АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы

Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы

 

 

                                                      Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ

 

Қысқартулар…………………………………………………………………………………………

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..

 1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы сипаттамасы………………………………………………………………………………

1.1       Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы түсінігі, мәні және маңызы……………………………………………………….  

2. Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы………….  

2.1 Тергеу алдын ала тергеудің негізгі түрі ретінде……………………………

2.2 Анықтау алдын ала тергеудің ерекше түрі ретінде……………………….

2.3Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау……………………….

2.4 Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау….

 

3. Анықтау мен алдын ала тергеудің айырмашылықтары……………

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………………

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.…………………………………………………………

 

 

3

 

4

 

15

 

15

 

26

 

 

45

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТУЛАР

 

ҚР

Қазақстан Республикасы

РФ

Ресей Федерациясы

К

Конституция

ҚІЖК

Қылмыстық істер жүргізу кодексі

ҚК

Қылмыстық кодекс

АК

Азаматтық кодекс

ІІО

Ішкі істер органдары

ІІМ

Ішкі істер министрлігі

БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы

ТМД

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ЖІШ

жедел іздестіру шаралары

ЖІҚ

жедел іздестіру қызметі

УҰИ

уақытша ұстау изоляторы

Т.б.

тағы басқа

Т.с.с.

тағы сол сияқты

 

 

 

 

 

 

 

         

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстандағы жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін жеке адамға қол сұғылмайтындығына кепілдік беретін жүйені көздеген заң базасын құрды, ол қылмыстық сот өндірісі аясында  қылмыс жасаған адамға да, қылмыстық әрекеттің құрбаны болған адамға да қатысты. Ата Заңымыздың 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» — деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 14, 16-баптарында  әр азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына, білікті заң көмегін алуға, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігіне, негізсіз қамауға алынудан, ұсталудан қорғануға, ұсталған, қамауға алынған немесе айыпталушы ретінде танылған  сәттен бастап қорғаушының көмегін алуға құқылы екендігіне кепілдік белгіленген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделері ең жоғары құндылық ретінде бекітілген. Заң шығарушы қоғамдық қатынастарды реттейтін жүріс-тұрыс ережесін бекітуде ең алдымен жоғарыда аталған қағиданы еске алуы қажет. Аталған Конституциялық қағиданың қылмыстық іс жүргізу барысында және қылмыстық процесс міндеттемелерін жүзеге асыруға орай ережелерді бекітуде аса қажеттілікті талап етеді. Сонымен қатар, заң актілерінде Конституцияға сәйкес ережелерді бекітумен қатар, оларды іс жүзінде қолданатын қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі міндеттерін тиімді орындау және оның ішінде қылмыстық процестің барысына қатысушы мүдделі тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талап етіледі. Бұл іс жүзінде орын алуы үшін, қоғамға жат құбылыс – қылмысқа, оны тергеуге және алдын алуға қатысты барлық мәселелер кешенді түрде ғылыми зерттелуі қажет.

Қазіргі таңда баршамыз өмір сүріп отырған қоғамымызда құқықтық мемлекет құрылды. Құқықтық мемлекетте заңның үстем болатындығы барлығымызға белгілі. Яғни, Ата заңымызда көрсетілген әрбір адам және азаматтың, құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, өмірлері мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуде заңның үстемдігінің қосар үлесі шексіз.

Қоғамда мемлекет, қоғам, құқық, адамның жеке басы туралы түсініктер жөнінде пікірлер өзгеріп жатқанда, қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыспен күресу рөлі күшейе түспек. Сондықтан алға негізгі мақсат қойылған, яғни құқықтық мемлекет құрып, осы мемлекетте қылмысты болдырмау, алдын алу, ізін кесу жолдарын қарастыру болып табылады. Осылайша қылмыспен күресу бүкіл қоғамымыздың ең басқа өзекті мәселелерінің бірі болып қалмақ.

Жалпы, қылмыстық іс қозғау — процестегі күрделі қызметтердің бірі. Бұлай дейтініміз оның құрамына қылмыстық факт туралы арызды қабылдау, оны тексеру, ол бойынша процессуалдық шешім қабылдау, сонымен бірге қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексерудегі әрекеттер мен қатынастар жатады. Дегенмен оның күрделі екендігіне қарамастан, заң әдебиеттерінде ол қызметті қылмыстық процестің жеке дара, бөлек сатысы деп санауға болмайды деген пікірлер де айтылды. Бірақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сай қылмыстық іс қозғауға қатысты жеке тарау мен арнайы баптар көзделген. Сондықтан да қазіргі таңда қылмыстық іс қозғау процестің дербес сатысы болатындығына күмән жоқ.

Қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау мен шешудегі анықтаушы, тергеуші, прокуратура, сот және анықтау органдарының қызметтері жариялы құқықтық сипатта болады. Қылмыс – құқық бұзушылықтың қауіпті түрлерінің бірі. Сондай-ақ, ол жеке тұлғаға, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға, мемлекетке күрделі зиян келтіреді. Ол мемлекеттің өкілетті органдарына қылмыстық заң нормаларының таралуын қамтамасыз етудегі заңда көзделген шараларды қолдануын міндеттейді.

1995 жылдың 30 тамызында өзіне қылмыстық іс бойынша анықтау мен алдын ала тергеу жүргізетін арнайы органдар туралы бап енгізген Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы [1],                                        1995 жылдың  6 қазанында «Қазақстан Республикасында анықтау мен алдын ала тергеуді жүргізетін органдар туралы»,                                                  1997 жылдың 23 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің» [2] қабылдануы құқықтық мемлекет құруға өз үлестерін қосты.

Өз кезегінде өмір сүріп, қылмыспен күресудің белгілі бір этапын өткізген мемлекеттік тергеу комитеті туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев:

   — «Мемлекеттік тергеу комитетінің құрылуы қылмысқа қарсы тұратын жаңа жүйенің қалыптасуының бастамасы» [3,1], — деген.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік тергеу комитетінің таратылуы және жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес енді алдын ала тергеу мен анықтауды ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары және қаржы полиция органдары жүргізуі алдын ала тергеу мен анықтау арасындағы елеулі сұрақтарға қайта айналып соғуға негіз береді. 1997 жылға дейін қоғамда қылмыстық іс жүргізу аясында билік жүргізіп келген 1959 жылғы ҚазКСР-інің қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылдың  23 желтоқсанында Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің қабылдануы негізінде күшін жойып енді алдын ала тергеу мен анықтау жүргізудің тәртібі, жүргізетін органдар шеңбері кеңейіп құқықтық реформалаудың жаңа бір кезеңі басталды.

ҚР ҚІЖК-і қабылданғалы бері оған 8-заңмен өзгертулер енгізілгенмен қоғамның күннен күнге жаңаруына байланысты онда қаралатын мәселелер баршылық.

70 жыл бойы тоталитарлық жүйеде жұмыс істеп келген қылмыстық іс жүргізу 1997 жылы жаңа ҚІЖК-інің қабылдануымен жаңа бір серпіліс пен дамудың кезеңіне деп келді. Сондай-ақ өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болғанына 15 жылдан асқан біздің еліміздің процессуалдық заңдылығы үлкен жетістіктерге жетуде. Бірақ қоғамның қайта жаңару мен даму кезеңінде қылмыстық іс бойынша анықтау мен алдын ала тергеудің де жаңа көріністерден көрінуі заңдылық және керек дүние. Осыған байланысты бұл стадияда негзгі процессуалдық функциялардан басқа (қылмыстарды ашу, қылмысты жасаған адамды әшкерелеу және т.б.), айыпталушыны тергеуден және соттан жалтармауын, қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтыру, мүліктің тәркілену мүмкіндігін ішінара қамтамасыз етуші функциялар да атқарылады. Бұдан біз аталған стадияның қылмыстық іс жүргізудің өзге стадияларының ішіндегі негізгісі, маңыздысы және аса өзектісі деп көрсете аламыз. Бүгінгі таңда бұл стадияны реттеуші нормалар да көптеген өзгертулер мен толықтыруларды күтуде. Атап айтсақ, жоғарыда айтылған айыпталушының тергеуден және соттан жалтармауы осы стадияда оған қатысты қылмыстық қудалауды жүргізуші органмен белгілі бір мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мәжбүрлеу шараларының бір түрі бұлтартпау шаралары, соның ішінде қамауға алудың санкциялануына қатысты Қазақстан республикасының Конституциясының 16-бабының 2-бөлігіне өткен жылы санкция тек сотпен беріледі деп өзгерту енгізілген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының ҚІЖК өзгертулер мен толықтыруларды болжайды.

Сол себепті мен осы бітіру жұмысының тақырыбы ретінде «Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы» мәселесін алдым. Бұл бітіру жұмысында мен алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасына тоқталып, олардың негізгі ұқсастығы, айырмашылығы мен қарама қайшылықтарын қарастырамын. Бұл еңбекті жазуда мен негізінен Қазақстан мен алыс-жақын шетел заңгерлерінің, профессорлардың, заң ғылымы доктарларының және заң ғылымы кандидаттарының ғылыми еңбектері мен диссертациялары пайдаландым.

Дипломдық жұмыстың алдын ала тергеу қылмыстық процестің дербес сатысы екендігін, ондағы қолданылатын дәлелдемелердің түрлері мен жүзеге асырылатын дәлелдеу қызметінің маңызы, мазмұны мен ерекшелігінің түсініктері мен негіздерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеудегі үлесі өте зор болып табылады. Сонымен бірге бұл жұмыс мемлекетіміздің осы тұрғыдағы проблемаларды шешуге қосылған үлкен үлесі болып табылады.

 Зерттеу барысында мынандай ғылыми нәтижелер алынды:

   Алдын ала тергеу сатысының алдағы уақытта процестің дербес сатысы ретінде қалуы және оның болашақта жойылып кетпеуіне байланысты іс шаралар айқындалған.

       ҚІЖК-де көрсетілген анықтау органының алдын ала тергеу жүргізу құқығы алынып тасталуы керек. Бұл алдын ала тергеуді жүргізуге өкілетті тұлға тергеушінің мәртебесіне кедергі келтіреді және тергеудегі тек тергеуші жүргізу керек қағидасына қайшы.

Егер анықтау органында алдын ала тергеу жүргізу құқығы қалдырылған жағдайда, анықтау органымен алдын ала тергеу жүргізу туралы шешімді тергеушімен не прокурормен анықтау органы ұсынған материалдар негізінде қабылдануы керек. Ал шешім материал келіп түскен кезден бастап 24 сағат ішінде қабылдануы керек.

 Анықтау органы мен алдын ала тергеу жүргізу қалдырылған жағдайда оның негіздері заңда жеке-жеке нақтылап көрсетілуі тиіс. Бұл дегеніміз анықтау органы бастығы мен анықтаушының өз өкілеттігін асыра пайдалануының алдын алады.

Бітіру жұмысы мына жоспарда жазылған:

Кіріспе.

  1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы сипаттамасы.

1.1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы түсінігі, мәні мен маңызы;

  1. Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы.

        2.1. Тергеу алдын ала  тергеудің негізгі түрі ретінде;

        2.2. Анықтау алдын ала тергеудің ерекше түрі ретінде;

        2.3. Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау;

        2.4. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау;

  1. 3. Анықтау мен алдын ала тергеу айырмашылықтары.

Қорытынды.

 

Еліміздің Конституциясы құқықтық мемлекет құрып, қоғамдағы қылмыспен күресудің рөлі мен орнын айқындап береді.

Қазір біздің мемлекетіміз алға қарай дамып келеді, яғни заман, қоғам талаптарына сай өзгерістер болуда. Оны қоғамдағы болып жатқан қылмыстық әрекеттермен байланыстыруға болады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы үздіксіз алға ілгерлеуде. Оған енгізілген соңғы толықтырулар мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің дамуына маңызды әсерін тигізуде.

 Қоғамдық құрылымдағы өзгерістер, әсіресе, кейінгі жылдары дамып келе жатқан демократиялық құрылым, қылмыстық ізге түсу органдарының рөлін бұрынғыдан да күшейтіп, оның құқығын көтере түсуде. Осы айтылған мәселелер, тақырыптың өзектілігін, құндылығын көрсетеді.

 Алынған зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық іс жүргізу кодексіне, жедел-іздестіру қызметі туралы, ұлттық қауіпсіздік органдары туралы, ішкі істер органдары туралы және басқа да заңдарға, ғылыми еңбектерге, іс тәжірибелік деректерге негізделген. Нақты тақырып бойынша  М.С. Строгович,  Н.В. Жогин,  Ф.Н. Фаткуллин, Е.Е. Ерешев,    М.Ч. Қоғамов, В. Чистяков, Т.Е. Сарсембаев, О.Л. Васильев және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, сыни тұрғыда баға берілген.

Әрбір ғылыми нәтижеге негіздеме ретінде ізденуші белгілі заңгер ғалымдардың ой-тұжырымдарын, нормативтік құжаттарды негізге алып, кейбір ғалымдардың көзқарасына талдау жасап, қолданыстағы заң нормаларына терең ғылыми талдау нәтижесінде жаңа ғылыми ұсыныстарға қол жеткізген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы сипаттамасы.

1.1.Қылмыстық іс жүргізудегі алдын  ала тергеу жүргізу стадиясының жалпы түсінігі, мәні және маңызы.

 

ҚР ҚІЖК-і 7-бабының 16-тармағына сәйкес «алдын ала тергеу» («алдын ала іздестіру») – бұл уәкілетті органдардың осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.

ҚР ҚІЖК-і 7-бабының 15-тармағына сәйкес «анықтау» – бұл анықтау органдарының осы кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайдының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.

Қылмыстық іс жүргізу барысы бірнеше, әрқайсысының жеке маңызы бар кезеңдерге бөлінеді. Ол кезеңдер қылмыстық процестің стадиялары деп аталады.

Стадиялардың әрқайсысы мынадай белгілермен сипатталады:

  1. Әр стадия іс жүргізудің жеке кезеңі ретінде қылмыстық істер жүргізу кодексінде арнайы белгіленген;
  2. Әр стадияның жеке маңызы және өзіне тән міндеттері бар;
  3. Әр стадияның мәнін құрайтын іс-әрекеттер заңмен реттелген және бұл іс-әрекеттердің субъектлері көрсетілген;
  4. Әр стадия – оның нәтижесін қорытындылайтын процессуалдық шешім қабылдаумен аяқталады.

Қылмыстық процестің стадияларына мыналар жатады:

  • қылмыстық істі қозғау; 2) қылмыстарды тергеу; 3) басты сот талқылауын тағайындау; 4) басты сот талқылауы; 5) апелляциялық тәртіппен істерді қарау (апелляциялық өндіріс); 6) үкімді орындау. Бұл стадиялардың алдыңғы екеуі (қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу) сотқа дейінгі стадиялар, ал кейінгілері сотта болатын іс жүргізу стадиялары деп қаралады.

 Аталған іс жүргізудің кезеңдері қылмыстық процестің негізгі стадиялары болып табылады (бұлардан басқа ерекше стадиялар да бар, олар жөнінде кейінірек айтылады). Бірақ, әр қылмыстық істің негізгі алты стадиядан бірдей өтуі міндетті емес. Мәселен, қылмыстық іс қозғалған жағдайдың өзінде, одан кейін алдын ала тергеу жүргізудің барысында бұл іс заңды түрде қысқартылуы мүмкін. Олай болса, мұндай жеке жағдайда, қылмыстық іс жүргізу сотқа дейінгі стдадиялардан өтіп аяқталады. Немесе, қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарып, ал бұл үкімге апелляциялық шағым берілмеген өндіріс қажет болмайды.

Кез келген қылмыстық істі сот отырысында талқылап және сол іс бойынша шешім шығару үшін, алдын-ала заңмен көрсетілген тәртіппен және жолмен дәлелдемелерді жинап, қылмыс істеген адамның ізіне түсіп, оны айыпкер ретінде жауапқа тартып, оның тергеу мен соттан қашып кетпеуіне жағдай жасау керек. Өйткені осы алдын ала жасалған әрекет негізінде сот талқылауы орынды және оның шешімі заңды әрі негізді болмақ.

Жоғарыда көрсетілген екі стадияның алғашқысы сотқа дейінгі іс жүргізу істі сот отырысында талқылап, мәні бойынша шешім шығару үшін алдын-ала заңмен көрсетілген тәртіппен жүргізілетін тергеу әрекетінің негізін құрайды. Бұлай дейтін себебіміз осы стадияда алдын-ала тергеу әрекеттерінің барлық процессуалдық міндеттері орындалады.

Ал енді осы Алдын-ала тергеудің анықтамасына тоқталайық. Отандық немесе ресейлік авторлар өз еңбектерінде алдын-ала тергеуге әр түрлі түсініктеме береді. Т.Е. Сарсенбаев, А.Л. Хан сотқа дейінгі іс жүргізу бұл Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалды заңдылығына сәйкес қылмыстық іс қозғау стадиясынан кейінгі, сотта істі қараудың алдындағы қылмыстық процестің стадиясы деп атаса [4,25], Р.Х. Якупов алдын ала тергеу дегеніміз негізсіз айып тағудан арашалау және кінәсізді ақтап шығуға, қылмыспен бұзылған азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қылмысты ашу мен қылмыскерді ұстау және жауапқа тартуға бағытталған тергеушінің процессуалды заңдармен реттелетін мемлекеттік қызметі деп түсінік береді [5,226]. Алдын ала тергеу дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалауға байланысты прокурордың қадағалауы жүйесінде жүзеге асырылатын тергеуші мен анықтама органының қызметі [6,26].

Профессор Е.Е. Ерешевтің пікірінше қылмыстарды тергеу — әр қылмысты тез және толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында жүргізілетін тергеуші мен анықтау органдарының қызмет жүйесі. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізудің екі нысаны бар: 1) анықтау, 2) алдын ала тергеу. Заңға сәйкес, қылмыстардың басым көпшілігігінде және ауыр түрлері бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі. Сондықтан алдын ала тергеу – қылмыстық істерді тергеудің негізгі нысаны ретінде қаралады. Заңда көрсетілген ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар бойынша анықтау жүргізу қолданылады. Алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер және Қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді. Қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізетін органдар: ішкі істер органдары, қаржы полициясы органдары, әділет органдары, шекара бөлімдерінің командирлері және т.б. Бұл органдар әрқайсысы өз мекемесінің қызмет саласына сәйкес қылмыстар бойынша анықтау жүргізеді. Осы мемлекеттік органдардың анықтау қызметінің атқаратын лауазымды адамы анықтаушы деп аталады.

 Алдын ала тергеу жүргізудің нәтижесінде қылмыс жасаған адам анықталып, ол әшкереленген болса, онда тергеуші айыптау қорытындысын жазып (анықтау жүргізілген жағдайда анықтаушы айыптау хаттамасын жазады), онымен бірге қылмыстық істің барлық материалдары тиісті прокурорға беріледі. Прокурор істің материалдарын жан-жақты тексеру арқылы айыпталушы сотқа беруге жатады деп тапса, ол бұл жөнінде қаулы шығарып, істі негізінен шешу үшін тиісті бірінші сатының сотына жібереді [7,10]. 

Алдын ала тергеу дегеніміз алдын ала тергеу органдары мен анықтау органдарының қылмысты тез және толық ашу дәлелдемелерді табу, жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану, қылмыстық істі жан-жақты толық объективті түрде зерттеу, қылмыс жасаған адамдарды табу, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту, қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайды анықтау, қылмыспен келген материалдық зардапты толықтыруды қамтамасыз етуге бағытталған ҚІЖК-нің нормаларымен реттелетін қызметі.

Сондай-ақ ҚР ҚІЖК сотқа дейінгі іс жүргізуге былай деп анықтама береді: қылмыстық іс қозғаннан бастап оны мәні бойынша іс жүргізу, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдарын дайындау [8,81].

Алдын ала тергеу қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу, оларды айыпталушы ретінде тану, қылмыстардың жолын кесу бойынша шаралар қабылдау, оның жасалуына әсер еткен себептер мен жағдайларды табу мен жою, сондай-ақ қылмыспен келтірілген зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау мақсатында, солардың негізінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталатын дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша прокурордың қадағалауымен жүзеге асырылатын анықтау органдарының және тергеушінің қызметін білдіреді [9,281].

А.И. Трусов, Н.Ф. Гуценко осы әрекеттердің жүзеге асырылуы барысында шешілетін мәселелерге байланысты, әдетте олар екі жеке топты құрады деп көрсеткен. Олар:

  1. Зерттеу сипатындағы тергеу әрекеттері, солар арқылы анықтау органдары, тергеуші немесе прокурор алдын ала тәртіпте (сотқа дейін) дәлелдемелерді табумен, бекітумен және зерттеумен байланысты мәселелерді шешеді (жауап алу, беттестіру, тану үшін көрсету, тінту, алу, тексеру, куәландыру, сараптама тағайындау).
  2. Өзге де, ең алдымен іске қатысушы адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері (айыпталушыны айыпталушы ретінде тану туралы қаулымен таныстыру, оған тиісті құқықтарын түсіндіру, жәбірленушіні, азаматтық талапкер мен азаматтық жауакерді тиісті қаулымен таныстыру, осы адамдарға құқықтарын түсіндіру және оларды қамтамасыз ету және т.б.) [10,183].

Осы жоғарыда аталған зерттеу сипатындағы тергеу әрекеттері ҚР-ның ҚІЖК-нің 26-33-тарауларында бекітілген.

Негізінен алып қарасақ барлық авторлардың айтып отырғаны дұрыс. Айтылуы әр   түрлі   болсада   ой    ортақ.    Мен    өзім     Н.В. Жогин     мен

Ф.Н. Фаткулиннің алдын ала тергеуге берген анықтамасына толықтай қосыламын. Онда былай делінген алдын ала тергеу – қылмыстық толық және тез ашылу  мақсатында прокурорлық қадағалау негізінде анықтау органы мен тергеу ісінің іс үшін маңызы бар дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалауға негізделген қызметі. Сондай-ақ алдын ала тергеу қылмысты ашу, кінәләнә жауапкершілікке тарту, істің сотқа өтуіне алғы шарттар жасауға негізделген шарт, нысан, құралмен реттелетін барлық заңи нормаларды біріктірген қылмыстық-процессуалдық құқықтың бір бөлігі боп табылады [11,35].

Алдын ала тергеу стадиясының алғы шарты ол қылмыстық істің қозғалуы боп табылады. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 177-бабында қылмыстық істі қозғаудың себептері және негіздері көрсетілген:

■ азаматтардың арызы;

■ кінәні мойындап келу;

■ мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының немесе ұйымда басшылық қызметін атқарушы тұлғаның хабарлауы;

■ бұқаралық апараттар құралдарының хабарлауы;

■ қылмыстық істі қозғауға уәкілетті органның немесе тұлғаның қылмыс ізін табуы.

Қылмыстық істі қозғау қылмыстық іс жүргізу құқығының жеке бір стадиясы. Бірақ кейбір авторлар қылмыстық іс қозғау стадиясын алдын ала тергеу стадиясының бір бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы заң ғылымдарының докторы М.Ч. Когамов алдын ала тергеуді 15 этапқа бөліп, келіп түскен хабарды тексеру, қабылдау, тіркеу және қылмыстық істі қозғау әрекеттерін алдын ала тергеудің бір бөлігі деп көрсеткен [8,85].

Н.В. Жогин мен Ф.Н. Фаткулин өз еңбектерінде қылмыстық істі қозғау стадиясын алдын ала тергеу стадиясына кіргізуге қарсы, олардың пайымдауынша іс қозғауды алдын ала тергеудің бөлігі деп қарау қылмыстық процессуалдық заңдылықтарға теория жүзінде де, практика жүзінде де қайшы.

Сондай-ақ барлық автор алдын ала тергеу стадиясын толық және дұрыс түсіну үшін іштей бөліктерге бөледі.

Ал заң ғылымдарының кандидаты Биятов Т.К. алдын ала тергеу стадиясын негізгі үш этапқа бөледі:

1- қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі тергеу әрекеттерінен тұлғаны айыпкер ретінде тартқанға дейін;

2- тұлғаны іс бойынша айыпкер ретінде тартқаннан кейін айыптау қорытындысы шыққанға дейін;

3- істі прокурордың қарауы және шешім шығарып оны сотқа жіберу [12,99].

Қазақстан Респуликасының 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында былай көрсетілген:

Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.

Сотқа дейінгі іс жүргізу яғни алдын-ала тергеудің негізгі міндеті жоғарыда көрсетілгендердің ішіндегі қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту боп табылады. Менің бұлай деп міндеттерді бөлу себебім қылмыстық процестің міндеттерін әрбір орган өз кезегінде орындайды. Мысалы: тергеу органдары қылмысты тез және толық ашуға міндеттенсе, сот органдары әділ сот талқылауына жауап береді, ал прокуратура сол тергеу әрекеттері негізінде адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының шектелмеуіне, сот талқылауында заңды дұрыс қолдануын қадағалайды.

Заңи әдебиеттерде алдын ала тергеудің міндеттерін толығымен ашып көрсеткен. Онда тек заңда көрсетілген міндеттермен қатар заң принциптерінің орындалуында міндеттеріне қосылған. Р.Х. Якупов алдын-ала тергеу стадиясының міндеті ретінде қылмыстық істі шешу үшін дәлелдемелер жинауды атап көрсетеді [5,226]. Профессор В.Н. Григорев өз еңбегінде алдын ала тергеудің міндеттерін 7-бөледі:

  • қылмысты толық және тез ашу, кінәліні ұстау;
  • қылмыстық істің барлық жағдайын жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеу;
  • сот талқылауында қолдану үшін дәлелдемелерді табу және оларды процессуалды тәртіппен бекіту;
  • тұлғаны айыпкер деп тартудың заңдылығы мен негізділігін;
  • айыпкерді қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуын қамтамасызету;
  • қылмыспен келген зардаптың бар жоғын анықтау, бар болса мөлшерін анықтап, зардаптың орнын толтыру үшін шаралар жүргізу;
  • қылмыс жасауға себепкер болған жағдайды анықтап, оларды жоюдың шараларын жасау. Алдын ала тергеудің міндеттерін осылай жеті түрге бөлінуін Т.Е. Сарсенбаев пен Н.А. Ханда қолданған [4,25].

Алдын ала тергеудің негізгі міндеттерінің бірі қылмыскерді табу мен оны жауапкершілікке тарту десек, осы жерде шығатын тағы бір міндет айыпкер тұлғадан шатаспау. Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқытары мен бостандықтарын қорғау конституциялық принцип болғандықтан адамға айып тағуда қате кетпеуі керек. Сол себепті Қазақстан Республикасының ҚІЖК-і алдын ала тергеудің үстінен прокурорлық қадағалауды өзіне енгізген (ҚР ҚІЖК 197-бап).

Сотта қылмыстық істің дрыс талқылануы, мәні бойынша шешімнің заңды және негізді болуы бірден-бір осы алдын-ала тергеу әрекеттерінің нәтижесіне байланысты. Сондай-ақ егер дәлелдемелер толық жиналса, азаматтың қылмысқа қатыстылығы алдын-ала тергеу кезінде дәлелденсе соттада іс кідірмей тез шешіледі. Себебі сот шешімі алдын-ала тергеу барысында жиналған дәлелдемелерге сүйеніп шығарылады.

Алдын ала тергеудің дәлелдемелерді жинау, қылмыс іздерін табу қызметінің заңды және толық болуы сот шешімінде әделетті болуының бірден-бір кепілі. Қазастан Республикасының Конституциясының 75 және 77 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады және адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Міне осы конституциямен қойылған құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыру үшін сот жақсы көлемді және толық жиналған дәлелдемелерге ие болуы керек. Ал сотқа осы дәлелдемелерді жинап беретін алдын ала тергеу. Алдын ала тергеу органдары сот органдарына байланысты бағынышты, көмекші және алдын ала әрекеттегі сипаттағы қызметті жүзеге асырады.

Егер сот талқалауы жиналған дәлелдемерді дұрыс тиянақтап, жеткіліктігі, қатыстылығы мен айғақтылығына дұрыс баға беруге қолайлы болса, алдын ала тергеу сол дәлелдемелерді жинауға қолайлы жағдай боп табылады.

Алдын ала тергеу процессуалдық нормаларды қатаң түрде сақтай отырып толық, жан-жақты және объективті түрде жүргізілуі тиіс. Істің бұлай жүргізілуі заңның мына принциптеріне жауап тартылмауы тиіс. Бұл принциптері сақталмаса алдын ала тергеу әрекеттері азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға байланысты міндеттерін атқара алмайды.      Ал ол алдын ала тергеу кезінде жиналған материалдарының заңсыздығына әкеп соғады.Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 15 бабы: Қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың құқытары мен бостандықтарын қорғауға міндетті … .

Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 269-бабының 2-тармағы бойынша сезіктінің немесе айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндік туылса қылмыстық іс қысқарады. Ал іс қысқармай сотқа жету үшін алдын-ала тергеу толық, жан-жақты, дәлелдеме жинаудың барлық мүмкіндігі пайдаланыла отырып жүргізілуі тиіс.

Алдын ала тергеу қылмыстық істердің көпшілігінде жүргізіледі. Тек ерекше жағдайда жеке айыптау істері бойынша алдын ала тергеу жүргізілмейді. Тек егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқада себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы және қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен ауырлық дәрежесіне байланысты іске тергеу тағайындайды.

Алдын ала тергеу қылмыстық істі қозғағаннан бастап айыптау қорытындысы немесе айыптау хаттамасы шыққанға дейін не іс бойынша өндіріс тоқталғанға дейін жүргізеді.

Алдын ала тергеудің міндеті қылмысты толық және тез ашу ғана емес, сондай-ақ қылмыспен күресу боп табылады. Жасалған қылмысты әшкерелеп отырып, алдын ала тергеу басқа қылмыстардың алдын алу керек. Қоғамды басқа қылмыстардан ескерту және жолын кесуде ең басты міндет боп табылады. Заңдылықтың жақсылығы қылмыстарды ашқаннан емес, қылмысты болдырмауында. Сол себепті алдын ала тергеуге үлкен көңіл бөліп қараймыз.

Алдын ала тергеудің мәні мынада:

■ бұл стадия логикалық түрде қылмыстық іс қозғау стадиясын жалғастырады және сотта істі қарау мен мәні бойынша шешім шығарудың алдындағы әрекет;

■ жеке стадия ретінде процессуалды әдіс тәсілмен реттелетін спецификалық міндеттері бар;

■ алдын ала тергеудің сапалығына сот шешімінің заңдылығы мен негізділігі тәуелді;

■ алдын ала тергеу стадиясына өту қылмыстық істің қозғалуының заңдылығын білдіреді;

■ сот талқылауы алдын ала тергеу жүргізілмей бола алмайды.

Осы жерде айта кететін бір жайт қылмыстық іс алдын ала тергеудің кез келген этапында тоқталуы мүмкін. Бұдан шығатын тұжырым алдын ала тергеу сот отырысына көмекші құрал ретінде және істе мәні бойынша шешім шығара алмайды.

Кідірілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу, айып тағу, айыпты талқылау кезінде факультативті түрде іздеу жымыстары және басқада процессуалды әрекеттер пайда болуы мүмкін. Бірақ біз бұл іздеу әрекеттерін жедел-іздестіру қызметімен шатастырмауымыз керек.

Алдын ала тергеу жүргізудің заңи әдебиеттерде үш нысаны беріледі. Олар:

1- Алдын ала тергеу.

2- Анықтау.

3-Хаттамалық нысандағы сот өндірісі.

Ресей Федерациясының ҚІЖК-і алдын ала тергеудің осындай үш түрін қарастырады. Ал біздегі қызмет етуші қылмыстық процессуалды заңдылық алдын ала тергеудің екі түрін қарастырған:

  • алдын ала тергеу;
  • анықтау.

1959 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстанда жұмыс істеп келген ҚазКСР-нің қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай біздің елде де хаттамалық нысандағы сот өндірісі болған, бірақ 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының ҚІЖК-не сәйкес хаттамалық нысандағы сот өндірісі алынып тасталды.

Алдын ала тергеу — өкілетті органдардың осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметтің іс жүргізу нысаны ( ҚІЖК 16-тармақ, 7-бап).

Анықтау – анықтау органдарының осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі іс жүргізу нысаны (ҚІЖК 15-тармақ, 7-бап).

Жоғарыда көрсетілген алдын ала тергеудің екі нысанын біз келесі тарауларда толығымен тоқталамыз. Ал әзірге әңгіме толығымен алдын ала тергеудің түсініг, мәні, маңызы жайлы бола бермек.

Алдын ала тергеудің мәні мен мазмұны мынада – бұл қылмыстық процестің стадиясында алдын ала тергеуге өкілеттігі бар органдар прокурорлық қадағалау негізінде заңмен бекітілген тәртіп пен негізде қылмыстың жағдайын анықтайды, тұлғаның кінәлілігін, оның жауаптылығының дәрежесі мен көлеміне әсер ететін мән жайларды табады, келген шығынның көлемі мен дәрежесін анықтап оның орнын толтыратын шараларды жасайды, процессуалды мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қылмысты және айыпталушының шынайы жағдайын анықтауға кедергі келтіретін қиындықтарды жоюға, оның сот және тергеу органдарына уақытылы келуіне шаралар жасайды, қылмыс жасауға итермелеген жағдайды анықтап, оны жоюға шаралар қолдана отырып азаматтарға тәрбиелік және ескертпелік ықпал жасайды [13,15].

Алдын ала тергеу ісін жүргізудің стадиясының маңызы:

  • бұл саты қылмыстық іс қозғау сатысының қисынды жалғасы болып

табылады және істің түбегейлі  қарау және шешу жөніңдегі сот қызметінің алдында жүргізіледі;

  • дербес саты ретінде өзіне тән ерекше міндеттері бар, олар іс жүргізу

әдістері мен құралдарының қатаң белгіленген жиынтығымен шешіледі;

  • істі сотта шешудің заңдылығы мен дер кезінде алдын ала тергеу ісін

жүргізуді жүзеге асырудың сапасына байланысты болады;

  • алдын ала тергеу жүргізу сатысына көшу қылмыстық іс қозғаудың

заңдылығын білдіре алады;

  • алдын ала тергеу ісін жүргізбейінше, істі сотта қарауға болмайды.

Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттарының маңызы мынада:

  • оларды сотқа дейінгі қызметінің бүкіл кезеңі бойында күшенді

болатын іс жүргізу ережелері бар, олар алдын ала тергеу сатысына жүргізілетін барлық іс-әрекеттерге қолданылады;

  • белгіленген ережелердің бұзылуы іс бойынша қылмыстық сот ісін

жүргізудің нақты барысына теріс әсер алатын әр түрлі құқықтық зардаптар туғызуы мүмкін;

  • қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін сақтауды қамтамасыз

ететін өзіндік кепілдіктер болып табылады;

  • алдын ала тергеу сатысының іс жүргізу шекараларының

анықтайды;

  • жалпы шарттар ретінде көзделген ережелерді сақтайды, сотта істі

дұрыс шешудің негізі болып табылады. [19,55].

 

 

 

 

 

2.Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы.

  • .Тергеу алдын ала тергеудің негізгі түрі ретінде

 

Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 191-бабына сәйкес осы Кодекстің 33-бабының бірінші бөлігінде және 285-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.

Алдын ала тергеуді кәмелетке толмағандар немесе өздерінің дене немесе ақыл-ой кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқықтарын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.

Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер және Қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді.

Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру ҚІЖК-не сәйкес жүргізіледі.

Қылмысты тергеуде алғашқыда анықтау іс үшін қаншалықты маңызды болса, алдын ала тергеу қылмыстық істі тергеудің соншалықты маңызды әрі негізгі түрі боп табылады.

Алдын ала тергеу кезінде дәлелдемелер жиналады, істің жағдайының жан-жақты, толық және объективті түрдегі зерттелуі жүргізіледі, сондай-ақ кінәлінің жағдайын ауырлататын не жеңілдететін, ақтайтын не кінә тағатын мән-жайлар анықталады.

Тергеудің жалпы шарты, негізі, тергеу әрекетін жүргізудің тәртібі және процессуалды шешім қабылдауы бәрі заңменен алдын ала тергеуге кіргізеді.

Заңи әдебиеттерде алдын ала тергеуді сотқа дейін және сот үшін қызмет деп түсіндіреді. Бұл сипаттама дұрыс, бірақ дәлме дәл емес. Өйткені кейбір істер егер оған заңды негіздер болса сотқа кетпей қысқарылып кетуі мүмкін.

Негізінен тергеудің бұл түрі туралы айтқанда көп еңбектерден байқағаным заңгерлердің көбісі оның міндеттерін және атқаратын қызметіне тоқтала келіп оған түсінік береді. Айта кететін жайт алдын ала тергеудің міндеттерін әр автор әр түрлі айтады. Мәселен Н.В. Жогин мен Ф.Н. Фаткулин тергеудің міндеті – кінәліні жауапкершілікке тартуға негіздеу, оны ұстау және жауапқа тарту дейді [11,40].

Бірақ бұл көзқарас кеңінен таралған жоқ. Себебі басқа ғалымдардың айтуынша бұндай міндет алдын ала тергеуді айыптауға икемдейді, ал ол тергеудің жан-жақты, толық және объективті жүргізілуіне кедергі келтіреді.

Енді бір ғалымдардың айтуынша алдын ала тергеу өз қызметінде ешбір қылмыс ашылмай қалмауына және еш бір қылмыскер тұлға жауапкершіліктен қашып кетпеуіне жағдай жасауға тырысады. Сондай-ақ олардың міндетіне қылмысты ескертімен оның алдын алу кіреді.

Жоғарыда айтылғандарды егер алдын ала тергеудің міндеті деп қарасақ, оларды оның алдына қойған мақсаты деп те тұжырымдайтын пікірлер бар. Біз осыларды бір-бірінен ажырата білуіміз керек дейді.

Сондай-ақ егер іс бойынша анықтама жүргізілсе онда ол алғашқы этапта тергеу негізгі болып қалады және осы этапта осы тергеу стадиясының барлық міндеттере шешіледі. Яғни қылмыс толық, жан-жақты, объективті зерттеліп шешіледі.

Алдын ала тергеу қылмыстық істердің көпшілігінде жүргізіледі. Бұл жердегі көпшілігі деген сөзге мән берсек, яғни алдын ала тергеу барлық істер бойынша жүргізілмейді. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 37-бабының 5-тармағына сәйкес жеке айыптау істері бойынша, егер жәбірленушінің арызы болмаса қылмыстық іс қозғалмайды, қылмыстық іс қозғалмаса тергеуде жүргізілмейді деген сөз. Ол қылмыстардың қоғамға қауіптілігі төмен болғандықтан заң осындай жолын қарастырған. Осы жерде айта кету керек егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқада себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы.

Анықтаудың екі нысанда жүргізілетіні секілді алдын ала тергеу де Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-не сәйкес екі нысанда жүргізіледі:

  • өзінің лауазымына қарай тек тергеушілер ғана жүргізетін алдын ала тергеу. ҚІЖК-і 64-бабының 1-бөлігіне сәйкес лауазымды адамдар болып табылатын тергеушілерге мыналар жатады: — Ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік органдарының және Қаржы полициясының тергеушілері жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасының ҚІЖК-і 288-ші бабының 3-ші тармағына сәйкес анықтау органдарында алдын ала тергеуді жүргізеді. Бұл анықтау органы сотқа дейінгі қызметіне алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылмайтын істер бойынша алдын ала тергеп-тексеру нысанында жүзеге асыратыны білдіреді.

Бұл кезде тергеуді тергеушілер емес негізгі анықтау органдарының анықтаушылары жүргізеді. Ол органдар Ішкі істер органдары, Қаржы полиция органдары, Ұлттық қауіпсіздік органдары, әскери полиция органдары, әділет органдары, шекара қызмет органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары. Анықтау органдарының алдын ала тергеу ісін жүргізуі үшін мынадай негіздер болады: — қылмыс жасады деген сезік туған адамның анықталмауы, жалпы ереже бойынша оған қатысты алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес; кәмелетке толмағандардың немесе дене яки психикалық кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдардың қылмыстар жасауы.[19,57].

Осы жерде менің қосқым келетіні алдын ала тергеуді прокурор да жүргізе алады.

Прокурордың істі алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізуі үшін тергеушіге немесе анықтау органдарына жіберуге (ҚІЖК 189-бабы) құқылы екенін, ал қылмыстық іс жүргізу кодексінің 194-бабының               2-бөлігіне сәйкес тергеуші өзі қозғаған немесе өзіне тапсырылған іс бойынша тергеуге дереу кірісуге міндетті болатынан ескеру керек. Алынған нұсқаулар жөнінде жоғары тұрған прокурорға шағымдану ҚР ҚІЖК –і 63-бабының 3-бөлігінде көзделегн жағдайлардан басқа реттерде олардың орындалуын тоқтатпайды.

Заңда прокурордың қадағалау қызметіндегі өз құқықтарын жүзеге асыру үшін қылмыстық іс қозғау сатыларының ерекшеліктерін бейнелеп көрсететін әлдебір өзгеше әдістер, құралдар белгіленбеген. Жоғарыда баяндалғандардан көріп отырғанымыздай, оған берілетін құралдар әмбебап болып келеді және сотқа дейінгі іс-әрекеттің кезкелген кезеңінде қолданылады. Прокурорлық қызмет тәжірибесі қылмыстық іс қозғау сатысында қылмыстық ізге түсу органдары жол беретін аса кең таралған құқық бұзушылыққа бағдарланған тәжірибелік мағлұматтарға негізделген бірқатар басымдықтар қалыптастырылды. [19,51].

ҚІЖК-нің 198-бабына сәйкес алдын ала тергеуді тергеушілер тобы жүргізеді. Ал ерекше жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры егер тергеу жүргізудің толық еместігі мен объективті еместігі туралы фактілер анықталғанда, істің қиындылығы мен маңыздылығы кезінде бірнеше алдын ала тергеу жүргізетін тергеу органдарының тергеушілерінен тергеу тобын құрып, оның жетекшісі ретінде прокурорды тағайындай алады. ҚІЖК-нің 199-бабына сәйкес тергеу тобының жетекшісі мынадай құқықтарға ие:

  • қылмыстық істі өз өндірісіне алады, тергеу тобының жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушілердің әрекеттеріне басшылық жасайды;
  • қылмыстық істі біріктіреді және ажыратады, қылмыстық істі толық не ішінара қысқартады, тоқтата тұрады, қайта өндіріске алады, тергеу мерзімін ұзарту туралы ходатайство жасайды, бұлтартпау шараларын қолдану туралы мәселелерді шешеді;
  • айыптау қорытындысын және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені сотта қарау үшін істі сотқа жіберу туралы қаулыны жасайды және оған қол қояды;
  • басқа тергеушілер жүргізетін тергеу әрекеттеріне қатысады, тергеу әрекеттерін жеке өзі жүргізеді.

Бұл жерден шығатын қорытынды тергеу тобының жетекшісі болған прокурорда осы құқықтарға ие. Яғни олда алдын ала тергеу жүргізеді.

Ресей Федерациясында тергеуді ішкі істер органының тергеушісі, прокуратура тергеушісі және федералдық қауіпсіздік қызметінің тергеушісі жүргізеді.

Қазақстанда 1995 жылдың күзіне шейін осы органдар жүргізген болатын. Ал 1995 жылдың 30-шы тамызында Қазақстан Республикасының ата заңы – Конституциясы қабылдануымен жағдай өзгерді. 1995 жылдың 6-шы қазанында Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығымен алдын ала тергеу мен анықтау жүргізетін арнайы органдар құрылды.

Мемлекеттік қалыптастыру, жаңа мемлекеттік құрылымдарды құру оларды құқықтық қамтамасыз ету негізінен кеңестік дәуірден кейінгі бүкіл ТМД елдеріне тән белгі еді. Ал құқықтық мемлекет құруды көздеген Қазақстан сияқты елдерге ең басты мәселе жаңадан қалыптасқан қоғамдағы жаңа күрделі қылмыстармен күресу боп табылады. Ол үшін осы қылмыстармен күресетін органдардың жұмысын жақсарту керек болатын.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде алдын ала тергеудің нәтижесінің сапасы жақсы болу үшін, тергеушінің әрекеттері жақсы нәтижеге жету үшін алдын ала тергеуді жүргізуді іске асыратын бірден-бір тұлға – тергеушінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1995 жылы мемлекеттік тергеу комитеті құрылды.

Бұл орган өзіне бірыңғай тергеу органдарын жинастырған ерекше орган боп табылды. Кеңес дәуірінен кейінгі ТМД елдерінің ішінде тергеуге байланысты жаңа органдар құрған бірден бір мемлекет Қазақстан болды.

Негізінен бірыңғай мемлекеттік тергеу аппаратын құру КСРО кезінен өзекті мәселе боп келген.

Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуі дамудың негізгі үш этапынан өтті:

Алғашқы этап – бұл он жылдықтар ішінде Қазақстанда  Ресей федаративті мемлекетінің ҚІЖК жұмыс жасаған кезеңі. 1923 жылдан 1960 жылы алғаш рет Қазақстанның қылмыстық-процессуалды заңдылығы  қабылданғанға дейін.

Ал екінші этап – 1960 жылдан 1991-ге дейін, яғни Қазақстанның толық тәуелсіз ел болғанша дейін. Бұл кезеңде заңдылық өз мазмұнын өзгертпесе де негізгі даму кезеңінде болды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның ҚІЖК-не 60 өзгерістер мен толықтрулар енгізілді.

Соңғы этап бұл Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең. Бұл кезеңде Қазақстанның жаңа заманға негізделген ҚІЖК қабылданды.

Алдын ала тергеу аппараты 1928 жылдан негізінен сот органдарына шоғырландырылған болатын, ал алдын ала тергеу жүргізу прокуратура органдарына берілген. Бұл жағдай КСРО бойынша 1958 жылдың 25-ші желтоқсанына дейін, ал Қазақстанда ол 1960-шы жылдың 1-қаңтарына дейін болды.

1959 жылдың 22 шілдесінде Қазақстанда алғашқы қабылданып 1 қаңтар 1960 жылы күшіне енген ҚІЖК-не сәйкес алдын ала тергеуді жүргізу құқығы прокуратура органы мен мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне берілді.

Ал 1963 жылы 15-і шілдесінен бастап жоғарыда айтылған құқық Қазақ КСР-нің қоғамдық тәртіпті қорғау органдарында берілді.

Осыдан кейінгі алдын ала тергеу жаңалануға 30 тамыз 1995 жылы ұшырады. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция, алдын ала тергеу мен анықтауға жаңаша көзқараспен келіп, өзіне сот пен прокуратура органдарынан бөлек алдын ала тергеу жүргізетін органдар туралы енгізген.

Конституцияның орындалуын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 6 қазан күні «Қазақстан Республикасының алдын ала тергеу мен анықтау жүргізетін арнайы мемлекеттік органдары туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетін құру туралы» заң күші бар жарлықтарына сәйкес жаңа, ведомствалардан емес, ТМД-да өзіне ұқсайтын орган жоқ, бұрынғы тергеу органдарын ауыстырған тергеу органы Мемлекеттік тергеу комитеті құрылды. Негізінен бұндай комитетті құрудан 50-ші жылдарда бас тартылған. Мысалға М.С. Строгович өз еңбегінде «… енді біз алдын ала тергеу министрлігін құруымыз керек емес қой» деп жазған [8,14].

Мемлекеттік тергеу комитетінің құрылуымен алдын ала тергеу прокуратура мен ішкі істер органдарынан алынып тасталды. Бірақ алдын ала тергеуде монополия болмас үшін алдын ала тергеу жүргізуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қалдырды. Ал мемлекеттік тергеу комитетіне алдын ала тергеу мен анықтау жүргізу және жедел іздестіру қызметінде жүктелді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 6-шы қазанындағы заң күші бар жарлығына сәйкес елдегі алдын ала тергеу мен анықтауды жүргізетін арнайы органдар ол: Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік тергеу комитеті боп табылады [14].

Ішкі істер органдарында алдын ала тергеу міндетті және міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізу мен жедел іздестіру қызметі қалдырылды. Жалпы айтқанда, ішкі істер органдарында өздерінің негізгі міндеттері – қылмыстың алдын алу мен қылмыстан ескертуді жүзеге асыру үшін керекті өкілеттіктер қалдырылды.

1995 жылдағы алдын ала тергеуді реформалау анықтау органдарының қарайтын істердің шеңберін ашып берді. Ал бұл дегеніміз белгілі бір кезең сатысымен алдын ала тергеу органдарын қоғамдық қауіптілігі үлкен емес қылмыстарды тергеуден босатып, олардың зейіндерін ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеуге шоғырландыруда [8,23], Сондай-ақ алдын ала тергеуді прокуратура органдарынан алып қою, прокуратура органдарының қызметін әсер етпейді, керісінше алдын ала тергеудің дұрыс, жан-жақты, толық ашылуын қадағалауға байланысты өз өкілеттігін жүзеге асыруына көп ықпал жасайды.

Осы 1995 жылғы реформалардан кейін де алдын ала тергеу мен анықтау органдарының арасында қайшылықтар біткен жоқ. Сол кезде негізгі жұмыс істеген тергеу мен жедел іздестіру қызметімен айналысатын Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік тергеу комитеті және Ішкі істер органдарының арасында, заңмен көрсетілген шектеріне қарамай бір бірінің істеріне дубликаттау, қылмыстық істің тергеу реті бойынша даулар бола берді, соның кесірінен ол органдардың қызметінің сапасы төмендеді. Оның бәрі осы органдар үшін мемлекеттен бөлінетін қаржының орынсыз кетуіне әкеп соқты.

3-қараша 1997 жылғы «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, коррупция мен ұйымдасқан қылмыспен күресті одан әрі күшейту туралы» Президент жарлығымен Мемлекеттік тергеу комитеті таратылып, оның ұйымдасқан қылмыспен, мемлекеттік жауапты қызметті атқаратын лауазымды тұлғалардың, әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, арнайы қызмет пен судьялардың коррупциясымен байланысты қылмыстарымен, сондай-ақ қылмыстық қауымдастықпен жасалатын контрабанда және наркобизнеске қарсы күресу өкілеттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді.

Ал 1997 жылы 13-ші желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 194-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді негізгі үш ораганның тергеушілері жүргізеді: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушісі, Ішкі істер органдарының тергеушісі, Қаржы полициясының тергеушісі.

Алдын ала тергеу оның мазмұны мен мәнін ашатын мынадай негізгі шақтарымен сипатталады. Ең біріншіден алдын ала тергеу процессуалды қызмет, ол өзіне қылмысты ашу, кінәліні жауапкершілікке тарту және оны сотқа беруге жағдайлар жасау кезінде орын алатын процессуалды әрекет пен қатынасты кіргізеді. Алдын ала тергеу кезінде тек қана тікелей қылмыстық-процесуалды заңдылықтармен көрсетілген саралар ғана қолданылады. Сондай-ақ ол көрсетілген шараларды жүзеге асыру тікелей процессуалды кепілдерді сақтаумен жүзеге асырылады.

Алдын ала тергеу Қазақстан Республикасының қылмыстық процесінде соттық емес процессуалды қызмет. Ол үшін кейбір кездерде кездесетіндей алдын ала тергеуді сот тергеушісінің жүргізуі жат нәрсе.

Келесі айтатын мәселе алдын ала тергеуді арнайы лауазымды тұлғамен – тергеушімен жүргізіледі. Заңда көрсетілген жағдайлардағы алдын ала тергеуді анықтаушының жүргізуін қоспағанда, алдын ала тергеуді тергеушіден басқа ешкімде жүргізу құқығына ие емес. Кейін тергеуді қажет ететін іс бойынша анықтау органы қылмыстық іс қозғап кейбір тергеу әрекеттерін жүргізгенмен оны алдын ала тергеуге жатқызбаймыз.

Тергеуші өз құзіреті шегінде және өзінің органының өкілеттігі шегінде қылмыстық істі тергейді. Жоғарыда айтып кеткен үш органның тергеушісі өзіне процессаулды заңдылықтармен берілген қылмыстар бойынша тергеу әрекеттерін жасайды.

Жоғарыда айтып кеткендей алдын ала тергеу органдары негізінен қылмыстық дәрежесі ауыр, қоғамға қауіптілігі жоғары, күрделі тергеу әрекетін қажет ететін қылмыстық істерді қарайды.

Алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шыққаннан кейін жүргізіледі (194-бап, 1-тармақ). ҚІЖК-не сәйкес тергеуші екі жағдайда тергеу әрекетіне кіріседі. Істің өзінің іс жүргізуіне қабылдағаны туралы тергеуші қаулы шығарады. Біріншіден өзі қылмыстық іс қозғағаннан кейін, екіншіден қылмыстық іс өзіне тапсырылғаннан бастап. Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесін тергеуші 24 сағаттан кешіктірмей прокурорға жібереді.

Алдын ала тергеу мен анықтаудың айырмашылығының бірі аз-мерзімінде, яғни анықтау мерзімі түріне байланысты 5 және 10 күннен аспауы керек болса, алдын ала тергеудің мерзімі 2 айдан аспауы керек. Анықтау мерзімі анықтау органының бастығымен 10 күннен 30 күнге ұзартылытыны сияқты, алдын ала тергеу мерзіміде белгілі бір мерзімге ұзартылады.

Бірақ алдын ала тергеудің анықтаудан мерзімін ұзартудағы бір ерекшелігі тергеу мерзімін анықтаудағы сияқты сол органның бастығымен емес, алдын ала тергеу жүргізілуінің заңдылығын қадағалайтын орган – прокуратурамен жүргізіледі.

Істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор – үш айға шейін, істің аса күрделі болуына байланысты облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор мен олардың орынбасарлары – алты айға шейін ұзартуы мүмкін.

Алдын ала тергеудің мерзімін одан әрі ұзартуға тек айрықша жағдайда істің күрделілігі ескеріле отырып жол беріледі және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери Прокурор жүзеге асыра алады.

Алдын ала тергеудің мерзімін ұзарту туралы қаулыны тергеуші ауданның, облыстың прокурорына және оларға тенестірілген прокуроларға тергеу мерзімі өтпеспен бұрын – бес тәуліктен кешіктірмей, Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Бас әскери прокурорға  10 тәуліктен кешіктірмей ұсынуға міндетті. Бұл тергеушінің құқығы әрі міндеті.

Ал анықтау бойынша мерзімінің ұзартудың тәртібі көрсетілмеген. Бұл да алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтаудың бір кемшілігі болып табылады.

Біздің Конституция өзіне мынадай мазмұндағы бап енгізген: біздің еліміздің ең басты құндылығы адам, оның өмірі мен бостандығы. Сол себепті алдын ала тергеу кезіндеде ең басты адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауын қамтамасыз ету керек.

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабы алдын ала тергеу жүргізудің ережелерін көрсетеді. Ондағы негіздерді көре отырып біз ҚІЖК-нің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға көңіл бөлгенін байқаймыз. Мәселен осы баптың 4-тармағына сәйкес тергеу іс әрекетін жүргізу кезінде күш қолдануға, қорқытуға және өзгеде заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп қатер туғызуға жол берілмейді.

Негізінен менің бітіру жұмысымның тақырыбы алдын ала тергеу мен анықтаудың арақатынасы болғандықтан осы жерде де екеуінің айырмашылығын айта кеткім келеді. Жоғарыда айтқандай алдын ала тергеу тергеуге қатысушы тұлғалардың мүдделерін қорғауды көздеді. Ал алдын ала тергеудің қатысушылардың бірі ол – айыпталушы. Анықтаудың негізгі түрінде айыпталушы туралы ештеңе көрсетілмеген. Онда тек сезікті туралы бар. Ол айыпталушы болып тек айыптау қорытындысы шыққасын танылады. Бұл дегеніміз айыпталушы тұлғаның құқықтарын қамтамасыз етуге қайшы.

 

 

 

 

 

2.2 Анықтау алдын ала тергеудің ерекше түрі ретінде

 

Анықтау қылмысты тергеуге байланысты процессуалдық қызмет түрі ретінде тек қозғалған қылмыс және қылмыстық-процессуалдық заңда бекітілген ереже бойынша жүргізіледі. Заң бойынша анықтаудың екі нысаны бекітілген:

  1. алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау;
  2. алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау.

Анықтау деп заңда көрсетілген өкілетті мемлекеттік органдардың (олардың лауазымды адамдарының) қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, қылмыс жасаған адамдарды табу және қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін қамти қолданып жүргізетін қызметін айтамыз. Анықтау органдарының қызметін тән жағдай – олардың өз міндеттерін орындау барысында жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін аралас қолданулары болып табылады.

Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 65-бабына сәйкес, анықтау органдарына мыналар жатады: ішкі істер органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары; әділет органдары; қаржы полициясы органдары; кеден органдары; әскери полиция; шекара бөлімдерінің командирлері; әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері; әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары; Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің, консульдық мекемелерінің және өкілетті өкілдерінің басшылары; мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен бөлімшелері. Сонымен қатар, анықтау органдарыны құқықтары мен міндеттері алыса жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық бақылау партияларының, сондай-ақ анықтау органдарынан алыстағы мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына көлік қатынасы болмаған кезде жүктеледі.

Анықтау органдарының міндеттері қылмыстық істер жүргізу кодексінің 65-бабының 7-бөлігінде көрсетілген:

1) қылмыстық белгілері мен қылмыс жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және кесу мақсатында жедел-іздестіру шараларын және басқа да іс жүргізу амалдарын қолдану;

2) алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша кідіртуге болмайтын тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру шараларын орындау;

3) алдын ала жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау қызметін орындау;

4) осы Кодекстің 288-бабында көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізу.

Осы міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында анықтау органдарына сәйкес өкілеттіктер берілген: жедел-іздестіру шараларын жүргізу; алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша заңда көзделген тәртіппен кідіртуге болмайтын тергеу әрекеттерін орындау; алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша толық көлемде анықтау қызметін жүзеге асыру; заңда көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізуді жүзеге асыру.

Аталған мемлекеттік органдардың әрқайсысы анықтау қызметін барлық қылмыстық істер бойынша ғана емес, тек қана өз мекемесіне сәйкес келетін қылмыстарға байланысты жүргізеді. Мысалы: әділет органдары – қылмыстық жазаларды орындауға байланысты істер бойынша, кеден органдары – контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтарту туралы істер бойынша, шекара бөлімдерінің командирлері – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзу туралы істер бойынша, ұлттық қауіпсіздік органдары – осы органдардың жүргізуіне жататын қылмыстық істер бойынша және т.б.

Анықтау органдарының ішінде қылмыстардың басым көпшілігі бойынша анықтау қызметін атқаратын ішкі істер органдары болып табылады. Өйткені, заң бойынша бұл органдардың міндеттеріне қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жататын болғандықтан, қылмыстар жөнінде арыздар мен хабарлар көп жағдайларда алдымен осы органдарға келіп түседі. Осыған байланысты бұл органдар қажет болған жағдайларда барлық қылмыстық істер бойынша анықтау қызметін бастап жүргізуге құқылы.

Анықтау органының бастығының өкілеттіктері қылмыстық істер жүргізу кодексінің 66-бабында жазылған. Осы бапқа сәйкес, анықтау органының бастығына анықтау қызметінің түріне байланысты шараларды қолдану өкілеттігі берілген.

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау органының бастығы:

  • анықтау жүргізуді өзінің қарамағындағы анықтаушыға немесе бірнеше анықтаушыға тапсыруға құқылы;
  • анықтаушының жүргізуіндегі істің материалдарымен танысуға құқылы,
  • анықтаушыға тергеу әрекеттерін және басқа да іс-әрекеттерін жүргізу жөнінде нұсқаулар беруге құқылы,
  • іс жүргізуді бір анықтаушыдан екіншісіне беруге құқылы;
  • қылмыстық істі қозғауға және оны өзінің жүргізуіне қабылдап, өзі толық көлемде анықтау немесе жеке іс-әрекеттерін жүргізуге құқылы;
  • анықтау жүргізу аяқталған соң, айыптау хаттамасын бекітіп, қылмыстық істі тиісті прокурорға жолдайды.

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтау органының бастығы:

  • кідіртуге болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • прокурордың, соттың және тергеушінің тапсырмалары мен нұсқауларын орындауды ұйымдастырады.

       Осы аталған өкілеттіктермен қатар, анықтау органының бастығы ҚІЖК 66-бабының 5-бөлігінде көрсетілген іс жүргізу құжаттарын бекітіп отырады.

Анықтау органының бастығы қылмыстық іс қозғау немесе оны қозғаудан бас тарту, тінту жүргізуге және мүлікке тыйым салу туралы, айыпталушыны қызметінен шектетуге, айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау  шараларын тандау, өзгерту немесе тоқтату туралы, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, тоқтату тұру, жаңғырту қамауға алынбаған айыпталушыны (сезіктіні) стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамалар жүргізу үшін медициналық мекеме жіберу, айыпталушының (сезіктіні) қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыны этаппен жөнелту, оған іздеу жариялау туралы қаулыларды бекітеді; қылмыс жасады деп күмен келтірілген адамдарды ұстау туралы хаттаманы, айыптау хаттамасын бекітеді; қылмыс жасауға жағдай туғызатын жағдаяттарды жою жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз етеді; прокурорға айыптау хаттамасымен бірге қылмыстық істі жолдайды.

Анықтау органы бастығының анықтаушыға берген нұсқауы жазбаша болуы тиіс және оның орындалуы міндетті болып табылады, бірақ анықтаушы ол жөнінде прокурорға шағым жасай алады. Анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының іс-әрекетіне шағымдануы оның атқарылуын тоқтатпайды.

Анықтаушы – анықтау органдары міндеттерінің орындалуын жүзеге асыратын лауазымды адам. Анықтаушы анықтау органы бастығының тапсыруы бойынша қылмыстардың алдын алу және жолын кес, қылмыстың белгілерін және қылмыс жасаған адамды табу, сондай-ақ қылмысты толық ашу қызметін атқарады. Ол жүргізетін іс-әрекеттер анықтаудың түріне байланысты болып табылады. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтаушы анықтау органы бастығының тапсыруы бойынша қылмыстық істі қозғап, кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін және қажетті жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырады. Ал, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтаушы анықтау органы бастығының тапсыруы бойынша қылмыстық істі қозғап, қажетті іс-әрекеттерін (тергеу әрекеттерін және жедел-здестіру шараларын) қолдану арқылы қылмыстың мән-жайларын толық ашуы тиіс; қылмыс жасаған адамның айыптылығы дәлелденген жағдайда анықтау жүргізуді айыптау хаттамасын жазумен аяқтайды.

Анықтаушыға, ҚІЖК-нің 67-бабына сәйкес, тиісті өкілеттіктер берілген. Ол анықтау жүргізудің барысында, анықтау органы бастығының бекітуі немесе прокурордың санкциясын алу, немесе соттың шешімі қажет жағдайларды қоспағанда, қандай іс-әрекеттер жүргізу керектігін дербес өзі шешеді және іс-әрекеттердің заңды түрде орындалуы үшін жауапты болады.

Анықтаушы соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтау оргынының бастығының тапсырмалары мен нұсқауларын уақытылы орындауға міндетті. Анқытау органы бастығының нұсқауымен келіспеген жағдайда, оның орындалуын тоқтатпай (қылмыстың саралануы, айыптаудың көлемі, қылмыстық істі қысқарту және айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы нұсқауларды қоспағанда), ол жөнінде прокурорға шағымдануға құқылы.

Анықтау сөзі белгілі бір нәрсені не жағдайды анықтау, білу дегенді білдіреді. Бұл оның сөздік ретіндегі анықтамасы. Ал заңи термин ретінде анықтау – бұл өкілеттігі бар мемлекеттік органдар жүргізетін қылмыстық істі тергеудің ерекше түрі. Анықтаудың түсінігі туралы негізінен әдебиеттерде бірдей ой жоқ. Бұрынғы кездері анықтаудың негізгі сапасы ретінде оның тездігі және кейінге қалдырмауы қарастырылып келді.

 Сондай-ақ анықтау алдын ала тергеудің басқы этапы боп түсіндірілді. В.И. Громов анықтауды алдын ала тергеудің алғашқы және жай нысаны деп түсіндіреді. Ал М.А.Челцов анықтау қылмыс жағдайын анықтау мен іздерді табуға байланысты алғашқы әрекет және қызмет дейді. В. Строгович анықтау – қылмыстық істі тергеудің алғашқы кезеңі, онда қылмысты ашу мен қылмыскерді ұстауға байланысты іздер алынып кідіртілмейтін тергеу әрекеттері жүргізіледі. Кейбір авторлар анықтауды тергеуге дейінгі тексеру деп атап көрсеткен. Бұл дұрыс емес. Өйткені анықтау алдын ала тергеудің бір түрі боп табылады. Яғни ол тергеу әрекеттерін жүзеге асыра алады. Бұл дегеніміз анықтау тергеуге дейінгі емес тергеу әрекеттерін жүргізетін этап.

Сондай-ақ кейбір заңгерлер анықтауға былай деп түсінік береді: анықтау ол кез келген органының емес заңмен белгіленген мемлекеттік органдардың қызметі; анықтаудың міндеттерінің белгісі онда жедел іздестіру қызметі мен тергеу функциялары қосылған, яғни оның міндеті тек қылмысты ашу ғана емес, сонымен қатар қылмысты табу, алдын алу және жою боп табылады. Енді бір авторлар анықтаудың түсінігі тек олардың қызметі мен оны атқаратын органдарда ғана емес, оның алдына қойған мақсатында дегенді айтады [15,7].

Негізінен анықтаудың тарихына үңілсек, анықтау алғашқыда іс жүргізуден бөлек, әкімшілік-полициялық қызмет болған. Анықтау органы үшін олардың қызметінің негізі аясы әкімшілік сыйпатқа ие. Анықтауды сондай-ақ әкімшілік тергеуге жатқызған. Бұл әрине дұрыс емес. Өйткені анықтау қылмысты тергейді, ал әкімшілік тергеу ол аты айтып тұрғандай әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты жүргізіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық қылмыс емес. Э.О. Басаров анықтау – бұл қылмыстық процессуалдық заңдылықтармен жүзеге асыруға өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіне негізделген алдын ала тергеудің нысаны. Онда келіп түскен хабарлар мен арыздар негізінде қылмыс туралы хабарды білу, қылмыстық іс қозғау, өз өкілеттіктері шегінде кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу немесе толық тергеу жүргізу, қылмыс жасаған адамды табу, қылмыстың жолын кесу және алдын алу мақсатында жедел іздестіру әрекеттерін жүргізеді деп атап көрсетеді.

Анықтау бұл жедел іздестіру және тергеу функциясынан құралған және де қылмысты ескерту, алдын алу және ашуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға арнайы құқыққа ие мемлекеттің әкімшілік органдарының қызметі.

Анықтау бұл алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша алғашқы этапта, ал алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша негізгі болып табылады.

Жоғарыда айтылып кеткен анықтаманы В. Чистяков былай деп толығымен ашып көрсеткен: анықтау дегеніміз – қылмыскерді табу мен қылмысты ашуға байланысты кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу, қылмыс іздерін табу мен бекітуге байланысты қылмыстық істердің алғашқы этапы не алдын ала тергеу жүргізу қажет етпейтін істер бойынша тездетілген және жыйыстырылған толық көлемді тергеу [13,55].

Жалпы алып қарағанда жоғарыда келтірілген анықтамалардың барлығына да өз кезегінде қосылуға болады.

Негізінен анықтауға түсінік бергенде оған тиесілі белгілерінің бәрін айтуға болады және де ол анықтауға дәл түсінік береді. Оның белгілерінің бірі ретінде оған тиесілі өкілеттіктері мен міндеттерді айтсақта болады. Қазақстан     Республикасы ҚІЖК-нің 65-бабында келтірілген міндеттер мен өкілеттіктер оған сипат береді:

  • заңмен белгіленген құзіретіне сәйкес қылмыстың бергілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолдану;
  • алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша ҚІЖК-нің 200-бабында көзделеген тәртіппен қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру әрекеттерін орындау;
  • ҚІЖК-нің 37-тарауында көзделген тәртіппен алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізу;
  • ҚІЖК-нің 288-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізу.

Жоғарыда келтірілгендерді негізге ала отырып анықтамаға мынадай түсінік беруге болады: анықтау – бұл заңда белгіленген құзіретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу, жедел іздестіру әрекеттерін орындау, сондай-ақ заңда көзделген ретте алдын ала тергеу жүргізетін арнайы мемлекеттік органдардың қызметі.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК-інде анықтаудың екі түрі көрсетілген:

  • алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтау, ҚІЖК-нің 200-бабы;
  • алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау, ҚІЖК-нің 285-289-баптары.

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау тергеулуі аса қиын емес, санатында жеңіл қылмыстармен жүргізілсе, ал алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтау негізінен ауыр санатты, тергелуі қиындау істерде жүргізіледі.

 

 

 

2.3 Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау

 

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтаудың мәні олардың негізінен кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуінде. Анықтаудың бұл түрінде анықтау органы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау жайлы өз міндеттерін атқару кезінде анықталған қылмыс іздерін жоғалтып алмас үшін қылмыстық іс қозғап және сол табылған қылмыс ізін бекітіп, тергеу әрекеттері: қарау, тінті, алу, куәландыру, сезіктіні ұстау мен олардан жауап алу, куәлар мен жәбірленушіден жауап алуды жүргізеді.

Анықтау органы қозғалған іс бойынша жоғарғы тұрған органға тәуелді, олар байқалған қылмыс пен қылмыстық іс қозғалғаны туралы дереу прокурорға хабарлайды.

Қылмыстық іс бойынша кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізіп болысымен анықтау органы қылмыстық істі тергеушінің өндірісіне беруге міндетті. Бірақ анықтауды жүргізу бес тәуліктен аспауы керек. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтау мен алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтаудың елеулі бір-бірінен айырмашылығында осы деуге болады. Сондай-ақ алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау 10 күннің ішінде жүргізіліп үлгермесе онда анықтау органының бастығымен ол мерзім 30 тәулікке ұзартылуы мүмкін. Ал біз қарастырып жатқан анықтауда ол ондай емес, анықтаудың бес күні өткесін қылмыстық іс міндетті түрде тергеушінің өндірісіне берілуі тиіс. Өз өндірісіндегі қылмыстық істі тергеушінің өндірісіне бергені туралы анықтаушы жиырма төрт сағаттың ішінде жазбаша түрде прокурорға хабарлайды.

ҚазССР-нің 1960 жылы күшіне енген ҚІЖК-не сәйкес алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау мерзімі 15 күн болған. Ал басқа одақтас республикаларда 10 күн.

Прокуратура алдын ала тергеу мен анықтаудың үстінен заңның қағидаларының бірден бір орган бап табылады (ҚІЖК-нің 193, 289-баптары).

Анықтау органдары өз өкілеттігіндегі қылмыстық істі тергеушіге беруі оның бұл іспен қайтып айналасуын шектемейді. Егер тергеуші қажет деп тапса анықтау органын іске тарта алады. Анықтау органы іс бойынша кез келген тергеу әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын тек тергеушінің тапсырмасы бойынша ғана жүргізе алады.

Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтаудың тағы бір ерекшелігі ол бұл анықтаудың түрінің қылмыстық іс бойынша сезіктіні айыпкер ретінде жауапқа тарта алмайды.

Тергеуші өз тергеуіндегі істер бойынша анықтау органдарының тергеліп жатқан іске қатысты жедел іздестіру материалдарымен танысуға, оларға жазбаша, атқару үшін міндетті іздестіру және тергеу іс әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге құқығы бар (ҚІЖК-нің 64-бабы).

Тергеушінің берген тапсырмасын анықатау органы орындауға міндетті боп табылады. Сондай-ақ қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкін болмаған істі тергеушіге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшін іздестіру шараларын жүргізуге, тергеушіге нәтижелер туралы хабарлауға міндетті.

Анықтаудың міндеттерінің бірі іздестіру шараларын жүргізу дедік. Осы іздестіру шаралары негізінен тергеу әрекеттеріне көмекші құрал ретінде болады. Жедел іздестіру шараларын қолдану кей уақыттарда қылмыстық іс қозғалмай-ақ жүргізілуі мүмкін. Бұл анықтау органының қылмыстың алдын алу, ескертуге байланысты міндеттерін атқарудың негізгі болып табылады.

Анықтауды жүргізуге заңмен арнайы өкілдіктер берілген мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы жүргізеді. Алдын ала тергеуді нақты тергеуші деген лауазымы бар адам жүргізсе, ал анықтауды ондай лауазымдықты атқаратын тұға емес, анықтама жүргізуге заңмен өкілеттік берілген органның лауазымды тұлғасы жүргізеді. Мәселен алыс жүзу сапарына кеткен кеме капитанының анықтаушы деген лауазымы жоқ, ол оған тек алысқа жүзу сапары кезінде бір қылмыстық оқиға болса ғана ие болады.

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтаудың негізгі міндеті ол кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу деп жоғарыда айтып кеттік. Енді сол тергеу әрекеттеріне нақтылап айтып кетейік. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 200-бабына сәйкес анықтау мынадай тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы:

  • қарау;
  • тінту;
  • алу;
  • куәландыру;
  • сезіктіні ұстау және олардан жауап алу;
  • куәлар мен жәбірленушіден жауап алу.

Анықтау жүргізу тергеу жүргізуге арналған ережелерге сүйену арқылы жүргізіледі. Бұл жерден шығатын ой анықтау кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізгенде де бірден бір жоғарыда айтылған негізге сілтеме жасайды.

Кідіртілмейтін тергеу әрекеттеріне тоқтала келіп оның басқа тергеу әрекеттерінен былай ажыратуға болады:

  • Негізгі белгісі ол – бұл өз тергеу ретінде жататын істер бойынша анықтау органының өкілеттігінің көлемін көрсетеді.
  • Келесісі олар жүргізілуі міндетті тергеу әрекеттері.
  • Бұл тергеу әрекеттерінің басқа тергеу әрекеттерімен ауыстырылмайтындығы.
  • Тез жүргізілуі және кейінге қалдырылмауы [16,16-17].

Негізінен осы алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау мен алдын ала тергеудің ара қатынасы:

  • біріншіден анықтау органының тергеу органына тергеу ретімен жататын істері бойынша өз өкілеттігі шегінде қылмыстық іс қозғағаннан бастап басталады. Өйткені алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтау тек тергеу ретімен алдын ала тергеу органдарына жататын істер бойынша ғана жүргізіледі. Яғни бұл істер бойынша анықтау алдын ала тергеуге көмекші ретінде болады. Оның қылмыстық істі тез ашуына ықпал жасайды.
  • Екіншіден алдын ал тергеу міндетті істер бойынша анықтау заңда көрсетілген кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жасап, бес күн мерзімде тергеушіге жиналған материалдармен қоса береді.
  • Үшіншіден анықтау органы тергеушінің тапсырмасы негізінде іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізеді. Осы жерде айта кететін бір мәселе ол алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау органдары тек кідіртілмейтін әрекеттерді емес барлық тергеу әрекеттерін жасай алады. Бірақ тергеушінің тапсырмасының негізінді ғана. Бұл мәселені де анықтаудың осы түрінің ерекшелігі деп түсінуге болады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтауға қорытынды бере отырып оған тән мынадай белгілерді көрсете кеткім келеді.

Ең біріншіден ол алдын ала тергеу жүргізудің алғы шарты, басқы этапы болып табылады. Өйткені анықтаудың бұл түрі жүргізген қылмыстық істер алдын ала тергеу жүргізуге міндетті түрде өтуі тиіс. Себебі ол қылмыстық әстер алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер, яғни алдын ала тергеу органдарының тергеу ретіндегі қылмыстар.

Жоғарыда айтылған белгілерден келесі ерекшелігі бұл анықтау тек алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті істер бойынша жүргізілуі. Ол ҚІЖК-нің 285-бабында көрсетілген анықтау органдары анықтау жүргізетін қылмыстық істерге байланысты емес.

Келесі ерекшелігі бұл анықтау тек кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді. Яғни кез келген тергеу әрекетін емес, тек ҚІЖК-нің 200-бабында көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы. Басқа тергеу әрекеттерін тек тергеушінің тапсырмасы бойынша жүргізе алады.

Анықтау органы алдын ала тергеу міндетті істер бойынша қылмыстық істі мынадай екі жағдайда қозғайды:

  • анықтау органы өзінің негізгі міндетін атқару кезінде қылмыс белгілерін тапқан кезде өздері қозғайды;
  • прокурордың нұсқауы негізінде.

Бұл анықтау тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарта алмайды.

Мен байқаған тағы бір ерекшелігі ол оның мерзімі, яғни 5 күн. Бұл заңда көрсетілген және ұзартылмайтын бірден бір тергеу әрекетін жүргізетін мерзім. Өйткені басқа заңда мерзімі көрсетілген барлық тергеу әрекетінің мерзімі ұзартылады. Мәселен алдын ала тергеу мерзімі екі айдан үш айға, алты айға дейін не одан да көп айға дейін заңда көрсетілген жағдайларда ұзартылады, ал алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау мерзімі 10 күннен 30 күнге шейін ұзартылуы мүмкін

2.4. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша

анықтау.

 

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау бұл жоғарыда айтылып кеткен анықтаудың екі түрінің негізгі түрі десек те болады. Өйткені анықтаудың анықтау ретіндегі мәні мен мазмұны, қылмысты ашудағы қажеттілігі осы жерде байқалады.

Анықтаудың бұл түріне ҚІЖК-нің 37-ші тарауы арналған. Анықтау ретінде бұған алдағы тарауларда айтып кеткен түсінікпен бірдей болғандықтан алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтаудың жалпы түсінігіне тоқталмасақ та болар. Ендігі біздің негізгі тоқтайтынымыз оның мәсәлелік жақтары болуы тиіс.

Негізінен ҚІЖК-і анықтаудың органдарына қоғамға қауіптілігі онша үлкен емес, өзінің фактілік мазмұны жағынан онша қиын емес қылмыстарды тергеуге өкілеттік берген.

Бұл дегеніміз анықтау органдарына дәлелдемені жинауда және зерттеуде көп қиындықты қажет етпейтін қылмыстар енгізілген және де қылмыстың ашылуында негізгі роль алатын жедел – іздестіру қызметі.

Анықтаудың бұл түрі қылмыстық істі толық көлемде тергеуді, яғни қылмыстық іс қозғалғаннан сот талқылауына шейін.

Бұл анықтау ҚІЖК-нің 285-бап 2-ші тармағына сәйкес өз өкілеттігі шегінде анықтау органдары жүргізеді. Сондай-ақ, осы бапта көрсетілген қылмыстар бойынша анықтау егер бұл қылмыстарды жасаған тұлға белгілі болған жағдайда жүргізіледі. Негізінен анықтау туралы кеңес одағының қалыптасу кезіндегі әдебиеттерде оны «әкімшілік тергеу» ретінде қарағандар да болды.

Қалған басқа жағдайларда, бұған дейін көрсетілгендей, алдын ала тергеу жүргізу үшін белгіленген ережелер бойынша анықтау тергеу субъектісіне қарай жүргізілетін тергеу тәртібіне өтеді (ҚР ҚІЖК-і 288-бабының 1-бөлігі), тергеу барысында анықтаушының қабылдаған шешімдерін анықтау органының бастығы заңда көзделген жағдайларда бекітуін қоспағанда. Бұны қалай түсіндіруге болады? Тергеу тәртібіне өтуге қарамастан, анықтаушы әрекетінің дер кезінде және заңды түрде орындалуы мен олардың шешілуіне жауапкершілік анықтау органының бастығына жүктеледі, оның үстіне анықтауды заңда көзделген мерзімде сапалы жүргізу мүмкін болмаған жағдайда,  ол өзі де алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқықты.

Жалпы тәртіп бойынша, бұл санаттағы істер бойынша анықтауды анықтаушы жүргізеді, себебі анықтау органының басқа қызметкерлеріне қарағанда, оның негізгі функциясы тек тергеу жүргізу болып табылады. Сонымен қатар,  мысалы, жедел іздестіруші үшін бұл факультативтік функция болады, сондықтан ол тек істі тергеп қана қоймай, ол бойынша қажетті жедел іздестіру шараларын жүргізуге құқықты, себебі қылмысты ашу мен оның алдын алу оның негізгі функциясы болып табылады.[4,33].

Ал анықтаудың осы ерекше түріне күдікпен қараған авторлар да болды. Олардың айтуынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау жәй анықтама емес, алдын ала тергеу деп аталуы керек, ал оған қойылатын талап алдын ала тергеуге қойылатын талаппен бірдей болуы тиіс.

Біз қарастырып жатқан анықтау түрінің мәні оның қылмысты ашудағы орнымен белгілі. Қоғамда болып жатқан қылмыстардың бәріде бірдей дәрежеде емес, бірі ауыр әрі қоғамға қауіптілігі үлкен болса енді бірі керісінше боп келеді. Ал оның бәрін тергеу органдары тергей берсе онда олардың біріншіден уақыттары жетпейді, екіншіден ауыр қылмыстарды зерттеп келген олар жеңіл қылмыстарға көңіл бөлу арқылы өз қызметтерінің сапасын түсіреді. Сол себепті анықтаудың бұл түрінің болуы заңды әрі пайдалы.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 285-ші бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізетін органдар мыналар:

  • ішкі істер органдары; алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау ішкі істер органдарымен тек қана ол қылмыстар заңмен осы органның тергеу ретінде жатқызылса ғана жүргізіледі және ол істер бөлек өндіріске шығарылуына жол берілмейді.
  1. қаржы полициясы органдарымен; бұрынғы реттегідей салық полициясының салық қызметінің құрамында тәуелді болуын қарамай, әрі салық қылмыстарымен күресті күшейту мақсатында 1997 жылдың 22 сәуір күні Президент жарлығымен Қаржы Министрлігінің құрамында жеке құрам ретінде салық полициясы департаменті құрылды. Ал 1998 жылдың 6 мамыры күні Президент жарлығымен Қаржы Министрлігінің құрамында салық полициясы Президент жарлығымен қаржы полициясы деп қайта құрылды. Бұл органда тек заңдылықпен тергеу реті келген қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізеді, ол істер бөлек өндіріске шығарылмайды.
  2. кеден органдарымен; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша тікелей өзі, ал осы кодекстің 209-бабындағы қылмысқа сәйкес тек қана кеден органымен қылмыстық іс қозғалса.
  3. әскери полиция органымен; Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде анықтау 1997 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңы қабылданғанға дейін тек қана алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша ғана болып келген. Ал алдын ала тергеудің өзін 1995 жылдың қазанына шейін әскери прокуратура, ал 1995-тен 1997-ші жылдың соңына дейін Мемлекеттік тергеу комитеті жүргізіп келген. Егер әскери бөлімдерде әскери полиция органдары жоқ болса онда анықтауды бөлім командирлері жүргізеді.
  4. Әділет органдарымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізеді.
  5. Шекара қызметінің органдары; Қазақстан Республикасының Қылмысытқ кодексінің 330-бабы 1-тармағы; 331-бабының 1-тармағы.
  6. мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары; бұл органда 1997 жылдың 22 сәірінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің құрамынан Мемлекеттік төтенше жағдайлар комитетіне берілді.

1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының ҚІЖК-і 1959 жылы қабылданған ҚІЖК-нен гөрі өзгерістерге тола болды. Оның қабылдануымен анықтаудың түсінігі мен мәні, құқықтық мәртебесі, анықтауды жүргізетін органдар шеңбері қылмыстық процесте көп өзгерістерге ұшырады.

Қазақстанның ҚІЖК-і ТМД елдерінің қылмыстық процессінен бір ерекшелігі Қазақстан алғаш рет елдің анықтау органдарын заңда көрсетілген белгілі бір жағдайларда өздеріне тергеу реті келетін қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізуге құқық берді, сондай-ақ бұрындары белгілі болмаған жаңа, тездетілген белгілі қылмыстар бойынша анықтау жүргізуді енгізіп, хаттамалық тәртіппен қылмыстық іспен сотқа дейін іс жүргізуді алып тастады. Біз қарастырып жатқан анықтау түрі кең қанат жаюда. Мәселен 1998 жылдың алғашқы жартысында Ішкі істер жүйесінде хаттамалық тәртіппен 12000 іс сотқа жіберілген не іс жүргізумен біткен істердің 60 пайызы [8,38].

ҚР-ның ҚІЖК-нің 285-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша анықтау қылмысты жасады деген сезікті адам белгілі болған кезде жүргізіледі.

Қылмыс жасады деп анықтау нысанында сотқа дейінгі іс жүргізу жүзеге асырылатын сезікті адамды ҚІЖК-нің 132-138-баптарында белгіленген ережелер бойынша анықтау органы ұстауы мүмкін. Аталған адамға осы Кодекстің 139-бабына сәйкес бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.

Анықтау қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап он күн мерзім ішінде қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға бергенге дейін жүргізіледі. Бұл мерзімді анықтау органының бастығы отыз тәулікке дейін ұзартуы мүмкін. Анықтау мерзімін ұзарту туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.

Анықтауды негізінен анықтау органының анықтаушылары жүргізеді. Анықтау негізінде анықтау органының бастығы не анықтаушы қылмыстық іс қозғананна кейін заңмен көрсетілген дәлелдеуге жататын жағдайларды анықтау қажет. Олар ҚІЖК-нің 286-бабында көрсетілген жағдайлар: қылмыс жағдайы, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған тұлғаны анықтау, ол тұлғаның кінәлілігі анықтау, келген зиянның сипаты мен мөлшері және қылмыстық іс бойынша маңызы бар басқада жағдайлар.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде анықтаушы сезіктіні куәландыратын және сипаттайтын құжаттарды алуға, сондай-ақ процессуалды заңдылықпен белгіленген барлық тергеу әрекеттерін жүргізуге, соның ішінде сезіктіні ұстау және жауап алу, және де тергеуді жүргізгенде қажетті шешімдер қабылдау құқығына ие.

Керек жағдайда сезіктіні ұстау үшін бұлтартпау шаралары қолдануы мүмкін (ҚІЖК-нің 285-бабының 12-тарауы).

Жоғарыда айтылған өкілеттіктерге қарап біз алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша жүргізілетін анықтаудың өзіндік ерекшеліктерін білеміз. Оның ауыр емес, тергелуі оңай және де қоғамға қауіптілігі аз қылмыстарды тергегені болмаса алдын ала тергеу кезінде жүргізетін барлық тергеу әрекеттерін қолданады десек те болады.

Бұл анықтаудың жалпы анықтауға тән қандай қасиеттері барлығын қарастырайық. Ең бірінішіден бұл анықтау қылмыстық іс қозғау стадиясынан кейінгі стадия және сотқа дейінгі іс жүргізу боп табылады. Екіншіден бұл да алдын ала тергеу стадиясының бір нысаны боп табылады. Үшіншіден бұл анықтаудың да реттелу тәртібі ҚІЖК-де жазылған. Төртіншіден оны жүргізетін органдар анықтау органы мен анықтаушы. Бесіншіден анықтау органдары шеңбері, олардың өкілеттігі, қарайтын қылмыстық істері бәрі дерлік ҚІЖК-де қарастырылған.

Сондай-ақ біз бұл анықтаудың мәнін, қандай жаңалануы бар екенін 1959 жылғы қабылданған қылмыстық іс жүргізу кодексімен салыстыру арқылы білуге болады. Заң ғылымдарының профессоры М.Ч. Когамов өз еңбегінде бұлардың айырмашылықтарын былай деп көрсетеді:

■ ең біріншіден бұл қылмыс істеген тұлғаға байланысты. Бұрынғы заң бойынша анықтау қылмыскер тұлға белгісіз болған кезде де жүргізілген, ал қазір бұл анықтау тек қана қылмыскер тұлға белгілі болған кезде жүргізеді.

■ тергеу мерзімі мен қылмыстық істі қозғау негіздерін тексеру мерзімі өзгерді. Қылмыстық іс қозғалғанға дейінгі қылмыс жайлы келіп түскен хабар мен арызды тексеру бір айға шейін ұзартылса, ал анықтаудың негізгі мерзімі 10 күнге қысқарды. Бұл мерзім бірақ керек жағдайларда бір айға шейін ұзартылуы мүмкін.

■ сондай-ақ бұрынғы кодекстегі қылмыстық процестің кейбір қатысушыларының аяқталған қылмыстық іс материалдарымен таныса алмау құқығы алынып тасталды және де прокурордың нұсқауына наразылық білдіре алмау құқығы да алынып тасталды.

■ тергеу әрекеттерін қажет етпейтін кейбір дәлелдемелерді жинау әдіс тәсілдері өзгерді.

■ анықтау бұрынғыдай айыптау қорытындысын толтырумен емес, айыптау хаттамасымен толтырумен бітіп жүрді.

Анықтаудың бұл түрі бойынша, жиналған материалдар сотта істі қарау үшін негіз боп табылады. Бұл дегеніміз алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау жинаған құжаттар тергеу материалдарымен бірдей заңды күшке ие. Анықтауды жүргізу үшін тергеуші керек емес, өйткені анықтау органының бастығы мен анықтаушы тергеу жүргізуге жетерлік өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Анықтаудың бұл түрінің алдын ала тергеумен тағы бір ұқсас жері бұндада тергеу ретінің баламалы түрі бар.

Сондай-ақ жоғарыда айтып кеткендей бұл анықтаудың жүргізілуіне негіз бірден бір мынау боп табылады: қылмыскер тұлғаның белгілі болуы яғни сезікті. Ал сезікті – бұл тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтіргендігін хабарлап, соған байланысты ҚІЖК-мен белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған адамнан сезікті ретінде жауап алады. Сезіктіден жауап алу барлық жағдайда да міндетті, және де сұраудың басқа еш түрімен ауыстырылмауы тиіс. Анықтау кезінде сезіктіге бұлтартпау шараларының барлық түрі қолданылады, оның ішінде қамауда.

Сезікті, айыпкер, жәбірленуші және куәгер негізінен жалпы ереже бойынша жүргізіледі. Жәбірленуші ауызша нысанда сұралуы мүмкін немесе ҚІЖК-нің талаптарын сақтай отырып дыбыс, бейне жазу және кино түсіру қолданылуы мүмкін. Ал сұрау тек ауызша жүргізілсе оның нәтижелері анықтаумен қамтамасыз етіледі.

1959 жылғы кодекс бойынша анықтау кезінде іске қорғаушы қатыстырылмайтын. Ал жаңа кодекс негізінде іске қорғаушы белгілі бір тұлғаға қарсы қылмыстық іс қозғалғаннан бастап қарастырылады. Бірақ осы жерде бір ескеретін мәселе қылмыстық іске қорғаушының міндетті қатысуы керек жағдайларды қарастыру.

Заң негізінде анықтау 10 тәулік ішінде жүргізілуі тиіс. Бұл уақыт қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шыққаннан бастап есептеледі және бұл мерзімге прокурордың қаулысымен танысып одан әрі қозғалысқа салған уақыты кірмейді. Сондай-ақ анықтау мерзімін анықтау органының бастығы отыз күн тәулікке дейін ұзартуы мүмкін. Бұл жөнінде ол жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарлайды. Тәжірибеде бұл процесс анықтаушының осыған байланысты қаулы толтырып, онда ұзартудың негізін көрсетеді.Оны анықтау органының бастығы қол қойып ұзартады. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау айыптау хаттамасын толтыруымен аяқталады.

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау айыптау хаттамасын толтыруымен аяқталады.

Ең бірінші ол хаттаманы анықтаушы анықтау органының бастығына бергеннен кейін, анықтау органының бастығы айыптау хаттамасы мен оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

  1. хаттаманы бекіту және материалдарды сотқа жіберу үшін прокурорға беру туралы;
  2. хаттаманы бекітуден бас тарту туралы ҚІЖК 287-бап, 3-тармақ, 1-2-тармақшалары.

Айыптау хаттамасы негізгі үш бөлімнен тұрады; кіріспе, сипаттаушы-негіздеуші, қорытынды.

Кіріспе бөлімінде анықтау органының бастығының (бекітемін) және прокурордың (рұқсат етемін) шешімі жазылады. Оның қабылданған күні, айы, жылы, шешімді қабылданған лауазымды тұлға жайлы мағлұмат, шешімнің аты (айыптау хаттамасы), оны жазған мерзім мен орны, хаттаманы жазушының аты-жөні, лауазылымдылығы, шені, осындай шешім қабылдауға негіз беретін нормативті құқықтық актінің атауы.

Сыйпаттаушы – негіздеуші бөлігінде айыпталушының жеке басы туралы мәліметтер, қылмыстың жасалу уақыты, орны, тәсілі, ниеті, амалдары және басқа д мәнді жағдайлар, айыпталушының кінәлігі мен қылмыстың болғанын дәлелдейтін фактілі деректер, қылмыстың қылмыстық кодекспен саралануы.

Қорытынды бөлігінде айыпталушы тұлға жайлы нақты мағлұмат, оның ұсталған уақыты, іс беттеріне сілтеме жасай отырып қолданылған бұлтартпау шарасын көрсету.

Хаттамаға оны толтырған тұлға қол қояды. Және онда анықтау органының шешімі көрініс табады және оның қолы болады.

Анықтау органының бастығымен бекітілген айыптау хаттамасын алған прокурор мына шешімдердің бірін қабылдайды:

  • айыпталушыны сотқа беруге және қылмыстық істі сотқа жіберуге;
  • анықтау органының бастығы бекіткен айыптау хаттамасының күшін жоюға және осы кодексте көзделген негіздер бойынша анықтауда қысқартуға құқылы.

Біз жалпы анықтаудың алдын ала тергеумен байланысын екеуінің өзіндік ерекшеліктерден байқадық. Сол сияқты енді алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтаудың айырмашылығын көрсетейік:

  • Тергеу ретінде. Алдын ала тергеу жүргізуге міндетті істер бойынша, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша.
  • Мерзімінде. Міндетті істер бойынша анықтау жүргізу бес тәулік болса, екінші түрінде он тәулік, әрі оны отыз тәулікке дейін ұзартуға болады.
  • Бірінші түрінде тек қана кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жасайды, ал екінші түрінде толық тергеу жүргізеді.
  • Алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтаудың материалдары тек алдын ала тергеу жүргізуге алғы шарт болса, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау материалдары сотта істі қарауға негіз болады.
  • Анықтаудың екінші түрінде өз тергеу ретіндегі істер бойынша алдын ала тергеу жүргізуге алады, ал анықтаудың бірінші түрі олай істей алмайды.

Тәжірибие негізінде жүзеге асырылып жүрген анықтауды анализдей келіп келесідей тұжырымдама мен ұсыныстарға әкеп соғады:

  • алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтаудың тәжірибиеде болуы әділеттіліктің қылмыспен күресудегі мүддесіне жауап береді, қылмыстық процестегі мәселелерді шешудің жаңа жолы боп табыла отырып, қылмыстық қудалау органы мен соттың ескертулік жұмысын жақсартады;
  • анықтау жүргізуде қайшылықтар болмас үшін, анықтаушы мен анықтау органының бастығы анықтау мерзімін 10 тәуліктен 30 тәулікке ұзарту өкілеттігін теріс пайдаланбас үшін ол мерзімді 10 тәуліктен ары ұзартпау;
  • анықтау жүргізудің сапасы өзінің көрінісін ең біріншіден айыптау хаттамасында табады. Ал ол өз кезегінде заңдылық, негіздік және ниетті болуы тиіс. Осыған байланысты процессуалды заңнама өзінде хаттаманың негізгі құрылысын және ол жерде міндетті түрде жыйналған дәлелдемелер, жасалған профилактикалық жұмыстар нәтижелері де көрсетілуі тиіс. Бұл сотқа бас сот талқылауы кезінде процестің тез өтуін қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді, істер бар және қосымша жыйналған дәлелдемелер жан-жақты, толық әрі объективті түрде бағалауға көмек береді.
  • қылмыстылықпен күресудегі жаңадан енген анықтаудың үстінен анықтау органының бастығы мен прокурордың қадағалауын дұрыс ұйымдастыруда маңызды элемент боп табылады.
  • анықтаудың осы түрінің дамуы мен одан әрі өрбуінде басты рөльді соттар ойнайды. Сол себепті анықтаудың бұл түрі Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының осыған байланысты нормативті актісі керек.

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау ҚІЖК-де алдын ала тергеу үшін белгіленген ережемен жүргізіледі. Ал 37-тарауда анықтаудың жалпы жүргізілу тәртібі көрсетілген. Бірақ көп жағдайлар ашылмаған. Мысалға 285-баптың 13-тармағында анықтаудың мерзімін ұзарту айтылғанымен, оның жүргізілу тәртібі көрсетілмеген. Сондай-ақ бұл жерде айыпталушы жоқ. Және де өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған тұлғадан сезікті ретінде жауап алынады. Ол айыпталушы ретінде тек айыптау қорытындысы шыққасын ғана айыпталушы боп табылады.

Біз бұл анықтаудың қоғамдағы өмірде қалай жүргізіліп жатқанына көңіл аударайық.

Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің анықтаушысы полиция аға лейтенанты С.Ж. мен азаматша А.Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бап 1-тармағымен қозғалған №1160211 қылмыстық іс бойынша анықтау жүргізгенде мынандай тергеу әрекеттерін жасаған:

  1. Қылмыстық іс қозғағаннан кейін сезіктіден жауап алынған
  2. Куәдан (жәбірленуші) жауап алған
  3. Тауароведтік экспертиза тағайындаған
  4. Қарау жүргізген (құжаттар мен заттар)
  5. Беттестіру жүргізген
  6. Алып қою жүргізілген (изъятья)
  7. Айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қабылданған
  8. Анықтау жүргізілуі біткесін іс материалдары танысу үшін айыпьталушы мен оның қорғаушысына берілген
  9. Айыптау қорытындысы жасалған [18].

Міне бұл бір іс бойынша жүргізілген әрекеттер. Мысалы анықтаушы тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тартқан. Ал заңда мұндай көзделмеген. Заң бойынша айыпталушы болып сезікті тек айыптау қорытындысынан кейін ғана айыпталушы боп танылады. Ал айыптау қорытындысымен анықтау бітеді. Олай болса анықтаушының тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тартуы заңға қайшы.

Осылайша, тергеу әрекеттері соларға сәйкес жүргізілетін процессуалдық тәртіп көбінесе тұлғаның демократиялық мәртебесінің беріктігін анықтайды. Сотпен кінәсі әлі дәлелденбеген жеке адамға қылмыстың алдын ала тергеуінің кәсіби жүйесі қарсы тұрады. Айыпталушыға, сотталушыға емес, істі олардың тергеуіне, қарауына адамның жеке басына тиіспеушіліктің жүзеге асырылуы тәуелді, өйткені қылмыстық іс жүргізу кодексі кәдімгі азамат біле бермейтін тиіспеушіліктің кепілдіктерімен сөзбе-сөз тықпаланған. Бұл мәселе сезікті, айыпталушы өзінің қорғалуына бағыттауы мүмкін әрекеттері мен бостандықтарында шектелген себепті өткір болып келеді.

Біздің ойымызша, бұл жерде қажетті болып тергеу және анықтау органдарының құқықтық сауаттылығына қатысты мәселелерді шешу табылады, және бұл өз кезегінде кәсіби кадрлардың ерекше дайындығын болжайды.      

Сондай-ақ заңда алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті емес істер бойынша анықтауда қылмыс субъектісіде атап көрсетілмеген, ол жерде ол тек өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған тұлға деп көрсетілген.

Ашып айта берсек осы анықтаудың бұл түрінің қарама-қайшы жерлері көп оған енгізгім келетін өзгерістер жайлы алдағы қорытындыда айтармыз. Әзірге алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтаудың негізгі бөліміне қысқаша сыйпат осы.

1997 жылы 13-ші желтоқсанда қабылданып, 1998 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 194-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді негізгі үш органның тергеушілері жүргізеді: ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушісі, ішкі істер органдарының тергеушісі, қаржы полициясының тергеушісі.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекетттік орган болып табылады. (66-бет ІІО).

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары- Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде  адам мен қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган. (52-б. ҰҚО).

Бірақ осы мәселеге байланысты ҚІЖК-не сәйкес қарама қайшылықтарды айтып кету керек. ҚІЖК-нің 288-бабында былай делінген «… көзделген жағдайларда алдын ала тергеуді осы кодекстің 65-бабы бірінші бөлігінің 4-тармағында белгіленген өз құзіретіне сәйкес анықтау органы жүргізеді». Ал 288-бапта көзделген жағдайға келсек, ол 285-баптың екінші-тоғызыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша, егер оларды жасады деген сезік келтірген адам белгісіз болса немесе егер оларды кәмелетке толмағандар немесе дене не психикалық кемшіліктеріне байланысты өзін қорғау құқығын өзі жүзеге асырып алмайтын адамдар жасаса, алдын ала тергеу жүргізу міндетті, сондай-ақ осы 285-баптың 13-бөлігінде көзделген мерзімде істің мән-жайларының жан-жақты және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда да алдын ала тергеу жүргізуді анықтау органының бастығы тағайындайды. Ал 285-баптың 13-бөлігінде анықтаудың мерзімі көрсетілген, яғни алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау 10 күннің ішінде жүргізілуі тиіс, бірақ ол мерзімді анықтау органының бастығы 30 тәулікке дейін ұзартуы мүмкін.

ҚІЖК-нің 64-бап 1-тармағына сәйкес тергеуші  — өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам.

ҚІЖК-нің 67-бабының 1-тармағына сәйкес анықтаушы — өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруды уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.

Осы екі берілген анықтаудан түсінгеніміз алдын ала тергеуді жүргізетін бірден бір тұлға ол – тергеуші. Ал анықтаушы тек сотқа дейінгі іс жүргізетін құқыққа ие тұлға. Осы жерде: алдын ала тергеу мен сотқа дейінгі іс жүргізу бір емес пе?- деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұған жауап беру үшін де заңға сүйенеміз. ҚІЖК-нің 7-бабының 16-тармағы: алдын ала тергеу – уәкілетті органдардың осы кодексте белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметтің іс жүргізу нысаны.

Сотқа дейінгі іс жүргізу – қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қылмыстық іс жүргізу, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы (ҚІЖК-нің 7-баптың 28-тармағы).

Жоғарыдағы айтылып кеткен анықтау органының алдын ала тергеу жүргізу құқығы да міне осы анықтаудың ерекшелігі болып табылады, бұрын бұндай болмаған.

Анықтау органының бастығының анықтау органының тергеу ретіндегі қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу тағайындай алады, ол іс бойынша алдын ала тергеу әрекеттерін енді тергеу органдары емес анықтау органдары жүргізеді.

Жоғарыда біз Қазақстанның жаңа қылмыстық процессуалды кодексіндегі бұл құбылысты ішкі қарама-қайшылық ретінде қарастырсақ, енді бұның тергеуге тигізетін пайдалы жақтарын қарастырайық.

Біріншіден бұл қылмыстар тікелей анықтау арқылы тергелетін қылмыстарға жатады. Бірақ ол қылмыстарды қылмыс жасаған тұлға белгісіз болған жағдайда алдын ала тергеу органдары өз өкілеттіктеріне алады. Осы тұжырымдама бұл жерде шектеледі, өйткені анықтау органы қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді басқа негіздер бойынша жүргізеді. Яғни бұған анықтау органы заңда белгіленген мерзімде істің мән-жайын жан-жақты және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдай негіз боп табылады.

Екіншіден, анықтау органы өз құзіретіндегі қоғамға қауіптілігі төмен, күрделі тергеу әрекетін қажет етпейтін қылмыстық істерді алдын ала тергеу органдарына аудара беру онсыз да тергеуде бар істерге үлгере алмай жүрген алдын ала тергеу органының қызметіне кедергі келтіреді. Бұл дегеніміз алдын ала тергеу әрекеттерінің сапасына кері әсерін тигізеді.

Үшіншіден, заң анықтау органымен алдын ала тергеу жүргізу үшін ерекше тәртібін енгізбеген, анықтау органы алдын ала тергеуді заңда көрсетілген тәртіппен жүргізеді. Ал ол өз кезегінде алдын ала тергеудің жүргізілуіне еш кедергі жасамайды, қайта анықтау органында қылмысты ашу мен қылмыспен күресудегі тәжірибиесін молайтып, істің сапалы түрде жүргізілуіне үлкен көмек тигізеді.

Осы анықтау органымен алдын ала тергеу жүргізушінің оң және теріс жақтарын айта келіп мен мынандай ұсыныстар жасағым келеді.

— ҚІЖК-де көрсетілген анықтау органынң алдын ала тергеу жүргізу құқығы алынып тасталуы керек. Бұл алдын ала тергеуді жүргізуге өкілетті тұлға тергеушінің мәртебесіне кедергі келтіреді және тергеудегі тек тергеуші жүргізу керек қағидасына қайшы.

— Егер анықтау органында алдын ала тергеу жүргізу құқығы қалдырылған жағдайда, анықтау органымен алдын ала тергеу жүргізу туралы шешімді тергеушімен не прокурормен анықтау органы ұсынған материалдар негізінде қабылдануы керек. Ал шешім материал келіп түскен кезден бастап 24 сағат ішінде қабылдануы керек.

— Анықтау органы мен алдын ала тергеу жүргізу қалдырылған жағдайда, оның негіздері заңда жеке-жеке нақтылап көрсетілуі тиіс. Бұл дегеніміз анықтау органы бастығы мен анықтаушының өз өкілеттігін асыра пайдалануының алдын алады.

 

 

 

 

 

3.Анықтау мен алдын ала тергеудің айырмашылықтары.

 

   — Тергеу ісін орындаушы органдар бойынша.

Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөнінде құқықтары мен міндеттері сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының осы баптың екінші бөлігінде аталған анықтау органдарынан алыстағы басқа да-мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына да, көлік қатынасы болмаған кезеңде жүктеледі.(ҚІЖК 65-бап. 3-бөл.)

Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер және салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді.

 — Алдын ала тергеу мен анықтау органдарының тергелу істері бойынша.

Белгілі бір істің өз тергеуіне жатпайтындығына анықтағанда тергеуші кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс-әрекетін жүргізуге, содан кейін істі тергелу реті бойынша жіберуі үшін прокурорға тапсыруға міндетті. Бір немесе бірнеше адамды әртүрлі алдын ала тергеу органдарының тергеуіне жататын қылмыстар жасағаны үшін айыптау бойынша істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеу ретін прокурор белгілейді.

        Анықтау  осы тараудың баптарында көзделген алуларға орай осы Кодексте алдын ала тергеу үшін белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.(ҚІЖК 285-бап.)

 — Тергеуші мен анықтаушының іс жүргізудегі өзіндік дәрежесінде.

        Тергеуші өз тергеуіндегі істер бойынша анықтау органдарының тергеліп жатқан  іске қатысты жедел іздестіру материалдарымен танысуға, оларға жазбаша, атқару үшін міндетті іздестіру және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге құқығы бар.

         Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын жүргізуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге міндетті.

 — Қорытушы іс жүргізу шешімдерінде.

         Айыптау қорытындысы. Тергеуші айыптау қорытындысы кіріспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар бөлімдерінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тергеуші, айыптау қорытындысы жасалып отырған айыпталушының (айыпталушылардың) тегі, атын, әкесінің атын, оның әрекетіне баға беріліп отырған қылмыстық заңды(бабын, бөлігін, тармағын) көрсетеді.

Сипаттама-дәлелдеу бөлімінде, айыптаудың мәнісі, қылмыс жасалған орны мен уақыт, оның әдістерін, себептері, салдары мен басқа да елеулі мән-жайлары, жәбірленуші туралы мәліметтер, айыпталушының кінәсін растайтын дәлелдер; оның жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар; айыпталушы өзін қорғау үшін келтірген дәлелдер және осы дәлелдерді тексеру нәтижелері баяндалады. Айыптау қорытындысы істің томына және бетіне жасалатын сілтеиені қамтуға тиіс.

Қарар бөлімінде айыпталушының жеке басы туралы мәліметтер келтіріледі және осы қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заңды (бабын, бөлігін, тармағын) көрсете отырып, тағылған айыптың сипаты баяндалады.

Айыптау қорытындысына оның жасалған орны мен күнін көрсетіп, тергеуші қол қояды.

Айыптау хаттамасын жасау және істі сотқа жіберу үшін прокурорға беру.(ҚІЖК 287-бап.)

 — Алдын ала тергеу мен анықтау органдарының іс жүргізу мерзімдерінде.

        Анықтау  қылмыстық  іс  қозғау    туралы қаулы     шығарылған     сәттен бастап  он күн мерзім ішінде қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға бергенге дейін жүргізіледі. Бұл мерзім анықтау органының бастығы отыз тәулікке дейін қзартуы мүмкін. Анықтау мерзімін ұзарту туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.

Қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс. Алдын ала тергеу мерзіміне іс қозғалған күннен бастап істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокурорға жіберген күнге дейінгі не іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарған күнге дейінгі уақыт енгізілді.

Алдын ала тергеу мерзімін тергеушінің дәлелді қаулысы бойынша;

    —  істің күрделігіне байланысты аудандық және оған тенестірілген прокурор – үш айға дейін;

    — істің аса күрделі  болуына байланысты облыс прокуроры және оған тенестірілген прокурор мен олардың орынбасарлары – алты айға дейін ұзартуы мүмкін;

        Алдын ала тергеу мерзімін одан әрі ұзартуға тек айрықша жағдайларда ғана жол беріледі және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге асыра алады. Алдын ала тергеу мерзімін ұзарту туралы қаулыны тергеуші ауданның, облыстық прокурорына  және оларға тенестірілген прокурорларға тергеу мерзімі өтпестен бұрын – бес тәулік кешіктірмей, Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Бас әскери прокурорға он тәуліктен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

 — Іс жүргізу тәртібінде.

  Алдын ала тергеу қылмыс жасаған ауданда (облыста) жүргізіледі. Алдын ала тергеу жедел және толық болуы мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша, сондай-ақ сезікті, айыпталушы адам немесе куәлардың көпшілігі тұрған жерде жүргізілуі мүмкін. Тергеу іс-әрекеттерінің басқа ауданда (облыста) жүргізу қажет болғанда жағдайда тергеуші оны тікелей өзі жүргізуге не бұл іс-әрекеттерді жүргізуді сол ауданның (облыстың) тергеушісіне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Тергеуші іздестіру әрекеттерін немесе жедел істестіру шараларын жүргізуді алдан ала тергеу жүргізілетін жердегі немесе іс жүргізілетін жердегі анықтау органына тапсыра алады. Тергеушінің тапсырмасы он тәуліктен аспайтын  мерзімде орындалуға тиіс.

   Тергеуші тергеуіс-әрекеттеріне қатысуға зандарда белгіленген адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен міндеттерін сондай-ақ тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің тәртібін түсіндіреді. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда тергеу ісін түнгі уақытта жүрізуге жол берілмейді. Тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді анықтаудың, бекіту мен алудың ғылыми негізделген әдістері қолданылуы мүмкін. Тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде күш қолдану, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызуға жол берілмейді.

 Алдын ала тергеу деректері жария етілмеуі тиіс. Олар, егер бұл тергеу  мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдділеріне бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушінің, анықтаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сондай көлемде жармя етілуі мүмкін. Тергеуші қорғаушыға, куәларға, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе оларлың өкілдеріне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәлерге және тергеу іс-әрекеттеріне жүргізу кезінде қатысқан басқа адамдарға өзінің рұқсатынсыз істегі мәліметтерді жария етуге жол берілмейтің туралы ескертеді, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершілігін ескре отырып, қолхат алынады.

 Анықтау барысында Кодекстің 117-бабына сәйкес қылмыстың оқиғасын, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адам, адамның кінәлілігі, залалдың сипаты мен мөлшері және іс бойынша мәні бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.

        Кодекстің 285-бабының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер оларды жасады деп сезік келтірген адам белгісіз болса немесе егер оларды кәмелетке толмағандар немесе өздерінің дене не психикалық кемшіліктеріне байланысты өзін қорғау құқығын  өзі жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған болса, алдын ала тергеу жүргізу міндетті болады. Анықтау органының бастығы Кодекстің 285-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімде істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда да алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқылы. Осы бартың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеуді ҚІЖК 65-бабы бірінші бөлігінің  4-тармағымен белгіленген өз құзіретіне сәйкес анықтау органдары жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қылмыстық ізге түсу және сот органдарының процесуалдық қызметтері жариялы сипатта болуы тиіс. Олай дейтініміз, қылмыстық іс жүргізудегі жариялылық қағидасына орай, жоғарыда аталған органдардың қылмыстық істерді тергеу, қарау мен шешудегі қызметтері ашық түрде жүргізілуі тиіс. Қылмыстық әрекет — ол жат қылық. Дәлірек айтатын болсақ, қылмыс – қоғамға, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке тұлғаға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және мемлекетке маңызды зиян келтіреді. Яғни, оның салдарынан қылмыстық қудалау органдарының алдына қылмыстық заң нормаларының таралуын қамтамасыз етудегі заңда көзделген арнайы міндеттемелер қойылады. Осыған орай қылмыстық іс жүргізудің ең бастапқы кезеңі қылмыстық істі қозғау  сатысының және ондағы жүзеге асырылатын процесуалдық қызметтің алатын орны орасан зор.

 Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы үздіксіз алға ілгерлеуде. Оған енгізілген соңғы толықтырулар мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің дамуына маңызды әсерін тигізуде. Олай деуіміздің басты себебі, оның халықаралық жағдайлармен байланысты болуында. Және дәлелдеу құқығы, жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін дәлелдеме ретінде қолдану салаларында көптеген өзгерістер енгізілуде.

Қазіргі таңда қылмыстық процесс ғылымының зерттеуді қажет ететін проблемалары жеткілікті. Олай дейтініміз, ғылыми білімнің толассыз қорлану заңдылығына сай әрбір жаңа проблеманы уақыт туғызады. Мемлекет нарықтық экономикаға өтіп, нарықтық-экономикалық құқықтық сананың қалыптасу кезеңінде қылмыстардың жасалу технологиясы да өзгерді, сол себепті ондай құбылыстармен күресу үшін тәжірибелік-теориялық деңгейдегі зерттеулерді жетілдіру қажет.

 Алдыңғы тарауларда қарастырылған сұрақтар бізге анықтау мен алдын ала тергеу жүргізудің ара қатынасы мен осы бар проблемалар туралы белгілі бір тұжырымдар жасауға жағдай жасайды. Алдын ал тергеу мен анықтаудың ара қатынасы олардың қылмыстық процесте алатын орындарына байланысты қарасытырылады. Тергеудегі орны мен рөлі негізінен олардың тергейтін қылмыстарына да байланысты анықталады. Сондай-ақ алдын ала тергеудің түрлерінің арақатынасы алдын ала тергеу міндетті істер бойынша қандай жағдайларда және негіздерде анықтау жүргізіледі және де істі тергеушіге бергенше анықтаушы қандай өкілеттікке ие деген сұрақтардың шешілуі де зор маңызға ие. Бұл жердегі байланысты тергеуші мен анықтаушының ар қатынасынан, яғни қылмыстық іс жүргізгендегі тергеушінің анықтау органына тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқау мен тапсырмалар беруге байланысты өкілеттігінен көруге болады.

Анықтау мен алдын ала тергеу қылмыстық процестің бір стадиясын құратын тергеудің түрлері боп табылады. Алдын ала тергеу мен анықтаудың заңмен белгіленген процессуалды формамен жүзеге асырылатын бірдей міндеттері бар, ал анықтау мен алдын ала тергеу жүргізгенде жиналған материалдар бірдей дәлелдемелік күшке ие және істі сотқа жіберуге негіз боп табылады.

Қылмыстық істі тергеуде алдын ала тергеу негізгі түр боп табылады және қылмыстардың көпшілігінде жүргізіледі. Ал анықтау тергеудің көмекші түрі ретінде. Ол алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша қылмыс іздерін табу мен бекіту үшін кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді не алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша толық тергеу жүргізеді. Енді біз осы жерде алдын ала тергеудің анықтаудың екі түрімен арақатынасын жеке-жеке қарастырайық. Бірінші ол алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау мен алдын ала тергеудің арақатынасы.

Анықтау мен алдын ала тергеудің арақатынасын реттеуші қылмыстық процессуалды заңдылықтың дамуының барлық кезеңінде анықтаудың жеке тергеу түрі ретіндегі сферасы шектеулі болатында, ал алдын ала тергеу тергеудің негізгі түрі ретіндегі сферасы әрқашан кеңейтілген. Бұл негізінен 1958 жылы негізгі қылмыстық іс жүргізу қабылданғаннан кейін және 1963 жылы ішкі істер органына алдын ала тергеуді жүрггізу құқығы берілгеннен басталады. (Республиканың тергеу әрекеттері тәжірибиесі көрсеткендей алдын ала тергеу мен анықтаудың арақатынасы күннен күнге алдын ала тергеудің пайдасына қарай өзгеріп келеді. Яғни анықтау жүргізетін қылмыстық істер азайып келеді.) [15,8].

Алдын ала тергеу ауыр, басқаларға қарағанда күрделілеу тергеуді қажет ететін қылмыстар бойынша жүргізіледі.

Анықтау болса анықтау органдарының қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға байланысты қызметін атқару кезінде белгілі болған қауіптілігі төмен және қылмыстық жағдайды анықтау қиын емес қылмыстар бойынша жүргізіледі.

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау алдын ала тергеуден анықтау жүргізуші орган немесе тұлғаның процессуалды жекелігі бойынша да айырмашылықта болады.

Процессуалдық әдебиеттерде анықтау мен алдын ала тергеудің айырмашылығын айтқанда тергеуші мен анықтау органдарының қолданатын әдіс тәсілдерінде айырмашылықтың бір белгісі ретінде көрсетеді. Кейбір процессуалистер алдын ала тергеу мен анықтау терегеудің екі түрі ретіндегі айырмашылығын екеуінің қылмыстық істі тергеуде қолданған әдістерін көрсетеді. Тергеушінің қылмыстық істерді қарағандағы айрықша ерекшелігі ретінде оның процессуалды құралды қолдануында болса, ал анықтаудың ерекшелігі жедел іздестіру әрекетінде. Ол бірден бір анықтау жүргізумен де және қылмысты табу, алдын алу, ескертуге байланысты міндеттерін атқаруменде байланысты.

В. Чистяков алдын ала тергеу мен анықтаудың айырмашылығын олардың қылмыстық істі қараудағы әдістері боынша қарауға қарсы. Оның пайымдауынша анықтау мен алдын ала тергеу тергеудің негізгі екі түрі болғандықтан, олардың әрекеттері тек процессуалды нысанда болады. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 285-бабына сәйкес анықтау 37-і тараудың баптарында көзделген алуларға орай осы кодексте алдын ала тергеу үшін белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.

Қолданатын әдістері бойынша анықтау мен алдын ала тергеу емес, осы қызметті атқаратын органдардың бір бірінен ерекшеленеді

Алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша қылмыстық істерді тергеу анықтаудың қосымшалық (производной) жалғаспалы емес, онша қиын емес және де ізді табу мен бекітуге байлансты суытпай жүргізетін анықтау қызметінің мәніне сәйкес келтірмейді. Анықтау алдын ала тергеуден мәні бойынша ешқандай айырмашылыққа ие емес өйткені жоғарыда айтып кеткендей анықтауда алдын ала тергеудің тәртібімен жүргізіледі, ол үшін тектеу тек негізінен аяқталып қойған іс бойынша және де ол істің тергелу тәртібін еш өзгертпейді.

Кеңес уақытындағы ҚІЖК-і бойынша анықтау кезінде мынадай шектеулер болатын:

1 анықтау жүргізу кезінде қорғаушы қатыстырылмаған;

2 жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер іс материалдарымен таныстырылмады.

Бұндай шектеулер адам мен азаматтың құқықтарының бұзылуына ҚІЖК-нің қағидаларына қарама қайшы боп табылады.

Енді біз алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау мен алдын ала тергеудің арақатынасына тоқталайық. Анықтаудың осы түрі анықтаудың қылмыстық істің болашақта алға қарай жүруіне жағдай жасайтын кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуге байланысты жалғаспалы емес қызметінің мәнін ашады. Анықтаудың бұл түрі жайлы ҚІЖК-нің 200-бабында айтылған.

Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыс белгілері болған кезде анықтау органы қылмыстық іс қозғауға және қылмыстың ізін анықтау мен бекіту жөніндегі кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс әрекеттерін: қаруды, тінтуді, алуды, куәландыруды, сезіктілерді ұстау мен олардан жауап алуды, жәбірленушілер мен куәлардан жауап алуды жүргізуге құқылы. Анықтау органы байқалған қылмыс пен қылмыстық іс қозғалғаны туралы прокурорға дереу хабарлайды.

Анықтау органы мен алдын ала тергеу органының бір органдар болуы, ол қылмыстық істің алға жылжуына үлкен ықпал жасайды. Қазқстан Республикасындағы тергеу органдарының үшеуі де әрі тергеу органы әрі анықтау органы боп табылады: ұлттық қауіпсіздік комитеті, қаржы полициясы және ішкі істер органдары.

Қылмыстық істің белгілі бір органмен қозғалып оның кейін тергелу реті бойынша кетуі, егер бәрі бір органмен жүргізілетін болса онда ол істің алға тезірек жүруіне ықпал жасайды. Мысалға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 128-бап 2-3-бөліктерінде, 132-бап 2-3-бөліктерінде ішкі істер органдары алдын ала тергеу жүргізілсе, осы баптардың бірінші бөліктеріндеде осы орган анықтауды жүргізеді (ҚР ҚІЖК-нің 192-бабы, 285-бабы).

Бұл жағдайлар тергеушінің қылмыстың ізі анықталғаннан бастап іске қосылып кетуіне үлкен жағдай жасайды, әрі тергеуші іске байланысты барлық мін жайларды білетін болады. Ал бұл дегеніміз істің толық, жан-жақты, объективті зерттелуіне ықпалын тигізеді.

Өмірде мынадай жағдайларды кездеседі тергеуші оқиға болған жерді қарап болған соң, кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу үшін анықтаушыға істі тапсырады. Бір қарағанға бұл дұрыс. Өйткені заң бойынша тергеуші анықтау органына іс негізінде тапсырмалар мен нұсқаулар беруге құқығы бар.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 64-ші бабында былай делінген: тергеуші өз тергеуіндегі істер бойынша анықтау органдарына атқару үшін міндетті іздестіру және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге құқылы. Осы жерден мынандай тұжырым шығаруға болады: біріншіден заң тергеушіге анықтау органдарына кідіртілмеуі тиіс тергеу әрекеттерін орындауға тапсырма беруді көрсетпейді, тек көмекші ретінде алып оған белгілі тапсырмалар береді; екіншіден анықтау органы кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін тергеушінің тапсырысы негізінде тергеушінің тергеуіндегі істер бойынша емес, алдын ала тергеу міндетті істер бойынша қылмыстық іс қозғайды және кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді, яғни істі өзі қозғайды; үшіншіден тергеуші өзі қозғаған істі әр органның қарауына бере беру тергеушінің іске байланыстылығын азайтып істің дұрыс шешілмеуіне әкеп соғуы мүмкін. Менің бұл жерде айтқым келгені тергеуші басқа органның көмегін алмасын қарым-қатынасқа түспесін деу емес, қолынан келгенше істі өзі жүргізсін дегенім.

Сондай-ақ анықтау мен алдын ала тергеу арасындағы ара қатынас осы екі тергеу нысанында қылмыстық процестің бір субъектісімен жүзеге асырылатындығы мен екеуініңде алдына қойған мақсаттарының бірлігінде.

Анықтау өзінің мазмұны бойынша, заңның барлық қылмыстық істің толық, жан-жақты және объективті зерттелуі туралы талаптарын сақтай отырып одан әрі тергеуді жалғастыратын тергеушіге берілетін істі алғашқы,  дайындықты қызметінен көрсетеді.

Негізінен алдын ала тергеу мен анықтау екеуінің ара қатынасын оқығанда олардың ұқсастығын, айырмашылықтарын және қарама қайшылықтарын айту керек. Бұл туралы көптеген заңи әдебиеттерде де жазған. Олардың көбісі олардың айырмашылығына тоқталады. Әдебиеттерде негізінен айырмашылықтар ретінде мерзімді, атқаратын органдарды айтады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып алдын ала тергеу мен анықтаудың мынандай айырмашылықтарын көрсетіп кетуге болады:

Органдарда: тергеуді ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеушісі, ішкі сітер органының тергеушісі, қаржы полициясының тергеушісі жүргізеді; анықтауды жоғарыда айтылған үш тергеу органымен қатар кеден органдары; әскери полиция органдары; әділет органдары; шекара қызмет органдары; мемлекеттік өртке қарсы органдары; әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары; Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелердің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары, алыс жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандары, алыс сапардағы геологиялық партиларының басшысы. Бұл жерде айта кететін бір жайт олардың айырмашылығы тек органның әр түрлілігінде емес, органдардың сандық көлемінде де;

Мерзімінде: алдын ала тергеу екі ай болса (ҚР ҚІЖК-нің 196-бабы), алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтау бес күн (ҚР ҚІЖК-нің 200-бабы) және алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша он күн. Айтылған соңғы мерзім яғни он күн мерзім отыз тәулікке дейін анықтау органының бастығымен ұзартылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК-нің 285-бабы).

  • Алдын ала тергеу бір нысанда, ал анықтау екі нысанда болады: бірінші алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау және алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау.
  • Қаралатын қылмыстық істің дәрежесі: алдын ала тергеу көпшілігінде ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жүргізілсе анықтау негізінен жеңіл және онша ауыр емес қылмыстарда жүргізіледі.

Осы жерде айта кететін бір мәселе алдын ала тергеуде анықтауда жүргізілмеуі мүмкін істер бар яғни ол жеке айыптау істері бойынша.

  • Алдын ала тергеу қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын (ҚІЖК-нің 278-ші бап) шығарса, ал анықтау айыптау хаттамасын шығарады (ҚІЖК-нің 287-ші бап).
  • Өкілеттікте. Бұл жердегі айырмашылықты біз осы алдын ала тергеу мен анықтауды жүргізетін органдардың не тергеуді жүргізуші тұлғалардың өкілеттігіне байланысты қарасытрамыз. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 63-64-баптарында алдын ала тергеу жүргізетін органдар мен тұлғалардың өкілеттігі көрсетілсе, ал 65-67-баптарда анықтау жүргізетін органдардың және тұлғалардың өкілеттігі көрсетіледі. Осы жерден байқайтынымыз тергеушінің өкілеттігі анықтаушыдан көлемді әрі анықтау органына өз кезегінде орындалуы міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар бере алады. Яғни, анықтау органы тергеу органына бағынышты сипатта десек болады.
  • Алдын ала тергеу жүргізілетін істер бойынша қылмыс жасады деп сезік келтірген тұлға белгісіз боп табылады да, анықтауда қылмыс жасады деп сезік келтірген тұлға белгілі. ҚІЖК-нің 285-бабының 10-тарауы бойынша анықтау қылмысты жасады деген сезікті тұлға белгілі болған кезде жүргізіледі. Сондай-ақ 285-баптың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер оларды жасады деп сезік келтірілген адам белгісіз болса алдын ала тергеу жүргізу міндетті боп табылады (ҚІЖК-нің 288-бабы).
  • Алдын ала тергеу органдары тергеу үшін негізгі қызиеті боп табылады, ал анықтау органдары үшін ол негізгі емес қосымша боп табылады. Өйткені анықтау органдарының негізгі міндеті қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау боп табылады.
  • Алдын ала тергеу органдары негізінен барлық тергеу әрекеттерін жасайдыда, ал анықтаушы тек кідіртілмейтін тергеу әрекеттерін жасайды;
  • Алдын ала тергеуді нақты тергеуші деген лауазымы бар адам жүргізсе, ал анықтауды ондай лауазымдықты атқаратын тұлға емес, анықтау жүргізуге заңмен өкілеттік берілген органның лауазымды тұлғасы жүргізеді. Мәселен алыс жүзу сапарына кеткен кеме капитанының анықтаушы деген лауазымы жоқ, ол оған тек алысқа жүзу сапары кезінде бір қылмыстық оқиға болса ғана ие болады.

Осы міндетті атқара жүріп табылған қылмыстар бойынша ол органдар анықтау жүргізеді. Алдын ала тергеу мен анықтаудың арақатынасын айтқанда олардың ортақ қасиеттерінде айтуға болады. Жалпы олардың ортақ қасиеті көп. Екеуінің бір тергеудің әр түрлі нысаны болуының өзі олардың ортақ бір міндетке ие екенін білдіреді. Заңи әдебиеттерде екі тергеу нысанының ортақ қасиеттері туралы да көп айтылған.

Э.О. Басаров анықтау мен алдын ала тергеудің ортақ қасиеттері ретінде мыналарды атап көрсетеді:

1 қылмыстық іс жүргізудің ортақ міндеттері

2 өз өкілеттіктерінің шегінде қылмыстық іс қозғау екеуінеде ортақ

3 өз қызметтерін ортақ қылмыстық және қылмыстық-процессуалды заңдылықтардың негізінде жүзеге асыруы

4 тергеу әрекеттерін жүргізгенде ортақ процессуалды нысанда болу

5 жиналған деректердің теңдей дәлелдемелік күші болуы.

Барлық әдебиеттерде анықтаудың тергеудің ерекше түрі деп қарастырады. Бірақ бұл бізге анықтау мен алдын ала тергеудің айырмашылықтарын көрсетуге негіз болып, тек қана екеу ара жеке қасиеттерін ғана айтуға алғы шарт боп ғана табылмайды. Өйткені алдын ала тергеу мен анықтаудың алдына қойған мақсаты бір. Яғни қылмыс оқиғасының шындық бейнесін ашып көрсету.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе мен негізінен мынадай ойларға келдім:

  • алдын ала тергеу мен анықтау қоғамның даму тәжірибиесінде көрсеткендей қылмысты ашу мен қылмыскерді әшкерелеу бойынша негізгі қызмет. Сол себепті алдыын ала тергеу мен анықтауды жүргізетін органдар қызметінің сапасын жақсарту керек.

Жұмыстың сапасына байланысты қылмыстың ашылуыда жақсаратынына сенемін.

  • Алдын ала тергеу мен анықтауды жүргізетін тұлғалар арасындағы тәуелсіздік пен тәуелділік жағдайын жақсарту керек. Яғни тергеуші мен анықтаушының өз арақатынасын, байланысын одан ары жақсарту керек.
  • ҚІЖК-де көрсетілген анықтау органының алдын ала тергеу жүргізу құқығы алынып тасталуы керек. Бұл алдын ала тергеуді жүргізуге өкілетті тұлға тергеушінің мәртебесіне кедергі келтіреді және тергеуді тек тергеуші жүргізу керек қағидасына қайшы.
  • Егер анықтау органыныда алдын ала тергеу жүргізу құқығы қалдырылған жағдайда, анықтау органымен алдын ала тергеу жүргізу туралы шешімді тергеушімен не прокурормен анықтау органы ұсынған материалдар негізінде қабылдануы керек. Ал шешім материал келіп түскен кезден бастап 24 сағат ішінде қабылдануы керек.
  • Анықтау органы мен алдын ала тергеу жүргізу қалдырылған жағдайда оның негіздері заңда жеке-жеке нақтылап көрсетілуі тиіс. Бұл дегеніміз анықтау органы бастығы мен анықтаушының өз өкілеттігін асыра пайдалануының алдын алады.
  • Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтаудың мерзімін ұзартудың тәртібін енгізу керек. Бұл бізге анықтау мерзімінің текке кетпеуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ ұзартудың да негіздерін нақты көрсетуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Нормативтік құқықтық актілер тізімі:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.
  2. Қазақстан Ресубликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 жыл.
  4. Қаз КСР-нің Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 23 желтоқсан 1959 жыл.
  5. «Анықтау мен алдын ала тергеуді жүргізетін Қазақстан республикасының арнайы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығы. 6 қазан 1995 жыл.
  6. «ҚР-ның құқықтық саясат концепциясы туралы» ҚР-ның Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығы / ҚР-ның Президенті мен ҚР-сы Үкіметінің актілер жинағы. Астана, 2002. — №31. – 336-бап. ҚР-сы Президентінің №1615 Жарлығымен 13.07.2005 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

 

Арнайы әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Республикалық референдумда 1995 жылы 30-тамызда қабылданды. ҚР-ның Парламентінің Жаршысы, 1996. — №4. – 217 б. — Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7-қазандағы №284-1; 2007 жылғы 21-мамырдағы №254-111 Заңдарымен өзгертулер және толықтырулар енгізілді /Егеменді Қазақстан 2007 жыл 22 мамыр №132-135 (24710). – С. 1.
  2. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексі 1997ж. 13-желтоқсандағы №206-1 Қазақстан Республикасының Заңы. – ҚР-ның Парламентінің Жаршысы, 1997. — №23. – 335 б.; 1998. — №23. – 416 б.; 2000. — №3-4. – 66 б.; №6. – 141 б.; 2001. — №8. – 53 б.; № 15-16. – 239 б.; №17-18. – 245 б.; № 21-22. – 281 б. Өзгертулер енгізілді: ҚР-ның 09.12.1998. — №307-1; 29.03.2000. — №42-11; 05.05.2000. — №47-11; 16.03.2001. — №163-11; 11.07.2001 — №238-11; 16.07.2001. — №244-11; 06.11.2001. — №251-11; 19.02.2002. — №295-11; 22.02.2002. — №296-11; 9.08.2002. — №346-11; 21.12.2002. — №363-11; 25.09.2003. — №484-11; 10.03.2004. №529-11; 09.12.2004. — №10-111; 28.12.2004. — №24-111; 29.12.2004. — №25-111; 31.22.2004. — №27-111; 08.07.2005. — №67-111; 22.11.2005. — №90-111; 30.12.2005. — №111-111; 16.01.2006. — №122-111; 02.03.2006. — №131-111; 04.07.2006. — №151-111; 08.01.2007. — №210-111 Заңдарымен.
  3. Конституция халыққа қызмет етеді. Конституция күніне арналған ҚР Президентінің баяндамасы. Егемен Қазақстан. 1996 ж. 30 август.
  4. Сарсенбаев Т.Е., Хан А.Л. Уголовный процесс: досудебное производства.Учебное пособие отв. ред. 2000 год.
  5. Якупов Р.Х. Уголовный процесс Москва. Издательство Зерцало-1999 год. 226-бет
  6. Уголовный процесс. Учебник для студентов юр. вузов и факультетов. — Под ред. Гуценко К.Ф. М.: Зерцало, ТЕИС, 1996 год. – 576 с.
  7. Ерешев Е.Е. Қылмыстық іс жүргізу. Жалпы бөлім: Оқулық. – Алматы: Өлке баспасы, 2006 жыл. – 216 б.
  8. Когамов М.Ч. Предварительное расследование уголовных дел в Республике Казахстан. Жеті Жарғы, 2004 год.
  9. Уголовно-процессуальное право Российской Федерации: Учебник / Отв. ред. П.А. Лупинская. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Юристъ, 1999 год. 696 с
  10. Уголовный процесс. Учебник для студентов юридических вузов и факультетов (с источниками нормативных материалов, образцами процессуальных документов, схемами и …) / Под ред. К.Ф. Гуценко. — М.: Зерцало, 1999 год. – 586 с.
  11. Н.В. Жогин, Ф.Н. Фаткулин. Предварительное следствие. Москва, 1965.     40-бет.
  12. Биятов Т.К. Процессуальные проблемы совершенствование деятельности органов дознания в уголовном судопроизводстве. Дисс. На соискания ученой степени к.ю.н. Алматы, 1996 год.
  13. Төлеубекова Б.Х., Карсалямов К.Ж., Шкарбаев Б.К., Бекишев Д.К. Уголовное процессуальное право РК. Часть особенная, досудебные стадии. Алматы, 2001 год.
  14. Чистяков В. Соотношение дознания и предварительного следствия в советском уголовном процессе. Москва, 1984 год.
  15. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы. Алдын ала тергеу мен анықтаманы жүргізетін Қазақстан Республикасының арнайы органдары туралы. 1-бап, 1995 жыл 6- қараша.
  16. Иванов В.А. Дознание в советском уголовном процессе. Ленинград 1966 год. 7-с.
  17. Куклин Н.В. Неотложные следственные действия. Казань 1967 жыл 16-17-беттер.

18.Нихиенко К.М. Предварительное расследование. Кишинев 1979 год 8-с.

  1. Медеу аудындық ішкі істер бөлімінің анықтаушысымен жүргізілген №1160212 қылмыстық іс.
  2. Сулейменова Г.Ж. Қылмыстық процесі. Жобалар альбомы. Алматы, 2007 жыл. 122-б.
  3. Когамов М.Ч. Краткий научно-практический комментарий к главам нового уголовно процессуального кодекса РК. Алматы, 1998 год.
  4. Скамин С.П. Сравнительные таблицы УК и УПК РК, КазССР и РФ. Алматы, 1998 год.
  5. Ахмедов Э.М. Актуальные вопросы расследования. Дисс. соискателя научной степени доктора юридических наук. Алматы, 1999 год.
  6. Нарикбаев М.С., Юрченко Р.Н. Актуальные вопросы применения

нового уголовного и уголовно-процессуального законодательства РК. Астана, 1999 год.

  1. Крылов И.Ф., Бастыкин А.И. Розыск, дознания, следствие. Ленинград, 1984 год.
  2. Ленский А.В. Досудебное производство в современном уголовном процессе России и его эфективность. Томск, 1998 год.
  3. Павлухин Л.В. Расследование в форме дознания. Учебное пособие. Томск, 1979 год.
  4. Михиенко К.М. Предварительное расследование. Кишинев, 1979 год.
  5. Содержание предварительного следствия в советском уголовном процессе. Учебное пособие (сборник статей). Краснодар, 1971 год.
  6. Марков А.Я. Дознание по делам о преступлениях подследственных следователям. Москва, 1995 год.