АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафттық ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………..

 

І. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА БЕРУ

1.1 Географиялық орны…………………………………………………………………….

1.2 Геологиялық құрылымы және жер бедері…………………………………….

1.3 Гидроклиматогенді ерекшелігі…………………………………………………..

1.4 Биогендік сипаты………………………………………………………………………

 

ІІ. БУРАБАЙ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ ПАРКІНІҢ ЛАНДШАФТТЫҚ

     ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Рекрациялық орманды игеру жағдайы………………………………………..

2.2 Рекрациялық орман кешенінің биогеноценозына әсері……………….

 

ІІІ. ТАБИҒИ ЛАНДШАФТТАРЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

       ЖАҒДАЙҒА БАҒА БЕРУ

3.1 Рекрацияның орман өртінің тууына әсері……………………………………

3.2 Мәдени ландшафтарды сақтау мен төзімділігін

      арттыру шаралары……………………………………………………………………..

3.3 Бурабайда жабайы туризм белең алуда……………………………………….

3.4 Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің шаралар………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………..

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Бұл бітіру жұмысымның тақырыбын осылай алу себебім: жеріміздің әсем де, сұлу табиғатын, оның табиғат қорларын, ондағы казіргі өзекті экологиялық жай күйін жазғым кеді.

Орманды рекреациялық мақсатта қолдану орман биогеоценоздарының бұзылуына, әсіресе бұл демалушылардың көптеп жиналған аймағында (жағажай маңы, сауықтыру орталықтары, балалар лагері) анық байқалады. Орман экожүйесіне рекреацияның кері әсері көбнесе оның түріне байланысты.

И.Л.Трапидо рекреацияның орман биогеоценоздарына әсерінің түрлерін көрсеткен/1/:

— механикалық әсер:

а) таптау

б) зақымдау (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, алау жағу арқылы топырақты күйдіружануарларды үркіту, ағаштарды зақымдау)

— Келушілер әсері:

а) органикалық және органикалық емес заттармен (азық-түлік, қағаз, металл)

б) жаңа биологиялық түрлер тарату (әр түрлі өсімдіктер тұқымдары арқылы)

Ормандар бұзылуының басты факторы болып механикалық жаншылулар мен топырақтың физикалық құрамының өзгеруін айтамыз. Топырақтың физикалық құрамының өзгеру үрдісі алғаш рет осы ормандарда анықталған. И.М.Сокол өз еңбегінде орманның сұрғылт топырағында физикалық-механикалық өзгерістердің байқалуы келесідей: көлемдік мөлшері артады, топырақ тығызданады, құрылымы нашарлап, бірнеше есе механикалық құрамы төмендейді. Осының барлығы топырақтың сапасының өзгеруіне ықпалын тигізеді. [5]

Тапталу нәтижесінде топырақ тығызданады да сонымен қатар оны құраушы: қатты, газ тектес және сулы фазалар өзгереді. Топырақтың тығыздануы арқылы беткі бөлігінің қуаттылығы азайады. Бұл 10-20 см тереңдік қабаттарында байқалады. Ал кейінгі қабаттарда жоғарлау болады. Су өткізгіштігі, ау мен ылғал алмасуда нашарлайды. [6]

Рекреациялық орманды қолданудың өсуі топырақтың беткі қабатының тығыздануына, яғни тамырларының ылғалмен қамтуын төмендетуін әкеледі. Сирек ағаштарда топырақтың тығыздалуының үрдісі беткі қабат аралығында, өз кезегінде табиғи үрдісті жояды. Өте күшті бұзылудан соң орманның кейбір үлескілері қайта қалпына келмейді.

Орман шаруашылық шараларын жобалауда рекреациялық аумақтың белсенділік шегін анықтап білу қажет. Бұл жайлы көптеген авторлардың мәліметтері бар.

ТМД географиялары мен ландшафтары орманда демалушылардың тығыздығын келесідей көрсеткен: паркпен, шалғынды паркте-50 адам/га, орманды паркте-15адам/га, паркті орманда-5адам/га келген. жасыл зоналардағы кішірек қалалардың өзінде тығыздық 12/16 адам/га аспауы шарт. Ал ірі қалаларда 20-27 адам/га жеткен. Белорусия парктерінде демалушылар тығыздығы 70-100 адам/га жеткенде, демалушылар тек жусандар өскен жерлермен жүруіне ғана рұхсат етіледі. Демалушылар 10 адам/га аспаса орман паркінде түгелдей серуен құруға болады. жасыл зона жүйесі бойынша ТМД елдерінде келесі мөлшер ескеріледі: Қала шетіндегі парктерде 50 адам/га, ормандық парктерде 10-20 адам/га, орманды парк үлескелерінде 5-10 адам/га, табиғи орман ландшафтарында 0,1-5 адам/га.

Қазіргі уақытта орман экологиясына ас назар аударылуда. Мысалы, кейбір облыстарда осы ТМД мемлекеттерінің демалушылар саны: қарағайлы орманда-20,4 адам/га, қайыңды орманда-9 адам/га.

Салмақ мөлшерін анықтауда беткелерді де ескеру қажеттілігі айтылып жүр. Беткейлерде демалушылардың қалыпты мөлшері болып: 30С-тан төмен кезде 15 адам/га, 4-100С-12 адам/га, 11-150С-9 адам/га, ал 160С жоғары болса-7,5 адам/га.

Қазақстан ормандары қазіргі уақытта антропогендік факторлар әсерінен үнемі өрт тұтанумен сипатталады. Әсіресе өрттердің көп бөлігі демалыс күндері байқалады. Тәулік бойынша өртке қауіпті уақыт-жұмыс уақыты табылады. Өрттің пайда болуына қысқа мерзімді демушылар туғызады. Сондықтан да демалушыларды тізімдеп, белгілеп отыру қажет. Орманның өртке қауіпті аймақтарына адамдардың өсуіне тиым салған дұрыс.

Әдебиеттерге шолу көрсеткендей, рекреациялық орман төзімділігін арттыру шараларын дер кезіндегі қолға алу арқылы ғана, орны толмас өкініштің алдын-алуымыз мүмкін.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Сондықтан да, бұл бітіру жұмысыма мен мынандай мақсат қойдым. Олар: Бурабай паркінің табиғаты және табиғи қорларына қысқаша тоқталу, яғни оның географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, гидроклимотогенді ерекшелігі, биогендік сипатын қысқаша да болса ашып көрсету, Өйткені табиғат бізді қоршаған орта болып табылады. Осыған байланысты рекреациялық аумақтағы туындап отырған мәселелерді қарастырдым.

Орманды рекреациялық мақсатта қолдану ерте кезден-ақ басталған. Бірақ бұл соңғы уақытта үлкен аумақтарды қамтуда. Осыған байланысты табйғатты қорғау қоғамы мен мамандардың дабыл қағуына әкеліп соқты. Бұл тек Қазақстан ғана емес, басқа да елдердің шешілмес дауға айналған мәселесі. Рекреациялық салмақ күнен-күнге артуда. Бақылауға алынбаған әрекет орны толмас өкінішке айналуда. Топырақ сапасын, тығыздығын, физикалық және механикалық құрамын толықтай өзгертіп, эрозияның қалыптасуына, ағаштардың ауыруға шалдығып бұзылу сатысының жоғарлауына ықпал жасауда. Орман шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізін жасау қажеттілігі туындауда. Орман экожүйесінің тепе-теңдігін бұзып, өзекті мәселеге айналып отыр. Осының бәрі парк табиғатына зиян келтіруде.

Жұмыста осы аталған мәселелерге кеңінен тоқталып, әрқайсысына сипаттама беруге тиістімін.

Диплом жұмысының зерттеу нысанасы: Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафттық ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының әдістемесі: Дипломдық жұмыста салыстырмалы – географиялық, картографиялық, тарихи әдістер қолданылып, басқа авторлардың зерттеулерінің нәтижелері талданды. Физикалық географиялық ғылыми – теориялық қағидалары негізге алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИАТТАМА

 

1.1. Географиялық орыны

 

Көкшетау – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ. Қазіргі Ақмола облысының солтүстік бөлігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Ақжар, Ш.Уалиханов аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан.

Саябақ-Көкшетау қаласынан оңтүстік батысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан қорықтық аймақ. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары кіреді. Шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Зеренді таулары жатыр. Бұл аймақта Оқжетпес, «Жеке батыр», Кенесары үңгірі секілді тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл ағып өтеді.

Қазақ жеріне орыс шаруаларын біртіндеп қоныстандыруына байланысты ХІХғасырдан бастап Ресей империясының мемлекеттік кеңесі және Сібір кодетінің мүшесі М.М.Сперанскийдің басшылығымен 1822жылы «Сібір қазақтары туралы жарғы» жасалып, орта жүзде хандық билік жойылды. 1824жылы 29сәуірде Көкшетау қонысының орнына, Көкшетау бекінісі салынды. 1895жылы Көкшетау бекінісіне қала мәртебесі берілді. Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Тұрғыны 133,1мың адам. қаланың аумағы 420,0 км2. [16]

Сондай-ақ, «Бурабай» курорты, «Оқжетпес», «Щучинск»санаторийлері, «Жеке батыр», «Толубой залив» демалыс үйлері жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

Сурет 1

Бурабай Ұлттық табиғат паркінің карта-схемасы

 

1.2 Геологиялық құрылымы және жер бедері

 

Бурабай маңы-таулы орманды өлкесі мен геоморфологиялық жағынан күшті көтерілген табиғи аймақ. Жер бедері негізгі үш түрмен сипатталады: аласа-таулы, ұсақ шоқылы және жазықтық. Аудандардың негізгі жер бедерін таулар құрайды. Олар қайыңды, қарағашты ормандар мен көмкерілген. Жан-жағын адыр төбелер мен көлдер қоршап тұр. Бұның кейбір заңдылықтары кейбір ғылыми басылымдарда көрсетілген. Биік тау жыныстары жартас, ретсіз шашылып жатқан тас үйінділері және қорым тас күйінде жер бетіне шығып жатады. Ұсақ шоқының палезойдың орта тұсынан бастап осы уақытқа дейін жалғанып келген континенттік даму процесінің, яғни докембрилік палезойлық және неғұрлым денудациялануы есебінен қалыптасты.

Көкше тауы батысқа қарай отыз бес шақырымды алып жатқан таулы жүйені құрайды. Оң жағында Шортанды қаласы болса, солтүстігінде Үлкен Шабақты көлі мен Бөлектау тауымен шектеледі. Таулы жүйе оңтүстік және солтүстік жоталарымен Ақылбай асуына дейінгі аралықты алып жатыр. Тауды өзен аңғарларымен, шатқалдармен, тау арасындағы қазаншұңқырлармен, адыр тәрізді су айрықтармен айқын бөлінген тасты жоталар қоршаған. Жер бедерінің ұзаққа созылған геологиялық дамуының іздері айқын байқалады.

Ең үлкен нүктесі-Көкше шыңы (Синюха) 947м. Тау шыңынан Бурабай курортының зонасын түгелдей дерлік көруге болады.

Тауларды ормандар алып жатқандықтан, ауданға қолайлы микроклимат жасап отыр, яғни атмосфералық жауын-шашыннан, далалық желдерден қорғайды. Сонымен қатар сипатталған ауданда көтеріңкі жер бөліктері және жазықтық ашық территориялар кездеседі.

Жазықтар тегіс жер бедерімен ерекшеленеді. Бедердің ұсақ формалары, тау жұрнағы, төбелер, жыралар кездеседі. Берілген жер бедері шегінде Үлкен және Кіші Шабақты көлі, ал аралықтарында көптеген ұсақ көлдер мен ойпаңдар мен сорлар жатыр. Үгілу процесі бірдей жүрмегендіктен түрлі пішіндегі шоқылар, жартастарадамдар мен жануарларды сипаттайды.

Аудан территориясы каледон және герцин құрылымдарын қамтиды. Бұл жерде жер бедерінің ұзаққа созылған геологиялық дамуының іздері айқын көрінеді. Ежелгі (палезой) эрада бұдан 250-300 милион жыл бұрын-таулардың орнында алып теңіз болған, оның түбіне кейін құмдаққа, әктасқа, кристалл тақтатасқа айналған қатты заттар жинақталды. Бірте-бірте су тартылды. Неоген-төрттік кезеңдері-небәрі бізден 1,5 млн жыл бұрын ежелгі палезой қалқанын гранит ығыстырып шығарды. Тау түзілген учаскелердің блокты көтерілуі, оның үстіне бір неше фаза герциндік тектономагматикалық цикл болып өтті.

Алқап салыстыра алғанда жас: мұны шұғыл бұрылысты қал жартастар, жіңішке тау шатқалдары, айқын дамыған қазіргі морфологиялық эрозия және шөгінді процестері көрсетеді. Көптеген шыңдар, жартастар мен құздар алып плиталардан құрастырылған пирамида тәрізді. Желдің мүжілуімен, судың химиялық және механикалық әсерінен, ауа температурасының өзгеруінен тау баурайлары кереметтей түрге енген. Үңгірлер және тас аспалары терең емес қуыстар және тасты тесіп өткен саңыраулар, тісті мұнаралар дара тұрған тұрған баға тәріздес фигуралар кездеседі. Тастар түсі жағынанда айқын: граниттер және оларды тесіп өтетін легматиттік жер жарықтары-қына өскен қара жер және ұсақ тау жыныстары ашық сұрда қызғылт түсті. Жартастар тау жыныстары мейлінше біртекті болғанына қарамастан көрікті. Дала сипатында сары немесе қызыл фонында ақ кварциттың және жарқыраған синеданың ұнтақтары бей-берекет шашылған. кейбір гранит кесектерде дала сипаты, мүйізді күкіртті қоспа және кварц жарықтары бар қара слюда басым. Үлкен Шортанды көлі аймағында граниттер балшыққа ұқсас кварциттермен және тақтатастармен жабылған.

Көкшетау қыраты-Сарыарқаның солтүстігіндегі аласа таулы белесті жүйе. Ол солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, шығысында Сілеті жазығымен, оңтүстігінде Атбасар жазығымен және Есіл өзенінің ааңғарымен, батысында Торғай үстіртімен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 400-450 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200-250шақырымға созылған. Қырат көптеген аласа таулар мен шоқылардан, төбелерден тұрады. Олардың бастылары: Көкше тауы, Жақсы Жалғызтау (729м), Зеренді (653м), Имантау (626м), Сандықтау (626м), Жақсытүкті (559м), Айыртау (555м).

Қырат архей мен протерезойдың көне жыныстарынан (гнейс, кварцит, филлит, кристалды тақтатастар)түзілген. Шығыс жағы төменгі полезойдың эффузифті шөгінді қатпарлы қабаттарымен көмкерілген. Көкшетау қыраты аумағында кварцтық-желілік алтын, темір, таскөмір және қоңыр көмір кен орындары бар. Бұл девон, силур кезеңі граниттерінен түзілген. Тектоникалық жарықтардан, граниттің үгіліп мүжілуінен, денудаттанудан беткейлері көп тілімденген. Соның салдарынан сан алуан қат-қабат тастардан, ғажайып мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұратын аласа таулы жартасты бедер құрайды. Қылшықты өзені осы таудан бастау алады.

Жалпы Бурабай аймағы құрылыс материалдарына бай өлке болып табылады.

 

 

1.3.Гидроклимотогенді ерекшелігі

 

Қазақстанның солтүстігінде орманды дала зонасы орналасқан Батыс Сібір ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр, сондықтан да климаты біршама жұмсақ. Қар жамылғысының орташа жату мерзімі 173-күнді құрайды.

Температура мен ауа ылғалдығына тәуелді болуына байланысты бұлттылықтың жылдық және тәуліктік жүрісі байқалады. Бурабайда ең бұлтты күндер саны күз бен қыстың басында: қазанда бұлтты күндер-7, қарашада-10, желтоқсанда-14 көрсеткен. Көп жылғы бақылаулар нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйенсек шілде мен тамызда бұлтты күндер мүлдем дерлік жоқ болған. Сәуір, мамыр, маусым айларында сирек болсада байқалған. Сондықтанда демалысқа қолайлы жайма шуақ күндер мамыр-шілде айларында байқалады.

Жаз уақытында қарастырылып отырған територияда желдің орташа жылдамдығы 2,5-3,4 м/сек болса, қыс айларында 3,6 м/сек жеткен. Орман алқаптарында жел болмайды. Көл жағалаулары мен тау шыңдарындағы қатты желдің жылдамдығы 9м/сек құрайды. Бағыты бойынша оңтүстік-оңтүстік-батыс желдері соғады. Жазда солтүстік желі блмайды.

Күн радиациясының жоғарылығы таза ауамен жергілікті жердің биіктігіне байланысты болып отыр.

Күн шағылуының салыстырмалы түрде жоғары болуы ұсақ шоқылы аймаққа айтарлықтай күн энергиясы мен адам демалысына қолайлы жағыдай туғызады. Адам үшін гигиеналық мөлшерді анықтайды: ауа температурасы +15-+25С дейін және ауа ылғалдылығы 30%-60% болуы шарт. Климттық жағдайы қолайлы. Көп жылдық мәліметтердің таладау көрсеткіші көрсеткендей гигиеналық норма шілде мен тамыз айында 92 күнді құрайды екен. [19]

Жаз кезіндегі табиғи ландшафтардың (орман, тау, көл) әсемдігі мен климаттық жағдайының қолайлылығы осы ауданға демалыс қана емес, курорттарда ем алуға да қолайлы мүмкіндіктерге жол ашуда. А.П.Романов көп жылдық ауа температурасының жүрісінің талдауына сүйене отырып, Көкшетау ұсақ шоқыларының климттық қолайлы кезеңдерін орнатты. Олар: мамыр айында-түстен кейін, маусым мен шілде-ертеңгі және кешкі уақыттар. Осы уақыттарда ауа ваннасын қабылдаған адам ысынуды да тоңуды да сезбейді. Бұл адам жанының ерекшеліктерінің барлығына сәйкес келеді.

Тұтастай алғанда аудан рекреация үшін қолайлы. Жаз мезгіліндегі жиынтық радиациясының жоғарылығы, сонымен бірге ашық күндердің көптігі демалушыларға бос уақыттарда келуіне жағдай туғызып отыр. Күз айларында саңырауқұлақтардың көптігі мен жеміс-жидектер жинаушылар үшін таптырмас орын. Демалыс үшін маусым, шілде, тамыз айлары ыңғайлы.

Шуақты күндердің ұзақтығы жылына 2300-2400 сағат, оның ең жоғарғы мәні шілде айына келеді. Радиацияның жылдық жиынтық мәні 100 ккал/см-дей, ал шашыранды радиацияныкі 48 ккал/см-ге дейін. Аудан жеріне ауа массасының үш негізгі типі ( арктикалық, полярлық, тропиктік) емін-еркін әсер етеді. Жылдың суық мезгілінде ауа райының қалыптасуына азияантициклонының батыс тармағы күшті әсер етеді. Қыста барлық бөлігінде ашық ауа-райы қалыптасады. Әдетегідей ауа-райының көктемде сақталатын антициклондық режимі әсерінен күндіз ауа температурасы жоғары, құрғақ желді келеді де, түнге қарай күрт салқындайды. Көктемгі ауа-райы құбылмалы.

Ауданың неғұрлым жоғарғы салыстырмалы ылғалды қыс айларында байқалады. Қараша- наурыз аралығында жердің көпшілік бөлігінде оның орташа айлық мөлшері 72-32 пайызға тең. Аудан территориясы бойынша жылдың жылы мезгілінде ауаның салыстырмалы ылғалдығы солтүстіктен оңтүстік –батысқа қарай кемиді. Маусым- шілдеде ауаның ең төменгі салыстырмалы ылғалдығы байқалады ( 53-58 пайыз) жылдық жауын-шашын мөлшері 125-тен 512 мм дейінгі аралықта күрт өзгеріп отырады да, орташа 298 мм болып белгіленеді. Ең көп жауын маусымда (47 мм) және шілдеде (46 мм) түседі. Ең төменгі мөлшері қаңтарға (16 мм) сай келеді. Жыл басына барлығы секундына 15 м астам күшті жел 24 күн, ал жазық жерлерде желдің орташа жылдық жылдамдығы 5,5 м/сек. жел жылдамдығының ең төменгі орташа айлық мәні тамызда (4,3 м/сек.) байқалады. Қарашадан наурызға дейін жел жылдамдығының орташа айлық мөлшерінің артуы байқалады. Жылдың суық мезгілінде жел режимі негізінен Сібір антициклонының батыс тармағының ықпалы әсерінен қалыптасады. Жылдың жылы бөлігіндегі жел режимі болар болмас бар депрессиясына байланысты келеді. Боран жиі болып тұрады, орташа есеппен 36-38 күн, кей өңірлерде 50 күн боран соғады. Жауын-шашынның көп мөлшері жылдың жылы кезінде яғни сәуір мен қазан айының арасында түседі.

Климтты түзуші факторлардың халық шаруашылығының, оның ішінде ауылшаруашылығын дамытуда маңызы зор.

Курорттық зонаның территориясы, қоршаған аудан мен салыстырғанда бірнеше ондаған әлсіз тұзданған сулы көлдер алып жатыр солардың ішінде ірілері: Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Шортанды, Қотыркөл, Жайнақ көлдері.

Шортанды және Үлкен Шабақты көлдерінің түбінде ірі тасты жүйелер кездеседі. Кейбір көлдерде жартастар мен аралдар бар.

 

 

Кесте 1

Бурабай Ұлттық табиғат паркіндегі жайма шуақты күндер саны

 

 

Айлар

 

 

Жылдар

 

Орташа

көпжылдығы

 

1994

 

1995

 

1996

 

1997

 

1998

 

1999

 

2000

 

2001

 

2002

 

2003

 

 

2004

 

Мамыр

 

       

 

             

Маусым

 

                       

Шілде

             

 

       

Тамыз

 

             

 

       

Қыркүйек

             

 

       

Бір жыл ішінде

             

 

       

 

Көл суының деңгейі жиі өзгеріп отырады. Бұған жағалық дестелер мен терассалар дәлел. Дәл қазіргі уақытта барлық көлдердің деңгейінің төмендегені байқалып отыр. Көлдердің қоректену көзі-жер асты сулары мен атмосфералық жауын-шашындар. Көлдер топтастырылуы бойынша ірілі-ұсақты болып келеді. Солардың бір тобы Үлкен Шабақты көлінің солтүстігіндегі Текккекөл, Ақкөл, Жайнақ, Шабақкөл және басқалары. Олардың көбі орманның ауданында орналасқан.

Ауданның негізгі су көзі болып көлдер табылады. Бірақ олар шаруашылыққа қолданылады. Мысалы Шортанды көлінің ет комбинаты, май зауыты және басқа да өнеркәсіптер жаратады. Сондықтан да ауданның су ресурстары қысқарып, сапасы төмендеуде.

Өзендері өте аз. Оларға: Қылшақты, Сарыбұлақ, Қарабұлақ және басқалары. Бәрі дерлік үлкен емес және аз сулы болып келеді. Қоректену көздері көктемгі қардың еріген сулары мен жаздық жауын-шашындар. қазіргі уақытта бұл өзендердің суы азайып, көбінің тек жыралары қалды. Жазғы төменгі деңгей кезінде өзендер тым таяздап, қара суларға бөлініп, судың тұздылығы артады, кейбірі тартылып қалады. Өзендер қараша да толық қатады. Мол сулы жылдары бірқатар өзендер 0,5-0,6 км-ге дейін жайылып кетеді. Өзен арналарының ені 15-30м-ден 50-70м-ге жетеді. тереңдіктері әдетте 3-5м аспайды. [20]

Ауданның халық шаруашылығында сумен қамтамасыз етілуі балансында жер асты суы маңызды рөл атқарады. Олардың пайдаланылуы мөлшері 45-50м/с. Юраның конгломерат құмтас қабаттарында ауданда сумен жабдықтауға алынатын арынды су қоры жинақталған. Түпкі тау жыныстары жапсарларында орналасқан жарықшақтың ипті жер асты сулары анағұрлым кең таралған.

Орман алқаптарында көптеген бұлақтар болса, соның көпшілігі жыл бойы тартылмайды. Бұл бұлақтың суы шипалы, табиғаттың көркі.

 

 

1.4 Биогендік сипаты

 

Бұл өңірдің топырақ жамылғысы ғылымдардың жария болған еңбектерінде мейлінше толық қамтылған. Аудан территориясында кең түрде корбонатты қара шіріндісі мол қара топырақ, сілтілі топырақ, күңгірт қызыл-қоңыр топырақ таралған. Сирек болса да оңтүстік, таулы қара топырақ, шалғынды, сорланған топырақ кездеседі.

Аласа таулар мен ұсақ шоқыларда таудың қара топырағы қалыптасқан. Күңгірт қызыл-қоңыр топырақ көтеріңкі келген су айрықты жазықтарда таралған, қара шірінді мөлшері 2,5-4 пайыз. Саздақ және корбанатты саз мөлшерінің көптігіне байланысты жел эрозиясына ұшырап отырады. Бұлар біршама топырақ түрлеріне жатады. Күңгірт қызыл-қоңыр топырақ ауданның шығыс бөлігінде таралған. Қатты жыныстардың, не олардың үйінділерінің сыртқы қабаттан 40-80 см тереңдікте жатуы бұл топырақ түрінің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Қызыл-қоңыр топырақ ауданның оңтүстігінде басым келеді. Қара шіріндінің горизонттық қалыңдығы 25-45 см, ондағы қара шірінді мөлшері 2-3 пайыз. Күңгірт қызыл-қоңыр топырақ ұсақ шоқылар арасындағы барлық жерде тығыз жыныстар бетінде 5-30 см тереңдікте таралған. Шалғынды топырақ шағын учаскелер күйінде жер асты сулары жақын жатқан жерлерде кездеседі. Жер бетінің күшті тілімденуі, ойыстар мен өзен аңғарларының көптігі, атмосфералық жауын-шашынның көбірек түсуі және жер асты суының молдығы топырақтың ылғалға және қоректік заттарға бай, сондықтан егіншілік үшін қолайлы.

Аудан территориясында қызыл-қоңыр сортаңдау және сортаң топырақ, нашар дамыған күңгірт қызыл-қоңыр топырақ және қиыршық тасты топырақ тән, ортаңғы бөлігінде қызыл-қоңыр топырақ дамыған, оңтүстігінде бозғылт қызыл-қоңыр топырақ, толық дамымаған қиыршық тасты топырағы таралған.

Орманда орманның сұр, таулы-шалғындық әлсіз дамыған топырақ кездеседі.

Бурабай-Щучинск курорттық зонасының өсімдіктер дүниесі бай және сан-алуан. Көкше тауларын ормандар орап жатыр. Шетіндегі ағаш аласа әрі сирек болса, тереңдеп енген сайын, биік, сымбаттылары көбейе түседі. ормандарда сирек те болса жүз жылдық ағаштар ұшырасады. Әсіресе қарағайлар мен қайыңдар басым. Аралас және жапырақты орман 10-12 пайыз шамасында. Қайың, үйеңкі, тал, мойыл кездеседі. Жаз айларында шалғындардаың қош иісті шөптері құлпырады. Гүлдердің суреті сан-алуан-мысық табаны мен шегір гүлден, бақпақ пен сарғалдақтан, ботакөзден, альпі астрасынан құралған. Майқурай, тобылғы, сарыгүл бәрі де гүл ашады. Ағаштардың арасында қалың шөптер кездеседі. Олар-бидайық, арпабас, қоңырбас, күлгін түсті итқонақ, сары гүлді жоңышқа, сиырсілекей, қояншөптер. Мұндай жұпар иісті жабайы құлпынай көп.

Шілдеде орман қарақат, итмұрын, таңқурай, қой бүлдірген, бүлдірген, жидектермен груздь, арыш, қайыңбұлақ, бұташық, сарғыш саңырауқұлақтармен құлпырады.

Қайыңды ормандар, көктеректі, қайыңды ормандар кең таралған. Орман алқабының 85пайызын қайыңдар мен қарағайлар құрайды. Қарағай альпинист ағаш. ең қиын екінің бірі шыға алмайтын тақыр шыңдарда қарағайлар өседі. Осының ұрығын жел апара ма, құстар жеткізе ме белгісіз. Қалай болғанда да оның тұқымы гранит тастың арасындағы саңылауларға түсіп өсіп шығады. [1]

Қайың орманының түбі қалың шөп. Әсіресе, шағын жапырақты ойрауыттар көп. Шөп жамылғысы сәнді алуан түсті: тас бүлдірген, алты жапырақты қызғалдақ тал, майда бұршақ, орақ топай бар.

Бұл зонада орманды шағын аралдар түрінде көрінеді, олар «шоқ орманды дала » деп аталады. Осы шоқ орманды аққайың, көктеректер басқа да ағаштармен бұталар араласып өседі, «қайыңды орманды» деген сөз осыдан шыққан. Осындай қайыңды-теректі, шоқ ормандар онша сулы емес ойпаттар да өседі. Олардың арасында шөптесін өсімдіктер жалбыз, қымыздық және т.б. кездестіруге болады.Қарағайлы орманның кейпі тіпті бақша.

Жануарларымен сүтқоректілер: бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі, тұяқты жануар-бұлан, елік пен су жертесі, орқоянға өте ұқсас-ақ қоян, тоқалтіс тұқымдасына жататын кеміргіш-су тышқаны, тоған жарқанаты, құстардан ерекше келбетті құр, ителгі, көп тараған сұр тырна, нағыз орман жыртқышы қырғи, қарақұс, біздің фаунамыздағы ең үлкен кептер-дыр кептер, тропикалық тауыстың жалғыз өкілі мысық-торғай кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан: сазтасбақасы, секіргіш кесертке, қызыл бауыр шұбар бақа, бұрыштістілер туысының жалғыз өкілі Сібір бұрыштістісі, шөпбақа, сүйір тұмсық көлбақа таралған. Ал омыртқасыздардан қара шегірткеге жақын бұзаубас, сүзеген қоңыз, жауын құрты ұшырасады.

Құстардан-тартар, сұңқылдақ, аққу мекен етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. БУРАБАЙ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ ПАРКІНІҢ ЛАНДШАФТЫҚ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1 Рекреациялық орманды игеру жағдайы

 

Қарастырылып отырған территорияның негізгі ландшафты болып ормандар табылады.

 Өткен ғасырда олар зона территориясын түгелдей алып жатты. Құрылыс жұмыстары үшін жаппай шабу, өндірістік және ауылшаруашылық маңызда қолдану арқылы орман көлемі азайып кетті.

 Соғыстан кейінгі жылдары Шортанды қаласы, Бурабай ауылы, Қотыркөл және басқалары орманды қолдануын қоймай, тіпті бұл құбылыс кең етек алды. Осыған байланысты тоқ бағаналарын тарту, жолдар және басқа да жағдайлар, орманның өсуіне кері әсер етіп, төзімділігі мен қатар жалпы жағдайын нашарлатты.

 60-жылдардан бастап орманды рекреациялық мақсатта қолдану артты. Антропогендік әрекеттің бұл түрі, салыстырмалы түрде ормандық жағдайдың төмендеуіне әкелді. Бұл орман өсімдіктерінің санының азаюына, тіпті жоғалып кетуіне әкеліп соқты. Әсіресе ормандық ландшафттар рекреациялық әрекет әсерінен құлдырап кетті.

 Мұнда алғашқы санаторий 30 орынды. 1910 жылы ашылды. 1920жылы курорт Мемлекеттік меншікке өтті. 1971 жылдан бері Мемлекеттік маңызға ие болды. 1999 жылы 1 қаңтарда курорттық рекреациялық орындар саны отыз алтыға жеткен. Соның он жетісі – балаларды сауықтыру орталығы болса, он екісі – санаторий, үшеуі- пенсионат, екеуі- демалыс үйлері мен туристік базалар. Мұнда жылына 55 мың адам ем қабылдайды екен.

Қазіргі таңда жер мен ормандық курорт зонасын қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Орман шаруашылығының соңғы мәліметі бойынша, орман территориясын ғылыми негізде келесідей болған.Қалалық ормандар 1,7%, жасыл ормандық парк 0,8%, курорттық санитарлы қорғау маңы 67,8%, қорғалатын орман бөлігі 0,1%, темір жолға дейінгі аралықтағы аймақ 0,05%, көлік жолынан қашық орман белдеуі 3,4%, далалық жерлер 18,0% көрсетеді. Аумақтағы көшеттердің таралу сатылары төмендегі кестеде көрсетілген.

Жасыл зонадағы ормандық парктердің орман бөлігі күшті рекреациялық салмақ әсеріне бастан кешуде. Орман шаруашылығын жүргізуде табиғи көшеттерді толықтай сақтау, әрбір ағашты күту, жалғыз ағаштарды және топтық ағаштарды сапасын сақтай отырып орын ауыстыру. [21]

Санитарлы қорғау аймағына жергілікті елді мекеннен біршама қашық, емдеушілерге арналған орындар – санаторилер, демалыс үйлері, туристік базалар, балалардың сауықтыру орталықтары жатады. Осы территориялар үнемі маусымдық рекреациялық салмақ әсеріне ұшырайды.

Кіші Шабақты көлінің оңтүстік және солтүстік бөлігі орманның тыйым салынған белдеуінде жатқандықтан, мұнда көлдегі балықтардың түрлері де қорғалған.

Кесте 2

Бурабай массивіндегі ормандадың жалпы таралу аумағы га

Орманды  қорғау категориялары

Ормандық

Ормандық емес

барлығы

Соның ішінде ормандық жамылғылары

1

2

3

4

5

Ғылыми негіздегі ормандар

5442,3

192,1

5634,4

5211,9

 

Қалалық ормандар

1174,6

22,4

1197,0

966,4

Ормандық парк зонасындағы орман бөлігі

510,0

90,6

600,6

471,9

Ормандар курорт маңындағы

3810,0

725,0

4535,0

3611,0

Санитарлы қорғау ормандары

31710,0

11424,0

43134,0

25873,0

 

Тыйым салынған орман бөліктері

21,0

79,0

100,0

21,0

Көлік жолдарына тиым салынған ормандар

1963,0

411,0

2374,0

1722,0

Далалық жерлер

11735,0

894,0

12629,0

11129,0

Ұзақ мерзімге қолдануға берілген ормандар

58,2

26,8

85,0

55,2

Қорытынды

56458,1

13864,9

70323,0

49094,4

 

Далалық шоқ ормандар курорт зонасының оңтүстік және шығыс бөлігінде орналасқан. Олар табиғи – сауықтырушы ормандық кешен «Бурабай»-да шоқ ормандардың солтүстік шығыс бөлігі үй хайуанаттары әсерінен бұзылу ұшыраған.

Бұл жердегі орман бөлігі 49094,4 га (69,8%)

Негізгі рекреациялық салмақ орманның 30%-дық жер аумағын алып жатыр. Оған стацианарлық рекреациялық н.ысан мен елді мекендер де кіреді.

Орман құраушы түрлер құрамы әркелкілігі мен ерекшелігін бейнелейді. Қылқанды қарағайлар, Мәдени сібір шыршасы, сібір қылқан жапырақты ағашы таралған. Жапырақтылар тобынан кең түрде қайың, емен және бұталар кездеседі.

Толықтай жетілген және жетілмеген көшеттер 62,2%-ды құраса, соның орта жастағылары 27,2%, ал жастары 10,6%.

 Курорт зонасының ауқымды орман жамылғысы алып жатқан қарағайлы көшеттер 64,8%, қайыңдар 31,8%, көк теректер 2,8 %, қалғандары 0,6%-ды құрайды.

 Рекреациялық ормандар көрсеткіші болып көшеттердің тығыздығы және орман ландшафттарының элементтерінің түрлілігі мен ерекшеліктері. Біз қарастырып отырған көшеттер әртүрлі жаста. Қарағайлы ормандар өте құрғақ, жас және ылғалды болып топтастырылады.

Өте құрғақ тасты, жартасты қарағайлар, қылқанды ормандардың 7%-н құрап, жалаңаш тасты, дөңесті, шыңдар мен беткей бөліктерінде жекелеген жүйектерде қалыптасады.

Кесте 3

Құрастырылып отырған аймақтағы ормандардың топ бойынша

таралуы

Орман тобының түрі

Аумағы      га

%

1.Қылқанды орман

31789,0

64,8

а)Қарағайлы көшеттер

31789,0

64,8

— өте құрғақ,

 

2307,7

4,7

— құрғақ

12329,0

25,1

-жас және ылғалды

16424,3

33,5

2.Жапырақты орман

16993,4

34,6

а) Қайыңды көшеттер

15626,3

31,8

— уақытша

6182,5

12,6

— жас және ылғалды

8054,2

16,4

— сулы

815,2

1,7

— ылғал

574,4

1,1

Б)Көктеректі көшеттер

1367,1

2,8

— уақытша

357,1

0,8

— ылғалды

992,4

2,0

— сулы

17,6

— —

3.Басқалары

279,4

0,6

Қорытынды:

490618

0,6

Топырақ жамылғысы аккумульятивті және ұсақ қималы сұрғылт жер асты топырағымен сәйкестенеді. Бұл түрде таза қарағайлы көшеттер қалыптасып Бонитет класының Vа-VБ құрайды.

 Төменгі ярус өсімдіктері қыналар мен сұрғылт бөдене шөп, қазтабан және бұталардан қызыл мия, ірі жапырақты көбенқұйрық, қоянқұлақ, бадана жұпар шөппен сипатталады. Барлық айтылған өсімдіктер сирек кездеседі және кішігірім топтар мен көшеттер үлкен эстетикалық жоғарғы топырақ қорғаушы маңызға ие. Рекреациялық мақсатта аз қолданылады.

 Табиғи өрттерден сақтау қауыпсіздігі шкаласы үшін Қазақстан ормандары өте құрғақ қарағайлы болғандықтан бірінші класты өрт қауыпсіздігіне жатады. Құрғақ тасты қыналы қарағайлар қылқанды орманның 39%-ін құрайды. Олар шыңдар мен дөңесті беткейлерде элювиальді – дэлювиальді қалдықтармен жамылған.

 Бұл түрге ылғалдың жетіспеушілігі сәйкестенеді. Торпырақтар ұсақ, орташа қыналы, жеңіл саздақты, сұрғылт ормандық және элювиальді граниттермен байланысқан. Құрғақ тасты қыналы таза қарағайлы көшеттер қалыптасуда олар шығу тегі бойынша 4-ші кейде 5-ші класты бонитетке жатады.

 Қисықтау келген көшеттерге ксерофиттердің кейбір түрлері : жебір бөдене шөп, көзқараған өседі.

 Құрғақ тасты қыналы қарағайлардың ірі массиві негізінен бұл аймақтың батыс бөлігінен Шортанды және Бураба өзендерінің жағалау бөліктерінде кездеседі.

 Көшеттер жоғарғы эстетикалық және санитарлы – гигиеналық құрылымы арқылы рекреациалық мақсатта кең түрде қолданылады. Сонымен бірге тапталуға қарсы төзімділігі төмен болғандықтан демалу аймақтарында көлемдерін қолдануды шектеу керек.

 Жас және ылғалды қарағайлар қылқанды орманның 52 % — ін құрайды, осы топқа ормандық топ түрлерінің келесі көшеттері жатады: жас шөптесін көде, жас тасты көде, жас шөптесін итбүлдірген және ылғалды шөптесін емен шөп, еркекшөп кездеседі. Жасқарағайлардың көшеттері әлсіз дамыған таудың төменгі беткей бөліктерінде ұсақ шоқылы жүйектерде, жондарда орналасқан. Ылғалдану атмосфералық жауын-шашындар есебінен жүреді. Топырақтары ормандық сұр, терең қимасы әлсіз сорланған.

 Бұл жағдайларда таза және аралас қарағайлы қайыңды көшеттер II-III класты бонитеттер қалыптастырады. Топырақ қабатында кешенді түрде мүктер мен қыналардың таралуы айтарлықтай ашық алаң қай жерде болса, тасты бұталы өсімдіктер, беткейлерде таралып орман етектерінде жекелей және топтасқан әр түрдегі бұталар итмұрын, қара қарақат, шырғанақ өседі.

 Жас қарағайлар осы аймақтың орталық бөлігіне көз тартарлықтай түр беріп сондай-ақ солтүстік шығыс бөлігіндегі Қотыр көл мен Шортандымен үйлеседі. Бұл орманның жоғарғы эстетикалық және санитарлық гигиеналық көрсеткіштері демалыс түрлерін ұйымдастыруда таптырмайтын аймақ.Міне тура осы жерде рекреациялық нысананың жоғарғы кок сектрациясы белгіленуде. Табиғи өрт қауіпсіздігінің бағанасы бойынша жас қарағайлар жоғарғы өрт қауіпсіздігі бойынша жанғыш материалдары орташадан сәл жоғары қорда. Барлық өрт қауіпсіздігі мүмкін маусымдарда болады. Ылғалды қарағайлар қазіргі көлдік қазан шұңқырлардың жақсы дамыған терассаларында және уақытша ағын сулардың арналарынан қашықтықта дамыған. Ылғалдану айтарлықтай бөлігін қамтыған, кейде аккумуляция атмосфералық жауын-шашындар есебінен жүреді. Топырағы орманның сұр эллювиальды және аллювиальды қалдықтар мен көмкерілген.

 Мұнда таза және аралас қайыңдар көшеттері екінші және үшінші класты бонитеттер кездеседі. Топырақ қабатында қара қарақат, кәдімгі шырғанағы таралған, қарағайлардың табиғи дамуында ылғал жеткілікті, көшеттерде су жинау ылғал реттеуші маңызға ие, ылғалды қарағайлар солтүстік шығыс және шығыс бөлікте жиі кездеседі. Олар төменгі эстетикалық санитарлық гигиеналық құрылымының төмендігі мен тірі топырақ жамылғысының әлсіз дамуы мен топырақ ылғалдығының жоғарғылығы мен сипатталады. [21]

Көшеттерге айтарлықтай салмақ науқанды жылдары, саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді жинау уақыттарында әсіресе рекреациялық сауықтыру орталықтарына жақын жерлерде байқалады. Өрттер бұл жерде жаз мезгілінде жиі болып орташа өртке қауіпті жанғыш материалдар мен белгілі сулы қарағайлар. Ежелгі терассалық арналарда көлдер маңында дамыған. Топырағы сазды, батпақты, торфты. Кей жерлерде қарағайлар қайыңдар мен араласа келіп 3 және – ші класты бонитеттерді қалыптастырады. Тірі топырақ жамылғыларында.

 

 

2.2 Рекреацияның орман кешенінің биогеоценозына әсері

 

 Адамның түрлі шаруашылық әрекеттері табиғатқа үнемі әсер етіп, оны өзгертеді. В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша, адамның іс-әрекеті қуатты геологиялық күшке айналып отыр. Адам табиғатты өз мақсатына сай жасампаздықпен көркейте де алады. Адамның осындай іс-әрекетінің нәтижесінде ерекше биогеоценоздар қалыптасады. Биогеоценоздарды жасау кезінде оның құрамдас бөліктерінің топыраққа тигізетін әсері де алдын-ала ескерілуі қажет. Бұл кезде топырақты желмен судың бүлдіруінен (эрозия) қорғау, топырақ жамылғысының табиғи құрылымы мен біртұтастығын сақтау жағдайларын жан-жақты ескерудің ерекше маңызы бар.

 Биогеоценоздарда бір түрге жататын өсімдіктердің үлкен аймақтарда өсуі, онымен қоректенетін бунақденелілердің жасанды биогеоценоздарда тез көбейіп кетуіне және олардың сол дақылдардың өсуіне зиян келтіруіне мүмкіндік туғызады. Табиғи биогеоценозда Күн негізгі энергия көзі болып табылады.

 Табиғаттағы әрбір биогеоценоздардың өзін- өзі реттей отырып тұрақты күйге көшуі сыртқы орта жағдайларының түрлі әсерлеріне байланысты өзгермелі болып келеді. Сондықтан да биогеоценоздардың тұрақтылық тек салыстырмалы түрде ғана боладды. Биогеоценоздық түрлердің арақатынасына адамның іс-әрекеті де зор әсер етеді.

 Қарағайлы орманды қоректену тізбегі де күрделі болып келеді. Орманда өсімдіктер сатылы болып өседі. Биогеоценоздардың барлық қоректену тізбегіне қежетті органикалық заттарды сол ормандағы жасыл өсімдіктер синтездейді. Биогеоценоздарда тіршілік өте күрделі.

Топырақ беті жамылғысына рекреацияның әсері кең түрде әдебиеттерде көрініс тапқан. Бірақ та тәжірбие жүзінде өсімдіктердің тұрақтылығы, зерттеліп отырған аймақтағы мөлшерлі және сапалы өзгерістері, отырғызылатын көшеттер жағдайын бағалау үшін, бекітілген мөлшерден аспауы, бұзылған фотоценоздарды қайта қалпына келтіру іске асырылған.

Зерттеу нәтижесі бойыншы бақыланған 11-26дейінгі аймақта 59 астам өсімдік түрі, яғни 24 түршеге бөлінген. Соның ішінде көшеттердің 46 түрінің 15 түрі құрғақ қарағайлар. Кең түрде: бұршақты, дәнді астық тұқымдастар таралған.

Рекреация нәтижесінде топырақ беті жамылғысы 5,5%-дан 0,5%-ға, яғни 15 есеге артқан. Жас қарағайлы шөптесін орманда топырақ беті жамылғысы 5,5 және 5,3 есеге төмендеген. Күрт төмендеу көрсеткіші шөптесін, итбүлдірген өсімдіктері мол қарағайлы орманда ауытқу деңгейі 58,3% жеткен. Сонымен қатар фитомасса айқын байқалады. Рекреацияның дамуы мен қатар топырақ беті жамылғысы 2,5 еседен 7,5 есеге дейін өскен. Осындай тенденция жас қарағайлы жән еқайыңды ормандарға тән.

Аталған түрлер бойынша фитомассаның тоғыз тұрі бақыланған. Олар: бүлдірген, шыңжапырақ, клевер, шүйгіншөп және тағы басқалары.

Бақыланған өсімдіктердің 30 түрінің 13-і бұзылған жер телімдеріне тән фитомасса, 8 түрі ІІ сатылы ауытқуға ұшыраған, ал клевер, жгунь, қарақат-ІІІ сатылы ауытқуға енеді. [7]

Рекреация әсерінен қайың көшеттеріндегі фитомасса IV сатылы ауытқуға ұшырап бақылаулардан 14 есе артқан. ІІІ және IV сатылы ауытқуларға жол жапырақ, қияқшөп ұшыраған. Бұл жерде тығыз топырақ байқалады.

Топырақ беті жамылғысының өзгеруі рекреацияның тікелей әсерінен іске асуда.

Осыған байланысты рекреациялық ауытқудың сатысы, топырақ жамылғысының фитомссасы жер асты суымен байланысын көрсетеді. Зерттеулер көрсеткендей рекреация салмағынан кейбір өсімдік жойылып кетеді, кейбіреулері салмаққа төзімбілік көрсетеді.

Олар әрқайсысы көптеген түрлерге бөлінеді. Арамшөптік түрлер: біржылдық қоңырдас, бақбақ,жол жапырақ рекреацияның ІІІ сатысындағы жер телімдеріне жатады. Жас тасты қыналы қарағайларда қияқ пен көдеден басқалары VІ ауытқулардан тұрады. Құлпынай, кекірегүл түрлері рекреация салмағын көтере алмай жоғалып кету қаупі төніп тұр. ІІ және ІІІ сатылы ауытқуларға ұшыыраған жер телімдерінде кәдімгі бақбақ, қазтастақ өседі.

Кең түрде рекреация салмағына тұрақты әртүрлі шөптесін және жидек дақылдары. Арамшөптік және шалғынды түрлерге: кәдімгі мыңжапырақ, кәдімгі бақбақ, клевер, қазтамақ, құлпынай VІ сатылы ауытқуларға ұшыраған жер телімдермен жойылып кетеді.

Рекреация салмағынан жалпы санымен қатар, түрлерді де жойып жідереді. Сондай-ақ топырақта ауа мен судың мөлшерлері қалыпты жағдайда болып микроағзалардың тіршілігінің көбейуіне қолайлы орта туындағанда өсімдіктер қалдықтары айратциялық жағдайдың туындауына байланысты. Рекреациялық қолдану да маусымдық сипатқа ие. Жекелеген көшеттерді жергілікті халықпен бірге демалушылар жеміс жидектер мен саңырауқұрақ терушілердің әсеріне ұшырайды. Сонымен рекреациялық салмақ фитоценоздарға 2-3 есе жоғары салмақ түсіретіндіктен қарапайым белсенді демалыста орман шаруашылығының қызметкерлері осыған назар аударуы қажет.

Жетілмеген қайыңдар орманның 5%-ын және аккумулятивті тауалды жазықтары алып жатыр. Өсімдіктердің төменгі ярусында шалғынды саздақ түрлі шөптесін өсімдіктер жатады.

Жетілмеген қайыңдар түрлі шөптесін қайыңдық көшеттермен селбесіп өседі. Олардың негізгі орталықтары шығыстағы Қотыркөл көлі, көлдің жағалауы және зеттелген аймақтың көлдері ашық таулы, Сарыбұлақ және Қарабұлақ өзендері аралығында. Жас жетілген қайыңдар Эстетикслық және санитарлы гигиеналық көрсеттіштері жоғары болғандықтан экотоптары нашар болып келеді. Бұл көшеттерді рекреация үшін қолдануға шек қойылған.

Қайыңды олрман аумағының 4%-дан астамы ылғалы мол қайыңдар құрайды.

Топырағы шымтезекті, саздақты және шалғынды саздақты, кварцитті болып келеді.

Бониттеттік құрамы 4-5-ті құрайды. Рекреациялық аймақтарда мүлдем қолданылмайды. Зерттелген аумақтың 2,8%-н көктеректер алып жатыр. Олар негізінен солтүстік шығыс және солтүстік бптыс бөліктері Бурабай массивінде таралған. Тамырлары ылғалды көктектер, көктеректік ормандар 72%-өзен терресалары мен беткейдің төменгі жондарында орналасқан. Топырағы шалғынды қара топырақ. Таза көктеректер 3-ші класты бонитетте қалыптасады. Топырақ ылғалдануымен су өткізгіштігі жеткілікті. Топырақ бетінде шалғынды шөптесін өсімдіктер қарағай, шие, итмұрын, шырғанақ таралған. Рекреациялық салмақ бұл жерде саңырауқұлақ теру кезінде кең сипатқа ие болады.

Көктеректі орманның 26%-н уақытша көктеректер құрап, шығыс беткейлік жондарда кең етек алып жатыр. Мұнда күңгірт сор топырақ таралған. Орманның басқа түрдегі топтары рекреациялық мақсатта қолданылмайды. Жас қайыңдар және көктеректердің шабылуымен өрт қауіпсіздік сатысы 3-ші клас болса, қайыңдар мен көктеректер 4-ші класқа, қалған түрлері 5-ші класқа жатады. Бұл жерлердегі өрттердің тұтану себебінің бірі ұзаққа созылған құрғақшылық.

Бұл рекреациялық аймақтың ормандық беогеоценозына демалудың тигізетін әсері анкета жүргізу арқылы анықталған. Бұл әлеуметтік сұраныс нәтижесі көрсеткендей орман түрінің құрамына байланысты демалушылар аралас көшеттерді аралағанды қалайтындар 46%, ал қайыңды орманда демалғысы келгендер 14%-ды құраған.

Жастық көлеміне келсек демалушылар көбінесе орта жастағы ағаштарда, яғни 66% жөн көрсе, жас жетілмеген ағаштарды 28%-ы, өте жастарында 60%-ды көрсеткен.

Ал енді орманның ағашы көп бөлігінде демалғысы келетінде 76 пайызға жеткен. Ал орманның сирек бөлігінде демалушылар 12%-ды құраған.

Демалушылардың жақсы көтетін мекеніне өзен жағалаулары тұрса ол көрсеткіш бойынша 69%-ға жеткен. Тыныш жағажайлы мекенді қалайтындар 28% болса, ал табиғи ескерткіштер маңында демалатындар тек қана 3%.

Демалыс түрлеріне байланысты демалушылар көбінесе көлдердің жағалауларында шомылып, балық аулауды қалайтындар 59%-ға жеткен.

Ал жаяу жүргенді қалайтындар 21%, ал жай ғана достарымен табиғатта болуды қалайтындар 13%, ал мұнда спортпен айналысатындар 2%, міне сонымен бірге саңырауқұлақтармен, жеміс-жидектер теру үшін келетіндер 80%, Дәрілік өсімдіктермен гүлдер теріп серуендейтіндер 20%. Жыл мезгіліне қарамастан демалушылар ортманда 69%, демалуды жыл мезгілдері бойынша тоқталсақ күзде 18%, қыста 6%, көктемде 7%, демалыс күндері демалатындар 27%, мейрамдарда 6%-ды көрсеткен. Рекреациялық аймақта демалушылардың сағатын пайызға шаққанда көсеткені келесідей: 4және 6 сағат аралығында 38%, 1-3сағат аралығында 35%, ал 10сағаттан артық серуендегендер 16%.

Демалушылардың ойларында жүрген өкініштеріне назар аударсақ рекреациялық орманда шатырлық қалаларды көргісі келетіндер 36%, көлік тұрақтарын болғанын қалайтындар 24%, кенетен жаңбыр жауып кеткен жағдайда қорғанатын орындарды қалайтындар 21%, жолдардың салынғанын көргісі келетіндер 19%. Сонымен қатар орындықтардың көп болуын-34%, ас әзірлейтін арнайы жерлердің болуын талап ететінде 31%, жасанды көшеттер мен орманды көмкеру қажет дейтіндер демалушылардың 12%-н көрсеткен.

Соңғы уақыттарда орманды рекреациялық қолдануы жоғарылап, бұл әсіресе сауықтыру орталықтарының ашылуымен дайланысты. Жалпы орманның 30%-на рекреациялық салмақтар ауырлық түсіруде. Құрғақ қарағайлар берілген аудандарда жоғарғы эстетикалық, санитарлық гигиеналық құрылыммен рекреациялық мақсатта кең қолданылады. [23]

Бұл көрсеткіштер демалысты ұйымдастырула өте қолайлы қайыңдық көшеттердің ішінде демалуға жас түрлері таптырмайды.

Кең түрде таулы және өртке қауіпті орман түріне құрғақ қарағайлар үлкен жанғыш материялдармен байланысты. Алдыңғы қатарда болса, өте құрғақ және жасатры кейінгі орында.

Анықталғандар көптеген демалушылар аралас орта жастағы көшеттерді орташа тығыздықтағыларында серуендегенді ұнатады. Бос уақыттарының көбін көл жағалауында шомылып, балық аулаумен өткізеді. Демалушылардың көп бөлігі жазда демалып, демалыстарын орман бөлігінде өтізуді қалайды екен.

Рекреациялық ормандардың табиғи қайтадан қалпына келуі негізгі фаторлармен анықталып, қалпына келу үрдісі орман бөліктерінде жүргізіледі. Бұл өзіндік қайтадан қалыптасу мүмкіндігін жоғалтып үлкен тәжрбиелік маңызға ие кешенді шараларды қажет ететін, төзімділігін арттыру әрекеттерін жан-жақты қарастыратын көшеттерді атауға болады. Мөлшері және қалыптасқан мерзімі де көшеттердің үлкен санитарлық гигиеналық құрамына әсерін тигізеді.

Рекреациялық салмақтың өзі көшеттердің құлымына толықтай әсер етеді. Әлсіз болса да зақымданған жер бөліктері маусым айының басында байқалады. Тәжрбиелік аймақтар үшін рекреациялық салмақ мөлшері жаз соңына таман айтарлықтай төмендейді. Топырақтың тығыздануы орманның топырақ жамылғысына тікелей әсер етеді.

Құрғақ тасты-қыналы қарағайлардың санының өсу тенденциясы рекреациялық салмақтың күшеюіне ІІІ сатылы дигрессияға бақыланған жер бөліктерімен салыстырғанда 2-3 есеге артқан. Антропогендік әсерден басқа құрғақ қарағайлы көшеттердің санының өсуіне жер бөліктерінің күшті зақымдануы кері әсер береді. Ол топырақтың мехеникалық өзеруінен көрінеді.

Зеттеулер көрсетткендей құрғақ қарағайлық көшеттер мөлшері де бұзылу мөлшері секілді өсуде.

Орман шаруашылығын жобалап ұйымдастыруда рекреациялық салмақ мөлшерін ормандық аумақтың экологиялық бірлігіне, шаруашылықты дұрыс жүргізуіне, демалушыларды күту қызметтеріне, туристік топтардың санын осы аймаққа бөлу арқылы анықтап, болжам жасау қажет.

Жасыл-желектерді рекреациялық бұзылулардан сақтау үшін төзімділігін үнемі бақылау арқылы іске асырасыз. Рекреациялық орманды өрттен сақтау мақсатында демалушылар арасында жаппай үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, парктің өрт қауіпсіздігі шараларына дайындығын бақылап отыру керек.

Көркем табиғи ландшафтарды сақтап қалу үшін сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды, сондай-ақ парктің басқаға қонақжай орындарын туризмге, демалысқа жарату мақсатында осы Бурабай табиғат паркі құрылған.

Топырақ құрамының өзгеруі Бурабай курорттық зонасының қарағайлы және қайыңды ормандары рекреацияның әсерінен топырақтың физикалық, химиялық, су балансын да өзгерістер болуда.

Зерттеліп отырған ауданда көлемді масса, су өткізгіштік, ылғалдылық, дымқыл қоры, сонымен бірге ортақ гумус, азоттың қозғалмалы формасы, фосфор байқалған. Аталғандардың барлығы орманның сұр саздақ топырағын зерттеу арқылы анықталған.

Рекреацияның салмақ әсерінен топырақтың көлемді массасында өзгерістер туады. Орманның сұр саздақ топырағының көлемді массасы антропогендік фактор әсерінен жоғарғы қабатының аккумулятивтік бетінде күрт өзгерістерге ұшыраған.

Топырақтың 5-10 см қабатындағы тығыз бөлігінде II және IV сатылы ауытқулар байқалуда. Орманның сұр саздақты топырағында топырақ құрамының өзгеруі 30 см дейінгі аралықты қамтуда. Орман теліміндегі топырақтың II және IV сатылы ауытқуларға ұшырауы 20-30 см- дейінгілері 5% құрайды.

Кейбір зерттеулер көрсеткендей рекреациялық салмақ әсерінен топырақ қабатының 10-15 см бөлігінде және басқа да тереңдіктерінде яғни 30-50 см бұл құбылыс байқалады. [25]

Топырақтың салыстырмалы массасы оның минералды құрамына гумус мөлшері мен органикалық заттарға тәуелді. Зерттеулер көрсеткендей – бақыланған жер телімі 20 см дейінгі аралықтан төмен.

 Рекреация салмағының артуы топырақтың 0-5 см тереңдіктегі бақылаудағы теліммен салыстырғанда құрғақ қарағайлар II сатылы ауытқулардың орташа 22% көрсетеді. Топырақтың маңыздысы болып физикалық құрамы саналады. Ылғалдылығы, су өткізгіштігі, аграция мен көтеріңкі сулары осы физикалық құрамға тәуелді. Ол көлемімен механикалық құрамына, агрегаттық күйіне, құрылымына және қарашіріндісімен топырақтың бөліктік формаларымен анықталады. Біздің зерттеулерде орманның сұр топырағы қарағайлы шөптесін өсімдіктер әсерінен, топырақтың қатты фазасы 20 см тереңдікке дейін өзгереді.Орманның сұр топырағында беткі бөлігі 1,25 г/см3 яғни 31% көрсеткен.

 А.М.Грин зерттеуі бойынша Ортақ аңыздардың өзара қатынасымен көлемі жағынан біздің мәліметіміз сәйкестенеді. Ортақ аңыздардың (у) оның тығыздық көрсеткіші (х) теңестірулермен көрсетіледі. [26] Орманның сұр саздақ топырағы (19%-дан 40 % дейінгі ылғалдыоықта)

У=94,33-36,80хХ,

 Қоңыр саздақ орман топырағы (10%-дан 55% дейінгі ылғалдылық)

У=93,71-34,98ХХ

Жер телімдеріндегі 10 см төмен тереңдіктегі III-IV сатылы дигрессия «қанағаттандырғысыз» көрсеткішімен бағаланады /5/.

 Топырақ тығыздығының жоғарылауы және суды сіңіру деңгейінің төмендеуі, оның беткі эрозияға ұшырауына әкеліп соғады. Алғашқы рет бақыланған жер теліміндегі 10 минут ішінде орманның сұр топырағына 4,7 мм су сіңірілген. Орманның сұр топырағында суды сіңіруі 4 есеге қысқарған.

 Тығыздығы мен су сіңіру жылдамдығы тура сызықпен байланысады: Орманның сұр саздақ топырағы (0-5 см) Ч- 0,95+0,22 және орманның қоңыр саздақ топырағында (0-5)ч=0,99+ 0,10 бұлар келесідей теңеседі:

— Орманның сұрғылт саздақ топырағы үшін: У= 183,62-113,99

                                                                                     х

— Орманның қоңыр саздақ топырағы үшін: У=332,57-280,23хХ,

Мұнда Х – көлемдік масса г/см3

У – су өткізгіштік мм / сағ.

 Топырақтың тығыздануына байланысты, топырақтың беткі қабаты төмендейді. Орманның қоңыр саздақ топырағында беткі қабатында 10 см дейін 0,1 г/см3-нан орташа 10% төмендей байқалады. Теңестірілу байланысы келесідей түрде: Мұнда Х – топырақтың көлемдік масса (тығыздық) г/см3

 У – Жер қыртысындағы тірі топырақ жамылғысы %.

Орманға топырақтың тығыздануы өсімдік жамылғысына ғана емес, ағаштарға да кері әсер етеді.Осы сұрақты шешу барысындағы зерттеулерде климаттық жағдайларда топырақ тәжірибелік маңызбен анықталады.

 Топырақта ылғалдың жетіспеуі, қалыпты дамумен тамыр жүйесіне және өміршеңдік пен орман фитоценозына кері әсер береді. Орманның сұрғылт саздақ топырағындағы бақыланған ылғалдылық салыстырмалы түрде II сатылы дигрессияны құрайды. Бірақ-та III және IV сатылы ауытқуларда 5 см дейінгі 5% деңгейде төмендеу байқалады. Тереңірек қабаттағы топырақ ылғалы оның физикалық-механикалық құрамына негізделеді. Топырақ ылғалының қоры 5 см дейінгі тереңдікте бақыланған нәтиже бойынша 60% астамы орманның сұр топырағында байқалады. Жалпы ортақ пиғам мөлшері 30 см тереңдікте орманның сұр топырағында 6% аз. Ал IV сатылы орманның сұр топырағында 26% дейін жеткен.

 Топырақ элементтерінің қоректенуін қамту рекреациялық әрекет әсерінен болады. Ойын алаңындағы жалпы қарашірінді қабаты 0-5 см 13-рет төмен, бақылауға қарағанда 5-10 см қабатта 2 есеге төмен.Қарағайлы орманда ортақ қарашірінді жоғарғы қабаты 15 см дейінгі горизантта төмендеу, IV сатылы ауытқуларда қарашіріндінің жоғарғы қабаты 15 см төмендеп, 3 есеге немесе 70%төмендеген. Қарашірітінді қабатының төмендеуі, орманның сұр саздақ топырағының 20 см тереңдікке тән.Жоғарғы қабаттағы IV сатылы ауытқуда қарашірінді мөлшері 39% төмендеген.

 Орман қоры төсеніші мен масса қуаттылық рекреациялық қолданыс әсерінен орман бөлігінде: құрғақ қарағай 52, 5%- 79,2% (t-5,0- 13,7) немесе орташа 73%, жас қарағайларда 44%-60% (t=3,2-3,8) орташа 50% және қайыңдарда 70%-ке жеткен.

 Құрғақ қарағайларда масса мен орман төсеніш қоры 5-6 есеге күрт төмендеген.Міне осындай жағдайда зерттеулер көз жеткізгендей орман телімін ұзақ уақыт рекреация мақсатында қолдану, топырақтың тығыздануы 30 см тереңдікке дейін, көлем массасының ұлғаюы, су өткізгіштік көрсеткішінің төмендеуі жер беті жамылғысын эрозияға ұшыратады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 4

Топырақ жамылғысының рекреация әсерінен өзгеруі

 

Бұзылу сатысы

Құрғақ тасты қыналы қарағайлар

Жас қарағайлар

Өте жас қарағайлар

Ылғалы мол қайыңдар

жамылғыны жобалау,

%

өнімділігі, %

жамылғы жобасы,%

өнімділігі

1кв.м. шаққанда

өнімділігі,

%

өімділікті 1кв.м. шаққанда

жамылғы

жобаласы,

%

өнімділікті 1 кв.м. шаққанда

І

 

6-3

500-250

65-55

750-600

60-45

800-750

90-70

1700-1100

ІІ

 

3-1

250-80

55-50

600-500

45-25

750-650

70-50

1100-600

ІІІ

 

1-0,5

80-10

50-15

500-50

25-5

650-20

50-20

600-200

ІV

 

< 0,5

< 10

< 15

< 50

< 5

< 20

< 20

< 200

 

Рекреация механикалық және химиялық құрамға әсер етеді. Бұған топырақтағы омыртқасыздар, мезофауна, ақуыздарды пайдаланып, оны қайтадан өңдейді. Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдерді пайдаланады. Биологиялық белсенділігі төмен топырақтарда құрғақ шіру жүреді. Қарашіріндінің жиналуы немесе қорлануы аз жүріп, оның ыдырауы басым болғандықтан оның мөлшері төмен болып түстері ашық- бозғылт болады. Өсірілетін өсімдіктердің түрлері мен жиілігінен биомасса өзгеріп отырады.

 Рекреациялық салмақтан шалғынды фитомассалар түрлері II-III сатыдағы ауытқуларға ұшырап, қатты рекреацияны көтере алмайтындықтан күрт төмендеп кетеді. Осындай тенденция арамшөптерге де тәнсипатқа ие.

 Жоғарыда атап кеткендей рекреациялық салмақтан өсімдіктердің бір түрі жойылып кетсе, екіншілері II, III, VI сатылы ауытқуға ұшыраған.

 Тұрақтылығы мен тығыздығы бойынша топырақ беті жамылғысын төрт топқа бөлеміз: тұрақсыз, қатысты тұрақты, тұрақты және арам шөпті.

 Тұрақсыз түрге: орман құлпынайы, бақбақ, түйнек бадана, түйнек, тікенек, суасыр, шайыр өсімдіктері рекреацияның II және III сатылы ауытқуына тұрақсыз.

 Қатысты тұрақты түрге: қазтабан, аққурай, беде, бидайық, бөрібұршақ, ешкі мия, жұпаршөп, итжидек, көбенқұйрық, өсімдіктері III сатылы IV ауытқуларға шыдамай жойылып кетеді.

 Тұрақты түрге: жасыл құлпынай, шалғынды беде, қасқыр жидек, қияқшөп, қойбүлдірген, қырыққұлақ, өгейшөп, өсімдіктері рекреация салмағының IV сатылы ауытқуларына төзеді. Зерттелген түрлердің таралуы экологиялық топқа бөлініп, ормандық түр ғана емес, басқа да топтар тұрақсыз және қатысты тұрақсыз болыр келеді. Орманды – шалғындық өсімдіктер жер беті жамылғысынан III және IV сатылы ауытқуларға ұшырағанда жойылып кетеді. Фитомассалар мен топырақ беті жамылғысының рекреациялық ауытқуға ұшырауы келесі сатыларға бөлінеді:

Бірінші сатыға орман бөлігі яғни 120-240 адам 1 га маусым бойынша келуі және жалпы алаң көлемі 15% құрайды. [27]

ІІІ. ТАБИҒИ ЛАНДШАФТАРЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

БАҒА БЕРУ

 

3.1 Рекреацияның орман өртінің тууына әсері

 

Көкшетаудың көпке әйгілі табиғаты, қалың орман, заңғар тау, мөлдір бұлағы-туған жерін ардақтаған перзенттің мақтанышы. Сұлу орман адам жанын рухани байытып қана қоймайды, адам өміріне қажетті оттегін сыйға тартады. Орманның ауасында адам денсаулығына қажетті йондар болады. Соның арқасында адам салқынға көп берілмейді. Қан құрамы жақсарады, еңбек өнімділігі артады. Орманның далада қар ұстау үшін де маңызды зор. Орманның көмегімен жел және су эрозиясының орын алуына жол бермейді, осының арқасында топырақтың тұзданып кетуіне тойтарыс береді. Ормандарда қар еру процесі ақырын және біркелкі жүретіндіктен, қар суы мен тасқынның болуына мүмкіндік жоқ. Еріген су жерге ақырын суып үлгереді. Оның құнарлылығын көтереді. Осыдан көріп отырғанымыздай, орман адам өмірінде, экономикада сан қилы рөл атқарады.

Орманның қауіпті жауының бірі-өрт. Ол бағалы ағаштарды құртып қана қоймай, көрші ормандарға да зиян келтіретін зиянды ошаққа айналады. Көкшетау жерінің 78,711 га, яғни жалпы аумақтың 2,3 пайызын орманды алқап алып жатыр. Орман мемлекеттің негізгі меншігі болып табылады. Адамның табиғатқа үздіксіз шапқыншылық жасауы айтарлықтай зиян келтіретін орман өрттерімен ұштасады.

Бұл өңірде 428 өрт тіркелген. Орман өрттері курорт зонасында әр түрлі себеп салдарынан туындауда. Оған: антрофогендік факторлар мен табиғи факторлар жатады. Антропогендік факторлар, яғни демалушылар өрт қауіпсіздігін сақтамауы, жергілікті тұрғындар, жеміс-жидек жинаушылар, саңырауқұлақтар мен отын терушілердің отты дұрыс өшірмеуі барлық өрттің 98% құраған. Ал табиғи факторларларға найзағайдың түсуі себебіне 2% жатады.

Бақыланған уақыт аралығында (1998-2003ж.ж) өрттің жалпы саны 723 құраса, соның 136-ң себебі анықталмаған. Өрт қауіпсіздігін сақтамаудан тұтанған өрттің саны 578, яғни 79,9%. Табиғи себеп бойынша 9 өрт тіркелген. Орман өрттерінің соңғы кеде жиілеп кетуі, орман жұмыскерлері мен басшыларының мемлекеттік ұйымдармен қарым-қатынасының бір қалыпты еместігінің де айғағы. Көрсетіліп отырған құбылыс демалушылар арасында өрт қауіпсіздігі мен сақтық шараларын жүргізу қажеттілігін көрсетеді.

Бұл аймақта тіркелген өрт; сол жылдың жазының жауын шашынсыз, құрғақ болған кезінде көп болғанын көреміз. Бұл 1991, 1994, 1995, 1997, 1998, 2001 жылдары орман өрттері көптеп көрініс берген. Курорт зонасында өрт 10 сәурден – 27 қазан аралығын қамтиды екен. Жыл өткен сайын өрт шалғын жер телімдерінің көлемі артуда. Бұл келесі кестеде көрсетілегн.

Кесте 5

Орман өртінің таралуы және бес жылғы қамтылған аумағы

1998-2002 жылдар аралығында

Жылдар

Өрт саны

Өртенген орман көлемі, га

Бір өрттің орташа аумағы

1997-1998

 

130

76,54

0,59

1999-2000

 

115

124,48

1,08

2001-2002

 

127

253,75

2,00

2003-2004

 

275

871,54

3,17

Барлығы

 

647

1326,31

2,05

 

Бұл жағдай өртке қарсы шаралардың әлсіз жүргізуі мен орман шаруашылығының орман өртімен күресінің ұйымдастырыламауы, сондай-ақ климаттық жағдай мен рекреацияның салмағының артуы.

Өрт қауіпі күшейген айлары, уақытты біле тұра демалушылардың көптігі дер кезінде өрт қауіпсіздігін жүргізуге кері әсер етеді.

Орман өрттерінің таралуы өрттің маусым бойынша көрсеткішінде олрадың максималды мөлшері мамыр, маусым, шілде айларына тән бұдан көретініміз демалушылар көп болған сайын орман өрті де жоғары. Өртке шалынған жер аумағы мұнда өте көп. Өртенген алаңдардың көбі, яғни 84 пайызы әлсіз дамыған, адам аз жүретін жерлер үлесінде.

Демалушылардың тыныстанған курорт зонасының орман алаңының маусым айларында 40 пайыз өртке оралады екен. Орташа адамдар үлесі болған тамыз бен қазанда 38 пайызды құраған. Маусым айында демалушылардың себебінен өрт қауіпі жиі белең алады. Тамыз айында саңырауқұлақтар теруден, жеміс-жидек есебінен өртке ұшырайды. 1997 жылы Бурабайда тау баурайында бір апта ішінде 250 та жер өртеніп кеткен. Негізгі себеп отты сөндірмей кетуі болып отыр.

Сонымен өрт себебі болып антропогендік фактор саналады. Адамдардың табиғатты аяламауы, салғырттық қауіпсіздік шараларын сақтамау, қаншама жылдар жасаған қарағай, терек, қайыңдардың өртке ұшырауына әкеліп отыр. Зерттеулер бойынша өрттің көбі демалыс күндерге сәйкес келеді, яғни сенбі, жексенбіге жалпы өрт күндерінің 234-і осы демалыс күндеріне келеді екен. Ал қалған жағдайлар жұмыс күндеріне сәйкестенеді. Бейсенбі күнге өрттің 33,4 пайызы кіреді.

Міне осылай өрт қауіпі зор күндермен айларды сараладық. Осыған сәйкес сол күндер мен апталарға қауіпсіздік шараларын алдын-ала жүргізу қажет-ақ.

Өз уақытында өртті дәл табу орман өртінің болуын ескерту үшін керек. Ол үшін тәуліктің қай уақытында көбнесе өрт болатынын білу артық емес. Орман өртінің болу кездері өте көп жағдайда сағат 9-дан 13-ке дейін және сағат 14-1800 аралығында максимум деңгейін көрсетеді. Курорт зонасындағы тіркелген өрттің 49,9 пайызы сағат 14-1800 арлығында тұтанып таралған. Мұндай тенденция белсенді, орташа және әлсіз игерілген ормандардың бәріне тән.

Зерттеулер көрсеткендей М.З.Мусин және В.А.Архипов өрт қауіпі тәуліктің жұмыс уақытында белсенді екені дәлелдеді. Бұл аз уақытқа ғана келген демалушылардың тікелей әсерінін болады. Орманның өртке шалдығады-ау деген бөліктеріне демалушыларды жібермеу керек. Курорт зонасындағы өрттің 98 пайызы төменгі өрттер болса, қалғаны 2 пайызы жоғарғы, жер асты өрттеріне келеді. Н.П.Курбатский, П.А.Цветков рекреациялық ормандағы төменгі өрттің пайда болуын үш тенденциямен береді: а) елді мекендер мен транспорт жолдардың қашықтығынан табиғи өрт қауіпсіздігінің төмендеуінен; ә) табиғи өрттің толық жетілмеуіне байланысты; б) рекреациялық бағалылықтың төмендеуінен келушілердің төмендеуі. Сонымен қатар І сатылы өрттер ұлғаюда. Сақтық шараларын жүргізу әсерінен өрт белсенділігі төмендейді. Содан қайтадан күшейеді.

Жоғарғы өрттер А.П.Добрынин, В.И.Преловский мәліметі бойынша жер бетіне жанғыш заттардың көптігінен туындайды. Орманда қурап қалған ағаштарды жергілікті халық отын ретіне, ал демалушылар алау жағу үшін қолданады. Қураған ағаштардан орманды уақытында тазалап отыру өрттен алдын-алады екен.

Өртті болдырмау шараларының бірі орманшылар халық арасында үгіт насихат жұмыстарын белсенді жүргізе білуінде.

Өртке себепшілерді тауып, оларға қатаң түрде ескерту немесе шаралар қолданып, шығынды өтеткізіп, көптеп көшеттер отырғыздыру керек. Орманға апарар жолды жөндеп, жалғыз аяқ жолды қалдыру жөн болар еді. Бұл көліктер орманға өтпес үшін алдын алады.

Әдеибеттерде көптеп келтірілгендей тұтанған өртті орманға жел тасымалдайды. Көп жағдайларда жел кері әсер береді. Батыс Еуропа елдерінде 20 жылдан бері жарықшақтарды тоқауылмен ауыстыруда. Өртке қарсы тосқауыладар қою қазіргі таңда таптырмас ойдың бірі деуге болады.

Орманды өрттен қорғау шарттарының бірі-өртке қарсы қолданатын су қоймаларын құру. Орманға дер кезінде техниканы жеткізе алмаудан да өртті тоқтата алмауға әкеліп соғады. Орман ішінен өте алмау, бұл да бір кедергі және бұл су қоймалары демалушылардың шомылу орнына да айналар еді. Сондай-ақ фауна мен жергілікті жерді көркейтуге де үлесін қосады.

Парк аумағында бақылау пункттерін құру оның қажеттілігі күні бойы сол аймақты бақылап, өрт бола қалған жағдайда дер кезінде тежеу үшін. Мұндай тораптық байланысқа радио мен телефон байланысын орнату керек.

Тұтанған өртті ауыздықтау үшін химиялық өрттік станциялардың екі түрін құру керек. парк аумағына бірінші түрі де жарайды. Бұл станцияға орман өртіне қарсы автоцистерна АЦЛ-147 керек. Бұл машина өрт сөндіру бойынша үлкен мүмкіндіктерге ие.

Өртке қарсы цистернадан бөлек өрттік және кәдімгі мотоциклдер көмегімен бір топтық өрт сөндірушілермен өрттің алдын алуға да болады.

Парк орманы үшін өртке қарсы нысандардың нормасы белгіленген. Сонымен тосқауылдар орташа 215 шақырым, ені 30 метр, бақылау пунктері үшеу. Су қоймалары 8, химиялық өрттік станциялар 8 болуы қажет екен.

Келтірілген мәліметтерден көргеніміздей орман өрттерінің 82 пайызында 0,5 га дейін өрт шалған. Ал қалған өрттерде орманның айтарлықтай бөлігі зақымданған. Бұл 1997 жылы құрғақшылық салдарынан болған. Таулы жағдайда өрт сөндіруші техниканың жетіспеушілігі машина және механизм тапшылығымен қатар, мүмкіндіктің жоқтығы тікелей әсер етті. Орманды өрттен қорғаудың негізгі тапсырмасы болып демалушылар мен жергілікті халықты өрт қауіпсіздігі шараларымен қамту, техникамен, яғни қазіргі соңғы технологияны өрт сөндіруде қолданысқа енгізу болып табылады.

Өрттен болған зиян тартулар ескерілмеген 1981 және 1991 жылды қоспағанда олар күдік тудыруда, ең көп мөлшері маусым, шілде айларына келеді, ол кезде ормандарға демалушылар мен жеміс-жидек терушілер қарқынды қатынайды. Өрттерді тоқтатуға орман қорғаушыларының күштері жеткіліксіз жағжайларда басқа өндіріспен ұйымдардың өндірісі орналасқан аудан жұмысшылары көмекке келеді, Бірақ өрттердің көп бөліктері жанбай жатып сөндіріледі (92% жағдайында).

Орман өрттерінің ошақтарын табуда кей жағдайларда оларды сөндіруге көп күш жұмылдырылады. Ал өрт қауіпі бар кезеңдерде орман қорының бүкіл территориясының үстінен бақылау жүргізген.

Орман өрттері жайлы мәліметтер құруда жеткіліксіз болып, бұл мәліметтердің әрқашанда объективті және толық болмауы қарастырылады. Мұнда өрт жүріп өткен аудандары жайлы мәліметтер өрттен туған шығындар және бір га жердегі өртті сөндіруге жүмсалған шығындар жатады.

Өндіріс территориясы 47 айналымға бөлінген техникалық үлескілер жоқ. Орман қорғау штатының болуы, орман қорғау қорын оперативті бөлуге жеткілікті. жетіспеушілік ретінде автомототранспорттың жоқтығын және оларды орман қорғауға байланысты емес жұмыстарға пайдалануға айтуға болдаы. Өткен бақылау кезеңінде өндіріс жоспарланған шаралардың көп бөлігін орындады.

Өткен бақылау кезеңінде өз бетімен орман ағаштарын кесу және басқада қастандықтар орын алған болатын. Басқа да қылмыстардан орман дақылдарын мал жаю арқылы таптау, өрт қауіпсіздігін сақтамау және т.б. тіркелген.

Орман қорғауға арналған шаралар көлемі бақылау кезеңі уақытында отырғызулардың жалпы санитарлы жағдайына орманның аурулары мен зиянкестерінің ошақтарының пайда болуына байланысты. Орманға санитарлы бақылаудың деңгейінің жалпы ұлғаюына орманның потологиялық қызыметтерді жақсарту қажет. Орман қорғаушылар зиянкестердің түрлі құрамын және орманның ауыруларын, ақауларымен танысу керек және олар пайда болған жағдайда дабыл беруге дайын болулары керек.

Орманды қорғау саласына орман шаруашылығын жүргізуді бір жылда орманды қорғау санын 3 орман ұсталары және 53 орманшылар өз міндеттеріне дұрыс қарамайды, орман қорғаушылардың жартысы өздерінің орманды аралап шығу жұмыстарын нашар біледі мүлдем білмейді, себебі өз жұмыстарын қорғаумен байланысты емес басқа жұмыстармен орман дайындау, территорияны қоқыстан тазалату қорғаулы рекреациялық аумақты тазарту және құрылыс жұмыстарымен айналысуда.

Ормандардың экологиялық жағдайлары және орманды қорғау шараларының экологиялық іске асырылуы негізделген.

Экология сұрақтары еліміздің кез-келген салаларындағы халық шаруашылық жоспарының құрама бөлігі болып табылады, оның ішінде орман шаруашылығында да. Экологиялық мөлшерді сақтау орман ресурстарын өндірумен пайдалануды жақсарту қарастырылады. Орман зиянды әсер ететін факторлар мен көздерді өз уақытында зиянды ауылшаруашылық, өнеркәсіптік өндіріс орындары жағынан да көрсету керек. Өндірістердің орналасқан аудандарының халық шаруашылығының негізгі бағыттары ауылшаруашылық негізінен мал шаруашылығы және жер игеру. Мал жаюды реттемеу және күш түсу мөлшерін сақтамаған кезде 1 га-да жануарлар мен өсімдіктерге зиян келеді, топырақ үсті жамылғылары бұзылады, ал жеке жағдайларда топырақ эрозияларының белгілері пайда болады. Өткен бақылау кезеңінде орын алған қауіпті апаттар нәтижесінде отырғызулардың өліп қалу жағдайлары тіркелген. [28]

Өтіп кеткен бақылау кезеңінде өндіріс аумағында 32 га көшеттер орманөрттеріне ұшыраған.

Айта кететіні барлық бақылау кезеңінің ішінде көшеттердің отырғызуларынан кейін басқалары 3 жыл ішінде табиғи жолмен қалпына келтірілген.

Өртке ұшыраған және қураған ағаштар табиғи жолмен қалпына келтірілген. өткен бақылау кезеңінде ағаш кесудің барлық түрлері бойынша 124,4 мың шақырым ағаш кесілген олардың 90,5 пайызы ағаштардың жапырағы молдарының үлесіне тиеді. Орманы жоқ жерлердің 10,6 пайызының азаюы экологиялық жағдайда қалыпты фактор болып табылады және де ауыл шаруашылық өндірістерінің мал жаю ережелерін дұрыс сақтамауы көп жерлерде отырғызулардың бұзылуларына және орманы жоқ жерлердің көбеюіне әкеледі, әсіресе елді мекендер мне мал тұратын қашалар жанында.

Өндіріске орманның экологиялық жағдайлары жайлы сұрақтары бойынша жергілікті тұрғындар, шабандар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту керек және де ескерту шараларын жүргізу сұрақтарына көп көңіл аудару қажет.

Болашақта болатын бақылау кезеңіндегі оорман шаруашылығын жүйелеу шаралары ең алдымен ормандарды сапалы жақсартуға бағытталған. Аралық қолдану мен басқа да ағаш кесулердің көлемдерін азайту керек. Ормандарды сақтау қоршаған экологиялық ортаны сақтау болып табылады.

 

 

3.2 Мәдени ландшафтарды сақтау мен төзімділігін арттыру шаралары

 

 Біз жүргізген кешенді зерттеулер төрт деңгейге бөлуге яғни курорт зонасындағы рекреациялық бұзылуды сипаттайды. Әдебиеттерде негізінен рекреациялық бұзылуды бес сатыда көрсетеді. Бірақта бұлай орманды рекреациялық бұзылуды бес сатыға бөлу орманшаруашылық практикасы үшін қиынырақ болмақ. Сондықтанда орман телімдерін төрт сатыға бөлу арқылы көрсетеміз. Олар келесідей:

I сатылы бұзылу – шартты түрде бұзылмаған

II сатылы бұзылу — әлсіз

III сатылы бұзылу – орташа

IV сатылы бұзылу – күшті

 Топырақтың өзгеруі мен тығыздалуына негізделе отырып, түрлі топырақ бетін жобалауда зақымданулар мен құрғаған және құрғап кеткен ағаштарды бұзылу сатысына бөлу үшін критерилерін білу шарт.

I сатылы бұзылу – шартты түрде бұзылмаған жағдай.

 Соқпақ жолдың аумағының көлемі 15% құрайды, зақымданған ағаштар көрсеткіші 5%, құрғап қалған ағаштар мен қарағайлар 5%-дай, қайыңдар 2% көрсеткентопырақ жамылғысының тірі бөлігінде, орман типіне тән жамылғылар жеткілікті. Қағаз жүзінде рекреациялық аумақты пайдаланатын орташа адамдар саны 120-240 адамға дейін яғни бұл бір маусымдық көрсеткіш.

II сатылы бұзылу – әлсіз бұзылған жағдай. Сүрлеу жолдың территориясы 30%. Зақымданған ағаштар мөлшері 25%, құрап қалған ағаштардың көрсеткіші 10%аз емес. Топырақтың тығыздану 25% асқан. Бұл бақылаудан асқан мөлшер. Орманды шалғынды жерлерде соқпақ жолдар ағаштар арасында кездеседі. Қайыңдарда және жас қарағайларда қазтабан, көде, бидайық, ақ алабұта бірігіп себелесіп өседі.Бір маусым келушілер саны 1200 адамға жеткен.

III сатылы бұзылу – орташа бұзылған жағдай.

 Тапталған аумақ көлемі 31-50% топырақтың тығыздалуы 50%-да көп болса, зақымданған ағаштардың мөлшері 50%, құрағандары 15%(қарағай 11-15%, қайыңдар 6-10%) Бұл жердегі өсімдіктер жоңышқа, қазтабан, бақбақ, усасыр, ақшабақ, бетеге, иткендір өседі. Демалушылар саны орташа есеппен 1200- ден 2000 адамды құрайды.

IV сатылы бұзылу – күшті бұзылған жағдай.

Соқпақ жолдар мен сүрлеулер аумағы 50%. Құрғақ қарағай мүлдем жоқ. Жастары 5% аспайды. Зақымданғандары 30% көп. Топырақтың тығыздануы бақыланған жер телімінен гөрі 50% артық. Жас қарағайлар мен қайыңдар да шалғынды шөптесін өсімдіктер: мыңжапырақ, көде, беде, бақбақ, қазтамақ кездеседі. Ормандық түрлер мүк, тек ағаштардың діңгегінде ғана бар. Құрғақ қарағайлардағы жердің телімдері толықтай өсімдік жамылғысыз. Орман төсенішінде ауа, биотоптар ара-тұра кездесіп қалады. Келушілер саны 2000 адамнан асады.

 Орманды қалпына келтіруде рекреация бұзылу сатысының кейбіреулері ғана көрсетіледі. Далалық жағдайда орман биогеоценозы айқын да толықтай беріледі. Мұндай критерийлерге топырақтың 5 сантиметрден жоғары тығыздығы сүрлеу аумағы, тапталған жер телімдері, зақымданған және құрғап қалған қарағайлар мен қайыңдар жатады. Көп жағдайда рекреация сатысы көзбен болжау арқылы анықталады. Бұл жағдайда бір белгінің өзі әр түрлі деңгейдегі бұзылуды көрсетсе, басқалары бұзылудың орташа арифметикалық деңгейін айқындайды. [2]

  Шкалаларды қолдану көзбен шолуға мүмкіндік бере отырып, рекреациялық бұзылу сатысын айқындайды. Сонымен қатар орман биогеоценоздарының бұзылу процесін болжауда, дәл уақытында және орман шаруашылығын жүргізу шараларын жобалауда пайдалы.

 Көшеттердің орнын ауыстыру белгілері байқалғанда-ақ III тен IV деңгейлі бұзылуларды қолдануды тоқтату жекелеген орман бөліктерінде және демалу уақытын 7-10 жылға орман шаруашылығын жүргізу шараларымен қатар өміршең көшеттерді қалпына келтіруді тоқтату қажеттілігі туындайды. Бұл келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 6

Рекреациялық орманның бұзылу сатысын бағана бойынша анықтау

Белгілері

Көшеттердің дигрессиялық сатысы

1. Негізгі белгісі

I

II

III

IV

1.1. Сүрлеулер мен тапталған жерлер%

<15

16- 30

31- 50

>50

2. Қосымша белгілері:

2.1. Топырақ қаттылығы %

<10

11- 25

26- 50

>50

2.2. Мүмкіндігі аз жер бөліктері

<5

6 -10

11- 20

>20

2.3. Зақымданған жалпы мөлшері

<5

6- 15

16 -30

>30

2.4. Ағаштар:

а) зақымданған ағаштар мөлшері %

б) қураған және құрғақ ағаштар%

қарағай

қайыңдар

 

<5

 

6- 25

 

26 -50

 

>50

 

<5

 

6- 10

 

11- 15

 

>15

<2

3- 5

6- 10

>10

 

Демалыс зонасында орман шаруашылық шараларын жүргізудің нәтижесінде дигрессияның алдын алу үшін рекреациялық ауырлықты көрсетілген мөлшерден асырмау қажет. Орман экожүйесіне әрбір ауырлық қауіпті емес, теке мөлшерден асып кеткен салыстырмалы түрде жоғарылары ғана қауіпті болмақ. Бұндай шектеулер қою арқылы түрлі орман типтерін және олардың рекреациялық салмақтың мөлшерін анықтау негізі болып, деградациялық көшеттердің әдісі болып табылады.

 Алғаш рет рекреациялық салмақты әртүрлі табиғи кешендерге бөлді. Олар: қауіпсіз, қауіпті, өте қиын және апатты болып бөлінген. Бұл бөлуді география ғылымдарының докторы Н.А.Солнцев ұсынды. Табиғи кешенге көңіл бөлмейтіндей өзгерістегі салмақты қауіпсіз санаған. Мұндай салмақтан табиғат кешені ІІ және ІІІ сатылы бұзылуды бастан кешеді. ІІ сатылы бұзылуға ұшырайтындарды шартты түрде «төменгі» деуі табиғи кешен үлкен салмақтарды сақтап, қайта қалпына келу күшін жоғалтпайды. Шектен шықпаған рекрециялық салмақ табиғи кешенді ІІІ сатылы бұзылуға ұшыратыды. Табиғи кешен ІІІ сатыдан, IV сатылы бұзылуға өтіп, төзімділік шекарасын «аттап» кетеді деген сөз, яғни бұзылу сатысы қауіпті болып саналады. Өте қиын салмақ IV сатылы бұзылу фитоценозы болады. Міне соңғысы апатты кезеңге V сатылы бұзылу табиғи кешенінің өзара байланысының және құрамдас бөліктері байланысының бұзылуын айтамыз.

 

 

 

Кесте 7

Тапталу әсеріне топырақтың физикалық құрамының өзгеруі

 

Көлемдік массасы, г/см3

 

Сатылы массасы, г/см3

 

Көлемі, %

Бақылау

 (І сатылы бұзылу)

 

 

 

Бұзылу сатысы ІV

 

бақылау

(І сатылы бұзылу)

ІV сатылы бұзылу

 

ІV сатылы бұзылу

 

 

ойын алаңында

тапталған алаңда

ойын алаңында

тапталған алаңда

ойын алаңында

М±mx

tф

t0,05

М±mx

tф

t0,05

 

 

0,182±

0,006

0,776±0,065

9,1

0,31

1,210±

0,025

40,00

2,31

1,64

2,10

2,55

91

63

53

0,587±

0,069

1,160±0,035

7,6

2,37

1,255±

0,035

8,75

2,36

2,28

2,55

2,56

70

55

51

1,167±

0,35

1,120±

0,027

1,1

2,45

1,233±

0,009

1,83

2,57

2,58

2,67

2,60

63

58

53

1,247±

0,44

1,160±

0,020

1,8

2,57

1,260±

0,009

0,29

2,57

2,44

2,56

2,56

60

56

51

1,240±

0,023

1,207±

0,014

1,2

2,57

1,327±

0,029

2,35

2,57

2,58

2,58

2,65

49

53

50

1,157±

0,035

1,327±

0,052

2,7

2,57

2,67

2,64

55

50

 

Рекреациялық салмақ деп біз рекреация әсерінен туындаған көрсеткішті түсінеміз және демалушылар саны бірлік көлемінен, рекрециялық нысанға олардың уақытша келу мерзімі мен демалысының түрі саналады [3].

В.П.Чижов бойынша көптеген авторлар демалушылар зонасының жобасы мен әдістемелік көрсеткіштерінде демалушылардың тығыздығының мөлшерін 3 категория бойынша функционалды маңызын архитектуралық жобамен атауларын бекіткен: парк, орман паркі және орман. Демалушылар тығыздығының нормасын әр түрлі әдебиеттерде келтірілген. Соларға тоқтасақ: парктер аумағы үшін 30-дан 150 адам/га, ормандық паркке 8-ден 20 адам/га, орманға 1-ден 10 адам/га. Тығыздық мөлшері осындай. Бірақ әр автор өзінше мөлшер келтірген. Бұл арнайы зерттеулер жүргізбей тек ғылыми тұрғыдан ғана қарастырылып жасалынған тұжырым.

Сонымен бірге жобалаушы қандайда бір мөлшерді таңдаған күннің өзінде ол оны барлық аумаққа қолданады, яғни демалыс үшін табиғи жағдайлардың әр түрлілігіне жер аумағына қарамастан. Әр түрдегі табиғи кешендер бір текті еместігімен сипатталады.

Мысалға: ашық аққайыңды ормандарда демалушылар саны өте көп болса, шалғынды орманда және бұталы жерлерде демалушылар өте сирек. Екінші факторға демалушылар санын өзіде реттей алмайтындықтан оны жобалап, қадағалау қажет.

Парк аумағын далалық бақылау нәтижесінде жексенбі күнгі орманда демалушылардың қағаз жүзіндегі саны анықталып, басқа күндергі көрсеткіші рекрециялық бұзылу сатысымен белгіленген.

Рекрециялық әрекеттердің көптігі демалыс күндерге келсе жай күндері де баршылық. Орманның жер телімінде ІІІ және IV сатылы бұзылу, жоғрыдағыдай көрсетілген. Бұл орман биогеоценозына айтарлықтай өзгеріс енгізуде.

 

 

Кесте 8

Парк аумағындағы демалушылар көрсеткішімен бұзылу сатысы

Бұзылу сатысы

Адамдар саны

Жай  күндер

Демалыс күндер

І

ІІ

ІІІ

IV

 

0-1

2-3

5-6

8-10

 

1-2

5-10

20-25

30-дан көп

 

Парк зонасындағы мәдени ландшафтарды бақылау көрсеткендей барлық жер телімдері бірдей рекреациялық салмақ әсеріне ұшыраған. орташа келушілер көрсеткіші 1,5-тен 30 адам/га дейінгі аралықта құраса, орташа айлық көрсеткіш 45-ден 900 адамға дейін. Тапталынған жерлер мен сүрлеулер арасында тығыз байланыс орнаған. Ол кестеде көрсетілген.

Кесте 9

Тапталған жерлер мен сүрлеулер арасындағы байланыс

Бір маусымдағы келушілер саны

Тапталған жерлер мен сүрлеулер %

Рекрециялық бұзылу сатысы

120-240

240-1200

1200-2000

2000-2500

15-аз

16-30

31-50

51-80

І
ІІ
ІІІ
IV

 

Бір уақыттағы орташа маусымдық рекреациялық салмақты есептеу арқылы анықтауды алғашқыда қарағайлар мен тірі топырақты білу әдісімен келесі сипаттамалар жасалады. Cladonia тектес қынылар 85 пайызы қысқа ұлпалы гибриттер 5 пайыз, масақты дақылдар 2 пайыз. Бір адам санаулы ғана 7 мин ішінде жер телімін толықтай таптап, тірі топырақ қабатын және төзімділігін құртады екен. Таптау нәтижесінде қыналар толықтай жоғалып, шөптесін өсімдіктер құрамын өзгерті, зақымданған. болашақтағы түсірілетін салмақ мөлшерінің көлемін анықтауда барлығы ескерілуі қажет. Тәжірбие жүзіндегі таптаулар нәтижесі көрсеткендей, орташа рекреациялық салмақ құрғақ қарағайлар үшін 2 адам/га бір күнге.

Жас қарағайларда тірі топырақ жамылғысын таптамас бұрын, ортасы үш жер аумағында келесідей қабат, қыналар-70%, кәдімгі орляк-5%, кәдімгі мыңжапырақ-3%, тышқаншөп-2%,солтүстік орман шөбі-1%, сиректе болса астық тұқымдастар, емге кең ауқымда қолданатын шөптесін өсімдіктер кездеседі, бұталы ағаштарға келсек: қоңыр жидек-20% құраса, жиі болмаған күнде де басқалары да кездеседі екен. Оларда айта кетерліктей зақымдалуды байқамаймыз. Тәжірби нәтижесінде санаулы ғана 1 минут ішінде 0,43 шаршы метр жер тапталса, 8 сағат ішінде 206,4 шаршы метр, яғни 48 адам 8 сағат ішінде немесе 6 адам бір күнде таптаған жеріне сәйкес келеді. Мұндай салмақ жас қарағайларға да қолданылады.

Әртүрлі шөптесін аққайыңдар аумағындағы тірі топырақ қабаты тапталынбай тұрған сәтінде жобалауға тәуелсіз болған. Бұл қабат келесідей: жасыл бүлдірген 40%, қысқа шолақ шарбылар 40%, солтүстік шөптері 10%, тышқан шөбі 5%, дәнді масақтылар 2%, сондай-ақ қыналар тасты шөптесін өсімдіктер, келтебас, жанаркүл, қашқаркүл, сиыр жоңышқа, қияқшөп, қозықұйрық, бозақаран, мыңжапырақ кездеседі.және қарағайдан 10 жастықтары бар. орташа алғанда жердің 3/1 бөлігінің тірі топырақ бөлігі 41 минутта толықтай тапталған. Бір минутта 0,24 шаршы метр, яғни 8 сағатта 115,2 шаршы метр жер аумағы тапталып 87 адамнан аса демалушылар күнделікті келіп, демалады. Бұл салмақ ылғалды қарағайлар мен қайыңдарда да қолданылады.

Тәжірбиелік зерттеулер негізінде және әдеби шолулар арқылы дифференциялдық кесте жасалып, орташа маусымдық және орташа жылдық бір уақыттық рекреациялық салмақтар және қысқа уақытта және де ұзақ мерзімде демалушылар тығыздығы курорт зонасындағы рекреация мөлшері анықталған. Далалық зерттеулер арқылы көз жеткізген мәліметтерде орманға түскен салық мөлшері орман типін анықтаумен шартты келісімдерге қалған територияларды экологиялық белгілері бойынша талдаған.

Курорт зонасының қатысты шарттарына жазықтық территориялар үшін негізгі факторлар болып, орман бөліктерінің тұрақтылығының өзгеруіне келесі экологиялық белгілер қолданылған: ылғал өткізгіш түрлер сипаты, ылғалдық деңгейі және орманның шығу тегі.

Ылғал өткізгіш түрлерге орманның бөлігімен тығыздығы үшін құрылымы және төзімділігі алынады. Құрылымында механикалық құрамы жеңілірек (құм) болса, ылғал өзткізеді өзгеріп алғашқы мәліметтермен сәйкестенбей тез өзгереді. Бұл механикалық құрамы ауыр бөліктерге қарағанда шұғылырақ деуге болады. Алғашқы рекреациялық салмаққа төзімділік көрсете алмайды. [29]

Төзімділікке кең түрде сипатталатын жер бөліктерінде алғаш сіңіру қалыпты, жас және ылғалды орта болып саналады. Ылғалдылықтың өзгеруінің бір қыры арқылы жоғарылау көрсетілсе, екінші қыры бойынша төмендеу яғни орта бөліктерінің төзімділігінің төмендеп кетуі фитоценоз құылымының күрделілігімен азаюы мен сулы және топырақтың ауа режимі нашарлайды.

Әр түрлі фитоценоздар рекреациялық салмақтарда түрлінше әсер береді. Курорт зонасы жағдайына қарағайлар айтарлықтай төзімдірек болса, қайыңдар мен көктерек төзімділігімен сипатталады.

Сонымен бірге жасанды көшеттер орнатылған территорияларда жастаулары ауқымды түрде ылғал өткізгіш болып келеді. Бұл табиғи орманмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш деуге болады. Оның себебі: адам әрекеті салдарынан болып отыр. Ғылыми тұрғыдан алғанда көшеттерді игеру сызбасы және көшеттерді шығу тектерімен араластыру айтарлықтай төзімділік көрсете алады екен.

Рекреациялық салмақтың негізгі мөлшерін анықтауда төбелі немесе таулы жағдайлардағы мөлшер жазықтық жер бедеріндегімен көбейтіліп келесі төмендетілген коэффициентті көрсетеді [4].

Кесте 10

Рекреацияның қарағайлардың өсуіне тигізетін әсерін талдау

Бұзылу түрі

Бұзылу

Бостықтың сатысы

Әсер ету көрсеткіштері

Құрғақ қарағайлар F0,05=4,8

І және ІІ сатылыбұзылу арасы

Аралық топ

15644,5

1

N2 =0.13

Ішкі топ

8492,5

12

 

Жалпы

9042,6

13

F=1.84

І және ІІІ сатылы бұзылу байланысы

Аралық топ

307841,4

1

N2 =0.62

Ішкі топ

15683,9

12

 

Жалпы

38157,5

13

F=19,6

Жас қарағайлар

І және ІІІ сатылы бұзылу

Аралық топ

349690

1

N2 =0.82

Ішкі топ

26978,4

8

 

Жалпы

62835,3

9

F=37,88

 

 

 

 

 

Демалыс үшін аумаққа арналған төзімді көшеттерді отырғызу маңыздырақ: топтық, белдеулік. Олар барьер негізінде және рекреациялық салмақты азайтып, орман биогеоценозын жақсартады. Олар жағалық және басқа да орындарды желдік, су эрозиясына қарсы қолданады. Шығу тегі біртұтас ассортименттер көшеттердің функционалды маңызына сәйкестеніп, биімделу ортасын құрайды. Мысалға, қоршаған бұталы өсімдіктер: барбарис, таңқурайды айтуға болады.

Топтық бұталы қорғаныш көшеттерді өсімдігі сирек жолдың сүрлеу маңына бірдей ағаштармен араластыра отырып отырғызу керек-ақ. Бұл ландшафты көрінісін жақсартып, келушілерді азайту шараларын жүргізетін болсақ, мұндай топтасқан өсімдіктер орманның 30 шаршы метрін алып жатуы мүмкін. Олар изоляция үшін де қолданылады, яғни дегередацияны анықтайды. Бұл көшеттерді қайта қалпына келтіру кезінде де қолданылады. Белдеулік көшеттер демалыс және емдеу орындары зонасында, сонымен қатар шаруашылық құылыстарында: ғимарат маңында, спорттық алаңдарда, демалу орындары маңында жүргізіледі. Олрадың ені 1 метрден аспау шарт. Әрқайсысы 20-30 метр аралықта жүргізілуі шарт.

Парк зонасын архитектуралық жобалау, жолық сүрлеулерді дұрыс жүргізу, сулардың оңтайлы орналасуы, жағажайлардың құрылысы кішірек архитектуралық жобада көрініс табуы керек. Бұл шараларды жүргізу кезінде маңызды назар аударатыны Бурабай, Щучье, Қотыркөл жағалауларын рекреациялық тұрғыдан белсенді қолдануда, демалушылардың таралуын реттеп, сонымен бірге топырақ және өсімдік жамылғысын кері рекреациялық әсерден қорғау, тапталу салдарының алдын-алу болып саналады. Осындай тапсырманы шешу бірінші орында жолды сүрлеулердің торабын дұрыс байланыстыру. Курорт зонасының негізгі сәні болып Бурабай мен Шортанды көледері табылады. Бұл жағдай жолдар мен сүрлеулердің торабын сипаттау қысқа жолдар мен демалу және емалу орындарының көл арқылы байланысын қамтымақ. Жаппай ағаш көшеттерін жол бойына отырғызу көріністің де әсемдігін арттыруы сөзсіз болғанымен зияны да бар. Ол үшін негізгі нүктелер белгіленуі шарт. Сол көрініс нүктелері демалушылар игілігіне асып, жолдың сүрлеу торабымен байланысып, сауықтыру кешені секілді өзара әр түрлі элементтерді таратуы керек. келушілердің қыдыру маршрутын Шортанды және Бурабай көлінен қашықтау жүргізу арқылы көшеттерді сақтауға болады. Қыдырушылар сүрлеудің жамылғысы және жол табиғи түрінде қалып, топырақ грунтының жағдайын құм себу арқылы жақсартып, көптеген демалушылар болған жағдайға не олар бетондық плиталар мен немесе тас жолмен көмкерілмек.

Сүрлеудің енін кеңейту негізінде келесі нұсқауларды сақтау қажет: жалғыз аяқ жол үшін 0,75 м, үш адам жүретін жолға-2,25 м Төменде сүрлеулердің ені кесте түрінде көрсетілген. [4]

 

 

 

 

Кесте 11

Серуендеушілерге арналған жолдардың категориялары

Жалғыз аяқ жолдың категориясы

Сүрлеу мен жолдардың ені

Үлкендерге:

жаздық киімде

қалың киімде

қыстық киімде

жеткіншек

Бала

Үлкен:

қолындағы баласымен

қол жүгімен

рюгзакпен

жеңіл жүкпен

 

0,46

0,48

0,50

0,43-0,38

0,34-0,30

 

0,75

0,90-1,10

0,50

0,75

 

Сонымен қатар әрбір серуенге арналғанжолдың енін формула арқылы анықтауға болады. [15]

L=KX 0.75

Мұнда К-сүрлеу саны

0,75-коэфицент, бір сүрлеуге шаққанда соңғы уақытта. Таяу шетелдік елдерде демалушылар арасын кең түрде сауықтырушы сүрлеулер немесе «денсаулық сүрлеуі» қолданылуда. Біздің көз қарасымыз бойынша бұл әдіске көшу үшін сүрлеудің мұндай категориясын ем алу кешені климаттық терапия мен демалушылардың физикалық ауырлығын бірлестіріп, қалыпқа енгізеді. Аз назарды біздің ойымызша, аз түрде осындай сүрлеулер ұйымдастыруға, таным функцияларымен қатар экологиялық тәрбиелеуге аударады. Парк аумағы толықтай сүрлеулер жасауға қолайлы. Бойлығы мен гоеморфологиясының түрлілігі, гидрологиялық, топырақ жағдайы, флорасы мезофаунасы қойылған сұрақты шешуге, демалушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттруда, сақтау, қорғау және рациональды қолдануға, баулуға толықтай мүмкіндік бар. Сүрлеулер құруда арнайы әдістемелік нұсқауларға сүйену керек. [16]

Демалушылар территориясындағы жаппай келушілерді жоғарғы мүмкіншілікпен орналастырудың маңызды элементі болып, аз архитектуралық пішіндер құру болып табылады. Курорт зонасындағы барлық территориялар талап етілген элементтермен сәйкестенбейді. Кішірек архитектуралық пішіндер құрастыруда индивдуальды қатынас, өзара гармондық үйлесімділік қажет. Осы мақсат үшін орындықтар мен арқалы дивандар, декоротивті құрылымдар пайдаланылады. Кіші архитектуралық пішіндер топтамасы жасалған. Сонымен қатар жақын шетелдердегі орман парктерін безендіру тәжірбиесіне де әбден сүйенуге болады. Жиі түрде олар өндірістік негізде шығарылады. Бірақта бұл барлық элементтер жергілікті материал негізінде жасалынады. Орындықтар әр түрлі пішінде, ауыр материалдардан жасалынып, жерге орнатылған. Басқа да варианттар қарастырылуы мүмкін. Жеңілірек орындықтар демалыс орнына жақын маңға қойылуы үшін істелінеді. Кіші архитектуралық пішіндер негізінен демалушылар көп жерлерде, серуен құратын жол жиектерінде және сүрлеуде, демалу территориясы маңында, су жағалауларында, жол қиылыстарында, көзге көрінетін нүктелер айналасында орнатылады. Оларды орналастырудың өзіндік мөлшері болады. Мысалға, 100 га жер аумағына, орындықтар жол жиегінің екі жағына орналастырылып, қашықтығы 200-250 м құрайды. Кіші формалы элементтерді жиілетуден аулақ болуы шарт. Балалар алаңында да осы шартты сақтау қажет.

Жекеленген жағдайларда орман бөліктеріндегі рекреациялық үрдістердің қатты бұзылуын қолдануда сақтау мақсаты мен қорғау эффектілі шараларға зәру. Орман шаруашылық тәжірбиесінде әлсіреген және зақымданған ағаштарды изоляциялау әдісін қолдану В.Н.Спиридонов және И.В.Таранов ұсынысымен жасалаған.Оның негізі мынада: Қатты зақымдалған жар бөліктері 4-5 жыл мерзімінде және 7-10 жыл аралығын көрсеткен. Берілген мерзім ішінде толықтай кешенді орман шаруашылық шаралары, тез арада қалпына келтіру функциялары: сантарлық іс-жүзінде жабу, бос және тығыз топырақтар 10-15 см тереңдікте өсімдіктер өсіру, көшеттер отырғызу құрылымы, бұталарды қалпына келтіру, ағаштардағы ұяларды орнында қалтыру саналады.

Әрбір зақымдалған, ауырған ағаш үшін жекеленген күтім керек. Егер де оны жазу мүмкіндігі болса шауып тастамау керек. Жарамсыз болып қалған ағаштарды ғана шабу қажет. Ауыру ағаштарды сөзсіз емдеп, жазу шаралары жүргізіледі. Ормандық изоляторлар әдісін қолану қысқа мерзім ішінде қалпына келтірудің алғы шарты. Бұзылған 1 га жерді қайта қалпына келтіру процесі үшін 20-30 есе аз шығын кетеді. Ал жасанды рекреацияны құруға бұдан дакөп жұмыс атқарылады.

Жалпыламалық емдеу мақсатында құрт-құмырсқалардың массалық таралуына қарсы рекреациялық орманда кешенді қадамды іспен қорғау, ағашты-бұталы жапырақ тектестердің тығыз орналасқандарын анықтау жүргізіледі. Кешенді қадамды әдісті кең түрде жүргізгеннен кейін, химиялық қоспалармен өңдеу жүргізіледі.

Антропогендік және рекреациялық әрекеттердің өсуінен ормандық биогеоценоздарды сақтау саздақтар мен сазды ормандармен Горчаков зерттеулерінің мәліметі бойынша ботаника-география өзіндік құбылысы болып далалық қоршаған орта, яғни Шортанды көлі аймағы. Сонымен қатар қорғауға табиғи нысандар мен бірге тарихи ескерткіштер: Жұмбақтас, Оқжетпес, Кенесары үңгірі, Абылай хан алаңы және басқаларды тауға болады. Ботаникалық нысандарға–«биші» қайыңдар жатады. Сондай-ақ ерекше назарды сирек және құрып кету қауіпі бар флора түрлеріне аудару қажет. Олардың экологиялық фотоценозының ерекшелігін Омонов-Антощенко Л.В, М.С. Байтенов, П.Л.Горчаков және басқалар анықтаған. Зерттеулер нәтижесінде парк зонасында 500-ден астам өсімдіктер тіркелсе, соның 25-і сирек кездесетін өсімдіктер қатарында.Осы өсімдіктердің негізгі бөлігі келтірілген. Авторлардың айтылған ойлары бойынша өсімдіктердің осы түрлерінің толықтай жойылып кетуінен сақтану үшін қорғауға алу қажет.

Барлық отырғызылған көшеттерді орманды қорғау қызыметкерлерінің назарында болып, демалушылар арасында және жергілікті халықтан орманды сақтау қажеттілігін түсіндірген шарт.

Мақсатты түрде бағытталған кешенді орман шаруашылық шараларын курорттық емдеуші орындар мен табиғи рекреациялық әлеуетті, демалыс пен ем қабылдауды, аймақтағы рекреациялық орманды қолдануды, биологиялық және экологиялық төзімділігін антропогендік әрекеттердің орман биогеоценозына демалыс үшін қолданумен қатар халықтың орман рекреациясына сұранысы мен қажеттілігі күннен-күнге артуда.

Керемет табиғи ландшафтарды сақтау мақсатында өзіндік флорасын, фаунасын және басқа да қонақтарға жайлы курорт зонасының нысандардың туризмның дамуына халықтың мәдени демалысына және қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруды қолға алғанда ғана іске асады.

 

 

3.3 Бурабайда жабайы туризм белең алуда

 

«Арқада Бурабайға жер жетпейді» деп Мағжан ақын ағамыз жырласа, көргенде, көрмеген де Бурабайды Швейцарияға теңеп, сұлу табиғатына тамсанады. Әзірге тамсанары кәміл. Кешікпей қынжылуы мүмкін. Себебі бұл аймақтың экологиясы сын көтермей тұр.

Бурабайда ие жоққа тән. Аквапаркке, көл жағалауына баратын жолға темір тор тартып, екі жерден тосқауыл бөгеті мен күрке орнатып, серуендеушілерден ақы алғаны болмаса, жағажайда ел демалатындай жағдай жағы ескерілмеген. Серуен құрушылар ішкен-жеген қалған қалдықтарын үйіп тастап-тастап кете береді. Күркедегі ақша жинайтындардың тазалықпен ісі жоқ.

Су мотоциклін мінгендердің бей-берекет ылаңын көріп, «бұған адам түгілі, балық қалай шыдайды?» деп таңданасың. Жөн айтар жан болмаса жанкештілер несіне аянсын.

Аквапаркке баратын жолдағы тозығы жеткен тіреудің, күшімен әрең тұрған үйлер айналадағы сұлу табиғаттың сұрын қашырып тұр. Бағасын сұрасаң Астанадағы үйлермен бірдей. Иесі ме, күзетші ме, қайдам, тұрғындары кемпір-шалдар. Биліктің билігін ұстағандар жер алып, орманды отап, сарайлар сала бастаған. Бір дәлел айтсақ Оқжетпестен оқ бойы салынған қос ғимарат. Сондайдан мен мұндалайды. Ал оы ғимараттарға жол, инженерлік жүйе тартылады дейік. Онда табиғатқа аз ба, көп пе әйтеуір зияны тиері хақ. Кеңес кезінде жоғары лауазым иелеріне арналып Зеренді тауына салынған саяжайларға баратын асфальт жол төселгенде етегіндегі көлге құятын 6 бұлақтың көзі бітелген екен.

Кейбір демалушылар ағаш көлеңкесіне қазан-ошақ көтеріп, алаңсыз ас қамдайды. Бұл өрт болу қаупун күшейтпей ме? Ондай оқиғалар болып тұрады. Мәселен, 2001 жылы осындай ас пісіруден өрт шыққан. Тіпті екі жұмаға созылып, оны сөндіруге 1500 адам жұмылдырылған. Жұмбақтас пен Оқжетпестің майда тастарына жазылған неше түрлі есімберді көріп, зираттарға құлыптаспа дейсің. Көлдер лайланып, жердің қыртысы кетіп, айналадағы шөп қисапсыз жүргіншіден тапталып, сиреген. Тоқетерін айтсақ Бурабайды жабайы туризм жайлап барады. Осыны тиып, бірегей туристік база орнатса, дайын қаржыны дұрыс пайдаланып, экологиясын қорғаса, табиғатын түзесе деймін. Болмағанда, Бурабайдың өзін сақтап қалу қажет.

Туристер қызық үшін ақша шашуға бар. Соларға елдің, тердің тарихынан панорама жасасақ, салт-дәстүрімізді таныту жағын ойласақ, қане тарихи оқиғаға Бурабай кенде емес. Ұлы хандарымыз ат шалдырып, ту тіккен жер. [24]

Бурабай төңірегіндегі оншақты көл қазір әркімнің иелігінде, Жөнді-жөнсіз, ұрықсатсыз балық аулаушылар көп. Бурабай аумағына жататын ауданның аты, Щучье, орталығы Щучинск, соңғы кезде Шортанды деп аталып жүр.

Осы Щучинск қаласына Көкшетау жағынан кіреберістегі таудан қиыршық тас алу үшін карьер қазып, жер қыртысын қопарып тастағандықтан оның көрінісі кескінді бетке теміреткі шыққандай болып тұр. Бурабай төңірегіндегі жер-су атарын қазақшалап, жөнге келтіру қажет. Қазір барлық атау орысша-Боровое, Чебачье, Лебяжье, гора Верблюд, гора Синюха, Золотой бор, Зелнный бор.

Бурабай аумағын үлкейтіп бір орталықтан басқарылаотын құрылым жасаған жөн. Мұнда үлкенді-кішілі халықаралық, респубикалық жиын, басқосулар жиі өтеді.

 

 

3.4 Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің шаралары

 

Қазіргі заманда табиғатты қорғау әлеуметтік және экономикалық мәселелерге айналды. Адам тіршілігінің қауіпсіздігі осы проблеммалардың дұрыс шешілуіне байланысты. Күн сайын табиғи байлықтың азаюы, ауа райының ластануы бұл проблемманың адам пайдасына шешілуін тежеп шиеленстіре түседі. Өндіргіш күштердің дамуына кедергі жасайды. Негізгі экологиялық мәселелерді туғызатын адам баласының антропогендік әсері. Кейінгі кезде өндіріс пен техниканың кең дамуына байланысты экологиялық жағдай күн сайын ауырлап барады. Сөйтіп қоршаған ортаны қорғау адам баласының алдында тұрған зор проблеммаға айналып отыр.

Демалыс үшін орманды жерлерді қолдану ерте кезден-ақ бастау алған бастама. Соңғы жүз жыл ішінде рекреациялық мақсатта орманды қолданудың өскені соншалықты, бұл шетелдер мен бірге Қазақстанды да алаңдатып отырған мәселе. Ормандық шаруашылықты дұрыс жүргізу негізінде бір ғылыми шара, яғни жобалар жасау қарастырылуда.

Бақыланбаған рекреациялық әрекеттер орман үшін кері әсері басым. Мәселен: топырақтың тығыздануы, сонымен бірге сапасының төмендеуі, аэрация мен биологиялық белсенділігінің күрт нашарлауы байқалуда.

Жер байлығының негізі құнарлы топырақ. Ол аумақтың негізгі байлықтарының бірі. Топырақ эрозиясының ауыл шаруашылығында, орман биоценозын келтіретін зияны ұшан теңіз. Өйткені топырақтың алғашқы түрінің түзілуіне 200-300 жылдай уақыт керек.

Республикаға одан әрі шетелдерде қайталанбас сұлу табиғаты мен танымал Бурабай өңірі ерекше қорғалатын табиғи аймағы екені белгілі. Бұл төңірек қазіргі Бурабай Ұлттық табиғат паркі деп аталады. Жан-жануарлары мен орман ландшафтарын қорғау мақсатында ұйымдастырылған.

Аудандағы экологиялық және биоресурстар басқармасы «Бурабай паркін экологиялық сауықтыру» нысаналы бағдарламасын жасады. Онда төмендегі мәселелер ұсынылған:

  1. Аудандағы экологиялық және биоресурстар басқармасы, село округінің әкімшілігі, орман шаруашылығы мекемесі, жер комитеті жердің азып-тозуын болдырмау мақсатында өңделген жерді рекукльтивациялау жөнінде жүмыстар жүргізу, орман қорғау, жасыл желек көлемін арттыру.
  2. Жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік аудандық инспекция, орман шаруашылық мекемелері жануарлар әлемі мен балық қорын қорғауда қырағы бақылауға ала отырып, қажетті биотехникалық шараларды орындау.
  3. Қоғамдық ұйымдар, мектептерден, аудандық экология және биоресурстар басқармасы мен бірге оқушыларды, жастарды және қоршаған ортаны қорғауға, су қоймаларын, ауаны таза ұстау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін өсіріп, сақтауға тәрбиелеуді және білім беруді ұдайы жүргізу.
  4. Аса құнды табиғи ескерткіштерді есепке алып, осы аймақтан мәдени ландшафтарды, ескерткіштер мен орманды сақтап қалу мақсатында рекреациялық салмақты анықтау.
  5. Орман шаруашылығын білімді түрде жүргізіп арнайы орман шаруашылық, биотехникалық, және басқа шаралар жүргізу.
  6. Осы аймақтағы адамзат әрекеті салдарынан зақымдалған табиғи кешендерді қайта қалпына келтіру.
  7. Халықтың демалуы мен туризм үшін қолайлы жағдай туғызып, табиғат паркімен танысу, тарихи ескерткіштерін сақтау.
  8. Демалушыладың көп бөлігі жаз мезгілінде орманда демалғанды жөн көреді. Сондықтан да олар орта жастағы аралас көшеттерді орташа тығыздықтағыштарын таптап, сүрлеу жасап, көл жағалауында бос уақыттарын өткізеді. Саңырауқұлақтар мен жеміс-жидек тереді. Осыған да бір шек қоылуы керек-ақ.
  9. Адамның жерді таптауының әсерінен топырақтың физикалық құрамы өзгеріп, көлемдік массасы жоғарылап, су өткізгіштігі төмендеп, ылғалдылық қарашірінді мөлшері нашарлап кетеді. Осыған жол бермеу қажет.
  10. Орман өрттері антропогендік факторлар мен найзағай түсуден тұтанады. Бұл әсіресе орманның адам көп жүретін жерінде таралған.

Қазіргі ғаламдық мәселелердің негізгі буыны болып экология мәселесі саналады. Бұл реттет «Табиғи ортаны», «Ерекше қорғауға тиіс табиғи аймақтары туралы» және «Экологиялық сараптама» туралы заңдар шығып, осы салада бірқатар шаралар жүзеге асырылуы ұйытқы болып отырған мәлім.

Бурабайдың тұнып тұрған сұлу табиғатын жасыл желек орманын, шықтай таза көлдерін, саф ауасын сақтау әр қайсымыздың перзенттік борышымыз. Келешек ұрпаққа қалдыратын асыл мұра да, қазына да осы Бурабайдың әсем табиғаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Зерттеушілер көрсеткендей топырақтың тығыздығына әр түрлі факторлар ықпалын тигізеді. Анықталғандай топырақ тығыздығы жоғарылап, кеңістіктегі булану азайған. Жер телімдеріндегі топырақтың су өткізгіштігі рекреациялық аймақта 1/20 көрсеткен. Топырақ тығыздығының құрылымы өзгереді. А.Иванов, К. Стоенов белгілегендей қаратопырақтағы тығыздық жоғарылағанда 0,1 г/см3 өзгеріп, ылғал шамамен 10% өседі. Топырақтың тығыздығынан су өткізгіштік қасиеті төмендеп, жауын-шашын нашар өтеді. Орманда негізінен су өткізу әрқашанда жоғары, басқа жерлермен салыстырғанда орманның сұр топырағында ол 4,7-5,0 мм/млн көрсеткішке жетсе, тың игерген жерде 0,5-0,6 мм/млн жеткен.

Рекреациялық қолдану тек қана топырақ тығыздығына емес, сондай-ақ физикалық құрамын, су және ауа режимін, құрлымның бұзылуына әкеліп соғады. В.А.Кучеряев, П.И.Стасевич, В.А.Крамарец келтіріленг дәлелдерге сүйенсек топыраққа көп жылдар бойы көшеттерді егуде олардың өсімділігін 2-3сыныпты бонитетпен анықтаймыз. Топырақ жамылғысының бұзылуы топырақтың құрамындағы қарашірінділердің барлық тобының төмендеуіне әкеледі, топырақтың 0-20 см қабатында қарашірінді шамамен 50% төмендейді. Н.Н:Зеленский және Н.П. Жижин зерттеулері Украинаның шығыс бөлігінде жүргізу нәтижесінде топырақ жамылғысындағы ІІІ сатылы бұзылу 1,9-3,3 есеге азайып, қоры 9-20%-дан ІV сатылы бұзылуға өзгерген. Бірақта бұзылу сатысы жас, жетіле қоймаған ағаштардың көшеттеріне жоғарылауда. В.Н.Спиридонова мәліметтерінде орманда демалушылар келесіде: бұтақтарға, жапырақтарға зиянын тигізеді. А.А.Роде көрсеткендей топырақ жамылғысы органикалық заттардың негізгі көзі болып саналады. Өйткені олар мезофауна әсерінен топыраққа түседі. [8]

Айтарлықтай рекреациялық салмақ әсерінен топырақтың беткі бөлігінде эрозияның болу мүмкіндігі беткейлерге тән

Орман шаруашылығын жүргізуде өсімдіктердің жетілу жағдайын қарастыру керек. Тығыздықтың өзгеруінің көрсеткіші болып көлемдік массасы саналады. Осы көрсеткіштер арқылы тығыздықты анықтауға болады. Көптеген зерттеулер бойынша қазіргі уақытта топырақтың тығыздануына рекреациялық ормандардың бұзылуы әсерін тигізуде. Бұл топырақ пен фотоценоз жағдайымен өзара байланысты. [11]

Жекелеген түрлерді өзі топырақтың тығыздануына бір қалыпты әсер етпейді. Бұл түрлердің тамырлық жүйелерін анықтайды. Қарағай мен шырша топырақтың беткі 0-20 см бөлігінде, шамамен 90 % шоғырланған. Көктеректер м ен қайыңдарға қарағанда тығыздалуы аздау. Қайыңдардың өсуі орташа топырақ тығыздығында жоғары қабатта 0-20 см жетсе, қайың мен көктеректе 1,17- г/см3. Бірақ В.Н.Спиридонов бойынша топырақ тығыздығына қарғайлар төзімді делінеді. [12]

Әдебиеттерге шолулар көрсеткендей бүл үрдіске авторлардың ойлары әркелкі. Кеде қарама-қарсы бағытта көрсетеді. Топырақтың тығыздануы өсімдіктердің тамырлық жүйелеріне тікелей әсер ететіні сөзсіз. Бұл топырақ өнімділігіне және ағаштардың биологиялық түрлерінің ерекшелігіне байланысты.

Көрсетілген кері әрекеттер мен қатар топырақ тығыздығына, дамуы мен өмірщеңдігіне осында өсетін өсімдіктердің де әсерінің барлығын. [11,12] авторлар көрсеткен.Оған қарағай түбтерінің зақымдануы, ауруға шалдығуы, мезофауналардың азаюынан болады.

Әдебиеттерге жасалған талдау көрсеткендей, орманды рекреациялық мақсатта қолдану топырақтың беткі қабатының өте қатты тығыздануына әкеліп соғады. Осыған байланысты көлемдік массасы көбейіп және топырақ қатты күйге еніп, су, ауа режимі бұзылып, миниралды қоректенуі зақымдалып, орианның топырақ жамылғысы нашарлайды. Топырақтың тығыздануы өсімдік тамырларын қалыпты жағдайда ұстап тұра алмайтындықтан, ең беткі қабатта механикалық бұзылу байқалады. Ортаның өзгеруі, көшеттер яғни мәдени ландшафтардың жағдайының жалпы өзгеруі, орманның рекреациялық бұзылуына әкеледі.

Рекреациялық салмаққа шөптесін бұталар мен тасты қаналар әсері басым. Топырақ жамылғысының бұзылуының алғашқы бастамасы үлескелердің бұзылуы. Түрлік құрамның төмендеуі, рекреациялық аймақтың көркем табиғатын бұзу болып саналады. Орман биогеоценозыкешенінің топырақ жамылғысында нашарлауы, орман өсімдіктерініің өзіндік қалпына келу шарттарын жояды. Адамның орманға келуінің өзі сүрлеу мен жалғыз аяқ қалыптасуыкөптеген өсімдік түрлерінің жойылуына әкеледі. Р.А.Карымсонов ойынша шөптесін шалғыдар түрлерінің болуы мен олардың өзара өзгерісі орман биогеоценозын төмендетеді. Зерттеулер көрсеткендей демалушылар көпылдық өсімдіктерді әсіресе әдемі гүл ашатындарын жинау арқылы олардың жер асты массаларының азаюына септігін тигізуде. Механикалық әсерден жапырақтар үзіліп, бұтақтар сынып, топырақтар зақымданады. Өсімдіктердің саны азаяды. Оңтүстік Сібірдегі зерттеулер көрсеткендей, топырақ тығыздығынан әр түрлі өсімдіктердің қатынасы, орманда және орманның топырақ жамылғысында бір келкі емес.Таптаулар, аз ғана тығызданулар оң эффект беруі де мүмкін. Бірақ та, тұтастай алғанда ормандардағы шөптесін өсімдіктер, шалғында сосын, сосын сорланған және маусымдыққа ауысуда.

Соңғы кезде көптеген жұмыстар тізбегі пайда болып, онда өсімдіктер тізімін яғни топырақ тығыздануы мен тапталу деңгейі көрсетілуде. Ол әр түрлі әдістер мен формулалар өсімдіктердің төзімділігін анықтап көрсетуде қалыптасады. Көбнесе аласа өсімдіктер, жол жағасында кездеседіндері, ағаштардың жапырақтары зақымдалады. Тез көбейіп төзімділігі мықтылары ғана өсіп жетілуде.

Б.А.Зайцев мәліметінде рекреациялық салмақтың өсуінен І сатыдан V сатылы бұзылу зақымданған ағаштарда шамамен 20%-дан 100%өскен. Өте күшті зақымдалған ағаштарда 5 тен 35% аралығында. өзен көл жағалауындағы ағаштардың зақымдануы 99,3%. Құрғап қалған ағаштарды санитарлы тексеруден өткізіп, сосын кесіп тастайды. Бұл кезде құстар ұясы бұзылып, ормандағы құстардың өніп-өсуіне кедергі жасайды. Механикалық зақымдалу демалыс орындарынан қашықтау аймақта белең алған. Әсіресе су көздеріне жақын жерлерді атап айтуға болады. Барлық ағаштар дерлік бұзылудың бес сатысынан өтеді. Бұл геоботаникалық мәліметтерде келтірілен. Рекреациялық салмақ арасындағы байланыс өте шиеленіскен.[14]

Бірінші анторпогендік факторлар әсерінен биогеоценоздар жағдайының көрсеткіші төмендеген. Рекреациялық салмақтан топырақ тығыздығы, физикалық құрамы мен су өткізгіштігі нашарлайды. Ағаштардың өсуінің төмендеуі, қорларды да азайтады. Кейбір зерттеулер нәтижесінде рекреациялық бұзылу әдіс бойынша анықталады.

Курортты дала орманындаңы қарағайлы орман өте күшті рекреациялық әрекетке ұшыраған. Соның салдарынан ағаштардың құруы көбейген. Сондықтан да, Латвияның мемлекеттік университеті әдістемелер кешенін жасап шығарды. Оған классикалық және математикалық көрсеткіш әдісі кірген. Авторлар назарын ағаштардың өсуі биогеоценоз көрсеткіш басты орында болған. Бекітілгендей, зақымдалып солған ағаштардың өсуіне екі кезең тән. Олардың әрқайсысының өз кезеңі бар. Бірінші кезеңге бұзылу факторлары әсер ете бастаған сәтінен ағаштардың өскені қарастырылса, ағаштардың қрауы 20-30 көрсеткіш деңгейінде. Бұл ағаштың жасына да тікелей әсер етеді. Қарағайлар үшін бұл кезеңдегі сәтіне 40 жасқа дейінгі топтағы 7-ден 10 жас аралығы қамтылады. 50-80 жастық топқа 10-15 жас кірсе, 90-120 жасқа 15-25 жас кіреді. Жасы ұлғайған сайын ағаштар антропогендік әрекеттерге төзімділігі төмендейді. Рекреациялық салмақ әсерінен экологиялық көрсеткіштер топтарға бөлініп «рекреациялық бұзылу» деген атауға ие болған. Бұзылудың І сатысына бұзылмаған немесе өте аз зақымдалған көшеттер жатады. Ал бұзылудың ІІ сатысына-аз зақымдалған көшеттер жатады. Ағаштардың азда болса механикалық бұзылуы үрдісмен сипатталады. Бұл сүрлеулердің болуымен сипатталады. Рекреациялық бұзылу ІІІ сатысында шалғынды өсімдіктердің түрлері зақымдалады. Бұзылудың ІV сатысын өте қатты бұзылған көшеттер құрайды. Үлескілердің тең жартысы тапталып, орманның топырақ жамылғысы бұзылған. Бұзылудың бесінші сатысын түгелдей зақым шеккен ағаштар құрайды. Топырақ жамылғысы жойылған. Тапталған үлескілерде сорланған жерге тән өсімдіктер мен маусымдық шөптер кіреді. Қалған ағаштар механикалық зақымдалған немесе ауру. Осының бәрі ағаштардың әлсіреуіне, төзімділіктің төмендеуіне, соңынан ағаштардың жойылуына әкеліп соғады.

Орман көптеген уақыт бойына ІІІ және ІV сатылы бұзылу аралығында бола береді. Ормандық өсімдіктері бар болса жусанды дала кешенге ауысады. Оларды ІV және V сатылы бұзылу кезінде қайта қалпына келтіру тек қана арнайы орман шаруашылық шаралар нәтижесінде іске асуы мүмкін. Өте күшті зақымданған орман үлескелерін қайтадан қалпына келтіру үшін шамамен 20 жыл кетеді.

Менің бітіру жұмысым үш тараудан тұрады.

І тарау. Физикалы-географиялық сипттама деп аталады. Мұнда, мен осы аймақ табиғатына, оның қорларына қысқаша шолу жасадым. Оның геологиялық құрылысына, жер бедеріне пайдалы қазбаларына, ішкі ағын суларына, өсімдік және топырақ жамылғысына тоқталдым.

ІІ тарау. Бурабай Ұлттық табиғат паркінің ландшафтық ерекшеліктері деп аталады. Бұнда рекреациялық орманды игеру жағдайы, орман биогеоценозының қазіргі таңдағы жағдайы, қорғалуы мен өзгеру қарқынына жан-жақты сипаттама бердім.

ІІІ тарау. Табиғи ландшафтар және экологиялық баға беру деп аталады. Мұнда, мен экологиялық жағдайға рекреациялық аймақтың шешілмей қауіп төндіріп тұрған мәселелеріне, Бурабайдың әсем табиғатын келер ұрпаққа қалдыру мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар мен міндеттерге, туризмнің белең алу қарқынын баяндадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Трапидо И.Л. Направление суксесий некаторых лесных биогеоценозов под влианием рекреационной деятелности: Автореф. канд. дисс. – М., 2007
  2. Сокол И.М. Влияние выпаса скота на рост и производителностъ дубовых насаждений лесостепи, Харков, 2006
  3. Быков Б.А., Арстангалиев С. А. Охрана ботанических объектов в Казахстане, Алматы, Наука, 2007
  4. Иванов А., Стоинев К. Изучение влияния плотности почевы на ее плодородие и количество недоступнои влаги в неи // Физика почв и приемы их обработки. Л.: Колос, 2007
  5. Спиридонов В.Н., Таран И.В. Восстановление лесных фитоценозов, нарушенных в резулътате рекреационого исполъзования. // Лесное хозяйство, 2009
  6. Ремиезов Н.П., Погребняк П.С. Лесное почвоведение, 2005
  7. Кротова Н.Г. Влияние подлеска на физико-химические своиства почвы леснои опытны дачи ТСХА, 2009
  8. Кучерявый В.А., Стасевич Л.И., Патогенная микрофлора и вредная энтомофауна зеленой зоны Лвова. – Л., 1990
  9. Зеленский Н.Н., Жижин Н.П. Связь прироста древостая с изменениам плотности в рекреацонных лесах // Тез. докл. 3-й Всесоюзн. конф. по дендроклиматологий. – Архангелъск, 2008
  10. Роде А.А. Основы учения о почвеной влаге. – М.: Гидрометеоиздат, 2009
  11. Гаелъ А.Г., Воронков А.А. Корневая система сосны на песчаных почвах Казахстана и Дона // Ботанический журнал, 2005
  12. Ханбеков Р.И., Организация зеленых зон. – М.: 2009
  13. Крестяшина Л.В. Арно Г.И. Посадки в рекреацоных лесах. Л., 2006
  14. Гаврилов Г.М., Игнатенко М.Н. Блогоустроиства лесопарков. М., 2007
  15. Мусин С.М., Макаренко Е.А. Лесовосстановление березовых лесов, подвергавшимся рекреационным нагрузкам. Акмола, 1995
  16. Чижова В.П. Методика организации учебных троп в зонах отдыха. М., 2009
  17. Малые архитектурные формы. М.: Гос лесхоз, 2009
  18. Тарасов А.И. Рекреацонное лесополъзование. Агропромиздат, 2006
  19. Мусин С.М. Восстанавление рекреационных насаждений в зонах одыха. Кокшетауский ЦНТИ, 1999
  20. Беклемишев Н.Д. Курорт Боровое, Алматы, изд-во АНРК, 2008
  21. Мусин М.З., Архипов В.А. Основы рационалъного ведения лесного хозяйства Казахстана, — Алматы, 2002
  22. Грин А.М. Почвоведение, 2002
  23. Курбатский Н.П., Цветков П.А. Охрана лесов Красноярска, 2006
  24. Чижова В.П. Проблема охраны природы в зонах одыха. М. 2004
  25. Гурский А.А. Ковалъ И.А. Рекомендации. Щученск, 1999
  26. Андреева Е.А. Флора растений Казахстана – Алматы: Наука, 2007
  27. Арстангалиев С.А. Рамазанов Е.Р. Растение Казахстана. Алматы: Наука, 2007