АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Алматы қаласының туризм дамуы және экскурсиялық нысандары

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

І. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ

АЛҒЫШАРТТАРЫ………………………………………………………………………………….. 

1.1. Табиғи-географиялық алғышарттары…………………………………………………….

1.2. Тарихи алғышарттары………………………………………………………………………….

1.3. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары……………………………………………..

 

ІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ

НЫСАНДАРЫ…………………………………………………………………………………………

2.1. Алматы экскурсиялық нысандарын тақырыптық бөлу………………………………..

2.2. Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендерін-экскурсиялық нысан

ретінде қарастыру………………………………………………………………………………………

2.3. Алматы каласы бойынша экскурсиялык маршруттар……………………………..

 

ІІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҚ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ………

3.1. Алматы қаласындағы туризм жағдайы…………………………………………………..

3.2. Алматы қаласында туристiк нысандарын қорғау және сақтау мәселелері…

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТIЗIМI

ҚОСЫМША А

ҚОСЫМША Ә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстанның жоғалтып алған секторы – туризм.  Экономиканың осы саласын дамыта алмай жатқанымыз аян. Туризм кластерін құрамыз дегенімізбен, әлі күнге дейін нақты мардымды ештеңе жоқ. Жібек жолы бағдарламасы, экотуризм, мәдени-танымдық және іскерлік туризм түрлерін дамыту ойда бар. Нақты жасалып жатқан іс жоқтың қасы.  Авиа компания тасымал саласына жатады, ал адамдар оны туризмге апарып, қосып қояды. Келетін туристер болса, тасуға дайын екендігін білдірген ол, өткен жылы компанияның 1,2 млн шет елден жолаушы тасымалдағанын, оның 1 пайызы ғана туристер болғанын айтты. Бұл тым аз. Және аталған компания республика ішінде 27 пунктке рейс жасайды екен.  Олардың арасында да жергілікті туристік орындарға бара жатқан жолаушылар жоқ. Студенттер, туыстарына бара жатқан жолаушылар ғана.

Біздің елдегі туристік компаниялардың көпшілігі шығу туризмімен жұмыс. Әрине, бұл туризм түрі қысқа мерзімде көп табыс әкеледі, ал жалпы алғанда бұл мемлекет үшін тиімсіз. Өйткені мемлекет ақшасы басқа мемлекетке кетуде деген сөз. Басқа елге барған турист, сол елдегі қызметтерді пайдаланады және оған ақша төлейді. Ал кіру туризмімен аз ғана мекеме айналысады. Және айналысқанның өзінде жергілікті әкімшіліктердің түсінбеушіліктерімен кезігуде. Бұл осы саланың дамуына кері әсер етуші.

Осы кіру туризмінің дамытушы локомативі ретінде іскерлік туризмнен бастауға болады. Конференцияларға, форумдарға келген адамдар біздің елдің көрікті, қызықты жерлерімен танысады, қалаларымыздың көркемдігін көріп, келесі бір кезде өз жанұясымен, достарымен қыдырып келуі мүмкін, және басқа да адамдарға осы ел жайлы хабар таратады. Бұл дегеніміз үлкен жарнама.

Болашақта Алматы қаласы орта Азиядағы ірі қаржы орталықтарына айналу мүмкіндігі жоғары. Осындай үлкен экономикалық потенциал шетелдік компаниялар мен инвесторларды тартуда. Және сонымен қатар Алматы қаласының географиялық орналасуы мен рекреациялық ресурстары туризм дамуына өте қолайлы. Медеу, Шымбұлақ, Шарын, әсем тау бөктерлері, осының барлығы туристерді тартуда. Сонымен қатар Алматыда ірі көрме оралықтары да бар, жыл сайын қалада 50 шақты көрме өткізіледі  

Сонымен қатар статистикалық мәліметтерге сүиенсек, осы іскер турист елде мың долларға дейін тастап кетеді екен.

Әлемде іскерлік туризм жыл сайын қарқын алып келе жатыр. Мысалы : АҚШ та 5%, еуропа елдерінде 5-6 % ке, Ресейде 10% ке өсуде. Ал Қазақстанда іскерлік туризм даму жөнінен соңғы орында Оның  алдында экологиялық және мәдени танымдық туризм тұр.

Алматы — Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.

Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде туристер саны – 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 20000-ға дейін өсті.

Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады.

Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті

І. Алматы қаласының туризм дамуының алғышарттары

 

1.1. Табиғи-географиялық алғышарттары.

 

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан. аумағы 190 шаршы шақырым. Алматы — Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.

Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі. Желдің орташа жылдық жылдамдығы — 1,2 м/с, ауа температурасы орташа — 9,0 C°, Орташа жылдық ылғалдылық мөлшері — 62 %. Кесте 1 Алматы қаласы климатының жылдық көрсеткіштері көрсетлген. Осыған сәйкес, қала бойынша экскурсияларды жүргізудің ең қолайлы кезеңі тамыз, қыркүйек және қазан айлары деп мәлімдеуіме болады. Бірақ, қала өзінің қолайлы географиялық орны мен климаттық жағдайына байланысты, экскурсияларды жыл бойы өткізіп тұруға болады.

Қаланың айналасы негізінен, таулы, сайлы-жыралы болып келеді. қала маңындағы биік таулы еңіс (3000-5000м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама бейткейлі. тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Алматы арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың арналары Қарғалы, Қарасу өзендері ағады. Алматының төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзінде әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі.

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.

Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты. Фау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

 

 

1.2. Тарихи алғышарттары

 

Қаланың даму тарихы ежелден кезеңдерден бастау алады. Бұл қазіргі қалыптасқан экскурсиялық нысандарынан байқай аламыз. Қала дамуы бірнеше тарихи кезеңнен өтті.

Б.з.д. 10 — 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.

Б.з.д. 7 ғ. — б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы — Есік қорғаны, онда «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» — шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болған.

Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған. 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхейде алғаш рет қаланың аты аталынады.

15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай.

1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті.

1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталады.

1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен таспен ауыстырылды.

1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.

1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды.

1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата дегенжаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін» деген бұйрық шығарды.

1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.

Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.

1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-шы бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.

Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.

1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды қосылды. 1 мамырда Түрксіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.

1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.

Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.

1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.

Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.

Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.

Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.

1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.

Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.

1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға алынды.

«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.

Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.

Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

 Сурет 1. алматы қаласының археологиялық нысандары бар территориялары [автордан]

 

 

1.3. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

 

1991 жылдың желтоқсан айында Қазақстан өз тәуелсіздігін жария етті. Сол кезден бастап ол демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолымен сенімді жүріп келе жатыр.

Бүгінде Достастық елдерінің арасында біздің республикамыз барлық дерлік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарға шығып келеді. Ерекше мәнді күнге Алматы қаласы да жақсы нәтижелермен және келешек жоспарлары, идеяларымен кіріп отыр. Мерейтой қарсыңында қаланың да елімізбен бірге өткен жолын талдау мәнді. Бұл жол қиыншылыққа толы болды.

Себебі, 15 жыл ішінде алматылықтар экономикалық формацияның өзгерісімен қатар, қала мәртебесінің өзгерісіне де куә болды. Бұл кезеңді үшке бөліп көрсетуге болады.

Бірінші кезең – 1992-1996 жылдар. Осы аралықта Қазақстан қоғамында бұйрықтық-әкімгершілік жүйеден нарықтық экономикаға ауысу процесі жүріп жатты.

Екінші кезең (1997-2001 жылдар) Алматы қаласының астаналық құзырын Астана қаласына көшірумен және жергілікті билік органдары қызметтерінің жаңа мәртебеге ие болуымен байланысты.

Үшінші кезеңге (2001-2006 жылдар) өркендеп келе жатқан экономика және қаланың халықаралық қаржы орталығы ретінде дамуы тән. Осы кезеңдерге толығырақ тоқталып өтейік.

1992-1996 жылдар еліміз үшін дамудағы ең қиын кезең. Жеке мемлекеттер сияқты Қазақстанға жеке заңдарымен өмір сүруді үйрену қажет еді. Бұл заңдарды жаңадан қалыптастыру қажет еді, бұрынғы заңдар іске асыруға келмеді.

90 жылдардың басында республиканың барлық аймақтарында экономикада тоқыраушылық басталды, содан кейін барып, ол құлдырай бастады. Осы жағдай шаруашылық байланыстардың толық құлдырауымен, қарыздардың жиналып, ақшаның құнсыздануымен қиындады.

Бұл жерде 80 жылдардың ортасына тиесілі әкімгершілік-бұйрықтық басқару жүйесінің билеп отырған кезіндегі күйзелісті еске салу орынды болады.

Бақылаушылар нарық кезеңіне дейінгі өнеркәсіп ерекшелігін жақсы біледі. Ол тұрақты жұмыс жасап отырды, бірақ көпте болса, жақсырақ болады принципте негізделді. Сапа мәселесі екінші орында қалып қойды. Өнеркәсіп өсімі бола отырып, өндірістің техникалық дамыуында артта қалушылық айқын көрініс ала бастады. Егер 80 жылдардың соңында қарыз болып, өсім сақталып отырса, ал 90 жылдары тоқыраушылық, экономикада құлдырауға ауысты.

80 жылдар мен 90 жылдардың басы және одан де ертерек жылдар тарихқа «жаппай тапшылық» атымен енді. Кейбір жылдары азық-түлік тауарлары қатаң мөлшерленді: сары май- 500 грамнан ғана берілді, ет – бір текше, қант – 1 килограмм, арақ – 1 бөтелке, т.с.с. Киім, аяқ киім, жиһаз, автомобиль, барлығы тапшы болды.

1993 жылы Алматыда өнеркәсіп өндірісі 10 пайызға төмендеді, 1994 жылы – 20 пайыз, ал 1995 жылы — 30 пайызға төмендеді. Тұрмыстық қажетті өнімдерді есепке алмағанда, сүт, шұжық, басқа да азық-түлік өнімдері 5-10 есеге азайды.

1996 жылдың соңында Алматының өнеркәсіп өндірісі 1991 жылмен салыстырғанда 60 пайызға төмендеді, құрылыс инвестициялары – 5 есе, жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау – 13 есе азайды.

Осындай құлдыраушылық тұрғын үй құрылысында да көрініс тапты. Мектептер, ауруханалар, емханалар, басқа да әлеуметтік сала объектілерін тұрғызу тоқтатылды. Жартылай салынған сұр үйлер сол кезең экономикасының мұңды бейнесіне айналды.

Барлық саладағы тоқыраушылық – бұрыннан келе жатқан бүкіл өндіріс жүйесі күйзелісінің өршуі болып табылады. Бұл отандық және шетел ғалымдары мен аналитиктерімен анықталды.

Әрине, осы жағдай кең халықтың тіршілік деңгейіне теріс әсер етті. Осы кезеңде Алматының миграциялық ахуалы апатты болды: 1991 жылмен салыстырғанда туылғандар саны 1996 жылы 35 пайызға төмендеді, ал өлім-жітім 15 пайызға артты. Инфляция нәтижесінде халықтың шынайы табысы ұдайы азайып отырды. Кәсіпорындардың жабылуы мен басқа да себептерге байланысты 5 жыл ішінде 60 мың адам жұмыс орнынан айырылды. 2001 жылы жалақы бойынша қарыз көлемі 240 млн. теңгеге жетті.

Сол қиын кезеңде мемлекеттілігі жоқ, айналасының барлығы осындай жаңа мемлекеттермен қоршалып жатқан ел әлем қауымдастығында өз орнын тауып, басымдықтарды анықтап, ең бастысы, халыққа келешекке деген үміт арттыруы қажет еді.

Сол жылдары қандай ауқымды жұмыстар жүргізілгенін еске түсірейік. Өйткені, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы тіршілік әрекетінің, сана, іс-әрекеттердің түбегейлі өзгеруі негізінде жүргізілді. Мемлекеттік деңгейде бағаны либерализациялау, көптеген тауарларды тарату үшін тосқауылды алып тастау, шаруашылық субъектілерінің ісіне мемлекеттің араласуын шектету бойынша жедел іс-шаралар қабылданды. Заң базасы түгелімен жаңа беттен жазылды.

Сол жылдары қазіргі кезде посткеңестік кеңістікте ең күшті болып мойындалған елдің банк жүйесі қалыптастырылды.

Бүгінде өткен жылдар көзімен қарағанда, біз экономикадағы «шок терапиясы» принципі бойынша жүргізілген реформаның ел үшін жалғыз дұрыс шешім болғанын түсініп отырмыз. Оның КСРО құлдырағаннан кейін иелік ету жағдайына кезеңмен енуге мүмкіндігі болмады және 1992 жылы экономиканың либерализациялануын жарялаған Ресейде жүргізілген реформаларға тәуелді болды.

Республикада жүргізіліп жатқан реформалардың ортасында Алматы мен оның тұрғындары болды. Сол жылдары кәсіпорындарды шетел басқаруына немесе жекеменшікке беру процесі басталды. Үйлердің бірінші қабаттарында тауар өндірісі және қызмет көрсетумен айналысатын шағын және орта бизнес кәсіпорындары ашыла бастады.

1994 жылы құбырлар, түсті және қара металдан бұйымдар шығаратын «Кастинг» кәсіпорны ұйымдастырылды.

1993 жылы «Іскер» кәсіпорнымен елдің темір жол жүйесі үшін қосалқы бөлшектер мен құрал-жабдықтар өндірісі игерілді.

1995 жылдан бастап бұл кәсіпорын осындай өнім өндіруші елдегі жалғыз кәсіпорын болып отыр.

1996 жылы «Іскер-ГАЗ» Қазақстан-Ресей кәсіпорны құрылды. Ол «ГАЗЕЛЬ», «Соболь» маркасының автомобильдерін, автомобильдердің, кузовтардың, фургондардың, автотіркемелердің 30-дан астам түрін щығарды.

1995 жылы «Белкамит» бірлескен кәсіпорны құрылды. Ол мұнай мен газды өңдеу үшін жабдық шығаратын. Кәсіпорын өнімі елде алғаш рет халықаралық стандарттар бойынша сертификатталды.

Сол жылдары азық-түлік өнеркәсібінің кәсіпорындары белсенді дами бастады. 90 жылдардың басында азық-түлік өнімдерін шығару технологиясында «Беккер и К» компаниясы алға шықты. Нәтижесінде, ол отандық нарықта шұжық және ет өнімдерін ең үздік өндіруші болып қалыптасты.

Алматы маргарин зауыты 1996 жылға дейін ауыр халде болды. Демек, кейіннен акцияларының 90 пайызын швейцариялық әріптестер сатып алды. Бұл өндіріске 6 млн. АҚШ долларын инвестициялауға, ал бұл өз кезегінде өнімнің әлемдік нарығында өз орнына ие болуға мүмкіндік берді.

Осындай кәсіпорындардың арқасында біздің экономикамыз аман қалып, аяғына тұрды. Содан барып қарқынды өсу жолына түсті.

1995 жылы «Салық пен басқа да міндетті төлемдер туралы» заң қабылданды. Өмір көрсетіп отырғандай, бюджет қаражатының күйзеліс жағдайында, жалақы, зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша қарыздың өсуінде қатаң фиксалды және оң роль атқарды. Демек, ол сол кезден-ақ, нарықтық экономиканың дамуына бейімделген болатын. Кейіннен, оған бірнеше рет ең алдымен кәсіпорындар мен кәсіпкерлер үшін салықтық төлемдерді азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілді.

90 жылдардың алғашқы жартысын елімізде кәсіпорын қозғалысының пайда болу кезеңі деп айтуға болады. Осыған дейін адамның ынталылығы мен энергиясы жөнінде көбі ойланған емес. Сол кезеңде адамдардың бизнеске ене бастады. Оның негізгі бағыты далада сауда жасау, ал ұраны: арзанға сатып алып-қымбатқа сату болды.

Бұл әлі өркениетті бизнес болған жоқ, демек жекеменшікке негізделген жаңа экономика пайда бола бастады және өз еңбегінің нәтижесіне мүдделілік өсе берді.

Кәсіпкерлікті дамыту ісінде Алматы жаңашылдық енгузіші болды. Сол кезден-ақ, жеке бизнесті қолдау бойынша нақты іс-шаралар қабылданды. Шағын және орта кәсіпорындардың кейбір категорияларына орынды жалдау мен коммуналдық қызметті төлеуде жеңілдіктер орнатылды. Бұл жеңілдіктер кәсіпорындарға шығындарын төмендетуге, негізгі қызметін арттыруға мүмкіндік берді. Сол кезеңде әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілердің бос алаңдары, үйлердің бірінші қабатын кафе, дүкен, шаштараз және т.б. ашуға берілді.

Қабылданған іс-шаралар көптеген азық-түлік өнімдерін, тауарлар мен қызмет көрсетуді шағын бизнеске бейімдетуге мүмкіндік берді. 1996 жылдың аяғында кәсіпкерлер үлесінде нан өнімдерін өндірудің 10 пайызы және шұжық өнімдерінің 5 пайызы болды. Бұл, әрине, аз. Демек, кәсіпкерлер қабатының қалыптасуында ерекше роль атқарған отандастарымыздың тағдыры осы қарапайым сандар соңында.

Сол кезеңнің басты жетістігі кәсіпорындардың нақты иелерінің болуында. Ал 1997 жылдың аяғында өндірістегі тоқыраушылық тоқтатылды, зейнетақы, жәрдемақы және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақы төлеудегі қарыз жойылды.

1997-2001 жылдар кезеңі Алматы тарихына екі тарихи оқиғамен кірді. Біріншіден, бұл елдің әр мемлекетке жеке мақсаттарын көріп, жүзеге асыруға, жағдайдың барысы өз қолында болуға көмек көрсететін стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыру негізінде күйзеліссіз даму моделін қалыптастыруға өтуі. Екіншіден, астана мәртебесінің Астанаға берілуі және Алматының республикалық маңызға ие қала ретіндегі мәртебесінде дамытудың жаңа моделін әзірлеу.

1997 жылдың аяғында елбасы «Қазақстан-2030» даму Стратегиясы жария етілді. Ол әлеуметтік-нарықтық экономикасы бар тәуелсіз гүлденген, саяси тұрақты Қазақстанның қалыптасуына бағытталды.

Осы жылы Президент жарғысымен Астана қаласы ресми ел астанасы етіп жарияланды. Біздің қала жергілікті билік органдарының қызметін түбегейлі өзгертуге тиіс болды. Қысқа мерзімде қала потенциалын сақтауға көмек беретін мүмкіндіктер мен басқару тұтқасын табу қажет еді.

Сол кезде көптеген адамдар қала ақырындап құлдырайды деген болжам жасаған. Шын мәнінде де осыдан қауіптенді. Бұл негізделген болатын, себебі шығындар көптеп болатыны мәлім еді. Астанаға ұлттық компаниялар көшіп кетті, ал олармен бірге бюджет жиналатын салықтың 25 пайызын жоғалтып отырды. Көптеген ірі инвесторлар, іскер орталар жаңа астанаға ауысты. Лайықты қолданысты талап ететін ғимараттар босатылды.

Осы және басқа да көптеген мәселелерді қала мен ел үшін бірдей өндірістегі күйзеліс, инфляцияның, жұмыссыздықтың өсуі және т.б. келбетінде шешу керек еді.

Осы мәселелерді шешу үшін басты екі мақсат қойылды – елде көзделіп отырған реформаларды жүзеге асыру және қаланың астана мәртебесінен айырылумен байланысты жеке мәселелермен айналысу.

Ғылыми құрылымдарды тарту арқылы 1997 жылы жаңа жағдайда қаланы реформалау бағдарламасы әзірленді, содан кейін, 1998-2000 жылдарға, соңынан 2010 жылға дейін Алматы қаласын дамыту стратегиялық жоспары даярланды.

1998 жылдың шілде айында «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР заңы қабылданды. Ол бойынша Алматының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретіндегі ерекшелігін ескеріле отырып қаланың ерекше мәртебесін нақтылайтын құқықтық негіздер бекітілді.

Уақыт – ең жақсы сот. Ол қалап алынған бағыттың дұрыстығын дәлелдеді.

Сол жылдары бюджет саясаты өзгерістерге ұшырады. 90 жылдар ортасы мен одан да ертеректегі жылдардың бюджетіне салаларды үстемелеу тән. Бүкіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, электр және автомобиль көлігі үстемеленді. Білім, денсаулық сақтау сияқты салалар толығымен үстемеленді. Бұл ретте әлеуметтік сала қалдық принципі бойынша қаржыландырылды.

1997 жылдан бастап жаңа бюджет саясатын жүргізу бағыт алды. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы салық базасын кезеңмен кеңейту бойынша шаралар қабылданды, коммуналдық шаруашылық қалыптастырылды, кепілдік қоры құрылды, тендер негізінде мемлекеттік сатып алу мен қызмет көрсету жүйесі дамытылды, шағын және орта бизнеске несие беріле бастады.

Білім, денсаулық сақтауға көлік және т.б. салаларда жекеменшік секторын дамыту оларға кететін шығынды азайтуға мүмкіндік берді. Бұл ретте 2001 жылдың аяғында қол жеткізілген экономикалық тұрақтылық қоры жылдан жылға бюджет шығынығың әлеуметтік бағытын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде бюджет құрылымды қалыптастыру қызметін атқара бастады. Бұл оны Алматы қаласында реформалардың мемлекеттік саясатын жүргізудегі басты құралдардың бірі етті.

Өнеркәсіп саласын дамытуға біршама назар аударылды. Отандық кәсіпорындарды сауықтыру процесінде импорттың орнын басу мемлекеттік бағдарламасы оң әсер етті.

Мәселен, 1999 жылы осы бағдарлама арқасында «АЗТМ» АҚ үшін Ресейден әкелінетін өнім үлесі 90 пайыздан 68 пайызға ттөмендеді. Нан зауыттары мен нан комбинаттары, «Белкамит», «Рахат» және т.б. көптеген кәсіпорындар отандық шикізатқа дерліктей ауысты.

100-ге жуық қалалық кәсіпорын жылына 5-6 млрд. теңге көлемінде өнім тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, импорттың орнын басу бағдарламасына белсенді қатысты. Бағдарламаға белсенді қатысқандардың қатарында «ЫРЫСТЫ АЭВРЗ», «АЗТМ», «Мұнайаспап», «Белкамит», «Іскер» және т.б. кәсіпорындар болды.

Экономиканы сауықтыруда оң әсер еткені — 1997 жылы қабылданған «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы. Ол бойынша өндіріс дамуына инвесторларды тарту жолы арқылы, кәсіпорындарды арнайы сауықтыру процедурасын жүргізу, төлеуге шамасы жоқ қарыздармен жұмыс жасау және заңды тұлғаларды банкрот деп санау ережелері бекітілген.

1997 жылдан бастап Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы банкроттық жөніндегі арнайы комиссиямен 200-ге жуық кәсіпорындар жұмысы қаралды. Нәтижесінде олардың көбі мемлекетке қарыздарын өтеп, экономиканың шынайы түрде сауықтырылуына себепші болды. Мәселен, 2001 жылы 55 кәсіпорын 13 млрд. теңге көлемінде бюджетке қарызын өтеді.

Азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарының шығаратын өнімдері тұрақты өсе бастады. 5 жыл ішінде 1996 жылмен салыстырғанда үш есеге артты. Алматыдағы «Рахат», «Нәзік», «Беккер и К» және басқа да кәсіпорындардың азық-түлік өнімдері әлемнің көптеген елдерімен лайықты бағаланды.

Машина жасау кешені кәсіпорындары белсенді дами бастады. Тапсырыс жүйесінің қалыпқа келуі мен иморттың орнын басу саясатын жүргізу арқасында өндіріс көлемі орта есеппен жылына 1,6 есе артты. Компьютерлер жинақтау жақсы игерілді, түрлі электр құралдарын шығару қалыпқа келтірілді, электр есептеуіштерінің өндірісі 5 есеге артты, жүк тасымалдайтын автомобильдер шығарылымы 6 есеге ұлғайды. Кейбір кәсіпорындар («Әйгерім» АҚ, ашытқы зауыты және т.б.) шығын саудаға қарсы қолдау алды. Бұл «аяқтарына тұрып», өнім сапасы бойынша әлемдік брендтермен бәсекелесуге мүмкіндік берді.

Стратегиялық басымдықтарға сәйкес, 1997-1998 жылдары жолаушы көлігін демонополизациялау жүзеге асырылды. Бұл ретте ол күйзеліс жағдайында жүргізілді. Парктің көп бөлігі жарамсыз болды, қалалық бағыттардың залалы артты, жолдардың, байланыс және кабель желісінің техникалық ахуалы нашарлады. Демонополизациялау нәтижесінде бәсекелестік орта құрылды және түрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар дами бастады.

Қала дамуының осы кезеңін бизнестің өркениетті пайда болу кезеңі деп атауға болады. 1997 жылы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша іс-шаралар туралы Президент Жарлығы қабылданды. 5 жыл ішінде 2500 пәтер кәсіпкерлік қызмет объектісіне жабдықталды, 2000-нан астам объект сатылды, жалға, басқармаға және текке берілді.

Кәсіпкерлік бастаманы дамыту мақсатында өнеркәсіп аймағын дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, жүзеге асырылды, ал елде алғаш рет бизнес – инкубаторларын құру тәжірибесін республиканың барлық аймақтары үйренді.

Бастауыш кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында жастар бастамасы Орталығы құрылды, Кәсіпкерлікті қолдау орталығының негізінде бизнес негіздерін оқытатын тегін курстар ұйымдастырылды.

2001 жылдың аяғында кәсіпкерлік саласында қызмет жасап жүргендер саны 1997 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артып, 120 мың адамды құрады.

1997 жылдан басталған кезеңді қала үшін қарқынды құрылыс кезеңі деуге болады. «Рамстор» сауда орталығының көрікті ғимараттары салынды, әлемдік стандарттарға сай Достық даңғылы бойында Іскер орталығы, мешіттер, еврей синагогалары, банкнот фабрикасы, көптеген ТЖО ашылды. «Фемили», «Айя қиял әлемі» парктері қолданысқа енгізілді. «Арман», «Алатау», «Искра», «Сары-Арқа», «Қазақстан», «Байқоңыр», «Целинный», «Спутник», «Шұғла» кинотеатрлары күрделі жөндеуден өткізілді, «Рамстор» сауда орталығында «Номад» кинотеатры ашылды.

Осы кезеңдегі Алматы қаласының дамуындағы ерекшелікке азаматтарды әлеуметтік қорғау саясатының белсенді жүргізілуін атап өтуге болады. 1999 жылдан бастап әкімдік шешімімен енгізілген кемінде 120 мың зейнеткерге ай сайын төленетін қалалық әлеуметтік жәрдем ақы тек осында жүзеге асырылады. Сол жылдан бастап жәрдем ақының басқа түрімен қатар барлық топ мүгедектеріне коммуналдық қызметті, жылу мен т.б. төлеу үшін мемлекеттік жәрдемақы төленеді. ҰОС ардагерлері қала көлігінде тегін жүріп-тұру құқын алды.

Жалпы қала өміріндегі осы кезеңді тұрақты экономикалық өркендеу, кәсіпкерліктің даму және әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылып жүзеге асырылған кезеңі деп атауға болады.

2001-2006 жылдар қала тарихына елдің инновациялық және қаржы орталығы ретінде орын ала бастаған Алматының қарқынды даму кезеңі ретінде кіреді.

2003 жылдан бастап индустриалды-инновациялық даму қалалық стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Ол елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және азық-түлік, фармацевтика, электронды өнеркәсіп, ағаш өңдеу және т.б. салаларда импорт көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.

Көп жағдайда бұл бірнеше кәсіпорындардың іскерлігі арқасында қамтамасыз етілді. Олардың ішінде «Вита» АҚ. Бүгінде оның негізінде аймақаралық соялық кластер қалыптастыру жобасы жүзеге асырылуда; «Интеграцияланған цифрлық спутник желісі» жоғары технологиялық жобасын жүзеге асырушы «Жарық» ЖШС, сонымен қатар, қаланың басқа да өндірістік кәсіпорындары. Олардың барлығы жаңа технологияларды жақсы меңгеруде. Осылайша, отандық өндірушінің қуатын барынша арттыруда.

Инновациялық жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік қаржы институттары белсенді қатысады. Қазіргі таңда 13 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында телепрокат спутниктік жүйесін қалыптастыру, жергілікті портал технологиясын қалыптастыру, түрлі электрондық техниканы экспортқа өндіру, суды тазартудағы жаңа технологияларды дамыту және т.б. жобалар.

Кәсіпорындардағы менеджмент сапасына ерекше назар аударылады. Бүгінгі күні қаланың 88 кәсіпорны ИСО 9000, 9001 сериясындағы сапа менеджменті Халықаралық жүйесіне сәйкес сертификаттар алды.

Кәсіпкерлікті индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру жұмысына тарту мақсатында қазіргі кезеңгі инфрақұрылым қалыптастыруда. Алматы технопаркінің негізінде құрылыс пен инженерлік коммуникацияны қалпына келтірудің жаңа технологияларын қалыптастыру, дәрі-дәрмек шығару, емдеудің жаңа технологияларын енгізу, экологиялық таза азық-түлік өндіру жобалары жүзеге асырылуда.

Үкімет қолдауымен 2005 жылы Алатау ауылында ақпараттық технологиялар паркі құрыла бастады.

2007 жылға Алматы қаласы өзін Орталық Азия аймағында көптеген көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатардағы ірі мегаполис ретінде нық орнықтырды. Демек, ол мемлекет ауқымында АІӨ (аймақтық ішкі өнім) бесінші бөлігін, бұл ретте қызмет көрсету саласына 85 пайыз тиесілі; салықтық түсімнің бесінші бөлігін, көтерме және даналық операциялардың 50 пайызға жуығын және сыртқы сауда айналымының алтыншы бөлігін, тұрғызылып жатқан тұрғын үйдің 12 пайызын, барлық инвестицияның 14 пайызын, кәсіпкерлік саласымен жүзеге асырылып жатқан тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің 31 пайызын қамтамасыз ететін қаржы, мәдени, туристік, оқу-білім орталығы болып табылады.

Алматы дамыған интеллектуалды-ғылыми базасымен ерекшеленеді. Бұған дәлел, оның аумағындағы 66 Жоғары оқу орны мен 700 ғылыми-зерттеушілік қызметпен айналысатын ұйымдардың болуы.

Мұнда ядролық медицина, қазіргі кезеңгі ғарыштық технологияларды дамыту, қазіргі кезеңгі бағдарламалық қамтамасыз ету, қорды сақтап қалу технологияларын дамыту және т.б. салалар бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Алматының қаржы қоры біршама. Мұнда Қазақстан банктерінің 80 пайызы, Ұлттық Банк, Қазақстан қор биржасы, көптеген сақтандыру клмпаниялары мен зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар орналасқан.Алматының жоғары инвестициялық тартымдылығына FITCH (рейтинг ВВ+ тұрақты) және MOODY’S (рейтингі «Bal positive» -инвестиция алдындағы категория) халықаралық агенттіктерімен берілген рейтингтер дәлел бола алады.

Алматыға еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше ықыласпен қарайды. Бұл жөнінде ол «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазады. Ол екі астанаға келіп-кеткен шетелдіктер «Астананы ұнатасыз ба?» деген сұраққа Иосиф Бродскийдің айтуындай: «Астанадан бұрын мен Алматыны көріп қалдым» деп жауап берер еді.

Бұл кітабында Президент қаланы барлық бақтары, саяжайлары мен парктерімен, Тянь-Шань пирамидасымен, Көк-Төбе шамшырағымен және басқа да «дүние таңғажайыптарымен» қосып ұнататынын атап кетті. Ол Алматыны әлемдегі ең көрікті, күшті қала деп санайтынын баса атап өтті.

Қаржыгерлердің ІV Конгресінде Елбасы Алматыны халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптастыру туралы айтып өткені кездейсоқтық емес.

Бүгінде бұл идея жетік жүзеге асырылып жатыр. 2006 жылдан бастап Алматыда аймақтық қаржы орталығы ресми қызмет жасай бастады.

Елбасы Алматыны қаржы орталығы ретінде дамыту жөнінде бірнеше заңдарға қол қойды. Орталық қатысушыларына салық төлеудің жеңілдіктері орнатылды, салық бақылау тәртібі жеңілдетілді, шетел мамандарының кіруіне квота алынды, визалық тәртіп жеңілдетілді және т.б.

Ағымдағы жылдың басында Алматы қаласында қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттік құрылды. Ол Орталыққа инвесторларды тіркелімге және қатысуға тарту бойынша дайындық жұмыстарын бастады.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай салынып жатқан ААҚО іскерлік кешені ең үздік әлемдік сәулет жобалары бойынша салынған офистерден тұратын болады.

Алматыны халықаралық қаржы орталығы ретінде дамыту қаланың техникалық мәселелерін кешенді шешуді көздейді. Олардың қатарында жер сілкінісі қаупі және тау қарының құлауы, барлық инженерлік коммуникациялардың жарамсыздығы, энергия қуатының жетіспеушілігі, көлік мәселелері және т.б..

Оларды кешенді шешу мақсатында және қаланың қарқынды дамуын қамтамасыз етуде Президент Жарлығымен 2010 жылға дейін Алматы қаласын дамуты Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Оларды жүзеге асыру қайта құрулардың барлық бағыты бойынша оң нәтиже береді.

Өнеркәсіптегі жыл сайынғы өсім орта есеппен 15 пайызды, құрылыста 11 пайызды, қаржы салуда 14 пайызды құрайды.

ІАӨ көлемі 1995 жылдан 10 есеге артты, ал оның көрсеткіші қала халқының жан басына шаққанда республикалық деңгейден 2 есеге артық.

Осы жылдары әлеуметтік сала объектілері белсенді дамыды. 2001 жылдың қорытындысы бойынша, мәселен, бірнеше жыл ішінде алғаш рет көпшілік әлеуметтік объектілер қолданысқа енгізілді: 3 жалпы білім беру мектептері, алдын-ала тексеру емханасы, қазіргі кезеңгі медициналық технологиялардың емдік-диагностикалық орталығы, нашақор ауруларды сауықтыру орталығы.

Алматы қаласы көптеген әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асырушы болды. Кейіннен олар республика аумағында тарала бастады.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру туралы жоба Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келді. Аталған жоба жайында Елбасы алғашқы рет 1995 жылы өткен Қазақстандық банктер ассоцияциясының кездесуі мен 2004 жылдың қараша айындағы Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі барысында жариялады.

Жобаны жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға тікелей ат салысқан «Boston Consulting Group» компаниясы тартылды.

Компанияның негізгі міндеті Қазақстан қаржы нарығын дамытудағы артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтау, Алматы қаласында құрылған өңірлік қаржы орталығының құқықтық, инфрақұрылымдық, басқарушылық позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Қазақстан Республикасында қаржы секторын дамыту жөніндегі тапсырма Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы» атты жолдауында анықталды.

Сонымен қатар, Орта Азиялық аумақтағы басты қаржы орталық ретінде Алматы қаласының дамуына ерекше көңіл бөлінді. Осыған сәйкес, ірі аймақтық бизнес-жобалар үшін қаржы және сақтандыру қызметі мен қарыздар беруде ірі қаржы ұйымдарына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалынып, қаржы орталықтары қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілді.

2006 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Заңы қабылданды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне сәйкестендірілген өзгертулер енгізілді. Сол жылы қаржы орталығының өкілетті органы- Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі өз жұмысын бастады.

2005 жылдың өткен екі айдың бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бойынша ассигнациялау міндеттемесі жалпы қала үшін 42033124 мың теңге бөлінді. Қаржы департаменті 41928013 мың теңге жұмсауға рұқсат берді. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша басқарушылармен бюджеттік бағдарламалар және мемлекеттік мекемелерінің орындалуы 9753557 мың теңге, ал жоспар бойынша 16160939 мың теңге немесе 60,4 пайыз. Шығындардың ең көп бөлігі еңбекақыға, әлеуметтік салыққа, әлеуметтік жәрдемақыға, сондай-ақ денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік тапсырыстар төлеміне келеді.

2005 жылдың өткен айлары бойынша шығындардың функционалды топтарға бөлгендегі көрінісі:

Мемлекеттік қызмет көрсету -30150 мың теңге, немесе 16,3%

Қорғаныс -72 мың теңге, немесе 0,4%

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік -268944 мың теңге, немесе 57,3%

Білім -1471687 мың теңге, немесе 69,7%

Денсаулық сақтау -738513 мың теңге, немесе 50,9%

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету -223567 мың тенге, немесе 57,2%

Тұрғын-коммуналды шаруашылық -39355 мың теңге, немесе 1,3%

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік -66175 мың теңге, 27,5%

Қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары -1933 мың теңге, немесе 1,9%

Өнеркәсіп, сәулет және қала салу қызметі -973 мың теңге, немесе 12,2%

Көлік және байланыс -226130 мың теңге, немесе 27,2 %

Басқадай – 1328 мың теңге, немесе 0,4%

Ресми трансферттер -6684728 мың теңге, немесе 96%

Бюджеттік қаражаттардың игерілуінің төмен көрсеткіштері басқару органдарының қайта ұйымдастыруымен байланысты, осыдан басқа, 05.02.2005 ж. ҚР өкіметінің №110 қаулы негізінде казначейлік органдар арқылы шығындарды кетіру шартының өзгерістеріне байланысты.

2006 жылғы бюджеттің орындалуы туралы

2006 жылы жергілікті бюджетке кіріс көздерінің барлық түлерінің түсімдері 104,3 %- ға қамтамасыз етілді. Жоспардағы 120 млрд. 482 млн. тенгенің орнына, нақты 125 млрд. 673 млн. теңге, немесе жоспардан тыс 5 млрд.191 млн. теңге түсті. Бұдан өзге республикалық бюджеттен трансферт ретінде 32 млрд. 232 млн. тенге, қарыз (заем) ретінде 6 млрд. 195 млн. тенге түсті.

Барлық ресурстар іздестіріліп, қарастырылды, бұл 2006 жылғы бекітілген кірістердің жоспарын 13 млрд. 180 млн.теңгеге өсірүге мүмкіндік тудырды.

Жергілікті бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдердің жиналуы 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 33 млрд 474 млн. теңгеге өсті.

2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджет қаражатының қалдығы 6 млрд.77 млн. теңгені құрады, оның ішінде бюджеттің кірісі 5 млрд. 179 млн. теңгеге артығымен орындалса, шығысы 898 млн. теңгеге орындалмады.

Шығыстар бойынша 2006 жылғы атқарулар 159 млрд. 414 млн теңге болса, нақтыланған жоспар бойынша 160 млрд.313 млн теңге немесе 99,4 % -ға, оның ішінде республикалық бюджеттің трасферттері 2006 жылдың жоспарындағы 38 млрд.438 млн.теңгенің орнына 38 млрд.199 млн.теңгеге немесе 99,4%-ға, жергілікті бюджеттің шығыстары жылдық жоспар бойынша 121 млрд. 874 млн.тенге болса, орындалуы 121 млрд. 215 млн. теңге немесе 99,5 % -ға орындалды.

Республикалық бюджетке 56 млрд. 638 млн.теңге көлеміндегі бюджеттік алым толығымен аударылды.

Бюджеттің кіріс бөлігінің 104,3 % -ға орындалуы қаржыландырудың бюджеттік бағдарламасы бойынша бекітілген жоспарының толық орындалуына, оның ішінде ең алдымен 2006 жылға арналған аса маңызды әлеүметтік шаралар мен бағдарламалардың орындалуына мүмкіндік берді.

Білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын дамытуға 2006 жылы бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мәдениет департаменті 2006 жылы Алматы қаласының Үрімші қаласындағы күндерін, халықаралық « Шәкен жұлдыздары » кинофестивальін, мейрамдар және мерейтойлар өткізүді қамтамасыз етті. Қазмемцирк және А.П.Чехов атындағы кітапхана бөлімшесіне күрделі жөндеү жүргізілді.

Қала бағдарламасын жүзеге асыру үшін өткен жылы жеткілікті мөлшерде қаржы бөлінді, ол қала халқының жәйлі тұрмысын қамтамасыз етүге тиісті шаралар: аулаларды көріктендірү,көшелерді жарықпен қамтамасыз ету, арықтар мен фонтандарды қайта қалпына келтірү,бақтар мен гүл алаңдарын көркейтіп гүлдендіру, қаланың санитарлық тазалығын сақтау,тұрғын үй мен жол құрлыстарын жүргізү, және энергетикалық кешендерді дамыту жүзеге асты. Осы бағдарламаларды іске асыру үшін 24 млрд. теңге, оның ішінде аулаларды көріктендірүге 2,8 млрд. тенге бөлініп 1242 аула жарақтандырылды.Нөсер жауынға арналған канализацияны қайта қалпына келтіру жүзеге асырылды, арық желілеріне күрделі жөндеү жүргізілді. Бұл мақсаттарға 89,6 млн. теңге жұмсалды.

 

ІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ.

 

2.1. Алматы экскурсиялық нысандарын шолу жасау

 

 

Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала. Қаланың әрбір көшесі, әрбір үйі белгілі бір тарихи оқиғаның күәгері деп айтуға болады. Экскурсиялық нысандарын сипаттауын Райымбек батыр ескерткішінен бастағым келеді. Райымбек даңғыл бойындағы Райымбек кесененің орны туралы мынадай аңыз қалған: «Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан қорғаған 80 жасқа келген Райымбек батыр өлер алдында соңғы білдірген тілегі: «денемді ақ түйеге мінгізіп, түйені бос жіберіңдер. Ақ түйе тоқтаған жерге денемді жерлеңдер, сол жерде үлкен шаһар тұрғызылады» деген екен. Бұл сөздер орындалды. Тастан тұрғызылған ақ түйе Райымбек даңғылдың бойыңа ұзақ жолға қарап отыр. Бұл кесене 1994 ж қыркүйек айында Баттаханов З.Б. фондының көмегімен салынды. Райымбек батыр қолбасшылығы астында бабаларымыз жоңғарларға тойтарыс берген. Ерлігі дастан болып, өмірі аңызға айналған Райымбек батыр тірісінде- ақ  Әулие деп аталған.

2006 жылдың тамыз айында Райымбек батырдың туғаныңа 300 жылдығын атап, той өткізілді. 1990 ж бастап  Ташкент көшесі Райымбек даңғылы деп өзгертілді. Ташкент деген ат 1967 беріліп, оған дейін Октябрьдің 50 жылдығы аталып келген. Даңғыл Жетісу ауданында орналасқан. Кіші Алматы өзенінен басталып Есентай көпіріне дейін 4650 м созылған. Даңғыл қаланың батысын мен шығысын қосатын ірі магистраль жолы. Қазір біз Пушкин көшесіне бұрылып барамыз. Бұл қаланың ең белсенді көшелерінің бірі. Мұнда «Саяхат» автовокзалы, Мешіт, Орталық көк базар, 28 Панфиловшылар саябағы орналасқан. «Саяхат» автовокзалы 1967 ж ашылған. Алматы облысында орналасқан қалалар арасында көліктік байланыс жүреді.

Пушкин көшесінде Орталық Азиядағы ірі Мешіттердің бірі орналасқан. Алматының 1998 ж дейінгі Орталық мешіттің ғимаратын XIX ғ 1890 жылы аты беймәлім бір азамат өз қаражатына салдырған. Кейін оның жаңынан, қазір алдарымызда тұрған,  жаңа үлгідегі зәулім мешіт ғимараты бой көтерді. Мешіттің жаңа ғимараты 1999 ж 5 шілдеде сәулелендірілді. Бұл мешіт порталды- күмбезді әрі мұнаралы құрылыс үлгісіне жатады. Алдыңғы жағы әсем безендірілген аркалы портал, төрт бұрышында төрт мұнара, қырлы және дөңгелек қос барабан үстінен шығырылған көгілдір түсті үлкен күмбез және порталдың оң жағынан азан шақыратын дербес биік мұнарасы бар. Мешіт ғимаратының қасбеті, күмбездің дөңгелек барабан белдеуі, ішкі көріністері ұлттық ою-өрнектермен және арабша жазу — нақыштармен безендірілген. Мешіт мәрмәрдан салынған. Күмбезінің диаметрі 20 метр, ұзындығы 36 метр. Ал 47 метр биіктіктегі минареттер азаңға шақыратын имам дауысы алыстан естіледі.

          Орталық Мешіттен жоғарғы жағында Орталық көк базар орналасқан. Алматы қаласының тарихы осы ауданнан басталады. 1875ж керек емес бекініс орнында кең «Қонақ жайы» тұрғызылды. Сонымен қатар осы жерде сол кездегі ген.-губернатор үйі де тұрғызылды. Бұл қаланың орталық әкімшілік ауданы болатын. 1937 ж Көк базардың орнында Цирк салынды. Осы күнгі «Саяхат» автобекеті мен Көк базардың аралығы мал базары мен құс базарына айналды. Бұрын Көк базар қазіргі Фурманов пен Мәметова көшелерінің маңында орналасқан еді. Бұл қаланың ең алғашқы ауданы. Бас магистарль жолдары да осы ауданнан басталатын еді. көк базардан жоғарғы жағында «28 Гвардейешілер-Панфиловшылар саябағы» орналасқан.

XIX ғасырдың 70 жылдарында станциялық молалары орында біздің қазіргі «28 гвардияшы-панфиловшылар» саябағы құрылды. Кейін бұл саябақ шіркеуге қосылып «Қалалық бағы» деп атала бастады. Саябақ аты заман талабына сай бірнеше рет өзгерді. 1899 жылы Пушкин А.С. туғанына 100 жылдық мерейтой байланысты «Пушкин бағы», 1919 жылы «Еркіндік үшін қаза болғандар саябағы», 1927 жылы «Федерация саябағы», ал 1942 жылдан бастап «28 Гвардейец-Панфиловшылар саябағы» деп атала бастады.

Ұлы Отан Соғысының алғашқы жылында Мәскеу түбіндегі шайқаста қаза болған батырлар құрметіне аталған бұл саябақты тұтасатай қиып өтетін «Құрмет аллеясында» 28 Қаһарман аты қашалған тас бағаналары орнатылған.

Елдің тәуелсіздігі үшін мерт болған жауынгерлер туралы мәңгі ес белгісі ретінде 1975 жылы Даңқ мемориалы орнатылған. Мемориалдың ашылу салтанатына КПСС ОК Саяси бюросының мүшесі Қазақ КСР КМ ОК 1 хатшысы Қонаев Д.А., Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қала жұртшылығының өкілдері қатысты. Кремль фонында жауға қарсы шайқасқан жауынгерлер бейнеленген мүсіндік композиция мемориал төріне орнаған, гранит тұғырына саяси жетекші Клочков В.Г.: «Ресей кең байтақ, бірақ шегінуге жер жоқ, артымызда, Москва!» деген сөзі жазылған. Мүсіндік композиция алдындағы алаңға мәңгілік шырақ қойылып, оның екі ұзыннан-ұзақ тартылған гранит қорған – қабырғамен қоршалған. Қорған – қабырғада «Отанымыздың бостандығы үшін шайқаста ерлікпен қаза болғандардың даңқы мәңгі арта берсін!» деген жазу, ал қос босағасында қуанышты бейнелеп, «Даңқ кернейшісі» және қасіретті бейнелеп, жолдастарының аттарын жетектеп тұрған «Ант» деп аталатын мүсіндік топтамасын көреміз. Мемориалға кіре берісте Ұлы Отан соғысында туысқан халықтардың қаны төгілген қаһарман қалалардың (Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск, Волгоград, Одесса, Севастополь, Новороссийск, Брест қамалы, Тула) қасиетті топырағы сақтаулы сандықтар қойылған.

Саябақтың шығыс жағына барып Ықылас атындағы республикалық Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайын тамашалайық. Ертегідегі сарайды елестететін ағаштан салынған ғимарат тарих және архитектура ескерткіші болып табылады. 1919 жылдан бастап почта-телеграф кеңсесі, Қызыл армия үйі, Орта Азия әскери округы үйі болатын. Ғимарат сүірленіп келген сүмбілі мұнараға ұқсас орталық көлем мен қос қапталдағы бөлмелерден тұрады. 1980 ж ұйымдастырылған мұражай тарихына тоқталайын. Мұражай орналасқан ғимарат XIXғ аяқ кезінде ағаштан салынған сәулет өнері ескерткіші бұрынғы Қонақ жайы. Зенков жобасы бойынша 1908 ж салынған бұл ғимарат әскери мәжіліс үйіне арналған болатын. 1918 ж облыстық партия комитетінің мұсылмен қауымы арасындағы жұмыстар жөніндегі бюросы орналасқан. Мұражай үйін 1981 ж ҚазКСР Мәдениет министрлігінің «Казреставрация» бірлестігі қалпына келтірді. Алдына эмблема ретінде нарқобыздың бейнесі қойылған, ғимарат интерьердегі басқұры, қабырдағы қыр оюы, төбедегі табақшалары, бөлмеге ілінген люстралар, есік-терезе ойықтары Оңтүстік Қазақстанның «ағаш», «шынжара», Маңғыстаудың «үзілмес», «өткізбе» деп аталатын өрнектері ізімен безендірілген. Кіре берістегі «Дала шапағаты» деп аталатын панно суретші Уәлиханов Мақы эскизі бойынша жасалды. Мұражай қорына келетін болсақ, мұнда фондында 10000 бірліктен астам экспонат жиналған. Экспонаттар негізгі 4 залға қойылған. Қазір қазақ халық арасында сирек кездесетін, не мүлде ұмытылған музыкалық аспатардың 60 астам түрі жинақталған. Келушілер аңызға айналған аспаптарды тек қана көріп тамашаламай, сондай-ақ магнитофон арқылы олардың әуенін де тыңдай алады. Қазақ музыкалық фольклоры туралы, музыка аспаптарының тарихы, олардың пайдалануы, нота жазуын ендірудің маңызы аспаптық музыка өнерінің қазіргі жағдайы жайлы мағлұмат беретін әр аспаптардың ойналу және дыбыс шығару ерекшеліктеріне де сипаттама бар. Мұражай жанында 1981ж құрылған «Сазген» фольклорлық ансамблі бар.

Саябақтың ерекше объектілердің бірі — Киелі Вознесенский Шіркеуі (Соборы). Бұл құрылыс 1904-1907 жылдары ешбір шеге пайдаланылмай салынды. Бұл жобаның авторы Зенков сейсмикалық белсенділік ауданында ғимарат салудың жаңа әдісін тапты. Соған байланысты 1911 жылғы 10 балдық жер сілкінісінен кейін Шіркеу құрылысы шыдап, төбесіндегі крест қана майысты. Кеңес өкіметі кезінде ғимарат өлкетану мұражайы ретінде пайдаланылды., 1995 жылдың мамыр айында қайтадан православ шіркеуіне беріліп, 2 жылдық жаңарту жылдарынан кейін қажылық ету басталды.

Cаябақ батысына қарай «Арасан» монша кешені орналасқан. Су-сауықтыру кешені «Ыстық бұлақ» деген мағынаны береді. 1982 жылы шығыс сарайы тәрізді салынған. Ұлттық дәстүрмен безендірілген алты күмбезді, 12 павильон ішінде шығыс, орыс, фин моншалары, емдік су, душ павильоны, балалар бөлмесі, бірнеше адамға арналған сауна, бассейн, душ бар люкс-нөмерлері орналасқан. Сондай-ақ мұнда кафе, буфеттер, шайханалар да бар. Архитекторлары Хван В., Оспанов М. Және конструкторлары Чечелов В., Түлебаев К. бұл кешенді шеңбер және төртбұрыш геометриясын көрсеткен. Бұның да өзінің белгісі бар. Төртбұрыш тұрақтылықты, өзгертпеушілікті бейнелесе, шеңбер жер мутациясын білдіреді. Ал осы екі белгінің тұтастығына келетін болсақ, бірге- тазартуды, жаңа өмірлік күшке ие болуды бейнелейді. Саябақтан Достық даңғылымен жоғары көтерілгенде де бірқатар нысандар орналасқан. Бұл нысандарды негізінен қаланың ғылыми дамуымен байланыстыруға болады. Достық даңғылы 1919 ж дейін Колпаковский аталып, кейін Ленин аты беріліп енді, қазіргі кезеңде Достық даңғылы деп аталып келеді. 8 км-ге созылған даңғыл қаланың солтүстік бөлігіндегі «Алматы» сауда үйінен басталады. Кіші Алматы өзеніне қатарлас және осы өзеннің қиылысқан жерінде – санаторийлер мен демалыс үйлері орналасқан аймақпен аяқталады. Көше XIXғ-ң 70 жылдарында қалыптасты. Достық даңғылы және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысының оң жағына қарасақ «Үш батыр» деп аталатын бір фундаменттен шыққан 12 қабатты үш тұрғын үй кешенін көреміз. Ғимараттың цоколды қабатында «Искра» кинотеатры орналасқан. 1973ж ашылға. Кең экранды фильмдерді көрсетуге арналған, әр залы 250 орынды. Бастапқыда ашылғанда «Қазақфильм балаларға» деген дивизбен Қазақстан мультипликаторларымен және өнер қайраткерлерімен кездесулер дәстүрге айналған. Болатын. Кинотеатр үстінде Марғұлан Ә. Атындағы Археологиялық мұражай орналасқан. 1973ж 30 тамызда құрылған, экспозицияда Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының аса көне заманнан орта ғасырларға дейінгі дамуы көрсетілген. Мұражайдың төрт бөлімінде тарихи материалдар әртүрлі аймақтар бойынша және хронологиялық кезеңдерге сәйкес жүйеленген. Бірінші бөлім тас дәуірінің ескерткіштеріне, Беғазы-Дәндібай мәдениетіне ескерткіштеріне арналған жеке бөлім. Екінші бөлімінде қыштан өрнектеліп жасалған заттар, садық жебесі мен найзаның қоладан соғылған ұшы бар. Үшінші бөлім б.з.б. VIII ғ — б.з. V ғ дейінгі кезеңді қамтиды. Төртінші бөліміне орта ғасырлар ескерткіштері қойылған. Үш батыр ғимаратының алдында 1996ж Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО шешімімен әлем деңгейде атап өту қарсаңында орнатылған ескерткі көреміз. Мүсінші — Әбішев Б., сәулетшілер Баймағамбетов С., Фазылов С., Ералиев Т. Мүсін қоладан құйылған. Биіктігі 3м, тұғырының биіктігі 1 м. Ескерткіш мөлдір бұлақ жағасында отырған ақынның әлеммен біртұтастығын бейнелейді. Жамбыл – қазақ халқының ұлы ақыны, Сүйімбайды ұстаз тұтады. Ел аралап, қазақ, қырғыз ақындарымен айтысқа түседі. 1881 ж атақты Құлмамбетті жеңгеннен кейін ел ішіне атағы тарайды. Барша әлемге әйгілі ақын, жыршы, жырау болып қалыптасқан. Ұлы Отан соғысы кезінде бүкіл Кеңес Одағына Жамбылдан дәрежесі мәртебесі биік ақын болған жоқ. Ақын жырлары жайындағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрайды.

Шевченко көшесімен түскенде Р ҒА архитектуралық кешенін көруге болады. Бұл кешен 1957 ж салынды. Онда қазақ халқының ұлы ғалымы, ағартушы-демократ  Уәлиханов Ш.Ш ескерткіші бар. Ол мүсінші Наурызбаев Х., сәулетші Уәлиханов Ш. жобалары бойынша 1969 ж қойылды. Биіктігі 8 м. мүсін қоладан құйылған. Тұғыр жалтырата өңделген қара түсті габбро тасынан жасалған. Тұғырға Шоқанның өз сөзінен үзінді, салған суреттерінен көшірме және қазақтың ұлттық ою өрнектері шекіп түсірілген. Ескерткіштің қос қапталы өрнекті плиталармен безендіріліп, қарсы алдындағы симметриялы композиция «су-айнамен» толықтырылды. Ескерткіш алдыңғы екі бүйіріне алты-алтыдан шағын габбро сандықтас қойылған. Ескерткіш архитектура шешімі салтанатты, көтеріңкі, шығыс сәулет өнері дәстүрі рухында. Мүсіннен гуманист ғалымның өз халқының келешек тағдырына деген терең толғанысы аңғарылады. Ол ой үстінде, эполетті әскер киімінде мүсінденген. Сол қолын бір сәтке иегіне жақындатып, ал кітап ұстаған қолын өз салмағымен төмен түсіріп жіберген. Уәлиханов Ш.Ш.- ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы. Омбының кадет корпусын бітірген. Петербург университетінде лекция тыңдаған. (1860-1862 жж). 1856ж Верныйға келіп арнайы экспедициямен Ыстықкөл маңына аттанды. Сол жылы Құлжаға жіберілді. Бұл жылдардың жемісі «Жоңғария очерктері», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар», т.б. 1857ж 27 ақпанда Орыс География қоғамының мүшесі болып сайланды.

ҒА шығыс қанатында Табиғат мұражайы орналасқан, зоология институтының бөлімдерінің бірі болып табылады. 1961ж ҚазКСР ҒА президиумының шешімімен құрылған. экспозицияда палеонтология, паразитология, энтомология, суда жүзетін жануарлар, герпетология, орнитология, сүт қоректілер бөлімдері, барлығы 6 мыңнан астам экспонат бар. Ежелгі заман хайуанаттарының едәуір бөлігі түрінде қойылған.

Кешеннің қарама-қарсы жағында кейінірек, 1981ж салынған Ғалымдар үйінің ғимаратында «Ұлар» қазіргі өнер галереясы орналасқан. Бір-бірін кезек алмастыратын көрмелер Қазақстандық суретшілері, бейнелеушілері шығармашылығымен танысуға мүмкіндік береді.

ҒА шығыс жағындағы скверде Пушкин көшесінің маңында «Мүшел белгісі» фонтаны орналасқан. Бұл фонтан 1979ж салынған. Қоладан құйылған шағын аллергориялық бейнелері бұл фонтанды ерекше қылады. Бұдан жоғары Ресей мемлекеті сыйлаған Пушкин А.С. арналған ескерткіш орнатылған.

Достық даңғылы бойында осы кешеннің жоғарғы жағында 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі орналасқан. Бидайдық сабағы тәріздес салынған ғимарат 1954ж тың игеруді білдіреді. «Қазақстан» қонақ үйі 1978ж архитектуралық ансамбльдер шоғырланған Абай және Достық даңғылдарының түйіскен жерінен бой көтерді. Биіктігі 107м 25 қабат, мейрамхана, 472 қонақ бөлмесі (942орын) бар. 1 қабатында қызмет бөлімшелері, мейманхана қызметкерлеріне арналған асхана, тұрмыс қызмет көрсету бөлмелері, 2 қабатта почта, телеграф, жинақ кассасы, ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін «Космос» кафесі орналасқан. Қонақ үй –жер сілкінісі айқын байқалатын жерде салынған. Оның инженерлік құрылысы сәтті ойластырылған. Эллипске ұқсаған тұтас темір-бетінды мұнара ғимарат өзегін құрайды. Оған бөлме ұяларының монолитті диафрагмалары орнатылған. Терең көмілген іргетас (10м) ғимараттың жер сілкініске төзімді болуын қамтамасыз етеді. Ғимаратты сәулеттеу ісінде ұлутас, мәрмәр гранит, коврал материалдары қолданылды.

Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап «Алма-Ата» құрылысшылары архитектуралы-композициялы талаптарға және халық үшін жайлы жағдайларға жауап беретін жоғары қабатты әкімшілік-және тұрғын үй кешендерін сала бастады. Бұл уақытта идеологтар сол кездегі Ленин және Абай қиылысынан бастап мемориалды құрылысты бастауға ұсынды. Бұл жердің үлкен мәні болды. Екі «Ұлы аттың» кездесуі, орман мен даланы бейнелейтін орын, Қазақстанның Ресейге қосылу белгісі, екі коммунист табы. Осындай ойды іске асыру үшін мерейлік күндер, жобаны тапсыру, шаралар күнтізбесі құрастырылды. Ленин сарайы (қазіргі Республика сарайы) «Алтын киіз үй», салынуы, Абай алаңы, Абай ескерткішінің тұрғызылуы- басты қала құрылысның нүктесінің бастамасы еді.

Алаңның шығыс жағында Республика сарайы орналасқан. Алғашқыда салынғанда Ленин аты берілді. Бұл сарй 1970 жылдық юбилейі құрметіне ірге көтерді. Ғимарат архитекторы Алле В.Ю., Ким В.Н., Ратушный Ю.Г. жобасы бойынша салынған. Оның көмеуін композиция құрылымы 8 темір-бетон тірекке иек артқан алып қайқы шатырдан (ауданы-10мың м2) және астыңғы шаршы бөлігінен тұрады. Вестибюль мен фойенің төсектас баспалдақ арқылы ғимарат қасбетіндегі серуен алаңымен жалғасуы перспективалық ұласымдылық туғызады. Сахнаның ені 8м, төрі 18м. Қабырғаның төбемен ұласар жері ашық қалдырылғандықтан шатыр еңсесі көкте қалқып тұрғандай әсер береді. Ғимарат астынан ағып өтетін табиғи өзен су ауаны тазартып тұратын қосымша желдеткішке айналған. Ешбір концерт жүрмесе күндіз фойеге кіріп көруге болады. Мұнда үлкен көлемді өте қызықты. Арнайы тапсырыспен Чехияда жасалған 50 мың болат бөлшектен, 566 хрусталь ілмекшелерден жасалған люстраны көре аламыз. Люстра салмағы 7.5. тонна.

Қонақ үйдің жоғарғы жағында 2-3 минут жаяу жүріс қашықтықта Абайға арналған ескірткіш орналасқан. Фонтан кешендерімен және скверлермен қоршалған ескерткіш 1960 ж  салынған. Ескерткіш ашылу салтанатына Қонаев Д.А., Әуезов М.О., Ғұлаш Ғ. қатысып сөз сөйледі. Ескерткіштің тұтас биіктігі 13.7 м. Мүсін қоладан құйылған. Трапеция формалы тұғыры қызыл граниттен қаланған. Мүсіннің кескін-келбеті байыпты да байсалды. Бүйіріне тақай  ұстаған сол қолында кітпа, оң қолы желбегей жамылған шапанның шалғайында, мүсін алға келешекке қарай жүріп келе жатқан қалпында құйыла салғандай тудырады.

Алаңның оңтүстігінде арман қос залды кең экранды кинотеатры орналасқан. 1960ж салынған. Кинотеатрда 550 орынды қызыл және 450 орынды көк залдар бар. Арман кинотеатрының жалпы жобасы тікбұрышты параллипипед іспетті. Ортасында ашық ауласы бар.

Кинотеатрдың тұсында Көктөбеге апаратын аспалы жол орнатылға. Жол 1967 ж 4 қазанда іске қосылды. Жобаны «Гузгипрошахта» жобалау институтында Лежаваның басшылығымен жасалды. Жалпы ұзындығы 1627 м, жылыжымалы кішігірім вагонеткаларының сыймдылығы 25 адам, орташа жылдамдығы 22 км/сағ 5 мин ішінде 1070 м биіктікте орналасқан Көктөбөге апарады. Вагонетка ішінде қаланың «компот» деп аталатын ауданды көре аламыз. «Компот» деп аталу себебі, мұндағы орналасқан көшелердің аттарын орыс тілінен аударғанда Шиелі, Алмалы, Алмұртты деген мағыналарды береді.

Достық даңғылынан Абай даңғылына бұрылғанда да ғылыми-зерттеу тақырып жалғасады. Абай даңғылы 1960 ж дейін «бас арық» деп аталып келетін. Оның да өзіндік мәнісі бар. Бүгіндері Абай даңғылының бас жағында өзеннен арық ағып өтетін.  Даңғылдың сол жағына қарасақ Қазақ менеджмент экономика және бизнес институтын көреміз. Қазіргі кезде сабақтар шетел тілінде жүргізіледі. Бұл оқу орнында Жалпы Қазақстан Республикасында ең алғаш магистратура ашылды.

Орталық Ұлттық кітапхана да Абай даңғылы бойында орналасқан. Кітапхананің кітап фондысы – 1931ж 64 мың басылым бірлікті құрап, қазіргі кезде 5 млн жетті, оның ішінде 200 мыңнан астам шетел тілінде. Кітапханада 1500 адамды сыйдыратын 20 оқу залы бар. Оқырмандар үшін жыл сайын 30 астам жаппай қоғамдық шаралар өткізіледі. Кітапхананың қарам қарсы жағында Лермонтов атындағы орыс драма театры орналасқан. Республикалық орыс академиялық театр Алматы қаласында 1933 ж негізі қаланды, дегенмен алғашқы маусымдылығын Семей қаласында ойнады. Себебі, театрға арналған ғимарат салынып бітпеген еді. 1934 ж  Алматы қаласында Наурызбай батыр көшесінде үй Афиногенов Н.А. «Қорқыныш» қойылымымен ашылды. 1938 ж  дейін Алматы мемлекеттік орыс драма театры, 1964 ж Лермонтов М.Ю. туғанына 150 жылдығына байланысты Лермонтов М.Ю. аты берілді. 1941 ж  театр уақытша Шымкент қаласына ауысып, 1943 ж  қайта Алматыға келді. Қазіргі кезеңде театр жанында «Тенгри» көрмесі қызмет атқарады.

Даңғылдың сол жағында Наурызбай батыр көшесінің қиылысында Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті орналасқан. Бұл университет 1929 ж ашылған Зоовет институты және 1930 ж ашылған Ауыл шаруашылық институттарын біріктіреді. Қазақстан республикасында ашылған ең тұңғыш жоғары оқу орны. Даңғылдың оң жағында Медицина иститутын, ал оған қарама- қарсы жағында ауа райын барлау «Қазгидромет» мекемесі орналасқан. Медицина институтының ректорының қызметі ҚР бас хирург маман Алиев М.А. атқарады. Институтқа 2005 ж университет статусы берілді.

Абай даңғылы бойында орналасқан келесі экскурсиялық нысандар спорт тақырыбына байланысты. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы 1967 ж ашылған. Аумағы 68х33м 4 трибуналы, 6 мың орынға арналған бас залы бар. Сондай-ақ кешенге жасанды мұз айдыны жасауға арналған машина бөлімі, медициналық және әдістемелік кабинеттері бар. Сарайдың қарама-қөарсы жағында спорт және туризм академиясы орналасқан.

Спорт сарайының қасында Орталық стадионды көре аламыз. Стадион 1955-2967 жж аралығында 22 га жерге тұрғызылған. Стадион орнында өткен ғасырдың 20 жылдарында Верный аэродромы жұмыс істеген, 1919ж бастап бұл жерге ұшақтар қона бастады, ал қазіргі кезде бұл стадион орны. Мұнда үлкен және кіші спорт ареналары, жеңіл атлетика манеждері бар. Үлкен спорт аренасы 1955-58 жж салынды (арх.Капанов А.К., Коссов А.Я.). Мұнда футбол алаңы (104х69 м), 8 жүгіру жолы (100 және 400 м арналған), жеңіл атлетика секіру және саймндарды лақтыруға арналған секторлар бар. Трибуналары 30 мың адамға арналған. Олардың астында спорт ойындары, күрес, бокс залдары, дәрігер, нұсқаушы бөлмелері, 200 орынды қонақ үй орналасқан. Кіші алаңға 5 мың орынды стадион, садақ ату, теннис, қол добын лақтыру алаңдары кіреді. Қыс кезінде мұз айдыны құйылады.

Әуезов М.О. атындағы қазақ ұлттық драма театры да Абай даңғылы бойында орналасқан. Бұл театр 1925 ж Қызылорда қаласында құрылды. 1926 ж Әуезовтің «Еңлік – Кебек» қойылымның бір бөлімшесімен ашылды. 1928 ж театр Алматыға көшірілді, 1937 ж бастап академиялық аты берілді, ал 1961 ж Әуезов М.О. аты берілді. Алғашқы кезде театр қазіргі Қонаев пен Қазыбек би деп аталатын көшелер қиылысында орналасқан «Орион» клубының ғимаратында қызмет етті. (1928-1942 жж), 1941-1963 жж Лермонтов атындағы орыс драма театры ғимаратынгда, 1963 ж Абылай хан даңғылында, қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының ғимаратында орналасқан, ал 1981 ж бастап қазіргі алдарымызда тұрған жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа ғимаратты архитекторлары — Баймурзаев О.Ж., Қайнарбаев А.С., Жақсылықов М.Ф.  классикалық үлгіде жасады. Қазіргі кезеңде мұнда 2 көрермен залы, үлкені 1000 орынды, эксперименталды – 250 орынды, әкімшілік — өндірістік және әртістер бөлмелері бар. Сахнаның қозғалыс жүйесі де бар. 1980 ж  театр алдына Әуезов М.О. ескерткіші қойылды. Мүсінші Сесебаев Е.М.

Тимирязев көшесімен Алматы ботаникалық бағына шығуға болады. Тимирязев көшесі Республика алаңы мен Желтоқсан көшелері түйіскен жерден басталып, шығыстан батысқа қарай Жандосов көшесіне шығады. 20 ғасырдың 60-70 жылдарында Көктем ықшам ауданы интенсивті салына бастаған кезде Тимирязев көшесі да қалыптасты. Көше табиғат зерттеушісі-дарвинист ғалым Климент Тимирязев құрметіне аталды. Енді ботаникалық бақ алдына келіп тоқтаймыз. Ботаникалық бақ ҚР ҒА басты бағы. 1932 жылы іргесі қаланған. 1967 жылы бұл баққа ғылыми зертеу мекемесі статусы берілді. Алматы қаласының оңтүстік жағында теңіз деңгейінен 856-906 метр биіктікте орналасқан. 108 га жерді алып жатыр. Экспозициялары (Қазақстан, Ресей, Қырым, Кавказ, Солтүстік Америка, Шығыс Азия) ботаника-географиялық принцип бойынша орналасқан, ал өсімдік орналасуы-саябақ ландшафтысы бойынша. Коллекция бойынша 7 мың өсімдік түрі, оның ішінде Қазақстанның 375 түрі бар. Ботаникалық бақ флора және экология, ағаш, декоративті – гүлді, тропикалық, тағамдық, емдік өсімдіктер бөлімдері, интродуценттерді қорғау және көбейту, өсімдіктердің физиологиясы және биологиясы зертханалары бар. Ботаникалық бақ ҚР 5 ботаникалық бақ қызметін біріктіреді (Қарағанды, Жезқазған, Алтай, Іле, Маңғышлақ). 1948 ж ылдан бері «ҚР ҒА ботаникалық бақ еңбектері» басылымға шығады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Темирязев көшесі бойында орналасқан. Бұл университет кешені батысында Есентай өзені және ҚР ҒА ботаникалық бағы, солтүстікте Тимирязев көшесі мен оңтүстігінде әл-Фараби даңғылы арасында орналасқан. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті республикамыздың ғылыми және педагогикалық мамандар даярлайтын жоғарғы оқу орны. Жер көлемі 90га. Университет тарихы 1934 жылдан басталады. Алғашқы құрылған кезде, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ретінде ашылды. 1991ж әл-Фараби есімі берілді. 1993 ж 9 қаңтардан бастап өзін-өзі басқаратын автономиялы мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесіне ие болды.  Университет кешені күндізгі оқу бөліміндегі 10 мың студентті оқытады. Университтің студенттер қалашығы 10 оқу корпусы, 17 жатақхана, құрылым жүйесінде  104 кафедра, 14 факультет, еншілес кәсіпорын тұрғысында 7 ғылыми-зерттеу институты бар. 70 тарта мамандық бойынша, 30 жуық докторлық және диссертациялық кеңес жұмыс істейді, әлемнің 165 университетінің көрнекті ғалымдарымен, мамандарымен бірлесе отырып ғылыми зерттеулер жүргізеді. Қазіргі алдымызда тұрған ҚазҰУ қалашығының құрылысын бастаған 1970-1986 жж университет ректоры қызметін атқарған Жолдасбеков А.Ө. Кешен құрылысы 1971 жылы басталды. Кешеннің солтүстік жағында Тимирязев көшесіне қарап тұрған ғимарат Жолдасбеков А.Ө. атындағы студенттер сарайы. Сарайдың салтанатты ашылуы 1998 ж болды, ал 2001ж Жолдасбеков А.Ө. есімі берілді. 2006 жылдан бері қалашықта жаңа ғимараттар құрылысы басталды. Салынып бітейін деп тұрған ғимарат университет орталық кітапханасы, ал салынып жатқан екінші ғимарат- қосымша оқу корпусы.

Тимирязев көшесінен Желтоқсан көшесімен Республика алаңына түсуге болады. Желтоқсан көшесі бойында «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші орналасқан. Желтоқсан көшесі мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында орналасқан 1986 ж желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі 2006ж 16 желтоқсанда өтті. Рәсімге Елбасы Назарбаев Н.Ә. қатысты. Ескерткіш «Қазақстан Республикасы бірінші президентінің қорынан» бөлінген қаржыға салынды. Тәуелсіздік таңы ескерткішінің ашылуы -Алматы қаласы Әкімінің қауылысымен бекітілген Желтоқсан оқиғасын еске алуға арналған бірнеше іс-шаралар циклінің бастамасы. Елбасы атап көрсеткендей: «Қазақстан тарихында драмалық және рухты асқақтататын сәттер, сағаттар, күндер аз болған жоқ. Ұлтымыздың тарихындағы осындай драмалық және рухты асқақтататын сәттердің бірі – 1986 жылдың 3 түні мен 3 күні». Демек, бұл оқиғаның ел тарихындағы маңызы зор. «Тәулесздік таңы» ескертішін салатын жер ретінде Сәтпаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысы да жайдан-жай таңдалған жоқ. Атаулы оқиға кезінде көшеге шыққан халық қазіргі Желтоқсан (бұрынғы Мир) көшелерінің бойымен наразылық акцияларына қатысу үшін алаңға қарай жылжыған болатын. Бұл оқиғаға түрткі болған себеп сол кездегі Қазақ КСР компартиясының бірінші хатшы қызметін атқарған Қонаев Д.А. орнына орыстың Колбин тағайындалды. Бұл ұлтжандылық санасезімінің оянуына әкелді. Шеруге шыққандар қазақ жастары еді. Қызыл әскерлер оларды қысқы күнде аяусыз соғып, қыздарды шаштарынан қармен сүйретіп, малды сияқты машиналарға жүктеп, қала шетіне шығарып итке талатып, киімін шешіп жерге тастаған.

Қазақ халқы айтулы оқиғаны ел ісінде қалдыру мақсатында тағы да бір елеулі қадам жасады. Желтоқсан ескерткішінің авторы – белгілі сәулетші әрі дизайнер Сүлейменов Т. cәулетті ескерткіш арқылы тарихи тақырыптың идеялық – мағыналық және образдық – көркемдік мызмұны кеңінен ашылып та тұр. Аса биік сәулет өнерінің композициясы үш бөліктен тұрады. Күрделі формалы екі пилон жұртшылық назарын бірден-ақ өзіне тартады. Ол өткен мен болашақтың шиеленісін, халықтың ұлттық санасының оянуы мен бұрынғы идеологиялық канондарының күйреуін, ел еркіндігі мен егемендігінің салтанат құруын бейнелейді. Бұл ретте әрбір пилонның түсіннің өзіндік мәні зор. Қызыл пион (қызыл гранит) – жалынды, құрбандыққа баруды, алға ұмтылуды, төгілген қанды, ақ пилон (ақ гранит) ойдың тазалығын, жастық жігерді, үмітті бейнелейді. Ескерткіштің әсері мен мазмұнын арттыру үшін композициясына алға ұмтылған әйел мүсіні қосылған. Оң қолында желмен желбіреп тұрған орамал ұстап тұр. Ал сол қолында – ұшуға қомданған құс бар. Бұл да самғаудың және еркіндікке ұмтылудың символы. Оң өзгерістерге, жаңа өмірге талпыныстың ишарасы. Композицияның үшінші бөлігі – көркем рельефті панно. Бұл авторлардың ескерткіштің басты кейіпкері халық болуы тиіс деген тұжырымына орай жасалған.

 «Трибунаға» Республика алаңының бас нысаны ретінде қарастыруға болады. Республика алаңын халық арасында «Жаңа алаң» деп те атайды. Бұл қаладағы ең ірі алаң. Ұзындығы 580 м, ені 210 м. 1982 жылы КСРО мемлекеттік сыйлық иегері. Бұл мерекелік салтанатты шерулер және халық жаппай қыдырулар өткізілетін орын. Алаң безендіру бастамасы 1980 ж басталды. Ашық кеңістік, қазақ далалары сияқты ұшы-қиыры жоқ, таулар тәрізді ғимараттармен көмкерілген. Алаңның оңтүстік жағында қалалық әкімшілік орналасқан. Әкімшілік 14 м биіктікте орналасқан. Екі жақтан фонтандармен, скверлермен қоршалған. Сквер шығыс жағы Президенттің ордасына, батыс жағы 1983 ж салынған Қазақ теледидары аппарат –студиялы кешенге тіреледі. Президент резиденциясы алғашқы кезде Ульянов В.И. (Ленин В.И.) мұражайына арналып салына басталды. Бірақ, соңында Президенттің Оңтүстік ордасы құрылысы ретінде аяқталды.

Қазақ теледидары өзіндік пішінімен тартымды. Бас корпусы әйнекті көлемді, сталактит түріндегі карнизбен безендірілген. Сондай-ақ Алаңда 5 жұлдызды «The Regent Ankara» қонақ үйі тіреледі.

Осы алаң 1986 жылғы 16-17 желтоқсан қазақ жастарының тәуелсіздік үшін қозғалысының куәгері. 1986 жылы желтоқсан айында Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Қонаев Д.А. қызметінен алынып, оның орнына

Баспалдақтармен «Трибуна» галереясына шығып, қазіргі қазақ суретшілер шығармашылығымен танысуға болады. Немесе галереяны айналып, гранитті трибунаға шығып, Алаң орталығында орналасқан, 1996 жылы негізі қаланған Тәуелсіздік монументін тамашалауға болады. 1995 жылғы өкімет шешімімен бұл орында алдымызда тұрған монумент құрылысын бастауға қаулы қабылданды. Авторлық топ жетекшісі- Уәлиханов Ш.Е.

Кешен архитектура мен мүсін, ғылым, мәдениет пен мемлекеттің тамаша синтезі. Бұл архитектуралық кешен жергілікті рельеф пен қоршаған ортаға сай келген. Кешеннің орталығы жоғарыға ұмтылған 28 м биік 4 жақты стела, биіктігі 6 м. «Алтын Адам» мүсінімен аяқталады. Алтын Адам тәуелсіздік, сақтық,  әсемдік символы барсты билеп тұр. Алтын Адам ежелгі мәдениетінің байлығын бейнелеп тұр. Себебі, 2 мың жыл бұрын өмір сүрген хан-батыр киімінде нәзік зергерлік алтын әшекей бұйымдары табылды. Олар әлемдік өнерінің шедевр ретінде танымал. Монументтің төменгі жағында қазақ және орыс тілінде келесі сөздер қашалған: «1990 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның Мемлекеттік суверенитеті жарияланған», «1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстанның Мемлекеттік Тәуелміздігі жариялагған».  Стела іргесінде қоладан құйылған  кітап орналасқан. Бұл кітап халық тарихының куәгері жіне оны сақтаушысы. Кітап ішінде қол алақанының ізі қалдырылған. Стела маңында аллергорялық мүсіндер топтамасы орналасқан. Бұл топтама «Жер-Ана», «Көк-Данасы» және айғырларға мінген балалар бейнелерінен тұрады. Айғырға мінген балалар – біздің елміздің жас екенін, оның келешегін бейнелейді. Мұнда төтбұрышта бейнеленген жанұя біздің еліміз сияқты берік әрі мықты. Стеланың екі жағында таға тәрізді диадемаларда мемлекеттің ежелгі кезден қазіргі кезеңге дейінгі тарихының бейнесі көрсетілген: елдің құрылуы, атамекенді қорғау, ұлы зілзала, апаттар, ұлттық-босату қозғалыстары, дүниежүзілік соғыс, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, ұлы тұлғалар бейнелері, тәуелсіздікті жариялау. Диадемадағы 10 бейнелер кездейсоқтықтан таңдалған емес. Авторлар жобасы бойынша 10 саны Пифагор бойынша барлық арифметикалық және геометриялық пропорцияларды біртұтастыққа келтіріп, күш, сенім, даңктың мықтылығын көрсетеді. Бірінші рельеф массагет сақтарының әйел-билеушісі Томиристің билеу кезеңін бейнелейді. Томирис ұлы парсы патшасын Кирді жеңіп шығып, өзінің ұлы, жақын сарбаздары үшін кегін алды. Рельефте Томирис жеңіс уақытында арбада бейнеленген. Келесі рельефте әл-Фараби кезеңі көрсетілген. Бұл кезеңде астрономия, философия, медицина және т.б. ғылымдар дамыды. Сондай-ақ бұл жерде біз қазақ тарихшысы Мұхамед Хайдар Дулатидің бейнесін көре аламыз.

Қазақ музыкасының көшбасшысы Қорқыт ата қобызымен келесі рельефте отыр. Төменгі сол бұрышында түрік халықтарының пайда болу тарихының, көк төбеті (азу) туралы аңыз жазылған.

Келесі рельеф Қазақ хандығының құрылуына, оның негізін қалаушылары әз Жәнібек пен Керейге арналған.

Қазақ халқының тарихындағы ең қайғылы кезеңдердің бірі 1723 жылғы қалмақтар шабуылдары, бұл кезеңде 1 миллоинға жуық адам қырылып, тұтқынға алынды. Қалмақтар нояны Шарыш пен Абылай хан арасындағы шешуші шайқасты келесі рельефте көре аламыз.

Келесі рельеф ұлы тұлғалардың, ұлт арасындағы  достастығын бейнелейді,  сол себептен біз достоевский Ф.М., Уәлиханов Ш.Ш., Шевченко Т., Абай мен Біржан бейнелерін көреміз.

Келесі жерде бізге таныс тарихтың оқиғалары бейнеленген: Қазақстанның Ресейге қосылуы, біздің отандастарымыздың Ұлы Отан соғысы кезіңдегі көрсеткен батырлықтары, халық бақыты үшін шайқас, Қазақстанның тәуелсіздігін жариялануы көрініс тапқан.

Фурманов көшесімен төмен түсіп, Қабанбай батыр көшесіне бұрылып Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына келіп тоқталамыз. Көше тарихы төңкеріс оқиғаларға бай. Артиллеристер, казактар, төңкеріс көзқарастағы солдаттар казармалары осы көшеге таяу орналасты. Негізгі демонстрациялар, әйелдер бас көтерулері, наразылық митингтері осы көшеде өтетін. Қазіргі кезде көше қаланың ең әсем көшелерінің бірі. Көшенің сол жағына қарасақ қаладағы ең ірі француз үйін көреміз. Ғимарат алдында тұрған Эйфель мұнарасының үлгісі әлемдегі ең ірі макет болып саналады. Көше бойында 2 дәріхана, орталық оптика салоны, шетелдегі отандастармен байланыс жасайтын қазақ «Отан» қоғамы, Қазақстан медицина және денсаулық сақтау тарихының мұражайы орнласқан. Құрманғазы көшесімен қиылысында Фурмановтың өзіне бюст орнатылған. Мүсін 1967 жылы ашылды. Мүсінші Журавлев Н.С., архитекторы –Жақыбаев Х. Мүсін қоладан құйылған. Тұғыры өңделген граниттен тұрғызылған. Биіктігі 2.7 метр. Жазушы –большевик Фурмановтың парасатты да пайымды кескін- келбетін тұлғалайды.

Қабанбай батыр көшесіне бұрылып опера және балет театрының алдына шығуға болады. Бұл республикадағы тұңғыш музыкалық театр. Алғаш 1933 ж Алматыда Музыка студиясы, одан кейін Музыкалық театр (1934ж) деген атпен ұйымдастырылды. 1937 ж театрға қазіргі аты берілді. Шымылдығы тұңғыш рет 1934 жылы 13 қаңтарда Әуезов М.О. және Коцыктың И.В. «Айман-Шолпан» драмасымен ашылды. Театр ғимараты 1941 ж архитектор Простаков Н.А., Бәсенов Т.Қ. жобасы бойынша ірге көтерді. Бұл қазақтың тұңғыш ұлттық сәулет өнері жетістіктерін бойына сіңіре отырып, өзіндік архитектуралық шешім тапқан ғимарат. Оның құрылысында орыстың классикалық архитектурасы мен ұлттық сәулет өнері ырғақтары үңдестік тапқан. Шаршы үлгіде салынған. Қасбетінде шығыңқы орналасқан лоджия-портигі бар. Портиктің капительдегі төрт бағанасы, оның жоғары жағынан тартылған бедер мүсін (мүсіндік топтама бес бөліктен тұрады: өнер адамдары ортасында Жамбыл, оның екі қанатында ауыл шаруашылық молшылығын бейнелеген суреттер, қазақтың батырлық жырлары, Азамат соғысы көріністері), қос босағадағы өрнекті жебе, ойық пен әсем бұғат ғимарат қасбетінде сұлу көрік, салтанатты сипат береді. Бүйір беттері капительді пилястрлар тізбегімен әсемделген. Ғимарат құрылысның кіндігіне 1170 орынды көрермен залы салынған. 2 қабатта ғимарат интерьерін көріктендіретін кең фойесі бар. Театр төңірегінің дұрыс жоспарланып (арх.Белоцерковский, Стесин Б.Н.), оның екі қапталы мен алдынан сквер, фонтандардың орналасуы ғимарат әсемдігін толықтыра түседі. Сонымен қатар, ғимарат алдындағы фонтандар қаладағы тұңғыш салынған фонтандар.

Екі қапталдағы скверде Әуезов М.О. (1967, мүсінші Досмағамбетов), Жамбыл (1971ж, мүсінші Наурызбаев Х.Е.) ескерткіштері қойылған.

Театрдың қарама-қарсы жағына қарасақ «Алматы» қонақ үйін көреміз. Қонақ үй 1967 ж. ахитектор Картаси И.А., Коссов А.Я., Чиркин В.Г., Рипинский Н.И. жобалары бойынша салынды. 8 қабатты негізгі корпус садақ жағындай иіліп, әр қабаттың ашық көшеге қараған беті тұтас балкон жолағымен көмкерілген. Қас беттің алдынан машина тоқтайтын кең алаң, фонтандары бар әсем хауыз жасалған. Ғимарат опера және балет театрымен ансамбльдік жарастық тапқан. Қонақ үйде 280 номер, 540 орын бар.

Абылай хан даңғылының төменгі жағында Астана алаңы орналасқан. Даңғылдың бұрынғы аттары: Старокладбищенская, Вокзальная, Сталин даңғылы, Коммунистік даңғылы. Орталық кітапхана ғимаратымен оңтүстік бөлігі басталып, солтүстік бөлігі 2-Алматы теміржол вокзалымен тұйықталады (даңғылдың бұрынғы аттарының бірі Вокзал көшесі). 4 шақырымға созылған даңғыл бойы газон, гүлзарлармен көмкерілген. Даңғыл бойында 5 жер асты өткел бар. Бұл даңғыл әкімшілік және мәдени ірі орталық болып табылады. Ол 1935-37 жж даңғылдың батыс жағында Гоголь және Әйтеке би көшелері аралығында орналасқан үш халық комиссириатының ғимараттары салынған кезден бастап пайда бола бастады. Бұл ғимараттар әсем архитектуралық кешенге айналды. Даңғыл бойында көптеген мәдени, демалыс, әкімшілік ғимарат пен кешендер бар. Оларға кейін тоқталып кетеміз. Енді автобустан түсіп Астана алаңына барамыз.  Республика алаңын халық арасында «Жаңа алаң» деп атаса, Астана алаңын «Ескі алаң» дейді. Алаңның солтүстік бөлігіне қарасақ Қазақстан-Британ университет ғимаратын көреміз. Бұл ғимараттың өзінің тарихы бар. Бұл бұрынғы Қазақ КСР үкімет үйі. Соғыс кейінгі онжылдықтағы ірі әкімшілік-қоғамдық  ғимарат алдымызда тұрған үкімет үйі болды. Ғимарат құрылысы 1951 жылы архитектор Рубаненко Б., Симонов Г. Жобасы бойынша басталды. Ғимарат ауданы 108.6 мың шаршы метр, ішінде Қазақстан компартиясының орталық комитеті, министрлер кеңесі, республикалық жоғары кеңесі орналасқан еді. Ғимарат жоспары нақты функционалдық аудандастырылған: әр үкімет мекемесінде өзінің жеке корпусы болған, корпустардың бәрі мәжіліс залына тіреледі. 1972 жылы ғимарат негізгі корпусқа қосымша қасбеттерінде екі қанат құрылыстары арқылы кеңейтілген еді. Үкімет үйінің архитектурасы монументальды әрі салтанатты. Ғимарат қабырғалары ақшыл-қоңыр түспен терразиттелген, төменгі бөлігі гранитпен көмкеріліп, солтүстік портигі және оңтүстік колонналарын жасау үшін мәрмәр қолданылған. Алаңның оңтүстік жағына баратын болсақ аябаққа шығамыз. Саябақтың орталығында «Бақытты балалық шақ» ескерткішін көреміз. Қазіргі алдарымызда тұрған ескерткіш орнында 20 ғасырдың 90 жылдарына дейін Ленин ескерткіші орналасқан еді. Бұл ескерткіш кез-келген стильдің бірігу мүмкіндігінің үлгісі. Ескерткіш мәніне келетін болсақ, артқы жағында жер шарын ұстап тұрған купидондар бейнесі балалық шақты көрсетеді, ал, алдыңғы жағында балалық шақты қорғаушылар, Ұлы Отан соғысының батырлары, сенімді аяқ басқан шығыстың қос жұлдызы Мәншүк пен Әлия бейнелерін көреміз. Саябаққа кірерде қазақ халқының басқа ұлт өкілдерімен достастық қарым-қатынасын білдіретін әр ұлт өкілдеріне сипаттамасы бар орналасқан.

Молдағұлова Ә. және Мәметова М. көшелерінің арасында орналасқан Амангелді сквері. Скверде Амангелді батырдың өзіне ескерткіш орнатылған. Бұл қаладағы ең алғашқы салынған ескерткіш. Ашылу салтанатына Қазақстанда Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күрес басшыларының бірі Жанкелдин Ә.Т. қатысты. Қазіргі алдарымызда тұрған ескерткіш 1947 ж салынған. Ескерткіш орнында Николай 2 патшаға арналған ескерткіш орналасқан еді. Мүсіншісі Хасбулат Асқар-Сарыджа, архитекторлары Басенов Т.К. және Усачев А.

Аманкелді Имановтың салт атты портреті қоладан құйылған, тұрған постаменті сұр граниттен, оюландырылған ұсақ бочарда техникасымен орындалған. Биіктігі 6 метр. Қола мүсіннің үш тиянақ нүктесіне негізделіп жасалуы ескерткіштің қимыл-қозғалыс ырғағын білдіреді. Халық батырының киім киісі жинақы, жүзі байсалды, отырысы мығым. Композициялық силуэттың келісімділігі, мүсін үлгісінің сымбаттылығыы Амангелді ескерткішінің басты жетістігі.

Мүсінді жасау тарихы қызықты. Аманкелді портреттері қалмаған, себебі, шығыста тірі адамдан портреттер жасалмайтын еді. Мүсінші арнайы даламен көп уақыт жүріп, халықтан батыр бетінің бейнесінің бөлек материалдар жинады. Аманкелдінің замандастары мүсін бейнесінің ұқсастығына ризашылық білдірді.

Аманкелді кедей малшының баласы, 15 жасында жетім қалып, бай туыстарына жұмыс істеуге кеткен, ауылын тастап Байқоңырда көмір қазбаларында ұстаның көмекшісі болған. Өз басынан әділетсіздікті, кедейлікті, қорлықты кешірген. Тұлғасында әлеуметтік әділетсіздікке күрес сезімі туады. Бүкіл Торғай даласында батыр, ер жүрек, шыңдықты қорғаушысы ретінде танылады. 1916 жылғы Қазақстанның Торғай және басқа уездерінде болған царизмге қарсы күреске басшылық жасап, Торғай, Қостанай, Ақтөбе мен Ырғыз уездерінің бірқатар отрядтарын біріктірді. Аманкелді Қазақ даласында кеңес үкіметінің қалыптасуна, атаман Дутовқа қарсы азамат соғысына, алашордашыларына да қарсы қатысып, 1918 ж коммунистік партиясына кіреді. Алашорда Торғай отрядтарымен күресінен сақтанып, 1919ж 18 мамырға қараған түні Аманкелді тұтқынға алынып, айуандықпен өлтіріледі. Аманкелді батыр халық жадында босатушы, қорғаушы ретінде мәңгі қалды. Халық батырлары мәңгі өмір сүріп, өлмейді.

Аманкелді скверіне қарама-қарсы жағында Балалар мен жас өспірімдер театрын көреміз. Театр 1944 ж құрылды. Алғаш ұйымдастырушылар КСРО халық әртісі, Лениндік сыйлық лауреаты Сац Н.И. және драматург Розов В.С. болды. Театр қазақ және орыс труппасынан тұрады. Орыс труппасы сахналық жолын 1945ж 7 қарашада Шварцтың Е.Л. «Қызыл телпек», ал қазақ труппасы 1947ж 2 ақпанда Островский А.Н. «Мысыққа күнде той бола бермес» қойылымдарын қоюмен бастады. 1966ж Хұсайыновтың «Алғашқы ұшқындар» қойылымына (Ғани Мұратбаев рөлінде- Кенжеков А.) Қазақстан Ленин сыйлығы берілді. Театр ұжымдары 1958ж, 1967ж Мәскеуде болып, Фурманов Д.А. «Бүліншілік», Ақынжанов М. «Ыбырай Алтынсарин» сияқты таңдаулы қойылымдарын көрсетті.

Қазіргі тұрған ғимаратқа театр 1981 жылы қоныс аударды. Ғимараттың өзі 1963 ж архитектор Лепник А.А жобасы бойынша салынды.

Алматы-2 темір жол вокзалы 1939 ж ашылды. Сол жылы вокзал ғимараты салынды. Архитекторы Галкин А.П. 1977ж ғимараттың батыс жағынан қосымша павильон тұрғызылды. Еңселі порталы бар орталық және жартылай шығыңқы капительді бағаналар тізбегімен нақышталған қос қаптал павильондар ғимарат композициясын құрайды. Қасбетіндегі биік арка қуысы, коринфтік ордер ғимараттың классикалық үлгіде салынғандығын аңғартады. Вокзал маңдайшасы бедер мүсінімен нақышталған. Ғимаратқа негізгі әсемдік сипат беріп тұрған – капительді бағаналар тізбегі. Осы бағаналар ғимарат интерьерін әсемдеу ісінде де кеңінен қолданылған 1972 ж вокзал алаңына Калинин М.И. ескерткіші қойылды. Ал қазіргі кезде бұл ескерткіш орнында 2000 ж тұрғызылған Абылай хан ескерткішін көре аламыз. Қазақ халқының тарихында ауыр кезеңдер молшылық. Парсылардың, қидандардың, монғол мен жоңғарлардың  шабуылдары қазақ халқының бостандық рухын  жеңе алмады. Қазақ халқының біртұтастығын бейнелейтін ірі жарық тұлға- Абылай хан. Абылай ханға арналған ескерткіш ҚР Елбасы Назарбаев Н.Ә. нұсқауы бойынша тұрғызылды. 2000ж 16 желтоқсанда сол кезде қала әкімі қызметін атқарған Храпунов В.В. ашты. Авторлық ұжым жетекшісі Баймағамбетов С.Қ., мүсіншісі Сатыбалдин К.К:, архитекторлары Ералиев Т.Е., Сидоров В.И., конструкторы Еркенов В.И., құю жұмыстарын Волков А.П. орындады. Ескерткіш сипатына келетін болсақ:

Абылай хан мүсіні ұлттық киім киген XVIIIғ батыры ат үстінде отырған бейнесінде Азия мен Сібір халықтарын қорлаған — Жоңғар хандығы орналасқан жері-оңтүстік шығысқа бағытталған. Бірақ, батыр көтерген қолыңда қару емес – қамшы, себебі, Абылай ханның басты мақсаты Қазақстанмен шекаралас елдермен ынтымақтастықты, теңдікті  сақтау еді. Ақылды стратег жоңғар әскеріне қарсы әскерді жасақтап, XVIIIғ 20-50 жылдарында ірі шайқастарға қатысып, батыр-халық атағына ие болды. Абылай ханның дипломатиялық қабілеті, зеректілігі, ақылы Қазақстанда мемлекеттік билікті орталықтандыруға ықпал болды. 1771 ж ірі территориялық-саяси бірлестіктер — үш жүз өкілдерінің жиналысында қазақ ханы болып жарияланды. Абылай ханның билеу жылдары елдің саяси жағдайы тұрақтанған, беделінің өскен, қазақтардың Орталық Азия мен Ресей елдерімен экономикалық-мәдени қатынасының дамыған кезең еді.

Өз заманының дарынды әскербасы, зеректі саяси қайраткер Абылай хан ата-бабалар мұра етіп қалдырған жерін сақтау үшін, бірде бір үлесін бермей ел ішінде мен сыртында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар мүмкіндіктерін пайдалана алды.

Абылай туралы халық көптеген аңыз жырларын сақтаған. Тірі кезінді хан әулиелердің қатарына қосылды, ұлы істерді жасау үшін бізге жіберілген аруақ ретінде қаралды. Батыр өз мұрагерінің өлімі үшін кек алуға тырысқан жоңғар ханы – Қалдан Цэренге тұтқынға түскен кезде өлтірілді. Жоңғар ханының «ұлымды қайда өлтірдің?» сұрағына Абылай: «Күнә маған түсті, ал ұлың халықпен өлтірілді, мен арқылы сенің балаңның  халық  еркісі орындалды». Абылай хан — батыр сияқты өлді.

Қазақстан Респуликасында үлкен қала агломирациялары онша көп емес. Туризмнің басқа түрлерінің орталықтары көп болғанымен туризмнің өзінің ерекшеліктеріне байланысты керекті инфраструкрураның болуы тиіс. Біздің мемлекетте ірі туристік орталықтар санаулы десек те болады. Олардың қатарына Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларын айтсам болады. Алматы қаласы ірі қаржы орталығы, ең ірі агломерациясы, және мемлекеттегі қонақ үйлердің 80% і осы қалада орналасқан. Осы себептен де іскерлік туризм дамуына үлкен мүмкіншіліктері көп десек.

 

2.2. Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендерін экскурсиялық нысан ретінде қарастыру

 

Алматы қаласы қазіргі таңда тұрақты даму фазасында тұр. 2000 жылдан бастап Алматы қаласының негізгі жоспарына жаңа өзгертулер енгізілді. Қала оңтүстік астанаға айналды. Алматы қаласы ғылыми, мәдени, саяси-қаржы орталық болды. Бірнеше жылдар бойы Алматы қаласының жаңа жоспары қарастырылды. 2005 жылдың 12 сәуірінде «2020 жылға дейінгі Алматы қаласының даму негізгі жоспары» қабылданды. Жоспар қаланың ерекшеліктеріне, жаңазаманда болып жатқан құбылыстарға қарай жасалды. 2006 жылы «Алматы қаласының функционалды аудандарында құрылыстың жоспар-регламенті» қабылданды. Функционалды аудандардағы құрылыстың бас ұстанымдары әрбір ауданды қала құрылысы, экологиялық,  және баға регламентеріне сай негізгі жоспарға сәйкес ережелерді қалыптастыру болды.

2005-2006 жылдардағы Алматы қаласының дамуындағы негізгі ерекшеліктердің бірі — Алматы қаласында тіршілік етуде қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар жүйесінің жүзеге асырылуы.

2005 жылға дейінгі қаланың Бас жоспары жарамсыз екені айқындалды. Себебі, онда қала құрылысының жаңа технологиялары мен қала аумағының қарқынды өсуі ескерілмеген. Нәтижесінде бұл дамуында артта қалып қойған аудандардың қалыптасуына әкеліп соғып, көптеген мәселелердің пайда болуына септігін тигізді.

2005 жылы қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес біріңғай қалалық мегаорталық артта қалады. Жаңа құрылыс саясаты қаланың іскерлік белсенділігін арттыру нүктесі ретіндегі жеке іскер орталықтарын қалыптастыруды көздейді.

Бас жоспарда бұрынғы орталық ерекшелігін сақтап қалу, қаланың барлық аудандарында жайлы тұрғын үй салу, ескі ауылдар орнында қазіргі кезеңгі тұрғын үй – мәдени орталықтар тұрғызу, көлік инфрақұрылымы мен санитарлық-қорғау белбеулерін кешенді дамыту көзделген.

Бас жоспар аясында аймақтық инвестициялық карта әзірленген. Оның көмегімен осы тұжырымдаманы жүзеге асыру қала құрылысында барлық жұмысты жүйелендіруге және осы мақсаттарға жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму кезеңінің бас жоспары Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.

Алматы қаласын дамытудың бас жоспарының басты мақсаты – экологиялық жағынан қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік тұрғыдан ыңғайлы тіршілік ортасын құруға бағытталған кешенді қала құрылысы шараларын жүргізу.

Бас жоспардың негізгі архитектуралық-қала құрылысы идеясы: Алматы қаласының «қала-бақ» бейнесін сақтау және қалыптастыру.

Жоспарға сай Алматы қаласы халқының 2020 жылғы кезеңге дейінгі болжамды саны Алматыдағы, Алматы облысындағы және жалпы Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістің тұрақтылығымен және инерциясымен анықталады. Бұның ішінде барынша тұрақтысы Алматы халқының жиынтық санының болжамы болып табылады. Бұған Алматы қаласының өзінің тұрақты тұрғындары және уақытша мекендейтін халқы жатады. Алматының жиынтық халқының болашақ саны барынша ықтимал болжам нұсқасы бойынша 1500 мың адамды құрайды, оның ішінде тұрақты тұратын халық саны – 1300 мың адам, уақытша – 200 мың адам.

Тұрғылықты ортаны жан-жақты қалыптастырудың негізгі бағыттары орташа алғанда 1 адамды 22 шарша м. тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейін жеткізуді көздейді. Сөйтіп қаланың бүкіл тұрғын үй қорын 27,5 млн. м2-қа дейін ұлғайту көзделуде. Құрылыс 1,1 мың га (жалпы алаңы 2,42 млн. м2) бос тұрған аумаққа да, сол сияқты тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүру және құрылыс алаңдарын барынша тиімді пайдалану есебінен реконструкцияланатын 1,8 мың га (жалпы алаңы 5,27 млн. м2) алаңға да жүргізілетін болады. Жеке тұрғын үй құрылысының үлесі бүкіл кезеңде тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 37%-ін құрайды.

Бас жоспар қаланың көлік құрылымын қолданыстағы жолдарға жаңа кең магистралдар, айналма автомобиль жолдарын, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету желілерін, автокөпірлер, жол өткелдерін, эстакадалар және т.б. қосу арқылы дамытуды және жетілдіруді көздейді.

Көше-жол желілерін дамыту негізіне біртұтас қалалық жүрдек жолдар жүйесін және қалалық маңызы бар магистралдар құру алынған. Бұлар кейіннен қозғалысы үздіксіз және реттелетін магистралдарға дифференциацияланады.

Қала орталығынан көліктердің транзиттік ағынын сейілту үшін бас жоспарда қаланың негізгі жерлері мен оның орталық бөлігін орап үздіксіз қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін шеңбер жолдар жүйесі көзделген. (бағдарламаның толық мәтініне көшу)

Бірыңғай қала құрылысы саясатын жүргізу үшін Қала құрылысы Кеңесі құрылып, жұмысын іске асыруда.

2006 жылдың аяғында негізгі капиталға келіп түскен инвестиция көлемі 390 млрд. теңге болады деп күтілуде. 2001 жылға шаққанда бұл көрсеткіш 2,6 есе артық. Қаржыландырудың барлық көздері арқасында 670 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл 2001 жылға шаққанда 3 есе артық.

Қалада тіршілік ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қаржы ресурстарымен қуатталған қалалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде Алматы қаласы әкімінің 15 бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аулалар, мектеп және бала бақшалар аумағын көріктендіру бойынша, энергокешенді дамыту бойынша, қаладағы көлік қысымын азайту, парктер мен саяжайларды көгалдандыру, арық желілері мен фонтандарды қалпына келтіру, қаланы қатты тұрмыстық қоқыстан тазарту, өзен аңғарларын қалпына келтіру бойынша міндеттер қойылған.

Қала құрылысындағы аудандастыру қаланың территориясын белгілі бір шек араларға сәйкес аудандастыру.Аудандастырудың бас идеясы – жаңа құрылыс кешендерін қаланың қалыптасқан тарихи келбетімен үйлестіру.

Соңғы жылдары қала күн сайын өзгерістерге ұшырауда. Негізгі жоспарға сәйкес ХХ ғасырдың 60 жылдарында сәйкес қалыптасқан 12 ықшам ауданында архитектуралық-құрылыс кешендері пайда болуда. Жаңа тұрғын үйлер мен аудандар, кешендер салынуда. Қаланың әр ауданында жаңа қонақ үйлер, туристік фирмалар, қаржы орталықтары салынды. Қаланың орталық бөлігін де салу концепциясы өзгерді.

Әл-Фараби даңғылы бойында 40 гектар жерді алатын жаңа Аймақтық қаржы орталығы салынуда. Бұл орталық сыртқы капиталды өзіне тартудың жаңа импульсы ретінде қарастыруға болады. 2010 жылға арнайы сауда алаңында шамамен он екі миллиард доллар қаржы капитализациялауды қарастырылған.

Алатау кен шарында ақпарат технологияларының бағының болашақ дамуы аймақтық экономиканы диверсификациялау мен жоғарғы буынды технологиялар арқасында өндірістің даму базасын құруға ықпал етеді деп күтілуде.

Алматы қаласының табиғи жағынан «тығыздануын» есепке ала отырып тұрмыс-қоғамдық кешендерін салуға үлкен көңіл бөлінген. Тұрғын үйлерінің архитектурасында безендіру материалдарын қоладана отырып әр түрлі композициялық әдістері қолданылады. Бұл қаланың келбетін көркейтуге әсер етеді.

Қала жоғарғы сейсмикалық ауданда орналасқан. сол себепті салынып жатқан құрылыс кешендерінде сейсмо төзімділігін қамтамасыз ету Алматы қаласының әкімшілігінің бас мәселелердің бірі болып табылады. Қалада салынып жатқан кешендерінің көбісі көп қабатты болып келеді. Оларды салғанда көптеген ерекшеліктер ескеріледі.

Қаланың Негізгі жоспарына сәйкес 830 мың шаршы метр тұрмыс ауданы мемлекет қаржысы арқылы салынған. Жеке құрылыс компаниялары қаржысы арқылы 295 мын шаршы метр тұрмыс аудан салынған. Алматы қаласында салынып жатқан тұрмыстық кешендерінің көп бөлігі қымбат пәтерлері бар элиталық үйлер құрайды. Оның бас себебі сатып алу сұранысы мен қалыптасқан нарықта құнды қағаздарының жоқ болуы, яғни капиталдың айналымы үшін мүмкіндігінің жоқ болуы мен қор биржаларының сияқты институтаттарының дамымауы болып табылады. Алматы қаласында тұрмыс ауданын еліміздің әр ауданында тұратын азаматтары да сатып алуға тырысады.

Алматы қаласындағы үздік мега жобалары қатаырна «Сайран» кешені мен «Алмалы» жер асты сауда-ойын-сауық кешені бола алады.

Қаланың кешенді құрылысы белгілі бір нақты желі бойынша жүреді: бөлінген аудандар игеріліп, біртұтастық ұстамы бұзылмайды.

Қалада негізінен тұрмыс кешендері, қоғамдық кешендері мен көлік кешендері салынуда. Енді осы аталғандарды жеке қарастырғым келеді.

Қазіргі таңдағы Алматы қаласында тұрмыс аудандарын салу бағыты бір адамның тұрмыспен қамтамасыз ету нормаларын бекіту, бұл нормаға сәйкес бір адамға 24 шаршы метр тұрмыс ауданы бөлінген. Жаңа негізгі жоспарға сәйксе қала 5 жобаланған ауданға бөлінген. Жерді аудандастыруды қала және аудандық әкімшіліктер іске асырады.

Бірінші ауданға, орталық ауданға, қаланың Есентай мен Кіші Алматы өзендері аралығындағы бөлігі мен тарихи және өндірістік аралығындағы бөлігі жатады. Қаланың тарихи бөлігі өзінің дамуын жалғастыруда. «Целинный» кино театры ауданыда құрылыс кешендері салынды. Райымбек даңғылы-Сәтпаев көшесі мен Байтұрсынов көшесі мен Кіші Алматы өзені аралығындағы бөлікте құрылыс кешендерін салуды шектеген. Мұнда бар тарихи ансамбльдер мен бақ кешендері қалған. Орталық бөліктің оңтүстік ауданында, керісінше, құрылыс белсенді жүргізілуде. Таулы Гигант ауданында меридианды эспданада түрінде маңызды кешендер мен нысандар салынуда: қонақ үйлер, сауда, қызмет көрсету, білім беру мен ойын-сауық нысандары және Есентай өзені ауданыда халық аралық маңызы бар спорт-рекреациялық ауданы салынуда. Бұл ауданда қаланың негізгі ауданы орналасады.

Абай даңғылы бойында көп салалы орталық салынуда, ал «Атакент», «Ботаникалық бақ» және Оңтүстік бағы сияқты массивтер  осы ауданның көгаландандырылған аймағын құрайды. Осы ауданда Розыбакиев көшесі мен Сайран өзені, Сәтпаев көшесі-Төле би көшесі өзгертілуде.

Екінші ауданы, батыс ауданында көп қабатты құрылыстар салынған. Үшінші ауданы қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Осы ауданда тарихи-этнографиялық бақ салуды көзделген.

Кейбір құрылыс кешендеріне жеке сипаттама беріп кетейін. «Оңтүстік Дуэт» кешені 12 қабатты тұрмыс кешені Гагарин және Байқадамов көшелерінің қиылысында салынған. «Алтын» ауданда Әл-Фараби даңғылы мен М.Ганди көшелерінің аралығында жер ұйық кешені салынуда. 2005 жылы «Almaty Towers» құрылыс кешені сейсмо сынамадан өтіп эксплуатацияға берілді.

Алматы қаласында қоғмдық кешендері арасында «Рахат –палас-ридженси-хайат», «Анкара», «Астана», «Mega-Alma Ata», «Әл-Фараби» сауда үйі, «Адем» сияқты құрылыс кешендері белгілі.

Коммуналдық тұрғын үй құрылысына 2005-2007 жылдарға республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінеді деп көзделуде. Бұл қаржы көлеміне жалпы көлемі 24,3 мың метр кв. — 300 пәтер салынады, яғни жыл сайын 8,1 мың метр кв. көлемінде 100 пәтерлік бір үйден салынып отырады.

2005 жылы 100 пәтерлік тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 393,75 млн теңге бөлінді. Ол қолданысқа 2006 жылдың І тоқсанында енді.

Қазіргі кезде байқаудың жеңімпазымен «Нико» ЖШС 9 қабатты 54 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы үшін 393,75 млн. теңге қаржы көлеміне келісім орнатылды. Олар осы жылдың екінші тоқсанында қолданысқа енеді. Қазіргі кезде 118 млн. теңге жұмсалды.

Қалалық санақ басқармасының мәліметіне бойынша, алдыңғы жылы құрылыстық және жөндеу жұмыстарын 1000-ға жуық ұйымдар атқарды. Олардың ішінде:

— 105 үлкен және шағын ұйымдар (50 адамнан жоғары). Олар 26 холдингк пен корпорацияларға біріккен (««Базис-А» Корпорациясы», ««Век» Корпорациясы», « «Қуат» Корпорациясы», НХК «Алматықұрылыс» және т.б.);

-қалғандары ұсақ жөндеу кеңселері.

Әр түрлі мамандықтағы құрылысшылардың саны 27,3 мың адам. Олардан 26,5 мың адам ірі және орта кәсіпорындарында.

2004 ж. ұсақ құрылыс ұйымдары құрылысты аяқтау жұмыстарына қатыстырылды. Ірі және орта мердігерлік ұйымдар құрылыстық-монтаждық жұмыстарға қатыстырылды.

Ірі және орта мердігерлік ұйымдардың дербес күшімен атқарылған жұмыстың жалпы мердігерлік көлемінен ең көп үлес ғимараттар тұрғызу мен азаматтық құрылыс бойынша жалпы құрылыстық қызмет көрсетуге (42,5%); жер жұмысын қосқында ғимараттарды даярлау мен бұзуға (8,5%); электр желілері мен электр арматураларын қондыруға (6,2%); автомагистральдар құрылыстарына және шоссейлік жұмыстарға (7,9%); бедерлерді сылақтауға (6,3%) тиесілі.

Сонымен қатар, құрылыс ұйымдарының өндірістік күшінің потенциалын анализдеу 500 мың метр кв. тұрғын үй салуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

2005 ж. 2005-2007 жж. арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын Алматы қаласында жүзеге асыру шеңберінде 442,5 мың метр кв. тұрғын үйді қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.

5 айдың нәтижесі қалалық мемлекеттік бағдарламамен анықталған міндеттердің шынайылығын дәлелдейді. Осы уақытқа дейін 200 мың метр кв. жуық тұрғын үй алаңы қолданысқа енгізілді. Бұл жылдық бағдарламаның 45% жуығын құрады.

«Керемет» қоғамдық-іскерлік және тұрғын үй кешені «ВЕК корпорациясының» алғашқы жобасы болып табылады. Құрылыс басы – 2002 жылдың қыркүйегі. Құрылыс аяқталу мерзімі – 2008 жылдың желтоқсан айы

Тұрғын үйдің жалпы ауданы – 6,92 га. Тимирязев-Наурызбай батыр-Сәтпаев-Сейфуллин көшелерінің аумағында орналасқан. 1 кезегі Жалпы ауданы 1, 67 Нысандар саны 6: 6-қабатты – 2, 7-қабатты – 1, 8-қабатты – 1, 13-қабатты – 1, 14-қабатты ғимараттар – 1. Автотұрақпен бірге еспетгенде нысанның жалпы ауданы – 33172, 6 шаршы метр. Құрылыстың басталған мерзімі – 2002 жылдың желтоқсаны. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2005 жылдың маусым айы.

          Ал екінші кезегіне келетін болсақ, жалпы ауданы 1, 79. Нысандар саны 13: оның екеуі 15-қабатты және 11-і  9-қабатты, автотұрақпен бірге еспетгенде нысанның жалпы ауданы  — 70948 шаршы метр. Құрылыстың басталған мерзімі – 2005 жылдың наурыз айы. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2006 жылдың тамыз айы.

 «Керемет» — «ғажайып, сәулетті, тартымды» деген мағына береді. Бұл анықтаманы ықшам ауданның сәулетшілері нысандардың жобасын жасау кезінде пайдаланған. Кең аулалар, арнайы жасақталған балалар алаңдары, фонтаны бар үлкен жасыл аулалар т.б. – мұның бәрі қала орталығындағы әдемі  «Керемет» кешенінің ажырамас бөлігі.

          Ықшам ауданның архитектурасы классика мен модерннің бірлескен стилінде жасалған. Аспан көк түстес және сарғылт түстермен безендірілген. Көпқабатты үйлердің (9-ыншы қабаттан 16-шы қабатқа дейін) терезелерінен Алматы мен Іле Алатауларының әдемі келбеті көзге түседі.

          «Керемет» қоғамдық-іскерлік кешенінде және тұрғын үйінде тұру ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар КЕРЕМЕТ! Қаланың басты алаңы, Республика Президентінің Алматыдағы резиденциясы, қалалық әкімшілікпен жақын көрші болу нысанға үлкен, жоғары мәртебе береді.

Ықшам аудан құрылысына шағынмаркет, аурухана, мейрамхана, фитнес-орталық, сән салондары және ірі компаниялардың офистары кіреді. Ықшам ауданның экологиясы қатаң сақталған, көліктердің тұрақтарына қатаң тыйым салынған. Көлік иелері автомобильдерін екідеңгейлі жерасты паркингтеріне қояды.

Салынған нысандардың техникалық жағдайы тәулік бойы бақылауда.

Мұндағы үйлер жаңа заманғы құрылғылармен қамтамасыз етілген. Бұл – шусыз лифтілер, байланыстың оптикалық-талшықтық желілері, автономды қазандар мен электр стансалары, өрт сөндіретін жүйесі бар автоматты өртке қарсы сигналдау және домофондары мен бейнебақылаулары бар көпдеңгейлі күзет жүйесі.

 

«ВЕК корпорациясының» сәулетшілері, жобалаушы қызметкерлері және құрылысшылары дәстүрлі құндылықтар мен өмірдің жаңа стандарттарын біріктіре білген.

«Керемет» тез дамып келеді. Ықшам аудан құрылысының үшінші кезегі аяқталып қалды. Қазір 15, 12, 10 және 9 қабатты ғимараттар өз тұрғындарын асыға күтуде. Құрылыстың алғашқы кезеңінде пәтерлердің қайта өзгертілуі қарастырылған, тапсырыс берушінің қалауы бойынша пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бір бөлмелі кең студиядан 350 шаршы метрге дейінгі пәтерлер таңдауға беріледі. Бизнесмендер «Кереметтен» сауда алаңдарын алып өз істерін дамытса болады.

Үшінші кезек тұрғындары ықшам ауданнан шықпай-ақ супермаркеттер, фитнес-орталықтар, емханалар, сән салондарын, «Дарын» балалар орталығын, қысқасы, барлық жүйелерін пайдалана алады.

Сонымен қатар, үлкен жерасты сауда-спорт-ойын-сауық орталығын салу да жоспарда бар. Бұл жерде сауда орындары мен демалыс орындары: кафетерий, бассейндер, волейбол, мини-футбол, аэробикамен айналысуға мүмкіндік беретін спорт залдары салынады.

Жақында бизнес-орталықтың іргетасы қаланды. Іскерлік орталық «Керемет» қоғамдық-іскерлік кешенінің жаңа кезеңінің ең басты нысандарының бірі болмақ. Ықшам аудандағы бұл нысанның құрылысы «ВЕК корпорациясының» алғашқы жобасының қорытындысы болмақ.

          Келесі құрылыс кешені де қызықты нысан болып табылады. Аты «Байғанин көшесінде». Байганин – Кабанбай батыр – Ударная –көшелерінің шеңберінде Жамбыл көшесінен төмен орналасқан. Құрылыс алаңы  1 718 шаршы метрге жуық. Құрылыстың басталуы 2005 жылдың аяғы, құрылыстың аяқталуы 2007 жылдың екінші тоқсаны.

 «На Байганина»  — «Корпорации Век» АҚ-ның ең іргелі кешені. Қаланың орталық бөлігінде, Алмалы ауданында орналасқан. Төрт тоғыз қабатты үйлер сәулеттегі минимализм туралы елеске сәйкес келеді: ғимараттардың нақты желілері, аз айшықтар, ең жоғары жайлылық, қазіргі заманғы техникалармен жабдықталған, кең лоджиялы жайлы пәтерлер. Барлық пәтерлер таза әрленген күйі тапсырылады.

Кешен ауласы барынша жайластырылған: тыныштық пен жақсы жағдай ауанын ашық гүлзарлар мен жасыл көгалдар беріп тұр. Балалар үшін кешен территориясында арнаулы алаңшалар ұйымдастырылған.

Кешен Алматының мәдени және әлеуметтік нысандарына жақын орналасқан, мәселен, «Сити центр» гипермаркеті.  10 минуттық жерде – саябақ.

 «Корпорация ВЕК» өз нысандарын салу кезінде ең жоғары сейсмикаға қарсы шараларды басшылыққа алып отырады. Ғимараттар сейсмикалық күші 9 баллға жететін сілкіністерге төзімді.

«Науаи» тұрғын үй кешені де ерекше кешендерінің бірі. Науаи – Жандосов – Сүлейменов – Талдықорған көшелерінің қиылысында орналасқан.

Тұрғын үй ғимаратының жалпы аумағы – 15,3 га. Нысандар саны: 37. Бастыпқы кезеңде 37 үй тұрғызу жоспарланған. Олардың 16 этаждысы – 11; 14 этаждысы – 9. Құрылыс 2006 жылы басталып, 2008 жылы аяқталады.

«Науаи» — «Век корпорациясының» қала үшін әлеуметтік маңызы бар жобасы. Компания көне тұрғын үйлерді сатып алу және оларды қирату жұмыстары мен заманауи инженерлік коммуникация қалыптастыруға кететін барлық шығындарды өзі көтереді.

Жобаның негізгі мақсаты – біртұтас сәулеттік концепцияға біріктірілген тұрғын үй кварталын игеру. Ол шығыстың ұлы ақыны — Әлішер Науаидың құрметіне аталған, ескі өзбек тілінен аударғанда ол «әуезді» деген мағына береді. Жалпы алғанда ауданды жақсы көлік қатынасы мен дамыған әлеуметтік инфрақұрылымға ие демалыс тұрағы ретінде сипаттауға болады.

 «Науаи» — қалада өмір сүріп, өзінің тыныштығы мен жайлы тірлігін қамтамасыз еткісі келетіндерге арналған аудан. Кешенді жоспарлау кезінде ерекше жобалық шешім таңдалды – бірінші рет Алматыда үйлер бір – біріне тікбұрышталып орналастырылды. Бұл үйлердің алдындағы алаңды ұлғайтып, ауланы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жобалық шешімнің арқасында күндіз барлық ғимараттардың инсоляциясы тегіс болса, таң мен кеште кешенге таулы салқын жел соғып тұрады.

Кешенді тұрғызу үшін ең тиімді орын таңдалған. Биік үйлер (14 тен 20 этажға дейінгі) қаланың жоғарғы бөлігінде, Науаи – Жандосова – Сүлеймен – Талдықорған көшелерінің қиылысында тұрғызылуда. Қиылыстағы жолдар қайта жаңартылып, көлік қатынасы ретке қойылады. Сол арқылы «Науаи» кварталына төрт жақтан да кіруге болады. Сонымен қоса, кең көлемді квартал ішілік жолдар жасақталмақ. Қала көшелерінен тыс жерде қонақтарға арналған тұрақтар орнатылмақ. Ал тұрғындар өз автокөліктерін жер астындағы кең аумақта орнатылған екі деңгейлі паркингке қоя алады.

«Науаи» жаңа тұрғын үй кешенінде 2500-ге жуық пәтер беріледі. Негізінен онда орта және жоғары дәрежелі менеджерлер отбасы мен банк қызметкерлері, қаржылық құрылым, мұнай компаниясының жасы 35 – 55 аралығындағы қызметкерлері тұрады. «Науаи» кешенінің пәтерлері тұрақты тіршілік етуге қолайлы жайлы мекен іздеген жандарға арналған. Сондай – ақ сатып алушы барлық қажетті коммуникациямен жабдықталған пәтердің қожайынына айналады.

Тұрғындарға жайлы болу үшін «Науаи» кешенінің территориясына дүкендер, мейрамханалар, тұрмыстық қызмет орындары мен сұлулық салоны және фитнес – клубтар салынады. Тұрғын үй кешеніне жақын жерде маңызды әлеуметтік нысандар – жалпы білім беретін орта мектеп, балалар бақшасы мен жоғарғы оқу орындары орналасқан.

Алматы қаласында қоғамдық құрылыс кешендері архитектурасымен тартымды болып келеді. Осындай құрылыс кешендерінің бірі Алматы халықаралық әуежайы болып келеді.

          Алматы әуежайы 1935 жылы қолданысқа берілді. 1990 жылға дейін ол ҚААБ (Қазақ АА Басқармасы) құрамына кірген. 1991 жылғы 26 сәуірде «Алма-Ата аэропорты» болып қайта құрылды. 1993 жылдан бері дербес құрылымдық бірлік болып саналады. 1994 жылы ол «Алматы аэропорты» болып өзгертіліп, оның қызметін өзінің құқықтық мұрагері — «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ жалғастырды.

2000 жылы Халықаралық Алматы әуежайының жүк тасымалдаудағы   алғашқы серіктесі болып сол кездері аптасына екі рет Boeing 747 ұшақтарымен ұшатын EL-AL авикомпаниясы атанды. Әуежайдың геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуын және техникалық дайындық деңгейін бағалай келе, EL-AL авикомпаниясы Алматы арқылы ұшатын өз рейстерін көбейтуді ұйғарды. Бүгінгі күні EL-AL авикомпаниясы Алматы әуежайына аптасына 10-12 рейс жасайды.

2003 жылы Алматы әуежайы арқылы жолаушылар тасымалдауларын ғана жүзеге асырып жүрген атақты KLM авиакомпаниясының жүк тасымалдау бөлімі аптасына 6 рет жиілікпен ұшатын жаңа рейстерін ашты.

Сол 2003 жылдың соңында  аптасына 4 рет ұшып, атақты FedEx авиакомпаниясы Халықаралық Алматы әуежайының серіктесі ретінде танылды. 2005 жылдың 01 наурызынан FedEx авиакомпаниясы бір айда орындалатын рейстерінің санын 50-ге дейін арттырып, Гонконг-Алматы-Париж және Шанхай-Алматы-Франкфурт бағыттары бойынша ұша бастады.

Алматы әуежайында бір уақытта FedEx авиакомпаниясының екі ұшағы тұрақтанады. Олар жүкті бір ұшақтан екінші ұшаққа тиеу жұмыстарын атқарады. Мұндай операция авиакомпания үшін өте ыңғайлы болмақ, ол жүкті бір нүктеден екінші нүктеге жедел түрде жеткізіп, әуе кемелері ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Болашақта FedEx авиакомпаниясы өз ұшақтарына Халықаралық Алматы әуежайындағы А-чек бағдарламасы бойынша жедел қызмет түрін пайдалануды жоспарлап отыр. Жазғы кезеңде А-чек қызметі тікелей ӘК тұрақтарында жүзеге асырылса, қыста жабдықталған ангар кешенінің қызметі ұсынылады.

2004 жылдан бері Халықаралық Алматы әуежайы қызметтерін Lufthansa Cargo және Asiana авиакомпаниялары пайдаланады. Осы жылдары Алматы әуежайына ресейлік ірі жүк тасымалдаушылар — Волга-Днепр және Антонов авиажолдары компаниялары да келді. Олар өз рейстерін әлемдегі ең үлкен әуе кемелері санатына жататын әйгілі Ан-124 <Руслан > және Ан-225 <Мрия > ұшақтарымен орындайды.

2004 жылдың желтоқсан айында жаңа жолаушылар терминалы  іске қосылды. Авиажолаушылардың талап-тілектерін қанағаттандыру мақсатында жаңа жолаушылар терминалында адам өміріне қажетті барлық жүйелер, қазіргі заманғы бақылау жүйелері, ғимаратты басқару жүйесі, орындалған авиарейстер туралы ақпарат беру жүйелері, ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйелері, жолаушыларды құлақтандыру жүйелері, жүкті іздестіру жүйелері орнатылды.

2005 жылдың қаңтар айынан бастап американдық Polar Air Cargo авиакомпаниясы Atlas авиакомпаниясымен біріге отырып, Алматы әуежайын Шанхай – Алматы – Амстердам бағытындағы рейстерін орындау мақсатында пайдалана бастады. Ұшудың жиілігі аптасына 7-ге дейін артты.

2005 жылдың ақпан айынан бастап итальяндық Ocean Airlines  авиакомпаниясы Халықаралық Алматы әуежайына қонып, оның техникалық  қызметтерін пайдаланатын болды. Бұл авиакомпаниямен Брешия – Алматы – Гонконг, Брешия – Алматы – Шанхай бағыттары бойынша Боинг 747-200 әуе кемесімен аптасына 4 рет ары –бері ұшатын рейстер орындалады.

2005 жылғы тамыз айының соңында Cargolux компаниясы Алматы арқылы Гонконг – Алматы – Баку – Люксембург және Люксембург – Гонконг – Алматы – Люксембург бағыты бойынша Боинг 747-200 әуе кемесімен аптасына 3 рет жүзеге асырылатын ұшу кестесін іске қосты.

2005 жылғы қараша айынан China Easter Airlines компаниясының Шеньжень – Алматы – Люксембург бағыты бойынша Боинг 747-200 әуе кемесімен аптасына 4 рет ұшатын рейстері орындала бастады.

2006 жылдың маусым айында FedEx компаниясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында авиакомпаниялар қызметінің аясын жетінші «әуе еркіндігіне» дейін кеңейтуге мүмкіндік беретін әуе қатынастары келісіміне қол қойылды.

2006 жылдың шілде айында Malaysia Airlines компаниясы Куала-Лумпур-Шанхай-Амстердам бағыты бойынша Боинг 747-200 әуе кемесімен аптасына 4 рет орындалатын рейстерін ашты.

2007 жылдың маусымынан бастап бизнес терминал іске қосылды. Сәулеттік және тарихи мәні зор және  қала сәулетінің бірегей ескерткіші болып саналатын ғимарат жаңадан қалпына келтірілді. Ғимараттың дизайн жұмыстарына итальяндық сәулетші жетекшілік жасады. Ол интерьердің стильдік сәйкестігі мен реңдік үйлесімінің дұрыс шешімін табу арқылы қайталанбас жайлы атмосфера құра білді. Бизнес терминалда чартелік рейс жолаушыларына қызмет көрсетіледі. Терминалдың залдарында жолаушыларға өздерінің іскерлік шаруаларын жүзеге асыруға қажетті қызмет түрлері де ұсынылады: келіссөздер жүргізу, пресс-конференциялар өткізу. Жолаушыларға Duty Free дүкені,  ассортименті бай шағын бар қызмет көрсетеді. Жайлы интерьер, жоғары деңгейлі техникалық жабдықтар.

Қазіргі уақытта Алматы әуежайында коммерциялық құқыққа ие Turkish Airlines, MNG Airlines, MY Cargo, MK Airlines секілді авиакомпаниялар өздерінің жүк тасымалдау рейстерін орындауда.

Жүргізілген келіссөздердің арқасында 2007 жылы Алматы әуежайына әлемге әйгілі американдық UPS  компаниясының ұшақтары жүйелі түрде ұша  бастады. Сондай-ақ, қытайдың Yangtze River Express авиакомпаниясы өзінің ұшу бағдарламасын бастауға ниет білдіріп отыр.

Халықаралық Әуежай (Алматы, Қазақстан) Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы тиімді географиялық ортада орналасқан.

Біздің қаламыз арқылы көне заманда Қытайдан әлемнің түкпір-түкпіріне жол салған Ұлы Жібек Жолы өтеді.

Халықаралық Алматы әуежайының еліміздегі жетекші әуежай ретіндегі жоғары мәртебесі  онда көрсетілетін қызметті үнемі жетілдіріп, сапасын арттырып отыруды талап етеді. Сондықтан  Алматы әуежайының басшылығы техникалық жабдықты заман талабына сай жаңалап,  қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыруды әуежай дамуының басым бағыты деп есептейді.

Қазіргі кезде Халықаралық әуежайдың басшылары әуежай қызметін пайдаланушы авиакомпаниялардың Боинг 747 тәрізді кең фюзеляжды әуе кемелерін Алматы әуежайында техникалық мақсатта қабылдап, оларды жүк тасымалдау жұмысына тарту мақсатында ауқымды жұмыс атқаруда. В-747 әуе кемелеріне жанармай құю үшін Алматы әуежайын пайдалана отырып, авиакомпаниялар жүк тиеу мүмкіндіктерін арттырып,  қосымша пайдаға қол жеткізеді.

Қазан айында Волга-Днепр, Антонов авиажолдары авиакомпанияларының рейстері ашылып, олармен жердегі көрсетілетін қызмет жөнінде шарт жасалды. Сонымен қатар, Ан-124 (Руслан) (ең жоғарғы ұшып көтерілу салмағы 392 тонна) жүк әуе кемелерін пайдаланушы «Полет» авиакомпаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді;

Ил-76 (ең жоғарғы көтерілу салмағы – 190 тонна) әуе кемелерімен орындалатын Газпром және Добролет авиакомпанияларының рейстері ұшуды бастады, рейстер аптасына 4 рет орындалады;

Халықаралық Ганновер, Франкфурт, Берлин, Гандер әуежайлары тарапынан өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар түсіп, олардың өкілдерімен келіссөздер жүргізілді;

China Southwest Airlines (Қытай) авиакомпаниясы өкілдерімен, сондай-ақ Люксембургтың Көлік Министрлігі өкілдерімен Cargolux авиакомпаниясы рейстерін Алматы әуежайы арқылы ұшыру туралы келіссөздерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Көптеген алдыңғы қатарлы шетелдік авиакомпаниялар біздің әуежайды өздерінің тұрақты рейстерін жүзеге асыру үшін де, техникалық мақсатта қону үшін де пайдаланады. Атап айтқанда: Lufthansa, Korean Air, KLM, British Airways, Turkish Airlines, China Xinjiang Airlines, Iran Air, Transaero, Volga-Dnepr,  Air France, EL AL Israel Airlines и Air Freighting Express LTD, FedEx Express.

Ұшып-Қону Жолағы

Қауіпсіздікті қаматамасыз ету және қазіргі заманғы авиалайнерлерді қабылдау мақсатымен Алматы әуежайында 1998 жылы ұшу жолағы күрделі жөндеуден өткізіліп, ИКАО (ICAO) халықаралық стандарттарына сәйкес жаңа техникалық құралдармен жабдықталды.

Ұшып-қону жолағы қайта жөндеуден өтіп, оны қабылдап алғаннан кейін Алматы әуежайына екінші дәреже беріліп, ол Халықаралық әуежай мәртебесіне ие болды.

1998 жылы Алматы әуежайында әуе кемелерінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ететін АВВ фирмасының жаңа жарық сигналды жүйесі орнатылды. Бұл жүйе әуе кемелерінің қонуын, ұшу алаңында бұрылуын және ұшуын СМК -232 — ИКАО-ның екінші санатты метеоминимумы бойынша; СМК – 52 — ИКАО-ның бірінші санатты метеоминимумы бойынша қамтамасыз етеді.

Әуе кемелерінің ұшуын, ұшу алаңында бұрылуын және қонуын қамтамасыз ететін жарық сигналды жүйесі, сонымен қатар әуежай мен оның нысандарын электр қуатымен жабдықтау жүйесі ИКАО-ның талаптарына толық сәйкес келеді. Жолақтың көлемі: ұзындығы – 4.400 м., ені – 60 м.

2008 ж. 30 қыркүйегінде Халықаралық Алматы әуежайында қазіргі заманға сай аэронавигациялық жабдықтармен жарақталған Екінші ұшып-қону (2-ҰҚЖ) жолағының ашылуы болды. Ұшып-қону жолағының ұзындығы – 4,5 км, ені – 60 метр, ол ең жоғарғы ұшу салмағы бойынша, сондай-ақ ұшу қарқыны бойынша әуе кемелерінің барлық түрін ешбір шектеусіз қабылдауға қабілетті. Қызмет

Халықаралық Алматы әуежайының еліміздегі жетекші әуежай ретіндегі жоғары мәртебесі, сондай-ақ, техника саласындағы күнделікті болып жатқан жаңалықтар қызметкерлердің кәсіби дайындығының да лайықты деңгейде болуын талап етеді. Мамандарды таңдау және оларды лайықты жұмыспен қамтамасыз етудегі тиімді жүйені пайдалану және мақсатқа сай бағытталған кадр саясатын ұстану арқылы Кәсіпорын жоғары нәтижеге қол жеткізуде.

Халықаралық Алматы әуежайының кадр саясаты күнделікті өзгеріп жатқан нарық талаптарына төтеп беруге қабілеті бар кәсіби мамандардан тұратын жауапты, ұйымшыл әрі тұрақты ұжымның бірлігін нығайтуға және дамытуға бағытталады. Біздің компанияда арнаулы білімі мен тәжірибесіне қоса адамгершілік қасиеттері де жоғары қызметкерлер жұмыс істейді. Олар ұжымда да сыйлы, жұмыстағы міндеттерін де адал атқарады. Сондықтан жұмысқа орналасу кезінде үміткер компанияның бірнеше лауазымдық тұлғаларының алдынан өтеді, онда үміткердің кәсіби дағдыларына да, психологиялық қасиеттеріне де, сондай-ақ, ұжымда жұмыс істей білу қабілетіне де көңіл бөлінеді. Әуежайдағы жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес қызметкердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға ерекше көңіл бөлінеді, ол үшін жүйелі түрде арнайы сабақтар өткізіледі.

Әуежай аумағындағы салынып жатқан құрылыс нысандарының макетімен танысқан елбасы: «Мұнан былай жолаушылар ағыны арта түспек, сондықтан екінші ұшып-қону жолағының пайдасы мол»,-деді.

Бұл жоба Алматы қаласының Әкімшілігі мен ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен іске асты.

ҰҚЖ тұсаукесеріне Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен «Казаэронавигация» РМК бас директоры С.Д.Құлназаров қатысты.

«Бірегей ұшып-қону жолағы ұшаққа 50 метрлік көріну қашықтығынан қонуға мүмкіндік береді. Бұл Азия ойындарын өткізу қарсаңында қаланың мәртебесін тағы бір рет көтереді»,- деді Алматы қаласының Әкімі Ахметжан Есімов.

«Соңғы жылдары Алматы әуежайы біршама оң өзгерістерге қол жеткізді. Ол Азия-Еуропа-Азия бағыты бойынша жолаушылар мен жүк ағынын тартуға бағытталған халықаралық көлік-дистрибьюциялық торабы мәртебесіне ие болды. Жаңа ұшып-қону жолағының іске қосылуы Халықаралық Алматы әуежайына жолаушылар мен жүк тасымалдауларын едәуір арттыруға мүмкіндік береді», — деді Халықаралық Алматы әуежайының президенті Т.Ыдырысов.

Ұшып-қону жолағының ұзындығы – 4,5 км, ені – 60 метр, ол ең жоғарғы ұшу салмағы бойынша, сондай-ақ ұшу қарқыны бойынша әуе кемелерінің барлық түрін ешбір шектеусіз қабылдауға қабілетті.

Екінші ұшып-қону жолағы құрылысының құны 87 млн. АҚШ долларынан аса мөлшерді құрайды, ал әуе қозғалысы мен метеожабдықтарды басқару нысандары – тағы да 7 млн. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жылдары әлемнің жетекші авиакомпанияларының (KLM, Lufthansa, FEDEX және т.б.) В-747-400, MD-11, Ан-124 типті ауыр ұшақтарымен біздің ел арқылы орындалатын жолаушылар мен жүк тасымалдауларының және транзитті рейстердің легі күрт өсті. Жұмсақ төсемге (асфальтті-бетонды) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімі норматив бойынша 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімді, ал қайта қалпына келтіргеннен кейін әуе кемелерінің ауыр түрлерін қабылдайтын қазіргі (бірінші) ұшып-қону жолағын пайдалану 9 жылдық мерзімді құрайды. Осыған байланысты Халықаралық Алматы әуежайы басшылығы екінші ұшып-қону жолағының құрылысы туралы шешім қабылдады.

2-ҰҚЖ құрылысына «Siemens» компаниясының арнайы жарық сигналды жабдықтарымен қоса, әлемдік стандартқа сай келетін материалдар мен технологиялар қолданылды. Күз және қыс мезгілдерінде Алматы әуежайын тұман басып жатады, сондықтан жаңа жолаққа көру мүмкіндігі шектеулі жағдайда қолдану үшін жарық сигналды жабдықтар мен екі бағыттан қонатын аспаптық  жүйесі бар қазіргі заманға сай навигация құралдары орнатылды.

Аэроалаңдар құрылысында 50 жылдан артық тәжірибесі бар «Планум» югославиялық фирмасы жолақ төсеу жұмыстарын жүргізді. Төсемнің негізін ылғалдан қорғау мақсатында ЕҰҚЖ құрылысына геотекстиль, сонымен қатар топырақты тұрақтандыратын арнайы арматуралық  тор пайдаланылды. Бетонды төсем құрылысына Ресейде өндірілген 67 мың тонна көлемінде  М500ДО маркалы ерекше цемент пайдаланылды. Ұшып-қону жолағының құрылысына 5 ай ішінде 164 мың текше метр бетон төселді. Қазіргі заманның талабына сай «Siemens» фирмасының жарықсигналды жабдықтары жасалды, 168 км кабельді-өткізгіш өнімдер төселді.

2008 жылдың 8 қыркүйегі мен 10 қыркүйегі аралығында мемелекетаралық авиациялық комитеті тобының мамандары ИКАО ІІІА-санаты жағдайында ұшу үшін аэроалаңға Сертификат беру барысында, Авиациялық ережеге сәйкес Алматы аэроалаңына тексеру жүргізіп, орындалған жұмыс сапасына жоғары баға берді.

2008 ж. 30 қыркүйегінде жаңа ұшып-қону жолағы «Эйр Астана» авиакомпаниясының Павлодар-Алматы бағыты бойынша ұшатын алғашқы рейсін қабылдады. Ұшқыштар жаңа жолақтың сапасын және оның техникалық сипатын жоғары бағалады.

 

Тұрғын үй кешендерінің келесі жарқын мысалдарының бірі «Рапсодия» –

«Рапсодия» әсем және сәнді тұрғын үй кешені – бұл мінсіз үй туралы арманның іске асуы. Жалықтырмайтын молшылық тұрпаттың сыпайылығы мен айқындылығы тамсандырады. Бекзаттық композицияның сымбаттылығында және симметриялығында, күрделі карниздардың иілістерінде, сәулеттік пішіндердің ұстамдылығында білінеді.

Сұлулық пен бекзаттылық табиғи түрде ыңғайлылықпен үйлеседі. Ғимараттың сәулеттік бейнесі ағаштардың көгалы мен аспанның көгілдірлігімен керемет ансамбілге біріккен сияқты. Барлығы ұстамды игілікке, сәнді талғамға және пайымдылыққа толы. Осындай үйде бірнеше минут болсаңыз, осында өмір бақи қалғыңыз келеді.

Ғимараттың үйлесімді бейнесі өз тұрғындарының керемет талғамы олардың өмірді бағалай білетінін куәландырады. Ол жаңа заманның рухына қарсы келмейді, керісінше демалдырады және мәңгі құндылықтарды еске түсіреді. Байсалды, өмірде өз орнын тапқан және өз құндылықтарын өзгертпейтін, өзіне-өзі сенімді адамдарға лайық.

«Рапсодия» кешенінің сәулеттілігі оның тұрғындарының ерекше талғамы туралы айтатын мінсіздігімен ерекшеленеді. Жартылай циркульді аркалардың пропорциялары өте керемет. Атап айтқанда осылар керемет сарайдың ресмилігін кетіріп, айрықша тартымдылық береді. Тұрғын үй таң қаларлықтай тұтас және керемет ансамбль ретінде көрінеді.

Сұлулықтың және бірегейліктің ерекшелігін сонымен қатар табиғи құрылыс материалдары береді, олар ғимараттың көркем әшекейлігінде үлкен рөль атқарады. Фасадтардың нәзік түсті гаммасы, әйнектердің алтын түсті сәулесі, және ақтасты жақтаулар және колонналармен қапталған биік терезелер, нақты таңдалған табиғи өңдеу материалдары – осының барлығы игілік сұлулықтың сезімін білдіреді.

Сәулетшілер ғимараттардың үйлесімді түрлеріне өмірлік өзінділігін және жылулықты үрлей алды. Фасадтардың ұстамды, керемет бейнесі өзіне ауаның жеңілдігі мен монументтікті үйлестіреді, тамсандыратын және қызықтыратын кербездік береді.

Ғимараттың жоғарғы қабаттарын керемет үйлесімді баспалдақтар байланыстырады. Ал салтанатты вестибюльдер мен қоғамдық орындар үй тұрғындарының жоғары әлеуметтік мәртебесін жоғары екенін растайды, олардың пайымдылығы мен төлем жасау мүмкіншілігінің дәлелі болып табылады.

Кешеннің сыртқы кереметтігіне толығымен кең, үйлесімді және функционалды жобаланған 1-2-3 және 4 бөлмелі пәтерлер толығымен жауап береді. Әр адам үшін үй жайлы орынды білдіреді, ол жерде өзіңді ыңғайлы сезінесің.

Жеңілдік пен еркіндік тұрғын үйлерді жобаландыру кезінде ең басты заңы ретінде алынды. Өңдеудің жаңа технологиялары және негізгі қабырғалардың аз болуы ішкі интерьерді рәсімдеуге шектелмеген мүмкіншіліктерді береді. Барлығы осында тұратын адамның талғамы мен қалауына байланысты.

Терезелердің әйнектері күн сәулесіне шағылып тұр, әр бөлме табиғи сұлулық және үйлесімге толы. Ал сіздің ыңғайыңызға орай жататын бөлмелерде жуынатын бөлмелер бар.

«Рапсодия» кешешінің үлкен ішкі ауласы тапталған тор қоршаумен қоршалған, және ашық аспан астында салтанатты зал ретінде көрінеді. Саябақ қыдыруларға және керемет фитодизайнерлер мен бақташылармен құрылған бейнелерден ләззат алу үшін ойластырылған.

Антика стиліндегі фонтандар мен колонналар, ыңғайлы ағаш отырғыштар және «көне» стиліндегі жарық берушілер, гүл зарлар және барқыт ағылшын газондары – барлығы керемет құрылған. Бір көрінбес суретші сияқты тірі табиғаттың бояуларын пайдалана отырып, берілмес өнермен холстта Эдем жаннат бағының өмірін салғандай, онда түстердің анықтығы мен бояулардың үйлесімі таң қалдырады.

«Рапсодияда» барлығы тұрғындарды тыныштықпен, жайлылықпен және байсалдылықпен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл демалу және өмірден ләззат алудың табиғи ландшафты.

Түрлі-түсті аттракциондары бар балалар қалашығы үлесімнің логикалық аяқталуы.

Ақпаратқа, маңызды істер мен қамқорлықтармен толған біздің уақытта өткен замандардың молшылығына қол жеткізгің келеді, шынайы сұлулықты және қол тигізбес үйлесімді, тыныштықты және жайлылықты сезінгің келеді. Өзіңізді қоластында сарай қызметшісі және иесінің бағында раушан гүлдерге қарап жүрген бақташысы бар шынайы ақсүйек ретінде сезінуге болады.

Тек «Рапсодияда» толық түрде жайлы және үйлесімі өмірді сезінуге болады. Пайдалану қызметінің жоғары кәсіби қызметкерлері тұрғын үй кешенінде күнделікті мереке және қуаныш атмосферасын құрайды.

Кешеннің барлық аумағында және үйде тазалық пен тәртіп жоғарғы деңгейде сақталынады. Шебер бақташы жасыл өсімдіктерді күтумен, ағаштардың бұталарын сәндеумен, клумбаларға түрлі гүлдерді отырғызумен айналысады.

Элиталық ғимаратты пайдалануда үлкен тәжірибесі бар пайдалану қызметінің командасы тұрғын үй кешенінің және ғимараттың ауласының тазалығы мен тәртібін ғана қамқорлыққа алмайды.

Ғимараттардың инженерлі жүйелері сондай-ақ мамандардың үнемі қадағалау астында болады. Олардың жұмысын кәсіби электриктердің, сантехниктердің, лифтерлердің тәулік бойы кезекші қызметі қадағалайды.

 

 

«Рапсодия» тұрғын үй кешені – Германия, Италия, Канада, Корея өндірушілерінің белгілі дүниежүзілік қазіргі заман жабдығын пайдаланумен барлық озат инженерлі технологиялардың іске асырылуы. «Рапсодияда» барлығы сіз жайлы және ләззат алу үшін жасалған.

Өз үйіңізде «ауа-райын» өзіңіздің қалауынша таңдау жылту және желдетудің бірегей жүйесі көмектеседі, ол пәтерде температуралық режимді автоматтандырылған түрде басқаруды қамтамасыз етеді. Жылыту жүйесі және қазіргі заманғы терморегуляторлы радиаторлар әр бөлмеде және жылудың жеке қондырғыларын Сіздің пәтеріңізде жазғы уақытта температураны реттеуге мүмкіндік береді. Ыңғайлығыңызға орай ас үйде және жуынатын бөлмелерде жылыту орналасқан.

Осыдан басқа, суды алдын ала тазарту жүйесі Сізге барлық зиян қоспалардан тазартылған кристалды таза суды қамтамасыз етеді.

«Рапсодияның» тұрғындары үшін мультимедиялық қызметтердің кең ауқымы ұсынылған. Оптикалық-талшықты байланыс Сізге INTERNET-ке жылдам жетуді қамтамасыз етеді және сандық телефония бір пәтерде бірнеше нөмірлерді қосуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар 50-ден аса теледидар арналарын қабылдауды қамтамасыз етеді.

Жоғары сапалы, озат техникалық сипаттамалары бар шусыз лифттер. Ерекше дизайындыжәне ыңғайлы кабиналар, жеңіл және қолайлы жүріс – Сіз қажетті қабатта немесе жер асты паркингке қалай жеткеніңізді байқамай қаласыз.

«Рапсодия» сарай-паркті ансамбльді қорғаумен қамтамасыз етуде (қауіпсіздік жүйелеріне үлкен назар аударылған.

Ғимаратты қорғаудың кешенді жүйесі қазіргі заманның техникалық құралдарымен жабдықталған, өртхабарлағыш, автоматтық өрт сөндіру жүйесін, түтін кетіру жүйесі қосылады. Осыдан бөлек ғимараттың өзі және жер асты паркингі өрт қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне ие.

Видеобақылау жүйесі қорғаудың қызметкерлеріне тәулік бойы периметрді, қонақтық аялдаманы және кешеннің аумағын қадағалауға мүмкіндік береді. Одан басқа, әр подъезде домофон орнатылған

Осыған қоса тұрғындардың тыныштығы жақсартылған дизайынды және жеке коды бар металл есіктермен қамтамасыз етіледі.

          Біздің қаламыздағы «Нұрлы-тау» тұрғын үй және іскерлік орталығының кешенінің орны ерекше.

Осы кешеннің келбетін құраған кезде бейне ретінде Іле Алатауының күнде жарқырайтын мұздықтары алынған болатын. Ғимараттар өздерінің бейнесімен қарлы шыңдарды, мұздардың және тау хрусталінің кристаллдарын білдіреді, ал ұқсастық толығымен болу үшін ғимараттардың қасбеті сұр-көгілдір түсті сәуле қайтарғыш әйнекпен әшекейленген. Күн сәулелері ғимараттардың қырларына шағылысып, тамаша жарық сезімін береді.

«Нұрлы Тау» кешені Алматы қаласының ең беделді ауданында орналасқан және әл-Фараби даңғылынан (Фурманов көшесінің батысына қарай) Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясына дейін созылады. Бес минут жаяу жүрсеңіз – қасыңызда «Туран-Алем» банкі, «Рамстор», Президент Сарайы, Жаңа алаң. Кешен ғимараттардың ауыспалы қабатты 4 тобынан құрылады (7-28 қабаттар), олар орталық эспланаданың бойында симметриялық түрде орналасқан.

Вестибюльдердің, лифттік холлдардың керемет өңделуі зиялы үйдің мәртебесіне сәйкес келеді: ерекше дизайн, қымбат материалдарды пайдалану, әдейі таңдалған жарықтандыру мен көгалдандыру, жайлы атмосфера. Таза ауа, жарқыраған тазалық, холлдардағы бапталып өсірілген гүлдер, жақсы талғам және қызмет көрсетудің мінсіздігі.

«Нұрлы Тау» кешенінің тұрғын үйлері – айрықша әлем. Кешеннің ең ортасында, бір гектардан асатын алаңда керемет саябақ аймағы орналасатын болады. Эспланаданың жер үсті бөлігінде қыдыру сізге керемет ләззат береді. Ландшафтты өнердің кереметтері, жарықтық фонтандар, жасанды жарығы бар хрусталь кристаллдар, таулы шатқалға ұқсас атриум, эспланаданың жер асты бөлігіне апарады, ол жерде сауықтыру кешені, бассейн, фитнес және SPA-орталықтар, салондар, кафелер, мейрамханалар, кинотеатрлар және т.б. орналасқан.

Жайлы әрі қорғалатын ішкі аулалар ағаштардың көлеңкесінде демалуға шақырады. Альп таулары мен Англия газондары, суы аспанға атқылап аққан фонтандар, жасанды бұталар және гүл клумбаларының айқын кілемдері көз қуантады. Балалардың қуанышына балалар қалашықтары мен керемет ойын алаңдары құрастырылған.

Кешен инженерлік технологиялардың саласындағы ең соңғы бағыт бойынша жобаланған. Жылтудың және ауа тазартудың бірегей ең жаңа жүйесі, ол сізге температураны әр пәтерде өз қалауынша реттеуге мүмкіндік береді.

Жоғары жылдамдықты шусыз экологиялық лифттер; өрт сөндіру, түтін кетіру, ауаны сорып желдету жүйелері; телефония мен жоғары сапалы Интернетпен, сонымен қатар кабельді теледидардың 50 арнасының трансляциясымен қамтамасыз ететін оптикалық-қылшықты магистраль.

Тұрғындар өмірін қорғауға және қауіпсіздігіне аса жоғары назар аударылған. Осы мәселе ең жоғарғы деңгейде шешілген – тәулік бойы қорғалатын кешен аумағы, видеобақылау, домофон байланысы. Кәсіпкерлердің жұмысы мен білімі тазалықты, инженерлік жүйелердің үзіліссіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Алаңы 98 ден 228 шар.м. дейін 2-3-4 бөлмелі пәтерлер, олардың жоспарлық шешімдерінде үлкен кеңістік және бөлмелерді қосу қағидасы қойылған. Биік төбелер, кең бөлмелер, терезелерден ашылатын керемет көрініс, жарықтың көптігі, ауаның тазалығы.

Кешен инженерлік технологиялар саласының соңғы бағыты бойынша «А» деңгейіндегі кеңселерге қойылатын талаптарға сәйкес жобаланған. Осыған дәлел ретінде қорғау және өрт қауіпсізідігінің, климат-қадағалау, орталық желдетудің жаңа жүйелері, әлемдік өндірушілерден жоғары жылдамдықты лифттер. Оптика-талшықты және қазіргі телекоммуникациялық құралдар, сандық телефонияны, Интернетке жылдам кіруді және 50-ден аса теледидарлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді.

Алматы – бүгінгі заманның қаласы, ал Республика алаңы – серуендер мен экскурсияларға арналған сүйікті орын. Бүгін Республика алаңында Алматы қалақұрылысының жаңа беті жазылуда. Көпфункционалды «Алмалы» қоғамдық орталығы – Республика алаңында қоғамдық өмірді жандандыруға арналған жаңашыл әрі өжет жоба.

 «Алмалы» Республика алаңында орналасқан. Ол 5.5 Га аумақты алып жатыр және Фурманов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қанат жайған. Оның үшқабатты конструкциясы жерге 12 метр тереңдікке бойлайды.

 «Алмалы» орталығының жер бетіндегі юрисдикциялігі — шыны атриумдар. Кіреберіс вестибюльдердің жеңіл, нәзік құрылыстары түн уақытында алаңды қосымша жарықтандырады және оған мерекелік сарын береді. Кең кіреберістік павильондар алаңның шығыс және батыс тарапында орналасқан. Келушілер үшін бес кіреберіс тобы көзделген, бұл алаңның көлік жүретін бөлігін кесіп өтпей-ақ қоғамдық орталыққа келуге мүмкіндік береді.

Сауда алаңшалары мен «Алмалы» орталығының бүкіл инфрақұрылымы кешеннің жер асты бөлігінің үш деңгейінде орналасқан.

Жер астында құрылыс салу күрделі процесс болғанымен, «Базис-А» корпорациясында грунттың және жер асты үймеретінің өзінің барлық ерекшелеріктері есепке алында. Институттың жобалаушылары дәл есептер жасады, олардың арқасында ғимараттың қаңқасы сейсмикалық қауіпсіз, грунттың үстіңгі қабатының қысымынан және автокөлік ағындарының салмағынан қорғалған болады. Сарапшылар өрт қауіпсіздігін, қалыптандыру және үзіліссіз токпен жабдықтауды басқару жүйесін ұсақ-түйегіне дейін ойластырған.

Жер астындағы көпфункционалды орталықтың үш деңгейінің арасында қатынау үшін эскалаторлар, лифттер және сатылар көзделген. Сауда «көшелері» әр деңгейді орайды және орталық кіреберістің атриумымен байланысады.

Кешеннің паркингі Фурманов және Желтоқсан көшелерінен екібағытты қозғалыс бар екі шығар жолмен жабдықталған және 1200 орынға шақталған. Қауіпсіздік техникасының барлық нормаларына сай, паркингте автоматты өрт сөндіру және түтін кетіру жүйесі көзделген.

 «Алмалы» — бизнес жүргізу үшін тамаша орын. Орналасқан жеріне байланысты көпфункционалды қоғамдық орталықтың танымалдығы күмән туғызбайды. Сіздердің назарларыңызға барлық қажетті коммуникациялармен жабдықталған 50 шаршы метрден 1000 шаршы метрге дейін сауда алаңдары ұсынылады. Сауда алаңдарынан басқа, сіз сервистік қызметтер : ателье, дәріханалар, сұлулық салондары, туристік агенттіктер, фотостудиялар, химиялық тазарту және ұйымдастыруға арналған көптеген басқа үй-жайлар иемдене аласыз.

Көпфункционалды «Алмалы» орталығында сіздер жұмыстан ләззат және жұмсалған қаражаттарыңыздан елеулі қайтарым алатын боласыз.

Көпфункционалды «Алмалы» орталығында уақытты қызықты өткізу үшін барлығы — WI-FI технологиялы интернетке ұшқыр сымсыз қатынау бойынша телекоммуникациялық қызметтер, кеңэкранды кинотеатрлар, көшбасы банктердің филиалдары, сервистік қызметтер бөлімдері, әлем халықтарының аспазыдығы бар мейрамханалар мен фаст-фудтар, алдыңғы қатарлы дүниежүзілік өндірушілердің сансыз тауарларының сан алуан сұрыпталымы көзделген.

Сондай-ақ кешенде түнгі клуб, боулинг және балалардың думан орталықтары орналасады.

Біздің қаламыз көз алдымызда өсіп, гүлденіп келе жатыр. Қаланың бас алаңын уақыт пен кеңістікте тапжылмай қалған дәуір ескерткішінен өзгеше келбетте көруге тілекті көптеген қала тұрғындары қолдайды. Жаңа функционалдық және сәулет-көркемдік сипаттарға ие болған Республика алаңы Алматының ең қызықты және көркем орыны болмақ.

Шығыстың дана пәлсапасы мен сәулет өнері туындыларының ізімен, «Базис-А» корпорациясы Алматы қаласындағы Торайғыров және Науаи көшелерінің қиылысындағы жаңа бірегей «Шахристан» тұрғын үй кешенін таныстырады.

Кешеннің сәулеті шынында да тамаша! Шыны күмбездердің, сопақ ернеулер мен иілген аркалардың ұштастығы оны ханға лайық салтанатқа бөлейді. Ғимараттың қасбеттері селдір панельдер – панджара түрінде орындалған, құдды оған күн сәулесін, жапырақтың жасылы мен аспанның көгін тоқыған тоқымашының өнерлі қолынан шыққан ақшанқан мамық шілтер секілді.

Таяу тұста Орталық Азиядағы ең ірі «Mega Center Alma-Ata» думан кешені орналасқан.

Биіктігі 13 қабаттан 18 қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің үйлері тау желдерінің қозғалыс бағыты бойынша өркештеніп орналастырылған, өзен бойында самал кеулейтін кең аула кеңістіктерін түзеді және мығымдылықты, сенімділікті және күшті паш етіп, көне Шығыстың қалаларының қамал қорғандарын еске түсіреді.

Сіздердің серуендеріңіз үшін тұрғын үй кешенінің аумағындағы екі көркем парк және Үлкен Алматы өзенінің жағалауы бар.

 

 “Megatower Almaty” тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерлер сатып алушылар шын мәнінде көп жағынан ұтады: олар тауларға және суы жаздың аптабында сергектік және салқындық әкелетін Үлкен Алматы өзеніне тамаша көріністер ашылатын қаланың экологиялық таза ауданынан жайлы баспанаға ие болады.

Сатып алушылар кез келген уақытта қасында орналасқан “Megacenter Alma-Ata” сауда-сауық кешеніне кіріп шыға алады, оның тіршілік үшін қажетті бүкіл инфрақұрылымы бар, онда тек тауарлардың мол сұрыпталымы бар гипермаркетте және бутиктерде сауда жасап қана қоймай, демалуға және спорт-ойын залында денсаулықты нығайтруға, орталықтың аумағында орналасқан мейрамханалар мен кафелерде дәмді тамақтануға, банк бөлімшелерінде маңызды қаржылық операциялар жасауға, химиялық тазарту, косметикалық салонның қызметтерін пайдалануға, 8 залды мультиплекс-кинотеатрға, интернет-кафеге, мұз айдынына, 24 жолы бар боулинг-орталыққа, бильярд залына, ойын автоматтары мен сәбилерге арналған алаңшасы бар балалар орталығына баруға болады.

Жаңа “Megatower Almaty” тұрғын үй кешенінің үйлері өз бойында бүгінгі күннің сәулет өнерінің ең үздік қасиеттерін жинаған, бұл ұлттық колорит элементтерімен ұштастықта ғимараттарға ерекше бір ұшқыр стиль беріп тұрғандай. Қабыл алынған конструкциялық сұлба оларды сенімді әрі орнықты қылады, ғимараттардың сейсмикалық төзімділігі 9 баллға арналған.

Үйлердің қасбеттерінде алтын түстес реңктегі әшекей әйнектер мен көгілдір күңгірт шыныдан жасалған терезелер, ақшыл жылы түсті керамогранит және “Байрамикс” әшекейлік сылақтамасы кезектеседі.

Үлкен терезелер, шыныланған лоджиялар мен балкондар үйлерді жылуға және жарыққа толтырып, олардың әлпетін одан сайын қалықтатып, сызықтарға динамизм және биікке ұшқырлық әсерін береді.

“Megatower Almaty” тұрғын үй кешені – осы ауданның жаңа сәулеттік доминантасы, оны “Бүгінгі бақыттың үйі” деп атауға әбден болады.

Кешеннің бүкіл аумағын тек көзге жағымды болып қана қоймай, сонымен қатар кешен үйлерінің тұрғындарын қаланың көкмұнары мен шуынан қорғап, дербес микроклимат жасайтын әшекейлі бұталар, ағаштар, құлпырған гүлзарлар мен газондар алып жатыр. Батысында “Megatower Almaty” кешені оның бойымен жаяу серуендеуге арналған терренкур созылып жатқан Үлкен Алматы өзенімен » шектеседі. Пәтер иелері мен олардың меймандарының қажеттілігіне 600 машинаға арналған күзеттегі жерасыт паркингі және ы:ңғайлы меймандарға арналған автотұрақтар қызмет етуге дайын. Тамаша жабдықталған балалар алаңшасында сіздің балаларыңыз өздері қалаған ойындары мен ермектерін табады!

Жаңа “Megatower Almaty” тұрғын үй кешенінің барлық пәтерлерінің жоспарламасы еркін, ерекше түрде “бағдарламаланған”. Икемді кеңістік интерьерді безендіруде шексіз мүмкіндіктерге жол ашады. 1, 2, 3, 4 бөлмелі пәтерлердің ауданы 50 шаршы метрден 135 шаршы метрге дейін.

Көршілес бірнеше пәтерді біріктіретін нұсқалар да көзделген. Барлық пәтерлерде екеуден үшеуге дейін санитариялық тораптар, сондай-ақ кірістірілген шкафтарды орналастыруға арналған алаңдар жоспарланған. Жатынжай бөлмелерін меймандарға арналған аудандардан бөлу ұйымдастырылған. Әр пәтерде кіреберістік ауданды екі бөлікке бөлу көзделген, ол алғы бөлмеден және негізгі холлдан тұрады.

Күңгірттелген шынымен жабылған кең балкондар мен лоджиялар пәтер иелеріне қалаға және Іле Алатауының бөктерлеріне тамаша көрініс ашылатын демалысқа және ләззат алуға арналған жайлы түкпірлерді жайластыруға мүмкіндік береді.

 “Megatower Almaty” тұрғын үй кешенінің аумағында тәртіпті және қауіпсіздікті “Базис-А” корпорациясының кәсіпқой Іске пайдалану қызметі қадағалайды. Кешеннің тұрғындары үшін аумақтың күнделікті жиналуына, қоқыстың шығарылуына, қыста – қардың жиналуына және әкетілуіне кепілдік беріледі. Жасыл желектерді кәсіпқой бағбан күтеді. Ғимараттардың инженерлік жүйелері мамандардың ұдайы бақылауында. Мұнда сантехниктердің, электриктердің және лифтерлердің кезекші қызметі бар.

Тұрғындарға тек ең үздігін ұсынатын өзінің дәстүрлерінің жолын ұстанған “Базис — А” корпорациясы үйлердің ең озық инженерлік технологиялармен жарақтайды. Әрбір үй өрттен сақтану жүйесімен, пәтерлердің ішінен жылуды реттеуге болатын орталықтан жылыту жүйесімен жабдықталған. Үрмелі-тартпалы желдету жүйесі әр пәтерге, сондай-ақ жерасты гараждарына тартылған. Ғимараттардағы құбыржолдар жоғары деңгейлі технологиялар бойынша – тотықтары суға сіңетін, денсаулыққа зиян келтіретін металлдан емес, пластиктен жасалған, бұл оның үстіне олардың қызметін іске пайдалану мерзімін ұлғайтады.

Әрбір тұрғын үйде LG фирмасы өндірген жүккөтергіштігі 1000 кг үш жылдам лифт жұмыс істейді. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, лифттерді арнайы ұйымдастыру ойластырылған, оларға бірден жерасты паркингінен кіруге болады.

 “Megatower Almaty” тұрғын үй кешенінің пәтер иелерінің мейлінше жайлылығы үшін оларсыз өмірдің қалыптасқан ырғағы бұзылатын үйреншікті заттар да ұмыт қалмаған, ол – дербес телефон желілері, ТД эфирлік антеннасы, “тұрғын-мейман” екіжақты байланысы бар үй аудиофондары, есіктердегі электрмеханикалық құлыптар және көптеген басқасы.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындарының анализі құрылыс өнімін 1,4-1,6 есе арттыруға болатыны көрсетеді.

Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырудағы проблемалық мәселелер.

Тұрғын үй бағдарламасының шеңберінде үш жылдың ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй салу қажет. Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысына қала аумағынан 4 бос алаң алынды, жоспарлау жобалары даярланып, бекітілген. Бұл алаңға 340 мың метр кв. тұрғын үй келеді. 172,2 (512,2-340) мың метр кв тұрғын үй құрылысына бос орын керек.

Магистралдық және инженерлік желі құрылысына 2005 жылы бөлінген 2 млрд. 920 млн. қаржы жеткіліксіз.

Құрылыс материалдарына, машина мен механизмдерге, жалақыға, салықтарға жұмсалған қаражат пен басқа да аударылымдар негізінде жасалған тұрғын үй бағасының анализі бойынша, 1 метр кв. 63000 теңге немесе 450 АҚШ долларын құрады.

Бұл бағаға сыртқы инженерлік желі құрылысы мен көркейту жұмыстары кірмейді.

Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік үй, тұрақты тұрғылықты жері жоқ тұлғалар үшін әлеуметтік бейімделу орталығы, «Мамыр» шағын ауданындағы 1993 жылдан бері құрылысы тоқтатылған 350 орындық еңбек ардагерлері мен қарт азаматтар үйі іске қосылды.

Осы бағдарламаларды жүзеге асырумен қатар жұпар иісті парктер, саяжайлар және басқа да адамзат жаратуын өзінен кейін қалдыруды парыз етіп санаған ата-бабаларымыздың дәстүрі қайта жаңғыра бастады.

Жолдардың 1999-2004 жылдар кезеңіндегі күрделі жөндеуден өтуі

1999 жылы жолдардың жалпы ұзындығы 1456,78 шақырымды құрады. Күрделі жөндеудің нормативі 121,3 шақырым. Ұзындығы 5 шақырымнан тұратын 3 нысан жөндеуден өтті. Нормативтен артта қалу сәйкесінше 116,3 шақырым.

2000 жылы жолдардың жалпы ұзындығы 1457,38 шақырымды құрады. Күрделі жөндеудің нормативі 121,4 шақырым. Ұзындығы 24,2 шақырымнан тұратын 7 нысан жөндеуден өтті. Нормативтен артта қалу сәйкесінше 97,2 шақырым.

2001 жылы жолдардың жалпы ұзындығы 1461 шақырымды құрады. Күрделі жөндеудің нормативі 121,7 шақырым. Ұзындығы 49,78 шақырымнан тұратын 18 нысан жөндеуден өтті. Нормативтен артта қалу сәйкесінше 71,92 шақырым.

2002 жылы жолдардың жалпы ұзындығы 1461 шақырымды құрады. Күрделі жөндеудің нормативі 121,7 шақырым. Ұзындығы 61,13 шақырымнан тұратын 16 нысан жөндеуден өтті. Нормативтен артта қалу сәйкесінше 60,57 шақырым.

2003 жылы жолдардың жалпы ұзындығы 1476,91 шақырымды құрады. Күрделі жөндеудің нормативі 123,03 шақырым. Ұзындығы 15,5 шақырымнан тұратын 10 нысан жөндеуден өтті. Нормативтен артта қалу сәйкесінше 107,53 шақырым.

2004 жылы жолдардың жалпы ұзындығы 1489,65 шақырымды құрады. Күрделі жөндеудің нормативі 124,09 шақырым. Ұзындығы 10,55 шақырымнан тұратын 4 нысан жөндеуден өтті. Нормативтен артта қалу сәйкесінше 113,54 шақырым.

1999-2004 жылдар аралығында нормативтен артта қалушылық 567,06 шақырымды құрады.

Жөндеу аралық кезеңде жол бедерінің көлік қозғалысының жағдайына байланысты рұқсат етілген нормаларға дейінгі тозуы, оның тегістілігінің бұзылуы және тежеу мүмкіндіктерінің азаюуы орын алады.

Жөндеуге деген қажеттілік жолдың тегістілігі мен тежеу мүмкіндіктерінің көлік қозғалысының легінің талаптарына сай болмағанда пайда болады. Күрделі жөндеуден кейін 4 жылдан соң (бесінші жылға қарағанда) орташа жөндеуді жүргізу қажет.

Орташа жөндеу жұмыстары жиі жүргізіліп тұрады, ол әдетте, жөндеу аралық мерзім мен жол бедерін және жасанды құрылыстарды тексеру негізінде нақтылы учаскілерде жүргізіледі. Қажет болған жағдайларда шағын және орташа жасанды құрылыстар қайта салынады.

Орташа жөндеудің көлемі диагностика нәтижесі мен ақауларды анықтау негізінде есептеліп шығарылады.

2004 жылы осындай жөндеу жұмыстары Абай даңғылының Желтоқсан көшесі мен Достық даңғылы аралығында жүргізілді. 2005 жылы Абай даңғылының Желтоқсан мен Жандосов көшелерінің аралығында және Әуезов пен Өтеген батыр көшелерінің аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Алайда, биылғы жылы осы жұмыстарға қаржы бөлінбеді.

Жөндеудің осы түрін енгізу күрделі жөндеуден өткен жолдарды ұзартуға мүмкіндік береді, себебі қаржы тек жолдың өзіне ғана жұмсалады. Сондықтан да, орташа жөндеу жұмыстарын көшедегі басқа элементтердің (арықтардың, тротуарлардың, құбырлардың, сыртқы жарықтандырудың) жағдайы жақсы болғанда жүргізген тиімді. Сонымен қатар, орташа жөндеу жұмыстары жолдың эксплуатациялық сипаттамасын қалпына келтіру мерзімін қысқартады. Сондай-ақ құрылыс науқаны кезінде «Remixer Plus»-ті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

2001 – 2004 жылдар аралығында қала жолдарының 140059 м2 жалпы көлеміне ағымдағы жөндеу жұмыстары, оның ішінде жыл сайын көпірлерді жөндеу, жарықшаларды құю, сондай-ақ қажет болған жағдайда люктерді жобаланған көрсеткіштерге дейін көтеру, қақпақтарын ауыстырудың жобалау-ескерту жұмыстары жүргізіледі.

2004 жылы қала жұмыстарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына1228,16 млн. теңге бөлінді. Жалпы көлемі 597430 м2 құрайтын 302 көшеге жөндеу жұмыстары, оның ішінде ішкікварталдық жүретін жолдардың асфальтбетон бедерлеріне – 102722 м2, тротуарларға – 113169 м2 жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласының асфальтбетон бедерлерінің жағдайын жыл сайын тексерудің нәтижелері бойынша жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу 600000 м2 құрайды. 2005 жылға 360385 м2 көлемге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Алматының қала құрылысын дамытудың басты мақсаты – қаланы тұрақты дамыту және алматылықтардың қазіргі және болашақ буындары үшін өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу төмендегілерді білдіреді:

— тіршілік ету ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешеннің тұрақтылығы;

— Қазақстан Республикасының ірі әрі әсем қаласын қала-бақ ретінде қалыптастыру;

— қала құрылысы шешімдерінің мәдени сабақтастығы; кеңістіктік тұтастық, эстетикалық шешімі, қаланың өмір сүру ортасының үйлесімі мен әр алуандығы;

көлік және инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі мен қауіпсіздігі, тұрғын үй проблемасын жан-жақты шешу, тұрғын үй аумақтарын реконструкциялау және дамыту, өмір сүру ортасын қалыптастыру;

— өндірістік аумақты пайдалану тиімділігі;

— қоғамдық орталықтар жүйесінің дамуы мен қол жетімділігі;

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу Алматы аумағын қайта ұйымдастыру мен көріктендіру, құрылыстарды реконструкциялау, өмір сүру ортасының сапалық сипаттарын көтеру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Алматы қаласын қала құрылысы тұрғысынан дамытуға қойылатын экологиялық талаптар:

— тұрақты экологиялық қолайсыз аймақтарында өмір сүру ортасын түбегейлі сауықтыру, ең алдымен орталық бөлікте, қаланың оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік бөліктерінде;

— табиғи кешеннің қолданыстағы аумағын қолайсыз антропогенді әсерлерден қорғау, шаруашылық қызмет нәтижесінде жоғалған шағын өзендер арналарын қайта қалпына келтіру, сондай-ақ резервтік аумақтардағы жаңа жасыл желектерді қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру;

— өмір сүру ортасының жайлылығын арттыру, оның ішінде аумақты көгалдандыру және қаладағы тұрғын үй және қоғамдық аймақтарда мезоклиматтық және микроклиматтық жағдайды жақсарту арқылы.

Алматыны қала құрылысы тұрғысынан дамытудың қажетті шарттары төмендегілер:

— халықтың денсаулығына елеулі қауіп төндіретін экологиялық қатерлі аймақтарды жою;

— күшті техногенді ауыртпалыққа ұшыраған аумақтарды санациялау, реабилитациялау, қайта ұйымдастыру бойынша іс-шараларды іске асыру (рұқсат етілмеген қоқыс төгу аумақтары, магистральды көшелер бойындағы газдылығы мен шуы мол аймақтар және с.с.);

— жоғары экологиялық қауіптің ошағы болып отырған өндірістерді жою; экологиялық таза қалдығы аз және қалдықсыз технологияны, лас сусыз өндіріс циклын ендіру, өнеркәсіп, энергетика, қала шаруашылығы нысандарын заманауи газды тазартатын, шаң ұстағыш және су тазартқыш жабдықтармен 100% жабдықтау;

— сығымдалған және нығыздалған газбен жұмыс істейтін автомобильдер санын арттыру есебінен қолданыстағы мотор майларының түрлерінің құрылымын өзгерту;

— ауыз судың сапа стандарттарының сақталуын және өндірістік және коммуналдық ағын сулары және жер үсті ағындарын тазартуды қамтамасыз ету;

— үздіксіз қозғалатын автомагистралдар салу;

— негізінен жүк көліктері және басқа да көліктер жүретін айналма автомагистральдер салу;

— өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды толықтай қайта өңдеу және залалсыздандыру.

 

2.3. Алматы қаласы бойынша экскурсиялық маршруттар

 

Алматы қаласы бойынша барлық нысандарын есепке ала отырып бірнеше тақырыптарға арналған маршруттар құруға болады. Мысалы, Түнгі Алматы, Алматы – Сәулет қорығы, Қазақ Дастарханы, т.б. Экскурсиялық маршруттарды көлік арқылы жүргізуге сондай-ақ жаяу саяхат жасап та жүргізуге болады. Автормен құрылған бірнеше маршруттарды көрсетуге болады.

 Алматы бойынша жаяу саяхаттар ретінде келесі маршрут құрылған. фАстана» сәулет қорығы.

1993 жылы ҚР министрлер кабинетінің шешімімен ұйымдастырылған «Астана» қорығы Гоголь, Зенков, Төле би, Қонаев көшелерінің аумағындағы қаланың тарихи орталығын қамтиды. Серуен кезінде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы парктің ғасырлық емендерін, шырша саяжолдарын, гүл бақтарын тамашалауға, Зенков, Гурдэ және т.б. сәулетшілердің керемет туындыларын: Кафедралы шіркеу, Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары Мұражайын, бұрынғы Верный қалалық училищесін, ерлер мен қыздар гимназиясын көре отырып, ескі Верныйды сезінуге болады.

Саяхат уақытында қазіргі кезең сәулетшілерінің де туындылары қызықтырады – Даңқ Мемориалы, Әскер Үйі, «Отырар» қонақ үй.

Серуенді Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының мұражайында алдын ала тапсырыс бойынша қазақ этнографиялық ансамблінің концертін көрумен немесе «Арасан» сауықтыру моншасына барумен ұштастыруға болады.

Уақыт ұзақтылығы 2-4 сағат.

Ұзындығы 4 шақырым.

Ботаникалық бақ

ҚР Ғылым академиясының бас ботаникалық бағы 1932 жылы құрылған және теңіз деңгейінен 900 м. биіктікте 108 га. алаңында орналасқан Мекен-жайы: Тимирязев к-сі, 48.

Экскурсия бөлімі ботаника — географиялық принцип бойынша (Қазақстан, Ресей, Крым және Кавказ, Солтүстік Америка өсімдік дүниесі) орналасқан бақтың тізілу тәртібімен саяхат ұйымдастырады. Өсімдіктер өсіп тұрған орында парктік – ландшафты принцип қолданылған. Бақ топтамасында раушан гүлдердің жүздеген түрі, сәлдегүлдің, қашқаргүлдің, лаланың, жұпаргүлдің ондаған түрі, сондай-ақ, түрлі ағаштар мен басқа да өсімдіктер, соның ішінде шипалы және жеміс-жидек мәдениеттері бар.

Серуен кезінде розарий, еменшөп, қалқан ағаш тоғайын тамашалауға болады. Бағдарламаның басты бөлімі пальма, банан, бамбук, кактус, тропикалық сулы және басқа тұрпатты өсімдіктердің 1000 жуық түрі бар, бірнеше бөлімшелерден құралған жылыжайы болып табылады.

Ұзақтылығы: қыстың күні 1 сағат, жаздың күндері 2 сағат.

Ұзындығы: 2 шақырым.

«Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығы

«Атакент» тарихы өз бастауын 1961 жылдан, Тимирязев к-нің оңтүстік жағына қарай ғылым, техника, өндіріс пен мәдениет жетістіктерін насихаттау мақсатында 10 павильон («Басты», «Ауыр өнеркәсіп», «Ауылшаруашылығы»…) мен 7 алаңда («Көлік машиналары», «Құрылыс техникасы» …) ашылған халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінен алады. Мыңдаған экспонаттар ішінде қолданыстағы 136 макеттер мен моделдер ерекше қызығушылық танытқан.

1994 жылы үкімет шешімімен ХШЖК отандық кәсіпкерлікті қайта өрлету мен басқа мемлекеттермен шаруашылық және мәдени байланыстарды орнықтырып, кеңейту мақсатында Іскер ынтымақтастығы орталығына айналды.

Автомобиль, жиһаз, тұрмыстық техника және халық тұтынушы басқа да тауарлар мен ауылшаруашылық өнім сатушы сауда орталықтары әрдайым жұмыс жасауда.

Жыл сайын дәстүрге айналған жәрмеңкелер, мәселен күзгі әмбебап «Каркара», мұнай, медицина, машина жасау, туристік сияқты салалы жәрмеңкелер өткізіледі.

Сонымен қатар, «Атакент» қайың тоғайшығының, шырша, қарағай саяжолдарының, гүл бақтары мен фонтандар арасында орналасқан ашық алаңды мейрамханалар, кафелердің болуы арқасында қала халқының және қала қонақтарының демалыс орны болып табылады. Ниет білдіргендер үшін қысқы бағы бар жабық бассейні мен үлкен ашық бассейнінен құралған «Дельфин» аквапаркіне бара отырып, ІЫО кеш батқанша болуына болады. Су аттракциондары, сауна, тренажер залы бар.

Ұзақтылығы 2-12 сағат

Ұзындығы 2 шақырым

 

 

ІІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҚ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

3.1. Алматы каласынын туризм жагдайы

 

Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде туристер саны – 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 20000-ға дейін өсті.

Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады.

Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті.

Алматы қаласы ірі қаржы орталығы, ең ірі агломерациясы, және мемлекеттегі қонақ үйлердің 80% і осы қалада орналасқан. Осы себептен де іскерлік туризм дамуына үлкен мүмкіншіліктері көп десек.

Болашақта алматы қаласы орта Азиядағы ірі қаржы орталықтарына айналу мүмкіндігі жоғары. Осындай үлкен экономикалық потенциал шетелдік компаниялар мен инвесторларды тартуда. Және сонымен қатар Алматы қаласының географиялық орналасуы мен рекреациялық ресурстары туризм дамуына өте қолайлы. Медеу, Шымбұлақ, Шарын, әсем тау бөктерлері, осының барлығы туристерді тартуда. Сонымен қатар Алматыда ірі көрме оралықтары да бар, жыл сайын қалада 50 шақты көрме өткізіледі  

Қазақстан инвестициялық саммиті өз жұмысын қорытындысында Алматы жағдайына көңіл бөлінген. Кезекті дөңгелек үстелде Алматыны аймақтық қаржы орталығы ретінде дамытудың перспективалары жөніндегі мәселелер талқыланды. Аймақтық қаржы орталығының басты мақсаты – орташа компанияларға қаражат тарту болып табылады. Ол үшін алдымен алғашқы қадамдар жасалуы тиіс. Ұлттық банк төрағасының  айтуынша, орталық болуы үшін алдымен офистер қажет. Бірақ олар бір жерде шоғырланбайды. Нақты территория белгіленбейді. Офистер әр жерден ұсынылуы мүмкін, яғни қай жерде отырып жұмыс істесеңіз, сол жер қаржы орталығы болып есептелетін болады. Ал біз лицензиялар алу мерзімін тездетіп, еш кедергісіз қол жеткізуге ықпал жасаймыз. Кейбір компаниялар үшін олар өз филиалдарын, мысалы, Лондонда құруға ұмтылмас үшін белгілі деңгейде салықтық жеңілдіктер болады. Біз әр түрлі қаржы құралдарын құруға (фьючерстер, аукциондар, т.б.) сенім артамыз. Біз неге алтынға, астыққа фьючерспен сауда жасай алмаймыз? Оның үстіне алтын саудасында өзіндік құн салығы алынып тасталады деген сыбыс бар. Бұл батыс инвесторлары үшін де тиімді болар еді. Шығыстықтар үшін де.  Қазірдің өзінде Ресейдегі бірнеше ірі компаниялар мен Бостон компаниялары қатысуға ниет білдіріпті. Қысқасын айтқанда, Алматы аймақтық қаржы орталығы жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін де таптырмайтын қаржы рыногы болып табылады. Алдымен бұл орталық ішкі қор рыногын дамыту үшін қажет. Қазақстан экономикалық рыногының аумағы тар екендігі белгілі. Сондықтан терең, өтімділігі кең рынок құру үшін,  ол аймақтық рыноктармен интеграцияда болуы керек.  Тағы бір тәуекелділікті қажет ететін мәселе егер Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторларды кенеттен Таиландтан немесе Гонконгтан қор рыноктардан шақыру келіп, олардың активтерімен бірге қотарыла солай қарай көшуі мүмкін болған жағдайда, Қазақстан өз рыногын мұндай дағдарыстан қалай қорғайды Инвесторлар көп болған жағдайда, құнды қағаздар да, құралдар да рынокта көп болады. Сонда ғана тұрақтылық болады. Сондықтан да  аймақтық қаржы орталы ашылуы тиіс. Онда Ресей, Қытай компаниялары болады. Рынокта қатысушылар неғұрлым көп болса, ақша да солғұрлым мол болады, ондай жерде саудагерлер де аз кездеседі.

Қазақстандық банк жүйесі отандық және шетелдің сарапшылардың қорытындысы бойынша жүргізілген реформалар арқасында көршілес жатқан бұрынғы кеңес мемлекеттеріне қарағанда жақсы және озық. Дәл осы артықшылық осы сектордың мықты бәсекелестікке қабілеттілігі туралы айтуы мүмкіндік береді. Ол 2003 жылы Алматыда қаржы орталығын құру бойынша жұмыстың басталуына себепкер болды. Бұл мақсатта республика үкіметі жоғарыда аталған жобаның ТЭН әзірлеу үшін «Маркетингтік талдау зерттеулерінің орталығы» АҚ стратегиялық әріптесті ретінде Boston Consulting Group (BCG) компаниясын таңдады. BCG қызметін республика үкіметі 1 млн. долларға бағалады.

Қала туризмі экономикалық қызметтің жаңа саласына қызмет көрсету үшін рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған кешенді қалалық бағдарлама қала экономикасының жаңа тиімді секторын құруды мақсат тұтады. Бұл ретте Алматының тарихи-мәдени мұрасы мен керемет табиғат әлемін пайдалану, тарихи мұра мен табиғи әлеуетті сақтау, реставрациялау және жаңғырту істерінің қаржылық мәселелерін шешу көзделген.

Бағдарлама жыл сайын туристер ағынын 253,5 мың адамға дейін ұлғайтуды, оның ішінде отандық туристер ағынын 138,5 мың адамға және шетелдік туристер санын 115 мың адамға жеткізуді көздейді. Мұнда туристік мекемелерге деген жиынтық сұраныс 24,6 мың орын, оның ішінде 14,71 мың орын отандық туризм үшін ұйымдастырылған және 9,9 мың орын шетелдік туристерге арналған. Аймақтарды және туристер барып көретін нысандарды көріктендіру, төмендегілерді көздейтін кешенді туризм инфрақұрылымын құру:

Қазақстан Республикасы аумағындағы «Жібек жолы» бөлігіндегі туризм жүйесінің тораптық кешені ретінде Алматының және Алматы аймағының туристік кешенін дамыту; Ұлы Жібек жолының Алматы мемориалдық аймағының туристік мекемелерінің сыйымдылығын 25 мың орынға дейін арттыру, оның ішінде қаланың қонақүйлер желісін 5,8 мыңнан 7,8 мың орынға дейін жеткізу.

Қаланың біртұтас туристік аймақтары жүйесін қалыптастыру, бұл туристер баратын және көретін орындар шегінде жаяу жүріп қарайтын маршруттарды біріктіруді, туристік мекемелерді орналастыру орындарын, қызмет көрсетуді және бос уақытын қамтамасыз етуді, туристік аймақтарды көлік маршруттары жүйесімен бірлестіруді көздейді.

Туристер баратын және көретін нысандарды дамыту, оның ішінде ойын-сауық, спорттық нысандардың және сауықтыру кешендерінің өткізу мүмкіндігін ұлғайту, халықаралық туристік орталық, конгрестер, көрмелер, жәрмеңкелер салу.

Қонақүй желісін, сауда-тұрмыстық нысандар желісін және ақпараттық қызмет көрсетуді, туристік бюро мен көлік агенттіктерін дамыту;

Әуежайда, теміржол вокзалдарында көліктік туристік қызмет көрсету жүйесін дамыту, арнайы автокөліктер паркін және қызмет көрсету кәсіпорындарын және автомобиль прокатын дамыту, туристік аймақтарда автотұрақтардың сыйымдылығын арттыру;

 

3.2. Алматы қаласында туристiк нысандарын қорғау және сақтау мәселелері

 

ҚР Президентінің Жолдауымен әлемнің дамыған 50 мемлекеттерінің қатарына кіру міндеті қойылды.

Мемлекеттік деңгейде елді аумақтық дамыту тұжырымдамасы қабылданды.

Бүгінде ол «Полярлы даму тұжырымдамасы» атауына ие болды. Бұл орайда басымдыққа жоғары деңгейде дамып келе жатқан қалалар ие болады.

Қаланың келешек мүмкіндіктерін ескере отырып, Алматы мемлекет үшін басты болып табылады. Яғни оны:

— мықты инновациялық кешен;

— халықаралық қаржы орталығы;

— туристік және спорт орталығы ретінде дамыту арқасында бұл жүзеге асырылады.

Инновациялық дамыту. Инновациялық жобаларды алға қою мен жүзеге асыру бойынша еншілес қорлар, кәсіпкерлікті дамыту қоры, екінші дәрежелі банктер, ірі инвестициялық компаниялар құрған мемлекеттік қаржы институттарымен бірлескен жұмысқа ерекше назар аударылады.

Осы жұмыста жақында Мәслихатпен қабылданған Алматыда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру көмекші болады.

Жылдың аяғына дейін инвестжобалардың және ұсыныстардың электрондық базасын қалыптастыру, Алматыны қаржы инвестициялауға тартымды қала ретінде таныстыруда 3 тілде кітапшалар мен СD-дискілер шығару, экономикалық зерттеулер мен инвестицияларды тартуда қолдау бойынша аймақтық орталық құруда қажетті құжат әзірлеу, қаланың кепілдік қорын пайдаланудың тиімділігін арттыру жоспарланып отыр.

Бүгінде инновациялық жобалардың жаңа тізімі қалыптастырылды. Оларды жүзеге асыру елдің экономикасын дамытуда сапалы өркендеуді қамтамасыз етеді. Оның құрамына отандық мамандармен әзірленген жобалар кірді. Оладың қатарында жаңа медицина препараттарын шығару, қан прапараттарын өндіру бойынша зауыт салу, биоэтанол өндірісінің жобасы.

Бүгінгі күнгі революциялық жоба қазіргі кезеңгі микроэлектроника материалдарының негізі-жоғары кремний өндірісі болып табылады. Соңғы зерттеулер көрсетіп отырғандай, алдағы жүз жылда кремний баламасы болмайды. Сонымен қатар, кремний күн фотоэлементтері үшін қолайлы. Оның көмегімен алынатын электрэненргиясының құнын азайтады.

Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған әлемде теңдесі жоқ «Нормоген» препаратын шығару жобасы ерекше мәнге ие. Шикізаттың қолжетімділігі, препаратты шығарудың қарапайым технологиясының ұтымдылығы 1000 пайыз және одан да жоғары.

Тағы бір жобалардың бірі адамның ауыр сырқаттарының диагностикасымен оны емдеу үшін позитронды-эмиссиялық әдісті енгізуге қызмет жасайтын республикада алғаш рет ядролық медицина мен биофизика Орталығын құру.

Жоғарыда аталған барлық жобалар халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.

Инновациялық инфрақұрылым дамытылады. Алатау ауылындағы ақпараттық технологиялар паркінің құрылысы жалғастырылады, технология трансферттері орталықтары мен лизинг орталықтары әрі қарай қалыптастырылады. Олардың басым міндеті жаңа технологиялар саласында бизнес-жобаларды қолдау, тиімді шарт бойынша құрал-жабдықтарды лизингке беру, сондай-ақ, еншілес операцияларды жүзеге асыру.

Алматы қаласында өндірістік аймақтар мен бизнес-инкубация қалыптастырылып, әрі қарай дамытылады, соның ішінде «қабырғасыз» бизнес-инкубаторлары.

Осы жобаларды жүзеге асыру іскер адамдарға инновациялық экономикаға енуіне мүмкіндік береді.

Халықаралық қаржы орталығын дамыту. Ашық қаржы жүйесін қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту мен қаланың экологиялық мәселелерін (су, ауа, жер және т.б. сапасын жетілдіру) шешу арқылы Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретінде құру тұжырымдамасын жүзеге асыру қажет болады.

Жалпы Алматының қаржы жүйесінде банк секторымен, құнды қағаз нарығына ұатысатындармен жүзеге асырылатын операциялар тізімі кеңейтіледі.

ААҚО құру тұжырымдамасын әзірлеуші Boston Consulting Group сарапшыларының болжамы бойынша, Алматыда құрылып жатқан аймақтық қаржы орталығы жұмысының үшінші жылында шығарылатын облигация көлемі 5 млрд. долларды құрайтын болады, ал олардың жыл сайынғы өсімі 20-30 пайыз болады.

Бас жоспарға сәйкес мектебі, бала бақшасы, қажетті қызмет көрсету кәсіпорындары бар қазіргі кезеңге сай тұрғын үй аудандары салынады.

Ірі инвестициялық жобаларға апаттық-ескі және қазіргі кезеңгі талаптарға сай келмейтін құрылыстарды бұзу арқылы жер телімдері беріледі.

Осылайша, «Сайран» кешенінің құрамында 200 гектардан артық жерде 3 мың метр кв. жуық тұрғын үй, 12 мектеп, 9 бала бақшасы, 2 емхана, көпқабатты офистер, банк, сауда орталығы мен басқа да қызмет көрсету объектілері салынады. Осында орналасқан базар мен стадион қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, бірнеше жол айырықтары, көлден өтетін көпір, тұрақ аймақтарын салу жоспарланып отыр.

Қаланың кешенді құрылысы географиясын шеткі аудандарды да қамтиды. 2008 жылы Ақбұлақ ауылының жанында қазіргі кезеңгі тұрғын үй кешенін салу жоспарланып отыр.

Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелеу жүйесін әрі қарай дамыту, тұрғын үйді жалға беру секторын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мен жеке капиталды тарту механизмін ала отырып жалға берілетін үй құрылысын ұйымдастыру көзделіп отыр.

Қалада 3 жыл ішінде жалпы ауданы 2356 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгізіледі.

2007 жылдан бастап көп жылдар бойына жүргізілмеген бала бақшасының құрылысы басталады.

Қауіпсіз өмір сүру мен бизнес жүргізу деңгейін арттыруға аса көңіл бөлінеді. Осыған байланысты жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалану арқылы «Қауіпсіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру қажет болады.

Тиімді географиялық орналасумен қатар қалада халықаралық стандарттарға сай қонақ үй кешенінің болуы, көлік объектілері мен тұрғын үй инфрақұрылымының болуы Алматыны ірі транзиттік орынға айналдыру мүмкіндігін береді, әсіресе Ресей мен Қытай үшін.

Бүгіннің өзінде жақсы экономикалық келешегі мен қайталанбас көркі бар бақ-қала ірі халықаралық бизнес орталығы болуға лайықты.

Бұл басымдық көлік-логистикалық орталықтарды дамыту арқылы елдің мүддесіне барынша пайдаланылады. Кластерді дамыту бойынша алғашқы жоба ретінде «Астана контракт» контейнерлік терминалы базасында «Көлік логистикасын» жүзеге асыру мен Алматы қаласының әуежайы базасында әуе көлігіне қызмет көрсету орталығын қалыптастыру қажет.

Қаланың қарқынды дамуы мен автомобилизациялануды ескере отырып, Алматыдан транзиттік ағымды алыстату мақсатында іс-шаралар кешені қабылданады.

Бұл үшін жылдамдықты қала жолдары мен магистралдар жүйесін қалыптастырып, 20 жол айырықтары мен үлкен айналмалы жол салу керек. Қалаға транзиттік көліктің келуін қысқарту мақсатында диспетчерлік терминалдар салу көзделіп отыр.

Экологиялық таза электр көлігін дамыту үшін метрополитен мен қазіргі кезеңгі трамвай жүйесінің құрылысын қамтамасыз ету жоспарда.

Аталған инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру дамыту институттарының қатысуымен, соның ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік механизмін енгізу арқасында жүзеге асыру көзделуде.

Қаланы туристік және спорт орталығы ретінде дамыту. Туристік орын болуда Алматының айтарлықтай алғышарттары бар. Аймақтың халықаралық стандарттарға сай табиғи-рекреациялық қоры мен инфрақұрылымы қаланы республиканың туристік қақпасы деп санауға лайықты етеді.

Туризмді дамыту бағдарламасына сәйкес, қала маңындағы Іле Алатаудың солтүстік баурайын игеру жобасын жүзеге асыру, аспалы жол мен таулы қонақ үй жүйесін, тау шаңғысы базасын, халықаралық стандарттарға сай қонақ үй салуды дамыту көзделіп отыр. Осының барлығы біршама инвестициялық қаржат талап етеді.

Тау шаңғысы демалыс орындарын дамыту жалғасуда. «Шымбұлақ» биік тау демалыс орнын дамытудың бас жаспарымен қонақ үйлер, кемпингтер, канат жолдары, паркингтер мен басқа да қызмет көрсету объектілерін салу көзделген.

Инвестиция тарту арқылы Түргенде үлкен тау шаңғысы демалыс орнын салу жоспарланып отыр.

Жаңа туристік– экологиялық, тарихи, тау шаңғы, атты, аңшылық бағыттар әзірлеу басымдыққа ие болады.

Бес жұлдызды және туристік кластағы қонақ үйлер біршама дамытылады.

Алматыға келген туристер саны алдағы бірнеше жылда екі есеге артады деп күтілуде.

Қаланың келешегі мен мүмкіндіктерін назарға ала отырып, Алматы 2011 жылғы Қысқы Азия Ойындарын өткізу орны болып бекітілді. Жаңа спорт объектілерін салу бойынша, көлік және инженерлік коммуникацияны дамыту бойынша үлкен жұмыс жасау қажет болады.

Бүгінде Алматы қаласында барлық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасалған. Келешекті нақты көріп-білу, Елбасы тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау, қала басшыларының Алматыны Жер бетіндегі ең көрікті қала ету қалауы бар. Ал ең бастысы мықты және гүлденген Қазақстан жасампаздарының алдыңғы қатарында үнемі алматылықтар келе жатқанын қажырлы еңбегімен дәлелдеп отырған халық бар.

Алматы қала құрылысы тұрғысынан дамытудың негізгі бағыттары қаладағы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және регенерациялауға қойылатын төмендегідей талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

— қала құрылысы және архитектуралық құралдармен қаланың бүкіл тарихи табиғи-ландшафты, жобалау, композициялық, археологиялық және орталық негізін сақтау, анықтау және мән беру мәселелерін қамтамасыз ету. Бұған бедердің тарихи белгілері, қалалық және табиғи ландшаф, көшелердің тарихи желілері, алаңдар мен кварталдар, қала құрылысы ансамблдерін салудың тарихи жүйесі, көрнекі доминант, қала кеңістігін көз алдыңа келтіретін аймақтарға мән беру, жылжымайтын мәдени ескеткіштер, құрылыстар мен көріктендірудің тарихи сипаты кіреді;

— өзінің тарихи сипаттарын барынша толығырақ сақтаған көшелер мен кварталдарға «қорғалатын аумақ» мәртебесін беру;

— аумақтағы жылжымайтын мәдени ескерткіштер аймақтары үшін олардың шекарасын анықтайтын құқықтық қала құрылысы регламенттерін және көрсетілген аумақтар мен аймақтар шекараларында қала құрылысы қызметін реттеу режимін орнату және сақтау;

— тарихи табиғи ландшафты қорғау аймақтары үшін көрсетілген аймақтар шекараларын анықтайтын құқықтық қала құрылысы регламенттерін және осы шекаралар шегінде осындай ландшафтардың көрнекі келбетін қорғауды және қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін қала құрылысы қызметін реттейтін режимдер орнату және сақтау;

— жылжымайтын мәдениет ескерткіштерін реставрациялау және қалпына келтіру, анықтау, есепке алу, жылжымайтын мәдениет ескерткіштерін паспорттау бойынша жұмыс көлемін ұлғайту.

Алматының табиғи кешені негізінен табиғатты қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафт түзуші және қаланың табиғи-ландшафты нобайын түзуші функцияларды орындайтын өсімдіктер мен (немесе) су нысандарынан тұратын аумақтар жиынтығын білдіреді. Табиғи кешен аумағына мыналар жатады: табиғи аумақтар – орман және орман бағы массивтері (Баум бағы), табиғи өзендер мен бұлақтардың құрылыс жүргізілмеген жазықтары; көгалдандырылған аумақтар – парктер, бақтар, гүлзарлар мен скверлер, бақ-парк өнері және ландшафтылық архитектура ескерткіштері, сондай-ақ тұрғын үйлердің көгалдандырылған аумақтары, қоғамдық, өндірістік және коммуналдық мақсаттағы нысандар; резервтік аумақтар – бұзылған және табиғи аумақтарды қалпына келтіру және қайта құру үшін, жаңа көгалдандырылған аумақтар жасау үшін резервтелген аумақтар.

Табиғи кешен аумақтарын сақтау мен дамытудың негізгі бағыттары төмендегілерді көздейді:

— Алматы қаласының, қала маңындағы аймақтың және Алматы агломерациясының табиғи кешенінің тұтастығын сақтау;

— әртүрлі сатылы деңгейдегі рекеациялық аймақты қалыптастыру;

— жобалауды экологиялау және табиғи кешеннің нақты аумақтарын ұстап тұру; — табиғи кешен аумағы алаңдарын 4-тен 14,2 мың га-ға дейін ұлғайту.

Бас жоспарда қаланы бұдан ары дамыту қала ішіндегі аумақтарды қарқынды пайдалана отырып, қала шегін қамтиды.

Қала аумақты дамуын негізгі жоспарлау бойлықтары бойындағы бос аумақтарды игеру есебінен алады: батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстік бағыттарда (тау етегі – табиғи кешен).

Бас жоспарда жаңа тұрғын үй құрылысын көп қабатты, сол сияқты аз қабатты үйлер салу арқылы жүргізуі көзделген. Көп қабатты үйлер дәстүрлі түрде батыс бағытта Райымбек даңғылы мен Төле би көшесі аралығындағы аумақта, Абай даңғылы бойымен, сондай-ақ қаланың оңтүстік бөлігіндегі «Самалда» жүргізіле береді және қаланың орталық бөлігінде іріктеп реконстукциялау есебінен жүреді.

Қаланың негізгі магистралдарын қалыптастыру мақсатында жол өткелдері мен әртүрлі деңгейде автокөпірлер салу, негізгі қала құрылысы тораптарын дамыту Сейфуллин, Достық, Райымбек, Абай, Төле би даңғылдары, Жансүгіров, Жандосов, Шемякин, Солтүстік жартылай шеңбер, Фурманов көшелері бойындағы аз қабатты тұрғын үй қорын сүруді көздейді және т.б. Аз қабатты үйлер құрылысы солтүстік-батыс бағытта Рысқұлов даңғылының солтүстік аумағында Қарғалы және Боралдай өзендерінің аралығында, шығысында – Шемякин көшесі мен Кіші Алматы өзені аралығында, «КазПАС» солтүстік тоғаны аумағында, солтүстігінде – Бірінші май мұнай базасы ауданында, сондай-ақ басталған құрылыстың аяқталуы қажет аз қабатты үйлер салынған аудандарда дамиды.

Қаланың перспективті жоспарлау құрылымын қалыптастырудың негізі табиғи-экологиялық және көлік каркасы болып табылады. Табиғи-экологиялық каркас қала арқылы меридиан бағытымен ағып өтетін тау өзендерін, парктерді, скверлерді, бульварларды және басқа да қала «өкпесі» болып отырған көгалдандырылған аумақтарды қалыптастырады.

Сыртқы ортаны оның қаладағы элементтерімен жалғайтын негізгі табиғи шек бойынша (Ақсай, Есентай және Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы және т.б.) кең көгалдандырылған алаңдар құрылады.

Жалпы экологиялық каркастың құрылымы тау-жазық және жазықтағы ауа ағындарын циркуляциясын өткізу үшін меридианды және көлбеу бағытта өзара айқасатын көгалды дәліздерден тұратын ірі ұялы сетканы білдіреді. Жазықтағы желді өткізу үшін дәліздердің функциясын гүлзарлар, бульварлар, ҮАӨ бойындағы рекреациялдық аймақ болып табылатын кең бағыттағы демалыс аймақтары өзіне алады.

Қаланың урбандалған каркасының келесі элементі көлік магистарлі жүйесі болып табылады. Бас жоспар қолданыстағыларға қосымша көлбеу және енді магистарльдар, айналма автомобиль жолдарын, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету желілерін, автокөпірлер, жол өткелдерін, эстакадалар және т.б. салу арқылы қаланың көлік құрылымын дамытуды және жетілдіруді көздейді. Көше-жол желілерін дамыту негізіне қалалық біртұтас жүрдек жолдар жүйесін және қалалық маңызы бар магистралдар салу алынған. Соңғысын қозғалысы үздіксіз және реттелетін магстральдарға айналдыру көзделген.

Қала орталығынан көліктердің транзиттік ағынын сейілту үшін бас жоспарда қаланың негізгі жерлері мен оның орталық бөлігін орап үздіксіз қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін шеңбер жолдар жүйесі көзделген.

Қала аумағын сыртқы транзиттік ағыннан оқшаулауды Үлкен Алматы Шеңберлі Автожолы (ҮАША) қамтамасыз етеді. Ол қаланы шығысында — Талғар трассасынан үлкен жартылай шеңбер жасай отырып, ал батысында – Жандосов көшесіне дейін орап өтеді.

Қала атмосферасын жақсарту мақсатында Бас жоспарда көше-жол желісін жетілдіу, метрополитенді енгізу, электр көліктер үлесін ұлғайту, автосервис желісін дамыту және т.б. көзделген.

Қаланың бұдан арғы өсуі жалпы қала орталығы жүйесінің тармақталуымен қоса жүреді. Қаланың негізгі өсу бағыттары бойынша ірі көлік тораптарында Бас жоспар қаланың негізгі орталығының қосалқы орталықтарын ұйымдастыруды көздейді.

Қаланың батыс бағытта өсуіне орай Қарғалы өзені бойымен және Абай даңғылы бойымен өтетін болашақ қалалық магистраль қиылысында жалпы қалалық орталықтың көп функциялы қосалқы орталығы болады. Қаланың солтүстік бағытында орталықты қалыптастырушы Алматы-1 теміржол вокзалы маңындағы алаң болып табылады.

Орталық ядроның үшінші қосалқы орталығы қаланың шығыс бөлігінде Құлжа және Талғар трассаларының қиылысында «Ежелгі Алмату» туристік кешені ретінде ұйымдастырылады.

Орталық ядрода тарихи қалыптасқан жобалау және архитектуралық-кеңістіктік құрылымды, құрылыстың тарихи типтері құрылымын сақтау және дамыту, жаяу жүргіншілер гүлзарлары, бульварлар, алаңдар жүйесін қалыптастыру, тарихи табиғи-ландшафты қаңқаның жоғалған элементтерін қайта жасау көзделген.

Бас жоспарда тарихи-мәдени қорды тарихи және археологиялық ескерткіштер базасында ары қарай сақтау, мәдени-танымдық орталықтар: «Ұлттық-этнографиялық» (Боралдайдағы сақ қорғандары ауданында) және Ұлы Жібек жолының бас трассасы – Құлжа трассасында «Ежелгі Алмату» орталықтарын құру бойынша іс-шаралар жүргізу ұсынылған.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОСЫМША А

 

Алматы қаласының территориясын функционалдық аудандарға бөлінуі

 

 

А

 

ҚОСЫМША Б

 

Алматы қаласының Негізгі жоспары

 

 

 

 

 

 

«Алматы қаласының 2008 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы және екінші жартыжылдықтағы міндеттері туралы»

 

Қазіргі кезде әлемдік экономика үлкен дағдарыс үстінде, соның салдарынан қаржылық тоқырау, ішкі және сыртқы несие сынды экономика тұтқаларында бәсеңдік байқалуда. Ал бұл жалпы Қазақстанның және Алматы қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуына да кері әсерін тигізіп отыр. Дегенмен, Алматы қаласында мол тәжірибе жиналғандықтан, экономикалық дағдарыстарға қарамастан, біз 2008 жылдың міндеттерін жүзеге асыратын боламыз.

 

Сыртқы экономикалық қызметте өсім – 27 %.

 

Негізгі капиталдағы инвестиция ауқымы өткен жылдың деңгейін сақтап отыр ( қалада – 100,2 %, республик ада — 112,4 %).

 

Аймақтық қаржы орталығы экономиканы капитализациялауды ұлғайтуда айтарлықтай роль атқарды.

 

Қазіргі кезде ғимарат құрылысы аяқталып қалды. Оның алғашқы кезегі 2008 жылдың аяғына таман бітеді. Алматы қаласының әкімдігі орталықтың базалық құрылымының құрылысын аяқтауға ат салысуда. Осыған орай, бюджеттен 270 млн. теңге бөлініп отыр.

 

Жергілікті бюджетке түсетін салық пен төлемдер асыра орындалды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсім жинау 7 млрд. те ң ге ге өсті.

 

Жыл басынана бері қарай жетіспеушілік 200 млн. те ң ге ге қысқарды.

 

Алматы қаласының зкономикасына да дағдарыс әсер етуде.. Бірқатар экономикалық келеңсіздіктер пайда болды.

 

Еңбек ақы мен халықтың табыс көзі 20 % -ға өскенімен, бөлшек және көтерме тауар айналымының қарқыны төмендеді. Алайда , тұрғындардың банк ілік депозит тері өткен жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда 18 % -ға , заңды тұлғалардікі — 26 % -ға өсті.

 

Жұмыссыздық деңгейі небәрі — 0,5 % (республика да – 0,7 %).

 

Құрылыс сегменттерін несиелеудің төмендеуі салдарынан тұрғын үй салу баяу жүруде. ( қалада — 32,1 % -ке, республик да а — 5,7 % -ке төмендеген ).

 

Өнеркәсіп секторында кері тенденци я қалыптасып отыр. Соның салдарынан қаланың бірқатар кәсіпорындарында өнім шығару минус — 9 % -ке азайған (республика да — өсім 3,8 %, Астан ада – төмендеу — 15 %).

 

И нновационных технологи яларды енгізу де баяу жүруде.

 

«Алатау» поселкесіндегі ақпараттық технология паркін, «Медеу-Шымбулак» кешенін , «ГЕГА» сауда- логистикалық орталығын салу жөніндегі ұлттық деңгейдегі жобалар сылбыр жүзеге асуда .

 

Сауда –логисти сти к алық орталық салынып біткенде негізі тағам өнімдерінің бағасын тұрақтандыратын еді. И мпорт та төмендей бастады. Жыл басынан бері қарай өсім небәрі 9 пайыз ғана болды, ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 30-40 % болған.

 

Осылардың салдарынан Алматы қаласының бюджетіне түсім 5,8 % -ке аз жиналды.

 

Инфляциялық процестер де кері әсерін тигізіп отыр. Жыл басынан бері қарай бөлшек сауданың бағасы 6,5 % -ға өсіп кетті, (республика да – на 5,7 %), көкөніс, ұн, сүт өнімдері, бензин , дизель отыны, медициналық және көлік қызметі қымбаттады.

 

Алматы-белсенді кәсіпкерлік орталық болып табылады. Қаланың кіші және орта бизнесінде 278 мың адам бар. Олардың қала экономикасын өркендетуге қосып отырған үлесі айтарлықтай. Өкінішке орай, бұл сектордың жұмысы да бәсеңсіп қалды. Соның салдарынан бұларда өнім өндіру 5 % -ға төмендеп кетті. Осыған байланысты салық көлемі 4-5 % -ға төмендеді.

 

Осы сала секторында экономиканы тұрақтандыру үшін қала өкіметі кәсіпкерлікке қолдау көрсету шараларын жүзеге асырулары тиіс.

 

Жұмыс қай бағытта жүруде?

 

Біріншіден, бірқатар заң актілерінде олқылықтар бар, біз соларды тез арада түзетудің инициаторы боуымыз қажет. Мұнда әңгіме Үкіметтің қаулысы арқылы бір кг. тауар әкелуге төленетін ақы 0,6 ЕВРО болды. Соның салдарынан кәсіпкерлер өз тауарларын Қырғызстан арқылы әкелуге кірісті. Өйткені , бұларда кедендік құжаттау төмен. Бұл кәсіпкерліктің дамуына қолбайлау болады, салық та аз төленеді.

 

Екіншіден. Кәспкерлікті дамытуда әкімшілік кедергілер жойылуы тиіс. Жақында қала әкімінің бастамасы бойынша кіші бизнес субьектілері энергетика қуатына еш ақысыз қосылатындығы жөнінде Үкіметтің қаулысы шықты. Біз енді қайтарым күтеміз.

 

Үшіншіден . Кәсіпкерлікті несиелеу төмендеп кетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда несие беру көлемі а 60 % -ға төмендеген. .

 

Жағдайды қалпына келтіру үшін Үкімет тарапынан кәсіпкерлікке несие беру үшін «Қазына» және «Даму» қорлары арқылы 50 млрд. те ң ге қаржы бөлініп отыр.

 

Алматы қаласы әкімінің бастамасы бойынша Үкімет «Даму» үшін «Қазына» жылдық көрсетікіші 7 % болатын қаржы бөлуге міндеттеді. Ал «Даму» өз кезегінде көрсеткішін 0,5 % -ке арттырады.

 

Қала бюджетінен де елеулі көлемде қаржы бөлінетін болады. Осының барлығы кәсіпкерлікті несиелеудегі келеңсіздіктердің жоятын болады.

 

Төртіншіден. Мемлекеттік – жеке секторды дамытуға қол жеткізу қажет.

 

Осы мақсатта үстіміздегі жылдың мамыр айында Алматы қаласын дамытуға ықпал ету акционерлік Орталығы құрылған болатын. Бұл орталықтың басты міндеті — мемлекеттік- жеке сектордың жұмысын жандандыру.

 

Қала экономикасын тұрақтандыру барысында құрылыс рыногын айналып өту мүмкін емес.

 

Қазіргі кезде бұл бағытта қатаң жұмыстар жүруде. Құрылыс компаниялары тұрғын үй бағаларын орташа 40-50 пайызға төмендетуде.Ондаған компаниялар жұмыстарын жалғастырып, банктер оларға несие бөлуде. Бұл дұрыс көрініс.

 

Алайда, үлескерлер мәселесі дұрыс шешілмейінше, құрылыс рыногының жағдайы оңтайланбайды.

 

Бұл проблема мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынған. Биыл үлескерлерді қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 22 млрд. теңге бөлінді. Бұл 3 мың үлескердің, 112 үй мен 6136 пәтердің мәселесін шешетін болады.

 

Алматы қаласы әкімдігінің бастамасы бойынша Үкіметтің қоладуы арқасында тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың « Қ азына- әкімдік- құрылысты жүргізуші» жүйесі жұмыс істей бастады.

 

730 үлескерді қамтыған алты проблмалық обьект бар. Бұлар –алаяқтар құрығына ұрынғандар. Төрт құрылыс жүргізуші бойынша шешім қабылданды. Қалған екеуінің мәселесі қаралу үстінде.

 

Үстіміздегі жылдың басында Алматы әкімінің есепті кездесуінде алда тұрған мәселелер жан – жақты айтылған болатын. Олар – энергетика, көлік кептелісі, экология, қала тазалығы, тұрғын үй құрылысы және басқа да мәселелер.

 

Энергетика кешенін дамыту үшін жыл басынан бері қарай 55,4 млрд. тенге жұмсалды, соның 17 млрд. тенге сі – бюджет қаржысы.

 

Белгіленген кесте бойынша жөндеу жұмыстары жүруде. « ЖЭО -2 – ЖЭО -1», дің құрылыс жұмыстары үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. тенге қаржы бөлінді.

 

« Ұ лжан», «Северный Бакай», «Ша ң ырак-2», елді мекендерін электрлендіру жалғасуда, Орбита да қосымша станция мен котельный қайта жөнделуде.

 

2008 жылдың 2 шілдесі күні Алматы қаласының мәслихаты «Су арна»МКК дамыту және жаңғырту туралы Бағдарлама қабылдаған болатын. Бұл жобаның жалпы құны — 162 млрд. тенге.Болашақта қаланы ішетін таза сумен қаматамасыз ететін «Су сақинасының» құрылысы басталады. Алматы қаласы бойынша сумен қаматамасыз етуге 2008 жылы 3,5 млрд. тенге жұмсалатын болады.

 

Көлік кептелісі мәселесі де ойдағыдай шешліпі келдеі, өткен жылы — 11, ал биыл 2 жол айрығы пайдалануға беріледі.

 

Үстіміздегі жылы автопаркинг тер құрылысы қолға алынды. Ол жергілікті бюджет есебіненқаржылануда.Осы мақсатқа 345 млн. тенге бөлініп отыр. Бұл 4 автопаркин г салуға мүмкіндік береді.

 

Метро басқа да құрылыстар жасалған кестеге сай жүретін болады. Үстіміздегі жылдың басынан бері қарай 60км. жол қайта жасалды

 

«Аула» бағдарламасы бойынша да бірқатар істер жүзеге асты. 625 аула жөнделіп, бұған жергілікті бюджеттен 3 млрд. тенге бөлінді. Биыл Жет і су , Туркс і б аудандарының аулалары жөнделеді.

 

«Саябақтар ме гүлзарлар» бағдарламасы да ойдағыдай жүзеге асуда. Әлия мен Мәншүк, Қарасай батыр бульварлары мен басқалары жөнделіп, көп көңілінен шығуда.

 

«Арықтар мен су арналары» бағдарламасы бойынша Есентай мен Үлкен Алматы өзендерінің жағалаулары абаттануда. Қала аймағында 4 км. жер жөнделеді. Басқа да жұмыстар тыңғылықты жүруде.

 

Қаланың санитарлық жағдайына жете көңіл бөлінуде . Биыл осы мақсат үшін қала бюджетінен 4,3 млрд. тенге бөлінді. Техникалық парк 200 бірлікке өсіп отыр. Бұлардың барлығы қала тазалығына оң ықпал етуде.

 

2008 жылдың екінші жартысында біз орын алған кемшіліктерді жоя отырып, әлеуметтік – экономикалық жағдайды жақсартуға күш жұмсайтын боламыз. Осы орайда, бағалы қағаздар рыногын дамытудың маңызы зор. Муниципиалды облигациялар шығару мәселесі Үкіметпен келісілу үстінде. Мониторинг Алматы қаласының жыл сайын өмірге қажетті инфрақұрылымдарды дамытуға бірнеше млрд. теңгені жұмсауға мүкіндігі бар кенін көрсетіп отыр. Қазір бірқатар жобалар саралану үстінде. Алматы қаласының бюдж еті тұрақты әрі әлеуметтік мәселеге бағытталған.

 

Алматының нақтылы бюджеті — 200,5 млрд.тенге , бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17,6% ке көп. Шығыс құрылымында нақтылы сектордың үлесі тұрақты – 53%, ал әлеуметтік мәселелер үшін шығыс үлесі 2007 жылмен салыстырғанда с 28,9% д ан 33% ке өсті.

 

2008 жылы әлеуметтік нысандар көп салына бастады. Қазір Алматыда білім мен денсаулық сақтау саласының 23 объект ісі салынуда.

 

Аталған салалардың материалдық – техникалық базаларын жақсарту үшін 4,2 млрд. тенге бөлініп отыр.

 

Биыл әлеуметтік сала қызметінің сапасын арттыру мақсатында тағы да қосымша 1,9 млрд. тенге бөлінген .

 

Алматы қаласы әкімдігінің алдында әкімшілік – территоряилық құрылымды жетілдіру барысындашешімін күткен үлкен міндеттер тұр.

 

Қалаға қосылған ауылдардың әлеуметтік жағдайлары да жасқасар түсуде. Биыл бюджеттен оларды абаттандыруға 2 млрд. тенге бөлініп отыр. Соның арқачсында 17 км . жол, 43 км . электр, 60 к м . инженерлік коммуникация желілері жүргізіледі.Ұлжан, Ша ң ыра қ и Шанырак-2 -де бала бақшалары салынуда.

 

Дамудың әлеуметтік мәнін аша түсу үшін үстіміздегі жылы шілде айында Алматы қалалық мәслихатының шешімімен жаңадан Алатау ауданы құрылды. Алдын ала есептеу бойыша бұл ауданда шамамен 150 мың адам тұрады. Жаңа ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін:

 

— бір ай ішінде аудандағы адамдар санын анықтап, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың инвентаризациясын жасау қажет;

 

— басқару құрылымының негізгілерін орналастыру жүзеге асырылады;

 

— үстіміздегі жылдың 3 тоқсанының аяғына дейін басып алынған жерлер анықталып, тұрғын үй мәселесін шешу жолдары қарастырылсын;

 

— жаңа ауданның даму концепциясы жасалсын, арнайы экономикалық аймақ құрылатын болсын.

 

Алматының территориялық дамуының тағы бір мәселесі – қалаға жақын аймақты дамыту. Бес жыл бұрын осы мәселе туралы Үкіметтің қаулысы шыққан болатын. Ол бойынша құрылыс салушылар міндетті түрде қалалық әкімдікпен келісім жүргізуі тиіс. Алада бұл іс күні бүгінге дейін ұмыт қалуда.

 

Үстіміздегі жылдың маусым айында қала әкімдігінде осы мәселеге қатысты қала маңындағы құрылысты бақылап отыратын Мемлекеттік комиссияның отырысы өткен болатын. Осыған орай, үйлестіру кеңесі де құрылған-ды. Оны Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары басқарады.

 

Үстіміздегі жылдың екінші жартысында қала маңында аймақтарда қордаланып қалған мәселелерді шешу жағы қарарстырылып, жұмыс бұрынғыдан жандандырылатын болады.

 

2008 жылдың екінші жартысында атқарылатын жұмыстардың негзгілері

 

Қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуына қолбайлау болатын экономикалық дағдарысты жою жолдарын қарастырып, озық жобаларды жүзеге асыру қажет.

 

Әкімдіктің барлық құрылымдары кіші және орта бизнеске қолдау көрсетіп, оны одан әрі дамыту жолдарын қарастырулары тиіс. Ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының жылдық міндеті толығымен орындалатын болады. Өкінішке орай, мұнда нормативті проблемалар баршылық.Жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша кезекке қою және пәтерді жалға беру ережесі әлі күнге дейін жасалмай отыр.

 

Бүгінгі таңда өзінің төлем қабілетін 9949 адам дәлелді. Үй алуға ниет білдіргендер саны салынып жатқан үйлердің санынан екі есеге көп. Бұған 3 жылдық бағдарлама бойынша үй алуға ниет білдіріп отырған үміткерлерді қосыңыз.

 

Бұл мәселелердің барлығы тез арада Үкіметте қаралуды және тек Алматы қаласы үшін жеке ереженің қабылдануын қажет етеді.

 

Қала бағдарламаларының барлығы көрсетілген мерзім ішінде орындалуы тиіс. Жыл аяғына дейін 625 аула жасалып, Жетісу және Түрксіб аудандарында «Аула» бағдарламасы толығынан аяқталуы қажет.

 

Жалпы «Қала арықтары мен су көздері», жол кептелісі, санитарлық тазалық және басқа да бағдарламалардың орындаулы жіті қадағаланатын болады.

 

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Райымбек-Пушкин-Суюнба й мен Аба й — Ж андосова-С ә тпаев көшелері қиылысындағы екі жол айрығы пайдалануға беріліп, тағы да бес жол айрығының құрылысы басталады. Қараша айында Шығыс айналма жолының алғашқы кезегі беріліп, метроның, 4 автопаркингтің құрылысы одан әрі жүретін болады.

 

Энергетиканы дамыту бағдарламасы бойынша «Орбита» котельныйының бірінші кезегі,Алатау ауданында жаңа екі қосымша станция салу қарастырылып, ЖЭО -1 және 2- ның құрылыстары жалғасатын болады.

 

Жаңа оқу жылы қарсаңында Құлагер мөлтек ауданында мектептер, №104 және №66 мектептерге қосымша құрылыстар салынады. Бұлардан өзге Улжан, Калкаман и Пятилетка Турксиба сынды мөлтек аудандарда 3 мектеп салынады.

 

Үстіміздегі жылы 7 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінің құрылысы аяқталады, 3 мектеп пен 8 бала бақшаның жоба- сметалық құжаттары дайындалады.

 

Денсаулық сақтау саласында 5 аурухана мен екі емхана құрылысы одан әрі жалғасады.

 

Қаланың әкімшілік – территориялық құрылымында да оң өзгерістер қалыптасады. Бұл қалада жаңадан Алатау ауданының пайда болуында да қатысты.Біініші кезекте атқарылатын шаралар жоспары жасалды. Міндет- соларды біртіндеп салиқалы түрде жүзеге асыру. .

 

Жыл аяғына дейін Алматы мен Алматы облысына қатысты Кешенді бағдарлама және қала маңындағ аймақты дамытудың Бас жоспары жасалады.

 

Қала маңындағы аймақты дамыту, 2011 жылғы Азия ойындарын өткізу үшін дайындықты жандандыру, басқа да көкейтесті мсәелелерді орындау үшін Алматы қаласына тағы да қосымшау 9 млрд. тенге бөлу қарастырылуы тиіс. Ол мына өзекті мәселелерге жұмсалатын болады:

 

— Қала маңындағы аймақтың Бас жоспарын жасауға;

 

— «Су сақинасы» жобасының жоба- сметалық құжаттарын дайындауға;

 

— Алғабас мөлтек ауданында тұрғын үй салуға;

 

— қалада тағы да 5 жол айрығының құрылысын салуға.

 

Бюджеттік бағдарламалардың барлық орындаушылары қатаң қаржы тәртібін сақтаулары тиіс. 2009 жылдың бюджетін жасаған кезде жеке шығындар, басқа да өзекті мәселелер басты назарға алынады.

 

Және бір мәселе қала тұрғындарының тұрмыс деңгейінің айырмашылығы үлкен. Бұл орайда келеңсіздіктер орын алып отырғаны шындық. Оны ретке келтіру жолдары қарастырылатын болады.Осы орайда, аудандардың әлеуметтік- экономикалық дамуын бағалайтын монторингтер өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша қала аудандарының бұл мәселеге көңіл бөлуі және алған орындары ала – құла. Сондықтан болашақта қаланы көгалдандыру, абаттандыру сияқты өзекті мәселелер күн тәртібінен түспеуі тиіс.

Алматы қаласының 2008 жылдың 9 айы ішінде әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары

 

Алматы қаласының 2008 жылдың 9 айы ішінде әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары төмендегідей қарқынмен сипатталады:

 

Жыл басынан бері қарай 283,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,9 % -ға төмен.

 

Минералды ресурстар, машина жасау мен оның қондырғыларын шығару, химия өнеркәсібінде төмендеушілік байқалады.

 

Индустриалды–инновациялық даму барысында қалада инвестициялық жобалар одан әрі жалғасып, даму үстінде, мына шаралар жүзеге асуда:

 

— телепрокаттың цифрлы спутниктік жүйесі;

 

— мониторлар мен телевизорлар жасау, «Glotur DS Multimedia» АҚ-ында ғылыми- зерттеу зертханасын құру;

 

— жіңішке пленкалық құрылымды пайдаланып күн батареясының үлгісін жасау;

 

— қатерлі ісікке қарсы «Нормоген» препаратын клиникалық тәжірибеден өткізу;

 

«Медеу – Шымбулак» биік тау шатқалдарындағы курорттарды қайта жасақтау «ГЕГА» логисти калық орталығының құрылысы жүргізу;

 

Негізгі капиталға инвестициялар. Экономикаға капитал бөлу көлемі — 337,9 млрд. тенге, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,3 % -ға төмен.

 

621,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, өткен жылдың қаңтар- қазан айларымен салыстырғанд 19,7 % — ға кем.

 

Алматы халықаралық аэропортының екінші ұшу- қону алаңы ашылды.

 

Қалада көлік кептелісін төмендету барысында бағдарлама жүзеге асуда.

 

Райымбек-Суюнбай -Пушкин; Жандосова-Сәтпаев – Абай көшелерінің бойындағы жол айрығы іске қосылды..

 

Әл-Фараби — Жароков және Саин- Төлеби көшелерінің бойындағы жол айрығының құрылысы жалғасуда.

 

Бұлардан өзге Шығыс айналмалы жолының құрылысы да жүруде. Осының арқасында Талғар және Құлжа трассаларына шығуға болады.

 

14 км жаңа автомобиль жолдары салынып, 74 км жол жиегі жөнделді.

 

Қаланың бірқатар бағдарламалары ойдағыдай жүзеге асуда. Жыл басынан бері қарай 477 аула қайта жөнделді, су және канализация жүйелері қайта жасақталды. Бұл үшін республикалық бюджеттен 321 млн. теңге, ал жергілікті бюджеттен 363 млн. теңге бөлінді.

 

924 ағаш отырғызылды, 3213 п.м. арық көздері мен 900 м. труба желілері тазартылды

 

Үстіміздегі жылы энерг иялық кешенге 48,3 млрд.тенге инвестиция бөлінді.

 

Жергілікті бюджет есебінен 17,3 км жылу желісі жөнделді. ЖМ-2, ЖМ-7, ЖМ-1, ЖМ-4 сияқты төр жылу магистралі қайта жарақтандырылды, сонымен қатар Жібек жолы бойындағы екі жылу магистралінің құрылысы келер жылы аяқталатын болады

 

Қалаға қосылған ауылдарда 6,8 км болатын су және канализация, 60 км электр желілері жүргізілді.

 

Кіші кәсіпкерлік. Бұл саланың белсенді субьектілерінің арқасында 402,0 млрд. теңгенің жұмысы атқарылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1 %- ға төмен.

 

Кіші және орта бизнеске қолдау көрсееу мақсатында «Даму» тұрақты даму қорынан 50 млрд. теңге бөлінді, бұл қаржы 8 серіктес-банктерге аударылып, олар кәсіпкерлікті қаржыландыруды жүзеге асыра бастады.

 

Тұтыну бағалары. Тұтыну бағасының индексі 109,0 %, ал республика бойынша — 108,1 %. Инфляция қызмет көрсету саласында артып отыр.Оның қазіргі деңгейі – на 12,1%. Азық – түлік өнімдері — 8,3% -ға, басқа тауарлар бағасы 6,8% — ға өсті.

 

Азық – түлік тауарларының жекелеген топтары бойынша инвестиция: көкөніс бағасы- 12,7%, крупа – 30,4 %, макарон бұйымдары – 17,4%, ұн- 13%, сүт өнімдері– 10%.

 

Басқа тауарлар бағасы да өсіп отыр: матаның бағасы –11,5%, жуатын және тазартаттын заттар –10 %, киім мен аяқ киім – 8,3- 4,5 %.

 

Тұрмыстық заттар бағасы да 5,8% өсті, жанар- жағар майлар 15,4% -ға қымбаттады.

 

Төлем қызметінің өсуіне тұрғын үй -коммуналдық төлемдер бағасының 9,2% өскендігі әсер етті. Медициналық қызмет 23,3%, мәдени қызмет 23,3%, білім беру қызметі 14,3%, көлік қызметі 17,2% артты.

 

Алматы қаласы бойынша сыртқы тауар айналымы кедендік мәлімет бойынша 13456,8 млн. АҚШ доллар ын құрады, (134,3 % -ға артқан),. экспорт – 4264,2 млн. АҚШ долл. (1,8 есе аз), импорт – 9192,6 млн. АҚШ долл. (120,0%.). Алматы қаласының сыртқы сауда айналымының кері сальдосы 4928,4 млн. АҚШ долл. құрайды.

 

Салық пен бюджет. Мемлекеттік бюджетке 507,7 млрд. тенге (болжам 88%) жиналды, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,0 %- ға төмен. Республикалық бюджет түсімі 377,0 млрд. тенге (болжам 84,6 %), жергілікті – 130,7 млрд. тенге (болжам 99,2%).

 

НДС- тің төмендеуі республикалық бюджет түсімін төмендетті. Кедендік жиналым мен акциздер 22,9% и 25,5% и 13,3% құрады.

 

Коммуналдық жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен түсім артты, (7,3% -ға), жер учаскесін пайдалану (26% ға), қоршаған ортаға салынған айып- пұлдан түсім (33,5% -ға), жеке тұлғалар салығы (8,1% -ға), жеке және заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерден түскен салық (29,9% және 16,0% -ға) жеткен.

 

Әлеуметтік сала

 

Тұрғындар табысының артқандығы байқалады. Алматы қаласы бойынша орта табыс адам басына шаққанда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,8 % -ға өскен.

 

Қыркүйеек айында орташа жалақы 89632 те ң ге болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 13,5 % -ға артқан.

 

Жұмыссыздық деңгейі 0,4% -дан аспайды. Есепте тұрғандар саны – 3 мың адам, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28% -ға төмен.

 

Есепті кезең ішінде 3956 адам қоғамдық жұмысқа қамтылды.

 

2006 жылы құрылған Еңбек биржасы белсенді жұмыс істейді. Жергілікті бюджет есебінен «Рынок труда города Алматы» газеті шығады және интернетте арнайы сайт та бар.

 

Қаланың әр ауданында бос қызмет орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 200 –ден астам жұмыс беруші қатысты, 8,8 мынан астам бос орын ұсынылды.

 

Э кономик аның барлық саласында 10,0 мың жаңа орын ашылды, соның ішінде кіші бизнесте — 6,4 мың жұмыс орны.

 

Арнайы әлеуметтік көмек көрсету аясы кеңіді. Қаланың барлық аудандарында тұрмысы төмен отбасылар тіркелген мониторингтер бар.

 

Жыл басынан бері қарай мұндай әлеуметтік көмекті 4,1 мың азамат алды, жалпы сома- 112,2 млн. те ң ге.

 

Арнайы қалалық көмекті 132,2 мың зейнеткер алады, бөлінген жалпы сома- 1429,6 млн. те ңге.

 

Материалдық көмекке өте зәру жандарға бір рет жергілікті бюджеттен ақша беріледі, оның жалпы сомасы — 15,8 млн. тенге.

 

Тұрғын үй- коммуналдық төлемге де компенсация беріледі, бұны- 8,2 мың адам алды, жалпы сомасы — 191,1 млн. тенге.

 

Жыл басынан бері қарай қайырымдылық акциясына 20,6 мың адам қамтылды. Оның жалпы сомасы- 37,7 млн. тенге.

 

Жанұяларды әлеуметтік қорғау мақсатында әрі үйлерінде мүгедек жандары барларға жергілікті бюджеттен 6,5 айға шаққанда ақшалай көмек көрсетілді. 315 балаға 6,7 млн. тенге көмек ақша берілді..

 

Қалада әлеуметтік нысандарды салуға ерекше көңіл бөлінеді. 360 орындық жаңа интернат үйінің құрлысы басталды, оның жобалық құны — 3,5 млрд.тенге.

 

Денсаулық сақтау

 

 

 

Биыл денсаулық нысандарын салу үшін республикалық бюджеттен 3780,7 млн. тенге (5 нысан) бөлінген, 1қазанда оның– 2045,7 млн. тенгесі (60,7%) игерілді.

 

Соның ішінде «Строительство 100 больниц» жобасына 3027,86 млн. тенге (4 нысан), оның ішінде мыналар бар :

 

— 200 төсектікқалалық көппрофильді балалар ауруханасы ;

 

— 300 төсектік қалалық көп профиль ді аурухана ;

 

— 260 төсектік ауданаралық туберкулез ге қарсы диспансер ;

 

— 150 төсектік қалалық перинаталь ді орталық.

 

Денсаулық сақтау нысандарының жер сілкінісіне төзімділігін нығайтуға (№7 МҚК қалалық клин калық аурухана) 1000,0 млн. тенге бөлінді, оның 885,6 млн. тенге сі (88,5%) игерілді.

 

2008 жылы жергілікті бюджет есебінен «Ж ұ лдыз» мөлтек ауданында 350 орынды жедел жәрдем ауруханасын салуға 2404,1 млн. тенге бөлініп, оның 1738,0 млн. тенге сі (72,3%) игерілді.

 

12 аурухана, 6 дәрігерлік амбулатори я мен 8 қалалық емдеу -профилакти калық ұйымдары күрделі жөдеуден өтті, бөлінген қаржы- 926,7 млн. тенге.

 

медициналық нысанның ПСД-іне 9,5 млн. тенге. 966,1 млн. тенге бөлініп, 72 қалалық емдеу –профилактикалық мекемеге қажетті құрал –жабдықтар алынды.

 

Білім беру

 

Бұл жүйенің нысандарын салуға республикалық бюджеттен трансфертік мына сома- 1611,1 млн. тенге (6 нысан) бөлінді, 1 қазанда оның – 1592,7 млн. тенге сі (98,9%) игерілді.Осы қаржы есебінен 5 бала бақшасының құрылысы жүріп жатыр, олар «Шанырак», «Шанырак-2», «Мамыр», «Кулагер» мөлтек аудандары мен Райымбек – Казаков көшелерінің бойында бой көтереді, сонымен қатар «Құла гер де» мектеп салынуда.

 

Мектептердің жер сілкінісіне төзімділігі күшейтілді, бұл мақсатқа республикалық бюджетен 1815,8 млн. тенге бөлінді, қаржы 100% -ға игерілді.

 

«Строительство 100 школ» жобасы бойынша «Ұлжан», «Қалкаман», «Әйгерім», «Пятилетка Турксиба» мөлтек аудандарында 4 мектеп салынады, оларды қаржыландыру 2009 жылы жүзеге асады.

 

Жергілікті бюджет есебінен «Камаз-Центр де» мектеп құрылысы басталды, 3 бала бақшасы. «Жетысу-3», «Улжан», «Камаз-центр» мөлтек аудандарында салынады. №66 мектепте қосымша нысан салынды, №1 04 мектеп – интернаттың жанынан салынып жатқан осындай нысан құрылысы аяқталып қалды. 51 нысанда 1472,8 млн.тенг е тұратын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның 1295,1 млн.тенге сі (88%) игерілді.

 

Бұлардан өзге білім беру объект ілерінің сілкініске төзімділігін күшейту үшін жергілікті бюджет ен 747,4 млн. тенге бөлінді, оның 575,6 млн.тенге сі (77%) игерілді.

 

Жеке инвесторлар қаржысымен Hailey bury school мектебі ашылды.

 

Әрбір 20 оқушы компьютермен қамтылған. Барлық білім жүйелері интернетке қосылған. 177 информац иялық -коммуникациялық орталық жасақталды.

 

Азық- түлікпен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шарушылығы министрлігі, Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің арасында азық – түлік белдеуі құрылды. Меморандумға қол қойылып, ол өз нәтижесін бере бастады.

 

Осы келісім аясында Алматы мен Талғар қалаларында жылыжай салу қолға алынбақ. Қазір оның жобасы қарастырылу үстінде.

 

Қалада Алматы облысының фермерлері үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Бұлардағы баға нарықтан — 10-15% -ға төмен.

 

«Гега» логисти калық орталық салынады. Бұл жоба жүзеге асқанда азық- түлік өнімдері бұзылудан сақталып, санитарлық- гигиеналық талап жүзеге асады. Қалада бағасы төмен «Арзан, «Магнум», «Ак-бас» сияқты дүкендер жүйесі қалыптасты.

 

Алматы еліміздің аса ірі сауда орталығы болып табылады. Мұнда республика бойынша тауар айналымының 50 пайызы жүзеге асады. Бөлшек сауда да биыл тауар айналымы 3,7 % -ға, көтерме саудада 12,8% -ға төмендеген.

 

Соған қарамастан тұтыну рынаогында ет,балық, өсімдік майынан басқа тауарларға деген сұраныс жоғары.

 

Алматы қаласында бағасы төмендеген тауарлардың үлес салмағы- 26%. Оның 18% -ын ұсталған көлік және басқа да заттар құрайды.

 

Тауар бағасының және оларға деген сұраныстың төмендеуі қазіргі экономикалық дағдарыстан туындап отырғаны жасырын емес. Қазіргі кезде халықтың нақтылы табысы 23 % -тен 13,9% -ке төмендеген. Соның салдарынан, егер өткен жылы инфляция 112,2% болса, биыл — 123%.

 

Сонымен қатар, түрлі тауарларды алу үшін банктік сектордың несие беруді 2,2 есеге төмендеткені де кері әсерін тигізуде.

 

Тауардың тұрақтап қалуы бөлшек сауда мен көтерме саудаға да кері ықпалын тигізіп, олар ұзақ уақыт сатылмайды. Мысалы, 1 тамызда мұндай тауарлар құны — 156,8 млрд. теңгеге жеткен, тұрып қалған тауар 1,3 есеге өскен. Бөлшек саудада тауар 51 күнде жеткізілсе, көтерме саудада – 47 күн.

 

Алматы қаласының Бас жоспары

 

 

 

 

 

№  

Атауы     

Мекен-жайы, телефон         

Жетекші аты-жөні

 

ТЕАТРЛАР

 

Мемлекеттік

 

  1.  

Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театры  

Қабанбай батыр көшесі,110 тел.72-44-41 тікелей 72-84-45, 72-79-63   

Оразғалиев Қуаныш Ғабидоллаұлы

 

  1.  

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театры    

Абай даңғылы,103 тел. 92-53-00  

Дир./көрк.жетекші Обаев Есмұхан Несіпбайұлы

 

  1.  

М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық театр

Абай даңғ. 43 тел. 67-31-45, 67-31-31    

Дир. Якушев Юрий Александрович

 

  1.  

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қазақ Мемлекеттік академиялық театры  

Абылайхан даңғ.,38 тел. 71-40-56, 71-38-12, 73-22-48       

Мейрамов Тілектес Уәхитұлы

 

  1.  

Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс Мемлекеттік академиялық театры    

Шаляпин көшесі, 22 тел. 21-43-10, 28-42-35   

Горобец Наталья Григорьевна

 

  1.  

Мемлекеттік республикалық неміс драма театры    

Сәтпаев көшесі, 64 тел. 46-57-75, 46-57-74     

Калинина Татьяна Владимировна

 

  1.  

Мемлекеттік қуыршақтар театры

Пушкин көшесі,63 тел.73-56-56, 73-69-21      

Юсупов Мәдениет Мұғалінұлы

 

  1.  

Мемлекеттік республикалық кәріс музыкалық комедия театры

Папанин көшесі, 70/1 тел. 95-56-27, 90-95-48

Ни Любовь Августовна

 

  1.  

Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры         

Наурызбай батыр көшесі,83 тел. 61-18-17, 61-50-72

Ахмадиев Мұрат Абдраимұлы

 

Мемлекеттік емес

 

  1.  

Жаңа сақына    

Панфилов көшесі, 103 тел.73-57-66, 73-58-46

Преображенский Борис Николаевич

 

  1.  

«Сезам» ростовті қуыршақ театры        

Абай даңғылы,103 тел. 92-03-60, 92-33-07      

Баянов Қайрат

 

  1.  

«Зазеркалье» қуыршақ театры     

Әуезов және Төле би көшелерінің қиылысы, тел. 77-89-30, 46-58-83   

Найбо Надежда Павловна

 

  1.  

«Седьмая грань» жастар театры  

Төле би/Сейфуллин «Продкорпорация» подвалы тел. 64-37-83, 46-74-70, 79-69-54     

Багрянцев Александр Владимирович адм. Вздор Маргарита Викторовна

 

  1.  

«АртиШок» эксперимеенталды театр   

Қонаев көшесі,49, тел. 73-69-54   

Насальская Вероника Николаевна

 

  1.  

«Б. Ибраимовтың сатира және күлкі театры» ЖШС

Тимирязев көшесі, 28         

Ибраимов Бауыржан Сабдалиевич

 

  1.  

«Терісқақпай» комедия театры    

Абылайхан даңғ., 83 (Қазақконцерт имаратының ішінде), тел. 79-91-16       

Дархан Дәйірбек Амантайұлы

 

Концерттік-көріністік ұйымдар

 

Республикалық

 

  1.  

Республика Сарайы  

Абай атындағы алаң, тел. 91-55-18, 91-43-00  

Смағұлов Хасен Мұсаұлы

 

  1.  

«Қазақконцерт» Қазақ Мемлекеттік гастрольды-концерттік бірлестік»        

Абылайхан даңғ., 83, тел. 79-30-48        

Қоразбаев Алтынбек Қоразбайұлы

 

  1.  

«Спортивно-культурный комплекс» ЖШС (бұрынғы «Б. Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы»)        

Абай даңғ.,144, тел. 92-20-51, 92-33-33

Захарин Юрий Кузьмич

 

  1.  

У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер Сарайы     

Әл-Фараби көшесі, 71, тел. 47-26-03, 47-26-04         

Дир. Долговязов Игорь Алексеевич

 

  1.  

Ж.Жабаев атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы   

Ш. Қалдаяқов көшесі, 35 тел. 91-75-21, 91-73-25     

Өтеуов Мұхтар Жанашұлы

 

Қалалық

 

  1.  

«Казгосцирк»  

Абай даңғ.,50, тел. 47-22-21, 47-92-60   

Бөлебеков Қадірхан Әкішұлы

 

  1.  

Алматы зоологиялық паркі

Есенберлин көшесі, 166, тел. 91-37-19, 91-38-17      

Әлменбаев Көмек Мұқашұлы

 

Ұжымдар

 

Республикалық

 

  1.  

ҚР-ң Мемлекеттік симфониялық оркестрі      

Ш. Қалдаяқов көшесі, 35 тел. 91-71-49

Көркем. жетекші Әбдірашев Төлепберген Әбдірашұлы

 

  1.  

ҚР-ң үрмелі оркестрі

Ш. Қалдаяқов көшесі, 35 тел. 91-23-95

Көркем. жетекші Ахметов Қанат Мугинович

 

  1.  

«Отырар сазы» Мемлекеттік фольклорды-этнографиялық оркестрі     

Ш. Қалдаяқов көшесі, 35 тел. 91-75-41

Көркем. жетекші Бегендіков Жалғасбек Әмірханұлы

 

  1.  

Б. Байқадамов атындағы хордық капелла       

Ш. Қалдаяқов көшесі, 35 тел. 91-39-61

Көркем. жетекші. Демеуов Бейімбет Кеңесбайұлы

 

  1.  

Құрманғазы атындағы халық инструменттері Мемлекеттік академиялық оркестрі          

Бөгенбай батыр көшесі,158 тел.92-64-62, 92-53-26  

Мүсірепов Еркебұлан Саламатұлы

 

  1.  

ҚР-ң Мемлекеттік академиялық классикалық би театры   

В. Радостовец көшесі, 42 тел. 43-09-24, 77-86-91     

Аюханов Болат Ғазизұлы

 

  1.  

«Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі   

Бөгенбай батыр көшесі,158 тел.92-64-62, 92-53-26  

Көркем. жетекші Орымбаева Гүлсәуле Әбдіқадірқызы

 

  1.  

 

 

«Гүлдер» Мемлекеттік ансамблі  

Ре c публика Сарайы Абай алаңы тел. 91-58-38, 91 52 04  

Дир. Болманов Қыдырәлі Нұртайұлы

 

Қалалық

 

  1.  

«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі      

Жібек жолы,115

 

тел. 79-70-53    

Дир. Тілегенов Бағдат Беспайұлы

 

  1.  

Алматы қаласы Әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі     

Бөгембай батыр көшесі, 158 тел. 91-23-95      

Ахметов Қанат Мүдинұлы

 

  1.  

Алматы қаласы Әкімінің концерттік оркестрі

Әуезов көшесі,82, тел. 77-96-70   

Көркем. жетекші Серкебаев Мұрат Бекмұхамедұлы

 

  1.  

«Самрук» осы заманғы балеті      

Абай даңғ., 103 ( М.Әуезов атындағы Қаздрамтеатр ғимараты)

Адамова Гуля Владимировна

 

МҰРАЖАЙЛАР

 

Мемлекеттік республикалық

 

  1.  

ҚР-ң Орталық Мемлекеттік мұражайы

Самал,1 ықшам ауд., тел.64-22-00, 64-44-55   

Әлімбай Нұрсан Әлімбайұлы

 

  1.  

А.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы  

Сәтпаев көшесі, 30 А, тел. 47-82-49, 47-65-18, 47-60-96    

Ұморбеков Байтұрсын Есқанұлы

 

  1.  

Ықылас атындағы Республикандық халық аспаптары мұражайы        

Зенков көшесі, 24, тел.91-63-16,91-75-17        

Қожахмет Хасен Кәріпжанұлы

 

  1.  

С.Мұқанов және Ғ. Мүсірепов атындағы Республикандық әдеби-мемориалды мұражай кешені  

Төлебаев көшесі,125 кв.3 тел. 72-59-12, 72-82-86     

Қайырбеков Әділғазы Жақсылықұлы

 

  1.  

Республикандық кітап мұражайы

Қабанбай батыр көшесі, 94 тел. 61-20-09, 61-11-04  

Қапалбеков Нағашыбек Қапалбекұлы

 

  1.  

М.Әуезов атындағы әдеби-мемориалды үй-мұражайы      

Төлебаев көшесі,185 Абай даңғ. Қиылысы, тел. 61-22-77, 61-74-41     

Қонаев Диар Асқарұлы

 

  1.  

Археология мұражайы       

Достық даңғ.44, тел. 91-85-85, 91-86-32

Бектүреева Роза Әбутәліпқызы

 

Мемлекеттік емес

 

  1.  

Ж.Шарденов атындағы «Ұмай» өнер мұражайы      

Наурызбай батыр көшесі,108 Қарасай батыр көшесінің қиылысы, тел. 72-92-16, 72-31-74    

Стрижегодская Светлана Валерьевна

 

Қалалық

 

  1.  

Алматы тарихи-өлкетану мұражайы     

Наурызбай батыр көшесі,108, тел. 61-37-01, 61-03-59       

Әуезов Ерболат Күдрянұлы

 

  1.  

Д.Қонаев атындағы Үй-мұражайы        

Төлебаев көшесі,117, тел.61-42-69        

Батталханов Болысбек Заманбекұлы

 

КІТАПХАНАЛАР

 

Республикалық

 

  1.  

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы  

Абай даңғ.,14, тел. 67-28-84 тікелей,67-28-83,67-28-77     

Әуезов Мұрат Мұхтарұлы

 

  1.  

С.Бегалин атындағы республикандық балалар кітапханасы       

Төле би көшесі,27, тел. 91-40-52, 91-33-57     

Раева Софья Құмарқызы

 

  1.  

Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы

Фурманов көшесі, 43, тел.91-14-02 тікелей, 71-14-99, 71-33-57  

Абузарова Жанна Шакировна

 

  1.  

Республикалық техникалық кітапхана  

Мұқанов көшесі, 233, тел. 68-26-79, 68-28-70

Урмурзина Кама Ғазизқызы

 

  1.  

Соқыр және көзі нашар көретін азаматтарға арналған республикандық кітапхана          

Бөгенбай батыр көшесі, 214 тел. 93-70-80, 93-56-75

Балғожина Гүлбаршын Рахымберлинқызы

 

  1.  

ҚР-ң білім және ғылым Министрлігінің орталық ғылыми кітапханасы         

61-00-37, 72-83-41     

Әбуғалиева Күлжехан Күлшәріпқызы

 

Қалалық

 

  1.  

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі          

Гоголь көшесі, 109, тел.79-84-88, 79-40-52     

Абирова Күләш Нұрғалиқызы

 

  1.  

А. Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана       

Гоголь көшесі, 109, тел.79-84-88

Баймолдина Лейла Сәбитқызы

 

  1.  

И. Крылов атындағы орталық қалалық балалар кітпаханасы      

Әуезов көшесі,175, тел. 74-74-16

Жақанова Баянды Қасымбаевна

 

  1.  

№ 45 көпшілік кітапхана    

Қарасу ауылы (№164 мектеп ғимаратында тел. 79-45-76)

Сәрсенбиева Ғафира

 

  1.  

Балалар кітапханасы филиал № 24        

Сейфуллин даңғ., 264         

Тағыбек Гүлашар Бітанқызы

 

  1.  

Көпшілік кітапхана филиал № 44

Трудовик ауылы Центральная көшесі,10 (мәдеениет үйі ғимаратында тел. 97-62-90)    

Сухих Мария Ивановна

 

  1.  

Аудандық көпшілік кітапханасы №14 филиал         

Римский-Карсаков көшесі,3 тел.92-74-41       

Бейсембаева Сламхан Тәлібайқызы

 

  1.  

Аудандық балалар кітапханасы № 29 филиал

Орбита-4, ықшам ауд.10 үй, тел. 20-53-44      

Қабиева Роза Қасымбековна

 

  1.  

Аудандық көпшілік кітапханасы № 4 филиал

Абай даңғ.141, тел.42-07-54, 42-08-44   

Иманбаева Сағын Каденовна

 

10  

Көпшілік кітапхана № 20 филиал

Мечникова көшесі,66, тел.92-24-56       

Бакаева Людмила Григорьевна

 

11  

Балалар кітапхана № 33 филиал   

Төле би,160, тел. 42-12-47  

Архипова Анна Степановна

 

12  

Қазақ жазушыларының кітапханасы     

Алтынсарин даңғ.37, тел. 28-14-66        

Агайса Елена Жамеловна

 

13  

Аудандық балалар кітапханасы № 18 филиалы        

№ 2 ықшам ауд.,хозблок,66 тел 26-09-12        

Қонақбаева Сәуле Ғабдырахманқызы

 

14  

Аудандық көпшілік кітапханасы № 6 филиал

Талгарская, 32, тел. 31-05-68       

Сычева Наталья Михайловна

 

15  

Көпшілік кітапхана № 27 филиал

Достық даңғ.,103 «Ұлан» гвардиясының ғимарат.   

Дүйсебаева Сәуле Жазықбекқызы

 

16  

Көпшілік кітапхана № 31 филиал

Алатау ауылы Ленин көшесі,1 тел.54-66-33   

Климчук Ольга Степановна

 

17  

Көпшілік кітапхана № 32 филиал

Достық даңғ., 42 б, тел. 91-78-48

Баймағамбетова Айша Баймағамбетқызы

 

18  

Көпшілік кітапхана № 37 филиал

Каменское плато, Байконурская, 134    

Еремеева Зинаида Федоровна

 

19  

Аудандық балалар кітапханасы № 39 филиалы        

Достық даңғ., 114, тел. 64-18-54  

Бейсенбаева Лазго Мұхаметжанқызы

 

20  

Аудандық көпшілік кітапханасы № 1 филиал

Толстой,36 тел.35-12-62     

Бердыбекова Гүлнар Асылбековна

 

21  

Көпшілік кітапхана № 10 филиал

Ш.Руставели, 3, тел.30-20-51       

Тілеуғұлова Динара Түкетайқызы

 

22  

Көпшілік кітапхана № 15 филиал

Земнухова,44 тел.36-86-31

Копьева Галина Викторовна

 

23  

Аудандық балалар кітапханасы № 26 филиалы        

Сейфуллин даңғ.,102, тел. 35-63-13       

Абсалықова Светлана Жәмелқызы

 

24  

Аудандық балалар кітапханасы № 30 филиалы        

Дөнентаев,2а тел. 51-90-08

Прохватилова Татьяна Епифановна

 

Көрмелер және көркемдік галереялары

 

Мемлекеттік

 

1    

Орталық көрме залы

Желтоқсан,137 Жамбыл көш. Қиылысы тел.67-40-22       

Мартышева Татьяна Павловна

 

Мемлекеттік емес

 

1    

«Теннгри-Умай»       

Абай даңғ.,43 тел. 67-31-49, 58-11-52    

Филатов Владимир Аркадьевич

 

2    

Трибуна

Республика алаңы,14а, 50-80-60  

Әсербеков Болат Нұртажанович

 

3    

«Улар»   

Құрманғазы, 29 ғалымдар үйі 72-47-83

Маркович Юрий Эдуардович

 

4    

АРК        

Достық даңғ.,240, тел.58-40-66,58-40-68         

Малиновская Елизавета Григорьевна

 

5    

АРТ-Нават       

Зенкова, 25 Бөгенбай батыр көш. қиылысы 91-56-32, 91-18-33  

Хасенова Лариса Ертасовна

 

6    

«Вояджер»       

Байтұрсынов көш., 159, тел.92-67-79    

Юферова Ирина Петровна

 

7    

«Ою»      

Сәтпаева,29/6, тел. 50-97-91         

Шалабаева Гүлмира Кенжеболатова

 

8    

«К.арт.ина»      

Әуезов көш.,116 Бұхар жырау көш. қиылысы, тел. 75-34-55, 75-45-66

Пахомова Инна Николаевна

 

9    

«Көркем түс»   

ВДНХ «Атакент» Павильон 7А, тел. 75-58-11         

Денякина Татьяна Васильевна

 

10  

Көркемдік-нимизматикалық салон        

Маречека көш.22а, тел. 76-42-80 тікелей.

 

76-27-15

Каланджиди Юрий Харламович

 

11  

«София» көркемдік-нимизматикалық салоны

Гоголь көш.,115 Наурызбай батыр Чайковсккий көш. арасында 78-06-88     

Астафьева Людмила Степановна

 

12  

«Алма-Ата» Арт-орталығы

Сүйінбай,151, Баянаульская қиылысы, тел. 78-71-23        

Смағұлова Мәдина Амангелдіқызы

 

Шығармашылық Бірлестіктер

 

1    

Қазақстан жазушыларының бірлестігі  

Абылайхан,105, 61-62-95, 61-59-40       

Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы

 

2    

Композиторлар бірлестігі   

Төлебаев,17, тел.72-9-37     

Еркінбеков Серік Жексенбекұлы

 

3    

Суретшілер бірлестігі         

Әйтеке би,56, Тел. 61-49-41, 61-77-72, 61-48-70       

Мергенов Еркін Тілекұлы

 

4    

Дизайнерлер бірлестігі       

Қазыбек би,39, Тел. 91-16-69, 91-40-26, 91-10-91     

Сүлейменов Тимур Бимашевич

 

5    

ҚР-ң театрлық ғұламалар бірлестігі      

Жібек Жолы, 135, Тел. 33-38-37, 33-84-37      

Жуасбеков Еркін Тілеуқұлұлы

 

6    

ҚР-ң архитекторлар бірлестігі     

Абылайхан даңғ. 91, 79-35-45 тікелей, 79-33-80       

Рүстембеков Ақмырза Исаұлы

 

7    

Кинематографистер бірлестігі     

Қазыбек би, 20, тел. 91-18-51, 72-53-23

Әшімов Асанәлі Әшімұлы

 

8    

ҚР-ң музыкалық ғұламалар бюірлестігі

Қалдаяқов,35 тел.72-84-45  

Байжанова Альфия Усманқызы

 

9    

Журналистер бірлестігі      

Фурманов көш. 67-00-90 тікелей, 67-03-63     

Матаев Сейтқазы Бейсенғазыұлы

 

КИНОТЕАТРЛАР

 

Мемлекеттік емес

 

 

«Отау Синема» компаниясы ЖШС       

Достық даңғ.,43        

Бас директоры Малдыбаев Алмаз Бахытбекұлы

 

«Отау Синема» компаниясы ЖШС

 

1    

«Искра»

Достық даңғ.44, тел.50-50-15       

Адм. Ысқақбаева Ақжарқын Шайхетқызы

 

2    

«Алатау»         

Төле би,41       

Адм. Ракишева Маргарита

 

3    

«Сарыарка»     

Алтынсарин даңғ.,24

Адм. Дәуренбекова Шайзат Қайырбекқызы

 

4    

«Байқоңыр»     

Орбита-4 ықш. ауд. Мұстафин көш. 5а, 294288       

Адм. Алпысбаева Жанна

 

Құлтановна

 

5    

«Целинный»    

Масанши, 59 50-79-90        

Адм.Мұхамедиева Бахытгүл

 

6    

«Номад»

Фурманов, 226 «Рамстор»СО 58-76-00

Адм. Ысқақова Аида Шайхистанқызы

 

 

« SAVUAR »ЖШС   

Абылайхан даңғ.103, 72-72-42     

Бас директоры Рахметуллин Серік Жамбылұлы

 

 

« SAVUAR » ЖШС   

 

 

 

7    

«Арман» АҚ    

Достық даңғ.104, тел.54-22-32     

Адм. Оқысханова Балғайша Оқысханқызы

 

8    

«Цезарь»

Фурманов, 50, тел.73-21-22

Адм. Григорьев Валерий Владимирович

 

9    

«Родина»         

Мәдениет және демалыс орталық паркі тел.30-01-11        

Адм. Ветров Сергей Николаевич

 

«Қазақстан» кинотеатры ЖШС

 

10  

«Қазақстан»     

Сейфуллин, 519, тел.39-79-50      

Қасымжанова Раиса Самасәлиқызы

 

11  

«Шұғла»

Сейфуллин,52 тел.47-50-36

Ештаев Ерғали Камединович

 

« SILK WAY » ЖАҚ

 

 

« SILK WAY CITY CINEMA »    

Төле би,71 67-74-86  

Дир. Кесікбаев Таирғали Сапарғалиұлы

 

« ICS GROUP » ЖШС

 

 

« PROMENAD CINEMA »  

Абай даңғ. 44а, тел.70-07-28, 70-07-29,

 

50-36-83

Бас дир.Тәңірбергенов Бахытбай Аманбайұлы

 

Мемлекеттік

 

 

«Қазақфильм» ұлттық компаниясы       

Әл-Фараби даңғ.176, 48-27-24, 48-22-11         

Азимов Сергей Жумабаевич

 

Парктер

 

1    

Мәдениет және демалыс орталық паркі

Гоголь көш., Тел. 30-84-25, 30-84-52, 30-63-93        

Сидельковский Леонид Семенович

 

2    

«Фэмили парк»         

4 ықшам ауд. Абай- Алтынсарин қиылысы, Тел. 76-03-48, 76-30-38    

Рахматуллин Равиль Максутович

 

3    

«Ерке» аттракциондар паркі        

Абай даңғ.50, Тел. 47-50-36, 47-50-38   

Ештаев Ерғали Камединович

 

4    

«Алматы қиял әлемі» технопаркі

Абай даңғ.50а, Тел. 47-61-11, 47-62-02, 47-61-09     

Ақпанбетов Марат Құлахметұлы

 

 

 

Жолдарды күрделі жөндеу

 

Алматы қаласы бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерегіне сәйкес асфальтті жолдардың жалпы ұзындығы 1509,21 шақырымды құрайды.

 

Қала жолдарының жөндеу аралық мерзімі 12 жыл. Жылына жалпы ұзындықтан 8,33 км-ді жөндеу қажет немесе ол 125,7 шақырымға тең.

 

1999 — 2004 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 166,16 шақырымға созылған 58 нысан жөндеуден өтті.

 

2004 жылы жалпы ұзындығы 10,55 шақырымды құрайтын 4 нысан күрделі жөндеуден өтті, атап айтқанда, олар:

 

Абай даңғылы (Алтынсарин — Абай) ұзындығы 1,25 шақырым.

 

2005 жылы 6 нысан күрделі жөндеуден өтеді, олардың жалпы ұзындығы 13,3 шақырым. Нормативтен 112,3 шақырым артта қалушылық байқалуда.

 

2005 жылы күрделі жөндеуден өтетін нысандар:

 

№  

Нысанның атауы       

Ұзындығы, шақырым

 

  1.  

Райымбек даңғ-ы (Пушкина – Т әт т і беков)  

0,7

 

  1.  

Т ә т і бекова көш. (Райымбек – Халиуллин)  

2,0

 

  1.  

Халиуллин көш. (Тәттібеков – жолайрық )     

1,1

 

  1.  

Момыш ұ лы көш (Шаляпин – Т ө ле би)        

3,4

 

  1.  

Шаляпин (Саина – Сатпаев)         

2,1

 

  1.  

« Қ ал қ аман» ықшам ауданындағы Әуезов көшесі

4,0

 

Барлығы:         

13,3

 

 

Өнеркәсібі

 

2005 ж. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, қала аумағында 1668 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 — ірі және орта (қызметкер саны 50 адамнан асады), жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі — 77,7%. Жалпы алғанда, қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өндірісін 2004 ж. алдыңғы жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты.

 

2004 жылы қалада жалпы құны 169563,2 млн. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл 2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда 113,4 % құрады, ал қаржылық емес сектор бойынша 168274,7 млн. теңге- 113,4 %.

 

Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша өндірілген өнімнің көлемі есеп беру кезеңіне 156311,8 млн. теңгеге жетті, физикалық көлемінің индексі 116,6% құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады. Тау — кен өнеркәсібінің үлесі-0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру, газ және су үлесі −7,7%.

 

Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар:

Азық-түлік өнеркәсібі-38,0%;

Көлік жасау-15,4%;

Целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп және баспа ісі-10,3%;

Кен өнеркәсібі-10,3%;

Құрылыс заттарын өндіру-7,6%

 

Жалпы қала бойынша өнімнің 63,7% азық-түлік саласына, целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп пен баспа ісі, көлік жасау салаларына келеді.

 

2004 ж. өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың саны 48750 адам болды. Орта айлық табыс 2003 жылмен салыстырғанда 19,9% өсіп, 36,1 мың теңгені құрады.

 

2004 жылы қаланың өнеркәсіп орындарында өндірістің дамуына, негізінен, жаңа құрал-жабдық, жаңа технологиялар алу үшін және өнімнің жаңа түрін өндіруге 15,0 млрд. теңге инвестиция салынды.

 

2004 жылы полиграфилық өнім, темірден, ағаштан және металлопластикадан жасалатын бұйымдар, сусындар өндіретін, сүт өнімдері және т.б. бойынша 44 жаңа өндірісі енгізілді.

 

35 кәсіпорындарында жаңа технология бағыттары енгізілді және өнімнің жаңа идеялары меңгерілді. Осының барлығы 2004 жылы 2837 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

 

Қандай да болмасын кәсіпорынның ішкі немесе халықаралық нарығында жетістігін қамтамасыз етудегі негізгі әдіс ИСО 9000 және т.б. сапасындағы менеджмент жүйесін енгізу болып табылады. Бүгінгі күні 54 өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіру жүйелеріне сапа менеджменті жүйесін енгізді.

 

[өңдеу]

Тасымалдау

 

Алматы қаласы бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерегіне сәйкес асфальтті жолдардың жалпы ұзындығы 1509,21 шақырымды құрады.

 

Қала жолдарының жөндеу аралық мерзімі 12 жыл. Жылына жалпы ұзындықтан 8,33 км-ді жөндеу қажет немесе ол 125,7 шақырымға тең.

 

1999 — 2004 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 166,16 шақырымға созылған 58 нысан жөндеуден өтті.

 

2004 жылы жалпы ұзындығы 10,55 шақырымды құрайтын 4 нысан күрделі жөндеуден өтті, атап айтқанда, олар:

 

Абай даңғылы (Алтынсарин — Абай) ұзындығы 1,25 шақырым.

 

2005 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Алматы қаласында жолаушыларды тасымалдаумен 196 бағыт бойынша 49 кәсіпорын айналысады (заңды тұлғалар), оның ішінде жеке меншік нысандағы сегіз автобус паркі бар

 

2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша қалада жолаушылар тасымалдайтын 63 жеке меншік таксомоторлық кәсіпорын тіркелген, олардағы жалпы жеңіл көлік саны 698.

 

[өңдеу]

Сауда

 

2004 жылғы тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыруды санамағанда) 428,9 млрд. теңге құрады және 2003 жылға қарағанда 22,2% өсті.

 

Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы жалпы тауар айналымының 34,4% (130,9млрд. теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың физикалық көлемінің индексі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Тауар айналымының көп бөлігі орта және шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.

 

Жекеменшік кәсіпорындар арқылы сатылған тауар айналымы және киім, аралас, азық-түлік базарларындағы саудадан салық түрінде 419,9 млрд. теңге (97,9%) алынды, заңды тұлға және шет ел мемлекеттер азаматтарының қызметінен — 8973,1 млн. теңге (2,09%), мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан — 47,2 млн. теңге (0,01%) алынды.

 

Есеп беру кезеңінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен 6754,7 млн. теңге көлемінде өнім өткізілген. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 25,0% артық, олардың көп бөлігі шағын және орта кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі. Олардың үлесі тиісінше 45,6 және 44,5%.

 

Көтерме сауда айналымы 2004 жылы 522,7 млн. теңгені құрады. Бұл қазіргі бағада 2003 жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Шағын және орта кәсіпорындар үлесі тиісінше тауар айналымы сәйкесінше — 57,6 және 41,5 %.

 

2005 ж. 01 қаңтарына қарағандағы мәлімет бойынша Алматы қаласында 5140 сауда, қоғамдық тамақтандыру және қамтамасыз ету кәсіпорындары бар:

Өнеркәсіп және азық-түлік тобы-2922;

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары-1119;

Тұрмыстық қызмет көрсету-1021;

Базарлар-76.

 

Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы 69484 адам жұмыс істейді.

 

[өңдеу]

Аймақтық қаржы орталығы

 

Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған болатын және алғаш рет 2004 жылдың қараша айында Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария етілді.

 

2005 жылы Қазақстан Үкіметімен Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға қатысқан «Boston Consulting Group Inc.» компаниясы шақырылды.Бұл компанияның басты мақсаты қаржы нарығын дамытуда артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, құрылатын қаржы орталығында құқықтық, инфрақұрылымдық, басқару позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.

 

Бүгінгі күні эмитенттер, қатысушылар, сондай-ақ, арнайы сауда алаңында Қазақстанның барлық аймақтарынан дара инвесторлар тарту мақсатында Агенттік Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында презентация өткізді. Оның аясында облыс әкімдіктері мен Агенттік арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды. Осы келісімдерге сәйкес 2007 жылдың аяғына дейін әр аймақтан үштен кем емес эмитент тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Сонымен қатар, Агенттік ААҚО бірнеше шетел, Ұлыбритания, Қытай, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея, Балтық елдерінде, Ресей, Украина және т.б. елдерінде тұсаукесерін өткізді. Осы сапарлардың басты қорытындысы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, атап айтқанда, Лондон, Франкфурт, Гонконг, Сеул және Варшава қор биржаларымен меморандумға қол қою болып табылды. Қол қойылған құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмін әзірлеуге, аталған елдердің қор биржаларымен ААҚО арасында байланыс орнату бойынша нақты іс-әрекетке дайындықты білдіреді.

 

Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент бар — «Астана-Финанс» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, «ЭКОТОН+» АҚ, «MAG» АҚ, «Казақтелеком» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, Kazkommerts International B.V., АО «Kazcat», «Темiрбанк» АҚ, «АТФ-Банк» АҚ және «RESMI COMMERCE» ЖШС. Қор нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15 акция, 40 облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрады. Акцияның нарықтық капиталдануы 5,3 АҚШ долларын, облигация-3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.

 

Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының — қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық және т.б. компанияларын АСА шығару бойынша келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.

 

Дін

 

Алматы орталық мешіті

 

Алматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен топтар қызмет етеді. Бұл 1991-жылға қарағанда 10 есе артып, діни бірлестіктер қатары әлі де көбеюде.

 

Олардың ішінде: Ислам — 38, Орыс православиелік шіркеуі — 14, көне салтшылдар — 2, Ахмадие — 2, Римдік-католиктік шіркеу — 5, Иудейлік дін — 2, Лютерандық шіркеу — 5, Евангельдік мәсіхші-баптистер — 20-ға тарта, Жетінші күннің Адвентистері — 5, Елушілдер — 4, Пресвитериандар, Әдістемешілер және оған жақын бірлестіктер — 40-тан аса, Иегова Куәгерлері — 30-ға тарта, Жаңа апостолдық шіркеу — 2, Біртұтастық шіркеуі — 2, Буддизм — 2, Соңғы өсиет шіркеуі — 1, Харизматикалық бірлестіктер — 16, Иса Пайғамбар шіркеуі — 2, Бахаи — 2, Жаңа ұстаным Бірлестіктері (Кришна Танымы Қоғамы, Вайшнавалар, Шри Чинмоя және т.б.) — 4, Інжіл шіркеуі — 1, эзотерикалықтар (Ұлы Ақ Бауырластық) — 1, Армян-григориандық шіркеуі — 1, Трансцендентальдық медитация — 1, Саентологиялар — 1 және басқалары бар.

 

Көптеген діни бірлестіктердің ресми өкілдіктерінің деңгейі әлдеқайда өсті. Алматы қаласы және Қазақстанның оңтүстік өңірі бойынша Апостол Әкімгері Г.Хованец Рим Папасы Иоанн-Павел ІІ-нің декреті бойынша тағайындалды. Алматыда бірқатар ескі және жаңа республикалық діни орталықтар да қызмет етеді: Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы, Орыс Православиелік шіркеуі Астана-Алматы қалалық епархиясының Епархиалық Басқармасы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігі, Жетінші күннің Адвентистері шіркеуінің оңтүстік юниондық конференциясы (Қазақстан және Орта Азия бойынша), Қазақстандық Мәсіхшілер Орталығы, «Жаңа өмір» Інжіл Орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиялық Мұсылман Жамағаты, сонымен қатар басқа да бірқатар аймақтық орталықтар.

 

Ислам және Орыс Православиелік шіркеуі діни бірлестіктері ірі орталықтар болып есептеледі, өйткені қазақстандықтардың 95%-дан астамы аталмыш діндердің үлесіне тиеді. Сонымен қатар Римдік-католиктік шіркеудің қызметі де белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ протестанттық ұйымдар ішінен Евангельдік мәсіхші-баптистер бірлестігі, Пресвитериан, Харизматтар және Евангельдік мәсіхшілер, Жетінші күннің Адвентистері, Евангельдік-лютерандық шіркеу қызметтері де біршама қолдауға ие. Алматы қаласында түрлі дәстүрлі діндерден тыс басқа да жаңа діни бірлестіктер (Мысалы, Мун шіркеуі, Виссарион шіркеуі, Кришна санасы қоғамы, вишнуиттер және т.б.) қызметін атқарып жатыр.

 

Алматы қаласында көптеген діни оқу орындары бар — Ислам мәдениетінің Египет «Нұр-Мүбәрак» университеті, Орыс Православиелік шіркеуінің Алматы епархиалдық училищесі, Алматы пресвитериандық діни Академиясы, Қазақстандық пресвитериандық діни семинариясы, «Агапе» және «Жаңа өмір» інжіл колледждері, Жетінші күннің Адвентистері Заок Діни Академясының Алматыдағы бөлімшесі, барлығы 10-нан астам оқу орны.

 

Алматы қаласында мынадай діни басылымдар жарық көреді: «Ислам Әлемі», «Шапағат Нұр», «Қазақстандағы Православие Нұры», «Веди», «Жаңа Өмір», «Хабаршы», «Шолом Алейхем» және т.б.

 

Қалада 87 діни ғимарат пен құрылыс объектілері орналасқан. Олар діни дәстүрлерді ұстану мен жүзеге асыру үшін ашылған. Мысалы, қаланың Орталық Мешіті, Әулие Вознесендік Кафедралды соборы, (тарихи және мәдени ескерткіштер), Сұлтан-Қорғандағы мешіт ғимараты, Әулие-Қазан шіркеуі, Әулие Үштік католиктік храмының ғимараты, алуан түрлі мінәжат үйлері, «Менахем Үйі» — Хабад-Любавич Қазақстандық Еврей орталығы және т.б. Сонымен қатар барлық дін өкілдерінің соңғы сапарға аттандыру салттарын ұстанатын бірлестіктер бар.

 

Американдық мәсіхтік CNL арнасы хабарларын көрермендердің назарына ұсынып отырады.

 

Діни бірлестіктердің қалыпты қызмет етуіне қалалық және аудандық әкімшіліктер тарапынан әрдайым көмек көрсетіледі: діни ғимараттардың құрылысына арнайы жер учаскелері бөлінеді, жергілікті бірлестіктерде қызмет ететін шет елдік өкілдердің білім деңгейін тексеру жүргізіледі, қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда да бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал етіледі.

 

Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының басшысы (Ә. Дербісәлі), Орыс Православиелік шіркеуі Епархиалдық Басқармасының басшысы (Мефодий митрополит), Римдік-Католиктік шіркеу басшысы (Г. Хованец епископ), Евангельдік-лютерандық шіркеу басшысы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігінің аға-пресвитері, Оңтүстік юнион және Жетінші күн Адвентистері шіркеуінің Қазақстандық конференциясы, Иудейлік дін, Бахаи діні, Кришна Танымы Қоғамы президенттері сияқты діни басшылар діндарлар арасында рухани көсем ретінде есептеледі.

 

[өңдеу]

Әлеуметтік сала

Географическое положение

 

 

 

 

 

ода спутники вокруг столицы. [1].

 

[править]

Города-спутники Алма-Аты

 

Характерной особенностью спутникового развития Алма-Аты является его веерообразная ориентированность на север, запад и восток, и практически полное отсутствие строительства на юге, где расположен высокогорный хребет Заилийский Алатау. Основными спутниками города в радиусе 50 километров являются города и посёлки:

 

На западе (по мере удаления):

Боралдай (бывший Бурундай)

Каскелен

Шамалган (Чемолган)

Узунагаш (Узун-Агач)

Фабричный

 

На севере:

Отеген батыр (бывший Энергетический, ГРЭС)

Дмитриевка

Жетыген (бывшая Николаевка)

Капчагай

 

На востоке:

имени Панфилова

Талгар

Есик (Иссык)

Тургень

 

На северо-востоке (по Кульджинской трассе):

Байтерек (бывшая Новоалексеевка)

Евгеньевка

Қоғамдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттары

 

Қызмет көрсету, мәдениет, бос уақыт, туризм. білім беру саласында, әкімшілік және іскерлік салада функциялар мен жұмыс орынларының негізгі бөлігін шоғырландыратын қоғамдық аумақтар қала аумағының урбандалған каркасының функционалдық және архитектуралық-кеңістіктік негізін құрайды.

 

Қоғамдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттары мыналарды көздейді: жалпы қалалық қоғамдық орталықтар аумағының біртұтас жүйесін дамыту, ірі тұрғын үй массивтеріне көп функционалды қызмет көрсету орталықтарының желісін дамыту.

 

Жалпықалалық қоғамдық орталықтар аумағының біртұтас жүйесін дамыту мыналарды көздейді:

 

осы жүйенің 1,15-тен 2,60 га-ға дейін аумақтық өсуі, қоғамдық құрылыс қоры алаңын 2,5 есе ұлайту – жалпы алаңы 3,21-ден 7,94 млн. шаршы м-ге дейін ұлғайту, оның ішінде әлеуметтік-кепілдік деңгейін 2,7 есе – жалпы алаңы 1,53-тен 4,06 млн. шаршы м-ге дейін және қалалық деңгейді 2,3 есе – жалпы алаңы 1,68-ден 3,88 млн. шаршы м-ге дейін.

 

билік органдарының, шет мемлекеттер өкілдіктерінің, дипломатиялық өкілдіктерінің нысандарын орналастыратын арнайы аймақтар қалыптастыру;

 

қаланың орталық аудандарының өкілдік, мәдени, бос уақыт фукциясын дамыту;

 

қаланың орталық бөлігіндегі қоғамдық аумақтарды (орталықтар, тораптар, көп функционалды аймақтар) және орталықтан тысқары бөлікті қарқынды дамыту, іскерлік, әкімшілік және сауда саласында жұмыс орындары функциясының негізгі тобын және көлік ағындарын шоғырландыру;

 

көлік тораптары және адам аяғы көп баратын тарихи және орталық белдеудегі табиғи парктер және перифериялық аудандар қалыптастырған қаланың урбандалған және табиғи аясындағы түйісу аймақтарында рекреациялық, спорттық, бос уақыт, мәдени орталықтарын қарқынды дамыту.

 

Жергілікті көп функциялы орталықтарды дамыту қаланың шеткері аймақтарындағы тұрғын үй массивтерінде осы аудандардың тұрғындары үшін барынша жайлы, оның ішінде жаяу бара алатын толыққанды сауда-саттық әлеуметтік инфрақұрылымдар мен жаппай сұраныстағы демалыс орындарын, көпшілікке арналған жұмыс орындарын құру мақсатын көздейді.

 

Алматы қаласының аумағын қала құрылысы тұрғысынан аймаққа бөлу

 

Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарында аумақты қала құрылысы тұрғысынан аймақтарға бөлу «қала құрылысы» 2.07.01-89 ҚНжЕ-не және ҚР ҚНжЕ Б.1-7-97-ге сәйкес белгіленеді. Бас жоспар қала құрылысы кадастрлық сектор аумағы деңгейінде функционалдық пайдалануға (функционалдық мақсаты) қойылатын талаптарды белгілейді. Қала құрылысы кадастрлық секторы Алматының аумағын құрайды. Бұл магистральды көшелердің қызыл сызықтарын, табиғи кешен аумағының шекарасын, өзге де шекараларды есере отырып, қаланың шекара бірліктерімен шектелген. Алматының қала аумағы шектерінде 400-дей қала құрылысы кадастрлық секторы бар. Олардың орташа алаңы 60- 70 га болады.

 

Қала құрылысы кадастрлық секторының функционалдық мақсаты өз шегінде тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік, табиғи нысандар учаскелері алаңдарының рұқсат етілген ара қатынасын белгілейді.

 

Қала құрылысы кадастрлық секторларында аумақтардың функционалдық мақсатын белгілеу Алматы қаласын қала құрылысы тұрғысынан дамыту мақсатына, талаптарына және негізгі бағыттарына сәйкес қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде қала аумағын пайдалануды қамтамасыз етудің заңды құралы болып табылады.

 

Қала құрылысы кадастрлық секторларында аумақтардың функционалдық мақсатын белгілеу қала құрылысы және жер учаскелерін пайдалану саласында шешімдер қабылдау кезінде билік органдары үшін міндетті болып табылады. Қала құрылысы кадастрлық секторында белгіленген функционалдық мақсатқа қайшы келетін қала құрылысы қызметі «Қала құрылысы» 2.01-89 ҚНжЕ-мен тыйым салынады.

 

Бас жоспар аясында қала құрылысы кадастрлық секторларында аумақтардың функционалдық мақсаты Алматы аумағын функционалдық аймаққа бөлудің Бас сұлбасымен белгіленеді.

 

Бас функционалдық аймақтарға бөлу сұлбасы Алматыны қала құрылысы тұрғысынан дамытудың негізгі бағыттарында және Бірінші кезектегі қала құрылысы шаралары бағдарламасында көзделген қала аумағын пайдалануға енгізілген өзгерістерді заңдық жағынан бекітеді.

 

Бас сұлба аумақты функционалдық пайдаланудың төмендегідей негізгі үрдістерін бейнелейді:

 

қаланың табиғи мақсаттағы аумақтарының және тұрғын үй аумақтарының үлесін бір мезгілде өндірістік аумақтарды қысқарта отырып ұлғайту;

 

қоғамдық мақсаттағы аумақтарды қарқынды ұлғайту;

 

арнайы мамандандырылған аумақтар үлесін қысқартып, функционалдық мақсаты аралас аумақтар үлесін ұлғайту.

 

  1. Көлік инфрақұрылымын дамыту

 

Қала атмосферасын негізгі ластаушы көздер көлік (зиянды заттардың барлығының 80%-ға жуығы) болып табылады. Сондықтан, бас жоспарда жол-көше желілерін жақсарту, метрополитенді енгізу, электр көліктер үлесін арттыру, қозғалмалы құрамды жетілдіру, жанармай құю бекеттері мен техникалық қызмет көрсету желілерін оңтайлы дамыту ұсынылады.

 

Алматы қаласының қалалық қоғамдық көліктерінің негізгі түрлері: жүрдек-метрополитен;

 

жай – автобус, троллейбус, трамвай, маршруттық такси.

 

Бас жоспарда Алматы қаласында метрополитеннің 3 желісінің құрылысын аяқтап, кезең-кезеңмен пайдалануға беру ұсынылады.

 

Бірінші желі Райымбек атындағы станциядан (Райымек даңғылы мен Фурманов көшесінің солтүстік қиылысы) Фурманов көшесінің астымен Абай даңғылына дейін және Абай даңғылының астымен Сайн көшесіне дейін созылып жатыр. Бірінші желінің бірінші кезегі «Алатау» станциясымен (Гагарин көшесінің шығысы) аяқталады. Ол осыдан басқа желіге қайта отыратын бекет болады. Бірінші желіде барлығы 10 станция көзделген. Желінің жалпы ұзындығы 13,3 км, бірінші кезек – 8,5 км.

 

Екінші желі Орталық демалыс паркіндегі «Горкий паркінен» басталып, Жібек жолы көшесінің астымен Гоголь көшесіне қосылып, Әуезов көшесіне қарай бұрылыс жасап, содан кейін Абай даңғылы бойымен бірінші желіні кесіп өте отырып («Алатау» қайта отыру торабын ұйымдастыру үшін) және бұдан ары Розыбакиев көшесінің бойымен (батыс жағында) Торайғыров көшесіне дейін созылып, Орбита станциясымен аяқталады. Станциялардың барлығы – 9. Бірінші желідегі қайта отыру бекеті – біреу. Желінің ұзындығы – 14 км.

 

Үшінші желі (бірінші желінің жалғасы болып табылады) Райымбек атындағы станциядан басталып, солтүстікке қарай Алматы І темір жол вокзалына дейін созылады. Ол қолданыстағы Алматы-І станциясы мен Алматы-ІІ станциясын жалғастыратын темір жол бойына орналастырылады. Желінің жалғасы ішінара жер үстінде – ұзындығы 3,5 км. Бұл желінің жалпы ұзындығы 8,5 км. Станцияларының барлығы – 4.

 

Электр депо екі алаңда орналастырылады: біріншісі – Алматы-ІІ станциясының солтүстік шығыс маңында, екіншісі – Сайн мен Торайғыров көшелерінің батыс қиылысында.

 

Бас жоспарда аудандық деңгейдегі жаңа қозғалысы үздіксіз, реттелетін магистральдар салу және қолданыстағыларын реконструкциялау (жалпы ұзындығы 207 км )ғ сондай-ақ үш негізгі жүрдек көлік шеңбер жолын ұйымдастыру көзделген:

 

Үлкен шеңбер жол (ұзындығы 103 км ):

 

ҮАША (Үлкен Алматы шеңберлі автожолы) – шығысында Талғар трассасынан басталып, солтүстігінде әуежайды, Энергетика кентін, Ынтымақ кентін, Ащыбұлақ кентін, батысында ТЭЦ-2 ауданын, Авангард кентін жартылай орап, сыртта Алматы-Ұзынағаш автожолымен қиылыса отырып, сонымен Жандосов көшесіне дейін, бұдан ары Сайын көшесімен, л-Фараби даңғылымен, Оңтүстік-шығыс шеңбержол бойымен Талғар трассасына дейін және трасса бойымен тұйықталған жеріне дейін созылады.

 

Орташа шеңбер жол (ұзақтығы 61 км ): — Талғар трассасынан солтүстікке қарай автожолмен әуежайға Майлин көшесіне едйін, Бемаханов көшесімен мұнай базасына дейін, Боралдай шоссесіне, жолдың жарып ұзартылатын бөлігі Тереңқара өзенінің, Боралдай өзенінің бойы, Сайн көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Оңтүстік-шығыс жартылай шеңбер жол, талғар трасасынан тұйықталған жерге дейін созылады.

 

Шағын шеңбер жол (ұзақтығы 32 км ): — Талғар трассасынан Рысқұлов даңғылы, Бөкейханов, Мұқанов, Байзақов көшелерімен, жолдың жаңа учаскесі ҚазМҰУ-дің батыс аумағындағы эстакада, Оңтүстік-шығыс жартылай шеңбер.

 

Магистралді көшелер мен жолдар қиылыстарындағы әртүрлі деңгейлерде автокөпірлер салу көзделуде. Барлығы 51 автокөпір салу көзделген, оның ішінде 2020 жылға дейін төмендегі көлік автошеңберлерінде: Үлкен шеңбержол – 7, Орташа шеңбер жол – 11, Шағын шеңбер жол – 7, сондай-ақ автосервис нысандарын дамыту (жанармай құю бееттері, автопаркингтер, гараждар, автомобильдер қоятын тұрақтар мен техникалық қызмет көрсету станциялары).

 

Электр көліктері бұдан әрі дамытылады – Медеу мұз айдынына дейін, Әл-Фараби даңғылымен, Сайын даңғылымен троллейбус маршруттары ашылады, қаланың батыс және орталық бөліктерінде трамвай маршруттары ұлғаяды.