МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1.1. Қазақастандағы экономикалық саясат түсінігі және мәні
1.2. Қазақстан республикасының экономикасының мемлекеттік аймақтық саясатын басқару негіздері
1.3. Қазақстан республикасындағы аймақтық дамытуды мемлекеттік реттеу
2 БӨЛІМ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Алматы қаласының экономикалық даму жағдайын талдау
2.2. Алматы қаласының экономикалық жағдайын көтеруге арналған стратегиялық жоспарлар мен жобалар.
3 БӨЛІМ. АЙМАҚТАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ
3.1. Қазақстан республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары
- Аймақтық дамудың негізгі басымдылықты бағыттарын анықтау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде нарыққа өту барысында аймақтық экономикалық саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, аймақ саясаты аймақтық экономикалық саясаттың нақты бір көзқарасы жоқ десек болады.
Аймақтық саясат – көпмағыналы ұғым, әртүрлі мәндерде кеңінен қолданылады. Көбінесе осы ұғым қолданылатын сипаттамадағы негізгі 3 проблемаларды көрсетуге болады:
- Билік және атқарушы органдар және биліктің аймақтық органдары арасындағы әртүрлі түрдегі қарым-қатынастарды сипаттау;
- Кәсіпкерлік және өмір деңгейі жағдайында мағыналы аймақтық өзгешіліктерді игеру мақсатымен және территориялдық құрылымды дамытуға мемлекеттің араласуы;
- Аймақтық және саясатын сипаттауда: әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, аймақтық және тағы басқалар
Экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың негізігі аспектісі тұлғалардың әлеуметтік топтар арқылы қоғаммен өзара іс-әрекеттесуін сипаттайды. Сондықтан да экономикалыө процестер қандай да бір әлеуметтік сипатқа ие болады, содан белгілі бір салдарға алып келеді.
Радикалды әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін рыноктық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық эконеомика ие болып отыр. Тек аймақтын барлық табиғи, экономикалық-әлеуметтік, демографиялық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдаларын жан-жақты қатаң есепке алу ғана, экономиканың өсуі мен әлеуметтік процестердің жақсаруына қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Аймақтын әлеуметтік процестердің дамуын мемлекеттік саясат, қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін өзекті мәселелердің бірі.
Нарықтық қатынасқа өту кезінде халықтың өмір сүру деңгейі төмендеуі қоғамда әлеуметтік қысымның күшеюіне әкелді.
Бағаның тұрақты өсуі, олардың ырықтандырылуы мен халықтың табыс деңгейінің жеткіліксіздігі сияқты өткір әлеуметтік мәселерді тез арада шешуде, жоспардың ең басты кезегінде тұр.
Қазақстан үшін жұмысбастылық оның демографиялық құрылымының есебімен мәселерді шешу өзекті болып келеді. Жұмысбастылықтың дәстүрлі қалыптасқан территориялды өзіндік ерекшеліктері жұмыс күші мол және жұмыс күші жетіспейтін аймақтарды бөлуге әсер еткен демографиялық жоспардың ерекшеліктеріне байланысты.
Жұмыссыздықтың қауіпті салдарына әкелместен бұрын, Үкімет, атқарушы билік, парламент бірқатар шараларды қабылдау қажет.
Объектісі ретінде әлеуметтік жағдайын мемлекеттік саясат ерекшеліктері мен проблемаларын қарастыруда Алматы қаласы алынды. Бұл біріншіден, басқа қалалармен салыстырғанда әлеуметтік құрылымы жағынан күрделірек, сондай-ақ халықтың жоғарғы деңгейдегі икемділігі (әлеуметтік, территориялды және т.б.). Екіншіден, шаруашылық, сонымен қатар территорияның инфроқұрылымын менгеру деңгейінің жоғары болуы.
Зерттеу пәні – аймақтағы әлеуметтік процестерді басқару ерекшеліктері мен халықтың тұрмыс жағдайы болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты Алматы қаласы мысалында әлеуметтік процестерді мемлекеттік саясат мәселелерін кешенді оқып, қарастыру.
Бітіру жұмысының басты мақсатына жету үшін келесідей тапсырмаларды шешу қажет:
- ҚР әлеуметтік экономикалық аймақты реттеудің теориялық және әдістемелік аспектілерін қарастыру;
- Алматы қаласының әлеуметтік процестерін мемлекеттік саясат мәселелерін талқылау;
- әлеуметтік сфера салаларын инвестициялау ерекшеліктері мен мәселелерін ашып қарастыру;
- аймақтағы әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу;
1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1.1. Қазақастандағы экономикалық саясат түсінігі және мәні
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде нарыққа өту барысында аймақтық экономикалық саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, аймақ саясаты аймақтық экономикалық саясаттың нақты бір көзқарасы жоқ десек болады.
Аймақтық саясат – көпмағыналы ұғым, әртүрлі мәндерде кеңінен қолданылады. Көбінесе осы ұғым қолданылатын сипаттамадағы негізгі 3 проблемаларды көрсетуге болады:
- Билік және атқарушы органдар және биліктің аймақтық органдары арасындағы әртүрлі түрдегі қарым-қатынастарды сипаттау;
- Кәсіпкерлік және өмір деңгейі жағдайында мағыналы аймақтық өзгешіліктерді игеру мақсатымен және территориялдық құрылымды дамытуға мемлекеттің араласуы;
- Аймақтық және саясатын сипаттауда: әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, аймақтық және тағы басқалар.
В.С. Жихаревич келесідей анықтама береді: “экономикалық саясат – құрастырылған мақсаттарға жету мүддесінде аймақта өткізілген белгілі бір концепцияны, экономикаға реттеуші әсер етуші”. Аймақтық экономикалық саясат үш құраушылардан тұрады: субъект, объект және мақсаттар. Аймақтардың өздерімен жүргізілген аймақтық саясат – бұл нақты бір территорияда жергілікті жағдайларды қосқанда кеңістіктегі тараптайтын сферасының барлық элементтердің өзара және келісілген бұзылмайтын дамыту үшін жасалуы тиіс. Мемлекеттік аймақтық саясат жерлерде аймақтық саясаттық қабілетсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аймақтық саясаттың объектісі – аймақ арасындағы өзара байланыстар және қатынастар.
Қазақстанның басты аймақтық мүддесі қазіргі кезде, жергілікті құрылымдарды қолдау ретінде, Қазақстан Республикасының әрбір аймағы өзінің ішкі потенциалын максималды қолдануы және мемлекеттік көмек мүмкіндіктеріне көп сенбей жалпы қазақстандық жағдайлар құру болып табылады.
Орталық үкімет аймақтық саясаты елімізді дамытудың жалпы ұлттық мақсаттары шегінде жүзеге асырылады және экономика жағдайына тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде экономикалық мақсаттарды иеленеді, экономикалық өсу кезеңінде — әлеуметтік мақсаттар болады. Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттарына төмендегідей түрлерін пайдалану пайдалы және мүмкін болып есептеледі:
- Әр аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайы деңгейін теңестіру. Еліміздегі жүргізілген реформалар аймақтық бөліністердің тез көтерілуіне әкелді.
Аймақтық экономикасын дамыту ерекшеліктеріне төмендегідей негізгі факторлар әсер етеді:
- өнеркәсіптік дамудың табиғи-шикізаттық база спецификасы;
- еңбек потенциалының сипаты және тұрғындары;
- аймақтық шаруашылық жинақталған құрылымы;
- аймақтың шаруашылық жағдайда жиналған дәстүрлері;
- еліміздің басқа аймақтарымен экономикалық байланыстарды дамытудың болмауы немесе қолда бар мүмкіндіктері.
- Аймақтық даму мақсаты – дипрессивті аймақтарды құрылымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетінімен ерекшеленеді. Депресивті аймақтарды қөұрылымдық қай құру тек ірі жалпы мемлекеттік юағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда бұл тапсырманы орындай үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған территорияларды жоғары дамудағы аймақтардың деңгейіне дейін көтерілу, бірақ халықтар зардап шекпеуі тиіс.
- Аймақтардың кешенді дамуы бірдей деңгейде жалпы мемлекеттік сияқты экономикалық дамудың жеке аймақтық мақсатымен сәйкес келеді. Жергілікті аймақтық мүдделер берілген территорияның барлық элементтерінің тепе-теңдік дамуымен келісіледі.
- Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Бірақ бұл мақсатты жүзеге асыруда ауырлық түсіп тұрған аймақтарға экономикалық өсуді көтеру қажеттілігін ұмытпау керек /2/.
Мемлекеттің аймақтық саясаты – мемлекет пен аймақ арасындағы өзара қатырастар ретінде әсер ететін және кеңістіктік, аймақтық аспектіде еліміздің экологиялық. әлеуметтік, экономикалық, саяси басқару бойынша қызмет сферасы болып табылады.
Аймақтық саясаттың мәні және тапсырмалары бар және оларды жүзеге асырудың тәжірибелік жолдарының көзқарастары бар. Аймақтық саясат тапсырмаларын нақты қою үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегідей:
- еліміздің жеке аймақтарындағы кәсіпкерлікті және табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;
- аймақтың продуктивтілігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және масштабы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, пайдалы қазбаларды шығару ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
- аймақтың терең немесе қатпарлы жағдайы, соның әсерінен көлік шығыны, баға өсуіне әкеледі. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің нашарлығына оның экономикалық дамуын қиындатады;
- инновация енгізумен артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
- агромеграциондық артықшылық (аймақтағы салааралық байланыстардың қиылуы) және агромеграциондық жетіспеушіліктер (қайта орналастыру);
- елдің экономикалық дамудағы тенденциясы;
- тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму стадиясы;
- жалпы және аймақтық саясаттың формалары, саяси жағдайы; институтционалды факторы: аймақтық автономия деңгейі, аймақтық даму тарихы және басқалары;
- орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерін қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;
- жергілікті кәсіпкерлермен негізделген фирманы үлкен сыртқы бақылау немесе фирманың шағын салмақ үлесі;
- әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және тағы басқа;
- орталықпен жүргізілетін экономикалық макросаясатты жүргізудің аймақтық есепке алынбауы;
- орталық пен аймақ арасындағы құқықтары мен міндеттерін шектеу процестерінің аяқталмауы;
- аймақтық жүйеде және жеке аймақ арасында халық кірістерінің диференциа процессінің бақыланбауы.
Нарықтық қатынастар экономикалық елдерде аймақтық дамытуда мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:
- “әділдік”, яғни барлық аймақ тұрғындары жақсы тұрмыс-жағдайға жетудің тең мүмкіндіктерінде экономикалық қызметті орналастыру болып табылады;
- “тиімділік”, жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайы мақсатында әр аймақтың өндірістік потенциалын тиімді пайдалануды талап етіледі. Бұл екі мақсат қарама-қайшы да біріңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат болса, дағдарыс кезеңінде – екінші мақсатты қолданады
Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құрылуы керек, бірақ, бұған қоса федеративті мемлекеттердің аймақтық саясат қағидаларымен сәйкес келуі қажет. Біріншіден, аймақтық экономикалық саясат, орталық үкіметпен сияқты аймақтық биліктерімен де жүргізілуі тиіс. Бізге белгілі қазіргі кезде негізі пайда өндіруші салаларда, әсіресе отын-энергетикалық кешенінде қалыптасады. Тек орталық үкіметте жалпы елдің экономикалық өсуді ынталандыру, жалпы әлеуметтік шиеленісуді азайту үшін аймақ және сала арасындағы пайданы тиімді қайта бөлуді, елдің экономикалық дамудағы терең аймақтық және салалық диспропорцияны қысқартуға мүмкіндік беретін тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығуға, республиканың іс белсенділігін дамытуды көздейді. Сондықтан, Қазақстанның қазіргі даму этапының проблемасы болып аймақтық экономикалық саясат шығару және механизмдерін жасау болып табылады.
Екіншіден, барлық аймақтарда жалпы мемлекеттік қаржылық ресурстарына қол жеткізу және тең құқық болуы керек, сонымен қатар, макроқұралдарды пайдалануда тең құқықтық монетарлы, фискалды және сауда саясаты болуы тиіс.
Аймақтық саясат құрылымы
Сурет 1
Аймақтық экономикалық саясат құжаттарымен шешуге мүмкін болатын Қазақстанның қазіргі даму этапының негізгі проблемаларына біздің көзқарасымызға байланысты төмендегілер жатады:
- орталық Үкіметпен жүргізілген экономикалық реформалар шараларының жергілікті жағдайларына адаптация;
- Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы;
- әлеуметтік-экономикалық жағдайларды тұрақтандыру және экономикалық көтерілу траекториясына шығу;
- кәсіпкерлікті дамыту және өмір сүру қызметі жағдайында аймақтық айырмашылық минимумына мәліметтер жинау /7/.
Нарықтық жағдайларда бірінші екі проблема макросаясат пен координация қаражаттарымен, ал кейінгі екеуі макро-микросаясат қаражатымен шешіледі. Егер Үкімет макроэкономикалық саясатты жүргізудегі аймақтық ерекшеліктеріне көңіл аудармаса, әлсіз аймақтық экономикалық саясатжүргізеді, осыған орай аймақтар территориалды немесе басқа да мүдделері бойынша бірігуді бастайды. Еліміздің аймақтық экономикалық саясатын құруда “донор” және )реципиент” аймақтардың қарсылығының пайда болуына жол бермеу керек, әйтпесе ол бірлік экономикалық кеңістіктің құлдырауына әкелуі мүмкін, соңында Қазақстанның бүтінділігі мен мемлекеттігінің құлдырауына әкеліп соғады.
Аймақтық саясаттың мақсатты функциясы ең алдымен экономиканың қайта құрулар және экономиканың құрылымдық қайта құруларынан шығады. Экономиканы реформалау кезіндегі экономикалық реформалар тереңдігін және әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын негізгі параметрлері бойынша аймақ дифференциациясы болады, ресурстарды территориалды қайта бөлуде жабық каналдар, бірінші кезекте қаржылық жаңай туады. Осы аймақтарда процестердің нәтижесінде басқа аймақтардың сәйкесінше тездетілген дамуда барлық әлеуметтік-экономикалық сфераның құлдырауына әкелуі мүмкін.
Экономикалық мақсаттар негізінен өндіргіш күштерді орналастыру факторы ретінде инвестицияны орналастыруды мемлекеттік реттеуден тұрады, осыған орай мемлекеттің рөлі өндіріс факторының мағынасы қаншама көп болса, соншама жоғары болады.
Әлеуметтік мақсат экономикалық мақсаттармен тікелей байланысты, олардың жетістігіне мемлекет пен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының негізгі мақсаты бағытталған. Әлеуметтік мақсаттарға жетуде мемлекеттің рөлі әлеуметтік әділдік және азаматтардың теңдігі ретіндегі демографиялық қоғамның осындай қағидаларынан тікелей шығады /8/.
Нарықтық экономикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама динамикалы. Экономикадағы сәтсіздікте басқарушы орталар жауапкершілікті аймақтардың жетекшілеріне аударуға тырысады және, керісінше мемлекеттік деңгей нарықтық механизмде аймақтық саясат қажеттілігіне күнән туғызады, және бұл алдымен экономикалық аспектілерде пайда болады. Бұл – аймақтық саясаттың динамикасына субъективті жақындау, осымен қоса әртүрлі экономикалық саясат жүргізуде орталықтың аймаққа қатынасының объективті себептері бар. Кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасу үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, үшіншіден, аймақтық экономикаға оның ішінде мемлекеттік капитал салуға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет /7/.
Экономикалық саясат, еліміздің және оның жеке бөліктерінің экономикалық жағдайын қамтамасыз ету және қойылған даму мақсаттарына жетуге әсер беретін проблемаларды шешу болып табылады. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару қатынастарынан тұрады.
Экономикалық теорияда 2 деңгейі бар, яғни
- макроэкономикалық
- микроэкономикалық.
Макроэкономикалық деңгей – бұл экономикаға бүтіндей және оның жеке үй секторына қатысты белгілі құбылыстар мен процесстердің сипаттамалары. Бұл деңгейде шаруашылықтың жалпы құрылымы талданады, экономикалық жүйенің ірі элементтерінің арасында маңызды байланыстар бекітіледі. Сәйкес, негізгі көрсеткіш ретінде шығады: өнімнің жалпы көлемі, жұмысбастылықтың жалпы деңгейі, кіріс пен табыстың жалпы көлемі, бағаның жалпы деңгейі.
Микроэкономикалық деңгей, керісінше нақта шаруашылық бірлік қызметінің талдауымен байланысты: сала, фирма және кәсіпорын, жеке үй шаруашылығы. Талдауда, болжауда өндіріс көлемі және нақты өнім бағасы көрсеткіштері, белгілі бір кәсіпорында жұмысбастылар саны, жеке алынған фирма кірістері мен шығындары жатады /5/.
Жалпы, аймақтық экономикалық саясатты жетілдіру, шығару және оны жүзеге асыру өте қажет.
1.2. Қазақстан республикасының экономикасының мемлекеттік аймақтық саясатын басқару негіздері
Соңғы жылдары экономиканы аймақтық басқару мағынасы көп қолданылып жүр. Қазіргі кезде, негізгі орынды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мақсаттар, сонымен қатар еліміздің экономикалық даму жетістіктеріне жету жолдары алады.
Аймақтық экономика – бұл экономика білім жүйесіндегі ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Аймақтық экономикалық пәні, Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық аумақтық орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақаралық, ішкі аймақтық және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттейді. Басқаша айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің маңызды құралы болып қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін зерттеу болып саналады.
Аймақтық экономика білімнің ғылым саласы ретінде, аймақтық аспетіде әлеуметтік инфрақұрылымының және өндіргіш күштердің барлық элементтерінің қағидаларын, заңдылықтарын зерттеумен, талдаумен және болжаумен айналысады, сонымен қатар экологиялық талаптары мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың жалпы стратегиясын қосқанда өндіргіш күштерді орналастыру бағыттарын негіздеумен; республика мен аймақ экономикасын және аймақаралық экономикалық байланыстарын зерттеумен, шаруашылық аумақтық ұйымын зертеумен айналысады.
Аймақтық экономика Қазақстанның табиғи ресурстық потенциалын, оның аймақтарын, тұрғындарын, еңбек ресурсын және қазіргі демографиялық проблемаларын қарастырады, сонымен қатар нарықтық қатынастардың құрылу және оның аймақтарының экономикалық деңгейін талдайды. Әлемдік шаруашылық жүйесінде еліміздің алатын орнын, экономикасының құрылдылық қайта құру бағытын, нарыққа өту кезіндегі өндіргіш күшті орналастыру факторларын анықтайды және шаруашылық құрылымын зерттеп, оны тиімді пайдалану жолдарын қарастырады/1/.
Аймақтық экономика анықтамасына келмес бұрын, бірінші территория аймақ деген ұғымдарға түсінік беріп өтелік. Территория – бұл географиялық жағдаймен және тағы басқа да белгіленген белгілі бір территорияны сипаттайтын, жердің беткі қатты шектелген бөлігі. әртүрлі белгілері бойынша басқалардан ерекшеліктерін және оның элементтерін құрайтын өзара байланысты бүтінділікке ие территорияны анықтайды. Аймақ территориядан белгілі бір мақсаттары және тапсыриаларымен ерекшеленеді. Әр ғылымда аймақты бөлуде өзінің критериялары қолданылады:
- экономикалық-әкімшіліе басқару диспозициясы;
- еңбекті аумақтық бөлудегі рөлі;
- әлеуметтік-экономикалық роблемаларды шешу;
- экономикалық кеңістік – бұл олармен байланысы: жергілікті пунктер, егістік, жерді иелену, көлік инженерлік торабы және тағы басқа.
Әр аймақтың сыртқы экономикалық кеңістікпен байланысты өзіндік экономикалық кеңістіктің сапасы келесідей сипаттамалармен анықталады:
- тығыздық ( халық саны, жалпы ішкі өнім, негізгі капитал, табиғи ресурстар);
- орналастыру (тең көрсеткіштер, халықты бөлу, экономикалық қызмет);
- байланыстылық (экономикалық байланыстардың қарқындылығы, тауар, капитал, еңбек қозғалысының жағдайы).
Аймақтық экономика – бұл табиғи экологиялық жағдайлармен тығыз байланысты, еліміздің территориясының және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық процестерін, өндіргіш күштерді орналастыру және дамытуды зерттейтін ғылым саласы болып табылады /2/.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканы дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қайта құру процестерде туындайтын барлық проблемалар аймақтық факторлар мен жағдайлардың іс-әрекетімен тығыз байланысты. Аймақтық экономиканы дамыту мақсаты, тек әлеуметтік бағытталған ғана емес, мемлекетпен ретелетін нарық қүру болып табылады. Осындай реттеу жалпы аймақтың халық шаруашылығының тиімді қызмет ету жағдайын жасау керек. Ең алдымен, бұл тиімді, яғни аймақтың мамандануы, еңбек ресурстарын пайдалану және шығынды минималдау мен табиғи жағдайларға байланысты.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданады, оның ішінде баланстық әдіс маңызды болып табылады. Салалық және аймақтық баланс жасау нарықтық маманданған салалар, территориялық кешенді толықтырушы, яғни алдағы салалардың да, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін, салалар және қызмет сферасындағы салалар арасындағы дұрыс қатынасты таңдацға мүмкіндік береді. Баланстар (тепе-теңдіктер) санымен қатар тиімді аймақаралық және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет. Кәсіпорын жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіорынды құрал-жабдықпен қамту, құрылыс орнын анықтау, оны шикізатпен, энергиямен, сумен, жылумен, еңбек және басқа ресурстармен қамтамасыз ету есебін жұргізу үшін аймақ таңдау) баланстық әдістің мазмұнын құрайды. Аймақ экономикасының негізгі аймақтық өндіріс және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді.
Аймақтық байланыстарды құру үшін өнделетін әдістер қолданатын үлкен жобалы жұмыстар мен эксепдициялар алдын-ала жүргізілуі тиіс. Салалық және аймақтық баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейін, оның дамуындағы диспропорциялардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтық экономиканы зерттеудің ерекше әдісі картографиялық әдіс болып табылады. Аймақтық экономикадағы карта тек зерттеу обънктісі ғана емес, ол сонымен қатар өндіріс күштерінің жылжуы және аймақ экономикасы туралы ақпарат алудың көзі болып есептелінеді. Карталарды, картокестелерді, картограммаларды, картодиаграммаларды қолдану арқылы орналастыру ерекшеліктері ғана емес, сала мен аймақтардың даму деңгейін сипаттайтын статистикалық мәлімметер де есте қалады.
Жүйелік талдау – бұл проблемаларды, шаруашылық құрылымын және ішкі қарым-қатынастарды кешенді зерттеу, олардың өзара әрекеттерін зерттеумен толықтырылып соңғы қорытынды тікелейжәне кері байланыстарды бікіртіру негізінде жасалынатын ғылыми зерттеу әдісі. Жүйелік талдау кезеңділік қағидасын қолданушы жан-жақты талдау болып табылады. Ол мақсатты құрудан, тапсырмаларды анықтаудан, ғылыми гепотиза жасаудан басталып, өндірісті орналастырудың тиімді нұсқасының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеумен аяқталады. Мұнда оптималдық қағидасы тиімділік, яғни халықтың қажеттілігін көбірек қанағаттандыру болып саналады.
Өндіріс кұштерінің қозғалысы және аймақтардың шаруашылық даму проблемалары күрделене түсуде, ал салалық және территориялық байланыстарды нарық жағдайында басқару қиындап баруда. Сондықтан маңызды проблемаларды қамтитын экономика-математикалық моделдерді әзірлеу және қолдану қажеттілігі туындайды. Территориялық экономикалық процестерді экономика-математикалық моделдеуді негізгі бағыттарын келесідей бөлуге болады:
- елдің экономикалық дамуындағы территориялдық пропорцияларды моделдеу;
- шаруашылық салалары бойынша орналастыруды моделдеу;
- аймақтардың шаруашылық етуші кешендерін қалыптастыруды моделдеу /3/.
Математикалық аппараттардың терең өңделуіне қарамастан, ұзақ мерзімді салдарлар ескерілмей қалуда. Сондықтан аймақтық экономикада статистикалық әдіс, яғни стратегиялық мәліметтер негізінде индекстерді есептеу, корреляциялық талдау, сонымен қатар таңдап зерттеу әдісі, бастылау (генерализация) қолданылады. Барлық ғылыми әдістер бір-бірімен тығыз байланысты және олар бірін-бірі толықтырады.
Нарықтық жағдайда аймақтардың рөлі және қызметі халықтың өмірінің қызметі арасында экономикалық қатынастар қалыптастыруда көрінеді. А.К.Осипов аймақтық рөлін толығырақ сипаттап, оның қызметтерін бөлді:
- институтционалды қызметтер – бір жағынан экономикалық дербесті, екінші жағынан, халыққа еркін өмір сүру, қай жерде өміп сүруінен тәуелсіз және әлеуметтік және заңды қорғамауына конституциялық құқықты кепілдейтін, мемлекеттің жалпы экономикалық бірлігінің саясатын анықтайды;
- экономикалық қызметтерді, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономикалық қызметті еркін жүзеге асыруға мүмкіндік және жағдай туғызуға бағытталған;
- әлеуметтік қызметтері, халықтың әлеуметтік дамуын, аймаққа экономикалық потенциалын қамтамасыз ету мүмкіндіктері мен құқығын кепіл етеді;
- экологиялық қызметтері, халықтың дұрыс өмір сүруін қамтамасыз етеді, табиғи қорғау және басқа да қоршаған ортаны жақсарту бойынша шараларды жүзеге асырады /4/.
Қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік, әкімшілдік бағыттардың бірігуіне негізделеді.
Реттеудің нарықтық әдістері жалпы танылған маркетинг жүйесі мен экономикалық тұтқалары мен ынталары арқылы мемлекеттік реттеуден шығады.
Мақсаттар мен тапсырмалар жүйесі көзқарасынан қарайтын болсақ, аймақтық экономика өзінің мазмұны бойынша қайшы, ал ең алдымен жалпы республиканың мүддесі үшін дамиды. Осы кезде аймақтық ерекше экономикалық, әлеуметтік және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып аймақтық мүддені қолдау қажет. Осыған байланысты аймақтық экономика, аймақтық экономикалық субъектілердің мүддесін қолдап қана қоймпй, жеке аймақтардың мүддесін ескеретін механизмнің рационалды қызмет етуіне жетуге мүмкіндік жасауы керек.
Қазіргі уақытта әрбір аймақ нарыққа кірудің әртүрлі стартты деңгейіне ие. Сондықтан, аймақтық саясатта аймақтық экономикалық қайшылықтарын жоятын әкімшілік және саяси шараларды қолдану ерекше маңызды.
Аймақтық экономиканы зерттеудегі басты артықшылықтары аймақтардың экономикасына әсер ететін процестерді білу, әсіресе: еңбек бөлінісін жетілдіру, аймақтық шаруашылықтарды территориялдық ұйымдастыру, экономика құрылымдық қайта құру, халықаралық қауымдастықты және жеке аймақтардың өндіргіш күштерін орналастыруды дамыту болып табылады. Нарықтық қатынастардың құрылуы және даму барысында мамандану және шаруашылықтың кешенді дамуы деген түсінік қалыптасады, яғни қазіргі кезде Қазақстанның жалпы шаруашылық кешенінің қызмет етуін жақсарту үшін әр аймақтың жинақ қорын көтеру ғана емес, сонымен қатар әрбір аймақ тұрғындарының мүдделерін біршама толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету қажет.
Аймақтардың дамуын болжау әдістемесі 15 жылға дейінгі кезеңді қамтитын өндіргіш күшті орналастыру мендамытуды ретроспективті талдаудың міндетті түрде жүргілуін қарастыруы керек. Бұл әдісте ретроспективті кезеңде аймақтардың әлеуметтік даму аспектілерін бағалау, ішкі аймақтық дифференциясын ескере отырып маңызды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру деңгейі қарастырылуы тиіс. Табиғи, экономикалық және ғылыми ерекшеліктерін ескеріп халықтың өмір сүру деңгейі баңалануы тиісті /1/.
Экономикалық талдаудың басты бағыттары болып депрессивті зоналар мен экономикалық өсуі тез территориялардың пайда болуы, аймақтық шаруашылық кешенін құру және аймақтық ресурстарды пайдалану тиімділігіне нарықтық маманданудың әсер етуін анықтау болып табылады.
Аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.
1.3. Қазақстан республикасындағы аймақтық дамытуды мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды дамыту, дәлірек айтсақ республикадағы әрбір аймақтық экономикалық өсуін, әлеуметтік жағдайын, халықтың әл-ауқатын көтеру, бюджетті өсіру, қаржы жағдайын, отандық және шетел инвестициясын тарту және оны тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіптерді, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты және тағы басқа да проблемаларды шешіп оларды дамытуға көп көңіл бөлінуде.
Аймақтық дамудың маңызды тапсырмаларының бірі жеке аймақтардағы халық өмірі деғгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл тапсырманы орындау үшін аймақтардың экономикалық деңгейі мен ерекшеліктерін ескере жеке аймақтардың шаруашылық дамуының мемлекеттік бағдарламаларын қолдану үлкен мәнге ие.
Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалар – бұл экономикалық құрылымын реформалау, жеке аймақтарды депрессивті жағдайдан шығару, әлеуметтік инфрақұрылымын жасау, экономиканы ұрақтандыру, аймақаралық транспорттық жүйені дамыту, экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу.
Аймақтың дамуы үшін қаржы-қаражат орны ерекше. Аймақтық экономиканы дамытуды тездетуге бағытталған құралдардың екі көзі бар:
- сыртқы инвестициялар – экзогенді көзі
- ішкі инвестициялар – эндогенді көзі.
Эндогенді дамытуды ынталандыру тәсілдері табиғи ресурстарды, “экономикалық ортаны” (өндіріс, транспорт, коммуникация, жинақталған экономикалық потенциал және басқалар) және )адам капиталы (білім, квалификация, шығармашылық потенциал, кәсіпшілдігі, халықтың жан тазалығы және тағы басқа) жағдайын қамтитын проблемалы аймақтардың ішкі потенциалын белсендірумен байланысты.
Қазір бар технология мен өндірісті ұйымдастырудың атақты тәсілдеріне негізделген эндогенді аймақтық дамуды ынталандырудың мүмкін болатын әдістеріне келесілерді жатқызуға болады:
- тікелей мемлекеттік реттеу;
- қызмет секторын ынталандыру;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
- арнайы зоналар құру /9/.
Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік меншікке негізделеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда меншікті мемлекетсіздендіру әлі жүріп жатқандықтан, бұл әдісті эндогенді аймақтық дамытуда қолдану қиынға соғуда. Секторлық ынталандыру құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттың тапсырмасы ғана болып табылмайды, кейбір жағдайларда оны аймақтық экономикалық саясаттың тапсырмасы ретінде қарастырылады. Әсіресе, бұл қызмет сферасына қатысты.
Қазіргі күні Қазақстандағы және басқа елдердегі шағын бизнес ұлттық және аймақтық экономикалық саясаттың әдістерінің бірі ретінде қарастырылады. Өзінің құрылымдық өзгерістерге бейімдегі мүмкіндігі мен икемділігіне байланысты көптеген үкіметтер ұлттық және аймақтық деңгейде шағын фирмаларды қолдайды. Мұндай қолдау несие бөлуде және жеңілдікпен қаржыландыруда, кадрларды қайта оқытуға көмек көрсетуде, қаржы кәсіпорындарының өндірісін басқаруда, инвестицияны ынталандыруда, технологиямен қамтамасыз етуде және басқа да жағдайларда көрінеді.
Шағын және орта бизнесті аймақтық экономикалық саясат шегінде ынталандыру, олар экономикалық өсуге мүмкіндік жасаса және аймақта жаңа жұмыс орнын ашса ғана жүргізіледі. Көмек түрі фирманың ерекшелігіне (капитал сиымдылықты фирмаларға капитал, қызмет көрсетудің сауда фирмаларына, айналмалы капитал, жаңа технология мен құрал-жабдық қажеттілігі) және өмір цикліне байланысты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің реттеуші әсері халықтың, шаруашылық етуші субъектілерінің өмір сүруінің құқықтық регломенті жүйесі және жалпы макроэкономикалық (бюджеттік, салықтық, ақша-несие), әлеуметтік-экономикалық, құрылымдық инвестициялық, сыртқы экономикалық саясаттарды жүзеге асыру, институтционалды құрылымлар жүргізілу арқылы жүргізіледі. Оларды әзірлеу және тәжірибеде жүзеге асыру кезінде жүзеге асырылатын шаралардың интеграциялық аймақтық әсері және олардың территорияларының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайына сәйкестігін ескеру қажет.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтың ерекшелігін, олардың шешілетін стратегиялықжәне тактикалық тапсырмалардың сипатын ескеретін, икемді және дифференцацияланған болуы керек /10/.
Минералды ресурстардың стратегиялық маңызлы түрі бар, өнеркәсіптік негізгі саласындағы өнімді өңдеуге маманданған аймақтар үшін, сонымен қатар әскери-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары дамыған ғылыми өндірістік потенциалы жоғары аймақтар үшін мемлекеттік реттеу әдістері аймақ экономикасын құрылымдық құру жағдайын туғызу және әсер етуге бағытталуы тиіс, оның ішінде экспорттық бағытталған өнім мен халық тұтынатын тауарларды өндеуді өсіру мақсатында кәсіпорынды техникалық жабдықтандыру қажет. Бұл аймақтар үшін сыртқы сауда сферасындағы, шетел инвестициясын тартудағы ірі кәсіпорындарды жекешелендіру жағдайын анықтаудағы мемлекеттік реттеу мәселелері ерекше орын алады.
Елдің азық-түлік қорын қалыптастыратын аймақ тобы үшін экономикалық тұтқалар мен ынталар халықты жұмыспен қамтуды өсіру және ауыл шаруашылық өнімін өңдеуді тереңдету, техникалық қызмет көрсету орталықтарын, көтерме азық-түлік нарығын, сауда үйлері мен биржаларын, маркетингтік қызмет, лизингтік компания ұйымдастыру мақсатында шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік етуі керек.
Аймақтық даму стратегиясының құрылымы
Сурет 2
Экологиялық нашар және артта қалған аймақтар және де депрессивті шағын және орта қалалар мен шалғай аудандар үшін мемлекеттік реттеу әдістері экономиканы белсендіру және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мен экологияның және әлеуметтік-экономикалық дамуды жақсарту бойынша белгілі бір жобаларды және мақсатты кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруға, сонымен қатар шетелдік технологиялық және гуманитарлық көмек тартуға араласуға бағытталуы керек /11/.
Республикалық билік ең алдымен аймақтықинвестициялық банктар мен қорлардың қызметін заңды және нормативті-құқықтық қамтамасыз ету арқылы аймақтарға қолдау көрсетуі тиіс. Экономиканы мемлекеттік реттеу аймақтың потенциалын анығырақ ашу мақсатында аймақтарды әртүрлі бағыт қағидасы бойынша жүргізілуі қажет.
Экономиканы реформалаудың нақты мақсатының негізгі параметрі аймақ экономикасының әлеуметтік тапсырмаларды шешуге, өмірдің жоғары деңгейіне жетуге бағытталғандығы болып табылады. Ол үшін республикалық, аймақтық және жергіліктіоргандардың инвестиция облысындағы қызметін заң негізінде шектеу, кәсіпкерлік қызметті ынталандырудың аймақтық механизмін әзірлеу, аймақтардаға жағдайды үнемі мониторингке алу және алған мәліметтерді саясаттық әзірлеу үшін уақытылы пайдалану қажет.
Мемлекеттік реттеудің құралдарының жиынтығы келесі негізгі элементтерді қамтиды:
- экономикалық болжау – экономиканың болашақ жағдайын және онымен байланысты сфералар жағдайын көріп білу.
- Индикотивті жоспар (болжау) әзірлеу – елдің барлық шаруашылық кешенінің дамуын болжау.
- Шаруашылық етуші субъектілердің белгілі бір тобы бойынша адрестік жоспар әзірлеу және жүзеге асыру.
- Шаруашылық етуші объектілерге жаната әсер етудің құралдарын қолдану.
- Елдің (аймақтық) әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықты тапсырмаларын шешу бойынша мақсаттар кешенді бағдарламалар әзірлесу және жүзеге асыру.
Эканомикалық болжау — әлеуметтік эканомикалық дамудың стратегиасын және практикасын әзірлеу, дамудың мақсатын анықтау үшін бастапқы негіз болып табылады.
Эканомикалық дамуды болжау – бұл барлық эканомикалық немесе оның аймақтарының жеке сферасының көп салалы кешеннің даму бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру /12/.
Бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асырудың маңызды қағидалары:
- мақсатты бағытталғандығы, яғни алдын-ала бекітілген және сандық анықталған мақсаттық құрылымға жетуге бағытталған шаралар;
- жүйелік – мақсаттқа жету үшін қажетті өзара байланысқа шаралар жиынтығы, осы шаралардың елдің және аймақтық даму жағдайымен байланысты;
- ресурстармен қамтамасыз етілуі – алдын-ала белгіленген бағдарлама шаралары материялдық, еңбек және қаржы ресурстармен қамтамасыз етіледі;
- Басымдылық – бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде проблемаларды маңыздылық рангің анықтау.
Экономикалық қызметті жүзеге асыруды үнемі сұраныс пен ұсыныстың тепе-тендігі қамтамасыз етілетін қандай да бір ауытқулар болып отырады. Сондықтан шаруашылық ету жүйесіне әкімшілік араласу, іскерлік белсенділікті ынталандыру және ұстап тұру жолымен жетілген нарық жағдайына тек максималды жақындауға ғана мүмкіндік бар. Бұл әсер етулер реттеудің инвестициялық, ақшалай қаржылық, салықтық, эспортты-импорттық нормаларға негізделеді. Бірақ аймақтық деңегейде бұл реттегіштер берілген аймақ өкілдігімен шектелген. Ал, тікелей қаржылық-ақшалай реттеу аймақтық деңгейде несие сақтандыру және басқа да қаржылық мекемселердің жанама әсерін санамағанда жүзеге асырылмайды /13/.
Аймақтық және мемлекеттік мүдделер жоғары деңгейде аймақтағы өндіріс масштабымен байланысты, соған сәйкес халық санына байланысты болып табылады. Сондықтан халықтың, жұмысбастылықтын, кірістің және өндірістік өсу біршама шартты, аймақтық дамудың сандық көрсеткіштері ретінде қаласьтыруға болады. Аймақтық және мемлекеттік мүдделердің өзара әрекеттестігінде субъектісі ретінде орталық басқару орган (үкімет) және жергілікті басқару органдары мен халық болып табылады. Қаншама, аймақтық және мемлекеттік мүдделері экономикалық өсумен байланысты болғандықтан, аймақтық саясат өзіне өндірісті орналастыруды қосады. Бұл өзінің спецификалық мүдделері бар тағы бір топты талдауға айналдырады — өндіріс қаражатының меншіктігі. Ірі кәсіпорындар аймақтық мүддені ескермейді, ал кіші кәсіпорындар жергілікті нарыққы жұмыс істейді.
Жалпы аймақтық экономиканы дамытуды мемлекеттік реттеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекет тарапынан көптеген шаралар жүргізілуде.
Аймақтық дамудың басты мақсаты аймақтардың экономикалық құрылымын жетілдіруге көмек көрсету. Әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі мақсатты бағыттардағы аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруды аралас тұтқаларды қолдану қажет: жанама әсер ету және бақылау түрінде болып табылады. Мемлекеттік мүдделерді орындаушылар болып мемлекеттік аймақтық инвестициондық компаниялар шығуы мүмкін. Сонымен қатар, аймақтық ьэкономикалық және инвестициондық саясатты жүзеге асыру үшін аймақтар орталық үкіметпен құрылған аймақтық даму компаниясының үлесіне кіре алады немесе оларды бірігіп аймақтық келісім ретінде құру немесе оларды өз мақсаттары үшін жеке өзщі ұйымдастыру қажет.
Секторалық ынталандыру тек құрылымдық және өндірістік саясаттың ғана тапсырмалары емес, сонымен қатар жеке жағдайларда аймақтық экономикалыұ саясат тапсырмалары ретінде де қарастырылады. Әсіресе, бұл қызмет секторына қатысты болып табылады. Қазіргі кезде қызмет секторын күшейту оларды ынталандыру қажет /12/
Жоғарыда айтып өткендей, көптеген үкімет ұлттық және аймақтық деңгейде құрылымдық бейімделуге икемділігі мен қабілеттілігі үшін кіші фирмаларды қолдайды. Кейбір елдерде кіші фирмаларға басты түрде аймақтық микросаясат арқылы жүзеге асырылатын қаржылық көмек бөлінеді: жеке капитал жоғары тәуекелдіктен өзінің қаражатын аймақ экономикасына қосуға қарсы болғандықтан іске асатын құрал-жабдықтарды модернизациялау және жаңасын иеленуді қаржыландыру, қарыз және несиелерді сақтандыру, инвесторлар үшін салық жеңілдіктері, ұзақ мерзімді несиелеу жөніндегі бағдарламалар жасап шығарылады. Сондықтан, кәсіпкерлікті ынталандыру аймақтық билік органдарының тапсырмасы болуы тиіс/14/.
2 БӨЛІМ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Алматы қаласының экономикалық даму жағдайын талдау
Бүгінгі таңда Алматы қаласы Қазақстанда ғана емес, Орталық — азиялық аймақтағы ірі мегаполистердің бірі болып табылып табылады.
Астана қаласына астананы ауыстырумен басқарудың республикалық органдары көшкен болатын. Бірақ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттігі, бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комисия және басқалар өз қызметін Алматы қаласында өз қызметін жалғастыруда.
Біздің қалаға ерекше мәртебе берумен; Алматы қаласы республиканың ірі өнеркәсіп, ғылыми, мәдени және қаржылық орталығы болып қалуда. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республиксының Заңы қаржылық, экономикалық және әлеуметтік ынталандырудың шараларын қабылдау жолымен Алматы қаласының ары қарай дамуын кепілтендіру мақсатында қабылданған және ғылыми, мәдени, тариғи, қаржылық және өндірістік орталық ретінде қаланың ерекшелігін ескере, оның ерекше статусын анықтайтын құқықтық негізін бекітеді. Бұл заң қала үшін қажетті және Қазақстсан Республикасының қазіргі заңдылықтарына сәйкес кейбір ережелердің күшін жоғалтуымен байланысты өзінің актулдығын жоғалтты /12/.
Қала территориасында 170 ірі орта өнеркәсіптік кәсіпорындар бар. Алматы бүгіннің өзінде теледидар, компьютер, видеомагнитофондар, сағаттар, жалға (прокатқа) беру құралдарын, кілем және кілем өнімдрін, нан және шампань ашытқылар өндірісі жүзеге асырылады. Қала кәсіпорындарымен жіп және мсаталар, шай, кір жуғыш машиналар, элетрлі счетчиктер, жүк тасымалдайтын автомобильдер, қалпақ пен бас киімдер, маргаринді өнімдер, коньяк пен темекі өнімдері, 10 және оданда көп жолаушылар тасымалдайтын автомобильдердің мәнді көлемі шығарылады.
«АХбК – ОЗАТ» (мақтақақағазды материалдар өндіретін жалғыз өндіруші) АҚ, «Автобусқұрама (автобусосборочный) завоты» БК (қазақстандағы дизельді двигательді автобустарды жалғыз өндіруші), «Алматы кілем» (республикадығы кілемдерді жалғыз өндіруші) АҚ, «Ырысты — ВРЗ» (темір жол транспортының жылжымалы бөлігін құрау бойынша ірі кәсіпорын) АЖШС сияқты ірі кәсіпорын және құрылысы аяқталмаған объектілердің тізімі, универсалды спорттық кешені ( ірі халықаралық және республикалық шаралар жүргізу орны), құрысқа дайындығы 50% және одан жоғарыпайыз құрайтын құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердің көлемі (100 мың шаршы метр) қалға инвестициялық тартымдылық берді.
Алматы күшті құрылыс кешеніне, темір жол, автомобиль және авияциялық кешенінің ірі тараптарына ие. Қалада шетел партнерлары мен біріккен өндірістің, белсенді сыртқы экономикалық қызметтің бар екендігі көрінеді.
Алматы қаласы ірі өнеркәсіп, қаржылық, ғылыми, мәдени – білім орталық, республикалық мәні бар қала мәртебесіне ие, бюджетке жалпы республикалық түсімдердің 1/5 бөлігін қамтамысыз етеді.
Қала экономикасында кейбір тұрақтанулар, сонымен қатар халық әкімшілгінің жоғарлату және салық салынатын негізгі кеңейту бойынша шаралар кешенін қабылдау бюджетке салықтық түсімдер мен басқа алымдар көлемінің тұрақты өсуі қала маңызын жоғарлатуда. Қала 2002 жылғы мемлекеттік бюджетке 148,8 млрд. тенге сомасында салықтық және салық емес түсімдер жинағын әкелді. Бұл көрсеткіш 2001 жылмен салыстырғанда 17,1% көп.
Жоспарланған бюджет 10,6 пайызға орындалды, оның ішінде республикалық бюджетке – 14,1 пайызға, жергілікті бюджетке – 3,9 пайызға.
өнеркәсіптік секторлар өндіріс көлемін кеңейтудің тенденциясы сақталуда. 2003 жылға өнеркәсіптік өнімнің алдыңғы жылғы өніммен салыстырғанда 10,6 пайыз құрады, 2001 жылы қаланың өнеркәсіп орындарымен оларды импортизация бағдарламасына қатысуға тарту нәтижесінде 3 млрд. тенгеге жуық суммаға келісім шарт жүргізілді. Осы жылы қала кәсіпорындарымен 3 жаңа өнім өндірісі жасалынды: «электромаш» АҚ – нда – автомобильдерге құрамдас бөлшектері (запчасть) өндірістері, «істер» АҚ – нда – резинотехникалық өнімдер, темір жол жолдарының үстінгі бетін салу детальдары. АР 3 – 405 АҚ — нда ЯК – 40 және АН – 2 самолеттерді жөндеу техникасы жүзеге асырылады. ААСЗ БК – ны орта класты автобустар өндірісін бастайды.
Төлеу қабілеттілігі жоқ кәсіп орындарды қалпына келтіру үшін инвестиция тарту бойынша шаралар қабылданды. Бюджетке қарыздың 454 млн. тенге сөндірілді.
2000 жылдың басынан билік етуші шектелген меншіктер мен банкрот кәсіпорындардың меншігін жүзеге асыруға мүмкіндік берілген 125 аукцион жүргізілді.
Мемлекетік меншікті жекешелендіру және қайта құру облысында басымдылықты бағыт адресті сату мен қолданылмайтын объектілердікейіннен өз меншігіне алумен жалға беру арқылы шағын бизнесті қолдау болып табылады. 2000 жылы мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден (1. 12. 2000 жылы бойынша) бюджетке 512 млн. тенге түскен.
Алматы қаласының территориясында мемлекеттік кәсіпорындар ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақөтау салаларында, әлеуметтік және кейбір сфераларда сақталған.
Кәсіпкерлерге жекешелендірушілік көмек түрінде 2001 жылдың басынан 82 объект сатылған және жалға берілген, 39 объект берілген, 248 жер учаскісі сатылған, тауар мен қызмет өндірісін дамытуға пәтерлерді қайта жабдықтауға 147 рұқсат берілген.
Өнеркәсіпте, саудада, қызмет көрсету және басқа да сфераларда заңды қызмет көрсету үшін кәсіпкерлерге жағдай туғызу есебінен көлеңкелі айналымға ақша ағымы азайып, бюджетке салық түсімдері көбейеді. 1998 жылмен салыстырғанда бюджетке төлемдер 4,3 есе көбейеді.
Кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі мәселе шағын кәсіпорындардың қаржылық қамтамасыз етілуінің жеткіліксіз деңгейі болып отыр/19/.
Кәсіпкерліктің дамуына өндірістік инфрақұрылымның дамымағаны, ақпараттық негіздің сәтсіздігі, арнайы мамандандырылған құралдардың жетіспеушілігі әсер етеді.
Аймақта жыл сайын еңбекке жарамды халдықтың жұмыссыз жүрген бөлігін еңбекке орналастыру бойынрша жос пар әрекеттер жүзеге асырылады.
Квота және мемлекеттік тапсырыс есебінен 1,5 мың көп адам, еңбекпен қамту оршгандарымен 6 мыңнан көп адам жұмысқа орналастырды.
2 мыңға жуық жұмыссыздар, профессорларды оқу курстарына жіберілді, қоғамдық жұмыстарда 11 мың адам қызмет етті.
Шетел жұмысшы күшін тартуға рұқсат алған кәсіполрындарда 2001 жылы Республикапның 38 мыңнан аса азаматы жұмыс істеді, мұнда 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жоғарыда айтылып кеткендей, Алматы қаласының экономикалық жағдайын көтеруде қала әкімінің ақпараты белсенді түрде жұмыс істеуде. Акиматтың құрылымында осындай мәселелерді шешу үшін ыңғайлы бодлу мақсатында ұйымдастырылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 – шы ақпан №1019 Жарлығымен Алматы қаласының 2003 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік даму бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама Республикалық маңызы бар қаланың жаңа көрінісін құруға және оны қаржылық, ғылыми, білім, мәдениет және республиканың туристік орталығы ретінде бекітуге бағытталған.
Алматы қаласының әкімі жылына екі рет, бірінші ақпанға дейін және бірінші қаңтарға дейін, жарты жылдың нәтижесін Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы үкіметіне Бағдарламаның жүзеге асуы туралы ақпарат беріп отыруы керек.
Бағдарламаның жүзеге асуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелген.
Бағдарламаны дайындаушылар Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, Алматы қаласының Әкімшілігі.
Бағдарламаның мақсаты – Республикалық маңызы бар қаланың жаңа көрінісін құру және оны қаржылық, ғылыми, білім, мәдениет және республиканың туристік орталығы ретінде бекіту.
Міндеті – қала экономикасының мақсатты функционалды – салалық құрылымын құру; қаланы тұрақты өмір сүру үшін қабілетіне ұйымдық – экономикалық және нормативті құқықтық жағдайларды құру; қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру; экономика салаларында ғылымды көп қажет ететін өндірісті және инновациялық технологияны дамыту; кедейлік масштабын қысқарту; әлем мемлекеттерімен тығыз ынтымақтастық қатынастарды қалыптастыру; туризмді дамыту бойынша ұйымдық және құқықтық шараларды дайындау; рентабельді және бәсеке қабілетті туризм индустриясын құру; мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру; экологиялық жағдайды жақсарту және қаланың табиғи катаклизмдерге, төтенше жағдайларға әрдайым дайындығын қамтамасыз ету;
Жүзеге асыру мерзімі 2003 – 2010 жылдар.
Бірінші кезең – 2003- 2005 ж.
Екінші кезең – 2006-2010 ж.
2003 – 2010 ж Алматы қаласы дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық, жергілікті бюджет және тұрғындардың қаржылары, халықаралық қаржы, экономикалық ұйымдардың гранттары, шетелдік және отандық инвестициялар қолданылады. Инвестициялық ресурстарға жалпы қажеттілік, бюджеттік қаражаттарды қосқанда 711 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 470 млрд. теңге – мемлекеттік қаражаттар (жылына 50-60 млрд. теңге).
Жыл сайынғы кейбір салаларға қаржылық қажеттілік:
- айналма жолдарды салу – 10- 12 млрд. теңге
- метрополитен құрылысы – 12 – 15 млрд.теңге
- білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің сеисмикалық қауіпсіздігі – 3,5 млрд. теңге
- ескі тұрғын үйлерді бұзу және толық жөндеу – 4,9 млрд. теңге
- жалпы білім беретін мектептерді салу – 3 млрд. теңге
- өзен жағаларын жөндеу, лайға қарсы инженерлік – техникалық шараларды жүргізу – 5 млрд. теңге
- энергетикалық объектілерді салу, кеңейту және жөндеу – 10 – 15 млрд. теңге.
Бағдарламаны жүзеге асыру қаланың қаржылық, өндірістік, кадрлік, ғылыми және мәдени потенциалын максималды қолдануға мүмкіндік беруі тиіс және осының негізінде халықтың өмір деңгейі мен сапасын көтеруге ықпал етуі тиіс.
Алматы қаласының ірі қаржылық, ғылыми, мәдени және туристік рөлін көтеру қала экономикасының құрылымын өзгертуге әкеледі. Осы кезеңде сауда, транспорт, коммуналдық шаруашылық, байланыс, индустрия, ойын-сауық, туризм т. б. тез қарқынмен дамиды. Бұл салалардың кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатымен бірге дамуы халықты жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Жалпы қалада 80 мың жаңа жұмыс орындары ашылады. Алматы қаласының 2009 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік даму бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асуы қуатты мультипликативті эффект есебінен бүкіл меммлекеттің гүлденіп дамуына әсер етеді.
Жалпы бағдарлама тоғыз тараудан тұрады:
1-ші тарау. әлеуметтік саясат.
- Халық санын өсіру
- Еңбек ресурстарын дамыту және оптималды қолдану.
- Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы.
3.1. Білім беру реформасының стратегиясы.
3.2. Денсаулық сақтау реформасының стратегиясы.
3.3. халықты әлеуметтік қорғау реформаларының стратегиясы.
2 – ші тарау. Өнеркәсіптік – технологиялық саясат.
3 – ші тарау. Транспортьтық инфрақұрылым.
4 – ші тарау. Қоршаған ортаны қорғау.
5 – ші тарау. Инвестициялық саясат.
6 – шы тарау. Салықтық бюджеттік саясат.
7 – ші тарау. Туризмді дамыту стратегиясы.
8 – шы тарау. 2002 – 2010 ж . перспективалық жобалар.
9 – шы тарау. Күтілетін нәтижелер.
2002 – 2010 ж. Перспективалық жобалар.
Бірінші кезең: 2002 – 2005 жылдар.
Әлеуметтік саясат. 1. самал – 2 ықшам ауданында әмбебап спорт кешенін салу. Кешен 10 500 орынға есептелген. Спорт жарыстарын және концерттік шараларды өткізуге аргалған. Объектінің құрылыстық дайындығы бүгінгі күні 52%. Инвестиция көлемі 14,1 млн. доллар. Жобаның жүзеге асу мерзімі – 2 жыл.
Өнеркәсіптік – технологиялық саясат. 1. ЗИУ – 682 Г троллейбустарын жинақтау. Жобаны жүзеге асыру БК АҚ «Электромаштың» күшімен атқарылады. Бұл кәсіпорынның троллейбустарды, трамвай, автобус пен оларға агрегаттарды жөндеу бойынша тәжірибесі бар. Кәсіпорынның қуаты жаңа 100 дана және жөндеуден өткен 100 дана троллейбус. Зауыт өнімі бәсеке қабілетті, сондықтан нарықтағы үлесі 80%. Инвестиция көлемі 300 мың доллар.
- Трикотаждық өнім өндірісін ұйымдастыру. Жобаны АҚ «Алматы трикотаж фабрикасының» негізінде жүзеге асыру жоспарланған. Бұл Қазақстандағы жоғары технологиялық құралын, жоғары квалификациялы кадрлерін сақтап қалған жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі. Өндірілетін өнім импортты айырбастайтын болады. Инвестиция көлемі 1,4 млн. доллар. Жүзеге асыру мерзімі – 6 ай.
- «Сибир язвасына» қарсы вакцина өндіру. Жоба РМК «Алматы Биокомбинатының» күшімен жүзеге асады. Кәсіпорынның биопрепараттар дайындауда үлкен тәжірибесі бар. Жобаны жүзеге асыру үшін арнайы өндірістік ғимаратта, технологиялық құралдар, биохимиялық лабораториялар, қоймалар бар. Жобаны жүзеге асыру малдарда иммунитетті пайда болдыратын вакцина өндіруге мүмкіндік береді. Кәзіргі уақытта бұл препарат Ресейден бір литірі – 25 доллардан сатып алынуда. Республиканың вакцинаға қажеттілігі 10 – 12 мың литр. Инвестиция көлемі 200 мың доллар. Орындау мерзімі — 1 жыл.
Транспорттық инфрақұрылым. 1. Метрополитеннің алғашқы жолын салуды аяқтау. Құрылыс объектісінің сметалық құны 662 млн. доллар. Метрополитен құрылысы қаланың орталық бөлігінен 450 автобустың жүруін тоқтатып, тез қозғалысты, комфортты қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру 7 мың жаңа жұмыс орнын ашады. Метро құрылысын аяқтауға қажетті инвестицияның көлемі – 530 млн. доллар.
Қоршаған ортаны қорғау. 1. Алматы қаласының сумен қамтамасыз етілу жүйесін реконструкциялау.
Жобаның мақсаты – су құбырлары – канализациялық қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру. Жобаның басты мақсаттары: ішетін судың өзіндік құнын төмендету және сапасын жақсарту, барлық комплекс құралын жаңарту, эксплуатациялық шығындарды азайту, әлемдік деңгейдегі жаңа эксплуатациялық әдістерді енгізу, тазартылмаған судың қоршаған ортаға түсуін азайту. Инвестиция көлемі – 24 млн. долллар (Франция Үкіметінің заемы). Жобаның кезеңі үш жыл.
- Алматы қаласынан шығатын тұрмыстық қатты қоқыстарды басқару. Жоба қатты қоқыстарды жинау жөнінде жедел, тиімді және үнемді қызметтерді, оларды барлық санитарлық ережелерге сай орналастыруды қарастырады, қоқыстарды көму және тасымалдау да қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру үшін қоқыс жинайтын контейнерлер, транспорттық құралдар, жүк машиналары қажет. Инвестиция көлемі – 20 млн. доллар (ЕҚДБ заем алу).
Екінші кезең: 2006 – 2010 жылдар.
Өндірістік – технологиялық саясат.
- Автобустар шығару. Жобаны жүзеге асыру ЖШС «Алматы автобус жинақтау зауыты» негізінде жоспарланған. Ол қажетті өндірістік инфрақұрылымға ие (қоймалар, темір жолдары, өндірістік ғимараттар, компрессорлық қондырғылар). Жоба бойынша жылына 1000 автобус жасалуы тиіс. Инвестиция – 12 млн доллар.
- Мақта мата бұйымдарын өндіру. Жобаны жүзеге асыру «АХБК – Озат» АҚ негізінде жоспарланған. Жоба бойынша әртүрлі маталарды отандық шикізатты: мақта, бояу, химикаттарды қолдана отырып шығару көзделген. Жобаның жүзеге асуы 2000 жаңа жұмыс орнын ашады. Инвестиция көлемі – 18,5 млн. доллар (ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие).
- «Алматы – Кілем» АҚ өндірістік технологиялық негізін жаңарту. Алматы кілем фабрикасы республикадағы кілем бұйымдарын шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Өндірілетін өнімі экологиялық қауіпсіз, жоғары мықтылығымен, жылу және дыбыс ұстағыштығымен ерекшеленеді.
Жоба қазіргі заманғы жоғары технологиялық кілем тігетін компьютермен басқарылып отыратын станоктарды алуды қарастырады, бұл кәсіпорындағы еңбек өнімділігін ұлғайтып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Инвестиция – 1 млн. доллар.
Туризм дамуының стратегиясы.
2030 даму стратегиясындда Алматыны мәдени, туристік және бизнес орталығы болады деп көрсеткен.
Алматы өте маңызды және ыңғайлы геосаяси жағдайда орналасқан. Қалада туризм бизнесін дамытуға мүмкіншілік бар, өйткені Оңтүстік астана негізінен халықаралық стандарттарға сай келеді, және республика үшін «стратегиялық қақпа» болып табылады. Туристердің миграциясы көбінесе Алматы қаласы арқылы өтеді.
Мұнда өлкедегі ең ірі театрлар, музейлер, сарайлар орналасқан. Ойын-сауық бизнесі кең қанат жайған. Қалаға жақын жерлерде рекреациондық зоналар бар. «Медеу» мұз айдыны мен оның инфрақұрылымы, «Шымбұлақ» тау шаңғысының турбазасы шетелдік және отандық туристерді тарту объектісі болып табылады.
Алматы қаласының туристік қызметін 300 тур фирмалар көрсетеді. Бүгінгі таңда туризмнің үш категориясы бар: кіру, ішкі, шығу. Жалпы қаланың кәсіпорындарымен 2002 ж. 70 мың турист қамтамасыз етілді.
Тур бизнестің айрықша көрінісіне қонақүй қызметтері жатады. Турфирмалар, шетелдік туристерге жоғары сапалы отельдерден жай отельдерге дейінгі нұсқауларды көрсетеді. Оның ішінде бес жұлдызды екі қонақ-үй «Анкара»және «Рахат-Палас» бар. Ақысы тәулігіне 120-дан 1200 доллар аралығында.
Тәулігіне тұру бағасы 50-ден 110 долларға жететін үш жұлдызды қонақ-үйлерде жеткілікті: «Қазақстан», «Достық интеротель», «Астана интеротель», «Отрар», «Алатау Премьер Интернешнл», «Мунайши», «Пекин», т.б. Альтернативалық варианттар – санаториялар, демалыс үйлері.
Алматы қаласының туристік имиджін құру мақсатында келесідей жұмыстар жүргізіледі:
Алматының туристік мүмкіндігін баяндайтын Web-сайт ашылды, жарнамалық буклеттер, плокаттар, видеофильмдер дайындалды.
- турбизнестің инфрақұрылымы туралы мәліметтер банкі құрылды.
- Алматы қаласы делегациясының Халықаралық туристік жәрмеңкелерге қатысуы
- Туристік кадрлер квалификациясын көтеретін және дайындайтын орталықтар ашылды.
Туристік қызметті сараптаулардың нәтижелері бойынша, турфирмалар көбінесе сыртқы туризммен айналысады. Ішкі туризм ақырын дамуда, өйткені демалыс зоналарын, экскурсиялық объектілерді, транспорттық құралдарды т.б. салуға және орналастыруға капитал салымы қажет.
Оның үстіне, қала территориясында қалпына келтіруді; рестоврациялау да қажет ететін архитектура және құрылыс өнерінің ескерткіштері бар.
- Өмір сүру, тамақтану, транспорттық қамтамасыз ету бағалары сапаға сай келмейді;
Туризм жөніндегі инструкторлар, Қазақстанның ежелгі тарихын, табиғи ландшафтысын, флорасы мен фаунасын білетін аудармашы – гидтердің жетіспеушілігі байқалуда.
Стратегиялық міндеттер.
- туризм сферасын басқаруды жетілдіру.
- Туризм инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету.
- Туристік қызмет маркетингінің стратегиясын дайындау
- Қаланың Орталықазия аймағындағы туристік орталық ретіндегі имиджін құру.
- Визалық қамтамасыз етуді жетілдіру.
- Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
Күтілетін нәтижелер
Әлеуметтік салада
Қала халқының жалпы өмір сүру деңгейі көтеріледі. Жоспарланып отырған кезеңнің аяғында Алматы қаласы халқының саны 1 млн 178 мың адам болады, оның ішінде 680 мыңын экономикалық белсенді халық құрайды. табиғи өсім жылына 2500-3000 адам. Халықтың денсаулығының деігейін сипаттайтын көрсеткіштер денсаулық сақтау жүйесінің дамуымен, және экологиялық жағдайдың жақсаруы мен бірге жоғарылайды. 2005 жыл аяғына қарай Алматы қаласы бойынша жұмыссыздар саны 58 мың адамға қысқарады. 2010 жылға қарай бұл көрсеткіш 45-55 мың адамға жетеді. Орташа айлық жалақы 9 жылда 60-70% өсіп, болжау уақытының соңына қарай 30-35 мыңға жетеді.
9 жылдың ішінде 18 жалпы білім беретін мектеп салынады. Оған кететін қаражат көлемі 25-27 млрд. т.
Кепілденген медициналық көмек көлемі 2 есе өседі. Медикалық — демографиялық көрсеткіштер жақсарады.
Өнеркәсіп саласында.
Өнеркәсіптің барлық саласарында перспективалық жобаларды енгізу жүзеге асады, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндіріс айрықша бағытқа ие болады. Өнеркәсіпті дамыту бойынша шаралардың есебінен, Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 10 жыл аяғына қарай 54 % өседі. Қаладағы өндірілетін өнімнің 30-35% шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
- Инвестициялық салада 2010 ж. қарай Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 104 млрд. т. жетеді, яғни 2001 жылмен салыстырғанда 43 % өседі. Инвестиция құрылымындағы шығындардың көп бөлігі әлеуметтік және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Жалпы осы кезеңде 2,5 млрд. кв. метр тұрғын үй салынады. 5 жылдың іішінде инженерлік құрастырулары жаңадан енгізілген «Нұрлы қала» ықшам ауданын салу жоспарланған.
Салықтық – бюджеттік салада.
Алматы қаласы бойынша салықтардың көлемін 2005 ж. 200 млрд. теңгеге, ал 2010 жыл аяғына қарай – 250 млрд. теңгеге жектізу көзделген /37/.
2.2. Алматы қаласының экономикалық жағдайын көтеруге арналған стратегиялық жоспарлар мен жобалар.
Алматы қаласы аппарпаты жыл сайын аймақтың экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету, потенциялын көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында салық және функцианалды әрекет ету жоспарларын, стратегиялық жоспарлар, бағдарламалар және жобалар әзірлеп жүзеге асырады. Осы мақсатта Алматы қаласының 2010 жылға дейін дамуының стратегиалық жоспары, Алматы қаласының 2003 – 2010 жылдарындағы дамуының мемлекеттік бағдарламасы 2003 жылғы салалық және функционалды жоспар тағы басқа қолданылады.
2010 жылға дейінгі қаланың дамуының стратегиялық жоспары қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтып әрбір бөлімі бір мәселені шеуге арналады. Мұнда тек болжам ғана жасалып қоймай әрбір саланың күшті және әлсіз жақтары қарастырылып, SWOT – талдау жасалған.
Өнеркәсіптік – технологиялық саясаты қарастырытын болсақ, ол негізінен екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде импортты кеңейтуге агробұйырмалауға және технологияларды тираждауға, өнімді сертифиаттаудың халықаралық стандартына көшуге, экономикалық өсуді қамтамасыз ететін кәсіпорындарға адрестік көмек беру шараларын жүзеге асыруға негізделген. Қаланың барлық технологиялық – өнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл кезең 2002 – 2005 жылдарды қамтиды. Екінші кезең 2006 – 2010 жылдарды қамтиды. Бұл кезең экономикалық өнеркәсіптік және ғылыми технологиялық сектордың интеграциялық дамыту, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті қаланың индустриалды кешенін қалыптастыру көзделіп отыр.
Алматы қаласы өнеркәсіп инфрақұрылымы дамыған қалалар қатарына жатады. Оның территориясында 51 ірі өнеркәсіпорны, 129 орташа кәсіпорындар және 2897 шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада өндірілетін өнімнің 18% біріккен кәсіпорындарға, 7% шетел кәсіпорындарға, 7% ғана отандық кәсіпорындарға келеді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымында өндіруші өнеркәсіп үлесіне шығарылытын өнімнің 89% (оның 35% тамақ өнеркәсібіне; 13% электрон құрал өндірісіне, 11% қағаз бен басылым істекр өндірісіне, 7% дайын маталдық өнім өндірісіне, 5% транспорттық құрау мен жабдықтар өндірісі, 3% тігін текстильді, 2% химиялық өнеркәсіп ) келеді. Ал қалған қалада дайындалатын 11% өнім электроэнергия, газ және су өндірісі мен бөлуде келеді/18/.
Өнеркәсіптегі негізгі құралдардың құны тозуын ескергенде 48 819 млн. тенге бағаланады, оның ішінде:
таукен өнеркәсібі – 1 682 млн. тенге;
өңдеу өнеркәсібі – 360380 млн. тенге;
электроэнергия, газ және су өндірісі мен бөлу – 10 757 млн. тенге.
Соңғы жылдары кәсіпорындардың қаржылық жағдайының салыстырмалы түрде жақсаруы, оларға негізгі өндірістікқұралдар мен қорларға игілікті әсер берген қайта құруға, жаңа техника және технология енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, 1997 жылмен салыстырғанда жаңарту коэфициенті өңдеу саласында 6-дан 11%-ке өсті. Сәйкесінше негізгі қорлардың тозу деңгейде өңдеу өнеркәсібінде 38%-тен 33-%-ке дейін, ал электр энергия газ және су өндірісі мен бөлуде 47-%тен 41%-ке дейін төмендеді.
Қаланың өнеркәсіптік потенциалы толығымен пайдаланылып жатқан жоқ. Қуаттылықты жеткіліксіз түрде қолданудың негізгі себептері шикізат пен қажетті материалдар сатып алу үшін керек төлем құралдарының тапшылығы, дайын өнімді өткізумен байланысты қиындықтар сапалы отандық шикізаттың жоқтығы, менеджмент пен маркетинг деңгейінің төмендігі болып табылады.
Соңғы бірнеше жылда қалада шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша интенсивті шаралар жүргізілуде. Алматыны кәсіпкерліктің еркін зонасы болып табылады. Содан бері экономиканың нақты секторының даму құрылымы мен көлеміне оның әсері өсуде. Кәсіпкерлердің қандайда бір объектілердің иеленушісі болуға ұмтылыстарын қолдау үшін «Алматы территориясында пәтерлерді, тұрғын үйлермен салынған мекемелердің подвалын кәсіпкерлік қызметтің объектісі ретінде қайта құрылу тәртібі туралы» шешім қабылданды. Бүгінгі күні кәсіпкерлерге жер учаскелерін қосқандағы 2,2 мыңнан астам объект сатылды, жалға берілді және өмір бойына берілді. Кәсіпкерлік қызметтің объектісі ретінде 2,5 мыңға жуық пәтер қайта жабдықталды. Мысал ретінде «Фанкор интернейшнл» кәсіпорнының қызметін келтіруге болады. Кәсіпорын қысқа мерзім ішінде жоғары сапалы, экономикалық сенімдер коррозияға қарсы жабдықтар шығаруды үйренді. «Фанкор интернейшнл» грунт өндірісіне мамандандырылған. Оның өніміне сұраныс бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мұнай газ секторы, энергетика және индустрияның дамуына байланысты тез өсуде. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 2500 тонна краска шығаруға есептелінеді.
Қала экономикасында жалпы 24000-нан астам шағын кәсіпорын жұмыс істейді, кәсіпкерлік сферасында жұмыспен қамтылғандардың саны 13%-ке өсіп 217000 мың адамға жетті. Шағын бизнес қазыргі уақытта 130млрд. теңгеге тауар қызмет өндіреді. Бұл көрсеткіш Алматы қаласының аймақтық өнімінің 1\3-ін құрайды /21/.
Жеткен нәтижелермен қатар шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын мәселелер де бар: оның ішінде өндірістік мекемелер мен материалдық ресурстар алудағы қиындықтар, несие алуға мүмкіндіктің жоқтығы, бастапқы капитал жинауға шағын кәсіпкерліктің қаржылық ресурстарының жоқтығы, өндірістік инфрақұрылымның дамымағандығы, арнайы құралдардың жетіспеушілігі, ақпараттық негіздің әлсіздігі, кадрларды дайындау үшін қаржылық құралдардың тапшылығы.
Соңғы жылдары кәсіпорныдарға кедендік және салықтық жеңілдіктер беру, басымдылықты инвестициялық жобаларды несиелеу, импортты кеңейтуде мемлекеттік бағдарламалардың қатысуы арқылы селективті қолдаудың шаралары қабылданды /23/.
Төменде қалада өндірілетін өнімнің 1\3 бөлігі келетін қала кәсіпорындарының тізімі көрсетілген олардың ары қарай дамуы қала экономикасын мультипликативті әсер етеді.
Жылдың басынан бастап 43 жаңа кәсіпорын ашылды 100-ге жуық кәсіпорын кеңейтілді, 4000-ға жуық жұмыс орны құрылды және қалпына келтірілді.
Кесте 1. Алматы қаласының ірі кәсіпорындарының тізімі
Кәсіпорындар |
2002 ж. өндіріс көлемі |
өсу темпі (%) |
||
2001/2000 |
2005/2002 |
2010/2002 |
||
Барлығы қала бойынша, млн. тенге |
100795 |
122,9 |
133,1 |
154 |
Машина мен жабдық өндірі «АЗМТ» АҚ «Бекламит» АҚ БК |
814 631 |
123,4 125,1 |
115 135 |
130 150 |
Транспорттық құралдар өндірі «Ырысты — АЭВРЗ» АҚ «Алматы вагон депосы» |
1468 1398 |
189 — |
115 106 |
135 122 |
Газ, су, электро энергиясы және бу өндірісі мен бөлу «АПК» АҚ «Алматы теплоэнерго» Ақ |
3773 1510 |
96,6 95,1 |
110 103 |
120 116 |
Металдық дайын өнім өндірісі «Латон» ЖШС «Кастинг» ЖШС |
1171 2410 |
61,4 540,4 |
111 120 |
120 145 |
Металдық емес минералды өнім өндірісі «Асфальтобетон» АООТ |
1560 |
244,9 |
120 |
140 |
Химиялық өнеркәсіп «Үркер — осметик» ЖШС |
560 |
97,6 |
105 |
150 |
Жеңіл өнеркәсіп «АХБК текстильді компаниясы» |
537 |
147,1 |
130 |
140 |
Тамақ өнеркәсібі «Маргарин заводы» «Алматы шай» ЖШС «Беккер и К» БК |
3589 1145 1298 |
205,1 103,6 109,6 |
120 107 118 |
135 125 125 |
«Рахат» АҚ Пивзавод №1 |
4234 1030 |
114,8 105,4 |
118 126 |
125 140 |
Өнеркәсіп секторының жағдайы SWOT- талдауы бойынша өзіне тән күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қатерлері бар. Күшті жақтары:
- күшті өндірістік потенциалға ие;
- меншік қатынастары реформаланған, рыноктың субъектілері қалыптасқан;
- өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті және инновацияны дамытудың қалалық бағдарламаларының болуы;
- өндірістік қорларды жаңарту процестері белсендірілген;
- шағын кәсіпкерліктің интенсивті дамуы;
- кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа формаларын құру, кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін өсіру оны заңдату:
Әлсіз жақтары:
- физикалық және моральді ескірген өндірістер мен технологиялардың жағарғы өндірісі;
- кооперациялық байланыстардың жеткілікті түрде дамымағандығы;
- өнеркәсіп секторының ғылыми технологиялық және қаржылық сфера мен әлсіз байланысы;
- қаржы ресурстарының қымбаттылығы және өндіріс қорларының жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.
Мүмкіндіктері:
- импортты кеңейту және экспортқа бағытталған кәсіпорындарды дамыту;
- «өсу нүктелерін» құру;
- жұмыс істелмейтін өндірістік қорларды пайдалану арқылы орта және шағын бизнесті дамыту;
- кооперацияны дамыту және интеграциялау;
- несиелеуді жетілдіру және шағын бизнестің инфрақұрылымын дамыту.
Қатерлер:
- қаржы құралдардың тапшылығына байланысты ғалымдарды қаржыландырудың төмендеуі;
- мемлекеттік өнеркәсіп саясатының нақты болмауы;
- несие ресурстарының жеткілікті түрде ашық емстігі;
- кәсіпкерліктің дамуының кейбір механизмдерінің жетілмегендігіне байланысты дұрыс дамымауы.
Стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына жету үшін әрбір саланы жеке қарастырып, негізгі бағыттар анықталынды:
- Экспортқа бағытталған салалар. Қала өнеркәсібінің қалыптасқан жағдайы мен дамуын ескере, өнеркәсіптік даму стратегиясы әлеуметтік және экономикалық мәселелерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сыртқы рынокқа өндірілітін өнімдер ары қарай шығару үшін бар өнеркәсіптік потенциалды максималды пайдалануға мүмкіндік беретін секторлармен кәсіпорындардың басымдылықтарын қарастыру керек. Алматы қаласы үшін бұл тамақ өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, электроника, химиялық өнеркәсіп. Қолдау стратегиясын таңдау кезінде кәсіпорындар мен саланы құтқаруды және дамытуды қамтамасыз ететін селективті бағыт қажет.
Экспортқа бағытталған блокты қалыптастыру кезінде мультипликативті әсер алу щмақсатынданегізгі акцент инновациялық дамуға қойылды.
Бұл бағдарламаға сәйкес басымдылықты дамуға қысқа мерзімде барлық жетістіктерді тексеріп енгізуге болатын кәсіпорындар иеленеді. Олардың ішінде «Сайман» АҚ, «РТЗ» АҚ, «Іскер» АҚ, «Алмаз» ғылыми енгізу орталығы, «Жайлау» компаниясы, «Искомтранссервис» ЖШС және басқалар кіреді.
Қалыптасушы экспортты блок:
-химиялық өнеркәсіпте басымдылықты дамытуға «Уркер косметик» компаниясы негізінде косметикалық өнімдер өндірісі және «Қызыл май» мен «Жаңафарм» ЖШС – ның дәрә — дәрмек препораттарын дайындауды иеленеді.
-қысқа уақыт ішінде жоғары сапалы медициналық препораттар өндіріс саласында 70 жыл бойы қызмет ететін Алматы биокомбинатына жүктелуі мүмкін.
- Ішкі нарыққа бағытталған салалар. Өнеркәсіпті негізгі өндеуші сала құрайды.Бірақ шетел инвесторлары оның дамуына қатты мүдделі емес, себебі бұл өзінің дайын өнімін өткізу нарығын жоғалуға әкеледі. Алматы қаласында сырттан әкелінетін ішкі нарыққа сату негізінде қалыптасқан сауда капиталы жинақталған. Осы сауда капиталын экономиканың нақты сектторымен байланыстырып, сауда өнеркәсіп одақтарымен қаржылық өнеркәсіптік топ құру қажет.
— Жоғары бәсекелі блок. Бүгінгі күні тамақ өнеркәсібі экономикалық жақсы дамыған сала ретінде қарастыруға болады. Соңғы бес жыл ішінде бұл салады өндіріс көлемінің өсуі орта жылдық өсім 18% — ті құрайды. а) Тамақ өнеркәсібінде ары қарай дамыту үшін қысқа мерзімді арзан несиелерді пайдалануды қамтамасыз ету керек. Ол үшін мемлекеттік және жергілікті қолдау көрсету керек. б) Элекроэнергетика Алматы қаласының қажеттілігі үшін электр және жылу энергиясын негізінен өндіруші «АПК» АҚ болыптабылады. Алматы энергожүйесі толығымен Алматы қаласының меншегіне берілген. Бұл энергиямен қамтамасыз ету бағдарламаларын жүзеге асыру есебінде кешеннің тиімді және сенімді жұмыс істеуін, орталықтандырылған қамту зонасын кеңейтуге мүмкіндік береді. АПК кешені н дамытуға 2006 жылға дейін 22,2 млрд. тенгеге инвестициялау жобаланып отыр.
-Орташа бәсекелі блок . а) машина жасау. Машина жасау кешені өзінің мамандануын сақтап отыр. Машина жасау кешенін дамытудың негізгі мақсаты ішкі өндірісті кеңейту және бәсеке қабілетті өнімшығару болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін өнеркәсіп саясатында келесі шаралар қарастырылған:
-өндірісті ұйымдастыру және импортты толық шектеу мақсатында өнеркәсіп және ауыл шаруашылықтехникасының қажеті запастық бөлшектерін шығаруды игеру;
-өзінің жеке авто және электротранспорттық құралдарының өзіндік негізін дамыту;
-халық шаруашылығы үшін өзінің жеке теледидар лық, компъютерлік, есептеуші аппаратурасы мен құралдарын өндіруді дамыту.
Б) Құрылыс материалдарының өнеркәсібі. Бұлсаланың кәсіпорындарының болашақта дамуы ішкі рынокта қажет болатын өнімнің жаңа түрлерін иелену есебінде жетуге болады . Жақын 3-4 жылдың өзінде сала кәсіпорындары көптеген жаңа өнім түрлерін игерді : цементті, құмды, черепицалар, жақсартылған сипаттағы жылуды сақтайтын материалдар, тағы басқалары.
— төмен бәсекелі блок.
Бұл блокқа жеңіл өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіпте жағдай күрделі, бірақ та мұнда жаман емес перспективалар бар. Кейбір кәсіпорындар демпингке қарсы қолдау, жеңілдікті жағдай мен несие алулары, жеткілікті түрде «аяқпен» тұр.
Кәсіпорындардың негізгі тапсырмалары ішкі рынокты халық тың сұранысын ескере жеңіл өнеркәсіп тауарымен толтыру, дайын өнім экспортын өсіру, сыртқы рынокқа жайлап шығу, шығынды кәсіпорындардың санын азайту.
- Салыстырмалы тез коммерциялизациялауға қабілеті жоғары технологиялық сала мен өндіріс топтары.
Берілген сала тобына ақпараттық технология облысындағы барлық бағыттар жатады. Сонымен қатар қысқа уақытта нарықты жоғары сапалы отандық тауарлармен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы үшін қажетті биологиялық препараттарды өндіруді дамытуға қабілетті химиялық өнеркәсіп кіреді.
Өнеркәсіпті, шағын бизнесті дамыту, экономикалық қызметтің барлық сфераларына жаңа технологиялар енгізу, инновациялық қызметтің басымдылықты дамуы бойынша қолданып жатқан шаруаларды ескерсек, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10- жылдық аяғында 54%-ке өседі.
Бұл кезеңге өнеркәсіп өндірісінің құрылымы өзгереді. Басымдылықты дамуға жоғары технологиялы өндіріс, сонымен қатар ақпараттық технология сферасындағы өндіріс жетеді «18».
Алматы қаласы мемлекеттік бюджеті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Олоның табыстылық бөлігінің 20%-ін қамтамасыз етеді. Республикалық бюджетке барлық аударулардан кейін қаланың иелігінде барлық жиналған салықтардың 20-25%-ке қалады.
Жалпы 2001 жылы ортақ бюджетке Алматы қаласынан 127 млрд теңге жинақталған. Салықтар мен төлемдер құрылымы келесідей:
өнеркәсіп – 11,3%
құрылыс — 6,7%
сауда — 11,8%
Бюджетке түсімдер шағын кәсіпкерлер есебінен өсуде. Кәсіпкерлік сферасына түсетін салық пен төлем құрылымында өндірістік сферадан түсімдер үлесісімі өсіп, сәйкесінше сауда – делдалдық қызметтен азайғанын көруге болады.
Қазіргі уақытта салықтық жүйе өте күшті орталықтанғанымен сипатталады. Биліктің жергілікті органдарында жергілікті салықтарды реттеу бойынша құқықтары жеткіліксіз, бұл салықтар мен төлемдерді жинау болжамдарын орындауға кері әсерін тигізуде. Мысалы, нарықтарда тауарды жүзеге асыру құқығына салық салу әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан бюджетттік саясат аймақ инициативасын дамытуға мүмкіндік жасамайды, себебі тапсырыстардың жеке көздерін басқарудағы дербестікті ескермейді. Бір тұрғынға жалпы нормативті үлесті шығынына негізделген бюджеттік алым тәжірибиесі аймақтық ерекшеліктер есепке алмайды.
Алматы қаласының даму мүмкіншіліктері мен перспективаларының ескере отырып, экономикалық салық төлеуші сектор келесі деуге болады:
- тамақ өнеркәсібі;
- машина жасау;
- химиялық өнеркәсіп;
- ақпараттық технология;
- қызмет көрсету сферасы.
Салық пен төлемдерді жинауды өсіруде аймақтарды ынталандыру мақсатында биліктің жергілікті органдарының өкілеттілігін кеңейту керек. Оларға жергілікті салықтарды реттеу бойынша құқықты беріп, өздерінің жергілікті бюджетінің табыс бөлігін қалыптастыруға еркіндік беру қажет.
Республикалық деңгейде бюджеттік орталықтандыруды аяқтау қажет. Оның негізгі принцпі бюджеттік потенциалды өсірудегі аймақтардың қызығушылығын ынталандыру болып табылады. Алматы қаласының жергілікті бюджетінің табыс бөлігінде аймақтық ерекшелікті ескере отырып барлық жиналған салықтар мен салымдардың 30%-тен кем емес бөлігі қалуы тиіс.
Алматы қаласы бойынша салық жинау көлемі 2005 жылдың аяғына 200 млрд теңгеге дейін, ал 2030 жылы – 250 млрд. теңгеге дейін өсіп, жалпы аймақтық өнімнің 35%-ін құрайды деп болжауда. Әрбір болжанған жоспарға жету үшін мемлекеттік қолдау міндатті түрде қажет /18/.
Өндірісті дамыту бойынша 2003 жылы мемлекет тарапынан келесі мәселелерді шешу көзделіп отыр:
- кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсарту;
- импортты кеңейту бағдарламасына қала кәсіпорындарын дамыту;
- ИСО 9000, 9001 сапа жүйесіне ену бойынша белсенді жұмыс жүргізу;
- 51 кәсіпорында жаңа өнім түрін шығаруды игеру;
- 30 кәсіпорында өндіріс көлемін көбейту.
- 8 жаңа кәсіпорын ашу /25/.
2003 жылға кәсіпкерлікті қолдау сферасында әрекет ету жоспарының қазіргі мақсаты қала құрылымдарының, аудан әкімгершіліктерін, қоғамдық бірлестіктерді, ассоциацияларды шағын бизнесті дамыту мәселесіне қатысты максималды интеграциялау. Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау көзделуде:
- кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық – несие және инвестициялық механизмін дамыту және жетілдіру;
- халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу;
- инновациялық кәсіпкерләіктің дамуы,
- шағын кәсіпкерлік субъектілерін заңдастыру;
- табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу;
- бәсекені дамытуға мемлекеттік қолдау және ықпал ету;
- шағын биснесті қолдау мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдардың жұмысының анықтылығына жету /26/.
Алматы қаласының ары қарай дамуы мен оның мәдени ғылыми, білім және қаржылық орта ретінде күшейуі мақсатында «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылы 1 – ші шілдеде шыққан Қазақстан Ресспубликасыныңзаңына сәйкес Алматы қаласының 2003 – 2010 дамуының мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы шықты. Осы жарлыққа және Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы заңдарындағы «Алматы қаласын дамыту бойынша мәселелер туралы» келіс сөзге сәйкес тапсырмамен әзірленді. Оны Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі мен Алматы қаласының акиматы дайындады.
Мақсаты – қаланың ерекше мәртебесіне сай, яғни республикалық мәні бар қала ретіндегі оның жаңа бейнессін қалыптастыру және қаржылық, ғылыми, білім, мәдени және туристік орталық ретінде оның позициясын күшейту.
Тапсырмалары:
- қала экономикасының және оның перспективасының функционалды салалық құрылымынмақсаты құру;
- қаланың өмір деңгейін тұрақты және белгілі деңгейде қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық – экономикалық және нормативті құқықтық жағдай туғызу;
- Алматының жаңа мәртебесіне тән жаңа инфроқұрылым құру;
- Кедейлік масштабын азайту;
- Жұмыссыздық деңгейін төмендету;
- әлем елдерімен тығыз қатынас жүргізу;
- туризмді дамыту бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар әзірлеу;
- экологиялық жағдайын жақсарту;
- экологиялық жағдайын жақсарту;
- Алматы қаласының имиджін қолдау.
Жүзеге асыру кезеңдері: бірінші кезең – 2003 – 2005 ж. екіші кезең 2006 – 2010 ж.
Мемлекетік бағдарламаны жүзеге асыру үшін Республикалық және жергілікті бюджетің, халықтың құралдары, халықаралық қаржылық, экономикалық ұйымдардың гранттарын пайдалануда. Шетел және отандық инвестициялар қолданылады. Бюджеттік құралдарды есептегенде инвестициялық ресурстарды жалпы қажеттілік 711 млрд. астам тенге құрайды.
Бағдарламаны жүзеге асыру қаланың қаржылық өндірістік, кадрлық, ғылыми, мәдени потенциялын максималды пайдалануға мүмкіндік беретін жағдай құруға және бұл негізде халықтық өмір деңгейі мен санасын жоғарлауға мүмкіндік береді. Экономика құрылымын жақсы жақтан өзгертіп жұмыспен қамту мәселелерін шешеді. Бұл бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы елдің дамуы мен гүлденуіне де ықпал жасап мультипликативті әсерін тигізеді /27/.
2.3.Аймақ экономикасының инвестициялау ерекшеліктері мен мәселелері. Алматы қаласына инвестицияның ресурстарының республикалық көлемінің 10% жуғы келеді.
Көптеген жылдар бойы капиталдық құрлыстың салалық құрылымында өндеуші салаға,сауда, көлікпен байланысты пайдасына басымдылықтардың қайта бөлінуі байқалады. Соңғы үш жыл басты тамақ өнеркәсібіне бағытталған инвестиция үлесі үш есеге, саудаға, автомабиль мен үй өнімдерін жөндеуде-28 есе, транспорт пен байланыста 22 % дейін өсті.
Кесте 2. 1997 – 2002 ж. Алматы қаласының инвестициялық қызметі (млн. тенге).
|
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Негізгі капиталға инвестиция көлемі |
— |
— |
26839 |
50208 |
53909,3 |
73369,2 |
Орташа және ірі кәсіпорындар бойынша капиталдық құрылысқа инвестиция |
14030 |
11569 |
9499 |
10097 |
11213 |
22227,3 |
Шетел инвестициялары негізінде капиталды құрылыс көлемі |
— |
3168,1 |
2164,7 |
3712,7 |
1499,4 |
1556,1 |
Инвестициялық қызметті белсендіру мақсатында акиматпен келісіліп шаруалар жүргізілуде:
- 2000 – 2005 ж. Алматы қаласының инвестициялық саясатының стратегиясы әзірленген және белсенді жүзеге асырылуда;
- бағалы қағаздар рыногын даму шегінде 400 млн. тенге соммасында муниципалды облигациялар иммисиясы жүзеге асырылуда;
- іскерлік ақпараттық рыногы қалыптасуда, басымдылықты инвестициялық жобалардың жинағы потенциялы инвесторлар арасында тарайды, шығарылуда және жаңартылуда;
- қаланың инвестициялық мүмкіншіліктерін көрсету үшін семинар, конферинция, көрмежүргізілуде, ақпараттық жүйе қалданылуда.
- қатынас жасау бойынша дипломсатиялық өкілді және мемлекет аралық коммисияның жұмысы күшейтілді.
2000 жылы «Алматы қаласының қарыз міндеттемеле туралы» және «Алматы қаласының залогтық қоры туралы» нормативті құжаттар маслихатпен әзірленіп бекітіледі. Бұл ережелерді қала экономикасының жергілікті бюджетке қысым түсіруге инвесторлар тартудың қаржылық механизімімен технологиялар нақты анықталады. Коммуналды кәсіпорындардың қарыз құралдардың тартудың мұндай кестесін пайдалану арқылы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының мұз айдынын қайта құру жобасы жүзеге асырылды, аэропорттың жаңа терминалдың қалпына келтіру жобасы жүзеге асырылуда.
Алматы қаласының тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығының негізі әлемде ең жоғарғы несие рейтингтерінің бірі Фитч агенттігімен авторитетті деп тануға болады.
Бірақ әлі күнге дейін инвесторлардың қызығушылығына Республика мен қала үшін машина жасау, металды өңдеу, текстильді тігін өнеркәсібі, экология сияқты салалар ілінбей отыр.
Қала экономикасына еркін қаржылық ресурстарды тартудың ұстаушы факторы кейін муниципалды бағалы қағаздарға салу үшін институционалды инвесторлардың активтеріндей үлесті көбейтуге қатысты заң негіздері жеткіліксіз болып отыр.
Мүлікті сақтандыру, ипотеканы дамыту мәселелеріне байланысты заң негізін жетілдіру қажет. Мүлікті сақтандыру бойынша нормативті негізгі мүлікті бағалауды жүргізетін заңды және жеке тұлғаоардың міндетті сақтандыру жауапкершілігін қарастырмайды. Нәтижесінде беріліп жатқан мүліктің нақты рыногтық құны бойынша ақпараттың сенімділігіне ешкім жауапты емес.
Жалпы алғанда шетел және отандық инвесторлығы үшін тұрақты саяси жағдай, экономикадығы тұрақтану, банк жүйесінің тұрақтылығы, жинақтаушы зейнатақы қорларының динамикалық өсуі, сервистік қызмет деңгейінің жоғары салдарынын игілікті инвестициялық климат бар.
Көптеген инвесторлардың мұнай – газ шығару және металургиялық салаға қызығушылығы Алматы қаласына шаруашылық сферасына тартымсыз етуде. Инвестициялық сферадағы мүмкіншіліктер:
- экономиканың нақты секторын дамытуға ішкі жинақты бағыттау;
- нақты экономика саласындағы банктің несие қызметін белсендіру;
- шетел және отандық инвесторлармен жұмысты белсендіру;
- аймақты қаржы орталығы ретінде қала мүмкіндіктерін пайдалану;
- инвестиция тату үшін жаңа қаржылық технология мен құралдар енгізу.
Осы атаған мүмкіндіктермен қатар инвестимциялық саясаттың қатерлері де бар:
- пассивті инвестициялық саясат жүргізу жоғары экономикалық өсу бойынша болжамдардың орындалуына қатер туғызып, елдің дамуын табиғи ресурстар қорына тәуелді қылуы мүмкін;
- шаруашылық етуші субъектінің негізгі құралдарын қаржылық лизинг енгізу және дамыту арқылы жаңартудағы инвесторларды тарту механизімінің жоқтығы техногенді катострофаларғ,а әкелуі мүмкін.
Мұндай жағдайларды болдырмаушы жергілікті әкімшілікті экономиканың нақты секторын дамытуға инвестициялық тарту мен бағыттау процессінде ролі артуы қажет. Потенциялды инвесторларды тарту үшін жиынды ақпараттық жүйе құрып муниципалды бағалы қағаздар рыногының тиымды дамуы үшін жағдай жасап, қала қажеттігі үшін жергілікті институционалды инвесторларды тарту қажет.
Алматы қаласының инвестициялық саясатының механизмдері мен құралдары ең алдымен қала үшін басымдылықты салаларына: өнеркәсіппен, тұрғын үй және азаматтық құрылысқа, экологияға, транпортқа, мәдениет білімге бағытталған. Алматы қаласында өнеркәсіптін басымдылықты салаларыны машина жасау, электроника, жеңіл және химия өнеркәсібі жатады.
Инвестициялық процестерді белсендіру үшін мемлекеттік ресурстарды, кәсіпорындардың жеке айналым құралдарын мобильдеу, сонымен қатар отандық және шетел инвесторларының құралдарын тарту бойынша шаралар қабылдау қажет.
Экономиканың маңызды секторына инвесторлар тартудың барлық жүйесін жетілдіру қажет. Ол үшін ең алдымен жергілікті атқарушы органдарға жеңілдіктер мен преференцияларды инвесторларға беру бойынша белгілі бір өкіліктілікті беру керек.
Алматы қаласының демографиялық жағдайы, өмір сүру деңгейі, денсаулық сақтау, білім, энергетикалық кещені, инновациялық қызметін, қаладағы кіші және орта бизнес, өнеркәсіп және энергетикалық кешені салаларының дамуы мен ерекшелігін айтатын болсақ, оған келесі мәліметтерді жатқызуға болады.
Демографиялық жағдай. Астананың ауысуымен бірге қала халқаның саны айтарлықтай азайды. 2002 жылдың 1 – ші қыркүйегінде Алматы қаласының экономикалық белсенді халқының саны 566,5 мың адам (49,6%), 15 тен 24 жасқа дейінгі жастар 17%, зейнеткерлер 14% болды.1999 жылдан бастап халықтың табиғи өсім сальдосының өсуі байқалды. 2002 жылдың 9 айында ол 40,9% — ек өсіп, 2457 адамға жетті. 1998 жылдан бері миграция сальдосы де өсті, ол 2300 бен 4600 адамға жетті. Демографиялық дамуды дамыту үшін келесідей приоритеттер қарастырылған:
жанұя және некелесу институтын дамыту үшін жағдай жасау;
белсенді демографиялық саясат жүргізу;
демографиялық даму көрсеткіштерінің сапалылығын жақсарту.
Өмір сүру деңгейі. 2002 жылдың тоғыз айына қала бойынша орташа айлық жалақы 27022 теңгені құрады, ал орта айлық табыс – 16200 теңгені құрады, бұл 2001жылдың көрсеткіштерінен 18,3% — 19,1% жоғары. Кедейлік шегі және әлеуметтік көмекте қажеттілігі бар қала тұрғындарының санының азаюы байқалуда. Қаланың ерекшелігі болып халық санының 14% зейнеткерлер болуы табылады. 2001жылы әлеуметтік бағдарламаларға 1,8млрд теңге қаржы алды. Бұл келесідей проблемаларға әкелді:
Жергілікті бюджетке оның әлеуметтік ориентациясы нәтижесінде айтарлықтай ауыртпалықтың түсуі:
әліде нақты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы (экономикалық белсенді халықтың 9,5% тұрақты жұмысы жоқ).
Өмір сүру деңгейін жақсарту үшін келесі приоритеттер қарастырылады:
еңбек нарығында және азаматтардың хал жағдайының өсу деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің сапалылығын жоғарылату;
жұмыссыздық деңгейін түсіру үшін тиімді механизмдер енгізу;
халықты әлеуметтік қамтудың тиімді жүйесін құру.
Денсаулық сақтау. Қала территориясында 250 поликлиника және 57 аурухана жұмыс істеуде, оның 41 және 49 – ы мемлекеттік. Дансаулық сақтаудың негізгі проблемелары ол, медициналық мекемелердің материалды – техникалық құралдармен жеткіліксіз жабдықталуы, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің темен даму деңгейі және кіші жастағы балалардың арнайы экологиялық таза тамақтармен қамтамасызданбауы.
Білім беру. Алматы қаласы республиканың ең ірі білім орталығы болып табылады. Қазіргі кезде барлық студенттердің 1/3 бөлігі Алматы қаласында. Қалада 153 мектеп алдындағы оқу мекемелері, 230 мемлекетік және жеке мектептер және 73 жоғары оқу орындары бар. Бұл саладағы негізгі проблемалар:
мектептердің белгіленген нормативтерден жоғары деңгейде оқушылар қабылдауы;
еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес мамандар мен білікті жұмысшы кадрларын дайындау деңгейінің төмендігі және тағы басқа /17/.
3 БӨЛІМ. АЙМАҚТАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ
3.1. Қазақстан республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Радикалды экономикалық реформалар жылдарында орталық органдардың күші нарықтық экономика құру және елді экономикалық кризистен алып шығу үшін маңызды стратегиялық мәні бар макроэкономикалық саясат пен реформаларға негізделген болатын. Реформалар аймақтарға ауыстырылуы туралы сөз қозғалғанда (бұл бағытта жасалған барлық әрекеттер онсызда аймақтарда болған болатын) экономикада қаржылық кризис басталды (1998 ж). сосын қайтадан макроэкономикалық саясат, қайтадан кризистен шығу. Әлі күнге дейін негізінен осы дәстүр жалғасуда. Еледе қазірге дейін ойластырылған және нақты қарастырылған мемлекеттік аймақтық сачсат жоқ, яғни барлық проблемалар нақты бекітулерсіз, жоспарсыз, нақты заңмен белгіленген тәртіпсіз шешілуде. Көп жағдайда туындайтын проблемалар кездейсоқ шешілуде.
Аймақтардың негізгі проблемасы:
экономикадағы территориалдық диспропорция;
экономикаулық даму деңгейі бойынша аймақтардық өте үлкен айырмашылығы;
халықтың өмір сүру деңгейі бойынша айырмашылық;
жалпыға бірдей экономикалық кеңістіктің болмауы;
Жалпы Қазақстан нарығы қызметінің аз тиімділігі.
Сонымен қатар инфрақұрылым нашар дамыған: транспорттық, энергетикалық, телекоммуникациялық, су шаруашылық жүйесі.
- облыстар бойынша экономикалық даму және өмір сүру деңгейін сипаттайтын айырмашылықтарды көрсетейік (облыс халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы, облыстағы өмір сүру минумумына ақшалай табыстарының қатынасы), сонымен бірге облыс халқы санындағы тіркелген жұмыссыздар деңгейі.
1999 – 2002 жылдардағы 14 облыс және екі қаладағы минималды және максималды жан басына келетін Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖАӨ) қатынасы 6,6 – дан 10,3 есе өсті, бұл көрсеткіш орташа есептегенде 4 облыс бойынша ең аз және 4 облыс бойынша ең мәнді болды – 4,8 – ден 5,4 – ге дейін. 1999 жылы жан басына шаққандағы ЖАӨ тоғыз аймақта орта республикалық көрсеткіштен асты, ал жеті аймақта одан аз болып шықты. 2002 жылы болса олар тең болды. Жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табыстың минималды және максималды көлемдерінің арсындағы қатынас 199 жылы 3,8 еседен 4,3 есеге дейін өсті.
Экономикалық даму деңгейі бойынша аймақтардың айырмашылығы Атырау және Маңғыстау облыстарында мұнай өндірудің өсуімен байланысты. Егер де оларды аймақтар қатарынан алып тастасақ онда жан басына шаққандағы ЖАӨ — нің максималды және минималды көлемдерінің қатынасы 6,5 – тен 5,6 есе төмендейді. Бұл фактор жұмыссыздар деңгейі бойынша аймақтар дифференциясына да әсер етті. Егер барлық облыстарды 2002 жылы 1999 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар деңгейінің минималды және максималды көлемінің қатынасы екі есе азайса (8,6;4,5), мұнайлы облыстардысыз оның көлемі 1,5 ке азаяды. Бірақ бүтіндей аймақтар дифференциациясы экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі бойынша мұнайлы аймақтарсыз да өте жоғары болуда. Бұл дүние жүзінің кез келген еліне тән және көп жағдайда аймақтардың географиялық, табиғи – климаттық жағдайлармен, аймақтағы халықтың дәстүрлері және тарихымен, саясижәне басқада факторлармен анықталады. Қазақстанда қазіргі дифференциация деңгейі біріншіден, кеңестік периодтың қалдығымен негізделеді, инвестиция және бюджет құралдары деңгейінің үлкен бөлігі ауыр өнеркәсіп дамыған аймақтарға тиесілі болды, және өндірістік сфера өңдеуші мен әлеуметтік инфрақұрылымға кері әсер тигізді. Соңғысының даму деңгейі реформалардың басында ескірді.
Кесте 3. Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім, мың тенге
Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім, мың тенге |
||||
Аймақтар |
2001ж |
2002ж |
2003ж |
2004ж |
Қазақстан Республикасы |
121,5 |
156,3 |
194,3 |
223,0 |
Ақмола |
88,7 |
95,2 |
123,7 |
143,6 |
Ақтөбе |
124,3 |
157,070,9 |
193,9 |
251,2 |
Алматы |
58,7 |
70,9 |
92,6 |
106,4 |
Атырау |
288,9 |
534,8 |
647,6 |
828,6 |
Шығыс – Қазазақстан |
125,6 |
141,1 |
164,4 |
174,5 |
Жамбыл |
43,9 |
51,3 |
60,0 |
80,6 |
Батыс –Қазақстан |
116,2 |
180,9 |
236,0 |
311,4 |
Қарағанды |
151,4 |
189,8 |
214,6 |
228,7 |
Қостанай |
123,1 |
148,0 |
166,1 |
170,5 |
Қызылорда |
59,0 |
86,7 |
108,8 |
176,5 |
Маңғыстау |
249,5 |
385,9 |
439,0 |
633,9 |
Павлодар |
136,8 |
192,7 |
239,3 |
244,8 |
Солтүстік – Қазақстан |
91,6 |
90,5 |
131,8 |
134,1 |
Оңтүстік – Қазақстан |
55,0 |
77,0 |
97,5 |
98,9 |
Астана қ. |
220,1 |
284,1 |
335,6 |
392,1 |
Алматы қ. |
284,1 |
318,0 |
438,8 |
451,1 |
Аймақтар арасындағы айырмашылық, есе |
6,6 |
10,4 |
10,8 |
10,3 |
Екіншіден реформа жылдары, күрделі өндіріс құлдырауларымен, халық өмір деңгейінің түсуімен, инфляциямен бірге жүрді. Ескі мәселелерге жаңалар қосылды: кедейлік пайда брлып өсе берді, дағдарысты және деприсивті қалалар, аудандар, ауылдар пайда болды, оларды сумен, электр жарығымен және тағы басқалармен қамтамазыс ету проблемалары күрделенді сонымен қатар экономика және әлеуметтік экономика деғгейі барлық облыстарда, қалаларда, райондарда түсті және олардың деңгейі әр түрлі болды.
Нәтижесінде шикізатты табу және бастапқы өңдеуге маманданған кіші қалаларда, көптеген ауылдық райондарда және тұрғылықты жерлерде кедейшілік өте үлкен және қорқынышты масштабтарға жетті 1990-шы жылдарда оның деңгейі 38% — ке жетті.
Осымен реформалар жылдарындағы экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі бойынша аймақтар айырмашылығы өсе түсті.
Кесте 4. Аймақтар бойынша жан басына шаққандағы халықтың орташа номиналды ақшалай табысы, тенге/ ай
Аймақтар |
2001ж |
2002ж |
2003ж |
2004ж |
Қазақстан Республикасы |
5539 |
6102 |
7334 |
8339 |
Ақмола |
4373 |
4723 |
5607 |
7145 |
Ақтөбе |
5775 |
6350 |
7548 |
8539 |
Алматы |
3081 |
3660 |
4561 |
5712 |
Атырау |
10601 |
15056 |
17568 |
20085 |
Шығыс — Қазазақстан |
6335 |
6909 |
7633 |
8470 |
Жамбыл |
3018 |
3298 |
3992 |
4943 |
Батыс –Қазақстан |
5224 |
6555 |
9009 |
10909 |
Қарағанды |
6448 |
7324 |
8173 |
9418 |
Қостанай |
5134 |
5385 |
6060 |
6807 |
Қызылорда |
3869 |
4252 |
5192 |
5959 |
Маңғыстау |
10185 |
12751 |
16423 |
17692 |
Павлодар |
6173 |
6838 |
7811 |
8629 |
Солтүстік – Қазақстан |
4663 |
4891 |
5797 |
6907 |
Оңтүстік – Қазақстан |
2796 |
2993 |
3675 |
4722 |
Астана қ. |
9197 |
10130 |
13332 |
14564 |
Алматы қ. |
10251 |
10703 |
13411 |
15885 |
Аймақтар арасындағы айырмашылық, есе |
3,8 |
5,0 |
4,8 |
4,3 |
- Экономикалық дағдарыс жылдарында Қазақстанда бірде — бір экономикалық кеңістіктің жоқтығы табылды. Бес қатысты автономды аймақ болды, оларда өз арасында транспорттық – коммуникациялық және энергетикалық жүйемен әлсіз байланысты болды. Оған қоса әр аймақ ішінде байланыс жақсы жағдайда болған жоқ. Жолсыздық тауар өндірушілерді тауар және қызиет нарықтарына тиімді жетуді әлсіретті, ал электр энергиямен, жылумен, сумен қамтамасыз ету қиындықтары өндірісті шығынды және бәсеке қабілетсіз қылды.
Кесте 5. Аймақ бойынша экономикалық белсенді халық ішіндегі тіркелген жұмыссыздар үлесі, %
Аймақтар |
2001ж. |
2002ж. |
2003ж. |
2004ж. |
Қазақстан Республикасы |
3,9 |
3,7 |
2,9 |
2,6 |
Ақмола |
4,3 |
4,6 |
3,6 |
3,2 |
Ақтөбе |
3,6 |
4,3 |
3,0 |
3,6 |
Алматы |
1,4 |
1,8 |
1,6 |
2,1 |
Атырау |
7,3 |
4,9 |
4,3 |
4,9 |
Шығыс — Қазазақстан |
4,9 |
4,1 |
3,7 |
3,3 |
Жамбыл |
2,5 |
4,0 |
3,7 |
2,9 |
Батыс –Қазақстан |
3,6 |
3,4 |
2,9 |
3,2 |
Қарағанды |
3,0 |
3,0 |
1,9 |
1,6 |
Қостанай |
4,3 |
3,9 |
3,7 |
3,3 |
Қызылорда |
4,6 |
6,0 |
5,0 |
5,0 |
Маңғыстау |
12,0 |
5,8 |
4,0 |
3,5 |
Павлодар |
7,0 |
6,3 |
5,7 |
2,8 |
Солтүстік – Қазақстан |
6,8 |
4,3 |
2,1 |
1,9 |
Оңтүстік – Қазақстан |
2,6 |
2,2 |
1,6 |
1,3 |
Астана қ. |
2,1 |
2,7 |
1,5 |
1,1 |
Алматы қ. |
2,1 |
2,6 |
2,1 |
1,6 |
Аймақтар арасындағы айырмашылық, есе |
8,6 |
3,5 |
3,8 |
4,5 |
Экономикалық кеңістіктің жоқтығы Қазақстанда ішкі нарықтың жоқтығын білдіреді: тек «кішігірім» аймақтық нарықтар ғана бар. Бұл бәсекелестік ортаны құруды және ішкі нарықта бәсекелестікті дамытуды, инвестициялық ағымды, яғни өндірістің табиғи өсімін тоқтатады.
Өмір сүру деңгейі бойынша аймақтардың дифференцияциясы олардың эклономикалық даму деңгейі бойынша дифференцияциясымен, халық шаруашылығындағы территориялдық құрылымдық диспрапорциямен, бірегей экономикалық кеңістіктің және жалпы нарықтың жоқтығымен, кедейшілік деңгейінің жоғарылығымен (20% шамасында), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауымен негізделеді, бұл мемлекеттік бірлік пен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Елде өмір сүру деңгейі және экономикалық дамудың төмендігі қауіпті, бірақ бұданда қауіптісі осы көрсеткіштер бойынша аймақтардың дифференцияциясы болып отыр сондықтан мемлекет аймақтық саясатты жүргізу керек және бұл проблемаларды шешуде орталық және жергілікті билік органдарының күшін пайдалану қажет.
Кесте 6. Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша аз табысты халықтың үлесі
|
2002жыл |
2003 жыл |
||||||
|
өмір сүру минимумынан төмен табысты халық үлесі |
Оның ішінде |
өнім корзинасы құнынан төмен табысты халық үлесі |
Республика бойынша барлығы |
Соның ішінде |
өнім корзинасы құнынан төмен табысты халық үлесі |
||
Қалалық жерлерде |
Ауылдық жерлерде |
Қалалық жерлерде |
Ауылдық жерлерде |
|||||
Қазақстан Республикасы |
28,4 |
20,0 |
38,5 |
11,7 |
20,5 |
13,2 |
29,3 |
6,8 |
Ақмола |
21,0 |
18,3 |
23,0 |
6,4 |
17,9 |
14,7 |
20,3 |
5,6 |
Ақтөбе |
29,8 |
17,8 |
46,9 |
12,9 |
16,6 |
6,9 |
29,7 |
6,3 |
Алматы |
39,3 |
33,4 |
41,8 |
18,4 |
28,1 |
17,0 |
32,8 |
7,7 |
Атырау |
40,7 |
37,0 |
46,7 |
21,6 |
39,1 |
32,5 |
49,4 |
20,2 |
Шығыс Қазақстан |
21,1 |
14,8 |
29,7 |
9,3 |
18,3 |
12,2 |
26,4 |
6,3 |
Жамбыл |
48,2 |
39,8 |
54,0 |
17,8 |
26,5 |
25,2 |
27,5 |
6,7 |
Батыс Қазақстан |
27,3 |
23,5 |
29,8 |
9,8 |
21,2 |
13,1 |
26,7 |
6,8 |
Қарағанды |
22,8 |
20,5 |
31,9 |
8,6 |
15,4 |
12,6 |
26,8 |
6,4 |
Қостанай |
25,5 |
13,4 |
38,7 |
13,7 |
23,0 |
13,9 |
33,8 |
12,5 |
Қызылорда |
39,5 |
32,9 |
50,0 |
12,8 |
31,5 |
21,9 |
46,1 |
7,2 |
Маңғыстау |
45,9 |
34,2 |
95,5 |
26,7 |
38,7 |
29,9 |
74,4 |
14,2 |
Павлодар |
16,6 |
11,8 |
23,1 |
5,6 |
14,4 |
5,2 |
27,6 |
4,0 |
Солтүстік Қазақстан |
10,0 |
4,8 |
13,3 |
2,8 |
16,9 |
6,9 |
23,3 |
6,3 |
Оңтүстік Қазақстан |
39,2 |
28,5 |
44,9 |
15,0 |
21,0 |
13,9 |
25,0 |
5,7 |
Астана қаласы |
2,2 |
2,2 |
— |
0,9 |
3,2 |
3,2 |
— |
1,3 |
Алматы қаласы |
4,9 |
4,9 |
— |
1,1 |
3,3 |
3,3 |
— |
0,8 |
Бұл проблемаларды шешу бұрынғы кеңестік одақта да қарастырылған және нақты шаралар қолданылған болатын. Бірақ жоғарыда айтылғандай олар жүзеге аспады.
Бізбен қарастырылған зерттеулер, жоспарлы экономика жағдайында жасалған аймақтық саясаттың механизмдері өздерінің қажетсіздігін көрсетті. Нарықтық экономиканың жоспарлы экономикадан түпкілікті айырмашылығы аймақтық саясатқа басқа концепциялармен механизмдерді қажет етеді.
Кеңестер кезінде аймақтық саясат келесідей талаптарды қойды: біріншіден, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейін теңестіру, екіншіден, кеңестің орталық биліктері нені орналастыру және дамыту, экономиканың қандай құрылымын басқару, қайда және қанша инвестициямен бюджеттік құралдарды бағыттауды анықтап отыру керек еді.жергілікті биліктер тек өздерінің белгілі ұсыныстарын ғана айтып отырды. Республикалық жәнежергілікті билік органдары туралы ОҚ КОКП –ның қаулыларында көп айтылды және жазылды, бірақ бұл бағытта нақты ешқандай әрекет жасалмады және орталық жоспарлау өндірісі мен ресурстарды бөлу деңгейінде жасала алмайтында еді.
Біздің көзқарасымыз бойынша аймақтарды, территорияларды әлеуметтік және экономикалық даму деңгейі бойынша теңестіру дұрыс емес, себебі ол мағынасыз.
Табиғи – климаттық жағдайдың, географиялық, тарихи дамудың, аймақтағы әр түрлі халықтардың дәстүрінің айырмашылығына байланысты территориялардың (аймақтардың) өз экономикасының бірдей құрылымы, ресурстар және өткізу нарықтарына бірдей жолдары, бірдей шығындары мен пайдалылығы, тең тиімділік пен бәсекеқабілеттігі бола алмайды, осыған байланысты тең нақты жалақы, бірдей ақшалай табыс және тұтынуға шығындар құрылымы және тағы басқалары бірдей болмайды. Яғни, экономика дамуын теңестіру мақсаты мүмкін емес. Экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі әр түрлі болады, бұған бірден – бір себептердің бірі, біржерде билік тиімдірек жұмыс істейді, басқа жерлерде одан қарағанда тиімсіздеу, ал бір жерлерде болса тіпті тиімсіз жұмыс істейді. Ресейдің ірі ғалымдарының бірі А. Г. Гранберг аймақтарды теңестіру мағынасыздық деп есептейді, бірақ біраз ғалымдар аймақтық саясаттың негізгі мақсаты аймақтарды теңестіру деп біледі.
Аймақтық саясаттың тағы проблемасы аймақтағы экономиканы дамыту үшін, қай билік деңгейі шешім қабылдады, қандай ресурстарды пайдаланды деген сияқты сұрақтар ешкімді қызықтырмады. Аймақтық билік не істеу керектігі және қандай ресурстармен және қандай механизмдермен екені анықталмады.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің аймақтық саясаты жайында келесілер жайында әңгіме қозғалуы керек:
- ресурстар потенциялы мен бәсекелестік артықшылықтарды тиімді пайдалану негізінде, аймақтар арасында әлеуметтік – экономикалық теңсіздіктерді және аймақтық диспропорцияларды азайту; бірігей экономикалық кеңістікті құру және дамыту;
- аймақтардың қаржылық – экономикалық өзбетінше тұрақтылығын және жергілікті билік органдарының аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына жауапкершілігін күшейту.
Көріп отырғанымыздай аймақтық басқарудың негізгі мақсаты — теңестіру емес, аймақтық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды азайту, яғни объективті және субъективті факторлармен шартталған және елдің әлеуметтік – экономикалық тұрақты дамуын тежейтін, халықтың наразылығын және әлеуметтік соқтығыстарды туғызатын теңсіздіктерді минимумға түсіру.
Аймақтарды тең естіру оңай, ол үшін алдыңғы қатарлы аймақтардың дамуын тоқтату қажет. Бірақ бұл мүмкін емес. Біз тек барлық аймақтарға әкімшілік – құқықтық жағдай жасай отырып, арттағы аймақтарды тарта, әлсіз, проблемалық аймақтарды экономикалық жағынан көмек беріп, алдыңғы қатарлы аймақтардың дамуынтежемей әлеуметтік және экономикалық даму деңгейі бойынша аймақаралық айырмашылықтарды азайта аламыз. Бұл аймақтық саясаттың алтын ережесі болып табылады.
Аймақтық саясаттың көмек беру объектісі ретінде өтпелі кезеңде терең дағдарысқа ұшыраған және қазіргі кезде бұл тығырықтан өз бетінше шыға алмайтын депрессивті кіші қалалар мен алыстағы ауылдық аймақтар жатады. Қазақстанда мұндай кіші қалалар саны белгілі критериялар бойынша алынғаны 10. Олар Абай, Алға, Арал, Арқалық, Державинск, Жетіқара, Қарқара, Степняк, Шевченко, Шалқар.
Облыстар мен депрессивті қалаларға көмек берудің негізгі механизмі:
- Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды инвестициялау. Теміржол транспоты, автожолдарды дамытуға; электроэнергетика;су шаруашылық жүйесін; білім беру жүйесін, инновациялық инфрақұрылым, НИОКР – ді дамыту. Бұл келесідей проблемаларды шешеді: кедейшілікпен күресті, жаңа жұмыс орындарын ашады, инвестиция ағымын ынталандырады.
- Субсидия, ссудаларды, жеңілдікті несиелерді, мемлекеттік гранттарды банктік несиелерге бөлу және жеңілдіктер мен преференцияларды жеке инвестицияларға бөлу. Тауарларды өндіретін және оларды өз қаласының сыртында өткізетін, өндірістік еңбек өсімін қамтамасыз ететін бизнесмендер мен жеке кәсіпкерлерге өндірістік мақсатта жеңілдіктермен жер учаскелерінберу.
- Артта қалған аймақтар территориясындағы проблемаларды шешу үшін аймақтық, аймақаралық, аймақтық – салалық, республикалықжеке жобалар мен программаларды қаржыландыру.
Қазақстанның саяси өмірінде алдынғы орынға ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық мүддесі мен аймақтың даму қажеттігін ескеретін мемлекеттік саясаттың басты әрі тиімді бағыты бола алатын аймақтық саясатты жетілдіру шығып отыр /38/.
Аймақ –бұл өндіріс және әлеуметтік-тұрмыстық сфера, биліктің аймақтық және жергілікті құрылымдары арасында белгілі бір үлесімділік бекітілетін, табиғи және өндіріс ресурстарын толлық пайдалануға мүмкіндік беретін тиімді қатынастар күшейтілетін, халықтың әртүрлі қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыруға ұйымдастыратын күрделі әлеуметтік-экономикалық кешен, саяси — әкімшілік құрылымы.
Көптеген елдердің ғасырлар бойындағы тәжірибесі адамдарды орналастыруды аймақтық тәсілі консервативті, өзгермейтін фактор екенін көрсетеді.
Бүгінгі күні Еуразияеың дамыған елдері мен АҚШ-та аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы болып табылады:
- билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға өзіндік дербестік беру;
- елдің және аймақтын экономикалық даму стратегиясын өзінің жеке табиғи ресурстық ьпотенциялын пайдалану мүмкіндігін ескере бірігіп әзірлеу;
- территорияның экономикалық дамуының деңгейлерін теңестіру.
Бұған байланысты ұлттық үкіметтін компетенциясы мағыналы өзгерістерді басынан ескеретін, ал аймақтар өзін басқаруды және халықаралық сценаға шығу талап ететін жағдайдағы жаңа нақтылық мәселені туындайды.
Көптеген саяси эксперттер өркениетті елдердің экономикасында жаңа әлеуметтік саяси нақтылықтын пайда болғаны туралы айтып кетеде. Мысалы, АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің кеңесшісі Дж. Ньюхаус “Мемлекет масштабы өте кең ауқымды, сондықтан күнделікті тұрмыстық мәселелерді басқара алмайды деп санаған /28/.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде саяси өмірдің демократиялық жолын таңдады. Соңғы жылдары аймақ экономикасы маңызды мәселелер қатарына шықты.
Дағдарыстан шығу қажеттілігі өзімізде бар экрнрмткалық потенциалды, аймақтын өндіріс күштерін тиімді пайдалану мәселесін тудырды. Құрылған өндірістік потенциал ұлттық юайлықтын белсенді, әрі мәнді бөлігі болып табылады. Аймақтың өнеркәсібінің және басқа шаруашылық салаларының пайда болуы салыстырмалы көп капитал салымымен материалдық ресурстарды талап етеді.
Мұңдай уақытта экономикалық өсу таза интенсивті сипатқа ие. Бірақ аймақтық шаруашылықтың пайда болуы құрылымдық қайта құрулармен қайта құрулармен, өндірісті техникалық жаңартумен бірге жүреді. “Өмірдің өзімен бас тартылған моральды ескіргенді қайта қалпына келтіруге болмайды /29/.
Республикадағы мәселелі аудандардың болуын ескере құрылымдық өзгерістерге, әлеуметтік дамуды теңестіруге мүмкіндік жасайтын бағдарламалар жүзеге асыру мақсатты. Бұл үшін негізгі құрал көздері территорилық бола алады. Ол игілікті жағдайы бар және жеңілдікті мемлекеттік капитал салуға ынғайланған аймақтарда туындау мүмкін.
Барлық аймақтар донор және дотация алатын болып бөлінеді. Трансферт түріндегі қордан қаржылық көмек “қолдауды қажет ететін аймақтар” немесе “қолдауды ерекше қажет еттін аймақтар” мәртебесіне ие аймақтарға бөлінеді. Олардың қатарына бекітіленген және реттелінетін табыстың бір тұрғынға санағандығы көрсеткішінің орташа республикалық көрсеткіштен төмен аймақтар жатады. Қаржыландырудың қосымша көзі Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық қорын құру болып отыр. Бұл қор рыноктық инфрақұрылымды дамыту тапсырмаларын шешуге мүмкіндік жасайды, олар:
а) кәсіпкерлікпен бәсекені қолдаушы аймақтық бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асыруға қатысады;
б) товарлар мен қызметтің монополистік рыногына шығатын шаруашылық етуші субъектілерге әртүрлі көмек (қаржылық, материялдық, техникалық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, т.б.) көрсетуді жүзеге асырады /30/.
Аймақтар арасындағы теңсіздіктін өсуі мен экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелердің тереңдеуіне байланысты аймақтардың біразы және республикалық бағынудағы қалалар ғана экономикалық өсуімен дамуы мүмкіндігіне ие. Олардың көбі инвестицияны талап етеді. Сондықтан үкімет үшін өзінің барлық қуатын мәселелі аймақтарға көмек көрсетуге бағыттап, баалық аймақтардың даму мәселелерін шешіп, және бір уақытта әрбір аймақ үшін басымдылықты, әрі тиімді болатын жеке бағдарламаларын әзірлеуге қажет.
Бұған байланысты бірнеше басымдылықты мақсаттарды анықтауға болады:
- құрылымдық қайта құру және әлсіз дамыған аймақтарды дамыту;
- өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы салдарынан қатты жапа шеккен аймақтарды қайта құру;
- созылып кеткен жұмыссыздызпен күрес немесе жұмысын жоғалтқан тұлғалар мен жастарға еңбекке орналасуға көмек көрсету;
- халық тығыздығы аз аймақтарға дамуға ықпал ету;
- мемлекеттік аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары келесілер долуы тиіс:
- аймақтық бағдарламаны әзірлеу және тікелей бюджеттік қаржыландыру;
- ынталандыру үшін облыстарды және әкімшілік тірліктерді субсидиялау және несиелеу;
- ацмақтық реттеудің заң негізін құру;
- берілген аудандарда жеке кәсіпкерлікті ынталандыру.
Аймақтың жағдайын талдау және диагностикасы келесі ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді:
- облыстарға қаржылық және басқа көмек түрін көрсетуді мемлекеттік бюджеттен қолдауға көшу қажет.
- мемлекеттік көмек мақсатты сипатқа ие болу керек. Бұл мемлекеттік құралдардың шығындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажет.
- бюджетаралық қатынастардын заң негізін жетілдіру қажет.
Аймақтардағы басқару жүйесін өзін-өзі басқарушы өндірістік бірліктерді құру жолымен өндірісті дамыту арқылы жетілдіру қажет. Бұл мәселені шешу үшін салық саясатына мәнді өзгерістер енгізу керек. Оның мәні либеральды бағытта болуы тиіс. Осы тапсырманы шешкеннен кейін ғана жергілікті өзін-өзі басқару идеясын жүзеге асыруға болады /31/.
Мемлекеттік стратегия ұлттық деңгейде әзірленеді және аймақ саясатының негізі бола алады. Аймақтық дамудын мемлекеттік стратегиясының мәні мемлекеттін, аймақтын, жергілікті өзін-өзі басқарудын әртүрлі меншік субъектілерінің және барлық азаматтардын мүддесінің үлесуіне бағытталған қызметте жатыр.
Мемлекеттік және жергілікті билік органдарының ара қатынасын жақсарту үшін қажет:
- нормативті-құқықтық негізді бекіту;
- мемлекеттік және облыстық салықтық түсімдер арасындағы көздерді бөлу жолымен бюджеттік салықтық жүйеге өзгерістер енгізу;
- рационалды аудандау негізінде жүзеге асырылатын территория мәртебесіне реттеулер жүргізу.
Аймақтардың экономикасын басқару құрылымын жетілдіру үшін, ұлттық және жергілікті деңгейлерде өзара әрекет етудің мәселелерін шешу керек. Орталық пен аймақтар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қалыптасқан жүйесінің тиімділігін көтеретін бірнеше жағдайлар бар.
Бірінші және басты жағдай – орталық жағынан аймақтарға бағытты дифференциалдау. Табиғи, экономикалық, әлеуметтік потенциалы бойынша әртүрлі аймақтармен бірдей қатынас жүргізуге болады.
Екіншісі – қатынастыңқарастырылып отырған субъектілері арасындағы өкілеттілікті анықтау бөлу, яғни орталық компетенциясын шектеп, аймақтарға еркіндік беру.
Үшіншісі – аймақтын экономикалық еркінділігінің кеңеюі. Аймақтық экономикалық саясатты толық либерелизацияланған кезде ғана жетеміз.
Осыларды ескере, соңғы жылдары реформалардың ауыртпалығы аймақ деңгейіне жайлап, біртіндеп ауысуда. Сондықтан адрестік, ортаықтандырылған көмекті белсенді пайдаланып, әлеуметтік сфераның оьъектілеріне мақсатты субвенцияларды енгізіп, жергілікті бюджеттен жоғарыда тұрған бюджеттерге салымдардын тұрақты жылдық нормасын бекіту қажет /32/.
Тарихи қалыптасқан Қазақстанның ауыл шаруашылық моделі бәрімізге мәлім шығару өнеркәсібіне бағытталған. Бұған қарамастан ол өзінің басынан аймақтарды дамытудағы әртүрлі әлеуметтік- эканомикалық теңсіздікті откерді. Бүгінгі күні өнеркәсіп өнімінің өсуі мен бюджеттің толықтырылуы өндірілетін өнімге экспорттық сұраныс бар аймақтарда ғана бар: Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және т.б.
Қорыта келгенде, аймақтардың эканомикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру үшін:
- Орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру керек.
- Аймақтарға көмек көрсетудің негізгі принциптері келесілер болуы тиіс:жалпы Республикалық еңбекті бөлудегі аймақтардың перспективалары мен орнын анықтау, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасайтын шаруашылық құрылымын құруға орталықтанған қаржылық құрылымдарды бағыттай.
- мемлекеттік басқару органдарынан жергілікті органдарға әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды беру кезінде оларды қаржыландыру көлемі азаймау керек.
- Бюджетті әзірлеу барлық облыстар мен аймақтардың әкімнің қатысуымен жүзеге асырылуы керек. Сол кезде біз аймақтарды қаржыландырылғанға байланысты мәселелерді шеше аламыз.
Ең негізгі бағыт – орталық пен аймақ арасындағы қаржылық – экономикалық өзара қатынас жасаудың сптималды моделін таба алу.
Басқару тиімділігі шаруашылық етуші субъектінің өзінің ресурстарына билік ете алуы жоғары болған салтын артады. Басқа сөзбен айтқанда, басқарудың қатаң жүйесі басқарудың төменгі деңгейінің еркіндігін шектелген соң ба тиімсіз болып, кері байланыс заңын бұзып, өзін реттеудің бұзылуына әкелді. Аймақтық экономика қатаң орталықтандыру кемшіліктерін жоюға негізделген /33/.
- Аймақтық дамудың негізгі басымдылықты бағыттарын анықтау
Аймақтық саясат, еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған стратегиялық мақсаттар мен тапсырмаларға жету үшін өмір сүру қызметі және шаруашылықтанудың территориялдық факторларын тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттік жалпы саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясаттың мақсаты – территориялдық өзін-өзі басқаруды дамыту қағидаларын құру және рационалды территориялдық еңбек бөлінісі негізінде әр аймақтың ресурстық өндірістік потенциалын тиімді пайдалану және халықтың өмір сүру қызметтері үшін сәйкес тең мүмкіндіктерін құруда болып табылады.
Аймақтық саясаттың мақсатына жету үшін төмендегідей тапсырмаларды шешуді талап етеді:
Бірінші кезеңде аймақтық саясатты жасау мен жүзеге асыру үшін алғы шарттарды құру болжанды. Оларға келесілер жатады:
- аймақтардың сәйкестілік шаруашылықтың даму қызметін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы кешенді шүараларды құру;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық ережелеріне сәйкес территориялдық артықшылықтарын анықтау;
- Қазақстан Республикасының барлық территориясында экономикалық белсенділікті мемлекеттік ынталандырумен жеке аймақтарды селективті мемлекеттік қолдаудың келісімі;
Екінші кезеңде еліміздің экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шегінде аймақтық дамудың алғашқы кезектегі тапсырмаларын жүзеге асыру болжанды. Яғни:
- Институционалды және нарықтық инфроқұрылымның, аймақтық және жалпы республикалық еңбек, капитал және тауар нарықтарының құрылуы және дамуы;
- Артта қалған ауылдарды көркейту үшін материалдық негіз құру.
Республикамыздың экономикасын өсіру және көркейту жағдайында көптеген тапсырмаларды шешу үшін мүмкіндіктер пайда болды. Оларға жататындар:
- аймақаралық инфрақұрылымды құру және өндірістің территориалды ұйымын жетілдіру , экономиканың тиімді кеңістік құрылымын қалаптастыру;
- территорияның ғылыми-техникалық және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, экология-экономикалық теңдікті сақтау өндірістік кешеннің ресурстық-мақсатты тепе-теңдігін қамтамасыз ету;
- нашар дамыған аймақтардағы әлеуметтік сфера және экономиканың депрессивті жағдайын басиан кешіруден сақтану, аймақтар бойынша халықтың өмір саласын және деңгейіндегі әртүрлікті түзету.
Аймақтттық саясаттың мақсаты мен тапсымаларына сәйкес оның төмендегідей негізгі бағыттары бөлінеді:
- құрылымдық өнеркәсіптік және инвестициондық саясатқа сәйкес кәсіпорын санауышы бойынша жұмыстар ұйымдастыру, аймақтағы кәсіпорын мен өндіріс үшін беделді қажетті селективті көмек көрсету;
- аймақтық экспоррық потенциалын көбейту, сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие өнім шығаруды көбейтуді қолдау;
- өнекәсіптің базалық саласындағы ірі кәсіпорындарда өндірістік қызметті көркейту және капитал концентрациялау мақсатында технлогиялық өзара байланысты өндірістің жаңа ұйымдастырушылық құрылымын құру;
- жергілікті рыноктарда тауар және қызмет ұсынысын көтеру, халықтың жұмысбастылығын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жеке меншік кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнестідамытуды қолдау;
- материалдық өндіріс және аймақтық инфроқұрылым сферасына тікелей шетел инвестициясын қоса инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- бюджеттен тыс көздерді, институционалдық инвесторлар жүйесін, ацмақтың қаржылық ресурсын қалыптастыру;
- табиғаттың ландшавты және әртүрлігін, генетикалық қорларын сақтау /34/.
Мемлекеттің аймақтық саясаты әр типтегі аймақ ерекшеліктерін қосқанда, олардың потенциалын біршама толық ашу мақсатында дифференциалды жүзеге асырылады.
Республикалық аймақтық артықшылықтарды анықтау үшін жалпы қабылданған типология қолданылады, жаңа салықтық және бюджеттік саясат құрылу позициясына байланысты аймақтарды 3 топқа бөледі:
Бірінші топ – кірістің орташа республикалық деңгейін көтеретін кірістері бар аймақтар (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы). Бұл аймақтарда біршама жоғары салық қойылымы бекітілуі керек.
Екінші топ – кірістің орташа республикалық деңгейіне жақын аймақтар (Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары), бұларға салық қойылымының орташа деңгейі ұсынылады.
Үшінші топ – орташа кірістің ең төмен деңгейін көрсететін аймақтар (Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары).
Көрсетілген типологияға сәйкес республиканың территориалдық даму артықшылықтары санына 1-ші және 2-ші топтағы аймақтар кіреді. Территориясында негізгі экономикалық және өнеркәсіптік потенциалы бар лидер аймақты, яғни даму деңгейі жоғары аймақтарға республикамыздың экономикасының дағдарыстан шығуы бойынша және оның келешекте өсуіне үлкен үміт қойылды.
3 топтың аймақтары – аутсайдер деп айтылатын, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен артта қалған облыстарға мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігі шартында көңіл аудару керек /35/.
Бұл типология қаржылық қаражаттарды аймақаралық қайта бөлу қажеттілігі сақталған кезде аймақтық саясатты жүзеге асыру бірінші, екінші кезеңдерде актуалды болады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру шаралары бойынша аймақтардың топ құрамы ылғи ауысып тұрады.
Нарықтық процесстерді жүзеге асыру механизмдерін нақтылау және ішкі аймақтық артықшылықтарды бөлу мақсатында аймақтарды мамандандыру (специализациялау) қағидасы бойынша типология қолданылады, соған сәйкес аймақ 4 топқа бөлінеді:
Бірінші топ – стратегиялық сипаттары минералды ресурстарының керемет қорларын иеленетін және ғылымиһөндірістік потенциалының интенсивті дамуының жеткілікті жоғары көрсеткіштермен республика экономикасын тездетілген темппен енгізу қабілеті, бірақ ауылдардың экономикалық-әлеуметтік артта қалуы, оның көп бөлігі эқологиялық жағдайы нашар болуы көрсетілген аймақтар. Бұл аймақ топтары үшін беделді болып төмендегідей проблемалар жатады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өңдеу мен қазудың жаңа технологияларын енгізу базасы негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бой жерлерді интенсивті иелену (көмірсутек, хромит, калий тұзы, алтын, күміс, мыс, нырыш, фосфат, никель, борот, кобальт және тағы басқа);
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық иныроқұрылымдарды құру (қонақ үйлерді салу құрылысы, офис мекемесі, аэропорт, халықаралық порттар, байланыс торабы, көлік және темір жол көлігі торабы, сыртқы халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз ете алады).
Екінші топ – негізінен қаржылық ресурстармен өзін- өзі қамтылған жоғары технологиялық ғылыми көлемді өндіріс құру үшін жеткілікті қолайлы экономикалық жағдайларымен, ауыр индустрия саласының нақты көрсетілген мамандануымен жоғары ғылыми-өндірістік потенциалы бар аймақтар жатады.
Бұл аймақтардың экономикасын реформалаудың артықшылықты бағыттары болып төмендегілер көрсетіледі:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық потенциалды қалыптастыру және мехника-технологиялық үзіліс базасы ретінде ірі өндірістік потенциалы бар келешекте құрылымдық реконструкциялау;
- жаңа ғылыми көлемді өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар базасында құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралы, ақпараттану, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту, шетел технологиясын және қаржыландырудың сыртқы көздерін пайдалана отырып құрал-жабдық және автоматтандырылған басқару жүйесін шығару;
- экономикалық қайта қалыптасу темпін анықтайтын нарықтық инфроқұрылымды дамытуды тездету;
- өздерінің өндірісін көтерілуін және жақсаруын қамтамасыз ететін өнеркәсіптің юасты салаларының ірі кәсіпорындармен басқарудың жаңа ұйымдастырушылық формасын құру, шетелдік консалтингалық фирмалар мен мамандарды тарту; өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымның территориялдық ұйымдастырудың рационалды деңгейін қалыптастыру; тұтынушы нарығын баланстау бойынша материалдық база құру.
Үшінші топ – еліміздің сатушылық қорын құруда басты орында алатын агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының артықшылықты бағыттары болып келесілер жатады:
- жеке меншіктің әртүрлі формаларының дамуын, ауыл шаруашылық өндірісін реформалау бойынша курстарды жалғастыру;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге тиімді мамандықтанудың жүзеге асырылуы;
- ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығымен және экспорттың өсуін қамтамасыз ететін өндірістік процесстерде жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
- аймақтық агроөнеркәсіпті кешеннің әртүрлі қызмет сферасын дамыту диспропорциясын бастан кешіру;
- республиканың тұрақты сауда кешенінқұру мақсатында айылшаруашылық шикізаттарды өндіру және қазіргі индустрияны сақтау бойынша кішігірім кәсіпорындардың кең байланысын ұйымдастыру.
- Тұтыну рыногын балансталған түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын қатайтуда, өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымын міндетті түрде құру.
Бұл топтың еңбек шығындары бар аймақтар үшін ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу бойынша біршама кәсіпорын қатарында, халақтың жұмысбастылық проблемаларын жеңілдету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында шағын және орта бизнесті дамыту керек.
Төртінші топ – экстремалды климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың рационалды емес салалық құрылымы бар депрессивті аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарыстаға аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған шаруашылық байланыстарының бұзылуы және экономикалық және әлеуметтік дағдарыс критикалық жағдайға әкелуі мүмкін аймақтар, бұлар өздерінің күштерімен бұл проблемадан шыға алмайды. Бұл үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.
Бұл топтағы аймақтарға артықшылықты жағдайлары болып төмендегі проблемалар аталады:
- экологиялық дағдарысты тереңдету процесін алдын-алу:
- жекеленген ауылдық аймақтардағы ауыл шаруашылық шикізаты бар өнеркәсіптік қайта өндеу бойынша бірінші топтағы звеноларды құру, осынла тұратын халықтардың дәстүрі мен тәжірибесі және жергілікті ресурстарды пайдалануды қосқанда шаруашылық кешенін түр-тамырымен реконструкциялау;
- Осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деғгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
- Қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардағы, кіші және орташа қалалардың және басқа тұрғылықты жерлердің тұрғындары республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетінін халықтар үшін қажет жағдайлар жасауы тиісті;
- Шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің реттеушісі әсері инититутционалды құрылымдарды жүргізу, сыртқы экономикалық саясат, жалпы мекроэкономикалық (бюджеттік, салықтық, акшалай-нешелік), әлеуметтік, экономикалық, кұрылымдық-инвестициалық саясаттарды жүзеге асыру және шаруашылық субьектілері мен халықтың өмірлік қызметі құқықтық регломентация жүесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды шығаруда және тәжірибелік түрде орындалуы кезінде жүзеге асырылатын шараларды интеграционды аймақтық тиімділікті ескере отырып, олардың территориалық кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүдделеріне сәйкес ескерілуі қажет.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың басты құралдарына төмендегілер жатады:
- Аймақтағы өндірістік-экономикалық, интеллектуалдық және экспорттық потенциалдарын тиімді пайдалану және қатайту; жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделерімен келісім және өзара байланысын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді болашақтағы жетістіктерге Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін орналастыру мен аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамыткдағы кешенді болжамдар жасау.
- Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарттары мен кезеңдерін кешенді должауда көрсетілген жүзеге асыруға мақсатталған жалпы мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейдегі индикативтік жоспар жүесін құру.
- Ірі масштабты аймақ аралық проблемаларды шешу жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды шығару және жүзеге асыру.
- Нақты бір аймақтарды дамыту проблемаларын шешу бойынша мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, оның ішінде депрессивті кіші және орта қалаларды, экологиялық нашар аудандарды мемлекеттік қолдаудың арнайы бағдарламаларын және алыстағы ауылдық аудандарды дамыту болып табылады. Ғылыми-техникалық және басқарушылық тәжірибесін, қазіргі кездегі технологияларын, шетел инвестициясын тартумен қатар, сәйкес аймақтардың потенциалдарын толық пайдалану және дамытуды тездету мақсатында заңдылық, институтционалдық және әдістемелік қамтамасыз етуіне сәйкес арнайы экономикалық зоналарды құру.
Арнайы экономикалық зоналарды құру үшін бұл аймақ қажетті алғы шарттары болуы керек, яғни тиімді көліктік-географиялық жағдаймен және экпорттық бағыттауға жеткілікті шикізат қорларының болуын ескеру қажет. Жалпы аймақтарды дамыту үшін шығарылған бағдарлама, индикативтік жоспарлар жүзеге асырылуы керек және болашақта артта қалған аймақтарды дамытып, экономикалық өсуін қамтамасыз етілуі керек /36/.
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы жылдары аймақтық экономиканың мәндiлiгi тез өсiп кеттi. Қазiргi уақытта әлеуметтiк – экономикалық және экологиялық мақсаттар ереше орын алады. Нарықтық экономикаға өту кезiнде бiз аймақтық саясатты дұрыс бағаламай, бұл мәселе зерттелмеген проблемалардың бiрi болып қалған едi. Осыған байланысты аймақтардың көбiнде нарықтық шаруашылық етудiң институттары жеткiлiктi дамымаған, өндiрiстiк инфрақұрылым дұрыс дамымаған. Нарыққа өту кезiнде аймақтық ерекшелiктердi бағаламау елiмiздегi дағдарыстық жағдайлардың пайда болуына және экономикалық даму тиiмдiлiгiнiң төмендеуiне әкелiп соғатын маңызды факторлардың бiрi болып табылады. Осындай мәселелердi шешу үшiн аймақ экономикасын мемлекет тарапынаг бақылап, реттеп отыру өте қажет.
Қазақстан Республикасы бойынша аймақтардың әлеуметтiк — экономикалық жағдайына талдау жасап, оны мiндеттi түрде мемлекет тарапынан реттеу керектiгiн көрсетедi. Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан – 2030” Жолдауында айтылғандай: “Қазіргі уақытқа қоғам мен экономиканығ күрделі жүйесі құрылымдарының мемлекеттік басқару мәселесі жүйелі болу керектігі туралы дау туғызып отыр”. Аймақтардың қаржылық-экономикалық басқаруының тіптен орталықтандырылғаны елдің экономикалық дамуының кедергісі болып отыр.
Аймақтық экономика – бұл экономика бiлiм жүйесiндегi ең маңызды салалардың бiрi болып табылады. Аймақтық экономика Қазақстанның табиғи ресурстық потенциалын, оның аймақтарындағы тұрғындарының жағдайын, еңбек ресурсын және қазiргi демографиялық проблемаларын қарастырады, сонымен қатар шаруашылық құрылымын зерттеп, оны тиiмдi пайдалану жолдарын iздестiредi.
Жалпы аймақтық экономика – бұл табиғи – экологиялық жағдайлармен тығыз байланысты, елiмiздiң территориясын және оның аймақтарының әлеуметтiк – экономикалық процестерiн, өндiргiш күштердi орналастыру және дамытуды зерттейтiн ғылым саласы болып табылады.
Нарықтық жағдайда аймақтардың қызметi мен ролi, халық өмiрi қызметi кезiнде экономикалық қатынастар қалыптастыруда көрiнедi. Оның қызметтерiне жатады: интитуционалды, экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық қызметтер.
Аймақ экономикасының дамуын мемлекеттiк ретеу барысында аймақтық саясатты жүргiзудi талап етедi. Аймақтық саясат көп мағыналы ұғым, әртүрлi мәндерде кеңiнен қолданады.
Аймақтық саясат елiмiздiң тұрақты әлеуметтiк – экономикалық дамуына қажет стратегиялық мақсаттар мен тапсырмаларға жету үшiн өмiр сүру қызметi мен шаруашылық етудiң аумақтық факторларын тиiмдi пайдалануға бағытталған мемлекеттiк жалпы саясаттың құрамдас бөлiгi болып табылады. Мiнеки, осы саясаттың дұрыс жүргiзiлуң арқылы аймақтық әлеуметтiк – экономикалық жағдайын жақсартуға, аймақтық потенциялын көтеруге, депрессивтi жағдайдан шығуға мүмкiндiк жасайды.
Аймақтарда мемлекеттік реттеуді, басқаруды жетілдіру қажет. Ол үшін ұлттық және жергілікті деңгейдегі билік органдарының қарым-қатынас жасау мәселелерін шешу қажет. Әр министрлік пен ведомства өзіне тән емес функциялардан арылуы керек, оларды мүмкіндігінше орталықтан аймақтарға қарай, мемлекеттен жеке секторға қарай ойыстыру қажет. Сатылар мен аралық буындар аз болған сайын, өкілеттіліктердің ара жігі де айқын ашылады.
Нарық көмегімен біз аймақтар арасында: тұрмыс жағдайы жоғары аймақ, тандаулы аймақ принципі бойынша бәмсекелестікті туғызып, күшейте беруге тиіспіз. Сонда өндіргіш кұштер неғұрлым қолайлы жағдай жасалған аймақтарға шоғырлануы тиіс болады.
Жалпы ұлттық және экономикалық қауiпсiздiктi қамтамассыз ету үшiн ҚР-сы тұрақты экономикалық өсуге өтуiн қатайту қажет, сонымен қатар республиканың экономикасының нақты секторын жақсарту және инвестициялық қорларды кеңiнен тарту керек.
Инвестициялық қызметтiң ерекшелiгi болып басымдылықты жеке аймақтарда әлеуметтiк — экономикалық дамуының теңсiздiгi кұшiнде негiзгi капиталға инвестицияның өсуi қажет.
Аймақтардың экономикасын көтеру үшiн мемлекет және жергiлiктi билiк органдарының қызметiн күшейту, ҚР-ның заң актiлерiн нығайту, аймақты дамытуға бағытталған стратегиялық және индикативтi жоспарларды, ондағы алға қойылған мақсаттар мен тапсырмаларды жүзеге асыру арқылы ғана аймақ экономикасын басқаруды жетiлдiруге қол жеткiземiз.
Экономиканы реформалаудың негiзгi мақсатының нақты өлшемi аймақ экономикасы мен әлеуметтiк тапсырмаларды шешуге, өмiрдiң жоғары деңгейiне жетуге бағытталғандығы болып табылады. Ол үшiн республикалық, аймақтық және жергiлiктi органдардың инвестиция саласындағы қызметiн заң негiзiнде қарау, кәсiпкерлiк қызметтi ынталандырудың аймақтық механизмiн әзiрлеу, аймақтардағы жағдайларды үнемi бақылауға алу және жинақталған мәлiметтердi аймақтық саясат әзiрлеу үшiн пайдалану қажет.
Негізгі мақсат – орталық пен аймақ арасындағы қаржылық – экономикалық қарым-қатынасының оптималды үлгісін табу. Осы уақытта ғана біз аймақ мәселелерін шешіп, басұарудың көп табалдырықты моделіне көшеміз. Қатаң басқару жүйесі төменгі басқару органдарының еркіндігін шектеп, кері байланыс заңын бұзып, өзін-өзі реттеу жүйесін бұзады да, тиімсіз болып қалады.
ҚР-ның аймақтық саясат мақсатына сәйкес халықтың өмiр сүру деңгейi тең мүмкiндiктерге жету және аумақтық өзiн — өзi басқаруды дамыту принциптерiн құрумен қатар, тиiмдi аумақтық еңбек бөлiнiсi негiзiнде әр аймақтың өндiрiстiк — ресурстық потенциалдарын тиiмдi пайдалану қажет.
Мiнеки, осындай көптеген мақсаттарға жету, алдымен алдыңғы кезеңдерге қойылған тапсырмаларды орындау керек. Сонда ғана, бiз республикамыздың, оның аймақтарының экономикасының тұрақты өсуiне және халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жоғарлауына жол ашылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- 1. Конституция РК. 30 августа 1995г.
- Казахстан – 2030. Послания Президента страны народу Казахстана.-Алматы: Білім, 1998г.
- Алматы қаласының 2002-2010 ж даму бағдарламасы
- Региональная экономика. Под ред. Т.Г.Морозовой, М.98.
- Рустемов Н. Функций и методы регионального управления // Вестник университета « Турана » №4-5, 2000г
- Садков В.Г., Измалкова С.А. Многоцелевая интегрированная система мониторинга и моделирования развития регионов // Вопросы статистики №2, 2000г
- Искаков Н. Индекс человеческого развития и система социальной защиты населения на регионольном уровне //Аль-Пари №4-2002 г
- Региональная политика РК: экономический механизм реализации (отв. редактор Кенжегузин И.Б., Алматы, 1998г)
- Саиров Е.Б. О региональном развитий и региональной политике в Казахстане //Саясат/февраль 2001 г стр 7-9
- Храпунов В.В. Региональные аспекты экономической реформы в Казахстане (на примере г.Алматы) Алматы, 1999г
- Бакирова А. Основные направления реформирования региональных рынков труда // Саясат №11,2002
- Макатаева М., Николаев М. Формирование экономической политики на регональном уровне // Вопросы экономики №9, 1999г
- Чистик О.Ф. Индикаторы социально – экономического развития региона // Вопросы статистики №2, 2000г
- Швецов А. Потребности муниципальных образований в финансовых средствах и бюджетно налоговые возможности их удовлетворения //РЭЖ 2001, №7.
- Оспанова Н. Методические подходы к определению социальной-экономической эффективности региональных программ //Саясат№7,2002
- Нургалиев К.Р. экономика Казахстана, Алматы, 1997 г.
- Анализ аппарата акима ВКО Урджарского района. Социально – экономическое положение района
- Струкрура индикативного плана социально – экономического развития ВКО Урджарского района на 2004-2006гг
- Программа развития образования ВКО Урджарского района на 2001-2005гг
- Закон РК о социальной защите граждан пострадавших вследствие испытании на Семипалатенском ядерном полигоне.
- Закон о специальном пособиии в РК от 05.04.1999 г
- Программа развития малого и среднего бизнеса района на 2001-2003
- Закон РК о местном государственном управлении, 2000г
- Нурланова Н.К. Особенности формирования регионального рынка инвестиций в РК в период углубления рыночных преобразований // Саясат/сентябрь 2001 г.
- Цыганков А. Региональная инвестиционная программа. //саясат/февраль 2001г.
- Гранберг А.Г. Основа региональной экономики. И,2001г
- Сагиндиков Е. Особенности инвестирование отраслей социальной сферы // Каржы – каражат №3, 2002г
- Исаева И.Г. Экономический потенциал региона в условиях реформирования экономики Казахстана. //Вестник университета. “Туран”, 1999, №3-4, стр 30-40
- Палымбетов Б. Экономика области: совершенствования системы управления// саясат/июль 2001 г. стр 10-13
- Децентрализация власти – глобальный шаг в развитий страны. Юридическая газета. 8 ноября 2000г.
- Новое поколение 11 февраля 2000 г. с.6
- Дорогов Н.И. Управление хозяйством в условиях инигообразия форм собственности: региональный аспет. Иванава: Ивановский государственный университет, 1997г с.61
- Орешин В.П. “государственное регулированиу национальной экономики” М.99.
- Региональная политика //Экономика и права Казахстана, №5,2001 г. стр 21
- Казахстан и его регионы. №4 ежеквартальный журнал. Агенство РК по статистике, Алматы 2001г
- Заитов З., Мусина К. Оценка экономического потенциала развития регионов Казахстана // Аль-Пари №1 2002 ж. 40-43 стр.
- Концепция региональной политики РК. Одобрено постановлением Правительства РК от 09.09.1996 г. №1097.
- Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы: Білім,1998г.
- Конституция РК. 30 августа 1995г.
- Алматы қаласының 2002 – 2010 ж даму бағдарламасы.
- А. Давлетгалиева. Доска почета // exclusive, апрель, 2004г.