АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеу («Жұматай» шаруа қожалығы мысалында)

Мазмұны

 

І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .2

 

1 — тарау. Агробизнес экономикасының негіздері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5

1.1. Азық-түлік проблемасы және ауыл шаруашылығы

өндірісінің дамуы. . .  .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5

1.2.  Аграрлық өндірістің әлеуметтік – экономикалық  және табиғи – биологиялық ерекшеліктері мен агроөнеркәсіптік бизнестің

 жұмыс істеуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

1.3.  Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы. . . . . . . . . . . .20

 

2 – тарау.  Агроқұрылымдар бизнес-жоспары  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .26

2.1.  Бинес-жоспартақырыбының мазмқны мен түсінігі. . . . . . . . . . . . . . 26

2.2.   Шаруа қожалығының бизнес-жоспарының  үдгілері. . . . . . . . . . . . 35

2.3. «Агроқаржы » ұйымдарынан несие алу үшін бизнес-жоспарды экономикалық негіздердің  екінші түрі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .44

 

3 – тарау.  Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеу. . . . . . . . . . . . . . . . .49

3.1. Агробизнестегі мемлекетттік реттеудің қажеттілігі және

 негізгі тәсілдері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49

3.2. Фермерлік баға мен табыстарды қолданудың

 мемлекеттік бағдарламалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59

3.3 Агробизнестегі мемлекеттік реттеу тегерішіндегі

 салықтық құралдар.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66

 

ІІІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 76

Пайдаланылған әдебиеттер  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы  өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық — әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.  [3.-52 бет].

Агробизнес кешені ресурстар, ауылшаруашылығының, маркетниг  және агросервистік қызмет жасайтын құрылымдардан, яғни негізгі төрт сферадан тұрады.

Бизнес – жоспар шаруа қожалығының немесе өндірістік кооперативтің күнделікті жұмысын жүйелі және тиімді басқару үшін керек. Негізнен бизнесте жобаға орай есеппен іс — әрекеттер жасап қателеспеу мақсаты қойылады. Осындай жолмен кәсіпорынның тезірек қалыптасуына, оның көздеген өндірістік және қаржылай көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүдделі.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.

Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық  маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысуып отыруы мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылға тәжірибеде сыналған олардың көпшілігі дамыған  елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теориялардың тиісті тарауларынының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және ілеуметтік конъюнктураның әсеріне ұшырады.

Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық гектар құрайды. Өз кезінде К.А.Тимирязев айтып кеткендей, егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді.  [13.-98бет].

Бұл үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай керек. Жаппай қаруландыруды тоқтату, көптеген елдердің экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргізу мәселені шешуде ерекше рөл атқарады.

Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға (І) ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғниөндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс – несие де кіреді. Бұл сфера ауыл шаруашылығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.

Нарықтық экономикаға барар жолдағы Қазақстан республикасы агроөнеркәсір кешені дамуының жай – күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастырайық.     

Сонымен қатар, басқа да ортақ және жекелеген маңыздағы бірқатар себептер бар. Бірақ, осы айтылғандардың  бәрін қорыта келіп, төмендегідей тұжырымға тоқтауға болады: жасанды тағам жақын уақытты айтпағанның өзінде, алыс болашақта да азық-түлік проблемасын шешуге айтарлықтай  әсер етеді деп айта алмаймыз. Сондықтан да жер шаруашылығы мал шаруашылығын, сонымен қоса олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы жалпы ғылыми-техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға,  жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.

Бизнесті, оның ішінде аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің маңызды құралдарының  бірі салықтық саясат болып табылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінде жалпы алғанда, оның ішінде агробизнесте салық салу жүйесінің ерекше қалыптасуына ұмтылу оның  кең тараған түрі болып табылады. Мұндай ұмтылыс дамыған елдерге тән және мұның өзін оның жақтаушылары, әдетте өтпелі кезең мен жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығының өзіндік және агроөнеркәсіп өндірісінің  көптеген ерекшеліктерімен байланыстырып түсіндіріледі. Бір айта кететін жәйт, салық салу негізінен аграрлық секторда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленеді. Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы көлемінің 55 процентке жуығын және Жапония 4 процентке жуығын өндіреді.

Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде  заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісітің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндірілді.

Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорына бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында Венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай.  [3.- 61бет ].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 — тарау.  Агробизнес экономикасының негіздері.

 

  • Азық-түлік проблемасы және ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы

 

Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді. Ғылым мен техника дамуымен таңқаларлық ір түрлі жобалар пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнертапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды.

Тіпті ХІХ ғасырға, ХХ ғасырдың басында «мәңгілік азық» туралы тұтас бір романдар сериясы жарыққа шықты.

Тек қана прожектерлер мен жазушы-фантастар емес, кейде салиқалы деген ғылымдардың өздері осындай қияли идеяның торына түсіп қалды. Мысалы, әу бастан химик-органик Марселин Бертелот 1894 француз іскерлерінің съезінде жасаған баяндамасында былай деп атап өтті: «… 2000 жылы ауыл шаруашылығы да, шаруа да болмайды, өйткені химия ауыл шаруашылығын жоюмен тынады. Әрбір адам жан қалтасына таблетка салып, қарны ашқан кезде соны ішу арқылы организмін белокпен, маймен және көмір қышқылымен нәрлендіріп, қарнын тойдыратын уақыт та алыс емес».[3.-55 бет ] Мұндай жорамалды көптеген ғалымдар айтқан. Уақыт өте келе мұндай көріпкелдіктер тек көпшілік емес, біршама салмақты ғылыми басылымдарда да бой көрсетіп қалатын болды. Соған қарамастан, мұндай жеңіл айтыла салған жобалардың іске асатынына қазіргі заманғы бірқалыпты ойлар білетін әрбір адам сенімсіздікпен қарай білді. Айта кететін бір жай, мұның сындарлы себептері өте көп еді.

Біріншіден, жақын жүз жылдықта адам табиғатының  әсіресе, оның ас қорыту органдарының қайта құрылатындығына сену өте қиын, екіншіден, Медицина Ғылым академиясының Тамақ Инстутуты ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, қазіргі заманғы жағдайда адам тамақтануының барлық компоненттері толық ашылып беткен жоқ. Тағы бір жағдай, бұл жерде жаңа ғылыми мәліметтерге байланыста пікірлер өзгеріп отырады. Адам организміне қажетті белок, май, көмір қышқылы, минералды тұз, витаминдерден басқа дәстүрлі азық-түліктің құрамында катализаторлық және басқа функцияларды атқаратын, тамақтың негізгі элементтерін игеруге, азық-түлікті қорытуға әсер ететін, бірақ өте аз, тіпті көрінуі қиын дозадағы көптеген басқа компоненттер бар.

Үшіншіден, адам организміне қатысты әсері әлі де толық зерттеліп болмағандықтан, белоктің, майдың және көмір қышқылының, сондай-ақ тағам компаненттерінің жасанды синтезі де ерекше энтузиазм туғызбайды. Өйткені, оларды өндірудің қазіргі заманғы технологиясы ақылға сыйымсыз шығын жұмсауды қажет етеді.

Сонымен қатар, басқа да ортақ және жекелеген маңыздағы бірқатар себептер бар. Бірақ, осы айтылғандардың  бәрін қорыта келіп, төмендегідей тұжырымға тоқтауға болады: жасанды тағам жақын уақытты айтпағанның өзінде, алыс болашақта да азық-түлік проблемасын шешуге айтарлықтай  әсер етеді деп айта алмаймыз. Сондықтан да жер шаруашылығы мал шаруашылығын, сонымен қоса олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы жалпы ғылыми-техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға,  жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.

Баса айта кететін жайт, бірқатар дамыған елдерде бұл проблемалардың үлкен табыспен шешілуіне қарамастан, азық-түлік төңірегіндегі жалпы сетуация планетада тұтастай алғанда өте қиын жағдайға қалып отыр. П. Шарканьның мәліметтеріне қарағанда, Жер тұрғындарының саны екі есе өсуі үшін біздің жыл санауымыздан бастап 16 ғасыр керек болды. XVII ғасырдың басында дүние жүзінде бар жоғы 620 миллион адам тұрды және тұрғындардың жылдық өсу қарқыны 0,27% құрады.  Енді 100 жылдан кейін планета тұрғындары 900  миллионнан асып, оның өсу қарқыны 0,4%-ке жетті. Тағы 100 жылдан кейін планета тұрғындарының саны 1,6 миллиард адамға жетіп, жылдық өсу 0,63%-ке дейін көбейді. Әлем халқы үш миллиардтық межеден 1961 жылы (екі бірдей соғысқа қарамастан), ал бес миллиардтық межеден 1989 жылы асты. Бұл кезде жылдық өсу қарқыны 1,9%  құрады. Біріккен Ұлттар Ұйымының орташа бағасы бойынша, егер қазіргі жағдайда дүние жүзінде тұрғындардың саны екі проценттік мөлшерде сақталатын болса, онда жер бетіндегі адамдардың саны енді елу жылға жетпейтіндей уақыт ішінде екі есе өседі.  

Сол мәліметтерге тағы жүгінсек, қазіргі заманғы жағдайда дүние жүзінде 600 миллион адамнан 800 миллион адамға дейін аштықтың зардабын шегуде, тәулік сайын тағам жетіспеуден пайда болатын аурулар мен аштықтан Жер бетінде он мыңға жуық адам өледі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрігерлерінің  бағалауына қарағанда, дамушы елдерде бес жастан төмен он миллионға жуық балалар аш жүреді және осындай жастағы 80 миллионға жуық балалар аштықтың созылмалы түріне ұшыраған.

Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы көлемінің 55 процентке жуығын және Жапония 4 процентке жуығын өндіреді.  [5.- 47 бет].

Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде  заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісітің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндірілді.

Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорына бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында Венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай.[3.- 57 бет ]

1974 жылы  Римде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасы бойынша өткізілген Дүниежүзілік азық-түлік конференциясында ғалымдар біздің ғаламшарда адамдардың биологиялық өмір сүруінің  барлық күтпелі кезеңінен асатын уақыт бойы  Жер адамзатты қоректендіруге қабілетті екенін дәлелдейтін сенімді фактілер мен есептеулерді жеткілікті келтірді.

Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық гектар құрайды. Өз кезінде К.А.Тимирязев айтып кеткендей, егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді. [3.- 58 бет ]

Бұл үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай керек. Жаппай қаруландыруды тоқтату, көптеген елдердің экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргізу мәселені шешуде ерекше рөл атқарады.

Біртұтас әміршіл мемлекет ретінде КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуы, бұрынғы республикалардың орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы осы елдердің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасын күн тәртібінен түсіре алмайды. Алайда, бұл жерде әлеуметтік және саяси жаңғаруларды жүзеге асыру қажеттілігі тұр.

Барлық қажеттіліктерді, оның ішінде қоғамның барлық мүшелерін азық-түлікпен матералдық жағынан барынша толық қанағаттандыру туралы ұран көтерген өндірстің социалистік тәсілі іс жүзінде бұл міндеттерді орындауға қабілетсіз болып шықты. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде белгілі бір табысқа жеткеніне қарамастан, шын мәнінде жоспарлы экономика кез келген өндірушіге өндіріс құралдарынан алыста қалып, өзі шығарған өнімнің қожайны бола алмайтындай өндірістік қатынастарды таңдау әрі аса алмайды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығына бөлінген үлкен күрделі қаржы, өндірістегі өндіріс құралдарының айқын басымдылығы және жер шаруашылығындағы, мал шаруашылығы, механизациядағы, агрохимиялық жабдықтаудағы орасан ғылыми-техникалық өркениет және басқа жетістіктер уәде етілген тамақ өнеркәсіп үшін шикізаттың молшылығын жасауға мәнді әсер ете алмайды.

Азық- түлік проблемасын шешуді тежеудің негізгі себебі — тіпті де матералдық ресурстардың тапшылғы немесе ауыл еңбеккерлерінің  жалқаулығы емес, әлеуметтік — саяси және  экономикалық жүйенің ажырамас  бөлігі болып саналатын басқарудың әміршіл — әкімшіл әдісі  екенін ақыр-аяғында түсінгенін кейін барып, кейіннен өз кезегінде саяси жүйенің ауысуына әкелген экономикадағы  нарықтық қатынастарға күрт қадам жасалады.

[3.-58бет].

 

1.2.  Аграрлық өндірістің әлеуметтік – экономикалық  және         табиғи – биологиялық ерекшеліктері мен агроөнеркәсіптік         бизнестің жұмыс істеуі

 

Әміршіл — әкімшіл экономикадан нарықтық қатынастарға көшуді жүзеге асырған алғашқы жылдардың тәжірибесі мен практикасы көрсеткендей, өндірістік қатынастарды, оның ішінде ең алдымен меншікті шын мәнінде терең жаңғыртпай, ешқандай нәтижеге жету мүмкін емес.

Шексіз мемлекеттік монополия бұрын – соңды болып көрмеген мемлекеттік меншіктің жоғары үлесін тудырып, азаматтардың меншігіндегі үлес салмағын, бейнелеп айтсақ, үңірейтіп қойды. Бұрынғы КСРО-ның негізгі қоры 2,8 трлн. рубль болса, оның 2,5 трлн. рублі, яғни 89,3%-і мемлекеттік меншікті құрады. Егер оған мәні жағынан мемлекеттендірілген ұжымшарлардың 189 млрд. рубль негізгі қорын қоссақ, онда бұл көрсеткіш 96%-ке дейін көтеріледі. Азаматтарға барлық негізгі қордың бар-жоғы 2,8%-і ғана немесе 79 млрд.рубль тиесілі болды. Мұндай жағдайда, екі жерден өз бетінше жұмыс істесін, үш жерден бостандықта еңбек етсін, бәрібір әлгіндей кедей меншік иелерімен нарықтық қатынастарға көшу қиял – ғажайып ертегідей естілетіні сөзсіз. Өндіріс қорларынан аластатылған өндірушінің оны жалға алуға да ниеті болмады. Өйткені, ол бәрібір қожайын бола алмайтын еді. Жоспарлау, басқару, қаржыландыру реформаларымен де, шаруашылық есептің моделдерімен де өндірушіні, егер өндіріс қорлары оның меншігінде болмаса, жақсы жұмыс істеуге зорлай алмайсыз. Міне сондықтан да әміршіл – әкімшіл жүйенің билік құрған кезеңдерінде барлық экономикалық реформалар табысқа жете алмады және жалпы экономиканың, әсіресе агроөнеркәсіп өндірісінің дамуына айта қаларлықтай әсер ете алмады.

Бұл проблемалар экономиканың аграрлық секторы үшін өте маңызды. Олай дейтініміз, ауыл шаруашылығының және онымен сабақтас агроөнеркәсіп кешені салаларының жай – күйінен нарықтық бағдарламалардың табысқа жетуі байқалады. Бұл қағиданың нақтылығы сондай, ол қосымша құжатты қажет етпейді.

Азық – түлік жағдайын түптілікті жақсартпай, нарықтық тегерішті игеру жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті мүмкін емес. Егер өмір барған сайын қиындай берсе, ал халық қарны тойып тамақ ішпей, қайыршылығын қоймаса, ең тартымды және көңілге қуаныш ұялатады деген бағдарламаның өзі қолдау таппай, құрдымға кетеді.

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту әлеуметтік ажыржуды тоқтатуға немесе барынша байыпты арнағы түсіруге мүмкіндік беріп, этностық проблемаларды шешуде толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны ауыздықтап, қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.

[16.- 72 бет ].

Агроөнеркәсіптік өндірісі дамыған елдерде эволюция меншікке құқық пен жерде шаруашылық жүргізу құқығын бір — бірінен бөліп тастау болмайтын іс екенін дәлелдеп берді. Міне, дәл осындай себептен аграрлық өндірістің кеңшар – ұжымшар моделі көпшіліктен қолдау таппай, бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде дами алмады.

Өткен жылдар ішінде біздер соншалықты ұмтылған қоғамдастырудың деңгейін арттыру жұмысшының меншіктен аластатылу масштабын одан сайын арттыра түсті. Өндірістің көлемін қалай дегенде де көбейтуге тырысушылық аграрлық өндірістің ішкі табиғатына қарама қарсы қайшылықтар болатының кеш ұқтық.

Бір қарағанда қарапайым көрінетін ауыл шаруашылығы өндірісі — өте нәзік, жеңіл үзілетін және көп аялауды қажет ететін жүйе, ол қатаң қалыпқа салғанды көрмейді. Ауыл шаруашылығы өндірісі басшылықтың білікті болғанына, жұмысшылардың белсенді күш жігеріне қарамастан көптеген факторлардың әсерінен азапқа түскен адамдай ауыр халды басынан кешіреді. Мысалы, әзірге адамның бақылауына аз көнетін табиғи фактор, оның ішінде ауа райының жағдайын алайық.  Қуаңшылық, буршақ жауу және басқа қолайсыз құбылыстар жұмысшылардың барлық ұмтылысына айтарлықтай зиян әкеледі немесе тіпті жоққа шығарып тынады.

Нарықтық экономика ауыл өндірушілерінің табысын маусымдық ауытқулар мен ауа райы-климаттық қолайсыздықтардан қорғаудың белгілі бір тегерішін жасады. Биржалық бизнесмендердің тұтас бір тобы пайда болды.Олар ауыл шаруашылығы табыстарының қолайсыздығын өз мойындарына алады. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз, сондықтан да көптеген мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және фермерлік табыстарды қолдаудың мемлекеттік жүйесі кеңінен тәжірибеге енгізілген.

Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс пайдаланылған жағдайда тозбайтын, өндірістің айырбастауға келмейтін ең басты мәңгілік қоры – жердің алабөтен орны болып табылады. Жердің құнарлығындағы айырмашылық еңбек пен капиталды бірдей жұмсағанның өзінде де өндіріс пен табыстың  көлеміндегі айырмашылықты туғызады. Осыдан барып жер рентасыжәне табысты реттеу, сондай-ақ жақсы ауыл шаруашылық жерлерінің шектеулі проблемалары туады.

Өндірістің ерекше саласы ретінде ауыл шаруашылығының ерекше белгісі онда өндірілген өнім онан әрі өнімді көбейту үшін қолданылатындығы болып табылады. Биологиялық факторлар мен тірі организмдерді пайдалануға негізделген ауыл шаруашылығында бұл жағдай оның өндіріс технологиясының да ерекшелігін білдіреді.

Өнеркәсіпте  өндіріс және еңбеу процесі көбінесе үздіксіз жүреді. Бұлай болатын себебі техниканың, технологияның және өндірісті ұйымдастырудың жетілдірілуін қамтамасыз етуде жатыр. Агроөнеркәсіптік өндірісте экономикалық процесс өнім шығаруды жеделдету мен көбейтуді төтенше шектейтін табиғи – биологиялық факторлармен тығыз байланысты. Көп жағдайда ауыл шаруашылығындағы бірқатар табиғи процестерді қысқарту өте қиын, тіпті мүмкін емес. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының пісіп – жетілу мерзімі немесе саулық малдың күйлеу мерзімін айтсақ  та жеткілікті. [4].

Табиғи – биологиялық фактор өндірістің тиімділігін анықтауда, технологияны таңдауда ең басты фактор болып саналады. Мал мен өсімдіктер дамуының табиғи заңдылықтарын сақтамау басқа өндірістік экономикалық ресурстардың тиімділігінің төменділігіне әкеліп соқтыратын болғандықтан техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай ыңғайланады. Осы жерден келіп, әміршіл – әкімшіл экономика кезеңінде өсімі төмен мал өсіру мен нашар жем шөп базасы жағдайында ірі мал шаруашылығы кешендеріне, қарапайым агротехникалық талаптарды сақтамаған жағдайда жерді мелиорациялауға жұмсалған орасан шығын ауыл шаруашылығының өнімдері мен шикізатын жоғалтуға алып келді.

Ең жетілдірілген техника, озық технология және өндірісті білікті ұйымдастырудың өзі де өнім өндіруді белгілі бір «биіктіктен» асыруға мүмкіндік бермейтін мал мен өсімдіктің табиғи – генетикалық потенциалы сияқты ауыл шаруашылығының осындай биологиялық факторын жеңе алмайды.

Ауыл шаруашылығының маусымдық қасиеті оның табиғи ерекшеліктері болып табылады. Мұның  өзі өндіріс кезеңі мен жұмыс кезеңінің тура келмеуі тудырып, жыл бойы жұмысшы күші мен материалдық – техникалық ресурстардың тепе – тең пайдалануына қолбайлау жасап, табыстың түсуін де ала – құла қылады.  Салыстырмалы түрде аз ғана уақыт жұмыс істейтін техниканы пайдаланудың қажеттілігі, сондай – ақ өндірістің қуат көздерін көп керек ететіндіг тұрақты капиталдың жоғары үлесін қажет етеді. Өндіріс жалға алған жерде жүргізілетін жағдайда тұрақты шығынның деңгейі сонымен бірге жалға төленетін ақы есебінен де өсіп отырды.

Тұрақты шығынның жоғарғы үлесі шаруалар мен олардың өндірістік стратегиясына да әсер етеді. Өнеркәсіпшіге қарағанда, ауылдағы іскерге нарықтық конъюнктура тиімсіз болған жағдайдың өзінде де өндірісті күрт қысқарту тиімсіз, өйткені тұрақты шығындар өндіріс көлеміне қарамастан өтелуге тиісті.

Табыстың түсуінің маусымдық мәнде болуы барлық өндірістік циклдің өн бойында шығарылатын шығынның орнын толтырудың  өте қажет көзі ретінде ауыл шаруашылығы  өндірісін несиелік ресурстар алуға итермелейді. Көптеген ауыл шаруашылық салаларында бұл циклдің ұзақ уақытқа созылуы ұсыныс көлемінің қысқа мерзім ішінде азайтылуына немесе көбейтілуіне мүмкіндік бермейді. Осының өзі ауыл шаруашылығы өндірісі мен аграрлық рыноктің тағы бір маңызды ерекшелігі болып табылады.

Алайда, бұл факторлар – ауыл шаруашылығы өндірісіндегі қиыншылықтардың мұзтаудың су бетінде көрініп тұрған басындай ғана. Мұнымен қатар мұзтаудың  су астында көрінбей тұрған бөлігіндей тағы бір көптеген қиындықтар бар. Мұның қатарында «шаруа – еңбек – жер» жүйесін құрайтын әлеуметтік, экономикалық  және психологиялық қарым – қатынастар аясындағы қиыншылықтар – ең күрделі қиыншылықтар.

Қызметкердің немесе өнеркәсіп жұмысшысының, құрылысшының еңбегін ұйымдастыру, есебін жүргізу, бақылау және әділетті еңбек ақысын төлеу өте оңай шаруа. Ал, тек қана жұмыс уақытысы емес., барлық өмірі ауыл шаруашылығын жүргізу жаңдайына бағындырылған ауыл еңбеккерінің жағдайы тіптен басқаша.

Ауыл шаруашылығы жұмыстарының қарбалас кезеңдерінде шаруа уақытпен санаспай, демалыссыз, демалыс және мерекелі күндерсіз, ауа райының қолайлы сәттерін қалт жібермей, қымбат уақытты тиімді пайдалану үшін жан – тәнім салып жұмыс істейді. Оның есебіне кейбір кезеңдерде, әсіресе қысқы уақытта шаруа адамы апталап, тіпті айлап бос болады. Жалпы алғанда, шаруа норма немесе жоспар үшін емес, тіпті нәтиже үшін жұмыс істейді. Сондықтан да ауыл шаруашылығы еңбеккерінің психологиясында, табиғатында  әрбір дән немесе түп үшін жауапкершілік жүгі қаланған. Егістікті өңдеу барысында ол бірде – бір өсімдікті аяғымен таптамайды, ал егін жинау кезінде өнімнің ысырап болуына барынша жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік көзі дәл осында жатыр деп батыл айтуымызға болады.

Сөз жоқ, шаруаның еңбегі өте ауыр, бірақ ол шығармашылық мазмұнға мол болғандықтан, адамды өзіне тартып, қуаныш сыйлай біледі. Өнеркәсіп жұмысшысы мен қызметкерден ауыл еңбеккерінің бір айырмашылығы – ол өз жұмысына бар жан – тәнін сала отырып, тұқым себуден бастап өнім алуға дейінгі жасампаз еңбек процесіне бастан аяқ қатысады.

Алайда, соңғы онжылдықтарда ауыл шаруашылығында қалыптасқан өндірістік қарым – қатынастар шаруа еңбегінің осы тұстарын есепке алмай, ғасырлар бойы келе жатқан әдеттер мен дәстүрді құртып тынды. Ұжымшарларда немесе кеңшарларда шаруалар бүгін бір егістік басында жұмыс істесе, ертесіне басқа жерді өндеуге жегілетін болды. Сондай – ақ оның еңбек құралы да жиі ауыстырыла берді.  Соның қорытындысындаол өз еңбегінің түпті нәтижесін көре алмай, бірте – бірте жер мен өндіріс құралдарына деген өзінің қожайындық сезімін жоғалта бастады. Онан соң тек ілкі сәттегі табыс үшін ғана, бүгінгі еңбекақы үшін ғана жұмыс істеуге бойын үйретіп алды. [3. 63 бет].

Оның үстіне әр шаруашылықта кездесетін төмендегідей жағдайлар да шаруаның жақсы жұмыс істеуіне мұрындық бола алмады. Мысалы, іскер шаруа егістіктегі өзінің бөлігін жақсы өндейді, ал, оның қасындағы жалқау шаруа өз жұмысын  жүрдім – бардым атқарады. Мұндай жағдайда әлгі жауапкершілікпен жұмыс істейтін еңбеккер өз көршісін адами және диқандық абыройға кір келтірмеуге шақырып, әңгіме айтқан болады. Бірақ, бұдан ол ешқандай нәтиже шықпайтынын, сондай – ақ өндірістік – экономикалық қарым – қатынастар пәнменді материалдық және моральдық шара қолдануға ешқандай да мүмкіндік бермейтінін түсінгеннен кейін бірте – бірте өзіне келіп, бейжайлыққа бойын үйретеді. Ал, содан кейін әлгі еңбекқор шаруаның өзі тіпкі нәтиже үшін емес, тек бүгінгі тапсырманы орындаумен шектеліп, жалақы жазылатын құжаттан өз аты-жөнін табу үшін ғана жұмыс істейді.

Аграрлық өндірістің жоғарыда айтылған ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен тығыз байланысы, ауа райы мен жер бедері жағдайларының әр түрлілігі, шаруа еңбегінің ерекше мәнді болуы өз бойында іскер-қожайын, басқарушы-менеджер және жұмысшы  — орындаушы сияқты үш қасиетті жинақтаған ерекше жұмысшының жұмыс істеуін талап етеді. Агробизнес дамыған елдердің фермерлік шаруашылықтарындағы тұрақтылық пен тиімділік дәл соларға арқа сүйейді. Шаруашылық  отбасылық шаруашылықтар көптеген ауыл шаруашылықтары үшін ең ыңғайлы  өндірістік  шаруашылығы  өндірістік шаруашылық бірлігі болып табылады.  Өйткені мұнда ауыл шаруашылығы өндірісі мен еңбектің ерекшеліктері  толық қарастырылған. Отбасы өндірістік ұжым ретінде өз бойына  өндірістік қызметтің іскерлік, басқару және орындаушылық міндеттерін тамаша жинақтай біледі. Отбасылық еңбек ұжымы пайдалана алатындай өндіріс ресурстарын сол кезеңдегі өндірістің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері айқындайды. Сондықтан да бір фермаға шаққанда өндіріс және өндіріс ресурстарының көбейюі ғылыми – техникалық өркениеттің дамуымен жүзеге асады. Агроөнеркәсіптің жоғарыдағы ерекшеліктері негізінен алғанда әлеуметтік – саяси жүйесіне қарамастан, барлық елдер мен аймақтарда көрініс тапқанындай, объективті мәнде болады. КСРО тарағаннан кейін бұрынғы одақтық республикалар орнына пайда болған жас мемлекеттерде бұдан басқа өз кезінде тоталитарлық жүйе туғызып кеткен субъективтік қиыншылықтар да кездеседі.

Агроөнеркәсіп өндіріске тұтастай, әсіресе ауыл шаруашылығының дамуына өз кезегінде «жоғарыдан» жүргізілген сансыз тәжірибелер, көшпенді халықты отырықшылыққа жедел зорлаған ұжымдастыру болсын, барлық аймақтарда табиғат жағдайлары ерекшеліктері ескерілместен кез келген сәйкес келмейтін дақылдарды өсіруге зорлау болсын, соңына дейін түпкілікті ойластырылмаған тың және тыңайған жерлерді игеру болсын, ұжымшарларды келісімсіз кеңшарларға көшіру болсын, ауыл шаруашылығын басқаруды сан мәрте қайта құру болсын, міне осының бәрі үлкен зиян әкелді. 80-жылдардың өңбойында  жеміс және көкеніс шаруашылығы министрлігі құрылды, одан кейін ауыл шаруашылығы министрлігі құрылды, одан кейін ауыл шаруашылығы министрлігі құрылды, одан кейін ауыл шаруашылығы министрлігі  екеуі жойылып, басқа аралас салалық министрліктер және комитеттермен бірігіп, Мемлекеттік аграрлық өнеркәсіп комитеттермен бірігіп. Осы суперминистрліктің туы астында ел тұрғындарының жартысына жуығы және өндірістік саланың үштен екі ұйымы жұмыс істеді. Көп уақыт өтпей-ақ бұл алып құрылым екі жылға жуық қана өмір сүрген аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктер жойылғаннан кейін таратылды.

Егер бұл жағдайда тұрақты түрде болып тұратын кадрларды алмастыруды қоссақ, басқару ұйымдарында жағдайдың  қандай күнде болғаны айтпаса да түсінікті. Көп жағдайларда басшылық жұмыстарға мамандар емес, ең алдымен идеялық және саяси  жағынан әсіресенімді кадрлар жіберілді. Олар өнім өндіруді білгеннен көрі, шаруалардан нан тартып алуды әлдеқайда жақсырақ білгенін айтсақ, ауылдың ішкі терең құлдырауының табиғатын түсіну қиын болмайды. Әсіресе, үй іргесінде шаруашылықты шектеу үлкен зиян әкелді. Жеке шаруашылық үшін бір жарым ондық жерден аспайтын учаске ғана бөлініп, бір сиыр және он қойдан артық үй іргесінде мал ұстауға тыйым салынды. Міне, осындай шектеулер шаруа психологиясындағы меншіктік сезімге соңғы соққы болып тиді.

Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте пайда болған елдерде, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының, агробизнестің қалыптасуы мен оның жұмыс істеуіндегі қиыншылықтардың объективті шарттары мен субъективті себептері, негізінен алғанда, міне  осындай. Алдыңғы талдау көрсеткеніндей, нарықтық қатынастарға өту және бизнесті, әсіресе агробизнесті дамыту, кейбір мамандар болжағандай, соншалықты жеңіл болмайды. Дегенмен, басқа жол жоқ. Қазіргі экономикалық дағдарастан өтіп, барлық елдер мен халықтар жүріп өткен нарықтық қатынастардың кең даңғыл жолына түпкілікті жаңғыру мен бизнесті, экономиканың барлық салаларында оның ішінде ең алдымен агроөнеркәсіптік өндірістегі бизнесті игерудің негізінде түсе аламыз. [5.-35 бет ].

Бәрімізге белгілі, тоталитарлық жүйе үшін қоғамдағы, ресми идеологиядағы және саяси партиядағы монополизм, барлық қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың  тоталитарлық мемлекеттегі басқарушы құрылымдардың мақсаттарына шексіз бағынуы және олардың бұқаралық ақпарат құралдарына монополия орнатуы сияқты қасиеттер тән болды. Барлық әкімшілдік — әміршілдік жүйенің болсын, азаматтардың қоғамдық құрылымдары болсын бәрінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттік – құқыттық және саяси институттар  ел дамуының қажеттіліктерін де өтей алмады.

Бұл қатарда ұлттық саясатқа ерекше орын болу керек. Ұлттық проблемалар көп жылдар бойы белсенді түрде ой елегінен өткізіліп келсе де, соңғы кездері жаңаша  көзқарасты талап ететіндей күйге түсті. 80-жылдардың ортасына дейін жаңартылмаған ғылыми, идеологиялық концепция кеңестік мемлекет кезеңінде жинақталған ұлттық мәселені шешу тәжірибесін қайта қарауды қажет етті.  СОКП съездерінің шешімдерінде интернационалдық  — патриоттық тәрбиенің деңгейін арттыру қажеттілігі ғана көрсетіліп, шовинизм, антисемитизм, ұлтшылдық айыпталып, халықтар достығын нығайтуға шақыратын ұрандар айтылды. Міне, осының бәрі этносаралық қарама – қайшылықтық күшеюінің себебіне айналды және қоғамдық өмірді қайта құру жағдайында жарялылықтың  жарық шамына түсті. Әрине, қоғамды демократиялық жолмен реформалау процесінің басты бағыты, демократия этностық келіспеушілік минимумға жеткізілген елдерде ғана барынша табыстырақ нәтижеге жететіндіктен, ұлттық саясаттың жаңа концепциясын жасау болды. Өйткені, демократияға өту кезінде және демократияландыру процесіне ұлттардың әр тектілігі көп кедергі келтіреді.

  1. 3. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

 

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы  өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық — әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.

70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше «агроөнеркәсіптік кешен»  атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қоладынысына енді. Оның үш саласы – қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің  айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді (1-схема).

Агробизнес кешені

1-схема

Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға (І) ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғниөндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс – несие де кіреді. Бұл сфера ауыл шаруашылығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады. [3. – 68 бет ].

Сфералардың үшінші тобы (ІІІ) егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік  сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала – тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық – түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.

Төртінші сфера (IV) агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылан қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, коммуникация, мемлекеттік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару, рынокті реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін, агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден  басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің  техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялық қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың консультациясы, материалдық – техникалық жабдықтау және қамтамасыз ету және басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен кәсіпорындарына сондай – ақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.

Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас және ол үш негізгі сфераның басын құрайды (2-схеманы қараңыз).

Агроөнеркәсіптік кешен

 

         І                                                    ІІ                                                ІІІ

2-схема

Бірінші сфераға (І) трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай – ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.

Екінші сфераға (ІІ) таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары – егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық мал азығын өндіру жатады.

Үшінші сферасы (ІІІ) әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалмауды, сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалары ретінде өздігінше, жеке төртінші сфера (IV) жатқызып жүр.

Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғанындай, агробизнес және агроөнеркәсіптік кешендер сандық жағынан болсын, сапалық жағынан болсын өздерінің құрамы бойынша бір- бірімен ерекшеленеді. Өздерінің қарауындағы салалар немесе қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады. [3.- 71бет ].

Бір қарағанда дәстүрлі қабылдауға үйренген біздерге таңқаларлықтай болып көрінетін бір жайт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық схемасында мемлекеттік басқару әдетте әдейі көрсетілген жоқ. Өйткені, әкімшіл-әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық жүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғаны айтпаса да түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономикалық процестерді қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші элементі ретінде көрінетіні рас.

Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рациональді арақатысынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе – теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның дамымай артта қалуының себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық – түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35 проценті ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердері айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды. АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімінің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ-та ІІІ сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жұмыстарды тамақ өнеркәсібі атқарады.

Дәл осындай жағдай нарықтық экономикасы дамыған басқа елдерде де қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық-түлік құнының 75 проценттен астамы ауыл шаруашылығынан тыс жерде жасалады. Скандинавия елдерінде түпкі өнімде тамақ өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.

Батыс елдері өнеркәсіп кешені құрылымының қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық – түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар аралығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің саны өсе түсуде. Айталық АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды қажет ететін салалар мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіру технологиясының бір – бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық және ішкісалалық сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын реформалау ауыл үшін қсініліп отырған техниканың сәйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем-шөп өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.

Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі құрылымдық сәйкессіздіктерді жою әрекеті  80-жылдардың өзінде бірнеше рет бой көрсеткен.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық – түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл — әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз — өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.

Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторға бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліетер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты.

Нарықтық экономикаға барар жолдағы Қазақстан республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай – күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастырайық. [8. – 83 бет ].    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Агроқұрылымдар бизнес жоспары.

 

  • Бизнес – жоспар тақырыбының мазмұны мен түсінігі

 

Көпшіліктің арасында «бизнес» десе болды коммерция, алыпсатарлық деген теріс пайымдау фактілері де жоқ емес. Бұл негізінен дұрыс емес, бизнес – нарықтық экономиканың факторы, оның алға басу механизмі болып табылады.

Бизнес ағылшын сөзі – «іс, іскерлік»  деген ұғымды береді. Іскерлік дегеніміз жеке бастамамен өз атынан тәуекелге бел буып,  мүлкімен жауапкершілік жүгін арқалаған алып жасаған жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың тұрақты табыс, пайда табу мақсатында жасаған іс – қимылы. Мұны ол жер үлесін, мүліктерін тиімді пайдалану, өндірген тауарын сату, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету жолдарымен табады. Іскер адам сонымен қатар қабілетін көрсету мен іскерлік статусын нығайту мақсатында да еңбек етеді.

Бизнесмен – іскер адам, табыс, пайда табу мақсатында өзінің жекеменшік ісімен шұғылданатын тұлға.

Бизнес орталық – іскерлік жұмыстарды ұйымдару орталығы. Ол іскерлікке өз қызметтерін көрсетеді.

Нарықтық экономиканың алғашқы негізін қалаушысы Адам Смит іскерліктен тапқан пайданы қоғамның бизнесменге – меншік иесіне бастамашылық  іс — әрекеті мен тәуекелге бел буғандығына төлеген сыйақысы деп түсіндіреді. [18. – 5 бет ].

Бизнесмен өзінің жеке басының ерекшеліктерімен көзге түсуі керек. Ол ұзақты болжай білуі мен оған сеніммен қарау, есепте пысық және тәуелсіз болу, жаңалыққа жақын және үнемшіл, мәселенің алдын ала білу, тағы сол сияқты адам бойындағы дарындарға ие болуы керек. Сонымен қатар іскерлік бір  сөзділікті және этиканы сақтай білуді қажет етеді.

Экономика бойынша әдебиеттерде: «Бизнес дегеніміз субъекттің нарықтық экономика жағдайында пайда табу үшін жасаған экономикалық әс — әрекеті», деген түсінік алға тартылады.

Бизнесті – іскерлікті құқықтық жағынан қамтамасыз етуде оның бірнеше ұйымдық – құқықтық түрлері бар. Оның ең қарапайым түрі жеке кісінің іскерлігі, яғни жеке тұлғаның тәуелсіз іс — әрекеттері. Олар көбінесе лицензия, төлемді патент алу жолымен өз істерін бастайды.

Жекеменшік іскерліктің басқа бірнеше түрлері бар, ол: шаруа қожалығы, жеке кәсіпорын немесе серіктестіктер, тағы сол сияқтылар. Бұлар мемлекеттік тіркеуден өтіп заңды тұлға болып құжаттанулары керек. Жеке кісілердің іскерлігі шектеулі көлемдегі жұмыстарды атқарады және олардың ауқымы да кішігірім істер. Сондықтан пайдасы да аз мөлшерде болады. Олар шаруашылық серіктестіктерге бірігу жолымен іскерлік жұмыстың көлемін ұлғайтып, алатын пайданы бірнеше есеге көбейтуі мүмкін.

Мүліктік жауапкершілігінің деңгейіне, мөлшеріне қарай серіктестіктер толық және шектелген жауапкершілікпен бірігеді. Сонымен қатар өндірістік кооперативтер, кіші кәсіпорындар және акционерлік қоғамдар құрылады. Ең ірі бизнесті ұйымдастыру үшін корпорацияларға, концерндерге, холдинг компанияларға  бірігу керек.

Бизнестің түрлері. Бизнес – нарықтық қарым – қатынастағы экономиканың барлық жағын қамтитын саналуан түрлі іс — әрекеттер. Оларға: өндіріс, сатып өткізу, қаржылай қамтамасыз ету, сақтандыру, қызмет көрсету,  сол сияқты тауар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша адамдардың іс – қимылдары жатады. Осы іс — әрекеттердің сипаттарына қарай бизнес — өндірістік, сауда – саттық, қаржы, делдалдық және сақтандыру бизнесі болып бірнеше түрге бөлінеді.

Өндірістік бизнес негізінен өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналысады.

«Агробизнестің теориясы мен практикасы» (Оспанов М., Р. Аутов және Х. Ертазин) еңбегінде өндірістік бизнестің схемасы ұсынылған. Ол төмендегідей:

Өндірістік бизнестің принципиалдық схемасы:

 

 

                                        ЖЕ                    ЖЖ

                              АҚ                                        ТР

 

                              АА                                        ТС          

                                        АН                    НҚ

 

 

 

 

Шартты белгілер:                        

АҚ – айналма қор

АА – айналма қордың сатып алу үшін ақша

НҚ – негіз өндіріс құралы

АН – негізгі құралды сату немесе жалға алу үшін ақша

ЖЖ – жалданған жұмысшылар

ЖЕ – жалдап алынған жұмысшылардың еңбек ақысы

ТР – тауар, өндірістің сатуға арналған өнімі

ТС – тауарды сатудан түскен табыс.

Коммерциялық немесе сауда бизнесі – тауарды сатумен және сатып алумен айналысатын кәсіпкерлік.

        

 

Сауда саттық бизнесінің принциптік схемасы:

                                     Т                                                          Т

                                           АН                                                      АК             

 

 

Шартты белгілер:

Т – тауар

АН – тауар иесіне сатып алуға жұмсалған ақша

АК – кәсіпкер коммерсанттан тауар сатып алуға жұмсалған ақша.

Қаржы бизнесі дегеніміз – қаржы рыногында ақша сатып алу және сату жолымен бизнес – іскерлік жасап пайда табу.

         Қаржы бизнесінің принциптік схемасы:

                                    АҚ                                                      АҚ

                                          АТ                                               АС

 

 

Шартты белгілері:

АҚ – ақша қаржысы

АТ – ақша қаржысын сатып алу үшін жұмсалған ақшалай төлем

АС – қаржы бизнесменінен ақша қаржысын сатып алушының төлемі.

Делдалдық бизнес дегеніміз – ақпараттар негізінде тұтынушыны мен өндірушіні – сатушының арасын келістіріп кәсіпкерлік тізбегіне қосу.

Делдалдық бизнестің схемасы:

                                А                                                 А

                                                                                  АТ

                                 АТ                                             ДТ

 

 

Шартты белгілер:

А – ақпарат

АТ – ақпарат үшін төлем

ДТ – делдалдық үшін төлем.

Сақтандыру бизнесі

Сақтандыру бизнесі – ерікті түрде мүліктік сақтандыру, жеке кәсіпкердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру, тәуекелділік пен жауапкершілікті сақтандыру, яғни сақтандыру жолымен құрылған ерекше қызметтерді сатып алу.

 

Сақтандыру бизнесінің схемасы:

                                                СТ

 

                                                         Қ

 

                                                      СЖҚ

 

Шартты белгілер:

СТ – сақтандыру қызметінің төлемі

Қ – сақтандыру қызметі                                                           

СЖ – сақтандырушының ақшалай шығынының қайтарымы.

Жоғарыдағы келтірілген бизнес түрлерінен біздің қарайтынымыз ауылшаруашылығы өндірісінің бизнесі.

Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі үш факторы бар:

Олар жер, еңбек және капитал. Осы үш факторды қимылға түсіретін фактор – агробизнес деп аталады. Бизнестің өзіне тән белгісі сол, ол жекеменшікке, өндіріс факторына негізделеді.

Агробизнес кешені ресурстар, ауылшаруашылығының, маркетниг  және агросервистік қызмет жасайтын құрылымдардан, яғни негізгі төрт сферадан тұрады.

                        Агробизнес кешенінің схемасы

Бизнес-операция – бір бизнес іс — әрекет жасау мақсатында жүргізілген бірнеше іс-қимылдар процедураларының қорытындысы. Бизнес–іс- әрекеттер жоспар бойынша ұйымдастырылып,өндірістен тауар сатып алудан басталады да, тауарды сату, пайда табумен аяқталады. Бизнес- операцияны іс жасау (сделка) деп  те атайды.

Бизнес жоспар-бизнес операцияны іс жүзінде орындау бағдарламасы, оны 3-5 жылға жасалады. Бизнес жоспарда фирма туралы толық мәліметтер, оның өндірісі, өндірістік тауары, сатылатын  рыногі, маркетингтік  зерттеулері, іс жасауды ұйымдастыру әрекеттері және олардың тиімділігі анықталады.

Бизнес – жоспар шаруа қожалығының немесе өндірістік кооперативтің күнделікті жұмысын жүйелі және тиімді басқару үшін керек. Негізнен бизнесте жобаға орай есеппен іс — әрекеттер жасап қателеспеу мақсаты қойылады. Осындай жолмен кәсіпорынның тезірек қалыптасуына, оның көздеген өндірістік және қаржылай көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүдделі.

Мақта шаруашылығының көп укладты, нарықтық экономикалық өатынастарға өтуіне байланысты бизнес жоспар көптеген жас буын кәсіпкерлердің кездейсоқ жағдайларға ұшырауынан сақтандырады, пайда табуда дұрыс бағыт алуына көмектеседі. Бизнес жосапар бойынша материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдары  анықталады. Агробизнесте ой- мақсаттардың орындалуы үшін капитал  қажет. Керекті қаржының мөлшерін, алатын қаржы көзін, оның өсімдерін есептеп талдау керек болады. Мақта шаруашылығында, мақта- шикізатын өңдеу зауытында фьючестік келісімдер жасау кәсіпкерлерді ынталандырады, сондай –ақ селолық несие серіктестерімен де қаржыландыру келісімін жасаға  болады.

Бизнес – жоспарды амалға асыруда инвесторларды тартуға немесе бірнеше жеке тұлғалардың серіктестігін құру жолымен несие мөлшерін жетерлік етіп алуға болады. Бұл іс — әрекеттерді орындауда бір кісі бас шылық жасап, бастама көрсетуі қажет.

 

Бизнес жоспар:

 

Жер көлемі: 10 га.

Оның шит себу үшін егістік жер көлемі: 8 га.

Пленка астына қарбыз өсіру үшін  жер көлемі: 2 га.

 Жоба бойынша 1 га түсетін мақта шикізатының өнімі: 30 ц.

Қарбыздан  түсетін өнім: 350 ц.

Жалпы мақта өнімі: 24 тонна.

Оның сатылатыны – 24 тонна.

Қарбыздың “Ница” сорты  —  35*2=70 тонна.

Оның сатылатыны  —  65 тонна.

 

  1. Тұқымдық шит :

1га норма бойынша  тұқым  шығыны —  30 кг

1га қосымша тұқым сақтандыру қоры (15%) – 4.5 кг

Барлық тұқым шығысы – 1га – 34.5 кг

1 га қаржылай шығысы – 34.5*52=1794 тг.

8 га қаржылай шығысы – 8*1794=14352 тг

  1. Жанар-жағар май:

1 га норма бойынша жанар жағар май шығысы – 300 кг

1 га дизель отынының бағасы – 300*45=13500 тг

Жалпы мақта алқабына кететін шығыс – 8*13500=108000 тг

  1. Минералды тыңайтқыштар:

1 га нормаға сай барлық түрлері бойынша – 300 кг

                                               Азот – 150 кг.

                                               Фосфор – 100 кг.

                                               Калий – 50 кг.

1 га түкка айналдырғанда:Азот – 150/34.5*100=435 кг

                                               Фосфор – 100/24*100=416 кг

                                               Калий —  50 кг

         1кг азот бағасы –22 тг.

         1кг фосфор бағасы  —  15тг

         1кг калий бағасы —  20тг

1га қаржы шығысы азотқа – 435 * 22 = 9570 тг

1га қаржы шығысы фосфорға – 416 * 15 = 6240тг

1га қаржы шығысы калийге – 50 * 20 = 1000тг

 

Мақта алқабына қаржы шығысы –  Азот  —  8 * 9570 т = 76560 т

                                                         Фосфор – 8 * 6240 т = 49920 т

                                                         Калий – 8*1000 т = 8000 т

Жалпы минералды тыңайтқыштар үшін қаржы шығысы:

         N+P2O5 + K2O = 76560 + 49920 + 8000 = 134480

 

 

 

  1. Биологиялық және химиялық препараттар:

1 га алқапқа жұмсалатын биологиялық және химиялық шығынның сомасы 2000 тг.

Жалпы мақта алқабына жұмсалатын биологиялық және химиялық шығын сомасы – 16000 тг.

  1. Ағын су көлемі:

1га  мақта үшін су шығыны – 6000 текшеметр.

1га/ текшеметрдің прейскурант бойынша бағасы – 4.7 тг.

1га су шығынының  төлемі – 6000*4.7 =28200тг.

Мемлекеттік реттеулер  бойынша  бюджеттен бөлінген субсидия —  40%, яғни  28200*0,4=11280тг.

28200-11280=16920/8=2115=1га

2115*8=16920тг

Орташа тасу қашықтығы 4 км.

                   32.4 = 130 т. км.

                            Азот – 1га = 435*8 = 3480тг.

                            Фосфор – 1га = 416*8 = 3328тг.

                            Калий – 1га = 50*8 = 400

                            Барлығы: 7208тг.

                            Жанар-жағар май 1га = 300*8 = 2400тг.

                            Мақта 24 тонна.

                            130*131.6 = 17108тг.

         Жалпы мақта өсіру үшін  операциялық шығындар  сомасы:

 

14352 + 108000 + 134480 + 16000 + 16920 + 17108 = 306860 тг.

 

         Мақтамен қатар қосалқы сала – қарбыздың «Ница»  сортын өсірудің есебі.

 2 га қарбыз алқабына кететін материалдық ресурстар шығынын есептеу.

 

  1. Қарбыз тұқымы:

1га кететін қарбыз тұқымы – 500г.

2га кететін  қарбыз мөлшері – 1000кг.

Қарбыз алқабына  тұқым  үшін шығыс сомасы – 10000 тг.

 

  1. Полиэтилен пленка:

1га алқапқа  жұмсалатын полиэтилен пленканың мөлшері – 90кг.

1кг полиэтилен пленканың бағасы 170тг.

90*170=15300тг.

2*15300=30600тг.

 

 

 

 

3.Минералды тыңайтқыштар:

1га алқапқа норма бойынша азот тыңайтқыштарының шығыс сомасы – 400кг.

1га азот бағасы – 20 тг.

Ал барлығы – 8000 тг.

Жалпы қарбыз алқабына тыңайтқыштарға шығыс сомасы – 16000тг.

 

  1. Жанар-жағар май:

1га жерге жанар-жағар май шығыс мөлшері – 60кг.

1га дизель отынының бағаасы – 45тг.

Алқапқа кететін жанар-жағар май мөлшері — 120кг.

120*45=5400тг.

 

  1. Химиялық препараттар:

1га шығыс болатын улы  химиялық препараттар мөлшері – 3кг.

1га – 500тг.

2га – 6кг.

6*500=3000тг.

1га егістікке қосымша ұнтақталған күкірт бағасы – 4-5 рет қолдану үшін шығыс мөлшері – 150 кг.

1кг ұнтақталған күкірт бағасы – 100тг.

1га қарбыз алқабына шығыс – 15000 тг.

Жалпы алқапқа ұнтақталған күкірт үшін шығыс сомасы – 30000 тг.

 

  1. Ағын су төлемі: 1692 тг.

 

Жалпы қарбыз өсіру үшін  операциялық шығындар сомасы:

 

10000+30600+16000+5400+3000+30000+1692=96692тг.

 

Ал мақта мен қарбыз өсіру үшін операциялық шығындар сомасы:

 

         306860 + 96692 = 650244 тг

 

Шаруа қожалығы мүшелерінің атқарған еңбектері үшін аванс төлемі  сомасы —  150000 тг.

                 

Жоғарыда  келтірілген есептерге сәйкес жалпы  несие алу  қаржы есебі:

 

                                     650244 + 150000 = 800244 тг.

 

2.2.  Шаруа (фермер) қожалығының бизнес жоспарының үлгілері

 

Мақта өсіретін шаруа қожалығы бизнес жоспарының сақсаты:

  • Шаруа қожалығы жер учаскесінің көлемін белгілеу;
  • Мақта өсіруде қалыптасқан технология бойынша агротехникалық шаралардың түрлерін анықтау;
  • Белгіленген егістік жерден алынатын өнім мөлгерін, оның сапасы мен өткізу бағаларын жоспарлау.

Бизнес – жоспардың атқаратын қызметтері төмендегідей:

  • бизнесті алып бару бағыттарын анықтау үшін пайдаланылады, сонымен қатар ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтау мүмкін;
  • өндірісті жоспарлау міндеттерін атқарады;
  • шаруашылықтың негізгі саласының дамуын бақылауға және бағалауға болады;
  • ақшалай қаржы салуға қажеттіліктің бар – жоғын анықтайды;
  • жеке инвесторларды шақыруға және олар салған инвестицияның тиімділігін арттыру болжамын жасайды.

Бизнес жоспарды жасаудағы мақсат төмендегідей сұрақтарға дұрыс жауап табу:

  • іскерлікті неден бастау қажет?
  • өндірісті қалай тиімді ұйымдастыру керек?
  • алғашқы табыс қашан алынады?
  • несие берушілермен қалай есеп ажыратады?
  • қандай болса тәуекелділік деңгейін төмендетуге болады?

Бизнес – жоспар жасауда белгілі бір қалып, үлгі жоқ, оның құрылымы әртүрлі болуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы бір қарағанда оңай шаруа көрінеді. Бірақ ауыл шаруашылығы өндірісі, оның ішінде мақта өсіру бір қалыпқа немесе белгілі бір шектеулерге сыймайтын, өте біліктілікті, істің көзін тауып жұмыс жасауды талап етеді. Себебі мақта өсіру шаруашылығында қандай білгіш, кәсіби деңгейі жоғары маман болса да, оның барлық іс — әрекеттеріне бағынбайтын факторлар да өмірде баршылық. Оның ішінде ағын сумен қамтамасыз етілу мөлшері мен мерзімдері, тиімді температура мен және күн сәулесінің нақтылығы, кері әсер ететін басқа да табиғи құбылыстар: нөсер, жаңбыр, бұршақ, қоза зиянкестері тағы сол сияқты күтілмеген ауа райының зиянды әсері өте мол. Осындай құбылыстарға байланысты өнім әртүрлі болуы мүмкін, өндірілген шикізаттың көлемі айнымалы болуы ғажап емес. Әрине мұндай жағдайлар рыноутағы бағаға және диқанның табысына тікелей ықпал жасайды.

Нарықтық экономиканың қазіргі деңгейі ауыл шаруашылық диқандарының табысын қорғау бойынша жеткілікті механизмді қалыптастыра алған жоқ. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу жүйесін кеңінен ендіру диқандардың табысын қорғауға септігін тигізер еді.

Ауыл шаруашылығындағы бизнес – жоспарда ескерілетін екінші бір мәселе, бұл жердің мәңгілік негізгі қор есебіндегі ерекшелігі. Әсіресе, суармалы жерді дұрыс пайдалану оның құнарлылығының ерекшеліктерін ескеру, осыған сәйкес капиталдың және өндірістік шығындардың, алынатын өнім мен табыс мөлшерлерін болжай білуде қажет. [18.- 12 бет ].

Ауыл шаруашылығы өндірісі тікелей табиғи биологиялық факторлармен байланысты. Сондықтан өнімді өсіру мен жинап алу, оны сатып өткізу мерзімі ұзаққа созылады. Көптеген табиғи процестерді реттеудің жолдары жоқ, әсіресе мақта өнімінің пісіп жетілуі күн санайды. Өсімдіктің алған тиімді температурасына тікелей байланысты, яғни вегетация мерзімі 125-140 күн, ал бір жылдық тиімді температура 1900-2000о кем болмауы керек. Міне осыған сәйкес агротехникалық іс – шаралар мен технология белгіленіп, дұрыс еңбек ұйымдастырылуы қажет.

Көптеген өндірістік жұмыстар маусымдық сипатқа ие, техника, еңбек ресурстарын пайдалануда бірқалыпты ырғақтық жоқ, осыған байланысты тұрақты шығындар көлемінің арту тенденциясы байқалады. Шаруа қожалығының табысы маусымның соңында анықталады. Біздің пікірімізше, осы жағдайды ескеріп шаруа қожалықтары биологиялық тұрғыдан ерте пісетін, ауыл шаруашылығы жылының орта шенінде табыс әкелетін бақша дақылы – қарбызды пленка астына егу үшін 10-15% егістік жерін бөлу қажет. Онан ерте өнім жинап, табыс алса, пайызды несиенің мөлшерін біршама кемейтуге болады, яғни несие төлеміне шығынды азайту мүмкіндік жасалады. Ауыл шаруашылығындағы бизнестің және рыноктағы ерекшеліктерін осындай жолмен реттеуге және жеңілдетуге болады.

Ауыл шаруашылығындағы күрделі мәселелердің бірі – диқандар жұмысының қауырттығы. Сондықтан олар көбінесе мейрам, демалыс күндерінде күні – түні далада еңбек етеді. Себебі диқанның бір күні жылдық табыстың мөлшеріне әсер ететін жағдайы болады. Сонымен қатар маусым аяқталған соң диқанның бос уақыты көбейіп, апталап, айлап дем алады. Қысқаша айтқанда, диқан күндік немесе айлық жоспар үшін жұмыс жасамайды, оның мақсаты соңғы нәтиже – мол өнім, көбірек табыс алу, пайда табу. Бұл мәселеде көп шығынды талап ететін, қол еңбегімен мақта өсірудің ерекшеліктері бар. Диқан әрбір түп мақтаны сақтап, мәпелейді, қашан қоректендіру, қашан суару керектігін өсімдіктің көрінісіне қарап біледі. Мақта өсіру қиын да мәртебелі кәсіп, бірақ шын ықыласпен, ақ пейілмен аянбай еңбек еткен адам ір уақытта табысты болады, ел құрметіне бөленіп жүреді.

Республикамыз  егемендік алып, жерді және мүлікті жекешелендіру, яғни өндірістік қатынастарда экономикалық реформалар кең қанат жая бастаған соң диқанның мақта алқабындағғы еңбегі қарқын алды. Себебі алынған өнім, одан түскен табыс, пайда оның меншігінде қалып, жанұясының игіліне жаратылатын болды. Осы жағдайда істің көзін біліп тиімді еңбек жасайтын мақташы да, сонымен қатар өзі боладыға салынып жерге, өнімге немқұрайлы қарайтын диқан да білгілі болып, түпкі нәтижелері айқындала бастайды.

Жоғарыда атап өтілген ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерін ескере отырып, мақта өсіретін шаруа қожалығының бизнес жоспарын жасап, ауылдық кәсіпкерлердің агроэкономикалық сауатының деңгейін көтерсек деген ниетіміз бар. Бұл іскерлік жоспар бойынша фермер шаруашылығының  басшысы мен ондағы жұмысшылар сол ерекшеліктерді ескере отырып жұмыс жасауы қажет. Яғни ол әрі іскер – қожайын, әрі басқарушы – менеджер, керек жерінде механизатор, сушы болуы керек. Шаруа қожалығының егістік жерінің тиімді мөлшері, жанұядан алқапқа шығып жұмыс жасайтын мүшелерінің санына, қолда бар техникалық және технологиялық мүмкіндіктерге тікелей байланысты.

Мақта өсіру саласында агробизнесті жолға қою үшін, бизнес – жоспар ерекшеліктерді ескере отырып жасалуы керек, мамандар жағынан жан –жақты талқыланып қабылданса, бекітілсе дұрыс  болады . Осындай  ғылыми экономикалық жағынан негізделген өндірістік  қатынастың нәтижесінде нарықтық қарым-қатынастың қиындықтарын жеңіп,мақта өндіру  өркендетуге, экономикасын қалыптастыруға болады.

Бизнес-жоспар жасағанда ең кемдегенде алдыңғы үш жылда алынған өнімнің мөлшері талданып, оған  іс жүзінде қосылатын өнімнің есебі дәл болуы керек. Бұл мәселеде аса жоғары деңгейдегі тәуекелділікке жол бермеу қажет, барлық көрсеткіштерді жан – жақты қарап, оның қойылған мақсатқа сәйкес екендігіне толық сенім арттырған жөн болады. Шаруа қожалығы дұрыс басқару – ауыл шаруашылығындағы бизнестің ұтымды болуының кепілі.

Бизнес – жоспардың құрылымы пайдаланылатын жердің санатына, өсірілетін дақылдардың түрлеріне қарай әр түрлі болып келуі мүмкін. Мақтаның тек суармалы жерде өсірілетіндігі, ресурстар және еңбек шығындарының көптігіне байланысты жан – жақты талдауды, көрсеткіштердің аса дәлдікпен есептелуін талап етеді.

Бірінші бизнес – жоспардың мақсаты мен оған қол жеткізу жолдарын баяндау қажет. Сонымен қатар шаруа қожалығына пайдалануға берілген жер учаскелерінің көлемі, жұмыс жасайтын мүшелерінің саны, қолда бар мүліктерінің мөлшері, тағы басқа өндірістік сипаттамалары толық келтірілуі керек. Шаруа қожалығының құрамы жанұялық сипатта  құрылатын болғандықтан оның мүшелері болып жанұяның бірлесіп еңбек жасай алатын мүшелері болады. Яғни, шаруа қожалығының әрбір мүшесі кәсіпкер болып есептелінеді. Шаруа қожалығының басқарушысын барлық мүшелері тең құқықты мүмкіндіктер беріледі. Жер пайдалану актісі, мамандар мен жеке мүшелерінің еңбек бөлісудегі міндеттері, оның басқа да мемлекеттік және коммерциялық мекемелермен қарым – қатынас жасауы үшін келісімге сай сенім өкілеттігі анықталады.

Шаруа қожалығының негізгі мақсаты, берілген жер учаскесін тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылық өндірісін дамыту және алынған өнімді өңдеу, тұтынушыларға жеткізіп беру.[18. – 15 бет ].

Шаруа қожалығының өндірістік жоспарын жасау үшін технологиялық картаны пайдалана отырып қажетті тұқым, тыңайтқыштар, жанар – жағар май, ағын суға төлем, техникалық қызметтердің мөлшері және еңбекке ақы төлеу сияқты материалдық ресурстар анықталады. Сол көрсеткіштерге сай агробизнесті ұйымдастыру үшін қажет болатын қаржы жоспары жасалады. Бұл жоспар бойынша қаржы көзі анықталады, несие алатын банк немесе фьючерстік шарт жасаушы анықталады. Сонымен қатар өндірілген өнімді сату немесе жеткізіп беру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, жалпы табыс мөлшеріне болжам жасалады, оның қаншасы алынған несиенің қайтарымына не пайыз өсіміне төленетіндігі анықталады.

Осы ұйымдастыру  жұмыстарын алып баруда заңның сақталуын қамтамасыз ету сонымен қатар тәуекелділік деңгейін анықтап бағалау және сақтандыру мәселелерін қарап шығу қажет.

Осы мақсатта біз төменде шартты түрде «Жұматай» шаруа қожалығының бизнес жоспарының үлгісін, оның түрлері мен есептеулерін мысал ретінде келтіруді жөн көрдік. Материалдық ресурстардың шығын мөлшерін мақта өсірудің технологиялық картасына сәйкестендіріліп, ал олардың бағалары Мақтаарал ауданының көлеміндегі 2007 жылы рыноктағы қалыптасқан деңгейде алынған.

Шаруа қожалығының бизнес — жоспары  «Жұматай» шаруа қожалығы                                                                        Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,                             Мақтаарал ауданы, «Ш.Ділдабеков» ауылдық округі.

Бұл бизнес – жоспардың жасалу мақсаты – үш отбасының үлесіне берілген жер учаскесін біріктіріп шаруа қожалығын құру 12 гектар жерді тиімді пайдалана отырып пайда табу.

Шаруа қожалығының жер ресурстарын талдау.

«Жұматай» шаруа қожалығына жер ауыл шаруашығы мақсатында пайдалануға, яғни тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі, қосалқы шаруашылық, бақша және мал шаруашылығын жүргізу үшін берілген.

Ауыл шаруашылық алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін. Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына пайдалану мен суаруға жарамды, жылдық 75 пайызы су ағынымен қамтамасыз етілетін жерлер жатады.

Жер учаскесінің көлемі

Пайдалы жер түрлері

Га

%

 

Барлық ауыл шаруашылығы алқабы

Оның ішінде егістік жері

Суармалы егістік жер

 

12

10

10

 

 

100,0

85,7

85,7

 

Егетін жер топырағының құрамы: сұр топырақ, орташа деңгейде тұздалған, жер асты минералды суларының тереңдеге 3 метрден кем, жердің егістігі 3 тен 5 градусқа дейін, яғни сумен қамтамасыз етілген.

2004 жылы ұзақ мерзімге жалға алынған жердің көлемі 12 га, оның ішінде егістік  жер 10 га, мақта егілетін жер – 10 га, бақша егілетін жер – 2,0 га. Болжам бойынша алынатын мақта шикізатының шығымдылығы  24 тоннаны, қарбыздың шығымдылығы 70 тоннаны құрайды.

«Жұматай» шаруа қожалығының құрамы.

Тегі, аты- жөні

Туысқандық жақындығы

Жасы, жыл

Білімі

Мамандығы

1

Жұматаев Сырайыл

әкесі

46

орта

Агроном

2

Жұматаева Нағима

әйелі

44

орта

Бухгалтер

3

Жұматаев Асан

інісі

30

орта

Кең саладағы тракторшы

4

Жұматаева Альмира

келіні

25

орта

Жұмысшы

5

Жұматаев Нұрлыбек

баласы

26

орта

Сушы

 

Шаруа қожалығының материалдық – техникалық ресурстары.

Атауы

Шыққан жылы

саны

Қалдық құны, теңге

Шынжырлы трактор ДТ – 75

1996

1

450.000

Доңғалақты баптау тракторы МТЗ — 80Х

1997

1

380.000

Культиватор КРХ – 4

2001

1

106.000

Тырма ЗБТ – 1

2000

6

12.000

 

Несие алу бизнес – жоспарының есептеулері.

Бұл бизнес – жоспардың жасалу мақсаты несие алып немесе фьючерстік келісім – шартқа отырып, ауыл шаруашылығы техникаларын, оларға керекті қосалқы бөлшектерді, жанар – жағар май, мақта тұқымы (шит), минералдық тыңайтқыштар, биоматериалдар, химиялық препараттар сатып алу, оларды өндірісте тиімді пайдалану болып табылады.

  • несиені қайтару мерзім 1 қаңтар, 2005 жыл.
  • несиені алғаннан соң бірінші жылы өнімдерді сатып өткізуден түсетін түсім 4,1 млн. тг, соның ішінде қарбыз өсіруден 1,6 млн. тг.
  • өнімнің несиенің 2004 жылғы төлемін қоса есептегендегі өндірістік және сатып — өткізу шығыны 3,1 млн. тг, соның ішінде тікелей өндірістік шығындар 1,5 млн. тг.
  • шаруа қожалығының несие мерзімінің соңғы кезеңіндегі таза табысы 2,0 млн.тг.
  • несиенің өзін — өзі өтеу мерзімі – 6 ай.
  • Несие мерзімінің соңындағы сату рентабельдігі І вариант бойынша 52,3%

Өтініш иесі туралы жалпы мәлімет

Кәсіпорын: «Жұматай» шаруа қожалығы.

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 581020106898

Мекен жайы:  Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,                 Мақтаарал ауданы,  Ш Ділдәбеков ауылдық округі,  телефоны:

Қызмет көрсетуші банк:  «Тұран Әлем Банк»

Есеп айырысу шоты: 0701458879689

Басшы туралы мәлімет: Жұматаев Сырайыл

Тегі, аты, әкесінің аты: Жұматаев Сырайыл  Боранбекұлы

Жасы: 47 жаста

Білімі: жоғары

Мамандығы: агроном

Жұмыс өтімі (стажы): 4 жыл

Оның ішінде ауыл шаруашылығында 3 жыл

Мерзім, жұмыс орны: 2 жыл, шаруа қожалығында.

Шаруашылық туралы жалпы мәлімет.

«Жұматай» шаруа қожалығы Мақтаарал ауданы әкімінің 26 желтоқсан 2000 жылғы нөмірі 1041 шешімімен құрылған.

Шаруашылықтың қызметі.

«Жұматай» шаруа қожалығы өзінің қызметін жарғыда көзделген міндеттері мен мақсаттарына сәйкес орындайды. Негізгі қызмет түрі: мақта шикізатын және бақша (қарбыз) өндірумен айналысу.

Өткен жылдардың жұмыс нәтижелері бойынша шаруашылық мақталықтың әр гектарынан орташа 30 ц өнім алған. Жыл сайын 10 га жерге мақта егілген. Бақша өндірісі болмаған. Ағымдағы жылы екі  гектар жерді бақшаны пленка астына өсіруді мақсат еткен. Себебі пленка астына егілген қарбыз маусым айының орталарына пісіп жетіледі. Оны сол айдың соңына дейін сатып — өткізіп шаруашылықтың қазінасына мақта жинауға қажет болатын қаржы қорын жинауға болады. Бұл іскерлік шараны іс жүзінде орындау жолымен несие мөлшерін сол сомаға азайту мүмкіндігі пайда болады.

Шаруашылықтың орналасу жағдайы.

«Жұматай» шаруа қожалығы Ш. Ділдәбеков селолық округінде орналасқан.

Селолық округі орталығынан жер учаскесі 4 км

Аудан орталығы Жетісай қаласынан 21 км

Облыс орталығы Шымкент қаласынан 230 км

Жақын «Мақтаарал» темір жол стансасы 25 км қашықтықта орналасқан.

 

 

 

2.3.     «Агроқаржы» ұйымдарына несие алу үшін бизнес – жоспарды экономикалық негіздеудің екінші жолы.

(Егіншілік саласына 1 – жылдық несие алу үшін)

  1. Несие алушы туралы жалпы деректер.
    • Несие алу үшін өтініш беру туралы:

Несие алушы Жұматаев Сырайыл

РНН  581020106898

Байланыс телефоны

Cұралып отырған несие мөлшері  800244 мың теңге      

Пайдаланудағы мақсаттылығы    Мақта және қарбыз өсіру

Несие алу мерзімі   1 ақпан, 2007 жыл  

Несие % төлемінің ставкасы  1 жылға – 10 %, 6 айға – 5 %

Негізгі қарыз сомасын және несие %  өсімін қайтару кестесі:

Негізгі қарызды төлеу 800244 мың теңге – 1 қазан 2007 жыл

% өсімін төлеу  53,1 мың теңге – 1 қазан 2007 жыл

Несие алушының іс — әрекеті.

«Жұматай» шаруа қожалығы мақта және пленка астына қарбыз өсіруге мамандандырылған. Алынған несиені осы дақылдарды өсіру үшін қажет болған материалдық ресурстарға және жұмыс жүргізетін  мүшелеріне табыстың есебінен аванс беруі үшін жұмсайды.

Жоба туралы жалпы деректер.

Жобаның мақсаты мен мәні.

Жобаның мақсаты 10 га суармалы жерді дұрыс пайдалану үшін 10 га мақта және 2,0 га пленка астына қарбыз себу, мақтадан 1 га-дан алынатын түсім 30 центнер, жалпы өнім – 24 тонна; қарбыздан 1 га – дан алынатын түсім 350 центнер, жалпы өнім 70 тонна. Пленка астына қарбыз егудегі мақсат – қысқа мерзімде (наурыз – маусым айларының аралығында) өнім алып, оны Республикамыздың солтүстік облыстарына жеткізіп сату. Қарбыздың «Ницце» сорты (Голландия) жоғарғы түсімді, дәмді, тасымалдау үшін шыдамды болғандықтан қолайлы. Осындай жолмен қосымша қаржы көзін тауып, несие мөлшерін кемейтуге немесе алынған несиені белгіленген кезде қайтаруға болады.

Шаруа қожалығының өткен уақыттағы іс — әрекеттері туралы ақпараттар.

«Жұматай» шаруа қожалығы жеке кәсіпкер тұлғалардың жер учаскелері мен пайда алынған мүлік меншіктерін біріктіру негізінде  құрылған. 

Шаруа қожалығының іс — әрекеттерінің түрлері.

Қазіргі кезде 10 га жер жыртылған, сор шаю жұмысы орындалған, барлық жұмысшылар саны – 5, жарғылық капитал мөлшері, 1.0 млн теңгеге жуық, жылдық таза табыс сомалары оңтайлы сальдоны құрайды.

Жалпы өнім. Мақта шикізаты – 24 тонна. Қарбыздың «Ницца» сорты – 70 тонна.

Орындалатын жобаны қаржылай бағалау:

Қажет болатын несие сомасы         800244 мың теңге .  Экономикалық негіздеулер бойынша жасалған есептеулерге сәйкес жалпы шығындардың сомасы   1919.9  мың теңге.   Қарыз алушының басқа банкілерден алған несиелерінің тарихы туралы деректер.

Кепілдікті қамсыздандыру жазбалары: Қолда бар жылжымайтын мүліктің техниканың баланстық құны және рыноктағы құны біріккен комиссия мүшелерімен анықталып белгіленеді.

Өндірістік бағдарлама

Жер ресурстары.

Ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы көлемі 10 га, соның ішінде егістік жер 8 га.

Суармалы егістік 8 га

Жер пайдалану құқығының кепілдікке қою үшін анықталған құны 2019,6 мың теңге.

 

 

Жер алқаптарын пайдалану (га)

Жер санаты аттары

Нақты бары

Егістік үшін

Шабындық үшін

Жайылым үшін

Ауыл шаруашылық алқаптары

 

12

 

10

 

 

Соның ішінде: егістік

10

10

Мақта

8

8

Қарбыз «Ницце»

2

2

 

Мақта және қарбыз өсірудің, жинаудың технологиялық картасы бойынша нормативтерге сәйкес анықталған бір жылда шығын болатын материалдық ресурстардың  мөлшері (кесте №).

 

Қ/с

 

Материалдық ресурстар

Өлшем бірлігі

1 гектарға

Барлығы

мақта

қарбыз

1

Жанар-жағар май

Кг

300

60

6120

2

Тұқым

Кг

34,5

0,5

Х

3

Минералды тыңайтқыштар

 

 

 

 

 

Соның ішінде: Азот

Кг

435

400

9500

 

Фосфор

Кг

500

10000

 

Калий

Кг

50

1000

4

Зиянкестермен күрес үшін биологиялық және химиялық препараттар

 

 

Кг

 

 

2,0

 

 

3,0

 

 

2/3

5

Полиэтилен пленка

Кг

180

180

Өнімді сатып — өткізу көлемінің болжамы.

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2007 жыл

Барлығы

Мақта-шикізаты

қарбыз

Жалпы өнім, соның ішінде сатылатыны

тонна

тонна

24

24

70

60

Х

Сатып — өткізу, 1 тоннаның бағасы

теңге

50.000

20.000

Х

Сатып — өткізуден алынған табыс

мың теңге

1200

4800

50000

 

1 гектар мақта өсіру үшін шығындар, теңге

Материалдық ресурстар

кг

1 кг бағасы

Құны, теңге

Жанар – жағар май

300

45

13500

Тұқым (шит)

34,5

52

1794

Минералды тыңайтқыштар түк есебімен

901

15

13515

Зиянкестермен күрес үшін биологиялық және химиялық препараттар

 

2000

 

1 га қарбыз өсіру үшін шығындар

Материалдық ресурстар

кг

1 кг бағасы

Құны, теңге

Полиэтилен пленка

90

170

15300

Тұқым (шопақ)

0,5

10000

5000

Минералды тыңайтқыштар

400

20

8000

Жанар-жағар май

60

45

2700

Химиялық препараттар: улы зат

3,0

500

1500

Ұнтақталған алтын күкірт

150

100

15000

 

Айнымалы шығындар – барлығы, теңге

Соның ішінде:

 

Мақта

қарбыз

барлығы

Жанар-жағар майдың құны

108000

5400

113400

Тұқымдардың құны

14352

10000

24352

Тыңайтқыштардың құны

134480

16000

30352

Химиялық және биологиялық препараттардың құны

16000

3000

19000

Полиэтиленнің құны

30600

30600

Ағын судың құны

16920

1692

18612

Ішкі тасымалдау шығысы

17108

17108

Барлығы

306860

96692

403552

                              Тұрақты шығындар – барлығы, теңге

Соның ішінде:

 

Мақта

қарбыз

барлығы

Амортизация

84789

9422

94211

Жылдық жалақысының авансы

125000

25000

150000

Әлеуметтік салық

25000

5000

30000

Қосымша шығындар

21000

3000

24000

Маркетинг қызметтері

 

 

 

Басқа шығындар (көлік жалдау)

 

 

 

Барлығы

255789

42422

298211

Барлық шығындар, теңге

562649

 

 

1 гектарға шығындар

70331

21312

91643

1 тонна өнімнің өзіндік құны

23443

707

24150

Пайда және зиянның есептері (мың теңге)

Көрсеткіштер

 

2004 жыл

мақта

қарбыз

барлығы

Өнімді сатып-өткізуден алынған табыс

1200

480000

481200

Айнымалы шығындар

307

97

404

Тұрақты шығындар

256

42

298

Несиенің өсімі % (пайызы)

166

2

168

Салық салынғанша табыс

771

189

960

Салықтар

17

4

21

Таза пайда

454

185

639

 

Жоғарыдағы келтірілген кестені талдау жасасақ, негізгі таза пайда 2065,8 мың теңге (несие қайтарылғанша) мақта шикізатын сатып өткізуден алынады, оның  1 тоннасының орташа сату бағасы 50000 мың теңгені құрайды. Мақта шикізатын сатудан барлық таза табыстың 55,6 %-тен көбірегі алынады. Сонымен қатар «Ницца» қарбызын өсіріп сату жоғарғы рентабельді дақыл екенін сараптаудан байқауға болады. Орналастырылған дер көлемі 2 га, яғни барлық егістіктің 10% тең болып тұрғанына қарамастан алынған таза табыс мөлшері барлық табыстың 44,4% құрап тұр. Егер суармалы жердің әр гектарының тиімділігін анықтасақ, алынған таза табыстың мөлшері әр гектар мақталық алқаптан – 57,4 мың, қарбыздан – 459 мың теңге болады. Қарбыз егуден табыстың мөлшері 8 есе көп. Бірақ қарбызды пленка астына егуді барлық егістіктің көлемінің 10-15%-нен асыруға болмайды, себебі өнімді тасымалдау, маркетинг қызметтері және рынокта сатып өткізу қиындықтары тәуекелділік деңгейінің көтеріліп кетуімен рентабельдігінің күрт төмендеп кетуіне себеп болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 – тарау. Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеу.

 

3.1. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері.

 

Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.[3.-255 бет ].

Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық  маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысуып отыруы мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылға тәжірибеде сыналған олардың көпшілігі дамыған  елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теориялардың тиісті тарауларынының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және ілеуметтік конъюнктураның әсеріне ұшырады.

Мемлекеттік реттеу шараларының бірінші тобы өндірістің әмбебап және тиімді реттеушісі болған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты қару емес екендігін мойындауға негізделеді.  Кез келген қазіргі заманғы экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет ететін кең көлемдегі проблемалар бар.

Ақша айналымы, бюджет, несиелік, салықтық және инвестициялық саясат сферасындағы дәстүрлі мемлекеттік макроэкономикалық реттеуден басқа мемлекет қазіргі заманғы қоғамның көзқарас тұрғысынан алғанда шешімнің нарықтық тегеріштері тиімсіз немесе сәйкес келмейтін макроэкономикалық проблемаларды да шешуі тиіс.

Ауыл шаруашылығында бұл – ең алдымен сыртқы тиімділік проблемесы немесе экстерналий. Оның мәні мынада: нарықтық жүйеге қатысушылардың өзара іс – қимыл процесінде үшінші жақтың мүдделерін қозғайтын сыртқы тиімділіктер   туады. Қоршаған ортамен тікелей өзара іс – қимылға түсетін аграрлық өндіріске экстерналийдің жағымды да, жағымсыз да көптеген мысалдарын келтіруге болады: жеке учаскеден көшеге шығып өскен таңқурай, көп суландырудан көршінің өнімінің көбеюі және басқалар.

Жағымсыз экстерналий де жақсы белгілі, бұл – қоршаған ортаны тыңайтқышпен, пестицидпен, өндірістің қалдығымен уландыру; ауыл шаруашылығының зиянкестері, басқа бір жерлерде туындаған және өзін заңы бойынша  таратылатын өсімдіктер мен малдың аурулары.

Таза нарықтық тегеріш, оның заңдары мен өлшеуіштері тұрғысынан алғанда өзендерді химикатпен уландыру тікелей өндірушілердің шығындарына, осы нақты өнімді тұтынушылардың шығындарына әсер етпегендіктен ешқандай маңызы жоқ сияқты. Нарықтық тегеріш бұл жерде дәрменсіз және барлық мұндай құбылыстар ерікті бәсекелестіктің логикасымен толық жарасады.

Жағымсыз экстерналийді реттеуге сыртқы, мемлекеттік араласудың тарихи қажеттілігі бірді – екілі жағдайлар әлеуметтік проблемаға айналғанда барып мойындалды. Соның нәтижесінде, біріншіден, бекітуші немесе шектеуші мәндегі таза әкімшілік, заңдық шаралар қабылданды, екіншіден, ерекше салық саясаты түріндегі экономикалық шаралар дүниеге келді.

Нарықтық экономикалық теориясы дәстүрлі қарастырылатын басқа проблема – қоғамдық тауарларды қаржыландыру, яғни қоғамның  барлық мүшелері ұтатын және бірге тұтынатын тауарларды қаржыландыру. Сонымен бірге оларға ақшалай сұраныс жекелеген тұлғалар мен фирмалардың  тарапынан жоқ болады, бұл оларды ешқандай жеке өндіруші шығара алмайды және шығарғысы да келмейді деген сөз. Аграрлық секторда бұл – жаппай ауыл шаруашылығы ауруларымен және зиянкестермен күреске жұмсалатын, агроазық – түлік секторында бұл – жаппай ауыл шаруашылығы шикізаттар мен азық – түлігінің сапасына кепілдікті қамтамасыз ететін тиісті істер мен инспекцияларды ұстауға жұмсалатын шығындар.

Еркін нарықтық тегеріш тұрғысынан алғанда, кез келген  тауар, егер ол сұранысқа ие болса, өмір сүруіне құқы бар. Сұраныс – қоғамдық маңыздылықтың және тауар бағалығының бірден – бір төрешісі. Егер бір себептермен сапасы нашар және зиянды тауарлар тез өтіп кетті, онда бұл рынок заңдарына ешқандайда қайшы келмейді. Алайда, тамақтану проблемалары,  соның негізінде ұлттық денсаулығы мен қауіпсіздігі мемлекеттік бақылаудың объектісі болмай тұра алмайды.  Сондықтан да азық – түлік сапасының қалыптары мен параметрлерін жасау, экспертиз жүргізу, бақылаушылық қызметтерді ұстау – міне осының барлығын бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық тауарға жатқызуға болады.

Мемлекеттің келесі маңызды міндеті – монополияға қарсы реттеу және әділетті бісекелестікті қолдау. Сыртқы тиімділікті реттеу мен қоғамдық тауарды қаржыландыруға, яғни жетілген ерікті бәсекелестік жағдайында мемлекет орындайтын функцияларға қарағанда бұл міндет жетілдірілмеген бәсекелестіктің нақты жағдайындағы эканомикалық теорияға негізделеді                            

Мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің қажетілігі рынокті   монополияландыру нәтижесінде қоғамға келеті шығындармен – сату көлемін азайтумен, бағаны көтеруімен, жаңа фирмалар үшін кіру барьерлерімен түсіндіріледі. Мысалы, АҚШ-та трестерге ұарсы саясаттың бастапқы акті 1890 жылы қабылданған «Шерман заңы» болды. Бұл заң бойынша кез келген өндірісті немесе сауданы фирмалар арасындағы келісім, бірігу немесе сөз байласу негізінде шектеуге, сондай-ақ өндірісті монополияландыруға және сауданы шектеуге тыйым салынады. Одан кейінгі актілер 1914 жылғы Клейтон заңы мен1950 жылғы Селлер-Кефовер заңында арсыз әсекелестік, монополиялық іс-қимыл, заңсыз сауда тәжірибесі ұғымдары нақтыландырылды және кеңейтілді.

Алайда, нақты өмірде бұл заңдардың түсіндірілуі және қолданылуы бір мағынада бола бермейді. Теориялық тұрғыдан алғанда проблема техникалық өркениет өндірістің сандық мәніне минимальді тиімді көлемді анықтауға әсер етуге қашып құтылмайтын түзетулер енгізуді есепке алсақ, әрбір нақты рыноктің монополиялығын рұхсат етілетін деңгейін анықтауда жатыр. Сондықтан да заң түрінде бір немесе бірнеше фирма үшін рұхсат етілген өндірісті концентрациялау деңгейі әр түрлі салаларда өмір бақи болмайды және ғылыми – техникалық өркениеттің өсуімен өзгеріп отырады. Бұл әдетте треске қарсы істерді қарау бойынша  нақты сот тәжірибесінде есепке алынады. Бұл жерде треске қарсы заңдылық трактовкасы мемлекеттік қолдау саясатына немесе белгілі бір салаларда өндірісті концентрациялаудың өсуін тежеуге байланысты аумалы – төкпелі болып отырады.

Бірқатар салаларда ірі корпорациялар билік құратын және монополияландыру деңгейі жоғары тағам рыноктары бірнеше рет треске қарсы заңды бұзушылар болып жарияланды. Іс қозғау мен соттық араласудың негізгі себептері компаниялардың қосылуы және адал емес баға саясаты болды.

Треске қарсы заңның іс-қимылы жүрмейтін сфера ауыл шаруашылығы кооперациясы болып табылады. 1992 жылы АҚШ-та ауыл шаруашылығы кооперативтерін оның көп бөлігінде монополияға қарсы заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершіліктен босататын Акт шықты. Акт ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге өнімдерін тарату үшін бірігуге, сондай – ақ кооперативтерде сақтау мен өндеуге, маркетингтік агенттіктерді пайдалануға, қажетті контрактілер мен келісімдерді жасасуға рұхсат етеді. Бұл жағдайда ерекше жеңілдіктер сүт кооперативтеріне берілген. Актіге сәйкес 1937  жылдың ауыл шаруашылығы өнімдерінің маркетингі бойынша оларға, Шерман заңына қарамастан, өнімнің сорты және сапасы бойынша дифференциалданған сату бағасын белгілеуге рұқсат етілді.[3.- 258 бет].

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтік құрамаларының маркетингтік құқықтары шексіз емес. Ауыл шаруашылығы министріне кооперативтердің бағаны негізсіз көтеруін шектеу құқы берілген. Сот тәжірибесінде белгіленгенінде, кооперативтерге  арсыз баға саясатын жүргізу арқылы бәсекелестерге зиян әкеледі. Олар монополиялық ережені бәсекелестерін құрту үшін пайдаланған дағдайда монополияға қарсы заң күшіне еніп, олар сотқа тартылады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне берілген жеңілдік ауыл шаруашылығы  өнімдерінің рыногіндегі сатып алушылар мен сатушылардың экономикалық күштерін теңестіруге бағытталған. Атап өткеніміздей, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің атомдалған бәсекелестік құрылымына ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және тарату сферасындағы ұйымдасқан жоғары концентрацияланған құрылым, ауыл шаруашылығындағы еркін бәсекелестіктің төмен бағаларына тамақ және сауда корпорацияларының көтеріңкі монополиялық бағалары қарсы тұрады. Сондықтан  кооперативтердің қолы жеткен бірқатар ұсыныс монополиясы ең кем дегенде фермерлерді тиімді рыноктегі монополияға жақын жағдайдағы сату бағасын төмендетуден қорғауға қабілетті.

Таза әлеуметтік мәндегі азық – түлік кешеніндегі мемлекеттік реттеу шаралары азық – түлік көмегін көрсету бағдарламаларында аталған. Ақш-та олардың құрамына азық — түлік талонын енгізу, балалар тамақтануының әр түрлі бағдарламалар және басқалар кіреді. Азық – түлік талондары табысы аздарға жеңілдік немесе ақысыз азық-түлік көмегін көрсетуге жұмылдырылған. Балалар бағдарламасы бойынша мектептерде, жазғы балалар демалысы орындарында және басқа мекемелерде жеңілдік жасалған тамақтанулар ұйымдастырылады.

Тұрғындардың осы тиісті категориялары үшін ізгіліктік ниеттегі бұл бағдарламалар рыноктің жағдайына әсер  етпей қоймайды. Табыстары барынша төмен сатып алушылардың сегментін жабатын олар барынша жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл бағдарламалар олардың  өніміне сұранысты кеңейтетіндіктен фермерлерде қолдаудың шаралары болып табылады.

Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды бағыты әлеуметтік – экономикалық укладта болғандықтан фермерлік талдау идеясы болып табылады. Оны жақтаушылар жеке отбасылық фермаларды ауыл шаруашылығындағы іскерліктің тиімді тәсілі  ретінде әділетті қарастырады. Өмірдің фермерлік уклады бостандық, саяси және әлеуметтілік тұрақтылық, еркін бәсекелестік сияқты әлеуметтік және экономикалық игіліктер ретінде қабылданады. Аталмыш концепцияның мемлекеттік саясатқа тікелей әсері жеке алғанда, жоғарыда айтып кеткеніміздей, АҚШ-тың 7 штатында ауыл шаруашылығы корпорациялары қызметін жүргізуге ресми тыйым салунуынан, 8 штатында олардың қызметін шектеуден көрінеді.

Отбасылық фермаларды жақтаушылардың қарсыластары да бар. Олардың пікірінше, аталмыш концепция қазіргі заманғы жағдайларды еске алмайды, ал оның негізінде жүргізілетін фермерлік қолдау саясаты фермалардың қосылу және жинақталуын табиғи әлеуметтік – экономикалық процестерін тежеп, мемлекеттік бюджет пен  салық төлеушілердің мойнындағы үлкен жүк болып табылады.

Бұл екі бағыттың күресі фермерлік мемлекеттік қолдау бағдарламасын және тұтастай алғанда ауыл шаруашылығындағы ұйымдық-экономикалық процестердегі мемлекеттік реттеудің тағдырын анықтайтын болады.

Фермерлік табысты қолдаудың басты бағыты өнеркәсіп  және ауыл шаруашылығы  арасындағы айырбасты бағалық паритетті қамтамасыз ету болып табылады. Оның қажеттілігі жоғарыда қарастырылған фермерлік бағаның төмендеу тенденциясынан, сондай – ақ агробизнестің аралас салаларының бағаға монополиялық үстемдік жасау мүмкіндігінен туындайды.

Барынша жалпы тәсілде паритет ауыл шаруашылығы өнімінің бірлігіне есептегі тұрақты сатып алушылық қабілетті қамтамасыз ететін бағаның осындай қатынасын білдіреді. Бұл, егер өткен кезеңде жүгерінің бушелі бір көйлекке ауыстырылса, мұндай айырбастың мүмкінділігі ағымдағы рыноктік баға бойынша кейіннен де сақталуы тиіс екендігін білдіреді.

АҚШ-тағы көптеген ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша паритетті аяқтауға арналған базистік кезең 1909-1914 жылдар болды. Толық паритет ауыл шаруашылық тауарларына 1909-1914 жылдарды болған сатып алушылық қабілетті қамтамасыз етуі тиіс болды.

Алайда, паритетті мұндай анықтау сұраныс, ұсыныс және уақыттың өтуімен әр түрлі салалардағы болатын еңбек өнімділігінің құрылымдағы табиғи өзгерулерді есепке алмайды.  Сондықтан да паритеттік бағаны анықтау  моделі бірнеше рет өзгерді. Соңғы уақытта таза нарықтық, айырбас паритеттің орнына тауарларды айырбастау шартының теңдігі ретінде өндірістік шығындардың теңдігі негізделген әдіс келді. Сонымен қатар, басқа салалармен салыстырғанда өндіріс тиімділігінің барынша жоғары өсуінің нәтижесінде алынған ауыл шаруашылығы табысының едәуір үлесін тартып алу жүйесі жүргізілуде.

20 – жылдардағы фермерлердің экономикалық әділеттілік жөніндегі ұсыныстарымен байланысты нарықтық мүмкіндіктердің теңдік қажеттігі идеясы қалыптасты. Оны әр түрлі фермерлік ұйымдар белсенді түрде қолдайды. Атап айтсақ, АҚШ-та ол жергілікті рынокті монополизациялау үшін фермерлік бірлестіктерді құру үшін белсенді күресетін ұлттық фермерлік ұйымның негізгі қызметі болып табылады. Жоғарыда қарастырылған антимонополиялық заңдағы фермерлік кооперативтерге жасалған жеңілдік осы концепцияның  ішінара жүзеге асырған жұмысы болып табылады.

Мемлекеттік реттеудің фермерлікті қолдауға жанасатын және сонымен бірге өзінше үлкен маңызы бар келесі түрі селолық даму  жөніндегі бағдарламалар болып табылады. Айталық, АҚШ-та селолық даму жөніндегі бағдарламалардың мақсаты ауыл шаруашылығының өзінің экономикалық өсуінен гөрі село тұрғындары өмірінің сапасы мен игілігінің арту деңгейі болып табылады.

Бұл бағдарламалар тұрмыс дәрежесін арттыру, селолық жерлердің салыстырмалы кедейлігінің проблемасы – селолық құрылыс, коммуналдық қызмет, еңбекпен қамту мәселесі сияқты селолық тұрғындардың осындай проблемаларын шешуге жұмылдырылған. Осы мақсаттар үшін әр түрлі әкімшілік деңгейде жеңілдік несиелендіру және бюджеттік қаржыландыру жүйесі пайдаланылды.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік реттеудің бағыттарна сәйкес агробизнестің дамыған елдерінде мемлекеттік басқару ұйымдарының жүйесі ұйымдастырылған. Мысалы, АҚШ-та ауыл шаруашылығы министрлігі өзінің иелігінде топырақ, орман, су көздері және басқа табиғи ресурстар, селолық жерлерді дамытуға көмектесу, несиелер бөлу, ауыл шаруашылығын зерттеу бағдарламаларын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық – түліктің сапасына кешенді бақылау сияқты проблемаларды шешеді. Айналымдағы жұмыстар үшін әр жылы өндірісті тұрақтандыру және бағаны қолдау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыратын Тауарлық – несиелік корпорация (ТНК), фермерлерді несиелендіру жүйесін басқаратын Фермерлік несие әкімшілігі, бірнеше ведомствалардан: селолық тұрғын үй жөніндегі әкімшілік, селолық электрлендіру жөніндегі әкімшіліктен тұратын шағын елді мекендер мен селолық аудандарды дамыту жөніндегі Басқарма, өнімді қамсыздандыру жөніндегі федералдық корпорация, маркетинг қызметтері және инспекциялар сияқты ұйымдар құрылды. Аты аталған ұйымдардың өз атаулары – ақ олардың қызметтерінің бағыттарын айтып тұр. [17.-118 бет].

Айталық, фермерлік тұрғын үй жөніндегі әкімшілік барынша жеңілдік жағдайында коммерциялық несие алуға мүмкіншілігі жоқ фермерлерге несие алып береді. Селолық электрлендіру жөніндегі әкімшілік – бұл селолық жерлерде өздерінің займдарын беру немесе оны басқа көздер арқылы оларға беруді қамтамасыз ету жолымен электрлендіру мен телефон байланысын қаржыландыруға көмектесетін несиелік мекеме. Өнімді қамсыздандыру жөніндегі Федералдық корпорация куаңшылыққа, нөсер жауынға, найзағайға, су тасқыны мен өртке, ауыл шаруашылығының зиянкестерінен болатын жағдайларға байланысты өнімнің ысырап болуының орнын толтырады. Маркетинг және инспекция қызметтеріне мыналар кіреді: ауыл шаруашлық кооперативтері және ауыл шаруашылық маркетингі қызметтері, мал дәрігерлік және өсімдік қорғау инспекциялық қызметі, астық Федералдық инспекциясы және азық – түлік инспекциясы.

Ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі ауыл шаруашылық кооперативтер ұйымдастыруда консультациялық және техникалық көмек көрсетеді және олардың қызметінің статистикасын жүргізеді. Ауыл шаруашылығы маркетингі қызметі ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын қалыпқа түсіру мәселелерімен айналысады. Өсімдіктерді қорғаудың инспекциялық қызметі өсімдік және мал зиянкестерімен және ауруларымен күрес жүргізеді. Астық инспекциясының Федералдық қызметі астық қалпы туралы заңның сақталуын қадағалайды.  Азық – түлік жөніндегі инспекция ет пен құстың сапасын, өнімнің, оның құрамының  мазмұнына сәйкестігін бақылайды. Азық – түлік және тұтынушылық қызмет жөніндегі басқарма тұрғындардың әр түрлі категориялары үшін  жеңілдік тамақтандыру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырып, сондай – ақ диетология  саласындағы зеттеулер жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұлттық ормандарды, сондай – ақ ұлттық маңызы бар шалғындар мен жер учаскелерін қадағалайтын орман қызметі бағынады.

Тауарлы – несие корпорациясының қызметі фермерлік табыстарды қолдауға бағытталған.

Қысқасы, қазіргі заманғы агробизнесте мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына шолуды қорытындылай келе, олардың маңызды ерекшеліктерін атап өту қажет. Нарықтық тегерішті толықтыра және түзете келіп, реттеудің мемлекеттік тегеріші оның негізі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше оқиғалар, аракідік жағдайларды айтпағанда рыноктің тегерішін бұзатын директивтік тапсырма, бағаның үстіне жаппай әкімшілік бақылау, өндірістік ресурстар мен тұтыну заттарын натуралдық бөлу сияқты іс қимылдарға жол берілмейді.

 

  • Фермерлік баға мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары.

 

Отандық агроөнеркәсіп кешенін табыспен реформалау үшін жоғарыда айтылған мемлекеттік  реттеу әдістерінің үлкен тәжірибелік маңызы бар. Оларды пайдалануға болады, бірақ бұл жағдайда олар нарықтық экономика дамыған және агроөнеркәсіптік өндірістің салыстырмалы тұрақтылығы жағдайындағы өндірістік – экономикалық қатынастарды реттеуге бағытталғанын естен шығармау керек. Қазіргі жағдайда дағдарыстан шығу және біздің республикамыздың ауыл шаруашылығындағы барынша қиын жаңғыруларды жүргізуді мемлекеттік реттеудің қоршаған ортаның жай-күйін қатаң бақылау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау және Қазақстандағы агробизнес үшін айта қаларлықтай пайдалы. [3.-263 бет ]. Реттеудің экономикалық тегерішінің басқа да жақтары болашақта, қажетті саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар пісіп жетілген кезде өте перспективалы  болатыны сөзсіз. Бұл жерде сондай-ақ жергілікті аймақтық ерекшеліктердің  басты назарда болғаны дұрыс. Дегенімен, агроөнеркәсіп кешіне өзінің бірқалыппты жұмыс істеуі және дамуы үшін міндетті түрде мемлекеттік реттеу мен қолдауды қажет ететін жағдай ең басты нәрсе болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда агроөнеркәсіп өндірісі дамыған елдерде кеңінен пайдаланатын фермерлік бағалар мен табыстарды қолдаудың тегерішін оқып үйрену және үнемі назарда ұстау кезек күттірмейтін жұмыстардың қатарына жатады. Ол нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеудің маңызды талаптарын орындаудың тамаша үлгісі болып табылады:  мемлекеттің іс – қимылы нарықтық тегерішті толтырады және түзетеді, бірақ еш уақытта оның негіздеріне тиіспейді.

Бағаны мемлекеттік реттеу фермерлердің табыс деңгейін реттеумен тікелей байланысты. Сондықтан да осы салада жүргізілетін саясат «баға және табыстар саясаты» деген атауға ие болды. Оның үстіне фермерлік бағалар мен табыстарды қолдаудың әлеуметтік – экономикалық функцияларымен қатар мемлекеттік реттеу бұл саладағы дағдарысқа қарсы реттеу функцияларын атқарады. Айталық, қолайлы рыноктік конъюнктура және салыстырмалы түрде ауыл шаруашылығының жоғарғы бағасы кезеңінде бағаны қолдауды қамтамасыз ететін дайындау мекемелерінің операциялары тоқтатылды делік. Бұл кезеңде алдынға планға мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалық аспектілері шығады. Бұған керісінше, шамадан тыс өндіру және өнімге бағаның төмендеу жылдары мемлекеттік реттеу толық күшінде пайдаланылды.

АҚШ-та фермерлік бағалар мен табыстарды қолдауды жүзеге асыратын негізгі ұйым 1933 жылы құрылған Тауарлы-несиелік корпорация – ТНК-ның кепілдік операциялары тікелей де, фермерлік резервтер арқылы да жүзеге асырылады.

Бірінші жағдайда ТНК фермерлерге олардың өніміне кепілдік бағасы бойынша 9 айдан 12 айға дейінгі мерзімге фермерлерге несие береді. Бұл жағдайда бөлінетін ссуда жеңілдік проценттер бойынша алынады. Егер рыноктік баға процентімен есептегенде кепілдіктен жоғары болса, онда фермер кепілдіктен өз өнімін сатып алып. Ссуданы процентімен қайтаруға құқылы. Егер рыноктегі ситуация қолайсыз болып, рыноктік баға кепілдіктен төмен түссе, онда фермер кепілдік операциясына өз өнімін әдеттегідей сатуға айналдыруы мүмкін. Бұл жағдайда ол өз өнімін ТНК-да қалдырып, ссуданы қайтармайды және тіпті процентін де төлемейді. Онан әрі өнімді өткізу ТНК-ның құзырына кіреді. Ол сол жылы әлеуметтік көмеу бағдарламаларына сәйкес ішкі рынокте сатылуы мүмкін, не конгресс  бекітетін баға бойынша сыртқы рынокте сатуы мүмкін. Міне, осылай кепілдік баға мемлекет ең аз мөлшерде кепілдік беретін бағамен есептеледі. Мұндай тегеріштің түрі қайтарылмайтын ссудалық бағдарламалар деген атқа ие болған.

ТНК-дағы кепілдік операцияларының екінші түрі фермерлік резервтер арқылы жүзеге асырылады. Ссуданың бірінші түріне қарағанда бұнда фермер астықты кепілдікке тапсыруға бірден құжаттар дайындайды. Бұл – 9 айдан 12 айға созылатын фермерлік резерв процедурасының бірінші кезеңі. Одан кейін фермер фермерлік резерв туралы жаңа келісім жасасуы мүмкін. Ол өнімді оны сатып алмай 3 жыл ішінде рыноктік баға белгілі бір деңгейге жеткенінше, яғни деңгейдің жіберілетін немесе босатылатын бағаға жеткенінше сақтауды қарастырады. Бастапқыдағы олар бидайдың бушелі үшін 4 доллар, арпаның бушелі үшін 2,36 доллар, жүгерінің бушелі үшін 2,71 доллар құрады. Рыноктік баға осы деңгейге жеткен жағдайда фермер ссуда төлеп, резервтен өзінің астығын қайтып ала алады. Бұл жерде сақтауға кеткен шығындарды мемлекет төлейді.

Фермерлік резерв бағарламасы маңызды дәнді дақылдарға – бидайға, жүгеріге, арпаға, соргоға, сұлыға, ал қайтарылмайтын ссудалық бағдарламалар тауарлардың барынша кең аумағына таратылады.

ТНК-мен операцияларға тек қана фермерлер емес сонымен бірге өндіруші фирмалар мен кооперативтер де қатысады. Мысалы, бидайдың, күріштің, азықтық дәннің, мақтаның бағасы негізінен  фермерлермен кепілдік операциялар арқылы ұсталады. Темекі  мен арахиске бағалар фермерлік кооперативтермен және бірлестіктермен операциялар арқылы, қант қызылшасы мен қант құрағына баға қант шығаратын кәсіпорындар арқылы, сүт өнімдеріне баға өңдеу фирмаларынан сару майдың, ірімшіктің, сүт ұнтағының артығын сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

ТНК ішкі рынокте бағаны түсірмеу үшін оған ішкі рынокке 115%-тік кепілдік бағадан төмен баға  бойынша қордағы астықты шығаруға, 105% кепілдік бағадан төмен баға бойынша күрішті шығаруға тыйым салынады.

ТНК-ның кепілдік – сатып алу операцияларының ерекшелігі олардың ауыл шаруашылық рыногіне және бағасына әсер етуінің кешенді мәнде болуында жатыр. Шамадан тыс артық шығарылған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің едәуір бөлігін рыноктен алып тастау, егін орағынан кейін ұсынысты қысқарту жолымен қысқа мерзімге рыноктік баға болып тұрған тұста фермерлерге ағымдағыы несие беру, экспорттық операцияларды несиелендіру сияқты корпорацияның функциялары бөліп көрсетуге болады.

ТНК-ның фермерлік баға мен табыстар деңгейіне әсері әр түрлі кезеңдерде бірдей болмайды. Қолайлы конъюнктура және жоғары баға кезеңінде фермерлер бағалық қолдауды қажет етпейді және корпорацияның қызметіне жүгінбейді. Шамадан тыс артық өндірілген кезеңдерде олар өз өнімдерінің едәуір бөлігін кепілдік баға бойынша өткізеді. Кепілдік баға деңгейін АҚШ Конгресі 4 жылда бір рет анықтап отырады. Ауыл шаруашылығы министрі заңмен белгіленген шеңберде ғана оған түзетулер енгізуіне құқылы. Кепілдік баға экономикалық саясаттың маңызды құралы ретінде фермерлер тарапынан болсын, экономикалық   ортаның тарапынан болсын егжей – тегжейлі талдау объектісі болып табылады. Паритет проблемасы да соның деңгейіндей дәрежеде сөз болады. Кепілдік бағаның деңгейіне сондай – ақ нақты экономикалық ситуация да ісер етеді. Тұтастай алғанда кепілдік бағадағы паритеттің орнын толтыру деңгейінің өсуі төмендегі жағдайда көрінеді: 30-жылдардың аяғында кепілдік баға 1910-1914 жылдары паритетінің деңгейіне бидай бойынша 52-75%, жүгері — 75%, мақта бойынша 52% болды. Соғыс алдындағы және соғыстан кейінгі жылдары кепілдік бағаның жалпы деңгейі паритеттің 90%-іне дейін, мақтаға тіпті 100%-ке дейін көтерілді. 50-жылдары бағаның париттерке қарағандағы деңгейі алдымен 82-90%-ке, одан соң 75-90%-ке түсуді бастады. 60-жылдары бижай мен мақтаныңбағасы паритеттің 75%-іне дейін арзандады. 70-жылдары бидайдың бағасы паритеттің 40-50%-іне дейін, жүгерінікі 50-60%-ке дейін түсті.

Орта баға бойынша барлық ауыл шаруашылығы өнімдерін сату 1990 жылы паритеттің 54% деңгейінде болды.

1980 жылдары кепілдік баға белгілеу, кепілдік бағаның қалыптасуының негізі ретінде кез келген тәсілдегі паритет концепциясынан ажырату принципінде түбірлі өзгеріс басталды. Алдыңғы планға объективті түрде қалыптасатын ішкі және әлемдік рыноктегі бағаларға бағаны бағдарлау шықты. Фермерлікті бағалық қолдаудың әлеуметтік – саяси бағдарлануының және оларға өнімін өткізуге жеңілдік жағдайлар жасауды ішкі және сыртқы рыноктің нақты жағдайында бәсекелестікке қабілеттілікті арттырумен алмастыру анық көріне бастады.

1985 жылдан бастап кепілдік бағалар өткен 3 жыл ішіндегі орташа рыноктік бағаның деңгейіне бағдар ұстайды, ал 1987-1990 жылдарда максимальді және минимальді шаманы шығарып тастағанда, өткен 5 жыл ішіндегі орташа бағаның 75-85%-і деңгейіндегі белгіленді. 1990-1991 жылдары оның деңгейі бидайдың бушелі үшін 2,44 доллар және жүгерінің бушелі үші 1,96 доллар құрады.

Кепілдік бағамен қатар фермер табыстарын қолдауда мақсаттық деп аталатын баға үлкен рөл атқарады. Мақсаттық баға нақты рынокте қолданылмайтын, шартты, есептесу бағасы болып табылады. Ол – фермер табысын қолдау деңгейін тікелей төлем немесе бюджеттен өтеақы төлеу жолымен есептеуге арналған негіз. Мәні бойынша ол қоғам объективті қажеттілік ретінде бағалайтын, шығынды жабатын нормативтік баға болып табылады. Мақсаттық бағаны құру өндірістің орташа шығындарының негізінде жүзеге асырылады. АҚШ-та осы шығындарды бүкіл ел көлемінде есептеу мен талдау үшін тұтас жүйе құрылған. Американдық әдістеме бойынша өндірістің шығындарына фермерлік төлемдер  кіргізіліп және фермерлерге белгілі бір табыстың деңгейіне кепілдік беріледі. [17. — 418 бет].

Мақсаттық бағалар кепілдік бағалар сияқты 4 жылға белгіленеді және тек белгілі бір шекте атқару өкіметімен түзетулер енгізіледі. Мақсаттық баға деңгейі қазіргі жағдайда босаған бағаның рөлін атқарады, оған жету фермерлерге фермерлік резервтен өз өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді.

Мақсаттық баға көмегімен фермерлік табыстарды қолдау төмендегіше жүзеге асырылады: егер сату бағасы рынокте мақсаттықтан төмен құлдыраса, онда мемлекеттік өтемақы төлеу тәсіліндегі бағалардағы айырмашылықты төлеу тегеріші іске қосылады; егер рыноктік баға мақсаттықтан жоғары болса, фермерлер табысы тек сату шарттарымен, яғни тұтынушылармен қамтамасыз етумен анықталады.

Мақсаттық бағаның объективтік негізі өндірістің шығындары болып есептелгенмен, оның деңгейіне рыноктік конъюнктура және экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік реттеу ісіндегі саяси қондырулар әсер етеді.

Кепілдік және мақсаттық бағалар жиынтығы жақсы жолға қойылған фермерлік шаруашылықтарды қолдаудың тегерішін құрайды. Бұл бағаларды ойнату мемлекетке аграрлық саясаттың ішкі және сыртқы әр түрлі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Кепілдік баға мемлекет Тауарлы – несиелік корпорация арқылы фермер өнімдерін сатып алуға келісетін ең аз мөлшердегі баға болып табылады. Кепілдік бағаның деңгейі қалай болғанда да рыноктік бағаның орташа деңгейіне әсер ететін болғандықтан оларды жасанды өсіріп жіберудің алдын алу үшін мақсаттық баға және өтемақылық төлемдер жүзеге асырылады.

Аграрлық саясаттық американдық ауыл шаруашылығының бәсекелестік қабілетін арттыруға және фермерлікті қолдаудың жалпы деңгейін төмендетуге жаңадан бағдарлануы кепілдік те, мақсаттық та бағаның деңгейін төмендетуді талап етті. Алайда, фермерлік табыстар өте қатты зиян шекпеуі үшін мақсаттық бағаларды кепілдік бағаларға қарағанда барынша ілбіп, баяу төмендетті.

1-кесте

Фермерлік бағалар мен табыстарды қолдаудың бағдарламасы бойынша кепілдік және мақсаттық бағалардың 1976-1991 жылдар ішіндегі (1 бушельге доллармен) деңгейі мен қозғалысы

 

Өнім мен бағалар

жылдар

1976

1980

1985

1990

1991

Бидай

    Мақсаттық баға

    Паритетке қарағанда    мақсаттық баға %-пен

    Кепілдік баға

    Паритетке қарағанда кепілдік баға  %-пен

    Рыноктік баға

Жүгері

    Мақсаттық баға

    Паритетке қарағанда мақсаттық баға %-пен

    Кепілдік баға

    Паритетке қарағанда кепілдік баға %-пен

    Рыноктік баға

 

 

2,29

 

47

2,25

 

46

2,73

 

1,57

 

48

1,50

 

46

2,15

 

3,63

 

56

3,00

 

46

3,99

 

2,35

 

46

2,25

 

50

3,12

 

4,38

 

62

3,30

 

47

3,08

 

3,03

 

59

2,55

 

57

2,23

 

4,0

 

51

1,95

 

25

2,61

 

2,75

 

50

1,57

 

28

2,30

 

4,0

 

51

2,04

 

 

 

 

2,75

 

 

1,62

 

 

 

Кестеде келтірілген мәліметтер бидай мен жүгеріге 16 жылдық кезең ішіндегі кепілдік бағаның қозғалысын, сондай-ақ осы бағаларда паритетті жабудың проценттік деңгейінің 1910-1914 жылдардағы кезеңге қатысы бейнеленген.

1-кестеде кепілдік және мақсаттық бағалардың көмегімен бағалар мен табыстарды қолдаудың бағдарламаларында қамтылған жалпы өнім өндірудегі әрқандай түрлердің үлесі туралы мәліметтер берілген. Мұнда рыноктік бағаның құлдырауында бағамен қолдау көрсетілетін үлестің мәнді тенденциясы жақсы көрінеді.

Әр түрлі дақылдар бойынша фермерлердің бағалары мен табыстарын мемлекеттік қолдау бағдарламасымен қамтылған өнімнің ұлесі 1%-тен қолайсыз жылғы 99%-ке дейін ауытқып отырады.

2-кесте

Өнім өндірудің жалпы көлемінде бағалар мен табыстарды қолдау бағдарламасымен қамтылған өнім үлесі, %

 

Өнім

жылдар

1976

1980

1985

1990

Бидай

Қара бидай

Күріш

Жүгері

Мақта

23,3

1,0

20,2

4,4

9,2

14,0

2,4

17,1

12,6

20,7

34,7

19,9

55,4

35,6

54,9

 

14,8

2,0

92,6

13,6

21,1

 

Міне, фермерлік бағалар мен табстарды қолдаудың мемлекеттік жүйесі осылай жүргізіледі.

 

 

3.3.  Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық          құралдар

Бизнесті, оның ішінде аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің маңызды құралдарының  бірі салықтық саясат болып табылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінде жалпы алғанда, оның ішінде агробизнесте салық салу жүйесінің ерекше қалыптасуына ұмтылу оның  кең тараған түрі болып табылады. Мұндай ұмтылыс дамыған елдерге тән. Және мұның өзін оның жақтаушылары, әдетте өтпелі кезең мен жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығының өзіндік және агроөнеркәсіп өндірісінің  көптеген ерекшеліктерімен байланыстырып түсіндіріледі. Бір айта кететін жәйт, салық салу негізінен аграрлық секторда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленеді.

Сондықтан да Қазақстанды және барлық қалған ТМД республикаларында реформаның бастапқы кезеңінде (1991-1993 ж.)  агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары үшін салық саясатында көптеген жеңілдіктер жасаулуы кездейсоқ емес.[6.- 110 бет].

Қазақстанның салық жөніндегі заң актілері табысқа 30 проценттік салық үстемесі жағдайында балық аулайтын ұжымшарлар, құс фабрикалары, мал шаруашылығы және басқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындары сондай-ақ ет, сүт, жеміс-көкеніс, нан өнімдері, мақта тазалау өнеркәсібі мен жер өңдеу кәсіпорындары үшін 10 проценттік көлемде белгіленген.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу жөніндегі кооперативтер, шағын кәсіпорындар өздерінің алғашқы екі жұмыс жылдарында табысқа салық төлеуден толық босатылған. Кеңшарлар мен ұжымшарлардың ішкі шаруашылылық қажеттіліктерге, мектептің асханалары мен буфеттеріне, балалар бақшаларына, мүгедектеріне, селолық ауруханалар мен пенсионаттарға өткізетін өнімдері және шаруа қожалықтарының өздері пайдаланатын өнімдер қосымша құн салығынан босатылған.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің игерілуі немесе оның жай – күйін жақсарту жағдайындағы жер учаскелері, ғылыми ұйымдарға, тәжірибе шаруашылықтарына бөлінген және сондай-ақ аз өнімділіктегі құнарлылығы кеткен жерлерден жер салығы алынған жоқ.

Негізгі өндіріс қоры жер болып табылатын ұжымшарлар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары автотранспорт құралдарын алуға салық төлеуден босатылған. [16.- 63 бет].

Ауыл шаруашылығын барлық осы салықтардан босату теориялық жағынан алғанда да, практикалық жағынан алғанда да дау туғызатындай көрінеді.

Өркениетті салық саясаты экономикалық шешімдерді бұрмалауға  жетектейтін принциптерге негізделмеу керек. Салық жүйесі әділетті болуы шарт. Бұл талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін, біріншіден, көлденең теңдікті (тең жағдайда тұрған салық төлеушілер салықтың бірдей мөлшерін төлеулері тиіс) және, екіншіден, тігінен теңдікті (әр түрлі табыс мөлшері бар жекелеген салық төлеушілер салық төлемдері бойынша міндеттемелеріндегі айырмашылықтары әлеуметтік нормаға жауап беретіндей болуы керек) сақтау қажет.

Салық жүйесі қарапайым және түсінікті болуы шарт. Салықтар нарықтық таңдауға қолбайлау болмауы керек, олар экономикалық тұрғыдан алғанда бейтарап болуы тиіс. Белгілі бір саладан немесе белгілі бір қызмет түрінен алынған табысты салықтан босату бейтараптық принципін ашық бұзғандық болып табылады. Жеңімпаздар  мен ұтылғандарды анықтау бюрократтар мен саясаткерлердің сенімін тудырып, нарықтық күштердің іс — әрекетіне қарсы тұрғандық болып шығады.

Ауыл шаруашылығын салықтан босату ең кем дегенде  мынандай қиыншылықтар туғызады: қандай қызметті салықтан босатуға болады, ал қандай қызметті босатпау керек, шаруашылықтарда жүзеге асырылатын қызметтің барлық түрлерін немесе ауыл шаруашылығы субъектілерінің орындайтын жұмыстарын салықтан қалай босатуға болады деген сұрақтардың өзі бұл жерде орынсыз.

Қызметтің салық салынатын және салық салынбайтын шығындарын бөлу маңызды фактор болып табылады. Мысалы, жүк  машинасы мен жанармай құнын қызметтің салық салынатын және салық салынбайтын түрлерінің қайсысының арасына бөлу керек? Қызметтің салық салынатын сферасында шығын бөлудің көбейіп кетпеуінің алдын алу үшін салық инспекциясы осы салада тұрақты бақылауды жүзеге асыруы керек. Бірақ, бұл мүмкін емес.

Тағы бір басқа проблема бұдан да қауіпті. Айталық, шаруашылық ауыл шаруашылығы қызметіне жатпайтын саланы дамытады, мысалы, өнімді өңдеу және қаптау, оны тасымалдау және бөлшек сауда жүргізуді ұйымдастырады. Мұндай қызмет салықтан босатылмауы тиіс, өйткені оны ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын жүргізеді. Алайда, оған салық салу тіпті мүмкін емес. Өйткені, өз қызметтерімен және кәсіпорындармен өзара есептесу кезінде жалған сатып алу бағасы қолданылады.

Тағы да бір мысал келтірейік. Айталық, шаруашылық өнімді өңдеу және қаптау, оны тасымалдау және өткізу жөніндегі кәсіпорынды ұйымдастырады. Екінші бір мүмкіндік – мұндай кәсіпорындарды аталмыш шаруашылықтың жекелеген мүшелер құрады. Айталық, шаруашылық сататын көкеністердің нарықтық бағасы 10 теңге және  бұл бағамен сатқанда олар табыс алмайды, ал өңдеу және қаптау жөніндегі кәсіпорын 1 миллион теңге пайда табады. Шаруашылық өзінің өндеу кәсіпорынына сататын көкеністің бұдан да жоғары бағасы қолданылған жағдайда кәсіпорынның салық салынатын табысын салық салынбайтын табысқа айналдырып жіберудің жасанды мүмкіндігі пайда болады. Мұндай әдістер тасымалдау және сатумен айналысатын кәсіпорындардың табысы шаруашылықтың өзіне аудару үшін қолданылады.

Негізінен мұндай заң бұрмалаушылықтың алдын алу үшін тектес кәсіпорындардың арасында операцияларды жүзеге асыру кезінде жіберілетін бағаға бақылау жасау қажет. Бірақ іс жүзінде мұны орындау мүмкін емес.

Қосымша құнға салық (ҚҚС) қолдануды ерекше қарастырып өту қажет. Шағын бизнес кәсіпорындарын өздерінің сауда-саттығы бойынша қосымша құнға салық төлеуден қажетіне қарау босату қабылданған. Осындай босатудың нәтижесінде бұл кәсіпорындар «жүйеден тыс» қалып олар несие немесе  сату бойынша төленетін салық үшін өтемақы алмайтын болады. Мұның өзі салық әкімшілігін болмашы ғана салықтық түсімді білдіретін декларациялармен жұмыс істеуді босатып, олардың барынша қомақты салық түсімдерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл мыңдаған ұсақ кәсіпорындарға қосымша құн салығы бойынша салықтың тәртіпті сақтаудың қажеттігінен қашып құтылуға көмектеседі.

Мыңдаған ұсақ шаруа қожалықтарын жекешелендіру және құрудың мөлшеріне қарай жоғарыда көрсетілген тәртіпті сақтау салық салу мәселесінде көкейтесті проблемаға айналып отыр. Соңғы екі жыл ішінде республикада шаруа қожалықтарының өсуі ерекше байқалады. Егер 1996 жылдың 1 қаңтарында салық ұйымдарында салық төлеушілер ретінде есепте 23190 шаруа қожалықтары тұрса, 1997 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 29995-ке жетті.

Бұл жағдайда адамдар тікелей қолданбайтын, бірақ ұсақ шаруашылықтар өндірісте пайдаланатын тыңайтқыш, тұқым, жем үшін қосымша құн салығы бойынша салық салмау өз-өзін толық ақтайды. Дей тұрғанмен, салық салуға әбден болатын, бірақ осы мақсатта қолданылмай келе жатқан отынға жеңілдік жасау мүлде түсініксіз. [3.- 27 бет].

Сонымен, салық салу теориясы тұрғысынан қарағанда ауыл шаруашылығында салықтан босатуды көбірек қолдану барынша қажет құбылыс емес.

Тәжірибе тұрғысынан алғанда да бұл өзін — өзі ақтамайды. Жақын арадағы тәжірибе көрсеткеніндей, республика агроөнеркәсіп кешеніне жеңілдік салық салу бюджеттің табысының өспеуіне,  ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің артпауына әкеліп соқты.

Сондықтан да, республикадағы салық реформасының шеңберінде 1995 жылдан басталған басқа да салық  саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері арасында салықтық жеңілдіктерді барынша азайту заңдылық болып табылады.

Салық кодексі бойынша агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары үшін көптеген салықтық жеңілдіктер алынып тасталды. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының аграрлық мәні есепке алына отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін табыстық салықтың 10 проценттік үстемесін сақтап қалу маңызды деп табылды.

Бұдан басқа барлық шаруашылық субъектілеріне салық салынатын табыстан сатып алынған және өндірістік құрылысты жүзеге асыратын технологиялық құрал – жабдықтарды  орнатудың құнын алып тастау мүмкіндігі берілді. Бұл тек қана табысқа салық салу көлемін едәуір қысқарту емес, сонымен бірге жаңадан енгізілген тәртіп бойынша шығындарды табыстың есебінен жабуды бес жылдың ішіндегі кейінгі мерзімге ауыстыруды да білдіреді. Мұндай норма амортизацияны шапшандату мүмкіндігімен қатар негізгі қорды жаңартуға және өндірісті кеңейтуге ынталандырады.

Сондай-ақ, жылдық жиынтық табыстан іскерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты барлық шығындарды шығарып тастау да жатқызылады. Мұның өзі салық салатын негізді барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінді пайдаланылатын шеттен әкелінетін құрал – жабдықтарға, шикізаттарға, материалдарға, қосалқы бөлшектерге және тауарларға қосымша құн салығын төлемеу мүмкіндігі де қарастырылған. Шаруа қожалықтарының салық төлеу жүйесінің ықшамдалған әдісін белгілеуде тиімді шарт болып табылады. Бұған қол жеткізудің бірден-бір тәсілі басым жағдайда нақты ақшамен жұмыс істейтін немесе тауар сату, қызмет көрсету бойынша шектелген айналымы бар және жұмысқа тартылған аз ғана адамы бар заңды тұлғалардың патент алу жолымен салық төлеуі болып табылады. Көптеген себептерге сәйкес, оның ішінде тиісті арнаулы мамандықтың болмауы салдарынан көптеген шаруа қожалықтары салық салу заңдылықтарына жауап беретін есеп жүргізуді қамтамасыз ете алмайды, салықты есептеуде қиындықтарға ұшырап, салық ұйымдарына декларацияларды дер кезінде беруді қамтамасыз ете алмайды. Оның үстіне шаруашылық өндіретін өнімдердің көп түрлілігі, маусымдық мәнде және жекелеген өнім түрлері өндірісінің ұзақ циклда  болуы шаруашылық жүргізудің нәтижелерін есепке алудың жан – жақты тегерішін ойластыруды қажет етеді. Тағы бір айта кететін жәйт, көптеген шаруа қожалықтары іс жүзінде коммерциялық қызметпен де айналысуға мәжбүр болады. Мұның өзі түпті қаржылық нәтижені анықтауда міндетті түрде есепке алынуы тиіс. Осыған байланысты шаруа қожалықтарының салық төлеу мәселесінде бюджетпен өзара қарым-қатынасының қарапайым жүйесін қолдану өтпелі кезеңде салық әкімшілігінің объективті талабы болып табылады. [6.-89 бет].

Мысалы, шаруа қожалықтары бойынша табыс және дер салығын бірге қоса есептегендегі орнына белгілі бір қондырылған үстеменің болуы әбден мүмкін. Шаруа қожалықтарына салық төлемейтін табысты есептеудің арнаулы жүйесін пайдалану құқы берілуі мүмкін. Бұл жерде  жердің, өндірілетін дақылдың түрлері, малдың түрі және аймақтың жер жағдайы бойынша гектармен есептегенде алынатын табыстың көлеміне қондырма алдын ала белгіленеді. Қондырылған және іс жүзінде алынған табыстың арасындағы айырмашылық мұндай жағдайда келесі жылдың табыс салығы бойынша берілетін декларацияда ескерілуі тиіс. Мұндай жүйе Бельгияда және Еуропалық қауымдастықтың басқа да бірқатар елдерінің фермерлеріне табыс салығын салуда кеңінен қолданылады.

Қазақстанда 1996 жылдың басынан тәжірибе ретінде Семей облысында бюджетпен есеп айырысудың сатып алынатын патент негізіндегі жүйесі енгізілді. Патент үшін ақы ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмысшылардан белгілі бір мерзім ішіндегі табыс салығының сомасы ретінде анықталды. Бір қызығы, тәжірибе басталған мерзім ішінде өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда патент үшін түсім табыс салығының түсімімен 57 есе көп болды. Облыстың 1141 шаруа қожалықтарынан тәжірибе басталған мерзім  ішінде 3353,6 мың теңге немесе әр шаруашылықтан орташа есеппен 2939 теңге түсті. Ал 1995 жылы 454 шаруашылықтан 58,9 мың теңге  немесе әр шаруашылықтан 330 теңге  түскен болатын .

Шығыс  Қазақстан  облысында шаруа қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы бағытындағы  жерлерді тұрақты пайдаланудың 1 гектар есебіндегі бонитет баллын есептеу арқылы біртұтас жер салығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілген. Онда табыс пен жер үшін салық үстемесі  біртұтас жер салығын құрады.

Республикада қазіргі  уақытта  шаруа қожалықтарына салық салудың қарапайым жүйесі заң түрінде енгізілді. Ол бұрын қабылданған салық салу жүйесімен қатар қолданылады. Салық салудың жүйесін таңдау құқы қарапайым  жүйеге  көшу болсын  немесе  бұрынғы  жүйеде қалу болсын, шаруашылықтың өз еркіне берілген. Бұл жағдайда шаруа қожалықтары есеп құжаттарын жүргізуден, декларация  беруден босатылады.

Патент сатып алу қажеттілігі шаруа қожалықтарының өздеріне берілген жер учаскелерін барынша тиімді  пайдалануына, ауыл шаруа шылығы өндірісінің жалпы көлемінде олардың үлес салмағының артуына ынталандырады деп күтілуде .

Салық салудың мұндай  тәртібі салық қызметінің тарапынан салықты дер кезінде және дұрыс төлеуі үшін бақылауды барынша қарапайым жүргізуге жол бастайтыны сөзсіз.[6.- 72 бет].

Ауыл шаруашылығы өндірушілері қызметінің маусымдық мәнін және ұзақ мерзімді күрделі қаржы жұмсаудың қажеттілігін есепке алатын агроби знесті жанама салықтық ынталандырудың бір тәсілі шаруа қожалықтары үшін орта және ұзақ  мерзімді несиелер беру бойынша банктерді  табыс  салығынан босату болар еді.

Бір айта кететін жәйт, экономикасы дамыған және күшті салық әкімшілігі орнаған елдерде, салық төлеушілердің жоғарғы құқықтық мәдениеті  есепке алына отырып, әдетте, аграрлық секторға салық салудың қатаң тәртібі қолданылмайды.

Мысалы, АҚШ –та фермерлер және басқа ауыл жеке және  заңды басқа тұлғалар сияқты белгіленген үстеме бойынша төленеді. Соған қарамастан кез келген секторларды  салықтық ынталандыруды дамыту жүргізіле беріледі. Бұл үшін салықтық есептеулер тегергіші кеңінен пайдаланылады. Мұндай есептеулерді пайдаланудың жетістігі ретінде ынталандырушы факторлар бар: жеңілдік  беруді қарастыратын ережелер қажеттілігіне байланысты салық кодексіне кіргізледі немесе шығарылып тасталады. Басқаша айтқанда, салық заң актілеріне басқа ешқандай түзетулер енгізу қажет болып табылмайды.

Салықтық есептеуді қалай жүргізуге керек екенін мысалмен көрсетейік:

Табыс …………………………………………………………………………….1,000 000 долл.

Өнім өндіруге кететін шығын …………………………………………500, 000  долл.

Баланыстық пайда ………………………………………………………….500, 000  долл.

Рұқсат етілген шығарып тастаулар …………………………………300, 000  долл.

Салынған салықтың табыс ……………………………………………..200, 000 долл.

Салық үстемесі …………………………………………………………………………..30 %.

Салық салынған барлығы ……………………………………………….60, 000 долл.

Ауыл шаруашылығы өндірісі

үшін салықтық есептеулер  ( 5% х 60, 000)………………………3, 000 долл.

Есептеуден кейін барлық салыққа төленетіні ………………….57,000 долл.

Осы көрсетілген арнаулы есептеу тікелей салынған салық уақыттың барлық кезеңіне салықтық міндеттемені азайтады. Егер есептеу жоққа шығарылса , өткен уақыт  мерзімі ішіндегі есепке алынған соманы  салық салушыларға қайтару қарастырылмайды.

         Еуропалық қауымдастықтың бірқатар елдерінде (АҚШ, Англия, Германия, Бельгия) ауыл шаруашылығы өндірушілері қосымша құн салығы бойынша декларация берудің жалпыға бірдей жүйесімен қатар  «қондырылған үстеме» жүйесін де пайдалана алады. Мұндай жүйенің мақсаты фермер өндіретін тауарларды  сатып алу мен қызмет түрлеріне қосымша құн салығына өтемақы төлеу болып табылады. Фермер қондырылған үстеме бойынша жұмыс істегісі келетінін арнаулы өтінішпен салық ұйымдарына хабарлауы тиіс. Қондырылған үстеме тарифі Еуропа қауымдастығына мүше елдермен жеке тұрғыда және соңғы үш жыл ішінде қондырылған үстемені пайдаланушы фермерлер бойынша макроэкономи калық жағдайдың негізінде белгіленеді. Бұл жағдайда қондырылған үстеме қайтып алынатын төлем шығынға қосымша құн салығы сомасынан артық болуды білдірмейді.[3.- 276 бет].

         Фермерлер тұрақты үстемеде  басқа салық төлеушілерге сататын өнімге салықты шығарып тастағандағы тауар және қызмет бағасына үстеме қолданылады. Бұл өтемақыға басқа шығарып тастау енгізілмейді. Қондырылған үстеме бойынша өтемақы тауар сату немесе қызмет көрсету қолданылған  салық  төлеушілерге төленеді.

         Егер фермердің қондырылған  үстеме бойынша комерциялық  сыбайлас декларация беретін салық төлеуші болса,  онда бұл салық төлеуші өзінің декларациясында қосымша құнға  салықтың дебиті ретінде төленген өтемақыны  өзінің декларациясында  көрсетуі керек. Сонымен қатар, мұндай  салық төлеуші рұқсат етілген нормада шығын бойынша есептеу алуына болады.

         Қондырылған үстеме мен фермерге қызмет ететін сыбайлас оған фактура құжатын беріп, ал оның көшірмесін өзінде қалдырды. Міне, осылай фермерге көрсетілген қызмет және сатылатын тауар қосымша құн ға салық жүйесіне жақындастырылған болып саналады. Бұл жерде фермерлерге әкімшілік мәндегі басқалай қосымша талаптар қойылмайды.

         Мысалы:

         Фермер салық төлеушіге 60, 000 доллардың ауыл шаруашылығы өніміне сатты, қондырма үстеме – 6%. Салық төлеуші өндірістік мақсатқа сатып алынған өнімнің тек бір бөлігін, атап айтсақ, 50, 000 доллар сомасында пайдаланады.

         Фермер декларация бермейді және бюджетке салық аудармайды. Ол 60, 000 доллардың 6% — іне тең, яғни 3,600 доллар өтемақы сұрайды. Осыған сәйкес сатып алушы оған 63600 доллар  төлеуі қажет.

         Сатып алушы – салық төлеуші қосымша құн салығы бойынша өзінің декларациясында былай көрсетіледі:

         Шығындық операцияның құны = 60,000

Қосымша құн салығының дебиті = 3,600.

Қосымша құн салығы бойынша рұқсат етілген есептеу = 3,000 (50,000*6%).

Біз агробизнесте салықты реттеудің барынша кең тараған тегерішін келтірдік. Ал шын мағынасында нақты міндеттер мен реформалаудың кезеңдерін, елдің ерекшеліктерін, экономикалық жағдайын және салықтың әкімшілік деңгейін есепке ала отырып, әр түрлі нұсқаларды пайдалануға болады. Алайда, жалпы бағыт мемлекеттің салық саясатының агробизнеске өркениетті салық жүйесін енгізудің объективті принциптері толық есепке алынатын жағдайында жүргізілуін аңғартады.

 

 

 

 

 

 

 

                                               Қорытынды

 

            Қорыта  келгенде, мен агроқұрылымдардың бизнес-жоспарын жетілдіріп одан әрі тереңірек меңгеруді міндет етіп қойдым. Негізінен алғанда осы диплом жұмысына бөлінген мөлшерінің шеңберінде өзім диплом жұмысының тақырыбын  қамтып   агробизнесті  жүзеге асыру және  дамыту      үшін және оның проблемаларын шешуге тырысып осы тақырыпты таңдадым . Әрине, жоғарыда көтерілген  мәселелермен агроөнеркәсіптік өндірістегі  іскерлік  проблемалар аясы  шектеле қоймайды. Өзім зерттеулерді жалғастыра  отырып, болашақта еңбек және өндіріс құралдары рыногын қалыптастыру мен дамытудың,  жер ресурстарын пайдаланудың,  менеджменттің, болжаудың, инди кативтік жоспарлаудың және ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік өндірістің аралас салаларындағы бизнестің сан қырлы басқа да проблемаларын қарастыратын тағы бір кітап шығаруды ойластырып отырмын. Мұның Республикамыздың ұлттық суверенитеті мен экономикалық тәуелсіздігінің қалыптасуы  мен  үшін маңызы өте зор.

Ауыл шаруашылығы бір қарағанда оңай шаруа көрінеді. Бірақ ауыл шаруашылығы өндірісі, оның ішінде мақта өсіру бір қалыпқа немесе белгілі бір шектеулерге сыймайтын, өте біліктілікті, істің көзін тауып жұмыс жасауды талап етеді. Себебі мақта өсіру шаруашылығында қандай білгіш, кәсіби деңгейі жоғары маман болса да, оның барлық іс — әрекеттеріне бағынбайтын факторлар да өмірде баршылық.

Шаруа қожалығының негізгі мақсаты, берілген жер учаскесін тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылық өндірісін дамыту және алынған өнімді өңдеу, тұтынушыларға жеткізіп беру.              

Осы мақсатта мен жоғарыда  шартты түрде «Жұматай» шаруа қожалығының бизнес жоспарының үлгісін, оның түрлері мен есептеулерін мысал ретінде келтіруді жөн көрдім. Материалдық ресурстардың шығын мөлшерін мақта өсірудің технологиялық картасына сәйкестендіріліп, ал олардың бағалары Мақтарал ауданының көлеміндегі 2007 жылы рыноктағы қалыптасқан деңгейде алынған.

            Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық  маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады.

            Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды бағыты әлеуметтік – экономикалық укладта болғандықтан фермерлік талдау идеясы болып табылады. Оны жақтаушылар жеке отбасылық фермаларды ауыл шаруашылығындағы іскерліктің тиімді тәсілі  ретінде әділетті қарастырады.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.

Нарықтық экономикаға барар жолдағы Қазақстан республикасы агроөнеркәсір кешені дамуының жай – күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастырайық.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. ҚРЗ «Акционерлік қоғамдар туралы», Егемен Қазақстан, 1998 жыл 23 шілде.
  2. «ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңы», Заң газеті, 1997 жыл 5 қараша.
  3. «Агробизнес теориясы мен тәжірибесі» Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Алматы. Білім, 1997 ж 320 бет.
  4. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» А. Үмбеталиев.,  Ғ. Керімбек.,  Алматы «Бастау»2002ж
  5. «Экономика, қаржы – несие, салық-кеден, сақтандыру, биржа және кәсіпкерлік атауларының орысша-қазақша сөздігі», С. Рақымжанұлы . Алматы 1999 ж .
  6. «Салық және бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдертуралы» Алматы. «Жеті жарғы», 2001 ж.
  7. «Экономика предприятия» Грузиов В. П. Банки и биржи ЮНИТИ-1998.г
  8. «Кәсіпорын экономикасы» А.Қ. Мейірбеков., Қ.Ә. Әлімбеков., Алматы. «Бастау»  2002 жыл.
  9. ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы»  заңы 2002 жыл              1 қаңтар.   Алматы.  Юрист, 2002 г.
  10. 2004 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. « Егемен Қазақстан», 5 сәуір, 2003 жыл;
  11. Қазақстан Республикасының « Шаруа (фермер) қожалығы туралы» заңы. «Егемен Қазақстан» , 1998 жыл, 10 сәуір.
  12. М.Оспанов, Р.Аутов және Х.Ертазин «Агробизнестің теотиясы мен практикасы» Алматы. Білім, 1997 жыл.
  13. Х. Ертазин «Становление и развитие агробизнеса в Казакстане».
  14. Б.Серіков. Шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыру. Мақта өсіру технологиясы. Бизнес- жоспар. Шымкент, 2004 жыл.
  15. «Агробизнесті ұйымдастыру»  Әбділдин С.А.  Алматы. 2001.ж.
  16. «Экономикалық теория негіздері » Оқулық —  Алматы  «Санат»           ж.  497 бет.  Я. Әубәкіров., К.Нәрібаев., М.Есқалиев., Е. Жатқанбаев., Е. Байжұмаев., С. Досқалиев., Ж.Жәйшібеков.
  17. «Агроқұрылымдар бизнес-жоспары» Серіков. Б.  Шымкент. 2004 жыл.
  18. «Табиғат пайдалану экономикасы» С.Мұханұлы. Е.Үлішев. Алматы 1999.ж.
  19. «ХХІ ғасырда қандай экономикамен кіреміз» Сәбден О. Алматы 1997.ж
  20. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы» — цифрларда статистикалық анықтама . Шымкент 2000 ж.
  21. «Аралас экономика негіздері» Жатқанбаев Е.Б.  Алматы. 1996 ж.
  22. «Экономикалық теория негіздері» Куликов А. Шымкент . 1994 ж.