ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ тілі кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Ахмет Ясауи «хикметтеріндегі» сөздің морфологиялық құрылымы
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Ясауи «Хикметтеріндегі» сөздің морфологиялық құрылымы .
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
Жұмыстың көлемі: 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 31
Тірек сөздер: тіл, сөз, түбір, жұрнақ, жалғау, сөздің құрылымы, сөздің құрамы.
Зерттеу нысаны: А.Ясауи тіліндегі сөздің грамматикалық құрылымы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: А.Ясауи тіліндегі сөздердің грамматикалық құрылымына талдау жасау арқылы дәуірдегі сөздің морфологиялық құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау. Соның негізінде оның қай тіл тобына жатандығы туралы белгілі бір шешімга келу.
Қолданылған дерек көздері: ғылыми еңбектер, жинақтар.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Тіл тарихын білмей тұрып, оның болашағын болжау мүмкін емес. Тіл өзінің дамып, қалыптасуы барысында талай ғасырларды басынан кешіреді. Тілдің қалыптасуының бір көрінісі ескерткіштер тілі болып табылады. Ескерткіштер тілін зертеудің маңызы – ол тіліміздің қайдан шыққанын, қалай пайда болғанын анықтап бере алады. Тіліміздің барлық нәрі осы ескерткіштер тілінде сақтаулы, яғни қазіргі тілімізіде қолданылып жүрген түбір мен қосымшалардың бастапқы тұлғаларын ескерткіштер тілінен көре аламыз.
Ахмет Ясауи тілін морфологиялық жағынан зерттей отырып, біз сол дәуірдегі тілдің қазіргі тілмен айырмашылығын, өзіндік ерекшелігін байқаймыз, яғни А.Ясауи «хикметтерінің» тілі қай дәуірде жазылса, сол дәуірдегі тілдің жай — күйінен хабар береді.
Зерттеудің нысаны: Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде А.Ясауи «хикметтеріндегі» сөздің құрылымы алынды. Соның негізінде А.Ясауи тіліндегі түбір мен қосымшаны зерттеу көзделді. Сөз құрылымындағы ерекшеліктер қазіргі қазақ тілімен және тағы да басқа ескерткіштер тілімен салыстырылды. Қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін тұлғалардың шығу тегіне шолу жасалды. Бұлар мен қатар ескерткіштер тіліндегі сөздердің бір тобы бірікен-қосарлама сөздер назарға алынды. Сонымен қатар, ғалымдардың пікірлеріде зерттеу жұмысының бір нысаны ретінде қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негізгі мақсаты А.Ясауи тілінің грамматикалық ерекшелігіне сүйене отырып, оның қай тіл тобына жататындығы туралы нақты бір шешімге келу. Ол үшін тілдік тұлғалар басты назарға алынып, талданды. Түбірлердің қолданылу аясын анықтау. Қосымшалардың соның ішінде, зат есім, сын есім, етістік тудыратын жұрнақтардың сол дәуірде қолданылуын анықтау.
Жалғаулардың (көптік, септік, тәуелдік) өзіндік ерекшелігіне назар аудару, «Хикмет» тіліндегі сөз құрамын анықтау, яғни түбірден соң қосымшалардың жалғану тәртібіне көңіл бөлу. Сөздердің тағы бір тобы біріккен-қосарлама сөздеріне тоқталып, ескерткіш тілінде оның табиғатын қарастыру.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері – салыстыру, ғылыми тұрғыдан талдау.
Жұмыстың жаңашылдығы: Ескерткіш тілінде, қазіргі қазақ тілінде де кездесетін тұлғалардың қолданылу аясына тоқталып өтілді. Қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін тұлғаларға ғалымдардың пікіріне сүйене отырып сипаттама берілді.
Мұсылман әлемінде аты әйгілі, жаңа кезеңдегі сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер ақын, әрі ойшыл, философ Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды.
Қожа Ахмет Ясауи ХІ-ХІІ ғасырларда Яссы (қазіргі Түркістан) шаһарының маңындағы Испиджаб (қазіргі Сайран) қаласында дүниеге келген. Жеті жасында жетім қалып, Арыстанбабтың тәрбиесінде болған. Өсе келе Бұқарға барып Хамаданиден сопылық ілімін үйренеді.
Қожа Ахметтің заманы түркі тайпаларының басы қосылып, құдіреті күшті елге айналуға бет бұрған, ислам дінінің үстемдік құра бастаған кезі болатын.
Бұл кез ІХ-ХІІ ғ аралығында билік еткен Қараханид әулетінің алғаш рет ислам дінін қабылдаумен бірге оны идеалогиялық деңгейге көтеріп, мұсылмандықтың жерсінуіне, жергілікті халықтың өзіне тән әдет-ғұрпы, салт — санасымен үйлесіп кетуіне де ықпал еткен заман болған. Түріктердің бұрынғы дәуіріне қарағанда, ислам діні өзін түркі халқының өміріне әлдеқайда икемді дін екендігін толық көрсетіп, түркі елін біршама жоғары дәрежеге көтере бастаған кез болатын.
Қара халықтан шығып «Хазіреті Сұлтан Шейх – ул-Ислам Қожа Ахмет Ясауи шайық» атанған. (Қазақтар оны көбінесе «Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи» немесе «Әзіреті Сұлтан» деп атайды). [2.29]
Ғалым-мамандардың айтуынша, «Диуани Хикметтің» Қожа Ахмет Ясауидің өз қолымен жазған нұсқасы жоқ. Жұртқа белгілі «Диуани Хикмет» ескерткішінің мәтіні ел аузынан ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жатталып қалған нұсқалары бойынша ауызекі тілде және сирек болса да, сауатты азаматтардың, әсіресе, молдалар, дін жолын ұстаған көзі ашық зиялы жандардың қағаз бетіне түсірген қолжазбалары түрінде сақталып қалған. Осы жайында айтқан Ә. Нәжіптің мына пікіріне назар аударсақ: «Диуани хикмет Есеви со временем пополнялся, изменялся; поэтому в настоящее время очень трудно установить, какие хикметы принадлежат перу самого автора, какие модернизированы, а какие написаны его учениками и последователями» [3.55]
«Диуани Хикмет» ескерткіштерінің көптеген нұсқалары әртүрлі қалалардан баспадан шыққан, ең көнесі 1105 жылы (1693 ж жаңаша). Стамбұлда жарық көрген нұсқа деп танылады. Бұл нұсқа Стамбұлдағы Вафик – паша кітапханасында сақтаулы. Осымен тұстас қолжазба нұсқасын Самарқандтан академик К.Т. Залеман алып шыққан, қазіргі кезде Санк – Петербургте сақтаулы.
«Диуани Хикмет» ескерткішінің нұсқалары негізінде Стамбул, Петроград, Қазан, Уфа, Ташкент, Қоқан, Алматы сияқты қалалардың кітапханаларының қолжазба қорында 25-ке жуық тізімі бар екені мәлім. Ташкенттегі А.Бируни атындағы Шығыстану институтының қолжазба қорында «Диуани хикмет» ескерткішінің 20-дан астам тізімі бар. Башқұртстан Ғылыми орталығының Орал бөлімшесіне қарасты тарих, тіл және әдебиет институтының қол-жазба қорында «Диуани хикмет» ескерткішінің 4 тізімі бар.
Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасының Ұлттық библиография бөлімінің жариялаған «Қожа Ахмет Яссауи» деп аталатын библиографиялық көрсеткішіне сүйенсек, мынадай мәліметтерді атап өтуге болады.
- Яссауидің шығармалары қазақ тілі, түрік және басқа тілдерде – 30 рет жарияланған; орыс тілінде – 16 рет.
- Яссауидің шығармалары туралы қазақ тілінде – 11, орыс тілінде – 53 зерттеулер мен ғылыми мақалалар жарияланған.
- Яссауидің өзі туралы қазақ тілінде – 82 монография мен ғылыми мақалалар жарияланған.
Бұлардан басқа да толып жатқан мәлімет берілген.
«Диуани Хикмет» ескерткішінің мәтіні 1887 жылы және 1901 жылы Қазан қаласында, 1901 жылы Стамбул қаласында 1902 және 1911 жж Ташкент баспаларынан бірнеше рет жеке – жеке кітап болып басылып шықты. Қожа Ахмет Яссауи өлеңдері жинағының ең толық нұсқасы Қазанбасылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикметі Яссауидің өзінікі дейді кейбір ғалымдар. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек.
«Диуани хикметтің» зерттелу тарихына келетін болсақ, К.Залеман – 1898 жылы, Ф.Көпурулу-зада – 1918 жылы, А.Гаррицкий – 1923 жылы, А.Боровков – 1948 жылы, 1949, 1951 ж. Ә.Нәжіп – 1965 ж, тағы басқа да атақты түркітану ғалымдары Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани — хикмет» шығармасының тілін зерттеп, бірнеше құнды еңбектер жариялаған.
Түркия ғалымы М.Ф. Көпурулу-заде Ахмет Ясауидің «Диуани — Хикмет» шығармасының жазылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағыт – бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазған. Ғалым 1918 ж Ахмет Ясауи поэзиясын ғылыми негізінде жүйелеп, Стамбул баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарды.
Қазақстанда талай жылдан бері Залеман тексті бойынша ұдайы еңбектеніп келе жатқан ғалым – Ғалиқызы Рабиға Сыздықова.
Ғалымның айтуы бойынша: «Яссауи өлең жазғанда өзінің «құдай берген» ақындық құдіретін таныту емес, сол дарынды софылық қызметке жеге білу мақсатын көздеді. Сол себептен осы поэзияның жергілікті бұқара халыққа түсінікті болуын, сезімдеріне тиетін әсерлі, әдемі болуын қарастырған. Демек, бұл түсініктіліктің, әдеміліктің сырына үңілу үшін оның тілін талдап -тану қажеттілігі туады.» [4.190]
Қ.Жұбановтың пікіріне назар аударайық: «Диуани Хикмет» – Орта Азиядағы түрік жүйелі түрде сөйлейтін халықтардың орта жазба әдебиет кітаптарының алғашқыларының бірі. «Диуани Хикмет« тілін тексеріп байқаған адам мұнда қазіргі кездегі өзбектің де, ұйғырдың да, қазақтың да тіліне ұқсайтын жеке-жеке лексикалық элементтерді де, азды-көпті грамматикалық өзгешеліктерді де көре алады. Мұндай ұқсастықтардың себебі, сол кездегі Түркістанды жайлаған халықтардың аттары қазіргі қазақ, өзбек, қарақалпақ, түрікпен деген сияқты жеке-жеке атаулары емес еді. Осылайша түрлі атпен аталып отырған ұлттардың барлығы «түрік» халқы деген бір-ақ атпен аталушы еді. Ахметтің тілі (Диуани Хикмет) – Түркістанда ислам діні бет алып, араб қатынастары күшейген кездері пайда болған түрік ғалымдарының стандартты, көпке ортақ тілі деп, батыл айта аламыз» [2.28]
А.К.Бровков оны Караханид әдеби тілінің дәстүріндегі оғыз-қыпшақ тілінде жазылған деп санасады. [5.247]
Р.Сыздықова «Диуани Хикмет» ескерткішін тілін оғыз-қыпшақ тілінде сөйлеген ру-тайпалардың тілі десе, Ә.Құрысжанов «А.Ясауи араб – парсы тілдерінен енген элементтерді барынша мол қолдана отырып, жергілікті халық тілінде жазған» — деген пікір айтады. [6.16]
Академик А.Н.Кононов Ясауи тілі көне ұйғыр және хорезмдік түркі әдеби тілінің нормаларына, яғни Қарахандар мемлекетіндегі қарлуқ-ұйғыр жазба тілінің үлгілері «Құтадғу білік» пен «Алтын йаруқтардың» тіліне жақын деп топшаласа, Әмір Нәжіп Ясауи поэзиясының тілі грамматикалық құрылысы мен лексикасы жағынан «Құтадғу біліктен» де, әз -Замахшаридің «Муқаддимат әл — әдаб» атты шығармасынан да бөлектеніп тұратындығын айтады. [7.82]
Түркі жазба ескерткіштері тілін арнайы зертеген Ә.Нәжіп «Құтадғу біліктің» негізі «д-з» тобындағы қарлұқ -ұйғыр тілі болса, Ясауи хикметтерінің тілінің негізі (сүйегі) «j (и)» тобындағы қыпшақ тілі, оған оғыз тайпалары тілінің элементтері қосылған, демек бұл әдеби тіл аралас сипат алған» — дейді. [8.26]
Ә.Нәжіптің танымы бойынша ХIV ғ Алтын Ордада екі әдеби тіл: оғыз -қыпшақ және қыпшақ-оғыз тілдері қызмет еткен. Алғашқы тіл негізінде Хорезмнің солтүстік өңірінде пайда болған «Құтадғу білік» ескерткішінің тілі жатады, оған ұйғыр жазба дәстүрі қатты ықпал еткен, ал қыпшақ- оғыз әдеби тілі Сырдарияның төменгі ағысында пайда болды,оған Мысырға дейін етек жайған Ясауи тілі жатады дейді. Ясауи тілі «Мухабат-наме»-нің тілі мен Алтын орданың ХІІІ – ХІV ғ. ескерткіштерінің тіліне жақын келеді дегенді айтады. [8.38]
Көрнекті түркітанушы А.М.Щербак: «Хорау уа Ширин» поэмасының тілі Ясауи тілінің ерекшеліктеріне сәйкеспейді деу арқылы «хикметтер» тілінің негізгі оғыз тайпаларының тілі емес деген пікірін білдірді. Ал, А.Н.Самойлович Ясауи хикметінің, Рабғузидің «Қысас ул-әнбийасының» тілдерін, сондай-ақ «Мухаббатнаменің» тілін шағатай тілі, шағатай әдебиеті (оғыз Қарлұқ тілі тобына) дегендерге жатқыза алмаймын деп батыл айтады. [9.104]
Н.А.Баскаков Ясауидің «Хикметтері» мен оның ізбасары А.Йүгүникидің «Һибат-ул-хақаийқ» атты шығыс тілі оғыз -қыпшақ диалектілеріне негізделген, бұлардың тілі батыс (оғыз — қыпшақ) түрік әдеби тіліне жатады дейді. [10.355]
Қожа Ахмет Ясауидің «хикметтерін» грамматикалық тұрғыдан зерттеудің маңызы зор. Ол туралы ғалым Р.Сыздықова «Яссауи хикметтерінің тілі» атты еңбегінде былай дейді: «Ескерткіш тілінің морфологиялық құрылысын ерекшеліктерді анықтау тұрғысынан емес, белгілі бір тілдің немесе жеке бір жазба дүниенің морфологиясын туркологияда қалыптасқан дәстүрлі үлгімен сипаттаймыз. Бұл сипаттама, бір жағынан ескерткіш тілінің морфологиялық құрылысының толық суретін көрсететін амал (принцип) болса, екінші жағынан туыс тілдерді бір-бірінен ажырататын ең даусыз белгілерді айқын көрсетеді» дей келе, ғалым зерттеудің мақсатына тоқталады: «бұл әрекет Яссауи «Хикметтерінің» тілін қайткенде де бір тілге жақындату мақсатында емес, ескерткіш тілінің негізгі қыпшақ-оғыздық деген танымымыздың қаншалықты дұрыс-бұрыстығын айқындау үшін жүргізіледі, өйткені қазір қыпшақ тілдерінің бірі-қазақ тілі арқылы «хикмет» тілінің морфологиялық құрылысындағы тұлға-тәсілдердің қыпшақтық-оғыздық (қазіргі қазақ тілінің өзінде көптеген оғыздық лексикалық, морфологиялық элементтердің орын алатындығы белгілі) сипатын тануға осы саладағы ізденістер септігін тигізер деп ойлаймыз. (107 бет).
- Сөз және оның құрылымы
Морфология сөздің құрылымын зерттейтін сала.Бұл сала аса маңызды болып табылады.Сөз құрылымы зерттелмей тілдің мықты қағылған сынадай берік тұрақты болуы мүмкін емес.Ол тілдің іргетасы болып саналады.
Сөз құрылымын зерттеу қажырлы еңбекті талап етеді. Осы жолда еңбек еткен ғалымдар Н.А .Баскаков, А.М. Щерба, Э.В. Севортян, А.Н. Кононов,В. Котвич сияқты ғалымдар алғашқы іргетасын қалап кетті.
Ескерткіштер тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылымын зерттеудің маңызы зор. Ол туралы Р. Сыздықованың пікірін кіріспе бөлімде келтірген болатынбыз. Сөздердің құрылымын қарастырмас бұрын сөздің өзіне тоқталуды жөн көрдік.
Сөз дегеніміз не? деген сұраққа жауап беру үшін ғалымдар көп еңбек еткен. Бірақ әлі де сөздің анықтамасы бір ізге түскен жоқ. Анықтамаларды саралап қарастырсақ олар өте көп және әр алуан. Мысалы, ондай мәлімет толық түрде «Морфологическая структура слова в языках различных типов» деген еңбекте келтірілген. Ол жерде 36 ғалымның 6 түрлі бағытта айтылған пікірлерін кездестіреміз. Соларға тоқталсақ:
- Сөйлемнің ең шек минимумы.(Предельный минимум предложения)-Л. В Щерба, Л.Блумфильд, Н.В Фаулер, Ф. Г Фаулер, Л. Р Пальмер, Е.Д Поливанов , М. Трейджер, Л. Харрис.
2.Синтаксистің минимальды единицасы (Минимальная синтаксическая единица)- Х. Суйт, И.А Бодуэн де Куртенэ, Е. Сепир, Р. Якобсон, Альман А. Мейе, Б.Трика, Дж. Фирс, Х. Глинц.
3.Сөйлеудің минимальды мәнді единицасы. (Минимальная значимая единица речи) — Г.Норейн, Л. Ельмыслов, К.Тогебю, А.А Реформацкий.
4.Өз бойында фонетикалық, семантикалық және грамматикалық белгілерді біріктіре алатын единица. (Совмещающая В себе признаки фонетичесие, семантические и грамматические)- А. Мейе, Д.Н Овсянико-Куликовский, Р. Бюлер, И. Лазимус.
5.Шындықтың элементін көрсету (Обозначение элемента дейстительности)-В.В Виноградов, В.Дорошевский, Е. М. Галкина-Федорук.
6.Сөйлеудің дербес және бірбүтін элемменті (Самостоятельный и цельный элемент речи). -Г.Норейн, А.Мейе, Ф.Ф.Фортунатов, В.В. Виноградов, Р.О. Шар, Н. Чемоданов, Ж. Вандриес.
Негізгі ойлары бір жерден шыққанмен түркі тілдерін зерттеуші мамандар тарапынан сөзге берілген анықтамалардың ішінде де айырмашылықтар кездесіп отрады.
Мысалы, В.М. Жирмунскийдің : «Сөз өзінің мағынасы мен формасы жағынан дербес ең қысқа тілдік единица» дегенін оқысақ, А. Н.Баскаков «Сөз дегеніміз – морфеманың бірлігі мен системасының көрінісі, ол морфеманың лексикалық және грамматикалық қасиетін көрсетеді» — деп жазады. [12.148]
Ал,Севортян былай дейді:сөз деп тілдің лексика-грамматикалық және семантикалық дербестігі бар ұсақ единицасы». [13.133]
Қазақ ғалымдарынан Т.Сауранбаев:»Сөйлемдегі ойдың бөлшегі болатын белгілі ұғымның дыбыстық көрінісін сөз дейміз»-десе, [14.56] Ы.Ысқақов:«Белгілі бір ұғымның атауы ретінде қолданылатын дыбыстық комплекс», — деп анықтама береді. [15.180]
К.Ахановтың пікіріне назар аударайық:«Сөз өте-мөте күрделі единица.Оның күрделі табиғатын ашып айқындау үшін,ең алдымен,сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының ара қатысын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның арақатысын айқындап алу қажет.Сөздің екі жағы бар:оның бірі-сөздің дыбысталу жағы,екіншісі мағыналық жағы.Сөз онсыз өмір сүре алмайды. Демек,сөз-дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица» [16. 87]
Сөздің тілдік табиғатын түсіну үшін оған тән және оны тілдегі басқа единицалардан ажырататын белгілері болуы қажет.
Ол белгілер мыналар:
1.Сөз белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігінен тұрады. Сөздің дыбыстық құрылымының бірлігі тілдің фонетикалық заңдарына орайласып жатады.
2.Сөздің дыбысталуынан басқа да жағы бар. Ол-мағына. Қандай – да бір сөз болсын, ол белгілі бір мағынаны білдіреді.
3.Белгілі бір тілдегі сөз сол тілдің грамматикалық заңдары бойынша тұлғаланады да, өзіне тән формалардың бірінде көріне алады. Сөз грамматикалық жағынан біртұтас тұлғаланған единица. Сөз біртұтас тұлғалану қасиеті жағынан еркін сөз тіркесінен, тұрақты сөз тіркесінен де ажыратылады.
4.Сөз құрылымдық тұйықтылығымен, яғни өзінің құрамына басқа бір сөзді ендірмеу қасиетімен ерекшелінеді.
5.Сөздің морфема мен еркін сөз тіркесінен және сөйлемнен тағы айырмашылығы мынада: сөз қалай да болсын белгілі бір сөз табына қатысты болады да, соған телінеді.
- Сөз сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған единица ретінде жұмсалады.
Сөзді айқындап, оған анықтама беруде сөздердің тек жеке, дара түрі ғана емес, сонымен бірге оның күрделі түрі де мұқият ескерілген жөн. Өйткені, сөз шегін анықтап ажыратуда ең алдымен қиыншылық тудыратын осы күрделі сөздердің өзіндік қасиеті болмақ. Олар дербес айтылған, кем дегенде екі лексикалық единицалардан, екі сөзден құралған сөздер, ерекше түр-тұрпаттағы сөздер де, дара сөздерге берген анықтама-түсініктен мүлде басқаша ұғым тудырады. Сөздердің осындай бір ерекше қасиетін ескере отырып берген анықтаманы біз академик В.В.Виноградовтың зерттеулерінен кездестіреміз. Ғалым сөздің негізгі қасиеті деп оның мағына тұтастығы (цельнозначимость) мен түрлену тұтастығының (цельноформленность) бірлігін айтады. Яғни, сөз жеке-дара күйінде бола ма, жоқ күрделі түрде бола ма – бәрі бір, оның өзіне тән тұтас бір мағынасы және тұтас бірбүтін тұлға, түр-тұрпаты болу керек деп санаймыз. Қазіргі зерттеулердің көбіне осы пікір негіз болуда. Виноградовтың дәл осы пікірін негізге ала отырып Т.Я.Скорик сөзге мынадай анықтама береді: «Слова представляет собой цельнозначимую и цельноформленную единицу языка». [17.34]
Біз сөздерді анықтауды дәл осы айтылған пікірді лайықты деп ойлаймыз. Бірақ бұған қосымша біздің ескеретін тағы бір заңдылығымыз болады. Ол – сөздің синтаксистік тұтастығы. Сөзді тілдің лексика – грамматикалық единицасы деп танығанда, оның тек лексикалық мағынасы мен морфологиялық түрлену қасиеті ғана ескерілмесе керек. Сөз әдетте, жеке-дара тұлға емес, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрамындағы тұлға ретінде қаралады. Сол себепті сөзді анықтауда оның тек мағынасы мен түрлену қасиеті емес, атқаратын қызметі де негізгі шешуші қасиеттердің бірі болып саналуы шарт. Яғни сөзді анықтауда оның синтаксистік қызметі, синтаксистік тұтастығы да ескерілуі қажет. Бұл синтаксистік тұтастық әсіресе сөз бен сөз тіркестерінің ара-жігін айыруда өте қажет болады. Демек, сөзді анықтау мен сөз қасиеті неде? дегенге жауап берерде қалай болса да, олардың мына сияқты өзіндік жүйелі сипаттарын мұқият еске тұтқан жөн. Сөз, ең алдымен, «адамның сезімі арқылы қабылданған заттар мен солардың әр алуан қасиеттерінің, сапаларының, әрекеттерінің бейнесі», белгілі бір ұғым атауларының «дыбыстық комплексі», «шындықтың элементі» ретінде танылады. Одан әрі осы бейне мен дыбыстық комплекс, мейлі, ол «сөйлемнің ең шек минимумы» бола ма немесе « синтаксистің / сөйлеудің/ минимальді / мәнді / единицасы», «сөйлеудің дербес және бірбүтін элементі бола ма, жоқ «өз бойына фонетикалық, семантикалық және грамматикалық белгілерді біріктіре алатын единица» бола ма – бәрі бір, тілдік единица ретінде танылып, тілдің лексикалық құрамына енеді. Сол сияқты, ол «тілдің ең қысқа (уақ) единицасы» бола ма, жоқ «морфема бірлігі» бола ма – бәрі бір, онда да тілдік единица болып табылады. Олай болса, сөз тілдік единица , тілдік лексикалық құрамының элементі ретінде белгілі бір лексикалық мағына мен грамматикалық сипатқа /морфологиялық түр-тұрпат пен синтаксистік қызметке/ ие болады. Ал сөздің жеке -дара түрімен қатар кем дегенде екі сөзден құралатын күрделі түрі де болуына байланысты, ол сөз мағыналық тұтастық пен грамматикалық / морфологиялық және синтаксистік/ тұтастықта айтылатын тілдік единица түрінде танылады.
Қандай сөз болса да, оның өзіне тән құрамы, тұр -тұрпаты белгілі бір тұлғасы болады. Тұлғасыз сөз болуы мүмкін емес. Сөздің түр-тұрпаты оның лексика-граматикалық сипаттарымен тікелей байланысты. Лексика және грамматикалық сипат барлық сөздерде біркелкі бола бермейді. Сондықтан, сөздердің лексика және грамматикалық сипатына орай олардың ішкі морфологиялық құрамы мен тұлғалық құрылым жүйесі де әртүрлі болып отырады. Бұл ішкі әртүрлілік өз тарапынан өздердің сырт тұлғасының, сыртқы түр-тұрпатының әр-алуан болып келуіне саяды.
Сөздерге тән бұл қасиет бүгінгі күннің ғана жемісі емес, ол сөз табиғатында өте ертеден келе жатқан заңдылықтар қатарына жатады.
Ал енді «сөздер құрамы», «сөз құрылымы» дегенде негізгі морфемалар мен негізгі морфемалардың түрлері баяндалып, сөздің негізгі және қосымша морфемалардың сөз құрамындағы орын тәртібі мен реттік жүйесі анықталады. Сөздің құрамы мен құрылымы туралы мәселе туркология ғылымында ең алғаш ХХ ғ бас кезінде В.В.Радловтың зерттеуінде талдауға түскен болатын.
Сонымен бірге, ескерткіштер тіліндегі сөздердіңқұрылымына талдау жасаудың маңызы зор. Ондағы сөздерге морфологиялық тұрғыдан сипаттама беру көптеген сұрақтарға жауап береді. Біздің талдауға алып отырған еңбегңмңз А.Яссауидің «Диуани хикмет» шығармасы. Түркі тілдеріндегі сөздің құрамы, негізінде екі түрлі бөліктен / негіз бен түбір/ негіз морфема мен қосымшадан / жұрнақ, жалғау/ құралады/. Сөз құрамындағы морфемалардың өзара қандай ретпен орналасу, яғни олардың құрылым жүйесі жайлы біраз пікірлерді еске салғымыз келеді. Мысалы, түркі тілдеріндегі сөздердің құрылым жүйесін мұқият зерттеген ғалым Н.А.Баскаковтың поляк ғалымы В.Котвичтің «сөз құрамы тек түбір, немесе түбір суффикс түрінде болуы мүмкін, түбір өзінен соң бірнеше суффиксті теориялық тұрғыдан шексіз қабылдай беруі мүмкін» деген пікіріне қосылғысы келмей, былай деп ескерту жасайды: «агглютинативті» тілдерде соның ішінде түркі тілдерінде 4 элемент болады: 1) түбір 2) түбір мен сөз тудырушы лексика – грамматикалық аффикстерден құралған бірінші негіз 3) түбір мен сөз тудырушы лексико – грамматикалық және сөз түрлендіруші функционалды – грамматикалық аффикстерден құралған екінші негіз 4) сөз түрлендіруші аффикстер. [10.118]
Ал, қазақ тіліндегі сөздің морфологиялық құрылымын зерттеуші ғалым А.Ысқақов: «Сөз морфологиялық құрылысы жағынан әртүрлі болып келеді. Ол сөздің құрылымының әртүрлі болуы, сөздің құрамының түрлі – түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты» дейді. [15.24]
- «Хикметтер» тіліндегі сөздердің құрамы
«Диуани хикмет» ескерткіші тіліндегі сөздердің құрамы барлық тілдердегідей түбір және қосымша морфемаларға бөлінеді. Түбір морфемалар сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін тұлғалары ретінде бөлінеді және сол сөз мағынасының негізгі ұйытқысы болады.Ал,қосымша морфемалар болса тұлғалық жағынан да,мағыналық жағынан да дербестігі жоқ,тек түбірлерге қосылып айтылғанда ғана белгілі бір лексико-грамматикалық немесе грамматикалық мағына үстейтін қосымша тұлғалар ретінде көрінеді.»Диуани хикмет»ескерткіші тіліндегі сөздер құрамының үлгісі мынадай:
Сөз
негізгі қосымша
морфема морфема
Мухаббат — лық — мухаббатлық
Пир — сіз — пірсіз
Мұстафа — ға — Мұстафаға
Уммәт — лар+на — уммәтларны
Суннәт — ім + ні — суннәтімні
Мәләик — лар — мәләйклар
Шараб — дек — шарабдек
Хақиқат — ның — хақиқатның
Дәриа — сы + дын – дәриасыдын
Ічі — н + дә — ічіндә
Бұл үлгі бойынша сөздің құрамы біркелкі,белгілі формада тұрған сияқты болып көрінеді. Ал, шындығында үнемі олай бола бермейтіні рас. Кейде олар тек ғана негізгі түбір тұлғалы (түбір морфемалы), болып келсе, екінші біреулері негізгі түбір мен қосымша морфемалы (жалғау не жұрнақты) болып келеді.
Мына сөздер түбір күйінде жалаң қолданылған сөздер: махаббат, хақ (құдайды шын сүйген), мәй (шарап), дүшәнбә (дүйсенбі), йер(жер), йаруқ (жарық), дунйа (дүние), суфи (сопы), ғариб(ғаріп), кудрат(құдірет), дидар(дидар), жәннәт, мәхкәм, көз(көз), хайран(қайран), хәләл, тағ(тау), тақсыр, түрік, иігірмә(жиырма) т.б.көптеген сөздер.
«Диуани хикмет»ескерткіші тілінде қарастыратын сөздердің енді бір тобы біріккен, қосарланған күрделі сөздер.
Біріккен, қосарланған сөздердің құрамы негізгі түбір морфема мен қосымша (жұрнақ, жалғау) морфемалардан құралмайды. Ол сөздер екі дербес сөзден құралады да құрамы жағынан негізгі морфемаларға бөліп қарастыруды қажет етпейді. Жеке сөздер сол күйінде бірбүтін тұлға, бүтін бір морфема ретінде қаралады да, күрделі сөз құраушы дара тең дәрежелі морфемалар ретінде танылады.
Аналитикалық тәсілмен, яғни сөздердің қосарлануы, бірігуі арқылы жасалған сөздерге тоқталайық. Бұлар қолжазбада ешқандай орфограммалық белгілерсіз бөлек жазылған, дегенмен бірқатарларының араларына у (а) деген дәнекер шылау салып жасалған болып келеді, бұл элемент түркі сөздерін де, араб-парсы сөздерін де дәнекерлейді. У дәнекері алдыңғы сөзге дамма (әріп үстіндегі ‘ таңбасы) арқылы жазылған. Оны айырып көрсету үшін алдынан дефис белгісін қойып транскрипцияланған.
Пир- и -Мұған (Пірмұған)
Пир Мұған назар қылды нәфсідін сездім;
(Зәмзәм іспеттес шарап ұсынушы асыл мұрат иесі).
Жасалуы: екі сөздің бірігуі арқылы жасалған.
Іч-у таш.(Іші-сырты)
Мысалы:Уммәт деді іч-у ташым нурға батты.
Жасалуы: мағынасы қарама-қарсы екі сөздің қосарлануы.
кечә күндіз (күндіз — түні)
Мысалы: Кеча- күндіз би ғам йүрдім йашым ақмай. (310 бет).
Жасалуы: мағынасы қарама-қарсы екі сөздің қосарлануы.
Жан-у тән.(Жан-тәні)
Мысалы: Алла учун жан-у тәнгә отны салсам (317 бет).
Жасалуы: мағынасы қарама-қарсы екі сөздің қосарлануы.
Йер-у көк (жер- көк)
Мысалы: Йер-у көкдін фәршиталар йығлаб келді. (336 бет).
Жасалуы: мағынасы қарама-қарсы екі сөздің қосарлануы.
Мункар Накир (Нәңкір — мүңкір)
Муңкар Накир сауалығә бергін жауаб (337 бет)
(сұрақ алатын періште)
Жасалуы:мағынасыз екі сөздің қосарлануы.
Хизр-у Илйас (Қызыр — Ілияс) (338 бет)
Хизр-у Илиас Һәм сұхбәт, бұ жанда кодүр күлфаәт.
Жасалуы: мағаналы екі сөздің қосарлануы.
Түрлік түрлік (түрлі-түрлі)
Түрлік түрлік аләмәтлар қопар ерміш зүн (416 бет)
Жасалуы: бір сөздің қайталануы.
Сач-у саққал (шаш-сақал)
Сач-у саққал хуб акарды коөңүл қара (355 бет)
Жасалуы: мағаналары жақын екі сөздің қосарлануы.
Тағ-таш (тау-тас)
Гунаһімә тағ-ташлар тақат қылмыс(290 бет.)
Жасалуы: мағаналары жақын екі сөздің қосарлануы
Йығлаб – иығлаб
Жан перүрдә иығлаб – иығлаб йатар дүстлар(370 бет)
Жасалуы: бір сөздің қайталануы.
Ач-у тоқлық
Ач-у тоқлық суд-у-зийан һич білмәгәй.(314 бет.)
Жасалуы:қарама-қарсы екі сөздің қосарлануы.
Рақс-у сама (сауық-сайран)
Гүнаһ істәб рақс-у сама ұрар дустлар. (372)
Жасалуы: мағынасы жақын екі сөздің қосарлануы.
Төшәк йастуқ (төсек-жастық)
Чин алимлар төшек йастуқ ташдын қылды.
Жасалуы: мағынасы жақын еке сөздің қосарлануы.
Күйүб-пішіб (етістік: күйіп-пісіп)
Күйүб пішіп дәрді бірлә йүрәк дағла.
Жасалуы: мағынасы екі сөздің қосарлануы.
Ата ана (ата-ана)
Ата ана дәмәділәр, деді уммәт.
Жасалуы: мағынасы қарама-қарсы екі сөздің қосарлануы.
Қос сөздер жоғарыда көрсетілгендей әртүрлі тәсілдермен жасалған. Негізінен көптеген сөздердің жасалу жолдары қазіргі қазақ тіліндегідей. Қос сөздер ылғи да жеке дербес негізгі морфемалы сөздерден құрала бермейді. Алдыңғы келтірілген мысалдарда сөздер тек түбір морфемалардан тұрған жоқ. Олардың ішінде қосымша морфемалар да қатысып тұр. Оны кестемен көрсетпекшіміз:
Сөз
Негізгі морфема |
Қосымша морфема |
у
у
у |
Негізгі морфема |
Қосымша морфема |
Күй Түр Иер Іч Тағ құрт
|
— үб — лік — — — —
|
Піш Түр Көк Таш Таш құш |
— іб — лік — дін — ым — лар — лар |
Ескерткіштер тілінде кездесетін тағы бір жайт, орыс тіліндегі префикстер (сөз басындағы) сипатты қосымша морфеманың аз да болса кездесуі. Оның басқа қосымшалардан айырмашылығы сөздің басында келіп, орын тәртібін өзгерткендігінде ғана болады. Яғни мұндай қосымша морфемалар әдеттегідей сөздің соңында, түбір морфемалардан кейін қолданылудың орнына керісінше түбір (негізгі) морфемалардан бұрын, солардың алдында айтылады.
«Диуани хикмет» ескреткіші тілінде мұндай қосымшалардан би— тұлғасы ғана кездеседі, дегенмен мәтінде өте жиі кездесетін айтқымыз келеді. Бұл тұлғаның беретін мағынасы -сыз жұрнағымен пара – пар.
Мысалы: Йер астыға кірдім дүстлар би ихтийар (298 бет).
Кеча күндіз би ғам йүрдүм йашым ақмай (310 бет)
Бихабарға нечә айтсам мұны білмәс (294)
Сөздің морфологиялық құрлымына талдау жүргізу үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (негізгі морфема) және аффиекстік морфема (көмекші морфема) жайындағы ұғымдар енді. Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектер «морфемалар» деп аталады. Морфемалардың өзіне тән мағынасы және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы болады. Ендеше морфема деп сөздің тән мағынасы бар ең ұсақ бөлшегін айтамыз. Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері бірдей емес. Морфемаларды ең алдымен түбір морфема мен қосымша морфема деп негізгі екі салаға бөлуге болады. Дүниежүзіндегі тілдер гракмматикалық құрылысы жағынан алуан түрлі. Осыған орай тілдердегі сөздердегі сөздердің морфологиялық құрылымы да, түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты да түрлі-түрлі болып келеді. Түбір сөз бен түбірдің, негіз бен сөздің формасы жағынан бір-біріне сәйкес келуі орыс тіліне қарағанда, ағылшын тілі мен түркі тілдерінде әлдеқайда жиі ұшырысады. Түркі тілінде сөздің түбірі немесе негізі белгілі бір лексикалық және грамматикалық мағынасы бар дербес сөз ретінде қолданылады да, осының нәтижесінде түбір мен сөз мағынасы, формасы жағынан бір-бірен сәйкес келе береді. Мысалы, етістіктің бұйрық райының екінші жақ формасы етістіктің әрі негізгі, әрі түрбір ретінде ұғынылады және дербес сөз ретінде қолданыла береді. Демек, дербес сөз ретінде қолданыла алу түркі тіліндегі түбірлерге тән қасиет.
1.2 Түбірлер
Түбір деп профессор А.Ы.Ысқақовтың айтуы бойынша, «сөздің өз алдында тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түркі мағыналы бөлшегін» атайды. [15.91]
Ол сөздің тұлғалық жағынан әрі қарай бөлшектенбейтін, морфемалық тұлғаларға мүшеленбейтін, мағыналық жағынан нақтылы бір зат, не құбылыс немесе әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбыс не дыбыстық құрам ретінде танылады.
Сөздің түбірі жайындағы, әсіресе олардың құрылым жүйесі жайындағы мәселе тіл білімі ғалымдарының назарын көптен бері-ақ өзіне аударған мәселелердің бірі. Бұл мәселеде ғалымдардың әуел бастан ерекше көңіл бөліп, сөз еткен түбірлері, дыбыстық құрамы жағынан дауысты + дауыссыз + / ГСС/ және дауыссыз + дауысты + дауыссыз + дауыссыз / СГСС/ түріндегі түбірлер болған. Түбірдің бұл түрі жайында А.Н. Кононов олар «исторический представляют собой пройзводные основы, состоящие из корня ГС или СГС + аффикс» — дегенді айтқан.[7.238].
Әуел бастағы түбірлердің түрі СГС болған деген пікірде алғаш ұсынған ғалымдардың бірі Н.А.Баскаков екені мәлім. Ғалымның негізгі ойы «Типичным корнем для каракалпакского / и других тюркских языков / является корень, состоящей из С+Г+С. Этот тип корня представляет собой древнейшую структуру корня, из которой позднее развились три других типа корня этой группы,» — дегенге саяды. Ондай әуелгі түбірдің кейіннен өзгеріске түсу жүйесі мынадай болған:
С+Г+С : тас; кел Г — : Е
Г+С ат; ал.
Г.И. Рамстед әуелгі түркі түркі түбірлердің түрі Г/дауысты дыбыс / болған деп санайды. [19.29]
Автор бұл пікірін дәлелдеу үшін маңғол тілдеріндегі «а – «быть», түркі тілдеріндегі и – «мочь», е – «понимать» деген түбір тұлғаларды келтіреді. ГС түбірлерге аң «зверь», «охота», аr – «быть», at – «бросать», ar – «обманывать», ag – «течь»; cr түбірлерге моңғолша ви – «быть», түркіше ju – «носить» т.б. мысалдарды келтіреді.
М.Хабичев болса, әуелгі түбірлердің құрылымын мынадай деп көрсетті: С-Г-С, С-Г, Г-С. [20.39]
Г және СГ түбірлерінен СГС формалары пайда болған. Бұл пікірді В.Котвич, А.В. Севортян, А.Н. Кононов айтты. Әуелгі түбірдің негізгі түрлері қандай формада болғанын ашып айтпаса да СГС формасы іштей бөлшектеуге келетін тұлға деген пікір Б.М.Юнусалиев, Х.Г.Нигматовтың зерттеулерінде кездеседі.
Сонымен, түбір – сөздің ең түркі негізі. Бұл түркі негіз сөздің құрылысының да, мағынасының да негізгі ұйытқысы болып табылады. Түбір морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бірде-біреуі яки бірнешеуі қосылып ешқандай мағынаны білдіре алмайды. Түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Түбір туралы мәселеге қазақстандық А.Ибатов, А.Хасенова, Қ.Жұбанов, Ы.Ысқақов, К.Аханов сияқты ғалымдар өз пікірін білдірген.
А.Байтұрсынов әу баста түбірлер туралы бастапқы мағынасындағы, бастапқы сөз деген. /А.Байтұрсынов/.[21.154]
Қ.Жұбанов болса түбірлерді бөлшектеуге келмейтін біртұтас сом нәрселер деп санайды, алайда, сол түбірлердің көбісінің құрама болғандығын, бүгінде бөлшектердің жігі білінбей кеткендігін айтады. Мысалға: пышақ – пыш – ақ, бүйрек – бүйір +ек, көкірек – көкір+ек, өлтір — өл+тір деген сөздерді алады (6.19). Түбір сөздердің тұтастығын туа біткен тұтастық емес, бұрын құрама болып тұрып, келе-келе жігін жоғалтып барып тұтас сөз болып кеткендігін ескертеді. Сөздің түп мағынасын беретін болғандықтан түп бөлшек немесе түбір деп атайды.
Профессор С.Исаев: түбір белгілі бір мағынаны білдіре отырып «сөз» деген ұғымға сайма-сай келеді де, сөз деген ұғымға енетін туынды түбір дегендер одан өзгеше болады. Түбір ешбір түрленусіз-ақ түбір күйінде тілде қолданыла алады. [22.47]
А.Ибатовтың еңбектеріне сүйенсек түбірлер былай бөлінеді:
синкретикалық түбірлер
түпкі түбірлер
негіз түбірлер
туынды түбірлер [23.54]
Енді, А.Қалыбаева мен Н.Оралбаеваның түбір туралы айтқан анықтамаларына тоқталайық: морфемаға бөлуге келмейтін, зат есімнен: бала, қыз, арман; сын есімнен: қызыл, көк, ақ, әдемі; сан есімнен: бір, он, үш, жүз; етістіктен: кел, ер, көш, отыр – бұлардың бәрі түбір делінеді. [24.26]
«Диуани — хикмет» ескерткіштерінде түбір күйінде қолданылған зат есімнен: ел, гүл, жан, ешік, тофрағ, ужмах, йол, йар, рахман, йер, душман, тәңірі, кіші, мәй (шарап), жауаб, жала, от, құлық, дүниа, дозах, йүрәк, мурад т.б.
сын есімнен: тоқсан тоғыз, кічік, қара, сарығ, йалған, чин, йаш, ұлұғ, ізгә т.б.
Сан есімнен: йүз, мың, беш, үч, екі, иігірмә, сәккіз, бір, тоққұз, он, алты, йеті, төрт, отұз, қырқ еліг т.б.
Есімдіктен: ол, мән, сән, өз (370)
Етістіктен: ұқ (366), қыл (375), йұм (көзіңні) [жұм] (369), сүрт [иүзіңні], ал (366)
2 Қосымшалардың табиғаты
Қосымша морфема деп түбірге қосылып, оған қосымша мағына үстейтін морфемаларды айтамыз.
Түбір морфема лексикалық мағынаны білдірсе , көмекші немесе аффикстік морфема грамматикалық мағынаны білдіреді. Қосымша морфема өз ішінде жұрнақтар, жалғаулар деп екіге бөлінеді. Жұрнақтар жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады, ал жалғаулар сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылады.
Қосымшаларда мағыналық дербестік, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені, қосымша морфемалар жеке тұрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағына болмайтындықтан ол түбірдің қатынасынсыз жеке-дара қолданылмайды және түбір морфеманың әуеніне еріп, өзгеріп, түрленіп отырады.
Түбір морфемалар мен қосымша морфемалар біріне-бірі парықсыз емес, олардың қарым-қатынасының белгілі бір заңдарға сүйенетіні шын: олар өзара бір-бірімен талғап тіркеседі. Қосымша морфемалар грамматикалық қасиеттері жағынан бірыңғай, біркелкі болып келуін қалайды да, олардың белгілі тобына ғана жалғанады. Қай қосымша қосылса да, қанша қосымша қосылса да түбір морфема тұлға жағынан өзгермейді,үнемі бір қалыпта сақталып отырады. Ал қосымша морфема тұрақсыз. Бір түрлі қосымша қай түбірге және қанша түбірге жалғанса да, олардың әрқайсысына әртүрлі мағына үстемейді, олардың бәріне де жалпы бір ғана мағына үстейді. Бірақ ондай жағдайда қосымша морфемалар бірінен соң бірі, қалай болса солай жалғана бермейді. Тілдің ішкі заңдарына лайық, белгілі бір жүйе бойынша рет-ретімен тіркеседі. Мысалы, сауыншыларымыздағы деген сөздің түбір морфемасы «сау», -оған әуелі –«ын», екінші-«шы» морфемалары қосылған. Осылайша рет-ретімен кете береді. Қосымшалардың кейбіреуі сөз бен сөзді байланыстырады, олардың өзара қарым-қатынасын білдіреді. Мысалы, «көлдің жағасы» дегендегі –«дің» және –«-і» аффикстері сөз тудырып тұрған жоқ, «көл» мен «жаға» деген сөздерді байланыстырып, олардың бір-біріне қатысын білдіріп тұрады.
Өз алдына дербес қолданыла алатын «тіл» деген түбірге морфема жалғануынан «тілік» деген туынды сөз жасалған. Осындай, мағыналары мен қызметтеріне қарай, сөзден сөз тудыратын және сөзден жаңа форма тудыратын қосымшалар «жұрнақтар» деп аталса, сөз бен сөзді байланыстырып тұратын қосымшалар «жалғаулар»деп аталады.
Жұрнақтар өз ішінен екі топқа бөлінеді: оның бірі –сөз тудырушы жұрнақтар (Словообразующие),екіншісі-форма тудырушы (формаобразующие).
Сөз тудырушы жұрнақ жалғанған сөзіне жаңа мағына үстеп, туынды сөз жасайды. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған туынды сөздердің әрқайсысы дербес лексикалық единицаға (сөзге) айналып, сөздіктерде өз алдына бөлек (дербес) реестр сөз ретінде қаралады. Мысалы, ек, су, қол деген түбірлерге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануынан жасалған мынандай туынды сөздер бар: егін, егінші, егіншілік, егінді, егіс, егістік, екпе; сулы, сулық, сула, суландыру, сусау, сусыз; қолдау, қолдаушы, қолданыс, қолдас, қолтық, қолтықта т.б. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған осы туынды сөздердің әрқайсысы өзіне негіз болған түбірден мағынасы басқаша, өз алдына бөлек-бөлек лексикалық единицалар (сөздер) ретінде ұғынылады.
Форма тудырушы жұрнақтардың сөз тудырушы жұрнақтардан табиғаты басқаша болады. Сөз тудырушы жұрнақтар жалғанған сөзінің мағынасын өзгертіп, одан мүлдем жаңа мағынаны білдіретін басқа бір туынды сөз жасаса, форма тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзіне сәл ғана қосымша мағына үстейді. Форма тудырушы жұрнақ жалғанған сөзінің мағынасын бұзбайды, өзгертпейді.
Мысалы «кел» деген етістікке форма тудырушы әртүрлі жұрнақтардың жалғануынан оның мынандай формалары жасалады: келер, келмес, келген, келетін, келмек, келіп, келсе, келгелі, келгей және т.б.
Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан лексико – грамматикалық категория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз тобына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан, функционалды – грамматикалық категория қатарына жатады. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы «деривациялық мағына» деп аталады. Қазақ тіліндегі жұрнақтар арқылы сөз тудыру грамматикамен тікелей байланысты. Ол байланыс жұрнақтардың мынадай екі түрлі ерекшеліктерінен айқын көрінеді.
Біріншіден, жалпы грамматикалық категорияларға тән аса абстрактілік қасиет жұрнақтардан да табылады, екіншіден, грамматикалық категорияларға тән тиісті ереже берерліктей жүйелі заңдар жұрнақтарда да бар.
Мысалы, есім, я етістік тудыратын жұрнақтардың әрқайсысы топ -топ сөздерді қамтиды да, солардың бәріне ортақ мағына үстеп, олардың жалпы көрсеткіші ретінде қызмет етеді. Мысалы, аула, арала, тазала, шамала, ізде т.б. етістіктер ( — ла, — ле, — да, — де, — та, — те) жұрнағы арқылы есімдерден туса, таңдамалы, жанамалы, құрамалы, жылжымалы, қопармалы деген сын есімдер (- малы, — мелі, — палы, — пелі, — басы, — белі) жұрнағы арқылы етістіктерден жасалған. Демек, бұдан біріншіден, әрбір жұрнақ көптеген сөздерге жалғанғанда, тек лексикалық мағынасы басқа жаңа сөздер туғызып қана қоймай, олардың бәріне бірдей жалпы абстрактілі қасиеттерін анықтайтыны байқалады, екіншіден, белгілі бір грамматикалық категорияға тән сөздерді екінші бір грамматикалық категорияға ауыстыратыны көрінеді. Осы жағынан алып қараса, жұрнақтар грамматикалық категорияға тек жақын емес, онымен тікелей ұштасып та, ұқсасып та жатады.
Құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құрамды болып бөлінеді.
Жалаң деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақтарды айтамыз: білім, кеспе, малшы, ұшқыш, үйшік.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрама жағынан кемі екі, я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құрамды болады.
Мысалы, жайшылық, тұрғылықты, құранды. Мұндағы – шылық, — ғылықты, — ынды жұрнақтарының әрқайсысы мағына жағынан бір бүтін форма болғанмен, құрамы жағынан әуелгі екі я үш жалаң жұрнақтардан бірігіп жасалған күрделі жұрнақтар.
Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі бір грам мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі.
Жалғауларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені, жалғаулар жеке дара қолданылмайды, бұл бір, екіншіден, жеке – дара тұрғанда ешқандай мағынасы болмайды. Ал, мағыналы сөздерге қосылғанда, олардың атқаратын қызметтері де зор және ол сөздерге тиісті грамматикалық мағыналар да жамайды.
Жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады. Бірақ олар жалғанатын сөздердегі дауысты дыбыстардың әуеніне қарай не жуан, не жіңішке болып сәйкестені сияқты дауыссыз дыбыстардың да орайына қарай қатаңдап, ұяңдап, сонарланып, екі-үш вариантты болып түрленгені болмаса, шексіз өзгере бермейді. Мысалы көптік жалғауды алсақ, оның вариантталған түрлері –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер болса, ілік септіктің қосымшасы –ның, -нің, -дың, -дің, -тың болады.
Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау. Осы төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары және сол грамматикалық мағыналарымен формаларына сай, өзді-өздеріне тән ерекше қасиеттері бар.
Ал, енді тоқталатын мәселеміз жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығында. Олардың мына бір ерекшеліктерін атап айту керек.
1.Жұрнақтармен салыстырғанда, жалғаулардың қолданылу өрісі мен шеңбері анағұрлым кең. Жалғаулар белгілі бір сөз тобына енетін сөздерді талғамай, олардың күйлісіне бірдей жалғана береді. Жұрнақтар белгілі бір сөз тобына енетін сөздердің күилісіне бірдей емін-еркін қосыла бермейді де, солардың ішінде арнаулы бір тобы ғана жалғанады.
2.Жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған туынды сөз біртұтас бірбүтін лексикалық единица ретінде ұғынылады. (жиын, жиналыс, өндіріс).
2.1 «Хикмет» тіліндегі зат есім тудыратын жұрнақтардың сипаты
–лық / -лік / -лұқ / -лүк жұрнағы дерексіз ұғым атауын жасайды.
Ол түркі сөздерден де, арап пен парсы сөздерінен де жаңа сөз тудырады: мискинлик (31а 13) «кедейшілік, жоқшылық», асанлық (43б, 7) , ихласлық (53а 2), мәнмәнлік (56б, 1) «менмендік, көкіректік». Хикметтер тіліндегі дерексіз ұғымдардың басым көпшілігі рухани дүниеге, оның ішінде діни танымдарға қатысты болғандықтан сөз тудырушы жұрнақ арабизмдер мен парсы сөздеріне жалғанған: маххабат лығ (48б,4), суфилығ (65б, 5), умәтлік (60б, 4), бәндәлік (92а, 13), ишанлық (33а; 10), (Бұл жұрнақ пен аз да болса түркі түбірлерінен жасалған сөздер де кездеседі: құйлық (47а, 7), тірік алмағлық (20б, 4), жан бермағлық (20б, 3). –лік,/ -лұғ/ -лүг варианты негізінен меншіктік иелік мәндегі қатыстық сын есімдерді тудырады: ұйытлығмән(45а7), «ұяттымын», көзі йашлығ(15а,3) ,мұңлұғ жан (84б, 1), қайғұлұғ (88б, 9). Осы жерде айта кетуге болады: біздің қолжазбамызда да қазіргі қазақ тіліне де соңғы дыбысы қ болып келетін немесе түсіп қалатын сөздердің ғ әрпімен жазылуы (туфроғ, тақығ, улуғ, сарығ) ормен жазбаларына, көне ұйғыр ескерткіштеріне, «Құтадғу біліг» тіліне, Рабғузидің «Қисас –ул-әнбийа» тіліне және XV ғ. ескерткіш тіліне тән екендігі мәлім, ал ол қазіргі тілдерден әзірбайжан, түркімен, тува, хакас тілдерінде сақталған: сарығ (48 б.5), танығ (48б.6), ұлұғ, кічіг(26а,5) сөздеріндегі соңғы ғ дыбысы біздің мәтінімізде де хатқа түскен, бұл, сірә, осы сөздердің Х-ХІІ ғ да оғыз тілдерінде де осы тұрпатында қолданыста болғанын аңғартады.
Әрине, өткен кезеңдердегі, айталық, біздің қолжазбамыз дүниеге келген кезеңдегі түркі жазбасында емленің қатаң тәртібі сақтала бермегендіктен, зат есімнің – лығ, — ліг жұрнағымен берілген тұстары да ара-тұра кездесіп отырады: тәубәлығлар (38б, 2),азадлығ (72 а.6) суфилығ асан емәс (68 а 3). Бірақ мұндай ауытқулар өте сирек кездеседі. Демек, бұл жерде қолжазба орфограммасы бірсыпыра тәртіп сақтаған: лық/ — лік/ — лұқ/ — лүк дерексіз зат есім; — лығ, – лік, /- лұғ, — лүг қатыстыстық сын есім жасайтын қосымшалар болып ажыратылады. Бұл мағыналық жіктеліс кейбір түркі тілдерінде орта ғасырлардың өзінде-ақ (мысалы: Қашғари сөздігінде) орын алған дегенді айтады зерттеушілер. Ал ескі өзбек тілін зерттеген А.М. Щербак бұл тілде дерексіз зат есім тудыратын жұрнақтың – лық, – лік және – лығ, – лік болып келетінін көрсетеді (шадманлық «шаттық», ачлық «аштық», йоқлұғ «жоқтық») олардың беретін мағынасы жалғанған сөздің лексика – грамматикалық мағынасына қарай ажыратылады дейді. [25.121]
Қазіргі қазақ тіліндегідей соңғы ғ.г дыбыстары түсіріліп берілген туынды сын есімдер қолжазба мәтінінде жоқ. Мұндағы – ғу + лық, мағ + лық сияқты құрамды қосымшамен берілген сөздер бар, бірақ олар өте сирек. Мысалы: ашиқларны асан іші баш бермағлық (20б.2). Бұл тұлға бір хикметтің бір ғана шумағында үш сөзде қолданылған: баш бермағлығ, жан бермағлығ, тірік алмағлық 20б.2,3,4) (және бір қызығы үш сөздің үшеуі де (бер, ал) жіңішке дауысты сөздер болғанмен, жұрнақтар, қосымшалар жуан жалғанған және алдыңғы жұрнақ-мақ болудың орнына соңғы дыбысы ұяң ғ-мен алмастырылған, оның үстіне – лық жұрнағы – лығ, қалған екеуінде – лық түрінде жазылған. Емлесі жағынан екі ауытқуды көреміз.
Хикметте өзге де емлелік ақаулықтар бар: йүрган ашықлардан худа рази (20 а. 11-12). Сірә, мұның да бір сыры байқалады, яғни бұл хикмет басқа бір қолжазбадан алынуы мүмкін немесе көшірушінің (баспаға ұсынғанда) көшірген адамның) басқа біреу болуы да ғажап емес.
— лық/ -лік пен лығ/-ліг аффикстерінің кейде бірінің орнына екіншісінің жазылып жүруі – тілдік емес, емлелік құбылыс, ал қатыстық с.е. тудыратын – лығ/-лік жұрнағының соңындағы ғ (сарығ, ұлығ, кічіг дегендегі сияқты) дыбысынан ғ >у (тағ > тау) немесе ұлы, сары, кічі болып ғ-ның жойылып кететіні – тілдік құбылыс. Қыпшақ тілдерінің мысалы, оның ішінде қазақ тілінің соңғы кезеңдеріндегі даму барысында қатыстық сын есім жасайтын жұрнақтың соңғы ғ дыбысы түсіп қалған: ұйатлығ > ұятты, көзі йашлығ > көзі жасты. Сөз ортасы, сөз соңы позициясындағы ғ дыбысының әлсіздігі яғни жойылып кетуі немесе өзге сонар (үнді) у-ға айналуы – қазақ тілінде жақсы дамыған: құлғақ > құлақ, бағ-бау, ойғағ > ойлау (мұндағы алғашқы ғ түсіп қалған, соңғы ғ сонор у –ға айналған), мұңлұғ жан > шұңлы – мұңды. Түркі ескерткіштерінің біразында, мысалы, Х-ХІІІ ғасырлардағы шығыс Түркістан жазбаларында кездесетін зат есім тудырушы көптеген, мысалы, — лақ/ ләк/-лағ/ -ләг/ (тарығлақ «егіндік жер» тузлақ «тұзды жер»); — даш – дәш (қолдаш, ағылдаш, йәрдәш «жерлес»); — чуқ / — чүк (оғулчуқ «жатыр», орчүк «тұлыл») сияқты жұрнақтармен келген сөздер мұнда жоқ. Мұның да себебін Ясауи хикметтерінің тақырып тұтастығынан (бір ғана діни мазмұннан) іздеу керек болар, әйтпесе Х-ХІІ ғасырларда Сырдың төменгі ағысын жайлаған қыпшақтар мен оғыз тайпалары тілінде «йайлақ» (жайлау) қышлақ, йолдаш, көңілдәш, еркәк, бойунтүрк, көмүлдүрүк сияқты – лақ, — даш, — кәк, — тұрүк жұрнақтарымен жасалған сөздердің қолданылғаны күмәнсіз. Мұндай жұрнақтар қай ескерткіш тілінде де аса өнімсіз. Олардың көпшілігімен келетін сөздер әбден «сіріленген», морфемдік құрылымы көзге бірден түспейтін тұлғалар.
Мысалы, «арпаған (арпа — ған) арпа сияқты, арпаға ұқсаған өсімдік атауы», еркек (ер+кек), алын (маңдай: ал+ын), кеңіш (кең-іш); қорқунч (қорқ+унч), екін (ек+ін); йарым (йар+ым «жартысы, жарымы») сияқты сөздердегі жұрнақтарды сол ескерткіш тіліндегі жүйелі түрде тақырыбына қарай бірнеше туынды сөз жасаушы қосымша деп көрсеткеннен гөрі, мынадай жұрнақтармен келген мынадай сөздер бар деп танытқан дұрыс болар. Осы таныммен қарағанда, хикметтер тілінде – ан (еран – 53 а, 14; 55 а, 5), оғлан (91 б,8); — унч (қорқунч (101 б,12) – рақ (йапрақ), — уқ (сынуқ) аффикстері бар сөздерді ғана (оларда бірер сөзден артық ұшырамайды) атауға болар. Парсы тілінің – хана, — дар сияқты аффикстерімен жасалған дунйадар (16б, 13), мәйхана (46б,3) сияқты бірді екілі туынды есімдер кездеседі, бірақ олармен түркі түбірлерінен туынды сөз жасалмаған.
— лық, — лік жұрнағы сөз тудырушы жұрнақтарының ішінде ең актив жұрнақ болып саналады. Қазіргі қазақ тілінде де – лық, — лік жұрнағы бар және – дық, — тық, — дік, — тік варианттары қалыптасқан. Олар зат есімдерден, сын есімдерден, сан есімдер жаңа сөздер тудырады. (адамгершілік, мамандық, ықыластық, тазалық, жылдамдық, бастық, бестік, ондық, төрттік т.б.).
— чы/ -чі жұрнағы қимылдың, сипаттың, сапаның иесін білдіреді. Бұл жұрнақтың тікелей біздің мәтінімізде зат есімге жалғануын жоққа тән. Ол бірер сын есімге жалғанып, адамды қасиетіне қарай атайды: йалғаны (ашықмыз деб худа қазы (20 а, 13,14) «[Аллаға] өтірік ғашық болған адамға құдай разы емес». Бұл жерде йалғанчы сөзі йалған ‘ашиқ дегеннің параллелі ретінде сопылық терминге айналған деуге болады, мәтінде бұл сөз 5-6 жерде қайталап келіп отырады.
-чы/ — чі жұрнағы көбінесе – ғу +чы/ гу+чы қосынды аффикс құрамында жиі кездеседі: күйдүргучі йақдұрғучы һич тұрарың йоқ (28 а 10, 11), йолсызларға йол бергучі (50а,10).
Хикметтің негізгі діни тақырыбына байланысты мұнда тұрмыстық балықчы, аучы, малчы сияқты туынды зат есімдер жоқ.
Қазіргі қазақ тілінде – шы, — ші зат есім тудырушы жұрнақ өз белсенділігін әлі жойған жоқ: ойыншы, жүргінші, жолаушы, құрылысшы.
— сыз/ -сіз жұрнағы едәуір жиі қолданылған, ол бір нәрсенің (заттың, қасиеттің, сапаның т.б) жоқ екендігін білдіреді де, зат есімдік те, сын есімдік- те мағынада келеді.
Біздің қолжазбамызда – сыз/ — сіз жұрнағымен келген сөздер көбіне зат есім болып табылады: шари’атсыз тариқаткә өтүб болмас (21 а.5) рисәласыз йолға кірдім (21 а.13), уирдсіз бәндә адам емес (102 а.8)
— сыз жұрнағын жалғау арқылы діни терминдер жасалған. Мәтінде жиірек кездесетін йолсызлар, ‘ишқсызлар деген тұлғалар «дін жолынан тайғандар» «сопылылық жолды ұстамағандар» дегенді білдірсе керек (108-111; яғнисызд).
2.2 Зат есімнің жекеше, көпше тұлғалары
Жалпы түркі тілдерінде зат есімнің жекешелікті білдіретін көрсеткіші жоқ. Ал көптік (көпшілік) мағына морфологиялық тәсіл мен – лар/ — ләр жалғауы арқылы беріледі: хикмәтләрім (8 а, 13), йазуқлардың (12 б, 10). Қолжазбада – лар / -ләр жалғауының фонетикалық – тар/ -тәр, — дар/ — дәр варианттары кездеспейді.
— лар/ -ләр аффиксінің қызметі мұнда тек көптік мағынаны білдірумен шектелмейді. Ол орта ғасырлардағы түркі ескерткіші тіліндегідей, жинақтау ұғымын білдіреді.
— лар аффиксінің бұл қызметі әсіресе йазуқ, михнат, рахат сияқты дерексіз есімдерге жалғанғанда анық көрінеді. Бұл сөздер құрамды бөліктерге ажыратылмайтын ұғымдарды білдіреді. Мысалы, [мәні хикмәтләрім] һәлима сөзләр ічіндә би бәдәл дүр(150а,9). «Менің хикметтерім барша сөздің ішінде өзгелермен алмастыруға болмайтын сөз». Мұндағы сөзләр дегені жеке-жеке сөздердің саны (көптігі емес), «хикметте айтылған ойдың жиыны» деген мәнде келіп тұр, демек, бұл жерде сөзләр дегенде көптік мағына емес, жинақтау ұғымы берілген.
Сондай-ақ, кейбір сәттерде – лар аффиксі жалпы сандық көптікті емес, белгісіз көптікті (неопределенное множество), яғни «әйтеуір көп» дегенді де білдіреді. Мысалы, құрт-у құш деген тіркестің өзі жинақты мәнді: бұл жерде әңгіме құрт пен құс туралы емес, «жан-жануар» деген жинақты мағынаны білдіреді, осы тіркес құрт-у құшлар болып келгенде, жалпы аң-құсты, жан- жануарды жинақтап атап тұр. Мұндағы сан жағынан белгісіз көптік немесе жинақтаушы мағына көптік жалғаулы сөздердің алдынан барча, һәмә, көп, бу деген сияқты анықтауыштар тұрғанда тіпті айқын байқалады: бу йоллардын (18б,9) деген құрылым жалпы дін жолынан» дегенді білдіреді.
Дене мүшелерінің атаулары көзләрім (90б.11), сүйәкләрің (22б,2), тілләрім (14а, 5) болып қолданылғанда да, көптік жалғау көптік мағынаны білдірмейді; не жұптықты (көзләрім), не автордың субъективтік көзқарасын білдіреді, мысалы, ғайбат қылған тілләрімні йүз мың тілсәм (14а,5) дегенде, әрине, адамның тілі біреу ғана екені белгілі, бұл жерде көптік жалғау әсірелеу қызметін атқарып тұр. Уақытқа қатысты сахар «ертеңгілік таң мезгілі», күндіз – кечә сияқты сөздерге жалғанғанда да – лар аффиксі көптік мағынаны білдіру үшін емес, үстеудің белгілі бір тұлғасын жасау үшін қолданылады. Бұлардың семантикалық реңінде «шамамен, дәл емес» деген сияқты сема болады. Бұлардың ішінде «Хикметтер» тілінде сахарлары (14б,2) «жалпы ертеңгісін», күндүзләрі (25а, 2) «жалпы күні бойы», кечәлары (25а.3) «түнімен, түні бойы» сияқты көптік жалғаулы мезгілдік сөздер үстеудің белгілі бір тобын (тұлғасы) түзеп тұр.
Қазіргі түркі тілдеріндегідей, сан есіммен келген зат атаулары әдетте көптік жалғауын қаламайды: төрт дәфтәрім (10а.3), йүз мың бәлә (11б.9) «жүз мың (көптеген бәле)», йүз мың тайақ (йүз мың сан есімі нақты санды емес, «сансыз көп, өте көп» деген мағынада келеді) екі ‘аләм (27а,5) екі дүние дегендегі тамурлары деген тұлға өзге жерлерде сан есімсіз тұрған тілларым, сұңгәкларым сияқты, стильдік мақсатпен (көптік мағынамен емес) қолданылған.
Араб тілінің «бұрыс көптік» (ломанов множество) деп аталатын тұлғада келген сөздері аса көп емес, екі – үш жерде кездеседі, мысалы, жекеше «шаих» түрінде келетін сөздің машаийх деген көпше түрі, сондай –ақ халаийқ (жекеше халқ), мәләийк (жекеше мәләк) тұлғалары бар.
Көптіктің көне түркілік – ан/ -ән аффиксімен келген сөздер де өте сирек. Мәтіннен еран «ерлер» (8а,3) деген тұлғаны ғана кездестірдік, бірақ бұл тұлғаның еранлар болып келгеніне қарап, мұндағы -ан қосымшасын көптік мағына беруші деп қабылданбайтыны байқалады, яғни еран тұлғасы «ерлер» емес «ер» дегенмен бірдей сезіледі, сол сияқты арабша көпше тұлғадағы машаих, халаийқ деген сөздерді де тіпті Яссауи заманындағы түркілердің өзі көптік мағынадағы тұлға деп білмегенге ұқсайды, сондықтан олар үшін халаийқ пен халаий-тың, шайх пен машаийқтың айырмасы жоқ, бірінің орнына бірі жұмсала берген: халқ (29а.6) халаийқ (27б.5).
Көптіктің – лар/ -ләр қосымшасының сын есім мен есімше тұлғаларды заттық мағынаға (субстантирование) көшіретін қызметі де ескерткіш тілінде орын алған: йахшылар (15а.4). Хақ әміріне тұтмағанлар (101 б.6), білгәкеләр (101 а.10).
Яссауи тілінде кейбір сын есімдер мен есімше тұлғалардың көптік жалғануынсыз да заттануы орын алады, ал көптік жалғауында тұруы ол сөздің зат есімдік мағынасын тек күшейте түсуге болады. Дегенмен, Самарқанд қолжазбасында көптік жалғаулы сөзді жиірек қолдану көзге түседі: ташқұн келгән дәрйалар дек қайнаб ташсам (14б;10-11), әсіресе – дек деген теңеу жұрнақтарымен келген зат есім көбіне көптік жалғауын тіркеп алады: хилуәт ічрә Алла дегән ‘аишқлар дек / дин үйідә ойғағ йүргән садиқлар дек (45б, 12-14) 6 тұлғалары бар.
Көптіктің көне түркілік –ан/-ән аффиксімен келген келген сөздер де өте сирек. Мәтіннен еран «ерлер» (8 а; 3; 12 б, 2); 94 а, 13 т.т) деген тұлғаны ғана кездестірдік, бірақ бұл тұлғаның еранлар болып келгеніне қарап, мұндағы –ан қосымшасын көптік мағына беруші деп қабылданбайтыны байқалады, яғни еран тұлғасы «ерлер» емес «ер»деген мағынада қолданылған, мұны тіпті Ясауи заманындағы түркілердің өзі көптік мағнадағы тұлға деп білмегенге ұқсайды, сондықтан олар үшін халқ пен халаийқ-тың, шайх пен машаийқтың айырмасы жоқ, бірінің орнына бірі жұмсала берген: халқ (29 а.6) халаийқ (27 б.5).
Көптіктің –лар/-ләр қосымшасының сын есім мен есімше тұлғаларды заттық мағынаға (субстантирование) көшіретін қызметі де ескерткіш тілінде орын алған: йахшылар (15а.4). хақ әміріні тутшағанлар (101а.15), біләкеләр (10 б.2) Ясауи тілінде кейбір сын есімдер мен есімше тұлғалардың көптік жалғануынсыз да заттануы орын алады, ал көптік жалғауында тұруы ол сөздің зат есімдік мағынасын тек күшейте түсуге болады. Дегенмен, самарқанд қолжазбасында көптік жалғаулы сөзді жиірек қолдану көзге түседі: ташқұн келгән дәрйалар дек қайнаб ташсам. (14б.11), әсіресе –дек деген теңеужұрнақтарымен келген зат есім көбіне көптік жалғауын тіркеп алады: хһилуәт ічрә Алла дегән ашиқлар дек/дин үйідә ойғағ йүргән садиқлар дек (45б. 12) Чалләр кезіб, бийабанлар кезіб, қанлар йұтты сияқты бейнелі тіркестерде зат есімдік көптік жалғаумен қолданылған. Қазіргі тілде олар шөл кезіп, тау – тас кезіп, қан жұтты сияқты жекеше түрде қолданылар еді. Әрине, мұнда қан йұтмаса (14б,11) деген тіркестер де бар сірә, мұндай тұстарда көптік жалғауын қабылдау-қабылдамаудың соншалықты айырмасы болмауы мумкін.
Мысалы; айақ басқан ізін көзгә сүрәмән (10а, 13), һәр-босқан ізләріні көзгә сүртсәм (23б, 4). Бұл өлең ұйқасына байланысты болса керек.
2.3. Жақтық тұлғалар
Сөйлемде есім сөздер баяндауыш болып келгенде, жақтық аффикстермен беріледі: І жақта жекеше – мән, көпше түрінде – мыз/ -міз; ІІ жақта – сән, көпше және сыпайы: сыз (ләр): мәні өлгән демәң тірікмән (10 б, 8), бу һауасләр ´ашиқмыз деб йолда қалған (16 а,1), гунаһімдін ұйатлығмән худаға (10 б, 11-12). ІІІ жақта ешқандай қосымша жалғанбайды (қазіргі нормадағыдай): худа рази (20 а, 12), тәңрім күуә (108 а,5).
Баяндауыш болып тұрған есімдерден кейін кейде – дур/-дүр элементі келеді, бірақ ол етістіктердегідей жақтық көрсеткіш емес, модальдық қызмет атқаратын элемент болып есептеледі, яғни іс — әрекетті немесе сын – сипатты білдіріп тұрған сөзге кәмілдік реңк береді: мәнің хикмәтләрім қанд-у´ әсал дүр (8 б, 6) «менің хикметтерім [кәміл] балдай тәтті»; сырдын ма´ ны тұтмагәнләр бигәнәдүр (74 б,8) «сырдың мәнін білмегендер, [кәміл] жат адамдар». Сөйтіп, есім сөздердің жақтық тұлғалардың көрінісі қазіргі қыпшақ тіліндегі нормаларға сәйкес келеді. Жалғаулар – мән, — сән (- бән, -мен, — бен, — мин, — син емес.)
2.4 Тәулдік категориясы
Тәуелдік (меншіктік) мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы берілген. Олар қазіргі түркі тілдеріндегідей жаққа және жекеше-көпшілікке қарай ажыратылады.
жекеше көпше
I жақ –ым /-ім -/ұм /үм -ымыз /-іміз /-ұмыз /-үміз
II жақ – ың /-ің /-ұң /-үң -ыңыз /-іңіз-ұңұз /-үңіз
III жақ –ы /-і /-сы /-сі -лары /-ләрі.
Тәуелдік тұлғадағы сөздің алдында мән, сән, ол деген жіктеу есімдіктерінің келуі стильдік мақсатты көздеуі мүмкін, яғни I, II жақта ой екпінін сөйлеушіге түсіру үшін немесе ұйқас, өлшем сияқты өлең шартына жауап беру үшін тәуелдік жалғаулы сөздің алдына мәні(ң), сәні(ң), оны(ң), есімдіктері тұратын сәттері бар: мәні хикмәтләрім дәрдіңә дару(7б,4). Бұл жерде мәнің деп көрсетуі әңгіме жалпы хикметтеремес, тек автордың (Ясауидің) өзінің ақыл сөзі «дертке дәру» екендігі туралы. Дегенмен, тәуелдік тұлғаларды сөздің алдынан жіктеу есімдіктерінің түсіріліп айтылуы басым. Әсіресе, худайым, игәм, бәндәсі деген сөздер меншіктік мағынаны емес (яғни тек менің қдайым, менің ғана ием, құдайдың меншікті пендесі дегенді емес), айтушының көзқарасын білдіреді, яғни худайым, игәм деп жырлаужалпы діни әдебиетке тән тәсіл; бұл арқылы айтушының (ақынның) және тыңдаушының (оқырманның) Алла-тағалаға деген ықылас-пейіл (көзқарасы) көрінеді: ал бәндесі дегенде ол пенденің «иесі»-өзге емес, Алла тағала екені ойда тұрады.
Залеман қолжазбасында тәуелдіктің синонимі болып атау тұлғадағы сөз бен барыс септіктегі сөз тіркестегі өте сирек ұшырасады, оны: мәні хикмәтләрім сөзләргә сұлта(46б,7) деген бірер сөйлемде көреміз. Сондай-ақ мұнда посесивтік (меншіктік) мағынаны ілік септіктің үстіне —ки аффиксін жалғап білдіру (мәніңки, сәніңки) амалы да орын алмаған.
Тәуелділік жалғаулы сөз ілік септіктегі сөзбен тіркесетіндігі белгілі. Ескерткіш мәтінінде ілік септіктің толық түрімен де (мәні хикмәтләрім, көзіні йашы) мүлде түсіп қалған (айтылмаған түрімен де (хақиқот дәрйасы, жәлм шарабы, хақ нұры, ел көзігә) келген тіркестер бар. Бұл үш түрлі тұлғаның алдыңғысы (келте түрі) жиірек кездестіреді, яғни табыс септік жалғауымен амоним болып келеді. Ілік септіктегі компаненттің жалғаусыз келуі көбінесе хақ нұры, хак уммәті, хақиқат дәрйасы ` сияқты бейнелі тіркестерде көрінеді. Бұл тіркестерді, бір жағынан, лексикалық біліктер дәрежесінде терминдік мәнге де ие болғандар деп тануға болады, өйткені бұлардағы тәуелдік көрсеткіші нақты иелік мәнді білдірмейді: нур хақтың иелігіндегі нәрсе дегенді білдірмейді. Ескерткіштегі әңгіменің тақырыбы мен мазмұнына қарай мұнда I, II жақтағы тәуелдік жалғаулы сөздер ІІІ жақтағыға қарағанда әлдеқайда аздау.
2.5 Септеу категориясы
Бұл мәселе туралы пікірді біз Сыздықованың 1993 жылғы «Ана тілі» баспасында жарияланған «Қазақ әдебиеті тарихы» деп аталатын еңбегінен кездестірдік. Онда Р.Сыздықова септік жалғаулары туралы былай деді: «Септеу жіктеу парадиаграмаларында да «Хикметтер» тілі қазақ тілінен алшақтамайды. Мұнда атау, табыс, барыс, жатыс, шығыс, ілік, септіктері бар… көмектес септікті, білдіретін –мен, -бен, -пен көрсеткіштерімен келетін тұлға жоқ, көмектес мағына бірлә шылауымен берілген. (26,46).
Жай септелу
1-кесте
|
Ілік |
Барыс |
Табыс |
Жатыс |
Шығыс |
Көмектес |
«Хикмет» тілінде |
-ның -нің -ны -ні |
-қа -ка -ға -ға |
-ны
-ні |
-да
-да |
-дын
-дін |
-бірлан -бірла -білан -біла |
Қазақ тілінде |
-ның -нің -дың -дің -тың -тің |
-қа -ға -ке -ге |
-ны -ні -ды -ді -ты -ті |
-да -де -та -те |
-дан -ден -тан -тен -нан -нен |
-мен -менен -бен -бенен -пен -пенен |
Тәуелді септелу
2-кесте
|
|
Ілік |
Барыс |
Табыс |
Жатыс |
Шығыс |
Көмектес |
Хикмет тілінлде |
I жақ |
-ның -нің -ны -ні |
-ға -ка -га -а |
-ны -ні |
-да
-да |
-дын
-дін |
|
II жақ |
-ны -ні |
-га
|
-ны -ні |
-да -да |
-дын -дін |
-бірла |
|
III жақ |
-ның -нің -ны -ні |
-ға
-га
|
-ны -ні -н |
-да
-нда -нда |
-дын
-дін |
|
|
Қазақ тілінде |
I жақ |
-ның -нің |
-а -е |
-ды -ді |
-да -де |
-нан -нен |
-мен -мен |
II жақ |
-ның -нің |
-а -е |
-ды -ді |
-да -де |
-нан -нен |
-мен -мен |
|
III жақ |
-ның -нің |
-на -не |
-н -н |
-нда -нде |
-нан -нен |
-мен -мен |
Негізгі (атау) септік. Бұл септікті нөлдік септік деп атаушылық бар, өйткені, оның да арнаулы көрсеткіші (жалғауы) жоқ, сондықтан өзге септіктерге қарам- қарсы тұрады. Ескерткіш тілінде қолданылу жағдайлары. а) Түрік изафеті деп аталатын құрылымныңның негізгі компаненті болып келеді: көңүл көзі, уәли көңілі, шауқ шарабы, сондай-ақ парсы изафетінің де негізгі компаненті ретінде көрінеді: нур-и иман, фәрман-и субхан, хак-и пай. Бұл септік тұлғасының түркі изафетінің копаненті болып келуі парсы изафетіне қарағанда, хикметтер тілінде әлдеқайда жиірек ұшырайды және олардың көбі тұрақты тіркес-бейнелі фразеологизм мен идиома немесе лексикалық тұтастық болып қалыптасқандар екендері байқалады. Мысалы: шауқ шарабы (құмарлық шарабы), хақ нұры, ел көзүндә.
ә) Күрделі сөз құрайтын еркін тіркестің негізгі (мәнді) компоненті болады, яғни -ет, қыл-, әйлә— көмекші етістіктерімен жасалған күрделі сөздерде келеді: арман қыл, рахым әйлә, рахм ет. Бейнелі фразеологизм мен идиома болып келетін тұрақты тіркестердің де бір сыңары (компоненті) атау тұлғалы сөз болады: бойун сұн-, чарх ур.
б) сифат, кібі «сияқты, секілді», атлығ «атты, есімді» сөздермен тіркескен сөздер атау тұлғада тұрады: тофрағ сипат «топырақ сияқты, топырақ болып». .
в) Жалғаулары түсіріліп қолданылған өзге септіктердің қызметін атқарады. Бұл көбінесе табыс септігінің көрсеткіші (жалғауы) түсірілгенде: үлүш берді(37б,5) мурад топар(5а,9), бустан кезіб(9б,12).
Ескерткіш мәтінінде табыс септігі түсірілмеуге тиіс сәттерде де ол септіктің жалғануы көрінбей ұсынылған құрылымдар жиі кездеседі: сөзүм[ді] дастан етіб мақсатдиә йетсүн(35б,7), Мухаммәд деб тәнә болсаң қолуң[ды] алай(32а,2). Мұндай аутқушылықтар кейде өлеңнің өлшем талабына (буын санының асып кетпеуі), ал кейде тіпті уәжссіз де орын ала береді.
г) Барыс септігінің көрсеткіші жасырын турғанда да атау септік тұлғасы қызмет етеді: жәннәт(қа) кірдім17б15), көз тофрағ[ға] толмасдын бурун(25а,12). Мұның да уәжі-өлең өлшеміне байлангысты.
Мысалы, мына шумаққа көңіл аударайық:
«Құл қожа Ахмәд йашың йетті иігірмә бір
Нә қылғайсән йазуқларың тоғдын оғар,
Разоп қылса қийаматыда игәм қадир
Айа дустлар нечүк жоуоб ойғұм мән-а».
Бұл шумақта өлең жолы 12 буыннан аспау үшін йашың йетті йігермә біргә деудің орнына барыс септігінің жалғауы түсіріліп тур.
д) Атау септік тұлғасының жатыс, шығыс септіктердегі сөздердің орнында келуіде өте сирек болсада орын алады: сахарларда дегеннің орнына сахарлары, қийамат күн (қийаматта немесе қийамат күнінде деудің орнына). Сондай-ақ шығыс септіктің орнында нөлдік тұлғаның келуі бірер тіркесте ғана кездеседі: йол адашты (24б,8) (жолдан адассаң).
Атау септіктің сөйлемдегі қызметіне келсек, ол қазіргі түркі тілдеріндегідей бастауыш, анықтауыш, зат есімнен болған баяндауыш, күрделі баяндауыштың есім компоненті, өзге септіктердің жасырын тұлғада толықтауыш, пысықтауыш болған тұстарында және қаратпа сөз қызметтерін де келеді.
Ілік септік жалғауы.
Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» ескерткіші осыдан 700-800 жыл бұрын жазылғандықтан, бұл көне мұрада қолданылған септік жалғауларының түр-тұрпаты бірінші қазақ тілінде қолданылатын септік жалғау тұлғаларына қарағанда, көптеген өзіндік ерекшеліктермен айқындалады. Енді ілік септігіне тоқталайық.
«Диуани хикмет» ескерткіші тіліндегі ілік септік жалғауы қазіргі тіліміздегідей белгілі бір нәрсенің екінші бір нәрсеге тәуелділігін, меншіктілігін білдіру үшін қолданылған. «Диуани хикмет» ескерткіші тілінде ілік септік жалғауы негізінде жай және тәуелдік жалғаулы сөздерге жалғанып айтылады.
Ілік септік жалғауы қазіргі қазақ тіліндегідей —ның, -нің, -дың,-дің, -тың, -тің сияқты алты түрлі вариантта емес, тек —ның, -нің, -ны, -ні түрінде толық ықшамдалған түрде ғана айтылған. Оның есесіне «Диуани хикмет» ескерткіші тілінде ілік септік жалғауының жасырын түрде қолданылуы өте жиі кездеседі. Жасырын түрдегі ілік септік жалғауының сөз құрамында қолданылуының өзіндік ерекшеліктері мол.
«Диуани хикмет» ескерткіштерінің тілін көне мұралар ескерткіші тілімен салыстырсақ, ілік септік жалғауы көп өзгеріске түспегендігін байқаймыз. Бірақ, ілік септік жалғауының қолдану аясы бір ескерткіште молынан болса, енді бір ескерткіште қолдану аясы тар екені байқалады. Мысалы, VIII ғасырда Орхон ескерткішінде ілік септік жалғауының —ың, -ің, -ның, -нің, түрлері кездеседі. Ғ.Айдаров өзінің еңбегінде Орхон ескерткішіндегі ілік септік жалғауының қолданылу аясының тар екенін айта келіп, былай дейді: «Аффикс родительного падежа в языке надписей и в других памятниках встречается редко. Это в основном обьясняется тем, что данный падеж в то время находился в начальной стадии оформления. Сфера употребления радительного падежа значительно уже, чем другие падежи. (119.)
«Кодекс куманикус» ескерткішінде ілік септік жалғауы —ning,/-ning /-ing /-ing түрінде кездеседі. Мысалы: «balaning basi»-баланың басы. /47;
Көне мұралар тілінде кездесетін ілік септік жалғауының —ың, -ің формасы «Диуаны хикмет» ескерткіші тілінде және қазіргі қазақ тілінде қолданылмайды. Дегенмен, ілік септік жалғауының бұл түрі Маңғыстау жеріндегі халықтың тілінде біз, сіз жіктеу есімдіктеріне басқа дауыссыз дыбыстың айтылмай —ің түрінде жалғанатындығын көреміз. Мысалы: сіздің ауылда да түйе көп бола ма? Ол сіздің неңіз? Ілік септік жалғауының бұл түрі тек біз, сіз есімдіктерімен ғана жұмсалатыны байқалады.
«Хикмет» тіліндегі ілік септік жалғауының —ның,-нің түрі толық түрі түбір сөздерге тікелей жалғанады: Мәннің хикмәтләрім, дәрдінің дауасы, худаның сөзідін. Мысалы: Менің хикметләрім `ишииың сәнәсі; (менің хикмәтләрім).
Мухаббат аһлі дәрдінің дауасы (дәрдінің дауасы); Худаның уаслыға бір йолы иеткәй: (худаның) еранларының айғон сөзін аңламай дүр (еранларының) башға алма бу дүнианың ғәуғасылы. Гүл шауқыдын махаббаттың жәмін ічіб (махаббатның); хақиқаттың майданында ер ол басур (хақиқатның); Қабрның ічідә турмәккә йоқ зәррә мәжәлің (қабырның) қазіргі қазақ тілімен салыстырғанда дауысты дыбыстардан кейін және үнді дыбыстардан кейін «Диуани хикмет» ескерткіші тілінде де қазақ тілінде де ілік септік жалғауының —ның,-нің формасы қолданылған. Мысалы қазақ тілінде атаның, әкенің. Ал, ұяң және қатаң дыбыстардан кейін ілік жалғауының қолданысында өзгешелік бар. Қазақ тілінің нормасында қатаң және кейбір ұяң (б,г,д) дауыссызға біткен сөзге ілік септік жалғауының —тың,-тің түрі жалғанады, ал ұяң (з,ж) дауыссызға біткен сөзге ілік септік жалғауының —дың,-дің түрі жалғанады. Мысалы қазақ тілінде: аттың, арабтың, жұлдыздың. Ескерткіш тілінде бұл заңдылық сақталмайды: хақиқатның майданында ер ол болур(54а5) қабрның ічіндә(45б,12) т.б.
Ілік септік жалғауының толық түрі көптік және тәуелдік жалғауының кейін де қолданыла береді. Еранларының айған сөзін аңламай дүр(45б14). «Хикмет» тілінде көптік жалғауынан кейін —нің,-нің формасы қолданылса, қазіргі қазақ тілінде көптік жалғауынан кейін —дың,-дің формасы қолданылады. (аттардың үйлердің) «Диуани хикмет» ескерткіші тіліндегі ілік септік жалғауының екіншісі —ны,-ні ықшамдалған түрі.
Мысалы: мухаббатны дәрйасыгә чуммагүнгә (47а,6), йахшыларны хак-и пайын сүрмә қылсам (45а,43)). Хақиқатны дәрийасыгә чоммагүнчә(43а,12). Ілік септік жалғауының мұндай ықшамдалған —ны,-ні формасы қазіргі қазақ тілі нормасында кездеспейді. Соған қарағанда, ілік септік жалғауының бұл —ны,-ні формасы қазіргі қазақ тілінде көмескіленіп барып, бірте-бірте қолданудан шығып қалғанға ұқсайды.
Ілік септігінің үшінші түр-оның ешбір қосымша тұлғасыз жасырын түрде қолданылуы. Ондай сөздің мағыналық тұрғыдан ілік септік жалғауынан ешбір айырмашылығы жоқ: йаш орынға қаным төгүб ду`а қылсам. (34а,7),йол үстідә тофрағ сифат чаңылаб йатсам (32а,8), шауқ шарабын ічкән `ашиқ шауқлиқ болар (56а,14).
Ілік септігі жалғауы көрсеткішінің бұлайша бірде түспей бірде тасаланып жасырын келуі оның грамматикалық және сильдік ерекшелігіне байланысты. Ілік пен тәуелдік жалғауының арасында болатын меншіктілік өзара бір-біріне жақын болған жағдайда меншік иесі болатын заттың ілік жалғауы түсіп, оны тәуелдеулі сөз бағындырып тұрады. «Хикмет» ескерткіші тіліндегі мұндай қолданысты біз қазіргі қазақ тілінен (қала халқы, мектеп мұғалімі) және көне мұралар (табғач қоғаны) тілінен кездестіреміз.
Табыс септігі жалғауы.
Табыс септік қимылдың, істің, әрекеттің тура юбъектісін көрсетеді. Бұл септіктегі сөз қашан да болсын сөйлемде тура толықтауыш болып қызмет атқарады.
Қазіргі қазақ тілінде табыс септігінің —ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті, ні түрі бар, ал хикметтегі көрсеткіші -ны,-ні және оның ықшам варианты —н. Екі варианттың қолданысында қатаң тәртіп жоқ; —н қосымшасы кейде III жақтағы тәуелдік жалғаулы сөзге жалғанады; өлеңнің өлшем шартын сақтау үшін де ықшам варианты тұруы мүмкін: шауқ шарабын ічкән `ашиқ шауқлық болур. Бұл жолда септік көрсеткіштерінің толық түрінде шарабыны болып берілуіне өлең өлшемі жібермейді. Ал, білді ерсә дуниасыны талақ қылды дегенде де табыс септігінің толық түрінің келуі өлең өлшемінің 12 буындық болуын қамтамасыз етіп тұр. Ескерткіш мәтінінде тәуелдік тұлғадағы сөздерге толық вариантының(ны) жалғанатындығы басым екенін айтуға болады. Бұл жағынан Ясауи тілі орта ғасырлық қыпшақ-оғыз тілдерінің нормасын сақтаған.
Қазіргі түркі (қазақ) тілдеріндегідей жалқы есімдердің, алдында анықтауышы бар толықтауыштардың тәуелдік жалғаулы сөздердің табыс септік жалғауы түсірілмейді: тілләрімні йүз мың тілсә(62а,3) рузи махшар дидарыны көрәрерміш(17а,2) дегенмен, қолжазба мәтінінде бұл заңдылықтардың да бұзылып отыратын сәттері аз емес: Алла үчүн фәрзәндләрімйәтим қылсам; баһасыз гауһарым наданчә сатмаң(25б,6); Бір нәрсені қатты ескертуге болады; ол — ілік септіктің жалғауы көбіне-көп —ның /-нің емес, —ны /-ні түрінде келеді де сырттай табыс септіктің жалғауымен бірдей тұлғада көрінеді. Бірақ контекске қарай екеуін шатастырмауға болады: мәні хикмәтләрім (мәнің деудің орнына) ахирәтні саудасыны (бұл тіркестегі алғашқы сөз ілік, соңғысы табыс септікте екендігін көреміз). Ал тура толықтауыш пен оған қатысты етістік қатар келгенде және есім мен етістік компоненттерінен тұратын тұрақты тіркестерде табыс септігінің көрсеткіші түсіріліп тұрады. (Қазіргі норммызда да сондай): қолым бағлаб, үліш берді, мурад тапар, ләшкәр түзәб, хикмәт айтыб.
Барыс септік жалғауы.
Барыс септік жалғаулы сөздер сөйлем құрамында әрқашан етістіктермен байланысты, негізінде қимылдың бағытын, мақсатын білдіру үшін қолданылады. Барыс (бағыт) септігінің жалғаулары —қа,/-ға,кә/-гә,-а/,-ә хикмет тілінде кездесетін варианттары, қазіргі қазақ тілінде —қа,-ға,-ке,-ге,-на,-не,-аrе формалары бар.
-қа,/-ға, кә/-гә және ықшамдалған —а/-ә варианттарының жұмсалуы қазіргі қазақ тіліндегідей емес, сөз негізінен морфологиялық тұлғасына (мысалы, III жақ тәуелді жалғаулы сөзге) қарамайды, екеуі де жалғана береді: башымға, йолыңа, көзүмә және хизмәтігә(27а,9). Дегенмен, оғүздық —а/-ә варианты көбінесе I, II жақтағы тәуелдік жалғаулы сөзге жалғануға бейім: мурадыңа, дәргаһыңа, иманыма жіктеу және сілтеу есімдіктерінің барыс септігі тек —а/-ә жалғауымен келеді: аңа, мәңа, сәңа. Қ және к дыбыстарына (ққ, кк) ықшамдау процесін көрсетеді: халқа (халққа болудың орнына), бурақа (бураққа болудың орнына, «пыраққа»), қырқа кірдің (қырққа кірдің деудің орнына) онда да қазіргі нормадағыдай, ықшам варианттың ешбір жүйесіз жалғана беретін де орын алған бүйургана (бүйурганга деудің орнына) оң-у соңа (оңды солға болудың орнына).
III жақтағы тәуелдік жалғаулы сөз бен барыс септігі көрсеткішінің арасында интердиск деп аталатын элементтің келуі мұнда өте сирек, барыс жалғаулы көбінесе тікелей қосылады: ма` нысыгә, йер астыгә. Және бір ескертетін құбылыс: жуан дауысты дыбыстармен келген сөздерде көбінесе жіңішке – гә жалғауы жазылған, бұл жазу тәртібіне қатысты болуы керек.
Барыс септіктің түсіріліп айтылуы негізінен жалқы есімдерде және дохаз, жәннәт сөздерінде байқалады: жәннәт кірдім дахоз күйгәй. Оңта- текте өлшеміне қарай барыс септігінің түсіріліп айтылуы да орын алады: ай йранлар йашым йетті йігірмә үч – йігірмә үчкә деудің орнына, әрине бұл өлең өлшеміне қатысты.
—қа,/-кә, -ға /-гә қосымшаларының соңында р дыбысы бар (қар,/ғар) вариант мұнда жоқ. А.М. Щербактың көрсетуі бойынша —ға тұлғасы осы —ғар дегенмен ықшамдалған, ал бағыт мағынасын беретін —рә қосымшасымен біздің мәтінімізде тек ічірә сөзі кездеседі: дәрйа ічірә «дария ішінде», бустан ічірә «бақ ішінде».
Жатыс септік жалғауы.
Жатыс септік кеңістік пен уақытты білдіреді, оның көрсеткіші қазіргі тілдердегідей –да/-дә: өләр уақтыда, йер астыда, халқ ігідә, йігілрлә йеті йашда. Бұл қосымшалардың қатаң түрі (-та) өте сирек кездеседі, және ол бір әріптің қосарлана екі рет келетінін ташдид арқылы жазылған жерлерде орындалған, қалған жағдайдың бәрінде қатаң,ұяң оппозицияның тек ұяң (-да/дә) варианттарымен келеді, сірә бұл жерде көнеден келе жатқан түркі жазу дәстүрі (орфографиясы) орын алған болар. Әйтпесе, Яссауи дәстүрінде дыбыс үндестіктері едәуір сақталып отырған. Септіктің бұл түрінде кездесетін қыстырынды, яғни интердикс н элементі бір-екі –ақ сөзде орын алған: ічіндә (муның ічідә варианты бар) және (хикмәтін дә варианты кездеседі. Демек Яссауи тіліне қыстырынды н тән емес. 3 жақтағы тәуелдік жалғаулы сөзге жатыс септігінің алдынан дәнекерлеуші н элементінің жалғануы ертеректегі (15-17ғ. дейінгі) жазба ескеркіштер тіліне тән дегенді айтады.
Шығыс септік жалғауы.
Шығыс септіктің мұндағы жалғауы –дын/-дін. Мұны Ә.Нәжіп көне ұйғыр жазбаларына және ортаазиялық ескерткіштер тіліне тән варианты деп табады. Және –дын/-дін ортағасырлық көптеген түркі ескеркіші тіліне, сондай-ақ Еділ бойы түркілеріне тән екендінгін айта келіп, Сайф Сараидың «Гүлстан»деген ескерткішінде шығыс септік –дан,-дән вариантында келетіндігін көрсетеді. Шығыс септіктің –дан,-дән,-дун, -дүн және қатаң дыбыстан басталатын варианттары жоқ. Бұл септік жалғанаған сөзіне қазіргі түркі тілдеріндегідей шығыстық (исходное), себептік (трансциссивтик –бір күйден екінші күйге ауысу) мағыналарды береді. Худайдын тіләб падшаһ қылурмән(454а,7), Ғам шиқыдын барыб тойғунга татың(52а,8); йолдан азған құлларыңны салғыл йолға(46а,8), хақиқатдын сөзләнім иштмәдің(49б,5)
Шығыс септік тұлғасындағы сөзбен келетін бірқатар тұрақты тіркестер бүгінгі қазақ тіліне де тән. Мысалы, күндін күң (күннен күнге) жандын кеч-, «жанына кечу» йолдан аз –«жолдан азу». Шығыс септіктің жасырын түрі өте сирек адашсың дегендей бірер жерде ғана кездеседі.
Көмектес септік.
«Диуани хикмет» ескерткіші тілінде көмектес септіктің қазіргі қазақ тіліндегідей арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ. Грамматикалық көрсеткіштің орнына бірлан, білан, біла сияқты шылау сөздер қолданылған. Ал қазіргі қазақ тілінде көмектес септіктің –мен (ен), -бен (ен), -пен (-ен) деген арнайы тұлғасы бар. Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат –ит тур» еңбегінде екі түрлі айтылады: бірле, біле (түн күн білсе севнелім)
Одан басқа Алтын орда мұралары «Гүлстан бит-турки», «Codex Cumanious», «Мухаббатнаме» ескерткіштер тілінде кездеседі. Осы көмектес септіктің шығуы туралы Ә.М. Ибатов мынандай ой айтады: «Бұл көмектес септіктің тұлғалық құрамы ме-ні мен, ми-ні-нен, ме-ни-ле деген сияқты жеке бөлшектерден тұрады. Ондағы —ме-ми дегендер бір кездерде толық түрде қолданылғанның морфемасының фонетикалық өзгеріске түсе ықшамдалған дәрежесінің бір көрінісі, —мен- нень, -ме дегендер көмектес септік жалғауы. Олар ертеде толық мағыналы сөздерде бірлән >билән >білә >ілә >лә //ле; бінән >мінән >інән >нән >мынан >менен >ман >мен деген сияқты жолдан пайда болған қосымшалар». (29,70 );
2.6 Сын есім тудыратын жұрнақтар
Ясауи «Хикметтерінің» тілінде сын есімді сөздер ас көп емес барларының көбі бейнелі тіркестердің компаненті ретінде тұрақты эпитет болып келеді: қара йүз, чсен дус, йаруқ дуниа, қызыл йүз, сары йүз, иахшы сөз. Бұлардан басқа бірнеше реттен, әртүрлі сөздермен тіркесіп келетін ұлұғ, кігіг, йахшы, қамұғ, ариғ, аччық, мұңлұғ. Сияқты түркі сын есімдері мен `азиз, күлли, пак, `ажаб сияқты бес-он араб, парсы сын есімдерін көре аламыз. Түркі тілдік сын есімдердің басымының соңғы дыбысы ғ болып келгендігі көзге түседі (сарығ, ұлұғ, қайғұлұғ, соңлұғ) Тек сын есімдер емес, туфрағ, ғырағ сияқты зат есімдердің де соңғы дыбысы қ емес, ғ таңбасымен берілген. Сөз соңында ғ дыбысының келуі: 1)Орхон жазбалары тіліне, 2) көне ұйғыр ескерткіштері тіліне 3) «Құтадғу білікке» 4) Рабғузидің «Қисасұл-әнбийасы» тіліне тән.
Қолжазбада сын есім жасайтын —лығ/-ліг -лұғ,-лүг жұрнағының соңғы дыбысы дәстүрлі ғ-мен де, қазіргі қыпшақ тілдеріне тән —қ мен де берілген: сынұқ, аччық. «Хикметтер тілі» поэзия тілі болғандықтан, мұнда сын есім анықтауышы, көріктеуші қызметті суреттеме тіркестер көбіне —көп –ған/-гән жұрнақты есімшеге иек артады: йолга кіргән талиб; һәрбір боскан ізләрін;
Өнімді түрде қатыстық сын есім жасайтын екінші жұрнақ —сыз/-сіз: түбсіз дәрйа, баһасыз гауһарым; шу`ласыз йер; `шиқсыз адам.
—сыз жұрнағының зат есімге жалғанып, оның болымсыздық мағынасын білдіруі сын есім жасайтын қызметіне қарағанда жиірек кездеседі. Болымсыз мағынасы бар сын есімдер көбінесе парсының би-префиксімен келген араб, парсы тұлғалары болып келеді: би хабар-ей бихабар сән бір сәбәб рузы асрар би сир, би ихтийор, би таһарат.
—лық, сыз жұрнақтарымен, —би префиксімен жасалған сын есімдер сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады, ал, —сыз жұрнағымен келген есімдердің бірқатары заттық мәнеге ие болып, бастауыш, толықтауыш, есім баяндауыш болады.
—сыз жұрнақты сөздің қызметін атқарып, сөйлемде, пысықтауыш болып келуі де өте сирек: пирсиз һәр кез шауқ шарабын татыб болмас(63б,14), рисәласыз йолға кірдім қалиб түздім(58а,12).
Ескерткіш тілінде –дек, -тек жұрнағымен жасалған салыстыру, ұқсату мағынасын беретін сын есімдер бар: айина дек, чаррағдек(54б,13), Мұстафа дек(45а,15).
Бұл жұрнаққа қатысты прфессор Б.Сағындықұлы былай дейді: бұрынғы кезеңде бұл жұрнақ шылау ретінде қызмет атқарған, кейіннен жұрнаққа айналып кеткен. Толық формасы Орхон Енисей жазбаларында сақталған: тек /ин/тек; жуан варианты тақ/ын -жақын, тектес, сияқты деген мағынана білдіреді. Р.Сыздықова оны былай деп түсіндіреді: бұл жұрнақтың –дақ варианты есімдіктерге жалғанған тұстарда көрінеді: ондағ, андағ, амандағ. Соңғы дыбыс көрсетілген сөздер салыстыру, ұқсату мәндегі сөздердің (есімдіктерден жасалған сын есімдіктердің) көне түркі жазба дәстүрлердің жалғасын танытады деуге болады: андағ (андағ; ошундағ /шундағ параллельдері араластықтың көрінісі деуге болады. Қазіргі қыпшақ тілдеріндегідей мысаолы, қазақ тіліндегідей бұл жұрнақтың соңғы ғ,г дыбыстарының й дыбысына ауысқан варианты (-дай, -тай ) ескерткіш мәтінінде жоқ.
ХІІ ғасыр ескерткішін «Һибат-ул хақаийқта» бұл жұрнақ дәг деп беріледі: Кечар йел кечар дәк маза муддаты (рахат дәурені зу еткен желдей өте шығады). (31,18).
Сын есімдердің шырай жұрнақтарымен келуі, яғни шырайлық көріністері жоққа тән. Әсіресе, интенсивтік мағынанаң күшейткіш буын арқылы жасалуы (мысалы, қып-қызыл, қап-қара, үп-үлкен т.б.) мүлде орын алмаған, күшейтпелі шырай деп сын есім тұлғасы (тым ауыр, ең күшті, өте жақсы), да,-рақ,-рәк, -лау, -ләуқ (қаттырақ, қаттылау) дегендей жұрнақтарымен келген сын есім де мұнда жоқ деуге болады.
- Етістіктің жұрнақтары
Ясауи хикметтерінің Самарқанд қолжазбасында туынды етістік тұлғалары морфологиялық және синтаксистік амалдармен жасалған болып келеді. Зат есім, сын есімдермен етістік тудыратын жұрнақтар ескерткіш тілінде едәур кездеседі. Олар: 1. —ла/ -лә: сөзлә; ізләп, йүрәр; йығламай дүр. Мәтінде жиі кездесетін аңла; бағла, іншә, йүзлә; ташла; тыңла; чаңла; сияқты көптеген етістіктер түркі тілдердің зат есімдерінен жасалған туынды етістіктер. Бұл жұрнақ –ең бір өнімді элемент. Ол тек түркі түбірлері емес, араб-парсы сөздерінен де етістік тудырады: хашла «құпта», озизла «құрметте». Бірақ бөгде тіл түбірлерінен —ла аффиксмен жасалған етістіктер аса көп емес, олардың орнына кейде араб; парсы сөздерінің көмекші етістікпен тіркесуді арқылы жасалған күрделі етістіктер жиі кездеседі: зари қылурмән зарламан емес, тәмәм қылдым – тамамдадым емес, байон әйләб – баяндап емес, талаб қылыб – талаптанып емес.
- /-а/-ә жұрнағымен жасалған етістіктер бар: өрт + ә-мә + гән, тіл + ә+ б.
- -іт жұрнағымен жасалған бір етістік: берк + іт + іб
- -са жұрнағы су сөзіне жалғанып, су + са + п чәнкәб деген қос сөз болып тұрған етістіктің бірінші компанентін жасаған.
- -ра (н) /-рә (н): инран + сәм мән.
- -ай (т): сарығ + айт, қызыл йүйзіні сарғайтмайн. Бұлардың барлығы да түркі сөздері түбірлерінен жасалғандар, бұл түбірлердің ішінде йығ «жылау», (з.е), ин «ыңырану» (стон), аң «ақыл», тың (дыбыс) сияқты түбірлер өте көне, бұл күнде тіпті Ясауи кезеңінің өзінде жеке қолданылмайтын сөздер, сондықтан йығла; инран; тыңла; аңла деген тұлғалар біртұтас күйінде жеке сөз ретінде, сол күйінде «цементтелген» дүниелер болып табылады. Сол сияқты осы мәтінде кездесетін ай + лан (айланмады), охша (ұқса), сияқты етістіктер де туынды болғанмен, олардың түбірлері: ай, ох, тұлғалары жеке кездеспейді, бұлардағы -лан, -қар, -ма элементтерінің етістік тудырушы жұрнақтар екені даусыз. Мұндағы бұлардың бәрі ескерткіш тіліндегі жаңа туындылар емес. Түркі түбірлерінен жасалған, ескерткіш мәтінінің өзіне ғана тән етістіктер жоқ. Сірә Ясауи заманында-ақ, оның ішінде ескерткіштің өзінде түркі түбірлерінен жұрнақтар арқылы жаңа етістік тұлғаларын жасау амалы актив процесс болмағанға ұқсайды.
Ескерткіш тіліндегі етістіктердің құрамында кездесетін жұрнақтың екінші тобына сөз тудырушы емес, етістіктің әр түрлі семантикалық категорияларын, А.М. Щербактың атауынша, етістіктің перодаларын, өзге түркологтарша етістік түбірінен жасалған екінші етістіктерді. Яғни етіс, шақ, жақ түрлерін жасайтын элементтер жатады. Олардың ішінде мәтінде жиі кездесетіні мыналары:
1.Өзгелік етістің —дұр/ -дүр, -тұр/ -түр жұрнағы: йүрәк күйдирәр сән; Алла дебан ічгә нураны толдұрмасәң. Бұл аффикстің ұяң д дыбысынан басталатын варианты жиірек жазылған: йақдүргучі, өлдүр; көңіл үәдүрміндүрділәр мұның қатаңнан басталатын варианты некен-саяқ жазылған: келтүрділәр. Бұл аффикстың қысаң дауыстарымен келетін —дыр/ -дір, -тыр/ -тір варианттары мұнда жоққа тән.
- Ырықсыз етістің —ұр/ -үр/ -ар жұрнағы ч,т дыбыстарына аяқталатын түбірлерге жалғанады: мәй ічүрді, гунаһімні кечүргәйму, бұл етістік тұлғасында ырықсыз етіс мәнә жоқ: татурил, кетүрді, качурды.
- Ырықсыз етістің —т/-ыт/ -іт жұрнағы йарт; тебрәт; беркіт; өргәт; ұшат; сияқты етістік сөздерде кездеседі: сізні бізні хақ йаратты; үч йүз алтмыш тамурларны тәбрәт мәсәң. Бұларда да етіс семантикасы әлсіз йарат; тәбрәт етістіктерінде —т жұрнағы түбірмен «Консервіленіп қалған» деуге болады. Бұл аффикс «айту, сөйлеу, деу» мағынасындағы ай-деген түбіріне де жалғанып, айт-тұлғасын жасаған, мұнда да ырықсыз етіп мағынасы жоқ, ай-/айт болып вариант қатарын түзейтін сөз жасаған, бірі-көне (ай), екіншісі Ясауи заманында-ақ актив қолданыстағы сөз (айт) болып қалыптасқан, ескерткіш тілінен екеуі де орын аяғын: ай-көне түркі тілі (ұйғыр жазбаларынан) дәстүрлі болса, екіншісі (айт) -XI -XII ғ. жазба тілдің де, Ясауи хикметтерін пайдаланушы жергілікті тайпа тілдерінің де нормасы болып табылады. Демек, —т/ -ыт/ -іт аффиксі етіс жасаушы көрсеткіш ретінде көрінуі Ясауи тілінде өте әлсіз, мұнда Шығыс Түркістан ескерткіші тілінде кездесетін қачытты «қашырды», оқтатты «оқ атты», құулаттмады «қуаламады», түчәттіләр «түчесті, тауысты», сықтатты «жылатты», олтуртты «отырғызды» сияқты туындылар біздің мәтінімізді жоққа тән. Бұл құбылыс – жұрнақтың өнімсіздігінен емес, ол, зерттеушілердің айтуына қарағанда, ырықсыз етіс жұрнақтарының әртүрлі болып келуі олар жалғанатын сөз түбірінің қандай дыбысқа аяқталатын түбірге жалғанады: йығла + т «жылат», үчра+т, «ұшырат», олтур+т «отырғыз», көкәр+т «көгерт».
3) -сәт жұрнағы тек көрсәт деген бірер етістікте көрінеді: `шиқ бағыны михнәт тартыб көрсәтмәсәң. Бұл жұрнақ өте өнімсіз болғандықтан; орта ғасыр түркі ескерткіштерінің қай-қайсында болсын сирек кездеседі.
- -уз /-үз: ақ+уз: көз йашымны ақузуб
- 5. -ар, -әр: чықар: чықарса көксідін һар лазха йаһу
- -ғуз /-гүз: турғүзұр, кіргіз йолгә, тіргүзділәр. «тірілтті».
- -ғұр /-гүр: оғургучі. Бұл аффикс те Ясауи тілінде өнімді емес, ол тіпті біл; ер; түбірлерінен білгүр; ергүр сияқты етістіктер жасалмайды. Белгілі түркі танушылар айтқандай, ырықсыз етіс жұрнақтары салт етістіктерге жалғанғанда, көбінесе етіс мағынасын тудырмайды, сол туынды тұлғаны сабақты етістікке айналдырмайды, мысалы: көр – салт етістік, көр + сет сабақты етістік, чық – салт, чық ар – сабақты етістік.
Ортақ етіс тұлғалары —ш/-ыш/-іш/-уш жұрнақтарымен көрінеді: йығлашадүр, сөзләшдім мән, ізләшдім, йүзләштім.
Өзіндік етіс жасауда —ун/-үн/-н/-ын/-ін жұрнағы қолданылған: көрүнмәді, қабрің ічідә дохоз отыға күйүнүрсән, сүуүннүрсән, білінұрсән, өртәніб, инрәнмай «еңрілемей». Ырықсыз етіс –ыл, -ул жұрнағымен жасалған: ачылғай му «ашылар ма екен», сачылғайму, қошумурсән, қырылмадым сөйтіп, етіс тұлғаларының көрінуіне келгенде, Ясауи тілі оғыз – қарлұқ негізінде қарахандықтар заманындағы қарлұқ-ұйғыр тілдеріне негізделген «Қутадғу білік», «Хчебат-әл хақошу» Рабғуызидің «Қысас әл-әнбия» сияқты ескерткіштердің тілінен ерекшеленіп тұрады. Мұның дәлелі ретінде бұларда орын алған көптеген етіс тұлғалары біздің мәтінімізде жоқ екендігі көрсетіледі.
Көсемше тұлғасы.
Қолжазбада көсемшенің төрт түрлі тұлғасы орын алады, олар: 1) – а/ -/ -й;
2) – ыб/-іб – б;
3) – ыбан/-убан/-бан;
4) – ғалы/ -қалы.
— а/ -е/ -й аффиксі ашық райдың ауыспалы және келер шағын жасайтыны жоғарыда айтылды. Бұл жұрнақ ондай-ақ күрделі етістіктің, яғни аналитикалық құрылымның компоненті болады: ача білмәс (27 а, 12), ічә білсә (27 б, 11), ала көргін (13 б, 4), ічә бердім (45 а, 13). Бұл құрылым ал – етістігімен келгенде, екі сөз кірігіп, біріккен тұлға түрінде (қосылып жазылып) берілген: қылалмадым (60 б,4), болалмадым (60 б, 5), еталмай (61 б, 11), бір қызығы: мұндай кірігу болымсыз етістіктерде ғана байқалады.
— а/ -е/ -й жұрнақты көсемшенің жіктік жалғаусыз жеке баяндауыш қызметінде жұмсалуы және – ер/ — е (бара ерді) көмекші етістігімен келуі мұнда жоқ.
Көсемше тұлғалы етістіктің екі рет қайталанып (қосарланып) келіп, іс – қимылдың созыңқылығын білдіретін қолданыстары бар: зәкир құлы айта – айта шаỷқы артар (49 б,13), Алла дей – дей дәрді бірлә өлүб кетсәм (13 б, 2). Біздің қолжазбамызда көсемшенің болымсыз тұлғасына (- ма+й) көмектес септіктің көне көрсеткіші – ын/ -ін аффиксі жалғанып келетін сәттері бар, бірақ бұл аффикс ешқандай қосымша мағыналық реңк бермейді: хан –у мәнін сарф етмәйін көрмәс дидар (74 б, 3); тоққуыз са‘ат тұралмайын көккә ұчтұм (89 б, 5). Бұл тұлға сирек кездеседі, көбінесе болымсыз көсемшенің – ма + й аффиксті түрі қолданылады.
— а/ -е/ -й жұрнақты көсемшенің болымсыз түрі (- ма +й) бағыныңқы сөйлемнің немесе үйірлі мүшенің баяндауышы болып келеді: көз йашыны нийазыны қолгә алмай / асрар йолын марданларча білсә болмас (43 а, 2,3). Қолжазбада көсемшенің – а + тұрур (бара тұрур) тұлғалы қолданысы жоқ.
— а/ -е/ -й жұрнағының – йу/ -йү параллелі біздің қолжазбамызда орын алмаған.
Көсемшенің ең өнімді (жиі қолданылған) тұлғасы – ыб/ -іб/ — уб/ — үб/ -б жұрнақты түрі. Ол: 1) күрделі етістіктің компоненті болып, 2) бағыныңқы құрылымның компоненті болып, 3) бол – етістігімен тіркесіп, 4) қимыл амалын білдіретін тұлға болып қызмет атқарады: бу йолларны көрмәй білмәй блмас йүрүб (27 б, 1); ‘ашиқ болсаң кечә күндүз тынмай йығла (19 б, 4 — 5); сахар ỷақты қолұм бағлабду‘а қылсам (13 а, 1), башын ұрұб қол қушұрұб та‘зим қылды (11 б, 13).
Бұл тұлға жеке бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып та келеді: йүрәгі өртәніб көз йашы ақғай (6 б, 7-8); ортақ бастауышты құрылымдарда да жиі қолданылады: рийазатта қаттығ тартыб қанлар йұтұб / мән дәфтари сәни сачтым ән – а (77 а, 4,5) “қатты тежеп қан жұтып [жүріп] мен екінші дәптерімді (яғни кітабымды) тараттым, яғни жаздым, көпке ұсындым – шаштым).
—ыб аффиксті көсемше көбінесе іс – қимылды білдіретін екінші етістіктің мағынасын анықтап тұрады: ешітіб ұқ (7 б, 12), чаңлаб йатсам (13 б, 12), қорқұб тансам (14 б, 9) немесе күрделі етістіктің негізгі бөлігі болып жұмсалады: өлүб кетсәм (13 б, 2), оқұб көрсәң (6 б, 2).
-ыб аффиксті көсемшенің жеке тұрып жіктік жалғауы мен келуі сирек болса да кездеседі: умид бірлә келібмән дәргаһіңә Аллаһым (32 а,5). Бұл жерде келібмән (келіппін) тұлғасы бұрын болып өткен іс – қимылдың нәтижесін атайды.
— ыб тұлғалы көсемшенің тұру көмекші етістігімен келуі де сирек: ма‘лум қылсақ наỷбат бізгә йетіб тұрур. Бұндай конструкция шығыстүркістандық ескерткіштер тіліне тән.
— ыб аффиксті көсемшенің болымсыз түрінде ( -мас жұрнақты) модальдық реңк болады, яғни бұл тұлға арқылы сөйлеуші (субъект) осы іс – қимылдың орындалмайтынына меңзейді (қазіргі қазақ тілінде де осылай).
Көсемшенің талданып отырған тұлғасының – ыбан/ — ыпан/ — бан/ — бән варианты да қолжазбада орын алған: көз йашыны ағузубан жала қылур (50 а, 14); рахман тәнрім рахм әйләбан кіргіз йолгә (44 а, 1). Бұлардағы ағузубан, әйләбан тұлғалары ағұзуб, әйләб деген тұлғамен бірдей. А.М. Щербак, Э.Фазылов сияқты зерттеушілердің айтуына қарағанда, — ыбан аффиксті көсемше көбінесе поэтикалық мәтіндерде, «Құтадғу білікте», манихей жазбаларында, ескі өзбек тілдерінде жиі кездеседі. Біздің қолжазбамызда – ыб пен – ыбан параллельдері кезек қолданыла береді, олардың не мағыналарында, не қызметтерінде айырмашылық жоқ, тіпті өлең өлшеміне қарай да алмасып отырады деуге болмайды. Біздің қолжазбамызда – ыбан тұлғалы көсемшенің қолданылуы, сірә, дәстүрге бой ұру болар, яғни көшірушілердің қолы дағдылы тұлғаға барып қалып отыруы әбден мүмкін, өйткені қолжазбаның 13 –бетінің 6 –жолында ағузубан деген жазуды көшірушінің жол қиығына (полясына) ағузуб деп түзеткені көрініп тұр.
Біздің мәтінімізде – ыб/ -іб/ -б аффиксті көсемшенің болымсыз түрінің – майын жұрнақты (бармайын) параллелі де сирек болса да кездеседі: сарғатмайын (86 а, 7), сарф етмәйін (74 б, 3). Мұның түркі ескерткіштерінің өзгелерінде кездесетін – матын/ -мадын деген фонетикалық варианттары жоқ.
Көсемшенің – ғалы/ -гелі/- қалы/ — келі аффиксті тұлғасы іс –қимылдың орындалу – орындалмау мақсатын білдіреді, бірақ бұл да өте сирек қолданылған: Ясауидың тотысы пәрỷаз етәдүр ұчғалы (52 а, 5,6); игәм рахман ‘арз еткәлі келдүм мән – а (103 б, 4).
— ғач/ -гәч жұрнақты мезгілдік мәнді көсемше тұлғасы тек бірер жерде ғана кездесті: Мансур келгәч дар егіліб өзі алды (57 б, 10, 11). Бұл тұлға қазіргі қазақ тіліндегі – ғасын < + ан +нан + соң/ — гесін қосымшалы тұлғаға сәйкес: таң атқунча еңрәб чықсам дәрді бірлә (15 а, 5, 6); йүрсә болмас пир хизмәтін етмәгүнчә (21 а, 2); жандын кечіб тариқаткә кірмәгүнчә (73 б, 1-2).
Есімше тұлғасы.
Ескерткіш қолжазбасы мәтінінде кездесетін есімшенің аффикстері:
- – ар/-әр/-ур/-үр/-р/-йур/-йүр;
- –ған/-гән/-қан/-кән/-құн/-күн;
- –мыш/міш;
- –ғу/-гу;
-ар жұрнақты есімше жоғарыда көрсетілгендей, ауыспалы шақты, белгісіз келер шақты білдіреді. 1 – топтағы жұрнақтардың езулік (- ар/-әр) және еріндік (-ұр/-үр/-йүр) дауыстылармен берілуінде белгілі бір қатаң заңдылық жоқ: еріндік дауысты – ұр/-үр/-йүр варианты жалғанатын сөздегі дауыстылардың езулік – еріндік болып келуін талғамайды, яғни сөз негізі езулік а, е, ы, і дыбыстарымен келсе де жалғана береді: қылур, ерүрсән, берүр, алұр, білүрсән, ал – йұр вариантымен мұнда тек дейүр, ойұр деген екі етістік кездеседі.
Кәмілдікті немесе болжалдық мағынаны білдіруде есімше тұлғасы ерміш («екен») көмекші етістігімен берілгенде де, — ар вариантын қалайды: қылар ерміш (35,2), ұчар ерміш (37 а, 9), йүрәр ерміш (36 а 12); және бір ескеретін жайт: қыл – етістігі осы сәттен басқалардың бәрінде де – ур вариантымен келген: қылурмән (8 ), қылур (6 а, 10).
— ұр/-үр варианты негізінен үнемі болып жататын іс-қимылды, яғни ауыспалы осы шақты білдіргенде қолданылады: хайран бақамән көзүмға йалғуз көрүнүрсән (34 а, 12-13); жанымны берәй[ін] ‘ишқ дукәнін қайда құрұрсән (34 а, 11); ал – ар жұрнағымен жіктеліп келгенде, көбінесе келер шақтық мағынаны білдіреді: сізләр үчүн көб тартармән хақдын күлфәт (26 б, 1).
— ған жұрнақты есімше жай сөйлемнің баяндауышы қызметінде сирек кездеседі, мұндайда ІІІ жақта көбінесе – дүр формантымен келеді: дидар көрүб чин өлгәндүр, дустларым – а (32 а, 3) «[Алла тағаланың] жүзін көріп, шынымен өлген-ді (өлген екен), о достар».
Есімшенің – мыш/-міш жұрнағымен келген түрі – ған/ — гән жұрнақты түріне синонимі болып көрінгенімен, әрдайым оның орнын баса алмайды, өйткені ол жіктік жалғауларын қабылдамайды және шақтық мағына бермейді.
Перфект мағынасында – мыш жұрнақты есімше бір ғана жерде кездеседі: аỷлийалар ойасы нурдын болмыш деді – йа (104 б, 2,3). Мұндағы болмыш тұлғасы болған дегеннің синонимі.
Есімшенің келесі түрін (тобын) –ғу/-гу/-қу/-қу жұрнақтары жасайды да, жіктік жалғауларын қабылдап, кәміл келер шақты білдіретін тұлға ретінде жұмсалады: ахир бір күн көрсәтгусі сәңә дидар (22 а, 11-12) «[Алла тағала] ақырында саған өз дидарын көрсетеді».
— мақ/-мәк жұрнақты етістік тұлғасы қолжазба мәтінінде қимыл есімі ретінде еркін қолданылған: ічмәк йемәк (29 б, 6), күймәк йанмәк (63 б, 2) сияқты қос сөз тұлғаларын да жасаған. Есім болғандықтан септік, жіктік, тәуелдік жалғауларын қабылдай береді: ‘ақил болсаң йығламақны‘адәт қылғын (1б 7); жан бермақдын қаттығ‘ишқ йүз ‘ азаб (76 б, 5). Бұл тұлға барыс септікте тұрғанда мақсат мәнін береді: мәләку-л -маỷт жан алмаққа келміш ỷақтда (69 б, 3) ‘ мәләк ул маỷт жан алмаққа (жан алу үшін) келген кезде». Ал керәк сөзімен тіркескенде іс – қимылдың орындалу – орындалмау қажеттігін білдіреді: нәдамәтлық болұб құллығ қылмақ керәк (97 а, 1,2).
ҚОРЫТЫНДЫ
Ахмет Ясауидің есімін әлемге мәшһүр еткен шығармасы «Диуани хикмет». Оны «Даналық кітабы» деп те атаған. Ақын өз кітабын Орта Азия мен Қыпшақ даласының түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған құран мен түрлі хадис, тефсирлерді түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фальклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдаланып жазылған дидактикалық-этникалық туынды болып табылады.
ХІІ ғасыр тақырыбы мен стилі жағынан басқалардан өзгеше тұрған түркі ескерткіші – Ясауи «Хикметтерінің» тілі мен стильіне, тілдік сүйегіне атақты түркітанушылар П.М.Мелиоранский, академик К.Залеман, академик С.Е.Малов, А.К. Боровков, профессор Ф.Копрулу, А.Н.Кононовтардан бастап Ә.Нәжіп, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак, Э.Рустамов, К.Ераслан, А.Серткая, А.Ержиласун сияқты өзбек, орыс, түрік ғалымдары назар аударып, сөз етті. Бірақ олардың пікірі бірізді емес.
Қазақстаннан Залеман тексті бойынша зерттеу жұмысымен айналысып келе жатқан ғалым – Р.Ғ.Сыздықова. Бұл еңбекті зерттеу барысындағы алға қойған мақсаттардың бірі – Ясауи хикметтері тілінің сүйегі түркі тілдері тобының қайсысына жатады немесе қайсысына жақын, соны анықтау. Ол үшін ақын мұрасының бізге жеткен қолжазбалары мен жарық көріп келген, келе жатқан басылымдары бойынша жеке -еке де, топтастырып та, олардың тілін барлық құрылым параметрі жағынан, яғни фонетикалық – графикалық, орфаграммалық көрінісіне, лексикалық құрамына, морфологиялық бітіміне, синтаксистік оралымына қарай талдап, түгелдеп алып, түркі тілдерінің қай тобына және қазіргі түркі тілдерінің қайсысына жақынырақ келеді деген мәселеге тоқталу.
Өйткені, 1950-1980 жылдары ескі жазба мұраларды иемдену бел алған болатын. Ясауи мұрасын өзбек, түркімен халықтары өздерінің әдеби тілінің бастауы деп иелік еткен.
Тек соңғы онжылдықтарда «Ясауи хикметтері – қазіргі түркі халықтарының ортақ мұрасы» деген байлам орынға бастады. Көне және орта ғасырлардағы түркі ескерткіштерінің тілдерінің қазіргі түркі тілдеріне қатысын зерттеуде тарихи –лингвистикалық ізденістер бұл жерде тарихи түркологияның өзекті тақырыбына айналып отыр. Бұл жерде тарихи салыстырмалы әдіс қолданылады. Осы жерде айта кету керек морфологияның маңызы зор. Алдымен, ескерткіштер тілінің грамматикалық ерекшеліктерін зерттеп жеке морфологиялық тұлғалар мен жеке сөздерді түгендеп алу қажет, яғни сөздің морфологиялық құрылымына талдау жүргізу керек.
Сонымен, алға қойылған мәселенің бір жолы – ескерткіштер тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталу. Ол үшін алдымен сөзге анықтама беру керек. Жұмысымызда сөзге анықтама беруде 36 ғалымның 6 түрлі бағытта айтылған пікірлеріне және басқа да ғалымдардың айтқан пікірлеріне сүйендік. Сонымен сөз дегеніміз-белгілі бір ұғымның атауы ретінде қолданылатын дыбыстық комплекс.
Енді осы сөздің құрылымына келетін болсақ, ол түбір және қосымша морфемадан тұрады.
Ескерткіш тілінідегі сөздердің құрылымы да дәл осындай. Онда да сөздер сөз мағынасының негізгі ұйытқысы болатын, тұлғалық та, мағыналық та дербестігі бар түбірден және мағыналық та тұлғалық дербестігі жоқ қосымшалардан тұрады. Ескерткіште 300 -дей түбір сөз қолданылған. Түбірлердің құрылымы бір буынды, екі –үш буынды болып келеді.
Зат есімнен: ел, гүл, жан, ешік, тофырағ, ұжмах, йол, йар, рахман, дұшман, тәңірі.
Сын есімнен: тоқсан, кічік, сарығ, йалған, чин, йаш, ұлұғ.
Сан есімнен: йуз, мың, беш, уч, екі, игірмә, сәккіз, бір, тоққұз, он, алты, йеті, отұз, қырқ, еліг.
Ескерткіштегі қосымшалардың сипатына келетін болсақ, соның ішінде қазақ тілінде кездеспейтін ерекшеліктеріне тоқталып кетсек: —лығ/ -ліг/- лұғ/-лүг жұрнағы сол кезде де актив қолданылған. Бірақ, тек қана зат есім тудыру қасиетімен ғана емес сын есім тудыратын да қасиеті болған.
Зат есімнен зат есім тудыруы: асанлығ, бәндәліг, ғариблік.
Зат есімнен сын есім тудыруы: ұйатлығмән, көзі йашлығ, мұңлұғ жан, қайғұлұғ.
Қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін жұрнақтың бір түрі – дег жұрнағы. Б.Сағындықұлының пікірі бойынша ол бұрында шылау болып, кейіннен жұрнаққа айналып кеткен. Қазіргі тіліміздегі варианты – дай/-дей жұрнағы.
Жалғауларға келетін болсақ ескерткіштегі септік жалғаулардың өз ерекшеліктері бар. Ілік септігінің – ның/-нің жалғауынан басқа қазақ тілінде кездеспейтін ықшамдалған —ны/-ні түрі кездеседі: мәні хикмәтләрім, көзіні йашы. Табыс септігінің — ны/-ні және ықшам варианты — н түрі бар: ахирәтні, саудасыны, дидарыны көрәр.
Барыс септігі жалғаулары – қа/-ға/-кә/-гә/-а/-ә түрінде болса: мурадыңа, дәргаһіңә, иманыма, бурақа болса, жатыс септігің жалғауы – да/-дә болып кеңістікпен уақытты білдіреді: өләр уақтыда, йер астыда, халқ ічідә.
Шығыс септігі жалғауы — дын/-дін:Хош ғаийбдін ауаз келді құлағымға.
«Диуани хикмет» ескерткіші тілінде көмектес септіктің қазіргі тіліндегідей арнайы тұлғасы жоқ. Грамматикалық көрсеткіштің орнына бірлә/-бірлән сияқты шылау сөздер қолданылған.
Тәуелдік тұлғаларына келетін болсақ, олар қазіргі түркі тілдеріндегідей жоққа және жекеше-өпшелікке ажыратылады. Тәуелдік жалғауының ілік септіктегі сөзбен тіркесетіндігі белгілі. Ескерткіш мәтінінде ілік септіктің толық түрімен де (мәнің, оның) келте түрімен де (мәні хикмәтләрім, көзіні йашы)мүлде түсіп қалған да(хақиқат дәрйасы хақ нуры) тіркестер бар. Үш тұлғаның алдыңғысы жиі кездеседі. Ескерткіштегі әңгіменің тақырыбы мен мазмұнына қарай мұнде І,ІІ жақтағы тәуелдік жалғаулы сөздер ІІІ жақтағыға қарағанда аздау.
Жақтық тұлғалар І жақта – мән, көпше түрінде – мыз/-міз; ІІ жақта – сән; көпше және сыпайы түрі – сыз (ләр). ІІІ жақта қосымша жалғанбайды: худа рази, тәңрім күуә.
Ескерткіш тілінде етістіктің етістік тудыратын – ла/-лә (ізләп йүрәр, йығлашай дүр), — а-/ә (өрт +ә+мә+гән), тіл+ә+б); — іт (берк+іт+іб), -ра(н)/-рә(н) (инран + сәм), — ай(т) (Сарығ + айт) түрлері есім сөздерден, етістіктерден етістік тудырып тұр.
Негізінен Ясауи заманында-ақ түркі түбірлерінен жұрнақтар арқылы жаңа етістік тұлғаларын жасау амалы актив болмағандығын айта кету керек.
Ескерткіш тілінде кездесетін етістіктің семантикалық категорияларынан етіс категориясына тоқталсақ, өзгелік етіс: — дур/-дүр, — тур/-тур жұрнағы (йүрәк күйдүрәрсән, Алла дебан ічгә нурны толдурмәсәң`) ырықсыз етіс: — ур/-үр/-ар жұрнағы ч,т дыбыстарына аяқталатын түбірлерге жалғанады: (мәй ічүрді)мұнда ырықсыз етіс мәні жоқ.
- сәт жұрнағы тек көрсәт деген бірер етістікте көрінеді.
- – ғұз/-гүзLтурғүзүр, кіргіз йолға)
Ортақ етіс тұлғалары – ш/- ыш/ — іш/- уш жұрнақтарымен көрінеді:( өзләшдім мән, иүзләштім)
Өзіндік етіс – ыл/-ул жұрнағымен жасалған (ачылғанму).
Қолжазбада көсемшенің 4 түрлі тұлғасы кездеседі:
- – а/ -е/ -й (бара ерді; ічә білсә, ала көргін)
- – ыб/ — іб/-б (қатығ тартыб, йүрәгі өртәніб)
- –ыбан/-убан/-бан (ағузбан, әйләбән)
- – ғалы/ — қалы (арз еткәлі келдүм, пәруыз етәдүһ ұчғалы)
Есімшенің:
1) — ар/ -әр/ -ур/ — үр/ — (-р) – йүр/ — үр; (өләр уақтыда, айтарым йоқ, лур, ерүрсән, алур, дйүр, ойұр)
2) – ған / -гән/ — қан/- кән/ — қун/ — күн; (оқуған бәндәлар, ғайбат қылған тілләрім, зикр айкәнгз)
3) – мыш, — міш; (бармыш керәк, түзүлмішдә)
4) – ғу / — гу; түрлері кездеседі. (бәд қбір күн көрсәтгүсі, аалғусы дүһ)
Осылайша, Ясауи тілінің негізін, яғни түркі тілдерінің қай тобына жататындығын танытатын белгілердің бастылары морфологиялық тұлға – тәсілдер екені байқалады. Осы тұрғыдан келгенде ескерткіштің біз талдаған нұсқасының мәтінінде көрінген, септік, тәуелдеу парадигмалары негізінен қыпшақ тілдеріне сәйкес келеді.
Ясауи «хикметтері» сол дәуірдегі тілдің көрінісі іспеттес.Бұл бізге сол дәуірдегі тілдң грамматикалық ерекшелігін,қазіргі тілімізден ажырататын негізгі белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.Біз бұл еңбегіміз Ясауи тілін зерттеу жұмысының бір бөлшегі ғана,Ясауи тілі әлі де зерттеуді қажет етеді.
Ясауи «хикметтерінің» зерттеу келер ұрпақ үшін,қазіргі тіліміздің бүгінгісі мен ертеңін айқындауда маңызы зор.Өйткені, өткенсіз болащақ жоқ.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті .-Алматы:Атамұра, 2006
- Жұбанов Қ. Қожа Ахмет Яссауи // Жұлдыз, 1999
- Наджип Э.Н. Первый тюркоязычный поэт-мистик века Ахмад Есеви
его «Диван-и хикмет» // Исследования по истории тюркских языков ХІ-
ХІV в.в.
в.в. Москва, 1989
- Сыздықова Р. Ясауи «хикметтерінің» тілін зерттеу жайы // Ясауи
тағылымы, Түркістан ,1966
- Боровков А.К. Очерки по истории узбекского языка // Советское
востоковедение. М-Л., 1948
- Құрышжанов Ә. Ескі түркі жазба ескрткіштері ХІ-ХVғ.ғ. Қарағанды,1986
- Кононов А.Н. Предисловие к книге Э. Наджипа «Исследования по
истории тюркских языков ХІ- ХІV в.в.». — Москва: Наука , 1989
- Наджип Э. Н. Кипчакско-огузский литературный язык Мамлюкского
Египта ХІV века. Автореферат докт. дисс. -. Москва, 1965
- Самойлович А.Н. К истории литературных средневековых турецких
языков. – Сб. Мир-Али-Шир, Лен. 1925
- Баскаков Н.А. Тюркские языки — Москва, 1960
- Сыздықова Р. Ясауи «хикметтерінің» тілі — Алматы: Сөздік-
Словарь, 2004 -552-бет.
- Аничков И.Е. Об определении слова. В кн.: Морфологическая
структура слова в языках различных типов. М.-Л,
- Севортян Э.В. Морфлогическое строение слова в связи с другими его
характеристиками.- Тюркологический сборник. Москва,1972
- Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. -Алматы, 1953
- Ысқақов А.Ы. Қазіргі қазақ тілі.- Алматы.1954
- Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-Алматы: Санат, 1993
- Скорик П.Я К вопросу о границах слова.-Москва,1963
- Котвич В. Исследование по алтайским языкам.-Москва,1962
- Рамстед И.Г. Введение в алтайское языкознания. Морфология.
Москва.1957
- Хабычев М. Карачаево-балкарское именное словообразование.
Черкасск, 1971
- Байтұрсынұлы А Тіл тағылымы.-Алматы: Ана тілі, 1992
22 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.-
Алматы,1992
- Ибатов Ә Сөздің морфологиялық құрылымы.-Алматы: Ғылым,1983
- Қалыбаева А. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі.-
Алматы,1986
- Щербак А.М. Грамматика староузбекского языка.-М-Л, 1962
- Сыздықова Р . Қазақ әдеби тілінің тарихы.-Алматы:Ана тілі,1993
- Тенишев Э.Р. К истории узбекского языка- Москва,1953
- Наджип Э.Н. Тюркоязычный памятник ХІV века «Гулистан » Сефа
Сараи и его язык.- Алматы,1975
- Ибатов А.М. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан.- Алматы,1966
- Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық
негіздері.- Алматы: Қазақ Университеті, 2005
- Сағындықұлы Б. «Һибат-ул хақаийқ» — ХІІ ғасыр ескерткіші -Алматы:
Қазақ Университеті, 2002