МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3
- АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1.Алакөл ойысының географиялық орны, аумағы және шекарасы ……….. 4
1.2.Геологиялық даму тарихы және жер бедері …………………………….5
1.3.Алакөл ойысының климаты ……………………………………………….10
1.3.1.Климат қалыптастырушы факторлары …………………………………10
1.3.2.Ауаның темпеартурасы ………………………………………………….12
1.3.3.Жауын-шашыны …………………………………………………………12
1.3.4. Желдері ……………………………………………………………………14
1.4 Ішкі сулары …………………………………………………………………15
1.4.1.Ойыс өзендері …………………………………………………………..15
1.4.2.Ойыс көлдері ……………………………………………………………..16
1.4.2.1.Алакөл ………………………………………………………………….16
1.4.2.2.Сасықкөл ……………………………………………………………….22
1.4.2.3. Ұялы…………………………………………………………………….25
1.4.2.4. Жалаңашкөл …………………………………………………………27
1.5.Топырақ-өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі ………………..28
2.АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1.Алакөл ойысына полигондардың әсері ………………………………………………..32
2.2.Адам әрекетінің ойыс экологиясына әсері …………………………………………..35
2.3. Алакөл қорығы және табиғатын қорғаудың кейбір мәселелері ……………37
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………………..42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………………….43 ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………………………………45
- АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1.Алакөл ойысының географиялық орны, аумағы және шекарасы
Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең.
Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде – Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады.
Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден, солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін барады.
Алакөл ойысының жазық бөлігінде үстірттер мен ұсақ шоқы тәріздес жекелеген аласа таулар кездеседі. Ойыстың оңтүстік бөлігінде, яғни Жоңғар Алатауының батысындағы аласа таулар Сайқан, Арқарлы – Арғанаты, солтүстігінде яғни Тарбағатай тауының оңтүстігінде батыстан-шығысқа қарай Сиректас, Көрпебай, Жайтөбе, Бахты, Балтабай – Арқарлы және тағы да басқа аласа таулар орналасқан. Ойыстың аласа бөліктері – Алакөл және Сасықкөлдегі аралдарда палеозойлық ірге тастары жер бетіне шығып, жекелеген төбе болып кездесіп отырады. Ойыстың көп бөлігі құмды массивтермен көмкерілген. Сасықкөл көлінің оңтүстік- батысында Қарақұм, Сарықұмдар бірте-бірте Тасқара құмдарына ауысады. Алакөлдің солтүстік шығысында Биікқұм, Бармаққұм және тағы да басқа құмдар жатыр. Алакөл ойысының жазақ бөлігі тау алды беткейлерде 800 м – ден батып, Алакөл көлінің бассейндерінде 347 м – ге дейін төмендейді. Алакөл ойысы Солтүстік Кавказ тауларымен, Қырым түбегімен, Румыниямен, Солтүстік Италиямен, Франциямен бірдей бір ендік бойында жатыр.
Алакөл ойысы Еуразия материгінің өте ішкері бөлігінде жатыр. Алакөл ойысынан Солтүстік Мұзды мұхитының жағасына дейін және батысындағы Қара теңіздің жағасына дейінгі арақашықтық шамамен 3000 км, ал Тынық мұхитынан 4000 км., Үнді мұхитынан 2500 км – ден астам қашықтықта жатыр. Географиялық орнының бұл ерекшелігі ойысытың климатынаң шұғыл континетті болып қалыптасуына әсер етеді. Шұғыл континенттік климат өз кезегінде шөл және шөлейт зоналарын қалыптастырады. Көтеріңкі тау жоталары ауданның табиғат жағдайын түрлендіреді және де ауыл шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай туғызады.
1.2.Геологиялық даму тарихы және жер бедері
Алакөл ойысының қазіргі рельфінің қалыптасуы оның геологиялық даму тарихымен тығыз байланысты. Ойыс тау аралық иін болып табылады.
Палеозойдың соңында герцин қатпарлығында бұл территорияда таулар түзілген. Кейін мезозойда күшті эрозиялы–денудациялы процестерге байланысты бұзылып, пенепленденген. Бұны дәлелдейтін Тарбағатай, Барлық және Жоңғар Алатауы.
Палеогон дәуірінің аяғында және антропоген дәуірдің соңында Тарбағатай мен Жоңғар Алатауында өте күшті көтерілулер болған. Алакөл ойысын Балқаш маңы ойысынан Жоңғар жарлысы бөліп жатыр. Палеозойлық фундаменттің ең терең жатқан жері геофизиктердің зерттеуі бойынша Жоңғар жарлысының маңында – 1500 – 1600 м – ге дейінгі тереңдікте. Ауданның палезойлық фундаментінің үш негізгі құрамдық бөліктері: калеодондық – Кіндіктас- Шу – Іле, Бетпақдала және Ерейментау , Шығыс – Тарбағатай қатпарлы жүйелерін құрайды. Бұл батыстан – шығысқа қарай Жоңғар – Балқаш геосинклинальды облысын қоршап жатыр. Ерейментау – Шығыс–Тарбағатай қатпарлы жүйесіне Тарбағатай антиклинорийі сай келеді. Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесі Солтүстік Балқаш маңын және Жоңғар Алатауының жоталарын құрайды. Ол сильурдан карбонға дейінгі эффузивті шөгінді жыныстардың қабаттарынан тұратын бірнеше антиклинорийлер мен синиклинорийлерден тұрады.
Мезозойдағы күшті эрозиялы – денудациялы процестердің әсерінен таулардың бұзылып пенепленге айналуының нәтижесінде Тарбағатай, Барлық және Жоңғар Алатауының төбелері тегіс болып келеді. Мезозойдың жыныстары Балқаш ойысында өте сирек кездеседі. Тирас, юраның шөгінді жыныстары Батыс және Солтүстік Балқаш маңында кездеседі.
Неогенде полезой жыныстарынан құралған пенепленді территориялар көтерілуге ұшырады. Соның нәтижесінде қызыл түсті құм, саздар және үгілген тау жыныстары тау етегінде сырғып түсіп, қабат түзеді.Неоген дәуінің аяғы мен антропоген дәуірінің басында Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы тектоникалық зонасында күшті блокты көтерілулер мен сынулар болды. Таулардың күрделі сатылы рельфін түзген блокты қозғалыстармен бірдей бір уақытта Алакөл ойысының түбі төмен түсті.
Күшті болған эрозиялық процестердің нәтижесінде таулардан тасымалданған материалдар тау етегінде аллювийлі- проллювийлі шельфті жазықтар түзді. Ол әсіресе Алакөл ойысының Жоңғар Алатауы мен Барлық тауының жоталарының етегінде айқын байқалады.
Қазіргі уақытта, Алакөл ойысы – ортасына қарай майысқан аккумулятивті жазық. Абсалюттік биіктігі 344 метр. Одан басқа төмендегідей рельеф типтері тән:
I.Эрозиялы – денудациялы таулар: Батыс Тарбағатай, Жоңғар Алатауы.
II.Төбелі жонды лесті және сазды,Тарбағатай және Барлық жоталарының бөктері.
III. Аллювийлі – проллювийлі тау алды көлбеу жазықтары: Жоңғар Алатауы, Барлық Майлы жоталары және Тарбағатай.
- Аллювийлі және көлдік – аллювийлі тегіс жазықтар.
- Аласа және ұсақ шоқылы таулар.
- Құмдар.
I.Эрозиялы – денудациялы таулар:
Оған жататындар – Жоңғар Алатауы мен Батыс Тарбағатай. Олар негізінен палезойдың тығыз, өте күшті дислокацияланған жыныстарынан тұрады. Арасында метаморфты жыныстар, сазды тақтатастар мен құмдар, конгломераттар және эффузивті, интрузивті жыныстар кездеседі. Батыс Тарбағатай жотасы ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы – 150 км – ге жететін жақпарлы таулар. Орташа биіктігі – 2100 – ден 2200 метрге жетеді. Ең биік нүктесі – Ақтас – 2709 м, жота асиметриялы оңтүстік ендік бағытта ұзына бойы созылған тау жоталарынан тұрады.
Алакөл ойысына қарай жоталар тік жар жасап батыстан -шығысқа қарай Жоңғар жарлысы бойымен созылған. Абсолюттік биктігі 2923 м – Жабық тауында. Таулардың төбелері тегіс. Жоңғар Алатауының шығыс беткейі аз тілімденген. Бірақ, бұл бөлікте әр түрлі абсолюттік биіктегі грабен типтес тау аралық жонды – төбелі ойпаттар кездеседі. Ең ірісі – Колпаков ойпаты.
II.Төбелі – жонды лесті, сазды Тарбағатай және Барлық жоталарының бөктері.
- Төбелі – жонды лесті Тарбағатай бөктері тау жотасының оңтүстік беткейімен батысында – Қызыл Белдеу тауынан, шығысында мемлекеттік шекараға дейін – 150 км – ге созылып жатыр. Алып жатқан ауданы – 2620 км². Абсолюттік биіктігі шеттерінде 1000 м – ден орталығына 400 м – ге дейін төмендейді.
Алакөл ойысының аллювийлі жазықтарында өзендердің ысырынды конустарынан қалыптасқан бірқатар массивтер кездеседі. Бөктерлерге толқынды төбелер мен суайрықты жондар тән. Төбе мен жондардың салыстырмалы биіктері 20 – 50 м. Бөктерлердің беткі қабатары саздар мен саздақтардан тұрады, кей жерлерінде палеозойлық аналық жыныстар шығып жатыр. Көптеген өзен аңғарларында лессті жыныстардың астыңғы қабатынан ежелгі өзен террассаларының беткі қабатында сақталған ысырынды конустардың малта және қиыршық тасты материалдарын кездестіруге болады.
Лесті жыныстардың қалыңдықтары әр түрлі. Тау алды жазықтарында ол жұқа. Өзен аңғарларында 4 м – ге дейін барады. Лессті жотаның батыс беткейінде Ұржар өзен аңғарының опырылмасынан лестің қалыңдығы 35 м екенін көруге болады, кейбір мәліметтер бойынша 70 м. Тарбағатайдың төбелі – жонды бөктері өзендермен өте күшті тілімденген, ысырынды конустардың қалдықтары да 10 – 20 м – ге дейін барады. Үлкен өзендердің атырау беткейлерінде 2 – 3 террасса жасайды. Ұржар өзенінің солтүстік саласы – Құсақ таудан шыға берісінде, яғни тау беткейінде 40 – 50 м биіктікте, биіктіктері 1,5; 1,5; 1,1 және 4 м биіктіктердегі 4 терраса жасайды.
- Барлық жотасының төбелі – жонды, лессті бөктері — Алакөл ойысының шығысында орналасқан. Абсолюттік 500 – 1000 м –ге жетеді. Солтүстігінде Ескек аңғарынан, оңтүстігінде Шұршұт өзенінің құрғап қалған арнасына дейін мемлекеттік шекара бойымен 50 км – ге созылады, ені 20 км, ауданы 750 км² . Палеозойлық аналық жыныстардың қалыңдығы беткі қабатта 60 м.
III..Аллювийлі – пролювийлі тау алды көлбеу жазықтары
1.Жоңғар Алатауы тау алды көлбеу жазығы. Солтүстігінде Алакөл көлінің оңтүстік жағалау бойымен, оңтүстігінде Жоңғар тау етегімен, ал батысында Шынжылы өзенімен, шығысында мемлекеттік шекараға дейін 180 км – ге созылған жазық. Ауданы 2220 км², абсолюттік биіктігі 347 – 800 м.
- Барлық және Майлы жоталары алды көлбеу жазығы – Барлық және Майлы жоталарының батыс және оңтүстік- батыс беткейлерімен және Жоңғар Алатауының қақпасының шығысымен шектеседі. Ұзындығы 120 км, ені 20 км. Ауданы 1370 км Ойыс жазық ысырынды конустан түзілген шлейф болып табылады. Оның абсолюттік биіктіктері 360 – тан (Алакөл маңында) 900 м-ге (тау беткейіне) дейін.
- Тарбағатай көлбеу жазығы жотаның оңтүстік беткейлрі бойымен 180 км – ге созыла келе солтүстігінде төбелі – жонды тау алдымен бірігеді. Оңтүстігінде Арқарлы – Балтабай төбелерімен шектеседі. Ені 20 км – ден астам, ауданы 3200 км². Абсолюттік биіктіктері 400 – 800 м.
IV.Аллювийлі және көлдік – аллювийлі тегіс жазықтары
- Аллювийлі жазықтар Алакөл ойысының түбін алып жатыр. Абсолюттік биіктіктері 360 – 450 м.
Бұдан негізінен Ай, Қаракөл Ұржар, Қатынсу және Еміл өзендері бассейндерінің төменгі бөліктері мен Сасықкөл көлімен Сарықұм құмы арасындағы территория жатады.
Көлдік – аллювийлі жазықтар Алакөл ойысының абсолюттік биіктіктері 347 – ден – 360 м-ге дейінгі ең төмен жатқан бөлігін алып жатыр. Солтүстік – батысында Алакөл көлінің жағалауларынан бастап, оңтүстік – шығысында Жоңғар қақпасына дейін созылып жатыр. Ені 1 км – ден 50 км – ге созылған. Ауданы 2570 км².
- Аласа және ұсақ шоқылы таулар
Оларға аридті – денудациялық күштердің әсерлеріне ұшырап, өңделген Алакөл таулардың шеткі бөлігінде ұласып жатқан кайназойлық шөгінді жыныстардың сатынан көтерілген аласа тау тізбектері жатады.
1.Арғанаты және Арқалы аласа таулары диаметрі 40 – 45 км – ге жететін тұйық шеңбер құрайды. Араларына құмды массивтер мен тау аралық төбелі жазықтар алып жатыр. Биіктіктері 710 м.
2.Бала – Сайқан, Үлкен – Сайқан және Ерке – Сайқан аласа таулары.
3.Балтабай – Арқарлы аласа таулары Қатынасу мен Еміл өзендерінің аралығында, яғни Алакөл ойысының солтүстік-шығысында жатыр. Балтабайдың абсолюттік биіктігі – 723 м. Арқарлы – 848 м. Таудың оңтүстік – шығыс бөліктері күшті эрозиялы тілімденген. Бұл таулардың батыс беткейлеріне куэсталы рельеф формалары тән.
4.Бақты аласа тауы – Алакөл ойысының солтүстік шығыссында Қаработа және Ақшоқы кішігірім өзендердің аралығында жатыр. Батыстан шығысқа қарай 16 км – ге созылып өтетін беткейлері (200 – 250 м тереңдікке дейін) каньондармен тілімденген.
5.Сейректас аласа тауы. Алакөл ойысының солтүстік – батысында, Ай және Қаракөл өзендерінің аралығында, Сасықкөлден 40 км солтүстікте орналасқан. Солтүстік батыстан шығысқа қарай 25 км – ге созылып жатыр.
VI.Құмдар
Құмдар Алакөл ойысында Балқаш маңымен салыстырғанда аз таралған. Оның көлемі – 4350 км². Құмдар тегіс алювийлі жазықтардың араларында жеке массивтер түрінде кездеседі. Оларға: солтүстіктігінде – Қарақұм, оңтүстік – Тасқарақұм, орталығында Сарықұм. Алакөл көлінің солтүстік – шығысында Ұржар және Қатынсу өзендерінің аралығында Байқұм құмы жатыр. Еміл өзенінің төменгі ағысында Бармаққұм, ал сол жағында Үмбетқосса шағылы жатыр.
1.3. Алакөл ойысының климаты
Алакөл ойысы Еуразия материгінің өте ішкері бөлігінде орналасқандықтан, оның климаты құрғақ әрі шұғыл континентті болып келеді.
1.3.1.Климат қалыптастырушы факторлар
Климат қалыптастыушы факторлар күн радиациясы, ауа церкуляциясы және төсеніш беттің сипаты.
Алакөл ойысында күннің түсу ұзақтығы жылына 2600 – 2800 сағатқа созылады. Күннің түсу ұзақтығының ең көп мөлшері маусым айларында байқалады. Шамамен жаз айларында күннің түсу ұзақтығы мүмкіндіктің 70 – 85% – ын құрайды. Жазықтарға қарағанда тауларда және тауалды беткейлерде күннің әсері азаяды.
Ойпатта қыста ашық күндер басым болады. Сонымен қатар Сібір максимумының барикалық тармағының әсеріне байланысты антициклон қайталанып отырады. Сондықтан мұнда аязды ашық күндер басым.
Күн жиынтық радициясының жылдық мөлшері 125 – 130 ккал/см2. Қыс айларында жылу айларында жылу азаяды. Желтоқсан айында күннің жиынтық радиациясы не бәрі 3 ккал/ см2. Жиынтық радиацияның көп мөлшері маусым айына тура келеді. 15 – 17 ккал/ см2. Жыл бойында радиациялық баланс оң белгіге сай. Ал қыста радиациялық баланс теріс.
Жылдық радициялық баланс ойыс жерінде 28 – 29 ккал/см.
Ауа циркуляциясы қыста аймақ территориясының климатын қалыптастыруда. Шығыстан батысқа қарай бағытталған Орталық Қазақстан арқылы өтетін Сібір максимумының рөлі зор.Ол шығыстан батысқа қарай бағытталған Орталық Қазақстан арқылы өтеді. Ал жазда Орта Азияның термикалық депрессияларының әсерінен Алакөл ойысына батыстан келетін Азор максимумының шығыс тармағы басым болады. Сондықтан қыста да, жаздада да жоғарғы қысым орнайды.Бірақ таулы жоталар бұл режимді өзгертеді.
Жылдың суық маусымында Қазақстан территориясында Сібір максимумының батыс тармағының әсеріне байланысты антициклональды алаптар азонасын қалыптастырады. Орта Азия территориясынан жылы ауа массаларының енуіне байланысты қыста ауа райы уқытына жылынады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстік – шығысында ауа райы бұлтсыз, ауаның температурасы жоғары болады және осы уақытта жел аз соғады.
Алакөл ойысының климатының қалыптасуында оның орографиясының да әсері байқалады. Алакөл ойысын қоршап жатқан Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және тағы басқа жоталар жүйесі жалпы ауа циркуляциясына әсер етеді, температуралық инверсия байқалады. Таулардың беткейлерінің биіктіктері экспозициялары, тау аңғарының тереңдігі енді, болып келуі климаттың ерекшелуіне себеп болады. Таулы жоталар мен массивтер ауа массаларының жергілікті өзіне тән ерекшеліктерін қалыптастырады. Атап айтсақ тау аңғарлық церкуляция, тау өткелдерінен соғатын желдер, фенді желдер.
1.3.2.Ауаның температурасы
Ойыстың жазық бөлігінде климат шұғыл континентті болып келеді. Қары жұқа, қыста аяз кейбір күндері – 48˚– 51˚ – қа дейін төмендейді. Аязды күндер болып тұрады. Жазы ыстық, құрғақ, ауаның температурасы +40˚ + 42˚ – қа көтеріледі.
Алакөл ойысындағы таулар мен тауалды беткейлерінде температуралық режим шұғыл өзгереді. Ойысытың солтүстігі мен оңтүстігі температурасы жағынан бір – бірінен айырмашылық жасайды. Ойыстың солтүстігіндегі орташа ауаның жылдық температурасы – 2,7˚ – 4,3˚(Аягөз-Таңсық) ,ал оңтүстігінде – 6,0˚ – 6,5˚(Жоңғар-Достық)
Қаңтардың орташа температурасы – 10˚ – 18,0˚С. Ал ақпан айы қаңтар айына қарағанда бір шама жылы болады. Ауа температурасының күрт көтерілуі наурыз айында байқалады +7˚ + 11˚С, ал сәуір айында + 10˚ + 13˚С.
Көктем және жаз айларында ауа температурасы жоғарлайды. Ең жоғарғы температура шілде айында байқалады. Қазан айында жылдың жылы уақыт аяқталады. Орташа температурасы 3,4˚ – 8,2˚С.
Вегетациялық кезең сәуір айының бірінші декадасынан басталып қазан айының соңғы декадасында аяқталады. Ол 167 – 205 күнге созылады.
Үсіктердің таралуы мен интенсивтілігі жергілікті жердің ораграфиялық ерекшелігіне байланысты. Үсіктер жеміс дақылдары мен бау – бақша шаруашылығына зиянын тигізеді. Алакөл ойысында күзгі үсіктер қыркүйектің аяғында болады. Көктемде мамырдың ортасында және соңында байқалады.
1.3.3. Жауын-шашыны
Ойыста құрғақшылық айқын байқалады. Бұл оның Евразия материгінің орталығында орналасқандығы және ылғалдың негізгі көзі болып табылатын атланттық ылғалдың аз, тікелей келмеуі. Ойыстағы жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 165 – 521 мм. Алакөл ойысында атмосфералық жауын – шашын біркелкі түспейді. Жылдың суық маусымында (қараша, наурыз айларында) 51 – 247 мм, түссе жылдың жылы маусымында (сәуір, қазан) түсетін жауын – шашын 106 – 447 мм. Қыста (желтоқсан, қаңтар) Сібір антициклонның әсері басым болуына байланысты қысы құрғақ болады.
Ойыстағы жауын – шашынның максимумы көктемде түседі. Жазықтарда сәуір және мамыр айларында, тауларда мамыр, маусым айларында түседі. Жаздағы минимумдары тамыз, қыркүйекте жауын – шашынның минимумы қыста оңтүстік шығыстан Ебі желінің соғуына байланысты байқалады.
Жауын – шашын мөлшері кей жылдары күрт өзгеріп отырады. 150 – ден 750 мм – ге дейін жетеді.
Ойыстың жеке аудандары бойынша нөсерлі жаңбырлар 12 – 25 күнде болады. Қарашаның екінші декадасының басынан бастап қар жамылғысының көп жылдық мөлшері байқалады. Биік таулы аудандарда жаздың өзінде – ақ қар жамылғысы жатады. Көпшілік жағдайда алғаш жауған қар еріп кетеді. Қар ойыста алғаш рет қарашаның ортасында жауады. Жоңғар қақпасында жүргізілген бақылау жұмыстары бойынша қар жамылғыс жұқа болғандығы байқалған. Оның себебі оңтүстік – шығыстан соғатын Ебі желінің әсері.
Қаңтар айының ортасында қар қалың болып жауады. Ал наурыз айында қар қалыңдығы тез өзгереді. Қар жамылғысы біркелкі ерімейді. Жекеленген аудандарда қар жамылғысы сәуірге дейін жатады. Қар жамылғысы әр жылда әр түрлі түседі. Минимум – 25 – 47 см болса, ал максимум 70 – 71 см – ге жетеді.
Ойыс бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 52 – 67%. Жылдың суық маусымында қарашадан бастап наурызға дейін 73 – 82%, ал жылдың жылы маусымы маусымнан тамыз айларына дейін 33 – 56%. Бұл температураның жоғары, жауын – шашынның аз түсуіне байланысты. Ыстық, әрі құрғақ күндері ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 5 – 10% – ға дейін төмендейді.
1.3.4. Желдері
Алакөл ойысында қыста Сибирь максимумының барикалық тармағы әсерінен қалыптасатын солтүстік – шығыс желдері соғады. Сондай – ақ шығыстан- батысқа қарай күшті желдер соғады. Оңтүстік – шығыстан соғатын желдер 19 – 75 күн 15 м / сек жылдамдықпен соғады. Желдің жылдық максимумы көктем мен күзде байқалады.
Ебі желі –Эбі желі Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында Қытайда орналасқан. Эбі-Нұр көліқазаншұңқырында, жоғарғы қысым пайда болғанда соғады. Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да, қазақстан аумағындағы Алакөл көліне қарай соғады. Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады. Жоңғар қақпасы –ені тар тектоникалық жарық, ені 20 км-ден 40 кмболатын, ең тар жері-10 км шамасында. Ауа тау жоталарының арасымен қысылып, үйкеліске ұшырап өтеді, жылдамдығы секундына60-80 м-ге жетеді. Қыс кезінде қысылып өткен ауаның температурасы қоршаған ортасынан 8-10 0С жоғары болады.Сондықтан ол жылы желге жатады. Жалпы бұл жел жыл ішінде орта есеппен 70-100 күндей соғады.Жазда Еуразия материгі қызған кезде Ебінұр қазаншұңқыры үстіндежоғары қысым сирек кездеседі. Ебі желі де баяулайды. Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов. Жоңғар қақпасынан ескен күшті жел Алакөл маңы көлдерінен балық аулауды қиындатады, жол қатынасына, басқа да шаруашлыққа зиянын тигізеді.
Сайқан желі –еіб желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда, антициклон тұрақтап күшіне енген кезде, Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады. Желдің жылдамдығы 50-60 м/сек. Алакөл ойысында температура -30-37 0С-қа дейін төмендейді. Сайқан жоталарын бойлай соғатын болғандықтан Сайқан желі деп аталады. Жел қыркүйек пен сәуір айлары аралығында күшті соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Қатты соққан кезде Алакөлдің су деңгейі 1 м-ге дейін көтеріледі.Табиғат жағдайына желдің тигізер зияны көп. Сайқан желі 2-3 тәулікке созылуы мүмкін. Жауған қарды ұшырып, топырақты құрғатады, мал басын шығынғаұшыратып, жол қатынасын қиындатады, балық аулауға зиянын тигізеді.
1.4.Ішкі сулары
Алакөл ойысы өзен торларымен күшті тілімденген. Өзен торларымен сирек тілімденген екі ауданды атауға болады. Олар: Тентек өзенінің жоғары ағысы – 100 км² – қа – 12 – 16 км және Ұржар өзенінің жоғарғы ағысы – 100 км² – қа – 10 – 14 км. Алакөл ойысының батыс бөлігінде өзендер жоқ. Тек көлдер алып жатыр.
1.4.1. Ойыс өзендері
Ай, Қарақол, Еміл, Ұржар, Қатынсу, Тарбағатайдың оңтүстік беткейлерінен басталып Сасықкөл және Алакөл көлдеріне құяды. Сондай – ақ, ірі өзендер Тентек, Жаманты, Ырғайты, өзендері Жоңғар Алатауынан басталып көлдерге құяды. Өзендер – негізінен қар суымен қоректенеді, сондай – ақ жаңбыр және грунт суларымен де қоректенеді.
Алакөл ойысындағы өзендердің деңгейлері көктемгі толысу кезіндегі 1м, ірі өзендері 1,5 – 2,0м көтеріледі. Алакөл ойысының барлық өзендерінде вегетациялық кезеңінде /ΙV – XΙ/ жылдық ағынның 80 – 85 – тен 90 – 95 %-ы ағып өтеді. Ойыстың өзендерінің сулары қараша айынан бастап қата бастайды.
Еміл өзенінің ұзындығы – 205 км. Оның 102 км Қазақстандағы су жинайтын алқабының 21800 км²-і Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауданының жерімен ағады. Еміл Тарбағатай тауының сілемі Орқашор баурайынан басталып Алакөлге құяды. Басты салалары: Жантезек, Көктұма, Шағантоғай. Өзен арнасы жоғары бөлігінде тар, сағасына қарай кеңейеді. Атырауы сортаңды, шалғынды болып келеді. Қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Көп жылдық орташа су шығыны сағасы тұсында 11,4 м³ / С. Суы мол және аздап жер суғаруға пайдаланады.
Қатынсу өзенінің ұзындығы – 155 км. Су жинау алабы – 1650 км². Тастау, Жалаулы тауларынан басталып, Алакөл көліне құяды. Арнасы ортаңғы және төменгі бөліктеріндегі кең 0,5 – 0,6 км. Жағасы тік жар. Биіктігі – 1 – 3 м. Суының 40 – 50 % қар. 10 – 12 % жаңбыр, қалғаны жер асты суымен қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны Қызыл Жұлдыз станциясы тұсында секундына 4,67 м³. Суы ауыз суға, суғаруға пайдаланады. Қатынсудан 8 канал таралған.
Ұржар өзені ұзындығы – 206 км су жинайтын алабы – 5280 км². Тарбағатай жотасының оңтүстік – батысында беткейінен басталып, Рыбачье селосы тұсында Алакөл көліне құяды. Аңғары Ұржар селосына дейін терең, шатқалды. Биіктігі 5 – 8 м. Ақжар елді мекеннен аңғары бірте – бірте кеңейіп, бірнеше өзектерге бөлініп, сағасы сазды қорысты атырауға айналады. Жылдың орташа су шығыны Құсақ өзенінің сағасында секундына 13,5 м3. Суы тұщы, ауыз суға, егіндік, шабындық суғаруға пайдаланады. Алакөлге құятын барлық өзен суларының жартысына жуығы Ұржар өзенінің үлесіне тиеді.
Тентек өзенінің ұзындығы 200 км, су жинау алабы 5390 км 2, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Сасықкөлге құяды. Таулық бөлігінде аңғары тар, терең шатқалмен ағады. Аралас қоректенеді.Жылдық орташа су шығыны 44,2 м3/сек.
Ай өзенінің ұзындығы 152 км. Су жинау алабы 3090 км 2 Тарбағатай жотасындағы Ақшәулі тауынан басталып, тау шатқалдарынан жазыққа шықанан кейін жерге сіңіп кетеді. Жауын-шашын мол жылдары Сасықкөл көліне құяды. Жайлмасы шабындық.
1.4.2. Ойыс көлдері
Алакөл ойысындағы көлдер жүйесі негізінен ойыстың орталығында шоғарланған. Көлдерді солтүстігінен тарбағатай жотасы, шығысында Барлық, оңтүстігінде Жоңғар Алатауы қоршап жатыр. Бұлкөлдер жүйесінің өзіндік ерекшелігін анықтайды. Алакөл ойысындағы негізгі көлдер: Алакөл, Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл.
1.4.2.1.Алакөл
Көл ағынсыз, ол солтүстік – батыста оңтүстік – шығысқа қарай созылып жатыр.
Алакөл теңіз деңгейінен 347,3 метр биікте жатыр. Көлдің көлемі аралдарымен қоса есептегенде 2696 шаршы километр, ұзындығы 104 км, ені 52 км, жағалауының ұзындығы 384 км, орташа терңдігі 22,1 м., көлдің су қоры 58,56 миллиард текше метр, судың жинау алабы 47859 шаршы километр. (сурет).
Алакөлдің түбінің рельефі әр түрлі, мұнда көптеген аралдар, шығанақтар кездеседі. Көлдің ең терең жері – 50 – 54 метр.
Көлдің лайының түріне қарай төмендегідей биотоптарға бөлуге болады: сұр биотопты лай, ол ең терең кездеседі, оның аумағы көл түбінің 54% құрайды. Қара лай биотобы (7 %) енсіз, бірақ ұзынан – ұзақ солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалауларын қамтиды. Құмды биотоп (4 %) ішінара, әсіресе, аралдардың солтүстігінде және Сарытүбек мүйісінде кездеседі. Тасты құмайт биотоп – оңтүстік және батыс жағалауларын алып жатыр.
Алакөл жағалауының бір қалыпта болмауына толқыны, су деңгейінің оқтын – оқтын өзгеруі, өзендер, мұздықтардың жылжуы, фитогендік және эолды процестер әсер етеді. Мұнда көптеген түбек, мүйіс, құм қайраң, шығанақ, қойнау кездеседі. Ең ірі шығанақ Кіші Азия шығанғы, ол көлдің оңтүстік – шығысында жатыр. Алакөлдің оңтүстік – батыс және оңтүстік – шығыс жағалауларын су баспайды, ал қалған жағалауларын әр түрлі аумақта су басып кетеді.
Алакөл жағалаулары төрттік дәуірдегі әр түрлі топырақтан – балшық топырақтан, құмды топырақтан және құмды тастардан, ал солтүстік – шығыс жағалауы күлді құмнан құралған. Топырақтың негізгі жыныстары тек аралда ғана кездеседі. Көлдің жағалауын бірнеше ауданға бөлуге болады:
- оңтүстік – батыс жағалау ауданы – образионды – аккумулятивті, ол Жоңғар Алатауынан шығатын өзеңдер ағызып әкелген ұсақ тау жыныстары ысырындыларынан пайда болған. Көл жағалауының негізі төрттік кезеңдегі тау жыныстарының шөгіндісі, ол балшықты топырақты. Жағалауы (2 метрден 8 метрге дейін) көлге тік түсетін сатылы, бұл тек Жаманты өзен атырауында ғана кездеспейді. Көлдің Көктұма поселкесі маңындағы жағалауы доға тәріздес, ылдилы мүйістерге бөлінген, одан әрі олар құм өңірге ұласады, Жағалау көл түбіне ұқарай бір қалыпты ылдиланады.;
- оңтүстік жағалау ауданы – аккумулятивті, фитогенді. Бұл аудан оңтүстік аккумулятивті белестер мен лагуналар, Кіші Алакөл шығанағы болып екіге бөлінеді. Кіші Алакөл шығынағы көлдің оңтүстік – шығысындағы тау аралығындағы ойыста орналасқан. Шығанақтың бір бұрышы Жоңғар қақпасына тіреледі. Шығанақтың шығыс жағалауының топырағы балшықты, құмдауытты, Шығанақ жағалауы төмен, сазды, балдыр өседі. Шығанақ қамыс басқан Жаманөткел өзеніне жалғасады;
- шығыс жағалау ауданы – образионды – аккумулятивті. Көлдің бұл жағалауы ылдилана біткен жазықтық, топырағы балшықты, құмдауытты. Солтүстік жағалауы аккумулятивті қойнау, оңтүстігі – образионды, тегіс борпылдақ шөгін басқан.
- солтүстік – шығыс жағалау ауданы – аккумулятивті, потомогенді. Бұл жағалау шығанақ пен қойнаулардан, аралдар мен түбектерден тұрады.
- солтүстік жағалау ауданы – аккумулятивті, потомогенді. Бұл жағалаудың қалыптасуында Ұржар өзенінің әсері болды. Соңғы жүз жылда бұл жағалау солтүстікке қарай 20 км – дей шегінген, соның нәтижесінде ені 2,5 км, ұзындығы 12 км «құм» аралы пайда болған;
- солтүстік – батыс жағалау ауданы – образионды – аккумулятивті. Алакөл мен Ұялы көлдерінің су айырығы. Жағалаудың бойы сәл сатылай биіктеген, ол сусымалы топырақтан тұрады.
- батыс жағалау ауданы – аккумулятивті, эолды. Көлдің батыс жағалауы жазық. Алакөлде бірнеше аралдар бар. Алакөлге 15 – тен астам өзен құяды. Атап айтқанда, солтүстіктен және солтүстік – шығыстан құятын Ұржар, Хатынсу және Емел, оңтүстік – шығыстан құятын Жаманөткел, Ырғайты және Жаманты өзендері құяды.
Алакөлге келіп құятын өзендердің орташа ағыны
Құятын өзендер |
м³/ сек |
% |
Ұржар (соның ішінде Ұялы) Емел Хатынсу (Мақаншы) Жаманты Жаманөткел мойыны |
25,9 14,2 4,6 4,6 2,6 |
50 27,4 8,8 8,8 5 |
Барлығы: |
51,9 |
100 |
Жер және су бетіндегі орташа температура мамыр айында 4,9 градус, қараша айында 8,1 градус. Ал су бетіне түсетін ылғал жердегіден артығырақ. Судың ең жылы болатын көзі қыркүйек айының орта шені. Көлдің терең жеріндегі судың жылылығы 24 – 26 градус болса, таяз жерінде (солтүстігінде) ол 30 градусқа жетеді. Су температурасының тереңдікке байланысты айырмашылығы шілде – тамыз айларында 10 – 25 метр тереңдікте, ал қыркүйек айының аяғы мен қараша айының басында 30 метр тереңдіктен байқалады. Мамыр, маусым айларына дейін көлдің терең жерінде судың минералдануы жоғары болғандықтан су салқын болады.
Судың жылылық температурасының өзгеруі су бетінде 26 – 30 градус, 20 метр тереңдікте – 15 – 17 градус, ал 50 метр тереңдікте 7 – 9 градус. Судың көпжылдық орташа температурасы 4,5 градустан 15,3 градусқа дейін өзгеріп тұрады.
Көлдегі жел режимі өте құбылмалы және әр түрлі. Желдің су бетіндегі жылдамдығы жер бетіне қарағанда әлдеқайда жоғары. Желдің ең күшті жері көлдің солтүстік – батыс мен солтүстігінде. Мұнда жел секундынына 40 – 50 мерт, ал солтүстік – шығысы мен орталығында секундына 50 – 60 метр жылдамдықпен соғады. Жел күз бен қыс айларында жиі болады.
Алакөл жерінің ерекшелігіне байланысты оның толқындары әр түрлі сипатта болады. Шығыстан соққан желдің әсерінен толқын 2 – 2,5 метрге дейін көтеріледі. Бұл жағдай көбіне қазан – желтоқсан айларында болады. Кей жылдары ұйытқи соққан дауыл 4 – 5 тәулікке созылады, толқынның биіктігі 6 – 7 метрге жеткен кездері де болған.
Алакөлге тән жоғарыда аталған ерекшеліктер күрделі де ұзақ процестің нәтижесі. Ал көл суының қату процесі де әр түрлі сипатта жүреді. Көлдің оңтүстік – батыс жағының таяз жерінде қараша айының аяғында көл беті қабыршықтанып қата бастайды, ал Көктұма поселкесінің тұсында бұл бір ай кішірек басталады. Көл ақпанның басында тегіс қатады. Мұз жалпы екі айға дейін басып жатады, ал кей жылдары бұл бір айға ғана созылады. Мұздың орташа қату ұзақтығы Көктұма поселкесінің тұсында 91 күн, көлдің солтүстік – батысында 120 күн және оңтүстік – батысында 60 күн. Мұздың қалыңдығы ақпан айында 55 см (ең қалың жері 80 см), ал мұз бетіндегі қардың қалыңдығы 5 – 10 см болады. наурыз айының басынан бастап мұз жұқара бастайды. Наурыз айының аяғында Көктұманың тұсынан су беті мұз ашыла бастайды, ал солтүстік – батысында мұз 1 – 2 жеті кешірек кетеді. Мұздың еру мерзімі 30 – 40 күнге созылады.
Алакөлге бірнеше өзен құяды. Мұнда жер асты суының да елеулі орын бар.
Көлге қосылатын жауын – шашын су жылына 306 мм, жылы кезінде 169 мм – 55,2%, ал салқын уақытта – 137 мм – 44,8 % суы буға айналады. Су балансының циклдік өзгеруі, сондай – ақ су деңгейінің өзгеруі көл суның барлық компоненттерінің де өзгеріп отыруына әсер етеді.
Су деңгейінің өзгеруі екі түрлі жүреді. Мысалы: жылдық өзгеруін алайық. Бұған өзен суының қосылуы және көл суның буға айналуы әсер етеді. Наурыз айынан бастап су деңгейі көтеріледі де мамыр – маусым айларында ең жоғары шегіне жетеді, ал су деңгейінің ең төмендеуі ақпан – қаңтар айларында байқалады. Сонда көл деңгейінің жылдық өзгеру мөлшері 40см – ден 121 см – ге дейінгі аралықта болады. Көпжылдық өзгеруі ауа температурасының өзгеруіне, жауын – шашынның түсу мөлшеріне байланысты ауытқып отырады. Үстіміздегі ғасырда Алакөлде су деңгейінің ең жоғары көтерілуі 1908 және 1974жылдары, ал ең төмендеуі 1946 жылы болды. 1908 жылдан 1946 жылға дейін көл суының деңгейі 5,27 метрге дейін азайды, нәтижесінде көл көлемі 460 шаршы километрге дейін қайтып, оның суы 12 текше метрге кеміді. 1947 жылдан 1974 жылға дейін көл деңгейі 7,18 метрге дейін көтерілді, соның әсерінен оның көлемі 600 шаршы километрге өсіп, 17 текше километр су қосылды. 1975 жылдан бастап Алакөл суының деңгейі қайта төмендей бастады. Алакөлдің көпғасырлық өзгеру деңгейі 2,1 – 2,5 метр болды.
Алакөлдің минералдануы 1,2 – 11,6 г/кг арлығында. Минералдануы көлдің орта шеніне қарай арта түседі. Орташа минералдығы көл түбіндегі минералдылығынан жоғары. Жылдық орташа минералдылығынан жоғары. Жылдық орташа минералдануы 6,39 – 7,42 г/кг. Су деңгейінен көтерілген кезде суының минералдығы азаяды. Көлге, өзен т.б. сулармен келген тұздың мөлшері көпжылдық орташа есеппен 1335,1 мың тонна, оның ішінде 313 мың тонна көл түбінің лайына сіңеді, ал 1021,5 мың тоннасы көл суы құрамында жүреді. Көпжылдық орташа минералдануының төмен деңгейі жауын – шашынмен 71 г/м³, өзен суларымен 435 г/м³ және жер саты суымен 750 г/м³, тұз келеді. Судың орташа минералдылығы 7,1 г/кг болған жағдайда Алакөлге шамамен 415миллион тонна тұз қосылады екен. Көл суының химиялық құрамына сәйкес ол хлоритті – натрий, сульфатты – натрий немесе хлоритті – сульфатты – натрий түрлеріне өзгеріп отырады, ал РН – түрі 7,2 – ден 9,1 аралығында болады.Көл суының мөлдірлігі 0,6 метр, солтүстік – батыс жағындағы тайыз жерінде 6 метр тереңдікке дейін мөлдір. Көлдің биогендік заттар құрамы фосфордан, азоттан, темір мен кремнийден тұрады. Алакөлде фосфар ерітіндісі жыл ішініде 0,003 – 0,047 мг/л аралығында өзгеріп тұрады, ал қыс айында бұдан көбірек болады. Азоттың нитрат түрі жыл ішінде 1 мг/л – ден нольге дейін өзгереді, ал қыс айларында бұл біршама көбейеді. Кремний түрі 1,2 – 6,4 мг/л, ал темір 0,04 – 0,96 мг/л шамасында өзгереді. Оттегінің қосындысы 45 % – тен 118 % – ке дейін болады, ал су бетінің беткейінде көбірек кездеседі.
Көл суы сілтілі (20 – 30 мг – экв/л); суында фтор және бормнан басқа микроэлементтер түрі өте аз кездеседі.
Фитопланктонның 58 балдыр түрі құрайды. Зоопланктондардың 80 түрі бар, олардың ішінде өзен суы құятын жерде, шығанақтарда жамбасқұрттар өте жиі кездеседі.
Су өсімдіктері Алакөлдің солтүстік және солтүстік – шығысындағы таяз жерлерде, өзендердің көлге құятын жерлерінде және Кіші Алакөл шығанағында өседі. Олардың негізігісі қамыс, сондай – ақ шалғын шөптер, қоға, шалаң, қарақұмық, жебе жапырақтар, мүйіз жапырақ, т.б. кездеседі. Қамыс 14 мың гектар жерді алып жатыр.
Алакөлде сегіз түрлі балық бар. Бұлардан ауланатындары: сазан, көксерке, алабұға және шармай. Мұнда кәсіптік негізде жылына орта есеппен 2500 тонна балық ауланады.
Көлдің солтүстігінде және солтүстік – шығыс жағалауларында және өзеннің көлге құятын жерінде ондатр өседі. Алакөлдің көгілдір айдынын бірқазан, гагара, жылқышы, аққу, шағала, көкқұтан, тағы басқа да көптеген жабайы құстар мекендейді.
Қамыс арасынан түлкіні, қамыс мысығын, су тышқанын, т.б. жиі кездестіруге болады.
1.4.2.2.Сасықкөл
Алакөл ойысының солтүстік – батысында орналасқан, ол батыстан – шығысқа қарай созылып жатыр, ағынды. (сурет).
Көл теңіз деңгейінен 350,5 метр биіктікте жатыр. Сасықкөлдің көлемі 736 шаршы километр (аралдарын қоса есептегенде 797 шаршы километр), ұзындығы 49,6 км, ені 19,8 км, жағалауының ұзындығы 182 км. Жағалауының кеңею коэффициенті 1,8, орташа тереңдігі 3,32 метр, ең терең жері 4,7 метр, ал көлге 2,43 миллиард текше метр су жиналады.
Сасықкөлдің ең терең жері шығысында. Көл түбі тегіс, тек қана батыстан шығысқа қарай сәл ылдилау. Көлдің тұнба лайын негізгі үш биотопқа бөлуге болады, олар су боитоп, құмайтты боитоп және құмды биотоп. Сұр боитоп көлдің ең шұңғылдау жеріне жиналған, ол көлдің 61% көлемін алып жатыр. Құмайтты биотоп су жағасынан басталып, 1,5 – 2 метр тереңдікке дейін созылады. Көлдің 20 – 30 % құмды биотоп. Құмайтты – лайлы биотоп жоғары екі биотоптың аралығында орналсқан.
Сасықкөлдің жағасы иірімді. Оңтүстік – шығысында Аралтөбе тауы Борған және Жартас шығанақтарын бөліп тұр. Солтүстік – батысында Аралтөбе (көлемі 11,2 шаршы километр, ұзындығы 5 километр, ені 2,8 километр, су бетінен биіктігі 47 метр) аралы орналасқан. Көлдің жағалауы жалпы төмен, сазды, айналасын қамыс қоршаған. Бұл көл жағасын толқынның шайып кетуінен сақтайды.
Сасықкөлге оңтүстік – шығысынан Тентек, солтүстігінен Қаракөл, сондай – ақ батысынан Ай өзені құяды. Ылғал аз жылдағы Ай өзені мен Қаракөл өзендері көлге жетпей жерге сіңіп кетеді. Тентек өзені үш тармақтанып көлге жетпей жерге сіңіп кетеді. Тентек өзенінің жылдық орташа ағыны Төңкеріс селосының тұсында 1135 миллион текше метр болған. Ал көлден шыққан су Жіңішке өзеніне қосылып жағалауға сіңіп жайылып отырады. Су деңгейі төмендеген кезде Сасықкөлден сыртқа су бөлінбейді. Сасықкөлге 2,43 миллиард текше метр су жиналады. Көл суы мұз еріген кезде судың температурасы 1 – 3 градустан 7 – 10 градусқа дейін жетеді. Шілде айының аяғында көл жағалауы суының температурасы 28 – 29 градусқа дейін жылиды.
Көлдің үстіне жел шығыс, оңтүстік – шығыс және солтүстік – батыстан соғады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 2 – 4 м/сек., ал күз және қыс айларында ол 40 – 45 м/сек. жетеді.
Сасықкөлдегі су толқынының биіктігі жағалауға жақын жерінде бір метрге жетеді, ал көлдің ашық бетінде 1,9 метр болады.
Қараша айында көл бетіне қабыршақ мұз тұрады да 7 – 11 күннің ішінде су беті қата бастайды. Ақпан айының екінші жартысында мұз қалыңдайды, оның орташа қалыңдығы 60 – 62 см-ге дейін жетеді. Ақпанның аяғы мен наурыз айының басынан бастап мұз ери бастайды. Сәір айының басында көлдің мұзы толық ериді.
Орташа көпжылдық есеп бойынша Сасықкөлге 212 миллион текше метр су құйылады, 745 миллион текше метр су буға айналады.
Сасықкөлдің деңгейі наурыз айынан бастап көтеріліп, мамыр айында ең жоғары шегіне жетеді. Жаз айының орта шенінен бастап су деңгейі біртіндеп төмендеп, қазан – қараша айларында ең төмен деңгейге жетеді. Су деңгейінің жылдық өзгеру шегі 50 – 98 см аралығында болады.
Сасықкөлдің минералдануы жыл ішінде 0,270 г/л – 2,16 г/л аралығында өзгеріп тұрады. Көлдің минералдануы барлық жерінде біркелкі. Қыс аыйнда судың минералдануы жоғарлап, жазда төмендейді. Сасықкөлдегі тұз ерітіндісі шамамен 925 мың тоннадай.
Химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класына жатады.
Көл суы 0,2 – 2,6 м тереңдікке дейін мөлдір. Жыл ішіндегі фосфордың ерітіндісі 0,001 – 0,015 мг/л, азот нитраты 0 – 0,5 шамасында, ал кремний 0 – 5,8 мг/л аралығында.
Оттегі ерітіндісі 42 % – тен 119 % – ке дейі жетеді, ол сәуірде аз, ал жаз айында көп мөлшерде болады. Пермангантты қышқылдануы 2,26 мг О/л.
Сасықкөлдің суы аздап сілтілі, микроэлементтер өте аз.
Сасықкөлде балдырдың 55 түрі кездеседі. Фитопланктонның негізін тұщы су балдыры құрайды, олардың көбісі көлдің таяз жерінде өседі.
Зоопланктонда коловраткалар мен шаян тәрізділер, т.б. кездеседі. Көлдің зоопланктонының негізін есекеаяқты шаяндар құрайды.
Сасықкөлдің жағалауларында 10 км – ге дейін созыла 55 мың гертардай жерге қамыс өседі. Ал судың ішінде балдыр, мүйіз жапырақ, қарақұмық, ақ қауашақ, т.б. шығады. Зообентостың негізін әр түрлі жәндіктер мен олардың құрттары құрайды.
Сасықкөлде сегіз түрлі балық өседі. Оның ішінде ауланатындары: сазан, көксерке, алабұға, шармай. Жылына орта есеппен мың тоннадан артық балық ауланады.
Көлдің жағалауында ондатр өмір сүреді, әсіресе олардың тіршілік етуіне Тентек өзенінің атырабы қолайлы. Алакөл бассейніндегі көлдерге тұңғыш рет ондатр 1943 жылы жіберілді.
Көлді әр түрлі жабайы үйрек, қаз, гагара, аққу, шағала, жылқышы, аққұтан және т.б. құстар мекендейді, қамыс арасында жабайы қабан, қамыс мысығы, су тышқаны және т.б. өмір сүреді.
1.4.2.3.Ұялыкөлі
Ол Алакөл және Сасықкөл көлдерінің орталығана орналасқан. Көл элипс тәрізденіп солтүстіктен солтүстікке қарай ағады.
Ұялы көлі теңіз деңгейінен 349,8 метр биіктікте орналасқан. Көлдің көлемі 120 шаршы километр, ұзындығы 8,2 километр,ені 9,6 километр, жағалауының ұзындығы 57,3 километр, орташа тереңдігі 4,07 метр . Көлге 488,3 миллион текше метр су жиналады. Көлдің су жинабы алабы 20800 шаршы километр.
Ұялы көлінің сырт формасы жарты шар тәріздес. Ол көл жағалауынан бастап біртіндеп тереңдеп, оңтүстік – батысында 5,8 метрге жетеді. Көл түбі жазық. Тұнбалары біркелкі.Тұнбасы түріне қарай құм, құмайт және сұр лай болып бөлінеді. Сұр лай тұнбасы көл түбінің 62% – ын алып жатыр. Құмды тұнба жағалаудан басталып 1,5 – 2,0 метр тереңдікке дейін созылады, ол көл түбінің 20 – 30%. Құмайт тұнбада осы екі тұнбаның аралығында жатыр.
Көлдің жағалауы өз тілімденген. Шығыс жағалауын қоспағанда қалған жағалаулары төмен, сазды, кей жерлерінде кішігірім көлшіктер кездеседі және барлық сазды аудандары ну тоғай қамыс басқан. Қамыс көл жағалауын толқыннан қорғайды. Ұялы көлдің жағалауын төрт ауданға бөлуге болады. Көл Сасықкөл мен Ұялы көлінің аралығын бөліп жатқанқиыршық тасты бөгеттердің арасынан өткен сумен және кіші – гірім өзеннің суымен қорланады. сасықкөлдің деңгейі төмендеген кезде Ұялыға су келмей қалады. Көктем және жаз айларында көлге Құрған өзенінің төменгі саласынан секундына 0,5 текше метр су құяды. Ұялыға 488,3 миллион текше метр су жиналады. Су шілде айының аяғында 28 – 29 градус жылылыққа дейін жетеді.
Көл аймағында жел негізінен шығыс, оңтүстік – шығыс және солтүстік – батыстан соғады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 2 – 4 метр болса, күз бен қыс айларында қатты тұрған кезде секундына 40 – 45 метрге дейін жетеді.
Ұялы көлінің толқыны 1,3 метрге дейін, кейде 2,1 метрге дейін көтеріледі.
Көл беті қараша айының аяғында қабыршықтанып қата бастайды. Мұзының орташа қалыңдығы 60 – 62 сантиметрге, ал мұз үстіндегі қардың қалыңдығы 50 – 60 сантиметрге дейін жетеді. Наурыздың басынан бастап мұз жұқара бастайды. Сәуір айында мұз түгел еріп бітеді.
Көлдің су баланысын шамамен ғана айтуға болады. Көпжылдық орташа есептеу бойынша Ұялы көліне жер бетінен 165 миллион текше метр, ал жер астынан 20 миллион текше метр су құйылады, сондай – ақ көлге жауын – шашын арқылы 33 миллион текше метр су қосылады. Көпжылдық орташа есеп бойынша көлден 119 миллион текше метр су буға айналады екен, ал көлден және жер астынан 99 миллион текше метр су ағып шығады.
Ұялы көлінің су деңгейі наурыз айынан бастап көтеріледі. Судың ең жоғары көтерілген кезі сәуір – маусым айларында. Жыл ішінде су деңгейі 41 – 90 сантиметр аралығында өзгеріп отырады.
Ұялы көлінің минералдану жыл ішінде 0,85 г/л – 2,16 г/л аралығында. Жуық шамамен тұз ерітінділерінің қоры 537 мың тоннадай.
Химиялық құрамы жағынан Ұялы көлінің суы гидрокаобонат класына жатады.
Суы 0,2 – 1 метрге дейінгі тереңдікте мөлдір. Көлдегі фосфор ерітіндісі жыл ішінде 0 – 0,61 мг/л , кремний 0 – 10,2 мг/л, оттегі ерітіндісі 6,6 – 69 % аралығында. Перманганат қышқылдануы 9 – 29 мг О/л. Ұялы көлінің суы сілтілі. Суында микроэлементтер өте аз.
Ұялы көлінде балдырдың 64 түрі өседі. Коловраткалардың 11 түрі, ескеяқты шаяндардың 5, сабақ мұрттылардың 8 түрі кездеседі.
Көлдің барлық жағалауын қамыс басқан, қоға өседі. Судың ішінде әр түрлі балдыр, мүйіз жапырақ, қара құмық, өседі. Жағалауындағы қамыстың алып жатқан аумағы 37 мың гектардан астам. Су кенесі, сүлік т.б. кездеседі.
Ұялы көлінде балықтың 8 түрі кездеседі. Орта есеппен көлден жылына 800 тонна сазан, көксерке, алабұға, ашырмай ауланады.
Көлдің батыс және оңтүстік – батыс жағалауларында ондатр, сондай – ақ үйрек, қаз, аққу, шағала, т.б. өседі.
1.4.2.4.Жалаңашкөл
Жоңғар қақпасы маңында Алакөл көлінен оңтүстікке қарай 15 километр жерде орналасқан.
Жалаңашкөлдің көлемі 37,5 шаршы километр, ұзындығы 9 километр, ені 5,8 километр, жағалауы 23,8 киломеьр. Орташа тереңдігі 2,6 метр. Көл 372,5 метр биіктікте жатыр, оған 104 миллион текше метр су жиналады.
Көл шұңқыры солтүстікке қарай ылдилана біткен, осы жерде «Тасқұл» бөгеті бар. Көлдің ең терең жері солтүстік – жағында, түбі кедір – бұлдырлы, қиыршық тас басқан, ал шығыс жағалауы қиыршық құмды.
Көлдің жағалауы тегіс, төмен, жағалай қамыс өседі.
Жалаңашкөлге келіп құятын өзендер жоқ. Көлдің негізі су көзі – жер асты суы. Тек қана жағалауынан қар және жауын – шашын суы қосылады.
Жалаңашкөлге 104 миллион текше метр су жиналады.Көл суы шілде айында 24 – 26 градусқа дейін жылиды. Жалаңашкөлдегі жел бағыты, оның жылдамдығы, көл бетіндегі толқынның биіктігі осы аймақтағы көлдер мен бірдей.
Көл мұзы қараша айының басында, 1 – 2 күннің ішінде қатады. Ақпандла мұздың қалыңдығы 90 – 100 сантиметрге жетеді де наурыз айының аяғында ол түгел еріп кетеді.
Көл суының деңгейі күз айында төмен түседі де ақпан – наурыз айында қайта көтеріле бастайды. Су деңгейінің жылдық өзгеруі 42 – 89 сантиметр аралығында.
Жалаңашкөлдің минералдануы әр жылда әр түрлі. Бір литр суында ол 1,2 грамнан 5 граммға дейін болады. Соңғы жылдары көл суының тұздылығы азайған.
Химиялық құрамы жағынан Жалаңашкөл суы сульфаттық – гидрокарбонатты – натрий түріне жатады, суы тереңдеген сайын мөлдірлене түседі. Натрий азоты 0 – 0,75 мг/л аралығында, кремний 8,4 – 12,0 мг/л, темір 0- 0,96 мг/л, фосфор 0,009 – 0,05 аралығында. Оттегі ерітіндісі 79 – 80%. Перманганат қышқылы 9 – 20 мг О2/л. Жалаңашкөлдің суы сілтілі. Суында фтор микроэлементінен басқалары өте аз.
Көлде алабұға, сазан өседі, сондай – ақ онда шағала, жабайы үйрек, қаз т.б. құстар мекендейді.
1.5.Топырақ-өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі
Топырақ түзілу процесі ойпатта ұзақ уақытқа созылады.Ол оның географиялық орнына байланысты. Құрғақ климат, аз қар жамылғысы, әр дайым соғып тұратын жел тағы да басқа.
Ойпатта мынандай топырақ түрлері таралған:
- Сұр қоңыр топырақ;
- Аз карбонатты сұр топырақ;
- Шалғынды – сұр топырақ;
- Тақыр және тақыр тәрізді топырақ;
- Аллювиальды – шалғын топырақ;
- Шалғынды – батпақты топырақ;
Сұр қоңыр топырақ. топырақтың бұл түрі ең құрғақ климатты жерлер – Арқарлы – Арғанаты, Керегетас қыраттарында кездеседі. Ол ежелгі теңіз және тұздалған көл шөгінділерінен қалыптасқан. Қарашіріндісі – 1,33 – 1,55%. Сұр – қоңыр топырақ тобылғы–жусанды өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік жасайды. Жаңбыр жаумайтын кезедрде топырақтан шыққан бу олардың карбонаты екенін білдіреді, бірақ судың көмегі арқылы ылғал алудың нәтижесінде мұндай топырақтар ары қарай өнім бере алады.
Аз карбонатты топырақ Алакөл ойысының қырқалы жерлерінде 360 – 750 м абсолюттік биіктік маңдарында кездеседі. Эфемерлі – жусанды өсімдіктер астында таралған. Құрамындағы қарашірінді – 1,3%-дан аспайды.
Шалғынды – сұр топырақ өзен аңғарларындағы эфемерлі – жусанды өсімдіктердің астында жатыр. Топырақтағы қарашіріндінің мөлшері 2 – 3%. Бұл топырақтың түрі сұр топырақты жерлерге тән.
Тақыр және тақыр тәрізді топырақ топырақтың бұл типі ежелгі өзен аңғарларында таралған. Осы топырақтың үстінде бұйырғын – көкбекті және сексеуіл өсімдіктері таралған.
Аллювиальді – шалғын топырақ өзендер мен көлдердің жайылма сатылы жағаларында шалғынды – тоғай өсімдіктерінің астында таралған.
Шалғынды – батпақты топырақ батпақ пен көлдің төменгі жағалауларында қияқ – қамысты өсімдіктердің астында таралған.
Геоботаникалық аудандастыру бойынша Алакөл ойысы Орта Азияның шөлейтті облысына жатқызылады. Шөлейттік өсімдік жамылғысы ойыстың теңіз деңгейінен 300 – 500 м алып құмдардың экологиялық түрлілігімен, тасты – шалғынды және сорлы жерлермен сипатталады. Өсімдіктер жамылғысы тауларда биіктік белдеулер түзеді. Ойыс территориясында Байқұм, Сарықұм, Тасқарақұмдары бар. Қазіргі уақытта бұл құмдар өсімдік жамылғысы мен жақсы бекінген. Аймақтағы өсімдіктер бірлестігін негізінен астық тұқымдастары – құмды бұталы, эфемерлі – жартылай бұталы, бұталы – сексеуілді, эфемерлерге бай үлкен шөптерімен жартылай бұталарды құрайды.
Алакөл ойысын қоршап жатқан тау жоталарында түрлі – альпінің көкал жерлері, біркелкі таулы жерлермен және орманды таудың сазы, батпақты жерлермен араласып жатады. Жоңғар Алатауында биіктік белдеуде 600 – 800 м аралығында орманды дала зонасы жатыр, 800 – 1200 м аралығында дала зонасы, 1200 – 2500 м аралығында шалғынды – дала белдеу, 2500 – 3000 м субальпілік және альпілік белдеу таралған. Ойысты қоршап жатқан тау жоталарының өзіне тән өсімдіктері бар.
Су маңы және жүзіп жүретін өсімдіктер – құрақ, аил қоқасы, теңіз түйне көлеңі, көл қамысы, жүзгіш шыланы басым топтар. Өзен мен аңғарларда кәдімгі сары тұңғиық, ақбоз тұңғиық, шөгінді мүйіз жапырақ, жебе жапырақ, жүзгіш сальвиния, тік кірпі бас, теңіз және тік арамайтары, балдыр шөп, қосмекенді таран, кәдімгі дүңгершек кездеседі. Бұл ну қопалар көптеген суда жүзетін және су маңы құстарының ұялайтын және азықтың маңызыды мекені болып табылады.
Уақытша су басқан шұңқырларда қамыс, айл қоғасы, соғыр, сәлемшөп басым. Батпақты жерлерде қамыс, қоға түйне көлең бірлестіктері, ал батпақ – шалғынды топырақтарда айрауықтар, қияқтар, ажырақтар мен қараматаулар кездеседі. Шалғынды сор топырақты ойпатты көл сатыларында қамыс араласқан сораңдар тобы басым. Атыраудың шет жағындағы шалғынды – тосап топыраққа жусанды, жусанды – алабұталы, шилі шеңгелді және жыңғылды бірлестіктер тән. Теректі – талды орман негізінен Тентек өзеннің жағалауында кездеседі. Тал тоғайлары Көкпекті, Россыпл және Тұйықсу сайларында шоғырланған. Биік діңді теректі талды ормандарда бірлі – жарым қайың аралас үйеңкіден тұратын шілік тоғайлары бар.
Алакөл ойысы өсімдік жамылғысына бай. Оған себеп Алакөл және оның маңындағы көлдер, өсімдіктер көпшілік жағдайда көлдер маңында шоғырланған.
Алакөл ойысының фаунасы алуан түрлі және бай. Ойыста негізінен жануарлар мен құстардың көптүрлері кездеседі. Сүтқоректілердің 28 түрі негізінен тұяқтылар мен жыртқыштар мекендейді. Атап айтатын болсақ, сайғақ, елік, муфлон, арқар, сабаншы, ақкіс, қасқыр, түлкі, тарғыл мысық мекендейді.
Ертерек бұл жерде «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мекендеген. Қамыс арасында қабандар кездеседі. Аудан территорияларында ұсақ қоректілер өсімдік жамылғысына байланысты таралған. Олардың көпшілігі саршұнақтар мен қосаяқтылар.
Алакөлдің жағалауындағы қамыстардың арасында терілі ондатр мекендейді. Тентек өзенінің бойында 1944 ж ондатрдың саны 499 болған. Ондатраның молдығына негізделе отыр Қошқаркөл көлінде ондатра шаруашылығын өркендеген. Құстардың бірнеше түрлері кездеседі. Алакөлдің жағасындағы қамыс арасында бірнеше түрлері мекендейді.
Жоңғар Алатауының тау алды жазықтарында, сондай – ақ өзен маңындағы шалғындарда дуадақтар мекендейді. Ойыстың жазық бөлігінде қарабауыр,бұлдырық ұясын салады. Бұлдырық тұқымдасына жататын қылқұйрық ұясын Жоңғар қақпасында салады. Бұдан басқа тарғақ, джен, қоқиқаз т.б. көптеген құстардың түрлері мекендейді.
2.Алакөл ойысының экалогиясы және табиғат қорғау мәселелері
2.1Алакөл ойысына полигондардың әсері
Жер шарының қандай бөлігін алсаңыз да біздің қазақ жеріндегідей экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақты кездестіре алмаймыз. Қазақ жері неше түрлі термоядролық сынақтардың табиғи полигоны болғаны әлемге әйгілі. Осы полигон кесірінен әлемде теңдесі жоқ американың Жоғары көлдер тобымен теңдесетін Алакөл ойысындағы Алакөл, Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл, Балқаш және Қытай Халық Республикасының территориясындағы Сайрам, Ебінұр көлдеріде бүгінгі таңда экологиялық зардапты басынан кешіруде. Бұл өңір екі атом полигонының – Семей және Қытайдың Лоб – Норының арасында жатыр. Алакөл ойысының өзіне тән ерекшеліктері — жиі – жиі болып тұратын атмосфералық құрғақшылық пен ыстық желдер. Осы кезде ауаның ылғалдылық көрсеткіші 0-ге дейін төмендейді. Қытайдың әр атом сынағынан кейін түстік – шығыстан Жоңғар қақпасынан жылдамдығы 60 – 80 м/сек жылдамдықпен ыстық жел соғады. Бұл осы Алакөл ойысындағы адамдар өміріне аса қауіпті. Нақты мәліметтерге сүйенсек соңғы оншақты жыл ішінде аталған өлкеде әр 100000 адамға шаққанда жүйке мен психикалық ауруға шалдыққан адамның саны 960 – тан 1624 – н, ақыл – ой кем адамдар 3103 – тен 4612 – ге, невроз және тамыр дерті бар адамдар 3692 – ге көбейген. Сарыауру, іш ауруы, өкпе ауруы, рак сияқты сырқат түрлеріде күн санап өсіп барады.
География ғылымының докторы, профессор Жақыпбай Достайұлының Алакөл ойысында кешенді гидрологиялық зерттеулері нәтижесінде көлдер мен өзендердің суынан химиялық талдауға, түптік шөгінділер мен топырақтан сынама алынуы, сонымен бірге атмосфералық жауын – шашынның химиялық талдауы жүргізілді. Осы материалдардың талдамы аймақта табиғат суларының химиялық құрамында өте қауіпті өзгерістер өтіп жатқанын көрсетіп отыр. Алакөлдің су құрамында және оған құятын өзендерде 1989 жылдан бастап қауіпті деңгейден көп мөлшерден асып кеткен бір қатар химиялық элементтер табылып отыр. Солардың бірі – кадмий. Бұл элементтің суэкожүйелерінде пайда болуына адамзаттың өзі деп білеміз. Кадмийдің ауыз су құрамында болуы ағзада қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеліп соғады. Яғни концерогені өте күшті. Қазіргі зерттеулер бойынша кадмийдің Алакөлдің суында Рыбачье кентінің маңында шоғырлануы нормадан екі есе жоғары, ал Ұржар өзенінде 40 есе, Қатынсу, Еміл, Тентек өзендерінде 4 есе жоғары екендігін анықталды.
Су көздерінің кадмиймен ластануына Лоб – Нор полигонымен қатар осы аймақтағы кез – келген өзендер мен бұлақтардың басында қой тоғыту жұмыстарының ешқандай бақылау жүргізбеуі, осының нәтижесінде бұл процеске құрамында аса көп мөлшерде кадмийі бар гексохлоран химикатының қолданылуы, суармалы жерлерде пайдаланылған улы химикаттармен ластанған сулар 60 – 80 м /сек жылдамдықпен соғатын Ебі желінің өтіндегі ашық карьер әдісімен алынатын Алакөл көмір кенінен қою улы шаң – тозаңдар да қатты әсер етіп отыр.
Біздің Республикамыздағы Семей ядролық сынақ аймағы жайында тоқталсақ. Мұнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500 – ден астам жер асты және бетінде түрлі жарылыстар болып, жарылған заттардың қуаты Чернобль апаты кезіндегі жарылған заттардың қуатынан бірнеше мың есе асып кетті. Осы жарылыстың 27 – сі атмосферада, 113 – і жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілген.
Семей ядролық сынақ аймағы Алакөл ойысынан 500 км қашықтықта орналасқан. Осы қазіргі кезде дейін ядролық полигонның радиациялық сәулелерінің әсерінің бұл территорияда ешқандай қатысы жоқ деп айтылып келген болатын. Бірақ алып жатқан территориядағы жер рельефінің бір екендігіне көз жеткізуге болады. Бұған негізгі себеп Үшарал қоласынан 160 км қашықтықта орналасқан Аякөз қаласы радиациялық фон көлемін қабылдайтын ауданын бірі болып саналады. Семей полигоны Аякөз ауданымен шекаралас жатқан Абай ауданының орталығы Қарауыл селосынан жақын жерде орналасқан. Радиация сәулесінің таралуы Абай ауданынан Алакөл ойысына дейін онша қиындық келтірмейді. Жалпы Алакөл ойысындағы радиациялық фондардың өлшемі шамамен 4 – 5 %. Малдардың аураға ұшырауы сонымен бірге ең ірі нақты жауын – шашынның болмауы, адамдардың көңіл – күйінің өзгеруі негізгі экологиялық мәселер.
Адамзат баласының ағзасында басқарушы және реттеуші гендер деп аталатын құрлымдық белестіктер болады. Олар адамның сыртқы және ішкі физиологиялық боихимиялық тәні жұмысын реттеп отырады, психикасына әсер етеді. Адамдардың ақыл – ойы, жүріс – тұрысы басқарушы және атқарушы гендер арқылы басқарылады. Ал гендердің қалыпты қызмет етуі тікелей экологиялық факторларға байланысты. Экологиялық факторлардың өзгеруіне сәйкес адамдар өздерінің ақыл – ойына бақылау жасай алмай қалады. Осыдан барады да адамзат баласы ненше түрлі сәтсіздікке ұшырайды. Ауыз судың, тыныс алатын атмосфералық ауаның, қажетті азық – түліктің неше түрлі улы қосылыстар мен ластануы адамның – гендік жүйесін бұзатындығы ғылымға баяғыда белгілі. Бұл өзгеріс адамзат баласына және биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларда мутогендік өзгерістер туғызады. Осындай биологиялық және экологиялық құбылыстар жасанды түрде бола берсе биосфераның табиғи тепе – теңдігі бұзылады да жер бетіндегі тірі ағзалар түгелімен жойылып бітеді. Табиғат заңы осындай. Семей полигоны тастап кеткен қасіреті мен әлі күнге дейін тоқтамай тұрған Лоб – Нордың зардабы аталған өлкедегі радиациялық экология проблемалары қазіргі таңда күн тәртібіне тікелей қойылып отыр. Адамзат баласының өмір сүріп отырған өз ортасында көбейіп бара жатқан зиянды экологиялық факторлардың ең қауіптісі – иондаушы радиация оның әсерінен пайда болатын жасанды дадионуклеидтер біздің өлкеде қатерлі ісік ауруларының көбеюінің бірден – бір себебі болып отыр.
Нарықтық қатынастар, жаппай жұмыссыздық осыдан туатын экономикалық қыспағы осы аймақ тұрғындары арасында жаппай жүйке, невроз аурауларын туғызды. Халықтың басым көпшілігінің, атап айтқанда 90% – ға жуығының қажетті азық – түлікпен қамтамасыз етілуі ертеңгі күнге деген алаңдаушылық туғызып, оның себебінен табиғи өсім келіп кетті. Бір жағынан неміс, орыс тағы да басқа ұлттардың тарихи Отанына жаппай көшуі, екінші жағынан жастардың жұмыс іздеп қалалардағы өндіріс орындарына, құрылыс алаңдарына, темір жолдарға, басқа да түрлі күнкеріс орындарына кетіу жергілікті тұрғындардың санының күрт азаюына әкеліп соқты.
2.2Адам әрекетінің ойыс экологиясына әсері
]Алакөл ойысындағы өзен су торлары көл бассейндердегі қазіргі кездегі территориядағы орналасқан елді мекендердегі халық шаруашылығы әсіресе ауыл шаруышылығы (мал шаруашылығы, егін шаруашылығы) Алакөл ойысына үлкен әсерін тигізіп отыр. Көлге екі жақтан солтүстіктен Тарбағатай жотасының және оңтүстігінен Жоңғар Алатауының өзендері көлге келіп құяды. Өзендер тау басынан басталып жаңбыр және қар қар суларымен қоректенеді, бірақ көлге дейін жетпей орта жолда жерге сіңіп кетеді.
Ауыр мәселелердің бірі өзендердің құрып бара жатқан жағдайлары. Мақаншы, Қаракөл өзендері құрып кетудің үстінде тұр. Себебі, өзен суын бөгеп, суармалы жерлерде қолданумен қатар оның келешекте қайта қалпына келтіру жағдайлары қолға алынбаған.
Суының химиялық, биологиялық, түп тұңбасының, жағалауының геологиялық құрамы жағынан бұл көлдер қатар жатсада бір – біріне ұқсамайтын Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл, Ұялы дейтін көлдер тізбегінен тұратыны баршаға аян. Бұл көлдер тұйық көлдер қатарына жатады.
Көлдің экологиялық тазалығын оның өнімділіәгін сол аймақта өсіп өнетін жан – жануарлары мен өсімдіктер құрамын табиғи құрамында сақтап қалу, тек аймаққа ғана емес бүкіл мемлекеттік мәселеге айналып отыр.
Аталған көлдерде дүние жүзінде тек осында ғана кездесетін дәуір шағаласының бірден – бір отаны. Бірақ адамдардың кейінгі 50жыл ішінде ешқандай аяусыз табиғатқа қол салуынан көлдер экожүйесі қауіпті деңгейге жетіп өсімдік, жануар, құстар, балықтар дүниесіне ойсырай кеміп бара жатыр. Мысалы, баяғыда өзіндік құс базарын құрайтын бірқазан, үлкен аққұтан, су құзғын, қалбағай, қоңыр қаз, шағала үйрек, аққу тағы да басқа құстардың түрі бүгіндері мүлдем кездеспейді.Ал көл маңындағы бұлдырық, дала қаршыға, меңгеру құр, шіл, үкі, кекілік сияқты дала құстары мүлдем жойылған. Сол сияқты бұл өңірдің өзіндік фаунасы болып табылатын елік, қарақұйрық, жабайы қабан, арқар сияқты аңдарды қазіргі кезде тек суреттен ғана көреміз. Көлдердегі қарабалық, сазан, ақмарқа, шортан табан тағы да басқа балықтар мүлдем азайған. Өсімдік дүниесі жойылып бұрын сыңсып тұратын итмұрын, жүзген, тобылғы, тал, жыңғыл, желде, қызыл қайың тоғайлары оталып бітті. Жыл сайын шөпке шауып, тұқым қалдырмай ала бергендіктен шабындықтар мен жайылымдарда тұқымнан өнетін нәрлі шөптер мүлдем жоғалып, тек тамыр арқылы көбейетін нәрсіз шөптер ғана қалды. Қалың қамыс пен тал – бұта өскен алқаптарды шабындыққа айналдырамыз деген сылтаумен жаппай өртеп, аң – құсы мен өсімдігін аяусыз жоюда. Оның үстіне көл жағасындағы шабылған қамыстың беткі қабатындағы құрғақ торф тәрізді жыныстар жаздың өте ыстық кезінде өрт болу қаупін тудырып, қамыстардың өртеніп кетуін, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесіне тағы да үлкен зиян тигізуде.
Көлдердің жағасындағы қамсытың біртіндеп құрып бара жатқан мұндай жағдайлар келешекте жақсы нәтиже бермейтін біле отырыпсосы уақытқа дейін ешқандай шара қолданған жоқ. Оның үстіне халық шаруашылығын одан ары дамыту мақсатында табиғатқа қарама – қайшы келетін кәсіп орындар салуда. Мысалы. Үшарал қаласындағы Бескөл маңында ет комбинатын салып көл бассейндеріне комбинаттың қалдық, керексіз заттарын шығару арқылы көлді ластап жатыр. Ол қалдық, керексіз заттар кішігірім сулар арқылы көлге құйылып ластануда.
Бұрын республикалық тұтынушылар одағына қарайтын іргелі – Алакөл өңдірістік аң шаруашылығы жойылды. Оның құлауының өзі 3 – 4 жылға созылды. Соның салдарынан ондатр аулау кәсбі де тоқтатылды. Белгісіз кәсіпқойлар ешқандай мерзім сақтамай, қысы – жазы аулауда. 1995 – 1996 жылдары белгісіз себептерден жаз, күз айларында ондаған мың жабайы құс өлімі байқалған. Оның себептерін ашып, тексеру жұмыстарын жүргізетін, ғылыми бақылау жасайтын мекеме не ұйым жоқ. Рұқсатсыз аң аулауынан себепті көл өңіріндегі бұрындары жолаушының жолын кесіп өтетін елік, ор қоян, шошқа, түлкі, қасқыр сирек кездесетін аңдарға айналып барады.
2.3. Алакөл қорығы және табиғатты қорғаудың кейбір мәселелері Жоғары айтылғандай бұл Алакөл ойысындағы экологиялық мәселе бүкіл мемлекеттік мәселе болып табылады. Оның себебі мынада:
Біріншіден, Қазақстан 1994 жылы дүниежүзілік табиғаттың алуан түрлілігі сақтап қалу конвенциясына қол қойып, мүшелігіне енді.
Табиғатты қорғаудың халықаралық жарнасына сәйкес қандай да болмасын мемлекеттің кем деген 80 – 100% жер көлем ерекше қорғалатын немесе қорықтық жерлер болуы шарт. Ал біздің мемлекетте ондай жер көлемі небары 3% — дан сәл – ақ асады. Осы халықаралық жарнасына сәйкес Алакөл ойысында қорық ұйымдастырылған. Ол – Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені атырауындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлестіктерді, сонымен қатар Алакөл көлі аралығындағы дәуір шағаланың бірегей популяциясы және басқа да топтас құстарды қорғау мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкшеті қаулысы мен құрылды. Ол Алакөл ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан.
Қорықтың алғашқы көлемі 12520 гектар болатын, содан кейін 20743 гектарға кеңейтілді. Қазіргі уақытта оған Тентек өзені атырауы мен Алакөл көлі аралдары кіреді. Қорық территориясынан ботаниктер 57 тұқымдасқа жататын 193 туыстың 269, түр өсімдігін анықтады. Күрделі гүлділер алабұталар, қоңыраубастар, бұршақтар және ерінгүлдіктер тұқымдастары алуан түрлілігімен сипатталады.
300 планктонға ұқсас шаян тәрізділер мен зымырықтардың 197 түрі кіреді. Тентек атырауының микрозообентосына су түбі омыртқасыздардың 69 түрі жатады. Инеліктердің 34 түрі кезедеседі. Басқа насеком түрлері әлі толық зерттелмеген.
Алакөл қорығының балық фаунасы 15 түрден тұрады. Оның ішінде Қазақстан Қызыл кітабына енген балқаш алабұғасы бар, сазан, бозша мөңке, табан теңбіл салпы ерін балық, балқаш шармайы және тағы да басқа кәдімгі түрлер болып саналады. Алакөл қорығы территориясынан қосмекенділердің набары 2 түрі және бауырмен жорғалаушылардың 14 түрі белгілі. Бұлардың ішінде көлбақа, секіргіш кесіртке, түрлі түсті кесіртке, шығыс айдаһаршасы сарыбас және су жыланы, өрнекті қарашұбар жылан, дала сұр жыланы, қалқал тұмсық жылан қорық үшін кәдімгі түрлер болып табылады. Қорықтың қазіргі шекарасында 272 құс түрі, сонымен қатар Тентек атырауында 263 түр және Алакөл аралдарында 87 құс түрлері анықталған. Қазақстан Қызыл Кітабына енген сирек кездесетін және құрып бара жатқан құстардан Алакөл ойысында 38 құс тіркелген, оның 27 ұялайды. Қазіргі кезде қорық ішінде 15 Қызыл Кітаптық түрлер – бұйра бірқазан, жалбағай, қара дегелек, сұңқылдақ, аққу, ақкөз сүңгуір үйрек, ақбос үйрек, аққұйрық су бүркіті, жыланшы бүркіті, сұр тырна, ақбас тырна, дуадақ, жекдуадақ, безгелдек қарабас өгіз шағала, монақ шағала, үкі кезедеседі. Тағы да 9 түр: қызғылт бірқазан, дала қыраны, қарақұс бүркіт, ителгі, қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдыры қойыста қорық территориясын сырт ұялайды.Тарғақ ұялайтын болды және соңғы екі онжылдықта бұл жерден ұшып өту кезеңінде де байқалмады. Тек маусымдық ұшып өту кезеңінде анда – санда төрт түрі: кіші аққу, балықшы тұйғын лашын және ақиық су бүркіті кездеседі. Тағыда тоғыз құс түрі Алакөл көліне сирек ұшып келеді, оларды жекелеген жылдарда ғана қорық территорясынан кездестіруге болады. Бұлар – кіші аққұтан, қарабай, қоқи қаз, дөңтұмсық тұрпан, ақ тырна, шитұмсық, шалшықты және тарбақ шырғалақ.
Қазіргі кезде қорғалатын территория көлемін кеңейту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілділігінің ұзақ уақытқа созылатын “Суда жүзетін ұшып өтуші құстардың тіршілік ортасы ретінде жалпы маңызды сулы батпақты жерлерді кешенді қорғау” атты жобасы іске асырыла бастады.
Екіншіден, Алакөл ойысындағы көлдер Африка, Үндістан жерінде қыстап біздің жер арқылы Сібірге дейін жер ұялайтын құс жолы және өсіп — өнетін мекені: ғылыми маңызды Иран – Тұран шөлді аймақтары тобына жататын өсімдіктер де осы маңда өседі.
Үшіншіден, саяси – экологиялық маңызы зор. Себебі Алакөл ауданы арқылы өтетін Үрімелі – Алматы темір жол болашақта халақаралық тарнсконтинентальды жолға айналмақ. Әлемге әйгілі Жібек жолының тарихы қайта ақтарылып,ғалымдар мен саяхатшылардың, асясаткерлердің назарын жиі аударуда.
Төртіншіден, экологиялық – әлеуметтік маңызы осыдан ондаған жылдар бұрын 2000 тоннаға дейін балық ауланып, сонау Москваға дейін жететін балық аулау мөлшері ондаған есе төмендеді. Тек Алакөл мен Балқашта ғана өсетін қарбалық (маринка), балқаш алабұғасы түр ретінде жойылды десе де болады. Ақ балықтың (судак) денесі ісік ауруына шалдығып, өндірістік құнын жоюда. Атақты Алакөлдің сазанының саны күрт азайып жеңсік дәмге айналып барады. Сонау 1943 жылы Америка құрлығынан әкелініп Сасықкөлге жіберілген құнды терілі ондатрдың да халі мүшкіл. 1946 жылы ауданда арнайы ондатр шаруашылығы құрылған. 1960 жылдардың ортасында жылына 170 – 180 мың дана ауланатын ондатр саны соңғы жылдары 2000 – 3000 – нан аспай қайды. Бұның негізгі себептері соңғы 4 – 5 жыл аралығында экономикалық саясаттың өзгеруіне байланысты көлге иелік, оған деген қамқорлық ғылыми өндірістік жұмыс жоқтың қасына айналды. Көл айдыны бұрын түгелдей Алакөл балық комбинатына бекітіліп, иелік бір қолда болса, қазір Шығыс Қазақстан облысы өз территориясындағы көлге өз иелігін жүргізе бастады. Комбинат «Балық» акционерлік бірлестігіне айланып, өрісі тарылды. Оған қоса соңғы жылдары балық аулауға лицензия алушылар есепсіз көбейіп кетті. Кейінгі екі – үш жыл ішінде жазғытұрым балықтың аналық басын ұрық ашуға жібермей көлден шығатын жолын тосып, аяусыз аулау етек алды. Тағы бір мысал, Алакөл жағасында жүздеген ондатр терісі мен оларды аулаумен айналысқан қарақшылар қосыны анықталды. Етек алған қылмыстың бұл түрін соңғы кезде табиғат каскөйлері өндірістік кәсіпке айналдырған.
Ондатрлар қамыс арасынан өздеріне қыстық орын дайындайтындықтан қыста Алакөл жағалауында аң аулауға тыйым салынады. Соған қарамастан браконьерлер жасырын түрде өз әрекеттерін жүзеге асырып келеді. Олар қыс бойы ауланған олжаларының терісін сыдырып, алып сатарларға сатып келеді.
Алакөлдегі табиғат қаскөйлері өз кәсіптеріне әбден машықтанып алған. Бір топтың өзі тәулігіне 500 аңға дейін аулаған. Ал бір терінің құны орташа 600 теңге. Табиғат сақшыларының айтуынша, браконьерлер су тышқандарына қырғидай тигендіктен, олардың қатары соңғы жылдары тым азайып кеткен. Браконьерлер қыс бойы ондатрлардың қысы ініне бейберекет қақпандарды қойып, олардың мекенін қиратып қана қоймай, аң тұқымын түбірімен құртқан. Себебі қарақшылардың шабуылынан кейін ін салқындап, ондатрлар өліп қалады.
Бірақ табиғат қаскөйлері жазадан қаймығар емес. Себебі оларға әрі кетсе 1 мың теңгенің көлемінде айыппұл салынады. Ал осы заңсыз кәсіптің кесірінен мемлекетке былтыр 3 млн теңгеден артық шығын келген.
Қазақ Ұлттық Ғылыми академиясының экспедециялық зертеулері қарастырылып отырған аумақтың экологиялық ахуалының нашарлап жатқанын дәлелдеп берді және мыналарды анықтады:
- Жалпы аймақ бойынша атмосфералық жауын – шашын мен өзен ағындарының тұздылығы өскен;
- Күшті шаңды дауылдардың саны көбейген;
- Су жинау алаптары малдың жайылуы болуына байланысты және малдың шамадан тыс көп жойылуынан алаптың беткі шым қабатының деградацияға ұшырауынан өзендердің қатты ағыны көбейген, яғни беттік жуып – шаю үрдісі көбейген;
- Аумақтағы аң, құс, құс, өсімдік балық және тағы да басқа биосфера ағзарларының түрлерінің мүлдем жойылуы, ал барының келешекте болу болмау мәселесі туындаған.
- Адамдар арасындағы жүйке психикалық аурулар, туа ақыл – ойы кем адамдар, навроз, жүйке, тамыр дерттері, сары ару, іш ауруы, өкпе ауруы, рак және басқа да аурулар көбейген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғары айтылғандарды қорытындылай келе Алакөл ойысындағы Алакөл көлдер жүйесінің қайталанбас табиғаты мен ерекшелігін өлкенің трансевразиялық Лондон – Пекин темір жол магистралінің бойында жатқандығы мен стратегиялық саяси маңызын ескере отырып, аталған көлдер жүйесінің экологиялық ахуалын аумақтардағы адамдардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында бұл территорияның биосферасын сақтау үшін төмендегідей кезек күттірмей шараларды мемлекеттік дәрежеде іске асыруымыз керек. Біріншіден, Үкіметіміз осы Қазақ Ұлттық Ғылыми академиясы қытайлық әріптестермен бірігіп қарастырылып отырған аумақтың радиациялық фонын Лоб – Нор полигонының экологияға тигізіп отырған әсерін анықтау қажет.
Екіншіден, аталған өлкедегі халықтың жалақысы, зейнет ақысы, жәрдем ақыларын көбейтуді, аудандық қолға алу керек.
Үшіншіден, Алакөл демалыс аймағы республикалық дәрежеде қамқорлыққа алынып оның шипалы суы бойында жыл бойы жұмыс істейтін емдеу сауықтару кешені салынуы тиіс.
Төртіншіден, Алакөл көлдері жүйесі өңірі релекті шағала және тағы да басқа жерде кездеспейтін аң – құс, өсімдік балықтар аймағы болғандықтан шаруашылық жұмыстары мүлдем шектелуі тіс.
Бесіншіден, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі тез арада көлдер аймағының экологиялық апат картасын табиғатын қалпына келтірудің перспективалық жоспарын жасап, оны жүзеге асыруды қолға алуы керек. Осы шараларды тез арада іске асырсақ жетісудың алқасын сақтап қалуға болады.
1-сурет. Алакөл ойысындағы метеостансалар
2- сурет . Алакөл көлінің жоспары және жағалық ауданы
- Оңтүстік –батыс жағалау ауданыны- образионды-аккумулятивті
- Оңтүстік жағалау аудан -акумулятивті, фитогенді
- Шығыс жағалау ауданы – образионды-акумулятивті
- Солтүстік –шығыс жағалау ауданы- акумулятивті, потомогенді
- Солтүстік жағалау ауданы- акумулятивті, потомогенді
- Солтүстік –батыс жағалау ауданы – образионды-акумулятивті
- Батыс жағалау ауданы -акумулятивті, эолды
- Үлкен және Кіші Аралтөбе аралдары- образионды акумулятивті
3-сурет .Алакөл көлінің тереңдігі мен көлемін көрсететін сызықтар
4-сурет. Сасықкөлдің: а) жоспары
б) тереңдігі мен көлемін көрсететін сызықтар
5-сурет . Жалаңашкөлдің: а) жоспары және жағалы аудандары
1.Образионды-аккумулятивті
2.Аккумулятивті, фитогенді
- Аккумулятивті, эолды
- Аккумулятивті, потомогенді
б) тереңдігі мен көлемін көрсететін сызықтар
6-сурет . Ұялы : а) жоспары
б) тереңдігі мен көлемін көрсететін сызықтар
7-сурет. Алакөл көліндегі солтүстік –батыс бағытындағы желдер-толқынының картограммасы: (толқын биіктігі м)
а) жылдамғы 20 м/сек;
б) жылдамдығы 30 м/сек жоғары;
8-сурет. Алакөл көліндегі оңтүстік-шығыс бағытындағы желдер-толқынының картограммасы: (толқын биіктігі м)
а) жылдамғы 20 м/сек;
б) жылдамдығы 30 м/сек жоғары;
9-сурет. Алакөл көліндегі батыс бағытындағы желдер-толқынының картограммасы: (толқын биіктігі м)
а) жылдамғы 20 м/сек;
б) жылдамдығы 30 м/сек жоғары;
7-сурет. Алакөл көліндегі шығыс бағытындағы желдер-толқынының картограммасы: (толқын биіктігі м)
а) жылдамғы 20 м/сек;
б) жылдамдығы 30 м/сек жоғары;
Пайдаланған әдебиеттер
- Алакольская впадина и ее озера. Алма-Ата, Академия наук Казахской ССР. 1965
- Гидрогеологическое районирование и региональная оценка ресурсов подземных вод Казахстана. Алма-Ата, Академия наук Казахской ССР. 1964.
- Войтович В.С. К вопросу о палеозойском фундаменте Алакульской впадины. Извести Академия Наук Казахской ССР, 1962. Вып. 1.
- Диденко-Кислицына Л.К. По Джунгарском Алатау и Алакольской впадине . Алма-Ата, Академия наук Казахской ССР, 1961.
- Омарғалиева С.Алакөл көлдер жүйесіне қамқорлық керек // Журнал Дүние, 2004, №5, 21-23 беттер
- Омарғалиева С. Көлдер экологиясы толғандырады «Алакөл» //География және табиғат. 2005, №4, 11-13 беттер
- Түментай Қ. Алакөл айшықтары //Журнал .Ақиқат, 2005, №10, 37-39 беттер
- Омарғалиева С.Алакөл көлдері жүйесіне қамқорлық керек. //Атамекен, 2003, 28 маусым
- Толғанбаев С. Алакөл жетім қалмаса екен //Дүние. 2003, №6, 19 бет
- Алакөл ауылға таяп қалды //Егемен Қазақстан, 2000, 19 қараша
- Шәріпов С.Алакөл қорығы //Жетісу, 2004, 6 қараша
- Ә.С.Бейсенова, А.Смақов, Т.Есполатов, Ш.Шілдебаев.Экология және табиғатты тиімді пайдалану.Алматы, «Ғылым баспасы».2004
- Омаров Т., Филотенц П. Қазақстан көлдері. Алматы, 1975 ж.
- Қазақстан Республикасының ландшафтық және биологиялық әр түрлілігі.// журнал Алматы, 2005
- Водные ресурсы Казахстана в новом тясячилетии.//Журнал Алматы, 2004
- Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. Алматы, “Алматыкітап”, 2006
- Жетісу. Энциклопедия. Алматы: «Арыс баспасы», 2004. 119-122 беттер
- Жер туралы ғылым.// Журнал, №1, 2007
- «Қазақстан» Ұлттық Энциклопедия.Алматы.: «Қазақстан Энциклопедия баспасы». 1,2,3 томдар, 1989-2001 жж.
- Жетісу газеті. Табиғат қаскөйлері. 2004, №1
- В.Шевченко, З.Буланова. «Алаколь ждет милосердных». // Казахстанская правда, 2007,15 июня, стр.7