ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия факультеті
Химиялық физика және ЖМҚ химиясы кафедрасы
«Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз» ету циклы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
Алматы, 2009
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы 46 беттен, 11 суреттен, 2 кестеден, 31 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Түйінді сөздер: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ, ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ, ТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ, АВАРИЯ, АПАТ, ДҮЛЕЙ ЗІЛЗАЛА, ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ, ҚҰТҚАРУ ОТРЯДЫ, ДИСПЕТЧЕРЛІК КҮЗЕТ, ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ.
Зерттеу объектісі: Алматы қаласы «Құтқару қызметінің» жұмысы.
Жұмыстың мақсаты: Алматы қаласы «Құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі.
Жұмыстың міндеті:
- төтенше жағдайлардың түрлері және олардың шығу көздерімен танысу;
- табиғи және техногендік апаттар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін айқындау;
- Алматы қаласы «Құтқару қызметі» жұмысын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерімен танысу.
РЕФЕРАТ
Выпускная работа состоит из 46 страниц, содержит 11 рисунков, 2 таблицы, 31 использованный источник.
Ключевые слова: ЧРЕЗВЫЧАЙНАЯ СИТУАЦИЯ, ПРИРОДНАЯ ЧРЕЗВЫЧАЙНАЯ СИТУАЦИЯ, ТЕХНОГЕННАЯ ЧРЕЗВЫЧАЙНАЯ СИТУАЦИЯ, АВАРИЯ, КАТАСТРОФА, СТИХИЙНОЕ БЕДСТВИЕ, СПАСАТЕЛЬНЫЕ РАБОТЫ, СПАСАТЕЛЬНЫЙ ОТРЯД, ДИСПЕТЧЕРСКИЙ ПУНКТ, СЛУЖБА СПАСЕНИЯ.
Объекты исследования: работа «Службы спасения» города Алматы.
Цель выпускной работы: Организация и проведение работ «Служба спасения» города Алматы при чрезвычайных ситуациях.
Задачи:
- ознакомление с источниками и видами чрезвычайных ситуаций;
- определение особенностей организации и проведения спасательных работ при природных и техногенных катастрофах;
- ознакомление с особенностями организации и проведения работ «Службы спасения» города Алматы.
ГЛОССАРИЙ
Төтенше жағдай – белгілі бір аймақтарда күтпеген жағдайда пайда болатын ахуал.
Табиғи төтенше жағдай – табиғаттан келетін апаттар.
Техногендік төтенше жағдай – адамның өндірістік және шаруашылық әрекетінен туындайтын төтенше жағдайлар.
Дүлей зілзала – бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жоғалтуға соқтыратын, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлар өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.
Сел – тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай — ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздер еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен бұлақтар арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің лай-тас аралас қарқынды су тасқыны.
Эпидемия – нақты бір аймақтағы ауру-сырқаудың саны әдеттегі тірке-летін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы.
ТЖ – төтенше жағдай
АЭС – атом электр станциясы
ІҚҚ – іздестіру – құтқару кұрамалары
ҚӘУЗ – қатты әсер ететін улы заттар
ТЖ ААБЖ – төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық –басқару жүйесі
РҚО – радиациядан қорғайтын орындар
МҚКК – мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 7
- Төтенше жағдайлар және олардың көздері 7
1.1. Төтенше жағдай түрлері 7
1.2. Табиғатта кездесетін төтенше жағдайлар және олардың
көздері 11
1.3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың
көздері 13
- . Қазақстан Республикасының аумағында болған төтенше
жағдайлар деректері 14
- Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алу
және жоюдың мемлекеттік жүйесі 20
- Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың негізгі әдістері 26
- Төтенше жағдай зардаптары және жапа шеккен аймақтарда
авариялық – құтқару жүмыстарын жүргізу 32
- Табиғи апаттар (жер сілкінісі, су тасқыны) кезінде құтқару
жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері 32
- Техногенді апаттар (өндірістік авариялар, өрт, жарылыс)
кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу 33
ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ 35
ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ 38
ҚОРЫТЫНДЫ 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45
КІРІСПЕ
Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады.
Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.
Негізгі қорлардың, өндірістік ғимараттар мен ғимараттардың, көліктегі жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның тозуы және ескіруі, мұнай мен газ кен орындарын, өзге табиғи ресурстарды зерттеу мен игеру жеделдігі, көмір қышқыл шикізаты мен оның ұқсатылған өнімдерін тасымалдаудың үлкен көлемі техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың жағымсыз рөлінің өсуі үшін шынайы алғы шарт жасайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық ахуалдың күрт нашарлауы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен зілзалалар, індет пен жүқпалы аурулар ұлттық қауіпсіздікке қатер санатына жатқызылды.
Халық пен аумақты зілзалалар, авариялар мен апаттардан және олардан туындаған төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттік басқару төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің шегінде жүзеге асырылады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуы кезеңінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы маңызды заңдар, осы саладағы жекелеген мәселелерді реттейтін заңнамалық актілер, сондай — ақ, төтенше жағдайларды ескерту мен жою саласындағы қолданыстағы құқықтың осы уақыттағы бірыңғай жүйесін құрайтын өзге де нормативтік актілер қабылданды.
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін, құтқару жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру зардап көлемін төмендетеді.
Жұмыстың мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізудің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Жұмыстың міндеті:
- төтенше жағдайлардың түрлері және олардың шығу көздерімен танысу;
- Қазақстан аумағында болған төтенше жағдайлар деректерін талдау;
- табиғи мен техногендік апаттар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін айқындау;
- Алматы қаласы «Құтқару қызметі» жұмысын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерімен танысу.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Төтенше жағдайлар және олардың көздері
1.1 Төтенше жағдай түрлері
Қауіптілік – материяға (адамдарға, жануарлар мен өсімдік әлеміне, материалдық құндылықтарға) қауіп төндіретін немесе зиянды әсер ететін процесс, құбылыс, обьект, субьект Қауіптілік төтенше жағдайдың тууынан пайда болады.
Төтенше жағдай – белгілі бір аймақтарда күтпеген жағдайда пайда болатын табиғи апаттар мен адамдардың іс-әрекетінен туындайтын өндіріс авариялары, жұқпалы аурулардың таралуы т.б, нәтижесінде адам өміріне, денсаулығына қауып төнуі, қаза болуы, материялдық құндылықтардың, қоршаған ортаның бұзылуы.
Жыл сайын төтенше жағдайлар планетамыздағы 2,5 – 3 млн тұрғынның өмірін қиюда, одан болатын материалдық залалдар жылына 50 – 100 млрд долларды құрайды, бұл цифрлар тұрақты өсуде [3].
Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктеледі [4]:
пайда болу себебі бойынша;
ведомстволық қатыстылығы бойынша;
аумақтық таралуы бойынша.
Пайда болу себептеріне байланысты төтенше жағдайларды табиғи, техногендік, әлеуметтік, экологиялық деп жіктеуге болады (1-сурет).
1-сурет. Төтенше жағдайлардың пайда болу себептеріне байланысты жіктелуі
Ведомстволық қатыстылығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: құрылыста, өндірісте, коммуналдық – тұрмыстық қызмет көрсету саласында, көлікте, ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында, көліктік байланыста (газөткізгіштер, мүнайөткізгіштер) [4].
Төтенше жағдайларда зардап шеккен адамдар санына, келтірілген материалдық залал мөлшеріне, төтенше жағдайдың зақымдағыш факторының таралу аумағына байланысты төтенше жағдайлар объектілік, жергілікті, өңірлік, жаһандық болып жіктеледі (2-сурет) [5].
2-сурет. Төтенше жағдайлардың аумақтық таралуы бойынша жіктелуі
Объектілік төтенше жагдайға авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе элеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарының бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
5-тен астам, бірақ 10-нан көп емес адам қаза болса;
50-ден астам, бірақ 100-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері бес мыңнан он бес мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайтын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жатады.
Жергілікті төтенше жағдайға авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен шықса және облыстың екі ауданының шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
10-нан астам, бірақ 50-ден көп емес адам қаза болса;
100-ден астам, бірақ 500-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері он бес мыңнан жүз мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайтын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жатады.
Өңірлік төтенше жағдайға авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы бір облыстың кемінде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екі облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
50-ден астам, бірақ 200-ден көп емес адам қаза болса;
500-ден астам, бірақ 1500-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері жүз мыңнан екі жүз мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті қүрайтын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жатады.
Жаһандық төтенше жағдайға авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облыстарының аумағында болса не шектес мемлекеттердің аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
200-ден астам адам қаза болса;
1500-ден астам адамның тіршілік ету жағдайлары бүзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері екі жүз мыңнан аса айлық есептік көрсеткішті құрайтын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жатады.
Адамзатқа табиғаттың адамға бағынышты емес дүлей күштерінің (жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар, құрғақшылық, орман және дала өрттері т.б.) тууынан болатын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (дүлей зілзалалар) көп мөлшерде зиян мен залал экеледі (3-сурет ).
3-сурет. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар түрлері
Жердегі өркениеттің даму тарихы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды туғызуға себепкер жағдайларды жасаумен тікелей байланысты. Адамның өндірістік және шаруашылық әрекетінен туындайтын төтенше жағдайлар техногендік деп аталады.
Әрбір минут сайын әлемде жарылыс, өрт болуда, үйлер мен ғимараттар қирауда, қоршаған табиғи ортаға зиянды да қауіпті заттардың орасан мөлшері тасталуда, көлікте, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетика мен байланыста авариялар мен апаттар болуда.
Өрт, жарылыс, көлік пен өндірістегі авариялар адамдарға есепсіз қайғы мен қасірет әкеледі. Жыл сайын элемде көліктегі авариялар мен апаттардан 1 млн – ға жуық адам қаза болады, 8 млн адам жарақат алады [3]. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуі 4-суретте көрсетілген.
4-сурет. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесі
Заманауи қоғамның өмірінде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар (соғыстар, террорлық актілер, адамдарды кепілдікке алу, ұрлық, алаяқтық, зорлық – зомбылық, зиянды мен қауіпті әдеттер, адамдардың жаппай толқуы, т.б.) ерекше орын алады. Олардың жалпы саны, түрлері, зардап ауқымдары ұдайы өсу үстінде. Әлеуметтік төтенше жағдайлардың спецификалық ерекшелігі мынада: олардың барлығы адамдар арасындағы өзара қарым – қатынас сферасында пайда болады және адам факторына байланысты келеді. Мұндай жағдайларды адамдар саналы түрде жоспарлайды, дайындайды және өздерінің саяси, ұлттық, діни, қылмыстық, қаржылық пен жеке мүдделерін шешу үшін жүргізеді. Бұл мақсаттарына жету үшін олар қатал да сорақы әдістерді қолданады: қорқыту, бопсалау, зорлық-зомбылық, алдау, кепілдікке алу, ұрлық, адам өлтіру, т.б. (5-сурет).
5-сурет. Әлеуметтік төтенше жағдайлар жіктемесі
Адамзаттың Жер бетінде комфортты сүруі үшін экологиялық төтенше жағдайларға ерекше мән беруі қажет. Мұндай төтенше жағдайларға мыналар жатады: өсімдіктер мен жануарлардың құрып – жоғалуы, топырақтың ластануы, сорлануы, батпақтануы мен эрозиясы, атмосфераның ластануы, әлемдегі мұхит суларының ластануы, табиғи ортаның ластануы, су қорларының сарқылуы, аумақтардың шөлейттенуі, т.б. жатады (6-сурет).
6-сурет. Экологиялық төтенше жағдайлар түрлері
1.2 Табиғатта кездесетін төтенше жағдайлар және олардың көздері
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және орман кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануды туғызатын төтенше жағдайлар [2].
Басқаша айтқанда, мұндай жағдай табиғи сипаттағы төтенше жағдай ошақтарының белгілі бір аймақта пайда болуына әкеліп соғатын процестер немесе қауіпті табиғи кұбылыстардың нәтижесінде болады.
Дүлей зілзала – бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жоғалтуға соқтырады, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлар өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.
Қауіпті геологиялық құбылыстар мен процестер. Геологиялық қауіпті құбылыстарға адамдарға, ауыл шаруашылық малдары мен жануарларына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін геологиялық жағдайлар жатады.
Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде кенеттен пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жылдам жер асты дүмпуі мен жерастының қозғалысы.
Зардап шеккендердің саны жер сілкінісінің орны мен күшіне, халықтың тығыздығына, құрылыстардың сейсмотұрақтылығы мен биіктіктеріне, тәулік уақытына, зақымдаушы фактордың екінші рет пайда болу мүмкіндігіне, халықтың және арнайы іздеу – құтқару құрамаларының (ІҚҚ) дайындықтарының дәрежесіне тәуелді.
Опырылу (сусыма, тас құлау) – бұл ең алдымен тау жыныстарынын желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жерүсті және жерасты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауының бөлініп, құлауы.
Қар көшкіні – тау баурайымен өз салмағының әсерінен және тау баурайының шайылуы, тау жынысының шамадан тыс сулануынан болатын қосымша ауыртпалықтар, сейсмикалық дүмпудің және басқа да процестердің нәтижесінде тау жынысы массасының жылжуы.
Сел – тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай — ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен өзеншіктер арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің лай-тас аралас қарқынды су тасқыны.
Қауіпті гидрологиялық құбылыстар мен процестер. Қауіпті гидро-логиялық құбылыстар – әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлар-дың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі.
Су басу – құрғақ жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табыла-тын судың жоғарғы деңгейі. Су басу, су тасу немесе тасқын кезіндегі су деңгейінің көтерілу нәтижесінде, жинақтау, жел толқыту нәтижесінде, сондай-ақ гидротехникалық кұрылғылардың бұзылу кезінде болуы мүмкін.
Су тасу – жыл сайын белгілі бір климаттық жағдайда мерзім сайын қайталанатын, шағын су көлемімен, жоғарғы және ұзақ мерзімді су деңгейінің көтерілуімен сипатталатын және қардың еруімен немесе қар мен мұздықтың бірге еруінен болатын өзен суы тәртібінің фазасы. Су тасуларды көктемдік, көктем – жаздық, жаздық деп бөледі.
Қар көшкіні – адамдардың өмірі мен денсаулығына кауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.
Қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен процестер. Адамдарға, ауылшаруашылық малдарына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосындысының ықпалынан туындайды. Олардың қатарында:
Дауыл – жылдамдығы 32 м/с асатын (115 км/с аса), айтарлықтай ұзақтығы мен қиратқыш күші бар жел.
Теңіз дауылы – үзақ уақытты, 20 м/с аса жылдамдьқпен соғатын өте күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел.
Күшті жел – ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14 м/с аса жылдамдықпен қозғалуы.
Табиғи өрттер. Табиғи өрт – апаттық түрде пайда болатын және табиғи ортада таралатын бақылаусыз жану процесі.
Өрт аймағы деп – апатты құбылыс, авария немесе қирау, адамдардың отты абайсыз пайдалануы нәтижесінде белгілі бір аймақта өрттің пайда болуы мен таралуын айтады.
Мемлекеттік орман күзеті – ормандарды қорғауды іске асыру үшін ұйымдастырылған орман шаруашылығы мен қала ормандарының, орман-қорықтарды және бекітілген ормандардың күйін қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдардың арнайы қызметі болып табылады.
Эпидемия – нақты бір аймақтағы ауру-сырқаудың саны әдеттегі тірке-летін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы. Кейде аурудың таралуы пандемия сипатын алады, яғни белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік – гигиеналық жағдайда бірнеше мемлекеттің немесе құрылықтың аумағын қамтуы.
Эпизоотия – белгілі бір аумақтың шегінде бір мезгілде уақыт пен кеңіс-тікте дамитын, белгілі бір аймақтағы ауруға шалдығу деңгейінің әдеттегі санынан айтарлықтай асатын, бір немесе бірнеше түрдегі ауылшаруашылық малдарының арасындағы инфекциялық аурудың таралуы. Ол панзоотиялық, эпизоотиялық сипат алады.
Эпифитотия – ауылшаруашылық дақылдарының жаппай жойылуы және олардың өнімділігінің төмендеуімен қатар жүретін уақыт пен кеңістікте ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаппай, біртіндеп күшейе түсетін инфекциялық аурулары және (немесе) өсімдік зиянкестері санының бірден өсуі.
1.3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың көздері
Техногенді сипаттагы төтенше жағдайлар – өнеркәсіп, көлік және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды таратын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттар кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр – энергетикалық және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар [2].
Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторы –бұл тиісті параметрлермен анықталатын немесе көрінетін, физикалық, химиялық және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен сипатталатын адамдардың, ауылшаруашылық малының өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға жағымсыз эсер ететін қауіпті оқиғаның құрастырушысы.
Химиялық авария – адамдардың қаза болуына немесе химиялық улануына, азық-түліктің, тамақ шикізаты мен жемнің, ауылшаруашылық жануарлары, өсімдіктердің химиялық улануына немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық ластануына қабілетті химиялық заттардың төгілу немесе шығуынан болатын химиялық кауіпті объектілік авария.
Биологиялық авария – адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруа-шылық жануарлары үшін қауіп туғызатын, қоршаған табиғи ортаға залал келтіретін көлемде қауіпті биологиялық заттардың таралуынан болатын авария.
Радиациялық авария – аталған нысанда қалыпты пайдалану жобасымен алдын-ала көрсетілген шекарасынан радиоактивті заттар және иондаушы сәулелердің шығуы мен төгілуіне алып келетін, мөлшері, пайдалану қауіпсіздігінің белгіленген шегінен асатын, радиациялық қауіпті нысандағы авария.
Өрттер (жарылыстар). Өрт жарылыс қаупі бар объект – техногендік төтенше жағдайдың нақты пайда болатын қаупін туғызатын, тез тұтанатын және өртенумен жарылу қаупі бар заттарды шығаратын, пайдаланалатын, ұқсататын, сақтайтын немесе тасымалдайтын объект.
Жарылыс – шектеусіз көлемде энергияның едәуір бөлігінің кенеттен босауы мен қоса өтетін заттардың физикалық және химиялық айналымының тез өтетін процесі. Оның нәтижесінде қоршаған кеңістікте техногендік төтенше жағдайларға алып келуге немесе пайда болуына алып келуге қабілетті соққы толқыны пайда болады және таралады.
Жарылыс қаупі бар зат – жалын, діріл немесе жарылу кезінде жарылуы мүмкін зат.
Көліктегі кауіпті оқиғалар. Көліктегі авария – адамдардың қаза болуына, зардап шеккендерге ауыр дене жарақатын салуға, көлік имараттары мен қүралдарын жоюға және зақымдауға немесе қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге алып келетін жағдай.
1.4. Қазақстан Республикасының аумағында болған төтенше жағдайлар деректері
2007 жылы жедел деректер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында ірі жол – көлік оқиғаларын есептегенде 21637 төтенше жағдайлар мен табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелді (2006 жылдың осы мерзіміне қарағанда 9,1% аз). Бұл жағдайларда 5781 адам зардап шекті (2006 жылдың осы мерзіміне қарағанда 4,5% аз), оның ішінде 1591 адам қаза тапты (2006 жылдың осы мерзімінде 7,2% аз). Алдын-ала деректер бойынша материалдық зиян 4139,7 млн, ал 2006 жылы – 9417,2 млн теңгені құрады (кесте 1) [3].
Оның ішінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны 17763 оқиға болып отыр (ТЖ жалпы санының 82,1% ), ал олардың 96% — ын (17060) тұрмыстық және өндірістік өрттер құрайды. 2006 жылмен салыстырғанда оқиғалар саны 1379 оқиғаға немесе 7,2% — ға кеміді. 2130 адам зардап шекті (2006 жылға қарағанда 23,7% — ға кем), олардың 1156 — сы қаза болды (2006 жылға қарағанда 11,3% — ға аз).
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны 3874 оқиғаны немесе жалпы ТЖ санының 17,9% — ын құрайды. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 17,1% — ға аз. Мұнда 3651 адам зардап шекті (зардап шеккендердің жалпы саны 2006 жылға қарағанда 11,9% артық), 435 қаза болды (зардап шеккендер жалпы санының 5,8%), олардың 93,3% — ы суда қаза болды.
Төтенше жағдайлардың көпшілік бөлігі Қарағанды – 15,2% (3284), Шығыс Қазақстан – 13,3% (2888), Оңтүстік Қазақстан – 9,2% (1996), Алматы – 8,6% (1861), Павлодар – 8,6% (1860), Қостанай – 7,9% (1701) облыстарына және Алматы қаласы – 5,4% (1179) мен Астанаға – 3,2% (700) тиесілі.
Зардап шеккендердің саны Атырау облысында 4,8 рет, Маңғыстау облысында 2,3 рет, Қостанай облысында 1,5 рет, Астана қаласында 1,4 рет, Ақтөбе облысында 32,8%, Қызылорда облысында 10,3% өскен, осының салдарынан адам өлімі Ақтөбе облысында 73,3% (55 адамға), Маңғыстау облысында 83,3%, Астана қаласында 46,2% (30 адамға) артты.
Жалпы саннан олардың ең көп бөлігі Қарағанды – 15,1% (241), Алматы – 11,1% (177), Шығыс Қазақстан – 11,1% (177), Ақтөбе – 8,2% (130), Оңтүстік Қазақстан – 6,4% (102), Қостанай – 6,3% (101), Солтүстік Қазақстан облыстарының – 5,2% (83), Астана қаласы – 6% (95) мен Алматы қаласының – 4,6% (73) үлесінде.
2007 жылдың ішінде ТЖМ – ның күштері авариялық – қүтқару жүмыстарына 59872 рет шығу жасады, 13707 адам құтқарылды, 9480 адам ТЖ аймағынан көшірілді, зардап шеккен 492 адамға бірінші медициналық көмек көрсетілді. Өрт сөндіру қызметі мен авариялық – құтқару жұмыстары дабыл бойынша 49897 оқиға орнына, соның ішінде – 16964 өртке, 3561 – авариялық құтқару жұмыстарына, 27872 – есепке өрт деп алынбайтын жану жағдайларына (жалған дабылдар – 1500) барды. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерімен 2177 шығу болды, 843 адам құтқарылды. Жеке құрамның 9863 адамы және 2565 техника бірлігі тартылды. Жылдың басынан ТЖМ – ның өрт сөндіру қызметінің күшімен 10133 адам құтқарылды.
Суда құтқару қызметімен есепті кезеңде төтенше жағдайлар мен суда болған оқиғаларға 611 шығу жасалынды. Іздеу – құтқару операцияларының барысында суда – құтқару қызметімен 513 адам құтқарылды, (оның 194 – і бала), 164 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді, (оның 101 – і бала), 131 адам ТЖ аймағынан көшірілді (оның 79 – ы бала).
Техногендік төтенше жағдайлар. 2007 жылы 17763 төтенше жағдай мен техногендік сипаттағы оқиға (2006 жылғымен салыстырғанда 7,2% аз), сонымен қатар 17060 (96%) тұрмыстық және өндірістік өрт болды. 2130 адам зардап шекті, оның ішінде 1156 қаза болды.
Көліктік авариялар мен оқиғалар. Жедел деректер бойынша республи-када 2007 жылы автожолдар мен теміржолда және авиациялық көлікте 117 ірі көліктік авариялар тіркелді, бұл жағдайда 386 адам зардап шекті, оның ішінде 276 адам қаза болды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда республи-
ка бойынша көлік авариялары мен оқиғалар саны 20,6% — ға өсті.
1-кесте. Қазақстан Республикасы аумағында 2006-2007 жылдарда болған ТЖ мен оқиғалардың негізгі көрсеткіштері
Өткен жылда автожолдарда ірі жол – көлік авариясының 39 оқиғасы тіркелді, 315 адам зардап шекті, оның ішінде 237 адам қаза тапты. Өткен 2006 жылмен кезеңмен салыстырғанда 38 авария болған, одан 351 адам зардап шегіп, оның 223 қаза болған.
2007 жылы теміржолдағы авариялар мен оқиғалардың 65 хабары тіркелді, 54 адам зардап шекті, олардың ішінде 35 адам қаза болды. Өткен 2006 жылдың осы мерзімінде теміржол көлігінде 48 авария болып, онда 31 адам зардап шекті, 16 адам қаза тапты.
2007 жылы әуе көлігіндегі авариялар мен оқиғалары туралы 12 хабар тіркелді, 13 адам зардап шекті, оның ішінде 4 адам қаза тапты. 2006 жылы осы мерзімде 11 аналогиялық хабар түсті, 5 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты.
Өткен 2007 жылда 1 авария су көлігінде болды.
Өрттер мен жарылыстар. 2007 жылы өндірістік, тұрмыстық өрт, газ жарылыстары, техногендік сипаттағы қайғылы оқиғалар, жарылыстар және оқ-дәрілердің табылуы туралы 17358 хабар түсті. Бұл жағдайда 1434 адам зардап шекті, олардың 735-і мерт болды, өткен 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 31,6% және 16,9% -ға аз.
Жедел деректер бойынша өткен 2007 жылдың ішінде 17060 өндірістік және тұрмыстық өрт шықты. Онда 1087 адам зардап шегіп, 510 адам қаза тапты. Материалдық зиян 3550,1 млн теңгені құрады. Өткен 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өрт 7,3% -ға, материалдық зиян 60,6% -ға, өрт кезінде адамдардың қаза табуы 23,2% -ға төмендеді.
Газ жарылыстары туралы 2007 жылы 19 хабарлама келіп түсті. Бұл жағдайда 34 адам зардап шекті, 2 адам қаза тапты. Өткен 2006 жылдың осы мерзімінде 19 хабар түсіп, 13 зардап шегіп 2 адам қаза тапқан.
2007 жылы жарылыстар мен оқ-дәрі туралы 177 және техногендік сипаттағы қайғылы оқиғалар туралы 102 хабар тіркелді. Бұл жағдайда 276 адам зардап шегіп, олардың 144-і қаза тапты. Өткен 2006 жылдың осы кезеңінде жарылыстар мен оқ-дәрі табылуының 204 және техногендік сипаттағы 146 оқиға туралы хабар алынған еді, онда 408 адам зардап шегіп, олардың 97 -і қаза тапты.
Өндірістік авариялар. Өткен жыл ішінде республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындарында 213 төтенше жағдай мен оқиға тіркелді. Бұл жағдайда 229 адам зардап шегіп, 138 адам қаза тапты. Өткен 2006 жылдың осы мерзімінде 229 төтенше жағдай мен оқиғалар болды, 274 адам зардап шегіп, 173 адам қаза тапты.
2007 жылда тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде 44 төтенше жағдай тіркелді, зардап шеккендер саны 13, оның ішінде 7 адам қаза тапты. Өткен 2006 жылдың осы кезеңінде 34 төтенше жағдай болды, онда 18 адам зардап шегіп, 4-уі қаза болды.
Улы заттар мен радиоактивті заттардың төгілуіне байланысты авариялар. Өткен жыл ішінде қатты әсер етуші улы заттың (ҚӘУЗ) таралуы туралы 27 хабар тіркелді, соның салдарынан 68 адам зардап шекті және радиоактивті 4 зат табылды. Өткен 2006 жылдың осы мерзімінде ҚӘУЗ табылуы мен таралуына байланысты 23 хабар тіркелген, зардап шеккендер саны – 17 адам, 1 радиобелсенді зат табылды.
4 – тоқсанда сынаппен байланысты 1 төтенше жағдай анықталды.
Табиғи төтенше жағдайлар. 2007 жылы 3874 табиғи төтенше жағдай болды, бұл 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 17,1% — ға аз. 3651 адам зардап шегіп, олардың 435 – і қаза тапты.
Гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыстарға байланысты 39 оқиға тіркелді, онда 132 адам зардап шегіп, 11 адам қаза тапты.
Табиғи өрттер. 2007 жылы 1059 ірі табиғи өрттер тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда 30,81% — ға кем.
Жер сілкінісі. 2007 жылы республика аумағында Рихтер шкаласы бойынша 3 баллдық жиіліктегі 9 жер сілкінісі тіркелді. 2006 жылдың осы кезеңінде 12 жер сілкінісі болған [12].
2 – кестеде Қазақстан Республикасы аумағында 2003 – 2006 жылдары болған төтенше жағдайлар мен оқиғалардың салыстырмалы көрсерткіштері келтірілген.
7-суретте Қазақстан Республикасы аумағында 2003 – 2007 жылдары болған төтенше жағдайлар мен оқиғалардың салыстырмалы көрсеткіштері диаграмма түрінде көрсетілген.
7-сурет. Қазақстан аумағында 2003 – 2007 жылдары болған ТЖ мен оқиғалардың салыстырмалы көрсеткіштері
2-кесте. Қазақстан Республикасы аумағында 2003 – 2007 жылдары болған ТЖ мен оқиғалардың салыстырмалы көрсеткіштері
- Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының авариялардан, апаттардан және табиғи зілзалалардан пайда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қызметін үйлестіруді жетілдіру, осы салада бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы Ережесі» Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттерін, жұмыс істеуінің ұйымдастырылуы мен тәртібін белгілейді [13].
Төтенше жагдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі (ТЖМЖ):
— бейбіт уақытта және соғыс кезінде төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын
алуға;
- ал олар пайда болған жағдайда — зардаптарын жоюға (адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін тікелей қауіп-қатерді жою жөніндегі құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, халықтың тұрмыс-тіршілігін қалпына келтіру);
- халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоршаған табиғи ортаны қорғауға және халық шаруашылығына келтіретін зиянын азайтуға арналған.
Төтенше жагдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттері:
- бейбіт уақытта және соғыс кезінде төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда олардың алдын алу, адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
- халықты, аумақтарды қорғауды, техникалық және экологиялық қауіпсіз-дікті қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесін қалыптастыру;
- төтенше жағдайларға ден қою, олардың зардаптарын жою, олардың туындау себептерін тексеру тәртібін айқындау;
— мониторинг пен халықты хабардар етуді ұйымдастыру;
- авариялар, апаттар, табиғи және экологиялық зілзалалар, жұқпалы ауру-лар, эпизоотиялар, эпифитотиялар пайда болған кезде төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамды және оның тіршілік ету ортасын қорғауға, шаруашылық жүргізу және әлеуметтік сала объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыруға бағытталған мемлекеттік мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлеуді және оларды орындауды ұйымдастыру;
- Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен пункттерінің, байланыс және хабар беру жүйелерінің төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға күштері мен құралдарының жоғары әзірлігін қамтамасыз ету, оларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- төтенше жағдайлардың әлеуметтік-экономикалық зардаптарын болжау және бағалау; зардап шеккен халықтың тұрмыс-тіршілігін бірінші кезекте қамтамасыз ету;
- халықты төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға үйрету және даярлау, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің маман кадрларын әзірлеу және олардың біліктілігін арттыру;
- төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, авариялардың, апаттар мен табиғи зілзалалардың зардаптарын жою ісінде шет мемлекеттерге көмек көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
ТЖМЖ құрамына мыналар кіреді:
- аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен қоса Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы;
— өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз ететін орталық және жергілікті атқарушы органдардың басқару органдары, ұйымдары кіреді.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың іс-қимылын үйлестіру үшін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мынадай комиссиялар қүрылады:
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоара-лық мемлекеттік комиссия;
- облыстардың, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссиялары;
- Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөніндегі салалық комиссиялары;
— мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия;
- көліктегі қауіпсіздік пен терроризмге қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі;
- көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық (қалалық) комиссиялар;
— республикалық және аумақтық эвакуациялық комиссиялар;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;
- Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешімі бойынша құрылатын, меншік нысандарына қарамастан, ұйымдардың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары, эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары.
ТЖМЖ аумақтық, функционалдық және салалық (объектілік) кіші жүйелерді қамтиды және олардың екі деңгейі бар:
- жергілікті;
- республикалық (мемлекеттік).
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелері қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес келеді.
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесіне басшылықты (сурет 8):
республикалық (мемлекеттік) деңгейде:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі;
- төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесін құру, жұмыс істеуі және одан әрі дамуы, сондай-ақ Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесін жедел басқару);
- Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің функциялық және салалық кіші жүйелеріне басшылық жасау);
жергілікті деңгейде:
- төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның аумақтық органдары ТЖМЖ аумақтық кіші жүйелерін басқару кезінде жұмыс аппараты болып табылатын жергілікті атқарушы органдар, жергілікті атқарушы органдардағы Азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімдер (қызметкерлер), ұйымдар басшылары (ТЖМЖ объектілік кіші жүйелерінің басшылары);
- кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің объектілік кіші жүйелерін басқару) жүзеге асырады.
Байқау және бақылау күштері мен кұралдарына мыналардан кіреді:
- Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның кезекші қызметтері;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың кезекші қызметтері;
- қауіптілігі ықтимал объектілердің кезекші диспетчерлік қызметтері;
- апаттар медицинасы орталықтарының диспетчерлік қызметтері;
- өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері;
- төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның органдары;
- радиациялық және ядролық қауіпсіздікке мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар;
- теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар;
- көлікті қауіпсіз пайдалануды бақылайтын органдар;
- сәулет-құрылыс бақылайтын органдар;
- Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары;
- ветеринария, фитосанитария, жануарлар мен өсімдіктер карантині сала-сында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар;
- қоршаған орта мен табиғи ресурстардың, оның ішінде гидрометео-рология және табиғи ортаның ластануы бойынша мониторинг қызметтері;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар;
8-сурет. Қазақстан Республикасы «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі» құрылымы
- сейсмологиялық байқау және жер сілкінісін болжау республикалық жүйесінің қызметтері;
- селдердің, тау көшкіндерінің және қар көшкіндерінің мониторингі қызметтері;
— орман және дала өрттерінің мониторингі қызметтері. ТЖ жою күштері мен құралдары мыналар жатады:
- азаматтық қорғаныс бөлімдері;
— республикалық және аймақтық аэромобильді жедел-қүтқару жасақтары;
- өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері;
- суда құтқару қызметінің құралымдары;
- сүңгуір авариялық-құтқару жасақтары;
- авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру құралымдары, оның ішінде штаттық тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтанға қарсы және басқа да мамандандырылған қызметтер;
- 051 құтқару қызметтері;
— орманды авиациялық күзету және қорғау қызметін қоса алғанда, орман-да өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері;
- азаматтық қорғаныстың аумақтық және объектілік құралымдары;
- сел, су тасқыны және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнін-дегі қызметтер;
— Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің үнемі әзірлікте тұра-тын радиациялық, химиялық және биологиялық қоргану, инженерлік әскерлері және басқа да әскер түрлері әскери бөлімдері;
- бірыңғай авиациялық іздестіру-құтқару қызметі.
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмысын ақпараттық жағынан қамтамасыз етуді автоматтан-дырылған ақпараттың-басқару жүйесі (ТЖ ААБЖ) жүзеге асырады.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде жағдай туралы ақпаратты:
- қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің аппараттары, сондай-ақ ұйымдар –дереу Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдарына;
- ұйымдар – өздерінің өкілеттігіне сәйкес дереу орталық атқарушы органға;
- Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқару-шы органының аумақтық органдары – дереу «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне береді.
Жаһандық және аймақтық төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы ақпаратты:
— Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдары – Қазақстан Республикасының шекаралас әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әкімдеріне;
- орталық атқарушы органдар — ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне;
- Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы — өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес дереу Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық атқарушы органдарға береді.
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің қызметіне бейбіт уақытта және соғыс кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыру кіреді.
Жағдайға қарай жүйенің жұмыс істеуінің үш тәртібі:
- күнделікті қызмет тәртібі;
- аса жоғары әзірлік тәртібі;
- төтенше тәртібі болады.
Жағдайға қарай Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің кіші жүйелері мен буындары бір мезгілде түрлі режимдерде жұмыс істей алады.
Төтенше жағдайларды жоюды Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесінің аумақтық немесе төтенше жағдайлар пайда болған аумақтар мен объектілердің ведомстволық кіші жүйелерінің күштері мен құралдары жүзеге асырады.
Халықты төтенше жағдайлар кезінде қорғау тәсілдеріне үйретуді Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның аумақтық органдары жұмыс істейтін, оқитын және тұрғылықты жерлердегі сабақтарда, жаттығуларда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және арнайы оқу-жаттығулар кезінде, сондай-ақ дербес жүзеге асырады.
- Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың негізгі әдістері
Халықты, коршаган орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері. Халықты қорғау принциптері — бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкметі ресми белгілеген ережелер.
Халықты авария, апат, зілзала мен осы заманғы зақымдау қүралдарының салдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі аға бастық үйғарымын, ахуалды бағалау мен жергілікті жағдайларды және мүмкіндіктерді ескере отырып әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.
Осы заманғы зақымдау құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принциптері мыналар [15]:
- Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:
а) бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу. АҚ
жоспарлау — Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды кұрамдас
бөлігі. Оның мәні бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен
бағалау, халықты қорғау жөніндегі АҚ шараларын анықтау болып табылады;
б) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау
әдістеріне даярлау. Моральдық — психологиялық қасиеттерді және АҚ мен
ТЖ бойынша оқып-үйрену қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру;
в) ұжымдық және жеке қорганыс құралдарын жинау және
оларды пайдалануға әзірлікте үстау;
г) көшіру шараларын даярлау;
д) бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары
мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.
- Қорганыс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемі ТЖ сипатына, сондай-ақ қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныстық маңызы мен жергілікті жағдайларға байланысты.
Бірінші кезекте соғыс уақытындағы жағдайда халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады: қызметтері соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;
АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және болжанған орындарға, сондай-ақ құрылыстары АҚ-ны бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қарапайым панаханаларға жасыру.
Бейбіт уақыттағы ТЖ жағдайындағы міндеттерді шешу кезіндегі өткізілген шаралардың сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас ҚР әртүрлі аймақтары үшін тән зілзала түріне, сондай-ақ аса кауіпті шаруашылық объектілеріндегі ықтимал аварияларға байланысты.
- Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас.
Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.
Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысының барынша сәйкес келетіндігіне басымдық бере отыра халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу кажет.
а) Инженерлік шаралар.
Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады.
б) Көшіру шаралары.
Көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді.
в) Радиация мен химиядан қорғау шаралары.
Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады, ол мыналарды қамтиды:
- халық пен АҚ құрамаларын;
- қорғаныс, панаханадағы ауаны сүзу және айдау құралдарымен;
— радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-5, ПМД-21);
- химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ШІХР, ҚӘУЗ мөлшерін анық-тайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1);
- дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД. ДП-22В, ДП-24) қамсыз дандыруды;
- осы құралдарды әзірлікте ұстауды;
- радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалауды;
- халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану турады хабарлауды;
- азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің зақымдануына жол бермеу және оларды залалсыздандыруды;
- радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеуді;
- жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ судың, азық-түліктің улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлерін пайдалануды;
— радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жоюды.
г) Медициналық шаралар.
Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі.
Ол мыналарды қамтиды:
- санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шаралар жүргізуді;
- халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді;
- халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыз-дандыруды;
— объектілердің радиоактивтік, химиялық заттар және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыруды;
— санитарлық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.
д) Өрттен қорғау шаралары.
Бұл — халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қоргау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мынаны камтиды:
- ықтимал өрт ахуалын болжауды;
- қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөніндегі инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізуді;
- өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын;
- өрт ахуалын багалау мен оны бақылауды;
— өрт ошақтарын, сондай-ақ қала құрылысы аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалауды;
- өрттің алдын алуды, жайылтпау мен сөндіруді.
Сөйтіп, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас қана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздандырады.
Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу бүкіл халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
- ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар. Республика басқару органдарында әзірленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыс бойынша негізгі мәселелер енгізілген:
— даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі;
- коменданттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердің, жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу;
- гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;
- зақымдау ошақтарында және зілзала, ірі авария мен апат кезінде барлауды ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу мәселелерін келісу. АҚ мүддесі үшін барлау жүргізу үшін әскери басшылық ұшақтар, тікұшақтар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін;
- радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудың бірыңғай жүйесін белгілеу;
- көлік, медицина, инженерлік, материалдық-техникалық құралдар мен өзара көмек көрсету жөніндегі шаралар;
- санитарлық – эпидемиялық ахуал туралы ақпарат;
- халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану.
Халықты қорғаудың негізгі әдістері. Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.
Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:
- қорғаныс ғимараттарына жасыру;
- халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
- жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;
- дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;
- азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;
- радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау, дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
- өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;
- зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;
- адамдарды, техниканы, киім мен аяқ-киімді санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.
Қорғаныс ғимараттарына жасыру — халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.
Таратып қоныстандыру және АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, яғни жау шабуылы құралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.
Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.
9-сурет. ТММЖ жүйесіндегі қорғау шараларының түрлері
Жеке және медициналық, қорғаныс құралдарын қолдану осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивті, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немес әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидодтар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.
Халықты қорғау республика Азаматтық Қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар — ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру — бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.
9-суретте ТММЖ жүйесіндегі халықты төтенше жағдайлардан қорғау шаралары түрлері көрсетілген [16].
- Төтенше жағдай зардаптары және жапа шеккен аймақтарда авариялық — құтқару жұмыстарын жүргізу
4.1. Табиғи апаттар (жер сілкінісі, су тасқыны) кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері
Жер сілкінісі — қаһарлы кездейсоқ құбылыс. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады да қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, өрт пайда болады, адамдарды үрей билейді.
Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимараттардың зақымдалуынан болатын залалдар ғимараттың өзінің зақымдалуынан болатын шығыннан бірнеше есе асып түседі [18].
Жер сілкінісі зардабын жоюда және авариялық — құтқару жұмыстарын жүргізуде АҚ мен ТЖ құрамалары әуелі мыналарды жасайды:
- үйінді астынан және өртеніп жатқан ғимараттан зардап шеккендерді шығару;
- үйінділерден құтқарылған зардап шеккендерді көшіру үшін және тех-никаға қажетті жолды ашу;
- жер сілкінісінен пайда болған өртті жайылтпау және сөндіру;
- адам өміріне қауіп төндіретін коммуналдық — энергетикалық тораптар-дағы апат көздерін жою;
- опырылысқа ықтимал және апат қалпында тұрған құрылыстарды күшейту не бұзу;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, қажет болған жағдайда оларды ауруханаға жөнелту;
- баспанасыз қалған адамдарға уақытша тұратын панажайларды ұйым-дастыру, оларды қажетті азық — түлікпен қамтамасыз ету.
Су тасқыны зардабын жою мен авариялық — құтқару жұмыстарын жүргізу үшін АҚ және ТЖ құрамалары мен бөлімшелері мынадай шараларды жүргізеді:
- су тасқынына байланысты көшірудің басталғаны мен тәртібі туралы халықты хабардар ету;
- халыққа көшіру нүктесіне жиналатын орын, оған келу мерзімі, т.б. мәліметтерді хабарлау;
- халықты жақын орналасқан елді мекендерге көшіру;
- халықты қоғамдық ғимараттар мен жергілікті тұрғындардың үйіне қоныстандыру;
- су басқан аумақтағы адамдарды іздеуді жедел ұйымдастыру;
- су басқан аумақтарда қалып қойған адамдарды су көліктерімен әкету;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, қажет болған жағдайда оларды ауруханаға апару;
- баспанасыз қалған адамдарға уақытша тұратын панажайларды ұйым-дастыру, оларды қажетті азық — түлікпен қамтамасыз ету;
- су тасқыны салдарынан өндіріс нысандарында, коммуналдық – энерге-тикалық пен байланыс желілеріндегі аварияларды жою.
4.2. Техногенді апаттар (өндірістік авариялар, өрт, жарылыс) кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу
Техногендік апаттар кезінде тұрғындардың тіршілігін қамсыздандыру, адамдардың денсаулығын және жұмыскерлік жағдайын көтеру шаралары қолға алынады.
Бұл жиынтық мыналарды қамтиды:
- тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен және де күнделікті қажеті бар құралдармен қамсыздандыру,
- бактериологиялық, химиялық, радиоактивті зақымданудан азық-түлікті, су қоймалары және су беру жүйесін қорғау;
- тұрғындарды коммуналды-тұрмыстық қамсыздандыру;
- тұрғындарды медициналық қамсыздандыру;
- ТЖ ахуалында іс-әрекет тәртібін жасау және өз уақытында орнату;
- тұрғындарды санитарлық тұрғыдан қарау;
- әзір өнімдерді, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, көлікті, аумақты зарарсыздандыру бойынша жұмыс жасау;
- тұрғындарға нақты ақпар беру;
- адамдардың моралдық-психологиялық және психологиялық тұрақты-лығына көмек беру шараларын жасау;
— тұрғындарды еңбек ету мүмкіншілігімен қамсыздандыру [19]. Техногендік апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу барысында,
негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек беру үшін, апат аумағында қалғандарды шығару үшін жедел жетуге бағытталады.
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуына; коммуналдық, энергетикалық, техно-логиялық жүйелердің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен; құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларға тәуелді.
Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашу керек.
Бір бағытты қозғалысқа кіретін жолдар ені 3-3,5 м, екі бағытты қозға-лысқа кіретін жолдар ені 7 м болуы тиіс. Мұнда бір бағытты қозғалыс кезінде әр 150-200 м сайын 15-20 м созылымдығымен ажыратқыштар жасалады [20].
Кіріс жолдарын жасау үшін автокрандар, бульдозерлер мен нысан құрамалары қатыстырылады.
Тапсырма алған өрт сөндіру құрамалары жұмыс нысандарына бағыт алып, жол бойы кездескен өрт ошақтарын өшіріп жүреді.
Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелер мен АҚ құрамалары айналысады. Бірақ, бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғындарды қатыстыру керек.
Барлау мәліметтеріне сүйеніп, адам құтқару мен іздестіру жұмыстарын құтқарушылар келуімен бастайды. Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдармен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатуды пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап, таза ауа жібереді.
Зақым алған адамдар жасалған жол арқылы мына амалдармен шыға-рылады: қолмен, плащпен, брезентпен, көрпемен, сүйреу жолымен, зембілмен т.б. заттар арқылы. Адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, қауіпсіз аудандарға шоғырландырады.
Құтқару жұмыстарына кедергі келтіретін, әрі жаңа аварияларды жасап және адам зақымдандыратын аварияларды оқшаулау мен жою бойынша жұмыстар, әдетте құрама буындарымен су құбырлары, канализациялары, электр, газ, жылу мен сантехникалық жүйелері арқылы іске асырылады.
Коммуналды-энергетикалық пен технологиялық жүйелеріндегі авария мен бұзылу зардабын жоюдағы негізгі амал — қираған бөлімшелерді және ғима-раттардағы қадашаны ажырату [21].
Өрт өшіру мақсатында су жіберу сорабы стансалары мен үңғымалар қайта қалпына келтіріледі, қосалқы, су айдау резервуарлары іске қосылады.
Жылу берілістер жүйесі аварияға ұшыраған кезде, адамдарға зақым келтірмес үшін, ғимаратты сыртқы жүйемен ажырататын ысырманы іске қосады.
Газ тарату жүйесінде болған аварияларды жоюды жеке газтаратқыш пен газголдерлі стансалардың ажыратылуы іске асады. Төменгі қысымды газ құбырлары тығындалады, әрі шикі балшықпен сыланып, жапырақты резинамен оралады. Құбыр саңылаулары тығыз (брезент) таңғышпен немесе қамыт салы-нып, жапырақты резинамен оралады. Газ жану барысында, оның жүйедегі қысымы кемиді, жалын құм, жер, балшық, саз арқылы өшіріледі. Газбен байланысы бар аварияларда оқшауландыратын газқағарлар мен жарылуға қауіпсіздігі бар лампаларды қолдану арқылы іс-шаралар жүргізу қажет.
Электрқуаты жүйелеріндегі аварияларды жою, тек ток ажыратылған соң ғана (ғимарат кірісіндегі ажыратқышты, сақтағыштарды ағытумен, сымдарды кесумен) жүргізіледі. Электр жұмыстарында жүйе аумағы екі жақтан жерге қосылады.
Канализациялық торапта аварияларды жою үшін, ағынды суларды бұрып, зиян шеккен жерін ажыратады.
Технологиялық құбыр берілістерінің қирау шамасында, шұғыл жұмыстар жарылыс пен өрт болдырмау мақсатында (құбыр тосқауылдарын және қысым ұстайтын насостарын өшіру) орындалады.
Құтқару жұмыстары барысында қираған ғимараттарды бұзу жүмыстары көтергіш, трактор немесе жару амалдарымен жасалады. Қабырғалардың күшейтілуі неше түрлі тіреулер арқылы іске асырылады.
Азаматтық қорғаныс құрамалары ҚӘУЗ-бен ластану ошақтарына айналатын аварияларды шектейді әрі жояды, аумақ пен ғимараттарды залалсыздандырады.
ҚӘУЗ бар коммуникациядағы аварияларды жою барысында авариялық-техникалық топтың жеке құрамасы крандарды және т.б. айдағыш қондырғыларды жабады, улы зат құбыр арқылы әрі таралмас үшін құбыр шеттерін ағаш (металл) тығындармен бітейді, саңылауларға муфталарды орнатады.
Техногенді төтенше жағдайлар кезінде адамдарды құтқару ТЖ-ын жою процесінің бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді.
Сипаттамасы бойынша адамдарды техногендік апаттар кезінде құтқару арнаулы үш топқа жіктеледі: құтқару, арнаулы (жедел), қосалқы.
Техногендік апаттар кезіндегі құтқару жұмыстары адамдарды құтқарып алумен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:
- басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
- зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
- зардап шеккендерді апат болган жерден көшіру.
Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:
- өрт сөндіру;
- коммуналды — энергетикалық, техникалық желілердегі апаттарды жою;
- тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
- осал құрылыстарды күшейту [22].
ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
Зерттеу жұмысы Алматы қалалық «Құтқару қызметі» мекемесінде жүргізілді. Жұмыс әдістері негізіне сараптау нәтижесінен туындалған жиі кездесетін жол — көлік апаттары кезіндегі құтқару әдістері алынды.
Жол – көлік оқиғалары кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру-дың әдістері. Кезекші — диспетчерлік пунктіне авария немесе апат туралы түс-кен ақпараттан кейінгі құтқару қызметінің іс-әрекеті мынадай болып келеді:
- оқиға орнына жедел жету;
- оқиға болған жерде бақылау жүргізіп, жағдайды бағалау; қолда бар құралдар мен құтқарушылармен адамдарды құтқаруды шұғыл ұйымдастыру, олардың қорқыныш — үрейге бой алуын болдырмау;
- құтқару жұмыстарының басты бағытын, қажетті күш пен құралдарды, әрекеттердің әдістері мен амалдарын анықтау;
- бөлімшелерге (құтқарушыларға) нақты міндеттерді белгілеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
- оқиға орнындағы ахуалдың өзгеруін ұдайы қадағалау, қажет болғанда тиісті шешімдер қабылдау;
Жол – көлік оқиғасы кезінде «Құтқару қызметінің» жұмысы.
1) ЖКО кезінде жапа шеккендерді құтқарушы топтың міндеттерін
алдын ала белгілеу.
Жол — көлік оқиғасы зардаптарын жоюдағы авариялық — құтқару жұмыс-тарына бірнеше құтқарушыдан тұратын құтқару топтары жұмылдырылады. Мысалы, 5-6 адамнан тұратын топтың құрамы мынадай болып келеді:
- топ командирі – адамдарды құтқару жұмыстарын басқарады және басқа да жұмылдырылған бөлімшелермен бірлесе әрекет етуді ұйымдастырады;
- жүргізуші — көліктік құралды басқарады, гидравликалық сорап станса-лары жұмысы мен басқа да авариялық – құтқару инструменттерін энергиямен жабдықтау құрылғыларының жұмысын, ЖКО орнын жарықтандыруды қамта-масыз етеді;
-1-2 құтқарушы – зақымдалған көлік құралын маталудан босатады, ондағы зардап шеккендерді көліктен шығарып алады;
- құтқарушы – авариялық — құтқару жұмыстарын жүргізу орындарында қосымша зақымдаушы факторларды туғызатын жұмыстардың (жанармайдың төгілуін қадағалайды, жану ошақтарын оқшаулайды және сөндіреді, әйнек сынықтары мен басқа да өткір заттарды жинап, алып тастайды) алдын алады, оқшаулайды және олардың әсерін болдырмайды, зақымдалған автомобильдің орнықтылығын тексереді, авариялық — құтқару жұмыстары орнын қоршайды;
- медциналық қызметкер – зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оларды зақымдалған автомобильден шығарып алуға көмектеседі.
2) Авариялық — құтқару жұмыстарын жүргізу орнын 3 аймаққа бөлу.
3) ЖКО-ның қосымша зақымдаушы факторлары әсерін төмендету
немесе жою жұмыстарын орындаудың бірінші кезектілігі.
4) Зақымдалған автомобильдегі жапа шегушілерге алғашқы
медициналық көмек көрсету үшін оларға жету жолын шұғыл қамтамасыз ету.
- Жапа шегушінің жағдайына қарай бірінші кезекте мынадай меди-циналық шаралар көрсетіледі: шокқа қарсы терапия, жарақаттан дененің ауруын уақытша басу, қан ағуын тоқтату, жарақаттанған адамды зақымдалған көліктен шығарарда, егер оның бір жері сынса немесе ұлпалары үзілсе, оны белгілі бір жағдайға жатқызу және осы жағдайдан бүкіл авариялық құтқару жұмыстары кезінде қозғамау.
- Жедел жәрдем автомобилі келіп жеткен соң, жарақаттанған адамды медициналық қызметкерлер қарамағына өткізу [25].
Жол — көлік оқиғалары кезінде қолданылатын техникалық құралдар. Жол – көлік оқиғалары зардаптарын жою кезінде авариялық — құтқару жұмыс-тарын жүргізгенде гидравликалық, пневматикалық, электрлік және қол инс-трументтері, автомобиль крандары мен шығырлары қолданылады. Зақымдалған автомобильдерді бөлшектеу үшін, тек қана гидравликалық пен пневматикалық қол инструменттері пайдаланылады [26].
Гидравликалық авариялық — құтқару инструменттері зақымдалған авто-мобильдерді орнықтыру, бөлшектеу және көтеру кезінде пайдаланылады. Аталған операциялар әртүрлі типтегі гидравликалық авариялық – құтқару инс-трументтер: кескіштер, қайшылар, ашқыштар, қайшы – ашқыштар, күштік ци-линдрлер және донкраттармен атқарылады.
Кескіштер автомобиль төбесі тіреулерін, табалдырықтарды, орындық арқалығының тораптарын және кузовтың түрліше беттерін кесуге арналған.
Қайшылар автомобиль кузовы бетін кесу үшін қолданылады.
Ашқыштар автомобиль есіктерін ашуға, әйнектерді алып тастауға, кузов тораптарын июге, орындықтарды жылжытуға, прибор тақтасын ажыратуға, рульдік колонканы итеріп шығаруға, автомобильді көтеруге арналған.
ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
Алматы қаласы «Құтқару қызметі» жұмысын ұйымдастыру және
өткізу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 шілдедегі №3358 Жарлығына сәйкес және Алматы қаласы әкімдігінің 2001 жылғы 3 қазандағы 3/229 қаулысымен «Алматы қаласы Құтқару қызметі» мемлекеттік қазыналық коммуналды кәсіпорыны құрылды [27].
«Құтқару қызметі» мемлекеттік қазыналық коммуналды кәсіпорнын құрудағы мақсат – Алматы қаласы тұрғындарына олардың өміріне, денсаулығы мен қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретін экстремалды оқиғаларға ұшыраған жағдайда кезек күттірмес қосымша көмек көрсету.
Құтқару қызметінің міндеттеріне мыналар кіреді [28]:
- тұрғындардан кез келген төтенше оқиғалар, пайда болу қаупі бар немесе болған төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді бірыңғай 051 телефон нөмірі бойынша қабылдау;
- зардап шегушілерге шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін оқиғалар мен тұрмыстық жазатайым оқиғалар туралы ақпаратты топтастыру және өңдеу;
- тұрғын халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, түрліше экстремалды жағдайларға үшыраған азаматтарға көмек беру шараларын тиісті қалалық жедел қызметтерімен бірлесе әрекет етуді ұйымдастыру;
- өз құзыретіндегі авариялық – құтқару жұмыстары кешенін ұйымдастыру және жүргізу;
- төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде қалалық жедел және авария-лық қызметтерді ақпаратпен қамтамасыз ету;
- түрліше төтенше жағдайларға жедел шара қолдану үшін өзінің құрылымдық бөлімшелерінің тұрақты дайындығын қамтамасыз ету;
- әртүрлі деңгейдегі құтқарушыларды даярлау және оларды тиісті аттестаттау органдарына сынақтан өтуге ұсыну;
- халықты қорғау аясындағы білімді насихаттау, тұрғындар мен ұйым-дарды төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерге оқып – үйрету дайындығына қатысу;
- қажет болған жағдайда, жұмыс мамандықтары мен техникалық құралдарына байланысты алдарына қойылған міндеттерді шеше алатын ерікті құтқарушылардың жеңіл басқарылатын, ұтқыр бөлімшелерін жасақтау.
Алматы қаласы «051 Құтқару қызметі» мемлекеттік қазыналық комму-налдық кәсіпорнының құрылымының сызбасы 10-суретте көрсетілген [29].
Алматы қаласы «051 Құтқару қызметі» МҚКК – ыны мынадай бөлімдер-ден тұрады: инженерлік қорғау мобильдік отряды, авариялық – құтқару отряды, бірыңғай кезекші – диспетчерлік қызметі, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың материалдық қорлар бөлімшесі, медициналық орталық, автожөндеу цехы, әкімшілік топ.
10-сурет. Алматы қаласы 051 — «Құтқару қызметі» МҚКК-ыньң
құрылымы
Инженерлік қорғау мобильдік отряды. Құрамында 22 арнайы техника, арнайы техникаға арналған 2 ангар, материалдық – техникалық қамсыздандыру қоймалары бар. Отряд табиғи мен техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардабын жоюды, жедел құтқару жұмыстарын атқаруды, инженерлік – техникалық жөндеу жұмыстарын (құлағалы тұрған ағаштарды кесуге, желдету мен канализация жүйелеріндегі ақаулар мен апаттарды жоюға, т.б.) жүргізуді атқарады.
Авариялық – құтқару отряды табиғи мен техногендік төтенше жағдай-лардың алдын алу, олардың зардабын жою, шұғыл авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуді орындайды. Отрядтың балансында 72 көлік бірлігі бар, олардың 23 бірлігі табиғи мен техногендік апаттардың зардабын жоюға арналған.
Бірыңғай кезекші – диспетчерлік қызметі тұрғындардан кез келген төтенше оқиғалар, пайда болу қаупі бар немесе болған төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді бірыңғай 051 телефон нөмірі бойынша қабылдауға, зардап шегушілерге шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін оқиғалар мен тұрмыстық жазатайым оқиғалар туралы ақпаратты топтастыру және өңдеуге, қалалық бағыныстағы басқа да жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру қызметін атқарады.
Медициналық орталық тұрғын халыққа экстримді жағдайларда алғашқы медициналық жедел көмек көрсету, кәсіпорындарда профилактикалық байқау жүргізу жұмыстарын жүргізеді.
АҚ және ТЖ материалдық қорлар бөлімшесі құтқару қызметтерінің күнделікті жұмысын материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Бөлімшеде төтенше жағдайлар бола қалған кезде, 11000 адамды уақытша баспанамен қамтамасыз етуге арналған палаталық лагерь бар. Бұларды толық жинақтылықта төтенше жағдай орнына жеткізетін, әрқайсысының көлемі 6 м3 болып келетін 20 арнайы контейнер қарастырылған.
31.12.2008 ж. жағдайдағы мәлімет бойынша Алматы қаласы 051 «Құтқару қызметі» МҚКК-ында 289 адам қызмет атқарады, оның ішінде инженерлік қорғау мобильдік отряды – 45 адам; медициналық орталық – 62 адам; қорғаныс құрылыстарына қызмет көрсететін топ – 6 адам; радиологиялық, бактериоло-гиялық пен химиялық барлау жүргізетін топ – 6 адам; авиациялық техникаға қызмет көрсетушілер – 22 адам; күзет қызметкерлері – 37 адам.
2008 жылы Алматы қаласы «Құтқару қызметі» МҚКК-мен табиғи мен техногендік сипаттағы жағдайлардың зардабын жою бойынша біршама жұмыс атқарылды. Жыл басынан 051 пультіне қала тұрғындарынан жедел көмек көрсету мен құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар туралы 320 мыңнан аса хабар келіп түсті. Авариялық – құтқару отряды 10 мыңнан аса оқиға орнына шығу жасады. 943 адам, оның ішінде 345 бала құтқарылды.
Алматы қаласы 051 «Құтқару қызметінің» 2009 жылы ақпан айында жүргізген авариялық – құтқару жұмыстарының деректері.
Жалпы ақпарат:
1) 051 телефонына барлығы 28352 қоңырау түсті.
- «Құтқару қызметі» 683 шығу жасады, оның ішінде 138 шығу адам өміріне қауіп төнген жағдаймен байланысты.
Адамдардың қамалып қалуы:
3) Баланың ғимарат ішінде қамалып қалуына байланысты – 20 шығу; оның ішінде адам өміріне қауіптісі – 0, адам өміріне қауіпсізі – 19 шығу, шығудың қажетсіздігі – 1;
4) Қарт адамның қамалып қалуы – 20 шығу, оның ішінде адам өміріне қауіптісі – 7 шығу, адам өміріне қауіпсізі – 13 шығу, шығудың қажетсіздігі – 6, дененің анықталуы – 2 шығу.
02 көмегі:
5) Барлығы 67 шығу жасалды, оның ішінде қажетсіздігі – 25;
6) Мәйіттің анықталуы – 6.
Жол – көлік оқиғасы:
7) Авариялық – құтқару отряды барлығы жол – көлік оқиғасына 30 рет шықты.
8) 25 адам құтқарылды, 5 адам көліктен шығарылып алынды.
Басқалары:
9) Жарылғыш құрылғыға байланысты – 7 шығу болды, оның 5 – жалған ақпарат;
10) 7 жануар құтқарылды;
11) Халыққа медициналық көмек көрсету – 12 рет;
12) «04» коды – газда қалып қойған тамақ бойынша – 11 шығу.
Алматы қаласы 051 «Құтқару қызметінің» 2009 жылы наурыз айында
жүргізген авариялық – құтқару жұмыстарының деректері.
Жалпы ақпарат:
1) 051 телефонына барлығы 23760 қоңырау түсті.
- «Құтқару қызметі» 540 шығу жасады, оның ішінде 94 шығу адам өміріне қауіп төнген жағдаймен байланысты.
Адамдардың қамалып қалуы:
- Баланың ғимарат ішінде қамалып қалуына байланысты – 21 шығу, оның ішінде адам өміріне қауіптісі – 1 шығу, адам өміріне қауіпсізі – 20 шығу, шығудың қажетсіздігі – 2;
- Қарт адамның қамалып қалуы – 23 шығу, оның ішінде адам өміріне қауіптісі – 4 шығу, адам өміріне қауіпсізі – 6 шығу, шығудың қажетсіздігі – 10, дененің анықталуы – 3 шығу.
02 көмегі:
- Барлығы 33 шығу жасалды, оның ішінде қажетсіздігі – 15;
6) Мэйіттің анықталуы – 2.
Жол — көлік оқиғасы:
7) Авариялық – құтқару отряды барлығы жол – көлік оқиғасына 20 рет шықты.
8) 22 адам құтқарылды, 5 адам көліктен шығарылып алынды. Басқалары:
9) Жарылғыш құрылғыға байланысты – 2 шығу болды, оның 1 – жалған ақпарат;
- 1 жануар құтқарылды;
- Халыққа медициналық көмек көрсету – 12 рет;
- Қатты әсер ететін улы заттар бойынша – 4 шығу;
- газда қалып қойған тамақ – «04» коды бойынша – 7 шығу.
051 «Құтқару қызметі» жұмыстарына қатысу
Алматы қаласының Құтқару қызметіне 2009 жылы ақпан және наурыз айларында келіп түскен мәліметтерді талдау төмендегі сипатты авариялық құтқару жұмыстарын шығудың жиі болуын көрсетті. Олар жол – көлік апаты, жарылғыш заттар қойылғандығы жөнінде, иісті газбен улану, тұрғын үйлерде газ жарылуы, өрт, тауда қар көшкіні астында қалуы, кішкене баланың, қарт адамның пәтерде қамалып қалуы. Осылардың ішінде жол – көлік апаттары, жарылғыш заттар қойылғандығы жөнінде, иісті газбен улану шақырулары жиі кездесетіндіктен осы оқиғаларға нақты тоқтауларды жөн көрдік (11-сурет).
10 ақпан 2009 жыл. Сағат 13.32 – де кезекші – диспетчерлік пунктке Әуезов ауданында Момышұлы көшесі мен Төле би көшелерінің қиылысында үш автомобильдің соқтығысқаны туралы ақпарат келіп түсті. Авариялы – құтқару тобы оқиға орнына 11 минутта келіп жетті.
Құтқару тобы оқиға болған жерге жедел бақылау жүргізіп жағдайды бағалады. Оқиға орныңдағы жағдайдың негізінде, «Ниссан» шетелдік көлігінің жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан, оның екі көлікті соққаны анықталды. Бұл көлік соқтығысқанда бүйірімен қатты түйісуінің нәтижесінде мыжылып, есіктері ашылмайтын болып, ішінде жарақат алған жүргізуші болды. Соғылған көліктер де қатты ақаулар алған, ішіндегі жүргізушілерінің ес-түсі жоқ.
11-сурет. Құтқару қызметін шақыру оқиғаларының жиілігі
Топ командирі келесі шешімді қабылдады:
— құтқарушылар оқиға болған жерді қоршап, көліктер мен жүргіншілердің қозғалысына тыйым салды
— аударылып қалған «Гольф» автомашинасын эвакуатордың көмегімен өз қалпына орнықтыру жүргізілді. Оның жүргізушісі алғашқы медициналық көмектен бас тартты.
- «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісін көліктен шығарып алу қиынға соққандықтан көліктің төбесі электрлі кескіштермен киылып алынып тасталды. Зардап шеккен адам көліктен кесілген төбеден алып шығарылды. Жағдайына қарай бірінші кезекте мынадай медициналық шаралар көрсетілді:
- шокты болдырмас үшін, ауырсынуды басатын промедол ертіндісі бұлшық етке енгізілді;
- оң жақ балтырдан аққан ашық артериялық қанды тоқтату үшін жгут салып, жарақатын өңдеп, таңдық;
- келесі машинадағы адамнан клиникалық өлім белгілері (есі-түсі жоқ, пульсі жоқ, көз шарасы бадырайған, тынысы жоқ) байқалды. Бұл адамға жедел тыныс алдыру және жүрек массажы жасалынып жедел жәрдем көлігі келгенше тірілтіп алынды.
Көліктерден шығарылып алынған 6 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнынан олар жедел жәрдем автомобилімен № 7 ауруханаға жеткізілді.
18 ақпан 2009 жыл. 18 ақпан күні сағат 9.43 – те 051 «Құтқару қызметі» кезекшілік – диспетчерлік пунктіне № 136 орта мектепке мина қойылған деген ақпарат келіп түсті. Авариялық – құтқару отряды оқиға орнына жедел жетті. Оқиға орнында жағдайдың ахуалы анықталған соң, мектеп ішіндегі 540 адам шұғыл түрде сыртқа, қауіпсіз алыс жерге шығарылды, мектеп ғимаратына олардың жіберілуі тоқтатылды, арнайы қызметтер келген бойда олардың басшылығы мен нұсқау бойынша әрекет ете бастады. Дереу барлық адамды мектептен көшіру және оларды белгіленген Мектеп аумағына құтқарушылар тобынан күзет қойылды. Мектеп ғимараты мен оның төңірегін визуальды байқау және арнайы жарылғыш жат іздеуші иттермен тексеру мектепте ешқандай мина жоқ екендігін көрсетті. Құтқару қызметінің құрамындағы психолог маманы оқушылар мен мұғалімдерге психологиялық көмек көрсетті. Сағат 10.45 – те ақпараттың жалған болып шыққанына байланысты, дабыл тоқтатылды.
5 наурыз 2009 жыл. Сағат 11.38 – де кезекшілік – диспетчерлік пунктке пеш түтінен уланған адамдар жайлы шұғыл ақпарат келіп түсті. Қарасай ауданы, Ақжар ауылы Байтенов көшесі 18 үйде болған төтенше оқиға орнына жеткен авариялық – құтқару тобы пештің дұрыс түтін тартпауының нәтижесінде 4 адамның түтінмен уланғанын анықтады. Құтқару отряды зардап шеккендерді шығарьш алуды өз алдарына міндет етіп қойды. Зардап шеккендерді апат орнынан алып шығып, улану белгілері мынадай болғанын анықтадық;
Денелерін зіл басқан, бастың қысылуы сезілген, маңдай мен самай қатты сырқыраған, бастары қатты айналған; құлақтары шулап, беттің терісі қызарып ысып кеткен, әлсіздік пен қорқыныш байқалған.
Маңдай күре тамырының жалпы тамырдың соғуы жиілеп кеткен, жүрегі айнып құсқан, бұдан кейін әлсіздік пен шарасыздық пайда болып ұйқы басып дененің температурасы 38-40 °С дейін көтеріліп адамдар шала естерінен айрылған. Зақымдалған адамдарға дәрігерге дейінгі төмендегідей көмек шаралары көрсетілді.
Зақымданушыны жатқан күйінде тезірек таза ауаға шығардық, тыныс алуға кедергі келтіретін киімдерін шешіп (жаға мен белбеуді ағыту), зақымданушыны ыңғайлы етіп жатқызып тыныс алу бұзылғанын байқап жасанды демалдырып, жүрекке массаж жасадық, мақтамен мүсәтір спиртін иіскеткіздік және оттегімен ұзақ демалдырдық. Олардың үшеуі, орташа уланғандар стационарлы ауруханаға жедел жәрдем автомобилімен жөнелтілді, соның ішінде бір бала жағдайларының ауырлығына байланысты қаза болды.
12 наурыз 2009 жыл. Сағат 14.31 – де 051 диспетчерлік пультіне № 94 мектеп директорынан ғимарат ішіне белгісіз улы газ шашылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен авариялық құтқару тобы мектеп ғимаратындағы 700 адамды шұғыл түрде сыртқа, қауіпсіз жерге шығарды. Мектеп ғимараты және оның ауқымы қоршауға алыңды. Химик – құтқарушылар «Мегакон – 1» аспабымен ауадағы зиянды заттардың құрамын анықтауға кірісті. Ауадағы күкіртті газдың ШДК нормасынан 23 есе (11,8 млг/мЗ) көп, әрі денсаулыққа аса зиянды екені белгілі болды. Уланған оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, олардың сегізі №1 ауруханаға жіберілді.
ҚОРЫТЫНДЫ
- Төтенше жағдайлар шығу көзіне байланысты табиғи және антропогендік (адамның іс-әрекетінен) деп бөлінеді.
Антропогендік түрлері техногенді, әлеуметтік және экологиялық деп бөлінеді.
- Табиғи және техногенді апаттар кезінде құтқару жұмыстарын өткізудің ерекшеліктері:
а) барлау жүргізуді, апат болған жердің көлемін, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, таралу бағытын, ықтимал шекарасын анықтау;
б) апат болған аумақта адамдарды іздеуді жедел ұйымдастыру және оларды құтқару;
в) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, қажет болған жағдайда ауруханаға апару;
г) халық пен ұйымдарды ТЖ қаупі туралы құлақтандыру;
д) тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
е) халықты жақын орналасқан елді мекендерге көшіріп — қоныстандыру;
ж) апат салдарынан өндіріс нысандарында, коммуналдық – энергетикалық және байланыс желілеріндегі болған авариялар мен апаттарды жою;
- 051 «Құтқару қызметінің» төтенше жағдайларда адамдарды құтқару жұмыстары командирдің басқаруымен мобильдік отрядының көмегімен шұғыл түрде жүргізіледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдар-дың ақпараттық — әдістемелік жинағы. № 4 (32) шығарылым, 2007. – 120 б.
- «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі №19 Заңы.
- Сычев Ю.Н. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуа-циях. – М.: Финансы и статистика, 2007. – 224 с.
- Тіршілік қауіпсіздігі: Оқу құралы. I кітап /Мемлекеттік тілге аударған Н.Ә. Жүнісбаев. – Алматы: ТЖ жэне АҚ республикалық курстары, 2005.-240 б.
- «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысы.
- Тіршілік қауіпсіздігі: Оқу қүралы. II кітап /Мемлекеттік тілге аударған Н.Ә. Жүнісбаев. — Алматы: ТЖ жэне АҚ республикалық курстары, 2005.-160 б.
- Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности. – Алматы: ВШП «Әділет», 2006. — 366 с.
- Сергеев В.С. Безопасность жизнедеятельности. — М.: Высшая школа,
- -410 с.
- Мастрюков Б.С. Безопасность в чрезвычайных ситуациях. — М.: Издательский центр «Академия», 2006. — 336 с.
- Құтқарушы: Оқу құралы. I кітап / Құрастырған С.К. Абдрахманов. -Алматы: ТЖ және АҚ республикалық курстары, 2008.-179 б.
- Раздорожный А.А. Охрана труда и производственная безопасность. —
М.: Издательство «Экзамен», 2007. — 510 с.
- Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық – әдістемелік жинағы. № 1 (33) шығарылым,
- — 120 б.
- «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 Қаулысы.
- Постник М.И. Защита населения и хозяйственных обьектов в чрезвы-чайных ситуациях. — Минск: Вышэйшая школа, 2003. — 472 с.
- Сапронов Ю.Г. Безопасность жизнедеятельности. — М.: Издательский Центр «Академия», 2004. — 320 с.
- Арустамов Э.А. Безопасность жизнедеятельности. — М.: Издательско
— торговая корпорация «Дашков и Ко», 2005. — 496 с.
- Белов С.В., Девисилов В.А., Козъяков А.Ф. Безопасность жизнедея-тельности. — М.: Высшая школа, 2004. — 360 с.
- Основы защиты населения и территории в чрезвычайных ситуациях /Под ред. В.В. Тарасова. М.: Издательство МГУ, 1998. — 240 с.
- Безопасность жизнедеятельности: Учебник / Под ред. С.В. Белова. -М.: Высшая школа, 1999. — 360 с..
- «Авариялық – құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы №87- 1 Заңы.
- Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. — Алматы: ТЖ және АҚ республикалық курстары, 2003. — 124 б.
- Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық – әдістемелік жинағы. № 2 (22) шығарылым,
- — 120 б.
- Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық — әдістемелік жинағы. № 2 (26) шығарылым,
- — 120 б.
- Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық — әдістемелік жинағы. № 3 (23) шығарылым, 2005.- 120 б.
- dtprescue.ru/34927.һtml — Типовая инструкция по ликвидации последствий ДТП для аварийно – спасательных служб и формирований.
- dtprescue.ru/34927.һtm1 — Технические средства ведения и обес-печения аварийно — спасательных работ при ликвидации последствий дорожно — транспортных происшествий.
- Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық — эдістемелік жинағы. № 2 (30) шығарылым,
2007.- 120 б.
- almatyzashita.kz – 2
- almaty.kz– Алматы қаласы әкімдігінің сайты.
- emer.kz– Төтенше жағдайлар министрлігінің сайты.
- almaty051.org – Алматы қаласы 051 «Құтқару қызметі» сайты.