ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Туризм кафедрасы
Диплом (Бітіру) жұмысы
Ақтөбе облысындағы туризмнің дамуы
Алматы — 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….
- АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ………………………………………………………………………………….
1.1 Физикалық-географиялық сипаттамасы……………………………………………
1.2 Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы…………………………………
1.3 Туристік-рекреациялық ресурстары ………………………………………………..
- АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ…………………………………………………………………………………………….
2.1 Туристік бизнестің жалпы сипаттамасы ………………………………………….
2.2 Туристік инфрақұрылымның жағдайы ……………………………………………
2.3 Аудандар бойынша туристік-рекреациялық мүмкіншіліктер………….
- АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ ……………………………………………………….
3.1 Қазақстан туризмнің дамуында Ақтөбе облысының орны ……………..
3.2 Туризмді дамыту мәселелері …………………………………………………………….
3.3 Туризмді дамытуға арналған үкімет шаралары ………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………….
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………………………………
ҚОСЫМШАЛАР
ГЛОССАРИЙ
- АХАЖ — азаматтардың хал актілерін жазу.
- Туризм — жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, немесе жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытшы болған елде ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты.
- Рекреация — бұл халықтың тұрақты жерден тыс жердегі арнайы мамандандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір цикліндегі адамдардың бос уақытын пайдалану кезіндегі іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени,көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.
- Экскурсия — жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объекттерді аралап көру.
- Рекреациялық потенциал — белгіленген территорияда рекреациялық іс-әрекет ұйымдастыруға және дамытуға арналған табиғи, тарихи мәдени, әлеуметтік-экономикалық және т.б. жағдайлар жиынтығы.
- Туристерді орналастыру орындары — мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй жайлар мен ғимараттар.
- Тур — белгіленген мерзім шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
- Туристік ұйымдар — қызметінің негізгі түрі туристік қызмет болып табылатын заңды тұлғалар.
- Туристік ресурстар — туристік көрсету нысандарын қамтитын табиғи климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де нысандар.
- Туристік өнім — саяхат барысында туристің қажетін қанағаттандыру үшін жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы.
- Туристік аудан — туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан.
- Туристік нарық — туристік қызмет саласында тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) және ақша айналысы.
- Уәкілетті орган — туристік қызмет саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін орталық атқарушы орган.
РЕФЕРАТ
Жұмыстың бірінші тарауында Ақтөбе облысының туризм дамуының алғышарттарына талдау жасалынған. Бірінші кезекте, облыстың физикалық географиялық ерекшеліктері көрсетіліп, облыстың әр аумағының туристік рекреациялық мүмкіншіліктеріне нақты талдау жасалынған.
Жұмыстың екінші тарауында Ақтөбе облысының әлеуметтік- экономикалық жағдайы көрсетілген. Сонымен қатар, туризм дамуының басты факторы болып табылатын, облыстың туристік инфрақұрылымы қарастырылған.
Үшінші тарауда облыста дамытуға мүмкін болатын туризм түрлері мен туризмнің болашақ мүмкіншіліктері көрсетілген. Тарауда облыстағы туризмнің қазіргі басты мәселелері мен оларды шешудің нақты жолдары берілген.
Диплом жұмысында сандық көрсеткіштері және жасалынған анализді бейнелеу үшін 7 кесте мен 15 сурет қолданылды.
Кездесетін қысқартулар:
АХАЖ — азаматтық хал актілерін жазу.
ҚТА — Қазақстандық туристік ассоциациясы
ЖАҚ — жабық акционерлік қоғам
ІЖӨ — ішкі жалпы өнім.
Осы диплом жұмысында Ақтөбе облысының туризм дамуының алғышарттары, яғни облыстың географиялық орналасуы, табиғи, әлеуметтік- экономикалық ресурстары талданды.
Мақсаты Ақтобе облысындағы туризмнің дамуына талдау жасау. Дамытуға мүмкін болатын туризм түрлерін бағалап, оларға нақты сипаттама беру. Облыстың туристтік рекреациялық ресурстарын анализдеу, мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралар жүйесін анықтау.
Міндеттері:
- Ақтөбе облысының туризм дамуының негізгі алғышарттарына талдау жасау.
- Туристік шаруашылықтың қазіргі даму деңгейін көрсету.
- Аудандар бойынша туристік-рекреациялық мүмкіншіліктерін зерттеу.
- Ақтөбе облысы бойынша туризм дамуына байланысты нақты ұсыныстар беру.
КІРІСПЕ
Туризм – экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады. Туризмді дұрыс жолға қоя білу қыруар пайда әкелуге жол ашады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қабылдануда. Шетел тәжірибесінен белгілі болғандай егер мемлекет тарапынан дұрыс және тиімді саясат жүргізілетін болса, туризм өзін өзі қамтамасыз ететін және де бұл нарықтың белгілі бір дәрежеде әкелетін жүйеге айналады. ДТҰ-ның маркетингтік қызметтері зерттеулерінің мәліметтері бойынша Ақтөбе облысында туризмді дамытудың мүмкіндіктері мол. Облыстың туризмі әкімшілік тарапынан қолдау табуда. Облыста табиғи рекреациялық ресурстар, тарихи ескерткіштер көп. Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, сервис деңгейі нашар дамыған, екінші буындағы білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағатсыз жағдайы, батыстық туристің біздің өлке туралы хабарының аздығы, туризмнің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің жетілмегендігі, облыстың кейбір аудандарындағы экологиялық жағдайдың қолайсыздығы — міне, бұның бәрі туризмнің дамуына бөгет болады.
Шыны керек, туризм индустриясын дамыту сан салалы жұмыстарды жолға қоюдан басталады. Ең бірінші біз өз өңірімізді шетелдіктерге барлық жағынан таныстыруымыз керек. Олардың қызығушылығын тудырып, туризмді дамыту туралы жаңа бағыттар ашу қажет. Сондықтан біз облыстағы инфрақұрылымды дамытуға және туристік обьектілерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануымызға тиіс.
Ақтөбе облысының туристік рекреациялық ресурстар мүмкіншіліктерін дұрыс пайдалану арқылы облыс туризм саласында үлкен жетістіктерге жете алады.
Жасалынған жұмыстың өзектілігі бүгінгі күнгі әлемдік, соның ішінде мемлекеттік экономиканың дамуыедағы рөлінде негізделген. Ақтөбе облысы жан-жақты зерттелінді, оның біріктірілген туристік потенциалы анықталды. Осыған сүйене отырып, диплом жұмысында жаңа туристік маршруттар, бағыттар, жобалар ұсынылды.
Осы диплом жұмысында Ақтөбе облысының туризм дамуының алғышарттары, яғни облыстың географиялық орналасуы, табиғи, әлеуметтік- экономикалық ресурстары, туризмнің облыс экономиксының саласы ретіндегі қазіргі жағдайы мен Республикалық туризм нарығындағы алатын орны қарастырылды.
Ақтобе облысындағы туризмнің дамуына талдау жасау, дамытуға мүмкін болатын туризм түрлерін бағалап, оларға нақты сипаттама беру, облыстың туристтік рекреациялық ресурстарын анализдеу, мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралар жүйесін анықтау, сонымен қатар облыстың туристік саласына, бүгінгі күнгі ұсынылатын қызметтерге жаңалықтарды еңгізу – мінекей, осының барлығы ұсынылып жатқан диплом жұмысының мақсаты болып саналады.
Міндеттері:
- Ақтөбе облысының туризм дамуының негізгі алғышарттарына талдау жасау, туристік рекреациялық ресурстарын сипаттау.
- Ақтөбе облысының шаруашылықтың қазіргі даму деңгейін, Қазақстан Республиксы бойынша алатын үлесін анықтау.
- Облыс әкімшілік аудандары бойынша туристік рекреациялық мүмкіншіліктерін зерттеу.
- Ақтөбе облысының туризм саласына қатысты қолданылатын үкімет шаралары, бағдарламалар, стратегияларға талдау жасау.
- Ақтөбе облысы бойынша туризм дамуына байланысты өзіндік ұсыныстар беру, жаңалықтар еңгізу.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
— Ақтөбе облысындағы туризмнің қазіргі таңдағы даму деңгейінде нақты жоспарланған шараларын ашып көрсету.
— Ақтөбе облысы аймағында рекреациялық ресурстардың мүмкіншіліктерін жетілдіру жолдарын қарастыру.
— Ақтөбе облысында туризмді дамыту перспективаларының негізгі бағыттарын анықтау.
— Ақтөбе облысы туризмінің даму қарқынын, туристік бизнесті қалыптастыратын жағдайларын көрсету.
- АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1. Географиялық орны, тарихы
Ақтөбе облысы материктің тереңінде орналасқан, Қазақстанның батысында 300 мың шаршы шақырым бар үлкен аймақты алып жатыр. Солтүстігінен оңтүстігіне қарай 700 шақырым алып жатыр, шығысынан батысына қарай 800 шақырымға созылып жатыр, Орал көлінен бастап Арал теңізінедейін созылған. Оның батыс шекарасы жер шарындағы Каспий тұрақтылығының ең соңында жатыр, ал шығысы торғай даласы арқылы өтеді. Облыс алып жатқан территориясы бойынша Қазақстанның тоғыздан бір бөлігін құрайды және үлкен Еуропа мемлекеттерімен бәсекелесе алады. Жер бедеріне қарай облыс территориясын 5 геоморфологиялық аудандарға бөледі: Мұғалжар таулары, Орал-Ембі алқабы, Торғай жазықтығы, Үстірт алқабы, Каспий тұрақтылығы. Мұғалжар таулары бұл кішкене жоталар мен аласа беткейлер тобының меридионалдық тізбесі болып табылады. Ал солтүстігінде Ор өзеніне дейін, оңтүстігінде 48о еңдікке дейін созылады. Ең үлкені болып Мұғалжар тауларының оңтүстік бөлігі табылады. Бұл жер ең биік нүктесі болып табылады. Батыс Қазақстанның ең үлкен нүктесі теңіз деңгейінен 657 м биіктікте орналасқан. Мұғалжар таулары Еуропа мен Азияны бөліп тұрған, белгі ретінде көрінеді. Батысында теңдік созылған. Бұнда Елек пен Ембі, Хобда, Ойыл, Сағыз, Темір өзендері өтеді. Оны Орал – Ембі алқабы деп атайды. Өзендердің аңғарлары кең. Орал-Ембі алқабы оңтүстік батысқа қарай, Каспий теңізіне қарай ақырындап төмендейді және Каспий тұрақтылығына өтеді. Онда Ақтөбе облысының оңтүстік батыс шеті жатыр. Ембі өзеннің аңғарында оның ең төменгі жері орналасқан. Егер Мұғалжар тауларынан шығысқа қарай бағыт алынса, үлкен Торғай теңдігінде тәрелеміз. Үстірт пен Торғай арасында орналасқан жерді кейде солтүстік Арал деп атайды. Ол Арал теңізінің жағасына дейін созылады. Бұл теңдікте Ақтөбе облысындағы үлкен құмдар жатыр. Солтүстік Арал ауданы Торғай теңдігінен шартты түрде Ырғыз өзенінің төменгі ағысындағы кең жермен бөлінген. [1]
Ақтөбе облысының әр түрлі табиғи жағдайларынан әр түрлі өсімдіктерінен және жануарлар әлемінен, климатынан ерекшеліктерін көруге болады. Республиканың солтүстік-батыс өңірінде орналасқан Ақтөбе облысы терістігінде – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен батысында – Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында – Қостанай, оңтүстік-шығысында – Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 қала типті қалашық бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.[2]
Шамамен 50 «градустық солтүстік ендікте аяқталатын Солтүстік Мұғалжар Елек пен Ырғыз өзенде арасындағы ені 200 шақырым кеңістікті алып жатқан өркеш төбелі биіктіктер. Солтүстік Мұғалжар Op өзені арқылы батыс және шығыс тармақтарға бөлінген. Солтүстік Мұғалжардың батыс тармағы (Ор-Елек cy айрығы) Орал тауының орталық және cy айрығы бөліктеріндегі, теңіз деңгейінен биіктігі 440-460 м. жалғасы болып жатқан үстірті секілді. Үстірт cy айырығынан батысқа қарай ағынды сулармен тілімденіп, ұсақ шоқыларға айналғаң ал шығысқа қарай Op өзенінің сол жақ салаларымен тарамдалып, төбешікті жазыққа ұласады, оның бастауындағы биіктігі 509 м. Солтүстік Мұғалжардың шығыс қанаты (Op және Ырғыз өзендерінің арасы) теңіз деңгейінен биіктігі 340 м жететін біркелкі жазық болып келеді де, Op өзеніне таман төмендей түседі. Өзен аңғарының етегінде мүжіліп, бөлшектенген жерлер кездеседі.
Оңтүстік Мұғалжар жоталы таулардан тұрады және ол облыстағы ең биік аймақ болып табылады. Оның басты тізбегі — сол Мұғалжар жотасы оған иек артып жатқан Орал-Жем үстіртінен 200-300 м. биікке көтерілген. Оның кейбір неғұрлым сүйрік тұстары теңіз деңгейінен 450-650 м биіктікте. /Бақтыбай тауы 657 м/. Оңтүстік Мұғалжардың шығысы жатықтанып, аласа келеді, оларда биіктігі 20-30 м шамасында сирек төбешіктер тізбектері кездеседі. Теңіз деңгейінен 280-300 м биікте жатқан бұл жайпақ үстірттер Ырғыз өзенінің оң жақ салаларымен енсіз, терең алқаптарға тарамдалған. Орал-Жем үстірті облыстың батыс өңірінің үлкен бөлігін алып, көптеген өзендермен және Ойыл, Сағыз, Жем бассейндерінің yaқытша ағын суларымен жыраланып, бөктерлі-төбешікті жазықтыққа айналған. Олар өзеннің cy айрықтарында теңіз деңгейінен 400-500 м биіктікке жетіп /солтүстік-шығыста/, өте біркелкі болмаса да батыс пен оңтүстік-батысында әркелкі келіп, 100 м дейін төмендейді. Үстірттің бедеріне тән жағдай — биіктігі 100-150 м болатын /Сағыз бен Жем өзендері арасында/ останцо-эрозиялық бөктерлер, сол сияқты денудация-эрозиялық процестердің үзіліссіз өтіп жатқандығын білдіретін түрлі биіктегі денудациалық-эрозиялық төбешіктер, адырлар, шоқылар. Адырлар арасындағы кең ойпаттарда шағылды және адыр-бұдырлы құмдар, ойыл, сағыз және Жем өзендері алқаптарындағы құмдар немесе сортаңдар жатыр. Сонымен бірге үстірттің осы бөлігінің жоғары жағында бос сулар /көктемде қар суларыментолатын сорлар/ кездеседі. Торғай-Арал маңы төрткүл жазықтығы /Торғай үстірті/ облыстың шығыс бөлігін алып жатыр. Оның биіктіктері батысы мен солтүстік-батысында теңіз деңгейінен /Мұғалжар тауының баурайында/ 320-280 м., оңтүстік-шығыс бөлігінде /Торғай, Ырғыз өзендерінің аяғында және Шалқар-Теңіз еңістігінде/ небәрі 70-50 м. Үстірттің рельефіне ондаған метр биіктігі бар тік жарлар, кейбір жерлері cy арналарымен тілімденген төрткүл биікгіктер болып келеді. Үстірттің бетінде, әсіресе, Торғай, Ырғыз, Өлкейек өзендерінің аяқтарында және Арал маңының терістігінде бос сулы көл ойпаттар, сортақты құйылыстар мен тақырлар көп. Жазықтың оңтүстік бөлігі – Арал маңы ойпатындағы биіктіктер 80-150 м. аралығында құбылады. Мұндағы алқаптарды көлем, құмдар алып жатыр. Солардың ішінде ең ірілері Ұлықұм, Kіші құм. Өсімдіктер өскен төбе құмдардың елеулі бөлігі Үстірттің шыңшоқысы, Шағрайжоны және Ырғыз өзенінің төменгі маңы. [3]
Климаты. Облыс құрлықтан шалғай, мұхиттар мен биік таулы жүйелерден алыста жатыр. Қыста аумақ Сібір антициклонының ықпалында болса, жазда жылы, шөл даланың құрғақ субтропикалық ауасы кедергісіз, еркін жетеді. Облыстың климатына құрғақ континенталдық сипат тән.
Aуаның температурасы. Облыстың аумағында ауаның орташа жылдық температурасы солтүстікте /Родников кенті/ 2,8 градустан оңтүстікте /Ақтұмсық/ 7,8 градусқа дейін құбылады. Жыл ішіндегі aya температурасының барысы қыста тұрақты аязды күндермең көктемгі қысқы күндерден кейін жеделдеп, ыстық жазға жалғасуымен сипатталады. |Ауаның айлық неғұрлым төменгі орта температурасы /-12°, -18°/ қаңтар және ақпан айларында. Температураның ең төменгі абсолюттік шамасы кейбір жылдары — 48 градусқа дейін түсіп кетеді /Ақтөбе қ. 12.1.1940/. Жылдың, ең жылы айы шілде, бұл айда ауаның орташа температурасы 20,7 градустан /Родников/ 26,4 градусқа /Ақтұмсық/ дейін өзгереді. Ең жоғары абсолюттік температура 44 градус /Ақтұм-сықта, 5.8.1955 ж./ тіркелді. Ауаның орташа тәуліктік температурасының 0 градустан ауысуы көктемде әдетте 25-31 наурызда оңтүстікте және солтүстікте 6-10 сәуірге келеді; күзде тиісінше 1-10 қараша мен 29-31 қазанда. Орта тәуліктік температурасы 0 градустан артық болатын күндер саны 200-ге жуық. Аязсыз кезең облыстың солтүстігінде 130-140 күнге, оңтүстігінде 150-160 күнге созылады.
Атмосфералық жауын-шашын. Облыс аумағында орташа жылдық ылғал мөлшері 160 мм-ден 360 мм-ге дейін құбылып, ең аз ылғал Үстірт жазығына түседі. Кейбір жылдары жауын-шашын жылдық орташа мөлшерден елеулі түрде ауытқып тұрады. Жауын ерекше жиілеп, қар қалың түскен жылдары облыстың солтүстік аудандарында ылғал тереңдігі 576 мм /Мәртөк, 1956/, оңтүстікте 371 мм /Аяққұм, 1958/ дейін жеткен болатын. Қуаңшылық жылдарда жауын-шашың 70 мм-ге дейін /69 мм — Ырғыз метеорологиялық ст. 1929/ азаяды. Жыл бойы ылғал тегіс түспейді. Оның негізгі мөлшері жылы мерзімге келіп, салқын кезде жауын шашынның жылдық мөлшерінің шамамен 30 — 40% ғана түседі. Ылғалдың айлық мөлшерінің ең молы маусым немесе шілде айларына келеді: жауынның айтарлықтай тағы бір көп мөлшері-қазан айында. Ылғалдың ең азы — ақпан айы. Жауын-шашын көп те, көлемді де емес, тек ара-тұра ғана біршама ұзақ жаңбыр, күшті нөсер кездеседі. Жаздағы ылғалдар күннің ыстықтығынаң шөлді жерлердің көптігінен тез буға айналып кетеді. Жауын-шашынның тәу-ліктік ең көп мөлшері 50-70 мм. болып, кейде 110 мм /Темір, қыркүйек, 1911/дейін жетеді.
Өсімдігі. Түр-тұқымына қарағанда облыста өсімдік ѳте-мөте әртүрлі. Мұнда тамырлы өсімдіктің 417 тегіне, 92 тұқымдасына жататын 1057 шамасында түрі шығады. Шөп бітіктігі негізінен екі түрмен сипатталды: далалықта — дақылдық, қуаң далада — жусанды өсімдіктер. Облыстың солтүстік құрға далалығында болғандықтан, негізінен дақылды әртүрлі /бетеге-ақселеулі/ шөп өседі. Оның сортаң жерлері-кәдімгі бетеге, ақ және қара жусанды. Мұғалжардың тастақты беткейлерінде сирек кездесетін бұталар мол. Таудың өзенді аңғарлары мен қойнауларында көктерек, қайың өскен. Op, Жем және Елек өзендерінің cy айырық жерлерінде қайың шоғырлары бұлақ суларымен қоректенетін батпақты жерлерді жиектеген. Шөлейт өңірде жусанды-дақылды шөптер өседі.
Аң-құстары. Географиялык орналасуы мен ландшафты-климат жағдайының әртүрліліг себепті облыста аң-құстар түрі де сан-алуан. Өңірде сүт қоректерінің 62, құстардың 214 және балықтың 24 түрі кездесіп, сүт қоректілердің 10 және қүстың 35 түрі ҚР «Қызыл Кітабына» енгізілген. Сүт қоректілерден кездесетіні — Елек, Қарғалы, Қобда өзендері мен олардың салалары бойындағы, сол сияқты Қарғалы, Мәртөк, Қобда аудандарындағы орманды жерлерде мекендейтін бұлан. Оның саны көп емес. Бұлан мекендеген аймақта еліктер де тіршілік етеді, бірақ олардың саны көп емес, 252 шамасында. Бұл өңірлер белгілі бір шамада лицензия бойынша ғана әуесқойлық аңшылық: құратын объекті болып eceптеледі. [4]
Тарихы Еуразия деп аталатын алып кұрлықтың Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінгі кең байтақ далалық аймақтарында есте жоқ ескі замандардан өмір кешіп, бүгінге дейін жалғасқан ұлттар мен ұлыстардың бірде жаугершілік, бірде ауа-райы себепті бірде бірігу, бірде бөліну тарихының айқыш-ұйқыш түскен здерінің айқын табы Ақтөбе блысы өңірінде де сайрап жатыр. Мұндa дa тарихы, кем дегенде, тас дәуіріне кетіп, өсуі мен өркендеуі сол замандардың жағдайлары мен талаптарына ыңғайланып өмір сүрген қауымдар болатын. Алайда сол көне дәуірлердің әсіресе apxeoлгиялық ескерткіштері тым аз зертелгендіктен Атыраудан Аралға дейінгі ұланғайыр apaлыктың тарихында ақтаңдақ беттер әлі көп. Археологиялық зерттеулердің Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдері мардымсыз болғаны белгілі. Бұл саладағы кейінгі істер, негізінен республиканың орталық және оңтүстік өңірлеріне ойысып, елдің батыс бөлігі, оның ішінде Ақтөбе аймағы назардан тыс қалды. Оның негізгі себеп-терінің бірі — республиканың орталығы мен оңтүстігін ерекше көрсету мақсаты емес, сол аймақтар жөніндегі көне мәліметтердің әсіресе шетелдік жазба әдебиеттерде неғұрлым молырақ сақталуынан еді. Ақтөбе облысы территориясындағы алғашқы apxeoлогиялық зерттеулер осыдан 114 жыл бұрын басталған болатын. Оны 1887-1888 ж. орыс археологі Ф.Д. Нефедов жүргізді. Оның осы жылдары атқарған істері жөніндегі есебі Мәскеуде 1899 жылы жарық көрген «Шығыс губернияларының археологиясы бойынша материалдардың» үшінші томында жарық көрді. Ф.Д.Нефедовтың баяндауы бойынша Оралдың шығыс етегіндегі алғашқы қазба жұмыстарын 1864 жылы Челябинск уезінде Р.Г.Игнатьев бастаған. Ал Торғай мен Орал облыстарының далалары 1884 жылға дейін археологтар үшін беймәлім болатын. Сол Ф.Д.Нефедов пен К.А.Фишердің 1884 жылы Електің сол жағасындағы Тамарөткел деген жердең «алтын» қорғанды қазуынан кейін археологтар Торғай даласына мықтап назар аударды. Ф.Д.Нефедов жоғарыда айтылған есебінде облыстың қазіргі шекарасы тұсында бірнеше тарихи ескерткіштер мен apxeoлогиялық орындар барын еске салған. Олар: Ұлыборсық құмы бағытында ертеде болған Балғасын қаласының қалдық тары. Қала күйдірілген кірпіштен салынған бірер жеке ғимараттар болмаса, негізінен құм астында қалған. Осы жерге кейін 1897 жылы келген А.Матов және 1907 жылы келген И.А.Кастанье бір кездері Балғасын деп аталған мұнараның енді тек қалдықтарына ғана кезіккен. Бұл -1960 жылы жарық көрген Қазақстан археологиясы картасы кадастарында № 2024 санымен тіркелген. Орынбордан Ақтөбе бекінісіне қарай бағытталған жол бойымен 185 верст жердегі бес жұлдыз формалы қорған сипатталған. XVIII ғасырдың 30 жылдарында Кіші жүз Ресейге қосылғаннан кейін, патша өкіметі өзінің /болашақта қазақ жерін бағындыру үшін/ алғашқы мемлекеттік шараларын жүргізе бастады. 1734 жылы арнаулы Орынбор экспедициясын ұйымдастыру туралы екінші Екатерина жарлық жариялады. Онда қазақ жерін игеру үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, қазақ жері арқылы Орта Азия хандықтарымен сауда қатынасын жасау үшін сауда жолдарын ашу, Op өзенінің сағасында қала салып, оның атын Орынбор деп атау, Сыр өзенінің Арал теңізіне құяр сағасында қала салып, теңіз арқылы сауда жолын жалғастыру мәселелері аталды.
XVIII ғасырдың 70 жылдарына дейін Ресей үкіметі алғашқыда қазақ жерінің шекара маңына, кейін ішкері ене отырып, көптеген бекіністер салды. Кіші жүз жерінде салған бекіністерге қазақтарды әкеліп орналастырып, оларға жер беріп, қазақтардың мал жайылымдарын қысқарта бастады. 1735-1742 жылдарда Кіші жүз және Орта жүз жерінде Ойылдан Жаңа Eртіc аралығына, яғни Жайықтан Өскеменге дейін 3,5 мың шақырым бойына бекіністер салынды. [5]
1.2 Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы
1932 жылдың 22 ақпанында құрылып 10 наурызында бекітілген облыстың жер көлемі 552089 шаршы километрді алып жатты, оған 18 аудан кірді. Халқының саны 724,5 мың адам болды. Оның 59,1% қазақтар. Халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 1,3 адамнан келген. 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша облыста 702558 адам түрады. Оның 483,7 мыңы қала, 218,8 мыңы ауыл түрғындары. Олар 91 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері. Облыста 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда қала халқы 54,1%-тен 56,2%-ке өссе, село халқы 45,9%-тен 43,8% азайған. Облыс тұрғындарының ұлттық құрамында да елеулі өзгерістер болды. Қазір қазақтар облыс тұрғындарының 70,66%-і. Қазақтар 407222 адамнан 482285 ке көбейіп, 118,4%-ке өскен.
2007 және 2006 жылдарымен салыстырғанда облыс халқының саны 8646 адамға өсті, яғни өсу коэффициенті 1.2 % тең болды.(Кесте1)
1 Кесте
Халық санының өзгеруі [6]
Адам |
Халық саны 2007ж. |
Халық саны 2006ж. |
Ақтөбе қ. |
299517 |
292095 |
Алға |
41161 |
40143 |
Әйтеке би |
31864 |
32196 |
Байғанин |
23917 |
23908 |
Қарғалы |
18302 |
18496 |
Қобда |
23651 |
24068 |
Мәртөк |
31378 |
31380 |
Мұғалжар |
65481 |
64688 |
Ойыл |
19998 |
20004 |
Темір |
36506 |
36407 |
Хромтау |
42021 |
41984 |
Шалқар |
46044 |
45891 |
Ырғыз |
15504 |
15438 |
Облыс бойынша барлығы |
695344 |
686698 |
Облыс халқының саны 2007 жылдың 1 қаңтарының алдын ала есеп мәліметтері бойынша 695,3 мың адам құрап, соның ішінде 386,7 мың адам (55,6%) — қала тұрғындары және 308,6 мың адам (44,4%) — ауыл тұрғындары. Облыс халқының саны 2006 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 8,6 мың адамға өсті, осының ішінде 6,9 мың адамға — табиғи өсім есесінен 1,7 мың адамға халық көші-қонының есесінен
2009ж. қаңтар – желтоқсанында 13566 нәресте туды (2008ж. қаңтар – желтоқсанында — 13083). Облыс бойынша жалпы 1000 адамға шаққандағы туған тұрғындардың жалпы коэффициенті 19,63 адам құрады (2008ж. – 19,17).
АХАЖ органдарымен тіркелген өлімдердің саны 2009ж. қаңтар – желтоқсанында 6687 адамға қарсы 2008ж. қаңтар – желтоқсанында 6507 адам құрады. Ал өлімінің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққандағы қайтыс болғандардың саны 9,68 адам құрады (2007ж. — 9,53).
Тұрғындар өлімінің басты себептері қан айналымы жүйесінің аурулары болып сақталуда, барлық қайтыс болғандардың санынан 47,7%.
Көші-қон процесінде көші-қонның оң сальдосы 1768 адам құрады, соның ішінде халықаралық көші-қонда — 2394 адам, республикалық көші-қонда — -626 адам (2 Кесте).
2 Кесте
2009 жылдың қаңтар – желтоқсанында халықтың халықаралық көші-қоны [6]
|
Көші-қон қалдығы (+,-) |
Келгендер саны |
Кеткендер саны |
|||
2008 |
2009 |
2008. |
2009 |
2008 . |
2009 |
|
Халықаралық көші-қон. Барлығы |
1833 |
2394 |
4265 |
3601 |
2432 |
1207 |
Оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
ТМД елдері |
2062 |
2427 |
4202 |
3577 |
2140 |
1150 |
ТМД-ға кірмейтін елдер |
-229 |
-33 |
63 |
24 |
292 |
57 |
2009ж. қаңтар – желтоқсанында шет елдерден Ақтөбе облысына 3601 адам көшіп келді, олардан 3577 адам — жақын шет елдерінен (ТМД) көшіп келгендердің саны.
Жыл басынан облыстан республиканың тыс жерлеріне қоныс аударғандардың саны — 1207 адам (2008ж. қаңтар – желтоқсанында — 2432).
2009ж. қаңтар – желтоқсанында облыс шеңберінде көшіп-қонудың саны 8235 адам құрады (2008ж. осы кезеңінде — 7867 адам).
Металлургия саласында екі ipi — Дөң тау-кен байыту комбинаты және Ақтөбе темір қорыту зауыты жұмыс істейді. 1936 ж. Новоресей ауд. Донской елді мекеніне жақын жерден хром рудасы табылды, оны игеру 1937 жылы басталып, екі жылдан кейін Дөң стансасының жанынан Хромтау поселкасы тұрғызылды.
1939 ж. KCPO Қара металлургия халық комиссариатының техникалық кеңесі Ақтөбе ферроқорытпа зауытының құрылысын салу жобасын бекітті. 1940 ж. мамырда кеңес Одағының барлық Республикалары жұмысшылары мен инженерлерінің қатысуымен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жылу-электр орталығы өндірістік ток берді, 20 қаңтарда № 1 қорыту цехы алғашқы балқыма шығарды. 1944ж. сәуір-мамырда екінші қорыту цехы қосылды. 1995 ж. мамырда «Феррохром» АҚ «Қазақхром» трансұлттық компаниясының басқаруына берілді. Қазіргі кездеакционерлік қоғам феррохромның барлык маркаларын өндіреді. Кәсіпорынның құрамында 3 қорыту, 16 қосалқы цехтар жұмыс істейді. Өнім өндірудің ең жоғарғы деңгейі 1990 ж. байқалды — 331,3 мың тонна ферроқорытпа.
Мұнай газ өнеркәсібі. Облыста 1931 ж. Шұбарқұдық, 1933 ж. Жақсымай өңірлерінде мұнай кеніштері ашылып, 1932-33 ж. осы кеніштер пайдаланыла бастады. 1966 ж. облыс мұнай өнеркәсібінің дамуының екінші кезеңі басталды, ең ipi Кеңқияқ мұнай кеніші пайдалануға берілді. Үшінші кезең — Жаңажол мұнай-газ конденсатын іске қосумен байланысты. 1981 ж. наурызда «Ақтөбемұнай» өндірістік кәсіпорны ұйымдастырылып, ол 1993 ж. «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Қазіргі кезеңде Жаңажол елді мекенінің солтүстігінде және осы кен орнының шығысында болашағы өте жоғары алаңда сейсмологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 1997 ж. өткізілген тендерде Қытай ұлттық мұнай компаниясы «Ақтөбе-мұнайгаз» акционерлік қоғамының 60,3 пайыз акциясына ие болды. Жаңажол мұнай кенішінде леспе мұнай газын пайдалану арқылы 48 МВт газ турбиналық электр стансасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның 24 МВт бірінші кезегі 1998 ж. қаңтарда іске қосылды. Барлық станса қуатының 18-20 МВт «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының қажетіне, қалған қуаты сол жерге жақын орналасқан елді мекендерді энергиямен қамтамасыз етуге пайдаланатын болады. Мұнайды ең көп шығару 1997 ж. келеді -2658 мың тонна. Облыс аумағының үстімен Бұхара-Орад Орта Азия -Орталық, Кеңқияқ — Орск мұнай құбырлары етеді. 1998 ж. Жаңажол-Ақтөбе газ құбыры пайдалануға 6epлді.[7]
Осы жоғарыда аталынып кеткен өнеркәсіп орындары туристік нысандар ертінде қарастырылу мүмкін, соның ішінде іскерлік туризм үшін.
Жеңіл өнеркәсіп облыстың жеңіл өнеркәсіп саласында «Әдемі», «Қиял» акционерлік қоғамдары, жүнді алғаш өңдеу «Ақтөбежабағы» және «Юность» акционерлік қоғамдары жұмыс істейді. Жабық түрдегі «Ақтөбе» акционерлік қоғамы, қазіргі кездегі «Қиял»АҚ — Қазақстан Республикасындағы тоқыма бұйымдарын шығаратын алғашқы кәсіпорындардың 6jpj Ол 1928ж. «Қазтүбіт» кәсіпшілік артелі негізінде құрылып, түбіт орамал шығарабастады.
Энергетика кешені Облыста 1995 ж. дейін электр энергиясы Ақтөбе жылу-электр орталығында өндіріліп келді, оның — 58 МВт өндіретін электр энергиясының көлемі 350 млн. квт. сағат. Ол облыс қажеттілігінің 14% өтеді, қалғаны — Ресейден жеткізілді. Осыған байланысты игерілген мол кѳмірсутегі кѳздерін пайдалану арқылы облыстың шетел электр көздеріне тәуелділігін азайту мақсатында арнайы бағдарлама жасалып, жүзеге асырыла бастады. 1996 ж. қаңтарында «Актурбо» АҚ-ында қуаты 100 МВт газ турбинасы іске қосылды.
Негізгі капиталға инвестиция. Облыста негізгі қорларға инвестиция тарту жылдан-жылға ұлғайып келеді. 1996 ж. облыс экономикасына 10 млрд. теңге инвестиция таратылса, 1996-2000 ж. аралығында ол 75,4 млрд. теңге болды. Бұл инвестицияның 37,9 млрд. теңге немесе 50,2 пайызы шетелдік инвесторлар үлесіне тиеді. 2000 ж. қаңтар-желтоқсанында күрделі салымның жалпы көлемінде шетел инвестициялары азайып /33,4%/, барған сайын жергілікті инвесторлардың үлесі /65,9/ өсіп келе жатқаны байқалды. Бұл қаржыларға 1996ж. 104, 1999ж. -199, 2000 ж. — 205 жаңа нысандар салынып пайдалануға берілді. Қазір олар облыс экономикасына жұмыс істеуде.
Сыртқы сауда. Облыста экспортқа шығарылатын материалдық ресурстар жеткілікті. Бірақ олардың негізн шикізат материалдары құрайды. Облыстық статистика және талдау басқармасының 1991ж. деректеріне қарағанда сол жылы облыс шетелдерге барлығы 103958 мың сомның /ішкі бағамен/ өнімдерін шығарса, соның 102338 мың сомының шикізат, материалдар мен тұтыну тауарларының үлесіне тиеді. Ал машиналар мен жабдықтар 1264 мың сом құраған. Барлығы 27 елге экспорттық тауарлар шығарылған. Соңғы жылдарда облыстың сыртқы саудасында экспорттың үлесі барған сайын артып келе жатқандығы байқалады. Кеден статистикасының мәліметтері бойынша /ұйымдаспаған сауданы қоспағанда/ 2000 ж. қаңтар-желтоқсанында сыртқы сауда айналымы 848,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 1999 ж. деңгейіне қарағанда 193,8 пайыз, оның ішінде экспорт — 501,3 млн. доллар /187,3 пайыз/, импорт -347 млн доллар /203,9 пайыз/ болды. Төмендегі кестеден /облыстық статистика басқармасы, қаңтар -желтоқсан 2000 ж./ экспорттық тауарлар құрамын байқауға болады. Есепті мерзімде сауда балансында 154,3 млн. доллар көлемінде оң сальдо қалыптасты. Экспорттың жалпы көлемінде ТМД елдерінің үлесі 47 пайыз /1999 ж. — 49 пайыз/ болды. Алыс шетелдерден Нидерланды мен Қытайдың, ТМД елдері ішінде Ресей Федерациясының үлесі басым. Облыс астығының негізгі тұтынушылары ТМД елдері /74 пайыз/ болып табылады. Облыстың ауыр өнеркәсібінің өнімдерін негізінен алыс шетелдер сатып алады, өнім түрлері бойынша химия өнімдері /81%/, құнсыз металдар мен олардан дайындалған бұйымдардың 97 пайызы өткізіледі. Дегенмен бұрынғыша экспортқа шикізат кебірек шығарылады, экспорт өнімінің ішінде мұнай жетекші /67%/ орын алады, оның 61 % Ресейге, 28% — Қытайға, 5 пайызы — Польшаға жіберіледі. Облыс бойынша сауда көрсеткіштері 3 кестеде көрсетілген.
3 Кесте
Cауда қызметінің негізгі көрсеткіштері [8]
Адам |
Халық саны 2007ж. |
Халық саны 2006ж. |
Ақтөбе қ. |
299517 |
292095 |
Алға |
41161 |
40143 |
Әйтеке би |
31864 |
32196 |
Байғанин |
23917 |
23908 |
Қарғалы |
18302 |
18496 |
Қобда |
23651 |
24068 |
Мәртөк |
31378 |
31380 |
Мұғалжар |
65481 |
64688 |
Ойыл |
19998 |
20004 |
Темір |
36506 |
36407 |
Хромтау |
42021 |
41984 |
Шалқар |
46044 |
45891 |
Ырғыз |
15504 |
15438 |
Облыс бойынша барлығы |
695344 |
686698 |
Жедел мәліметтер бойынша 2009 жылдың қаңтарында бөлшек сауда айналымының көлемі 8546,8 млн теңге құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (қолданыстағы бағамен) 1,7 % өсті.
2009ж. қаңтарында жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар есесінен алынған бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 4387,8 млн теңге құрады (бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемінен 51,3 %), 2009 ж. қаңтарында – 4348,8 млн теңге (55,5%)
Жыл басынан облыстың көтерме сауда тауар айналымы 12072,0 млн теңге құрады немесе 2009ж. тиісті қаңтар айына 69,1% көп, 2008ж. желтоқсанында – 10787,3 млн теңге. Осы уақытта алынған тауар айналымының негізгі көлемі (көтерме сауданың жалпы көлемінен 100%) мемлекеттік емес сектордың үлесінде — шағын бизнес кәсіпорындары көтерме сауда тауар айналымының жалпы көлемінен 85,7% алады. 2009 жылдың 1 ақпанында бөлшек және көтерме сауда тауар қорларының көлемі 7389,5 млн теңгеге дейін жетті, олардың 66,9 % (4942,9 млн теңге) бөлшек саудада шоғырланған. 2008ж. қаңтарында қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің көлемі 224,3 млн теңге құрады. 2008ж. қаңтарында бұл көрсеткіш 123,8 млн теңге көлемінде алынып, өткен 2008 ж. қаңтарымен салыстырғанда 78,6% өсті. Қоғамдық тамақтандырудың барлық көлемі жеке меншік түрдегі кәсіпорындар есесінен алынды. 2009ж. қаңтарында автомобильдерге, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу және тұрмыстық бұйымдар мен жеке қолданыстағы заттарды жөндеу бойынша қызметтер көлемі 18,1 млн теңге құрады, 2008ж. қаңтарында – 17,0 млн теңге. [6]
1.3 Туристік рекреациялық ресурстары
Облыс территориясында Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қорықшасы орналасқан. Қорықша 2007 жылы құрылды. Қорықшаны құрудың жаратылыс-ғылыми мен техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша территориясында экологиялық соқпақтар, туристік маршруттарды мен қонақ үйлерді құруды көздейді. Қазіргі таңда бұл территория құрамына Торғай мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықшасы да кіргізілген. Қорықша Ырғыз ауданында солтүстік шөлдер зонасында орналасқан. Қорғалатын нысандар: Торғай даласы. Торғай даласында батпақты далалар, кең жазықтар орналасқан. Қорықша Қазақстан Республикасының Өкіметінің «Ырғыз Торғай мемлекеттік табиғи территорияны құру туралы» №109 қаулысына сәйкес құрылды. Қазіргі таңда ерекше қорғалатын территория құрамына 711 549 мың гектар жер кіреді. Кезінде Торғай зоологиялық қорықшасына 52 000 гектар жер кірген (4 Кесте). Ырғыз-Торғай қорықшасы Қазақстан территориясындағы заңды тұлға болып табылатын ең ірі қорғалатын аумақ болып табылады. [10]
4 Кесте
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының территориясы [9]
Жер пайдаланушы аты |
Жер ауданы, га |
Нұра ауыл округі |
|
Жер қоры |
12 794,0 |
Елді-мекендерінің жері |
723,0 |
Нұра елді мекенінің жері |
723,0 |
Тоғай мемлекеттік зоологиялық қорықшасы |
6 436,0 |
Барлығы қорғалатын аймақ |
19 953,0 |
Оңтүстік аудандық бөлімшесінің қорғау зонасы |
|
Тәуіп ауыл округі |
|
Шаруашылық аймағы |
7 016,0 |
«Азамат» шаруашылығы |
1 082,0 |
«Мирас» шаруашылығы |
400,0 |
«Дархан» шаруашылығы |
700,0 |
«Рахат» шаруашылығы |
400,0 |
«Талант» шаруашылығы |
1 070,0 |
«Азамат» шаруашылығы |
300,0 |
«Наз-Гул-ЕШЖ» ЖШС |
364,0 |
Қор жері |
48 197,0 |
Елді мекендер ауданы |
1 773,0 |
Жайсанбай елді-мекенінің жері |
1 773,0 |
Тоғай мемлекеттік зоологиялық қорықшасы |
18 943,0 |
Барлық қорғалатын аудан |
75 929,0 |
Барлық қоғалатын аудан |
95 882,0 |
Облыс территориясындағы көлдердің көбісі (77%) ауданы 0,01 – 1 км. тең болатын су қоймалары болып келеді. Көлдердің орташа тереңдігі 1,5 – 2 метр, 4 – 4,5
Тұщы сулы көлдер Ақтөбе облысының батысында (230), шығысында (Торғай өзенінің аңғары) және Тобол Торғай қосөзендерінде (300) мен оңтүстігінде орналасқан.
Ең ірі көлдер Әйке (айдын ауданы 24 км2), Белқопа (айдын ауданы 15,2 км2).
Тұщы көлдерде жиырмаға жуық балық түрлері мекендейді, соның әшәнде шортан, табан, сазан, сары құты, ақ балық, плотва бар. Сондықтан жүргізілетін жорықтардың кезінде балық аулаумен айналысуға болады.
Облыстық аңшылар және балық аулаушылар қоғамының мәліметтері бойынша спорттық қызығушылықты Әйке, Шалқар Қарашатау көлдері, Ор, Қобда, Ырғыз, Елек, Торғай өзендері танытады.[11]
Өзендер мен көлдерге рекреациялық бағалаудың ең негізгі факторы ретінде олардың демалыстың белгілі бір түрі үшін қолану ұзақтығы қарастырылады. Корнилова Р.П. айтуы бойынша Ақтөбе облысының территориясында шомылу маусымының ұзақтығы 91 – 100 күнге тең болып келеді. Өзендер мен көлдер температурасы жазғы айларында + 17 С асады, ал мамыр шілде айларында + 20 С ден көп болады.
Жасалынған анализ бойынша ішкі сулардың ішінде негізгі маңыздылықты су қоймалары білдіртеді.
Ақтөбе облысының территориясында 10 жуық су қоймалар және 613 көл бар. Олардың жалпы көлемі 600 млн.м3. асады. Ең ірі су қоймалары Елек өзенінің аңғарында орналасқан: Сазды, Қарғалы, Ақтөбе.
Ақтөбе қаласының маңындағы ірі су қоймалары су климаттық терапия үшін қолдануға үлкен мүмкіндік туғызады.
Геологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ақтөбе облысының аумағында емдік минералды сулардың зор қоры табылған. Минерализация мен химиялық құрамы жағынан олар әр түрлі болып келеді. Мұнда йод, бром, темір, кұкірт сутекті микрокомпоненттер кездеседі.[12]
Облыс территориясында жерасты минералды сулардың келесідей бальнеологиялық топтары негізделеді:
- «арнайы» компоненттері мен қасиеттері жоқ сулар;
- сульфидті немесе күкірт сутекті сулар (сонымен қатар сульфидті бромды сулар);
- бром, йод және йодты бромды сулар.
Ең жақсы зерттелгені Шалқар қаласының территориясында орналасқан Шалқар минералды сулары ( 1931- 1964 жж. табылған). Жалпы 3 км2. ауданда орналасқан 10 скважина бір тәулікке 2,5 млн. литр су береді. Бүгінгі күні Ақтөбе қаласында «Шалқар суы» деп аталатын минералды суын өндіретін ЖАҚ (Жабық Акционерлік қоғам) «Көктас Ақтөбе» жұмыс істеп жатыр. Шалқар минералды сулары Арзни (Армения), Ессентуки №17 (Ресей) курорттарының суларына ұқсас болып келеді.
Ырғыз минералды сулары Ақтөбе облысының оңтүстік шығысындағы Ырғыз ауылының маңында ашылған. Бұл сулар жүйке жүйесінің, гинекологиялық және қозғалыс аппаратының ауруларын емдеу үшін қолайлы.
Ақтөбе қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 15 км.жерде орналасқан Берлиндік минералды сулар асқазан ішек жолдарын емдеуге қолданылады.
Ең үлкен қызығушылыққа Байғанин ауданында орналасқан Ембі минералды сулары ие. Олар 550 – 650 метр тереңдікте жатыр, сулардың температурасы тереңдікке байланысты 11 – 32 С тең болып келеді.
Ембі (немесе Доңғыстау) минералды сулар асқазан ішек, бауыр, өт жолдарын емдеуге қолданылады. Сульфидті сулар Ақтөбе облысының және жалпы Батыс Қазақстанның кейбір аудандарында ғана табылған. Мұндай минералды сулар негізінен ванналар үшін пайдаланылады.
Темір ауданында орналасқан Жақсымай күкірт сутекті сулар Қазақстан үшін уникалды болып келеді. Олардың минерализациясы 40 – 50 г/л. Бір тәулікте 300 м3 дейін өндіріледі. Судың температурасы 18 – 20 С. Ұқсас сулар Ресейдің Жаңа Мацеста мен Усть Качка курорттарында тері, жүрек қан ауруларын емдеуге қолданылады. Дегенмен, осындай сулардың құндылығына қарамастан, олар жеткілікті түрде зерттелмеген.
Власко Г.Н. айтуы бойынша жоғарыда аталынып кеткен сулармен қатар темірлі, купоросты, бром және т.с.с. су көздерінің жиындары бар.
Осыған байланысты Ақтөбе, Алға, Шалқар қалаларының маңында арнайы курорттарды салуға мүмкіндіктің бар болғанын аңғарамыз. Бұған әсер етуші факторлары:
- қолайлы табиғи климаттық жағдай;
- табиғи емдік факторлар (минералды сулар көзі, емдік балшықтар, дәрілік шөптер және т.б.);
- әлеуметтік инфрақұрылым;
- жоғары квалификацияланған медициналық қызметкерлер;
- территорияда халықтың тығыз орналасуы.
Ақтөбе облысында кездесетін емдік балшықтар жоғары сульфидті топқа жатады. Негізігі орындарға Милыкөл, Көшқарата, Сахабайкөл көлдерін жатқызуға болады.
1980 – 1990 жж. «Запказгеология» Территориалды басқармасы (қазір «Запказнедра» ТБ) өткізген жүйелі зерттеулердің нәтижесінде Ақтөбе облысының емдік балшықтарға баға берілді. Жалпы балшықтар қоры облыс бойынша 9 млн.м. тең. Сульфидті балшықтардың ірі жиындары Солтүстік Арал маңындағы көлдерңнде негізделінген, олар өзінің жоғары сапалы бальнеологиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Алайда бұл суларды өңдеу қалың тұз қатпарымен қиындатылады.
Емдік балшықтардың шағын қорлары Орал Ембі аудандарының көлдерінде (Терісаққан, Ақмола, Бақыткөл, Ақылбайты) кездеседі. Олар Қазақ кардиология ғылыми зерттеу институтының қорытындысы бойынша емдік мақсатпен қолданыла алады. Мысалы, Терісаққан көлінің сульфидті лай балшығы құрамы жағынан Медвежье көлінің (Ресей, Қорған облысы) балшықтарына жақын болып келеді және қозғалыс аппараты мен жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге пайдаланылады. [13]
Батыс Қазақстанның мемориалды культ айқыны болып табылатын ХIV -ХV ғасырларына жататын Абат-Байтак кесенесі болып табылады. Ескерткіш Ақтөбе облысының Талдысай Қобда елдім мекенінің оңтүстігінде 12 шақырым жерде Қобда өзенінің жағалауында орналасқан.
Аңыз бойынша мазар Асан қайғының баласы Абат батыр жерленген орнында ХV ғасырда салынды. Бұл Абат батыр қалыңдығын алып кетуге бара жатқан кезінде түйеден құлаған кезде болды. Қайғыға душар болған халық қысқа мерзім ішінде бірге бұл ескерткішті салды. Осыдан бұл орынға Абат Байтақ деген ат берілді.
Абат Байтақ мазары құлпытастар орналасқан орынның орталығы болып табылады (сурет 1).
1 сурет. Абат-Байтақ кесенесі [14]
Құлпытастар мазардың оңтүстігінде, батысында және солтүстік батысында салынды. Олардың жалпы саны 200 болады. Құлпытастар батыстана қарай салынды. Бұл жердің ерекшелігі, 200 құлпытастың ешқайсысы бірін бірі қайталамайды. Құлпытастарда геометриялық оюлар, әскери құралдары мен әйел зергерлік бұйымдары ойылып қашалған (Сурет 2). Көптеген жағдайда батыс жақтан Қоран сөздері мен қайтыс болған адамдар туралы ақпарат қашалған. Сонымен қатар, құлпытастарда қазақ рулары табын, кете, алшын, байбақты, шекті, таңбалары салынған.
2 сурет. Абат-Байтақ мазарын қоршаған құлпытастарының бірі [14]
Ақтөбе облысы архитектура ескерткіштеріне бай аймақ (5 кесте). Мұнда ескерткіштерінің бірнеше локальды тобы бөлінеді. Экспозициясында ерекше орын Үстірттің солтүстігіне (Доңызтау) бөлінген. Мұнда Ақсай және Үлкен Жыбысқы сияқты некропольдер орналасқан. Ембі даласының ескерткіштері де ерекше. Мұнда Даумшар, Қарасақал, Асан-Қожа ірі некропольдері орналасқан. Ескерткіштерінің уникалды композициялары мен декорына қарап бұл жерді «ашық аспан астындағы мұражай» деп атауға болады.
5 Кесте
Ақтөбе облысы бойынша орналасқан тарих нысандары [автордан]
Атауы |
Сипаттамасы |
Орналасқан жері |
Даумшар |
Мазар, сағана тамы, құлпытас |
Байғанин ауданы, Жарқамыс елді мекенінен оңтүстік батысында 37 шақырым |
Қарасақал |
ХУП-ХХ |
Байғанин ауданы, Жарқамыс елді мекенінен оңтүстік батысында 60 шақырым |
Асан қожа некрополі |
|
Байғанин ауданы, Оймауыт елді мекенінен оңтүстік батысында 50 шақырым |
Сүндет мазары |
ХIХ |
Байғанин ауданы, Жарқамыс елді мекенінен оңтүстік батысында 68 шақырым |
Абат Байтақ мазары |
Құлпытастар орналасқан, ХIY-ХХ ғғ |
Қобда ауданы, Талдысай елді мекенінің оңтүстігінде 12 шақырым |
Қобыланды батыр мазары |
|
Қобда ауданы, Қобда елді мекенінің батысында 105 шақырым |
Есет әулие мазары |
|
Алға ауданы, Бестамақ елді мекенінің шығысында 5 шақырым |
Алмат тамы мазары |
|
Ырғыз ауданы, Ырғыз елді мекеннің шығысында 22 шақырым |
Қызылтам мазары |
Қалдықтары |
Ақтөбе қаласының солтүстік шығысында 56 шақырым жерде орналасқан |
Есет Дәрібай мазары |
|
Шалқар ауданы, Аққайтым елді мекенінен 40 шақырым |
Балғасын |
|
Шалқар ауданы, Талдықұм елді мекеннің оңтүстік батысында 15 шақырым |
Тоқпана мазары |
ХІХ ғасыр |
Шалқар ауданы, Жаңа Қоныс елді мекеннің солтүстік шығысында 35 шақырым |
Жаманшын |
Аспан денесі құлаған орын |
Ырғыз ауданы, Ырғыз елді мекеннің оңтүстік шығысында 38 шақырым |
Кестеде көрсетілгендей нысандарының көбісі Байғанин, Шалқар және Ырғыз аудандарында орналасқан. [15]
Ақтөбе қаласында Қазақстанда жалғыз стационарлы планетарий орналасқан (сурет 3). Планетарий 1967 жылдың қаңтар айында халықты ағарту мен сауаттандыру мақсатымен ашылды. Мұнда Жер, ғарыш, табиғат пен географияның өзекті мәселелері талқыланады. Планетарий қорында 7 мың диапозитивтер мен слайдтар, құралдар мен жабдықтар орналасқан. Ақтөбе планетарийдің 30 жыл жұмыс істеу мерзімінде 24 мыңнан астам лекция мен оқу ағарту шаралары өткізілді. Планетарийдің негізін қалаушы Николай Павлович Зафирис болды.
3 сурет. Ақтөбе қаласындағы планетарий [14]
Ақтөбе көрме залы 1981 жылы ашылды. Бірінші экспозициясында бейнелеу өнерінің 55 туындысы қойылды. Ақтөбе облыстық өлкетану мұражайы облыстың ғылыми зерттеу және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Мұражай 1929 жылы жергілікті өлкетанушылар бастамасымен ашылды. Ақтөбе облысымен танысу үшін саяхатты осы мұражайдан бастаған дұрыс. 1980 жылы Әлия Молдағұлова мұражайы ашылды. [16]
Қорытынды: осы бөлімде Ақтөбе облысының жалпы сипаттамасы қарастырылған. Нақтылай айтатын болсақ, аймақтың географиялық сипаттамасы, қысқаша тарихы, халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы, облыстағы туристік рекреациялық, соның ішінде табиғи және әлеуметтік экономикалық, ресурстар жағдайы қарастырылған. Берілген мәліметтер негізінде Ақтөбе облысындағы туризм дамытудың алғышарттары айқындалды, яғни ауданды туризмді дамытуға жағдай бар деген сөз.
2 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Туристік бизнестің жалпы сипаттамасы
Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Қазақстанда ІЖӨ жалпы көлеміндегі туризм үлесі 1,5% құрайды.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындарында туризм мен демалыс қызметтеріне тұрақты сұраныс пайда болды. Тұрғындар, әсіресе, жастар салауатты бос уақыт пен өмір салтын ұйымдастыруға мүдделі. Облыс орталығында туризмнің базалық инфрақұрылымы бар. Туризм индустриясын құруға қатысуға тілек білдірген кәсіпкерлер саны өсіп келеді. Облыстың инвестициялық-тартымды имиджі, бірегей туризм объектілерінің болуы, тиімді географиялық жағдайы, көлік коммуникацияларымен қамтамасыз етілуі және т.с.с. туристік рыноктың құрамдас әлеуеті болып табылады. [17]
Сонымен бірге, облыста туризмді дамытуға кедергі келтіретін бірқатар факторлар да бар:
— облыстың туристік рыногын маркетингтік зерттеу деңгейінің нашарлығы;
— дамымаған туризм инфрақұрылымы;
— туризмді дамытуға мүдделілік білдірген облыс ұйымдары мен ведомстволарының өзара әрекеттестігінің жеткіліксіз деңгейі;
— туризм саласындағы инвестициялық жобаларды жеткіліксіз қаржыландыру;
— туризмді ұйымдастырудағы әлсіз менеджмент, қызмет көрсетудің барлық тармағында кәсіптік кадрлардың болмауы.
Ақтөбе облысының кіру туризмін облысқа іс сапарымен келген саяхатшылар құрайды. Туризм мамандарының айтуы бойынша облыс туризмі дамудың алғашқы баспалдақтарында тұр. Сол себепті мемлекет қолдауын қажет етеді. Туризмді дамыту үшін облыс бойынша туристік инфрақұрылымды дамыту қажет. 2005-2007 жылдарды салыстырғанда облыс бойынша негізгі туристік көрсеткіштер өсті. Мұны 6 кестеден көруге болады.
6 Кесте
Туризмді дамыту көрсеткіштері [18]
|
2005 |
2006 |
2007 |
||
Туризм саласы қызмет-керлерінің тізімдіқ саны (есепті кезеңге орта есеппен), адам |
|||||
туристік фирмалар қызметі |
29 |
46 |
46 |
||
қонақ үйлер мен мейрамханалар |
1597 |
1743 |
1923 |
||
денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
10281 |
11094 |
11454 |
||
демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру женіндегі қызмет |
1692 |
2015 |
2522 |
||
Туризм саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа айлық атаулы есептелген жалақысы, теңге |
|||||
туристік фирмалар қызметі |
10033 |
12270 |
19815 |
||
қонақ үйлер мен мейрамханалар |
18453 |
23544 |
27106 |
||
денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
11392 |
14665 |
17485 |
||
демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру жәніндегі қызмет |
11039 |
17648 |
34840 |
||
Туристік фирмалар саны, бірлік |
11 |
16 |
20 |
||
Қызмет көрсетілген туристер саны |
|||||
Келу туризмі |
— |
20 |
10 |
||
Шығу туризмі |
1852 |
2302 |
3734 |
||
Ішкі туризм |
412 |
1418 |
1491 |
||
Орналастыру объектілеінің саны |
4 |
6 |
23 |
||
Негізгі туристік ресурстар, бірлік |
|||||
мұражайлар |
5 |
13 |
14 |
||
театрлар |
2 |
3 |
3 |
||
концерттік ұйымдар |
1 |
1 |
1 |
||
клуб үлгісіндегі мекемелер |
135 |
141 |
155 |
||
кітапханалар |
162 |
166 |
186 |
||
киноқондырғылар саны |
1 |
1 |
2 |
||
демалыс парктері |
2 |
2 |
3 |
||
табиғи қорықтар, мемлекеттіқ ұлтық табиғи парктер және мемлекеттік табиғи резерваттар |
…1 |
1 |
1 |
||
Кестеде көрсетілгендей облыс бойынша туристік инфрақұрылымды құрайтын орналастыру құралдарының және ойын сауық кешендерінің саны өсті. Облыс бойынша шығу туризмі дамуда. Бұл облыс туризмнің дамуына кері әсер етеді. Сонымен қатар, валюта шетелге шығады. Ал кіру туризмі нашар дамыған.
Ақтөбе облысы туристік-рекреациялық жағынан аз игерілген. Тұтынушылық сұраныс тенденцияларының анализі бойынш, жергілікті халық үшін қала сыртындағы қысқа мерзімді дем алысы мен дем алыс күнгі туризм тән екені анықталды. Ақтөбе облысына еліміздің басқа аудандарынан және шетелден келетін туристер іскерлік, танымдық және спорт-сауықтыру туризм түрлерін қалайды.
Туристік-рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға арид аудандарының кең аудандары, жағымсыз күндерінің көп болуы, су нысандарының аздығы мен облыс территориясын халық аз қоныстануы бір-біріне қарама-қайшы етеді. Көрсетілген факторлар бір жағынан туристік сұраныс өсуіне әсер етпесе, екінші жағынан экстремалды мен спорт туризм түрлерін дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырады.
Азаматтарының көбісі үшін дем алыс орнын таңдауға табиғи факторлар – таза ауа, орман, су нысандарының бар болуы мен дем алыс орнының тұрақты жерінен алшақтығы үлкен орын алады. [19]
Туристік ұйымдар облыста 23 туристік фирманың туристік қызмет жүргізуге лицензиясы бар, қазіргі уақытта олардың 14-і: 2 туроператорлық және 12 турагенттік фирмалар жұмыс істейді. Бірқатар фирмалардың туристік қызмет саласында жұмыс тәжірибесі бар, 3 турфирма 2005 жылы туристік қызмет жүргізуге лицензия алды.
Турфирмалар туризмнің түрлеріне, белгілі бағыттарына, үлгілеріне маманданады: әлемнің ке-келген еліне бару маршруттарын, бұл жыл сайын орташа 25 елді құрайды, іскерлік келу туризмінің халықаралық маршруттарын, чартерлік рейстер, шоп-турлар, Қазақстан бойынша ішкі маршруттар, жергілікті маршруттар ұйымдастырады. Туристік ұйымдар штатында 3-5 адамы бар шағын кәсіпорындар болып табылады.
Қазақстан Республикасы бойынша салыстырғанда Ақтөбе облысында туристік салада қызмет көрсететін туристік фирмалар саны орташа (Сурет 4).
4 сурет. Қазақстан Республикасы бойынша туристік фирмалар саны [автормен құрастырылған]
Осы диаграммада көрсетілгендей Ақтөбе облысын Республика бойынша орташа деңгейге орналасу мүмкіндігін аңғара аламыз. Әрине, ең жоғарғы көрсеткіштерге Алматы мен Астана қалаларында.
Ақтөбе облысының шығу нарқын қарастыратын болсақ, туристтердің негізгі баратын елдерді талдап көруге болады.(Сурет 5)
5 сурет. Шығу туризмі бойынша бағытталатын негізгі елдер [автор құрастырылған]
Көрсетілген суретте шығу нарығының бағытталатын негізгі мемлекеттері айқындалған. Алғашқы орынға Түркия мемлекеті ие болып отыр. Бұның себебіне келетін болсақ, бұл, әрине, елдің рекреациялық мүмкіншіліктеріне, жоғары деңгейлі қызмет көрсету сферасына, орта класстағы тұтынушыларға қол жетерлік бағаға және де визалық режимінің оңайлығына байланысты болып отыр. Екінші орында көршілес мемлекет Қытай Халық Демократиялық Республикасы орналасқан. Соңғы жылдары елімізді басып алған шоп-турлар саны Ақтөбе облысында да күрт өсуде. Сонымен қатар, облыстың мұнай-газ саласындағы өнеркәсіптердің дамуымен байланысты Қытай мемлекетімен іскерлік қатынастар күшейіп жатыр.
Келу туризмі бойынша Ақтөбе облысның нарығы біркелкі болып келеді, яғни келушілердің негізгі мақстаттары іскерлік бағытта қалыптасқан. Шетел туристтері үшін Қазақстан Республикасы жіне соның ішінде Ақтөбе облысы да экзотикалық болып келеді. Осыған байланысты біздің облысымзда этникалық турлар да дами келеді. Таңдалған өңір көптеген тарихи оқиғаларды бастан кешті, осыған дәлел болатындай облыста ескерткіштер аз емес. Өкінішке орай, облыста рекреациялық мүмкіншіліктер бар болғанымен,олар керекті деңгеде дамымаған [20]. Сондықтан да, келушілер саны аз болып келеді. (6 сурет)
6 сурет. Келу туризмі бойынша негізгі мақсаттар [18]
Жасалынған талдау көрсеткендей, Ақтөбе облысына келушілердің жартысынан көбісі туризмнің іскерлік түрімен айналысады. Дегенмен, рекреациялық және этникалық мақсаттағы турлар күннен күнге өсіп келе жатыр.
Ақтөбе облысына келетін туристтердің негізгі елдерін қарастырайық. (7 сурет)
7 сурет. Туристтерді негізгі жеткізуші елдер [18]
Диаграммада көрініп тұрғандай Ақтөбе облысына келуші елдердің ішінде негізгі көрсеткіштерге ТМД елдері мен Қытай Халық Дмократиялық Республикасы ие болып отыр. ТМД елдернің ішінде басты «қонағымыз» көршілес Ресей Федерациясы. Облыс пен Ресейдің қаласы Орск (Жаманқала) арасында 250 – 300 километр ғана. Ресей адамдары жыл бойы біздің қаламызға көптеп келуде. Ал Қытай мемлекетінің осынадй жоғары көрсеткішке ие болуының себебі жоғарыда айтылып кеткен.
2.2 Туристік инфрақұрылымның жағдайы
Қазіргі заманғы туризм индустриясына инфрақұрылымның дамуына көлік кәсіпорындарын, қонақ үйлер, тамақтану кәсіпорындарын, демалыс және көңіл көтеру объектілерін, құралдар, сувенирлер жасайтын, туристер үшін ақпараттық, жарнамалық және басқа материалдар шығаратын кәсіпорындарды, жол, байланыс және басқа қызметтерді қосады. [20]
Облыстық санақ басқармасының деректері бойынша облыс аумағында 15, оның ішінде 4-жұлдызды – «Альбион» және «Дан+», 3-жұлдызды – «Ақтөбе», «Амстердам» қонақ үйлері орналасқан. 4 балаларды сауықтыру объектісі, жылдың басқа уақытында олар туристер мен демалушылар үшін пайдаланылады; 215 орындық 4 профилакторий – «Юкон», «Шипагер», «Қарғалы», «Нұр-М» жұмыс істейді. Аталған объектілер жеке меншікте. Облыста шағын ведомстволық орналастыру объектілері бар. Қазіргі таңда облыс бойынша 23 орналастыру құралдары тұрақты түрде қызмет көрсетуде Облыстағы 686,9 мың адам үшін жыл бойы жұмыс істейтін осындай орны бар емдеу-сауықтыру кешендері анық жетпейді. Тұрғындар тұрмыс жағдайының оң өзгерістері мереке, демалыс күндері және демалыс мерзімінде толық демалыс пен туризмді ұйымдастыруға сұранысты көбейтіп отыр.
Ақтөбе, Сазды су қоймалары жағасындағы жағажай, демалыс орындары жабдықталды, ведомстволық қонақ үйлер салынды. Қарғалы су қоймасы жағасынан демалыс аймағын жасау жөніндегі дайындық жұмыстары басталды.
Облыстың барлық аудандарында клубтар, 8 аудандық тарих және мәдениет мұражайлары, Ақтөбе қаласында – 3 мұражай мен 4 Мәдениет үйі, филармония, облыстық драма театры, қуыршақ театры, кинотеатр және басқа да мәдени және көңіл көтеру орталықтары бар. [22]
Тарихи және табиғи туристік объектілер шоғырланған ауылдық жерлерде шағын турорталық – бір ғимаратта мұражай, қонақ үй, кафе, кітапхана, спортзал, кинозал және сувенир дүңгіршектерін орналастыру тәжірибесі бар. Осындай ауылдық орталықта туристерге қысқа мерзімге демалысқа тоқтау және танымдық-экскурсиялық маршруттар жасау қолайлы. Облыс аудандарында демалыс және туризм объектілерін – қонақ үйлер, кемпингтер, маусымдық турбазалар ашу жоспары әзірленді, дегенмен, туризм саласында инвестициялардың, кадрлардың, сауатты маркетингтердің және менеджменттердің жоқтығы бар әлеуетті пайдалануды тоқтатып тұр. Облыс аудандарындағы туризм жай қарқынмен дамуда және ұйымдастырылмаған сипатта, бұл туристік ресурстарға орны толмас шығын әкелуде.
Басқа елдерден іскерлік сапармен келген туристерді қабылдайтын ведомстволар туристік фирмалар қызметіне сүйенбей-ақ өздері орналастыратынын және қызмет жасайтынын талдау көрсетіп отыр. Мұндай туристердің туристік қызметтің толық кешенін алуға мүмкіндігі жоқ.
Іскерлік келу туризмінің туристік маршруттарын жасау кезінде қатысушылардың өзара әрекеттестігі ғана бизнес-турларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және облыстың туристік имиджін нығайтады.
Қызмет көрсету бағдарламасын жасау кезінде Орталық Азия елдерін тану мақсатында саяхат жасайтын туристер үшін біздің облыс транзиттік екенін, олардың біздің өңірде қысқа мерзімге келетінін ескеру керек.
Туристердің негізгі ағыны – бұл жергілікті туристер және Қазақстанның басқа облыстарынан келген қонақтар. Туризмнің жасалынатын инфрақұрылымы осыны ескере отырып құрылуы және оқушылар, жастар мен жергілікті тұрғындар үшін қол жететіндей болуы тиіс.
Көрші облыстарға қарағанда Ақтөбе облысының климаттық жағдайы жыл уақыттарын анық көрсетеді, тек жергілікті ғана емес, сонымен бірге көрші өңірлер тұрғындары да демала алатындай жыл бойғы туристік кешен құруға мүмкіндігі бар.
Батыс Қазақстанның көлік тораптары шоғырланған облыстың географиялық жағынан қолайлы орналасуы облысты өңірлік туристік орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді.
Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңқыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған. Автокөлік жолдарының ұзындығы — 5977,7 шақырым. Оның республикалық жолдарының ұзындығы – 1872 шақырымы, ал 684 шақырымы халықаралық маңызы бар Шымкент-Самара автомагистралі.
2007 жылы пассажир тасымалдау көрсеткіші 35 пайызға өсті, яғни 95,7 мың пассажир тасымалданды. Өсу қарқыны Алматы, Атырау, Астана, Ақтау, Мәскеу мен жаңа Сабиха, Анталия әуе бағыттарын таңдауына байланысты. әуе тасымалдары «Эйр Астана», «Скат», «Starline KZ» әуе компанияларымен іске асырылады.
Әуе көлігі саласында туризмнің әлемдік статистикасы бойынша келетін туристердің 84,8%-ы және баратындардың 70%-ы әуе көлігін артық санайды. Статистика бойынша біздің облыс туристерінің 70%-ы баратын маршруттарда әуе көлігін, 10%-ы – темір жол көлігін, 20%-ы қала аралық автобустарды пайдаланады.
Ұшу-қону алаңын қайта жарақтандырғаннан кейін облыста ұшу салмағы және қарқындылығы шектеусіз кез-келген самолет типтерін қабылдай алатын, халықаралық стандарттардың барлық талаптарына жауап беретін әуежай орналасқан. Ақтөбе халықаралық әуежайы туризм үшін аса маңызды Қазақстан әуежайларының қатарына кіреді. Әуе бекеті кешенін қайта жарақтандырғаннан кейін туристер Еуропадан Азияға жэне Азиядан Еуропаға ұша алады.
Ақтөбе әуежайы арқылы Астанадан Стамбулға, БАӘ-не чартерлік рейстер жасалады. Ақтөбе туроператорлары Қытайға, Түркияға және т.б. туристік чартерлік рейстер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ақтөбе әуежайын Еуропа, Азия елдерінен, Қазақстан мен Ресей қалаларынан чартерлік рейстер ұйымдастыру кезінде аралық әуежай ретінде пайдалануға болады.
Теміржол көлігі саласында ірі тораптық бекеттері бар, ұзындығы 1000 км-ден астам облыс теміржолы Орталық Азия мен Европаның, Орал мен Маңғыстаудың маңызды бағыттарын, облыс орталығын елдің барлық өңірлерімен жалғастырады. Егер бару маршруттарында теміржол көлігін туристердің 10%-ы қолданса, ішкі маршруттарда — 90%-ға жуығы қолданады. Теміржол туристер үшін Қазақстан бойынша қозғалыстың негізгі құралы болып табылады. Туристердің ұйымдастырылған топтары – каникулдағы оқушылар, жеке туристер Түркістанға, Шымкентке, Алматыға, Астанаға және Қазақстанның басқа да демалыс аудандарына теміржолмен барады. Ұйымдастырылған туристік ағынның көбеюіне кедергі келтіретін факторлардың бірі аса сұранысқа ие маршруттар бойынша туристік маусымда жолаушылар поездарында орын санының шектеулілігі, вагон паркінің айтарлықтай тозғандығы және вагон санының жеткіліксіздігі, жолаушыларға сервистік қызмет деңгейінің төмендігі.
Автокөлік саласында туристік мақсаттар үшін бару маршруттарында автокөлікті белсенді — 20% туристік ағын қолданады, ішкі маршруттарда жайлы автокөлікті қолдануға облыстағы ішкі жолдар жағдайы мен автокөлік қызметінің жоғары бағасы кедергі жасайды. Облыс аумағынан Шымкент-Қызылорда, Ақтөбе-Орал-Самара халықаралық автомагистральдары өтеді. Республикалық маңыздағы автожолдар бойында жол маңы инфрақұрылымының 56 объектісі, оның ішінде 1 – техникалық қызмет көрсету станциясы, 25 – жанар-жағар май станциясы, 1 – шағын қонақ үй, 24 – сауда және тамақтану орындары орналасқан.
Облыста бірнеше автокөлік ұйымдары халықаралық автобустар қызметін көрсетеді. Турфирмалар туристердің ұйымдастырылған топтарын жалға алынған жайлы автобустармен Сочиге, Санкт-Петербургке, Астанаға, Павлодарға, Орынборға, Волгоградқа және т.б. жібереді. Жеке туристер автобустармен ТМД және Европа елдеріне саяхатқа шығады. [22]
Жаңа автожолдар салу, ескілерін қайта жарақтандыру, жол маңы инфрақұрылымы объектілері мен сервисті одан әрі дамыту туризм саласына облыстың жаңа аудандарын тартады және ішкі және жергілікті туризмнің автосаяхаттары санын көбейтуге мүмкіндік береді.
Туризімнің белсенді түрлері облыс территориясында Ырғыз, Елек, Орал, Қарғалы, Сазды, Ембі, Темір, Хобда өзендері ағып өтеді. Көктем айында сулар жиналады, өсімдіктер мен жануарларды суарады, ормандар мен шабындықтарды суарады. Тек Орал өзеніғана теңізгедейін жетеді. Қарғалы, Ақтөбе, Сазды қалаларының танымдағы жасанды су қоймаларына көптеген кішкентай минералды және органикалық тұздары бар өзендер толықтырады. Туризмнің спорт бұхаралық түрлерін қалайтындар өзендерде байдаркалармен саяхаттайды, дала жолдары мен мотоциклдарда жүреді, асқпай велосипедпен жүруге болады, жаяу жүріп саяхат жасайды сонымен бірге үңгірлерге түсуге болады.
Іскерлік туризм қаржы қызықтыратын Ақтөбе аймағы қазіргі уаққытта, көптеген іскер адамдарға белгілі Менделеев таблициясының барлығын жер қойнауынан табуға болады. Қазақстанның ірі өндіріс және ауыл-шаруашылық аймағы, оның экспорт өнімдері жақын және алыс шетелдерге белгілі, облыстың пайдалы географиялық жағыдайы көлік коммуникциясының желісінің дамуын айқындайды, жер шарының қандай нүктесінен болмасын операторлық хабарды жеткізетін телекоммуникациялық мүмкіндіктері зор. Облыс орталығы Ақтөбе қаласы 1869 жылы құрылды, демалыс орындары мен инфрақұрлымы туризм үшін барлық қажетті жағдайлар бар қазіргі іскер қала. Көнеден бастап келе жатқан *** орналасқан Ақтөбе. Іс – сапарлар мен келген облыс орталығының қонақтары қаланың мейрамхана кешендерінің толық жағыдайына таң қалады. Барлық жағыдайларын жасау үшін конференс залдар, сауна мен бассейіндер, бильярд залдары, бизинис орталықтары, денешынықтыру залдары бар.
Ақтөбенің туристік ұйымдары сұраныс бойынша экскурсиялар ұйымдастырады. Қала қонақтары серуендеуге Ақтөбедегі «Менің қалам» — ма барады. Ақтөбе қаласы мен тұрғындары мен жақын танысуға мүмкіндік бар. Аймақтану мұражайлары. Егер қонақ қалада көп уақыт болса, мұражайға барған соң аймақ туралы ақпарат ала алады. [24]
Мұражай 1926 жылы құралған, онда ғылми зерттеу, мәдени ағартушылық орталық болып табылады. Геологиялық көрме. Бұнда Батыс Қазақстанның жерінің 40 мың нұсқаулары зерттеледі және сақталады. Ғылми көрмеде 2,5 мың табиғи миниралдар мен аймақтық ерекше тас мүсіндері қойылған. Көрме залы мен галлерея «Соло» сіздерді қолданбалы өнердің шеберлері мен суреттшілерінің шығармашылығы мен таныстырады. Сіз Қазақстанға және Ақтөбе жеріне келгеніңізде әр түрлі естелік бұйымдар көре аласыз. Облыстың филормония, драма театры, «Алақай» куыршақ театры, сатиралық театр немесе қазіргі «Локомотив» кино театры, студенттер сарайындағы концерттік бағдарламалар, мерекелік шаралар және спорт ойындары тек қана жақсы уақыт өткізу үшін ғана емес, сонымен бірге сіздің есіңізде жарқын елес болып қалады.
Танымдық туризм. Ақтөбе облысы 12 ауданнан тұрады әр бір ауданның өзінше ерекше тарихи жағыдайлар мен табиғи жағыдайлардың жазбалары бар. Торғай мемлекеттік қорығы Ырғыз даласында Торғай, Ырғыз, Ұлқайақ, Телқара және Сарөзек өзендері қосылуынан құралған шөлейт аймақтан құралған 30 үлкен және кіші өзендерден тұрады. Миллиондаған құстар Сібірге ұшатын және күзде керісінше ұшатын құстар осы өзендерге тоқтап бірнеше апта болады, көпшілік қалып кейде ұяда салады. Бұл кездері көлдер демалып жатқан және балаларын тамақтандырып құстардың мамықтарымен толығады. Құстардың 49 түрі болады. 1967жылы Ақтөбе облысының шығысында 348 мың гектар көлемінде Торғай мемлекеттік табиғи – зоологиялық қорығы құрылды. Сулы аймақтағы жалпы аймақтың 22%-ын немесе 40мың гектар құрайды. Қорықтың табиғатты қорғаудың халқаралық ұйымының тізіміне қосылған. Жасанды стратотип айдарлыаша. 20 ғасырдың басында дала көмейінің жағасында геолог – палеон толог 350 милл. жасы бар тасты қатып қалған көп басты моллюсканы тапты. Бұл ғалымның қазақстан даласында бұрын теңіз болған деген ойды дәлелдеп шықты. Бұл ашылған жаңалық Айдарлыаша жерінің атымен аталды. Әлемдік мамандардың зерттеуі бойынша ерекше деп атап өтті. Бұл жерде өсімдік пен жануар әлемінің осы уақытқа дейін ауысқан түрлері көрінді. Бұл жерде осыдан миллиондаған жылдар бойы бұрынғы жануарлар мен өсімдік әлемінің қалдықтары табылды. [25]
Экологиялық туризм облыстың табиғи жан-жақтылығының көлемі өте күшті: солтүстігінде бұлағы бар орманды алқаптарынан бастап, оңтүстігінде шөлейт тақырлармен өлі сорлар, орталық бөлігінде барханды құмдармен дала аймақтары бар. Ақтөбе жерінің мөлшеріде көп, 300 мың кв. км. Туристер үшін үлкен таптырмас жер. Европамен Азияның біріккен жері.. Облыстың барлық аумағындағы орман көлемі 1 %-ды құрайды. Қолдан отырғызылған ағаштар бірінші ХVII ғасырдың аяғымен ХVIIІ ғасырдың басында облыстың кейбір аудандарында отырғызылды. Қазыр сол қарағай ормандарға үш ғасыр уақыт болды. Бұл жерде керемет отанның батырлары туған. Тұған жерін қорғағандар халық жадында олар сақтаулы. Халық дәстүрлері сақталған әлі күнгедейін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беріледі. Саяхатшыға Мұғалжар таулары бойынша бағыт ұстауға болады. Дала бойынша ағатын көлдер көлшіктер бастауын Мұғалжар тауларынан алады. Арал, Кәспи далаларының сол түстігі шығыстан батпаққа өтетін ауыз үй сияқты болады.
Экологиялық туризмді дамытуға қолайлы орындар болып қорықта, қорықшалар, ұлттық парктер, ерекше қорғалатын табиғи орындар. Ақтөбе облысында осындай орындарының бірі — Торғай табиғи қорығы.Бірнеше көлдердің қосылуынан пайдаболған өзен балыққа және өсімдіктердің түрлеріне өте бай. Бұл өзенде құстардың мекені орналасқан. Торғай қорығындағы өзенді әдемі құстардың жолына табиғат жаратты. Бұл айтып өткендер саяхатшы көретін нәрсенің тек бір бөлшегі. Бұл аймақтың көзтартарлық жері, әдемілігі туристерді бұл жерге қайта алып келеді. Жаманшын метеоритті кратері 39-53 милл. жыл бұрын вертикалды теңізге түскен метеорид кратері туралы тек қана мамандар біледі. Адамдар бұл туралы ешнәрсе білмеген. Ал жуықтап алғанда 1 милл. жыл бұрын метеориттың құлаған жері “Жаман жер” деп аталды. 1989 жылығы Ресейдің, Канаданың, АҚШ-тың, Германияның және Қазақстанның қосылған экспедициясының айтуы бойынша метеориттың құлауы өз кезеңінде табиғи геохимиялық жағдайды өзгертті және қөп уақыт бойы жабық жер болды. Жарлыс салдарынан, тереңдігі 700 метр және диамерті 5,15км шұңқыр пайда болды. Ақтөбе жерінің орта ғасырлық және көне тарихы тұралы Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері көп. Бірақ осы ерекше аймақтың қасиеттерінің әліде ашылмаған қырлары қөп. Обылыс териториясында көптеген қорғандар бар және архиологтар біздің заманымызға дейін Х-ХХІ ғасырға дейін жатқызады. Аталған туристік ерекшеліктерді ескере отырып облыс бойынша бірнеше маршрут құрасытруға болады (6 кесте).
6 Кесте
Ақтөбе облысы бойынша құрастырылған маршруттар [автормен құрастырған]
Маршрут атауы |
Маршрут сипаттамасы |
Қашық-тығы |
Ұзақ- тығы |
«Тарих естелігі» |
Берілген маршрут тарихи- танымдық болып табылады. Ақтөбе-Абат Байтақ- Қобланды-Әлия-Ақтөбе |
270 км |
8 с. |
«Тарих естелігі» |
Берілген маршрут қажылық болып табылады. Ақтөбе-Абат Байтақ- Әлия-Ақтөбе |
255 км |
6 с. |
Алға қ. |
Берілген маршрут автобуысты болып табылады. Санаторий «Шипагер» |
40 км |
2 күн/ 1түн |
Ақтөбе қ. |
Аңшылық, балық аулау |
150 км |
3 күн/ 2түн |
Алға қ. |
Мектеп оқушылары үшін танымдық маршрут. Санаторий «Шипагер» |
40 км |
3 күн/ 2түн |
Ақтөбе қ. |
Мектеп оқушылары үшін танымдық маршрут. Қарғалы санаторийінде дем алыс, Ақтөбе қ.бойынша экскурсия |
7 км |
3 күн/ 2түн |
«Менің қалам» |
Ақтөбе қаласы бойынша экскурсия. Экскурсия қаланың ең ескі орындарынан басталады. |
12 км — 25 км |
1,5-2,5с. |
Кестеде облыс бойынша өткізуге болатын маршруттар ұсынылған. Маршруттардың қашықтығы мен уақыт бойынша ұзақтығы көрсетілген. Облыс бойынша ең танымал орын Абат-Байтақ мазары. [26]
2.3 Аудандар бойынша туристік рекреациялық мүмкіншілігі
Облыстың аудандары. Ақтөбе облысы 12 ауданнан тұрады (9 сурет). Әрбір аудан геологиялық ерекшеліктерімен, тарихи түбірлерімен, мәдени мұраларымен ерекшеленеді. Ежелден Ақтөбе жері көшпенділердің шаруашылық ісімен байланысты болған. Мыңжылдық тәжірибелері қазіргі уақытқа дейін табиғатын ғасырдан-ғасырға сақтауға көмектесті. Қазіргі туризімнің инфрақұрлымын құра отырып, барлық қатысушылар қоршаған ортаны сақтаудың міндеттерін, тарихи-мәдени және табиғый объектілерге қамқорлық қатынастарын, ұлттық дәстүрлер мен салттарды сақтауды шешу керек.
9 сурет. Ақтөбе облысының әкімшілік бөлінуі [9]
Әйтеке би ауданы Ырғыз өзеннің жағалауында орналасқан. 1997жылы салыстырмалы жас Комсомол және ежелгі қарабұтақ аудандарын қосқанда пайда болды. 20ғ 60жылдары тыңайған жерлерді игеру уақытында белгілі болды. Қарабұтақ бекінісін 1848жылы Арал теңізін зерттеу үшін бағытталған ғалым-саяхатшы А. Бутаковтың патшалық әскери тобы құрған. Отрядта белгілі украин ақыны Тарас Шевченко болды.
Бұл кескіндеме Айке, Сұлу көл сияқты өзендер бар далалық аудан. Толыбай және басқа да тарихи-мәдени көз тартарлықтары бар: халыққа белгілі Былшық бидің отаны, жазушы Қуандық Шаңғытаевтың, Раймбергеновтар әулетінің отаны. Ұлттық аңшылықты дамыту үшін және спорт түризмі үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Жасалып жатқан темір жол көлік проблемасын шешеді.
Алға ауданы Елек өзеннің жағасында орналасқан. Алға қаласының аудан орталығы 1933жылы Орынбор-Тәшкент темір жолының станциясы ретінде құрылған. Бестамақ ауылында қазақ мемлекетінің құрылуына үлкен күш қосқан. 17ғ-дың соңы мен 18ғ-дың ортасындағы кіші жүздегі мемлекеттің және әскери қызыметтер Көкіұлы Есет батырдың мемориалдың кешені орналасқан. Жоңғар, бұлғар қалмақтарының, башқұрлардың және түркмендердің қазақ жеріне шапқыншылығы кезінде ол батыр, әрі қабілетті қолбасшы болып көріне білді. Алға қаласы Алға орта мектебінде оқыған Кеңес Одағының батыры СССР-дың ұшқыш-космонавты Виктор Пацаев туған жері.
Жазушы ғалым Ахметовтың, ақын Изтай Мамбетовтың отаны, аудан сауықтыру туризмін дамыту үшін ынғайлы: Ақтөбе қаласының маңайында жолдық инфрақұрлым бар, туризм инфрақұрлым объектілерін жыл бойы салу үшін мүмкіндік бар, демалыстың қысқы түрлерін дамыту мүмкін.
Байғанин ауданы облыстың ең көне аудандарының бірі. Аймақта қазақ рулары туратын етноним бойынша аталатын тарихи Адай-Табын болысы ретінде белгілі. Ресми түрде 1920жылы құрлылған. Облыстың оңтүстік батыс бөлгінде орналасқан. 1940жылы қазақтың белгілі жыршысы, ақын Нүрпейіс Байғаниннің атымен аталады. Тарихи ерекшеліктер ретінде ауданда көптеген тарихи ескерткіштер бар: Асан-Қожа, Даумшар. Қарасақал, Сүндет күмбез және тағы басқа көптеген өзен – көлдерімен әйгілі. Ғалым Сақтаған Байшевтың, жазушы Тобық Жармағанбетов пен Қажығали Мұқамбетқалиевтің, ақын Сағи Жиенбаевтың, Бәкір Тәжібаевтің, Есенбай Дүйсенбайдың, Өтежан Нұрғалиевтің отаны. Аудан ішкі және көшпелі туризм үшін таптырмас мекен.
Ырғыз ауданы облыстың белгілі тарихи аймағы, ресми түрде 1933жылы облыстың шығы бөлігінде құрылыған. 1879жылы бірінші мектепті ғалым-ағартушы Ыбрай Алтынсарин ашты. 1903 жылы ауданда 30 дан аса мектеп жұмыс істеді. Бұл Ырғызды 20ғ басындағы ағартушы және білім беруші аймақ орталығы ретінде танытады. Аудан орталығы 1845жылы әскери бекініс ретінде құрылды. 1867 жылы қала-уездік орталық болды.
Ырғыз 1870жылдың 19-шы қазанында ашылған жәрменкесімен белгілі. Жәрменке маусым айында өтеді. Жылына екі рет мамырда және қыркүйекте, жарменкеде Орынбордың, Маскваның, төменгі Новгородтың саудагерлері мен Бұхардың, Сырдаряның, Сары-Арқа аймақтарының байлары қатысты. 18-31жас аралығындағы қазақ жастары тыл жұмыстарына алу туралы патша әмірімен байланысты 1916жылы батыр Амангелді Имановтың көтерлісін қолдаған аймақтардың бірі. [26]
Ауданда Торғай мемлекеттік табиғи – зоологиялық қорығы орналасқан. Жазушы Өтебай Қанахиннің, ауыл Мейрхан Ақдәулетұлының мемлеккеттік қайраткер Темірбек Жүргеновтың, ғалым Телжан Шойыновтың, ауыл Дүйсенбйдікң туған жері. Аудан туризм үшін өте қажет. Онда халықаралық Самара-Шымкент автотрассасы өтеді, ерекше табиғи объектілер, тарихи ескерткіштер және ерекше ұлттық бейне бар.
Қарғалы ауданы өте жас аудан, 1921 жылы құрылған облыстың солтүстігінде орналасқан. Атауын район территориясы бойынша ағып өтетін Қарғалы — өзенні бойынша алды. Көмір, кобальт, никель өнімдерін алуды дамыту мен байланысты Кеңес уақытында белгілі болды. Ауданның әдемі жерлері демалыстың қайсы бір белсенді түрлерін қызықтырады: жылдың барлық уақытында көп күндік сапарға бғыт бойынша бола алады. Тәжірибелі адамдар, туристер, оқушылар, үлкендер шаңғымен, спелеомен, рафтингпен, жаяу демала алады.
Мәртөк ауданы 1935 жылы құрылған, Мәртөк ауданының орталығы Орынбор – Ташкент жолының станциясы ретінде құрылған. Облыстың солтүстік шығысында Елек өзенінің жағалауында орналасқан. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспапттар оркестірін құрушылардың бірі, белгілі мәдениет қайраткері, күйлерді орындаушы Қамбар Медетовтың туған жері. Ауданның жақсы табиғи ресурстары: облыс орталығына жақындығы, Орынбор – Ақтөбе халық аралық автобекеті, басқада артықшылықтары ауданға сауықтыру, танымдық, экологиялық, спорттық және туризімнің басқа түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Мәртөк ауданының ерекші бір көріністерніңі бірі ретінде Родниковка аулының маңында орналасқан қайың ормандарын айтып кетуге болады.
Мұғалжар ауданы 1997 жыл ежелгі Мугаджар мен жас Октябрь аудандарынның қосылуынан құрылған. Облыстың оңтүстігінде, елек өзеннінің жағалауында орналасқан. Аудан орталығы Қандыағаш, Орынбор – Тәшкент темір жолының үлкен түйскен станциясы болып табылады. Белгілі мәдени әулет Жұбановтардың туған жері. Олардың атына үлкен мемориялдық кешен салынған. Ауданның географиялық орналасуы ыңғайлы. Территориясы арқылы Мұғалжар таулары өтеді. Әртүрлі ландшафтылығымен көз тартады. Көлдер мен өзендер, балықтардың түрлері, өсімдіктер мен жануарлардың байлығы, аққайың алаңдары, әртүрлі емдік қасиеті бар шөптер өседі. Аудан аң аулау мен балық аулауға, экстремал туризм үшін, емдік-сауықтыру, экологиялық, таным туризмін дамыту үшін ынғайлы.
Темір ауданы облыстың ежелгі аймағы, 1869 жылы 17 болысы бар Темір уезі ретінде белгілі болды. Уезд құрамында қазіргі Темір, Ойыл, Байғанин, Мұғалжар аудандары болды. Аудан орталығы Шұбарқұдық, қазіргі аудан 1972 жылы құрлыды. Темір қаласы бастапқы аты Қарақамыс, 1870жылы әскери бекініс ретінде құрылды. 19ғ соңы мен 20ғ басындағы үлкен сауда орталығы болды. Онда жылына екі рет өтетін жәрменкеге Ташкенттен, Бұхардан, Уфадан, Орынбор мен Орскден келген саудагерлер қатысты. Темір қаласында бірінші мектептер 1870жылы ашылды. Қайта жаңартудан Ахмет Халфенің мешті сақталған. Ғалым Әбу Такенов, әскери қызыметкер Жансен Кереевтің туған жері. Бұл аудан аң аулау, балық аулау үшін, туризмнің экологиялық, емдік-сауықтыру және қызықты түрлері үшін жақсы мүмкіншіліктері бар. [4]
Ойыл ауданы 1921 жылы 14 болыстың құрамында құрылған Ойыл өзеннің оң жақ жағалауында, облыстың батысында орналасқан. Тары өсіру бойынша дүниежүзілік рекорд орнатқан Шығанақ Берсиевтің туған жері. Аудан орталығы Ойыл бастапқы атауы Көкжар. Жарменкесі Батыс Қазақстанда жыл сайын көктеммен күзде өтеді. Қайта өңделген жәрменкенің сауда қатарлары әлі де сақталған. Ең бірінші мешіт 1893жылы салынған. 1869 жылы әскери бекініс ретінде Шиповский поселкесі болып құрылған. 1917-1919 жылдарындағы азамат соғысы уақытында Батыстың Алаш Орда үкіметінің орталығы ретінде белгілі болған. 1917 жылдың сәуірінде Ойылда бірінші съезд болды. Оған 800 делегат қатысты және басшысы болып ғалым Жанша Досмұхаметов сайланды. Маусым айында Көкжар жәрменкесінде басқару органнының «Ойыл уақытша үкіметі» құрылды. Суреттші Әнуар Өтеген – Тананың, жазушы Тобыл Кулясовтың, ғалым – дәрігер Иманбай Қарақұловтың, ақын Қызылдың, ақын Шернияз Жарылғасынұлының туған жері. Ауданда емдеу-сауықтыру түризмін дамыту үшін тарихи объектілер мен әртүрлі туризм объектілері бар. Ойыл ауданының ерекше бір көрінісі – бұл жергілікті Бархын құмдар болып табылады. Осы құмдар өзінің емдік қасиеттерімен белгілі болып табылады. Сонымен қатар, аталған өңірде уникалды Сегізсай атты шағын каньондар жүйесі, қарағай ормандары бар. Өкінішке орай, аталған ресурстар көпшіліке мәлім емес, сондықтан да қажетті деңгейде бұл өңірде инфрақұрылым дамымаған. [27]
Қобда ауданы 1933жыл құрылған. Облыстың солтүстік батысында орналасқан. Оның құрамына тарихи Исатай ауданы кіреді. Оның аты 19ғ-дағы ұлт азаттық күтерлістің басшысы Исатай Тайман Ұлының атымен аталған. Оның өлген жері Ақбұлақ өзенінің жағалауында. Ауданда белгілі Абат – Байтақтың мемориялдық кешені орналасқан. Ауыл Амантай Өтегеновтың, Кеңес одағының батыры, қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған жері. Аудан ішкі және сыртқы туризмді дамыту үшін қызықты: аң аулау және балық аулау, демалу және танымдық бағыты үшін қолайлы. [28]
Хромтау ауданы салыстырмалы түрде өте жас аудан. Хромтау рудаларының өндіруімен байланысты, Кеңес уақытында дами бастады. Ойсылқара өзенінің жағалауында, облыстың солтүстігінде орналасқан. Жылдың әр мезгіліне арналған демалыс орындары, геологиялық табиғи объектілер бар. Ауданда спорттық туризм мен айналысатындар көп, мысалы, ат туризмін, шанғы туризмін, вело туризмін дамытуға қолайлы. Хромтау ауданы хром кендерін өндіруі бойынша Республика бойынша алдыңғы орындарын иеленіп отыр. Осы факторға байланысты бұл өңірде іскерлік туризмді дамытуға зор мүмкіншіліктер бар. Егер инвестициялар тартылынса, ауданды жоғары деңгейге көтеруге болады.
Шалқар ауданы тарихи белгілі, атауын шалқар өзені гидронимінен алды. 1921жылы құрылды, облыстың оңтүстігінде орналасқан. Тарихи ерекшеліктері ретінде тарихи ескерткіштері мен белгілі. Есет Дәрібайдың, Монке би Айтұлының күмбезі бар. Орынбор – Ташкент темір жолындағы үлкен станция. Шалқар жерінде қазақ тарихында ерекше орны бар Монке би Айтұлы мен Есет Дәрібай өмір сүрді. Әнші Жанар Айжанованың, Жазушы сатирик Төрежан Меңдібаевтің, халық жазушысы Тахауи Ақтановтың туған жері. 17-20 ғасырдың тарихи мәдени ескерткіштері көп. Олар туралы ауыз әдебиеттерде көп айтылады. Ішкі және сыртқы туризімді дамыту үшін көз тартарлық аудан. Абат-Байтақ 14-15 ғасыр Бұл мавзолей бұрынғы Сары – Хобда өзенінің аумағында орналасқан. Бұрынғы заманда бұл мавзолей ошақ алтын түсті бояуларымен мұсылмандық мәдениет және архитектуралық дәстүрдің классикалық түстерімен жарқыраған деген тұжырым бар. Уақыттың ол сыртқы түрін жоғалтқан. Кірпіштердің арасынан қазырде кей жерлерде көгілдір әшекейлер байқалады. Мавзолей бір жыл, бір мезгілде салынбаған құрлыста тек жегілікті жердің кірпіштері ғана пайдаланылған. 18-19 ғасырларда ескерткіш маңында өте үлкен зират пайда болған. Оның үстінде керемен құлпытастар ансанбльі құрылды. Олардың арасында тас кесу өнерінің ерекше үлгілері бар. Мавзолейден 15-20 км. қашықтықта қорғандар бар. Қорғандарды қазу барысында Алтын орда заманындағы шамамен 13 ғ. екінші жартысындағы сирек кездесетін зираттар табылған. Сол жерден орта ғасырлық отырықшы жер шаруашылығымен айналысатын, дамыған жоғанры мәдениетті мекен табылған. Атақты ақындар домбырасының әуенін естігенде, сол әуенде балқынп, уақыт жоғалып, жаныңа қанат бітіп, тек жүрек әлем тынысын еститын мәнгілік қана қалады. Осындай дара тұлғалар осы жерде дүниеге келді. Олар халық жадысында мәнгілікке қалып, оларға танымдық бағыт – бағдар болады. Атақты батырлармен отанды қорғаушылар, музыканттармен философтар, суретшілермен космонавтар Ақтөбе жерінің және Қазақстанның атын шығарды.
Қорытынды: диплом жұмысының екінші тарауында туристік бизнестің жалпы сипаттамасы, инфрақұрылымның жағдайы және облыс аудандарының туристік рекреациялық мүскіншіліктері туралы мәлімет берілген. Жалпы айтатын болсақ, Ақтөбе облысының туризмнің бүгінгі жағдайы қарастырылған. Жасалынған анализ бойынша, облыста қанша туристік фирма, көрсетілген қызмет көлемдері, шығу және кіру туризм бағыттарының көрсеткіштері анықталып, салыстырылған. Облыстың әр бір әкімшілік ауданына талдау жасалынып, дамытуға мүмкін болатын туризм түрлері туралы мәлімет берілген.
- АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстанның туризмнің дамуында Ақтөбе облысының рөлі
Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.
Өңірдегі туризмнің дамуын талдау көрсеткендей, Қазақстанда соңғы үш жылда Ақтөбе облысының белгілі бір туристік имиджі қалыптасты, ол туралы туроператорлар – Алматыдағы және Астанадағы Халықаралық туристік көрмелерге қатысушылардың облыстың туристік әлеуетіне танытқан қызығушылықтары, сондай-ақ жыл сайын туристік бизнес субъектілерінің санын көптеп тартып отырған дәстүрге айналған облыстық туристік жәрмеңке куә болады.
Қазіргі заманғы туризм индустриясына инфрақұрылымның дамуына көлік кәсіпорындарын, қонақ үйлер, тамақтану кәсіпорындарын, демалыс және көңіл көтеру объектілерін, құралдар, сувенирлер жасайтын, туристер үшін ақпараттық, жарнамалық және басқа материалдар шығаратын кәсіпорындарды, жол, байланыс және басқа қызметтерді қосады [29]
Жалпы Қазақстан Республикасының туризмнің дамуында Ақтөбе облысының рөлін дұрыс бағалау үшін бірнеше критерий бойынша анализ жүргізілуі тиіс. Осы жұмыста Ақтөбе облысы бүкіл Республика және тек қана батыс Қазақстан облыстарының көрсеткіштері бойынша талданады.
Туризм саласындағы субъектісі ретінде тұтынушы, яғни турист, ал объектісі ресурстар болып табылады. Олардың арасындағы дәнекер ретінде туристік ұйымдар болып келеді. Туристік ұйымдар — қызметінің негізгі түрі туристік қызмет болып табылатын заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасында жалпы мыңнан астам туристік фирмалар қызмет көрсетеді. Олар туристік агент және туристік оператор болып жіктелінеді. Туристік оператор – бұл турөнімді, яғни турды, құрастырады, ал турагент арқылы бұл өнім тұтынушыларға таратылады. Ең негізгі критерий ретінде Қазақстан бойынша туристтік фирмалар саны қарастырылды. (10 сурет)
10 сурет. ҚР бойынша туристік фирмалар саны [автормен құрастырылған]
Диаграммада Ақтөбе облысы мен бүкіл мемлекет арасындағы туристтік фирмалар бойынша пайыздық үлесі көрсетілген. Жоғарыда айтылып кеткендей, көш басшы орынға Алматы мен Астана қалалары ие болып отыр. Анализден кейін айқын болған көрсеткіш бойынша біз Ақтөбе облысы «алдыңғы қатарлы» деп айта алмаймыз. Дегенмен, бұл орта көрсеткіш,яғни соңғы орын емес.
Қазақстан үшін Ақтөбе облысының туризм дамуындағы рөлі зор болып келеді. Ең біріншіден, бұл осы аймақтың іскерлік туризмнің даму дәрежесімен байланысты. Облыста өндірілетін мұнай, газ, хром өнімдері, Республика бойынша жалғыз ферроқорытпа зауыты, және әлі де жас, аса дамымаған шағын бизнес секторы көптеп инвестицияларды тартып келеді. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында уникалыд табиғи және тарихи ескерткіштері де молшылық.
Кіру туризмнің нарығы бойынша Ақтөбе облысын көршілес жатқан Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстармен салыстыруға болады. Өйткені осы аталған облыстардың географиялық орналасу орындары, жалпы сипаттамалары, туристік-рекреациялық ресурстары, туризм инфрақұрылымы ұқсас болып келеді. Соынмен қатар осы аталған төрт облыс іскерлік туризм түрінің даму деңгейі мен ерекшеліктерімен сипатталынады. Батыс Қазақстан өңірінің кіру туризм нарығының басым бөлігін іскерлік мақсатпен саяхаттайтындар алады. (Сурет 11-14) [автормен құрастырылған]
11 сурет. Кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілгендер саны (2005)
12 сурет. Кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілгендер саны (2006)
13 сурет. Кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілгендер саны (2007)
14 сурет. Кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілгендер саны (2008)
Осы диаграммаларда көрсетілгендей, Ақтөбе облысының көрсеткіштері жылдан жылға өсіп келуде. Бұл, әрине, облыстың дамып, өркендеп, туристтік жағынан қызығушылықтың өсуіне байланысты болып келеді. Жылдар арасындағы айырмашылықты жыл сайын болатын өзгерістерге байланысты. Мысал ретінде айтатын болсақ, 2008 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе облысының орталығында Ақтөбе қаласында өткен саммитті атап кетуге болады.
Туризм экономиканың саласы болғандықтан экономикаға тиесілі қаржылай үлесін қосады. (15 сурет) автормен құрастырылған
15 сурет. ҚР бойынша сатылған жолдамалардың құны (2008)
Осыған қарап, Ақтөбе облысының Республиканың қазынасына жалпы табыстан қандай пайыздық үлесін қосатынын көруге болады. [28]
Туризм мен Спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің мәліметтері бойынша 2008 жылы көрсетілген туристік қызметтің жалпы көлемі Т66 млрд. тең болды. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 22,6 % асып келді. Туристік индустриядан түскен табыс 17,8 % (Т63 млрд. Т74,2 млрд.өсті), қазынаға түсірілім 3% өсті. Қазақстан Туристік Ассоциясымен (ҚТА) берілген ақпараты бойынша ел ішінде саяхаттайтын туристердің саны 2,3% төмендеді, олардың саны 3730,3 мың адамға тең болды. Кіру туризмінің ағымының өзгерісі одан да айқын болып келеді. Егер 2007 жылы Қазақстан Республикасына 5310,6 мың адам келсе, 2008 жылы бұл көрсеткіш 3581,0 мың адамға тең болған.
2020 жылға дейін туристік саланы дамытудың стратегиялық жоспарында бірнеше қағидалар қарастырылған. Олардың арасындағы алғашқысы мемлекет табысының өсуі мен жаңа жұмыс орындарының пайда болуына байланысты. Келесі қағидада 14 облыстан 9-нда туристік және туристік рекреациялық жүйелердің санының арттыру міндеті қойылған: Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Ақтөбе облысы.[30]
2009 жылы Министрліктің тапсырмасы бойынша ішкі туристердің саны 4 млн.адамға, шетел туристерінің саны 5,6 млн.адамға дейін өсу керек. Ақтөбе облысы үшін бұл көрсеткіштер 84 мың (шетел туристері) және 560 мыңға (ішкі туристері) тең болу керек. [31]
3.2. Туризм дамытудың мәселелері
Ақтөбе облысында туризмді дамытудың өзіндік мәселелері болғанымен, олар жалпы Республиканың мәселелерімен сәйкес келеді. Оларға тоқталып кететін болсақ, бұл: жеткілікті түрде дамыған инфрақұрылымның жоқтығы, қаражаттың жетіспеушілігі, кадрлар мәселесі.
Облыста туризмнің жоғары деңгейді дамуы тікелей инфрақұрылымның жағдайына байланысты болып келеді. Астана қаласында 2003 жылдың 5 қыркүйегінде бекітілген «2004-2006 жылдарға арналған шағын қалалардың даму бағдарламасы» бойынша туристік рекреациялық инфрақұрылымды дамыту туралы келесідей тапсырмалар қойылды: халықтың ден сакулығын қалпына келтіру және демалу үшін рекреациялақ инфрақұрылым нысандар торын құру, сонымен қатар, бәсекелеске қабілетті туристтік индустриянығ даму мақсатымен мамандандырылған шаруашылық рекреациялық аудандарды ұйымдастыру. [32]
Осы рекреациялық инфрақұрылым нысандар торын дамыту екі бағытта жүргізіледі:
— туристік индустрияны дамытуға негізделген ұлттық және аймақтық деңгейдегі рекреациялық инфрақұрылымды құру;
— халықтың күнделікті рекреациялық қажеттіліктерін өтейтін жергілікті деңгейдегі рекреациялық инфрақұрылымды құру.
Бұл бағытта мынадай шараларды жүзеге асыру:
— елдің туристік рекреациялық жүйесінің дамуының бас жоспарын жасау;
— туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
— ішкі және келу туристік рыноктарында облыстың туристік өнімдерін арттыруға көмектесу;
— облыстың туристік ресурстарын есепке алу және қорғау жөнінде шаралар әзірлеу, оларды туристік мақсаттарда ұтымды пайдалану;
— туризмнің барлық түрлері үшін материалдық базасын жетілдіру;
— өңірдегі туризм және туристер қауіпсіздігін қамтамасыз етудің пәрменді шаралары жүйесін әзірлеу;
— ішкі рынокта туристік маршруттар ашу мақсатында Қазақстанның басқа өңірлерімен ынтымақтастықты дамыту;
— туристерге қызмет көрсету сапасының денгейін арттыру мақсатында туристік және қонақ үй қызметтерінің заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау;
— туризм саласындағы кадрлар дайындау және біліктілігін арттыру жүйесін қамтамасыз ету және кадрлар біліктілігінің заңнамалық және нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін бақылау қажет. [33]
Инфрақұрылымды дамыту жолында бүгінгі күні облыс орталығында Ақтөбе қаласында ірі, жоғары талаптарға жауап беретін «Ханзада Принс» атты қонақүйі салынуда. «Ақтөбе», «Космос» секілді қаланың басты орналастыру орындарында реконструкция өткізіліп, комфорттық деңгейі көтерілген.
Ақтөбе облысының территоиясы бойынша ескі Орынбор-Ташкент теміржо магистралі өтеді, ол тек қана аймақ емес, бүкіл ҚР экономикасына ісер етеді. Облыс теміржолдарының жалпы ұзындығы 1048 км. Ең жоғары көліктік қолжетерлікке Мәртөк, Алға, Мұғалжар аудандары ие.
2003-2004 жылдар арасында салынған Хромтау Алтынсарин (Қостанай облысы) темір жолының ұзындығы 403 км, оның 300 облыс территориясында орналасқан. Бұл магистральдің арқасында Батыс пен Солтүстік Қазақстанның өзіндік байланысы пайда болды. Осы фактор облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына, инфрақұрылым мен рекреациялық ресурстарды игеруге жаңа мүмкіндіктерді берді. [22]
Ақтөбе қаласының әуежайы өткен жылы реконструкциядан өтіп, қазіргі заманға сай технологиялармен жабдықталғаннан кейін халықаралық дәрежеге ие болды.
Туризм саласында инвестициялық саясат қалыптастыру Облыстағы туризм инфрақұрылымының нашар дамығанын, сондай-ақ қаржының шектеулігін ескере отырып, инвестициялар және жеке капитал тарту есебінен саланы қаржыландыру мәселесін шешу керек.
Ол үшін:
туризм саласын мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында қызметтің басым түрлері тізбесіне қосу;
инвестиция қажет инфрақұрылым басымдықтарын анықтау;
инфрақұрылым объектілері желісінің құрылысындағы басымдықтарды, олардың орналасу аудандарын анықтау;
облыс экономикасының туристік саласындағы инвестиция жүргізетін отандық инвесторлар үшін жеңілдіктер белгілеу;
ірі жобаларға қатысу үшін ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастық негізінде шетелдік инвесторлар іздеу және олармен байланыс орнату;
туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік, жеке және туристік қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін жұмылдыру қажет.
Кадрлар дайындау және кадрлар біліктілігін арттыру жүйесі
Ішкі және келу туризмін дамытудың тежеуіш факторларының бірі сала кадрлары проблемасы болып табылады. Облыстың жоғары оқу орындарында туризм бойынша мамандар даярламайды. Туристік қызметке лицензия алғысы келетіндер мамандардың: туризм менеджерлерінің, туризм нұсқаушыларының, экскурсия жүргізушілердің, гид-аудармашылардың жоқтығынан біліктілік талаптарын орындай алмайды. Қонақ үй кадрларымен жағдай біршама тәуір. Кадр-практиктер біліктілігін көтеру жүйесі жолға қойылмаған.
Саланы кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету үшін туристік кадрлар даярлау жөнінде шаралар әзірлеу және туризм қызметкерлері біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастыру қажет.
Туризм қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Туризм қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі турист маршрут пен елді таңдау кезіндегі негізгі факторлардың бірі болып табылады. Бұл мәселе осы заманғы жағдайларды ерекше өткір қойылады. Туризм қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын негізге ала отырып, Бағдарлама облыс аумағындағы туризм қауіпсіздігі деңгейін арттырудың мынадай бағыттарын белгілейді:
туристік кадрларды арнайы даярлықтан өткізу және туристерге қызмет көрсету кезінде туристік фирмалар қызметіндегі техника қауіпсіздігі жөніндегі нормалардың, ережелердің сақталынуын бақылау;
туристік ортаны қорғау мен күзету шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
туризмдегі сақтандыру нарығын дамыту;
қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрғындар мен туристерді ақпараттық қамтамасыз ету;
ұйымдасқан қылмыстың, терроризмнің туризмді пайдалануына қарсы күрес;
туристер ретінде экстремистердің Қазақстанға келуі, оның ішінде транзит үшін келу мүмкіндігін болдырмау үшін туристік және өзге де көші-қон ағындарын бақылау;
облыстық орталықта туристерге көмектің телефондық ақпарат қызметін құру.
Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету:
жаңа технологияларды енгізуді ескере отырып, туристік саланы одан әрі дамыту мақсатында:
облыстың туристік ұйымдарының Қазақстанның туристік саласының біртұтас ақпараттық кеңістігіне қатысуын қамтамасыз ету;
аралас салалар мен тұрғындар үшін тұрақты негізде ақпарат бере отырып, туристік сала мониторингі тетігін әзірлеу және енгізу.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін негізгі техникалық-экономикалық шарттар:
Қазақстанның туристік саласының біртұтас ақпараттық кеңістігіне қатысуы;
турөнімнің тұтынушыға дейінгі барлық жылжу сатысын қамтитын мониторинг және маркетинг жүйесін әзірлеу және құру;
жүйе құрайтын турөнімдерді және облыстың туристік саласын тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін туробъектілерді әзірлеу және жүзеге асыру;
жергілікті тұрғындарды туризм индустриясына және жұмыспен қамтуға тарту;
облыстың туристік әәлеуетін және облыс аудандары бойынша инвестициялардың оңтайлы көлемін бағалау;
жүйе құрайтын туристік объектілердің сервистік инфрақұрылымын құру және жүзеге асыру болып табылады.
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Облыс батыс елдерінен Орталық Азияға туристік ағын жолында екенін ескере отырып, осы бағытта:
Халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге белсенді қатысу;
Туристік ұйымдардың облыстың оқиғалық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету;
Іргелес жатқан елдермен және өңірлермен шекаралық ынтымақтастық шегінде бірлескен туристік маршруттарды ұйымдастыру жөнінде жұмыс жүргізу;
Трансшекаралық туристік маршруттарды дамыту жөнінде Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту қажет.[34]
Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар 2006-2008 жылдарға арналған облыс бюджетінде көзделген және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздер қаржы шегінде және есебінен іске асырылатын болады.
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында облыстағы туризм базалық инфрақұрылымын, сапалы туристік өнім құру; саланы кадрлармен қамтамасыз ету; туристік рынокқа қатысушылардың өзара кластерлік байланысын құру, туризмдегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы болжалынады.
Бағдарламада әзірленген шаралар туристік саланың әрі қарай дамуына ықпал етеді және ішкі де, келу маршруттарында да туристер ағының көбеюіне әкеледі. Қорытындысында бұл туристік өнімнің тартымдылығын және облыстың қазақстандық және әлемдік туристік рыног жүйесіндегі интеграциясын айтарлықтай арттыруға әкеледі. Кәсіпкерлік және іскерлік ынтымақтастық салалары сияқты туристік индустрияны да одан әрі дамыту туризм саласының облыс экономикасының кіріс секторы ретінде қалыптасуына ықпал ететін болады.
Туризм индустриясының Комитетінің төрағасы Евгений Никитинский белгілегендей, мемлекет ішкі туризмді дамытуға күш салады. Бұл мақсатпен «Қазақстанның Жеті Ғажабы» атты сайыс өткізіледі.
Туристік индустрияны дамытудың маңызды бағыты ретінде әлеуметтік туризм қарастырылады. Бұның алғашқы қадамы болып мектеп оқушылары, арнайы орта білім беретін және жоғары оқу орындарының 1-2 курс студенттеріне арналған «Менің Отаным Қазақстан» атты жобасы саналады. Бұл жобаның мәні: балалар мен жас өспірімдер туризмін дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасы бойынша осындай туристер үшін арнайы экспедициялар ұйымдастырылып өткізіледі. Алайда, идеяның өзі жақсы болғанымен, мұнда қаржыландыру мәселесі бөгет болады.
Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту үшін:
туристік техника және жергілікті жер және карта бойынша бағдарлау жөнінде тәжірибелік әдеттерге дайындау жөніндегі сабақтарды оқу бағдарламаларының тақырыптық жоспарларына қосу жолымен туристік сабақтардың жалпы білім деңгейін жетілдіру;
жас туристер облыстық станциясын қалпына келтіру және мектептен тыс балалар-жасөспірімдер туристік мекемелері желісін: аудандардағы балалар-жасөспірімдер туризмі станциясын, туристік клубтарды, секцияларды, балалар турбазаларын кеңейту;
балалар-жасөспірімдер туризмін ұйымдастыруға көмекші әдістемелік әзірлемелер дайындау және шығару;
бұқаралық облыстық туристік іс-шараларды тұрақты өткізу және өңірлік және республикалық жарыстарға қатысу;
туризм нұсқаушылары кадрларын дайындауды қамтамасыз ету қажет.
Балалар-жасөспірімдер туризмінің дәстүрлері облыста «оңтайландырудан» кейін қалалық оқушылар Сарайы жанындағы «Гермес» туристік клубында, қалалық жас туристер станциясында, кейбір аудандық орталықтарда энтузиастер күшімен туристік үйірмелер деңгейінде сақталынды.
Бағдарлама іс-шаралары Жоспары бойынша облыс аудандарынан 7-ден 10 командаға дейін қатысқан «Алтын күз» облыстық туристік слетінде өткізу қайта жаңғырды. Жарыс жеңімпаздары «Қазақстан турисі» белгісімен марапатталды. Жазғы каникулдарда қалалық оқушылар Сарайы мен жас туристер станциясы, шатырлық туристік демалыс лагерлерін және туған өлке бойынша саяхат пен экспедициялар ұйымдастырады. Облыстың жастар командасы 2004 жылы алғаш рет Павлодардағы спорттық туризм бойынша ХVІ республикалық жарыстарға қатысты. Бұрындары облыс командалары осындай жарыстарда жүлделі орындар алып жүрді. Оқушылар мен жастардың туристік жарыстарға қызығушылығы орасан зор. Дегенмен, команданы дайындаудың төменгі деңгейі, туризмнің білікті нұсқаушылары кадрларының жетіспеушілігі, команданың туристік құралдармен нашар жабдықталуы және бірқатар шешілмеген нормативтік және әдістемелік мәселелер балалар-жасөспірімдер туризмінің дамуын тежеп отыр, облыстың спорттық туризмі жағдайына әсер етеді. [35]
Ақтөбе облысында іскерлік туризмнің түрі жақсы қарқынмен дамығанымен, оның да өзіндік кедергі, мәселелері бар:
— Арнайы инфрақұрылымның жоқтығы иә жеткіліксіздігі (қонақүйлер, конгресс орталықтар, дәрежелі коммуникация жүйесі);
— Конгресс бюроларының жоқтығы. Бұндай бюролар Қазақстан қалаларының промоушенін қамтамасыз етеді;
— Іскерлік туризмі бойынша мамандардың жоқтығы, яғни кадрлар мәселесі.[34]
3.3 Туризмді дамытуға арналған үкімет шаралары
Туризм бұрыннан бері әлемдік шаруашылықтың кірісті және қарқынды дамыған салаларының бірі ретінде қарастырылады. Оны әлемдік жалпы ұлттық табыстың 10 %-ға жуығы туризмнің үлесінде екендігі туралы факт дәлелдейді.
Үшінші мыңжылдықтың басында әлемдік экспорттың жалпы көлемінің 8 % және әлемдік қызмет көрсетуді сатудың 30-35 % халықаралық туризмнің үлесінде болады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыстары әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 12 % құрайды.
Әлеуметтік проблемаларды шешуде туризмнің дамуы маңызды рөл атқарады. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде дәл туризмнің есебінен жаңа жұмыс орындары құрылады, халықтың жоғары өмір сүру деңгейі сақталады, мемлекеттің төлем балансын жақсарту үшін алғышарттар жасалады. Туризм саласын дамыту қажеттілігі білім беру деңгейінің артуына, халыққа медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіруге, ақпарат таратудың жаңа құралдарын енгізуге және т.б. ықпал етеді. [34]
Туризм мәдени әлеуеттің сақталуына және дамуына әсер етеді, түрлі елдер мен халықтардың арасындағы қатынастарды үйлестіруге әкеледі, мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны сақтау және сауықтыру ісіне белсенді араласуға жұмылдырады. Қазақстанда туризмді дамыту қажеттілігі туралы көп көтеріліп жүрген мәселе болып табылады. Дегенмен, мемлекеттің туризм саласындағы саясаты тек қана ақпараттық-кеңес түрінде қала береді.
Осылайша, Ақтөбе облысы бойынша 2007-2009 жылдарына арналған бағдарламасы бойынша жоспарланған шаралар құрамына тек қана туристік мекемелер қызметкерлерін қайта квалификациялау, жарнама-ақпарат өнімдерін шығару мен туристік көрме-жәрмеңкелеріне қатысу ғана кіргізілген. Ал, туризм саласында күрделі жобаларды қаржыландыру көзделмеген. Облыста туризмді басқарудың бөлек бөлімі жоқ. Сонымен қатар, қазіргі бар инфрақұрылымды құрудың сәйкес механизмдері де көзделмеген.
2006-2008 жылдарға арналған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы (әрі қарай — Бағдарлама) ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген 2003-2006 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының 6.6.12 тармағына сәйкес әзірленді.
Туристік инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 наурыздағы №333 Қаулысымен Қазақстандағы туризмді дамыту Тұжырымдамасы, сондай-ақ туристік қызметті реттейтін бірқатар басқа да нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. [36]
Туризм экономиканың басым салаларының бірі ретінде белгіленген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге байланысты қазіргі уақытта туризмді дамытуға ерекше маңыз беріледі.
Бүгінгі күні өңір:
Экономиканың дамуының жоғары қарқыны;
Инвестициялық тартымдылық:
Тиімді геосаяси және жағрафиялық жағдайы;
Көліктік қолжетімділік;
Ойын-сауық индустриясы;
Жағымды табиғи-климаттық жағдайлар;
Бай тарихи және мәдени мұра;
Ғасырлық қонақжайлық салт-дәстүр;
Туристік индустрияның кәсіби кадрларын дайындайтын білім беру
мекемелерінің болуымен сипатталады.
Облыстың бар туристік әлеуетін бірегей ету экологиялық, мәдени-танымдық, жағажай, тау-шаңғы және іскерлік туризмді дамыту болып табылады, ол ұзақ мерзімді келешекте қазақстандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті кешенді туристік өнімді қамтамасыз етеді. Мұндай өнімді жасау негізінде қолайлы климаттық жағдай, су, бальнеологиялық ресурстарының болуы, бай ландшафтты-рекреациялық әлеует, сонымен қатар өзіндік тарихи-мәдени мұра, халықаралық маңызы бар бірегей мұражайлық кешендердің болуы жатыр. [37]
Қорытынды: осы диплом жұмысының соңғы тарауында Ақтөбе облысының туризм дамуының мәселелері, Қазақстан Республикасының туризмдегі облыстың алатын орны, аймақта өткізілетін үкімет шаралары және іске асырылған немесе бүгінгі күні асырылып жатқан өзгерістер талқыланды. Жасалған жұмыстың нәтижесінде негізгі мәселелері анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Туризмді дамытудың үкімет шаралары ретінде Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін территориалды дамуының Стратегиясы, 2004 – 2006 жылдарға арналған шағын қалаларының даму Бағдарламасы, «2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының даму стратегиясының» іске асырудың негізінде құрастырылған «2003 – 2005 жылдарға арналған Ақтөбе облысындағы туристік саланы дамыту Бағдарламасы», 2006-2008 жылдарға арналған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы секілді құжаттар келтірілген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы диплом жұмысты қысқаша қорытындыласақ, Ақтөбе облысы Қазақстан Республикамыздағы туристік рекреациялық ресурстарына бай, туризм инфрақұрылымын дамытуға қолайлы әрі тиімді. Осыған байланысты белгілі түзетулерді енгізуді талап етеді.
Ақтөбе облысының туризм саласындағы мүмкіндіктері өте жоғары. Облыстың географиялық орналасуы қолайлы, тарихи-мәдени, табиғи ескерткіштер, геологиялық, экологиялық қайталанбас нысандар бар. Көлік қатынасы, байланыс инфрақұрылымдары да қанағаттанарлық деңгейде. Енді осыны дұрыс пайдалану ғана қалып тұр. Елімізде оның ішінде облыста сыртқы туризм саласы жақсы дамып отыр.
Ақтөбе облысының жалпы сипаттамасы қарастырылған. Нақтылай айтатын болсақ, аймақтың географиялық сипаттамасы, қысқаша тарихы, халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы, облыстағы туристік рекреациялық, соның ішінде табиғи және әлеуметтік экономикалық, ресурстар жағдайы қарастырылған. Берілген мәліметтер негізінде Ақтөбе облысындағы туризм дамытудың алғышарттары айқындалды, яғни ауданды туризмді дамытуға жағдай бар деген сөз.
Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ әлемдік экспортта туризмнен түсетін пайда үшінші орында тұр. Бүгін осыған орай, облыстық әкімшілікте облыстағы саяхат саласын дамыту перспективасы: идеядан — жобаларды жүзеге асыруға дейін» деген атпен төртінші ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференцияға, үкіметтік емес ұйымдар, аудан әкімдіктері және туристік фирмалардың өкілдері, мұрағат пен мұражай қызметкерлері, кәсіпкерлер қатысуда. Мамандар пікірінше мұндай конференциялардың өткізілуі, туризмді дамыту үшін жасалып жатқан жобаларды толықтырып, талқыланбақ мәселенің түрлі қырлары бойынша ақпарат алу үшін қажет. Конференцияны басқарған облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың айтуынша, облыста туризмді дамыту үшін қажетті, барлық мүмкіндіктер бар.Облысымыздың туризм саласындағы мүмкіндіктері өте жоғары. Ақтөбенің географиялық орналасуы қолайлы, тарихи-мәдени, табиғи ескерткіштер, геологиялық, экологиялық қайталанбас нысандар бар. көлік қатынасы, байланыс инфрақұрылымдары қанағаттанарлық деңгейде. Енді осыны дұрыс пайдалану ғана қалып тұр.
Қазір қаламызға қызмет етіп отырған саяхат фирмалары жылына 3000 адамға қызмет көрсетеді екен. Оның ішінде 1000 адам шет елге шықпай, ел ішінде саяхаттағанды қалайды. Елімізде туризм саласын дамыту үшін 2006-2008-ші жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданған болатын.
Дипломдық жұмыста туристік бизнестің жалпы сипаттамасы, инфрақұрылымның жағдайы және облыс аудандарының туристік рекреациялық мүскіншіліктері туралы мәлімет берілген. Жалпы айтатын болсақ, Ақтөбе облысының туризмнің бүгінгі жағдайы қарастырылған. Жасалынған анализ бойынша, облыста қанша туристік фирма, көрсетілген қызмет көлемдері, шығу және кіру туризм бағыттарының көрсеткіштері анықталып, салыстырылған. Облыстың әр бір әкімшілік ауданына талдау жасалынып, дамытуға мүмкін болатын туризм түрлері туралы мәлімет берілген.
Туризмді дамытудың үкімет шаралары ретінде Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін территориалды дамудың Стратегиясы, 2004 – 2006 жылдарға арналған шағын қалаларының даму Бағдарламасы, «2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының даму стратегиясының» іске асырудың негізінде құрастырылған «2003 – 2005 жылдарға арналған Ақтөбе облысындағы туристік саланы дамыту Бағдарламасы», 2006-2008 жылдарға арналған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы секілді құжаттар келтірілген.
Туризм саласының мүмкіндіктерін маркетингтік зерттеулер де басталды. Дегенмен, Ақтөбе облысындағы ішкі туризм алысқа кете қойған жоқ. Облыста сыртқы туризм жақсы дамуда. Ел дамуының әдепкі қарқынында жұмысты осы бағытта дамытудың тиімді тұстары да болды. Бірақ елдегі капитал далаға кетпес үшін, отандық ішкі туризмді де дамытатын кез жетті. Ендеше ішкі саяхат саласын дамыту жолдарын қарастырып, нақты жобалар жасау керек. Туризмге әлемнің қуатты елдерінде де үлкен мән беріледі. Тіпті елінің экономикалық ахуалын тұтастай туризммен жақсартып отырған мемлекеттер де жетерлік. Британ аралдарындағы Стоунхедж тастарын білмейтін адам кемде-кем шығар. Ал өзіміздің облыстағы, табиғат өз қолымен жасаған Айдарлы аша мен Жаманшынді өзге түгіл, өзіміз біле бермейміз.
Жасалынған диплом жұмысында келтірілетін мәліметтер, статистикалық ақпарат бойынша жасалынған анализдер, келтірілген туристік маршруттар мен ұсыныстар облыстың атқарушы органдар мен жеке кәсіпкерлер, инвесторлар қолданыла алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
- Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы І том. 2001. Б 218-220
- Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы ІІІ том. 2001. Б 196-198
- Сегедин Р.А. Рассказ о геологии Актюбинской области и богатствах ее недр. — Актобе, 2002. 170 с.
- Ақтөбе облысының энциклопедиясы. — Ақтөбе, 2001. 356 б.
- Сағындықов Е.Н., Тәжібаев М.Қ., Нұрғалымова Қ.С. Ақтөбе облысының тарихы. — Ақтөбе, 2002. 148 б.
- Ақтөбе облысының статистикалық мәліметтері. — Ақтөбе, 2005 – 2006.
- Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы. — Ақтөбе, 2005. 130 б.
- Ақтөбе облысының экономикалық дамуының көрсеткіштері http//aktoinfo.kz
- Суреттер http//google.kz
- Природные ресурсы Западного Казахстана и перспективы их использования в бальнеологии и народном хозяйстве. — Актюбинск, 1977. 200 с.
- Сотников А.В. Вода — жизнь. — Актюбинск, 1992. 215 с.
- Сотников А.В. Водные ресурсы народное богатство. — Актюбинск, 1993. 200 с.
- Природные лечебные факторы на службу оздоровления населения Актюбинской области //Материалы межрег.конф. Актюбинск, 1991.
- Жиренқопа http//rikatv.kz
- Аджиғалиев С.И. Ескерткіш ел тарихы. — Ақтөбе, 1992. Б 23-70
- Программа развития малых городов РК на 2004-2006 гг. http//www.rambler.ru
- О туризме в Республике Казахстан в 2000 году. Статистический справочник. Статистика агенттігі. Алматы, 2001.
- Статистикалық мәліметтер http//www.stat.aktobe.kz
- Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. — М.: МГУ, 1996. Б 36-40
- Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері. — Қазақ Университеті.: 170 б.
- Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. — М.: Аспект пресс, 1995. Б 47-50
- Ақтөбе облысының сипаттамасы http//akimatinfo.kz
- Кубесова Г.Т. Оценка рекреационных ресурсов Актюбинской области для целей развития отдыха и туризма. Диссертационная работа, Алматы, 2004.
- The Republic of Kazakhstan The tourist magazine of Aktobe region// Ақтөбе, 2008. 14 p.
- Чигаркин А.В. Памятники природы Казахстана. Алма-ата, 1980. Б 20-60
- Ақтөбе облысындағы экологиялық туризм журналы// Ақтөбе облысының кәсіпкерлік пен өндіріс департаменті, Туризм бөлімі, 2008. 25 б.
- Бақтыгерейұлы С. Ойыл. Астана, Фолиант баспасы, Б 130-140
- Қобыланды. Ақтөбе, 2007. 160 б.
- Концепция развития туризма в Казахстане. — Алматы, 1992.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін территориалды дамудың Стратегиясы
- Влияние кризиса на туризм как на отрасль экономики. http//www.zakon.kz
- 2004 – 2006 жылдарға арналған шағын қалаларының даму Бағдарламасы
- Пыхарев А.Н., Жолдасбеков А.А., Мамадияров М.Д. Организационно-правовые основы туристской деятельности в Республике Казахстан.
- 2003 – 2005 жж. арналған туристтік саланың даму бағдарламасы. Қазақстан Республикасының туризм мен спорт агенттігі, Астана, 2003.
- Шатерникова А. Казахстанский вариант: знакомые проблемы. Панорама газеті// http//www.panorama.vkkz.com
- 2006-2008 жылдарға арналған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы
- Казахстанский туризм: новый поворот// Деловой мир Казахстана, 1999. 40 с.
Қосымша А
Ақтөбе облысының біріктірілген туристік потенциал
Аудан |
Баллдар |
Сумма |
||
Табиғи ландшафттардың аттрактивтілігі |
Анторпогенді рекреациялық ресурстармен қанықтығы |
Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету |
||
Әйтеке би |
1 |
3 |
1 |
5 |
Алға |
1 |
3 |
2 |
6 |
Байғанин |
1 |
2 |
1 |
4 |
Ырғыз |
2 |
1 |
1 |
4 |
Карғалы |
4 |
4 |
1 |
9 |
Қобда |
2 |
2 |
1 |
5 |
Мәртөк |
3 |
4 |
1 |
8 |
Мұғалжар |
3 |
3 |
3 |
9 |
Темір |
1 |
2 |
2 |
5 |
Ойыл |
2 |
1 |
1 |
4 |
Хромтау |
1 |
2 |
3 |
6 |
Шалқар |
2 |
2 |
2 |
6 |
Ақтөбе облысы |
2 |
4 |
4 |
10 |
Жалпы қорытынды |
|
|
|
81 |
Қосымша Б
Ақтөбе облысының туризм мен демалу үшін қолайлы әлеуметтік экономикалық нысандар
|
|
|
Танымдық |
|
|||||
|
|
|
мәні бар |
|
|||||
|
|
|
шаруашыдық |
|
|||||
Әкімшілік аудандао |
Нысандар (ескерткіштер) |
Мұра |
өндірістік |
Қорытынды |
|||||
аудандар |
|
жайлар |
нысандар |
|
|||||
|
|
|
|
|
|||||
|
археология |
тарихи- |
әскери- |
әйгілі |
сәулет |
|
|
саны |
% |
|
|
Революциондық |
тарихи |
адамдар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
(тұлғалар) |
|
|
|
|
|
Әйтеке би |
54 |
2 |
9 |
1 |
15 |
2 |
2 |
85 |
10,4 |
Алға |
45 |
2 |
11 |
10 |
4 |
0 |
1 |
73 |
8,9 |
Байғанин |
18 |
0 |
8 |
3 |
19 |
1 |
1 |
50 |
6,1 |
Ырғыз |
3 |
1 |
3 |
2 |
13 |
1 |
1 |
24 |
2,9 |
Карғалы |
81 |
2 |
13 |
5 |
4 |
0 |
1 |
106 |
13,0 |
Мәртөк |
62 |
9 |
21 |
8 |
2 |
1 |
3 |
106 |
13,0 |
Муғалжар |
56 |
5 |
5 |
6 |
11 |
1 |
5 |
89 |
10,9 |
Темір |
10 |
2 |
9 |
2 |
5 |
1 |
2 |
31 |
3,8 |
Ойыл |
5 |
1 |
5 |
1 |
4 |
1 |
2 |
19 |
2,3 |
Қобда |
16 |
4 |
3 |
6 |
7 |
1 |
1 |
38 |
4,6 |
Хромтау |
29 |
0 |
6 |
6 |
1 |
1 |
3 |
46 |
5,6 |
Шалқар |
18 |
1 |
5 |
1 |
18 |
1 |
1 |
45 |
5,5 |
Ақтөбе қ |
31 |
4 |
8 |
14 |
14 |
21 |
8 |
100 |
12,5 |
Жалпы облыс |
428 |
33 |
106 |
65 |
117 |
32 |
31 |
812 |
100,0 |
бойынша |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
% |
52,7 |
4,0 |
13,0 |
8,0 |
14,4 |
4,1 |
|
100,0 |
|