АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде

Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде

 

  МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе……………………………………………………………………………….……………………..

 

  1. Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы……………………………………………

 

  1. Бағалы қағаздар азаматтық құқық объектілерінің жүйесінде…………………………………………………………………………………………………

2.1. Бағалы қағаз ұғымының заңдық мазмұны……………………….………………….

2.2. Акционерлік қоғамдар. Бағалы  қағаздардың пайда болуы………………………………………………………………………………….…………………..

2.3. Бағалы қағаздар түрлері…………………………….………………………………………

2.3.1. Акциялар…………………………………………………………………………………………

2.3.2. Облигациялар………………..……………………………………………………………….

2.3.3. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу………………..……………….

 

  1. Ақша құралдары азаматтық құқық объектілері ретінде……………………

3.1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы………….…….

3.2. Ақша — тауардың жалпы эквиваленті………………………………………..……….

3.3. Ақшаның атқаратын қызметтері………………………………………………………..

3.4. Ақша айналымы………………………………………………………………………..……….

 

Қорытынды………………………………………………………………………

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………..……

 

КІРІСПЕ

 

Егемен Қазақстанның қоғамы мен мемлекетінің нарықтық экономиканың негізгі принциптеріне сәйкес дамуының екінші онжылдығы жалғасып келуде. Осы мерзімнің ішінде экономикалық және қоғамдық қатынастардың жүйесінде түбегейлі түрдегі өзгерістер орын алуда.

Жаңа Конституция мен оның негізінде қабылданған заңдарымыз мұндай өзгерістердің құқықтық негізі болып табылады. Экономикалық қатынастарды реттеу саласында шешуші рольге біздің «экономикалық конституция» жаңа Азаматтық кодексіміз ие.

Дегенімен де экономикалық қатынастардың дамуы азаматтық заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттілігіне алып келіп отыр. Кодекстегі бағалы қағаздарға қатысты нормалар кеңес дәуірінің азаматтық заңнамасымен салыстырғанда прогрессивті сипатқа ие.

Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

а)   бағалы   қағаз   түрі  және  мазмұнымен  заң талаптарына  қатаң бағынатын құжат.  Мәселен,     бағалы     қағаздармен     куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

ә) бағалы қағаз оның иеленушісінiң мүліктік құқығын куәландырады;

б)  бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде  ғана  құқық  іске  асырылады.  Айталық,  бағалы  қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша  құқықтар берілетін адамға индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс  адам көрсетілмейді).

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша — тауарлы өндірістің өнімі.

Азаматтық құқықтың тағы да бір объектілерінің бірі ақша болып табылады. Азаматтық кодекстің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ақша бөлінісі теңге болып табылады. Сонымен қатар, елімізде шет ел валютасынымен есеп айрысу мүмкіндігі де бар. Оның реттері, тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Бүгін Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мақсаттарына жету үшін ақшаны оның әртүрлі нысандарында қолдана отырып, жақында ғана мүмкін емес болып есептелген қарым қатынастарды жүзеге асыруда. Бұдан бөлек, шет ел бизнесмендері мен заңгерлері қазақстандық тәжірибеге дамыған нарықтардағы ақшаны пайдаланумен байланысты бірқатар тетіктерді «импорттаған». Ал Қазақстанның заңдарының негізде мұндай тетіктерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырғанда бұл саладағы қажетті құқықтық нормалардан бөлек, бұл мәселелер бойынша теориялық ізденістердің де жоқтығы да көзге түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Азаматтық құқық обьектілерінің ұғымы

 

Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мақсаттарына жету үшін ақшаны оның әртүрлі нысандарында қолдана отырып, жақында ғана мүмкін емес болып есептелген қарым қатынастарды жүзеге асыруда. Бұдан бөлек, шет ел бизнесмендері мен заңгерлері қазақстандық тәжірибеге дамыған нарықтардағы ақшаны пайдаланумен байланысты бірқатар тетіктерді «импорттаған». Ал Қазақстанның заңдарының негізде мұндай тетіктерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырғанда бұл саладағы қажетті құқықтық нормалардан бөлек, бұл мәселелер бойынша теориялық ізденістердің де жоқтығы да көзге түседі[1].

Шет ел тәжірибесіне жүгінсек, ақша айналымын реттейтін шет ел заңнамасы, ақша құралдары нысандарының өзгеруімен, үлке өзгеріске түскенін көруге болады. Әдебиетке сәйкес банктік тәжірибенің қағаз  жеткізілімдерден электронды жеткізілімдерге өтуі заңнаманың өзінің өзгеруіне  алып келді.

Бұл жұмыста біз бағалы қағаздар мен ақшаның азаматтық   құқықтың объектілері ретінде құқықтық реттелуі мәселесін қарастырамыз. Себебі, жоғарыда айтылып кеткендей, бүгінгі таңда аталмыш объектілерге қатысты құқықтық қатынастарды реттеуде көптеген шешілмеген мәселелер  бар.

Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайға байланысты: яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Кейбір жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, «өзен-теңіз» жүзу кемелерін, ғарыш объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен жөн. Азаматтық кодексте заң актілері бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін.

Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс (АК-тің 118 -бабының 1 -тармағы).

Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша «кәсіпорын» термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады (АК-тің 102-104 баптары). Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал.

Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы, тауар белгілері), егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандай да бір объектіні алу заңда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік құқығы мен басқа да құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда аталған құқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап  ете алады.

Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.

Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.

Заң «айналымнан алынып тасталған» деген сөзді басқа да мағынада қолданады —  мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады. Мәселен, айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару, радий, гелий және т.с.с. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орнының рұқсаты бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК-тің 116-бабы, 3-тармағы). Берілуге рұқсат етілмейтін заттардың түрлері (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.

Азаматтық құқықтың объектілерінің көбі айналым қабілетті болып келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық кодекстің 115-ба-бының 3-тармағында керсетілген: олар —  өмір, денсаулық, тұлғаның ар-намысы және т.б.

Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән нәрсе (АК-тің 120-бабы). Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық мақсатын) жоғалтып алады, соңдай-ақ құжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын  заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш).

Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар бірігіп бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар бір  зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта маркаларының коллекциясын және т.б. айтуға болады. Күрделі заттарды бөлу мақсаты Азаматтық кодекстің 121-бабында айтылған: күрделі зат жөнінде жасалған мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның бәрлык кұрамдас бөліктеріне қолданылады.

Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі (АК-тің 122-бабы). Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ (косалқы) зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсаты бір болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа ілесіп жүреді (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қыл керілген шыбығы, т.б.).

Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыстар деген заттар да қаралған. Бұл — затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп отырғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т. б., азық-түлік (өнім) дегеніміз өндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан түскен өнімдер болып табылады.

Затты пайдаланудан түскен нәтижені оның заңды меншік иесі еншілейді. Егер занда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық кодекс түскен өнімді, жемісті және табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдалануына басым құқығы берілуін қамтамасыз етеді.

Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарастырады. Азаматтық кодекстің 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға егер заңдарда өзгеше көзделмесе, жалпы ережелер қолданылады.

Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде азаматтық немесе заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген занды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе кызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгілері және т.б.) жатады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге асырады.

Азаматтық кодексте ақпарат жөнінде арнайы бап бар, онда қызмет және коммерциялық кұпиялардың мән-жайы айқындалған, былайша айтқанда, коммерциялық және басқалай құндылығы бар ақпараттарға қатысты мәселелерге мән берілген. Үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызмешілер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтік немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті (АК-тің 126-бабы).

Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар. Ақша телемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес қасиеттері бар заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша. Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал оның ірі-ұсақты білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге карызды жиырма теңгемен немесе екі елу теңгемен және т. с. беріп өтеуге де болады.

Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міңдетті заңды төлем құралы болып табылады (АК-тің 127-бабы).

Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары заңдарда белгіленеді. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң құжаттарында белгіленеді. Валюталық қазыналарға меншік құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негіздерде қорғалады (АК-тің 128-бабы).

Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

а)   бағалы   қағаз  түрі  және  мазмұнымен  заң талаптарына  қатаң бағынатын құжат. Мәселен,     бағалы     қағаздармен     куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;

б)  бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде  ғана  құқық  іске асырылады.  Айталық,  бағалы  қағазда жасалған индоссамент бағалы  қағазбен  куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз  бойынша   құқықтар  берілетін  адамға        индоссантқа   немесе  соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).

Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды иңдоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке жасайды (АК-тің 132-бабы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бағалы қағаздар азаматтық құқық объектілерінің жүйесінде.

2.1. Бағалы қағаз ұғымының заңдық мазмұны.

 

Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжат деумен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, немірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша көрсетілген міндеті, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).

Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жаткызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың түпнұсқасы болады, ал түпнұсқаны ұсынушы келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық  береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация).

Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат мәтінінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.

Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы тиіс. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық берілетін адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал екіншісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді.

Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса құжатты берерде бағалы қағазды ұсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атын жазуға құқылы болады.

Бланктік индоссаментке қандай да бір атауды енгізумен бағалы қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі құжатты тапсырғанға дейін жүзеге асырылады.

Бағалы қағазды тапсыру кезінде жазылатын жазулар ретімен жазылады. Ал мүліктік құқықты тапсыруда ордерлік бағалы қағаз қолданылады. Құжаттың иесі құжаттың түпнұсқасындағы міндеттерді орындау үшін ұсынарда индоссаменттердің реті бұзылып кетсе, одан бас тартуға құқылы. Бұл  реттердің үзілмеуі таза формальдық белгілермен айқындалады, аталған индоссамент бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағазда қабылдаушының да аты жазылады.

Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді («Қазақстан Республикасындағы вексельдік қатынастар туралы» Занның 96-бабы). Ордерлік қағаздың иесі айрылып қалған құжаты кімнің қолында екенін білсе, құжатты қайтаруға виндикациялық талап қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды.

Атаулы бағалы қағаз — бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.

Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың, әр түрінің белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде атаулы түрін ұстаушының жүргізуін талап ететін «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 34-бабының нормасын келтіруге болады.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. «Бюджет жүйесі туралы» және «Мемлекеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш туралы» заңдарға сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттің шеттен алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарылады (олар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың заңды және жеке түлғалары болып табылады). Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық банк арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару негізінен алғанда республикалық  бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдік нарықтарға шығарады (еврооблигациялар), сондай-ақ Қазақстан аумағында қазыналық міндеттемеде және қазыналық облигацияда жүреді. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңмен реттеледі. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін шығарылады немесе заемдық қаржыны тарту мақсатында да қолданылады, ал олардың эмиссияларының тәртібі «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңмен реттеледі.

Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген. Азаматтық кодекстің 135-бабында құжатталмаған бағалы қағаздардың мүліктік құқықтарының бірнеше түрі келтірілген.

Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді.

 

2.2. Акционерлік қоғамдар. Бағалы қағаздардың пайда болуы.

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-П «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында акционерлік қоғамға мынадай сипаттама беріледі: өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі — қоғам) деп танылады[2].

Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді.

Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.

Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.

Қоғамның фирмалық атауы болады, онда «акционерлік қоғам» ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін «АҚ» аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға  жол беріледі.

Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.

Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.

Акция бөлінбейдi. Егер акция ортақ меншік құқығымен жеке  тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.

Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, акцияның бір түрі оны иеленетін әрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде құқықтар береді.

Қазақстан Республикасының заң актілерінде:

1) қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасуға;

2) қоғамның бір акционерге тиесілі акцияларының ең көп мөлшеріне;

3)  қоғамның акциялары бойынша бір акционерге берілетін ең көп дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.

Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес акционерлік қоғам акцияларының 3 түрі бар деп белгіленген  жай, артықшылықты акциялар және «Алтын акция».

Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

Артықшылықты акциялардың меншік иелері акционерлердің жай акциялардың меншік иелері  акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.

Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.

Егер:

1)     қоғам    акционерлерінің    жалпы    жиналысы    шешімі    бойынша артықшылықты  акцияларды  иеленуші акционердің құқығын  шектеуі мүмкін мәселені қараса.

Шектеу қою үшін артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі;

2)  қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараса;

3)  артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім  өткен   күннен  бастап  үш  ай  ішінде  толық  мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.

Осы жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді.

Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын «алтын акцияны» енгізуі мүмкін. «Алтын акция» иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. «Алтын акция» куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.

Жалған (алдамшы) капитал деген — қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар:

Біріншіден, табыс көзі тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс, тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады. Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формуладан аңғару қиын емес. Тауар айналымы (Т — А — Т) формуласындағы бірінші акт (Т — А) тауарды сату басқа керекті тауарды сатып алу мақсатында жүргізіледі, яғни қажеттілікті — керек тауарды сатып алу арқылы өтеу. Ал капиталдың айналымы (А — Т — А) формуласындағы мақсат тауарды сатып алып қайта сату, яғни процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. Бұнда А*=А+а, яғни а -қосымша құн, өсім, немесе капитал. Ал капитал өздігінен өсетін құн немесе Қосымша құн беретін құн.

Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады. Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса не одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі. Керісінше, егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары  болса  банктiк  проценттiк  деңгейi  де  жоғары  болса,  онда  жалған  капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді.

Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын нарықтық құн.

Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың  бағалы   қағаздардағы    көрінісі   ретінде   айналыста   жүреді.   Оның   нақты  капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:

  1. жалған капиталдың өз құны (өте аз) жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері нақты капиталдың орнында жүреді;
  2. бағалы қағаздардың   айналысы   қор   биржасынан   және   несие жүйесінен басталады, ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді;
  3. жалған капиталдың мөлшері   (бағалы   қағаздардын   сатылатын жиынтық бағасы, яғни    бағалы    қағаздардың курсы)    бағалы    қағаздарды сатудан    түскен    табыстың капиталға      айналуымен      анықталады.  Ал өндірістен   нақты   капиталдан   түскен   пайда   сол   нақты   капиталдың   өз мөлшеріне байланысты болады.

Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс «капиталдану» деп атады. Ал капиталдану — мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген ұғым. Жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне дәл келмейді.

Жалған капиталдың қарыз   капиталынан да айырмашылығы бар. Олар:

Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз — несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста болады.

Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.

Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналастыратын ортаның тек біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және айналыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.

Акционерлік қоғам (бұдан әрі  қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция — үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санат –категорияларына  қарай  акционердiң  дивидендтер,  басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын құжат. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тек өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.

Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немес «жабық акционерлік қоғам» деген сөздер немесе тиісінше, «ААҚ» және «ЖАҚ» аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларын жабық әдіспен ғана орналастыруға құқылы.

Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.

Егер   акционерлердің   ешқайсысы   аталған    мерзімде   осы   құқықты пайдаланбаса, ол қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін қабылдау жолымен іске асырады.

Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын қоғамның акционерлерінде немесе оның өзінде қалдырудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін, бірақ ол кемінде отыз күн болады.

Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және онын қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға құқылы. Сатуға ұсынылған  бағасын  төмендету  туралы  шешiм  қабылдаған  ретте  заңда оларды басқа акционерлерге және (немесе) қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға міндетті.

Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға құқылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.

Казіргі уақытта «ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы» заңында бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам (бұдан әрі халықтық қоғам) болып табылады» делінген[3]. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.

ААҚ төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:

  1. Халықтық қоғам     мәртебесін     алған     қоғам     акционерлерінің саны алты айдың ішінде бес жүзден кеміп кетсе;
  2. Оның активтерінің   мөлшері   айлық   есепті   көрсеткіштің   200000 еселенген мөлшерінен кеміп  кетсе;
  3. Қоғам акцияларының    бағалы    қағаздар    нарығындағы бағалануы тоқтатылса, яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап 6 ай өткеннен кейін уәкілетті    органға    хабарлай    отырып,    халықтық    қоғам  мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс.

Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам, жабық қоғам болып қайта құрылуы керек.

Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәселелер бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғам құру туралы шешімді тұлға жеке-дара қабылдайды.

Қоғамды құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде табысты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы деген қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы мен қоғамды жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма алатын табысы. Басқаша айтқанда, жалған капитал нақты капиталдар мөлшерінің айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді. Мысалы, егер нақты капитал (бағалы қағаздардың номинал құны) 200 доллар, ал жалған капитал 1000 доллар болса, онда құрылтайшы пайдасы 800 доллар құрайды (1000 — 200). Бұл пайданы алудың бір тәсілі -капиталдың ажыратылмалы болуы, яғни шығарылған бағалы қағаздар сомасының қоғамға нақты жұмсалған капиталдан көп болуы. Бұл құбылыс мемлекет акционерлік меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған елдерде кең өрістеген.

Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның кұжаттары болып табылады. Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.

Құрылтай жиналысында құрылтайшылар қоғамды құру туралы шешім қабылдайды, оның жарғысын бекітеді қоғамның органдарын, сондай-ақ қоғамды мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға зандарда белгіленген тәртіппен мүлікті, оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге құрылтайшылар енгізетін мүліктік құқықтарды ақшалай бағалауды жүргізуге уәкілетті адамдарды сайлайды. Құрылтайшылар құрылтай жиналысының хаттамасын және құрылтай шартын жасасып, қол қоюға, сондай-ақ қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мелшері туралы шешім қабылдауға тиіс.

Қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен қоғам  құру заң  актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қоғамның кұрылтай шартында қоғамды кұру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамнын жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері: жабық қоғам үшін айлық есепті көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін — 5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады.

Қоғамның жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы құны, оларды иелену құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары, яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.

Осымен қатар жарғыда қоғам акционерлерінің құқықтары, яғни қоғамды басқаруға қатысуға, дивиденд алуға, коғамның қаржылық есебімен танысуға, ол таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқылы екендігі айқындалады. Жарғыда акционерлердің міндеттері де көрсетіледі. Акционер өзіне тиесілі акцияларды сату жөнінде ірі мәміле жасау ниеті туралы қоғамға хабарлауға, тізілімді ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесілі акцияларды атаулы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергендігін он күн ішінде хабарлауға және қоғамның құпия болып табылатын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті. АҚ — заңды тұлға. Оның органдары:

  • акционерлердің жалпы жиналысы;
  • директорлар кеңесі;
  • алқалы орган немесе басқарма;
  • тексеру комиссиясы (алқалы   немесе   жеке-дара   тексеруші). Қоғамның     жоғары     басқару  органы    акционерлерінің  жылдық  жалпы жиналысы. Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады. Жабық қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда, қоғамды басқару міндеті акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне беріледі.

Акционерлердің жалпы жиналысының    айрықша    құзыретіне жататын кейбір мәселелерді айтсақ, олар:

  • қоғамның жарғысына   өзгерістер   мен   толықтырулар енгізу;
  • қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату;
  • қоғамның басқару органдарын сайлау;
  • қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiн өзгерту;
  • оның жылдық қаржылық      есебін      және      жыл қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту;
  • қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның облигацияларын және туынды   бағалы   қағаздарын   шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген  басқа мәселелер.

Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған кезде жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызын иеленген акционерлер тіркелсе, онда жалпы жиналыс шешім  қабылдауға хақылы болып саналады.

Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда, оның жалпы жиналысында құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы жиналыстың кворумын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге міндетті. Акционердің өзі жиналысқа қатынаспай оның өкілі қатысса, онда ол заңдарға сәйкес рәсімделген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайды. Дауыс беру «қоғамның бір  акциясы бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады.

Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны. Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауына құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік арақатынасы. Іс жүзінде акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.

Қоғамның келесі басқару органы — директорлар кеңесі. Оның міндетіне:

  • қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау;
  • акционерлердің жылдық және керек жағдайларда кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру   туралы шешім қабылдау;
  • олардың күн тәртібін бекіту;
  • қоғам шығарған    акцияларды,    облигациялар мен өзге де бағалы қағаздарды   сатып алу туралы шешім қабылдау;
  • таза табысты, резервтік   капитал   мен    қоғамның   өзге қорларының қаражатын     пайдалану тәртібін    айқындау және     сол     сияқты    көптеген қоғамның жылдық жиналыстары аралығында шешілетін мәселелер жатады.

Ағымдағы қызметке басшылық жасауды, яғни акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешімдерін қоғамның атқарушы органы жүзеге асырады. Ол алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін. Алқалы атқарушы органды директорлар кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген санда және мерзімге сайлайды. Атқарушы орган қоғамның атынан іс-қимыл жасайды, оның мүддесін қорғайды, қызметкерлер штаттын шығарып және қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді.

Қоғамның атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган — тексеру комиссиясы. Ол кемінде үш мүше құрамында құрылып, бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы кез келген уақытта өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы жиналысының, қоғамның директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 пайызынан астамын иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органының қызметіне тексеріс жүргізеді.

Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге өз табысынан дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесiлi акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивидендтер ақшамен, немесе акционердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен де төленеді. Қоғам дивидендтер төлеуді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, не жыл қорытындысы бойынша жариялайды.

Қорыта айтқанда, ашық және халықтық АҚ жыл сайын баспасөз басылымында коғамның жылдық балансын және кірістері мен шығындары туралы есебін жариялауға міндетті. Халықтық қоғам тоқсан аяқталғаннан кейін жиырма күн ішінде балансы және табысы мен зияны туралы есептерді баспасөз басылымында жариялауға және уәкілетті органға беруге тиіс. Қоғам облигациялар шығарған және жалғастырған  жағдайда  да  бюджет  басылымында өзінің қызметі туралы жариялауға міндетті.

АҚ-дардың көптеген құрылу жолдары бар. Олар — жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаны АҚ түрінде қайта құру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары   ҚР-ның  Азаматтық   кодексіне   сәйкес  жүзеге  асырылады.   Жаңа қоғамның  жарғысын   бекітуді  және  органдарын   сайлауды  жаңадан   пайда болған    қоғамның    ұсынысы    бойынша    белгілі    бір    мерзімде    өткізілген  акционерлердің жалпы жиналысының асыруы коғамды қайта құру болып есептеледі.

Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады. Бірігуге қатысқан әрбір қоғамның барлық өзгерген деректері жаңа қоғамның акционерлеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс.

Қосылатын қоғамның мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін тиісті өткізу актісіне сәйкес басқа қоғамға өткізу және оның қызметінің тоқтатылуы қоғямның косылуы деп танылады.

Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын, кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастаумен осы қоғамның барлық мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен оның қызметін тоқтатуды жүзеге асыру қоғамды бөлу болып танылады. Бұнда бөлінетін қоғамның құқықтары мен міндеттері бөлініс балансына сәйкес жаңадан пайда болған қоғамдарға өтеді. Қоғамнан бөліну нәтижесінде пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған қоғамның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.

Қызметін тоқтатпастан қайта ұйымдастырылатын қоғамның мүліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің бір бөлігін өткізумен бір немесе бірнеше қоғамды құру қоғамның бөлініп шығуы деп аталады. Егер қоғамның барлық құқықтары мен міндеттері жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе өндірістік кооперативке акт бойынша өткізілсе ол қоғамды қайта құру деп танылады.

Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім несие берушілердің келісімдері бойынша және олардың бақылауымен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде ең алдымен оның несие берушілерінің талаптары қанағаттандырылады. Несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның қалған мүлкі акционерлердің арасында төмендегідей кезекпен бөлінеді:

Бірінші кезекте өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер беріледі;

Екінші кезекте артықшылықты акциялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеу жүзеге асырылады;

Үшінші кезекте артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы құнын өтеу жүргізіледі;

Қалған мүлік барлық акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың атаулы құнына бара-бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір кезектің мүліктерін бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

 

2.3. Бағалы ңағаздар түрлері.

2.3.1. Акциялар.

Акция — акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.

Акцияны шығару мына жағдайларға байланысты жүргізіледі:

  • жаңадан акционерлік  қоғам    құрып,    оның  жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
  • меншікті акцияландырғанда, яғни жұмыс істеп түрған кәсіпорынды акционерлік қоғам     ретінде     қайта құрғанда;
  • қоғамның жарғылық     капиталын      қосымша     молайтқанда. Сөйтіп,       шығарылған      акциялардың      бастапқы      жиынтық құны

қоғамның жарғылық капиталын құрайды. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.

Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшің жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.

Акция бірнеше түрге жіктеледі.  Бір жағынан, бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

а) Атаулы акция — иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

ә) Ұсынушыға арналған акция — иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана керсетіледі.

Корпорацияларға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған акцияны қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолдары да әр түрлі:

Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына толтырылған бір сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған «индоссамент» деген белгі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат  корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға  жаңа сертификат алады.

Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды бір иемденуші

Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын (тиражын) иемденушілер құқын белгілеу тәртібі де әр түрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі корпорациядан хабарландыру хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында қиып алатын купоны (талоны) болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын іске асырады.

Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы өте жоғары болмайды, бірақ ол көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әр түрлі мөлшерде бола береді.

Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша акциялар жай және артықшылықты болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу кұқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар  акция  мөлшерiне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.

Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтседе жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд қорпорацияның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.

Жай акцияны меншіктенушілердің өкілеттіліктері мыналар:

  1. I. Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлануға құқықты. Директоратқа сайланғанда кейбір корпорацияның жарғысында кей жағдайда мүлік цензі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы жай акцияның ең төменгі қажетті мөлшері көрсетілуі тиіс.

Директорлар кеңесі корпорация атынан бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама береді. Ол жыл сайын өтетін жиналысқа мына хабарларды: корпорацияның жылдық есебін; жылдық балансты және таза пайданы бөлу  жобасын дайындайды.

Директорлар корпорацияны басқаруды ұйымдастыруға, менеджерлерді жұмысқа қабылдауға және шығаруға, сыйлық белгілеуге жауап береді. Олар капитал құрамының өзгеруін қадағалап, корпорация табысын бөлумен де шұғылданады. Табысты бөлу корпорация меншігін оның акционерлері арасында дивиденд ретінде үлестіру деген ұғым. Бұл туралы директорлар кеңесі хабарлап тұрады, ол компанияның міндеті.

Директорлар кеңесінің басты мақсаты менеджерлердің өз міндетін орындауын қадағалау. Менеджерлердің міндетіне төмендегілер жатады: міндетіне бойсұну, яғни өзінің өкілдік щеңберінде қызмет істеу; адал ниеттілік міндеті; корпорацияға адалдық міндеті. Ондай адалдық мүдделерді таластыруға, директорларға қарыз беруге, корпорацияның мүмкіндіктерін өз пайдасына қолдануға және онымен бәсекелесуге жол бермейді.

  1. Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері корпорацияның жылдық айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әрбір үш айда бір) төлеуі мүмкін. Дивидендтің бірнеше түрі бар:
  • қолма-қол төленетін     дивидендтер.      Бұл     табысты бөлудің ең кең тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;
  • мүліктік дивидендтер. Табысты бөлудің мүліктік нысаны акционердің қолындағы акция санына    пропорционалды    анықталады.    Корпорация дивидендтің бұл типін әдетте өзі жабылу кезінде қолданады;
  • акция формасындағы  дивидендтер.     Бұл     қосымша     акциялар акционерлер  арасында акционерлердің қолындағы бұрынғы акция санына пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі компанияның өзін-өзі  қорғап  қалуын  қамтамасыз  етеді.

Қолма-қол төленетін дивидендтер баланстың активі мен пассивін және қолма-қол ақша қаражаты қозғалысы ведомосын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Дивиденд дұрыс төленбеген жағдайда корпорация жауап беруге міндетті. Сонымен бірге, дивиденд акционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.

  1. Жай акция бойынша меншік құқын басқаға беру. Өзінің үлестік құқын акционер акциясын не сатып, не сыйға беріп, не өсиетке қалдырып жүзеге асырады. Акция кепілдікке де, яғни банктен несие алғанда да, беріледі.
  2. Корпорациядағы акционерлердің  мүліктік   қорғауға  дауыс     беру құқықы. Бұған,   мысалы,   жаңа   бағалы қағаздар    шығару,    корпорацияның активтерінің     бір     бөлігің сату сияқты мәселелер жатады. Активтер болып корпорацияның    барлық   қозғалмайтын     және     қозғалатын    меншігі: жер, құрылыс, мүлік, қолма-қол қаржы және с.с. есептеледі.
  3. Корпорацияның қаржылық       есебін       тексеру      құқы мысалы, акционерлердің реестерін тексеру. Жылма-жыл корпорация президенті әрбір акционерге хат жіберуі тиіс.   Акционер    баланстың    активі    мен    пассивін, салық   ведомосын бақылауы мүмкін.
  4. Шектеулі міндет  құқы.   Басқаша  айтқанда,   корпорация  банкротқа ұшырағанда  акция  сатып  алуға  шығарған  акционердің ақшасын  қайтаруға ешкім кепілдік бермейді.
  5. Корпорация  жабылған     кезде     оның     активінің    бір бөлігін алу чүкы, яғни жабылу дивидендтің алу құқығы.

Корпорацияның міндеттерін өтеу тәртібі бойынша, ең алдымен корпорация мемлекеттің және адвокаттардың, содан соң белгілі бір тәртіппен өзіне несие берушілердің, ал ең соңында артықшылықты акция иелерінің және жай акция иелерінің талабын орындайды.

Директорлар кеңесі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, корпорация акционерлерінің жылма-жыл өтетін жиналысында сайланады. Дауыс берудің екі әдісі болады. Тікелей дауыс беру — жай көп дауыс алу деген ұғым. Ол әрбір акционердің қолындағы акция санына тең дауыс беру. Сонымен қатар, дауыс беруде сенімхатты да пайдалануға болады. Акционерлердің жиналысында біреудің акциясы негізінде басқа біреу сенімхатпен дауыс беруіне өкілеттілік алады.

Әрбір корпорация «А» және «Б» сериялы жай акцияларды шығара алады (егер ол оның жарғысына қайшы болмаса). Әлбетте, «А» сериялы акция корпорация құрылтайшыларына, яғни оның жарғысына қол қоюшыларға, ал «Б» сериялы басқа инвесторларға тиесілі. «А» сериялы акцияны иемденушілердің үлкен құқығы және көптеген дивиденд алатын мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік тәуекелдікке берілген төлем тәрізді. «Б» сериялы акция бойынша дауыс бермейтін акция (олар акционерлерге дауыс құқын бермейді) және дауыс құқы шектеулі акция шығару жағдайлары орын алуда. Көптеген корпорациялар жай акция бойынша номинал кұнын бекітеді. Ол акцияның титулында көрсетіліп, хабарлама сипатында болады. Ол бір акцияға шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналастырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал құны — акцияның эмиссиялық бағасы.

Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағамын (курсын) сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын, сатушының төмендеткен төменгі бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын не корпорация, не басқа біреу белгілейді.

Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық бағасы да болады. Ол қаржы есебінің құжаттары негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе «кітаптық» баға деп аталады. Ол активтің таза қүнын (корпорация активінен минус оның пассиві) орналастырылған акция санына бөлгенге, немесе бір акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.

Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпей де шығаруға құқығы бар. Онда ол нарықтық бағаммен (курспен) сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Корпорация жабылғанда ‘бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі бір бөлігін (номиналдық құнының емес) алуға кепілдік береді.

Артықшылықты акциялар (немесе преференционалды) — меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылықтар дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.

Артықшылықты ақция иемденушісін қорғау үшін ак-цияның осы түрі бойынша дивидеңцтер әрқашан жай акциялар бойынша дивидендтер беруден бұрын төленеді. Сон-дықтан бұл акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу.

Артықшылықты акциялар: номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивиденд акцияның номинадына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.

Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты артықшылықты акция бойынша, да дивидендтер таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте атаулы бағалы қағаз. Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының әр түрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.

Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп, ал келесісін -екінші артықшылықты деп анықтауы керек. Соңдықтан осы акциялардың тек бір сериясының басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол артықшылық әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: дивиденд алғанда, активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда.

Артықшылықты акциялардың өзі, бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес, айырбасталатын (конвертируемые) және айырбасталмайтын акциялар. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндігі корпорацияның жарғысында қаралады.

Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықтарды пайдалануына , байланысты. Олар:

  • үстеме пайданы бөлуге қатысу;
  • хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу;
  • акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.

Қатысушылар артқшылығы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай акция бойынша төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан жоғары болса, онда ол артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін жоғарылатады. Олардың арасындағы ара қатынасын компанияның өзі белгілейді.

Қатыспаушылар акциясы иесі еш уақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқы жоқ. Егер артыкшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді. Ол жай акциялар бойынша дивиденд төлеу хабарланбастан бұрын жүзеге асырылады, яғни төленеді. Кумулятивтік емес акциялар бойынша төленбеген дивидендтерді келесі жылдың дивидендтіне қосуға болмайды.

Айырбасталатын артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайларда (егер олар корпорация жарғысында көрсетілген болса) осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне айырбастауына мүмкіндік береді. Айырбастау жөніндегі талап осы типті акция шығарған кезде жазбаша түрде корпорация кітабында көрсетіледі. Артықшылықты акциялардың көбісі өтімді. Ал айырбасталмайтын акциялар өз мәртебесін өзгертуге мүмкіндігі жоқ.

Артықшылықты    акциялардың  өте    сирек  кездесетін  түр тармағының бірі — дивиденд төлеуі кейін қалдырылған акциялар. Олар корпорация құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Олар бойынша дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидендтің ең жоғары квотасы төленіп болғасын ғана беріледі. Содан қалғаны атаулы акция иелеріне белінеді. Егер компанияның ісі өрлеп тұрса, бұл акциялар өте тиімді.

Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын құруға жеке қатысуы керек делінсе, онда — директорлық квоталы акция деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығыралады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны, әлбетте, барлық акциялардың 10%-нан аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың корпорация ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу корпорацияның нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшьшықты акциялар бойынша корпорацияның шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына қарамастан алдын ала жоспарланған кіріс бойынша нақты мөлшерде дивиденд төленеді. Әрине нақты төленген дивиденд жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін өсіруі де мүмкін және керісінше, бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де мүмкін.

 

2.3.2. Облигациялар.

Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны (мүддені) төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.

Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орыңдай алмаған кезінде — корпорация мүлігінің бір бөлігін иеменденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:

  1. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал облигация корпорацияны несиелеудің куәлігі. Өз кезегінде, акционер де корпорацияны меншіктеушінің бірі. Акция сол меншіктеудің куәлігі тәрізді.
  2. Облигация иемденушісіне      сыйақы      (мүдде)      төленеді. Оның мөлшері алдын ала бекітіледі және нақты анықталады.  Бұл    бағалы қағаз өзінде  көрсетілген  белгілі     бір  анықталған  уақыт  аралығында  ғана  кіріс  уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционер де тіркелмейді     және     ол     арнаулы уақытта     төленбейді.   Егер  корпорация дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер корпорацияға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.
  3. Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқығы

Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.

  1. Облигация бойынша сыйақы (мүдде) корпорацияның шығынына жатады. Ол салық төлейтін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.

Облигация бойынша мезгіл-мезгіл теленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан қиылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы (мүдде) мөлшері көрсетілген. Төленген сыйақыйның орнына облигациядан купонды қиып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін «купондарды қырқу» деп айтады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.

Номиналы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Оны облигация иесі өтелу меразімі келгенде алады.

Купондық мөлшер — жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал қүнына байланысты келісілген сыйақы (мүдде) төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп төленуі мүмкін, мысалы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір рет. Әлбетте, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар — шілде, ақпан — тамыз, наурыз — қыркүйек, сәуір — қазан, мамыр -қараша, маусым — желтоқсан. Одан басқа айдың жұлдыздары да айнаға түскен сәуледей қайталанады. Мысалы, 5 қаңтар — 5 шілде, 20 наурыз — 20 қыркүйек және с.с.

Өтеу күні — компанияның сатып алушыға облигацияның номиналына тең соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.

Эмиссия шарты — облигация шығару мәмілесі. Ол қарыз алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады. Траст компаниясы корпорацияның инвесторлары алдында оның кепілі болып, облигация ұстаушылардың мүддесін қорғап, эмитенттің өз міндеттемелерін орындауын қадағалап отырады. Траст компаниясы эмитенттің қаржы құжаттарын және оның инвестициялық жобасының бизнес-жоспарын тексеріп, содан кейін ғана өз ризашылығын береді. Осыған байланысты эмиссия шартына траст компаниясы бірсыпыра ұсыныс енгізеді. Олардың ішінде жиі кездесетіндері мыналар:

  • ең аз өтімділік;
  • борыштың ақырғы деңгейі;
  • активтерді сатуға тыйым салу;
  • төленетін дивиденд мөлшерін шектеу.

Өтеу туралы нұсқау эмиссия шартындағы тармақ. Ол эмитент облигацияның номиналдық құны және сыйақы (мүдде) төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.

Эмиссия шартында облигацияны уақытынан бұрын кері сатып алу бабы да болуы мүмкін, яғни эмитенттің өз облигацияларын қайтарып алу құқы. Әдетте, ондай жағдай облигация шығарылғаннан кейінгі алтыншы жылдан басталады. Уақытынан бұрын қайта сатып алғанда облигацияның бағасы оның номиналдық құнынан жоғары болады.

Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Облигациялардың қамтамасыз етілуі деп оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтерін немесе мүліктерін салуды айтады. Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінін облигацияға салынғанын көрсетеді. Егер корпорация тағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, онда оны ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқы бар. Қамтамасыз етүге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар салынады. Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады:

  • қозғалмайтын мүлікке салынған  облигациялар.  Оларды  қамтамасыз ететін    жай немесе арнаулы мүліктер (мысалы, жаңа салынған өндіріс орны);
  • басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары және облигацияларымен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары;
  • қозғалмалы мүлікпен    қамтамасыз    етілген    облигациялар. Оларды сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы.

Қамтамасыз етілмеген облигациялар жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемелері. Оларды болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Корпорация банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.

Облигацняның рейтингі олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы. Әлбетте, облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады. АҚШ-та, мысалы, «Стэндарт энд пур» және «Мудиз инвесторз сервис» компаниялары рейтинг анықтаумен шұғылданады. «Мудиз» компаниясы облигацияны бағалауды төмендегі түрде жүргізеді:

  • Ааа — өте жоғары сапа;
  • Аа — жоғары сапа;
  • А — ортадан жоғары;
  • Ваа — орта сапа;
  • Ва — алыпсатарлық элементтері бар;
  • В — инвестицияға қажет белгілері жоқ;
  • Саа — төмен сапа;
  • Са — белгілі бір мөлшерде алыпсатарлық;
  • С — ең төмен сапа.

Ең жоғары рейтингілі облигациялар «инвестициялық класты» деп аталады. Төмен рейтингілі облигациялар «алыпсатушылық» деп есептеледі.

Акция сияқты облигациялардың да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның номиналына байланысты пайызбен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады. Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда облигация сыйлықпен сатылды деп аталады. Егер номиналынан бағасы төмен болса, онда облигацияның жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп сатып алады. Облигацияның нарықтық  бағасы қандай болса да, сыйақы (мүдде) оның номиналына байланысты есептеледі.

Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайына, екінші жағынан, нарықтағы әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады. Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем пайда болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.

Біріншіден егер жаңа жағдайлармен шығарылған заемдар өте көп болса, онда бұрын төмен бағамен шығарылған облигациялардың курсы төмендейді. Басқаша айтқанда, олар дисконтпен сатылады. Себебі бұндай облигациялар тек номиналы бойынша өтеледі. Ал арасындағы айырмашылық жаңа иемденушіге өте төмен кіріс түсіреді.

Екіншіден, егер жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары курспен (сыйлықпен) сатылады. Ол облигацияның жаңа және бұрынғы иелерінің кірісін теңестіреді.

Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық айырмашылықтан түсетін кірістен (егер ондай болса) құралады.

Жай акциялар тәрізді облигациялар да иесі ұсынушы және атаулы (тіркелетін) болып екіге бөлінеді. Иесі ұсынушы облигяциялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша сыйақы (мүдде) ұсынушы субъектке төленеді. Ондай облигациялардың әрқашан купондық парағы болады. Сыйақы (мүдде) өсім төлейтін күні облигация иесі купонды қыйып алып, оны өтеуге тапсырады. Ал атаулы облигяинялярдын иесі корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы (мүдде) төлейтін күні корпорация оларға пайыз алу үшін чек толтырып береді. Заемның мерзіміне қарай корпорация облигациялары:

  • қысқа мерзімді — 1 жылдан 3 жылға;
  • орта мерзімді — 3 жылдан 7 жылға;
  • ұзақ мерзімді —     7 жылдан да көп жылдарға дейінгі болып үшке

бөлінеді.

Корпорация   облигациялары   сонымен   қатар   купондық   кірісті   төлеу  жөнінен де бөлінеді.

Біріншіден, купондық төлем мөлшері нақты бекітілген облигациялар. Олар уақытынан бұрын қайтарылып алынуы мүмкін.

Екіншіден, купондық төлем мөлшері өзгермелі облигациялар. Бұл типті облигациялардың ерекшелігі оның купондық төлем мөлшері ақша нарығындағы негізгі төлем мөлшеріне (базовая ставка) байланысты өзгереді. Бірақ өзгермелі курсты облигация ұстаушы, корпорация жарғысында көрсетілгеніндей, өз мүддесін несие берушілердің ең соңында жүзеге асырады.

Үшіншіден, купоны нольге тең облигациялар. Бұл типті облигациялардың айырмашылығы — олар бірінші орналасқанда номиналынан төмен бағамен (эмиссиялық бағамен), ал өтелгенде номиналымен сатылады. Басқа сөзбен айтқанда, облигация ұстаушы сыйақыны (мүддені) облигацияның айналым мерзімі аяқталғасын алады.

Облигациялар айырбасталятын (конвертируемые) және жай облигациялар болып та бөлінеді. Айырбасталатын облигациялар айырбасталатын артықшылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына алмастырылуына мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталатын акцияға инвестордың қызығушылығын арттырады. Ал жай облигациялардың бұндай құқығы жоқ.

Қорыта айтқанда, корпорация өз жұмысын акция шығарумен де, сонымен қатар облигация шығарумен де қаржыландырады. Дегенмен, акциядан гөрі, облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі облигациядан пайда түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті. Ал акция бойынша белгіленген соманы төлеуге міндетті емес. Егер компанияның дивиденд төлеуге ақшасы болмаса, ол акционердің жеке сәтсіздігі.

Екінші жағынан, облигация шығару корпорацияға қауіпті болғанымен, ол өте арзан. Үзақ мерзім бойы төленген дивидендтер сомасы жыл сайын төленген сыйақты (мүдде) сомасынан әлде қайда көп болады деп ұйғарылады. Инвесторлар көзқарасы бойынша акция шығару қауіптірек, демек облигация — тиімді. Сондықтан тәуекелмен қосымша шығын шығарып алған акциялар жоғары пайда түсіруіне көзі жетпесе оларды сатып алмайды. Сонымен, егер компания бағалы қағаздардың екі түрін қатар шығарса, онда акционерлерге төлейтін төлем, облигация иелеріне төлейтін төлемнен жоғары болады деген болжамға байланысты.

 

2.3.3. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы N 77 «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңына сәйкес бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу:

бағалы қағаздар рыногы субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару;

эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

бағалы қағаздар рыногына кәсіптік қатысушылар және олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдары қызметін лицензиялау;

биржадан тыс рыноктағы айналыстағы бағалы қағаздардың бағасын белгілеуді және оның саудасын техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қор биржалары мен ұйымдардың қызметін лицензиялау;

бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесін ұйымдастыру және олардың құқықтарын эмитенттер мен бағалы қағаздар рыногына кәсіптік қатысушылардың сақтауына бақылау жасау;

бағалы қағаздар рыногына кәсіптік қатысушылар қызметіне бақылау жасау және бағалы қағаздар рыногын реттейтін заңдарды бұзғаны үшін тиісті санкцияларды қолдану;

бағалы қағаздар рыногында заңдарды бұзатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту жөніндегі шаралар қолдану;

бағалы қағаздар рыногына қатысушылардың кәсіптік және білім деңгейін арттыру жөніндегі жүйелерді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады.

Аталмыш заңмен бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу жөніндегі мемлекеттік органның құзыреті белгіленген.

Мемлекеттік орган арқылы мемлекет бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асырады.

Бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті бағалы қағаздар рыногын реттеу мен бақылау және акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік орган (одан әрі уәкілеттік орган) құрады, ол өз қызметінде Конституция нормаларын, бағалы қағаздар рыногы туралы заңдар мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады және Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Ережелер негізінде қолданылады.

Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды және басқа да бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2002 жылғы 29 желтоқсан N1424 «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулысымен бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу жөнінде бірқатар заман талабына сай ұсыныстар енгізіп отыр.

Мәселен, аталмыш жобаға сәйкес, бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:

1)   Қазақстан   Республикасының  Үкіметімен   келісім   бойынша   бағалы қағаздар   рыногын   қалыптастыру  және   дамыту   саласындағы   басымдықты айқындайды;

2)   Қазақстан   Республикасында   бағалы   қағаздар   рыногының  жұмыс істеуін   қамтамасыз   ету   және   бағалы   қағаздардың   ұлттық   рыногының инфрақұрылымын       қалыптастыру,       бағалы       қағаздар       рыногындағы инвесторлардың   Қазақстан   Республикасының   заң   актілерімен   қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді;

3)  өз құзыреті шегінде бағалы қағаздар  рыногын мемлекеттік реттеу мәселелері   бойынша   бағалы   қағаздар   рыногының   субъектілері   сақтауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

4)   бағалы  қағаздармен және туынды  бағалы  қағаздармен азаматтық объектілерін мойындайды;

5)   мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылу және олардың мемлекеттік тіркелу, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы  қағаздар  мен туынды бағалы  қағаздарды орналастыру және өтеу, сондай-ақ оларды жою қорытындылары туралы есептерді қарау, оның    ішінде    Қазақстан    Республикасының    резиденті    еместердің   және халықаралық      ұйымдардың      Қазақстан      Республикасының      аумағында шығарылуға және орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын мемлекеттік тіркеу тәртібі мен шарттарын белгілейді;

6)  эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы  қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар мен рұқсаттардың тізілімін жүргізеді;

7)   Қазақстан   Республикасының  резиденті  еместер   мен  халықаралық қаржы   ұйымдары   шығарған   эмиссиялық   бағалы   қағаздарды   Қазақстан Республикасының    аумағында    айналысқа    жіберу,    сондай-ақ    Қазақстан Республикасының    резиденті   еместердің   эмиссиялық   бағалы    қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберуге қатысты тыйым салу немесе шектеу тәртібін және шарттарын белгілейді;

8)  мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды   бағалы қағаздардың орналастыруын тоқтатады және қайта жаңғыртады, мемлекеттік емес    эмиссиялық    бағалы    қағаздар    мен    туынды    бағалы    қағаздардың шығарылымын жояды;

9)  бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет пен басқа да қызметтің лицензияланатын  түрлерін  жүзеге  асыру ережелерін,  оның  ішінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасау тәртібіне, осы мәмілелерді есепке алу және олар

бойынша    есеп    беру   тәртібі    мен    шарттарына    қойылатын   талаптарды  айқындайды;

10)   бағалы   қағаздар   рыногындағы   кәсіби   қызметтің  жаңа  түрлерін айқындайды;

11)   бағалы  қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін лицензиялар беру тәртібі мен шарттарын белгілейді;

12) лицензиаттардың  қаржы тұрақтылығының      пруденциалдық нормативтері  мен өзге  де көрсеткіштерін немесе критерийлерін (нормативтерін), оларды есептеу тәртібі мен есептеу әдісін белгілейді;

13)  бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін лицензиялар беруді жүзеге   асырады,   лицензиялардың   қолданылуын   тоқтатады   және   қайта жаңғыртады, сондай-ақ оларды қайтарып алады;

14) лицензиаттардың ішкі құжаттарын келіседі;

15) лицензиаттардың       басшы  қызметкерлерінің      лауазымына кандидатураларды тағайындау үшін келісім береді;

16) лицензиаттардың есеп беру тәртібін және есептердің нысандарын айқындайды;

17) бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар береді, осындай рұқсаттардың қолданылуын тоқтатады, қайта жаңғыртады және мерзімін ұзартады, сондай-ақ оларды қайтарып алады;

18)  бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар дайындау жөніндегі   қызметті   жүзеге   асыратын   ұйымдар   жұмысының       тәртібіне қойылатын    талаптарды    белгілейді    және    осы    талаптардың    сақталуын бақылайды;

19)  бағалы қағаздар рыногында жұмыс істегісі келетін жеке тұлғаларды аттестациядан   өткізуді   жүзеге   асырады,   аттестациядан   өткен   адамдарға біліктілік     куәліктерін     береді,     біліктілік     куәліктері  барларды     қайта аттестациялайды   және   қайта   аттестациядан   өткен   адамдардың   біліктілік куәліктерінің     қолданылу     мерзімін    ұзартады,     біліктілік     куәліктерінің қолданылуын   тоқтатады   және   қайта   жаңғыртады,   біліктілік   куәліктерін қайтарып алады;

20) эмитенттердің, лицензиаттардың және бағалы қағаздар рыногында жұмыс   істеу   үшін   мамандар   дайындауды   жүзеге   асыратын   ұйымдардың

11)   бағалы  қағаздар  рыногында жұмыс істеу үшін лицензиялар беру тәртібі мен шарттарын белгілейді;

12) лицензиаттардың  қаржы  тұрақтылығының      пруденциалдық нормативтері     мен     өзге     де     көрсеткіштерін     немесе     критерийлерін (нормативтерін), оларды есептеу тәртібі мен есептеу әдісін белгілейді;

13)  бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін лицензиялар беруді жүзеге   асырады,   лицензиялардың   қолданылуын   тоқтатады   және   қайта жаңғыртады, сондай-ақ оларды қайтарып алады;

14) лицензиаттардың ішкі құжаттарын келіседі;

15)  лицензиаттардың  басшы  қызметкерлерінің  лауазымына кандидатураларды тағайындау үшін келісім береді;

16)  лицензиаттардың есеп беру тәртібін және есептердің нысандарын айқындайды;

17)  бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар береді, осындай рұқсаттардың қолданылуын тоқтатады, қайта жаңғыртады және мерзімін ұзартады, сондай-ақ оларды қайтарып алады;

18)  бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар дайындау жөніндегі    қызметті   жүзеге   асыратын   ұйымдар   жұмысының       тәртібіне қойылатын    талаптарды    белгілейді    және    осы    талаптардың    сақталуын бақылайды;

19)  бағалы қағаздар рыногында жұмыс істегісі келетін жеке тұлғаларды аттестациядан   өткізуді   жүзеге   асырады,   аттестациядан   өткен   адамдарға біліктілік     куәліктерін     береді,     біліктілік     куәліктері     барларды     қайта аттестациялайды   және   қайта   аттестациядан   өткен   адамдардың   біліктілік куәліктерінің     қолданылу     мерзімін     ұзартады,     біліктілік     куәліктерінің қолданылуын   тоқтатады   және   қайта   жаңғыртады,   біліктілік   куәліктерін  қайтарып алады;

20) эмитенттердің, лицензиаттардың және бағалы қағаздар рыногында жұмыс   істеу   үшін   мамандар   дайындауды   жүзеге   асыратын   ұйымдардың  қызметін    қадағалауды   жүзеге   асырады,   өз   құзыреті   шегінде   олардың қызметіне тексеру жүргізеді;

21)  біліктілік куәліктерін иеленушілердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

22)   өзінің   қарамағындағы   бағалы   қағаздар   рыногының  субъектілері туралы   мәліметтерді   пайдалана   отырып   (бағалы   қағаздар   рыногындағы коммерциялық және қызметтік құпиядан тұратын    мәліметтерді қоспағанда), бағалы   қағаздар   рыногының   мәселелері   жөніндегі   ақпаратты,   сондай-ақ олардың бағалы  қағаздар  рыногының субъектілеріне  қолданған  шаралары туралы ақпаратты жариялайды;

23)  бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнінде қабылданатын шараларды нйдестіру, бағалы қағаздар рыногында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу мәселелері және өзара   мүддеге қатысты өзге де мәселелер жөнінде бағалы қағаздар рыноктарын реттеу жөніндегі шетелдік органдармен өзара іс-әрекет жасайды.

Мемлекет құнды қағаздар нарығына келесі бағыттарда ықпал жасайды: 1.      Мемлекет     мекемелері     құнды     қағаздар     нарығын     реттеп ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:

а)      акционерлік   қогамдардың   қалыптасу   тәртібін   анықтайды   және реттейді;

ә)   құнды    қағаздарды    шығару    тәртібін    және    акцияны шығаруға рұқсат алу түрлерін анықтап реттейді;

б)   құнды   қағаздармен   жүргізілетін   операциялардан  түсетін   пайдаға яашқ кесімдерін ретгейді;

г)  биржаның    қызметін    және    құнды    қағаздармен   реттелетiн операциялар түрлерін анықтап реттейді.

  1. Мемлекет мекемелері нарық субъектісі  ретінде  құнды  қағаздар нарығына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер (қысқа мерзімдік облигациялар) сияқты құнды қағаздарды айналымға шығарады.
  2. Орталық банкінің ақша-несие саясаты арқылы құнды қағаздар нарығына ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор нарығындағы жағдай айналымдағы ақша көлемін реттеумен және несиені қолдау немесе ірку саясатымен тығыз байланысты. Орталық банк коммерциялық банкілердің ақша резервтерін бастауы да, тоқтауы да мүмкін. Ақша массасын қысқа мерзімде реттеу үшін Орталық банк қазыналық міндеттемелерді сатады немесе қайта сатып алады. Құнды қағаздардың бұл түрін коммерциялық банкілерден басқа ірі фирмалар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары сатып алады. Облигацияларды сатып алғанда олар көбіне чек түрінде төлейді. Орталық банк бұл чектерді төлеуге коммерциялық банкіге ұсынады, сондықтан олардың телем қорлары белгілі сомаға қысқарады.

Бұл облигацияларды Орталық банк сатып алғанда коммерциялық банкілердің резервтері өседі. Нақты экономикалық жағдайға байланысты мемлекеттік қағаздар сатылады немесе сатып алынады. Мысалы, елде жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, онда Орталық банк ашық нарыққа шығып мемлекеітік қағаздарды көптеп сатып алады және сонымен бірге резервтерін арттырады. Бұл, өз кезегінде, ақшаны арзандатады, несие алу жеңілдейді, іскерлік белсенділігі артады, инвестиция өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Құнды қағаздар нарығына Орталық банкінің есептеу проценті де әсер етеді. Орталық банк басқа банкілерге несие бере алады. Бұл «міндеттемелерді есептеу» деп аталады. Есептеу кесімін (ставкасын), яғни қарыз төлемін төмендетіп Орталық банкіміндеттемелер есебін қолдайды, оны көтеру арқылы банк бұл ұмтылысты әлсіретеді. Есептеу ставкасы жоғарылаған күні процент кесімі өседі, ал акциялар мен облигациялар курсы төмендейді және керісінше, есептеу ставкасы төмендегенде акциялар мен облигациялар курсы өседі.

Міндетті   резерв   қорларының  нормасы  да   құнды   қағаздар  нарығына ықпал жасайды. Орталық банк несиені тез қысқарту үшін міндетті резерв нормасын өсіреді. Ал егер несиені кеңейту қажеттігі туса, онда Орталық банк резерв нормасын кысқартады.

Несие кеңейгенде қарыз проценті төмендейді, ақша алу жеңілдейді. Осындай іс-әрекеттің нәтижесінде, акциялар мен облигациялардың проценті банк процентінен жоғары болса, олар күрт көтеріледі.

Резерв нормасы өскен болса, онда ақша алу қиындайды, қарыз проценті өседі, ал облигациялар мен акциялардың төлем проценті төмен болса күрт төмендейді.

Бірақ банк резервтерін өзгерту қаржы саясатының өте қуатты құралы екенін естен шығармаған жөн. Сондықтан Орталық банк міндеттемелерді есептеу және қысқа мерзімдік облигацияларды сату сияқты емес, резерв нормасын өте сирек — екі-үш жылда бір рет қана өзгертеді.

Орталық банктің құнды қағаздар нарығына ықпал жасау жолымен акцияларды сатып алуға, несие беруге де болады. Мысалы, АҚШ-та Федералды резерв жүйесі акция сатып алушылар үшін міндетті түрде өз қорынан теленетін қаржы нормасын белгілейді, ал қалған соманы олар несие арқылы төлей алады екен.

Құнды қағаздар нарығына мемлекет бюджетінің тапшылығы да әсер етеді. Бюджет тапшылығын толтыру мақсатында мемлекет облигациялар шығарады. Осыған байланысты мемлекет қарыз процентінің төмен болуына мүдделі келеді. Банк проценті төмен болғанда мемлекеттік қағаздарды арзан процентпен орналастыруға болады. Процент нормасын төмендету үшін айналымдағы ақша массасын арттыруға тура келеді. Ал бұл болса, жоғары процентпен шығарылған акциялар мен облигациялардың курсын өсіретін болады. Бұл болуы мүмкін бр ғана жағдай.

Банкілердің, корпорациялардың және тұрғындардың қолында өзгермелі процентті облигациялар өте көп жиналған жағдайда мемлекет қарыз бойынша процент деңгейін төмендетіп ұстап тұру үшін жеңіл несие алу саясатын жүргізеді. Мұндай іс-әрекет бұның алдында келтірілген жағдайға ұқсас,  жоғары процентті акциялар мен облигациялардың курсын көтеруі мүмкін.

Қазақстан жан-жақты дамыған жүйелі де мақсатты және белсенді қаржы саясатын ұстанып отыр.

Мүлікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіруге байланысты мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға айналдырылып қайта құрылды.

Орташа кәсіпорындар қорының 30% акциялары мемлекет меншігінде қалдырылып, қалғандары жеке меншікке үлестіріледі. Ірі кәсіпорындардың 50% акциялар пакеті мемлекет иелігінде қалдырылды, қалғаны жеке меншікке айналдырылды. Жекешендірілген өндіріс орындарының 5%-ке дейінгі акциялары инвестициялық қорлар арқылы Қазақстанның барлық түрғындарына үлестірілген жекешелендіру купондарына айырбасталды. Бұл іс-шаралар құнды қағаздар нарығын қалыптастырудағы Қазақстанның бірінші қадамы болды.

Кәсіпорындарды жаппай акционерлендіру Қазақстанның жекешелендіру және нарыққа көшу саясатын сипаттайды. Жекешелендіру мен акционерлендіру нарық жүйесіне көшудің негізгі алғышарты болғанымен, нарықтың (капитал нарығының) қызмет атқару механизмін қалыптастыра алмады. Жеке меншіктің іске асуы үшін оны формалды-құқықтық жағынан ұйымдастыру жеткіліксіз. Жеке меншікке негізделген әлеуметтік-экономикалық күштерді іске қосу үшін нақты (реалды) экономикалық жағдай қажет. Жеке меншік күштерінің іске қосылу-қосылмауы өндіріс-сауда сферасына, оның тиімді (пайдалы) жұмыс істеуіне байланысты.

Өндіріс сферасындағы жекешелендірілген кәсіпорындардың нақты активтері (өндіріс қорлары) қаржылай нәтиже беріп, табыс (пайда) түсіргенде ғана құнды қағаздар нарығы арқылы жеке меншік мүдделері іске асады, олар дамуының қуатты әлеуметтік-экономикалық күшіне айналады. Сонымен, құнды қағаздар нарығының қалыптасып тиімді қызмет атқаруы, ең алдымен, ішкі ұлттық өндіріс пен ішкі тауар нарықтарының қалыптасып, тиімді жұмыс істеуіне байланысты болады екен.

Қазақстан жағдайында өндіріс орындарының тиімді қызмет атқаруы олардың сыртқы әлем нарығына шығып орын алуына тіреліп отыр. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымы тарихи түрде сыртқы әлемдік шаруашылық қажеттіліктеріне бағытталып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін өнімдердің 80-90%-і (шикізат өнімдері) экспортқа арналған, ал Қазақстанға қажетті дайын өнімдердің 80-90%-ы шетелдерден әкелінеді. 1998-2000 жылдарда әлемдегі қаржы-валюта дағдарысына байланысты Қазақстан Үкіметі қысқа (2000-жылға дейін) және орта мерзімдік (1999-2003 жж.) ұлттық өндіріс Бағдарламаларын жасап ішкі өндіріс пен Ұлттық нарық жүйесін қалыптастыру саясатын қолға алған.

Ұлттық экономиканың тарихи жағдайда қалыптасқан құрылымын қайта құру,   жетілдіру   (тиімділігін   арттыру)   үшін   ауқымды   инвестициялар  қажет болып отыр. Мамандардың пікірінше, Қазақстанға жыл сайын кем дегенде 3 млрд. доллар инвестиция қажет екен. Дамыған елдерде негізгі өндіріс қорлары орташа    есеппен    алғанда    3-5    жылда    жаңартылып    отыратын    болса, Қазақстандағы негізгі қорлардың пайдалану мерзімі 30 жылға жеткен екен. Өндіріске     мемлекет     тарапынан     (бюджеттен)     инвестициялар     бөлу,  қаржы  ресурстарын   жұмылдыру,   әлем қорларынан және дамыған елдерден валюталық қаржы тартып мемлекеттің қолдауымен ұлттық өндіріске мақсатты да нысаналы түрде жұмсау шаралары осы күндері Қазақстан Үкіметінің өндірістік саясатының негізгі мазмұны болып отыр.  Азық-түлік,  жеңіл  өнеркәсіп,   машина  жасау,  химия   мен энергетика өндіріс салаларын қолдау және ынталандыру шаралары жүргізілуде.

Сонымен, Қазақстанда құнды қағаздар нарығын қалыптастыру саясаты ұлттық кәсіпкерлікті қолдау, ішкі және сыртқы инвестицияларды өндіріске тарту, экономика салаларын әлсіз де тиімсіз шаруашылық құрылымдарынан тазарту, экономиканы асқындап кеткен төлем дағдарысынан шығару және басқа да экономикалық, ұйымдастыру, құқықтық іс-шаралар жүйесінде жүргізіледі.

Қазақстанда 1991-1994 жж. қаржы нарығы, оның құрамында құнды қағаздар нарығы қалыптаса бастады. Осы кездері жұмыс істеп тұрған құнды қағаздар нарығының негізгі секторлары ретінде мыналарды айтуға болады:

  1. Мемлекеттің ішкі     және     сыртқы     міндеттемелік  қағаздары (облигациялары) тұрақты түрде айналымға шығарылып келеді.
  2. Ірі коммерциялық банктердің акциялары және басқа да қаржы қағаздары соңғы    жылдары    ұтымды    түрде    сыртқы әлемдік және   ішкі ұлттық нарық жүйесінде орналыстырыла бастады.
  3. Мұнай-газ, энергетика,     қара     және     түсті     металлургия компаниялары    шығарған    акциялар    Қазақстанның    және    Орталық Азия қор биржаларында тіркеліп бағамдалып келеді.
  4. «Қазақтелеком», «КЕГОК», «Қазақойл» сияқты жаңаша құрылған компаниялардың акцияларына сұраным жоғары қалыптасқан.

Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістемелік көзқарас-пікір қалыптасқан. Алғашқы кездері экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді қызмет атқару жағдайларымен байланыстырып қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.

Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфрақұрылымдарын құру және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылған, 1995 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді, бағалы қағаздар эмиссиясы есепке алынып, қор биржаларында тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары, оның ішінде «Бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді лицензиялау туралы ережелер», және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.

Бірақ Республикада құнды қағаздар нарығы толық қалыптасып болды және тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр, нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.

Қазақстан Үкіметі Батыс елдерінің бірқатар қаржы-инвестициялық құрылымдарымен келісімге келіп өзінің орта мерзімдік (3-5 жылдық) облигацияларын Еуропада орналастырды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде калыптасқан қаржы дағдарысы Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының одан әрі қанат жайып дамуын осы күндері шектеп отыр.

Жалпы алғанда Қазақстанда ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық тез дамып келеді. Тіпті тұтыну тауарлары нарығында импорт тауарларының үлесі өсіп отыр. Соңғы бір-екі жылда экспорттан импорт көлемі артып, Қазақстанда теріс (отрицателыный) сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар — ол активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру деген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың әлем нарығына шығарылып орналастырылуының себебі Қазақстанның ішкі ұлттық өндірісі мен нарығының шектеулі болуында жатыр.

Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұр. Тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше, Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап, оларды заңдастыруға күш салып отыр.

Сонымен, тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тартү, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат-энергетика өндірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына шетелдік инвестициялар бармай отыр. Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып қарастыруға болатыны түсінікті болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдын қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады.

Қорытып айтқанда, құнды қағаздар нарығының қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты деуге болады. Ұлттық капиталдың шоғырланып өсуі ұлттық табыстың жұмсалуына байланысты келеді. Қазақстан жағдайында тұрғындар өздерінің табыстарын негізінен шетелдік тауарларға

жұмсайды,   яғни   олар   шетел   фирмаларын   жанама   түрде   инвестициялап  қаржыландырып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы  қажет. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанып отыр.

Ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазақстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. Мамандардың айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде табыс өте аз көлемде түсетін болған. Мұның негізгі себебін білетін мамандар былай түсіндіреді: Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен оффшорлық аймақтарда тіркелген филиалдары бар көрінеді. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді екен, ал соңғылары Қазақстаннан арзанға алынған шикізатты әлемдік бағамен түпкі тұтынушыларга өткізіп, түскен табысты шетелдік банкілерге салып отырады. Бұл Қазақстан экономикасына көптеген есепке алынбаған және көзге көрінбейтін зиян келтіреді екен. Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазақстан банкілерінің ресурстарын шектейді, олар өздеріне қажетті қаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады.

Сонымен, құнды қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Бұдан бөлек, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс пайдалана білу қажет. Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен. Соңғы жылдары әлемдегі ең жоғары дамыған Солтүстік Америка мен Батыс Европа елдерінің өздерінде қаржы-валюта жүйесін тұрақтандырып нығайтуға баса назар аударылып отырғаны белгілі.

Қазақстанның болашағы, экономикалық-әлеуметтік дамуы, түптеп келгенде, өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, Қазақстан банкілерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады.

 

  1. Ақша құралдары азаматтық құқық объектілері ретінде.

3.1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы.

 

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жанжақты ашып, жауап берді. Ақша -тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардын айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның колдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан карап өтелік.

Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегіиің нәтижесі өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі — тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінін басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, не нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.

Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты енбектің нәтижесі -тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардын тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу  қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас кұны шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну кұнын алатын құрал болады. Айырбас кұны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол — құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан енбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет • ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, не болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.

Құн тарихи категория. Құнның негізі адам енбегі. Құн еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар, Ал оның еңбек теориясының негізін қалаушылар XVII ғасырдағы ағылшын экономисі Г.Петш, XVII ғасырда өмір сурген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы ағылшын бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті XIX ғ. К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни белгілі бір тұтыну кұнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады. Тауардың екі жағының — тұтыну құны мен құнының – қайшылықтары болғанымен, ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.

Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар болу үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу касиеті ол өнімді сату-сатып алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқанын кажетін өтеуге керек болғаны. Бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне дәл сатып алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі карама-қайшылықтары шешіледі.

Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: «Айырбас кұны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол ақша»[4]. Әрбір жеке тауар тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.

 

3.2. Ақша — тауардың жалпы эквиваленті.

 

Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады. Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айкын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар коғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қогамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда төлем құралы қызметін атқарғаны. Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға карсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.

Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құнымен құнының, яғни тауардын ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, онын тұтыну құнынын біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған кұн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.

Қорыта айтқанда, құнның ақшалай формасынын пайда болуы, яғни ақша тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.

Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшанын ролің әр түрлі тауарлар атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық енбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас құралы ретінде малды колданды. Оның нақты түрі жергілікті жердін жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Мысалы, далалық жерлерде тауардың жалпы эквиваленті ролін жылқы, өгіз немесе қой атқарса, шөл және шөлейт жерлерде түйе, қысы ұзак тундрада бұғы атқарды. Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр халықтардың ауыз әдебиетінде сақталғаны соншалық, кейін металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған. Мысалы, латын сөзі «пекус» • «мал», ал «пекуня» «ақша»; үнділердің ақша өлшемі «рупия» «рупа» «мал» деген сөзден шыққан.

Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген «капитал» деген сөздің шығу тарихы да мал атауымен байланысты көрінеді, өйткені ескі герман тілінде меншігінде көптеген мал басы болса, оның байлығын «капитал» деп атаған.

Кейінірек қолөнер кәсібі дами бастаған кезде әр түрлі халықтардың айырбасқа қолданган алғашқы тауары сирек кездесетін андардың терісі болған. Ертедегі скандинавтар мөлшері әр түрлі тауарларды сатып алғанда оларды түлкі, сусар, бұлғын терілеріне айырбастаған, Сібір халықтары айырбаста бұлғынның терісін қолданса, ал құндыздың терісі Солтүстік Америкада жүрген. Сондай-ақ тері ақшаларын Моңғолияда және Тибет пен Памир тауларының етегін мекендеген халықтар кең пайдаланған. Ертедегі Русьте сусар терісі айырбастың басты құралы болған. Оған дәлел мынандай мысал — 1610 жылы қарсыласының жаулап алған орыстың әскери кассасында күміс 5450 рубль және теріден жасалған 7000 рубль болған екен[5].

Ал теңіздердің жылы жағалауын мекендеген тайпалар айырбас құралы ретінде теңізден шығатын қабыршақты (раковина) қолданған. Тарихта қабыршақтан жасалған әшекей бұйымдарының біраз атаулары сақталған.

Солардың ішінде ең көп тарағаны ақшыл сары түсті, үлкендігі түймедей  каури деп аталатыны. Әшекей ретінде жіпке тізген каури Үндістанда, Қытайда, сол сияқты Африканың Шығыс жағалауында және Цейлон мен Филиппин аралдарында ең алғашқы ақша ретінде жүрген. Ал Америка үндістері кабыршақ ақшаны теріден тігілген белбеуге өрнек немесе аңдар мен құстардың бейнесін салып қолданған.

Қабыршақ ақша материалының ең бір орнықты формасы болып келді. Себебі XX ғасырдың 70-жылдарының бас кезіне дейін Соломоновтар аралдарындағы ақша айналымында қабыршақ ақшаның үш түрі: ең арзаны -курила (қара), галиа (ақ) және ең қымбаты — ронго (қызыл) жүрген.

Юлий Цезарь патшалығының түсында ақша ретінде кұлдарды пайдаланған. Мысалы, бір құл үш сыйырға, алты бұзауға, он екі қойға теңгерілген.

Қолөнер кәсібінің жетілуі ақша эквивалентін де жетілдірді. Оңай бөлінетін, бір-біріне оңай бірігетін, ұзақ сақталатын және біртектес эквивалент тауарлар, яғни өсімдік өнімдері зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, бұршақ, тұз және с.с. пайда болды. Жалпы эквивалент болып әр түрлі металдар да қолданылды: темір, қалайы, мыс, қорғасын, күміс, алтын. Металл ақшалардың артықшылығы олардың біртектестігі, мықтылығы, әрі оңай бөлінуі. Көп уақытқа дейін металл ақшалардың формалары әр алуан болды. Мысалы, темірден жасалған кетпен, күрек, таға, шынжыр және т.с.с құралдар; мыс ақшалар мосы, қалқан, қазан, ыдыс түрінде айналыста жүрді. Ақшаның қазіргі грекше атауы «драхма» — «бір уыс шеге» деген ұғым ретінде сол кезден сақталған[6]. Күміс пен алтын ақшалар жүзік, сақина, алқа және с.с. әшекей бұйымдарының формасында болған. Уақыт өте келе жалпы эквивалент ролін күміс пен алтын ақша атқара бастады.

Қорыта айтқанда, қазіргі монетаның пайда болуы металдан соғылған ақшаның сыртқы пішінінің қалыптасуындағы соңғы кезең.

 

3.3. Ақшаның атқаратын қызметтері.

 

Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керісінше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді.

Сонымен ақшаның бірінші атқартын кызметі ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұрудың қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады. Сондықтан тауарларды біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның көмегімен барлық тауарлар өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа тауарлар адам еңбегінің өнімі, ол өнімдерді біріне-бірін теңестірудің бірыңғай негізі *- абстрактылы еңбек.

Тауардың ақша болып көрінетін құны — тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета (шақа) соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.

Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының арасында айтарлықтай өзгешіліктер бар. Құн өлшемі ол ақшаның экономикалық қызметі, яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен — құқықтық сипаттағы техникалық құрал.

Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан металл (алтын, күміс) ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтық бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар.

Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі айналыс құралы. Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А — ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т — ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда:

Біріншіден, Т-А процесі өнім өндірушінің енім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.

Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.

Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.

Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген айырбас актілері араласып, түйісіп біртұтас тауар айналысы процесін (Т-А-ТІ А1-Т2-А2) құрайды. Осы процестер барысында ақша бірінші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға өтіп ақша айналысын құрайды. Сөйтіп, ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу-сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.

Ақшаның айналыс кұралы қызметінің ерекшеліктері:

а)  тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;

ә) бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындауы;

б)  бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп, ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы (алтын) емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.

Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем кұралы кызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл — тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы -несие беруші (кредитор), ал сатып алушы борышқор (қарыздар) деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:

а)  тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу; ә) еңбекакы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;

б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;

в) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қа-рызды өтеу;

г) сақтандыру   міндеттемелерін төлеу;

д)   құқықтық-сот   сипатындағы   ақыларды   төлеу   және   т.б.   Ақшаның төлем       қүралы  қызметінің айналыс құралы  қызметінен өзгешіліктері, бұл  қызметінде ақша сатып алу-сату процестерін аяқтайды және қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүреді.

Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде акша көбіне төлем кұралы ретінде қолданылады. Несие катынастарының дамуы қолма-қол акшаны қатыстырмастан қарыз міндеттемелерін (мысалы, вексель) өзара есепке алу жолымен өтеуге мүмкіндік туғызады.

Ақша төлем құралы қызметін орындауына байланысты айналысқа қажетті ақша мөлшері, яғни ақша айналысы заңы толық мәнге ие болады. Атап айтқанда, тауар несиеге сатылғанда айналысқа қолма-қол ақша түспейді. Сондықтан ол айналымға керек ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем уақыты келгенде қарызды өтеу үшін айналымға ақша қажеттілігі өседі. Ал айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтелетін міндеттемелер сомасына азаяды. Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша (жабдықтаушының шоты бойынша) уақытында төлем түспесе, онда ол төлемеушіліктің тізіміне іліктіреді (өтеу мезгілі өткен қарыздар, бюджетке төлейтін төлемдер, жалақы бойынша және т.б. төлемдер).

Сөйтіп, ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары мен несие жүйесін дамытты. Ол алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір айғағы.

Ақшаның келесі кызметі қор жинау және байлық құру кұралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі — бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-А-Т) тоқтап (Т-А) қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап, белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын жинау әр түрлі нақты себептерге байланысты. Тауар айналымының үзіліссіз бірқалыпта  жүруі  үшін  қажетті  ақша  мөлшері  өзгеріп  отырады.  Сондықтан  бір кезде  айналысқа қосымша ақша мөлшерін қосып, кейде, керісінше, ондағы ақшаны шығару қажет болады. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы жұмыстар жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі. Көктемде егін егу үшін алдын ала қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу немесе жөндеуден өткізу, тұқым және жанар-жағар майларды дайындау және т.с.с. жұмыстарға ақша қорын жинау керек. Бұл экономикалық себептер. Сонымен қатар пайдакүнемдік, әшекей бұйымдарын жинау, жеке қор жинауға құмарлық, т.с.с. әлеуметтік себептер де ақша жинауға әсер етеді.

Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға кағаз немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне: кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп және депозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар, ал екіншісіне: халықтың банктердегі, мемлекеттік облигациялардағы және т.б. салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп, елдін ішкі қажеттілігін өтеуде толық құны жоқ ақша, яғни қолма-қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.

Ал, толық құнды ақша (алтын) материалданған құн ретінде жалпы байлықтың өкілі болып табылады. Мұның мәнісі, ақшаның байлық құру кұралы қызметін тек толық құнды ақша ғана: алтын құймалары, одан жасалған әшекей бұйымдары, сонымен қатар қымбат тастар атқарады. Бұндай қор елдің байлығының көрінісі. Байлық мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде стихиялы құбылыстар кезінде жұмсалады.

Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық кұру құралы қызметі арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестері жүреді.

Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден  шығып,   әлемдік   нарықтың   пайда   болуына   әсер   етті.   Бұл   экономикалық қатынастар ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең ерістеуде. Бұл нарықта ақша «өзінен ұлттық мундирін шешіп»[7] яғни алтын құймасы (995 сынама) формасында айналысқа түседі. 1867 ж. Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Сол кезден алтын дүниежүзілік ақша ретінде танылып, үш түрлі бағытта қолданылды. Атап айтқанда:

  • бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретінде    ақша    халықаралық    төлем      балансы бойынша есеп айырысуда қолданылады;
  • бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып алу құралы ретінде шетелдерден қолма-қол ақшаға     тікелей     тауар     сатып алғанда    жүреді. (Мысалы, егін шықпай қойған жылдары — астық, қант және т.б);
  • қоғамдық байлықты материалдандыру құралы ретінде ақша ұлттық байлықты бір   елден   басқа   елге   көшіргенде,   яғни   контрибуция   (соғыста жеңілген   мемлекеттің  жеңіп   шыққан   мемлекетке  төлейтін  соғыс  салығы) салығын  төлегенде,   репарация   (жеңілген  елдің  жеңген  мемлекетке  соғыс зиянын   түгел,   не   жартылай   төлеуі)      зиянын   төлегенде   немесе   қарыз бергенде қолданылады[8].

Дегенмен, тіпті алтын стандартты ақша жүйесі кезінде де ағымдағы халықаралық есеп айырысу алдыңғы елдердің ұлттық валютасымен жүргізілді. Халықаралық төлем айналымында негізінен несие құралдары жүрді. Мысалы, 1913 ж. Халықаралық есеп айырысудың 80 проценті ағылшындық фунт стерлингпен толтырылған аударым векселімен жүргізілген, ал халықаралық есептесудің сальдосын (қалдығын) өтеу үшін ғана алтын қолданылған[9].

Әлемдік байланыстардың интенсивтендірілуі және несие қатынастарының дамуы, сонымен бірге әлемдік бірыңғай банкнотаның жоқтығы халықаралық айналымға алтыннын орнына кейбір ұлттық валюталарды енгізуге мәжбүр етті. 1922 ж. Генуяда өткен бірінші Халықаралық келісімде ағылшынның фунт стерлингі және АҚШ-тың доллары алтынның эквиваленті деп жарияланып, халықаралық айналымға енгізілді. Екінші келісім 1944 ж. Бреттон-Вудсте (АҚШ) қабылданып, онда соғыстан кейінгі валюта жүйесінің негізі бекітілді. Бұл келісім АҚШ-тың долларына және фунт стерлингке резервтік валюта статусын берді. Одан кейін дүниежүзілік ақшаның жаңа формалары пайда болды: СДР -Халықаралық валюта қорының арнаулы есеп айырысу (ақша) өлшемі (1970 ж.), ЭКЮ — аймақтық халықаралық есеп айырысу өлшемі (1979 ж.), оны Еуропа валюта жүйесіне мүше мемлекеттер қолданады. Ал 1999 жылдың 1 қаңтарында енгізілген жаңа валюта еуро бірте-бірте ЭКЮ-ды айналыстан ығыстырады деп күтілуде.

Айта кететін жәйт, дүниежүзілік ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп несие ақшаларына өту жолдарын едәуір кешігіп барып қайталауда.

Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілерінің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:

Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында жоғары үлесті салмағы бар.

Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкіндігі бар.

Бір сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдік нарықтағы тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердің ұлттық валютасы дүниежүзілік ақша ретінде жүреді. Бұған қоса, белгілі бір ұлттық валютамен бірге алтын орнына жүретін есеп айырысудың әр түрлі құралдары пайда болуда. Қазір дүниежүзілік несие ақшаларының жобасы қарастырылуда деген пікірлер де кездеседі.

Алайда, дүниежүзілік ақша ретінде тек алтын танылғасын халықаралық  есеп айырысу құралдары алтынға еркін айырбасталуы тиіс. Бұл қасиеттің болмауы дүниежүзілік төлем қатынастарының дағдарысын көрсетеді.

Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналысынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

Әйтсе де адам еміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл-ой талабына ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың козғалысына қажетті арнаулы құрал деп түсіндірді. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзінің «Никомахова этика» деген кітабында «Айырбасқа қатысатындардың бәрі өзара салыстырмалы болуы керек. Айырбасты болдыру үшін шарттылықка негізделген әлдебір өлшем болуы кажет» деп жазған[10]. Бұл ой көне (античный) Рим қоғамында заңға енгізіліп, оның қағидасы бойынша император ақшаның кұнын заңмен бекіткен.

XVI ғ. бас кезінде (1516ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің «Золотая книга о наилучшем устройстве государства и новом острове Утопия» деген еңбегінде «барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттік істер-дің табысты және дұрыс шешілуі мүмкін болар ма екен» деп жазған[11].

Сондай-ақ XIX ғ. утопист-социалистер Прудон, Оуэн, Грейт және басқалары да ақшаға жағымсыз көзқараста болды. Мысалы, Прудон тауар өндірісін сақтап қалумен қатар ақшаны құртудың жобасын жасап және оны дәлелдеуге тырысты. Сол сияқты 1832 ж. Р. Оуэннің тауарларды ақшасыз «еңбек бондарын» қолданып, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарларды бағалаумен айырбас жүргізуге ұмтылған әрекеттері банкроттыққа (күйреуге) соқтырған.

Ақшаға деген теріс көзқарастар Ресейдегі азамат соғысы кезіндегі ақшаның құнсыздануын, өнімнің заттай түрінің өзара айырбасталуын ақшаны жоюды тарихтың өзі дәлелдеді деп түсіндіргісi келді. 1918 және 1921 жылдары  натуралдық коэффициенттің негізінде өнеркәсіп өнімдерін тікелей ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.

90-жылдардың бас кезінде шыққан «Экономикс» атты кітабында К.Р.Макконелл мен С.Л.Брю «ақша адамдарды сиқырлайды, ақшаның кесірінен олар азаптанады, ақша үшін еңбектенеді. Ақша ол өзіне баурайтын, қайталанатын, құбылмалы перделі жұмбақ нәрсе» деп жазды.

Сөйтіп, рационалистік концепцияны жақтаушылар тобы — ақша адамдар арасындағы келісімнен туған айырбастың техникалық құралы деген қөзқараста болды.

Ал, эволюциялық концепцияны (өрістеу, бірте-бірте даму көзқарасын) жақтаушылар бұл «жұмбақты» басқаша шешуде. Бұл концепция қоғамдық тауар өндірісін зертгей келіп, ақша адамдардың еркінсіз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл тауарлар әлемінен бөлініп шыққан ерекше тауар екенін дәлелдейді.

Алғашқы болып ақшаның тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясынын дамуына көп еңбек сіңірген К.Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым формасынан «көз шағылыстыратын» ақшалы формасына дейін ұзақ даму жолдарын зерттей келіп, ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай-ақ К. Маркс ақшаның қажеттілігі жөнінде «егер ақша жойылса, біз коғамдық өркендеудің не ең жоғары (коммунизм) дәрежесінде болармыз, не қоғамдық өсудің ең төменгі сатысына (алғашқы қауымға) лақтырылып тасталармыз» деп өз ойын қортындылаған. Ал коммунизм тек қиял, сондықтан ақша болды, одан әрі де бола бермек[12].

 

3.4. Ақша айналымы.

 

Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында «ақша айналымы» және «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.

Жоспарлы-орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:

  • қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіріс кұралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық    жабдықтау жүйесі арқылы, ал  екінші жағдайда қоғам мүшелерінін табысына (жалақы, зей-нетақы және т.с.с.) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінді;
  • мемлекет заңмен     ақша     айналымын:     қолма-қол    ақша және қолма-қол    емес   ақшаға   бөліп,   ақша   айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне  қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп  қолма-қол  ақша қозғалысы халықтың   ақшалай   табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша   қозғалысы   өндіріс   құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;
  • ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді;
  • ақша айналымы     біртектес     мемлекеттік     меншік    формасына қызмет көрсетті;
  • ақша айналымының     алғашқы     және     қорытынды     кезеңцері мемлекеттік   банкте   шоғырланып,   оған мемлекеттік банк бакылау жүргізді;
  • қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерін тек мембанк монопольды құқықпен шығарды;
  • мемлекеттік жүйелер    алдын    ала    өнімге    баға    белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.

КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезінде жүргізген іс-шараларынан кейін (бағаны босату, мүлікті беймемлекеттендіру және т.б.) ақша айналымында айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Шын мәнінде ақша айналысы — ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда «қолма-қол ақша айналысы».

Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер:

  • ақша айналымы негізінен  шаруашылықтағы  нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
  • қолма-қол ақша және    қолма-қол    емес    ақша    айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
  • ақша айналымы     мемлекеттің,     коммерциялық    банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
  • ақша айналымы әр  түрлі    меншік   формасы     жағдайында жүреді;
  • ақша айналымының  алғашқы   және  қорытынды     кезеңдері орталықтанбаған,   яғни   олар   әр   түрлі   коммерциялық   және   мемлекеттік банктерде    шоғырланған;    қолма-қол   ақша   және    қолма-қол   емес   ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді; қолма-қол  ақша  эмиссиясын Орталық     банк     жүргізіп,  ал       қолма-қол       емес       ақша       белгілерін коммерциялық банктер шығарады.

Металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша кұнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар айналымы мен ақша айна-лымын біріктірді.

Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп — қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.

Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тән ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

²îðûòûíäû.

Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің (негізінен сауда орындары және халықка қызмет көрсететін орындардың) кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) — банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы кызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының I бөлігін (90%-ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер /қағаз ақшалар/ және ұсақ монеталар) айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтын ақшалы табысының басым көп белігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттық банк банкнота түрінде эмиссиялайды (ҚР-ның ақша өлшемі -тенге), екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма-қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі, яғни клиенттер занды тұлғалар болса, акша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиент жеке тұлға болса, ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма-қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса (өзара есептесу, негізінен, қолма-қол емес ақша белгілерімен жүргізеді), ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни жалақы, зейнетакы, жәрдемақы, шәкіртақы, сақтандыру қайтарымы,  дивидендтер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және с.с. түрінде) беріледі.

Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммунапдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея  және т.сс. төлеуге жұмсайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

Ғылыми әдебиет:

 

  1. Н. Назарбаев. Қазақстан  2030:   Барлық   Қазақстандықтардың  өсіп өркендеуі,   қауіпсіздігі   және   әл-ауқатының   артуы:   Ел   Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. — Алматы: Білім, 1997.
  2. Абалкин Л.И. Курс переходной     экономики:      Учебник.     -М.: Финстатинформ, 1997.
  3. Абрамова М.А.,  Александрова Л.С.  Финансы, денежное обращение и кредит: Учебное пособие. — М.: Инст. межд. права и экономики, 2003.
  4. Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг: Введение в фондовые операции. — С.: Сомвен, 2002.
  5. Антонов А.Г., Пессель М.А. Денежное обращение, кредиты, банки. — М.: Финстатинформ, 1995.
  6. Банки и банковские операции: Учебник. /Под ред. проф. Е.Ф. Жукова. -М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2004.
  7. Банки и   банкиры   Казахстана:   Информационно-аналитический  обзор. Спец. выпуск. Июнь 1999.
  8. Банковское дело /Под ред. О.М. Лаврушина. — М.: Финансы и.статистика, 1998.
  9. Банковская реформа: поиск продолжается /Под ред. Б.И. Иришева. Алма-Ата: Казахстан, 2003.
  10. Бороздин П.Ю. Ценные бумаги и фондовый рынок. -М., 2004.
  11. Вестник Национального банка Республики Казахстан за 1999 г. №1, 2. 2000.
  12. Гринберг И. Рубль, червонец, тенге. — Алматы: Қаржы-қаражат, 2001.
  13. Денежное обращение и кредит при капитализме: Учебник /Под ред. Л.Н. Красавиной. — М.: Финансы и статистика, 1999.
  14. Деныи, кредит, банки: Учебник /Под ред. Г.С. Сейткасимова, — Изд. 3-е перераб. и доп. — Алматы: Экономика, 1999.
  15. Карагусова Г. Что нужно знать о ценных бумагах. Вопросы и ответы. -Алматы: Қаржы-қаражат, 2005. — 28 с.
  16. Карагусов Ф. Ценные   бумаги   и   регулирование   их   обращения   в Республике Казахстан. — Алматы: Қаржы-қаражат, 2001.
  17. Карагусов Ф. Ценные бумаги и деньги в системе объектов гражданских прав. — Алматы: «Жеті Жарғы», 2002.
  18. Көшенова Б. Бағалы кағаздар нарығы. Оқу құралы./-Алматы, Экономика. 1999.
  19. Мамыров Н.Қ., Мадиярова    Д.М.,    Қалдыбаева    А.Е.    Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы. /-Алматы: Экономика, 1998.

20.Русско-казахский гагжовый экономический словарь предпринимателя. Алматы: МЧП, 1998. — 320 с. .

  1. Рынок ценных бумаг и его финансовые институты: Учебное пособие /Под ред. В.С. Торкановского. -СПб.: АО «Комплект», 2003. — 421 с.
  2. Саниев М.С. Деньги, кредит, банки. — Алматы: Алматинский коммерч. ин-т 2004.
  3. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық (жалпы бөлім) КазГЮУ, Алматы, 2003.
  4. Сейткасимов Г.С., Ильяеов   А.А.   Формирование   фондового   рынка: Учебное пособие — Апматы: Экономика, 1996.
  5. Формирование системы акционерных обществ в Республике Казахстан (А.Қ. Кошанов, А.А- Рамазанов, А.А. Бисембаев и др.). — Алматы: Ғылым, 2003. — 98 с.
  6. Ценные бумаги и фондовый рынок /Г.С. Сейткасимов и др. Алматы: Экономика, 2004.
  7. Шалгимбаева Г.Н. Рынок ценных бумаг.  Механизмы государственного регулирования. Алматы: Қаржы-қаражат. 2005. — 29 с.

 

 

 

Нормативтік-құқықтық актілер:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі, ерекше бөлімі). — Алматы, 2004.
  3. Гражданский кодекс Республики Казахстан (общая часть), комментарий. Книга 1. — Алматы: «Жеті Жарғы»., 1998.
  4. Гражданский кодекс Республики Казахстан (общая часть), комментарий. Книга 2. — Алматы: «Жеті Жарғы»., 1998.
  5. Гражданский кодекс Республики     Казахстан     (особенная     часть), комментарий. — Алматы: «Жеті Жарғы»., 2000.
  6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы.
  7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы.
  8. Қазақстан Республикасының 2003   жылғы   13   мамырдағы   N   415-П «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы.
  9. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы N 77 «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1]  Ф.С.Карагусов. Ценные бумаги и деньги в системе объектов гражданских прав. Алматы, «Жеті Жарғы» 2002. 254-6.

 

[2] Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-П Заңы, «Егемен ҚазаҚстан» 2003 жылғы 16 мамыр N 115-18.

 

[3] Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-И Заңы, «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 16 мамыр N 115-18.

[4] Маркс К., Энгельс Ф.  2-6асылым. 46 т. 1 бөлім.

 

[5] Кауфман И.И. Серебряный рубль в России.-СПб., 1910. — 212 с.

 

[6] Деньги, кредит, банки: Учебник /Под ред. Г.С. Сейткасимова, — Изд. 2-е перераб. и доп. — Алматы: Экономика, 1999.

 

[7] Международные экономические отношения. Учебник /Под ред. В.Е. Рыбалкина- М.: Финансы и ста-тистика, 1999.

 

[8]  Карагусова Г. Что нужно знать о ценных бумагах. Вопросы и ответы. — Алматы: Паржы-Паражат, 1996. — 28 с.

 

[9] Денежное обращение и кредит при капитализме: Учебник /Под ред. Л.Н. Красавиной. — М.: Финансы и статистика, 1989. — 365

 

[10] Балабанов ИЛ». Финансовый менеджмент: Учебник. — М.: Финансы и статистика, 1994.

 

[11] Деньги, кредит, банки: Учебник / Под ред. Г.С. Сейткасимова, — Изд. 2-е перераб. и доп. — Алматы: Экономика, 1999.

 

[12] Б.А.Көшенова. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары: Оқу құралы. Алматы. «Экономика», 2000.