Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы.
Жер бедері.
- Физикалық географиялық орны. Зерттеу тарихы.
- Геотектоникалық құрылысы.
- Жер бедері.
ІІ тарау. Климаты органикалық дүниесі.
2.1. Алакөл ойысының климаты.
2.2.Алакөл ойысының ішкі сулары.
2.3.Топырағы, органикалық дүниесі,табиғат қорғау нысандары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. 45-47°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай, Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Алакөл ойысының табиғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының оңтүстік-шығыс бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тақырыптың өзектілігі. 45-46°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, қатпарлықтарында түзіліп, неоген-төрттік дәуірлерде қайта жаңғырған Жетісу Алатауының биік және аласа таулы солтүстік-шығыс бөлігі мен Алакөл ойысының басым бөлігін қамтитын аудан табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінің жер бедерінің, климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Алакөл ауданынының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы на байланысты қысы суық, жазы ыстық болып келетін климатының шұғыл континеттілігінің, жел мен температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін, құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге және биік таулы алқаптарға тән таулы дала, таулы орман, биік таулы альплік және субальплік шалғындарға тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің таралуын анықтайды. Биік таулы және шөлді-шөлейтті Алакөл ауданының табиғатын жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терең меңгеруге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- Алакөл ауданының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына тигізетін әсерін;
- аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палеоклиматтық, палеоэкологиялық, және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
- геотектоникалық құрлысы мен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды;
- аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап,табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін ашып көрсету.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- физикалық-географиялық орынының негізгі ерекшеліктері мен аумақтың зерттеу тарихын;
- геологиялық даму тарихы мен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
- жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралу заңдылықтарын;
- климаттың түзілу зандылықтарыны мен ішкі суларын;
- топырағы мен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
- табиғат қорғау мәселелерін жан-жақты талдап, ой қорытындыларын шығару.
Бітіру жұмысының әдістемелік-методологиялық негіздері:
Бітіру жұмысының теорялық негізі ретінде М.Н Давидова мен Э.М Раковскаяның «физическая география СССР», Жанашеваның редакциялық басшылығымен шыққан «Қазақстан Республикасының физикалық географиясы», В. Чупахиннің «От пустын до снежных вершыин» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу әдістері қолданылады.
Бітіру жұмысының практикалық манызы: Бітіру жұмысының нәтижесінде жинақталған теориялық мәнәдәлектерді матерялдар География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Алакөл ауданының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Алакөл ауданының географиялық орыны, геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Екінші тарауда Алакөл ауданының ішкі сулары, топырағы мен органикалық дүниесі, табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді мәселелермен оны шешу жолдары көрсетілген.
Бітіру жұмысының мазмұныны ашу үшін, географиялық карталар, графиктік кестелер пайдаланылған.
І. Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы.
- Алакөл ауданының физикалық географиялық орыны.
Зерттеу тарихы
Алакөл ойысының физикалық географиялық орнына қысқаша шолу.
Алакөл ауданы Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке 100, батыстан шығысқа 190 шақырымға созылып жатыр. Аумағы 25 мың шаршы шақырым. Ауданшың батысы мен оңтүстік-ббатыс шекарасы Жетісу Алатауының шығыс бөлігінің сілемдері Арғанаты, Қысқаш, Кеттібай-Борлы, Шатырбай таулары арқылы Сарқан Ауданымен . Шығысында Барлық, Шолақ тауларының аралығындағы ені 15-20 шақырымнан аспайтын Жоңғар Қақпасы арқылы Қытай Халық Республикасы мен , солтүстігі мен солтүстік-шығысында Алакөл арқылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз Үржар аудандарымен шектеседі.
Солтүстік шеткі нүктесі 47036/ с.е., оңтүстік шеткі нүктесі 45020/, батыс шеткі нүктесі 80030/ ш.б.82030/ ш.б. Үшарал, Қабанбай, Тоқжайлау, Лепсі, Бұлақты, Ақжар, Жыланды, Көктұма сияқты ірі елді мекендері тау аралық ойыстар мен аласа таулы алқаптардағы өзен аңғарларында орналасқан. Алакөл ауданының теңіз деңгейінен орташа биіктігі 1000-1500 метр. Аудан аумағында ірі тау аралық Алакөл, Сапақ-Айпара, Бақай-Көксуат, Байыс, Ойжайлау-Қараүңгір, Сарыбөктер, Ақши, Шолақ сыяқты үш деңгейлі ойыстардың аралықтарын Шыбынды, Қайқаң, Жабық, Күңгей, Тастау, Сандықтас, Жүнжүректаулары сыяқты таулы алқаптар мен үстірттер бөліп жатыр.
Дүниежүзілік мұхиттардан алыс орналасуына байланысты климаты шұғыл континенттілігімен күшті желді күндердің көп болуымен ерекшеленеді. Географиялық орнының ерекшелігіне сай шөлді-шөлейті, таулы далалы, таулы орманды, альпілік және сбальплік шалғындар мен нивальды-гльяциальды ландшафтлар таралған. Алакөл, Ұялы, Сасық көл, «Қошқар» көлдері мен Тентек,Жаманты, Ырғайты, Лепсі, Теректі, Тоқта, Шыңдалы өзендерінің жағалауында сазды шалғындар мен тоғайлар қалыптасқан.
Алакөл ауданының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелу тарихы. XX ғасырдың бірінші жартысына дейін Алакөл ауданының табиғатын физикалық географиялық тұрғыдан зерттеу баяу жүргізілді. Аймақтың табиғат жағдайы туралы алғашқы деректерді орта ғасырдағы саудагерлер жинады. Ол деректердің көбі толық емес әрі жүріп өткен бағыттарына ғана сипаттама берумен ғана шектеледі. Қазақстанның патшалық Ресейге қосылуына байланысты аймақтық табиғат жағдайлары мен байлықтарын зерттеу мәселелері қолға алына бастады.
Алакөл ауданының жер бедерін, геологиялық құрылысын оқып үйрену пайдалы қазбаларды іздестіру мен тікелей байланысты жүргізілген зерттеулерді Қазан төңкерісіне дейінгі және Кеңестік деп екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.[1]
Қазан төңкерісіне дейінгі кезең 1700-1917 жылдар аралықтарын қамтиды. Алакөл ауданының табиғаты туралы Патшалық Ресейдегі алғашқы жазба деректер XVIII ғасырдың басын мен 1840 -1841 жылдар аралығында Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің табиғатын географиялық тұрғыдан оқыр үйрену ісін белгілі орыс геоботанигі Александр Шнерк қолға алды. Ол Балқаш-Алакөл алабының табиғатын зерттеп, Жетісу Алатауы мен Аралтөбенің Флорасы жөнінде көптеген құнды деректер жинады.
1841-1842 жылдары аралығында Г.С. Корелин Тарбағатай мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіне саяхат жасап, аймақтың табиғатына физикалық-географиялық сипаттама берді. Ол өсімдіктер жамылғысын жанжақты зерттеп , түр құрамын анықтады.
1855-1858 жылдар аралығында Ш.Ш. Уалиханов Жетісу мен Қашқарияға саяхатының барысында алғаш рет Балқаш пен Алакөл ертеректе бір көл болған деген болжам айтты. Ол өз ойын көктемде еріген қар, жаңбыр суымен толығып, аумағы артқанда екі көл бір-бірімен қосылатынын дәлелдей келе олардың араларын жазда кеуіп қалатын сорлар бөліп жатқаны арқылы дәлелдейді.
Шыңғысұлы Шоқан Уалиханов Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының флорасымен фаунасына сипаттама бере отырып тау беткейлеріндегі биіктік белдеулерінің байқалатыны жөнінде өз пікірін айтып сол кезеңдегі ғалымның жетістіктеріне сай үш белдеуге бөлді. Олар: Таулы, жартылай таулы және жазық белдеу.
1866 жылы А.Голубев Алакөл, Ұялы, Сасықкөл, Жалаңашкөл жағалауына саяхат жасады. Ол өз еңбегінде Алакөл жүйесіндегі көлдерге физикалық-географиялық сипаттама берді.
1871 жылы Матусовский Жоңғарияның шекаралас ауданы арқылы Зайсаннан Манасқа дейін Бағыттық кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Ол өзен бөліктеріне Тарбағатайдың оңтүстік беткейі мен Еміл, Ырғайты, Жаманты, Тентек өзенінің салалары жөнінде қысқаша деректер берген.
Тентек Жаманты,Ырғайты өзендері бастау алатын Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының шығыс бөлігін алғашқы зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысында И.В. Мушкетов (1874), Г.Д.Романов (1879) және Р.Закржевсктердің (1892) аумақтың жекелеген бөліктеріне маршруттық зерттеу сапарларын жасағаннан кейін басталды. И.В.Мушкетовтың еңбегінде бірінші рет Жетісу Алатауының аса ежелгі құрылымы-гнейсті метаморфтық қабаты мен кристаллды тақтатастары мен бірқатар пайдалы қазбалардың пайда болуы ( темір, мыс, қорғасын) туралы қысқаша сипаттама берілді. /6/
1874-1890 жылдар аралығында Түркістанға белгілі геолог И.В. Мушкетов саяхат жасады. Алты жылға созылған ғылыми экспедицияның нәтижесінде жинақталған нақты заттай дерек көздері Орта Азияның табиғаты жөніндегі маңызды деректер „Түркістан” атты іргелі еңбегіне негіз болды. Түркістан түсінігіне И.В.Мушкетов „Түркістан” немесе „Түркістан алабы“ Солтүстігінде Шыңғыстау мен Арал Ертіс суайрығының, батысында Мұғалжар мен Үстірттің шығысында Тарбағатайдың, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Памир, Тянь-Шань, Жетісу Алатауының аралығындағы Азия құрлығының ірі бөлігін алып жатқан аймақ” деген анықтама береді. [2] 1878-1879 жылдар аралығында И.В.Мушкетовтың экспедициясының құрамында болған Т.Р.Романовский Түркістанның геологиялық картасын құруға қажетті материал жинаумен айналысты.
Сол жылдар арлығында 1886 және 1893 жылдары Закржевский топограф Богданов пен бірге Еміл өзенінің аңғары мен Барлық жотасының таулы бөлігінің көзмөлшері кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізген бақылауларының нәтижелеріне сүйеніп “Барлық таулы өлкесінің қысқаша очерктері” еңбегін жазды. 1892 жылы Р.Заваржевский Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігін тағы зерттеді. Зерттеу нәтижесінде аймақтың геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан аса көрнекті ғалым В.А. Обручев зерттеді. Ол аталған ойыстағы лесстің түзілуінің эолдық ғылыми болжамын ұсынды. Ғалым өзінің шекаралық „Жоңғария“ атты еңбегінде тұрақты түрде түзілген шаң-тозаңның негізгі көзі Алакөл мен Балқаш, Жалаңашкөлдің аралықтарындағы Қарақұм, Сарықұм,сияқты сусымалы, төбелі құм шағылдар екенін атап көрсетті. Солтүстік-батыс желдері құм шағылдардан көтерілген ұсақ шаң-тозаңдардың оңтүстік-шығысындағы Барлық тауының етегіне шөктіріп лесс түзілген деген ой қорытындысын шығарады. Ол Барлық пен Шолақ тауларының аралығын бөліп тұрған Жіңішке көнтағай қолатын, Жоңғар қақпасы деп атауды ұсынды.[3]
В.А.Обручевтің 1907, 1914, 1940 жылдар аралығында жүргізген экспедициялық зерттеулері нәтижесінде Алакөл ойысы мен оған шектесетін Тарбағатай, Барлық-Майлы, Жетісу Алатауының геологиялық-геоморфологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтады. Ол ойыстың жербедерінің қалыптасуында мезозой құрылымдарының дамуы мен кайназой эрасындағы жаңа (Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. Алматы: Рауан 2004. 55-57б) тектоникалық қозғалыстарының нәтижесінде жүрген тік бағыттағы көтерілулер мен үзілмелі бұзылыстардың ерекше рөл атқарғаны жөнінде жан-жақты түсінік береді. Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысын зерттеу нәтижесінде мезозой мен кайназойдағы тектоникалық үрдістерді сағылулар мен созылулардың күресінің барысында алғашқысы басым болатынын айғақтайтын пульсациялық теориясын ұсынды. Бағыттық сипат алғанына қарамастан В.А.Обручевтің көптеген ой қорытындылары әлікүнге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.
Ол геологиялық құрылысының ұқсастығын ескеріп Барлық-Майлы таулары Жетісу Алатауының жалғасы деп санады. Жоңғар техтоникалық жарығының бойындағы Жоңғар қақпасы Жетісу Алатауын Барлық-Майлы тауларынан бөліп тұрған опырылмалы ойыс екені жөнінде дұрыс түсінік берді.
1904 жылы Алакөл ойысының шығыс бөлігіне В. В. Сапожников экспедициясы зерттеулер жүргізді. Зерттеулердің нәтижесінде ойыспен шектесетін тау жүйелерінің орографиясы, өзен торлары мен жүріп өткен жолына қысқаша сипаттама берген «Жетісу очерктері» атты еңбегін жазды. Өз еңбегінде ғалым Алакөлдің оңтүстік бөлігінде оңтүстік- батыстан солтүстік -шығысқа бағытталып созылып жатқан табиғи бөгеті болғаны жөнінде қызықты дерек келтірді. Оның ұзындығы 15 верст екі 20-100 саженге жеткен. Ұзын бөгет Лепсі мен Барлық -Арасынды, Бақтыны байланыстыратын төте жол болды. 12-15 жыл бұрын бөгет біртіндеп бұзыла бастады деп жазды. (В.А.Обручев. Пограничная Джунгария. І. ІІІ. Вып. –М. 1940. 50-60б.)
1906 жылы А.К.Мейстер Тентек және Лепсі өзендерінің алаптарының төменгі таскөмір кезеңіне жататын фаунаны және таскөмірдің пайда болуын анықтады. 1906-1910 жылдар аралығында Жетісу Алатауының солтүстік бөлігін В.А.Обручев (1915) зерттеу жүргізді. Оның еңбегі Жетісу Алатауының кеңестік бөлігінің геологиялық құрылысының ерекшелігін және жер бедерінің қалыптасуы туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға көп мүмкіндік туғызды.
1916 жылы Н.Г.Кассин басқарған (1927), П.А.Грюша, М.Ф.Крутиков, В.А.Николаев, К.Б.Терлец және А.А.Шильниковтардың атқарған еңбектері, Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің тектоникасын, осы аумақтың палеогеографиясын зерттеді.
Ұлы Қазан революциясынан кейін Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының геологиялық зерттелуі Түрксібті салумен байланысты болды. С.В. Калесник (1933) Жетісу Алатауының Солтүстік жотасынан, Ырғайты, Жаманты өзендерінің бастауларынан гнейстер мен гранитті-гнейстерді анықтап, сипаттама берді. Ф.А. Макаренко (1936) ортатентек Көксуат өзендерінің алабынан жоғарғы силур фаунасын анықтады және жоғарғы силур кезеңінің конгломератынан (жұмыртас) малтатас гнейстерінің жұмырланғанын кездестірді./7/. 1927 жылы Жетісу Алатауының солтүстік беткейінде Н.Н.Горностаевтің экспедициясы жұмыс істеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасай келе, аймақта Кайназой эрасының неоген-төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалысынан соң екі мұзбасу жүргені жөнінде қорытынды шығарды. Ежелгі төрттік мұзбасуларының аралық кезеңінде жабын және жартылай жабын мұздықтардың қарқынды еруінің нәтижесінде Алакөл ойысындағы қалыңдығы бірнеше жүз метрге жететін моренналы жыныстардан тұратын зандрлы жазықтар түзілгендігі жөнінде өзінің ғылыми болжамын ұсынды. Ол Балқаш-Алакөл ойысының қазіргі бедері Текелі (Вюрм) мұзбасуларының қалың моренналы шөгінділерінің өңдеуі нәтижесінде түзілді деп есептеді. Н.Н.Горнастаевтің пікір бойынша Текелі мұзбасуынан соң Балқаш-Алакөл ойысы Арал-Каспий алабына қарай ашылатын ауқымды өзен аңғары болған.
1929-1931 жылдардың аралығында Жетісу Алатауының Солтүстік беткейімен Алакөл ойысының батыс бөлігінде С.В.Калесник геологиялық-геоморфологиялық кескіндеу жұмыстарын жүгізді. Олар Алакөл ойысындағы палеогеннің қызыл түсті сазды жыныстарын зерттеді. Алакөл плитасына жататын бұл қызыл түсті саздар негізінен карбонатты гипсті жыныстардың қатарына жататынын анықтады. Төртік дәуірдің сусымалы ұсақ құмды, сазды, моренналы шөгінділеріне сипаттама берді. Жаңа тектоникалық қозғалыстарға баса назар аударған ғалым экспедициялық зерттеу нәтижесінде төрттік дәуірдің шөгінділердің жарып жатқан бірнеше тектоникалық жарықтарды анықтады.
КСРО Геология комитетінің Жерасты сулары бөлімінің қауылысына сай 1931 жылы Б.К.Терлецкийдің экспедициясы Солтүстік Жетісуда гидрогеологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Барлау жұмыстары нәтижесінде Алакөл ойысына қысқаша физикалық – географиялық сипаттама берді. Автор Балқаш – Алакөл ойыстарының тектоникалық құрылысы мәселелеріне баса назар аударып, ойыстан дизьюктивтік дислонацияның басым екенін атап өтті. Терлецкий Балқаш-Алакөл ойысын қоршап жатқан тау жүйелерінің барлығын геотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде тік бағытта көтерілген баспалдақ тәрізді төбесі текшелі орқаш таулар Жалаңашкөл, Алакөл, Сасықкөл, көлдерінің Орталық бөлігіндегі опырмалы ойыс деген қорытындыға келді.
1933-1934 жылдар аралығында Алакөл ойысының солтүстік шығыс бөлігінде Е.Д.Шлигиннің жетекшілігімен геологиялық топ жұмыс істеді. Геологиялық барлау жұмыстарының барысында жинақталған нақты материялдарға талдау жасай отырып Алакөл ойысы мұнайлы ауданның қатарына шығарды. Е.Д.Шлыгиннің тобы алғаш рет Алакөл ойысының солтүстік-шығыс бөлігінің 1:50000 масштабты геологиялық және геоморфолгиялық картасы құрды. Зерттеу жұмыстарын қорыта келе Е.Д.Шлыгин Алакөл ойысының Солтүстік шығыс бөлігін төменде көрсетілген төрт геоморфологиялық провинцияға бөледі. Олар:
- Ұсақ таулы.
- Арасан таулы үстірті.
- Жетісу Алатауының тауалды бөлігі.
- Ежелгі эолдық аккумляция
Ғалым өз картасында аталған аумақты провинциялар тармағына бөліп, пайда болуы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар жер бедерінің геоморфолгиялық типтерін ашып көрсетеді. Сонымен қатар ол қалдық таулар, тектоникалық кемерлер, ежелгі жағалаулардың кемерлерін қосымша шартты белгілермен көрсетеді.
Б.К.Терлецкий (1934) ортадевондық фаунаны анықтады және Нұрбай, Қызылталөзендерінің аңғарларындағы құмтасты — тақтатасты қабатты девон кезеңіне жатқызды.
1934-1935 жылдары А.К.Жерденко, С.Н.Колова және С.С.Ларканың басшылығымен Жетісу жотасының шығыс бөлігіне зерттеу-кескіндеу жұмыстары жүргізілді. 1940 жылы М.М.Юдичевтің «Жоңғар Алатауы» атты монографиясы жарияланды. Бұл еңбегінде автор сол кезеңдегі шөгінділер туралы материалды да енгізді және стратиграфияға, тектоникаға, вулканизмге, ауданның жалпы тарихи даму заңдылығына нақты сипаттама берді, сондай-ақ генезистік пайда болу және кейінгі геологиялық зерттеу жұмыстары туралы да айтты. 1936 жылы қазақ геология тобы Б.А.Афанасвевтің жетекшелігімен Алакөл ойысының оңтүстік-шығыс бөлігіне экспедиция ұйымдастырып, Юра дәуірінің көмірлі қабатына барлау жұмыстарын жүргізеді. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Б.А.Афанасевев Алакөл ойысының тектоникалық құрылысының сызбасын жасады. Оның ойынша Алакөл ойысы бірнеше тектоникалық жарықтардан тұратын ерекше терең Синиклиза болып табылады. Автор тасты өзеннің жайылма үсті текшелері мен Алакөлдің оңтүстік шығыс жағалауларына сипаттама берді. Афанасьевтің қорытындысы бойынша қазіргі жалаңашкөл көміралабының соншалықты практикалық маңызы жоқ болды.
1940 жылы М.М.Юдичев Жетісу Алатауының геологиялық құрылысына арналған зерттеулерінде меридианальды бағыттағы тангецианальды сығысудың (қысудың) әсерінен субендік бағытта созылған негізгі жоталар тізбегін солтүстік-шығысында Алакөл ойысы орналасқан жоңғар тектоникалық жарығы көлбеу қиып өтеді деген қорытынды шығарды.
1945 жылдан бүгінгі таңға дейінгілерде Балқаш-Алакөл ойыстарында орта және ұзақ масштабты геологиялық кескіндулермен геофизикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу басым болды. 1945 жылы Жоңғар қақпасының маңындағы Барлық тауының етегінде М.И.Жаймин мен В.Ф.Қажыбаевтың басшылығымен Юра жасындағы Жалаңаш көл көмір алабы ашылып 800 метрге дейінгі тереңдікте терең бұрғылау жұмыстары жүргізілді.
1945-1980 жылдар аралығында жүргізілген зерттеу жұмыстарына А.А.Алексеев, И.А.Афоничев, В.А.Буш, О.А.Барзаковский, басқа да танымал геологтар қатысты. Соңғы 10-30 жылда Алакөл ойысында Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасы геологиялық барлау-кескіндеу жұмыстарын жүргізді. И.А.Афоничев, Б.А.Буш және Н.И.Филатова сынды ғалым-геологтар Жоңғар Алатауы мен Балқаш-Алакөл ойысының геологиялық құрылысына жүргізген зерттеулерін жинақтап бірқатар ғылыми еңбектерін басып шығарды. Ұзақ жылдар жүргізген зерттеулердің нәтижесінде қазіргі геотектоникалық құрылысы жөніндегі ғылыми түсініктер қалыптасты.
1949 жылы Алакөл ойысының Солтүстік және Шығыс бөлігіндегі К.В.Курдюков пен И.М.Смеловскийдің басқарумен бүкіл одақтың аэрологиялық тірестің Балқаш маңы экспедициясы жұмыс істеді. Экспедицияның жұмысының нәтижесінде ауданның 50000 масштабты геологиялық картасы жасалды. 1950-1960 жылдары Жоңғар тектоникалық жарығының құрылысы мен оның Вари қатпарлы құрылымын қалыптастырудағы рольі жөніндегі әртүрлі ғылыми қөзқарас қалыптасты.
1956 жылы қазақ КСР жергілікті өнеркәсіп министірлгі Жалаңаш көл көмір кенінің қорын бағалап жаңа болашағы зор кенорындарын табу мақсатында геологиялық барлау тобын жіберді. Ізденіс жұмысының нәтижесінде 1980 жылдары Жалаңаш көл кен орында ашық әдіспен көмір өндіру ісі қолға алынды. Понтелеев, Мойсеенко, сикицин 1957: Ренгаретен 1958, Афоничев, 1960, 1967 сынды ғалымдар Жоңғар тектоникалық жарығын Вари тектоникалық аймағын палеозой ұзақ уақыт бойы шектеп тұрды деп санады. Филатова Буш басқа да геологтар Жетісу Алатауының Солтүстік шығысын көлбей өтетін Жоңғар тектоникалық шарығы жоғарғы палеозойда пайда болды деп есептейді.
Ұлы Отан соғысы жылдары полиметалл және сирек кездесетін металлдардың кен орындарын зерттеу Жетісу жотасының барлық бөлігінде жүргізілді. Оңтүстік жотада А.С.Осипов Солтүстікке — Н.М.Колпаков пен Е.В.Орлов (1941), П.П.Зотов (1941), Г.Н.Ионова (1945) зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1951-1955 жылдары Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінде А.И.Семенов пен Г.В.Нехорошев жұмыс істеді. Олар жоғарғы полеозой стратиграфиялық схемасын толықтырды және аумақтың тектоникасы мен пайдалы қазбаларын зерттеді. 1953-1956 жылдары Н.А.Афаничев пен А.Е. Савичев (1958)ЖетісуАлатауының солтүстік-шығыс бөлігінің жалпы стратиграфиялық сызбасын жасады, құрылымдық-фацияльды зоналар мен зона тармақтарына бөлді.
Л.К.Диденко-Кислицина, Е.П.Кислицин Жаманты-Тентек өзендерінің алабында (1965-198о) кайназой түзілімін бөлді және Жетісу Алатауының қазіргі тектоникалық құрылысын, жер бедерінің қалыптасуын зерттеді.
Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің жербедерінің қалыптасу заңдылықтырын зерттеуге 1960-1990 жылдардың аралығында белгілі ғалым Л.К.Диденко зор үлес қосты. Ол неоген-төрттік дәуірлерде жүрген неотектоникалық қозғалыстардың Жетісу Алатауы мен Алакөл ойысының қазіргі жер бедерін қалыптастырудағы алатын орынын жан-жақты зерттеді.
1.2 Алакөл ойысының геологиялық құрылысы.
Алакөл ойысының геологиялық құрылысы.Алакөл ауданы геотектоникалық құрылысының ерекшелігіне сай екі тектоникалық құрылымнан тұрады Солтүстігі эпигерциндік жас платформаның қатарына жататын Тарбағатай Жетісу Алатауларын бір-біріне бөліп жатқан кринтодепрессиялық Алакөл ойысы. Оңтүстігі герцин қатпарлығына жататын Жетісу Алатауының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлі. [4,5]
Кристалды іргетасы 1-2 шақырым тереңдікте орналасқан мезозойда іргетасының көтерілуіне байқалғанымен кайназой эрасының екінші жартысындағы неотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде көршілес жатқан Жетісу Алатауы, Барлық-Майлы, Тарбағатай тауларының көтерілуіне байланысты Алакөл ойысының іргетасының мантияға батуы қарқынды жүрді.
Ойыстың кристаллды іргетасының бетіне шөгінді қабаттардың жабуы жоғары Юра дәуірінің соңында басталды. Бұл кезеңде теңіз трансгрессиясы басталып, палеоген дәуіріне дейін ежелгі саяз теңіз алып жатты. Теңіздің табанына сазды құмды гипсті шөгінділер аккуммулцияланды. Кайназой эрасының полеоген дәуірінде теңіз біртіндеп тартылып құрлыққа айналды. Неоген-төрттік дәуірлерінде жүген геотектоникалық қозғалыстарға байланысты кристалды іргетасының қарқынды түрде мантияға батуы байқалды.
Таулардың көтеріліп теңіздердің регрессиясының (тартылуының) байқалуы палеоклиматтық жағдайды бірден өзгертіп, климаттың аридтенуі байқалды (М.И.Давидова, Э.М. Раковская. Физическая география СССР,-М: Просвещения 1991. 222-229стр.Физическая география Республики Казакстана / под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998.33-36 стр.)
Неотектониқалық қозғалыстың нәтижесінде Жетісу Алатауы, Барлық-Майлы, Тарбағатай, тауларының қайта жаңғырып көтерілуіне сай үш рет мұзбасу үрдісі жүрді. Олар: Рисс, Миндаль, Вюрм. Біріншісі жабын мұздық болса екінші, үшіншілері жартылай жабын сипатындағы мұздықтар болды. Олардың алғашқысының тігі теңіз деңгейінен 800-1000 метр биіктікте орналасса екінші үшіншілерінің 1600-2000 метр биіктікке дейін түсті. Мұзбасу аралық кезеңде қалыңдығы 1000 метрге дейін жеткен мұздықтардың қарқынды еруінің нәтижесінде аблясия аймағынан тысқары орналасқан Алакөл ойысының тау етегіне таяу бөлігіне қалыңдығы бірнеше метрге жететін мореналы шөгінділер жинақталды. Мұзбасу жүрген кезде болған қуатты топансу тасқыны биік таудан тас малданған өте ұзақ тау жыныстарын ойыстың оңтүстік-батыс, Солтүстік-батыс және Оңтүстік шығыс бөлігіне шөктіруіне қазіргі Сарықұм, Қарақұм құмды алқаптарының түзілуіне әсер етті. Алакөл ойысының терең бұрғылау жұмыстарын жүргізген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесіндегі тау жыныстарының Стратeграфиялық қимасына талдау жасай отырып төрттік дәуірдегі палеогеографиялық, палеоклиматтық жағдайды анықтаған төрттік дәуірдегі мұзбасу кезеңіндегі ылғалды плювиальды климатты мұзбасу аралық кезеңінде құрғақ ксеротермальды климатпен алмасып отырады.
Құрғақ климатты кезеңде жинақталған қалың шөгінді жыныстар жел әрекетінен өңделіп қалың лессті жыныстар түзілді. Құрылықтың ұлғаюына байланысты жалпы алғанда төрттік дәуірде шұғыл континентті аридті климат жағдайы сақталды. Алакөл ойысының аумағының елу пайызын Төрттік дәуірдегі ежелгі мұзбасулар мен мұзбасу аралық кезеңдерде түзілген борпылдақ және кесек шөгінді тау жыныстары құрайды. Ойыстың кристаллды іргетасының бетін төменгі, орта және жоғарғы палеозойдың мезозой мен кайназойдың қалың шөгінді жыныстары құрайды. [4,5]
Төменгі палеозойдың сазды тақтатас, кремний жолақты сазды тақта тас мәрмәр мен диабаздардан тұратын шөгінді және метаморфты жыныстары Жоңғар тектоникалық жарығының бойында Ырғайты өзенінің таудан жазыққа шығар жерінде шоғырланған.
Юра дәуірінің шөгінділері Алакөл ойысының шығысындағы үлкен Қажу тауында шағын дақ түрінде тас көмірдің шөгінділерінің бетін жауып жатыр. Палеоген дәуірінің шөгінділері әртүрлі гипсометриялық деңгейде ойыстың барлық бөлігінде дақ түрінде шашырай таралған. Олардың қатарына кірпіш сияқты қызыл түсті саз, сыр түсті мергель, ашық көгілдір аспан түстес құм мен кониемераттар жатады. Төрттік дәуірдің шөгінділері Алакөл ойысының беткі қабатын жауып жатыр. Таулы алқаптарда олар тек өзен аңғарларында тараған.
1949 жылы Төрттік дәуір шөгінділерін картаға түсірген белгілі геолог К.В.Курдюков полентологиялық негізсіз шартты түрде топтастырды. Ол қызыл кірпіш түсті саздық бетіндегі барлық шөгінділерді Төрттік дәуірдің шөгінділердің қатарына жатқызады. Бұл тұрғыдан алғанда ешбір ғалымдардың таласы жоқ болғанымен жеткілікті полеонтологиялық негізсіз топтастыру шарты болып саналады. Қандай да бір күмәнді полеогеннің қызыл-қоңыр сазы бірден жояды.
Төрттік дәуірдің ең ежелгі жыныстарының қатарына ойыстың Жетісу-Алатауымен шектесетін бөлігіндегі кесек моренналы шөгінділер жатады. Олар қызыл-қоңыр саздық бетінде жатады. Оның бетін қалың сазды, құмды, сазды шөгінділер жауып жатыр. Олар ежелгі мұзбасулардың абляция аймағында немесе одан тысқары аймақта шөккен асырылу конусы болып табылатын моренналы және сазды шөгінділер Төрттік дәуірдің түпкілікті жыныстары болып табылады. Ескі өзен атаулары болып табылатын Алакөл ойысының орталық бөлігінде көлдік және өзендік алновиальды шөгінділер таралған.
Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің гегогиялық құрылысы. Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігі Кембрийге дейін Шығыс Европа, Сібір, Тарым, Қытай, Корея платформаларының аралығында бөліп тұрған Орал Монғол (Орал–Тянь-Шянь) қатпарлы белдеуінің құрамына кіреді. [6]
Тас көмір дәуәрәнде қазіргі Жетісу Алатауының аумағыаумағында қарқынды тектоникалық қозғалыстардың жүруінің нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік- шығыс бөлігі тұрақсыз қозғалмалы облыстарға айналдырды.
Кембрийге дейінгі архей протерозой эрасында қазіргі Жетісу Алатауының орнында ежелгі платформаларды бір–бірінен бөліп жатқан геосинклинальды белдеу болған. Палеозой эрасының екінші жартысындағы таскөмір, пермь дәуірлерінде Жетісу Алатауы түзілді. Герцин қатпарлығының орынын кембрийде Жетісу Алатауының аумағын теңіз суы алып жатты.
Теңіз табанында эвгеосинклинальды типтегі кремнийдің сазды тақта тастары, тиллит тәрізді конглемераттар (ежелгі мұз басулар нәтижесінде түзілген) мен хемогенді эффузивті шөгінділер жинақталды. Теңіздерден кембирийге дейінгі қатпарлықта түзілген жанартаулық аралдар көтеріліп тұрды. Кембирий дәуірінің палеоклиматы құрғақ әрі ыстық болуымен ерекшеленді. Кембрий дәуірімен салыстырғанда Ордовикте аймақтағы геологиялық режимде айтарлықтай күрделі өзгерістер болған жоқ. Теңізден аралдар тізбегі көтеріліп тұрды. Тау жыныстарының шайылуы нәтижесінде теңіз табанына кремний сазды шөгінділер жинақталады. Таскөмір дәуірінің бірінші жартысы мен соңында магмалық әрекет қарқынды жүрді. Терең тектоникалық жарықтарда жүрген интрузивтік әрекеттің нәтижесінде ультра негізгі және негізгі тау жыныстары түзілді. Таскөмір дәуірінің басында климат девондағыдай құрғақ, ыстық болғанымен трансгрецияның артуы нәтижесінде теңіздердің аумағының артуына сай климат біршама жылы әрі ылғалды болады.
Төменгі таскөмірдің соңында қуатты қатпарлану үрдісінің жүруіне байланысты Жетісу Алатауының Солтүстік бөлігінің негізгі жоталар тізбегі Тастау, Күңгей, Жабық, Жүнжүрек, және Солтүстік-Орталық жотаның біліктік бөлігі мен олардың аралықтарын бөліп тұрған тектоникалық иіндер түзілді. Герцин қатпарлығының нәтижесінде түзілген тау жоталары тауаралық ойыстарға орасан зор кесек шөгінді жыныстардың жинақталуына мүмкіндік берді. Олардың қатарына пермнің жоғарғы қабатында жинақталған кремнилі және сазды тақта тастар, кремнилі құм тастар, жанартаулық күлдермен спилиттер жатады. Жетісу Алатауының қиыр солтүстік-шығысында теңіз маржандарының фациялары мен қызыл түсті сазды жыныстарды кездесуі Силурда жылы субтропиктік климаттың басым болғанын көрсетеді [6]
Нәтижесінде қазіргі Жетісу Алатауының солтүстік-шығысындағы Қайқаң, Күңгей, Тастау, Жүнжүрек, Шыбынды жоталарының тізбегі түзілді. Ерте тас көмірде батыс Жетісу Алатауының солтүстік-шығысының орнындағы теңіз табанына эвгеосинклинальды шөгінді қабаттар жиналып, орта және жоғарғы тас көмірде құрлық бетінде эффузивті шөгінділер жинақтала бастады. Қазіргі пішініне ұқсас болды. Орта және төменгі тас көмірдің шөгінділері негізінен құрлықтың конгомераттардан, құмтастардан, әктастардан, жанартаулық күлдерден тұратын эффузифті–шөгінді кешендерден құралған. Тас көмір дәуірінің уақыт пен кеңістік ішіндегі палеоклиматтық жағдайлары алуан түрлі болды. Жоғарғы тас көмірде құрлықтың көлемінің біртіндеп ұлғаюына байланысты төменгі тас көмірде палеоклимат құрғақ болып, соңында біртіндеп ылғалданды. Орта және жоғарғы тас көмірде климат тағы да құрғай бастады. Тас көмір дәуірінде герцин қатпарлы облысында интрузивті әрекеттер қарқынды жүрді.
Пермь дәуірінде тектоникалық қозғалыс тіктеліп Жетісу Алатауының аумағы платформалық режимге көше бастады. Герцин қатпарлығы нәтижесінде түзілген кесек тау жыныстарының қалың қабаты Сапақ-Айпара, Ойжайлау, Қараүңгір, Байыс, Бақай Сарыбөктер, Шолақ сияқты тауаралық тектоникалық ойыстарға шөкті. Жетісу Алатауындағы пермь дәуірінің шөгінділері негізінен құмтастардан, алевролиттер мен әктастардан, құрлықтық эффузивті–кесек тау жыныстарының қалың қабаттарынан тұрады. Пермде Жетісу Алатауында селигумитті ылғалды климат қалыптасты [8]
Пермде аймақта интрузивті әрекет біршама қарқынды жүрді. Герцин тектогенезі аймақтың ежелгі құрылымдарын күрделендірді. Мезозой эрасында аймақта толығымен құрлықтық жағдай сақталып, денудация үрдісінің нәтижесінде біртіндеп аласарып тегістеле бастады. Палеогенде ұсақ шоқылы асала таулы аймаққа айналды. [9] Мезозой эрасының триас дәуірінде Жетісу Алатауының аумағында толығымен құрлықтық жағдай сақталды. Климаты ыстық континентті құрғақ болуы тау жыныстарының химиялық үгілуін күшейтті. Триастың соңында тауаралық иіндер мен тау беткейлеріне шөкті. Тектоникалық әрекеттер жарылуға дейін барғанмен, Сапақ-Айпара, Ойжайлау, Бақай, Байыс сияқты иіндердің іргетасының біртіндеп мантияға батуы байқалды. Палеографиялық зерттеулердің деректеріне қарағанда триас дәуірінің соңы мен юра дәуірінде Жетісу Алатауының климаты біртіндеп ылғалдана бастады.
Ылғалды климат жағдайларында ағаш тәрізді папоротниктен, қырықбуыннан, плаундар мен қылқан жапырақты ағаштардан тұратын орман флоралары тауаралық тектоникалық ойыстарда кендірлік тас көмір кен орнының түзілуіне қолайлы жағдай тудырды. Ылғалды климат жағдайында үгілу қабатында сілтісізденген коалинді шөгінділер түзілді. Алтайдағы төменгі бор шөгінділері негізінен тауаралық тектоникалық ойыстарға жинақталған құрлықтық жағдайда түзілген. Қызыл түстік саздар мен қиғаш қабатты құмдар мен конгломераттардан тұрады.
Бор дәуірінде құрғақ және аридті климат бірін–бірі алмастырып отырды. Палеогенің соңы мен неогеннің басында Альпі қатпарлығының нәтижесінде Алтай тауының қайта жаңғырып біртіндеп көтерілу үрдісі болды. Тау жоталарын бір–бірінен бөліп тұрған тауаралық аңғарлар мен Зайсан қазаншұңқырына кесек конгломератты шөгінділер жинақтала басталды. Неогеннің соңы мен төрттік дәуірдің басында қазіргі Лепсі, Тентек, Ырғайты өзендерінің аңғарлары пайдаболды. Ерте және орта плиоценде Памир, Капетдаг, Кавказ тауларының қатпарлануына байланысты Жетісу Алатауыдада қарқынды қозғалыстар жүріп, төрттік дәуірінде (төменгі және жоғарғы плейстоценде) 2000-3000 м дейін көтеріліп, қатпарлы – жақпарлы жаңғырған биік тау жүйесіне айналды. Құрлықтың көлемінің ұлғайып, ежелгі теңіздердің тартылуына байланысты шамамен 600 мың жыл бұрын Жетісу Алатауындаежелгі плейстоцен мұз басуы басталды. Ол шамамен 10 –12 мың жыл бұрын аяқтады. Белгілі гляциолог ғалым П.А. Черкаосовтың пікіріне сүйенсек Алтайда үш мұз басу жүрген (Рисс Минадаль Вюрм) олардың алғашқысы жабын болса, соңғысы жабын сипатында болды. [9]
Климаттағы күрт суынудан жүрген ежелгі төрттік мұз басулары мұз басу аралық кезендермен алмасып отырды. Мұзбасулар мен мұзбасу аралық кезендердің алмасуы нәтижесінде қазіргі терең сайлы тауаралық аңғарлар мен қар аңғарлары түзіліп қазіргі жер бедері қалыптасты.
1.3 Алакөл ауданының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері
Морфологиялық тұрғыдан алғанда Алакөл ауданының жер бедерінің әр түрлі пішіндерінің үйлесуімен ерекшеленеді. Мұнда биік тау жоталарымен қатар тегіс жазықтар басым. Тегіс жазықтар көп қазан шұңқырлары (Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, Ұялы), борпылдақ жыныстары уақытша ағынсулардың шаюынан түзілген жыралар сияқты жер бедерінің теріс пішіндері мен қатар көл жағалауындағы дюналар, бұйраланған құм жолдары сияқты оң пішіндері күрделендіреді. Алакөл ауданының жер бедерінің әр түрлі пішіндерінің үйлесуі қалыптасу тарихының күрделілігін көрсетеді.
Алакөлдің деңгейінің абсолют биіктігі 340 метрдей Жабық, Күңгей тауларының етегінде 600-750 метрге дейінгі аралықта ауытқиды. Тау етектерінен Алакөлге қарай еңіс болып келуімен ерекшеленеді. Жер бедерінің қазіргі пішінінде эндогендік және экзогендік күштердің әрекетінің бір-бірімен өзара байланысы айқын байқалады.
Ауданның солтүстік бөлігіндегі Алакөл ойыстың орталық бөлігіндегі көлдік, өзендік алювиальды жыныстардың шоғырлануы экзогендік күштердің әсерінен бос тау жыныстардың аккумуляциялау үрдісінің басым болғанын көрсетеді. Керісінше палеозой эрасының ежелгі кристалды жыныстары жер бетіне шығып жатқан жерлерде жер бедерінің қатты тілімделуі тектоникалық қозғалыстардың әрекетінен түзілгенін көрсетеді. Оған тік беткейлі тар шатқалды, сарқырамалы, шоңғалды болып келетін Жаманты, Тентек, Ырғайты өзендерінің аңғарлары мен Жетісу Алатауының Алакөл ойысына ұласатын бөктерлеріндегі кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатқан тау бөктерлері мысал болады. [6]
Тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жарықтар түзілетіні белгілі. Алакөл ойысының солтүстік-батысынан оңтүстік шығысына бағытталған терең тектоникалық жарықты бойлай, «Барлық Арасан термальды ысьық бұлағы» жер бетіне шығып жатыр. Оның жер бетіне шыққандағы температурасы +42о.
Аудан аумағының жер бедерін геоморфологиялық тұрғыдан ойпатты жазық, биік таулы және тауаралық тектоникалық иіндердің жер бедеріне бөліп қарастыруға болады. Алакөл ауданының жер бедерін орографиялық тұрғыдан төменде көрсетілген 3 топқа бөлуге болады.
- Жазық бөлігі;
- Орташа биік және биік таулытаулы алқаптары;
- Тауаралық ойыстардың жер бедері;
- Жазықтағы төбелі-жалды құмды алқаптар
Алакөл ойысының Жер бедері. Алакөл ойысының жазық бөлігі шығу тегінің белгілеріне қарай көлдік-алювиальды және тауалды көлбеу жазық болып екіге бөлінеді. Көлдік-алювиальды жазықтар Алакөлдің солтүстік және шығыс жағалауларында орналасқан морфологиялық тұрғыдан алғанда көлге қарай байқалмайтын еңіс болып келетін иілген жазық. Оның беті салыстырмалы түрде тегіс. Оның бетін Жаманты, Тентек, Еміл, Ырғайты өзендерінің аңғары ғана бұзады. Жазықтың теңіз деңгейінен биіктігі 350-400 метр аралығында ауытқиды. Беткі қабаты ұсақ түйіршікті көлдік, өзендік құмды, сазды сұр түсті сазды шөгінділерден тұрады. [7]
Оңтүстік- батыс және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі көлдік-алювиальды жазықты ұзындығы ондаған шақырымға созылатын қамысты-қоғалы сазды шалғындар алып жатыр. Олар Сасықкөлге құятын Тентек, Алакөл мен Жалаңаш көлдің аралығындағы Ырғайты өзенінің сағасында айқын байқалады.
Тауалды көлбеу жазықтары Жетісу Алатауының, Қайқаң, Жабық, Күңгей тауларының Алакөл ойысына ұласар шекаралық бөлігінде тараған. Алакөлге қарай еңістігі айқын байқалатын көлбеу жазықтың ені 10-20, ұзындығы 100-150 шақырымға дейін жетеді. Жазықтың оңтүстік-шығыс бөлігінің беті уақытша ағын судың эрозиялық әрекетінен бұзылған. Еріген қар, жаңбыр суларының тау жыныстарын шаю үрдісінің барысында мұнда құрғақ аңғалар, сайлар түзілген. Кейбір сайларда шағын бұлақ бастауларда болады.
Алакөл ойысының тауалды көлбеу жазықтары ежелгі мұз басулардың, сонымен қатар тұрақты және уақытша ағын сулар тасымалдаған бос тау жыныстарының шөгуінен түзілген ысырылу конусы немесе шлейфі болып табылады. Көлбеу жазықтардың теңіз деңгейінен биіктігі 400-900 метр аралығында ауытқиды. Шолақ , Ақшакүңгей тауларының етегіндегі көлбеу жазықтарда гифсофитті қиыршық тасты шөлдер қалыптасқан .
20 ғасырдың басында В.А.Обручев ысырылу конусы болып табылатын кесек тау жыныстарының қалың қабатының бетіндегі жұқа сазды лессті топырақта жусан, қараған, боялыш сияқты сирек өсетін шөл өсімдіктері тараған. Малта тасты моренналы жыныстардан тұратын көлбеу жазықтардың аралығындағы нашар байқалатын құмды, малта тасты, қиыршық тасты болып келетін құрғақ арналарда бұталы өсімдіктер таралған деп жазды. [8]
Күңгей, Жабық тауының солтүстік беткейінің етегін бойлай ен, 10-15 шақырымға жететін көлбеу зандрлы белесті жазықтар созылып жатыр. Ол кей жерлерінде биіктігі 791 метрге дейін жететін ақтас, Қызылқора, Егіз Қызыл сияқты жекелеген биік төбелердің кездесуі мен көлбеу жазықтарға қарағанда көлге қарай еңістігі жақсы байқалуымен ерекшеленеді.
Литологиялық тұрғыдан алғанда негізінен кесек малта тасты-қиыршық тасты ысырынды моренналы және оның бетіне шөккен сазды, құмды-сазды жыныстардан тұрады. Жазық теңіз деңгейінен 400-800 метр биіктік белгілері аралығын қамтиды ( В.А.Обручев 1940 Пограничная Джунгария Т.З.Вып. г. Л-М: издательство А.Н. СССР 208 стр)
- Алакөл ойысының геоморфологиялық құрылысы.
Алакөл ойысының қазіргі жер бедері ішкі эндогендік және сыртқы экзогендік күштердің өзара үйлесімді әрекетінің нәтижесінде түзілген. Ішкі күштер әртүрлі неотектоникалық құрылымдарды түзді. Ішкі күштердің әсерінен тік беткейлі Тарбағатай, Барлық-Майлы, Жетісу Алатауларын бір-бірінен бөліп тұрған, жер қыртысының төмен түсіп іргетасының мантияға батуынан кең көлемді криптодепрессия түзілді.
Н.Н. Костенконың (1940ж), З.А. Сваричевскийдің (1952ж) және Я.В. Курдюковтың (1954ж) пікіріне сай Балқаш-Алакөл ойыстары плиоценнің соңы мен төрттік дәуірдің басында қуатты тау түзілу қозғалыстарына ұшырады. Нәтижесінде басты ографиялық бірліктер солтүстігінде Тарбағатай, шығысында Барлық-Майлы, баысында Жетісу Алатауы қайта жаңғырып Орта биік және биік қатпарлы- жақпарлы тау жүйелері түзілді.[7.8]
Егер эндогендік күштер ірі тау жүйелерін қалыптастырса, сыртқы күщтер оларды аласартып тегістеп бұзушы қызметін атқарады.
Сондықтан Алакөл ойысының жер бедерін қалыптастыруда сыртқы күштер ішкі күштермен бірдей деңгейде роль атқарады. Тау беткейлеріндегі тік беткейлі тар шатқалды өзен аңғарлары мен жайылмалары көл жағалауындағы абразиялық аккумулятивтік үрдістер сыртқы күштердің әсерінен түзілген.
Екінші жағынан ішкі күштердің әсерінен түзілген жер бедерінің тегістелуіне үгілу үрдісі қатты әсер етіп, үгілу өнімдері кесек және борпылдақ тау жыныстары тау аралық ойыстар мен аңғарларға шөгеді. Олардың қатарына төмендегі өнімдерді жатқызуға болады:
- Кесек қорымтастардың жиналуы;
- Қорымтастардың құландылары;
- Жылысу үрдістерінің жинақталуы;
- Солифлюкциялық өнімдердің жиынтағы;
- Корозия дефляция үрдісінің өнімдерінің жиынтығы.
Ойыстың орталық бөлігіндегі Алакөл мен оңтүстігіндегі Жалаңашкөлдің бір-бірімен көршілес жатуы жазықтың көл маңында ерекше геоморфиялық сыртқы үрдістердің қатар әрекеттесуінің нәтижесінде ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде түзілді.
Жер бедерінің геоморфологиялық типтерін бір-бірінен айқын ажыратылатын екі үлкен генетикалық топқа бөлуге болады. Олар жалпы морфологиялық пішініне ішкі және сыртқы күштердің бірінің басым болуымен де ерекшеленеді. ( З.А. Сваричевская. Геоморфология Казахстана и Средней Азии -Алма-Ата: Наука 1965 125-127 стр. К.В. Курдюков Возраст Джунгарского разлома –изв А.И. СССР сер. Геол. №6 1954 34-36 стр)
Алакөл ойысының жер бедерінің геоморфологиялық типтерін шығу тегіне қарай топтастыру (Жандаев бойынша)
Алакөл ауданының тектоникалық эрозиялық жер бедері.Алакөл ойысындағы жер қыртысының көтерілген блоктарынлағы сыртқы күштердің бұзушы әрекетіне берік тығыз желімделген дисслокоцияланған тау жыныстарында қалыптасады. Ол жер бедерін түзеуде тектоникалық қозғалыс басым болатын денудациялайтын күштер ішкі күштерге бағынышты роль атқаратын жер бедерінің оң пішіндері басым болатын аумақтарда тарайды.
- Жер бедерінің эрозиялық-тектоникалық типтері Үлкен Арқарлы, сллтүстік бөлігіндегі жер бедерінің көтеріңкі бөлігінде кең тараған. Борпылдақ бос жыныстарынан тұратын жер бедерінің тегіс пішіндері басым болатын аласа таулы жер бедерінің бұл типтері негізінен Алакөл ойысының оңтүстік бөлігіндегі Белқайың, Шолақ тауларында таралаған. Ол төбесі текшелі шағын үстіртті болуы мен ерекшеленеді.
- Ұсақ шоқылы жер бедері. Негізінен ойыстың оңтүстік-батыс бөлігіндегі Арқарлы тауында таралған. Жер бедері негізгі тектоникалық кемерлерге бағеытталған бірнеше қатарлы ұсақ шоқылы болдып келеді. Жер бедерінің бұл пішіндері таулармен жазықтың аралығында орналасып солтүстік шығыстан, оңтүстік батысқа бағытталып созылып жатқан жолдардың аралығында таралған. Олар 650-1100 м аралығындағы абсолютті белгілерді қамтиды. Жер бедерінің бұл типіне 1915 жылы В.Н. Обручев төмендегідей сипаттама берді:
Бұл тау емес қысқа жалдар мен қырқаларға ұласатын шоқылар мен аласа төбелер тобын құрайды. Олардың беткейлерін түпкілікті жыныстардың үгілу өнімдері жауып жатыр. [9]
Алакөл ойысының жер бедерінің аккумулятивті пішіндері. Аудан аумағының аккумулятивтік жер бедері үш ірі топқа бөлінеді.
- Барлық, Қату тауларының етегіндегі элювиальды-пролювиальды көлбеу
жазықтар;
- Алювиальды көлдік жазықтар;
- Эолдық аккумуляция таралған аумақтар.
Аккумулятивтік жер бедерінің аталған үш түрінің әрқайсысы жер бедерінің ерекшелігіне, геологиялық құрылысының сипатына сай бірнеше тип тармақтарына бөлінеді.
Алакөл ойысының аккумулятивті пішіндері. Алакөл ойысының жер бедерінің морфомүсіндік пішіндерін қалыптастыруда жел ерекше роль атқарады. Аймақтың көтеріңкі бөлігінде жер бедерінің тегіс емес пішіндерін бұзса жазықтарға үрленген ұсақ тау жыныстарын шөктіреді. Жылдамдығы 40-50 метр секундқа дейін жететін күшті желдер әкелген құм қиыршықтарының ұрғылауынан қатты тау жыныстарында ұяшықтар мен ойықтар пайда болады. Аймақта жел әрекетінен түзілетін жер бедерін екі үлкен топқа бөлуге болады.
- Дефляция және корразия үрдістерінің әсерінен түзілетін жер бедерінің эолдық пішіндері
- Желдің аккумулятивтік әрекетінен түзілетін жер бедерінің пішіндері.
Дефляциялық-корразиялық жер бедері Шолақ, Ақшакүңгей тауларының етегіенде кең тараған. Олар шағын аумақта таралған және таулардан ұшырып әкелген ұсақ құм қиыршықтарынан тұрады. Жер бедерінің дефляциялық- корразиялық пішіндеріне ірі кристаллды гранитті, жартастардағы жел үрлеуінен түзілген ұяшықтармен ерекше мүсінді пішіндер жатады. Тұрақты түрде күшті жел соғатын Жоңғар қақпасында мұнаралы бағана тәрізді. Жер бедерінің эолдық пішіндерінің ерекше түрлері таралған. Ол туралы академик В.А. Обручев эолдық таулар атты еңбегінде жазды. Бармаққұм, Тасқарақұм,Бүйіқұм құймы алқаптарында желдің үрлеуінен түзілген жер бедерініңм теріс пішінді терең ойыстар мен шұңқырлар жиі кездеседі. Эолдық аккумуляция таралған аудандар.
Жер бедерінің басқа пішіндеріне қарағанда эолдық аккумулятивтік жер бедері Алакөл ойыс ының басым бөлігін алып жатыр. Жер бедерінің эолдық пішіндері негізінен Алакөл ойысының солтүстігінде таралған .Олар өсімдіктермен бекіген құмды алқаптардың қатарына жатады. Негізгі құмды алқаптар Барлық-Майлы тауларына ұласатын Достық теміржол бекетінің маңындағы Қарақұмда Арқарлы тауының етегіндегі Сарықұм, Қарақұм шөлдерінде орналасқан. Жер бедерінің сипаты мен морфологиялық белгілеріне қарай бекіген жалды тоқталған төбелі белесті — белді және бекімеген сусымалы құм төбелері дюналы құмдарға толптастырылды. Құм жалдарының көлденең қимасы ассиметриялы болып келеді. Көлбеулігі 30-450 дейін жетеді. Солтүстік беткейі тік, оңтүстік шығыс беткейі ұзын әрі біршама көлбеу болып келуімен ерекшеленеді. [8,9]
Құм жолдарының барлық ұзындығына жүзгін, шеңгел, сексеуіл мен жусанды астық тұқымдас өсімдіктермен бекіген. Кей жерлерінде ұсақ түйіршікті сарғыш-сұр түсті құмдар таралған. Аталған құмды алқаптар негізінен кварцитті құм түйіршіктерінен, сирек жағдайда дала шпаты мен кварцит түйіршіктерінен тұрады.Бекіген құмтөбелерінің шоғырлары Жалаңашкөлдің солтүстік шығысында орналасқан. Бұл шағын құмды алқап солтүстігінде Құсақ өзенінің аңғарына дейін жетеді. Құм төбелерінің шоғырынан түзілуіне солтүстік – батыс бағыттан соғатын Сайқан және оңтүстік шығыстан соғатын Ебі желі әсер етеді ( В.А.Обручев 1940 Пограничная Джунгария Т.З.Вып. г. Л-М: издательство А.Н. ССР 1932 г. 55-60 стр.)
Олар сексеул, қараған жүзгін сияқты бұталармен және астық тұқымдас шөптесін өсімдіктермен бекіген, Құм төбелердің биіктігі 5-6; ені 10-15; ұзындығы 20-30 метрге дейі жетеді. Бектейлерінің көлбеулігі 20-250 дейін жетеді. Құм төбелерінің аралықтарын кең ойысты шұңқырлар бөліп жатыр.
Достық теміржол бекетінің маңына жақыдағанда құмтөбелерінің аралығында шағын тақырлар кездеседі. Шығысында теміржлдан шамамен 400-600 метр қашықтықта құмтөбелер тегістеліп біртіндеп жербедерінің эолдық пшіндері жойылады. Жартылай бекіген белесті құм жалдары Барлық тауының етегінде Емел өзенінің аңғарына бағыттас ендік бағытта созылып жатқан бірнеше белесті құм жолдарының тізбегінен тұрады.
Алакөл ауданының таулы алқаптарының жер бедері.Аудан аумағына Жетісу Алатауының солтүстік-шығысындағы Қандыарық (3668), Батыртас (3578), Тастау (3546), Күңгей (2919), Қайқаң (2385), Шыбынды (1461), Ақшакүңгей (2040), Сандықтас (3439) жоталары кіреді.н. Жетісу Алатауының шығысының биіктік белгісі 2500 м. Тау алды алқаптары жер бедерінің тізбекті, тізбекті-күмбез тәрізді, тізбекті-жонды, конус тәрізді типтерінен тұрады. Мұнда ежелгі пенеплендер мен көтерілулер дамыған.
Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде орналасқан.Басқа биік таулы аудандардан айырмашылығы біліктік жоталардың жалдары барлық ұзындығында іс жүзінде 4000 метрден аспағаны мен Жетісу Алатауының ең биік бөлігі болып табылатын Лепсі, Тентек6 Ырғайты өзендерінің бастауында Абай (4990м.,) және Шумский (4442м.,) Сандықтас(3722м) шыңдары орналасқан.Олардың аралығында сәуір қыркйек айлаорының аралығында асуға қолайлы альпенизмді дамытуға мүмкіндік беретін Талды,Тарлаулы,Көкетау,Ашықкөтен, Сарыбөрік, сыяқты асулар шоғырланған. Олардың ішіндегі ең ең аласасы Талды асу (3504м) болыптабылады. Биік таулы алқаптардың аумағындағы ендік бағыттағы негізгі жоталар тізбегіне перпендикуляр бағытта созылып жатқан ежелгі мұзбасулардың экзорациялық әрекетінен түзілген бүйір жоталары басқа аумаққа қарағанда енді болып келуімен ерекшеленеді. Олардың орташа биіктігі 3600-3800 метрден аспайды. Қазіргі және ежелгі мұздықтардың абляция аймағындағы Жаманты, Тентек өзендерінің бастауындағы Жасылкөл сияқтыэстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін бөгелмелі циркті көлдер альпенизм, танымдық ат және тау туризмдерін дамытуға қолайлы аумақ болып табылады. Ендік және субендік бағытқа созылып жатқан Солтүстік-Орталық жота мен Тастау, Күңгей жоталарының аралықтарын неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен түзілген абсалют биіктігі 1000-3000 метр аралығында ауытқитын Ойжайлау, Күнтай, Қараүңгі, Қарынбай жоны, Байыс, Бақай сыяқты үш деңгейлі тау аралық криптодепрессиялық ойыстар бөліп жатыр. Жоғарыда аталған жоталардың біліктік бөлігінің ірге тасы ірі антиклинорилі құрылымдар болып табылатындықтан сыртқы күштердің әсерінен өзгерістерге ұшыраған эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін табиғат ескерткіштеріне өте бай.. Таубеткейлерін ежелгі және қазіргі мұзбасулардың экзорациялық әрекеті терең әрі тік беткейлі тар шатқалды, терең өзен аңғарлар мен терең сайлы кар аңғарларынын қалыптастырған. Ойжайлау, Күнтай ойыстарының аралықтарын сыртқы күштердің әсерінен бұзылған неотектоникалық қозғалыстардың әсері баяу байқалған аридті климат жағдайында күшті денудацияланған Жүнжүрек(2333м) Жаманқотыртас(2480м) таулары бөліп жатр. Жүнжүрек, Күңгей, Тастау.Жабық жоталарының солтүстік беткейлерінің 1000-1400 метр биіктікке дейінгі бөлік аласа таулы бөлігінің беткейлерінің көлбеулігі 15-25º аралығында ауытқиды. Аңғардың табаны солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп биіктейді.
1400-2000 метр биіктік аралығндағы Күңгей, Жаманқотыртас тауларының солтүстік беткейінің аласа таулы бөлігі біршама тегіс әрі біртіндеп көтерілуімен ерекшеленеді. 2000-2600 метр биіктік аралығын қамтитын Ырғайты, Тентек, Жаманты өзендерінің жоғарғы ағысындағы орташа биіктіктегі таулы бөлігі биіктік айырмасы 800-1000 метрге жететін терең сайлар торымен тілімделген. Аласа таулы белдеуден бірінші айырмашылығы жауын-шашынның мол түмуіне байланысты ағыны қатты тау өзендерінің суының бұзушы әрекетінен түзілген жер бедерінің алуан түрлі эрозиялық пішіндері басым. Екінші айырмашылығы экзогендік әрекеттермен қатар неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен жүрген көтерілулер нәтижесінде түзілген ерекше тартымдылығымен көзге түсетін бірегей табиғи мүсін болып табылатын алып жартасты дайкалар, ысырынды моренналы төбелер,терең тілімделген кар аңғарлары мен циркті көлдер,соңғы вюрм мұзбасуының қайтуы кезіндегі сел әрекетәнеен түзілген қойтастар тау беткейлерінің келбетіне көрік беріп тұрады.
Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендері бастау алатын 2800-3500 метр биіктіктегі Жетісу Алатауының биік таулы бөлігі Күңгей, Тастау және Солтүстік-Орталық жоталардың біліктік бөліктерін қамтиды. Теңіз деңгейінен биікте орналасуына байланысты біліктік бөліктерінде эрозиялық-денудациялық және тік беткейлі альпілік жер бедері басым. Жауын-шашынның мол түсуінің әсерінен қазіргі мұзбасулардың
Негізгі жоталардың тегістелуі мәңгі қар қапасында 3500-4000 метр биіктікте сақталған. Жоңғардың солтүстік бөлігінің жоталарының бәрінде полеогенге дейінгі денудациялық жазықтар бар. Көптеген жерлерде 3000 метр биіктікте (Тастау жотасы) палеоген-неогенің қалдықтары жатыр. Солтүстік жотаның суайрығының қасында мұздармен бұзылған немесе шайылған және төбесі жартылай мұзданған мореналар орналасқан. Іле ойысының солтүстігіндегі Қарашоқы тауларында 6-7км жерде флювиальді қойтасты-малтатасты жыныстар жатыр. Жер бедері қарқынды эрозияланған үшкір опырмалы ойыста пайда болған күрделі тайғақ жарлары бар. Мұзды формалардың Жер бедері дамыған, яғни қарлы, соңғы мұзбасулардың мореналары, мұзды өзендер көптеген жазықтар, мұздықты иілген жазықтар кездеседі. Бірақ осы мұздар арасында да денудациялық жазықтардың фрагменттері көрінеді.
Орташа биік таулы белдеу — негізгі жоталардың тау сілемі немесе 2000-3000 м биіктікте негізгі жоталар орналасқан. Орташа биік таулы Жер бедері ауданының дамуы қуатты эрозияланудың әсерінен бөлшектелген. Таулардың тектоникалық бұзылған жерлеріндегі жарлар жарықталған. Орташа тауларда ежелгі мұзбасулардың іздері аз. Аласа таулар тау жүйесінің батысында ежелгі денудациялық жазықтар бөлшегі көлемді ауданды алып жатыр. Аласа тауларда көп жерлерде қойтасты-малтатасты жыныстар сақталған.
Таудан тауалды жазықтарына шыққанда өзендер жақсы шырынды қалыптастырады, өзендердің шеткі аймақтары аяқталмаған күрделі және сатылы болып келеді. Таудан шыққанда өзеннің құлауы ұлғаяды, сарқырама және жайылмасы пайда болған. Тауда өзендердің құламасы орташа 100 м, Ағыны қатты өзендерде – 115 м, Сарқанда -130, Лепсіде- 109 м.
Тауаралық жоталардың түйісуінен құлау 30-8 м/км-ге дейін азаяды, өзеннің тауалды жотасына шыққанда оларда теңескен күйде болады, ол жерде құлау 6-1,6 м/км болады. Өзендердің көбі биік таулардан бастау алады мұздық және қар суымен қоректенеді, көктемгі — жазғы тасқыны бар. Су жинайтын ауданы көптеген өзендерде 3000 км² жетеді (Сарқан 3300 км²). Тасу кезінде су шығыны 10-20 есе өседі. Тентек өзенінің орташа айлық су шығыны қаңтарда 9-15 м³/с, тасқын кезінде 200-360м³/с өседі.
Ол теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте орналасқан. Көлдің беткі ауданы 2400 шаршы шақырым. Орташа терңдігі 25 метр. Ең терең бөлігі 52 метр. Орталық үлкен және кіші Аратөбе аралы бөлігінде орналасқан солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа 110. Батыстан шығысқа 55 шақырымға созылып жатыр. Көлдің жағалау сызықтары қатты тілімделуімен ерекшеленеді.
ІІ. Алакөл ойысының климаты органикалық дүниесі.
- Алакөл ойысының климаты.
Алакөл ауданы географиялық орыны мен жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай ек түрлі климат типіне бөліп қарастыруға болады. Тау аралық криптодепрессиялық Алакөл ойсының климаты шұғыл континенті ,қысы суық жазы құрғақ болуымен, таулы алқаптарында жауын-шашын біршама мол, температура ауытқуы шамалы блоуымен ерекшеленеді. Евразия материгінің орталық бөлігінде орналасуына байланысты қысы суық, аязды, жазы ыстық, құрғақ шұғыл континентті болып келуімен еркшеленеді. Жан-жағын биік тау жүйесінің қоршап жатуына, Ебінұр ойысы мен байланыстыратын ені 10-15 шқрымнан аспайтын жіңішке қолаттық болуы, орталық бөлігінде Алакөлдің орналасуы әртүрлі метеорологиялық элементтердің әрекеттесуіне ықпал етеді. Жер бедернің қазан шұңқұр тәрізді болуына және Сібір максимумының батыс тармағына жақын орналасуына байланысты қысқы температура режимі төмендегенімен ерекшеленеді. /9/
Қыста жіңішке таулардың аралық аңғарлар арқылы Алакөл ойысының әртүрлі бөлігінен суық ауа ағындры енеді, антициклонды жағдай сақталады. Қараша мен наурыз аралығында бес ай бойы ауа температурасы 00 С төмен теріс күйіндесақталып қалады.
Қаңтардың орташа температурасы -15-160С аралығында аутқиды. –150 С төмен температуралардың қайталануы қаңтарда Үшаралда 25% температурадан –200 С төмен температура 6% Желтоқсанда мұндай температулардың қайталану 27% және 7% құрайды. Аймақтағы температура режимінің төмен болуына антииклон жағдайындағы ашық бұлтсыз ауа райы ықпал етеді. Қаңтарда ашық күнді ау райы 90% бұлтты күнді небары 10% құрайды.Қазан шұңқырлары жербедерінің ықпалы ашық антицклонды желсіз тынық күндері айқын байқалады. Ойыста ауа алмасуының болмауына байланысты ауа қатты суынып температура –440 С дейін төмендейді. Қыста аязды күндердің басым болатынын теріс температураның жиынтығының 12500 жетуі дәлелдейді. Қыстың ұзақтығы 130 күн. Аумақта Алматы облысындағы ең температурасы төмен аудан болып табылады Қыс кезіндегі ең жоғарғы температура 8 0 С. Ол жылы адвекция жүретін Ебі желі кезде байқалады. /10/
Оны аймаққа енетін ауаның күші трансфармациялануына байланысты. Солтүстік батыс жағының ашық болуына байланысты тұрақты қар жамылғысының қалыңдығы 27-29 сантиметрге дейін жетеді. Тұрақты қар жамылғысы 90-100 күнге дейін жатады. Қыс пен жаздың ұзақтығы бірдей болуымен ерекшеленеді. Жаз мамырдың бірінші он күндгінде басталып қыркүйектің екінші он күндігіне дейін созылады. Шілденің орташа температурасы +240 С шамасында (+230С … +23,90С ) жазда орташа температурасының 25% 250 С жоғары болады.
Жазда температураның күрт көтерлуіне жер бетінің жабын қабаты да әсер етеді. Жаз кезндегі ең жоғарғы температура +40 жазғы температураның жалпы жиынтығы 2700-28000 С температураның жиынтығы көршілес жатқан Балқаш маңы ойысінікі жақын. Аязсыз күндердің ұзақтығы 158-184 күн.
Алакөл ойысындағы орташа айлық және жылыдық температуралар көрсетілген. 2 кестедегі сандық деректерге талдау жасайтын болсақ теріс және оң телепература баласының бір-бірімен алмасуы наурыздың үшінші он күндігі мен сәуірдің басында жүреді. Ендік бойынша арақашықтығы соншалықты ұзын болмағанымен қиыр солтүстігі мен оңтүстігінің температура айырмасы біршама жоғары екенін байқауға болады. Солтүстігіндегі Аягөздің орташа жылыдық температурасы +2С болса қиыроңтүстіктегі «Достық» темір жол бекетіндегі көрсеткіш –6,5 тең.[10] Пузырова климатическое районирования южного Казахстана. Вопросы гографии Казахстана. Вып. Алма-Ата 1962 48 т 50 с
( Т.М. Тимофеев. Климаьическая характеристика Алакольской впадины. В сб. Вопросы географии Казахстана. Вып. 1ч Алма-Ата, наука Каз ССР 1985г. 20-30 ст. ) 1952. №7 ( Утешов А.С. Типичный для климата Казахстана внутри годовые соотношение месячных температур воздуха и атмосферных осадков. Вопросы геог. Казахстана вып.14. Алмат-ата 1968 18-20 стр. Целепанов О.М. Средняя Азия: — Алма-АтаГидрометелизат 1963. 155-157.) [13] Т А Есеркелова синоптикаметеррологическая усоловия оброзование сильного ветра. В джунгарских воротах. Труды Казнигми, вып л:1963. с 20-21
Аймақтың климат картасына талдау жасайтын болсақ ең жоғарғы температура Үшаралға +40о С Бақтыда +42о С Үржарада +41о С дейін жетеді.Жаз қысқа қарағанда біршама ұзақтығымен ерекшеленеді. Қыста Сібірден суық Артикалық ауа массалары енгенде кей күндері –40-45о С дейін төмендейді.
Жел режимі. Жер бедерінің ерекшелігіне байланысты көршілес жатқан аймақтар мен арада қысыммен температура айырмысының тууына байланысты қыс пен көктем желді болып келеді. Жазда көршілес жатқан аумақ пен арадағы температура мен қысым айырмасы жойылатындықтан желді күндер сирек байқалады. Алакөл ойысын қоршап жатқан тау жүйелерінің болуы. Ебінұр ойысымен тар тауаралық аңғар арқылы байланысуы қыста қысым мен температура айырмасын тудырып екі бағытта соғатын тұрақты Ебі және Сойқан желдерін қалыптастырды. Ебі желі Қытай Халық республикасының аумағындағы жан-жағын тау жүйелері қоршап жатқан Ебінұр ойысында қыста көршілес жатқан Алакөл ойысының аралығында қысыммен температура айырмашылығының тууына байланысты қалыптасып тар қолат Жоңғар қақпасы арқылы оңтүстік, оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа бағытталып 10,5 метр секунд жылдамдықпен (орташа көрсеткіші) соғады.
Жоңғар қақпасындағы Ебінің жылдамдығы кей жылдардың жекелеген күндері 70 метр секундқа дейін жетеді. [12 13].
Ол әсіресе көршілес жатқан ойыстар мен температура айырмасы артқан күз бен қыс айларында күшейіп, температура мен қысым айырмасы біртіндеп жойылған көктемнің екінші жартысында әлсірейтінін байқауға болады. Оны 3 — кестедегі желдің күшінің сандық көрсеткіштері айғақтайды.
Желдің орташа айлық жылдамдығының ең жоғарғы көрсеткіші қаңтар айында байқалады. Бұл кезеңде желдің орташа айлық жылдамдығы 37 метр секундқа дейін артады. Күннің көкжиектеп биіктеп температураның көтерілуіне орай наурыз-сәуір айларында ебінің жылдамдығы 19-7 метр секундқа дейін төмендейді. Мамырдың екінші жартысы мен шілде – тамыз аралығында тоқталып ашық тынық желсіз ауа-райы қалыптасады. Ебі желі соққанда Алакөл ойысында сырттан енетін ауаның есебінен жүретін адиабаттық жылыну байқалатындықтан қыста желді күндері температураның біршама көтерілуі байқалады.
2 Солтүстік, солтүстік-батыстан, оңтүстік, оңтүстік-шығысқа бағытталып соғатын Сайқан желі балқаш көлінің оңтүстік бөлігіндегі Сарыесік, Атырау құмды алқабында қалыптасып, ебіге қарсы бағытта негізінен Сайқан тауының солтүстік тізбегін бойлай соғады. 4-14 метр секунд жылдамдықпен соғатын жергілікті жел. Ол негізінен жазда орта есеппен 3,5-4,5 метр секунд жылдамдықпен соғады.3 кестенің деректеріне талдау жасайтын болсақ Ебі сияқты Сайқанда көршілес жатқан ойыстарда қысым мен температура айырмасының артуынан туады.
Ебіден айырмашылығы қыста күшейгенімен Балқаш-Алакөл ойыстарының аралығында Жоңғар қақпасындай тар қолаттың болмауына байланысты жылдамдығы 4-5, 14-15 метр секундтан артпайды. Қысым мен температура айырмасы біртіндеп жойылуына байланысты жазда Сайқан желінің күші біртіндеп 0 метр секундқа дейін төмендеп шілде-тамыз айларында баяулап ашық тынық желсіз ауа-райы қалыптасады.
[12] З.АСварчевский К. Историе Балкаш-Алакульской в падине вестник пен унив. сер биолог-геолог 1952. №7 ( Утешов А.С. Типичный для климата Казахстана внутри годовые соотношение месячных температур воздуха и атмосферных осадков. Вопросы геог. Казахстана вып.14. Алмат-ата 1968 18-20 стр. Целепанов О.М. Средняя Азия: — Алма-АтаГидрометелизат 1963. 155-157.) [13] Т А Есеркелова синоптикаметеррологическая усоловия оброзование сильного ветра. В джунгарских воротах. Труды Казнигми, вып л:1963. с 20-21
3-кестеде көрсетілген Алакөл ойысындағы басым желдердің сипатының сандық көрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, ауданның оңтүстік шығысындағы кіші Алакөл маңында желді күндердің саны 51-ге жетіп оңтүстік, оңтүстік шығыстан соғатын Ебі желі қазан-қаңтар айларының аралығында күшейеді. Орташа айлық жылдамдығы 11 метр секундтан 37 метр секундқа дейін артады.
Алакөлдің солтүстік- батыс бөлігінде түзіліп, оңтүстік шығысқа бағыттыалып соғатын Сайқан желі сәуір- мамыр айларнда күшейеді де орташа айлық жылдамдығы 2- 3 метр секундқа жетеді. Алакөл ойысындағы жел режимінде көлдің өзінде тікелей әсер етеді. Жергілікті жердегі ауа циркуляциясы көлмен көршілес жатқан таулардың арасындағы ауа айналымының нәтижесінде пайда болады. Мұнда жазда күндіз көлден құрлыққа, түнде қрлықтан көлге бағытталып соғатын күндізгі және түнгі бриздер мен таулы аңғарлық желдер байқалады.
Соңғысына Еміл өзенінің аңғарын бойлай солтүстік шығыстан, оңтүстік- батыс бағытта соғатын Бақты желі жатады. Ол түнде Алакөлдің жағалау аймағында күшейіп, күндіз бәсеңдейді. Оңтүстік- шығыстан соғатын Ебі желінің орташа жылдық қайталануы 45%, шығыстан соғатын 22%, солтүстік батыстан соғатын Сайқан желі 33% құрайды.
Жауын- шашынның орташа жылдық мөлшері 175- 521мм аралығында ауытқиды. Жылдың жылы мезгілінде жылдық жауын- шашынның 57- 63% түседі. Оны қыста антициклондық жағдайдың күшеюімен түсіндіруге болады. Жауын- шашанның көп бөлігі теріс және оң радияциялық баланс бір- бірімен алмасатын кезеңде мол түсетіні байқалады. Қыста және жазда қарқынды атмосфера жүретін ауасының трансформациялану үрдісі жауын- шашынның жыл жыл ішіндегі таралуын біршама жұмсартады. Оған ең ылғалды және ең құрғақ айда түсетін атмосфералық жауын- шашынның айырмасы 19-23 мм- ден аспауы дәлел болады. Алакөл ойысында жауын- шашынның ең мол түсетін кезеңдері көктем мен күзде ылғалдың мөлшері бірдей. /14/
Аталған ауданның климатына тән ерекшеліктің бірі жауын- шашынның бір жыл ішіндегі таралу динамикасының мөлшерінің қалыпты жағдайдан ауытқуы болып табылады.Отыз жыл бойы тұрақты түрде жүргізілген бақылауларға жасалған талдаулардың нәтижесі Алакөл ойысының солтүстігінде жауын шашынның көп мөлшері қыста, ең азы күзде түсетінін көрсетті. Құрғақшылық жылдары қазанда жылдық Жауын – шашынның небәрі 10 % түссе, ылғалды жылдары 300% арттық түсетіні байқалады. Жоңғар қақпасында соңғы 10 – 20 жылда жылдық орташа мөлшердің 0,0 – 30 % түсетіні байқалды.
Батыстан, солтүстік батыстан келетін ауа массалары енгенде циклон әрекеті күшейетін көктем мен жазда жауын шашынның қалыптағы 10 – 20 % мөлшерден ауытқып көп жылдық орташа мөлшерінен 2 есе артық жауын шашын түсетіні байқалады. Ылғалды жылдары көктем мен жазда 220 – 230 мм дейінгі мөлшерде түседі. Жауын – шашынның аз түсуіне ауаның салыстырмалы ылғалдылығыны төмен болуы да әсер етеді.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 % аспайтын кезеңнің ұзақтығы 2,5 – 3,0 айға дейін созылады. Жаз айларындағы ылғалдың жетіспеуінің он күндік орташа көрсеткіші 15 – 20 м.б. Сондықтан құрғақшылық байқалатын кезеңнің көпжылдық орташа көрсеткіші жылына 50 күнді құрайды. Бұл кезеңде құрғақ ыстық аңзақ желдердің соғуы байқалады (шілде – тамыз айларында)
( Утешов А.С. Типичный для климата Казахстана внутри годовые соотношение месячных температур воздуха и атмосферных осадков. Вопросы геог. Казахстана вып.14. Алмат-ата 1968 18-20 стр. Целепанов О.М. Средняя Азия: — Алма-АтаГидрометелизат 1963. 155-157.)
Жауын шашынның көпжылдық режиміне сай Жоңғар қақпасын жеке климаттық аудан тармағы ретінде қарастыруға болады. Бұл ауданның климатының басты ерекшелігі бір – біріне қарама – қарсы
соғатын күшті желді күндердің көп болуы онтүстік шығыстан жоңғар қақпасы арқылы Ебі желі соқса Солтүстік батыстан оған қарама – қарсы қыбта желі соғады. Осыған орай жылбойы жауын – шашын.
Жылдық жылы кездерінде көп, суық кезеңдерде аз мөлшерде түседі. Аудан тармағының теңіз деңгейінен биікте орналасуына байланысты. Солтүстіктегі Алакөл маңы аудан тармағына қарағанда жауын – шашының орташа айлық қалыпты мөлшерден ауытқуы 2-3 есеге артық. Ауданда жауын – шашынның аз түсуі мен өзен торларының сирек болуына топырағының құнарсыздығына байланысты тек жайылымды мал шаруашылығына ғана қолайлы Шынжылы, Тентек, Жаманты өзендерінің суын пайдаланған жағдайда суармалы егіншілікті дамытуға болады. Температура жағдайымен жылы кезеңнің ұзақтығы.
Қант қызылшасын жайлы мал азықтық және астық дақылдарын өсіруге қолайлы .
Қалған бөлігінде жауын-шашынның басым бөлігі жылдың жылы кезеңінде әсіресе көктеммен күзде түсетіні айқын байқалады.
Жауын шашынның ең жоғары мөлшері Үшаралда 250 мм, ең аз мөлшері 147 мм. Жоңғар қақпасында түседі.
2.2 Алакөл ауданының таулы алқаптарының климаты.
- Алакөл ойысының ішкі сулары
Аймақтың өзен климатының ерекшелігі мен жер бедеріне тығыз байланысты. Көршілес жатқан Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінен бастау алатын мұздықтар мен еріген қар, жаңбыр суларынан қоректенетін Тентек, Жалақты, Ырғайлы, Барлық-Майлы, Тарбағатайдың өңтүстік беткейінен бастау алатын Ұржар, Еміл, Шаған-тоғай, Шошқалы, Құсық, Шолақтерек, Қатынсу өзендерінің сулары жазда көлге келіп құяды. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінен бастау алатын өзендер жылдам ағатын жас тау өзендерінің қатарына жатады. Жауын-шашын біршама мол түсетіндіктен өзен торлары да жиі.
Биік тау беткейлерінен бастау алатындықтан тар шатқалды сарқырамалы шоңғалды болып келеді. Өзендердің тар шатқалды болуы Неоген-Төрттік дәуірлерде тау жүйелерінің жаңғырып қатпарлы жақпарлы тауларға айналуымен тығыз байланысты. Тарбағатайдың өңтүстігінен бастау алатын өзендер еріген қар, жаңбыр және жер асты суларынан қоректенеді. Сондықтан өзендердің жылдық ағынының 60-80% қар қарқынды еритін сәуір-мамыр айларында ағып өтеді.
Жылдың қалған маусымдарында күрт төмендейді. Ең төменгі деңгейі тек жерасты суларынан ғана қоректенетіні қыста байқалады. Тамыздың соңы мен қазан айларының аралығында күзгі жауын-шашын кезінде суының деңгейі көтеріледі, күзгі жауын-шашынды оңтүстік-шығыс және батыс желдері әкеледі.
Жетісу Алатауының шығыс беткейінен бастау алып Алакөлге құятын Ырғайты, Тентек, Жалаңты, Шыңдалы, Тоқта өзендері бастауларын 2500-3200 метр биіктіктен алады. Бұлардың жоғарғы және орта ағыстары тау топырақтарын терең тілімдейтін тау өзендеріне тән сипат алады. Өзендердің жоғарғы ағыстарында ірі қойтастар мен шоңғалдар жиі кездеседі. Жетісу Алатауы, Тарбағатайға қарағанда биік болатындықтан қоректену режимінде айырмашылықтар бар.
Тентек, Ырғайты өзендері еріген қар суымен қатар жылдық ағынының 10-15% мұздықтардан қоректенетіндіктен көктем мен жазда деңгейі жоғары болады. Суының деңгейі жоғары кезең 5-5,5 айға созылады. Алакөл алабына жататын өзендердің үшінші тобына жерасты көздерінен басталатын ойыстың оңтүстік-батысы мен шығысындағы шағын өзендер мен бұлақ бастаулар жатады. Алакөлдің аталған жағалауларында жерасты суының жербетіне жаппай шығып бұлақ-бастаулар құрайды.
Тентек өзені — Алакөл бассейінің ең үлкен өзені болып табылады. Өз бастауын Жетісу Алатауының солтүстік шығыс бөлігіндегі мұздықтардан алады. Өзен үш ірі салаға бөлінеді.
Тентек, орта-тентек, шеткі тентек.
Селдік ошақтар өзеннің жоғарғы бөлігінде негізінен селдік қиыршық тастардан қалыптасқан. Ауыл шаруашылығына селдік ошақтардан 40-60 км қашықтықта орналасқан.
Жаманты өзені — Өз бастауын 2800метр биіктікте орналасқан,Жетісу Алатауының Күнгей жотасынан алады. Жаманты өзенінің оң жақ жағалауында тасты және батпақты селдің өткені айқын байқалады. Қызылтал өзені Жаманты өзенінің оң жақ арнасы екі өзенді құрайды. Оның ауданы 2-3 га. Селдік ошақтардың негізгі бөлігі негізінен 3 объектен құралған. Селдік тасқыны негізінен өзеннің солтүстік бөлігінде орналасқан фермаларға яғни өзеннен 2 км солтүстік- шығысында орналасқан Глиновка селосына қауіп төндіреді.
Ырғайты өзені – Солтүстігінде Көксуат, оңтүстігінде Тастау өзендерінің қосылуынан пайда болған. Бұл өзеннің рельефтік құрылымы жазық суайрықтық, түбі көтеріңкі, күрделі жартасты негізінен ауданы 800-1000метрді құрайды. Қар жамылғысы өте басым, өзен бассейіннің құрылу ерекшелігіне қарай селдік ошақтар жақсы қалыптасқан. Бірақ өзен арнасының елді- мекендерінен алшақ орналасуына байланысты селдік тасқын тіркелмеген.
2.2.2. Алакөл жүйесіне жататын көлдерге шолу.
Алакөл.
Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл. Орта ғасырларда «Гургепор» кейін «Алактогол», «Алатеңіз», «Алакта» деп те аталған. Алакөл-Жетісудың Балқаштан кейінгі үлкен көл. Ол Алакөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Көл ағынсыз, солтүстік-батыстан, оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 247,3 метр абсалют биіктікте орналасқан. Көлдің аралдарымен қоса есептегендегі аумағы 2696 км², ұзындығы 104 км., ең шығыңқы ені 52 км., жағалауларының ұзындығы 384 км., орташа тереңдігі 22,1 м., ең терең жері 54 м., көлдің суының көлемі 58-60 км³. Алакөлдің ең ірі шығанағы Алакөл шығанағы. Ол көлдің оңтүстік шығысындағы тау аралық ойыста орналасқан. Алакөлге 15-тен аса өзен құяды. Олардың негізгілері: Үржар (Ұрыжар), Қатынсу, Емел, Жаманөткел, Ырғайты және Жамантты.
Алакөлдің жағалауы негізінен төрттік дәуірдің алювиальды шөгінді тау жыныстарынан (саз, балшық, құмды топырақ, қиыршық тас, ұсақ құм) тұрады. Көл суының қатуы әрқалай.Желтоқсанның соңғы күнінде Алакөл жүйесіне енетін көлдердің бетін толығымен мұз басады. Оның орташа қалыңдығы 70-80 сантиметрге жетеді. Суық ерте түсетін жылдары мұз қату қарашаның соңында басталады. Бірінші солтүстік бөлігі қатып біртіндеп оңтүстік бөлігіне қарай ұласады.
Мұздың еруі сәуірдің басында басталып сәуірдің аяғына дейін толығымен еріп бітеді. Тайыз бөлігі қараша айының аяғында, орта тұсы ақпанның басында тегіс қатады. Мұз құрсау 2 айға дейін созылады. Алакөл суында фтор мен бром көп. Көл жағасында қамыс, қияқ, қоға малаң, су қарақұмығы, жебежапырақ, мүйізжапырақ, тағы басқалары өседі. Көлден сазан, көксерке, алабұға және шармай ауланады. Көл маңы құсқа (жылқышы, аққу, шағала, көктұман т.б.) бай. Сондай-ақ бұл көлді әлемде сирек кездесетін «Қызыл кітапқа» енгізілген реликті шағала мекендейді. Аңдардан: ондатра, қамыс мысығы, жабайы шошқа, қамыс түлкісі, су тышқандары бар. Жағалауында демалыс және емдеу мекемелері орналасқан. Жағасымен Қытайға дейін созылып жатқан Ақтоғай – достық темір жолы өтеді.
Сасықкөл.
Алматы , Шығыс Қазақстан облыстары жеріндегі көл . Балқаш-Алакөл қазаншұңқырында . Теңіз деңгейінен 3506 м биіктікте жатыр. Ауданы 736-765 км2, ұзындығы 49,6км ,ені 19,8 км .Ең терең жері 4,7 м . Деңгейінің жылдық ауытқуы 1-2 м,кейде су деңгейі 3м-ге дейін көтеріліп,жағалаулық ойпатын су басады .Сасықкөлге солтүстігінен Қаракөл, оңтүстік-батысынан Тентек өзендері құяды . Суы мол жылдары Алакөл, Жалаңашкөл, Ұялы көлдерімен қосылып , ауданы 55 мың км2-лік тұтас айдынға айналады .Бұл көлдер ертеректе Балқаш көлімен тұтасып ,кейіннен тектоникалық көтерілуге байланысты одан бөлініп қалған .
Көл жағасы тілімделген ,шығанақты, түбекті , қойнаулы келеді. Солтүстік-батыс және оңтүстік жағалауы сазды, ал батысы мен оңтүстік-батысы тастақты .Таяз жерінде қамыс , балдыр , су өсімдіктері өседі . Солтүстік-батыс бөлігінде Аралтөбе аралы бар. Климаты континенттік. Көл атырабына жылына 250-300 мм жауын-шашын түседі .
Суы қарашаның 2-ші жартысында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Қыс қатты жылдары мұзының қалыңдығы 1 м-ден асады . Жазда судың беткі қабатының температурасы 24-260 С-қа дейін жетеді .Қыста 00-тан төмен . Көл суының тұздылығы 1,2-2,0 г\л. Көлден сазан, көкбас, алабұға тағы басқа балықтар ауланады. Көлді ондатра , сондай-ақ ,үйрек , қаз, аққу, шағала тағы басқа құстар мекендейді. Қамыс арасында жабайы шошқа , қамыс мысығы, су тышқаны , тағы басқа аңдар бар. Көл атырабы жайылымға, шабындыққа пайдалануға қолайлы .
Ұялы.
Алакөл ауданындағы ағынсыз көл. Алакөл мен Сасықкөл аралығында. Ұзындығы-18,3 км, ені-9,6 км-ге жетеді . Тереңдігі –5,8 метр, ауданы-120-190 км2. Жағалауы жатық , шығысы ашық , қалған жағалауында қамыс өседі . (2600га).Сасықкөлге жіңішкелеу өзен арқылы ,Алакөлге Көшербай көлі арқылы ұштасады . Суы тұщы ,сазан, табан , көксерке тағы басқа балықтар бар. Көл атыраб шабындыққа пайдалы.
Қошқар.
Алакөл және Сасықкөл аралығында орналасқан ағынды көл. Оған жіңішке өзен құйып ,Ұялы өзні ағып шығады . Теңіз деңгейінен 349,8м биіктікте орналасқан .Су көлемі 120м3 , ұзындығы 8,2км , ені 9,6 км, орташа тереңдігі 4,07 м. Көлдің су жинайтын алабы 20,8 мың км2. Көлдің сыртқы пішіні жарты шар тәрізді, түбі жазық ,тұнбалары біркелкі. Суы тұщы,гидрокарбонат класына жатады .Көлде балдырдың 64 түрі бар, жағалауы қамысты.Су ішінде балдыр ,мүйіз жапырақ, қарақұла өседі, балықтың 8түрі бар .Батыс және оңтүстік жағасын ондатра, үйрек , қаз, аққу , шағала, тағы басқалары мекендейді.Қошқаркөл жаңбыр және жер асты суымен қоректенеді .
Жалаңашкөл .
Алакөл алабындағы көл. Алакөл ойысының оңтүстік бөлігінде,Жетісу (Жоңғар) қақпасының солтүстігінде ,теңіз деңгейінен 372,5 м биіктікте жатыр . Аумағы37,6 км2, ұзындығы 9 км , ені 5,8 км, ең терең жері 3,25 м, суының жалпы көлемі 98 млн м3 . Жауын-шашын және ырғайты Тентек өзендерінің Алакөлдің жайылма суымен толығады . Көлге шығысынан Қусақ , батысынан Тоқты өзендері құяды .Жағасы негізінен жайпақ, құмды , батыс жағалауы кемерлі .Желтоқсан-наурыз айлары аралығында мұз қатады. Суы тұзды, алабы жайылым ретінде пайдаланылады . Жалаңашкөлде алабұға, сазан, көкбас балықтары бар . Шағала, жабайы үйрек, қазсияқты құстар мекендейді .
Алакөл ойысының жерасты сулары
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстардың аралығында Алакөл ойысында орналасқан. Аумағы 26 мың км²-ден астам. Су тұтқыш қабат төрттік кезеңнің борпылдақ шөгінділерінен құралады. Оның қалыңдығы 3-15 метрден (тау бөктерлерінде) 200-300 метр (ойыстың ортасында) дейін жетеді. Осы шөгінділердің төменгі қабаттарында (100-300 метр тереңдікте) арыны күшті шапшымалы артезиян сулары жиналады.
Ұңғымалардан шыққан су жер бетінен 18 метрге дейін көтеріледі, өнімділігі 20-50 м\с., жетеді. Минералдығы 0,4-0,8 г\л., жағалауларындағы орынсыз грунт суының минералдығы 10-30 г\л. Алакөл ойысын бұрғылау кезінде жоғарғы птоцен шөгінділерінің қиыршық және малтатасты сулы қабатынан 639 метр тереңдіктен зор арынды артезиян суы алынған. Оның арынының күші жер бетінен 12,5 метрге дейін шапшиды, минералдылығы 1 г\л-ден аспайды.
Алакөл артезиян алабындағы арынды және арынсыз жер асты суларының жалпы табиғи қоры 80 млрд. м³-ден астам, жылдық ресурсы 72 м³\с. Алакөл артезиян алабының елді мекендерді сумен қамтамассыз етуде, егістік пен жайылымдарды суландыруда маңызы зор.
2.3. Алакөл ойысының топырағы мен органикалық дүниесі .
Жылу мен ылғалдың таралу ерекшелігіне сай Алакөл ойысында өзіне тән топырақ ,өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі бар.Шөлдердің төменде көрсетілгендей бірнеше түрі бар :
-Тентек өзенінің төменгі ағысымен Алакөл жүйесіне жататан көл жағалауларындағы жер асты сулары , жер бетіне жақын жатқан жерлердегі қамыс , құрақ , қоға , су қарақұмығы сияқты ылғал сүйгіш мезофитті өсімджікті сазды шалғындар ;
-Алакөл ойысының оңтүстік, оңтүстік-батыс және солтүстік бөлігіндегі сұр , ашық қызғылт қоңыр топырақта өсетін жусан , көкпек , бетеге жарлау тәрізді құрғақшылыққа төзімді ксерофитті және суккулентті өсімдіктер өсетін сазды шөлдер;
-Алакөл ойысының солтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Жаманты Шыңдалы өзенднрінің аралығындағы сазды-қиыршықтасты жыныстарда топырақ түзуде ерекше орын алатын тау жыныстарын желімдейтін гипсті қабаты бар жерлерде өсетін Балшықты-көкпекті , тас бұйырғынды гипсофитті өсімдікті тасты шөлдер;
-Сарықұм , Қарақұм , Тас Қарақұм , Бүйіқұм сияқты бекіген және жартылай бекіген құмдарда өсуге бейімделген сексеуіл, қылша, жүзгін, құм ұоңырбасы, құм қарағаны тәрізді құмды жерлерге өсуге бейімделген псаммофитті өсімдіктер өсетін құмды шөлдер ;
-Сазды құмды шөлдердің аралықтарындағы ойыстьардағы жерасты суы жер бетіне жақын жатқан, еріген минералды тұздарға бай жерлерге өсуге бейімделген бұйырған, сортаң шөл сияқты галафитті өсімдіктер өсетін сортаң шөлдер.
Аталған шөлдердің ішінде Алакөл маңындағы Сарықұм , Қарақұм , Тас Қарақұм , Бүйіқұм сяқты құмды шөлдер мен көл маңындағы саздар мен батпақтар өсімдіктермен жануарлар дүриесіне біршама бай . Ылғал жеткіліксіз , жаз ыстық, қыс суық қатаң климат жағдайында өсуге бейімделген Алакөл ойысының құмды, сады, тасты
Шөлдеріне тән өсімдіктердің тамыр жүйесі жақсы жетілген , суды тереңнен сорып алып , ылғалды үнемдеп пайдалануға бейімделген . Өсімдіктерінің көбіне ерте көктемдегі ылғал жеткілікті .Сәуір- мамыр айларының аралығындағы 1,5 ай ішінде өсіп жетіліп тіршілігін жоятын сарғалдақ, қығалдақ, жауқазын, бота табан , көкнәр тәрізді эфемерлер мен эфемеройдтар құрайды.
Олардың ең ірілеріне көлдің үшінші тобына кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатқан жерлердегі гипсті, қиыршық тасты жыныстар да гифсофитті шөлдер тараған. Олар ойыстың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Барлық тауының етегімен Жамантты, Тоқта өзендерінің аралықтарындағы кең алқапты алып жатыр.Онда негізінен баялышты көкпекті ,жусанды өсімдік бірлестіктері өседі .
Алакөл ойысының оңтүстік шығыс бөлігіндегі Арғанаты , Барлық таулары мен Жаманаты Шыңдалы өзендерінің аралығындағы көлбеу жазықтардағы тасты шөлдерде қоңыр сұр топырақ тараған. Мұнда топырақ түзуші аналық жыныс палеоген дәуірінің гипсті қабаты болып табылады. Топырақ түзелетін аналық жыныстың құрамында жиналған гипс қиыршық тасты және сазды жыныстарды бір-бірімен желімдеп өте тығыз қабат түзеді.
Атмосфералық жауын-шашынның жетіспеуі мен буланудың қарқынды болуы қоңыр-сұр топырақтың беткі қабатына дейін карбонатты болуына әсер етеді. Топырақ құрамындағы гипс пен құмның, қиыршық тастың бөлшектері көптеген өсімдіктің өсуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан тасты гипсофитті шөлдерде сортаң.
Сортаң шөп сияқты жапырағы етженді суккуленттері мен қатар баялыш, қараған, көкпек, жусан сияқты ксерофитті өсімдіктер өседі. Қоңыр сұр топырақ құнарсыз болғандықтан өсімдіктер сирек болуымен ерекшеленеді. Еміл, Шағантоғай, Үржар, Жарбұлақ, Тентек, Шанжылы өзендерінің аңғарындағы көктемде су басатын жайылмаларында құнарлығымен ерекшеленетін алювиальды-шалғынды топырақ тараған. Мұндағы топырақ түзуші аналық жыныстардың қатарын механикалық құрамы әртүрлі ұсақ түйіршікті құмды, сазды және ауыр сазды жыныстар жатады.
Алювиальды-шалғынды топырақ көктемгі су тасыған кезде таужыныстарына сіңетін еріген қар жаңбыр суының және жер бетіне жақын жатқан жерасты суының есебінен ылғалданады. Өзен аңғарындағы алювиальды шалғынды топырақта ылғал жеткілікті болғандықтан ылғалсүйгіш жиде, тал-терек, шырғанақ, итмұрын, тобылғы сияқты ағашты бұталы тоғайлар мен қатар ши тәрізді биік астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдіктер өседі.
Алакөлдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында және солтүстік жағалауындағы су басатын ойысты бөлігінде ені біренеше ондаған шақырымға жететін топрақ қабаты жасылданған жағалауларда қамысты-құрақты, қоңырбасты мезофитті шалғындар таралған. Ол жерасты суы жер бетіне өте жақын жатқан тау жыныстары қаныққан жағдайда қалыптасады. Батпақты-шалғынды топырақта ылғал сүйгіш қамыс, қоға, түлкі құйрын, құрақ. Сортаңда жусан, сортаң шөп ,ши өседі. Үржар өзенінің атырауында жер тәрізді қара қамыс өседі.
Алакөлдің шығыс бөлігіндегі тау алды тегіс жазықтарда шөлді- далалы белдеу тараған. Ондағы лесс тәрізді сазды жыныстарда карбонаты аз сұр топырақ қалыптасады. Аталған топырақ түрі лесе тәрізді сазда саздақтармен құмды сазды аналық жыныстардың бетіндетүзеледі. Ол жылдың орташа температурасы +450С аспайтын жауын-шашын аз түсетін қыс жағдайында қалыптасады.
Көктемде түсетін мол ылғал топырақтың беткі қабатындағы жылдам еритін тұздарды шайып кетеді. Өсімдіктің, өсімдіктері сирек аз болуына байланысты топырақ құрамындағы гумстың мөлшерінде 1,5-2,0% артпайды. Гумстың қабаты өте жұқа болуымен ерекшеленеді.
Биологиялық тұрғыдан сәуір мамыр айларымен маусымның бірінші жартысы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады. Бұл кезеңде өсімдіктер қарқынды дамиды. Маусымның екінші жартысына дейін жауын-шашын өте аз түсетіндіктен топырақтың беткі қабаты құрғап кететіндіктен өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайсыз жағдай туады. Жерасты суы жер бетіне жақын жерлерде ши біртіндеп биіктейтін шығыс бөлігінде тау алды құрғақ даласына тән бетеге, боз, шайшөп, тобылғы, қараған сияқты ксерофитті өсімдіктер өседі.|17|
Байқұм, Бармақұм, Алакөл маңы, Жалаңаш көл маңы, Қарақұмдарда құмды топырақ қалыптасқан. Онда жоғарыда аталған құм сүйгіш псаммафитті өсімдіктер кең тараған. Алакөл ойысындағы сазды-тасты жусанды, сортаң шөпті жусанды және гифсофитті тасты шөлдерге қарағанда құмды шөлдері өсімдіктер жамылғысына бай болумен ерекшеленеді.
Алакөл ойысындағы құмды шөлдерде өсімдіктердің өсіп өнуіне, дамуына сусымалы қозғалғыш субетраты мен құмның сулы- физикалық қасиетіне байланысты ылғалмен жақсы қамтамасыз етеді.Ылғал сиымдылығы жоғары болатындықтан құмның 1- 1,5 метрге дейінгі тереңдіктегі қабаты ылғалды болады. Капилярлық қысымның төмен болуына байланысты құмның бетінен салған баяу буланатындықтан ондағы ылғал толығымен өсімдіктер бойына сіңіріп траниспирациялауға жұмсайды.
Тәуліктік температура айырмасы жоғары болатындықтан түнгі кезде ауадағы су буы конденсацияланып құм атмосферадан қосымша ылғал алады. Жоғарыды аталған ерекшеліктеріне сай Алакөл ойысының құнды шөлдерін де 100- 140 см тереңдікте тұрақты ылғалды қабат түзеді. Құмның астыңғы қабаттарының тұрақты түрде ылғалды болуы басқа шөлдерге қарағанда өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай болуына жайлы жағдай тудырады. Жоғарыда көрсетілген белгілеріне сай Алакөл ойысындағы құмды алқаптарда, жүзгін, құм қарағаны, сексеуіл, еркекшөп, құм қоңырбасы сияқты өсімдіктер кең таралған. Құмды шөлдер негізінен қысқы жайылм ретінде қолданылады.( В.Чупхит от пустынь до степных вершин Алма- Ата: Казахстан, 1966. 50- 55 стр.)
2.3.2. Алакөл ойысының жануарлар дүниесі .
Алакөл ойысының жануарлар дүниесінің басым көпшілігін көл маңындағы қамыс-қоғалар мен суда мекндейтін құстар мен балықтар , сазды, тасты шөлдер мен өзен аңғарларындағы тоғайларда мекендейтін сүт қоректілер мен бауырымен жорғалаушылар құрайды . Шөлджі алқаптарға тән жануарларының денесінде сыртқы бүркеніш реңдерінің бояуы жыртқыштардан қорғануларына мүмкіндік береді. Күндізгі аптап ыстық пен түнгі салқын ауа-райына бейімделген ерекшеліктеріне сай жануарлары екі үлкен топқа бөлінеді.
Күндізгі ыстық жағдайда құмды-сазды шөлдерде мекендейтін тышқандар , қояндар, сұртышқандар жылдам қимылдаумен ерекшеленеді. Алакөл ойысының шөлдері кемірушілермен қатар тасбақа, кесіртке, жылан сияқты бауырымен жорғалаушыларға өте бай. Олардың көбісі ұзақ уақытын ұйқыда өткізуге бейімделген.
Түнде тіршілік етуге бейімделген сүт қоректілердің қатарына сексеуілдің жас өркендерін жеп қоректенетін сексеуіл тышқанын, жарқанаттарды жатқызуға болады. Сарықұм, Қарақұм, Бүйіқұм, Жалаңашкөл маңы Қарақұмында мекендейтін зымыран, шөл шымшығы, сексеуіл торғайы сяқты құстардың өзі күндізгі ыстықта көлеңкеге тығылуға тырысады .
Жылан, кесіртке, тасбақа, кірпі, жайран сяқты жануарлар су ішпей жүре беруге бейімделген, олар өзі жейтін қорегіндегі аз ылғалды қанағат тұтады.Тау бөктерлерімен өзен жағалауындағы тоғайларда қырғауыл, кекілік, тырна, дуадақ сияқты құстармен қатар қабан-шошқа, қасқыр, түлкі, борсық, суыр сияқты жыртқыштармен кемірушілер кең тараған. Сонымен қатар ұсақ кемірушілермен қоректенетін Қырғи, бөлтіргі, балықпен қоректенетін ақ құйрық су бүркіті сияқты жыртқыш құстарда кең тараған.
Жалаңаш көл маңы Қара құмы мен Тоқта мемлекеттік қорықшасының аумағында Жайран, Архар, Қарақұйрық сирек кездесетін шөп қоректі аңдар кездеседі. Алакөл жүйесіндегі көлдерде балықтармен суда жүзетін құстар кең таралған. Көктем мен күз аралығында Тырна, Қасқалдақ, Аққұтан, Қараша қаз сияқты жыл құстары ұя салады. Қамыстардың арасында қабан шошқа сақталған.
Реликті шағала.
Шағала тұқымдасына жататын құс . Әлемде екі-ақ жерде:Қазақстанда, Алакөл көлінде . Байкал өңіріндегі , Зун-Торей көлінде ұялайды . Реликті шағала тұңғыш рет 1968 жылы Алакөлдің орталығындағы үлкен Аралтөбе аралынан табылып , оның дербес түр екендігі анықталды .
Көктем мен жазда басы тұмсығынан төбесіне дейін қоңыр, ал қыста ақ болады , мойнына қарай қарая түседі . Жемсауы қара , қанат қауырсындары мен құйрық қауырсындары ақ , арқасы мен қанатының түсі сұр түсті . Қанатында қара дақтары бар .Көзінің асты мен үстін жалпақ ақ жолақтар басқан . Қанатының ұзындығы 340 (қоразында) және 330 (мекиенінде) ,салмағы тиісінше 500-450 гр.
Реликті шағала -жыл құсы , сәуірдің ортасында келіп ұя салады . Алакөл аралдарында басқа шағала тектес құстармен бірге қоныстайды . Мамырайының ортасында 3 жұмыртқа салып , оларды мекиені 26 күн басады . Күзде оңтүстік-шығыс Азиядағы теңіз жағалауына ұшып кетеді . Қоңыз , шегіртке, қос қанатты жәндіктер , кейде балық аулап жейді . Халықаралық «Қызыл кітапқа» енген.
1996 жылы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Қазір Алакөл аумағында Қорықша статусы берілген ,ауданы 3 мың га жер бар. Негізгі ядросы — Орта , Үлкен Аралтөбе жерлері . Құсының қоры аз (246-300) ,
Алакөл ойысының табиғат байлықтары мен оларды шаруашылықтың мақсатқа пайдалануға байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелер.
Пайдалы қазбалары.
Алакөл ойысының мезозой қабаттарындағы қоңыр көмірдің мол қоры Қазақстан мен Қытай Халық республикасының шекарасындағы Жалаңаш көл кен орынында шайырлылығымен ерекшеленетін қызуы күшті.
Қазір өндіріліп жатқан көмір кен орыны, терең бұрғылау нәтижесінде жер бетіне таяу жатқан мұнай табылған. Жаманты, Ырғайты өзендерінің маңында шашыранды алтын кен табылған. Алакөл жүйесіндегі көл табанында қалыңдығы бірнеше метрге жететін галиттың (ас тұзының) шағын кен орындары бар.
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары аралығында жатқан Алакөл облысындағы кен орны. Құрамында көмір қабаттары кездесетін қалыңдығы 300 метрден астам Юра (рэт-лейас) кезеңінің шөгінді жыныстарынан синклинальдық құрылым болып қарастырылады. Оның ішіндегі көмірлі қатпар (қалыңдығы 100-125 метр) құмтастан, көмірлі риглиттен және 6 көмір қабатынан тұрады. Көмірі гумсті және сатропельді-гумсті, көміртек мөлшері 73,8-75%, күкірті (0,4-0,94%) мен күлі (3,1-8,6%) аз, қызуы жоғары (7220-7450 ккал\кг). Алакөл көмір кені жергілікті отан мұқтажы үшін пайдаланылады.
Баласайқан. Қызылтоғай кенорындарында жанартаулық күлден түзілген Бентонитті – монтмориналитті саздардың мол қоры бар.
Климат ресурстары.
Жиынтық күн радиациясы 125 – 130 ккал/см2, +10оС жоғары өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайлы температураның жиынтығы 2900-3300 о құрайды. Жазда бұлтсыз ашық күндердің көп болуына байланысты Тентек, Жаманты өзендерінің төменгі ағысындағы жазықтарындағы сұр, қызғылт қоңыр топырақта қант қызылшасы сияқты техникалық дақылдармен қатар бидай, арпа, жүгері, майлы дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді.
Күн жылуының молдығы мен ашық күндердің көптігі Алакөл ойысында дәстүрлі емес электр энергиясының көздері Гелио және жел электр станцияларын салуға қолайлы жағдай туғызады.Шөлді аймақта орналасқандықтан Алакөл ойысы тұщы су көздері мен нашар қамтамасыз етілген.
Тентек, Шынжылы, Шілікті, Жаманты, Ырғайты өзендерінің аралығындағы орасан зор кеңістік тұщы су көздері мен нашар қамтамасыз етілуіне байланысты халық сирек қоныстанған. Еспе сулары барлық құнды алқаптармен сазды шөлдерде көп болғанымен олардың шығыны төмен. Тұщы сумен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай Алакөл ойысының басым бөлігі жайылым ретінде, Тентек, Жаманты өзендерінің маңындағы тау алды жазықтары суармалы егіншілік алқаптары ретінде қолданылады.
Алакөл ойысы құрғақ, ащы қатты сабақты мал азықтық шөптесін өсімдіктерге бай. Оларды көбінесе қысқы көктемгі күзгі жайылым ретінде қолданылады. Алакөл, Ұялы, Қошқар, Жалаңаш көлдің маңындағы Қамысты-Қоғалы, Құрақты – Қоңыр басты биік шөптесін өсімдікті шалғындар Шабындық ретінде пайдаланылады.
1932 жылы Тентек өзенінде салынған «Алакөл маңы» және «Қазына» мен 1975 жылы іске қосылған тентек су бөгені арқылы Алакөл ауданының 35 мың гектар жері Жаманты өзенінде салынған магистральды каналдар арқылы 28 мың гектар егістік жерлер суарылады. Топырақтың сапасының төмендігі мен тұщы суды шектен тыс пайдалану экологиялық тепе-теңдікті бұзуына байланысты суармалы егістіктің көлемін арттыру тиімсіз.
Алакөл ойысындағы Тентек, Жаманты, Еміл өзендерінің алабында 1970-1990 жылдар аралығында суармалы егіншіліктің қарқынды дамуы қызылша сарымсақ өсірілетін егіс алқаптарынан пестециттермен, гербециттермен ластанған судың Алакөлге құйылуы ихтиофаунасы мен құстарына, адамның денсаулығына кері әсер етіп
Алакөл жүйесіндегі көлдердің деңгейін төмендетті және егістікті дамыту барысында тыңайтқыштармен ластанған қалдық сулар жерасты еспе суларының да ластануымен қатар олардың деңгейін көтерілуіне әкеліп соқты. Нәтижесінде егіс алқаптарының тұзданып батпақтану, шөлдену үрдісі, топырақ эрозиясы күшейді. Адамның шаруашылық әрекетінің күшеюін ескере отырып аймақтың органикалық дүниесін қорғау мақсатында Алакөл мемлекеттік қорығы құрылды.
Алакөл қорығы
Алматы облысы Алакөл ауданының аймағында орналасқан. 1998 жылы құрылған ең жас қорық . Көлемі 73,3 мың га. Қорық солтустігінде Тарбағатай ,шығысында Барлық пен Майлы , оңтүстігінде Жоңғар тау жоталарымен қоршалған . Батыста Бақаш көлі ойысымен шектелсе , оңтүстік-шығысында Жоңғар қақпасына тіреледі. Қорықтың көлді бөлігін суы тұщы Сасықкөл , ащылау келген Ұялы және ащы сулы Алакөл алып жатыр.
Қорықтың климаты қатаң. Әсіресе , қыс айларында Сайқан және Ебі атты күшті желдер үзбей соғып тұрады.
Өсімдік жамылғысы:Көлде су өсімдіктерінің 22 түрі өседі. Олардың негізгілері сары дүңгіршек , атқы жапырақ , су тұңғиығы . Қорықта өсімдіктердің 270 түрі кездеседі, олар 42 тұқымдасқа жатады. Солардың ішінде 107 түрі ерекше қорғауды қажет етеді .
Жануарлар дүниесі:Жануарлардың 290 түрі мекендейді. Мұнда сүт қоректілердің 28 түрі кездеседі.Олар : қабан , елік , түлкі , қасқыр.Олардың 21 түрі ерекше қорғауды қажет етеді .
Құстары :180 түрі тіркелген. Олардың 98 түрі ерекше қорғалады. ларды сулы-батпақты , су жағалауында тіршілік ететіндер деп топтауға болады ,әсіресе, шағалалар , бірқазандар , тырналар , жабағайлар , көкқұтандар , аққу жиі кездеседі. Мұнда соңғы жылдары ғылымға тіркелген реликті шағаланың орны бөлек.
Қос мекенділер: Жасыл бақа және бақа.
Балықтардан: 8 түрі кездеседі. Олар : сазан , лещ ,субак , окунь , жылтыр карас т.б. мекен етеді.
Қорытынды.
Бітіру жұмысын қорыта келе Алтай тауының геоэкологиялық мәселелерін қарастырғанда географиялық орынының, геологиялық құрылысымен жер бедерінің, климаты мен ішкі суларының арасындағы байланысты өзара әрекетін анықтап, табиғат байлықтарын пайдалану барысында қоршаған ортаның тепе — тендігін сақтау мәселесін жолға қою, бүгінгі тақырыптың ең өзекті мәселелерінің бірі екеніне көз жеткіздім.
Алтай тауындағы жылу мен ылғалдың таралуына тау жыныстарының литологиялық құрамына қарай аймақтық табиғи зоналардың және биіктік белдеудің орналасуы анықталған. Қатаң әрі шұғыл континентті климат жағдайында ылғалдың сақталуында Алтай тауының белдеулері ерекше орын алады.