адамның өміріне қол сұқпаушылық Конституция арқылы қорғалады.

«Ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға басқадай қатыгездік немесе адамның қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» (17-ші бап).

Конституцияның осы қағидасы негізінен, лауазымды адамдарға қатысты. Қазақстан Республикасының заңдары денеге жарақат түсіретін адамның қадір-өасиетін қорлайтын мұндай шаралардың қолданылуына үзілді – кесілді тиым салады. Азаптау — ұрып-соғу, төбелесу, денеге жарақат салу түрінде көрінуі мүмкін.

Қорлау – жеке басын, ұлттық қадір-қасиетін  қорлау және басқа әрекеттер түрінде көрінуі мүмкін. Айыпталушыға, күдік келтірілушіге, куәгерге, сарапшыға қатысты мұндай әдістерді қолданған милиция, прокуратура қызметкерлері жауаптылыққа тартылады.

Заң адамның бостандығын басқа жеке адамдардың да зорлық-зомбылығынан қорғайды. Егер кімде кім адамды өз бетімен бостандығынан айыруға әрекет етсе ол адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Мұндай с әрекет күш қолдану (жеке бөлмеде қамау, психикалық ауыруханаға жатқызу және тағыда басқадай) не күш қолданамын деп қорқыту жолымен жүргізілуі мүмкін. Егер адам қылмыскерді ұстау және оны құқық қорғау органдарына тапсыру мақсатында күш қолданса, әрине, ол жауаптылыққа тартылмайды, өйткені ол өзінің азаматтық борышын орындайды. Егерде лауазымды адам (милиционер, тергеуші) өзінің қызмет бабын пайдаланып адамды бостандығынан заңсыз айырса онда ол билігін теріс және асыра пайдаланғаны үшін жауаптылыққа тартылады. Оның үстіне айыпталушыдан, куәгерден күштеу жолымен алынған жауаптың заңдық күші болмайды.

Сондай-ақ ар намыс бостандығы да адам бостандығының көрінісі болып табылады. Әр адам, өз еркі бойынша, өзінің дінге қатыстылығын белгілеуге құқылы. Егер адам қайсы бір дінге сенетін болса оның діни рәсімдерді әдет-ғұрыптарды орындауына кедергі келтіруіне құқығы жоқ. Әрине, діни рәсімдерді әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді орындау басқа адамның қоғамның заңды мүдделеріне кеселін келтірмеуі тиіс. Заң дінге сенетіндердің құқығы мен бостандықтарын тікелей және жанамалап шектеуге немесе оларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге тиым салады. Конституция бірде бір діннің артықшылығын көздемейді. Діни көзқарастары үшін жаулық пен кекшілдікті қоздыру адам құқығын бұзу болып есептелінеді. Дінге сенетіндер қасиетті деп есептейтін құрылыстар мен орындарды, заттар мен бұйымдарды қорлау, ұрлау мен арамдау құқық бұзушылық болып табылады.

Заң ар намыс бостандығын жариялай отырып, адамды оның азаматтық міндетін орындаудан босатпайды. Өзінің діни көзқарастарын бетке ұстап азаматтың заңды атап айтқанда әскери міндетін өтеуден бас тартуына құқығы жоқ. Діни бірлестіктерді мемлекеттерден бөлу ар намыс бостандығының басты кепілі болып табылады. Мемлекет, оның органдары, лауазымды адамдары діни бірлестіктердің қызметіне араласа алмайды. Қайсы бір дінге немесе дінге сенбеушілерге жеңілдіктер берілмеуі тиіс. Сонымен Конституция діннің қоғамдағы орнын белгілейді.

«Республикада саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол берілмейді (5-ші бап)».

Бұл ереже әр түрлі бағыттағы дінге сенбеушілердің арасында бейбіт қатынастарды сақтауды көздейді. Екінші жағынан, көптеген діндер және діни бағыттар бар қоғамда қайсы бір дін иделогоиясының мемлекеттік дін идеологиясына айналып кетпеуіне кепілдік жасайды.  Адамдардың өткен және бүгінгі ұрпағы «мәңгілік» және идеялар қарсылығына төзбеушілігімен жеке басқа табынушылығы мен іс жүзінде өзіндік діни идеологияға айналған. Коммунистік партия идеологиясының қатігез үстемдігін басынан кешірді. Күштеп жүргізілген ой бірлігінен қоғам да адам да ұтқан жоқ. Айналып келгенде мұндай жағдай Коммунистік партияны басын жұтып тынды. Айта кету керек, тек діни идеология ғана емес, сондай-ақ қандайда болсын саяси партияның , басқа да кез келген қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы мемлекеттік идеология ретінде белгілене алмайды. Бұл арада ешқандай демократияны шектеушілік жоқ. Керісінше, Қазақстанның мемлекеттік өмірін идеяландыру құрсауынан босатау алуан пікірлі демократияның дамуына ықпал етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның ең сапалы қасиеті — ар намыс пен қадір-қасиеттін жоғары қояды. Ар намыс барлық халықта да жанның бекзаттығының көрінісі ретінде есептеледі. Сондықтан Қазақстан Республикасын Конституциясының 17-ші бабында «Адамның қадір – қасиетіне қол сұғылмайды» деп жазылған.

Бұл қағида қылмыстық және азаматтық заңдарда нақтыланады. Егер кімде кім адамның арнамысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мәліметтер таратса және оның ақиқаттығын дәлелдей алмаса, онда ол қылмыстық, мүліктік жауаптылыққа тартылады. Жәбірленуші, егер мұндай мәліметтер жалған деп есептесе сот арқылы беделін қалпына келтіруге, сондай-ақ келтірілген моралдық зардап үшін мүліктік құн талап етуге құқылы.

Заң адамның қадір-қасиеті мен ар намысын кемітетін қылық ретінде қорлауға тиым салады. Қорлау – жағымсыз, жалпы адамзаттық мораль қағидалары тұрғысынан бұған жол берілмейтіндей  нысанда көрінген іс әрекет және сөз.

Заң ар намыс, қадір-қасиет пен бірге жеке өмірге кім кімнің тапынан болсын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Мысалы, азаматқа қатысты ақпаратты оның келісімінсіз жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға болмайды, ол үшін тек азаматтың ғана келісімі емес, сондай-ақ мұндай ақпаратты заңда қарастырылған сақтау, пайдалану тәртібі де сақталуы тиіс. Егер ол заңдық жауаптылыққа тартылған болса, ақпаратты құқық қорғау органдары (милмция, прокуратура, сот) азаматтың келісімінсіз жинай алады. Егер адам жауаптылыққа тартыомаған болса, аталған органдардың ол туралы ақпарат жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға құқығы жоқ.

Жеке өмірге араласпау тұрғын жайға қол сұқпаушылықты белгілеуді білдіреді. Үй иесінің келісімінсіз ешкімнің де басқа дамның үйіне, басқа дамның пәтеріне басып кіруге құқығы жоқ.

Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге қызмет етеді.

Қазақстан социалистік (мемлекеттік) экономикадан нарықтық экономика деп аталатынға өту процессін жүргізуде. Нарықтық экономика жеке меншік иелерін өндіріс құралдарынан жеке меншікті тудырып, қалыптастырады. Марксизм-ленинизм ілімі адамды адамның қанауының негізі айықпас дерті ретінде жеке меншікке қарсы болды. Алайда, КСРО кезінде үстемдік еткен мемлекеттік меншікте адамдарды қанаудан арашалай алмады.

Қазіргі заманға алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жеке меншіктің дамуын бетімен жіберуге болмайды. Ол мемлекет арқылы реттелуі тиіс. Мемлекет меншіктің жинақталуына бірақ кәсіпкерлік қызмет қоғам экономикасының қалыптасуы мен дамуына ықпал етуіне бағытталған жеке бастамаға қолдау көрсетуі тиіс. Оның үстіне Қазақстан мемлекеті адамдар игілігіне, демократия мен әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың негізі ретінде «орташа» таптың қалыптасуына игі ықпал етеді деген үмітпен жеке меншік иелерін мүмкіндігінше көбірек қалыптастыруға қолдау көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан мемлекеттік меншіктің елеулі бөлігін жекешелендіру (жеке адамдарға беру) жүргізілуде

Сөйтіп әр бір азамат белгілі бір мөлшерде жеке меншікке ие болады. Яғни, жалпыға бірдей мәрелік бастау қамтамасыз етіледі. Ал одан арғысы әркімнің жеке қабілетіне және басқа да мән жайларға байланысты болады. Кеңестік Конституция тек азаматтың ғана өзіндік меншігін нығайтты. Ол жалақының есебінен құрылды және адамның қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етті. Жеке меншіктің өзі байудың қайнар көзі болып табылады. Сондықтан жеке меншікке құқық адамның өзіндік меншігі құқығынан елеулі түрде ерекшеленеді.

Меншік иесі өз меншігіне заңға сәйкес билік етуге құқылы. Бұл өз мүлкін жекеленген адамға, қоғамға зиянды түрде, яғни басқа адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттің заңды мүделеріне нұхсан келтіре отырып пайдалануға болмайды деген сөз.

Жеке меншік әр түрлі жолдармен: материалдық игілік өндірісі, рухани құндылық, мұра, силық алу, бағалы қағаздарды өткізу және тағы басқалардың нәтижесінде алынуы мүмкін. Егер меншік заңды негізде алынған болса, ол мемлекет арқылы қорғалады.

Мемлекет өз азаматтарының меншікке құқығын ел ішінде де, сондай-ақ сырт жерлерде де қорғайды. Мемлекет жеке меншікті: біріншіден, қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлықтан, талан-таражға салудан, бұзылудан), екіншіден оған нұқсан келтіретін кез келген іс әрекеттен қорғайды. Жеке меншікке қол сұққаны үшін кінәлі қылмыстық және мүліктік жауаптылыққа тартылады. Заң жеке меншікті мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар тарапынан болатын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Егер мемлекеттік орган азаматтан мүлікті алу туралы шешім шығарса, онда ол келтірілген залалдың орнын толтыруды немесе мүлікті қайтаруды талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.

Меншік иесі басқалардан заңсыз иеленген өз мүлкін қайтаруын талап етуге құқылы. Айталық, азамат басқа адамның қолында болып шыққан өз мүлкін таныды делік. Егер заңсыз иеленуші мүлікті иесіне өз еркімен қайтармаса соңғысы мүліктің қайтарылуын талап етіп сотқа жүгінуге құқылы. Егер мүлік әлде кімнің кінәсінен бұзылса меншік иесі келтірілген зиянның орнын толтыруын сот арқылы талап етуге құқылы.

Жеке кәсіпкерлік – азаматтың экономикалық бостандығын жүзеге асыру нысаны. Нарықтық қатынасқа көшудің басты шарттарының бірі жеке кәсіпкерлікке бостандықты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңестік кезеңде жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға талпынған адамдардың талаптары басылып тасталды. Мұндай қызмет заңсыз баяудың негізі, ізгіліктің жойылуына апарып соқтыратын тоғышарлық идеологияның көрінісі деп есептелді. Нәтижесінде жеке  кәсіпкерлік толық дерлік таратылды. Осының кесірінен адамдар жүздеген жылдар бойы сақталған ұлттық кәсіпшілік дәстүрін жалғастыру және жетілдіру мүмкіндігінен айырылды(қолымен кілем тоқылды, зергерлік іс ж.т.б.). Бұл адамдардың шаруашылық өміріне елеулі зиян келтірді, кәсіпкерлік құлшынысты басып тастады, еңбек дағдыларының жойылуына әкеліп соқтырды. Осындай саясаттан мемлекетте, қоғамда, халықта, әр адам да ұтылды. Енді кәсіпкерлік қызметке деген көзқарас түбегейлі өзгерді.

«Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы бар» (26-шы бап).

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Онда шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғаудың негізгі нысандары мен әдістері қарастырылды. Мемлекет, оның органдарының шағын кәсіпкерліктің қызметіне тікелей араласуына құқығы жоқ. Шағын кәсіпкерлікке іс әрекет еркіндігі толы берілген. Әрине, бұл орайда олар заңды бұзбауы тиіс. Шағын кәсіпкерліктің құқығын бұзған лауазымды адамдар жауаптылыққа тартылады.

Шағын кәсіпкерлік – азаматтардың әр түрлі тауарларға (қызмет, көмек көрсетулерге) қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Мұндай қызметті азаматтың өзі немесе оның атынан басқа адам атқарады. Әрине, кәсіпкерлікпен айналысуға шешім қабылдаған адам оның тіпті жеңіл жұмыс емес екендігін, тәуекелді қажет ететіндігін түсінуі тиіс. Өйткені адам өз қызметіне, өз мүлкіне өзі жауап береді. Кәсіпкерлік қызметінің нәтижесінде басқа біреуге келтірілуі мүмкін зардаптар үшін ешкімде: мемлекетте емес, оның органдары да емес, не басқа да адамдарда емес, тек өзі ғана жауап береді.

Кәсіпкерлікпен жеке дамдар немесе адамдар тобы айналыса алады. Мемлекет кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер белгіледі: мемлекеттің қорынан несие бөледі, қажетті жабдықтармен және басқалармен қамтамасыз етед. Мұндай көмек ең алдымен материалдық құндылықтар өндіретін кәсіпкерлерге жасалады. Ол түсінікті, мұндай кәсіпкерлер экономиканы дамытуға, адамдардың осындай тауарларға сұранысын қанағаттандыруға ықпал етеді. Өндіріспен айналысатындарға (фермерлерге, тұтыну тауарларын өндірушілерге, және басқаларына) қолдау көрсететін кәсіпкерлікпен бәсекені қолдау қоры құрылды.

Еңбек ету бостандығы – азаматтардың негізгі құқытарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.

«Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» (24-ші бап).

Сонымен, еңбек ету бостандығы құқығы, біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу құқығын білдіреді. Екіншіден, әр бір еңбек етуге қабілетті адамның өз қалауымен мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынға, мекемелер мен ұйымдарға жұмысқа орналасуға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Үшіншіден, бұл құқық адамның жұмысқа өз мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік береді.

Конституция, заңдар адамның жұмысқа өзінің орналасуына құқық береді. Жұмысқа орналасу үшін еңбек шарты жасалады. Еңбек шартының мынандай белгілері бар:

— еңбек етуші белгілі бір ұжымның құрамына кіреді немесе нақты бір адамға жұмыс істеу үшін жасалады;

— ол еңбек шарттарында көзделген жұмысты орындайды;

— ол еңбек тәртібіне, еңбек режиміне бағынады;

— ол еңбек ақыны шартта көзделгендей сан мен сапа бойынша алады; және еңбек ақы заңымен белгіленген мөлшер деңгейінен төмен болмауы тиіс;

— ұжым әкімшілігі, жеке жалдаушы жұмысқа қолайлы жағдай жасайды.

         Әкімшілік (мемлекеттік, кооперативтік ұйымдар, жеке кәсіпкер) еңбек шарттарының екінші тарабы болып табылады.

         Конституцияда мынандай қағида бар:

«Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша немесе төтенше жағдайда не соғыс жағдайында ғана жол беріледі» (24-ші бап).

Жоғарыда айтылғандай ешкімнің ешкімді зорлап жұмыс істетуге құқығы жоқ. Жұмысқа зорлау – құлдықтың белгісі.

Еріксіз еңбектің уақытша сипатта болатынын айтқан жөн және адамның денсаулығына нұқсан  келтірмеуі, ар-намыс бостандығын.

Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары еңбек бостандығын жариялай отырып, еңбек шарттарының еркіндігіне де кепілдік береді. Мемлекет жұмыс істегісі келетіндердің жұмысқа орналасуын көздейді. Алайда, нарықтық қатынас жағдайында жеке кәсіпорын пайда болған кезде мемлекет онда жұмыс істегісі келетіндерді оған күштеп қабылдаттыруға жол берілмейді. Жеке кәсіпорын (кәсіпкерлер) жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару мәселелерін заң негізінде өз қалауларымен шешеді. Мемлекет, бұрынғы Кеңес өкіметі кезіндегідей, олардың саны қысқарып жатқандықтан, оларды өз кәсіпорындары мен мекемелерінде орналастыруға мүмкіндіктері жоқ. Соның нәтижесінде жұмыссыздық пайда болады. Мемлекет оларға немқұрайлы қарай алмайды, сондықтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастырумен шұғылданатын арнаулы органдар құрады. Жұмысынан айырылған немесе жұмысты алғаш іздеушілер, сондай-ақ ұзақ үзілістен кейін жұмысқа орналасқысы келетіндер, жұмыссыз деп танылып, тіркеле алады. Тіркелгеннен кейін сегіз күннен соң жұмыссыз адам жәрдемақы ала бастайды. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мезгілі заңда қарастырылған. Жұмысқа орналастыру органдары жұмыссыздар үшін жұмыс іздестіруі тиіс.

Азаматтардың ереуілге шығу құқығы. Кеңестік өкімет жылдарында «ереуіл» ұғымы жоғалтылды. Кеңес мемлекеті халықтық мемлекет деп танылғандықтан, ол халықтың мүддесін көздеуі, оны қорғауы, оның сұранысын қанағаттандыруы тиіс болды. Сондықтан да халықтың да, адамдардың жекеленген тобының да толқу, ереуіл ұйымдастыруға құқығы болмады. Алайда, мемлекеттік кәсіпорындар адам еңбегін қанады, еңбегі үшін ақыны толық төлемеді, барлық жерде бірдей еңбек етуге қолайлы жағдай жасалған жоқ. Кеңес азаматтары шырайлы болашаққа үмітпен қарады. Егер өкіметке өзінің еңбек жағдайын жақсартуды талап еткендер шыға қалса, оларды қылмыскерлер ретінде жауапқа тартты. Қарағанды облысында 60-шы жылдары жұмысшылардың қарсылығын осындай қаталдықпен басты. Демек, өздерінің экономикалық құқығын қорғау мақсатында оны ұйымдасқан түрде білдіруге еңбек адамдарының құқығы болған жоқ. Енді әркім өзінің еңбек ету құқығын қорғай алады, сондай-ақ азаматтар ереуілге шығуға да құқылы.

Азаматтардың демалыс құқығы. Қазақстан Республикасының заңы қызметкерлердің демалыс құқығын жан-жақты реттейді, оның үстіне демалыс туралы заң мемлекеттік сияқты ұжымдық және жеке кәсіпорындарды қамтиды. Демалыс уақыты – қызметкердің өзінің еңбек ету міндеттемесін орындаудан босаған кездегі уақыттарын оның өзінің қалауы бойынша пайдаланатын уақыты.

Демалыс уақытының мынандай түрлері бар:

Жұмыс күні ішіндегі үзіліс. Мұндай үзіліс екі сағаттан ұзақ болмауы тиіс және түскі уақытта беріледі. Үзіліс, әдетте, жұмыс уақыты басталған соң төрт сағаттан кейін беріледі. Емшектегі баласы бар әйелге кем дегенде жарты сағат қосымша үзіліс беріледі. Ол уақыт жұмыс уақыты деп есептелінеді және оған ақы төленеді. Жұмыс күнінің мұндай тәртібі жұмыс уақыты 7-8 сағатқа созылатын жерлерде белгіленеді. Оқу орындарында үзіліс берудің басқа тәртібі белгіленеді.

Жұмыс күндері арасындағы үзіліс. Мұндай үзіліс жұмыс аяқталған соң басталып, келесі жұмыс күніне дейін созылады.

Апталық демалыс уақыты. Баршаға ортақ демалыс күні – жексенбі. Аптасына бес жұмыс күні белгіленген жерлерде сенбі демалыс күндері деп есептелінеді. Жұмыс уақытының ұзақтығы 42 сағаттан аспауы тиіс.

Жылдық демалыс уақыты —  кем дегенде 15 жұмыс күндік демалыс. Әр түрлі салаларда тағы да қосымша демалыс беріледі. Мысалы, мұғалімдерге берілетін демалыс күнінің ұзақтығы 48 жұмыс күні.

Мектептерде, арнаулы оқу орындарында оқитындарға қосымша демалыс ақысы төленеді. Бұл оқитындардың ойдағыдай білім алуына мүмкіндік береді. Жұмыс орны әкімшілігінің қандай да бір себептермен болсын заңда көзделген демалысты беруден бас тартуға құқығы жоқ. Мемлекеттік сияқты, жеке кәсіпорындардың да әкімшіліктері заң ережелерін орындауға міндетті.

Азаматтардың тұрғын үй құқығы.  Гуманды болғысы келетін мемлекет әр азаматына қолайлы жағдай жасауға, олардың әр қайсысының тұрғын үйі болуына ұмтылуы тиіс. Міне осыдан келіп,Қазақстан мемлекеті азаматтардың тұрғын үйге құқығына мынандай кепілдік береді: 1.Азаматтар тұрғын үй салуға, сатып алуға, белгіленген тәртіппен мемлекеттік, кооперативтік тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқылы. 2. Азаматтар тұрғын үй немесе пәтер сатып алуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тегін немесе жалға алуға құқылы, 3. Мемлекет азаматтарының жеке немесе кооперативтік үй тұрғызуына, оның ішінде қарыз алу жолымен тұрғызуына көмек көрсетеді, 4. Тұрғын үйден қуып шығуға кім кімге болсын тиым салынады. Қуып шығу заңда көзделген жағдайда ғана жүзеге асырылады, 5. Азаматтар тұрғын үйді пайдалану мүмкіндігінен айырылған немесе ол мүмкіндік шектелген жағдайда заңсыздықтың тоқталуы туралы сотқа жүгінуге құқылы. Егер азаматтың үйі орналасқан жер тілімі мемлекет мүдесіне алынатын болса мемлекет оның құнын қайтару немесе орнына пәтер беруі тиіс.

Азаматтардың тұрғын үйге құқығы болуымен бірге оларға тұрғын үйді пайдалануға байланысты міндеттер де жүктеледі. Ол тұрғын үйді белгіленген мақсатта пайдалануы, тұрғын үйді күтіп, тұрғын үйді пайдалану тәртібін сақтау, пәтер ақыны уасқытылы енгізіп отыру, салықты төлеуі тиіс.

Нарықтық қатынасқа көшуге байланысты мемлекеттің тұрғын үй жөніндегі саясаты айтарлықтай өзгерді. Енді мемлекет бұрынғыдай азаматтардың бәрін бірдей тұрғын үймен қамтуды міндетіне ала алмайды. Еңбекке қабілетті азаматтар өз еңбегімен, өз қаражатымен, өздері пәтер алуы тиіс. Мемлекет азаматтарының тұрғын үй құрылысын жүргізуіне жеңілдетілген несиемен көмектеседі. Ал халықтың тұрмысы төмен қабатына пәтер тұрғызып беретін болады.

Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы.  Бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілетін тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады. Бұрын барлық медициналық көмекті мемлекет көрсетті, яғни барлық денсаулық ісі мемлекеттің қолында болды. Енді мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерімен (ауыруханалар, емханалар, дәріханалар және тағыда басқалары) бірге жеке медициналық мекемелер құрылуда. Әрине, емханаларды, дәріханаларды және басқаларын дүмшелер емес, арнаулы медициналық білімі барлар құруы және заңда белгіленген тәртіппен құрылуы тиіс. Әрине, жеке медициналық көмекке белгілі бір мөлшерде ақы төленеді.

Барлық саладағы дағдарыс жағдайында денсаулық саласының жаңа жүйеге көшуі медициналық қызметті бірден жақсарта алмайды. Мұны медициналық көмекке мұқтаж әр адам қатты сезінеді. Алайда, біздің мемлекетіміз, оның жергілікті жерлердегі органдары халықтың денсаулығы туралы тұрақты қамқорлық жасауы тиіс. Бұл – олардың конституциялық міндеті. Әйтпесе, тек адамдардың, әсіресе жеткіншек ұрпақтың денсаулығы төмендеп қана қоймайды, жұқпалы ауырулар таралуы мүмкін. Ал олармен күрес бұл жұмысты жоспарлы және жүйелі түрде жүргізгеннен әлдеқайда көп қаржы мен күш жұмысауды қажет етеді. Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту көп жағдайда жергілікті мәслихат депутаттарының, жергілікті әкімшіліктердің белсенді қызметіне байланысты. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау туралы, жергілікті атқарушы және өкілетті органдар туралы заңдар мынандай міндеттер: 1) балалар міндетін қысқарту, олардың денсаулығын жақсарту; 2) өндірісте еңбек ету жағдайын жақсарту; 3)жұқпалы, кәсіби ауырулардың алдын алу және оларды жою жұмыстарын жүргізу; 4) барлық адамдардың денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау, сыррқаттанған кезде медициналық көмек көрсету міндетін жүктейді.

Денсаулық сақтау құқығы, сондай-ақ азаматтардың әр түрлі жолдарды (бұхаралық ақпарат құралдары, хат және тағыда басқалар) пайдаланып, халықтың қамтылуын жақсарту мәселесін көтере алатындығын білдіреді. Халықтың денсаулығының негізі – қоршаған табиғи орта. Оның жағдайы қандай болса, адамдардың денсаулығы да сондай.

«Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» (31-ші бап).

Азаматтардың білім алу құқығы.  Білім алу құқығының біраз жайттері бар. Негізінен, орта білім алу міндетті болып табылады. Ол бір жағынан, жасөспірімдердің осындай деңгейде білім алуларын білдіреді. Егер адам жоғары сыныптарда, училищелерде, техникумдарда, университеттерде оқығысы келсе, оның талабына ешкімнің тосқауыл қоюға құқығы жоқ. Әрине, адам өзінің білім алу құқығын жүзеге асыру үшін «күресу» керек – емтиханға шыдап, конкурс бойынша өтуі тиіс. Олар мемлекеттік арнаулы оқу орындарында азаматтар тегін оқиды, егер «жақсы» және «үздік» оқыса стипендия төленеді, ал шетелдік студенттерге жатахана беріледі. Студенттер мен оқушылар сабақтан бос уақыттарында жұмыс істеуге, қосымша арнаулы білім алуға құқылы. Яғни, жеке бастамасына толық еркіндік беріледі.

Әрине, оқушылар мен студенттер құқыққа ғана ие емес. Республиканың білім және жоғары білім заңдарында оқушылар мен студенттердің міндеттері де көзделген. Мемлекет – оқу орындарының құрылысына, құрал жабдықтарына, оларды қалыпты ұстауға, жөндеуге, оқытушылардың жалақысына, стипендияға және тағы басқаларына, әртүрлі: педагогтік, инженерлік, дәрігерлік, заңгерлік және тағыда басқа салаларда жоғары білікті мамандар әзірлеу үшін қыруар ақша жұмысайды. Оқушылар мен студенттердің міндеті – беріліп оқу, терең білім алуға ұмтылу, алған білімін практикада қолдана білу, оқу орынының ішкі тәртібін қатаң сақтау. Сонымен бірге олардың абыройлы борышы – ізгі мұраттарға тәрбиеленген мәдениетті адам болып шығу. Оқу орнына мынандай басым міндеттер жүктеледі:

  • рухани қуаты мен таланттының жарқырап көрінуіне, ізгі дәстүр негіздерін қалыптастыруға әр адамның д.ниетанымын кеңейтуге жағдай жасау;
  • азаматтыққа, оқушылардың отбасы, қоғам мен мемлекет алдындағы өзінің борышын, қоғамның мәдени, саяси өміріне қатысу қажеттігін түсінуіне тәрбиелеу;
  • оқушылардың қазіргі заманғы деңгейде жалпы және арнаулы білім алуына жағдай жасау;
  • өз ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті зерттеп, халықтың әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді меңгеруіне жағдай жасау.

Білім берудің мемлекеттік жүйесімен бірге Конституция жеке білім беру жүйесін: мектептер, колледждер, университеттер және басқа да оқу орындарын ашуға рұхсат етеді. Жеке білім беру жүйесі жеке адамдардың қаржысымен құрылады. Жеке оқу орындарында білім ақылы түрде беріледі. Оларды мемлекеттік органдар емес, оны құрудың бастамашылары басқарады.Олар білімді көлемі жағынан да, деңгейі жағынан да тиісті мемлекеттік оқу орындарына аз және төмен бермеуі тиіс. Тек осындай жағдайда ғана оларды ашуға және қызмет істеуіне рұхсат етіледі, олардың куәліктері мен дипломадарының сонда ғана заңдық күші болады. Сөз жоқ, мемлекеттік және жеке оқу орындарында  бәсекелестіктің болуы түсінікті. Мұндай бәсекелестік оқушылардың білімін жақсартып, тереңдетуіне ықпал жасауы тиіс. Әрине, адамдар мемлекеттік оқу орындарымен салыстырғанда терең және түбегейлі білім алу үшін ақылы түрде оқиды. Сондақтан, мемлекет бәсекеге төтеп беру үшін өздерінің оқу орындарының қызметкерлеріне қолайлы жағдай туғызып, білім сапасын көтеруі қажет.

Азаматтардың көркем, ғылыми және техникалық шығармашылық құқығы туралы да айта кеткен жөн. Мемлекет азаматтарының рухани шығармашылыққа ұмтылысын қолдайды. Ұлттық Ғылым Академиясында, университеттерде, ғылыми орталықтарда мемлекеттің қолдауына сүйенген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Екінші жағынан, мемлекет азаматтардың өнертапқыштыққа, жаңалық ашуға, ғылыми еңбектер мен көркем шығармаларға авторлық құқығын қорғайды. Қазақстан Республикасының заңында бұрын белгісіз жаңа ұғым – интелектуалдық меншік ұғымы пайда болды. Ол да азаматтардың мүліктік меншігі сияқты қорғалады.

 

  1. Саяси құқықтар мен бостандықтар және

басты міндеттері

 

Демократиялық мемлекет құру мақсатында Қазақстан азаматына саяси сипаттағы айтарлықтай кең мөлшердегі құқық пен бостандық кепілдігі берілген.

Мемлекеті құрудың ең басты проблемасы — өкілетті органдарды қалыптастыру. Қазақстан азаматы барлық: аудандық, қалалық, облыстық маслихаттардан Республика Президентіне дейінгі деңгейдегі өкілетті органдарды қалыптастыруға тікелей қатысады. Аталған өкілетті органдарды сайлауға жасы 18-ге толған азаматтар қатысады. Азаматтардың бұл құқығы ұлтына, нәсіліне, біліміне, жынысына, лауазымына, мүліктік жағдайына және басқаларына қарап шектелмейді. Егер кімде кім азаматтық сайлау құқығын шектеуге әрекеттенсе, онда ол тіпті қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде азаматтың сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіруге әрекеттенгендерге жаза көзделген. Бұл қылмыс дауыс беруғ, депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесу, кандидатураны, олардың бағдарламаларын талқылау кезінде кедергі келтіру түрінде көрінуі мүмкін. Кедергі келтірудің күштеу, алдау, қорқыту, сатып алу тәсілдері де болуы мүмкін.

Сайлауға барлық өкілетті органдардың азаматтары тең құқықта қатысады. Әр адам бір дауысқа ие, жергілікті өкілді органдарды және Парламентке сайлау кезінде азамат тек бір рет дауыс береді. Алайда, ол туралы айтылғандай, Қазақстан Республикасының Парламентіне сайлаудың өзіндік ерекшелігі бар.

Республика азаматының саяси құқығына бейбіт жиналыстар, митингілер, демонстрацияалар, шеру өткізу, тосқауылдарға тұру құқығы жатады. Бұл шаралар белгілі бір мәселелерді шешу немесе азаматтардың еркі мен тілегін білдіру мақсатында жүргізіледі. Мысалы, сайлаушылар депутаттыққа кандидатты талқылау үшін мемлекет сияқты жеке ұйым-ұжымдары өздерінің мемлеке саясатына көзқарасын білдіру, мемлекеттік органдардың заңдары мен шешімдерінің жобаларын талқылау үшін жиналуы мүмкін. Ақыры соңында, азаматтар мемлекеттік, ұлттық мейрамдар кезінде өз еріктерімен демонстрацияларға шығулары мүмкін. Мемлекеттік органдар азаматтардың мұндай заңды тілектеріне кедергі келтірмеулері тиіс.

Бостандық, алайда, анархия, бетімен кетушілік емес. Тәртіпсіздік ұйымдастыруда көздейтін заңға қайшы келетін демонстрациялар, жиналыстар өткізуге тосқауылдарға тұруға тиым салынады.

Сөз жоқ, азаматтардың әр түрлі қоғамдық бірлестіктері бірлестіктер құру құқығының саяси мәні бар. Мәселен мынада, бұл бірлестіктердің (діни бірлестіктерден басқасы) мемлекеттің саяси өміріне қатысуға, атап айтқанда өкілетті органдарды  қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының Конституциясының талабы шеңберінде саяси бағдарламалар әзірлеуге және т.б. құқықтары бар. Азаматтар қоғамдық бірлестіктерге өз еріктері мен кіреді, сондықтан олар солардың  бастамасы құрады. Бірлестіктер жарғыларын мақсаты мен міндеті Конституцияда, заңдарға қайшы келмейтінде етіп әзірлейді.

Мемлекеттік қызметке кіруге тең құқық. Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық саяси құқықтарының бірі болып табылады. Конституцияда мемлекеттік қызмет туралы бірқатар негіз боларлық идеялар беріледі. Онда мемлекеттік қызмет лауазымына кандидатқа қойылатын талап тек лауазымдық міндеттер сипатымен ерекшеленіп, заңмен белгіленетіні көрсетілген. Екінші бір Конституциялық қағида мемлекеттік қызметкердің жасы 60-65 жастан (33-ші баптың 4-ші тармағы) аспауы тиіс.

Конституциялық қағидаларды жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет ұйымдастыру негіздерін мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайын анықтау, мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995 жылғы 26 желтоқсан) заң күші бар жарлық шығарды. Жарлықта мемлекеттік қызметке анықтама берілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарындағы азаматтардың конституциясы негізінде жүзеге асыратын және мемлекеттік басқаруды, мемлекеттің өзге де міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруды көздейтін кәсіби қызметі. Жарлықта лауазымдық өкілеттігін мемлекеттік органның атынан жүргізетін Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер болып табылатындығы көрсетілген.

Жарлықта мемлекеттік қызметтің қағидалары бекітілген. Бұл қағидаларды мемлекеттік қызметке, мемлекеттік қызметкердің құқықтары мен міндеттеріне, мемлекеттік қызметкермен құқықтық байланыс орнатуына қарай үш топқа бөлуге болады.

Мемлекеттік құқықтық институт ретінде бірінші топқа мынандай қағидалар жатады:

  • Заңдылық қағидасы, яғни, мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Конституция қағидаларын, заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерін мүлтіксіз орындауға негізделуі тиіс;
  • Мемлекеттік қызмет жүйесінің тұтастығы қағидасы, ол мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы, және сот тармақтарына бөлінетіндігіне қарамастан қызметтің тұтас жүйесін ұсынатындығын білдіреді;
  • Мемлекеттік қызметтің үздіксіздігінің мемлекеттік қызмет кадрларының сабақтастығымен және ауыстыруымен ұштасатындығы; ол бір мемлекеттік қызметкердің ауысып, оның орнына екіншісінің келуімен мемлекеттік қызметтің үздіксіздігін білдіреді.

Қағидалардың екінші тобына мыналар жатады:

  • баршаға жолдың ашықтығы, яғни өздерінің қабілетіне және кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқылығы; баршаға жол ашықтықтық кез келген азамат кез келген мемлекеттік қызметке кіре алады деген сөз емес. Мемлекеттік қызмет жоғарыда айтылғандай азаматтардың мемлекеттік органдардағы кәсіби қызметі. Тиісінше, мемлекеттік қызметке кіргісі келген азаматтың нақты жұмысты орындауға кәсіби әзірлігі және қабілеті болу керек;
  • азамат мемлекет қызметіне өзі еркімен кіргендікетен ол өзіне қатысты барлық талапты, барлық ережені орындауды міндетіне алады. Ол үшін олардың өкілеттігі шегінде жоғары тұрған органдардың шешімін орындауға міндетті;
  • Өз қызметін жүргізу процессінде мемлекеттік қызметкер қоғамдық пікірді ескеруі тиіс, олардың жұмысы халықтың көз алдында, жария жүргізілуі керек, сонымен бірге, әрине, жариялауға болмайтын мемлекеттік құпия сақталуы тиіс.

Қағидалардың үшінші тобына азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне қатысты ережелер жатады. Ол азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдесінен жоғары тұратындығы. Бұл қағида мемлекеттің әлеуметтік мемлекет болып жариялануынан және халыққа, өз азаматтарына қызмет етуі тиіс екендігінен туындайды. Мемлекеттік қызмет азаматтардың құқықтары мен заңды мүделерін көздейтін қызметті білдіреді. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтары және бостандықтары мен бірге олар өз еріктерімен орындауы тиіс міндеттері де бар. Мемлекеттік қызметкерге азаматтардан олардың заңды міндеттерін орындауларын талап ету өкілеттілігі беріледі.

Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік органдар атынан әрекет етеді, оларға мемлекет берген өкілеттілікті жүзеге асырады, сондықтан мемлекеттің беделі мен мәртебесін сақтау үшін мемлекеттік қызметкерлерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Осыны ескере отырып, заң мемлекеттік қызметкерге заңдық қана емес моральдық міндеттерді де жүктейді. Мемлекеттік қызмет туралы жарлықта мемлекеттік қызметкер Конституцияның, Республика заңдарының, сондай-ақ қызмет этикасының нормаларын сақтауға міндетті екендігі көрсетіледі. Осы ережені одан әрі дамыту үшін Президент жарлығымен 1997-ші жылдың 16 маусымында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этикасы ережелері» бекітілді. «Ережеде» мемлекеттік қызметке келудің қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім көрсетудің белгісі екендігі айтылған. Ал бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкері осы «ережемен» белгіленген жалпыға ортақ этикалық нормалармен қағидаларды сақтауы тиіс деген сөз. Ол екі топқа бөлінеді:

  • Мемлекеттік қызметкер міндетті қызметін орындау кезінде сақтауы тиіс этикалық нормалары мен қағидалары жатады. Атап айтқанда оған мыналар кіреді: Мемлекеттік қызметкер мемлекет мүдесін қорғауға міндетті және Президент саясатын қолдаушы болуы тиіс. Ол Қазақстан халықтарының бірлігін және елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға күш салуы тиіс. Ол жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды сақтауға және Қазақстан халықтарының алуан түрлі әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндетті. Әділдік, шындықты тура айту, ешкімді алаламау, жемқорлық көріністеріне қарсы тұру олардың моралдық міндеті болып табылады. Ол қарапайым басқа адамдардың ар намысын, қадір-қасиетін құрметтей білуі керек.
  • Ол мемлекеттік қызметкердің жеке өміріне қатысты моралдық талаптар. Ол қызметтен тыс қатынастарда өзінің лауазымын алға тартпауға, Республиканы кемсітіп, оның беделіне нұхсан келтіретіндей қандай да болсын міндеттемелер алып әрекет жасамауы тиіс. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік ақпараттарды өзінің жеке басына және басқа да жеке мүделерге пайдаланбауы, қызметтік міндетін орындауға қатысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдамауы және басқа да теріс қылықтарға бармауы тиіс.

Демек азаматтың мемлекеттік қызметке келу құқығының терең саяси мәні бар. Ол мемлекеттік органдарды мемлекет қызметтерін жүзеге асыру жөніндегі қызметпеен айналысуды өз еркімен міндетіне алған азаматтар мен қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы – саяси құқық, сондықтан ол, негізінен, мемлекеттің мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дербес мәні болғанымен (оны азаматтар өз қалаулары мен пайдаланулары мүмкін), оларды азаматтардың міндеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Әр адамның басқа адамдардың алдында, қоғамның алдында, мемлекеттің алдында белгілі бір міндеттері бар. Қоғамда өмір сүріп тұрып, одан мүлдем тәуелсіз болуға болмайды, әр адамның өмір сүруге өзінің денсаулығын сақтауға өз еңбегінің жемісін көруге табиғи құқығы бар. Нақ осылай өмір сүруге, денсаулығын, меншігін және басқаларын сақтауға құқылы басқа адамдар да құқықты құрметтеуі керек. Адамдардың табиғи міндеті осылайша табиғи түрде пайда болады. Адамдарда олардың өмір сүруінің нысаны болып табылатын және ол туралы қамқорлық жасауы тиіс қоғамның алдында мемлекетінің алдында міндетті. Бұл міндеттердің маңыздылығы сондай, ол заңмен бекітіледі. Демек, міндеттемелерді орындамаудың оны бұзғандары үшін елеулі зардаптары болады.

Азаматтарға көптеген құқықтық міндеттер жүктеледі. Оларды Конституцияда көздеген міндеттерге бөлуге болады. Конституциялық міндеттер басты міндеттер болып табылады. Оған мыналар  жатады:

Конституция мен заңдарды сақтау. Конституция – Қазақстан мемлекетінің негізг.і заңы, ол халықтың еркін білдіреді, мемлекеттің құқықтық негізін, азаматтардың құқықтық жағдайын белгілейді. Конституция халықтың мемлекетті билеу тәсілдерін белгілейді. Конституция – мемлекеттің егемендігі мен тәуелсізідігн бекітетін ең маңызды мемлекеттік акт. Басқаша айтқанда, Конституция – Қазақстан мемлекетінің басқа елдердің мемлекетімен өзара байланысының негізгі қырларын белгілейтін акт. Міне осылардан келіп, ешкімді алаламай лауазымды адамдардың, Конституцияны сақтау міндеті туады. Егер олай болмаса Конституциялық нормаларды бұза отырып, азаматтар, мұны қалайды ма, қаламай ма, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсізідіге, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуін, оның іште де, халықаралық қатынастарда да беделі түсуіне әрекет қылған болып шығады.    Сондақтан қоғамда қандай орын алса да , қандай лауазымды қызмет атқарса да Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу және мүлтіксіз сақтау әр азаматтың қасиетті борышы болып табылады.

         Республиканың заңдарын сақтау азаматтардың Конституциялық міндеті болып табылады. Сақтау дегеніміз, бір жағынан, заң талаптарын бұзбау, мысалы, әкімшілік, тәртіптік теріс қылықтар жасамау; Екінші жағынан жүктелген міндетті орындау. Әрине, заңдарды сақтау азаматтардың заңдарды білетіндігін (немесе білуге тиістілігін) білдіреді. Алайда, іс жүзінде заңдарды азаматтардың бәрі бірдей біле білмейді. Сондықтан Конституция барлық заңдарды басқа да нормативтік актілерді жариялауды міндеттейді. Жарияланбаған заңдар қолданылмайтын заңдар деп есептеледі. Азаматтар өзіне, жұмысына қатысты заңдарды білуі, сақтауы тиіс. Азаматтардың заңдарды сақтамауы басқа адамдарға, қоғамға және мемлекетке зиян келтіреді. Оның  үстіне заңды бұзу – құқықбұзушының өзінің өміріне, бостандығына, игілігне қауіп төндіреді. Демек, заңды бұзудан ешкім де ұтпайды. Айналып келгенде бәрі де зардап шегеді.

Азаматтардың тағы бір конституциялық міндеті – басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу.   

Азаматтарға осындай міндет жүктей отырып, Конституция ең жоғары құндылық ретінде азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, ар намысына, қадір-қасиетіне айырықша мәне береді. Шынында да өмірден, денсаулықтан, жеке бастың бостандығынан, адами қадір-қасиеттен құнды не бар?! Тіпті, ең қолы қанды, аса қауіпті қылмыскердің өзі өзінің өмірін, бостандығын сауғалап жазадан құтылып кетуге тырысады. Басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу үшін мейлінше адал, тәрбиелі, мәдениетті, әр адамныі заңмен қолға алатынын терең түсіне білуі керек. Әрине, адамның ізгі қасиеттері, негізінен, отбасылық, қоғамдық қатынаста қалыптасады. Белгілі бір дәрежеде адамға биологиялық факторда ықпал етеді. Бірақ, адамды қалыптастыратын ең маңызды фактор – оның санасы, орта. Алайда, заң үшін адамның қандай ортада тәрбиеленгенінің ерекше мәні жоқ. Заң барлық адамның теңдігі және қылмысына орай әр адамның бірдей жауап беру қағидасына сүйенеді.

Салықтар және алымдар төлеу міндеті.      Мемлекеттің, барлық адамдардың, мелекет қаржыландыратын ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруінің маңызды құралы салықтар мен алымдар болып табылады. Нарықтық қатынастарға көшу , жеке кәсіпкерлікті дамыту жағдайында салықтар мен алымдардың ең негізгі бөлігі жеке адамдардан, азаматтардан түседі. Салықтар мен алымдарды дер уақытында саналы түрде төлеу қажеттілігін адамдар көбірек сезінген сайын, мемлекеттің де қуаты арта түседі. Адамдардың өмірін жақсартуға білім, ғылым, денсаулық салаларын дамытуға, зейнетақы төлеуге қаржы көбірек жұмысалатын болады.

         Салықтар мен алымдар Республикалық және жергілікті салықтар мен алымдарға бөлінеді. Республикалық салықтар мен алымдарды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және өзгертеді. Салықтар, алымдар, баж салықтар – салық төлеушілерден міндетті түрде түсетін ақшалай қаржы. Жеке тұлға – ол Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адамдар. Жоғарыда көрінгендей салықтар мен алымдарды тек Республика азаматтары ғана емес шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да төлейді. Бұл дұрыс, сөйтіп, шетелдіктер рұхсат еткен қызмет түрлерінің бәрімен айналыса алады. Мемлекет оларға қолайлы жағдай жасайды. Олардың өмірін, денсаулығын, мүлкін қорғайды. Бұған белгілі мөлшерде қаржы жұмысайды. Соған орай шетелдіктерде мемлекетке материалдық қолдау көрсетуі тиіс, яғни мемлекет бюджетіне заңмен белгіленген ақшалай қаражатты енгізуі керек.

         Салықты төлемегені үшін кінәлі жауаптылыққа тартылады.

Меншікті дұрыс пайдалану.     Қазақстан қоғамынын экономикалық негізін меншіктін екі түрі: мемлекеттік және жеке меншік құрайды. Мүліктік меншік-ол материялдық құндылық және пайдалану үшін, яғни, пайдалы қасиеттерін алу үшін құрылады. Меншік иесі өз мүлкін пайдалануға құқылы. Бірақ меншікті пайдалану қоғам шеңберінде, адамдар арасында жүргізілуі және оларға, олардың заңды мүделеріне зиян келтірмеуі тиіс.

         «Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс» (Конституция, 6-шы бап).

         Мүлікті дұрыс пайдаланудың Конституциялық талабы мемлекетпен бірге азаматқа да қатысты. Азаматтардың өз мүліктерін дұрыс пайдалану міндетін ерекше атап айтқан жөн. Енді мүлік дегеніміз тек жеке қажеттілікті қанағаттандыруға ғана қызмет етпейді. Нарық жағдайында зауыттар, фабрикалар мен басқа кәсіпорындар мен техникалық құралдар азаматтардың да меншігіне өтеді. Осы мүлік иелері оны қоршаған ортаға азаматтардың денсаулығына, басқа да заңды мүделеріне зиянын тигізбейтіндей етіп пайдалануы қажет. Бұл міндет орындалмаған жағдайда кінәлі адам мүліктік, ал кейде қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сондай-ақ, олар өндіріс құралдарын алуға, кәсіпорындарын құруға құқылы болғандықтан, мұндай міндет шетелдік азаматтарға да жүктеледі.

 

Қазақстан Республикасын қорғау. Қазақстан Республикасын қорғау – Республика азаматының конституциялық қасиетті борышы. Барлық азаматтар өздерінің әскери борышын өтеуге міндетті.

         Әскери қызмет – Республика азаматтарының қарулы күштер қатарында өздерінің әскери борышын өтеуіне қатысты мемлекеттік қызметінің ерекше нысаны.

         Әскери қызметттің түрлері мынандай:

-Солдаттардың, матростардың, сержанттардың және старшиналардың аз мерзімдік әскери қызметі;

— Солдат, матрос, сержант және старшина қызметінде келісім-шарт бойынша орындалатын әскери қызмет;

— Әйелдердің бөлімдерде келісім-шарт бойынша орындайтын әскери қызметі;

— Әскери оқу орындары курстарының әскери қызметі;

— Прапорщиктер мен мичмандардың әскери қызметі;

— Офицер құрамының әскери қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 Конституцияның маңызды ерекшеліктерінің бірі — адам мен азаматтардың  құқықтық мәртебесін жариялау болып табылады. Біз көптеген елдердің Конституцияларының мазмұнын салыстырмалы – құқықтық талдау әдісі мен зерттеу нәтижесінде жазба Конституциялардың бәрінде бірдей әдеттегідей адам мен азамат құқығы, оның бостандығы мен міндеттері белгіленіп, бекітіліп берілетініне көзімізді жеткіздік.

Дегенмен де мынандай жәйтті де ескере кеткеніміз жөн. Конституцияларда адам мен азамат мәртебесі құқығы арасында айырмашылық белгілері де болады. Мұны ажырату қиынға соқпайды өйткені әрбір заң шығарушы бұл үшін мәтінде Конституцимя баптарына сәйкес тұжырымдарды пайдаланады. Мысалы, құқық мәртебесіне қатысты: «Әрбір адам», «Бәрі», «Бірде бір адам», «Ешкім», т.с., ал азамат мәртебесі құқығына қатысты: «азаматтық құқығы бар», «азамат міндеті», «азаматтарға кепілдік береді» сияқты тағы басқа тұжырым, түсініктер пайдаланылды.

Құқықтанушылар құқық, бостандық, міндеттерді әдетте төмендегі негізгі үш топқа біріктіреді:

  1. Жеке (азаматтың) құқықтары мен бостандықтары және міндеттері (мысалы, жеке адамның құқығына қол сұқпаушылық, хат-хабар құпиялылығы өз еркімен көңіл білдіру бостандығы, заңдарды сақтау міндеті ж.т.б);
  2. Саяси (мысалы, белсенді және бәсең сайлау құқығы, жиналыс еркіндігі, Отанды қорғау міндеті ж.т.б);
  3. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени (мысалы, еңбек ету құқығы, кесіп таңдау еркіндігі, шығармашылық еркіндік, салық төлеу міндеті, табиғатты қорғау ж.т.б.) Конституция әрдайым теңдік, бостандық және міндеттер құқығы теңдігі қағидаларын жариялайды.

 

        Пайдаланылған нормативтік актілер мен әдебиеттер

 

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы. А.,1993 жыл, А.,1995.
  • Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1999.
  • Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері, А., 1994.
  • Черняков А.А. Конституционное право Республики Казахстан. А.,1997
  • Қазақстан Республикасының жаңа заңдары. 1-2 том.
  • Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. А.,1998.
  • Баишев Ж.Н. Судебная защита Конституции. А., 1994.
  • Республикалық референдум туралы. 1995 жыл 2 қараша (Президент жарлығы);
  • Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М.,1995г.
  • Қопабаев Ө.Қ. Шетелдердің конституциялық құқығы. А.,1998 жыл.
  • Адам құқықтары туралы халықаралық билль. Алматы, 1998.
  • Қазақстан Республика Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
  • Ж.Д. Бусурманов. Евразийская концепция прав человека. А., 2006.
  • Искакова Г. Права человека в РК А., 1999.
  • Права человека. А., 2002.
  • История права и демократии. А., 2002.
  • Маритен Ж. Человек и государство. М., 2000.
  • Ертисбаев Е.К. Демократизация а Казахстане: 1990-2000 годы. А., 2001.
  • Конституционный контроль в Казахстане. Монография. А., 2005.
  • Теория государства и права. М., 2005.

 

 

 

[1] Адам құқықтары туралы халықаралық билль. Алматы, 1998. 22-40 б

[2] Н.И. Лукашева. Права человека. Москва, 1999 35-59 стр

[3] Қазақстан Республикасының конституциясы.Алматы 1995

[4] Конституция Республики Казахстан: под. ред. Г. Сапаргалиева. – Алматы: Жеті Жарғы, 1998, 13-14 беттер.

[5] Қазақстан Республика Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996, 77 бет.

[6] Қазақстан Республика Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996, 30-31-ші бет.

[7] Тихомиров Ю.А. Действие закона. М., 1992, с. 16-17.

[8] Сапаргалиев Г.О. Проблемах действия Конституции. Выступление на международной научно-практической конференции «Конституция Республики Казахстан и актуальные проблемы юридической науки» / Вестник Министерства юстиции. 1996. №1.

[9] Сапаргалиев Г. О соотношении норм Конституции и международно-правовых норм Сапаргалиев Г. Становление Конституционного строя Республики Казахстан. 1990-1996: сб. статей – Алматы Жеті Жарғы, 1997, 21-ші бет.

[10] 5-ші желтоқсан 1997-ші жылғы «Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызмет туралы» заңы.

[11] Нерсесянц В.С. Философия права. М., 1997, с. 17.

[12] Конституция Республики Казахстан. Коментарий. Г.Сапаргалиев – Алматы: Жеті Жарғы, 1998, с. 68-69.

[13]16-шы шілде 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. // Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы: Юрист, 2003, 48-шы бет.

[14] Уголовный Кодекс Республики Казахстан – общая характеристика (в сравнении с УК КазССР). Практическое

[15] 19-ші шілде 1997-ші жылғы Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы».

[16] Указ Президента Республики Казахстан – «О порядке организации и праводении мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республики Казахстан» от 17 марта 1995 года.

[17] Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ресми мәтіні (Жалпы және Ерекше бөлімдер). Алматы: Жеті Жарғы, 2000.