АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Алматы қаласының экскурсиялық нысандарының туризмдегі ролі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

География факультеті

 

Туризм кафедрасы

 

 

 

 

ДИПЛОМ (БІТІРУ) ЖҰМЫСЫ

 

 

Алматы қаласының экскурсиялық нысандарының туризмдегі ролі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2010

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

  • Табиғи-географиялық және тарихи алғышарттары.

1.2 Туристік-рекреациялық ресустары

1.3 Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

 

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ.

2.1 Алматы экскурсиялық нысандарына шолу жасау

2.2 Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендерін экскурсиялық нысан ретінде қарастыру

2.3 Алматы қаласы бойынша экскурсиялық-туристік маршруттар

 

3 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҚ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ

3.1 Алматы қаласының туризмнің жағдайы

3.2. Алматы қаласының экскурсиялық-туристік жағдайы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

 

Экскурсия – туризмнің жүрегі деп айтуға болады. Тек қана күрделі спорт жорықтары мен арнайы турлар экскурсиясыз өткізіле алады. Ал, туризмнің қалған түрлері – мәдени, археологиялық, ботаникалық, ғылыми, экологиялық пен танымдық, конгресс, оқу, басқа да түрлері экскурсиясыз өткізіле алмайды. Экскурсия тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың белсенді құралдарының бірі болып табылады.

Экскурсиялық іс-әрекет үлкен тарихи жолдан өтті. Әр түрлі тарих кезеңдерінде әр түрлі міндеттерді атқарып жүрді. Қазақстанда экскурсия іс-әрекетінің дамуы ХХ ғасырдың 50 жылдарында байқалады. 1962 жылы туризм және экскурсия бойынша орталық Кеңес ашылды. Қазақстанда Республикалық және облыстық кеңестер құрыла бастады.

1954 жылы тың игеру басталғанда Алматыға көптеген қоныс аударушылар келе бастады. Олар үшін бүкіл Кеңес республикалары бойынша арнайы экскурсиялар өткізіле бастады. Бұл қызмет көрсету түрі үлкен қарқынмен дами бастағаннан кейін Алматы темір жол вокзалында бірнеше жылдар бойы арнайы экскурсиялық поезд қызмет көрсетіп тұрды. Поезд келгеннен кейін вокзалда ондаған экскурсиялық автобустар күтіп тұрды. Бүгінгі таңда экскурсиялық қызмет көрсету өзгерістерге ұшырады.

Бірінші тарауда Алматы қаласының экскурсиялық нысандарының пайда болуының алғышарттары көрсетіледі.

  Екінші тарауында негізгі туристік нысандар қарастырылады. Мұнда жаңа құрылыс кешендерін де экскурсиялық нысан ретінде қарастыру ұсынылған.

  Үшінші тарауында Алматы қаласының туризм дамуының болашағына талдау жасалынған. Және экскурсиялық маршруттар берілген.

Экскурсия, бұл кең көлемдегі еңбек етуші  және қатысушы жастардың тәрбиелік формасы, білімнің қайнар көзі ретінде бірнеше функциялардан тұрады: танымдық, ақпараттық, бос уақытты мәдени түрде ұйымдастыру, адамның білім мен қызығушылыққа бағытталуы, мәдени-тәрбиелік, сауықтыру.

Ең алдымен ол танымдық функциясын атқарады. Экскурсия саяси, ғылыми, көркем және басқада көзқарастарды қамтиды. Экскурсияның нақты белгіленген өзіндік бағыты болуы тиіс. Экскурсия ақпараттық ғылым жетістіктерін, ғарыштық жаңа зерттеулерді, археологтардың ашылулары, спортшылардың жеңістері, жұмысшылар мен инженерлердің ойлап тапқандары, мәдени және шаруашылық құрылыстардың соңғы жаңалықтарын қамтиды. Осындай қажетті іс-ақпараттар мысалы, радио, теледидар, лекциялар экскурсияны көрнекіліктің жоғары деңгейімен тікелей көп тыңдаушыларымен ерекшелейді.

Экскурсия білімді беріп қана қоймай, сонымен қатар бос уақытты мәдени түрде ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, адамның рухани тұтынушылығы толықтай қанағаттандырылады. Экскурсия жайлы білімнің жүйелі түрде қамтылуы және адамдардың талғамына қарай кең көлемде  тематикалық таңдау мүмкіншілігі экскурсияны қызықты және танымал етеді. Экскурсия әртүрлі оқу түрлерінің арасынан беделді орын алады мейлі ол өнер болсын, тарих, архитектура әлде т.б. болсын. Бағытталған білім формальдылықтары оқу және өндірістік экскурсияларда өтеді.

Мәдени-тәрбиелік функциясы әсіресе мұражайлық экскурсияларда байқалады, ал сауықтыру – қала сыртында өтеді, яғни шомылу, тауға шығу, шаңғымен сырғанау.

Диплом жұмыста Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендері экскурсиялық қарастырылуы жұмыс өзектілігін анықтайды.

Жұмыс мақсаты Алматы қаласының негізгі экскурсиялық нысандарын жан жақты ашып көрсету арқылы қалаға туристік ағымды көбейту.

Міндеттері:

  1. Алматы туристік әлеулетін арттыру;
  2. Тарихи мәдени ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
  3. Жаңа құрылыс кешендерін туристік экскурсиялық нысан ретінде зерттеу;
  4. Алматы қаласының бар туристік ресурстарын қорғау және сақтау

Жұмыста статистикалық, библиографиялық, картографиялық мәліметтер қолданылды.

 

1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

  • Табиғи-географиялық және тарихи алғышарттары.

 

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматы қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан. Аумағы 190 шаршы шақырым. Алматы — Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.

Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі. Желдің орташа жылдық жылдамдығы — 1,2 м/с, ауа температурасы орташа — 9,0 C°, Орташа жылдық ылғалдылық мөлшері — 62 %. Кесте 1 Алматы қаласы климатының жылдық көрсеткіштері көрсетлген. Осыған сәйкес, қала бойынша экскурсияларды жүргізудің ең қолайлы кезеңі тамыз, қыркүйек және қазан айлары деп мәлімдеуіме болады. Бірақ, қала өзінің қолайлы географиялық орны мен климаттық жағдайына байланысты, экскурсияларды жыл бойы өткізіп тұруға болады.

Қаланың айналасы негізінен, таулы, сайлы-жыралы болып келеді. Қала маңындағы биік таулы еңіс (3000-5000м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама бейткейлі. Тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Алматы арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың арналары Қарғалы, Қарасу өзендері ағады. Алматының төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзінде әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі.

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.

Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты. Tау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

 

 

1 кесте

 

Алматы қаласының климат көрсеткіштері (КазГидромет орталығы) []

 

Көрстекіш

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Жыл

Темпера-тураның абсолютті макси-мумы, 0С

18

20

28

33

35

40

42

41

38

31

25

19

42

Орташа максимум, оС

-1

0

7

17

22

27

30

29

24

16

7

1

15

Орташа темпера-тура, оС

-6

-5

2

11

16

21

24

22

17

9

2

-4

9

Орташа минимум, оС

-12

-9

-2

6

11

15

18

16

11

4

-3

-8

4

Абсолютті минимум, оС

-30

-38

-25

-11

-7

2

7

5

-3

-12

-34

-32

-38

Жауын шашын көрсеткіші, мм

37

71

104

107

64

32

26

30

62

55

33

653

 

 

 

Кестеде көрсетілгендей, ең ыстық ай шілде айы, температурасы +42ºС, ал ең суық ай – қаңтар айы. Туристерді қабылдау үшін ең қолайлы айлар мамыр, қыркүйек, қазан айлары. Бұл айларда жауын-шашын мөлшері де басқа айларға қарағанда төмен. Бірақ Медео мен Шымбұлаққа шығу үшін ең қолайлы айлар қаңтар-наурыз айлары болып табылады.

Қаланың даму тарихы ежелден кезеңдерден бастау алады. Бұл қазіргі қалыптасқан экскурсиялық нысандарынан байқай аламыз. Қала дамуы бірнеше тарихи кезеңнен өтті.

1суретте Алматы қаласының экскурсиялық нысандары пайда болу кезеңдері бойынша көрсетілген.

 

 

 

1 сурет. Алматы қаласының археологиялық нысандары бар территориялары [12]

 

Суретте көрсетілгендей Алматы қаласында орналасқан нысандарының көбісі сақ-үйсін дәуіріне және орта ғасырларға жатқызылады. Енді әркезеңге жеке тоқталып, қарастырайық.

Б.з.д. 10 — 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.

Б.з.д. 7 ғ. — б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы — Есік қорғаны, онда «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» — шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болған.

Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған. 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхейде алғаш рет қаланың аты аталынады.

15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай.

1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті.

1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталады.

Верный қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен таспен ауыстырылды.

1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.

1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды.

1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деген жаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін» деген бұйрық шығарды.

1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.

Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді. 1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-шы бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.

Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.

1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды қосылды. 1 мамырда Түрксіб жолы ашылып, Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.

1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.

Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.

1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.

Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.

Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.

Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.

1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.

Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.

1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға алынды.

«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.

Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.

Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Алматы қаласында орналасқан тарихи-мәдени нысандары адамзат дамуының әр кезеңдерінде пайда болды.  

 

1.2 Туристік-рекреациялық ресустары

 

Алматы қаласы тундралардан бастап шөлдерге дейін барлық табиғи зоналарды қамтитын, ең сұлу табиғи ландшафттар қоршауында орналасқан қала. Бірнеше сағат ішінде оңтүстіктен солтүстіктен 100 шақырымды ғана өтіп шыққан адам мұздықтардан бастап шөлдің құмды бархандарын көре алады.

Алматы туралы айтқанда кез келген адамның ойында биік таудағы Медеу мұз айдыны алдымен еске түседі. Шатқалдағы жұмсақ климат, желсіз ауа райы және тап-таза суынан жасалған, мұз Медеуді әлемдегі ең үздік, ал орналасқан жері ең әдемі сырғанақтарың қатарына жатқызады. Мұз айдынының 1972 жылы 1691,2 биіктікте бүкіл әлемге “сырғанау спортының рекордтарының жиынтығы” деп атайды. Медеу шатқалының жақсы климаты, сәулелі радиация деңгейі, атмосфералық қысым, желсіз, таза мұзды өзен барлық әлемнің туристерін қызықтырады.  Қазақстан мәдениеті және тарихи мемлекеттік ескерткіштер тізіміне енгізілді.

Қаланы селден қорғау үшін кіші Алматы аңғарына салынған тас бөгет туристерді қызықтырады. Осы бөгет 1973 жылы қаланы жойқын селден сақтап қалды. 830 басқышпен бөгетшеге көтерілуге болады. Ол жерден Іле Алатауы шыңдарының тамаша көріністері ашылады. Осы жерде күшті коньки тепкіштер жарыстарынан 120 астам рекордтар жасалған. Мұз айдыны қараша айынан наурыз айына дейін жаппай сырғанауға ашық. Мұз айдынының жанында жүзу алабы бар, мейрамханалар мен кафелер жұмыс істейді. Медеу мұз айдынның айдын ауданы 10500 шаршы метр.

Шымбұлақ тау шаңғы курорты (Н-2260) Кіші Алматы шатқалында Іле Алатауында орналасқан. Климаты жұмсақ, күн мөлшері жоғары. Қар тұрақтылығы қараша айынан мамыр айына дейін болады. Тау-шаңғы трассалары кресельді және буксир канаттарымен қызмет көрсетіледі. Олардың көмегімен 25 минут ішінде Талғар асуына (3160 м) жетуге болады. Трассаның жалпы қашықтығы 3000 метр, биіктігі 900 метр.

Шымбұлақта қиындық дәрежесі әр түрлі. Туристер үшін канатты кресельді жолдың төрт кезегі қызмет көрсетеді (сурет 4)

  Бірінші кезегі – «Пересечение» станциясына, биіктігі 2260 метрден 2640 метрге дейін, қашықтығы 1250 метр. Көтерілу уақыты 9 минут.

Екінші кезегі – «Пересечение» станциясынан «20-я опора» станциясмына дейін. Биіктігі 2630 метрден 2920 метр, қашықтығы 948 мет, көтерілу уақыты 7,5 метр.

Үшінші кезегі «20-я опора» станциясынан «Талғар асуы» станцисына дейін. Биіктігі 2920 метрден 3163 метрге дейін, қашықтығы 860 метр. Көтерілу уақыты 8 минут.

Төртінші кезегі «Конус 2» станциясына дейін. Биіктігі 2260 метрден 2785 метрге дейін. Қашықтығы 1730 метр. Көтерілу уақыты 14 минут. 

  Шымбұлақтағы орташа температурасы, жазда +20°C, қыста -7°C. Қар жамылғысының қалыңдығы 1,5-1,8 метр.

Тау шаңғы кезеңі қараша айының ортасында басталып сәуір айына дейін жалғасады.

 «Табаған» тау-щаңғы кешені Алматы облысының Талғар ауданында ұлттық табиғат қорығының маңында орналасқан.  «Табаған» баурайы — сырғанау мен жарыс өткізу үшін таптырмайтын жер. Бұл жер енді бастап келе жатқан және жатыққан тау шаңғышыларына, сондай-ақ сноубордистерге арналған.

Баурайдың әр алуан бедері жаңадан бастап келе жатқандар үшін де, кәсіпқойлар үшін де өте қызықты. Шаңғы трассасының ұзындығы – 37 км. Бұл трассалардың күрделілігі әрқилы. Оларды былайша бөлуге болады:
— Көк трассалар – 9 км.

— Қызыл трассалар – 7 км.

— Қара трассалар – 6 км.

— Тегіс жермен сырғанайтын шаңғыларға арналған трассалар – 15 км.

Алматы қаласынан 7 шақырым жерде Үлкен Алматы шатқалында, Іле Алатауы ұлттық саябағының территориясында Қазақстанда жалғыз «Сұңқар» атты сұңқарлар орталығы орналасқан. Орталық маңында аңшы құстар питомнигі, аңшы құстардың қорегі ретіндегі егеуқұйрықтарды көбейту орталығы – виварий, иттер бөлімі, ат қорасы, қонақ үй кешені, аңшы құстар қатысуымен арнайы көріністер, ат жүру мектебі, сұңқар саятшылық мектебі, орталық бойынша экскурсиялар үнемі түрде қызмет көрсетіп отырады. «Сұңқар» орталығы 1989 жылы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстарды көбейту мен сақтау мақсатында, оларды табиғатқа қайта реинтродукциялау мақстаныда құрылды. Бірінші кезекте, Қазақстан Қызыл кітабына енген балобан сұңқары мен бүркіттер ХХ ғасырдың 80 жылдарында пестицидтерді пайдалану салдарынан 80 пайызға қысқарды, бұл репродуктивті функцияға мен сұңқарларды шетелге заңмен тыйым салынған жолмен әкетуге өз әсерін тигізді. Жабайы құстарды табиғи жолмен орталықта көбейту үшін орталықта халықаралық талаптарға сай 80 вольера құрастырылған. Аналық бөлігінде құстар жұптасып мекен етеді. Құстардың өнімділігін жоғарылату үшін, жұмыртқа салынғаннан кейін жұмыртқалар ұяларынан алынып, олар арнайы инкубаторларда сақталады. Ал құстар, табиғи сезімдеріне сай екінші рет жұмыртқа салады. Инкубаторларда пайда болған балапандар 7-10 күннен кейін өз ұяларына қайтарылады. Құстар балапандарын, адамның көмегінсіз балапандарын қоректердіреді. Кейбір балапандарының бөлігі, ең үздік құстарының балапандары адам қарауында қалады. Бұл құбылыс «импринтинг» деп аталады.  Импринтирленген құстар жасанды көбею үшін пайдалынады. Балобан сұңқарынан басқа да құстар көбейтіледі: сапсан сұңқары, бүркіт, үкі, қарақұс. 2006 жылдан бастап Қазақстанда жалғыз аңшы құстарымен көріністер өткізіліп отырылады. Бұл көріністерде аңшы құстарының 7 түрі қатысады. Бұл құстар арқылы саятшылықтың әр түрлі әдістері көрсетіліп отырылады

 «Сұңқар» сұңқарларды табиғатқа жіберу бойынша республикалық бағдарламаға қатысады. 2007 жылы балобан  сұңқарының 60-ы табиғатқа жіберілді.

 

1.3 Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

 

2003 жылдан бері қала тарихына елдің инновациялық және қаржы орталығы ретінде орын ала бастаған Алматының қарқынды даму кезеңі ретінде кіреді.

2003 жылдан бастап индустриалды-инновациялық даму қалалық стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Ол елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және азық-түлік, фармацевтика, электронды өнеркәсіп, ағаш өңдеу және т.б. салаларда импорт көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.

Көп жағдайда бұл бірнеше кәсіпорындардың іскерлігі арқасында қамтамасыз етілді. Олардың ішінде «Вита» АҚ. Бүгінде оның негізінде аймақаралық соялық кластер қалыптастыру жобасы жүзеге асырылуда; «Интеграцияланған цифрлық спутник желісі» жоғары технологиялық жобасын жүзеге асырушы «Жарық» ЖШС, сонымен қатар, қаланың басқа да өндірістік кәсіпорындары. Олардың барлығы жаңа технологияларды жақсы меңгеруде. Осылайша, отандық өндірушінің қуатын барынша арттыруда.

Инновациялық жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік қаржы институттары белсенді қатысады. Қазіргі таңда 13 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында телепрокат спутниктік жүйесін қалыптастыру, жергілікті портал технологиясын қалыптастыру, түрлі электрондық техниканы экспортқа өндіру, суды тазартудағы жаңа технологияларды дамыту және т.б. жобалар.

Кәсіпкерлікті индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру жұмысына тарту мақсатында қазіргі кезеңгі инфрақұрылым қалыптастыруда. Алматы технопаркінің негізінде құрылыс пен инженерлік коммуникацияны қалпына келтірудің жаңа технологияларын қалыптастыру, дәрі-дәрмек шығару, емдеудің жаңа технологияларын енгізу, экологиялық таза азық-түлік өндіру жобалары жүзеге асырылуда.

Үкімет қолдауымен 2005 жылы Алатау ауылында ақпараттық технологиялар паркі құрыла бастады.

2007 жылға Алматы қаласы өзін Орталық Азия аймағында көптеген көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатардағы ірі мегаполис ретінде нық орнықтырды. Демек, ол мемлекет ауқымында АІӨ (аймақтық ішкі өнім) бесінші бөлігін, бұл ретте қызмет көрсету саласына 85 пайыз тиесілі; салықтық түсімнің бесінші бөлігін, көтерме және даналық операциялардың 50 пайызға жуығын және сыртқы сауда айналымының алтыншы бөлігін, тұрғызылып жатқан тұрғын үйдің 12 пайызын, барлық инвестицияның 14 пайызын, кәсіпкерлік саласымен жүзеге асырылып жатқан тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің 31 пайызын қамтамасыз ететін қаржы, мәдени, туристік, оқу-білім орталығы болып табылады.

Алматы дамыған интеллектуалды-ғылыми базасымен ерекшеленеді. Бұған дәлел, оның аумағындағы 66 Жоғары оқу орны мен 700 ғылыми-зерттеушілік қызметпен айналысатын ұйымдардың болуы.

Мұнда ядролық медицина, қазіргі кезеңгі ғарыштық технологияларды дамыту, қазіргі кезеңгі бағдарламалық қамтамасыз ету, қорды сақтап қалу технологияларын дамыту және т.б. салалар бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Алматының қаржы қоры біршама. Мұнда Қазақстан банктерінің 80 пайызы, Ұлттық Банк, Қазақстан қор биржасы, көптеген сақтандыру клмпаниялары мен зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар орналасқан. Алматының жоғары инвестициялық тартымдылығына FITCH (рейтинг ВВ+ тұрақты) және MOODY’S (рейтингі «Bal positive» -инвестиция алдындағы категория) халықаралық агенттіктерімен берілген рейтингтер дәлел бола алады.

Алматыға еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше ықыласпен қарайды. Бұл жөнінде ол «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазады. Ол екі астанаға келіп-кеткен шетелдіктер «Астананы ұнатасыз ба?» деген сұраққа Иосиф Бродскийдің айтуындай: «Астанадан бұрын мен Алматыны көріп қалдым» деп жауап берер еді.

Бұл кітабында Президент қаланы барлық бақтары, саяжайлары мен парктерімен, Тянь-Шань пирамидасымен, Көк-Төбе шамшырағымен және басқа да «дүние таңғажайыптарымен» қосып ұнататынын атап кетті. Ол Алматыны әлемдегі ең көрікті, күшті қала деп санайтынын баса атап өтті.

Қаржыгерлердің ІV Конгресінде Елбасы Алматыны халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптастыру туралы айтып өткені кездейсоқтық емес.

Бүгінде бұл идея жетік жүзеге асырылып жатыр. 2006 жылдан бастап Алматыда аймақтық қаржы орталығы ресми қызмет жасай бастады.

Елбасы Алматыны қаржы орталығы ретінде дамыту жөнінде бірнеше заңдарға қол қойды. Орталық қатысушыларына салық төлеудің жеңілдіктері орнатылды, салық бақылау тәртібі жеңілдетілді, шетел мамандарының кіруіне квота алынды, визалық тәртіп жеңілдетілді және т.б.

Ағымдағы жылдың басында Алматы қаласында қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттік құрылды. Ол Орталыққа инвесторларды тіркелімге және қатысуға тарту бойынша дайындық жұмыстарын бастады.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай салынып жатқан ААҚО іскерлік кешені ең үздік әлемдік сәулет жобалары бойынша салынған офистерден тұратын болады.

Алматыны халықаралық қаржы орталығы ретінде дамыту қаланың техникалық мәселелерін кешенді шешуді көздейді. Олардың қатарында жер сілкінісі қаупі және тау қарының құлауы, барлық инженерлік коммуникациялардың жарамсыздығы, энергия қуатының жетіспеушілігі, көлік мәселелері және т.б..

Оларды кешенді шешу мақсатында және қаланың қарқынды дамуын қамтамасыз етуде Президент Жарлығымен 2010 жылға дейін Алматы қаласын дамыту Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Оларды жүзеге асыру қайта құрулардың барлық бағыты бойынша оң нәтиже береді.

Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік үй, тұрақты тұрғылықты жері жоқ тұлғалар үшін әлеуметтік бейімделу орталығы, «Мамыр» шағын ауданындағы 1993 жылдан бері құрылысы тоқтатылған 350 орындық еңбек ардагерлері мен қарт азаматтар үйі іске қосылды.

2005-2006 жылдардағы Алматы қаласының дамуындағы негізгі ерекшеліктердің бірі — Алматы қаласында тіршілік етуде қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар жүйесінің жүзеге асырылуы.

2005 жылға дейінгі қаланың Бас жоспары жарамсыз екені айқындалды. Себебі, онда қала құрылысының жаңа технологиялары мен қала аумағының қарқынды өсуі ескерілмеген. Нәтижесінде бұл дамуында артта қалып қойған аудандардың қалыптасуына әкеліп соғып, көптеген мәселелердің пайда болуына септігін тигізді.

2005 жылы қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес біріңғай қалалық мегаорталық артта қалады. Жаңа құрылыс саясаты қаланың іскерлік белсенділігін арттыру нүктесі ретіндегі жеке іскер орталықтарын қалыптастыруды көздейді.

Бас жоспарда бұрынғы орталық ерекшелігін сақтап қалу, қаланың барлық аудандарында жайлы тұрғын үй салу, ескі ауылдар орнында қазіргі кезеңгі тұрғын үй – мәдени орталықтар тұрғызу, көлік инфрақұрылымы мен санитарлық-қорғау белбеулерін кешенді дамыту көзделген.

Бас жоспар аясында аймақтық инвестициялық карта әзірленген. Оның көмегімен осы тұжырымдаманы жүзеге асыру қала құрылысында барлық жұмысты жүйелендіруге және осы мақсаттарға жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай қала құрылысы саясатын жүргізу үшін Қала құрылысы Кеңесі құрылып, жұмысын іске асыруда.

2006 жылдың аяғында негізгі капиталға келіп түскен инвестиция көлемі 390 млрд. теңге болады деп күтілуде. 2001 жылға шаққанда бұл көрсеткіш 2,6 есе артық. Қаржыландырудың барлық көздері арқасында 670 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл 2001 жылға шаққанда 3 есе артық.

Қалада тіршілік ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қаржы ресурстарымен қуатталған қалалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде Алматы қаласы әкімінің 15 бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аулалар, мектеп және бала бақшалар аумағын көріктендіру бойынша, энергокешенді дамыту бойынша, қаладағы көлік қысымын азайту, парктер мен саяжайларды көгалдандыру, арық желілері мен фонтандарды қалпына келтіру, қаланы қатты тұрмыстық қоқыстан тазарту, өзен аңғарларын қалпына келтіру бойынша міндеттер қойылған.

Осы бағдарламаларды жүзеге асырумен қатар жұпар иісті парктер, саяжайлар және басқа да адамзат жаратуын өзінен кейін қалдыруды парыз етіп санаған ата-бабаларымыздың дәстүрі қайта жаңғыра бастады.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру туралы жоба Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келді. Аталған жоба жайында Елбасы алғашқы рет 1995 жылы өткен Қазақстандық банктер ассоцияциясының кездесуі мен 2004 жылдың қараша айындағы Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі барысында жариялады.

Жобаны жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға тікелей ат салысқан «Boston Consulting Group» компаниясы тартылды.

Компанияның негізгі міндеті Қазақстан қаржы нарығын дамытудағы артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтау, Алматы қаласында құрылған өңірлік қаржы орталығының құқықтық, инфрақұрылымдық, басқарушылық позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Қазақстан Республикасында қаржы секторын дамыту жөніндегі тапсырма Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы» атты жолдауында анықталды.

Қаламыздың « Таугүл-3 », « Шаңырақ-1 » шағын аудандарындағы 1000 орындық мектептердің құрлысы және № 4 мектептің қосымша құрлысы аяқталды. « Құлагер », « Мамыр » шағын аудандарындағы мектептердің және 350 орындық көпбейінді аурухананың құрлыс жұмыстары басталды.

Қала бағдарламасын жүзеге асыру үшін өткен жылы жеткілікті мөлшерде қаржы бөлінді, ол қала халқының жәйлі тұрмысын қамтамасыз етуге тиісті шаралар: аулаларды көріктендіру,көшелерді жарықпен қамтамасыз ету, арықтар мен фонтандарды қайта қалпына келтіру,бақтар мен гүл алаңдарын көркейтіп гүлдендіру, қаланың санитарлық тазалығын сақтау,тұрғын үй мен жол құрлыстарын жүргізу, және энергетикалық кешендерді дамыту жүзеге асты. Осы бағдарламаларды іске асыру үшін 24 млрд. теңге, оның ішінде аулаларды көріктендіруге 2,8 млрд. тенге бөлініп 1242 аула жарақтандырылды.Нөсер жауынға арналған канализацияны қайта қалпына келтіру жүзеге асырылды, арық желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл мақсаттарға 89,6 млн. теңге жұмсалды.

Қала көшелерінде көлік кедергілерін азайту бағдарламасына 18,6 млрд. теңге бағытталса, осының есебінен үш жолайырығының құрлысы аяқталды, 212 шақырым жол жөндеуден өтсе, 10,3 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, жекеше құрлыс аудандарына 18 шақырым жол салынды.

 «Қаланың транспорт басымдығын азайту» қалалық бағдарламасын орындауға 58,3 млрд. теңге бөлінген. Осы қаражаттар есебіне сегіз жол айырығының құрылысы жүзеге асырылды, 200,27 км. жол қаптамасына орташа жөндеу жүргізілді, 10,8 км. жолға күрделі жөндеу жұмыстары, жеке тұрғын үйлер салу аудандарындағы 6,6 км жол құрылысы жүргізілді, ЖЖБАЖ жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге қызмет көрсету бойынша 199,5 млн. теңге сомасына, қалалық көлік жобасының қарызы бойынша сыйақылар төлеуге шығыстар жүргізілді.

2007 жыл ішінде жалпы сомасы 124 млрд. 044 млн. теңгеге 2575 конкурс өткізілген, оның ішінде:

— жалпы сомасы 89 млрд. 979 млн теңгеге 608 ашық конкурс өткізілді, ашық конкурстардан түскен үнемдеулер 116 млн. теңгені құрады.

— 30 млрд. 624 млн. теңге сомасына бір көзден алу әдісімен 388 конкурс өткізілді, өткізілген көнкурстардың үнемдеуі 8 млн. теңгені құрады.

— 3 млрд. 441 млн. теңге сомасына баға ұсыныстары бойынша 1579 конкурс өткізілді, өткізілген көнкурстардың үнемдеуі 2 млн. теңгені құрады.

— Алматы қаласы бюджетінің 2008 жылғы 1 жартыжылдықтағы орындалуы туралы

2008 жылғы 1 жартыжылдықтағы кіріс көздерінің түсімдері 90 млрд. 588 млн. теңгені құрады, жоспармен 89 млрд. 987 млн. теңге немесе 100,7 %, жоспардан асыра 601 млн. теңге түсті. Түсімдер жылдық жоспарға 51,3 % құрады. Одан басқа, республикалық бюджеттен 35 млрд. 841,3 млн. теңге сомасында трансферттер және республикалық бюджеттің несиелерінен 466 млн. теңге сомасы түсті .

Кіріс көздерінің жергілікті бюджетке жинақталуы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 млрд. 312 млн. теңгеге өсті.

Кіріс көздерінің құрылымы аралығында орындалулар мынадай:

— салықтық түсімдер бойынша, олар кіріс көздері көлемінің 92,2 % алып тұр, түсімдер 83 млрд. 517 млн. теңгені құрайды, немесе 102,1%, қосымша 1 млрд. 750 млн. теңге салықтар мен алымдар түсті;

— салықтық емес түсімдер – 944 млн. теңге, 1 млрд.168 млн. теңге жоспарымен немесе 80,8 %, 225 млн. теңге түспей қалды. ;

— негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер (жер телімдерін сатудан және Мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша азаматтарға пәтерлер сатудан) 6 млрд. 062 млн. теңге түсті немесе 91,4 %, бюджетке 569 млн. теңге түспей қалды.

Шығыстар бойынша 2008 жылға арналған нақтыланған бюджет 238 млрд. 195 млн. теңгені құрайды. Шығыстар бойынша атқарулар 2008 жылдың 1 шілдесінде 125 млрд. 3 млн. теңгені құрады, нақтыланған жоспармен 128 млрд. 833 млн. теңге немесе игерілмегені 3 млрд. 830 млн. теңге(97 %), олардан республикалық бюджеттен трансферттер 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жоспармен 35 млрд. 896 млн. теңге, 33 млрд. 438 млн. теңге сомасында атқарылды немесе игерілмегені 2 млрд. 458 млн.теңге (93,2%), жергілікті бюджет шығыстары 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жоспармен 92 млрд. 937 млн. теңге, 91 млрд. 565 млн. теңге сомасында орындалды немесе игерілмегені 1 млрд. 372 млн. теңге (98,5%).

 

 

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ.

 

2.1 Алматы экскурсиялық нысандарына шолу жасау

 

Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала. Қаланың әрбір көшесі, әрбір үйі белгілі бір тарихи оқиғаның күәгері деп айтуға болады.  

ХХ ғасырда қала көп қабатты қалаға айналады. Өзінің архитектуралық пен көркем сипатымен ерекше ғимараттар мен құрылыстар тарихымыздың күәгерлері болып табылады. ХХ ғасырдың ортасында қалада көптеген жаңа ірі градоқұрылыс кешендері пайда болады.  

Алматы қаласының ескі орталығы 1930-1970 жылдары шығыстан (Фрунзе ауданы) батысқа қарай, қазіргі Алматы ауданына қарай жылжыды. Желтоқсан, Қабанбай батыр, және Қонаев көшелерінің шектерінде орналасқан аудан сол уақытта «Алтын бұрыш» деп аталды. Жаңа ерекше градоқұрылыс кешендері сол ауданда салына бастады. Мысалы, Достық даңғылы бойында орналасқан құрылыстар. Достық даңғылы 1919 ж дейін Колпаковский аталып, кейін Ленин аты беріліп енді, қазіргі кезеңде Достық даңғылы деп аталып келеді. 8 км-ге созылған даңғыл қаланың солтүстік бөлігіндегі «Алматы» сауда үйінен басталады. Кіші Алматы өзеніне қатарлас және осы өзеннің қиылысқан жерінде – санаторийлер мен демалыс үйлері орналасқан аймақпен аяқталады. Көше XIXғ-ң 70 жылдарында қалыптасты. Достық даңғылы және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысының оң жағына қарасақ «Үш батыр» деп аталатын бір фундаменттен шыққан 12 қабатты үш тұрғын үй кешенін көреміз. Ғимараттың цоколды қабатында «Искра» кинотеатры орналасқан. 1973ж ашылған. Кең экранды фильмдерді көрсетуге арналған, әр залы 250 орынды. Бастапқыда ашылғанда «Қазақфильм балаларға» деген дивизбен Қазақстан мультипликаторларымен және өнер қайраткерлерімен кездесулер дәстүрге айналған болатын. Кинотеатр үстінде Марғұлан Ә. Атындағы Археологиялық мұражай орналасқан. 1973ж 30 тамызда құрылған, экспозицияда Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының аса көне заманнан орта ғасырларға дейінгі дамуы көрсетілген. Мұражайдың төрт бөлімінде тарихи материалдар әртүрлі аймақтар бойынша және хронологиялық кезеңдерге сәйкес жүйеленген. Бірінші бөлім тас дәуірінің ескерткіштеріне, Беғазы-Дәндібай мәдениетіне ескерткіштеріне арналған жеке бөлім. Екінші бөлімінде қыштан өрнектеліп жасалған заттар, садық жебесі мен найзаның қоладан соғылған ұшы бар. Үшінші бөлім б.з.б. VIII ғ — б.з. V ғ дейінгі кезеңді қамтиды. Төртінші бөліміне орта ғасырлар ескерткіштері қойылған. Үш батыр ғимаратының алдында 1996ж Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО шешімімен әлем деңгейде атап өту қарсаңында орнатылған ескерткі көреміз. Мүсінші — Әбішев Б., сәулетшілер Баймағамбетов С., Фазылов С., Ералиев Т. Мүсін қоладан құйылған. Биіктігі 3м, тұғырының биіктігі 1 м. Ескерткіш мөлдір бұлақ жағасында отырған ақынның әлеммен біртұтастығын бейнелейді. Жамбыл – қазақ халқының ұлы ақыны, Сүйімбайды ұстаз тұтады. Ел аралап, қазақ, қырғыз ақындарымен айтысқа түседі. 1881 ж атақты Құлмамбетті жеңгеннен кейін ел ішіне атағы тарайды. Барша әлемге әйгілі ақын, жыршы, жырау болып қалыптасқан. Ұлы Отан соғысы кезінде бүкіл Кеңес Одағына Жамбылдан дәрежесі мәртебесі биік ақын болған жоқ. Ақын жырлары жайындағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрайды.

Достық даңғылы бойында осы кешеннің жоғарғы жағында 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі орналасқан. Бидайдық сабағы тәріздес салынған ғимарат 1954ж тың игеруді білдіреді. «Қазақстан» қонақ үйі 1978ж архитектуралық ансамбльдер шоғырланған Абай және Достық даңғылдарының түйіскен жерінен бой көтерді. Биіктігі 107м 25 қабат, мейрамхана, 472 қонақ бөлмесі (942орын) бар. 1 қабатында қызмет бөлімшелері, мейманхана қызметкерлеріне арналған асхана, тұрмыс қызмет көрсету бөлмелері, 2 қабатта почта, телеграф, жинақ кассасы, ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін «Космос» кафесі орналасқан. Қонақ үй –жер сілкінісі айқын байқалатын жерде салынған. Оның инженерлік құрылысы сәтті ойластырылған. Эллипске ұқсаған тұтас темір-бетінды мұнара ғимарат өзегін құрайды. Оған бөлме ұяларының монолитті диафрагмалары орнатылған. Терең көмілген іргетас (10м) ғимараттың жер сілкініске төзімді болуын қамтамасыз етеді. Ғимаратты сәулеттеу ісінде ұлутас, мәрмәр гранит, коврал материалдары қолданылды.

Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап «Алма-Ата» құрылысшылары архитектуралы-композициялы талаптарға және халық үшін жайлы жағдайларға жауап беретін жоғары қабатты әкімшілік-және тұрғын үй кешендерін сала бастады. Бұл уақытта идеологтар сол кездегі Ленин және Абай қиылысынан бастап мемориалды құрылысты бастауға ұсынды. Бұл жердің үлкен мәні болды. Екі «Ұлы аттың» кездесуі, орман мен даланы бейнелейтін орын, Қазақстанның Ресейге қосылу белгісі, екі коммунист табы. Осындай ойды іске асыру үшін мерейлік күндер, жобаны тапсыру, шаралар күнтізбесі құрастырылды. Ленин сарайы (қазіргі Республика сарайы) «Алтын киіз үй», салынуы, Абай алаңы, Абай ескерткішінің тұрғызылуы- басты қала құрылысның нүктесінің бастамасы еді.

Достық даңғылынан Абай даңғылына бұрылғанда да ғылыми-зерттеу тақырып жалғасады. Абай даңғылы 1960 ж дейін «бас арық» деп аталып келетін. Оның да өзіндік мәнісі бар. Бүгіндері Абай даңғылының бас жағында өзеннен арық ағып өтетін.  Даңғылдың сол жағына қарасақ Қазақ менеджмент экономика және бизнес институтын көреміз. Қазіргі кезде сабақтар шетел тілінде жүргізіледі. Бұл оқу орнында Жалпы Қазақстан Республикасында ең алғаш магистратура ашылды.

Райымбек даңғыл бойындағы Райымбек кесененің орны туралы мынадай аңыз қалған: «Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан қорғаған 80 жасқа келген Райымбек батыр өлер алдында соңғы білдірген тілегі: «денемді ақ түйеге мінгізіп, түйені бос жіберіңдер. Ақ түйе тоқтаған жерге денемді жерлеңдер, сол жерде үлкен шаһар тұрғызылады» деген екен. Бұл сөздер орындалды. Тастан тұрғызылған ақ түйе Райымбек даңғылдың бойыңа ұзақ жолға қарап отыр. Бұл кесене 1994 ж қыркүйек айында Баттаханов З.Б. фондының көмегімен салынды. Райымбек батыр қолбасшылығы астында бабаларымыз жоңғарларға тойтарыс берген. Ерлігі дастан болып, өмірі аңызға айналған Райымбек батыр тірісінде- ақ  Әулие деп аталған.

2006 жылдың тамыз айында Райымбек батырдың туғанына 300 жылдығын атап, той өткізілді. 1990 ж бастап  Ташкент көшесі Райымбек даңғылы деп өзгертілді. Ташкент деген ат 1967 беріліп, оған дейін Октябрьдің 50 жылдығы аталып келген. Даңғыл Жетісу ауданында орналасқан. Кіші Алматы өзенінен басталып Есентай көпіріне дейін 4650 м созылған. Даңғыл қаланың батысын мен шығысын қосатын ірі магистраль жолы. Қазір біз Пушкин көшесіне бұрылып барамыз. Бұл қаланың ең белсенді көшелерінің бірі. Мұнда «Саяхат» автовокзалы, Мешіт, Орталық көк базар, 28 Панфиловшылар саябағы орналасқан. «Саяхат» автовокзалы 1967 ж ашылған. Алматы облысында орналасқан қалалар арасында көліктік байланыс жүреді.

Пушкин көшесінде Орталық Азиядағы ірі Мешіттердің бірі орналасқан. Алматының 1998 ж дейінгі Орталық мешіттің ғимаратын XIX ғ 1890 жылы аты беймәлім бір азамат өз қаражатына салдырған. Кейін оның жаңынан, қазір алдарымызда тұрған,  жаңа үлгідегі зәулім мешіт ғимараты бой көтерді. Мешіттің жаңа ғимараты 1999 ж 5 шілдеде сәулелендірілді. Бұл мешіт порталды- күмбезді әрі мұнаралы құрылыс үлгісіне жатады. Алдыңғы жағы әсем безендірілген аркалы портал, төрт бұрышында төрт мұнара, қырлы және дөңгелек қос барабан үстінен шығырылған көгілдір түсті үлкен күмбез және порталдың оң жағынан азан шақыратын дербес биік мұнарасы бар. Мешіт ғимаратының қасбеті, күмбездің дөңгелек барабан белдеуі, ішкі көріністері ұлттық ою-өрнектермен және арабша жазу — нақыштармен безендірілген. Мешіт мәрмәрдан салынған. Күмбезінің диаметрі 20 метр, ұзындығы 36 метр. Ал 47 метр биіктіктегі минареттер азаңға шақыратын имам дауысы алыстан естіледі.

  Орталық Мешіттен жоғарғы жағында Орталық көк базар орналасқан. Алматы қаласының тарихы осы ауданнан басталады. 1875ж керек емес бекініс орнында кең «Қонақ жайы» тұрғызылды. Сонымен қатар осы жерде сол кездегі ген.-губернатор үйі де тұрғызылды. Бұл қаланың орталық әкімшілік ауданы болатын. 1937 ж Көк базардың орнында Цирк салынды. Осы күнгі «Саяхат» автобекеті мен Көк базардың аралығы мал базары мен құс базарына айналды. Бұрын Көк базар қазіргі Фурманов пен Мәметова көшелерінің маңында орналасқан еді. Бұл қаланың ең алғашқы ауданы. Бас магистарль жолдары да осы ауданнан басталатын еді. көк базардан жоғарғы жағында «28 Гвардейешілер-Панфиловшылар саябағы» орналасқан.

XIX ғасырдың 70 жылдарында станциялық молалары орында біздің қазіргі «28 гвардияшы-панфиловшылар» саябағы құрылды. Кейін бұл саябақ шіркеуге қосылып «Қалалық бағы» деп атала бастады. Саябақ аты заман талабына сай бірнеше рет өзгерді. 1899 жылы Пушкин А.С. туғанына 100 жылдық мерейтой байланысты «Пушкин бағы», 1919 жылы «Еркіндік үшін қаза болғандар саябағы», 1927 жылы «Федерация саябағы», ал 1942 жылдан бастап «28 Гвардейец-Панфиловшылар саябағы» деп атала бастады.

Ұлы Отан Соғысының алғашқы жылында Мәскеу түбіндегі шайқаста қаза болған батырлар құрметіне аталған бұл саябақты тұтасатай қиып өтетін «Құрмет аллеясында» 28 Қаһарман аты қашалған тас бағаналары орнатылған.

Елдің тәуелсіздігі үшін мерт болған жауынгерлер туралы мәңгі ес белгісі ретінде 1975 жылы Даңқ мемориалы орнатылған. Мемориалдың ашылу салтанатына КПСС ОК Саяси бюросының мүшесі Қазақ КСР КМ ОК 1 хатшысы Қонаев Д.А., Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қала жұртшылығының өкілдері қатысты. Кремль фонында жауға қарсы шайқасқан жауынгерлер бейнеленген мүсіндік композиция мемориал төріне орнаған, гранит тұғырына саяси жетекші Клочков В.Г.: «Ресей кең байтақ, бірақ шегінуге жер жоқ, артымызда, Москва!» деген сөзі жазылған. Мүсіндік композиция алдындағы алаңға мәңгілік шырақ қойылып, оның екі ұзыннан-ұзақ тартылған гранит қорған – қабырғамен қоршалған. Қорған – қабырғада «Отанымыздың бостандығы үшін шайқаста ерлікпен қаза болғандардың даңқы мәңгі арта берсін!» деген жазу, ал қос босағасында қуанышты бейнелеп, «Даңқ кернейшісі» және қасіретті бейнелеп, жолдастарының аттарын жетектеп тұрған «Ант» деп аталатын мүсіндік топтамасын көреміз. Мемориалға кіре берісте Ұлы Отан соғысында туысқан халықтардың қаны төгілген қаһарман қалалардың (Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск, Волгоград, Одесса, Севастополь, Новороссийск, Брест қамалы, Тула) қасиетті топырағы сақтаулы сандықтар қойылған.

Саябақтың ерекше объектілердің бірі — Киелі Вознесенский Шіркеуі (Соборы). Бұл құрылыс 1904-1907 жылдары ешбір шеге пайдаланылмай салынды. Бұл жобаның авторы Зенков сейсмикалық белсенділік ауданында ғимарат салудың жаңа әдісін тапты. Соған байланысты 1911 жылғы 10 балдық жер сілкінісінен кейін Шіркеу құрылысы шыдап, төбесіндегі крест қана майысты. Кеңес өкіметі кезінде ғимарат өлкетану мұражайы ретінде пайдаланылды., 1995 жылдың мамыр айында қайтадан православ шіркеуіне беріліп, 2 жылдық жаңарту жылдарынан кейін қажылық ету басталды.

Cаябақ батысына қарай «Арасан» монша кешені орналасқан. Су-сауықтыру кешені «Ыстық бұлақ» деген мағынаны береді. 1982 жылы шығыс сарайы тәрізді салынған. Ұлттық дәстүрмен безендірілген алты күмбезді, 12 павильон ішінде шығыс, орыс, фин моншалары, емдік су, душ павильоны, балалар бөлмесі, бірнеше адамға арналған сауна, бассейн, душ бар люкс-нөмерлері орналасқан. Сондай-ақ мұнда кафе, буфеттер, шайханалар да бар. Архитекторлары Хван В., Оспанов М. Және конструкторлары Чечелов В., Түлебаев К. бұл кешенді шеңбер және төртбұрыш геометриясын көрсеткен. Бұның да өзінің белгісі бар. Төртбұрыш тұрақтылықты, өзгертпеушілікті бейнелесе, шеңбер жер мутациясын білдіреді. Ал осы екі белгінің тұтастығына келетін болсақ, бірге- тазартуды, жаңа өмірлік күшке ие болуды бейнелейді.

Орталық Ұлттық кітапхана да Абай даңғылы бойында орналасқан. Кітапхананің кітап фондысы – 1931ж 64 мың басылым бірлікті құрап, қазіргі кезде 5 млн жетті, оның ішінде 200 мыңнан астам шетел тілінде. Кітапханада 1500 адамды сыйдыратын 20 оқу залы бар. Оқырмандар үшін жыл сайын 30 астам жаппай қоғамдық шаралар өткізіледі. Кітапхананың қарама-қарсы жағында Лермонтов атындағы орыс драма театры орналасқан. Республикалық орыс академиялық театр Алматы қаласында 1933 ж негізі қаланды, дегенмен алғашқы маусымдылығын Семей қаласында ойнады. Себебі, театрға арналған ғимарат салынып бітпеген еді. 1934 ж  Алматы қаласында Наурызбай батыр көшесінде үй Афиногенов Н.А. «Қорқыныш» қойылымымен ашылды. 1938 ж  дейін Алматы мемлекеттік орыс драма театры, 1964 ж Лермонтов М.Ю. туғанына 150 жылдығына байланысты Лермонтов М.Ю. аты берілді. 1941 ж  театр уақытша Шымкент қаласына ауысып, 1943 ж  қайта Алматыға келді. Қазіргі кезеңде театр жанында «Тенгри» көрмесі қызмет атқарады.

Даңғылдың сол жағында Наурызбай батыр көшесінің қиылысында Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті орналасқан. Бұл университет 1929 ж ашылған Зоовет институты және 1930 ж ашылған Ауыл шаруашылық институттарын біріктіреді. Қазақстан республикасында ашылған ең тұңғыш жоғары оқу орны. Даңғылдың оң жағында Медицина иститутын, ал оған қарама- қарсы жағында ауа райын барлау «Қазгидромет» мекемесі орналасқан. Медицина институтының ректорының қызметі ҚР бас хирург маман Алиев М.А. атқарады. Институтқа 2005 ж университет статусы берілді.

Абай даңғылы бойында орналасқан келесі экскурсиялық нысандар спорт тақырыбына байланысты. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы 1967 ж ашылған. Аумағы 68х33м 4 трибуналы, 6 мың орынға арналған бас залы бар. Сондай-ақ кешенге жасанды мұз айдыны жасауға арналған машина бөлімі, медициналық және әдістемелік кабинеттері бар. Сарайдың қарама-қарсы жағында спорт және туризм академиясы орналасқан.

Спорт сарайының қасында Орталық стадионды көре аламыз. Стадион 1955-2967 жж аралығында 22 га жерге тұрғызылған. Стадион орнында өткен ғасырдың 20 жылдарында Верный аэродромы жұмыс істеген, 1919ж бастап бұл жерге ұшақтар қона бастады, ал қазіргі кезде бұл стадион орны. Мұнда үлкен және кіші спорт ареналары, жеңіл атлетика манеждері бар. Үлкен спорт аренасы 1955-58 жж салынды (арх.Капанов А.К., Коссов А.Я.). Мұнда футбол алаңы (104х69 м), 8 жүгіру жолы (100 және 400 м арналған), жеңіл атлетика секіру және саймндарды лақтыруға арналған секторлар бар. Трибуналары 30 мың адамға арналған. Олардың астында спорт ойындары, күрес, бокс залдары, дәрігер, нұсқаушы бөлмелері, 200 орынды қонақ үй орналасқан. Кіші алаңға 5 мың орынды стадион, садақ ату, теннис, қол добын лақтыру алаңдары кіреді. Қыс кезінде мұз айдыны құйылады.

Әуезов М.О. атындағы қазақ ұлттық драма театры да Абай даңғылы бойында орналасқан. Бұл театр 1925 ж Қызылорда қаласында құрылды. 1926 ж Әуезовтің «Еңлік – Кебек» қойылымның бір бөлімшесімен ашылды. 1928 ж театр Алматыға көшірілді, 1937 ж бастап академиялық аты берілді, ал 1961 ж Әуезов М.О. аты берілді. Алғашқы кезде театр қазіргі Қонаев пен Қазыбек би деп аталатын көшелер қиылысында орналасқан «Орион» клубының ғимаратында қызмет етті. (1928-1942 жж), 1941-1963 жж Лермонтов атындағы орыс драма театры ғимаратында, 1963 ж Абылай хан даңғылында, қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының ғимаратында орналасқан, ал 1981 ж бастап қазіргі алдарымызда тұрған жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа ғимаратты архитекторлары — Баймурзаев О.Ж., Қайнарбаев А.С., Жақсылықов М.Ф.  классикалық үлгіде жасады. Қазіргі кезеңде мұнда 2 көрермен залы, үлкені 1000 орынды, эксперименталды – 250 орынды, әкімшілік — өндірістік және әртістер бөлмелері бар. Сахнаның қозғалыс жүйесі де бар. 1980 ж  театр алдына Әуезов М.О. ескерткіші қойылды. Мүсінші Сесебаев Е.М.

Тимирязев көшесімен Алматы ботаникалық бағына шығуға болады. Тимирязев көшесі Республика алаңы мен Желтоқсан көшелері түйіскен жерден басталып, шығыстан батысқа қарай Жандосов көшесіне шығады. 20 ғасырдың 60-70 жылдарында Көктем ықшам ауданы интенсивті салына бастаған кезде Тимирязев көшесі да қалыптасты. Көше табиғат зерттеушісі-дарвинист ғалым Климент Тимирязев құрметіне аталды. Енді ботаникалық бақ алдына келіп тоқтаймыз. Ботаникалық бақ ҚР ҒА басты бағы. 1932 жылы іргесі қаланған. 1967 жылы бұл баққа ғылыми зертеу мекемесі статусы берілді. Алматы қаласының оңтүстік жағында теңіз деңгейінен 856-906 метр биіктікте орналасқан. 108 га жерді алып жатыр. Экспозициялары (Қазақстан, Ресей, Қырым, Кавказ, Солтүстік Америка, Шығыс Азия) ботаника-географиялық принцип бойынша орналасқан, ал өсімдік орналасуы-саябақ ландшафтысы бойынша. Коллекция бойынша 7 мың өсімдік түрі, оның ішінде Қазақстанның 375 түрі бар. Ботаникалық бақ флора және экология, ағаш, декоративті – гүлді, тропикалық, тағамдық, емдік өсімдіктер бөлімдері, интродуценттерді қорғау және көбейту, өсімдіктердің физиологиясы және биологиясы зертханалары бар. Ботаникалық бақ ҚР 5 ботаникалық бақ қызметін біріктіреді (Қарағанды, Жезқазған, Алтай, Іле, Маңғышлақ). 1948 ж ылдан бері «ҚР ҒА ботаникалық бақ еңбектері» басылымға шығады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Темирязев көшесі бойында орналасқан. Бұл университет кешені батысында Есентай өзені және ҚР ҒА ботаникалық бағы, солтүстікте Тимирязев көшесі мен оңтүстігінде әл-Фараби даңғылы арасында орналасқан. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті республикамыздың ғылыми және педагогикалық мамандар даярлайтын жоғарғы оқу орны. Жер көлемі 90га. Университет тарихы 1934 жылдан басталады. Алғашқы құрылған кезде, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ретінде ашылды. 1991ж әл-Фараби есімі берілді. 1993 ж 9 қаңтардан бастап өзін-өзі басқаратын автономиялы мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесіне ие болды.  Университет кешені күндізгі оқу бөліміндегі 10 мың студентті оқытады. Университтің студенттер қалашығы 10 оқу корпусы, 17 жатақхана, құрылым жүйесінде  104 кафедра, 14 факультет, еншілес кәсіпорын тұрғысында 7 ғылыми-зерттеу институты бар. 70 тарта мамандық бойынша, 30 жуық докторлық және диссертациялық кеңес жұмыс істейді, әлемнің 165 университетінің көрнекті ғалымдарымен, мамандарымен бірлесе отырып ғылыми зерттеулер жүргізеді. Қазіргі алдымызда тұрған ҚазҰУ қалашығының құрылысын бастаған 1970-1986 жж университет ректоры қызметін атқарған Жолдасбеков А.Ө. Кешен құрылысы 1971 жылы басталды. Кешеннің солтүстік жағында Тимирязев көшесіне қарап тұрған ғимарат Жолдасбеков А.Ө. атындағы студенттер сарайы. Сарайдың салтанатты ашылуы 1998 ж болды, ал 2001ж Жолдасбеков А.Ө. есімі берілді. 2006 жылдан бері қалашықта жаңа ғимараттар құрылысы басталды. Салынып бітейін деп тұрған ғимарат университет орталық кітапханасы, ал салынып жатқан екінші ғимарат- қосымша оқу корпусы.

Тимирязев көшесінен Желтоқсан көшесімен Республика алаңына түсуге болады. Желтоқсан көшесі бойында «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші орналасқан. Желтоқсан көшесі мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында орналасқан 1986 ж желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі 2006ж 16 желтоқсанда өтті. Рәсімге Елбасы Назарбаев Н.Ә. қатысты. Ескерткіш «Қазақстан Республикасы бірінші президентінің қорынан» бөлінген қаржыға салынды. Тәуелсіздік таңы ескерткішінің ашылуы -Алматы қаласы Әкімінің қауылысымен бекітілген Желтоқсан оқиғасын еске алуға арналған бірнеше іс-шаралар циклінің бастамасы. Елбасы атап көрсеткендей: «Қазақстан тарихында драмалық және рухты асқақтататын сәттер, сағаттар, күндер аз болған жоқ. Ұлтымыздың тарихындағы осындай драмалық және рухты асқақтататын сәттердің бірі – 1986 жылдың 3 түні мен 3 күні». Демек, бұл оқиғаның ел тарихындағы маңызы зор. «Тәуелсіздік таңы» ескертішін салатын жер ретінде Сәтпаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысы да жайдан-жай таңдалған жоқ. Атаулы оқиға кезінде көшеге шыққан халық қазіргі Желтоқсан (бұрынғы Мир) көшелерінің бойымен наразылық акцияларына қатысу үшін алаңға қарай жылжыған болатын. Бұл оқиғаға түрткі болған себеп сол кездегі Қазақ КСР компартиясының бірінші хатшы қызметін атқарған Қонаев Д.А. орнына орыстың Колбин тағайындалды. Бұл ұлтжандылық санасезімінің оянуына әкелді. Шеруге шыққандар қазақ жастары еді. Қызыл әскерлер оларды қысқы күнде аяусыз соғып, қыздарды шаштарынан қармен сүйретіп, малды сияқты машиналарға жүктеп, қала шетіне шығарып итке талатып, киімін шешіп жерге тастаған.

Қазақ халқы айтулы оқиғаны ел ісінде қалдыру мақсатында тағы да бір елеулі қадам жасады. Желтоқсан ескерткішінің авторы – белгілі сәулетші әрі дизайнер Сүлейменов Т. cәулетті ескерткіш арқылы тарихи тақырыптың идеялық – мағыналық және образдық – көркемдік мызмұны кеңінен ашылып та тұр. Аса биік сәулет өнерінің композициясы үш бөліктен тұрады. Күрделі формалы екі пилон жұртшылық назарын бірден-ақ өзіне тартады. Ол өткен мен болашақтың шиеленісін, халықтың ұлттық санасының оянуы мен бұрынғы идеологиялық канондарының күйреуін, ел еркіндігі мен егемендігінің салтанат құруын бейнелейді. Бұл ретте әрбір пилонның түсіннің өзіндік мәні зор. Қызыл пилон (қызыл гранит) – жалынды, құрбандыққа баруды, алға ұмтылуды, төгілген қанды, ақ пилон (ақ гранит) ойдың тазалығын, жастық жігерді, үмітті бейнелейді. Ескерткіштің әсері мен мазмұнын арттыру үшін композициясына алға ұмтылған әйел мүсіні қосылған. Оң қолында желмен желбіреп тұрған орамал ұстап тұр. Ал сол қолында – ұшуға қомданған құс бар. Бұл да самғаудың және еркіндікке ұмтылудың символы. Оң өзгерістерге, жаңа өмірге талпыныстың ишарасы. Композицияның үшінші бөлігі – көркем рельефті панно. Бұл авторлардың ескерткіштің басты кейіпкері халық болуы тиіс деген тұжырымына орай жасалған.

 «Трибунаға» Республика алаңының бас нысаны ретінде қарастыруға болады. Республика алаңын халық арасында «Жаңа алаң» деп те атайды. Бұл қаладағы ең ірі алаң. Ұзындығы 580 м, ені 210 м. 1982 жылы КСРО мемлекеттік сыйлық иегері. Бұл мерекелік салтанатты шерулер және халық жаппай қыдырулар өткізілетін орын. Алаң безендіру бастамасы 1980 ж басталды. Ашық кеңістік, қазақ далалары сияқты ұшы-қиыры жоқ, таулар тәрізді ғимараттармен көмкерілген. Алаңның оңтүстік жағында қалалық әкімшілік орналасқан. Әкімшілік 14 м биіктікте орналасқан. Екі жақтан фонтандармен, скверлермен қоршалған. Сквер шығыс жағы Президенттің ордасына, батыс жағы 1983 ж салынған Қазақ теледидары аппарат –студиялы кешенге тіреледі. Президент резиденциясы алғашқы кезде Ульянов В.И. (Ленин В.И.) мұражайына арналып салына басталды. Бірақ, соңында Президенттің Оңтүстік ордасы құрылысы ретінде аяқталды.

Қазақ теледидары өзіндік пішінімен тартымды. Бас корпусы әйнекті көлемді, сталактит түріндегі карнизбен безендірілген. Сондай-ақ Алаңда 5 жұлдызды «The Regent Ankara» қонақ үйі тіреледі.

Осы алаң 1986 жылғы 16-17 желтоқсан қазақ жастарының тәуелсіздік үшін қозғалысының куәгері. 1986 жылы желтоқсан айында Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Қонаев Д.А. қызметінен алынып, оның орнына Колбин тағайындалды. Колбин қазақтарға қысым көрсетіп, жастардың наразылығын тудырды.

Баспалдақтармен «Трибуна» галереясына шығып, қазіргі қазақ суретшілер шығармашылығымен танысуға болады. Немесе галереяны айналып, гранитті трибунаға шығып, Алаң орталығында орналасқан, 1996 жылы негізі қаланған Тәуелсіздік монументін тамашалауға болады. 1995 жылғы өкімет шешімімен бұл орында алдымызда тұрған монумент құрылысын бастауға қаулы қабылданды. Авторлық топ жетекшісі- Уәлиханов Ш.Е.

Кешен архитектура мен мүсін, ғылым, мәдениет пен мемлекеттің тамаша синтезі. Бұл архитектуралық кешен жергілікті рельеф пен қоршаған ортаға сай келген. Кешеннің орталығы жоғарыға ұмтылған 28 м биік 4 жақты стела, биіктігі 6 м. «Алтын Адам» мүсінімен аяқталады. Алтын Адам тәуелсіздік, сақтық,  әсемдік символы барсты билеп тұр. Алтын Адам ежелгі мәдениетінің байлығын бейнелеп тұр. Себебі, 2 мың жыл бұрын өмір сүрген хан-батыр киімінде нәзік зергерлік алтын әшекей бұйымдары табылды. Олар әлемдік өнерінің шедевр ретінде танымал. Монументтің төменгі жағында қазақ және орыс тілінде келесі сөздер қашалған: «1990 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның Мемлекеттік суверенитеті жарияланған», «1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстанның Мемлекеттік Тәуелміздігі жариялагған».  Стела іргесінде қоладан құйылған  кітап орналасқан. Бұл кітап халық тарихының куәгері жіне оны сақтаушысы. Кітап ішінде қол алақанының ізі қалдырылған. Стела маңында аллергорялық мүсіндер топтамасы орналасқан. Бұл топтама «Жер-Ана», «Көк-Данасы» және айғырларға мінген балалар бейнелерінен тұрады. Айғырға мінген балалар – біздің елміздің жас екенін, оның келешегін бейнелейді. Мұнда төтбұрышта бейнеленген жанұя біздің еліміз сияқты берік әрі мықты. Стеланың екі жағында таға тәрізді диадемаларда мемлекеттің ежелгі кезден қазіргі кезеңге дейінгі тарихының бейнесі көрсетілген: елдің құрылуы, атамекенді қорғау, ұлы зілзала, апаттар, ұлттық-босату қозғалыстары, дүниежүзілік соғыс, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, ұлы тұлғалар бейнелері, тәуелсіздікті жариялау. Диадемадағы 10 бейнелер кездейсоқтықтан таңдалған емес. Авторлар жобасы бойынша 10 саны Пифагор бойынша барлық арифметикалық және геометриялық пропорцияларды біртұтастыққа келтіріп, күш, сенім, даңктың мықтылығын көрсетеді. Бірінші рельеф массагет сақтарының әйел-билеушісі Томиристің билеу кезеңін бейнелейді. Томирис ұлы парсы патшасын Кирді жеңіп шығып, өзінің ұлы, жақын сарбаздары үшін кегін алды. Рельефте Томирис жеңіс уақытында арбада бейнеленген. Келесі рельефте әл-Фараби кезеңі көрсетілген. Бұл кезеңде астрономия, философия, медицина және т.б. ғылымдар дамыды. Сондай-ақ бұл жерде біз қазақ тарихшысы Мұхамед Хайдар Дулатидің бейнесін көре аламыз.

Абылай хан даңғылының төменгі жағында Астана алаңы орналасқан. Даңғылдың бұрынғы аттары: Старокладбищенская, Вокзальная, Сталин даңғылы, Коммунистік даңғылы. Орталық кітапхана ғимаратымен оңтүстік бөлігі басталып, солтүстік бөлігі 2-Алматы теміржол вокзалымен тұйықталады (даңғылдың бұрынғы аттарының бірі Вокзал көшесі). 4 шақырымға созылған даңғыл бойы газон, гүлзарлармен көмкерілген. Даңғыл бойында 5 жер асты өткел бар. Бұл даңғыл әкімшілік және мәдени ірі орталық болып табылады. Ол 1935-37 жж даңғылдың батыс жағында Гоголь және Әйтеке би көшелері аралығында орналасқан үш халық комиссириатының ғимараттары салынған кезден бастап пайда бола бастады. Бұл ғимараттар әсем архитектуралық кешенге айналды. Даңғыл бойында көптеген мәдени, демалыс, әкімшілік ғимарат пен кешендер бар. Оларға кейін тоқталып кетеміз. Енді автобустан түсіп Астана алаңына барамыз.  Республика алаңын халық арасында «Жаңа алаң» деп атаса, Астана алаңын «Ескі алаң» дейді. Алаңның солтүстік бөлігіне қарасақ Қазақстан-Британ университет ғимаратын көреміз. Бұл ғимараттың өзінің тарихы бар. Бұл бұрынғы Қазақ КСР үкімет үйі. Соғыс кейінгі онжылдықтағы ірі әкімшілік-қоғамдық  ғимарат алдымызда тұрған үкімет үйі болды. Ғимарат құрылысы 1951 жылы архитектор Рубаненко Б., Симонов Г. Жобасы бойынша басталды. Ғимарат ауданы 108.6 мың шаршы метр, ішінде Қазақстан компартиясының орталық комитеті, министрлер кеңесі, республикалық жоғары кеңесі орналасқан еді. Ғимарат жоспары нақты функционалдық аудандастырылған: әр үкімет мекемесінде өзінің жеке корпусы болған, корпустардың бәрі мәжіліс залына тіреледі. 1972 жылы ғимарат негізгі корпусқа қосымша қасбеттерінде екі қанат құрылыстары арқылы кеңейтілген еді. Үкімет үйінің архитектурасы монументальды әрі салтанатты. Ғимарат қабырғалары ақшыл-қоңыр түспен терразиттелген, төменгі бөлігі гранитпен көмкеріліп, солтүстік портигі және оңтүстік колонналарын жасау үшін мәрмәр қолданылған. Алаңның оңтүстік жағына баратын болсақ саябаққа шығамыз. Саябақтың орталығында «Бақытты балалық шақ» ескерткішін көреміз. Қазіргі алдарымызда тұрған ескерткіш орнында 20 ғасырдың 90 жылдарына дейін Ленин ескерткіші орналасқан еді. Бұл ескерткіш кез-келген стильдің бірігу мүмкіндігінің үлгісі. Ескерткіш мәніне келетін болсақ, артқы жағында жер шарын ұстап тұрған купидондар бейнесі балалық шақты көрсетеді, ал, алдыңғы жағында балалық шақты қорғаушылар, Ұлы Отан соғысының батырлары, сенімді аяқ басқан шығыстың қос жұлдызы Мәншүк пен Әлия бейнелерін көреміз. Саябаққа кірерде қазақ халқының басқа ұлт өкілдерімен достастық қарым-қатынасын білдіретін әр ұлт өкілдеріне сипаттамасы бар орналасқан.

Молдағұлова Ә. және Мәметова М. көшелерінің арасында орналасқан Амангелді сквері. Скверде Амангелді батырдың өзіне ескерткіш орнатылған. Бұл қаладағы ең алғашқы салынған ескерткіш. Ашылу салтанатына Қазақстанда Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күрес басшыларының бірі Жанкелдин Ә.Т. қатысты. Қазіргі алдарымызда тұрған ескерткіш 1947 ж салынған. Ескерткіш орнында Николай 2 патшаға арналған ескерткіш орналасқан еді. Мүсіншісі Хасбулат Асқар-Сарыджа, архитекторлары Басенов Т.К. және Усачев А.

Аманкелді Имановтың салт атты портреті қоладан құйылған, тұрған постаменті сұр граниттен, оюландырылған ұсақ бочарда техникасымен орындалған. Биіктігі 6 метр. Қола мүсіннің үш тиянақ нүктесіне негізделіп жасалуы ескерткіштің қимыл-қозғалыс ырғағын білдіреді. Халық батырының киім киісі жинақы, жүзі байсалды, отырысы мығым. Композициялық силуэттың келісімділігі, мүсін үлгісінің сымбаттылығыы Амангелді ескерткішінің басты жетістігі.

Мүсінді жасау тарихы қызықты. Аманкелді портреттері қалмаған, себебі, шығыста тірі адамдан портреттер жасалмайтын еді. Мүсінші арнайы даламен көп уақыт жүріп, халықтан батыр бетінің бейнесінің бөлек материалдар жинады. Аманкелдінің замандастары мүсін бейнесінің ұқсастығына ризашылық білдірді.

Аманкелді кедей малшының баласы, 15 жасында жетім қалып, бай туыстарына жұмыс істеуге кеткен, ауылын тастап Байқоңырда көмір қазбаларында ұстаның көмекшісі болған. Өз басынан әділетсіздікті, кедейлікті, қорлықты кешірген. Тұлғасында әлеуметтік әділетсіздікке күрес сезімі туады. Бүкіл Торғай даласында батыр, ер жүрек, шыңдықты қорғаушысы ретінде танылады. 1916 жылғы Қазақстанның Торғай және басқа уездерінде болған царизмге қарсы күреске басшылық жасап, Торғай, Қостанай, Ақтөбе мен Ырғыз уездерінің бірқатар отрядтарын біріктірді. Аманкелді Қазақ даласында кеңес үкіметінің қалыптасуына, атаман Дутовқа қарсы азамат соғысына, алашордашыларына да қарсы қатысып, 1918 ж коммунистік партиясына кіреді. Алашорда Торғай отрядтарымен күресінен сақтанып, 1919ж 18 мамырға қараған түні Аманкелді тұтқынға алынып, айуандықпен өлтіріледі. Аманкелді батыр халық жадында босатушы, қорғаушы ретінде мәңгі қалды. Халық батырлары мәңгі өмір сүріп, өлмейді.

Аманкелді скверіне қарама-қарсы жағында Балалар мен жас өспірімдер театрын көреміз. Театр 1944 ж құрылды. Алғаш ұйымдастырушылар КСРО халық әртісі, Лениндік сыйлық лауреаты Сац Н.И. және драматург Розов В.С. болды. Театр қазақ және орыс труппасынан тұрады. Орыс труппасы сахналық жолын 1945ж 7 қарашада Шварцтың Е.Л. «Қызыл телпек», ал қазақ труппасы 1947ж 2 ақпанда Островский А.Н. «Мысыққа күнде той бола бермес» қойылымдарын қоюмен бастады. 1966ж Хұсайыновтың «Алғашқы ұшқындар» қойылымына (Ғани Мұратбаев рөлінде- Кенжеков А.) Қазақстан Ленин сыйлығы берілді. Театр ұжымдары 1958ж, 1967ж Мәскеуде болып, Фурманов Д.А. «Бүліншілік», Ақынжанов М. «Ыбырай Алтынсарин» сияқты таңдаулы қойылымдарын көрсетті.

Қазіргі тұрған ғимаратқа театр 1981 жылы қоныс аударды. Ғимараттың өзі 1963 ж архитектор Лепник А.А жобасы бойынша салынды.

Алматы-2 темір жол вокзалы 1939 ж ашылды. Сол жылы вокзал ғимараты салынды. Архитекторы Галкин А.П. 1977ж ғимараттың батыс жағынан қосымша павильон тұрғызылды. Еңселі порталы бар орталық және жартылай шығыңқы капительді бағаналар тізбегімен нақышталған қос қаптал павильондар ғимарат композициясын құрайды. Қасбетіндегі биік арка қуысы, коринфтік ордер ғимараттың классикалық үлгіде салынғандығын аңғартады. Вокзал маңдайшасы бедер мүсінімен нақышталған. Ғимаратқа негізгі әсемдік сипат беріп тұрған – капительді бағаналар тізбегі. Осы бағаналар ғимарат интерьерін әсемдеу ісінде де кеңінен қолданылған 1972 ж вокзал алаңына Калинин М.И. ескерткіші қойылды. Ал қазіргі кезде бұл ескерткіш орнында 2000 ж тұрғызылған Абылай хан ескерткішін көре аламыз. Қазақ халқының тарихында ауыр кезеңдер молшылық. Парсылардың, қидандардың, монғол мен жоңғарлардың  шабуылдары қазақ халқының бостандық рухын  жеңе алмады. Қазақ халқының біртұтастығын бейнелейтін ірі жарық тұлға- Абылай хан. Абылай ханға арналған ескерткіш ҚР Елбасы Назарбаев Н.Ә. нұсқауы бойынша тұрғызылды. 2000ж 16 желтоқсанда сол кезде қала әкімі қызметін атқарған Храпунов В.В. ашты. Авторлық ұжым жетекшісі Баймағамбетов С.Қ., мүсіншісі Сатыбалдин К.К:, архитекторлары Ералиев Т.Е., Сидоров В.И., конструкторы Еркенов В.И., құю жұмыстарын Волков А.П. орындады. Ескерткіш сипатына келетін болсақ:

Абылай хан мүсіні ұлттық киім киген XVIIIғ батыры ат үстінде отырған бейнесінде Азия мен Сібір халықтарын қорлаған — Жоңғар хандығы орналасқан жері-оңтүстік шығысқа бағытталған. Бірақ, батыр көтерген қолыңда қару емес – қамшы, себебі, Абылай ханның басты мақсаты Қазақстанмен шекаралас елдермен ынтымақтастықты, теңдікті  сақтау еді. Ақылды стратег жоңғар әскеріне қарсы әскерді жасақтап, XVIIIғ 20-50 жылдарында ірі шайқастарға қатысып, батыр-халық атағына ие болды. Абылай ханның дипломатиялық қабілеті, зеректілігі, ақылы Қазақстанда мемлекеттік билікті орталықтандыруға ықпал болды. 1771 ж ірі территориялық-саяси бірлестіктер — үш жүз өкілдерінің жиналысында қазақ ханы болып жарияланды. Абылай ханның билеу жылдары елдің саяси жағдайы тұрақтанған, беделінің өскен, қазақтардың Орталық Азия мен Ресей елдерімен экономикалық-мәдени қатынасының дамыған кезең еді.

Өз заманының дарынды әскербасы, зеректі саяси қайраткер Абылай хан ата-бабалар мұра етіп қалдырған жерін сақтау үшін, бірде бір үлесін бермей ел ішінде мен сыртында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар мүмкіндіктерін пайдалана алды.

Абылай туралы халық көптеген аңыз жырларын сақтаған. Тірі кезінді хан әулиелердің қатарына қосылды, ұлы істерді жасау үшін бізге жіберілген аруақ ретінде қаралды. Батыр өз мұрагерінің өлімі үшін кек алуға тырысқан жоңғар ханы – Қалдан Цэренге тұтқынға түскен кезде өлтірілді. Жоңғар ханының «ұлымды қайда өлтірдің?» сұрағына Абылай: «Күнә маған түсті, ал ұлың халықпен өлтірілді, мен арқылы сенің балаңның  халық  еркісі орындалды». Абылай хан — батыр сияқты өлді.  

Қазақстан Респуликасында үлкен қала агломирациялары онша көп емес. Туризмнің басқа түрлерінің орталықтары көп болғанымен туризмнің өзінің ерекшеліктеріне байланысты керекті инфраструкрураның болуы тиіс. Біздің мемлекетте ірі туристік орталықтар санаулы десек те болады. Олардың қатарына Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларын айтсам болады. Алматы қаласы ірі қаржы орталығы, ең ірі агломерациясы, және мемлекеттегі қонақ үйлердің 80% і осы қалада орналасқан. Осы себептен де іскерлік туризм дамуына үлкен мүмкіншіліктері көп десек.

 

2.2 Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендерін экскурсиялық нысан ретінде қарастыру

 

Алматы қаласы қазіргі таңда тұрақты даму фазасында тұр. 2000 жылдан бастап Алматы қаласының негізгі жоспарына жаңа өзгертулер енгізілді. Қала оңтүстік астанаға айналды. Алматы қаласы ғылыми, мәдени, саяси-қаржы орталық болды. Бірнеше жылдар бойы Алматы қаласының жаңа жоспары қарастырылды. 2005 жылдың 12 сәуірінде «2020 жылға дейінгі Алматы қаласының даму негізгі жоспары» қабылданды. Жоспар қаланың ерекшеліктеріне, жаңазаманда болып жатқан құбылыстарға қарай жасалды. 2006 жылы «Алматы қаласының функционалды аудандарында құрылыстың жоспар-регламенті» қабылданды. Функционалды аудандардағы құрылыстың бас ұстанымдары әрбір ауданды қала құрылысы, экологиялық,  және баға регламентеріне сай негізгі жоспарға сәйкес ережелерді қалыптастыру болды.

2005-2006 жылдардағы Алматы қаласының дамуындағы негізгі ерекшеліктердің бірі — Алматы қаласында тіршілік етуде қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар жүйесінің жүзеге асырылуы.

2005 жылға дейінгі қаланың Бас жоспары жарамсыз екені айқындалды. Себебі, онда қала құрылысының жаңа технологиялары мен қала аумағының қарқынды өсуі ескерілмеген. Нәтижесінде бұл дамуында артта қалып қойған аудандардың қалыптасуына әкеліп соғып, көптеген мәселелердің пайда болуына септігін тигізді.

2005 жылы қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес біріңғай қалалық мегаорталық артта қалады. Жаңа құрылыс саясаты қаланың іскерлік белсенділігін арттыру нүктесі ретіндегі жеке іскер орталықтарын қалыптастыруды көздейді.

Бас жоспарда бұрынғы орталық ерекшелігін сақтап қалу, қаланың барлық аудандарында жайлы тұрғын үй салу, ескі ауылдар орнында қазіргі кезеңгі тұрғын үй – мәдени орталықтар тұрғызу, көлік инфрақұрылымы мен санитарлық-қорғау белбеулерін кешенді дамыту көзделген.

Бас жоспар аясында аймақтық инвестициялық карта әзірленген. Оның көмегімен осы тұжырымдаманы жүзеге асыру қала құрылысында барлық жұмысты жүйелендіруге және осы мақсаттарға жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму кезеңінің бас жоспары Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.

Алматы қаласын дамытудың бас жоспарының басты мақсаты – экологиялық жағынан қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік тұрғыдан ыңғайлы тіршілік ортасын құруға бағытталған кешенді қала құрылысы шараларын жүргізу.

Бас жоспардың негізгі архитектуралық-қала құрылысы идеясы: Алматы қаласының «қала-бақ» бейнесін сақтау және қалыптастыру.

Қалада тіршілік ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қаржы ресурстарымен қуатталған қалалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде Алматы қаласы әкімінің 15 бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аулалар, мектеп және бала бақшалар аумағын көріктендіру бойынша, энергокешенді дамыту бойынша, қаладағы көлік қысымын азайту, парктер мен саяжайларды көгалдандыру, арық желілері мен фонтандарды қалпына келтіру, қаланы қатты тұрмыстық қоқыстан тазарту, өзен аңғарларын қалпына келтіру бойынша міндеттер қойылған.

Қала құрылысындағы аудандастыру қаланың территориясын белгілі бір шек араларға сәйкес аудандастыру.Аудандастырудың бас идеясы – жаңа құрылыс кешендерін қаланың қалыптасқан тарихи келбетімен үйлестіру.

Соңғы жылдары қала күн сайын өзгерістерге ұшырауда. Негізгі жоспарға сәйкес ХХ ғасырдың 60 жылдарында сәйкес қалыптасқан 12 ықшам ауданында архитектуралық-құрылыс кешендері пайда болуда. Жаңа тұрғын үйлер мен аудандар, кешендер салынуда. Қаланың әр ауданында жаңа қонақ үйлер, туристік фирмалар, қаржы орталықтары салынды. Қаланың орталық бөлігін де салу концепциясы өзгерді.

Әл-Фараби даңғылы бойында 40 гектар жерді алатын жаңа Аймақтық қаржы орталығы салынуда. Бұл орталық сыртқы капиталды өзіне тартудың жаңа импульсы ретінде қарастыруға болады. 2010 жылға арнайы сауда алаңында шамамен он екі миллиард доллар қаржы капитализациялауды қарастырылған.

Алатау кен шарында ақпарат технологияларының бағының болашақ дамуы аймақтық экономиканы диверсификациялау мен жоғарғы буынды технологиялар арқасында өндірістің даму базасын құруға ықпал етеді деп күтілуде.

Алматы қаласындағы үздік мега жобалары қатарына «Сайран» кешені мен «Алмалы» жер асты сауда-ойын-сауық кешені бола алады.

Қаланың кешенді құрылысы белгілі бір нақты желі бойынша жүреді: бөлінген аудандар игеріліп, біртұтастық ұстамы бұзылмайды.

Қалада негізінен тұрмыс кешендері, қоғамдық кешендері мен көлік кешендері салынуда. Енді осы аталғандарды жеке қарастырғым келеді.

Қазіргі таңдағы Алматы қаласында тұрмыс аудандарын салу бағыты бір адамның тұрмыспен қамтамасыз ету нормаларын бекіту, бұл нормаға сәйкес бір адамға 24 шаршы метр тұрмыс ауданы бөлінген. Жаңа негізгі жоспарға сәйксе қала 5 жобаланған ауданға бөлінген. Жерді аудандастыруды қала және аудандық әкімшіліктер іске асырады.

Бірінші ауданға, орталық ауданға, қаланың Есентай мен Кіші Алматы өзендері аралығындағы бөлігі мен тарихи және өндірістік аралығындағы бөлігі жатады. Қаланың тарихи бөлігі өзінің дамуын жалғастыруда. «Целинный» кино театры ауданыда құрылыс кешендері салынды. Райымбек даңғылы-Сәтпаев көшесі мен Байтұрсынов көшесі мен Кіші Алматы өзені аралығындағы бөлікте құрылыс кешендерін салуды шектеген. Мұнда бар тарихи ансамбльдер мен бақ кешендері қалған. Орталық бөліктің оңтүстік ауданында, керісінше, құрылыс белсенді жүргізілуде. Таулы Гигант ауданында меридианды эспданада түрінде маңызды кешендер мен нысандар салынуда: қонақ үйлер, сауда, қызмет көрсету, білім беру мен ойын-сауық нысандары және Есентай өзені ауданыда халық аралық маңызы бар спорт-рекреациялық ауданы салынуда. Бұл ауданда қаланың негізгі ауданы орналасады.

Абай даңғылы бойында көп салалы орталық салынуда, ал «Атакент», «Ботаникалық бақ» және Оңтүстік бағы сияқты массивтер  осы ауданның көгаландандырылған аймағын құрайды. Осы ауданда Розыбакиев көшесі мен Сайран өзені, Сәтпаев көшесі-Төле би көшесі өзгертілуде.

Екінші ауданы, батыс ауданында көп қабатты құрылыстар салынған. Үшінші ауданы қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Осы ауданда тарихи-этнографиялық бақ салуды көзделген.

Кейбір құрылыс кешендеріне жеке сипаттама беріп кетейін. «Оңтүстік Дуэт» кешені 12 қабатты тұрмыс кешені Гагарин және Байқадамов көшелерінің қиылысында салынған. «Алтын» ауданда Әл-Фараби даңғылы мен М.Ганди көшелерінің аралығында жер ұйық кешені салынуда. 2005 жылы «Almaty Towers» құрылыс кешені сейсмо сынамадан өтіп эксплуатацияға берілді.

Алматы қаласында қоғамдық кешендері арасында «Рахат –палас-ридженси-хайат», «Анкара», «Астана», «Mega-Alma Ata», «Әл-Фараби» сауда үйі, «Адем» сияқты құрылыс кешендері белгілі.

Коммуналдық тұрғын үй құрылысына 2005-2007 жылдарға республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінеді деп көзделуде. Бұл қаржы көлеміне жалпы көлемі 24,3 мың метр кв. — 300 пәтер салынады, яғни жыл сайын 8,1 мың метр кв. көлемінде 100 пәтерлік бір үйден салынып отырады.

 «Керемет» қоғамдық-іскерлік және тұрғын үй кешені «ВЕК корпорациясының» алғашқы жобасы болып табылады (2 сурет). Құрылыс басы – 2002 жылдың қыркүйегі. Құрылыс аяқталу мерзімі – 2008 жылдың желтоқсан айы

Тұрғын үйдің жалпы ауданы – 6,92 га. Тимирязев-Наурызбай батыр-Сәтпаев-Сейфуллин көшелерінің аумағында орналасқан. 1 кезегі Жалпы ауданы 1, 67 Нысандар саны 6: 6-қабатты – 2, 7-қабатты – 1, 8-қабатты – 1, 13-қабатты – 1, 14-қабатты ғимараттар – 1. Автотұрақпен бірге еспетгенде нысанның жалпы ауданы – 33172, 6 шаршы метр. Құрылыстың басталған мерзімі – 2002 жылдың желтоқсаны. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2005 жылдың маусым айы.

  Ал екінші кезегіне келетін болсақ, жалпы ауданы 1, 79. Нысандар саны 13: оның екеуі 15-қабатты және 11-і  9-қабатты, автотұрақпен бірге еспетгенде нысанның жалпы ауданы  — 70948 шаршы метр. Құрылыстың басталған мерзімі – 2005 жылдың наурыз айы. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2006 жылдың тамыз айы.

«Керемет» — «ғажайып, сәулетті, тартымды» деген мағына береді. Бұл анықтаманы ықшам ауданның сәулетшілері нысандардың жобасын жасау кезінде пайдаланған. Кең аулалар, арнайы жасақталған балалар алаңдары, фонтаны бар үлкен жасыл аулалар т.б. –  мұның бәрі қала орталығындағы әдемі «Керемет» кешенінің ажырамас бөлігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               2 сурет. «Керемет» тұрғын үй кешені [].

 

Суретте көрсетілгендей ықшам ауданның архитектурасы классика мен модерннің бірлескен стилінде жасалған. Аспан көк түстес және сарғылт түстермен безендірілген. Көпқабатты үйлердің (9-ыншы қабаттан 16-шы қабатқа дейін) терезелерінен Алматы мен Іле Алатауларының әдемі келбеті көзге түседі.

  «Керемет» қоғамдық-іскерлік кешенінде және тұрғын үйінде тұру ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар КЕРЕМЕТ! Қаланың басты алаңы, Республика Президентінің Алматыдағы резиденциясы, қалалық әкімшілікпен жақын көрші болу нысанға үлкен, жоғары мәртебе береді.

Ықшам аудан құрылысына шағынмаркет, аурухана, мейрамхана, фитнес-орталық, сән салондары және ірі компаниялардың офистары кіреді. Ықшам ауданның экологиясы қатаң сақталған, көліктердің тұрақтарына қатаң тыйым салынған. Көлік иелері автомобильдерін екідеңгейлі жерасты паркингтеріне қояды.

Салынған нысандардың техникалық жағдайы тәулік бойы бақылауда.

Мұндағы үйлер жаңа заманғы құрылғылармен қамтамасыз етілген. Бұл – шусыз лифтілер, байланыстың оптикалық-талшықтық желілері, автономды қазандар мен электр стансалары, өрт сөндіретін жүйесі бар автоматты өртке қарсы сигналдау және домофондары мен бейнебақылаулары бар көпдеңгейлі күзет жүйесі. 3 суретте «Керемет» тұрғын үйінің 3 кезегі көрсетілген.

 

 

              3 сурет.  «Керемет» тұрғын үй кешенінің 3 кезегі

 

«ВЕК корпорациясының» сәулетшілері, жобалаушы қызметкерлері және құрылысшылары дәстүрлі құндылықтар мен өмірдің жаңа стандарттарын біріктіре білген.

«Керемет» тез дамып келеді. Ықшам аудан құрылысының үшінші кезегі аяқталып қалды. Қазір 15, 12, 10 және 9 қабатты ғимараттар өз тұрғындарын асыға күтуде. Құрылыстың алғашқы кезеңінде пәтерлердің қайта өзгертілуі қарастырылған, тапсырыс берушінің қалауы бойынша пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бір бөлмелі кең студиядан 350 шаршы метрге дейінгі пәтерлер таңдауға беріледі. Бизнесмендер «Кереметтен» сауда алаңдарын алып өз істерін дамытса болады.

Үшінші кезек тұрғындары ықшам ауданнан шықпай-ақ супермаркеттер, фитнес-орталықтар, емханалар, сән салондарын, «Дарын» балалар орталығын, қысқасы, барлық жүйелерін пайдалана алады.

Сонымен қатар, үлкен жерасты сауда-спорт-ойын-сауық орталығын салу да жоспарда бар. Бұл жерде сауда орындары мен демалыс орындары: кафетерий, бассейндер, волейбол, мини-футбол, аэробикамен айналысуға мүмкіндік беретін спорт залдары салынады.

Жақында бизнес-орталықтың іргетасы қаланды. Іскерлік орталық «Керемет» қоғамдық-іскерлік кешенінің жаңа кезеңінің ең басты нысандарының бірі болмақ. Ықшам аудандағы бұл нысанның құрылысы «ВЕК корпорациясының» алғашқы жобасының қорытындысы болмақ.

  Келесі құрылыс кешені де қызықты нысан болып табылады. Аты «Байғанин көшесінде». Байганин – Кабанбай батыр – Ударная –көшелерінің шеңберінде Жамбыл көшесінен төмен орналасқан. Құрылыс алаңы  1 718 шаршы метрге жуық. Құрылыстың басталуы 2005 жылдың аяғы, құрылыстың аяқталуы 2007 жылдың екінші тоқсаны (4 сурет).

«На Байганина»  — «Корпорации Век» АҚ-ның ең іргелі кешені. Қаланың орталық бөлігінде, Алмалы ауданында орналасқан. Төрт тоғыз қабатты үйлер сәулеттегі минимализм туралы елеске сәйкес келеді: ғимараттардың нақты желілері, аз айшықтар, ең жоғары жайлылық, қазіргі заманғы техникалармен жабдықталған, кең лоджиялы жайлы пәтерлер. Барлық пәтерлер таза әрленген күйі тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       4 сурет. «Байғанин» құрылыс кешен

 

Кешен ауласы барынша жайластырылған: тыныштық  пен жақсы жағдай ауанын ашық гүлзарлар мен жасыл көгалдар беріп тұр. Балалар үшін кешен территориясында арнаулы алаңшалар ұйымдастырылған.

Кешен Алматының мәдени және әлеуметтік нысандарына жақын орналасқан, мәселен, «Сити центр» гипермаркеті.  10 минуттық жерде – саябақ.

 «Корпорация ВЕК» өз нысандарын салу кезінде ең жоғары сейсмикаға қарсы шараларды басшылыққа алып отырады. Ғимараттар сейсмикалық күші 9 баллға жететін сілкіністерге төзімді.

«Науаи» тұрғын үй кешені де ерекше кешендерінің бірі. Науаи – Жандосов – Сүлейменов – Талдықорған көшелерінің қиылысында орналасқан.

Тұрғын үй ғимаратының жалпы аумағы – 15,3 га. Нысандар саны: 37. Бастыпқы кезеңде 37 үй тұрғызу жоспарланған. Олардың 16 этаждысы – 11; 14 этаждысы – 9. Құрылыс 2006 жылы басталып, 2008 жылы аяқталады.

«Науаи» — «Век корпорациясының» қала үшін әлеуметтік маңызы бар жобасы. Компания көне тұрғын үйлерді сатып алу және оларды қирату жұмыстары мен заманауи инженерлік коммуникация қалыптастыруға кететін барлық шығындарды өзі көтереді.

Жобаның негізгі мақсаты – біртұтас сәулеттік концепцияға біріктірілген тұрғын үй кварталын игеру. Ол шығыстың ұлы ақыны — Әлішер Науаидың құрметіне аталған, ескі өзбек тілінен аударғанда ол «әуезді» деген мағына береді. Жалпы алғанда ауданды жақсы көлік қатынасы мен дамыған әлеуметтік инфрақұрылымға ие демалыс тұрағы ретінде сипаттауға болады.

 «Науаи» — қалада өмір сүріп, өзінің тыныштығы мен жайлы тірлігін қамтамасыз еткісі келетіндерге арналған аудан. Кешенді жоспарлау кезінде ерекше жобалық шешім таңдалды – бірінші рет Алматыда үйлер бір –біріне тікбұрышталып орналастырылды. Бұл үйлердің алдындағы алаңды ұлғайтып, ауланы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жобалық шешімнің арқасында күндіз барлық ғимараттардың инсоляциясы тегіс болса, таң мен кеште кешенге таулы салқын жел соғып тұрады.

Кешенді тұрғызу үшін ең тиімді орын таңдалған. Биік үйлер (14 тен 20 этажға дейінгі) қаланың жоғарғы бөлігінде, Науаи – Жандосова – Сүлеймен – Талдықорған көшелерінің қиылысында тұрғызылуда. Қиылыстағы жолдар қайта жаңартылып, көлік қатынасы ретке қойылады. Сол арқылы «Науаи» кварталына төрт жақтан да кіруге болады. Сонымен қоса, кең көлемді квартал ішілік жолдар жасақталмақ. Қала көшелерінен тыс жерде қонақтарға арналған тұрақтар орнатылмақ. Ал тұрғындар өз автокөліктерін жер астындағы кең аумақта орнатылған екі деңгейлі паркингке қоя алады.

«Науаи» жаңа тұрғын үй кешенінде 2500-ге жуық пәтер беріледі. Негізінен онда орта және жоғары дәрежелі менеджерлер отбасы мен банк қызметкерлері, қаржылық құрылым, мұнай компаниясының жасы 35 – 55 аралығындағы қызметкерлері тұрады. «Науаи» кешенінің пәтерлері тұрақты тіршілік етуге қолайлы жайлы мекен іздеген жандарға арналған. Сондай – ақ сатып алушы барлық қажетті коммуникациямен жабдықталған пәтердің қожайынына айналады.

Тұрғындарға жайлы болу үшін «Науаи» кешенінің территориясына дүкендер, мейрамханалар, тұрмыстық қызмет орындары мен сұлулық салоны және фитнес – клубтар салынады. Тұрғын үй кешеніне жақын жерде маңызды әлеуметтік нысандар – жалпы білім беретін орта мектеп, балалар бақшасы мен жоғарғы оқу орындары орналасқан.

Тұрғын үй кешендерінің келесі жарқын мысалдарының бірі «Рапсодия» –

«Рапсодия» әсем және сәнді тұрғын үй кешені – бұл мінсіз үй туралы арманның іске асуы. Жалықтырмайтын молшылық тұрпаттың сыпайылығы мен айқындылығы тамсандырады. Бекзаттық композицияның сымбаттылығында және симметриялығында, күрделі карниздардың иілістерінде, сәулеттік пішіндердің ұстамдылығында білінеді.

Сұлулық пен бекзаттылық табиғи түрде ыңғайлылықпен үйлеседі. Ғимараттың сәулеттік бейнесі ағаштардың көгалы мен аспанның көгілдірлігімен керемет ансамбілге біріккен сияқты. Барлығы ұстамды игілікке, сәнді талғамға және пайымдылыққа толы. Осындай үйде бірнеше минут болсаңыз, осында өмір бақи қалғыңыз келеді.

Ғимараттың үйлесімді бейнесі өз тұрғындарының керемет талғамы олардың өмірді бағалай білетінін куәландырады. Ол жаңа заманның рухына қарсы келмейді, керісінше демалдырады және мәңгі құндылықтарды еске түсіреді. Байсалды, өмірде өз орнын тапқан және өз құндылықтарын өзгертпейтін, өзіне-өзі сенімді адамдарға лайық.

«Рапсодия» кешенінің сәулеттілігі оның тұрғындарының ерекше талғамы туралы айтатын мінсіздігімен ерекшеленеді. Жартылай циркульді аркалардың пропорциялары өте керемет. Атап айтқанда осылар керемет сарайдың ресмилігін кетіріп, айрықша тартымдылық береді. Тұрғын үй таң қаларлықтай тұтас және керемет ансамбль ретінде көрінеді.

Сұлулықтың және бірегейліктің ерекшелігін сонымен қатар табиғи құрылыс материалдары береді, олар ғимараттың көркем әшекейлігінде үлкен рөль атқарады. Фасадтардың нәзік түсті гаммасы, әйнектердің алтын түсті сәулесі, және ақтасты жақтаулар және колонналармен қапталған биік терезелер, нақты таңдалған табиғи өңдеу материалдары – осының барлығы игілік сұлулықтың сезімін білдіреді.

Сәулетшілер ғимараттардың үйлесімді түрлеріне өмірлік өзінділігін және жылулықты үрлей алды. Фасадтардың ұстамды, керемет бейнесі өзіне ауаның жеңілдігі мен монументтікті үйлестіреді, тамсандыратын және қызықтыратын кербездік береді.

Ғимараттың жоғарғы қабаттарын керемет үйлесімді баспалдақтар байланыстырады. Ал салтанатты вестибюльдер мен қоғамдық орындар үй тұрғындарының жоғары әлеуметтік мәртебесін жоғары екенін растайды, олардың пайымдылығы мен төлем жасау мүмкіншілігінің дәлелі болып табылады.

Кешеннің сыртқы кереметтігіне толығымен кең, үйлесімді және функционалды жобаланған 1-2-3 және 4 бөлмелі пәтерлер толығымен жауап береді. Әр адам үшін үй жайлы орынды білдіреді, ол жерде өзіңді ыңғайлы сезінесің.

Жеңілдік пен еркіндік тұрғын үйлерді жобаландыру кезінде ең басты заңы ретінде алынды. Өңдеудің жаңа технологиялары және негізгі қабырғалардың аз болуы ішкі интерьерді рәсімдеуге шектелмеген мүмкіншіліктерді береді. Барлығы осында тұратын адамның талғамы мен қалауына байланысты.

Терезелердің әйнектері күн сәулесіне шағылып тұр, әр бөлме табиғи сұлулық және үйлесімге толы. Ал сіздің ыңғайыңызға орай жататын бөлмелерде жуынатын бөлмелер бар.

«Рапсодия» кешешінің үлкен ішкі ауласы тапталған тор қоршаумен қоршалған, және ашық аспан астында салтанатты зал ретінде көрінеді (5 сурет). Саябақ қыдыруларға және керемет фитодизайнерлер мен бақташылармен құрылған бейнелерден ләззат алу үшін ойластырылған.

Антика стиліндегі фонтандар мен колонналар, ыңғайлы ағаш отырғыштар және «көне» стиліндегі жарық берушілер, гүл зарлар және барқыт ағылшын газондары – барлығы керемет құрылған. Бір көрінбес суретші сияқты тірі табиғаттың бояуларын пайдалана отырып, берілмес өнермен холстта Эдем жаннат бағының өмірін салғандай, онда түстердің анықтығы мен бояулардың үйлесімі таң қалдырады.

«Рапсодияда» барлығы тұрғындарды тыныштықпен, жайлылықпен және байсалдылықпен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл демалу және өмірден ләззат алудың табиғи ландшафты.

Түрлі-түсті аттракциондары бар балалар қалашығы үлесімнің логикалық аяқталуы.

Ақпаратқа, маңызды істер мен қамқорлықтармен толған біздің уақытта өткен замандардың молшылығына қол жеткізгің келеді, шынайы сұлулықты және қол тигізбес үйлесімді, тыныштықты және жайлылықты сезінгің келеді. Өзіңізді қоластында сарай қызметшісі және иесінің бағында раушан гүлдерге қарап жүрген бақташысы бар шынайы ақсүйек ретінде сезінуге болады.

Тек «Рапсодияда» толық түрде жайлы және үйлесімі өмірді сезінуге болады. Пайдалану қызметінің жоғары кәсіби қызметкерлері тұрғын үй кешенінде күнделікті мереке және қуаныш атмосферасын құрайды.

Кешеннің барлық аумағында және үйде тазалық пен тәртіп жоғарғы деңгейде сақталынады. Шебер бақташы жасыл өсімдіктерді күтумен, ағаштардың бұталарын сәндеумен, клумбаларға түрлі гүлдерді отырғызумен айналысады.

Элиталық ғимаратты пайдалануда үлкен тәжірибесі бар пайдалану қызметінің командасы тұрғын үй кешенінің және ғимараттың ауласының тазалығы мен тәртібін ғана қамқорлыққа алмайды.

Ғимараттардың инженерлі жүйелері сондай-ақ мамандардың үнемі қадағалау астында болады. Олардың жұмысын кәсіби электриктердің, сантехниктердің, лифтерлердің тәулік бойы кезекші қызметі қадағалайды.

 

 

5 сурет. «Рапсодия» тұрғын үй кешені

 

«Рапсодия» тұрғын үй кешені – Германия, Италия, Канада, Корея өндірушілерінің белгілі дүниежүзілік қазіргі заман жабдығын пайдаланумен барлық озат инженерлі технологиялардың іске асырылуы. «Рапсодияда» барлығы сіз жайлы және ләззат алу үшін жасалған.

«Рапсодияның» тұрғындары үшін мультимедиялық қызметтердің кең ауқымы ұсынылған. Оптикалық-талшықты байланыс Сізге INTERNET-ке жылдам жетуді қамтамасыз етеді және сандық телефония бір пәтерде бірнеше нөмірлерді қосуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар 50-ден аса теледидар арналарын қабылдауды қамтамасыз етеді.

Жоғары сапалы, озат техникалық сипаттамалары бар шусыз лифттер. Ерекше дизайындыжәне ыңғайлы кабиналар, жеңіл және қолайлы жүріс – Сіз қажетті қабатта немесе жер асты паркингке қалай жеткеніңізді байқамай қаласыз.

«Рапсодии» сарай-паркті ансамбльді қорғаумен қамтамасыз етуде (қауіпсіздік жүйелеріне үлкен назар аударылған.

Ғимаратты қорғаудың кешенді жүйесі қазіргі заманның техникалық құралдарымен жабдықталған, өртхабарлағыш, автоматтық өрт сөндіру жүйесін, түтін кетіру жүйесі қосылады. Осыдан бөлек ғимараттың өзі және жер асты паркингі өрт қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне ие.

Видеобақылау жүйесі қорғаудың қызметкерлеріне тәулік бойы периметрді, қонақтық аялдаманы және кешеннің аумағын қадағалауға мүмкіндік береді. Одан басқа, әр подъезде домофон орнатылған

Осыған қоса тұрғындардың тыныштығы жақсартылған дизайынды және жеке коды бар металл есіктермен қамтамасыз етіледі.

  Біздің қаламыздағы «Нұрлы-тау» тұрғын үй және іскерлік орталығының кешенінің орны ерекше.

Осы кешеннің келбетін құраған кезде бейне ретінде Іле Алатауының күнде жарқырайтын мұздықтары алынған болатын. Ғимараттар өздерінің бейнесімен қарлы шыңдарды, мұздардың және тау хрусталінің кристаллдарын білдіреді, ал ұқсастық толығымен болу үшін ғимараттардың қасбеті сұр-көгілдір түсті сәуле қайтарғыш әйнекпен әшекейленген. Күн сәулелері ғимараттардың қырларына шағылысып, тамаша жарық сезімін береді.

«Нұрлы Тау» кешені Алматы қаласының ең беделді ауданында орналасқан және әл-Фараби даңғылынан (Фурманов көшесінің батысына қарай) Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясына дейін созылады. Бес минут жаяу жүрсеңіз – қасыңызда «Туран-Алем» банкі, «Рамстор», Президент Сарайы, Жаңа алаң. Кешен ғимараттардың ауыспалы қабатты 4 тобынан құрылады (7-28 қабаттар), олар орталық эспланаданың бойында симметриялық түрде орналасқан.

«Нұрлы Тау» кешенінің тұрғын үйлері – айрықша әлем (6 сурет). Кешеннің ең ортасында, бір гектардан асатын алаңда керемет саябақ аймағы орналасатын болады. Эспланаданың жер үсті бөлігінде қыдыру сізге керемет ләззат береді. Ландшафтты өнердің кереметтері, жарықтық фонтандар, жасанды жарығы бар хрусталь кристаллдар, таулы шатқалға ұқсас атриум, эспланаданың жер асты бөлігіне апарады, ол жерде сауықтыру кешені, бассейн, фитнес және SPA-орталықтар, салондар, кафелер, мейрамханалар, кинотеатрлар және т.б. орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 сурет. «Нұрлытау» іскерлік орталығы

 

Вестибюльдердің, лифттік холлдардың керемет өңделуі зиялы үйдің мәртебесіне сәйкес келеді: ерекше дизайн, қымбат материалдарды пайдалану, әдейі таңдалған жарықтандыру мен көгалдандыру, жайлы атмосфера. Таза ауа, жарқыраған тазалық, холлдардағы бапталып өсірілген гүлдер, жақсы талғам және қызмет көрсетудің мінсіздігі.

Жайлы әрі қорғалатын ішкі аулалар ағаштардың көлеңкесінде демалуға шақырады. Альп таулары мен Англия газондары, суы аспанға атқылап аққан фонтандар, жасанды бұталар және гүл клумбаларының айқын кілемдері көз қуантады. Балалардың қуанышына балалар қалашықтары мен керемет ойын алаңдары құрастырылған.

Кешен инженерлік технологиялардың саласындағы ең соңғы бағыт бойынша жобаланған. Жылтудың және ауа тазартудың бірегей ең жаңа жүйесі, ол сізге температураны әр пәтерде өз қалауынша реттеуге мүмкіндік береді.

Жоғары жылдамдықты шусыз экологиялық лифттер; өрт сөндіру, түтін кетіру, ауаны сорып желдету жүйелері; телефония мен жоғары сапалы Интернетпен, сонымен қатар кабельді теледидардың 50 арнасының трансляциясымен қамтамасыз ететін оптикалық-қылшықты магистраль.

Тұрғындар өмірін қорғауға және қауіпсіздігіне аса жоғары назар аударылған. Осы мәселе ең жоғарғы деңгейде шешілген – тәулік бойы қорғалатын кешен аумағы, видеобақылау, домофон байланысы. Кәсіпкерлердің жұмысы мен білімі тазалықты, инженерлік жүйелердің үзіліссіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Алаңы 98 ден 228 шар.м. дейін 2-3-4 бөлмелі пәтерлер, олардың жоспарлық шешімдерінде үлкен кеңістік және бөлмелерді қосу қағидасы қойылған. Биік төбелер, кең бөлмелер, терезелерден ашылатын керемет көрініс, жарықтың көптігі, ауаның тазалығы.

Кешен инженерлік технологиялар саласының соңғы бағыты бойынша «А» деңгейіндегі кеңселерге қойылатын талаптарға сәйкес жобаланған. Осыған дәлел ретінде қорғау және өрт қауіпсізідігінің, климат-қадағалау, орталық желдетудің жаңа жүйелері, әлемдік өндірушілерден жоғары жылдамдықты лифттер. Оптика-талшықты және қазіргі телекоммуникациялық құралдар, сандық телефонияны, Интернетке жылдам кіруді және 50-ден аса теледидарлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді.

Шығыстың дана пәлсапасы мен сәулет өнері туындыларының ізімен, «Базис-А» корпорациясы Алматы қаласындағы Торайғыров және Науаи көшелерінің қиылысындағы жаңа бірегей «Шахристан» тұрғын үй кешенін таныстырады (7 сурет).

Кешеннің сәулеті шынында да тамаша! Шыны күмбездердің, сопақ ернеулер мен иілген аркалардың ұштастығы оны ханға лайық салтанатқа бөлейді. Ғимараттың қасбеттері селдір панельдер – панджара түрінде орындалған, құдды оған күн сәулесін, жапырақтың жасылы мен аспанның көгін тоқыған тоқымашының өнерлі қолынан шыққан ақшанқан мамық шілтер секілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 сурет. «Шахристан» тұрғын үй кешені

 

Таяу тұста Орталық Азиядағы ең ірі «Mega Center Alma-Ata» думан кешені орналасқан.

Биіктігі 13 қабаттан 18 қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің үйлері тау желдерінің қозғалыс бағыты бойынша өркештеніп орналастырылған, өзен бойында самал кеулейтін кең аула кеңістіктерін түзеді және мығымдылықты, сенімділікті және күшті паш етіп, көне Шығыстың қалаларының қамал қорғандарын еске түсіреді.

Сіздердің серуендеріңіз үшін тұрғын үй кешенінің аумағындағы екі көркем парк және Үлкен Алматы өзенінің жағалауы бар.

«Megatower Almaty» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерлер сатып алушылар шын мәнінде көп жағынан ұтады: олар тауларға және суы жаздың аптабында сергектік және салқындық әкелетін Үлкен Алматы өзеніне тамаша көріністер ашылатын қаланың экологиялық таза ауданынан жайлы баспанаға ие болады. Сатып алушылар кез келген уақытта қасында орналасқан (8 сурет)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               8 сурет. «Megacenter Alma-Ata» ауданы

 

«Megacenter Alma-Ata» сауда-сауық кешеніне кіріп шыға алады, оның тіршілік үшін қажетті бүкіл инфрақұрылымы бар, онда тек тауарлардың мол сұрыпталымы бар гипермаркетте және бутиктерде сауда жасап қана қоймай, демалуға және спорт-ойын залында денсаулықты нығайтруға, орталықтың аумағында орналасқан мейрамханалар мен кафелерде дәмді тамақтануға, банк бөлімшелерінде маңызды қаржылық операциялар жасауға, химиялық тазарту, косметикалық салонның қызметтерін пайдалануға, 8 залды мультиплекс-кинотеатрға, интернет-кафеге, мұз айдынына, 24 жолы бар боулинг-орталыққа, бильярд залына, ойын автоматтары мен сәбилерге арналған алаңшасы бар балалар орталығына баруға болады.

Жаңа «Megatower Almaty» тұрғын үй кешенінің үйлері өз бойында бүгінгі күннің сәулет өнерінің ең үздік қасиеттерін жинаған, бұл ұлттық колорит элементтерімен ұштастықта ғимараттарға ерекше бір ұшқыр стиль беріп тұрғандай. Қабыл алынған конструкциялық сұлба оларды сенімді әрі орнықты қылады, ғимараттардың сейсмикалық төзімділігі 9 баллға арналған.

Үйлердің қасбеттерінде алтын түстес реңктегі әшекей әйнектер мен көгілдір күңгірт шыныдан жасалған терезелер, ақшыл жылы түсті керамогранит және “Байрамикс” әшекейлік сылақтамасы кезектеседі.

Үлкен терезелер, шыныланған лоджиялар мен балкондар үйлерді жылуға және жарыққа толтырып, олардың әлпетін одан сайын қалықтатып, сызықтарға динамизм және биікке ұшқырлық әсерін береді.

“Megatower Almaty” тұрғын үй кешені – осы ауданның жаңа сәулеттік доминантасы, оны “Бүгінгі бақыттың үйі” деп атауға әбден болады (9 сурет).

Кешеннің бүкіл аумағын тек көзге жағымды болып қана қоймай, сонымен қатар кешен үйлерінің тұрғындарын қаланың көкмұнары мен шуынан қорғап, дербес микроклимат жасайтын әшекейлі бұталар, ағаштар, құлпырған гүлзарлар мен газондар алып жатыр. Батысында “Megatower Almaty” кешені оның бойымен жаяу серуендеуге арналған терренкур созылып жатқан Үлкен Алматы өзенімен » шектеседі. Пәтер иелері мен олардың меймандарының қажеттілігіне 600 машинаға арналған күзеттегі жерасыт паркингі және ы:ңғайлы меймандарға арналған автотұрақтар қызмет етуге дайын. Тамаша жабдықталған балалар алаңшасында сіздің балаларыңыз өздері қалаған ойындары мен ермектерін табады!

Жаңа “Megatower Almaty” тұрғын үй кешенінің барлық пәтерлерінің жоспарламасы еркін, ерекше түрде “бағдарламаланған”. Икемді кеңістік интерьерді безендіруде шексіз мүмкіндіктерге жол ашады. 1, 2, 3, 4 бөлмелі пәтерлердің ауданы 50 шаршы метрден 135.

Көршілес бірнеше пәтерді біріктіретін нұсқалар да көзделген. Барлық пәтерлерде екеуден үшеуге дейін санитариялық тораптар, сондай-ақ кірістірілген шкафтарды орналастыруға арналған алаңдар жоспарланған. Жатынжай бөлмелерін меймандарға арналған аудандардан бөлу ұйымдастырылған. Әр пәтерде кіреберістік ауданды екі бөлікке бөлу көзделген, ол алғы бөлмеден және негізгі холлдан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       9 сурет. «Megatower Almaty» тұрғын үй кешені

 

Күңгірттелген шынымен жабылған кең балкондар мен лоджиялар пәтер иелеріне қалаға және Іле Алатауының бөктерлеріне тамаша көрініс ашылатын демалысқа және ләззат алуға арналған жайлы түкпірлерді жайластыруға мүмкіндік береді.

 «Megatower Almaty» тұрғын үй кешенінің аумағында тәртіпті және қауіпсіздікті “Базис-А” корпорациясының кәсіпқой Іске пайдалану қызметі қадағалайды. Кешеннің тұрғындары үшін аумақтың күнделікті жиналуына, қоқыстың шығарылуына, қыста – қардың жиналуына және әкетілуіне кепілдік беріледі. Жасыл желектерді кәсіпқой бағбан күтеді. Ғимараттардың инженерлік жүйелері мамандардың ұдайы бақылауында. Мұнда сантехниктердің, электриктердің және лифтерлердің кезекші қызметі бар.

Тұрғындарға тек ең үздігін ұсынатын өзінің дәстүрлерінің жолын ұстанған «Базис – А» корпорациясы үйлердің ең озық инженерлік технологиялармен жарақтайды. Әрбір үй өрттен сақтану жүйесімен, пәтерлердің ішінен жылуды реттеуге болатын орталықтан жылыту жүйесімен жабдықталған. Үрмелі-тартпалы желдету жүйесі әр пәтерге, сондай-ақ жерасты гараждарына тартылған.

Алматы қаласында қоғамдық құрылыс кешендері архитектурасымен тартымды болып келеді. Осындай құрылыс кешендерінің бірі Алматы халықаралық әуежайы болып келеді.

  Алматы әуежайы 1935 жылы қолданысқа берілді. 1990 жылға дейін ол ҚААБ (Қазақ АА Басқармасы) құрамына кірген. 1991 жылғы 26 сәуірде «Алма-Ата аэропорты» болып қайта құрылды. 1993 жылдан бері дербес құрылымдық бірлік болып саналады. 1994 жылы ол «Алматы аэропорты» болып өзгертіліп, оның қызметін өзінің құқықтық мұрагері — «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ жалғастырды (10 сурет).

2007 жылдың маусымынан бастап бизнес терминал іске қосылды. Сәулеттік және тарихи мәні зор және  қала сәулетінің бірегей ескерткіші болып саналатын ғимарат жаңадан қалпына келтірілді. Ғимараттың дизайн жұмыстарына итальяндық сәулетші жетекшілік жасады. Ол интерьердің стильдік сәйкестігі мен реңдік үйлесімінің дұрыс шешімін табу арқылы қайталанбас жайлы атмосфера құра білді. Бизнес терминалда чартелік рейс жолаушыларына қызмет көрсетіледі. Терминалдың залдарында жолаушыларға өздерінің іскерлік шаруаларын жүзеге асыруға қажетті қызмет түрлері де ұсынылады: келіссөздер жүргізу, пресс-конференциялар өткізу. Жолаушыларға Duty Free дүкені,  ассортименті бай шағын бар қызмет көрсетеді. Жайлы интерьер, жоғары деңгейлі техникалық жабдықтар.

Қазіргі уақытта Алматы әуежайында коммерциялық құқыққа ие Turkish Airlines, MNG Airlines, MY Cargo, MK Airlines секілді авиакомпаниялар өздерінің жүк тасымалдау рейстерін орындауда. Жүргізілген келіссөздердің арқасында 2007 жылы Алматы әуежайына әлемге әйгілі американдық UPS  компаниясының ұшақтары жүйелі түрде ұша  бастады. Сондай-ақ, қытайдың Yangtze River Express авиакомпаниясы өзінің ұшу бағдарламасын бастауға ниет білдіріп отыр. Халықаралық Әуежай (Алматы, Қазақстан) Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы тиімді географиялық ортада орналасқан.

Біздің қаламыз арқылы көне заманда Қытайдан әлемнің түкпір-түкпіріне жол салған Ұлы Жібек Жолы өтеді. Қауіпсіздікті қаматамасыз ету және қазіргі заманғы авиалайнерлерді қабылдау мақсатымен Алматы әуежайында 1998 жылы ұшу жолағы күрделі жөндеуден өткізіліп, ИКАО (ICAO) халықаралық стандарттарына сәйкес жаңа техникалық құралдармен жабдықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            10 сурет. Алматы халықаралық әуежайының ауданы

 

Ұшып-қону жолағы қайта жөндеуден өтіп, оны қабылдап алғаннан кейін Алматы әуежайына екінші дәреже беріліп, ол Халықаралық әуежай мәртебесіне ие болды. Халықаралық Алматы әуежайының еліміздегі жетекші әуежай ретіндегі жоғары мәртебесі, сондай-ақ, техника саласындағы күнделікті болып жатқан жаңалықтар қызметкерлердің кәсіби дайындығының да лайықты деңгейде болуын талап етеді. Мамандарды таңдау және оларды лайықты жұмыспен қамтамасыз етудегі тиімді жүйені пайдалану және мақсатқа сай бағытталған кадр саясатын ұстану арқылы Кәсіпорын жоғары нәтижеге қол жеткізуде.

Бас жоспар қаланың көлік құрылымын қолданыстағы жолдарға жаңа кең магистралдар, айналма автомобиль жолдарын, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету желілерін, автокөпірлер, жол өткелдерін, эстакадалар және т.б. қосу арқылы дамытуды және жетілдіруді көздейді (11 сурет).

 

 

11 сурет. Алматы халықаралық әуежайының жаңа жобасы

 

Көше-жол желілерін дамыту негізіне біртұтас қалалық жүрдек жолдар жүйесін және қалалық маңызы бар магистралдар құру алынған. Бұлар кейіннен қозғалысы үздіксіз және реттелетін магистралдарға дифференциацияланады.

Қала орталығынан көліктердің транзиттік ағынын сейілту үшін бас жоспарда қаланың негізгі жерлері мен оның орталық бөлігін орап үздіксіз қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін шеңбер жолдар жүйесі көзделген. (бағдарламаның толық мәтініне көшу)

2001 – 2004 жылдар аралығында қала жолдарының 140059 м2 жалпы көлеміне ағымдағы жөндеу жұмыстары, оның ішінде жыл сайын көпірлерді жөндеу, жарықшаларды құю, сондай-ақ қажет болған жағдайда люктерді жобаланған көрсеткіштерге дейін көтеру, қақпақтарын ауыстырудың жобалау-ескерту жұмыстары жүргізіледі.

2004 жылы қала жұмыстарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына1228,16 млн. теңге бөлінді. Жалпы көлемі 597430 м2 құрайтын 302 көшеге жөндеу жұмыстары, оның ішінде ішкікварталдық жүретін жолдардың асфальтбетон бедерлеріне – 102722 м2, тротуарларға – 113169 м2 жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласының асфальтбетон бедерлерінің жағдайын жыл сайын тексерудің нәтижелері бойынша жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу 600000 м2 құрайды. 2005 жылға 360385 м2 көлемге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Алматының қала құрылысын дамытудың басты мақсаты – қаланы тұрақты дамыту және алматылықтардың қазіргі және болашақ буындары үшін өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу төмендегілерді білдіреді:

— тіршілік ету ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешеннің тұрақтылығы;

— Қазақстан Республикасының ірі әрі әсем қаласын қала-бақ ретінде қалыптастыру;

— қала құрылысы шешімдерінің мәдени сабақтастығы; кеңістіктік тұтастық, эстетикалық шешімі, қаланың өмір сүру ортасының үйлесімі мен әр алуандығы;

көлік және инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі мен қауіпсіздігі, тұрғын үй проблемасын жан-жақты шешу, тұрғын үй аумақтарын реконструкциялау және дамыту, өмір сүру ортасын қалыптастыру;

— өндірістік аумақты пайдалану тиімділігі;

— қоғамдық орталықтар жүйесінің дамуы мен қол жетімділігі;

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу Алматы аумағын қайта ұйымдастыру мен көріктендіру, құрылыстарды реконструкциялау, өмір сүру ортасының сапалық сипаттарын көтеру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Алматы қаласын қала құрылысы тұрғысынан дамытуға қойылатын экологиялық талаптар:

— тұрақты экологиялық қолайсыз аймақтарында өмір сүру ортасын түбегейлі сауықтыру, ең алдымен орталық бөлікте, қаланың оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік бөліктерінде;

— табиғи кешеннің қолданыстағы аумағын қолайсыз антропогенді әсерлерден қорғау, шаруашылық қызмет нәтижесінде жоғалған шағын өзендер арналарын қайта қалпына келтіру, сондай-ақ резервтік аумақтардағы жаңа жасыл желектерді қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру;

— өмір сүру ортасының жайлылығын арттыру, оның ішінде аумақты көгалдандыру және қаладағы тұрғын үй және қоғамдық аймақтарда мезоклиматтық және микроклиматтық жағдайды жақсарту арқылы.

Жоғарыда Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендері жан-жақты қарастырылды. Әрбір кешен архитектура жағынан бір-бірін қайталамайды, бір-бірінен ерекше. Сол себепті, әр құрылыс кешеннің туристік нысан ретінде қарастыруға болады.

 

2.3 Алматы қаласы бойынша экскурсиялық-туристік маршруттар

 

Алматы қаласы бойынша барлық нысандарын есепке ала отырып бірнеше тақырыптарға арналған маршруттар құруға болады. Мысалы, Түнгі Алматы, Алматы – Сәулет қорығы, Қазақ Дастарханы, т.б. Экскурсиялық маршруттарды көлік арқылы жүргізуге сондай-ақ жаяу саяхат жасап та жүргізуге болады.

Маршрут 1.

Экскурия аты «Жаңа Алматы жолдарымен».

Автокөлік пайдалынады. Жаңа құрылыс кешендері бойынша экскурсия негізінен, Достық даңғылы, Әл-Фараби даңғылы және Розыбакиев көшесі арқылы өтеді. Экскурсия барысында туристер «Жаңа Алматының» тууына негіз болған Самал ықшам ауданымен, «Нұрлы тау» және әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан жаңа құрылыс кешендерімен және «Mega centre Alma-Ata» ойын-сауық және сауда мен іскерлік орталығымен танысады. Экскурсия мақсаты Алматы қаласының беделін көтеріп, жаңа заманның тынысына сай прогресспен бірге аяқ басқанын көрсету.

Уақыт ұзақтығы – 3 сағат.

Ұзындығы – 15 шақырым 

Маршрут 2. «Астана» қорығы

Жаяу экскурсия.

1993 жылы ҚР министрлер кабинетінің шешімімен ұйымдастырылған «Астана» қорығы Гоголь, Зенков, Төле би, Қонаев көшелерінің аумағындағы қаланың тарихи орталығын қамтиды. Серуен кезінде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы парктің ғасырлық емендерін, шырша саяжолдарын, гүл бақтарын тамашалауға, Зенков, Гурдэ және т.б. сәулетшілердің керемет туындыларын: Қызыл тан мата дүкені, Кафедралы шіркеу, Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары Мұражайын, бұрынғы Верный қалалық училищесін, ерлер мен қыздар гимназиясын көре отырып, ескі Верныйды сезінуге болады.

Саяхат уақытында қазіргі кезең сәулетшілерінің де туындылары қызықтырады – Даңқ Мемориалы, Әскер Үйі, «Отырар» қонақ үй.

Серуенді Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының мұражайында алдын ала тапсырыс бойынша қазақ этнографиялық ансамблінің концертін көрумен немесе «Арасан» сауықтыру моншасына барумен ұштастыруға болады.

Уақыт ұзақтылығы 2 сағат.

Ұзындығы 4 шақырым.

Ботаникалық бақ

Маршрут 3. «Ботаникалық бақ»

ҚР Ғылым академиясының бас ботаникалық бағы 1932 жылы құрылған және теңіз деңгейінен 900 м. биіктікте 108 га. алаңында орналасқан Мекен-жайы: Тимирязев к-сі, 48.

Экскурсия бөлімі ботаника — географиялық принцип бойынша (Қазақстан, Ресей, Крым және Кавказ, Солтүстік Америка өсімдік дүниесі) орналасқан бақтың тізілу тәртібімен саяхат ұйымдастырады. Өсімдіктер өсіп тұрған орында парктік – ландшафты принцип қолданылған. Бақ топтамасында раушан гүлдердің жүздеген түрі, сәлдегүлдің, қашқаргүлдің, лаланың, жұпаргүлдің ондаған түрі, сондай-ақ, түрлі ағаштар мен басқа да өсімдіктер, соның ішінде шипалы және жеміс-жидек мәдениеттері бар.

Серуен кезінде розарий, еменшөп, қалқан ағаш тоғайын тамашалауға болады. Бағдарламаның басты бөлімі пальма, банан, бамбук, кактус, тропикалық сулы және басқа тұрпатты өсімдіктердің 1000 жуық түрі бар, бірнеше бөлімшелерден құралған жылыжайы болып табылады.

Ұзақтылығы: қыстың күні 1 сағат, жаздың күндері 2 сағат.

Ұзындығы: 2 шақырым.

Маршрут 4. «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығы

«Атакент» тарихы өз бастауын 1961 жылдан, Тимирязев к-нің оңтүстік жағына қарай ғылым, техника, өндіріс пен мәдениет жетістіктерін насихаттау мақсатында 10 павильон («Басты», «Ауыр өнеркәсіп», «Ауылшаруашылығы»…) мен 7 алаңда («Көлік машиналары», «Құрылыс техникасы» …) ашылған халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінен алады. Мыңдаған экспонаттар ішінде қолданыстағы 136 макеттер мен моделдер ерекше қызығушылық танытқан.

1994 жылы үкімет шешімімен ХШЖК отандық кәсіпкерлікті қайта өрлету мен басқа мемлекеттермен шаруашылық және мәдени байланыстарды орнықтырып, кеңейту мақсатында Іскер ынтымақтастығы орталығына айналды.

Автомобиль, жиһаз, тұрмыстық техника және халық тұтынушы басқа да тауарлар мен ауылшаруашылық өнім сатушы сауда орталықтары әрдайым жұмыс жасауда.

Жыл сайын дәстүрге айналған жәрмеңкелер, мәселен күзгі әмбебап «Каркара», мұнай, медицина, машина жасау, туристік сияқты салалы жәрмеңкелер өткізіледі.

Сонымен қатар, «Атакент» қайың тоғайшығының, шырша, қарағай саяжолдарының, гүл бақтары мен фонтандар арасында орналасқан ашық алаңды мейрамханалар, кафелердің болуы арқасында қала халқының және қала қонақтарының демалыс орны болып табылады. Ниет білдіргендер үшін қысқы бағы бар жабық бассейні мен үлкен ашық бассейнінен құралған «Дельфин» аквапаркіне бара отырып, ІЫО кеш батқанша болуына болады. Су аттракциондары, сауна, тренажер залы бар.

Ұзақтылығы 2-12 сағат

Ұзындығы 2 шақырым

Маршрут 5. «Жұлдызды аспан аясында».

 «Алматы театральды», «Алматы мұражайлары», «Спорт мекені».

 

 

 

3 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҚ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

3.1 Алматы қаласының туризмнің жағдайы

 

Алматы — Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.

Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде туристер саны – 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 20000-ға дейін өсті.

Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады.

Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті.

 

3.2. Алматы қаласының экскурсиялық-туристік жағдайы

 

ҚР Президентінің Жолдауымен әлемнің дамыған 50 мемлекеттерінің қатарына кіру міндеті қойылды.

Мемлекеттік деңгейде елді аумақтық дамыту тұжырымдамасы қабылданды.

Бүгінде ол «Полярлы даму тұжырымдамасы» атауына ие болды. Бұл орайда басымдыққа жоғары деңгейде дамып келе жатқан қалалар ие болады.

Қаланың келешек мүмкіндіктерін ескере отырып, Алматы мемлекет үшін басты болып табылады. Яғни оны:

— мықты инновациялық кешен;

— халықаралық қаржы орталығы;

— туристік және спорт орталығы ретінде дамыту арқасында бұл жүзеге асырылады.

Инновациялық дамыту. Инновациялық жобаларды алға қою мен жүзеге асыру бойынша еншілес қорлар, кәсіпкерлікті дамыту қоры, екінші дәрежелі банктер, ірі инвестициялық компаниялар құрған мемлекеттік қаржы институттарымен бірлескен жұмысқа ерекше назар аударылады.

Осы жұмыста жақында Мәслихатпен қабылданған Алматыда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру көмекші болады.

Жылдың аяғына дейін инвестжобалардың және ұсыныстардың электрондық базасын қалыптастыру, Алматыны қаржы инвестициялауға тартымды қала ретінде таныстыруда 3 тілде кітапшалар мен СD-дискілер шығару, экономикалық зерттеулер мен инвестицияларды тартуда қолдау бойынша аймақтық орталық құруда қажетті құжат әзірлеу, қаланың кепілдік қорын пайдаланудың тиімділігін арттыру жоспарланып отыр.

Бүгінде инновациялық жобалардың жаңа тізімі қалыптастырылды. Оларды жүзеге асыру елдің экономикасын дамытуда сапалы өркендеуді қамтамасыз етеді. Оның құрамына отандық мамандармен әзірленген жобалар кірді. Оладың қатарында жаңа медицина препараттарын шығару, қан прапараттарын өндіру бойынша зауыт салу, биоэтанол өндірісінің жобасы.

Бүгінгі күнгі революциялық жоба қазіргі кезеңгі микроэлектроника материалдарының негізі-жоғары кремний өндірісі болып табылады. Соңғы зерттеулер көрсетіп отырғандай, алдағы жүз жылда кремний баламасы болмайды. Сонымен қатар, кремний күн фотоэлементтері үшін қолайлы. Оның көмегімен алынатын электрэненргиясының құнын азайтады.

Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған әлемде теңдесі жоқ «Нормоген» препаратын шығару жобасы ерекше мәнге ие. Шикізаттың қолжетімділігі, препаратты шығарудың қарапайым технологиясының ұтымдылығы 1000 пайыз және одан да жоғары.

Тағы бір жобалардың бірі адамның ауыр сырқаттарының диагностикасымен оны емдеу үшін позитронды-эмиссиялық әдісті енгізуге қызмет жасайтын республикада алғаш рет ядролық медицина мен биофизика Орталығын құру.

Жоғарыда аталған барлық жобалар халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.

Инновациялық инфрақұрылым дамытылады. Алатау ауылындағы ақпараттық технологиялар паркінің құрылысы жалғастырылады, технология трансферттері орталықтары мен лизинг орталықтары әрі қарай қалыптастырылады. Олардың басым міндеті жаңа технологиялар саласында бизнес-жобаларды қолдау, тиімді шарт бойынша құрал-жабдықтарды лизингке беру, сондай-ақ, еншілес операцияларды жүзеге асыру.

Алматы қаласында өндірістік аймақтар мен бизнес-инкубация қалыптастырылып, әрі қарай дамытылады, соның ішінде «қабырғасыз» бизнес-инкубаторлары.

Осы жобаларды жүзеге асыру іскер адамдарға инновациялық экономикаға енуіне мүмкіндік береді.

Халықаралық қаржы орталығын дамыту. Ашық қаржы жүйесін қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту мен қаланың экологиялық мәселелерін (су, ауа, жер және т.б. сапасын жетілдіру) шешу арқылы Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретінде құру тұжырымдамасын жүзеге асыру қажет болады.

Жалпы Алматының қаржы жүйесінде банк секторымен, құнды қағаз нарығына ұатысатындармен жүзеге асырылатын операциялар тізімі кеңейтіледі.

ААҚО құру тұжырымдамасын әзірлеуші Boston Consulting Group сарапшыларының болжамы бойынша, Алматыда құрылып жатқан аймақтық қаржы орталығы жұмысының үшінші жылында шығарылатын облигация көлемі 5 млрд. долларды құрайтын болады, ал олардың жыл сайынғы өсімі 20-30 пайыз болады.

Бас жоспарға сәйкес мектебі, бала бақшасы, қажетті қызмет көрсету кәсіпорындары бар қазіргі кезеңге сай тұрғын үй аудандары салынады.

Ірі инвестициялық жобаларға апаттық-ескі және қазіргі кезеңгі талаптарға сай келмейтін құрылыстарды бұзу арқылы жер телімдері беріледі.

Осылайша, «Сайран» кешенінің құрамында 200 гектардан артық жерде 3 мың метр кв. жуық тұрғын үй, 12 мектеп, 9 бала бақшасы, 2 емхана, көпқабатты офистер, банк, сауда орталығы мен басқа да қызмет көрсету объектілері салынады. Осында орналасқан базар мен стадион қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, бірнеше жол айырықтары, көлден өтетін көпір, тұрақ аймақтарын салу жоспарланып отыр.

Қаланың кешенді құрылысы географиясын шеткі аудандарды да қамтиды. 2008 жылы Ақбұлақ ауылының жанында қазіргі кезеңгі тұрғын үй кешенін салу жоспарланып отыр.

Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелеу жүйесін әрі қарай дамыту, тұрғын үйді жалға беру секторын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мен жеке капиталды тарту механизмін ала отырып жалға берілетін үй құрылысын ұйымдастыру көзделіп отыр.

Қалада 3 жыл ішінде жалпы ауданы 2356 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгізіледі.

2007 жылдан бастап көп жылдар бойына жүргізілмеген бала бақшасының құрылысы басталады.

Қауіпсіз өмір сүру мен бизнес жүргізу деңгейін арттыруға аса көңіл бөлінеді. Осыған байланысты жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалану арқылы «Қауіпсіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру қажет болады.

Тиімді географиялық орналасумен қатар қалада халықаралық стандарттарға сай қонақ үй кешенінің болуы, көлік объектілері мен тұрғын үй инфрақұрылымының болуы Алматыны ірі транзиттік орынға айналдыру мүмкіндігін береді, әсіресе Ресей мен Қытай үшін.

Бүгіннің өзінде жақсы экономикалық келешегі мен қайталанбас көркі бар бақ-қала ірі халықаралық бизнес орталығы болуға лайықты.

Бұл басымдық көлік-логистикалық орталықтарды дамыту арқылы елдің мүддесіне барынша пайдаланылады. Кластерді дамыту бойынша алғашқы жоба ретінде «Астана контракт» контейнерлік терминалы базасында «Көлік логистикасын» жүзеге асыру мен Алматы қаласының әуежайы базасында әуе көлігіне қызмет көрсету орталығын қалыптастыру қажет.

Қаланың қарқынды дамуы мен автомобилизациялануды ескере отырып, Алматыдан транзиттік ағымды алыстату мақсатында іс-шаралар кешені қабылданады.

Бұл үшін жылдамдықты қала жолдары мен магистралдар жүйесін қалыптастырып, 20 жол айырықтары мен үлкен айналмалы жол салу керек. Қалаға транзиттік көліктің келуін қысқарту мақсатында диспетчерлік терминалдар салу көзделіп отыр.

Экологиялық таза электр көлігін дамыту үшін метрополитен мен қазіргі кезеңгі трамвай жүйесінің құрылысын қамтамасыз ету жоспарда.

Аталған инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру дамыту институттарының қатысуымен, соның ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік механизмін енгізу арқасында жүзеге асыру көзделуде.

Алматы қала құрылысы тұрғысынан дамытудың негізгі бағыттары қаладағы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және регенерациялауға қойылатын төмендегідей талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

— қала құрылысы және архитектуралық құралдармен қаланың бүкіл тарихи табиғи-ландшафты, жобалау, композициялық, археологиялық және орталық негізін сақтау, анықтау және мән беру мәселелерін қамтамасыз ету. Бұған бедердің тарихи белгілері, қалалық және табиғи ландшаф, көшелердің тарихи желілері, алаңдар мен кварталдар, қала құрылысы ансамблдерін салудың тарихи жүйесі, көрнекі доминант, қала кеңістігін көз алдыңа келтіретін аймақтарға мән беру, жылжымайтын мәдени ескеткіштер, құрылыстар мен көріктендірудің тарихи сипаты кіреді;

— өзінің тарихи сипаттарын барынша толығырақ сақтаған көшелер мен кварталдарға «қорғалатын аумақ» мәртебесін беру;

— аумақтағы жылжымайтын мәдени ескерткіштер аймақтары үшін олардың шекарасын анықтайтын құқықтық қала құрылысы регламенттерін және көрсетілген аумақтар мен аймақтар шекараларында қала құрылысы қызметін реттеу режимін орнату және сақтау;

— тарихи табиғи ландшафты қорғау аймақтары үшін көрсетілген аймақтар шекараларын анықтайтын құқықтық қала құрылысы регламенттерін және осы шекаралар шегінде осындай ландшафтардың көрнекі келбетін қорғауды және қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін қала құрылысы қызметін реттейтін режимдер орнату және сақтау;

— жылжымайтын мәдениет ескерткіштерін реставрациялау және қалпына келтіру, анықтау, есепке алу, жылжымайтын мәдениет ескерткіштерін паспорттау бойынша жұмыс көлемін ұлғайту.

Алматының табиғи кешені негізінен табиғатты қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафт түзуші және қаланың табиғи-ландшафты нобайын түзуші функцияларды орындайтын өсімдіктер мен (немесе) су нысандарынан тұратын аумақтар жиынтығын білдіреді. Табиғи кешен аумағына мыналар жатады: табиғи аумақтар – орман және орман бағы массивтері (Баум бағы), табиғи өзендер мен бұлақтардың құрылыс жүргізілмеген жазықтары; көгалдандырылған аумақтар – парктер, бақтар, гүлзарлар мен скверлер, бақ-парк өнері және ландшафтылық архитектура ескерткіштері, сондай-ақ тұрғын үйлердің көгалдандырылған аумақтары, қоғамдық, өндірістік және коммуналдық мақсаттағы нысандар; резервтік аумақтар – бұзылған және табиғи аумақтарды қалпына келтіру және қайта құру үшін, жаңа көгалдандырылған аумақтар жасау үшін резервтелген аумақтар.

Табиғи кешен аумақтарын сақтау мен дамытудың негізгі бағыттары төмендегілерді көздейді:

— Алматы қаласының, қала маңындағы аймақтың және Алматы агломерациясының табиғи кешенінің тұтастығын сақтау;

— әртүрлі сатылы деңгейдегі рекеациялық аймақты қалыптастыру;

— жобалауды экологиялау және табиғи кешеннің нақты аумақтарын ұстап тұру; — табиғи кешен аумағы алаңдарын 4-тен 14,2 мың га-ға дейін ұлғайту.

Бас жоспарда қаланы бұдан ары дамыту қала ішіндегі аумақтарды қарқынды пайдалана отырып, қала шегін қамтиды.

Қала аумақты дамуын негізгі жоспарлау бойлықтары бойындағы бос аумақтарды игеру есебінен алады: батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстік бағыттарда (тау етегі – табиғи кешен).

Бас жоспарда жаңа тұрғын үй құрылысын көп қабатты, сол сияқты аз қабатты үйлер салу арқылы жүргізуі көзделген. Көп қабатты үйлер дәстүрлі түрде батыс бағытта Райымбек даңғылы мен Төле би көшесі аралығындағы аумақта, Абай даңғылы бойымен, сондай-ақ қаланың оңтүстік бөлігіндегі «Самалда» жүргізіле береді және қаланың орталық бөлігінде іріктеп реконстукциялау есебінен жүреді.

Қаланың негізгі магистралдарын қалыптастыру мақсатында жол өткелдері мен әртүрлі деңгейде автокөпірлер салу, негізгі қала құрылысы тораптарын дамыту Сейфуллин, Достық, Райымбек, Абай, Төле би даңғылдары, Жансүгіров, Жандосов, Шемякин, Солтүстік жартылай шеңбер, Фурманов көшелері бойындағы аз қабатты тұрғын үй қорын сүруді көздейді және т.б. Аз қабатты үйлер құрылысы солтүстік-батыс бағытта Рысқұлов даңғылының солтүстік аумағында Қарғалы және Боралдай өзендерінің аралығында, шығысында – Шемякин көшесі мен Кіші Алматы өзені аралығында, «КазПАС» солтүстік тоғаны аумағында, солтүстігінде – Бірінші май мұнай базасы ауданында, сондай-ақ басталған құрылыстың аяқталуы қажет аз қабатты үйлер салынған аудандарда дамиды.

Қаланың перспективті жоспарлау құрылымын қалыптастырудың негізі табиғи-экологиялық және көлік каркасы болып табылады. Табиғи-экологиялық каркас қала арқылы меридиан бағытымен ағып өтетін тау өзендерін, парктерді, скверлерді, бульварларды және басқа да қала «өкпесі» болып отырған көгалдандырылған аумақтарды қалыптастырады.

Сыртқы ортаны оның қаладағы элементтерімен жалғайтын негізгі табиғи шек бойынша (Ақсай, Есентай және Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы және т.б.) кең көгалдандырылған алаңдар құрылады.

Жалпы экологиялық каркастың құрылымы тау-жазық және жазықтағы ауа ағындарын циркуляциясын өткізу үшін меридианды және көлбеу бағытта өзара айқасатын көгалды дәліздерден тұратын ірі ұялы сетканы білдіреді. Жазықтағы желді өткізу үшін дәліздердің функциясын гүлзарлар, бульварлар, ҮАӨ бойындағы рекреациялдық аймақ болып табылатын кең бағыттағы демалыс аймақтары өзіне алады.

Қаланың урбандалған каркасының келесі элементі көлік магистарлі жүйесі болып табылады. Бас жоспар қолданыстағыларға қосымша көлбеу және енді магистарльдар, айналма автомобиль жолдарын, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету желілерін, автокөпірлер, жол өткелдерін, эстакадалар және т.б. салу арқылы қаланың көлік құрылымын дамытуды және жетілдіруді көздейді. Көше-жол желілерін дамыту негізіне қалалық біртұтас жүрдек жолдар жүйесін және қалалық маңызы бар магистралдар салу алынған. Соңғысын қозғалысы үздіксіз және реттелетін магстральдарға айналдыру көзделген.

Қала орталығынан көліктердің транзиттік ағынын сейілту үшін бас жоспарда қаланың негізгі жерлері мен оның орталық бөлігін орап үздіксіз қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін шеңбер жолдар жүйесі көзделген.

Қала аумағын сыртқы транзиттік ағыннан оқшаулауды Үлкен Алматы Шеңберлі Автожолы (ҮАША) қамтамасыз етеді. Ол қаланы шығысында — Талғар трассасынан үлкен жартылай шеңбер жасай отырып, ал батысында – Жандосов көшесіне дейін орап өтеді.

Қала атмосферасын жақсарту мақсатында Бас жоспарда көше-жол желісін жетілдіу, метрополитенді енгізу, электр көліктер үлесін ұлғайту, автосервис желісін дамыту және т.б. көзделген.

Қаланың бұдан арғы өсуі жалпы қала орталығы жүйесінің тармақталуымен қоса жүреді. Қаланың негізгі өсу бағыттары бойынша ірі көлік тораптарында Бас жоспар қаланың негізгі орталығының қосалқы орталықтарын ұйымдастыруды көздейді.

Қаланың батыс бағытта өсуіне орай Қарғалы өзені бойымен және Абай даңғылы бойымен өтетін болашақ қалалық магистраль қиылысында жалпы қалалық орталықтың көп функциялы қосалқы орталығы болады. Қаланың солтүстік бағытында орталықты қалыптастырушы Алматы-1 теміржол вокзалы маңындағы алаң болып табылады.

Орталық ядроның үшінші қосалқы орталығы қаланың шығыс бөлігінде Құлжа және Талғар трассаларының қиылысында «Ежелгі Алмату» туристік кешені ретінде ұйымдастырылады.

Орталық ядрода тарихи қалыптасқан жобалау және архитектуралық-кеңістіктік құрылымды, құрылыстың тарихи типтері құрылымын сақтау және дамыту, жаяу жүргіншілер гүлзарлары, бульварлар, алаңдар жүйесін қалыптастыру, тарихи табиғи-ландшафты қаңқаның жоғалған элементтерін қайта жасау көзделген.

Бас жоспарда тарихи-мәдени қорды тарихи және археологиялық ескерткіштер базасында ары қарай сақтау, мәдени-танымдық орталықтар: «Ұлттық-этнографиялық» (Боралдайдағы сақ қорғандары ауданында) және Ұлы Жібек жолының бас трассасы – Құлжа трассасында «Ежелгі Алмату» орталықтарын құру бойынша іс-шаралар жүргізу ұсынылған.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Қаланы туристік және спорт орталығы ретінде дамыту. Туристік орын болуда Алматының айтарлықтай алғышарттары бар. Аймақтың халықаралық стандарттарға сай табиғи-рекреациялық қоры мен инфрақұрылымы қаланы республиканың туристік қақпасы деп санауға лайықты етеді.

Туризмді дамыту бағдарламасына сәйкес, қала маңындағы Іле Алатаудың солтүстік баурайын игеру жобасын жүзеге асыру, аспалы жол мен таулы қонақ үй жүйесін, тау шаңғысы базасын, халықаралық стандарттарға сай қонақ үй салуды дамыту көзделіп отыр. Осының барлығы біршама инвестициялық қаржат талап етеді.

Тау шаңғысы демалыс орындарын дамыту жалғасуда. «Шымбұлақ» биік тау демалыс орнын дамытудың бас жаспарымен қонақ үйлер, кемпингтер, канат жолдары, паркингтер мен басқа да қызмет көрсету объектілерін салу көзделген.

Инвестиция тарту арқылы Түргенде үлкен тау шаңғысы демалыс орнын салу жоспарланып отыр.

Жаңа туристік– экологиялық, тарихи, тау шаңғы, атты, аңшылық бағыттар әзірлеу басымдыққа ие болады.

Бес жұлдызды және туристік кластағы қонақ үйлер біршама дамытылады.

Алматыға келген туристер саны алдағы бірнеше жылда екі есеге артады деп күтілуде.

Қаланың келешегі мен мүмкіндіктерін назарға ала отырып, Алматы 2011 жылғы Қысқы Азия Ойындарын өткізу орны болып бекітілді. Жаңа спорт объектілерін салу бойынша, көлік және инженерлік коммуникацияны дамыту бойынша үлкен жұмыс жасау қажет болады.

Бүгінде Алматы қаласында барлық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасалған. Келешекті нақты көріп-білу, Елбасы тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау, қала басшыларының Алматыны Жер бетіндегі ең көрікті қала ету қалауы бар. Ал ең бастысы мықты және гүлденген Қазақстан жасампаздарының алдыңғы қатарында үнемі алматылықтар келе жатқанын қажырлы еңбегімен дәлелдеп отырған халық бар.

Берілген жұмыста Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендері, олардың қатарында тек қана тұрғын үйлер емес, сондай-ақ авто магистральдар, жаңа жол тораптары, қоғамдық құрылыстар да қарастырылды. Олардың дамуына болған себептер, яғни тарихи, әлеуметтік-экономикалық ашылды.