ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ШЕКТЕУ ШЕГІ
Алматы — 2009
ЖОСПАР
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………
- АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………………………………………….
1.1 Адам құқықтарын шектеу институтының ұғымы мен мәні……………….
1.2 Адам құқықтарын шектеу институтының Конституциялық негіздері….
- АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ШЕКТЕУ ШЕГІНІҢ МАЗМҰНЫ………………
2.1 Құқықтарды шектеу мақсаты адам құқықтрын шектеу шегін қалыптастырудың негізгі механизмі………………………………………………………
2.2 ҚР конституциясы нормаларында құқықтарды шектеу мақсаты………..
2.3 ҚР Конституциялық Кеңес қаулыларындағы құқықтарды шектеу мақсаты…………………………………………………………………………………………………….
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………..
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазакстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғаллығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. 20 қырқүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР Конституциясында бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген[4].
Осылайша жүзеге асырылып отырған Конституцияның теориялық мәселелері және адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласындағы шектеу заңдарды жетілдіру таңдап алынған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Ал тақырыптың зерттеу пәні: ҚР адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мен конституциялық құқықтық шектеу шегі.
Зерттеудің әдістемелік негізі-бұл диалектикалық, тарихи-логикалық, институционалдық, құрылымды-жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және баяндаушы ғылыми әдістердің жиынтығы.
Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыс қортындысы табиғи құқық теориясына, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріне, ұлттық және шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып жазылған. Жоғарыда аталған мәліметтермен қатар мемлекет және құқық теориясы саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, конституциялық құқық, философия, политология салаларынан құнды мәліметтер алынған.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жүйелі зеріттелуінен сондай-ақ оның конституциялық-құқықтық және халықаралық-құқықтық аспектілерін қарастырудан тұрады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тұрады.
- АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Адам құқықтарын шектеу институтының ұғымы мен мәні
Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.
Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқықтарын шектеуге қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқықтарын шектеун тікелей реттемейді. БҰҰ жарғысы (1 баптың 3-ші тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұрақты тұратын барлық адамадардың, қандайда болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен қағидаларына сүйенеді. Жоғарыда аталған халықаралық құқықтық актілер адам мен азаматтардың келесідей негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялайды: кез келген адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, шектеу етуі, қадір – қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және басқалардың денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық құқықтық құжаттар адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп таниды. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтарын шектеу туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматтқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады» (12 баптың 2-ші тармағы). Бұл адамның табиғи құқығын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып танылады және Конституцияның «Адам және азамат» деген мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқықтарын шектеумен бірге азаматтардың құқықтары мен міндеттері айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12 баптың 3-ші тармағы). Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заңы тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттері мен бірге «адам құқықтарын шектеу» ұғымы бірнеше рет танылады. Сөз жоқ, «адам құқықтарын шектеу» мен «азамат құқығы» ұғымы бір біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматтыққа қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкімде айыра алмайтын құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының азаматтарына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтары мен бостандықтары шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға да берілген. Алайда «азаматтық құқығы» азаматтық құқығына ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа меңінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай айырықша міндет жүктейді. Міне осы негізде Қазақстан Републикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса онда «барлығы», «адам», «әркім», «ешкім де емес» деген терминдар қолданылады. Егерде құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда ол туралы көрсетіледі. 13-ші бапта : әркімнің құқық объектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерменқорғауға құқылы делінген. 14-ші бапта «Заң мен сотта жұрттың бәрі тең» екендігі айтылады. 17-ші бапта былай жазылған «Ешкімнің құқығын шектеу, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, бұған айырықша мән беріледі» Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын қандайда жағдай бомасын азаматтықтан айыруға болмайды. Конституцияда Республика заматының әскери қызметті өтеудегі міндет айырықша атап көрсетіледі және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнайы мәртебеге иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-ші бабында «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады» деген.
Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысы мен қадір – қасиетіне қол сұғуына ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге айырықша назар аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір – қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс жасайды. Адам өзінің құқығы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде бір мемлекеттік орган, бірде бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқықтарын шектеу мен бостандығын шектеген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс.
Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы — өмір сүру құқығы.
- Әркімнің өмір сүру құқығы бар;
- Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиуға құқығы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі». (Конституцияның 15-ші бабы) Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше қауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын мән жайларда қолданылады. Өлім жазасын қолдану туралы үкім шығармас бұрын сот мұндай ең ауыр жазаны қолданудың мән-жайын жан жақты дәлелдеп, өлім жазасына кесілген адамды толық сипаттап көрсетуі тиіс. Сонымен бірге сот сотталушының психикалық дертке ұшырамағанын да анықтауы тиіс. Мұндай дертке ұшырағандарға жаза мүлдем қолданылмайды.
Өлім жазасына кесілген адам кешірім жасау туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Президентіне жүгінуге құқылы. Кешірім жасау туралы шешім шығарған кезде, сотталған адам қандай кісі, бұрын сотталған ба, бұрын оған кешірім жасалынған ба, жасы, отбасылық жағдайы және тағыда басқа мән жайлар ескеріледі.
Жек адамның өміріне қол сұқпаушылық Конституция арқылы қорғалады.
«Ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға басқадай қатыгездік немесе адамның қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» (17-ші бап).
Конституцияның осы қағидасы негізінен, лауазымды адамдарға қатысты. Қазақстан Республикасының заңдары денеге жарақат түсіретін адамның қадір-өасиетін қорлайтын мұндай шаралардың қолданылуына үзілді – кесілді тиым салады. Азаптау — ұрып-соғу, төбелесу, денеге жарақат салу түрінде көрінуі мүмкін.
Сондай-ақ ар намыс бостандығы да адам бостандығының көрінісі болып табылады. Әр адам, өз еркі бойынша, өзінің дінге қатыстылығын белгілеуге құқылы. Егер адам қайсы бір дінге сенетін болса оның діни рәсімдерді әдет-ғұрыптарды орындауына кедергі келтіруіне құқығы жоқ. Әрине, діни рәсімдерді әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді орындау басқа адамның қоғамның заңды мүдделеріне кеселін келтірмеуі тиіс. Заң дінге сенетіндердің құқығы мен бостандықтарын тікелей және жанамалап шектеуге немесе оларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге тиым салады. Конституция бірде бір діннің артықшылығын көздемейді. Діни көзқарастары үшін жаулық пен кекшілдікті қоздыру адам құқықтарын шектеун бұзу болып есептелінеді. Дінге сенетіндер қасиетті деп есептейтін құрылыстар мен орындарды, заттар мен бұйымдарды қорлау, ұрлау мен арамдау құқық бұзушылық болып табылады.
Заң ар намыс бостандығын жариялай отырып, адамды оның азаматтық міндетін орындаудан босатпайды. Өзінің діни көзқарастарын бетке ұстап азаматтың заңды атап айтқанда әскери міндетін өтеуден бас тартуына құқығы жоқ. Діни бірлестіктерді мемлекеттерден бөлу ар намыс бостандығының басты кепілі болып табылады. Мемлекет, оның органдары, лауазымды адамдары діни бірлестіктердің қызметіне араласа алмайды. Қайсы бір дінге немесе дінге сенбеушілерге жеңілдіктер берілмеуі тиіс. Сонымен Конституция діннің қоғамдағы орнын белгілейді.
«Республикада саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол берілмейді (5-ші бап)».
Бұл ереже әр түрлі бағыттағы дінге сенбеушілердің арасында бейбіт қатынастарды сақтауды көздейді. Екінші жағынан, көптеген діндер және діни бағыттар бар қоғамда қайсы бір дін иделогоиясының мемлекеттік дін идеологиясына айналып кетпеуіне кепілдік жасайды. Адамдардың өткен және бүгінгі ұрпағы «мәңгілік» және идеялар қарсылығына төзбеушілігімен жеке басқа табынушылығы мен іс жүзінде өзіндік діни идеологияға айналған. Коммунистік партия идеологиясының қатігез үстемдігін басынан кешірді. Күштеп жүргізілген ой бірлігінен қоғам да адам да ұтқан жоқ. Айналып келгенде мұндай жағдай Коммунистік партияны басын жұтып тынды. Айта кету керек, тек діни идеология ғана емес, сондай-ақ қандайда болсын саяси партияның , басқа да кез келген қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы мемлекеттік идеология ретінде белгілене алмайды. Бұл арада ешқандай демократияны шектеушілік жоқ. Керісінше, Қазақстанның мемлекеттік өмірін идеяландыру құрсауынан босатау алуан пікірлі демократияның дамуына ықпал етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның ең сапалы қасиеті — ар намыс пен қадір-қасиеттін жоғары қояды. Ар намыс барлық халықта да жанның бекзаттығының көрінісі ретінде есептеледі. «Басыңды арың сақтайды», «Ардан ақыл туады, ақылсыздық ең соңғыңды қуады», «Дүреленсеңда арыңды сақта» дейді орыс мақалы. Қазақ атамыздың да «Арың үшін жан пида», «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қанатты сөздер ықылым заманнан бүгінгі күнге дейін жетті. Ізгілікке негізделген қоғамда ар намыс пен ар ождан заңмен қорғалады. Сондықтан Қазақстан Республикасын Конституциясының 17-ші бабында «Адамның қадір – қасиетіне қол сұғылмайды» деп жазылған.
Бұл қағида қылмыстық және азаматтық заңдарда нақтыланады. Егер кімде кім адамның арнамысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мәліметтер таратса және оның ақиқаттығын дәлелдей алмаса, онда ол қылмыстық, мүліктік жауаптылыққа тартылады. Жәбірленуші, егер мұндай мәліметтер жалған деп есептесе сот арқылы беделін қалпына келтіруге, сондай-ақ келтірілген моралдық зардап үшін мүліктік құн талап етуге құқылы.
Заң дамның қадір-қасиеті мен ар намысын кемітетін қылық ретінде қорлауға тиым салады. Қорлау – жағымсыз, жалпы адамзаттық мораль қағидалары тұрғысынан бұған жол берілмейтіндей нысанда көрінген іс әрекет және сөз.
Жеке өмірге араласпау тұрғын жайға қол сұқпаушылықты белгілеуді білдіреді. Үй иесінің келісімінсіз ешкімнің де басқа дамның үйіне, басқа дамның пәтеріне басып кіруге құқығы жоқ. Тұрғын үйге өз бетімен басып кіруге : үй иесінің еркінен тыс ашық немесе үй иесі жоқ кезде жасырын басып кіру жатады. Бұл үшін заң тіпті қылмытсық жауаптылықты да белгілейді. Мұндай жауаптылық билікті теріс пайдалану жолымен басып кірген жағдайда, заңсыз (прокурордың рұхсатынсыз) басып кірген жағдайда қозғалады. Тұрғын үйге полиция қызметкері қылмыскердің ізіне түсу және қылмыскердің тарапынан қоғамдық тәртіпке, адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда кіреді.
Адамды тұрғын үйден айыруға тиым салынады. Егер адам тұрғын үйге меншік құқығына ие болса, онда ол оны иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге қызмет етеді.
Қазақстан социалистік (мемлекеттік) экономикадан нарықтық экономика деп аталатынға өту процессін жүргізуде. Осыған байланысты Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттар:
— Жеке және мемлекеттік меншікке негізделген экономиканы құруда;
— кәсіпкерлікке немесе материалдық игіліктер, өндіріс, құрылыс, көлік, жеке сауда саласында қоғам үшін пайдалы кез келген нысандағы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуден көрінеді.
Нарықтық экономика жеке меншік иелерін өндіріс құралдарынан жеке меншікті тудырып, қалыптастырады. Марксизм-ленинизм ілімі адамды адамның қанауының негізі айықпас дерті ретінде жеке меншікке қарсы болды. Алайда, КСРО кезінде үстемдік еткен мемлекеттік меншікте адамдарды қанаудан арашалай алмады.
Қазіргі заманға алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жеке меншіктің дамуын бетімен жіберуге болмайды. Ол мемлекет арқылы реттелуі тиіс. Мемлекет меншіктің жинақталуына бірақ кәсіпкерлік қызмет қоғам экономикасының қалыптасуы мен дамуына ықпал етуіне бағытталған жеке бастамаға қолдау көрсетуі тиіс. Оның үстіне Қазақстан мемлекеті адамдар игілігіне, демократия мен әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың негізі ретінде «орташа» таптың қалыптасуына игі ықпал етеді деген үмітпен жеке меншік иелерін мүмкіндігінше көбірек қалыптастыруға қолдау көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан мемлекеттік меншіктің елеулі бөлігін жекешелендіру (жеке адамдарға беру) жүргізілуде. Жекешелендіру мынандай мәселелерді шешеді:
- жекешелендірудің мақсаты — әр адамға оның мемлекеттік мүліктегі үлесін бөлу;
- жекешелендіруге қатысатын әр азамат мемлекеттік мүліктегі үлеске құқығын куәландыратын құжат алады.
Сөйтіп әр бір азамат белгілі бір мөлшерде жеке меншікке ие болады. Яғни, жалпыға бірдей мәрелік бастау қамтамасыз етіледі. Ал одан арғысы әркімнің жеке қабілетіне және басқа да мән жайларға байланысты болады. Кеңестік Конституция тек азаматтың ғана өзіндік меншігін нығайтты. Ол жалақының есебінен құрылды және адамның қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етті. Жеке меншіктің өзі байудың қайнар көзі болып табылады. Сондықтан жеке меншікке құқық адамның өзіндік меншігі құқығынан елеулі түрде ерекшеленеді.
Меншік иесі өз меншігіне заңға сәйкес билік етуге құқылы. Бұл өз мүлкін жекеленген адамға, қоғамға зиянды түрде, яғни басқа адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттің заңды мүделеріне нұхсан келтіре отырып пайдалануға болмайды деген сөз.
Жеке меншік әр түрлі жолдармен: материалдық игілік өндірісі, рухани құндылық, мұра, силық алу, бағалы қағаздарды өткізу және тағы басқалардың нәтижесінде алынуы мүмкін. Егер меншік заңды негізде алынған болса, ол мемлекет арқылы қорғалады.
Мемлекет өз азаматтарының меншікке құқығын ел ішінде де, сондай-ақ сырт жерлерде де қорғайды. Мемлекет жеке меншікті: біріншіден, қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлықтан, талан-таражға салудан, бұзылудан), екіншіден оған нұқсан келтіретін кез келген іс әрекеттен қорғайды. Жеке меншікке қол сұққаны үшін кінәлі қылмыстық және мүліктік жауаптылыққа тартылады. Заң жеке меншікті мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар тарапынан болатын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Егер мемлекеттік орган азаматтан мүлікті алу туралы шешім шығарса, онда ол келтірілген залалдың орнын толтыруды немесе мүлікті қайтаруды талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.
Жекешелендіру процессінде жеке меншіктің құрылуының қайнар көзі болып табылатын жеке кәсіпкерлікке айырықша назар аударылады.
Жеке кәсіпкерлік – азаматтың экономикалық бостандығын жүзеге асыру нысаны. Нарықтық қатынасқа көшудің басты шарттарының бірі жеке кәсіпкерлікке бостандықты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңестік кезеңде жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға талпынған адамдардың талаптары басылып тасталды. Мұндай қызмет заңсыз баяудың негізі, ізгіліктің жойылуына апарып соқтыратын тоғышарлық идеологияның көрінісі деп есептелді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлік толық дерлік таратылды. Осының кесірінен адамдар жүздеген жылдар бойы сақталған ұлттық кәсіпшілік дәстүрін жалғастыру және жетілдіру мүмкіндігінен айырылды(қолымен кілем тоқылды, зергерлік іс ж.т.б.). Бұл адамдардың шаруашылық өміріне елеулі зиян келтірді, кәсіпкерлік құлшынысты басып тастады, еңбек дағдыларының жойылуына әкеліп соқтырды. Осындай саясаттан мемлекетте, қоғамда, халықта, әр адам да ұтылды. Енді кәсіпкерлік қызметке деген көзқарас түбегейлі өзгерді.
Сонымен бірге кәсіпкердің мүлкі заңмен қорғалады. Ешкімнің оған қол сұғуға құқығы жоқ. Тек заң негізінде ғана кәсіпкердің мүлкін алып қоюға не оның қызметін шектеуге болады. Мысалы, кәсіпкердің қызметін қоғамның, азаматтардың, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қорғау мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету және тағы басқа мақсаттарда шектеуге болады. Басқаша айтқанда, адам адамдарға, қоршаған ортаға (жерді бүлдіру, суды ластау ж.т.б.), қоғамға залал келтіретін кәсіпкерлік қызметпен айналыспауы тиіс.
Кәсіпкерлікпен жеке дамдар немесе адамдар тобы айналыса алады. Мемлекет кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер белгіледі: мемлекеттің қорынан несие бөледі, қажетті жабдықтармен және басқалармен қамтамасыз етед. Мұндай көмек ең алдымен материалдық құндылықтар өндіретін кәсіпкерлерге жасалады. Ол түсінікті, мұндай кәсіпкерлер экономиканы дамытуға, адамдардың осындай тауарларға сұранысын қанағаттандыруға ықпал етеді. Өндіріспен айналысатындарға (фермерлерге, тұтыну тауарларын өндірушілерге, және басқаларына) қолдау көрсететін кәсіпкерлікпен бәсекені қолдау қоры құрылды.
Еңбек ету бостандығы – азаматтардың негізгі құқытарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.
«Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» (24-ші бап).
Сонымен, еңбек ету бостандығы құқығы, біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу құқығын білдіреді. Екіншіден, әр бір еңбек етуге қабілетті адамның өз қалауымен мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынға, мекемелер мен ұйымдарға жұмысқа орналасуға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Үшіншіден, бұл құқық адамның жұмысқа өз мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік береді.
Бұл арада атап өткен жөн, жаңа Конституция бұрын болғандай еңбек ету міндеттілігін көздемейді, заң мұндай адамдарды арамтамақтар деп атаған еді. Бір кездерде олар үшін арнаулы еңбек пен тәрбиелеу лагерлері де құрылды. Алайда, күштеу, барлық уақыттағы сияқты, игі нәтиже берген жоқ. Қандай себеппен болсын жұмыс істегісі келмегендер (нашақорлар, маскүнемдер ар намыстан айырылып, азған адамдар) жұмыс істемеудің жолын тапты. Шамасы, адамға ықпал етудің екі жолы бар. Ол жұмысқа еңбек қабілеті бола тұрып еңбек істегісі келмейтіндерді қоғамдық мінеу. Жалқауларды, еңбекке сырт қараушыларды бүкіл халық сынға алады. Конституция, заңдар адамның жұмысқа өзінің орналасуына құқық береді. Жұмысқа орналасу үшін еңбек шарты жасалады.
Жалдаушы адам еңбек шарттарында қатысушылардың бірі болып табылады. Ол еңбек шарттарына өз атынан қол қояды, өзіне қабылдаған еңбек ету (қызмет ету) міндетін өзінің жеке еңбегімен орындайды. Жұмысқа жалдану үшін адам жұмыс істеуге қабілетті болуы керек, яғни жұмысты қабілетіне қарай өзі саналы түрде таңдауы, және жүктелген міндетке жауап беруі тиіс.
Жоғарыда айтылғандай ешкімнің ешкімді зорлап жұмыс істетуге құқығы жоқ. Жұмысқа зорлау – құлдықтың белгісі. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті көздегендей: «Ешкімді еріксіз немесе міндетті еңбек етуге мәжбүрлеуге жол берілмейді» (3-а тармағы). Қазақстан Республикасының Конституциясы бұл талапқа толық жауап береді, аталған пактте мынандай да қағида бар: « қылмыс үшін жаза каторгалық жұмыстармен қоса бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын елдерде, 3-а тармағы осындай жаза тағайындаған құдіретті сот үкімі бойынша каторгалық жұмысты орындауға тосқауыл болып есептелінбейді». Тиісінше Қазақстан Республикасының сот үкімі бойынша еріксіз еңбекке рұхсат ететін қағидасы халықаралық құқықтың жалпыға мәлім нормаларына қайшы келмейді. Төтенше немесе әскери жағдай жарияланған кезде заң азаматтардың белгілі бір жұмыстарды міндетті түрде орындау жағдайын қарастыра алады. Мұндай мәжбүрлеу азаматтардың, қоғамның заңды мүдделеріне қастандықты болдырмау және қорғау қажеттігінен туындайды.
Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары еңбек бостандығын жариялай отырып, еңбек шарттарының еркіндігіне де кепілдік береді. Мемлекет жұмыс істегісі келетіндердің жұмысқа орналасуын көздейді. Алайда, нарықтық қатынас жағдайында жеке кәсіпорын пайда болған кезде мемлекет онда жұмыс істегісі келетіндерді оған күштеп қабылдаттыруға жол берілмейді. Жеке кәсіпорын (кәсіпкерлер) жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару мәселелерін заң негізінде өз қалауларымен шешеді. Мемлекет, бұрынғы Кеңес өкіметі кезіндегідей, олардың саны қысқарып жатқандықтан, оларды өз кәсіпорындары мен мекемелерінде орналастыруға мүмкіндіктері жоқ. Соның нәтижесінде жұмыссыздық пайда болады. Мемлекет оларға немқұрайлы қарай алмайды, сондықтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастырумен шұғылданатын арнаулы органдар құрады. Жұмысынан айырылған немесе жұмысты алғаш іздеушілер, сондай-ақ ұзақ үзілістен кейін жұмысқа орналасқысы келетіндер, жұмыссыз деп танылып, тіркеле алады. Тіркелгеннен кейін сегіз күннен соң жұмыссыз адам жәрдемақы ала бастайды. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мезгілі заңда қарастырылған. Жұмысқа орналастыру органдары жұмыссыздар үшін жұмыс іздестіруі тиіс.
1.2 Адам құқықтарын шектеу институтының Конституциялық негіздері
Адамға құқық тумысынан тиесілі. Олар табиғи сипатқа ие және тұлғаның нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, нанымына қарамастан бөлек қарастырыла алмайды. Адам құқықтарының жыйынтығы адам қүқықтарының жалпы мәртебесін құрайды. Ал ол өз кезегінде үш жеке мәртебеден қүралған:
— мемлекетде, жеке тұлға да араласуға қүқықығы жоқ бостандық саласы;
— мемлекетке тиесілі яғни, өз қүқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекетке жүгіну;
— мемлекетті құруға және басқаруға, қоғамдық өмірге белсене араласа алуға құқығы [11.29б.].
Жалпы сөзбен айтқанда адам құқықтары жекелік ерекшеліктеріне қарамастан барлық жерде, барлық уақытта және барлығы үшін тиесілі. Олар тұлғадан бөлінбейді, яғни тұлғаны құқықтарынан айыру мүмкін емес. Сонымен қатар тұлға өз құқықтары арқылы өзінің әр түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғау мен өтеуі үшін заңды құрал ретінде де қолдана ала алатыны мәлім.
Адам құқықтарының түсінігі мен құрамы категорияларын қарастырғанда ғылыми теория тұлғаның өмір сүрген немесе өмір сүріп жатқан қоғамның саяси және экономикалық жағдайына көңіл бөлінетін нақты-тарихи анализ негізінде жүргізілуі тиіс деп түжырымдайды. Н.Н. Моисеев бұл жайлы келесідей көз-қараста : «Өркениет дамуы контекстінен тыс адам құқықтары мәселесін қарастыру өте күрделі. Себебі адам қүқықтары мен құндылықтары түсінігі адам санасында өзінің өмір сүріп жатқан өркениетпен және ертеректе қалыптасқан өмір сүру мен жүріс-тұрыс ерекшеліктерінің қалыптасуында» дейді[12] .
Көптеген ғалымдарға саяси-құқықтық ілімдер талдауының әдістемелік негізі — ең алғаш өркениеттің шығыс және батыс деп екіге бөлінуі болып табылады. Шығыс — этатизімнің жоғарылығымен, меншіктің мемлекет иелігіне көшумен, ұжымның жеке тұлғалардан үстемдігі, жеке тұлға ұғымының болмауы яғни, адам құқығы мен бостандығы категорияларының болмауымен сипатталады. Ал, батысқа тән құбылыстар — индивидуализм,ежелгі мемлекеттердің экономикалық базисі болып келген – құл иеленушілік болды[13] Адам құқықтары концепциясының философиялық бастамаларын біз Батыс және Шығыс өркениеттерінен қатар көре аламыз, бірақ, алғаш оның дамуы соңғысынан басталғанын айта кеткен жөн[14]. Аталған құрылымның орын алуының өзі басынан тең құқылықты жоққа шығарған. Адам бұнда толық субъект болып тек азамат ретінде танылған кезде ғана саналған деп жазған М.Ю.Козлихин[15]. Тек азамат барлық құқықтар мен бостандықтарды, солардың ішінде ең басты болып саналатын саяси құқықтарды иелене алды. Осыдан кейін орын ауыстырған саяси және экономикалық формацияларда феодалдық формация шегінде адам құқықтарын мейлінше күшейтіп, мемлекеттік істерді басқару ісіне біртіндеп барлық қоғам мүшелері үшін тең деп танылып, олардың қатыса алуына жол ашады. Бұнда қалың құқықсыз бұқара орын алып отырған билік иелерін жоюмен қорқыту арқылы өз дегендеріне қол жеткізіп отырды. Орта ғасырға тән биліктің абсолютизімінің орнына мемлекет пен тұлға арасындағы конституциялық шарт келеді. Бұнда басшылыққа алынған идея болып бостандық және тұлғаның жекелілігі болып танылады (Г. Гроций, Д. Локк). Аталған теорияны кеңінен қарастырған француз ойшылдары Ш. Монтескье және Ж.Ж. Руссо. Біріншісі саяси бостандықты жеке қауіпсіздікпен, индивидтін билік етушілердің қысымынан бостандығымен теңестіреді, осының ішінде осы кезде орын алып отырған мемлекеттің нысанына сүйемелденіп қазіргі кездегі ең басты саяси-құқықтық қағидалардың бірі болып табылатын билік тармақтарының бөліну қағидасының пайда болуын алып келеді[16]. Руссоның еңбектерінде назар биліктің әлеуметтік табиғаты мәселелеріне және оның халыққа тиесілілігіне бөлінеді [16].
Аталған идеялардың қоғамдық санаға әсері ретінде адамның теңдігі мен бостандығы туралы лозунгтары бар және олар кейіннен 1789 жылғы адам мен азаматтардың құқықтары туралы Декларацияда көрініс тапқан Ұлы француз революциясы болып табылады. Онда келесідей жазылған: «Адам тумысынан еркін және тең құқылы болып келеді. Кез келген мемлекеттік бірлестіктің мақсаты адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтары болып табылатын бостандық, меншік, қауіпсіздік және қудалауды болдырмау болып табылады». Сонымен қатар Декларацияда сөз және баспа бостандығы, сенім-наным бостандығы және кінәсіздік призумциясы жарияланды.
Ал АҚШ-да адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтарының қалыптасуы еркіндік үшін күреспен бірге ұштасады. Америкалық демократияның негізін қалаушы Т.Пейн мен Т.Джефферсонның көзқарастары 1776ж. Вирджиния штатының құқық Декларациясынан өз көрінісін табады. Олар «барлық адамдар тумысынан тең және олар өмірге, еркіндікке, бақытты өмір сүруге құқылы» деген ақиқатты ұстанады. «Егер мемлекет құрылымы адамның табиғи құқытарына сай келмесе, оны бұзса, келісіммен жүргізілмесе онда халық билікті олардың құқықтарын қорғау үшін жүмыс жүргізетін, оларға қамқор болатын билік түрін тиімді етіп өзгерте алады» дейді Т.Джефферсон[17]. Бірақ В.Остинскидің айтуы бойынша адам құқықтарының концепциясы ағарту кезеңінде шектеулі болды дейді. Барлық адамдарды крепостнойлардан босатқанымен саяси құқықтарды тек аздаған меншік иелеріне ғана берді. Ал әйелдер, жастар, мүліксіздер және ақ нәсілді еместер тыс қалып қалды. Сонымен қатар аталған концепция жергілікті және қара нәсілді американдықтардың жоюын және басынуын тоқтата алмады [18].
Жалпы алғанда қазірге дейін өз мемлекеттерінде орындалып жүрген осы ұлы құжаттар қазіргі кездегі өркениеттің негізін салғаны және онда демократиялық және құқықтық мемлекеттің мәні мен мақсаты айқындалғаны хақ[19]. Қазіргі кезде әлемдегі экономикалық және саяси-құқықтық жағынан дамыған мемлекеттер осы табиғи-құқықтық концепцияны ұстанады. Біздің мемлекетіміз де аталған концепцияны ұстанады. Осылай Қазақстан Республикасының 1995ж 30 тамызда қабылданған Конституциясының 1 бабының 1 тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құықтары мен бостандықтары» деп бекіткен. Ал 12 баптың 2 тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылып, олардан ешкім айыра алмайды және заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталатыны көрсетілген[20].
Сонымен қатар дүние жүзілік тарих тек табиғи-құқықтық доктринаны ғана қарастырып қана қоймаған. Ғылыми әдебиеттерде табиғи құқықпен қатар позитивті құқықты да қарастырған мағлұматтар жиі кездестіріледі. Бұндай құбылыс көбіне Кеңес дәуіріндегі құқыққа тән болды. Егер табиғи-құқықтық теория адамның құқықтарын бөлінбес, санадан немесе құдай берген деп ойлауға, не адамға тумысынан тиесілі деп жорамалдаса позитивті бағытты ұстанушылар пайда болған және пайда болуы мүмкін құқықтар тек мемлекетпен беріледі деп санайды. Бірінші жағдайда заң оған дейін орын алған құқықтар мен бостандықтарды бекітуші деп қарастырылса, екіншісінде — оларды қалыптастырады. Бірақ кеңес дәуіріндегі ғалымдар мемлекеттің берген құқығынан басқа құқық бар екенін, яғни табиғи құқықты мүлдем жоққа шығарды деп ойлау қате. Адам құқықтарының мемлекеттік емес қасиеттерін И.Е. Фарбер, Е.А. Кучинский, А.П. Таранов өз еңбектерінде бөліп көрсеткен. Сонымен қатар жоғарыда аталған ғалымдар адам құқықтарын заңда көрініс таппаған жағдайда еш күші және маңызы жоқ деп таниды[21].
Кез келген құқық түсінігі егер ол синтез, қосынды, аталған бағыттардың қосындысы болып келмеген жағдайда дұрыс деп санайды. Сонымен қатар аталғандардың әр бірі екіншісіне тежеу ретінде, яғни әділеттілік шегінен шықпай заңсыздыққа жол бермейтін күш деп қарастырады. Аталған мәселе бойынша қазіргі заман ғалымдармен екі бағытты да ұстанатындығын және мемлекеттің конституциялық тәжрибесінде көрініп отырғандай адам құқықтары мен бостандықтарының пайда болуын табиғи құбылыс деп қарастырған күннің өзінде олардың позитивті рәсімделуін жоққа шығармайды. Табиғи құқық адамның мемлекет пен қоғамға өз құқытарының бұзылғандығын байқаған жағдайда оларды қалпына келтіруге моральдік негіз береді деп айтуға мүмкіндік береді. Бірақ оларды өмірге жүзеге асыра алмайды, ал позитивті құқық керісінше, өзінің мазмұны жағынан тар бола тұрса да, құқықты қамтамасыз ету амалдары кең болып келеді[22].
Осылайша қазіргі замандағы демократиялық құқықтық мемлекеттерде сонымен қатар Қазақстан да бір-бірімен конкуренциядағы теориялар: табиғи және позитивтік теорияларды жақындастыру мен біріктіру әрекеттерін аңғаруға болады. Ал ол өз ретінде адам құқығы статусын бекітудің оптимальділігін қамтамасыз етеді. Мемлекет табиғи құқықтың қей моральдік негіздеріне сүйене отырып адам құқықтарының абсолюттілігі мен бөлінбейтіндігін мойындай отырып олардың заңды түрде нақты орындалуын қадағалайды. БҰҰ-ң ұстанатын идеялары мен екі негізгі қызметін атауға болады. Олар адам құқықтары жөнінде халықаралық құқытық актілерді әзірлеу және мемлекеттердің адам құқықтарын дұрыс орындалып жатқанын қадағалау. Қазақстан Республикасы осы саладағы халықаралық интеграция процесстерінен тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта біздің республикамыз адам құқықтарына қатысты әр түрлі аспектілерді реттейтін ондаған халықаралық шарттарға қол қойып жұмыс істеп отыр.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелері мемлекеттің ішіндегі адам құқықтарын қамтамасыз ету механизіміне өзінің оң септігін тигізді. Осындай институттардың қатарына Қазақстан Республикасында өз орнын тауып отырған омбудсмен институтын атауға болады.
Бүгінгі таңдағы алға қойып отырған басты мәселелер қатарына мемлекеттік басқару және сайлау салаларын модернизациялау,бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін нығайту, құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру, сатылап сот присяжныйларын енгізу болып табылады .
Адам құқықтарының қалыптасуы және дамуына әлемдік өркениет тарихы тұрғысынан көз жүгіртсек аталған процесс аяқталуға жақын деп санау қате болады. Адамзаттың прогресс жолымен жүруі әр атқан жаңа күні адам құқықтарының жаңа аспектілерін ашып оларды қоғамдық-саяси, мемлекеттік-құқықтық тәжірибеге енгізіп, оны сезінуге талап етеді. Қазақстан Республикасы да аталған процестің басты қатысушыларының
бірі болып табылады.
Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жалпы түсінігін әдебиеттерде мемлекеттің ата заңы Конституцияда бекітілген субъектілердің құқықтары мен бостандықтары деп береді. Конституцияда тұлғамен пен мемлекет арасында пайда болатын қатынастарды неғұрлым тиімді реттейтін және аса маңызы бар құқықтар мен бостандықтарды бекітеді. Бірақ сауалды былайша қою оны мейлінше жеңілдетеді. Біздің ойымызша, мәселе әлде қайда кең ауқымнан тұрады.
Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерде берілген анықтамаларды қарастыра отырып, адам және азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары қатарына тек Конституцияда бекітілгендері ғана емес халықаралық актілерде көрсетілген құқықтар мен бостандықтары бола алады. Бірақ аталған әрекет орын алуы үшін оған мемлекеттің қосылуы немесе мақұлдау шарты керек екенін естен шығармау керек.
Халықаралық құқықтық актілер көбіне оларға қосылған мемлекеттерде норма ережелерінің жүзеге асырылуын, орындалу бағыттарын қадағалаумен айналысады.
Келесі бір тоқталып кететін жай ол кей құқықтар мен бостандықтардың Конституциямен ал кейбіреулерінің өзге заңдармен
бекітілуі. Конституцияда бекітілетін құқықтар мен бостандықтар келесі
қасиеттерге ие болуы тиіс:
1) Адам мен қоғам үшін құқықтар және бостандықтардың маңыздылығы;
2) Басынан немесе тумысынан құқықтар мен бостандықтардың адамға
тиесілілігі;
3) Негізгі құқық деп саналуы яғни олардан туынды құқықтардың пайда
бола алуы;
4) Негізгі құқықтардың барлық адамдарға теңдей дәрежеде тиесілі болуы;
5) Негізгі құқықтардың барлық адамдарға тең және ортақ болуы;
6) Адам немесе азаматтың еркіне байланысты ол құқықтар мен бостандықтардан арыла алмауы;
7) Негізгі құқықтар мен бостандықтарының бүкіл республика аумағында орындалуы.[1].
Келесі ауқымды мәселелердің бірі адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарың шектеу классификациясы мәселесі. Г.П.Лупарев осы сауалға былай жауап береді: «Кез-келген объектіні өзіндік белгілері бойынша топтастыру немесе классификациялау аталған объектілерді толығымен зерттеуге және олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін айқындау тиімділігін арттырады» [6]. Классификациялау адам құқықтары мен бостандықтарын зерттеу ғылымында кең ауқымда қолданылады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып Л.Д.Воеводиннің пікірімен де келісуге болады. Оның пікірі бойынша, адам құқықтары мен бостандықтары және міндеттерін классификациялау қажеттілігі Ата Заңда олардың мазмұны жағынан көп түрлілігі кездескенде орын алады. Адам құқықтары мен бостандықтарын классификациялау олардың біріне үстемдік беруді көздемейді. Бірақ бұндай жағдай мемлекеттің адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарың шектеу пайда болуы және даму теориясын ұстанатындығы арқылы да көруге болады. Яғни мемлекеттің табиғи-құқықтық теорияны ұстанып мемлекеттің адам құқықтары мен бостандықтарына араласуын барынша минималды етіп қоятын, немесе керісінше позитивті концепцияны басшылыққа ала отырып мемлекеттің адам құқықтары мен бостандықтарына араласуды, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге етене араласуды да көздеуі мүмкін[6].
Егер адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарың шектеу Ата заңымызда қолданылатын конституциялық классификациясы туралы айтатын болсақ, олардың төмендегідей жіктелуін көреміз:
1) адам және азамат құқықтары мен бостандықтары;
2) азаматтық, саяси және әлеуметтік — экономикалық құқықтар мен бостандықтар.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың топтастылыуының ең көп кездесетін түрі тұлғаның субъектілігіне қатысты. Ол тұлғаның мемлекетпен адам немесе оның азаматы ретінде қарым-қатынасқа түсуі арқылы айқындалады. Біздің мемлекетімізде бұндай бөлініс орын алмаған. Қазақстандық ғалым Ғ.С.Сапарғалиев « «азамат құқықтары» мен «адам құқықтары» арасындағы айырмашылық, мемлекет азаматтарымен пайда болатын ерекше қатынастарына сай оларға өзгелерге қарағанда кең көлемді құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз етіп, өзгелерге қарағанда қосымша міндеттерді жүктейді» . Сонымен қатар ол «адам құқықтары» мен «азамат құқықтары» үғымдары бір-біріме өте тығыз байланысты екенін себебі, азамат дегеніміз ең алдымен адам болып келеді, сондықтан азаматқа қатысы бар нәрсе адамға да тән болады деп есептейді[9].
Ресейлік ғалымдар тұлғаны адам және азамат деп бөлуді мемлекет және азаматтық қоғамның шектерін айқын бөлу үшін керек деп санайды. Себебі, адамды тек мемлекетпен емес сонымен қатар оның тумысынан берілген және бөлінбейтін құқықтарының көбі дерлік қоғамда орын алады[12]. Мемлекет осылайша аталған қатынастарға тек өзгелердің ғана емес сонымен қатар өзінің де араласуынан қорғайды. Осылардың барлығын айта кете азамат құқықтары индивидтің мемлекетпен қатынасын да қамтиды.
Бұл қатынаста ол мемлекет тарапынан оның құқықтарын қорғауды ғана емес, белсенді түрде қамтамасыз етуді де көздейді. Бұнда азамат статусы оның мемлекетпен ерекше байланысы, яғни, азаматтылық институты арқылы көрінеді.
Адам және азамат құқықтары арасында В.Е.Чиркиннің көзқарасы бойынша, тек философиялық, жалпытеориялық айырмашылықтар орын алуы мүмкін[50]. Себебі, адам құқықтары дәл азамат құқықтары сияқты конституцияда өз көрінісін тауып бекітілген. Біз бұл көзқарасымыз бойынша, бұл пікір аса орынды емес. Себебі, барлық азамат — адам, Бірақ барлық адам бірдей азамат бола бермейді.
Қазіргі демократиялық мемлекеттерде адам құқықтары мен азамат құқықтары ара қатынасы жағдай сол мемлекеттің конституциясын құрушыларының субъективтік таңдауына байланысты деп айтуға болады. Расында да, бір құқық бірінші конституцияда адам құқықтарын шектеу деп бекітілсе, екіншісінде азамат құқығы ретінде көрініс табуы мүмкін. Бірақ индивидтің бірқатар құқықтары конституцияларды ұқсас болып келеді. Мысалы, өмір сүру құқығы барлық конституцияларда адам құқықтарын шектеу ретінде бекітілген.
Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының, сонымен қатар,
констиуциялық құқықтары мен бостандықтарының классификациялауының кең түрі олардың қолдану аясына байланысты топтау болып табылады. Ұсынылған белгілері бойынша тұлғаның азаматтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарын бөледі. Кейде аталған классификацияның негізінде мәдени құқықтар мен бостандықтарды бөледі. Бірақ бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша, ол әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар қатарына жатқызылады.
Аталған классификацияның кең таралуы соншалықты ол көптеген мемлекеттердің конституцияларында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясында да (1993ж.), өзге адам құқықтары мен бостандықтарына байланысты беделді халықаралық құқықтық құжаттарда да орын алып отыр.
Мазмұнына байланысты анықталатын жекелеген түрлеріне тоқтала кетейік:Азаматтардың ереуілге шығу құқығы.
Кеңестік өкімет жылдарында «ереуіл» ұғымы жоғалтылды. Кеңес мемлекеті халықтық мемлекет деп танылғандықтан, ол халықтың мүддесін көздеуі, оны қорғауы, оның сұранысын қанағаттандыруы тиіс болды. Сондықтан халықтың да, адамдардың жекеленген тобының да толқу, ереуіл ұйымдастыруға құқығы болмады. Алайда, мемлекеттік кәсіпорындар адам еңбегін қанады, еңбегі үшін ақыны толық төлемеді, барлық жерде бірдей еңбек етуге қолайлы жағдай жасалған жоқ. Кеңес азаматтары шырайлы болашаққа үмітпен қарады. Егер өкіметке өзінің еңбек жағдайын жақсартуды талап еткендер шыға қалса, оларды қылмыскерлер ретінде жауапқа тартты. Қарағанды облысында 60-шы жылдары жұмысшылардың қарсылығын осындай қаталдықпен басты. Демек, өздерінің экономикалық құқығын қорғау мақсатында оны ұйымдасқан түрде білдіруге еңбек адамдарының құқығы болған жоқ. Енді әркім өзінің еңбек ету құқығын қорғай алады, сондай-ақ азаматтар ереуілге шығуға да құқылы.
Ереуіл – жұмысшылар мен қызметкерлердің заңды талабын кәсіпорынның, мекемелердің әкімшіліктері қанағаттандырмаған кезде қолданылатын ең амалсыз шара. Оның үстіне мемлекеттік сияқты, жеке кәсіпорындардың қызметкерлері де ереуілді жариялай алады. Ереуіл Қазақстан Республикасы заңдары шеңберінде өткізілуі тиіс. Ереуілшілер басқа азаматтардың заңды мүдделерін бұзбауы, оларға материалдық және басқалай зиян келтірмеуі, қоғамдық тәртіпті бұзбауы, басқа да заңсыз әрекеттерді жасамауы тиіс. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактте де ереуілшілерге осындай талаптар қойылған: «… мемлекет әр елдің заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда ереуілге шығу құқығын қамтамасыз етуге міндеттенеді».
Азаматтардың демалыс құқығы.
Қазақстан Республикасының заңы қызметкерлердің демалыс құқығын жан-жақты реттейді, оның үстіне демалыс туралы заң мемлекеттік сияқты ұжымдық және жеке кәсіпорындарды қамтиды. Демалыс уақыты–қызметкердің өзінің еңбек ету міндеттемесін орындаудан босаған кездегі уақыттарын оның өзінің қалауы бойынша пайдаланатын уақыты.
Демалыс уақытының мынандай түрлері бар:
Жұмыс күні ішіндегі үзіліс. Мұндай үзіліс екі сағаттан ұзақ болмауы тиіс және түскі уақытта беріледі. Үзіліс, әдетте, жұмыс уақыты басталған соң төрт сағаттан кейін беріледі. Емшектегі баласы бар әйелге кем дегенде жарты сағат қосымша үзіліс беріледі. Ол уақыт жұмыс уақыты деп есептелінеді және оған ақы төленеді. Жұмыс күнінің мұндай тәртібі жұмыс уақыты 7-8 сағатқа созылатын жерлерде белгіленеді. Оқу орындарында үзіліс берудің басқа тәртібі белгіленеді.
Жұмыс күндері арасындағы үзіліс. Мұндай үзіліс жұмыс аяқталған соң басталып, келесі жұмыс күніне дейін созылады.
Апталық демалыс уақыты. Баршаға ортақ демалыс күні – жексенбі. Аптасына бес жұмыс күні белгіленген жерлерде сенбі демалыс күндері деп есептелінеді. Жұмыс уақытының ұзақтығы 42 сағаттан аспауы тиіс.
Жылдық демалыс уақыты — кем дегенде 15 жұмыс күндік демалыс. Әр түрлі салаларда тағы да қосымша демалыс беріледі. Мысалы, мұғалімдерге берілетін демалыс күнінің ұзақтығы 48 жұмыс күні.
Азаматтардың тұрғын үй құқығы.
Ізгілікті негізге алатын мемлекет әр азаматына қолайлы жағдай жасауға, олардың әр қайсысының тұрғын үйі болуына мүмкіндік жасауға тиіс. Міне осыдан келіп,Қазақстан мемлекеті азаматтардың тұрғын үйге құқығына мынандай кепілдік береді:
- Азаматтар тұрғын үй салуға, сатып алуға, белгіленген тәртіппен мемлекеттік, кооперативтік тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқылы.
- Азаматтар тұрғын үй немесе пәтер сатып алуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тегін немесе жалға алуға құқылы.
- Мемлекет азаматтарының жеке немесе кооперативтік үй тұрғызуына, оның ішінде қарыз алу жолымен тұрғызуына көмек көрсетеді.
- Тұрғын үйден құуып шығуға кім кімге болсын тиым салынады. Қуып шығу заңда көзделген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
- Азаматтар тұрғын үйді пайдалану мүмкіндігінен айырылған немесе ол мүмкіндік шектелген жағдайда заңсыздықтың тоқталуы туралы сотқа жүгінуге құқылы. Егер азаматтың үйі орналасқан жер тілімі мемлекет мүдесіне алынатын болса мемлекет оның құнын қайтару немесе орнына пәтер беруі тиіс.
Нарықтық қатынасқа көшуге байланысты мемлекеттің тұрғын үй жөніндегі саясаты айтарлықтай өзгерді. Енді мемлекет бұрынғыдай азаматтардың бәрін бірдей тұрғын үймен қамтуды міндетіне ала алмайды. Еңбекке қабілетті азаматтар өз еңбегімен, өз қаражатымен, өздері пәтер алуы тиіс. Мемлекет азаматтарының тұрғын үй құрылысын жүргізуіне жеңілдетілген несиемен көмектеседі. Ал халықтың тұрмысы төмен қабатына пәтер тұрғызып беретін болады.
Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы.
Бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілетін тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады. Бұрын барлық медициналық көмекті мемлекет көрсетті, яғни барлық денсаулық ісі мемлекеттің қолында болды. Енді мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерімен (ауыруханалар, емханалар, дәріханалар және тағыда басқалары) бірге жеке медициналық мекемелер құрылуда. Әрине, емханаларды, дәріханаларды және басқаларын дүмшелер емес, арнаулы медициналық білімі барлар құруы және заңда белгіленген тәртіппен құрылуы тиіс. Әрине, жеке медициналық көмекке белгілі бір мөлшерде ақы төленеді.
Барлық саладағы дағдарыс жағдайында денсаулық саласының жаңа жүйеге көшуі медициналық қызметті бірден жақсарта алмайды. Мұны медициналық көмекке мұқтаж әр адам қатты сезінеді. Алайда, біздің мемлекетіміз, оның жергілікті жерлердегі органдары халықтың денсаулығы туралы тұрақты қамқорлық жасауы тиіс. Бұл – олардың конституциялық міндеті. Әйтпесе, тек адамдардың, әсіресе жеткіншек ұрпақтың денсаулығы төмендеп қана қоймайды, жұқпалы ауырулар таралуы мүмкін. Ал олармен күрес бұл жұмысты жоспарлы және жүйелі түрде жүргізгеннен әлдеқайда көп қаржы мен күш жұмысауды қажет етеді.
Конституцияда жазылған құқықтың іс жүзіне асырылуы үшін, оған тосқауыл қоятындармен күресе азаматтардың өздері белсенділік көрсетулері тиіс. Мұндай тосқауыл ортаны ластандыратын кәсіпорындар (мемлекеттік және жеке кәсіпорындар), қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өз міндеттемелерін абыроймен орындамайтын мемлекеттік органдар, ұйымдар болуы мүмкін. Тағы бір маңыздысы – жасына қарамастан әр адамның табиғатқа жанашырлық сезіммен қарауы арқылы қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қоса алатындығын түсіну.
Азаматтардың білім алу құқығы.
Білім алу құқығының біраз жайттері бар. Негізінен, орта білім алу міндетті болып табылады. Ол бір жағынан, жасөспірімдердің осындай деңгейде білім алуларын білдіреді. Егер адам жоғары сыныптарда, училищелерде, техникумдарда, университеттерде оқығысы келсе, оның талабына ешкімнің тосқауыл қоюға құқығы жоқ.
Білім берудің мемлекеттік жүйесімен бірге Конституция жеке білім беру жүйесін: мектептер, колледждер, университеттер және басқа да оқу орындарын ашуға рұхсат етеді. Жеке білім беру жүйесі жеке адамдардың қаржысымен құрылады. Жеке оқу орындарында білім ақылы түрде беріледі. Оларды мемлекеттік органдар емес, оны құрудың бастамашылары басқарады.Олар білімді көлемі жағынан да, деңгейі жағынан да тиісті мемлекеттік оқу орындарына аз және төмен бермеуі тиіс. Тек осындай жағдайда ғана оларды ашуға және қызмет істеуіне рұхсат етіледі, олардың куәліктері мен дипломадарының сонда ғана заңдық күші болады. Сөз жоқ, мемлекеттік және жеке оқу орындарында бәсекелестіктің болуы түсінікті. Мұндай бәсекелестік оқушылардың білімін жақсартып, тереңдетуіне ықпал жасауы тиіс. Әрине, адамдар мемлекеттік оқу орындарымен салыстырғанда терең және түбегейлі білім алу үшін ақылы түрде оқиды. Сондақтан, мемлекет бәсекеге төтеп беру үшін өздерінің оқу орындарының қызметкерлеріне қолайлы жағдай туғызып, білім сапасын көтеруі қажет.
Азаматтардың көркем, ғылыми және техникалық шығармашылық құқығы туралы да айта кеткен жөн. Мемлекет азаматтарының рухани шығармашылыққа ұмтылысын қолдайды. Ұлттық Ғылым Академиясында, университеттерде, ғылыми орталықтарда мемлекеттің қолдауына сүйенген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Екінші жағынан, мемлекет азаматтардың өнертапқыштыққа, жаңалық ашуға, ғылыми еңбектер мен көркем шығармаларға авторлық құқығын қорғайды. Қазақстан Республикасының заңында бұрын белгісіз жаңа ұғым – интелектуалдық меншік ұғымы пайда болды. Ол да азаматтардың мүліктік меншігі сияқты қорғалады.
Азаматтық ұғымының өзінде азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының саяси мәні бар. Еске түсірейік, азаматтық – ол адамдардың сол мемлекетпен тұрақты саяси құқықтық байланысы. Тиісінше, азаматтар бірінші кезекте өзінің мемлекетімен тұрақты саяси байланыста болады. Мұндай жағдай азаматтардың бойындағы саяси құқық пен бостандықты, яғни мемлекет ісін басқарумен, демократиямен тығыз байланысты құқық пен бостандықты білдіреді. Ауылда, поселкіде, ауданда, қалада, республикада азаматтар мемлекетті басқару ісіне кеңрек араласқан сайын демократияның мүмкіндігі де кеңейе түсті. Демократиялық мемлекет құру мақсатында Қазақстан азаматына саяси сипаттағы айтарлықтай кең мөлшердегі құқық пен бостандық кепілдігі берілген.
Мемлекеті құрудың ең басты проблемасы — өкілетті органдарды қалыптастыру. Қазақстан азаматы барлық: аудандық, қалалық, облыстық маслихаттардан Республика Президентіне дейінгі деңгейдегі өкілетті органдарды қалыптастыруға тікелей қатысады. Аталған өкілетті органдарды сайлауға жасы 18-ге толған азаматтар қатысады. Азаматтардың бұл құқығы ұлтына, нәсіліне, біліміне, жынысына, лауазымына, мүліктік жағдайына және басқаларына қарап шектелмейді. Егер кімде кім азаматтық сайлау құқығын шектеуге әрекеттенсе, онда ол тіпті қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде азаматтың сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіруге әрекеттенгендерге жаза көзделген. Бұл қылмыс дауыс беру, депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесу, кандидатураны, олардың бағдарламаларын талқылау кезінде кедергі келтіру түрінде көрінуі мүмкін. Кедергі келтірудің күштеу, алдау, қорқыту, сатып алу тәсілдері де болуы мүмкін.
Сайлауға барлық өкілетті органдардың азаматтары тең құқықта қатысады. Әр адам бір дауысқа ие, жергілікті өкілді органдарды және Парламентке сайлау кезінде азамат тек бір рет дауыс береді. Алайда, ол туралы айтылғандай, Қазақстан Республикасының Парламентіне сайлаудың өзіндік ерекшелігі бар.
Республика азаматының саяси құқығына бейбіт жиналыстар, митингілер, демонстрацияалар, шеру өткізу, тосқауылдарға тұру құқығы жатады. Бұл шаралар белгілі бір мәселелерді шешу немесе азаматтардың еркі мен тілегін білдіру мақсатында жүргізіледі. Мысалы, сайлаушылар депутаттыққа кандидатты талқылау үшін мемлекет сияқты жеке ұйым-ұжымдары өздерінің мемлеке саясатына көзқарасын білдіру, мемлекеттік органдардың заңдары мен шешімдерінің жобаларын талқылау үшін жиналуы мүмкін. Ақыры соңында, азаматтар мемлекеттік, ұлттық мейрамдар кезінде өз еріктерімен демонстрацияларға шығулары мүмкін. Мемлекеттік органдар азаматтардың мұндай заңды тілектеріне кедергі келтірмеулері тиіс.
Мемлекеттік қызметке кіруге тең құқық.
Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық саяси құқықтарының бірі болып табылады. Конституцияда мемлекеттік қызмет туралы бірқатар негіз боларлық идеялар беріледі. Онда мемлекеттік қызмет лауазымына кандидатқа қойылатын талап тек лауазымдық міндеттер сипатымен ерекшеленіп, заңмен белгіленетіні көрсетілген. Екінші бір Конституциялық қағида мемлекеттік қызметкердің жасы 60-65 жастан (33-ші баптың 4-ші тармағы) аспауы тиіс.
Конституциялық қағидаларды жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет ұйымдастыру негіздерін мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайын анықтау, мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995 жылғы 26 желтоқсан) заң күші бар жарлық шығарды. Жарлықта мемлекеттік қызметке анықтама берілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарындағы азаматтардың конституциясы негізінде жүзеге асыратын және мемлекеттік басқаруды, мемлекеттің өзге де міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруды көздейтін кәсіби қызметі. Жарлықта лауазымдық өкілеттігін мемлекеттік органның атынан жүргізетін Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер болып табылатындығы көрсетілген.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дербес мәні болғанымен (оны азаматтар өз қалаулары мен пайдаланулары мүмкін), оларды азаматтардың міндеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Әр адамның басқа адамдардың алдында, қоғамның алдында, мемлекеттің алдында белгілі бір міндеттері бар. Қоғамда өмір сүріп тұрып, одан мүлдем тәуелсіз болуға болмайды, әр адамның өмір сүруге өзінің денсаулығын сақтауға өз еңбегінің жемісін көруге табиғи құқығы бар. Нақ осылай өмір сүруге, денсаулығын, меншігін және басқаларын сақтауға құқылы басқа адамдар да құқықты құрметтеуі керек. Адамдардың табиғи міндеті осылайша табиғи түрде пайда болады. Адамдарда олардың өмір сүруінің нысаны болып табылатын және ол туралы қамқорлық жасауы тиіс қоғамның алдында мемлекетінің алдында міндетті. Бұл міндеттердің маңыздылығы сондай, ол заңмен бекітіледі. Демек, міндеттемелерді орындамаудың оны бұзғандары үшін елеулі зардаптары болады.
Сонымен катар ғылымда кең өрбіген классификациялардың бірі болып тұлға кұқықтары мен бостандықтарын бірінші, екінші және үшінші кезеңдерге бөлінуі. Аталған классификация негізінде құқықтар мен бостандықтардың пайда болу критериі орын алады. Ұсынылған белгіге сүйене отырып бірінші кезең құқығы түсінігіне «негативті құқық» кіреді (әдебиеттерде оны «негативті бостандықты» білдіретін құқық деп те айтады). Яғни, оларды әдетте буржуазиялық революция нәтижесінде қалыптасқан либералды құндылықтар деп қарастырады. Бірінші кезең құқығына мемлекеттің араласуын қажет етпейтін индивидтің өзіндік және саяси құқықтары жатқызылады. Олардың қатарына ой, наным-сенім еркіндігі, барлығының заң алдында теңдігі, өмір сүруге құқығы және тағы басқалар кіреді.
Адам құқықтарының екінші кезеңін «позитивті құқық» деп атайды. Себебі оларды жүзеге асыру үшін мемлекеттің белсене араласуы қажет етіледі. Олай болмаған жағдайда олардың қамтамасыз етілуі мүмкін емес болады. Аталған адам құқықтарының категориясы адамның өзінің жағдайын жақсарту жолындағы күрес негізінде пайда болған. Олар өз көрінісін экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтардан табады.
Егер бірінші және екінші кезең адамның жеке құқықтарына байланысты болса, үшінші кезең құқықтары тұлғаның ұжымдық құқықтарын құрайды. Олардың арасындағы айырмашылықты ресейдің конституционалист ғалымдары былай деп түсіндіреді. Олардың ойы бойынша, индивидуалды құқықтардың жүзеге асырылуы мен қорғалуы жеке жүзеге асырыла алады. Ал ұжымдық құқықтар ондай сипатқа ие емес.
Адам құқықтары мен бостандықтарын үш кезеңге бөліну классификациясы негізінде оларды жеке және ұжымдық деп, ал мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруына араласу белсенділігіне қарай негативті және позитивті деп топтастыру орын алатынын көріп отырмыз. Жоғарыда аталғандарды қазақстандық ғалым Г.П.Лупарев те мақұлдайды.
Құқық ғылымында өзге классификациялар түрлері де орын алады, бірақ олар келтірілген топтастыруларға қарағанда онша танымал емес. Сонымен қатар Г.П.Лупаревтің: «кез-келген классификациялаудың өзге классификациялардың маңыздылығы мен тиімділігін, оңтайлылығын анық көрсету үшін маңызы өте зор . Сонымен қатар олар бір-бірін толықтырып, өздерінің объектілері туралы толық мағлұмат алуға үлкен мүмкіндіктер ашады» ,- дейді[6. Сонымен қатар айтылған ойға қосымша толықтыру ретінде Л.Д.Воеводиннің кез келген құқық, бостандық және міндеттерге байланысты классификациясының мақсаты болып олардың қоғамдық маңыздылығы мен олардың жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсету болып табылатынын және осы мақсаттар орындалған кезде классификация өзін ақтап қолдау табатынын да атап өтед[13].
Қорыта келе, біздің ойымызша мәселе шешімі Қазақстан Республикасы Конституциясында тұлға құқықтары мен бостандықтарын спецификалық ерекшеліктерінің бекітілуінен көрінеді.
- АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЬОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ШЕКТЕУ ШЕГІНІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Құқықтарды шектеу мақсаты адам құқықтрын шектеу шегін
қалыптастырудың негізгі механизмі
Анықтама сөздігінде берілген анықтама бойынша «кепілдік» қамтамасыз ету ұғымын береді . Заң әдебиеттерінде қарастырылып отырған тақырып шеңберінде «кепілдік» термині адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету амалдар мен шартарын қөрсетіп анықтау үшін қолданылады. Д.Б.Қатқовтың пікірінше кепілдік — мемлекет тарапынан адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырып қолданылатын шарттар[5].
Құқықтық кепілдік-бұл жеке тұлғаларға заңмен берілген құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы үшін мемлекет тарапынан арнайы берілетін мүмкіндіктермен іс шаралар жыиынтығы болып табылады.
Олар көлемі бойынша екі үлкен топқа бөлінеді.
- Ішкі мемлекеттік кепілдіктер.
- Сыртқы кепілдіктер.
Ішкі мемлекеттік кепілдіктер: Президенттік,Парламенттік,Соттық нысандарда көрініс табады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың тәжіребесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің және адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің ара қатынасы зор екенін көрсетті. Соғыстар, халықты жаппай қыру әлем мемлекеттеріне бұндай оқиғалардың қайталанбау керектігі және ол үшін бірігіп, бірауыздан жұмыс атқару қажеттігі туралы ой салды. Осы мәселе бойынша адамның табиғи құқықтарының қамтамасыз етуі жолында іргелі енбек ретінде 1984 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші сессиясында қабылданған «Адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі жалпы декларация» болып табылады. Декларацияның қабылдануына оның преамбуласында көрсетілген өзге негіздермен қатар адам құқықтары мен бостандықтарына немқұрайлы қарау салдарынан адамның ар-намысына тиерлік варварлық актілердің орын алуы болыт табылады. Қазіргі кезде адам құқықтары тек мемлекеттің ішкі ісі емес бүкіл дүниежүзілік қауымдастыққа тиесілі. Сонымен қатар саясатқа байланысты басымдырақ, мемлекеттік билік пен саясаттың өнегелік дәрежесінің өлшемі, қоғамның ұстанатын құқықтық және өнегеллілік қағидасы болып келеді[12].
Үшінші мыңжылдықта халықаралық қауымдастық адам қүқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуін қадағалайтын органның қүрылуын қолдады және осылардың ішіне алғашқыда белгісіз адам құқықтары жөніндегі уәкілетті институты ( омбудсмен ) қалыптасты
Омбудсмен — азаматтардың құқықтарын қорғаушы. Оның қызметі арқылы азаматтың әкімшілікке деген пайда болған теріс ойын мейлінше қалпына келтіру, әділеттілікке деген сенімін қоштау жүзеге асырылады. Адамға деген әкімшілік тарапынан келтірілген кішкене ғана нүқсанның өз кейінгі мемлекетпен пайда болатын қатынастарға өз септігін тигізеді. Сондықтан омбудсменнің қалыпты жағдайды орнықтыру мен саяси маңызы үлкен. Омбудсмен институты арқылы мемлекет азаматтардың жеке қөзқарасын , олардың мемлекеттік органдармен қатынасы туралы мәліметтерді ала алады. Бұл институтты еңгізген мемлекеттер оның маңыздылығын және пайдалы әсерін жоғары деп бағалайды.
Омбудсмен институтын құру қажеттілігі қөбіне қызметін жүзеге асырып жатқан институттар мемлекет тарапынан қойылған мақсаттарға жете алмауы кезінде туындайды. Және азаматтарды әкімшілік тарапынан орын алатын шектен шығушылғынан қорғау үшін қосымша қажеттілік туындаған кезде орын алады. Сонымен қатар көбіне мемлекетпен бұндай институттар өтпелі кезендерде құрылуы мүмкін. Оған айқын мысал ретінде постсоциалисттік кеңістіктегі мемлекеттерді келтіруге болады.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Констиуциясы адамға оның құқықтары мен бостандықтарына конституциялық жүйеде қалыптасатын қарым — қатынастарда ерекше орынды бөліп көрсеткен. Сонымен бірге мемлекетте және қоғамда адамның қүқықтары мен бостандықтарын қорғауды негізгі принциті етіп қарастырады.
Конституцияның 1 бабында бекітілгендей адам және оның құқытары мен бостандықтары басты құндылық болып табылады. Аталған конституциялық ереженің дамуы тек қүқықтық мемлекетте және заңшығарушының адам құқықтарымен байланысты қағидасының негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін[1].
Қазіргі заман демократиялық қоғамының басты мәселелерінің бірі жеке тұлғаға,оның қадір-қасиетіне көңіл бөлу болып табылады. Осы мәселеге Қазақстан Республикасы да егемендік алғалы бері демократизациямен қатар осы мәселеге де ерекше орын береді. Осы бағытта жасалған алғашқы қадамдардың бірі болып 1998 жылы ҚР Үкіметімен ЕҚЫҰ(ОБСЕ) құрамындағы адам құқықтары және демократиялық институттар жөніндегі бюромен өзара түсіністігі жөнінде Меморандумға қол қоюы болып табылады. Аталған меморандум Қазақстанда омбудсмен институты қалыптасуына көмек көрсетуі тиіс болды. Және 1991 жылы Парижде халықаралық конференцияда бекітілген ұлттық омбудсменнің қызметі жөніндегі қағидаларына сүйене құрылуы тиіс болды[].
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің Басшысының бұйрығымен 2002 жылы қаңтар айында « ҚР Ұлттық омбудсмені туралы » заң жобасын дайындау үшін жұмыс тобы ұйымдастырылды. Жұмыс тобының құрамына: Ж.Н. Абдилдин., Б.К. Байқадамов., М.С. Башимов., С.К. Журсенова., А.Н. Котлова., Е.К. Нүрпейсова., З.Л. Федотова болды.
19 қыркүйек 2002 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен адам құқықтары жөніндегі уәкілетті қызметі белгіленді. ОБСЕ-нің баяндауы бойынша аталған институттың құрылу тәртібі БҰҰ -ның белгілеген Париж қағидаларына сай екендігін, бірақ аталған конвенция бойынша омбудсмен институтының кұрылуы жоғары құқықтық күшіке ие жарлық емес заң арқылы құрылу қажеттігін де байқады.
Омбудсмен институтын енгізу туралы қарсы және қолдаушы аргументтер жетерлік болды. Ең маңыздысы болып аталған институттың жұмысы демократиялық — құқықтық мемлекеттің, өздеріне тиесілі құқықтары бар еркін адамдардан құрылған азаматық қоғамның қалыптасуына зор үлес қосатындығы. Қазакстан Республикасы Президентінің 2002 жылы кезекті « Мемлекеттің жағдайы мен сыртқы және ішкі саясат бағыттары туралы » жолдауында Н.Ә. Назарбаев « кез келген стратегиялық және қойылған ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыру үшін ең алдымен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар оның азаматтарының қүқықтары мен бостандыктарының қамтамасыз етілуі мен өмір сүруіне жағдай жасалуы тиіс » деген.
Қазақстан Республикасында Президент жанынан адам құқықтары жөніндегі Комиссия жұмыс жасайды және кей адамдар Коомиссия мен адам құқықтары жөніндегі өкілеттінің деңгейі бір деп қарастыруы қате. Комиссия қызметі кеңесу сипатына ие. Ол мемлекеттегі адам құқықтарына баға беріп, жаңа тенденцияларға оң немесе теріс баға беріп, Президент шығарған шешімдерімен хабардар етіп отырады. Ал омбудсмен институты адам мен азаматтың конституциялық құқықтарының билік тармақтарының бірінің бұзғаны жағдайында жұмыс атқаратын ұлттық мекеме. Ол әрекет етіп отырған соттық емес қүқыққорғау органы. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жүйесі мен тәртібін үнемі жетілдіріп отыру кез келген демократиялық мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Сондықтан омбудсмен лауазымына қатысты нормативті құқықтық актілерді халықаралық стандарттарға тең ету қажет.
Адам құқықтарын қамтамасыз ету бойынша күрделі мәселелерді, мемлекет Президенті 2005 жылғы Қазақстан халқына арналған өз жолдауында көтерді. Олардың арасында:
- Биліктің барлық деңгейлерінің құзіретін жіктеу;
- жергілікті өзін — өзі басқаруды енгізу, қоғамда және мемлекетте саяси партиялардың рөлін кеңейту;
- азаматтық қоғам институттарының пікірін ескере отырып, сайлау заңнамасын жетілдіру;
- ауыл округтер әкімдерінің және эксперимент ретінде – жеке аудан әкімдерінің сайлауын өткізу, үкіметтік емес құқық қорғау органдарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету;
- сөз бостандығын толығымен қамтамасыз ету және БАҚ туралы жаңа Заң қабылдау арқылы БАҚ қызметіне шенеуніктердің араласуына жол бермеу;
- қылмыстық құқық саласын гуманизациялау;
- алқа билер мәселесі.
Елбасымыздың бұл барлық ұсыныстары Қазақстан қауымдастығынан қолдау тапқанын атап өту қажет.
2005 жылғы Қазақстан халқына арналған « Қазақстан – экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел модернизациялау ( жаңару ) жолында » деген жолдауында, Елбасы азаматтық қоғам институттарын дамыту, атап айтқанда Қазақстан азаматтарының құқық пен бостандық кепілін, сөз бостандығын, бірлестіктер мен саяси еркін білдіруіне болашақта дамыту туралы айырықша атап өтті.
Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық механизмдерін дамытуда Қазақстан жақын уақытта « Азаматтық және саяси құқықтар туралы » Халықаралық пактаны және « Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы » Халықаралық пактаны бекітуді көздеп отыр, өйткені олар адам құқықтарын қорғау және көтермелеу саласындағы БҰҰ – ның негізгі халықаралық шарттары болып табылады.
Қазіргі кезде омбудсмен институты көптеген мемлекеттерде жүмыс істей отырып, адам құқыктары мен бостандыктарын қорғау амалдарының көптігін және алуан түрлі әлеуметтік-саяси жағдайларга дағдылығын дәлелдеп отыр. Бірақ, бұндай жағдай өз ретінде омбудсменнің ролін анықтау кезінде өз септігін тигізеді. Себебі бір — барлық елдер үшін юрисдикция үлгісі болмауы.
Жалпы омбудсмен институтының ТМД және Балтық елдерінде орын алып жұмыс істеу барысы аталған институтқа сеніп тапсырылған міндеттерді орындай алуын және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында өз орнын берік анықтап алды деп айтуға толық дәлелдемелер бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтарын шектеу жөніндегі Комиссияның « 2005 жылы Қазақстан Республикасында адам және азамат құқықтарын сақтау туралы » баяндамасына ( 2006 жылдың 18 сәуірінде Комиссияның кеңейтілген мәжілісінде талқыланып мақұлданған ) қайта оралатын болсақ,
Азаматтық құқық пен бостандық, оның құқықтық мәртебесінің негізін құрайды, яғни олардың мойындалмауы мен жүзеге асырылмауынан басқа құқықтар мен бостандықтардың барлығы өз мағынасын жоғалтады. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы үшін, бұрынғы Конституцияларымен салыстырғанда, азаматтық құқық пен бостандықтың аясы неғұрлым кеңейгендігі, сондай – ақ адам құқықтары туралы халықаралық – құқықтық актілерді ескеруі ерекше болып табылады.
Өмір сүру құқығы, осы салада біріктіретін басқа құқықтармен бостандықтардың бастапқы негізін құрайды. Ол әлемдік өркениеттің тұтастай құндылығын белгілейді, яғни құқықтың қалған басқа түрлері, адам қайтыс болған жағдайда өз мағынасын жоғалтады. Бұл негізгі құқықты, мемлекет, оның өкілдерінен немесе жеке тұлғалар тарапынан адам өміріне заңсыз қол сұғушылықтан, жеке тұлғаның бостандық құқығы ретінде қарастыруға болады.
Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізуді халықаралық қауымдастық жағымды бағалағаны туралы атап өту қажет.
2004 жылдың қаңтар айының басында Қазақстанның сыртқы істер Министрлігі, Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасының өлім жазасына мораторий енгізу туралы шешімін қолдайтындығы туралы хабарды таратты.
Өзінің арнайы Нұсқауында Еуропалық Одақ, Президент Н.Назарбаевтың өлім жазасына мораторий енгізу туралы Жарлығы, адам құқықтарын қорғау ісіндегі маңызды қадам болып табылады, — деген пікірін білдірді.
Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстанның өлім жазасына мораторий енгізуін қолдады.
Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігінің ақпараты бойынша, ынтымақтастық туралы келісімнің мақсаты Парламенттік демократияның қағидаларын, заң билігін нығайту, адам құқықтары мен негіз құрайтын бостандықтарды құрметтеу үшін Парламент пен Ассамблея арасында саяси сұхбатты дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде белгілей отырып, адамның діни сенімін білдіру бостандық құқығын сақтау мәселелеріне үнемі назар аударады.
2003 жылы Астана қаласында өткізілген әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезі, әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы байланысты дамытуда, жалпыға бірдей халықаралық стандарттарына сәйкес адамның діни сенімін білдіру бостандық құқығын қорғауды қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізіп отырған іс-әрекеттерінің анық көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің әр азаматына ождан бостандық құқығына кепілдік береді. Қазақстан Республикасының « Діни сенімін білдіру бостандығы және діни бірлестіктер туралы » Заңына сәйкес дінді қабылдау немесе сенімдерді тарату бостандық құқығы тек қоғамдық тәртіпті және азаматтардың өмір қауіпсіздігін, денсаулығын, құқығын және бостандығын қорғау мақсатында ғана заңмен шектелуі мүмкін.
Екі ірі конфессия бар – мұсылмандық ( ДУМК ) және провославиялық ( РПЦ – ның үш епархиясы ). 1750 мұсылмандық бірлестік, 249 – православиялық, 84 – католикалық, 24 – иудеялық, 1034 – протестандық қоғамдық жұмыс істеп жатыр.
Әлеуметтік сұрастыру нәтижелері бойынша, республикада дінге табынатын адамдардың саны өсіп келеді, бүгін өздерін дінге сенеміз деп қазақстандықтардың 62% есептейді.
Діни экстремистік топтардың белсенділігі аса қауіпсіздік тудырып отыр.
Өз қызметін « Хизб – ут – Тахрир » экстремистік діни партиясы кеңінен таратып жатыр. Егер 2004 жылы мемлекетте партия парақшалар таратуының және көпшілік акцияларын өткізуінің 37 жағдайы тіркелсе (баспахана табылды), 2005 жылдың басынан мұндай фактілердің 80 табылды.
« Ваххабизм » қолдаушылары тарапынан ұйымдастырушылық – насихаттау әрекеттері белгіленді. 2004 жылдың 7 маусымында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы бұрынғы пионерлагерінде, « жамағат » діни ағымының 40 қолдаушысының жиыны өтті. 10 маусымда осындай жиын Атырау қаласында өткен.
« Таблиги Джамаат » адептілері насихаттау жұмыстарын Жамбыл облысында, Қарағандыда жүргізуге ұмтылған. « Дагуатшылар » топтарының жұмыстары Батыс – Қазақстан және Жамбыл облыстарында, Астана қаласында жүргізілгендігі байқалды.
Діни ұйымдардың кейбір көсбасшылары қарулы күштер қатарында қызмет атқару, мемлекеттік рәміздерді мойындамау сияқты конституциялық міндеттерді орындаудан бас тарту сияқты азаматтық борыштарға қарсы сияқты азаматтық борыштарға қарсы идеологияның элементтерін насихаттайды. Басқалары – адам құқықтарын қорғаудың көпшілік институттарын және зайырлы мемлекеттің басқа да құндылықтарын мойындамайды. Олардың басшыларының көбі әртүрлі жауапкершіліктерге тартылады, ал мұндайда өкілетті органдардың заңды талаптарын, олар бүкіл әлемге ұждан және діни сенімін білдіру бостандық құқығына шектеу жасалды деп таратады.
Мемлекет Елбасы жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссияда, азаматтардың жеке салымдары мен жинақтары, хат алмасу, телефон сөйлесулері, телеграфтіе және басқа хабарласу құпияларына қатысты құқықтарын бұзу фактілер тіркелмеген.
Жоғарыда аталған адам құқықтары мен бостандықтары салаындағы өзекті сауалдардың бірі болып, санкция беру мәселесі болып табылады.
Ата заңымызда тайға таңба басқандай соттың тұтқындауға санкция беруі анық көрсетілсе де, бұл мәселе бізде жүзеге асырылмай келеді. Оның басты себебі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде Конституция талаптарына сәйкес соттың немесе прокурордың тұтқындауға санкция беру құзыретінің ара-жігі ашылып көрсетілмеуінде, яғни бұл жөнінде әлі күнге дейін шешілмеген проблема көп.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 – бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, нормативтік құқықтық ақтілердің, республика Президенті жарлықтарының дәлме-дәл, біркелкі қолдануын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келгебұзылуын анықтау мен жою жөніндегі шаралар қолданады. Конституция мен заңдарға қайшы келетін заңдар мен басқа құқықтық актілерге наразылық білдіреді, сонымен бірге прокуратура соттамемлекет мүддесін білдіреді, заңмен белгіленген шекте қылмыстық құқығын жүзеге асырады. Міне мұның өзінен-ақ прокуратура органдарының атқаратын қызметінің өте ауқымдылығын, оның негізгі басты функциясы еліміздегі заңдардың біркелкі, әділ жүзеге асырылуын қадағалау екендігі өзінен өзі түсінікті. Прокуратураның осындай сан қилы маңызды қызметі есепке алына отырып, олардың құзыретінен алдын ала тергеу жүргізу қызметі аланып тасталғаны баршаға аян. Біздің пікірімізше, прокуратура органының өзіне тиісті функциясын одан әрі оңтайландыру үшін олардың тұтқындауға санкция беру құқығын тиісті ретке келтіру қажет сияқты. Прокурорға күдікті адамды ғана 10 тәулікке дейінгі уақытқа тұтқындауға санкция беру құқығын қалдыру керек, ал басқа жағдайларда анықтамаса, тергеу органдарыныңы қаулысы бойынша қылмыстық істерді жүргізу заңы негізінде айыпты деп танылған белгілі бір қылмыс құрамын жасаған адамды тұтқындаға санкцияны соттың бергені дұрыс. Мұның өзі азматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғаудың бірден бір әділетті жүзеге асыруға нақты мүмкіндің туғызады.
Егер сот тұтқындауға санкция берсе, онда бұл қылмыстық істің тағдырының заңға сәйкес әділ шешілуіне кері әсер етеді деген кейбір ғалымдардың пайымдауларының негізсіз екендігін осы мәселеге байланысты жинақталған өркениетті елдердің озық тәжірибесі теріске шығарады. Сот тұтқындауға санкция беру кезінде айыпкердің іс-әрекетіндегі қылмыс құрамының белгісіне, істелген іс-әрекеттің қылмыстың белгілі бір санатына жататындығын және қылмыстық істі жүргізу заңына оны тұтқындауға негідердің барын есепке алады. Тұтқындауға санкция беру кезінде сотта судья төрағалық етеді, сонымен бірге сот процесіне сот мәжілісінің хатшысы, прокурор және айыпкердің қорғаушысы, айыпкердің өзі қатысады. Мұның өзі адамның құқығын шектеуді жүзеге асырудың демократиялық қоғамдағы баршаға ортақ стандарттарына толық сәйкес келеді. Егер тұқындауға санкция беру туралы сот шешіміне процеске қатысушылар разы болмаса, онда қорғаушы немесе айыптаушы заңда белгіленген тәртіппен мұндай қаулыға шағым, ал прокурор наразылық келтіруге құқық болады.
Демек сотта тұтқындауға санкция берудің осындай көрінісінің өзі-ақ адам құқықтарын шектеун қорғау кепілдігін күшейтеді. Бұл жерде тағы бір атйта кететін мәселе бар. Егер судья айыпкерді тұтқындау туралы санкция беріп, қаулы шығарса, онда ол айыптау қорытындысымен келіп түскен осы істі басты сот мәжілісінде қарап, үкім шығаруға қатыса алмайды. Бұл да сот билігінің әділ жүзеге асрырылатындығының бір көрінісі болмақ. Соттың тұтқынға алуға санкция беруге конституциялық заң негізінде құықылы екенін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 2003 жылғы 13 желтоқсанындағы өз қаулысында арнайы атап көрсетті.
Сонымен қатар эвтаназия мәселесі де нормативтік тұрғыда өз шешімін тапқан жоқ. Эвтаназия тақырыбын алғаш рет қарағанымда, мен мұндай тәжірибе біздің қоғамымыз үшін қажет пе деген ойда болдым. Барлық дәлелдер мен қарсы дәлелдерді қарастыра келе, мен бұл мәселенің жеңіл еместігін мойындадым.
« Әркім өмір сүру құқығына ие »(2) – деп Қазақстан Республикасының Конституциясы жария етеді. Бұл құқықтық норманың тұрғысында, бір қарағанда, барлығы түсінікті және анық, әркім өмір сүруге құқылы және оны пайдалануға немесе пайдаланбауы өз еркі, сонымен қатар Конституцияның бабында былай делінген: « Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мойындау, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті »(3) Бұдан мынадай ұғым шығады: конституция өмір құқығын бекіте отырып, жанама түрде өлім құқығын да бекітеді. Бұл логикалық түрде шығып отыр.
Дәл осы көзқарасты адам құқықтары мәселелері саласындағы теоретиктер Ю.А.Дмитриев пен Е.В.Шленева ұстанады. Мемлекеттің қолданыстағы Жоғарғы заңының демократизмінен шығып отырған конституциялық – құқықтық нормаларды қарастырудың логикалық көзқарасы олардың негізгі ойы болып табылады. « Өмір сүру құқығының конституциялық бекітілуі адамның өлім құқығының заңды бекітілуін логикалық түрде белгілейді. Өмір сүру құқығы адамның жеке құқықтарына жатқызылса, онда оның жүзеге асырылуы басқалардың еркіне қарамастан, онымен жеке және өз бетінше жүргізіледі »(4) .
Дегенмен, « өлім құқығы » бізге қандай өкілеттіктер береді. Егер бұл өз еркі мен өз беті бойынша жүзеге асырылатын құқық екендігін ескерсек, онда санамызға тек бір ғана құқық келеді – «өзін — өзі өлтіру құқығы». Мұнда да біз тікелей қарсы көзқарасты таба аламыз, профессор М.И. Ковалев « Өмір сүру құқығы және өлім құқығы » атты мақаласында өзін — өзі өлтіру түсінігіне толық анықтама береді. Мақала авторы өмірден алынған оқиғаларды мысалға келтіреді, оның негізінде өзін өмірден айыру барлық жағдайларда өз еркі бойынша болуы мүмкін екендігін дәлелдейді және өзін — өзі өлтіру анықтамасын береді. « Өзін — өзі өлтіру деп адамға басқа тұлғалар тарапынан әсер ету, сол тұлғалардың әсерінен пайда болған жағдайдың күшімен өмірден өз еркі бойынша емес кетуді шешетін жағдайлардан басқа, кез келген себептер бойынша өзін өз қолымен, саналы және ерікті өмірден айыруды түсіну керек »(5)
Жоғарыда айтылғандарға қарай өлім құқығын қамтымайтын, өмір сүру құқығы ереже ретінде емес, ол өмір сүру міндеті сияқты белгіленеді. Мұндай ескерту әділ. Адам тек қана құқыққа ғана ие емес, сонымен қатар өмір сүруге міндетті екендігін ескерсек, онда мұндай міндеттемені орындамау жауапкершілікке тартылу керек. Бұдан басқа, өмір сүру міндеті адам өмірі қауіпті болған жағдайда, медициналық араласу жағдайындағы міндетіне сәйкес болуы керек. Алайда, 1993 жылы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңнамасы негіздеріне сәйкес ( кейінгі өзгертулер мен толықтырулармен ), алдын – ала медициналық араласу жағдайына қажет азаматтық ақпараттық ерікті келісімі болып табылады (32бап) []. Азамат немесе оның заңды өкілі медициналық араласудан бас тартуға немесе азамат қоршаған орта үшін қауіп тудыратын аурумен ауырған кезде немесе ауыр психикалық өзгеріске ұшыраған кезде, сондай – ақ қоғамдық қауіпті әректтер жасаған тұлғаларға қатысты емдеу жүргізілмсе оның тоқтатылуын талап етуге құқылы ( Денсаулық қорғау туралы ҚР заңнамасы негіздерінің 33,34 баптары ). Демек, ауыр өміріне қауіп тудыратын аурумен, мысалы ракпен ауратын адамды емделуге міндеттеудің ешқандай құқықтық негіздері жоқ. Мұндай жағдайда, « заңда белгіленген » өлім құқығын жалған нақтылаумен емдеуден бас тарту мүмкіндігі әсер етіп отырған жоқ па? Біз емдеуден бас тартқан тұлғаны жалған мойындауымыз керек пе? (8) []. Бүгінгі қылмыстық заңнамада өзін — өзі өлтіруге тыйым салынған баптардың жоқтығы туралы ескертіп кетейін.
Белгіленген сауалдарды талдау эвтаназия түсінігін анықтау қажеттілігін тудырып отыр, ол нақты және екі мағыналы болмау керек. Эвтаназия( грек тілінен ең жақсы thanatos — өлім ) – « жақсы, жеңіл өлім »- дегенді білдіреді. Медициналық, фәлсафалық және құқықтық әдебиетте ол әртүрлі түсіндірілген: « дерттен аурусыз, қинамай және басқа өмірге қайтарудың әдісі »; « дертті тоқтату мақсатында ауру адамдарды өз өтініштері бойынша өлтіру »; « дертті тоқтату мақсатында тез және ауыртпайтын жолмен үмітсіз ауру адамды өлімге келтіретін саналы әрекет »(9). Ұсынылған анықтамалардың ешқайсысы толық, эвтаназияның барлық белгілерін сидырған және барлық мүмкін жағдайларды қамтыған деп белгілеуге болмайды. Бірінші анықтама эвтаназияны басқа тұлғаның қатысуысыз жасалған өзін — өзі өлтіруден бөлуге мүмкіндік бермейді. Екінші, ауру адам өз өтінішін білдіре алмайтын жағдайда (комалық жағдайда ) болуы мүмкіндігін ескермеген. Үшінші, анықтама өлім нәтижесіне әкелетін әрекетті бұйыруды қамтыған, ал пациенттің өлімі өзі болған жағдайға кедергі жасамау мақсатына не дәрігердің саналы әрекеттенбеу жағдайларын қамтымаған. Анықтамалардың ешқайсысында эвтаназияны жүзеге асыратын субъектілер туралы айтылмаған. Ондай субъект ретінде тек медициналық қызметкерлер ( дәрігер, фельшер, медбике ) бола алады. Егер де сәйкес әрекеттерді басқа тұлғалар, мысалы аурудың туыстары жасаса, онда бұл әрекеттерді эвтаназия тұрғысынан емес, ал суицид жолы арқылы өлімді болдыруға жәбірленушінің келісімі ( басқа тұлғаның көмегімен болдырған өзін — өзі өлтіруі ) – кең түсінігі тұрғысынан қарастыру қажет. Мұнда көмекші суицид пен эвтаназия арасында шектеу жүргізу керек. Көмекші суицид суицид пен эвтаназия арасындағы « көпір » болып табылады.
Эвтаназия проблемасы өз шешімін халықаралық – құқықтық актілерден, нақтырақ айтсақ 1950 жылы 4 қарашада қабылданған және 1953 жылы 3 қыркүйекте өз күшіне енген Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы Еуропалық конвенциядан тапқан жоқ[]. « Адамның құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссияға және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа бүгінгі күні, өмір сүру құқығын бекітетін, Конвенцияның 2 бабы бойынша бірде-бір іс түскен жоқ. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссияның материалдарында, Конвенцияда да, көрсетілген бапты қолдануға қатысты прецедентті құқықта да заңды көзқараспен өзін-өзі өлтіру мүмкіндігі туралы мәселе қарастырылмаған және өмір сүру құқығы өмір сүру міндетін қамтиды ма және де индивид бұл құқықтан бас тарта ала ма? — деген саулдар ашық түрде қалып отыр»(20).
Демек, жоғарыда айтылғандардан байқағанымыз, заң шығарушы пікір байыпты эвтаназияның жария етулі бағыты бойынша жылжып келеді және кейбір мемлекеттерде өлу кезінде көмек көрсетуді заңдастыру осы жолдағы бірінші қадам болып табылады, оны эвтаназияны қолдаушылары мен қарсы шығушылары ұстана алады. Эвтаназияға рұқсат беру бір қалыпсыз пайда болатын қоғамдық пікірді ұстанады ( кім қолдайтындар арасында, кім қарсылар арасында ). Жоғарыда айтылған Орегон актісі 1994 жылы қабылданған, бұл акт терминалды науқастарды шектейді деп есептеген бірнеше дәрігерлер мен терминалды науқастардың көтерілісінен кейін 1997 жылы өз күшіне енді.
Қазақстан Республикасында эвтаназия қандай да нысанда жүзеге асырылса да заңмен тыйым салынған. Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы ҚР заңнамасы негізінде былай белгіленген: медициналық қызметкерлерге эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады – қандай да әрекеттер немесе құралдар арқылы науқастың өлімін жеделдету туралы өтінішін қанағаттандыру, оның ішінде өмірді сақтау бойынша жасанды шаралармен тоқтату да бар. Аталған мақала, науқасты эвтаназияға саналы итермелейтін және эвтаназияны жүзеге асыратын тұлға « ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады » дегенді қарастырған.
2.2 ҚР конституциясы нормаларында құқықтарды шектеу мақсаты
Қазақ қоғамында орын алған саяси-құқықтық ұйымдасуы ерекшелігі мен Алаш үкіметінің ұсынған прогрессивті конституциялық идеяларымен сипатталады.
Қазақ қоғамында тұлғаның құқықтық мәртебесінің концептуалдық негіздері қазақ қоғамында ғұн, сақ, түрік қағандықтары кезінде қалыптасқан. Ұзақ жылдар аралығында адам мен билік аралығындағы қатынас ұдайы дамып және жетіліп отырды, сонымен қатар ол адам құқықтарын бағалауда саяси-құқықтық баға беруді және белгілі бір қатаң ретті сақтап отырды. Жоғарыда аталғандардың көбісін Қазақ хандығының құрылу (ХІҮ-ХҮғғ) кезеңінде анық байқай аламыз. Мемлекетте жоғарғы орган болып халық жиналысы — құрылтай болып саналды. Оның негізгі функциясы болып ханды сайлау болып табылады және ол меритократия, яғни сол орынға сай келетінін ғана сайлау қағидасына сүйене отырып жүзеге асырылды.
Пайда болған әр түрлі дауларды шешу, келесіде пайдалануға мүмкіндік беретін нормаларды қалыптастыру билер институтына тапсырылған болатын. Олар сот және заңшығарушылық билікке де ие болды. Сонымен қатар қоғамның мемлекеттің араласуынсыз дау шеше ала алуы құқықтық дәстүрдің реттеушілік қасиетінің жоғары болғанын көрсетеді[21].
Аталған демократиялық институттардың құрылуы ең алдымен халықтың құқықтық санасының жоғары болғанының шарты болып табылады. Қазақтардың бостандық пен теңдікті қастерлегені салыстырмлы түрде әйелдің еркі мен теңдігі, жеке тұлғаға деген сыйластық және билікке құл секілді бағынбауы арқылы көрінеді дейді А.Нысанбаев[13.220б.].
Қазақ мемлекеттілігінің демократиялық идеяларын
қалыптастырғандардың және Алаш Ұлттық автономиясының (1917-1919жж.) конституциялық нормаларын әзірлегендердің ішінен А.Бөкейхановты, А.Байтұрсыновты, М.Дулатовты атауға болады. Алаш Үкіметінің ұсынған бағдарламаларында сөз, баспа, одақтасу не бірігу бостандығы, таңдау құқығы, ешкімнің тиіспеушілік, сот арқылы өз мүдделерін қорғау секілді және теңдік, өкілдік, халық суверенитеті жөнінде басты идеяларды бекітті[22].
Қорыта келгенде қазақ мемлекеттілігі кезеңіндегі адам құқықтары жөніндегі идеялар әлі күнге дейін өз өзектілігін жоймаған. Аталған кезең әлі күнге дейін қазақ ғалымдары арасында талқыға өте қызықты болып келеді[23-27].
Кеңес дәуірі кезіндегі адам құқықтары мен бостандықтары концепциясы өз көрінісін заңгерлер мен саясаткерлер арасында ғана пайда болған теориялық зерттеулер мен талдауларда ғана емес 1926ж (жоба), 1937ж., 1978ж Конституцияларда да тапты.
Қазіргі кезде аталған конституциялар мазмұны «конституция-фикция» үғымымен сипатталады[28]. Ғалымдардың айтуы бойынша кеңестік конституция өзіне тән ерекшеліктеріне қарамастан қабылданушы қағидасына сай, яғни социалистік идеяларды сақтау, жұмысшы топтың диктатурасының көрінісі ретінде орын алды[29]. Ғ.С. Сапарғалиевтің байқауы бойынша бірде-бір кеңестік Конституция формальді-демократиялық элеменнтердің жиынтығына қарамастан қоғамның демократизациясын қамтамасыз ете алмады дейді[30].
1926 ж. ҚАССР Конституциясы — кеңестік Қазақстанның алғашқы жобасы болып табылады. Авторлар мемлекет пен адам арасындағы қарым-қатынастың концептуалдық негіздері Қырғыз (Қазақ) АССР-нің еңбекшілерінің құқықтары туралы Декларацияда белгілеген. Ол социалистік қоғамды қалыптастырудың негізгі мақсаттарын яғни адамның адаммен жұмсалуын болдырмауды анықтады. Алғашқы декреттер мен конституциялық актілерінің басты етіп ұстанған мақсаты пролетариатты үстем топ етіп , яғни оған биліктің басын ұстату болды[31]. Еңбек етуші топқа қоғам ішінде ерекше орын бөлініп, билік соларға тиесілі болуы керек деп саналды. Себебі, олар барлық материалдық және рухани байлықтың негізі деп есептелді. Адамдар арасында көмек, коллективизм және гуманизм негізіндегі қарым қатынастарды орынықтыруды көздеді[29]. Бірақ қоғамдық тәжірибе бұл теория орныға алмады. «Шаруалар мен еңбекшілер эылуы тиіс демократиялық мемлекеттің орнына біз халықты ірі үшін қорқынышта ұстайтын, қоғамдық бостандық және адіғі дейтін ұғымдар жәй әншейін сөз болып қалған, қатаң аппараты бар аяусыз тоталитарлық жүйеге келдік », — дейді.
Кеңес дәуірінде орын алған конституциялардың барлығы аталған қағидаға сүйеніп жасалғанын ескерсек ол табиғи құкық теориясына әбден қайшы келетінін де атап өткен жөн. М.Ф. Рудинский осы тұрғыда келесідей ойға келеді: Кеңестік қоғам тарихына үнілетін болсақ кеңес дәуіріндегілер пролетариат диктатурасы мен топтық күрес туралы марксистік ережелерде адамның жеке құндылығы абсолютті емес және тұлға қай потқа тиесілілігіне байланысты белгілі бір артықшылықтарға ие бола алады деп өз тұжырымын жеткізеді[32]. Жеке тұлға бостандығы бұнда обьективті түрде орын алған жоқ. Себебі антогонистік қоғамдық-экономикалық формация жағдайында еркіндік тек жоғарғы тұрған топқа ғана тиесілі болды деп саналды[33].
Жоғарыда аталғандарға мысал ретінде Конституция нормасында көрсетілгендей өз еңбегімен табыс таппайтындар бір де бір билік органдарында орын ала алмайтыны және белсенді сайлау құқығына ие бола алмайтын болды (2п).
Конституцияда бұндай нормалардың бекітілуі тек адам құқықтарын ығыстырып қоюды ғана емес жалпы демократиялық нормаларда аластауды да көрсетеді[34].
1937ж ҚазКСР-ң Конституциясы алдыңғы жобадан демократизімнің кей белгілерінің айқын көрінуімен ерекшеленеді. Жаңа конституциялық жүйенің қалыптасуын кеңестік теоретиктер мемлекеттің жетілуінің келесі сатысына өтумен, яғни социализм негіздерінің қалануы, эксплуотаторлық топтардың түгелдей жойылуы арқасында социалистік демократияның кеңейуіне мүмкіндік береді деп түсіндірді[35]. Топтық айырмашылықтарды жою арқылы біртекті әлеуметтік қоғамды қалыптастыру тұлға теңдігінің бірден-бір негізі деп саналды. Адамзат тарихында алғаш рет социализіммен адам экономикалық және әлеуметтік «құлдықтан» босатты[34].
«Буржуазиялық демократия идеологтарының» критикасында кеңес халқының едәуір бөлігінің мемлекет істерін басқарудан алыс болуына назар аударады, «нағыз демократия (ондай демократия -социалистік демократия) кезінде халық жоғарғы билікті өз қолында сақтай отырып, билік функциясын жүзеге асыруды жекелеген органдарға (мысалы, Кенестерге) және өз қатарынан шыққан лауазымды тұлғаларға жүктей алады [36]. Сонымен қатар қазіргі кездегі барлық дерлік ғалымдардың көзқарасы Кеңес дәуірі кезіндегі орын алған әрекеттер формальды болғанын, ал нақты мемлекет және қоғам өмірі үшін маңызы бар шешімдерді тек Коммунистік партия қабылдағанын айтады. Ал Коммунистік партияға тиістілігі жеке тұлғаның орын алып отырған режимге оң көзқарас тудырып және оның белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырды.
Осы Конституцияда еңбек етуге және демалысқа құқықтары, қартайған кезінде әлеуметтік қамсыздандыруға, ер мен әйел, адамдар арасында олардың нәсілі мен ұлтына қарамастан теңдігін бекітті(96-і бап). Сонымен қатар сөз және баспа, жиын және митинг, демонстрация және көше аралау бостандығы тек «еңбек етушілердің мүдделеріне қарсы болмаған жағдайда және әлеуметтік жүйені нығайту мақсатында ғана жүзеге асырылады» делінген ( 10 Збап). Осы жерде айта кетерлік бір жай азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерін егжей-тегжейлі бекіту орын алды.
1978ж Қазақ ССР-ң Конституциясы. Аталған заң нормасы жеке тұлғаны қоғам мен мемлекетке бағындыру және әлеуметтік қағидалар шегіне шықпайтындай етіп позитивті адам құқықтарын қалыптастыруды бекітті.
Аталған Конституция адам құқықтарының социалистік концепциясында өз ерекшеліктеріне де ие болды. Яғни сол кездің ғалымдары адам мен қоғам мүдделерінің бір жерден шығатынын, ал қоғамдық мүдде бұнда тек қоғам дамуының обьективті қажеттілігін ескеріп қана қоймай сонымен қатар жеке адам мен бүкіл халықтың мүддесін жақтайды деп есептеген. Буржуазиялық теорияларға қарама-қарсы адамның индивидуалдығы оның табиғи негіздері мен психикалық қасиеттерінде көрініс табады дейді[34]. Сонымен қатар мемлекет әр адамның қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, өз азаматтарына өте кең құқықтар мен бостандықтар береді және оларды сенімді кепілдер жүйесімен қамтамасыз етеді[37].
Конституцияда бүкіл билік халықтың қолында деп жарияланған болатын. Халық өз билігін Халық депуттатарының Кеңесі арқылы жүзеге асырады деп есептелген (2бап 1;2тармақтары). Тікелей демократия ретінде мемлекет өміріндегі маңызды мәселелер бойынша бүкіл халықтық талқылау және бүкіл халықтық сайлау (референдум) өткізу болды (5бап). Кеңес қоғамының саяси жүйесін дамытудың басты бағыты болып социалистік демократияны дамыту яғни, қоғам мен мемлекетгі басқаруға неғұрлым көп азаматтарды қатыстыру, қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру, қоғам мен мемлекеттің құқықтық негізін нығайту, жариялылықты арттыру, әрдайым қоғамның пікірін біліп отыру (9 бап). Бірақ осыларға қарамастан ешқандай саяси плюрализм туралы сөз болған жоқ. Қоғам дамуының басты бағыттарын, сыртқы және ішкі саясат бағыттарын және кеңес халқының өміріне басшылық етуді саяси жүйенің негізін құрайтын Коммунистік партия жүзеге асырды (6 бап).
2.3 ҚР Конституциялық Кеңес қаулыларындағы құқықтарды шектеу мақсаты
Кеңес дәуірі кезіндегі адам құқықтары мен бостандықтары концепциясы өз көрінісін заңгерлер мен саясаткерлер арасында ғана пайда болған теориялық зерттеулер мен талдауларда ғана емес 1926ж (жоба), 1937ж., 1978ж Конституцияларда да тапты.
Қазіргі кезде аталған конституциялар мазмұны «конституция-фикция» үғымымен сипатталады[28]. Ғалымдардың айтуы бойынша кеңестік конституция өзіне тән ерекшеліктеріне қарамастан қабылданушы қағидасына сай, яғни социалистік идеяларды сақтау, жұмысшы топтың диктатурасының көрінісі ретінде орын алды[29]. Ғ.С. Сапарғалиевтің байқауы бойынша бірде-бір кеңестік Конституция формальді-демократиялық элеменнтердің жиынтығына қарамастан қоғамның демократизациясын қамтамасыз ете алмады дейді[30].
1926 ж. ҚАССР Конституциясы — кеңестік Қазақстанның алғашқы жобасы болып табылады. Авторлар мемлекет пен адам арасындағы қарым-қатынастың концептуалдық негіздері Қырғыз (Қазақ) АССР-нің еңбекшілерінің құқықтары туралы Декларацияда белгілеген. Ол социалистік қоғамды қалыптастырудың негізгі мақсаттарын яғни адамның адаммен жұмсалуын болдырмауды анықтады. Алғашқы декреттер мен конституциялық актілерінің басты етіп ұстанған мақсаты пролетариатты үстем топ етіп , яғни оған биліктің басын ұстату болды[31]. Еңбек етуші топқа қоғам ішінде ерекше орын бөлініп, билік соларға тиесілі болуы керек деп саналды. Себебі, олар барлық материалдық және рухани байлықтың негізі деп есептелді. Адамдар арасында көмек, коллективизм және гуманизм негізіндегі қарым қатынастарды орынықтыруды көздеді[29]. Бірақ қоғамдық тәжірибе бұл теория орныға алмады. «Шаруалар мен еңбекшілер эылуы тиіс демократиялық мемлекеттің орнына біз халықты ірі үшін қорқынышта ұстайтын, қоғамдық бостандық және адіғі дейтін ұғымдар жәй әншейін сөз болып қалған, қатаң аппараты бар аяусыз тоталитарлық жүйеге келдік », — дейді.
Кеңес дәуірінде орын алған конституциялардың барлығы аталған қағидаға сүйеніп жасалғанын ескерсек ол табиғи құкық теориясына әбден қайшы келетінін де атап өткен жөн. М.Ф. Рудинский осы тұрғыда келесідей ойға келеді: Кеңестік қоғам тарихына үнілетін болсақ кеңес дәуіріндегілер пролетариат диктатурасы мен топтық күрес туралы марксистік ережелерде адамның жеке құндылығы абсолютті емес және тұлға қай потқа тиесілілігіне байланысты белгілі бір артықшылықтарға ие бола алады деп өз тұжырымын жеткізеді[32]. Жеке тұлға бостандығы бұнда обьективті түрде орын алған жоқ. Себебі антогонистік қоғамдық-экономикалық формация жағдайында еркіндік тек жоғарғы тұрған топқа ғана тиесілі болды деп саналды[33].
Жоғарыда аталғандарға мысал ретінде Конституция нормасында көрсетілгендей өз еңбегімен табыс таппайтындар бір де бір билік органдарында орын ала алмайтыны және белсенді сайлау құқығына ие бола алмайтын болды (2п).
Конституцияда бұндай нормалардың бекітілуі тек адам құқықтарын ығыстырып қоюды ғана емес жалпы демократиялық нормаларда аластауды да көрсетеді[34].
1937ж ҚазКСР-ң Конституциясы алдыңғы жобадан демократизімнің кей белгілерінің айқын көрінуімен ерекшеленеді. Жаңа конституциялық жүйенің қалыптасуын кеңестік теоретиктер мемлекеттің жетілуінің келесі сатысына өтумен, яғни социализм негіздерінің қалануы, эксплуотаторлық топтардың түгелдей жойылуы арқасында социалистік демократияның кеңейуіне мүмкіндік береді деп түсіндірді[35]. Топтық айырмашылықтарды жою арқылы біртекті әлеуметтік қоғамды қалыптастыру тұлға теңдігінің бірден-бір негізі деп саналды. Адамзат тарихында алғаш рет социализіммен адам экономикалық және әлеуметтік «құлдықтан» босатты[34].
«Буржуазиялық демократия идеологтарының» критикасында кеңес халқының едәуір бөлігінің мемлекет істерін басқарудан алыс болуына назар аударады, «нағыз демократия (ондай демократия -социалистік демократия) кезінде халық жоғарғы билікті өз қолында сақтай отырып, билік функциясын жүзеге асыруды жекелеген органдарға (мысалы, Кенестерге) және өз қатарынан шыққан лауазымды тұлғаларға жүктей алады [36]. Сонымен қатар қазіргі кездегі барлық дерлік ғалымдардың көзқарасы Кеңес дәуірі кезіндегі орын алған әрекеттер формальды болғанын, ал нақты мемлекет және қоғам өмірі үшін маңызы бар шешімдерді тек Коммунистік партия қабылдағанын айтады. Ал Коммунистік партияға тиістілігі жеке тұлғаның орын алып отырған режимге оң көзқарас тудырып және оның белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырды.
Осы Конституцияда еңбек етуге және демалысқа құқықтары, қартайған кезінде әлеуметтік қамсыздандыруға, ер мен әйел, адамдар арасында олардың нәсілі мен ұлтына қарамастан теңдігін бекітті(96-і бап). Сонымен қатар сөз және баспа, жиын және митинг, демонстрация және көше аралау бостандығы тек «еңбек етушілердің мүдделеріне қарсы болмаған жағдайда және әлеуметтік жүйені нығайту мақсатында ғана жүзеге асырылады» делінген ( 10 Збап). Осы жерде айта кетерлік бір жай азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерін егжей-тегжейлі бекіту орын алды.
1978ж Қазақ ССР-ң Конституциясы. Аталған заң нормасы жеке тұлғаны қоғам мен мемлекетке бағындыру және әлеуметтік қағидалар шегіне шықпайтындай етіп позитивті адам құқықтарын қалыптастыруды бекітті.
Аталған Конституция адам құқықтарының социалистік концепциясында өз ерекшеліктеріне де ие болды. Яғни сол кездің ғалымдары адам мен қоғам мүдделерінің бір жерден шығатынын, ал қоғамдық мүдде бұнда тек қоғам дамуының обьективті қажеттілігін ескеріп қана қоймай сонымен қатар жеке адам мен бүкіл халықтың мүддесін жақтайды деп есептеген. Буржуазиялық теорияларға қарама-қарсы адамның индивидуалдығы оның табиғи негіздері мен психикалық қасиеттерінде көрініс табады дейді[34]. Сонымен қатар мемлекет әр адамның қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, өз азаматтарына өте кең құқықтар мен бостандықтар береді және оларды сенімді кепілдер жүйесімен қамтамасыз етеді[37].
Конституцияда бүкіл билік халықтың қолында деп жарияланған болатын. Халық өз билігін Халық депуттатарының Кеңесі арқылы жүзеге асырады деп есептелген (2бап 1;2тармақтары). Тікелей демократия ретінде мемлекет өміріндегі маңызды мәселелер бойынша бүкіл халықтық талқылау және бүкіл халықтық сайлау (референдум) өткізу болды (5бап). Кеңес қоғамының саяси жүйесін дамытудың басты бағыты болып социалистік демократияны дамыту яғни, қоғам мен мемлекетгі басқаруға неғұрлым көп азаматтарды қатыстыру, қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру, қоғам мен мемлекеттің құқықтық негізін нығайту, жариялылықты арттыру, әрдайым қоғамның пікірін біліп отыру (9 бап). Бірақ осыларға қарамастан ешқандай саяси плюрализм туралы сөз болған жоқ. Қоғам дамуының басты бағыттарын, сыртқы және ішкі саясат бағыттарын және кеңес халқының өміріне басшылық етуді саяси жүйенің негізін құрайтын Коммунистік партия жүзеге асырды (6 бап).
Кеңес азаматының құқықтары мен бостандықтары едәуір түрде кеңейтілді (Мемлекет және тұлға 2 тарау). Аталған заңда бекітілген кұ-қықтар мен бостандықтар сипаты және мазмұны жағынан қазіргі кездегі демократиялық мемлекеттерде бекітілген құқықтар мен бостандықтарға өте ұқсас болып келеді. Бұндай өзгерістердің орын алуын Кеңес Одағының «Азаматық және саяси құқықтар жөніндегі» Халықаралық актқа және «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі» Халықаралық актқа мүше болғандығымен байланыстыруға болады. «Социалистік демократияның» кері әсерін ескере тұра Кеңес Үкіметімен адамның әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету үшін көп жағдай жасағанын айта кету керек. Және соған қарамастан адам құқықтарының концепциясы өзгеріссіз, яғни жеке адамның табиғи және бөлінбес құқықтарын орын алуын жоққа шығарып отырды. Бірақ В.А.Кимнің «Кеңес дәуірінде өткен оң тәжірибелер ен өзгерістерді байқамай кетуге болмайды. Себебі ол қазіргі кезде қалыптасып отырған адамның құқықтары мен бостандықтарының қалыптасуы мен оның ең басты құндылық деп санауына өз үлесін қосып негізін қалаған» деген тұжырымын тек деп қарастыруға болмайды[38].
80-ші жылдары адам құқықтар мен оған жеке индивид ретінде қалыптасуы мен Оның ролі мен қоғамда және мемлекетте алатын орны туралы ойлар өзгереді. Аталған уақыттан бастап ғылыми әдебиеттерде адам құқықтарының проблемалық мәселелеріне және қоғамды демократизациялауға көңіл бөліне бастады. Бұндай еңбектер аталған уақытқа дейінгі адам құқықтары туралы қалыптасқан идеяларынан арылған. Кеңес Одағы аумағында құқықтық мемлекет құру параметрлері жобаланып индивидтің құқықтық мәдениетін, санасын жоғарылату, сот жүйесін реформалау қажеттілігін ұғына бастады[39-43]. Адам құқықтары мәселелерін дамыту және жобалауда бірнеше қазақ ғалымдарының ойлары озық болғанын да айта кету жөн[44-48].
Тарихта орын алатын осы уақытты бағалай отырып Президент Н.Ә.Назарбаев келесідей тұжырымға келеді: « Біз, қазақстандықтар, рух иерархиясы басқарған нақтылық және келешектің қандай болатыны анық айқындалған жабық қоғамда өмір сүрдік. Бұнда біздің кінәміз бар ма? … Жоқ, егер біз орын алып отырған жағдайға қарамастан бізге артып қойған рухқа құлшылық пен бас июде қала берсек, алдыңғы кезеңдердің және құндылықтардың абсолютті емес екенін сезіне тұра жаңаша өмір бастай алмасақ кінәлі болар едік» -, дейді[49].
Қазақстан Республикасыныц тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт. Қазақ АССР-ң 1990 ж. 25 қазанда қабылдаған тәуелсіздік туралы декларациясы39 адам құқықтары мен бостандықтары концепциясының қалыптасуының жаңа бір кезеңі болып келеді. Аталған құжат мемлекетті демократизациялаудың негізгі идеяларын, құқықты, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерді көздеген және біздің мемлекетте нағыз конституциялық құрылымды қалыптастыруға үлкен септігін тигізді дейді А.К.Котов40.
Декларацияда адам құқықтары мен бостандықтары концепциясын анықтайтын ең бір басты ережесі ретінде мемлекеттік биліктің жалғыз ғана қайнар көзі және суверенитеттің иесі ретінде өз билігін тікелей немесе өз өкілдері арқылы жүзеге асыра алатын Қазақстанның көп ұлтты халқын тану болып табылады (4п.). Алғаш рет конституциялық тәжірибеде биліктің үш заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлінуі орын алды (7 п.). Декларацияда саяси және идеологиялық көптік қолдау тапты, яғни мемлекет пен қоғамды қалыптастыруға және белсене араласуға теңдей құқық берді (5 п.). Көп партиялық саяси жүйенің негізі болып саналды. Жетпіс жылдан астам уақыттан бері көлеңкеде қалған діни ұйымдар шықты. Сонымен қатар адам құқықтарының орындалуы мен қамтамасыз етілуінің кепілдігі ретінде олардың ұлтына, қай партияға тиесілі екеніне, әлеуметтік жағдайына қарамастан тең деп санау болды. Приверженность общечеловеческим ценностям выражает признание
Академик С.З.Зиманов аталған Декларацияда қарада көрінетін ақтай адамды оның ұлтына, сенім-нанымына қарамастан тең құқықты және тәуелсіз тұлға ретінде танып, осының арқасында мемлекет аумағында тұратын халықтар татулығы мен консолидациясын орнату идеясы айқын көрініп отырғанын айтады41.
Адам құқықтары концепциясының дамуында келесі бір маңызды оқиға 1991 ж. 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы болып табылады. Аталған заң Қазақстан Республикасының демократиялық және құқықтық мемлекет құру туралы алға қойған мақсаттарын айқын көрсетті (1 бап).
1993ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы осыған дейін қабылданған нормативтік актілерде көзделғен адам мен мемлекет арасындағы қатынас жүйесін одан әрі дамытып бекітті.
Негізгі заңда белгіленгендей адам және оның өмірі, бөлінбес құқықтары мен бостандықтары басты құндылық деп есептелді. Мемлекет өз қызметін адам мен қоғам мүддесіне сай жүргізді (Конституциялық құрылым негізінің Үшінші ережесі).
Жаңа Конституцияда адам құқықтарының конституциялық мәртебесін анықтауға бөлінді (1 Бөлім). Адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды шектеу туралы нормалар енгізілді (өзге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында). Және осының ішінде конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар қозғалмауы тиіс болды (2 бап). 1993ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы алдыңғы Кеңес дәуіріндегі Конституциялардан айырмашылығы ол тікелей әсері және жоғарғы заңды күшке ие болды (Конституциялық құрылым негізінің Жетінші ережесі).
Сонымен қатар, Конституцияда адам құқықтары саласындағы халықаралық нормативтік құқықтық актілердің басымдылығы жөніндегі норма (3 бап) орын алғанымен адам жеке тұлға ретінде толық санала қойған жоқ, ал оның құқықтары әлде де мемлекетпен туындайтын қатынастар призмасынан қаралып отырды. Оған мысал ретінде 1978ж. Конституциядан келген құқықтарды келтіруге болады. Аталған мәселе назарсыз қалуы мүмкін емес еді, сондықтан қазақстандық ғылымда демократиялық және құқықтық мемлекетті нығайту туралы дискуссиялар пайда бола бастады, сонымен қатар билік тармақтарының бөліну моделін жетілдіру, сот жүйесін реформалау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизімінің эффективтілігін арттыру мәселесіне де назар аударылды42.
1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Аталған Конституцияның қабылдануына 1993ж. қабылданған Конституцияның мемлекеттік билік институттардың құрылуының кемшіліктерін жоюмен қатар адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шебін кеңейту болып табылады. Аталған кемшіліктердің орын алғанына қарамастан, 1993ж. қабылданған Конституцияның оң ізін де атап өткен жөн. Қазақстандық ғалымдармен қатар 1993ж. Конституцияның оң ықпалы туралы Ә.Кекілбаев былай дейді: «1993ж. Конституция сол кездегі ауыр жағдайға қарамастан кеңестік мемлекеттіліктен және тоталитарлық режимнен демократиялық мемлекетке ауысуды бейбіт жолмен жүзеге асуын бекітті. … Бірақ бекіткен идеалары құқықтық астары жеңіл жобаланған себепті орныға алмады». Бірақ, оның да өзіндік пайдасы болды43. Н.Ә.Назарбаев: «осы кезде орын алған келеңсіздіктер болашақта дұрыс бағытта өсіп-өрбуге мысал болды» -, дейді.
Жаңа Конституцияның жобасын дайындауға ең үздік деген ғалымдар мен практиктер қатыстырылды. Және қалың бұқара халықтың ойы да ескерілді. Осы күрделі жұмыстың аяғы болып 1995ж. 30 тамыз күні бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы болып табылды.
Мемлекет және қоғам құрылымының фундаментальді негіздері
Конституцияның ібабында былай дәйектелді: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп таниды және оның басты құндылығы болып адам, оның құқықтары мен бостандықтары саналады». Жоғарыда айтылғаннан адам құқықтарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерде нормативтік-табиғи доктрина негізге алынғанын көруге болады. Алғаш рет негізгі заңмен «адам құқықтарын шектеу» атты дара юридикалық категорияны бекітеді. Алдындағы Конституция болса адам құқықтарын азаматтың статусымен байланыстырған болатын- ды. Өзгеріс тек терминологиялық алмастыру емес, нағыз демократиялық бастаулармен бірге белгіленген индивидтің статусын белгілейтін құқықтық негіз. Осылайша адам құқықтарының қазіргі кездегі теориясына орай «адам құқықтары» мен «азамат құқықтары» мазмұны жағынан пара-пар емес, олар тұлғаның статусын айқындайтын әр түрлі аспектілер. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттердің Конституцияларында екі ұғым қоса қолданылады. Аталған ойды жақтаушы А.Е. Лукашева адам мен азаматтың құқықтары деп екі бөліп қарау тұлғаны тек мемлекетпен немесе тек қоғаммен байланыстырып қоюдан арылтады деп санайды.
1995ж. Конституция алдыңғыға қарағанда адам мен азаматтың құқықтарының мазмұнын саяси және экономикалық шарттарды ескере отырып неғұрлым кеңейтіп қарастырады («Адам және азамат» 2 тарау). Осында тағы бір айта кетерлік жай адам мен азамат кұқықтары мен бостандықтарына арналған тарау БҰҰ-мен қабылданған Халықаралық адам құқықтары туралы декларация және адам құқықтары жөніндегі Халықаралық пакттар негізінде жасалуы. Жеке тұлғаның құқықтары қазіргі кезде расында ұйымдастырушылық, экономикалық, саяси және құқық негіздер де қамтамасыз етіліп отырады.
Н.Ә.Назарбаев атқарылған жұмыстарға баға бере отырып, Негізгі Заң арқасында Қазақстанда адам өзін-өзі толық көрсетуі үшін (самореализация) және қоғамның әрі қарай демократизациялануы үшін пайдалы жаңа құқықтық кеңістік пайда болғанын, сонымен қатар экономикалық еркіндік, саяси және идеологиялық әр алуандылық, заң алдында барлығының теңдігі Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуына негізгі шарт ретінде болып отыр деп тұжырымдайды. Өткен жылдар орын алып отырған Конституцияның демократиялық негізінің бар екенін қөрсетіп отыр. Е.Жұмабаевтың айтуы бойынша, конституциялық модельге болашақта өзін әлі толығымен орнықтыру керек, «бір нәрсе анық, Конституцияның экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістерге ұшырауы мүмкіндігіне қарамастан оны жетілдіріп қорғауымыз қажет. Бірақ орын алып отырган конституциялық модельді өзгертуді болдырмауға тырысу керекпіз». Айтылған тұжырыммен келіспеу мүмкін емес. Н.И.Акуевтің айтуы бойынша, конституциялық жетілдірудің өнері мен ұлылығы қоғамның нағыз қажеттіліктерін анықтау, әлеуметтік процесстерді реттеп, бөлек күштерді гармонияға келтіріп, оларды тепе-теңдікке келтіріп, қоғамдық татулық пен саяси қалыпты орнықтыру болып табылады44.
Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары концепциясының дамуына келетін болсақ, бұл процесс ешқашан біркелкі және белгілі бір ретпен жүретін процесс болмағанын айту керек. Адам құқықтары туралы идеялардың бір уақытта күрт төмендеуі, мемлекет пен тұлға арасындағы қатынастардың пайда болуы мен реттелу амалдары туралы алуан түрлі концепциялардың орын алғаны өз әсерін тигізді. Ата-бабаларымыздың зор тәжрибесі мен қазақ халқының өзіндік ерекше саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени танымын ұстанып отырған адам құқықтары мен бостандықтары концепциясының қалыптасуына алып келді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі теориялық және тәжрибелік мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстың нәтижесі ретінде келесілерді келтіруге болады:
Біріншіден, қазіргі кездегі демократиялық мемлекеттердің конституцияларын адам құқықтары мен бостандықтары
концепцияларының бағыттарын біріктіруі арқылы өзін жетілдіріп отыр.Біз көптеген елдердің Конституцияларының мазмұнын салыстырмалы – құқықтық талдау әдісі мен зерттеу нәтижесінде (Ресей, Болгария, КХР, ФРГ, Түркменстан, Белгия, Украина, Қырғызстан Республикасы ж.т.б.) жазба Конституциялардың бәрінде бірдей әдеттегідей адам мен азамат құқығы, оның бостандығы мен міндеттері белгіленіп, бекітіліп берілетініне көзімізді жеткіздік. Мәселенің шындығын айтар болсақ, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 25-ші бабында (1992 жыл): «Әркімнің бостандыққа құқығы бар және дербес құқықа ие» — делінсе, 43-ші бабында: «Өзбекстан халқының тарихи, рухани және мәдени мұраларын әрбір азамат қорғап, сақтауға міндетті» делінген. Пакистан Ислам Республикасының Конституциясының 11-ші бөлімінің 9-шы тармағында (1956 жыл) : « Моралдық немесе көпшілікті тәртіпті сақтау мақсатында заңда қарастырылған әрбір ақылға қонымды шектеулерді сақтай отырып, барлық азамат бейбіт, қарусыз топтасуға құқығы бар» — делінген.
Екіншіден,қағидалар адам құқықтары концепциясының негізі ғана емес, күнделікті қолданыстағы нормалардың ішінде ең тиімдісі болып келеді.Сонымен қатар басты қағидалар арасындағы негізгі мәселелердің бірі олардың реттілігін немесе иерархиясын анықтау болып келеді. Біздің ойымызша адам құқықтары мен бостандықтары қағидасын негізгі және туынды етіп екіге топтастыруға болады. Негізгі қағидалар адам құқықтары концепциясы идеяларының айқын көрінісі болып табылады. Ал қосымша қағидалар болса негізгі қағидаларды айқындаушы, толықтырушы ретінде орын алады.
Үшіншіден,адам құқықтары мен бостандықтарын үш кезеңге бөліну классификациясы негізінде оларды жеке және ұжымдық деп, ал мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруына араласу белсенділігіне қарай негативті және позитивті деп топтастыру орын алатынын көріп, оның мемлекет пен адам және азамат арасындағы қарым-қатынасты реттеуде маңызы зор екенін көре аламыз.
Төртіншіден,заң мен мемлекеттің өзге нормативтік құықтық актілері өте көп және олар әр алуан қоғамдық қатынастарды реттеуге араласатыны мәлім. Және осы әр алуандылықта заңшығарушылық және құқық қолдануда басты бағыт-бағдар болып табылатын адам және азамат құқытары мен бостандықтарына қатысты нормаларға үстемдік беріледі. Және олардың дұрыстығы мен тиімділігі адам құықтарын қорғау мен қамтамасыз етудегі тиімділігімен бағаланады деп санасақ, аталған саланы реттейтін нормаларды жетілдіру керек екенін ескерген жөн. Аталған мәселені шешудегі тиімді жолдарының бірі болып адам құқықтары мен бостандықары саласында мағлұматтарды жинақтаушы орталық банк құру болып табылады.
Бесіншіден, сонымен қатар адам құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз етуші жаңа институт ретінде жұмыс істеп отырған омбудсмен
институтына байланысты кей өзекті мәселелер өз шешуін табу керек деп санаймыз. Олардың қатарына:
а) Халықаралық стандарттар бойынша омбудсмен ауыспайды.
Қазақстан Республикасында бұндай норма қарастырылмаған.
Жарлықтың 14 пункті бойынша омбудсмен кез келген уақытта
мерзімінен бұрын мемлекет басшысымен басқа қызметке ауыстыру
нәтижесінде босатыла алатындығы.
ә) Омбудсменнің құқықтық статусының ерекшелігінің көрінісі ретінде өзі тиіс деп тапқан кезде тергеу әрекетерін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы және ол соттың және қылмыстық ізге түсуді болдырмаумен қамтамасыз етілуі тиіс. Өкінішке орай Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті соттық және әкімшілік иммунитетке ие емес.
б) Дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде омбудсмен қызметі
мемлекеттің жоғарғы қызметтерінің қатарына кіргізілген. Олардың
заңнамасына талдау жасаған кезде омбудсмен қызметі Жоғарғы
Соттың немесе Конституциялық Сотының төрағасы не болмаса
судьясымен теңестірілген. Біздің мемлекетімізде омбудсмен ҚР
Президенті жанындағы агенттіктер төрағасымен тара-пар деп
айтуға болады.
в) Омбудсмен реформаларды жүргізуге сонымен қатар кей кезде заң шығару бастамасын ұсына алады. Өкінішке орай бұндай құқыққа Қазақстан Республикас омбудсмені ие емес.
ғ) ҚР омбудсмен қызметі 14 адамнан тұратын адам құқықтары жөніндегі Ұлттық инстиутпен қамтамасыз етіледі. Көрші мемлеқеттерде мысалы, Ресей мен Украйнада олардың саны 200 адам. Сонымен қатар ОБСЕ-нің тікірі бойынша бір омбудсмен және дәл сондай жолмен тағайындалған бірнеше орынбасарларының болуы институт шеңберінде демократизм мен плюрализмнің қалыптасуына өз септігін тигізеді деп тұжырымдайды. ҚР Президентінің Жарлығы бұндай мәселені қарастырмаған.
д) Сонымен қатар халықаралық стандарттарға сай омбудсменді
мемлекетте төтенше жағдай орын алған кезде қызметінен босату
мүмкін еместігі туралы норма ҚР Президентінің Жарлығында
қарастырылмаған. .
Адам құқықтары мен бостандықтары механизімін жетілдіру мақсатында ҚР президенті жанындағы адам құқықтары жөніндеғі Комиссяға Парламентке мемлекеттегі адам құқықтарының жай күйі туралы хабар дар етіп отыру функциясын тапсыру керек.Құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген зеріттеу жүмыстарының нәтижесі адам қүқықтары мен бостандықтары, тұлға мәртебесі саласында өз үлесін қосады деғен сенімдеміз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995ж. 30 тамыз
- “Қазақстан Республикасындағы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Конституциялық заңы.07.10.1998ж.
- “Алматы қалалық сотының 1-ші инстанцияда азаматтық істерді қарайтын соттардың жұмысы туралы” 2005ж. Ведомстволық статистикалық есебі
- “Қоғамдық бірлестіктер туралы” Қазақстан Республикасының заңы. 05. 1996 г. N 3-1
- Назарбаев Н.А. Осмысление пройденного и дальнейшее демократическое реформирование общества//Вести Казахстана.-1995.-1 июля.
- Президент Республики Казахстан. Концепция правовой политики Республики Казахстан: Указ от 20.09.2000г.// САПП РК. -2002.-№31.—83.
- Общая теория прав человека/Рук.авт.колл. и отв. ред. доктор юридических наук Е.А.Лукашева.- М.: издательство НОРМА, 1996г. –с.
- Права человека: учебник для ВУЗов/ отв.ред.- член-корр. РАН, доктор юридических наук Е.А.Лукашева.-М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА – М, 1999.-573с.
- Лупарев Г.П. Правовое положение личности в зарубежных странах: Учебное пособие.- Алматы: ВШП «Әділет», 2001.-216с.
- Права человека: Учебное пособие.-Алматы: Данекер,1999. – 251с.
- Ким В. Годы созидания. Анализ политических и конституционно-правовых взглядов первого Президента РК.- Алматы: ТОО «Эдельвейс», .
- Ғ.С.Сапарғалиев «ҚР Конституциялық құқығы» академиялық курс.- Алматы: Жеті жарғы, 2002-528б.
- Котов А.К.Сувернный Казахстан: гражданин, нация,народ (вопросы конституционного права).- Алматы: Жеті жарғы, 1997.-288с.
- Конституция Российской Федирации: Проблемный каментарий/отв.ред. В.А.Четвернин.-М., 1997.-702с.
- Моисеев Н.Н. Права человека в Россий: декларации, нормы и жизнь//Материалы международной конференции, посвященной 50-летию Всеобщей декларации прав человека/ Государство и право.-2000.-.с.37.
- Нысанбаев А. Человек и открытое общество.- Алматы, 1998.- 272с.
- Лао Цзы. Хань Фей Цзы. Древнекитайская философия. В 2-х т.-М., 1972.- Т.1.- с.9-11.
- Козлихин И.Ю. Позитивизм и естественное право //Государство и право.- 2000.-№3.-с.5-11.
- Остянский В. Введение в концепцию прав человека //Права человека в Казахстане.- 1995.-№1.-с.1-5.
- Мюллерсон Р.А. Права человека: идеи, нормы, реальность. –М., 1991.-60.
- Взаоимодействие правового сознания с моралю и нравственностю в обществе переходного периода/Авт. М.Т.Баймаханов, Л.М.Вейсберг, А.У.Бейсенова, М.А.Ибрагимов, А.К.Котов. –Алматы: Жеті жарғы,1995.-240с.
- Программа партий Алаш//Казахстан и этапы государственности. Конституционые акты /Сост. Ж.Баешев.- Алматы: Жеті жарғы, 1997.-с.229-232.
- Зиманов С.З. Обществнный строй казахов первой половиный XIX века.-Алма-Ата:Изд-во Акдемий наук КазССР, 1958.-296с.
- Жиренчин К.А. Полическое развитие Казахстана во второе половине XIX – начале XX века: Автореф.дис.д-ра юрид.наук.- Алматы, 1997.-45с.
- Узбекулы С. История и деятели политико-правовой мысли Казахстана в конце XVII – начале XX вв.: Автореф.дис.д-ра юрид.наук.- Алматы 1999.-48ст.