З. Ахметовтің «Абайтану» ғылымы саласындағы еңбектері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ З. АХМЕТОВ
1.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
1.2. З. Ахметовтің өмірі мен шығармашылығы
ІІ- ТАРАУ. З. АХМЕТОВ ЖӘНЕ АБАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫ
2.1. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен зерттелу тарихы.
2.2. З. Ахметовтің «Абайтану» ғылымы саласындағы еңбектері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қазақ әдебиетінің кеңес дәуірінде өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан және Абайтану ғылымы саласында өзіндік із қалдырған негізгі өкілдерінің бірі- З. Ахметов. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, жеткен жетістігін, шыққан биігін, өзіндік қасиетін жарыққа шығарып, өскелең ұрпаққа паш ету бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде десек, біздің бүгінгі ғылыми жұмысымыз осындай ірі жұмыстың бір шеті ғана болып табылады.
Жұмыста З. Ахметовтің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбектері және оның маңызы тұрғысында сөз болады. Ғалымның Абайтану ғылымындағы жемісті еңбектері жинақталып нақтыланады және маңызы айқындалады.
Зерттеудің өзектілігі.
Біздің ғылыми жұмысымызда бүгінгі таңда зерттеу әлі де қолға алына қоймаған, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде жемісті еңбек еткен, артында мол мұра қалдырған ірі тұлға З. Ахметовтің салған сүрлеуін жарыққа шығару. Осының негізінде төмендегідей міндеттердің шешімін табуға талпындық:
- Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізгі көрсеткіштері,
- З.Ахметовтің қазақ әдебиетіндегі өзіндік салған сүрлеуі,
- Абайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы,
- З. Ахметовтің Абайтану ғылымындағы өзіндік қолтаңбасы.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
-Абайтану ғылымының өркендеп дамуындағы еңбектерді топтастырып бір жүйеге түсіру;
-Егемендік алғанға дейінгі және егемендік алғаннан кейінгі Абайтану ғылымының өзара байланыстығының негізгі арналарын анықтап көрсету.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Зерттеу барысында сипаттама, жүйелеу, түсіндіру сияқты әдіс — тәсілдер пайдаланылды.
І-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ З. АХМЕТОВ
1.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып, жан-жақты дамуындағы негізгі кезеңдердің бірі-кеңес дәуірі екендігі анық. Сол кезеңдегі билік басында отырғандар зерттеушілердің назарын осы дәуірдегі әдебиеттің жандануына бұрып, солардың негізінде кеңестік заманның артықшылығын, осы мезгілдегі әдебиет дамуының жетістіктерін баса айтуға бағыттады. Шындығында да жалпы әдеби істің ілгерілеуінде, әдебиет жанрларының тууы мен баюында, әдебиеттің қоғам ісіне батыл араласуында, ақын-жазушылар қатарының өсуі мен әдебиеттің тақырыптық арнасының кеңеюінде бұл дәуір әдебиеті аса үлкен орын алатын еді. Сондықтан күнделікті әдеби сыннан басқа бұл дәуір әдебиетіне келелі зерттеулер жасалды.
Кеңестік дәуірдегі әдебиет дамуын ғылыми қорытындылауға арналған тұңғыш еңбек -«Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» 1949 жылы жарық көрген еді. Кезінде ол сол дәуірдің идеологиялық талабына жауап бермейді деген сылтаумен сыналды. Одан кейінгі талап -осы аттас кітаптың жаңадан жасалған нұсқасы (1958). Очерк сол жылы орыс тіліндс басылды. Мәскеуде 1960 жылы жарияланды. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туралы толық зерттеу кейін «Қазақ әдебиетінің тарихының» үшінші томы (бірінші, екінші кітаптар) күйінде жарық көрді (1967)[1].
1954 жылы қыркүйекте Қазақстан Жазушылары өздерінің үшінші съезін өткізді. Онда 1939-1954 жылдар аралығындағы әдебиеттің тәжірибесі, көркемдік табысы мен кемшіліктері талқыланды. Съезден кейін 1955 жылдың қаңтарында бастап соғыс кезінде тоқтап қалған «Қазақ әдебиеті» газеті қайтадан шыға бастады. Қазақ әдебиеті дамуының кейінгі жағдайларына бұл съез де, одан кейін (1954 желтоқсан) өткен. Одақ жазушыларының екінші съезі де пайдалы ықпал жасады. Оларда өмірді тереңірек зерттеу, көркемдікке жету әдебиеттегі түр мен стиль мәселелеріне бірсыпыра көңіл бөлінді.
Отызыншы жылдардан бастап қазақ әдебиетінің қарқынды басталысы бұл кезде бірсыпыра идеялық-көркемдік мектебінен өткен еді. Әдебиеттің тұтқасын ұстаған аға таланттар ұрпағы қалыптасты. Осылардың творчестволық ізденісі арқасында қырқыншы жылдардың екінші жартысында-ақ ұлттық әдебиетіміз үлкен-үлкен шығармалар туғызды.
Соғыс тәжірибесін жинақтауда, халық ерлігінің рухани мазмұны және оның қайнар көзін ашуда «Қазақ солдаты» романының орны үлкен. Онда жаңа заман батырының тәрбиелену, өсу жолы кең бейнеленген.
Осыларға жалғас қазақ әдебиетінде жаңа романдар легі дүниеге келді. Ә.Нүрпейісовтің «Күрляндия» (кейін «Күткен күн» болып өзгерілген — 1950) романы бұрын өдебиетте көрінбеген жас жазушының эпиктік талантын мойындатты. Оның кең тынысты романы өмір шындығын қамтуы мен шеберлігі жағынан ұнамды бағаланды.
Елуінші жылдардың бас кезінде қазақ әдебиетінде өндіріс тақырыбына арналған жаңа романдар жарық көрді. Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» (1952), Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» (1953), Ә.Сәрсенбаевтың «Толқында туғандар» (1953) романдары қазақ даласында өндіріс орындарының пайда бола бастауынан бергі ұзақ процестің, қазақ жұмысшыларының туып қалыптасуының көркем шежіресін жасады. Алғашқы екі роман Қарағанды жұмысшыларының бұрынғы және кейінгі өмірін, азаттық жолындағы күресін суреттейді
Осы дәуірдегі ірі шығармалардың бірі – С.Мұқановтың «Өмір мектебі» атты мемуарлық кітабы еді. Отызыншы жылдардан басталған бұл шығарманың екі кітабы 1953 жылы жарық көрді. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы феодалдық –патриархалдық тіршілігін кең суреттеп, оның бойында оянып келе жатқан прогресс ұғымын нанымды бейнелеуде бұл роман да дәуірлік қызмет атқырды.
Жастар өміріне арналған С.Шаймерденовтің «Инеш» (1953) романы, М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» (1950), З.Қабдоловтың «Өмір ұшқыны» (1955) повестері де осы жылдар жарық көрді.
Бұл жылдарлағы қазақ повестерінің қатарын С.Бакбергеновтың «Талғат» (1950), «Күй» (1951). Қ.Жармағамбетовтың «Әнші-азамат» (1951) атты шығармалары толықтырды.
Бұл тұста С. Омаров, Б. Момышұлы, С. Шаймерденов, Б.Соқпақбаев, тағы басқалар жаңа әңгімелерімен көріне түсті. Елуінші жылардың басында тың көтеру науқаны жаңа очерктердің көптеп жазылуына себепкер болды. Қазақ жазушылары үлкен-кішісіне қарамай, тыңға аттанып, халықтық үлкен іске үн қосты. М.Әуезовтің «Түркістан солай туған», С.Мұқановтың «Туған жердің тыңында» атты очерк кітаптары. Ғ.Слановтың М.Иманжановтың, О.Нұршайықовтың очерктері жарық көрді. Бұлар қазақ прозасының шағын жанрларынында өсу жолындағы ізденісін танытты.
Қазақ поэзиясы бұл дәуірде өзінің заман талаптарына елгезек қарайтын әдетімен, соғыстан кейінгі бейбіт еңбек тақырыбын жырлауға белсенді қызмет етті. Қазақ өлеңі көркемдік салада іздене жүріп, еңбектің қоғамдағы рөлін, еңбек адамының бейнесін, сол арқылы жаңарып жатқан өмірдің жарқын суреттерін ашуда бірқатар табыстарға жетті. Қазақ лирикасының да өсіп-жетілгені –осы тұс. Шағын лирикада қазақ ақындары отан сүйгіш сезімді, адамның ішкі байлығын, табиғаттың жарқын көріністерін суреттей алуға көтерілді[2].
Соғыс жылдары танылған Қасым таланты бұл тұста ерекше толысты. Оның жырларынан адам бойындағы рухани қуат, тегеурінділік, табандылық, қайсарлық мол көрінеді. Соғыстан қайтқан солдат сезімінің байлығын да, отаншылдық ойдың толысуы да танылады.
Бейбіт еңбектің өндірістегі қимылын ондағы адамдарды жырлауда Қ.Бекхожиннің «Жезқазған жырлары» мен М.Әлімбаевтың «Қарағанды жырлары» көрнекті орын алады. Бұл жырлар еңбекті адамға абырой, даңқ әперетін творчество дәрежесіне көтере жырлаумен, адамды таңдаудағы және суреттеудегі көркемдік ізденістермен бағалы.
Қазақ жыры шындық сырын кең қамтыған, ойлы, суретті лирикаға молықты. Махабатты, табиғатты жырлау да бұрышы дәуірлерге қарағанда едәуір дамыды. Соғыс апатынан жапа шеккен халықтың баянды бейбітшілікті қалауы да жырға айналды. Қазақ әдебиетіндегі бейбітшілік жырлары «Бсйбітшілік даусы» (1951), «Бейбітшілік берік қолда» (1952), «Бейбітшілік жасасын» (1953) атгы жинақтарға бірікті.
Бұл жылдар поэма жанрының да өркен жайған кезеңі болды. Соғыс салған жараны еске алу, бейбіт еңбекке көшудің проблемалары, қоғамдық өмірдің жаңалықтары меп жаңа адамның бейнесін жасау қазақ поэмасының тақырыптық ауқымын кеңейте түсті.
Соғыстан кейінгі дәуірдегі қазақ поэмасының идеялық-көркемдік ізденістерін байытқан айырықша талант иесі – Хамит Ерғалиев (1916-1997) еді. Ол алғаш «Әке сыры» (1947) поэмасымен танылды. Поэма соғыстың ауыртпалығын көрген солдаттың баласымен сырласу түрінде жазылған.
Тұтастай алғанда бұл дәуір қазақ поэмасының есейтенін танытты. Ол сюжетті, лирика-публицистикалық поэмалар үлгісінде қатар дамыды. Драмалық тартысы күшті, өмір шындығын кең суреттеген өлеңді романдар да туды. Аталған шығармалардың көбі халық өмірінің шындығын көркем бейнелей алуымен, формалық, бейнелілік сыпаттарымен бұл жанрдың мүмкіндіктері мол екенін байқатты[3].
Қазақ драматургиясы саласындағы ізденістердің бағыт-бағдары да сол дәуірдің міндеттерінен туындады. Қоғам мен адам тағдырындағы қайшылықты күйлерді дәл танып, шығармаға тартыс есебінде пайдалану, сол тартыста жеңіп шыққан еңбек адамының биік рухын бейнелеу драматургияның негізгі беталысын белгіледі. Оның үстіне 50-жылдардың бас кезінде «тартыссыздық» теориясының сыналуы, өмірде тартыстың барлығын мойындау, сол тартыстың әлеуметгік сипатын тану жолындағы ізденістерге бастады.
Осы дәуірдегі драматургиялық дамуға белсенді үлес қосқан жазушы — Әбжаппар Әбішев (1907-2000). Әдебиетке отызыншы жылдардың орта тұсында келіп, проза мен драматургияда қатар жұмыс істеген ол ұлттық драматургияның кейінгі дамуында көрнекті рөл атқарды. Өзінің ең тәуір пьесаларын ол осы кезде жазды.
Соғыстан кейінгі дәуірде ауыл шаруашылығын көтеру, ондағы еңбекті жаңаша ұйымдастыру, бұл жолда ескі әдістерді өзгертіп, шаруашылық жүргізудің тиімді жолдарын қолда бірқатар пьесаларда көтерілді. Мұның өзі заманның талап етіп отырған проблемасы еді. Соғыс салған жараны тез жазу, халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін заман жаңа амалдарды керек етті.
Әдебиет сыны мен әдебиетті зерттеу ғылымы үшін бұл дәуір аса бір қиын, әрі күрделі кезең болды. Партияның идеология саласындағы қаулылары, космонополитизмге қарсы күрес ең алдымен әдебиет пен өнердегі «бұрмалаушылықтардың» бәрін сын мен ғылымнан көрді. Қазақ әдебиетіндегі «ұлтшылдықты» әшкерелемей отырған да сын мен ғылым боп шықты.
Бұл дәуірде туған күрделі еңбектер қатарында «Қазак әдебиеті тарихы» (1 том.1948. М.Әуезовтің баскаруымен) мен «Қазақ совет әдебиеті тарихынын очеркі» (1949. Қ.Жұмалиевтің басқаруымен), «Совет дәуіріндегі қазақ халық поэзиясының очерктері (1955 Н.С.Смирнованың басшылығымен) атты ұжымдық зерттеулерді атауға болады. Жеке ақындар творчествосы туралы зерттеулер туа бастады. Қ.Жұмалиевтің «Махамбет» (1948), «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1950). Б.Кенжебаевтың «Сұлтаимахмұттың ақындығы» (1949), З.Кедринаиын «Мұхтар Әуезов» (1951), Т.Нұртазиннің «Сәбит Мұқанов творчествосы туралы» (1950) атты монографиялары жарық көрді. 1954 жылы Абайдың қайтыс болуының 50 жылдығы аталып өтті. Мерейтой тұсында М.Әуезовтің, Б.Кенжебаевтың, Қ.Жұмалиевтің, Е.Ысмайыловтың, Қ.Мұхаметхановгың, 3.Ахметовтің жана мақалалары жарық көрді. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл, Иса Байзақов шығармашылығы іріктеле бастады. Күнделікті өдеби сынға Т.Нұртазин, К.Жармағамбетов, С.Сеитов, С.Төлешев, т.б. белсенді араласты. Бұл еңбектерді бағалауда артық-кем қателіктер орын алғаны жоғарыда айтылды. Соған қарамастан бұлар қаралып отырған әдебиет сыны меп зерттеу саласындағы байсалды еңбектердің қатарын толтырғаны даусыз.
Соғыстап кейінгі дәуірдің әдебиеті осындай қиыншылықтарға қарамастан, барлық жанрда ізденіп, кемелденуге аяқ басқан әдебиет болғаны бүгін дау тудырмайды. Қазақ қаламгерлерінің таңдаулы туындылары бүгінгі заман мен тарихи тақырыпты қатар жырлауда едәуір табыстарға жетті. Олар одақтық оқырмандар талғамына толып, шетелге танымал бола бастады. Бұл салада аға буын ақын-жазушылардың таланты мен тәжірибесі жетекшілік рол атқарды. Оларға ерген ұрпақ та байсалды ізденіс танытты. Мұның бәрі қазақ әдебиетінің әлемдік даңқын көтерген жаңа әдебиетті жасаудың алгашқы адымы болатын.
Қазақ әдебиетінің дамуының бір кезеңі бұл- жаңғыру кезіндегі қазақ әдебиеті кезеңі алдыңғы дәуірлерге қарағанда бірсыпыра өзгешеліктермен ерекшеленеді. Әдебиет дамуы жайындағы кейбір жалған теориялар, оның ішінде «тартыссыздық», «уақыт дистанцясы», «шындықтың сыртын жылтыратып бейнелеу» сияқты ұғымдар сынға ұшырады. Жазушылардың өмірмен байланысын арттыру мәселесі көтерілді, творчестволық ынталылыққа жол ашылып, қаламгерге деген сенімсіздік азайды. Мұның өзі өмір талаптарынан туындаған дүниелер болатын. Оның бірталай белгілері өмір мен әдебиетте 50-жылдардың бас кезінде-ақ белгі берді[4].
1958 жылғы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мсн өнерінің онкүндігі, осы дәуір ішінде өткен Қазақстан жазушыларының IV (1959) және V (1966) съездері республикадағы әдебиет дамуының мәселелерін талқылап, оның жаңа міндеттерін бслгіледі Қазақстан жазушыларының қатары білімді, дарынды жастармен толықты, 1959 жылы оның қатарында 158 адам болса, 1966 жылгы съезд қарсаңында олардың саны 242-ге жетті. Жас таланттар қазақ әдебиетінің ауыр жүгін арқалап келген аға буын өкілдерімен ытымақтаса, бірлесе, әдебиеттің жаңа міндеттерін шешуге қатысты.
Бұл дәуірдегі әдеби қозғалыстың басты ерекшеліктерінің бірі жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы деуге болады. Бұл осы дәуірдс туған прозалық шығармаларда айрықша танылды. Өмірді күнгей жағынан ғана алып, боямалап көрсету фактілер сынға ұшыраганнан кейін қазақ жазушылары бүгінгі заман шындығындағы қайшылықты құбылыстарды көріп зерттеуге, көркем бейнелеуге ұмтылды. Ел тарихындағы маңызды тарихи оқиғаларды суреттеуге ойысгы.
Бұл саладағы жаңаша ізденістің бір үлгісін Мұхтар Әуезов көрсетті. Ол «Өскен өркен» (1962) романы арқылы бүгінгі күн тақырыбын игеруде өзгеше ізденіс танытты. Әдебиетте өз замандастарының бейнесін эпикалық түрде бейнелеуді ойлаған жазушы өмірінің соңғы кезінде республиканы көп аралап, еңбек адамдарымен танысып, өмір сырына ой жібере қарады. Сонымен байланысты моральдық-этикалық, ұлттық дәстүрлер мен олардың жаңаруы, салт-санадағы ескі ұғымдар мен өзгерістер, жаңа адамды тәрбиелеу мәселелері тәрізді көптеген проблемаларды қозғады. Осы негізде Қазақстанды мекендейтін халықтардың бүгінгі қарым-қатынастарына үңілді. Өмір шындығып әрқашан қат-қабатымен көтеріп үйренген жазушы бүгінгі тіршіліктін де күнгей жағын ғана қозғамай, дамуға бөгет болып отырған қиындықтар мен қайшылықтерды шыншылдықпен ашады.
Мал шаруашылығын өркендету шараларын проблемалық тұрғыда көтере отырып, ондағы адам тағдырының әрқилы өзгешеліктеріне көңіл бөлу Т.Әлімкұловтың «Ақ боз ат» (1962) романында да байқалады. Мұнда қазақтың қанына сіңген жылқы кұмарлық, жүйрік ат баптау, бәйгеге қосу, сонымен бірге сауықшылдықты қызық көрген елдің дәстүрлі кәсібі мен өнері кең бейнелі сурет табады.
Бұл жылдардағы ауыл еңбеккерлері жайлы романдарды Қазақстанда тың көтерумен байланысты туған жаңа туындылар толықтырды. Бұлардың ішінде С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй», 3.Шашкиннің «Сенім» романдары көрнекті орын алады.
Осы жылдары роман жанрында Зейін Шашкин (1912-1966) елеулі қызмет етті. Әдебиеттік қызметін өлең жазудан бастап, кейін сын-зерттеу саласында еңбек еткен Зейін 1937 жылы жазықсыз жер аударылып елуінші жылдардың орта кезіне дейін шығармашылық үзіліске тап болды. Осыдан соң әдебиет өміріне қайта оралған ол ерекше бір белсенділікпен жұмыс істеп, эпикалық прозада көптеген шығармалар тудырды. Олардын ішінде «Ұядан ұшқанда» (1957). «Тоқаш Бокин» (1958), «Темірқазық» (1959), «Теміртау» (1960). «Доктор Дарханов» (1962), «Өмір тынысы» (1964), «Сенім» (1956) сияқты романдар мен повестер бар. Бұларда автор қазақ жеріндегі әлеуметтік өзгерістер мен халық өмірінің маңызды оқиғаларын көтерді.
Бұл шығармалар әдебиетте қазіргі заман шындығын суреттеу жалаң тақырып қуалау емес, адамдардың биік сапасын ашу, адамгершілікті сақтау, бастан кешкен қиындықтарға қарамай, қайткенде адам боп қалу проблемаларымен байланысты қойылғанын дәлелдейді. Ауыл өмірі, өндіріс тақырыбы кейіпкерлердің еңбек еткен ортасын, олардың қоғамдық міндетке деген көзқарасын, қатысын таныту үшін алынады. Ал, адам- қайда болса да адам, қазақ әдебиеті осы адамның бүгінгі бейнесін танытуға ұмтылды.
Бұл дәуірдің бірталай тәуір шығармалары қазақ халқы бастан кешкен тарихи кезеңдердің шындығын танытуға арналды. Халықтың азаттық жолындағы күресі. Жаңа өмір үшін талас бұл шығармалардың негізгі өзегі болып табылады. Бұл салада Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» (1957), «Көз көрген» (1963), С.Мұқановтың «Есею жылдары» (1963), Х.Есенжановтың «Акжайық» (1957—1965), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» (1961—1970), Ғ.Слановтың «Асау арна» (1962) сияқты романдарының атап айтарлық маңызы бар.
Бұл дәуірде тарихи адамдар өмірінен алынып жазылған шығармалар ішінде Д.Әбілевтің «Ақын арманы», «Арман жолында» (кейін «Сұлтанмахмұт» деген атпен трилогия болып басылған) атты романдарының көркемдік табыстары аз емес.
Бұл дәуірде сонымен қатар Отан соғысы дәуірінің шындығы қайта қаралып, оның адам тағдырына әсерін ашарлык бірталай тың туындылар жазылды. Оларлың ең тәуірлері қатарында Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» (1956), Б.Момышұлының «Артымызда Москва» (1958) сияқты кітаптары бар. Бұл шығармалар жеке адамға табыну саясатының сыналған кезінде, бұрын сыңаржақ суреттеліп келіген соғыс шындығын бар болмысымен, қалтарыссыз бейнелеуге бастама болды. Оларда соғыстың алғашқы кезіндсгі майдангерлердің ауыр өмірі, катты ұрыспен шегіну оқиғалары суреттелді. Сондай қиыншылык сынынан өткен біздін отандастарымыздың жеңіске деген сенімі, жауынгерлік бейнесі, оптимизмі тарихи шындыққа сүйеніп көрсетілген[5].
Аталған дәуірде қазақ прозасының даму тенденциясын осы сияқты көлемді романдар айкындағанмен, прозанын басқа жанрлары да әдеби процеске өзіндік үлесін қосты. Прозаның жаңа ізденістерін баянды етуде С.Шаймерденовтің «Мезгіл», С.Омаровтың «Күншуақ» Н.Ғабдуллиннің «Өмір-қымбатсың маған», О.Таразидің «Құйрықты жұлдыз», Ә.Кекілбаевтің «Бір шөкім бұлт», Ш.Мұртазаның «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», Б.Соқпақбаевтың «Менін атым – Қожа», Р.Тоқтаровты» «Бакыт», Ж.Молдағалиевтің «Жаз ерке» Қ.Ысқақовтың «Қоңыр күз еді» повестерінің елеулі орны бар.
Осы жылдардағы көркем әңгімені дамытуға да осы аталған жас жазушылар мол қатынасты. Сонымен қатар әңгіменің атақты шебері Ғабит Мұсірепов те бұл жанрға қайта оралып, біраз әңгімелер жазды.
Елімізде жеке адамға табынушылықты сынаумен байланысты илеологиялық шектеушілік пен ой-пікірге салынған тұсаудан босау қазақ поэзиясының қанатын кең жазуына, өмір шындығын бейнелеуде ақындық онды шалқыта еркін жырлауына жол ашты. Бұрын саясатқа құрылған науқандық өлеңдердің үгіттік сыпатына көбірек көңіл бөлінсе, енді жалпы адамның рухани тіршілігіне, оның қуанышы мен қайғысына, сүйіспеншілік сезімдері мен табиғатпен сырластығын жырлауға мүмкіндік туды. Осындай тұста әдебиетке келген жас ұрпақ тежеу көрмеген қалпымен еркін араласып, поэзияны, әсіресе, лириканы жаңа сапаға көтерді. Олардың ішінде Ғ.Қайырбеков, І.Мәмбетов, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Е.Ибрагим, Ш.Мұхамеджанов, Ж.Нажімеденов, Т.Айбергенов, С.Асанов, О.Абайділданов, т.б. бар еді.
Қазақ лирикасының жаңа ізденісі әлемдік озық поэзия дәстүрімен байланысты көтеріле түсті. Қазақ ақындары олардан үйренгенімен, ешкімді қайталамай, өз шындығына лайық дамытты.
Қазақ поэзиясының табыстары ақындарымыздың өмірге өктем араласып, дәуірдің әлеуметтік-философиялық мұңын ашуында жаңа қадам болды. Онда әр түрлі стиль мен түр ізденістері тоғысты.
«Тартыссыздық теориясының» күйреуі, жеке адамға табыну кезінің таршылығынан босау драматургияның дамуына да қолайлы жағдайлар туғызды. Драматургия бүгінгі заман тақырыбын жырлауда, ондағы қоғамдық қайшылықтар мен адам тағдырының драмасын ашуда батыл қадамдар жасады. Бұл әсіресе, Ш.Хусайыновтың, Ә.Тәжібаевтың, Т.Ахтановтың, Қ.Мұхамеджановтың пьессаларында анық көрінді.
Осы дәуірде қоғамдық дамуға кірген өзгерістер драматургиядан да қалыптасқан жүйені бұзып, өмір шындығын әрқилы жағынан батыл бейнелеуді талап етті.
Қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған жаңа зерттеулер оны тұтас жинақтап көрсетуге де, ауыз әдебиетінің жанрларын талдауға да, жеке ақындардың шығармашылығын бағалауға да көңіл бөлді.
Бұл жылдардағы зерттеу еңбектердің, негізгі саласы Кеңестік дәуірдегі әдебиетке арналды. Партия әдебиет зерттеушілердің назарын осы дәуір әдебиетіне бұрып, солардың негізіндс Кеңестік заманның артықшылығын, осы мезгілдегі әдебиет дамуының жетістіктерін баса айтуға бағыттады. Шындығында да жалпы әдеби істің ілгерілеуінде, әдебиет жанрларының тууы мен баюында, әдебиеттің қоғам ісіне батыл араласуында, ақын-жазушылар қатарының өсуі мен әдебиеттің тақырыптық арнасының кеңеюінде бұл дәуір әдебиеті аса үлкен орын алатын еді. Сондықтан күнделікті әдеби сыннан басқа бұл дәуір әдебиетіне келелі зерттеулер жасалды[6].
Кеңестік дәуірдегі әдебиет дамуын ғылыми қорытындылауға арналған тұңғыш еңбек -«Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» 1949 жылы жарық көрген еді. Кезінде ол сол дәуірдің идеологиялық талабына жауап бермейді деген сылтаумен сыналды. Одан кейінгі талап -осы аттас кітаптың жаңадан жасалған нұсқасы (1958). Очерк сол жылы орыс тілінде басылды. Мәскеуде 1960 жылы жарияланды. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туралы толық зерттеу кейін «Қазақ әдебиетінің тарихының» үшінші томы (бірінші, екінші кітаптар) күйінде жарық көрді (1967).
Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар 60-70-жылдардан бастап, халық тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып тәрбиелеуге көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойған еді. Ол үшін М.Әуезов негізін салған тарихи роман дәстүрін жалғастыру қажет болды. Қазақ тарихының әрқилы беттері жаңаша бажайланып, көркем бейнелеуге ие болды. І.Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Ш.Мұртазаның, С.Жүнісовтің романдары жарық көрді. Кеңестік бюрократтық жүйенің жұмыс әдістері сыналды. Адамдардың табиғатына осы жүйенің жетпіс жыл бойында күштеуі мен зорлауының қатты әсер еткені сөз болды. Мұндай сарындар Ә.Тәжібаевтың өлеңдерінде, С.Елубаевтың «Ақбоз үй», «Мінәжат» романдарында, С.Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» повесінде, тағы басқа соңғы жылдары жазылған шығармаларда көрініс берді.
Бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінде халықтық поэзияның жаңа сапаға ие бола дамуы айрықша көзге түсті. Әсіресе халық әдсбистінің өміршең жанры айтыс өрістеді. Жаңа айтыс ақыңдары шығып, бір кез ұмытыла бастаған бұл өнерді өз дәрежесіне қайта көтеруге қызмет етті. Жыраулық, жыршылық дәстүр қайта жаңғырды.
Мұның бәрі қаралып отырған дәуірдан қазақ әдебиетіңде үлкен мән-маңызы барлығын, оның ұлттық сөз өнерінің тарихын байытуда тарихи қызмет атқарғанын көрсетеді. Мұның нақты дәлелін жеке жанрлардың өрістеуі жайындағы шолу мен талдаулар анық байқатады.
Қазақ прозасының бұл кезеңіндегі ірі табыстарын роман жанрынан көруге болады. Ол өзінің бұрынғы озық дәстүрін жалғастырды. Бұл дәуірде негізінен тарихи роман өзгеше тездікпен дамыды. Ол басқа жанрлардың бәрінің алдына шықты. Халықтың өткен тарих пен оның негізгі оқиғалары, ел болу дәстүрі, бостандық, азаттық идеяларының таралуы, сол бір тұстарда ел басқарған, ел намысын қорғаған азаматтар жайында білуге құмарлығы артты. Ұлттық сананың оянып, қазақтардың елдік салты жайында ойлана бастауы да коммунистік режимнің жібі босай бастағанының белгісі еді. Тарих үлгісін өз дәстүріне сүйене отырып дамытты. Осы бір тұстағы тарихи роман жанрының жедел өсіп, ондағы қазақ халқы елдігін, арғы-бергі тарихын кең толғап, көркем талдауда I.Есенберлин, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Мұқанов, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Д.Әбілев, С.Сматаев, Ш.Мұртаза, 3.Ақышев, К.Молдағалиев, Д.Досжанов, т.б. жазушылар белсенді еңбек етті. Қазақ тарихына жұрт назарын аударуда әдебиеттің жетекші рөл атқарып, қоғамдық ой-пікірдің басқа салаларына ықпал етуі осы авторлар еңбектерімен тікелей байланысты.
Елуінші жылдардың бас кезіндегі қазақ тарихына байланысты талқылаулар, көрнекті тарихшылар мен ғалымдардың қуғындалуы әдебиет алдында тарихи ақырыпты біржола жауып тастағандай еді. Орыс халқымен достықты жазған жекелеген шығармалар болмаса, қазақ тарихының көптеген күрделі мәселелері жабық жатты. Әсіресе, Кенесары қозғалысының кертартпа-реакциялық тұрғыдан бағалануы халық тарихындағы азаттық идеясын көтеруге тыйым болды. Осындай ұзақ үнсіздікті алдымен, алпысыншы жылдардың аяғында I.Есенберлин бұзды. Оның ең бір даулы, қиын тарих беттеріне арнаған «Қаһар» (1969) романы әуелде көп адамды шошытты, әрі таңқалдырды. Әуелгі әсер біртіндеп басылды, роман оқылды, орнықты. Көп дауға түскен жоқ. Бұған бірінші себеп- қоғамдағы идеологиялық бақылаудың әлсірей бастағаны болса, екіншіден, жазушының Кенесары қозғалысын бағалаудағы екі жақты көзқарасы болды[1,352].
Қазақ-орыс қарым-қатынасының кейінгі тарихын (ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар) Ә.Кекілбаев жазды. Оның «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары Қазақстанның Ресей құрамына кіруі мен содан кейінгі алғашқы дәуірдің күрделі қарым-қатынасын суреттейді.
Қазіргі қазақ романында проблемалық сипат молайғанын ауыл өміріне арналған шығармалардан көреміз. Өмірде барды тізе бермей, дамудың жаңа кезеңі күтіп тұрған мәселелерге көңіл аудару, адамды сондай жаңалық үшін күресте көрсету бұл жанрдың тәуір үлгілеріне тән.
Бұл дәуірдегі қазақ прозасының бір сала жстістіктерін повестің жанрлық дамуынан да көруге болады. Көркем прозаның көлемді үлгілерінің бірі-повесть бұл кезде сан жағынан да көп жазылып, бірталай әдеби-эстетикалық жүкті арқалады, көркем творчествоға еркіндік көзімен қарауға алпысыншы жылдардың басында басталған бет-бұрыс, алдымен, осы жанрда молырақ көрініп, кейін жалғасын тапты. Ол бұрынғы жағдай баяндаудан, шұбалаң қылықтан арылып, жинақтап айтуға, көркемдікке жетіле түсті.
Бұл дәуірдегі қазақ повесінің басым көпшілігі бүгінгі заман тақырыбына, замандастардың бейнесін жасауға арналған. Олардың да белгілі тарихи ізі бар. Алыс тарих болмаса да, біз өткен Кеңестік дәуір шындығын бүгінгі күннің биігінен таразылап көрсетеді. Өмір қандай күрделі жан-жақты болса, әдебиет ізденістерінің проблемасы да, тақырыптық ауқымы да кең. Бұл қазақ повестерінің әр алуан түрінен байқалады[3,205]. Қазақ повестерінің бір алуаны соғыс туралы естеліктерге құрылған. Бұл тақырыптағы туындылар соғыс кезінің ауыртпалығын басынан кешкен әйелдің (К.Қазыбаевтың «Құпия» повесі), алыс ауылда сол кездің қиыншылығына куә болған баланың (Д.Исабековтің «Біз соғысты көрген жоқпыз» повесі), еңбек армиясының қатарында болған азаматтың (О.Бөкеевтің «Бөрі де майдан» повесі) әңгімелері түрінде жазылған. Бұлардың бәрі де алыстағы қазақ ауылының жоқшылық пен аштық жайлаған кейпін шебер суреттеп, аянышты тағдырларды ашады. Бұл айтылғандар, бір тақырыптағы шығармалардың өзі, өмірдегі сияқты, әрқилы жолмен дамып, түрліше аяқталып, шешіліп жататынын көрсетеді. Оның бәрі, түптеп келгенде, өмір шындығын танудың, түсінудің жолдары. Шындықты тану мен оны көркем бейнелеудің өр түрлі жолдарын іздестіру соңғы жылдардағы әдеби процестің елеулі ерекшелігі болып табылады. 70-90 жылдар ішінде қазақ поэзиясы, оның ішінде, қазақ лирикасы адамды тану, оның ой-сезімін, рухани тіршілігін бейнелеу саласында бірсыпыраға жетті. 60-жылдарда басталған адам бойындағы сілкіністі суреттеу арқылы лирика да тың сапаларды бойына сіңіріп, жаңарды, пафосын жетілдіріп, өлең мәдениетін көтерді. Қазақ лирикасының бұл жылдардағы дамуына Ғ.Қайырбеков, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Ж.Нажімеденов, Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, Қ.Жұмағалиев, Е.Зікібаев, М.Шаханов, С.Иманасов, К.Салықов, Ш.Сариев, Т.Есімжанов сияқты ақындар елеулі үлес қосты. Көбі 60 жылдары танылған жас таланттар аз жылдың ішінде есейіп, поэзияның ауыр жүгін көтерісті. Оларға ілесе И.Оразбаев, Т.Рахимов, Ж.Жақыпбаев, С.Тұрғынбеков, И.Сапарбаев, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, т.б. жас ақындар тобы шықты. Қазақстан өміріндегі өзгеріс есебінде қазақ ақындары бұл кезде тың даланы игеру оқиғаларына көбірек үңілді. Сол негізде халық еңбегін, оның қоғамдық істерін бейнелеуге ұмтылды. Елімізде егіншілік кәсіпті орнықтыру мен астық өнімін молайтуда тың игерудің пайдалы болғанын ескерсек, бұл тақырыпты осылай көтере жырлаудың дәлелді екені түсінікті. Бұл жылдары бүгінгі еңбек адамының жиынтық бейнесін жасауға арналған кең көлемді сюжетті эпикалық поэмалар қатары да толықты. Әрине, бұл дәуірдің ширек ғасырлық мерзімінде баспасөзде жарияланған поэма саны бұл аталғандардан көбірек. Алайда жұртшылық назарын аударарлық, биік рухани талапқа жауап берерлік дүние осы аталғандардың ішінде. Жалпы, бұл жылдар қазақ поэмасының өмірмен байланысының артқанын, көркемдік ізденісте жаңа қырларын ашып, кемелдене түскенін танытады. Әдебиеттің басқа жанрлары сияқты, бұл жылдары драматургия да едәуір өркендеді. Ол өмір шындығын терең тартыс арқылы бейнелеуде, сол арқылы адам бойындағы сыр мен мінезді ашуда, оны өмірдің күрделі құбылыстарымен байланыстыра көрсетуде бірсыпыра табыстарға жетті. Өмірдегі жаңалықтарды тану және көркем бейнелеу жаңа кейіпкерлер туғызды. Мұндай жаңашыл ізденістер, ең алдымен, бұл жанрда қызмет істейтін қаламгерлердің жаңа буынының таланты мен табысына байланысты. Бұл жылдары драматургияға, негізінен, жас авторлар келді. Олар өмірді тануда, оны көркем бейнелеуде өз ұғым-түсінігін жария етті[7]. Сонымен қатар бұрын біздің драматургияда қалыптасқан классикалық драмадан бой тарту, жанрдың жеңілдеу үлгілеріне еліктеу де көзге түспей қалмайды. Соңғы жылдары театр сахналарында режиссердің күшімен қойылған құранды туындылар көбірек көрсетіліп жүр Бұл дәуір қазақтың әдеби-көркем сыны мен әдебиеттану ғылымының кең қанат жайып өркендеген мезгілі болды. Оған бастаушы партияның өзі баскөз болып, көркем әдебиеттің дамуы жолындағы сынның атқарар рөліне мән бере қарауы да белгілі дәрежеде көмектесті. Сыншы кітаптар көп басыла бастады. Күнделікті баспасөзде сын еңбектерге көңіл аударылды. Жыл сайын шығып тұратын «Уақыт және қаламгер» атты сын еңбектерге көңіл аударылды. Ең бастысы сын еңбектердің көркемдік-теориялық дәрежесін көтеруге, олардың әдебиет тәжірибесін жинақтап, халық арасында кең насихаттап отыруына жол ашылды. Жеке жазушылардың шығармашылық еңбегі, басты шығармалары, әдеби үрдістің даму бағыты, жанрлардың дамуы, туысқан халықтар әдебиетінің байланысы, т.б. жайлар әдеби сын тұрғысынан бағңаланды. Аға сыншылар дәстүрін жалғастырып, бір топ талантты жас сыншылар тобы әдебиетке келді. Әдеттегідей, бұл жылдарда да біздің әдебиеттік пікіріміздің дамуына қазақ жазушылары белсене қатысты. Олардың пікірлерінің бағалы жағы -әдебиет туралы ойларды өз тәжірибесіне сүйене, жазушы лабораториясымен таныстыра айтуында. Сондықтан жазушылардың әдебиеттік ойлары көбінесе, шеберлік мәселесін, өмір мен байланысты арттыру жайларын қозғайды. Әдеби сыншылдық ой-пікірдің баюы оның әдебиеттік зерттеулермен байланысын көтеріп, қазіргі әдеби процестің ерекшеліктері мен жалпы Кеңестік дәуір әдебиеті тарихының мәселелерін әдеби-теориялық жағынан жинақтауға көп себін тигізді. Осы негізде Кеңестік қазақ әдебиетінің дамуы кезеңдерін айқындау, ондағы жанрлардың есеюі мен табыстарын қорытындылау, жеке жазушылардың творчестволық жолы мен әдебиеттегі орнын белгілеу мәселелері қолға алынды. Қазақ әдебиетінің басқа салаларында да бірқатар табысты зерттеулер жүргізілді. Бұл тұрғыда осы дәуірде мәдени-әдеби мұраны бағалауға, оның тарихи-танымдык, қоғамдық-ғылыми маңызын түсінуге деген жаңа көзқарастың қалыптасқанын атау орынды. Соның нәтижесіндс қазақ ауыз әдебиетінің көп томдық үлгілерін басып, оларды қалың көпшілік оқырманға таратуға мүмкіндік туды. Қазақ Кеңес әдебиетінің тарихы күрделі де қайшылықты жағдайларға толы. Ол негізінен дәуірдің, қоғамдық шындықтың жағдайларымен байланысты болды. Оның бірсыпыра жағдайлары жоғарыда айтылды. Ал, сонымен бірге бұл дәуір қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің өсу, өркендеу жолында елеулі өзгерістер әкелген кезең болғаны да даусыз. Оны 1917 жылға дейінгі әдебиет пен бүгінгі әдебиет дәрежесін салыстыру арқылы да көре аламыз. Бұл кезде қазақ әдебиеті көп салалы, көп жанрлы әдебиет болып, әлем әдебиетінің деңгейіне көтерілді. Үлкен-үлкен қайраткерлерді, ұлы шығармаларды тудырды. Осы әдеби очерк қазақ әдебиетінің, ұлттық сөз өнерінің өсу, жетілу жолы жайлы қысқаша мәлімет берсе, автордың ойлаған мақсатының орындалғаны. Негізінде, бұл дәуір қазақ әдебиетінің жаңа қарқынмен дамыған кезеңі болды. Қазақ әдебиетінің тәуір туындылары дүние жүзіне таныла түсті Қазақ жазушылары әлем әдебиетімен қарым-қатынасқа түсіп, шет елдердің тәуір туындыларын қазақ тіліне аударуға жәрдемдесті. Халықаралық жазушылар қатынасына араласты. Мұның бәрі қазақ әдебиетінің интернациональдық негізінің нығайып, оның кемелдене түсуінің белгісі еді. Мезгілі жағынан бұл дәуір әдебиеті алпыс жылдан астам уақытты қамтиды. Бірақ бұл қоғам дамуы мен ой-пікірдің алмасуы жағынан біртекті емес. Жеке адамға табыну саясаты сыналғаннан кейін қоғамдық ой-пікірде болған «жылымық» бұл тұста біраз тежеуге түсті де, идеология саласында партиялылық қайтадан бұрауын қатайтуға тырысты. Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар 60-70-жылдардан бастап, халық тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып тәрбиелеуге көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойған еді. Ол үішн М.Әуезов негізін салған тарихи роман дәстүрін жалғастыру қажет болды. Қазақ тарихының әрқилы беттері жаңаша бажайланып, көркем бейнелеуге ие болды. І.Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Ш.Мұртазаның, С.Жүнісовтің романдары жарық көрді. Кеңестік бюрократтық жүйенің жұмыс әдістері сыналды. Адамдардың табиғатына осы жүйенің жетпіс жыл бойында күштеуі мен зорлауының қатты әсер еткені сөз болды. Жалпы алғаңда, бұл дөуірде Қазақстандағы әдеби қозғалыс қарқынмен жүрді. Қаламгерлер қатары молайып, 600-гс жетті. Әдебиет жанрларының барлық түрі өзінің тұрақты кадрларын дайындаи, қатар, тең дамыды. Реалисттік әдебисттің беталысын танытатын проза, онын үлкен жанрлары кең көлемде өрістеді. Поэзия заманның озық идеялары мен жаңалықтарын танытуда қашанда ұшқырлық танытты. Бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінде халықтық поэзияның жаңа сапаға ие бола дамуы айрықша көзге түсті. Әсіресе халық әдсбистінің өміршең жанры айтыс өрістсді. Жаңа айтыс ақыңдары шығып, бір кез ұмытыла бастаған бұл өнерді өз дәрежесіне қайта көтеруге қызмет етті. Жыраулық, жыршылық дәстүр қайта жаңғырды. Мұның бәрі қаралып отырған дәуірдан қазақ әдебиетіңде үлкен мән-маңызы барлығын, оның ұлттық сөз өнерінің тарихын байытуда тарихи қызмет атқарғанын көрсетеді. Мұның нақты дәлелін жеке жанрлардың өрістеуі жайындағы шолу мен талдаулар анық байқатады. Қазақ прозасының бұл ксзеңіндегі ірі табыстарын роман жанрынан көруге болады. Ол өзінің бұрынғы озық дәстүрінжалғастырды. Бұл дәуірде негізінен тарихи роман өзгеше тездікпен дамыды. Ол басқа жанрлардың бәрінің алдына шықты. Қалықтың өткен тарих пен оның негізгі оқиғалары, ел болу дәстүрі, бостандық, азаттық идеяларының таралуы, сол бір тұстарда ел басқарған, ел намысын қорғаған азаматтар жайында білуге құмарлығы артты. Ұлттық сананың оянып, қазақтардың елдік салты жайында ойлана бастауы да коммунистік режимнің жібі босай бастағанының белгісі еді. Тарих үлгісін өз дәстүріне сүйене отырып дамытты. Осы бір тұстағы тарихи роман жанрының жедел өсіп, ондағы қазақ халқы елдігін, арғы-бергі тарихын кең толғап, көркем талдауда I.Есенберлин, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Мұқанов, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Д.Әбілев, С.Сматаев, Ш.Мұртаза, 3.Ақышев, К.Молдағалиев, Д.Досжанов, т.б. жазушылар белсенді еңбек еті. Қазақ тарихына жұрт назарын аударуда әдебиеттің жетекші рөл атқарып, қоғамдық ой-пікірдің басқа салаларына ықпал етуі осы авторлар еңбектерімен тікелей байланысты. Елуінші жылдардың бас кезіндегі қазақ тарихына байланысты талқылаулар, көрнекті тарихшылар мен ғалымдардың қуғындалуы әдебиет алдында тарихи ақырыпты біржола жауып тастағандай еді. Орыс халқымен достықты жазған жекелеген шығармалар болмаса, қазақ тарихының көптеген күрделі мәселелері жабық жатты. Әсіресе, Кенесары қозғалысының кертартпа-реакциялық тұрғыдан бағалануы халық тарихындағы азаттық идеясын көтеруге тыйым болды. Осындай ұзақ үнсіздікті алдымен, алпысыншы жылдардың аяғында I.Есенберлин бұзды. Оның ең бір даулы, қиын тарих беттеріне арнаған «Қаһар» (1969) романы әуелде көп адамды шошытты, әрі таңқалдырды. Әуелгі әсер біртіндеп басылды, роман оқылды, орнықты. Көп дауға түскен жоқ. Бұған бірінші себеп- қоғамдағы идеологиялық бақылаудың әлсірей бастағаны болса, екіншіден, жазушының Кенесары қозғалысын бағалаудағы екі жақты көзқарасы болды. Қазіргі қазақ романында проблемалық сипат молайғанын ауыл өміріне арналған шығармалардан көреміз. Өмірде барды тізе бермей, дамудың жаңа кезеңі күтіп тұрған мәселелерге көңіл аудару, адамды сондай жаңалық үшін күресте көрсету бұл жанрдың тәуір үлгілеріне тән. Бұл дәуірдегі қазақ прозасының бір сала жстістіктерін повестің жанрлық дамуынан да көруге болады. Көркем прозаның көлемді үлгілерінің бірі-повесть бұл кезде сан жағынан да көп жазылып, бірталай әдеби-эстетикалық жүкті арқалады, көркем творчествоға еркіндік көзімен қарауға алпысыншы жылдардың басында басталған бет-бұрыс, алдымен, осы жанрда молырақ көрініп, кейін жалғасын тапты. Ол бұрынғы жағдай баяндаудан, шұбалаң қылықтан арылып, жинақтап айтуға, көркемдікке жетіле түсті. Бұл дәуірдегі қазақ повесінің басым көпшілігі бүгінгі заман тақырыбына, замандастардың бейнесін жасауға арналған. Олардың да белгілі тарихи ізі бар. Алыс тарих болмаса да, біз өткен Кеңестік дәуір шындығын бүгінгі күннің биігінен таразылап көрсетеді. Өмір қандай күрделі жан-жақты болса, әдебиет ізденістерінің проблемасы да, тақырыптық ауқымы да кең. Бұл қазақ повестерінің әр алуан түрінен байқалады. Адам тағдырын негізгі нысана етіп ала отырып, әдебиет оның адамгершілік жолындағы күресінің маңызды жақтарын зерттеуде. Қазақ повестерінің бір алуаны соғыс туралы естеліктерге құрылған. Бұл тақырыптағы туындылар соғыс кезінің ауыртпалығын басынан кешкен әйелдің (К.Қазыбаевтың «Құпия» повесі), алыс ауылда сол кездің қиыншылығына куә болған баланың (Д.Исабековтің «Біз соғысты көрген жоқпыз» повесі), еңбек армиясының қатарында болған азаматтың (О.Бөкеевтің «Бөрі де майдан» повесі) әңгімелері түрінде жазылған. Бұлардың бәрі де алыстағы қазақ ауылының жоқшылық пен аштық жайлаған кейпін шебер суреттеп, аянышты тағдырларды ашады[8]. Бұл айтылғандар, бір тақырыптағы шығармалардың өзі, өмірдегі сияқты, әрқилы жолмен дамып, түрліше аяқталып, шешіліп жататынын көрсетеді. Оның бәрі, түптеп келгенде, өмір шындығын танудың, түсінудің жолдары. Шындықты тану мен оны көркем бейнелеудің өр түрлі жолдарын іздестіру соңғы жылдардағы әдеби процестің елеулі ерекшелігі болып табылады. 70-90 жылдар ішінде қазақ поэзиясы, оның ішінде, қазақ лирикасы адамды тану, оның ой-сезімін, рухани тіршілігін бейнелеу саласында бірсыпыраға жетті. 60-жылдарда басталған адам бойындағы сілкіністі суреттеу арқылы лирика да тың сапаларды бойына сіңіріп, жаңарды, пафосын жетілдіріп, өлең мәдениетін көтерді. Қазақ лирикасының бұл жылдардағы дамуына Ғ.Қайырбеков, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Ж.Нажімеденов, Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, Қ.Жұмағалиев, Е.Зікібаев, М.Шаханов, С.Иманасов, К.Салықов, Ш.Сариев, Т.Есімжанов сияқты ақындар елеулі үлес қосты. Көбі 60 жылдары танылған жас таланттар аз жылдың ішінде есейіп, поэзияның ауыр жүгін көтерісті. Оларға ілесе И.Оразбаев, Т.Рахимов, Ж.Жақыпбаев, С.Тұрғынбеков, И.Сапарбаев, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, т.б. жас ақындар тобы шықты. Қазақ поэмасының дамуында да бұл жылдар жемісті болды. Поэманың әр бағытындағы ізденістрінен оның кемелдену, толысу, шеберлікке жетілу жолын тануға әбден болады. Оның формалық үлгілерінен сюжетті эпикалық толғаныстарды да кездестіреміз. Олар арқылы қазақ ақындары халықтың бақытты, азат өмір жолдындағы ұлы мақсатын жырға қосты. Қазақстан өміріндегі өзгеріс есебінде қазақ ақындары бұл кезде тың даланы игеру оқиғаларына көбірек үңілді. Сол негізде халық еңбегін, оның қоғамдық істерін бейнелеуге ұмтылды. Елімізде егіншілік кәсіпті орнықтыру мен астық өнімін молайтуда тың игерудің пайдалы болғанын ескерсек, бұл тақырыпты осылай көтере жырлаудың дәлелді екені түсінікті. Бұл жылдары бүгінгі еңбек адамының жиынтық бейнесін жасауға арналған кең көлемді сюжетті эпикалық поэмалар қатары да толықты. Әрине, бұл дәуірдің ширек ғасырлық мерзімінде баспасөзде жарияланған поэма саны бұл аталғандардан көбірек. Алайда жұртшылық назарын аударарлық, биік рухани талапқа жауап берерлік дүние осы аталғандардың ішінде. Жалпы, бұл жылдар қазақ поэмасының өмірмен байланысының артқанын, көркемдік ізденісте жаңа қырларын ашып, кемелдене түскенін танытады. Әдебиеттің басқа жанрлары сияқты, бұл жылдары драматургия да едәуір өркендеді. Ол өмір шындығын терең тартыс арқылы бейнелеуде, сол арқылы адам бойындағы сыр мен мінезді ашуда, оны өмірдің күрделі құбылыстарымен байланыстыра көрсетуде бірсыпыра табыстарға жетті. Өмірдегі жаңалықтарды тану және көркем бейнелеу жаңа кейіпкерлер туғызды. Мұндай жаңашыл ізденістер, ең алдымен, бұл жанрда қызмет істейтін қаламгерлердің жаңа буынының таланты мен табысына байланысты. Бұл жылдары драматургияға, негізінен, жас авторлар келді. Олар өмірді тануда, оны көркем бейнелеуде өз ұғым-түсінігін жария етті. Соңғы жылдары театр сахналарында режиссердің күшімен қойылған құранды туындылар көбірек көрсетіліп жүр Бұл дәуір қазақтың әдеби-көркем сыны мен әдебиеттану ғылымының кең қанат жайып өркендеген мезгілі болды. Оған бастаушы партияның өзі баскөз болып, көркем әдебиеттің дамуы жолындағы сынның атқарар рөліне мән бере қарауы да белгілі дәрежеде көмектесті. Сыншы кітаптар көп басыла бастады. Күнделікті баспасөзде сын еңбектерге көңіл аударылды. Жыл сайын шығып тұратын «Уақыт және қаламгер» атты сын еңбектерге көңіл аударылды. Ең бастысы сын еңбектердің көркемдік-теориялық дәрежесін көтеруге, олардың әдебиет тәжірибесін жинақтап, халық арасында кең насихаттап отыруына жол ашылды. Жеке жазушылардың шығармашылық еңбегі, басты шығармалары, әдеби үрдістің даму бағыты, жанрлардың дамуы, туысқан халықтар әдебиетінің байланысы, т.б. жайлар әдеби сын тұрғысынан бағаланды. Әдеттегідей, бұл жылдарда да біздің әдебиеттік пікіріміздің дамуына қазақ жазушылары белсене қатысты. Олардың пікірлерінің бағалы жағы -әдебиет туралы ойларды өз тәжірибесіне сүйене, жазушы лабораториясымен таныстыра айтуында. Сондықтан жазушылардың әдебиеттік ойлары көбінесе, шеберлік мәселесін, өмір мен байланысты арттыру жайларын қозғайды. Әдеби сыншылдық ой-пікірдің баюы оның әдебиеттік зерттеулермен байланысын көтеріп, қазіргі әдеби процестің ерекшеліктері мен жалпы Кеңестік дәуір әдебиеті тарихының мәселелерін әдеби-теориялық жағынан жинақтауға көп себін тигізді. Осы негізде Кеңестік қазақ әдебиетінің дамуы кезеңдерін айқындау, ондағы жанрлардың есеюі мен табыстарын қорытындылау, жеке жазушылардың творчестволық жолы мен әдебиеттегі орнын белгілеу мәселелері және өзге де жағдайлар қолға алынды[4,34]. Қазақ әдебиетінің басқа салаларында да бірқатар табысты зерттеулер жүргізілді. Бұл тұрғыда осы дәуірде мәдени-әдеби мұраны бағалауға, оның тарихи-танымдык, қоғамдық-ғылыми маңызын түсінуге деген жаңа көзқарастың қалыптасқанын атау орынды. Соның нәтижесіндс қазақ ауыз әдебиетінің көп томдық үлгілерін басып шығаруға мүмкіндік туды. Алғашқы томдардың ішінде қазақ халқының батырлық, ғашықтық эпосы, айтыстар, ертегілер, тарихи жырлар, дастандар үлгілсрі жарияланды. Қазақ әдебиетінің тарихы жайлы деректер бұрынғы зерттеулерде XVIII ғасырдан бері ғана белгілі болып келсе, бұл жылдары оның тарихын көне дәуірден, түркі тектес халықтардың ортақ жазба мұраларынан бастау жөніндегі пікірлер үстемдік алды. Одан бергі кезеңде қазақтың ұлттық төл әдебиеті туғаны, оның қазақтың дербес ел болуынан, қазақ хандығының құрылуынан бастау алатыны ғылыми дәлелді пікірлермен толықты. ХҮШ ғасырдың бер жағындағы қазақ әдсбиетінің тарихын жаңа дсректермен байыту, оны жаңаша бағалау жүйесінде де көптеген жұмыстар атқарылды. Бұқар жырау, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Әбубәкір Кердері, Мәжһүр-Жүсіп жинақтары басылды. Олар жайлы зсрттеу мақалалар жазылды. Қазақ Кеңес әдебиетінің тарихы күрделі де қайшылықты жағдайларға толы. Ол негізінен дәуірдің, қоғамдық шындықтың жағдайларымен байланысты болды. Оның бірсыпыра жағдайлары жоғарыда айтылды. Ал, сонымен бірге бұл дәуір қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің өсу, өркендеу жолында елеулі өзгерістер әкелген кезең болғаны да даусыз. Оны 1917 жылға дейінгі әдебиет пен бүгінгі әдебиет дәрежесін салыстыру арқылы да көре аламыз. Бұл кезде қазақ әдебиеті көп салалы, көп жанрлы әдебиет болып, әлем әдебиетінің деңгейіне көтерілді. Үлкен-үлкен қайраткерлерді, ұлы шығармаларды тудырды. Осы әдеби очерк қазақ әдебиетінің, ұлттық сөз өнерінің өсу, жетілу жолы жайлы қысқаша мәлімет берсе, автордың ойлаған мақсатының орындалғаны.
1.2. З. Ахметовтің өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихына көз жіберсек, әрбір кезеңде осы тақырыпты арқау еткен дүниелерді зерттеп, зерделеу жалғасын тауьш келеді. Десек те, қазақ әдебиетіндегі шығармашылық қолтаңбасымен дара көрінген тұлғалардың қаламгерлік жолын, көркемдік ізденістерін танытып, оларға терең бойлап, ғылыми-танымдық тұрғыдан баға беру, талдап, таразылау бүгінгі заман талабы екендігі даусыз.
Тілі мен діліне, діні мен тініне, дүние танымы мен рухына еркіндік алған қазақ елі өз қоғамдық санасындағы қымбатты құндылыктар мен асыл қазыналарға, рухани әлемі мен мәдени тарихына өзге көзқараспен қарай бастады. Қиындығы мол, аса күрделі осы мәселелерді зерттеу мен байымдау барысында академик 3.Ахметов еңбектеріндегі іргелі ой-пікірлердің орны айрықша бөлек.
Зәки Ахметов -қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, өсуіне, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ғалым. Ол ХХ ғасырдың екінші жартысында өзінің орыс, қазақ тілдерінде жазылған ғылыми монографияларымен Қазақстандағы әдебиет туралы ғылымның өрісін кеңейтіп, оны биікке көтерген үлкен зерттеуші. Оның қазақ әдебиетінің теориясы, методологиялық, текстологиясы тарихы, осы көрнекті ақын, жазушылары туралы зерттеулері орыс, ағылшын, қытай, түрік, белорус, молдавян, армян, азербайжан, өзбек, қырғыз тілдерінде жарияланып, қазақ әдебиетінің дүние жүзін кеңінен танылуына Зәки Ахметовтің сіңірген еңбегі айрықша, әр уақытта атап айтуға әбден лайықты.
Ғалым қазақ әдебиеттану ғылымының барлық саласына араласқан, көп қырлы, ғылым тарихында биік тұлға. Өзінің ширек ғасырдан астам зерттеушілік қызметінде сан алуан мәселеге арнап көптеген ғылыми, педагогтык, методологиялық еңбектер жазды. Соның ішінде оның, әсіресе, сүйіп зерттеген объектісі — қазақ поэзиясы. Оқымыстынын қазақ өлеңі туралы жазған қомақты да ғылыми жағынан өте маңызды монографиялары көпшілікке аян.
Зәки Ахметовті ғылыми әлемге әйгілі еткен алғашқы көлемді туындысы -«Қазақ өлең құрылысы» деп аталатын кітабы[7,27]. Қазақ өленінің тарихы мен теориясын талдайтын бұл еңбек поэтикалық тіл және стиль жөнінде, ақындар мен жыраулардың көркем шеберлігі жайында сыр шертетін ғылыми өрісі биік дүние. Оқырман бұл кітап арқылы қазақ өлеңінің ұйқасу сырына қанығып, шумақтық, ырғақтық қасиетіне қанық болғаны сөзсіз.
Ғалымның «Қазақ өлеңі құрылысы» (1964, орыс тілінде), «Қазақ поэзиясының тілі туралы» (1970, орыс тілінде), «Өлең сөздің теориясы» (1973) атты монографиялары — әдебиет теориясы саласындағы классикалық еңбектер.
З.Ахметовтің ғылыми зерттеу жұмыстарының құндылығы — қазақтың сөз өнерінің каймағын танытатын талантты ақын Абай Құнанбаев пен кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов шығармаларынын көркемдік ерекшеліктерін, философиялык, эстетикалық деңгейін орыс тілі арқылы әлем әдебиеттанушыларына кеңінен танытатын ғылыми-теориялык тұрғыдан дәлелдеп, мойындатуы еді.
Өлең сөздің теориясын сөз еткенде 3.Ахметов «Әдебиет теориясы, соның ішінде өлең сөздің теориясы, қатып қалған қағидалардың немесе жекелеген жаттанды қисындардың жиынтығы емес. Теориялық ұғым түсініктер, тұжырымдар жүйелі түрде танылып, көркем әдебиеттің, теориялық ойдың, зерттеудің айрықша қасиеттері толық аңғарылады.
Ғалымның зерттеу еңбектерін түгелдей алып қарасақ, оның ғылыми іс-әрекеттерінде тұтасқан жүйе бар екенін байқаймыз.
Ахметовтің өлең құрылысымен қатар туған әдебиетіміздің тарихы (Шоқан, Абай, Шәңгерей) туралы, туысқан халықтар арасындағы әдеби байланыстар хақында, текстология мәселелеріне қатысты келелі, көлемді еңбектер жазды; қазақ мектептері үшін орыс әдебиетінен оқулықтар жасады; қазақ әдебиетінің және көп-ұлтты совет әдебиетінің көп томдық тарихын жасауға, Абай шығармаларының толық жинағын бірнеше рет (1954, 1957, 1977) бастырып, қалың оқырманға таралуына белсене араласты. Сонымен қатар қазақ әдебиеттану ғылымында іргелі зерттеулердің қатарында ғалым З.Ахметовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы мен дәстүрлері» (1978) монографиясын ерекше атаған ләзім
Бұл ғылыми еңбекте қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың өзара байланысы алғаш рет жан-жақты әдеби деректер негізінде, ғылыми деңгейде зерттеледі. Болашақ іргелі еңбектер үшін әдебиеттану ғылымының жана бір көкжиегін ашудағы соны да тың қадам болып табылады. Кітапта қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелерімен бірге ұлт әдебиеттерінің өзара байланысы мен ықпалдастығы нақтылы контекстерде қарастырылады[9].
Бүкіл саналы ғұмырын іліммен, ғылыммен өткерген көрнекті ғалым, Казақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Зәки Ахметұлы Ахметовтің «Абай және Лермонтов», «Қазақ өлеңінің құрылысы», «Абайдың ақындық әлемі», «Мұхтар Әуезовтің рамон-эпопеясы» және ғалымның жетекшілігімен жарық көрген еңбектері тұрғанда ғалымның есімі естен шықпайтыны дәлелдеуді қажет етпейтін шындық
Зәки Ахметовтің ғалымдық еңбектері көп саланы қамтиды. Біз бұл жолы тек ең незгілеріне ғана тоқталып өттік. Академик ағаның ғылыми мұрасын танып, зерделеу, оған терең талдау жасап, тиісті бағасын беру — алда тұрған зор міндеттердің бірі.
ІІ- ТАРАУ. З. АХМЕТОВ ЖӘНЕ АБАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫ
2.1. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен зерттелу тарихы
Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай- қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп Абайды аса жоғары бағалады. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлендері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынныц тұңғыш өмірбаянып айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақын өзі қолмен жазған қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық[10]. Абай шығармаларына қатысты жеке деректер туралы айтсақ, ақынның көзі тірісінде 1903 жылы Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада: Абай-қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін де қолжазба түрінде және ауызша тарап келген болатын. А.Байтұрсынов та ақын өлеңдерімен 1903 жылы Абай өлеңдері жазылған дәптер арқылы танысқанын айтады. Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М.Әуезов бастырған жинақтан (мұнда М.Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 жылы жарық көрген I.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады[11]. Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген Мұхтар Әуезов болды. 40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялык және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. «Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес, олардан басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі». А. Байтұрсынов мұны айтқанда алдымен Абайдың кейбір пікірлерінің мәнісін, жеке сөздердің, сөйлемдердің нақтылы мағынасын түсіну қиынға соғады дегенге меңзейді десек болар. Мысалы, «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» дегендегі адам өлмейді деп кесіп айтылған сөзді адамның жаны мәңгі жасайды деген мағынада да, немесе жақсы адамның рухы, ақылы мен жаны кейінгі ұрпақтардың санасында ұзақ, мәңгі сақталады деген мағынада да түсінуге негіз бар[12]. Бұл жерде нағыз поэзиялық туындының мағыналық сыйымдылығы, тереңдігі шексіз мол болатынын да ескеру қажет. Өлеңде тура айтылған, бейнеленген өмір шындығынан гөрі, сол айтылғаннан аңғарылатын шындық, содан туындайтын сезім-әсерлер әлдеқайда бай келетінін белгілі. Қалайда Абай айтқан кейбір сөздер, пікірлер түсінуге қиып көрінсе, не мағынасы көңілімізден шыкпағандай болса, А.Байтұрсыновтың осы ескертуін еске ала отырьш, соның өзі «Абайдың айта алмағанынан болған емес», біздің жете түсінбеуімізден болған шығар-ау дегенді ойлап қойсақ, артық емес секілді. Абайдың таңдаулы дерлік өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та, оның өзіндік дара ақындық тұлғасын танытарлық сипаты анық байқалады. Сонымен қатар кейде бұрынғы поэзиядағы белгілі әдеби үлгіні қызықтап, жекеленген өлең-жырын дәстүрлі қалыппен шығарған кездері де бар. Ондай өлеңді Абай орайы келгенде табанда ауызша шығарып айтуы ықтимал. Мұхтар Әуезов «Абайдың өмірбаяны» атты зерттеу еңбегінде былай дейді: «Абай өзі бір жазып тастаған өлеңін қайтадан жоқтап, жинап отырмаған. Әрқашан, кейде кітап оқып отырғанда, кейде жай бір оймен қозғалып отырғанда, қолына қағаз, қарындаш алып, айтпақ өлеңін жазып тастайды екен. Соны қасында отырып балалары, інілері я жай адамдар болса да, қалтасына салып алып жүріп кетеді. Содан бірден біреу жазып алып жаттайды. Кейбірін әнге қосып домбырамен айтып жүреді». Абай жазған шығармаларын талғап, таңдап, жариялауға, кітапқа кіргізіп бастыруға қайсысы лайық деп сараламаған болса, мұны кейінгі сыншылар ескеруі қажет екені талассыз ғой. Ақынның жеке өлеңдері дұрыс талданып, бағалануы оның творчествосына жүйелі көзқарас, орнықты тұтас концепция қандай екеніне байланысты. 20-жылдарда әдебиетті таптық тұрғыдан қарап бағалау мықтап орын алған кезде Абай жоғарғы таптың ақыны, байшыл ақын деген пікірлер аз айтылған жоқ. Абай творчествосының зор қоғамдық, танымдық мәні әлі жете, толық ашылып көрсетілмегендіктен ол кездегі мақалалар мен зерттеулерде ақын өлеңдерінің мазмұн-мағынасының байлығын, көркемдік қуаттылығын суреттеу, бейнелеп айту шеберлігін ұғып-түсіну жағы да жетімсіз болып жататыны байқалады. Абай халықтың мұңын мұңдап, өмірде әділетсіздік, қиянатшылдық көп деп налыған болса, оны өмірден торығушылдық, күйректік деп санау мүлде орынсыз[13]. Абай ел жайын ойлап қанша қапаланса да, қайғырса да өз көңіл күйін, ішкі мұңын үнемі айрықша сезімталдыкпен білдіреді, өзін өзі жігерлендіріп отырады. Тіпті «Келдік талай жерге енді, кіруге-ақ қалды көрге енді» деп отырғанның өзінде:
Қайғы шығып иыққа,
Қамалтпасын тұйыққа
Сергі, көңілім, сергі енді,—
дегенді қоса айтады.
Абай шығармалары әр түрлі қолжазбалар негізінде, кейде ауызша да таралып, түгел сақталмағандықтан ақынның әдеби мұрасы көлемі жағынан салмақты ма, аз ба, көп пе деген сауал да қойылмай жүргсн жоқ. «Абайдың көп өлеңдері ұшты-күйді жоғалып кеткен» дегендей сөздер 1914 жылы жарияланған Нұқ Рамазанов мақаласында айтылған, онан кейін де айтылып келеді.
Бұл ауызша таралып жүрген өлең ел жадында сақталмайды, жоғалып кетеді деген ұғым бойынша айтылған пікір болса керек. Абай өлеңдері өзінің көзі тірісінде-ақ қолжазба түрінде таралғандығын, ал алғашқы жинағы кешеуілдеп болса да, 1909 жылы басылып, кейін бірнеше рет толықтырылғанын ескерсек, мүлде жоғалып, бізге келіп жетпегені тым көп бола қоймас деуге де негіз жоқ емес. Сөз қадірін білетін, өлең-жырды бір-екі естігенде-ақ қағып алып, жадында сақтай алатын адамдар көп ортада шынайы асыл өлеңдер он жыл, жиырма жыл ішінде мүлде жоғалып, жоқ болып кетеді деу қиын. Абай өлеңдерін жиыстыру, қолжазбаларды реттеу, баспаға дайындау ісі ақын кайтыс болғаннан соң көп ұзамай қолға алынғаны белгілі[14].
Бірақ Абайдың өз қаламының бедері түскен қолжазбалар бізге жетпегені, әрине, өкінішті.
Жоғалған порселер туралы сөз болғанда нақтылы мысал ретінде кейбір көлемді шығарманың (мысалы, «Озім», «Вадим») басы бар да, жалғасы жоқ екені айтылып жүр. Ал «Бородипо» өлеңін алсақ, оның бас жағы сақталған да, онан кейін үзік-үзік болып келетін бірнеше тармақтаи тұратын тағы үш бөлегі сақталған.
Қазіргі кезде Абай жинағында басылып жүрген шығармалар қандай классик ақынға болса да аздық етпейді. Абайдың ғана аузымен айтылуға лайық, оның өзіндік көркемдік шеберлігі, басқаға ұқсамайтын қолтаңбасы, ойлау, сөйлеу өзгешелігі, стилі анық көрінетін өлеңдер-ұлы ойшыл-суреткер ақынның алып тұлғасын айқын танытатын, міне, алдымен осылар десек керек.
Абайдың өмір жолын, шығармашылық өнерінің өзгешелігін, қыр-сырларын, сол дәуірді, сол ортаны қоғамдық қарым- қатынастарды терең түсініп білу үшін М.Әуезовтың «Абай жолы» дәуірнамасының баға жетпес танымдық мәні бар. Бұл туралы қанша айтсақ артық емес. Роман-эпопеядағы үлкен тарихи шындық Абай заманының, сол дәуірдегі қоғамдық қатынастардың әлеуметтік мәнін, халық тағдырын терең түсінуге тірек, негіз боларлық, шығармада тұтасып барып, бір арнаға келіп, тоғысатын көркемдік шешімдерден туындайды.
Абай заманы, ол ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен кез- қазақ халқының тарихындағы ең бір күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын.
Абай жас шағында Семей қаласындағы медреседе оқиғаны мәлім. Бұл жылдары ол араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс классиктері Фирдоуси, Саадидің, Науаидің, Низамидің, Фзулидін, Дәмидің, Сайхалидің т.б. шығармаларымен танысты. Сонымен қатар ол орыс мектебіне- «приходская школаға» да барып жүреді. Өзінің ерекше қабілеттілігі және зейін қойып, зор ықыласпен үйренуі арқасында Абай орыс тілін де игеріп алады[15].
Халық мүддесі үшін күресуге бел байлап, елді, жастарды адал еңбек етуге, өнер үйренуге, білім-ғылым жолына түсуге шақыруды мақсат етіп қоймақ болған Абай осы ой-пікірін жалпы жұртқа жария етуге, солардың жүрегіне ұялатуға жарарлық бірден-бір күшті құрал- өлең сөз, ақындық өнер деп санайды.
Бірақ өнімді еңбек етіп, көп оқып, талмай ізденіп, өзі де өлең жазып, айналасына өнеге етіп білім таратып, өнер шашып жүрген жылдарында да ел ішіндегі талас-тартысқа араласуға мәжбүр болады, ел тыныштығын сақтау үшін уақытын, күш-қайратын аямайды. Мүны ұлғайған кездегі жазған өлеңіндегі:
Болды да партия,
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя
Дауың мен шарыңды,—
деген секілді сөздерінен аңдай аламыз.
Абайдың білімін тереңдетіп, ғылымды игеруге, орыс классиктерінің шығармаларын жүйелі түрде оқып, тереңірек білуге кіріскен уақыты- жасы 30-дан асқан кезі. Осы кезде ол Семейге жер аударылып келген Е.П.Михаэлиспен танысады.
Михаэлис Петербургте 60-жылдары студенттердің қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болғаны үшін біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек 1869 жылы Семейге келіп орналасқан. Абай 1870-жылы Семей кітапханасында Лев Толстойдың «Русский Вестник» журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан деген дерек бар. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық[16].
Тұтастай алып қарағанда Абайдың орыс әдебиетінен оқығаны, түйгені көп екені анық.
Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас та көбеймесе азайған жоқ. Үнді елінің ежелден белгілі «Панча-тантра» («Бес кітап»), арабтың «Қалила мен Димна» секілді кітаптарынан бастап, «Мың бір түн», «Тоты-нама» әңгімелер жинағы, «Шаһнама», «Сейфүл- Мәлік», «Таһир -Зухра», «Ләйлә- Мәжнүн» сияқты дастандар, Ескендір, Лұхман Хаким, Абу-али-Сино туралы аңыз-әңгімелер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлде жаңа кұбылыс еді. Қазақ елі мен көршілес орыс халқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс әдебиетінің қазақ мәдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы кезде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-түсінудің таптырмас құралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Ресейдің тарихынан, орыс халқының өмірінен хабардар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшілік жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған ұлық-чиновниктердің озбырлық іс-әрекеттерін білу үшін де қажет еді.
Абай ақын, ойшыл, композитор болып елге таныла бастаған кезде оның сөзіне, өнеріне құмартып алыс жерлерден келіп кездескен ақын, әнші, жыршылар аз болмаған. Олар Абайдың өлеңдерін, әндерін қазақ даласына бұрынғыдан да мол таратуға күш салған.
Абай әдебиетке мүлде жаңа міндет жүктеді. Ол өз поэзиясының түлегенін («сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел») деп айта отырып, тыңдаушы (оқырман) қауымының да көркемдік, идеялық, эстетикалық түсінігі, талғамы, мәдениеті өсуін талап етті, мұны өмірдің де, өнердің де қажеттілігі деп санады.
Абай шын мәніндегі халық ақыны, ұлттық ақын болды. Өйткені, В.Г.Белинский атап көрсеткендей, «ақын неғұрлым зор болған сайын, ол солғұрлым ұлттық ақын болып табылады, өйткені ұлттық қасиеттер оған неғұрлым жақын». Абай қандай нәрсе туралы айтса да, адамдарды пайдалы еңбекпен шұғылдануға, білім алуға шақырса да, өнерге шын пейілмен қарауды жақтаса да, бүтіндей бір әлеуметтік топтың немесе жеке адамның кемшіліктерін сынаса да, табиғат көріністерін суреттесе де, осының бәрінен оның халық рухын, халық бұқарасының талап-тілегін, мұқтажы мен мүддесін жақсы түсінетіндігі айқын көрінеді[17].
Ұлы ақынды заман туғызады дейміз. Бұл ап-айқын, үйреншікті қағида көрінгенімен, зер салып қарастыруды қажет ететін өте күрделі мәселе. Бір дәуірде, тіпті бір ортада өмір сүрген ақындардың да суреткерлік деңгейі, ақыл парасатының көтерілген биігі әркелкі болатынын дәлелдеп жату артық. Заман, қоғамдық жағдай- ақын, жазушы творчествосының өмірлік тірегі, негізі, түп тамыры. Ал ақынның өз заманымен, қоғам өмірімен қатынас-байланысы, жалпы дүние-болмыстан алатын әсерлері сан алуан, оны бірнеше нақтылы жай-жағдайлармен шектеуге, бір жақты, тар көлемде түсінуге болмайды. Басты мәселе Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып жеткізе алғандығында. Ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып, жетіліп кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналык, үздіксіз еңбек, ізденіс-міне осылардың түйісіп келуі шарт. Ақынның өнерпаздық жолын, шығармаларын сөз қылғанда алдымен осы аталған жайларға көбірек мән беріп, толық, айқын ашып көрсету қажет.
Абай сөзін тексерушілер, сынаушылар ол ғұмыр кешкен дәуірдегі қоғамдық өмірге, халық тағдырына өз көзқарасын, өз білген-түйгенін таразының бір жағына салып, ақынның шығармаларындағы тарихи шындық мынадай деп, оны таразының екінші басына салғандай болса, өз білгені салмақтырақ, яғни, дәлірек көрінуі қиын емес. Кейбір бұрынғы еңбектерде осындай, не осыған ұқсас тәсіл қолданылғанын жасырмақ та болар. Абайдың дүниетанымын, ой-пікірлерін өзге ой-пікірлермен салыстыру дегенге оралсақ, ақын өзінін алдындағы, өзімен қатарлае әдебиет қайраткерлерінен қоғамдық өмір құбылыстарын, маңызды әлеуметтік мәселелерді қаншалық терең, толығырақ түсінгенін ойластыру, сөзсіз қажет. Қоғам өміріндегі түйінді, көкейкесті мәселелерді терең толғаған, шебер бейнелеген Абайдан басқа да қазақ ақындары аз болған жоқ. Солардың бәрінен Абайдың асып түсіп тұрғаны оның шығармаларынан көрінетін өмір шындығы аса терең болғандықтан. Сонымен бірге Абайдың өмір құбылыстарын түсінуі, бағалауы, бейнелеп суреттеуі де өзгеше, ой-пікірлері, мақсат-нысанасы әлдеқайда озық. Бұдан Абай шығармашылығының осы жақтарын ақын шығармаларын талдағанда неғұрлым толық, нақтылы түрде ашып көрсету қажеттігі келіп туады. Әдеби шығарманы тек онда айтылған ой-пікірлер тұрғысынан қарап бағалаудың тағы бір осал жағы- көркем шығармадан бөліп алып, ондағы ой мен сезім-әсер жалғастығын еске алмаған соң, олардың өзі жай, жалпылама, жадағай пікірлер болады да шығады. Ақынның өмір құбылысына қатысы, тебіренісі, сезімінің қуаттылығы арқылы айтқан ой-пікірінің де нәрленіп, өзгеше сипат алып шығатыны ескерілмей қалады[16,142].
Абайды ойшыл, қайраткер ретінде қалайда қатып қалған қағидалардың шеңберіне сиғызуға тырысқандық кейін де кездесіп жүр. Мысалы, Абай -ағартушы-реалист, немесе, ағартушы-ойшыл деп, және осыны ол тек білім-ғылымды ғана қоғамдық өмірдің тірегі, өмірді өзгертетін күш сол ғана деп санаған дегендей түсінік те жоқ емес. Абайды ағартушы дегенде орыс қоғамында, немесе Еуропа елдерінде бір-екі ғасыр бұрын болған ағартушылық ағымға, қоғамдық ой-пікірлерге байланысты қарастыру ешбІр қисынға келмейді.
Абай шығармаларында көркемдік шарттылық та, көркемдік қиял да шыншылдықпен жанасымды келеді. Еш жасандылығы жоқ, жарасымын толық тапқан. Осыны айта отырып, оның шығармаларының әрқайсында өмір шындығы әр қырынан көрінетінін, алынған тақырып, айтылған ой, ақынның көңіл-күйі, жан сезімі әр түрлі нақтылы көркемдік шешімін табатынын ескеру қажет. Ақын бүкіл дәуірдің болмысын айқын аңғартып, аса маңызды әлеуметтік мәселелерді терең толғайды. Осы кең мағынасында Абайдың барлық шығармасынан заман шындығын, сан алуан өмір құбылыстарының кескін-бейнесін айқын көре аламыз.
Абай поэзиясы ақын өз өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты, барынша толық бейнелеп берді дейміз. Бірақ ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, ұғым-түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп тамыры әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы қоғам көшіндегі бір елеулі кезеңді бенелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолында танытарлықтай етіп, көрсете білді деген жөн.
Абай — қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абай реализмі дегенде, шыншылдықты көркемдік принцип етіп қолдануды айтамыз. Абай реализмінің көркемдік әдіс ретіндегі ең басты өзгешеліктері алдымен айналадағы өмір, болмысты, қоғамдық құбылыстарды мейлінше кең қамтып, нақтылы бейнелеу, ел тағдырына, өміріне қатысты ең маңызды әлеуметтік мәселелерді халықтық мүдде, озат арман-мақсаттар тұрғысынан толғай білу дейміз. Яғни, көркемдік шыншылдық, шынайылық әдебиеттегі халықтық принциппен, озат идеялылықпен ұштасып келетінін атап айтамыз. Абай творчествосын өз дәуірінің шеңберінде ғана қаралатын, осы маңызда біз үшін тек тарихи маңызы бар өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол- заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.
Абай творчествосын түгелдей алып талқылағанда, жеке шығармаларын талқылағанда да екі түрлі талдау принципін дұрыс ұшырату шарт. Оның бірі- тарихи принцип, яғни, ақын шығармаларын туғызған заман, қоғамдық орта, әлеуметтік жағдаймен байланыстыра қарау болып, екінші- бүгінгі заман тұрғысынан қарап, қазіргі моральдық ұғым-түсінік, идеалдарға үйлестіре қарап бағалау. Абай творчествосы өз заманының түпкі, түбегейлі қоғамдық мүдделерін, арман-мұраттарын бейнелейді. Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірмен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнеріне не жаңалық әкелгенін толық тусінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, әдебиеттің өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз. Сондай-ақ, ақын мұрасының өміршеңдігін, заман озған сайын маңызы, әсері қаншалықты кушейе түскенін зер салып байыптасак, оның өз заманының озық тілек-мақсаттарына сәйкес тарихи өмірдің өзі туғызған бастапқы сипат-қасиеттерін айқынырақ тани аламыз[10,52].
Абайдың өлеңдері туралы айтқанда, лирикалық поэзияның өзгешелігін естен шығармауымыз керек. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын- алғыр оймен суарылған жалынды сезім. Өмір, дүние, адам тағдыры жайлы үлкен толғаныстан тумаған, жай сезімшілдік поэзияны жандандыра алмайды.
Лирикалық поэзияға жан беретін- көркемдік ойдын қуаттылығы, сезімнің оттылығы, нәзіктігі. Лириканың басқа жанрлардан, айталық, сан алуан адамдардың қарым-қатынасын, қоғамдық тартыс-шиеленісті баяндайтын көлемді, оқиғалы шығармадан айырмасы да, өзіндік артықшылығы да, міне, осында.
Ақын бейнесі әр өлеңде әр қырынан, әр түрлі көркемдік тәсілдер арқылы нақтылы көрініс табады. Поэзияда ақын тұлғасы көбінесе жинақталған лирикалық бейне қалпында көрінеді. Үйткені ақын өленінде үнемі басынан кешкенді, өзі көрген, немесе, өз өмірінде болған жайларды ғана айтпайды, болатынды, болуы мүмкін жайларды да айтады.
Абай шығармаларында алдымен мейлінше мол, әр қырынан көрінетін, әрине, ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик-ақын қоғам өмірінің шындығын өз көніл-күйін білдіру арқылы, өз сезім толқыныстары, ой-толғамдары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, коғамдық мәселелерге, әр түрлі адамдардың іс-әрекеттеріне оның қатынасынан, берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты толық көрінісін табады. Көптеген өлеңдерінде ақын өз көңіл күйін тікелей білдіріп, ойын тура айтады. Өлеңдері кейде сұхбат, сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау түрінде әр алуан болып келсе, ал кейде ақын өлеңін өз атынан, бірінші жақтан айтқанымен өмірге жинақталып жасалған лирикалық тұлғаның көзімен қарайтыны байқалады[16,194].
Әрине, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», немесе «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» дегендей тікелей өзі туралы айтатын кезі де аз емес.
Халықтың ой-санасында ертеден қалыптасқан кісіні адамгершілік тұрғысынан бағалап, даралайтып жақсы мен жаман деген секілді үғымдарды да Абай жаңаша мағына беріп, орынды пайдаланады. Мысалы:
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп…
Жамандар адал еңбек қыла алмай жүр.
Ел, жұрт деген ұғымдарды Абай қалың ел, қазақ жұрты, халық деген кең мағынасында алып, бүкіл халықты тұтас алып мінездеу үшін де қолданады. Мысал үшін «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,— деп басталатын өлеңді еске түсірсек жеткілікті. Ақын бейнесінің өзгешелігі алдымен оның халықтың өмірін, тағдырын қалай түсіне білетініне байланысты. Ақын өзі туралы айта отырып ел жайын толғайды, халық туралы айтады. Ұлы ақын өзі жайлы, өзінің жеке басы туралы айтқанда да, жалпыға ортақ жайларды айтады, бүкіл адамзат тағдырын ойлап толғанады.
Ақынның поэзиядағы өз тұлға бейнесі арқылы біз оның өзі өмір сүрген заманды қалай танитынын, халықтың мүддесін, арман-тілегін қалай түсінетінін көреміз. Халық өмірінің, заман келбетінің поэзиядағы көрінісі арқылы ақын бейнесін айқынырақ сезіне түсеміз. Жинақтап айтқанда, осының бәрінен сол дәуірдегі қазақ өмірінің мол шындығын табамыз[18].
Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол- керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымеи ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне қатысты айтсақ, сонымен қатар өмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы жаплы пікірлері, дүниетанымы көбірек көрінетін өлеңдеріне қатысты, яғни ойшыл-философ ақын деген мағынада айтамыз. Абайдың шығармашылық өнерінің арнасы кең, ақын сусындаған бұлақтары мол екені үнемі айтылып келеді. Атап, анықтап айтатын нәрсе- Абай поэзиясының негізгі тірегі, қайнар көзі, ана сүтіндей нәрлендірген арнасы- халық поэзиясы, қазақтың ақындық өнері. Абай поэзиясының халықтың сөз өнерімеп тығыз байланысты, тамырлас екенін дәлелдеу үшін «Сап-сап, көңлім, сап көңлім» секілді нағыз ауызша поэзияның үлгісінде шығарылған өлеңдерін айтсақ та әбдеи жетерліктей.
Сап-сап, көңлім, сап, көңлім!
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Кыз өле ме бай таппай
Түн кезгенің мақұл ма?
Жан-жағыңа жалтақтай?
Өлермін деп жүрмісің,
Мұнан басқа жан таппай?
Абай поэзиясының халықтың сөз өнерімен жалғастығы, терең тамырластығы ақынның көркемдік ойлау ерекшелігіне тән үлттық сипат-қасиеттерінен, сөз қолданысынан, өлең өрнегінен, сөзді үйлестіруінен-осының бәр-бәрінен, яғни, барлық шығармаларынан айқын аңғарылады. Абай өзінен бұрынғы ақындарға кейбір жанрлық үлгіні, көркемдік тәсілді қолдануы жағынан жақындығыда бар дегенде де, оынң өзіндік өзгешелігі, жаңалығы және бар екенін көре білу қажет екенін байқаймыз[19].
Абайдың өзі кейбір ақындарды сынайтыны басқалармен өнер өлшесу, өзінің поэзиясындағы ұстаған бағытын, әкелген жаңалығын тереу түсіну мақсатынан туғаны хақ. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»,- деген сөзінен біз Абай өз творчествосының жаңашылдық сипатына айрықша мән бергенін аңғарамыз.
Ал өзінен бұрынғы ақындарды сынағанына келсек, атын атап, анықтап айтатыны тек Бұқар, Шортанбай, Дулат қана.
Шортанбай, Дулат және Бұқар жырау,
Өлеңі бірі- жамау, бірі-құрау.
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау.
Абайдың сыны оларға поэзияда қолданылған әдіс-тәсілдерге, нақтылап айтсақ, өлең-жырларда бұрынан қалыптасқан нақыл сөздерді, дайын сөз үлгілерін жиі қолданушылыққа қатысты болса керек. Жамау, құрау деп отырғаны осы мағынада айтылған деп түсіну қисынды.
Абай өлеңдерінде қазақ поэзиясында бұрын дәл осындай мағынада айтылмаған ойлар, шертілмеген сырлар көп. Оның поэзиясының жаңалығы сонда, және сол ойлары мен сезімдерінің тереңіне бойлайтын, бейнелеп жеткізе білетін ақындық шеберлігінде.
Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлга, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар әдебиетте Абайдай ұлы ақын дүниеге келуінде өзіндік заңдылық бар.
Абайдың алдындағы ірі ақындардың ең зор еңбегі деп, әсіресе, поэзия тілін, әдеби тілді жан-жақты дамытып, өрістеткенін айта аламыз. Қазақтың сан ғасырлар бойы дамыған, әбден шындалған ақындық тілі болмаса, Абай поэзиясының тілі соншалықты оралымды, бай бола алмайтыны анық.
Ақындық өнерді өзіне өмірлік зор мақсат етіп, өз өлеңдерін қағаз бетіне түсіруге Абай тек 80-жылдардың ортасында жұмыла кіріседі. Бұл Абайдың айнал-сын болжап, әлеуметтік кұбылыстарды терең бағалап, кең ойлай алатын, көргені мен түйгені тәжірибесі молайған, әбден кемеліне келген шағы болатын.
Абайдың орасан зор ақындық қуат-күші өз шығармаларында қазақ өмірінің ең манызды әлеуметтік мәселелерін көтере білуінен, қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің ой-арманын, түбегейлі мүддесін терең ұғып, сезіне білетіндігінен айрықша айқын көрінеді. Ақынның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сегіз аяқ», «Ғылым таппай мақтанба», «Болыс болдым, мінеки» секілді таңдаулы көркемдік туындыларының қайсысын алсақ та оларға идеялық арқау болатын келелі мәселелер- білімге, адал еңбекке, әділеттілікке шақыру, надандықты, артта қалу кесепатын айыптау, алауыздық пен керіс-тартысты, өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерелеу екені бірден байқалады. Абай халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге ынталандырады.
Абайдың адам мен қоғам жайындағы концепциясы- қазақ топырағындағы жаңа концепция. Абай адамды белгілі қоғамдык өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге, әлеуметтік тұрмысқа байланысты көріп, бағалап бейнеледі.
Абай поэзиясындағы психологизм, әр түрлі адамдардың мінез-құлқын, психологиясын, қандай жағдайда қандайлық әрекет ететінін ашып көрсетуге шеберлігі жағынан алғанда үздік шығармалар аз емес дегенде, алдымен осы «Бөтен елде бар болса» және «Сабырсыз, арсыз, еріншек» секілді өлеңдерді атауға болар еді.
Елді бірлікке, татулыққа шақыру- «Сегіз аяқ» өлеңінің ең күшті сарыны.
Біріңді, қазақ, біріңді дос
Көрмесең істің бәрі бос-
деген үлкен қоғамдық мәні бар терең мағыналы түйінді ойын ерекше тебіреніспен айтады.
«Қайға шығар ілімнен»- ашу мен ызаға толы өлең. Ақынның қайғаса да, ашу-ызасы да халықтың тағдырын ойлаудан туады. Абай ел жайын толғайды, елдің мінез-құлқын сынға алады. Елді тұтас алып:
Қызық пенен тыныштыққа
Қазақ тұрмас тұрықтап
…Түзу бол деген кісіге
Түзу келмес ырықтап,-
деп сипаттайды.
Қажет деген жерінде ақын сөз тигізетін адамдар тобын саралап, бөліп айтады. Мысалы: «ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді» дегені өңкей қырт, мылжың адамдарға қатысты болса, «бас-басына би болған өңкей қиқым» дегені елдің сиқын бұзып жүрген, қолындағы күші азайған, ұлыққа, мансабы жоғары чиновникке бағынышты болыстарға қатысты.
Ал енді жалпы жұртқа қаратып айтылған:
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың,—
деген секілді сөздер халықтың қамын жеп толғанған ақынның жүрегінің түкпірінен шыққандай сезіледі де, мөлшерсіз қатты сын деуге келмейді.
Абай халық туралы сөйлегенде, ел жайын қозғағанда кейде «қазақ», «халық» көбінесе «ел», «жұрт» деген сөздерді қолданады. Бірақ есте тұратын нәрсе- осы сөздердің нақтылы мағынасы ылғи бірдей болмай, айтылатын ойдың орайына қарай әр түрлі келеді. Абайдың елдің арасын бұзатын, араздық, алауыздықты бықсып-қоңырсыған иісі адамның қолқасын алатын отынның шаласымен салыстыруы сол арамдық, алалықты қоздырушылықтың елге қаншалықты зиянды, жексұрын қылық екенін жақсы байқатады[20].
Еңбек ету, өнер үйренуді уағыздайтын пікірлерімен ұштастыра, жар сүю, үй болу мәселесін әсіресе «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» атты өлеңінде көбірек толғайды. Бұл- Абайдың жастарға арналған достық, татулык, жар сүю мәселесіп қозғайтын насиғат өлеңі.
Абайдың қоғамдағы әр түрлі топтардың өкілдерін сипаттаудағы сыншылдық пікірлері де, жастарға айтқан ғибратты ойлары, ақыл-кеңестері де халықты үлкен адамгершілік мақсат-мұратқа жетуге ынталандыру ниетінен туған. Олардың жағымсыз мінез, жаман әдеттерін мысқылдап, ажуалай отырып ақын адалдық, жігерлілік, еңбек сүйгіштік, әділеттілік сезімі, ой тереңдігі секілді қасиеттерді үлгі етеді.
Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да терең. Қандай құбылысты сөз етсе де, ол оның қоғамдык, әлеуметтік тамырын, маңызын айқындап, адам үшін, қоғам үшін пайдалы немесе зиянды жақтарын ашып және осының барлығын өмірдің ілгерілеу, даму тұрғысынан суреттейді. Міне, бұл ерекшелір Абайдың өмірді суреттеушілік тәсілін жаңаша қалыптастырды, әдебиетте сыншылдық бағытты орнықтырды, мұның бәрі сайып келгенде, қазақ әдебнетінде реалистік, сыншыл реалистік көркемдік әдістің туып, қалыптасуы еді. Абай әдебиетке әкелген аса зор жаңа сапалық өзгерістердің бірі және негізгісі- осы дейміз
Қажет деген жағдайда көрер көзге келгірсіп, жанын аямайтындай көрініп, достық, тілектестік пердесін жамылып, монтанысып, мүләйімсіп қалатыны, бірақ сырт айналғанда жалтарғыш, колына билік тисе, кекірейіп, басқаны көзге ілмеуге тырысып, суық, сұсты түрімен сескендіре қарайтыны- кейіпкердің мұндай әдеттерін ақын айлакерлік қана емес, шектен шыққан ерсілік, жөнсіздік, жосықсыздық деп санайды.
Елге білім тарату, ғылымды меңгеру тақырыбы Абай творчествосында бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде орасан зор әлеуметтік мазмұнға ие болды.
2.2. З. Ахметовтің «Абайтану» ғылымы саласындағы еңбектері
З.Ахметов-Абай мұрасының көрнекті зерттеушісі, ғалым, педагог. Ол өзінің «Абайдың ақындық әлемі» атты еңбегінде Абайдың ақындық тұлғасын, адамгершілік мұраттарын бүгінгі заман ұғым- түсініктері деңгейінде жан-жақты, толық сипаттап, оның шығармашылық мұрасының танымдық, эстетикалық, көркемдік, тағылымдық мәнін жүйелі түрде ашып көрсетуді мақсат етеді.
Абай- қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны- білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық сан поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген ерен жырау, жыршы ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
Абай шығармаларында алдымен мейлінше мол, әр қырынан көрінетін, әрине ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Ақын көптеген өлеңдерінде өз көңіл-күйін тікелей білдіріп, ойын тура айтады. Өлеңдері кейде сұхбат, сырласу, кейде насихат, кейде ойға шолу, ой толғау түрінде әр алуан болып келсе, ақын бейнесі анық, айқын қалпын танылады.
Ғалым З.Ахметов Абайтану белестері деп 40-50жылдарда Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісін айтады. Абайды кемел ақын, кемеңгер ойшыл ретінде бағалайды. Ақын шығармаларындағы лирикалық қаһарманға, яғни ақынның өз бейнесін ерекше көңіл бөледі. З.Ахметов Абайдың адам мен қоғам жайындағы өлеңдеріне «әлеуметтік әуендер» деп анықтама береді. З.Ахметовше «Сыншылдық та -шыншылдық»- Абай әдебиетке әкелген аса зор жаңа сапалық өзгерістердің бірі ғана негізгісі. Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да терең. Еңбекте ғалым Абайдың ғылым-білім, ақыл-парасат жайлы ойлары да кең түрде суреттелген. Абай өз заманындағы жас ұрпақтың өнімді еңбек етіп, , ғылым мен білімге ұмтылуы, міне осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл творчествосының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес жемісінің біріне айналды. «Сыршыл көңіл мұңаймас», «Махаббат сарындары, сұлулық сымбаты», «Суреткерлік шеберлігі» (табиғат көріністері), «Ақындық өнер мен ән-күй туралы толғаныстар» деген бөлімдерде ғалым Абай өлеңдерін осы тақырыптарда талдайды. «Жолға жол жалғасады» деген бөлімде орыс классиктерімен үндестік сарындары жайлы ой қозғайды. Сонымен қатар ғалым Абай шығармаларының тіл бейнелілігін аса жоғары бағалайды. Абай поэзиясының аса бағалы қасиеті, артықшылығы- онда ешқандай жасандылықтың ізі жоқ. Қысылмай, қымтырылмай, шабыттың қуатымен тебіреніп еркін сөйлеу, жан-тәнімен сезінген, жүрек жарды ой-толғамын ортаға салу, боямалап, әшекелемей, ақтарыла адал айтатыны-міне, Абай поэзиясының адамды баурап алатын ерекше тартымдылығы алдымен осы қасиеттерінде. З.Ахметов поэмалар сыр-сипатын айта келе, бұл жанрдағы ақынның шығармашылық ізденістері аз болмаған деп жобалайды. Және де ғалым Абайдың қарасөздерінің тақырыптық, жанрлық өзгешеліктерінде тоқталып өтеді.
Ұстаз, білімпаз, қоғам қайраткері Зәки Ахметовтің өнегелі өмірі мен ғылыми шығармашылығы жарты ғасырдан астам уақытты қамтиды. Тегінде оқымысты-педагогтың өміртарихы- Отан тарихымен, орыс, қазақ зиялыларының тарихымен, республика жоғары мектеп өмірімен төркіндес.
С.Е.Маловтың жетекшілігімен 1951 жылдың 5 қаңтарында «Абай және Лермонтов» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Осынау кесек зерттеуде Абайдың аударма саласындағы үздік өнеріне, сөз саптау шеберлігіне, көркемдік ойлау жүйесінің тегеуірін-қуатына барынша терең талдау жасайды. Қыруар салыстыруларды жүйе-жүйесімен жіктеп тексереді. Абайдың Лермонтовты құштарлықпен аударғанының себебін ол «ерекше ызаның ақыны, махаббаты ашумен уланған ақын» деп өте-мөте бүйрегі бұрылып, ынтасы ауып, жүрегі қалап, жақын тұтқанын зерделілікпен таразылап түсіндіріледі. Демек, зерттеуші терең тамырластықты, төркіндестікті, сарындастықты аңғартады[21,22].
Зәки Ахметов Абайтану мен Лермонтовтануға жаңалықты құбылыстар енгізді. Жас ғалымның тұжырымды ой-пікірлерін академиктер Крачовский, Струве, Баранников, профессорлар Ефимов, Берков, көрнекті лермонтовтанушы В.А.Мануйлов қолдап қуаттады. Сөйтіп, оқу мен жазуды, тыңдау мен сөйлеу өнерін қысқасынан қайырғанда, бірнеше өнер түрлерін түбегейлі меңгерген рухани балғын қасиеттің иесі Зәкең зиялы ойшыл қауымның, озат та үлгілі ортаның барша жақсылықтарын бойына тұтастай сіңірді. Ұлттық әдебиеттану ғылымының ту ұстаушысы дәрежесіне көтерілген өзі күндей, сөзі гүлдей Зәки аға сөз жауһарын, ой асылын асқан сезімталдықпен, кемел білгірлікпен, салиқалы парасат-пайыммен саралап, студенттердің жүрегіне, ой-санасына жойқын шабыт пен шебер жеткізеді. өлеңдерін Зәки аға түгелге жуық жатқа айтады десекте жарасады.
Академик Зәки Ахметовтің «Поэзия шыңы- даналық» атты зерттеуінде ұлттық сөз өнерінің өзгеше өрнек кестесі, тарихи-әдеби процестің ерекшеліктері, халықтың көркемдік ойлау жүйесі, поэзияның бейнелік суреттілік табиғаты, архитектоникасы, сөз музыкалығы, ой тапқырлығы, өлең құрылысы, Ұлы Абайдың суреткерлік қолтаңбасы, ақындық даналығы турасында жан-жақты, терең ой-түйіндеулер, тұраулы тұжырымдар мәнімен, сәнімен келісті баяндалады.
Тегінде, шынайы көркем сөз туындату үшін әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды, өмірдің қыр-сырларын, әлемнің, табиғаттың, қоршаған ортаның мән-жайларын терең пайымдаған ғана діттеген мақсатыңа жатасің. Ғалымның пікіріне ден қойсақ, өлең сөздің сәулеттілігі мен сәулелігі- ақынның көркемдік дүниетанымына, үріп ауызға салғандай мөп-мөлдір буырқанған тапқыр ойына байланысты екен. Демек, өлең сөзге өрнектілік, суреттілік, сыршылдық, сұлулық дарытатын, ақын мәдениетін асқақтатын «ой-сезім тереңдігі, өткірлігі, әсерлігі». Ал «тіл, сөз, ақындық көркем ой-сезімді жеткізудің құралы ғана». Задында, шығармашылық өнерде ұшқыр қиялдың, дархан көңілдің, телегей сезімнің, қуатты түйсіктің орны бөлек. Өнерпаздың ішкі жан дүниесі- дүниетанымының негізі, даналық бастауы, сезімнің бұлағы, көркемдік ассоциацияның дүкені. Көркемдік сұлулықтың өзі құштарлыққа байланысты[23,24].
Академик Зәки Ахметовтің «ақынның жан дүниесінің жарқын сәулесіменн нұрланып шыққан, оның ақыл-парасатынан, шабытты асқақ арманынан қуат алып, құлпырған, әдемілік-сұлулыққа ынтық эстетикалық сезімінен нәр алған өмір шындығы» дегенінде айрықша мән-мағына бар. Поэзия мейлінше терең, нәзік сезімнен де, құштарлықтың отынан да жаралып-жаңғырып туады дегенді жарқырата жазады.
Ұлттық поэзиядағы, халықтың ой-санасындағы сұлулық пен ізгіліктен құйылып, нұрлана құбылған бейнелі сөздер табиғатын, көркем ұғым-түсініктерін әдеби-ғылыми тұрғыдан талғампаздықпен талдап түсіндіреді. Поэзиялық сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі. Оған ишараттау, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, әсемдеу, теңеу, ұқсату тән. Осындай көркем құбылыстардың, эстетикалық шарттылықтардың құпия сырын академик Зәки Ахметов халық жырларынан, ақын-жыраулар поэзиясынан, Біржан-Сара айтысынан ең жарқын, ең үздік, ең көркем үлгілерінен мысалдар келтіре отырып, тамылжыта дәлелдейді.
Зәки Ахметов ұлттық әдебиетіміздің ғылымында қазақ өлеңі құрылысынан бірден-бір кесек зерттеу жазған ғалым.
Задында, өлең құрылысының ұлттық сипат-белгілері өзгеше. Бұл ұлт тілімен тамырлас, тектес. Сондықтан да қазақ өлеңі, алдымен, буынға негізделеді. Ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады. Яғни, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен, фонетикалық құрылысынан туындайды.академик Зәки Ахметовтің көрсетуінше, «жүйелі ой салаланып, сабақтасып жатқан жеке тізбектерден тұрады». Демек, әуезді ырғақтың ең негізгі бөлшегі буын екені әлімсақтан белгілі. Содан буын бунаққа, тармаққа көшіп, ырғақтың әуез-келісімін күшейтеді.
Ахметов Зәки (1928 ж.т.)- әдебиет зерттеуші ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ахметовтың қазақ өлеңінің құрылымы, теориясы, стилі мен тілі, әдебиеттегі дәстүр мәселелеріне арналған: «Қазақ поэзиясының тілі», «Өлең сөздің теориясы», «Қазірігі қазақ әдебиетінің дамуы және дәстүрлері» т.б. көлемді ғылыми еңбектері жарық көрген. Ғалым Абай шығармаларын 40-жылдардың аяғынан бастап тыңғылықты зерттеп келеді. Әсіресе ақыннның орыс классиктерінен тәржімелеген шығырмаларына баса көңіл бөліп, Абайдың аудармашылық шеберлігі мен тәжірибесін теория жағынан негіздеп берді. Ғалым Абай өлеңдерінің көркемдік құрылымын, поэтикалық тілін, философ, ой-тұжырымдарын, тәрбиелік және әлеуметтік мәнін, текстологиясын, жаңашылдығы мен дәстүр жалғастығын сөз ететін: «Абай аудармалары орыс әдебиетімен байланысының бір түрі» (Абай өмірі мен творчествосы.- А.,1954), «Ойшыл, суреткер ақын» (Абай тағылымы. – А.,1986), «Абай-ұлы ақын», ағартушы, демократ» (ҚазССР ҒА-ның хабаршысы. Тіл -әдебиет сериясы. 1985, №4), «Абайдың «Сегіз аяғы» (Қазақ филологиясының мәселелері. Орыс тілінде. –А., 1964), «Абай және оның көркемдік дәстүрі» (Қазіргі қазақ әдебиетінің даму мен дәстүрлері. Орыс тілінде. –А., 1978) т.б. 30-дан астам ғылыми еңбек жазылды.
Ғылыми-әдеби еңбегі, азаматтық өмір жолы өзінен кейінгілерге өнегеге айнаоған академик Зәки Ахметов- әдебиеттану ғылымында нар жүгін көтерге белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиет менің тағдырым деп таныған зерттеуші халқына бүкіл жаратылысымен аянбай қызмет етіп, қазақ әдебиеттану ғылымының мұрасын одан ары биіктетті.
Әдебиеттану ғылымында өз бағыт-бағдарын әбден анықтаған ғалым 1965 жылы әдебиеттің теориялық мәселелеріне терең бойлап, қазақ поэзиясындағы тіл кестесі мен өлең құрылысы жайлы «Қазақ өлеңінің құрылысы» деген докторлық диссертациясын қорғап, қазақ сөз өнерінің заңдылықтарын, оның ұлттық сипаты мен ерекшеліктерін терең ашып береді. Бұл еңбекте академик З.А.Ахметов тұңғыш рет қазақ өлеңінің дәлелді ғылыми теоирясын жасады. Теңіз тұңғиығынан інжу-маржан сүзгендей зерделі зерттеушінің терең ізденіске толы бұл еңбегі өз кезінде ғылыми құндылығымен әдебиет әлеміне үлкен жаңалық әкелді. Еңбекте қазақ өлеңінің ритмикалық құрылысы егжей-тегжейлі қарастырылып, ұлттық тіл құрылымымен тығыз байланысты маңызды ерекшеліктері анықталған. Зерттеушінің қазақ өлеңінің құрылысы жайындағы бұл құнды еңбегі қазіргі жоғары оқу орындарында қазақ өлеңінің құрылысын танып-білуде ең бір құнды еңбектердің бірі ретінде пайдаланылуда.
Академик З.А.Ахметов «Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очерктері» (Мәскеу), «Ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» (Алматы), сондай-ақ «Көпұлтты әдебиеттің тарихы» (Мәскеу), «Лермонтов энциклопедиясы» (Мәскеу) және басқа көптеген көп томдық іргелі еңбектерді жазуға атсалысты.
З.А.Ахметовтің әдебиет теориясы қазақ өлең құрылысы, аударма проблемасы, т.б. теориялық еңбектеріне аса көрнекті әдебиет зерттеушілер В.М.Жирмунский, П.Н.Берков, В.А.Мануйлов, Г.И.Ломидзе, З.С.Кедрина, Б.П.Гончарев, В.В.Кожиновтар жоғары баға берді. З.А.Ахметовтің еңбектері Москва, Санк-Петербург, Ереван, Минск, Кишинев, Баку, Ташкент қалаларында Қытай, Түркия елдерінде жарық көрді. 1975 жылы З.А.Ахметов ҚРҒА-ның корреспондент-мүшесі, 1983 жылы академик болып сайланды.
Зерделі талант, білімпаз зерттеуші ұлы Абайды танытуда да өлшеусіз еңбек етіп келеді. Ол «Лермонтов және Абай», «Қазақ өлеңінің құрылысы» (1965), «Қазақ поэзиясының тілі» (1970), «Өлең сөздің теориясы» (1973) және ұлы ақынның мерейтойына жазылған «Абайдық ақындық әлемі» атты монографиялық еңбектері арқылы ұлы Абайдың рухына өлместей ескерткіш соқты. З.А.Ахметовке Абайдың әдеби мұрасын мұқият зерттеп насихаттауда сіңірген зор еңбегі үшін 1996 жылғы әдебиет, өнер және архитертура саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген атақ берілді. Бұл атақ З.А.Ахметовтің бүкіл саналы ғұмырын абайтануға арнаған өлшеусіз еңбегіне берілген бірден-бір әділ баға еді. Абайтану ғылымының жалғасы іспеттес мұхтартану саласында да «Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы», «М.Әуезовтің роман-эпопеясы» деген ауқымды, маңыздылығы жағынан терең, сүбелі еңбектер жазды. З.А.Ахметовтің абайтану мен мұхтартану проблемалары жөніндегі зерттеулері ұлттық әдебиет тарихындағы шын мәніндегі жаңашыл еңбектер болды.
1996 жылы З.А.Ахметовтің тікелей жетекшілігімен «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі» шықты. Бүкіл әдебиеттану ғылымын қамтитын негізгі ғылыми түсініктер мен терминдерге ана тілімізде терең де дәл анықтама берген бұл сөздік мектеп оқушысынан бастап, жоғары оқу орындарындағы мұғалім, студенттердің таптырмас құралына арналған.
З.А.Ахметов- отандық ғылымының әдебиет теориясы саласындағы ірі маман ретінде 11 монографиялық, 15-тен астам ұжымдық және 300-дей мақал-еңбектердің авторы. Бұл проблемалық зерттеулердің әдебиеттану ғылымы үшін мәні зор[25,26].
З.А.Ахметовтің ғалымдық бейнесін тарихта қалдыратын, әдебиеттану ғылымының тарихына алтын әріппен жазылатын белгілері бұлар емес, ондай айшықты белгі-беделдер алдымен ғалымның тамаша зерттеулері, зерделі ізденістері екені дау тудырмаса керек.
Тұтас әдебиет пен оны құрайтын бөлшекті бір-бірінсіз тануға болмайтынына анық көз жеткіздік. Сондықтан да ғалым қазақ өлеңінің бітімін тану үшін оны буын-бунаққа дейін, «Абай жолы» эпопеясының жанрлық белгілерін жинақтау үшін сатылап келіп көркемдік-бейнелеу құралдарына дейін, Абай шеберлігі мен даналығын зерделеу үшін шығарма текстологиясына дейін саралап жатады. Бұл түптеп келгенде нені қалай, қай тұрғыдан және қандай мақсатпен зерттеудің дәл өзі дерлік, яғни зерттеушінің ойдан-қырдан құрастырған шектеулі тұжырымы емес, ұлттық әдебиеттің хас бітімі болып шығады.
З.Ахметов зерттеулерінде шешімін тапқан мәселелер қазақ әдебиетінің шеңберімен ғана шектелмей. Оның жалпы түркологиялық мәні де аса зор. Себебі, олардың ішінде қазақтың өлең-жырлары, қырғыздың «Манас» эпосы, түркі халықтары өлеңдерінің типологиясы туралы зерттеулердің болғандығы ғана емес. Сөз жоқ, бұларда аса маңызды. Сонымен бірге қазақ әдебиеті мен фольклорына арналған ізденістерінде жалпы түркі халықтарының әдебиетіне қатысты маңызды тұжырымдамалық идеялардың ұсынылатындығы. Әсіресе, өлең өрнегінің байырғы белгілері, ауызша поэзияның көне поэтикалық дерекнамалық сипаты туралы топшылаулар түркология ғылымы үшін елеулі жаңалық.
Ұлы жазушы Сәбит Мұқанов былай деген:
— Өлең құрылысы туралы бұрын да аз болған жоқ. Зәки Ахметов соларды түгелдей біліп, ескеріп қазақ өлеңін жаңа қырынан терең зерттеген. Оның «Қазақ өлеңінің құрылысы» атты зерттеу еңбегі- бұған дейін айтылмаған толымды, көңілге қонымды пікірлер айтуымен құнды.
Профессор Темірғали Нұртазин: «Өлең құрылысының нәзік құбылыстарын тамыршыдай дөп басып, жатық тілмен ұғынықты жеткізетін сирек талант иесі»,- дейді.
Зерделі зерттеуші «Келдік талай жерге енді», «Жүрегім, нені сезесің», «Жүрегім ойбай, соқпа енді», «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?», «Ем таба алмай», «Тайға міндік», «Жастықтың оты жалындап», «Жастықтың аты қайдасың», «Жүрегім менің қырық жамау» сияқты сыршыл-лирикасының нәзік реңк толқындарын, нақыш-кестелерін, сезім сәулелерін есілте, төгілте жеткізеді. Өз сөзімен айтқанда, «соққан желдей заманның» еркіне көнбейтін қайсар мінезді, өткір тілді текті тұлғаның поэзиясына тұнып тұрған қасиетті ой, мөлдір сезім, мінсіз таза ақыл тән. Ол ғайыпты болжаған, тұңғиықтан сыр тартқан, сұлулықтың сиқырын сезінген көреген абыз іспетті. Сондай-ақ қазақ өлеңінің ұйқастық, ырғақтық, буындық, бунақтық, тармақтық, шумақтық, интонациялық кестесін бұрын-соңғы болмаған өзгерістермен кемелдендіреді. Міне, осы жәйттар аталмыш монографияның «Тіл бейнелілігі», «Өлең өрнектері» бөлімдерінде жүйелі түрде сөз болады. Автор қара сөздердің жанрлық табиғатына ой жіберіп, кейде шешен сөзге, кейде әңгіме-сұхбатқа, бірде діни трактатқа, Мұхтар Әуезов пікіріне жүгініп, ойшылдық сыр-сипаты басым өсиет-толғауға жатқызады.
Асылы, Абайдың қара сөздері ұлттық прозаның, публицистикалық әдеби тілдің кемел дамуына жойқын ықпал жасағанын біліктілікпен баяндайды.
З.Ахметов зерттеулерінің мәні поэтика категорияларының көркем шығармадағы тұрақты сипатын саралауда ғана емес, олардың қалыптасып, көркемдік жүйеге түсу жолдарын да анықтап беруде.
Иә елу жылдай әдебиеттану әлемінде елімізде болған елеулі оқиғалармен қарайлас ғұмыр кешіп келе жатқан ізденісі мол майталман ғалым туралы ауызша баяндамада бәрін қамту мүмкіндігі болмады. Алайда, даңғаза ұғымдармен дабырайтып мақтанғаннан гөрі тағлымы мен тәлімі мол, бәрімізге етене жақын әдебиетіміздің биік мұраттары алдында бетке ұстар ғалымымыз Зәки Ахметов десек ешбір артық айтқандық емес.
Абай мұрасы-бір халықтың рухани-мәдени өмірінің шарайнасы, жазба әдебиетінің көшбасшысы- атасы. Ұлтымыздың ақындық даналығын, өнерпаздық болмыс-жаратылысын мәшһүр еткен озық ойлы кемеңгер тұлға. Ойы мұхиттай толқыған, көкірек көзі көреген, арғы-бергі ғасырлар сырын мінсіз толғаған, халқының ұлттық ой-санасын оятқан Абайдың асыл туындыларының ағыс-толқындарын, астар қабаттарын, түпсіз тереңдігін жарқырата ашу, шебер сөйлету, дәлелдеп көрсету-қиынның қиыны екені анық. Солай болса да қазақ өлеңінің құрылыс-жүйесін, құдірет-қуатын Абай поэзиясының орыс классиктерімен ұқсастығын қажырлықпен тексерген, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихын зерделеген, күрделі еңбектер жазған Зәки Ахметовтің «Абайдың ақындық әлемі» атты зерттеу жариялауы орынды да. Себебі, ұлы Абайдың сұңғыла суреткерлігін, асқан ойшылдығын, нәзік сыршылдығын білгірлікпен әңгімелеу ондаған жылдар бойы ізденістерді қажет етеді.
Зерттеуші Зәки Ахметов өз еңбегінде Абай шығармаларының азаматтық рухани-көркемдік тәжірибелерімен, әрі болашақ замана белестерімен дәнекерлікте байланыстырады. Және де әрбір туындының сұлулық табиғатын басқа шығармалармен сабақтастыра, жалғастыра, тұтастықта қарастырып отырады. Яғни тарихи принципті мықтап ұстанады.
Академик Зәки Ахметовтің зерттеуінде проза мен ұлттық поэзиның байланысы, прозаның ұлттық ерекшеліктері, тарихи уақыт пен көркемдік уақыттың арақатынасы, М.Әуезовтің шығармашылық лабораториясы, текстологиясы, суреткерлік-бейнелік жүйесі әңгімеленеді.
Ұлт санаткері Зәки Ахметовтің әдебиет тарихы мен теориясы, ұлттық поэтика мен өлең жүйесі, абайтану мен әуезовтану жайындағы монографиялары Қазақстан ғылымы тарихында жарқын белес болып есептеледі. Оның еңбектері Қытай, Түркия, Ресей мемлекеттерінде, Минск6 Кишинев, Ереван, Баку, Ташкент, Бішкек қалаларында жарық көрді.
Ол репрессияға ұшыраған Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын бағалауда тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге орасан зор еңбек сіңірді.
«Сөз жинаған мың кісілік», «Сөзінің әр ширегі мың ділдалық» дегендей, тумысы бөлек, тұлғасы биік, кеудесі қазына ардақты Зәкең қымбат сөз қалдырды.
Академик З.Ахметов ұлы Абайдың ақындық даналығын сонау 1949 жылдан бері қажырлықпен шұғылданып, зерттеп келеді. «Ғұлама ғибраты» Серік Негимов.
Академик В.М.Жирмунский Зәки Ахметовтің «Қазақ өлеңінің құрылысы» зерттеуін түркітануға және өлең теориясына қосылған бағалы еңбек деп есеп, Зәкең ашқан қазақ поэзиясындағы клаузула мен элизия құбылыстарына айрықша мән береді де, оның жалпы поэзияға тән заңдылық екенін айтады:
« Здесь достаточно отменить… докторскую диссертацию и ряд статей З.А.Ахметова о казахском стихе, заслуживающих особого внимания как по своему теоретическому уровню, так и по богатству и новизне конкретной информации и анализа… З.Ахметов своевременно напомнил о дополнительном фонетическом признаке силлабической системы, которы был выдвинут Валерием Брюсовым с учотом указанных особенностей итальянского языка и стиха… Согласно наблюдению Т.Ковальского, которое подвердил и обосновал З.Ахметов на материале казахского короткого (7-8 сложного) народно-эпического стиха (жыр), постояный характер в таком стихе имеет трехсложная клаузула… …З.Ахметов систематизировал ряд случаев видимой неравсложности, объясняемых фонетически факультативной элизией слабых (сверкратких) слогов и явлением зияния…» (В.М.Жирмунский. О некоторых проблемах теории тюркских народного стиха // Тюркологический сборник. М., 1970. С. 29, 32, 33, 35 и сл.) [27,28].
Жалпы, Зәки Ахметовтің айтылмыш еңбегінде қазақ әдебиеті теориясының поэзияға қатысты ең іргелі проблемалары зерттелген. Атап айтқанда, қазақ өлеңінің құрылысы, халық поэзиясындағы ән мен өлең түрлері, құрылымын дамытудағы Абайдың рөлі, қазіргі өлең мен өлең құрылымындағы жаңашылдық…
Зәкең поэзия теориясын, өлеңтану (стиховедения) мәселелерін өмір бойы зерттеді, әр кезде оның әр түрлі аспектісін қарастырып отырды. Зәкеңнің ең соңғы еңбегі де поэзияға арналған. Ол «Поэзия шыңы- даналық» деген атаумен Зәки аға дүниеден көшкеннен кейін, жақында жарыққа шықты.
Аса көрнекті ғалым деген атаққа ие қылған сондай-ақ оның әдебиет тарихы, әдеби байланыс, текстология мен аударма жөніндегі зерттеулері екені сөзсіз. Әсіресе, оның Мәскеу мен Ленинградта жариялаған еңбектері, соның ішінде «Тургеневский сборник», «Лермонтовская энциклопедия», «История советской многонациональной литературы», «Краткая литературная энциклопедия», «Народы мира» деген өте беделді, маңызды әрі қомақты басылымдарда шыққан мақалалары мен очерктері, эсселері Зәки Ахметовті Совет Одағындағы ең көрнекті әдебиеттанушы-ғалымдардың алдыңғы қатарына шығарды. Зәки аға еңбектерінің ағылшын, армиян, белорус, молдаван, татар, түрік тілдерінде жарық көруі де, сондай-ақ оның қазақ пен орыс тілдерінде бірдей төгілте жазып, сөйлеп, ойын мүлтіксіз жеткізе білуі де- ол кісінің кең масштабы, жан-жақты білімі бар оқымысты екенін де жақсы айғақтады.
Зәки Ахметовтің тұла бойы тұнған әдемілік еді, тәні де, іші де, сырты да сұлу болатын. Нағыз эстет еді. Скрипкада тамаша ойнайтын.
Бір бойында ғылым, әдебиет, өнер тоғысқан Зәки Ахметов не нәрсенің болса да әдемі болуын қалайтын. Ол әдебиетті- өнер, өлеңді- эстетика деп түсінетін. Поэзияны өте жақсы білумен қатар аса бір зеректікпен танитын, қызғана қорғайтын.
Абай шығармаларына өте сақтықпен қарайтын. Ұлы Мұхтар Әуезовпен бірге 1957 жылы Абай шығармаларының екі томдық жинағын баспаға даярлап, шығарғаны белгілі.
Зәки Ахметов- ішкі мәдениеті өте жоғары, мейлінше кішіпейіл, жаны таза азамат еді. Көрініп қалуға, жақсы көрінуге ұмтылмайтын. (Содан болар бірде-бір орден алмапты). Кісінің қас-қабағына, көңіл-күйіне үлкен мән беріп, жағдайын түсінуге тырысатын. Жақсылық істеуге даяр тұратын, адамдарға өзі сиқты қарап, үлкен сенім артатын. Кейде сенгіштігі өзіне зиян әкеп жатса да, сабырлық танытып, ұстамдық көрсетуші еді. Алайда 23 жасында ғылым кандидаты, 37 жасында ғылым докторы болған. Совет Одағына атағы тараған талантты ғалым Зәки Ахметовтің өмір жолы ылғи да шуақты болған жоқ. 1986 жылғы Желтоқсанның ызғары оған да тиді. Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті әрі Қазақ КСР Жоғар Кеңесінің депутаты болып тұрған кезінде Г.Колбиннің қаһарына ілігіп, нақақтан-нақақ жапа шекті. Осы тұста Борис Ерзакович, Зейнолла Серікқалиев, Ләйла Әуезова Зәки Ахметовтің кінәсі жоған дәлелдеп, принциптілік көрсетті.
Әділетсіздікке тап болған Зәки Ахметов, әрине, іштей қынжылды, бірақ мойыған жоқ. Ол өзін нағыз ғалым, шынайы интеллигент, үлкен жүректі азамат ретінде көрсетті, ешкімді кінілаған жоқ, ғайбат сөзге бармады. Өзінің сүйікті ісі- әдебиетті зерттеуге түгелімен берілді, содан өзіне жұбаныш тапты. Талантына қоса орасан еңбексүйгіштігі арқасында тағы төрт монография жазып, ондаған мақала жариялады. Нәтижесінде 1995 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Зәки Ахметов- шын мәнінде творчество адамы еді. Үнемі ізденіс, ойда жүретін.
Зәки Ахметовтің адами да, ғылыми да әуелеті мол еді. Атқарамын деп жүрген жоспарлаған жұмысы да көпті. Соңғы жылдары өте жемісті еңбек етіп, бірінен соң бір кітап шығарып, мақалалар жазып жүрді. Көптеген ғылыми конференцияларда баяндама жасады. Дулаттың, Шәкерімнің, Сұлтанмахмұттың ғылыми жинақтарын даярлауға басшылық етіп жүрді. Әсіресе, Махамбеттің 200 жылдығына орай ақынның 4 томдығына шұғыл кірісіп, үлкен іс атқарып жүрген. Осының бәрін аяқтай алмай кетті. Ал оның еңбектері еліне, халқына, Отанына әлі де ұзақ уақыт қызмет етіп, пайдалы болатыны күмәнсіз[29,30].
Жалпы алғанда, З. Ахметовтың қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне, жан-жақты дамуына, қанатын кеңге жайып әлемдік деңгейіне көтерілуіне зор үлесін қосты. Бізге мәлім болған ғалымның төмендегідей еңбектерін атап өтуімізге болады:
«Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы және дәстүрі». Ал. 1978
«Поэзия шыңы-даналық». Астана: 2002
«Қазақ поэзиясының тілі». Алматы, 1970 ж.
«Основы теории казахского стиха» (монография), Алматы- 2002
«Әдебиеттану». Алматы: «Ана тілі», 1998.
«Қазақ өлең құрылысы» «монография), Аламты: 1964 ж.
«Материалы и исследования». Алматы: «Ғылым» 1998 ж.
«К вопросу изучения теории тюркского стиха», Совет. тюркология, 1972 г
«Роман-эпопея». Алматы: «Санат», 1997 ж.
«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылуы тарихы». Алматы, 1984
«М.Әуезовтың роман-эпопеясы». Ал. «Санат», 1997.
«Өлең сөздің теориясы». Алматы: «Мектеп», 1973.
«Абайдың ақындық әлемі». Алматы: «Ана тілі», 1995.
«О языке казахской поэзии». Алма-Ата, 1970
«Казахское стихосложение». Алматы, 1964 ж.
«Поэтика эпопеи» Путь Абая в свете истории ее создания». Алматы: «Наука», 1984 г.
«Лермонтов и Абай» Алма-Ата, 1954 г.
«Абай жолы»- тарихи шындық пен көркемдік шындық. // Заман Қазастан: -1997 ж- 1 тамыз.
Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті: [жазушы творчествосының дүниежүзілік мәнін ашып көрсету туралы] // Егемен Қазақстан- 1997 ж- 27 қыркүйек (№190).
Даналық тағылымы: [М.Әуезов- академик] // Абай- 1997. және т.б.
Қорытынды
Қазақ әдебиеті Кеңестік дәуірде социализм орнатудың қиыншылықтарымен бірге күрделі даму жолын өтті. Соған қарамастан ол адамның азаттық жолындағы ой-тілегін, жаңа әмір үшін күресін, алыс арман-идеясын жырлауда бірқатар жаңа сапаға ие болды. Жаңа күрескер адамның әрқилы зейнесін жасауға көтерілді. Өмірдің адамды ілгері жетелейтін эптимистік бағытын бетке ұстап, жалпы адамзат рухын көтеруге бағытталған әдебиет дәстүрін қалыптастырады. Әлем халықтарының тілдеріне аударылу арқылы қазақ әдебиеті көп дос, тілектес тапты. Дүниежүзі халқы қазақтарды танып, оның сөз өнерін бағалайтын болды. Мұның өзі қазақ әдебиетінің есейіп, ер жетіп, басқа халықтар әдебиетіне ықпал, әсер ететін дәрежеде көтерілгенін танытады. Қазақ қаламгерлерінің кейінгі ұрпағы үшін аға жазушылардың өнеге-үлгісі үлкен мектеп болды. Қазіргі әдеби дамудың негізгі салмағын көтеріп келе жатқан 60-70 жылдар өкілдерінің өзі осы мектептен шықты. Реалистік өнерді байытып, оны тұрмыс-тіршіліктің, адамның жұпыны өмірінің шындығын терең бейнелеу арқылы жетілдіріп, қоғам мен адам дамуының қайшылықты күйін ойшылдықпен суреттеуде осы ұрпақ тың ізденістерге баруда. Аға ұрпақ үлгі еткен монументтік өмір суреттеріне қосымша бейнелеудің бұл әдісі де ұлттық өдебиеттің үнемі ізденіс, өсу үстінде екенін танытады. Қазіргі қоғам талабы тұрғысынан да соңғы әдіс өміршеңдігін дәлелдеуде, тарих сабағына сын көзімен қарап, адам өмірін психологиялық талдау арқылы барлауда да ол өнімді жеміс беруде. З. Ахметов қазақ әдебиетіндегі өшпестей қыруар еңбегі қахақ әдебиетінің тарихында ерекше аталары хақ. Бүгінгі біздің осы бастамамыз ғалымның еңбектерінің жарыққа шығып, ел игілігіне айналарына үміттеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
- «Қазақ әдебиеті энциклопедия». Алматы: «Білік», 1999 ж- 750 бет.
- Ахметов З.А. «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы және дәстүрі». Алматы: 1978 ж.
- Ахметов З.А. «Поэзия шыңы-даналық». Астана: 2002 ж.
- Ахметов З.А. «Қазақ поэзиясының тілі». Алматы, 1970 ж.
- Ахметов З.А. «Основы теории казахского стиха» (монография), Алматы- 2002 г.
- Ахметов З.А., Шаңбаева Т. «Әдебиеттану». Алматы: «Ана тілі», 1998 ж- 384 бет
- Ахметов З.А. «Қазақ өлең құрылысы» «монография), Аламты: 1964 ж.
- Ахметов З.А. «Материалы и исследования». Алматы: «Ғылым» 1998 ж.
- Абай энциклопедия. Алматы: «Ата мұра», 1995 ж- 720 бет.
- Ахметов З.А. «К вопросу изучения теории тюркского стиха», Советская тюркология, 1972 г.
- Ахметов З.А. «Роман-эпопея». Алматы: «Санат», 1997 ж.
- Ахметов З.А. «Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылуы тарихы». Алматы, 1984
- «Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері» (Ұжымдық монография)- Алматы: «Ғылым», 2002 ж- 274 бет.
- Ахметов З.А. «М.Әуезовтың роман-эпопеясы». Алматы: «Санат», 1997ж.
- Ахметов З.А. «Өлең сөздің теориясы». Алматы: «Мектеп», 1973 жылы-
- Ахметов З.А. «Абайдың ақындық әлемі». Алматы: «Ана тілі», 1995 жылы- 272 бет.
- Ахметов З.А. «О языке казахской поэзии». Алма-Ата, 1970 г.
- Ахметов З.А. «Казахское стихосложение». Алматы, 1964 ж.
- Ахметов З.А. «Поэтика эпопеи» Путь Абая в свете истории ее создания». Алматы: «Наука», 1984 г.
- Ахметов З.А. «Лермонтов и Абай» Алма-Ата, 1954 г.
- Ахметов З.А. «Абай жолы»- тарихи шындық пен көркемдік шындық. // Заман Қазастан: -1997 ж- 1 тамыз- 12 бет.
- Ахметов З. Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті: [жазушы творчествосының дүниежүзілік мәнін ашып көрсету туралы] // Егемен Қазақстан- 1997 ж- 27 қыркүйек (№190)- 1-2 бет.
- Ахметов З.А. Даналық тағылымы: [М.Әуезов- академик] // Абай- 1997 ж- 2-3-63 бет
- Негимов С. «Негимов С. «Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде даналық» [Академик З.А.Ахметовтың «Поэзия шыңы-даналық» атты зерттеуінде ұлттық сөз өнері туралы баяндайды] // Егемен Қазақстан-2004 ж- маусым (№145-148) — 6 бет.
- Ыбыраев Ж. Қазақ өлеңінің зергері: [әдебиетші, филология ғылымының докторы, профессор З.А.Ахметов туралы] // Егемен Қазақстан- 1998 ж- 14 қазан (№202)- 3 бет.
- Зәки Ахметұлы Ахметов [Өмірбаяны мен творчествосы] // Қазақ әдебиеті- 2002 ж- 20 желтоқсан- 15 бет.
- Қасқабаев С. Академик Ахметов: (Зәки Ахметов туралы) // Егемен Қазақстан- 2003 ж- 5 мамыр.
- Негимов С. Ғұлама ғибраты: [Академик З.Ахметовтың өнегелі өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы] // Егемен Қазақстан- 2003ж- 24 қаңтар- 4 бет.
- Сыздықова К., Әділова Ш. Теңіздің тұңғиығынан інжу терген: /Академик З.А.Ахметов 70 жаста/ // Оңтүстік Қазақстан- 1998 ж- 7 қазан
- Бекниязов Т. Талғамы терең ғалым: /Академик З.Ахметов 70 жаста/ Түркістан- 1998 ж- 6-12 мамыр.