Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………3
- ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ
- Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері…………………………………………………………………………………….9
- Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің тәрбиелік мәні………………….14
- Музейлердегі қор және экспозициялық жұмыстар……………………………17
- АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі………………………………………………………………………………………………28
- Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің этнографиялық музейі ……………………………………………35
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық “Ақтұмар” музейі…………………………………………………….41
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………………..52
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда еліміздің дамуы саяси және экономикалық тұрғыдан тұрақтанды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде мәдениетті дамытуға, ұлттық дәстүрлер мен рухани қазыналарды қорғау арқылы ұлттық ерекшеліктердің сақталуына кең жол ашылды. Жаңа заман талабына сай маманды қалыптастыру, тәрбиелеу егеменді еліміздің алдына қойған мақсаты ғана емес, басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл басты міндет — біздің қоғамның идеологиялық, тәрбиелік, оқу-ағарту жұмыстарының негізгі бағыты.
Жоғарғы оқу орындарында оқып жүргендер, ертеңгі күні бүкіл республикамыздың әлеуметтік — экономикалық, мәдени, саяси мәселелерін, міндеттерін шешеді, сондықтан олар жан-жақты профессионалдық дайындықтан өтуі тиіс.
Жоғарғы оқу орындарындағы музейлер бағытының ең басты міндеті материалдық және рухани мәдениетімізді сақтау, дамыту, қолдау және жоғарғы оқу орнынының қалыптасуы мен дамуын көрсету, жетістіктерін насихаттау болып табылады.
Музей мен жоғарғы оқу орындарының байланысының мәні қандай? Тарихи музейлердегі негізгі істерін бастамас бұрын ең алдымен жалпы музей қызметін талдап өтейік.
Музей — жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рол атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып- үйренуге оның көмегі зор. Музей заттарды адамның бойындағы патриоттық сезімін оятып, Отанды сүюге тәрбиелейді.
Музей — табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындыларын және көне заман ескерткіштерін, үлгі-нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме. Сондықтан да бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес. Жоғарғы оқу орындары мен музей бір-бірін толықтыра отырып, жас тұлғаны қалыптастыруда үлкен жетістіктерге жетеді. Музейдің студенттер мен бірігіп жүргізетін жұмыстарының маңызы өте зор. Мұндай жұмыстар студенттердің көзқарасын кеңейтіп, жас адамның азаматтық-ой өрісін дамытып, студентке ғылыми зерттеу жұмыстарын игеруді үйретеді. Өйткені, музейде жүргізілетін жұмыстардың түрі сан алуан болып келеді. Олар:
- музейді ұйымдастыру үшін қор жинау;
- басқа музейлермен және мемлекеттік мекемелермен байланыс орнату;
- тарихи-мәдени жерлерге экспедицияларға бару, археолагиялық қазбалар жүргізу, табылған ескерткіштерге ұқыптылықпен қарауды үйрету;
- экспозиция және көрме жасауға қатысу;
- конференциялар, кештер, кездесулер, жарыстар, ашық сабақтар ұйымдастыру;
- халық арасынан ауызша мәлімет жинау. Бұл студенттерді әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға тәрбиелейді;
- музей қорындағы заттарды сақтау, қорғау студенттерді жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді.
Жоғарғы оқу орындарының музейлері Қазақстанның музей жүйесін толықтыра түседі. Қазіргі күнде Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының екеуінің біреуінде музей ұйымдастырылуда. Әрине, ол музейлердің бәрін бір зерттеу жұмысында талдап өту мүмкін емес. Берілген зерттеу жұмысында Алматы қаласындағы келесі жоғарғы оқу орындарының музейлері талданды. Оның ішінде педагогикалық бағыттағы жоғарғы оқу орнынының тарихи музейлері:
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі;
- Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің этнографиялық музейі;
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық “Ақтұмар” музейі.
Жоғарғы оқу орындарының музейіндегі экспонаттарды сақтау, қорғау, экспозицияны жасау жалпы музей ісі талаптарына сай болуы керек. Бірақ басқа музейлерден айырмашылығы, оқу орындарының тәрбиелеу жоспарына тікелей қатысты. Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің жұмысы оқу орындарының өмірімен тығыз байланысты.
Музейлердің алдына қойған мақсаты, олардың жүргізілетін іс-шаралары, ғылыми-ағарту, тәрбиелік бағытының дұрыс айқындалуы маңызды мәселе болып табылады. Музей беретін мәліметтің шынайлығы келушінің алған білімін бекіте түседі. Ал, мұндай мәлімет әсіресе, жас адам үшін өте бағалы. Музей жастардың саяси, кәсіби тәрбиесінің, көркемдік және эстетикалық талғамдарының дамуына, өз бетімен жұмыс жасау қабілетінің шыңдалуына әсер етеді.
Музей пәні-әлеуметтік жағдаймен байланысты заңдылықтарды және музейлер жүйесін, арнайы мамандандырылуға сәйкес деректерді, сондай-ақ, қоғамдағы және табиғаттағы құбылыстардың дамуын зерттейді. Музей тарихи қоғамдық институт ретінде, музей жүйесін және әлеуметтік талаптар мен түрлі салаларға тәуелді ұйымдастырылуын зерттейді. Музей зерттеуінің негізгі бағыттары музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (реставрация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін келтіру толық анықтама болып табылады. Аталмыш жағдай музей заттарын зерттеп, жүйелеуде маңызды рол атқарады. Музей-ең алдымен таным, тәлім-тәрбие орны, ғылыми ағартушылық орталық.
Тәуелсіз мемлекетімізде экономиканы өркендетумен қатар дәстүрлі мәдениетті жаңғырту қатар жүргізіліп келеді. “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру үшін өткен мен болашақтың куәсі іспеттес музейлерге, тарихи-мәдени ескерткіштерге көп көңіл бөлінуде. Біздер-студенттер, тәуелсіз қазақ елінің әрбір азаматы, ел боламыз десек, онда біз міндетті түрде ата тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған ата мұраларымызды айрықша қастерлеуіміз керек.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында музейлер ашудың қажеттілігі, ерекшеліктері, міндеттері мен маңызын және Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарындағы көрнекті тарихи музейлердің қалыптасу, даму тарихын зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болып есептелінеді. Осы зерттеу жұмысында бұл музейлер музейтану тұрғысынан қойылған талаптарға толық жауап бере ала ма, жоқ па, олар қазіргі күні Қазақстанның музей жүйесіне сай ма, сай емес пе деген мәселелер талданды. Қазіргі күнде музейдегі менеджмент және маркетинг жұмыстарына ерекше мән берілуде. Зерттеу жұмысына негіз болып отырған музейлерде осы жұмыстар қалай іске асуда, музейдегі педагогикалық жұмыс қандай дәрежеде жүргізілуде деген мәсәселелерге талдау жасалды.
Зерттеу жұмысын жазу барысында алдыға қойған міндеттер:
- Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлерінің ұйымдастыру дәрежесін анықтау;
- әрбір жоғарғы оқу орны музейлерінің құрылымының ерекшеліктерін айқындау;
- жоғарғы оқу орнынының музейлеріндегі заттарға сипаттама беру;
- музейде жіберілген кемшіліктерді айқындау;
- жоғарғы оқу орындарының музейлерінің басқа қоғамдық мекемелермен байланысын талдау;
- музейлердің оқу-ағарту, білім-беру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуін талдау;
- тәрбиенің формалары мен әдістері туралы жалпы түсінік беру;
- жалпы Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлерін құру мен олардың жұмыс мәселесі бойынша проблемаларды анықтау;
Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастыруда алда тұратын проблемаларды тиімді шешу жолдарын көрсету, осы жұмысты жазудағы басты міндет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа байланысты арнайы зерттеулер жоқтың қасы. Бұл республикамызда әлі де музейтану жұмысы толығымен қолға алынбағанын көрсетеді.
Жұмысты жазу барысында қолданылған әдебиеттердің басым көпшілігі кеңес дәуірі кезінде жазылған. Осы әдебиеттер ішінен “Музей историй ВУЗа” ғылыми мақалалар жинағын ерекше атап өтуге болады /1/. Онда жоғарғы оқу орындарының музейлерінің әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарының спецификасы, жоғарғы оқу орындарының музейлерін құру негізінде талданған. Бірақ еңбек кеңестік сарында жазылған және онда Қазақстанның жоғары оқу орындарының тарихы қамтылмаған.
Аталған еңбектерден басқа аса маңызды еңбектердің бірі “Актуальные проблемы вузовских музеев” атты ғылыми мақала жинағы /2/. Мұнда жоғарғы оқу орындарының музейлерінің профилі, ұйымдастыру жұмыстары, қор және экспозициялық жұмыстарын жүргізу тағы басқа жайлы мәліметтер берілген. Жоғарғы оқу орнынының қорларына экспонаттарды жинау жолдары, оларды сақтау, қорғау жайлы, кеңестер мен мәліметтер беріледі. Бұл кітап оқу -тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруға көмектеседі.
“Музей высших учебных заведений” атты ғылыми мақалалар жинағынан алатын мәліметтерде өте құнды /3/. Бұл еңбектен жоғарғы оқу орындарының музейлерінде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу тәртібі және ұйымдастыру жолдары туралы мәліметтер береді.
Зерттеудің теориялық бөлімін жазу барысында арнайы музейтанулық әдебиеттер қолданылды. Олардың ішінде: К.Г.Левыкина, В.Хербтың редакциялығымен шыққан “Музееведение. Музей исторического профиля” /4/, Т.Ю.Юреневаның “Музееведение” атты оқу құралдарын ерекше атап өткен жөн /5/. Оларда музейтану ғылымының теориялық негіздері толығымен баяндалады. А.И. Михаиловскаяның “Музейная экспозиция” атты еңбегінде экспозицияны құруға қойылатын талаптар жазылған /6/. Ал Столяров А.В. “Музейная педагогика” атты еңбегінде музей педагогикасының алғаш пайда болуы мен дамуы қызметі жөнінде мәліметтер алуға болады /7/.
Сонымен қатар қазақ ғалымдарының еңбектерін атауға болады. Мысалы, М.Жұмабаевтың “Педагогика” еңбектерінен оқу, білім және тәрбие жөнінде мол мәлімет алуға болады /8/.
Жалпы музей ісінің теориясы және музей экспозициясы жайлы қазақ тілінде әдебиет өте аз. Бұл мәселеге байланысты, К.Н.Райымханова мен Д.Қатранның “Музей ісінің теориясы мен практикасы” атты еңбегінің құндылығы өте зор /9/. Онда музей құрылымы, музей қорларын сақтау, музейдегі ғылыми-ағарту жұмыстары кең көлемде жазылған.
Музейлер қазақ халқының тарихын, өнерін, бұйымдарын көрсетуде ерекше орын алады. Осы мүмкіндік арқылы көрерменнің еліне, өнеріне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттырады. Бұл кімді болсын мәдениетке жетелейді.
Тақырыптың деректік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданған деректе, үш жоғарғы оқу орнынының Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі мен Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің музейі және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық музейлерінің заттары, қорлары сол музейлердегі инвентарлық кітаптар, картатекалар, музейдің жылдық есептері, экскурсия жүргізушілерге арналып жазылған әдістемелік мәтіндер, сонымен бірге этнографиялық заттардан: зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, ұлттық киімдер, киім бөлшектері көрсетілген. Музей меңгерушісінің жүргізген жазбалары және жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастырушылармен жүргізілген сұхбаттар пайдаланылды. Олар:
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің музейінің меңгерушісі – Рахманғалиев Қайырхан Бекенұлы.
- Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің музейінің меңгерушісі — Көшекенова Базаргүл Садықиынқызы.
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының меңгерушісі-Сәуле Мерекеева.
Жұмыстың теориялық-методологиялық негізі. Бүгінгі таңда Қазақстандық ғылымда кең таралып отырған бағыттың бірі ғылыми жұмыстардың методологиялық жұмыстарын жетілдіру өзекті мәселе болып жатыр. Сол негізінде дүниежүзілік ғылыми еңбектерде кең таралған методологиялық бағыттардың Қазақстан ғылымына икемдеу шараларды атқаруда. Адамзат тарихының көне іздерінен барынша хабар беретін музей ісінде де ғылыми құндылықтары мен бірге зерттеу жұмысының методологиялық негізі қолға алынуда. Осы зерттеу жұмысы негізінде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындарының тарихи музейлеріне байланысты теориялық және методологиялық негізін қалыптастырған зерттеушілердің еңбектеріне сүйендім. Олар “Музей историй ВУЗа” /1/, “Актуальные проблемы вузовских музеев” /2/, “Музей высших учебных заведений” атты ғылыми мақалалар жинағын қолдандым /3/. Жұмысты жазу барысында қолданған әдебиеттердің салыстыру, талдау әдістері қолданылды. Сол негізде жұмыс тарихи принцип жүйесінде құрылымдық талдау, салыстырмалы талдау әдістерін қолдану арқылы жүзеге асты.
Жұмыстың хранологиялық шеңбері. 1999-2007 жылдарында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі мен Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің музейі және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық музейлерінің қазірге дейінгі тарихы мен қызметі қарастырылады.
Диплом жұмысының жаңалығы. Жұмысымды зерттеу барысында осы уақытқа дейін зерттелмей келген Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мен Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті , сонымен қатар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының жанынан ашылған музейлер тарихын және де студент жастарға білім- беру, тәрбиелеу мақсатындағы және қоғамдағы алатын орны туралы мәселелердің тұңғыш рет арнайы зерттелуінде.
Тақырыптық құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарау үш тармақшадан тұрады. Мұнда негізгі қарастырылған мәселе жоғарғы оқу орындарын да алғашқы музейлерді ұйымдастыру мен музейдің бүгінгі күнде алатын тәрбиелік орны туралы, қор және экспозициялық жұмыстарын жүргізу барысы қарастырылды.
Екінші тарау үш тармақшадан құрылып, жоғарғы оқу орындарының музейлерінің құрылу тарихы мен музейдің этнографиялық заттарын қорғау мен сақтауды теориялық тұрғыдан салыстырмалы түрде көрсету болып табылады.
Қорытынды да берілген зерттеу жұмысымның нәтижесі, қазіргі таңдағы Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының музейлерінің жұмысын жақсарту мақсатындағы талап-тілектер, ұсыныстар келтірілген.
Қосымшада жекелеген музейлердің суреттері берілген.
1 ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Жоғарғы оқу орындарының музейлері оқытушының бастамасымен немесе студенттердің үйірмесі негізінде құрылады. Студенттер өздерінің қызығатын мәселесін зерттей келе, музейдің бағытын анықтайды. Осы маңызды кезеңде тарих пәнінің оқытушылары қатысу көмегі өте үлкен. Жоғарғы оқу орындарының музейлерін құру – ол бүкіл оқу орнынының ұжымының қажырлы еңбегі. Әрине, оқытушы музейдің педагогикалық бағытын, білім беру, тәрбиелеу үрдістеріндегі орнын белгілеп, оқушылардың музей белсенділерін құрып, экспонаттар жинауымен қатар шешілетін үлкен мәселе ол-музей бөлмесін жабдықтау. Бұл проблеманы оқу орнынының әкімшілігімен бірігіп шешуге болады /1, 39/.
Музейді құру барысында студенттер арасында түсіндірме жиналыстар өтеді. Осы жиналыстарда болашақ музейдің бөлімдері, бөлімшелері анық-талып, оларда экспозицияланатын материалдар сараланады. Осындай жұмыстар кезіндегі оқытушының басты рөлі-студенттер ақыл кеңес беріп, оларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Осы жұмысты атқару барысында оқытушы, музейді құруға қызығатын студенттер тобын бөліп алып, жергі-лікті, мүмкін болса, республикалық дәрежедегі мемлекеттік, өлкелік тарихи музейлерге экскурсияға апарып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, консультациялар алу керек. Бұл ұйымдастырылған кездесулер студенттердің болашақ музей жайлы дұрыс түсінігінің қалыптасуына үлкен көмек көрсетеді. Тәжірибелі мамандар студенттерге жалпы музейді, экспозицияны дұрыс жасау тәртібі, экспонаттарды таңдау, жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастыру жөнінен мағлұматтар береді.
Студенттер ғылыми еңбектермен, басқа да музей жұмыстарымен танысып, теориялық білім алғаннан кейін, музейді жасауға кіріседі. Ең алдымен музей кеңесі құрылады. Музей кеңесі қолда бар материалдар мен оқу орнынының мүмкіндігін ескере отырып, музей бағыты мен экспозиция мазмұнын белгілейді. Ақырғы шешімді педагогтар кеңесі қабылдайды /2,12/. Ол шешім студенттерге жарияланғаннан кейін, істелетін жұмысқа бағыт беріледі. Ендігі алдында тұрған үлкен міндет музейге қор материалдарын жинау. Студенттердің талпынысы оқытушылар тарапынан қолдау тапқан жағдайда көрсеткіш жоғары болады.
Жоғарғы оқу орнындарының музейлерінің қорларына экспонаттар жинау әдістері әртүрлі болып келеді. Музей қорына материал жинауды әртүрлі тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Оның бір жолы, барлық студенттерге музейге ел арасындағы “бүкіл көне заттарды” әкелу жайлы ұсыныс жасау немесе тек студенттерге емес, қаланың, ауданның т.с.с. тұрғындарына хабарландыру жасау. Мұны газеттерге ашық хат жолдау арқылы жүзеге асыруға болады /3,21/. Жинаудың мұндай тәсілі музей қорын әлдеқайда бағыттады. Әрине бұл жолдың өзіндік қиындықтары да бар музейге керексіз заттар да көп түсуі мүмкін. Сондықтан экспонаттарды таңдағанда мұқият болып, оған эксперттік комиссия құру керек.
Келесі бір тәсіл-студенттердің жеке коллекциясын жинап, оны музейге тапсыруы. Коллекция жинау өте пайдалы: ол студентердің ғылымға деген қызығушылығын арттырады, тиянақтылыққа үйретеді, төзімділікке тәрбиелейді. Сонымен қатар, бұл коллекциялар музейдің экспозициясына сай коллекциялар болу керек.
Жоғарғы оқу орындарының музейлеріне метериал тарихи-мәдени жерлерге экспедицияларға бару, археологиялық қазбалар жүргізу, экскурсиялар мен саяхаттар кезінде де жиналады. Қорлар тез толу үшін материал жинау үздіксіз жүріп тұру қажет.
Қосымша қорға келетін болсақ, ол студенттер күшімен, жоғарғы оқу орнынының қабырғасында жиналады. Студенттер өз қолдарымен макеттер, суреттер, сызбалар, модельдер жасайды. Кез-келген жинақтау жұмысының нәтижесі оның ұйымдастырылу деңгейіне байланысты.
Музей қорларының жылдам, әрі тез толуы үшін келесі талаптарды орындау керек /4,30/.
Бірінші талап — музейді ұйымдастыруда мақсат пен тақырыпты нақты белгілеу. Нақты белгіленбеген жағдайда, жинақтау жұмысын жүргізу барысында көптеген керегі жоқ заттар жиналуы ықтимал.
Жинақтау жұмысының тақырыбы әртүрлі болады:
- археологиялық ескерткіштер;
- этнографиялық заттар;
- пайдалы қазбалар үлгілері;
- туған өлкенің батырлары т.б.
Екінші талап – студенттерді жинақтау жұмысына дұрыс дайындығы. Бірінші кезекте, оқытушы студенттермен алдыдағы жұмыс туралы лекциялар, әңгімелер, консультациялар өткізіп, өзіндік жұмыс жасау үшін әдебиеттер береді.
Келесі кезең материалдарды жинау жұмысының жоспарын жасау /5,48/. Осы жоспардың жобалаған түрі мынадай болады:
Материалдарды жинау мерзімі
|
Қайда жүргізіледі |
Кім жинайды |
Қандай материал жинау керек |
Мысалы, материал тарихи бағыттағы музей үшін жиналса, онда “қандай материал жинау керек” деген бағананы былай толтыруға болады:
1) Заттай ескерткіштер – еңбек құралдары, үй тұрмысына қажетті ыдыс-аяқ, әшекейлер, монеталар, медальдар;
2) Жазба ескерткіштер – жазба және баспа кітаптар, газеттер, журналдар, ноталар, әртүрлі құжаттар, хаттар, протаколдар, мақтау қағазы;
3) Картографиялық материалдар – карталар, схемалар, жоспарлар, сызбалар;
- Көркемөнер ескерткіштері – картиналар, суреттер, мүсіндер;
5) Фото және кинодокументтер – фотосуреттер, кинопленкалар, негативтер, пленкалар.
Жоспар құрылғаннан кейін, экспедицияға керкекті заттар жиналады: палатка, киім–кешек, дәрі-дәрмектер, құрал-жабдықтар, күрек т.б., жазба кітапша, карандаш, лупа, шпагат, өлшеуіш құралдар.
Жоғарғы оқу орнынының тарихы жайлы өте көп материал жинауға болады: оқытушылар, студенттер жайлы, студенттік өмір жайлы, оқу орнының мәдени, қоғамдық өмірі т.б. Сондықтан материал жинаудан бұрын жоғарғы оқу орнынының музейінің экспозициясы қандай негізгі кезеңдері қамтитынын анықтау керек /3,50/.
Экспозицияны мынадай бөлімдерге бөлуге болады:
Бірінші бөлім – “Жоғарғы оқу орнынының құрылуы”.
1) Жоғарғы оқу орнынының суреттері (жаңадан салынған кездегі және қазіргі көрінісі).
2) Жоғарғы оқу орнында сабақ берген алғашқы ұстаздар ұйымы, студенттер, алғашқы түлектер.
3) Жоғарғы оқу орнынының ашылуы туралы деректер, фото материалдар.
4) Жоғарғы оқу орнынының ғимаратын салған адамдар.
5) Жоғарғы оқу орнынының қызметін суреттейтін фотосуреттер т.б.
Экспозицияның екінші бөлімі – “Жоғарғы оқу орнынының тарихы”.
Бұл бөлімде жоғарғы оқу орнынының жұмысының жан – жақтылығын көрсететін материал жинаған дұрыс.
- Сабақ барысы – оқытушылар, студенттердің фотосуреттері, оқулықттар және оқу құралдары т.б.
- Аудиториядан тыс жұмыс – үйірмелер, саяхаттар мен экскурсиялар кезінде фотосуреттер, студенттердің жинаған материалдары, өздері жасаған макеттер, модельдер т.б.
- Жоғарғы оқу орнынының қоғамдық жұмысқа араласуы – қоғам, мәдениет қайраткерлерімен, жазушы, ақын, соғыс ардагерлері, өнер адамдарымен ұйымдастырылған кездесулер, кештерде түсірілген фотосуреттер, кей жағдайда, олардың музейге тапсырған сыйлықтары, олардың еңбектері (кітаптары). Олармен кездесу кезінде түсірілген видеопленка өте қызықты экспонат болып шығады.
Үшінші бөлім – “Жоғарғы оқу орнынының жетістіктері”.
Мұнда студенттердің түрлі жарыстарға қатысқанда алған мақтау қағаздары, дипломдар, алғыс хаттар, оқу орнын бітірген түлектердің жетістіктері, басқа қоғамдық ұйымдармен байланысы, үздік студенттер туралы мәліметтер беріледі.
Бұл тек жобалаған бөлімдер, әрине, әр жоғарғы оқу орнынының өзіндік тарихы бар, соған байланысты бөлімдер де әр түрлі болады. Бір жоғарғы оқу орнында бірнешеу кейбіреулерінде аздау, ең бастысы олар жүйесіз фотосуреттер көрмесіне айналмай, нақты кезеңдері болуы тиіс.
Жинақтау жұмысының жетістікке жетуі үшін қажет үшінші талап – студенттердің арасындағы қатаң тәртіп /4,35/. Ең алдымен жиналған материалға ұқыптылықпен қарау. Әрбір зат дұрыс сақталып, оқу орнынының музейіне бүлінбеген күйінде тапсырылуы керек:
- түсірілген фотосуреттерді жеке – жеке конверттерге салып, папканың ішіне жинау керек;
- минеорологиялық коллекцияның материалы болса, оны матамен немесе мақтамен орап, жәшіктің ішіне ретімен орналастыру қажет;
- құжатты ақырындап тегістеп, қатты басып, жинау керек т.с.с.
Кейде иелері заттарды тазаламайды, кір басқан күйінде береді. Ондай заттарды бүлдіріп алмай, ақырындап тазалау керек. Әйнек және форфор ыдысты жылы суда жуып, металл және ағаш заттарды құрғақ шүберекпен сүртіп, киімдерді ұқыпты түрде жуу керек.
Тарихи музейге материал жинау арнайы ережелерді ұстануды талап етеді — экспедиция кезінде заттарды қалай қазып алу керек, бұзылмау қалпын қалай сақтау керек т.б.
Саяхаттың алдында, белгіленген территория, жеке шаруашылық емес па соны анықтап алған дұрыс. Егер территория біреудің иелігінде болса, арнайы рұқсат қағаздар алу керек.
Халық арасында жұмысты бастамас бұрын, жергілікті қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен байланыс орнату керек. Мұндай жерлерде кімге дерек жинау үшін бару дұрыс болатындығын айтады. Музейге ескерткіштерді алғаннан кейін, олар жайлы мәліметттерді толық жазып алу керек. Мәлімет жазатын журналдың жобасы мынадай болады.
Бірінші бағана – реттік саны. Оны жазу үлкен қиындық тудырмайды. Журналдағы нөмірді шатастырып алмай, заттарға қою керек. Нөмір заттарға әртүрлі жолдармен қойылады. Егер тігу мүмкін болса, ол тігіледі. Тігу үшін жіп қолдану керек. Сым темірді ешқашан қолдануға болмайды – ол затты тырнауы немесе тотпен кірлетуі мүмкін.
Көптеген заттарға тіркеу санын іле алмайсың. Мысалы, табақша, мата, фотосурет, т.б. Ұсақ монеталарды жеке қағаз дорбаларға салады, нөмірді тущпен конвертке жазады. Металдан, керамикадан, тастан, ағаштан жасалған заттарға нөмірді тушьпен немесе түрлі – түсті карандашпен, ал қағаз заттарға карандашпен жазады. Музейге түскеннен кейін кейбір нөмірлер өшіп қалмау үшін қайта жазу керек – металл, керамика, тастан жасалған заттарға – эмальді краскамен, ағашқа тушьпен.
Нөмірді қалай, қандай жерде жазу ережесі бар: орамал, дастарқан, беторамал, матаға – бір бұрышына; картинаның – рамкасына; жәшік, коробкаларға – ішіне; орындықтар мен ұзын отырғыштарға – отырғыштың астына; фотосуреттер, суреттерде, гравюраларда, плакат, документтерде – артқы сол жақ бұрышына. Егер құжат қағаздың екі жағында да жазылса, онда нөмір шеткеі шетіне жазылады. Егер шеті жоқ болса, докуметті конвертке салып, нөмірді соған жазу керек. Есте сақтайтын нәрсе, нөмір өте кішкентай қарыппен, анық жазылуы тиіс, ол заттың өзін де оның сыртқы көрінісін де бұзбау керек.
Екінші бағана — заттың аты. Заттың атын толық жазу керек. Кейде әр облыстың ерекшелігіне қарай кейбір заттардың аталуы бөлек болады. Мұндай жағдайда заттың жергілікті атауын, одан кейін қысқаша түсіндірме жазу керек. Заттың атауынан басқа, бұл бағанаға оның қысқаша суреттемесін жазуға болады. Оның мақсаты – берілген затты бізге түсінікті ету. Бірақ суреттеуді толық жасамай, қысқаша мәлімет беріп өткен дұрыс. Кейде бұл зат не үшін қолданылатынын да жазуға болады.
Келесі бағана – заттың тұрған ортасы. Оны толтыру қиындық туғызбайды. Егер археологиялық ескерткіш болса, табылған жерін жазу керек, қандай қорған, оның қай бөлігі.
“Зат кімнен алынды немесе кім тапты” деген графаны толтыру барысында, затты берген не тапған адамның аты-жөні, мамандығы жазылады /1, 9/.
“Зат қашан табылды” толтыру қиын емес, ал “Заттың уақыты” бағанасын толтыру сақтықты, туралықты қажет етелі. Жиналған материалдардың уақытын 2005 жыл жиналған деп жазса, документтердің уақытын анықтау да оңай, өйткені оларға күні жазылады, ал археолагиялық заттардың уақыттын анықтаған кезде, мамандардың көмегіне жүгінуі дұрыс
Студентер өздерінің жазбаларын жеке дәптеріне жазып алып, оны оқытушысына не жетекшісіне көрсетіп алған соң, журналға жазады. Мәліметтерді, затты алған соң, кейінге қалдырмай сол кезде жазу керек.
Заттай деректермен қоса студенттер жергілікті халықпен әңгімелесіп, ауызша деректер де жинайды. Белгілі бір оқиғаға байланысты мәліметтерді сол оқиғаны көқзімен көқрген адамнан алу өте қызықты. Әңгімені 2-3 адам жүргізеді: олардың біреуі әңгіме жүргізеді, екеуі жазады. Әңгімелесу барысында өзін қызықтыратын сұраулардың жауабын алуға тырысу керек. Әңгімені жазып алғаннан кейін, оны қайта оқып тексеру керек.
Әр экспедициядан кейін баяндамалар жасалады, жоғарғы оқу орындарында көрмелер ұйымдастырылады. Басқа музейлермен байланыс орнатылады. Олардың қызметкерлері жиналған материал негізінде студенттерге музей жасауға көмектеседі.
Қорыта келгенде, қазіргі кезеңде тарихи-мәдени, ғылыми көптеген халықтың мәдени мұраларын зерттеу ұлттық мәдениеттің қалыптасуы, дамуы болып табылады.
1.2 Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің тәрбиелік мәні
Жоғарғы оқу орындарында студенттер болашақ өз ісінің нағыз мамандары болып шығады. Олардың жасаған жұмыстары институттың өмірінде қалады. Міне, осындай жұмыстарды сақтау арқылы біз болашаққа үгіт-насихат жүргіземіз. Сонымен қатар студенттердің жұмысын, іс-шараларын танытушы, сақтаушы орын болып табылады. Осындай жұмыстарды тек қана жоғарғы оқу орындарының музейлерінде ғана жасауға болады.
Музейде әртүрлі кештер ұйымдастыруға болады. Студенттер семинар, докладтарға музей материалдарын пайдалануға болады. Мысалға айтатын болсақ, музейден институт тарихымен студенттердің ғылыми конференциясындағы материалдар, алғашқы бітірген түлектер, соғыс ардагерлері т.б. жайлы мәліметтер алуға болады.
Жоғарғы оқу орындарының музейлерінде де шолу экскурсияларынан басқа, оқу экскурсияларымен лекциялар өткізіледі.
Студенттер экскурсаводтың айтқандарын зейін қойып тыңдап, экспонаттарды қарап, экскурсоводқа сұрақтар қояды. Олар музейден көп мағлұматтар алып шығады /1,15/.
Жоғарғы оқу орындарының музейлері студенттерге рухани, мәдени, білім, тәрбие, т.б. жағынан көп мағлұмат береді.
Ал тәрбие кең мағынада алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтқанда, адамның баласын, кәміл жасқа толып, өзін-өзіне қожа болғанша, тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі.
Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әр кімнің өз тәжірибесі жетпейді. Сол үшін басқа да адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа адамның тәрбие майданындағы тәжірибелерін көрсеткен жеке бір пәнімен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек. Тәрбие пәні педагогика деп аталады /4,48/.
Қазіргі жастар өзінің ата-анасының заманынан басқа заманда өмір сүріп отырғаны рас, бірақ әр ұрпақ өзінің өткен тарихымен сусындап, бүгінгісін жақсартып отыруға ат салысулары қажет.
Тәуелсіз мемлекетімізде жастарды көп мәдениеттілік құндылықтарға тәрбиелеу ісі қазіргі кезеңде тарихи-мәдени мұраларын музей материалдары арқылы тікелей байланыстырып, оның толыққанды болуына қатысты мәселелерді шешу қажеттігі туындады. Музей материалдарындағы тарихи-мәдени белгілері дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тәжірибелер. Оның негізгі мақсаты — өзінің бай тарихи тәжірибе мұраларына сүйене отырып, студенттерді, өнер-білім машықтарын меңгеруге, болашақта белгілі бір маман иесі болуға, сол сияқты т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу.
Музейлерде жүргізілетін жұмыс – жас ұрпаққа халықтың таным-наным, ұлттық мінез-құлық, қадір-қасиеттерді табиғи түрде бойына сіңіре білу сияқты жұмыстарды атқарады.
Ұлттық рухты бейнелейтін музейдегі материалдарға мыналарды жатқызуға болады.
- ғасырлар қойнауынан бастау алып, қалыптасқан, жетіліп нығайған ана тілі;
- ұлттық әдет-ғұрыптар;
- ұлттық рухты айғағтайтын заттар мен шынайылық құбылыстар.
Ұрпақ тәрбиесінде музей – халық педагогикасымен тығыз байланыста.
Қазіргі кезеңде тарихи-мәдени, ғылыми көптеген халықтың мәдени мұраларын зерттеу ұлттық мәдениеттің қалыптасуы, дамуы және қазіргі бағыттары туралы, оларды зерттеудің теориялық және әдістемелік мәселелері жөнінде жиынтықталған жалпы ойларды тұжырымдауға мүмкіншіліктер береді. Қазақ мәдениетінің тарихы – халық тарихының ең маңызды құрасдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесімен халықтың ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ мәдениеті – халықтың тарихымен жан – жақты түсінуі үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал /6, 45 /.
Тарихи ескерткішсіз дәстүр болмайды. Дәстүрсіз мәдениет болмайды. Ал мәдениетсіз тәрбие жоқ. Тәрбиесіз руханилық жоқ. Руханилықсыз жеке тұлғаны тәрбиелеу мүмкін емес. Білім беру мен тәрбие жүйесінде көп мәдениетті музей материалдарын жүйелей қолдану – бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің бірі.
Музейдегі рухани мәдениеттің халықтың педагогикасымен сабақтастығы тәлім-тәрбие дүние танымын, өмір заңдылығы мен (философиямен) тығыз байланысты. Дәл осы тұрғыда музей – жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдениет, заттық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып үйренуге оның көмегі зор. Музей ісі – ғылымның, білім беру ісінің маңызды бір саласы. Соңғы кезде қолданбалы музейдің мәселесіне көп көңіл бөлуде. Себебі, музей жұмысында ғылыми-жинақтау, тәрбиелік, насихаттау бағыттары жұмыс істеп, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында маңызды рөл атқаруда.
Музей – халық мәдениетінің мұрасы ретінде адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу басты қағида болып табылады /7,28/.
Музей не үшін ұйымдастырылады деген сұраққа жауап беретін болсақ: студенттер музейді көріп, тамашалау үшін, музей экспозициясымен таныса отырып, өздеріне көптеген мәлімет алу үшін, рухани дүниесін байыту үшін, ең аяғында өздері естіп, оқып жүрген кейбір мәліметтерді көзбен көріп, білімдерін нақтылау үшін. Ал егер музей есіктері жабық тұрса, онда мұндай игі шаралардың іске асыруылуына кедергі туады.
Тәрбиелеу методтары педагогикалық әңгімелесу уақытта қалыптасады. Оқытудың белсенді әдістері (семинар, дискусия және т.б.) /8,5/.
Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің ұйымдастырылуы білім беру тәсілдері мен ғылыми таным тәсілдерінің жақындасуына ықпалын тигізеді.
Материалдарды жинау, оларды өңдеу, жан-жақты зерттеу, экспозициялау студенттердің ойындағы өз бетімен жұмыс жасау, танымдық қабілетін дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын меңгеруге көмектеседі /9,15/.
Музейдің мәдени-көпшілік жұмыстары музей коммуникациясының бір саласы ретінде жан-жақты білімді, қоғамдак белсенді, эстетикалық талғамы зор, қоғамға пайдалы адам тәрбиелеуге ұмтылуға бағытталады. Әсіресе экспозиция мен көрмелерді ұйымдастыру арқылы жастағы, әлкуметтік және әртүрлі жастағы, әлеуметтік және әртүрлі категориядағы, әр мамандщық саласындағы адамдарға қызмет етеді. Музейдің негізгі жұмысы – тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау, сол арқылы патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады. Көпшілікті музей мәдениетіне тарту, тарихынды сүю, еліңе деген мақтаныш пен отаншылдық және рухани құндылықттарпмен тан.ысу деген сөз.
Музей қоғамдық-әлеуметтік мәнін жете түсініп, оны тәрбиелік мақсатта толығымен пайдалану үшін музей педагогикасы пәні қолданылады. Музей педагогикасы – аралас ғылыми пән, ол музей жұмысының коммуникациялық формаларын, музей ісін ұйымдастыруды педагогикалық ттьұрғыдан қарыстырады. Музейдің педагогикалық зерттеу пәні – музейдің жұмысын педагогикалық жағынан ұйымдастыру әдістерін, түрлерін, жұмыс бағытын қарастырады. Музей педагогикасы музейлік педагогикалық процестердің құндылықтарын іс жүзінде және педагогикалық басқару ісінде қолдануды қарастырады.
Әртүрлі әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне қарай бөлінетін топтардың аудитория ерекшеліктерін анықтап, музейге келушілердің құрамына қарай дифференциалды шешіммен жұмыс ұйымдастырады, әртүрлі профильдегі музейлер жұмыстың тәжірибесін саралап, жинақтап, ғылыми әдістемелік нұсқаулар, ақыл-кеңестер ұсынады.
Басқа да педагогикалық жұмыспен айналысатын мекемелермен бірге жұмыс істеудің формаларын ойластырып, орайластырып, жетілдіреді. Педагогикалық жұмыстың негізгі мақсаттары мен мәселелерінің бірі қоғамға белсенді, шығармашылық қабілетті адам тәрбиелеу. Музей педагогикасында экскурсия, музей сабағы, тақырыптық дәрістер сияқты жұмыс формалары қолданылады. Келушілердің қызығушылығын анықтайтын, музей ақпаратын толыққанды жеткізе білетін шаралардың жаңа формаларын жетілдіреді. Музейге ұйымдаспаған түрде, яғни жеке отбасымен, бірлеп-екілеп келетін адамдармен де жұмыс істеудің әдістерін қарастырады. Музей педагогикасының бір міндеті – музей педагогтарын даярлау, яғни олардың құрамына –экскурсаводтар, метогдистер, социологтар да кіреді. Музейде тәрбие жұмысының түрлері мен формалары көптеп қолданылады.
Олар музейде экскурсиялар (экспозиция мен көрмелерде), тарихи-мәдени ескерткіштерге саяхат жасау. Тақырыптық кештер конкурстар, викториналар, клуб пен үйірмелердің жұмысы, мәдениет университеттерін ұйымдастыру сияқты жұмыс формалары қолданылады.
Сонымен, жоғарғы оқу орындарының ішінен ашылып отырған музейлер тәрбие, білім беру жағынан маңызы жоғары.
1.3 Музейлердегі қор және экспозициялық жұмыстар
Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің қорлары негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Музей жұмысы музей қорларының негізінде жүргізіледі. Музей қоры деп музейдің иелігіндегі мен оларға қатысы бар ғылыми қосалқы материалдардың жиынтығын атайды.
Қордың жалпы құрамы музейдің бағытыны байланысты болуы керек. Жалпы музей қоры барлық музей жинағын қамтитын негізгі қор және ғылыми қосалқы қор болып бөлінеді.
Жоғарғы оқу орнынының музейлерінің қорлары негізгі және қосымша болады. Негізгі қордың құрамына саяси көркемдік маңызы бар тарихи материалдары және рухани мәдениеттің түпнұсқа ескерткіштері жатады.
Қосымша қор студенттердің қолымен жасалып, негізгі қорды толықтырады. Олар негізгі қор экспонаттарын анықтап, кейде түп нұсқаның орнын ауыстыруға қолданылады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде толығымен көрсету үшін, тек еңбек құралдарын көрсету жеткіліксіз. Оларды жасау технологиясын, қолдану әдісін суретте көрсеру экспозицияны түсінікті қылады. Топырақ түрлерін қарау арқылы белгілі ауданның жер бедерін түсіну мүмкін емес: оған қосымша ретінде аудандағы топырақтың жерге орналасуын көрсететін карта – схема жасау болады. Бұл жерде карта – схема, сурет қосымша қордың материалдары болып есептелінеді /6,21/.
Музейді құру кезінде негізгі қор мен қосымша қор экспонаттарын бөліп алу керек. Көп жағдайда, бір зат қосымша қорға да негізгі қорға да кіреді. Мысалы, топырақ картасы – жоғарғы оқу орнында табиғат бөлімі бар музей құрылса, қосымша қор материалы болады, ал егер музей жоғарғы оқу орнынының тарихына арналып құрылса, осы жоғарғы оқу орнынының студенті жасаған топырақ картасы – негізгі қорға кіреді.
Студенттердің музей қорымен жұмысы келесі кезеңдерден тұрады:
- Оқытушының музейді жасауға қатысқысы келетін студенттермен музей қорлары жайлы әңгімелесу;
- Материал жинау;
- Жиналған материалдармен танысу, олардың ғылыми маңыздылығын анықтау, негізгі және қосымша қорды құру;
- Экспозициялық жұмыс.
Студенттермен әңгіме жүргізу кезінде негізгі қорға қандай материалдар кіру керек екендігін айтып, оның маңызын түсіндіру маңызды. Негізгі қорға кіретін экспонаттарды келесі топтарға жіктеуге болады:
а) заттай ескерткіштер;
б) жазба ескерткіштер;
в) көркем өнер деректері.
Заттай деректер. Деректердің бұл тобында археологиялық материалдар негізгі орын алады. Егер жоғарғы оқу орнынының тарих пәнінің оқытушысысының мамандығы археолог болған жағдайда, ол өзі жүргізген археологиялық қазбалар кезінде табылған заттай ескерткіштерді музейге тапсыруына болады. Бірақ, әдетте, музейдің негізгі қорына археологиялық ескерткіштер орнына жасалған көшірме материал ретінде түседі. Сонымен қатар, жекелеген адамдардан сыйлық ретінде экспонаттар толтырылады.
Мұндай жағдайда студенттер оқытушының көмегімен археологиялық әдебиеттермен толық танысады. Мемлекеттік музей қызметкерлерімен консультация жүргізіледі.
Заттай деректердің түрлері:
- еңбек құралдары, ауылшаруашылық құралдары, қолөнер шеберлерінің құралдары;
- қару-жарақ түрлері, ат-әбзелдері;
- күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар (ыдыс-аяқ, киім-кешек, әшекей бұйымдар, жиhаз түрлері);
- нумизматикалық материалдар (монета, орден, медальдар);
Жазба деректер. Бұл топқа ғылыми, көркем әдебиет, мемуарлар, әкімшілік құжаттар жеке адамның құжаттары жатады. Оларды кітаптар, қолжазбалар, газет, журнал, листовкалар, хаттар, протоколдар, актілер, т.б. бөлуге болады.
Көркемөнер деректері – көркемөнер туындылары, фотосуреттер, картографиялық материалдар, документтік сипаттағы материалдар – басылым үлгілері, журналдар. Осы топқа мүсін, карикатура, плакаттар кіреді. Бұл деректің уақыты, шыққан жері, авторы, мазмұны белгілі болса – ғылыми құндылығы жоғары болады /10,23/.
Фотосуреттер – құнды тарихи дерек болып табылады. Олар адамдардың, жердің, архитектуралық құрылғылардың тарихи оқиғалардың нақты көрінісін сақтайды. Иллюстрациялық журналдардағы суреттерді де фотосуреттерге жатқызуға болады.
Графикалық материалдар (карта, план, техникалық сызбалар, диограммалар) да дерек болып табылады.
Құжаттық сипаттағы материалдар ауылшаруашылық жағдайы, сауда байланысы, белгілі кезеңдегі киім үлгісі жайлы дерек береді. Сондықтан олар да негізгі қорға кіреді.
Қосымша қордың материалдарын екіге бөлуге болады:
- Музейге қойылған түпнұсқа экспонаттарға толықтыру анықтама беретін қосымша қор материалдары құрайды. Мұнда құнды музей заты деген қасиеті жоқ, түп дерек көзі бола алмайтын материалдар кіреді (карта, диограмма, сызбалар);
- Заттай деректердің көзбен қабылдаудың түрін жасайтын қосымша қор – макеттер, картина, диограмма, модельдер.
Макеттер, картина, диограмма жоқ болса, қосымша карта жасау керек. Картаны жасау үшін студенттердің бір тобы тақырыпқа байланысты әдебиеттерді, деректерді жинастырып, танысады. Осы бөлім негізінде картаның нұсқасы жасалады, белгілер арқылы. Картаны жасау үшін контурлық картаны негізге ала отырып, саяси, әкімшілік шекараларды белгілейді. Картаның бір бұрышына олардың түсініктерін жазып қою керек. Карталарды қазіргі уақытқа сай қылып жабдықтап, электронды түрде жасауға болады.
Диограмма және сызбалар – экспозицияның өте қажетті элементтері.Олар қандайда бір құбылыстың дамуын, белгілі бір мекеменің ұйымдық құрылымын салыстыруға қолданылады. Диограмма мен сызбаларды өз қолдарымен жасайды.
Модельдер мен макеттер – түпнұсқаларды ауыстыру үшін қолданылыды. Сондықтан аса ұқыптылықты талап етеді. Модельдер заттың сыртқы көрінісін толығымен беру керек. Оларды жасаған кезде мамандардың көмегіне жүгіну керек.
Панорама, суреттер, диорамма – жоғарғы оқу орнынының музейлерінде толығымен тәжірибеленеді. Өткені, олар студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытады. Оларды жасау бейнелейтін оқиғаны терең зерттеуді талап етеді.
Ал музей заты 6 дерекке бөлінеді:
- заттық дерек – белгілі тарихи оқиғалар, тарихи деректерді деректендіретін еңбек құралдар, күнделікті тұрмыстық заттар жатады;
- бейнелік дерек – екіге бөлінеді бейнелік немесе сызбалық;
- жазба деректер – қолжазба, жылнамалар т.б.;
- фотоқұжаттар дерек – фотоопорат арқылы түсіретін бейнелік суреттер;
- кино дерек – белгілі адамның техника арқылы түсіріп алынатын деректер,
- фоно дерек – дыбыстық дерек.
Музейдегі жарықтық тәртіп Музей заттарының ескіруіне әсер ететін негізгі себептердің бірі–жарық сәулесінің түсуі болып табылады. Сондықтан музейдегі жарықтық тәртіптің маңызы зор. Ол музей заттарына жарық сәулесінің түсуін реттеп, бақылап отырады. Музейдегі жарықтық тәртіп заттардың табиғи ескіруін тежеу үшін қажет. Бұл тәртіп бойынша заттарды тұрақты жарық сәулесін мүлдем түсірмей немесе жартылай, кейде белгілі бір көлемде түсіру арқылы сақтауға болады. Ол музей заттарының қандай материалдан жасалғанына байланысты анықталады.
Жарық — электромагниттік толқындық жарық таратушы. Қысқа толқындар ультракүлгін сәулелерді, ал ұзын толқындар инфрақызыл, жылы сәулелер тудырады. Бұл сәулелерді көз қабылдамайды /11, 24/.
Жарықтың әсерінен заттар фотохимиялық және физикалық өзгерістерге ұшырайды. Фотохимиялық өзгеріс заттарға ультракүлгін және көзге көрінетін сәулелердің әсерінің нәтижесінен болады. Ол заттардың сарғайып, түрінің ағаруынан немесе толық түссізденіп кетуінен көрінеді. Табиғи жарық ультракүлгін сәулелерге бай. Ал жасанды жарық ішінде люминесценттік шамдар қауіпті.
Заттардың физикалық өзгеріске ұшырауы табиғи және жасанды жарықта болатын инфрақызыл сәулелердің әсерінен болады /12,96/.
Әр түрлі материалдан жасалған заттарға жарық әртүрлі әсер етеді. Жарыққа төзімділігі жағынан заттарды үш топқа бөлуге болады:
- жарыққа төзімділігі жоғары: металдан, түссіз тастан, гипстен, түссіз шыныдан жасалған заттар;
- жарыққа төзімділігі орташа: сүйектен, теріден, былғарыдан, ағаштан жасалған заттар және майлы бояулы кескіндеме туындылары ;
- жарыққа төзімділігі төмен заттар: фотсуреттер, акварель, қағаз, мата;
Заттарға жарықтың әсері тек материалына ғана емес, сонымен қатар, оның түр-түсіне де байланысты. Зат күңгірт, қара түсті болған сайын оның жарықты сіңіру қасиеті арта түседі. Барлық материалдар үшін күн сәулесінің тіке түспеуінен басқа жарықтан қорғауды талап етпейді /13,26/.
Ал орташа төзімділікте заттар үшін жарықтық тіртіп әр түрлі болады. Ағаштан жасалған бұйымдар – жаңғақ, қызыл ағаш, қарағай, шырша, қатпармен жауып қою керек. Ал майлы бояу кескіндеме туындысының бояулы қабаты күлгінденеді, сүйек сарғаяды.
Жарық сәулесіне сезімтал барлық заттарды қараңғы орындарда, арнайы жарықтан қорғайтын әйнектермен қапталған қор жабдықтарында сақтайды.
Биологиялық тәртіп. Музей жинақтарының дұрыс сақталуы оларды биологиялық зиянкестерден қорғауды ұйымдастыру деңгейіне де байланысты. Өйткені, зең түскен саңырауқұлақ, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, кеміргіштер сияқты биологиялық зиянкестер музей заттарын қатты зақымдаулары, бүлдірулері мүмкін /14,12/. Сондықтан, музейде олардың пайда болып, тарап кетуіне кедергі жасайтын жағдайлар жасаулы қажет.
Егер музейдегі температура – ылғалдылық тәртібі бұзылса, заттар шаң-тозаңданып кетсе, музейдің айналасы ластанатын болса, музейге жаңа түскен заттарды дезинфекциясыз қабылданса биологиялық зиянкестер үшін ыңғайлы жағдай туады.
Заттарға зең түскен саңырауқұлақтың жұғуы ауа арқылы немесе ауруы бар заттар арқылы жүреді. Ауадағы ылғалдылықтың жоғарылауы оның пайда болуының негізгі себебі болып табылады, ал температура тек саңырауқұлақтардың өсуіне әсер етеді . Әсіресе, ол температура +20о — +25оС және ауа лығалдылығы 70%- дан жоғары болса, өрши түседі /9, 26-27/.
Заттардың шаң-тозаң басуын да микроорганизмдердің пайда болып, көбеюіне ыңғайлы жағдай жасайды. Зеңденген саңырауқұлақтар заттарды механикалық және химиялық жағынан да зақымдайды. Заттарда әр түрлі түстегі дақтар қалады. Оларды кейде рестоврация барысында қалпына келтіру мүмкін емес. Зеңделген саңырауқұлақ түскен заттарды тез арада басқа заттардан бөліп алып, жеке ұстау қажет. Әрине, олардың жағдайын дұрыс анықтау үшін арнайы лобораториялық зерттеулер қажет /19, 96/.
Зеңденген саңырауқұлақ ауруын болдырмау үшін музей жабдықтарын 2%-зы формальдегидтің спирттік ертіндісімен жиі сүртіп отыру керек.
Мата, қағазды зеңденген саңырауқұлақтан тазалау үшін формалин, тимолмен дезинфекциялайды. Оларды музей практикасында ерітінді және бу түрінде де қолданады /4,178/.
Музей жинақтарын саңырауқұлақтарда басқа әр түрлі жәндіктері де зақымдайды. Оларды ұш топқа бөлуге болады: ағаш зиянкестері, тері, былғары, жүн зиянкестері және қағаз, кітап зиянкестері.
Температуралық-ылғалдылық тәртіп. Музей заттарының зақымдануы температура мен ауа ылғалдылығының деңгейінен және оның өзгеруінен болады. Температураның өзгеруіне байланысты заттардың құрамы өзгереді, осының нәтижесінде олардың әр түрлі бөліктерінің арасындағы механикалық байланыстар бұзылады. Температураның өзгеруі ауаның ылғалдылығының өзгеруіне алып келеді . Музей заттары үшін ауаның қатты ылғал болуы да өте зиян болып табылады. Ауа құрғақ болған жағдайда органикалық гигроскопиялық материалдар (қағаз, ағаш, мата, былғары, желімделген заттар және т.б.) құрғап қалады да, өзінің беріктілігі мен төзімділігін жойып, жеңіп механикалық әсерден тез зақымданатын болады, ал, ылғалдылықтың жоғары болуынан заттар ісініп, талшық жіптердің байланысы , жабысу күші әлсіреп, зат үлкен өзгеріске ұшырайды /20,19/. Әсіресе, мұндай жағдай желімге отырғызылған заттар үшін өте қауіпті.
Ауадағы жоғарғы ылғалдылық көптеген материалдардың күрделі химиялық өзгеріске ұшырауына себеп болады. Жоғарғы ылғалдылық металдық құрамын өзгертетін электрохимиялық процесс оның тат басуына алып келеді /16,62/.
Кейбір материалдар температуралық жағдайларға өте сезімтал келеді. Мысалы, қалайыдан жасалған бұйымдар +18оС–ден төмен температурада ұстаса, бұл материалдың құрылымы өзгеріп «қалайы обасы» ауруына ұшырайды. Затта сұр дақтар пайда болып, тесіліп кетуі мүмкін. Ал, пластилин мен балауыздан жасалған бұйымдар +25оС-ден жоғары температурада жойылып, құрып кетеді /21, 109/.
Заттарға температура мен ылғалдылықтың әсер етуі бір–бірімен тығыз байланысты. Гигроскопиялық материалдар үшін жоғары температура барысында болатын төменгі ылғалдылық өте қауіпті. Ал, жоғарғы ылғалдылықтың әсері төменгі температурада күшейеді. Температураның өзгеруі ылғалдылықтың өзгеруіне де алып келеді. Осы себептен “температуралық — ылғалдылық тәртіп” деген түсінік пайда болады.
Температура мен ауадағы ылғалдылықтың өзгеріске ұшырауы заттарға өте қауіпті. Гигроскопиялық материалдар бұндай өзгерісте біресе ісініп, біресе құрғайды (сжимается), оның физикалық – механикалық құрылымын анағұрлым күрделі өзгеріске ұшырауына себеп болады. Температура мен ауа ылғалдылығының өзгеруі заттардың табиғи ескіруінің ең маңызды факторы болып табылады. Заттарды температурасы мен ылғалдылығы басқа орыннан екінші орынға ауыстырған жағдайда аралық температуралық – ылғалдылық көрсеткіші бар жерде ұстап, аклиматизациядан өткізу қажет.
Температуралық – ылғалдылық тәртіпті дұрыс ұйымдастыру үшін заттың тек қандай материалдан жасалғанын анықтап қана қоймай, оның құрылымын да зерттеудің маңызы зор.
Музейге түскен жаңа заттар үшін температуралық–ылғалдылық тәртіпті анықтау барысында оның музейге дейін қандай жағдайда сақталғанын айқындап алу қажет. Музейге түскен археологиялық заттар үшін орта мүлдем өзгереді. Металдан жасалған заттарда топырақты коррозия болады. Металдағы қатты таттану процесін затты ылғалдылығы өте төмен жағдайда ұстағанда ғана тоқтатуға болады. Ал, ылғалды топырақты ортадан алынған археологиялық ағаштар, керісінше, жоғары ылғалдылықта сақтауды қажет етеді /17,32/.
Сонымен, музейдегі заттардың сақталу температуралық–ылғалдылық тәртібі олардың материалдарына, құрылымына байланысты анықталып, мамандардың зерттеулеріне негізделіп белгіленеді.
Соңғы уақыттарда жарияланған еңбектерде бір-біріне толық сай келетін деректер жоқ. Бірақ, көптеген материалдарға берілген нұсқауларда аса алшақтық жоқ. Осы нұсқаулар мынандай көрсеткіштер арқылы көрінеді : металдар үшін сақталу температурасы +18о-20оС, 50%-ға дейінгі ылғалдылықта; шыны, эмаль, керамика үшін температура –12о –20оС-ге сәйкес 55-60% ылғалдылықта; тастар (соның ішінде құнды, жартылай құнды тастар да кіреді) үшін +15о+18оС және 50-55 %; ағаш үшін +15о +18о және 50-60%; мата үшін +15о +18о С және 55-65 %; тері, аң терісі бұйымдар үшін +16о+18оС және 50-60%; сүйек, мүйіздер үшін +14о+15оС және 55-60%; қағаздар үшін +17о +19оС және 50-55% өнер туындылары үшін +12о +18оС және 60-70% ылғалдылықта ұстау қажет /10, 66-67/.
Материалдарды кешенді түрде сақтаудың көрсеткіші мынадай: температура +18о 1оС, қалыпты ылғалдылық 55,5% болуы тиіс /15,93/.
Музейдегі белгіленген климаттық жағдайдың тұрақтылығына әр түрлі факторлар әсер етеді. Олар: жылдық маусымдық және тәуліктік температураның және сыртқы ауа ылғалдылығының өзгеруі; музей ғимаратын салу үшін қолданылған материалдың сипаты; ғимараттың орналасқан жері; музейге келген келерменнің саны.
Маусымдық өзгеріс жыл мезгілінің ауысуына және жылу жүйесіне, ал тәуліктік өзгеріс тәулік бойы температура мен сыртқы ауа ылғалдылығының өзгеруіне тікелей байланысты.
Маусымдық өзгерісті тұрақтандыру үшін музейдегі жылу жүйесін ерте күзде қосып, көктемнің соңғы уақыттарында өшіру керек. Жоғары ылғалдылықта жылуды күшейту қажет.
Температуралық – ылғалдылық тәртібін бір қалыпта реттеу (ұстап тұру) үшін желдетудің маңызы зор. Ол ауаның жоғары ылғалдылығымен күресуге көмектеседі және оны ауа райының өзгерістерін ескере отырып жүргізеді.
Сақтау орындары мен сыртқы ауаның ылғалдылығы мен температурасының арасында тым алшақтық үлкен болған жағдайда желдету өте қауіпті. Сондықтан, сыртқы және ішкі температура көрсеткіштері жақын болғаны дұрыс . Желдеткен кезде кірген ауа музей затына тура тимегені жөн. Ыстық күндері желдетудің қажеті жоқ.
Температура – ылғалдылық тәртіпті тұрақтандыру үшін қолданылатын тағы бір әдіс ауаны құрғату немесе ылғалдандыру болып табылады. Сақтау орындарын ылғалдандыру қажет болған жағдайда, өнеркәсіптерде дайындалған әр түрлі ылғалдандырушылар қолданады, жылу көздерінің жанына ылғалды маталар іліп, арнайы ыдыстарға су құйылып қойылады.
Ал, ішкі ауаны құрғату үшін фен тәрізді желдеткіш құрылымы бар құрғатқыштар қолданылады .
Температура – ылғалдылық тәртіпті тұрақтандыру мен реттейтін жоғарыда аталып өткен әдістерден басқа ең тиімді түрі ауаны кондиционерлеу болып табылады. Ауаны кодиционерлеу жүйесі сақтау орындарында қажетті температура мен ауа ылғалдылығын өзгеріссіз ұстап тұрады. Музейдің сақтау орындарында арнайы құрал–кондиционерлердің көмегімен ылғалданған немесе құрғатылған, ыстық немесе суық ауа жіберіліп тұрады /9, 35/.
Кондиционерлердің бар болғанымен де температуралық–ылғалдылық тәртібін тұрақты түрде бақылап отыру қажет. Температураны термометрмен, ал ылғалдылықты гигрометр, гирограф және психометр сияқты аспаптармен тексеріп отырады. Аспаптардың көрсеткішін тұрақты түрде тәулігіне 2 рет, ал, экспозицияда 3 рет температура мен ауа ылғалдылығын тіркеуге арналған журналға жазып отыру керек. Музей практикасында ауа ылғалдылығын өлшейтін Август психометрі кеңінен тараған. Музей заттарының ескіруін күшейтетін атмосфералық факторға ауаны ластандырушы газдар жатады.Таз атмосфералық ауа азоттан, оттегі, аргон, көміртегі газынан және гелий мен енон және т. б. газдардан тұрады. Бұдан басқа, оның құрамында әр түрлі көлемдегі су булары да болады. Азот материалдардың ескіру процесіне қатыспайды, ал, оттегі жоғары ылғалдылық жағдайында белсенді болып келеді. Барлық органикалық материалдар (мата, қағаз, ағаш, сүйек, желім, май) тотығу процесіне түседі. Олардың тотығуының деңгейі мен жылдамдығы әр материалдың химиялық құрамы мен физикалық құрылымына байланысты. Жоғары ылғалдылық кезінде оттегі қара металдар үшін де қауіпті. Сонымен қатар, оттегі адамдардың демалуы үшін және музей заттарын дұрыс сақтау үшін аса қажет.
Ауаның ластану деңгейі музей ғимараты орналасқан жеріне де (өнеркәсіб мекемелеріне алыс немесе жақындығына), музейдің айналасының, сақтау орындарының тазалығына да байланысты .
Өнеркәсібі мол қалалардың ауасы әр түрлі қоспаларға мол. Олар күкіртті газ, күкіртті сутек, аммиак, хлор, көмірдің өте майда бөлшектері, органикалық және минералдық шаңдар мен қара күйелер.
Күкіртті газ (сернистый) мата, тері, металл, мрамордан жасалған өнер туындылары үшін аса қауіпті. Ол ауадағы ылғалдың әсеріне күкіртті, сонан соң күкірт қышқылына айналып, барлық музей заттарын зақымдайды. Күкіртті газ жану процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл газдың ауадағы көлемі суық, құрғақ ауа райында ұлғайып кетеді.
Күкіртті сутек кейбір өндірістік өнеркәсіптердің бөліп шығарған түтіндерінің, шіру процесінің нәтижесінде пайда болады. Ол адамның демімен шыққан ауа да болады. Күкіртті сутек көптеген органикалық және органикалық емес материалдарға (металл, бояу, маталарға) зиянды әсер етеді.
Аммиак – құрамында азот бар органикалық тағамдардың шіруінен пайда болатын қатты иісті газ. Ылғалмен тез қосылып, бірқатар материалдарға, мысалы, күміске, бояуға өте қауіпті әсер етеді.
Хлор ауада оны технологиялық процестерге қолданатын өнеркәсіптер арқылы пайда болады. Хлор кір жуатын, қағаз және мата фабрикаларында қолданылады. Хлор ауада ылғалмен қосылып, тұз қышқылын құрайды. Хлор көптеген материалдар үшін өте қауіпті. Ол матаға, қағазға, кескіндемелік өнер шығармаларына, күміс, мрамор, гипс, інжу-маржанға қатты әсер етеді.
Шаң, қаракүйе, күйе музей заттарының сыртқы бетіне қонып, оларды ластайды және механикалық зақымдануына алып келеді. Шаң ауадағы ылғалдық майда тамшылар мен ауаны ластаушы газдарды өзіне тартады.
Заттарды зиянды факторлардан сақтау үшін сақтау орындарын герметизациялау және ауаны кондиционерлеу қажет /22, 74/.
Музей қорларын сақтау жүйесі. Музей қорларын сақтау жүйесі әр заттың өзіндік ерекшелігіне, физикалық – химиялық құрылымына, оның санына, көлеміне, сақтау орынының тахникалық, құралдық жабдықталуына байланысты.
Қорларды сақтау үшін қажетті жағдайды бөлектеу жүйесі барысында сәтті ұйымдастыруға болады. Ол белгілі бір сақтау орындарында бір тектес материалдардан жасалған немесе сақтау тәртібі бір–біріне өте жақын материалдарды орналастыруға мүмкіндік береді.
Сақтаудың комплекстік жүйесінде бір орында әр түрлі материалдан жасалған заттарды ұстайды.
Мұндай жағдайда сақтау тәртібінің орташа көрсеткішін ұстанады. Музейде арнайы орындардың жетіспеушілігінен комплекстік сақтау жүйесін қолдануға тура келеді.
Қордың сақтау жүйесін ұйымдастыру барысында заттардың органиаклық, органикалық емес материалдардан жасалғанын ескеріп қана қоймай, сонымен қатар, көптеген музей заттарының күрделі құрылымын, (назначение) неге арналып жасалғанын, осыған байланысты оны зерттеу ерекшеліктерін де ескерген дұрыс.
Сақтау жүйесі әр музейдің өзіндік мүмкіншіліктеріне (қордағы заттардың саны мен көлеміне, сақтау орындары мен жабдықтарының сипатына) және жергілікті жердің климаттық жағдайына байланысты анықталады.
Сонымен, музей теориясы мен практикасында музей заттарының физикалық – химиялық құрылымын, олардың технологиялық ерекшеліктерін, көлемін, формасын, музейге түскенге дейінгі сақталу деңгейін және музей заттарын дерек ретіндегі қасиетін ескеретін сақтау жүйесі қалыптасқан.
Бұл жүйе бойынша заттарды деректердің түріне, содан соң материалына, мазмұнына қарай бөлінеді /10,66-67/.
Өлкетану музейлерінде барлық түрдегі деректер болады. Мұнда сақтау жүйесі ыңғайлы етіп ұйымдастырылған, себебі кей жағдайда деректердің бір түріне жататын заттың саны өте аз болуы мүмкін, сондықтан оны жеке топқа бөлу мүмкін емес. Мұндай жағдайда музей заттарын жасалған материалдары ұқсас, сақталу тәтібі жақын, бірақ, деректік ерекшеліктері жағынан әр түрлі сақтау тобына біріктіруге болады.Тас, металды қару–жарақтармен қосып сақтауға болады. Мұнда заттардың сақталуын қамтамасыз ету ең басты міндет болып табылады.
Заттарды жабдықтардың ішіне (шкаф, текшелерге және т. б.) жекеше және топтастыру арқылы орналастырады. Кейбір заттар жеке сақталса, басқалар комплекстерге біріктіріліп сақталады. Ал, музей жабдықтарына–шкаф, текшелерге топографиялық тізім бекітіледі .
Археологиялық ескерткіштер жеке сақтау тобына бөлінеді.
Заттық деректердің ішіндегі мата, былғары, терілер мен олардан жасалған бұйымдар жеке сақтау тобын құрады да, одан әрі тағы топшаларға бөлінеді.
Мата, ою-өрнек, тоқымалар шкафтың қозғалмалы жәшіктерінің ішіне көлденең күйінде сақталынады.
Музейде киімдерді тігілген материалдарына байланысты топтастырып, жұмсақ қаптағыштары бар ілгіштерге кигізіп , шкафтарда тігінен іліп қойы сақтайды.
Ал, бас киімдерді, болванкаға кигізеді немесе жұмсақ қағазбен толтырып , футлярға салып шкафта сақтайды.
Аяқ–киімдерді де жұмсақ қағазға толтырып шкафта ұстайды.
Кілемдерді бет жағынан ішіне келтіріп орайды да қаптағышқа салып, көлденең жағдайда ұстайды.
Ағаштан жасалған сақтау тобына әр түрлі мақсатта қолданылатын және әр түрлі көлемдегі заттар жатады. Оған бір жағынан сәулеттік құрылыстардың бөлшектері, су және жер бетіндегі қозғалыс құралдары (арба, шана, кареталар), еңбек құралдары, жиһаздар кірсе, екінші жағынан үй шаруасына қажетті заттар кіреді.
Сәулеттік құрылыстың бөлшектерін арнайы жасалынған жабдықтарға іліп қойып сақтайды. Жиһаздар мен ірі көлемді мүсіндерді стеллаждарда ұстайды.
Үй, ойыншықтар, майда мүсіндер сияқты көлемді кішкентай заттарды арнайы шкафтарда сақтайды. Бұл заттардың барлығы бір–біріне тимей, алшақ тұрғандары дұрыс /20, 98/.
Керамика мен шыныдан жасалған заттардың тобы керамика және шыны болып бөлінеді. Олар одан әрі ыдыстар, жарық құралдары, техникалық және лабораториялық шыны болып бөлінуі мүмкін. Бұл топқа керамикадан жасалған мүсіндер де кіреді. Керамика мен шыныдан жасалған бұйымдар негізінен шкафтарда сақталады. Олар бір–бірінен алшақтау етіп, текшелерге орналастырылады.
Металдан жасалған заттар тобынан құнды металдар бөлініп алынып, құнды тастармен бірге сақталынады. Арнайы сақтау тәртібін жасалынған орындарда немесе сейфтерде сақталынады. Үлкен музейлерде олар жеке–жеке сақтау топтарын құрайды.
Сонымен, қор сақтау орындарының жабдықтары белгілі бір талаптарға жауап беруі қажет.
Біріншіден, заттардың сақталуын максималды түрде қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан оларды музей заттарын сақтауға жарамды материалдан жасалуы тиіс. Олар заттарды орналастыру үшін ыңғайлы, механикалық бүлінуден сақтайтын, шаң–тозаңнан қорғайтын болуы қажет және пломб пен мөр қою үшін құлып пен арнайы құлақтары болу керек. Жарыққа сезімталдығы жоғары заттарды сақтайтын шкафтар жарыққа төзімді етіп жасалады. Ал, жарықты қажет ететін заттарды сақтау үшін шыныланған есіктері бар шкафтар қолданылады.
Екіншіден, жабдықтар сақтау орындарының алаңын тиімді қолдануға және үнемді болуға мүмкіндік береді. Бұл талаптарға әсіресе, унифицирленген секциялық жиһаздар жауап бере алады.
Үшіншіден, жабдықтар сақтаулы заттармен жұмыс істеу үшін де ыңғайлы болу қажет. Оларды алу, қарап тексеру, өлшеу оңай жасалудың маңызы зор. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін сақтауға арналған жабдықтардың конструкциясы ғана емес, сонымен қатар, жұмыс орындарының жабдықтарының да атқаратын ролі зор.
Экспозициялық жұмыс. Музейдің негізгі белгісі – экспозицияның болуы. Қорларсыз музей болмайтыны даусыз, бірақ қорлар өздігінен музей бола алмайды. Бұл қорлар іріктеліп, көрермендерге көрсету үшін қойылуы керек. Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің өмірінде экспозициялық жұмыс өте мағызды болып табылады және жоғарғы ұйымдастыруды талап етеді. Жоғарғы оқу орнынының экспозициясының бірінші кезеңі – оқу орнынының көрмелері. Көрмелердің құрылымы әртүрлі болады. Мысалы, жиналған материалдардың тақырыбына байланысты, ескерткіштер түріне байланысты, экспедиция жұмысына байланысты немесе жинаған топтың жұмысының есебі ретінде жасауға болады. Қандай жағдай болмасын көрме экспедицияға қатысушылардың бүкіл жоғарғы оқу орнынының ұжымы алдында жасаған есебі ретінде, екінші жағынан, студенттердың музейді құруға кіріскен алғашқы қадамы ретінде қабылданады /20, 80-81/.
Мұндай көрмелердің ұзақтығы әртүрлі:
— бірнеше күн – сол күн ішінде студенттер жоғарғы оқу орнынының экспедициялық топтарының жұмысының қорытындысымен танасады;
— бірнеше ай – жоғарғы оқу орнынының музейінің тұрақты экспозициясын ашуға дайындық жүргізу кезеңінде ұйымдастырылады.
Көрме кезінде студенттер оқытушымен бірге бүкіл жиналған материалдарды саралап, оларды қалай көрсету керек екендігін талдайды. Жекелеген студенттерге көркем проект жасау тапсырылады.
Экспозиция — ескерткіштерді белгілі жүйеде көрсету. Ол кітап сияқты тарауларға бөлінеді. Тараулар оның мазмұнын жүйелі түрде баяндайды. Музейлер практикасында экспозицияны бөлудің мынадай схемасы жасалады:
а) экспозиция бөлімдері;
ә) әр бөлім ішінде өзара тақырыпқа бөлу;
б) жеке экспозициялық комплекстер, олардан тақырыптар құралады.
Музей экспозициясына барлық заттар қойыла бермейді, тек тарихи құндылығы бар музейлік заттар қойылады. Музей экспозициясының негізінде музей кеңесі жасаған ғылыми концепция жатады. Бұл концепция экспозицияның идеялық мазмұнын анықтайды, музей жинағынан экспонат таңдауды, топтауды, композициясын, интерпретациясын, көркемдік шешімін белгілейді.
Музей экспозициясымен таныса отырып, музей көрермендері, көп жағдайда оқушылар әртүрлі ақпарат алады. Экспозицияға қойылған заттар белгілі тақырыпты белгілі тақырыпты ашуға қызмет жасайды. Сөйтіп зат дерек көзінен экспозицияның негізгі элементіне айналады /23, 15/. Мұндай заттар музей экспонаттары деп аталады. Негізіне музей заттарын ала отырып, экспозиция қосалқы экспонаттардан да құралады – экспозициялық ғылыми, қосалқы қордың материалдары. Экспозицияның “серігі” — әртүрлі мазмұндағы жазба тексттер. Осы элементтердің барлығы экспозициялық материалдар болып табылады. Олар топтастырылып, ғылыми концепцияға, экспозицияның тақырыбына сай орналастырылады. Экспозициялық материал топтарға топтастырылады – экспозициялық комплекстер. Олар белгіленген экспозициялық ауданға қойылады.
Экспозициялық комплекс құрамына кірген материалдар бірін-бірі толықтырады, өзара эстетикалық байланыстар болады. Экспонаттарды топтастыру, композициялық және көркемдік шешімі оларды қабылдауды күшейтеді немесе керісінше, әлсіретеді /6, 27/.
Экспозиция өзіне жасалған арнайы жабдықталған бөлмелерде экспозициялық залдарда орналастырылады. Олардың көмегімен эстетикалық талғамдалған, эмоциялық әсер етуші кеңістік жасалады. Осындай кеңістік жасау үшін құрал-жабдықтар мен амал-тәсілдердің арнайы жүйесі болу керек. Бұл мәселені архитектуралық-көркемдік шешім іске асырады.
Сонымен музей экспозициясы дегеніміз – музей комуникациясының негізгі формасы. Ол өзінің білім беру және тәрбиелеу мақсатын музей заттарын демонстрациялау арқылы жүзеге асады. Бұл музей заттары арнайы жасалған ғылыми концепция және архитектуралық — көркемдік шешім арқылы арнайы жабдықталған залдарда орналастырылады.
Қорыта айтқанда, жоғарғы оқу орындарындағы музейлерінде қор бөлімі жоқтың қасы. Өйткені, экспонаттар көлемі аз, музейлерде нағыз мамандардың жоқтығынан музейлерде көптеген кемшіліктер байқалады.
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ
2.1 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі
Тарихи музейлердің экспозицияларында тарихи процесс, оның әртүрлі жақтары, нақтылы тарихи құбылыстар және жағдайлар бейнеледі. Музей шындықты өзіне тән ерекшеліктерімен көрсетеді: ол экспозицияның ғылыми концепсиясына сәйкес интерпритацияланады және осы негізде музей заты арқылы құжатталады. Осындай жағдайлармен “жаңа шындық” тарихи шынайылықтың музелік бейнесі құрылады.
Тарихи бағыттары музейлердің экспозициясы әртүрлі болып келеді. Олар жалпы елдің тарихын соның ішінде аймақтың, өлкенің өмірін таныстыруға және қоғамның барлық жақтарын ашуға тырысады. Сондай-ақ әр ұлттың дамуын, тұрмысын ұлттық мәдениетін көрсететін этнологиялық музейлер бар. Музейге арналған бағытқа сәйкес хроналогиялық жағынан жіктелуі мүмкін. Сонымен қатар белгілі бір қалалардың, өнекәсіптік өндірістердің тарихын көрсететін экспозициялар бар. Сондай-ақ тарихи тұлғалардың өмір жолын, шығармашылық, қоғамдық қызметін көрсететін мемориалды музейлер бар. Осыған сүйене отырып, тарихи музейлердің келесі принципі айқындалады:
Музей экспозициясының құрудың бірінші принципі ғылыми концепция негізінде қоғам дамуын, шынайылықты бұрмаламай, объективті түрде көрсету. Осыған сәйкес музей экспозициясы тарихи шынайлықты бір тұтас, бірақ жан-жақты заңды процесс ретінде көрсетеді. Экспозицияның негізінен бөлшектенуі ғылыми негізделген, қазіргі кезең бойынша жасаған қоғам дамуының кезеңдеріне сүйенеді. Қоғамдық — экономикалық даму кезеңдеріне жан-жақты тоқталады, яғни олардың пайда болуын, дамуын, ауысуын сипаттап көрсетеді. Бүгінгі күндегі, экспозицияларда аса үлкен көңіл бөлінеді. Бірақ, өткен тарихи дамудың кезеңдеріне қажетті дәрежеде экспозицияда көрсетілуіне маңыз беру керек /4, 52/.
Екінші принцип — заттық принцип. Ол музейдің мәніне және экспозицияның спецификалық ерекшеліктерінен шығады. Оны экспонат маңызына ие болған музей заттарымен келермендердің тікелей танысу мүмкіндігімен түсіндіруге болады.
Экспозицияда музей заты екі аспектіде көрінеді.
Біріншіден, ол тарихи оқиғаларды түсінуге қажетті тарихи фактілердің куәгері, дәлелі болып табылады. Келермен музей заттарын қарай отырып, одан өзіне жаңа деректер алып, біліміне білім қосады.
Екіншіден, адам музей заттары арқылы өткен өмірмен, елдің әр түрлі жерінде болған қазіргі кезеңдегі оқиғалармен қауышады. Бұл түпнұсқа заттардың әсеріне брйланысты ерекше сезім, көңіл-күй тудырады.
Қойылған музей заттарын ең алдымен көру арқылы қабылдайтындықтан, экспозтцтяны кейде тарихи білімді көрсеткіштік насихаттаудың бір түрі деп те атайды. Бірақ мұндай анықтама насихаттудың музейлік түрінің мәнін ашып көрсете алмайды. Көрсеткіштік музей затының бір ғана жағы. Оны көрсеткіш аспектісінде ғана қарау оның жан-жақты маңыздылығын төмендету еді. Экспозицияның затпен ғана көрсетілуіне байланысты “музейлік көрсетудің шекарасы ” туралы тезис қойылған болатын. Әрине, музей экспозициясы тарихи кітаптарды ауыстыра алмайды. Себебі, онда тарихи процестердің әр түрлі жақтары туралы терең анализ берілуі мүмін, тарихи оқиғалар мен құбылыстар нақты сипатталуы мүмкін. Ал, экспозициядан мұны талап етуге болмайды.
Ал, экспозиция, заттың принципті қолдана отырып, сөздік жазбалар, кітаптар бере алмайтын нәрсені береді. Ол тарихи процесстердің материалды жағын көрсетуде, тарихи оқиғалармен құбылыстарды, жеке объектілердің тарихын, өмірлік жағдайларды сипаттауды көрсеткіштік жағынан нақтылауда оған ешкім сай келе алмайды.
Үшінші принцип – экспозицияны құру бұқаралық қарым- қатынас құралы ретінде. Бұл жеткізе білу және универсалдық, яғни келермендердің әр түрлі топтарының қабылдауын ескеру. Кейде, экспозиция «орташа» келермедерге, яғни тарих туралы жалпы түсінігі бар, жоғары емес жалпы білімді дәрежесі бар адамға есептелуі қажет деген ойлар айтылып жүр. Бұдан шығатын нәрсе, мүмкіндігінше экспозицияны қысқарту, онда дидактикалық әдістерді кеңінен қолдану, тарихи оқиғалардың нақты детальдарын көрсетпей, жалпылай ғана сипаттау және аз экспонаттарды ғана көрсету. Бірақ, бұл қате түсінік. Бұны музей келермендерін зерттеу барысындағы материалдар да қоштайды. “Орташа” жастағы топтар ғана емес, әрбір адам экспозицияға деген өзінің қызығушылығы бар.
Экспозицияның принциптеріне негізделіп құрылған экспозициялар қазіргі заман талаптарына жауап беруі керек. Экспозицияда қазіргі таңдағы музейтану ғылымының жеткен жетістіктері ескеріледі.
Әлемдік музей практикасында экспозицияны құру тәсілі ғылыми құндылықты және мәдениет құндылықтарын көрнекті етуде музейге қойылатын талаптармен, ғылымның дамуымен қатар дамиды.
Жүйелік экспозицияларда тарихи деректерге жалпы ғылыми жүйелеу жасалмаса да, тарихи экспозицияларда мұндай жүйелеу міндетті түрде жасалады /24, 25/.
Біздің қарастыратын музейлеріміз арнайы реконструкция жасалған, жабдықталған бөлмелерде орналасқан. Ондағы экспонаттардың көп бөлігі көшірмелер. Сонымен қатар, музейде қолданыста болған, түпнұсқа заттарды да көруге болады. Негізінен мұндай құндылығы жоғары экспонаттарды музейге қайраткерлердің жанұясы сыйға берген.
Енді, Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлеріне жеке- жеке тоқталайық.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 1928 жылы құрылған.
Осы оқу орнының ашылуына ат салысқан қоғам қайраткерлері: Санжар Асфендиаров, Ораз Жандосов, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин т.б. қайраткерлер азаматтарымыздың қолжазбалары мен суреттерін осы музейден көруге болады.
Музей 1999 жылдың мамыр айының 20-сы күні ашылды.
Бұл музейді құрудың мақсаты, халқымыздың басына түскен қиын кезеңге қарамай, болашақ ұрпағын ойлап, халқымыздың болашағына жол ашқан мемлекет қайраткерлерінің, осы университетті ұйымдастырушылардың қажырлы еңбегін, университеттің даңқты түлектерінің өмір жолдарынан студеттерге өнеге тұрғысында бағдарламасына сай дәстүрлі мәдени рухани құндылықтар арқылы студент жастарға тәрбие бағдарламасын қамту.
Музей залдары витрина, стеллаж, подиум жабдықтарымен жабдықталған. Оның архитектуралық – көркемдік шешімі профессионалды түрде шешілген.
Ұлы Отан соғыс жылдарында осы оқу орында оқып майданға аттанған Совет одағының батырлары атағын алған: Мәлік Ғабдуллин, Құдайберген Сұранғазов, Сәду Шәкіров, Рахымжан Тоқтаев, Қаныш Хамзин, Владимир Береусов т.б. ағаларымыздың өмір баяндары музейде суреттелген. Соғыс жылдарынан кейін осы жерде қызмет жасаған азаматтарымызбен азаматшаларымыздың қол таңбаларын, суреттерін музейден көруге болады.
Музей төрт залдан тұрады. Осы музей көркем-сурет факультеті ұжымының негізінде құралған.
Бірінші залы – университеттің жалпы тарихы көрсетілген. Яғни, экспозицияда университеттің ашылған кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңі көрсетілген.
Екінші залы – қазақ халқымыздың қол өнеріне арналған. Соның ішінде жеке көркем-сурет факультетінің студент жастарының шығармашылық жұмыстары, ши тоқу, киіз басу, ағаш өңдеу, темір өңдеу, сүйек өңдеу, т.б. жұмыстарымен толықтырылған.
Ал енді, осы залдағы экспозицияда орналасқан экспонаттарға тоқтала кететін болсақ. Бұл витринада қазақ халқының музыкалық аспаптары келтірілген қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыстан, сазбалшықтан, малдың терісімен сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасаған. Мұнда, домбыра, сыбызғы, дабыл, дауылпаз және шыңдауыл, асатаяқ т.б. қойылған (Сурет-1).
XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болған. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздар сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптың қатарына қосылды. Домбыра тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен.
XYIII — XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде сыбызғы жиі ауызға алынады. Ал мұның өзі сыбызғының сол кездегі халық тұрмысында кеңінен қолданылғанына дәлел.
Сыбызғы тал шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады. Ұш жағына, тегінде сәндік үшін болса керек, терінің жұп-жұқа қыртысымен керілген жіңішке арқа жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып, асқан шеберлікпен өңделген. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың үшымен ашылып — жабылады.
Сыбызғы бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. Оны жасау көп уақытты қажет етпейді. Тәжірибелі шебер 10-15 минутта жасап алады. Бұл үшін ұзындығы 500-700 мм, қурай кесіп алынады, оның үш-төрт жерін тесіп ояды. Бірінші ойық түтіктің ұшынан алақанның еніндей жерде ойылады. Келесі ойықтың аралығы одан гөрі тарлау алынады, яғни бір-бірінен төрт елі қашықтықта болады.
Халықтың ауыз ертегілерінде дабылды дабыл қағатын аспап ретінде айтқан. Дабылды жауынгерлер әдетте жауға қарсы шабуылға көтерілгенде немесе туған елге қайтып оралып келе жатып, ауылдың іргесіне таяп қалғанда қолданған. Дабыл даусының ақырын, қатты болып келуіне қарай әр түрлі көлемде жасалған. Ауыз әдебиетінде айтылатын, жорықта қолданылатын дабыл даусы күндей күркіреп шығатын аса үлкен аспап болған.
Дабылдың өзге ұрып ойналатын аспаптардан айырмашылығы оның шеңберіне екі жағына көн тері қапталады. Ірге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады немесе қайыс ілгешек тағылады. Жасалу құрлысыың қара дүрсін, қарапайымдылығына қарағанда, тегінде, дабыл қазақтың ұрып ойалатын аспаптарының ішіндегі ең көнесі болса керек.
Дауылпаз бен шаңдауыл дабыл мен даңғараға қарағанда құрылысы анағұрлым күрделі көне аспаптар. Бұлардың шанақтары қазан сияқтандырылып жасалған да, аузы, яғни ашық беті, көн терімен қапталған.
Дауылпаздың халық тұрмысында кеңінен пайдаланылғанын біздер Ақан сері Қорамсаұлының (1843-1913 жылдары), Шәңгерей Бөкеевтің (1847-1920 жылдары), Хұсайы Тәкежановтың (1886 жылы туылға) дастадарынан, басқа да көптеген ақындардың өлең-жырларынан көреміз.
Ұрып ойалатын көне аспаптардың жетілдіріліп қайта жасалған нұсқаулары болашақта оркестр құрамына кең түрде енгізілетін болуға тиіс. Ал қайта жасағанда бұл аспаптың формасын, құрылысының ерекшеліктерін, тембірін ескеру керек және оның тарихи көне үлгілердегі халықтың ою-өректері де сақталуы керек.
Асатаяқ – шу шығаратын музыкалық аспап, бақсылар оны даңғыра және қылқобызбен қоса қолданған. “Аса” деге сөз өзбектерде –“асоий” , ұйғырларда – “hасса” делінеді, ертедегі түріктердің “хасса” деген сөзінен шыққан, ол таяқ дегенді білдіреді. Тегінде “асатаяқ” мағынасы бірдей екі сөзбен қосылған болуы керек. Бұл күнде асатаяқты музейден ғана көреміз /25, 94/. Осы аспаптың бір тамаша үлгісі Абай атыдағы Қазақ Ұлттық педагогикалық уиверситетінің тарихи музейінде бар (Сурет-2).
Келесі витрина зергерлік бұйымдарға арналға. Онда білезік – күмістен жасалады. Білезік Қазақстаның әр өңірінде әр түрлі болады. Жергілікті өзгешеліктер оның жасалу, мүсінінен де байқалады. Ақық, перезе, ағат т.б. тастардан көздер орнатылған үзбелі білезіктер де кездеседі. Қазақстаның шығыс, оңтүстік-шығыс аудандарында негізінен, жұмырланып және төрт қырланып соғылатын білезіктер тән болса, Солтүстік және Орталық Қазақстанға жұқартыла соғылған жіңішке білезіктер тән, оңтүстік өңіріне құйма сом білезіктер, ал батыс пен оңтүстік-шығысқа өте көлемді сырты алтынмен буланатын көзді білезіктер тән.
Сақина – шапқымен шеку, бізбен безеу әдісімен орындалатын қарапайым ою-өрнектерден басқа ештеңе жүргізілмейді, ою-өрнексіз жасалатыны да аз емес /26,35/.
Жүзік – үстіңгі бетіне әр түрлі асыл тастар, түсті шынылар немесе күмістің өзіне балдақ, отау, құс тұмсық орнатылады.
Құдағи жүзік – Қазақстанның батысы мен оңтүстік батысында құдағи жүзік деп аталатын өте көлемді және сәнді жүзік жасалады. Мұның бауырында екі саусаққа бірдей кигізетіндей қосарланған екі сақинасы болады. Ал жүзік беті көлемді келеді. Сонымен бірге, асыл тас, түсті шыныға қоса, міндетті түрде, алтындалып әсемделеді. Мұның құдағи жүзік аталу себебі де бар.
Құдағи жүзік жаңа түскен келініне аналық мейірім шуағын төге білген парасатты құдағиларға ғана сыйға тартылатын дәстүрлі сыйлық. Оны, әдетте, оң қолының ортаңғы екі саусағына кигізгенде, төрт саусақ сыртын түгелдей жауып тұрады. Әдетте, оны ұзатылға қыздың енесіне, яғни құдағиларына бір жылдан соң тарту ету үшін арнайы жасатады. Бірақ барлық құдағиларға бірдей мұндай дәстүрлі тарту жасамайды /27, 63/.
Сырға – сырғаны бойжеткен қыздар, жас келішектер тағады. Ал жасы келген әйелдердің сырғалары болғанымен, оны құлақтарына тақпайды. Өйткені, қазақ төңкерісіне дейін қазақ әйелдері жаулық тартып, кимешек киген.
Кимешек құлақты жасырып тұратындықтан сырға тағудың қажеті де болмаған. Сырғаның бірнеше түрлері болған. Олар: айшықты сырға, ай сырға, тасты сырға, тұмарша сырға, алты сырға, күміс сырға, қарала сырға, иықты сырға, қоңырау сырға, күмбезді сырға, сояу сырға деп аталатын. Сырғалардың атаулары, негізінен олардың сыртқы көрінісіне, қандай металдан жасалғандығына немесе жасалу тәсіліне қарай қалыптасқан.
Белдік – орта жастағы не жігіт ағасы болған сал серілер кезінде қамзол сыртынан кісе, кемер белбеулер таққан. Кемер белбеу, адам белін бір ғана орайтындай ғана қысқа болады, екі басына темірден қапсырма орнатылады, сырт жағының өн бойы күміс, асыл тас әшекейлерімен безедіріледі. Мұдай белдіктерді әйелдерде тағады. Еркектерге арналған белбеулердің негізі жібек, барқыт немесе шұғада жасалады. Кісе болсын, белбеу болсын. Олардың өн бойына орнатылған ою-өрнектер безендіріліп, қарала, тыныке жүргізіледі, кейде алтынмен де апталады.
Шолпы – күміс теңгеліктердің бірнешеуін бір-біріне кішкене шығыршықтар арқылы жалғастырылып жасалған.
Экспозицияда кестеленген аяққаптар, орамалдар, жабудың бөліктері, жастық тыстар, кедеріге кестелеу орын алған. Аяққап – қазақ халқыың тұрмысында ертеден сақталып келе жатқан бұйымының бірі. Ол қазан-ошақ маңындағы ыдыс-аяқты жинақтап, таза ұстау үшін жасалға үй мүлкінің бірі. Аяққап негізінен ою-өрнектеліп, безендіріліп, шашақ салынып жасалады.
Ал, ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік етке Орта Азия халақтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамды бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға сондай-ақ үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басы қоршап қою үшін де қолданылады.
Қазақ халқының қолөнер саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атада балаға мирас қалып келе жатқа ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлуге болады. Мүндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатта пайдаланған.
Ши тоқу – ши сабақтарын белгіленген, яғни күйдіріп белгілеген жеріне қарай бірінен кейін бірін қарапайым құрал арқылы 12-15 жерде жіппен шалып байластыруды ши тоқу дейді /28, 35/.
Келесі витрина ыдыс-аяқтарға арналған. Көші-қон кезінде алып жүруге ыңғайлы, тұрмыс қолданысына төзімді болғандықтан кейбір ыдыстар, тұрмыс заттары, үй жиhаздары теріден жасалды немесе терімен қапталды. Үй жануарлары мен әр түрлі аң терілерін өңдеу қазақ өмірінде ежелден-ақ орын алған. Үй жануарларының өңделген терілеріне саба (қымыз құятын тері қап) қауға (су таситын, су тартатын шелек), көнек, мес (сусын құятын ыдыс), торсық т.б. жасалды. Қозы, лақ терілеріне де су, сусын құятын торсықтар жасалды.
Тұрмыс заттары жасау үшін боялған терілер қолданылады. Теріні бояу үшін, жаңа өңделген жұмсақ теріні маймен әбден сылап, ашыған айранға салады, одан кейін бірнеше күн бояу жасалған ыдысқа салып, 3-4 күн ұстайды.
Экспозицияда торсықтар мен кесеқап түрлері көрсетілге. Торсықтар мен кесеқаптардың түрлері шеберлердің талғамы бойынша әр түрлі бейнеге келтіріліп жасалған. Торсықтың түрлері: шимай торсық, өркеш торсық, мүйіз торсық т.б.
Мүйіз торсық аталу себебі, оның екі иіні қошқар мүйіз ою секілді сәндеп иіп жасайды.
Торсықтар жолаушылап жол жүргенде, көші-қон кезінде сусындар алып жүруге, күн ыстықта сусынды салқын қалпын, күн суықта жылы қалпын сақтауға тиімді болады. Торсықтар ою-өрнектермен безендіріледі. Теріге ою-өрнек түсіру үшін, жаңа өңделген жұмсақ теріні оюланға қалыптың үстіне жайып, ауыр таспен бастырып тастайды. Тері әбден кебемін дегенше ою да түсіп, тері де қатады.
Кеселерді сақтау үшін жасалатын кесеқаптар да теріден жасалып, тері бетіне бедерлер түсіріліп, өру әбістерімен безендіріледі (Сурет-3).
Көнек – теріден жасалған бие сауатын шелек.
Сондай-ақ қазақ халқының күделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалған үй іші жиhаздары көші-қонға және отырықшылыққа бейімделіп жасалды. Соның бірі ағаштан жасалған үй іші жиhаздарының құрамына жастық ағаш, кебеже де орын алды /29, 10/.
Жастық ағаш – құс жастық қойып жатуға арналған. Әдетте, жастық ағаш – ағаш кереуеттің басы тәрізденіп жасалады. Оның биіктігі – 60-70 см, көлденеңі – 90-100 см шамасында болады. Мұндай жастық ағаштың барлық бөлшектерін біріктіріп тұратын екі қазық бар, ал оның араларын 2-3 немесе бір ғана жалпақ аралық тақтай қосып тұрады. Ол жастық ағаштың басы деп аталады. Оның ішкі жағынан көлденең орналасқан жастық тақтай мен бас аралығында пайда болған доғал бұрышқа үш бұрышты қолтықша тіреуіштер орнатылады. Осылай қарастырылған жастық ағаштардың сырт жағы тұтас және арқа тақтайдың ішкі беті де әр түрлі әдіспен көркемделеді. Әдетте, жастық ағаш сыртына нұсқалы оюлар жүргізіліп, қосымша әр түрлі бояулармен өрнектеледі. Кейбір жастық ағаштардың іші – сырты да түгелдей бедерлі оюлармен безендіріледі. Ою-өрнектер зооморфтық, геометриялық, өсімдік тектес өрнектердің негізінде жасалады /30, 27/.
Кебеже – азық-түлік сақтауға пайдаланған, әрі ол кең тараған. Кебеже – кімге де болса қажетті бұйымның бірі. Сондықтан да ағаш ұсталары, оны тапсырысыз-ақ жасап, сата да білген. Орта есеппен кебеженің ұзындығы — 70-90 см биіктігі – 40-50, ал ені – 40-45 см көлемінде жасалған. Кебеженің төрт қабырғасы, түбі мен қақпағы төрт қырлы төрт қазық арқылы біріктіріледі. Мұның тек бет жағын ғана әсемдейтін, ал артқы беті мен екі жағы кейде қызыл, жасыл бояулармен бояп қойған. Кебеженің беті түгелдей ойылатын. Бірақ оның бойалмайтын түріде кездеседі. Осылардың барлығы студенттердің өздері жасаған.
Үшінші залы – суреттер, сызықтық графика, үй құрылыс макеттері, түсті бояу графика жұмыстары көрсетілген.
Мұнда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғимаратының макеті көрсетілген. Сондай-ақ әр түрлі жыл мезгіліне байланысты салынған суреттерде кездеседі.
Төртінші залы – майлы бояу, кескіндеме жұмыстары мен мүсін өнері шығармашылық жұмыстары қойылған.
Экспозицияда Кенен Әзірбаевтың мүсіні қойылып, оны ақ гипстан жасаған – Рахманғалиев Қайырхан Бекенұлы. Ал қалған мүсіндерді Никалай Степанович Журавлев жасаған.
Музейдегі жіберілген қателік – ең біріншіден “музей затын сыйламау” көзге түседі. Олар сөрелерге жүйесіз түрде орналастырылған. Экспонаттар сөрелерге көлденеңінен қойылған. Бұл оларды дұрыс қабылдауға кедергі жасайды. Музейтану ғылымында мұндай экспонаттарды 45 қиғашталған сөрелерге орналастыру заңдылық.
Сондай-ақ этикетаж мәселесі. Музейдегі этикетажды толтыруға қойылатын негізгі талаптарды зерттеу жұмысының бірінші тарауында талдап өткенбіз. Музейде, біріншіден барлық экспонатқа этикетка толық жазылмаған. Ал, барларының өзі өте қысқа. Оның өзі тек бір залында ғана. Бұлда жіберілген үлкен бір қателік. Өйткені, этикетка қазіргі заман талабына сай, қазақ, орыс, мүмкіндік болса ағылшын тілінде бірдей жазылуы керек.
Музейді көруге студенттер, мектеп оқушылары, қала тұрғындары, шетел қонақтары келіп тұрады. Осындай келушілердің көптігіне байланысты музей ұлғаюда.
2.2 Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің тарихи этнография музейі
Музей 2001 жылы 15 ақпан айында этнография музейі болып ашылды. Этнография музейі ата-бабаларымыздың тарихы туралы сыр көрсетеді. Бабаларымыз көшпелі өмір сүрген. Ежелгі кәсібі мал бағу болды. Табиғатты аялай білген, табиғат заңымен өмір сүрген. Аспан — әлемнен қуат, жерден күш алып жердің қозғалысын, өсіп-өнуін сезіп, жыл мезгілінде көктеуге, жайлауға, күзеуге қыстауға көшіп-қонып, отырған жерін таза ұстап баптап, табиғаттың шексіз мүмкіндіктерін біліктілікпен пайдаланған. Табиғатты аялай білген. Өздерінің тұрмыс-шаруашылық қажеттіліктеріне, табиғат өнімдерін біліктілікпен қолданған. Ата-бабаларымыздың тұрмыс-салттық ұғымдарының жоғары дәрежеде екенін көрсетеді.
Көшпелі халқымыздың бар тірлігі төрт түлік малға байланысты, күн көрісінің көзі болды. Ол ішсе — тамақ, мінсе — көлік, кисе — киім болған. Сондықтан қазақтар малды аса қадірлеген. Жүннін, терісін, сүйегін де тұрмыстық-шаруашылық қажеттеріне пайдаланылған.
Ата-бабаларымыздың тұрмыс-салттық ұғымдары, айналамен қарым-қатынасы әсіресе табиғаттың сұлулығын сезіне білген. Табиғатты қорғаған.
Экспозиция халық арасынан ғасырлар бойы жинақталған құнды экспонаттар арқылы, сондай-ақ түрлі суреттер және атрибуттар арқылы қазақтың аса бай материалдық және рухани мәдениет үлгілерін көрсету негізінде құрылған. Осы арқылы бүгінгі ұрпақта ұлттық сана-сезімнің жоғары болып қалыптасуына тамшыдай болса нәр беру, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтау, қадірлеу сияқты ұстанымдарды дәріптеу этнографиялық залдың негізгі мақсаты.
Енді музей экспозициясын талдап өтейік.
Музейде көз тартатын тарихымыздың зиялы-даналарының бейнелері, тоқылып жасалған. Даналарымыз, ғалымдарымыз, билеріміз бейнесі өткенге ой салдырады, алға жол көрсетеді. Тәрбиелік мәнісі өте зор. Музейде орналасқан заттарға келетін болсам, кірген кезде киіз үй орналасқан. Киіз үй-сүйегі: шаңырақтан, уық, керегеден құралады. Шаңырақ – атадан — әкемізге, әкемізден кенже балаға беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы жалғасып келе жатыр. Кенже бала от басы – үлкен шаңырақ болып есептеледі (Сурет-4).
Киіз үйдің іші қазақ халқының ұлттық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Онда қазақ халқының күнделікті тұрмысына қолданылатын бұйымдары көші-қонға бейімделіп жасалынған жеп-жеңіл, сынбайтын ұзақ тұтынуға төзімді заттар: түс киіз шымылдық, көрпе, жастық, сырмақ, аяққап, кесеқап, домбыра, ыдыс-аяқ және басқаларды көруге болады /31, 17/.
Киіз үйді жасайтын адамды үйші, ал үйдің ағаш торын жасайтын басты құралдарының бірі тез деп аталады. Сонымен бірге үскі, шот, жонғы, сызғыш, бұрғы секілді түпнұсқа заттар да осы жерде кездеседі.
Қазақ ежелден мал шаруашылығы мен айналысқаны анық. Сондықтан да төрт түлік малдың жүнінен түрлі киім тоқылған. Оған мысал, осы киіз үйде орналасқан: кимешек, бөрік, әйелдер мен ерлердің ұлттық киімі болып табылады.
Музейдегі экспозициясын талдайық. Қарын – май сақтайтын ыдыс. Оны іркітке салып илеп, үрлеп ішіне жел толтырып 10-15 күн кептіріп қояды да жылы сумен жуып қайтадан кептіріп ішіне тұздалған майды салып қояды. Әдетте, қарын қойдың, тоқтының қарыны болып келеді. Ондай-ақ майды бүйенге де салып сақтаған. Қарынға сақтаған май дәмді, әрі ұзақ сақтауға қолайлы.
Саптыаяқ – сусын құйып ішуге арналған ыдыс. Оны қайыңнан, қызыл қайыңнан ойып жасайды.
Ожау – қымыз, айранды сапыруға және араластыруға арналған.
Тегене – үлкен дөңгелек, шұңғыл ыдыс. Сабадағы қымыз осы ыдысқа құйылады. Сыйымдылығы да мол, орта есеппен 10-15 литр еркін сияды. Әрі құйылған қымызды ожаумен сапырып отыруға да өте ыңғайлы.
Табақ – ет салатын ыдыс. Қайыңнан жасалған.
Қаймақ шелек – қаймақ жинайтын ыдыс. Қаймақты осы ыдысқа салып қойып жинайды да, ол қою болған соң, одан май шаяды.
Аттау – жиналған майды сүзіп алып айыратын аспап. Мүйізден жасалған.
Күбі – май пісетін ыдыс. Қайыңнан жасалған. Әдетте, күбіні ойып та шыбықтап та жасайды.
Саба – қымыз ашытуға және сақтауға пайдаланатын ыдыс. Сондай-ақ іркіт жинап, май пісіп алуға да пайдаланады.
Сонымен қатар келесі экспозиция ағаштан жасалған үй іші жиhаздарына арналған. Оның құрамына жастық ағаш, кебеже де орын алды.
Жастық ағаш – құс жастық қойып жаруға арналған. Әдетте, жастық ағаш – ағаш кереуеттің басы тәрізденіп жасалады. Оның биіктігі – 60-70, көлденеңі – 90-100 см шамасында болады. Мұндай жастық ағаштың барлық бөліктерін біріктіріп тұратын екі қазық бар, ал оның араларын 2-3 немесе бір ғана жалпақ аралық тақтай қосып тұрады. Ол жастық ағаштың басы деп аталады. Оның ішкі жағынан көлденең орналасқан жастық тақтай мен бас аралығында пайда болған доғал бұрышқа үш бұрышты қолтықша тіреуіштер орнатылады. Осылай құрастырылған жастық ағаштардың сырт жағы тұтас және арқа тақтайдың ішкі беті де әр түрлі әдіспен көркемделінеді. Әдетте, жастық ағаш сыртына нұсқалы оюлар жүргізіліп, қосымша әр түрлі бояулармен өрнектеледі. Кейбір жастық ағаштардың іші – сырты да түгелдей бедерлі оюлармен безендіріледі. Ою-өрнектер зооморфтық, геометриялық, өсімдік тектес өрнектердің негізінде жасалды (Сурет-5).
Кебеже – азық-түлік сақтауға пайдаланған. Қазақ халқы ежелден азық-түлік сақтау үшін кебежені пайдаланған, әрі ол кең таралған. Кебеже – киімге де болса қажетті бұйымның бірі. Сондықтан да ағаш ұсталары, оны тапсырыссыз-ақ жасап, сата да білген. Орта есеппен кебеженің ұзындығы – 70-90 см, биіктігі – 40-50, ал ені – 40-45см көлемінде жасалған. Кебеженің төрт қабырғасы, түбі мен қақпағы төрт қырлы төртқазық арқылы біріктіріледі. Мұның тек бет жағын ғана әсемдейді, ал артұқы беті мен екі жанын кейде қызыл, жасыл бояулармен бояп қойған. Кебеженің бетін түгелдей ойып, бірақ боялмайтын түрі де кездеседі /27, 40/.
Сонымен де бірге ер адамның заттары да орын алған. Мұнда, Ер – “Ер тоқым” деп те атайды. Ер тоқымға қарап:
Қобыландының – Тайбурылы,
Алпамыстың – Байшұбары,
Ер Тарғынның – Тарланы,
Қамбардың – Қара қасқасы.
Қасиет біткен арғымақтар, жылқының бар қасиеттерін, мінезін әбден қанық, бір көргеннен танитын – бағалайтын адамды – сейінші, атбегі деп атайды. Бабаларымыз жылқыны аса қадірлеген. Өте жоғары, сапалы сайгүліктер ұстаған, соған дәлел бабаларымыздың ой-парасатына, қазіргі заман көлік – автомобильдердің күші – қанша ат күшін тартады деген салыстырмалы теңеу бар.
Салт мініс әбзелі, өте сапалы, мықты ағаштан жасалған. Ер жасауға үйеңкі ағаштары пайдаланылады. Ердің жасалуына қарай бірнеше түрі болады. Бұл күнделікті тұрмыста қолданылатын ердің түрі. Ер – алдыңғы қас, екі қаптал және екі қастың ортасында белдік ағаштан тұрады (Сурет-6).
Қоңыраулы қайыс ноқта – ботаның басына бұрып жүргізу үшін кигізетін әбзел. Оған ит-құс, қасқыр сияқты жыртқыштар тиіспеу үшін қоңырау тағып қояды. Қоңырауды ботаға көз тимеу үшін және жыншайтан, пәле-жала жоламау үшін деп ырымдап тағады.
Үзеңгі – көлікке міну үшін қажет. Зергерлер оны қолдан құятын болған, темірден қақтап та жасайды. Үзеңгінің екі қабырғасының екі қабырғасының жоғарғы жағында таралғы өткізетін тесігі болады. Аяқ киімнің табаны тұратын жері тұтас сопақша болып келеді. Ершілер үзеңгіні атқа жеңіл болады және қыста аяқты қарымайды.
Ашамай – қазақ шеберлері ұлға немесе қызға арнап “Ашамай” ер жасаған. Ұл баланы 3-4 жастан бастап атқа мінуге үйреткен. Ашамай ер аса күрделі болмаған, ердің қасы мен артқы қасы екі айыр, биік етіп жасалған және екі ұшында тегісі болған. Баланы ерге отырғызғанда сол тесіктен таяқша өткізіп, ат үстіндегі баланы мықтап ұстатып, аяғын үзеңгі қапқа кигізеді /27, 14/.
Қамшы – ат ер-тұрмандарының құрамына енеді. Оны кейде “ат жүргізгіш” деп те атайды. Себебе, қамшыны негізінен көлікті жүргізу үшін қолданады. Ал, керек болған жағдайда оны қару ретінде де пайдаланады. Ондай қамшының дойыр сабы салмақты, өрімі жуан және ұзын болып келеді. Қамшы бүлдіргі сап, алапан және өрімнен тұрады. Оның әрқайсысы әр заттан жеке-жеке дайындалып біріктіледі. Қамшының сабын тобылғыдан, ырғайдан, тау ешкінің және ақбөкеннің мүйізінен немесе еліктің сирағынан жасайды. Қолға ұстайтын жерін былғарымен қаптап, бүлдірге тағады. Кейде қамшының сабын тұтастай былғарымен қаптап, күміспен әшекелейді. Күміс сапты қамшы көбінесе әйелдерге арналады. Ал, ерлер қамшының сабын темірден бауыр салып, қайыспен немесе жезбен орап сақиналайды. Мұнда қамшыны “сарыала қамшы” деп атайды. Қамшының өрімі жақсы иленген қайыстан өріледі. Қамшы өрімін әртүрлі етіп жасау үшін таспа санын өзгертіп отырады. Қамшының түйме, өрме, қайыс қамшы т.б. деп аталатын түрлері көп.
Сондай-ақ экспозицияда басқа да экспонаттар орын алғанын көруге болады. Мысалы, олар ұлттық ойындарға қатысты: сайыс ойыны, киіз үй ішінде балаларды алғашқы оқыту, балалар киімі мен олардың қуыршақтары, тоғыз құмалақ ойындары көрініс алған. Сондай-ақ балалардың бірден-бір ойыны саналған асық ату ойынына байланысты, олардың асықтары мен асық дорбалары да өзіндік бір эстетикалық мәнінде көрініс тапқан.
Асық ойындарын тек асығы бар ұл балалар ғана ойнаған. Әдетте, асық ойнаушының саны 4-8 балаға дейін жетеді. Асық ойнаушылардың түпкі мақсаты – көп асық ұтып алу. Асық ойындарының түрлері: аошы, хан ату, омпы, көтеріспек немесе атбақыл, кетсін бір түрлері бар.
Тоғыз құмалақ – ұлттық ойындардың бірі. Бұл ойын даналық пен тапқырлықты және көп ойлауды қажет ететін ойындардың түріне саналады. Бұл көшпелі қазақ халқындағы, әсіресе малшылардың математикасы саналған. Ол бойынша, далада, кездесе кеткен екі малшы қазан мен отаудың жерін шұқып, қалталарындағы 81 құмалақты әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып қойып, ойынға кіріскен. Құмалақ салатын шұңқыр отау деп аталған. Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының аты болған. Сол жақтағы шеткі, яғни бірінші отау – “таңдық”, екіншісі – “көшпелі”, үшіншісі – “атөтпен”, төртіншісі – “атсұратар”, бесіншісі – “бел”, алтыншы – “белбасар”, жетіншісі – “қандықақпан”, сегізінші – “көкмойын”, тоғызыншы – “маңдай” деп аталған.
Келесі экспозиция қазақ халқының музыкалық аспаптарына арналған.
Қазақ халқының музыкалық аспаптары халық арасына таралуы ертеден басталған. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан. Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, әуені мен саздылығы, өзіндік орындаушылық дәстүрі бар. Халық өз өмірінде болған оқиғалар мен тіршілік тынысын, табиғат сұлулығын тербетіп, көңілінен шыққан туындыларын музыкалы аспаптар арқылы бейнелеп берді. Күй жанрларында халықтың өткендігі өмірі мен тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, арман тілегі, туған жерге деген махаббатын толғаған.
Музыка аспаптары келтірілген қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыстан, сазбалшықтан, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасаған.
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі (қамыс және мүйіз сырнайлар, адырна, сыбызғы, ұран, керней), ішікті (жетіген, шертер, домбыралар, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз) және соқпалы (даңғыра, дауылпаз, дабыл, асатаяқ) болып бөлінеді /25, 25/.
Қылқобыз – ысқышпен ойнайтын, қос ішекті ескі музыкалы аспап. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, қылқобыздың пайда болуы YIII ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыттың есімімен тығыз байланысты. Қорқыт туралы аңызда, оның қобыз аспабының дүниеге келуі жөнінде мынадай ағыз әңгіме бар: Ол құшақ жетпес қарағайды кесіп, одан табиғаттың тылсым тіршілігін мүлгіткісі келетін музыкалық аспап жасап шығарғысы келеді. Сөйтіп, ол қарағайды үңгіп шауып, күнге кептіріп, бірнеше күн әуре болады. Түсінде періште аян береді. Ол аян “Қорқыт, жасап жатқан қобыздың алты жасар нар атаның жілігіндей екен. Енді оған нар түйенің терісінен шанақ, өр текенің мүйізінен ойып тиек, бесті айғырдың құйрығынан қыл ішек керек. Осылардың бәрін қоссаң, аспабың сырнағалы тұр” — ақыл қосады. Қорқыт көрген түсі бойынша қылқобыз жасап, қолына алып, әлемді күңірентіп күй толғаған.
Қылқобыздың күйге келтіретін құлағына, шанағының ішкі тысына дыбыс әсерлігін күшейте түсу үшін темірден жасалған сылдырмақ теңгешелер шығырықтар арқылы бекітіледі. Шанағының беті ашық келеді де астыңғы жағы темірмен қапталады. Мұндай қобыздарда көбінесе бақсылар ойнап, күй сарынының әсерін күшейту үшін әдейі темір теңгешелер тағатын болған.
Қазақ музыка мәдениетінің тарихында үлкен орны бар домбыраның “думбра”, “донбыра”, “думбырақ”, “домбыра”, “даңғыра” атты музыка аспаптарымен қонысы жақын. Олар тұрмысы мен салты, мәдениеті мен тарихы еншілес елдердің біразында кездеседі. Кейбір деректерде “домбыры” сөзі арабтың “донбаh” және “бурра” тіркестігінен, яғни “қозы құйрық” деген сөзінен қалыптасқан деген болжам бар. Шамасы, домбыра шанағының сүйірленіп барып, қозы құйрықтанып бітетіндігін негізге алған болу керек. Бізге белгілі дерек көздеріне қарағанда, әл-Фараби атамыздың өзі де қолына домбыра алып, туған елін аңсап күйлер шерткен, сол кездегі домбыраны дамытып 9 пернеге жеткізген. Одан бергі Ю.Барабоштың, Ю.Тюлиннің, В.Асафьевтің, С.Скребков тәрізді зерттеушілердің еңбектерінде де музыкалық әуендер тарихы жан-жақты зерделенген. Күй шерту өнері туралы алғашқы жазба деректер XIY ғасырда өмір сүрген Әбдіқадыр Мурагидің трактатында кездеседі. Ал, Құдайберген Жұмабаевтың деректерінде күйдің XIII ғасырдан да бұрын болғандығы айтылады.
Домбыра аспабының қазір 12 дыбыстық тең темперациялық бұрауға ауысуына байланысты перненің саны 21-22-ге жетіп тұрақтады. Сондықтан домбыра халықтың музыка мен қатар орыстың және европаның класикалық шығармаларын орындау арқылы да өзінің кәсіби деңгейін көтерді /27, 47/.
Домбыраның әлі күнге баяғы халықтың ішегін (қойдың ішегі) қайтадан қалпына келтіре алмай отырмыз, тұрақты белгілеген бұрауы да жоқ. Өнер зерттеуші ғалымдар мен тәжірибелі мамандар бұл тұрғыда бір байламға келіп, өздерінің тұжырымдарын айтуы қажет.
Жамбыл атамыз айтқандай:
Неге шықсын домбыра
Қой ішегін тақпасаң.
Таққанменен не пайда
Бабыменен қақпасаң.
Қаққанменен не пайда,
Ән мен күйді тартпасаң, — деген еді.
Халқымыздың саз аспаптарының бірі – сыбызғы. Басқа да үрлеп ойнайтын аспаптар секілді ол ертеде малшының ойнайтын құралы болып келеді. Ойнаушы оны флейта, гобой, кларнет, фагот сияқты үрлемейді, көбіне оған өзінің біркелкі, уілдеген үнін қосады. Сыбызғыда ойнау осы күнге дейін бұрынғықалыпта, еш өзгеріс жоқ. Олай дейтініміз – үрлеудің техникасын былай қойғанда, бармақтар тесіктердің үстін түгел жаба алмайды, онда европалықтардағыдай металл сақина жоқ. Сақина басқа қосымша дыбысты шығармай, тесікті теріс жабуы керек-ті. Оның үстіне сыбызғының тесіктері белгілі дыбыс өлшеуіші (цент) арқылы өлшенбей, шамамен ғана тесіледі. Акустика ғылымы шамаға төзбейді, ол өте дәл ғылым. Міне, сондықтан да сыбызғының дыбысын қалыпқа келтіру де – акустика ғылымының алдағы айрықша міндеттерінің бірі.
Даңғара – ұрып ойнайтын музыкалы аспап. Даңғараның ағаш шеңберінің бір беті ғана темірмен қапталады. Оны көбінесе бақсылар пайдаланған.
Асатаяқ – ұрып ойнайтын музыкалық аспаптарының бірі. Кейде асатаяққа қоңырау да тағады. Асатаяқтың шанағының ішіне темірден жасалған сылдырммақ теңгешелер іледі. Бақсылар өз ойындарын сүйемелдеуші құрал ретінде пайдаланған.
Енді музейдегі кемшіліктерге келетін болсақ, ең бірінші музей бөлмесін жабдықтауды айтсақ, бұл музейде де витрина, подиум, подставка сияқты музейтану саласында қолданылатын жабдықтар жоқ. Музей жабдықтарын столдар мен орындықтар құрайды. Экспонаттардың кейбірі жерге қойылған.
Бұл музейде де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейінде сияқты этикетка мәселелері дұрыс шешілмеген. Этикеткалар кейбір экспрнаттарда ғана бар, олардың өзі де толық жазылмаған.
Экспонаттар жүйелі тәттіппен емес, бірінің үстіне бірі орналастырылған. Бұндай жағдай музейтану тұрғысынан қарағанда “Экспонаттардың шамадан артық қойылуы ” деп айтылады. Экспонаттар жүйелі түрде бір-біріне кедергі келтірмейтіндей, орналастырылуы шарт.
Экспонаттар жүйесіз түрде бірінің үстіне бірі қойылған. Мұндай жағдайда олардың семантикалық, (мәндік), аксиологиялық (бағалық), коммуникативтік (хабарламалық) аспектілері, аттрактивтік, экспрессивтік қасиеттері жрғалады. Көрермен экспонатты керек дәрежеде қабылдап бағалай алмайды.
Температуралық — ылғалдылық ретінде реттейтін желдеткіштер жүйесі орнатылмаған.
Музейде аса мән берілмеген мәселе-жарық және түс мәселесі. Бөлменің іші ашық жасыл, столдар сары түске боялып лакталған. Төселген палас түстері бірі жасыл, бірі қоңыр.
Музейдегі экспонаттардың бәрінің өзіндік тарихы ерекше. Сырды қорыта келе: Ата-бабамыз табиғатты аялай білген, сұлулығын сезіне білген:
Жаз шығып, түйін тастап бүр ашылды.
Аспаннан түрлі гүлге нұр шашылды.
Құс сайрап, сай-саладан су тасыды.
Сұлулық көзді тартты таңғажайып…
2.3 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық “Ақтұмар” музейі
1994 жылдың тпмыз айында республика басшылары Ж.Шаяхметов пен Н.Оңдасыновтың өз дәлелдерін алға тарта Мәскеуден өтіне сұрауының арқасында әсем Алматы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты шаңырақ көтерді.
1944 жылдың қыркүйек – 1945 жылдың қыркүйек айы аралығындағы институт директоры болып Құрманғали Оспанов (1907-1968) Ақтөбе облысы, Новороссия ауданында туған. 1925-1928 жылдары Мәскеу қаласындағы М.И.Калинин атындағы рабфак курсында, 1928-1931 жылдары Мәскеуде Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтында оқиды.
1944 жылдан бастап Республика Үкіметінің шешімімен Алматы қаласында ашылған Қыздар педагогикалық институтымен педагогика училищесініің алғашқы директоры болды.
Бір жыл ішінде студенттерді қабылдауда мұғалімдер ұжымын құрып, ұйымдастырудың арқасында 1945 жылы қыркүйекте Қыздар педагогикалық институты өз алдына жеке институт болып ашылды.
Құрманғали Оспанов Қазақстан комунистерінің Y — XII сьездеріне қатысып, ҚазССР Жоғарғы Советіне екі мәрте дипутаттыққа сайланды.
Еңбек Қызылту, “Құрмет белгісі” орденімен, ҚазССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Кейін 1945жылдың қыркүйек айынан 1949 жылдың маусым айы аралығындағы институт ректоры болып Тұрсын Мырзабекқызы Мырзабекова тағайындалды.
Тұрсын Мырзабекова (1914-1996) Алматы қаласында орта шаруаның от басында дүниеге келді. Орта мектеп бітірген соң Қазақ педагогикалық институтына оқуға түседі.
1933 жылы институтты бітірген соң ол Балқаш, Қарағанды және алматы қаласында қызметтер атқарды.
1938 жылдың қыркүйегімен 1945 жылдар аралығында Шымкент қаласында тарих пәннің мұғалімі, облыстық халыққа білім беру бөлімінде, қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1945 жылдың 13 қыркүйегінде Мырзабекова Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық инс титутына директорлық қызметке тағайындалды.
14 жылдан астам уақыт ректор болып қызмет атқарған. Тұрсын Мырзабекова өзінің ұйымдастырушылық дарындылығымен, кең пейілді адамгершілік қасиетімен дараланды. Шығыс қыздарының ақылдылығы мен ұстам дылығын бойына сіңіре білгендіктен, институттың күрделі жұмы с тарында кездесетін қиын іс терді аса дарындылықпен шеше білді және соны әріптестерінен, студенттерден талап етіп, оқу мен тәлім-тәрбиенің қатал болуына үлкен көңіл бөлді.
Мырзабекова Тұрсын Мырзабекқызы — тарих ғылымының кандидаты, доцент, Еңбек Қызылту, “Құрмет белгісі” орденімен және көптеген медальдармен марапатьалған, “Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі” деген құрметті атаққа ие болды.
Сондай қиын шақта осы институттың ашылуына халқымыздың өнер-білім саласындағы қайраткер перзеттері Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, І.Омаров қызу қолдады. Сонда Мұхтар Әуезов: “Тәңір жазса, бұл институт қазіргі және болашақтағы қазақ қыздарының шамшырағына айналады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін дейік ”, -деп, ақ тілегін білдірді. Тек қана қазақ қыздары үшін қазақ тілінде оқитын арнайы жоғарғы оқу орнын ашу, оларды жатақханамен, тегін тамақпен қамтамасыз ету сол кездегі республика басшылары мен зиялы азаматтарының батыл қадамы, өз ұлтына деген шынайы жанашырлығы еді.
Бүгінде институттың 5 жатақханасы, музейі, электронды кітапханасы, тренажер залы, жуыну бөлмелері, аэрофитнес залы және 2 спорт алаңы, Қапшағай теңізі жағасында демалыс аймағы, агробиостанциясы бар. Институт кітапханасындағы кітап қоры бүгінде 881 мың данадан асып отыр.
Қазір мұндағы 630 оқытушының 3-і Қазақстан Ұлттық ғылым академия сының академигі, 55-сі ғылым докторы, профессорлар, 209-ы ғылым кандидаты, және доцеттер.
Мұнда әлеуметтік-гендерлік зерттеулер жүргізілетін ғылыми зерттеу институты, компьютерлік және педагог кадрлардың біліктілігін көтеру орталығы, студеттердің Кіші ғылым академиясы жұмыс істейді.
Жастардың бос уақытын ұйымдастыруға әуел бастан-ақ ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда Майра Уәлиқызы атындағы халықаралық әншілер байқауы, Мұқағали Мақатаев атындағы ақындар мүшәйрасы өткізіледі. Институттың бүкіл республикаға тарайтын “Ақтоты” газеті бар. Сондай-ақ институт факультеттерінде “Ұстаз”, “Интеллект”, “Табиғат сүюшілер”, “Қызықты физика”, “Жас математик”, “Жас тарихшы”, “Индикатор”, “Алтынсариншылар”, “Назқоңыр” сияқты көптеген үйірмелер және шахмат клубы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда халыққа білім берудің жаңа талаптарына сәйкес институт тұжырымдамасын іске асыру бағдарламасы да әзірленген. Талай күрделі асулардан табысты аса білген Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының іскер ұжымы жаңа өрлеуге белгіленген мұндай міндеттер биігінен де көрінері сөзсіз.
Институтта алғаш үш факультет ашылды:
- физика-математика;
- тарих;
- тіл және әдебиет;
75 студент қабылданды, ұстаздар құрамы – 20, оның 5-і ғылым кандидаттары.
Кафедралары:
— СССР халықтар тарихы;
- педагогика және психология;
— тіл және әдебиет;
- қазақ тілі және жалпы әдебиет;
- марксизм және ленинизм;
- әскери және дене дайындығы;
- математика;
- физика;
- география;
- орыс тілі мен әдебиеті;
- жалпы тарих;
Қазақ қыздарының шамшырағы қашан да жарқырап жана бергей!
Осы зерттеу жұмысына арқау болып отырған келесі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының 60 жылдық мерейтойына орай институттың тарихи — этнографиялық “Ақтұмар” музейі ашылды. Қазан айының 26 күні “Сағынышпен кездесу” – атты салтанатты кешке жиналған институттың ардақты түлектері ақ батасын беріп, институт ректоры, профессор Ш.К.Беркімбаева құттықтау сөз сөйлеп, институттың төртінші ректоры болған ҚР ҰҒА-ның академигі, Ресей ПҒА-ның мүшесі, п.ғ.д. К.Құнантаева музейдің ашылу лентасын қиды. Музей 2003 жылғы Елбасының мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасына сай дәстүрлі-мәдени рухани құндылықтар арқылы студент жастарға тәрбие беру бағдарламасына бағытталған.
Енді музейдегі экспозицияны талдайық. Осы музейде институттың ашылып қалыптасуына үлестерін қосқан Ж.Шаяхметов, Н.Оңдасынов, М.Әуезов, Қ.Оспанов,Т.Мырзабековалар жәйлі тарихи-деректі құжаттары қойылған. Музей өз құрылымында алғашқы оқытушылардың, бірінші түлектердің жетістіктерімен қоса алғашқы ректорлардың қажырлы еңбектерінен мәлімет береді. Институт музейі 7 бөлімнен тұрады. Экспозиция ертедегі түркі мәдениетінде әке-шеше құдіретін дәріптеген жас ұрпаққа тәрбиелік үлкен мәні бар 6 ғасырда өмір сұрген қолбасшы күлтегін сөздерімен ашылып, “Аналар ұлағаты-елге аманаты” – атты тақырыппен жалғасады (Сурет-7).
Бұл бөлімде Қазан төңкерісіне дейінгі зиялы қауымның қатарында болған білікті, сауатты ұлы аналар мен саяси-мәдени ағарту саласына араласқан қазақ ханымдарының бет-бейнесі көрінеді. Сонымен қатар Қазақстандағы алғашқы оқу орындары көрсетіледі. Олар: Орынбор қаласындағы Неплюев кадет корпусы. Орынбор губерниясында қазақ балаларын оқытатын алғашқы оқу орны-Неплюев кадет корпусы 1825 жылы ашылды. Жеті жылдық оқу орнын алғашқы бітірушілер Ішкі Орданың бай, би, сұлтан, старшиндардың балалары болды.
Омбы кадет корпусы 1826 жылы Омбы қаласындағы “Қазақ әскери училещесі” Омбы кадет корпусы болып, қайтадан ашылды. Бұл оқу орнында 1847-1853 жылдары қазақтың алғашқы ағартушысы Шоқан Уалиханов оқыды.
Жәңгір хан мектебі 1841 жылдың маусым айында Ішкі (Бөкей) Ордасының Хан ставкасында алғашқы мектеп ашты, кейіннен бұл мектеп екі класты училищеге айналды. Біраз жылдар мектеп ханның есебінен қаржыландырды. Хан өлген соң, 1848 жылы үкімет қарамағына көшті.
Мамания мектебі 1899 жылы жетісудың Ақсу өңірінде Қапал уезіне қарасты “Қарағаш” жерінде Маман Қалқабайұлы мен оның балалары Тұрысбек, Сейітбаттал, Есенқұл медіресе ашты. Бұл медіресе кейіннен “Мамания” медіресесі аталды. 1909 жылы сегіз сыныптық үлгіге жеткен мектепте балалар тегін тамақпен, киіммен, оқу-құралдармен, жатақханамен қамтамасыз еткен. “Мамания” медіресесіндегі оқушыларға мынандай пәндер оқытылған:
- Қазақ тілі (оқу, жазу) ;
- Есеп (арифметика) ;
- Иман-шарт;
- Құран;
- Орыс тілі;
- Пайғамбарлар тарихы;
- Жағырафия;
- Зоология;
- Ислам діні тарихы;
- Татар тарихы;
- Хадис (иайғамбардың өсиеті)
Ал, “Мамания” медіресесінде қазақша оқулықтардың жоқтығына байланысты, қазақ тілі сабағы тек сауат ашу дәрежесінде қалып қойған, қазақ әдебиеті жеке сабақ ретінде оқытылмаған. Медіреседе Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” пайдаланылмаған. Мүмкін оған оқулықтың орыс алфавитімен басылуы кедергі болған шығар. Оқулық түгіл халқымыздың төл тарихының орнына татар тарихы оқытылған. Есеп сабағының орысша оқытылуы және орыс тілін, орыс оқытушысының жүргізілуі – бұл өмір талабынан туған, практикалық маңызы күшті нәрселер /29, 38-39/.
Білім ордасына қазақ елінің әр түпкірінен, тіпті шет ресейден де білімді ұстаздар шақырылды. Мектепте есеп, жағрафия, физика, тарих, ана тілі, орыс тілі, еңбек пәндері және Құран оқытылды. Медреселерде ұл балалармен бірге қыздарда оқыған.
Сондай-ақ институттың ел таныған түлектері:
- 1948 жылы — Бәкібала Ысқақова тарих факультетін бітіреді. Тарих ғылымының кандидиты, доцент, институт ардагері.
- 1948 жылы – Үшкөлтай Субханбердина филология факультетін бітіреді. Филология ғылымының докторы, Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, библиограф-ғалым. 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
- 1948-1953 жылы Социалистік Еңбек Ері Рыскүл Мақатова филология факультетін бітіреді. ҚазССР-ннің оқу-ағарту ісінің үздігі, бүкіл саналы өмірін ауыл мектептерінің балаларын оқытуға ранаған.
- 1949 жылы — Ибраева Ажар тарих факультетін бітіреді. Иституттың үшінші ректоры.
- 1951 жылы – Рабиқа Нұртазина филология факультетін бітіреді. Социолистік Еңбек Ері, оқу-ағарту ісінің үздігі. ҚазССР-нің еңбегі сіңген мұғалім, пед. ғыл. канд.
- 1952 жылы –Күләш Құнантаева филология факультетін бітіреді. ҚР Ғылым академиясының академигі, Ресей білім академиясының шет елдік мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор.
- 1951 жылы Рысалды Көмекова тарих факультетінің 3 курсынан түсіп 1953 жылы бітіреді. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
- 1958-1963 жылы – Жәмиля Елемесова филология факультетін бітіреді. Институттың алтыншы ректоры.
- 1958-1963 жылы – Қадырова Зәуре Жүсіпқызы филология факультетінің орыс бөлімін бітірді (Сурет-8).
Ал музейдің этнографияға арналған бөлімі, нағыз қазақтылықтың, қазақ қыздарына ғана тән ибалы әйел мінезін аңғартып ортаны көрсете білген. Музейдің негізгі доминантты экспонаты бөлменің ортасында орналасқан жас қыз, бойжеткен, қалыңдық, әже және жауынгер қыздың мүсіні. Әр біреуінің қасына өздеріне керекті заттары, құрал жабдықтары қойылған. Ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, әйел тұтынған заттар, әйел қол өнері, музыкалық саз аспаптар ғылыми-этнографиялық негіздерге сүйеніп жасалынған. Сонымен қатар қыз-келіншектерге арналған ұлттық киімдер, ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, ұлттық саз аспаптармен бірге ұста Дәркембай Шоқпорұлының қолынан шыққан зергерлік — әшекей бұйымдарда өзінің көркемдік жағынан көз тартады.
Музей тақырыбы қазақ ақын қыздарының шығармашылық туындыларынан, әйелдер қозғалысы тарихындағы, саяси-мәдени ағарту саласына еңбек сіңірген Мемлекет қайраткерлері болған әйелдерден, сол әйелдердің өнерге, білімге, ғылымға қосқан үлестерін тарихи құжаттармен көрсетіп, өндірістегі жетістіктерін баяндайды.
Қазақша киім киінген жас бала. Оның жанына сүйекті ойыншығы ор-текесі, тұйяқ-тас, қол дабыл, сақпан музыкалық аспаптары қойылған. Осы жерде “Тілашар”, т.б. салт-дәстүрлерін айтуға болады.
Бойжеткен қыздың киімінің негізгі айғағы оның бүрмелі қос етек көйлегі. Камзол, қасаба, үкілі тақия, бөрігі қойылған. Артында өзі қолымен дайын-даған құрақ көрпелері, тоқыған шілтерлі орамалы, біз кестесі қойылған. Шашы өріліп кестеленген шашқап кигізілген. Шашқапты – қалың шашқа көз тигізбеу үшін және шаң тозаңнан сақтау үшін киген. Бұйымдарынан торсық, сандықша, әтір құйғышы, сүйектен жасалған тарағы, күмістелген айнасы, ал зергерлік әшекейлерінен, тұмарша, қолында бес білезік, омырауына таққан құлақ, тіс тазалағыш күмістен жасалған бұйымы тағылған. Белі тек қыздар тағатын нәзік белдікпен тағылған. Жанына әкесі арнайы жасауына қосатын күмістелген әйел ер-тұрманы, қыздар сүйемелдеп, ән салатын қуыс мойын домбырасы қойылған. Бойжеткенге байланысты: “Қыз айттыру”, “Қыз көру”, “Бастанғы салттарын”, “Ақсүйек”. “Алтыбақан” айындарын айта аламыз. Алтыбақан ойыны тәрбиелік мәні бар салт ойын. Кешкілік жастар ауылдың сыртында алтыбақан құрып, өздерінің өнерін, ойын, көзқарасын, танымын қалыптастырып құрбыларымен араласады.
Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиісті басты қасиет – сымбаты мен көркі. Мәселең, халқымның қыз сұлулығы туралы ежелден қалыптасқан талғам — түсінігі “Қыз Жібек” жырында былайша жырланады:
“Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ беттінің қызылы.
Ақ тауықтың қанындай,
Екі бетің ажарлы,
Жазғы түскен сағымдай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Іздеген ерге табылды-ай…”
Әркім-ақ сүйген жарының ажар-көркі “Қыз Жібек” болса екен деп армандағанымен, сұлулық жайындағы жеке түсініктер сан қырлы емес пе?… Сондықтан да, тілімізде “Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне”, “Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу, махаббаттың отына күйген сұлу” секілді мақалдар жиі айтылады.
Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс осы төрт қасиетін – ата-тегі, ақыл-парасаты, сымбат-көркі және іс-өнерін – бағалау – “Қыз сыны” деп аталады. Ұзақ-сонар тарихы бар қыз көріп, жар таңдауды таратып айтсақ үлкен хикая. Сөз соңында сыншыл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа “Көріп алсаң, көріктіні ал, көрмей алсаң тектіні ал, таба алсаң, таспа сыртты құбаны ал, таппасаң, азбас, тозбас қараны ал” деп ұлағат қалдырғанын ғана келтіре кетпекпіз /33, 52-53/.
Қалыңдықтың киімінің негізгі айғағы ол — сәукелесі. Тұтастай мельхиордан құйылып, асыл тастармен безендірілген. Сәукеленің артына ұзындығы беліне түскен ақ желең тағылған. Баяғыда ұзатылған қыздың дәрежесі оның киген сәукелесіне қарай бағаланған. Сәукелені өте шебер әйелдер тіккен. Қазақ жерін басып өткен саяхатшылар сәукелені тек бас киім емес, ол халықтың мәдениетінен, байлығынан ұлттық сән — салтанатынан, өнрінен мағлұмат беретін этнографиялық мүлік деп қабылдаған /34, 37/. Осы орайда айта кететін болсақ әйгілі Эрмитаж музейінде қазақтың салтанатты сәукелесі сақталған. Ал қалыңдықтың көйлегі мен бешпеті алтын жіптермен өрнектеліп, шашақталып, оқаланып қазақтың киімдерінің үлкен талғамдық мәдениетін көрсетеді. Қалыңдықтың қолында шаңқобыз аспабы бар, себебі ол сыңсу айтады. Бұйымдарынан: күбі піспегімен, самауырын тостағандарымен қойылған. Зергерлік әшекейлері: алқа, өңір жиек, сырға, білезіктері, беліне күміс белдік таққан. Көне салт-дәстүрлерден қыз ұзату, бет ашар, жар-жар туралы айтуға болады.
Әже бейнесінің киімінен көзге түсетіні кимешегі. Бет жағы зерленіп кестелеп тігілген. Алдында бесік жабдығымен. Бесікке ырымдап тағылатын заттар көрсетілген: тұмар, үкі. Бесік-аса қасиетті киелі мүлік. Сәбиді бесікке салу өте құрметті дәстүр. Балаларды адам баласының өткен тарихымен, тұрмысымен, әдет-ғұрпымен жеке мәдениетімен де таныстырып отырған. Халық өлеңдерінде дүниеге жаңа келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар мүмкіндіктерін баланың жолына тосқан. Айталық, “Бесік жыры” өлеңінде:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Қонақ келсе, қой бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той бөпем, -деп жырлаған.
Мұнда үлкендердің, ата-ананың балаға деген сый құрметі мен ықыласы, болашақта үлкендерді сыйлайтын азамат болып өссін деген талап тілектері жатыр. Сондай-ақ игілік істерге бастайтын тілектерді қоюдағы мақсаттары да мына өлең жолдарынан аңғарылып отырған:
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Бесік жыры — қазақ халқында үзілмей айтылып келе жатқан қастерлі өнер. Бұл дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор. Бұйымдарынан: саба, келі, күмістелген кепсер, ожау, астаулары қойылған. Қолында ұршығы, оймағы, шуда жүні қойылған. Осы жерде “Қырқынан шығару”, “Тұсау кесер” т.б.түрлі ырымдар айтуға болады.
Жауынгер қыз. Ұлы даланы мекендеген ата-бабаларымыздан үлгі-тәрбие алып өз жерлерін қорғаған батыр қыздар болған. Тұмар ханым (Томирис) (Сурет-9) Бөрте ханым, Бопай, Гауhар батыр, Назым қыз т.б. арулар қиын кезеңде ерлермен қатар қару алып, жерлерін қорғаған. Қазақтың Ұлы даласында батыр қыздарға арнап қойылған тас ескерткіштер осылардың айғағы. Музейде, таста бейнеленген жауынгер қыздың бейнесі сомдалған. Басында дулыға, кеудесіне теріден жасалған сауыт киген, қолына жеңсек, тізесіне тізелік киген. Ол садақ тартып, бес қаруын асынған. Айбалта, қанжар, қылыш, сойыл, шоқпар, күрзі, найзасы қойылған. Осындай батыр қыздардың жалғасын тапқан жиырмасыншы ғасырда аттары аңызға айналған, Шығыс елдерінің арасынан шыққан жауынгер батыр қыздар Мәншүк пен Әлияның да батырлығы осы тұста айтылады. Қыздар әлемнің таң ғажайып әлемін жасаған ұста, ҚР мәдениет қайраткері, профессор Д.Шоқпарұлы және әулеті. Дәркембай Шоқпарұлы қолөнерге деген алғашқы талпынысы ұсталықпен басталады. Қайрат күшін қара темірге жұмсап, қарапайым қара темірді қамырша илеп, әр түрлі бұйымдар: ауыздық, таға, балта, шот, т.б. жасауды үйренуді үлгі тұтады /35, 10/.
Дәркембай – абыройына әжім, азамат – ою-өрнекпен ұласып, өзіндік әуен құрайды. Әр түрлі әшекейлі бұйымның табиғи ерекшелігіне байланысты мәнерін дәл тапқан. Дәстүрлі зергерлік өнердің эстетикалық мәнін ашуда: күміс, алтын қорытып, қалыпқа құю, сым тарту тәсілдерін терең меңгеруді шәкірт бойына дарыта білді. Д.Шоқпарұлының әрбір адамға жасаған зергерлік бұйымынан шыққан тегіне байланысты ру таңбасы — өзіндік қолтаңба (символизм) айқын байқалады /32, 5/.
Дәркембай Шоқпарұлы тері өңдеуде төрт түлік малдың түрін түстеп, терісін өз өнерінің кәдесіне жарата білді. Пышақ тигізбей саусақпен тері илеудің сырын ұққан шебер белбеу, белдік, ат әбзелдерін жасауда жаңалықтар енгізді. Аса бай байырғы қазақ қолөнерінің тектісін тегіс меңгеруде көптеген экспонаттарды толықтырды. Сүйек пен тас, ағаш өңдеудің құпия кілтін ашуда қымыз құятын ыдыстар, астау, ожау, келі-келсап, жиhаз түрлерін қалпына келтіріп, жаңартуда уақыт пен ұрпақты сабақтастыра білді. Халықтың санасы мен жанында сақталған өнерін өрбітуде 1988-1995 жылдар арасында “Мирас” шығармашылық бірлестігін құрды /36, 9/.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының “Ақтұмар” музейінің 2006 жылғы бір жылдық жоспарында 5 жылжымалы көрме ұйымдастырылған. Оны мына кестеден көруге болады. Бұл кестеден қандай іс-шаралар жүргізгендігін көре аламыз.
03.05.06. |
Ақын Күләш Ахметованың мерейтойына орай, өмір жолы мен шығармашылығы. |
12.10.06. |
Дене тәрбиесі – валеология кафедрасы жетістіктеріне арнайы жасалған көрме. |
05.12.06. |
“Желтоқсан қозғалысының 20 жылдығына” орай. |
29.11.06. |
Өнердегі ұлағатты ұстаздар. |
10.12.06. |
“Институттың ел танымал түлектері” |
Музейде түрлі ашық сабақтар, кездесулер, конференциялар, т.б. іс-шаралар жүргізіледі /39,120/. Бұл музейдің ғылыми-ағарту, мәдени жұмыстарының бір саласы. Ол студенттердің ойлау қабілетін кеңейтуге үлкен әсер етеді.
Музей өзінің мазмұны жағынан өте құнды мәліметтерге бай. Мұнда қосымша қордың да, негізгі қордың да материалдарын көруге болады.
Музей бөлмесі витрина, подиум, подставка жабдықтармен жабдықталған
Ал, жарық мәселесін шешуде көптеген қателіктер жіберілген. Жалпы музейлерде терезеден түсетін күн сәулелері тікелей экспонатқа тимеу керек. Жоғарыда айтып өткендей, бұл құжаттар фотосуреттер мен кітап құндылықтарының сарғаюына алып келеді.
Музей бөлмесінде терезелер көп болған жағдайда оларға жалюздер ілу қажет. Жарық көзі ретінде ортаға бірнеше люстралар ілінген. Ол экспонаттарға керек дәрежеде жарық бере алмайды. Одан шығатын жарық шеттегі экспонаттарға түспейді. Музейде жасанды табиғи жарық қолданылмаған.
Экскурсия кезінде келермендерді музей мен таныстыратын екі экскурсоводтары бар.
Музейде экспонаттардың тарихы қысқаша жазылған түсу кітабы жүргізіледі /40,96/. Бұл кітапта экспонат музейге қашан түсті, оны кім тапсырды, музейге түсуге дейінгі болған ортасы, оның сақталу дәрежесі жайлы мәліметтер жазылады.
Қорыта айтқанда, жоғарғы оқу орындарындағы музейлер бағытының ең басты міндеті – мәдени және рухани мәдениетімізді сақтау, дамыту және қолдау болып табылады. Музейдің студенттер мен бірігіп жүргізетін жұмыстарының маңызы өте зор. Мұндай жұмыстар студенттердің көзқарасын кеңейтіп, жас адамның азаматтық ой-өрісін дамытып, студентке ғылыми зерттеу жұмыстарын игеруді үйретеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарғы оқу орындарының музейлері — болашақ ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді оятып, Отан сүйгіштікке тәрбиелейтін студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, оларды ғылыми-зерттеужұмысына жетелейтін орталық. Сондықтан, жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастыру жұмысын дұрыс жүргізу, үлкен көңіл бөлуді талап ететін іс-шара. Қазіргі таңда Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарында осындай тәрбиелік бағыт ұстанатын музейлер көптеп ұйымдастырылуда. Оған мысал ретінде осы зерттеу жұмысы барысында аталған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейді, Аблай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің этнографиялық музейді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық “Ақтұмар” музейді атап өтуге болады.
Зерттеу жұмысын жазубарысында мынадай мәселелер талданды:
— Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлерінің ұйымдастырылу дәрежесі;
— Музейлерде жіберілген қателіктер;
— Музейлердің оқу- ағарту, білім беру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
— Жалпы Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлерін құру мәселесі бойынша проблемалар;
— Олары тиімді шешу жолдарын көрсету.
Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастыруда алда тұратын проблемаларды тиімді шешу жолдарын көрсету, осы жұмысты жазудағы басты міндет.
Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің алдында тұрған басты проблемаларды және оларды шешу жолдары жайлы ұсыныстарды атап өтейік. Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарының музейлерінің алдында тұрған басты мәселе, заңдық құжаттың болмауы. Бұл жағдай мемлекет басшыларының жоғарғы оқу орындарындағы музейлерді ұйымдастыруға аса мән берілмейтінін аңғартады.
Жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған келесі бір үлкен мәселесі қаржы мәселесі болып табылады. Музей бөлмесін жабдықтау, экспонаттарды жинау, оларды орналастыру, түс, жарық мәселесін шешу барлығы қаржыға келіп тіреледі. Ал бұл проблемаларды өздігінен шешетін жоғарғы оқу орнынының мүмкіндігі шектеулі. Сол үшін қазіргі таңда кең өріс алып отырған демеушілік көмекке жүгінуге болады. Ол үшін ең алдымен жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастыру еліміздің қалталы азаматтарын осы жұмысқа тартып, оның маңызын болашаққа тигізетін пайдасын түсіндіре білу керек. Өзі ұлттық болашағы үшін жаны ашитын азаматтар біздің елімізде баршылық.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында жоғарғы оқу орнынының музейлерін ұйымдастыруда байқалған кемшілік – музейді ұйымдастырушылардың мамандармен сұхбат өткізбеуі, олардың тіжірибесіне жүгінбеуі. Музей экспозициясына қарағанда осы мәселе бірден көзге түседі. Техникалық қателіктер көптеп жіберілген.
Музей жабдықтарын таңдауға, экспонаттарды орналастыруда, олардың этикеткаларын толтыруда, экспозицияның кеңістік пен көркемдік принциптерін шешуде, түс пен жарық үйлесімділігін орындауда жүйесіздік, тақырыпқа сай еместігі байқалады. Осы аталған принциптер дұрыс шешімін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейінде тапқан.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында байқалған бір үлкен кемшілік -кейбір музейлердің есіктері барлық күндері ашық бола бермейді. Бұл әрине дұрыс емес.
Музей не үшін ұйымдастырылады?
Студенттер оны көріп, тамашалау үшін, музей экспозициясымен таныса отырып, өздеріне көптеген мәлімет алу үшін, рухани дүниесін байыту үшін, ең аяғында, өздері естіп, оқып жүрген кейбір мәліметтерді көзбен көріп білімдерін нақтылау үшін. Ал егер музей есіктері жабық тұрса, онда мұндай игі шаралардың іске асырылуына кедергі туады. Мысалы, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музейлерін ұйымдастыруда осы мәселеге ерекше көңіл бөлінген.
Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің музейінде жиі-жиі сабақтар өткізіліп тұрады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институт музейінің меңгерушісі әр курс студенттерінің музейге келу уақытын кесте түрінде жасап қойған. Сонымен қатар музейде жиі-жиі кездесулер, көрмелер ұйымдастырылып отырады. Ал жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастыруда басты қадам болып табылады.
Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік музейлермен байланыс орнату, олардағы мамандарымен консультация, кездесулер өткізу, кеңес алу жоғарғы оқу орындарының музейін ұйымдастыруда басты қадам болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Музей истории ВУЗА.- М., 1875. — 470 с.
- Актуальные проблемы Вузовских музеев.- Петрозаводск, 1990. — 450 с.
- Музей высших учебных заведений.- М., 1875. — 250 с.
- Музееведение музей исторического профиля под. Редакцией К.Г. Левыкина, В. Хербста. — М., 1988. – 269 с.
- ЮреневаТ.Ю. Музееведение: Учебник для Высшей школы. – 3 – е изд., и доп. — М., “Академический Проект”, 2006. – 560 с.
- Михаиловская А.И. Музейная экспозиция.- М., 1964. – 345 с.
- Столярова Б.А. Музейная педагогика.- М., «Высшая школа»2004. — 423 с.
- Жұмабаев М. Педагогика.- Алматы “Ана тілі” 1992. – 435 б.
- Райымханова К.Н., Д. Қатран. Музей ісінің теориясы мен практикасы. — Алматы, 2002. — 90 б.
- Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. — Алматы, 1991. – 375 б.
- Музееведние на пути к музею XXI века.- М., 1982. – 278 с.
- Реставрация и хранение музейных художественных ценностей. Реферативный сборник. Выпуск 6 (9). – М., 1974. — 278 с.
- Алмазов Ю.А. Вопросы хранения и консервации музейных материалов. Выпуск III Основы экскурсионного дела в музеях. Науч. ред. К.ф.н. Ю.П.Пищулин. – М.,1976. — 301 с.
- Музееведение. Проблемы использования и сохранности музейных ценностей. Сб. научн. трудов НИИ культуры. ¹ Составитель и науч. ред. Л.В.Лашкевич. – М., 1985. — 412 с.
- Вопросы музейной работы. – М., 1974. — 256 с.
- Организация и содержание научно-исследовательской работы музеев. – М., 1945. — 235 с.
- Организация открытого хранения музейных фондов. Мет. Пос. – М., 1962. — 214 с.
- Курицыны Д.С., Тоскина И.Н. Вредители музейых предметов. (Вопросы профилактики) // В кн: Актуальные проблемы фондовой работы музеев. — М., 1963. — 243 с.
- Зернов А.Б., Воробьев В.П. Основные факторы, влияющие а сохранность музейных предметов // В кн:. – Актуальные проблемы фондовой работы музеев. — М., 1978. — 456 с.
- Зернов А.Б. Организация системы хранения музейных предметов-памятников материальной и духовной культуры. В.кн:. – Актуальные проблемы фондовой работы музеев. — М., — 334 с.
- Инструкция по учету и хранению музейных ценностей.- М., 1983. — 456 с.
- Каулен М.Е. Экспозиция и экспозиционер. — М., 2001. – 63 с.
- Пищулин Ю.П. Актуальные вопросы фондовых музеях. – М., 371 с.
- Сарыбаев Б. Қазақтың музыкалық аспаптары. — Алматы “Өнер” 1981. -325 б.
- Тоқтабаева Ш.Ж. Қазақтың зергерлік әшекейлері. — Алматы, 1985. — 265 б.
- Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. — Алматы, 1987. — 238 б.
- Тәжімұратов. Шебердің қолы ортақ. — Алматы, 1977. – 96 б.
- Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное исскуство Т-I — Алма-ата, 1986. —
- Райымханова К.Н. Ата кәсіп. — Алматы, 2001. — 124 б.
- Жәнібеков Ө. Жолайрықта. — Алматы, 1995. — 110 б.
- Шулепова Э.А. Оснава музееведения. Учебное пособие. – М., 2005. – 504 с.
- Қозыбаев М. Наурыз: жаңғырған салт-дәстүрлер. — Алматы, “Қазақстан” 1991. — 267 б.
- Иманбек Е.Б. Қазақтың дәстүрлі өнері. — Алматы, 1999. С.К. Мерекеева. “Ақтұмар”-әйел әлемі. // Ақтоты, 2004. — 17 б.
- Аманханова Р.О. Дара тұлға – Дәркембай. // Өнер отауы. №5 2006. — 21 б.
- Құдайберген Б.Ұсталық-ұстамдықты ұнататын өнер. // Ел мәдениеті. № 4 2006. — 23 б.
- Аманханова Р.О. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері хас шеберге-60жас. //Өнер отауы, № 2. — 10 б.
- Қарашин Ө. Белестер биігінде. – Алматы, 2001. — 273 б.
- Санақұлова Б.Қ. Қазақстандағы қазіргі музей қызметінің негізгі бағыттары. Вестник КазНУ ¹ 4 2004. — 230 б.
- Касымов К.А. Казахский ордена трудового красного знамени педагогический институт имени Абая. — Алматы, 1970. — 255 с.